2-3 10-11 · атомөнеркәсіп пен Қазақстан үшін өте маңызды...

12
ҚАРАША 2018 №11 (81) 2012 ЖЫЛҒЫ НАУРЫЗДАН ШЫҒА БАСТАДЫ «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ бет 6-7 БІР ТАРАУ ТАУСЫЛҒАНДА, ОДАН ДА ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛАРЫ БАСТАЛАДЫ бет 10-11 ӘЗІЛІҢ ЖАРАССА... АЭЖХА ҚАЗАТОМӨНЕР- КӘСІПТІ ТАҢДАДЫ бет 4 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОР БИРЖАЛАРЫНДАҒЫ СӘТТІ ІРО бет 2-3

Transcript of 2-3 10-11 · атомөнеркәсіп пен Қазақстан үшін өте маңызды...

ҚАРАША 2018 №11 (81)

2012 ЖЫЛҒЫ НАУРЫЗДАН ШЫҒА БАСТАДЫ «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ

бет 6-7 БІР ТАРАУ ТАУСЫЛҒАНДА,

ОДАН ДА ҚЫЗЫҚ ЖАҢАЛАРЫ БАСТАЛАДЫ

бет 10-11 ӘЗІЛІҢ ЖАРАССА...АЭЖХА ҚАЗАТОМӨНЕР-

КӘСІПТІ ТАҢДАДЫбет 4

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОР БИРЖАЛАРЫНДАҒЫ СӘТТІ ІРО

бет 2-3

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №11 (81) ҚАРАША | 2018

2

14 қараша күні АХҚО-дағы сауданың ашылу салтанатына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ- ның басшысы Ахметжан Есімов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның бас- қарма төрағасы Ғалымжан Пірматов пен «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов қатысты.

Мемлекет басшысы әлемдік уран нарығында 20%-дық үлесі бар «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компа-ниясы АХҚО-да акцияларын жария орналастырған алғашқы отандық компания екенін атап көрсетті.

– Компания акцияларына қызы- ғушылық өте үлкен, сұраныс әлі арта түседі. АХҚО шетелдік капиталды тартуда және қор нарығын дамудың жаңа деңгейіне шығаруда катали-затор болуы тиіс. Мен АХҚО биржасындағы алғашқы сауданың басталғанын мәлімдеймін. Алдағы жұмыста бәріңе сәттілік тілеймін! - деді Елбасы салтанат қатысушы-ларына қарата.

Шарада сөз алған Қазатомөнер-кәсіптің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов: – Компания ІРО-сы Қаз- атомөнеркәсіп пен Қазақстан үшін өте маңызды әрі жауапты кезең болды. Жергілікті және шетелдік инвесторлар компаниямызға өте үлкен қызығушылық танытты. Біз де Қазатомөнеркәсіптің табысы мен болашағын жаңа инвесторлармен бірге бөлісуге және еліміз игілігі үшін компанияны дамудың жаңа белестеріне шығаруға дайынбыз! - деп мәлімдеді.

– Қазан айының басында әлемдік қаржы нарығында болған құбылу-ларға қарамастан, біз алға қойылған міндетті орындап, ІРО-ға шықтық. Өйткені, біз мұнан ұзақ мерзімді өсімді байқадық. Қазатомөнер-кәсіп – Лондон биржасында болсын, АХҚО-да болсын халықаралық ІРО-ға шығатын алғашқы квазимемлекеттік компания. Жария компания мәртебесі Қазатомөнеркәсіптің бұдан да ашық әрі инвесторларға түсінікті компания болуына мүмкіндік береді, - деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Сауданың ашылу салтанатында «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов: – АІХ алаңында Қазатом-өнеркәсіптің ІРО өткізуі «Астана»

Халықаралық қор биржаларындағы сәтті ІРО

ӨЗЕКТІ

2018 жылғы 13 қарашада Қазақстанның бүкіл қаржы нарығы үшін тарихи маңызы бар оқиға болды – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бағалы қағаздары «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (АХҚО/АІХ) мен Лондон қор биржасында (LSE) саудаға түсті.

ШАРТАРАПҚЫТАЙ АТОМ ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ҮЛЕСІН 28%-ҒА ЖЕТКІЗУІ ҚАЖЕТ

Температураның көтерілуін 1,5 градусқа дейін шектеу бойынша мақсатқа қол жеткізу үшін Қытайдың энергия қоржы-нындағы атом энергиясының үлесі 2050 жылға қарай 3%-дан 28%-ға ұлғаюы тиіс.

ҚХР Даму және рефор-малар жөніндегі мемлекеттік комитет жанындағы энергетика саласындағы зерттеулер инсти-тутының сарапшылары осындай шешімге келді.

2050 жылға таман елдегі барлық атом электр станцияла-рының қуаты 26 ГВт-тан 554 ГВт-қа дейін өсуі керек.

Осылайша, Қытай қазір жұмыс істеп тұрған 46 және салынып жатқан 11 энергия блогына қосымша тағы 290 блок құрмаса болмайды. Бұл үшін 2046 жылға дейін әр жылы 10 атом энергия блогын пайдалануға беріп отыруы керек.

Зерттеулерде айтылғандай, қазіргі Қытай өнеркәсібі жылына 10-12 блок салуға қауқарлы.

atominfo.ru

КЕНИЯ ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАРДЫ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ

Кенияның Ядролық энергия жөніндегі кеңесі (KNEB) шетелдік ұйымдар мен компанияларды АЭС салуға болатын алаңдарды зерттеу жөніндегі конкурсқа қатысуға шақырған ұсынысын жолдады.

Конкурс жеңімпазы үмітті алаңдарда инженерлік-геоло-гиялық және инженерлік-гидроме-теорологиялық зерттеулер жүргізіп, алаңның қоршаған ортадағы инфрақұрылымға әсерін және тағы басқаларды анықтайтын болады.

KNEB алдын ала бірнеше алаңдардың таңдап алынғанын растады. Олардың әрқайсына жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша АЭС салуға жарамдығы туралы қорытынды шығарылады.

Кенияның энергетика министр- лігі 2030 жылға жақын елде 4 ГВт(э)-тық атом энергия блоктары жұмыс істеп, атом энергиясының жалпы энергия балансындағы үлесі 19% құрайтын болады деп жоспарлап отыр.

atominfo.ru

қаржы орталығы үшін ғана емес, Қазақстандағы қаржы нарығын дамыту үшін де айтулы оқиға болды. Бұл ІРО мемлекеттік жекешелендіру

бағдарламасы аясында ұлттық компа-ниялардың акцияларын жаңа алаңда орналастыру тізбегінің басы ғана, - деп түйіндеді.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №11 (81) ҚАРАША | 2018

3ӨЗЕКТІ

ШАРТАРАПОҢТҮСТІК КОРЕЯЛЫҚТАРДЫҢ 68% АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

Корея Республикасы тұрғын-дарының 68% атом энергети-касын сақтауды немесе одан әрі дамытуды жақтайды. Бұл туралы Корея атом энергетикасы ғылыми қоғамының баспасөз конференция-сында таныстырылған сауалнама нәтижесінде айтылған.

Сауалнаманы Gallup Korea агенттігі жасы 19-дан үлкен 1.006 адам арасында өткізген. Жауап берушілердің 35,4% елдің энерге-тикалық жүйесіндегі АЭС үлесін арттыруды жақтаса, 32,5% оны осы қалпында сақтап қалуды қалаған, ал 28,5% қысқартуды ұсынған.

Сауалнамаға қатысушылардың шамамен 70% атом энергетика-сының қажеттігін мойындаған, 25% бұл пікірмен келіспей, оған қарсы шыққан.

Сұрау салынғандардың 57,6% АЭС-ты қауіпсіз деп санайды, ал 36,8% бұл пікірмен келіспейтіндік-терін білдірген.

atomic-energy.ru

ПОЛЬША 2033 ЖЫЛҒА ДЕЙІН БІРНЕШЕ АЭС САЛУДЫ ЖОСПАРЛАҒАН

Ел тарихындағы тұңғыш АЭС Жарновецте немесе Копалинода салынуы мүмкін. Бұрынғы Үкімет тұсында әзірленген жобалар қаржылық себептерге байла-нысты іске аспай келген болатын.

Дей тұрғанмен, қазіргі Үкімет те бұл жобаларды әзірге түпкілікті қолдаған емес. Өйткені, елде бұған қарсылар да бар.

Ядролық энергетикамен байла-нысты қауіп-қатерді сылтау еткен белсенділер АЭС құрылысына мүлде қарсы. Оған қоса, жергілікті чиновниктер де АЭС аймақтағы туризмді дамытуға кедергі келтіреді деген пікірді алға тартады.

Желтоқсанның басында Катовице қаласында Біріккен Ұлт- тар Ұйымының жыл сайынғы Климаттық конференциясы (СОР24) жұмыс бастайды. Шара қаты- сушылары 2015 жылы бекі- тілген Париж келісімін орындау бойынша іс-шараларды қаржылан-дыруға қатысты мәселелерді күн тәртібіне ұсынбақ. АЭС тағдыры да осы жиында шешіліп қалуы әбден мүмкін.

Märkische Oderzeitung

Сонымен, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын «Астана» халықаралық биржасы мен Лондон қор биржасында сәтті орналастыра білген алғашқы ұлттық компания атанды. Қазатомөнеркәсіптің жаңа акционерлері арасында отандық инвесторлар да, халықаралық жетекші инвестициялық қорлар да бар. ІРО аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 15% акциялары шамамен $451 млн-ға орналастырылды.

– Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ірі уран өндіруші компания, салада көшбасшы. Компания бағалы қағаз-

дарын Лондон қор биржасында орналастыруы – корпоративтік да- мудың жаңа кезеңі. Қазатом-өнеркәсіптің сәтті ІРО-сы бүкіл Қазақстан үшін өте маңызды. Компа-нияға салынған инвестицияларды халықаралық қаржы нарығын-дағылар сенімді деп тануын күтеміз, - деді Қазатомөнеркәсіп Дирек-торлар кеңесінің төрағасы Джон Дудас LSE-дегі сауданың ашылуына орайластырылған дәстүрлі салта-натта. Аталмыш шараға компания басқармасының төрағасы Ғалымжан Пірматов пен Лондон қор биржа-

сының бас директоры Дэвид Швиммер қатысты.

Қазатомөнеркәсіптің ІРО-сы – 2015 жылдың соңында Үкімет қабыл-даған мемлекеттік меншікті жекеше-лендіру бағдарламасының алғашқы маңызды элементі. Бағдарлама Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсыныстарына сәйкес ел экономикасындағы мемле-кеттің үлесін Ішкі Жалпы Өнімнің 15%-на дейін қысқарту жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттер аясында іске асырылып жатыр.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №11 (81) ҚАРАША | 2018

4 ЖАҢАЛЫҚТАР

АЭХА Қазатомөнеркәсіпті таңдады2018 жылғы 20 қарашада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Төмен байытылған уран банкіне (ТБУБ) өнім жеткізушілердің бірі ретінде Қазатомөнеркәсіпті таңдағанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, 2015 жылғы тамызда Қазақстан Үкіметі мен АЭХА Қазақстан аумағында АЭХА-ның ТБУБ құру туралы келісімге қол қойып, 2017 жылғы тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АЭХА Бас директоры Юкия Амано қатысуымен Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты алаңында Халықаралық төмен байытылған уран банкінің ресми ашылу салтанаты өткені мәлім.

Компания басшылығы Қазатом-өнеркәсіптің АЭХА жеткізушілерінің бірі болып таңдалуы дүниежүзілік қауымдастықтың беделді әрі танымал

ШАРТАРАПРЕСЕЙ ӨЗ УРАН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН АРГЕНТИНАҒА АПАРУЫ МҮМКІН

Аргентина ресейлік уран өндіру технологиясын елге әкелуді Росатомнан сұрады. Бұл туралы журналистерге Буэнос-Айрестегі G20 саммитінде Росатом басшысы Алексей Лихачев хабарлады.

«Аргентина тарапы біздің заманауи уран өндіру технология-мызды осы елге жеткізу туралы бастамамен шыққанын айту мен үшін маңызды», - деді ол.

Бұл технология – экономи-калық тұрғыдан тиімді, экологиялық тұрғыдан таза.

«Аргентиналық әріптестер біз- ден технологиямызды бөлісуді, осында өз құзыретімізді орнала-стыруды сұрап отыр. Біз әрине, өз мүддеміз шеңберінде бұған дайынбыз», - деп атап көрсетті А. Лихачев.

Латын Америкасының басқа елдерімен бірлескен жобалар туралы әңгіме болғанда, ол Боливиямен қарым-қатынас барынша тиімді болып жатқанына тоқталды.

Сондай-ақ Бразилиямен ынтымақтастықтың үлкен мүмкін-діктері барын алға тартты. Әзірше Росатом бұл елге тек байытылған уран жеткізумен шектеліп отыр.

atominfo.ru

RIO TINTO «РОССИНГ» КОМПАНИЯСЫН ҚЫТАЙЛЫҚТАРҒА САТПАҚ

«Rio Tinto» компаниясы өзіне тиесілі «Rossing Uranium Limited» компаниясының 68,62% акциясын қытайлық «China National Uranium Corporation Limited» компаниясына сату туралы заңдық міндеті бар келісімге қол қойды.

«Rossing Uranium Limited» – Намибиядағы «Россинг» ірі уран кен орнының иесі. Акцияларды сату жөніндегі мәміленің сомасы – 106,5 миллион доллар.

Мәміле Намибияның монопо-лияға қарсы агенттігі тарапынан қолдау табатын бірқатар шарттар орындалғаннан кейін іске асатын болады.

Компанияның үлесін сатып алуға қатысты Rio Tinto мен CNNC арасындағы келіссөздер туралы биылғы күздің басында айтыла басталған болатын. Бұған қытайлық компаниялардан басқа да аттары аталмаған инвестициялық қорлар қызығушылық білдіргені мәлім.

«Rossing Uranium Limited» компаниясының қалған акцио-нерлеріне бұл мәміленің қатысы жоқ. Бұрынғысынша 15% акциялар Иранның мемлекеттік қорына, 10% Оңтүстік Африка Республикасының өнеркәсіптік корпорациясына және Намибия Үкіметі мен жеке акцио-нерлерге 3%-дан тиесілі болып қала береді.

atominfo.ru

уран өнімін жеткізуші ретінде компа-ниямызға деген жоғары сенімін білдіреді деп санайды.

АЭХА-ның ТБУ Банкі ядролық отынға сенімді қол жеткізудегі жаһандық ұмтылыстың бір бөлшегі, және ол атом энергиясы бейбіт мақсатта пайдаланатын АЭХА-ға мүше мемлекеттердің атом электр станция-ларына отын жеткізудің қолданыстағы

«HR – бизнес серіктес»Осы тақырыппен Шымкентте кезекті функционалдық HR комитет өтті. Шараны ұйымдастырған Адам ресурстарын басқару департаменті Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарындағы HR қызметі өкілдерін шақырды. Кездесуде тәжірибе мен білім алмасудан бөлек, әлемдік үздік тәжірибелер мен трендтерді үйрену арқылы бизнес-серіктестік құзыретін дамыту жайы сөз болды.

Басқа форматтағылармен салыстырғанда функцио-налдық комитеттің басты айырмашылығы сол, ол коман-далық жұмысты, бизнес-кейстерді шешуді, HR тәжіри-бесінен алынған мысалдар негізіндегі іскерлік ойындар өткізуді қамтиды.

Шараны кіріссөзбен ашқан Адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директор Дэниел Крюсберг маңызды HR сын-қатерлердің бірі компаниядағы топ-ме-неджерлер мен қызметкерлер арасындағы дұрыс тепе-теңдікті қолдау екенін атап көрсетті. Сондай-ақ әкімшілік қызметкерлердің өндірісті түсінуі де үлкен маңызға ие. Біз қай жаққа қарай жылжып бара жатқаны-мыздың жалпы картинасын көре білу қажеттігі, компа-нияның алдағы жоспарлары мен басымдықтары туралы ескерте келе Дэниел Крюсберг HR-дың стратегиялық міндеттеріне тоқталды.

«Инкай» БК» ЖШС бас директоры Айдархан Жақсыбаев HR қызметтерге қойылатын бүгінгі талаптар төңірегінде әңгімелеп, компанияның стратегиясы мен бастамаларын іске асыру және корпоративтік мәдениеттің мақсатты моделін енгізудегі бизнес бөлімшелер мен HR-дың тиімді іс-әре-кетінің маңыздылығына жиналғандар назарын аударды.

Шара алаңында 9 кәсіпорынның спикерлері үздік HR тәжірибелерімен таныстырды. Мәселен, «СКК» мен «КБ-6» ЖШС-ларының өкілдері корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған іс-шаралар, конкурстар, жобалармен таныстырды. Ал «Орталық» ӨК» мен «ҮМЗ» АҚ мамандары HR мен бизнестің іс-әрекеті тәжірибелерін ортаға салды.

«Қазатомөнеркәсіп - SaUran», «КАТКО» және «Семіз- бай - U» ЖШС-лары процестерді автоматтандыру туралы, дәлірек айтқанда, SAP жүйесіндегі кадрлық басқару және қызметкерлерді іріктеу мен таңдаудағы 1С мүмкіндіктері жайлы әңгімеледі. Ішкі бапкерлік тақырыбын көтерген «Инкай» БК өндірістегі қызметкерлерді ынталандыру жүйесін таныстырды.

Жоғары технологиялар институтының өкілдері жұмыс-шыларды ынталандыру жүйесіне қатысты мәселелерді талқылауды ұсынып, кәсіпорын қызметінің ерекшеліктерін ашып көрсетті.

Шараға арнайы шақырылған бапкер Зәуре Әлжанова HR мен бизнес серіктестік функцияларының эволюциясы туралы мәлімет берді.

Кездесу соңынан барлық қатысушыларға тиісті серти-фикаттар тапсырылды.

механизмдері бұзылған жағдайда, ядролық отын жеткізіп беруді қамта-масыз етуге арналған.

АЭХА-ның ТБУ Банкін донор елдер мен ұйымдардың мүшелік жарналары есебінен қаржыландырады, олар: АҚШ, ЕО, БАӘ, Кувейт, Норвегия, Қазақстан және «Ядролық қауіпті қысқарту бастамасы» қоры Үкіметтік емес ұйымы.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №11 (81) ҚАРАША | 2018

5ТРАНСФОРМАЦИЯ

Кешенді қауіпсіздікті басқару жобасы аяқталдыТрансформация бағдарламасы аясындағы тағы бір жоба – КАР20 «Кешенді қауіпсіздікті басқару жөніндегі мақсатты модельді енгізу» жобасы аяқталды. Жобаның мақсаты – Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында жарақаттану мен апаттылықтың деңгейі мен ауыртпалығын төмендету.

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ЖАҢАЛЫҚТАРЫЖАС МАМАНДАРДЫҢ ЖАҢА ЛЕГІ ҚАБЫЛДАНАДЫ

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Қордың компаниялар тобы жас мамандарға арналған «Жас Өркен» бағдарламасына қатысушылар- дың жаңа легін қабылдау мерзімін жариялады. Өтінімдер бағдарла-маның http://www.zhasorken.skcu.kz/ сайтында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қабылданады. Оған бака- лавриат немесе магистрату-раның 2017, 2018 және 2019 жылдардағы түлектері қатыса алады.

«Екі жылдан бері «Самұрық-Қазына» АҚ «Жас Өркен» бағдарла-масын «Самұрық-Қазына» Корпо- ративті университетімен бірлесе жүргізіп келеді. Осы уақыт аралығында 40 қатысушыға тәжі- рибе жинауға мүмкіндік берілді. Олардың 20-сы биыл тағылымдама бағдарламасын тәмамдайды. Бағ- дарламаға сұраныс өте жоғары. Мәселен, біз 2017 жылы 594 өтінімді қабылдасақ, ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 737-ге дейін артты. 2019 жылы 30 қатысушыны іріктеп алу жоспарланып отырмыз», - деді бағдарлама жетекшісі Гүлнұр Жасекенова.

Іріктеу бірнеше кезеңдік байқаудан тұрады. Одан сүрінбей өткен жастар үшін екі апталық оқыту курсы қарастырылған және оларға бағыт-бағдар беріледі. Бағдарламаның өзі 2019 жылғы қыркүйектен 2021 жылғы мамырға дейін жалғасады.

Үздік түлектер «Самұрық-Қазына» АҚ коржындық компа-нияларының бірінде жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 41 СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

«Самұрық-Қазына» қоры жаңа қайырымдылық саясаты аясында еліміздің 10 өңірінде балаларға арналған 41 әмбебап спорт алаңын ашты. Қор қайырымдылық көмек көрсетуді қайта қарастырып, қаражаттың басым бөлігін қоғамның тұрақты дамуына бөлді.

2016 және 2017 жылдары Қор әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында балаларға арналған 44 алаң орнатты. Олар Ақмола, Павлодар, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында ашылды.

Балаларға арналған спорт кешенінде футбол алаңы, жаттығу аймағы және балалар алаңқайы бар. Ойын алаңдары жасанды шөптермен, ал жаттығу және балаларға арналған аумақтар қауіпсіз материалмен қапталған. Әрбір алаңда инклюзия эле- менттері бар. Онда мүмкіндігі шектеулі балаларға ыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасалған. Кешендер облыстық әкімдіктерге тапсырылды.

Өндірісте қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету үшін құрамында корпоративтік орталық пен 6 ЕТҰ қызметкерлері бар жобалық команда мүшелері екі жыл бойы тынбай жұмыс жүргізіп, кәсіпорындардағы жарақаттануды нөлге жеткізуге көмектесетін жаңа жүйені жасап шықты.

Нақты айтқанда, қауіпсіздікті бақылау деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар регламенттер әзірленіп, барлық стандарттар жүйеге келтірілді, мердігер ұйымдарға қатысты еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі талаптар пысықталды.

Суреттегі қисық Брэдлиде қауіпсіздік мәдениеті дамыған сайын жарақаттану деңгейі қалай өзгеретіні схемалық түрде көрсетілген.

– Қазір компания тәуелді және тәуелсіз кезеңдер тоғысында тұр, - деп әңгімелейді жоба кураторы, Кешенді қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор Жанат Өмірбеков. – Біз қалаған деңгейге жету үшін қауіпсіздік мәдениетін жақсартуымыз қажет.

– Өлім жағдайы мен қауіпті әрекет арасындағы тәуел-ділік Бёрда пирамидасында әдемі көрсетілген: шамамен 1-30 мың қауіпті әрекетке/жағдайға 1 өлім жағдайы тура келеді. Осылайша, қауіпті әрекет пен қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтай отырып, біз мұнан елеулірек оқиға-ларды туындататын түпкі себептерді жоямыз, - деп түсін-діреді Ж. Өмірбеков.

Ең бастысы, жобаны іске асыру арқасында 2020 жылға қарай өлім және еңбекке жарамдылықты жоғалтатын ауыр оқыс оқиғаларды нөлге жеткізу, ықтимал қауіпті жағдай-ларды олар болмастан анықтау тәжірибесін нығайту және қоршаған ортаға эмиссияны азайту көзделген. 2018 жылдың жарты жылында 3088 ықтимал қауіпті жағдай анықталған болса, 3-тоқсанның өзінде 1882 осындай жағдай анықталды. Бұған қауіпсіздік мәселелерін шешуге бүкіл Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерінің тартылуы себеп болды.

ЕҚ және ҚТ бойынша жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде Vision Zero халықаралық бағдарлама-

Жаңатастағы жаңа локомотив депосыЕңбек адамы үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау Сауда-көлік компаниясында әрқашан басымдыққа ие. Соның бір мысалындай болған Жаңатас станциясында локомотив депосы салынып, пайдалануға берілді.

Локомотивтерге арналған депо құрылысы 2017 жылы басталып, биыл іске қосылды. Жаңа ғимаратта тепловоз-дарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін барлық қолайлықтармен қатар, қызметкерлер үшін де жақсы жағдай жасалған. Екі қабатты өндірістік-тұрмыстық ғимараттың бірінші қабатында құм, жанар-жағармай және аспаптар сақтайтын қойма, слесарьлардың шеберханасы мен санитарлық торап орналасқан. Сондай-ақ ұзындығы 46 метрлік техникалық қызмет көрсету бөлімшесі де осында жайғасқан. Ал екінші қабатта техникалық сабақтар өткізуге арналған бөлме, тамақтанатын, жуынатын орындар, гардероб, тағы басқалар қарастырылған.

Жалпы аумағы 966 шаршы метрді құрайтын бұл ғимаратта қызметкерлер бөлмесі мен слесарьлық цех та

бар. Әкімшілік ғимараты жанында 4 машинаға арналған жылытылатын бокс, қазандық орналасқан. Ең бастысы, мұнда өрт қауіпсіздігі ескеріліп, заманауи желдеткіш және жылыту жүйелері жұмыс істеп тұр. Қазір депода 5 тепловоз бар. Жаңа депо компания жүргізіп жатқан өндірісті жаңғырту бағытындағы ауқымды жұмыстардың бір нәтижесі.

Ақмарал Нартайқызы

сының комитеті компанияны бағдарлама қатысушысы етіп қабылдады. Қазатомөнеркәсіп нөлдік жарақаттануға қол жеткізуді мақсат еткен Vision Zero-ға қосылған алғашқы ұлттық компания болды.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №11 (81) ҚАРАША | 2018

6 КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТ

Бір тарау таусылғанда, одан да қызық жаңалары басталады немесе Корпоративтік құндылықтар мәдениетімізді қалай басқарады

ДЭНИЕЛ КРЮСБЕРГ,

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ АДАМ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

Біз ұдайы өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Нарық, бәсеке-лестер, қызметкерлер – бәрі де өзгереді. Негізгі түйткіл – өзгерістердің жылдамдығы, біз өзгерістер жайлы енді айта бастағанда, ол әлдеқашан болып үлгереді, әрекет ету керек! Бұл реттегі әңгіме ауқымы кең, өйткені өзгерістер технологиялардан бастап, қызметкерлерді ішкі мотивациялау мен әрқайсымызға қатысы бар ақпараттар ағынымен аяқталатын бүкіл өмірімізді қамтиды.

Уақыт толқынының жалынан берік ұстау үшін компаниямыз да өзгеріп жатыр, және корпоративтік мәдениетіміз біз таңдаған жолдағы өзгерістерді қолдауы тиіс. Ішкі әлеуетімізді есепке ала отырып, біз үлкен бір команда сияқты сөзсіз алға жылжимыз. Біздің құндылықтар біздің мәдениетімізді басқарады. Оларды қалай әрекетке келтіреміз? Мәдени-етіміз бен стратегиямызды нығайтатын мінездегі құндылықтарымызды қалай көрсете аламыз? Құндылықтар басқару стиліне қалай әсер етеді? Құндылықтарымыз процеске бағдарланған бюрократтық ойлауды қалай өзгерте алады? Құндылықтарымыз қайткенде бізді қазіргіден де іскерлеу етеді?

Бір тарау таусылғанда, одан да қызық жаңалары басталады.

Корпоративтік мәдениет компаниямыздың өміріне берік енді, сонымен бірге корпоративтік құндылықтарымыз да ажыралмас бөлшекке айналды. Олар бізді біріктіреді, ынталандырады, ойларымыз бен іс-әрекеттерімізді қажетті арнаға бұрады. Әрине, бұл құндылықтардың басты таратушысы өзіміз – компания қызметкерлері болуы тиіс. Қызметкерлер құндылықтарды шынында да дәл өздерінікіндей қабылдауына, жай жаттап алмай, әр күні «онымен өмір сүруіне» қалай қол жеткізуге болады?

2018 жыл біз, HR-лықтар үшін құндылықтар идеялық өзек және төркіні болуы тиіс жаңа жұмыс майданын ашып берді. Компания өмірінің кейбір аспектілерін талдап әрі тексере отырып, құзыреттік моделін әзірлеуді аяқтау, жаңадан келген қызмет-керлерді бейімдеуге басқаша қарау, көшбас-шылықты дамыту бағдарламасын әзірлеу және тағы басқаларды жасау міндеті алдымызда тұрды.

Біз барлық бағытта сенімді қадаммен алға ұмтылдық. Өзімізге өзіміз сұрақ қойып, оған шын жауап беруге, үйренуге және бірден басқаша болуға тура келді. Құндылықтарды асыра насихат-

тауға болмайтынын түсіндік: кез келген идеология күштеп таңылғанда ішкі наразылықты туындатары анық. Адамдарды ынталандыруға, дамытуға және бизнестің мақсаттарына қол жеткізуге бағыттауға қатысы бар бүкіл жүйелерді сабырмен, кезең-ке-зеңімен құруға тура келді.

Бұдан бөлек, біз құндылықтарды тікелей транс-ляциялау эмоционалдық деңгейде болып жататын корпоративтік тақырыптағы түрлі бағдарламалар мен іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келдік.

Біз әрбір қызметкер бұл түсініктерді жүрегіне жеткізуін, олардың жай сөз болып қалмауын, оларды шын сезінуін, өзіне киім өлшегендей өлшеп көруін өте қаладық. Құндылықтар да кез келгенге шақ бола бермейді. Тәжірибе көрсеткендей, компания құндылықтарының жүйесін түсінбеген немесе оны қабылдай алмайтын қызметкерлер бұл жүйеде ұзақ қала алмайды.

Құндылықтарымыз жаппай меңгерілгенде ғана олар қызметкерлер үшін (өзара, ұжым аясында, стейкхолдерлермен араласқанда) нағыз қарым-қа-тынас «стандартына» айналады.

Барлық әдістің жақсы екенін ескере отырып, біз өзіміз үшін тағы бір қызықты әрі маңызды қадам жасадық. Үстіміздегі жылғы қарашада орталық аппараттың барлық қызметкерлеріне арнап корпо-ративтік мәдениет бойынша оқу сессиясын жоспар-ладық. Барлық қызметкерлер үшін сессия өткізу – оңай шаруа емес, сондықтан бұл жұмысқа танымал кеңесші, бизнес-бапкер Ильдар Валиулловты шақырдық. Біз онымен ұзақ ойласып, айтылған құндылықтар жай сөз болып қалмастан, мазмұнға толы болып, нәтижеде нақты іс-қимылға айналуы үшін не істеу керектігін кеңестік. Бұл ретте корпо-ративтік мәдениет жөніндегі біздің агенттеріміз де үлкен рөл ойнады (олар жайлы алдағы нөмірлерде толығырақ тоқталамыз).

Сонымен, үлкен ұжымды 4 топқа біріктіріп (әр күні 70 адамнан), корпоратиивтік мәдениетке ден қойдық. Ильдардың шеберлігінің, сондай-ақ қызметкерлердің белсенді қызығушылығының арқасында 4 күн бойы корпоративтік мәдениет әлеміне қызықты саяхат жасадық. Қызметкерлер топта жұмыс істей жүріп, күрделі, сонымен бірге қызықты сұрақтарға өз беттерінше жауап беруге тырысты. Төрт топ та белсенді болды – өз пікірлерін айтып, көзқарастарын табандылықпен қорғады, тапсырманы шешуде креативтік танытты.

Сессия барысында стартап форматындағы өзекті және пайдалы жобалар ұсынылды. Корпоративтік мәдениет агенттерінің бұл бастамасы құндылықтар

ықпалын сөзбен емес, іс жүзінде көрсетті. Атап айтқанда, «Қауіпсіздік» құндылығымен кеңсе өмірінің экологиялық құрамдас бөлігін дамытуға бағытталған «Жасыл кеңсе» жобасы; қызметкер-лердің түскі үзілісін пайдалы өткізу мүмкіндігі – орталық кеңсенің бос аумағында әркімнің қызығушылығына қарай секциялар ұйымдастырып, «Даму» құндылығын ілгерілету арқылы тиімдірек жұмыс істеуге көмектесуді көздеген «Atomiclub» жобасы; «Команда» құндылығымен жұмыс процесі үйлесімді әрі шұғыл жүруі үшін бірін-бірі жақын тануды мақсат еткен «Interest Match» жобасы таныстырылды.

Мені сессия нәтижесі жақсы таңғалдырды, өйткені ұжымдағы көңіл-күй әркелкі еді: «қажет емес дүниемен айналысуға бізді мәжбүрлейді», «негізгі жұмыстан алаңдатады» – мұның не үшін керектігі, одан кейін не болары қызметкерлер үшін түсініксіз болатын. Сессияның табыстылығы жобаның визуалдығымен де байланысты, сөз бен идеяның іс-әрекетке айналып жатқанына адамдар көз жеткізді.

Соңғы күн – Компания басшылығының қатысуымен өткен таунхолл барынша тиімді өтті. Құндылықтар басшылардан таралғанда тез жатталады, әрі есте ұзақ сақталады.

Шараның бірінші бөлімінде қызметкерлер интерактивті «5 жылдан кейінгі компанияны қалай көзге елестетесің?» ойынына қатысты. Қызмет-керлер сенімділікті, ынтымақты ұжымды, табыс қана емес, қуаныш та сыйлайтын қызықты жұмысты қалайтынын білдік. Бұдан бөлек, қызметкерлер Қазатомөнеркәсіпке өркендеген 50 компанияның ғаламдық рейтингін басқаруды тіледі.

Екінші бөлімде компанияның Басқарма мүшелері корпоративтік құндылықтар туралы өз өмірлік тәжірибелері тұрғысынан әңгімелеп, жеке өнегесін көрсетті. Басшылардың сөзі Q&A сессия-сының ашылуымен аяқталды. Толғақты тақырып-тарға толы сұрақтар экранға шығып, қызмет-керлер оған нақты жауап алды. Өзара түсіністік, басшылықтың қызметкерлерге деген сенімі анық көрініп тұрды.

Шараның соңында корпоративтік мәдениет агенттері іс жүзіндегі жобаларын көрсетіп, Басқарма төрағасы мен әріптестер қолдауына ие болды.

Сөз соңында құндылықтар бізге және компа-ниямызға сенімді жолмен жүріп, ұлы мақсаттарға ұмтылуға көмектесетінін айтқым келеді. Егер әркім өз іс-әрекетімен түпкі нәтижеге әсер ете алатынын түсінсе, жарады!

ЛӘЗЗАТ ҚОЖАХМЕТОВА,

АДАМ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №11 (81) ҚАРАША | 2018

7КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТ

Соңғы кездері маған келіп түсіп жатқан сауалдардың басым бөлігі компанияның корпоративтік мәдениеті мен корпоративтік құндылықтарға қатысты болып отыр. Әлбетте, компаниялардың мінез-құлықтың мәні мен терең себептеріне бас қатыра бастағаны қуантады.

Бұл сессияға дайындық барысында маған Сергей Гевличтің компаниядағы жаңа құндылықтар сөз сияқты жай кіре салмайды, ол жерде соңынан жаңа құндылықтарды ілестіре алатын жаңа процестер пайда болуы қажет, жаңа процеске немесе жобаға рәсімделмесе, жаңа құндылық сіңісіп кете алмайды деген сөзі көп көмектесті.

Сол жаңа процесс немесе жобаны қалай іске қосу керек? Бұл ретте менде инсайт болды – корпоративтік мәдениет агент-терінен жаңа құндылықты жетелеген жаңа бизнесті іске қосатын стартапер жасау идеясы туындады. Жобаны біз стартап жасау техноло-гиясы бойынша жасауға кірістік: қызметкердің портретін, оның «ауруларын», жобаның кімге бағытталғанын және оның өзімен бірге қандай құндылықты әкелетінін анықтап алдық. Нәтиже-сінде, агенттер бүкіл қызметкерлер алдында таныстырған стартап-жобалар дүниеге келді.

Сессия кезінде үлкен компания басшылығының өзі корпоративтік құндылықтар идеясымен өмір сүретінін көрсету маңызды болды. Расында да, ол жерде талайдан бері сөзге орын жоқ, көптеген шешімдер корпоративтік құндылықтар негізінде нақты қабылданады.

Жобаны мақтаныш етемін, оған қатысы барлардың бәріне рахмет. Кәсіби білікті үлкен команда жұмыс істеді, бұл біз күткендей нәтиже берді. Сенім үшін бүкіл компанияға мың алғыс!

ИЛЬДАР ВАЛИУЛЛОВ,

БИЗНЕС-БАПКЕР

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №11 (81) ҚАРАША | 2018

8 ІЗДЕНІС

Қазатомөнеркәсіптің Трансформация бағдарламасындағы алғашқы жобалардың бірі КАР26 «Маркетинг және сатулар атқарылымын енгізу» жобасы болды. Оның мақсаты – маркетинг және сату атқарылымын құру және сатулар маржинальдығын көтеру.

Аталмыш жоба аясында сатуларды болжау, олардың арнасын анықтау, деректер жинау және нарыққа талдау жүргізу жөніндегі процестер сәтті енгізілді. Қазір Қазатомөнеркәсіпте компания мен оның өнімдерін алға жылжыту бойынша сыртқы коммуникациялар рәсімі бар.

Жоба сатулар көлемі бойынша табиғи уранның рекордтық көлеміне келісімшарт жасаған компанияның көшбасшылық рөлін нығайтты. Қазатом-өнеркәсіп Швеция, Бразилия және Қытай сияқты жаңа нарықтарға шыға отырып, жаңа серіктестер тапты, сату көкжиегін кеңітті.

Маркетинг қызметі: жобадан кейінгі дамуҚазатомөнеркәсіп – әлемдегі ірі уран өндіруші компания. Дей тұрғанмен, соңғы жылдар тәжірибесі көрсеткендей, уран өндіру көлемін көбейту әрқашан табысты ұлғайта бермейді екен. Қазатомөнеркәсіпті әлемдік бәсекелестерімен салыстырып көру нәтижесінде компанияның «осал тұстары» анықталды. Бұл – нарықтық ақпаратты жүйелі жинау мен талдаудың жоқтығы, сатулардың пассивтігі. Яғни, компания сату тиімділігін арттыруға мұқтаж еді.

Біздің сарапшылар ERG инвесторлар форумында

Шараға үнемді өндіріс саласындағы ERG мамандары, халықаралық сарапшылар мен тау-кен өндірісіндегі алып компаниялардың өкілдері қатысты. Қазатомөнеркәсіп «Цифрландыру дәуіріндегі үнемді өндіріс» тақырыбындағы панельді пікірталасқа қатысуға шақырылды. Форумда атом компаниясының атынан спикер ретінде «Инкай» БК бас директоры Айдархан Жақсыбаев сөз алды.

Үш жүзден астам қатысушы үнемдеу мен өндірістің тиімділігін арттыруда өнеркәсіптік компанияларға көмектесетін қазіргі заманғы технологияларды талқылады. Қазатомөнер-кәсіп спикерінің баяндамасы тыңдаушыларда айрықша қызығушылық тудырды. А. Жақсыбаев тиімділікті арттырудың шешімін іздеу – ірі компаниялардың қазіргі жағдайдағы жанталасы дегенді аңғартты.

– Өндірістік жүйені элементтер жиынтығы дер болсақ, ондағы басты элемент – адам, - дейді сеніммен спикер. – Өзгерістер туралы сөз болғанда бізге не қажет екенінің басын ашып алуға тиіспіз: өзгеріс пе әлде нәтиже? Тепе-теңдікке іс жүзінде ғана қол жетеді. Өзгерістер күнде болып жатыр, ал олардың маңыздылық деңгейі алға қойылған мақсатқа байланысты.

Кәсіпорындардағы өзгерістер

Үнемді өндіріс барған сайын үлкен маңызға ие болып келеді. Кәсіпорындар бұл бастаманы қолдап әкетті. Мәселен, «Байкен-U» ЖШС-дағылар «Lean» еңбек өнімділігін арттырып, шығындарды азайтуда кәсіпорынға көмектесеріне өте сенімді.

Кәсіпорын таңдаған 5S құралы – жұмыс орнын тәртіпке келтіруге бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы, жұмыс тиімділігін арттырудың жүйелік тәсілдемесі.

5S идеясына алғашқылар қатарында «Хорасан-2» кеніші үн қосты. Өнімді ерітінділерді өңдеу учаскесі цехының газэлектрмен дәнекерлеушісі Т. Божан цех алаңын «жұмыс аймағы» және «қауіпсіз аймақ» деп екіге бөлуді ұсынды.

Цех қызметкерлері сонымен қатар, Sulzer насостарын бірсарынды іске қосу стандартын енгізіп, слесарлық құралдарды орналастыратын стенд орнатты. Мұны көрген басқа учаскелер мен цехтар да өзгерістер жасауға ұмтылып, үнемді өндіріс аясында бірінен соң бірі тың идеялар бере бастады. Аффинаж цехының электр механигі Н.Досымов пен аппаратшы-гидроме-таллург Р. Нурдин цех жұмысының нәзік жерін іздеп табу үшін картаға түсіру процесін ұсынды. Нәтижеде құндылықтар картасы әзірленіп, сүзгілеу аймағы ең нәзік жер ретінде анықталды. Қызметкерлердің баста-масымен сүзгілеу аймағына келер жылы жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болды.

Кеніштегі қойма жұмысын оңтайландыру және үнемді өндірістің басқа да құралдарын енгізу шараларын 2019 жылы да кең ауқымда жалғастыру жоспарланып отыр.

Қазатомөнеркәсіпте әрбір қызметкер «Сен не істеп жатырсың?» дегенге ғана емес, «Сен оны не үшін істеп жатырсың?» деген сұраққа жауап беретіндей жағдай жасауға ұмтылыс бар. Бұл – қызметкер тиімділіктің, демек бүкіл компанияның табысының артуы оның жұмысына байланысты екенін түсінетін ұдайы жетілдіру мәдениетінің сұрақтары.

Инноваторлар форумына қатысу үшін Астанаға үмітті өнертапқыштық ұсыныстарымен ERG-дың ең креативті қызметкерлері жиналды. Қазылар алқасының үкіміне үнемді өндірісті басқару мен қамтамасыз етуді, сондай-ақ үнемді әлеуметік ортаны қалыптастыруды көздеген 2,5 мыңнан астам жоба ұсынылды. Үздік идея авторлары арнайы сыйлықтар мен грамоталар алды.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №11 (81) ҚАРАША | 2018

9БІЛІМ

Үнемді өндіріс 2.0

КАР25 «Үнемді өндіріс қағидаларын енгізу» жобасы аясында үстіміздегі жылдың қыркүйек – қазан айларында «Үнемді өндіріс. Озық деңгей» тақырыбы бойынша оқытудың екінші кезеңі өтті.

Шара барысында тыңдаушылар ТРМ. Жабдықтарға жалпы қызмет көрсету. Негіздер; 5S. Жұмыс орнын ұйымдастыру; Жабдықтарға автономды техникалық қызмет көрсету; Жабдықтарға жоспарлы техникалық қызмет көрсету сияқты төрт тақырып бойынша білімдерін шыңдады. Сонымен бірге «Волковгеология» АҚ-ның УПТОК филиалы, Алматы желдеткіш зауыты, «IntelPack», «RG Brands» өндірістік алаңдарын аралады. Мұнда олар командаларға бөлініп, өндірістің жеке учаскелерімен танысты. Әр команда Парето диаграмасын, Исикава диаграммасын, «5 неліктен»-ді пайдалана отырып, жабдықтарды пайдалануды бағалау бойынша тапсырмаларды орындады. Сондай-ақ жабдықтардың тиімділік көрсеткіштерін (ОЕЕ) есептеп, жабдықтарды оңтайлы пайдалану жөніндегі ұсыныстарын берді. Бұл ұсыныстарды кәсіпорын жете үйреніп шығып, қажет санаса, өндіріске енгізетін болады. Тәжірибенің алдынан тыңдаушылар жабдықтардың тиімділік деңгейін бағалау, одан кейін жақсартулар бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу сияқты бойынша үй тапсырмасын орындап шықты.

«Қанжуған» кенішін аралағанда да тыңдаушылар әдеттегідей команда-ларға бөлініп, аффинаж цехы, орталық зертхана сияқты өндіріс орындарымен танысты. Ал «СКК» ЖШС-ның Орталық жүк тиеу базасында болғанда дәнекерлеу цехы, шина шеберханасы мен жөндеу цехын аралады.

Кәсіби шеберлік байқауыСауда-көлік компаниясының ұжымы өздерінің төл мерекесі – Автокөлік қызметкерлері күніне орайластырып, жұмысшылар арасында кәсіби шеберлік байқауын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Ондағы мақсат – мамандардың біліктілігін, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттігін арттыру және жол-көлік қозғалысы ережелерін жетік үйрену, сол арқылы жолдағы апаттардың алдын алу.

Компанияның «Қыземшек» автошаруашылығында өткен биылғы байқау үш кезеңге бөліп ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде қатысушылардың жол қозғалысы, автомобильді жөндеу және техникалық қызмет көрсету ережелері бойынша білімі мен көлік басқару шеберлігі тексерілді. Оған жүргізушілермен қатар жөндеу қызметінің жұмысшылары, диспетчер мен механиктер қатысты. Байқау барысында «Үздік жүргізуші», «АКҚ жөндеу бойынша үздік слесарь», «Үздік диспетчер», «Үздік механик» аталымдары бойынша мықтылар анықталды. «Орталық жүк тиеу базасы» филиалының директоры Талғат Нұрғисаев автоша-руашылық ұжымын мерекемен құттықтап, озаттарға Құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтар табыс етті. Қатысушылар жүлде қоры 300 мың теңгені құраған байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Ақмарал Алпысбаева

Қатысушыларға бәрінен бұрын ақпараттың қолжетімділігі мен анықтығы, оқу материалының теориялық және практикалық үйлесімдігі, бапкердің шеберлігі, командалық жұмыс және талдау құралдарын іс жүзінде қолдану мүмкіндігі ұнады. Нәтижеде олар шығындарды анықтаудың, түйткілдерді шешу мен шешім қабылдаудың, тиімділікті есептеудің практикалық дағдыларын және қызметкерлермен жұмыс жүргізудің қағидаларын үйренді.

Негізгі түйіндер: ● Қызметкерлер бөлімше жұмысының тиімділігін арттыру мен өнімнің

өзіндік құнын арзандату мақсатында өндірістік процестерді жетілдіруге жұмылдырылды;

● Құндылықтар жасау тұрғысынан алғанда қыззметкерлердің өз жұмсына деген көзқарасы өзгерді;

● Үнемді өндіріс құралдарын пайдалану арқылы өндірістік процес-терді жетілдіру дағдылары әзірленді.

Қызметкер қолданылып жатқан құралдармен жұмыс істеп көріп, олардың пайдасы барын, өзгерістердің нәтижелігін, жұмысты жеңілдететінін сезінгенде және содан қанағаттанғанда ол өзгерістер жобасының белсенді қатысушысына айналады. Бұл ретте қызметкерлердің өзгерістерге деген құлшынысын қолдау үшін осы басқару құралдарын бүкіл компанияда қолдану қажеттігін түсіну және енгізу басшылықтан талап етіледі. Мұндай талап қызметкерлердің талпынысын қолдау үшін, қолданылатын құралдардың жүйелігі мен табандылығы үшін қажет.

Шара қатысушылары үнемді өндіріс құралдарын үйренуді әрі қарай жалғас-тыруға, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға, өз әріптестерін оқытуға және кәсіпорында енгізуге ниетті.

Қазақстанның ядролық университеті

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №11 (81) ҚАРАША | 2018

10 КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫ

Әзілің жарасса...Психологтар мен дәрігерлер жиі күлуге үгіттейді, себебі күлкі адамның өмірін ұзартатыны дәлелденген. Атомшылар осы кеңесті ұстана отырып, жыл сайын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы көңілді тапқырлар клубының кубогын» бәйгеге тігуді игі дәстүрге айналдырды. Биылғы ойындардың негізгі сарыны компанияның корпоративтік құндылықтарын дәріптейтін – «Әкел бесті!» деген тақырыппен өтті.

Астана төріндегі ҚазМедиа орталығында өткен дәстүрлі әзіл-оспақ фестиваліне холдингке қарасты кәсіпорындардың 10 құрама командасы қатысты, олар – Қазатомөнеркәсіптің орталық аппараты, «ҮМЗ» АҚ, «Семізбай-U» ЖШС, «Орталық» ӨК» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «СКК» ЖШС, «KAP Technology» ЖШС, «КБ-6» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС-ның көңілді тапқырлары.

Қатысушылар «Сәлемдесу» және «Музыкалық үй тапсырмасы» атты екі конкурстық шарт шеңберінде әзілдеп, шеберліктерін сынға салды. Олардың қалжыңдарын сараптауға аталмыш жанрдың майталмандары, танымал қоғам қайраткері, Астана КТК құрама командасының негізін қалаушы Бахыт Сыздықова, белгілі әнші, музыкант әрі шоумен Ерлан Көкеев, «Спарта Номад» КТК команда-сының директоры Серікжан Несіпбаев және «Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қасымжан Мәдиев пен Әлеуметтік өзара ықпалдастық және комму-никация орталығының жетекшісі Ербол Исмаилов шақырылды.

Командалар ойын барысында компания өмірінен алынған өзекті мәселелерді көтеріп, жарасымды әрі орынды әзіл-қалжыңмен көрермен көңілінен шықты. Мәселен, компа-

нияның Астанадағы бас кеңсесінің қоныс аударуы. Бұл ретте Қазатомөнеркәсіп командасы жаңа кеңседе жұмыс орнын бөлісуге келгенде қой ауызынан шөп алмас, ең сабырлы деген адамның өзі көрікті Астанаға көрініс ашатын терезе маңындағы «жайлы» орынға жайғасуға таласады деп, «бастан өткен» қойылыммен көрерменді қарық қылды.

Ал үнемді өндіріс бағдарламасы шеңберінде кабинетте шәй ішуге тиым салынғанын сахна-лаған орталық аппарат жігіттері компаниямыздың шәйқұмар жандарын бір күлдіріп, бір күрсіндірді.

«Орталық» кәсіпорыны құрама командасының домалақ бауырсақ, ши бауырсақ жігіттері вахталық өмірден алынған әзілдерді керемет әсерлі келтіріп, би билеуден ешкімге дес бермеді.

«Әзілің жарасса, атаңмен ойна» демекші, қалжыңға жүйрік команда ойыншылары әріптес-терін ғана емес, компания басшыларының қылықтарын келтіруден тайсалмай, ұжымды да, сол басшылардың өзін де еріксіз езу тарттырды.

Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы мен өндіріс үнемділігі және еңбек тәртібі мәселесіне ерекше көңіл бөлетін Өндіріс жөніндегі бас директоры көптеген көріністердің басты кейіпкеріне айналып, кеш «жұлдыздары» атанды.

Кейбір нөмірлердің танымалдығы тіпті компания шегінен шығып, таралуы жағынан әлеуметтік желілердің хитіне айналған көрінеді. Сауда көлік компаниясының белгілі букмейкерлік кеңсе жарнамасына жасалған римейк ролигі күтпеген жерде «хайпқа» айналып, желіні біраз дүрліктірді.

Жанкүйерлері Медиа Орталықты «жайпап» жібере жаздаған «Инкай» құрама командасы тарихи сарындағы қойылымдарын өткір әзілмен әдемі өрнектеп, қазақ тілді аудиторияның шек-сілесін қатырды. Алайда, қазылар-алқасы сайыс шартын бұзғаны үшін оларды біраз ұпайдан айырды. Дегенмен, ойынның аты – ойын. Осы бетінен таймаса, келесі жылы инкайлықтар топ жаратынына жанкүйерлер сенімі мол.

KAP Technology, Қаратау, КБ-6, ҮМЗ коман-далары өз қойылымдарын әсерлетіп, қазақтың тойындай жарқыратып жібергені сонша, тіпті байқау жүргізушісі, ресейлік шоумен Артем Муратов жылтыр шашулардың төбеден толассыз төгілгенін көріп таңдай қағып, «КТК тарихында болмаған жәйт», - деп бағалады.

Сайыс қорытындысы бойынша, СКК командасы (Астана) биыл екінші мәрте жеңіске жетіп, бас жүлде – Қазатомөнеркәсіп КТК ауыспалы кубогын өздерінде сақтап қалды.

Екінші жүлделі орынды бірден үш команда өзара бөлісті – Орталық аппарат (Астана), Қаратаулық «Атоммекен» (Түркістан облысы) және «KAP Technology» ЖШС-ның «Тех Перцы» командасы (Астана).

Үшінші орынды қызылордалық «КБ-6» ЖШС-ның «Нұр Уран» командасы еншіледі.

Сондай-ақ «Үздік әзіл» аталымында қаратаулық Асылжан Қарғабаев, «Үздік актер» мен «Үздік

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №11 (81) ҚАРАША | 2018

11КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫ

актриса» аталымдарында Орталық аппараттан Бауыржан Ілиясов пен Гүлзина Нұрбердиева марапатталды.

Әлеуметтік өзара ықпалдастық және комму-никация орталығының жетекшісі Ербол Исмаилов ҮМЗ командасын өзіндік әзілдері үшін ерекше атап өтіп, кіппен марапаттады және барлық команда-ларды SK-News.kz порталына эксклюзивті сұхбат

беруге шақырды. Шоудың түр-түрін көріп жүрген шоумен Ерлан Көкеев командаларды құттықтай келе, атомшылардың мүндай жоғары деңгей ойын көрсеткеніне таң-тамаша екенін, кештен керемет ләззат алғанын жасырмай, Қазатомөнеркәсіпке алғысын жаудырды. Ал «Спарта Номад» команда-сының директоры Серікжан Несіпбаев компания басшылығын Қазатомөнеркәсіп құрама командасын

жасақтап, алдағы жазда өтетін 30-шы Сочи фести-валіне қатысуға шақырды.

Медиа орталыққа жиналған атомшылар көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, бір жасап қалды. Психологтар айтпақшы, қызметкерлердің ғұмырын ұзартатын осындай кештер компаниямызда жиі бола берсін деген тілекпен көңілді тапқырлар клубының кезекті ойынын тағатсыздана күтеміз.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №11 (81) ҚАРАША | 2018

12 КӨКЖИЕК

Белсенді іс-әрекеттер кезеңі

Бас редактор Ғажайып Күмісбек

Шығарушы редакторларҚонақбай Саттаров Мадина ТөлебаеваАйбек Иманқожаев

Редакция мекен-жайы:010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 10 Тел.: 8 (7172) 45-80-63 E-mail: [email protected]

«Жарқын Ко» ЖШС баспаханасында басылды.Астана қ., Абай даңғылы, 57/1Тел.: 8 (7172) 215086Таралымы: 3000 дана

Айына бір рет шығады.Газетті есепке қою туралы №12072-Г куәлікті 2011 жылғы 17 қазанда ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі берген

ATOM.KZ | «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік газеті

Алматыда өткен Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының (АӨҚСК) кезекті ІІ съезіне бастауыш ұйымдардан, филиалдар мен жергілікті кәсіподақтардан делегаттар қатысты.

Кәсіподақ төрағасы Қасымжан Мәдиев АӨҚСК-ның Салалық кеңесінің жұмысы туралы есепті баяндама жасады.

Баяндамашы бүгінде кәсіподақ ұйымдарының белсенділігін арттыруға, жұмысты жетілдіруге айрықша назар аударылып отырғанын атап көрсетті. Бастауыш ұйымдар, филиалдар мен жергілікті кәсіподақтар еңбекшілердің мүддесін қорғау мен әлеуметтік диалог жүргізе білудей төл міндеттерін атқаруға жауапкершілікпен қарай бастады. Ұжымдық шарттарды бекіту, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор жұмысы, моралдық және материалдық ынталандыру, шипажай-лық-курорттық емдеу, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру сияқты толып жатқан мәселелерде бастауыш ұйымдарға жан-жақты қолдау көрсетілген.

Әлеуметтік және еңбек қатынас-тарын реттеу, тараптардың әлеуметтік серіктестік мүдделерін келісу, қалыпты

Жастармен кездесу«Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-нда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауына орай жастармен кездесу болып өтті.

Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова мен облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Береке Дүйсебеков арнайы келіп ұйымдастырған шара барысында Елбасы Жолдауының маңызы мен мәні және одан туындайтын міндеттер жан-жақты сөз болды.

Мемлекет басшысының қай Жолдауын алып қарасақ та, жастарға қатысты жобалар мен бастамалар көрсетіліп, жастарға ерекше көңіл бөлінетінін байқау қиын емес. Бұл Жолдауда да жастар мәселесі көтеріліп, 2019 жыл – Жастар жылы деп жарияланды. Жолдаудың негізгі өзегі – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, жергілікті маңызы бар жолдарды қалпына келтіріп, ауылдық жерлерді сумен қамтуға бөлінетін қаражат көлемін ұлғайту, сондай-ақ, өңірлік, қалалық инфрақұрылымдарды дамытып, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына қатысты түйткілдерді шешу

Алысты жақын еткен жол«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-ның «СКК-Шиелі» филиалы өндірістің күретамырына айналған технологиялық автожолды қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтады.

«КБ-6» ЖШС-ның геотехноло-гиялық алаңдарын, Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын учаскелерін жалғап тұратын №13 технологиялық автожол 1987 жылы салынған. Бастап - қыда 5-ші техникалық санаттағы

және тиімді қызметін қамтамасыз ету, жұмысшы мен жұмыс берушінің құқықтары тең дәрежеде іске асыры-латындай қолайлы жағдай жасау үшін 2018-20202 жылдарға арналған салалық келісімге қол қойылды. Құжатты АӨҚСК ҚР энергетика министрлігі, Қазақстанның ядролық қоғамы және Қазатомөнеркәсіппен бірлесе әзірледі.

Әлеуметтік даму және мемле-кеттік органдармен байланыс басқармасының басшысы Бақыт Иманғалиев Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірма-товтың съезд делегаттарына арнаған құттықтауын жеткізді. Ол сондай-ақ кәсіподақтың Холдингке қарасты кәсіпорындар алдындағы беделі мен маңызына, сондай-ақ жұмыс беруші мен кәсіподақ арасындағы әлеуметтік серіктестіктің қажеттігіне тоқталды.

Атом саласының ғылымы, энерге-тикасы мен өнеркәсібі ардагерлер

кеңесінің төрағасы Белгібай Буркур-манов кәсіподақ ұйымымен жемісті ынтымақтастық, бірлесе атқарған жобалар туралы әңгімеледі.

Мұнан соң сөз алған жергілікті кәсіподақ басшылары ұйымның әлеуетін айта келіп, жаңа мақсаттар мен міндеттер жағдайындағы жұмыс тәжірибелері мен механизмдерін ортаға салды.

Съезде сондай-ақ Бақылау-тексе- ру комиссиясының есебі тыңдалып, алалық кәсіподақтың жарғысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Делегаттар Қасымжан Мәдиевті АӨҚСК төрағасы етіп қайта сайлап, Салалық кеңес пен Бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамын бекітті.

бойынша алдағы міндеттер айқындалды. Сондықтан Жолдау халық арасында, әсіресе жастар арасында үлкен қолдауға ие болып жатыр. Халық бұл тапсырма-лардың орындалуын ұзақ күтпеуі керек, халық атқарылған жұмыстың нәтижесін көруі керек. Береке Дүйсебеков Елбасы Жолдауындағы міндеттер мен талап-тарды жұмыла орындауға барша жастарды шақырып, ел дамуына елеулі үлес қосу әрбір қазақстандықтардың мерейлі міндеті екенін қадап айтты.

Кездесу барысында ауыл жастары да сөз алып, Жолдаудағы игі мақсаттарды зор ықыласпен қабылдағандарын жеткізді және ой-пікірлерін ортаға салды.

Жандос Жақаев

жолға қиыршық тас төселді. Өндіріс өркендеп, негізгі геотехнологиялық алаңдардың автожол бойына орнала-суына байланысты бұл санат қайта қаралды.

Жолдың пайдалану жағдайын талап деңгейінде ұстап тұру үшін жыл сайын қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылып келді. Сол шығындарды есептеген Сауда-көлік компаниясының басшылығы №13 автожолды 4-ші техникалық санатқа өткізіп, қайта жаңартуға ұйғарды. Осы

мақсатта 2016 жылы жоба-сметалық құжаттары дайындалып, 2018 жылдың бюджетінде жобаны іске асыру үшін қаржы қарастырылды. Биыл қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген автожол пайдалануға берілді. Енді жолға қызмет көрсету үшін жол-құрылыс техникаларын тартып, тұрақты бақылап отырудың қажеттігі қалмады. Асфальт-бетонды төсеніші бар жолдан уран өндірушілер ғана емес, жергілікті тұрғындар да пайда-ланып отыр. Бұл да болса, Қазатом-

өнеркәсіп кәсіпорындарының өздері орналасқан өңірдің инфрақұрылымын дамытуға елеулі қосып жүргеніне бір мысал.

Жеткерген Кенжебаев