45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-04-24 · Әке, ана, бала, т.б...

16
Ата-аналарға арналған әдістемелік семинардың жоспары Мектеп: №1 В.И.Ленин атындағы орта мектеп Сынып: 2 «А», 3 «А» Ата – аналар саны: 30 Мерзімі: 27.03.2017ж Мұғалім: Досқалиева З.Р. Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Жалпы адамзаттық құндылықтар отбасылық тәрбиенің негізі» Мақсаты: отбасындағы рухани – адамгершілік тәрбие беру бағдарламасының негізгі мақсатын түсіндіру арқылы бала тәрбиесіндегі рухани құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру. Міндеттері: 1.Білімділік: Отбасы мен әлемдегі үйлесімділік пен бірлік, өркендеу үшін мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар тәжірбиесінің маңыздылығын ашып көрсету 2. Дамытушылық: Ата – аналардың құндылықтар жүйесін бала тәрбиесіне және тұлға бойын дұрыс қалыптастыра білу дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелік: Ата – аналардың бойында отбасындағы бір біріне деген сүйіспеншілік, мейірімділік, сыйластық, жақсылық жасау, ынтымақтастық сияқты рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Ресурстар ы: Музыка тыныштық сәтіне, стакан, постер, маркерлер, өлен жолдары жазылған қима қағаздары, стикерлер, құндылықтар жазылған топтың атаулары, тілек ағашы. Жоспар С.А Назарбаеваның даналық сөзі 1.Нұрға бөлену 1.Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім берудің қазіргі әлемдегі басымдылығы

Transcript of 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2017-04-24 · Әке, ана, бала, т.б...

Ата-аналарға арналған әдістемелік семинардың жоспары

Мектеп: №1 В.И.Ленин атындағы орта мектеп Сынып: 2 «А», 3 «А»Ата – аналар саны: 30 Мерзімі: 27.03.2017ж Мұғалім: Досқалиева З.Р.Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Жалпы адамзаттық құндылықтар отбасылық тәрбиенің негізі»

Мақсаты: отбасындағы рухани – адамгершілік тәрбие беру бағдарламасының негізгі мақсатын түсіндіру арқылы бала тәрбиесіндегі рухани құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру.Міндеттері:1.Білімділік: Отбасы мен әлемдегі үйлесімділік пен бірлік, өркендеу үшін мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар тәжірбиесінің маңыздылығын ашып көрсету2. Дамытушылық: Ата – аналардың құндылықтар жүйесін бала тәрбиесіне және тұлға бойын дұрыс қалыптастыра білу дағдыларын дамыту.3. Тәрбиелік: Ата – аналардың бойында отбасындағы бір – біріне деген сүйіспеншілік, мейірімділік, сыйластық, жақсылық жасау, ынтымақтастық сияқты рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Ресурстары: Музыка тыныштық сәтіне, стакан, постер, маркерлер, өлен жолдары жазылған қима қағаздары, стикерлер, құндылықтар жазылған топтың атаулары, тілек ағашы.

ЖоспарС.А Назарбаеваның даналық сөзі1.Нұрға бөлену1.Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім берудің қазіргі әлемдегі басымдылығы

Бейнебаян «Жақсылық жаса және саған ол қайтып келеді!»

Дағдарыстың түрлері мен себептері2.«Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық – педагогикалық негіздері.

Сананың құрылымы Сананы тазарту.

3.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.

Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілері.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру

бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі4.Балалар тәрбиесіндегі ата – аналардың рөлі (қыздар тәрбиесі; ұлдар тәрбиесі).

Балаларды тәрбиелеудегі ата – аналардың рөлі. Ежелгі грек ойшылдарының даналық сөздері Бейнебаян «Әке мен сенің 1 сағат уақытыңды

сатып алайыншы»Барысы:Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу. Әке, ана, бала, т.б туралы өлең жолдары арқылы топтасу (өлең жолдарын құрастыру арқылы топқа бөлем) 5 топ орындарына жайғастыруҚұндылықтардың атауы бойынша 5 топқа бөліп алу.Тыныштық сәтi. Жайлы, баяу музыка қойылады.Нұрға бөленуЫңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан –

жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз..Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.Жаймен көзінізді ашуға болады.Сұрақтар:1. Тыныштық сәті ұнады ма?2. Қандай әсерде болдыңдар?1. Рухани адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы.

«Сыртқы дүниенің көптігі сонша бірақ жүректе ешнәрсе жоқ...» О.ГадецкийСананың құрылымы.Сананың құрылымы оның табиғаты адамның рухани мәселелерімен тығыз байланыста болатын психологияның өзекті мәселелерінің бірі.“Сана - ғылыми зерттеулер мен тұжырымдамалық талдауларға ұстатпайтын сүзгінің тесігінен ағып жатқан су сияқты” – деп зерделейді.Сана арқылы оқыту: оқыту, ойлау және түсіну – осының бәрі бес сезім мүшелері арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер. Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады.

Түпкі сана. Сезім, эмоция, темперамент, адамның түпкі санасында бекиді де, сонда жинала береді. Сыртқы әлемнен алынған ақпарат бес сезім мүшесі арқылы түпкі санаға (кейде саналы түрде, кейде саналық деңгейден тыс) келіп түседі де, онда психоэмоционалдық реңге ие болады. Біз эмоциялық уайым, қайғы алған сайын эмоциялық реакцияны бекіте түсеміз. Осы эмоциялық сипаттарды күшетпеу үшін сананы қадағалап отыру қажет екенін аңғарамыз.

Ашу - ыза, тойымсыздық, өшпенділік, қорқыныш, қызғаныш сияқты барлық эмоцияларымыз біздің түпкі санамызда жатыр. Олар – өткеніміздің бір бөлігі. Оларды құртып жіберуге болмайды! Сондықтан да олармен бірге өмір сүруге тура келеді.

Жоғарғы сана. Жоғарғы сана – бұл біздің жеке тұлғамызға әсер етуші маңызды фактор. Біздің жан дүниемізде ар - ұжданымызды түсінуге бағыт беретін, көмектесетін, жақсы мен жаманды ажырата білуге мүмкіндік беретін жоғары рухани табиғатымыз. Санаға ақпарат жоғары санадан интуиция мен ар - ұждан даусы арқылы келеді.

Сананы қалай тазалауға болады?1. Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолдану. Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді ұғынуға арналған тура әдіс.2. Күні бойы адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыну.3. Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөлу.4. Ашу ызаңызды бақылаңыз. Өзіңізді ұрсып, ренжіткен адам сізге өз ашуыңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.5. Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді дауыстап айтыңыз.6. Жан тебірентіп, жайландыратын, жалпыадамзаттық құндылықтарға толы ән салыңыз.7. Жақсы компания, орта табыңыз.8. Басқаларға тыныштық беруге, оларға қызмет етуге және оларды жұбатуға үйреніңіз.9. Тыныштықты сақтауға үйреніңіз.10. Тыныс алуыңызды бақылаңыз.11. Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға ұмтылыңыз.

Мысалға біздің көзімізді алайық. Жарық – бұл біздің көзімізге енетін, нерв жүйелері арқылы өтіп, импульске айналатын, сосын миымызға жететін электромагнитті толқын және сана көз алдында өтіп жатқан бейнені қабылдайды. Мына суретке қарайық:Біз не көріп тұрмыз? Барлығы дерлік: «Мен қара нүктені көріп тұрмын», - дейді. Суретке тағыда бір рет қараймыз. Дәл сурет мынадай: «Үлкен ақ кеңістік, ортасында кішкентай қара нүкте бар». Мәселе біз басқалардың бойынан тек қана қара нүктені ғана көреміз, ал жан - жағын қоршаған ақ кеңістікті көрмейміз. Шын мәнінде «ақ» нәрселер өте көп, ал біз оларды байқамаймыз. Біз өзіміздің ғана мәселелеріміз бен қиындықтардан алатын пайдамызды байқамаймыз, солардың арқасында

шыңдалатынымызды және өсетінімізді ескермейміз.Сондықтан да барлығынан да, барлық уақытта да, барлық жерде де жақсыны көре білуге үйренуіміз керек.Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай - күйлерді құндылықтар деп аталынады. Жалпы адамзаттық құндылық дегеніміз - белгілі адамдар үшін ғана емес, жалпы адамзат үшін маңызды құндылықтар.Ақиқат, дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.

(Ой) Жүрек

(Сөз) Бас (Іс-әрекет) Қол

Сөз, ой, іс-әрекет осы үшеуі сәйкес келмегендіктен дағдарыс болады.

Үш дағдарысты ойлап, адамның санасын өзгерту керек

Айналамызды, қоршаған ортаны, елімізді, жақын туысқандарымызды, бауырларымызды, достарымызды нұрға бөлейік!Бейнеролик «Жақсылық жаса және саған ол қайтып келеді!»Сұрақтар:

Фильмнің соңында адамдарды не біріктірді? Бұл түйіннен қандай ой қорытасыздар?

2. Өзін-өзі рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының педагогикалық-психологиялық негізіСана арқылы оқыту. Оқыту, ойлау, түсіну осының барлығы бес сезім мүшесі арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер. Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады. Бес сезім мүшелері арқылы ақпарат сыртқы әлемнен түпкі санаға түседі де психикалық-эмоциялық реңге боялады. Бұл жерде түпкі сана өзгермейді.

Сана арқылыоқыту

Сана

Түпкі сана

Жоғары сана

Қоршаған әлем (ортаны)

дұрыс қабылдау

Бес сезім мүшесі арқылы

интуицияэмо

циялар

3.Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілері.Аксиология (грек тілінен аударғанда ) акcио-құндылық,

логос-ілім – «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы.

Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік.

Құндылықтар туралы мәселені алғаш рет – ежелгі философ Сократ қарастырды. «Кімде шынайы бейне мен ұшқыр ой болса ол бақытты» “Достықсыз адамдар арасындағы қарым-қатынастың ешқандай құндылығы жоқ”3.Заманауи білім кеңестігінің ізгілендірудің жаңа тәсілдері.Заманауи педагогиканың рухани бастауға қайта бет бұруы. Ш. Амонашвили Ізгілік педагогикасының манифесі

1. Г.С. Батищев бойынша педагогиканың үш типі

• Қалыптастыру педагогикасы

• Қабілеттерін дамыту педагогикасы

Сананы тазарту

Позитивті ықылас Өз бойыңнан

өзгеге деген риясыз

сүйіспеншілікті білдіру

Өткенді бағалау,

болашақты жоспарлау

Ашу-ызаны құрықтау

(бақылауда ұстау)Жұбату

сөздерін іздеу

Жолдастармен

кездесу

Тек қана жақсы нәрсе ойлау

Адами құндылық

тарды қолдау

• Кемелдендіру педагогикасы

Кемелдендіру педагогикасының мақсаты- адам бойындағы рухани бастаудың көзін ашу және жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.

Педагогикалық қызметтік сұлбасы

Рухани бастау

Мұғалім Оқушы

Т.И.Петракова (д.пед.наук.профессор МПедГУ) ұсынған құндылықтар жүйесінің жүктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.

Табиғи құндылықтар – бұл адамның күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары: яғни ақыл – ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы)

Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық және т.б)

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар

Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады.Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да қамтиды.Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады.Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.“Әрбір адам ақиқатты танып, іске асыруға қабілетті, әрбір адам абсолюттік бүтіндіктің жанды бейнесі, бүкіл әлемдік өмірдің саналы әрі дербес органы бола алады”

Владимир Соловьев

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады.Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді.

Оқыту үрдісіне мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді.Мәңгілік құндылықтар білім негізі және оның өзегі болып табылады. Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтарАқиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, және Қиянат жасамау адамның ұлтына нәсіліне, тұратын ортасына және конфессионалдық тиістілігіне байланыссыз және уақытпен өзгермейтін жасаушы мән.Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді, бір-біріне етене сіңіп, адам руханияты мен мәдениетінің біріңғай негізін құрайды.

Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:Қиянат жасамау – рухани аспект.Ақиқат – интеллектуалды аспект.Сүйіспеншілік – адамгершілік аспект.Тыныштық – эмоциялық аспект.Дұрыс әрекет – физикалық аспект

Мәуелі ағаш суреті слайдта- «Құндылықтар ағашы» Ақиқат - құндылықтың түп тамыры.Үнемі - түп тамырды сүйіспеншілікпен (су) суарып отыру керек. Ақиқатпен жүріп әр затқа сүйіспеншілікпен қарайтын болсақ, дұрыс әрекет (ол ағаштың діңі) болады. Дұрыс әрекет болса, ішкі жан дүниемізде тыныштық (оны ағаштың жапырақтарына теңеуге болады) орнайды. Егерде өзіміздің ішкі сезімдерімізді басқара білсек, әр уақытта ар - ұждан даусымен өмір сүрсек, адам еш уақытта ешкімге, ешнәрсеге қиянат жасай (ағаштың жемісі) алмайды.Бұл құндылықтар өзара бөлінбейді. Бір - бірімен тығыз байланысты

Дәйексөз«Бала үйде не көреді, соны үйренеді. Ата - аналар соған үлгі». (Себастьян Брант).1. Балаларды тәрбиелеудегі ата - аналардың рөлі.Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – абыройлы әке. Отбасының мәдени - рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын да – әке. Әке өсиеті мен тәлім - тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі таза ауадай қажет.Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі немесе қызға тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Дегенмен, дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ел ағаларына байланысты.Әйел адам – отбасының сақтаушысы. Алғашқы махаббат тарихы - ана мен бала махаббаты. Бала өмірінің алғашқы бес жылында міндетті түрде анасымен болуы керек. Ана өзінің міндетін өзгелерге аудара салмауы керек. Риясыз сүю ананың табиғатынан берілген қасиеті. Күйеуін риясыз сүйетін әйелдер асыл тастай құрметті, хош иісті гүлдей нәзік, отбасының сақтаушысы, от анасы бола алады. Ананың міндеті – руханилық пен адамгершіліктің негізін салу. Егер ана рухани болса, бүкіл ұрпаққа алаңдамауға болады. Ата - аналарға бала тәрбиесіндегі ең негізгі міндет дұрыс мінез - құлқын қалыптастыру болып табылады. Бала тәрбиесінде барлығы өз шекарасынан шықпауы тиіс. Әр кезде сүйіспеншілік пен тәртіп болуы тиіс.

Қазақ халқы ер бала тәрбиесіне өте зор мән берген. Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады деп барлық саналы қазақ азаматтарына айтылған. Біз ата - ананы пір тұтқан, тегімізді атадан, тілімізді анадан санаған халықпыз. «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес, әке үлгісін көрмесе». Ұлттық салт - дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда, әсіресе, қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып - ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді.

«Қызым үйде, қылығы түзде» дейді екен бұрынғылар. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен не болмаса «Қызды қырық үйден тыюмен» шектелмейді, мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, үлгі - өнеге көрсету қажет.

Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойға сіңеді. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс аяқты салдырлатпау, алдымен кіріп, артымен шығу, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ басқанына, киім киісіне, қимыл - қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, көңіл қоюдың жауапкершілігін сездіреді.Қорытынды:

Жақсы болыңыздарЖақсы нәрсе туралы ойлаңыздарЖақсы нәрсе айтыңыздарЖақсы нәрсе тыңдаңыздарЖақсы нәрсе көріңіздерЖақсы нәрсе жасаңыздарБақытқа жеткізер жол-осы!

Шығармашылық тапсырма беру:Ауызбіршілікті сақтау, жақсы қарым – қатынас орнату, өзіне деген сенімділігін артыру мақсатында ата – аналармен «Кеме», «Кесе» тренингін жүргізу. Қорытындылау.Үйге тапсырмаҮйге тапсырма. «Звездочки на земле» фильмін көріп, өз ойларын айту.Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ардақты ата - аналар!Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

Ата – аналардың тілектері.Сауалнама, Ашығын айтсам... (пікір білдіру)

Мектеп директоры: Атчибаева Ж.Е.

Мұғалім: Досқалиева З.Р.