Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3...

320
Шыармалары. Тртінші том 1 Алматы 2014 ЕРБОЛ ШАЙМЕРДЕН ° ЛЫ ШЫАРМАЛАРЫ Тртінші том

Transcript of Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3...

Page 1: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

1

Алматы2014

ЕРБОЛШАЙМЕРДЕН°ЛЫ

ШЫ�АРМАЛАРЫ

Т�ртінші том

Page 2: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

УДК 821.512.122ББК 84(5Қаз)Ш 34

ISBN 978-601-7472-66-5 – (Т. 4)ISBN 978-601-7472-19-1

УДК 821.512.122ББК 84(5Қаз)

© Шаймерденұлы Е., 2014 © «Қазақ энциклопедиясы», 2014

Ербол Шаймерденұлы. Шығармалары. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014. ISBN 978-601-7472-19-1

Т. 4. – 320 бет. ISBN 978-601-7472-66-5

Ш 34

Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі

«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

Ербол Шаймерденұлы шығармалар жинағының төртінші томына 2004 жылы шыққан «Ақиқат айнасы» кітабы, 1989 жылы шыққан «Тыңда тоғысқан тағдырлар» атты очерктер жинағы жəне 1999 жылы шыққан «Əз Астана» кітапшасы еніп отыр. Бұл том автор шығармашылығының санқырлылығын, оның терең зерттеулер мен өмірге етене араласуының нəтижесінде көтерілген тақырыптарының саналуандығын айшықты танытады. Тың игерудің 35 жылдығы қарсаңында жарық көрген очерктер жинағынан уақыт табы бай-қалғанымен, еліміздің өсу, өрлеу кезеңі тартымдылықпен əрі шынайлықпен су-реттелген. «Əз Астана» еңбегі еліміздің жаңа байтағына арналған тұңғыш дүниелердің бірі болып табылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

Page 3: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

3

ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА

Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа сүйіну, көркемдікке лəззату – рухани жетілудің əрі жетілдірудің басты шарты. Даналық ой-пікірлер – өмір оқулығы іспетті. Жəне олардың тағдыранықтағыштық мəні мен көркемдік қызметі орасан. Сондықтан да өркениет тарихындағы ұлы ойшылдардың даналық мəйектерін Ербол Шаймерденұлының қазақ тіліне жатық, жетік сөйлетуі – ерлікпен пара-пар абыройлы іс. Екіншіден, ол философиялық афористика жанрының негіздемесін жасаушы санаткер. Иə, автор оқырманын даналық пен рух бесігінде тербетіп, ой-санасын, қиял-сезім дүниесін нұрландырады, жасампаз, жалынды істерге ұмтылдырады. Сан замандар мен ғасырлар бойы екшелген, сараланған тəжірибелері мен пайымдауларын пайдалануға мүмкіндік алады. Мағыналық қырлары мен сұлулық сырларына, ғылыми ұстанымдары мен дүниетанымдық, философиялық бағыт-бағдарына ден қояды.

Бұл орайда «Ақиқат айнасы» атты еңбегі (2004) күрделі көркемдік-лингвистикалық құрылымымен, символикалық астарларымен, ой-тұжырымдарымен, мазмұндық-интеллектуалдық құндылықтарымен қызықтырады. Кітаптың қандай ойлардан түзілгендігін мынадай тараушалардан табуға болады. Олар: «Із – тəннің бір бөлігі» (Ж.Дер-рида), «Көзқарас – бойға бітер қасиеттің ең қатерлісі» (Ж.Бодрийар), «Өткенді аңсағаннан гөрі – ертеңге көз жіберген жақсы» (Р.Вальзер), «Адамның даңқын шығаратын – дарын ғана» (Ж.Батай), «Жер кездейсоқ жаратылған болуы керек» (П.Т-де Шарден), «Тəжірибенің мақсаты – қанағаттану» (Ж.Делез), «Қызғаншақтық – атаққұмарлықтың əп-кесі» (А.Адлер), «Өмір сүру дегеніміз – өз мүмкіндіктеріңді жүзеге асыру» (О.Шпенглер), «Мойындаудың көз жасында арсыздық бар» (Л.Шестов) жəне т.с.с.

Ойлар алуандығы, пікірлердің санқилылығы, тілдік нақыштары жеткілікті. Адам – құдіретті тұлға! Тегінде, оның ойында, қиялында, көңілінде, санасында, сезімінде, жалпы алғанда, жаратылысында, тілінде мың-миллион əрекет пен сыр, буырқанысқа толы құбылыстар бар. Адам баласының асқар биіктерге, белестерге ұмтылуы, асыл

Page 4: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

4

мұратқа қызмет етуі тəжірибесіне байланысты. Майталманның тəжірибесі – тасбақаның сауытынан да берік, бекем. «Тəжірибе – адам мүмкіндіктерінің шегіне сапар шегу» – дейді «Францияның ең тама-ша ойлайтын басы» (Мартин Хайдеггер бағасы) философ Жорж Ба-тай. Оның «Үйлесімділікке құштарлық – ұлы құлшылық», «Адам – тұрақсыз əрі бірімен бірі терең өріліп жататын қосылыстардың бір бөлшегі» дейтін даналыққа, кемелділікке бастайтын сөз серкелері болмысыңды, ар-намысыңды жаниды.

Парасатты, терең ойлауға, құштарлықпен оқуға, «сөз мəнісін ұқ-қанынша тыңдауға» (Абайша айтқанда), мəдениетті, əдепті сөйлеуге, өнімді еңбектенуге, бір сөзбен түйіндегенде, елге тұтқа, елге қорған болуға философтың афоризмдерінің көркемдік əсері мейлінше мол.

Адамның мінез-құлқындағы өрескелдіктерді, көзге жылпың, сыртқа қылпың құбақандарды былайша суреттейді: «Бөспебайлық пен атаққұмарлықта шекара деген болмайды», «Баққұмар кісі қашан да алдына осы өмірде орындалуы мүмкін емес мақсаттар қойып жүреді», «Атаққұмар өзі жіберген қателіктердің қай-қайсысы үшін де жауапкершілікті басқаларға аудара салуға шебер келеді», «Қызғаншақтық – атаққұмарлықтың əпкесі», «Біз барлық ашушаң, кекшіл, кесапатшыл тіршілік иелерінің бəрін адамзаттың жаулары мен қоғам жауларының қатарына қосуымыз керек!» (Альфред Адлер)

Француз философы Пьер Тейяр де Шарден (1881-1955) мынадай көшелі пікір ұсынады: «Дүниені сенім нұрландырады, ал адалдық соған жақындастыра түседі», «Дүниеде бір ғана анық нəрсе бар: ол – өсіп-өнуге деген құштарлық!»

Адамның болмысы толық сипатталмағаны мəлім: «Адам – көп қырлы, мың түрлі: бұл – оның ең үлкен бақыты», «Адам өз бойына бүкіл ата-бабасының ақыл-ой даналығын жинап жүрсе де, ақымақтығынан арыла алған емес» (Элиас Канетти).

Француз философы əрі мəдениеттанушысы Гастон Башлярдың (1884-1962) зат, ой, қиял, тереңдік, ақиқат, махаббат, ақыл, ғылым ту-ралы таңдамалы ой-маржандарын Ербол Шаймерденұлы жүзіктің көзінен өткендей ғып тəржімалаған.

Антика заманының білімдары, философ, өнертанушы, филолог А.Ф.Лосев (1893-1988) ой-толғаныстары Ербол Шаймерденұлының шығармашылық əлемін билегендей, бейне бір қазақы күйге ен-гендей. Атақты оқымыстының: «Жанды ойдан күшті, жанды ой-дан сұлу ештеңе жоқ», «Стиль – шығарманың көркемдік қуатының

Page 5: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

5

белгісі», «Тұңғиық тереңінен мəңгі тоқтамас өмір бұлағы атқылап шығып, мөлдіреп ағып жатқан ой, саф таза ой, таза ақыл қандай ғажап десеңізші, шіркін!» – дейтін сапалық сипаты, сұлулық сыры тамаша сара сөздері ұсынылған.

Мəселенің мəнісін, түпнұсқаның рухын, сөз асылын, ой асылын ардақтайтын алуан қырлы қаламгердің аудармашылық өнегесі мен шеберлігі айқын танылған.

Қайраткер Ербол Шаймерденұлы – өз ел-жұртының шы-найы перзенті. Бұған елшілдік, мемлекетшілдік істері, жалын-ды ой-толғаныстары дəлел. Ол Тəуелсіздік идеясын, қазақтың ай-бары Əз Астанасын жаңаша көзқарас, жаңаша таным, жаңаша пай-ым тұрғысынан құштарлықпен жырлады. Оның «Əз Астана» дейтін қастерлі жинағының (1999) беломыртқасы – «Жаңа Астана жай-лы ұйғарым – мемлекеттік мұраттармен, ұлттық мүдделермен үндес ұлы идея», «жаңа реформаторлық қадам», «мемлекеттік басқару жүйесінің күретамыры», «жаңа рухани сілкініс, жаңа болмысқа өтуді жеделдету, мəдени жəне өркениеттілік байланыстың жаңа сапалық сатысына көтерілу тегершігі», «ең жоғары билік мекені», «жаңа елдік болмысымыздың рухы мен бейне-бедерін қалыптастырушы» екендігін тебіреніспен толғады. Елбасының тарихи-саяси таңдауын жан-тəнімен қуаттап қолдады.

Астана туралы ой-пікірлерін қара сөзбен ғана емес, өлең сөзбен де құйқылжыта өрнектеді. «Сен болып соғады енді жүрегі елдің» өлеңінде:

Айтуға қысылмайық, тарылмайық, Атайық қырандарға тауын лайық. Ақмола – Нұрсұлтанның Ақордасы, Қондырған алақандай жанын жайып –

дегені əділеттілік қой.Ал «Арман қала – Астана» (Əнін жазған Марат Омаров), «Биік

болсын мəртебең» (Музыкасын жазған Жоламан Тұрсынбаев) тəрізді өлеңдері əн болып қалықтады.

Əрбір істің, нəрсенің, құбылыстың барша қырлары жөнінде ба-рынша қадағалап тұжырымдап ой түю, түбір-тамырына дейін мүм-кіндігінше тереңдеу, көз жеткізу, көңіл сендіру, сөйтіп оймақтай ғып жұтынтып, құлпыртып беру – Ербол Шаймерденұлы шығарма-шылығының басты сипаты, зерттемпаздық қасиеті деу лайық.

Page 6: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

6

Бұған тыңгерлер туралы көрікті толғаныстары жинақталған «Тыңда тоғысқан тағдырлар» атты кітабы (1989) айғақ.

Əн мен жырдың көрігін қыздырған дүлдүлдердің пірі, қазақтың ал-тын жамбысы Үкілі Ыбырайдың жұртынан дүрілдеп шыққан егінжай ерлері Тəттібаевтар əулеті жайлы «Жалғызтау куə» дейтін очеркінде əдемі сыр сабақтайды. Бастамасының өзі қандай əсерлі! «Жарық дүниеге жотасын тосып Жалғызтау жатыр. Көкше мен Қызылжардың кіндіктесер тұсында одан асар биік, оған жетер шоқы жоқ. Айна-ла қайыңды, қарағайлы жолдар қаумалаған ол осы өңірдің төре тауы іспетті. Төре таудың тамырын иіп, төсінен құлаған бұлақтар бар».

Осынау бұлақты өңірде диқаншылық шеберлігі (топырақ өңдеу, тұқым себу), ұйымдастырушылық қабілеті, тəлімгерлік болмысы бөлекше, «дүниедегі ең ізгі мамандықтың хас шебері», тəжірибелі даңқты механизатор Орал Тəттібаев тұлғасы кемел сипатталады. Орал мен Зұлфияның отбасында он екі перзент бар. Əулеттің тұңғышы «ат ұстар» Əділ мен одан кейінгі «ине сабақтар» Майра да диқандық өнерді өрге өркендетіп, өрелі қасиеттерімен өзгешеленген өрендер дəрежесіне жеткендігі дəйекті баяндалады.

Ербол Шаймерденұлының ой тербеу мəнерінде тұтастық, жинақтап қорытушылық бар. Өз кейіпкерлерінің іс-əрекеттерін жан-жақты су-реттей отырып, ортасымен, топырағымен, сəулелі сəттерімен, жараты-лыс аясымен бірлікте шеберлікпен шынайы көрсетеді. Мəселен, əйгілі Біржан сал мен Үкілі Ыбырай өміріндегі ғажайып хикаяларды жатқа заулататын, тоқсан жасында тұйғындай ширақ, теңіздей толқыған Төлебай қарттың аталық ұлағаты, сондай-ақ ауыл бойжеткендері Паша Ангелина атындағы Бүкілодақтық жүлденің иесі Гүлнəр Төлебаева, съезд делегаты шопан Əйбат Кəкенова, я болмаса «қан қызыл ДТ-54 тракторын қалыңдығындай күтетін» жайсаң мінезді Жəмет Кəкімов бейнелері оқырманды сұлулығымен, еңбеккерлігімен қызықтырады.

Жер тағдырын елдің тағдыры деп таныған, ауылшаруашылық ғылымының əлемге мəшһүр дарабозы, ғылымның талантты ұйым-дастырушысы, ағылшын, француз, неміс тілдерінде жетік сөйлейтін, қазақ жəне шетел əндерін балбырата, тамылжыта орындаушы өнерпаз Мехлис Қасымұлы Сүлейменов тұлғасы «Қыранқия» дейтін жазбасын-да жарқырап көрінген. Журналист Е. Шаймерденұлы ғұлама келбетін жəне оның рухани сұлулығын былайша мөлдірете бедерлейді: «... Осы-нау орта бойлы, келбетті жігіт ағасының бойынан алғаш кездескенде-ақ аңғарылатын айрықша адамдық қасиет – қарапайымдылық дер едім».

Page 7: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

7

Академик М.Қ.Сүлейменовтің ұстаздық, ғалымдық өнегесі, қайраткерлік, елшілдік, мемлекетшілдік көзқарасы былайша кестелен-ген: «Нағыз ғалым ұстаз қайнар бұлақтың көзін ашуды мұрат тұтқан қайырымды кетпенші тəрізді». Немесе: «Ғылымдағы төрешілдік те əртүрлі. Соның бірі – атақ-абыройы асқан белгілі ғалымдардың аузы-нан шыққан сөздің бəріне бас шұлғып, олардың шашбауын көтеруді салтқа айналдыру».

Тегінде, ғылыми атаққа жетудің түзу, дұрыс жолын көрсетуі көсем-дік дерсің. Ұшқыр зейінді кəнігі журналист Е.Шаймерденұлы өзінің эссесінде бас кейіпкердің өнімді ойлары мен тұжырымдарын ұсынады.

Егіншілік мəдениетін жетілдіру, астық өсірудің интенсивті техно-логиясын толық меңгеру жəне жер өңдеу, гербицид қолдану, тұқым себу мерзімін дұрыс таңдау – академик М.Қ.Сүлейменовтің негізгі ұстанымы екендігін Е.Шаймерденұлы бажайлап түсіндіреді. Бұл – журналистің көрегендік пен зерттемпаздық қабілетін айрықша айшықты танытады.

Ербол Шаймерденұлының осы шығармасына деректілік пен тарихилық тəн. Мұның күллісін шынайы жан-сезім, көңіл-күй тол-қындарына бөлеп сөйлетеді.

Əртүрлі этностардың тату-тəтті тірлігі, ынтымақ-бірлігін («Ауыл-дастар-бауырластар»), халықтық ерліктің жасампаздық рухын бойы-на жинаған «түлеген тыңның Тəттібаласы» атанған Бейсенбекованың диханшылық еңбегі («Намыс»), достық планетасындай 15 ұлттың ой-парасаты биік өкілдерінің ұясы «Украина» кеңшарының тыны-сы («Нұрлы шақ»), Петр Балдесконың отбасы (жанұяның бірі – құр-лылысшы, екіншісі – механик, үшіншісі – ұстаз, төртіншісі – теңізші), халық дастарханын байытудағы молшылық-тоқшылық жорығындағы алапат іс-қимылдары суреттеледі.

Сөз зергері, көсемсөзші, журналист Е. Шаймерденұлының деректі очерктерінде көркемдік сезіміңді тудырып, қиялыңды қозғайтын қымбат суреттер де бар. Мəселен: «Пай-пай, сұлулық-ай! Сен тау бол, мейлі көл бол – сезіне білген жүректі селт еткізіп, бар ерікті өзіңе баурап, сілтідей тындырмай тоймайсың-ау, шіркін! Төңкеріп бір тастағаныңда-ақ тыныштығыңнан айырар қаракөз қалқаның жана-рындай жалт-жұлт еткен жақұт жағалау төңірегіне жан лəззатының рахман нұрын төгіп жайбарақат жатыр» («Қолтаңба»).

«Шилідегі таныстар» очеркі «Парторг жəне поэзия» жəне «Депу-тат жігіттің домбырасы» дейтін сыртқы сымбаты келісті тараушалар-

Page 8: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

дан тұрады. Отыздың бел ортасына жеткен жарқын мінезді Қайыркеш Көпеев мамандығы бойынша инженер, қызметі жөнінен партия қызметкері. Қанатты жанның серігі – əдебиет, өнер, домбыра.

Шилі аулының бесаспап механизаторы Жанат Мусин Біржан сал, Ақан сері, Ғазиз, Қайып əндерін шырқайтындығы, «еңбек пен өнерге деген сүйіспеншілік сезімі» сүйсініспен əңігімеленеді.

Ақын Төлеген Айбергенов: – Бұл қазақта жігіттер бар нарқасқа, Жарқылдаған алмас па! ... Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес, Тұра да алмас шың бұлай! Қасқайып олар тұрғанда, Биіктер сенің тұлғаң да, Миллион мəрте, құрбым-ай! – деген əсерлі лебізіне жүгін-

сек, Е.Шаймерденұлының əңгіме-очерктерінде аққудай тізілген еңбекші елдің ерлері, барша ұлылығымен, өмір майданындағы ұшан-теңіз игіліктерімен, рухани ізгі қасиеттерімен бірлікте көр-сетілген. Социалистік Еңбек Ері атағын иеленген Баян Жанғалов, Я.Корабельников, Есім Шайкин, Байман Тұрғынов, В.Трененков, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Т.Сыздықов, мемлекет жəне қоғам қайраткері Қасым аға Тəукенов – сондай тұлғалар.

Журналистикадан афористика айдынына, ойшылдық əлемінен сыршылдық өнерге ден қойған қанатты дарын Ербол Шаймерден-ұлының суреткерлік қолтаңбасы осындай.

Серік НЕГИМОВ,Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология

ғылымдарының докторы.

Page 9: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

9

АҚИҚАТ АЙНАСЫ

(ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АФОРИЗМДЕР)

БІРІНШІ Б�ЛІМ

Page 10: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

10

ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АФОРИСТИКА

(Алғысөз орнына)

Ел тəуелсіздігі еркін ойға қанат бітіріп, рухани кеңістік көкжиегін кеңейте түседі. Жаңаша ойлау жүйесі терең орнығу үшін адамзат тəжірибесінде жинақталған сан салалы қымбат ой қазынасымен кең таныс болу шарт. Өкінішке орай, тоталитарлық жүйе жағдайында «дұрыс ойлау – бұрыс ойлау», «пайдалы – зиян-ды» таразысы қатал идеологиялық қаруға айналғаны соншалық – бізден басқа жұрттың бəрі таныс, тіпті, белгілі бір деңгейде ортақ дүниетанымдық көзқарастар өзегіне айналған ой ағымдарынан беймəлім қалып келгеніміз белгілі. Өркениет өрісіне өз көзіміз жет-кенше емес, біреулер таңдап кигізген «идеологиялық көзəйнек» арқылы ғана қарауға дағдыланғанымыз сондай – басқаны іздеп те əуре болмайтынбыз.

Марксистік дүниетанымнан тыс деп есептелгеннің бəрі «кер-тартпалық», «буржуазиялық тоғышарлықтың сойылын соғушы» деген адамның зəресін ұшыратын əлем-жəлем айдарлармен соңына ит қосылып қуылатын. Соның салдарынан Мартин Хай-деггер, Людвиг Витгенштейн, Жак Деррида, Карл Поппер, Жан Бо-дрийар жəне басқа ойшылдардың еңбектері қазақ тілі түгіл, орыс тілінде де арнайы аударылып, жария етіле қойған жоқ.

Олардың көзқарастары – біз қаласақ та, қаламасақ та, өркениет дамуының рухани қозғаушы күштерінің қатарына қосылғаны ешкімнің де қаперіне кірмесе керек. Кірсе де, «білгіміз келмеген соң – білмейміз» деген ұсқынсыз ұстанымының ұңғысынан шыға алмаған тəрізді. Оның ар жағындағысы – «пəлесінен аулақ» деген үрей, əрине.

Осы үрей философияны ең бір күдікті һəм қауіпті білімдер қатарына қосуға мəжбүр етті. Ортақ ой қазанынан алынбаған өзінше көзқарастары бар ойшылдар қуғынға ұшырады. Осы орайда қазір бұрынғы кеңестік философияның ғылыми феномен ретіндегі тұрлаусыздығы туралы пікір ашық айтыла бастады.

Ресей ғалымдары Н.А.Бердяев, В.С.Соловьев, С.Н.Булгаков есімдерімен тығыз байланысты орыс философиясының дəстүрлі тамырларына балта шабылғанына қынжылады. 1922 жылы эмигра-цияға аттандырылған атышулы «философия пароходында» озық

Page 11: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

11

жаңа ой ұшқындары «жер ауған» болса керек. Оған ілікпей, туған топырағында қалған Павел Флоренский мен Лев Карсавин сияқты ғұламаларға да рухани танапта диқаншылық ету бұйырмады. Жазықсыз жазаға ұшырап кете барған.

Кешегі кеңестік кеңістіктің локомотиві атанған Ресейдегі бұл ахуал – басқа республикалардағы жағдайды да жақсы көзге елес-тетуге мүкіндік береді. Президент Н.Ə.Назарбаев «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының тұсауын кесерде осы уақытқа шейін бір де-бір шетел философының еңбегі толық қазақшаланбағанын орынды сынға алды. Тіпті, жерлесіміз екендігі жөнінде бүкіл əлемге жар салған Əл-Фараби шығармаларының өзі əлі түгел тəржімаланбағандығына назар аударды.

Əлемдік ақыл-ой қазынасын əр қырынан игеру – өркениет көшіне ерудің бірден-бір дара жолы. Өйткені, көңіл көкжиегі кеңейген сайын ұлт рухының сапалық сипаты жетіле түседі. Адам-зат тəжірибесінің рухани бағыт-бағдарын жіті қадағалап, жете пай-далана білу – материалдық болмыс бітімін де бедерлендіре түседі.

Ұлттық рухани өрлеудің одан басқа жолы жоқ. Тартыншақтық пен шектелушіліктің кез-келген түрі тұйыққа тірейді. Өзіндік даму адамзаттық даму көшінен бөлек жүріп, пұшпаққа шыға қоймайтынына көне тарих куə. Қазақ философы Абай Құнанбаев көзқарастарының өзегінен де осы ақиқат айқын аңғарылады.

Оқырман назарына ұсынылып отырған жинақтың дүниеге келу себебінің басты сыры осы айтылған ойлармен өзектес. Мақсат – қал-қадірімізше қазақ оқырмандарын XX ғасыр ойшылдарының бір тобының философиялық көзқарастарының кейбір қырларымен, өмір жайлы, адамзаттық құндылықтар туралы һəм қоғам жайлы ұстанымдарымен таныстыруға қолғабыс жасау. Өткен ғасырда əлемдік өркениет дамуының өзекті күшіне айналған еуропалық ой ағымдарының бір парасының қазақ жүрегіне жол табуына қызмет ету.

Əрине, тура тəржіма емес, екінші тілден – үшінші тілге аудару болғандықтан көрнекті философтар ғана емес, айтулы стилистер де болған ғұламалардың тілдік бояулары қанық жеткізілмейтіндігі, тіпті, мағыналық реңктерінде де кейбір дəлсіздіктер жіберіліп қойылуы мүмкін екендігі көзқарақты оқырманға түсінікті болса керек. Оның үстіне ғылыми термин проблемалары мен қысқа жанрларда үлкен ой орамдарының үзіліп түсіп жататындығы тағы бар.

Page 12: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

12

Осындай объективті жəне басқа да субъективті себептерге қарамастан жиналған қазына ынталы оқырманның кəдесіне жа-рар деген үміттеміз. «Теңіздің дəмі – тамшысынан» деген нақыл бар емес пе?! Қысқа қайырымдарды қанағат тұтпай, кеңге құлаш сермеуді қалап жатқандар болса – құба-құп, нұр үстіне – нұр дейміз. Афористика жанрындағы аудармаларымыз жинаққа ен-ген ойшылдардың шығармашылық əлеміне жол ашып, олардың ғылыми концепциялары мен ұстанған философиялық ағымдарын кеңірек танып-білуге қызықтырып жатса ғанибет, əрине.

Афористикалық стиль – философиялық шығармаларға етене нақыш саналады. Дегенмен, оны кез-келген ойшыл шығарма-шылығының оңқай асығы деуге болмас. Мысалы, кітаптағы авторлар арасынан Э.Канетти, Л.Витгенштейн жəне Л.Шестов жазуларында айшықтырақ көрінеді. Кей тұстарда стильдік машық дəлдігінен гөрі мазмұндық құндылық үстем түсіп жатады. Бұл – аударма нұсқаларға (əсіресе, екінші тілден – үшінші тілге тəржімалаған кезде) тəн ерекшеліктердің бірі десе де болады. Жалпы, афористик стиль – басқа тілге ең қиын аударылатын жазу мəнері. Бір назар аударатын жəй – мұнда тыныс белгілерін пайдаланудың да ерекшеліктері бар.

Əлемдік афористика дəстүрінің түрлі-түрлі танымал мектептері бар. Солардың бірегейлерінің бірі – Еуропа мектебі. Көнеден бастау алатын бұл бағыт XX ғасырда лайықты жалғасын тапты. Соның бір дəлелі – алдарыңыздағы жиырмасыншы ғасырдың жиырма ғұламасының афоризмдерінен құралған жинақ.

Кітаптағы қанатты ойлар дүниетанымдық əр алуандығымен жəне ой мен сезім фактісі ретіндегі айқындығымен, нақтылығымен һəм ортағасырлық схолостикалық пайымдаулардың адалығымен дараланады. Олар – өмірдің көшірмесі емес, рухани болмыс бедері. Яғни, құбылыстың немесе ситуацияның суреті емес, солар туралы ойдың квитэссенциясы. Сондықтан да терең зерделеуді қажет етеді. Эстетикалық лəззатынан гөрі, қисындық (логикалық) қанағат берер күші басымдау. Роман мен повеске қойылар талаптың афоризмге қойылмайтыны белгілі.

Ана тілімізде шыққан тұңғыш философиялық афоризмдер жинағы ретіндегі бұл ізашар басылым өз оқырманын табады деп сенеміз. Əсіресе, жас ойшылдардың рухани сұраныстарын белгілі бір дəрежеде қанағаттандырып жатса – азды-көпті еңбегіміздің қайтқаны болар еді.

Page 13: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

13

Жак ДЕРРИДА

ІЗ – ТƏННІҢ БІР БӨЛШЕГІ

* * *Ойынға айналған жерде ой да ештеңе айтқысы келмей қалады.

* * *Бар жерде барлық жағдайда тек айырмашылық пен ізден кейінгі

із ғана бар.* * *

Кейде сырты қаншалықты сабырлы болса, іші соншалықты буырқанысқа толы құбылыстар кездеседі.

* * *Ара-тұра пысықтықтың да ішкі түйсікке сай тапқырлық

танытып, дұрыс таңдау жасай білудей көрінетіні бар.

* * *«Иə» қайталауды қажет етеді.

* * *Оппозицияны қайта құру деген – алдымен белгілі бір сəтте

иерархияны аяғын аспаннан келтіріп айналдырып қою.

* * *Бір нəрсені қалпына келтіру үшін жаңа құрылымды бұзу керек

болатын кез де аз емес.* * *

Тілден де тыс бірдеңе бардай көрінетін бірдеңе бар екені анық: бəрі қалай айтуға байланысты.

* * *Өз тілінде сөйлеу – тəржімə талап ету деген сөз.

* * *Кейде тура бастан ұрғандай дөрекі ұрандармен көшеге шығуға

тура келеді.

Page 14: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

14

* * *Тарихта ұдайы осылай болып тұрады: ол алға қадам жасаған

еді, сол үшін əлденесін құрбандыққа шалуға тура келді.

* * *Тəжірибе жинақталса болды, басқа бірдеңеге сілтеме жасау

деген де сумаң етіп шыға келеді.

* * *Лениннің «əулиелігі» – Мəскеудің Иерусалим атанғаны сияқты.

* * *Кітаптың соңы – жазудың басы болмайды.

* * *Əдеби дəстүрдің тілдің өзімен таласып, оның сыртынан да

бірдеңе тауып алғысы келгенінде тұрған ештеңе де жоқ.

* * *Ортақ ереже болмаса – ешкім ешкімге ешқашан ортақ кеңес

бере алмайды.* * *

«Жекелеген қайта құру» деген болмайды: ол – барлық жерде бірдей жүзеге асуға тиіс құбылыс.

* * *Жай-жапсарын толық тəптіштеп əңгімелеу деген – маңызды

деталь дегеннің бəрін сүзгіден өткізіп, сұрыптауға жатады: яғни цензура жасау деген сөз.

* * *Бір мезгілде əрі талдап отырған мəтіннен көз жазып қалмау, əрі

өзің тапқан дүние боларлық бірдеңе жазып шығу – мүмкін емес.

* * *Із – тəннің бір бөлшегі.

* * *Тілге бұйырған тағдырдың өзі – тəннен бөлініп шығу.

* * *Нүкте қашанда қалауыңызға қарай қойылады.

* * *Деректің өзі – теория: сипаттап берсең болғаны.

Page 15: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

* * *Ең бір сеніп қалуға болмайтын нəрсе – тарихтың метафизикалық

ұстыны.

* * *Таза «иə» болмайтыны тəрізді, таза дарын деген де болмайды.

* * *Оқырман не бəрінен хабардар, не ештеңе білмейтін болуға тиіс.

* * *Тіл – ұзақ-сонар қызыл-жасыл метафорасыз күн көре алмайды.

Page 16: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

16

Жан БОДРИЙАР

КӨЗҚАРАС – БОЙҒА БІТЕР ҚАСИЕТТІҢ ЕҢ ҚАТЕРЛІСІ

* * *Түкке тұрмайтын бірдеңенің бəсін көтеру үшін – оның

маңайында едəуір бос қуыс жасалады.

* * *Адам – заттан, зат – адамнан еркін бола алмайды.

* * *Кеңістікте – айна қандай рөл атқарса, сағат – уақыт үшін сондай

рөл атқарады.

* * *Американдық өркениет қаза мен ресми рəсімнен басқа жерде

қара түстің не екенін білмейді.

* * *Қашан да дайын тұрушылықтың соңы сөзсіз үрейге ұласады.

* * *Зат – қоршаған ортасын қалыптастыруға келгенде адамның

өзінің алдына түсіп алады да, оның əлдебір қадамдар жасауына ұйтқы болады.

* * *Зат – адамның оған қатысты жасайтын қадамдарынан да гөрі

күрделіленіп барады.

* * *Зат – біздің уақыт пен ажалға байланысты қорқыныштарымыз-

дың аузына құм құятын тұрмыстық мифология.

* * *Зат дегеніміз – ғажайып үй жануары.

Page 17: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

17

* * *Көзқарас – бойға бітер қасиеттің ең қатерлісі.

* * *Орын алмастыра алмаушылық бар екенін бадырайта білдіру

мен иерархиялық рəсім зат біткеннің бəріне де тəн.

* * *Негізінде, робот – қашан да құл болып қала бермек.

* * *Молшылықта заттың аздығы емес, тез бүлінетіндігі мұңға айналады.

* * *Жиһаздың да, басқа да заттардың да негізгі міндеті – адамдар

арасындағы қарым-қатынастың орнына жүріп, олардың өмір сүріп жатқан кеңістігін толтыру.

* * *Бірқатар өркениеттер үшін адамның қуат-күші мен жануар-

лардың қуат-күші бірдей.* * *

Үй ішілік ахуал – өмір үшін мазасыздықтың бір көрінісі.

* * *Айна кеңістікті толықтырады.

* * *Кез келген көне дүние осы күнге аман-сау жеткені үшін ғана

сүйкімді.* * *

Бөлме сағаты – біздің жүрегімізді артық мазаланудан сақтайтын темір жүрек.

* * *Бояулардың əдетте моральдік-психологиялық мағынасы болады.

* * *Біз мəңгі өз заттарымыздан оза алмай əуреге түсіп жүреміз.

* * *Біз түрдің толық жеңісін тойлауға таяп қалдық.

* * *Сатып алмаған зат біздің қолымыздан уақыт тұрғысында

алғанда ғана сытылып шығады: ол ешқашан сіздікі болған да емес.

Page 18: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

18

* * *Зат болса – оның төңірегінде қалыптасқан əлдебір əдет-

ғұрыптар да болады.

* * *Тауардың жақсылығына көзім жетіп тұрмаса да, оны жан сала

дəріптеген жарнаманың сəттілігіне сенемін.

* * *Жеке адамды бүкіл қоғамға қарсы қоятын өзіңмен-өзің болу

еркіндігі – өте қатерлі еркіндік.

* * *Қозғалыс – қажеттілік, жылдамдық – лəззат.

* * *Адамдарды жеңген кеңістіктен гөрі жеңілген кеңістік көбірек

бөліп тұрады.* * *

Адам кеңістікті бағындыру арқылы өзінің нарцистік болмысы-ның кескіндемесін жасайды.

* * *Тұтынудың жойылмайтын себебі мынада жатса керек: ол

əлдебір жетіспеушіліктерге негізделеді ғой.

* * *Коллекционер міндетті түрде «тамаша статуэтка» екен демейді,

«тамаша зат» екен дейді.* * *

Несие жүйесі адамның өзінің алдындағы шыдамсыздығын шегіне жеткізе алады.

* * *Толық жетілген қалып адамға өз құдірет-күшін сырттан

бақылаушы рөлін ғана қалдырады.

* * *Шыны – сиқырланған қатқан сұйық.

* * *Зат нақты тəжірибелік қолданыстан шыққан сəтте-ақ мінез-

құлық тəжірибесі саласына өтеді.

Page 19: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

* * *Оған қажет болмай қалған нəрсе – бізге қажет болуы мүмкін.

* * *Заттың əлсіздігі мен ажалы емес, соларға көзсіз елту – қасірет.

* * *Туристік сапар қашан да жоғалған уақытты іздеумен өтеді.

* * *Тұтынудың шегіне шыға алмайсың.

* * *Жайлы орындықтың жалғыз мұңы – ешқашан жападан жалғыз

қалып қоймау, сол сияқты ешкіммен бетпе-бет те келіп қалмау.

* * *Əлдебір міндет атқарушы адам – əуел бастан-ақ жалыққан адам.

Page 20: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

20

Роберт ВАЛЬЗЕР

ӨТКЕНДІ АҢСАҒАННАН ГӨРІ – ЕРТЕҢГЕ КӨЗ ЖІБЕРГЕН ЖАҚСЫ

* * *Уайым-қайғысыздық – жасартады, іспен айналысу – көркейтеді.

* * *Шыдамсыздарға қарағанда төзімділер қайраттырақ болуы

мүмкін: өйткені, алдыңғылар тек əлдебір қорқыныштың аузын жабуға ұмтылатын тəрізді.

* * *Сыртқы бет-бейнеме неғұрлым көбірек көңіл бөлінген сайын,

ішкі қайрат-жігерім солғұрлым көп мүжіле түсті.

* * *Нағыз мықтылар өз күштерін сыртқа шығару арқылы мақтанады.

* * *Кез келген шуда шу шығарушы үшін қолайлы бірдеңе болады:

шулап жүрген кезі өзіне ерлік көрінетін сияқты.

* * *Шындықты айтқан кезде ізетті көріне қоймайсың.

* * *Əйелдердің қай-қайсысы да мақтауға лайық! Қай əйелдің

бойынан да əлдебір тамаша ізгілік табылады: мен кір жуушының ханзададай əсем қозғалып келе жатқанын көргенім бар!

* * *Байқадыңыз ба: сарандар өте ұзақ жасайды. Тегі, олар ажалдың

өзінің зəресін ұшыратын болуы керек.

* * *Сіз мені адал болғаным үшін қызықсыз көруіңіз мүмкін.

Page 21: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

21

* * *Пысық кісілердің пасықтығы аңғарылмай тұрмайды.

* * *Жақсылыққа деген үміт көп жерде, аярлардан аяқ алып жүре

алмайсыз.* * *

Данышпан адам табиғатынан жайсыз келеді: ал халық болса – тыныштықты қалайды.

* * *Ақымақтық аярлықпен көрші тұрады.

* * *Ақымақтықта əлдебір тектілік бар.

* * *Келер күндеріміз біз үшін қайтыс болғандардың бейіттерінен

гөрі, көбірек күтім күтетін бейкүнə сəбилер тəрізді.

* * *Тəрбиешілер үшін қаншалықты қымбат екенін балалардың

өздері білмеуге тиіс.* * *

Тəкаппарлық тəрізді көрінетін де ізетті мінез болады.

* * *Егер қуаныштың сыртынан мұң сығалап тұрмаған болса, онда

оның бойында тексіздіктің басым болғандығы жəне шын мəнінде көз тартарлық ештеңенің болмағандығы.

* * *Кітап емес, өмір жақсылыққа баулиды.

* * *Əдетте қарапайымдылықтың сыртында күш тұр деп ойлайды.

* * *Кешіруге болмайтын қылық үшін құрметтейді.

* * *Ерке жандар өзімшілдігіне тиіп кетсе болды – жантүршігерлік

қиналысқа түседі.

Page 22: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

22

* * *Əйел сүйкімді көрінген сайын – зорая түседі, ал сүйікті еркек –

қашан да кіші көрінеді.* * *

Бақытты адам үнсіз келеді.

* * *Өзімізге өзіміз ұнай алсақ, өзгелерге де ұнау мүмкіндігіміз арта

түседі.* * *

Аса бір нəзік жəйді қозғамақ болғанда, көбіне нəзік сөйлей алмай қиналамыз.

* * *Суреткер мен қоғам арасындағы қарым-қатынас жайлы болса –

суреткер жылдам күш-қуатынан айрылады.

* * *Өзін əлсіз сезініп көрмеген адам, құдайдан да хабарсыз келеді.

* * *Бірдеңе істегісі келген адам жұрт не дер екен деп бас ауыртып

жатпайды: ойланбастан басын бəске тігеді.

* * *Өзім ұнағым келетін жəне ұнауға тырысып жүрген адамды мен

жеңімпаз ретінде қабылдаймын.

* * *Көп ойлағанның – жауы да көп.

* * *Бет қайтара білмеген кісінің терең лəззат алуы да мүмкін емес.

* * *Тəттіқұмар үшін тəттінің өзі ащыға айналады.

* * *Өзіне-өзі құмар жанды алдау да жеңіл.

* * *Кімді жақсы білсең – сонымен сиысуың қиынға түседі.

* * *Əдептілердің арасында айлакерлер де аз кездеспейді.

Page 23: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

23

* * *Ер бала ер адамнан гөрі батылдау келеді, өйткені ол əлі – балаң,

ал есею көп ретте кісіні қарабайыр жəне пайдакүнем ете түседі.

* * *Жазып біткенде – жаным да шығады: осыған қуанамын.

* * *Біздің дəуіріміз – пайдаға табынушылығымен қатігез.

* * *Сенімнің аздығы ұдайы жігерлі болып керінуге мəжбүр етеді.

* * *Кіріптарлықтың астарында көп еркіндік жатуы мүмкін, тəуелсіз-

дік дегеніміз – шын мəніндегі құлдық болып шығуы да мүмкін.* * *

Махаббат туралы жазудың ең жайлы жолы – оны ойдан шығару.

* * *Сəтсіздік – үлкен төре тəрізді соңынан шұбатып төлеңгіт

ертіп жүреді. Сəтсіздіктің сіңлісі – ең ізгі жүректің өзін ашу мен қатігездікке жеңдіретін қажеттілік.

* * *Жақсы істер туралы ойлап əуре болма, одан да жақсылық жасай

бер.* * *

Қараған сайын жүзі бал-бұл жана түсетін бойжеткен алдында жан рахатын кешуден асқан өміршеңдік жоқ.

* * *Ештеңені жарым-жартылай иемденгім келмейді, одан да

ештеңесі жоқтар қатарында жүргенім жақсы: онда ең құрығанда өз жаныма өзім толық қожамын ғой.

* * *Бір-біріңе шындықты бетке айтудың қажеті шамалы: ол қарым-

қатынасқа кінəрат түсіреді.* * *

Ешкімнің де менімен бұрыннан білетіндей қарым-қатынас жасауға қақысы жоқ.

Page 24: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

24

* * *Дүниені шырқ үйіріп, əмірін жүргізіп отырғандар арасында

шынын айтар ешкім жоқ.

* * *Өзіңді бақытсыз сезіне бастасаң-ақ болды, солай болып шығады

екен.* * *

Жазушылардың пианистердей шу шығаруға қақысы жоқ.

* * *Диктаторлар, негізінен қоғамның ең төменгі сатысында тұрған-

дар арасынан шығатындықтан, халыққа не қажет екенін жақсы біледі. Олардың өздерінің тілегін орындағандары халықтық да тілегін орындағандық болып шығады... Жұрт өзіне жағынғанды, кейде əкелік қамқорлық жасап, кейде қаталдық танытқанды ұна-тады. Осы арқылы оларды соғысқа да іш тартатын етуге болады.

* * *Əлі өсе аламын деп ойлау ізгі сезімге бөлейтіндіктен, өзіңді жас

сезіну – қашан да жайлы.

* * *Өткен – келешекке кедергі.

* * *Осы белгілі, парасатты адамдар бір-бірімен тіл табыса

алмайтындығы неліктен екен?!

* * *Неге махаббат пен достық күннің көзіндей мəңгілік емес?!

* * *Шын сөз – белгілі бір дəрежеде шектеулікке саяды.

* * *Зорлаушы мен зорланушы, қанаушы мен қаналушы – белгілі бір

дəрежеде бірін-бірі толықтырушылар. Еркіндік үшін, оның өрісі кеңейе түсуі үшін оның өкілдері жəне сол сияқты тағы бірдеңелер өте қажет.

* * *Үндемей де үйдей пəле жабуға болмай ма?!

Page 25: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

25

* * *Өздерінің жеке қасіретін балалардан жасыруға болмайды деп

есептейтін ата-аналар, оларды сол мезетте құлдардың жағдайына түсіреді.

* * *Ең оңай нəрсені суреттеу қиынның қиыны: солай болған жəне

солай бола да бермек.

* * *Өзің ұлы болғаннан гөрі, өзгенің ұлылығына табыну əлдеқайда

жеңіл.* * *

Өткенді аңсағаннан гөрі – ертеңге көз жіберген жақсы.

* * *Бақыт – жазушылар үшін ең нашар тақырып. Ол тым өзіне-өзі

ырза. Оған түсінік беріп жатудың қажеті жоқ.

* * *Тек нағыз бейкүнə бала жүрегі ғана жаңа ойларға жүгіне алады,

ал жараланған жəне қорланған жүрек ешқашан да ешқандай жаңалық аша алмайды.

* * *Тек жұмыс қана, сайып келгенде шын өмір дегеннің өзі де сол

ғой, – рахат, жан қуанышы, болмыс лəззаты.

* * *Жақсы көңіл көтеру де – даналық емес деп кім айта алады?!

* * *Адам ізденсе ғана өмір сүреді.

* * *Адам – мазасын алмаған кезде ғана моп-момақан.

* * *Неғұрлым төрт аяғымды тең басуға шын ұмтылып, жанымды

салған сайын тəлтіректеп тұрғанымды, солғұрлым айқын аңғара түстім.

* * *Сұрай алу үшін өзіңе де, өзгелерге де шексіз сенімді болуың

керек.

Page 26: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

* * *Өзің өте ұяң бола тұрып, өмірдің қатігездіктерінен қорықпай

күреске шығу қандай ғанибет.

* * *Жоғалту қасіретін терең сезіну мен жоғалту зардабына шыдау –

бұл, меніңше, онсыз кісі қандай құдіретті болса да, көзінен сорасы аққан бақырауық ересек бала күйінде қала беретін тəжірибе.

* * *Шедевр, біріншіден, – таң қаларлық, екіншіден – жақсы

пейілдің мазасын алып, əуреге салмайды.

* * *Мен басқалардікіне қарағанда өз көңіл күй ауанымның

кездейсоқ көріністерінен зəрем ұшады.

* * *Менің ойымша кітап жазатын адамға барынша жиі дұрыс болып

көрінгеннен гөрі, айнымас жан тазалығы əлдеқайда маңыздырақ.

Page 27: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

27

Жорж БАТАЙ

АДАМНЫҢ ДАҢҚЫН ШЫҒАРАТЫН – ДАРЫНЫ ҒАНА

* * *Ақсүйектік (аскеза) – объектіден алыстаудың ең сенімді құралы:

ол объектіге байлап-матап қоятын құштарлықты өлтіреді.

* * *Зұлымдық шыңырауы – жаман əрекетпен табатын пайдасыз-ақ

тартымды.* * *

Бейжайлық пен шаршау – өтірікшілердің қатарын көбейтеді.

* * *Ессіздік – əлсіз келеді: өйткені оның бойында ақылдың

қалдықтары сақталып қалады.

* * *Шектен шығып, асып-тасып жатпаған өмір – ұзақ-сонар алдап-

арбау мен көзбояушылықтан басқа түк те болмай қалады.

* * *Тəртіпсіздік – адамдық моральді құртуды көксеушілердің

өлшемі, міне, осы.* * *

Мағынасыздық – кез-келген ықтимал мағынаның сарқылуы.

* * *«Құдай – адамның бойында жан тапсыруы керек» – масқараның

көкесі осы! Адам үшін өлімге пара-пар шектен шыққандық осында жатыр!

* * *Сүйіспеншілікте – қанағатсыздық деген ең соңғы секіріске

ертіп апаратын жолбасшы жəне кез-келген көзбояушылыққа нүкте қоятын көр қазушы тəрізді.

Page 28: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

28

* * *Адам өмірінің арқауында адамның толымсыздығына негіздел-

ген принцип жатыр.* * *

Діннен поэзияда жоқ ештеңе де таба алмаймыз.

* * *Тиым – неғұрлым дəл болмаса, уақытша шекара бұзу – сол-

ғұрлым жеңілдей түседі.* * *

Уақыт – шындық сияқты, көрінгеннің бəрінің тұра қашуынан басқа түкті де білдірмейді.

* * *Біздің тіршілігіміздің бəрі – болмысты тəмамдаудан басқа

ештеңе де емес.* * *

Жалпыға бірдей жалпақшешейлік бəсекелестіктің бəсін түсіреді.

* * *Қайғырған ақыл – қайратының кемдігін көреді.

* * *Ажалдың мұңға орар мінезіннен адамның мұңға деген қажет-

тілігі сезіледі.* * *

Данышпанның асқақтатқаннан гөрі төмендетілуі басым.

* * *Экстаз кезінде босаңсуға болады: сол сəтте нағыз қанағат-

танғандық, бақыт, бейбастақтық сияқты сезімдер оянады.

* * *«Қорлық» қылмыс пен «құштарлық» қылмыс – бір-біріне

қарама-қарсы.

* * *Сөйлеу – өзіңше білемін деп ойлау.

* * *Асқақ сөздер теріс көзқарасқа оң мағына береді: сөйтіп нағыз

бос қуыс жарқылдық құндылықтар сыртында көлегейленіп қалады.

Page 29: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

29

* * *«Тыныштық» деген сөздің өзі шу шығарады.

* * *Кез-келген тіршілік иесінің толымдығы – жақын-жұрағаттары

тарапынан сенімсіздік туғызады.

* * *Жай ғана бар болудың өзі – қасірет.

* * *Адамның даңқын шығаратын – тек оның дарыны ғана.

* * *Егер Жақсылықтың көз қарыр жарқылы Жамандықтың қою

қараңғылығын одан əрі қоюлатып көрсетпесе – екіншісінің көз тартарлық ештеңесі де қалмас еді.

* * *Бақытына қарай балалар біраз уақыт ересектер əлемінің не

екенін білмей өседі: бірақ кейін олар бəрібір сол сұрқия əлемнің тұрғынына айналады.

* * *Егер мораль бар болса – бəрібір мəңгі өмір сүре алмас еді.

* * *Мен құмардан шығуға – қаншалықты құштар болсам, басып-

жаншу дегенді – соншалықты жек көремін.

* * *Жанайқайда туа біткен өзімшілдік бар, одан кез-келген ақпа-

ратқа қалай болса солай бейжай қараушылық пайда болады.

* * *Ариадна жібі де үзілетін сəттер бар.

* * *Бақытты болғысы келу жөніндегі тілек – жаңа қасірет жəне

одан құтылу жөніндегі тілек деген сөз.

* * *Шын іздеген еді – мұндар мұңға жолықты.

Page 30: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

30

* * *Құрбандық шалу дегеніміз – ессіздік, бар білімнен бас тарту,

бос кеңістікке барып құлау!

* * *Өмірді бір жерде қазыққа байлап ұстап тұра алмайсың: ол тез

бір жерден бір жерге көшеді, ол электр тогі тəрізді зулап, жарқ-жұрқ етеді.

* * *Ең ізгі əдебиетте де ессіз құштарлыққа орын табылады.

* * *Жарасымдылық идеалы – сəулет өнері немесе мүсін өнері, ал

олардың мəні – уақытты жоққа шығаруда жатыр.

* * *Ақиқаттар қателіктермен теңдестіріліп отырады.

* * *Күйінген кезде күйремей қалуың қиын.

* * *Құрбандық шалудың ақтық мақсаты – жақсылыққа жол ашу.

* * *Балалардың шалдуарлығына күлген кезде біздің күлкіміз

өмірді жоқтан бар болып шығып келе жатқан сəтте қандай күйге салатынымызды көргендегі ұятымызды жасыруға ғана жарайды.

* * *Адамға қатігездік көлеңкесі түсіп, өлімнің көзіне «тура қарай-

тын» болғанда – оның өмірі тұтас тамашаға айналады. Оны ештеңе де бұза алмайды: өлім – оның жаңаруының шарты ғана.

* * *Шектен шығу үшін көп күш-қуат арыны қажет.

* * *Тек адам болу «абыройсыздығынан» «өлмеген» кісі ғана адам

болып өледі.

* * *Əдебиет өзіне-өзі айыптау үкімін шығаруы керек.

Page 31: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

31

* * *Қиылған тамақтан тоқтаусыз шапшыған қанды еске салатын

мына күлдібадам ойлар отары қайда ағылып барады?!

* * *Тек байланыстардың тұрақсыз болатындығы ғана оқшаулану

жəне өзімен-өзі ғана болып, өзімен-өзі тіршілік ету елесімен өмір сүруге мүмкіндік береді.

* * *Адам қашып қана қанағат табады.

* * *Тек өліп бара жатқанда ғана төл табиғатыңа айналған жарды өз

көзіңмен көре аласың.* * *

Махаббат пен поэзия – біздің жалғыздықтан жəне өмірдің сиқы қаша бастаған кезде бас сауғалар жер іздегенде жүрген жолдарымыз.

* * *Арылуды аңсап қанын ішіне тартқан дүкеншінің, жезөкшенің,

əулиенің өзара ұқсастықтарының көптігі сонша – олардың бəрін жиып бір-ақ адам жасауға болатындай.

* * *Дүние терең мағынасында ессіз көрінеді, ешқандай артық

ойсыз ессіз келеді, ал ессіздік мəнершілдікке бейім тұрады.

* * *Дүние – адам үшін шешуге тиісті жұмбақ тəрізді.

* * *Мораль дегеніміз – белгілі бір тəртіпке бой ұрған адам өзіне-өзі

салар ауыздық.

* * *Бəрі болу қолымыздан келмейді: мүмкіндіктеріміздің шегі онша

алыста жатқан жоқ.

* * *Біз өзіміздің бір бөлшегімізді «лаулаған оттың еркіне» тастауға

міндеттіміз.

Page 32: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

32

* * *Біз – қарым-қатынастарға бойлай енген жандармыз, біз –

тұрақты қарым-қатынастардан ғана тұрамыз. Тіпті, мүлдем жалғыз қалған кездің өзінде біз оның жоқтығын жаңа пайда болған көп мүмкіндіктер ретінде сезінеміз.

* * *Біз өзіміздің сөзге сыймай қалатын бөлшегімізді ұстап қалуды

ойлаймыз, бірақ тек өзімізге ғана қолымыз жетеді.

* * *Шыңға бастар шұбалаң жолдардың да өз шырғалаңдары аз

емес.

* * *Бізге мəңгі өзімізбен-өзіміз болып қалу бұйырмаған.

* * *Нағыз ақын өзін қоршаған дүниедегі қорғансыз бала сияқты

сезінеді.

* * *Күнің келгенде жексұрын болып жер қойнына енесің.

* * *Соншалықты мақтаныш сезіміне бөлейтін ғылым, жиі қойылып

жүрген сұрақтарға берілер жауаптармен қоса алғанның өзінде, ең соңында бізді ештеңеден хабарсыз қалдырады.

* * *Біздің болмысты тоқтатуға деген күш-жігерімізді қарғыс атқан.

* * *Білімнің шырқау шыңында қашанда бір жаңалық жетіспей

тұрады.

* * *Білімсіздік дегеніміз – сағыныш.

* * *Бір нəрсені танып қана қою аздық етеді – бұл ретте бір ғана

ақылдың ойыны болып қалмақ – ол жүректен өз орнын табуы керек.

Page 33: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

33

* * *Орынсыз көңілділік сананы тұмандандырып жібереді.

* * *Жібі үзілмеген жеңілістер, тəжірибеге шексіз берілгендік

тəрізді, адал қызмет етеді.

* * *Өтіріксіз – дін де, поэзия да жоқ.

* * *Шынымен адамның қауқарсыздығы ақылдан алжастыруы

мүмкін екенін жер бетінде ең бірінші болып сезініп тұр ма екенмін?!

* * *Тек біреуге ғана теуелді мағына болмайды.

* * *Қасіреттің мəні – адам баласының қиратпай, өлтірмей, жұтып

қоймай өмір сүре алмайтындығында болғаны ма?!

* * *Зерттеушілер қауымы болмаса – таным да жоқ, сонымен ғана

өмір сүретін қауымсыз – ішкі тəжірибе деген де болмас еді.

* * *Жел туралы желсөз емес, желдің өзі маңызды.

* * *Бəрі болудан бас тарту – бəрінің күл-талқанын шығару деген

сөз * * *

Ешкім де жападан жалғыз болмыстың шегіне шыға алмайды.

* * *Адам білуі мүмкін нəрсенің ешқайсысы тəуекелсіз жоққа

шығарылмайды.* * *

Ештеңені де тоқтата алмайсың: болмаса уақытша ғана болмаса.

* * *Енді поэзия туралы былай дей аламын: ол – өзімізді өзіміз

сөздің құрбандығына шалатын құрбандық.

Page 34: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

34

* * *Тəжірибе – адам мүмкіндіктерінің шегіне сапар шегу.

* * *Тəжірибе – адамның болмыс туралы білетінінің бəріне жанып-

күйіп тұрып һəм əлдебір мұңмен күдік келтіру.

* * *Бойға сіңген балалық – ұят емес, даңқ.

* * *Жоқ болу – жаныңның жай табуы емес.

* * *Қарсылық көбінесе əлдебір ұсақ-түйектен барып басталады,

бірақ шын басталып кетсе – ешкім де тоқтата алмайды.

* * *Балалардың қателігі – үлкендердің шындығын ұстануы.

* * *Көрмеу үшін кіріп алатын құм төбешігіміз бос сөзден қаланған.

* * *Қайғы құрдымға кетіреді.

* * *Жалын өзінің қандай екенін білмейді, өйткені өзінің

белгісіздігіне əбден бойы үйренген.

* * *Адам күресіп жүрген кезінде күлкілі де, қасіретті де болып

көрінбейді: оның бойындағының бəрі белгісіздік жағдайында тұрады.

* * *Біз шын белгісіздікке бет алған кезде ғана жалаңаштанамыз.

* * *Кейде уақыт жетпей жататындай көрінеді. Əйтеуір, уақыт тым

аз. Əдебиет дегеніміз – араласу. Əдебиет – қайта оралған балалық.

* * *Поэзия орныққан тəртіпті сөз жүзінде ғана бұза алады, бірақ

оның орнын баса алмайды.

Page 35: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

35

* * *Ақындық даналық дегеніміз – қатып қалған зат біткеннің

бəрінің өзін-өзі аласапыран айғаймен күл-талқан етуін құдайдың ісіне айналдыру. Бұдан ғаламат һəм сирек не болушы еді!

* * *Ақындық дегеніміз – əдеттегінің ерекшеде еріп барып, сол

ерітіндінің ішінде бізді ерітетін бөлшегі.

* * *Ақын – тобыр емес: ол – мүлдем жалғыз.

* * *Қоғам – жеке адамдардың орнын күш қана толтыратын

əлсіздікке негізделген.* * *

Авторды шығармасы өлімге жетелеп əкеледі: бұл – өлу мəнері.

* * *Өнеркəсіп тек жақсылық қана əкелмейді, оған қасірет те еріп

жүреді – сөйтіп, теңбе-теңдіктің бұзылуына жол ашады. Бірақ, өкінішке орай, бұған өте аз көңіл бөлінеді.

* * *Ағыспен ғана жүретін, өзін ешқашан да тұйыққа тіремейтін,

өзін-өзі ешқашан қабырғаға керіп қойып, алқымнан алмайтын адам болу – түкке тұрмайтын іс.

* * *Барынша батыл адалдық деген сирек ұшырасады.

* * *Шектен шықпау – ақыл-ой қабілетін дамытуға қолайлы жағдай

туғыза қоймайды.

* * *Көбею дегеніміз – құру. Көбейген өзімен-өзі болудан қалады.

* * *Үзік – ұлан-асырлық белгісі.

* * *Шешімділік – барар жер, басар тау қалмаған кезде пайда болады.

Page 36: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

36

* * *Ең қызығы – білмеудің өз міндеттері болатындығы. Білімге бой

ұрған сайын білімсіздіктің соңы солғұрлым ауыр, өкінішті бола түседі.

* * *Қашу керек деген ниеттің өзі – адам болуға деген қорқынышты

аңғартады.* * *

Ең салмақты адамдардың өзі маған өздерін-өздері жете біле бермейтін жас балалар сияқты көрінеді.

* * *Ең бақытты күлкі – сəбидің күлкісі!

* * *Күлкі де ер жетеді.

* * *Күлкі мынаған үйретеді: өлім бөлшектерінен ақылмен алшақтай

жүріп, өмірді сақтауға ғана ұмтыламыз, ал ақыл аяғымызды аттап баспауға бұйыратын жерлерде – өмір сүреміз.

* * *Əдеби шығарма жазу – кез-келген қорлық тəрізді, құлшылықтан

да теріс айналу.* * *

Түн туралы ойлаған кезде мен ештеңені көрмеймін де, ештеңеге құмарланбаймын да.

* * *Естен айырылу немесе таң қалу жағдайы бүкіл тіршілікті

қасіретке айналдырғанда пайда болады.

* * *Сөз жоқ, ара да, адам да – бір-біріне тəуелсіз екі тəннің иелері,

бірақ олар тəуелсіз тіршілік иелеріне жата қояр ма екен, тегі?

* * *Үйлесімділікке құштарлық – ұлы құлшылық.

* * *Болмыс алдындағы қорқыныш адамды саудагерге айналдырып

жібереді.

Page 37: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

37

* * *Тіршілік ету – хабардан (информациядан) басқа ештеңе де емес.

* * *Адам баласының тіршілігі тілмен тығыз байланысты.

* * *Діни қатігездіктің көп сатылы биік баспалдағы болады.

* * *Ажалдың көлеңкесі біздің еркімізден тыс дүниеге келеді.

* * *Тыныштық аса ауыр жүрек қасіреті жағдайында сақталады.

* * *Тыныштық – сөзге жатпайтын сөз, дем – объектіге жатпайтын

объект.* * *

Кімде-кім қасіретпен некелескен болса, ол оған мұң да, есірік те, таңданыс та сыйлай алады.

* * *Ақыл емес, өзін-өзі тану ғана адам баласының кім болғысы

келсе – сол болуына мүмкіндік береді.

* * *Əлдебір мақсаттан – ақымақтықпен немесе терең ойламаған-

дықтан ғана одан гөрі тəуірлеу мақсат таппай тұрып, бас тартуға болады.

* * *Тек ақыл ғана өзі жасағанды өзі қиратып, өзі тұрғызғанды өзі

құлата алады.* * *

Өмірді өнердің өтірігінен құтқарамын деу – өнбейтін іс.

* * *Материалдық пайда табамын деп кісі өлтіру – əлі нағыз əрі таза

жаманшылыққа жата қоймайды, егер кісі өлтіруші пайда тапқан-ның үстіне істегенінен лəззат алатын болса – міне, нағыз таза жаманшылық осы болады.

* * *Мұңнан қашқан адам асып-сасқан жексұрынға айналады.

Page 38: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

38

* * *Күш жұмсау – күшің сарқылғанда керек нəрсе.

* * *Менің қолымда өз идеяларымның көзге ұрып тұрған жүйесізді-

гін жүйелейтін кілт бар, бірақ соны бұрауға мұрша жоқ.

* * *Өзіңді жайбарақат жоғалтуға болмайды.

* * *Христиан үшін өмірді қасіретке айналдыру оңай: ол Христос

бейнесінің алдында өмір сүреді.

* * *Көбіне-көп сырттан қарағанда соншалықты тура көрінетін жол

шынында ең бұралаң жол болып шығады.

* * *Сараңдықтың темір құрсауынан жан аямай құтылуға ұмтылған

адам ғана өзін табады.* * *

Адам деген – бос ой құшағында тербелу емес, адам деген – шайқас, мұң, ақылсыздық!

* * *Жек көру объектісіне айналып көрмеген адам өзін толық жақсы

көре алмайды.* * *

Адам көп кісіден тұрады, жалғыздық дегеніміз – бос қуыс, түкке тұрмастық, жалғандық!

* * *Адам – сараң, сараң болуға мəжбүр, бірақ соған қарамастан ол

өзіне қажеттілік ретінде топ ете түсер сол сараңдықты жек көреді.

* * *Адам – тұрақсыз əрі бірімен-бірі терең өріліп жататын қосы-

лыстардың бір бөлшегі.* * *

Мазақ етуші мазақталушыдан да гөрі мазақ болады. Құрбандық шалу үшін – құрбандық қана емес құрбандыққа мойын ұсынушы да керек.

Page 39: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

* * *Адамның денесі өзі топырағынан жаратылған жəне өзі оны зор

ризашылықпен жоққа шығаратын Жерге арналған сынақ тəрізді. Эрекцияны қаһарман қатаңдықпен еш салыстыруға болмайды.

* * *Бір қолдың бергенін – екінші қол алады.

* * *Экстаздың өзі – мүлдем бос əурешілік.

* * *Эротизм дегеніміз – өлімнің өзі жеңе алмайтын өміршеңдік.

* * *Мүмкіндіктің бар екенін біле тұра, оны қу тірліктің кез-келген

бұршақ ботқасына айырбастап жіберу деген – кешірілмейтін күнə!

Page 40: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

40

Пьер Теияр де ШАРДЕН

ЖЕР КЕЗДЕЙСОҚ ЖАРАТЫЛҒАН БОЛУЫ КЕРЕК

* * *Өз көзқарасына құл болған адамның ғана жаны жай табады.

* * *Дүниені сенім нұрландырады, ал адалдық соған жақындастыра

түседі.* * *

Сену деген – рухани синтез жасап шығару деген сөз.

* * *Шыңның биіктігін – түбіндегі шыңыраудың тереңдігімен өлшеу

керек.* * *

Кез-келген заттың өз ішкі əлемі, «құпия қазынасы» болады.

* * *Көру немесе өлу – екінің бірі! Көру дегенге бүкіл өмірдің бəрі

сиып кетеді: толық болмаса да, негізінен.

* * *Біздің əрқайсымыздың бойымызда бүкіл əлемдік тарихтың

материалдық ұшқындары жүр.

* * *Дүниеде бір ғана анық нəрсе бар: ол – өсіп-өнуге деген

құштарлық!* * *

Алғашында өмір, тегі, өзін-өзі қорғау мақсатында ғана көбейе бастаса керек. Бірақ бұл оның басқыншылық жорығының басы болып шықты.

Page 41: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

41

* * *Күнбе-күнгі тірлікте Құдайдың өзіне де бірнеше минут қана

қиюға болады.* * *

Қаласа да, қаламаса да, адам өзіне жиі қайта оралып, бүкіл көріп-білгенінің бəрінен өзін іздеп əуре болады да жүреді.

* * *Заттың бəрінде де сыртына қоса онымен қатар өмір сүріп

жатқан іші де бар.* * *

Бар салада да əлдебір өлшем жеткілікті дəрежеде өсіп-толған кезде, ол өзінің түрін, жағдайын немесе табиғатын тез өзгерте бастайды. Өзінің бастау кезеңінде өмір біздің алдымызда əрі тым ұсақ, əрі сансыз көп сипатта көрініс береді.

* * *Бар дəуірлерде де адам өзін «тарихи бетбұрыста» тұрмын деп

ойлаған.* * *

Дініміз үшін де біз дүниеауи мақсаттарға құлшына еңбек ете аламыз жəне солай етуге тиістіміз де.

* * *Ұлы діндердің қай-қайсы да адамды материядан биікке көтеруді

мұрат тұтады.* * *

Бəрінің дəмін татып көру үшін бəрін толтыру керек. Бəрін табу үшін бəрін байқап көрген жөн.

* * *Мистикалық өмірге деген ұмтылысы кезінде адамдар көп

қателеседі: олар жақсылық пен жамандықты, жан мен денені, рух пен тəнді бір-біріне қарсы қояды.

* * *Жасампаздың біткеннің бəрі де тиісті қиратудың құнына сəйкес

жасалады.* * *

Əрқайсымыздың санамызда да эволюция өзін-өзі сезіну арқылы жаңғырады.

Page 42: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

42

* * *Қасіреттің бойында бейбітшіліктің бағасын көтерер ғаламат

күш бар.* * *

Əлдененің жүзеге асырылатындығының ең айқын кепілі – оның біздің өмірімізге өте қажет көрінуі.

* * *Маңайымыздағы өмірдің бəрі басқа өмірден жаралады, кез

келген еркіндік те – басқа еркіндіктен тұрады.

* * *Мақсатты дүние əлемінде өмір болса – ол міндетті түрде одан

бұрын шексіз өмір алды кеңістік болғандығының дəлелі. Ең қарапайым протоплазманың өзі – аса күрделі құрылымды зат.

* * *Адам үшін басқа адамдармен байланыс жоқ жерде эволюция

нəтижесіне орай күтілетін келешектің де болуы мүмкін емес.

* * *Ізденістер мен жетістіктер рухы дегеніміз – эволюцияның мəңгі

қалғымайтын жан шырағы.* * *

Еңбек қызғылықты һəм рухты болса – міндетті түрде дүниеге бірдеңе əкелу азабына айналады.

* * *Егер еңбекке кіріскен кезде «неге?» дей алар болсақ – онда

біздің бар күш-жігеріміз, бүкіл эволюцияны баса-жанша, жермен-жексен болады: өйткені, біз де – оның бір көрінісіміз.

* * *Жаратылыстану ғылымдары біздің маңымыздағы шексіз уақыт

пен кеңістік тұңғиықтарын жаңқалап жатыр.

* * *Өмір бір ғана тұйық сызық бойымен немесе жеке-жеке жаңқа-

лау əдісімен əрекет жасамайды. Ол бір мезгілде бар жүйесін бірдей алға қарай қозғайды.

* * *Өмір мені бəрінен де өзімнен де ұзақ жасайтын ақиқатқа

айналар істерге араласу мүмкіндігімен көбірек қызықтырады.

Page 43: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

43

* * *Өмір – тіршілік иелеріне қарағанда ақиқаттау.

* * *Өмір – жол ма, əлде тұйыққа тірелу ме?!

* * *Жер – тегінде кездейсоқ жаратылған болуы керек.

* * *Міне, сөйтіп, күткеніміз болды: ой туды!

* * *Аста-төктік шексіз көбею кезінде пайда болады.

* * *Ажал ғана бізді толық танып біле алады.

* * *Индия негізінен жоғары философия жəне діни қан қысымы

аймағына жатады.* * *

Күн сайын біздің көз алдымызда таза ғылым мүлдем аңғар-майтын жəне аңғаруы мүмкін емес талай жасампаздық актілері жүзеге асып жатады.

* * *Бар нəрсені жəне жұрттың бəрін жақсы көру деген – кереғар

һəм жалған талап, ол ең аяғында ешкімді де ұнатпайтын жағдайға алып келеді.

* * *Сүйіспеншілік! Егер мен жаңылысып тұрмасам, маңайымызды

қоршағанның бəрін айқынырақ көріп-білуімізге көмектесетін жарық сəуле осы!

* * *Материя асқақ мүмкіндіктерге толы.

* * *Материя бізді жербауырлатып, қимылдатпай тастайды, өлсіз

һəм күнəлі қылып қояды. Бірақ сонымен бірге материя дегеніміз – бұл бар болу қуанышы, сезіну бақыты, жеңіске жеткізер күш, өсу-өркендеу ғанибеті!

Page 44: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

44

* * *Біз өзімізді мүлдем аз білеміз жəне ойлағанымыздан əлдеқайда

аз басқара аламыз.* * *

Біз – гүл шоғына жиналған дара гүлдер емеспіз, біз – үлкен бəйтеректің жапырақтары мен бүршіктері тəріздіміз.

* * *Ажалды жеңгіміз келсе, оның бойынан Құдайды көруіміз керек.

* * *Біздің тəніміз жанымыздан бөлек қоректене алмайды.

* * *Дүниенің тереңдігін өлшейміз деп əлек болған кезімізде –

ақылымыздың өзі ұялып жерге кірердей болады.

* * *Сансыздық пен құшаққа сыймастық дерті.

* * *Ұяң немесе қарапайым болғандықтан ғана нашар қызметкер

атануымызға жол беруге болмайды.

* * *Шыңырау шың болмайды.

* * *Ешқашан да Жаратқанға лайық боларлықтай дүние де –

соншалықты кең, адамзат та – соншалықты құдіретті бола алмайды.

* * *Пəстік адамзат тіршілігінің жартысын құрайды.

* * *Дүние дегеніміз – шын мəнінде өте ұлы іс.

* * *Екі бірдей қуатты – жан мен тəнді бірінен соң бірін өзара

ұштастыру – бұл міндетті əзірше ғылым мойындай қойған жоқ.

* * *Табиғатта – бастаудан асқан нəзік əрі ұшқыр ештеңе жоқ.

Page 45: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

45

* * *Кейбіреулер толыққанды өмір сүру үшін барған сайын оқшау-

лана түсуді қалайды.* * *

Қатысу ешқашан да мылқау бола алмайды.

* * *Қараңғыдан шыққанда көз қарығады. Кенет биік мұнараның

басына шыққан болсаң – қаның тасып, басың айналады немесе бағдарыңнан айырыласың.

* * *Сəби алғаш көзін ашқанда бойын қорқыныш билемейді деп кім

айта алар?!* * *

Өмір сансыз көбею арқылы өзін тағдыр соққыларынан аман сақтайды.

* * *Əлбетте, жануар да бірдеңе біледі. Бірақ, сөз жоқ, өзінің не

білетінін білмейді.* * *

Ғылым дүниеге заттардың сыртқы көрінісін бақылаудан гөрі басқаша қараған кезі бар ма?!

* * *Дін мен ғылым – толық таным актісінің өзара тығыз байланысты

екі жағы.* * *

Адамның қолынан келетін ең үлкен нəрсе – бір немесе бірнеше таңдаулы жан иелерін жақсы көретіндігін аңғару ғана.

* * *Ең ірі өзендер де шағын бұлақтардан басталады.

* * *Қазіргі адам өзінің уысынан шығарып алған уақыт пен күшті

қайтерін білмей əлек.* * *

Көбірек көру мен молырақ білуге ұмтылу – көрсеқызарлық та, білуге құндылық та, асқан-тасқандық та емес.

Page 46: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

46

* * *Сөз, Метифис, Афина қирауы мүмкін – бірақ дүние туралы сана

қолдан-қолға өтіп аман қалады жөне оның даңқы тек арта бермек.

* * *Толыққанды өмір сүру үшін барынша көбірек кірігу керек.

* * *Жер бетіне тұңғыш ой сəулесін түсірген сəттен бастап, өмір

өзін де сынай алатын жəне өзі туралы да ойлай алатын ғаламат күшті дүниеге əкелді.

* * *Таза позитивистік тұрғыдан алғанда, адам – ғылымның ең құпия

жəне зерттеушілерді сан соқтырып адастырушы объектісі. Түкке тұрмайтын морфологиялық секіріс əрі өмірдің бар саласындағы ғаламат өзгерістер – адамның бүкіл қарама-қайшылығының астары осында жатыр!

* * *Қиналып жүрген адамдар – суырылып алға шыққандығы үшін

жəне жалпыға бірдей ортақ жеңістер үшін қүн төлеушілер. Оларды ұрыс даласында мерт болғандарға теңеуге болады.

* * *Өз желкенін Жердің тынысына тура келтіріп кергендер алысқа

айдап, ашық теңізге алып шығар ағысқа ілігеді.

* * *Бір жақтың ұтысы – екінші жақтың ұтылысы.

* * *Еңбек жайбарақаттықты жеңеді.

* * *Іс жүзінде адам ондаған ғасыр бойы тек өз бетіне қарап келеді.

* * *Адам баласы дүниеге ың-шыңсыз аяқ басқан болатын...

* * *Өзін зат біткеннің ортасында адасып жалғыз қалғандай сезінген

адамның өзі туралы мазасыздануға əбден қақы бар.

Page 47: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

47

* * *Өзі келешегі жоқ деп есептеген жаққа адам ешқашан аттап

баспайды.* * *

Тек өзімен-өзі ғана күш біріктіру жолымен – адам адамнан аса алмайды.

* * *Адам аса үлкен жəне қол жетпес олжа күйінде қала бермек.

* * *Адам – өмірдің ортақ күш-жігерінің арқасында дүниеге тура

жолмен келді.* * *

Адам – өзі көп уақыт бойы малданып келгендей, əлемнің тапжылмайтын кіндігі емес, эволюцияның өзегі мен шыңы: бұл алғашқыдан гөрі əлдеқайда ғажап!

* * *Адам көбіне-көп мүлдем негізсіз сенімнің өзегіне айналып жүр.

* * *Адам неғұрлым адам бола түскен сайын – соғұрлым жаңаға

қарай шексіз де шүбəсіз қолғалыстан басқа арзан бірдеңе болуға келісе алмайды.

* * *Біріңді-бірің жақсы көру үшін де бейбіт қатар өмір сүру керек.

* * *«Ойлау үшін – тамақ ішу керек» – ешқайда қашып құтыла

алмайсың! Бірақ есесіне сол бір тілім нан қанша сан түрлі ойды дүниеге əкеле алады десеңізші.

* * *Сезім əлемі бізді өзінің сан алуан жауһарларының салмағының

астында тұншықтырып барады.

* * *Эволюция – сананың артуы. Сананың артуы дегеніміз – бірлесу

үшін əрекет жасау.

* * *Универсум ұясы – универсумның өзі.

Page 48: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

48

Жиль ДЕЛЕЗ

ТƏЖІРИБЕНІҢ МАҚСАТЫ – ҚАНАҒАТТАНУ

* * *Актер – Құдай емес, «қарсы – Құдай» болуы ықтимал.

* * *Маскүнемдік – құмардан шығуға емес, айрықша əсерленуге

ұмтылады.

* * *Бағыныштылық – қатігездіктің бір фигурасы ғана болуы əбден

ықтимал, өйткені, онда фигура деген көп-ақ.

* * *Бар дүние – жұмыртқа.

* * *Кез-келген қаланың ішінде тағы бір қала болады.

* * *Өзі тапқан жəне өзі қайта көміп тастаған тұңғиыққа қайта оралу

– міне, Ницшенің мүлдем өзінше өлген жері осы!

* * *Мəселе, биліктің не екенінде жəне қайдан шыққанында емес,

қалай жүзеге асырылып жатқанында.

* * *Кімнің сөйлеп тұрғаны тілдің қандай мүмкіндіктері бар деген-

нен кем маңызды мəселе емес.

* * *Мағынасы бар нəрсенің бəрінің мəні де болады, бірақ соңғысы

алғашқысымен салыстырғанда мүлдем басқа негізде айқындалады.

Page 49: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

49

* * *Кез-келген талдау – құбылыстың мəнін ашуға жатады.

* * *Дүниеде ойлануға мəжбүр ететін бірдеңе бар.

* * *Сократтың өлімінде естен танып, өзіне-өзі қол салудың бір

белгілері бар.* * *

Пікір айту саласында мүмкін де, елес те ештеңе жоқ, мұнда бəрі – айқын.

* * *Стоиктардың қарама-қайшылығы – тағдырды мойындай

отырып, қажеттілікті жоққа шығаруда болып отыр ғой.

* * *Ақымақтық – жануарға тəн белгі емес. Жануар «ақымақ»

болудан ерекше қорғалған.* * *

Сөйлем диалектикасының өзінде қашан да қарама-қайшылық бар.

* * *Біркелкілік деген мынаны білдіреді: болмыстың өзі – бір түрлі

де, оның көрінісі – екі ұшты.* * *

Қартайып туатын құндылықтар бар.

* * *Шешімінен тыс жатқан міндет деген болмайды.

* * *Міндет дегеніміз – сынау мен таңдау.

* * *Шымылдықтың сыртында кісі қызығарлықтай ештеңе бола

бермейді.* * *

Білім – ғылым емес, тіпті, танымға да жатпайды.

* * *Актердің ойнайтын рөлі – кейіпкердің рөлі емес. Ол – тақырып.

Page 50: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

50

* * *Идеялар дегеніміз – көп мағыналылық, əр идея – көп мағыналы,

көп қырлы.* * *

Бір мезгілде əрі өзі шекара белгілеу, əрі өзі оны бұзып өту – тек тілге ғана бұйырған.

* * *Жекені жалпыдан бөліп ала алмайсың.

* * *Ғылым да, поэзия да білімге жатады.

* * *Əр оқиға – бір өлім.

* * *Билік өмірді өз объектісіне айналдырған кезде – өмір биліктің

қарсыласы болып шығады.

* * *Кез келген ажалдың екі мағынасы бар.

* * *Кез келген дəуір өзінің айтқысы келгенінің бəрін айтып барып

тынады.* * *

Бетперделер басқа бетперделерді ғана сыпыра алады.

* * *Бұзылған адамның əлемі – басқасы жоқ əлем, яғни, мүмкіндігі

жоқ əлем.

* * *«Ақиқат ойыны» немесе, дəлірек айтқанда, ақиқатты табу

процедурасы деген бар.

* * *Данышпандық – садақ тарту өнеріне ұқсайды: ол – əрі жақ

тартушы, əрі жебе атылған жамбы.

* * *Өмір – ойға жан береді, ал өмірді оятатын – ой.

Page 51: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

51

* * *«Мен не істесем – сен де соны істе» дегеннен біз ештеңе де

үйрене алмаймыз. Біздің бірден-бір ұстаздарымыз – «менімен бірге осылай істеңдер» дейтіндер.

* * *Қазір қайталануға тиіс нəрсе деген сөз – өткен шақ: қайталаудың

өзі, ал келешек – қайталанар нəрсе.

* * *Бастау – мүмкіндіктің бəрін жоқ қылу деген сөз.

* * *Атүстіліктен нəзік нəрсе жоқ.

* * *Көңілге балға ұрғандай зірк етіп қатты тиетін сөйлемдер онша

көп емес.* * *

Біздің қожайындарымыз да – бүкілəлемдік құлдану процесінің аяғынан тік тұра бастаған кезінде табысқа жеткен құлдар.

* * *Көбіне алғысөзді – артынан, соңғы сөзді алдымен оқу керек

деседі.* * *

Жыныстық сезімді қоздырар қосарлы мағынасы жоқ ештеңе таба алмайсыз.

* * *Шынымен-ақ, тым болмаса құлаған адамның қатты жарақат

алмауына тілектестік танытуға да шамамыз келмегені ме?!

* * *Ницше бізді денсаулық пен дертті алғашқысын – екіншісінің

өмірлік перспективасындай, ал екіншісін – біріншісінің өмірлік перспективасындай сезінуге шақырады.

* * *Негіздеу дегеніміз – айқындау.

* * *Бас айналушылық пен ұмытшақтық – өткінші, қараңғылықтың

өзі əу бастан-ақ жарықпен нұрланған.

Page 52: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

52

* * *Денсаулықтан дертке дейін, дерттен денсаулыққа дейін – осы

қозғалыстың өзі ойша болса да, тамаша денсаулықтың белгісіне жатады.

* * *Баскесерлер сирек күледі: олардың күлкісінің өзі өзге жұрт-

тікіндей емес.* * *

Зердеге – ұмытшақтық қарсы тұрмайды, ұмытшақтыққа – ұмытшақтық қарсы тұрады.

* * *Қарама-қайшылық дегеніміз – тереңнің бостандық алуы,

оқиғаны бетке шығару.* * *

Денсаулығы перспективаларды сапырылыстыруға, денсаулық-тан дертке жəне дерттен денсаулыққа оңай өтуге мүмкіндік беріп тұрған кезде Ницше өзінің «ұлы денсаулығының» қызығын көрді: ол оның шығармашылықпен айналасуын қамтамасыз етті.

* * *Психологиялық талдау – мəнге психологиялық талдау жасау

деген сөз.* * *

Құлдар өз күштерін жию нəтижесінде емес, біреудің күшін тартып алу жолымен жеңіске жетеді: олар күштінің өзін оның қабілетінен бөліп тастайды.

* * *Көңіл қалушылық – сүйіспеншілік пен жек көрушіліктің ортақ

бастауы тəрізді.* * *

Балық – тіршілік иелерінің ішіндегі ең айғайшылы: ол – тіл проблемасының бір көрінісі.

* * *Нашар кітап көбіне жүзеге аспай қалған ниеттердің мағынасыз-

дығының көрінісі болып шығады.

* * *Мағына мен сөйлей бастағанда-ақ алдын-ала ойға оралып,

сыртқа шыға бастайды. Бұлай болмаса, яғни мағына алдын ала жинақталмаса, мен сөз бастай да алмас едім ғой.

Page 53: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

53

* * *Мағына – қашан да қос мағыналы.

* * *Оқиға – тек проблемаларға қатысты жəне сол проблемалардың

шарттарын айқындаушы.

* * *Толғану – тартып шығару.

* * *Мүмкін деген – басталды деген сөз емес.

* * *Стоиктер – қарама-қайшылықты жақсы көретіндер жəне ойлап

табатындар.* * *

Тағдыр дегеніміз – физикалық себеп-салдарлардың бірлігі мен байланысы.

* * *Құпия ашылу үшін ғана, өзін-өзі сату үшін ғана өмір сүреді.

* * *Жасампаз – өмірдің билеушісі, биші.

* * *Жасау – яғни ойды жеңілдету, оның жүгін азайту, өмір сүрудің

жаңа мүмкіндіктерін ойлап табу.

* * *Адам үшін өткен шақ пен болашақ болып есептелетінді Құдай

тағала өзінің мəңгілік осы шағында бастан өткереді.

* * *Сөзге, зат пен идеяға қанағаттанатындарға жауап беру қиын.

Өйткені затта немесе ақылда мағына бар-жоғын айту да мүмкін емес.

* * *Билікте болмыс деген болмайды: өйткені, ол жылдам қимыл-

дайды.* * *

Ницше – бүкіл болмысымен маска.

Page 54: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

54

* * *Фаллос – ішке басын кіру мен жарып шығуға арналған

агрессиялық құрал емес.

* * *Физика – саудагерлік көзқарас тұрғысынан алғандағы

натурализм.

* * *Тəжірибенің мақсаты немесе объектісі – қанағаттану.

* * *Сократалды-философ деген қазір де үңгірден шықпас еді.

Керісінше, ол біз əлі оған тереңдеп бойлай қойған жоқпыз, оны жеткілікті дəрежеде түсіне алмай жатырмыз деп ойлайды.

* * *Адам – өзінің құйылысы мен шегінісі арасындағы құмнан

жасалған бейне тəрізді.* * *

Шын мəнінде моральге жат нəрсе – «əділдік-қиянат», «маңдай тері – айыбы» деген тектес этикалық ұғымдарды қолданысқа көшіру.

* * *Ойшылға да, басқаларға да ешбір зияны жоқ бұл не қылған

ойлау?

* * *Сезімдік сана селт етпейді.

* * *Эстетика басы артық қосамжарлыққа бейім тұрады.

* * *Əзілді таңдау қабілетінен бөліп қарауға болмайды.

* * *Əзіл – көне кекесінге, яғни теревдік пен биіктік өнеріне қарсы

қойылған атүсті өнер.

* * *Тіл – не түгел беріледі, не мүлдем болмайды.

Page 55: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

55

Эмиль ДЮРКГЕЙМ

ƏМБЕБАП НƏРСЕ ҒАНА ТИІМДІ

* * *Топас болмау – əркімнің өзінің міндеті.

* * *Сезімнің бар тірлігі нанымнан тұрады.

* * *Əр халықтың өз моральдік философия мектебі бар.

* * *Көсем мен көсемшелердің өздері басқарып отырған тобырдан

айырмашылығы шамалы.

* * *Билік бедел жасауға қатысады, оның көмегімен бедел сананы

билеп шыға келеді – биліктің күші осылай туады.

* * *Қанды кек (вендетта) – қоғам заңды деп тапқан жаза. Бірақ оны

қолдану машақаты – жеке адамдардың өз еркіне қалдырылған.

* * *Суреткер болу міндетті емес, залым болу да – солай.

* * *Тұлға атану деген – іс-қимылдың дара қайнар көзіне айналу

деген сөз.* * *

Анархия – пайдасыз құбылыс, өйткені ол кез келген қоғамның тіршілік мүддесіне қарама-қайшы келеді.

* * *Шарт – айырбас символы.

Page 56: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

56

* * *Əрекет туа бітті табиғатынан қылмысты болғандықтан қоғам-

дық сананың ашу-ызасын туғызбайды, қоғамдық сананың ашу-ызасын туғызғандықтан барып қылмысты атанады.

* * *Ғылымды түсіну үшін онымен іс жүзінде шұғылданып көрудің

керек жəне былайша айтқанда, бəрін өз бойынан өткізуі қажет.

* * *Жекешіл идеализмге тоқтау сала алатын жалғыз күш – топтың

тегеуіріні.* * *

Өмір жақсы нəрсе екендігін дəлелдейтін бірден-бір тəжірибелік дерек – көбіміздің оның адам айтқысыз азабын ажал тозағынын артық санайтындығымыз.

* * *Табиғатта денсаулық болса, дерттің де болғаны.

* * *Біз өз күшімізді əлдебір артық нəрселерге асыра жұмсай берсек,

қажет нəрселелерге жетпей қалуы мүмкін.

* * *Өмірді ол жерден де, бұл жерден де іздеп əуре болудың қажеті

шамалы: ол барлық жерде де бар.

* * *Қоғамдық пікір айыптауынан да қатал айыпталатын əрекеттер бар.

* * *Асып-төгілген идеализм мен моральдік аста-төктік адамды

өзінің күнбе-күнгі міндеттерін орындағысы келмейтін дəрежеге дейін құлдыратып жібереді.

* * *Өш алу инстинкті – сайып келгенде, өзін-өзі сақтау инстинктінен

басқа түк те емес.* * *

Мүдде деген – іс жүзінде ең бір тұрақсыз нəрсе.

* * *Өнер – табиғатынан туабітті беймораль.

Page 57: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

57

* * *Əр халықтың да өзі өмір сүріп жатқан жағдайларға сəйкес

айқындалатын өз адамгершілігі бар.

* * *Қанша көп түрлі дарынымыз болса да – бізге əлдебірдеңе

жетіспейді де жүреді жəне ішіміздегі ең тəуірлеріміз де өздерінің толық жетілген тұлға емес екендіктерін іштей сезеді.

* * *Еркектер мен əйелдер бір-біріне ұқсамайтындықтан да бір-

бірін ерекше құштарлықпен аңсап іздейді.

* * *Кез-келген жеке тұлға, қандай күшті болса да, жалғыз өзі бүкіл

қоғамға қарсы ештеңе істей алмайды.

* * *Есеңгіреп қалған құбылыстың көбі сахналық көріністердің

объектісіне айналады.* * *

Моральдік фактілер де – басқа құбылыстар тəрізді құбылыстар ғана.

* * *Ерлік жауынгерге қандай қажет болса, кен қазушыға да,

аэронавқа да, инженерге де сондай керек.

* * *Біз өзімізге ұқсас адамдарды – өзіміз сияқты ойлап, сезіне ала-

тын адамдарды ұнатамыз. Бірақ бұған қарама-қарсы құбылыстар да аз кездеспейді.

* * *Біз күннің үлкен шар екенін өте жақсы білуіміз мүмкін, бірақ

соған қарамастан, біз оны тек бірнеше елі дөңгелек түрінде ғана көре аламыз.

* * *Жаза, бері салғанда жартылай, кек алу фактісі күйінде қалып

отыр.* * *

Күшпен таңылған уағда қашан да ұзаққа бармайды жəне ешқашан ешкімнің көңілінен шыққан емес.

Page 58: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

58

* * *Өздері бірлескен кезде пайда болған тұтастықты өздері жақсы

сезінбей тұрып, осы тұтастыққа өздері кірікпей тұрып, оның мүдделелеріне жанашырлық танытпай жатып жəне оны өз мінез-құлықтарында ескермей адамдар бірге өмір сүруі мүмкін емес.

* * *Бірнеше ұрпақ жасаған істі бір ұрпақ күл-талқан етуі мүмкін емес.

* * *Ұқсастық тəрізді, айырмашылық та өзара жақындасудың

себебіне айналуы мүмкін.* * *

Ең өркениетті діндердің негізгі табынары – адам қасіретіне табыну екендігінен-ақ көп нəрсе аңғаруға болса керек.

* * *Отандастарыңды бір көруді ешқашан дəл шетелде жүргендегі-

дей қатты аңсамайсың.* * *

Адамгершілік – ең қажет минимум жəне аса қатал қажеттілік, ол – онсыз қоғам өмір сүре алмайтын күнбе-күнгі нанымыз сияқты.

* * *Кек қайтаруды тек пайдасыз қатігездік деп ойлау қате.

* * *Алғаш жиналған қор көп қуанышқа кенелте қоймайды: ол

жағдайды түзетуге жетпейді.

* * *Қоғам бар жердің бəрінде ынтымақтасу болатындықтан, қайы-

рымдылық та болады.* * *

Жеке пайданың мүддесін ортақ пайда мүддесіне жеңдіру, қандай түрде көрініс тапса да, адамгершілік сипатта болады, өйткені оның өзегінде міндетті түрде өзін-өзі құрбандыққа шалу мен өзінен-өзі бас тарту жатады.

* * *Қылмыс – беделді қорлау.

* * *Əмбебап нəрсе ғана тиімді.

Page 59: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

59

* * *Діни құқ қашан да жазаға негізделеді: ол – бүкіл болмысымен

кертартпа.* * *

Ынтымақтасудың мақсаты – бəсекелестікті жою емес, көркейту.

* * *Өзін-өзі өлтіру тек өркениет бар жерде ғана кездеседі.

* * *Бақылауға бейімділік адамды романис те, драматург та, химик

те, натуралист те, социолог та етіп шығаруы мүмкін.

* * *Жеке жəне нақты ақыл түсініксіз келеді. Біз тек жалпылық

жайлы ғана жақсы ойласа аламыз. Сəл кемшілікті сезбеген адам зорына да онша мəн бере қоймайды.

* * *Сана инстинкттен босап қалған жерлерді ғана қоныстайды.

* * *Сана – болмыстың терең түкпірінде болып жатқан құбылыстарға

əділ қазы бола алмайды: өйткені ол онда жете алмайды.

* * *Зорлыққа бой үйренген жерлерде – оған төзіммен қарайды.

* * *Өркениет ірі қалаларда шоғырланған: өзін-өзі өлтіру де сонда.

* * *Дамуы төмен деңгейдегі халықтардың балалары ата-

аналарының келген жасын емес, өз балалығын жалғастырады.

* * *Егер соғыс жағдайында жүрсе, адам өзінің ең жақын серіктерінің

арасында да мазасыз тірлік кешеді.

* * *Қоғам неғұрлым қарапайым болса – оны құрайтын индивид-

тердің арасындағы ұқсастық та соншалықты көп болмақ.

Page 60: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

60

Альфред АДЛЕР

ҚЫЗҒАНШАҚТЫҚ – АТАҚҚҰМАРЛЫҚТЫҢ ƏПКЕСІ

* * *Мақсатын сезінбеген істің мəні де шамалы.

* * *Көп адам басқаның көзімен көру, басқаның құлағымен есту,

басқаның жүрегімен сезіну дегеннің не екенін де білмейді: оған үйренбеген.

* * *Көп адам өмірден, өмір сүруден қорқады.

* * *Өмірлік мақсаттардың басым бөлігіне тек бірлесе жұмыс істеу

арқылы ғана қол жеткізуге болады.

* * *Неке дегеніміз – міндетті түрде бойжеткен қыздың əйел рөлін

ойнауға толық мойын ұсынуы емес.

* * *Бір рет алған əсердің əсері жойылмайды.

* * *Үлкен бояу! Құдіретті атану! – Кішкене немесе өзін кішкене

сезінетін адам біткеннің мəңгілік құштарлығы осы ғана.

* * *Өте жолы болмаушылық – өзінің маңыздылығын сезінудің бұл

да бір жолы.* * *

Адам болу – өз кемшілігін өзі сезіну деген сөз.

Page 61: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

61

* * *Көп адам қорқынышқа бейім тұрады. Ұялшақтық – кісінің

басқалармен араласқысы келмейтіндігінің бір белгісі.

* * *Тегі, қазір өмір сүріп жатқан адамдардың көпшілігінің ата-тегі

құл болса керек.* * *

Тегі, қоғамдағы кеселдер таза күйіндегіден гөрі, оған іш тартушылар көмегімен əлдеқайда көбейіп кетеді.

* * *Сырт қарағанда айырмасы жоқ іс-қимылдар бір жағдайда – қыл-

мысқа жатқызылса, енді бір жағдайда – қылмысқа жатқызылмайды.

* * *Өмірдің мəні жоқ деген көңіл күй ауаны бел алған төңкерістер

мен жаугершіліктер кезінде нəпсіқұмарлыққа шектен тыс көңіл бөлінеді.

* * *Нəпсіқұмарлық мəселесі төңірегіндегі наным-сенімнен аяқ

алып жүру қиын.* * *

Біздің бəріміз де бүтін біткенге көз қиығын да салғымыз кел-мейді: тек өз мақсат-мүдделерімізге сəйкес келетін бірдеңелерді ғана бағалаймыз.

* * *Біздің барлық қоғамдық институттарымыз, салт-дəстүрлеріміз

бен заңдарымыз, біздің мораліміз, бізді жалпы жол-жоралғыларымыз – оларды еркектердің үстемдік құруы үшін еркектердің өздері ойлап тауып, қолдап-қорғап келе жатқандығының ашық дəлелі.

* * *Кез-келген көңіл күй құбылысы нақты бір мақсатқа сəйкес келеді.

* * *Адамның ішкі жан дүниесіндегі қимыл-қозғалыстың бəрі –

одан əрі алға басуға əзірлік.* * *

Алға басқан қадамның бəрі – кемшіліктердің көзін жою жөніндегі қажеттілік.

Page 62: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

62

* * *«Бəрі алдын-ала айқындалып қойылған» дегенге сену – өзің үшін

ғана емес, өзгелер үшін де пайдалы өмір сүруден сужүректікпен қашып құтылуға мойын ұсынумен бірдей.

* * *Бала қиялында сəбидің өзі де əлдекімдерге билік жүргізетін

көріністер міндетті түрде кездеседі.

* * *Біздің қанымызда билікке мас болуға деген құштарлық бар:

сондықтан да жанымыз жиі биікке-көтерілу ойынының добына айналады. Одан бір-ақ нəрсе құтқаруы мүмкін: ол – билікке күдік келтіру, сенбеу. Өзін-өзі өлтірушілер, өмірге деген құштарлықтан айырылған соң, өзіне-өзі қол салу арқылы өзгелердің назарын өзіне аударуға тырысады. Өмірдің де, өлімнің де қожайыны болу – олардың ойындағысы осы. Сайып келгенде, екі қыз – бір қыздан аз.

* * *Қоғамда қашқындарға орын жоқ.

* * *Ұқсас түрлі жағдайлардың өзінде əркім өзінше қателеседі.

* * *Көз байлаудың негізінде бағындыру идеясы жатыр.

* * *Сайып келгенде, екі бойжеткен – бір бойжеткенге жетпейді.

* * *Адам баласы ұдайы жанын жеп жүріп, бір қателіктен екінші

қателікке ұрынады: шүкірлік етері – екіншісі біріншісінен гөрі азырақ қате болуы мүмкін.

* * *Көз байлау мен сəуегейлік – құлдық сана көріністері ғана.

* * *Жыныс қатынасын өзіне-өзі көңіл толмаушылық немесе өзін

біреуден артық санау сияқты дертті көңіл қажетіне пайдалану – барып тұрған ақымақтық жəне бейшаралық.

Page 63: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

63

* * *Ер адамдардың билеп-төстеушілігі табиғи нəрсеге жатпайды.

* * *Көсемдердің қуат-күшінің шекарасы – олардың туы астында

тұруға өзір кепшіліктің қарасымен айқындалады.

* * *Балалар өздерін өмірлік мəні аса зор бірдеңелерден қағылғандай

сезінген кезде ғана ұрлық жасай бастайды.

* * *Балалық – сұрағы да, мүмкіндіктері мен зауал-зардабы да көп

кез.* * *

«Бір кезде жер бетінде жұмақ орнаған заман болған екен» деген ойды барлық діннен кездестіруге болады.

* * *Үнемі кілтін жоғалтып, немесе оны қай жерге қойғанын ұмытып

қалып жүретін үй шаруасындағы əйелдер – əдетте, өздерінің үй шаруасындағы əйел рөліне көңілдері толмай жүрген əйелдер.

* * *Донжуандар – өздерінің «ерлігіне» өздері онша сене бермейтін,

сондықтан да оны дəлелдеу үшін барған сайын көп жеңіске құлшынып əуре болатын ер адамдар.

* * *Рух, тегінде, ең алдымен белгілі бір мақсатқа ұмтылған күштен

тұрады.* * *

Рухани өмір тек қозғалыстағы мүшелерге ғана тəн.

* * *Үнемі сəтсіздік күтіп жүретін бір адамдар болады.

* * *Сəби үшін өмір дегеніміз – аса зор тəжірибе алаңы ғана.

* * *Өмір қашан да жалғасын табуға ұмтылады: өмірлік күш те

соңғы сəтіне шейін күрессіз беріліп көрген емес.

Page 64: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

64

* * *Егер адам жылап алғаннан кейін өзін жеңіл сезінер болса, бұл

– оның қалыптасқан жағдайды айыптаушы деңгейіне көтеріле алғандығының белгісі.

* * *Егер біз жазаны қатайта түсер болсақ, қылмыскерді қорқытумен

бірге, оның өзінің ерлік жасап жүргендігіне деген сенімін де күшейте түсеміз.

* * *Егер дүниедегі ең күшті адамдар кімдер деген сауалға жауап

іздер болсақ, алдымен сəбилерді атау қисынды болар еді: олар бағыну дегеннің не екенін білмейді, ал өз биліктерін жүргізбейтін жерлері жоқ.

* * *Өмірдің ойынға ұқсайтын кезі сирек кездеседі.

* * *Өмір – тіршілікте кездесуі мүмкін ұстаз біткеннің ең сорақысы.

* * *Басқалармен аралас-құраластықтың аздығы олардан мүлдем

оқшаулануға апарып соғады.* * *

Өмір адамды өзгерте алмайды – бұлай істеуге адамның көрсеқызарлығы мен даңққұмарлығы мүмкіндік бермейді.

* * *Өзіне-өзі қол салу көбіне туған-туысқандары мен достарының

жанына жара салу немесе шын əлде жалған жеңіліс үшін кек алу əрекеті болып шығады.

* * *Көп құбылыстар бізге əлдебір сəтсіз əзілдер тəрізді ғана

көрінеді.* * *

Оқшау-оқшау өмір салтымен тіршілік кешіп жатқандықтан, біздің арамызда адам табиғатын жақсы білетіндер кемде-кем.

* * *Қарапайымдылықтың шын мəніне келгенде жасырынған атақ-

құмарлықтың өзінен басқа ештеңе де емес түрі де кездеседі.

Page 65: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

65

* * *Жеке-жеке алғанда толық құндылыққа жатпайтындықтан əрі

əлсіздігінен де адам баласы қауымдасып тіршілік етуге ұмтылады.

* * *Теңеуге жүгіну – өзіңді де, өзгелерді де алдаудың ең бір тəуір

түрі. Теңеуге үйір адам басқаларды дерек пен қисын арқылы иландыруға қабілетсіз келеді.

* * *Ақиқат əлдебір «шексіз міндет» тəрізді мəңгі еліктіреді де

тұрады, бірақ қол жеткізбейді.

* * *Адамның шынайы өмір салты қиын жағдайларда анық

байқалады.* * *

Əлеуметтік прогресс тарихы – адамның жоқшылық пен кемшіліктен арылу жолындағы ортақ қызметінің тарихы.

* * *Сəтті аяқталатын сиқырлы ертегілердің қай-қайсысы болсын

– адамзаттың бақытты болашаққа деген үміті ешқашан əлсіреп көрмегендігінің дəлелі.

* * *Өмірдің əр саласы адамның алдына басқа салалардың да

мүддесін ескере отырып жүзеге асыруға тиісті міндеттер қояды.

* * *Қай ерке баланы болсын алдында аластатылғандар таланы

күтетінін ұмытпаған жөн.* * *

Кез-келген бала кер тəрбие алуға бас тігеді.

* * *Əркім өзінше жасампаздық танытады: түрлі жағдайлар мен

мүмкіндіктерден əлдебірдеңе ойлап шығарады.

* * *Шешен ойынан жаңылып, сөзін жалғай алмай қиналған кезде

бүкіл аудитория өзін ыңғайсыз сезініп, қысылып отырады.

Page 66: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

66

* * *Адам өзінің қарапайым міндеттерін орындаудан бас тартқысы

келген кезде өз интелектісін зорықтырады.

* * *Жалқаулық – шынтуайтына келгенде, қиындықтар мен пробле-

малық жағдайлардан қорғалақтап қашу.

* * *Өтірік – ақиқатты айтуға батылдық жетпеуімен тікелей бай-

ланысты құбылыс.* * *

Өзі таныла алмаған, біреуге күшпен таңылуға тиісті бедел біткеннің бəрі ойдан шығарылған болып шығады.

* * *Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ – сондықтан да біздің

əрқайсымыз да төңірегімізге танылар психологиялық бейнемізді қолдан əлеміштеуге міндеттіміз деп ойлаймыз.

* * *Адамдар қиындықты ақылмен жеңеді.

* * *Адамдар кейде қарсы жүріп келіп жатып та – бір-бірімен

жүздеспей өте шығады, екеуара сөйлесіп тұрып та – ешкімге арнамай сөйлей береді.

* * *Қысқа шаш қоюдың сəнге айналуы – бар болғаны əйелдің ер

адаммен арасындағы сыртқы айырмашылықтарды жоюға деген тілегінің көрінісі ғана.

* * *Қателеспейтін кісі жоқ, маңызды нəрсе – сол қателерді жоюға

болатындығы.* * *

Біз барлық ашушаң, кекшіл, кесапатшыл тіршілік иелерінің бəрін адамзаттың жаулары мен қоғам жауларының қатарына қосуымыз керек!

* * *Дұшпаның болмаса – өшпенділіктің де не екенін терең сезіне

алмайсың: мақсатынан, яғни, дұшпанға тойтарыс беруден тыс кекшілдікті де көз алдыңа елестету мүмкін емес.

Page 67: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

67

* * *Біз кез келген сəбиді «талантты тұлға» деңгейіне көтереміз деп

артық мақтана алмаймыз, бірақ «дарынсыз» ересек адам жасап шығара алатындығымызға еш күмəн болмауға тиіс.

* * *Назар оятудың ең басты шарты – дүниеге деген шынайы жəне

терең қызығушылық сезімнің болуы.

* * *Қылмысқа тосқауыл қоюдың ең жақсы тəсілі – жұртты «қылмыс

деген – өзіңнің сужүректігіңді көп алдында паш ету ғана» дегенге иландыру.

* * *Басқаға ықпал етудің тиімділігі ол өз құқықтарының

сақталатынына сенімді болған жағдайда арта түседі.

* * *Біз маңайымыздағыларға қатысты жиі ағат қадамдар жасаймыз,

біздің олар туралы пікірлеріміз де көбіне-көп шындыққа жанаса бермейді.

* * *Біздің ақыл-ойымыз жекелеген ауыспалы ырғақтарды жадына

берік ұстап қалады да, толық əуенді тұтастай бойға сіңіре алмайды.

* * *Көзге шөп салу – кек алумен пара-пар.

* * *Іс жүзінде біреуге жол бере қоятын адамды табу қиын: ол – адам

табиғатына жат нəрсе.* * *

Басқалармен барлық байланысы шарт үзілген адамды көз алдыңа келтірудің өзі қиын.

* * *Бүкіл жай-жапсарын білмей тұрып ненің əдейі, ненің қасақана

жасалғанын кесіп-пішу мүмкін емес.

* * *Өзін өзі жақсы білетін жəне өзінің іс-қимылын талдауға

қабілетті адам сирек ұшырасады.

Page 68: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

68

* * *Адами құштарлықтар мен жеңістер астарында жетіспеушілік

жатыр.* * *

Қиындықты сабырмен жеңе алмау кісіні шыдамсыз етіп жібереді.* * *

Адамның қайталанбас қасиеттерінің ең зор көрініс табатын жері – оның қиялы.

* * *Үнемі кіші əрі əлсіз бола беру ешбір балаға ұнамайды.

* * *Осыған дейін ешкім де аяғы аспаннан салбырап түскендей

ешбір қателікке ұрынбай, ересектікке топ ете қалған жоқ.

* * *Ешкім де көргенінің бəрін бірдей қалт жібермей жадына құйып

ала алмайды.* * *

Біздің ешқайсымыздың да бойымызда таза ақиқат туралы білім жоқ. Мұндай білім ғылымның өзінде де жоқ.

* * *Жүрек айныр жеккөрушіліктен басқа ешбір сезімді осынша-

лықты оңай ойдан туғыза алмайсыз.

* * *Қоғамдық өмір адам бойындағы жетіспеушілік сезімін жоюға

көмектеседі.* * *

Міндетті бас шұлғушылық – сырттай бас шұлғушылық.

* * *Біреулер басқалардың пікірінің салмағын асыра бағалауға үйір

келеді, ал енді біреулер болса – тек өз пікірлері ғана дұрыс деп қасарысып тұрып алғыш. Адамдардың бұл екі тобы да өздерінің əлсіздігін іштей сезетін болуы керек.

* * *Көзін төмен салып, мүлəйімси қалу – тастай қашуға əзірліктің

белгісі.

Page 69: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

69

* * *Баланың ойынын бұзу – оңай шаруа емес.

* * *Өмір жолын таңдауда қателікке ұрыну – өмірдің өзіне қатер

төндіруі мүмкін.* * *

Жадыдан өткен кірпияз жоқ.

* * *Ес – белсенді қабілет.

* * *Балаларды келемеждеу – қылмыс.

* * *Адамның өзімен-өзі болып, оқшаулануының астарынан

даңққұмарлық пен атаққұмарлықтаң жасалған тұғырдың елесін көру онша қиын емес.

* * *Ақындар өтірік сөйлейтіні рас, бірақ олардың өтірігінің өзі

жайлы.* * *

Қоғамдық өмір қағидалары да – ауа райының заңдылықтары тəрізді айқын нəрселер.

* * *Ақымақ етуді көпшіліктің өзі қалап тұрады.

* * *Қуаныш қамауға көнбейді.

* * *Қызғаншақтық қандай жағдайда да тұлғаға абырой əпермейді.

* * *Еңбек бөлінісі – адамзат қоғамы тіршілігінің аса маңызды

шарты.* * *

Мақсаты бар адам ғана психологиялық тұрғыдан дами алады.

* * *Біреуден асып түсу, билік, басқаларды құлдықта ұстау – көп

адамның бар күш-жігерін жұмсап ұмтылатын мақсаты осылар.

Page 70: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

70

* * *Əр қимылын сырттан басқа біреу жоспарлап отыратын кісіні

көз алдыңызға елестетіп көріңізші: оның ойы да қалғып жатады.

* * *Əдетте барлық игілік біткенге, бақыттан күткенге бастайтын

төте жол тек билік жолы тəрізді көрінеді.

* * *Жеке адамның жеке мүддесі мен қоғам арасындағы қарама-

қайшылықтар қоғамның адамзат баласына қаншалықты жау екендігін сынап көруге мүмкіндік береді.

* * *Керексіз кезде, керексіз жерде оралған қуаныш басқыншылық

құралына айналады.* * *

Өнердің дамуы – қоғам дамуының көрінісі. Өнер көре білу мен сезіне білуге үйретеді, оның өзі де əлдебір тіл тəрізді жəне оның бойында зор мүмкіндіктер жинақталған.

* * *Қалың көпшілік үшін қирату – өздері төзгісіз санап келген

жағдайдан құтылудың бір жолы, сондықтан да ол əдетте жақсартудың алғы шарты ретінде қабылданады.

* * *Қызғаншақтық – атаққұмарлықтың əпкесі.

* * *Нəпсінің маңызына қатысты асыра сілтеушілік адам өмірінің

бүкіл жарасымын бұзу болып табылады жəне ақыр аяғында оны бүкіл мəн-мағынасынан жұрдай етіп шығарады.

* * *Ата-аналарының дəстүрдің былық-шылығына белшесінен

батқаны соншалық, өздері білетіннен басқа ештеңені білгілері де, естігілері де келмейді.

* * *Авторитарлық тəрбиелеудің ең зор қаупі – ол баланың бойына

билік мұратын сіңіріп тастайды.

Page 71: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

71

* * *Сүйіспеншілік дегеннің өзі – айтарлықтай аумалы-төкпелі

сезім: тайталасқа орын жоқ жерде жеңіске жету де мүмкін емес.

* * *Адам баласы үшін ең қиын нəрсе – өзін-өзі танып білу жəне

өзін-өзі өзгерту.* * *

Бедел десе болды көзсіз сене беру өте көп адамдардың əдетіне айналған.

* * *Біздің өміріміздің мəні біздің бүкіл дүниемен байланысымызда

жатыр.* * *

Түс дегеніміз – түс көрушінің мазасын алған проблема мен оның өз алдына қойған мақсатының арасындағы көпір.

* * *Қазіргі сана өзін «Адам – Табиғат» жүйесін түсінуге тым

қауқарсыз да қабілетсіз сезінеді.

* * *Əлеуметтік шарасыздық – өзін-өзі жеткілікті сезінбеушілік пен

басым түсуге құмарлықтың салдары.

* * *Біздің өзімізді өзіміз тану қабілетіміз – өз іс-қимылдарымыздың

себеп-салдары мен ішкі рухани дүниеміздің қозғалысын түсіну қабілетімізбен бірге өседі.

* * *Есею – міндетті түрде ақылдырақ бола түсу деген сөз емес.

* * *Жеке билікке ұмтылу – жетілуге ұмтылушылықты нақтылаудың

бір түрі.* * *

Нақты өмірден гөрі қиял əлемінде өмір сүруді ұнататын бір адамдар болады.

* * *Билікке ұмтылушылық пен үстемдік бар жерде қызғанышқа да

орын табылады.

Page 72: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

72

* * *Нақты жүзеге асырылған іс қана есепке жүреді.

* * *Тек батыл, өзіне өзі сенген, бүкіл дүниені өз үйіндей сезінетін

адамдар ғана өмірлік игіліктерін де, қиындықтарын да өз пайдасына асыра алады. Олар қиындықтардың аз кездеспейтінін жақсы біледі, олар сонымен бірге оларды өздері жеңіп шыға алатындықтарын да біледі

* * *Тек ортақшылдық сезімге негізделген жəне сондықтан да

игілікке ортақ қызмет етуге бағытталған интелектіні ғана ақыл-ойға жатқызуға болады.

* * *Істеп жүрген істеріміздің бəрін сезімнің қатысуынсыз-ақ жүзеге

асыруға болады: сезім – іс-қимылдың жолбикесі ғана ғой.

* * *Баққұмарлық кісіні əлдебір тəртіп сақтап ойнау əдетінен оңай

жаңылдырады.* * *

Бөспебайлық пен атаққұмарлықта шекара деген болмайды.

* * *Баққұмар кісі қашан да алдына осы өмірде орындалуы мүмкін

емес мақсаттар қойып жүреді.* * *

Атаққұмар өзі жіберген қателіктердің қай-қайсысы үшін де жауапкершілікті басқаларға аудара салуға шебер келеді.

* * *Ақыл дегеніміз – міндетті түрде салауатты ой деген сөз емес.

* * *Қиял да біздің психологиямыздың шығармашылық қабілет-

терінің біріне жатады.* * *

Адамның мінезі ешқашан да моральді пікірге негіз бола алмайды.

* * *Ашудың мақсаты – кез келген кедергіні күшпен тез жою.

Page 73: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

* * *Өмірде кездесетін күрделі жағдайларда торығушылық (пес-

симизм) батылдықтың қалған-құтқан қалдығының өзін жоқ қылады.

* * *Ең қиын жол – ең төте жол болып шығатын жағдайлар жиі

кездеседі.Бірлесіп қызмет істеуге ұмтылатын адам ешқашан да күйгелек

болмайды.

* * *Адамзат жиі ойдан шығарылған бірдеңелерге қанағаттанып

жүре береді: батылдық жетпеген жерде қиял озады.

* * *Көңіл толмаушылық сезімі топтар мен ұлттарды өзін-өзі құрту

құрдымына қарай итермелейді.

* * *Адамның құтқарушысы – бірлестік сезімі мен əлеуметтік

қызметтестік.

Page 74: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

74

Освальд ШПЕНГЛЕР

ӨМІР СҮРУ ДЕГЕНІМІЗ – ӨЗ МҮМКІНДІКТЕРІҢДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

* * *Үлкен пирамидалы храмдардың архитектурасын мылқау

математика десе де болады.* * *

Атеистік ғылымның да өз діні бар.

* * *Шексіздік пен мəңгілік қол ұстасып қатар жүреді: бірінсіз бірін

біліп жарытпайсың.* * *

Ұлы тұлғалардың жиғанынан қиратуы жиілеу əрі көбірек болып келеді.

* * *Мүмкіндік дегеніміз – қажеттілік.

* * *Уақыт кеңістікті жеңеді.

* * *Кел-келген рəміз қорқыныштан пайда болады: ол – қорғанудың

белгісі.* * *

Кез-келген дерек, тіпті ең қарапайымының өзі, өзін тарихқа енгізіп қояды.

* * *Жұрттың бəрі – басқалардан бірдеңе талап еткіш: «Сен –

міндеттісің» деген сөзді нық сеніммен айтады.

* * *Адалдық танытып, ежелгі ойшылдарды сөзінен ұстап көрейікші:

Page 75: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

75

егер өз қажетімізге жарата алмасақ Гераклиттің, Демокриттің, Платонның бірде-бір сөзі біз үшін ақиқат бола алмайды.

* * *Ежелгі дəуірлерде көрегендердің рөлін əйелдер ойнағаны – олар-

дың бойында болашақ болжап білер қасиеттің артық болғанымен емес, мəселе – олардың өздері сол болашаққа айналғанында.

* * *Ана болу идеясының негізінде шексіз жаратылыс жатыр.

* * *Тарихи шындықта идеалға орын жоқ. Онда тек деректер ғана

болуға тиіс. Ешқандай ақиқат деген жоқ, деректер ғана бар.

* * *Қазір біз дүниеге тұтас жер шары тұрғысында емес, оның

түкпір-түкпірге бөлінген бөлшектері тұрғысынан ойлаймыз. Мұны тек философтар мен тарихшылар ғана əлі күнге білмей жүр.

* * *Туудың өзінде – өлім, жасаудың өзінде – жоқ болу жатыр.

* * *Факті жоқ жерде, сезім билейді.

* * *Қала дегеніміз – рух. Үлкен қала дегеніміз – еркін рух.

* * *Мемлекет дегеніміз – халықтың пошымы.

* * *Жадағай адамның аузынан шыққан жақсы сөздің өзі құнға

тұрмайды.* * *

Алғашқы адамдар үшін «уақыт» деген – мүлдем мəн-мағынасыз сөз.* * *

Нағыз ойшыл үшін толық дұрыс немесе толық теріс көзқарас деген болмайды.

* * *Басқа адамдар үшін басқа ақиқаттар бар. Ойшыл үшін олардың

бəрінде мағына бір немесе ешқайсында да мағына жоқ.

Page 76: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

76

* * *Теоретиктердің ең үлкен қатесі – олар өздерінің орны ұлы

оқиғалар керуенінің ішінде емес, оқшау тұрған биік шың басында деп ойлайды.

* * *Егер жолын қуғандар арасында халық – тек объект, ал идеалдар

– тек құрал ғана деп ойламайтын шын мəнінде тегеуірінді тұлғалар кездеспегенде, демократия да ақыл-ой мен ақ қағаздан əріге аспайтын еді.

* * *Жан деген өзінен-өзі ештеңені де «біле» алмайды.

* * *Əйелдің күші – өз қалпынан айнымайтындығында.

* * *Егер ақиқаттар əлемінде бəрін дерек шешетін болса, деректер

əлемінде бəрін табыс шешеді.

* * *Египеттіктер жойылып кету дегенді жоққа шығарады. Антика

адамдары оны өз мəдениеттеріне тəн түр біткеннің бəрінің тілінде дəлелдеп баққан.

* * *Адам – ойлауға қабілетті болмыс болғанның өзінде де,

бəрібір бар тіршілігі тек қана ойлаудан тұратын болмыс болудан айтарлықтай алыста тұр.

* * *Сұрақ қою мен оған жауап алатындығына сенімділіктің

арасында айырма ұшан-теңіз.

* * *Этнография біткеннің даңқұмарлығының жемісі – нəсілдерді

бөлшектеу мүмкін емес.* * *

Жануарлар əрбір қауіп-қатерден жеке-жеке үркеді, ал ежелгі адамдар бүкіл əлем төндірген қауіп-қатердің қорқынышын көтере алмай дірілдеген.

* * *Өмір сүру дегеніміз – ішкі мүмкіндіктерді жүзеге асыру.

Page 77: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

77

* * *Өмір ұлы атану үшін аса қатігез болуы керек.

* * *Өмір ойлаусыз-ақ тіршілігін жалғастыра береді: ойлау – өмір

сүрудің бір түрі ғана.

* * *Діни өсиеттерге сəйкес өмір сүру дегеніміз – тоқтаусыз

құрбандықтар шалу тізбесі.

* * *Ұрық пен ажал тəн тіршілігінің кеңістіктегі орнын шектейді:

ұрық – күнə, ал ажал – жаза рөлін атқарады.

* * *Білім дегеніміз – діннің ең соңғы нұсқаларының бірі ғана.

* * *Толық ақыл тым сирек ұшырасады.

* * *Мəңгілік нəрсе ғана – ақиқат.

* * *Ақиқат – абсолютті əрі мəңгілік: яғни, оның өмірге ешбір

қатысы жоқ.* * *

Шын достар – бір-бірін артық сөзсіз-ақ түсінеді, шынайы дін – мүлдем сөз шығарып əуре болмайды: үндемейді.

* * *Тарих дегеніміз – математикаға қатысы жоқ дегеннің бəрінің

жиынтығы.* * *

Европа тарихы – өз еркімен жасалған тағдыр, ал Үнді тарихы болса – кездейсоқ жасалмаған кездейсоқтық.

* * *Тарих дегеніміз – мəңгілік жасампаздық, мəңгілік болашақ

жəне, соған сəйкес, мəңгілік қозғалыс. Табиғат болса – жасалып болған дүние, яғни, мəңгілік өткен шақ.

Page 78: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

78

* * *Тағдыр идеясын портрет, трагедия, музыка арқылы суреткер

ғана жеткізе алады.* * *

Тағдыр идеясы ғылыми тəжірибе емес, өмірлік тəжірибені қажет етеді, ақылды теңдікті қажет етеді.

* * *Барлық нəсілдердің зиялы жүздері бір-біріне ұқсас келеді:

оларда нəсілдің өзі кейінгі қатарға шығып қалады.

* * *Тарих идеалдарды аяусыз таптап отырады, ал егер əлде бір адам

немесе халық белгілі бір кезеңде əділдік үшін күш қолданудан бас тартса, онда ол ой мен ақиқат əлеміндегі теориялық даңқа ие болып шыға келеді, бірақ бұл – оның шындықтың не екенін жақсы білетін басқа бір күшпен тайталаста ұтылып қалғанын білдіреді.

* * *Ақыл ойлап шығарған əрбір жаңа ақиқат – ескі, бұрынғы бар

нəрсе туралы сыни пікірден басқа ештеңе де емес.

* * *Əр тіршілік иесі басқа тіршілік иесі мен оның тағдырын өзімен,

өз тағдырымен салыстырмалы түрде ғана қабылдайды.

* * *Канондық кітаптар – ұлтқа етене жақын, ал апокалиптикалық

кітаптар – интернационалдық сөзінің толық мағынасына сəйкес болып келеді. Олар ешкім жаза қоймағандай көрінгеніне де қарамастан өмір сүре береді. Олардың мағынасы бұлыңғыр келеді: бүгін – бірдеңені білдірсе, ертең – басқа бірдеңені білдіруі мүмкін.

* * *Біз өмірдің рəмізі – қан деп ойлаймыз.

* * *Мəдениет пен өркениет дегеніміз – жанның тірі тəні мен өлі

қаңқасы (мумия).* * *

Мəдениеттің өзегі – өзгеше организмдер. Мəдениет тарихы дегеніміз – солардың өмірбаяны. Мəңгі бала бейнелі адамзаттың

Page 79: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

79

ең алғашқы көңіл күй ауанынан ұлы рух оянып, жеке бөлініп шыққан кезде мəдениет пайда болған.

* * *Тек өлімді көрген кезде ғана біз басқа бір құпия – ұрықтану

құпиясын сезіне бастаймыз.* * *

Кез-келген дін жарыққа жақын тұрады.

* * *Ұзақ өмір сүретініне сенгеніңді ғана сүйе аласың.

* * *Сүйіспеншілік ойша əлемдік тəртіп жасауға негізделеді: ондағы

басты нəрсе – орнықтылық.* * *

Масса дегеніміз – құрып біту, барып тұрған түкке тұрмастың өзі.

* * *Тек іскер адам, тағдырлы адам ғана ақиқат əлемінде, ұғымдар мен

жүйелер дегенді білмейтін таза саяси, əскери жəне экономикалық шешімдер əлемінде өмір сүреді.

* * *Адамдар саясат деген ұғым төңірегінде қажеттіліктен əлдеқайда

көп ойланғаны байқалады. Олар есесіне шын саясатты бақылау жайын əлдеқайда нашар білгенге ұқсайды.

* * *Мəдениет адамдары – түйсіксіз, дерекке сүйенетін адамдар –

түйсікпен өмір сүреді.* * *

Математика да – өнер: оның өз стильдері мен стильді кезеңдері бар.

* * *Əлем тарихы дегеніміз – қала адамының тарихы.

* * *Əлем жай тірі тұрған жоқ, құпияға толып тұр.

* * *Не батыр, не əулие ғана болуға болады: ортасында даналық

емес, күйбең тірлік жатыр.

Page 80: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

80

* * *Жан – бас тартқандықтан, ми – басқару билігін өз қолына алады.

* * *Қанша мəдениет болса – сонша мораль бар.

* * *Мораль – ешқашан да ақиқатқа айнала алмайды: олай болса

бүкіл дүние əулие болып кетер еді.

* * *Біз ойға алғанның бəріне қол жеткізерліктей еркін емеспіз,

бірақ қажеттіні істеп-істемеуге еріктіміз.

* * *Егер соборлар мен пирамидалардың керемет архитектуралары

бейкүнə жанның бөтен күштерге шалған құрбандығы екендігін мойындамайтын болсақ – біз ешқашанда олардың сырына қана алмаймыз.

* * *Ең басты міндет – өз қолыңмен бірдеңе жасап көру.

* * *Халық басқа халықтармен салыстырғанда ғана ақиқатқа айналады.

* * *Халық дегеніміз – өздерін бір бүтін сезінетін адамдардың ортақ

бірлестігі.* * *

Ұлттар дегеніміз – қала салушы халықтар.

* * *Біздің тарихымыз – ұлы іліктер тарихы.

* * *Артқа жалтақтап, өлшемді өткеннен іздеудің қажеті жоқ. Оны

əлдебір жүйеден іздеп табуға тырысу – одан да өткен қателік.

* * *Өшпенділік пен қорқыныштың арасында – уақыт пен кеңіс-

тіктің, қан мен көздің ырғақ пен кернеудің, ерлік пен əулиеліктің араларындай айырмашылық бар.

Page 81: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

81

* * *Мəңгілік ақиқат болмайды.

* * *Алдында дін болмағанда жаратылыстану да болмаған болар еді.

* * *Ой жоқ жерде жүйе жасаудан жеңіл ештеңе жоқ.

* * *Таңдауға келгенде ешкім де еркін емес.

* * *Жалпы адамзаттық этика жоқ.

* * *Діндегі негізгі сезімдер – өшпенділік пен сүйіспеншілік емес,

қорқыныш пен сүйіспеншілік.

* * *Алғашқы қауымдық құрылыс адамы дегеніміз – адасқан жануар,

тіршілігі өмір арқылы жол тауып, танылып келе жатқан жан иесі.

* * *Теңеу: құстың самғау перспективасын көлбақаның секіру

перспективасына алмастырған екен.

* * *Танымда арман мен түс араласып келіп отырады.

* * *Табиғатты тануды – үйренуге болады: ал тарихтың білгірі

болып – туу керек.

* * *Ескі жəне жаңа білімнің кереғарлығы пікір əлемінде тек

салыстырмалы түрде ғана дұрыстық қалдыруға апарып соғады.

* * *Бытыра мен кітап басу – бір текті құбылыстар.

* * *Қарабайыр Мəскеу патшалығы – қазір де орыс рухына өзгеше

сай келетін жалғыз форма.

Page 82: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

82

* * *Табиғатты ғылыми тұрғыдан түсіндіру керек, ал тарихты

түсіндіру үшін поэтикалық творчество қажет.

* * *Өнер туындысы дегеніміз – əлдебір шексіздік: оған бүкіл əлем

сиып кетеді.* * *

Өнер туындысының да жаны болады.

* * *Айырмашылық – ілімнің мəңгілігі мен өтпелілігінде тұрған

жоқ, сол ілімнің біршама уақыт өміршеңдік таныта ала ма, əлде өлі туған ба – мəселе сонда жатыр.

* * *Өсімдік тамыр тартқан жерінде өледі.

* * *Шын өмірді тану мүмкін емес, сүру керек.

* * *Өсімдік өзінің өмір сүріп жатқанын білмей-ақ өмір сүреді.

Жануар өмір сүріп жатқанын біліп өмір сүреді. Адам өз өміріне таң қалады да, соған орай сұрақтар қояды: бірақ оларға оның берер жауабы жоқ. Ол өзінің жауабының дұрыстығына сенуі ғана мүмкін: бұл ретте Аристотель мен ең жабайы адамның арасында ешқандай айырмашылық жоқ десе де болады.

* * *Өсімдік ұрықтанады, бірақ тумайды. Ол өмір сүреді, бірақ

өмірінде ояну, сезім əлемін ашатын алғашқы күн жоқ.

* * *Өсімдік дегеніміз – өсімдік қана, ал жануар – өсімдік жəне оған

қоса тағы бірдеңе.* * *

Бала тілі шықпай жатып-ақ сөйлей бастайды.

* * *Біз тірі организмнің қиындықтан құтылу, жеңіске жету, жоққа

шығару жəне, тіпті, тіршілікті жою кездеріндегі күйін – дін деп атаймыз.

Page 83: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

83

* * *Қайта өрлеу (ренессанс) қарсыласудан туған.

* * *Жоғары мəдениеттер діні – артық дамыған діндер емес, тек

басқа діндер ғана. Қарапайым діндер бұлт пен жел тəрізді отан дегеннің не екенін білмейді.

* * *Римдіктер тіпті де əлемді жаулап алған емес: олар тек кез-келген

үшін дайын олжа күйінде жатқанға ие бола кетті.

* * *Тілден оқ бойы озық тұрған ең таза рəміз – кешқұрым өз үйінің

алдында шүйіркелесіп отырған шаруа қарттар жұбы.

* * *Ештеңеге тұяқ тіремеген еркін ойлау болмайды.

* * *Шіркеу қызметкері дегеніміз – түсіндіруші, ал əйел – сəуегей:

ол уақыттың өзі болып сөйлейді.

* * *Қарап отыру шабыттандырады.

* * *Социализм – сыртқы əлеміштеріне қарамастан – ізгілік, адам-

гершілік, бейбітшілік пен қайырымдылықтан тұратын жүйе емес, билікке қол жеткізуге деген ерік-жігер жүйесі. Одан басқасының бəрі – өзіңді-өзің алдау.

* * *Өлі формаларды түсіну құралы – математика заңдары. Тірі

формалардың есін жиғызатын құрал – салыстыру.

* * *Əр алуан мəдениет бар болғандықтан, əртүрлі сан əлемдері де

болады.* * *

Кеңістікте еркін қозғалған тіршіліктің өзі тəрізді техника да – кəрі.* * *

Басқа өмір формаларын көріп қана өз өміріңнің ақиқатын сезіне бастайсың.

Page 84: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

84

* * *Теоретиктер ойлап шығарған мемлекет қана əлдебір жүйе

құрайды.* * *

Сөз тілінде өтірік айтушы адам – онысын, оған өзі мəн бермесе де, ишарат тілінде де сездіріп қояды.

* * *Дəлелдеуді үйренген адам – енді ештеңеден де қорықпайды.

* * *Əр кеудеде – бір дін отырады.

* * *Əр мəдениеттің өз балалық шағы, жастық шағы, ересек шағы

мен кəрілігі бар.* * *

Əр мəдениеттің өз өркениеті болады.

* * *Бізде əйтеуір бір қырынан келіп инквизацияға иек артпайтын

партия жоқ.* * *

«Адамзат» дегенде ешқандай мақсат, ешқандай идея, ешқандай жоспар жоқ: көбелектер мен орхидея гүлінде мақсат жоғы тəрізді. «Адамзат» деген – бос сөз.

* * *Толстойдың христиандығы – түсінбестік еді: ол Марсті ойлап

отырып, Христос туралы сөйлеген.

* * *«Пайда» деген сүйкімді сөзге айналды, оның көмегімен

өркениетгі ақыл бүкіл ғаламды жұтып барады.

* * *Іс адамы дегеніміз – мақсаткер адам, ал ой адамының əрбір

мүшесі тəн дегенді көзге де ілмей, тіпті оған қарама-қарсы өзінше əрекет жасауға ұмтылады.

* * *Адам да өсімдік тəрізді: не өседі, не өледі. Үшінші жол жоқ.

Page 85: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

* * *Адам – өзінің өлетіндігін білетін жалғыз жан иесі.

* * *Дерекке сүйенген адам мен ақын екеуі – бір-бірін ешқашан да

түсіне алмайды.

* * *Адами ойлау дегеніміз – көзбен ойлау.

* * *Сайлау құқы неғұрлым жалпы болса – электораттың билігі

солғұрлым тапшы болады.

* * *Бала көтерген əйелдің бойында бір нəрсе өледі.

* * *Шаруа адамының өмірінде оның үйі қандай маңызды орын алса,

мəдениетті адамның өмірінде қала да сондай орын алып келеді.

* * *Сезетін мүшені – түсінетін де мүше деп есептеу керек.

* * *Басқа мəдениет құбылыстары – басқа тілде сөйлейді.

Page 86: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

86

Элиас КАНЕТТИ

ЖАУАБЫ КӨПТІҢ – САУАЛЫ КӨП

* * *Ницшенің мақамында құранның əуеніне ұқсас бірдеңе бар.

* * *Күнделік жүргізген адам өзімен-өзі сырласады.

* * *Əйгілі авторлардың афоризмдерін оқыған кезде шіркіндер бір-

бірін өте жақсы білген екен деп ойлап қаласың.

* * *Ағылшынның арманы – алды-артын қоршаған ағыл-тегіл су

үстінде тұрған корабльдегі азғана топтың капитаны атану.

* * *Саған керегі – қандай қарапайымдылық! – мəңгілік...

* * *Кедергілер адамды қатігез етіп жібереді.

* * *Құдірет иесінің өзі де қалғып кеткендіктен емес, қорқыныштан

көрінбей жатуы мүмкін ғой.* * *

Бай адам табын-табын мал мен буда-буда ақша жинайды. Адам туралы ойлап, бас қатырып жатпайды: оларды сатып алуға болатынын білгені жетіп жатыр. Билеуші маңына адам жинайды. Оған табын мен буданың қажеті шамалы əрі кеткенде адам жинау үшін ғана керек.

* * *Қарғыс атқыр кекшілдікті қарғыс атсын: біреудің қолынан ең

соңғы бауырым мерт болса да кек алғым келмейді.

Page 87: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

87

* * *Билеушілер тек өздері ғана тірі қалуға тиіс сияқты көреді.

* * *Билеуші ешқашан да толық көшірмейді.

* * *Билеуші өзі мен өз құзырындағылар арасына ең үлкен əрі ең

қиын кедергілер қойып қояды: соның арқасында ол күнге, немесе қытайдікіндей одан да, алысырақтағы аспанға айналады.

* * *Адам ұлы ғой, шіркін: қандай қорқынышқа бармайды дейсің,

оны терең сезініп, оған төзіп жəне оны жадынан ешбір шығармай жүріп өмір сүре береді.

* * *Бет-бейнедегі қимыл-қозғалыстардан адамның қолынан қанша-

лықты айла-шарғы келетіні айқын аңғарылады.

* * *Билік өзіне үш қайнаса сорпасы қосылмайтындардың да басын

шыр айналдырады.* * *

Ең тереңдегі, жануарлар деңгейіндегі, билікті билік емес зорлық деп атаған жөн.

* * *Кешірім жасау билігі дегеніміз – баршаға құзыреті жүретін

жəне əркімге тонның ішкі бауындай жақын билік.

* * *Қазіргі билік – қай кездегіден де құдіретті əрі қай кездегіден де

қарғыс атқан билік.* * *

Меланхолия кезінде адам өзін-өзі əбден тұйыққа тіреліп, алқымнан алғандай сезінеді.

* * *Үндемес өзінің шын елден бүгін жүргенінен əлдеқайда артық

сезік туғызады.* * *

Біздің санамызда өткеннің бəрі ғасыр-ғасырға бөлініп қойылған: олардың маңында басқа ештеңеге орын жоқ.

Page 88: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

88

* * *Тек кейін қайтар жол іздеп табу үшін жəне оны басқалардың

бəріне тайға таңба басқандай етіп таныту үшін ғана құрдымға кетеді.

* * *Кездейсоқ өсу қашан да таң қаларлықтай əсер етеді.

* * *Адамның мəңгілік өмірге деген үмітінің астарында қалай да

тірі қалуға деген құштарлық жатады.

* * *Жазу процесінде əлдебір шексіздік бар.

* * *Жауынгер тəрбиесі басқаларға қарағанда əлдеқайда көп тиым

салудан басталады.* * *

Мен барған сайын көп сенімнің кездейсоқтығына төзімсіз болып барамын.

* * *Кісілер өз төңірегіне тізіп тастайтын кедергінің бəрі əлде-

біреулермен жақындасып кетуден қорқуға байланысты туады. Бұл қорқыныштан көпшілік ортасына енген кезде ғана құтылуға болады.

* * *Жұрт алдында жазалап, дарға асу дегеннің негізінде ежелгі

ұжымдық өлтіру тəжірибесі жатыр. Нағыз қанішер – сол дар алдында шулаған қалың тобыр.

* * *Қандай шарасыздық жағдайында жазылса да, қағазға түскеннің

бəрінде үміт ұшқыны бар.* * *

Ішіп-жеуге болатынның бəрі – биліктің құзырындағы нəрсе.

* * *Шіркеумен салыстырғанда билеуші біткеннің бəрі ұсақ

дилетанттарға ұқсайды.* * *

Сұрақ қою – басып кірумен пара-пар.

Page 89: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

89

* * *Ағылшындар қиналған сəттердің бəрінде – менің бойымды

олардың парламентіне деген сүйініш сезімі билейді.

* * *Қиындықтан жұртпен бірге құтыласың немесе ешкім де құты-

ла алмайды.

* * *Күнтізбенің қолайлылығы ешқашан үзілмей, жалғаса беретін-

дігінде.* * *

Қалалар қирайды, адамдар тереңге тығыла түседі.

* * *Ешқашан дəл осылай істей алмайтындай қимылда.

* * *Голландиялық үшін дамба дегеніміз – оның ұлттық ғұмырының

басы мен аяғы: содан болар, ер адамдардың көпшілігі дамбаға ұқсайды.

* * *Қуғыншы қалың тобыр жинау қажет болса – əлде-біреуді өлуге

тиісті деп айғайлату жетіп жатыр.

* * *Дəлел – ойлаудың ең алғашқы жасаған күнəсі.

* * *Жазғаныңды дəлелдеп жату қандай қиын десеңізші: құдды бір

айтқаныңды қайтып алып жатқандай сезінесің.

* * *Осыдан бір-екі ұрпақ бұрын «революция» деген сөзге кім болсын

міндетті түрде «француздікі» деген сөзді қосып айтқан болар еді.* * *

Үрейін ұшырғаннан гөрі, жеккөрінішті көрінген артық.

* * *Біреуге ажал тілеуді алыстан іздеп жатудың, ол үшін адам

жанына соншалықты терең үңілемін деудің қажеті жоқ – оны кез-келген жерден кездестіруге болады.

Page 90: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

90

* * *Мұнда, біздің жердегі тірлігімізде патшалық құрушы – өндіріс.

* * *Бұйрыққа əбден мойын ұсынғандар аса жаман əрекеттерге

баруға қабілетті екені белгілі.

* * *Қалың бұқара ең көп қатысатын əрекет түрі – қашу.

* * *Жануарлардың ішінде адам күлкісіне ұқсас дыбыс шығаруға

қабілеттісі тек гиена.

* * *Испан жұрты – матадор, олардың əрқайсының өзінің жеке тек

өзіне ғана басыбайлы бағынышты тобыры болады.

* * *Шындық дегеніміз – күннің күркіреуі тəрізді: ауаны тазартады

да, əрі қарай кете барады. Шындық найзағай тəрізді жай түскендей соғуы керек: қорқуға тиісті адам – қорықсын.

* * *Қазіргі дүниенің ең ақиқат əрі ең қорқынышты бет-бедері –

газет.* * *

Бұйрықтың иесі – күші асқан.

* * *Жануарлар болмаса дүние қаншалықты қауіпті боларын көз

алдыңа елестетудің өзі қиын.

* * *Кім болсын тамақ ішіп отырған кезде өзіне-өзі қарап көрсе

артық болмас еді.

* * *Кейбіреулер өзі өлмеуге тиіс дегенге құдайдай сенеді.

* * *Кез-келген адам – дүниенің кіндігі: дүниенің қызығы да сол –

мұндай кіндіктерден аяқ алып жүре алмайсың.

Page 91: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

91

«Өзіңді өзің таны» деу – айтуға ғана жеңіл: шынында да осылай болып жатса – қандай қорқынышты болар еді.

* * *Бұйрықтың теперішін ең көп көретіндер – балалар. Олардың

қалай төзіп жүргеніне, тəрбиешілердің игі ниетті имансыз илеуіне қалай шыдап жүргеніне таң қаласың.

* * *Зиялылардың ең басты кеселі – дүние тек зиялылардан ғана

тұратындай көретіндігі.* * *

Құдайға сенбейтін адам дүниенің күнəсінің бəрін өз мойнына алады.

* * *Жайбарақат жату – адамды қарусыздандырудың ең төте жолы.

* * *Əдебиет кəсіби тұрғыда алғанда – зиянды іс: сөзден қорқу керек.

* * *Қуғынға түскен кезде ғана бұл дүние қашан да қуғындалғандар

мен жер аударылғандар əлемі болып келгенін терең сезінесің.

* * *Кез келген құпия – жарылғыш зат тəрізді.

* * *Адамдар бұйрықтың ырқына көнген кезде оның қаншалықты

қауіпті екенін онша терең сезіне бермейді: бұйрыққа қарсы шығып, оның билігінің бұйдасын үзуге ерлік керек.

* * *Адамдар қызу қанды əрі албырт келеді: анаған да, мынаған да

ұмтылуға құмар, өзіне-өзі кумир жасап алады да, соның шашбауын көтеріп дедектейді де жүреді жəне басқа дүниенің бəрін ұмытып, тек соған деген құштарлықпен күйіп-жанады.

* * *Көпшілік қорыққан кезде қатты ұйысып, бірігуге ұмтылады.

* * *Көпшілік тығыздыққа құмар, көпшілік бағыт-бағдар бергенді

қалайды.

Page 92: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

92

* * *Көпшілік ешқашан қанағаттанбайды – бұл оның басты белгісі.

* * *Көпшілік қалай тез жиналса, солай тез тарайды.

* * *Немістердің көпшілік қолды рəмізі – əскер болатын: бірақ ол əскер-

ден əлдеқайда артық-тын – марштағы орман десе де болатын еді.* * *

Сөзге келуді білмейтін жандардың қорқынышы аз ба?!

* * *Көп адам қазынасы аздау болса көбірек жасаған болар еді.

* * *Кім біледі, мүмкін, сенің əрбір дем алысың – əлдебіреудің

соңғы тынысы болар.* * *

Əр соғыстың бойынан оған дейінгі барлық соғыстардың белгілерін табуға болады.

* * *Сауалға үнсіздікпен жауап беру – соққыны қалқанмен немесе

темір броньмен қайтарудай.* * *

Үнсіздік оқшауландырады: үндемейтін адам өзін көп сөйлейтін адамнан гөрі əлдеқайда жалғыз сезінеді.

* * *Теңіздің де тілі бар.

* * *Данышпан адам өмір бойы сəби күйінде қалады.

* * *Тек жауап беру топырақты да, тамақты да құрғатып тастайды.

* * *Музыканың жанға жайлылығы жаңа сөз туындатпайтындығынан-

ақ аңғарылса керек.* * *

Еңбегің сіңбегеннің бəрін алу үшін барынша қаусаған қарияға айналсаң жетіп жатыр.

Page 93: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

93

* * *Өзімен-өзі болған адамға – өзгенің билігі жүрмейді.

* * *Кез-келген жүйенің ең жетілген буыны – оған енбей қалған буын.

* * *Көпшілікке сырттан келіп шүйлігу оның ішкі бірлігін нығайта

түседі.* * *

Асықпаған зорлық билікке айналады.

* * *Нағыз жазушы қашан да өз дəуірінің айтқанымен жүреді, оның

қызметшісі, оның басыбайлы шаруасы, оның ең соңғы құлы.

* * *Табыстан дəмету, табыстың өзі сияқты тынысыңды тарылтады.

* * *Соғыста кісі өледі. Көп кісі өледі. Жеңімпаз деген – ең көп

дұшпан өлтіргендер.* * *

Бейкүнə сауал дегеніміз – жаңа сұрақ туғызбайтын, өзіне-өзі разы сауал.

* * *Өткен күндер шындығын сол кездегі жазбалардың көмегімен

өтірікке айналдыруға жол беріп алмағайсың.

* * *Аузы-мұрны жоқ үнсіздік аздырады.

* * *Жылдам жүйе жасап алғыштарды суқаным сүймейді.

* * *Табыну объектісіне айналғаннан асқан жалығарлық іс жоқ.

* * *О дүниелік болғандар туралы ұзақ ойларға берілмейтін бірде-

бір тайпа, ру немесе халық жоқ.* * *

Адамның құшағы ауаға ғана айрықша айқара ашық.

Page 94: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

94

* * *Адамдар осы «психология дəуіріндегідей» өзі туралы өте аз

білген кез болған емес.* * *

Бірдеңе бастағанның ешқайсы да неге жетіп, не табарын алдын-ала білуі мүмкін емес.

* * *Дауысқа салғанда басым түскен көпшіліктің пікірі дұрыс

дегенге іс жүзінде ешкім де, ешқашан да сеніп көрген емес.

* * *Ешбір қырғын келесі қырғынға тосқауыл қоя алмайды.

* * *Орындаушының бір бетперденің астында екінші бетперде

жасырып жүруіне ешкім бөгет бола алмайды.

* * *Түнде, маужыраған тыныштық ортасында, өзі жақсы білетін-

дердің бəрі қалың ұйқыға кеткен кезде ол əлдеқайда жақсы адамға айналады.

* * *Əдетте, қирату дегеніміз – шекараға қол сұғудан басқа түк те

емес. Есік-терезесі сынып, үңірейген үйдің сиқы кетеді.

* * *Жалғыз жеке сөз – жауһардай таза болуы мүмкін. Бірақ келесі

сөз-ақ оның бірдеңесін үзіп-жұла бастайды.

* * *Тек кездейсоқтық қана бақытты етеді, бірақ ол көп күткенге

жолығуы жəне оларды жоққа шығаруы керек.

* * *Ол махаббат туралы көп айтатын, бірақ ешқашан да ешкімді

жанына жақындатып көрген емес.

* * *Ол бəрін басынан бастар еді: сол бастаудың өзі қайда екен?

* * *Ұзақ жасаудың қаупі: не үшін өмір сүргеніңнің өзін ұмытып

қалуың мүмкін.

Page 95: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

95

* * *Қару кенеттен əрі барынша жиі өзін қолданушыға қарсы

шығатын болуы керек.* * *

Ұжымдық кісі өлтірушілікке деген қарсылықтың пайда болғанына көп бола қойған жоқ. Оны асыра бағалаудың реті жоқ. Қазір де газет-журнал арқылы біреулерді көпшіліктің көз алдында дарға асуға жұрттың бəрі бірдей қатысады. Айырмашылығы – қазір оны бұрынғыдан гөрі əлдеқайда қолайлы жағдайда отырып, тамашалауға болады.

* * *Кез-келген бомбаның бір бөлігі оны жасаушылардың ортасына

келіп жарылады.* * *

Данышпандық – білгірлік пен білместіктің ара салмағындағы үйлесімге байланысты.

* * *Ресми кісі өлтірушілер тікелей өздері берген бұйрықтардың

нəтижесі неғұрлым көп шығынға ұшыратса, соғұрлым қанағаттана түседі.

* * *Жатқа жан ауырмайды.

* * *Ерекшелігі жоқ жазушы – жазушы емес.

* * *Нашар ақын жан дүниесіндегі əр алуан өзгеріс иірімдерін

жасыруға тырысады, ал жақсы ақын, керісінше, соның бəрін ақтарып жайып салуға құмар.

* * *От қойған көпшілік ешқашан беті қайтпастай сезімде болады.

* * *Нағыз ақындар кейіпкерлерімен оларды қиялында жасап

алғаннан кейін кездеседі.

* * *Қолында ешқандай билігі жоқ бірде-бір адам қалмағанша –

соншалықты түңілудің қажеті жоқ.

Page 96: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

96

* * *Ажал барда – əрбір жанды сөзді оған деген қарсылық деп ұққан

жөн.* * *

Кез-келген басқа халықтардан гөрі – еврейлерді түсіну қиын.

* * *Дарға асудың куəсі болған тобыр өлім қорқынышын бұрын-

ғыдан əлдеқайда артық сезінеді: құрбандық неғұрлым зор болса, қорқыныш та солғұрлым зорая түседі.

* * *Аярлығы өзіне аян билеушінің жəдігөйлігіне жұрттың бəрі

бірдей сеніп қалуы мүмкін емес.* * *

Қуғыншы тобыр тез қол жетер мақсат төңірегінде топтасады.

* * *Бұйрыққа қарсылық көрсетудің мəні жоқтықтан бағынады: ол

бұйрықты қалайда жеңіп шығатын адам береді.

* * *Бұйрық қарсылықты қаламайды.

* * *Бұйрық – тілден де ересек: əйтпесе, оны ит түсінбес еді ғой.

* * *Өркениет принципі: жоғалтқаннан артық табу.

* * *Өсуге құмарлық – тобырға тəн ең бірінші жəне ең жоғарғы қасиет.

* * *Жұрт алдында ақталу – ақталмау деген сөз.

* * *«Жігіттер, мəңгі өмір сүргілерің келе ме?» – «Иə!».

* * *Дінді жоқтау – дүниеге оның бет-бейнесін айқындап берді.

* * *Романға асығыстық жараспайды.

Page 97: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

97

* * *Қол да бір кезде бір нəрсені бірдей қайталап жасай алмайды.

* * *Қатал сұрақ қоюға мүмкіндік берген тирандықтан асқан

тирандық жоқ.* * *

Көз алдыңа келтіруге болатын ең жантүршігерлік тобыр тек таныстарыңнан ғана тұрар еді.

* * *Ең əсерлі қиратушы құрал – от: ол бəрін тып-типыл қылады.

* * *Еркін адам дегеніміз – бұйрыққа мойын ұсынбаған адам.

* * *Əулие дегеніміз – бүкіл адамгершілік зардабын шегу шегін тек

өзімен ғана шектеген адам.* * *

Қазір бір адамды ресми түрде отқа жағу туралы шешім қабылдаудан дүниежүзілік соғыс өртін тұтату жеңіл.

* * *Сөзуар жұрттан бұрын қартаяды: алдымен – сын есімнің, содан

кейін – етістіктің өңі кетеді.* * *

Ажалмен қорқытып-үркіту – биліктің тиын-тебені: тиынға тиын қосып отырып, мол байлық жиып алуға болады.

* * *Ең көне əрі ең жаңа факті – ажал.

* * *Жаңа тасқұдайды идолды – ескінің қаңқасының сынықтарынан

жинайды.* * *

Тік тұрған – еркіндігіне тəнті: оған тіреудің қажеті жоқ.

* * *Жүз жыл? Бар болғаны түкке тұрмас жүз жыл! Жақсы ойдың

жүзеге асуына қайдан көптік етсін ол?!

Page 98: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

98

* * *Пікір – қанша сенімді айтылғанның өзінде де бар болғаны пікір

ғана.* * *

Орындыққа отырып, үстел үстінде ас ішуді үйренгелі соғыс бұрынғыдан гөрі ұзаққа созылатын болып кетті.

* * *Болашағымызды машиналарға сеніп тапсырғаннан бері –

сəуегейліктен сəн кетті.* * *

Тобыр құрбандықтың жазадан қашып құтылғанын ұнатпайды.

* * *Биліктен күшті болғысы келген адам бұйрықтың көзіне тура

қарап, оның тілін жұлып алудың жолын табуы керек.

* * *Өзінің естеліктерінен есі шығып, үрейленетіндерден асқан

қорқақ жоқ.* * *

Кез-келген бұйрықтың астарында қауіп жатыр.

* * *Сұрақтың көзіне су құятын жауаптан асқан ақылды жауап жоқ.

* * *Əр тіл өзінше тұсалады.

* * *Жауабы көптің – сауалы көп.

* * *Сөзі көптің – серігі аз.

* * *Ойды сүйемін деп адамды ұмытып кетпегендер ғана философ

деуге лайық.* * *

Сөйлем ешқашан да оны жазып отырған адамға ұқсамайды.

* * *Кісі қашан да өзгенің қадамдарына құлағын түрік ұстайды: оған

өзінікінен де көбірек көңіл бөледі.

Page 99: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

99

* * *Адамның бойында өзімен-өзі бола аларлықтай күш-жігер

болуы керек.* * *

Адам – көп қырлы, мың түрлі: бұл – оның ең үлкен бақыты.

* * *Адам өз бойына бүкіл ата-бабасының ақыл-ой даналығын

жинап жүрсе де ақымақтығынан арыла алған емес.

* * *Адам белгісізбен беттесуден қорқады.

* * *Көп жоғалтқандардың бірі-бірінен айырмашылығы да азая

түседі, керісінше тағдырларындағы ұқсастық көбейеді.

* * *Өнім көбейген сайын, тұтынушыларға деген қажеттілік деңгейі

де өсе түседі.* * *

Шаршағандықтан кірпігің қозғалудан қалғанша оқи беру керек.

* * *Мойындаусыз адам адам бола ма? Ал мойындау адамды неге

айналдырып жібергенін қарап көріңіз!

* * *Адамдар «ұлылық» дегенді қалай түсінеді екен? Оның мағы-

насы көп екендігі соншалық, оның ненің баламасы екенін де біліп болмайды. Ұлы демеген не қалды десеңізші!

* * *Шыңғысхан кім? Ақсақ темір кім? Гитлер кім? Олардың бəрі

де қазіргі мүмкіндіктермен салыстырғанда – бар болғаны бейшара көмекшілер, халтурщиктер мен дилетанттар ғана ғой.

* * *Жануар жайбарақат келеді: өйткені, алдында не күтіп тұрғанын

білмейді.* * *

Осы дəуір жаңа заттар дəуірі болғанымен, жаңа ойлар дəуірі дей алмаспыз.

Page 100: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

* * *Тіл, тұтас жүйе тұрғысынан алғанда, сақау болып қалады.

* * *«Мен – бармын», «Мен – жоқпын» – адамзаттың жаңа санамағы!

* * *«Мен – атаққұмар емеспін, тек жаным тез жараланатын

нəзікпін» дейді асқан атаққұмар адам.

Page 101: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

101

Мартин ХАЙДЕГГЕР

ФИЛОСОФИЯ – ЖҰРТТЫҢ БƏРІНЕ ҚАТЫСТЫ ДҮНИЕ

* * *Американдық дегеніміз – еуропалық бірдеңе.

* * *Таң қалу жұмсаушыға – иек артушыға, шақырушыға берілген

белгі, ілкі ишарат тəрізді.* * *

Сөз жетпеген жерде зат та жоқ.

* * *Кез-келген түсіндіру түсінікке негізделеді.

* * *Айтыс-тартыс кезінде біреу-біреуді төбесіне көтеріп шығарады.

* * *Билік үшін күрестің бəрі – билікке бағынышты.

* * *Сайып келгенде – өнер біткеннің бəрінің өзегінде поэзия жатыр.

* * *Суреткер – жасампаздық бастауы, жасампаздық – суреткерлік

бастауы. Бірінсіз бірінің күні жоқ.

* * *Сөйлеудің өзі – тыңдау да: ол – өзіміз сөйлеп тұрған тілдің

тыңдауы.* * *

Ой орамдары бізді білінер-білінбес құпия ишаралармен тіл арқылы алып өтеді.

Page 102: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

102

* * *Антропология дегеніміз – адамның кім екенінен жалпы хабар-

дар болғандықтан ешқашан «ол кім» деген сұрақ қоя алмайтын ой өрнегі.

* * *Билік басындағылар мен биіктен дəмелілер арасындағы күрес –

екі жақ үшін де билікке талас болып табылады.

* * *Соғыс – бейбіт күндері жалғасатын жан қиюдың бір түріне

айналды.* * *

Адам қашан да құпиялық пердесін ашу тағдырының дүлей құшағында тыпырлап əлек. Бірақ оның тағдыры – еріксіздік таланы емес. Қатер техниканың өзінде емес. Ешқандай техника сайтаны деген жоқ, бірақ техника болмысының құпиясы деген бар. Құпияның сырын ашу миссиясына арналған техника болмысы қатерге толы.

* * *Барлық гуманитарлық ғылымдар мен өмір туралы ғылымдар

қаталдық сақтау үшін міндетті түрде дəл болмаулары керек.

* * *Қос нүкте – əлдененің басы.

* * *Өнер ақиқаты – жасампаздықта.

* * *Сөйлеу қабілеті – адамды адам етер бірден-бір белгі бола тұрып,

оны басқалардан ерекшелейді де.

* * *Диалектика – ол туралы сұраудың өзі сөкет саналатын

бұлжытпаушылық диктатурасы.

* * *Шығыс Азия жəне Европа халықтары үшін тілдің мəні мүлдем

кереғар мағына береді.* * *

Тас – дүние дегеннің не екенін білмейді. Өсімдік үшін де, жануарлар үшін де дүние деген ұғым жоқ, олар өздерін қоршаған ортаның көзге көрінбейтін ықпалына бағынады.

Page 103: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

103

* * *Сөз үшін сөйлеушілер керек.

* * *Өзіңе ойға лайық бірдеңе айтуға мүмкіндік беру ойлауға жатады.

* * *Сұңғат өнері (живопись) уақытты өзінше сезінеді.

* * *Тиым – қарсылықпен тығыз байланысты.

* * *Əлдененің бастауы дегеніміз – оның мəнінің өзегі.

* * *Өнер дегеніміз – енді ешбір ақиқатқа сəйкес келмейтін болып

қалған сөз ғана.* * *

Шынайы өзара тіл табысудың екі негізгі шарты бар: олар – бір-біріңді тыңдауға деген мойымас жігер мен өз тілегіме жетсем деген ішкі шешімділік.

* * *Адам неғұрлым мойып, салы суға кеткен жағдайда болса – ол

көзге ұрып тұрса да, тұрмаса да – оның этикаға деген құштарлығы солғұрлым күшейе түседі.

* * *Кез-келген зат оны не деп санаса сол ғана бола алады.

* * *Əрбір ауыздан шыққан сөздің өзі – жауап.

* * *Адам үнемі – өзінен бұрын өткендермен, бəлкім одан да жиірек

əрі жүрекжардылау – өзінен кейінгі ұрпақтармен сөйлесіп жүреді.

* * *Сурет те қабырғада аңшының мылтығы мен бас киімі қалай

ілініп тұрса, дəл солай ілініп тұрады.

* * *Ауытқу баяулау сақтыққа негізделген кезде ғана өзін-өзі

ақтайды.

Page 104: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

104

* * *Кейде əлдененің соңы – оның осыған дейінгісін қосып есеп-

тегеннен ұзағыраққа созылуы мүмкін.

* * *Шаруа зердесінде қарапайым, сенімді əрі оты сөнбеген адал-

дық бар.* * *

Ешқашан ештеңе айтпайтын адам керек кезінде үнсіз қала алмайды. Тек адал сөзде ғана шын үнсіздік болады.

* * *Адамдар қашанда əлде бірдеңені ойлап табумен əлек.

* * *Жақын арақашықтық – əлі жақындық емес. Алыс арақашықтық

– əлі алыстық емес.* * *

Суретке айналған əлем жаңа əлем болуға тиіс.

* * *Үнсіздік – сақаулық деген сөз емес.

* * *Адамдар көргісі келмейді, өйткені онда бір метафизиканың

үстіне екіншісін қойып салып жатқан іргетас ешқандай да іргетас емес екендігін мойындауға тура келер еді.

* * *Батылдық бірін-бірі түсінгісі келгендерге сенім береді, олардың

өздеріне деген сенімін күшейтеді жəне сол арқылы олар бір-біріне құшақ жайып, ашыла алады.

* * *Біздің жолымыз – ой сүрлеуі.

* * *Түкке тұрмайтын нəрсе туралы ғылымның өзі де ештеңе білгісі

келмейді.* * *

Ой жазып отырған кезде жүрісінен жаңылады.

Page 105: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

105

* * *Біз бір нəрседен ғана – зат пен жасанды заттың жылдам əлдебір

бұйымға айналуынан қашқанымыз жөн.

* * *Ишараға илігіп қаласың. Ишара сақ болуға шақырады. Аспаннан

түскендей тосын жалт етіп жеткен ишара бізді өзі шыққан бастауға жақындата түседі.

* * *Ой өз баянымен тілде көзге түспейтін терең із қалдырады: ол

танапта шаруа соқасы тіліп қалдырған іздерден əлдеқайда нəзік.

* * *Күтпеген қарапайымдылық адам бойына кенеттен келіп енсе

де, ұзақ пісіп-жетілу мен гүлдеуді қажет етеді.

* * *Көзге көрінбейтін зат – ойға да басқалардан əлдеқайда көбірек

қарсылық көрсетеді.* * *

Бір өзіңнің күш-жігерің сені ешқашан да пұшпаққа шығармайды.

* * *Нигилизм – асқақ құндылықтардың құнсыздану процесі ғана

емес, ол сол сияқты құндылықтарды жай тартып алу да емес. Сол құндылықтарды өмірге алып шығудың өзі – нигилизм.

* * *Ешкім де басым пікірлер шеңберінен оңай, бір-ақ ырғып секіріп

шығып кете алмайды.* * *

Зерделеу дегеніміз – ең алдымен, өз пікірлерің мен өз мақсаттарың кеңістігінің ақиқаттығына күмəндануға мүмкіндік беретін батылдық.

* * *Зерделеу – сұрақ қоюға лайықтыға берілгендік.

* * *Нақты жауап дегеніміз – жауапкершіліктің басы ғана. Сондықтан

да нағыз сұрақ қайтарылған жауаппен бірге күн тəртібінен түсіп қалмайды.

Page 106: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

106

* * *Қарсылық алып қоймайды – қарсылық сыйлайды. Қарапайым-

дылықтың таусылмас терең күшін сыйлайды.

* * *Бар ақыл-ойымызды жұмсап, бардың түбіне жетпей тұрып – біз

ешқашан да болар болмыстың бөлшегі бол алмаймыз.

* * *Заттың дəл қазір өзінен-өзі қай бағытта қозғалып бара жатқанын

байқау – оның мəнін аңғару деген сөз.

* * *Топырақ – тамыр үшін негіз болып табылады: ол ағаштың

пайдасы үшін өзін ұмытуға дейін барады.

* * *Шынайы түсіністіктің тағы бір белгісі: ол ешқашан да тез

табысқа жəне қалай да анық нəтижеге жете қояды екенмін деп ойламайды.

* * *Бірдеңеге көз жеткізу – адамды айрықша нұрландырып жібереді.

* * *Кеңістік – орын босату деген сөз.

* * *Ырғақ тыныштық сыйлайды.

* * *Ең тексіз, өзінің-өзі сұрқын алатын көңіл күй өшпенділік:

еріксіздіктің ең асқынған түрі тəкəппарлыққа дейін ісіп-қабынатын айтақырлық.

* * *Адамның болмыспен байланысы – бұлыңғыр.

* * *Сөйлеу мен айту – бір нəрсе емес. Адам тоқтамай ұзақ сөйлеуі

мүмкін, бірақ ештеңе айтпауы мүмкін. Басқа біреу, керісінше, үнсіз ғана отырады, ештеңе сөйлемейді, бірақ сол ештеңе сөйлемеуімен-ақ көп нəрсе айтуы мүмкін.

Page 107: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

107

* * *Не екен деп сұрақ қоюға лайық бағытта сапар шегу – авантюра

емес, үйге оралу.* * *

Əлде бірдеңелер алдындағы қорқыныш қашан да нақты заттарға байланысты туады.

* * *Техника болмысында біз мүлдем ойламаған нəрселер – құтқару

мүмкіндіктерінің бүршіктері тамыр жаяды.

* * *Құпия – құпияның өзі бар екені де білінбеген кезде ғана құпия

күйінде қалады.* * *

Жасампаздықтың бəрі бірдей эстетикалық құндылыққа айнала бермейді.

* * *Жасампаздық дегеніміз – рəміз.

* * *Жасампаздық дүниенің ашық күйде қалуына көмектеседі.

* * *Көркем шығарма затқа айналған жерінде көрмеге немесе

мұражайға қоюға жарайды.* * *

Түсінген адам ғана тыңдай алады.

* * *Тек адам ғана өледі. Жануар сеспей қатады.

* * *Дəл ойлау – тəртіпті ойлау деген сөз емес.

* * *Адамға қауіп, тіпті, машиналар мен техникалық жабдықтардың

зиянды қызметінен де келмеуі мүмкін. Нағыз қауіп адамға оның өз болмысынан шығып, таяп тұр.

* * *Түкке тұрмайтынның есігі жан түршігерлік қорқынышпен

ашылады.

Page 108: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

108

* * *Жантүршігерлік қорқыныш бізді сөйлеу қабілетімізден айы-

рады. Жантүршігерлік қорқыныш бізді бар тірегімізден айырады.

* * *Жантүршігерлік қорқыныш қашан да бізбен бірге. Ол тек

ұйықтап жатыр. Оның өткір тынысы біздің болмысымыздың желбегейін желпіп тұр. Ол есікті жұлқып кіруге қашан да əзір, бірақ өте сирек ұмтылады.

* * *Əр заттың өз сəт сағаты бар.

* * *Əр тарихи дəуірдің ұлылық туралы өз түсінігі бар.

* * *Философия – жұрттың бəріне қатысты дүние.

* * *Мазмұн мен түр – кез-келген нəрсеге өлшем бола беретін кең

тараған ұғымдар.* * *

Сіліккен сілкініп болған кезде біздің қолынан түк келмейтін үрейіміз енді не күтіп тұр екен, шіркін?

* * *Адам – қос мағыналылық сырын ашу арқылы алатын хабар

иесі.* * *

Қатердің өзіне таяған сайын, құтылу жолы соншалықты айқын ағараңдай бастайды, біз солғұрлым сұрақ қойғыш бола түсеміз. Өйткені, сұрақ қою дегеніміз – ойдың абыройы.

* * *Шаттық неғұрлым шат болса, оның бойында қалғып жатқан

қайғы да соншалықты мөлдір келеді. Қасірет неғұрлым терең болса, ондағы шаттық та солғұрлым елгезек келеді. Қайғы мен қуаныш əдетте біріне-бірі ұласып жатады.

Page 109: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

109

Людвиг ВИТГЕНШТЕЙН

МЕНІҢ «МЕНІМ» – МЕНІҢ ƏЛЕМІМ

* * *Заттың ажырамас бөлігіне айналған ахуал – ахуал емес.

* * *Артында айтары көп сөйлем көп сөйлейді.

* * *Философиялық делініп жүрген сөздер мен мəселелердің дені

жай ғана жалған емес, мүлдем мəнсіз.

* * *Болашақты біліп болмайды. Бірақ күннің тұтылу мерзімін

есептеп жүрген астроном осымен келісе қояр ма екен?

* * *Əзер айтылатын сөздер болады.

* * *Қисында кездейсоқ ештеңе болмайды.

* * *Сене бер! Залалы жоқ!

* * *Нақтылық жетпегенде мүмкіндікті пайдаланамыз. Жоққа

шығару мүлдем сөйлемнің мағынасын өзгертіп жібереді.

* * *Мүмкін болатын жағдайдың бəрінде өз орны бар затты өзіне-өзі

қожа деп есептеуге болады.* * *

Талғам таңдандыра алғанымен, бойыңды билеп кете алмайды.

Page 110: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

110

* * *Байлық билікке де қол жеткізетіндігіне қарамастан, билік пен

байлық – бір нəрсе емес.* * *

Сенуіміз – бойға сіңіруімізге байланысты.

* * *Сөйлемде мағына емес, түр ғана сақталады: мағынаны деректер

ғана жеткізе алады.* * *

Қорытындының бəрі а рrіоrі (алдын ала) жасалады.

* * *Сөзді қолдану кезінде біз айналып, қалтарыс-қалтарыспен

жүретіндейміз: жарқырап жатқан кең көше қол созым жерде жатса да, оған түсе алмаймыз – өйткені үнемі жабық тұрады.

* * *Қашан да ойға салғыштықтың жалаңаш жартасында қалтыра-

ғанша, одан ақымақтың қызыл-жасылды кең жайлауына сырғып түсіп, еркін көсілгенге не жетсін.

* * *Істің бəрі қалауыңа байланысты.

* * *Құдайға сену – өмірдің мəні туралы мəселені түсіну деген сөз.

Құдайға сену – дүние деректерінен басқа бірдеңелер де бар деген сөз. Құдайға сену – өмірдің мəні болатындығын білу деген сөз. Екі əулием бар: дүние жəне менің ешкімге тəуелсіз өз «менім». Мен не бақытты, не бақытсыз ғана бола аламын: бар болғаны осы ғана. Жақсылық дегендер жоқ десе де болады.

* * *Көріп тұрғанымыздың бəрі мүлдем басқаша да болуы əбден

мүмкін еді ғой.

* * *Қартайған кезде де, жас уақыттағыдай, проблема деген жалынан

сипатпайды: оларды шешу түгіл, қолға тұтып қалудың өзі барып тұрған машақат.

Page 111: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

111

* * *Данышпандық – дарынның жасайтын ерлігі.

* * *Данышпандық – бізді шеберлік дегенді мүлдем естен шығаруға

мəжбүр ететін ғажайып күш.* * *

Болашақ оқиғаларды бүгінгі оқиғаларға қарап бағамдау мүмкін емес. Наным дегеніміз – осындай себеп-салдарлы байланысқа сену.

* * *Философиялық сайыстарда жұрттың бəрінен жай жүгіретіндер

озады. Болмаса мəреге ең соңғы боп жеткен ұтып шығады.

* * *Рəсім-салт сипатындағының бəрінен аулақ жүрген жөн: өйт-

кені, ол тез бүлінеді.* * *

Мəселенің астары тез назардан тыс қалады.

* * *Менің тілімнің шекарасы – менің əлемімнің шекарасы.

* * *Өмір өлім дегеннің не екенін білмейді.

* * *Қалағанымыздың бəрі қаз-қалпында орындала қойғанның

өзінде бұл тағдырдың сиы ғана болып шығар еді: өйткені, ерік пен əлем арасында ешқандай қисынды байланыс жоқ.

* * *Ойлау шекарасын айқындау үшін біз оның екі жағын да ой

елегінен өткізе алардай қабілетті болуға тиіспіз.

* * *Істің теріс жағдайы болу үшін – жақсы іс жағдайының образы

да болуға керек.* * *

Жақсылық пен жамандық субъект арқылы ғана енеді.

* * *Қалау деген – қимылдау деген сөз емес.

Page 112: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

112

* * *Қисынды сан, бəсі үстем сан болмайтындығы айқындалуға тиіс.

* * *Ең алғашқы шабыт орта тұстағы көп шабыттан гөрі қымбатырақ.

* * *Егер адам баласы ешқашан ешқандай ақымақтық жасамайтын

болса – ақылды да ештеңе дүниеге келе қоймас еді.

* * *Егер істің түйінін шеше алмайтын болсаң, ең дұрысы – қолың-

нан келмейтінін білу, ал ең лайықты əрекет – соны мойындай алу.

* * *Егер құрбандық шалу арқылы өз даңққұмарлығыңның көңілін

табуды ғана ойласаң – онда сені құрбандығыңмен қоса қарғыс атады.

* * *Ойлануға ұмтылу – бір нəрсе де, ойлау дарының иесі болу –

екінші нəрсе.* * *

Қалауың – оқиғаның алдында, ал ерік-жігерің – соңында жүреді.

* * *Еміреуін де, былайша айтқанда, əлдебір үлгі жасағысы келеді,

бірақ онысы жүзеге аспайды.* * *

Жануар да атын атап шақырсаң, қайырылады. Кісілер сияқты.

* * *Өмір – байсалды, өнер – жеңілтек келеді.

* * *Сөздің мағынасы дегеніміз – оны пайдалану тəсілі.

* * *Ойлаудың да өз егісі мен қырманы бар.

* * *Кейде ой да ағаштың басынан піспеген күйінде топ ете қалады.

* * *Кез-келген қатенің де пайдасын көргенге не жетсін.

Page 113: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

113

* * *Ат қою – заттың əлдебір қасиетін таныту үшін қажет.

* * *«Сократ» жəне «Платон» деген есімдер ұқсас: екеуі де – кісі

аттары.* * *

Өз пікіріңнің болуы – қалыпты жағдай. Бірақ ненің жағдайы: жанның ба, əлде, рухтың ба?

* * *Өнер – емеуірін.

* * *Түсіндіру дегеніміз – ойлау, қызмет, ал көзқарас дегеніміз –

қалыптасқан жағдай.* * *

Сөзді дəлелсіз қолдану – оны теріс пайдалану деген сөз емес.

* * *Кейде ой істе ақталатындықтан ғана ойланады.

* * *Зерттеу ой əлемін ар жағынан бір, бер жағынан бір шығып,

еркін шарлауға мəжбүр етеді.* * *

Адамның бетіндегі түрлі құбылыстарды аңдау – музыка аккордын талдауға тең: бір тоннан бір тонға өтіп, құбылады да тұрады.

* * *Адам əрбір таң атқан сайын жансыз жарғақты жарып шағын,

жанды жылылық шуағына қол созады.

* * *– Философиямен айналысқандағы мақсатың не?– Шыбын-шіркейге шілтер тордан шағудың жолын көрсету.

* * *Ой қанша қораш көрінгенімен, бүкіл ғұмырыңа жетуі де мүмкін.

* * *Кейде тура көз алдыңда жатқан нəрсені көрудің өзі қандай

қияметке айналады десеңізші?!

Page 114: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

114

* * *Тас, жануардың жон арқасы, кісінің денесі, менің денем – бəрі

бір деңгейлес дүниелер.* * *

Көзқарастағы, қимылдағы, дауыс ырғағындағы нəзіктік əзер көзге түсер ақиқаттарға жатады.

* * *Мен өз сөздеріме басқалалардан гөрі басқаша қараймын.

* * *Шындықтан қорыққан жерде толық ақиқат болуы мүмкін деген

ойға да орын жоқ.* * *

Өтірік өте көп білген соң өтірік айтпау мүмкін емес.

* * *Мынау қолайлы дегенді білсең: ол басқаларды да өзіне ертіп

алып шығады.* * *

Сөздің мағынасын білсең, оны түсіну мен пайдалану да оңай.

* * *Ешбір дерегінің ақиқаттығына көзі жетпеген адам, сөйлеген

сөзінің мағынасына да күмəнмен қарайды.

* * *Ойлы сөз бен ойсыз сөзді – музыкалық шығарманы түсініп

жəне түсінбей орындаумен теңестіруге болады.

* * *Менің естеліктерімді басқаларға жеткізу үшін пайдаланған

сөздерім – еске түскен жəйлерге деген менің өз көзқарасым.

* * *Бізді өмірмен де, өліммен де байланыстырып тұрған тек ерлік

қана.* * *

Объектілер ғана дүниеге берік түр береді.

* * *Қисын өз жағдайын өзі ойлануға тиіс.

Page 115: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

115

* * *Қисын кез келген мүмкіндікке қатысты, ал қисынды деректер –

барлық мүмкіндіктердің өзегі.* * *

«Жақын адамыңды жақсы көру» – қалау, қажет ету деген сөз.

* * *Кез келген сөйлемді жоққа шығаруға болады.

* * *Кез келген сөйлем өзіне керағар сөйлемді жоққа шығарады.

* * *Ешкімді де жақсылыққа жетектеп апара алмайсың.

* * *Адам кейде идея дегенге бізден алыста жатқан жұлдыздар

əлеміне қараған астроном тəрізді қарайды.

* * *Математиканың басқа ғылымдардан айырмашылығы оның

əдетте тілдің ұшында тұрмайтын істермен айналысатындығында жатса керек. Ал тілдің ұшына жиі оралатынның бəрі – жұртқа кең таныс болып шығады.

* * *Əуен де – тавтологияның бір түрі: ол – өзімен-өзі оңаша, өзіне

өзі көңілі тола əлемге жатады.

* * *Əуен, музыкалық дарыны жоқтар айтып жүргендей, түрлі

дыбыстардың қоспасы емес.* * *

Дүние дегеніміз – өткінші біткеннің бəрісі.

* * *Дүние мен өмір – бір ғана нəрсе.

* * *Дүние – менің еркімнен тыс нəрсе: ол маған бағынбайды.

* * *Дүние – заттардың емес, деректердің жиынтығы.

Page 116: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

116

* * *Менің ойлағанымды маған дейін біреу ойлады ма, ойламады ма

дегенде менің жұмысым жоқ.* * *

Сөздің жалған болып шығу-шықпауы, сайып келгенде, неге айқындаушы мəн берілуіне байланысты.

* * *Сезіміңе сенбесең де, сеніміңе шəк келтіруге қақың жоқ.

* * *Аяқталған сөйлемді ғана жоққа шығаруға болады.

* * *Менің аңсарым – белгілі бір дəрежедегі байсалдылық.

* * *Менің тəсілімнің мəні – қаттыны жұмсақтан айыру емес,

жұмсақтың қатаюына куəгерлік ету.

* * *Даналық – сүрең, ал өмір мен дін – көп бояулы.

* * *Аңсар ақиқаттың астарында жатуға тиіс.

* * *Біз өз ойлағанымызды ғана болжап біле аламыз.

* * *Ой – деректің қисындық көрінісі.

* * *Көрініс – ақиқаттың моделі.

* * *Біз тілмен тартысамыз.

* * *Өзіңнің иланымың туралы немесе одан туатын əрекеттер жайлы

өз сөздеріңнің негізінде ой түюге болмайды.

* * *Өзің туралы өз болмысыңнан артық ақиқат тауып жаза қою

мүмкін емес.

Page 117: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

117

* * *Ғылым: баю мен кедейлену.

* * *Шын мəніндегі ерекшеліктің басы – өзің бола алмайтын бірдеңе

боламын деп əуре болмау.* * *

Сөздің мағынасы əрекет үстінде ашылады.

* * *Үлкен ақымақтықтарымыздың өзі даналық болып шығуы ғажап

емес.* * *

Грамматикаға шүбə келтіру – философияға қойылар бірінші талап.

* * *Қисынсыздық ойға бағынбайды, өйткені басқаша болған

жағдайда қисынсыз ойлау қажет болар еді.

* * *Əрекет жасамасаң ерік-жігерің де ешқайда шыға алмайды.

* * *Көш қозғалғаннан кейін жаңа мүмкіндік ашылмайды.

* * *Өзіңді өзің алдаудан асқан қиындық жоқ.

* * *Адамға түсінбейтін жəне түсінуі мүмкін де емес нəрсе туралы

айту артық болады.* * *

Дəл емес шекара – шекара емес. Ашық-шашық жатқан қоршау – қоршауы жоқ жермен бірдей.

* * *Мəселені түсінеміз деп ойлап та жаңылысуымыз мүмкін емес пе?

* * *Өзіңнен басқа ешкім түсінбейтін нəрсеге мүдделі болып əуре

болма.* * *

Қорқыныш емес, өзің жеңген қорқыныш қана таңдануға лайық жəне өмірдің өзін өмір сүруге лайық деңгейге көтереді.

Page 118: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

118

* * *Сирек кездесетін жəне жүйелі түрде жасалатын қателіктер

арасында айтарлықтай шекара жоқ.

* * *Сенімсіздеу айтылған пікірді сенімсіздіктің дəлелі деп қабыл-

дамағайсың.* * *

Онша көп нəрсе талап етпе жəне əлдебір əділ талабыңнан ештеңе шықпағанынан қорықпа.

* * *Бір кісінің жан айқайынан зор апат белгісі жоқ.

* * *Менің телпегімді менің орныма басқа біреу киіп жүрмейтіні

тəрізді, мен үшін басқа біреу бас қатырып ойланып жатпайды ғой.

* * *Бірде бір сөйлем өзі туралы ештеңе айта алмайды.

* * *Жаңа сөз пікірталас танабына тасталған жас тұқым тəрізді.

* * *Ешбір проблемасы жоқтай етіп өмір сүруге де бола ма екен,

шіркін?!* * *

Өз өркөкіректігіңнің сұлу сарайының күлпаршасын шығаруың керек: мұның өзі – өте қиын шаруа.

* * *Бірдеңенің атын дұрыс сұрай алу үшін алдымен оның өзі не

екенін, қалай жасалатынан білу керек.

* * *«Мен өз түйсігімді білемін» деуге болмайды: сен оның бар

екендігін ғана білесің.* * *

Бейне (образ) – суреттеудің орнына жүре алады.

* * *Бейне – жоқ қарым-қатынастарды да суреттеп бере алады.

Page 119: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

119

* * *Бейне де дүниеге өз көлеңкесін түсіруге тиіс.

* * *Объект қарапайым келеді.

* * *Түсіндіру – түсініспестіктің алдын-алуға немесе жоюға қызмет

етеді.* * *

Философ үшін ең күрделі мəселе – шəркесінің қай жері қысып тұрғанын табу.

* * *Бір дəуірді бір дəуір түсіне бермейді: тек түкке тұрмайтын бір

дəуірлер ғана басқалардың бəріне өз төбешігінің деңгейінен анда-санда баға бергіш келеді.

* * *Философтың басты қасиеттерінің бірі – өзіне қатысы жоқ

мəселелерге мойын бұрмайтындығы.

* * *Күту мен орындау тілде табысады.

* * *Керемет зор микроскоптың көз əйнегі (окулярі) де көзден үлкен

болмауға тиіс.* * *

Уақыттан озып кеткен адамның өзі алдымен оны қуып жеткен ғой.* * *

Адам өзі туралы өз биігінен қарап жазады. Бұл жерде ағаш аяққа немесе сатыға көтеріліп тұрудың реті жоқ: жалаң аяқ жер басып тұрсаң жетіп жатыр.

* * *Ой елегінен өткізу – əлдекімге ұмтылу тəрізді.

* * *Əлде бірдеңенің не сипатты дүние екенін грамматика арқылы

білесің.* * *

Күмəнді жəне күмəнсіз адамның мінезі: біріншісі – екіншісі бар болған жағдайда ғана мүмкін.

Page 120: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

120

* * *Ережені таңдамаймын, басшылыққа аламын: мен оған көзсіз

еремін.* * *

Қолымды көтергенім – қолымды көтергім келгені емес.

* * *Қисындылық аясында «қызмет», «дəлел», «ұсыныс» деген

сөздер кездеспеуі керек.* * *

Сөйлемнің мəнін ұғу – тілін түсіну деген сөз. Тілін түсіну – əлдебір техниканы меңгеру деген сөз.

* * *Күдік келтіру ойынына қатысудың өзі – сенімділік.

* * *Даңққа бөлену – қар үстінде дем алумен бірдей қатерлі іс:

қалғып кетсең болды – ұйқыңнан тұрмай қаласың.

* * *Сөйлем көне сөздер арқылы жаңа мағына бере алады.

* * *Көзқарас – сурет емес, бірақ сурет оған ұқсас болып шығуы

мүмкін.* * *

Кез-келген заттың артында бүкіл ғалам тұрады.

* * *Ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігі туралы көзқарас өзгеріп

тұрады. Менің өмірім көп нəрсені табиғи түрде қабылдауға негізделген.

* * *Тек сөз арқылы ғана ойланатын адамды көз алдыңызға елестетіп

көріңізші, қалай болар екен.* * *

Кейде бұйрық орындалмайды. Бұйрық ешқашан орындалмаса не болар еді? «Бұйрық» ұғымы өзінің мəнін жоғалтқан болар еді.

* * *Қолдану түсінудің өлшемі болып əлі де қала бермек.

Page 121: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

121

* * *Өмірдің проблемалары атүсті шешілмейді, олардың шешімі

тереңде жатады.* * *

Тастарға ат қою мен біреудің сөзін қайталау үрдістерін тілдік ойындарға жатқызуға болар еді.

* * *Ұлы шеберлердің туындылары – біздің төбемізге көтеріліп

барып, күні біткен кезде ұясына барып қонатын аспан шырақтары тəрізді. Осылайша күні өткен кез келген шығарма күні туған кезде қайырыла көкжиегімізге көтеріліп шыға келеді.

* * *Бұл туралы бұрын бірдеңе жазылды екен деп басыңды қатырып,

əуре болушы болма. Кез келген нəрсеге бəрін басынан бастап ойлап кіріс.

* * *Біз тіл жұмыс істеудің орнына босқа безілдей бастаған кезде

шатасамыз.* * *

Философиямен айналысу – негізінен өзіңді өзің жетілдірумен айналысу деген сөз.

* * *Таста да сана-сезім болады екен дегенді көз алдыңа келтіріп

көрші.* * *

Тек жалпы сөйлемдерден тұратын ғылым бар ма? Сұрақтың өзі құлаққа түрпідей тиеді.

* * *Сəби еркелеудің не екенін білгенше көп нəрсе үйренуі керек.

* * *Бала ересектерге сенгендіктен барып көп нəрсе үйренеді. Күдік

сенімнен кейін келеді.* * *

Өмір сүру проблемасының шешімі проблема жойылғаннан кейін барып қана ойға оралады.

* * *Өз шығармаларым арқылы өзгелердің ойлауын жеңілдетуге

Page 122: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

122

ұмтылған емеспін. Менің қалауым басқа: мүмкіндік болса, еркін ойды ояту.

* * *Күмəншілдікті жоққа шығаруға болады, бірақ ол мəнсіз нəрсе:

өйткені сұрақ қоюға болмайтын жерде күдіктене бастайды.

* * *Не үшін жəне неге үрейлендім дегенді айыра білген жөн.

* * *Сөз – терең судың бетіндегі жұқа шілтер тəрізді.

* * *Сөз – бұрғы: біреуі – терең, біреуі – тайыз теседі.

* * *Ажал – өмірге тəн оқиға емес.

* * *Автокөлік жердің астынан өсіп шықпайтындығы – əбден ақиқат

нəрсе.* * *

Ойша келісу – философиямен айналысушылардың ең зор мақсаты осы.

* * *Сұрақ бар жерде ғана күмəн болады, сұрақ – тек жауап бар

жерде ғана болады, ал жауап – əлде бір нəрсе айтылуы мүмкін жерде ғана болады.

* * *Асығып келе жатқан адам вагонның ішінде отырып-ақ оны

итеріп келе жатқандай көрінеді.

* * *Кейде қабырғаны ақылды-ақылсыз сөздермен айғыздап тастай-

тыны бар, бірақ механика теоремалары толтырылған қабырға кез-дестірген емеспін.

* * *Ажал алдындағы үрей – жалған, яғни нашар өмір сүргендіктің

белгісі.* * *

Сүйкімді көрінуге емес, таң қалдыруға тырыс.

Page 123: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

123

* * *Рухты айқын танытуға ұмтылыс зор құштарлыққа жатады.

* * *Ненің болсын бастауын табу қиын. Дəлірек айтсақ бəрін басынан

бастау жəне ешқашан қайта оралуға тырыспаудан қиын нəрсе жоқ.* * *

Талант – үнемі суына су қосылып жататын бұлақ тəрізді. Бірақ дұрыс пайдаланбасаң ол да тез тартылып қалады.

* * *Қажет ұшы қолыңа тигенін анық білмей тұрып жіптің ұшын

түйіп тастай көрме.* * *

Жауған сұрақтың астында қалып қойма, тек жайлы орналассаң жетіп жатыр.

* * *Тек өте бақытсыз адамның ғана біреуге аяушылық білдіруге

қақысы бар.* * *

Бақытты адамда үрей болмауға тиіс. Тіпті ажал алдында.

* * *Ақ қағаз бетіндегі қара ноқатты ақ пен қараның не екенін

білмей-ақ дəл көрсетуге болады.

* * *Ешқашан да дерлік адамның өз ойлаған арманы орындалмайды.

* * *Сенің қол жеткен табысың басқаға өзің қуанғандай зор болып

көрінбейді.* * *

Айтылуға тиіс нəрсені айызын қандырып айту керек, айтуға болмайтын нəрсе туралы үндемесе де болады.

* * *Адамдардың қалай ойлап, қалай өмір сүріп жатқанын олардың

дəлелдеріне қарап-ақ аңғаруға болады.

* * *Сүйкімді нəрсе – ғажап бола алмайды.

Page 124: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

124

* * *Көрсетуге болатын нəрсені айтуға болмайды.

* * *Соқырға жол көрсету қиын.

* * *Егер мен қолымды отқа салсам, ол оны күйдіріп тастайтыны

нақтылыққа жатады.* * *

Оқырманның өз қолынан келетін нəрсені өз еркіне қалдырған жөн.

* * *Қалың тұман ішінде келе жатқанда мақсатты жерге таяқ

тастамдай қалғандай көрінуі мүмкін. Бірақ тұман басылғанда ол одан əрі алшақтап кетеді.

* * *Сенімділік – жағдайының қалай екені туралы əңгіменің əуені

тəрізді, бірақ əңгіме əуеніне қарап, айтылғанның бəрі шындыққа сай екен деген ой түюге болмайды ғой.

* * *Жақсы теңеу ақыл-ойыңды сергітеді.

* * *Арыстан сөйлей бастаса, біз оны ұға алмай əуре болған болар едік.

* * *Данышпанның мейірімі кез келген басқа жақсы адамның

мейірімінен артық емес.* * *

Іс жүзінде мен көбіне қаламыммен ойлаймын десем де болады: өйткені, көбіне қаламым не жазып жатқанын басым біле бермейді.

* * *Философия дегеніміз – тіліміздің түрлі құралдары арқылы

интеллектіміздің есін шығарып жіберуге қарсы күрес.

* * *Философия ақиқат бейнесін бере алмайды.

* * *Философия – ғылым емес, қызмет (іс-қимыл).

Page 125: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

125

* * *Философиялық проблемалар тіл еріккен кезде туады.

* * *Жақсы өнер туындысы дегеніміз – əлдененің толық көрінісі.

* * *Біреудің дегеніне жүре қоймайтыным қандай жақсы!

* * *Көркемдік құдірет – оның өзгеше əлем жасай алатындығында

жатыр.* * *

Əлемнің бейнесі дегеніміз – ақиқат ойлардың мақсатты жиынтығы.

* * *Философияның мақсаты – ойларға қисын арқылы көз жеткізу.

* * *Адам жайдан жай бақытты бола салмайды.

* * *Өзіне-өзі ие бола алмайтын адам шарқыраған шындықты да

жарып айта алмайды.* * *

Адам көбіне сөздің қармағына түсіп, басы айналып қалады. Мысалы, «білу» деген сөздің.

* * *Адам баласы – мүмкін, халықтар да – таң қалу үшін ұйқысынан

ояну керек. Ал ғылым болса – оны қайта ұйқыға жығатын құрал.

* * *Кісінің көзқарасы заттың құнын арттырып жібере алады: сонда

оның бағасы да көтеріледі.* * *

Адамның денесі – адам жанының ең жақсы көрінісі.

* * *Таза тəндік құбылыстың залалды да болуы мүмкін.

* * *Ақын өнерінен лəззат алу үшін, меніңше, ол өкілі болып

табылатын мəдениетті де сүю керек.

Page 126: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

126

* * *Адасқысы келген адам – адамзатпен бірдей ойлауы керек.

* * *Сөйлем шындыққа жанасу үшін – жалғандыққа да жолы ашық

болуға тиіс.* * *

Баспалдақпен көтеріліп барып алатынның бəрі мені ешбір қызықтырмайды.

* * *Менің өміріме байланып қалған не бар дейсің.

* * *Таңертең күн шығады деу гипотезаға жатады: яғни, біз оның

шығатын-шықпайтынын білмейміз деген сөз.

* * *Терең ой аңғарын секіріп өтеміз деп жүріп, оған құлап түсіп,

аяғы аспаннан келетіндер жиі ұшырасады.

* * *Этика мен эстетика – бір тектен.

* * *Мен – өмір ертұрманында ат үстіндегі нашар шабандоз сияқты

əзер отырған жанмын: ат жуас болғандықтан ғана аунап қалмай, ақырын көптен қалмай ілбіп келемін.

* * *Тіл ойды қайта киіндіреді.

* * *Тіл деген – бұралаң-бұрылысы көп сапар.

* * *Жоқ адамды іздеп көруге болады, бірақ қалай дарға асарсың.

* * *Мен түкке тұрмауы да мүмкін ойларды жөнге келтіремін деп

бар жанымды салып босқа арамтар болудамын.

Page 127: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

127

Поль-Мишель ФУКО

СӨЗ ҚАНША МƏНСІЗ БОЛАМ ДЕСЕ ДЕ – МƏНСІЗ БОЛА АЛМАЙДЫ

* * *Көшедегі қабырғаларға жазылған атаусыз мəтіндердің құрас-

тырушылары болса да, авторлары болмайды.

* * *Археология тарихты тек есте қалдыру үшін ғана түсіндіреді.

* * *Арехология – айырмашылықтарды талдаушы.

* * *Мұрағат – ең алдымен айтылуы мүмкін дегеннің заңы.

* * *Ақымақтық – күлпаршасы шыққан мəнділік.

* * *Биліктің бармайтын жері жоқ: бəріне қолы жете бергендіктен

емес, барлық жерден бірдей бастау алатындықтан.

* * *Сөз алудың орнына, ол мені өз құшағына орап алып, барлық

мүмкін-ау деген бастаулардың бəрінен арыға апарып тастағанын қалар едім.

* * *Қиялға сиятынның, білімге айналатынның бəрі – сөзден табылады.

* * *Орта ғасырларда ақымақтық күнделікті тіршіліктің бір бөлігі

саналатын.* * *

Шығармашылық бар жерде ақылсыздыққа орын қалмайды.

Page 128: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

128

* * *Сөйлеу – əлде бірдеңені білу жəне маңайындағылар таңған

үлгіні басшылыққа алу.* * *

Заң қашан да найзаның ұшында жүреді.

* * *Кітаптың дүниеге келуі – шағын оқиға: ол – біреудің қолындағы

зат іспеттес. Ол сол сəттен бастап қайталану деген шексіз ойынға қосылады да кетеді.

* * *Дəрігерлер қай қоғамда болсын, қай өркениетте болсын мүлдем

өзгеше жағдайда болмақ: ол барлық жерде де қоғамның айрықша назарында жəне ешқашан дерлік олардың орнын ешкім баса алмады.

* * *Дүние мəні ашылуға тиіс белгілерге толы.

* * *Ойдың да өз тарихы бар.

* * *Бақылау – көрумен шектелу.

* * *Жаратылыс тарихы – тілдің замандасы.

* * *Кітап жазу – қашанда белгілі бір тұрғыдан алғанда, оның

алдыңғысын жоққа шығару деген сөз.

* * *Ғылыми білім мен философиялық тақырыптарға еш қатысы

болмаса да, сəулет өнерінің өн бойы тұнған оң білім.

* * *Жалпы, еркін, қалай болса солай немесе тəуелсіз пікір дегендер

болмайды. Басқа пікір тудырмайтын да пікір болмайды.

* * *Ақиқатқа марғау саяси режимнен асқан тұрақсыздық жоқ, сол

сияқты ақиқатты күшпен таңуға ұмтылған саяси жүйеден асқан қатер де жоқ.

Page 129: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

129

* * *Əділ баға деген болмайды. Арзаншылық пен қымбатшылықтың

дəлдіктері бірінен бірі аса қоймайды.

* * *Белгі болмай – ұқсастық жоқ.

* * *Кім сөйлегені емес, не сөйлегені маңызды: ол осы айтқанын бар

жерде бірдей айта бермейді ғой.

* * *Білімнің ерекшелігі – көру мен дəлелдеуде емес, түсіндіруде.

* * *Естен тану – жолы болмаған шексіз махаббаттың жалғыз шығар

жолы.* * *

Салыстыру арқылы жақындатуға болмайтын дене – дүниеде жоқ.

* * *Саяхат заттарыңды жасартқанымен, өзіңе деген көзқарасыңды

қартайтып жібереді.* * *

Жұмыс істеу – өзің бұрын ойлап келгеннен басқаша ойлауға батылдық жасау.

* * *Интеллектуалдың рөлі – басқаларға не істеу керектігін айтып

беру емес.* * *

Ұнату – қозғалыстың басы.

* * *Түс – алдамшы: ойыңды бұзады, қияли етеді. Бірақ ол қате

болмайды.* * *

Қазіргі тарих – құжатты ескерткішке айналдыру құралы.

* * *Құн – бір байлықты бір байлықпен жақындатады, ал ақша –

олардың арасында айырбас жасауға мүмкіндік береді.

Page 130: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

130

* * *Құштарлық пен ессіздік классикалық дəуірге дейін де қол

ұстасып қатар жүрген, қазір де қатар келеді, тегі, алда да солай қатар жүре беретін болуы керек.

* * *Құштарлыққа айналған басы айналған сандырақтың негізі

үздіксіз үйкелістегі сезімталдықта жатыр.

* * *Мəтіннің өн бойында оның авторының қолтаңбасын аңғартатын

өлденеше таңба болады.* * *

Өз ақиқатының шаңырағы шайқалып, өзін-өзі жоғалтып алған адам енді ессізге саналатын болды. Ессіз – есі адасқанға ұқсамайды.

* * *Қиял қанағаттандырады!

* * *Күнделікті қарбалас бетпердесіндегі жымиыс өліктің бетін-

дегімен бірдей.* * *

Сөз қанша мəнсіз болам десе де мəнсіз бола алмайды.

* * *Батыста адам мойындағыш жануарға айналды десе де болады.

* * *Адам мəселесі – адам танымы алдында тұрған ең көне де, ең

тұрақты да проблема емес.* * *

Адам – ашылғанына көп бола қоймаған жаңалық: жаңалық болудан қалатын күнге көп қалмаған болуы мүмкін.

* * *Қазіргі философияны ойдың өзін-өзі жеген жансебіл жұмысы

дегеннен басқа қалай атауға болады?!

* * *Тіл – ойдың сыртқы көрінісі емес, ойдың өзі.

Page 131: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

131

Гастон БАШЛЯР

АҚИҚАТ – ДƏЛЕЛДЕНУГЕ ТИІСТІ ОБЪЕКТ

* * *Объективті танымда өзіңе-өзің күлмей прогресске қол жеткізу

мүмкін емес.* * *

Философиялық жүйелер бір топырақтан екінші топыраққа көшірген кезде жеміс бере бермейді жəне тез көз байлайды.

* * *Зат дегеніміз – тоқтап қалған құбылыстан басқа ештеңе де емес.

* * *Салмақтау дегеніміз – ойлау, ойлау дегеніміз – салмақтау.

* * *Қиял тəжірибеден күштірек.

* * *Тереңдік – ең қымбат қазына, жүректің терең түкпіріндегі сыр:

əдетте оны сыртқа шығара бермейді.

* * *Бір-бірін шын түсінгісі келген екі адам, ең алдымен, бір-біріне

қарама-қайшы келіп көрулері керек.

* * *Қарны ашқан бала үшін ең жақсы жеміс – ең үлкен жеміс.

* * *Алғашқы қауымдық құрылыс адамы үшін ойлау дегеніміз –

қиялдың тоғысуы, өркениет адамы үшін қиял дегеніміз – ойдың бой жазуы.

Page 132: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

132

* * *Ұзақ жұмыс істеу – жанға жайлы.

* * *Қиялыңды оятқан нəрсені ғана зерттеу керек.

* * *Ақиқат – ұнатудың емес, пікірталастың перзенті.

* * *Кейде жалған ұғымдарға негізделген тұтас теория да жасап

шығуға болады.* * *

Мəдениеттің өз қуаныш-қызығы бар: ол – сайып келгенде, қарсыласу қуанышы.

* * *Сылап-сипау – үйкелістің рəміздік сипаттағы ең тамаша түрі

ғана.* * *

Тасты жақсы көру мен əйелді жақсы көрудің айырмашылығы шамалы.

* * *Махаббат күдік дегеннің не екенін білмейді: тек жүректегі ғана

дұрыс деген сеніммен өмір сүреді.

* * *Сүйіспеншілік – бөлісіп пайдалану керек оттан басқа ештеңе

де емес.* * *

Біздің шын бейнеміз жұрт білетін бейнелерге ұқсамайды.

* * *Ғылыми ойды ырықсыз елестету қиын. Ол мұқият, сабырлы

абстрактілік ойдың тұсауын кеседі.

* * *Белгісіздікті – біздің бейхабарлығымыз емес, біздің қателеріміз

жеңеді.* * *

Өзімізге-өзіміз қарайлай береміз деп – біз шындықтан көз жазып қаламыз.

Page 133: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

133

* * *Объективті ой ирониялық сипатта болуға тиіс.

* * *От – ойпыл-тойпыл.

* * *От – өте жеке əрі əмбебап бірдеңе.

* * *Кей кездері таңдап алған объектіге деген таңданысымыз

гипотеза мен фантазияны жөнді-жөнсіз үсті-үстіне үйе беруге итермелейді: əлдебір білім сияқты көрінетін көзқарастар осылай қалыптасады.

* * *Өз қателігіңді мойындау дегеніміз – өз ой-парасатыңыздың

биіктігіне тағы бір ашық марапат жасау деген сөз.

* * *Ақыл ғылымға бағынуға тиіс.

* * *От туралы бірінші білетініміз – оған жақын болу керек екендігі.

* * *Рационализм қолданысқа зəру.

* * *Химиядағы реализм – алғаш көзге ілігер ақиқат: ол келесі қадам

жасағанда-ақ елеске айналады.* * *

Реализм – бəрін өзгертетін немесе бəрін жұтып қоятын философия.

* * *Ақиқат – дəлелденуге тиіс объекті.

* * *Жарық заттың сыртында ғана ойнап-күледі, ал оның ішіне кіру

қабілеті тек жылуға ғана тəн.* * *

Фантазияның мəңгілік шарттарын осы заманғы ғылым да жоққа шығара алмайды.

Page 134: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

* * *Құштар көңіл өзінің жадындағылармен де, сүйініш-күйініш-

терімен де бөлісе алады – ол үшін тек қысқы кеш, үй сыртында ұйтқыған боран мен лаулап жанған от қана керек.

* * *Қажетке қол созудан гөрі, аста-төк артықшылыққа ұмтылыс

рухты көбірек шабыттандырады: Адам пайда емес қажеттілік жасаумен айналысады.

* * *Теория дегеніміз – əлі толық жүзеге аспаған математикалық

шындық.* * *

Сүйіспеншілікпен тазарғанда ғана нəзік құштарлық дегеннің не екенін сезінуге болады.

* * *От өмірдің бастауы деген пікір бар салада кездеседі жəне соның

бəрінде дəлел дегеннің ұшқыны да жоқ.

* * *Философияның аздығы поэзияның сəнін бұза қоймайды.

* * *Ойлауға себеп болмаса ойдың өзі не болып кетер еді, шіркін?!

Page 135: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

135

Александр ЛОСЕВ

АДАМ – МƏҢГІЛІК ПРОБЛЕМА

* * *Антикалық дегеніміз – аспан əлемдегі жарық жұлдыздарды

тамашалау.* * *

Шектен шыққан əзілқойлық – орынсыз əрі адамгершілікке жатпайтын іс.

* * *Барлық көркем нəрсенің эстетикалық мəні бар, бірақ

эстетикалықтың бəрі бірдей көркем емес.

* * *Адамзат тарихының бəрі еркіндік эволюциясы ғана, басқа

ештеңе де емес.* * *

Данышпан адам табиғаттың өзіндей етіп келістіріп жасайды.

* * *Қытай діні үшін уақыт дегеніміз – бір нəрсені бірнеше мəрте

шексіз қайталау.* * *

Ежелгі Египет уақыты дегеніміз – мумияға айналған адам денесі.* * *

Жанды ойдан күшті, жанды ойдан сұлу ештеңе жоқ.

* * *Өмір дегеніміз – бар болу!

* * *Мен үшін өмір – мəңгілік драматургиялық-трагедиялық про-

блема.

Page 136: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

136

* * *Ақтық шешімнің керегі қанша? Бірдеңеге ұмтылуды қою үшін

бе? Проблема ретінде бас ауыртпас үшін бе? Өмір үшін өлуге ме?

* * *Білімге құштарлық дегеннің не екенін білетін жəне білімге

құштарлар сəл-сəл, бірақ міндетті түрде бұрын-сонды болып көрмеген бірдеңеге таяй түседі.

* * *Зиялылық дегеніміз – күн сайын, тіпті сағат сайын ерлік жасау

деген сөз!* * *

Тұңғиық тереңінен мəңгі тоқтамас өмір бұлағы атқылап шығып, мөлдіреп ағып жатқан ой, саф таза ой, таза ақыл қандай ғажап десеңізші, шіркін!

* * *Бір адам – біреудің ғана құпиясы. Неке – екі адамның құпиясы.

* * *Жақсы көру – сынау деген сөз, яғни жақсы көретін адамыңның

бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бірдей танып білу.

* * *Жақсы көру – жақсы көрген адамыңның бойындағы жақсылыққа

қуана білу деген сөз: оның кемшіліктеріне күйіне алған да жақсы.

* * *Жақсы көре алатын адам жеңіл іс дегеннің не екенін білмейді

– өйткені ол бəрін түсінеді, ал жақсы көрудің не екенін білмейтін адамды кез-келген кезде сүріндіруге болады – өйткені, ол жақсы көрген адам нені жақсы көретінін білмейді.

* * *Мен үшін жай өмір сүру аздық етеді. Мен оның үстіне өмір

дегеннің өзі не екенін де түсінгім келеді.

* * *Зат туралы ойлау деген – оның басқалардың бəрін ұқсамайтын

қасиеттерін айыра білу деген сөз.

Page 137: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

137

* * *Ойлау дегеніміз – қашанда «неге» деген сұраққа жауап беру.

* * *Шын суреткер – шығармашылық еңбегін біз де, өзі де көп сезе

бермейтін адам.* * *

Тамаша суреттен көз ала алмайсың, ал тамаша музыканы қанша тыңдасаң да жалықпайсың.

* * *Ақиқатты оның түсініктерінсіз толық қабылдауға болмайды.

* * *Əлде нені жоққа шығару – əлі анықтама емес.

* * *Шынайы зиялылық қашанда ерлікке пара-пар, қашанда эгоистік

тірліктің көкейкесті қажеттіктерін ұмыту: міндетті түрде тартыс болмаса да, қашан да оған сақадай сай əзір тұру жəне бұл үшін рухани, шығармашылық тұрғыдан əбден қаруланған болу.

* * *Естеріңізде болсын: қарабайырлықтың бəрі бірдей жаман емес,

көпшілігі – ақиқат.* * *

Көпшілік қолды деген – ғылыми емес деген сөз емес.

* * *Ең құнды нəрсе – сергек ақыл, жанды ой.

* * *Еркіндік дегеніміз бардың болуға тиістімен сəйкес келуі.

* * *Символизм дегеніміз – ең жоғары реализм.

* * *Стиль – шығарманың көркемдік қуатының белгісі.

* * *Субъективизм деген – декаденттік.

Page 138: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

* * *Сен тамақ қорыту теориясынсыз-ақ ішіп-жейсің.

* * *Жұрттың бəрі өмір сүріп жүрсе де, бірде-бірі сол өмірдің өзі не

екенін толық білмейді.* * *

Кеңістік дегеніміз – тіпті де бос құрдым емес: ол – əр жерде əртүрлі сипатымен, əр жерде əртүрлі доғалдығымен ерекшеленеді, былайша айтқанда, өзінің өзгеше бет-бейнесімен дараланып тұрады.

* * *Дүние шексіз деген – əлі ешкім дəлелдей қоймаған бос наным.

Дүниенің шегі болады деген де – əлі ешкім дəлелдей қоймаған бос наным. Дүние əрі шексіз əрі тұйық деген де – əлі ешқандай дəлелденбеген бос наным.

* * *Ойланғың келсе – ойдың түпсіз терең тұңғиына қой да кет. Сонда

ойлана бастайсың. Алғашында, əрине, жағадан көп ұзамағайсың, кейін алысқа құлаш ұрарсың.

* * *Адам – мəңгі шешіліп келе жатқан жəне ешқашан шешілмейтін

мəңгілік проблема.* * *

Тану үшін – бөлу қажет, бөлу үшін – шекара керек.

* * *Эстетикалық əлемді ешкім жəне ешқашан əдейі ойластырып

жасаған емес.

Page 139: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

139

Эрик БЕРН

КЕЗ КЕЛГЕН АДАМНЫҢ БОЙЫНДА КІШКЕНЕ БАЛАНЫҢ ҚЫЛЫҚТАРЫ КЕЗДЕСЕДІ

* * *Жан тыныштығын жоғалтқан адам ғана жұрттың бəрінен асқан

құштарлықпен ойнайды.* * *

Бет қимылы сананың қатысынсыз-ақ өзгеруі мүмкін.

* * *Егер бала ата-анасын сиқыршы екен деп ойласа – өздері

иландырғандықтан.* * *

Тиым салу – əдетте, қатты əрі үрейлі естіледі, ал жақсы кеңес – өмір өзеніне жаңбырдың тамшысындай ғана болып, естілер-естілмес күйде келіп қосылады да, су бетінде сəл ғана із салады.

* * *Мəңгі жастық иллюзиясы – мəңгілік ғұмыр иллюзиясының

қарапайым перзенті ғана.* * *

Сəбиге ата-анасы қойған ат оның келешегіне артқан үмітті білдіреді.

* * *Əлемге сəби көзімен қарау қабілетін адамдардың тым азғантай

бөлігі ғана өз бойында сақтап қала алады.

* * *Кез келген адамның бойында кішкене баланың қылықтары

кездеседі.* * *

Көп адам өздеріне сезім оятар əсерлердің қажеті жоқ деп есептейді: бірақ біз адамдардың басым кепшілігі ондай өткір

Page 140: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

əсерлерді барынша белсенді түрде іздеп жүреді деп тұжырым жасауға батылдық етер едік.

* * *Біз өз өмірімізді өзіміз жоспарлаймыз.

* * *Біздің өміріміз адамдардың өзара жақындасуына тым аз

мүмкіндік береді.* * *

Адамдар əдетте өздерін жерлеу рəсімін өздері жақсы көз алдарына əкеле алады.

* * *Мақтауды өкпеге немесе қорлыққа айналдыру оп-оңай.

* * *Өлген адам үшін өлім деген əрекет те, тіпті оқиға да емес. Ол

тірілер үшін ғана осының екеуі де.

* * *Театр спектакльдерінің сценарийлері өмір спектакльдеріне

негізделеді. * * *

Өзіне-өзі қол салғысы келген адам мынаны есте ұстауы керек: ата-ана кемінде ең кіші баласы он сегізге толғанша өмір сүруі шарт, ал балалар – ата-аналарының біреуі тірі тұрғанда өз өмірін қиюға бармауы керек.

* * *Фортуна онша еркін емес тұлғаның ғана іс-əрекетін суреттеуге

мүмкіндік береді.* * *

Түпкі мəніне көз жеткізуді мақсат еткен адам өмір деген – жаңа ішікке оралған ескі шарапқа ұқсайтынын жиі аңғарады.

Page 141: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

141

Фридрих Август фон ХАЙЕК

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕРКІНДІК ДЕГЕНІМІЗ – ІС-ҚИМЫЛ ЕРКІНДІГІ

* * *Экономикалық қызметке басшылық етуді өз қолына алған билік

ел өмірінің материалдық жағын ғана бақылаумен шектелмейді. Бұл ретте билік біздің кез келген мақсат-мүддемізге қол жеткізуге қажетті барлық құрал-жабдықты біртіндеп бөліп үлестіріп отыруды тек өз уысында ұстайды.

* * *Бəрі алдын-ала болжанатын жəне белгілі болып тұратын

дүниеде қашан да үкіметтің өз мүддесі болады.

* * *Аяқталмаған іс бəріміздің де жанымызға батады.

* * *Егер адамзаттың бар күш-жігері жұмсалатын болса, кез келген

техникалық ойды немесе мұратты барынша қысқа мерзімде жүзеге асыруға болады.

* * *Мемлекет белгілі бір типтік жағдайларда қолданылатын жалпы

ережелерді ғана белгілеумен шектеліп, нақты жағдай мен уақытына байланыстының бəрін жеке тұлғалардың өз еркіне қалдыруға тиіс: өйткені, нақты жағдайларды жəне оларға орай не істеу қажеттігін тек жеке тұлғалардың өздері ғана толық біледі.

* * *Тоталитарлық мемлекеттің азаматтары əлдебір аңсарларға

берілгендіктен азғындық істер жасайды.

* * *Демократиялық бақылау жүйесі биліктің диктатураға айналуы-

на кедергі жасай алады, бірақ ол үшін еңбектену керек.

Page 142: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

142

* * *Демократия аса қатал диктатура орнатуы да мүмкін.

* * *Жоспарлауға тəн нəрсенің бірі – оның өзімізге үйреншікті

мəселелерден де артық мəселелер бойынша келісім жасауға мəжбүр ететін жағдайлар туғызатындығы.

* * *Тоталитарлық машинаның мүлтіксіз жұмыс істеуі үшін тек

мəжбүрлеу аздық етеді: адамдардың бəрі ортақ мақсаттарды жеке өз мақсаттарындай қабылдауы керек.

* * *Қоғамда ұжымдық көңіл күй ауаны бел алса, міндетті түрде

демократияның күні қараңға айналады.

* * *Ойдағыдай жоспарлау үшін жұрттың бəріне бірдей ортақ

құндылықтар жүйесі қажет: мұндай жағдайда материалдық салада қолданылатын шектеулер рухани еркіндіктен айырылумен тікелей байланысты болып келеді.

* * *Өте аз адамдар ғана өздерінің немен айналысуын өз қалауларына

қарай шеше алады.* * *

Егер мемлекет өз іс-қимылының неге апарып соғатынын біліп отыратын болса – онда ол сол іс-қимыл бағытталғандарды таңдау құқынан айырады деген сөз.

* * *Өз алдына қойған міндеттерді қатаң ережелермен шектелмеген

биліктің күшімен шешетін демократия сөзсіз деспотияға айналады.

* * *Көпшілік интеллект ықпалына бейім келетіндігінен – интеллект

жұрттың бəрінің ой-санасын билеп тұру керек деген қорытынды шықпаса керек.

* * *Шолтаңдатып, үзіп-жұлып пайдаланған бəсекелестік те, жос-

парлау да өз күш-қуатынан айырылады.

Page 143: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

143

* * *Кейде тəжірибе мен мүдделілік адамға кенет затты мүлдем

басқа қырынан көруге мүмкіндік береді.

* * *Мемлекет қоғамдық келісімге əлі қол жете қоймаған салада

тікелей билік жүргізе бастаса, ол жеке тұлғалар еркіндігінің желкесін үзуге апарып соғады.

* * *Өндірісті ұйымдастыру факторы ретіндегі рөлін əлсіретпей

бəсекелестікті жоспарлаумен ұштастыру – еш ойға сыймайтын нəрсе.

* * *Бүкіл біздің ұрпақтың арман-аңсарлары бізді қайдан апарып

шығарар екен – əлде бір партия емес, біздің əрқайсымыз өзіміз шешуге тиісті мəселе, міне, осы.

* * *Жекелеген жоспарлардың жиынтығынан үлкен бір тұтас дүние

шықпайды: мұның мүлдем жоспар жоқ жағдайдан да жаман екенін жоспарлаушылардың өздері де мойындауға тиіс қой.

* * *Біз өркениет дағдарысы жайлы кез келген түсінікті қабылдауға

əзірміз, бірақ бұл дағдарыстар біздің өзіміздің түбегейлі қателік-теріміздің салдарынан болып жатыр-ау деп ойлағымыз да келмейді.

* * *Көп ақымақтықтарға жол беріп алғанымызды мойындамай

тұрып, бізге ақыл кірмейді.* * *

Ерлік жасауға үйренуге тиістіміз: еркіндік үшін де ақы төлеу қажет екендігін ешбір қорқыныш-үркінішсіз мойындауымыз керек жəне еркіндік үшін белгілі бір материалдық шығын шешуге əрқайсымыз əзір болуымыз керек.

* * *Ұлтшыл-социализм қалың бұқараның ортасынан қайнап шыққан.

* * *Кімнің жолы болатынын, кімнің жерге қарап қалатынын алдын-

ала болжап білу мүмкін емес.

Page 144: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

144

* * *Адамның өз таланына өзінің көңілі толмаушылығы, ол өз

тағдыры басқалардың іс-қимылына байланысты екендігін сезінген кезде, бірнеше мəрте арта түседі.

* * *Төніп тұрған қауіп-қатерді сезіну үшін пайғамбар болу міндетті

емес.* * *

Көп адамды өзінше ойлау қабілетінен айыру онша қиын емес. Бірақ оған қоса сындарлы сындарға деген ерік-жігерін жоймаған азшылықтың да аузын жабу керек қой.

* * *Басқаша ойлау дегеннің кез келгеніне төзімсіздік таныту жəне

оны барып тұрған ожарлықпен басып-жаншу, жеке адамның өмірі мен бақытын мүлдем көзге ілмеу – ұжымшылдықтың негізгі алғы шарттарының тікелей салдарлары.

* * *Ешбір топ басқалардың ойлау жүйесі мен көзқарасына билік

жүргізу қақын иемдене алмайды.

* * *Сан алуан адам қажеттіліктерінің бəрін қамтуға ешбір ақыл-

ойдың шамасы жетпейді.* * *

Жағдайды адам төзгісіз етудің – «өзгерту қолымыздан келмейді» деген сенімділіктен өткен тəсілі жоқ.

* * *Бəсекелестік дамыған қоғамдағы таңдау еркіндігі қажеттілік-

терімізді біреу өтей алмаса, екінші біреуге баруға болатындығына негізделген.

* * *Тарих – ғылым заңдарына бағынады дегенді, əсіресе, деспо-

тизмді жақтаушылар ерекше жан салып қолдайтындығын атап өту керек.

* * *Күрделі өркениет адам себеп-салдары мен табиғаты мүлдем

белгісіз езгерістерге бейімделе білуі керек деп есептейді.

Page 145: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

145

* * *Қазіргі заман оқиғаларының тарихи оқиғалардан ерекшелігі –

біз олардың неге апарып соғатынынан əлі бейхабармыз.

* * *Социализмді тек социалистердің басым көпшілігі жоққа

шығарып жүрген əдістермен ғана орнатуға болады.

* * *Бір ғана ортақ мақсат бар жерде ешқандай этикалық нормаларға

немесе ережелерге орын қалмайды.

* * *Қауіп-қатерді дер кезінде сезіп қана жеңуге болады.

* * *Өз іс-қимылдарымыз жауап бере алатындай, өз еркімізбен

жəне еркін құрбандыққа баратын жағдайда ғана біздің қабылдаған шешімдеріміз адамгершілік сипатта болуы мүмкін.

* * *Жеке меншік – еркіндіктің басты кепіліне жатады: бұл тұжырым

меншік иесіне ғана емес, меншігі жоқтарға да қатысты.

* * *Адам табиғатының ерекшелігі сол: кісі теріс пиғылды

бағдарлама негізінде тез тіл табысады.

* * *Саясат əр түрлі адамдар үшін бірдей нəтиже беруі үшін, олардың

əрқайсымен өзінше қарым-қатынас жасау керек.

* * *Экономикалық еркіндік дегеніміз – еркін таңдауға жəне соған

сəйкес қатер мен жауапкершілікке негізделген кез келген іс-қимыл еркіндігі.

* * *Экономикалық қадағалауды кісінің бүкіл тыныс-тіршілігін

бақылаудан бөле-жара алып қарауға болмайды: мақсатқа жету құралына бақылау жасар болсаң, мақсаттың өзіне бақылау жасамай отыра алмайсың.

Page 146: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

146

Макс ШЕЛЕР

ШЫН СҮЙЕ АЛМАҒАН АДАМ – ШЫН ЖЕК КӨРЕ ДЕ АЛМАЙДЫ

* * *Кез келген іс-қимылдың астарынан адамның ішкі жан дүниесін-

дегі ахуалды аңғаруға болады.

* * *Кез келген адамдық даму, іс жүзінде, барған сайын күшейіп

келе жатқан дəстүрді ығыстыруға негізделген.

* * *Адамның өмірі жеке өзінің мұраттарынан да, жалпыға бірдей

маңызды шарттардан да ауытқып кетуі мүмкін. Өзімшілдік жағ-дайын да біз бəріне, яғни өзімізге де, дүлейлік, мақтаншақтық, даңққұмарлық пен өркөкіректіктен тоқылған елестің ала жабуының астында адасқан күйде қараймыз.

* * *Білімділікпен мақтану, білімнің өр көкіректігі – а рrіоrі білімсіздік.

* * *Жануарларды зерттеумен айналысып көріңіз: сонда адам

болудың қаншалықты қиын екенін жақсы түсінесіз.

* * *Европадағы дағдарыс – əлі тіпті де адамзат ажалының, ол түгіл

«Еуропаның күні өткендігінің» де белгісі бола алмайды.

* * *Адамның бойындағы тұлғалық қасиеті – тəңірлік рухтың

таңғажайып оқшаулануы.* * *

Нағыз тұлға ешқашанда «жайлы» немесе «пайдалы» болуы мүмкін емес.

Page 147: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

147

* * *Заттарды мүмкіндігіне қарай құдай сүйгендей сүю – адамның

қабілеті жететін нəрсенің ең зоры.

* * *Махаббат – əркімнің өзінің рухы мен ақыл-ойының анасы.

* * *Махаббат сүйген сəтінде өзінің қол астындағыдан, өзінің толық

иелігіндегіден гөрі біршама əріректегіге көз салады.Метафизика – əлсіздерге, қолдау көрсетуге мұқтаж адамдарға

арналған сақтандыру қоғамы емес.

* * *Біздің жүрегіміз əуелден-ақ жек көруге емес, сүюге жаралған:

жек көру – белгілі бір мағынада алғандағы жалған махаббатқа жауап қана.

* * *Қанша ғылыми мектеп болса сонша ғылыми пікір бар.

* * *Тек адам ғана – тұлға болғандықтан – тіршілік иесі ретінде

өзінен де биікке көтеріле алады.

* * *Шын сүйе алмаған адам – шын жек көре де алмайды.

* * *Философиялық тұрғыдан негізделген дүниетанымға ұмтылушы

адам – өз ақылына сүйенуге ерлігі жететін адам болуға тиісті.

* * *Жануарда өз бетімен бір іn аbstractо құндылықтан гөрі басқа

құндылықты артық қою қабілеті жоқ.

* * *Деректі кез келген пікір басшылыққа алуға тиіс.

* * *Адам – бір мезгілде əрі тұйыққа тірелу, əрі содан шығар есік те.

* * *Адам белсенді қимылдап өзін-өзі тұлғаға айналдыра алады,

Page 148: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

дəлірек айтқанда өзін тастүйін тұлғаға жалғастырып шығара алады.

* * *Адам білімнің үш түріне қабілетті келеді: олар – билік құруға

немесе табысқа жетуге қажетті білім, оқуға керек білім жəне құтқару үшін пайдаланылатын білім.

* * *Адам – тіршілік тəсілінің өзі əлі айқындала қоймаған, не

болғысы келетіні жөнінде де өнді шешім қабылдана қоймаған жан иесі.

* * *Ойшыл қалың көпшіліктің құлшылық ететін əрі образдық

жəне рəміздік қауашақта көруді ұнататындарының бүкіл ақиқатын сығып алады да, үкілеп ой əлеміне қосады.

Page 149: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

149

Лев ШЕСТОВ

МОЙЫНДАУДЫҢ КӨЗ ЖАСЫНДА АРСЫЗДЫҚ БАР

* * *Əсіресе, еретиктердің тым ұсақ нəрселерде ерекше табандылық

көрсетуі жұрттың өзгеше ашу-ыза тудыратын еді.

* * *Оңалмастай бақытсыз болу – өте ұят!

* * *Əбден жалықтырған ақиқаттардан құтылудың сенімді тəсілі –

əдеттегідей құрмет көрсету мен бас шұлғудан арылып, олармен тым жеңіл қарым-қатынас жасауға көшу, тіпті өте өзімсінгендік пен жек көрушілік салқынын сəл сездіріңкіреп сөйлесе бастау.

* * *Біз өз жақын-жұрағаттарымыздың əрқайсына жау көргендей

сезікпен қараймыз да, жаппай қорқып-үрке бастаймыз.

* * *Өмір адамға беретін мүмкіндіктер, салыстырмалы түрде

алғанда, өте шамалы.* * *

Қара үзген үздіктің ең басты артықшылығы қиындықпен ғана жетуге болатындығы.

* * *Эпикурға, оның ашу-ызасына ұшырайтындығына қарамастан,

біз енді өзімізге өзіміз кез-келген нəрседен кез-келген нəрсе шығуы мүмкін екендігін айтуға мəжбүрміз.

* * *Данышпан дегеніміз – ең рабайсыз, сондықтан да ең мазасыз

жан иесі. Трагедиядан лəззат алу үшін оны тек сахнадан көру керек.

Page 150: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

150

* * *Кез келген өнер сарашысы жаңа шығармадан суреткердің

«қолтаңбасын» көрсе – риза болады. Қолтаңбаға ие болу – соңғының бастауы екенін көп адам сезе бермейді.

* * *Жер бетінде əділдік идеалын орнатамын деген адамның жолы

болып көрген емес: бұл – қызығынан қасіреті көп іс!

* * *Ешқашан да сөз бен теория шын қатерден құтқарып көрген

емес.* * *

Адам кешіре алмайтын нəрселер бар, яғни, ұмытуға болмайтын өкініштер де болғаны ғой.

* * *Еуропа таңғажайып дегенді баяғыда ұмытқан: олар идеалдан

əрі асқан жоқ, ал біздің Ресейде осы күнге шейін таңғажайып пен идеалды шатастыра береді.

* * *Өмірге күдікпен қарауға толық негіз бар: оның бізді ең бір

үмітті сəттерімізде сан рет сан соқтырып кетіп жүргені өтірік пе.

* * *Басқа халықтардың өмір жолы басқа елдердегі жəне басқа

уақыттардағы өмір – біздің мəңгілік деп жүрген идеяларымыздың бар болғаны өз мəңгілік жаңылысуларымыз ғана екенін түсінуге үйретеді.

* * *Жазушының міндеті: алда жүру жəне өзінің жаңа əсерлерін

оқырмандарымен бөлісіп отыру.

* * *Философияның міндеті – адамдарды сабасына түсіру емес,

қысылтып-қымсындыру.* * *

Философияның міндеті – белгісіздіктен қорқатын жəне одан қашып кез-келген догматгы барып паналауға əзір адамды белгісіз-дік жағдайында өмір сүруге үйрету.

Page 151: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

151

* * *Кейбір ұстаздар үшін дүниеде өздеріне құлай берілген жəне

табанды ізбасарларынан асқан азап жоқ.

* * *Балалар үшін ересек адамның сөзі – құпия мағынаға толы

көрінеді.* * *

Өзіндік пікірсіз, өз сенімінсіз адам қалай өмір сүрмек?!

* * *Ең соңғы жетістігіңді қорғау кезінде құрал таңдамайсың.

* * *Нағыз қажеттілік туған кезде ақымақ адамның өзі ақылды

болып кетеді.* * *

Адам бойында ешбір əдіспен өзгерте алмайтын əлде бір кемшілік кездессе оны кемшілік емес, жетістік деп жариялаудан басқа жол қалмайды.

* * *Дəлелдеудің ең жақсы əрі ең сенімді əдісі – өз талдауыңды

жұрттың бəрі мақұлдаған, ешкімге тиіп кетпейтін бейтарап пікірлермен бастау.

* * *Ғылымның маңызды екендігіне даусыз нəрсе, бірақ онда да

шындық деген жоқ жəне болмайды да.

* * *Адамдар аса ашқарақ һəм үнемшіл: олар барынша көп білгісі

жəне сол білімді барынша арзанға алғысы келеді.

* * *Шағын міндеттерді орындай алмасын сезген кезде кейбіреулер

ұлы мақсаттарға ұмтыла бастайды. Бір ғажабы, олардың жолдары болатын кездері де аз емес.

* * *Мүмкін, оқырмандардың көпшілігі мұны білгісі келмейтін де

шығар, бірақ Достоевский мен Ницще шығармаларында жауап жоқ, сұрақ қана бар.

Page 152: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

152

* * *Данышпандар ақымақтардан артық білмейді: олардың бойын-

дағы ержүректік пен өзіне-өзі сенімділік қана артық.

* * *Біз күлкілі болғандықтан емес, өзіміз көңіл көтеріп, күлу үшін

біреуді келемеждеп, қылжақ етеміз.

* * *Біз өміріміздегі аса қиын сəттерде – көп ойланамыз, ал еріккен-

де – қолға қалам алып, жазуға кірісеміз.

* * *Наполеон адам жанының білгірі саналған. Шекспир де – солай.

Ал олардың білімдерінің арасында ешқандай байланыс жоқ.

* * *Іс жүзіңде жасампаз адамның көретіні – əдетте тек қорлық қана.

* * *Адамға ойдағы бір ізділіктен гөрі, дауыс ырғағындағы бір

ізділік көбірек əсер етеді.* * *

Байбалам салу арқылы адам жанының кез-келген қажетінің аузына уақытша құм құя тұруға болады.

* * *Өшпенділікке – оң мен солдың бəрі бір: құрал таңдамайды.

* * *Не қажет екенін білмеу – ең ұятты жағдай болып саналады.

* * *Ешбір ғылым, ешбір өнер қараңғылық құшағындағыдай тыл-

сым сыйлай алмайды.* * *

Жаңа ойлар, тіпті өз ойларың болса да, бірден ұнамды бола кете қоймайды. Алдымен оларға үйренісу керек.

* * *Адамгершілігі зор адамдар – ең кекшіл адамдар.

* * *Адамды қалпын өзгертпеген жағдайда тыңдау керек.

Page 153: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

153

* * *Қиындықтан да, жақсылықтан да жоғары тұрғанды іздеу керек:

Құдайға жол табу керек.* * *

Күдік біздің бүкіл өмірімізге нəр беріп тұрақты шығармашылық күшке айналуға тиіс.

* * *Білімді, көп оқитын адамдар мынаны білгені жөн: əдебиет – бір

басқа да, өмір – бір басқа.* * *

Мазақ пен мадақтың арасы да – бір-ақ қадам.

* * *Кекірік адамның ең асқақ ойларын күрт үзеді. Бұдан қажет

болса, белгілі бір қорытынды шығаруға болар еді, бірақ, қажет болса, ешқандай қорытынды шығармауға да болады.

* * *Өте ешкімге ұқсамайтын адамның қарабайыр жазушы ғана

болуы жиі кездеседі жəне керісінше де болуы мүмкін.

* * *Философтарға қатысты əлі ешкім де «жалдамалы ар» дегенді

қолданып көрмеген екен. Неге?* * *

Жазушы – апандағы күшіктеріне аласұрып жүгіріп жеткен жаралы жолбарыс тəрізді.

* * *Орыстың бетін тырнап жіберсең астынан татардың беті шыға

келеді.* * *

Қисынды ойлау əдеті қиялды құрбандыққа шалады.

* * *Пушкин жылай алушы еді: ал жылай білген адам үміттене де

алады.* * *

Біздің өзімізге де күмəнді көрінген пікірлердің өзі туралы тым кесімді сөз айтып, жəне, тіпті, оны ақиқат деп тануды талап етіп тұрып алатын сəттеріміз жиі кездеседі.

Page 154: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

154

* * *Рəміздер үнемі сұлу бола бермейді.

* * *Ой келіп қалған екен – есігіңді айқара аша бер!

* * *Жарық адамның сұлулыққа деген көзін ашады – бірақ ол, сол

сияқты, сиықсыздықты да əшкерелеп береді.

* * *Баскесердің рөлі тек түсінбестіктен ғана ең масқара рөл сана-

лып жүр.* * *

Орыс шындығы мен қарапайымдылығы деген біздің салыс-тырмалы түрде алғандағы, төмен мəдениетіміздің көрінісі.

* * *Ең маңызды да, мəнді ойлар, жаңалықтар өмірге сөзкөйлексіз

жалаңаш келеді: оларға лайық сөз табу – ерекше, өте қиын іс, бүтін бір өнер.

* * *Данышпанның ақымақтықты ақтап алғанынан гөрі ақымақтың

данышпанды жұрт алдында бар абыройынан жұрдай етуі əлдеқай-да жеңілірек.

* * *Мойындаудың көз жасында арсыздық бар.

* * *Шарасыздық (фатализм) жұрттың бəрінің зəресін ұшырады.

* * *Адамдарды, өмірді, əлемді білсек деген құлшынысымыз – солай

жасауымызға кедергі болып жүр.

* * *Тағдыр, əсіресе, идеалдар мен ажалды бейбақтардың сəуегей-

ліктерін тəлкек етуге құмар – жəне дəл оның ұлы данышпандығы да осыдан сезілетін тəрізді.

* * *Ұлы идеяларды туғызушылар өз туындыларына тым қалай

болса солай қарап, олардың кейінгі тағдырына тым аз көңіл бөледі.

Page 155: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

155

* * *Өзіміз үшін өте маңызды əрі қажетті, өзіміз шын қастерлейтін

жəне сүйетіннің бəрін біз сирек мақтаймыз.

* * *Адамдарды сендіру көңілсіз де қиын нəрсе, тіпті керегі жоқ та

болуы мүмкін.* * *

Пифагорлықтардың өзі күннің қозғалмайтынын жəне жердің айналатынын болжап білген. Ал осы ақиқатты дəлелдеу үшін қанша алтын уақыт қор болды десеңізші!

* * *Философия қашан да қызмет алуға құштарлық танытқан. Орта

ғасырларда ол аncilla teologiael атанды, ал қазір ол – ғылымдардың қызметшісі. Ал өзін ғылымдардың ғылымы деп атайды.

* * *Адамның өте кертартпа (консервативті) болмыс екені соншалық,

кез келген өзгеріс, тіпті оң өзгерістердің өзі оның зəресін ұшырады.

* * *Адам бірдеңеге сенбей тұра алмайды: бұл – анық нəрсе.

* * *Адамның қолынан келіп тұрғанда өз табысына мүлдем мəн

бермеуі жиі кездеседі. Басқаларға ықпалын жоғалтқан күні-ақ күйіне бастайды. «Тургенев бикештеріне» кім сөз салмайды дейсің: ал олар болса – күшті еркектердің ғана құшағына құлайды.

* * *Адам қайтсе де алғысы келіп тұрады: бірақ қолынан келе

бермейді.* * *

Адамдық ақиқаттар тек қызмет бабында ғана іске жарамды.

* * *Оқырман жазушы үшін өмір сүреді.

* * *Жанашырлық сезімі біздің бойымызда ұдайы жасайды: біздің

тіршілігімізге ыңғайластырылған күйде.

Page 156: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

156

АНЫҚТАМАЛЫҚ

Жак Деррида (1930 жылы туған) – француз философы. Структурализм ағымының өкілі. Мəдениеттанушы ретінде де кең танымал. Өзі «деконструктивизим» деп атаған философиялық концепцияның авторы. «Грамотология» (1967), «Дауыс жəне құбылыс» (1967), «Шашырау» (1972), «Позициялар» (1972), «Маркстің елестері» (1993) жəне басқа белгілі еңбектер жазды. 1930 жылғы 15-шілдеде Алжирде дүниеге келген. 1952 жылы Жоғары Қалыпты мектепке оқуға түседі. Осында ол М.Фукомен жəне Л.Альтюссермен жақын танысады. 1960–1964 жылдары Сорбонда сабақ береді, кейін – Жоғары Қалыпты мектепте жəне Əлеуметтік ғылымдар саласында зерттеулер жүргізу Жоғары мектебінде ұстаздық етті, Еуропа қалаларында лекциялар оқиды. 1981 жылы чех интеллектуал-диссиденттеріне қолдау көрсеткен. Чехословакияға барған сапарында «наша өндіргені мен сатқаны үшін» деген жаламен қамауға алынды. Одан Франция президенті Ф.Миттеранның араласуының арқасында босатылды. 1988 жылы оккупацияланған аймақта Палестина зиялыларымен кездесіп, олардың азаттық жолындағы күресіне іш тартатындығын біл-дірді. Халықаралық философиялық колледждің (1983) негізін қалаушылардың бірі.

Жан Бодрийар (1929 жылы туған) – француз философы. Социолог һəм мəдениеттанушы. Белгі, рəміздік объектілер жəне коммуникация саласында айырықша философиялық теория жасаушы. Постиндустриялық қоғам мəселелерін зерттеумен шұғылданады. «Заттар жүйесі» (1968), «Өндіріс айнасы» (1973) жəне «Өңбейтін стратегиялар» (1983) атты кітаптар жазған.

Роберт Вальзер (1878–1956) – швейцариялық жазушы. Шығар-маларын неміс тілінде жазады. «Таннерлер отбасы» (1906), «Жəр-демші», «Роза» романдарының, «Фриц Кохердің жазбалары» (1905), «Сейіл» (1917) жəне басқа бірнеше эсселер мен əңгімелер жинақтарының авторы. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Өмірінің соңғы жиырма жеті жылын ауруханадан шықпай, ауыр науқас жағдайында өткізді.

Жорж Батай (1897–1962) – француз философы. Жазушылық-пен, публицистикамен жəне өнертанушылықпен айналысты. «Ішкі тəжірибе» (1943), «Діннің теориясы» (1948), «Эротизм» (1957), «Эростың көз жасы» (1961) жəне басқа еңбектер жазған.

Page 157: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

157

1897 жылғы 10 қыркүйекте Вийон қаласында дүниеге келген болатын. Тарихи – мұрағаттық институт тəмамдаған. 1922 жылдан бастап Ұлттық кітапханада еңбек етті. Кейін Анри Бергсонмен кездесулерінің əсерімен философияға ден қояды. 1946 жылдан бастап «Сын» журналының редакторы болып істеді. Ж.Батай – XX ғасырдың ең бір құпия əрі жан-жақты ойшылы саналады. Ол туралы Мартин Хайдеггер «Франциянын ең тамаша ойлайтың басы» деген қанатты сөз қалдырған.

Пьер Тейяр де Шарден (1881–1955) – француз философы. Жаратылыстанушы һəм палеонтолог ретінде кең танымал. Дін қызметкері, иезуиттер орденінін мүшесі. «Құдай Орта» (1927), «Адам құдіреті» (1955 жылы автор қайтыс болғаннан кейін жарыққа шыққан) атты шығармалар жазған. 1881 жылы 1 мамырда дүниеге келді. 1899 жылы иезуиттер мектебін бітіріп, иезуиттер орденінің мүшесі атанады. Бірінші дүниежүзілік соғысқа санитар болып қатысып, Құрметті Легион орденімен марапатталған. 1920 жылы Сорбонн қаласында палеонтология докторы ғылыми атағын алды. Қытайға жасалған бірқатар ғылыми экспедицияларға қатысты. Онда адамзаттың арғы тектерінің бірі – синантроп адамын тапты. 1925 жылы дінбұзар атанып, Париждегі Католиктер университетінің оқытушысы қызметінен қуғындалды. Содан соң өмірінің соңына шейін тұрақты қызмет таба алмай өткен. 1937–1946 жылдары Пекиннің елшілер кварталында тұрып, «Адам құдіреті» кітабын жазды. 1947 жылы Парижге оралады. Сол жылы əлем таныған ғұлама Француз ғылым академиясына мүшелікке қабылданады. 1951–1955 жылдары Нью-Йоркте тұрды. Қайтыс болғаннан кейін екі жылдан соң оның кітаптары дінбұзар деп табылып, барлық католик шіркеуі мекемелерінен алынып тасталады. 1962 жылы Ватикан кенсесі католик жастарды Тейяр де Шарден еңбектерінің ықпалынан қорғау туралы арнаулы жарлық шығарды.

Жиль Делез (1925–1995) – француз философы. Постструк-турализм бағытын ұстанған. Жиырмасыншы ғасырдың алпысын-шы жылдарындағы солшыл радикалдық саяси ағымдар сойылын соғушы. «Ницще жəне философия» (1962), «Айырмашылық пен қайталау» (1968), «Мағынаның қисыны» (1969), «Кино-1» (1983) жəне «Кино-2» (1985) деген тамаша туындылардың авторы. Мамандар Ж.Делез философиясы постструктурализм бағытын-дағы тағы бір кең танымал ағым – Ж.Деррида философиясына мүлдем кереғар деп есептейді.

Page 158: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

158

Эмиль Дюркгейм (1858–1917) – француз философы. Негізгі мамандығы – социолог. Француз социология мектебінің негізін қалаушы. Əлемдегі тұңғьш социология профессоры. «Социология элементтері» (1889–1917), «Діни өмірдің қарапайым формалары» (1912), «Социология жəне философия» (автор қайтыс болғаннан кейін 1924 жылы жарық көрді) деген кітаптары бар. Париж жөне Бордо университеттерінде социология пəнінен дəріс бер-ген. 1896–1913 жылдары «Социологиялық жыл жаршысы» («Социологический ежегодник») атты социология саласындағы тұңғыш журнал шығарып тұрды.

Альфред Адлер (1870–1937) – австралиялық психолог, медици-на ғылымдарының докторы, жеке психология (ивдивидуальная психология) ілімінің негізін қалаушы. «Адамдарды тану» (1917), «Өмір сүру ғылымы» (1929), «Өмірдің мəні» (1933) деген кітаптар жəне басқа еңбектер жазды. З.Фрейд жұмыстарына қызығушылық танытып, ол басшылық ететін ғылыми пікірталас клубына мүше болып кірді. Кейін əйгілі ғалымның кейбір көзқарастарымен келіспей, Жеке психология қоғамын құрды. 1910 жылы Психо-аналитиктер қауымдастығының президенті болып сайланды. 1-ші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Еуропаның бірқатар қалаларында қиын балаларға психологиялық көмек көрсететін емханалар жүйесін құрды. 1935 жылы нацистердің қуғынан қашып, Америкада бас сауғалауға мəжбүр болды. Лекциялық сапарларын-ың бірінде Шотландияда көз жұмды. Адамның мінез-құлқының негізінде өзін-өзі толымсыз сезінушіліктің орнын толтыруға деген ұмтылыс жатады деген көзқарасты берік ұстанып өтті.

Освальд Шпенглер (1880–1936) – неміс философы. XX ғасыр-дағы аса атышулы философиялық концепциялардың бірінің авто-ры. «Европаның күйреуі» (1918–1922), «Торығу» («Пессимизм») (1921), «Адам жəне техника» (1931) жəне басқа дүниелер жазған. Алғашқы шығарма қазіргі батыстық дүниетанымға айырықша ықпал еткен деп есептеледі.

Элиас Канетти (1905–1994) – австрия жазушысы. Əдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты. Философ һəм социолог ретінде кең танылған. 1905 жылы 25 шілде де Болгарияда Дунай өзенінің бойындағы Рушук қаласында дүниеге келген. Ол кезде бұл өңір Австро-Венгрия империясының құрамына кіруші еді. Ата-бабасы – XV ғасырда Испаниядан қуылған еврейлер əулетінен көрінеді. Канетгилер 1911 жылы – Лондонға, 1913 жылы

Page 159: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

159

Венаға көшкен. Философ-жазушы 1924 жылы Вена университетін бітіріп, философия ғылымдарының докторы ғылыми атағын алып шықты. 1927 жылы өзінің ең көрнекті еңбектеріне айналған – «Көрсоқыр» («Ослепление») романы мен «Бұқара жəне билік» пəлсафалық туындысын бастайды. 1936 жылы нүктесі қойылған алғашқы кітап XX ғасырдың аса ұлы шығармалары қатарына қойылып, 1981 жылы (жазылғанына 45 жыл өткеннен кейін) Нобель сыйлығымен марапатталды. Сөйтіп, жазушының небəрі жиырма алты жасында дүниеге келген роман автордың жетпіс алтыдан асқан шағында бүкіл əлем мойындаған шедеврлер санатына ілікті. Екінші еңбек болса отыз жылға жуық жазылып, тек 1959 жылы ғана баспаға ұсынылды. Э.Канетти 1938 жылы фашистердің қол астында қалған Австриядан көшіп, Англияға қоныс аударады. Сонда мəңгі көз жұмды.

Мартин Хайдеггер (1889–1976) – неміс философы. Экзистен-циализм ағымының көрнекті өкілдерінің бірі. «Психологизмдегі ілім мен пікір» (1914), «Болмыс жəне уақыт» (1927), «Дүние дидары дəурені» («Время картины мира») (1938), «Техника туралы мəселе» (1935) сияқты туындылар дүниеге əкелген 1889 жылы 26 қыркүйекте туды. Констанец қаласындағы иезуиттер гамназиясында, Фрейбург университетінің математика жəне жаратылыстану факультетінде білім алды. Оқуды бітірісімен өзі тəлім алған университетте ұстаз болып қалады да, əйгілі философ Э.Гуссельдің ассистентті міндеттін атқарады. 1933 жылы ұлтшыл-социалистер партиясына мүше болып өтеді, Фрейбург университетінің ректоры болып тағайындалады. Бірақ жыл өтпей жатып-ақ қызметті тастап кетуге мəжбүр болады: ұлтшылдық идеология қамытын кие алмайды. Енді тек оқытушылықпен айналысады. Ницще туралы лекциялар оқиды. Ғұлама өмірінің соңына дейін осы еңбегінен қол үзген жоқ, басқа білім ұясын да іздеген емес.

Людвиг Витгенштейн (1889–1951) – австрия философы. «Кембридж мектебі» – деп аталатын осы заманғы философиялық ағымдар санатындағы логикалық позитивизм яки лингвистикалық эмпиризм жəне аналитикалық яки лингвистикалық ойшылдық ағымдардың уық шаншарлары сапынан. «Қисындық – пəлсафалық трактат» (1921) жəне «Философиялық зерттеулер» (автор дү-ниеден озғаннан кейін 1953 жылы жарық көрді) атты іргелі еңбектердің авторы. Философиялық шығармашылығы қандай

Page 160: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

160

қызғылықты болса, тағдыры да сондай ерекше. 1989 жылы 26 сəуірде Венада еврей отбасында дүниеге келген. 14 жасына дейін тек үй тəрбиесін ғана көрген. 1908–1911 жылдары Манчестер университетінің техника факультетінде оқиды. 1912 жылы Кем-бридж университетіне түседі. Философияға мойын бұруы осы кез. Бір жылдан соң мүлдем оңаша тірлік таңдайды. Норвегияда өз қолымен тұрғызылған шошалаға (хижинаға) орнығып алады да, емін-еркін тек жазумен айналысуға көшеді. Бұл жағдай жылдан астам уақыт бойы сақталады. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Австро-Венгрия армиясы қатарына шақырылып, майданға араласады. Соғыстан кейін өзінің əкесінен мұраға қалған бүкіл дүние-байлығын түгелдей қайырымдылыққа жұмсауымен көзге түседі. 1920–1926 жылдары Төменгі Австрияның шалғай деревняларында бала оқытумен айналысқан. 1928 жылы Кем-бридж университетіңце сабақ бере бастайды. Кейін тағы да елден оқшауланып, Ирландияның бір фермасына көшіп кетеді. Екі жылдан соң бойында жаман дерті бар екендігі анықталып, көп ұзамай бұл дүниедегі ғұмыр сапары аяқталады.

Поль-Мишель Фуко (1926–1984) – француз философы, Постструктурализм ағымының өкілі. Тарихшы мəдениет тео-ретигі һəм психолог ретінде танылған. «Классикалық дəуірдегі ақылсыздық тарихы» (1961), «Клиниканың пайда болуы» (1963), «Гуманитарлық ғылымдар археологиясы» (1966). «Сөз бен зат» (1966), «Білім археологиясы» (1969), «Білімге құштарлық» («Воля к знанию») (1976) деген жəне басқа еңбектер жазған. 1926 жылы 15-қазанда Пуатье қаласында дүниеге келіпті. 1946–51 жылдары Париждегі Жоғары Қалыпты мектепте дəріс алған. 1948 жылы Сорбонн университетінің философия саласындағы лицентиаты атанады. 1952 жылы психология бойынша да осындай атақ алады һəм Париж психология институтының дипломына ие болады. Бір назар аударатын жəй: 1950 жылы басқа да бірқатар француз интеллектуалдарына еріп өз елінің коммунистік партиясы қатарына өткен, бірақ үш жылдан кейін коммунизм идеясын мүлдем мансұқ етіп, партиядан қайта шығады. 1952 жылы Əулие Анна клиникасына психолог болып орналасады. Одан кейін Клермон-Ферана жəне Париж университеттерінде, кейбір шетелдік оқу орындарында (Тунис) дəріс береді. 1970–1982 жылдары Колледж де Франстың ой жүйелері кафедрасында еңбек еткен. Ғасыр дерті атанған СПИД құрбандарының бірі.

Page 161: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

161

Гастон Башляр (1884–1962) – француз философы. Мəдениет-танушы һəм психолог ретінде де кең танылған. Неорационализм ағымының негізін салушы. Өзін-өзі – «ауыл пəлсафашысы» («сельский философ») атаған көрінеді. Өз Отанының Əдебиет саласындағы ұлттық сыйлығыңның иегері. «Ғылымның жаңа рухы» (1934), «Отқа психологиялық талдау жасау» («Психоанализ огня») (1937), «Жаңа рационализм» (1953) кітаптарының авторы. Шампань провинциясында өмірге келген. Колледж бітіріп, поштада қызмет еткен. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы. Соғыстан кейін өзі дəріс алған оқу орнында физика жəне химия пəндерінен сабақ береді. 1927 жылы Сорбонн университетінде философия докторы ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғайды. Одан кейін Дижон университетіне оқытушы болып орналасады. 1940 жылдан бастап, ғұмырынын ақырына шейін Сорбонн университетінде философия докторы ғылым тарихы мен философиясы кафедрасын басқарған.

Александр Федорович Лосев (1893–1988) – орыс философы. Мамандығы бойынша – филолог. Мамандар «классикалық орыс филологиясының соңғы өкілі» деп санайды. Мəскеу университетін тəмамдаған. Жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары тұтқындалып, Беломорканал құрылысына жегіледі. Жазасын мерзімінен бұрын өтеп, қамаудан 1933 жылы босатылады. Одан кейін жиырма жыл бойы тек филология пəнін оқытумен ғана шұғылданады. 50-ші жылдардан бастап жариялана бастағанның өзінде 400-ден астам ғылыми еңбек шығарған. Олардың арасында – «Антикалық эстетика тарихы» атты сегіз томдық шоқтықты туындысы да бар.

Эрик Берн (1910–1970) – американ ойшылы. Мамандығы бойынша – психиатор. Трансакциялық талдау (адамдар арасын-дағы қарым-қатынас анализі) тəсіліні негізін қалаушы. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін терең əрі жан-жақты зерт-теу жұмыстарына көп творчестволық күш-жігер жұмсаған. «Тран-сакциалық талдау жөніндегі халықаралық ассоциация» құру жұмысына белсене қатысқан. «Адамдар ойнайтын ойындар» (1966), «Адам махаббатында секстің алатын орны» (1970), «Ойын ойнаушы адамдар» (1972) деген жəне басқа дүниеге кең тараған бірқатар шығарманың авторы.

Фридрих Август фон Хайек (1899–1992) – ағылшын азамат-тығын алған австриялық философ. Негізгі мамандығы – экономист.

Page 162: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

162

Осы заманғы либерализм классигі саналады. Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты. «Құлдыққа бастар жол» (1944), «Ғылыми контрреволюция» («Контрреволюция науки») (1952), «Орға жығар өзімшілдік. Социализмнің қателері» (1988) деген еңбектері бар. Вена университетін бітірген. Онда құқ, философия жəне экономика пəндерін игерген. 1927–1931 жылдары Австрияның сұраныстарды зерттеу институтын басқарған. 1939 жылы Австрия аншлюс жағдайына түскеннен соң, ағылшын азаматтығын алыпты. 1950–1962 жылдары Чикаго жəне Фрейбург университеттерінде жұмыс істеген. 1974 жылы Г.Мордал екеуі Нобель сыйлығын алады. Ол өмір бойы экономикаға мемлекет тарапынан ықпал жасау идеясына қарсы болып өтті. Мұндай қадамның кез-келген түрі сөзсіз тоталитаризмге алып келеді деуден бір танған емес.

Макс Шелер (1874–1928) – неміс философы. Негізгі маман-дығы – социолог. Философиялық социология жəне білім социо-логиясы салаларының негізін салушылардың бірі. «Соғыс даныш-паны жəне неміс соғысы» (1915), «Соғыс жəне құрылыс» (1916), «Адам бойындағы мəңгілік құндылықтар туралы» («О вечном в человеке») (1921), «Білім формалары жəне қоғам» (1926) жəне басқа сүбелі еңбектер жазған. Мюнхенде дүниеге келді. Философия мен медицинаны Берлин, Мюнхен, Иенн университеттерінде оқып -үйренді. 1900–1907 жылдары – Иенн университетінің приват-доценті болып қызмет істеді, 1907–1910 жылдары Мюнхен университетінде философиядан дəрістер оқыды. 1919 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін дерлік Кельн университетінің профессоры міндетін атқарды. 1928 жылы Франкфурт-на-Майне университетінен шақыру алып, жұмысқа енді кіріскен кезінде бақилық болған.

Лев Шестов (Лев Исаакович Шварцман) (1866–1938) – ресейліх философ. Негізгі мамандығы – əдебиеттанушы. XX философия-лық қайта өрлеу ағымының өкілі. «Достоевский жəне Ницше» (1903), «Негізсіздіктің шыны» («Апофеоз беспочвенности») (1905) жəне басқа еңбектер жазып қалдырған. Киевте туған. Мəскеу университетін бітіріпті. 1918 жылы Францияға эмиграцияға кетеді. Парижде тұрған. Сорбонн университетінде дəріс оқумен айналысқан.

Page 163: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

163

ЕКІНШІ Б�ЛІМ

ТЫ�ДА ТО�ЫС�АНТА�ДЫРЛАР

Page 164: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

164

Бұл кітаптың ықшамдалынған нұсқасы алынып отыр

Page 165: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

165

1. ƏУЛЕТ

Жарық дүниеге жотасын тосып Жалғызтау жатыр. Көкше мен Қызылжардың кіндіктесер тұсында одан асар биік, оған жетер шоқы жоқ. Айнала қайыңды, қарағайлы жалдар қаумалаған ол осы өңірдің төре тауы іспетті.

Төре таудың тамырын иіп, төсінен құлаған бұлақ та бар. Со-нау бір жылдары маңайдағы екі-үш шағын ауылдың басын қосып совхоз құрап, оған ат іздегенде көпшілік көңілі соған құлапты. Сөйтіп, шаруашылық «Бұлақ» совхозы атанып кетті.

Білетіндердің айтуынша, мұның өзі тіпті де кездейсоқ емес көрінеді. Елге, жерге ат қоюдың желісі үзілмеген жақсы дəстүрі бар екен бұл маңда. Біреулер ат қоюда уақыттың тынысын дөп ба-сып қалуға тырысса, Жалғызтау етегіндегі елдің əдеті табиғаттың өзімен тумаласу, адас дегенді тура сол табиғаттың төл тумалары арасынан іздестіру болса керек. Шаруашылық құрамындағы ауыл-дардай өзі Ақтас, Қарағай... болып кете береді.

Орекең сол ауылдардың Жалғызтауға ең жақын жатқаны – Ақтастан. Сондықтан болар, төре тау туралы сөз бола қалған жер-де ол еңсесін басқалардан биігірек ұстауға тырысады. Əсіресе жасы тоқсанды дөңгелеткен шежіре қарт Төлекең Арқаны əнмен қырған Үкілі Ыбырай мен Біржан салдың хикаяларына басқанда бір түрлі көтеріліп қалады. Сондай əйгілі адамдардың ізі қалған өңірде дүниеге келіп, ғұмыр кешкеніне іштей мақтанатын тəрізді.

Ал Төлебай қарияның туған жерге деген сүйіспеншілігі түп-түгел Жалғызтауға деген ықылас-пейіліне сыйып кеткен бе дерсің. Төретаусыз əңгіме бастамайды ғой. Қызық... Бірде одан:

Ата, ұзақ жасаудың қандай құпиясы бар?– деп сұрап қалды.Шын білгің келе ме?– деді қария қуақы жүзбен.Əрине...Ендеше бері кел. Құлағыңды тос.Төкең тағы бір қулыққа көшті-ау деп ойласа да шегінер сылтау

жоқ. Құлағын тосты.– Көп жасау үшін мына жарықтық Жалғызтау маңынан табан

аудармау керек. Мені молдалар айтатын құдіретті күштің көзінен тасалап жүрген сол, – деп сұқ саусағын шошайтты.

Page 166: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

166

– Сөзімнің шыны да бар. Əзілдің астарынан аңғармай қалмаң-дар, түге, – деген тағы.

Бұл – көп жасап, көпті көрген қарияның кейінгілер де өзі сияқты тағдырларын туған жер тағдырымен тығыз байланыстырса деген тілегі, аталық ұлағаты, əрине. Ал оның осылай айтуға қақысы мол. Екі ғасырға куəлігін былай қойғанда, өзінің бар үрім-бұтағының саналы өмірі туған жер өмірбаянымен өзектес. Баласы Сəлдеу осы Ақтаста ширек ғасырдан астам ұстаздық етсе, немересі Гүлнар да осыдан біраз жыл бұрын орта мектепті бітірген соң ауылда қалып, шопан таяғын ұстады, комсомол-жастар бригадасын құрды. Ауыл атын шығарып, сіңлілері мен інілеріне өзгеше өнеге танытқан Гүлнар бүгіндері – қос орденді шопан. Кезінде облыстық Совет-ке депутат та болып сайланды. Тіпті, тұрмыс құрарда басқа жер-ден жолыққан күйеу жігітті де өз шаңырақтарын Ақтаста тігуге көндірді.

Төлебай қария сондықтан да сенімді сөйлейді. Төлебай қария-ның сөзі сондықтан да кəрі-жасқа бірдей өтімді.

Шынын айту керек, Орекең өзі де Жалғызтауды Төкеңнен кем сүймейді. Рас, оның басына алғаш қай бабасы көтерілгенін білмейді. Бірақ өзінің бүкіл саналы ғұмыры осы төре таудың етегінде, оның тағдырымен етене өтіп келе жатқаны анық. Жалғызтау өңіріндегі ел мен жердің соңғы қырық жылға жуық уақыттағы өзгерістеріне Орекең куə, ал Орекең өміріндегі бар сəулелі сəттерге Жалғызтау куə.

* * *Төкеңдер ол кезде де əңгімені «Бұл Жалғызтау жарықтықтың

көрмегені, куəлік етпегені жоқ қой» деп бастайтын. Дегенмен со-нау 1954 жылдың көктемінде жапан даланы жаңғыртқан ұлы істі Жалғызтау, оны мекендеген қалың ел бұрын көрмек түгіл, қиялдай алмаған да болар. Сауырын самал жел ғана сипап, сұлық жатқан селеулі дала төсі бір сəтте ғана қайнаған қызу еңбек ордасына ай-налды да кетті.

– Тыңға түрен түсті! – деп шулап жатты газеттер.– Тау-тау астық аламыз! – деп айқайлады ел.– Жалғызтау маңы да жер қайысқан дəн теңізіне айналады екен!

– деп жүрді енді біреулер.Бұл сөздердің дұрыс-бұрыстығы жөнінде саудаласып жатуға

уақыттың өзі, керенаулау күйінен əлі де болса толық айыға

Page 167: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

167

қоймаған елдің көз алдында бірінен бірі асқан жаңалықтардың соншалықты жылдам алмасуы мұрша берген жоқ. Əйтсе де партия мен халық қолға алған ұлы істен ешкім де шет қала алмады. Ұлы жорыққа туған жер түлектері де қатысты.

Солардың бірі Жəмет Кəкімов еді. Қазір ғой кеудесін орден, ме-дальдар көмкеріп, биік-биік мінбелерден беделді сөздер айтатын байсалды күйге көшкені. Онда ол да өткірдің жүзіндей қылпылдап тұрған, қайда салса да қаймықпай шығатын жалынды жігіт-ті. Қан қызыл ДТ-54 тракторын қалыңдығындай күтіп, ең жаңа техника-ны басқа емес өзі еншілегеніне ерекше көтеріліп, қаз-қаз басушы еді-ау көшеде. Обалы не, жұмысқа да жойқын болды ғой. Темірмен бірге туғандай, тракторының тетік-тегершігін тегіс талдап беретін сонау Мəскеуден келген тың игерушілерімен алғаш үзеңгі қағыс-тырған сол. Көктемгі егіс біткен соң сол мəскеуліктердің ең таңдаулыларымен тізе қосып тұрып, арнайы жүлде алғанда ауыл-дастарында ес қалмаған болатын.

Орекеңе, қазіргіше айтқанда, кəсіптік бағдар берген, міне сол жайсаң Жəметтің өзі.

Көп болып жинала қалғанда алқа-қотан отырып алып бала ба-луандар күресін тамашалау ауыл үлкендерінің əдеті. Ақтаста да əр көшенің, əр кластың өз балуаны бар. Шет шыққанда ауыл намы-сын арқалап кететіндері тағы бар. Орал да сол соңғы топқа еніп жүрді. Бойы шағындау болса да, дене бітімі кесек сары баланың қимылы сүйсіндіретін.

Қара-қара, болмайды өзі!Өй, болмағаны несі? Ол қазір ана ұзынтұраның аяғын аспан-

нан келтіреді.Əне, қолтыққа еніп кетті. Енді жамбасқа салады! – деген

қолпаштаулар күрес сайын сан қайталанып жатушы еді. Жолы болып жеңіп шыққанда кішкене сарының өзі де желпініп кетеді. Теңдестеріне төбеден қарап, үйге жеткенше асығады. Бар ойы – «жарайсың, ұлым» деген əке алғысын алу.

Дүниеде одан асқан жетістік бар деп ойлаған емес. Бірде осы-лай асығы алшысынан түсіп, үйге қарай ағып келе жатқанында Жəмет тоқтатып алды. Кəдімгі жайсаң Жəметтің өзі.

Сен мені танисың ба? – деді салған жерден.– Əрине.Жақсы. Ал өзің кімсің?

Page 168: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

168

– Орал... Орал Тəттібаев.– Қай класта оқисың?– Жетіншіде.– Ой, жігіт болып қалыпсың өзі! Сонда мектеп бітірген соң кім

болам деп жүрсің?Үн жоқ.– Неге үндемейсің? Түсінбей қалдың ба? Кейбіреулер сияқты

мұғалім боламын деп қалаға кетесің бе? Əлде осында қой бағасың ба, немесе басқа қандай іспен шұғылданғың келеді дегенім ғой.

– Əлі ойлағаным жоқ.– Жарайды, оқуың қалай?– Жақсы.– Дұрыс екен. Орал, мен сенің күресіңе көптен қызығып

жүрмін. Ана өзіңнен көп ірі балалармен күресу үшін жүрек керек. Түсіндің бе? Бірақ менің саған айтайын дегенім ол емес. Мынау деген (ол саусақтарын күс-күс алақанына бүгіп, бас бармағын шо-шайтты) механизатор болу үшін де жүрек керек. Ауыл жігіттерінің көбі əлі тайсақтап жүр. Ал сенен жақсы тракторшы шығады. Сегізді бітірген соң училищеге барсаң, кейін тура өз қасыма алып үйретемін. Түсіндің бе?

– Білмеймін. Əкем...– Саспа, əкеңді өзім көндіремін. Ал қолың боста маған келіп

жүр. Тракторыма мінгіземін.Жайсаң Жəмет кейін əкесімен сөйлескен-сөйлеспегені қазір

есінде жоқ, бірақ өзі мектеп бітірген соң Боголюбово кəсіптік-техникалық училищесіне түсті. Оны бітірген соң Жəмет сөзінде тұрып, өзіне тіркеуші етіп алды. Бұл тың игерілетін көктем еді. Сол көктемде оның еңбек жолы басталып, сол көктемде оның азаматтық тұсауы кесілді.

Бəріне соның Жалғызтау куə. Ол мұның қинала жүріп, үйрене жүріп ел қатарлы еңбек ете бастаған кезін де, жеке өзіне бекітілген темір тұлпарды құмары қанғанша «қуып-қуып» сөндіріп алып, танап төсінде табаны күректей екі күн жөндегендерін де біледі. Білместердің майдангерлерден: соғыста қорықтың ба? – деп сұрайтыны сияқты, кəнігі диқанға да басында жеңіл болмаған шығар деудің өзі артық. Əрине, тұрқы бөлек темір серікпен тіл та-бысу, оны өз дегеніңе бүкпесіз бағындыру əрі диқан еңбегінің түні – таңға, көктемі – күзге ұласып жататын мазасыз маусымдарының

Page 169: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

169

жұмыс ырғағына көндігудеген жігіттің жігіті ғана төзер сын. Оның жанында атаның құтты таяғын қолға алып қой бағу, оңай болмағанымен, өтімділеу шығар.

Жалғызтау – Орекеңдердің сол сыннан сүрінбей өткенінің куəсі.Орекеңнің механизаторлық кəсіптің қиыр-шиырын игеруге

ден қойғанына да отыз бес жыл. Аз уақыт емес-ау. Бір тағдырдың бүкіл саналы бөлігі. Осыншама үйрену мен іздену жолы оны еңбек өнерінің биігіне көтеріп, танымал диқан атандыруы да заңды. Омы-рауын Отан наградалары көмкерген Орекең сол биікте де баяғы са-бырлы сырбаз қалпынан бір аумайды. Бала балуандар күресіндегі жеңіске деген құштарлық көңілін əлі кеулесе, көтерме сөзге деген алып-ұшпалықтан із де қалмаған. Өз бағасын, өз ісінің бағасын біледі ғой. Дүниедегі ең ізгі мамандықтың хас шебері болғанға не жетсін, шіркін!

Таңданасың ба, танданбайсың ба – өз еркің, əйтеуір, диқан еңбегінің нəтижесі дəн санымен өлшенеді. Йə, кəдімгідей бір дəн, екі дəн, үш дəн... жүз дəн... миллиард дəн делініп. Арқаның алтын астығын алу жолындағы аласапыран еңбектің алғы шебін көріп, ақтық қызуын сезбегендер бұған алғашында аңтарылып қалуы мүмкін. Бірақ олар естіп жүрген пұттар мен тонналарға шаққан миллиондар мен миллиардтардың негізінде осы қарапайым есеп жатыр. Дəл осы есеп нағыз азаматтар ғана қайыспай көтере алатын Орекеңдер еңбегінің ауыртпалығын анық аңғартса керек. Орекең бел ортасында жүрген отыз бес жыл ішінде топырақ өңдеу, дəн себу жəне астық жинау жұмыстарында, тұқым шаруашылығында, жалпы егіншілік жүйесінде ғажайып өзгерістер дүниеге келді. Тың өлкесінің өз егіншілік мəдениеті қалыптасты. К-700 сияқты қуатты да тиімді техника келді көмекке. Бірақ солардың ешқайсысы да астық сеуіп, оны азық ететін адамның қасиетті ырыздық пен Жер-ана алдындағы жауапкершілігін бір мысқал да кеміткен жоқ. Қайта сол жауапкершілік жүгі ауырлаңқырай түскендей. Міне, Орекеңдер еңбегінің шоқтығын көтере түсер қасиеттің негізі де осында.

Осы орайда Орекеңді бақытты диқан деуге əбден болады. Бақыт емей немене, өзі күтіп-баптаған алқаптардан республикада мүлдем қара үзіп шығып, ғалымдардың өзі бір кездері егіншілікке қолайсыз деп есептеген жерлерде еліміздің Қаратопырақты аймақтарындағы көрсеткіштермен таласар өнім алып жатса. Бұлақтықтардың дəнді дақылдың əр гектарынан 31 центнерден өнім жинағаны туралы

Page 170: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

170

кезінде одақтық баспасөздің басы – «Правда» газеті де жазған бо-латын. Бұл 1970 жылы жасалған рекорд еді.

Сол жолы Орекең тағы орден алды. Кеудесін көмкерген Октябрь Революциясы, «Құрмет белгісі» ордендері мен басқа да жоғары наградаларының қатарына Ленин ордені қосылды. Бұл оның диқандық шеберлігі мен тəлімгер ретінде біліктілігіне ғана емес, ұйымдастырушылық қабілетіне, бүкіл бригада мүшелерінің жігерін жанудағы жетістіктеріне берілген баға еді. Өйткені, ол – коммунист, қоғамдық істердің бел ортасында жүретін жан. Цехтық партия ұйымына жетекшілік ету сеніп тапсырылуы да содан. Бір ғажабы, бұл жұмысты ол қайнаған қызу науқан күндерінде де, өзі қыр кемесіне отырған кездерде де уақыт талабына ұштастырып жүргізе алады.

Үстіміздегі бесжылдықтың алғашқы жылдарындағы табыста-ры да толымды. Ауа райының ала-құлалығына қарамастан жылы-на орта есеппен гектар сайын 20 центнерден өнім жиналып жүр. Еселі еңбек кəделі ғой – бұрнағы жылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Көңілі көл-дария Орекең бұл жолы да ағыл-тегіл той жасап, əдеттегідей қуанышын бар ауылдастарының ортасына салды.

– Орал, енді сіздің шаңырақта батыр есімі аталып, сонау төрге Алтын Жұлдыз қадалуы ғана қалды, – десті тілеулес ел.

– Дұрыс айтылуда. Бірақ дəл емес. Өйткені бұл үйде бір батыр қазірдің өзінде бар ғой, – деп ұштап жатыр тағы біреулер.

Осы сөздің жаны бар. Ол айтылып жатқанда Зұлқия жеңгей қашан да таймайтын ақжарқын қалпымен əнтек жымиып қойған. Осы сəтте жанар біткен өз жағына бұрылғанын біліп отыр. Жастық ауылынан аттанып кеткеніне əжептəуір болғаны əзер байқалатын көркем келіншек жүзі бал-бұл жанады. Орекең шаңырағына Батыр атағын əкеліп үлгерген осы кісі. Он екі бала өсіріп, тəрбиелеуде. «Ардақты ана» атанғалы да бірнеше жыл болып қалды. Он үшінші бала – Оралдың өзі. Оның ауыртпалығы қалғандарынікінен кем емес, – деп əзілдейді кейде жеңгей.

Қалай десе де жарасып жатыр. Өйткені, түтіні түзу ұшқан бұл шаңырақтың шын ұйтқысы осы жеңгей.

Менің еңбектегі абырой-атағымның тең жарымы – жеңгелерің-дікі, – деп мойындайды Орекең əзіл-шыны аралас.

Бойымыздағы бар жақсы қасиет үшін əкеймен қатар анамызға

Page 171: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

171

айрықша қарыздармыз, – деседі Орекеңнің үлкен өмір жолына сəтті қадам жасаған тұңғышы Майра мен оның ізін басып келе жатқан Əділ. Бұл – үлкен семьяның алғаш қанаттанған қарлығаштарының сыры. Орны бөлек сыр. Сол сияқты олардың өздері туралы əңгіме де бөлек.

* * *Жалғызтау куə, Орекең тұңғышының «ат ұстар» болуын іштей

қатты тілеп жүрді. Сондағысы – артына қара еріп, ол да өзіндей Жер-ана төсін емген диқан болса деген тəтті үміт. Əкесін пір тұтып, оның тракторының кабинасына отыруды бір мұрат көретін көршінің қара домалақтарына қызығушы еді.

Өстіп жүргенінде өмірге «ине сабақтар» келді. Əлі тəжірибесі жоқ əкесі мен шешесінін екі аяғын бір етікке тығып, апшыла-рын қуыра келді. «Құдды тынымсыз, ер баланың мінезіндей екен мінезі» десті ауылдастары.

Сол Майра аяғын тəй-тəй басып, пысыған кезде де, əкесінің əуел бастағы құпия арманын білетіндей, көп ойыншық ішінде қуыршақ емес, тракторды немесе машинаны үйірсектейтін. Өсе келе де темір-терсекке бір табан жақын жүрді. Əкесінің қасынан бір елі қалмайды. Сөйтіп жүріп, техниканы көп құрбы-құрдастарынан бұ-рын танып білді. Ал оныншы класта машинатану пəнін өткенде өзін суда жүзген балықтай сезінді.

Бірақ осының бəрі анасы Зұлқияға қызының басындағы ертең ержеткен соң өзінен-өзі ұмыт болатын өткінші күйдей көрінетін.

Қателескенін кейін ұқты. Мектеп бітірген Майра аттестатпен қоса алған механизаторлық куəлігін көрсетіп, ауылда тракторшы болам деп бір-ақ айтты кесімін.

– Қызым-ай, ойлансаңшы. Мүмкін ана құрбыларыңдай бір оқу орнына барып бағыңды сынап келерсің. Қу темір қайда қашар дейсің. Əрі аттестаттағы бағаларың да жақсы, – деп көріп еді, бол-мады.

– Айттым ғой, апа, алдымен ауылда еңбек етемін деп. Оқу да ешқайда қашпайды. Ойлағаның диплом болса, оны да осылай көз алдыңда жарқыратып тұрармын əлі-ақ. Бірақ қазіргі шешіміме кө-нуіңе тура келеді, – деді. Сөздері – нық. Мақсаты – анық. Айтайын дегенін көптен саралап жүргені сезіліп тұр.

Сонда да болса Зұлқия кешке күйеуін қажады.

Page 172: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

172

– Осы сен бəріне кінəлі. Өзің күні-түні қасынан шықпағаныңмен қоймай, қызыңды да темір-терсекке үйір еттің. Енді жұрт сияқты оқуға да барғысы келмейді. Тракторшы болам дейді, əне.

– Е, онда не тұр екен. Дұрыс. Болам десе болсын. Өзің емес пе едің жайшылықта «мамандықтың бəрі жақсы» деп отыратын. Енді жеме-жемге келгенде тайқып шығып отырсың ба? – деп күлді Орекең.

– Жай... қыз бала. Ауыр болады дегенім ғой, – Өз көңілінің қалауы болса, ештеңе етпейді. Ауырына көндігеді, қиынын үйренеді. Өзім үйретемін. Тəттібаевтар семьясынан тағы бір диқан шықса көптік етер деймісің. Біледі Майрашым өзінің не істеп жүргенін. Көп мазалай берме.

Ана секеміңен гөрі, əке мен бала көңілінде қабысқан ой өміршең болып шықты. Майра сол қыста қосымша комбайн жүргізуді оқып-үйреніп, арнайы куəлік алды. Келесі күзде əкесімен қатар жүріп астық жинады.

Майрамен алғаш сол 1977 жылдың күзінде танысқанбыз. Орекең үйі қуанышқа толы екен. Егін орағы аяқталған. Даңғайыр диқанның өзі қыр кемесінен 12 мың центнер тың маржанын қотарса, Майраның көрсеткіші 5 мың центнерден асыпты.

– Қызымның тұсау кесер табысы жаман емес.Осында сенімсіздік білдіргендердің аузына құм құйылды. Тура

тойдың үстінен түстіңіздер, – деп жайраң қағады жақсы азамат.Майрамен ынтымағы жарасып, шаттығы шалқыған шаңырақ

төрінде отырып əңгімелестік. Қай сұрағымызға болсын тосылмай жауап береді.

Мына кітапшаларды өзің жинап жүрмісің? – дейміз ұқыпты қатарланған шағын жеке кітапханаға көңіл аударып.

Əкем де көмектеседі. Жалпы семьямыз болып қол боста кітап оқуға құмармыз. Өзім негізінен тарихи тақырыпқа арналған жəне шырғалаң оқиғалы туындыларды жақсы көремін. Тарихты білу бүгінімізді түсінуге жəрдемдеседі.

– Тегі, білімге құштарлығың мол көрінеді. Оқуды жалғастыру да ойыңда бар шығар?

– Осында кейбіреулер менің механизатор болуымды кездей-соқтық деп есептейді. Мүлдем олай емес. Мен нағыз диқан болғым келеді. Ал нағыз диқанға білім қажет, оған сөз жоқ. Сондықтан ал-дымен кəсіби білімді көтеріп, кəсіптік-техникалық училищеде

Page 173: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

173

К-700 тракторын жүргізуді үйренсем, кейінірек жоғары оқу орны туралы да ойластыра жатармын.

Алғашқы орақ кезінде өзің сезінген бүгінгі диқан еңбегінің ең басты қиыншылығы қандай? – деп сұрады сапарласым – астаналық журналист.

Қызу науқан үстінде комбайның сынып жатса – сол қиын, – деп жымиды Майра.

Москвалық журналист кейін жас қыздың саналы да салмақты жауабына қатты риза болумен қатар едəуір таңғалғандығын да айт-ты.

Осы орайда тағы бір жай еске түседі. Əңгіме сурет төңірегінде болатын. Фототілші əкелген дүниелерді қарастырып жатқан редакциядағы жауапты қызметкерлердің бірі таңырқап тұр.

– Жаңылыс əкеліп тұрған жоқсың ба өзің? Мына қарындас ком-байншыдан гөрі актрисаға көбірек ұқсайды екен, – дейді ол.

Шынында да мойыл қара шашын иығына төгіп жіберіп, бір қырындау отырған, омырауы сəл ашықтау көйлегі бар қыздың кейпі даланың аптабы мен суығына бірдей көнбістеніп, ауыр еңбек салмағын сезініп жүрген жанға келіңкіремейтіндей. Қайта өз бой-ын ғана күткен қалалық бойжеткендерге көбірек ұқсайды деген-дермен таласу қиындау...

Дегенмен жауапты қызметкер үнінде сурет сөзінің дəлдігіне деген күдіктен гөрі еңбегімен ел мерейін көтерген бүгінгі ауыл жастарының жұмыстан соң жайнап шыға келетін жоғары мəдениетіне деген сүйсіну басым еді.

Біздің астаналық əріптесіміздің таңғалысында да осындай ізгі ілтипат бары анық.

Көпшілік көңілі кездейсоқ құламайды ғой. Майраның диқандық жолы кім болса да қызығарлықтай құтты басталды. Екінші орақта-ақ өз комбайнымен жеті мың центнерден астам астық бастырды.

Ол жайында облыстық газеттер жарыса жазып, суреті респуб-ликалық баспасөз беттерін де шарлап кетті.

– Ауыл атын абырой-құрметке бөлеп, аспандатты аудандағы тұңғыш диқан қыз, – деп қуанды ауылдастары.

Мұндай дақпырт, əсіресе, ол жас өндіріс озаттарының Москва-да өткен Бүкілодақтық кеңеске қатысып, оралғаннан кейін өзгеше көтерілді.

Осы сапар Майраның өзін де едəуір өзгерткендей еді. Ысы-

Page 174: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

174

ла түсті. Астана құшағы, əсерлі кездесулер көңілін тасытып, мəртебесін көтерді, рухани есейте түскендей болды. Ол қарапайым диқан еңбегінің біздің елімізде қаншалықты зор құрметке ие екендігін бұрынғыдан да бөлектеу сезініп оралды.

Астанаға алғаш баруы болғандықтан көргенінің бəрін көңіліне түйе берген. Алдымен ВЛКСМ Орталық Комитетінде қабылдау жасалды. Одақтас республикалардан да өзі сияқты кіл өрім жа-стар жиналыпты. Еңбегімен ел құрметіне бөленгендер. Бəріне ең жоғары комсомолдық наградалардың бірі – «Алтын масақ» белгісі тапсырылды.

Өзінің күн сəулетті республикасының басты байлығы – би-дай масақтарының бейнесі зерленген осынау значокпен ол ұлы көсем Мавзолейіндегі ұмытылмас сəттерін өткізді, Жұлдызды қалашықты аралап, космос қырандарымен кездесуге қатысты.

Сол сезім тербеген сəттердің бəрінде ол əке аманатын-дай қабылдаған диқандық мамандығының мерейі туралы терең тебіренді. Өзінің дүниедегі ең көне əрі ең қажетті өнер – туған жер төсінде астық өсірумен айналысатындығын, шынын айтса, алғаш рет мақтан етіп, тезірек алыстағы туған ауылы Ақтасқа жет-кенше асықты. Келесі жылғы өнім негізін қалаушылар қатарына қосылуға құлшынды.

Ал ауылда оны қыр алыбы К-700 тракторы күткен-ді. Темір тұлпарына отырып, жер құйқасын шығара судігер жыртты.

Диқан қам-қарекеті қашан таусылған. Бұл жұмысты тəмамдап, мал қыстақтарына жемшөп тартып жүргенінде қар тоқтату ба-сталды. Көктем шыға ылғал жабылды, егіс жұмыстары жүргізілді. Көктеген егінді күтіп-баптау қамымен жүргенде үш айдың қалай өткенін де аңдамаған. Күз туып, орақ жетті.

Жас диқанның бір жылғы еңбегі осылайша тұйықталды. Оны-мен қатар Майраның тəжірибесі де толығып, шеберлігі шыңдала түсті. Соның айқын айғағындай ол Паша Ангелина атындағы Бүкілодақтық жүлдені жеңіп алды. Жоғары наградалары қатарына енді «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі қосылды. Партияға мүшелікке ұсынылды.

Ал бүгіндері Майра Тəттібаева есімі республикаға кеңінен та-нымал. Ол – ВЛКСМ XIX съезіне делегат болып қатысу бақытына ие болған өнегелі өрендердің бірі.

Осының бəрі Орекең мерейін тасыта түседі. Ол өзі өмірлік мұрат тұтқан тың дəстүрлерін тұңғышының жан-жүрегімен ұғып,

Page 175: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

175

жалтақтамай қабылдағанын мақтан тұтады. Оңашада Зұлқия жеңгейге:

– Əне, айтпап па едім. Майражанның қолынан бəрі келеді деп. Екі қолыңды жылы суға салып, айдарыңнан жел естіріп қойған жоқ па? Енді əйгілі диқан қыздың анасы ретінде телевизорға түсіргенде шалжия қаласың. Ал басында ғой басқаша əндетіп ең. Қалай екен? – деп шалқаятыны бар.

Айтпақшы, Майра ана тілегін де жерде қалдырған жоқ. Бізбен алғашқы кездесуде айтқанындай, диқандық мектептің біраз са-тысынан сүрінбей өткен соң жоғары оқу орнына документ тап-сырды. Жұмыстан қолы қалт еткен сəттерде көз майын тауы-сып, көп дайындалғаны зая кеткен жоқ. Ол қазір Қостанай ауыл шаруашылық институтының агрономия факультетінде сырттан оқып жүр.

Жас диқанның мақсаткерлігіне кім де болса тəнті боларлық-ақ.Жер төресі Жалғызтау Тəттібаевтар əулетіндегі əке жолын қуып,

өз тағдырын туған жер тағдырымен тығыз ұштастырған тағы бір танымал диқанның бұл қадамдарына да куə, əрине.

Орекең де Жалғызтауға жан дүниесінің жадыражай жарқын нұрын төге өзгеше бір мақтанышпен қарайды.

Табиғат тумасы мен адам-ана перзенті бір-біріне айтайын дегендерін үнсіз-ақ ұғынысып жүргендей.

* * *Жалғызтау Орекең шаңырағынан шыққан үшінші диқан, он екі

баланың екіншісі – Əділдің де құт кəсіпті игерудегі алғашқы қалт-құлт қадамдарына куə.

...Орақтың оңайы болмайды. Маңдай терді маржандай төгіп өсірген мол астықты шашаусыз жинап алу үшін қажымай күресу керек. Қолайсыз ауа райы да, ұйымдастыру жұмысындағы орашолақтықтар дейсің бе, əйтеуір жұмыс қарқыны мен сапасына ұтылдың деп ұпай салып кетер «қиқарларың» жетерлік.

1981 жылдың жаңбырлы жазы да алғашқыда алақайлап қуанған диқан қауымына соңыра сан соқтырғандай болды. Не дері бар – қоңыр күздің бел-белдеуінің өзінде əлі піспей көгеріп жатқан егін диқанның көңіл-күйін тілсіз ұқтырғандай еді. Масақ толы дəн сабақта тұрып-ақ төгіліп жатқан жерлер де бар. Дəл орақ кезінде сібірлеген жаңбыр бой жаздырар емес.

Page 176: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

176

Ақтасқа бет алып заулаған машинада жол бастап келе жатқан совхоз партия комитетінің секретары Амангелді Смайылов:

Міне, мынау қаздай қатар қалқыған Тəттібаевтар звеносының комбайндары, – деді ауыл сыртындағы шоқ қайың етегіндегі та-нап төсін нұсқап.

Екеуі – Оралдың өзінікі мен Майранікі ғой. Ал үшіншісі кімдікі? – деп қалды біреу.

– Оның иесі де – Тəттібаев. Тəттібаев Əділ. – Орекеңнің екінші баласы. Кəсіптік-техникалық училищені биыл бітірді, – деп түсіндірді партком секретары.

Осыдан біраз бұрын облыстық партия комитетінде өткен озат диқандар кеңесінде Орекеңмен кездесуіміз ойға орала кетті. Кеңес қиын орақты енегелі өткізу жайлы пікірлесуге сайған.

– Енді Тəттібаевтың пікірін тыңдайық, жолдастар. Ореке, сіздің не ойлағаныңыз бар? – деді бір кезде облыстық партия комитетінің секретары арнайы тоқталып.

Бағанадан бергі əңгіменің бəрін зейін қоя тыңдап отырған дүлдүл диқан бірден тоқ етеріне көшті.

– Əріптестерім айтып отырғандай, үстіміздегі орақ өзгеше қиын болатын түрі бар. Бір танаптың өзінде бірнеше технология-мен қатар жұмыс істеуге тура келер. Бірақ соған қарамастан жарыс тегеуіріні жылдағыдан төмен болмауға тиіс деп ойлаймын.

– Орақты ойдағыдай жүргізудің бір кепілдігі, меніңше, осы. Өзім биыл да кемінде 10 мың центнер астық бастыруға уəде беремін, – болды бар сөзі.

– Міне, азамат!– Тура іске көшті ғой!– Ал енді қалғандарымыз да нақты межелерімізді аталық, – де-

ген дауыстар тұс-тұстан шықты.Нақты межелерін атаған соң олар бүкіл облыс еңбеккерлеріне

арнап үндеу қабылдады.Орекеңді кеңес аяқталған соң да босатпай, журналистер қоршап

алды. Біраздан соң ғана ол шыға берісте күтіп тұрған маған қарай əдетінше əнтек жымиып келе жатты. Екі беті алабұртып алған.

– Ой, осы сіздің əріптестеріңіздің құрсауы қатты-ақ. Əрең құтылдым ғой. Одан бір-екі норманы асыра орындау жеңіл, – дейді амандасып жатып.

– Ореке-ау, үйренетін уақытыңыз болды ғой. Одан да болашақ орақ қиыншылықтарын жіпке тізе жөнелсеңіз сенер ме едік...

Page 177: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

177

– Əркімге əрқалай ғой. Не десеңіз де, мен үшін алқаптағы қиындықтар жеңілірек.

– Жарайды, сізбен сөз таластырып болмас.– Айтпақшы, жаңалықтар жайлы айта отырыңыз.– Жаңалықтар жетерлік. Алдымен бірнеше бөлмесі бар жаңа

үйге көшкенбіз. Кезектен тыс «Жигули» сатып алдық.– Қайырлы болсын, Ореке, қайырлы болсын!– Тағы бір жаңалық – биылғы ораққа кəсіптік-техникалық

училищені бітірген ұлым Əділ де қатысады. Майра да əдеттегідей сақадай-сай...

– Жарадыңыздар, Ореке! Семьялық экипаж əзір десеңізші?– Əзірі əзір-ау. Дегенмен, Əділжанның алғашқы аяқ алысы

қалай болар екен деп ойлай беремін.– Асықпаңыз, ағасы, əке жолын қуып, өнегесін тұтса, əулет на-

мысын қолдан бере қоймас...Мақтан сүйе қоймайтын кісі ғой, əңгімені жылдам басқа жаққа

бұрып əкетті. Бірақ Əділдің əулет намысын жер етпеуін іштей қатты тілейтінін алабұртқан жүзінен аңғару қиын емес. Бұл жер-де оны əке мұраты мен ұстаз арманы сияқты қос сезім қатар тер-беп тұрғаны анық еді.

Міне, енді сол Əділмен танап төсінде жүздеспекпіз. Қалай екен қадамы?

Əр минуты қымбат қауырт шақта қырман толар қызыл би-дайды қуалай жұтып жүрген қыр кемелерінің иелерімен көп сұхбаттасудың реті келген жоқ. Орекең мен Майра – көптенгі та-ныстарымыз. Олардың қасындағы екі жігітті ғана алғаш көруіміз.

Екеудің бірі – Петропавл индустриялық-педагогикалық техни-кумының студенті Ғазиз Аманжолов екен. Ол диқан қыз Майра Тəттібаеваның тікелей қамқорлығымен тұсауы кесілген қарлы-ғаштардың бірі болатындығын көңілге қатты түйіп қойдық. Ал екіншісі – Əділ.

– Нағыз еңбек адамы істе сыналады ғой. Осы орақта Əділім де жақсы жағынан көрініп, төбем көкке бір елі ғана жетпей жүр. Шеберлік, əрине, бірден келмейді. Бірақ оған деген ұмтылыс алқапты бір айналып шыққанда-ақ аңғарылып қалады. Сол ұмтылыс Əділде бар ғой деймін.

Бұл – Орекеңнің сөзі. Бөлімше басқарушысы Тұяқ Оспанов болса, жас механизаторды диқандар қатарына қосып та қойыпты.

Page 178: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

178

– Əділдің тұсауы кесілді. Орақ аяқталғанша алты мың центнер-ден астам астық бастырарына қазірдің өзінде кепілдік беруге бола-ды. Ол алғашқы орақ үшін аз көрсеткіш емес. Көрерсіздер, əлі осы бала қалған Тəттібаевтардың бəрін басып озады, – дейді ол.

Асырғаны болса да əркімге арнала берер сөз емес, əрине.Ал өткен жылы Əділ өз комбайнымен он мың центнер астық

бастырды. Сондағы апасы мен əкесінің қуанышын көрсеңіз ғой. Тəттібаевтармен тың төсіндегі бұл жолғы кездесуден де тағы бір соны əсер алып қайттық. Жалғызтау бұрынғыдан да биіктей түскендей көрінді бізге. Баурайындағы елдің мерейі өсіп жатқанда, оның еңсесі неге көтерілмесін? Көтеріледі де.

* * *Жарық дүниеге жотасын беріп Жалғызтау жатыр. Көкше

мен Қызылжар арасындағы кербез шоқы. Жан-жағына асқақ қарайтындай. Туған жерінің құмды-тасты пұшпағын басқа сулы-нулы жердің ешқайсысына қимайтын түлектерінің арқасы-ау де-ген ой келеді.

Орекең, Майра мен Əділ – солардың үшеуі ғана.Үшеуі де – диқандық өнерді мұрат тұтқандар.Үшеуі де – бір əулеттен.Түлеген тың төсіндегі осындай əулеттер абыройы аса берсін деп

тілейсің іштей. Жер төресі Жалғызтау да солай тілеп жатқандай.

2. Əйбат

Бұған да Жалғызтау куə: екі жыл бұрын кездестіргенімізде ұяңдау көрінген қараторы қыздың мінезі де өзгерген тəрізді. Ашы-лып, ақ жарқын күйге көшіпті. Еңбекпен есейген жылдардың бір белгісі осы ма деп қалдық.

– Өткен жылы төл алудан онша көріне алмадық. Əр жүз саулық-қа 95 қозыдан айналды, – дейді бригада жайлы сұрағанымызға салмақты жауап беріп тұрған Əйбат. Жанарын төмен салған кейпі көңілі толмай жүрген жайды сездіріп тұр. Айтпаса да болатын еді. Бірақ осының өзі-ақ жас коммунистің бүгінгі табыс буына ма-станып, сол биікке бастаған, сəтсіз де болса сабағы мол жолды ұмытпағанын, шындықтың көзіне тура қарайтын жақсы қасиетін айғақтап тұр.

Page 179: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

179

– Жүйрік те сүрінеді. Екі рет республикалық жарыс жүлдегері атанып, облыстық комсомол комитетінің Социалистік Еңбек Ері Яков Корабельников атындағы жүлдесін жеңіп алған «Арай» үшін бұл бір сабақ болғаны да. Озаттық маңдайға жазылып қойылатын мəңгілік белгі, меншікті абырой емес екенін ескерткен ғой. Қалай, қорытынды шығарылған болар?

– Əрине, биыл əр жүз саулықтан жүз бес қозыдан өргізіп, əр қойдан 4,8 килограмнан жүн қырықтық.

– Осылай болса керек! Облыстағы қой өсіруші комсомол-жастар коллективтерінің маңдай алдысына осындай өрелі табы-стар ғана жарасады!

– Бесжылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындап шыққаны-мыз үшін тəлімгеріміз Совет Омаров ағай жəне бригада мүшелері Құрмет грамоталарымен наградталдық. Қатарынан екінші рет...

– Жарайсыңдар! Бригадирі – депутат, топ комсоргы республика коммунистері съезінің делегаты болған коллектив қалай мақтанса да келіседі енді, – дейміз жас қыз жүзіндегі шаттық шырайына қызыға қарап.

«Қыз өссе елдің көркі» – дейді халық. Ал Ақтас ауылының бойжеткендері болса елдің көркі болумен қатар, оның абырой-даңқын, еселі еңбек дəстүрін шығандатып жүрген жандар. Ауыл атағын бұрын Паша Ангелина атындағы Бүкілодақтық жүлденің иесі Майра Тəттібаева мен Гүлнар Төлебаева есімдері асқақтатса, енді олардың қатарына Қазақстан Компартиясы съезінің делегаты Əйбат Кəкенованың аты қосылды. Үлкен өмір есігін кешелер ғана аттаған қарапайым қыздың қызығарлық тағдыры тəнті етеді.

Əйбат шаруашылықтың орталық қонысындағы орта мектепті бітірген соң бірден шопан таяғын қолына ұстады. Оны «Арайдың» алып үлгерген абырой-беделі емес, бригада мүшелерінің ұйым-шылдығы, еңбекте де, демалыс сəттерінде де оқшау көрінетін жастық жалыны еліктірген еді. Дарқан дала төсінде қаласа құлаға мініп желмен жарыса құйғытып алатын, қаласа қырдан құшақтары толғанша гүл теріп, сызылта тұрып құйқылжыта əн салатын шопан құрбыларының өмірі нағыз романтикадай көрінетін оған. Алыста-са жусан исін сағынатын қыр қызы үшін бұдан артық не қажет енді? Жазда жайлау самалымен сусындап, қыста Арқаның ақ аязы-на бетін сүйдіріп қой соңында төрт жыл өткізген Əйбат үшін бұл сезім қазір де қымбат.

Page 180: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

180

Дегенмен бұл төрт жыл шопан өмірі тек көңілдің қиял құсын шарықтатар көгілдір романтикадан ғана тұрмайтынын да əбден көрсетті ғой.

Алғашқы кез. Бір күні түске дейін қой жаю кезегі Гүлнар екеуіне тиген. Əжептəуір тəжірибе жинап үлгерген бригадир қыз мұны үнемі назарында ұстап, қиын болып жатса көмектесіп, қажет кезінде ақыл-кеңесін айтып жүретін. Əйтпесе əрқайсысына осын-дай қамқорлық жасауға Совет ағайларының уақыты жетер ме?..

Бұлар отарды алдын-ала анықтаған шөбі шүйгін қойнауға алып келді. Басында бірден отыға алмай тəтті құмар сəбилердей балғын шөптің біреуіне тісі ілікпей жатып келесісіне ұмтылып кезіне бер-ген саулықтар бір-екі сағаттан кейін байыздайын деді.

– Əйбат, мен ауылға барып қайтсам қайтеді? Алыс емес қой. Көп болса бір сағат. Жұмыс болып тұр, – деді Гүлнар.

Іштей жалғыз қалуға жүрексініп тұрса да:– Мейлің... Барсаң барып кел, – деп жауап берді Əйбат.– Жарайды, кеттім ендеше. Жел тұрып келеді білем. Байқарсың...

– деп Гүлнар атының басын ауылға бұрып, құйғыта жөнелді.Бір отар қоймен бірінші рет жалғыз қалуы. Алғашқы сынақ бо-

луы да мүмкін. Бригадир мұның іске ыңғайын, не үйрене алғанын байқағалы кетсе де өзі білсін. Осы ойды бекіте түскендей ол уəделі уақыттан кешіге берді.

Бұл кезде жел де күшейді. Қойлар да мазасызданып кетті. Қайырамын деп ерсілі-қарсылы шапқылаумен аты да терледі, өзі де шаршап жыларман болды. Ауыл жаққа қарағыштай береді. Күткен құрбысы көрінбейді.

Қойды көз ұшындағы кішкене тоғай ішіне бытыратып алған кезде Гүлнар да жетті. Екеулеп жүріп отарды ағаш арасынан шығарып, жайлап жайып келеді. Бригадир ат үстінен қой санауға да дағдыланып алыпты. Түгел екендігіне көзі жеткен соң, бұрылып отардың екінші басында жүрген Əйбаттың қасына келді.

– Ренжіп тұрмысың? Кешігіп қалдым. Есесіне, бұл сенің шо-пан таяғын ұстағаннан бергі нағыз тұсаукесер күнің болды. Қой бағу оңай екен деп ойлама. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дегендей, бұл бастамасы ғана ғой. Шын қаласаң, қай қиындыққа болсын төзесің. Əйтпесе...

Ол аржағын айтқан жоқ. Намысқой Əйбат үшін осының өзі жеткілікті еді. Əлгі бір сəтте көрсеткен босаңдығына, тəжірибе-

Page 181: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

181

сіздігіне, əсіресе құрбысын іштей болсын орынсыз жазғырғанына ұялды. Олар бұдан соң тез шүйіркелесіп, ақжарқын қалыптарына түсті.

– Сен жаңа қойдан қалай айырылып қалғаныңды байқадың ба? – деді отардың басын кері бұрғанда Гүлнар.

– Жоқ...– Совет ағайдың бір ақылын жадыңнан шығарып алғансың. Жел

тұрғанда саулықтар оған қарсы жүруге құштар. «Желдеді» дейді мұны. Сен сондықтан отардың жел жағына шығып, құр босқа ары-бері шапқыламай, жіберіп-жіберіп алып, алдын қайтарып отыруың керек еді.

– Келесіде есте болады да.Бұл расында бастамасы екен. Кейін төпелегем жаңбыр астында,

күздің қара суығы кезінде де қой соңында жүруге тура келді ғой. Ол аз десең, қақаған қыста қой төлдетіп, шаранадан шыққан кіп-кішкене қозыны ауыздандыруды қайда қоярсың? Оның үстіне, бір емес бірнеше саулық қатар қоздап жатар маусым кезі болса ше?..

Əйбат осы қиындықтардың бəрін жеңіп қана қойған жоқ, білікті шопан атанды. Яғни, ол жайылым жайын, қыста жемазық бөлу нормаларын, түрлі мал ауруларының алдын алу тəсілдерін, қой күтіміне қатысты басқа мəселелерді де жете біледі деген сөз.

Осы орайда тоқтала кетер тағы бір жай бар. Оған коммунист ретінде жергілікті мектеп оқушыларына өндірістік вожатый болу тапсырылған. Бұған өзі зор жауапкершілікпен қарайды. Мек-теп мұғалімдерімен, активистерімен бірлесе отырып кəсіптік бағдар беру, мамандық таңдауға бағытталған шаралардың жо-спарын жасап, оны жүзеге асыруға бар күш-жігерін салып жүр. Бірақ тоқталмақ жайымыз бұл емес, бір кездесуде жоғары класс оқушысы қойған сауал сыры.

– Сіз қалай ойлайсыз, бұрынғы қойшы мен бүгінгі шопан еңбегінің өзгешеліктері қандай? – деп сұрады ол.

Əйбат оған жан-жақты жауап беріп, шопандық кəсіптің мағынасы мүлдем кеңейгендігін айтты.

– Бүгінгі күн талабына сай шопан болу үшін қой күтудің қыры мен сырын терең игеру, жалықпай еңбек ету аздық етеді, – деді ол. – Сонымен бірге қой қырқуды, жүн сұрыптауды жəне техника тілін білу керек. Ал нəрлі жемазық құрамынан хабардар болғың келсе – химия мен биология пəндерін білуің шарт, отарға тез жазғы ашық

Page 182: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

алаң жасау үшін қолыңа балта мен балға ұстай білгенің жөн. От-арды түрлі індеттен, ауру-сырқаудан сақтау үшін ветеринарияның əліппесімен танысу да артық емес.

Бұл оның өз тəжірибесінен түйген ойы. Салмақты да салиқалы пікір. Кейбіреулер қабылдамауы да мүмкін, əрине. Бірақ ақтастық балалар оған сенеді. Өйткені олар Əйбаттың өзін де, бригадалас басқа құрбыларын да қой бағып, айыр ұстаған шақтарында ғана емес, «Беларусь» руліне отырып жем-шөп тасыған, қой қырқып, жүн сұрыптап жүрген кездерінде жиі көреді ғой.

Жалпы, «Арай» бригадасының мүшелері ауылдастарына еселі еңбегімен ғана емес, кез келген істе үлгі-өнеге көрсетіп жүруімен де сыйлы. Əсіресе олар ауыл мəдениетін көтеруге белсене арала-сады. Бос уақыттарында клуб ішін думанға бөлейді. Олар алғашқы жүлделеріне тиген ақшалай сыйлыққа телевизор сатып алса, кейін клубқа биллиард тарту етті. Ал қалаға шыққанда жақсы кітап, жаңа күй-табақ ала келуді дəстүрге айналдырған. Əр үйдің жанын жасыл желекке бөлеуге бірінші болып кіріскен де осы Əйбаттар.

Жаңалыққа жаны құштар, жақсылық біткеннің жанашыры-на айналған арайлықтар қатары жылма-жыл толысып отыра-ды. Соңғы бір лектің арасында Əйбаттың інісі Қадіржан да бар (бригада қыздар коллективі болса да бір-екі жігіт қосып алуды əдетке айналдырған). Бригада мүшелерінің орта жасы қазір жи-ырма үште. Соған қарамастан төрт бірдей коммунист бар. Олар – Гүлнар, Ұмсындық, Рəзия жəне Əйбат. «Арайдың» əсерімен көрші ауылда «Шұғыла» атты шопандардың комсомол-жастар бригада-сы құрылды. Ал Əйбат Кəкенова жас та болса жасампаздық істің басынан табылып, нағыз өнегелі коммунистке тəн өрелі қасиеттер танытып жүрген замандастарымыздың бірі.

Солтүстік Қазақстан облысы,Москва ауданы,

«Бұлақ» совхозы.

Page 183: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

183

ҚЫРАНҚИЯ

1. АЗАМАТ АСҚАН АСУЛАРнемесе кейіпкер туралы ойлар

Бүкілодақтық XIX партия конференциясы өтіп жатқан кез. Бір біздің еліміз ғана емес, барлық əлем құлақ түріп отырған айтулы тарихи оқиғаның ортасында жүрген республика журналистерінің шағын тобының ішінде біз де бар едік. Жаңару жолымен алға басу жылнамасының жаңа парақтарын ашатын коммунистер форумының жұмысын жақыннан көріп, ретіне қарай өз оқырман-дарымызға көңілге түйгендерімізді ұсынып жүрген жедел тобымыздың құрамында үш адам бармыз. Біреуі – «Казахстан-ская правда» газеті редакторының орынбасары Игорь Родионов, ал екіншісі – ҚазТАГ қызметкері Михаил Чирков.

Кездесу де, əсер де көп-ақ. Сексенге жуық елден келген əріп-тестеріміз тіркелген СССР Сыртқы Істер министрлігі жанындағы баспасөз орталығының өзінде күн сайын үш-төрт кездесу өтіп жатады. Бəріне үлгерсем дейсің. Өйткені əрқайсысының орны бөлек. Бірақ кейде уақыт жетпей қалады. Мейманханадан таңғы алакөбеде шығып кетіп, түннің бір уағы ауғанда бір-ақ ораламыз. Одан кейін де бөлме шамдары біразға дейін өше қоймайды. Ертең телефон арқылы республика газеттеріне берілетін материалдарды даярлап қою керек.

Қарбалас уақытымыздың едəуір бөлігі Кремльден онша қашық емес «Москва» мейманханасында өтеді. Өйткені мұнда қазақстан-дық делегаттар орналасқан. Олардың конференция жұмысына қатысуы, ол жөніндегі ой-пікірлері біз үшін ерекше маңызды. Делегаттар – республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған таңдаулы еңбек саңлақтары, өндіріс жетекшілері мен партия қызметкерлері, ғалымдар мен өнер иелері. Бұлар жай ғана үздіктер емес. Қоғам дамуын жеделдетуге бағытталған қайта құрудың қаһармандары атанған жандар. Шынын айтсам, солардың ара-сынан маған Шортандыдағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, белгілі ғалым Мехлис Қасымұлы Сүлейменовті жолықтыру айрықша қуанышқа бөледі. Біздің таныстығымызға да бес-алты жыл болып қалды. Бар білімі мен күш-жігерін астық молшылығын жасауға жол ашатын ғылыми

Page 184: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

184

ізденістерге арнаған ғалым тың диқандарының сүйіктісіне айна-лыл үлгерген жан. Онымен кездесіп пікір алысу қашан да қызықты. Конференция күндері де біз уақыт тауып жиі сырласып жүрдік.

– Конференциядан алған əсерім күткендегімнен көп асып түсті. Аса маңызды мəселелерді жаңа жағдайда талқылап, шешудің шынайы үлгісі, партия өміріндегі демократиялық негіздерді дамытудың сара жолы бұл. Қаншама құнды пікірлер айтыл-ды десеңізші. Бір-біріне мүлдем кереғарлары да бар. Бірақ бəрі де бүкіл ел болып қолға алған үлкен істің тағдырына деген жауапкершіліктен туған. Конференция алға қойған міндеттер аса ауқымды, əрі күрделі. Ол əрқайсымыздан өзгеше белсенділікті та-лап етеді, – деді ғалым қоштасарда. Біз оның жігерлі үні мен ойлы жанарларынан жаңа бір ізденістер ұшқынын аңғарғандай болдық. Конференция оның ойына ой қосып, үлкен коллективтің жетекшісі ретіндегі ізденістеріне тың серпін бергені сөзсіз.

* * *...Осынау орта бойлы, келбетті жігіт ағасының бойынан алғаш

кездескенде-ақ аңғарылатын айрықша адамдық қасиет – қара-пайымдылық дер едім. Аузын ашса жүрегі көрінетін ақжарқын мінезімен бірден баурап алады, бірден бір қимас адамыңа айналып кетеді. Біздің бірінші кездескендегі əңгімеміз былай басталған еді:

– Шыныңды айт десеңіз, мен ғылым жолына кездейсоқ келіп түстім десем де болады, – деп жымиды ол өзі туралы əңгімелеп беруін өтінгенімде.

– Ғылым көбіне кездейсоқтықтан ғана ұтып жүр демей ме кейбір тарихшыларымыз. Əйгілі ғалым Ньютон ашқан жаңалықтар да мүлдем ойламаған жағдайларда дүниеге келген жоқ па еді?!

– Ғылым туралы əңгіме бөлек. Ал мен үшін өз өмірімдегі бір қарағанда əжептəуір кездейсоқтық көрінетін кейбір қызық жəйт-тар айтарлықтай шешуші роль атқарады...

Ел басына күн туған Ұлы Отан соғысы басталардан екі жыл бұрын партия қызметкері семьясында өмірге келген Мехлистің нағыз қалалық болып өсуі оның болашақ мамандығымен байла-ныссыз көрінетіні рас. Əкесі Қарағанды, Шымкент, Семей, Ақтөбе қалаларында жауапты қызметтер атқарды. Соған орай кішкене Мехлис те қаладан қалаға көшуге əбден үйреніп алды. Алайда ауыл өмірінен бейхабар болатын.

Page 185: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

185

Сондықтан орта мектепті бітірген соң ауыл шаруашылық ин-ститутына оқуға түседі деп ешкім де ойлаған емес. Мұндай ой оның өзінде де жоқ еді. Алматы политехникалық институты-на түскісі келетін. Астанаға келіп, документін сонда тапсырды. Мектепті жақсы бітіріп келген зерек бала қабылдау емтихандарын да жаман тапсырған жоқ.

Не керек, бірақ қалаған оқу орнының табалдырығын аттай ал-мады. Оқуға түсуге бір ұпайы жетпей қалды.

Енді не істеу керек? Қабылдау емтихандарында көрсеткен нəтижелерін куəлендіретін қағаздарды қолына алды да, басқа оқу орындарын жағалады. Қайткен күнде де кері қайтқысы келмеді. Намысы жібермеді.

«Сабақты ине сəтімен» дегендей, кері қайтпаудың да реті келе кетті. Ауыл шаруашылық институтының агрономия факультетіне студенттікке кандидат болып қабылданды (ол кезде осындай да мүмкіндік болатын). Мұның мəнісі мынада: сессия кезінде емти-хан тапсыра алмағандар болса, басқа себептермен оқуды тастап кететіндер болса орындарына осындай кандидаттар қабылдана қояды. Ал сабаққа студенттермен бірдей қатысып жүреді.

Мехлис бірінші семестрде студент атанып шықты. Соған орай алғашқы сессияны да үздік тапсырды. Осы қарқынынан кейін де бір танған жоқ. 1960 жылы институтты ойдағыдай тəмамдап, диплом алып шықты. Дипломның қосымшасында «Егіншілік», «Өсімдіктану» жəне басқа негізгі пəндердін аты жазылған тұстарда кілең «бес» деген бағалар тұрды. Тиянақтылығы, еңбекқорлығы мен табандылығы, ізденгіштігі өз жемісін берді. Ұстаздары оның ғылыми жұмыстарға икемділігі бар екенін ерте аңғарды.

Жас маман еңбек жолын Ақтөбе облысындағы Қарабұтақ ау-данында, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу жөнінде бір-шама мүмкіндіктері бар жергілікті ауыл шаруашылық тəжірибе станциясында бастады. Бұл Шортандыдағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында тың аймағында тұрақты өнім алуға мүмкіндік беретін жаңа егіншілік жүйесін жасау жөнінде алғашқы батыл қадамдар жасалып жатқан кез болатын. Отандық жəне дүниежүзілік тəжірибені зерттей отырып, тың игеруге тосқауыл бо-лып отырған топырақ эрозиясына қарсы күрестің сенімді əдістерін табу керек еді. Бұл маңызды міндетті шешуге А.Бараев бастаған қазақстандық ғалымдар батыл да белсенді кірісіп кетті.

Page 186: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

186

Мехлис Сүлейменов те осынау тамаша ғылыми-зерттеу жұмыс-тарының орбитасына ілікті. Белгілі ғалым В.И.Мильчевскийдің (қазір ол Волгоградтағы суармалы егіншілік институтының ана-литика лабораториясын басқарады) басшылығымен «Бөгетсай» совхозының құмдақ жер жағдайында топырақ қорғау шараларының тиімділігін айқындауға бағытталған өндірістік тəжірибелер жасап, бірқатар ғылыми зерттеулер жүргізді.

Болашақ ғалымның алғашқы ізденістері назардан тыс қалған жоқ. Оның өзі де енді ғылымның қия жолына түсуге берік бетбұрыс жасады. Өзіне тəн табандылықпен өмірлік мақсатын орындауға құлшына кірісті. Осы орайда Шортандыдағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының коллективіне барып қосылуды мақсат тұтты. Екі жылдан соң бұл тілегі орындалды да: аспирант болып қабылданды.

Үлкен істермен айналысып жатқан ғылыми орталықта Мех-лис бар қабілетін салып жұмыс істеді. Соның арқасында 1967 жылы ол ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты атағын алу үшін диссертация қорғады. Сарапшылар назарына ұсынылған ғылыми еңбектің негізінде Бөгетсайдағы байқаулар да бар еді. Жас ғалым ұсынып отырған тұжырымдар тұқым себу алдында топырақты қалай өңдеу керек дейтін маңызды мəселенің тиімді шешімін табу жөніндегі проблемалық тақырыпты жаңа қырынан ашуға көмектесетін еді. Жаңа тəжірибелер арқылы топырақты қайырмасыз құралдармен өндеудің тиімділігі тағы бір соны тұрғыдан дəлелдене түсті. Мұның өзі қалыптасып жатқан ғылыми жүйені жетілдіруге қосылған едəуір үлес еді.

Сарапшылар шешімі де осыған келіп сайды. М.Сүлейменовке ғылым кандидаты атағы берілді.

– Ғылымда ғалымдардың ізденістері арқылы ашылған жетіс-тіктердің тікелей өндіріске енгізіліп, нақты қайтарым бергеніне дейін, өкінішке орай, тым көп уақыт етеді. Ол тіпті он бес-жиырма жылға баруы мүмкін. Сөзбұйдаға салушылықтың ең сорақы түрі осы болса керек, – дегені бар Мехлис Қасымұлының бірде. – Сол кандидаттық жұмысымда тұжырымдалған кейбір пікірлер мен ұсыныстар диқандар тəжірибесіне кең ене бастады.

Ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты М.Сүлейменовтің ғылыми ортадағы беделі тез өсті. Бірте-бірте ол шетел ғалымдары арасында да белгілі бола бастады. Озық ойлы қазақ жігітіне əлемнің əр түкпірінен арнаулы ғылыми кеңестерге қатысуды,

Page 187: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

187

баспасөз немесе хат бойынша ой-пікір бөлісуді өтінген шақырулар Шортандыға жиі келіп жатты. Сөйтіп, ол АҚШ, Канада, ФРГ, Австралия, Үндістан, Моңғолия жəне басқа елдерге сапарға шықты. Кейбіреулеріне бірнеше қайтара жолы түскені де бар. Егіншілік мəселелеріне арналған əлемдік конгрестерде талай рет ағылшын, француз, неміс тілдерінде ғылыми баяндамалар жаса-ды. Ғылымның өзі айналысқан саласының белгілі маманы болу-мен қатар, бірнеше шет тілдерінде еркін сөйлейтін полиглоттық қасиеті де əріптестерінің назарын аударып, ыстық ықыласына бөледі. Оның көлемді мақаласы Нидерландияда екі жылда бір шығатын, топырақ өндеу мəселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының нəтижелеріне, олармен белсене шұғылданып жүрген беделді ғалымдардың ой-пікірлеріне арналған халықара-лық журналда да жарияланды.

М.Сүлейменовтің ғылыми байланыстары өте кең. Ол əңгіме үстінде К.У.Хайланд (Бонн университеті), Г.Кант (Штутгарт уни-верситеті), В.Уверкерг (топырақ өңдеу саласындағы зерттеуші-лердің халықаралық қоғамының бас секретары), М.Д.Смайка (АҚШ), Р.Хейконен (Швеция), Н.З.Мильченко жəне К.В.Ливанов (СССР) сияқты ауыл шаруашылық ғылымындағы əйгілі ғалым-дардың есімін жиі атап отырады. Олармен жүздесулерін, пікір-лесулерін, ғылыми айтыстарын айрықша ілтипатпен еске алады.

Қазір М.Сүлейменов – ауыл шаруашылық ғылымының докторы, ВАСХНИЛ-дің корреспондент-мүшесі. Əйгілі ұстазы, академик А.Бараев дүниеден өткеннен кейін орнын басып Шортандыдағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты-ның директоры болып сайланды. Бұл оның беделін бұрынғыдан да өсіріп қана қойған жоқ, оған жүктелер жауапкершілік салмағын да бұрынғыдан əлдеқайда арттырып жіберді. Институт қайта құру кезеңі алға қойған аса күрделі əрі тың міндеттерді шешу-ге белсене кірісті. Тоқырау кезеңіндегі кертартпалық, кей реттер-де бос даңғазалыққа салыну, беделге табынушылық ғылымға да салқынын тигізбей қалмағаны белгілі. Жаңа директор алдында бұл ретте де жаңа жол салу, творчестволық ізденістердің тың арнасын ашу міндеттері тұр.

* * *Шортандыдағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-

зерттеу институтында он үш бөлім, қырықтан астам лаборатория бар. Оларда жүз сексен ғылыми қызметкер еңбек етеді.

Page 188: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

188

Институттың тəжірибе танаптарында болу еліміздің ең бір ас-тықты өңіріне айналған түлеген тыңның, ондағы диқангершіліктің келешегіне көз жіберумен бірдей. Өмірге келген жаңа ғылыми иде-ялар ең əуелі осы учаскелерде сынақтан өтеді.

Біз бір жолы онда Мехлис бастаған шетелдік студенттер тобы-мен бірге барғанымыз бар.

Біздің институт – егіншілік жəне топырақ қорғау жүйесі бойын-ша еліміздегі басты ғылыми-методикалық орталық болып санала-ды. Жергілікті ғалымдар елуден астам тақырыпты қамтитын жиыр-ма шақты ғылыми проблемалар төңірегінде зерттеулер жүргізеді. Сол ізденістердің бəрінің де нəтижелілігі осы танаптарымыздағы жұмысқа байланысты, – деген еді ол сонда, бір-бірінен шартты белгілермен бөлінгені болмаса қаз-қатар орналасқан алқаптарды көрсетіп.

Өзіңіз тікелей жетекшілік ететін бөлімнің тəжірибе танаптарын-да қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? – деген де сауал қойылды.

– Егіншілік бөлімі институттың жүрегі іспеттес. Бөлімде ар-наулы алты лаборатория бар. Олар ауыспалы егіс, топырақ өндеу, арамшөптермен күрес, суландыру тəртібін белгілеу, егіс құнарлы-лығын арттыру жəне дала жұмыстары агротехникасы мəселелері-мен шұғылданады. Жұмысымыздың негізгі бағыты проблемалық тақырыптарды комплексті зерттеу арқылы диқандарға нақты ақыл-кеңес беру, саланы дамытудың стратегиялық бағыттарын белгілеу. Мына тəжірибе учаскелерінде ғалымдарымыз өндіріске ұсынатын жаңа тұқым сорттары сынақтан өткізілуде.

Осы танаптарға əйгілі диқандар да жиі келеді екен. В.Дитюк, В.Гаврилюк жəне астық өсіру ісінің басқа да ел таныған майтал-мандарымен тығыз байланыс жасау институт ғалымдары үшін де, диқандар үшін де көп пайдалы екендігін өмірдің өзі дəлелдеп отыр. Шортандылық ғалымдармен берік байланыс орнатқан шаруашылық коллективтері ауа райының қиындықтарына қара-мастан жылма-жыл тұрақты тəуір көрсеткіштерге қол жеткізіп келе жатқаны белгілі. Кейбір, талай жылдар бойы артта қалушылар қатарында болып келген колхоздар мен совхоздар да ғалымдар көмегімен өз экономикасын жөнге келтіріп алғаны бар. Бірер жылдан бері институт орналасқан Шортанды ауданының барлық шаруашылықтарына ғалымдар кеңесші болып бекітіліп жүр. Бұл іскерлік байланыстың нəтижесі де көңілдегідей болып отыр.

Page 189: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

189

– Ғалымдардың көмегі көп-ақ. Оны біз нақты істе сезініп жүрміз. Іскерлік байланыс бағыты одан əрі де жалғастырыла беретін бола-ды, – дейді осы орайда Шортанды аудандық партия комитетінің бірінші секретары Владимир Карлович Гартман.

Осы тəжірибе танаптарындағы жұмыстардың нəтижесінде Мех-лис Сүлейменов жетекшілік еткен бес жас ғалым кандидаттық дис-сертацияларын ойдағыдай қорғап шығыпты. Ол қазір де бірнеше ғылыми жұмысқа жетекшілік жасап жүр.

М.Сүлейменовтің ғылымдағы ұстаздығы туралы ілтипатпен пікір айтушылар аз емес. Олардың арасында лаборатория жетек-шілері Н.Шрамко, И.Зинченко, И.Охинко, А.Нестеренко жəне ин-ститутта көптен істейтін басқа да белгілі ғалымдар бар. Олар өз творчестволарына Мехлис Қасымұлының едəуір ықпал еткенін ашық айтады. Ал Қ.Əділов, В.Белозеров жəне В.Ульрих сияқты ғалымдар оның тікелей басшылығымен кандидаттық диссертация қорғағаны немесе қорғауға əзірленіп жүрген жандар.

– Ғылымдағы ұстаздық қызық та қиын іс. Бүгінгі шəкіртіңнен ертең өзің үйренуің əбден ықтимал. Бұған ұстаз қуанбаса рен-жімейді. Нағыз ғалым ұстаз қайнар бұлақтың көзін ашуды мұрат тұтқан қайырымды кетпенші тəрізді, – дейді М.Сүлейменов.

Бір қызығы, ғалымның өз творчествосына журналистердің де айтарлықтай ықпалы болған көрінеді.

– Бұл жағдай менің докторлық диссертациямның тақырыбына қатысты, – дейді оның өзі. – Жер бетінде алғаш егіншілік пай-да болған ерте дəуірлердің өзінде-ақ адамдарды егістік алқаптың белгілі бір аумағына қанша тұқымдық дəн себу тиімді болады де-ген сұрақ жиі мазалаған. Ал ғылыми тұрғыдан бұл мəселе тұңғыш орыс агрономдары А.Т.Болотов пен И.М.Комовтың еңбектерінде де қарастырылды. Неміс ғалымы Э.Вольныйдын, арамшөп, зиян-кестер жəне түрлі өсімдік аурулары бар жерде тұқымды жиі себу қажет деген тұжырымы егіншілік тəжірибесіне игі ықпал етті. Ал менің тың аймағында тұқымды пайдалану нормасын зерттеумен терең шұғылдануыма алпысыншы жылдардың екінші жартысын-да «Комсомольская правда» газетінде осы тақырыпқа арналған мақалалар циклінің жарық көруі айтарлықтай ықпал еткенін несіне жасырайын. Олардың авторы газеттің ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып істеген белгілі журналист Анатолий Захаро-вич Иващенко еді. Егіншілік мəселелерін жазуға маманданған бұл ізденгіш жанмен кейін жақсы танысып, жиі пікірлесіп жүрдік.

Page 190: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

190

Мехлис Сүлейменовтің журналистермен достығының осын-дай тереңде жатқан сыры бар екен. Бұл жерде оның өзі де қолына жиі қалам алатынын айта кету артық болмас. Жазғандары түрлі газет-журналдардың оқырмандары тарапынан жақсы бағасын алып та жүр. Ол теориялық жəне күнбе-күнгі практикада диқандар басшылыққа алатын мақалаларды ғана көкейге қонымды етіп жазып жүрген жоқ. Тілге ұсталығы «Простор» журналында, «Фройндшафт» жəне басқа газет-журналдарда жарияланған жол-жазбаларында айқын аңғарылды. «Қайнар» баспасынан орыс тілінде «Жаздық бидай агротехникасы» кітабы шығып, тез тарап кетті.

* * *Мехлистің жұбайы Раиса Петровна да Шортандыдағы Бүкіл-

одақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып істейді. Ұлты – белорус. Көшелі мінезімен отағасының мерейін асырып отыратын қонақжай кісі. Қос қабатты коттедж үйлерінде болғанымызда қазақ тілінде қанық сөйлеп қарсы алғаны бар.

Көзі отыр ғой, кезінде мына дардай ағаңыздың өзіне қазақ тілін үйреткенбіз. Өтірік десе – айтсыншы, кəне, – деп əдемі əзілге көш-кен болатын Раиса Петровна біраз танысқаннан соң.

Əзіл болса да, жаны бар əзіл. Қазақ тілінде еркін сөйлеуге кешірек үйренгенім рас. Бөгетсайда танысқан кезімізде қазақ тілін, расында да, менен гөрі Раиса тəуірірек білетін. Ол қазақ ау-ылында өскен ғой. Ал мен болсам қалалықпын. Орыс мектебінде оқыдым. Ата-анам да менің ана тілімде еркін сөйлеуіме көп күш сала қоймаса керек. Ал түптеп келгенде бар кінə өзімде, əрине. Кеш те болса қателігімді түзей алғаныма қуанамын, – дейді Мех-лис Қасымұлы. Бірнеше шет тілінде еркін сөйлеп, ғылыми баян-дамалар жасап жүрген белгілі ғалымның бұл сөздерінде көңілге түйер тағылым жоқ емес.

Сол жолғы отырыс үстінде Мехлис пен Раиса қосылып, біздің өтінішіміз бойынша, əдейі əн салғаны бар. Олар шынайы достық, мөлдір махаббат символы «Дудар-ай» əнін шырқады. Дауыстары жап-жақсы.

Сегіз қырлы, бір сырлы дейтін халық бағасына қалтқысыз лайық жігіт ағасы соңғы жылдарға дейін, тіпті институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары міндетін атқарып жүрген кезінің өзінде аудандық, облыстық байқауларға

Page 191: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

191

жиі қатысып жүріпті. Шетел тілдерінде орындаған əндері үшін бірнеше рет бəйгеге де ие болса керек.

– Қазір бос уақыт бұрынғыдан да азайып кетті. Жұмыс көп. Əртүрлі сапарлар мен жиындар да көп уақыт алады. Əйтпесе, бұрынғыдай ауыл өнерпаздарымен бірге жергілікті Мəдениет үйіне барып, концерттерге қатысар-ақ едім. Оның үстіне ше-телге шыққан сайын жаңа бір əн үйреніп келетін əдетім де əлі қала қойған жоқ, – дейді ғалым. Ол студент кезінде спорт-пен де шұғылданыпты. Еркін күреспен, волейболмен, шахмат-пен кəдімгідей-ақ айналысқан. Шахматтан бірінші разряды бар. Спорттың бұл түрінен республикалық жарыста облыс намысын қорғапты. Жеке кітапханасында шахмат туралы əдебиет көп-ақ.

Жеке кітапхана демекші, белгілі ғалымның кітап жинау əдісі де назар аударарлық екен. Талғаммен, қажетіне қарай таңдап алатын көрінеді. Ғылыми əдебиетпен қатар көркем туындылар да оның кітапханасының едəуір бөлігін алып жатыр. Əсіресе, əлемдік руха-ни қазына игіліктерін түп нұсқадан тура оқи алатынына қызықпау қиын.

Сүлейменовтер семьясында екі ұл өсіп келеді. Үлкені Радий Омбыдағы ауыл шаруашылық институтын бітіріп, Совет Армиясы қатарындағы əскери борышын өтеп жүр. Былтыр екінші ұлы Мак-сим мектеп бітіріп, ииститутқа түсті. Ол да əке жолын қумақшы. Ынтымағы жарасқан семьяның ортақ ісі – əлемдегі ең көне əрі ең бейбіт кəсіп – астық өсіру...

* * *Мехлис Сүлейменов Бүкілодақтық XIX партия конференция-

сынан оралған бетте-ақ алдымен институт коллективімен кездесіп, алған əсерлерін, көңілге түйген пікірлерін ортаға салды. Ол жиналғандар ойын ашық ортаға салуға түрткі болды. Сөйтіп, де-легатпен кездесу тыңда астық өсіру ісін жақсарту проблемалары жөніндегі еркін ой жарысына айналып жүре берді.

Дəл осындай кездесулер кейін диқандар арасында да болды. Олардағы əңгіме арқауы да, сайып келгенде, ғылым мен озық тəжірибе жетістіктерін тиімді пайдалана отырып елімізде астық молшылығын жасауға барынша мол үлес қосуға мүмкіндік беретін резервтерді іздестіріп тауып пайдалануға тірелді.

Бір əңгіме үстінде Мехлис:

Page 192: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

192

– Астық өсірудің ашылмаған құпиялары да əлі аз емес. Біздің тың төсіндегі жер жағдайлары бірдей бола тұрып əртүрлі өнім алатын шаруашылықтар практикасының өзі соның айқын айғағы емес пе?! Олардың арасында, тіпті, отыз-отыз бес центнерден ел ырысын еселеп жиып жүргендер де бар ғой. Басқалар да неге сол деңгейге көтерілмеске? Біз, тың ғалымдары, осындай сауалдарға жауап табуымыз керек деп ойлаймын. Оған батыл ізденістер қажет, – деген еді.

Қазір ол өзі жетекшілік ететін коллективті осы бағыттардағы үлкен істерге жұмылдыру үстінде. Омырауында Октябрь Ре-волюциясы, Еңбек Қызыл Ту жəне «Құрмет белгісі» ордендері жарқыраған коммунист ғалымның алар биіктері əлі де алда. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, респу-блика Жоғарғы Советінің депутаты, белгілі ғалым, беделді ұйымдастырушы Мехлис Қасымұлы Сүлейменовтің ғылымның қия жолында сол биіктерді де алатынына күмəн жоқ.

2. ЖЕР ТАҒДЫРЫ — ЕЛ ТАҒДЫРЫнемесе кейіпкер ортаға салған ойлардан

Бұл да бір сəті түскен сұхбат болды. Мехлис Қасымұлы Сүлейменов өзінің Бүкілодақтық XIX партия конференциясынан алған əсерлерін ортаға салудан бастаған əңгімесін өрбіте отырып, тыңдағы егіншіліктің даму жолы, келешегі туралы, Жер-анаға аялы көзқарас жөнінде сыр шертті. Ол кейіпкердің жан дүниесін, ой-парасатын жақынырақ біле түсуге көмектесетін ашық пікірлесуге айналды.

* * *– Мəке, əңгімені партиямыздың XIX конференциясынан алған

əсеріңізбен бастайық. Одан бері де бірғауым уақыт өткен екен. Бұл, əрине, көзбен көріп, көңілге түйгендерді ой елегінен өткізіп, зерде таразысына салуға жақсы.М.Сүлейменов: Қоғамдық дамуымызды жеделдетуге ықпалы

жөнінен кезеңдік мəні бар саяси оқиға, басқа делегат əріптестерім сияқты, маған да қайта құру мектебіндей əсер етті. Онда біз ел өміріндегі ең келелі мəселелерді кең демократия, пікір алуандығы, творчестволық ізденіс, мүдделілік пен талапшылдық жағдайында

Page 193: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

193

шешу қаншалықты тартымды əрі пайдалы екендігіне айқын көз жеткіздік. Конференцияда іс-қимыл еркіндігі, ой-пікір еркіндігі адамдарды қалай қанаттандыратынының куəсі болғандығымыз-дың өзі неге тұрады! Еліміздің ең жоғары мінбесінің қасында газет киоскісінің алдындағыдай қалың кезек тұруы бұрын-соңды болған жағдай ма еді? Əрине, жоқ. Ал конференцияның шарықтау шегіне айналған соңғы күні қарарларды қабылдау кезіндегі пікірталасқа қатысуға тілек білдіргендер легі дəл сондай қалың кезекке айнал-ды. Шынайы мүдделілік, нағыз белсенділік белгісі бұл. Адамның рухани түлеуі деген осы. Мұндай мүдделілік, белсенділік пен ру-хани түлеу өмірімізге неғұрлым тереңірек бойлап енсе, қайта құру жолындағы жетістіктеріміз де солғұрлым ауқымдырақ болар еді. Бұл ғылымға да қатысты.

– Конференция жұмысынын жаңаша сипаты онда қабылданған шешімдерге де тікелей ықпал еткені белгілі. Олар да ғылымға қа-тысты ғой.М.Сүлейменов: Əлбетте. Конференцияда жеті қарар қабыл-

данды. Солардың қай-қайсысы да менің ғалым əріптестерім үшін, біздің ғылыми-зерттеу институты айналысып отырған іс тағдыры үшін айрықша маңызды. Мысалы, елімізде саяси рефор-ма жасауды қолға алу жөніндегі шешімді алайықшы. Ол партия ұйымдары мен органдарының қайта құру жағдайындағы рөлін көтеріп, жұмыс стилін жетілдіруге бағытталған. Қоғам өмірінің басқа да салалары сияқты ғылымның өркендеп, дамуына да байыпты партиялық басшылық ерекше ықпал жасайды. Оның əкімшілік, белден басып билік жүргізу арқылы басқаруға айна-лып кетуі ғылым үшін де қаншалықты зиян екендігін күні кешегі тоқырау кезеңі деп атап жүрген жылдары айқын сезіндік емес пе? Несін жасырамыз, біз институтқа басшы партия қызметкерлері келіп кеткеннен кейін немесе олардың алдына өзіміз барып шыққан соң оларды ғалымдарымыздың астық шаруашылығын өркендетудің перспективасын айқындайтын іргелі зерттеулер-ден гөрі тəжірибе шаруашылығында қол жеткен жылма-жылғы өндірістік көрсеткіштеріміз көбірек қызықтыратынын байқап, қайран қалатынбыз. Бізден он жылдан соң не сеуіп, не орамыз деп сұрамайтын. Көбіне биылғы болжам қандай, миллиард бола ма, жоқ па деген сауалға жауап беруге тура келетін. Мұның өзі қалайда бүгін көп өнім алу жолдарын іздестіруге, бүгін барын берген жер-

Page 194: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

194

ден ертең не аламыз дегенге көз жұма қарауға апарып соққаны белгілі. Осы кезге дейін тыңда бірнеше ондаған жылдар бойы өнімділігі жөнінен алдына қара салмай келе жатқан «Саратов-29»-дың орнын басатын бидай тұқымы табылмай отырғаны да сол ғылымға деген солақай көзқарастың салдары дер едім.

Тағы бір мысал. Конференцияда «Бюрократтыққа қарсы күрес туралы» қарар қабылданды. Ал осы төрешілдік ғылымға да зала-лын көп тигізіп келе жатқан кесел. Сыртқысын былай қойғанда, ішкі өз төрешілдеріміздің батыл творчестволық ізденістерге, ғылыми ақиқатқа жету үшін пікір алуандығына жол ашуға бөгесін болып, кертартпалық көрсетуінің мысалы қаншама!

Ғылымдағы төрешілдік те əртүрлі. Соның бірі – атақ-абыройы асқан белгілі ғалымдардың аузынан шыққан сөздің бəріне бас шұлғып, олардың шашбауын көтеруді салтқа айналдыру. Бара-бара ол нағыз беделге табынушылыққа ұласып, жақсы ғылыми идея-ны бір қай кезде де, қай жағдайда да өзгермейтін догмаға айнал-дырып жібереді. Оның салқыны бедел иесіне де тиеді. Ешқашан қателеспейтін адам болып шыға келеді. Басқалар пікір айт-са, тек оны қолдауы керек, əйтпесе оның сөзінің құны көк тиын. Егер басқашалау көзқарасын дəлелдемек болып, табандылық та-нытса, оны арналы бағыттан ауытқыған басбұзар ретінде бедел-ден айырып, шама келсе маңайдан аластау керек. Бұл үшін пікір дəлелдеудің қажеті жоқ, мансап билігі, абырой-атақ салмағы жетіп жатыр. Төрешілдіктің бұл түрі белгілі лысенковшылдықтың жаңғырығы деп ойлаймын...

– Сөзіңізді бөлгеніме кешірім сұраймын. Жаңа өзіңіз ауызға алған сорақы құбылыстың айыпкері Т.Д.Лысенконың тыңдағы егіншілікті дамытуға тікелей кері ықпал жасайтын идеялар ұсынғаны белгілі. Осы орайда оның А.Бараевпен арасындағы иде-ялар қақтығысы туралы айта кетсеңіз.М.Сүлейменов: Т.Д.Лысенконың «Тұқымды ерте сепкенде де

жақсы өнім алуға, сөйтіп колхоздар мен совхоздардың егін жина-уды ерте бастауына мүмкіндік беруге болады... Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан аудандарында жаздық бидай ерте піскенде жақсы өнім алу үшін күрес – бұл сібірлік жəне солтүстік-қазақстандық егіншіліктің прогресі үшін күрес» деген пікірі бар. Мұнда астық себуді апрельдің басы – майдың аяғында бастау жөнінде сөз болып отыр. Академик А.И.Бараев бұған үзілді-кесілді

Page 195: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

195

қарсы болды. Бірақ сіз айтып отырғандай, идеялар қақтығысы болған жоқ. Т.Д.Лысенконың пікірі қарсылықсыз қабылдауға тиісті нұсқау болып шықты. Ал оны іс жүзінде мүлтіксіз орындау жердің азуына, егістіктерді арамшөптің басып кетуіне жəне бидайдың тың төсінде əдетте июль айында болатын жауын-шашынға жетпей қурап кетуіне апарып соқты.

– Əңгіме ғылымдағы бедел иесінің орны, оның идеясы-на көзқарас төңірегінде өрбіп жатыр ғой. Осыған орай мына бір нəрсенің басын аша кетіңізші. Сіз институт директоры болып бекітілгеннен бері тыңдағы егіншілікті дамыту жолдары тура-лы бірқатар жаңа ғылыми идеялар ұсындыңыз. Олар жөніндегі «Сельская жизнь» газетінің тілшісіне берген интервьюіңізде жəне сол газеттің 13 май күнгі номерінде жарияланған «Тағы да астық туралы ақиқат жайында» деген мақалаңызда кең айтылған. Ал сол идеяларыңыз жөнінде əртүрлі пікірлер бар екені белгілі. Қолдамайтындар ең алдымен сіздің ұсыныстарыңыздың академик А.Бараевтың ойларымен қабысып жатпағандығын тілге тиек етеді.М.Сүлейменов: Алдымен, əлі іс жүзінде, практикалық нəтиже-

лермен дəлелденбеген ғылыми идея туралы алуан пікірлер біл-дірілуі əбден заңды. Қайта, керісінше болса ұсынылған идеяның сонылылығына күмəн келтірген жөн болар еді. Нильс Бордың ай-туынша, ғылымдағы жаңа идея алғашында қашанда қабылдауға қиын, тіпті ақылға қонымсыз болып шығатын көрінеді ғой.

Бірақ бұл жерде мəселе басқада болып отыр. Ұсынылған идеяға қарсылық білдірушілер арасында нақты ғылыми дəйектемелерге жүгінудің орнына академик А.Бараевтық қалыптастырған егіншілік жүйесінің тамырына балта тигелі жатыр деген байбаламшылыққа салынушылар көбірек сияқты. Оның үстіне осы бағыттағы əңгімені қыздырмалау үшін əдейі қоңырау қағып, жаңа идеяны жөргегінде тұншықтыруға, сөйтіп оның авторының беделін айран-дай төгуге ұмтылған арызшылар өз арамыздан да шығып жатыр. Осыдан біраз бұрын сондай хат бойынша ВАСХНИЛ-дің арнайы комиссиясы келіп, тексеру жүргізіп кетті. Комиссияның жасаған қорытындысы мынандай: жаңа ұсыныстар ғылыми идея ретінде өмір сүруге, нақты ғылыми зерттеулер объектісіне айналуға толық қақылы!

Жаңа ізденістерімізге сенім артып, қолдау көрсетуші ғалым əріптестерімізден келіп жатқан хаттар да баршылық. Олар-

Page 196: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

196

да жай ғана қол соғып қуану, тілектестігін білдіру емес, нақты ақыл-кеңес беру, ой қосу жағы мол екендігі қуантады. Мыса-лы, Волгоградтан «Қуаңшылыққа қарсы күрес жəне астық» атты агрономия ғылымында айрықша мəні бар еңбектің авторы ауылшаруашылығы ғылымының докторы, профессор К.Г.Шуль-мейстерден апрель айында сондай хат келіп түсті. «Солтүстік Қазақстанның егіншілігінде бір жылдық шөптің өзіндік пайдасы барын академик Н.М.Тулайков отызыншы жылдардың басында айтқан еді, – деп жазады ол. – Егер Сіз қолыңызға түсіп оқымаған болсаңыз, оның «Сібір аудандарында дəнді дақылдардың егістік алқабын ұлғайту жөніңдегі мəселеге орай» деген тақырыптағы мақаласын қалай да оқып шығыңыз. Бұл еңбек тарихи, ғылыми жəне өндірістік тұрғыдан өте назар аударарлық...» Мұндай хаттар жігерге жігер қосады.

Ал «Сельская жизнь» газетіндегі мақалалар РСФСР-дің бір-қатар облысындағы ауыл шаруашылық қызметкерлерінің актив мəжілісінде арнайы сөз болды. Қай-қайсысында да кажеті жоқ, тоқ-татыңдар деген байлам жасалмаған. Қайта, жаңа ұсыныстардың нəтижелі болуына ынта білдірілуі басым. «Дер кезінде жасалып отырған батыл қадам» деген баға берушілер де баршылық.

Жаңа идея алғаш өз коллективімізде де əжептəуір тосын көрін-ді. Қайта-қайта түсіндіруге, дəлелдеуге, пікір таластыруға тура келді. Қазір нақты зерттеу, тəжірибе жұмыстарын жүргізіп жатыр-мыз. Таяуда жаңа бағыттағы ізденістеріміздің жай-жапсарымен, жоспарларымызбен бір топ журналистерді (араларында одақтық газет-журналдардың да өкілдері бар) арнайы шақырып таныстыр-дық. Сырттан тон пішкеннен гөрі көзбен көріп, ауызба-ауыз пікірлескеннен кейін ой тоқтатып, баға беру əділ болады ғой.

– Мəке, жаңа идея төңірегіндегі жайдан əжептəуір хабардар еттіңіз. Бірақ оның өзі туралы əлі ештеңе деген жоқсыз.М.Сүлейменов: Біз оны қазір шартты түрде парсыз егіншілік

жүйесі деп атап жүрміз. Астық өсірудің интенсивті технологиясын жете игерген жағдайда егістік танаптарының белгілі бір бөлігін қазіргідей таза парға қалдырып, босқа таптаудың қажеті жоқ. Қазір қолданылып жүрген қысқа ротациялы, яғни аз танапты астықты-парлы ауыспалы егіс жүйесі жағдайында пардың үлес салмағының көбеюі бірте-бірте топырақтың құнарлылығын азайтуға апарып соғып жүр. Жағдайдан шығудың алғашқы амалы ретінде көп та-

Page 197: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

197

напты егіс жүйесіне көшу керек. Ойымыздың түйіні осы. Ал оны негізге алу егіншілік жүйесінің барлық буындарына елеулі өзге-рістер енгізуді талап етеді. Олардың дəл қандай болатынын қазір нақты айта қою да қиын. Мұның жауабын белгіленген бағытты нысанаға алып жүргізген жаңа зерттеулер береді.

– Осы кезге дейін таза пар ауыспалы егіс жүйесінің негізгі бу-ыны, ол астық өсірілетін танаптың тынығуы, бойына күш-қуат жиюы үшін қажет жəне арамшөпке қарсы күрестің тиімді əдісі, дəлірек айтқанда парға қалдырылған кезде арамшөпті отап та-стау оңай деп келгеніміз белгілі. Енді пардан бас тартқан жағдайда жерді тынықтырудың жəне арамшөпке қарсы күрес тиімді əдісінің орнын толтыратын қандай жаңа агротехникалық шара ұсына ала-сыздар? Əлде олардың қажеті жоқ деген көзқарас бар ма?М.Сүлейменов: Алдымен жерді тынықтыру жөнінде. Бұл қажет

шара екенінде дау жоқ. Бірақ оны қалай жүзеге асырған тиімді əрі əсерлі болады? Мəселе осында жатыр. Мынандай бір салыстыру жасап көрейікші. Қауырт еңбектен кейін тыныстау, жалпы дема-лу адам организмі үшін де аса қажет нəрсе. Бірақ ештеңемен ай-налыспай, ұдайы диванда шалқайып жатып демалған жақсы ма, əлде белсенді іс-қимыл жасап, басқа еңбек түрімен немесе спорт-пен шұғылданған, ой мен сезімге тың жігер беретін өнерге ден қойған дұрыс па? Біз үшін бұл мəселенің басы ашық. Белсенді демалғанды ұнатамыз. Дəрігерлердің кеңес беруі де солай.

Міне, біздің ұсынып отырғанымыз да осындай «белсенді де-малыс». Ол адам организмі сияқты, топыраққа да жақсы əсер етеді деп есептейміз. Ал танапты «белсенді демалыс» жағдайына көшіру үшін не істеуіміз керек деген сауалға келетін болсақ, жа-уап біреу. Ауыспалы егіс жүйесіндегі таза пардың орнына басқа лайықты дақыл табу керек. Мүмкін шөптің бір түрлері (ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор К.Г.Шульмейстер жоғарыда келтірген хатында еске салып отырғандай, бұл ретте ака-демик Н.М.Тулайков кезінде нақты пікірлер айтқан) немесе басқа бір дақыл... Бұл – бір.

Екіншіден, пардың қазір арамшөпке қарсы күресте едəуір рөл атқарып отырғаны рас. Бірақ оның да орнын толтыруға болады. Егіншілік мəдениетін шын мəнінде жоғары деңгейге көтергенде, астық өсірудің интенсивті технологиясын толық игерген кезде, əсіресе оның жер өңдеу, гербицид қолдану, тұқым себу мерзімін

Page 198: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

198

дұрыс таңдау жəне басқа маңызды элементтерін қатаң ұстану арқылы танаптарды парсыз-ақ таза ұстауға болатындығын тəжірибе көрсетіп отыр. Арамшөпті отау үшін танапты бір маусым бойы босқа жатқызып қою, оның топырағын кемінде 5–6 рет босқа өңдеу (соның бəрі арамшөпті мүлдем құртуға емес, сəл азайтуға ғана көмектеседі ғой) шынайы шаруақорлық белгісі емес екенін мойындауымыз керек. Ол тыңдағы егіншіліктің дамуының белгілі бір кезеңінде дұрыс шешім болғанымен жəне əжептəуір оң рөл атқарғанымен, қайта қарауға болмайтын əмбебап əдіс емес.

Жылма-жыл қыруар егістік алқапты таза парға қалдыру амал-сыздан қолданылып жүрген шара, ол интенсивті емес, экстенсивті егіншіліктің белгісі екеніне көз жеткізетін кез келді. Шындықтың бетіне тура қарау керек. Арамшөппен күрес проблемаларын таза пар арқылы шешу топырақтың құнарлылығын едəуір кемітетіндігін тəжірибе көрсетіп отыр ғой. Сондықтан да бізде қазір бірінші ке-зекте пардың топырақ құрамын жетілдіруге жəне сол алқаптардан мал шаруашылығы үшін жем-шөп алуға мүмкіндік беретін дақыл себілген əрі сидеральді (тыңайтатын) түрлерін пайдалану мүмкіндіктерін тереңірек зерттеу қолға алынып отыр.

Бұл жерде оқырман назарын мына бір жайға аудару қажет. Пар-сыз егіншілік жүйесі жөнінде сөз ету астық өсірумен айналыса-тын шаруашылықтарда міндетті түрде бүгін-ертеңнен бастап осыған бағыт ұстау керек деген ұйғарым жасауға негіз бола алмай-ды. Əсіресе егіншілік мəдениеті төмен, астық өсірудің интенсивті технологиясы толық игерілмеген жəне игеруге мүмкіндік те аз жерлерде таза парды сақтау тиімдірек. Бұл да біз санасуға тиісті шындық.

– Дегенмен, қалай болғанда да, тыңдағы егіншіліктің келешегін парсыз жүйемен байланыстыруға бағыт ұстау қажет деген жаңа ғылыми идея дүниеге келді ғой. Енді ол өзіне ізденіспен, іспен, күреспен жол салуы керек. Солай емес пе?М.Сүлейменов: Дұрыс айтасыз. Егер біздің жаңа ұсыныстары-

мыз өзіміз күткендей қайтарым беретін болса, тыңда астық өсіру ісі айтарлықтай ұтары сөзсіз. Біріншіден, жер құнарын сақтау про-блемасы шешіледі. Екіншіден, істің экономикалық жағдайы едəуір жақсарады, парды күтіп-баптауға жіберілетін шығын азаяды. Үшіншіден, жерді тиімді пайдалануға оң ықпал жасалады.

– Жерді тиімді пайдалану туралы проблеманы атап кеттіңіз.

Page 199: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

199

Осыған орай тыңдағы шаруашылықтарда егістік көлемінің ау-қымы шектен тыс ұлғайып кетті, есесіне мал жайылымы, табиғи шабындық тым тарылып барады деген алаңдаушылық білдіріле-тініне назарыңызды аударғым келеді. Оларға сіз қандай жауап қайтарар едіңіз?М.Сүлейменов: Ашығын айту керек, бұл сөздің жаны бар деп

есептеймін. Ал қалыптасқан жағдайдың айыпкері – экстенсивті жолмен дамуға иек артқан экономикалық саясат. Біз тың игеру арқылы республиканың егістік жер көлемі 25 миллион гектарға ұлғайтылғанын, сөйтіп астық өндіру 6 есе артқанын мақтан етеміз. Əрине, жылына 24,5 миллион тонна астық дайындауға қол жеткізу, бүкіл елімізде өндірілетін аса бағалы күшті бидайдың 70-75 процентін беру аз жетістік емес.

Бірақ мəселенің екінші жағын қайда қоярсың. Тусыраған далаға түрен салу жер жағдайын да, оны қалай игеру тиімді дегенді де терең ойланбастан тулақты талапайға салуға ұқсап кеткені де шындық қой. Тек 1954 жылы ғана республикада 8531 мың гектар, ал келесі жылы тағы да 9436 мың гектар жер игерілді. Жыл ішінде ірі мемлекеттердің егістігіне тең территорияны жыртып тастау ауқымы мен қарқыны жөнінен таң қалдырарлық-ақ іс. Бірақ соның бəрі астық өсіруге жарамды жер ме еді? Жоқ, əрине. Оның үстіне сол территорияда мал шаруашылығын да өркендету қажет екендігі еске көп алына қойған жоқ.

Басқарудың əкімшілік-əміршілдік əдісі өз дегенін істеп жатты. Нұсқау орындалуға тиіс. Ф.Т.Моргун өзінің «Астық жəне адамдар» деген кітабында Көкшетау облысындағы «Толбухин» совхозында директор болған кезінде 1955 жылы шаруашылықта жыртуға жер қалмаса да қосымша 10 мың гектар тың игеру жөнінде жоғарыдан нұсқау алып, оны қалай да орындау үшін келісім жасап, көрші шаруашылықтың жеріне қол салғанын жазады ғой. Ал дəл осын-дай жағдайда басқа жүздеген директорлар жоспар орындау үшін сортаң жəне топырағы жеңіл жерлерді де дал-далын шығарып жыртқызып тастаудан тайынған жоқ. Өйткені, қалай да бүгін мол астық алу керек деген ұран бəрін де ақтайтын еді. Обком хатшы-сы да, совхоз директоры да, тракторшы да соны басшылыққа алды. Ілуде біреуін болмаса, көпшілігін жер тағдыры онша алаңдата қойған жоқ. Одан не шыққаны белгілі. Егістіктің əрбір үшінші гектары – сортаң жер, ал Павлодар, Ақтөбе жəне басқа бірқатар

Page 200: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

200

облыстардың жеңіл топырақты жерлерінде бірден шаң борап, құнарлы қабат желге ұшты.

Республиканың солтүстігінде жерді жөн-жосықсыз жыр-та беру салдарынан астық өсіруге мүлдем жарамсыз едəуір жер егістік санатына қосылып кетті, түбегейлі өңдеуді қажет ететін жайылымдық жерлерді астық өсіруге пайдалану ауқымы одан да асып түсті. Қазір тың өңірінде 2 миллион гектар жарамсыз жер-де астық өсіріліп отыр. Осынша жерге материалдық-техникалық жəне адам ресурстары босқа шығын болуда. Мұндай егістік ал-қаптары республиканың басқа облыстарында да бар. Бұл аз де-гендей тоқырау жылдары сортаң жерлерді игеру, жайылымдарды түбегейлі өндеу, ауыспалы егіс жүйесіндегі пардың үлес салмағын пəленбай процентке жеткізу, белгілі бір дақылдар егістігінің кө-лемін ұлғайту жөніндегі нұсқауларды орындау тағы да жерге шабуылдың бір түріне айналды.

Осының бəрі адамдардың алаңдаушылығын туғызуы заңды нəрсе. Егіншілікті дамытуда да əрбір жүзеге асырылатын ірі шараның болашақ экономикалық жəне экологиялық əсерін алдын-ала болжап, біліп отыру өте қажет.

Егіншілікке экологиялық көзқарастың маңыздылығы қазір тіпті артып отыр. Экологиялық болжам жасаған кезде белгілі бір жер көлеміндегі тікелей əсерін бағалап қана қоймай, оны бүкіл шаруашылық жүргізу жүйесімен байланысты қарау керек. Мысалы жүздеген гектар тың жерді жыртудың, былайша алғанда, зардабы болмауы да мүмкін. Бірақ ол түрен тіліп тастаған жерде табиғаттың шыдамы таусылып, экологиялық апатқа соғуына себепкер соңғы тамшы болуы да ғажап емес. Немесе, бір шаруашылықта бірер учаскені жыртып тастаудың соншалықты зардабы да бола қоймас, бірақ оны көршілердікіне қосып есептесеңіз, жер тағдыры үшін алаңдауға əбден негіз бар.

Сондықтан да қандай тың жерді болсын жырту тек арнайы жоба бойынша жүргізілуі керек, ал жерге орналастырушы органдардың правосы мен жауапкершілігін арттырған жөн. Тың жерлерге жөнсіз түрен салуды жергілікті өкімет орындарының көмегімен тоқтату керек. Жайылымдарды астық өсіретін алқаптарға айнал-дыру желеуімен жер өңдеу жұмыстарына да жол беруге болмайды. Қазір көптеген совхоздарда қоғамдық та, меншік те мал бағатын жер қалмай барады. Ал азғантай жайылымды таптаурын ету жер эрозиясынын, бір түрі – жайылым эрозиясы қаупін күшейтеді.

Page 201: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

201

Осыған орай сортаң жерлерді игеру концепциясын да қайта қарау керек деп есептеймін. Тыңдағы сортаң жерлерді жыртуды ар-наулы машиналар мен құрал-жабдықтар шығарғанға дейін мүлдем тоқтатқан жөн. «Карагандасельмаш» заводының құрылысын аяқтау мəселесін шешпей болмайды.

Арнаулы машиналар мен құрал-жабдықтар шығарылғаннан кейін де, экологиялық жағдайды анық болжап, біліп алмай, сортаң жерлерге кең көлемді шабуыл жасау мүмкін емес. Тек Ақтөбе об-лысында ғана қазірдің өзінде 100 мың гектардан астам сортаң жер игеру технологиясының дұрыс болмауынан мүлдем бүлініп, істен шығып қалды. Басқа облыстарда да бүлінген жер аз емес. Осыған орай Қазақ ССР Ғылым академиясының Топырақтану институ-ты сортаң жерлерді түгел есепке алып, республика Министрлер Советіне мəселенің жай-күйі туралы толық информация (əрине, онда істен шыққан жер көлемі мен келтірген зиян да толық көрініс табуы керек) жасаса, нұр үстіне нұр болар еді.

Жерді тиімді пайдалану жөніндегі ойларымды толық білгі-леріңіз келсе, меніңше, қазір егістік алқабының есебінде жүрген жарамсыз жерлерді де босату керек. Сонда материалдық жəне кадр ресурстарын тым шашыратып, тиімсіз пайдалануға да біршама тосқауыл қойылады. Əйтпесе, қазір тек осы кемшілік салдары-нан ғана астық өсірудің технологиялық талаптары кей жерлерде жарым-жартылай (50%) ғана орындалып жүр. Егіншілік жүйесінің жекелеген элементтері бойынша бұл көрсеткіш тіпті 30 проценттен аспайды. Жарамсыз жерлер есебінен егістік көлемін қысқарту ор-нын интенсивті технологияны жете игеру мен таза пар алқаптарын бірте-бірте азайту арқылы толтыруға болар еді.

Қалай болғанда да Жер-анаға өгей баласындай қарау жараспай-ды. Оны аялай білу керек. Қазір, тіпті, ең алдымен егіншіліктің экологиялық жүйесін негіздеу қажет дер едім. Жер тағдыры – ел тағдыры екенін естен шығаруға болмайды. Бұл туралы Бүкілодақтық XIX партия конференциясының биік мінбесінен де барынша ашық айтылды ғой.

– Мəке, Жер-анаға аялы көзқарас қажеттігі жөніндегі азаматтық позицияңызды ашық ортаға салғаныңыз ұнап отыр. Бүгінгі Арал мен Балқаш проблемасы сияқты, кейін тың тағдыры үшін күреске шақырып, қиналмас үшін, бар проблеманы бүгін түстеп танып, оны шешу жолдарын да сөз-бұйдаға салмай іздестіріп, табуға

Page 202: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

202

шақырудай əсер қалдырды мұныңыз. Енді осыған байланысты тағы бір сұраққа жауап бере кетіңізші. Биыл май айында өткен үлкен бір кеңесте шығып сөйлеген ғалымдардың бірі қазір жер де нашақорға ұқсап барады, нашақор есірткіге құмар болса, жер тыңайтқыш пен гербицидсіз өнім бермейді деген ой айтты. Əрине, оның табиғат үшін зияндылығына назар аударды. Осы орайда отыз жыл бойы жермен жұмыс істеп келе жатқан ғалым ретінде не ай-тар едіңіз?М.Сүлейменов: Тыңайтқыш пен улы химикаттарды ойлан-

бастан, негізсіз қолдану қоршаған орта мен адамға орны толмас зиян келтіретіні анық. Сондықтан да бұл орайда өте сақтық пен біліктілік қажет. Қайтарымы көп болсын деп шектен тыс мөлшерде пайдалануға тоқтау салу қажет.

Бірақ бұл химияландырудан мүлдем бас тарту керек деген сөз емес. Интенсивті химияландыру негіздерін басшылыққа алу керек. Тағы бір назар аударарлық жағдай – тыңайтқыштар мен улы хи-микаттарды топыраққа сіңірудің тиімді жолдарын іздестіру. Дəнді дақылдарды дəрілеу ауқымының ұлғаюы онша тиімді емес.

Қазір республиканың солтүстігінде тыңайтқыш пайдаланудың жаңа кезеңі басталып отырғанын айта кету керек. Осыған дейін біздің жерлерде топыраққа тек фосфор тыңайтқышын сіңіру қажет деген көзқарас берік орнығып келді. Ал азот тыңайтқыштары астық үшін пайдасыз, тіпті зиянды деп есептелетін. Енді бұл көзқарасты өзгерту керек. Өйткені, бірқатар егістік танаптарында жүргізілген ғылыми-зерттеу азот тыңайтқышын пайдаланудың тəуір перспек-тивасы бар екенін көрсетіп отыр.

Органикалық тыңайтқыштар мен сабанды топырақтың құнар-лылығын арттыру мақсатында Тиімді қолдану мүмкіндіктері де аз емес екендігін ғалымдарымыз жасап жатқан тəжірибелерден байқауға болады.

– Бүкілодақтық XIX партия конференциясында елімізде Азық-түлік проблемасын шешудің бірінші кезектегі міндет екеніне айрықша көңіл бөлінгені белгілі. Бұл маңызды міндеттің орын-далуына тыңдағы егіншіліктің даму деңгейі де едəуір əсер ететіні құпия емес. Жоғарыда оның жекелеген үлкен проблемалары, ғылыми-зерттеу жұмыстарының перспективалары жөнінде сөз еттіңіз. Енді осының бəрін тұжырымдай келіп, тың диқандары мен ғалымдары қазір шешіп жатқан басты міндеттерді атап өтіңізші.

Page 203: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

203

М.Сүлейменов: Республика территориясында астық өсірумен айналысу өте ертеден басталғанына қарамастан, оны аса кең ауқымды мəнінде терең ғылыми жүйеде дамыту үстіміздегі ғасыр-дың екінші жартысынан басталады. Алпысыншы жылдары акаде-мик А.И.Бараевтың жетекшілігімен біздің институтта егіншіліктің мүлдем жаңа – топырақ қорғау жүйесі дүниеге келді. Алпысыншы жылдардың аяғында соқаның орнын сыдыра жыртқыштар басып, дискалы дəн сепкіштердің орнына культиватор – дəн сепкіштер, ал тиісті тырмалардың орнына – шанышқылы тырмалар келді, дəнді дақылдар тұқымын себу мерзімі май айының екінші жартысына қарай шегерілді.

Оныншы бесжылдықта республикада астық өндіру көлемі 27,5 миллион тоннаға жетті. Бірақ бұл тек егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін өндіріске енгізудің ғана нəтижесі емес еді. Оған ауа райының біршама қолайлы болуы да игі əсер етті. Соның дəлеліндей қуаңшылық бел алған онбірінші бесжылдықта астық шығымдылығы тағы да гектарынан он центнер деңгейінен көп төмендеп кетті. Оның үстіне топырақтың құнарлылығы кеми түсті. Бірқатар ғалымдар мен практиктер: бұрынғы егіншілік жүйесі жағдайында болса мұндай қуаңшылықта тіпті қиын хал-де қалар едік қой деп өздерін өздері жұбатуға тырысты. Пар-тия, совет қызметіндегі басшылар да оларға қосылып, адамдар қолдан келгеннің бəрін жасап-ақ бақты, бəріне бұрын-соңды бо-лып көрмеген құрғақшылық кінəлі дегенге тоқтады. Бірақ бұл толық шындық емес еді. Өйткені, бірқатар шаруашылықтарда сол қуаңшылық жағдайының өзінде жоғары нəтижеге қол жеткенін қайда қоямыз? Институттың тəжірибе шаруашылығында, мыса-лы, гектар шығымдылығы соңғы екі жыл ішінде орта есеппен 17,8 центнерге дейін көтерілді. Көкшетау облысындағы «Златополь» совхозында кейінгі он бір жылда бұл көрсеткіш 21 центнерден ай-налып отыр. Целиноград облысындағы Вишнев жəне Целиноград құс өсіру жөніндегі өндірістік бірлестіктерінде соңғы үш жылда астық шығымдылығы 20 центнерден бір төмендеп көрген емес.

Яғни астық шығымдылығын тұрақтандыруға басты бөгет егіншілік мəдениетінің əлі көп төмен жатқандығында екенін мой-ындауымыз керек. Бірқатар оң қадамдар жасалғанымен, күрт өзгеріске қол жеткізе қойған жоқпыз. Əлі де өнімділігі жоғары, əрі сенімді техника мен жоғары білікті кадрлар жетіспейді, еңбекті

Page 204: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

204

ұйымдастыру деңгейі төмен, егіншілік пен мал шаруашылығы үйлесімді дамымай отыр, соның бəрі технологиялық тəртіптің орындалмауына апарып соғуда.

1985 жылдан бастап Солтүстік Қазақстанда егіншілікті дамы-тудың жаңа кезеңі басталды. Бұл қалыптасқан жағдайда түбегейлі өзгертудің бірден-бір жолы болып отыр. Астық өсірудің интенсивті əдісімен күтіп-бапталған 5 миллион гектар алқап тағы жаздық би-дайдан едəуір қосымша өнім алынуы оған нақты дəлел бола алады.

Егіншілікті интенсивті негізде дамытуға бағыт ұстала отырып, тыңда қазір мынадай негізгі міндеттерді шешу мақсат етілуде. Ең алдымен – егістіктің əр гектарынан алынатын астық пен мал азығы мөлшерінің деңгейін тұрақтандырып, одан əрі көтеруге (20-25 про-центке дейін) қол жеткізу керек. Бұл үшін топырақ құнарлылығын сақтаудың жəне арттырудың жолдарын іздестіріп, топырақтың жел мен су эрозиясына төзімділігін күшейткен жөн. Экономика-лық көрсеткіштерді жақсарту ұдайы назарда болуға тиіс. Мəселен, I центнер астықтың өзіндік құнын қазіргіден 15-20 процент-ке арзандатуға мүмкіндік бар деп есептейміз. Технологиялық жəне экономикалық мəселелерді шешу кезінде істің экологиялық жағын бір сəт те естен шығарып алуға болмайды. Түптің түбін-де, экологиялық егіншілік қана қоғам мен адамның ең көкейтесті мүдделеріне жауап бере алады.

Тыңдағы егіншіліктің қазіргі даму кезеңінде шешілуге тиісті міндеттер осындай өте күрделі. Бірақ қоғамымызда жүріп жатқан зор революциялық мəні бар қайта құру процесі оларды ескі тап-таурын жолдардан бас тарта отырып, басқарудың əкімшілік əдісінен арылу, кең демократия мен пікір алуандығына төзімділік жағдайында батыл творчестволық ізденістер жасау, жақсы идея үшін бел шешіп күресу жоғары талаптар биігінен көрінуге толық мүмкіндік береді деп ойлаймын. Бұл сенімді Бүкілодақтық XIX пар-тия конференциясынан алған əсерлерім мен көңілге түйгендерім күшейте түсті.

Целиноград облысы, Шортанды ауданы,

Бараев атындағы Бүкілодақтық астықшаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.

Page 205: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

205

АУЫЛДАСТАР–БАУЫРЛАСТАР

Калинин атындағы совхоз – тың жəне тыңайған жерлерді игеру кезінде құрылған астықты шаруашылықтардың бірі. Оның өткені жəне бүгіні тұңғыш тыңгерлер мен олардың ізбасарларының ортақ өмірбаяны іспеттес. Мұны əсіресе жергілікті өлкетану музейінде өзгеше сезінесің. Көп сақталып, көнере бастаған комсомолдық жолдамалар, уақыт таңбасы басылып, сарғыш тартқан суреттер, мұқият жинап қойылған қолжазбалар мен газет қиындылары ауыл адамдарының бақытты тағдыры туралы сыр шертеді.

Біз музейде болған кезімізде нақ төрдегі арнаулы стендінің ал-дында ұзағырақ бөгелдік. Онда омырауларын ордендер мен медаль-дар көмкерген еңбек ардагерлерінің суреттері ілініпті. А.Лунев, А.Горобец, Ж.Əлиакпаров, Т.Айтжанов, Н.Тупицын... Осылай жалғаса береді. Аты-жөні, кəсібі, ұлты əр алуан болғанымен, тағдырлары ортақ. Олардың қай-қайсысының болсын еңбек жолы шаруашылық өмірімен өзектес.

1. ҚОЙЫН ДƏПТЕРДЕ КӨП СЫР БАР

Қарсы алдымызда, үстел басында жасы елуді еңсерген қара-торы кісі қолындағы қойын дəптерінің сарғыш беттерін анда-санда ақтарып қойып, əңгімелесіп отыр. Бұл – осы ауылдың аяулы азаматтарының бірі Тұңғышбай Балабатыров. Оның еңбек жолы осыдан отыз сегіз жыл бұрын Қарашалғын МТС-інде басталған. Кейінірек техникумды тəмамдап, агроном болған. Мұндағы өзгерістердің бəрі көзінің алдында. Тыңға шабуыл басталған 1954 жылы қонысы іргелес қазіргі екі шаруашылық – Калинин атындағы совхоз бен «Жұлдыз» совхозының орнында сол кездің өлшемі бой-ынша ірі колхоз болды. 1200 гектар егін өсіретін. Ал қазір бір Ка-линин атындағы совхозда ғана 31 мың гектар егістік бар.

– Қазіргідей орасан зор өзгерістерге негіз болған тың иге-ру сияқты ұлы іс менің өмірімде ерекше із қалдырды, – дейді Тұңғышбай. – Маған алғашқы тың игерушілерді қарсы алу үлесі тиді. 1954 жылдың апрель айында осындай тапсырмамен Ақмола (қазіргі Целиноград) қаласына келдім. Біздің колхозға бөлінген адамдарды тура еріктілер эшелонынан түсіріп алдым. Тың жер-лерді игеруге қажетті құрал-жабдықтарды да өзімізбен бірге ала

Page 206: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

206

келдік. Əлі есімде, Алексей Горобец өзі сонда Ақмоладан мініп келген су жаңа С-80 тракторымен осында тыңның тұңғыш бороз-дасын тартты. Бұл құрмет жергілікті тракторшы Хамза Байманов екеуіне тиді. Сонда Алексей мен Хамза 1954 жылдың 24 майы күні Шелеген, Ақбасты деген өңірде бөлінген 500 гектар жерге тұңғыш түрен салған-ды. Мен сол жайындағы жазбамды көрген сайын көп ойларға берілемін. Өйткені, бұл оқиға бүкіл шаруашылық өміріндегі өзгеше бетбұрыстың басы ғой. Оны біз түгіл кейінгі ұрпақтар да ұмытуы мүмкін емес.

Тың игеру бүкіл салт-санамызға жаңа өзгерістер əкелді. Колхо-зымыз көп ұлтты коллективке айналды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған еріктілер легі үсті-үстіне келіп жатты. Біз оларды құшақ жая қарсы алдық. Бір-бірімізге тез үйренісіп, қатар еңбек еттік.

Нəтижесінде аз уақыт ішінде-ақ ауыл адамдарының əл-ауқаты едəуір артып, тұрмыс дəрежесі кетеріліп қалды. Шаруашылық эко-номикасы күрт өсті. 1958 жылы совхоз атандық. Сəнді елді мекен бой түзеді. Шаруашылық экономикасы мен ел тұрмысын қазір 50-ші жылдарғымен салыстырудың өзі қиын. Айырмашылық жер мен көктей.

Осыларды ойлағанда, тың игеру сияқты бүкіл халықтық ерліктің жасампаздық сипаты айрықша сезіледі. Бүгінгідей даму қарқынымыздың бастамасы сол болғаны сөзсіз. Өйткені, егер тыңға аттаныс болмаса, Ұлы Отан соғысында арыстай 148 азаматынан айырылған колхозымыздың төрт аяғын тең басқан шаруашылыққа айналуы үшін де талай жылдар керек болар еді ғой.

Сондықтан мен үшін тың игеруге қатысушылар қатарында болғаным – ерекше мерей. Наградаларымның арасында «Тың жəне тыңайған жерлерді игергені үшін» медалінің орны тіпті бөлек. Тың тағдыры біздің де тағдырымызға айналды ғой. Тыңдағы дəстүрлер əр семьяның өмірбаянымен өріліп жатыр. Осы орайда агрономдық кəсіп біздің семьяда да атакəсіпке айналып отырғандығын айта ке-туге болады. Əке ісін балам Қали жалғастыруда. Мұндай мысал-дар шаруашылықта көп-ақ. Əлиакпаровтар əулеті, əкелі-балалы Баймановтар, ағайынды Мазуренколар, əкелі-балалы Горобец-тер де диқандық эстафетасын осылай ұштастыруда. Біздер, аға ұрпақ өкілдері, сонау алғашқы тың игеру жылдары сыннан өткен диқандық тəжірибемізді ізбасарларымызға үйретуден əсте жа-лыққан емеспіз. Өзіміз бастаған істің бүгіндері жаңа арналар тапқанына куə болудың өзі керемет ғанибет екен!

Page 207: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

207

2. БІР КІСІНІҢ БАЛАСЫНДАЙ

Украинаның Полтава облысында Любке деген село бар. Алексейдің балалық шағы сонда өтті. 1949 жылдан бастап жергілікті МТС-те тракторшы болып істеді. Тыңға шабуыл баста-лар кезде, жас болса да, əжептəуір тəжірибе жинақтап үлгерген механизаторлардың бірі еді. Жастар қашан да жаңалыққа, үлкен істерге құмар келеді ғой. Еліміздің шығысындағы ұланғайыр ту далада тың игеріледі деген хабар оны да қатты елеңдетті. Ақыры, ауданнан шыққан он бір адам арасында комсомолдық жолдамамен еріктілердің алғашқы ілегіне ілікті.

Жастар поезы жолда ұзақ жүрді. Бір тобы Петропавл, Көкшетау қалаларына түсті. Ақмолаға келген жерде Алексейлер осы жердегі бұрынғы Калинин атындағы колхозға бөлініпті. Иван Сидорен-ко, Александр Борисенко, Борис Горковенко жəне басқаларын қарсы алған орта бойлы қараторы қазақ жігіті бірден үйіріп əкетті. Қимылы ширақ, сөзі пысық. Қазақ жеріне алғаш табан тіреген топтың түрлі-түрлі сұрақтарына тапқыр жауап қайтарады.

Көзге ілінер қарасы кемде-кем жазық дала. Суығы мынау, сүйектен өтеді. Бұл жерде тірлік жасау да оңай емес болар!

Біз тап осы өңірді өзге ешбір жерге теңгермейміз. Өмірімізге де разымыз. Келмей, көрмей жатып, осалдық танытпаңдар, жігіттер...

Өзі осыған дейін аз да болса егін егіп көрдіңдер ме?– Менің мамандығым – агроном. Біздің халқымыз да диқан-

дық кəсіпті ертеден біледі. Тың игеру көкейіміздегі ең асыл ар-манымыздың шын мəнінде кең көлемде жүзеге асуына мүмкіндік береді деп күтудеміз...

– Сөйткен жолбасшымыз осы Тұңғышбай екен ғой, – дейді бүгінде есімі бүкіл Есіл өңіріне танымал механизаторлардың бірі Алексей Павлович Горобец. – Балабатыровтардың үй-ішімен көп ұзамайақ тонның ішкі бауындай жақындасып кеттік. Ауылға келген бетте төрт бірдей жігіт соның аядай төргі үйінде тұрдық. Ешқандай қысылып, қымтырылу дегенді сезгеніміз жоқ. Пейіл кең болса, орын жетеді деген рас екен.

Манадан дастарқан əзірлеп жүрген Мария Мефодьевна əңгімеге араласты.

– Қазақта «келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» деген нақыл бар екен, – деді ол жайраңдай сөйлеп. – Содан ба екен, Алеша екеуміз

Page 208: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

208

көңіл қосқанда, қолтығымыздан ұстап осы үйдің табалдырығын бірінші аттатқан Тұңғышбай əрдайым көзіме бір түрлі жылы ұшырайды...

Үй иесі тыңға келгендегі алғашқы кейбір қызықты əсерлерін есіне түсірді.

– Ес біліп, етек жапқалы тамақты биік столда отырып ішуге дағдыланған біз жерге жайылған дастарқанға, оған қойылған табақ-табақ жылқы етіне тосырқай қарап жүрдік. Қымыздың ашқылтым дəміне де көпке дейін үйрене алмадық. Енді соларымыз есіме түссе, өзіме күлкім келеді... Қазір бəріміз бір үйдегідейміз.

Əңгімеміз біртіндеп тыңгерлердің сол тұстағы тіршілік-тынысы жайындағы арнаға ауысты.

– Содан кейінірек палатаға көштік, – дейді А.Горобец. – Өйткені жаңа шаруашылықтың орталығын бұрынғы қоныстан бөлегірек жерде тұрғызатын болдық. Тыңға келгендер көбейді. Əсіресе қыз-келіншектердің көптеп келгені жақсы болды. Машамен алғашқы күні-ақ таныстым. Жаңа мекен құрылысына қызу кірістік. Талай қиындықты бастан кешірдік. Дегенмен, қуаныштарымыз да көп еді.

Иə, тың төсіндегі алғашқы қиындықтармен қатар шадыман шаттық сəттері де аз болған жоқ. Ту далаға түсірілген алғашқы түрен салтанаты!

Иен өңірде желкілдей өсіп, жасылға оранған алғашқы егін! Шаңырақ көтерген алғашқы жас семья! Шетсіз де шексіз егіннен мемлекет қамбасына тасқындай құйылған алғашқы алтын астық! Қазақстан даңқын бүкіл жұмыр жерге паш еткен алғашқы милли-ард пұтқа қосылған қомақты үлес!

Осының бəрі тыңгерлердің жеке өмірін де нұрландыра түсті. Олардың еңбегі бағаланып, ел құрметіне бөленді. Шаруашылықта бірінші болып Еңбек Қызыл Ту орденін осы А.Горобец омырауына тақты. Ол өзі сияқты еріктілер қатарынан өмірлік серігін тауып, се-мья құрды. Ұлы Сергей де əке жолын қуып, туған шаруашылықта тракторшы-дəнекерлеуші болып жұмыс істеп жүр.

– Кейде Украинадағы туыстарымыз тыңды игердіңдер, енді ата-мекенге оралыңдар деп қолқа салатыны бар, – дейді Мария Мефо-дьевна. – Ал біз үшін осы қасиетті қазақ жерінен қастерлі жер жоқ. Өйткені тың тағдыры біздің де тағдырымызға айналды. Тыңдағы тамаша өзгерістер біздің өмірімізде де өшпес із қалдырды. Бұл –

Page 209: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

209

бір біздің емес, тың игеруге келіп, осы шаруашылықта тұрақтап қалған ондаған семьяның жүрек сыры.

Жұбайының сөзін Алексей Паловичтің өзі толықтырды:– Бүгінгі диқан еңбегінің сипаты да басқа, шеберлік деңгейі

де өте жоғары. Бір қуанарлығы – ардагер тыңгерлер жинақтаған шеберліктің қыры мен сырын жете игерген жастар өсіп жетілді.

Расында да осы өңірде тың игеру басталғанға дейін-ақ егін өсіріп, өрелі табысқа жеткен Е.Бəкіров, Қ.Байманов, Ж.Əлиакпаров, Т.Айтжанов жəне басқалардың, А.Лунев, П.Мазуренко сияқты тыңгерлердің ісін балалары мен немерелері жалғастыруда. Олар-дың арасында Амангелді Əлиакпаров, Виктор Пазинич, Сембай Сүлейменов сияқты жастардың есімі аудан, тіпті бүкіл облысқа та-нымал.

3. ЖАҚСЫ КӨРШІ — ЖАҚЫНЫҢ

Мария Терентьевна жұмыстан келіп, кешкі тамақтың қамына кірісіп кетіп еді, ас үйдің есігі ашылды да, ішке Райхан кірді.

Кеш жарық, Маша апай!Ə, Райхан! Төрлет! Мамаң қалай, аман ба? Соңғы кезде біздікіне

кірмей кетті ғой, ауырмай ма?Жоқ, Маша апай. Бəрі жақсы... Мен сізге келдім. Алматыдан

Сəуле каникулға келіп, мəре-сəреміз. Мамам əдейі жіберді, Павел ағай екеуіңіз кешкі тамақты біздікінен ішсін, қуанышқа ортақтас-сын, Сəуленің астанадан əкелген базарлығынан дəм татсын деді.

Рақмет, қызым. Сəулені біз де сағынып жүр едік. Əрине, ба-рамыз. Қазір Павел де келіп қалар, – деп Мария Терентьевна қуанышын жасырмады.

Надяны да ерте келіңіздер...Қыз шығып кеткен соң Мария Терентьевна өзінің жəне күйеуінің

жақсы киімдерін шкафтан алып жатыр еді, өткен-кеткен тіршілігі өзінен-өзі есіне түсті. Партия шақыруына лайық жүрек қалауымен тыңға келгенде Мария əлі тым жас еді. Қазір осында шынайы бақытын тапқан аналардың бірі. Жұбайы Павел Мазуренкоға тыңда жолықты. Ол ағасы Петр екеуі диқандық істі əлі де жалғастырып келеді. Екеуі де – танымал адамдар. Петр совхозда бірінші болып Ленин орденімен наградталды, кейінірек Еңбек Қызыл Ту орденіне де ие болды. Павел де солай. Петрдің баласы Виктор, əкесі сияқты механизатор атанса, Павел мен Марияның қызы Надежда – жоғары

Page 210: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

210

білімді агроном. Бұлар үшін тың жердің туған жеріндей болып кеткелі қашан! Қазір олар өздерін тіпті тамырын тереңге жіберген бəйтеректей берік сезінеді.

Ал енді осындай бақытты өмірдің, шаруашылықтағы зор эко-номикалық жəне мəдени-əлеуметтік өзгерістердің алтын діңгегі – тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір əртүрлі ұлт өкілдері арасындағы шынайы достық болса керек. Қазір совхозда 13 ұлттың өкілдері тату-тəтті өмір сүруде деп түйді Мария Терентьев-на. Шаттығы шалқыған шаңырақтар арасындағы көршілік қарым-қатынастарға кім де болса қызығар еді. Қазақ Абай Оспанов пен чечен Сұлтан Ғазимов, украин Евгений Коротя мен чуваш Дми-трий Кучеров семьялары жай ғана қатар қоныстанушылар емес, ой-тілектері орайласқан жақсы көршілер екенін аңғару алғаш кел-ген қонаққа да қиын болмас еді. Айтқандайын, олардың қонақтары да ортақ болатын кездері аз емес. Бірінсіз бірінің тойы өтпейтіні қандай ғанибет!

Осылай ой толғайды да, Мария Терентьевна өз көршілерін есіне түсіреді. Мазуренколар үйінің бір жағында Есімсейітовтер, екінші жағында Оразбековтер тұрады. Қайыркеш Есімсейітов – механизатор. Бұл ретте Павел екеуінің мүдделері де ұштасып жа-тыр. Мəрия Оразбекова мен Мазуренколардың қыздары Надежда мен Райханның арасындағы сырластық сыры тіпті бөлек. Мəрияш тағдыр талқысына түскен аса қиын күндерде оның басындағы тауқыметтің жеңілдеуіне бірінші көмегін берген де осы көршілері емес пе еді. Қазір Оразбекова төрт бала өсіріп, тəрбиелеуде. Райха-ны – дəрігер, Сəулесі Алматыда институтта, Жамбылы алтыншы класта оқиды. Екеуара, үшеуара əңгіме үстінде болсын, күнделікті ұсақ-түйек тіршілікте болсын, Мария Терентьевнаның өзі де, басқа көршілері де оған сүйеу болуға, жігерін жануға ниет аңғартьш жүреді. Сірə, қазақ «көрші – ақысы – тəңірі ақысы» – деп тауып айтқан-ау.

Əртүрлі ұлт өкілдері арасындағы сан арналы достық қарым-қатынастардың туысқандыққа ұласып жатқаны бұл шаруашылықта таңсық емес. Бір ғана мысал. Смағұловтар семьясын калининдіктер жақсы біледі. Семья басы Ысқақ малшы болып істейді. Ол көңіл қосып, неміс қызы Зояға үйленген еді. Қазір бес бала тəрбиелеп отыр. Ұлдары Бейсенбай мен Көшербай еңбекке араласып жүр. Бірі – жүргізуші, бірі – тракторшы. Шаруашылықтағы 350 семьяның ішінде олар жалғыз емес.

Page 211: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

211

Өндірісте де, ошақ басында да тілектері табысқан тыңгерлердің ортақ дəстүрлері де бар. Мысалы, жаңа шаруашылықтың дүниеге келуі, жұбайлық жолдағы алтын, күміс тойлар – қашан да бүкіл ауыл болып атап өтілетін қуаныштар. Былтыр осындай өзгеше оқиға ардагер тыңгер А.Луневтің семьясында етті. Оның екі ұлы – Виктор мен Владимир – бір күнде үйленді. Жас диқандарға сол тойдың үстінде жаңа пəтердің, жас шаңырақтың кілті табыс етілді.

Тың игерілді. Ғасырлар бойы тусырап жатқан қазақ жерінің шұрайлы өңірлері астықты алқаптарға айналды. Сəнді елді мекен-дер бой көтерді. Ең бастысы – тың төсінде совет адамдарының сан қилы тағдырлары табысты. Жаңа, советтік өмір салты қалыптасты. Мұның өзі бақыт бастауына айналды. Біздің болмысымыздың мəні де осында ғой.

* * *Тың өңірде тындырымды іс атқарып, онда өркенді өмір орнатқан

осынау тамаша адамдардың бүгінгі тіршілік-тынысымен танысқан сəттерде сонау 1954 жылдың март, апрель айларындағы оқиғалар ойымызға оралады. Ұлы көсеміміз Ленин есіміндегі қала мен ая-улы астанамыз Москвадан, Россия Федерациясы мен Украинадан, Белоруссия мен Молдавиядан, Балтық теңізінің жағалауы мен Кав-каздан Коммунистік партияның шақыруына орай комсомолдық жолдамамен келген жігіттер мен қыздарды Қостанай мен Пе-тропавл, Көкшетау мен Ақмола, Ақтөбе мен Павлодар қалалары еңбекшілерінің құшақ жайып нан-тұзбен қарсы алған сəттері, тікелей темір жол вокзалының басында болған салтанатты митингілер елес береді. Сол кездегі аса қуатты НАТИ, С-80, ХТЗ тракторларына тіркелген қызыл вагоншаларға мініп, қар көбесі енді ғана сөгіле бастаған шексіз далаға аттанған тыңгерлердің ұзын көші. Асты шылқылдаған су соқта қардың үстіне кешелей тігілген үлкенді-кішілі шатырлар...

Осылардың бəрін ой елегінен еткізіп, бүгінгі Калинин атын-дағы совхоздың табысын таразылар болсақ, небəрі қырық шақты үйі бар шағын ауылдың іргесінен орын тепкен тыңгерлер шаруашылығының осынау жылдар ішінде қандай шырқау биікке көтерілгені бедерлене түседі.

– Бұрынғы Калинин атындағы колхозда небəрі 1 200 гектар егін салынып, гектарынан əрі кеткенде 7 центнерден ғана астық бастырылады екен, – дейді совхоз директоры Сұлтан Насыров. –

Page 212: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

212

Ал біз жылма-жыл 31 мың гектар егін саламыз. Бертін келе бізден бөлініп, өз алдына отау тіккен «Жұлдыз» совхозының да сонша егіні бар. Екеуі де жыл сайын гектарына 15-18 центнерден өнім жинап, мемлекетке бір миллион пұтқа дейін, ал ауа райы қолайлы болған жылдары екі-екі жарым миллион пұтқа дейін астық тапсы-рады... Мұның бір сыры егіншілік мəдениетінің өскендігінде. Бұл сала ғылыми негізделіп жүргізіледі. Біз топырақ қорғау жүйесін қолдану, техниканы комплексті жəне жоғары өнімді пайдалану, шығымды тұқым сорттарын енгізу, агротехникалық шараларды атқару жұмыстарының бəрін бірімен-бірін ұштастыра, үйлестіре жүргіземіз.

Нағыз астық фабрикасы деген осы емес пе! Бірақ тек астық жай-ында айтсақ совхоз көтерілген биікке сыңаржақ баға берген бо-лар едік. Өйткені мұнда мал шаруашылығы да дамыған. Бұрынғы колхозда 1954 жылы небəрі 136 ірі қара (оның 31-і – сауын сиыр) болса, қазір бұл түлік үш мыңға жуық, оның үштен бірі – сауын сиыр. Алғашқы қазығын қағып, шаңырағын көтерген жаңа совхоз-да тың игерілгенге дейін қой-ешкі дегенің мүлде өсірілмейді екен. Ал бүгінде он мыңдай қойы бар. Демек, калининдіктер халық дастарқанына ет пен сүтті де, жүнді де мол беріп келеді, Соған орай, табысы да татымды.

Экономиканың нығайған үстіне нығаюының арқасында сов-хозда күрделі құрылыстың кең өрістеуіне мүмкіндік туған. Мынадай кейбір деректер осы ойымыздың дəлелі бола ала-ды: тыңға алғашқы түрен түскеннен бері 200-ден аса тұрғын үй, бес дала қосы, Малшылар үйі, 90 сəбилік бала-бақша, қонақ үй, 464 оқушыға арналған орта мектеп, тұрмыстық қызмет үйі, Мəдениет үйі, асхана, екі машина-трактор шеберханасы, бір үлгімен салынған бес астық қоймасы, 26 мал қорасы, тағы басқа өндірістік жəне мəдени-тұрмыстық құрылыстар бой көтерді. Қала үлгісіндегі жұмысшы поселкесінен қай жағынан болса да кем түспейтін Калинин селосының оқтай түзу көшелерінің ат-тары да осынау тың далада орныққан өнегелі өмірдің, бұл жерді мекендейтін 13 ұлт өкілдерінің – қазақтар мен орыстардың, укра-индер мен белорустардың, поляктар мен татарлардың, мордвалар мен чечендердің, тағы басқаларының – білек біріктірген еңбегімен өзектестігін аңғартады: Ленин атындағы, Абай атындағы, Достық, Тың игерушілер... болып келеді олар.

Page 213: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

213

* * *Бүгінде қай кəсіпорын үшін де аса маңызды өлшем ондағы

өндірістің интенсивтендірілу, механикаландыру дəрежесі бол-са, Калинин атындағы совхоз тек аудан емес, бүкіл Есіл өңірінде алдыңғы қатарда. Шаруашылықтың егін даласы мен фер-маларында он бес аттың күшімен есептегенде 183 трактор, ондаған автомашина мен комбайн, тағы басқа машиналар мен механизмдер жұмыс істейді. Əр жұмысшы 86 аттың күшіне тең энергегикалық қуатпен қамтамасыз етілген. Бұл 1954 жылдағыдан сегіз есе артық!

Осынау интенсивті егіншілік пен мал шаруашылығын отыз жыл-дан аса уақыттан бері тəрбиеленген жергілікті кадрлар басқарады. Өндірістік учаскелердегі орта буын жетекшілері мен маманда-рыньщ жəне бас мамандардың жартысынан көбінің жоғары жəне орта арнаулы білімі бар. Совхоздың бас агрономы Абай Оспанов, бас инженері Евгений Александрович Коротя, бас экономисі Юлия Брониславовна Петрова, бас бухгалтері Мəрия Жұмағұлова, тағы басқалары – бүкіл Целиноград облысына белгілі мамандар.

Алайда, совхоз дирекциясы мен партия комитеті мұны қанағат тұтып отырған жоқ. Ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттырып, жұмыс сапасын жақсарту жөніндегі жаңа міндеттер биігінен ойлай отырып, олар егіншілік пен мал өсірудің барлық учаскесін келешекте тек арнайы жоғары жəне орта білімі бар мамандардың басқаруын қамтамасыз етуді нысанаға алған. Сол себепті жергілікті жердегі орта мектепті бітірген жиырмаға жуық жас совхоз қаржысымен əртүрлі жоғары жəне орта оқу орындарын-да білім алуда. Кадрларды осылайша даярлаудың артықшылығы айдан анық. Мысалы, Жұмағали Балабатыров кəмелеттік аттестат алған соң, армиядағы міндетті қызметін өтеп келіп, шаруашылық жолдамасымен облыс орталығындағы совхоз-техникумға түскен екен. Қазір төртінші бригаданың агрономы, ісіне мығым Жұмағали сонымен қатар ауыл шаруашылық институтының екінші курсын-да сырттан оқып жүр. Техникумды осылайша тəмамдаған екінші бөлімшенің агрономы Алма Медеева да былтыр ауыл шаруашылық институтының сырттай оқу бөліміне түсті. Атбасардағы ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумын бітіріп келген Ибрагим Қарабеков – механик. Тағысын тағылар.

Тыңға шабуыл оны игерген адамдардың əлеуметтік тұрмысына бұрын-соңды болып көрмеген сапалық жаңа өзгерістер əкелді. Калинин атындағы совхоз жоғары кернеулі электр желісіне

Page 214: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

жалғастырылған. Мұндағы барлық үйде – Ильич шамы, көгілдір отын. Əр үйде – телевизор, радио. Əр жүз семьяның 94-інде – кір жуғыш машина, əр алты семьяның біреуінде – жеңіл автомашина бар. Иə, адамдарымыз ел игілігі үшін тусыраған тыңды көтерсе, тың да төгілген терді, халық сенімін ақтады, адамдарымызды дəулетті де сəулетті тұрмыстың биік тұғырына көтерді.

* * *Совхоздың Ленин атындағы орталық көшесін бойлай баяу

жүріп келеміз. Манағы бір əңгімесінде шаруашылық басшылары əсіресе кешкі ауылдың айрықша əсемдігін айтып еді. Шынында со-лай екен. Айналамыз үлкен қаладағыдай жап-жарық. Кең көшенің қос қанатындағы айналасы шарбақталған мұнтаздай тұрғын үйлерден əріректе ақ шаңқан сауда орталығы еңселене көрінеді. Оң қолымызда – орта мектеп, сабақ аяқталса да, терезелерінен Ильич шамдары жайнайды. Мектептен сəл беріректегі Мəдениет үйі жағынан жанға жайлы музыка əуені төгіледі. Күндізгі қауырт істерден соң от басына оралған кəрі-жасты ойын-сауыққа, көңілді тынығуға шақырғандай...

Целиноград облысы, Краснознамен ауданы.

Page 215: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

215

НАМЫС

Бір өзіне Еуропаның бірнеше мемлекеті қатар сыйып кететін кең-байтақ республикамыздың осы бір өңірі де өзгеше шұрайлы. Сонау ықылым замандардан бері халқымыз жан мен малға бірдей құт мекен ретінде ерекше қастерлеген əйгілі Сарыарқаның са-уыры бұл. Ойға – өзек, қиялға – қанат болар кең жазықтың қос қапталында ерке Есіл мен сұлу Нұра сылаң қақса, маңдайы көз жа-уын алар Қорғалжын көлдеріне барып бір-ақ тіреледі. Мұнда бүкіл жер бетінде саусақпен санарлықтай сирек кездесетін көл керімі – қызыл айдарлы қоқиқаз, табиғаттағы тұяқты біткеннің тым сұлуы – кербез киіктер сақталып қалған. Қазақ жігіті Дүйсен мен орыс қызы Мария арасындағы махаббаттың асыл белгісіне айналған «Дударай» əні де осында дүниеге келген.

Тəттібала өзі туып-өскен өлкенің осындай өзгешеліктерін айрықша мақтан етеді. Сонымен бірге бұл өңірдің ол мақтан тұтар тағы бір сыры бар. Сонау 1954 жылы елімізде молшылық жорығы басталғанда тап осы Сарыарқа сауыры ұлы өзгеріске ұшыраған ұланғайыр жерлердің түп қазығына айналды. Талай ғасырлар бойы тусырап жатқан тыңға аттаныс алдымен Есіл – Қорғалжын – Ат-басар аймағында басталғаны бүгіндері баршаға белгілі шындық.

Ал сол аттаныстан басталған үлкен өзгерістер бүгінгі өміріміздің бүкіл тыныс-тіршілігімен астасып кеткені ақиқат. Бұл ретте алды-мен бұрынғы ақ селеулі даланың астықты өңірге айналуын жəне жергілікті тұрғындар өмірінде диқандық кəсіптің өзгеше орын алуын атаған жөн. Өйткені, басқа өзгерістердің қай-қайсысына да негіз болған осы екі жай.

Тəттібаланың бүкіл Бейсенбек əулетіндегі бірінші механизатор атануы да соның дəлелі. Бұл, тіпті, барша тың төсіндегі зор əлеу-меттік өзгерістердің бір саласын сипаттайтын құбылыс. Əлі отызға да толмаған жас диқанның республика парламентіне мүше болып сайлануы да сол айрықша əлеуметтік құбылыстың бір көрінісі.

Өзіне осыншалықты сенім көрсетіледі деген ой Тəттібаланың қаперіне кіріп көрмеген еді. Алғашында сенер, сенбесін де білмей қалды. Одан соң кереметтей қуанды. Қуана жүріп, халық қалау-лысына жүктелер орасан зор жауапкершілік жайында ойлады. Көп-шілік көңілінен шығып, сол жауапкершілік биігінен көріне алар ма?

Page 216: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

216

Жауапкершілік. Осынау сезімнің салмағын ол өзге құрбылары-нан гөрі ертелеу аңғарғаны анық. Əлі есінде, 1973 жылдың жазы болатын. Жергілікті орта мектепті жақсы бағалармен тəмамдаған бұл да, басқа кластастары сияқты, білімін одан əрі жетілдіруге бел буды. Баласының оқығанын кім жек көруші еді, ата-анасы да қуаттап қуанды.

Сөйтіп, арман жолы облыс орталығындағы медициналық учи-лищеге алып келді. Жолы болып, емтихандарын да сəтті тапсыр-ды. Училищеге қабылданғандар тізімінде «Бейсенбекова» деген өз фамилиясын қайта-қайта оқып, қуанғанын көрсеңіз ғой. Бірақ өзі армандағандай, адам жанының арашашысы бола алған жоқ...

Сол оқуға түскені жайлы бұйрық шыққан күні ауылдан шұғыл телеграмма алды. «Тез жет. Əкең науқас» деген сөздер алып-ұшқан көңілін су сепкендей басты. Алды-артына қарамастан автостанция-ға тартты. Қалаға қайтып оралған жоқ. Жүрек дертіне шалдыққан əке жайын көргенде бес бірдей шиеттей іні-сіңлілерін тəрбиелеуге өзінің де көмегі қажет екендігіне ерекше ден қойды. Кейін кесімді шешімге айналған бұл ойдан оны анасының да, басқалардың да ақыл-кеңесі мен талап-тілектері айныта алған жоқ. Бұл жай ғана ерік-жігер күштілігі немесе бірбеткейлік емес еді. Өзін бір үйдің бас көтерер үлкеніне балаған Тəттібаланы қабылдаған шешімінің дұрыстығына қалтқысыз сендірген перзенттік жауапкершілік күші болатын.

Кейін ол жауапкершілікті сезіну ерекше күш-жігер беріп қана қоймай, айрықша салмақ салатынын да түсінді.

Иə, республика парламентіне мүше болу өлшеусіз мерей ғана емес, өзгеше сын да. Оны осы сапарға шығар алдындағы сайлау-шылармен кездесу сəтінде де мықтап сезінді. Қазір көңілін маза-лап келе жатқан да сол ой.

...Қос-қостан тіркемелері бар төрт қыр алыбының жолға шық-қанына едəуір болып қалған. Беталысы – Маринов ауданы. Өткен жаздағы қатты қуаңшылық «Путь Ленина» совхозына мол жем-шөп қорын жасап алуға мүмкіндік бермеді. Оның үстіне биылғы қыс та əдеттегіден қаттылау болып тұр. Ақпан айында сынап бағаны кей күндері қырықтан аса құлдырап кетті. Мұндай жағдайда мал қоңын сақтап, одан алынар өнім деңгейін төмендетіп алмау үшін жайшылықтағыдан да молырақ жем-шөп қажет. Күйлі мал ғана қысқа төзімді келеді. Сондықтан көршілер көмегіне сүйенбей бол-майды. Келісім бойынша бөлінген пішен мен сабанды дер кезінде

Page 217: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

217

тасып алу да жеңіл жұмыс емес. Оны қыр алыптарын ұршықша үйірген мына механизаторлар жақсы біледі.

Бұл ретте Тəттібаланың ойына совхоз директоры А.Смайылов-пен арада болған бір əңгіме оралады. Онда бұл сапарлар əлі басталған жоқ еді. Бірақ қар тоқтатуда жүрген бірнеше К-700 трак-торы көрші ауданнан пішен мен сабан тасуға бөлінеді деген хабар шыққан. Оған Тəттібала да іштей əзірлене бастаған. Сондықтан директордың əдейі шақырып алып:

– Тəттібала, біз сені алыс жолға жібермейік деп келістік. Трак-торың жақында ғана жөндеуден өткен, сенімді ғой. Оны Бөрлібек міне берсін. Сен оның тракторымен қар тоқтатуда қаларсың,– дегені тым төтен естілді. Қапелімде не дерін де білмей қалды.

Бөрлібек – өзінің жұбайы. Қыс басталғаннан бері екеуі бір трак-торда кезектесіп істеп жүрген. Бірақ алыс сапарға ол шығып, бұл – үйде қалуына көнгісі жоқ. Кезектесу бұл жолы да сақталуы ке-рек. Жеңілдің асты, ауырдың үстімен жүру мүның əдетінде жоқ.

– Қамқорлықтарыңызға көп рақмет. Бірақ мен келісе алмаймын. Жолға Бөрлібек екеуміз қазіргідей кезек сақтап шығамыз. Қиын-дықта қалтарыста қалып қойсам, ертең ел бетіне қалай қараймын.

Жоқ, оған арым жібермейді! – деп кесіп айтты. Дəлелді уəжге директор да тоқтады. Содан бері бұл жолға əлденеше рет шықты. Жəне əрдайым қазіргідей көштің алдында жүретін əдеті.

Мұның өзі кездейсоқ емес. Əлі есінде: 1974 жыл. Қыс айларында арнайы курста оқыған он үш қыздың тоғызына көктем туа шынжыр табанды «Қазақстан» тракторы берілді. Қуаныштарында шек жоқ.

– Қыздар, мұның өзі керемет болды ғой! Шынымды айтсам, əрқайсымызға бір-бір темір тұлпардың тізгінін ұстата салар деген-ге өз басым онша сеніңкіремей жүр едім, – деп ағынан жарылады Əсима Сауытбекова.

– Сенсең де, сенбесең де шындық бұл. Көп сөзді қой да, моторға от бер. Ана жігіттерді көрдің бе? «Осы шөпжелкелерден не шыға қояр дейсің» деп бара жатқаны анық. Намысты қолдан бермейік!

Мұны айтқан Зұлқия Ерғалиева болатын. Қалғандарының да көңіліне қона кетті. Бірінен бірі қалмай тездетіп тракторларына отырған қыздар танап төсіне қаздай тізілген қалыпта шыға келді. Қар суына қанып құлпырған қарабұйра топыраққа түскен тырма тістері ылғал қорын күн көзінен жасырып, жосылып барады.

Береке жолындағы ұлы жорыққа осылайша қосылған механиза-тор қыздар аз күн ішінде-ақ іске төселіп кетті. Кішкенеден көздері

Page 218: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

218

қанып жүрген іс қой. Бірі – əкесімен, енді бірі ағаларымен еріп танап басына келмегендері жоқ. Тіпті, бүкіл Бейсекең тұқымында тұңғыш тракторға отырған Тəттібалаға да диқаншылық арнаулы курста оқымай тұрып-ақ таныс болатын.

Дегенмен, механизатор қыздардың бір үлкен қолбайлауы бар еді: əлде бір ақаумен тоқтап қалған тракторды ешқайсысы да өздігінен жүргізіп кете алмайтын. Əрі тапсыру күшті – тəжірибелі механизаторлардың бірі келгенше ештеңеге тиіспеу керек.

Бірде Тəттібаланың тракторы да шақұр-шұқыр етіп, алқынып-жұлқынып барып, үнін өшірді. Көмек күттірген жоқ. Тың игеруші Александр Кондратьевич Блюменштейн ақауды тез реттеді.

Бірақ сол арада Тəттібала көңілі басқа бір жайдан нілдей бұзылып сала берді. Сонау танап шетіне келіп тоқтаған тағам əкелетін машинаға қарай бір топ əріптестері өтіп бара жатқан еді. Кілең жігіттер. Солардың біреуінің бұларға қарай иегін қағып:

Осыларды да механизатор дейді-ау. Ұшқыштар тəрізді, самоле-тін механиктер əзірлейтін, – дегенін Тəттібаланың құлағы шалып қалды. Жəне тағы біреуі оны қостап:

Жай, насихат үшін көтермелейді ғой. Əйтпесе пайдалары ша-малы. Көрерсің, əлі-ақ тоз-тоз болып бытырап кетеді, – дегені де естілмей қалмады.

Артынша күлкілерін де естіді. Осының бəрі оны өлердей намыс-тандырды. Əрине, «кім не демейді» деп, қысыр сөзді құлаққа ілмей жүре беруге де болатын еді. Бірақ Тəттібала олай ете алмады.

Тракторы келесі тоқтағанда ешкімді күтпей-ақ кілттерін алып, ақауын өзі іздей бастады. Көп ұзамай қасына келген қарт диқанға:

Александр Кондратьевич, сізден қатты өтінемін – қол тигіз-беңізші. Тек ақыл-кеңесіңізбен көмектессеңіз болады. Ақауын өз қолыммен реттегім келеді, – деп тұрып алды.

Талабың дұрыс-ақ қызым. Кəне, кəне, көрейік...Содан бастап Тəттібала өз тракторының ақауын өз қолымен

реттеуді бұлжымас қағида етіп алған. Жүре-жүре жөндеу жайы-на да қаныға түсті. Рас, қолынан келмейтіндері де болады. Онда баскалардан көмек сұрауға ұялмайды. Бірақ бұл бұрынғыдай өзгелерге иек сүйеу емес, əріптестер арасындағы өзара қолқабыс. «Осыларды да механизатор дейді-ау» дейтіндердің де үні өшкен.

Ал осы жай Тəттібала үшін айрықша сабақ болды. Əлдеқандай бір жеңілдік күту түгіл, өзгелердің сондай бір жеңілдіктер болады екен деп ойлауына жол бермеу оның жазылмаған заңына айнал-ды. Осы жолғы сапар алдындағы совхоз директорымен əңгімесінің

Page 219: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

219

де, тап қазіргі қысқы жол қиындығына қарамастан топ алдын бер-мей қасқиып тартып келе жатуының да төркінін содан іздеу керек.

Иə, намыс – қайрат-жігерді жани түсер шақпақ тас. Кеудеде на-мыс оты оянғанда кім-кімге де қанат бітетіндей.

Тəттібала диқандық өнердің қыры мен сырын барынша тез игерді. 1976 жылы өз есімі жазылған К-700 тракторын алып, көктемгі егісте де, күзгі дала жұмыстарында да озаттармен үзеңгі қағыстыра еңбек етті. Алғашқы ақылды ұстаздарының бірі Еңбек Қызыл Ту жəне «Құрмет белгісі» орденді байырғы диқан Бағылан Ахметжанов берді:

– Қызым, сенің жұмыстағы қарқыныңа ғана емес, атқарып жүрген істеріңнің сапасына да ризамын. Егер мен бірдеңе білсем, сен қазірдің өзінде шебер тракторшысың, – деп қуанғаны бар.

Ұстаз жүрегі алдамаған екен. Тəттібаланың механизаторлық шеберлігіне келесі жылы дүйім жұрт республикада ғана емес, одан тыс жерлерде де тəнті болып, қуана қол сокты. Алдымен респуб-ликалық, одан соң одақтық жарыстарда озып шыққан қарапайым қазақ қызы Экономикалық Өзара Көмек Советіне мүше мемлекет-тер жас механизаторларының Польшада өткен байқауында бүкіл еліміздің намысын қорғады. Жəне қалай десеңізші! Алтыннан алқа таққан жеңімпазды командалас құрбылары ғана емес, Бол-гария, Венгрия, Чехословакия, Польша жəне басқа социалистік елдердің чемпиондары да арнайы іздеп келіп құттықтады. Бəрінің жүзінен бəйгеден аты келген балғын тың түлегіне деген ерекше ілтипат пен сүйсіну сезімін аңғару қиын емес еді. Оны Тəттібала да жан-жүрегімен сезінді.

– Құрбым, сен қандай бақыттысың! Қазақтың диқан қыздарының даңқын алыс жерлерге де жарқырата таныта алдың. Қандай ғажап! Сен соны түсініп тұрсың ба, Тəттібала? – деген қырғызстандық құрбысы Гүлсара Самсалиеваның дауысы əлі құлағында. Сол жолы танысып, табысқан. Кейін ВЛКСМ съезінде тағы қауышты.

Иə, ол бір жұлдызды шақ еді. Əсіресе, өз жеңісінің құрметіне сүйікті Отанымыздың алқызыл Туы желбіреп, Гимні ойнаған сəтті Тəттібала ешқашан да ұмыта алмақ емес. Польшадан ол жай ғана мерейі артып емес, азамат ретінде де өсіп оралды.

...Қарлы даланы кешіп, кей тұстарда жолсызда із сала алға ұмтылған шағын керуен межелі жерге таяп қалды. Керуен басы Т.Бейсенбекова шаруашылық орталығының қатар түзеген еңселі үйлерін көріп келеді. Бұрынғы Алғабас ауылының негізінде

Page 220: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

220

1951 жылы колхоз болып құрылып, он жылдан кейін үлкен совхозға айналған «Путь Ленина» совхозының орталық қонысы да тыңдағы өзі тектес елді мекендердің көбіне ұқсас. Осы орайда Тəттібаланың: «Ауыл-село құрылысымен айналысатын архитек-торлар егіздің сыңарындай жобалар жасаудан жалықпай ма екен?» – деп ренжитіні бар. Рас, газет-журналдарда: «Біздің жасаған жо-бамызды жеріне жеткізбейді» – деп сəулетшілер құрылысшыларды кінəлап жатады. Қайсыларының кінəсі көп екенін кім біліпті, əйтеуір тың тұрғындарының ұтылысы зор екендігінде дау жоқ.

Тəттібала партияға сол халықаралық жарыс жүлдесін жеңіп алған 1976 жылы өтті. Қабаттаса келген қуаныштардың салмағы да аз емес еді. Осыны терең ұғынған жас механизатор өзінің кəсіби шеберлігін одан əрі шыңдап, еңбектегі табыс деңгейін тағы да биіктете түсті. Сөйтіп, 1978 жылы тұңғыш рет 4000 шартты гек-тар жер өндеді. Бұл – тыңдағы майталман механизаторлардың қай-қайсысы да мұрат тұтатын биік меже.

Қазір оның жоғары еңбек көрсеткіштері ешкімді де таңдан-дырмайды. Өйткені, оның кəсіби шеберлігі көп жылғы тұрақты табыстарымен əбден дəлелденген. Өткен жылы да аудандағы əріптестерінің алдыңғы легінен көрінді.

Аудандағы əріптестері дегенде аузына алдымен КПСС ОК мүшесі, СССР Жоғарғы Советінің депутаты Наталья Владимиров-на Геллерт есімі оралады. Бүкіл ел білетін даңқты механизатормен достығының өзі бір желі əңгіме. Еселі еңбек бəсекесінде «күш ата-сын танымайды» деп отыратын қос құрбы жайшылықта аралары-нан қыл өтпейтін тату тілектестер. Семьямен семья болып қарым-қатынас жасайды. Кездесе қалғанда айтар сырларының арасында өздерін азамат ретінде толғандыратын жайлар да аз емес.

– Жақында Людмила Попова мен Эмилия Каэль тракторларын тастап, басқа жұмысқа ауысты,– деді бірде Тəттібала құрбысынан өз өкінішін жасыра алмай.

– Неге? Механизатор атанғандарына едəуір болған тəжірибелі қыздар еді ғой. Абырой-атақтары да бір бастарына жетерлік.

Тракторға қатар отырдық қой... Жұмысты жақсы білетіндеріне дау жоқ. «Неге тракторды тастайсыңдар» деп сыр тартып көріп едім, əртүрлі себеп айтады.

Олары, мүмкін, рас та шығар. Дегенмен осындай жайлардың не-гізінде мамандыққа деген енжар көңіл немесе қиындықтарға қарсы қояр қажыр-қайраттың жетіспей жататынын білетін де болдық қой.

Page 221: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

221

Дұрыс айтасың. Дегенмен басқа себептері де аз емес. Мысалы, механизатор қыздар тұрмысқа шыққан соң, көңілі қалап тұрғанына қарамастан, тракторға отырмай кететіні бар. Неге? Кішкентайлы болып, соны күтетін ешкім болмай қалған кездерді сөз қылмағанда, не жұбайларының өздері, не ата-анасы ерсі көріп, рұқсат етпейді.

Бұл ретте сен екеуміздің жолымыз болды ғой, ə? Бөрлібек пен Хамидолла – өздері диқан.

Біздің жайымызды толық түсініп, көмектерін аямайды. Олардың туған-туысқандары да қамқоршы, сондықтан алып жүрген абырой-атағымызға да ортақ.

Жүректегі сөзді айтып отырсьщ. Бөрлібектің, ата-енем мен əке-шешемнің қолдау-көмегі болмаса жыл он екі ай бір бəсеңдемейтін диқаншылықты екі бірдей баламен отырып, ерлермен қатар қалай атқарар едім? Ал абырой-атақ дегенде маған мынадай бір ой келеді. Осы біздің кейбір құрбыларымыз «Тракторға отырсақ бол-ды, абырой-атақ дегендерің бірінен соң бірі аспаннан жауғандай келе беруі керек»,– деп есептейтін тəрізді.

Ондайларды Кəмшат апамыздың еңбек өнегесі емес, даңқ-дəрежесі қызықтырады ғой. Құрмет қашанда маңдай теріңді моншақтай төгіп, ерінбей еңбек еткенде ғана келетінін түсінбеу қасірет. Соның бəрін де қойшы, Тəттібала. Диқандықты шын мұрат тұтқан құрбыларымыз бəрібір олардан көп қой. Солай емес пе?

– Əлбетте. Алысқа бармай-ақ қатар еңбек етіп жүрген апалы-сіңлілі Күлəн мен Гүлшат Əбілдиноваларды алсақ та бола-ды. Мінездері қандай жарасымды. Былтыр кəсіптік-техникалық училищені бітіріп келіп, менің қамқорлығымда жүрген Бақыт Кəрібаеваның да болашағы жарқын...

Тəттібала мен Наталья бірі бастап, бірі қостай сөйлеп, меха-низатор мамандығын шын жүректен қалап, көпшілік құрметіне бөленген құрбылары жайында əңгіме желісін созып көп отырған.

...Қос-қостан тіркемелері бар төрт қыр алыбы кезектегі сапардан қайтып келеді. Теңдеп тиеп алған жүктерін тезірек мал қораларына жеткізгенше асық. Сабан да болса шеті сөгіліп қалған жемшөп қорына септікке жарайды. Буландырып берсе, нəрлендірсе нағыз қажетті қоспаның өзі болып шығады.

Тəттібала бастаған механизаторлардың қазіргі ойы осы. Де-генмен бəрі де кең далаға құмарлана көз салып қойып, əлденені күткендей сыңай танытып келеді. Иə, кəнігі диқандар мына қалың қарды ертеңгі ылғал көзі ретінде қабылдап, кезекті егіс жайын ой-

Page 222: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

222

лайды ғой. Əлемге əйгілі тыңның астық таулары тағы да досты сүйсіндіріп, дұшпанды күйіндіріп, биікке асқақтатса жарар еді-ау...

Көрші ауданнан қайтқан керуен көп ұзамай «Путь Ленина» со-вхозына көш басын тіреді.

Біз Тəттібаламен осы сапардан кейін жолықтық. Республикаға танымал диқанның жайдары ана, жақсы жар екенін байқадық. Шаңырақ шырқын келтірер кең дастарқанда шай құйып отырғаны қандай жарасымды. Бірі – бес, бірі – төрт жасар Нарымбек пен Да-нияр кезек келіп еркелеп, мойнына асылса, жолдасы Бөрлібек жа-нарымен аялайды.

Тəттібала үйде де түздегідей іске құнтты екені көрініп тұр. Үй шаруасының қай-қайсысын болсын ұршықша үйіреді. Қолы қалт ете қалғандағы ермегі кітап көрінеді. Той үстінде, көпшілік қолқаласа, тартынбай əн салатын да өнері бар екен. Қажет жерінде əзіл-қалжыңнан да жеңістік бере қоймайды. Осының бəрі еңбекте, қоғамдық жұмыста белсенді жастың үй тұрмысында, ауылдастары, құрбы-құрдастары арасындағы қарапайым қарым-қатынастарда көп көңілінен шығып жүрген жан екенін аңғартады.

Осы жолы Тəттібаланың əкесімен танысудың сəті түсті. Анасы Тиыштыбала шаруасымен шығып кетсе керек, үйде жоқ екен. Па-пасы Жексенбек жұмысқа жиналып жатты. Мал маманы көрінеді. Сұңғақ бойлы, атжақты келген кісі. Алпысты алқымдап жүрсе де «сыры кеткенімен сыны кетпеген» сырбаздық бар бойында. Əңгімені байыппен, бипаздап айтуды ұнататыны байқалады.

– Тəттібаланың əкесі деп арнайы бұрылғандарыңызға төбем көкке бір елі жетпей қалды. Бұл өзіміздің тұңғышымыз еді. Бірақ атасы мен əжесінің бауырында өсті. Қазір енді елдің баласы болып отыр ғой. Лайым, солай бола берсін, –деп ағынан жарылды.

Иə, Тəттібала Бейсенбекова бүгінде бір шаңырақтың, бір ауыл-дың ғана мақтаны емес. Ол бүкіл түлеген тыңның Тəттібаласы. Ол бүгінгі қазақ қыздарының абырой-атағын аса биікке көтерген Кəмшат Дөненбаеваның лайықты ізбасары. Ол кəсіби шеберлігі үшін халықаралық жарыстың алтын медалін алқалаған, отызға жетпей республика парламентіие мүше болу бақытына ие болған қарапайым ауыл қызы, бəріміздің замандасымыз.

Целиноград облысы,Қорғалжын ауданы,

«Путь Ленина» совхозы.

Page 223: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

223

НҰРЛЫ ШАҚ

1954 жыл. Наурыз айының орта кезі. Календарь бойынша көктем өз есебін бастағанымен, Есіл өңірінің қысы əлі де қыңар емес. Қалың-қалың атжалдар астындағы қатты тоң жіпсімек түгілі жолаушыны жан алқымға алар боранның өзі кəрінен айры-ла қойған жоқ. Мамлют станциясынан шығып, солтүстікке қарай керіле созылып жатқан орманды даланың 242-ші шақырымында алғашқы қазығы қағылуға тиіс жаңа шаруашылықтың орнына бет алған тың керуеніндегілер мұны жақсы сезіп келеді. Дені – Укра-инадан. Тың міндетті түрде тұлдырсыз сар дала деп келген олар ақ қайыңды тоғайлар мен оқшау-оқшау көлдерге таңдана қарайды. Ұнатып та қалғандай. Тек үскірік желі ойға алған істің оңайлықпен орындала қоймайтынын аңғартады.

– Жігіттер, сендердің не ойлап келе жатқандарыңды білмеймін. Ал мен тусыраған даланы түлетпек түгіл мына табиғаттың тоң мінезіне көндіге алмаймыз ба деп қорқып келемін.

Он шақты тракторға тіркелген шана-будкалардың біріндегі бұйрабас сары жігіттің шыдамы таусылды білем, ойындағысын осылай айтып тастады. Қостаушылар да табылып жатыр.

Мен бір кітаптан оқығанмын: қазақтарда «қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» деген мақал бар көрінеді. Сол сияқты, көрешегіміз əлі алда десейші...

Енді не ойлап едіңдер əу баста? Бұлай, көрінгенді қос көріп қорқарларың бар – отырмадыңдар ма үйлеріңде?

Сөздеріңе болайын...Əскер қатарындағы азаматтық борышын өтеп қайтқан бойда-

ақ партия шақыруына жүрек қалауымен үн қосқан орта бойлы, мығым денелі орыс жігіті Василий Григорьев орынсыз əңгімені осылай тыйып тастады. Содан сон, ол гармонын құлаштай созып, көңілді бір əнге баса жөнелді. Думаншыл жастар қосыла кеткенде жаңағы бір сəттік босаңсудың өзі де қалмағандай.

Жастар ортасын əдейі қалап, олардың көңіл күйін бағып отырған болашақ шаруашылық директоры И.Григорьянец пен бас агрономы Қ.Қанапин бір-біріне разы кейіппен көз қысып қойды. «Бұларға сенім артуға əбден болады!» – дегендері тəрізді.

Біріне жаңа шаруашылық құру туралы бұйрық пен мөр, екін-шісіне тың игерілетін совхоздың картасы тапсырылған Илья Кар-

Page 224: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

224

пович пен Қаһар осыдан бірнеше күн бұрын облыстық совхоз-дар тресінде кездескен. И.Григорьянец – осыған дейін Ставрополь өлкесіндегі совхоздардың бірін басқарған, өмірлік тəжірибесі мол, самай шашын ақ шалған ардагер болса, Қаһар институт бітіргеннен кейін осы облыстағы «Қарағанды» совхозында бөлімше агрономы болып небəрі бірнеше ай ғана істеген-ді.

Илья Карпович алғашында болашақ бас агрономына көңілі толмағанын жасырған жоқ. Тым жас, əрі тəжірибесі де аз. Ал тың игеру – тарихта қалар ерлік болмақ.

Енді жол бойы бұл пікірінен қайтып келеді. Өзара əңгіме үстінде жас жігіттің ойлы да салмақты екендігін, агрономия мəселелерін жете білетіндігін аңғарса, ұйымдастырушылық қабілетіне де көзі жеткендей. Жастармен əлден тіл табысып алыпты. Көпшілігін атымен атайды. Əрі өзі жергілікті жігіт. Болашақ совхоз жері оның туған ауылы дейді.

Қаһар болса көңіліндегі өзгеше шаттық сырын жасыра алар емес. Дəл қазір бар даусымен: «Туған жер, құлағыңды түріп, құшағыңды жай! Менің қасымда Отанымыздың түкпір-түкпірінен жиналған əртүрлі ұлттың өкілдері бар. Илья Карпович – армян, Василий Григорьев – орыс, Александр Герасименко – украин... Қонақжай шаңыраққа тілі басқа, тілегі бір түлектер келді!» – деп айғайлағысы бар.

* * *Тың керуені межелі жерге төрт тəулікте əрең жетті. Бұларды

Төртбие тоғайының қойнауындағы 20 шақты үйлі Молалы ауылы-ның қазақтары тайлы-таяғы қалмай, қуана күтіп алды. Келгендерді лезде үй-үйге бөліп əкетті.

Тың игерушілердің алғашқы жалпы жиналысы да осы шағын ауылдың жатаған кеңсесінде өтті. Онда алда тұрған міндеттер нақтыланып, мақсат айқындалды. Келгендердің арасында 20-25 адамда ғана механизаторлық куəлік бар екен. Өзгелері арнайы ашылатын қысқа курста оқитын болды. Мамлют станциясы-на техника, шаруашылыққа қажетті басқа да жабдықтар таситын адамдардың жеке тізімі жасалды.

Зор құлшыныспен басталған іс бəрін баурап алған. Тіпті Ле-нинград қалалық комсомол комитетінің мүшесі ретінде жас еріктілердің жолқосшысы боп келген Астра Поноровская да кері қайтпай, осында қалып қойды. Ол Серафима Селиверстова, Вера Кулешова, Вера Кунина жəне басқа он шақты қыздың ұйтқысы

Page 225: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

225

болды. Күн райы қайтысымен-ақ олар қолға алған саман кірпіш соғу əдісін кейін бүкіл облысқа əйгіледі.

Бас агроном мұрындық болып жүрген істер де көп-ақ. Қаһар ме-ханизаторлар əзірленіп жатқан курста агрономия негіздерінен сабақ берді, түсіп жатқан техникаға да көз қырын салуды ұмытпайды. Тіпті ол араласпайтын мəселе жоқ. Дегенмен оның асыға күткен сəті алда еді. Қойнына түсер тұңғыш ырыс дəнін туған жер құшағы да аңсап жатқан.

* * *Күн жылына тың игерушілер қонақжай қазақ ауылы қасындағы

болашақ совхоз орталығына қоныс аударды. Жатақханаға бөлінген екі үлкен палатка, дəрігерлік пункт пен асханаға арналған ва-гоншалар алыстан көз тартып тұра қалды.

Бүгін мұнда ерекше оқиға. Жеңіс күні қарсаңында тың төсіне тұңғыш түрен түспек. Алғашқы танап аумағы белгіленіп, аттаныс басталар тұста алқызыл лента керілген. Молалы ауылының бар тұрғындары осында.

Қаһар да ерте оянған. Жүрегі алып-ұшып, дала төсіне асықты. Салтанатты жиналыстан соң А.Корячко мен К.Тиышенконың С–80 маркалы тракторына тіркелген бес тілді соқалар талай жыл-дар бойы тусырап жатқан жерді тіліп жөнелгенде, кеудесін керне-ген көл-көсір қуанышты жасыра алмады. Өңі бал-бұл жанып, соқа тілдері аударып тастаған қарабұйра қалың қыртыстарға жұрттан бұрын ұмтылды. Уатып, уыстап көріп, мəз-мəйрам.

– Қалай, Қаһар, туған жерің береке бастауына айналар түрі бар ма? – дейді директор.

– Əрине, Илья Карпович, қазақ даласы бүкіл əлемге əйгілі бо-лады əлі!

– Дұрыс, достым, бірақ оған жету үшін талмай еңбек ету керек.Иə, ұлы жорық зор құлшыныспен басталғанымен, көздеген

мақсатқа жету оңай емес еді. Құла дүз дала шəлкем-шалыс мінезін де көрсетіп бақты. ДТ-54 тракторының өзі кейде бес тілді соқаларды тарта алмай қайқаңдап қалатын. Бірде бас инженер тіркеме санын азайту керек деген пікір айтты. Бұл – жағдайдан шығу болғанымен, алғашқы көктемде көтерілуге тиісті гектар са-нын игере алмау хаупін туғызды. Осыған байланысты өткен ашық партия жиналысында Қаһар бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсы шықты.

Page 226: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

226

– Меніңше, – деді ол, – соқа тілін көтеріп-түсіруді жер жағдайы-на қарай реттеп отыру қажет. Əйтпесе бір деңгейге қойып алып тарта беру еңбек өнімділігін төмендететіні рас.

Көпшілік қолдаған бұл ұсыныс тез жүзеге асты. Кейінірек бри-гадир Степан Шоль мен оның жұбайы Александраның тіркеме жабдықтарды өзгерту жөніндегі ұсынысы бойынша еңбек қарқыны тағы да арта түсті.

Сол 1954 жылдың өзінде жоспардағы 19 мың гектар орнына 22 мың гектар тың игеріліп, қоймаға алғашқы астық құйылды. Күзге қарай орталық қоныс та көркейе түскен еді. Қос пəтерлі он алты тұрғын үй мен əрқайсысы 60 орындық екі жатақхана, мектеп пен клуб, асхана, ұстахана, қойма жəне басқа құрылыстар бой түзеді. Тұрмыстық-жағдайларының түзелуі жастардың үйлену тойларын тездетіп, шілдеханалар санын көбейте түсті.

Тың төсінде 1954 жылы дүниеге келген жиырма шақты нəрес-тенің арасында бас агроном Қаһар Қанашиннің семьясындағы екінші перзент – Жəния да бар еді. Ол бұл күндері жоғары білімді маман дəрігер болып бой жетті.

Ең бастысы, алғашқы өзгерістерден-ақ адамдардың мұнда уақытша емес, тағдырларын тыңмен байланыстыруға, ақ селеулі далада сəулетті тұрмыс құруға ниет етіп келгені байқалушы еді.

* * * Қазір «Украина» совхозында 6 миллион 610 мың сомның

негізгі ауыл шаруашылық қоры пайдаланылып, жаңа типті меха-никаландырылған мал қораларында 3200 ірі қара, 13 мың қой, 5 мыңнан аса шошқа өсіріледі. Алты трактор-егіс бригадасының мүшелері күтіп-баптаған 1675 гектар дəнді дақылдар алқабы жыл сайын орта есеппен 150–160 мың центнер астық өндіруге мүмкіндік береді. Совхоз коллективі жоғары жетістіктері үшін республиканың Құрмет кітабына жазылған.

Шаруашылық экономикасының қарышты қадамы ірі-ірі əлеу-меттік жəне мəдени өзгерістерге негіз болуда. Елді мекендер көркі – көк желекті көшелер мен көп қабатты тұрғын үйлер, қазіргі заманғы Мəдениет үйі, сауда орталығы, орта мектеп, балалар ком-бинаты жəне басқа құрылыстар. Еңбекшілердің əл-ауқаты барған сайын жақсара түсуде. Əр жұмысшының орташа айлық жалақысы 200 сомның маңында. Совхозда 60-тан астам меншік мотоцикл мен 35 жеңіл автомашина бар. Сонау 1954 жылдың көктемінде ар-

Page 227: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

ман болған электр жарығы, жылу жүйесі, əр үйдегі тоңазытқыш пен теледидар қазір үйреншікті нəрселерге айналды.

Тың – достық планетасы десек, «Украина» совхозында 15 ұлттың өкілдері қоян-қолтық еңбек етіп, өмір сүруде. Көше ат-тары да «Украина», «Ленинград», «Достық» болып келеді. Осы-нау үлкен өзгерістерде шаруашылықтың алғашқы бас агрономы, ал 1961 жылдан бергі директоры Қаһар Қанапиннің мол үлесі бар.

* * *Міне, тағдыры Жерана төсіндегі жасампаз еңбек шежіресінің

бір үзік сырындай коммунист Қаһар Қанапин – осындай өнегелі жан. Ол береке мен молшылық жолындағы күрес тіршіліктегі ең ізгі күрес екендігіне берік сенеді. Сондықтан бұл іске өзінің бүкіл саналы өмірін арнап келе жатыр. Тіпті директор омырауын көмкерген төрт бірдей жоғары награда – Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту жəне қос «Құрмет белгісі» ордендері де алтын масақ арайымен нұрланып тұрғандай көрінді маған.

Солтүстік Қазақстан облысы,Жамбыл ауданы,

«Украина» совхозы.

Page 228: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

228

НҰРА — НЕВА АРАСЫ

Қос қабатты коттедждің төменгі бөлмелерінің бірі. Таң ша-пағы терезеден сыналай сығалайды. Ерте оянған Иван Алексе-евич радиоқабылдағыш құлағын бұрап қойды. Соны ғана күтіп отырғандай таныс диктор даусы шыға келді.

Целиноградтан сөйлеп тұрмыз. Бүгін – 27 сентябрь, сенбі. Соңғы жаңалықтарды назарларыңызға ұсынамыз, – дегенді бір деммен айтып шыққан ол, одан кейінгі хабарын ерекше бір көтеріңкі леп-пен жалғастырды.

Облыс диқандары мемлекетке астық тапсыру жоспарын ор-ындап шықты. Отан қоймасына 135 миллион пұт тың астығы құйылды. Нағыз еңбектегі ерлікке қол жеткізген жерлестеріміз алтын дəн өткізуді одан əрі жалғастыруда.

Қою қоңыр дауыс осылай деп бір тыныс алған сəтте Иван Алексеевичтің жүзінде нұр ойнап қоя берді. Өздері орақты аяқта-ғалы қашан. Бригада бойынша дəнді дақылдардың əр гектарынан 21,5 центнерден өнім жиналды. «Социалистік Қазақстан» газеті арқылы бастама көтеріп, берген серттен шықты. Шаруашылық бойынша астық тапсырудың екі жоспары орындалғаны жөнінде рапорт берілгелі де екі аптадан асты. Қазір бұлар келесі жылдың егісі үшін сүдігер жыртуды да еңсеріп тастады. Бірақ соның бəріне қарамастан ол тап осы хабарды тағатсыздана күткен еді. Енді міне...

Білікті диқан балаша қуанып отыр. Бұл жеңістің бағасы бөлек екенін базбіреулер терең түсіне де бермес. Бірақ...

СССР-дің 60 жылдығы атындағы Вишнев құс өсіру жөніндегі өндірістік бірлестік үшін, ондағы өзі басқаратын бригада кол-лективі үшін жоспар орындау ешқашан да ерекше оқиға болып көрінген емес. Бірақ бүкіл облыс бойьшша бұл меже алынбағалы жеті жыл болған екен. Талмай тер төгілсе де тақырға отырып қала беру кімге жақсы дейсің? Облыстың жиғаны олқы соғып жатқанда, өзгелерден оза шауып алған бəйгеңнің өзі де көп желпінте қой-майды. Шіркін, бүкіл ел дастарқанын еселеген, ризыққа толтырған табысқа ортақтасқанға не жетсін!

Диктор айтқан жаңалықтың Иван Алексеевич көптен бері асы-ға күткен хабар болатындығының жəне бір айрықша қуанышқа бөленуінің осындай сыры бар. Ол қазір радиодан естіген «еңбектегі ерлік» деген сөздерге де ерекше тебіреніп отыр.

Page 229: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

229

...Иван Алексеевич үшін жалпы ерлік деген ұғымның тек өз өмірбаяны арқылы түйсінген бірнеше баламасы бар. Ол 1936 жылдың қысында Орталық Россиядағы Смоленск облысының Иванково деревнясында дүниеге келді. Сондықтан да астық өсіріп, мал баққан шаруа қасиеті бойына қанмен сіңген десе де бола-ды. Анасы Ольга Никаноровна еңбек десе жанып тұрған жан еді. Əкесі Алексей Николаевич үлгілі колхозшы атанған. Тек ел аспа-нын соғыс бұлты торлай бастаған сонау сұрапыл жылдар ал-дында ғана шаруа кəсібін теміржолшы мамандығына алмастыр-ды. Бұл – Отанға төнген қауіпті əлде бір айрықша сергектікпен түйсінген қарапайым еңбек адамының қиындыққа кеудесін тоспақ болған патриоттық қадамы еді. Ол кезде теміржол ел экономи-касы мен қорғаныс қабілетін арттыру ісінде шынында зор роль атқарғаны аян. Алексей Николаевич болса сол жауапты учаскеге жүрек қалауымен келіп, жан аямай еңбек етті. Əсіресе оның Ұлы Отан соғысының алғашқы айларындағы ауыр күндерде атқарған жанқиярлық істері жерлестерінің жадында жақсы сақталған. 1941 жылы Вязьмада қару-жарақ тиеген эшелондарды жаудың күшті əуе шабуылынан аман алып өтпекші болған жанталас үстінде Алексей Николаевичтің ерлікпен мерт болғанын да олар ұмытқан жоқ.

– Əкемді еміс-еміс қана білемін. Суреті де сақталмапты. Бірақ кейін ержеткен кезде тұрғыластарының ол туралы естелігін аса құмарлана тыңдаушы едім. Əйтеуір, көп құрметіне бөленген адам екенін аңғаратынмын. Ал енді тағдыры талқыға түскен сын сағатта ерлік көрсеткенін, шынымды айтсам, əлі күнге перзенттік сезіммен мақтан тұтамын, – дейді Иван Алексеевич.

Оның ерлік дегенге қатысты енді бір сыры революция бесігі атанған Ленинград қаласына байланысты. Мұнда елуінші жылдардың басында келді. Кəмелетке толып, үлкен өмір жо-лына жаңа қадам жасап жүрген кезі. Еңбектің не екенін жақсы білгенімен, қай кəсіпке құрық саларын əлі шешпеген. Əйтеуір, нағашы атасы Никанор Захарович Волковтың: «Əкенің ісін ұлы жалғастырар болар» деген ақылымен жəне кемеңгер көсем атындағы қаланың кешесін басып жүрудің өзін арман көрген балалық көңілмен теміржолшылар училищесіне түсті. Үлкен қалада оқуға ниет білдіргеніне анасы да қуанып қалды. Оның үстіне кейін оқу бітірген соң жалғыз басты атасының меншігіндегі үлкен үйге біржолата қоныс теуіп, аты аңызға айналған əсем қаланың тұрғыны болып қалу мүмкіндігі де бар. Ал атасының үйі

Page 230: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

230

қаланың ең бір көрікті жерінде, Нева проспектісінде. Эрмитаж қол созым жерде ғана тұр.

Бірақ деревнядан шыққан шаруа баласы Иван Трененковқа қала-лық болуды тағдыр жазбаған екен. Училище бітірген күзде-ақ көз көрмеген қиырға аттанып кетті де, қайыра оралмады. Теміржолшы да болған жоқ. Қайтадан екі училище тəмамдап, үлкен өмір сыны-нан өтіп, көне шаруа мамандығына ие болып шыға келді. Ата-баба қанымен тарап, тамыр-тамырын қуалай сіңген ұлы сезім – Жер-анаға деген құштарлық жеңсе керек. Тек тағдыр соқпағы өзі туған Смоленск ормандарына да, бозбала шағының бал қызықтарының тұсауын кескен келісті Нева жағалауына да ұқсамайтын, кең-байтақ қазақ жеріндегі Нұра бойынан бір-ақ шығарды.

Дегенмен ұлы Ленин қаласында өткізген жылдарының зая кетпегені де ақиқат. Ол мұнда рухани толысып, түлеп, алғашқы азаматтық мектептен өтті. Білім мен мəдениетке деген құштарлық сезімі де осында оянды. Отанды сүю жəне Отан мүддесі үшін ерлік жасау дейтіннің шын мəнін алғаш рет осында ұқты. Өйкені, ленинградтықтардың Ұлы Октябрь социалистік революциясы мен Ұлы Отан соғысының от-жалынынан өрілген тарихи тағдыры да, тіпті қаланың күрескерлік рухына куə əрбір кірпіші мен тасы да түйсіне білгенге, сол ұлы ұғымдар туралы тебірене толғап, терең тағылым ұсынып тұрғандай ғой. Кешелер ғана қанішер жау тар құрсауға алып, тамұққа айналдырмақ болып жанталасқан 900 күннің тауқыметін талмай көтерген жандардың қай-қайсысы да ерлік иесі деуге лайық емес пе?

Тіпті, қолға қару ұстамай-ақ ерлік жасауға болатынына Иван Трененков сол қаһарман қалада көз жеткізді. Бірде Бүкілодақтық өсімдіктану институтына (ВИР) барғаны бар. Академик Н.И.Вавилов негізін қалаған, əлемде теңдесі жоқ тұқым қоры сақталатын қойма қызметкерлері блокада күндері де жұмысын тоқтатпапты. От пен оқтың ортасында жүріп, институт коллек-циясын көздің қарашығындай қорғаған. Аштықтан өзегі талып бара жатса да (блокада кезінде əр адамға тəулігіне не бары 125 грамм қара нан беріліп тұрған ғой) қолдағы байлыққа сұғанақтық жасамаған. Жұмыс орнында жау бомбасынан қаза болған күріш сақтаушы Д.С.Иванов та, майлы дақылдар сақтаушы А.Г.Щукин де, сұлы сақтаушы Л.И.Розина да солай істеген. Жеңіске сенген, ертеңін ойлаған жандардың азаматтық асқақтығының белгісі, ел

Page 231: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

231

мүддесі үшін жасаған ерлігі бұл. Бүгінгі молшылықтың негізі сол коллекциядан сұрыпталған жаңа тұқым сорттары екендігіне қалай ден қойсақ, сонау блокада күндері өсімдік тағдыры үшін өлімге бас тіккен қарапайым да қаһарман ленинградтықтарға дəл солай бас июіміз керек-ақ.

Иван Алексеевич сол жолы қатты əсерленді. Көптен бері көңілін күпті етіп жүрген жай да шешілді. Əрі-сəрі

ойдың тиянақ табуына сол əсері ықпал етті.– Ата, – деді ол кешкі шай үстінде, – менің сізге айтпағым бар еді.– Құлағым сенде, Ваняжан.– Комсомолдық жолдамамен тыңға барғым келеді.Никанор Захарович аң-таң. Тың жəне тыңайған жерлерді иге-

ру жөніндегі бүкілхалықтық патриоттық қозғалыс кең өріс ала бастағанын біледі. Ленинградтан аттанған еріктілер отрядтары да көп. Олар туралы өзі де талай жылы сөз айтқаны есінде. Бірақ туған жиенінің де соларға қосылуы мүмкін екендігін ойламапты ғой. Енді, міне, қапелімде не дерсің?!

– Жан-жақты ойландың ба, Ваня? Тың игеру жастық жігер жұмсар романтика ғана емес, қиын... тіпті өте қиын еңбек қой. Бəрін жоқтан бастауға тура келуі мүмкін...

– Білемін, ата.– Асықпасаңшы түге... – Өзімен əңгімелесерден бұрын жиені

көп ойланып, көп толғанғанып салмақты қалпынан аңғарған қарт басқа жағынан шығуды жөн көрді. – Тыңға алдымен механизатор керек. Ал сен теміржолшысың. Екі жыл училищеде оқып диплом алдың. Жарты жылдан астам уақыт бойы депода істеп қалдың. Соның бəрін зая кетіру де жөн бола қояр ма екен?

– Қажет болса мамандық алмастыру қиын бола қоймас. Жедел оқытатын курстар бар. Оның үстіне техникадан қара танып қалдық қой. Ел басына күн туар шақта əкем жанға жайлы шаруа кəсібін əскери тəртіпке бағынған теміржолшы мамандығына алмастырды емес пе? Егер сол сияқты біздің ұрпақ тағдырына жазған үлкен іс үшін мен, керісінше, теміржолшы мамандығын шаруа кəсібіне алмастыруға тілек етсем, несі айып?

Сөйтіп 1954 жылғы көктемге салым Иван Трененков Нева-дан Нұраға қарай бағыт алған еріктілер эшелонына отырды да, əлі түрен түспеген тың төсіне тартып кетті. Қалтасында – комсо-молдық билеті мен Фрунзе аудандық комсомол комитеті тапсырған жолдама. Қасында – досы Рудик Иванов. Марттың 12-сі күні

Page 232: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

232

Ақмола станциясында эшелондағы 14 вагонның тең жартысы ағытып тасталды. Солардың бірінде ол да қала берді. Алдымен Целиноград облысының Есіл ауданындағы «Красивинский» сов-хозына тоқтады, екі жыл еткен соң осы өзі еңбек ететін бірлестіктің негізін құраған «Ижев» совхозына қоныс аударып, тұрақтап қалды.

Содан бері отыз үш жыл өткен екен. Бастан кешкеннің бəрін тізіп шығу мүмкін емес. Шарт та бола қоймас. Əйтеуір Иван Алек-сеевич тың игерушілер аталатын аға ұрпақ өкілдерінің басынан кешкен қиыншылықтардың да, шат-шадыман қызықтардың да бірде-бірінен шет қалған емес. Тың тағдыры төл тағдырына ай-налды. Талмай тер төгіп, жалықпай іздене жүріп диқандық өнердің шебері атанды. Жеке бастың бақытын да тыңда тапты. 1956 жылы Киев облысынан келген тың игеруші қыз Лидамен көңіл қосты. Бүгінде Лидия Дмитриевна да өзі сияқты коммунист. Бірлестікте бухгалтер болып еңбек етіп жүр.

Иван Алексеевич белсене қатысқан тың игеру ісі халқымыздың тарихи ұлы ерлігі деп бағаланды. Оның тыңда табысқан тамаша достарының бірі атбасарлық М.Довжик басқарған трактор-егіс бригадасының мүшелері тың игеру кезінде пайдаланған палат-ка қазір Ленинградтағы Революция тарихы музейінің экспонат-тары қатарында көрсетіледі. Кім біледі, бір кезде Бүкілодақтық өсімдіктану институты қызметкерлерінің блокада күндеріндегі жанқиярлық ісіне бас иген өзі сияқты, бүгінгі жастар да сол па-латканы көрген сайын бұлардың ғасырлар бойы тусырап жатқан селеулі даланы астықты алқапқа айналдырған еңбегін қарусыз-ақ жасалған ерлікке балап, қызығатын шығар?!

Міне, диктордың: «еңбектегі ерлік» деген сөзіне Иван Алексеевичтің тебіреніп отыруының мəні де осында. Ол өз өмірбаянының парақтарын ойша аударыстырып отыр. Алғаш көсем атындағы қалада көңіліне түйген «ерлік» атты ұғымның мағынасын терең бойлап түйсіну оңай емес екен. Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Еңбегі жоғары бағаланып отыр. Яғни, ерлікке қашан да орын бар деген сөздің жаны бар-ау...

Қалай болғанда да астық өсіру оңай шаруа емес екенін отыз үш жылдық тəжірибесінен жақсы біледі. Жəне жай ғана ерінбей еңбек ету, қауырт науқан күндерінде қажымас қайрат таныту аздық етеді. Тіпті, жерді жақсы білу, өсіретін дақылдың биологиялық ерекшеліктерін жаңғақша шағу мен қажет техниканы қаңбақша үйіру де діттеген мақсатқа жеткізе бермейді. Əйтеуір ғалымдар

Page 233: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

233

айтты екен деп агротехникалық талаптарға қатып қалудың да берері аса көп емес. Сонда ненің жалынан ұстау керек? Иван Алек-сеевичке салса, диқан творчествосы деген ғажайыптың құдіретіне сенгеннен тиімдісі жоқ. Іске басшылық ретінде академик А.Бараев пен оның ізбасарлары ұсынған «Əр танапқа – жеке технология» деген қағиданы алу керек. Соңғы жылдардың тəжірибесі көрсетіп отырғандай, интенсивті технологияны да жергілікті жағдайға орай тиімді пайдаланбай жоғары қайтарымға жету мүмкін емес.

Міне, Иван Алексеевичтің берік ұстанған диқандық қағидасы осындай. Осы орайда өткен жылғы көктемгі егіс үстінде кездесіп, көңілге түйгендеріміз еске түседі. Облыс диқандары науқанға жап-пай кіріскелі бірнеше күн болып қалған. Бірақ ижевтіктер əлі қозғала қоймапты. Техника əзір. Тұқым дайын. Механизаторлар да тегіс дала қосында. Тек қолмен жинағандай мұқият өңделіп, топырағы қара бұйраланып жатқан қатар-қатар алқаптарда тыныштық.

– Сақадай сай екенсіздер. Тағы нені күтіп отырсыздар? – дейміз бригада жетекшісіне.

– Тұқым түссе-ақ дəн қаулай жөнелетін қолайлы сəтті, деп жы-мияды ол.

– Ондай да бола ма екен?– Болғанда қандай! Енді бір-екі күнде топырақ қызуы тұқым

өнер деңгейге əбден жетеді. Сонда себе бастасақ, бидайдың кейінгі өсу фазалары жергілікті жағдайдағы ауа райына сəйкес келу мүмкіндігі артады.

– Есесіне майдың аяғына дейін сеуіп үлгере алмай қалмайсыз-дар ма?

– Ондай қауіпті ойлап та көрген емеспіз. Барлығы алты мың гектарға жуық алқапқа тұқым себу үшін бес жұмыс күні толығымен жетеді. Ал интенсивті технология бойынша астық өсірілетін 2500 гектар алқапқа тұқым сіңіруді кез-келген қолайлы уақытта атқарып бере аламыз.

Нық сеніммен айтылған осы сөздер науқан барысында нақты істермен тиянақталғанына куə болдық. Бір қызығы, бригадада өзгелерден бөлекше техника да, артық адам да жоқ. Коллективтік мердігерлік əдіске көшкелі, қайта, астықтың өзіндік құнына салмақ болып түсер артық əрекеттерден де бас тартуға бейіл. Мысалы, соңғы жылдары өзге жұрт соңынан шырақ алып түскен шетелдік авадекс, триаллат гербицидтеріне бұлар қызыққан жоқ. Біріншіден, жоғары егіншілік мəдениеті арқасында алқаптары арамшөптен

Page 234: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

234

таза. Екіншіден, күшті гербицидтердің бағасы да қымбат. Сонда бұл бригаданың асығы ненің есебінен алшысынан түсіп жүр?

– Бір сөзбен айтқанда, адам факторы есебінен, – дейді бұл ретте Иван Алексеевич. – Ал оған бригада мүшелерінің кəсіби шеберлігі мен түпкі нəтижеге деген ынталылығы, іске деген творчестволық көзқарасы, тəртіптілігі, азаматтық белсенділігі енеді. Оны аз десеңіз, коллектив күші коммунистер Виктор Лип пен Нико-лай Сильченко, Владимир Морозов пен Юрий Беч сияқты саңлақ диқандардың үлгісі мен өнегесінде.

Бригадир пікірі осы. Түйіп айтқаны. Таратып түсіну үшін төс қалтасынан бір тастамайтын шағын қойын дəптерін қарап шығуға болады. Онда бригада коллективі мемлекетке астық тапсыру жөніндегі оныншы бесжылдық тапсырмасын төрт жылда орындап шыққаны, былтыр дəнді дақылдардың əр гектарынан 19,3 центнер өнім алынғаны жөніндегі деректерге қоса барлық он бес танаптың қашан, қалай өңделгені жəне қанша өнім бергені, онда жұмыс істеген механизаторлардың аты-жөні жайлы мəліметтер тəптіштей тізілген. Қойын дəптерден тыңайтқыш пен гербицидтерді қолдану, парлы алқаптарды өңдеу туралы, науқандық жұмыстардың ат-қарылу мерзімі мен оған кеткен шығын жөнінде де жан-жақты білуге болады.

– Жер жарықтық жалпылама емес, нақты жұмыс істеуді қалайды. Бұл ретте мамандардың ең мұқият жасалған карто-граммасы да аздық етеді. Қойын дəптерімді парақтап отырсам, əр танаптың тарихын барлап, коллективтің астық үшін күрестегі тəжірибесін көз алдыма елестетем. Мұның өзі ауа райының небір күрделі жағдайында дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді, – дейді Иван Алексеевич.

Табыс сыры дегенде тағы бір жайға тоқтала кетпей болмай-ды. Ол – бригада жетекшісінің жаңашылдығы. Иван Алексее-вич Шортандыдағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу ин-ститутында «Целиноградсельмаш» өндірістік бірлестігі мен Ма-кин ауданындағы Тың машина сынау станциясында жиі бола-ды. Бірінде жаңа тұқым, соны агротехникалық əдістер туралы сыр тартса, екіншісінде өндіріске енді жолдама алған машина-ларды қолға түсіріп алу қамын жасайды, ал үшіншісшде егістік танаптарға ертең келетін техника ерекшеліктерімен қызыға таны-сады. Соның бірде-бірі ізсіз кетпейді. Осыдан біраз жыл бұрын

Page 235: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

235

«Целинная–21» тұқымын тың өңірінде алғашқылардың бірі бо-лып қолдана бастаған еді. Қазір ол бригада танаптарына себілетін негізгі тұқымдардың біріне айналды. Жергілікті жағдайға төзім-ділігі де жақсы, өнімділігі де жоғары. Ал былтырдан бері СЗС-2,1А тұқым сепкішін пайдаланып келеді. Бұл да тыңдағы техникалық жаңалықтардың бірі.

Бір назар аударарлық жағдай – бригаданың өз сынақ алаңы бар. Үш-төрт гектарлық алқапты алып жатқан осынау «поли-гон» түрлі жаңа тұқымдар мен құрал-жабдықтардың жергілікті жағдайдағы ерекшеліктерін тап басып тануға көмектеседі. Биыл онда «Омск-17» жəне «Иртышанка-10» деген бидай тұқымдары себілді. Кім біледі, мүмкін алдағы уақытта бригада танаптары-нан да кездестірерміз? Қалай болғанда да бригада коллективінің астық тағдырына əсер етер жаңалықтарды сырттан күтпей, батыл ізденістерге баруы құптарлық.

Бригадирдің қойын дəптеріне сынақ алаңындағы ізденістердің нəтижелері де ұқыптылықпен тіркеліп отырады. Қойын дəптерге былтырғы орақтың ұйымшылдықпен өткені де жазылған. Неба-ры он екі жұмыс күнінде науқан ойдағыдай аяқталды. Соған орай бригадир: «Орақты да егіс тəрізді қысқа мерзімде өткізуге болады. Сонда ол астық молшылығы жолындағы күрестің жаңа кезеңіне айналар еді», – деп ой түйген екен. Несі бар, жақсы-ақ пікір!

Иə, астық өсіру бір ғана маңдай тердің жемісі емес. Оған жан қинап, білім жарыстырар мазасыз ой еңбегі де қажет. Мүмкін, диқанның еңбектегі ерлігі жайлы диктор сөзінде бұл да ескерілген болар.

...Радиоқабылдағыштан көптен көкейінде жүрген сұрағының жауабын алған Иван Алексеевич жаңалықты еңбектес жолдаста-рына жеткізгенше асықты.

Жылдам киініп, тысқа шықты. Үлкен агроөнеркəсіп қала-шығына айналған селоның кең де көрікті көшесімен нық басып келеді. Көп қабатты үйлер, ертегі қалашығы, əсем гүлзарлар, ай-нала жайқалған жасыл желек – бəрі де көзіне тым ыстық көрінеді. Əсіресе дəл қазіргідей көңілін қуаныш билеген сəтте оларға өзгеше бір мейіріммен қарап, бүл күндері шетелдік қонақтар да ағылып келіп, тамсанып қайтып жататын, жылына он миллион сомға дейін кіріс алатын əйгілі бірлестіктің алғашқы қазығын қағысқандардың бірі екенін іштей мақтан тұтатыны бар.

Page 236: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

Сондайда селоға кіре берісте қойылған зор стелла ойына сап ете түседі. Өйткені, сол стелланың түбінде тот баспайтын металдан өз қолымен жасаған шағын құты көмулі жатыр. Ал құтыда бірлестік тың игерушілерінің келер ғасырдағы ізбасарларына арналған жүрек тебірентерлік хаты бар. Ол Ұлы Октябрь социалистік революциясының 100 жылдық мерекесі күні ашылып, оқылады. Сонда XXI ғасырдың жас диқандары бұлар туралы не айтар екен?

Иван Алексеевич қимылын ширатып, жүрісін жылдамдата түсті. Жаңағы бір ойларының өзі сезімін жанып өткендей. Келер ұрпақ алдындағы борыштан асқан не бар. Астық өсіруді бұлар шаруа аталары мен əкелерінен үйренген болса, келер ұрпаққа бұлардың ісі өнеге. Ендеше бір сəт те босаңсуға, қол жеткенге тоқмейілсуге болмайды. Бүгінгі бетбұрыс кезеңінің басты ұраны да осы ғой.

Аздан соң ардагер диқан бригада мүшелерінің ортасына түсіп, егінші қауымның күзгі қам-қарекетіне кірісіп кетті. Бағана диктор сөзінде ерлікке баланған еңбек, міне, осындай жыл он екі ай бойы бір үзілмейтін игілікті істерден тұрады.

Целиноград облысы, Вишнев ауданы.

Page 237: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

237

ƏН ƏЛДИЛЕГЕН АУЫЛ

1. АТАКƏСІП

I

Жиырмалардағы кезі. «Жасасын жаңа өкімет!» деп кедей-кепшік кенелді де қалды. Бай-болыстар жағы бұғып, əліптің ар-тын баққан қорқау қасқыр күйіне еніп шыға келді. Асығы алшы-сынан түскен күннің келмеске кеткенін сезетіндей. Есесіне кеше кісі есігінде жүріп жалшы атанғанымен, еті тірі ел азаматтары атқа қонып, жаңа заман жаршысы атанды. Қызыл отау ұйымдастыру, бай-кулакты тап ретінде жою мен коллективтендіру қат-қабат келіп, қырдағы ауылды керім жаңалықтарға бөктірді де тастады. Ел өзгерді, өзгерген ел еңбегімен жер құлпырды.

Диқан ата өнеріне де техника араласты. Жерді трактормен өңдеді. «МТС», «трактор» деген атаулар ауылға келген ғылыми-техникалық революция қарлығаштары-тын.

Бірде мұны колхоз председателі шақыртыпты. Əңгіменің тура-сына бірден көшті:

– Дайыр, мына көрші МТС-те біздің шаруашылық үшін трак-торшылар даярлайтын курс ашылмақшы. Соған баратындардың бірі сен деп ұйғарып отырмыз. Жолға дайындала бер. – Келісімін сұраған жоқ, кесімін айтты. Ол кезде бұл ерсі көрінбейтін де. Бас-шы сөзі – заң. Сонда да болса:

– Ендігі қалғаны шайтан арба ма еді? Малшылығымның несі ұнамай қалды?– деген.

– Сен дұрыс түсін. Ең алдымен шайтан арба емес, трактор жүргізуді үйренесің. Ал оның шаруашылыққа келтірер пайдасы ұшан-теңіз. Екіншіден, біз курсқа кім көрінгенді емес, өзің сияқты еті тірі азаматтарды аттандырмақпыз.

Сөйтіп, тағдырдың өзі Дайырды ауылдың алғашқы механиза-торлары қатарына қосты. Атқа құмар ауыл баласының тракторға да тез көзі үйреніп, көңілі тоқтады. Кейін, тіпті, темір тұлпарына өзгеше бауыр басып кетті...

Дайыр ақсақал қазір сол күндерін сағына еске алып отыра-ды. «Біздің бақытымыз – туған өңірдегі жаңа өмірдің іргетасын қалаушылар қатарында болғанымыз ғой. Ал алғашқылар үлесіне қашан болсын қиындық та, соған орай құрмет те көбірек тиеді»,– дейді ол.

Page 238: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

238

Айтса айтқандай: колхоз құрылысы, алғашқы бесжылдықтар, Ұлы Отан соғысы мен оның зардаптарын жою жолындағы қайта құрылыс – Дəйекең еңбек жолының бел-белестері. Сол бір ел тарихындағы ерекше жылдардың салмағын ол өз иығында сезініп, белі қайыса көтерді.

Уақыт деген бір орында тұра ма? Жылдар өтті. Қария көз ал-дында өмірге келген жаңалықтарды, өзгерістерді санап шығу қиын. Тек Дайыр ақсақал үйінің алдындағы бір көрініс қана тұрақты: со-нау отызыншы жылдардан бері «белдеуінен» темір тұлпар кеткен емес.

II«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген емес пе?

Дайыр ақсақалдың ұлы Теңдік те əкесіне тартқан еңбекқор болып өсті. Кішкентайынан əке ісін, техника маңын жағалап өскен ол ер-жетіп, еңбек жолын бастағанда да кейбіреулердей қайда барам деп көп қиналып жатқан жоқ. Дайыр ақсақал үйінің белдеуіне тағы бір темір тұлпар байланды.

Бұл еліміздегі тыңға жорықтың қызған шағы болатын. Темір түрен маң даланың мыңдаған жылдар бойы қорғаусыз жатқан жонын ақтарып, құт-береке көзін ағытты да жіберді. Енді астық өсірудің ауқымы да, əдіс-тəсілі де өзгеріп, күрделене түсті. Тек техника тілін бес саусақтай білудің өзі аздық ететін болды.

Қазір бөлімшедегі 2700 гектар алқапқа орналастырылған дəнді дақылдардың əр гектарынан жыл сайын орта есеппен 19 центнер-ден өнім жиналып жүр. Бұл бұрын Дайыр ақсақалдардың түсіне де енбеген көрсеткіш!

Теңдік еңбек жолын бастаған алғашқы жылдардан-ақ іскерлі-гімен, өзіне тапсырылған істі орындауындағы тиянақтылығымен танылды. Елгезектігімен елге ұнады.

Содан болар, жүгері өсіру жаппай қолға алынғанда жаңа іс сеніп тапсырылғандар арасында оның да есімі аталды.

Диқан маусымы жыл он екі айға созылады. Ал күзде атқарылар іс ауқымы əдеттегіден əлдеқайда артады. Бұл кезде диқанға ауыл-село еңбеккерлері түгел көмекке келеді. Теңдік өз қарамағындағы жүгері танаптарының өнімін төкпей-шашпай жинап алған соң комбайнға отыруды əдетке айналдырған. Тіпті қыр кемесінің бун-керінен он мың центнер алтын дəн төгуге де қолы жетіп жүр.

Page 239: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

239

Диқан өмірінде қуанышты сəттер аз болмайды. Дегенмен Тең-дік пен Дайыр ақсақал үшін өткен көктемнің орны бөлек. Бірінің қызы, бірінің немересі – Қарлығаш тракторға отырды. Ата жолын жаңа буын жалғастырды. Айтулы жетекші-ұстаз атанып жүрген Теңдіктен үйренушілер қатарына тағы бір шəкірт қосылды.

IIIƏр коллективтің өз ұйтқысы болады ғой. Орталықтықтар үшін

Өмірзақ Рамазанов осындай жан.Бөлімшеде қыз-келіншектер үшін тракторшылар даярлайтын

кешкі курс ашып оқыту жөнінде совхоз партия комитеті алдына ар-найы мəселе қойған да сол. Комитет мүшелері ұсынысты қолдап, курсты жүргізу жөнінде шаруашылықтың бас инженері Николай Павлович Астапенкоға партиялық тапсырма жүктеді.

Осы курсқа алғашқылардың бірі болып жазылған Қарлығаш болатын. Атасы мен əкесінің техникаға деген əуестігі оған да ауысқан еді. Курс программасын ойдағыдай игерді. Бұрын əкесі мінген МТЗ-50 «Беларусына» отырғанда темір тұлпар тізгінін ұршықша үйіріп əкетті. Дегенмен механизаторлық мамандықтың нағыз қиындығын да сезінуге тура келді.

...Өткен жылдың күзі еді. Қарлығаш бір топ механизатормен бірге сабан тасуға бөлінді. Ауыл қотанынан едəуір қашықтығына бола ма, əлде жерінің сортаңдығына қарай ма, əйтеуір жергілікті тұрғындар «Барсакелмес» атап кеткен тоғайға қатынайды.

Міне, дəл сол Барсакелместен бір жолы оның тракторы өз бетімен қайта алмады. Моторы бұзылды. Бұрын жеңіл-желпі ақауларын өзі-ақ реттеп алатын. Бұл жолы аға əріптестері де көмектесе алмады. Ақырында əкесі тіркеп алды.

Жолшыбай ойлап келеді: осылай жалғыз қалса ше? Өзінен-өзі тітіркеніп кетті. Қанша сенімді деген трактордың өзінде мұндай болмай тұрмайды ғой. Механизаторға кəсіптік шеберлік, еңбекқорлықтың үстіне мəрт мінез, шыдамдылық пен жігер де қажет екен-ау. Үйде айтылып жүрген əңгімелердің терең мағынасы енді ғана көкейіне шындап қонғандай.

Бір жақсысы, жас механизатор айналасындағының бəріне сер-гек қарап, қандай оқиға, не əңгімеден болсын тиісті қорытынды шығара біледі. Бұл оның бесаспап маман ретінде қалыптасуына көмектесіп келеді.

Page 240: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

240

Қарлығаш биылғы молшылық жорығына да белсене қатысты. Орақты ипатовтық тəсілмен комплексті жүргізген егін жинау-транспорт комплексінің сабан жинаушылар звеносының құрамына енді. Күндік тапсырмаларын үнемі бір жарым-екі есе орындап жүрді.

Орақ табысты аяқталды. Бірақ алыс ауылдардағы арналы ең-бек тынысы бір де бəсеңдеген жоқ. Бұл күндері Қарлығаштың көк «Беларусын» қыстақтардан жиі көруге болады. Астықты алқаптың жас қаһарманының жігер-күші мал шаруашылығына жұмсалуда. Бұл да аса жауапты учаске, əсіресе соңғы жылдары ол бөлімше комсомолецтері мен жастарының ерекше қамқорлығына алынғанына қуанасыз.

Міне, осылай. Бір механизаторлар əулетінің үшінші буыны үделі биіктен көрініп, қоғам дəулетін тасыту жолындағы үлкен іске лайықты үлес қосуда. Жастығына қарамастан КПСС мүшесі бо-лып, аудандық Советтің депутаттығына сайлануы осының айғағы.

Ауыл күзінің айшықты суреті белгісіз бір сағыныш сезіміне бөлейтіні бар. Терезе алдындағы тақтай орындыққа иық түйістіре жайғасқан мына қос қария да көңіл құсын шарықтатып, өткен күн-дер белгісін іздейді.

– Дайыр-ай, өткеннің несін айтасың. Шіркін, мына бүгінгі жақсылық біткеннен айналып кетсең болмас па! – дейді көзіне қуаныш жасы үйірілген Майшарап Тоқтыбаев.

– Иə, иə, – дейді Дайыр ақсақал да қостап. – Біз көтерген ауыртпалықтың орнына келген жақсылық қой бұл.

– Айтпақшы, жаңалықты естіген шығарсың?– Ел аузында жүрген əңгіме расқа шықса керек. Біздің ауылдың

өнерпаздары халық театры атағын жеңіп алыпты ғой.– Біздің Қарлығашжанның қуанышы да шексіз.– Ол да бір мүшесі ғой сол үйірменің. Жұмыстан шаршап орал-

са да мəдениет үйіне асығады да тұрады.– Ой, сенің сол немерең бір мың болғыр бала.– Өз ісіңді жалғастырып жүр. Əкесі Теңдік те...– Е, естімеп пе ең? Əскер қатарынан оралған балам Тілектес те

тракторға отырды ғой.Дайыр ақсақалдың жүзінде – мақтаныш лебі. Аса бір ізгі маман-

дықтың өз ұрпақтары үшін ата кəсіпке айналғандығына қуанды ол.

Page 241: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

241

2. ӨНЕРПАЗ

Қыс күні – қысқа. Ақша қарға оранған ауыл қотаны қызыл іңірден қараңғылық құшағына ене береді. Ел аяғы саябырсып, еселі еңбек қам-қарекеті аз-кем тыншу табар сəт те осы. Есесіне демалыс сағаттарының тілі енді ғана есепке көшеді.

Осы орайда белгілі нақылды бұрыңқырап: «Бос уақытыңды қалай өткізетіндігіңді айтсаң, мен сенің кім екеніңді айтып берейін» – дейтін бір досым көз алдыма келеді.

Орталық ауылындағы Мəдениет үйінің директоры Өмірзақ Ра-мазанов та осылай ойлайтын азамат екен. Ол бүгінгі ауыл келбеті оның тұрғындарының өз демалыс сағаттарын дұрыс ұйымдастыра білуімен көрікті деп есептейді. Бірде:

– Сонда, сіздің ойыңызша, демалыс сəні не болғаны? – деп сұрағанымыз бар.

– Өнер,– деді ойланбастан....Өмекең кішкентайынан күй сазына елтіп, əн əуенін жаттап

өсті. Өнерге деген құштарлық оның бүкіл əулетіне дарыған қасиет десе де болады. Атасы Тəшен он саусағынан өнері тамған домбы-рашы екен. Ағасы Бегайдарды жұрт сол атасына тартқан сұңғыла деседі.

Осы Бегайдар ағасының əсері болуы керек, бұл да халықтың көне мұрасын күмбірлете сөйлетуге ерте үйренді. Сөйтіп, бірте-бірте ауыл сахнасының əжептəуір көркіне айналды.

Мектепті шаруашылықтың орталық қонысынан бітіріп шықты. Ол кезде он бір класс оқитын. Өмірзақ та он бір жыл оқыды. Со-дан соң ауылда қалып, шофер болды. Жұмыстан соңғы уақытын жергілікті клубта өткізетін. Көркемөнерпаздар үйірмесін құрды. Оған қатысушылар саны бірте-бірте көбейе түсті. Сұңғақ бойлы, кескін-келбеті келіскен өнерлі жігітке құрбы-құрдастары қызыға қарайтын. Ол өз ортасының гүліндей еді. Отырған жерін қызық думанға қарық қылып тастайтын ақжарқындығы ұнаушы еді көпшілікке.

«Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» деген ғой. Өнерпаз бозбала ауыл қыздарының да ардақтысына айналды. Əсіресе кітапханада істейтін Күлəштің оған, сырт көзден жасырынып, қиыла қарайтынын бəрі білетін. Өмірзақ та осынау əдемі ұяң қызды өзге құрбыларынан ерекше көретін. Екеу ара тұтанған сезім кейін

Page 242: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

242

үлкен махаббатқа айналды. Олар қазір ынтымағы жарасқан, елге үлгі ерлі-зайыптылар.

Өмірзақ жүргізуші болып көп істеген жоқ. Ауылдастары қоймай жүріп клуб қызметіне тартты. Меңгеруші болып бекітілді. Сөйтіп, кітапханашы жұбайы екеуі ауыл жастары бойында өнерге деген құштарлық отын жағу, олардың жұмыстан кейінгі бос уақытын қызықты да мазмұнды етіп ұйымдастыру жөніндегі игілікті іске қоян-қолтық кірісіп кетті. Олардың маңына жастар ғана емес, өнер сүйген үлкендер де топтасты. Түрлі спорттық ойындар, көңілді кештер жиі өткізілетін болды. Оларға, тіпті, көрші ауылдың жа-стары да арнайы келетін. Ауылда, алғаш рет болар, бірнеше үйірме шын мəнінде тұрақты жұмыс істейтін болды. Əсіресе драма жəне домбырашылар үйірмесінің жұмысы жұртшылық ілтипатына бө-ленді. Олар қойған спектакльдер кəдімгідей жүректерге жол тау-ып, көрермендерді бейтарап қалдырмайтын дəрежеге жетті.

Жылдар да уақыт көшінде жылжи берді. Ауыл клубында дү-ниеге келген өнерпаздар үйірмесі шет жерлерге де таныла баста-ды. Алғаш аудандық, содан соң облыстық жəне республикалық байқаулардың жүлдегері атанып, арнаулы дипломдарға ие болды. Енді Орталықты маңайдағы ел өнерпаздар ауылы деп атайтын бол-ды. Бұл Өмірзақтың жігеріне де жігер қосып, сенімін шығандата түсті.

Бірақ адам өмірінің бұралаң бұрылыстары көп қой. Өмірзақ-тың тағдырында да мүмкіндігіне басқалардан бұрын өзі шүбə келтіріп, шамырқанған шақтары кездесті.

Кенеттен қатты науқастанып қалды. Қанша емделгенімен жан-сызданып қалған қолын жаза алмады. Сүйікті домбырасының сағағын қуалай жүгіріп, сазды əуендер төгетін саусақтары енді дегеніне көніп, икемге келмейді. Өнерді жанындай сүйген жігіт үшін бұдан артық наза бар ма?

– Қамықпа, тезірек қатарымызға қосыл. Біз үшін сенің орның бөлек,– десті үнемі байланыстарын үзбеген үйірме мүшелері.

Өмірзақ үшін бұл жай ғана демеу сөздер емес, көкейіне қонған қымбат кеңес болды. Қызмет ауыстырам ба деген беймаза күйінен де тез айықты. Өзі аспапта ойнамағанымен, өзгелердің өнерге де-ген құлшынысына қанат бере алса аз олжа ма?!

Сөйтіп ол клубқа оралып, үйірме жұмысына жетекшілік етуді қолға алды. Ақжарқын, ақиық қалпымен қайта қауышқандай бол-

Page 243: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

243

ды. Сахна сыртында да қалған жоқ. Спектакльдерде ойнайды, зал-ды сілтідей тындырып көркемсөз оқиды. Жайсаң жігіттің жан сұлулығы тағы бір қырынан жарқ етті.

Сол кездері семьялық ансамбль келді дүниеге. Рамазановтар əулетінің өнерін облыстық телевизия арқылы тамашалаған жүз-деген жерлестері оларға құлшына қол соқты. Өмірзақ өзі келістіре көркемсөз оқыса, ағасы Бегайдар халық əндерін, Біржан мен Ақан туындыларын асқақтатады. Жеңгесі Раушан мен жары Күлəш қазақ совет композиторларының шығармаларын шырқатады. Ағасының балалары Халида мен Амангелді бірі Кенен əндерін құйқылжытып, екіншісі күй сорғалатса, өзінің тұңғышы – əзір төртінші класта оқитын Спартак құшағына əзер сиятын домбырасына қосылып, үлкендерден үйренгенін зор ынтамен орындайды. Əсем əн, тəтті күймен өнер лəззатына бөлеген əулетке деген алғыс ең алдымен Өмірзаққа арналуы да заңды-ақ. Бəрінің басын қосқан сол.

Ауылдағы драма үйірмесі халық театры атағын алғанда да ел алғысы ең алдымен осы Өмірзаққа бағытталды. Қуанышты ха-барды ести сала түннің бір уағы ауғанына қарамастан асыға жет-кендердің бірі жасы тоқсаннан асқан Майшарап ақсақал еді.

– Өрімдей жастарды өрелі іске бастап нағыз азаматтық таныттың-ау, Өмірзақ қарағым. Əйтпесе небары қырық түтінді ауылда халық театры құрылады деп кім ойлаған? – деді көзіне үйірілген қуаныш жасын жасыра алмаған қарт коммунист. Ол – осы өңірде алғаш Совет өкіметін орнатысып, оның буыны бекіп, бұғанасы қатқанша бар күш-қайратын сарқа жұмсаған жан. Өскен өркеніне қуанады ол, оның Өмірзақтай өкілдерін мақтан етеді.

Ардагер көңілі Өмірзаққа бекер аумаған. Ол ауылдағы өнерпаз жастар ұйтқысы ғана емес, бүкіл жақсы істердің жанашыры. Шаруашылық жайын да жақсы біледі. Совхоз партия комитетінің мүшесі ретінде ауыл өміріне қатысты қандай жайларды болсын шешуге белсене қатысып жүр.

Бірде ол партком мəжілісінде бөлімшедегі қыз-келіншектер үшін механизаторлық курс ашу мəселесін күн тəртібіне қойды. Кейбіреулердің тартыншақтағанына қарамастан ойына алғанын дəлелдеп шықты. Шағын ауылдан құлшынып кім шыға қояр екен деп күмəнданғандарға қолма-қол болашақ тыңдаушылар тізімін жасап берді. Өйткені, бұл мəселені қоймастан бұрын ауылдаста-рымен ақылдасқан болатын. Кімнің оқуға мүмкіндігі, ниеті бар

Page 244: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

244

екенін сұрастырып білген еді. Айтқандай-ақ ол атаған адамдардың бəрі де кейін ашылған курстың тыңдаушылары болып жазылды.

Курсты тəмамдағандардың көпшілігі жалықпай іздене жүріп, кəнігі диқандар қатарына қосылды. Солардың бірі Қарлығаш Дайырованың есімі қазір облысқа танымал.

Мұндай мысалдар көп. Дегенмен Өмірзақ үшін Мəдениет үйіндегі қам-қарекет етене жақын, айрықша ыстық.

Мəдениет үйінде қазір халық театрынан басқа тоғыз үйірме жұмыс істейді. Олардың нағыз белсенді деген мүшелерінің өзінің ұзын саны қырықтан асып жығылады екен. Олар алуан түрлі мамандық иелері. Жас шамалары да əр қилы. Үлкені алпыстар ша-масында болса, ең кішісі тоғызға да тола қойған жоқ.

Осындай үлкен істің ұйтқысы болу, əрине, жеңіл емес. Бұл рет-те Өмірзақ:

– Мен сенімді көмекшілеріме арқа сүйеймін. Олар тіпті көп. Бірі – механизатор, бірі – малшы, енді біреуі – мұғалім. Дүйсенбай Тиыштыбаев, Ағжан Əлжанов, Қажиахмет Əлжапаров, Қанат Сарықов, Жəлел Дүйсенбаев жəне басқалар сахна көркі ғана емес, белсенді ұйымдастырушылар да. Оның үстіне жергілікті партия, комсомол ұйымдарының, Советтердің, əкімшіліктің көмегі тағы бар ғой,– дейді.

Бұл шындық. Бірақ Өмірзақ бас болып қолға алғанша ауыл клу-бы тек көпшіліктің кино көру үшін жиналатын орны болып келгені де шындық. Қазір ол – мерейлі мəдениет ордасы. Мұнда кон-церттер ғана емес, оқырмандар конференцияларын, тақырыптық жəне би кештерін өткізіп тұру да кəдімгідей берік дəстүрге айна-лып отыр. Бұл, сөз жок, қуанарлық құбылыс жəне онда ауыл азама-ты Өмірзақ Рамазановтың жеке үлесі ерекше мол.

– Айналайын Өмірзақ жас біткенді маңына жинап өнерге баулығалы бері ауылымыздан маскүнемдік деген пəлекет алас-талды. Той-думанның шырқы бұзылып, сəні кетпейтін болды. Еңбек тəртібін бұзушылар жоқ десе де болады. Шүкіршілік, ауылымыздың бүгінгі салтына көршілеріміз қызығады,– деседі ауыл қарттары.

Иə, бұл өзгерістер еңбекшілердің бос уақытын тиімді ұйым-дастырудың ықпалы екені анық. Басқасын былай қойғанда, мына бір фактіні ғана алайықшы. Мəдениет үйінде жүзге тарта орын-дық бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын қойылған. Солардың бірде-

Page 245: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

біреуіне əлі күнге сызат түскен жоқ. Ұсақ-түйек пе? Жоқ, əрине. Тəртіптілік, тəрбиелілік белгісі. Несін жасырамыз, кейбір ауыл-дарымызда клуб орындықтарын тəртіпке келтіруден бастайтын жұмыс бастан асады емес пе. Мүмкін оларға Өмірзақ Рамазанов-тай жетекші жетіспей жүрген шығар...

Қысқы кеш. Түн кірпігі айқасар шақ. Екеу-екеу, топ-топ бо-лып ағылған жастардың күлкісі көшенің сəнін кіргізіп бара-ды. Арқаның ашулы аязын да ешкім елер емес. Олар Мəдениет үйіне асығып келеді. Ал одан тамылжыған əн мен құйқылжыған күй естіледі. Əн мен күй əлдилеген ауыл кеші осы. Өнерлі ауыл Орталық жастары қауырт жұмыстан осылайша демалады. Өмірзақ Рамазановты іздей қалсаңыз, солардың ортасына барыңыз. Сіз оны содан табасыз.

Солтүстік Қазақстан облысы,Ленин ауданы,

Орталық ауылы.

Page 246: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

246

ҚОС ҚАНАТ

«Адам мен табиғат тағдырлас». Сонау көз ұшында көлбеген қиян жонға, мына маңғаз шоқыларға, ана Əулиебұлақ пен қырдың көп қызбұрым өзендерінің бірі – Кедейге қараған сайын Салтанаттың ойына осы сөздер түседі. Алғаш рет бесінші класта оқып жүрген кезінде география пəнін жүргізетін мұғалімнің аузынан естіген. Келесі сабақта осы Сұңқарқияға ертіп шығып, өздері туған шағын ауылдың қандай ғажап табиғат қойнауында тұрғаны туралы, ал əр таста өзінше тарих сыры тұнып жатқандығы жөнінде қызықты етіп əңгімелеп берген. Содан соң қайтып бара жатып, бұлардың бəріне бір тосын сұрақ қойғаны бар:

– Балалар, білсеңдер айта қойыңдаршы, осы таулардың жасы не-шеде деп ойлайсыңдар?– деген биік шоқылардың бірінің етегінде тұрып.

– Мың жыл...– Ие, саған – миллион жыл!– Одан да көп шығар...Жамырай жауап бергендерімен, бəрінікі тұспал. Ақыры:– Кім біліпті анығын, əйтеуір атамзаманнан тұр ғой,– деп

мұғалімнің өзіне қараған жиырма оқушы. Ол асықпай өз сұрағына езі жауап берді:

– Біздің Ереймен қырқалары Сарыарқаның ең бір шоқтығы биік буыны. Ғалымдардың айтуынша, осыдан 500 миллион жыл бұрын бұл маң үлкен теңіздің түбі болса керек. Содан 200-300 мил-лион жыл өткенде құрғап, тау жыныстарына айнала бастаған. Тау құралу процесі əсіресе бұдан 2 миллион жыл бұрын қызу жүріпті. Бұл тау шоқылары бабаларымыздың тыныс-тіршілігінің куəсі. Бір кездері халық батыры Бөгенбай жүрген өңір бұл. Ақшоқы, Орта шоқылардың қасында Жаушоқының да тұруы олардың өткен за-мандарда ел қорғау ісіне де қатысы болғандығының белгісі,– деп тебіренген мұғалім.

Сүйікті ұстазының сұрағын да, жауабын да əлі күнге ұмытқан жоқ. Өйткені, ол мұның туған жер туралы түсінігін кеңейте түскен еді. Содан бастап айналадағының бəрінен өзгеше бір сыр іздейтін күйге түскен. Төңірек тұнған сұлулық екенін де бұрынғыдан гөрі етене сезінетін болды. Тіпті, кейінірек табиғаттың осы бір

Page 247: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

247

пұшпағында дүниеге келгенін іштей мақтан тұтатын дəрежеге жетті. Бірақ осы сезім үлкен өмір жолына шығарда тағдыр-та-лайына елеулі ықпал етіп, туған жер төсіндегі диқаншылықты қалап алуына септігін тигізерін Салтанат ол кезде білген жоқ-ты.

Адам мен табиғаттың тағдырластығы туралы бір жадында жат-талып қалған ғибрат – əкесінің айтқан сыры. Асқынған ауру елу-ге де жеткізбей дүниеден ерте жұлып əкеткен Қабытай ауыл ғана емес, бүкіл аудан мақтанына айналған кəнігі диқан болатын. Ши-рек ғасыр бойы астық өсірумен айналысты. Қол жеткен табыстары үкімет тарапынан жоғары бағаланып, «Құрмет белгісі» орденімен наградталды. Танымал тəлімгер атанып, қысқа ғұмырының ішінде көптеген шəкірт тəрбиеледі. Еңбектес жолдастары жоғары кəсіби шеберлігі үшін ғана емес, аузын ашса жүрегі көрінетін адалдығы мен кімге болсын қол ұшын беруге əзір тұратын адамгершілігі үшін ерекше құрмет тұтушы еді.

Бір ғажабы, қызы орта мектепті бітірген соң Торғай кəсіптік-техникалық училищесіне баруға тілек білдіргенде ол не қарсылық, не құптаған ниет сездірген жоқ. Тіпті, қызы училищені үздік тəмамдап, өзінің жанына көмекші болып бекітілгенде де алым-берім шырай берген емес. Оның есесіне қыр алыбына отырған кішкене қыз алғашқы аптада-ақ сыр беріп, сырғақсыған сыңай танытқанда қатты кейіді.

– Айналайын Салтанатым-ау, – деген сонда диқан əке,– менің жолымды қуып механизатор боламын дегенің игі ниет. Бірақ қиындығына төзе алмай күлкі болғаныңды көрсетпе, жаным. Есіңде болсын, диқандық – нағыз өнер, Əсіресе біздің Ереймен жерінде астық өсіру шебердің шеберінің ғана қолынан келетін іс. Жоспарлы межеміздің өзі – əр гектардан 8 центнер өнім алу екенін білесің ғой. Таулы-тасты жердің тамырын идіріп, қалаған өніміңді алу үшін əдеттегіден əлдеқайда көп күш-жігер жұмсау керек. Ең бастысы, жерді аяла, оның жүрек соғысын сезіне біл. Табиғат та адам мінездес. Тілін тапсаң ол да жомарт.

Сол жолы Салтанат өз қалауы жөнінде əкесінің осы уақытқа шейін тіс жармай келгенін түсінді. Түсінді де, намысын жанып ширыға түсті.

– Рақмет, əке,– деген ол. – Бұл мен үшін үлкен сабақ болды. Бірақ қайтсем де нағыз өзің сияқты диқан болып шығармын. Сенің атыңа кір келтірмеймін, көр де тұр!

Page 248: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

248

Қызының қайсарлығы қияңқылық емес екенін əке жүрегі сез-іп тұр. Тек көздегенін қиялай соғатын мақсаткерлікке ұштасса болғаны...

Əке мен бала арасында танап төсінде болған бұл əңгіме тысқа шыққан жоқ. Бірақ өздерінің көңілінде ол берік орнығып қалды. Салтанат əке алдындағы сөзін қазір де намысын жаныр қамшыдай сезінеді.

Сол сөзінде тұрды да. Əлемдегі ең асыл қазына – астық өсірудің қыры мен сырын жалықпай үйренді. Бұл оңай емес еді. Бірақ құштарлық пен ізденіс жеңді. Алғашқы табысының кəдесі – облыс орталығындағы В.И.Ленин атындағы алаңда, алқалы топ алдында тапсырылған К-700 тракторы. Сонда қыр алыбының рулі қолына тиісімен үйіне жетуге асықты. Бар ойы – алдымен əкесін қуанту.

– Жарайсың, Салтанатым! – деген Қабекең су жаңа қыр алыбының кабинасына қадалған Құрмет тақтасын оқып тұрып. – Тұлпарың құтты болсын, жаным. Аяғына жем түсірмей, аялап ұста. Техника – диқанның қанаты ғой. Қанатың түзелді, самғауың биіктей берсін.

Содан кейін қызын кеудесіне қысып, тұлымынан иіскеді. Кө-зінде еркінен тыс келген қуаныш жасы тұрды. Сонау екеуара əңгіме де ойына келген болар, кім білсін... Əйтеуір Салтанат бұл жолы əкесінің өзгеше бір сеніммен қарап, айрықша бір үміт артатынын ұқты. Көңілі өсіп, бойын бір ерекше мақтаныш сезімі биледі.

Жаңа техника жігеріне жігер қосты ма, əйтеуір Салтанат сол жылы бөлекше белсенділік танытты. Көктемгі егісте де, күзгі жиын-терін жұмыстарында да алдына жан салмады. Жыл аяғын-да қорытынды шығарғанда еңбек өнімділігі шартты өлшемге шақ-қанда 3000 эталон-гектардан асып түсті. Қыруар жанар-жағар май үнемделіпті.

«Еңбегіне қарай – сый-құрмет» деген емес пе. Қол жеткен та-быстары тағы да елеусіз қалған жоқ. Омырауына «Еңбектегі ерлігі үшін» медалін қадады. Ал облыс комсомолецтері мен жастары оны өздерінің республикалық бас форумы – Қазақстан ЛКСМ XV съезіне делегат етіп сайлады. Бұл – 1982 жылдың көктемі еді. Жас диқан үшін қуанышы көп көктем болды бұл. Шіркін, адам өмірі тек осындай көктемдерден тұрса ғой!

Бірақ тағдыр тіні əралуан жайлардан тұрады. Тартуымен бірге талқысы да қатар жүреді. Сол қуанышы көп көктемнен кейінгі жылдар ішінде Салтанат мұны терең ұғынып үлгерді. Алғашқы

Page 249: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

249

тағдыр талқысы – анасы Қорланнан айрылуы еді. Жылға жетер-жетпесте əкесі дүние салды. Өз қолы өз аузына енді ғана жете бастаған шиеттей он бала қалды арттарында. Шаттығы шалқыған шаңырақ осылай бір шайқалған еді.

Сары уайымнан ештеңе шықпайтынын Салтанат түсінді. Апа-сы Рыскен болса алыста. Шиеттей бауырларын шырылдатып қоймау үшін өзі қайратқа мініп, қайсар мінез танытпаса болмай-ды. Бірінші шешімі – ағайын-тумалар болып балалардың ендігі тағдырын ойластырған кеште оларды бөліп алып тəрбиелейік де-гендей сыңай танытқан өзінің жары Кемелхан мен апа-жездесіне бірден қарсы шықты.

– Ниеттерің шынайы жанашырлықтан туғанын сезіп тұрмын. Бірақ бауырларымызды əр босағаға бір тентіретудің қажеті жоқ. Олар əке шаңырағын құлатпайды. Ауыл іші ғой. Ағайын-туғандар мен əке-шешеміздің көзін көргендер қамқорлығын аямас. Жа-ным тірі тұрғанда мен де ешкімге көз түрткі қыла қоймаспын,– деді ол, қанша шамырқанып сөйлегенімен жанына батқан жарадан толқығанын жасыра алмай.

Көздерінің жасын бір-біріне көрсетпей бір-бір сығып алған көпшілік Салтанаттың сөзін құптады. Қазір сегіз бауыры сол əке шаңырағында тұрып жатыр. Уақыт шіркін жылдам ғой. Біртіндеп ер-жетіп, қалқиып келеді бауырлары. Үй тізгіні – Айгүлде. Бөлімше қоймасында істейді. Серік Москва облысында əскери борышын өтеп жүр. Жиі хат жазып тұрады. Жағдайым жақсы дейді. Нұргүл мектеп бітіріп кəсіптік-техникалық училищеге түсті. Ойы – диқан болу. Қалай жүзеге асарын өмір көрсетеді де. Берік, Асан, Айдар мен Гүлмира əлі мектепте. «Орнында бар оңалар» деген осы. Сал-танат көңіліндегі ең үлкен үміт те сол. Ол бауырларын тұңғышы Русланға деген аналық көңілмен аялайды. Əлі жиырма беске де толмаған жас келіншекті тағдыр талқысы тез есейтіп жіберді. Ау-ылдастары оны еңбектегі белсенділігіне азаматтық парасаты сай коммунист ретінде сыйлайды.

Адам жаны темір емес қой. Кейде Салтанаттың да оңаша қалып ойға берілетін, тіпті налитын кездері жоқ емес. Сондайда: «жұт жеті ағайынды дегендей, қайғы мен реніш те жалғыздан жүрмейді екен» деп қамығатыны бар. Көріп жүргені аздай, өткен жылы күйеуі Кемелхан ауыр өндірістік жарақат алып, жатып қалды. Жергілікті трактор-егіс бригадасын басқаратын. Əйтеуір, дəрігерлердің кө-

Page 250: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

250

мегімен тұрып кетті. Қазір ептеп еңбекке араласып жүр. Бірақ əлі бір операция жасалуға тиіс.

Салтанатты тағдырдың бұл талқысы да жасыта алған жоқ. Адам табиғатының тілмен түсіндіріп, жеткізіп болмас мүмкіндіктері оны тағы да өмірдің бұралаң жолдарынан сыр бергізбей алып шықты.

Осы Сұңқарқия саясындағы егістік танапта көктемде жолық-тырғанымызда ол:

– Қазір екі адам үшін жұмыс істеп жүргендей сезінемін. Əдетте өзі де жанұшырып, өзгелердің де «екі аяғын бір етікке тығып» жүретін Кемелхан үйде отырып қалды ғой. Мен жұмыстан келген-ше алаңдап отырады. Сонда сен үшін де бір норма орындап келдім десем кəдімгідей көңілі өсіп, мəз болып қалады,– деп ағынан жарылған еді.

Тракторына КПЭ-3,8 культиваторын тіркеп алып, тұқым себу-шілерге жер əзірлеп жүр екен. Нормасы – күніне 33 гектар. Ал іс жүзінде 70 гектардан төмендеткен емес. Еңбектес жолдастары Ыбырай Бұржымбаев, Ербол Үйебаев пен Ішпекбай Бекбауловтан бір де қалып көрмепті.

Диқан еңбегінің нəтижесі күзде өлшенеді ғой. Соған орай сапар шеккен біз Салтанаттың мерейі бұл кездесуде де үстем болғанына қуанып қайттық. Тоқсан күн бойы тамшы тамбаған қуаңшылық-тың өзінде «Торғай» совхозындағы Стаханов ауылының диқан-дары біршама тəуір егін өсіріп, оны шашау шығармай жинап алыпты, Ал алғаш рет интенсивті технология бойынша бапталған 1300 гектар алқапта бидайдың əр гектары 1,5-2 центнерден артық өнім беріпті. Сапалы тұқым сеуіп, тыңайтқыш пен гербицидті тиімді пайдаланудың, технологиялық тəртіпті қатаң сақтаудың ар-тықшылықтары бұл.

– Салтанат келесі егіс қамына да белсене қатысып жүр. Күзде өңделетін алқаптың үштен бірін бір өзі жыртып шықты,– деді сол жолы бөлімше басқарушысы Құсайын Дүйсенов.

Салтанат болса өз еңбегінен гөрі басқалардың табысын көбірек əңгімелегенді жөн көретін сияқты. Бірақ бұл оның ұялшақтығынан немесе тартыншақтығынан емес. Қайта Анатолий Волошко, Роман Жүзжанов, Амангелді Оңғаров сияқты тəжірибелі əріптестеріне де-ген құрметі болса керек. Оның үстіне екі жылдан бері мердігерлік əдіске көшкен бригада мүшелерінің қай-қайсысы болсын еңбек те, табыс та ортақ дегенге əбден мойын ұсынған.

Page 251: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

Стаханов – сонау бір жылдары аудан орталығы болып са-лына бастап, кейін бөлімше күйіне қайта көшкен шағын қазақ ауылдарының бірі. Бастауыш мектебі бар. Оны бітірген балалар небары бес-алты шақырым жердегі шаруашылық орталығы Торғай селосындағы орыс жəне қазақ тілдерінде оқытатын кластары бар орта мектепте оқуын жалғастырады. Олардың дені туған жерінде қалып еңбек етуді əдетке айналдырған. Оның куəсі – қазір атта-ры ауданға танымал екі бірдей қой өсіруші комсомол-жастар бри-гадасы. Жас та болса танымал диқан атанып жүрген Салтанат Мұхаметжанованың еңбек жолы да солай бастау алған. Сондық-тан ол өз тағдырын ауылдастары тағдырынан бөліп қарамайды. Болашағы да туған жер тағдырымен берік байланысты екендігіне сенеді. Сонау бала кезінде – мектептегі ұстазы, ал үлкен өмір жолын енді бастаған шақта – аяулы əкесі көкейіне ұялатқан шындықты: адам мен табиғат арақатынасы бүкіл өмірдің тіні екендігін бар жан-жүрегімен құптайды. Ол үшін табиғат – табан тіреп тұрар тірек іспеттес. Ол үшін табиғат – адам еңбегімен түрленер игілік. Салтанаттың диқан кəсібін қалауының қос дəлелі де осы. Туған жерге, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі – оның қос қанаты да.

Целиноград облысы, Ерейментау ауданы,

«Торғай» совхозы.

Page 252: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

252

ҚҰШТАРЛЫҚ

Оның жүзінен, жүріс-тұрысы мен мінез-құлқынан өмірбая-нындағы сол бір сызатты аңғара қою қиын.

...Жан біткенді жадыратқан көктем күндерінің бірінде кездестік. Асау толқындары қысқы мұз құрсауын сілкіп тастап, көгеннен құтылған қозы-лақтай асыр салған Ертіс жағынан жансая леп есе-ді. Естай мен Майра əндері, Иса жырлары талай толқытқан əрі көне, əрі жаңа Павлодар көшелері табиғаттың төре шағында тағы бір түлеп жатқандай. Қызғалдақтай құлпырған қыз көңілі де ке-рімсал күйде. Ақсары жүзі жайраң қағып, аңқылдай сөйлейді.

– Күтіп қалған боларсыз? Айып етпеңіз. Смена біткен соң сəл бөгелуге тура келді. Осы демалыста ГТО нормасын тапсыруымыз керек еді.

Сол мəселемен қамқорлыққа алған мектебіміздің өкілі іздеп келіпті,– дейді əнтек жымиғанның өзінде маржандай тізілген аппақ тістері айқын көрініп. Кісіге тура қарайтын жанары қашан да еркін əрі батыл екендігін аңғартқандай.

– Цех комсомол ұйымының секретары екеніңізді естіген едік. ГТО нормасын тапсыруды ұйымдастыруға сол жағынан жауапты боларсыз? Бірақ бұл жерде мектептің қандай қатысы бар екенін біле алмадық қой.

– Ол былай ғой. Əлгі демалыс күнгі шаңғы жарысына біз мек-теп оқушыларымен бірге шығамыз. ГТО нормасын қатар тапсыра-мыз. Қызық қой! Біздің кейбір қыздар қорқып жүр. Балалардың ал-дында ұятқа қалмасақ жарар еді дейді. Тіпті бұрын спортқа онша құлқы жоқ дегендер де соңғы кезде шаңғы жолынан шықпайтын болып алды.

– Ал өзіңіз ше? Қорықпайсыз ба?– Жоқ. Өйткені шаңғы – өзім жақсы көретін спорт түрлерінің

бірі. Мектепте оқып жүргенде разряд алғаным да бар. Дегенмен жинақы болу керек, əрине...

– Иə, жағдайларыңыз түсінікті болды. Педотряд құрып, пəрмен-ді көмек көрсетеміз деп жүргендеріңізде, қамқорлықтарыңыздағы оқушылар өздеріңізбен бəсекелес болып шыққан екен ғой.

– Айтпаңыз! Қазір цехтағылар сменалық тапсырмасын орындай алмай қалудан қорқады. Өйткені, біздің өндірістік көрсеткіштеріміз бен балалардың сабақта алған бағалары жазылған арнайы жарыс

Page 253: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

253

тақтасы заводта ғана емес, мектепте де ілулі тұр. Артта қалып, қай əке мен шеше балаларының алдында беделінен жұрдай болғысы келеді дейсіз?

– Өзіңізге əзір ондай қауіп жоқ болар? Мұны айтып отырғаны-мыз – əлі семья құрмағаныңызды естіп едік.

– Неге маған қауіп болмасын?! Жарыс тақтасындағы көрсеткі-шім тəуір болуына мен де мүдделімін. Өйткені сол 37-ші мектепті қамқорлыққа алған педагогикалық отрядтың жетекшісімін ғой.

Яғни, мен беделден айрылар болсам, бүкіл отряд атына шір-кеу түседі деген сөз. Сондықтан да күніне екі нормаға дейін орындауға жанымды саламын. Əрине, қарқынды жұмыс істеймін деп шығарылатын өнім сапасына нұқсан келтіруге болмайды. Əзірше жасағанымды кері қайтарып алып көргенім жоқ. Бірінші ұсыныстан-ақ қабылданып жүр.

Алғашқы сəттен-ақ осылай арнасын тапқан əңгіме осылайша өріліп, өрби берді. Озат өндірісші, қат-қабат қоғамдық істер орта-сында жүрген белсенді қыздың ұнамды қылығы, енді басталған еңбек жолы, бүгінгі бар тыныс-тіршілігі суыртпақтап болсын санаға қонып жатыр.

Ол еңбек ететін «В.И.Ленин атындағы трактор заводы» өн-дірістік бірлестігі диқан қауымға жақсы таныс. Онда шығары-латын «Қазақстан» тракторлары, астық өсіруге қажетті басқа да құрал-жабдықтар тың өңіріндегі шаруашылықтарда молы-нан кездеседі. Сондықтан да осынау үлкен кəсіпорындағы істің жайы астық молшылығы жолындағы күрес тағдырына да тікелей ықпал ететінін дəлелдеп жатудың қажеті жоқ. Кəсіпорын өнімдері неғұрлым сапалы болса, танап төсіндегі диқан қауымның іс-қимылы да сенімді болады. Сондықтан да мұнда Зəуреш Айтжано-ва сияқты өз ісін жетік білетін белсенді жұмысшылардың көбірек болғанына не жетсін.

Зəурешпен əңгімелесіп отырған кезде осы бір ойлар да көңілге жиі орала берді. Осы ойлар еселі еңбегіне қоғамдық істердегі белсенділігі, мінезі мен көркі жараса кеткен қарындасқа деген сүйініш сезімін арттыра түседі.

Енді бір сəтте кейіпкердің жанын жете ұғуға қажет-ау деп ой-лаған сауалдарымызды алға тартуға асықтық.

– Жұмыстан, қат-қабат қоғамдық істерден қолыңыз босай қал-ған кезде немен айналысуды ұнатасыз?

Page 254: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

254

– Мен бос уақыттың жай ғана көңілді емес, жаныңды түлетер терең мазмұнды өтуін қалаймын. Сондықтан да əдетте театрға барамын, сейіл-серуенге шығамын. Құрбы-құрдастарыммен кез-десіп, қызықты əңгіме-дүкен құрудан да кет əрі емеспін. Қасымда көбінесе құрбым Майра Сəдуақасова жүреді. Оның маған ерекше ұнайтын қасиеттері – көп оқиды, көп біледі жəне адамдармен тез тіл табысып кете алады. Оны жұмыстағы құрбыларым да жақсы көріп кетті. Майраның жанында жүргенде көңілің құлазып, кейіске бой ұруың мүмкін емес. Осындай досым бар екенін мақтан етемін. Тегі өмірде достың орны бөлек қой. «Доссыз өмір – тұл» демей ме халқымыз. Досы жоқ адамдарды аяймын. Руслан деген тетелес ағайым бар. Бос уақытымның көбі сонымен бірге өтеді.

Гитара тартуды маған Руслан үйретті. Үйде екеуміз қосылып өзіміз ұнататын əндерді айтып жүретініміз бар. Қазір фотоаппарат-пен суретке түсіруді үйреніп жүрмін. Музыка тыңдауды ұнатамын. Қалалық дискоклуб кештерінен қалмаймын десем де болады. Ал ең жаным сүйетін іс – кітап оқу. Жақсы кітап дүниеге жаңаша көзбен қарауға, рухани түлеуге көмектеседі ғой. Ұнатқан кітаптарымды кейде қайта оқып шығамын.

– Қазір қандай кітап оқып жүрсің?– Николай Островскийдің «Құрыш қалай шынықтысын» қай-

ыра оқып жүрмін. Мектеп қабырғасынан бергі сенімді рухани серігім десем де болады. Жан дүниең сергек болып, қиындыққа қайрат көрсете білуге үйретеді.

Зəуреш осы бір сөздерді айтқан кезде манадан бергі қылықты күйінен сəл өзгеріп, сезім сəулесінің күллісін бір түйінге жиып ала қойғандай болды. Əлгіндегі ақжарқын кейпінен із де қалма-ғандай. Бірақ іштегісін білдіргісі келмейтіні байқалып тұр. Сəлден соң бетінде нұр ойнап шыға келді. Бірақ көңілмен сезген сол бір сəл өзгеріс біз əлі біле қоймаған бір сырдың ұшын ұстатқандай еді.

Ол оның жүзінен, мінез-құлқынан байқалмайтын, өмірбаянын-дағы сызат жайы екен. Жан сергектігі мен қажыр-қайрат осынау ерке қызға басқа құрбыларынан гөрі көбірек қажет болған деп кім ойлаған. Дегенмен шындық сол.

Зəуреш алты жасынан бастап анасыз өсті. Ана жүрегінің жы-луын, аялы алақан табын қанша аңсағанымен, жарып сезіне ал-мады. Өзіне дүниенің жарығын сыйлаған Мəкен есімді əйел бұл құлындай құлдырап доп қуалауға, қуыршақ ұстауға, бал тілімен

Page 255: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

255

үйдегі жанның бəрін аузына қаратуға жарап қалғанда – сүйсіне білген жанға қызығы таусылмайтын кезде көз алдынан ғайып бол-ды. Сөйтіп, Зəуреш туған анасынан тірідей айрылды.

– Есімді біліп қалған кезім ғой. Қолды-аяққа тұрмай шешемді іздеп жылаған көп күндерім əлі есімде. Бірақ апам (шешесін айта-ды) сол кеткеннен мол кетті, қайта біздің есікті ашқан жоқ.

Əлі күнге еш хабарсыз. Қайда екенін де білмейміз. Тегі, ол бізді ұмытқан болар... Мүмкін басқа балалары да бар шығар. Бірақ біз ұмытқан жоқпыз. Қанша қатыгез, мейірімсіз болғанымен ананың орны бөлек қой. Қазір мүлдем жат болып кеткен сол бір жанды сыртынан болса да бір көрсем деп кейде армандайтынымды несіне жасырайын. Бір-бірімізді таныр ма едік, танымас па едік?..

Перзент жүрегінің түкпірінде шер болып түйілген бұл сырды тебіренбей тыңдау да мүмкін емес.

– Ер жеткен соң біліп жүрміз ғой – əкеммен мінезі келіспесе ке-рек. Əкейдің ішіңкірейтін əдеті бар екен. Шешеміз соған өкпелеп, оны үш баламен тастап жүре беріпті,– деп əңгімесін одан əрі жалғастырды Зəуреш. – Үлкендердің ісіне төрелік айту қиын ғой... Əрі біздің үйде мен ес білгеннен бері бұл жөнінде сөз талқысы болғанын көрген емеспін. Шешейді бізге жамандап, даттаған ешкім болған жоқ. Не керек, қатарымнан кем болмай өстім. Бəрі айналайын əжемнің арқасы! Бізге ана орнына ана болған да, əкеміздің өмірде басқан шалыс қадамын түзетуге көмектескен де сол – қазір 75 жасқа шыққан Файза əжеміз. Кейде жұрт алдын-да оның ақ жүрегін, аялы құшағын паш етіп, «мың алғыс саған, əжетай!»– деп жар салғым келеді.

Иə, қарт ана немересінің осындай ыстық махаббатына əбден лайық екені рас. Өз баласы ғана емес, немерелерін де азамат етіп тəрбиелеуге күш-жігері жеткен қайсар да ер əже! Қазір оның үш немересі де өз қолы ауыздарына жеткен дейтін өрендер. Руслан – автомашина жүргізуші. Мейрам Совет Армиясы қатарында əскери борышын өтеп оралыпты. Ал «В.И.Ленин атындағы Павлодар трак-тор заводы» өндірістік бірлестігінің бұрғылаушысы, жас коммунист Зəуреш есімін бүгінде бүкіл облыс біледі. Ертіс өңірі жастарының сенім көрсетуімен ВЛКСМ съезіне делегат болып қатысты. Қазір де есімі қайта құру қаһармандары қатарында аталып жүр.

– Алғашқы еңбек табыстарым өзімді тəрбиелеген абзал əже алдындағы шексіз парызымның бір өтеуіндей көрінеді, – дейді Зəуреш ағынан жарылып.

Page 256: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

Біз оның жүрек дүрсілін сезіп тұрғандаймыз. Өмірбаяны құрбыларының көбінен бөлектеу болса да, советтік өмірдің шуағына бөленіп, бақыт құшқан қыздың сыры көңіл пернелерін дөп басып, ойландырады, толғандырады. Көз алдымызда – жетпіс бестегі Файза əжей, Зəурештің бүлдіршіндей күйінде тəрбие алған үшінші балалар бақшасындағы тəрбиешілері, əлі байланысын үзбеген ұстазы Евдокия Степановна Резник, өндірістегі жетекші-ұстаздары Надежда Полянова мен Николай Корольков бейнелері. Жас жұмысшыны тəрбиелеп, қатарға қосқан, міне, осындай қарапайым да қамқор жандар.

Енді бір сəт Зəурештің жан досы құрылысшы Майра Сəду-ақасова, токарь құрбылары Татьяна Пфайф пен Гүлжамал Садық-ова, фрезерші Валентина Дышко, комсомол қызметкері Анатолий Семыкин жəне басқалар жайлы тəтті ойлар билейді көңілді. Зəуреш алдымен осы ортаның гүлі, оның бар жақсы қасиеті солардың ара-сында жарқырап танылып жүр. Оны құрмет пен сенім биігіне көтерушілер де ең алдымен солар. Өйткені, олар жас коммунисті өзгелерден гөрі жақсы біледі.

Біз Зəурешпен көптен біліс жандай жылы қоштастық. Көктем құшағына оранған Павлодар ешкімді де жатсынбайтын сияқты. Қара Ертістің ұлан қасиеттерін бойына сіңірген павлодарлықтар арасына біз де сіңіп барамыз.

Енді бір сəт артқа бұрылып қарағанымызда қыр гүлінің күнге құштарлығындай өмірге іңкəр, өзі де қызғалдақтай құлпырған жаңа танысымыз келесі бір көшенің қалтарысында көзден таса қа-ла берді.

Павлодар қаласы.

Page 257: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

257

ШИЛІДЕГІ ТАНЫСТАР

Кейде осылай да болады. Ойламаған жерден бұрын мүлдем аты-жөнін де естімеген адамдар алғаш көргеннен-ақ жадыңда жатталып қалады. Біз үшін жаны жарқын ауыл ағаларының бірі – Қайыркеш Көпеев, еңбегіне өнері жарасқан Мусиндер семьясы осындай жан-дар. Олармен Сілеті ауданындағы Фрунзе атындағы совхоздың орталық қонысы – Шилі ауылында кездестік. Содан бері жаңа та-ныстар жайлы ойлар жиі мазалайды. Əсіресе шаруашылық партия комитеті секретарының кабинетіндегі жыр жинақтары, қарапайым еңбек адамдары үйінің төріндегі үкілі қос домбыра, қайқы бел ги-тара мен сұлу сырнай көз алдымыздан кетпейді...

1. ПАРТОРГ ЖƏНЕ ПОЭЗИЯ

Қараөткел өңірінің қысы қашан да қатал. Қалың қар, қызыл шұ-нақ аяз бен бет қаратпас боран арқаны кеңге салуға көне бермейді.

Дегенмен былтырғы қыстың қары тіпті бөлек болды. Облыс-тың солтүстік аудандарында сынап бағанасы елу градустық белгі тұсына да таяп қалып жүрді.

Оңаша отау тіккелі жетінші жылға аяқ басқан Фрунзе атындағы совхозда да қыс салмағы айқын сезіледі. Сонымен бірге жаз айла-рында жемшөп, қора-жай əзірлеуге барынша тиянақты көңіл бө-лінгенін де байқау қиын емес.

– Қыстақтағы мал қоңын жоғалтқан жоқ. Қолда бар мүмкін-діктер кең пайдаланылуда. Еңбек адамдарының көңіл күйі көте-ріңкі, – дейді мұндағы мал қыстатудың барысымен арнайы келіп танысып жүрген облыстық мал тұқымын асылдандыру басқар-масының бастығы Хасен Ақшолақов.

Маман пікіріне нақты дəйектемелердің бірі – шаруашылық коллективінің былтыр мемлекетке ет өткізу жөніндегі жылдық жо-спарды асыра орындауы. Төл алу бойынша белгіленген межелер де абыроймен алынған.

Жалпы шаруашылық экономикасында жыл беделінде қол жеткен осындай жақсы нəтижелер аз емес. Қатты қуаңшылыққа қарамастан астық шығымдылығы мұнда көршілермен салыстыр-ғанда едəуір тəуір. Көптеген жаңа құрылыстар бой көтерген.

Page 258: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

258

Пайдалануға берілген жайлы пəтерлер, дүкен, бірқатар шаруа-шылық объектілері көңілде жақсы əсер қалдырады.

– Ауыз толтырып айтып, қызармай көрсетер жұмыс нəтижелері баршылық. Бірақ та атқарылмай жатқан жұмыстар, істеріміз қаншама! Көзін тапса көп табысқа кең жол ашар резервтер жет-кілікті екенін несін жасырамыз,– деп түйді осы орайдағы пікір алысуды партком секретары.

Жұмыс жайын жете білетін жанның ағынан жарылып отыр-ғанына сенесің. Нағыз іске жанашырлық ниет сезіледі. Əрі ауыл ағасының өзі бір пұшпағын иеленіп жүрген ортақ істің олқы соғып тұрған тұстарын тап басып танып отыруының үстіне, ақтық нəтижелерді қазіргіден де жақсарта түсу жолдары жайлы нақты пікірлері де бар екен. Əсіресе, осыдан біраз жыл бұрын пайдаланылып, істен шығып қалған су жүйелерін ретке келтіру жөніндегі пайымдаулары көкейге қонымды. Оның егіншілік пен мал шаруашылығына бірдей мол пайдасы болмақ. Тек совхоздың өзіне ғана тіреліп қоймайтын мəселелерді шешуге аудандық аграр-лық өнеркəсіп бірлестік бойынша əріптестер, əсіресе суландыру құрылысы коллективтері ықылас танытса... Қалай болғанда да партком секретарының ойға алған істі аяғына дейін жеткізуге деген құлшынысы жеткілікті тəрізді.

Өзін «Қайыркеш Көпеев» деп таныстырған осынау қағылез жі-гіт – отыздың бел ортасына енді ғана таяған жас. Соған қарамастан шаруашылықтың негізін қаласқандардың бірі саналады. Партком секретарлығына сайланғанша бас инженер қызметін атқарыпты.

Бір қызығы ол сырт қарағанда кісікиіктеу, сөзге сараңдау көрінеді. Бірақ бұл – алдамшы əсер. «Жылқы – кісінескенше, адам – сөйлескенше»,– деген бар ғой. Қайыркеш те жақынырақ таныса түскен сайын өзінің ақкөңіл, ақжарқын мінезімен баурай береді.

Əңгіме үстінде біз де оның ізденгіш, көңіл құштарлығының аясы кең азамат екендігін аңғардық. Мамандығы бойынша инже-нер, қазір партия қызметінде жүрген жігіт əдебиет пен өнер жайы-нан да жан-жақты хабардар екен.

Осы орайда мынандай жай назар аударарлық. Кең кабинеттің бір қабырғасын тұтас алып жатқан кітап сөресін қарап тұрғанбыз. Марксизм-ленинизм классиктерінің, партия мен мемлекет басшы-ларының еңбектері, əр алуан саяси жəне экономикалық тақырып-тардағы кітаптар мен кітапшалар арасында кездескен көркем əдебиет туындыларын, шынын айтқанда, таңырқай қолға алдық.

Page 259: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

259

Қазір қолға түспес қымбаттымызға айналған М.Мақатаевтың қос томдығы, заңғар замандастары А.С.Пушкин мен В.Г.Белинский жоғары бағалаған, өлеңдеріне 300 композитор жеті жүзден астам əн мен романс тудырған белгілі орыс ақыны А.В.Кольцовтың қазақ тіліндегі таңдамалысы, жергілікті ақын Н.Оразаевтың жыр жинағы...

– Неге таңырқайсыздар?–деп жымиды Қайыркеш.– Енді... кез келген басшы азаматтар кабинетінде кездесіп

жүрген жай болмаған соң...– Кабинетте көбіне қолма-қол жұмыс бабына пайдаланыла-

тын əдебиеттер жиналады ғой. Əйтпесе, халық жанының айнасы іспеттес көркем туындыларды оқымау өзіңе-өзің қиянат жасаумен пара-пар емес пе?!

– Осындай ойды алғаш Атбасар ауданында жолыққанымызда бүгіндері облыс басшыларының біріне дейін өскен жайсаң аза-мат Қасым Аппасұлы Тəукеновтің аузынан естіген едік. Оның үстіне арасында аса сирек кездесетін басылымдар да бар бай кітапханасымен танысып тəнті болғанбыз.

– Иə, ол кісінің кітапқұмарлығы көпке мəлім.Оның үстіне табиғаттың, жан-жануарлар əлемінің қыр-сырын

терең білетіндігі мен кейбір қолөнер түрлеріне деген əуесқой-лығынан да хабардармыз.

Мұндай өнеге ықпалы өзгеше, əрине. Менің де жеке кітапханам бар. Бірақ əзірге шағын. Қолдарыңыздағы кітаптарды облыс орта-лығында болғанда сатып алдым.

– Бəрі де жыр жинақтары екен.– «Өлең – сөздің патшасы» деп Абай атамыз айтқан жоқ па еді?

Жақсы жыр шумақтарындағы ой мен сезім қуатының əсерін ай-тып жеткізу қиын.

Осылай деп сəл ойланып қалған партком секретары сəлден соң Мұқағалидың бір өлеңін жайлап, жатқа оқи бастады.

...Басымды иіп, тіземді бүгіп тұрып, Ажарымда айдындай шуақ тұнып. Отанымды сүйемін күліп тұрып, Отанымды сүйемін жылап тұрып! Одан əрі:– Орайын келтіре алсаң мұндай сергек те салмақты жыр жолда-

ры тəрбие ісінде де əсерлі,– деп қосып қойды.

Page 260: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

260

Шылбырдың ұшын ұстаған соң түбіне жеткенше тартпау мүм-кін емес. Көркем əдебиет туралы жəне оның еңбекшілерге тəрбие беру ісіндегі рөлі жайлы пікір алысу біразға созылды. Əңгіме ар-насы тəрбие ісімен айналысушылардың, əсіресе коллектив бас-шыларының, жауапты партия-совет қызметкерлерінің көркем əде-биет пен күнделікті баспасөз басылымдарына көзқарасы, жалпы замандастың жан дүниесі туралы ойларға көбірек ойысты.

Мұның өзі заңды да, əрине. Партия қазіргі кезеңдегі идео-логиялық жұмыстың пəрменділігін арттыру еңбекшілердің сана-сезіміне тікелей ықпал етуге, олардың жан-дүниесін байытуға бай-ланысты екендігіне айрықша назар аударып отырғаны белгілі. Сол сияқты бұл маңызды міндетті ойдағыдай шешу үшін тəрбие ісімен шұғылданушылардың рухани əлемінің көкжиегі кең болуы қажет екендігі де ақиқат жай.

Осы орайда өзіміз жақсы танып, құрмет тұтатын шортандылық ғалым – егіншіліктің, топырақ қорғау жүйесінің негізін қалаушы Социалистік Еңбек Ері, Лениндік сыйлықтың лауреаты, акаде-мик А.И.Бараевтың ізбасары, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы ВАСХНИЛ-дің корреспондент-мүшесі, Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшысы Мехлис Сүлейменов, партия қызметкер-лері – қорғалжындық Сəрсенғали Əжібаев пен Балтабай Ыбырай-ымбеков ойға оралды. Олар жеке бастарының жақсы қасиеттері-мен көпшілік сенімі мен құрметіне ие болып жүрген азаматтар қатарынан. Əрқайсының бойында іскерлік, ұйымдастырушылық жəне жоғары жауапкершілікті жете сезіну сияқты қасиеттерге қоса көбірек білуге деген құштарлық, əдебиет пен өнерге деген өзгеше ықылас бар. Республикадан тыс жерлерге де кең таны-мал Шортандыдағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры М.Сүлейменов бірнеше шет тілдерде еркін сөйлеп, көркем əдебиет туындыларын құныға оқиды. Оның үстіне шахматтан бірінші разряды бар, əрі көр-кемөнерпаздар үйірмесі мүшелерінің арасында тұрып əн салуға тартынбайды. Ғалым ретіндегі дарындылығы мен еңбекқорлығын былай қойғанда оның өз əріптестері арасында оқшау танылуының бір сыры тап осында жатқаны анық.

Қорғалжын аудандық партия комитетінің бірінші секретары С.Əжібаевтың халқымыздың мақал-мəтелдер жинағын əдейі іздес-тіріп жүріп, тауып алып қажетіне жаратқанының куəсі болғанымыз бар. Бұл да еріккендіктен емес, əрине. Мақал-мəтел білу – халық

Page 261: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

261

даналығының қайнар көзінен сусындау, айтар ойыңды дəл де əсер-лі жеткізуге үйрену деген сөз. Адамдар арасындағы жұмыстың қыр-сырын жақсы білетін тəжірибелі партия қызметкері осыған ден қойған. Қорғалжын аудандық партия комитетінің бөлім мең-герушісі Б.Ыбырайымбеков болса өнер тілін білетін қабілетті жігіт. Келістіріп домбыра тартып, құйқылжыта əн шырқайды. Білікті партия қызметкерінің бірегей өнеріне Словакия жерінде де қуана қол соқты. Онда ол тың төсі өнерпаздарының бір тобын бастап барған еді.

Партком секретары Қайыркеш Көпеевтің кабинетінде кездес-тірген жыр жинақтарынан басталған əңгіме осылай желіленіп, осындай ой-пікір, дəлелдермен толыға түсті.

– Иə, ауыл ағаларының алдынан іскерлігі ғана емес, көңіл көкжиегінің кеңдігіне де тəнті болып қайтқанға не жетсін! Өкініш-ке орай, «кітап, газет-журнал оқуға уақыт жоқ, «Целиноградская правда» алдырамыз, «Коммунизм нұры» соның көшірмесі емес пе?– деп кергитін немесе «өзі əжептəуір қызметтегі жігіт, домбы-ра тартатыны несі, жараспайды» деп білгішсінетіндер де бар ғой»,– деп көңілде жүрген өкпемізді де ортаға салғанды жөн көрдік.

Қайыркеш үндеген жоқ. Жүзін төмен сала берген жігіттің əлде-біреулер үшін қысылып отырғанын аңғару қиын емес еді.

Бірақ енді бір сөз кезегінде ол да «қарымта» қайтарып кəделі пікірімен алдымызды орап кетті.

– Мына бір жайды назарларыңызға сала кетсем артық болмас деп ойлаймын,– деді ол.– Сіздер, журналистер де, кейіпкерлеріңіздің жан дүниесіне үнемі терең бойлай бермейтін тəріздісіздер. Кейбір очерктердің өздерінде басты кейіпкердің өмірбаян белестері ата-лып, еңбектегі жетістіктері мен атқарып жүрген істері тура-лы тəптіштеуден арыға бару жоқ. Сіздердің қоғамдық пікірді қа-лыптастырушылар қатарына жататындықтарыңызды ескерсек, мұның өзі барып тұрған қиянат емес пе? Замандас бейнесін толық-қанды етіп жасау да жан-жақты жарасымды жетілген жаңа адам-ды тəрбилеу жөніндегі аса маңызды партиялық міндетті жүзеге асырудың бір шарты ғой.

Бүл жолы біз үнсіз қалып, төмен қарадық. Партия қызметкері-нің парасатты пікіріне тоқтамау қиын еді.

Осылайша тиянақталған əңгімеден соң тысқа беттедік. Бізді осы шаруашылықтағы тағы бір қызықты кездесу күтіп тұрған еді.

Page 262: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

262

2. ДЕПУТАТ ЖІГІТТІҢ ДОМБЫРАСЫ

Айналасында көз тоқтатар қарасы шамалы ақ жазықта орна-ласқан үлкен елді мекен кіре берістегі қыраттан қарағанда алақан-дағыдай сезіледі. Шилі ауылы, міне, осы.

Үркердей ұйлыққан шағын ескі ауыл бір бұрышын ғана алып жатыр. Дені – жаңа құрылыстар. Əсіресе əдемі ақшаңқан үйлер алыстан көз тартады. Бəрі де қыш кірпіштен өріліп, бедерлі бояу-лармен əрленген. Əрі ауқымды да еңселі.

Жаңа қоныстардың маңайы да жинақы. Қосалқы шаруашылық-қа қажетті қора-жайларды да құрылысшылар салған. Көптеген үйлердің қасында шағын бау-бақша бар. Ал ағаш егу жалпы əуес-тікке айналған десе артық емес.

– Міне, жас та болса жан сүйсінер еңбегі бар бесаспап механи-заторымыз Жанат Мусин осы үйде тұрады.

Парторг бұл сөзді кəдімгідей көтеріңкі көңілмен айтты. Ау-ыл мақтанына айналған азаматпен таныстырудың сəті түскеніне қуанатын тəрізді.

Жанатпен сырттай таныстырып қойған. Жергілікті орта мек-тепті, арнаулы механизаторлар курсын тəмамдап, еңбекке аралас-қанына көп болмаған екен. Дегенмен, өндірістік көрсеткіштері жо-ғары. Былтыр 3000 шартты гектардан астам жер жыртыпты. Қыста малшы қауымға қолқабыс еткен.

«Еңбегіне қарай сый-құрмет» деген бар ғой. Жанат – партия мүшесі, халық депутаттары Сілеті аудандық Советінің депутаты.

Өзі туралы осындай едəуір хабардар болсақ та үйге еніп, бетпе-бет кездескенде алғашында анық тосылып қалдық. Алдымызда сымбатына көркі жарасқан өрім жас тұр. Табиғи мейірім тұнған уыз кейпіне қарап, бет қаратпас боранда, нөсер жаңбыр мен небір лайсаңда қиындыққа қыңбай, қыр алыбы К-700 тракторын ұршықша үйірген қайсар жігіт осы дегенге бірден сене қою қиын. Одан да бойын күтіп, бұла қызықтардың ортасында жүрген қала баласы десе таңданбас па едік?..

Осыны сезгендей парторг Қайыркеш Көпеев:– Қазіргі ауыл жастарының мəдениеті де қаладағыдан кем

емес. Жарасымды киініп, жарасты мінезбен жарқылдап жүруге мүмкіндік баршылық.

Page 263: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

263

Жақсы демалуға жағдай жасалған. Тек...– деп мүдіріңкіреп қалды.

– Тек жастарымыздың бəрі бірдей Жанат емес демексіз ғой? –дедік біз.

– Гəп сонда, əрине. «Ауылды қойшы. Шаң мен майға малы-нып жұмыстан көз ашпағаннан басқа не қызық көресің» деген тоғышарлық пікірлерді де естіп жатамыз. Ал мына Жанаттар өз бойларын ғана күтпей, сеніп тапсырылған техниканы да жалтыра-тып ұстайды. Қала жастарындай кітапты көп оқып, гитара да тар-та біледі.

– Домбыра ше?– Е, ол нағыз ана сүтімен, əке үлгісімен дарыған өнер ғой!Біздің бағанадан бері күтіп отырғанымыз да осы еді. Еңселі

үйдің ең төргі бөлмесіне енгеннен бері өзіміз көз алмай қарап отырған үкілі қос домбыра, қайқы бел гитара мен сұлу сырнай-дың сырын білгенше асыққанбыз. Бəрі оңай шешілді. Халық қалаулысы атанған еңбеккер жігіт өнерге де жақын болып шықты. Енді біз Жанатты осы қырынан тезірек танып, білгенше асықтық, тағатсыздана бердік.

– Жанат, домбыраңды қолыңа алсайшы,– деп қалдық бір реті келгенде.

– Жөн-ақ. Ағаларыңды бір риза етіп таста,– деп Қайыркеш те бізді қолдап, төрдегі аспаптардың біріне қол жалғамақ болып ұмсына берді.

– Жоқ, ол емес, аға. Ол – Құралайдікі. Менікі – бергісі...Сыр мінез жолдасындай жеке домбыра ұстау да – өнерге деген

өзгеше бір ықыластың белгісі. Біз мұны да көңілге түйіп қойдық. Көзіміз – орындыққа еркін жайғасып, аяғын айқастыра салған соң, домбыраны кеудесіне қыса түсіп, құлақ бұрауын келтірген Жанаттың қимылында. Аздан соң сала саусақтар қос ішекті самал-ша желпіп, жайлы бір əуенді төге жөнелді. Іле оған майда қоңыр дауыс қосылды.

– Алаулап күн батса, қырды асып,Кетуші ек, қалқатай, сырласып.Ұмытсам сол күнді, сол күнді кеш мені,Есте ғой, дариға, Жайлаукөл кештері...

Сыршыл əуен домбыра иесінің нəзік жан сезімін де алға жай-ғандай. Əнде табиғат берген дауысқа сүйеніп, тек ырғақ қуалау-

Page 264: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

264

шылықтың ізі де жоқ. Жүрекпен айтылды. Біз соған елтіп, соған қол соқтық. Одан соң өтініп, тағы да бірнеше əн салдырдық. Жа-нат халық ақыны Қайып Айнабековтің термесін келістіріп орын-дады. Ақан сері, Біржан мен Ғазиз əндерін де біледі екен. Халық əндерінен мол хабардар.

Осы орайда:– Жанат, қазіргі əндерді құрбыларыңның бəрі айтады ғой. Ал

халық əндерін, халық композиторларының əндерін қалай үйреніп жүрсің?– деп сұрадық.

– Атамнан. Алғаш домбыра үйретіп, оған дауыс қосуға баулыған да осы кісі,– деп жауап берді Жанат.

Дүйсен ақсақал қазір жетпістің үстінде. Əлі де сүйегі берік қарияның ертеректе екі иығына екі кісі мінгендей мəрт жігіт болғанына шүбə келтіре алмайсыз. Өзі əңгімешіл. Əлі де қолынан домбыра түспеген жан. Бұрынырақта бірер ауыз өлең шығарып та-стайтыны да болған деседі.

Осыдан бірнеше жыл бұрын, қуаты қайтпаған кезінде ол Обаған бойына көшпек болады. Ондағылар да құшақ жая қарсы алады. Бірақ алып-ұшып барған көңілі басылған соң-ақ жерсінбеуге ай-налады. Туып-өскен Сілеті өңірі күндіз ойынан, түнде түсінен шықпайды. Сонда ұзақ сағыныш жырын жазыпты. Көп ұзамай қайта оралғанда, мұндағы ағайындармен сол жырымен табысқан екен.

Қалай болған күнде де, көкірегі ояу қария жиендерінің жүрегі-не өнерге деген өзгеше қастерлі сезім нұрын ұялата білгені қандай сүйсінерлік! Ұрпақтар өміріндегі рухани жалғастық осылай да үндесіп жатса игі-ау.

– Атасын алға тартып отырғаны жөн. Дегенмен əкесінің ықпа-лы да аз болмаған болу керек,– деп қойды сөз арасында партком секретары.

Жанаттың əкесі Хамза жайында да ол осы үйге келгенше біраз мағлұмат берген болатын. Көңілге түйгеніміз – бақытын еңбектен тапқан қарапайым көптің бірі. Ес білгеннен діттегені – диқандық іс. Бұл ретте жиған тəжірибесі де баршылық. Оған Отанымыздың жоғары наградаларының бірі – «Құрмет белгісі» орденін алуы да куə. Қазір трактор-егіс бригадаларының біріне жетекші.

Осының үстіне ол өнер десе ішкен асын жерге қоятын жан бо-лып шықты. Əжептəуір домбыра тартады. Оған қосылып əн са-

Page 265: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

265

латыны да бар. Кейде қатты жан толқынысын білдіретін жыр шумақтарын шығаруға талпынатын көрінеді. Олары төрт аяғынан тең басып тұрмаса да, шыншылдығымен əсер етеді. Жанат бізге «Əкемнің термесі» деп солардың бірін айтып берді. Кездейсоқ апаттан қыршын кеткен інісіне арналған екен.

Ата мен əке өнегесі жалғыз Жанатқа ғана емес, оның басқа ба-уырларына да мол дарығанын айту керек. Əсіресе, жетінші кла-ста оқитын қарындасы Құралайдың алдымен домбыраға қосылып, одан соң гитарамен айтқан əндері бізге қатты əсер етті. Əлі ауыл-дан ұзап шығып көрмеген қыр баласы домбырада қалай еркін ой-наса, гитарада да өзін сондай сенімді сезінеді. Біз одан:

– Мұны кімнен үйрендің?– деп сұрадық.– Жанат ағамнан,– деп жауап берді ол. Ал гитараны сатып

əкеп берген Целиноград ауыл шаруашылық институтында оқитын ағасы Жомарт екен. Əскер қатарында азаматтық борышын өтеп жүрген Мұрат пен оныншы оқитын Болат тəрізді ол да өнерге бейім көрінеді.

– Шайнұр қайда? Шақырыңдаршы, – деді енді бір сəтте Қайыркеш.

Жанаттың келіншегі қымсына басып келіп, көргені бар əдепті жанның қимылымен Құралайдың домбырасын қолға алды. «Ақ босаға» əнін айтып беруін сұраған едік, іркілген жоқ. Сүйкімді дауысы сыңғырлап тұр. Сүйсіне тыңдадық. Шайнұр жергілікті мектепте мұғалім болып істейді екен. Өнерлі жас өзі білгенін шəкірттеріне де көбірек үйретсе деген тілекке құлай бердік.

Халық қалаулысы атанған еңбек озатының үйінен біз өзгеше бір көтеріңкі көңілмен шықтық. Көңіл көкжиегі кең азаматтың өзі сияқты өнерлі іні-қарындастары мен жұбайы да жан сүйсінер жа-стар екен. Ынтымағы жарасқан қарапайым қазақ үйі өзінше бір өнер отауына ұқсай қалғандай. Дүйсен ақсақал мен Хамзекеңдер өз парыздарын адал өтеген жандар ғой деп ойладық. Өскелең ұрпақ бойында еңбек пен өнерге деген сүйіспеншілік сезімін тəрбиелей білгенге не жетсін, шіркін!

Целиноград облысы,Сілеті ауданы,

Фрунзе атындағы совхоз.

Page 266: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

266

ҚОЛТАҢБА

Алдымызда – айна көл. Көкшетаудан шыққалы бері жел-мен жарысқан жүрдек «Волганың» терезесіне əлсін-əлсін көз та-стап, қарайлап келе жатқанымыздың өзі де осы əйгілі Зеренді көлі еді. Пай-пай, сұлулық-ай! Сен тау бол, мейлі көл бол – сезіне білген жүректі селт еткізіп, бар ерікті өзіне баурап, сілтідей тын-дырмай тоймайсың-ау, шіркін. Төңкеріп бір тастағанында-ақ тыныштығыңнан айырар қаракөз қалқаның жанарындай жалт-жұлт еткен жақұт жағалау төңірегіне жан лəззатының рахман нұрын төгіп жайбарақат жатыр.

Табиғат-ана тұрғызған зергерлік өнер заңғарына адам қолының кереметтері де көрік қоссыншы дегендей көл қасында аудан орталығының ақшаңқан үйлері бой көтеріпті. Жан-жағына ағаш отырғызылған оқтай түзу көшелердің бірі əкімшілік орталығына алып келді. Ойымыз – есіміне сырттай көптен қанық, халқымыздың нарқасқа азаматтарының бірі, Социалистік Еңбек Ері, аудандық пар-тия комитетінің бірінші секретары Баян Жанғаловпен сəлемдесу.

– Баян Жанғалович бізді күтіп отыр,– деп жолбасшымыз, облыстық комсомол комитетінің екінші секретары Мереке Шай-кенов тура секретарь кабинетіне қарай алып жүрді.– Тезірек оры-ынан басқанымыз жөн. Қанша дегенмен қызу науқан үсті ғой. Бір жаққа шұғыл шығып кетуі керек болып та қалады...

Мереке – өзінің комсомолдық қызметін осы ауданда бастап, Баян Жанғаловтың басшылығымен үлкен тəрбие мектебін өткен жігіттердің бірі екен. Жолшыбай ұстазының кадрлармен жұмыс істеу тəжірибесі, əсіресе жастарға ерекше қамқорлық жасап, көп сенім артып жүретіндігі жайында қызыға əңгімелеген.

Бірінші секретарь кабинетіндегі таныстық оның айтқан ойын нығарлай түсті. Бəкең жастар жайлы зор қанағаттанғандық сезіммен, шешіле сөйледі. Абзал азаматтың ағалық ұлағатты ойла-рын, жанашырлық тілектерін сүйсіне тыңдап отырмыз. Əңгіме ара-сында ауданға арнайы ат басын тіреп, іздеп келе жатқан болашақ кейіпкерімізге қатысты сауалға жауап алуды да ұмытқан жоқпыз.

– Еркеш пе? Еркеш Баяхметов жайында жазбақ ойыңыз бар екен ғой. Несі бар, əбден дұрыс! Өз замандастарына үлгі ету-ге жарап қалған жігіт. Шаруашылық басқарғанына биыл бірінші

Page 267: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

267

жыл. Дегенмен шын жүйріктің шамасы шабысынан байқалады демеуші ме еді? Еркештің алғашқы қадамы жаман емес. Ұнайды маған. Өзі бір еңбекқор, ізденгіш жəне адамдармен жұмыс істеуді білетін жігіт. Өмір өрінде өрелі екпін танытып, заңғарлардан көрінер замандастарыңның бірі ол, – деп, бұрынғы комсомол қызметкері жалынды жастығы мен армандас құрбы-құрдастары есіне түскендей сəл ойланып қалды.

Біз аз уақыт сұхбаттасқанның өзінде көңіліміздің төрінен орын алып үлгерген əз аға, асыл ардагермен қоштасып, Тың игерудің 25 жылдығы атындағы шаруашылыққа бет алдық. Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің мүшесі, ВЛКСМ XVIII съезінің делегаты Еркеш Баяхметов – сол совхоздың директоры.

* * *Ел біткен қансорпа болып болашақ мол егіннің негізін қалауға

жұмылған көктемгі егіс кезінде басшылар мен мамандарды кеңседен іздеудің қажеті жоқ. Бəрібір таба алмайсың. Мұндайда құтқаратын – орталық диспетчерлік пункт. Сонда тұрмыз.

– Он бірінші! Он бірінші! Орталыққа жауап беріңіз! – деп, əдеміше келген ақсары қыз рация бойынша бағанадан бері бір-неше дүркін қайталады. Жауап жоқ. Қасындағы телефонмен бөлімшелерге, қырман бастарына хабарласты.

– Байланыс өрісінде болса жауап берер еді.Ауданнан оралмаған ғой əлі. Бірақ бəрі бір онда көп кешігетін

болса, уақыт тауып орта жолға келіп сөйлесуі керек. Еркеш Ба-яхметович қазіргідей жауапты шақта эфир арқылы болса да өзі де көзден тасаланбайды, өзгелерге де істен бұлтаруға мүмкіндік бермейді,– дейді ол кешірім сұрағандай.

Шамасы он минуттай уақыт өтті. Біз бұл сəтті босқа жібермей кезекші дəптеріне үңілдік. Қажетті ақпарлардың бəрі осында. Жас шаруашылықтың дəнді дақылдар егістігі 8 мың гектардан астам екен. Біз бір-бірімізге қарап қойып, міндеттеменің орындалу ба-рысын байқау үшін күнделік графаларына көз жүгірттік. Кешегі күнге дейін дəнді дақылдардың 92 проценті себіліпті. Бүгін аяқ-талуға тиіс. Іштей қуанып тұрмыз. Астық үшін айқастың нағыз алғы шебіндеміз ғой. Науқанды облыста бірінші болып аяқтаған шаруашылықтан шұғыл хабар беріп жату да жаман емес.

Енді бір сəтте эфирде директор үні пайда болды. Бас агро-

Page 268: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

268

номмен сөйлесіп жатыр. Аптықпай, ақырын, салмақты айтылған сөздер ең қажетті нұсқауларды жеткізуде.

Біз диспетчерге қарадық. «Айырылып қалмайық» деген ойы-мызды ол да айтпай түсініп тұр. Əңгіме аяқталған сон, трубканы көтерді:

– Он бірінші, орталыққа жауап беріңіз.– Иə, тыңдап тұрмын.– Еркеш Баяхметович, сізді күтіп отыр...– Мен қазір орта жолдамын. Бір жиырма минуттан кейін кеңсе-

де болатындығымды жеткізіңіз қонақтарға.– Жақсы.Айтқандай-ақ ол енді көп күттірген жоқ. Орта бойлы дембелше

жігіт ағасымен Мереке құшақтасып амандасты. Жақсы достар екен.– Іздеп жүрген жігітіміз осы. Танысып қойыңыз...

* * *Еркеш əлі отызға да толмапты. Осы Көкше өңірінің төл тума-

сы екен. Володар ауданындағы Сырымбет селосында өскен. Ата-анасы – жетпістің жетеуіне иек артқан Баяхмет ақсақал мен Мəпен əжей биыл ғана қолына көшті. Ауылға барған сайын балалық шақтағы бал дəурен кешуін есіне алып ерекше мəре-сəре болып қайтатын əдеті.

Əсіресе ауыл ортасындағы мектеп үйі көзіне оттай басылады. Үлкен өмір қиянына қанат қақтырған қасиетті орда бұл. Алғаш əліппемен танысып, қолына қалам алған, кеше ғана бұрымынан тартқылап ойнайтын көрші қызды қысыла тұрып киноға шақырған құт мекені-ай шіркін! Сонау 1928 жылдан бері міне осылай сандаған сырымбеттіктерге, бірін ұшырса, бірін қабылдап, тыным-сыз қызмет етуде.

Бұлақтың да бастауы болады ғой. Еркештің бойындағы Жер-анаға деген шексіз махаббат пен еңбекке деген құштарлық, тіпті ұйымдастырушылыққа бейімділігі де осы мектеп қабырғасында жүргенде оянды. Жалпы жақсы оқығанымен ботаника, биоло-гия пəндерін ерекше құрметтейтін. Əсіресе өсімдіктер əлемі жай-ында қызықты əңгімелер, туған өлкеге экскурсия жасау мен гер-барий жинау ұнайтын. Сондықтан мектеп бақшасында түрлі өсімдіктер егіп, күтуге де ерте араласты. Ал жоғарғы кластар-да оқушылардың өндірістік бригадасының ұйтқысына айналды. Құрбылары оны бірауыздан өздерінің бригадирі етіп сайлады.

Page 269: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

269

Бригадир іскер ұйымдастырушы ғана емес, тəжірибе учаскесінің өз «агрономы» болып шықты. Ол мектеп программасынан тыс қосымша əдебиет оқу арқылы учаскеде егілетін ағаштарды, бау-бақша өсімдіктері мен дəнді дақылдарды күтудің агрономиялық талаптарымен танысып, бригада мүшелері алдында мол өнім алу жөнінде жоғары талаптар қойды. Бір қызығы, бұл құрбыларына да ұнады. Ақырында бригаданың атақ-даңқы облысқа тарап кетті. 1967 жылы оқушылардың өндірістік бригадалары мүшелерінің Көкшетауда өткен слетінде олар жайында жылы лебіз айтылғанда залда отырған Еркеш пен ұстазы Нұрпейісов ағайының төбелері көкке жеткендей болған.

Осының бəрі Еркештің болашақ мамандық жайындағы бе-рік шешімге кластастарынан көп бұрын келуіне көмектескен еді. Онжылдықты бітірген соң Целиноград ауыл шаруашылық институтының агрономия факультетіне оқуға түсті. Оқуда үздік, қоғамдық істерде белсенді студент жазғы еңбек семестрі кезінде де курстастарын ұятқа қалдырмай, еңбекқорлығымен жəне іс-керлігімен беделі өсіп оралатын. Екінші курстан бастап жыл сайын егін орағына комбайншы болып қатысты. Қазіргі директор Еркеш Баяхметовтың егінжайларды аралағанда технология мəселелеріне ғана жетіктігін танытпай, техника жайын да теориялық жағынан болсын, практикалық тұрғыдан болсын жақсы инженер мен маң-дайалды комбайншыдан кем білмейтіндігі, диқандармен қашанда тіл табыса алатындығы Содан болар, сірə. Əйтеуір штурвалда өзі отырып көрген жан күнге күйіп, жел өті мен жауын-шашын астында жан аямай еңбек етіп жүрген диқанның хал-жағдайын өзгелерден гөрі жақсырақ түсінері анық.

Ол агрономдық қызметті де, былайша айтқанда, əліппесінен, бөлімшеде бастады. Білімі тиянақты, үйрену мен ізденуге жалық-пайтын жас маман бірінші жылы-ақ көзге түсті. Ал келесі жылы Шучье ауданындағы «Ұрымқай» совхозының бас агрономдығына жоғарылатылды.

1974–1978 жылдар... Небəрі төрт жыл. Бірақ бас маман Ер-кеш Баяхметов үшін бұл нағыз өрлеу кезеңі болды. Жастығына, тəжірибесінің аздығына қарамастан өзіне сеніп тапсырылған қай іске де аса зор құлшыныспен кірісетін. Бас маманның ойындағысын қарамағындағылар қалтықсыз ұғып, сырттан күш салмай-ақ жүзеге асырып жатса күнбе-күнгі ізденіс қажеттілікке

Page 270: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

270

айналады. Осыны ұққан Еркеш өз ісіне творчестволықпен қарап, еңбекті ұйымдастырудың тиімді жолдарын игеруге ұмтылды. Бұл ретте ол басқа мамандармен де жиі кеңесіп, бірлесе қимылдады.

Осындай ізденістер жемісі де көп күттірген жоқ. 1976 жылдың мол астығын шашпай-төкпей жинап алу жолындағы күрес кезінде шаруашылық егінжайларына арнайы мехникаландырылған от-ряд шықты. Егін жинаудың жаңа əдісінің ерекшелігі – бүкіл орақ жұмысының комплексті жүргізілуі мен еңбектің жəне оның ақысын бөлісудің коллективтік сипатында еді. Отрядты бас агрономның өзі басқарды.

Шаруашылық диқандары бітік егін өсіріп, оны жинауды мейлінше табысты өткізді. Отан қоймасына бір миллион пұт-тан астам алтын дəн құйылды. Барлығы 16 мың гектар дəнді дақылдар алқабының тең жартысын небары 12 комбайны бар механикаландырылған отряд қамтыды. Сонда олардың еңбек өнімділігі науқанға қатысқан өзге елу шақты комбайнның еңбек өнімділігіне тең болып шықты. Тамаша тəжірибе! Оны Қазақ-стан Компартиясының Орталық Комитеті мақұлдады. Бас агро-ном шаруашылық директоры Виктор Васильевич Черненкомен бірлесіп, озат тəжірибені ғылыми негіздеп, қорытындылаған кітап жазып шықты. Бұл кезде олардың екеуінің кеудесінде де «Құрмет белгісі» ордені жарқырайтын-ды.

Тəжірибе қосылған сайын Еркештің беделі де өсті. Маман ретіндегі жақсы атына қоса адамдармен жұмыс істеу шеберлігі арта түсті. Саяси хабаршылар тобының жұмысына жетекшілік етті. Целиноградтағы басшы кадрлар даярлайтын арнайы курста оқып келгеннен кейін совхоз коммунистері оған зор сенім көрсетіп, пар-тия комитетінің секретарьлығына сайлады. Жас жетекшінің істі меңгеруіне тəжірибелі коммунистердің өздері көп жəрдемдесті. Ол болса жалықпай үйреніп, жақсы өнеге атаулыға жанашырлық та-нытты, жастар тəрбиесіне, социалистік жарыстың пəрменділігіне қатты көңіл бөлді, саяси оқудың тиімділігін арттыру жолдарын іздестірді, шаруашылық мəселелерін шешуге білгірлікпен, бел-сене араласты. Қашанда ізденістер жолында, іс үстінен табылды. Жаңа хатшының бұл қасиеттерін көпшілік ұнатып қалған еді.

Партком секретарының маңына əсіресе жас коммунистер мен комсомолецтер үйір-тін. Сондықтан да ойына келген жақсы істерді жүзеге асыру мүмкіндіктері де көп-ақ. Жастар жаңалық дегенді

Page 271: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

271

аңсап жүретін халық емес пе. Тек ретін тауып, жігерін жани білсең болғаны. Өзі де жас болғандығы шығар, ол мұны өзгелерден бұ-рын жақынырақ қабылдайды. Комсомол ұйымына партиялық бас-шылық арта түскенін де көпшілік тез байқады.

– Басқаша болуы да мүмкін емес. Еркеш Баяхметович – Қазақ-стан ЛКСМ Орталық Комитетінің мүшесі ғой, – десті кеуделерін мақтаныш оты кернеген жастар.

Бұл жоғары сенім оған 1978 жылы көрсетілген-ді. Кейін ВЛСКМ XVIII съезіне делегат болып қатысты ғой.

* * *Уақыт шіркін бір орында тұрушы ма еді? Күн соңынан күндер,

ай соңынан айлар жылжып өте берді. Бірде Еркешті облыстық пар-тия комитетіне шақырды. Өте жылы қабылдаған обком секретарь-ларының бірі шаруашылық жағдайын егжей-тегжейлі сұрап оты-рып, кенет:

– Зеренді ауданында жаңа совхоз ашылғалы жатқанынан хабар-дарсыз ба? – деп əңгіме арнасын мүлдем жаңа бағытқа бұрды да жіберді. Өзі сынай қарап отыр.

– Ел арасында осындай сөз бары рас еді. Бірақ ол білем деу-ге негіз бола қояр ма екен? Оның үстіне сауалдың мақсаты да түсініксіз.

– Йə, солай болмақ. Аты сізге де ұнауы тиіс: «Тың игерудің 25 жылдығы атындағы совхоз». Жақсы емес пе?

Еркеш не дерін білмей отыр. Секретарь жүзінен де ештеңе байқай алған жоқ. Ол міне тағы да үнсіз қалды. Өз ойын өзі салмақтағандай бұған тіке қарап тұрып:

– Сол шаруашылықтың директорлығына сізді ұсыну туралы пікір бар. Қалай қарайсыз?–деді ақырында.

«Төбемнен жай түскендей болды» деген күй осындай-ақ бол-са керек. Өңінде ойламақ түгіл, түсіне енбеген жаңалық. Соған қарамастан тура қойылған сұраққа жауап беру керек.

– Қолымнан келе қояр ма екен?–деді секретарьға тура қарап.– Басқа қарсылығыңыз болмаса, бұл күдігіңізге алаң болмай-ақ

қойыңыз. Біз бəрін есепке алып, таразылап көргенбіз. Қолыңыздан келуге тиіс... Келеді де! – деп əңгіменің аяқталғанын сездіріп, ор-нынан тұрып, қоштасуға қолын созды.

– Сау болыңыз.

Page 272: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

272

– Жақсы. Біз əлі кездесеміз. Тиісті əңгімелесулерге дайында-ла беріңіз.

Үйге кештетіп оралды. Еркебұланы мен Нұрланы ұйықтап үлгеріпті. Мырзабике кітап оқып отыр. Кейбіреулердей кешіктің деп қабақ шытпай, əдеттегідей жайдары жымиып алды.

– Үшеулеп күтіп едік, мен ғана шыдап отырмын. Иə, не жаңа-лығың бар? Мен газға шай қойып, тамақ жылытқанша дайындап қой. Жарай ма?

– Жарайды.Жолшыбай кездескен жан адамға обкомдағы əңгіме жайында

сыр ашқан жоқ-ты. Енді Мырзабикеге айтып, ақылдасса ше? Бірақ не ақыл сұрамақ сонда? Бұл ғой – партия солдаты, яғни партия сенім көрсетіп қайда жұмсаса сонда баруға тиіс. Мұны Мырзабике де жақсы біледі. Ол да жоғары білімді маман, дəрігер. Оның үстіне əлі үзілді-кесілді шешіліп жатқан мəселе де жоқ. Жай бағдар. Сондықтан əзірге үндемей қоя тұрса да болады. Уақыты келген-де қуанта жатар.

Дегенмен шай ішіп отырғанда шыдамай, оның үстіне жары да жаңа өзгерістерге өзін іштей əзірлей берсін деген оймен:

– Тегі, жұмыс орны ауысып қалар,– деп қалды.– Қашан?– Көп ұзамай.Еркештің бұл əңгімені жалғастыруға құлқы жоқтығын шолақ

қайыруларынан сезген келіншегі одан əрі қазбалаған жоқ.

* * *Міне Еркешті біз сол сөз болған жаңа қызмет үстінде жолық-

тырып отырмыз. Жас шаруашылықты аяғынан тік тұрғызып, эко-номикалық қуаты қалыптасқан совхоздар қатарына қосу оңай емес, əрине. Бұл ретте директор араласып шешер мəселелер көп-ақ. Біз оны əңгіме үстінде-ақ аңғарып қалдық.

Қабылдау бөлмесінде бағанадан отырған екі жігітті ол кешірім сұрай отырып көзімізше қабылдады.

– Қазір бізді кеңседе ұстау оңай емес қой.Мына кісілер де біраз күткен болуы керек. Өздері басқа жақтан

ғой деймін. Қарсы болмасаңыздар бұйымтайларын білейін деп едім. Əрі шаруашылықпен танысу үшін арнайы келген сіздер үшін де əңгімемізге ортақ болу артық етпес деп ойлаймын.

Page 273: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

273

Шынында солай болып шықты. Қабылдау күткендер Темір-таудан келіпті.

– Жолдас директор, жаңа шаруашылық деп естіп арнайы ат ба-сын тіреп едік. Ойымыз – орайы келсе көшіп келу.

– Ойларыңыз құптарлық-ақ. Бірақ келген соң айнып қалған жоқсыздар ма?

– Күні бойы аралап, адамдармен əңгімелесіп көрдік. Бөлім-шелеріңізге де барып қайттық. Орталық қоныста жұмыс та табы-лып қалды, семьямызды көшіріп əкелер қонысжай мəселесін ше-шуге де мүмкіндік бар-ау деп отырмыз...

– Ал өздеріңіздің мамандықтарыңыз қандай?– Мен – құрылысшымын, ал жолдасым – жүргізуші, құрылыс-

та істеген,– деп жауап берді ұзын бойлы ақсары жігіт дембелше қараторысына қарап.

– Аға прорабты көрдіңіздер ме?– Кездестік. Құрылысшы етіп жұмысқа қабылдауға қарсы бол-

маймын дейді. Тек...– Иə, тұрмыстық мəселені шешу жайын білмексіздер ғой. Шы-

нын айтуым керек: келе сала тұрғын үй аласыңдар деп уəде бере алмаймын.

Жаңа шаруашылықтың қиындығы аз болмайтынын білетін бо-ларсыздар. Тұрғын үй мəселесі де солардың бірі. Нансаңыздар, кейбір мамандарымыз əлі де өз семьяларын көшіріп ала алмай жүр. Көну керек болады.

– Орталық қоныста біраз адамға өздері үй салып алуға мүмкін-дік берген екенсіздер. Біз де солай етуге келісер едік.

– Босқа үміттендірмеймін – биыл мүмкіндік жоқ. Қаржы бөлу-ге болады. Бірақ құрылыс материалдарымен қамтамасыз ете ал-маймыз. Ойланып көріңіздер. Жағдай осы.

– Ашығын айтқаныңызға рақмет. Шынында да əлі ойлану ке-рек,– деп кірген екеу шығып кетті.

Біз де ойланып қалдық. Ағынан жарылсақ, көңіл қалтарыс-тарымызда шаруашылықтағы негіздің негізі болып табылатын кадр мəселесін шешу үшін мына екі құрылысшыны қайтсе де қалдыруға тырыспаған директор қадамының дұрыстығына де-ген дүдəмал да бар болатын. Қолға келіп қонған құсты үркітіп несі бар? Осы ойымызды естігенде Еркеш алдымен күліп алды. Содан соң салмақты жауап берді:

Page 274: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

274

– Не десем екен? Мəселенің бəрі мынада ғой. Біз мұнда бір күндік немесе аз ғана маусым жұмыс істейтін коллектив құрып жатқан жоқпыз. Сондықтан жұмысшы санын əйтеуір көбейте беру-дің жөні жоқ деп есептеймін. Ертеңімізді ойлаған жөн. Ал бүгін алдап-сулап қолға түсірген адамымыз ертең қиындыққа төзбей, оның үстіне уəдеге алдандым деп жар салып қашса өзі ғана кетіп қоймай, өзгелердің арасында да іріткі тудырады. Ал қиындықтың болатынын біліп, сонда да төзем деп келгендер коллективтің то-лыққанды мүшесі болмақ. Олармен жауапты міндеттер шешуге сенім зор.

Бұл да – кейіпкер характерін аша түсер штрих болса керек...

* * *Уақыт таразысында бірнеше ай деген көп салмақ баса қой-

майтыны белгілі. Бірақ Тың игерудің 25 жылдығы атындағы со-вхоз өмірінде ол əжептəуір бедерленіп үлгеріпті. Алдымен, əрине, құрылыста. Орталық қоныста жаңа көше негізі қаланып қалыпты. Он шақты ақшаңқан үй тұрғындар үшін есіктерін айқара ашқан. Жыл аяғына дейін барлығы 25 үй пайдалануға берілмек керінеді. Бөлімшелердің бірінде 200 орындық сиыр қорасы бой көтеріпті. Ал үлкен үш қора күрделі жөндеуден өтуде.

– Совхоз экономикасында мал шаруашылығы елеулі орын ала-ды. Жыл сайын мемлекетке 7600 тонна астық тапсыру көзделсе, сатылар сүт мөлшері мен ет мөлшері тиісінше 1800 жəне 2000 тон-надан айналмақ. Ал келесі бесжылдықта картоп өндіру көлемі көп артады,– дейді Еркеш Баяхметов.

Жас шаруашылыққа мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлыққа ол айрықша тоқталды. Соның бір көрінісі – қазірдің өзінде олар 70-ке жуық трактор, 50 автомашина жəне 35 комбайн қабылдап алыпты. Ауыл шаруашылық техникасының түр-түрі түсірілуде. Тек іскер қолдарға тисін деңіз.

– Осыншама құрал-жабдыққа техникалық қызмет көрсетер орын салу да басты міндеттердің бірі болар?– дейміз біз.

– Əрине. Осы заманғы машина-трактор шеберханасын салу келесі жылы қолға алынады. Документациясы əзірленіп қойылды,– дейді директор.

Иə, шаруашылық – аяғын жаңа басқан сəбидей жас. Сондық-тан да əрбір сəтті көрініс, басшылар мен мамандар аузынан естіген

Page 275: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

275

əрбір батыл ой мен білікті шешім онын, нұрлы болашағының белгісіндей қуантады. Ең бастысы – соның бəрінде де жас дирек-тордың өзіндік қолтаңбасы бар екендігі.

Бір назар аударғанымыз Еркеш Баяхметов басқаратын «ап-параттың» – басшылар мен мамандар құрамының жас жөнінен шамаластығы еді. Дені – жастар. Партком секретары Владимир Ващенко да бұрынғы комсомол қызметкері екен.

– Совхозымыздың атына заты сай. Кадрларымыздың басым көпшілігі – тың игерушілердің бүгінгі ізбасарлары. Сексенге тарта ВЛКСМ мүшесі бар,– дейді ол.

Аз да болса сапарлас болып, іс үстінде көру, қарамағындағылар-мен қарым-қатынасының куəсі болу жəне шаруашылық болашағы жайындағы жоспарларымен танысу арқылы Еркеш Баяхметовтің өзіне сеніп тапсырылған жаңа партиялық тапсырманы да іскер-лікпен орындай бастағанына көзімізді жеткізе түстік.

...Ол өзі мініп жүрген «Уазигінің» кабинасындағы байланыс жүйесінің трубкасын қолына алды.

– Орталық! Орталық! Жұмысшы комитетінің председателі мен бас инженерге хабарлаңыз: мен жиырма минуттан соң бірінші ком-плекске барамын. Владимир Иосифович менің қасымда.

Біз жиырма минуттан соң тура танап төсінде өткен қысқа митингінің куəсі болдық. Қуаныштан жүзі бал-бұл жанған ди-ректор соңғы гектарларға тұқым сіңірген комплекс мүшелерін қолдарын қысып құттықтады. Совхоз комсомол комитетінің секре-тары Александр Ващенко мен фото суретші Сəлімжан Қожахметов əзірлеген көшпелі фото-газет те осы оқиғаға арналыпты. Дер кезінде жеткізілді.

– Еңбек адамдарын қуаныш үстінде көру қандай ғанибет – деді Еркеш əлгі бір сəттегі əсерленген күйінше. Сөзі сондайлық табиғи шықты.

Совхоз кеңсесіне оралған соң, редакцияда жұмыс күнінің соңы таяп қалғанына қарамастан шұғыл телефон соғып Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің мүшесі Еркеш Баяхметов басқара-тын шаруашылық коллективі облыста бірінші болып көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай аяқтағаны туралы газеттің қатталып жатқан санына хабар бердім. Жігіттер қуанып қалды. Біз жас директорға сүйсіне қарадық.

Page 276: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

* * *Ал ол болса сабырлы қалпында өз жұмысымен айналысып

отыр. Енді қоштаспақ бола бергенімізде тағы бір іскер кездесуінің куəсі болдық. Бұл жолы қабылдағаны «Казгипросельхозвод» ұй-ымы Көкшетау филиалының өкілі еді. Шаруашылық территори-ясында биыл қазылатын құдықтар схемасын көрсетіп, алдын-ала келісілген шартқа қол қойғызбақшы екен. Бірақ Еркеш маманның өзімен кеңесе отырып, карта бойынша сушылар белгілеген орын-дардың кейбіреуіне өзгеріс енгізді.

– Мына жерде мал жайылымы бар. Көл не басқа су көздері жоқ. Құдықтың бір-екеуін сол арадан қазу қажет, – деген сияқты дəлелді байламдарға өкіл де келісуге мəжбүр болып отыр.

Кейіпкер қасиетін танытар тағы бір штрих бұл.– Маңызды істерге арналған уақытыңыздың біразын алғаны-

мызға айып етпеңіз, – деп қоштасарда шын жүректен кешірім өтіндік.

– Ұмытпа, екі аптадан соң Қазақстан ЛКСМ Орталық Коми-тетінің пленумы ғой, – деді Мереке.

– Білемін, білемін... Ойымда жүрген кейбір жайларымды ортаға салмақпын. Сөйлеуге əзірленіп жүрмін, – деп қойды Еркеш.

Біз көрікті Көкше өңірінің тағы бір тамаша азаматымен таныс-қанымызға қуанған күйде облыс орталығына аттандық. Жолай тағы да Зеренді көліне құмарта қараймыз. Ол бұрынғысынан да сұлулана түскендей.

Көкшетау облысы,Зеренді ауданы,

Тыңның 25 жылдығы атындағы совхоз.

Page 277: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

277

ҰЛАҒАТ

Қаңтардың күрмеуге келмес келте жіптей қысқа түніне қара-мастан олар бүгін де алакөбеден оянған. Енді міне ауыл сыр-тындағы мал фермасына қарай қатар аяңдап келеді. Бұл «ерте тұрған жігіттің ырысы артық» деген халық нақылын көңілдеріне қалтқысыз түйген қос механизатор – əкелі-балалы Бектұрғанов-тардың қоғамдық мал қолға тұрғаннан бергі əдеті. Сондықтан да олар өз іздерімен таптаурын болып қалған мына сүрлеу жолға да, шаңытқан шыңылтыр аязға да үйреніп кеткен. Байқамасаң басып қалар сұсы бар қызылшұнақ қыс кəрін мына мығым денелі мəрт азаматтардың еңбеккер бұлшық еттерінен бүкіл бойға тараған күш-қызуы елетпейтін де тəрізді. Əрқайсы өз ойымен келеді. Балтабек ұрлана қанша қараса да, əке өңіндегі кешегі қату қабақ жіби қоймаған тəрізді.

Цехтық партия ұйымының ашық жиналысы өткен. Мал қыстату жайы қозғала келіп, сауын сиырлардың сүттілігі күрт төмендеп кеткені сөз болған. Елеулі кемшіліктердің көзі ашылып, сынға алынған. Балтабектердің сабан тайлағыш машинасының соңғы екі күн бойы жұмыс істемегені де назардан тыс қалған жоқ. Цехтық партия ұйымы секретарының өзі бұларды (оның ішінде Балтабекті де балам деп бөліп-жармай) қатты қырына алып, ауыр-ауыр сөздер айтты. Бұлар болса кейбір қосымша бөлшектердің жетіспейтіндігін, күннің суықтығын сылтауратып ақталмақ ниет аңғартып еді, Қанапия кесіп тастады.

– Ал, жігіттер, сендер мұндай қиындықтармен бірінші рет кездесіп отырсыңдар ма? Тіпті, іштеріңдегі ең жасы кішілерің Балтабекке де бұл ақталу бола алмайды. Мен он алты жасымда тракторға отырып, осы маңдағы түзге тұңғыш түрен салғанда да талай қиындық кездескен. Сонда аға əріптестеріміз мойымауға, қиындықты жеңе білуге үйрететін. Сендер де себеп іздегенше...

Қапапия, сөзінің соңғы зілін айтпай-ақ білдіріп, ренішті қабақ-пен ұлына назар тоқтата қарады. «Сен үшін ұялып тұрмын» де-гендей. Балтабек болса тіктеп қадалған əке жанарынан жасқанып, төмен қараған. Оның көңілін бұл сəтте осыдан бірнеше ай бұрын ғана егін орағының соңғы күндеріндегідей қуаныш сезімі емес, өз ісі үшін ұялумен бірге əке-аманатына қиянат жасағандай бір то-

Page 278: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

278

сын күй меңдеді. Онда бес комбайнмен 40 мың центнерден астам астық бастырған жүлдегер звено мүшесі ретінде шаттанса, қазір сабан тайлағышы бұзылған дəрменсіз механизатор ретінде төмен қарайды. Балтабектің шығып кеткісі келді. Бірақ онымен жасыған жігер жанар ма? Іс керек, əрине, іс керек. Мына отырғандарды да, өз əкесін де сендірер сенімді іс-қимыл қажет.

Міме, ол қазір де сол тас түйін ксйпін өзгертпей келе жатыр.– Əке, кешіріңіз,– деді мал қораға тақай бергенде үнсіздікті

бұзып.– Сабан тайлағыш бүгін қалайда жұмыс істейді.– Сөзіне жауап күтпестен жол айырығының оң жағына түсіп, пішендеме жаққа тартты.

– Сен кешіріімді менен сұрама. Бұл – коллективтік іс, халық мүддесі...

Қанапия Бектұрғанов кешегі партия жиналысындағы əңгіме-ден баласының дұрыс қорытынды шығарғанына қуанып тұр. Түрі-тұлғасы ғана емес, мінезі де өзіне тартса керек. Əсіресе намысшылдығы ұнайды. Осындайда сонау жылдардағы бір оқиға көз алдына келе қалатыны бар.

...1954 жылдың көктемі болатын. Тың жəне тыңайған жерлерді игеру жөніндегі партия шақыруына үн қосқан мыңдаған отанда-стар еліміздің түкпір-түкпірінен Солтүстік Қазақстан даласы-на да ағылып келіп жатты. Олар елді мекендер жоқ жапан түзге ақ шатырлар тігіп, ақ қалашықтар орнатуға, түрен тілі тимеген жерлерді өңдеуге кірісті. Тың игерушілер игерілмеген алқабы көп, егістік көлемі аз шағын шаруашылықтарға да келді. Мұндай елді мекендердің тұрғындары да тың игерушілер қатарына қосылып, осынау ұлы істің қарқынын тездете түсуге өз үлестерін қосып жатты.

Сол көптің бірі ретінде Қанапияның еңбек жолы да тыңда басталған. Туған ел төсінде тасқынды еңбек күйі шалқыған шақта бұл ұлы дүбірден оның өз ауылы – қазіргі Қоскөлдегі шағын кол-хоз да тыс қалған жоқ. Данил Петрович Визюк басқарған бір топ тың игеруші жігіт темір тұлпарларымен тусыраған дала төсінде түрен тілін ойнатты. Осы бір құдіретті қолдар ісін күтіп жатқандай қара мақпал жер пұшпағы əнтек жымиған көктем күніне жонын бере шалқалап, бұйра толқынданып қалып жатыр, қалып жатыр...

Талай жыл қапаста қысылған дала-көкірек еркін бір дем алу-ды көптен аңсағандай. Тракторшының көмекшісі он алты жасар

Page 279: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

279

Қанапия туған жердің осынау сырын түсінгендей, бозторғайлы да-ласымен бірге қуанып жүрді. Əуелетіп əн салатын. Ал Украинадан келген, техника тетігіне жетік, сырбаз жігіт Александр Гончаренко оны ұйып тыңдаудан əсте жалықпаушы еді.

Бірде олардың осы жарасымы кілт бұзылды. Бəріне кінəлі Қанапияның соқаны тракторға тіркеу тетігін берік бекітпей, оның үстіне танап бойын бір айналғанша оның ағытылып кеткенін аңғармағаны. Балаң жігіттің əсем əніне елтіген Александр да бай-қамаған. Қатты кейіді.

– Мен саған сеніп жүрсем!..А.Гончаренко осыдан басқа ештеңе айтпаса да бұл сөздер

Қанапияға қатты батты. Оған өмірлік сабақ болды. Содан соң өзі жеке трактор руліне отырды. Енді Александр Гончаренко, Сер-гей Тихонюк, Даниил Визюктің темір тұлпарларымен қанаттаса мұның сары тракторы да жер апшысын қуырып, егістік жалда-рын тартты. Бұлардың жəне бригаданың басқа мүшелерінің ерен еңбегі нəтижесінде колхоздың 500-600 гектардай ғана егістігінің көлемі 1800 гектарға шейін өсті. Қазір есімі аудан көлемінен асып, облысқа кеткен қос Ленин орденінің иегері Сайлаубай Шыңғысов басқаратын бригаданың жыл сайын гектарынан кемінде 20-21 центнерден өнім алатын несібелі егінжайларының негізі сонда қаланған-ды.

Кеше партия жиналысында ашына сөйлегені сол бір кездерді есіне алып, жастарға аға ұрпақтың сол бір ерлігінен өнеге алыңдар деп мегзегені еді. Мен тыңда түледім деп мақтанғаны емес, алғашқы ақылшы-ұстазы Александр Гончаренконың «Мен саған сеніп едім!..» деген терең мағыналы сөздерімен бірге са-насына берік енген баянды сезім – əрбір азаматтың өзіне сеніп тапсырылған жұмыс учаскесіндегі жауапкершілігі жайлы ойын жеткізгісі келгені еді.

Иə, жауапкершілік жүгі ауыр. Оны тағдыры тыңмен тығыз ұштасқан ширек ғасыр бойы диқандық өнерді діттеп, қыс бол-са қоғамдық мал қамымен мазасызданған Қанапия Бектұрғанов жақсы біледі. Бір кездері тыңға тұңғыш түрен салушылар сапын-да болған балаң жігіт бұл күндері – еңбектегі үздік жетістіктері үшін Отанымыздың жоғары наградасы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған, облыстық партия комитетіне мүше болып сайла-ну құрметіне ие болған даңғайыр диқан, цехтық партия ұйымына

Page 280: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

280

жетекші ел ағасы. Міне, «тыңда адамдар жерге дəн өсірсе, тың адамдардың өзін өсірді» деген қанатты сөздердің бір нақты мыса-лы осы Қанапия Бектұрғановтың өмірі болса керек.

Тың тағылымын алған Қанапия мінезінің ерекшелігі де –жауапкершілік жүгін терең түсіне білуінде тəрізді. Басқасын бы-лай қойып, қатарында 15 жылдан бері мүше болып келе жатқан партиясы қандай жауапты, ауыр жұмыс учаскесіне жұмсаса да бас тартып көрген емес.

Əлі есінде. КПСС мүшелігіне өткен алғашқы айларының бірінде оны совхоз партия ұйымының секретары мен шаруашылық дирек-торы арнайы шақыртып алып, айрықша күтімді қажет ететін «дала аруын» өсірумен айналысатын тəжірибелі диқандар қатарына мұны да қоспақшы ниеттерін білдірді. Келісімін сұрады. Жұмыс қолы жетпей жатқанда саудаласып тұруға бола ма? Құп алды. Сөйтіп, сол күзде-ақ ол əдеттегідей комбайн штурвалына отыр-май, өзіне бекітілген көк «Беларусьпен» жүгері тасыды. Сөйтіп жүгері өсіруші атанды. Еңбек жолындағы бұл өзгеріске Қанапия ешқашан өкінген де емес. Қайта осынау абыройлы істің қыры мен сырына қана, іздене жүріп, қатарының алды болуға тырысты. Мақсаты орындалды да. 1971 жылы ол өзіне бекітіп берілген 220 гектар жүгері танабының əр гектарынан орта есеппен 350 цент-нерден өнім жинады. Бұл – тек өзі еңбек ететін Қазақстанның 40 жылдығы атындағы совхозда ғана емес, бүкіл аудан бойынша үздік көрсеткіш еді. Осы жетістігі үшін ол омырауына Еңбек Қызыл Ту орденін қадады.

«Дəн қыста толысады» дейді тəжірибелі диқандар. Айтса айтқандай, көктемгі егіске үлгілі əзірлену – ертеңгі молшылық басы. Сондықтан да Қанапия өзі қазір мал қыстатуда жүргенімен техника жөндеу, қар тоқтату қамымен жүрген əріптестерінің əрбір қадамын көңілінен қалт жібермейді. Цехтық партия ұйымының секретары ретінде ғана емес, кəнігі диқан ретіндегі қалауы да сол. Қазірдің өзінде осы Қоскөл ауылының, яғни Қазақстан-ның 40 жылдығы атындағы совхоздың №4 трактор-егіс бри-гадасының қарамағындағы 1946 гектар алқапқа түгелдей екі ізде қар тоқтатылғанына қуанады. Алғашқы тың игеру жылдарындағы шағын қуатты тракторлар орнына келген қазіргі К-700, К-701 алып тракторлары шыдатсын ба?!

Page 281: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

281

Ол мына мал фермасындағы механизацияға да осылай өскен өмірдің көріністері ретінде қарайды. Кейбір жекелеген механиза-тордың, малшы мен сауыншының өз жұмыс учаскесіндегі сал-ғырттығы салдарынан олардың тоқтап тұрып қалуына тіпті төз-бейтіні де содан. Көптеген қиындықтарды жеңу мен ізденістер арқылы келген игіліктерді іскерлікпен пайдалана білу керек деп есептейді ол. Бұл алғашқы тыңгер, тағдыры тыңмен бірге түлеген жаны жайсаң жігіт ағасының өзінің жарты ғасырлық тəжірибесінен түйген пайымдауларының бірі.

* * *Таңертеңгі тымырсық ауа, шыңылтыр аяздың кешке қарай тауы

шағылған тəрізді. Оның есесіне жер бетіне құлдырай қонып жатқан ақ ұлпалар бірін-бірі қуалай ойнап, қыс сəнімен қызықтырады. Əкелі-балалы Бектұрғановтар кезекті жұмыс күнін тəмамдап, үйлеріне қайтып келеді. Ертеңгілік жұмысқа бара жатқандағыдай емес, жүздері де бал-бұл жанып, жарыса сөйлеседі. Иықтарынан үлкен бір жүк түскендей.

– Əке, айттым ғой, сабан тайлағышты қалай да жүргіземіз деп. Маған өзіңіздей сенуіңізге болады.

Балтабектің үнінде батылдық қана емес, өз сөзінде тұра алған-дығы үшін қуаныш та бар.

– Əрине, ұлым, əрине. Бірақ сен өзіңе жүктелер жауапкер-шіліктің өзгелердікінен гөрі ауырырақ екенін ешқашан естен шығармағайсың. Біз – диқандар əулетіненбіз.

Əке үнінде өзгеше мақтаныш сезімі бар. (Ол бұл сөздерді айт-қанда он жылдықтан соң кəсіптік-техникалық училищеде меха-низаторлық мамандық алып, бір жылдай совхозда өзімен бірге жұмыс істеген, қазір əскер қатарында жүрген үлкен ұлы – Ботаны да есіне алды. Ол да – диқан).

Иə, айтса атқандай, Бектұрғановтар əулеті – шынында да ди-қандар əулеті. Міне, олар – əкелі-балалы екеуі қатар басып келеді. Олар – тыңда түлеген бір тағдырдың бүгіні мен ертеңі.

Солтүстік Қазақстан облысы,Булаев ауданы,

Қазақстанның 40 жылдығы атындағы совхоз.

Page 282: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

282

ЖАН ШУАҒЫ

Қызыл іңір құшағына енген құс өсірушілер поселкесінің кешкі қам-қарекеті басталып кеткен. Жұмысшы пəтерлері мен мəдениет ошақтарының оттары жарқырайды. Құрбыларының бір тобы өз-дері денсаулық цехы атап кеткен спорт комплексіне қарай асыға басып барады.

Бұл болса үйге енді беттеп келеді. Ойда жоқта бөгелуге тура келді. Түсте кездескенде цех бастығы С.Смирнов бір жайсыз əңгі-менің ұшығын шығарған:

– Соңғы кезде Люда Моргунованың мінезі түсініксіз болып ба-рады.

– Не болып қалды, Станислав Иванович?– Жұмысқа кешігіп келуді шығарды. Ал кеше сұраусыз ерте

кетіп қалыпты. Сөйлесіп көрейін деп едім, үн қатпайды. Өзің байқамасаң...

– Жарайды. Бүгін міндетті түрде тауып алып сөйлесейін.Кешке дейін осы əңгіме ойынан бір кетпеді. «Не болды екен

Людаға?» Жұмыс орындары əр жерде болғандықтан кездеспегелі біраз болып қалып еді.

Бұрын мұндай оғаш қылығы байқалған емес. Партия мүшесі. Бірақ жалғызбасты ана болғандықтан ба, кім білсін, тұрмыста кез-дескен сəл қиындыққа бола əжептəуір абдырап, айтып жүретіні байқалушы еді. Сол əлсіздігі болмаса? Цех партия ұйымы бюро-сының басқа бір-екі мүшесінен сыр тартып көріп еді, мұның ойын дұрыс түсінбегендіктен бе:

– Бюро мəжілісіне шақырып, талқылаймыз ба? – деп өзіме қарады.

Байыбына бармай бұлай оқыс қимылдау цехтағы партия тобы жетекшісінің жұмысына жат үрдіс. Сондықтан да ол:

– Жоқ, бюро мəжілісінің қажеті бола қоймас. Алдымен өзім жеке кеңесіп, сыр тартып көрейін. Оның қазіргі жағдайынан сен-дер ештеңе сезбеді ме екен деп білгім келіп еді,– деді құрбыларына.

Айтқандай-ақ жұмыстан сон, Людаға жолықты. Əңгімелесіп, сырласып жүріп үйіне дейін еріп барды. Тұрмыс жағдайын өз көзімен көрді. Жалғыз-басты ана жүрегіне жол тапқан сияқты. Ол да бастапқыдай емес, жақын тартып қалғандай. Ақталарлық бол-маса да кездейсоқ бір себептермен кешігіпті. Ерте кеткені де сол көрінеді.

Page 283: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

283

– Осының бəрін Станислав Николаевичке неге айтпадыңыз? – деп сұраған.

– Бəрібір түсіндіре алмаспын деп...– Неге? Ол жөн білмейтін кісі емес. Тамаша адам. Кешіретін еді

бір жолға...Үй-жайын көрген соң байқаған бір кемшілігі – жылуы жет-

кіліксіз батереяларды ауыстыруға көмектеспек болып уəде етті. Қоштасарда:

– Бұдан былай енді қандай жағдайыңыз болсын коллективтен бүгіп қалмайды деп сенемін. Тұрмыстық жағдай жөнінде көмек сұрауға да ұялмаңыз. Келістік қой?– деп сынай қарады үй иесіне.

– Келістік!Людмила Моргунова жанашыр жанға деген сенім мен ілтипат

сезімін төге жымиды. Күндізгі қату қабақ күйінен із де қалмаған. Инна да өзін өте жеңіл сезініп кетті. Бір адамның болсын көңіл кірін кетіруге көмектескеніңді сезіну қандай ғанибет, шіркін!

Ойды ой қозғайды ғой. Өткенде оған партия комитетінің мүшесі ретінде жұмысшылар: бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында жылжымалы сауда нүктесін ұйымдастыруға болмас па екен деп өтініш еткен еді. Жауапты адамдармен сөйлесіп, оң шешім табуы-на көмектесті. Қазір автодүкен айына бір рет тура фабрика алдын-да сауда жасайды. Қандай заттар керектігі жөнінде алдын-ала за-каз беріледі. Тұрақты графигі бекітілген. Бұрынғыдай дүкен шар-лап зыр жүгірмей керегін оңай тауып алу өзіне де ұнап жүр. Деген-мен кезекте тұрғанда құрбыларының бұған осынау игі істің жана-шыры ретінде ризашылықпен қарайтынын сезінудің орны тіпті бір басқа, əрине. Мерейің өсіп, мəртебең асып қалады.

Алғашқы жетекші-ұстазы Мария Семеновна Мурашева мұның санасына:

– Адам мерейі еселі еңбегімен бірге айналасын дағыларға жүрек жылуын, жан шуағын шаша білу қасиетімен де өспек. Қоғамдық белсенділік дегеннің өзі, менің білуімше, осындай қасиет көрсеткіші,– деген ойды мықтап-ақ сіңірген.

Егер қазір одан біреу еңбек жолында ерекше із қалдырған адам кім деп сұраса, ойланбастан алдымен Мария Семеновнаның есімін атар еді. Мектеп бітірген соң арнайы курста оқып, үш жыл бала-лар бақшасында тəрбиеші болған жас қыздың қиындығы мол құс өсіруші мамандығының қыры мен сырын игеріп, өмірлік мақсаты етіп алуына тікелей əсер еткен сол.

Page 284: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

284

«Соқпақ – жолға бастайды» дейді ғой. Жұмыртқа сұрыптаушы міндетін атқарудан басталған сол қадамы Инна Духовниканы бұл күндері көпке танымал құс өсірушілер қатарына қосып үлгерді. Екі слесарь – Николай Сиденков пен Анатолий Черемухиннің көмегі арқасында бір өзінде қырық мың құс күтілетін аса үлкен тауыққораға қожалық етеді. Өткен бесжылдық тапсырмаларын олар мерзімінен бұрын орындап, мемлекетке 30 миллионға жуық сапалы жұмыртқа өткізді.

Еңбектегі еселі табыстары мен қоғамдық белсенділігі үшін жас коммунистке көрсетіліп жүрген сенім мен құрмет те зор. Халық депутаттары облыстық Советінің депутаты болып сайланды. Ал облыс коммунистерінің үлкен форумында оның есімі облыстық партия комитетінің мүшесі жəне – кім ойлаған десеңізші!– КПСС XXVI съезінің делегаттары қатарында аталды.

Əл есінде. Осыдан бірнеше жыл бұрын ол партия билетін алып келгенде, кепілдеме берген байырғы коммунистердің бірі, белгілі тəлімгер, слесарь В.Шонин қуаныш құшағында тұрып:

– Коммунист атану ең лайықтыларға ғана көрсетілер құрмет екені рас, əрине. Бірақ ол мерейіңді арттырумен бірге, міндет-теріңді көбейте түсетінін ешуақытта естен шығаруға болмай-ды. Сонда ғана жоғары сенімді абыроймен ақтай аласың,– деген еді. Оның дұрыстығын өмірдің өзі көрсетіп келеді. Еңбекте алда болу, өз білімі мен тəжірибесін баршаның игілігіне айналдыру жауапкершілігін былай қойғанда, жанындағы жолдастары оған, қарапайым құс өсіруші екендігіне қарамастан, қай кезде де қол ұшын берер коммунист ретінде қарайды. Сол биіктен көріну қажет! Несін жасырады, дəл осы сезім бұрын тартыншақтаныңқырап жүрген қадамын жасап, техникум студенті атануына итермеледі ғой. Келесі жылы ол Қотыркөл ауыл шаруашылық техникумының сырттай оқу бөлімін тəмамдайды.

Коммунист жауапкершілігі... Қандай кең əрі дəл ұғым десеңіз-ші. Иннаның түсінуінше, ол айналаңдағының бəріне – адамдар тағдырына да, көңілің қалаған өмірлік ісіңе де жүрек жылуын төгу. Мүмкін Людмила Моргунованың жүзіне жылылық жүгірт-кен оның осындай жан шуағының əсері болар? Əрине солай!

...Міне, үйіне де жетті. Құт шаңырақ табалдырығын тағы да бір қуанышпен аттағанын көздерінен-ақ оқуға болар еді. Жар сырын жанарынан ұғып үйренген Валерий оның текке кешікпегенін де біліп тұр. Сонда да болса:

Page 285: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

285

– Инка, бүгін жұмыстан соң бөгелемін деген жоқ сияқты едің ғой. Кейін де хабарласпадың,– деп əдейі наздана қарады.

– Валерка, кешірші. Мен өзім де... Бірақ солай етпеуге болмады. Саған бəрін айтып беремін.

– Жарайды, қымбаттым. Бəрін түсіндім. Кейін айтып берерсің. Ал қазір мен жұмысқа кетуім керек.

– Бүгін хор үйірмесінің репетициясы ма еді? Əлде қыздар ансамблінің мүшелері жинала ма?

– Екеуінің де дайындығын қарау керек. Таяуда аудандық фести-валь екенін ұмытып қалғансың ба?

– Ой, кешікпейсің бе?– Бұрынырақ ойлау керек еді... Ойнап айтам.Үлгеремін əлі. Ал кеттім мен. Лена мен Оксана мен келгенше

жалғызсырап қалмасын.Инна күйеуінің соңынан қызыға қарап тұр. Мазасыз жан. Өнер

адамдарының бəрі осындай бола ма екен? Өте сезімтал. Адамның жанын ұғуға тырысады. Қиналғанда дем берушісі мен қорғаны, қуанғанда; өзінен артық шалқып-шаттанар жан. Инна өзін оның алдында шексіз қарыздар сезінеді. Еліміздің əр қиырынан келіп осынау көгілдір таулар қойнауында табысқан қос тағдырдың бақыты да ортақ.

Əр қиырдан демекші, Инна аракідік алыста қалған балауса балалық күндерін есіне алып, əнтек мұңайып қалатыны бар. Өзі сүйіп, бос уақытында басына жастана оқып жүрер ақындар айта-тын тəтті мұң осы болса керек. РСФСР-дің Қорған облысындағы Чистоозерье сслосында өткен тұлымды шағын сағынатындай. Өскен жерге деген іңкəр сезім құдіретін қойсаңшы. Көгілдір та-улар құшағындағы жəннат өңір – Шучьенің кербез келбеті де бір сəт көңілде ұмыт қалатындай. Бірақ оған кіндік қаны тамған өлкеге қайыра оралу туралы айтып көріңізші. Келісу түгіл, көңіл сағағының күйсіз пернесін басып қалғандай таңғалар еді. Өйткені ол қазақ жерінде жастық романтикасын, өмірдегі орны мен еңбектегі бақытын тапқан жан. Сондықтан да түлеген тың төсін өзінің үлкен өмір ошағындай сүйеді. Бұл – жас коммунист жүрегіндегі туған жер деген қастерлі ұғымның көкжиегін кеңейте түскен парасатты махаббат.

Көкшетау облысы, Шучье ауданы.

Page 286: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

286

ЖҮРЕКТЕРГЕ ЖОЛ ТАПҚАН

Сəбит Мұқанов атындағы совхоз – облысқа əйгілі шаруашы-лықтардың бірі. Өткен жылғы өрелі табыстары үшін аудандық социалистік жарыстың жүлдегері атанған коллектив биыл да ек-пінді еңбек қарқынымен көзге түсіп отыр. Жоспар барлық эконо-микалық көрсеткіштер бойынша ұқыпты орындалып келеді. Бітік егінге берік негіз қаланған.

Қаулай көктеп, күн өткен сайын жайқала түскен егін көз жау-ын алып қызықтырады. Шағын көлдері шар айнадай ақ қайыңды өңірдің сұлулығына өр-талап өрендерінің күш-жігерімен жасалып жатқан материалдық игілік жараса қалған. Əне бір алыстан көзге түскен үш қабатты үй былтыры ғана пайдалануға берілген, 640 орындық жаңа мектеп қонысы. Мына бір қырқада пырдай болып қой отары жатыр. Сары қымыз сапыртқан жылқы үйірлері де бар мұнда. Дəулеті асып, сəулеті өскен шаруашылықпен сүйсіне таны-сып келеміз. Совхоз партия ұйымының секретары Саян Қасенов осының бəрін мақтаныш сезіммен айтады. Оның əр сөзі бізге ой тастап, іс үстіндегі əр қадамы кең пайымдауларға жетелейді.

* * *...Секретарьдың жұмыс күні бүгін де, əдеттегідей, ерте бастал-

ды. Ертеңгілік қысқа өндірістік кеңеске ол өзгелерден бұрын келді. Совхоз директоры арнайы тапсырмамен жол жүріп кеткендіктен, кеңесті оның міндетін атқарушы, осы шаруашылықтың бас мал дəрігері В.Шкет жүргізген-ді. Оның өзі де, өзге жиналғандар да күрделі мəселелерді шешкенде партком секретарынан ақыл-кеңес, түйінді сөз күтіп, тоқталатыны назар аудармай қоймады. Бұл – С.Қасеновтің шаруашылық көлемінде атқарылып жатқан істердің бəрінен жете хабардар екеніне əрі қай мəселені шешуде болсын оның пікірі салмақты боларына жұрттың қалтқысыз сенетінін білдіргендей.

Партия қызметкерінің беделі деген осы болар,– деп ойладық біз іштей. Өйткені, егер оған шаруашылық мамандары мен өндіріс командирлері саяси жетекші ретінде ғана қарамай, экономика мəселелеріне жетік іскер басшы деп таныса – бедел, міне, осы ғой. Бірақ ол неден басталады?

Саян партиялық жұмысқа ерте араласты. Колхозшы семьясын-да дүниеге келіп, Баян орта мектебін бітірген соң бір жыл осы

Page 287: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

287

шаруашылықта қызмет істеп, 1955 жылы Петропавлдағы ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумыиа түскен. Оны ой-дағыдай тəмамдаған соң əскер қатарындағы азаматтық борышын абыроймен өтеді. Жігерлі жас техникумда да, əскер қатарында да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, комсомол комитетіне мүше болып сайланып жүрді. Жақсы істердің жаршысы ғана емес, бастаушысы болу ұнайтын оған. Əскер қатарынан оралған соң ұдайы партиялық қызметте – аудандық партия комитетінің нұсқау-шысы, аудандық ішкі істер бөлімі бастығынын саяси-тəрбие жұмыс жөніндегі орынбасары, совхоз партия ұйымының жетекшісі болып істеп келеді. «Қайда болсын партия ісіне адалдығын, зор ұйым-дастырушылық қабілетін нақты істермен танытып жүр. Осыдан үш жыл бұрын осы Сəбит Мұқанов атындағы совхозға партком секре-тары болып сайланғанда ұйым жұмысында кемшіліктер көп бола-тын. Тіпті шаруашылық экономикасының өзі қазіргіден көп əлсіз еді. Аз уақыт ішінде экономика тез өркендеп, партия ұйымының қуаты да жылдам өсті. Əрине, мұнда саяси ұйым жетекшісінің ролі де аз емес.

Ол істі ұйымдық мəселелерді шешуден бастаған. Цехтың пар-тия ұйымы жетекшілерімен, коммунистермен кеңесе отырып, кейбір өзгерістер енгізді. Партия қатарын еңбек озаттары – жа-стар есебінен толықтыруға көп күш салды. Ұйым активистеріне үлкен сенім артып, олардың бастамаларын қызу қолдап отыр-ды. Саяси оқу барысын айрықша қадағалап, коммунистердің жа-уапты жұмыс учаскелеріндегі белсенділігін арттыруға айрықша мəн берді. Осындай жан-жақты əрі жүйелі түрде жүргізілген шаралардың арқасында совхоз коммунистерінің шаруашылық істердегі ықпалы артып, партком жақсы істердің шын мəніндегі ұйтқысына айналды. Қазір жергілікті ұйым есебінде 72 коммунист, 2 КПСС мүшелігіне кандидат бар. Ф.Непомнящий, А.Бірəлин жəне А.Белоусов басқарған цехтық партия ұйымдары шаруашылық ал-дында тұрған бесжылдық міндеттерін шешуде зор роль атқарады. Ал Анатолий Дыкин, Қапсытбай Əбушкенов, Жақсыбай Санды-баев жəне Василий Жежеря сияқты коммунистер – социалистік жарыстың көш бастаушылары. Совхоз партия комитеті науқандық жұмыстар кезінде құрылатын топтық партия ұйымдарына да зор көңіл бөледі. Мысалы, бұл күндері қауырт еңбек қарқынын та-нытып жүрген бірінші жемшөп жинау комплексінің табыстарын-

Page 288: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

288

да Еңбек Қызыл Ту орденді Алексей Жежеря басқаратын партия тобының үлесі мол.

– Науқандық жұмыстарды озық əдіспен – комплексті жүргіз-генде топтық партия ұйымдарына аса жауапты міндет жүктеледі. Бұл топ – өзгелерге өнеге көрсете отырып, оларды биік табыстарға жетелейтін күш. Біз мұндай топтар шаруашылықтың барлық жа-уапты учаскелерінде болуын қадағалаймыз. Бұл реттегі табыста-рымыз да айтарлықтай. Дегенмен сауыншылар арасында ком-мунистердің өте аз болуы қатты ойлантады. Қазір осы бағытта шұғыл шаралар қолданудамыз. Фермаларға жастарды көптеп тар-тып оларды тəрбиелеу, партия қатарына өтуге даярлау үмітімізді ақтайды деп сенеміз,– дейді Саян Қасенов:

Бірде екінші бөлімшеде өндірістік кеңес жүріп жатты. Жұмыс-тағы кемшіліктер əңгіменің негізгі арқауы болды. Еңбек тəртібінің нашарлығы айтылды. Кейбір мамандар өндірісте орын алған кемшіліктерді жедел жоюға мүмкіндік жоқ дегенге дейін барды. Солардың сөзін үнсіз тыңдап отырған Саян сөз алды:

– Жоқ, жолдастар, бүтіндей бір бөлімшенің тағдыры туралы бұлай ұшқары ойлауға болмайды,– деді ол. – Коммунистермен кеңесіп, ауыл азаматтарымен ақылдасайық. Сонда кемшіліктердің сыры тереңірек ашылып, оларды жою жолдары да табылады.

Шынында да, бөлімше тұрғындарын мəдени қызметпен қамту, олардың тұрмыстық жағдайларын жақсарту жайы көңіл толарлық болмай шықты. Тіпті, ауылдағы бірден-бір мəдениет ошағы, жұрт жиналатын басты қоғамдық орындардың бірі – клуб үйі пайдалану-ға жарамсыз күйге келген. Сондықтан да ауыл тұрғындарының, əсіресе жастардың жұмыстан бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жағдай жоққа тəн. Бөлімшедегі цехтық партия ұйымының ықпалы да, өкінішке орай, байқалмайды. Осылардың бəрі бөлімшенің эко-номикалық дамуына да көп кедергі болып келген.

Ауыл тұрғындарымен кеңесу көп ой салды. Көкейге түйгенде-рін кейін шаруашылық жетекшісіне айтты. Нəтижесінде совхоз партия комитеті шаруашылық əкімшілігімен бірлесе отырып, бөлімшеде қалыптасқан жағдайды күрт өзгертуге бағытталған бірқатар пəрменді шараларды жүзеге асыруды жедел қолға алды. Резервтер қарастырылып, табылды. Тұрғын үйлер салу, мəдени жəне сауда қызметін көрсету деңгейін көтеру нақты қолға алын-ды. Коллективтегі еңбек тəртібі нығайды. Адамдарға деген шы-

Page 289: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

289

иайы қамқорлық қайтарымы қашан да жоғары болады ғой. Со-вхоз партия комитеті жетекшісінің ұйтқы болған игі ісі көпшілік қолдауымен тез-ақ қанатын кеңге жайып сала берді. Қарапайым еңбек адамдары, коммунистер ризашылығы шексіз еді.

* * *Міне, біз осы бөлімшеге – Сəбит ауылына таяп келеміз. Ауылға

кіреберістегі кейбірі жаңадан салынып, кейбірінің сырты күйген кірпіштен сұлу өрілген əдемі ақшаңқан үйлер бірден көзге жылы ұшырайды. Сегіз жылдық мектеп үйі мен жаңа клубта алыстан «мен мұндалап-ақ» тұр.

– Əне, анау шеткі құрылыс мана маған өтінішпен келген озат механизаторымыз, Еңбек Қызыл Ту орденді коммунист Зағыпы-ран Есенғалиевке арналып салынып жатқан үй, – дейді Саян.

Ертеңгісін өндірістік-кеңестен шыққан партком секретарына жолығып, осы үйдің құрылысын тездетуге көмектесуді өтінген орта бойлы, сабырлы жігіт ағасы көз алдымызға келді. Оның қазір отырған үйіне бөлімшеге қосылар жаңа жұмыс күші – Зағыпыранның ағасы көшіп келеді екен. Секретарь коммунист өтінішін құп алып, біздің көзімізше бірден құрылыс бригадасы-ның жетекшісімен сөйлесті. Нұсқау берген жоқ. Бірақ жағдайды түсіндіріп айтқаны нысанаға дөп тиіп жатты.

Бөлімшеге келген соң да ол əңгімені есінен шығармай еңбек озатына қамқорлық жасау қажеттігі жөнінде басқарушы А.Сви-чинскийге де, жергілікті цехтық партия ұйымының жетекшісі А.Бірəлинге де арнайы ескертті. Əрине, уəде берген соң оны орындау керек. Бұл – партиялық іскерліктің белгісі.

– Сəкеңнің сөзге беріктігін біздің коммунистер өздеріне өнеге тұтады,– дейді Айдарбек, біздің осы орайда қойған сауалдарымыз-ға жауап бере отырып.

Бұл сөздің ақиқаттығына ауыл пішеншілерінің қарқынды ісі де нақты дəлелдей көрінді бізге. Олар жемшөп жинау науқаны баста-ларда қабылдаған социалистік міндеттемелерін ойдағыдай орын-дап шығуға бар күш-жігерлерін салуда екен.

Жемшөптің берік қорын жасау жөніндегі мəселе шаруашы-лықтың барлық бөлімшелеріндегі ашық партия жиналыстарында талқыланып, нақты міндеттер алдын ала айқындалғаны туралы партком секретары айтқан еді. Оның қағаз жүзінде қалмай, қар-қынды еңбекке қозғау салғанының куəсі болу бізді шын қуантты.

Page 290: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

290

– Айдарбек, пішеншілер арасындағы саяси-бұқаралық жұмыс деңгейі қандай?

Бұл – Саян Қасеновтің сұрағы. Өткен саяси оқу жылын үздік бітірген бірнеше тыңдаушыны осы науқанда арнайы сынақтан өткізу ниетімен саяси хабаршы етіп бекіткен екен.

– Қайныш Мусина мен Тұрсынбек Бірəлин көңілден шыға қызмет етуде. Пішеншілер арасында жиі болады. Плакаттар мен парақшалар, жарыс тақтасы жүйелі шығарылып жүр. Жылжыма-лы қабырға газетін жасау жақсы қолға алынды. Тəжірибелі наси-хатшы Мəкен Қалиевтің ықпалы сезіледі.

– Жөн. Оларың дұрыс болған. Саяси оқу тиімділігінің өлшемі – тыңдаушылардың нақты істері. Сондықтан да олардың еңбектегі жəне қоғамдық жұмыстардағы жоғары белсенділігіне қол жеткіз-генде ғана өткен саяси оқу жылының нəтижелілігі туралы ауыз толтыра айтуымызға болады.

Совхоз партия ұйымының жетекшісі жаңа бір ой ұшығын аңғартып тұр. Иə, саяси тəрбие жұмысының негізі – коммунистер мен партияда жоқтардың белсенділігін арттырып, оларды кол-лектив алдында тұрған нақты міндеттерді шешуге жұмылдыру. Бұл ретте əрбір коммунистің, əрбір еңбеккердің тағдырына жанашырлық, олардың жүрекжарды сезімдеріне ортақтасу ерекше маңызды. Партком секретары Саян Қасеновтің өндіріс мүддесін еңбекшілердің жеке мүддесімен тығыз байланыста қарап, қай мəселенің болсын шешімін осынау ортақ мүдде тұрғысынан іздеуі назар аударарлық. Бұл – тəжірибелі партия қызметкерінің көпшілік көңілінен шыққан жұмыс стилін ерекшелейтін қасиеттердің бірі.

* * *Шаруашылықты аралап болып, Қызыл Тулы коллектив мүше-

лерінің бүгінгі берекелі істерімен жан-жақты танысқан соң совхоз партия комитеті секретарының кабинетіне оралдық. Тағы да пікір алысу. Көкейге түйген ойларымызды өрбітіп, Саян Қасеновтің саяси жетекшілік қасиетінің қыры мен сыры жайында ұзақ əңгімелестік. Ізденістер мен игілікті істер, мүмкіндіктер мен резервтер туралы аз айтылған жоқ. Секретарьды толғандырып жүрген мəселелер көп-ақ. Соның ең бастысы – коллективтің мəдени-əлеуметтік жəне эко-номикалық дамуын уақыт талабына орай жеделдетуге адам фак-торын пайдалана білу, соған ықпал ету. Ал бұл партия ұйымының

Page 291: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

291

беделін көтеріп, коммунистердің коллективтегі жетекшілік ролін арттырғанда ғана жүзеге асады.

Əңгіме аяқталуға таяп қалған кезде телефон шылдырлады. Ау-даннан екен. Жамбыл аудандық партия комитетінің екінші секре-тары Павел Степанович Шамрай хабарласып жатыр.

– Соңғы жаңалықтар дейсіз бе? – Саян алдында жатқан қағаз-дарды жинап алып, деректер тілімен сөйлеп кетті. – Қой қырқуды аяқтап шықтық. Мемлекетке жүн сату жоспары орындалды. Қосымша тағы біраз жүн береміз бе деген ойымыз бар.

– Əбден дұрыс болған. Шын жүректен құттықтаймын! Қызыл тулы шаруашылықтың іс-қимылы, міне, осылай ғана болуы тиісті ғой.

– Рақмет! Құрметті атаққа лайық болуға бар күш-жігерімізді жұмсап-ақ жатырмыз, Павел Степанович. Өзіңіз білесіз, көктемгі егіс жұмыстарының сапасы жөнінде де алдымызға қара сала қой-ған жоқпыз. Соған орай астықтың өнуі де жаман бола қоймас. Би-ыл да былтырғыдай мол астық алуды көздеп отырған жайымыз бар.

– Малдың жайы қалай? Сүт өндіру барысы ше?– Қазір табындағы əр сауын сиырдан орта есеппен тəулігіне он

килограмға дейін сүт сауылуда.– Соңғы күндері көрсеткіштеріңде сəл ауытқу бар. Соның

себебін анықтадыңдар ма? Тағы бір айтайын дегенім – жемшөп əзірлеудегі қарқындарың əзірге айтарлықтай жоғары болмай тұр ғой.

Иə бес күндік жоспарды орындап жүрсіңдер, оған дау жоқ. Бір-ақ əлі де болса мүмкіндіктерің толық пайдаланылмай отырғанын өздерің де білетін шығарсыңдар.

– Біліп отырмыз, əрине. Жағдайды жақсарта түсуге күш са-ламыз. Бүгін сауыншылар арасына барып əңгіме өткізбекпін. Ал пішеншілердің бүгінгі көрсеткіші кешегіден едəуір асып түседі.

– Дұрыс!Əңгіме үзілді. Саян Қасенов: «Міне, өздеріңіз естіп отырсыз-

дар, көрдіңіздер де – күтіп тұрған жұмыстар көп» дегенді көз-қарастарымен-ақ аңғартып, бізбен қоштасты да, өзінің жеңіл ма-шинасына қарай беттеді.

Солтүстік Қазақстан облысы,Жамбыл ауданы,

С.Мұқанов атындағы совхоз.

Page 292: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

292

БАЛУАННЫҢ ҰРПАҒЫ

Аудандық партия комитетінің бірінші секретары Давид Игнато-вич Габриель де оны «өзіміздің Сұлтекең» деп айрықша іш тарта-ды екен. Əсіресе кісілігіне тəнтілігі көрініп тұр. Орақтың алдыңғы шебіндегі коммунист-диқандар қатарында бірінші атап отырып:

– Тұлғасына сай ісі де, мінезі де ірі кісі. Айналасындағыларды адамгершілігімен баурайды,– деп қосып қойды.

Аудан басшысы ілтипатпен атаған азаматпен танысқанша ас-ықтық. Аудандық партия комитетінің екінші секретары Үміт Бектұрғанова бізді Еркіндік ауылына бастап келеді.

– Бұл – «Капитонов» совхозының төртінші бригадасы. Азайса да қатарын бұзбаған қазақ ауылдарының бірі. Қырық шақты үйі бар. Мал өсіріп, егін салады. Өздерін халқымыздың ұлттық мақта-нышы болып саналатын керемет күш иесі, композитор əрі əнші, əйгілі Балуан Шолақтың ұрпақтары ретінде мақтан тұтады,– деп қысқаша түсінік беріп жатыр.

Ауыл маңында шағын өзен бар екен. Қайрақты деп атала-ды. Қыр қуалаған қызбұрым өзендердің бірі. Қыр адамдарының мінезіндей кеуде керіп асып-таспайтын момақандығынан болар, қасына келгенше байқай да қоймайсың.

– Қазір қайраты кеміп, сабасына түскені болу керек. Əйтпесе ел айтатын əңгімелерде өткел бермес өр өзендердің бірі еді,– дейді жолбасшымыз. – Қайрақтының өткел бермес кезінде осы маңда бір ағаш көпір болса керек. Тоғайға өтіп шөп шапқан, шабылған шөпті тасыған ел қарасы көп. Көпір басындағы айғай-шу шағын ауылдың қотанын басына көтереді екен. Көпірге бет алғанда «Айғайға бара-мыз» дейтін болған. Содан ауыл да «Айғай» атанса керек.

...Сұлтекеңді танап төсінде жолықтырдық. Жүріс-тұрысынан да, сөйлеген сөзінен де салмақтылық сезіледі. Дегенмен əңгімесі та-былса арыны басылмастың өзі ме деп те қалдық. Əсіресе еңбектес жолдастары жайында, өзі басқаратын трактор-егіс бригадасының коллективі туралы шешіле сөйлейді.

Бригадада 27 механизатор бар екен. Олардың бəрі де күзгі орақта комбайнға отырып, егін жинайды. Алдын-ала жан-жақты əзірліктің арқасында биылғы науқанды да əдеттегідей ұйым-шылдықпен өткізіп келе жатқан көрінеді. Қарқын да, сапа да жақсы. Белгіленген норма бойынша күніне 12,4 гектар алқаптың астығын жинау керек болса, ипатовтық əдіске сүйенген комплекс

Page 293: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

293

мүшелері түнді таңға ұластырып жүріп, тəулігіне оны 1,5-2 есе орындауды əдетке айналдырған.

Əсіресе коммунист диқандар өнегесі өрелі-ақ. Өткен жылы өз комбайнының бункерінен мың тонна астық қотарған Ақылбек Жақин – тұрақты көш бастаушы. Сол сияқты Еңбек Қызыл Ту орденді егін жинау звеносының жетекшісі Г.Гигерле де одан қа-лысар емес.

– Биылғы астық жорығының тағдыры қиындау соқты. Облыс-тың бірқатар аудандарынан гөрі ылғалға молырақ бөкті деген біз-дің егістіктеріміз де құрғақшылық салмағын айтарлықтай сезінді. Егер қазірі дəнді дақылдардың əр гектарынан орта есеппен 10-12 центнерден өнім жинап жатсақ, ол – ең алдымен жылдар бойы қалыптасқан егіншілік мəдениетінің жемісі,– дейді бізге бригадир.

Егіншілік мəдениеті. Сұлтекең өз сөзінде оған жай салмақ са-лып отырған жоқ. Бригадирлік міндет атқарып келе жатқан сонау 1953 жылдан бергі тəжірибесінен түйгені – астық шығымдылығы тек ауа райына ғана тəуелді емес. Тіпті ауа райының қолайсыз кездерінде де бітік егін өсіруге болады. Бұл оның берік сеніміне айналған. Ал негізгісі – коллективтің нақты жетістіктері. Қайыр-масыз құралдарды кең қолдану мен ауыспалы егіншілік жүйесін толық игеру нəтижесінде жекелеген алқаптарда ғана емес, жалпы гектар берекесін көтеруге жол ашылды. Алысқа бармай-ақ өткен бесжылдықты мысалға алуға болады. Астық шығымдылығы гек-тарына 13,4 центнерден айналды. Жергілікті жағдайда бұл – тəуір көрсеткіш. Үстіміздегі бесжылдықтың алғашқы екі жылында да аудан бойынша айтарлықтай табысқа қол жетуі коллектив мерейін көтере түсер жай.

Ал коллектив мерейі Сұлтекең үшін ерекше қастерлі. Өйткені ол еңбек коллективінің күш-қуатын, тəрбиелік рөлін өз өмір жо-лында терең сезініп өскен жан. Алғаш еңбекке араласуы Ұлы Отан соғысының аласапыран жылдарына дөп келді. Ер-азаматы майданға атанған жарым көңіл жырақ ауылдың еңбек тынысынан да коллектив күші айқын аңғарылатын. Астық қамбаға құйылған соң «Көңіл кетік болса да бір жеңнен қол, бір жағадан бас шы-ғарған ұйымшылдыққа не жетсін, шіркін!» – деп марқайып қа-латын үлкендер жағы. Қиындыққа мойымау, тəртіптілік жəне коллектив мүддесін жеке мүддеден қашан да жоғары қою қасиет-тері оның бойына сол бір сұрапыл кезеңнің басқа да естен кет-пес сабақтарымен қатар сіңді. Сондықтан да бар еңбегін, күш-

Page 294: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

294

жігерін туған жерді түлетуге арнаған қырық жылға жуық уақыт ішінде олардан жаңылған немесе жаза басқан кезі жоқ. Қайта сол қасиеттерді өзгелердің де бойына терең дарытуға ұмтылып келеді.

Ол бригадир болып сайланғанда республиканың солтүстігінде-гі ұлан-ғайыр аймақтың экономикалық мүмкіндіктерін барынша толық игеруге жол ашатын бүкілхалықтық аттаныс жаңа əзірленіп жатқан еді. Келесі көктемде-ақ жүзеге аса бастаған партия жоспа-рына сай Еркіндік ауылына да тың игеруішлер тобы жетті. Еліміздің орталық аудандарынан келген маман-механизаторлар əлі де қатары сирек жергілікті диқандармен қоян-қолтық табысып, селеулі дала-ны болашақ миллиардтар мекеніне айналдыруға ұйымшылдықпен ұштасып кетті. Ал сол ұйымшылдық ұйытқысы болғандардың бірі осы Сұлтекең еді. Ел мен жер жағдайын жақсы білетін, əрі келген-дермен де тіл табысқан ол бригаданың аудандағы озат коллектив-тер қатарынан көрінуіне аз ықпал жасаған жоқ. Қазір сарғыш тар-та бастаған мақтау грамоталары – соның айғағы.

– Біз тағдырымызды сол тың игеру жылдарында қостық. Мен бригаданың аспазы болдым. Əлі жас кезім. Қиындықтарға шы-дамай, қыстығып жылайтынмын. Талай рет жұмысымды тастап кеткім де келді. Сонда осы ағаларың басқаларға да, маған да дем беріп, ақыл-кеңесімен көп көмектесті. Жастығына қарамастан оны бригада түгел сыйлайтын,– деп еске алады Шəйзəт жеңгей.

Зор ұйымдастырушылық қабілет пен нағыз тəрбиешілік қа-сиет – Сұлтекеңнің бір коллективке үздіксіз отыз жылға жуық жетекшілік етуінің басты «құпиясы». Қазір тіпті басқа да бри-гадалардың мүшесі болса да еңбек тəртібін көп бұзып ырыққа көнгісі келмегендерді осы Сұлтекеңнің тезіне салып алу дағдыға айналған. Олар алғашында қанша мөңкігенімен бара-бара брига-дирдің ыңғайына қалай көшкендерін де байқамай қалады. Бағана аудандық партия комитетінің бірінші секретары «ең бір сөз өтпес-тердің де тілін таба алады» дегенде осыған мегзесе керек.

– Солай екені рас. Ел ішінде кейде шет кеткендерді қайырып, бас білгізіп беретін «генерал» деп те қалжыңдайды. Бірақ менің генералдық ештеңем асып бара жатқан жоқ. Бар болғаны коллек-тивтегі əрбір адамның мінез-құлқын, мүмкіншілігін жете танып білуге, соған орай қарым-қатынас жасауға ұмтыламын. Адам де-ген қызық қой. Біреулердің қияңқылығы – өз мүмкіндіктеріне сен-бей салған байбаламы болып шығады. Көздері жетіп, қолдарымен істеп көрген соң қойдан жуас болып шыға келеді,– деп сыр шертеді бұл ретте Сұлтекеңнің өзі.

Page 295: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

295

Бұл, əрине, оның коллективтегі тəрбие жұмысында басшылыққа алып жүрген пайымдауларының бірі ғана. Егер оның осы орайдағы ойларына жіті құлақ түріп, өмірдің өзінен ойып алынған мы-салдары мен талдауларын мұқият көңіл таразысына салса нағыз маман педагог екен деп қалу қиын емес. Кəсіптік-техникалық учи-лище түлегінің рухани əлемін өмір атты ұлы ұстаздың өз тағлымы байыта түскені сөзсіз.

Оның коллектив жетекшісі ретіндегі беделін көтеретін тағы бір жай – қашанда, қай істе болсын көппен қатар жүріп, қажырлы еңбегімен өнеге көрсете алатындығы. Техниканы бес саусағындай біледі. Тоқтап қалған трактордың не комбайнның ақауын таба ал-май айналсоқтап жүрген механизаторға науқан қауырттығын «түсіндіріп» дікіңдемей, көмектесуге бел шеше кірісіп кетеді. Егіс технолологиясын да агрономнан кем білмейді. Тіпті қыс айла-рында қамқорлыққа алып жүрген мал жайынан да жақсы хабар-дар. Жылма-жыл партиялық, саяси оқу жүйесіндегі экономикалық курстардың сабақтарына белсене қатысады. Мақсаты – өздері ай-налысып жүрген шаруашылық мəселелерін тереңірек танып-білу. Өйткені, белгілі бір міндетті орындауға өзгені жұмылдыру үшін алдымен оның қыры мен сырын өзін, терең түйсінуің керек, сонда ғана саған жұрт ереді деп есептейді ол.

Ал Сұлтекеңе бригада мүшелері ғана емес, бүкіл ауылдаста-ры ереді. Арқа тұтар ауыл ағасы деп есептейді. Үлкен де, кіші де өз көңілдерін күпті етіп жүрген жайлар туралы ақылдасуға əзір тұратыны содан. Сондай-ақ цехтық партия ұйымының жетекшісі ретінде де Сұлтекең жалпы шаруашылық өміріне белсенді ықпал етіп келеді. Партия жиналыстарында келелі мəселелер көтеріп, олардың тиімді шешімін табуға ұйытқы болуға ұмтылады. Ол бас-қаратын цехтық ұйым шаруашылық партия ұйымының авангар-ды есепті. Əрине, ауыл шаруашылығының аса жауапты буынына басшылық жасай жүріп, маңызды қоғамдық міндетті де мүлтіксіз атқару оңай емес. Тəжірибелі коммунист үшін ол екеуі өмірінің ажырамас арналарына айналған. Осынау орақтың нағыз қайнаған қызу күндерінде баспасөзге жазылу сияқты екінші бір үлкен сая-си науқанға да тиісті көңіл бөлуге мүмкіндік табуы соның дəле-лі. Сұлтекең қазір қарамағындағы əрбір комбайншының қанша астық бастырғанын қалай жақсы білсе, Еркіндіктегі əр семьяның неше жəне қандай басылымдарға жазылғанынан да сондай хабар-дар. Біреулерге жалғыз істі тиянақтап тындыруға жетпей жататын уақыт оның күн сайын талай жұмыстың басын қайыруына жетеді.

Page 296: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

296

Ал ойда жүрген жаңа істер мен жоспарлары, көңілің мазалаған түйінді мəселелер тіпті көп. Жан дүниесі бай, əдебиет пен мə-дениетіміздің тамаша жанкүйерін қатты мазалайтын нəрсенің бірі – əйгілі жерлесі, бүкіл республика мақтаны Балуан Шолақтың ба-сына əлі күнге бір көрнекі белгі қойылмағандығы. Бұл мəселені сонау бір жылдары аудан басшылары белсене қолға алғандай бо-лып еді, өкінішке орай аяқсыз қалды.

...Сұлтекең үйінің нақ төрінде оның, аудандық Құрмет тақтасы-на арнап түсірілген үлкен портреті ілулі тұр. Кең маңдайлы, кең иықты жайсаң жігіт ағасы жымия қарайды. Омырауында еселі еңбегінің кəдесі – 1969 жылы алған Еңбек Қызыл Ту ордені.

– Шіркін, мына өр кеудеге Алтын Жұлдыз да жарасар еді-ау! – деп қалды қасымыздағы серіктеріміздің бірі. Бұл – оның бар са-налы өмірін халыққа қалтқысыз қызмет етуге арнаған ақиық аза-мат, көш басшы коммунист Сұлтанбек Тəшімовке деген сүйініш сезімі. Ал ондай ілтипат сезімі бəріміздің де бойымызда оянғаны анық еді.

* * *Аудан орталығына қайтып келеміз. Ауылдың абзал азамат-

тарының бірімен кездесуден алған əсер жайында əңгіме əдемі əуендерге ұласып жатыр. Көңілге жыр шумақтары да оралады.

– Бұл қазақта жігіттер бар нарқасқа,Жарқылдаған алмас паДейсің-ау, дейсің сен оны,Айырып кетсе жол басқа...Бұл қазақта жігіттер бар шын тектес,Тұра да алмас шың бұлай.Қасқайып олар тұрғанда,Биіктер сенің тұлғаң да,Миллион мəрте, құрбым-ай.

Егер дəл осы сəтте бізге біреу талантты ақын Төлеген Айберге-нов бұл өлең жолдарын аузын ашса жүрегі көрінетін ақпейіл аза-мат, еңбеккер ел ағасы Сұлтекеңе арнап жазған десе сөзсіз сенер едік.

Целиноград облысы,Макин ауданы.

Page 297: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

297

ӨМІР АРҚАУЫ

Демалыс күні болған соң ба, Қаттай Кеншінбаев əдеттегісінен едəуір кеш оянды. Көңілі сондай сергек, бір халық əнінің əдемі əуенін ыңылдап айта тұрды. Күйеуінің жүзіндегі ерекше сергектік пен жылылықты бірден байқаған Зинаида Александровна соңғы кезде аздап сырқаттанып жүргеніне қарамастан, өзгеше масайрап қалды.

– О не, Қаттай, өзгеше көңілдісің ғой өзің?!– Жай. Жақсы бір түс көрдім. Армандағыдай ақбоз атқа мініп,

ауыл төрінде құмарым қанғанша көсіліп жүр екенмін деймін...Қызықты əңгіме енді бастала бергенде келесі бөлмеден қызы

Лəйланың даусы бөліп жіберді:– Папа, тұрдыңыз ба? Сізді телефонға шақырып жатыр.– Қазір.Достарының бірі екен, Москвадан хабарласып тұр.– Қаттай Бектасович, ертелеу мазаладым білем, ə?..– Жо-жоқ. Біраз жаңалық бар сияқты ғой?– Əрине. «Правданың» бүгінгі номерін қарадың ба өзің?– Жоқ əлі. Үлгергенім жоқ.– Ой, ендеше сүйінші де менікі екен ғой. Құттықтаймын, до-

стым! Сен басқаратын «Союзцелинвод» тресі туралы жылы лебіз білдіріпті.

Əңгіме аяқталған соң-ақ 3 март күнгі «Правданы» алды-рып қарады. Газет мақаласы «Құбыр жолдарына арналған «сна-ряд» деп аталыпты. Жанына келіп отырған жұбайы, қызы – бəрі қосыла құмарта оқып жатыр. «Жаңа агрегат төрт сатылы ра-кета тəрізді, – делініпті. – Алғашқы екі сатысында білік бойы-на құбырдың бүкіл ішкі бөлігін қамтитындай болып орналасқан төрт-төрттен қырғышты қанатша бар. Үшінші жəне төртінші са-тылар поршень қызметін атқарады. Судың күшімен «снаряд» алға қарай жылжығанда, резиналы манжеттер қырғыштар арқылы ау-қымындағының бəрін итеріп шығарып қана қоймайды, сонымен бірге «косметиканы» өздері тəмамдайды да».

– Дұрыс! – дейді ол, жаңа құралдың сыртқы сипатын тілшінің қарапайым болса да түсінікті жеткізе алғанына сүйсініп.

Иə, кез-келген ғылыми жаңалық сияқты, техникалық соны та-быс та өздігінен келе қоймайды. Ізденіс, тағы да ізденіс... Өкініш

Page 298: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

298

те болады. Бірақ бұлар мойыған жоқ, алған істі тастап кетпеді, дə-лірек айтқанда – тастап кете алмады.

Трест қызметкерлерінің кезекті бір мəжілісі өтіп жатыр. Зал-ға өндіріс командирлері, мамандар, озат жұмысшылар, өнертап-қыштар мен жаңашылдар жиналған. Мінбеге көтерілген трест меңгерушісі Қаттай Кеншінбаев жылма-жыл қол жетіп жүрген табыстарға тоқтала келіп, назарды шешуін күтіп тұрған мəселе-лерге арнады.

– Өздеріңіз білесіздер, біздің трест қарамағында республика-мыздың алты облысын, сондай-ақ Алтай өлкесі мен Тюмень облысын қамтитын, ұзындығы 7800 километрлік болат су құ-бырларының жолы бар. Қазір осы үлкен шаруашылығымызда құ-бырлардың істен шығып қалу қаупі көбейіп барады.

Есепке жүгінсек: жыл сайын құбырлардың су өткізу қабілеті 3-5 процент кеміп, кейбір жекелеген учаскелерде бастапқы деңгейден 50 процентке дейін төмендеп отыр. Еліміздің бірнеше ғылыми-зерттеу институтынан көмек сұрадық. Əзірге көңіл қуантарлық ха-бар болмай тұр. Сондықтан да бұл мəселе қай-қайсыңыздың бол-сын назарларыңызда болуы керек. Ұшқыр ой алмайтын қия жоқ. Сіздердің зерттеу лабораторияларыңыз – өмірдің өзі.

Бұл осыдан төрт-бес жыл бұрын болған-ды. Əңгіме, əрине, ешкімді де шет қалдырған жоқ., Ең алдымен Қаттайдың өзі ғы-лыми-техникалық əдебиетке көбірек үңіліп, қайда жүрсе де су құбырларын тазарту жөніндегі жаңалықтарға ерекше елеңдей-тін болды. Орталық қалалардағы мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттарының табалдырығын да жиі аттай бастады. Тіпті шетелдік фирманың аппараттары туралы естігенде солар-мен танысуға ынтықты. Командировка алмасты. Əйтеуір, не керек, ойға алған мəселе шешілгенше өзіне де, өзгеге де маза берген жоқ.

* * *Оның өмір жолы осыдан дəл жарты ғасыр бұрын Булаев ауда-

нына қарасты «Молодежный» совхозындағы Қызылту атты ша-ғын қазақ ауылында басталған. Бір жасқа толмай жатып əкесінен, алтыға шыққанда анасынан айрылған сəби жан шуағы мол, мейірімді ағайыны Дайрабайдың семьясында өсті. Əсіресе, шын аты Ғалия болса да, адамдық асыл қасиеттері үшін ауыл-аймақ түгел Дөкей атап кеткен Дайрабай əйелінің аналық ықыласына ерекше қарыздар.

Page 299: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

299

Балалық шағының табан ізі қалған ауылымен қимай қоштасқан аласа бойлы, бірақ мақсаты биік Қаттай еш қиындыққа қарамастан Көкшетау қаласына аттанды. Ойы – сондағы педагогикалық учи-лищеге түсу, асыл арманына айналған ұстаздық мамандығын алу. Дегенмен, бірінші сентябрьде ол училище аудиториясы-нан емес, сондағы қазақ орта мектеп-интернатының 8 класынан бір-ақ шықты. Орыс тіліне мүлдем шорқақ баланың таудай та-лабын қайтаруға қимаған емтихан қабылдаушылар артық баға қоймағанымен, осылай жөн сілтеген.

Қыр баласына бейтаныс қала қарекеттері, облыс орталығын-дағы ең жақсы мектептердің бірінде таңдаулы ұстаздар алдынан тəлім алу Қаттайдың арманшыл көңілін шарықтатып, өзіне байқа-ла қоймайтын белгілерімен есейте берді. Мектеп-интернат – Қаттай өмірінің өзгеше бір баспалдағы болды.

1947 жылы орта мектепті үздік бітірген Қаттай Кеншінбаев өзіндей төрт өрім жаспен бірге Барнаул қаласына аттанды. Бұлар партиямыз бен үкіметіміздің ұлт кадрларын даярлау жөніндегі нұсқауына сай арнайы жолдамамен жіберілді.

Институтты жақсы бітірді. Оның үстіне КПСС мүшелігіне кандидат болып өткен, бой-бітімі де, рухани жағынан да толы-сып өскен жас маман Томск қаласына инженер-механик болып жіберілді. Осында алғашқы еңбек жолы басталды. Жары Зинаида Александровнамен кездесіп, көңіл қосты.

* * *Қаттай партия шақыруына орай тың жəне тыңайған жерлерді

игеруге өз еркімен аттанған алғашқылардың бірі болды. Тіпті осы қозғалысты бастаушылардың бірі ретінде суреті облыстық «Красное знамя» газетінде басылды. Ол Томскіден 300 шақы-рым жердегі Колпашов ауданында еңбек етті. Машина-трактор шеберханасының меңгерушісі болды. Жұмысқа жанын салатын, адамгершілігі мол жас жігіт көп құрметіне бөленді. Ал оның ту-ған жерге оралуы 1959 жылдың март айында.

Алда – туған ауыл. Жүрдек поездың өзі тым шабан жүріп келе жатқандай. Жүрек алып ұшады. Осыны сезген Зина да рия-сыз жымиып қояды. Өзіне бəрі таңсық. Шексіз-шетсіз далаға да, ақ қайыңды ормандар шоғырына да, айдын көлдерге де қызыға қарайды. Сенімі алдамаған екен: Қаттайдың ауылына да, ауылда-старына да бірден бауыр басып кетті.

Page 300: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

300

Қанаты қатайған, томағасы берік қырандай болып, өскен ұяға өскелең ойлармен оралған жас маман мұнда да өз орнын тапты. Білімді де жігерлі жігіт тез өсті. Облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылық бөлімінің нұсқаушысы болып істеді. 1964 жылы елімізде алғаш рет Қазақстанның бес облысында құрылған мал фермаларының жұмысын механикаландыру жөніндегі арнаулы басқарманың Солтүстік Қазақстан облыстық бөлмішесін басқар-ды. Оның тез қалыптасып, таңдаулылар қатарына қосылуына көп еңбек сіңірді. Су шаруашылығы мəселелерімен де алғаш осы қызметте жолықты. Мал фермаларындағы қол еңбегін механика-ландыруда суды жылытып беру, автосуарғыштар орнату айрықша орын алады. Оларды жасап, жұмысқа қосу ойдағыдай жүзеге асырылды. 1967 жылы Қаттайға облыстық мелиорация жəне су шаруашылығы басқармасына жетекшілік ету тапсырылды. Екі жылдан соң қазіргі қызметі – «Союзцелинвод» басқармасының бастығы болып бекітілді.

Уақыт шіркін жүйрік-ақ. Ол жəне жаңа проблемаларды да ерте жүреді. Қаттай көңілін мазалаған су құбырларын тоттанудан сақтау мəселесі де – өмірдің өзі алға қойған сондай проблемалардың бірі.

* * *Қаттай қателеспеген екен. Шешімін іздестіріп жүрген мəселе-

мен іс жүзінде ұшырасқан трест жаңашылдары мен өнертапқыш-тары белсендірек болып шықты. Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты лабораториясындағы талдаулар су құ-бырларының өткізу қабілетін кемітіп, бүлініске ұшырататын іш-кі тоттану екендігін анықтаған соң-ақ оны механикалық жолмен тазалауға арналған жабдықтар үлгісін жасау басталды. Бұл ретте Булаев топтық су құбырлары жүйесін пайдалану басқармасының мамандары ерекше елең еткізді.

Басқарманың бас инженері Э.Реммих трест басшысына арнайы келді.

– Қаттай Бектасович, біз құбырды арнаулы «снарядтар» арқылы тазалау керек деген шешімге келдік.

– Сонда олардың формасы, жұмыс істеу принципі жəне қандай материалдан жасалатындығы жөнінде тиянақты пікірлерің бар ма?

– Міне, осы орайда тікелей сіздің көмегіңіз қажет болып тұр. Біз мынадай чертеж жасап едік...

Page 301: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

301

Трест меңгерушісінің жүзі қуаныштан бал-бұл жанды. Бірден Э.Реммих əкелген жобаларды қарап, кей жерлеріне қарындашымен белгі соғып, екеуі қызу пікір алыса бастады. Түзетулер, жаңа ұсы-ныстар да туып жатыр. Ең бастысы – оларды бұл идея берік баураған еді. Творчестволық іс-қимыл бірлестігі осылай басталып еді. Эду-ард Эдуардовичтің жоғары білімі болмаса да мол тəжірибесі жəне Қаттай Бектасұлының терең теориялық дайындығы, техникалық сауаты жаңа құралдың жақсы жобасын жасауға ғана емес, оның жұмыс принциптерін ғылыми негіздеуге мүмкіндік берді.

Ізденіс нəтижесі күткеннен əлде қайда асып түсті. Алғашқы құбыр қуысының түрлі диаметріне арналып жасалған ТОА –100, ТОА–150, ТОА–600, ТОА–700 «снарядтары» сынақтан сүрінбей өтті. Өте жоғары бағаланды. Арнаулы комиссия оларды «пайда-лану мүмкіндіктері жоғары екендігін танытты жəне барлық су құбырлары басқармаларында пайдаланылуға ұсынылады» деп бағалады. Кейінірек бұл «снарядтардың» су құбырлары үшін ғана емес, мұнай жəне газ құбырлары үшінде пайдаланылу мүмкіндіктері айқындалды. Москва Гидромелиоративтік институ-ты мен «Союзглавсельхозводоснабжение» бас басқармасы сияқты бірнеше одақтық жəне республикалық ұйымдар да жаңалықтың аса тиімді екендігіне назар аударды.

Шынында, өнертапқыштық ұсыныстың пайдасы еліміздің ха-лық шаруашылығы үшін орасан зор екен. 1977–1978 жылдары «Союзцелинвод» тресінің шеберханасында жасалып, іске қосыл-ған 39 «снаряд» арқылы 539 километр тораптық су құбыры желі-сіне жүргізілген тазарту кемітілген коэффициентпен есептелген-нің өзінде 748 мың сом пайда берді.

Сөйтіп, елімізде тұңғыш рет құбырларды тазарту мəселесі ой-дағыдай шешілді. Оның үстіне осы су құбырларын тазартудың жаңа əдісін жүзеге асыруға байланысты тағы да 16 жаңашылдық ұсыныс авторлық куəлікке ұсынылды. Ал жаңа агрегаттарға заказ-дар еліміздің түкпір-түкпірінен түсуде. Өйткені, осы уақытқа дейін 80-нен астам «снарядты» пайдаланып, 1598 километр су құбырын тазартудан 3 миллион сомнан астам пайда алуының өзі кейбі-реулердің күдігін су сепкендей басты.

Бұл жаңалық су құбырларын қолдану мерзімін көп ұзартуға жəне ауыз судың сапасын жақсарта түсуге, тұрғын халықты ауыз сумен тұрақты жəне толық қамтамасыз етуге, су шаруашылығы-

Page 302: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

302

ның басқа да бірқатар мəселелерін шешуге мүмкіндік берді. Осы əдіс бойынша құбыр тазарту бүкіл жүйенің ешбір бөлігінде су бе-руді тоқтатпай-ақ жүргізуге жағдай туғызды.

Жаңашыл көңілі қашан тоят тапқан. Қаттайды да тың ізденіс-тер шақырғандай. Оның ойын осыдан шамасы екі ғасырдай бұрын тартылып қалған Қамысақты өзенінің арнасын толтырып, халық шаруашылығы үшін маңызы айтарлықтай Иманбұрлық-Тораң-ғұл каналын салу жайы толқытады. Кім біледі, уақыт өткен соң жаңашылдың осы бағыттағы өнертапқыштық табыстарына тағы да қол соғатын болармыз.

* * *Ол қаланың Ленин атындағы орталық көшесімен жұмыстан

қайтып келеді. Айналасындағының бəрі де өзіне əбден үйреншікті болып кеткен жəйттер. Таныстары амандасып, əңгімеге үйірілісіп жатыр. Шіркін, өзіңді түсінетін, қуанышыңа да, ренішіңе де шын жүрегімен ортақтасатын жандардың мол болғанына не жетсін. Əрине, адамның жан дүниесіне еніп, оның көңілін де өз көңіліндей тану қиынның қиыны. Өзі бірнеше жыл бойы басқарып келе жат-қан одақтық маңызы бар тресте де сан мыңдаған адамдар жұмыс істейді. Қилы-қилы мəселелермен алдына келетін адамдардың жүрегіне терең үңіліп, сырын барлағанда мінездері де, мақсаттары да əрқилы екенін байқап жүр. Бірақ коллектив жетекшісі ретінде бұл солардың қай-қайсысының болсын тілін табуы керек. Ойлап қараса, жаңалық ашудан да қиын тəрізді. Тіпті, солардың əрбірінің көңіл кілтін табудың өзі жаңалық қой. Сондықтан да, үлкен өмір мектебінен өткеніне қарамастан, ол өзін əлі де болса адамтану атты мектептің бастауыш кластарында жүргендей сезінетіні бар.

Адам жаны қандай нəзік. Мына аспанның бұлтсыз ашықтығы да көңіл қошын туғызып, жансая тыныштыққа бөлейді. Əсіресе балалық шағының бейкүнə биігін соғыс атты аждаһа басқан Қат-тай үшін бұл сезім өзгеше ыстық.

Ол өз-өзінен əнтек жымиып қойды. Москвадағы бір ғалым до-сының сөздері ойына оралғаны. «Солтүстік Қазақстан облысын су-ландыру туралы əңгіме өрби қалған жерде,– деп еді ол,– ондағы су құбыры жүйесімен қамтылған əрбір елді мекенге жеке-жеке жа-лау қадап, ғарыштан көз салса, тамаша көрініс көз алдыңа келер еді деп мен жиі қайталаймын». Шынында, дұрыс айтылған. Толық

Page 303: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

электрлендіріліп, механикаландырылған облыс территориясы таяу жылдары толық суландырылады да.

Қаттай Бектасұлы суландыруды өмір арқауындай көреді. Осы-нау маңызды іске бар күш-жігерін, білімі мен құштарлығын арнап келе жатқан абзал ағаның кеудесінде қазір Отанымыздың жоғары наградалары – екі бірдей Еңбек Қызыл Ту жəне «Құрмет белгісі» ордендері жарқырайды. Халқына қалтқысыз қызмет көрсетіп жүр-ген жаңашылдың еңбегіне деген ел құрметі ғой бұлар.

Петропавл қаласы.

Page 304: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

304

ДОС ҚҰШАҒЫ АЯЛЫ

Атамекен қырлары қол бұлғап қалып жатыр. Сыланған сұлу қайыңдар да сəт сапар тілегендей вагон терезелеріне телміре қарай ма, қалай. Бір кездері көсем өткен болат жолдың бойымен батысқа карай бет алған біз де оларға ойлана қараймыз.

Алда – РСФСР-дің Қорған облысына қарасты Петухов ауданы. Осыдан он жыл бұрын басталған дəстүрлі жарыстың өткен жылғы қорытындыларын шығарып, жаңа шарттарға қол қою үшін біздің Мамлют ауданына келген делегация мүшелерінің:

– Бауырлас қазақ халқының көрші ақысын қалай құрметтей-тінін жақсы білеміз. Сондықтан да қазақстандықтарға, əсіресе солтүстік қазақстандықтарға деген ықыласымыз бөлек,– деген жүрекжарды сөздері еске түседі. Асыққан көңіл шіркін достар құшағындағы кездесу сəттерін көз алдымызға елестетіп, сезімді сан-саққа жүгіртеді.

Аттанар алдында халық депутаттары Мамлют аудандық Со-веті атқару комитетінің председателі Ж.Əйкеновпен арнайы хабар-ласқанбыз.

– Барған жерлеріңізге біздің де ыстық сəлемімізді жеткізіңіз-дер. Жарыс мұраты – табыс. Жыл басы аудан еңбеккерлері үшін жеңіл болмаса да, жеміссіз болған жоқ. Жарыстас көршілерімізге де тілеріміз – тек сəттілік. Үйренерлік, үлгі етерлік жағынан аңда-ғандарыңызды аманаттай көріп ала қайтсаңыздар алғыстан басқа айтарымыз жоқ,– деп сөз соңында өзімізге салмақ салды.

* * *Аудан орталығы əжептəуір көз тоқтатар кіші қалалардың бірі

екен. Тас төселген түзу көшелер, бес қабатты биік үйлер бірден көзге түседі. Ірі-ірі мəдени-сауда орталықтары бар. Тарихи ескерт-кіштер арасында ұлы көсеміміз В.И.Ленинге арнап Зауральеде тұңғыш қойылған ескерткіштің орны бөлек. Қалада бүкіл аудан тұрғындарының жартысына жуығы тұрады екен.

Сондықтан да қаланың аудан экономикасындағы үлесі де айтар-лықтай. Үлкен алты кəсіпорын жұмыс істейді. Олардың қатарында теміржол жабдықтарын жасайтын құю-механика заводы, сүт өнім-дері комбинаты, элеватор жəне жол дистанциясы басқармасы бар. Бұл кəсіпорындардың қуаты Петухов ауданының облыстағы басқа да 22 аудан арасында алдыңғы лекте аталып жүруіне себепші болған.

Page 305: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

305

Бізді аудан өміріне байланысты деректермен таныстырып отыр-ған аудандық партия комитетінің екінші секретары Е.Василюк осыларды атай келіп:

– Ертеден келе жатқан жан-жақты байланыстардың барлық са-лалары сияқты, экономикада да көршіміз – қазақстандықтармен байланысымыз өте тығыз,– деп бір түйді.

– Евгений Григорьевич, осы ойды нақтылай түссеңіз,– дейміз əңгіме арнасы аумасын деген мақсатпен.

– Онда санай беріңіз. Алдымен біз электр қуатын Петропавл жылу-электр орталығынан аламыз. Су да сондағы «Союзцелин-вод» тресі салған құбырлармен жеткізіледі. Осы екі мысалдың өзі-ақ көп жайды аңғартса керек. Өзара тəжірибе алмасу тағы бар. Бұл ретте əсіресе өзімізбен жарыстас Мамлют ауданымен байланысы-мыз берік. Мысалы, мамлюттіктердің сүт өндіру тəжірибесімен жете танысу шаруа-шылықтың бұл саласында едəуір оң қадамдар жасауға мүмкіндіктер берді,– деді секретарь.

Ауданды аралау кезінде көңілге түйген жайлар көп-ақ. Біз болған шаруашылықтардың бірі – «Раздольный» совхозы. Онда əсіресе егіншілік жақсы дамыған. Дəнді дақылдар шығымдылы-ғы жылдан-жылға тұрақты өсіп келеді. Ауа райы қолайлы болған жылдары астық өнімділігі гектар басы 20 центнерден де асып жүр. Механизаторлар нарядсыз жүйемен жұмыс істейді. Көктем-гі егіс жəне орақ науқандары ипатовтық əдіспен жүргізіледі. Осы шаруашылықтың бөлімше агрономы, «Құрмет белгісі» ордені мен «РСФСР-дың еңбек сіңірген агрономы» атағына ие болған Лидия Федоровна Чичкановамен əңгімеміз ерекше есте қалды.

– Біздің бөлімшенің егінжайлары қазақстандық «Стаханов» совхозының егіс танаптарымен қанаттас жатыр. Сол шаруашы-лықтағы Социалистік Еңбек Ері В.Шатохинді біздің диқандар да ұстаз тұтады. Əйгілі тыңгер басқаратын трактор-егіс бригадасы-ның тəжірибесін үнемі қадағалап, үйреніп жүреміз. Ауыспалы егіс жүйесін терең үйренуімізге де тың төсі тарландарының өнегесі игі ықпал етті. Содан соң жауапты ауыл шаруашылық науқандарын-ың қай-қайсысында болсын көршілік парызбен қол ұшын беру екі жақ үшін де игі дəстүрге жалғасқан,– дейді ол.

Осы тектес əңгіме петуховтықтардың орынды мақтанышына айналған «Аюлы көл» («Медвежье озеро») курортында кең өрбіді. Одаққа танымал болып қалған бұл демалыс-сауықтыру орнында қызылжарлық құрылысшылар қолтаңбасы тіпті көп екен.

Page 306: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

306

– Мұндағы маңызды құрылыстардың денін «Петропавлсксель-строй» басқармасының құрылысшылары салған. Мына көп қабат-ты тұрғын үйлер де, ана фонтандар аллеясы да солардың қолымен жасалған,– дейді курортта 1964 жылдан бері еңбек етіп келе жат-қан прораб В.Ивлев ризашылықпен. Василий Кириллович 1956–1963 жылдары Қарағанды қаласында тұрыпты.

Курортта алпыс шақты қазақстандық бар екен. Бұл жерде сол сияқты Петухов қаласындағы ауыл шаруашылығын механика-ландыру мен электрлендіру техникумында, автомобильшілер мек-тебінде оқитын жерлес жастарды кездестіргенімізді де айта кетуге болады. Олар өскен өңірге өрелі маман болып оралады.

* * *Буранное селосына күн еңкейе келгенбіз. Төңірек түн торғыны-

на тұмшаланып, қараңғылана бастағанымен, көше шамдарының жарығы самаладай. Ұшқыр «УАЗ» шеткі көшелердің бірін бойлай тура товарлы сүт фермасына қарай тартты.

Жүзі бал-бұл жанған орта бойлы қыз ескі танысымыздай өзін еркін ұстап, əңгіме арнасына тез түсіп кетті. Өзі туралы да, өзгелер туралы да шешіле сөйледі. Еңбекке 1973 жылы араласқан екен. 1977 жылдан бастап анасы Зинаида Павловнаның жолын қуып сауыншы болыпты. ВЛКСМ мүшесі Нина Васильева қазір біздің Мамлют ауданындағы «Покровский» совхозының орденді сауын-шысы, КПСС мүшесі Элла Риспен жарысады.

– Элла Эгидовнаның көрсеткіштері қалай екен? – дейді сауын-шы қыз көкейін тескен сұраққа жауап алғанша асығып.

– Қазір күн сайын əр сиырдан 8 килограмнан асыра сүт сау-ып жүр, – дейміз бұл сауалдың қойыларын алдын-ала сезгенімізді аңғартып, тез жауап беріп.

– О, о, тамаша! Қыс айларында бұлай сауса, жазда қайтер екен?– Жасқанып қалғаннан саумысыз? – дейміз əзіл араластырып.– Жо-жоқ. Сүйсінгенім ғой. Менің көрсеткіштерім одан тө-

мендеу. Оларда сүт өндірудің цехтық системасы жақсы жолға қойылған, жемазықты нəрлендіріп берудің тиімді тəсілдері кең қолданылады екен. Тəжірибелерімен танысқанда шын риза бол-дық. Біздің жарыс басталмай жатып, бұғар жайым жоқ. Қайта жеңіп шығуға деген ниетім зор.

Ұлы Отанымыздағы ынтымағы жарасқан сан ұлт өкілдері сияқты

Page 307: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

307

өзінің белсенді өмірлік позициясын еңбектегі еселі табыстарымен танытып жүрген Нина Васильевамен біз осылай таныстық. – Нина – біздің аудан жастарының мақтан тұтар шамшырағы. Бірақ оның өмірбаянын бүкіл аудан жастарының тыныс-тіршілігінен, оның еңбек жетістіктерін бесжылдықтағы барша жастар қолтаңбасынан бөліп қарауға болмайды,– дейді əңгіме тиегін ағытқан аудандық комсомол комитетінің бірінші секретары Яков Гапонов.

Петухов аудандық комсомол комитеті мен біздің Мамлют аудандық комсомол комитеті арасында да тығыз байланыс бар. Жас өндіріс озаттары слетіне делегация алмасу дəстүрге айналған. Өзара спорт сайыстары мен өнер жарыстары өткізіліп тұрады. Тұрақты тəжірибе алмасылып жүр.

– Мамлюттіктерде үлгі алар өнегелі істер көп. Мысалы, онда өріс алған сауыншы жігіттер қозғалысы біз үшін мүлдем жаңа іс. Сол сияқты бізде əлі механизатор қыздар да жоқ. Оларда спорт жұмысы жақсы жолға қойылған. Өзара сайыста жиі жеңіп кетіп жүр. Əрине, олардың бізден тағылым етіп жүргендері де аз емес,– дейді Я.Гапонов.

Бір қызығы, оның өзі де бізге жерлес болып шықты. Петропавл-да туыпты. Теміржолшы ата-анасы жұмыс орнын ауыстырғанда Петухов қаласына келген екен.

* * *Орта бойлы, мығым денелі осынау жанды алпыстың бел орта-

сынан асқан дегенге сене қою қиын. Өзі ғана емес, ширақ қимылы мен сөйлеу мəнері де ақсақалды əлі жас көрсетеді.

– Құрметті еңбек демалысына шыққаныма біраз болғанына қарамастан, жұмыстан қол үзгенім жоқ. Қазір осы аудан орта-лығындағы «Курганколхозстрой» бірлестігінде күзетшімін. Қарап отыру қиын, – дейді Зекең. Аңқылдап бастырмалата сөйлейтін əдеті бар екен.

– Жайшылықта қолды-аяққа тұрмайтын мазасыз мінезіңмен үйде отырып қалсаң, біздің көрер күн не болар еді,– деп əзілдейді жасында көрікті жан болғандығы білініп тұрған Күлзи жеңгей. Бо-йында көргенді жанға тəн əдептілік пен кісі сыйлауға деген табиғи бейімділік қатар қона қалғандай екен өзі.

– Мазасыз екенім рас. Бірақ ешкімге зияным болған емес. Со-нау 1929 жылдан осында – алдымен мына «Раздольный» совхо-

Page 308: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

зында, 1965 жылдан бері Петуховта тұрып келемін. Бөтен жерде жүр дейтін емес. Достарым көп. Еңбегім де бағалы.

Зейнүр Зікіриянов ақсақалдың туған жері Солтүстік Қазақстан облысындағы Ленин ауданына қарасты Өрнек ауылы екен. (Жеңгей сол облыстың Жамбыл ауданындағы Баян аулынан). Қорған жеріне көшіп келген соң, құрметті еңбек демалысына шыққанша мал бағумен айналысқан. Еңбектегі бақытын туысқан республика жерінде тапқан Зекең мен Күлзи жеңгей төрт бала өсіріп тəрбиелепті. Олардың бəрі де ержеткен. Үлкені Көшербай – механик, ақсақалға немере сүйгізіп отыр. Үмітжан – есеп қыз-меткері, Петропавл қаласында қызмет істейді. Тойжан да – сонда белді мекеменің бас бухгалтерінің орынбасары, Балкені өздеріне жақын Макушин ауданында дəрігер.

– Біз мұнда тамырды тереңге жібердік, қарағым. Қазір мынау өлкетану үйірмесі мүшелерінің көбі осы Петухов өңірінің тарихы туралы менен сұрап, жазып алып жүр.

Осы сөздерді айтқанда біздің көз алдымызға өзіміз кезде-скен «Раздольный» совхозындағы Уақпаевтар əулеті, Энгельс атындағы колхоздың аға шопаны С.Сейдахметов, суворовтық Б.Мыңжасаров, «Заря коммунизма» колхозының жүгері өсірушісі Б.Фазилетдинов, аудандық аурухананың бас терапевті Р.Жүсіпова жəне басқалар келді.

Жол-сапар аяқталып қайтып келеміз. Алда – атамекен, арт-та – көршілер. Біз соңымызға қарай беретіндейміз. Мұндайда «қимасың қалып бара ма?» деуші еді ғой. Біздің көз алдымыз-да – аудандық партия комитетінің секретары Е.Василюк, агроном Л.Чичканова, сауыншы қыз Нина Васильева, Зейнұр ақсақал жəне басқалар – осы жолсапарда жүзтаныс қана емес, ет-жақын болып қалған көрші республика адамдары. Достар құшағы қандай кең еді!

Петропавл (Қазақстан) – Петухово (РСФСР)

Page 309: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

309

�ШІНШІ Б�ЛІМ

�ЗАСТАНА

Page 310: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

310

Бұл кітаптың тек қазақша нұсқасы берілген.

Page 311: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

311

Автордан

Осызаманғы өркениетті мемлекет құру – қай халықтың болсын қабырғасын қайыстырып, елдігін сынға салар ерек-ше құбылыс. Ол сан тарапты саяси, экономикалық жəне мəдени-əлеуметтік мүдделерді қамтитын аса ірі реформа-ларды жүзеге асыруды көздейді.

Бұл жиырмасыншы ғасырдың аяғында көне қазақ жерінде ежелгі елдік мұраттарға қол жеткізу бағытында жасалып жатқан ұлы өзгерістерге де қатысты. Осы рет-те астана ауыстыру жөнінде шешім қабылдап, оны қысқа мерзімде батыл жүзеге асыру, сөз жоқ, тарихи ерлік дерлік қадам.

Жаңа астанаға қатысты ойларымыз əр кездері бұқа-ралық ақпарат құралдары арқылы жарияланып, көпшілік назарына ұсынылған болатын. Өлең болып өрілгендері де бар. Оларға белгілі композиторлар Жоламан Тұрсынбаев пен Марат Омаров бірі – кантата, бірі – əн жазды. «Арман қала – Астана» əні Марат жəне Зарина Омаровалардың орындауында жаңа елорданың байғазысына айналып, оның 1998 жылғы 10 маусымдағы тұсаукесер салтанатының музыкалық шашуындай болды. Шетелде арнайы «ал-тын дискіге» жазылды, халықаралық «Азия дауысы» фес-тивалінде шырқалып, республикалық радио мен теледидар арқылы жұртшылыққа кең таралып кетті.

Егемен елдің ертеңіне деген үкілі үміттің бойтұмарындай болған бас қаламызға байланысты халқымыздың ұлы аңсарлары орындалатынына кəміл сенемін.

12 мамыр 1999 жыл

Page 312: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

312

XXI ғасыр қаласы(тарихнамалық деректер)

Тəуелсіз Қазақстанның елордасы – Астана қаласы. Ол кеңбайтақ Отанымыздың жүрегінде, халқымыз қасиет тұтып, қастерлеген қасиетті Сарыарқадағы Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Ауа райы – шұғыл континентальды: қаңтар айындағы орташа темпе-ратурасы 17,4 градус суық болса, шілдеде бұл көрсеткіш 20,3 градус жылыға дейін көтеріледі. Жыл бойына орта есеппен 335 мм қар мен жаңбыр жауады.

Қаланың негізі 1832 жылы қаланған. Сол жылы патшалық Ре-сей Қараөткел өңірінде Ақмола округтік приказын ашып, оның орталығын Ақмола деп атау жөнінде шешім қабылдайды. Кейін бұл əскери бекет округтік қала (1863), уезд орталығы (1868) атанды. 1961 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгертілді. 1960-1965 жылда-ры Ақмола облысының жəне тың өлкесінің орталықтары болды. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.

1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап, Ақмола қаласы тəуелсіз қазақ мемлекетінің астанасына айналды. 1998 жылғы 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

Жаңа елорда тəуелсіздігіміздің тірегі, қолға алынған ұлы рефор-малардың ұйытқысы жəне жиырма бірінші ғасырдағы жаңа елдік бол-мысымыздың рухы мен бейне-бедерін қалыптастырушы орталыққа айналуға тиіс. Оның бағын көтерген тəуелсіздік идеясы.

Ел төріне ту тіккен жаңа елорда – айрықша нышандық құбылыс. Оны қазақ елінің өз тағдырына деген өз жауапкершілігін толық сезіне отырып қабылдаған XX ғасырдағы аса ірі саяси таңдауы ретінде ғасыр қолтаңбасы деп атауға да əбден болады. Ол XXI ғасырға əлемдегі ең жас елорда болып, ал тарихқа – бодандық бұғауын үзген қазақ елінің тəуелсіздік астанасы болып енеді.

Астана – XXI ғасыр қаласы. Жаңа астана тағдыры жас ұрпақ тағдырымен, жастардың арман-үмітімен тығыз байланысты.

Page 313: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

313

ЖАҢА АСТАНАжайлы ұйғарым - мемлекеттік мұраттармен,

ұлттық мүдделермен үндес ұлы идея

Жаңа тұрпатты мемлекеттің негізін қалау үлкен өзгерістерден үрікпейтін жаңашылдықтың үстіне жойқын реформаторлық қадам-дарды талап етеді. Соған орай, бүкіл қоғамдық күштер қозғалысқа келетін, бұрынғы қалыптасқан көзқарастар мен құндылықтар қайыра сарапқа түсіп, өзгеріске ұшырайтын мұндай өліара кезеңде нағыз шынайы реформатор билеуші ғана көш бастай алатындығына əлем тарихы куə. Ұлы Петрдің орыс қоғамында, кемеңгер Кемал Ататүрік-тің түрік жұртында жүзеге асырған жаңалықтарын еске түсіріп көріңіз. Замандастарының бірі түсініп, бірі түсіне алмаған, бірі мойындап, бірі мойындағысы келмеген, бірақ кейінгі ұрпақтары көрегендік деп бағалап, бастарын иген ұлы істері қаншама!

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі ізашарлық ірі қадам-дарының табиғаты да осы тектен екендігін ашық айту керек. Бұл – қазіргі болмыс-бітімімізді əділ бағамдап, алды-артымызға сергек көз салу үшін қажет. Ой таразысын осы тұрғыдан тарту əлеуметтік-жауапкершілік салмағын тереңірек сезінуге көмектеседі.

Осы орайда жаңа астана тұрғызу жөніндегі ұйғарым мемлекеттік мұраттармен, ұлт мүддесімен үндес ұлы идея екендігіне ерекше назар аударған жөн дер едік. Ол – мемлекеттік тəуелсіздігіміздің іргетасын нығайта түсуге бағытталған əрі əлемдік даму тəжірибесі нəтижесінде айқындалған заңдылықтарға сай жасалған аса батыл қадам.

Əрине, мұндай күрделі шешім бірден баршаның «лəппай тақсыр-лық» қолдауына ие бола қояды деп күту беріге салғанда барып тұрған аңғалдық болар еді. Тіпті, белгілі бір құбылысқа қоғам мүшелері та-рапынан əрқилы пайымдау түрінде назар аударылуы əбден қалыпты жағдай. Оның үстіне елдің болашағы, халық тағдыры жəне тəуелсіз мемлекеттің даму заңдылықтары деген ұғымдар арқылы бедерленетін объективті ақиқат қоғамдық сана деңгейінде бойға сіңбейінше субъективті көзқарас алға түсе беретіндігін де естен шығаруға бол-майды. Яғни, əркім мəселеге өз жағдайы тұрғысынан қарап, əбден еті үйренген стеоротиптерге, белгілі бір жайлылықтарға деген қимастық жетегіне еріп, жəне көп күш-жігер жұмсап қол жеткізген қоғамдық мəртебесін жоғалтып аламын-ау деген қорқынышын жеңе алмай қиналады. Екіүдай күй кешеді. Кейде қисын иландырғанның өзінде

Page 314: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

314

қарапайым түйсіктер кері тарта береді. Бұл үшін жазғыру қиын. Бірақ қоғам дамуына қажетті алғы шарттардың бірі болып табыла-тын, мемлекеттік мүдде талаптарына орай қабылданатын шешімдерге қара бастың қамы, күйкі тірліктің күйбеңі деңгейіндегі дəлелдерді көсеулете беру азаматтыққа жатпайды. Мысалы, «Ақмолада күн суық», «Ақмолада жазда маса көп дейді», «Ақмола үлкен қалаға айналғанша қашан?» деген сияқты қаңқу сөздер мен күдіктер жаңа астанаға қоныс аударуға ниет еткен жеке адамдардың шешім қабылдауы үшін шынын-да да біршама маңызды болғанымен, оларға бүкіл идеяның тағдырына ықпал ете алар фактор ретінде қарауға болмайды, əрине.

Жаңа астана сайлауға əлде бір амбиция ретінде немесе жеке кө-ңілдің астатөктігінің, тіпті, бүкіл қазақ халқының дабыра-даңққа құмарлығының көрінісі деп астамси қарау да байқалады. Кейбіреу-лердің ру басы бір астанасы болмаса қазақтың көңілі көншімейді, де-ген сайқымазақтығының сыртында да сол жатыр.

Жалпы қазақтың елдігін күлкі етіп, көпұлтты Отанымыздың бо-лашағына күмəнмен қарауды кəсіпке айналдырудан қауіптену керек. Осындайда əйгілі Хосе Мартидің өз Отаны халқы мен туған-туыстары үшін ұялатын, Мадридте немесе Парижде тумай, үнділер, метистер, негрлер мен мулаттар жерінің тумасы болғандығы үшін қорланатын отандастары туралы жазғандары еске түседі. Өз тізгіні өз қолына ти-ген ел ретінде еркін қимыл жасауға талайдан бойға батпандап кірген кіріптарлық психология кедергі жасай бермеуі керек-ақ.

Латын Америкасының тағы бір бостандық сүйгіш асыл азаматы, көрнекті философ Леопольд Сеа: «Өз күшімізге сену жəне оны орын-ды пайдалана білу – міне, біздің Американың көсегесін көгертудің ең сенімді жолы осы», - деген екен. Ой салар оңтайлы сөз.

Өз басым тəуелсіз Қазақстан əлі-ақ қанатын қомдап биікке көте-рілетініне, көп асыл армандарына қол жеткізетініне, соның ішінде Сарыарқадай қасиетті өңірде көз жауын алар көркем қала тұрғызып, бүгінгі Ақмоланы болашақ əдемі астанаға айналдыратындығына кəміл сенемін.

Астана туралы сөз етіп, пікір айтқанда алдымен осы ұғымның астарында не жатқанын айқындап алған жөн. Ол, кейбіреулер ойлай-тындай, міндетті түрде ең үлкен, ең көрікті, ең биік қала дегеннің ба-ламасы емес. Астана ең алдымен, елді мемлекеттік тұрғыда басқаруға қолайлы қала болуы керек.

С.И.Ожегов сөздігінде оған «мемлекеттің бас қаласы, үкімет жəне үкіметтік мекемелер орналасқан жер» деген анықтама беріліпті.

Page 315: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

315

Көшпелілер дүниетанымында да астана термині хан ордасы, мем-лекеттегі ең жоғары билік мекені деген ұғымды білдіретіні белгілі.

Қазіргі астанамыз – əлемдегі ең əсем қалалардың бірінен санала-тын Алматы көп функциялық орталықтың міндетін атқарып келеді. Ақмолаға, негізінен, оның мемлекеттік басқару жүйесінің күре тамы-ры ретіндегі қызметі ауысады. Осы маңызды функцияны игеріп, осы заманғы талаптар деңгейінде қайта қүрылуға да көп уақыт керек. Ал мəдениет, ғылым мен білім керуенінің көш басшылығын қолға алу одан да көп мерзімді қажет етеді.

Көптеген елдер тəжірибесінде астананың көп функциялы болуы міндетті деп есептелмейді. Қайта мəдениет, ғылым мен білім сала-ларында бірнеше жоғары дамыған орталықтардың болуы өзгеше өркениеттіліктің, озықтықтың белгісіне саналады. Алматы қашан да мемлекетіміздің мерейін өсіріп, халқымыздың рухани меккелерінің қатарына жататын тарихи қала болып қала берері даусыз. Жаңа аста-на əбден кемеліне келіп, толысқан кезде де Алматыда тұру айрықша мерей санала берері хақ. Белсенді даму ошақтары өркендеу өрісін кеңейтіп, бүкіл өрге басу қозғалысына өзгеше ықпал ететіндігін ешкім де жоққа шығара алмаса керек.

Кейде астана ауыстыру туралы мəселе қайдан шықты деген сау-ал алға тартылады. Оған жауап беру үшін алдымен əртүрлі обьективті жəне субьективті факторларды ой елегінен өткізіп алған жөн.

Біріншіден, астана жаңарту – сонау көне замандардан бері тəжірибеде бар мемлекеттік үрдіс. Ағылшынның ұлы ойшылы əрі тарихшы Арнольд Тойнби өз зерттеулерінде «астаналар миграци-ясы» деген арнайы ғылыми термин қолданады. Оның пікірінше, астана тұрағының өзгеруі – мемлекеттік құрылыстағы ықтимал тенденциялардың бірі. Бұл ретте қатып қалған қасаң көзқарас болуы мүмкін емес. Тарих тегершігінің қозғалысына қарай мемлекеттердің өздері де өзгеріп жататыны тəрізді, олардың астаналары да бір елді мекенге байланып қала алмайды.

Оның дəлелін жер шарының қай түпкірінен болсын табуға бо-лады. Көне гректер мен көшпелілер тарихы да, европалықтар мен американдықтардың да тарихы да үнділер үрдісі де мүндай көші-қонның не бір мысалдарын куəлікке тарта алады. Тек түрік мемлекетінің астанасының өзі бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. Осман империясының тұңғыш астанасы – Анадолы аңғарының Солтүстік батысындағы «Ескі қала». Кейін Мəрмəр теңізінің жағасында «Жаңа қала» бой көтереді. Астана 1326 жылы Брусқа, 1366 жылы Дарда-

Page 316: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Ербол ШАЙМЕРДЕН�ЛЫ

316

нелл асып, Балканға жеткен. Махмет сұлтан астананы Андрионополь-ден Константинопольге ауыстырады. 1924 жылғы 20 сəуірден бастап 1923 жылы құрылған Түрік республикасының жаңа астанасы Анкара қаласы саналады.

Алысқа бармай-ақ төл тарихымыздың көне беттерін парақтасақ та астаналар миграциясының динамикалық қозғалыстағы процесс екеніне көз жеткізу қиын емес. Суяб, Тараз, Түркістан, Сығанақ, Са-уран, Алмалық, Отырар сияқты ондаған көне қалалар көшпелілер мемлекеттерінің астаналары міндеттерін атқарған.

Осыдан 2000 жылдан астам бұрын салынған, Птолемейдің географиялық картасына енген Самарқан қаласы Амудария мен Сыр-дария арасын алып жатқан алып империя – Мавренахрдың астана-сы болса, 1000 жылдық тарихы бар көне Тараз құдіретті караханид-тер мемлекетінің орталығы болған. Сығанақ қаласы – Сыр бойындағы оғыздар мемлекетінің бас қаласы еді. Бергі тарихтың өзін алсақ та Қазақстанның астанасы Алматыдан бұрын Орынборда, Қызылордада отау тіккені белгілі.

Екіншіден, астаналар миграциясы тарихи процесс ретінде нақты ғылыми заңдылықтарға бағынады. Бұл ретте, мысалы басқа елдің шылауындағы бағынышты мемлекет пен тəуелсіз мемлекеттің астана-ларын таңдаудың ерекшеліктері байқалады. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, басқалардың қолымен құрылған мемлекеттің астана-сы көбіне елдің шетінде, ал жергілікті халықтың өз күш-жігерімен құрылған мемлекеттің астанасы, негізінен, орталыққа жақын орна-ласатын көрінеді. Əрине, мұндай саяси география заңдылықтарының астары бар.

Астаналар миграциясы – мода емес. Бұл ретте қабылданатын шешімдер қашан да ерекше дəлелді қисындарға негізделуге тиіс. Мысалы, əрқилы табиғи, объективті немесе субъективті себептер-ге орай ескі астананың өз функциясын одан əрі ойдағыдай орын-дай алмайтындығы жөніндегі қауіп сондай дəлелдер қатарына жа-тады. Сол сияқты басқару жəне байланыс жүйелерінің жайлылығы тұрғысынан алғаңдағы тиімді таңдау да шешуші рөл атқарады. Аста-наны мемлекеттің жұртшылық алаңдаушылығы көбірек бой көрсеткен тұсына ауыстыру жөніндегі ниет те шешім қабылдауға бірден-бір ықпал ететін факторлар қатарына жатады.

Ретіне орай, астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру жайлы ресми сөздерде осы факторлардың қай-қайсысы да аталып, нақты жағдайға қарай жан-жақты таратылып, негізделгенін еске сала кетуге болады.

Page 317: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Шы�армалары. Тртінші том

317

Астана алмастыруға жаңа рухани сілкініс, жаңа болмысқа өтуді жеделдету, мəдени жəне өркениеттілік байланыстың жаңа сапалық са-тысына көтерілу тегершігі ретінде қарау да тарихи заңдылық болып есептеледі. Ғалымдар Дунайдағы Габсбургтер монархиясы кезінде Вена қаласы, ұлы Петр кезіндегі Ресей үшін Санкт-Петербург қаласы, селевкидтер мемлекетіндегі Антиохия жəне Селевкия қалалары, сол сияқты Калькутта, Мехико, Лима қалалары кезінде осындай рөл атқарған.

Үшіншіден, кезең сипаты мен мұраттарына сəйкес қолайлы аста-на таңдау – мемлекет құру процесінің маңызды бір буыны. Оны терең ойластырып, тиімді шешу, елдің дамуына, берік бір саяси ор-ганизм ретінде ұйысуына тікелей əсер етеді. Жаңа мемлекет құрып жатып оған назар аудармай, орағытып өту мүмкін емес. Сондықтан да астана таңдау мəселесінің тəуелсіз Қазақстанның уығын шаншып, керегесін керу кезінде күн тəртібіне қойылуы əбден түсінікті. Оның қоғам сипатын жаңарту, ойға алған өзгерістерді одан əрі тереңдету, елді басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру жəне оған тың күштерді тарту, əсіресе, жастарға жол ашу сияқты сан қырлы мəселелермен сабақтасып жатқандығы да ақиқат.

Əрине, идеяның жүзеге асып, нақты іске айналуы – күрделі про-цесс. Көшу мен өзгеру бір емес. Лингвистикалық тұрғыдан алғанда да, мəніне келгенде де. Нəтиже қашан да жұдырықтай жұмылып, қанатты құлшыныс танытқан көптің қимылына қарай айқындалады. Мұндайда қатардың қалың болғаны лəзім.

Тəуелсіз Қазақстан тəй-тəй басып келеді. Тұсауы кесілгелі небары бес жыл өткенімен, «мың өліп, мың тірілген» қазақтың көші болмысы бөлек керуен ретінде адамзаттың ұлы даңғылына қосылып та үлгерді. Біреулер қуанғанымен, енді біреулер қызғанатынына қарамастан ол ертеңіне қарай еркін басып келеді. Астананы Ақмолаға көшіру тура-лы шешім де – болашаққа сеніммен қарағандықтың белгісі.

Жабықта бұлқынған қазыққа қарайды, жарыққа ұмтылған жазық-қа қарайды. Үміт құсын үкілеп, ұйымшылдықпен алға ұмтылған жұрттың ұтылғаны сирек. Қиындықтан да көкжиегін кеңірек шолып отырған шығады. Шығар жолды табанының астынан іздеген алысқа бара алмайды. Ел тағдырына қатысты ерекше шешімге осы тұрғыдан қарау парыз деп білеміз.

1996 жыл, желтоқсан

Page 318: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

МАЗМҰНЫ

Журналистикадан афористикаға С.Негимов ..................................................... 3

Бірінші бөлім

АҚИҚАТ АЙНАСЫ(ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АФОРИЗМДЕР)

Философиялық афористика ............................................................................ 10Із – тəннің бір бөлшегі ..................................................................................... 13Көзқарас – бойға бітер қасиеттің ең қатерлісі ............................................. 16Өткенді аңсағаннан гөрі – ертеңге көз жіберген жақсы ............................ 20Адамның даңқын шығаратын – дарыны ғана.............................................. 27Жер кездейсоқ жаратылған болуы керек ...................................................40Тəжірибенің мақсаты – қанағаттану ..........................................................48Əмбебап нəрсе ғана тиімді .........................................................................55Қызғаншақтық – атаққұмарлықтың əпкесі ...............................................60Өмір сүру дегеніміз – өз мүмкіндіктеріңді жүзеге асыру .......................74Жауабы көптің – сауалы көп .....................................................................86Философия – жұрттың бəріне қатысты дүние ........................................101Менің «менім» – менің əлемім ................................................................109 Сөз қанша мəнсіз болам десе де – мəнсіз бола алмайды .......................127Ақиқат – дəлелденуге тиісті объект .........................................................131 Адам – мəңгілік проблема ........................................................................135 Кез келген адамның бойында кішкене баланың қылықтары кездеседі ............................................................................ 139 Экономикалық еркіндік дегеніміз – іс-қимыл еркіндігі .......................141 Шын сүйе алмаған адам – шын жек көре де алмайды ..........................146 Мойындаудың көз жасында арсыздық бар .............................................149Анықтамалық ............................................................................................156

Екінші бөлім ТЫҢДА ТОҒЫСҚАН ТАҒДЫРЛАР

Əулет ................................................................................................................. 165Қыранқия ........................................................................................................ 183Ауылдастар–бауырластар ............................................................................. 205Намыс ................................................................................................................ 215Нұрлы шақ ........................................................................................................ 223

Page 319: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Нұра – Нева арасы .......................................................................................... 228Əн əлдилеген ауыл ......................................................................................... 237Қос қанат ........................................................................................................... 246Құштарлық ........................................................................................................ 252Шилідегі таныстар ......................................................................................... 257Қолтаңба ........................................................................................................... 266Ұлағат ................................................................................................................ 277Жан шуағы ........................................................................................................ 282Жүректерге жол тапқан ................................................................................... 286Балуанның ұрпағы ........................................................................................... 292Өмір арқауы ...................................................................................................... 297Дос құшағы аялы.............................................................................................. 304

Үшінші бөлім ƏЗ АСТАНА

Автордан ........................................................................................................... 311XXI ғасыр қаласы (тарихнамалық деректер) ................................................ 312Жаңа Астана жайлы ұйғарым - мемлекеттік мұраттармен, ұлттық мүдделермен үндес ұлы идея ............................................................. 313

Page 320: Chaimerden Том 04.indd - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7111.pdf · 3 ЖУРНАЛИСТИКАДАН АФОРИСТИКАҒА Даналыққа жүгіну, тапқырлыққа

Басуға 05.07.2014 ж. қол қойылды. Пішімі 60х90 1/16. Офсеттік баспа. Шартты б.т. 20,0.

Таралымы 2000+100 дана. Тапсырыс №

Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС

050035, Алматы қаласы, 8-ықшамаудан, 19a-үй.

Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-інде басылды.

050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.

«Қазақ энциклопедиясының» Бас директоры ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі,

филология ғылымдарының докторы, профессорБ.Ө.ЖАҚЫП

Редакторы Мауытов Н.К.Тех. редакторы Ақылов С.Т.Корректоры Байленова М.М.Дизайнері Арсланов Р.М.

ЕРБОЛ ШАЙМЕРДЕНҰЛЫ Шығармалары

Төртінші том