1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата...

376

Transcript of 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата...

Page 1: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.
Page 2: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті

«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

Қ 17 Қазақтың 100 поэмасы / құраст.: Ж.Аймұхамбет, А.Əлімұлы;

алғысөзі мен түсініктерін жазған Ж.Аймұхамбет. – Алматы: «Жазушы», 2013. 1-том. – 376 бет.

ISBN 978-601-200-450-2

Кітап «Қазақтың 100 поэмасы» сериясы аясында жарық көріп отыр. Бірінші кітапқа ХІХ ғасырдағы жəне ХХ ғасырдың бас кезін-дегі дастандар мен ұлы Абайдың жəне оның шəкірттерінің поэма-лары енгізілді.

УДК 821.512.122ББК 84 Қаз 7-5

ISBN 978-601-200-450-2 (1-том)ISBN 978-601-200-449-6 (ортақ) © «Жазушы» баспасы, 2013

УДК 821.512.122ББК 84 Қаз 7-5Қ 17

Page 3: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

3

АЛҒЫСӨЗ

Ұлтымыздың əдеби мұрасын ұрпақ санасына сіңіріп, на-сихаттау мақсатындағы «Қазақтың 100 поэмасы» атты жаңа жоба ХІХ ғасырдағы жаңа əдебиетіміздің бастау тұсынан осы уақытқа дейінгі үздік, көркемдік-эстетикалық қуаты мол поэтикалық туындыларды қамтиды.

ХІХ ғасырдан бастап əдебиетіміз жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, дастан жанрында шығыстық сюжеттерді арқау етіп жазылған туындылар көбейді. Сондай-ақ жаңашыл сипаттағы əдебиет жаңа поэмаларды туғызды. Бұл тарапта ұлы Абайдың поэма жанрындағы туындыларын жəне Абай дəстүрінде тəрбиеленген ақын шəкірттерінің шығармала-рын айтуға болады. ХІХ ғасырда қазақ əдебиетіндегі сю-жетке құрылған романтикалық поэма, романтизм стилінің қазақ поэмаларындағы əсері деп ең алдымен «Қисса Жүсіп», «Медғат-Қасымдарды» айтуға болады. Мағауия Абайұлының «Медғат-Қасымын» романтикалық сарындағы поэма десек те, негізгі оқиғалар, сол оқиғалардан туындаған тартыстар, кейіпкерлердің мінез-реалистік тұрғыда суреттеледі.

Ал, «зар заман» əдебиетінің көрнекті тұлғасы Дулат Бабатайұлының шығармашылығы туралы сөз қозғағанда, əдебиет зерттеушілері оның шағын сюжетке құрылған «Еспембет» дастанын қазақ поэмасының алғашқы үлгісі ретінде қарастырады. Ақын оқиғаны қысқа əрі нақты түрде баяндап жеткізеді. Академик Қ.Жұмалиев: «Олақ ақындар-дай көп сөзділікке салынбай, поэмада суреттелетін көп оқи-ғаны аз жолға сыйғызып, көрсетейін деген образын, айтайын

Page 4: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

4

деген идеясын шебер түрде, ойдағыдай етіп бере білген» – деп атап көрсеткен болатын.

Көркем əдебиетте Мағжан, Ілияс есімдерімен поэтикалық қуаты мол, жанрдың барлық талаптарына жауап бере алатын кең тынысты, заманның шындығы мен халықтың рухын танытатын поэмалардың тууы – ХХ ғасырдың еншісінде. Кейінгі толқын ақындар дəстүрді жалғастырып, тың сипат-ты, терең мазмұнды туындыларды дүниеге келтірді. Халық басынан кешірген тарихи оқиғаларды, аңыз сюжеттерін, за-мана шындығын, халықтың арман-мұратын арқау етуімен қазақ əдебиетіне олжа салған поэмалар қатары жетерлік. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа, əдебиет сүйер қауымға осы мұра-ны терең таныта түсу мақсатында антологиялық сипаттағы поэмалар жинағын шығару жүзеге асырылып отыр.

Қазақ поэмалары тақырыбы жағынан сан алуан. Əдебиет тарихтың, қала берді өмірдің, уақыттың шындығын көркем бейнелеуімен, сол арқылы халықтың рухани болмысын, ар-маны мен аңсарын, эстетикалық ұстанымын танытуымен құнды мұра, өміршең өнер екенін ескерсек, оның поэма сияқты көнеден бастау алған жанрының халық руханияты үшін орны ерекше.

Поэма – теориялық тұжырым тұрғысынан келсек, эпос-тық жанрға жатады. Ал, эпостық жанрдың байырғы түрі – эпостық жырлар. Ұлттық фольклорымызда эпостық жыр-лар тақырыбы жағынан көне, батырлық, тарихи жəне лиро-эпос болып жіктелетіні белгілі. Оның қатарына шығыстық сюжет негізінде туындаған романдық эпостар да кіреді. Фольклорлық эпостарды поэмалардан бөліп қарауымыздың басты себебі – арнайы авторы жоқ, халықтық, ұжымдық туынды екендігінде. Əйтсе де біздің мəдени жадымызда Сы-пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады. Жалпы, эпостық дəстүр əлем əдебие-тінде де маңызды орын алғанына əйгілі «Гильгамеш тура-лы жыр», «Иллиада» мен «Одиссея», «Нибелунгтар туралы

Page 5: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

5

жыр», «Махабхарата» мен «Рамаяна», «Шаһнаме», «Игорь полкы туралы сөз», т.б. əдеби жəдігерліктер мысал бола ала-ды. Жоғарыда өзіміз айтып өткен фольклорлық эпостардағы көркемдік дəстүр кейінгі поэмаларда жаңаша жаңғырды.

Поэма белгілі бір оқиғаны баяндайтын поэзиялық туын-ды, яки өлеңмен жазылған əңгіме екені, оның сюжетке құры-латыны белгілі. Ұлттық ауыз əдебиеті мен жазба əдебиеті-міздің тоғысуы кезеңінде, яғни ХІХ ғасырдың екінші жарты-сынан бастап дамудың жаңа арнасына түскен эпикалық поэ-зия жанры əлемдік кеңістікте ортақ поэтикалық дəстүрді өз бойына сіңіре білген ұлттық сипатымен дараланып көрінді.

Бұл кітаптан Дулат Бабатайұлының «Еспембет» даста-нынан бастап, ұлы Абайдың, оның шəкірттері – Шəкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлының, Арқадағы ақындық, əншілік-композиторлық дəстүрдің ірі өкілдерінің бірі, шығыстық сюжетте бірнеше дастан-дар шығарған Əсет Найманбайұлы, сондай-ақ Нұрым Шыршығұлұлы Қашаған Күржіманұлы сияқты Батыс жы-раулық мектебінің көрнекті өкілдерінің, тарихымыздағы айтулы оқиға – Кенесары көтерілісінің жыршысы болған Нысанбай жыраудың, ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаевтің, сонымен қатар Нұрпейіс Байғаниннің, Кенен Əзірбаевтің туындылары орын алды.

Аталмыш авторлардың туындыларына негізінен арқау болған – қазақ халқының өткен дəуірлерде басынан кешкен оқиғалары, сондай-ақ жыршы-ақынның өзі тікелей куəсі болған оқиғалар. Дулаттың «Еспембет» дастаны ел басына күн туған шақта жауға қарсы аттанған ер тұлғасын жырлаған тарихи дастан болса, ұлы Абайдың «Ескендір», «Масғұт», «Əзімнің əңгімесі» поэмаларының оқиғасы шығыстық сю-жет негізінде өрбіген. Абайдың ақын шəкірттері Шəкəрімнің, Ақылбай мен Мағауияның поэмалары аңыздық желіде жəне өткен өмір оқиғасы негізінде туындаған. Нысанбай, Нұрым, Қашаған туындыларына қазақ сахарасындағы айтулы тарихи

Page 6: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

6

оқиғалар арқау болған. Жамбыл мен Нұрпейістің, Кененнің дастандары да аңыздық желіні негізге ала отырып, халық-тың тағдыр талайын, өмір-тіршілігін, тұрмысы мен салтын бейнелейді. Қарап отырсақ, қазақтың дастан-поэмалары ха-лық тарихы мен рухани бітімінің көркем шежіресі іспеттес. Эпикалық поэзияның мүмкіндігін, көркемдік бітімі, жанр талаптарына толығымен жауап бере алатын өнер туындыла-рының дүниеге келуін бұл жанрдың ұлттық əдебиет тари-хындағы сонау көне эпостардан басталатын сан ғасырлық даму жолымен тығыз байланыста танып, қабылдағанымыз жөн.

ХХ ғасыр – қазақ əдебиетінің түлеп, түрленген, жаңа бір сапалық биікке көтерілген кезі. Əдебиетіміздің алтын ғасы-ры атанған бұл кезеңде Мағжан, Ілияс, Сəкен сынды жыр саңлақтарының эпикалық туындыларында өткен өмір мен бүгінгі заман шындығы, өнер мен өнерпаз тағдыры тұспал-ды бейнелеулермен, эстетикалық əсері күшті қуатты поэти-калық оралымдармен жырланады. И.Байзақов, Қ.Аманжолов сияқты жыр дауылпаздары алдыңғы дəуірдегі көркемдік дəстүрді жалғастырып, ұлт əдебиетінің қорын жауһар дүние-лерімен байытты. Бұл дəстүр кейін Ə.Тəжібаев, Х.Ерғалиев, Қ.Бекқожин, М.Мақатаев, Ж.Нəжімеденов, М.Шаханов, И.Оразбаев, т.б. шығармашылығында жалғасын тапты. ХІХ ғасыр мен ХХІ ғасыр аралығында дүниеге келген поэмалар тұтастай алғанда алты кітапқа топтастырылмақ.

Қазақ эпикалық поэзиясының кеңістігінде тарихи тақы-рып, өмір бейнесі, замана шындығы арқау болған көркем туындылар мол. Ұсынылатын «Қазақтың 100 поэмасында» халық тарихы мен тағдырын арқау еткен ұлттық эпикалық поэзиямыздың тұтас болмысы танылады деген ойдамыз.

Page 7: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.
Page 8: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

8

ДУЛАТ БАБАТАЙЎЛЫ(1802–1874)

ЕСПЕМБЕТ

Ер Еспембет кешегі Ерекше ер деседі, Тіл біткеннің шешеніТопта бермес есені.Үлгі айтса көшелі, Жауға шапса көсемі,

Бəйбішесі СыбанныңЖарасқұл деген атадан, Өзі болған жігіттен Сұрама кім деп ата-анаң.Ел тілегін тілегенЕр азбайды батадан.

Нағашысы уақтаЕр Қосайдай ер өткен;Жетім қалып ЕспембетҚолында соның ер жеткен.Он төрт жасқа келгенде, Еспембеттей еріңніңТуған ел ойын тербеткен.Туған елді көксей ме, Кегеже туған, кер кеткен?

Еспембеттің шешесі, Ер Қосайға немере, Қиық жоқ қыздан туғанда, Оны бөтен көрер ме?

(1802 1874)

Page 9: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

9

Тоқсан жаста Ер ҚосайТұғырдан əбден түскен ер, Елім десе елеріп, Жаннан мүлде күскен ер.Бел шешпей жортып ел үшін, Алты малта ас қылып, Арпа суын ішкен ер.

Еспембеттей ұрпағынӨте жақсы көретін, Маңдайынан иіскеп, Батасын ұдай беретін.

Жатса-тұрса ЕспембетТұлпар мінсем деуші еді.Қару-сайман асынып, Шепті бұзсам деуші еді.Ішқұса болып асығып.Туған елін ойласа, Қалатын жасып, басылып.

Күндерде бір күн ЕспембетЖелінің келді басына, Бие ағытып жатқанда, Биешінің қасындаАқбөрте құлын ойнап тұрАқ қулыққа асыла.

Еспембетке ұнадыАқбөртенің келімі, Құйрығын шаншып алды да, Үш айналды желіні.

Селеу жерге бас ұрдыОмырауының желімен,

Page 10: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

10

Құйындатып келді де, Ытып түсті АқбөртеЕнесінің белінен.Үш мəртебе ытады, Еспембет ерден ес кетіп, Есі-дерті болып Ақбөрте, Басқаны мүлде ұмытады.

Күзді күнгі ұзақ таңЕспембет кірпік қақпайды, Күндіз ойнап күлмейді, Ішкен асы батпайды, Əзіл айтқан құрбығаТүнеріп жауап қатпайды.Қылышына қайрап, Сүңгісін безеп саптайды.Ертеменен отырарЖелінің келіп басына, Көзін алмай қадалыпАқбөртенің қасына.

Ақбөрте мініп астына, Айқара тоқым салсам деп.Алмас қылыш асынып, Ақ найза қолға алсам депЖеңсіз берен кисем деп, Сары садақ іліп беліме, Айғайлап жауға тисем деп, Бəрін айт та, бірін айт –Туған елге кетсем деп.Өнерім болса, елімеАдал еңбек етсем деп, Болмаса өнер бойымда, Қораш құл болып өтсем деп.

Page 11: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

11

Жегідей ерді ой жеңіпТүн асқан сайын жүдетті;Қайратын қайрап, қажырынЖүдеген сайын үдетті.Ұйқысыз ұзақ түн өтті, Күлкісіз талай күн өтті, Ақырында айтқандайАрманына ер жетті.

Айыл-тұрман тағынып, Туған елін сағынып, Ақбөрте тұр желідеАртқы аяғын қағынып;Ер Қосайдай қарт білдіШөбересі жүргенінƏлденеге қамығып.Шақырып қарт алды да, Сөз сөйлейді ағылып:

– Шөберем, неге мұңайдың?Көп шөбере ішіндеЕрекше тілеп тілеуің, Құдайға күнде жылаймын.Өңімде емес, түсімдеКөрсеткені ҚұдайдыңСөз сөйлерде тілеуменШаршы топта, алдындаЫғай менен сығайдың.

Шепті бұзар деуші едім, Жаудың туын құлатып;Сұлу сүйер деуші едім, Елден таңдап, ұнатып.Тұлпар мінер деуші едім, Жалын желмен сылатып;

Page 12: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

12

Найза ұстар деуші едім, Сағағын жезбен қынатып.

Жеңсіз берен түймелеп, Кіреуке киер деуші едім.Жас шыбықтай бүгілтіп, Садақ иер деуші едім.Айдыннан қуды ілдіріп, Сұңқар шүйер деуші едім.Тұйғын құстай алыстанТоят тілер деуші едім.Бунағы алтын белінеСемсер ілер деуші едім.

Сырыңды айт маған, шөберем, Сұлу сүйгің келе ме?Сұңқар шүйгің келе ме?Айдынды ала ту алып, Жауға тигің келе ме?Асаусыз асқар асқақтанАңыратып асқың келе ме?Менменсіген дұшпанныңКөңілін басқың келе ме?Майданда шаңды боратып, Өрттен шыққан ұшқындайОқты шашқың келе ме?Туған елді сағынып, Жүрмін деп мұнда неғылып, Өкпелеген көтенгеҚұлдарша қашқың келе ме?

Сонда Еспембет сөйледі:Сен – атам, мен – шөберең, Алдымда талай асу бар, Бақыт па, сор ма – не көрем?

Page 13: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

13

Еркін өсіп ержеткен, Ерекше туған көбеңмін.Ен дəулеттің ішіндеЕркін жүріп тел емдім.«Ер – туыс, ит – тамаққа», –Деген жоқ па бұрынғы?Туған ел, туған жерім бар, Сөйлесем, атам, сырымды:Туған елді көкседім, Жат елде арман өскенім, Ылайық па, жан ата, Іргелі елім тұрғанда, Жат елде өмір кешкенім?Көзіме емес, сыртымнанСан есітті құлағым«Сыбан бала» дескенін.Жігерім болса жетемде, Еліме барып ұл болам, Жігерсіз болсам жетесіз, Қойын жайып құл болам.Жат елде жадап жүргенше, Жалтаң көз боп, тірі боп, Кім ермейді соңымнанКөрнекке шықсам ірі боп?Батаңды бер, жан ата, Шөберең сырын сарқады.Егер бата бермесең, Шөберең шердің құлы боп, Күн санап дерті артады.

Дегенде қолын жаяды:«Илаһи» деп атасы, Ықыласымен берген соң, Қабыл болды батасы.Бірақ, балам, айтайын:

Page 14: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

14

Еліңе де барарсың, Тірі болсаң еліңніңКерегіне жарарсың.Дос та елден, жау да елден, Алды-артыңа қарарсың.Күндестік те еліңнен, Міндестік те еліңнен, Қамалау да еліңнен, Табалау да еліңнен, Абалау да еліңнен, Өсіру де еліңнен, Көшіру де еліңнен, Бақыт та елден қонады, Дəулет те елден болады, Еліменен ер жетіп, Емендей өсіп толады.«Елсізде өскен» демесін, Елден таңдап сұлу ал, Ақ отау тігіп басыңа, Төрт түлік малдан еншіңді ал, Топтан таңдап тұлпар мінКүлтелі құйрық, сұйық жал.Қарт атаң жасын төкпей ме?Қарт тілеуі қабыл боп, Қанына ұрық екпей ме?Сопайып барсаң, қу басыңАқтамберді ҚабанбайӨкпелеп мені сөкпей ме?

– Қаламайын, жан ата, Сұлуды да, малды да, Маңдайыма жазған бар, Бақытым менің алдымда.Тірі болсам айдармынƏлі-ақ мың санды да;

Page 15: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

15

Тірі болсам құшармынАққудайын таранған, Өкшесіне қаранған, Ай маңдай аппақ паңды да.Тірі жүрсем мінермін, Арқар таң күпшек санды да.Барар құс басы ілгері, Кім шығып кепті алдыма?

Қалауым сенен, жан ата, Қаруымды сай алам, Тобыңнан таңдап жəне деАт алмаймын, тай алам.Ертеңінде ертеменҚару-сайман сай болды, Топтан таңдап алғаныАқбөртедей тай болды.– Танылар тұлпар желіден, Ер танылар бесіктен, Таңдап алған тайыңдыКөрсет, – деді атасы, –Көлденең тартып есіктен.Таңдап алған АқбөртеҰнап кетті қартыңа, Үш мəртебе шықты даБөртенің алды-артына:«Жарайсың, – деп, – шөберем», –Батасын берді сарқыла.Күншілдер тұр күлісіп, Жете алмайтын парқына.

– Шын тілеуім, шөберем, Сапарыңды оңдасын, Ғайып ирен қырық шілтенƏулие жар боп қолдасын.

Page 16: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

16

Танып апсың, қарашым, Өмірлік Бөртең жолдасың.

Атасына қош айтыпЕспембет ердің кеткені, Туған ел, туған жерінеӨксіп келіп жеткені.«Елсізден шыққан кісідейТайға мініп келді, – деп, Ұялмай көрді елді, – деп, Ұялмай қала берді...», – деп, Құлағына кірмеді.Ағайынның сөккені.Мұны айтқанның бəріне –Жасы менен кəрігеІшіне жиды өкпені.

Құрмет алмай кем тұттыАғайын, туған жақындарОн қайырып бір сөзін.Əсіресе қатындарТуыс қадірін білмейтін:«Жақында да жақын бар, Туыс та тілер бағыңды, Жақыннан артық жатың бар».

Үш жыл болды келгені, Ақбөрте бесті шығады, Ерен ер мен тұлпардыКім жасырып тығады?Сəтімқұл биге ас бердіКөксаланың бойында, Ақбөртені сол асқаҚосам деген ойында.Сауын айтып жиылған

Page 17: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

17

Төрт арыстың баласы, Бақанас пен КөксалаХалыққа толды арасы.

Ас шығынын көтердіҚұрманбет пен Жанғұлы, Асты билеп меңгергенЕкі елдің жүйрік даңғылыҚозы орнына тай сойып, Асықтай атты жамбыны.

Қара қазық басынаҚарақшы туын байлады, Кіреші шығып əр таптанШығарып атты айдады.Бас бəйгесі жүз тайлақСолқылдаған өркеші, Маңдай алды келедіЕспембеттің Бөртесі.

Шақырып алып ЕспембетАқтамберді қолбасын, Бес Сыбанның ұлынаОртаға салды олжасын.Жүз тайлақтан есептепБіреуін де алмады.

«Ердің сыйы» деседіОртаға олжа салғаны, Бір шағым от барлығынЕлі сонда аңдады, Еспембеттен БөртеніңБұрын шықты атағы.Ақбөртеге қызығып, Біреу қойын қосақтап,

Page 18: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

18

Біреу қысырақ матады.Жан серігі БөртеніДүниеге неге сатады?Тірі болса ЕспембетАлыстан тілеп тоятты, Түзден дəмді татады.

Ерге күрең ел қайда, Наймандай жайған қанатын, Тарбағатай, Алатау, Екі тауды бөктеріп, Қанатын жəйіп алатын.Ауызбен айтып жеткізбесСəні менен санатын.Тұнық көлдей толқығанТоқсан мың жүзіп қанатын.Ол шеті мен бұл шетінеТұяғы тозып, ат жүрсе.Құс қанаты талатын.

Найманның ту басшысыБайжігіт, ер ҚабанбайБеті қайтпай жасынанТалай бұзған қамалды.Қабанбайдың тұсында:Жүгендеусіз жылқысы, Қосақтап қойы саналмай, Қарт батыры СыбанныңАқтамберді, Саббастай, Айласы мен əдісінАдам ойлап таппастай.Алты малта ас қылыпБелін шешіп жатпастай.Айбарын оның сұрасаң, Сырт дұшпаны батпастай,

Page 19: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

19

Беріктігін сұрасаң, Елін жауға сатпастай.

Қабанбай елге жар салды.Аттанбаққа қалмаққа;Өксікті кеткен қалмақтанЕлдің кегін алмаққа.Қаракерей, МатайданӨңшең саңлақ жиылды, Қашырдай қатып тұлпарларЕрлер тастай түйінді.

Ер жүректі ЕспембетАқбөртені баптады.Сары ырғай садаққаТерісінен бұғыныңАдырнаны таққаны, Алмас қылыш асынып, Еменге найза саптады.Басталар қашан соғыс деп, Асығып тыным таппады, Белін шешіп жатпады, Түнде кірпік қақпады, Ерлік қысқан кеудегеІшкен асы батпады.

Қамын жеген қазақтыңБатырдың сарқыт ақыры, Туын тікті сыбанныңАқтамберді батырыАуылдан шығып ат қойып, Аруақтап ұран шақырды.Жөңкерілген қалың қолЖүйткіген желге ұқсады, Көрінісі кей кезде

Page 20: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

20

Толқыған гүлге ұқсады, Мұнар түнеп бұлт көшкенАсқар белге ұқсайды.Кенетінен ду етсе, Тас қопарып, тау бұзғанАққан селге ұқсайды.

Ақтамберді, ҚабанбайАлдындағы көсемі, Келелі сөзге Сасан барЖібермейтін есені.Еспембеттей ержүрекҚолмен бірге келеді, Топ «шу» десе АқбөртеАртынан шаңды боратып, Алдынан құйын оратып, Бөкендей орғып желеді.

Еспембет ер сұңқардайАлыстан тоят тіледі.Орынсыз сөз сөйлемес, Батагөй қарттай саналы.Міндетінен бас тартпас, Айтқызбай-ақ біледі, Сыр бермейді сырттансыпКежегесі тартып тұр, Бейне арыстан түлегі.

Толқынды топ кездестіШебін құрған қалмаққа, Тебінгілес тең жаудыТегіндікпен алмаққа.Айла-əдісі тең жауыБір салыспай қалмақ па?

Page 21: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

21

Бозбала бойын түзесе, Буыршын шөгер шаңдаққа.Қарт бура қарсы шабынса, Қас батыр қару тағынса, Əкпіште тұлпар иілсе, Қыран көктен түйілсе, Анталаған аштардайАжал да жетер аңдап та.

Серт қылыштың жүзінде, Бұрылмас мойын жан-жаққа.Серт найзаның ішіндеАйласынан адассаң, Қан майданда қала бер, Қаныңды жұтып, шаң қап та.Қарсыласып екі топ, Іріктеді батырды, Қалмақ соғып барабан, Қазақ ұран шақырды.Айбаты өсіп ерлердіңАрыстандай ақырды, Иығы түсіп ездердіңҚоярға жанын жер таппай.

Қалмақ шықты майданғаШамасы елу жастағы, Астына мінген əлемдеп, Мақпалдай қара қасқаны.Ерлігі елең қылмайдыБір өзінен басқаны.Қайырымсыздығы талайдыңЖонынан алған таспаны.Кір басқан құлаш айдары.Аждаһадан кем емес, Аузын ашқан айбары,

Page 22: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

22

Алты жүз кірген соғысқаАлпыс алты айлалы.Алты қару асынған, Айласының айғағы.

Жекпе-жекте өлтірдіЖүремете сегізді, «Кім шығар бұған» дегізді.Тоғызыншы ер шықпақ, Ақтамберді Саббастай.Ол болмаса əдісінБасқа қазақ таппастай.Жетіп келіп Еспембет:«Ақтамберді ер, – деді, –Мен барамын сен үшінКезегіңді бер», – деді.

Ақтамберді қарт батырҚол жəйіп бата бергені, Топтан шығып жөнелдіНайзаға таққан шоқтай боп.Ақбөрте келіп құнтиып, Садақтан тартқан оқтай бопҚанға сусап қалмақ тұр, Обатұғын оптай боп.

Еспембет келе сөйледі:«Сен қалмақтың қабаны, Ерлікке сай қайраты, Қаруға сай амалы, Қарсыңа қалай жібердіҚазақ саған баланы?Қазақ сені қорлады, Қазақтан төмен санады, Жігерің болса қайраттан,

Page 23: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

23

Баланы саған балады.Ағаштан жұлған алмадайБасыңды бала алады».

Ашуланып қалмақтыңТүгі шықты сыртына, Тістегенде тісініңҚаны толды ұртына.Көз шыдап қарап тұрмастайҚарағанда сұрқына.Қамшы тиді тұлпарға, Қылыштары жарқ етті, Қабағыңды қаққаншаЖарқ етті де, сарт етті, Бірінің жанды еңбегі, Бірі күшін сарп етті.Дене қанға боялды, Қан құмар қылыш қарш етті.

Қас қаққанша майдандаАйқасқан екі ер де жоқ, Қара жер жатыр қайыспасЖұтса тоймас қанға опДене жатыр майдандаҚылышпен басы кесілген.

Өлімге мойнын сұнғандайАяқ-қолы көсілген, Тіршілік пен өлімніңҰзақ дауы шешілген.Елеуреген екі топМайданға тіккен көздерін, Жүз қайтара қайталап, Бір айтып кеткен сөздерін.Қандары шапшып қайнады,

Page 24: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

24

Өздері де білмейдіНе билеп тұр өздерін.

Ел үшін туған ерім деп, Бір топ келіп жыласты.Еліме қатер жауым деп, Өлгенін бір топ ұнасты.Күні туып бір топтың –Қуанышы шын асты, Түні туып бір топтың –Үстін кейіс, мұң басты.Қара қасқа қосарда, Қалмақтың басы белінде;Бақ құсы қонып басына, Еспембет келді еліне.

Ер Қабанбай ту байлап, Арқар таң атты борбайлап, Ақтамберді айғайлап.Қалмаққа кірді желіге.Қарқ олжаға батыстыҚалмақты жеңіп қалың қол, Ит ырғын да көл-көсірБақыршы тоқ, олжа мол.

Еспембеттей ер ұлынЕлі сонда таныған.Бет бұрып тізгін тарқан жоқ, Жаудың мың қол санынан.Өле-өлгенше ел болдыЕспембеттің арманы, Өзімен бірге жасадыАстындағы тарланы.Бəрін айт та, бірін айт, Еспембеттей ер қайда?Ер күтетін ел қайда?

Page 25: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

25

НЫСАНБАЙ ЖАМАНЌЎЛЎЛЫ (1822–1883)

КЕНЕСАРЫ – НАУРЫЗБАЙ

Дүрі жауһар данасы, Əркімнің алла панасы.Жан біткенге несібе –Дəрияның аққан саласы.Үйсіздерге үй болған, Би – отанның ханасы.Кенесары, Наурызбай –Абылай хан-ды бабасы, Əуелгі мекен-тұрағы –Көкшетаудың даласы.Жазғы жайлау қонысы –Ұлытаудың саласы.Өте залым болмаңыз, Мұсылманның баласы.Ақырында олардыңҚырғыздан болды қазасы.

Кенесары ер болды, Ел ішінде бір болды.Қашқан, босқын жиылып, Өз алдына қол болды.Жұртқа тиіп кесірі, Əркімдерге сор болды.Қарсы келген адамныңКөзінің жасы көл болды.Ақылменен іс қылмай, Ақырында қор болды.Қырғызға барып қырылып, Ит пен құсқа жем болды.

(1822 1883)

Page 26: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

26

Абылай ханның баласыАсып туған Қасым-ды.Арғы тегін сұрасаң, Шынжыр қатар асыл-ды.

Саржан атқа мінген соң, Төренің бағы ашылды.Қарсы келген егесіпДұшпанның көңілі басылды.Жалғыз Саржан не болар, Есенгелді қосылды.Кімге апарып теңеймізНаурызбай сынды жасынды?!Кенесары, НаурызбайАтағы шықты аңқылдап.Жауды үркітіп, қашырды.

Ақ алмастай жарқылдап, Зəресін алды дұспанның, Найзағайдай шартылдап.Қасына ерген төлеңгітОлжаға батты қарқылдап.Кенесары, НаурызбайМұсылманға жан тартты.Ерегескен дұшпанныңЖылқысын алып, зарлатты.Азырақ күн бақытыЖанған оттай қаулапты.Бір күндері болғандаТортөбөл атын ұрлатты.Бас себебі сол болып, Қырғызға қарай жол тартты.Іргелі жұртқа кез болып, Батырларды қан тартты.

Page 27: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

27

Көзімен көріп, бұл сөздіНысанбай еді жырлаған.Бар күнəсі қырғыздың –Жалғыз атты ұрлаған.Атын алған қырғызғаХан үйінде жынданған.Ерегеспен бұздырдыҚанайдың тамын сырлаған.Күмісті садақ, алтын оқКенекең жауға жолықты.Ақ білегін сыбанғанБалуанды тойға жолықты.Алыстан тоят көздегенАқ сұңқарға жолықты.Айшылықты бір басқанҚас тұлпарға жолықты.Асқындаған пейіліненКенекем зорға жолықты.Нөкерімен теп-тегісБір ажалға молықты.

Ұсталар алар қолынаҚышқашы мен балғаны.Тасқан нəрсе төгілер, Бұл сөздің бар ма жалғаны?Қырғыздан қорлық көрген соң, Кененің көп-ті арманы.Іледен өтіп жөнелді, Өр Дулатқа барғалы.Сол Дулатпен қосылып, Қырғыздан кегін алғалы.Барып еді, өр ДулатБарғанын қабыл алмады.Кене ханның сөзінеҚұлағын да салмады.

Page 28: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

28

Асаулар үзді шідерді, Сыйламай Дулат жіберді, Сиынып барған еліненКене хан үзді күдерді.Дегені болмай қалған соң, Қабағы ханның түнерді.Күздің күні болған соң, Қырғызға қарап үдерді.

Қазан айы болғандаҚатуланды, қаттанды.Іріктеп алған ерлерменХан қамаудан аттанды, Құз асып қалың Шөңгірден, Қосшы деген ел жатты.Қоқилатып қырғыздар, Қос-қосқа бөліп таратты.Қалшаны ұстап байлаттыХан болып халқын меңгерген.Қарадан шыққан хан едіНашарды зорға теңгерген.Қалшаға қырғыз баласыЖалынып қана күн көрген.Тартуына іркілмейОтаулатып қыз берген.Қисайған жаға түзеліп, Кененің ісі жөнделген.Қоқаннан ауған көпДулат, Қарағаштай ел келген.Мəмбеттің ұлы Байұзақ, Балқожа, Медеу ер келген.«Жауың қайда? Мен – жолдас», –Хан Кенеге дем берген.

Сол елменен күшейіп, Төрелер жайды қанатты.

Page 29: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

29

Қарағаштай көп жұрттыХан аузына қаратты.Аттансын деп көп қосын, Жұртқа салды санатты.Сайлап алды ақ алмас, Тастан қайтпас болатты.Сегіз мыңдай кісі боп, Өңшең байыр манапты.Бұл сапарда НаурызбайТаудан үлкен талапты.

Үш қамалды бір бұзып, Қырғызды жаман талатты.Қырғыздан түскен олжағаБір төлеңгіт бармады.Бұл сапарда қазақтанБіреу олжа алмады.Көп Дулатты хан КенеАқылменен алдады.«Қызыл тұмсық болсын», – деп, Олжамен аузын қандады.Екіншілей аттанды, Естіген Дулат қалмады.Олжаға мырза дегеннен, Жалғызы қалмай, андады.Тау суындай сарқырап, Байұзақ келді төменнен.Көңілі бітті айқасып, Кенесары зеренмен, Телімдес болып олжағаНаурызбай – асыл беренмен.Он екі мың əскерменТағы аттанды кемерден.Зеңбірегін асырдыАбылай аспас кезеңнен.

Page 30: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

30

Құлақ шыңдап, көз тұнды, Ақыл, айла, өнермен Кенесары, Наурызбай Атадан асты дегенмен.Абылай аспас асуданАсамын деп өрледі.Оңайлықпен қазаққаАсуды қырғыз бермеді.Əр жерлерден құралып, Қырғыздың қолы кернеді.Бесінге дейін атысып, Қазақтың əлі келмеді.

Қарабалта, СоқылықАңғарынан шаң асты.Қырғыз-қазақ екі жар, Ескі жолға таласты.Сол уақытта хан КенеАмалынан адасты.Қырғызды айдап шыға алмай, Батырлар сонда бір састы.

Үйінде еркек қалдырмай, Қырғыз да шыққан айдатып.Соғысты қылды қазақпен, Төскейде атты ойнатып.Қызықсын деп асуға, Қазына төкті жайнатып.Асуға текті тайғақ қып, Қазанға суды қайнатып.Абылай аспас асуданАсамын деп өктеді.Асуын тастап қырғыз да, Бас қамын қып кетпеді.Ойдан атқан зеңбірек

Page 31: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

31

Тау басына жетпеді.Жесір менен мал алып, Бұл сапар олжа етпеді.

Сол уақытта хан КенеЖар етті Жаппар иені.Аза болып сол жерде, Алдырды екі түйені.Шөгеріп салып, түйегеЗеңбірегін сүйеді.Тұрғызып қойып атса да, Сонда да тауға тимеді.

Атасы өткен Абылай, Тілеуді берген бір Құдай.Былтырдан алған басшысы –Шапырашты Бұғыбай.«Бұғыбай басшы қайда?» – деп, Шақырып алды Наурызбай! – Əй, Бұғыбай, Бұғыбай, Қорлық болды бұ қалай?Жол таба алмай қамалдық, Амал тапшы бұған-ай!Былтыр өзің келгенненХанның алдың жарлығын.Тар жол, тайғақ кешудеҚолдың алдың жабдығын.Бір ізіңнен жүргіздіңҮш алаштың барлығын.Жалғыз жолдан аса алмай, Тастың тарттым зарлығын.Бұл сапар алдым ашылмас, Дүниенің шектім тарлығын.Сасқан жерде жол тауып, Білінуші еді нарлығың.

Page 32: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

32

Осы бүгін, Бұғыбай, Қырғыздың көрдім қорлығын, Алатаудан аса алмай, Қазақ жолы байланды, Бес күн ұдай атысып, Түгесіп келдім айламды.Осындайда болмаса, Көремін қашан пайдаңды?Осы бүгін күн батпай, Көрсетші қанат жайғанды.Тау басында қырғызғаБір тигізші найзамды.Айналайын Бұғыбай, Аралатшы майданды!

Бұғыбай сонда сөйлейді: –Қысылып тұр-ау жанымыз, Тау басына жете алмай, Болмады, сірə, сəніміз.Жауыңды шаншып беругеКелмейді, Науан, əліміз.«Жол тап» – деген сөзіңненТөгіле қалмас арымыз.Көп кешікпей, Науанжан, Ханға таман барыңыз.Баруға көңілің тілесе, Ханнан жарлық алыңыз.Томағамды сыпырып, Қамау тасқа салыңыз.

Мұны естіп Наурызбай, Алдына барды Кененің –Түсі суық тартқандаТөрт қырланған жебенің, Ажал оғы келгенде

Page 33: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

33

Қорғаны болмас көбенің.Қолына толды қырғыздыңБасы тау мен төбенің.Рұқсат берсең, Кенеке, Барайын соған деп едім.Салатұғын алдымаБұғыбай басшы ер еді.Əдіре қалғыр Алатау, Асуға қиын жер еді.Қамалын барып бұзайын, Кенеке, жауап бер, – дейді, –Отыз жігіт сайланып, Қасыма менің ер, – дейді, –Тау басына барған соң, Ойынымды көр, – дейді.Кене хан сонда сөйлейді: –Дұшпаннан бітсін ар, – дейді. –Қолдағы өңшең батырданІріктеп бəрін ал, – дейді. –Көңілің шапса, Науанжан, Ертерек сонда бар, – дейді. –Екі-үш жүздей кісіменОйынды барып сал, – дейді.

Наурызбай тағы сөйледі: – Алладан жəрдем күтейін, Ата-бабам жар болса, Бір мұратқа жетейін.Былтырғы қылған азасынҚырғыздың бүгін етейін.Екі-үш жүз кісі көбірек, Онша алып, тақсыр, не етейін.Əскерден отыз батырдыІріктеп алып кетейін.Тəңірі қосса, қырғызға

Page 34: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

34

Бір тамаша етейін.Қиын жерде хандарғаБолады сүйеу қарашы.Қысылған жерде əркімніңТəңірім болсын панасы.Көп кісі қаптай шабуғаАрқаның бар ма даласы?!Аз кісіге жақсы екенАлатаудың арасы. – Мақұл, – дейді хан КенеНаурызбайдың сөзіне.Сол уақытта НауанныңЖан көрінбес көзіне.Иесі тілек қылған соң, Береді рұқсат өзіне.Қайтармады меселінҰмтылып тұрған кезіне.Қауырсынды, қанатты, Таудан үлкен талапты, Ер көңілді, қалма! – деп, Жұртқа салды санатты.Қалың қолдан саралап, Алады өңкей манапты, Ерегескен соғыстаТастан қайтпас болатты.Тауға қарсы түйлікті, Сұңқардай жиып қанаттыОтыз жігіт жөнелді –Тəмəм қолдың беглері.Бұғыбайды басшы ғып, Қиын жолды көргелі;Тау басында қырғыздыңЖазасын барып бергелі;Қамалын бұзып, жол салыпБейітін ашып келгелі.

Page 35: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

35

Жаз жайлауы сары дала, Қыс қыстауы Қарғалы.Наурызбай кетті бөлініп, Тау басына барғалы;Қамалып тұрған қырғызғаБір бүлікті салғалы.Кенесары бастығы, Төменде тұрып қалғаны.Талап етіп ұрындыЖаңадан бір жол салғалы.Сауысқанның аласы, Ағынан көп қарасы.Кене хан сонда сөйлейді Абылай ханның баласы: – Қол көрінбес шаң болдыАлатаудың арасы.Қарағаштай көп қазақ, Ханға болдың қарашы.Ойда қоқан, қырда орыс, Хакім болды қаласы.Кімнен таяқ жегендейБіздің қазақ баласы!Алдырып жүрген дұшпанғаАуызының аласы.Дін мұсылман əлеуметБірге мінсе кемеге, Үш алаштың баласыТізгінін берсе Кенеге, Ер басына аяқтайТас көтерсек жебеге, Тау басына шығатынЖол салмасқа немене?!Байұзақ датқа түйсініпБұл жауаптың тегіне, Айтайын деп бір сөзді, Жетіп барды көбіне.

Page 36: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

36

Ханның көңілі соғадыТаудан бір жол саларға.Бір талапқа бет қойдыТау басына барарға, Бекініп жатқан қырғыздыңҚамалын бұзып аларға.Ұят шығар төреденБөлініп біздер қаларға.

«Əйтелік» деп Байұзақ, Қамшы басты бекерге.Таудан жолды салайық, Жабыл! – деді нөкерге.Аттан түсіп алдымен, Өзі бір тасты көтерді.Басшы болды БайұзақБір қайратты етерге.Байұзақ аттан түскен соң, Қасына түсті ханымыз.Ханымыз аттан түскен соң, Төгілер болды арымыз.Бұзбасақ та ол тауды, Түсе қалдық бəріміз.Жабырласып қол қойдықЖасымыз бен кəріміз.Сол уақытта қарасақ, Тау басынан шу шықты.Қаптаған қара тұмандайМұнарланып бу шықты.Бу десек, – мылтық түтіні, Отыз көкжал бөріменНаурызбай төре сол шықты.Бір кезеңге таластық, Жау жоғары, біз төмен.Жеткен екен қамалға

Page 37: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

37

Наурызбай атты сұр берен.Қарқарадай астындаБайұзақ берген көк дөнен.Күн шығыс жаудың шетіненҚамалға кірді көлденең.Ор қояндай бұлтиғанКөк дөнен ат астында.Камзол ішік құнтиған, Ақ орамал басында.Көрұғлыға бергісізОтыз көкжал қасында.Сол уақытта НаурызбайЖиырма бес жасында.Хан Кене мұны көрген соң, Қалмады сабыр, қарары.Қиын болды батырғаТаудан шығып барары.Наурызбайды көрген соң, Өлімнен кетті хабарыТүтеген мылтық ішінеКөзінің кірді жанары.

Наурызбай кірді қамалғаКүн шығыс жаудың шетінен.Шыдай алмай хан Кене, Ат қойды таудың бетінен.Шөке атым жерге бармай-ақ, Кетті ханның еркінен.Сыпырылып қалып барадыКөк бурыл аттың көтінен.Наурызбай кірді қамалғаЖанған оттай бұрқылдап, Көк дөнен ат астындаOp қояндай бұлтылдап;Батырлардың найзасы,

Page 38: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

38

Найзағайдай жылтылдап.Мұнан кірген батырларОнан шықты алқылдап.

Хан Кененің арманы –Құмбелден жатпақ жай алып.Наурызбай шықты қамалдан, Найзасы қанға боялып.Не жаны қалсын Кененің, Наурызбайдан аянып!Тарта берді шылбырдан, Қылышын тасқа таянып.Кене хан жөней берген соң, Қалуға нөкер ұялып, Тұс-тұсынан ат қойды, Түйсініп қазақ оянып.

Кене хан кетті ұмтылып, Шыққалы таудың басына.Өлімге белін байладыƏзелде жазған басына.Қатарласып жөнелдіКене ханның қасына.Екі мыңдай кісі боп, Шықты таудың басына.

Сол уақытта хан КенеЖар айтты Жаппар Алланы.Қабат-қабат оратып, Қырық арқанды жалғады.Тартып алды ойдағыЗеңбірек пен арбаны.Бір-екі рет атқандаКүңіреніп кетті жан-жағы.Есік-ежесін қиратып, Қырғыздың шықты дал-далы.

Page 39: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

39

Келгенін ханның көрген соң, Наурызбай төре есірді.Бөгежектеп жүрген ерЕркінше шауып көсілді.Жазыла алмай жүр еді, Түйіні жіптің шешілді.Қойға кірген бөрідейҚырғызға салды кесірді.Бір кіргенде ап келдіТізілтіп неше жесірді.Бас-басына таратып, Жігіттің көңілін өсірді.

Абылай аспас асуданАсамын деп өктеді.Наурызбайдың ерлігінҚырғыз, қазақ сөкпеді.Төренің алдын орады, Қырғыздар мерген төккелі, Бəлені бастан кетіріп, Хан айласын еткелі.Зеңбіректі туралап, Төте жерден бір атты.Адам мен малды қабаттап, Топырлатып құлатты.Жөңкіліп жүрген қырғыздыңЖолшыбай көбін сұлатты.Қамалған қатын-қыздарын«Қоқилатып» жылатты.

Қызыққа тоймай батырлар, Тереді таудың шиесін.Бұл сапарда НаурызбайЖар етті Жаппар иесін.Қамалын бұзды қырғыздың,

Page 40: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

40

Соғыстың тауып жүйесін, Алып шықты үш жүздепАйғыр менен биесін, Атан демей, нар демей, Жетпіс-сексен түйесін.Бөліп берді бəрінеСыбағалы тиесін.

Наурызбай гүл-гүл жанады, Ақ білегін сыбанып.Жауды аралап қырады, Қолына жасыл ту алып.Шын қаһарға мінеді, Ақша беті қуарып.Бозбалаға сөйлейді, Ағасын көріп қуанып.

– Абылай аспас асудаКенекем дүкен құрғаны.Батырлардың жараспасМайданға кірмей тұрғаны.Кенекем келді біз үшін, Үш алаштың қорғаны.Аянбай бүгін іс көрсет, Таманың батыр Құрманы!Кеудедегі шыбын жан –Ар-намыстың құрбаны.Жар бола көр біздерге, Атамыз өткен Абылай!Осындай қиын жерлердеТілеуді бергей бір Құдай.Сендер едің қанатым, Меңдібай, Дулат, Ағыбай, Арғыннан шыққан үш жігітШəкір, Жəуке, Толыбай.

Page 41: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

41

Ұмтылыңдар, ерлерім, Жан-жағыңа қарамай.

Мылтықтың оғы от алмасҚұлаққа дəрі тұтанбай.Ақ кіреуке, көк сауытТаза жүрсе, тот алмай, Мылтықтың оғын жібермесШығыршығы жұқармай.Жаман жігіт тозады, Жауды көрсе қотандай.Атақты ердің бірі едіңИісің шыққан жұпардай.Аянбай бүгін іс көрсет, Табыннан қабан Бұқарбай!

Тайынбай жауға кіріңдер, Айбынды туған ерлерім!Мінген атың тобышақ, Күмісті қылыш белдерің.Осындайда керек деп, Көзімнің майын бергемін.Ат мініп, жарақ асқалыБəрі осы ма көргенің!Наурызбай батыр сөйлейді:

– Жара жоқ менің етімде.Ойын салды бозбалаАлатаудың бетінде.Мұнда қылмай қайратты, Қосқа барып өкінбе.Он екі самқал, жүз мылтық, Кенекем келген секілді, Кенекем келіп қосылды, Кім тұрар оның бетінде?!

Page 42: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

42

Ықпалың жүріп тұрғандаҚылыңдар жауға өкімді.Істерің жақса, бектерім, Бұл соғыстың ретіндеҰстатармын қолыңаҚос-қосынан жетімді.

Жарасалық дегендеБергендей қырғыз бар малын.Бітіре алмай төре жүрКөңілдегі арманын.Бетіне келер қырғыз жоқ, Алып жатыр жан-жағын.Жəне бұзды сол күніАқсудың барып қорғанын.

Соншама мықты берік едіАқсудың салған қаласы.Екі жүз үйдің мекеніАқсудың аяқ саласы.Сегіз мыңдай бар едіСол күнгі қолдың шамасы.Қорғанды бұзып, мал алдыАйман батыр ағасы.

Кенесары, НаурызбайКелтіріп жүр кертіне!Шауып, жаншып, талатты, Қырғызды қоймай еркіне.Бір бөлек қырғыз қалмады, Қашып барып беркіне.Бақыты шауып тұрғандаКене хан жетті сертіне.Шауып алды тал түстеАспара мен Меркені.

Page 43: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

43

Он екі мың кісініңКөбі Дулат халқы еді, Егескенде мұқату –Хан Кененің салты еді.Меркенің тұтқан ұлығыМеделі деген сарт еді.Ақауыз деген арғымақМеделі берген ат еді.Ауызға кіріп сөз болған, Тұлпардан артық зат еді.

Дұспаны қайтіп кемітерКене хан мен Науанды!Дабысы кетті күңірентіпАспара мен Дуанды.Қалың жатқан қырғыздыЖеңгеніне қуанды.Қарақыстақ, ШөңгіргеҰйысқан қырғыз қамалды.Қол сыймады жүргендеАлатаудың бауырына.Дулатты хан жұмсадыӨшіккен қырғыз жауына.Түсіп жатыр көп қырғызКене ханның ауына.Он мың кісі ат қойдыКекіліктің тауына.

Мұнарланып шаң болдыҚызылсудың саласы.Бұл сапарда жар болдыХан Абылай бабасы.Қырғызға лық толыптыАлатаудың арасы.Қол алдында жүр екен

Page 44: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

44

Қырғыздың бір данасы.Наурызбайға кез болып, Тұра қалды жанаса.Кəрібоз деген кісі екен, Ер Қанайдың баласы.

Кəрібоз сонда сөйлейді, Сөйлегенде бүй дейді: – Ей, Наурызбай, ер төрем, Қарайып жүрмін қаныма!Аза қорлық көрсетіп, Қатты баттың жаныма.Не жазығым бар едіКенесары ханыңа?Бітті деп көңілі тынбадыҚырғыздағы арына.Алмаған ары қалды маҚырғызда оның тағы да?

Құсшыны шапты шулатыпҚарақыстақ, Шөңгірден.Қалшаны ұстап байладыХан болып халқын меңгерген.Абылайдың тұсындаҚылған ісің жөн келген.Қырғыздың жолы бар ма едіҚалыңсыз саған қыз берген?

Қыстай шаптың елімді, Малымды салдың телімге.Босатып қондық, бостырып, Атамекен жерімді.Бұрыңнан-соңнан бар ма едіЕлшіге ниет өлімді?Жаманқарамды өлтіріп,

Page 45: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

45

Бір сындырдың белімді.Тіріме қылсаң болмай ма, Өлгенім саған не қылды?Атаңның ақы бар ма едіЕсқожа, Қанай көрінде?Ашуын бұған бассын деп, Жерімді саған тастадым.Бұл алғаның емес пеҮстімді келіп басқаның?Жалғыз-жалғыз ат мініп, Қорғалап тауға қашқаным.Не себептен хан КенеҚырғызға мұнша өшікті?Ақ қалпақты қырғызданҚазаққа берді несіпті.Ат мініп, садақ асынған, Бізді аямай кесіпті.Есіркесең болмай маЖолыңда жатқан бесікті?

Балалы арқар баурайды, Баласыз арқар маңырайдыМейірімсіз мұнша іс қылдың, Көп мұсылман зарлайды.Төрелер, қайда барсаң да, Рақымсыз атың қалмайды.Не қалмақ пен шүршіттіңҚырынан шықсаң болмай ма?!Наурызбай сонда сөйлейді, Сөйлегенде бүй дейді: –Жақсы айтасың, Кəрібоз, Тату едім сенімен.Қонысты кəпір алған соң, Кенекем көшкен жерінен.Бауыры суып ол жақта,

Page 46: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

46

Қарашы болған елінен.Он екі кісі жібердікБекбатырдай еріммен, Бізге қоныс берсін депҚоқидың салған көлінен, Екі ай жатты тұтқын бопЖанқараш, Жантай бегіңнен.Аулыңыз баса қонған соң, Азар шыққан өлімнен.Жаманқараңды өлтірдімӨзіңнің салған жолыңмен.

Кім таласар ҚұдайдыңБендеге берген бағына?Қорған болып халқына, Əркім шықсын табында.Қанайыңа мен қылдымКекті болған шағымда.Сенің ақың бар ма еді, Андасымның тамында?Білмеймісің, Кəрібоз, Мойнындағы жазаңды?Жанқараш пен ЖантайыңАйтып иман, зарланды.Қойдым деп бізге ант берсінАрағың мен бозаңдыАрағыңды қоймасаң, Кенекем алар мазаңды.Кəпірге ғазат қылғандай, Наурызбай берер сазаңды.Кəрібоз тағы сөйледі: – Келтірермін кезіңді!Ықпалың асып тұрғандаАйта бер, төрем, сөзіңді.Асқар тауға, Наурызбай,

Page 47: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

47

Теңгере берме өзіңді.Алтын жағаң қисайса, Қырғыздар ояр көзіңді.Талап алып, Наурызбай, Малымды салдың телімге.Аямадың, Наурызбай, Басымды салдың өлімге.Қорғанда жатқан қорқытып, Аттарын алдың бегімнің.Тастап көштің ол жақта, Атаң қонған Абылай, Қанды көйлек еліңді.Кіші жүзге сыя алмай, Тастай көштің жеріңді.Төлегенұлы ЖанқабылЕрлікке мықты, сенімді.Тоқсан кісіңді өлтіргенАлып па едің кегіңді?!Бітеу сойып басыңды, Қоқанға берген теріңді.Мейманаң тасса, НаурызбайДосың кетер панадан.Хақтан бұйрық келгендеЖаның шығар қанадан.Сенің атаң – Ер ҚасымТуғанында анадан, Қан шеңгелдеп туыптыШараналы баладан.Көп қорқытпа, Наурызбай!Күнім түссе-көрермін, Бұйрық болып Құдайдан, Қаза жетсе – өлермін.Арманда болып кетпеспін, Бір соғысқа келермін.Жаппар ием жар болса,

Page 48: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

48

Сазаңды əлі-ақ берермін.Ержан кеткен түн қатып, Хан қылған соң өкімді.Төрт жүз кісі бөлініп, Қалың қолдың шетінде, Барлап қарап келгелі, Жау бар ма деп бетінде, Түнде кеткен аз кісіҚапаланып, өкінді.Жасанған жауға жолығып, Ержан бір түскен секілді.Ханға келді Наурызбай: – Ержан жауға барыпты, Бүгін мойны қалыпты.Қаталанып ініңіз, Бармағын тістеп, налыпты.Кенеке, айтпай қайтейін, Ініңіз қолды болыпты.Пенде болып қырғызға, Ержанның көңілі шөкпесін.Ержан тұтқын болды деп, Қырғызға дабыл кетпесін.Бізді жоқтап Ержекем, Көзінің жасын төкпесін.Жолығыпты аңсыздаЕржан батыр аранға.Ағасы өлсе алдында, Інінің күні қараң да!Аттансын деп батырлар, Шашалық жарлық хабарды.Енді мұнда, тақсыр хан, Тұрмағымыз арам-ды.

Маған жауап беріңіз, Екі-үш жүз кісі алайын.

Page 49: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

49

Көп кешікпей, Кенеке, Ержанды іздеп барайын, Асуына шығармай, Иіріп алып қалайын.Қан құстырып келейінСақауқырғыздың талайын.

Кене хан жауап бермеді, Наурызбай бүй деп келген соң.Келіспестей көріндіНаурызбайды бөлген соң, Қырғыздың қолы көбейіп, Жақынға келіп төнген соң, Қолға толды Самсы менҚызылсудың кемері.Шығар мезгіл таяндыАт пен ердің өнері.Бір мезгілдер болғанда, Ұзын бойлы, жебелі, Күрең қасқа ат мініп, Шеннің ұлы Бидері –Жекелеп кірді майданға, Ер Қанайдың немері.Бидері кірді майданға: – Жеке, батыр, жеке! – деп.Қарсы қарап тұрады;«Ке-ке, батыр, ке-ке!» – деп, Жақын жерден шөкелеп.Қазақтан ешкім шықпадыЖылдамырақ төтелеп.Байұзақ датқа сөйледі, Ашуланып, ақырып.Халқына қарап сөз айтты, Оң-терісті сапырып: –– Не қылып тұрмай отыр?! – деп,

Page 50: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

50

Батырларын шақырып, Дулаттан шыққан батырдыңТалайына батырып.Қолға толды Самсы менҚызылсудың арасы.Қысылған жерде əркімніңТəңірім болсын панасы.Қарағаштай көп қазақ, Ханға болдың қарашы.Бидері кірді майданға, –Қырғыздың бір баласы.Оның бізден артық паАтасы мен анасы?!Билерге қарсы барыңдар, Бізден бір батыр данасы.Таусылдың ба, МəмбеттіңНайза ұстаған баласы?

Батырлардың майдандаҚызбас болды ойыны.Қайғыға толды бұл сапарҚазақтардың қойыны.Байұзақтың сөзінеБастамады тойыны.Еш адам басын көтермей, Төменге түсті мойыны.

Қырғыздың қолы көбейді, Əр жерлерден құралып.Қыстай мінген қазақы ат, Тастап жатыр тұралып.Шыдамады Наурызбай, –Киіміне қыналып, Түрегелді орнынан, Шыбықтай белі бұралып.

Page 51: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

51

Қамзол ішік үстінде, Бауын үзіп белсеніп, Ақауыз атқа мінді де, Түсті таудан теңселіп, Қатуланып жөнелді, Алғалы жауды еңсеріп.Наурызбай сөйлеп жөнелді: – Батырлар, құлақ салыңыз.Қарағаштай көп қазақ, Бақытты болсын ханымыз.Жау қарасын көргенде, Қайтпасын бастан бағымыз.Ержан түсіп қырғызға, Дұспанға кетті арымыз.Онан біздің артық па, Майданға кірмей, жанымыз.Ержан үшін жарассынАқбоз атқа қанымыз.

Қарағаштай көп қазақ, Іс көрсетер күн бүгін.Ержан түсіп қырғызға, Бізге қайғы күн бүгін.Арманда болған ер үшінКегін алар күн бүгін.Қылыштасып майданда, Қол сілтесер күн бүгін.

Таудың басын алсын тұман, Жаппар ием болсын панаң!Қырғыздарға бермей аман, Ұмтылыңдар, келсе шамаң.Болсын жауға ақырзаман, Жаннан кешер күн бүгін.

Page 52: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

52

Наурызбайдың сөнді зары, Ұрыстың қызсын базары.Кенекемнің қошқарлары, Қайтпасын жаудан назары.Болыңдар қырғыз тажалы, Қол ұстасар күн бүгін.Наурызбай мұны айтады, Тартып-тартып жібердіАқауызды жанбасқа.Қолын салып, суырды, Тұрсынбай берген алмасқа.

Артына көзін салмадыҮйдегі қалған мал-басқа.Наурызбай шыға шабады.Кекіліктен зырқырап.Бидері шапты қасқа атпен, Құйындай шаңы бұрқырап.Сонда басын көтерді, Отырғандар көзі жылтырап.

Наурызбайдың сөзінеБатырлары шыдамай, Хан қасынан ұмтылдыМеңдібай, Дулат, Ағыбай, Арғыннан шыққан үш жігіт –Шəкір, Жəуке, Толыбай.Олардан кейін қала маТабыннан қабан Бұқарбай!Сегіз кісі жөнелді, Наурызбайдың соңынан.Бұл сапарда төреніңЖұлдызы туды оңынан.Шаба алмайды қазақы атТас пен таудың тоңынан.

Page 53: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

53

– Бидері сонда сөйледі: Патша зада баласың, Алдыңа айдап, қырдың сенҚырғыздың қатын-баласын.Жеке келсең болмай ма, Ақылың асқан данасың!Тайғандарыңды ертіп, Төрем қайда барасың?Жолсыз істі қылмағын, Наурызбай асыл ер еді.Артына қарап сол жерде, Батырларын көреді.Оларға қарап сөз айтып, Қайтуға жарлық береді.

– Əрбіреуің шерге ұсап, Келдіңіз бе, нарымыз?Шығасы болса кеудеденБүгінгі күн жанымыз, Келгенменен, ерлерім, Қорғауға келмес халыңыз.Берсе Тəңірім абыйыр, Түсірген атымды алыңыз.Жазым болсам, артымнанСүйегіме шабыңыз.Қырғыздың айтқан сөзіненТөгілер болды арымыз, Сөзге сынық болмайын, Ерлерім, кейін қалыңыз!

Бидері менен Наурызбай, Жақындасып барысты.Астындағы мінген атАуыздыққа қарысты.Ат үстінде алысты

Page 54: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

54

Найзаменен салысты, Бір-біріне жабысты, Керегедей қабысты.Ерлерінің артынаМініп-мініп қалысты.Жəне қайтып екеуі, Бұрқ-сарқ етіп айқасты.Айқасып қалған мезгілдеТөренің асты айласы, Қайраттың тиді пайдасы.Шолтаң етіп БидерініңАспанға шықты найзасы.Бидері шығып жолыққанҚызылсу, Самса бауырынан.Наурызбай шығып жолыққанКекіліктің тауынан.Айқасқанда екеуі, Өшігіскен жауынанБидері барып жығылдыКүрең қасқа аттың сауырынан.Қыстай шауып жол болғанШу менен таудың арасы.Бұл сапарда жар болдыХан Абылай бабасы, Қырғыз аттан жығылып, Батып еді қарасы.«Я, Құдайлап» шуластыҮш алаштың баласы.

Аллаға Науан сиынды, Аузы кетпей тілектен.Қайраты көп болған соң, Найзасы аумай білектен, Шанышқан екен НаурызбайБір қырғызды жүректен.

Page 55: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

55

Сыртына шығып, найзасынЖерге басып, тіреткен.Суырылмай темірі, Қанменен қатты-ау жібектен.Əр тараптан қырғыздарЖағалай шауып жиектен, Тұс-тұсынан ат қойды, Үміткер болып сүйектен.Жалғыз шапты Наурызбай, Жауға қарсы енуге.Арасы алыс дауыстап«Барма, мұнда кел» деуге, Шауып барып Бұқарбай, Ат үстінде көлбеді, Өткізіп қашты шылбырынЕр Бидерінің белбеуге.

Үш ай тоқсан күн еді.Шаруа шешкен күйегін.Науан бұл жол ағыттыЕрлігінің тиегін.Түсіріп төре кеткенде, Кене хан қақты иегін.Бұқарбай батыр ап келдіЕр Бидерінің сүйегін.Қазақ, дулат жиналып, Мақалай қылды сүйегін!

Ағыбай батыр шабады, Қашқан атын көреді.Қырғыздан қорқып таймады, О да қайсар ер еді.Алып ханға келеді, Тарту қылып береді.Бұқарбайды мақтады: –

Page 56: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

56

– Бəрекелді, ерсің! – деп, Ағыбайды шақырды, –– Атын алып келсін, – деп, –Сүйекке шапқан ер болар, Атын соған берсін, – деп, Сүйекке шапқан ер болар, Əркім мұны көрсін деп, –Жауға шапқан батырларНамыстанып өлсін, – деп. –

Көңілде үлкен ер едің, Сүйекке неге шаппадың?!Жарамады олжа деп, Ағыбай, атқа шапқаның.Сүйекке шапқан ер екен, Бұқарбайды мақтадым.Ағыбай батыр қорланды, Екі жағына сыймады.Ішін жарып өлергеЖанынан пышақ таппады.Олжа болад баласыЕр Бидерінің артынан.Ораз кірді майданға, Озып жүрген халқынан.Ол да айтулы ер едіСұңқар құстай талпынған.

Ораз келді жұлқынып, Бастан ауған бағы бар.Қатын түсіп қазаққа, Қарайып жүрген қаны бар.Аза қорлық кірген соң, Тек шықпаған жаны бар.Жаны нағып шыдасын, Дүниенің не сəні бар –

Page 57: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

57

Наурызбайдың қосындаНекелеп алған жары бар.Шуыменен қопарып, Ораз шапты ар жақтан.Екі беті қызарып, Наурызбай шапты бер жақтан.Қырғыз, қазақ екі жарҚарап тұрды жан-жақтан.

Найзаларын көтеріп, Бірін бірі көздеді.Ашуланған батырларЖолыққанша төзбеді.Бірін бірі аямай, Ет жүректі мезгеді.Ораз батыр жығылды, Найза бұрын кез келді, Ақбоз аттың сол жақтанОраз барып жығылды.Қайтып адам болмастай, Шыбын жаннан түңілді.Тілге келмей сол жерде, Жер бауырлап сүрінді.

Баяғы сөзден АғыбайҚарайған екен қанына-ай.Жеткен екен төпелепНаурызбайдың жанына-ай.Түсіріп төре кеткенде, Шауып барып Ағыбай, Көтеріп алды ОраздыТелқоңыр аттың жалына-ай.Қоқилатып қырғызды, Бермей кетті тағы да-ай.

Page 58: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

58

Қазір оңға қарап тұрНаурызбайдың жұмысы.Əзір аса біткен жоқХан Кененің тынысы.Қара ала атты бір қырғыз, Жаңқараш бидің інісі, Жекелеп кірді майданға, Батыр екен мұнысы.Наурызбай қарсы шабадыЖеке шыққан батырға.Тайынбай қарсы келеді, Қашатұғын қатын ба?!Жалақтатып найзасын, Жетіп келді жақынға.Алақтатып састырып, Батырды ұрды қапыда.

Жеке шыққан батырдыңБəріне берді ақылды.Орнынан тұрмай жатсын деп, Найзасын қатты батырды.Қызыл ала қан қылдыҚызыл судың жиегін.Науан бұ жол ағытты, Ерлігінің тиегін.Жақын жерде қырғыз жоқ, Өзі алып қалды сүйегін.Шапқан сайын АқауызЖерді тарпып, өктеді.Наурызбайдың ерлігінҚырғыз, қазақ сөкпеді.Екі мың қырғыз жиылды, Қазақпен соғыс еткелі.Ерлердің алдын орадыЖаяу мерген төккелі.

Page 59: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

59

Жекелеп енді соғыспай, Қырғыздар тұрды бекерге, Хан иек қақты нөкерге.Арба арысын көтерді, Зеңбірекке оқ бердіҚұлағына от берді.Асығыс атты байламай, Алдында əскер жоқ болды.Зеңбіректің аузынанСылдыр-сирек топ келді.Зеңбіректің ауызыҚолдың болды көбіне.Сегіз кісі ұшырдыСылдыр-сирек шетімен.Бір боз атты ұшырдыҚолдың арғы бетінен.

Мұны көріп қырғыздар, Ойран болып бүлінді.Қасында тұрған НаурызбайСұңқардайын ілінді.Жəне оқтап атқандаБір керемет білінді:Ұрмай-соқпай, зеңбірекОртасынан бөлінді.Қырғыздар шыдап тұра алмай, Қаша берді алақтап.Наурызбай кетті соңынан, Найзаменен шабақтап.Бір-біріне ат қойды, Қырғыз, қазақ жан-жақтан.Бір тозаңның астынанГүл-гүл жанып, ыржақтап, Шыға келді Наурызбай, Тоғыз ат алып салақтап.

Page 60: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

60

Он бес атты ап келдіМеңдібай, Дулат, Ағыбай.Он екі атты ап келдіШəкір, Жəуке, Толыбай.Он төрт ат бар қолындаҚабан менен Бұқарбай, Құрбан келді төрт атпен, Нөпірі шығып тұлпардай.

Бəрі келіп қосылдыҚызылсудың беліне.Көңілі бітті НауанныңТұз татырған еріне, Науан тағы жөнелдіТаудың төскей өріне, Қашып барып қырғыздыңҚамал соққан жеріне.

Жөңкіліп жүрген қырғыздыңНаурызбай үстін қаптады.Сегіз мерген бір жердеБеліне шіреніп жатқаны.Жалғыз барған төреніБəрі тегіс атқаны.Шара бар ма, ҚұдайдыңБұ сапар да қаққаны.Қой боғындай қорғасынҚаза болып таппады.Мылтығын тастап тас-тасқа, Қайта қашты мергені.Лап қоя шапты қырғыздарМергеннің атын бергелі.Жалғыз шауып Наурызбай, Қырғыздың жолын кернеді.

Page 61: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

61

Үшеуін шаншып өлтірді, Бесеуі тірі, өлмеді.Бес мергенді тірі айдап, Ханға алып келгені.Сегіз мылтық өңгеріп, Тарту қылып бергені.

Сол уақытта АқауызЖер тарпиды оянып.Наурызбай жүр үстінде, Қылышы қанға боялып.Қанына қырғыз қарайды, Несіне тұрсын аянып.Наурызбайдың үстінеБəрі келді таянып.

Аллалап жүрген қырғыздыңЖелі тұрды оңынан.Ай мүйізді қошқардыңБəрі тартты қоңынан.Ақауыз ат құладыҚырғыздың атқан оғынан.Наурызбайға ұмтылдыҚалың қырғыз шоғынан.Қызылсу мен ДуанныңАңғарынан шаң асты.Қырсықтың алды емес пе, Төреден əркім адасты.Қырғыз, қазақ екі жарНаурызбайға таласты.Қырымда жүрген БұқарбайАтына қамшы бір басты.Үзеңгісін шығарып, Наурызбайға жанасты.

Page 62: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

62

Бұқарбайдың алдынаНаурызбай алды мінгесіп.Жауға түсіп қалмасқа, Қаша берді «шүу» десіп.Наурызбайды тұтпаққа, Қырғыз да қуды ілесіп.Қазақтан адам аз болдыБермейтұғын тіресіп.Қорғайын деп қырғыздан, Ағыбай сыртын айналды.Шамасы келсе тіресіп, Қорғамаққа ойланды.Бұқарбай мен НаурызбайСалар еді ойранды.

Мінгесуі бір атқаОлардың қолын байлады.Сол уақытта қырғыздарБасқын жетігі өрледі.Жалғыз өзі АғыбайҚорғауға əлі келмеді.Алдыңғы жеткен қырғыздыАраға түсіп кернеді.Қолындағы найзасынОңды-теріс сермеді.

Атасы өткен Абылай, Тілеуді берген бар Құдай.Бұқарбай мен НауанғаҰмтылды қырғыз жабыла-ай.Шəкір де жетті бір жақтан, Қабан менен Меңдібай.Кертайлақ атты жеткіздіЖəуке менен Толыбай.Кертайлық ат жеткен соң,

Page 63: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

63

Мініп алды Наурызбай.Сегіз кісі бас қосып, Су бойында ауысты.Тоқтата алмай көп жауды, Үстіртке ойнап шығысты.Кезек жұмсап келедіНайза менен қылышты, Қалың жеткен қырғызданАла алмады тынысты.

Сиынады батырлар, Аузы кетпей тілектен.Шұбыртпалы Ағыбай, Талайды шанышты жүректен.Араласып, ШəкірдіңМылтық тиді білектен.Итшілесіп, сілкісіп, Қорғап шықты түбектен.

Бұл сапарда ҚұдайымЕрлердің жолын оңдады.Кертайлақты мінсе де, Ақауыз аттай болмады.Астына мінген атынаТөренің көңілі толмады.Артынан жеткен қырғызғаҰмтылуға болмады.Сонда да Тəңірі жар болып, Тұтылып жауда қалмады.Құтылып келіп Наурызбай, Ханның түсті қасына.Көріп еді көп істіƏзелде жазған басына.Келе сөйлей бередіҚұдайменде ағасына.

Page 64: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

64

– Тау суындай сарқырап, Дулат жатыр өреңде.Қырғыз тұтқын қылыптыЕржан сынды беренді.Қырғыз тұтқан шағындаАрманда кеткен зереңді:«Екі ағам, бір інім бар, Іздер ғой мені», – деген-ді.

Сөйдеп айтқан ЕржанныңАғасының бірі – сен.Ұзақ күнгі майдандаБір көрмедім сені мен.Бір нəсілдің ішіндеМұнша қалай тудың кем?Жауға қарсы бармастай, Қатынменен болдың тең!

Сені қара басты ма, Қолыңа найза алмастай?Жүрегің ұшып кетті ме, Жауға қарсы бармастай?Қызметі сенде бар еді, Ержанды естен салмастай!Намысы сенде бар еді, Артынан тірі қалмастай.Ала бір таудың жылғасы, Баурында ойнар құлжасы.Тар жерде жолдас боладыЕрлердің найза құрдасы.Белсеніп жауға шабадыЖігіттің жанға мырзасы.Ержан болса қасымдаБөлекше туған тұлғасы,

Page 65: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

65

Болар ма едім қазаққаƏзіл сөздің олжасы?!

Балалы арқар баурайды, Баласыз арқар маңырайды.Күйік қылмай көзіме, Жасаған сені алғай-ды!Сүйегімнен бұл таңбаӨлгенімше қалмайды.Ержан жауға түскенше, Сен жауға түссең болғай-дыЕндігі жерде сөйлейінБолған істі бастағы.Бəрі де жау боп көріндіАлатаудың тастары.

Елден бұрын НысанбайЖоқ сұмдықты бастады.Қобызы қалды қосында, Түзеді бетін қашқалы.Өз басын алып құтылмақ, Іздемеді басқаны.

Алты ай шауып жол болғанШу менен таудың арасы.Бұл сапарда қазақтыңБолмады қабыл тəубасы.Рүстем менен Сыпатай –Дулаттың нағыз баласыҮндес болды қырғызбен, Əне, ауыздың аласы!Он екі мың дулаттыҚашырды түнде, расы.Жамандық қылған мұндардыңМойнына болсын жазасы.

Page 66: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

66

Қазақтың көбі қырылды, Қанды ма екен табасы?!

* * *

Сол барғаннан төрелерЕлге қайтып келмеген.Үй, жамағат, малымен, Халқын, жұртын көрмеген.Құтылуға қырғызданТілегін Құдай бермеген.Қырғызда қалды тұтылып, Не еткенін ешкім білмеген.

КЕНЕСАРЫ МЕН НАУРЫЗБАЙДЫ ЖОҚТАУ

Нысанбай жыраудың қырғыздан қашып құтылып, елге келген соң, Кенесары, Наурызбай төрелерді жоқтаған есеп-ті айтқан азырақ сөзі:

Қоғамы күшті ер еді, Киімді бала тудырған.Ықпалы жүрген ер еді, Алтынды қылыш будырған.Абылайлатып ат қойып, Дұспанды көрсе қудырған!Көп сарғайтып келместей, Кене хан, саған не болды?

Тұлпардан сайлап ат мініп, Дорбадан жемін жегізген.Жем орнына бал беріп, Қысырдың сүтін емізген.Басқан қалың жау жетсе,

Page 67: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

67

Алып та шығар теңізден.Кенекемді қалдырып, Көк бурыл, саған не болды?

Патшада бар алтын тақ, Жасынан Жаппар берген бақ.Зілді қара бүркіттейШабытты туған сұғанақ.Қанаты жоқ, құйрық жоқ, Бір анадан жалғыз тақ.Көп сарғайтып келместей, Наурызбай, саған не болды?

Кенекем менің кеткен соң, Заманым қалды тарылып.Салтанатты хандарданЖетім қалдым айырылып!Екі бірдей қанатымТопшыдан сынды қайырылып!Балдағы алтын ақ беренТасқа тиді майрылып.

Page 68: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

68

НЎРЫМ ШЫРШЫЄЎЛЎЛЫ(1831–1908)

ТОҒЫЗ АУЫЛ

Сөз базарын бастайын, Əуелі, Алла – Бірімнен, Өзіңнің берген деміңнен. Қателік кетсе, ғафу ет, Сүйексіз жазық тілімнен. Жад етсең Жаппар Алланы, Арыларсың көңіл кіріңнен. Аластама бізді, бір Алла, Мақшардың таңы болғандаСəулелі жəннат күніңнен.Бұрынғы өткен шайқылар, Адастыра көрме ізіңнен. Адыра қалған атамнан, Опасыз пəни – сұм заман, Қорқамын жаман түріңнен –Бір жəрдем бізге болмаса Жасаған Ие, пірімнен?!

Пірлер мен шайқы көп өтті, Бұл пəни, сенің жүзіңнен. Қабаты қалың қара жер, Кіргендер шықпас түбіңнен. Неше күн жолдас болармыз, Жалғаншы дүние, сізіңмен?Өлгеннен соң не пайда Сайраған қызыл тіліңнен?Алжастың басы сол екен –Абылды Қабыл өлтіріп, Қас болды кəпір бізіңмен...

(1831 1908)

Page 69: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

69

Хан Аюке қалмаққа Уса-Серен бас болып, Дұшпанымен қас болып, Қытайдың қалың шəрінен Қалмақтың жұрты бүлінген. Одан бергі заманда Ағыны қатты ақ дария –Емініп аққан Еділде, Жағасы биік Жайықта, Ойыл, Қыйыл, Самарда, Аңқаты мен ҚыйғыштаҚарға бойлы Қазтуған Ердің даңқы білінген.Қания деген қалмаққа, Сол қалмаққа бармаққа, Қызын қатын қылмаққаОрақтың ұлы ҚарасайАуыр антқа ілінген.

Қарабау мен Тайсойған, Ол – Қайғы-Асанның жұрты екен, Кəпірменен қас болып, Мұсылманмен дос болып, Əммеге дəрпі паш болып, Қарауыл салмай қонған жер Қорғанша деген күдірден. Сондай жұрттың жері екен Көлденең жатқан ұзын Жем.Көргенім жоқ көзіммен, Ескірмейтін есті сөз –Айтамын сондай ызыңмен.

Тағы бір сөз айталы, Ескі сөздің сағасы, Жұмалы қарттың баласы

Page 70: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

70

Өзі туған қарт ноғайЖеті жылдай сүрінген.Ескі сөздің мағынасы Ноғайлының ішіндеКөзей қарттан білінген...Бұл күндері болғанда, Алладан қуат болмаса, Не шығар артық тілімнен?!Пайда тапқан жан бар маБүгінде ділмар білімнен?!

...Бетегесі белден шық, Жегендерін желдентіп, Сəуір сала – Сарыарқа –Біздің байлар баса қонған тербентіп. Айрақты мен Алатау –Кім тұрушы ед ол маңда Адай-ата көшкен күн Салтанатпен сəндентіп?!

Жазғытұрым болғанда, Күн заузаға толғанда Көшуші еді қарыштап, Шайқылар қонған қара жұрт –Маңғыстауды күңірентіп.Көгорай балқаш солғанда, Күн ақырапқа толғанда Қайтушы ед елім қоныстап, Қараша қаздай қыйқулап, Қанаттарын серментіп.

Ойыл, Қыйыл, Жем, Қайнар –Көлденең өтіп ел жайлар.Арқаның алпыс саласы, Алатау мен Сарыарқа

Page 71: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

71

Біздің Адай тең жайлар. Елеуретіп ерлерім Екі жүйрік тең байлар. Жаз нəубеті жетіле Қозғалушы ед шарықтап, Маңғыстаудың қара ойын Қыя алмай шыққан не байлар. Алғыйдың құба дөңіндеБұйқыт жатқан еліңеҚауырт тисе көп дұшпан, Сонда шыны сор қайнар!Күні бүгін болғанда Адыра қалып барасың, Қайран Шоқыбоз бен Бегайдар!

Шоқыбоз бен Бегайдар, Бесқопа мен Бесқақтан Ноғайлының елдері Ерте тұрып, кеш жатқан.Алғыйдың құба дөңінде Қарға бойлы ҚазтуғанҚауырт көшкен жер екен, Қапыда дұшпан көп шапқан. Бұрынғы өткен заманда Манжұрдың ұлы Ер Шуақ Атасы қалмақ демесең, Ол-дағы əділдікті пір тұтқан. Заманнан заман озғанда, Күйкеннен бергі бауырдаҚателікті бір тапқан Мусаның ұлы Орақтан. Адыра қалған жер еді Арғымақтың бауырынан тері аққан, Алғаулы судың бойындаАзаматы өкінішпен дəм татқан.

Page 72: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

72

Қарға бойлы Қазтуған Қапы қалып, сол арада жау шапқан. Манашыдай мырзаныҚазалап қалмақ ант атқан. Бұлықсыған ерлерім Тарығып талай сан соққан. Ол күндері оларға Өштескен дұшпан көп екен Кеудесіне кек қатқан.

Ноғайлының еліндеОрмамбет ханның – Азауыл1

Салмаған екен қарауыл. Ойланбай қылған іс – ойран, Пəрменмен болған жаза – ауыр.Таршылық басқа түскенде Бір Тəңіріні пана қыл. Тар-қамашау қоныста Жортуыл ердің жатқаны, Қəперсіз асын татқаны –Алладан келген қаза-дүр...

Қызарып күн батқанда, Сарғайып таң атқанда, Менменсіген ерлерімҚателікпен алдырды –Қауіпсіз, қамсыз жатқандаҚапыда түсті қақпанға. Елдің алды асқанда, Көлденең-Шыңға басқанда;Айтулы ердің тұқымы Айла таппай сасқанда;Қыз-келіншек, жас бала

1Азауыл – Азау қаласы.

Page 73: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

73

Тұс-тұсына қашқанда –Екі жүз елу шамасыЖəуміт келіп ұрынған Екінті мен ақшамда.

Жəуміт-жау келіп ұрынған, Ұлды сүйреп тұлымнан, Қызды сүйреп бұрымнанБар жаулығын қылынған.Амал таппай дұшпанға, Күйкеннен бергі мұрыннанКөштің алды бұрылған.Адыра қалған жер еді –Ноғайлының, біз түгіл, Жаңбыршының ұлы Телағыс, Кешегі «Қырық таңбалы Қырымнан». Төремұрат батырдың Өлген жері сол екен –Қарғыс оғы құрылған.Тек шипалы жер екен, Ойлап тұрсам бұл қоныс Құтсыз екен бұрыннан...

Борқұдықтың қасында, Байкүшіктің басындаКөтерді дұшпан іргені.Көкалалы көп жылқы – Ен жылқыны, елді алып, Жидырды ноқта-сіргені, Елдің алдын іздеді.Көшіп еді ұмтылыпЕлден бөлек ілгері, Əнтек болды бұл жері –Тоғыз ауыл ішіндеКенжесары кеңпейіл,

Page 74: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

74

Сүгірəлі атанғанҚұрман-Таған бірге еді. Ту ұстап, тұлпар мінбеді, Ту, тұлпардан не пайда –Күні бұрын болжалдап Жау келерін білмеді, Хабар ерте тимеді.

Болжамады ертеден, Жетімді алды желкеден. Ен жылқыны, кенді алды, Қатарлап жиған теңді алды. Ақ орданы аударып, Аруларды алды теңсеген. Əулием Бекет болғалыБұл секілді шулатыпАлған жоқ ед дұшпан еңседен.

Бедеулерін құр-құрлап, Жатқан жерден тұр-тұрлап;Тал шыбықтай белі бұралып, Мақпал мен жібекке оранып;Алтын үзбе сырғасыҚұлағында сыңғырлап, Қыздары кетті байлардың Оң жақта отау тұлдырлап. Бұл хабарды естісе, Маңғыстау толған əулие –Тəмам шайқы қынжылмақ. Əулиелер қарғаса, Елге тиген дұшпанныңАқ киіктей орттырып, Алдынан жебе құрдырмақ. Екі жүз елу жəуміттіТабан серіппей қырдырмақ.

Page 75: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

75

Бұл сөзімді сынасаң, Жалған-ау деп, жамиғат, Шабылған жерін сұрасаң –Ортатөрткүл-Қызылқақ. Байбоз-Жамбоз – екі ауыл Ілгері көшті қырындап, Адайдан бұрын зырылдап.Тəңірім қайтып алмаса, Қайтқан жоқ еді бұрын бақ. Зеңбірегі қардай бораған, Түрікпен түгіл, орысты Алушы еді бізің жақ. Қарсыласқан көп дұшпанҚалушы еді ызыңдап. Күні бұрын білгенде, Аллалап атқа мінгенде, Екі жүз елу жəуміттіңБірі қалмай қырылмақ.Есік – ойран, төр – талқан, Ойран-асыр, жер тозаң, Ер өлген күні бұзылмақ. Алпыс екі жесірдің Шулап даусы шыққанда, Көкірегім – қайғы, көңіл – шер, Ішім бір толды қызғындап.

Есіткен ерлер қайғырдыЖалындап іші күрсініп.Жақсыдан болды құрғылық, Жаманнан болды мұңшылық. Көлденең жұрттың жаманыӨз ішінен бұзылып, Ойлағаны күншілік. Біздің Адай баласы,

Page 76: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

76

Ауылын жауға алдырып, Көріп тұрмын кемшілік.

Дүние өтті талайдан, Қапытұр қаза келгендеҚала алар аман қалай жан?!Дүниеге келген жандардыңБəрі де кеткен, келсе ажалƏп-сəтте дүние тарайған, Көп өтіп дəурен, азайған. Адыра қалған бұл қонысНоғайлының біз түгіл, Орағы менен Мамайдан.Тоғыз ауыл шабылды Толықсып жүрген Адайдан.Підияға біткен жан, Қатын-бала – қараорманЕріксіз кетіп барадыЖау қолында қарайған... Тілекті Тəңірім кесті деп, Дұшпанның көңілі өсті деп, Қамады пікір əр алуан.Талқан да қылды елді деп, Тірілей бізді көмді деп, Күн болды деп бақ ауған;Сындырып кетті белді деп, Суалтып кетті көлді деп, Қуартып кетті дөңді деп, Мұндай қорлық көргенше, Өлген артық енді деп! –Аттарын мініп жараудан, Доспамбет, Төлен бас болып, Дұшпанымен қас болып;Есқожа, Мəтен, Ықылас, Қабыл батыр, Ер Əлмен,

Page 77: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

77

Аман, Қали, Жəнеттей Атақты ерлер талайдан – Қала алар ма бас бағып, Айырмай елін талаудан?!Жеткеннен соң сұм хабарҚырық жігіт аттандыҚойсуы мен Қамаудан, Алпыс екі тараудан.

Қуып шыққан қырық жігіт Ат құйрығын сүздіріп, Ту ұстап, тұлпар міндіріп. Қатын-бала – қараорман –Қалғандарға елдегіТірілей күдер үздіріп. Біздің елдің пірлері Бас қорыған жерлерде Жатыр еді сызғырып. Не қылғаның, Ер Бекет, Біздің белді сындырып, Дұшпанның көңілін тындырып?!Еділді алды – елді алды, Иен жылқыны – кенді алды, Тоғанақты теңді алды, Теңімді алса, нем қалды –Туырлықты тілдіріп?!Суалтты шалқар көлімді, Турап кесіп желімді, Ойран қылып төрімді, Боз ордамды бүлдіріп.Тілекті Тəңірім кесті деп, Дұшпанның көңілі өсті деп, Тұлымдымды тұл қылып, Бұрымдымды күң қылып –Қырық жігіт ұмтылды

Page 78: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

78

Күзгі желдей ызғырып. Манашының бойында:«Ғұсыл – бізге сүннет» деп, Қылышпен ұрып мұзды үгіп, Қабыршақ мұзды сындырып:«Шейіт болсақ егерде, Кетпейік деп дəретсіз», –Амалға тағат қылдырып, Суға сүңгіп шығады, Ғұсыл-сүннет алады, Зəһарға бойын жудырып. Шейіттік өлім тілеген Тұра ма ерлер мүдіріп? –Тарыққан ердің панасы –Ер Бекеттің басына Түнеді бір күн кідіріп. Əулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып, Дұшпанын қуып жетіптіАрада үш-төрт күн жүріп.Ақ киіктей жорттырыпЕнді ойласа, Ер БекетДұшпанының алдынаҚойыпты жебе құрдырып!

Ұрыспай бұлар не қылсын, Сегіз арыс АдайдыңҚасқа-жайсаң, қандысы, Байбоз-Жамбоз, Көрпенің Аты шыққан даңдысы, Абыройлы жандысы?!Көп жүрмеген жабының Жолда қалды жалдысы. Қара басын қамыттап, Жау көрмеген жаманның

Page 79: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

79

Үйде қалды малдысы. Бізден кеткен аз кісі Халықтың алған алғысын. Дұшпанды қайдан жіберсін, Ер шайқының қарғысы –Пір Бекеттің шалғысы?!Түп аталы жігіттіңСапарынан сау келсе, Неге керек арғысы?!

Жортулы ердің жолында, Бəрі бірдей соңында.Алпыс жесір тең жылайҚорлық көрді соншамаИт-дұшпанның қолында.

Жауды қуған қырық ер Құланқақтың сыртынан Жəуміттің көрді қарасын. Көкмойнақты бауырлап, Жақындатты арасын. Қанменен жумай тыншыр маДұшпанның салған жарасын?!

Арада үш-төрт күн жүріпҚуып шыққан сол кісі Толарсақтан саз кешіп, Шыбындай жаннан баз кешіпЕнді қарап тұрмады:«Құдайдан нəсіп бар», – десіп; «Жесір жылап тұрғанда, Неге керек жан?!» десіп;Құланқақтың сыртында Араласып түркпенмен Соғыс етті əрнешік.

Page 80: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

80

Жауды көзі көргесін, Көп екенін білгесін, Азын көпке санады-ай, Бірін мыңға балады-ай. Жауға тиді қырық жігіт Аздығына қарамай.Көрпедегі Доспамбет Көп қайыңның ішіндеДулығалы қарағай. Сілтегенде қылышын –Ойнағандай нажағай. Ықыластың айқай даусынан Дұшпанның қыры жығылып, Атаңа нəлет көп жəуміт Жан-жаққа қашты тырағай. Табан тіреп тұра алмай, Біріне мойын бұра алмай, Төбеден Құдай ұрады-ай!Əруақ қонған ерлерім Дұшпанға салды бұлағай. Аттанысқа барған ерлердіңАл дегеннен «Аллалай», Ерлігі сол күн жарады-ай.

Ол ұрыспай не қылсын –Ардақтап өскен ұл үшін, Арулап сүйген қыз үшін;Ел-жұртынан айырылыпЕлсіз-күнсіз иенде Еңіреген құрбы үшін, Тарығып тұрған мұңды үшін!Аттанған күні ерлерім:«Садақа, – деді, – жанымыз –Астана халық-жұрт үшін!» Сол сапарда беріпті

Page 81: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

81

Аллам қалап ерлерге Орақ, Мамай, Қарасай, Қобыланды, Нəрік, Ер Шора –Кешегі ерлер үлгісін. Үлгі демей не дейін, Табандасқан тар жерде Қай қазақта кім бар ед, Сыбағаға бөлгендеОн беске тиген – жүз кісің?!Үлескенде бес кісіге – бір кісің?!Мақтанса, біздің Адай мақтансын! –Алып кеткен дұшпанныңҚалың дəулет – қара орман Түсіріп қалды бұлдысын!Ту көтерген түркпенніңҚолдан алды жүлдісін –Соғыс еткен аз кісің...

Сол соғыстың басшысы –Көрпедегі Доспамбет, Есенияз мергенім, Ықылас пен Төлен-ді.Естілгенде дабысы, Таңырқатқан көп елді.

Айқайлап жауға шапқанда Аш бөрідей атылды, Қарсы келген дұшпанды Шоқпармен жер қаптырып, Найзамен түйреп ылақтырып, Қанын судай шаптырып, Білегін қанға баттырып;Қоянды көрген тазыдай, Жемтігін бүрген тағыдайКілең тұлпар ат мініп.

Page 82: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

82

Көрпедегі Ер ƏлменАстындағы қоңыр атСұр жебедей аттырып!

Жақындап жауға келгенде, Ақырып топқа енгенде, Астына ақбоз ат мінген, Ат құйрығын шарт түйген –Он сегізде жасы бар, Қыйылған қара қасы бар:«Жеке ме, қазақ, жеке!» – деп, Қолбасы батыр ОғылшаМайданға шықты төтелеп. Жасқанатын Əлмен бе –Қорықпады тайсалып, Жеке шығып барады Дұшпанға қарай бой салып, Ұрды найза шекелеп.Шөгермелі нəн түркпенТүсіп қалды шөкелеп.Ақ боз атын дұшпанныңЖүре берді жетелеп.

Егіз қоян шекелі, Шекелігі екі еліЕңіреп туған Ер ƏлменҚарсы келген жəумітті Аударып тастап өтеді.Астындағы боз атты Жетектеп алып кетеді. Жетегінде батырдыңОйнақтап кетіп баратырСекілді қырдың бөкені.

Төленді, Қабыл ерлерім, Есенияз мергенім

Page 83: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

83

Бір жағынан тиеді, Қарт қырандай шүйеді. Қаһарын ердің көргенсін, Көжектей болып қалтырап, Бұтына дұшпан сиеді!

Ай жағынан кіреді, Күн жағынан шығады.Бөліп тұрып қырады, Бөлінген қойдай қылады. Əруағы асты сол жердеЕрлердің тарқап құмары, Дұшпанның тарқап құралы!Көрсетіп көңіл аласын, Мұсылманның баласынБұйқұт шапқан дұшпанныңТамұқтан болар тұрағы!

Есенияз мергенім – Тəңірім қуат бергесін Қарсыласқан жəумітті Бауыздады тамақтан, Қақ жүректен дəл атқан, Қандары судай көп аққан. Жанына зауал келгесін, Қаһары Хақтың төнгесінАстамсып келген дұшпанныңШұбырды зəрі балақтан!

Аш бөрідей ұмтылып, Тиді батыр жұлқынып, Көңілден тарап наласы.Екі білек қан болып, Естіген жанға таң болып, Жүрген де жері шаң болып,

Page 84: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

84

Қайтарды кекті аласы. Арғы атасын сұрасаң, Матайдың Ботағарасы – Адамның айтқан шамасы. Бергі атасын сұрасаң –Мырзабек пен Қожабек, Қожабектің жаңғыз баласы. Ерегескен дұшпанның Жазылмайтын жарасы.Қызғыштай қайран есіл ер Жау қамаған елінің Жел жақтағы панасы.

Есенияз мерген-ді, Қайғыланбай қарсы алдыӨзіне Тəңір бергенді.Сол соғыста ел үшінЕрлерімнің шəйіттікҚазасына кез келді.

Есенияз мергенім – Шəйіттікке келгендеЖоқ еді жалғыз кіреуі.Кетпесін білдім көңілден, Екеу болса, қалмай ма Қазалы жанның біреуі?Еңіреген есіл ер –Артында жоқ-ты тіреуі.

Аллаға шүкір əлі де, Есенияз мергеннен, Əйтеуір, ұрпақ қалғаны.Қарап тұрсам пенденіңСол екен жалғыз арманы...

Page 85: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

85

Ерге ылайқат болар маДұшпанды көріп торыққан?!Аз еді көпке жолыққан, Бедеулері бектің зорыққан. Құланқақтың сыртындаАйналдырған қырық жігіт Кешке дейін соғысқан. Хабар тимей қалғасынЕшбір көмек болмадыБылайғы Мұңал, Тобыштан.Шаһимардан əулиеНашарларға болысқан.Бір арманым сол болды –Қырық мың үйге толажақ, Əрбірі жүзге болажақКөлденең жатқан көп АдайХабарсыз қалды соғыстан.Бедеуін термен бүлдіргенЖеліккен күні АдайданСейілхан сасып қорыққан.Тастап қашып кетуліТалай жайлы қоныстан.Оғы қардай бораған, Зеңбірегі бурадайын жарағанТалай саттық баланыЕңсеген күні осы АдайТүркпен түгіл, орыстан!..

Ертеңнен кешке соғысып, Тастады жəуміт олжасын. Жаным қалжа болар деп, Қорғаумен болды өз басын.Шаһимардан əулиеНашарға жəрдем жолдасым –Аз бен көбін тергей ме

Page 86: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

86

Бір Алланың жазуы –Өзі қаза болғасын?!Атаңа нəлет көп жəумітЕнді білді оңбасын, Ойлағаны болмасын –Азаматын қорғасынАттанғанын қуғасын.Қайғыменен қан жұттыҚайратынан тынғасын.Ерлердің айбын-айбаты, Қайтпайтын қаһар-қайратыКетіріп есін алғасын! Біздің Адай баласы, Өлгеніңе өкінбе, Өлгенің шəйіт болғасын!..

Алуға əлі келмеді Асыл қару, заттарын. Түс қайтқанда болжадыҚырғыншылық тапқанын. Өз көзімен көрді ендіӨз жанына батқанын –Он екі жəуміт тең өліпТекшелеулі жатқанын.Сонда білді тапжылтпайЕр шайқының атқанын!Аңдамай басты қасқыйыпПірлердің құрған қақпанын!Қасқыйғаны емей немене, Сол күні жəуміт бір тартты Қияметтің мақшарын! Көз көрмеген көлденеңЖабады істің жапсарын.Көңілі саудың – көзі сау, Ашады сөздің астарын.

Page 87: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

87

Есінде көптің қалсын деп, Əңгіме-кеңес бастадым.Айызын елдің қандырыпАйтып та айтып тастадым.Жастары ұлық қарттарым, Өзімнен кіші жастарым, Əне бір сондай іс болып, Батырларым ел үшінҚойдай қырып жəуміттіҚанын ұрттап татқанын!..Біздің Адай баласы, Өлгеніңе өкінбе, Не көрмеген бастарың?!Ата-баба істерінҮлгі тұтып, сөз қылар Кейінгі туған жастарың.Қатем болса менің ғафу ет, Сол сапарда жорықтанОсы болды тапқаным...

Бурабайқұдық – шыңырау Ноғайлының қазған құдығы. Аз болған жоқ жəуміттің Бізден тапқан қырғыны. Сол жəуміттің қашқан жер, Ақыл таппай сасқан жер, Жауды қара басқан жер, Абырайын ашқан жер, Пір-шайқының атқан жер! –Екі жүз елу жəуміттің Қатарынан жатқан жер. Есенияз батыр ішінде –Адайдың кіл ақсұңқар Шəйіттікті тапқан жер.

Page 88: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

88

Осылардың ішіндеКөрпедегі Доспамбет, Ықылас пен Төлен-ді, Қабыл батыр – сол өлді.Аса қайрат күш жұмсап, Шыбын жанын пида етіпҚұрыметке бөленді. Адайдан бес ақсұңқар Қабыл етсе Құдайым, Шейіттікке жөнелді. Сегіз ұжмақ бір үйін Мекен етер ол енді...Қаза тауып көп дұшпан, Талай ері тең өлді.Ақыл таппай сенделді, Көкіректері басылып, Қара жерменен теңелді!..

Батыр болсаң сондай бол, Жанынан жұда болғаншаЖалынбай жаумен қасарған.Мирас еді шейіттікҚұсайын мен Хасаннан.Естіген ерлер жаны ашып, Көздеріне жас алған... ... Адай деген жұртымныңХиуа еді базары.Ат үстіне мінгесін Үстіне келген дұшпаннан Қайтқан жоқ еді назары.Кейінгі қалған АдайғаТасболат батыр, Тілеген –Жетісті содан хабары. Сол хабарды есітіп,

Page 89: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

89

Екі жүз кісі қол болып, Бəймембет, Тайлан бас болып, Соғысынан соң қалып, Қуып шықты жолданып. Маяның ұлы Бəймембет Ақыл айтты мол салып. Атасы Əнет болғалы Тұқымында бар едіАрылмаған жорғалық. Еткен ісі ерлердің Дүнияға шықты болжанып. Ел үшін қылған елеулі іс Кейінгіге болды анық.

Олжалы ерлер қайтқанда, Пірлерден медет айтқанда, Бұрынғы өткен замандаҚараменде ноғайдың Ыссының шілгер күніндеҚырық күн қазған шегендеп, Бурабайқұдық – шыңырауЖер ортасы сол екен. Сайы самал татырмас Қалықаның ойы екен. Жайылған түйе таптырмасТүлейінің түбіне;Қол қыяққы сай боларКірпісінің бір-бір түгіне;Кірпісінің бір-бір түктері Адырнаға жақ болған, Айыр өркеш, қалың жонКелелі түйе айдаған, Тақымы тақтан таймаған, Арғы Үргеніштен алты жылАсып келіп жайлаған

Page 90: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

90

Алтын ханның жері екен. Тұғайты деген тау болар, Тауларының биігінТуды-бітті адам көрмеген, Көлденең жатқан өр екен.Қыраны менен құланы, Аң патшасы арыстан, Жиылып аңның дүйімі, Аюлар өрген дөң екен. Қашаннан солар жайлаған Қайғыға батқан шөл екен.

Ер Қосайдың ақтығыЕсенғұлдың ЕсегіЖолбарыс, қабылан қамасаСескенбеген жүрегіШын ерліктің иесі еді.Жезтырнақ пен таутайлақЕкеуін бірдей өлтіріп, Ерлікке шыққан мекені.

Қашаннан солай жатқан жер, Қанжығам қанға батқан жер.Аққан судай жол боларҚабағынан аттың аққан тер.Екі жүз елу жəуміттіңƏр тарапқа қашқан жер, Ер Бекеттің атқан жер!Мына біздің ерлердіңҚызығына батқан жер!Күні бүгін болғандаКөп сөйлетіп, халқым, қайтесің, Көкірегім қайнап тапқан шер!..

Page 91: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

91

«Шапты деп түркпен елімді, Аламын деп кегімді, Жəуміт көзін салды деп, Ат құйрығын шалды» деп; Əулиеге сиынып, Шайқылар тəмам жиылып, Тегін аяқ, тел жүріс Тентектер іштен тыйылып. Тататұғын тұз-нəсіп Əркімге сонан бұйырып;Бабық Мыңбай бас болып, Дұшпанымен қас болып, Іріктелген ерлерденЕкі жүз кісі қол болып, Оңғарса Алла жол болып, Самның шеті – Жарғұдық, Тағы да барды жиылып.

Еңкеуден бергі СарыарқаЕлдің аса көшкен жерҚарасай мен Шиланды –Мұны естіген ерлерімБаруға тағы ұйғарды, Пір тұтып он екі имамды.Одан бергі замандаБес ақсұңқар бас қосқан, Ол да кеңес-мейрам-ды. Сол кісінің ішінде Кімдер бар да кімдер жоқ –Еркек құлан қабақты, Жас жолбарыс сипатты, Дұшпанды жерде қайратты, Арыстандай жұлқынған Шабайдың ұлы Сүгір бар,

Page 92: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

92

Қашаннан сондай дүбір бар. Жазығы Құнанорыс демесең, Сегіз арыс АдайдаОнан өтер кімің бар?!

Алдына пенде түсер ме –Амантұрлы, Қожалақ?!Аңдыған дұшпан қоралап, Ауыр əскер қол келсе, Қара аласын сабалап, Алыстан шабад «ұр-а-лап!»Əрбірі сол ерлердіңМың кісіге болажақ!

Əбілғазы, Көтібар, Мыңбай, Əлмен, Досы бар.Аттанған күні ерлердің Жолдасы еді осылар.

Əбілғазы батырыңЕңіреген ер еді –Беренге сыймай ісінген.Көрсетіп қайрат-зайырын, Қарауылын жаудың түсірген.

Амантұрлы батырдыңАтасы шайқы Ер БекетАян берді түсінде:«Оңбас, – деп, – балам, ісің де! –Түркпеннің пірі Ысмамыт, Жыға алмадым алысып –Қабыл болмайд тобаңыз.Жəрдем бермейд бұл жолыБекет сынды бабаңыз!Бұл жолы, балам, ісінбе!..»

Page 93: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

93

Айтқан тілін алмады, Аттанған қолдан қалмады.Ер қабыландай балақ пішімде, Аңдаусыз болып кетіптіАмалсыз зордың күшінде. Елден кетті шалғайлап, Желбіретіп ту байлап, Желіктіріп ат сайлап, Бөтен жерге маңдайлап. Қандарсоқ – тарау жолменен, «Дəугескенді» жағыдайлап. Бармайтұғын жері екен, Барған екен Алла айдап. Күркіреуік атағаЖорықшыны келтірдіБес күн жүріп Тəңір айдап.«Шарқырауық» судың басындаЫбырайым атаның Көріп өтті мұқамынЗиратына ерлерім Жаңғыз өркеш нар байлап. Тілеп ерлер сапарын, Бұзбай тиді қатарын, Сатырлап қару-жарағы. «Дəугескеннің» түбінде Қарша мылтық борады. Атадан туған əруақты ер Шепке жалғыз барады.

Амантұрлы батырдыңАт үстіне мінгелі Ер еді шыққан дабысы.Екі талай жерлерде

Page 94: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

94

Кетпеген қолдан намысы. Қысқа күнде қырық шапқанҚаршыға құстай шабысы –Арқасы құтсыз болды маАйбынды туған ерімніңТаңдап мінген тағысы?!Түтеп тұрған қамалғаЖауар бұлттай күркірепҮшінші ірет кіргенде, Қазасына тап болдыСарттың қазған жабысы. Қылап болды, ал мынауШепте жалғыз қалысы.Бір қайрылып барарға, Ат сауырын саларғаЖоқ па еді оның сол күндеТамыры мен танысы?!

Амантұрлы батырдыңАғайыны жоқ екен Ат құйрығын саларға, Сүйегіне барарға. – Амандық күнде серттескенАқыреттік дос үшін Шабайдың ұлы Ер СүгірШаппады десем, нанар ма?!Шапқанымен не болсын, Бір Құдайдың өзіненТура келген ажалға?!«Бергей, – деп, – Алла тілекті!» – Тоқтатып алып жүректі, Жаралы болып үш жерденҰран салып ақырыпҮшке дейін ұрындыТүтеп тұрған қамалға!

Page 95: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

95

Қарсыласып батырыңТауысты сонда амалды.Қияметтік дос үшін Шабайдың ұлы Ер Сүгір Басын салды базарға.

Ақырына қарасам, Жалпы көптің бəрі үшін Мұндай болып бұйырыпШəйіттік қайдан табылсын?!Шүкелескен күндердеСүргінге кетер ұл үшін, Қара қазан қамы үшін, Талауда кеткен жан үшін, Бодауда кеткен ар үшін, Ел үшін туған есіл ер, Жықпай өлген намысын!

Қадир Алла жар болып, Əзіреті МəулімненШындық-пірлік бар болып, Қызыр-Ілияс бас болып, Ғайып-Ерен – қырық шілтен Қатарында пар болып Көп үшін туған арысым, Қағбаның жүзінеСапарға кеткен қажысың!..

Пір ақтығы қайран ер –Дəл жүректен оқ тиіп, Ордан болды жазымы. Қазасына тап болды Сарттың қазған қазуы. Айтқанменен не пайда, Алланың сөзі – хақ кəлəм,

Page 96: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

96

Осылай-дағы жазуы. Мен – Жаманадай Нұрымың, Баяндадым бəйіт етіп, Кəлəмоллам оқыған Тие берсін ерлерге –Бағыштап Құран – «Ағузы»...

Page 97: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

97

АБАЙ ЌЎНАНБАЙЎЛЫ(1845–1904)

ЕСКЕНДІР

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?Македония шаһары – оған мекен.Филипп патша баласы, ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.

Филипп өлді, Ескендір патша болды, Жасы əрең жиырма бірге толды.Өз жұрты аз көрініп, көршілергеКөз алартып қарады оңды-солды.

Сұмдықпен ғаскер жиып қаруланды, Жақын жерге жау болды, тұра аттанды.Көп елді күтінбеген қырды, жойды, Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.

Жазасыз жақын жердің бəрін шапты, Дарияның суындай қандар ақты.Шапқан елдің бəрін де бодам2 қылып, Өкіметін қолына тартып апты.

Ескендір елде алмаған хан қоймады, Алған сайын көңілі бір тоймады.Араны барған сайын қатты ашылып, Жердің жүзін алуға ой ойлады.

Қан ішер қаһарлы хан ашуы көп, Атағынан қорқады жұрт қайғы жеп.

2 Бодам, бодан – орыстың «поданный» деген сөзінен шыққан.

(1845 1904)

Page 98: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

98

Сол күнде қошеметші айтады екен, Ханның ханы, патшаның патшасы деп.

Атағы талай жерге оның жетті, Жердің жүзін алуға талап етті.Есепсіз əскер ертіп, жарақтанып, Есіткен елдеріне жүріп кетті.

Алдынан шыға алмады ешкім мұның, Бəрін де алды, қорқытты жолдағының.Жан шықпады алдынан, тоқтауы жоқ, Жер жүзін жеке билеп алмақшының.

Жүре-жүре бір елсіз шөлге түсті, Алып жүрген суының бəрін ішті.Адам, хайуан бəрі де бірдей шөлдеп, Басына Құдай салды қиын істі.

Сандалды сар далада су таба алмай, Шөлдеген жұрт қайтеді бос қамалмай?Қызметкердің бəрін де өлтірмекшіБолыпты, шөлдегенге шыдай алмай.

Мысалы, астындағы ат о дағы ұшты, Ескендір де атының жалын құшты.Жалтырап сəуле берген бір нəрсегеПатшаның ат үстінде көзі түсті.

Барса, бір сылдыр қаққан мөлдір бұлақ, Таспадай бейне арықтан шыққан құлап.Түсе сала Ескендір басты қойды, Ішсе, суы өзгеше, тəтті тым-ақ.

Кепкен балық келтіртті сонда тұрып, Сол суға балықты алды бір жудырып.

Page 99: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

99

Исі, дəмі өзгеше болып кетті, Таң қалды мұның бəрін суға жорып.

Ескендір қолына айтты: «Бұл неткен су?Бəрің де ішіп, бұл суға бетіңді жу!Бір бай елден осы су шыққан шығар, Өрлеп барып, үстіне тігелік ту.

Бұл салқын, тəтті суға қаныңыздар, Шақ келер маған жан жоқ наныңыздар.Менен қалмай, бұл суды шапшаң өрлеп, Талқан қылып шаһарын алыңыздар!».

Жарлық шашты, қол жүрді суды өрлей, Шаһарына жеткенше дамыл көрмей.Көкпеңбек темір киген өңкей батырТарттырып жөнеледі сырнай-керней.

Сол əскер суды өрлеп талай жүрді, Судың басы бір құзар шатқа кірді.Шаттың аузын бекіткен алтын қорған, Қақпасы бекітулі, көзі көрді.

Қақпаны ашайын деп хан ұмтылды, Тұтқасын олай-бұлай қатты жұлды.Аша алмады қақпаны, үміт үзді, Ақылдасып тəуір-ақ амал қылды.

Ескендір тоқтау көрмей өскен жан ғой, Келмей ме тоқтаусыздың бəрі даңғой?Дел-сал болып бəрі де қайта шықты, Алысып əл келмесін байқаған ғой.

Долдықпен хан Ескендір ашуланды, Ашуланып қақпаға жетіп барды.

Page 100: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

100

Қақпаны дүбірлетіп қағып-қағып:– Қақпаны аш! – деп барынша айғай салды.

Қақпаның ар жағынан біреу келді, Күзетшісі сол екен, дыбыс берді.– Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ, Бұл – Құдайға бастайтын қақпа, – деді.

– Білмесең, мен Ескендір патша деген, Жер жүзінің соғыста бəрін жеңген.Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған, Қорлығым өзім тауып, көз көрмеген.

– Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең, Мықты болсаң, өзіңнің нəпсіңді жең!Іші тар, көре алмастың біреуі – сен, Ондай кісі бұл жерге келмейді тең.

– Талпынған талаппенен мен де бір ер, Көп жүрдім, кездей келді көрмеген жер.Ең болмаса, халқыма көрсетейін, Сый қылып, белгі болар бір нəрсе бер.

Қақпадан лақтырды бір орамал, Сыйым – осы, падиша, мынаны ал!Ішінде бір нəрсе бар ақыл берер, Апар дағы ойланып, көзіңді сал!

Орамалды қуанып қолына алды, Сый алдым деп халқына қайта салды.Қараса, ішінде бір қу сүйек, Бұл не еткен мазағы деп аң-таң қалды.

Ашуланып, сыйына болды кекті, – Ең болмаса білмеді сый бермекті.

Page 101: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

101

– Осы менің теңім бе? – деп ақырып, Лақтырып жіберді сол сүйекті.

Жолдасы Аристотель ақылы мол, Лақтырған сүйекті алады сол.Ханға айтты: «Қасиет бар бұл сүйекте, Көзіңе көрсетейін, хабардар бол».

Сол күнде Аристотель жеке дара, Ақыл сөзін тыңдамай бар ма шара:– Таразыны əпкел де, сүйекті сал, Бір жағына алтын сап, өлшеп қара!

Бұл сөзге Ескендір де қарай қалды, Таразыны құрдыртып, ортаға алды.Қанша алтынды күміс пен салса дағы, Бір кішкентай сүйекті аудармады.

Мұны көріп Ескендір аң-таң қалды, Бар қаруын алтынға қоса салды.Енді қайтер екен деп қарап еді, Бұрынғыдан қу сүйек ауырланды.

Аристотель хəкімге патша келді:– Мына сүйек қазынаның бəрін жеңді.Бұл сүйекті басарлық, нəрсе бар ма?Ақылыңмен ойланып тапшы! – деді.

Хəкім жерден топырақ алып барды, Бір уыстап сүйекке шаша салды.Ана басы сылқ етіп жерге түсіп, Сүйек басы жоғары шығып қалды.

Ескендір мұны көріп аз тұрады, Хəкімді аулақ жерге шақырады.

Page 102: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

102

– Таңғаларлық іс болды мұның өзі, Мəнісін айтып берші, – деп сұрады.

– Бұл – адам көз сүйегі, – деді ханға.Тоя ма адам көзі мың мен санға?Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр, көзіне құм құйғанда.

Кəпір көздің дүниеде араны үлкен, Алған сайын дүниеге тоя ма екен?Қанша тірі жүрсе де, өлген күніӨзге көзбен бірдей-ақ болады екен.

Ашуланба, ей, патшам, айтайын дат:Алтын қақпа бермеді сізге рұқсат.Сый сұрадың, бергені – бір қу сүйек, Мұны көріп, алыңыз сіз де ғибрат!

Ойлап-ойлап патшаның мойны түсті, Құдайым көрсетті деп бұл бір істі.Бекерлік екен менің бұл ісім деп, Қолын алып жұртына қайта көшті.

Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл əңгіме, Мұны бір өзге сөздің бірі деме.Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін, Тоймас көзің толар деп қайғы жеме.

Қу өмір жолдас болмас, əлі-ақ өтер, Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер!Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.

Мақтанасың біреуге мақтасын деп, Шаужайымнан еш адам қақпасын деп,

Page 103: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

103

Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар, Антұрғаннан Құдайым сақтасын деп.

Ақылсыз өзін мақтап былжырайды, Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды?Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді, Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!

МАСҒҰТ

Я, Алла, құрметіне достың Махмұт3

Тілге яр бер, білінсін тұғры мақсұт.Һаруан-Рашид халифа заманындаБағдатта бір жігіт бар аты Масғұт.

Шаһардан бір күн Масғұт шықты тысқа, Барды ма кезі келіп бір жұмысқа?Бір ұры бас сап тонап жатқан жердеКез болды бір бишара шал байғұсқа.

Шал байғұс айғайлайды аттан салып, Айырып алған жан жоқ оны барып.Кім де болса, бір ерлік қылайын деп, Масғұт ұшты ұрыға оңтайланып.

Масғұтты ұры шапты қылышпенен, Тəуір-ақ жан сақтапты жұмыспенен.Есен-аман шал дағы құтылыпты, Масғұттан жау қашқан соң ұрыспенен.

Масғұтқа келді əлгі шал көзін тіктеп, Көрсе, бастан ағып тұр қан дірдектеп.Мұның қарызын мен де өтеп кетейінші

3 Махмұт – Мұхаммед пайғамбар.

Page 104: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

104

Жігіт қой ер көкірек, жау жүрек деп:– Ей, жігіт, не қылсаң да, ер екенсің, Көргейсің ерлігіңнің берекесін.

Себеп боп мені ажалдан сен айырдың, Маған қылған қарызыңды Алла өтесін!Бай емен, батыр емен, хан емеспін, Атақты артық туған жан емеспін.

Себеп болып айырдың мені ажалдан, Жақсылықты білмейтін шал емеспін.Мен – бір шал дүниеде жиһан кезген, Ертең түсте кетемін шаһаріңізден.

Ертерек пəлен жерден тосып тұрып, Алып қал бір базарлық, жаным, бізден.Пұл үшін қызықпассың, сен де – бір ер, Сені маған кез қылған пəруардигер.

Бір құданың хақы үшін мен тілеймін, Қабыл көр, сертім үшін қолыңды бер!– Ұрыға жібермедім мен намысты, Кім бұлдар мұндай-мұндай қылған істі.

Алла хақы деген соң амал да жоқ, Барайын, – деп уəде етіп қол қағысты.Ол жерге ерте тұрып жігіт барды, Шал да душар алдынан бола қалды.

Қолынан ұстап алып, ертіп барып, Далада бір бұзылған тамға апарды.Барса, тамда бір гүл тұр солқылдаған, Басында үш жеміс бар былқылдаған:Бірі – ақ, бірі – қызыл, бірі – сары, – Таңдап ал, мен берейін бірін саған.

Page 105: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

105

Ағын жесең, ақылың жаннан асар, Сарыны алсаң, дəулетің судай тасар, Егерде қызыл жеміс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар.

Ол жігіт шал сөзіне құлақ салды, Көзін төмен жіберіп, аз ойланды.Ақ пен сары екеуін алмаймын деп, Қызыл жеміс жеймін деп қолқа салды.

– Мен беремін, танбаймын айта тұра, Өкінбесең түбінде жүре-бара.Ақ пен сары екеуін алмағаныңМəнісін айтсаң екен, жаным, сірə.

– Мен болсам егер ағын жемек дедім, Ақылды болдым елден бөлек дедім.Мен ақылды билемен не қылсам да, Ақыл мені билесе керек дедім.

Ақылды жан табылмас маған сырлас, Көріне тентек көп надан мойын бұрмас.Əділетсіз, ақылсыз, арсыздардыКөре тұра, көңілде тыныштық тұрмас.

Адам дертті болмай ма құса тартып, Тұщы ұйқы ұйықтай алмай түнде жатып.Ептеп бағып, есерге ем таба алмай, Тəтті тамақ жей алман дəмін татып.

Сарыны жеп, мен болсам байдың өзі, Аузына тамам жанның болдым сөзі.Пəленшеден бір нəрсе алсақ-ау деп, Тігілер жан біткеннің маған көзі.

Page 106: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

106

Жұрт күндер жұрттан артық байлық үшін, Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін.Не қылса да, надандар алмақты ойлар, Мал антұрған күйдіріп елдің ішін.

Еңбексіз мал дəметпек – қайыршылық, Ақылды ерге ар болар ондай қылық.Оны ойларлық бұл күнде адам бар ма?Пайда ойламай қылады кім татулық?

Берсең, қалар оларда несі ардың?Бермесең, сен дағы ит бірге болдың.Не өзің ит, немесе бар елің ит, Дауасыз бір пəлеге міне қалдың.

Қызылды жесем, мені əйел сүйер, Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер?Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса, Деп едім бір пайдасы маған тиер.

Еркектің еркек адам болса қасы, Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы?Хан қаһар, қара кісі қастық қылса, Сонда ұрғашы болмай ма арашашы?

Тегінде адам басы сау бола ма?Бойында тексерілмес дау бола ма?Ері ашу айтса, əйелі басу айтыпОтырса, бұрынғыдай жау бола ма?

Соны ойлап, қызыл жеміс мен таңдадым, Берсеңіз, жемек болып бел байладым.Топа-торсақ бұл сөзді айтқаным жоқ, Басында-ақ ойлап тегін абайладым.

Page 107: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

107

Бұл сөзге салып тұрды шал құлағын:– Ендеше тауып айттың, же, шырағым.Ақыл, дəулет əуелден өзіңде екен, Өміріңмен артылсын, жаным, бағың!

Бұл шал бөтен шал емес, Қыдыр еді, Ебін тауып даруға кезі келді.Сөзіне, ақылына, қылығынаРазы болғаннан соң, бата берді.

Сол Масғұт қыдыр шалдан бата алыпты, Соңында Шəмсі-жиһан атаныпты.Мағынасы: «бұл дүниенің күні» деген, Жетіліп бізге ғибрат сөз қалыпты.

Сол заманда-ақ надандар шырыш бұзған, Жалғанның дəмін бұзып, қауіп қылғызғанАқыл мен мал екеуін асырай алмай, Арашашы іздепті қатын, қыздан.

Ендігіге не сұрау бұл жалғанда?Ақыл-ой, ар-намыс жоқ еш адамда.Өлген мола, туған жер жібермейді, Əйтпесе тұрмас едім осы маңда.

Сол Масғұт халифаға уəзір бопты, Тарқатыпты алдынан көп пен топты.Бағанағы қыдыр шал бір уақыттаТүсіне аян беріп жолығыпты.

– Ей, балам, пəлен күні жауын жауар, Сол жауынның суында кесапат бар:Жеті күн жынды болар суын ішкен, Жеті күн өткеннен соң жəне оңалар.

Page 108: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

108

Ол судан тамам суға су құйылар, Сел болып, судың бəрі кесел болар.Ертерек таза судан су жиып ал, Бұл – хабарым, сақтансаң, жаным, жарар.

Бұл сөзбен халифаға Масғұт барды, Хабарын естіген соң хан да аңғарды.Айтқан кезі жақындап келген шақта, Ертерек таза судан құйып алды.

Болған соң уəделі күн, жауын жауды, Судан ішкен жынды боп, ақылы ауды.Күні-түні шуласып, таласады, Ұмытты тамақ жеу мен жəне ұйықтауды.

Бұлар шулап бір күні келді ордаға, Хан мен уəзір қарайды тамашаға.Бəрі де есі шығып, жынды болған, Бос шулап жүр кіші іні, үлкен аға.

Ол халқының алдына жақын бардыСөз айтып əрбір түрлі, ақыл салды.– Бір кеселге, байғұстар, жолығыпсың, Үйіңе бар ұйқтаңдар! – деп шығарды.

Олар шықты есіктен ханға өкпелеп, Көшеде шулап жəне жылаған көп:– Хан мен уəзір ақылдан айырылыпты, Өлтірейік екеуін, жынды екен, – деп.

Өлтіргелі ордаға қайта жүрді, Бұлардың сөзін естіп хан да көрді:– Бұрынғыдан мұнысы қиын болды, Ойбай, уəзір, ақыл тап, қайттік? – деді.

Page 109: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

109

– Құтылар хал болмады мына дудан, Біз де ішпесек болмайды жынды судан.Өлтірер өңкей жынды бізді келіп, Жынды деп есі дұрыс бізді қуған.

Екеуі жынды судан ішіп салды, Құтырып көп алдына жетіп барды.Өңкей жынды байқамай айтыппыз деп, Құлдық ұрып, бұларға көп жалбарды.

Сонымен бет-бетімен тарқап кетті, Əйтеуір тарқайтұғын уақыт жетті.Көрдің бе көп тентектің қылған ісін –Еріксіз есті екеуін есер етті.

Көптің бəрі осындай, мисал етсең, Көп айтты деп алданып, уағда күтсең.Ғапіл боп көп нəрседен бос қаласың, Аңдамай көп сөзімен жүріп кетсең.

ƏЗІМ ƏҢГІМЕСІ

Бір сөзім Мың бір түннен оқып жүрген, Өлең қып сол сөзімді айтқым келген. Болыпты ағайынды екі жігіт, Бағдатта Мұстапа мен Сапа деген.

Екеуі жетім еді əкесі өлген, Талаптан жетеміз деп, бос жүрмеген. Тігінші, кестеші еді кіші інісі, Мұстапа суретшілік ғылым білген.

Екеуі екі айырылмақ қамын жеген, Бір шетке кетпек болып жұрт көрмеген.

Page 110: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

110

Мал тапқаны бір іздеп таппақ болып, Серт қылып, бір-біріне уəде берген.

Екеуін екі жаққа тағдыр бөлген Жандар емес қатерден əсте именген. Шын, Машынға4 Сапасы кете тұрсын, Мұстапа Балсураға5 бұрын келген. Мұстапа – бойдақ, кедей біраз тұрған, Кəсібін күннен-күнге Тəңірі оңғарған. Аздан соң қатын алып, үй салғызып, Шаһарда сенімдінің бірі болған.

Пұл құрап, киім түзеп, қарны тойған, Қағазға өрнек жасап, сурет ойған. Құдайым кешіктірмей бір ұл беріп, Молдалар оның атын Əзім қойған.

Бір жасап, екі жасап, Əзім өсті, Сонан соң медресеге барып түсті. Аз жылда жақсы ғылым нəсіп етіп, Жас жігіт жүзі нұрлы, көңлі масты.

Оқудан шыға ұстады ата өнерін, Асырды атасынан əрбір жерін. Сол күнде ажал жетіп, Мұстапа өліп, Жыртық-жетім болмады ол жас өрім.

Атаның харекетін ұстай алды, Өнері артық шығып, жан таң қалды. Алушылар көбейіп мұның ісін, Бұрынғыдан артылып мал құралды.

4 Шын, Машын – Шығыс мемлекеттерінің аттары. Шин – Қытай, Ма-чин – Тай елі.5 Балсура – қаланың аты.

Page 111: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

111

Бір күні лəпкесінде отыр еді, Торғын тон, алтын кемер бір шал келді. Не қылса бір құрметті адам ғой деп, Əзім тұрып, иіліп сəлем берді.

Сəлемін алды, шал да амандасты, Қасына жуық келіп жақындасты. – Жат жердің адамы едім, е, шырағым, Не харекет қыласың? – деп сұрасты.

– Жасымнан жетім едім көңлі сынық, Өнерім артық емес ондай ұлық. Еңбекпенен көз сүзбей күн көремін, Харекетім – суретші, бояушылық.

– Мінезің, түсің жақсы надан дерге, Артық өнер қиын ба талапты ерге? Тесілген күні бойы сендей жасты Аяймын, өнімі жоқ бұл өнерге!

Бұл сөзге Əзім тұрып ашуланды, – Тұрпайы сөйлейсіз, – деп қарай қалды. Атамның харекетін қорлама, бай, Аш емен, болмасам да сендей малды.

– Қорламаймын һəм, балам, зорламаймын, Тесілген күні бойы сені аяймын. Химия ғылымын білуші ем, үйретер ем, Мысты алтын жасаушы ем, алдамаймын.

Шын өнерге қайтер ең көзің жетсе? Əркімге жарамайды мұны үйретсе. Өзі үлкен, өзі оңай, артық өнер, Аз жұмыспен көп алтын хасил6 етсе.

6 Хасил (арабша) – пайда, өнім.

Page 112: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

112

Мен дағы жүргенім жоқ малдан күсіп, Айттым, балам, басыңа мейірім түсіп. Ертең ерте мысыңмен дайын болып, Көңліңнің дəркүмəнін алшы шешіп.

Əуелі хақтығына жетсін көзің, Серт қылдым ғой үйретпек болып өзім. Ертең ерте сол жерден табыспаққа, Екеуі уəде байлап, қойды сөзін.

Шал кетті, аң-таң бала үйге қайтты, Көргенін апасына келіп айтты. Химия ғылымы бар дейтін, сүйтсе дағы Анасы басын шайқап, ішін тартты.

– Апар да мыс бақырды алдына сал, Алтын болса, болады бір талай мал. Жалғызым, не қылсаң да сақ болып жүр, Жəдігөй боп жүрмесін антұрған шал.

Бала айтты: – Тəңірім қақса, бенде не етер, Жалған болса, білінер, қор боп кетер. Шын болып, уəдеге бармай қалсақ, Ғапылдықтан айырылған ызасы өтер. Не қылса, сол күн бала шала ұйықтайды, Өтірік, расын ойланып таба алмайды. Мыс бақырын қолына алды дағы, Лапкеге күндегіден ерте барды. Шал дағы дереу дайын бола қалды, Бір дорбадан көмір мен көрік алды. Екеуі сəлемдесіп болғаннан соң: – Мысың қайда, балам? – деп дігір салды.

Page 113: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

113

Мыс бақырды сындырды талқан қылып, Көмірге салды мысты, дүкен кұрып. Мыс былқылдап еріген кезінде шал Шөншіктен7 ұсақ қара алды қырып.

Алды да ол дəрісін, мысқа салды, Былқылдаған бұрқылдап мыс шайқалды. Бір нəрсемен азырақ бұлғалақтап, Алтын қып суынған соң қолына алды.

Алтынын алып берді қолындағы: – Сарапқа сал бар дағы шарыңдағы Алтын емес деп біреу айтса, балам, Алдамшы, амалым жоқ, болдым дағы.

Алтынды ал да, көрсет жұртқа апарып, Менің сөзім шын болса Тəңірі оңғарып, Сонау бақша ішінен табылармын, Егер мені іздесең көңіліңе алып.

Əзім ұшты алтынды ала салып, Не байларға көрсетті мұны апарып. – Самородный сары алтын екен ғой, – деп, Кім көрсе, айтады аң-таң қалып.

Үш мың үш ділдаға кетті сатып, Шешесіне ап келді таңырқатып. Шешесі: – Сол кісіні шақыр! – деді, – Кетсін, – деп, – үйімізден дəм-тұз татып. Бағанағы бақшаға Əзім келді, Жолықты шал да, сонда отыр еді. – Ей, ата, қылған ісің рас екен, Қонақ боп, біздің үйден дəм тат, – деді.

7 Шөншік – дорба (көне сөз).

Page 114: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

114

Қос уыс ділда берді Əзімге шал: – Сенің ортақ малың, – деп, – мендегі мал. Шешілісіп, сырласып отыралық, Əртүрлі қымбат баға ішкілік ал.

Сырлассақ, сұхбаттассақ, аулақ артық, Нашалы8 боламыз ғой сөйлеп шалқып. Анаңды да бір жерге жібер, балам, Сырымды үйрете алман бойым тартып.

Күн батпай біттей алаң болма бізге, Қас қарая келермін мен де сізге. Ішіп, жеу арасында сөйлер сөз көп, Ол үйде жан болмасын сенен өзге!

Əзім кезді базарды аз тентіреп, Əртүрлі ішкілікті алды күреп. Алтынды көргеннен соң, анасы да Кетті көрші үйіне, сеніңкіреп.

Арақ, жеміс – əртүрлі нығмет9 дайын, Қуанды алтын қолға кірген сайын. Үйіне бөтен жалғыз жанды қоймай, Оңаша безендіріп тұрды жайын. Көз байлана сып етіп шал да келді, Əзім де есік ашты, дайын еді. Əзімді баласына балағандай, Жайнаңдап жарқын жүзбен үйге кірді.

Шал кіріп үйді тегіс аралады, Бір Əзімнен басқа жан таба алмады.

8 Нашалы (наша, анаша) – түтікпен тартатын есірткі шөп.9 Нығмет (арабша) – тағам, дəулет, байлық.

Page 115: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

115

Біротала бейілді беріп алған, Əзім де бұл қылықты шам алмады.

Хош уақытсып сөйлейді шал барқылдап, Қол қусырып Əзім тұр, сөзін тыңдап. Асын жеп, қолын жуып болғаннан соң, Əпкел деп ішкілікті қойды ымдап.

Бар іс қой əуелден-ақ ел салтында, Орыс, неміс болса да, қай халқың да. Пайда деп тəн саулыққа ішетұғын, Миуадан тартқан хəмір10 ас артында. Подносқа бөтелкемен арақ толды, Бір-екі жақсы рюмке дайын болды. Жоқтан барды сөйлесіп, сауқым салып, Алысты пияланы оңды-солды.

Жайма-шуақ сұм шалдың іші мықты, Алғашқы ішкен Əзімге тез-ақ шықты. Бір аяқ қолдан қолға дегенсініп, Жəдігөй стаканға дəру тықты.

Онысы түн ортасы болған заман, Сұм екен талай жанды əуре қылған. Дəрі қосқан аяқты ішкеннен соң, Əзім барып жығылды шалқасынан. Сонда шал терезеден бір ысқырды, Төрт жігіт табыт алған үйге кірді. Əзімді сол табытқа салды дағы, Төртеуі көтеріп ап тысқа жүрді.

Əзімді мас қып алып, шал кенелді, Есікті жабамын деп аз бөгелді.

10 Хəмір (арабша) – шарап.

Page 116: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

116

Артын жым-жырт қылды да, антұрған шал Төртеуін ертіп алып, тез жөнелді.

Теңіздің жағасында қалың қамыс, Ішінде бір кеме бар шалға таныс. Əзімді сол кемеге салды дағы, Тұмсығын бұрып алды шетке шалыс. Қасында жиырма-отыз жолдасы бар, Қаладан таң атқанша кетіп алыс.

Ел тұрды, ертең кемпір үйге кірді, Бала жазым болғанын іші білді. Зар ұрды, ойбай салды, не бітірсін, Тұра тұр, өзге жайын сұрама енді.

Əзім есін жиыпты ертең түсте, Өз басын көрді қауіп-қатер істе. Қол-аяғы байлаулы жатыр жалғыз, Темір шетік қапас боп тұрды үсте.

Ырғалып орнынан ол əрең тұрды. Түрегеліп антұрған шалды көрді. – Ақсақал адам мұндай қыла ма екен, Анамнан мені айырып бұл нең? – деді.

– Көзіңді аш, есіңді жи, енді ойнама, Мені сен өз діндесің деп ойлама! Мен отқа шоқынамын, дініме көн, Менде бардың бəрінен қауіп ойлама! Егерде көнбей қалсаң, наданшылық, Əр күні сізге дайын бір жүз шыбық. Мың жаның болса дағы құтылмайсың, Табылмас енді менен майда қылық.

Page 117: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

117

Бала айтты: – Дінім үшін жаным құрбан, Жаннан қорқып, отыңа мен бас ұрман. Дінім хақ, ісім ақпын, өлсем шəйіт, Қорқады деп үмітті үз сен антұрған.

Баланың бар киімін шешіп алды, Жүз қамшы арқасына дүре салды. Қыңқ етіп бір дыбысты шығармады, Азырақ талмаусырап, нашарланды.

Мұнысын жаратпады қадір сұбхан11, Көк бұзылып, жер жүзі болды топан. Байлаулы бала жайға қала берді, Кемемен əуре болды көп антұрған.

Түн бойы ұйықтамады бір де мызғып, Су сарылдап құйылды кемені ырғап. Отыз құлы таусылды табанынан, Су төгіп таң атқанша ол сарпылдап.

Отыз құл ақылдасты басты қосып, Өлеміз деп ойлады жаннан шошып. Бір шеттен бір жағаға келе жатқан Кəрі иттің ұстай алды алдын тосып.

– Ақсақал, іс қыласыз ойланбастан, Жаннан қорқып қашпаушы ек қара тастан.Құдай сүймей, бұл істі бізге салды, Қолын шеш, ризалық ал мына жастан.

Қолын шеш, ризалық ал, кісенді бұз, Шапсаң айт, көнесің бе, уақыт тығыз.

11 Сұбхан (арабша) – Алланың есімдерінің бірі, бұл жерде күшті құдайым деген мағынада.

Page 118: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

118

Бұл сөзге көнбей қалсаң, ақыр өлдік, Сені суға тастаймыз отызымыз!

Сонда шал мына сөзге аң-таң қалды, Не қыларын біле алмай, аз ойланды. Пішінін отызының байқаған соң, Баланың қол-аяғын шешіп алды.

Мойнынан шырағым деп құшақтады, Көзінің ағып жасы, бұршақтайды. – Шырағым, мастықпенен қылыппын, – деп, Əуелгі сөзден танып жəне алдайды.

Əзім жас, ақ бейілдеу адам еді, Ойлады: өтірік болса, неге именді? Мастықпен қылса, қылған шығар-ау деп, Іс көрмеген жастықпен жəне сенді.

– Мастықпен қылған болсаң, кештім саған, Кəрі ит те: – шырағым – деп арсаңдаған. Жел тынып, күн айығып баяғыдай, Хикметімен тоқтатты бір жасаған.

Баланы сыйлап жатыр тамақ қамдап, Су төккісіз жорға боп шал жылмаңдап. Отыз құл мынау тек жан емес қой деп, Əлінше қызметінде жүр тырбаңдап.

Бір мезгілде шал айтты: – Балам, тоқта, Мысты алтын қылатын дəрі осы жақта. Алыс емес, аз күндік жақын жерде, Болмай ма молықтырып ап қайтсақ та?

Бала айтты: – Өзің біл! – деп бұл сөзіне, Шал қуанды тиген соң ерік өзіне.

Page 119: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

119

Төбесінен тік тұрып қылды қызмет, Титтей шəргез келмейді мінезіне.

Сып етіп бір жағаға келді жетіп, Шал жөнелді, баланы қасына ертіп. Бір барабан тұр екен, қағып еді, Қамады желмаялар дүбірлетіп. Үш желмая ұстады жорығына, Бірінің азық артты қомдығына. Екеуіне ер ерттеп мініп алып, Барабанды қалдырды орынына.

Желмаялар келеді желдей есіп, Сұм шалдың бір тарапты көзі тесіп. Шал айтады балаға: – Көрдің бе? – деп – Бұлт тұр бұлдыраған елеңдесіп?

Ол өзі – бұлт емес, Қаптың тауы, Бір бөлек үлкен таудың бергі бауры.Бергі таудың басында сол дəрі бар, Қырандай ап қайтармыз жібек баулы. Түні бойы жүріпті, болды сəске, Көрінді жарқыраған үйдей нəсте. – Бұл не? – деп сұрап еді, тұра қашты, Биттей аял қылмады кəпір əсте.

– Бұл не? – деп тағы да айтты Əзім сорлы, Қашқаның не қылғаның мұнша ғұрлы?– Шырағым, мұның өзі қатерлі жер, Бұл бір қаскөй жəдігөй дəудің орны.

Соны айтты да, шал сабап жүре берді, Бір өзен жатыр екен, соны өрледі.

Page 120: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

120

Өзенді өрлегеннен бір айырылмай, Дəл бесінде ұшыртып тауға келді. Келді де бір жартасқа түсе қалды, Азық артқан маяны жарып салды. Ішін жарып, іштегі ішек-қарнын, Өкпе-баурын тазалап, бəрін алды.

Сонда шал Əзімге арқан, қанжар берді, – Маяның ішіне еніп, сен жат! – деді, –Ішін тігіп, мен кетіп, жасырынам, Тау басында самұрық бізді көрді. Бұл жерге мен кеткен соң самұрық келер, Маяны іліп алып, биікке өрлер. Бір жерге қонғаннан соң жар-дағы шық, Именіп адамзаттан ұшып кетер.

Тау басында бар қара ұсақ топырақ, Қапқа толтыр кешікпей жылдамырақ. Қап толған соң арқанға байлап жібер, Саспай шешіп алғанша тоқта бірақ. Сонан соң арқаныңды тасқа байла, Түсетұғын ыңғайлы жерді сайла. Арқаннан ұста дағы түс сырғанап, Жарамайды, қылмасаң сүйтіп айла.

Қап алды, қанжар алды сонда Əзім, Сөзінің ұқты бəрін қылмай жазым. – Шырағым, айтқанымды жаңылма, – деп, Барынша қылып жатыр шал да тағзым.

Əзім де бөгелмеді бойын тежеп, Талабы, тəуекелі сондай-ақ көп.

Page 121: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

121

Тəңірінің бір жазғаны екі болмас, Маяның ішіне енді тəуекел деп.

Маяның кетіп қалды ішін тігіп, Шалекең жасырынды талға кіріп. Аспаннан самұрық келіп, іліп алып, Қайқайып қайта шықты бір-ақ ырғып.

Маяны самұрық қонды тасқа апарып, Ер Əзім шыға келді ішін жарып. Адамзатты көрген соң бұдан шошып, Отырды самұрық құс аулақ барып.

Жалтаңдап Əзім шықты тау басына, Тапты топырақ, толтырды дорбасына.Қап толған соң, арқанға мықтап байлап, Тау басынан жіберді атасына.

Жіберді əлгі қапты жерге атып, Антұрған шал дəулетке қалды батып. Қап жерге түскеннен соң, дінсіз кəпір Арқанды алып кетті жұла тартып.

Айырылып арқанынан Əзім қалды, – Арқанды неге алдың! – деп, айғай салды.– Талайды осы тауға тастағанмын, Соның бірі болдың – деп, кете барды.

Сұм шалдың дінсіздігін сонда білді, Қарамай, бір қайырылмай, жүре берді. Кəпірдің қайрылмасын білгеннен соң, Жүгіріп жалтыр тастан жол іздеді.

Көрді, білді ол таста жолдың жоғын, Сонан соң қамдап бақты қарны тоғын.

Page 122: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

122

Азырақ жеміс тауып жеді дағы, Көрмекке жата кетті Хақ бұйрығын.

Күн де батты, бір жерге Əзім жатты, Күн батқан соң жан-жағы салдыр қақты. Қараса қаптап жүрген бəрі айдаһар, Сонда да біраз жатып ұйықтап қапты.

Ұйықтап кетіп, шошынып тез оянды, Жұтқалы көрді келген айдаһарды. Не де болса тəуекел қылды дағы, Қанжармен қақ басынан шауып қалды.

Өзі де бір тарапқа ыршып кетті, Бір биік ағаш көрген, соған жетті. Биік жерде болайын деді дағы, Сол түні ағаш басын мекен етті. Əр-бері жатты-дағы, ұйықтап қалды, Шаршаған ғой, күн шыға зорға оянды. Қараса басқа айдаһар жоғалыпты, Өзі шапқан таныды айдаһарды.

Ойлады тірі болса кетпес пе еді? Өлген ғой мына айдаһар деп ойлады.Ағаштан түсе қалып айдаһарға, Қолына қанжар алып жетіп барды.

Көрді, білді айдаһар тірі емесін, Тəңірі ұзын жаратқан сом денесін. Қанжармен таспадай қып тіліп алып, Аз уқалап кептірді жон терісін.

Жалғап-жалғап, бір ұзын арқан етті, Ер Əзім осылайша талап етті.

Page 123: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

123

Бір ұшын тасқа байлап жібергенде, Түсетұғын орнына əбден жетті.

Ер Əзім тəуекел қып жаннан күсіп, Арқаннан ұстады да, кетті түсіп. Қарақат жеп, мойыл жеп, судан ішіп, Өзенді құлдады да жүгірді ұшып.

Үш қонып, төртінші күн белден асты, Ол күні алтынды үйге душарласты. Тау басынан түсірген тəуекелмен Сол үйге кірмек болып қадам басты.

Қақпадан кірді ішкері қадам басып, Бір үйінен өрледі бір үйге асып. Тілдесерге еш адам жолықпады, Төрдегі үйге кірді есік ашып.

Екі сұлу қыз отыр төрдегі үйде, Ондай сұлу көрген жоқ бүтін елде. Екі қыз шатраш ойнап, білмей қалды, Кірді де тұра қалды орта жерде.

Екі қыз мұны көрді бас көтеріп, Адамзатқа таңырқап, тұрды елеріп. – Ей, жігіт, түсің жақсы жан екенсің Жүр едің жəдігөйге не қып еріп?

Сөйледі Əзім дағы аянбай-ақ: – Мен ғаріп бишарамын жүрген саяқ. Əуелде өзі көрген бар қысаны Сөйледі бірін қоймай бастан аяқ.

Екі қыз естіп білді Əзім жайын, Есіркеп, мүсіркейді айтқан сайын:

Page 124: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

124

– Сен бізге бауыр болып, тұр осында, Не керектің қылалық бəрін дайын.

Құп болсын, олай болса, апаларым! Дүниенің тартып жүрмін жапаларын. Сағынсам, өз еліме жеткізе ме, Айтсаңыз, мархаматты аталарың?

– Көңілді бос суытпа біздей қыздан, Сізге уəде біздерге Тəңірі айтқызған. Шыдағанша шыдап бақ қасымызда, Қайтпағың келер біздің қолымыздан.

Сені біз жар етпейміз, бауыр еттік, Достықпен жүрек еріп тəуір еттік: Түбінде сен тұра алмас болсаң мұнда, Еліңе жеткізуге біз де жеттік.

Құп болады десті де, серт байласты, Қатты-қатты айтысып уағдаласты. Көңілінде қара жоқ, ақ ниетпен Тым жақын дос болуға ыңғайласты.

Күн жаңғырып, бойына қуат енген. Алтынды үйдің ішінде еркеленген. – Жан-жағын қалай сайран қылсаң еркің, Жалғыз-ақ бір есікке кірме, – деген.

Екі қыз кетіп бір күн, қалды Əзім, Салған жоқ қыздар оның көңліне ажым. Тал түсте бағанағы кірме деген Есікке кіріп кетті – бар ма лажың?

Кірсе, ар жағы дөңгелек қалың ағаш, Ішінде бір қауыз бар ернеуі тас.

Page 125: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

125

Бұлбұл сайрап, миуасы салбырап тұр, Салтанатын түгендей айтып болмас.

Тас ернеуі – меруерт, ол көрінген, Кеткісі келмес жанның мұны көрген. Ер Əзім тамашалап қарап тұрса, Бір түрлі таңғажайып құстар келген.

(аяқталмаған)

Page 126: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

126

ШƏКƏРІМ ЌЎДАЙБЕРДІЎЛЫ(1858–1931)

ҚАЛҚАМАН – МАМЫР

Бұл əңгіме 1722 жылы біздің Орта жүз қазағы Сырдария бойында жүргенде болған анық іс. Біздің қазақ қалмақтан жеңіліп, «Ақтабан шұбырынды» болғаннан бір-ақ жыл бұрын. Қалқаман – Мамырдың ісіне ескі қазақтар теріс көзімен қараса да, осы күнгі көңілінің көзі ашықтар жаза-сыз екенін біліп, дұға қылса керек. Өлгенді тірілтпесем де, өшкенді жандырғандай болсын деп, биыл жүз тоқсан жыл бо-лып, ұмытылған істі алдыңызға қойдым. Бұл əңгіме ақсақал аузынан да қалып бара жатыр. Сол асықтардың өзі кетсе де, ізі жоғалмасын дедім – біздің де ізіміз жоғалатынын ойлап.

Өткен іс – ойға күңгірт, көзге танық, Көрмесе де, білгенге бəрі қанық. Мың жеті жүз жиырма екінші жыл Қазақтың Сыр бойында жүргені анық.

Əнет бабаң – Арғынның ел ағасы, Əрі би, əрі молла, ғұламасы. Орта жүзге үлгі айтқан əділ екен, Сол кезде тоқсан беске келген жасы.

Кішік деген – бабаңның өз атасы, Мəмбетей – ол Кішіктің бір ағасы. Мəмбетсопы, Кішіктің шешесі бір, Қатаған Тұрсын ханның ханышасы.

Біздің жетінші атамыз Əйтек деген Бабаңның бір туысқан інісі екен. Əйтектің бəйбішеден жалғызы – Олжай, Тоқалынан – Байбөрі Қалқаманмен.

(1858 1931)

Page 127: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

127

«Бəкең» деп атап кеткен Байбөріні, Бұл сөзім ертек емес, сөздің шыны. Бір қыз үшін Қалқаман елден кеткен Соның жайын айтайын тыңда, міні:

Мəмбетей өсіп, өнді бара-бара, Сол таптан бір бай шықты жеке-дара. Сол байдың он бес жасар қызы Мамыр Əрі сұлу, əрі есті, еркекшора12.

Онан басқа бала жоқ əлгі байда, Оны қыз деп еш адам айту қайда. Байдың көңілі жабырқап қала ма деп, Жұрт жүрді құда болам дей алмай да.

Қалқаман қыз айттырмай жүреді екен, Мамырды жас күнінен біледі екен.Асықтығын айта алмай іштен жанып, «Құрбымыз» деп құр ойнап-күледі екен.

Мамыр жылқы бағады күндіз барып, Тымақ киіп, қолына құрық алып.Қалқаман Мамырменен малда жүріп, Біраз сөз сөйлесіпті, кез боп қалып.

Жігіт сонда қызға өзін сүйдірмекке, Асық болса оны да күйдірмекке, Жұмбақ мысал сықылды бір сөз айтты, Көңіліндегі мақсұтын түйдірмекке:

– Ей, Мамыр, адамды Алла жаратыпты, Хауа Ананы адамға қаратыпты.Бірін еркек, біреуін əйел қылып, Екеуінен көп жанды таратыпты.

12 Еркекшора – еркек балаша киінген қыз (автор).

Page 128: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

128

Құдай неге қылмаған адамды тақ, Балаларын өзінен өстіріп-ақ. Хауа Ананы жаратуда мақсұты не? Сол арасын білуге ақылым шақ.

– Ей, Қалқаман, тегі жоқ Құдай жалғыз, Мұқтаж емес жолдасқа, тіпті армансыз.Адамзатқа көмексіз, махаббатсызӨмір қызық дегенді естен қалғыз.

Жоқ болса махаббатты бір сүйгенің, Ойлашы, керегі не дүниенің. «Сүйсін, жолдас болсын» деп жаратты Алла, Бұл туралы білгенім осы менің.

– Тауып айттың, Мамыржан, ұқтым жайын, Сүйтсе-дағы тағы бір сөзім дайын.Махаббатты жарым жоқ, жəрдемшім жоқ, Өлейін бе, қайтейін, кімге айтайын?

Қалқаманның мақсатын Мамыр білді, Аз ойланып, үндемей сабыр қылды. Жылы жүрек өзіне жар тапқандай, Тыншымады, тулады, жүз құбылды.

Қызарды, бір ағарды байдың қызы, Бетке шықпай тұра ма жүрек ізі? Іші ыстық, сыртқы дене суық тартып, Салқын термен мөлдіреп нұрлы жүзі.

Аздан соң Мамыр айтты: – Ей, Қалқаман, Байқадым сөз аяғы бізге таман.Қазір жауап берерлік уақытым емес, Сүйтсе де үміт үзіп өлмек жаман...

Page 129: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

129

Соны айтып амандасып Мамыр кетті, Күн сайын Қалқаманнан сабыр кетті.«Мамыр бүгін қыздарша киінді» деп, Қалқаманға бір күні хабар жетті.

Қуанды атқан оғым тиді ме деп, Мен үшін қыз киімін киді ме деп. Қауіп шіркін тағы да ойлатады, Менен басқа біреуді сүйді ме деп?

* * *

Ол кезде жерге талас қазақ, қалмақ, Атысып, ауыл шауып, жылқыны алмақ. Бір соғыста қалмақты қазақ жеңіп, Тобықтының бəрі де тойға бармақ.

Той қылған Орта жүзде Сəмеке хан, Жиылды той болған соң бірталай жан. Бай-бəйбіше, үлкендер сонда кетіп, Жас жігіт, қыз-келіншек үйде қалған.

Қазақта бастан13 деген бір ырым бар, Мал сойып, жастар ойнап, бір жиылар. Қалқаман: «Бастан қыл», – деп қызға келді, Азар болса бір тоқты шығын шығар».

Сойғызды Мамыр сонда тоқтыны əкеп, Ойнады қыз-бозбала етінен жеп.Оңашада Қалқаман Мамыр қызға Ымдады «бір жауабың болмай ма?» деп.

Айтса да қыздан жауап үміт етіп, Есітпеген кісі боп қалды кетіп.

13 Бастан – əке-шешесі үйде жоқта қыз-бозбала мал сойып, құрбыларын жиып ойнайды (автор).

Page 130: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

130

Сүйтсе де сондағы айтқан сөзі мынау, Еш адамға елеусіз өлеңдетіп:

– Ауылымның күнбатысы қалың қамыс, Бүрсігүннен арғы күн болады алыс.Жас кісіде бар болса жігер-намыс, Болып кетіп жүрмесін жатпен таныс.

Солайша жауап берді Қалқаманға, Бұл сөзі байқалмады басқа жанға. «Бүрсігүні қамыстан жолықпасаң, Мен саған жоқ, – дейді ғой, – байқағанға».

Қалқаман оймен шешті қыздың сөзін, «Таптым» деп шешуінің анық өзін: Бүрсігүні күн бата сол қамысқа Келіп кірді «сол ғой, – деп, – айтқан кезің».

Ел жата қыз да келді шоқ қамысқа, Қалқаман айтты сонда көзтанысқа:– Бүгін кешке осынан жолықпасаң, Кетемін деп неге айттың тіпті алысқа?

– Ей, Қалқаман, аңғалсың аңқылдаған, Біржолата келген жоқ Мамыр саған.Тағдыр бізді қоспады, айып етпе, Ертең құда түседі біреу маған.

Кеше білдім төбемнен ұрғандығын, Құдалықтың дап-дайын тұрғандығын. «Бүрсігүннен кешіксең жауап жоқ» деп, Сол еді сөз ишарат қылғандығым.

Əке берсе, қыз болмас кімге қатын, Қайтейін сенде-ақ еді махаббатым.

Page 131: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

131

Еркекше киімімнен ұялам деп, Уақыт өтті, сол болды қатты ағатым.

Алдыңа кешу сұрай келіп тұрмын, Көзге тірі болсам да, өліп тұрмын, Қалқаман, осы саған қоштасқаным, Денемді емес, жанымды беріп тұрмын.

– Ей, Мамыр, бұл іс оңай, алдамасаң, Зорлық жоқ өзің сүйіп таңдамасаң.«Ер жеткен қыз еркімен ерге тиер» –Молдалардан есіттім əлдеқашан.

Мамыр-ау, мені сүйсең, кетпе жатқа, Құдайға хақ, ісім жөн шариғатқа. Басы – бабаң, аяғы – шала молда, Бəріне анық оқыған жамағатқа.

– Қалқаман, рас болса айтқан сөзің, Сен үшін келіп тұрмын, көрді көзің.Сүйген жарым, сүйенген жаным – сенсің, Не қылсаң да біле бер, мейлің өзің.

– Олай болса, кетейін қазір алып, Тұрсақ жазым болармыз қапы қалып. Азар болса мал алар, адам алмас, Тобықтыны жиярмын бара салып.

– Қыз алған жоқ жақыннан Тобықты əзір, Өлтірем деп жүрмесін бізді қазір.Өзімді аяп тұрғам жоқ, сізді аяймын, Сен сау болсаң, болар ем мен-ақ нəзір.

– Мамыр-ау, айтып тұрсың əлденені, Шариғат қосады екен немерені.

Page 132: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

132

Қайғы ойлап жаман ырым айта берме, Алаңсыз сүйген болсаң анық мені.

Мамыр айтты: – Мен сенсіз тірі тұрман, Үш қайырдым сөзіңді мен антұрған. Бір Құдайға сиынып ал да жөнел, Жолыңда өлсем разымын, жаным құрбан.

Алдандырдым мен Сізді сөзбенен құр, Тəуекел деп Аллаға тез, жылдам жүр. Заман қандай болар деп дайындап ем, Боз жорға атым белдеуде ерттеулі тұр.

* * *

Мінді де екі ғашық кетіп қалды, Ауылға бір сағатта жетіп барды. «Не де болса қылдым, – деп, – бір жұмысты», Бара сала Олжайға кісі салды.

Олжай барды бабаңа түн ішінде, Қысылшаңдық бар еді жүрісінде. Бабаң басын көтеріп Олжайға айтты: «Неге келдің, асыққан жұмысың не?»

– Қалқаман қашып келді Мамырды алып, Қапы болдық өзгеміз білмей қалып.Алыс жерге кетсін бе, тоқтасын ба, Ақыл сұрай келіп ем сізге салып.

Бабаң мұны есітіп қайғы жеді:– Бір жаман түс көріп ем бүгін, – деді.Бітімсіз іс кез болып қалар ма екен, Көкенайдың мінезі қатаң еді.

Page 133: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

133

Көкенай – Мəмбетейдің бастаушысы, Өзі батыр, мінезі қатты кісі. Сол кісінің алдынан тараушы еді, Бабаңнан соң бұл елдің көп жұмысы.

Бабаң айтты: – Кете алмас бір жас бала, Тобықтыға хабар қыл бара сала. Болар іс болған шығар, малды аяма, Өзі оңдасын ақырын хақ тағала.

Тобықты, Қанжығалы, Бəсентиін, Атығай, Қарауылмен бəрі жиын. Бабаң хабар айтқан соң ел жиылды, Сүйтсе де сөз аяғы болды қиын.

Мəмбетей жатып алды ырық бермей, «Қалыңмал ал, біт» деген сөзге көнбей. «Қалқаман мен Мамырды өлтірмесе, Кетеміз, – деп, – бабаңды тіпті көрмей».

Бабаң айтты: «Өлтірер жұмыс емес, Таспен атып өлтірмек бұл іс емес. Біреудің некелісін бұзбаған соң, Қанына ортақ болу дұрыс емес».

Көкенай тағы көнбей жатып алды, Бітім болмай неше күн жұрт сандалды. «Қалқаман мен Мамырдың дауындай» деп, Мақал болып бұл елге сонан қалды.

* * *

Бітім болмай созылды сөз аяғы, Белгісіз кімнің соры, кімнің бағы.Бір күні төркініне амандаса Мамыр келді, тағдыр ғой ол баяғы.

Page 134: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

134

Көкенай бітпей жүрген сөзді ұзайтып, Сол күні келген екен аңнан қайтып.«Анау бір топ жаяу кім?» деп сұраса, «Ол – Мамыр» деп, бір қойшы қойған айтып.

Ести сала садағын қолына алды, «Мамырдан аулақ жүр» деп айғай салды. «Ұялмай жүзіқараның жүргенін» деп, Аямай дəл жүректен атып қалды.

Бүкшиіп, иман айтып, қаны қашып, Қолтығын қолыменен тұрды басып. Бейшара бір-екі ауыз тілге келді, Өзін атқан кісімен арыздасып:

– Көкенай, қарғамаймын, сөзіме бақ, Ісім жөн, бір құдайға көңілім хақ. Мойныңа менің қаным халал болсын, Болма енді Қалқаманның қанына ортақ.

Кешікпей мен өлемін, сен тірісің, Іс емес құдай кешер қылған ісің. Өлтіртпе, тілегім сол, Қалқаманды, Барасың тəңір алдына, білемісің?

Екі қан ауыр болар бір өзіңе, Сүйсінбе бұл рақымсыз мінезіңе.Айырған екі асықты оңа ма екен, Деп тұрсың алғыс айтар кім өзіңе?

Тілегім келді орнына, арманым жоқ, Артында Қалқаманның қалғаным жоқ. Мені сен өлтіргенмен жасармайсың, Сүйткенмен жас жанымды алғаның жоқ.

Page 135: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

135

«Қалқаман, аман бол!» – деп көзін ашты, «Алла» деп алақанмен бетін басты.Қоштасып қасындағы қатындарға Опасыз бұл жалғанға амандасты.

* * *

Көкенай жиды барып Мəмбетейді, «Өлтірдім тентегімді өзім» дейді. Бабаңа кісі салды дамыл бермей; «Ол неге Қалқаманды өлтірмейді?!

Жақыным қызымды алды, ұнамаймын, Қорлыққа тартып алған шыдамаймын. Егер де Қалқаманды тірі қойса, Ел болып Кішікпен бас құрамаймын.

Оллаһи, біз кетеміз, қазір ауып, Менен басқа туысқан алсын тауып».Бұл хабар Тобықтыға жеткеннен соң, Сөзінен елдің бəрі қылды қауіп.

Бабаң айтты: «Ел бітпес оныменен, Жүрелік шариғаттың жолыменен. Бір еркек, бір қатынның құнын алсын, Мəмбетей разы болсын соныменен».

Көнбеді Мəмбетейлер оған тағы, «Ауамыз біз болсақ, – деп, – қор қылмағы. Əнет бабаң əділет қылмаған соң, Көз көрмеске жат болып кеттік-дағы».

Көп берген түкке тұрмай қалың малы, Ем болмады жалынып айтқан жалы. Тобықты осы сөзге қақ бөлініп, Болысты Мəмбетейге Қанжығалы.

Page 136: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

136

– Ей, Баба, Тəңірге аян адал ісің, Сүйтсе де ел бүлінер бір бала үшін. Болған соң қазақ та – жау, қалмақ та – жау, Бұл елдің обалына қалмаймысың?

Болсын да Мəмбетейдің бір айтқаны, «Еркек тоқты – құрбандық» деген кəні. Қалқаман Тобықты үшін жанды қиса, Кетпей ме шаһит болып оның жаны?

Сол сөзге аударылды жұрттың бəрі, Не қылсын көп наданға жалғыз кəрі. «Кеселі көпке болып жүрмегей» деп, Бабаңның шын кейіген шықты зары.

Салған соң өңкей надан көптік күшке, Қалыпты қайран бабам қиын іске. «Бір Алла, өзіңе аян жүрегім» деп, Байлапты өлтірмекке ертең түсте.

Бабаңның нұр жүрегі болды мұздай, Жазасыз жасқа ешкімнің қаны қызбай. Мысалы көз алдында тұрған жоқ па, Қойдыңдар Абайға да не қылғызбай?

Аллаға Бабаң сонда сиыныпты, Аққан тер нұр жүзіне құйылыпты. «Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын», – деп бұйырыпты.

Өлтірсе, оғы тисе, өзі айтқан жол, Аман кетсе, түк те жоқ, бітімі – сол! Мəмбетей шуылдапты разымыз деп, Осыған тамам Арғын басыпты қол.

Page 137: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

137

Көкенай «құлдық» деді бұл билікке, Мəмбетей шығып тұрды бір биікке. Мінгізді Қалқаманды алып келіп, Дейтұғын «Арда күрең» бір жүйрікке.

Төгілді көзден жасы көрген жанның, «Шолағын қарай гөр, – деп, – бұ жалғанның». Жиылған көп қауымға қарап тұрып, Қоштасқан сөзі мынау Қалқаманның:

– Ей, жұртым, мен өлемін, сендер қалдың, Орнына бауыздадың айтқан малдың. Өз бауырын оққа байлап өлтіртті деп, Қалдыңдар обалына мына шалдың.

Назасы нақақ жастың қате кетпес, Деймісің қалмақ сені тентіретпес. Мамырдан қалған жанның керегі не, Ісім ақ, қосылармын, еш нəрсе етпес.

Белгілі Мамырдан соң көп жүрмесім, Тұз-дəмін Орта жүздің жеп жүрмесім. Жалғыз-ақ Тобықтының дұспандары Рахымсыз, бауырсыз ел деп жүрмесін.

Қош, Баба, бата бер!» – деп тұра келді, «А, Құдай, сақтай көр...» деп бата берді. Жөнелді күрең атпен сырылдатып, Ажалға көпе-көрнеу байлап белді.

Көкенай садақ тартты дүрілдетіп, Қақ жарды ердің қасын оғы жетіп. Əйтеуір, ұлы дене аман қалды, Оң жақта қара санынан өтіп кетіп.

Page 138: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

138

Атының жалын құшып жүріп кетті, Басына бір төбенің барып жетті. Бір жеңін көйлегінің жыртып алып, Аузына жарасының таңу етті.

Ат қойды «а, Құдайлап» көп бозбала, «Ажалдан қақты ғой, – деп, – хақ тағала». «Той қылып, ат шаптырып ойнаймыз» деп, Жабылды «үйге жүр, – деп, – бара сала».

Қалқаман айтты: «Тоқта, құрбыларым, Жоққа есеп осы күнде менің барым. Аямай елім оққа байлаған соң, Кетер ме өлгенімше ойдан зарым.

Ел қылып Тобықтыны тұра алмаймын, Ешкіммен ойнап-күліп жүре алмаймын. Өлерде аямады, қайда аяйды, Сендерге енді мойын бұра алмаймын».

Соны айтып қамшы басты күрең атқа, Қуса да жеткізбепті жамағатқа. Ұлы жүз Еділбайда нағашысы, Жөнелді соған қарай – Бұхар жаққа.

Қалқаман сол кеткеннен кетіп қалды, Халқына Əнет бабаң хабар салды. Жаз шыға «Қалқаманды іздейміз» деп, Тобықты ат жаратып дайындалды.

* * *

Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл, Қазақ, қалмақ атысқан, мұны да біл.Қалмақтың бастаушысы – Суан Раптан, Өзі батыр, соғысқа тым айлашыл.

Page 139: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

139

Шеп құрып соғысыпты қазақ, қалмақ, Қорқаққа оңай емес шепке бармақ. Бабаңның бес баласы садаққа ұшып, Бұл соғыста қазаққа түсті салмақ.

Қазақты ол ұрыста қалмақ алды, Үш есенің екеуін қырып салды. Жеңілген соң тұра алмай Сыр бойында, Арқаға қазақ ауып кетіп қалды.

Осы жол – бар қазаққа белгілі жол, «Ақтабан шұбырынды» дегенің сол. Жаяу жүріп табаны аппақ болып, Қорлық көріп қазақтың шұбырғаны ол.

Сол себептен Қалқаман қалды ізделмей, «Іздемейін» деген жоқ, шама келмей. Ол түгіл Əнет бабаң көшке ере алмай, Тірідей дөң басында қалған өлмей.

Тұқым бар Қалқаманнан осы күнде, Шын болса, Ұлы жүздің жүр ішінде. Өздері Еділбаймыз десе керек, Білмейді кейінгісі бізді мүлде.

Бар болса Қалқаманның нəсілдері, Оқыған осы өлеңді талапты ері. Осында кеп, туысқан – Олжай, Бəкең, Семейпалат облысы – тұрған жері.

Хан Шыңғыс деген тауда тұрмыз біз де, Егер де іздесеңдер, сонан ізде.Тобықтыда Құнанбай қажы десе, Басты кісі біледі Орта жүзде.

Page 140: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

140

ЕҢЛІК – КЕБЕК

Бұл əңгіме – 1780 жылы шамасында осы Шыңғыс та-уында Матай мен Тобықты арасында болған іс. Шариғатта əкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе де, өзге дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын ойлап берер дегені. Əйтпесе «жас баланы сатып, пайдала-нып, кем-кетікке беріп обалына қал» демейді. Мен соны ой-лап, Еңлік–Кебекті соншалық жазалы демеймін.

Өткен адам болады көзден таса, Өлді-өшті, оны ешкім ойламаса. Ол кетсе де белгісі жоғалмайды, Керектісін ескеріп, ұмытпаса.

Ақыл деген – денеге егулі дəн, Суғарылса кіреді оған да жан. Ақылдың өсіп-өніп зораймағы – Көрген, білген нəрседен ғибрат алған.

Есітіп, біліп, көз көріп, ойға салмақ, Өткен істен адамзат бір үлгі алмақ. Қызықпақ, не жек көрмек, жиіркенбек, Бастан кешкен əр істен белгі қалмақ.

Ақылдың кей іс жауы, кей іс досы, Бұл екі істен болмайды өмір босы. Досыңды жау, дұшпанды дос көрсетіп, Көзді байлап нəпсінің қылғаны осы.

* * *

Қалмақ жеңіп, қазақтан алған кегін Қалқаман қиссасында жазып едім.

Page 141: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

141

«Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл Ақтабан шұбырынды болды» – дедім.

Сырдан қалмақ қуған соң біздің елді, Күні-түні шұбырып Шуға келді.Табан тиіп жүре алмай, халі құрып, Сұлап жатты айнала Саумал көлді.

Сонда Шақшақ Жəнібек сөз сөйлепті: «Балалар! Осы жолды ұмытпа, – депті, «Ақтабан шұбырынды» – мұның аты, Құдай қосса, алармыз біз де кекті!»

Сол жерде тамам қазақ жыласыпты, Құдайдан «артын бер» деп сұрасыпты. Тыныққан соң қалмақтан кек алуға, Сөз байлап уағдамен ұнасыпты.

Арғындар сол көшкеннен көше берді, Батырлары жер шалып, қоныс көрді. Есіл, Нұра, Сарысу, Қарқаралы, Шалқар көл, Ұлытаудан алды жерді.

Орнығып қалың арғын сонда қалды, Жеті момын олардан өте салды. Ор, Елек, Ойыл, Қиыл қыстамақ боп, Жаз жайлауға Мұғаджар тауын алды.

Кіші жүз өте көшті Орал жаққа, Əбілқайыр хан еді мінген таққа. Мың жеті жүз отыз бір шамасында Орысқа уағда берген қарамаққа.

Соны естіп Жеті момын қайта ауыпты, Орыстан көреміз деп бір қауіпті.

Page 142: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

142

Мұғаджардың күншығыс жағына өтіп, Ырғыз, Торғай дейтұғын жер тауыпты.

Сол жерде жайлап, қыстап жатып алды, Қалмақтан барымталап жиды малды. Ұлы жүзде үлкен хан Əбілмəмбет «Қалмақпен соғысам» деп хабар салды.

Орта жүзден де аттанды Сəмеке хан, Үш жүзден жиылыпты бірталай жан.Шеп құрып қара-қарсы соғысқанда, Қазақ жеңіп, қалмақтан кегін алған.

Сол соғыс – хан Абылай келген кезі, Қалмақтың сыбағасын берген кезі. Керек болса оқыңдар шежіремнен, Жазылған сонда анықтап түгел сөзі.

Сонан кейін қалмақты қазақ қуған, Жиылып шаба берді ойдан, қырдан. Тарбағатай, Шыңғыстың жан-жағында Көшпелі көп қалмақ бар бұрын тұрған.

Қырылған соң қалмақтар жаман сасқан, Нұржайсаң, Шəуешектен өте қашқан. Ата қоныс – Арқаны босатып ап, Қазақ келіп қалмақтың орнын басқан.

Қалмақты шабысуға Мамай келген, Босап қалған Шыңғысты көзі көрген. Барған соң Жеті момын жақсысына, «Хан Шыңғыс босады» деп хабар берген.

Момынның жартысы айтқан «барамыз» деп, «Ата қоныс Шыңғысты аламыз» деп.

Page 143: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

143

Атығай, Қарауыл мен Бəсентиін Көшпепті «біз осында қаламыз» деп.

Туысқанын қия алмай, «жүр, – деп, – сен де», Көп айтқан Кеңгірбай мен Қараменде . Бос тұрған соң Шыңғысқа Матай қонған, Біздің ел əне-міне деп жүргенде.

Тобықты, Қанжығалы көшкен сонда, Өзге Момын көше алмай қалған онда. «Шыңғысты Матай алды» дегенді естіп, Қанжығалы қалыпты орта жолда.

Келгені Тобықтының осы маңға Мың жеті жүз сексенге тақалғанда, Елді бастап əкелген Мамай батыр Орда, Көкен, Ащысу, Доғалаңға.

Əр топта да батыр бар некен-саяқ, Сүйтсе де батыры көп Жуантаяқ. Қырды алып, Бөктерге таласыпты, Матай-Сатай дегенді тыңдамай-ақ.

Қабекең де өрлепті Шидің бойын, Шөбі шүйгін жер ғой деп малға тойын. Кейде жау боп Матаймен, кейде бітіп, Есі-дерті – Шыңғыста, айтпайды ойын.

Қалқаман мен Мамырды жаздым бұрын, Оқығандар, байқадың оның сырын. Енді айтамын Еңлік пен Кебек сөзін, Тағы сынап көріңіз мұның түрін.

Page 144: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

144

* * *

Ту тіккен Тобықтының қос басшысы –Жуантаяқ Тоқтамыс деген кісі.Жамағайын жақыны сол кісініңБар екен Кебек деген бір інісі.

Ол Кебек мықты болған жас басынан, Тоқаң да тастамайды өз қасынан. «Жасы бала болса да, жаны отты» деп, Артық көріп не сабаз жолдасынан.

Он бесінде Кебектің аты шықты, Атты жаяу бəріне бірдей мықты.Көзі өткір, қараторы жігіт екен, Орта бойлы, тапалдау, кең иықты.

Ел қамы үшін өлуге жанын салып, Соғыс десе тұрмайды қойса байлап. Жауға батыл, жақынға жəне əдепті, Кішіні іні, үлкенді ағатайлап.

Ол кезде балгер болған Нысан абыз, Шын дəулескер бақсының өзі нағыз. Жыны айта ма, кім білсін, шыны айта ма, Айтқаны келеді деп қылады аңыз.

Кебек батыр өз бақытын сынамаққа, Əдейі іздеп келіпті балгер жаққа. Оңашада жалынды абызға кеп, «Бал ашып бер, – деді де, – біздің баққа»:

«Ей, абыз! Аш балыңды, қобызыңды тарт, Алар ақың бар болса, мойныма арт.

Page 145: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

145

Балыңа не түссе де жасырмай айт, Жалғыз-ақ сол арасын қыламын шарт»,

«Шырағым, бал аштым деп мал алмаймын, Ол үшін саған ақыл сала алмаймын. Жаман айтсам жабығып қала көрме, Жынның сөзін жасырып қала алмаймын.

Соны айтып қобыз алды Кебекке арнап, Шақырды жындарының атын зарлап. Қара қалмақ Қорқыттың күйін тартып, Қобызына əн қосып кетті сарнап.

Темір масақ жабырлап тұр сылдырлап, Екі көзі бақсының тым бұлдырлап. Ындын қойып тыңдасаң сарнағанын, Сақтанбасаң алғандай ақылды ұрлап.

Мұңлы қоңыр дауысы шықса зарлап, Ықтиярсыз кетеді бой шымырлап. «А» дейді де тыңдайды анда-санда, Құлағына кеткендей жын сыбырлап.

Екі көзін қан жауып, өңі қашып, Сұп-сұр болып, алартып көзін ашып. Шүлдір-шүлдір сөйлесіп жыныменен, Өзін-өзі тоқтатты əзер басып.

Нысан абыз қысылып батқан терге, Қарады да сөйледі Кебек ерге: «Ажалың биік қабақ сұрлау қыздан, Батырым, ондай жанға көңіл берме.

Бұл сөзді өз ойымнан айтпаймын құр, Жын шіркін осылай деп айтқызып тұр.

Page 146: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

146

Қара жартас түбінде кез келеді, Шырағым, сондай қыздан сақтанып жүр.

Əдейі іздеп бармассың, кез боларсың, Кез болсаң, алыс емес, тез боларсың. «Сақтыққа қорлық жүрмес» деген бар ғой, Сақтанбасаң, артқыға сөз боларсың».

Оны есітіп Кебек кетті өз жайына, Батса да балгер сөзі шымбайына. Ойланбай, біржолата кетті ұмытып, Деді де: «Жынның сөзін тыңдайым ба?»

Мұнан кейін азырақ заман өтті, Салқын түсіп, қар жауар мезгіл жетті, Қарашаның алғашқы қары жауып, Кебек батыр құс алып аңға кетті.

Қойтастан бір түлкі алды інге тығып, Ойлады кетейін деп Ханға шығып. Сонарда ізге түсіп келе жатса, Бір түлкі жəне қашты жатқан бұғып.

Қамшылап күрең атты жамбасына, Түлкіден бұрын шықты Хан басына. Жел шығып, боран болып кеткен екен, Аң қуған аңғал батыр аңдасын ба.

Құс түлкіні көрген соң кетіпті ұшып, Бір жерге жарқ-жұрқ етіп қалды түсіп. Бораннан байқай алмай өтіп кетті, Түлкіні жатса-дағы бүркіт қысып.

Таба алмай олай шауып, бұлай шауып, «Құсымнан айырылдым» деп қылды қауіп.

Page 147: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

147

Құс əбден түлкіні жеп тойған кезде, Алыпты күн батқан соң əзер тауып.

Бүркітті бөлеуіне бөлеп алды, Аяң-бұяң еткенше түн боп қалды. «Ел жатпай бір ауылға қонайын» деп, Шыңғыстың бөктерімен қайта салды.

Бораннан байқай алмай барар бетті, Түн ішінде адасып Кебек кетті.Осы Хақан өзеннің аяғында Қыстаған бір Матайға келіп жетті.

Белдеуге атын байлады Кебек сері, Боз қырау бұрқыраған аттың тері. Осы күнгі Боқтыбай қыстап жүрген Қара жартас – Кебектің келген жері.

Сол үйге кіріп келсе «кеш жарық» деп, Жатпақ түгіл болған жоқ тамағын жеп. Ол кезде шай болмайды, сусыны – құрт, Ұсынды қарсақ жон қып езіп əкеп.

Шал мен кемпір, тағы бір малшы бала, Бар екен бір бойжеткен қызы жəнə. Киіз үй, малды айнала шарбақ қорған, Там, қора жоқ, кісісі төртеу ғана.

Құрт ішіп əбден көңілі жайланған соң, Бекітіп шарбаққа аты сайланған соң, Үй иесі қонақтан жөн сұрады, Асын жеп əңгімеге айланған соң.

Кебек айтты: «Аң қуған Тобықтымыз, Мен Кебекпін дегенмен білемісіз».

Page 148: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

148

«Атым – Кебек» дегенде жалт қарады, Бағанағы айтылған бойжеткен қыз.

Бай қайтадан сөз сұрап қайырмады, Əлгі қыз Кебектен көз айырмады. «Қарағым, қонағыңа төсек сал», – деп, Үй иесі жатуға дайындалды.

Тысқа шықты бай, қонақ – бəрі бірдей, Шал айтақтап тыста жүр үйге кірмей. Кебек келсе, төсек жоқ төр алдында, Қай араға жатарын тұрды білмей.

Күлімсіреп қыз айтты Кебек ерге: «Қонағым, неге тұрсың құр бекерге. Мен сізге өз төсегім дайындадым, Бұрын жатқан жоқ па едің ондай жерге?»

Тең шешіп, мамық көрпе алды тауып, Кебектің де қызға тұр көңілі ауып. «Анық Кебек сен болсаң, арызым бар, Бір айтармын», – деді де салды жауып.

Кебек батыр жатқан соң төсекке кеп, Қыз мінезін ішінен қылады есеп: «Танымаған қонаққа сыр білдірген Көрсеқызар, жеңсікқой ұрғашы-ау», – деп.

Түн ортасы ауғанда шал да жатты, Қорылдап қатты ұйқыға əбден батты. Үйдегілер теп-тегіс ұйықтаған соң, Кебекті келді-дағы қыз оятты:

«Ей, батыр, сен жатырсың ұйқың қанбай, Мен жүрген бір сорлымын бағым жанбай.

Page 149: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

149

Көрінгенге көз сүзген көрсеқызар, Əдепсіз қыз дейсің ғой əлдеқандай.

Өз əлімше сынадым мен де сені, Сен қалай деп ойладың, айтшы, мені? Қыздан сорлы бола ма бұл жалғанда, Кез болмаса өзінің сүйер теңі?

Атым – Еңлік, мына шал – менің əкем, Малы көп, бірақ еркек баладан кем. Жасында бұл да өзіңдей батыр еді, Қор болып, осы күнде əркімге жем.

Нағашым – байжігітте ер Қабанбай, Шешемді де берген жоқ бай таба алмай. Ес білмейтін ескіге кез болыппын, Жайды білер жақсыға қосақталмай.

Мені де кедей емес, байға берген, Күйеуім өткен жазда ұрын келген. Қасына жатпақ түгіл жуымадым, Білген соң шіріктігін келген жерден.

Нышаны жоқ бет-аузында сақал, мұрттан, Бұрын да естуші едім жайын сырттан. Түн болса ұйқыдан бас көтермейді, Күндіз асық іздейді ескі жұрттан.

Бетіне тумай тұрып түскен əжім, Күңге де есіктегі қылды тəжім. Кер кеткен кеселдіге душар болдым, Осыдан құтыларлық бар ма лажым?

Оң қолының бармағы тағы шолақ, Бармақсыз қол ұстауға қандай олақ.

Page 150: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

150

Мен сорлы емей, кім сорлы, ойла, батыр, Күйеуімнің болған соң жайы сол-ақ.

Көп жігіт жүр сыртымнан қылып кеңес, Мен ұнасам, «алмаймын сені» демес.Солардың біреуімен кетер едім, Байқаймын, бəрі менің теңім емес.

Көрсеқызар, лап бергіш əр елде көп, Атын атап не керек пəленше деп.Аз күндік əзіл іздеп жүргенім жоқ, Өнімсіз іс болмайды өмірге сеп.

Бүгін мұнда кез болдың Құдай айдап, Атыңды естіп жүруші ем сырттан сайлап. Тасыр болса, талғамай тап берер деп, Түні бойы сынадым сізді абайлап.

Мен татысам, жігітсің маған татыр, Міне, осындай ішімде қайғым жатыр. Ойнас емес, өмірлік жолдасым деп, Беремісің уəде, Кебек батыр?»

Кебек мұны есітіп көп ойлады, Асықпай біраз ғана еп ойлады.«Түні бойы қыз мені сынапты ғой, Мен де мұны сынайын деп ойлады»:

«Ей, Еңлік! Сөзің рас, нандым саған, Бəрін ұқтым, жерім жоқ байқамаған.Артқы өмірді əзір біз қоя тұрып, Ойнап-күлсек қайтеді біраз заман?

Қаза келсе малдыдан мал таймай ма, Ажал жетсе батырдан жан таймай ма.

Page 151: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

151

Азар болса, күйеуің жастау шығар, Жарлы байып, жас өсіп қартаймай ма?

Жас түзеліп, түрленіп ержетпей ме, Бойындағы балалық бір кетпей ме, Асыққандық емес пе мына сөзің, Жақсы əйел жаман ерді түзетпей ме?

Талпынғанмен тағдырды бұра ала ма, Құдай қоспай, басымыз құрала ма. Аз күн қызық көрелік онан-дағы, Бұл дəурен бір қалыпты тұра ала ма?

Еңлік айтты: «Таң қалдым бұл сөзіңе, Ұқсамайды түндегі мінезіңе. Егерде біреу айтса ұнар ма едің, Талап қылма, талпынба деп өзіңе.

Рас, Құдай жазбаса бітпес жұмыс, Сүйтсе де бізге міндет – талап пен іс. Əрекетсіз отырмақ дұрыс болса, Неге берген аяқ-қол, тіл менен тіс?

Күйеуімнің жүрген жоқ жасы жетпей, Ынжықтық қайтушы еді тентіретпей. Ақыл салып бармағын сау қылуға Пендеде күш бола ма құдіреттей.

Талап қылмай бола ма құтылуға, Оттан қашып кірсем де терең суға. Пəледен машайық та қашқан жоқ па, Қайтіп разы болайын берген уға?

Тобықты неге келді мұнда көшіп, Мұғаджардан Шыңғысты көзі тесіп.

Page 152: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

152

Қара қазан, сары бала қамын ойлап, Келді ғой «жайлы қоныс табам» десіп.

Бір құдай жер жүзіне шашқан несіп, Барша жан жүрген жоқ па теріп жесіп. Аз күндік арам жүріс аужал емес, Бермесең уағадаңды мүлде кесіп.

Өйтіп уағда бермесең, əуре етпе, Тең көрмесең телміртіп, тентіретпе! Қайда барсаң обалым жібермейді, Бірақ осы сөзімді ұмытып кетпе!»

Қалай айла қылса да бір қоймады, Жал айтқан жауабына қыз тоймады. Еңліктің бұл жауабын есіткен соң, Кебек батыр тағы бір ой ойлады:

«Ей, Еңлік! Айтқан сөзің – сөздің шыны, Сөйтсе де бір сөзім бар, тыңда мұны.Соғысқа сылтау таппай отырғанда, Бүлдірмелік Матай мен Тобықтыны.

Онсыз-дағы біріне-бірі қырын, «Ала ғой» деп береді кім жесірін.Адам түгіл мал үшін ел шабады, Қыз болсаң да білесің елдің түрін.

Мен сені алып жөнелсем осы түнде, Жиылмай ма бар Матай жалғыз күнде? Тобықтыдан жылқыны тиіп алып, Басталмай ма бітпестей бүлік мүлде.

Барымта алмай бітімге көнсе елің, Қанша мал алса аярым жоқ қой менің.

Page 153: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

153

«Қызды қайтар, əйтпесе бітпейміз» деп Жатып алса, табамыз қайтіп жөнін?

Матай алса, Тобықты тек жата ма, Азбын деп жанын аяп ар сата ма? Ауыл шауып, мал алып, қан төгілер, Ойла! Қалып жүрмелік теріс батаға!»

«Ей, батыр, бұл сен айтар сөзің емес, Уайым қып сескенер кезің емес.Келер істі жалғыз-ақ Алла білер, Ол сенің өлшеп сатар бөзің емес.

Кімнің көзі жетеді күні ертеңге, Теңін тапқан сені мен жалғыз мен бе? Ел шабысып кетті ме соның бəрі, Алып қашып алды ғой талай пенде!

Мал аямай пейілді салсаң кеңге, Жарастырар табылар аға-жеңге. Жер өртеуге жетеді бір шағым қу, Кім кепіл бола алады осы екі елге?

Бұлт шықпай жауа ма құры желге, Бізсіз де таласады жалғыз белге. Құдай жөнін берейін деген болса, Көнер əлде, «мал алып біт» дегенге.

Сен мені бүгін алып кет демеймін, Осы екі елдің түбіне жет демеймін. Шын ішің сүймей, сыртың сүйген болса, Əуре боп саған уағда ет демеймін.

Шын сүймесең сүйдім деп айтпа маған, Шала сүйген болады құр алдаған.

Page 154: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

154

Ындыныңмен ұнатсаң, бер қолыңды, Саған сөзім қалмады енді айтпаған».

Кебек те отыр еді азар шыдап, Сөзін айтып болғанша қызды сынап. «Сен өлген жерде мен де өлемін» деп, Қол алысып біржола кетті құлап.

Кебектің қолын Еңлік қысып алып, Шөлдеп сусын ішкендей мейірі қанып. Бармағынан бір сүйіп, беті тершіп, Ыстық жасы көзінен кетті тамып.

* * *

Таң жарығы түскен соң шаңыраққа, Кебек тұрды арқандап ат қоймаққа. Еңлік үйден арқанды ала шығып, Құшақтасып жөнелді жартас жаққа.

Келе жатып қыз айтты: «Батыр, саған, Бір сөзім қалған екен айтылмаған.Тобықты мен біздің ел бітім қылса, Сонда алып қаш, кезінде жауықпаған.

Мына жартас табыспақ болсын бізге, Мені ұмытып, жатып ап күдер үзбе.Осы араға үш күнде бір келіп жүр, Ең болмаса жұманы құр өткізбе!»

Соны айтты да от жақты үйге барып, Су жылытты қазанға қарды салып.Оятып ап қойшыға құрт езгізіп, Сары май салып қойды аяқ алып.

Page 155: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

155

Ат арқандап болды да Кебек өзі, Қыз артынан қадалып екі көзі, Еңлікке бір, тасқа бір қарады да, Сонда түсті ойына балгер сөзі.

«Апыр-ау! Əлде сайтан, əлде жын ба, Кім бастап алып келді мені мұнда.Осы көрген түсім бе, иə өңім бе, Қалжыраған бақсының сөзі шын ба?

Біржолата кім тұрар бұл дүниеде, Өлім көрмей қоя ма туған пенде.Қарап жүріп қаңғырып босқа өлгенше, Еңлік үшін өлгеннің қапысы не?»

Соны ойлап көңілін басты Кебек батыр, Құдай қосқан іс болмай қоймайды ақыр. «Тамақ дайын» деп хабар бергеннен соң, Аяңдап үйге таман келе жатыр.

Бетін жуып, отырды төрге барып, Құрт берді сары майды жəне салып. Қазы-қарта, жал-жая жасап Еңлік, Бір табақ ет алдына қойды апарып.

Жалынан бір кесті де «бісміллə» деп, Ұсынды ақсақал мен кемпірге əкеп. «Иесімен ас тəтті» деп Еңлікті Шақырып ап екеуі отырды жеп.

Қойшыға да ұстатты сүйек-саяқ, Ет артынан сорпа ішті бірер аяқ. Бата қылып, қол жуып болысымен Еңлік атты ерттеді айтқызбай-ақ.

Page 156: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

156

Кебек сонда шалға айтты: «Ей, ақсақал, Өзің таңдап түлкінің біреуін ал. Бағыңызға кез келген бір олжа ғой, Жығыт тымақ істетіп сандыққа сал!»

Еңлік шығып қонағын аттандырды, Қоштасып Кебек батыр елге жүрді.«Қайда жүрсең аман жүр, батырым», – деп, Бел асқанша артынан қарап тұрды.

* * *

Ер Кебек тыным алып үйде жатпай, Еңлікке келіп жүрді дамыл таппай. Кейде түзден жолығып, кейде қонып, Алты ай қыс аттың терін бір құрғатпай.

Екі ел бітті, сөйлесіп жазға салым, Қайтарысып барымта, алған малын. Тамақ үшін қыдырған Матай айтып, Бұл бітім Еңлікке де болды мəлім.

Кебек келді бір күні қызға тағы, Ойында бар, ел бітсе, іс қылмағы. Еңлік те дайын болды сол арада, Қара жартас – белгілі табыспағы.

Қыз айтты: «Түнеугі айтқан уағда қайда, Кел, кетелік, кідірмей осындайда. Азық-түлік, киерлік киімдерім Дайындап əкеп қойдым, мына сайда.

Қосылған соң кешікпей болдым буаз, Онан бері қыс өтіп, шықты ғой жаз.Босансам өз қолыңда босанайын, Құры бүйтіп жүргенге болмалық мəз».

Page 157: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

157

Екеуі «тəуекел» деп кетіп қалды, Таң атпай-ақ Ордаға жетіп барды.Ағаштан балаған қып арша жауып, Бекініп бір дарада жатып алды.

* * *

Еңлік, Кебек кеткен соң таң тағы атты, Күн шыққанша кемпір-шал тұрмай жатты. Қойшы Еңлікті таба алмай іздеп-іздеп, «Қызың қашып кетті», – деп шалды оятты.

Шал жылап, əлі келді екі көзге, Қолынан не келеді онан өзге. Қойшы барып еліне хабар айтып, Матай келді жиылып осы сөзге.

Жан білмейді Еңлікті кім алғанын, Қайда кетіп, қалайша жоғалғанын. Алты ай қыстай кім келіп, кім кетпейді, Қайдан білсін кəдікті кім қонғанын?

Түлкіні бір Матайдың көзі шалды, «Мынаны кім берген» деп қолына алды. Шал айтты: «Мұны берген – бір Тобықты, Атын ұмыттым, бір қонып кетіп қалды».

Қойшы айтты: «Оның аты Кебек еді, Сонан соң да осында келмеп пе еді? Ұмытпасам, соны Еңлік аттандырып, «Хош, аман бол, келіп жүр, Кебек» деді».

Қуа-қуа осы сөз анықталды, Матайлар Тобықтыға кісі салды.«Қыз дегенің немене, білмейміз», – деп, Тобықты оны елемей жатып алды.

Page 158: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

158

Кебектің қайда екенін ел білмейді, Не жылқыда, не аңда жүр ғой дейді. Жалғыз-жарым сыр ашпас құрбы арқылы Елден Кебек азықты алып жейді.

Сөйтіп жүріп бірталай заман өтті, Еңлік қашып кеткенге айға жетті. «Қыз алды да, жөн жауап бермеді» деп, Матайлар бір қос жылқы алып кетті.

Тек жатсын ба бұл елдің көп саңлағы, Жуантаяқ бір ауыл шапты тағы.Матай қызды, Тобықты Кебекті іздеп, Шатаққа соқты сөйтіп сөз аяғы.

* * *

Бір күні Қабекеңе Көбей келді, Үйге кіріп келді де сəлем берді. «Қыз да жоқ, Кебек те жоқ, ел шабысты, Мен сізден ақыл сұрай келдім», – дейді.

Қабекең сөз айтпайды жұмбақтамай: «Ей, Көбей, сұңқар калай, тауық қалай? Тоқтамыс жолаушылап кетіп еді, Сол келгенше өтпей ме уақыт талай?»

Көбей мұны ұқты да қайтып кетті, Тобықты кеңес қылған топқа жетті:«Қабекең екі-ақ ауыз жұмбақ айтты, Ол сөзінің мағынасы мынау депті:

Еңлікті алып қашқан Кебек батыр, Оны айтпай-ақ біздің би біліп жатыр. «Тауық» деп қызды айтады, «сұңқар» – Кебек, «Тоқтамысқа қаратып қой» дейді ақыр».

Page 159: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

159

Осылай деп жұмбағын Көбей шешті, Матаймен байлау қылып, сөз сөйлесті. «Кешіктірмей табалық Кебек алса, Бір ай тоқта, Тоқтамыс келсін» десті.

Сонымен тағы да өтті бір жарым ай, Тоқтамыс Арғын жақтан жүр келе алмай. Намыс қылып жиылды тамам Найман, «Көнбейміз, – деп, – мазаққа мұнан былай».

Матай да соқтыққан жоқ тіпті неген, Мақал бар «ел құлағы – елу» деген. Қыздың қайны – Сыбандар жəне білді, Екі елде де адам жоқ есітпеген.

Найманның тым көп болды жиылысы, Жиылған соң белгілі қылар ісі.«Алдынан бір арылып алайық» деп, Тобықтыға жіберді елші кісі:

«Тентегінің жазасын мойынға алсын, Егер оған көнбесе, дайындалсын. Қырылыспай бітпейміз таусылғанша, Не Найман, не Тобықты бірі қалсын.

Жауапты да тез берсін кешіктірмей, Ертең бесін намаздың уақыты кірмей. Өзге бітім болар деп ойламасын, Бітімім жоқ не өліп, не өлтірмей».

Ұйлықты Тобықтылар осы сөзге, Бітімі жоқ болған соң мұнан өзге. Найман тым көп, Тобықты аз, Арғын алыс, Қорықпауға да болмайды көрер көзге.

Page 160: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

160

Бірі ол деп, бірі бұл деп көп кеңесті, Біле алмай не берерін, не берместі.Қысылғанда баратын Қабекеңе, Ақыл сұрай бір-екеу барсын десті.

Кенбай мен Көбей барды биге тағы, Сөзін айтып, сəлемін берді-дағы. Қабекеңнің қабағы қарыс түсіп, Мінеки сондағы айтқан бір жұмбағы:

«Əнет бабаң емес пе менің атам, Бірақ ондай қабыл ма менің батам? Көшсем қоныс, отырсам көмегім жоқ, Көрсетемін, қайтейін тыныш жатам».

Бұл сөзі – бабаң айтқан сөздің көзі, Өзі өлтірмей, амалсыз атқызды өзі. «Жеңілсең, енді барар орының жоқ, Көрсетпеуге шама жоқ» деген сөзі.

Соны естіп Көбей топқа қайтып келді, Жұмбағының шешуін айтып келді. Тобықтылар Найманды ертіп əкеп, Кебектің жатқан жерін айтып берді.

* * *

Ұйықтамайды сақтанып Кебек түнде, Үш айдай бір дарада жатқан мүлде. Толғатып Еңлік сұлу бір ұл тапқан, Айы толып, мезгілі жеткен күнде.

Екеуі сол баланы қылады ермек, Кезек ұйықтап, сақтанып жүрді сергек.

Page 161: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

161

Қыз ояу, Кебек ұйықтап жатыр еді, Қозыкүрең кісінеп қағады елек.

Еңлік түртіп оятты Кебек ерді, Атқа қарғып мінгенше жау да келді. Күрең атқа мінгесіп жөнелгенде, Баласы бесігімен қала берді.

Баланы бір Матай кеп қолына алды, Кебек қашты, жабылып жау да салды. Қозыкүрең жартастан қарғығанда, Ауып кетіп Еңлік қыз түсіп қалды.

Не күшті, ойласаңыз, тағдыр күшті, Кім тоқтатар əзелде болмақ істі. «Өлсем бірге өлмекші сертім бар», – деп, Мінгестіріп алуға аттан түсті.

Жау жетті де, қамауда Кебек қалды, Əрі-бері қанжарлап соғыс салды. Бірталайын жаралы қылса-дағы, Көпке топырақ шашсын ба, ұстап алды.

Байлап алып əкелді Ащысуға, Тамам Найман жиылған қалың дуға. Қайран жастар қапыда қолға түсті, Елтіген бөрідей боп жеген уға.

Шеткі Ақшоқы басына алып шықты, Қалайша өлтіруге кеңес қыпты. Жас қой деп жаны ашыған бір адам жоқ, Қолға түскен кісіге қатын мықты.

Кейбіреуі таспенен атпақ болды, Кейбіреуі дарға да аспақ болды.

Page 162: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

162

Аяғында мойнына арқан тағып, Атқа байлап сүйретіп шаппақ болды.

Көп Найман екеуіне тұр анталап, Бейне бір соятұғын малға балап. Еңлік сонда еліне сөз сөйлейді, Қасындағы жиылған көпке қарап:

«Ей, жұртым! Бір-екі ауыз сөз айтайын, Əйтеуір өлтіруің тұр ғой дайын. «Өлерде үш тілек бар» деуші еді ғой, Құдай үшін берсеңдер, мен сұрайын:

Кебекпен мені азғана араздастыр, Өлген соң бірге қосып таспен бастыр. Мына бала – Тобықты баласы ғой, Мұны өлтірме, Кеңгірбай биге тапсыр».

«Үш тілегін алсын» деп жұрт кеңесті, «Бердік» деп екеуінің қолын шешті. Құшақтасып сүйісіп, қош айтысып, «Ал, енді өлтіре бер, мейлің» десті.

Екеуінің мойнына арқан салып, Екі аттың құйрығына байлап алып, «Матайлап» ұран салып шауып-шауып, Өлтіріп бір төбеге қойды апарып.

Тастады бесігімен баласын да, Обалға өшіккен ел қарасын ба?Еңлік – Кебек моласы бүгін де бар Таймақ пен Ералының арасында.

Надан жұрттың болады діні қатты, Қабекеңе тапсырмай аманатты,

Page 163: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

163

Шеткі Ақшоқы басында қалған бала Шырқырап күн батқанша жылап жатты.

Жуантаяқ баланы түнде білді, Түн ішінде жиылып атқа мінді. Таң ата келіп іздеп таба алмады, Қисыны – біреу ұрлап кеткен сынды.

* * *

Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мəнім: Емес қой жастықпенен салған əнім. Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы? Аларсың көп ғибрат, байқағаның.

Қыз, қызық, батыр жазар кезім емес, Жастарды қызықтырған сөзім емес. Ертегі емес, ертеде болған бір іс, Ойдан жалған шығарған сөзім емес.

Əншейін əңгіме деп құлақ салма, Құр ғана қызығы мен қызын алма. Ғаділ, залым, шафқатлі, мейірімсіз, Соларды айыра алмай қапы қалма!

А, Құдай, күнəмді өшір, сауапқа жаз, Таусылмайды рахматың, не болмайды аз.Жан кетіп, ағайын, мал қалған кезде, Өлмес, өшпес дəулетім – осы қағаз.

Page 164: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

164

АЌЫЛБАЙ АБАЙЎЛЫ(1861–1904)

ДАҒЫСТАН

Дағыстан Кавказдағы Кəрі Жүсіп, Қисса ғып айтқым келді көңілім түсіп.Тепе-тең тек жатудың табы батып, Білмедім не қылуды ішім пысып.

Сынауыңа сорғалап келмесе де, Сөкпеңдер мына сөзі қалай десіп.Біліккен соң ер сөзін ермек еттім, Осыны айтпасам да өнер қысып.

Қазақтың «қап» дегені Кавказ серік, Тəңірім, сұлу биік еткен ерек.Ақырып айдаһардай жүз толғанып, Тауды бұзып, тас жарған долы Терек.

Артық нəрсе дүниеде айтпақ үшін, Деме жұрт тау мен өзен неге керек.Қолдан келер айла жоқ, жанға рахат, Хикметін тамаша көрсетер ек.

Кавказды сұлу қылған Құдай қалап, Көрген адам кете алмас тамашалап.Белгілі ер черкестен көп халық бар, Сол тауда өмір сүрген жанасалап.

I

Сөйлеймін сол таудағы Дағыстаннан.Жауменен жалығу жоқ шабысқаннан.

(1861 1904)

Page 165: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

165

Күні бүгін іркіліп көрген емес, Бір сөзге қанжар алып қағысқаннан.

Əдеті ата-мұра баяғыдан, Айтылар əңгімесі аяғынан.Қаны қызса қанжарын қайтармайды, Өзге елдің бұрын сермер таяғынан.

II

Ақ жиек көкшіл сұрғылт сəуле берген, Мұнартқан Кавказ буы көтерілген.Алтын шатыр сəулесі тау басында, Атырабы мəлім болды талай жерден.

Бұлбұл құс ұйқысынан көзін ашып, Түріне гүл бəйшешек таңырқасып, Күн ыстығы түскенше сермелік деп, Үнін, жүнін түзетті жабырласып.

Квинттей үнін түзеп шырқатады, Көмейін қайырып, толғап ырғатады.Толғантып тоқсан екі мұң мен зарды, Тəңірінің берген үнін зырлатады.

Сайраған құмыр бұлбұл үні шықтыКемпір қара сəлісін бүркеп тықтыГүл мен ағаш майысып қарағанда, Еліріп тік қарайды Кавказ мықты.

Сөкпе, қалса сөзімнің шалалары, Кітапта жазған орыс даналары.Бұрын неше соғыста ойран болған, Көрінді Дағыстанның қалалары.

Page 166: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

166

Бұзылған Дағыстанның қу қаласы, Көрінді қарт Жүсіптің үй-ханасы, Жүсіп тұр қайғы басқан, үй алдында, Дүниенің əсер бермей тамашасы.

Бір қатын үйден шықты қадам басып, Асығып дегбірі жоқ асып-тасып.Жүсіп айтты қатынға: – Шақырды ма?Көрейін жалғызымды болса нəсіп?

Қатын айтты: – Жалғызың жаман, – дейді, Əлі ырзалық берген жоқ саған, – деді.Əкеңді шақырайын дегенімде, Бір ауыз сөз қатпады маған, – деді.

Күрсінді сөзін естіп Жүсіп кəрі, Көзінің жасқа толып кетті бəрі.Өткен істің қатесі ойға түсіп, Келді-ау, деп, – Əлгі кемпір қылған зары.

Екі көзден жас ырғып, ытып кеткен, Тоқтамай сорағытып əжім беттен.Жуан, қалың, білектей бурыл мұртқаДомалап улы жасы барып жеткен.

Заһира сұлу жалғыздан айырылғанын, Əлінің арнап қорғап зар қылғанын.Алдына əкеп тосқандай секілденді, Орынсыз өмірінде бар қылғанан.

Жүсіптің қандай істеп өскендігін, Баяндап, ұқтыруға жаңа келдім, Неліктен осы қайғы түскендігін.

Page 167: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

167

III

Тəкаппар Дағыстанда Жүсіп батыр, Бақыты асып құрбысынан келе жатыр.Екі сөзді көтермес зор көкірек, Соқтығысып бұған ешкім тимейді ақыр.

Аяғынан бастадым сөздің басын, Ғажайып кəрі Кавказ тау мен тасын, Басқа түрлі сипатпен білдірейін, Келісімді келтірген тамашасын.

Қозғаған жас қуатын мəуелі жаз, Мақұлық қыбырлаған бəрі де мəз.Əр жерінен ажалдың иісі шығып, Суық түспен қарайды кəрі Кавказ.

Бейне жары, Кавказдың не баласы, Өрт алғандай таусылып айналасы.Жасы жеткен, қапалық, қайғы басқан, Жабырқаңды Жүсіптің жалғыз басы.

Бұл Жүсіп құрбысынан жасында асқан, Именіп ешнəрседен емес қашқан.Отты көз, ер көкірек батыр Жүсіп.Тік қарап, тура ажалға қарсыласқан.

Қаймығып тірі жаннан қорықпаған, Сірə өзінен мықтыға жолықпаған.Өз бойына өз күші сенімді боп, Ойласам жазалар деп ұлық маған.

Мыңнан тізгін тартпаған о да мықты, Мергендікке өзгеше болып шықты.

Page 168: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

168

Бір кемпірдің жалғызы, аты – Ибраһим, Ондай адам атпаған бір мылтықты.

Білімді, қалжыңға ұста, сөзі майда, Жұрт күлдіріп сөз сөйлер əрбір жайда.«Басқа пəле тілден» деп, мақал бар ғой, Кейде залал қалжың сөз, кейде пайда.

Сол күнгі Дағыстанның əдеті бар, Бір үлкен той қылады он екі айда.Кімнің жақсы екенін, кімнің мерген, Жиылған жұрт сөйлейді осындайда.

Сол той тағы болғанда жұрт мақтады, «Бұл елде Ибраһимдей мерген қайда!Əрі сұлу, əрі есті, əрі мерген, Қайда барса жақсыға қосылмай ма!?»

Ибраһим бір сөз айтып қалжыңдапты, Неғылса қиыстырып мінін тапты.Тұрпайы тасырлыққа тап келген соң, Долданып Жүсіп ыза бола қапты.

Жүсіпке осы қалжың тиді қатты, Көтермей құрбы сөзін Тəңір атты.Жұрт ескермес қалжыңын ақ көңіл деп, Мінезінен тəкаппар соған батты.

Қатал Жүсіп қалжыңды кек көреді, Мақтауды өзге алғанын жек көреді.Ішінен Ибраһимге дұшпан болып, Буынып улы қанжар кектенеді.

Сол тойдан жұрт тарады əр тарапқа.Ибраһим көңілін беріп жүреді аққа.

Page 169: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

169

Ашық күні аң атып қайтайын деп, Үйден шығып аттанады Кавказ жаққа.

Жүсіп тағы сол күні аңда жүрді, Жайылған бір далада арқар көрді.Шалдыртпай ептеп барып атайын деп, Қақпа тасты бетке алып келеді енді.

Байқамай дəрісін көп сасып салды, Бұғып келіп арқарды басып қалды.Бір заңғырдың басына, оғы тимей, Ойнақтап көз ұшына арқар барды.

Аңға көңіл қоя ма аумасына, Оқ тимей арқар шықты тау басына.Ескерусіз Ибраһим жетіп келді, Жүсіптей қанын ішер жау қасына.

Мылтықты атайын деп оғын салды, Ыңғайлап нысанаға, бетіне алды.Оқ жетпес деп дандайсып тұрған арқар, Ибраһим тарс қойғанда құлап қалды.

Жүсіпке айтты қалжыңдап: Батыр саған, Мендей боп атуыңа келмес шамаң.Қате атарлық, ей батыр, мен емеспін, Байлайын арқар болса көрсет маған.

Қалжыңға шыдамады Жүсіп долы, Орынсыз кімге жақсы ашу молы?Байқаусызда, қасына жетіп келіп, Дəл жүректен жабысты қанжар қолы.

Бұл дағы қанжар дайын айқаспай ма, Оныңа болмаймын деп шайқаспай ма?

Page 170: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

170

Қапы болды, білмеді аямасын, Сезгенде бір кісімен байқаспай ма!?

Өлтіріп Ибраһимді жығып салды, Қанжарын қанға бұлғап жұлып алды.Жазықсыз бір қалжыңға кісі өлтіріп, Адам сүймес бір іс қып кете барды.

«Өлтірдің, – деді Ибраһим, – залым Жүсіп, Қиянатсыз қалжыңға ашу қысып, Жалғыз шешем артымнан о да өледі, Қарық бол дүниеден көңілін өсіп.

Туған адам өлмекші арман еткен, Көреміз Тəңір алдында бір сөйлесіп».Уа, дүние, қане сенің мақтағаның, Жақсылығын орнымен ақтағаның.

Қиянат жоқ, жалған жоқ, таза жүрек, Мынау ма жас өмірді сақтағаның!?Жақсылық жақсы деген сөзің қайда, Мін бар ма Ибраһимда, сөзі майда...Жазықсыз жас өмірін қанмен жудың, Ешкімге де тимеді сенен пайда.

Өлтіріп Ибраһимды Жүсіп кетті, Тағдырдағы өлшеулі күні бітті.Екі күнде кездескен біреу көріп, Өлгенін Ибраһимнің мəлімдепті.

Əлі кемпір есітіп талып қалды, Сүйегін Ибраһимнің алып барды.Жалғызымды өлтірген жазықтыны, Құдай ата көр деп, қылды зарды.

Page 171: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

171

Құдай, құлың едім, – деді, – сенің, Құрымды, жалғыз еді менің тегім.Хақ пайғамбар шапағат қылғаның сол, Кетпесін өлтіргенде менің кегім.

Мендей қып қайғы берсең анасына, Қарамай, қаза берсін шамасына.Я өзі, я тұқымы, жұрағаты, Кетпестей əрекет бер баласына.

Əртүрлі Əлі кемпір зарлық етті, (əлбетте бұл қарғысын қабыл етті).Зарлағанын естіп тағат қылмай, Жүсіп барып үйіне кіріп кетті, Кемпір өлді жұмада халі бітіп, Баланың жетісіне əрең жетіп.

Аманат алласына тапсырдым деп, Кегімді жіберме деп жарлық етіп.Бұдан кейін бір талай заман болды, Қарғысы ақырында жаман болды.

Шошынғаны ойынан шығып кетіп, Малы, басы Жүсіптің аман болды.Білгенімше айтайын əңгімесін, Түгелдеп айта аламын өңге несін?

Бес ұл туып ер жетті арыстандайСөйлетіп Заһира қыздың өзгешесін...Жүсіптің жалғыз қызы Заһира сері, Бұдан сұлу əйелде болмас əріРақметімен жаратқан Алла сүйіп, Тарыдай тал бойында жоқ бір міні, Заһираны көрген жанда қалмайды ес, Қара қасы қиылған көзі нəркез.

Page 172: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

172

Алақанға көтеріп аялайды.Бұл бір жан деп өзгеше бүкіл черкес.Тал бойының міні жоқ, қолаң шашты, Шашының ұзындығы тізе басты.

Күлгенде гүл төгілер тісі меруерт, Ондай жан бұл жалғанда жаралмас-ты.Бұралған тал шыбықтай қыпша белі, Бес ұлдың ортасында шыққан гүлі.

Жеңіл басып, киікше жүреді деп, «Ғазел» деп атын қойған оның елі.Толқынды қара шашы жібек талдай, Көрген адам қарайды көзін алмай.

Аласы аз, нұрлы қара, ұялы көз, Жаралған бір денесі қапы қалмай.Кірсіз тіс, қырлы мұрын, мінсіз ерін, Білерсіз мінезінен ішкі сырын.

Бұл жүрген əйел адам ұқсамайды, Келтіріп айта алмайын мыңнан бірін.Алма бет, аппақ еті қар секілді, Көргенде онсыз дүние тар секілді.

Жүзін көрген алыстан кете алмайды, Жанының бір ұшығы бар секілді.Тақпақтап жарамайды айта берген, Қызды əркім мақтағанын көзім көрген.

Ақылы, мінезі мен тұлғасы сай, Мін шықпас таза жүрек бұл əйелден.Мал мен бас бұл Жүсіпте бəрі дайын, Ұлы, қызы артықша осындайын:

Page 173: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

173

Əлі, Мұса, Жағыпар, Таяр деген, Ең кенжесі Рахим, айтсам жайын.

Бəйгесін мергендіктің бұлар алған, Батырлықтан ешқашан емес қалған.Қолы жеткен айтпасам бір заманда, Кімді еркіне жіберер мына жалған.

Кім десе ер, – Жүсіп ұлы, – дейді халық, Қайда барса, келеді жүлдені алып.Қан саулаған қамалдан тізгін тартып, Бір кісіден кірмейді кейін қалып....

Солардың қолы жеткен заманында, Жолдас болып шеп бұзған қамалында.Жарлының бір жалғызы ер Жəбірəһил, Есті, сұлу, ерлік бар қабағында.

Қара мұрт, сұрғұлт сұлу, қырлы мұрын, Қыр қабақ, кең жауырын айтсам түрін.Алланың əмірімен туған жігіт, Жеткізіп айта алмаймын мыңнан бірін.

Заһираға бір күн көріп болған ғашық, Кедей деп бермейді-ау деп қайғы басып.Не өлмек, не қызды алмақ ойға түсті, Тағдырдан құтыла ма пенде қашып.

Айтуға бара алама байға кедей, Тұра ма əл келмесе кедей демей?Ғашықтық пəлесіне кез келген соң, Не ғылсын, амалы жоқ қайғы жемей?

Ала алмас ғашық адам сөзін тыйып, Сөйлесем деп ойлайды малды жиып.

Page 174: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

174

Дағыстанның белгілі бір жауы бар, Қыз үшін аттанбақшы жанын қиып.

Дағыстан бір жұмысты етпек болды, Түбіне сол жауының жетпек болды.Жүрегінде оты бар ер жігіттер, Осы жауға аттанып кетпек болды.

Əлі, Мұса екеуі болды бармақ, Бұларға ұят осындай дудан қалмақ.Жəбрəһил бұларменен бірге аттаны, Тəуекел дариясына салып қармақ.

Жүсіптің екі ұлы кетті бір басынан, Əлі, Мұса мін шықпас тұлғасынан.Əдейі арнап, ыңғайлап əкеткен соң, Тағдырдың кім құтылар шырғасынан.

Жөнелді Дағыстаннан өңшең батыр, Жауменен соғысқалы келе жатыр.Өзі туып көрмеген Дағыстанда, Қиындық бір жол болды заман ақыр.

Көбелектей көп əскер сайдан дулап, Қамданған қалың кісі шықты шулап.Қара қошқыл түтінмен от жарқылдап, Қорқынышты дыбыспен оқ зуылдап.

Оқ тигендер құлайды оннан, бестен, Шалшықтағы балықтай жатыр тулап.Бірге бес барған елден кісі шықты, Жекпе-жекке шыққанды жаман қыпты.

Əлі, Мұса екеуі қайрат қылып, Көпке топырақ шашсан ба, атып жықты.

Page 175: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

175

Екеуінің басын да кесіп алып, Сүйретіп алып барып жерге тықты.

Жəбірəһил аянбайды өзі мықты, Өлімші жараланды жаман тіпті.Сүйегін екеуінің алып шығып, Қайраты Жəбірəһилдің байқалыпты.

Оқ тигенін сүйесіп үйме-жүйме, Тағдыр ісі түсірді мұндай күйге, Жақынынан айрылған жаралы көп, Көздің жасын тия алмай келеді үйге.

Өкінгенмен не пайда қатасына, Жолықты Əлгі кемпір батасына.Тағдыр осы екі ұлың шəһит болды, –Деп есіртті Жүсіптей атасына.

Жүз құбылып, сұрланып Жүсіп түсі, Ойға келіп орынсыз еткен ісі.Құдай ашу қылмаса қарғыс келіп, Қабат қаза көре ме, – деді, – кісі?

Ажал жетсе бола ма өлмесіне?Тағдырға амалы не көнбесіне.Жылап, сықтап аяғы сабыр етті, Өнің көз жеткен соң келмесіне.

Боялды Ибраһимдай екі ұлы қанға, Қарғыс келмей қала ма байқағанға.Жағыпар, Таяр бір күн ермек үшін, Мылтық алып Кавказға шығады аңға.

Бұлар барды құтқармас жау қасына, Ойнақтап бұлт та шықты тау басына.

Page 176: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

176

Кемпірдің тапсырғаны тағдыр тосу, Жүсіптің не көрсетті сау басына.

Кавказдан қара бұлт шықты аспанға, Түсі суық қорқыныш байқасқанға, Еңсергенде екпіні тау жыққандай, Шығар емес ешбір жан шайқасқанға.

Бір түрлі жауын жуды сатырлаған, Жүктей тас домаланып батырлаған.Бір минутта он – он бес жай түсіп тұр, Қорқытты жан иесін шатырлаған.

Бұлтты күні Кавказда жан шықпайды, Егер шықса үйірге қосылмайды.Мұны көріп Жүсіпке қайғы түсті, Көп көрген бой бермейтін осындайда.

Заһира айтады: – Əй, əке, ағам қайда?Қорқамын осы жауын болмас пайда.Дегбірімді жүрегім алып кетті, Көп жанға қатер болған осындайда.

Жүсіп айтты: – жауынды олар көрер, Соқтықпай ешнəрсеге байқап жүрер.Ағаңның алғаш көрген қоқай емес, Қайдан жүрер соқпағын өзі білер.

Мұны айтса да Жүсіптің көңілі күпті, Өзінде де үрей жоқ, жаман тіпті.Баласын бір сөзбенен алдандырып, Ақшамда байқайын деп тасқа шықты.

Сонда да Заһира бұған сенбейді көп, Қан басып қара көзін бірге еріп кеп,

Page 177: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

177

Кавказға сұп-сұр болып қарап тұрып, Əй, əке, – қол сермеді, – келмейді, деп.

Кавказға қара көзі қарап талып, Тұрғанда қорқынышты ойға қалып;Əкесі үйге келіп жатқызадыКүмістей білгенен ұстап алып.

Енді айтайын Жағыпар, Таяр халін, Жібермес ұстаған соң ажал залым.Бір судан өтеміз деп секіргендеЗор толқын келтірмепті оның əлін.

Тағдыр айдап бұларды шыққан бастап, Өлтірген екеуін де тасқа жаныштап.Тұла бойда сау қалған бір сүйек жоқ, Толқын соғып шығарып кеткен тастап.

Ертең тұра ел-жұртты іздей берді, Жатқан өлік біреуге кездей келді.Жау емес жанды қинап соғысатын, Күшті толқын қор етті есіл ерді.

Өлгенін бəрі естіді – ұлы-қызы, Батты Жүсіп батырға қайғы-сызы.Кемпірдің қарғысынан құтылуға, Пана жоқ айнадай боп жердің жүзі.

Алып барып екеуін көміп кетті, Бір қатар жылдар менен күндер өтті.Ашық күнде аң атып қайтайын деп, Енді Рахим аттанып тауға кетті.

Жəбірəһил жаудан келіп жатып алған, Жарақат жаман болып есін танған.

Page 178: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

178

Елу күндей емделіп тəуір болып, Сол күні аң атуға о да барған.

Екеуі бір-біріне кездей келді, Бірін-бірі көрген соң таныды енді.Бірге өсіп, біте қайнап жүрген жігітЖолыққанда Жəбірəһил сəлем берді.

Екеуі екі тауды қылған мекен, Көптен осы бірін-бірі көргені екен:Рахим, саған айтар бір мұным бар, Аттан түсіп сөйлессек болар ма екен?

Керіліп кекір Рахим аттан түсті, Тəкаппар зор көкірек сондай күшті.Өзін артық онымен тең көрмейді, Менсінбей азар ғана сөз сөйлесті.

Рахим, құрбылас еді сенің жасың, Əрекет бір қайғыда менің басым.Заһирадай əйел адам жарала ма?Өзгеше көрінеді қарындасың.

Қысылып Жəбірəһил солай депті, Айтса да жүзі ұялап терлеп кетті.Арсыз болып бұрыннан көрген емес, Қысылғаны бетіне əсер етті.

Жіберді сонда Рахим тасырлыққа, Ешқашан сендей жанға бас ұрдық па?Заһираның сұлулығын құп білемін, Сұрамақшы шығарсың қатындыққа.

Ұят шығып Жəбірəһил түре келді, Ұнатпай тік айтқанын сезіп білді.

Page 179: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

179

Сұрайын деп жүргенім рас еді, Қалай қормын алуға бір əйелді!?

– Бұл сөзге мен көнбеймін, əкем көнсе, Азғырған сен кедейдің тіліне ерсе.Əкемнің де құлы көп сен секілді, Атылып өлмеймін бе, саған берсе!?

Кесел сөз жақпаушы еді бастарына, Сондықтан жан жүрмеген қастарына.Сүйегін екі ағаңның жалғыз, алғам, Құдайға аян, өзге жұрт қашқанында.

Рахим Жəбіраһилге жақын барды, Сым ораған қамшысын қолына алды.Маған үлкен жақсылық қылыпсың деп, Қақ басқа келістіріп тартып қалды.

Жəбірəһил бұл дағы асқан батыр мықты, Еш сөзді естімеген мұндай тіпті.Тістегенде ернінен қан сорғалап, Қабанша қырылдаған үні шықты.

Екеуі де қанжарға қолды қойды, Аямасқа бекітіп алады ойды.Ызаменен суырған улы қанжар, Не қылса біреуінің басын жойды.

Рахим жас менсінбейді аса сермеп, Қан басып екі көзін ашу кернеп.Жəбірəһил əдіспенен ыңғайланды, Қанжардан қапы кетер қайсы жер деп.

Əркімге де өзінің керек жаны, Жəбірəһилің түзу боп аңдығаны.

Page 180: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

180

Салғанда көкіректен шапқа шейін, Қанжардың тіліп түсті қадалғаны.

Жəбірəһил көңілдегі сөзін айтып, Бара тұрсын сонымен үйге қайтып.Біреу тауып Рахимды апарғанда, Төрт сөзбен əкесіне арыз айтып:Əке... Заһира!.. Жəбірəһил.. – деді, – кегім, –Ойлап Жүсіп бұл сөздің білді тегін.Жылап тұрып Рахимге ант етеді, Өле-өлгенше қумақ боп оның кегін.

Қарғыстан қорқушы еді улап ішім, Өлмесе қанды қанмен жумақ үшін, Сен де ант ет, – деп Заһираға ант еткізді, Қажымай осы кекті қумақ үшін.

Рахим күні біткен өліп кетті, Жəне бір еститұғын жері жетті.Заһира көңіл көтермек тауға шығып, Қараңыз тағдыр ісі қалай епті....

Тыңдасын осы өзім жөн шығады, Білмеймін қай жерінен кем шығады.Көкірегі қайғылы, көзі жасты, Заһирадан басқа тауға кім шығады.

Əдет қып Заһира шығар тау басына.Бұлбұл көңіл қоя ма аумасына?Ояуда ойлап, түсінде көрген емес, Бір жұмыс кездеседі сау басына.

Ей, Ғазел, қасыңызға рұқсат па! – деп, Күңіренген үн шығады тау басында.

Page 181: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

181

Ғазел де есіткен соң мұндай зарды, Жүрек сөзді жігітке ғашық барды.

Ағынымен үйіне қайтса дағы, Япырмай, бұл қалай деп аң - таң қалды.Заһира кетті үйіне қадам басып, Ғашықтық құтыла ма пенде қашып?

Көзін жұмса жігіт тұр сұп-сұр болған, Не болды деп қарайды көзін ашып.Ғашықтық Заһираға келіп түсті, Еркектен əйел дерті болар күшті.

Таң атқанша көзінен бір кетпейді, Жас жүрекке түсірді мұндай істі.Ертең тұрып сол тасқа тағы барды, Іздеген сол жігіті кез боп қалды.

Күнде көріп, жолығып, ойнап-күліп, Ғашықтықтың ынтық болған дəмін алды.Жетіпті мұрадына екі ғашық, Қосылып бір-бірімен аймаласып.

– Қарағым, мұнда тұрмай бір шет жаққа.Кетейін осы арадан алып қашып.Əкемнен сұра мені саған берер, Сұраған соң біреуге о да көнер.

Егер қабыл көрмесе мен айтайын, Некелеп алуыңа тура келер.Мені əкең өлтіруге бөгелмейді, Мен, Жəбірəһил, көрінсем жібермейді.

Арман етсең сен дағы ант еткенсің, Өлтірсең мен дайынмын егер, – дейді.

Page 182: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

182

Білгені қызға жаман кетті батып, Қаскүнемге кез кеппін қарап жатып.

Жалғыз бауырым Рахим естен шығып, Мен ит болған екем деп кетеді атып.Өлтірмек, Заһира, сенің уағадаң бар, Не қылсаң да мен дайын міне қанжар.

Кетсең де өлім, бəрі бір өлтірсең де, Мен жазықты болмаймын оны да аңғар.Заһира өткір қанжарды қолына алды, Қане айтшы, естиін деп өткен халді.

Алса дағы махаббат кекті жеңіп, Қолынан қанжар жерге түсіп қалды.Аллаға ақ екенсің ісің мəлім, Сенімен бірге болды менің жаным.

Ақ, қара болсаң дағы тік қарауға, Тағдыр осы қайтейін келмеді əлім.Екеуі сол қызықпен жүріп алды, Лəззатын махаббаттың біліп алды.

Дəлел жоқ Жəбірəһилден айырылуға, Жарының жазасын көрді, нанды.Жүсіп бір күні сұрайды Заһирасынан:Сақ боп жүр, Жəбірəһилдің айласынан, Сен көрдің бе ағаңның құныкерін?Жүргенін мен естідім сай басынан.

Жүсіпке əуелгі айтқан жалғаны осы, Айтпайды Жəбірəһилді жанның досы.Кім көріпті, көргем жоқ, бекер шығар, Неге керек, айтуға сөздің босы.

Page 183: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

183

Мамыт деген қойшыға айтты Жүсіп:Хабар бер Жəбірəһилді көрсең ұшып.Кенжемнің тапсырғанын ұмытпаймын, Аман-есен кетпесін көзге түсіп.

Мұнан кейін бірталай уақыт өтті, Рахат кетіп, кезекті қайғы жетті.Көзі шыққыр көр Мамыт тағы бір күн, Кектескен дұшпаныңды көрдім депті.

Ол айтты: – Жəбрəһилді көзім көрген, Жылдам жүр, асып кетті анау белден.Əмірің батыр Жүсіп екі болмас.Міндетті сөзім осы хабар берген.

Жүсіп сонда шақырды екі құлын:Өлтірсек кім алады оның құнын.Байқаусыз үш қанжармен жетіп барып, Қарамай өлтірейік ығы-жығын.

Біреу айтты – Қанжарым қалмас кейін, Сендерсіз-ақ онымен көрісейін.Адам қанын ішуге құмары бар.Салғанда кіріп кетер шапқа шейін.

Кəрі көз ашуменен кетті жайнап, Бурыл қасы түюлі, қаны қайнап.Үшеуі əлгі тасқа жетіп келді, Кешікпей улы қанжар белгі байлап.

Сол таста отыр екен қашпақ болып, Бұрылып Заһира сұлу аппақ болып:Айырылды бір сүйісіп екі ғашық, Ертең сонан бір-бірің таппақ болып.

Page 184: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

184

Отырғанда тақаудан сыбдыр шықты, Япырм-ай, бізді іздеген бар ма? – депті.Хош Жəбірəһил, ертең кешке келемін, – деп, Ымыртта сайға қарай жүріп кетті.

Бір түрлі дыбыс шықты сатырлаған, Қанжардың дыбысы екен шатырлаған.Жүгірді Жəбірəһилді бір көруге, –Онсыз өмір жоқ, – деді, – ақыр маған.

Үш кісі ортаға ап жүр Жəбірəһилді, Біреуі əкесі екен танып білді.Оны өлтірсең, əй, əке, мен де өлем, – деп, Дірілдеп, есі кетіп Заһира келді.

Жəбірəһил үшеуіне алғызбай жүр, Көп те болса қимылын қалғызбай жүр.Қасеннің шауып түсті оң бармағын, Қанжарды денесіне салғызбай жүр.

Енді екеуі жабылды екі жақтап, Күні бітті, тұрған жоқ Құдай сақтап.Заһираның зар даусына қараймын деп, Еңіренген жарына жүр жалпақтап.

Қамығып қарағанда қапы тиіп, Қайдан келді дегендей іші күйіп.Заһираның зарлығына алаң болып, Қанды шаман үстіне қалды киіп.

Жəбірəһил қанжардан қалды талып, Заһира кеп құшақтады оны барып, Тілі келіп Заһираға «хош», – деп еді, Оң жақтағы бетінен сүйіп алып.

Page 185: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

185

Əке, менің кетірдің шамамды да, Құдай алған жетім ем анамды да.Құрттың тұқымыңды менімененӨлтірдің ішімдегі баламды да.

– Ағаңды өлтірді ғой осы залым, Өзіңе де қылығы еді мəлім.Көптен бері аңдыған дұшпаныма, Үшеулеп əрең жетті менің əлім.

Əй, əке, өлгенімше көрмен сені, Өлтірдің аямастан жалғыз мені.Дірілдеп азар салып үйге келді, Біткен соң Жəбірəһилдің ақтық демі.

Заһираға осы қайғы батқан екен, Шын ғашықтың қайғысын тартқан екен.Басты айтқан кəрі Жүсіп қапалығы, Сонда Заһира өлер боп жатқан екен.

Шын ғашық шыбын жанды бүйім деме.Жөні келсе өлуің қиын емес.Артында ғашық жардың қалғаннан соң, Жалғаннан кетуіне қайғы жемес.

Тартынбас таза жүрек мұндай жолдан, Жігіттер, осы емес пе өлімі оңған.Қажымайтын қиянатпен арлы болмай, Беталды келе берсін иесі қолдан.

Заһира мен Жəбірəһилдің көңілі таза, Жүсіп те ашуынан тартты жаза.Жазықсыз бір жалғызды өлтірем деп, Тəуір-ақ тапқан жоқпа сонан қаза.

Page 186: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

186

МАЄАУИЯ АБАЙЎЛЫ(1870–1904)

МЕДҒАТ – ҚАСЫМ

Бір əңгіме қозғалды ойымдағы, Мақсат болды əшкере болынбағы.Бай мейірсіз, ер құлдан саза тартқан, Африка, Ніл дария бойындағы.

Ол дүние болмаған шақ құлға бостан, Жаңа ашылған Африка – бір гүлстан, Кені қалың, егіні мол болған соң, Ізденіп барған жан көп əрбір тұстан.

Қызығын Африканың жаңа тапқан, Қақ жарып бір ықылымды Ніл дария аққан.Бұрынырақ ізденіп талаппенен, Мұрат деген бай кепті Мысыр жақтан...

Үй салған Ніл дарияның жағасына, Су жайған тоғам алып даласынаБақша қып жатып алды бір сахараны, Жүз шақырымдай Занзибар қаласына.

Құлы көп, егіні көп бұл үлкен бай, «Еңбек қып» малды жиған жанды аямай.Құлды малша таяқпен жұмсаушы еді, Адам деп обалына бір қарамай.

Бар еді Медғат деген жалғыз ұлы.Мот қылып бұзып еді малдың молы.Қаталы əкесінен бетер еді, Тітіреп тұрушы еді барша құлы.

(1870 1904)

Page 187: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

187

Дейтұғын бір құлы бар Қасым атты, Қара сұрлау пішіні, зəңгі затты.Отты қара көзі бар, ұзын бойлы, Тəкаппар, тəуекелшіл бек қайратты.

Он сегізге келіпті биыл жасы, Байға бек қадірлі еді мұның басы.Бай бала ғып өсірген сатып алып, Мария деген қызда ед бар ынтасы.

Медғатпен жақын еді ол қыз бірақ, Қасымнан ұстаушы еді бойын жырақ.Қызға бір күн бар сырын айтып еді, Оңаша алып барып аулағырақ.

Қыз неғылсын бұл құлды көңілі тоқ, Кенелтіп жылы жауап берген де жоқ.Жарынан жаман пішін көргеннен соң, Дал болып əлгі арада қалды аң-таң боп.

Қасым да елемеді бойын тартып, – Аузыңа алма бұл сөзді енді қайтып.Ендігəрі мазамды ала берсең, Жазаңды тарттырармын Медғатқа айтып.

Ашуы келді жастың қаны құрып, Жүрегі тулап кетті ашу керіп.– Құдай емес, сенгенің Медғат шығар, Жерге енсең құтқарман, – деді ақырып.

Қыз білдірді Медғатқа Қасым сөзін, Қасымның əкелдірді қазір өзін.Тік тілін Медғаттан да тартынған жоқ, Сұп-сұр болып, қан басып екі көзін.

Page 188: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

188

Ақырып Медғат жиды ол бар құлын, – Əлін білмей асыпты – деді, – зұлым.Насосқа Қасым итті отыртыңдар, Бергенмін, – деп сөйлейді, – құнын-пұлын.

Оқша өтеді насостың миға зəрі, Жаза емес мұнан басқа істің бəрі.– Екі хисса беріңдер, аямаңдар, Иттікті қылмасын деп, – енді əрі!

Бұл жазаны ұмытпас тартқан кісі, Ешкімге паш болмайды қылған ісі.Ұрған, соққан дүреден артық жаза, Екеу түгіл, əуелі бір хиссасы.

Кранттың астына əкеп қойды байлап, Ағынға басын дəлдеп жатыр жайлап.Күлімсіреп балконда қарап тұрған, Қасым ер Мария қызды көрді абайлап.

Қуанғанын жүзінен сезгеннен соң, Долданып күйіп кетті қаны қайнап.Ыңқ еткенін естісе, сүйінер деп, Тістеніп жатып алды ернін шайнап.

Су құйылды кранттан басына атып, Қыңқ етпей, дыбыс бермей қалды қатып.Ойбайынан өлгенін оңай көріп, Шыдап берді жатса да қанша батып.

Ешкімге қарамады көзін ашып, Өлгендей сұп-сұр болып қаны қашып.Жорға құлдар қошемет жөні осы деп, Бəрі-дағы күлісер шуылдасып.

Page 189: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

189

Нарядчик ақыл айтты қасына кеп:– Өлтірмесең жарайды қойғаның, – деп.Рұқсатсыз əкеңнен істеп едің, Жазым болар, шырағым, қойғаның еп.

Ақырын сонда Медғат: «Босат! – деді, –Алдымнан шығатұғын осы ит пе еді.Мұнан былай бір ауыз қарсы тұрса, Қатты жаза қылармын мұнан да енді».

Қасымды босатады қалған талып, Талғанша шыдамына қайран қалып.Астына бір аз ғана салом төсеп, Тастады бір амбарға оны апарып.

Екі сөтке қозғалмай қалды жатып, Титтей дыбыс бермеді, тастай қатып.Қасына қойған асты қарамады, Тиген тым болмаса бір дəм татып.

Сыр бермеді босанып, титтей жасып, Өлгендей сұп-сұр болып қаны қашып.Екі күн сол қалыппен жатты-дағы, Үшінші күн жоқ болып кетті қашып.

Зор көкірек өсірді бай, бек сыйлап, Бала бəрін қайырды бір күн қинап.Көрмегенді көрген соң, не шыдасын, Іздесе де таппады жұртын жинап.

Көршілерін жинады бай хабар қып, Ізге түсер ит те көп, зəңгі де көп.Үш күн іздеп бір белгі таба алмастан, Бəрі де үйге қайтты бек қайран боп.

Page 190: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

190

Із қалдырмай кетудің мəнін тапқан, Қыз сөзімен қинады Медғат атқан.Кекшіл зəңгі кек алмай неге кетсін, Байдың үйін торыды бақша жақтан.

Гулайттап Мария сонда бақта жүрген, Ұстап алып балтамен басын шапқан.Ызасын бір қанменен жуғаннан соң, Жөніне жүре берді шығып бақтан.

Ертең жұрт Мария қызды іздеп жүріп, Сүйегін тауып алды өліп жатқан.Бар адамын жиыпты бай кешіне, Ойшыларды алыпты кеңесіне.

Бір ақсақал зəңгіден бай сұрады:– Білгіш едің, бұл кімнен, білесің бе?Сөйледі тағызымменен əлгі ақсақал:– Ұры емес мұны қылған іздеген мал.

Кекті қанмен жуатын Қасым ісі, Неге қашты, не көрді, ойыңа сал.Ол болмаса бұл қызды неге шапты, Келер жердің мəнісін қайдан тапты, –Осымен кетсе игі еді қайталамай, Көзі жаман ит еді, діні қатты.

Нағашысы қанішер Зұлыс еді, Тəкаббар қылған ісі соған тартты.Сезгенін, ойлағанын жасырмастан, Сол халыққа зəңгі шал ойын айтты.

Қасымнан еш хабар жоқ аз жыл өтті, Бай еркіне жіберді Медғат мотты.

Page 191: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

191

Ауыр дəулет шыдамай судай ағып, Банклер мағлұм қылды банкротты.

Бай ағашын, сатыпты егіндікті, Үйін сатты, ойланды бір ниетті.Борышын төлеп аз қалған құл, малымен, Қамын жеді Мысырға жөнелмекті.

Атын да, арбасын да алды сайлап, Жүруге біржолата жүгін байлап.Жиырмадай қолында құл, күңі бар, Өңгелерін сатыпты базарға айдап.

Жол қауіпті мықтады қару жарақ, Бір арбаға салыпты Медғат арақ.Сахараменен жүреді қаласы жоқ, Қырық кісіге алыпты айлық тамақ.

Медғатта қарындас бар Ғазиза атты, Ұнатпайды бай менен Медғатты.Сыры да, жүрісі де бəрі бөлек, Ешкіммен сөйлеспейді, діні қатты.

Жүреді істерінен жиіркеніп, Бір ауыз сөз қатпайды сырына еніп.Байдың тапқан күйеуін менсінбейді, Құтылғысы келсе де байға беріп.

Сəлім деген жігітке болған ғашық, Жолығып жүруші еді көңілін басып.Ғазизаны ол байдан сұрап еді, Қызымен махаббаттың сырын ашып.

Бай біле ме ғашықтық жақсы ниетті, Кедейсің деп қайтарып көңілін тепті.

Page 192: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

192

Жас жігіт қаны қайнап шыдай алмай, Ешкімге мағлұм емес жоқ боп кетті.

Артынан екі ғашық бір жолығысқан, Ай жарық, бақта отырып көп жыласқан.Не дүние, не ахиретке қосылмаққаЕкеуі сол арада уағдаласқан.

Керуен қыштағынан шығып қонды, Білмейді көп жыл өтті, жолды да оңды.Тура бастап барамын ақы берсең, Деп бұларға бір зəңгі əзір болды.

Арабша киімі бар, жүйрік тілге, «Таныспын, – деп айтады, – жолдағы елге.Харекетім – басшылық керуенге, Талайды бастап келдім сонау жерге».

Сұрады сынамаққа жерді барлап, Суылдатып зəңгі тұр бəрін сарнап.Өз ісіне жүйрігін көргеннен соң, Сөйлесіп əлгі арада алды жалдап.

Жол үстінде бірқатар уақыт өтті, Занзибарға жақындап бұлар кепті.Біз қонарлық жақсы жер көремін деп, Алдынан басшы зəңгі шауып кетті.

Қондырды тосып алып бір аралға, «Залалды хайуаны көп, – дейді, – малға.– Жалғыз келер ауызда мен тұрамын, Ұйықтамай күзетем, – деп, – бүгін таңға».

Бұл сөзін əммə қауым қабыл алды, Жайласып сол тығырыққа жатып қалды.

Page 193: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

193

Мақсатсыз зəңгі бүгін іс қылған жоқ, Байқарсыз айтқаннан соң несі барды.

Қас қарайып, сол уақыт күн де батты, Хабарсыз еш нəрседен керуен жатты.Қасында заңғар таудың бөктеріменЖүгіртіп келе жатыр жиырма атты.

Бұлар – зəңгі жол тосып кісі өлтіргіш, Бір қылатын ісі бар бүгінгі кеш.Сары бастық-бұлардың атаманы, Өзі батыр, өзі қу, өзі білгіш.

Біреуі сөз айтпайды онан басқа, Келгенше жеңілген жоқ осы жасқа.Атманша киінген түрі бұзық, Ұйқы мен қарамайды ішер асқа.

Киімі сондай жақсы атаманның, Жап-жалаңаш бəрі де қалған жанның.Сары бастық дегенде селк етеді, Үлкен түгіл, баласы оны маңның.

Қайдан шыққан!? Еш жанға сырын айтпас, Өлемін деп қорғанып бойын тартпас.Жауға қарап ақырып, қол сермесе, Жолдастары ұрынар, оттан қайтпас.

Əсіресе байларға рақым етпес, Ағаш толы зəңгінің бəрі ниеттес.Сорлы болған жандарға тағы əдеті, Бір жақсылық қылады естен кетпес.

Жалғыз дамбал киімі бұтын жапқан, Өңшең батыр жиналған неше жақтан.

Page 194: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

194

Долы тентек зəңгіні қойша айдайды, Сары бастық билеудің жөнін тапқан.

Бір арада бəрлері тұра қалды, Атаманы айналып жерін шалды.Сезікті ешнəрсені көрмеген соң, Жолдасының қасына қайтып барды.

Бəрі де түсе қалды атын байлап, Жатуға ыңғайлады төсек жайлап.Оңаша апарып көрпе-жастық, Атаманға біреу жүр орын сайлап.

Тамақ тоқ, іздемейді үй мен шатыр, Аңша үйренген ұйықтады өңшең батыр.Мылтығын, қанжарымен қолына ұстап, Ұйықтамай жалғыз бастық бек сақ жатыр.

– Құдай-ау, қорлық көрдім кінəсіздан, Жолығар кеш қалдық па кезімізден.Тіпті тірі жүрмеймін, соқтығамын, Сап-сау неге құтылсын бүгін бізден.

Медғатқа көрсетермін өлсем-дағы, Неге көмек болмайды істің ағы.Бүгін тірі қолыма түспей кетсе, Қол жетпеген бір сорлы болдым-дағы.

Япырм-ай, болып қалды түн ортасы, Батырдың алдай алмас шын жолдасы.Обаға бір хабарсыз кетіп қалса, Қиянатсыз кеудеде тұрмас басы.

Сары бастық жатыр еді осыны ойлап, Іс қылатын жан емес бекерге ойнап.

Page 195: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

195

Бір уақыт жер тыңдайды жата қала, Не далаға қарайды бойлап-бойлап.

Келеді бір салт атты дүрсілдетіп, Кешікпей-ақ сол маңға келді жетіп.Дос екенін білдіріп хабар берді, Сарышұнақ тышқан болып шыңқ-шыңқ етіп.

Есітіп бұл хабарды ұшып тұрды, Келе жатқан кісіні көзі көрді.Келгеніне шыдамай, сары бастық, Салт аттының алдынан қарсы жүрді.

Обаға қайраты мол аман шығар, Бастықтың батыр еді сырын ұғар.– Керуен қайда, кешіктің не себептен, Тезірек қысқа сөйлеп берші хабар.

– Керуен бір сағаттық жақын жерде, Кіргіздім айламенен шықпас көрге.Мұрат бай бала, шаға, құлдарымен, Іздеген кісілердің бəрі бірге.

Кетіпті бір аңшылар мені шағып, Астыртын бір-екеуі жатты бағып. Қара басып ұйықтады жаңа талып, Бір атпен ептеп шықтым Құдай қағып.

Сары бастық қойып еді бір ысқырып, Зəңгілер даяр болды атып тұрып.Бұл да мінді, атына бəрі мінді, Бұлар өскен жан емес босқа жүріп.

– Отқа бірге кіріскен жолдастарым, Аянбай қимылдаңдар бүгін бəрің!

Page 196: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

196

Қара жұртқа бұл түнде рақымым жоқ, Тірі ұстаңдар ақ жүзді адамдарын.

Ақ жүздіні байлаңдар, өлтірмеңдер, Құнымды жоқтарсыңдар бүгін сендер.Жүрегімді жеп жүрген неше жылданДəрім келді жігіттер жарамды емдер.

Қылышын суырып алды жалаңаштап, «Жүр, – деді, – Обағаға тура бастап!».Қара арғымақ астында суылдайды, Анда-санда басын бір изеп тастап.

Ашудан екі көзі кетті жайнап, Жеңдерін босатады белін байлап.Мылтықтарын ыңғайлап аттарына, Алты ауыз қанжарының бəрін сайлап.

Асау қаны құтырып ашу қысып, Тісін қайрап асығып іші пысып.Қанжарларын аузына тістеп алып, Керуенге тиіп кетті қышқырысып.

Керуен де жауды көрді келген жетіп, Мылтықпен қоя берді дүрсілдетіп.Жанды беру оңай ма оларға да, Уағдаласқан өлуге қару етіп.

Қорғасын бұршақпенен алды тосып, Зəңгілер қорғанады неден шошып.Сары бастық бір былдырлап ақырғанда, Аттарын қоя берді бəрі түсіп.

Керуенге аттар кірді араласып, Хайуанды ата алсын ба қалды сасып,

Page 197: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

197

Іле-шала артынан өңкей зəңгі, Жауға кірді қанжармен шуылдасып.

Қашуға еш жолы жоқ, қойған тығып, Дүркіреді керуен қойдай ығып.Құлда жүрек бола ма, қан көрмеген?Не қыларын білмеді есі шығып.

Бір адам қаша алмады мойын бұрып, Құлдарды бауыздады қойдай қырып.Өңге жанға атаман қарамастан, Медғатты тауып алды іздеп жүріп.

Алып ұрып тізерлеп байлап салды, Тізеге шыдасын ба, талып қалды.Ақ жүздіден жалғыз-ақ бай өліпті, Өңгелерін бəрін де жинап алды.

Бəрін тінтіп, алысты тапқандарын, Күл-көмір ғып жоғалтты қалғандарын.Екі бөшке арақты жасырыпты, Бастыққа білдірмейді алғандарын.

Керуенді талап болып жиылысты, Енді аларлық нəрсесі жоқ қой десті.Олжасын, тұтқындарын ертіп алып, Тауға қарай таң атпай жөнелісті.

Бұл таудың аңшысы көп, аңы да көп, Кісі өлтіргіш бұзақы жаны да көп.Күні бойы аң атқан кешке қайтып, Екі аңшы отыр бұлардың жанына кеп.

Бірі қызмет қылып жүр, бірі жатқан, Шай қайнатып, маздатып отын жаққан.

Page 198: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

198

Шөңкесін тағанға олар іліп қойып, Аңдарын сойып жатыр бүгінгі атқан.

Бірі жайлап оятты жатқанын кеп, – Ұйықтарсың, – деді, – Сəлім, тамағың жеп.Өткен түн көп сөз айттың ұйқысырап, Əсіресе, «ғашығым – Ғазиза» деп.

– Шырағым, сені ұнатад көңілім бек, Ғашық бар жүрегіңде, не кешпес кек.Неге маған айтпайсың, уһілейсің, Мен білсем оған себеп ойланар ек.

Шырағым, мергендігің маған жетті, Бір жан айтпас қорқақ деп сені тіпті.Сен аңшы боп қаңғырар жан емессің, Сені бір үлкен қайғы тентіретті.

Бүгін жүрсең өлер ең маған ермей, Аңға жүрдің бек сүле көңіл бермей.Шабайын деп тұрғанын көре тұра, Жолбарысқа бардың ба көзің көрмей?

– Мен бардым бар қайратын көрейін деп, Тіпті, тірі жүргенше өлейін деп.Жүрегімнің жанғанын тым болмаса, Алысып, бір аз ғана бөлейін деп.

Бар еді бір ғашығым Ғазиза атты, Сүйіп ем бар көңіліммен оны қатты!Əкесі кедейсің деп бермеген соң, Жарақаты жүрекке қатты батты.

Сол итті көре алмадым енді қайтып, Ызамен ала алмадым бойды тартып.

Page 199: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

199

Бағдаттағы бір байдың өзі-ақ едім, Ар қылдым жар алуға малымды айтып.

Жаныма ара түстің құрбан болып, Ерлікпен алып қалдың қайрат қылып.Сырымды жасырмайын, білдірейін, Өзің де сөге алмассың мəнін біліп.

Оңаша сүйгеніммен үш жолықтым, Махаббат – сағынышты сол жолы ұқтым.Сүйініш, күйініші махаббаттыңЖүрегіне түспейді қарны тоқтың.

Бұзылғандық қылып ем əрбір істі, Ұрғашымен жүріп не келісті.Нəпсі екен, жас жүректің жалыны екен, Ғашықтық тіпті өзге екен басқа түсті.

Аңшы едім ұрғашының жүрегіне, Жараттым не сұлуды керегіме.Өзімді өзім билейтін жанша ұғушы ем, Құр нəпсіге ер екем, керегі не.

Кетуші ек бір көргенде құмарланып, Жеткенше сабыр етпей күйіп-жанып.Алдап-арбап қолыма түсірген соң, Салқындап қалушы еді құмар қанып.

Бір күні Ғазизаны көрдім кез кеп, Жастықпен жүрегім де сондайды іздеп.Сөйлесіп мен үйіне ере бардым, Əлі-ақ қолға түседі сендей қыз деп.

Сол оймен ашына болдым араласып, Қызды аңдып жүрген жан көп қамаласып.

Page 200: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

200

Жалған сүю, алдаудың арсыздығын, Шын махаббат көрсетті көзімді ашып.

Көрген соң жалған сөзді айта алмадым, Бойымды жеңіп кетті тарта алмадым.Япырм-ай не болды деп сілкінсемде, Құлап кеттім, тереңге, қайта алмадым.

Шаруамен үйде қалдым бір күн бармай, Кешке аңға шығып кеттім шыдай алмай.Бір топ аңшы жолығып аю атқан, Үш күн жүрдім солардан босай алмай.

Үшінші күн үйіме келдім кешке, Бола ма көңіл құсын іздемеске.Таң атқанша шыдамақ қиын болды, Түнде бару бейəдеп іс емес пе.

Үйімнен тысқа шықтым отыра алмай, Бір ойлап тулаған соң көңіл қандай.Аяңдап жүріп кеттім бос сандалып, Бір қыздан басқа ойыма ешнəрсе алмай.

Тағдырды кім біледі болмасына, Қайғы ілінді қайғыртты бұл басыма.Жеңген жүрек айтқанын қылғызбай ма, Қыздың бастап кіргізді бақшасына.

Бақшаны сейіл қылдым енді аралап, Ай жарық жаздың түнін тамашалап.Тоғайдың арасында, отындықта, Бір нəрсенің тұрғанын көрдім барлап.

Қасына жақын бардым ептеп басып, Қарасам, Ғазиза екен қалдым сасып.

Page 201: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

201

Көрініп қалдым, қашуға амал бар ма, Жетіп бардым қасына амандасып.

– Жолығам деп келгем жоқ бүгін сізге, Жан жоқ деп ойлап едім менен өзге?Шошыттым ба байқаусыз қаңғып келіп, Кешіріңіз, сұрғылт кірді жүзіңізге.

– Не керек менің сізге шошығаным, Қымбатты нəрсе емес қой сонша жаным.Келдіңіз не себептен осы баққа, Шыныңды айтып білдірші маған мəнін.

– Айт деген рұқсатыңды қайтып алма, Ренжіп қалып көңіліңе қара салма.Шынымен мен сорлыны ұнатпасаң.Өлімнен басқа маған орын барма?

Ғазиза-ау, енді намыс жасырмағым, Тілегім тағдырымнан емес шағын.Өмірімнің қуанышы сен, жұбанышы сен, Құдайым рақым етпес сенсіз бағын.

Ғазиза-ау, енді намыс жасырмағым, Бар өмірімді өзіңе байлаған сен.Дүниедегі бар қызық күңгірт тартты, Дерт болып жүрегіме қайнаған сен.

Шынымен бұл халімді түймеймісің, Қор болғаным білінді, күймеймісің.Жүрегіңе тереңдеп ақылдасшы, Шыныңды айт, сүйемісің, сүймеймісің?

Мен ғаріппын, бір рақым етпеймісің, Қор болып осылайша өт деймісің.

Page 202: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

202

Шөлдеген махаббатқа қайыршымын, Ғазиза-ау, щыныменен кет деймісің!

Жүректегі бар қайғы зарлы мұңның, Бастаған соң бəрін де айтып тындым.Бар дерті ашылған соң, көрілген соң, Жасырыны қала ма бұл көңілдің.

Ғазиза бір қуарып, бір қызарып, Үстелге зорға отырды əрең барып.Пішінінен бір үміт хасіл болып, Қуанғаннан кетіппін біраз талып.

Халит-ау, халім осы жүрген қашып, Өлсем арман қылмас ем амандасып.Алдына салған басымды құшақтаған, Қарасам бір уақытта көзімді ашып.

Бет-аузымның бəрі су көздің жасы, Ауып маған кетіпті бар ықыласы.Құшақтасып қалыппыз екі сорлы, Бұдан артық не көрер адам басы.

Отырдық бір жыласып, бір күлісіп, Жүрек бəрін білдірді сырын шешіп.Таңға жақын айырылдық амал бар ма, «Жолығармыз ертең, – деп, – қош, қош!» – десіп.

Тұра сала орнымнан ертең бардым, Ғазизаны сұрауға көңіліме алдым.Бай қорлады, бермеді кедейсің деп, Шығып кетім долданып, ашуландым.

Тыста біреу қолыма бір хат берді, Кімнен келген екенін ішім білді.

Page 203: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

203

Асығыс бүктесіне қарай салып, Үйге апарып тезірек ашқым келді.

Қол дірілдеп сол хатты оқыдым тез, «Жартас. Түн. Сақ бол!», – деген үш ауыз сөз.Жолықпақ мезгілімен жерін айтқан, «Сақ бол» деген мағлұм ғой аңдыр мінез.

Түн болған соң бұйырып ат ерттеттім, Уағадаласқан орынға жүріп кеттім.Байдың бағы қасында белгілі тас, Түн жарымы уақытта келіп жеттім.

Тастадым бір ағашқа атты байлап, Тасқа келіп бекіндім жерді абайлап.Ит мінезі Медғаттың мағлұм еді, Қаруымды оңайға қойдым сайлап.

Келе жатыр Ғазиза, көрдім бақтан, Торғын шəлі жамылған, көйлегі ақтан.Жүрек соғып, дірілдеп, зорға басып, Алдынан қарсы шықтым мен тас жақтан.

Жеткенше асығыстан бастым сасып, Сөз сөйлер орын бар ма амандасып.Аузыменен көзінен кезек сүйіп, Тас жаққа алып жүрдім құшақтасып.

– Мен үшін есіттің-ау қаһаратты, Тұрпайы əкем сөзі жаман батты.Қарағым, тез сөйлесіп айырылалық, Рақымсыздар аямас аңду қатты.

Сенен соң əкем келді маған кіріп, Қасыма жетіп келді мені көріп.

Page 204: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

204

Деді: «Ей қызым, өзің біл өз басыңды.Жаңа Сəлім сұрады сені келіп».

Сені қорлап айтады сөзін жайлап, Жауабын қойған жансып маған байлап.Əлгі өтірік майдасып тұрғанына, Жүрегім тулап кетті, қаным қайнап.

– Нең бар, – дедім, – əй, əке, одан артық?Менен несін жасқандың, бойың тартып.Мен риза Сəлімді жар қылуға, Қуанту керек еді көргенді айтып.

Сол-ақ екен ашылды кəпір мінез:Деді, – ей, қызым, не менен, не одан без.Сол сықылды бір итті менсінесің, Өлтіремін қайт, – деді, – сөзіңнен тез!

– Сəлімге ауған бар көңілім, қайта алмаймын, Өтірікші дүниеде атанбаймын.Жүрегімнің билігі бір өзімде, Өлтірсең де, қайтам деп айта алмаймын!

Жауапты бергенім жоқ мен-дағы ығып, Жіберсе де қайтейін жерге тығып.Ұрысып, аузына келгенді айтып, Соныменен үйімнен кетті шығып.

Соны айтқанша Ғазиза бір ит үрді, Көп кісі екен артымда бізді көрді.– Залымды ұста, өлтір! – деп шуылдасып, Бəрі де маған қарай ду жүгірді.

Қылышпен қарбаңдадым мен-дағы ұрсып, Осынша жазам не деп ашу қысып.

Page 205: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

205

Екеу-үшеу жығылып қалғаннан соң, Бəрі де тұрып қалды есі шығып.

Қорқайын деп тұрғам жоқ мен де тіпті, Қылышқа маһир едім тым-ақ епті.Сəлім деген дыбысқа жалт қарасам, Қыз жетектеп атымды алып кепті.

Қарғып міндім тоқтамай атқа барып, Қақ бөліп жүре бердім топты жарып.Өңкей жаяу аттыны қуа ала ма, Бəрі де тұрып қалды бос қамалып.

Халит, міне, білдірдім халді бастан, Осындай істі көрдім мен де жастан.Кісі өлтірдім, тұруға орны бар ма, Кетіп қалдым жарымды көре алмастан.

Кеше түнде Ғазиза түсіме енді, Сəлім, мені сақта деп қолын берді.Беттен басқа жерінің бəрі де қан, Қорқынышты пішінін көзім көрді.

Оянып кеттім сонан шошығаннан, Сағынышты ғашықпын жүрек жанған.Жалғыз Алла рақымынан үмітім бар, Сөндірер деп бұл отын өзі салған.

Сонымен отыр еді от басында, Мылтық тарс-тұрс атылды қақ қасында.Шуылдаған дауыс та естіледі, Қаруға ұмтылысты жасқансын ба.

Ұрысқан қылыш даусы шартылдаған, Жəне артынан шықты өрт жарқылдаған.

Page 206: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

206

Сəлім сасып қаруын қамданады, Əрқашан қатерлі істен тартынбаған.

– Зəңгілер ғой біреуді талап жатқан, Бізге намыс болмай ма бойды тартқан.Кешікпеңіз, қамданып атыңа мін, Құдайға жөн болады бұған шапқан.

Халит айтты: – Орынсыз батырланба, Екеуміз не қыламыз сонша жанға.Бұл белгілі Сары бастық талап жатқан, Жаулассақ жүре алмаймыз осы маңда.

Оларды мен көріп ем кешке жақын.Бұл итпен жауласуға болма батым.Бұл тауда болып жүре алмайсың.Өшіксе, қылғызбайды бізге жатын.

Сонымен ұйықтай алмай отыр еді, Ентігіп, сасып қашқан біреу келді.Не қылса жаудан қашқан адам ғой деп.Ұмтылды ұсталық деп жүгіргенді.

Екеуі ұстап алды қамап жүріп, Бейшара қаша алмады əлі құрып:– Байымды да өлтірді зəңгі талап, Жанымды қи, – деп сұрайды жылап тұрып.

– Байың кім, өз жайың кім, қорықпа сасып, Айт жаным, біз тимейміз, бəрін ашып.Қолдан келсе жақсылық аямалық.Жөні кеп, құтқаруға болса нəсіп.

Əлгі айтты: – Байым Мұрат келе жатқан, Жер алып алтын қазған осы жақтан.

Page 207: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

207

Ғазиза атты қызы бар, Медғат ұлы, Саудасы біткеннен соң елге қайтқан.

Шаршап кеп жатыр едік аунап-қунап, Білмей қалдық келгенін жаудың дулап.Байды өлтірді бірнеше кісіменен, Қалғанын тірі ұста деп жатқан шулап.

Сəлім түсі бұзылды, өңі қашып, Ұшып тұрды орнынан асып-сасып.– Осы менің Ғазиза ғашық жарым, Ара түсіп өлемін қарулсып!

Халит айтты: – Тұр тұр сөзді тосып, Сары бастық саспайды сенен шошып.Бүгін мейрам, бар аңшы қалада жүр, Солармен соқтығалық басты қосып.

Оларға сөйлеселік түнде барып, Ертең түсте ізделік ертіп алып.Пəлен жерде белгілі мекені бар, Тоқталмастан барады маған қанық.

Сəлем де осы сөзді көрді мақұл, Мақсатқа жетпек керек қалмай қапыл.Бағанағы жаяуды мінгізіп ап, Жылдамдап жүріп кетті қылмай тақыл.

Мəжілісіне көп аңшы келді бұлар, Қатерлі іске шетінен бəрі құмар.Сөзін естіп тоқталмай құп алысып, Қайрат қылар жол болды, ерлік сынар.

Ертерек жиылысып атқа мінді, Бəрі де аралаған талай шыңды.

Page 208: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

208

Қарауылдап білдірмей қамап алды, Сары бастық мекен қылған бір қиынды.

Бұл таудың бір тасы жоқ бастық білмес, Бір қиынға əкелді адам келмес.Жалғыз дара жолына күзет қойды, Салақтық жоқ бойында, жанға сенбес!

Ағашқа бар тұтқынды байлап жатыр, Ақырып əмір қып тұр бастық батыр.Бір қатары зəңгінің атаманғаБір көгалға тігіпті кенеп шатыр.

Барды да шатырына батыр кірді, Жуынуға апарып суын берді.Бетінің бояуларын жуып тастап, Алады чемоданнан киімдерді.

Киінді бар киімін бейне патша, Бір сұлу жігіт болды құп тамаша.Байлаулы тұтқындарға жетіп келді, Қасында жолдасы жоқ оп-оңаша.

Келді де алдарына қарап тұрды, Мұның Қасым екенін бəрі көрді.Өздерінің қылғаны беп-белгілі, Рақым қылмас түйілген түрін білді

Шақырды бір былдырлап зəңгілерін, Арабша сыбап алды бар білерін.– Рақымсыз сен тəкаппар Медғат залым, –Деді, – міне, болды ғой өлер жерің.

Медғатты су астына отыртыңдар, Қылған ісі өзіне мағлұм шығар.

Page 209: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

209

Екі хисса беріңдер, аямаңдар, Бұл залымның бір үлкен жазасы бар.

Медғатты дірілдетіп суға апарды, Өз жазасын өзіне қылып салды.Өзгесіне тимеді Сары бастық, Өзінің шатырына қайтып барды.

Ғазиза сұп-сұр болды жаны шошып, Енді бекер тұрмады тағдыр тосып.Ұрғашы деп зəңгі аяп бос байлапты, Қол- аяғын босатты жібін шешіп.

Ойланып тəуекелмен бойды жеңді, Өлейін не де болса деп ерленді.Қасымның жақын тұрған қара атына, Басын шешіп үстіне қарғып мінді.

Мінді де арғымаққа қамшы басты, Келген жағын біледі солай қашты.Жазық жердей шабады қара арғымақ, Елемейді арқардай тау мен тасты.

Қасым көріп бір атқа мініп алды, Артынан былдыр қағып айқай салды.Тіл білетін арғымақ бір қу екен, Қарамады қамшыға тұра қалды.

Бас-көзіне қыз-дағы төпелетті, Қара арғымақ қозғалмас бұған тіпті.Қолында жалақтаған қанжары бар, Артынан Қасым батыр қуып жетті.

Қор қылды қара арғымақ есіл ерді, Жетектеп қайта қызды алып келді.

Page 210: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

210

– Жазасын тартқыз мына қашқын қыздың! –Деді де анталасқан жұртқа берді.

Қызды асыраған байдың бір кемпір күңі, Байлаулы еді о-дағы көрді мұны.Арына қыздың жара сала ма деп, Бейшараның жаны ашып, бұзылды өңі.

Шақырды: – Ей, Қасым, – деп күң ойбайлап, Сөзімді есіт, сабыр қып аз абайлап.Шырағым, өз жайыңды білемісің, Кек алуға ауыпсың көзің жайнап.

Алдыңдағы Ғазиза қарындасың, Қайтып қана қинайсың оның басын.Бойыңда қалған титтей мейір болса, Білмеймісің осының жарамасын?

– Жазасын тартқан жоқ па Медғат ағаң, Не қылды қарындасың ойла, саған.Қорлаған өз сүйегін тіпті оңбайды, Туысқа мейірімсіз боп қарамаған.

Қасым да бұл сөзді естіп тұра қалды, Тоқтамай шуылдаған жұртқа барды.Бұған ешкім тиюге рұқсат жоқ деп, Жетектеп қайта қызда ертіп алды.

– Ғазиза-ау, мынау кемпір бек ұялтты, Сенде мендей емес пе ең діні қатты.Маған Медғат қинауды қылған уақыт, Балконда қарағаның жаман батты.

Алмағаның батпады арашалап, Батты маған тұрғаның тамашалап.

Page 211: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

211

Хайуандай маған жаның ашымастан, Қарағым, шыдап тұрдың қайтып қарап?

Ұйықтағаны ұйықтады, ояуы мас, Батырлар естен кетті не қажымас.Жалғыз сау Сары бастық ұйықтап жатыр, Хабарланбай бұл халден ол есіл жас.

Аңшылар бұл халінің бəрін көрді, Ес кетіп мас болғанша қарап тұрды.Еңбектеп жүз саржандай келгеннен соң, Жығылып жатқан жауға ду жүгірді.

Бір зəңгіге бір аңшы міне түсті, Мас кісіге сау кісі қандай күшті.Қасапшыдай қой қырған жалақтасып, Аясын ба зəңгіні, тегінде өш-ті.

Зəңгілер бет бұрды ма бірі қатып, Бəрі өлді оянбастан жағаласып.Құр қолмен қаруы жоқ не қыла алсын, Өзіне өзі қылды қара басып.

Қасым-дағы есітті шуды оянып, Атып шықты шатырдан қайран қалып.Байқаса іс ұрыстан өтіп кеткен, Шақырды арғымағын айқай салып.

Арғымақ оттап жүрген келді шауып, Атын көріп ойынан кетті қауіп.Шатырдың есігінен қайта кіріп, Мылтығын қанжары мен алды тауып.

Жəне де ала шықты Ғазизаны, Батырдың шошымайды титтей жаны.

Page 212: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

212

Үстіне Ғазизамен қарғып мінді, Көлденеңдей бергенде арғымағы.

Тек кетпей Ғазизаны ала кетті, Саспайды, сабыры мол, ақылы епті.Жанын сақтап, қылышпен басын қорғап, Қақ жарып жүре берді қалың көпті.

Жұлқынып сонда Сəлім қаһарланды, Мергендер қыз қабаттап ата алмады.Көз алдында жан жарын əкеткен соң, Күйініп Сəлім ерде ес қалмады.

Сəлім де бөгелмеді, қуып кетті, – Ғазиза, айырамын қорықпа, – депті.Қыз айтты: – Қасым, тоқта, уағдаң болса, Шын сүйген ғашығымның өзі кепті.

– Уағдам шын, мен беремін өз қолымнан, Құтқарып алып шығып бұл жолымнан.Ғашық жігіт жата алмас жаны шыдап, Əлі-ақ қуып келеді ол соңынан.

Араби көк атымен Сəлім салды, Не етем деп жардан аяп бұл қу жанды.Оңаша шыққаннан соң Қасым тоқтап, Күйеуін келе жатқан тосып алды.

Сəлім де келе жатыр аңыратып, Ғашығы əм кегі бар қабат батып.Мылтығын атайын деп көтергенде, Екі үзді құндағынан Қасым атып.

Сəлімге жүгіреді қыз ойбайлап, Қасым тұр күлімсіреп көрсе абайлап.

Page 213: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

213

Сəлім атын ұстады қыз майысып, Мəні жайын ақтарып айтты жайлап.

Қасым айтты Сəлімге: – Құтты болсын, Бір басыңа бауырмын жəне досың.Бір кек үшін кеткенмін зəңгі болып, Ойланбай қылғаным жоқ мұны тосын.

Өз бауырын өлтірген деме залым, Саған да белгілі ғой менің халім.Сені де аң қызығы əкеткен жоқ, Ғаділеттің жоқтығы саған мəлім.

Елдің заңы заң емес біздің заңға, Аңнан басқа дəурен жоқ біздей жанға.Ғазиза көрсетпеймін жетімшілік, Он мың теңге беремін приданға.

Адал пұлым, алғам жоқ елден талап, Əкең берген шешеме қолдан санап.Таза малды беремін мəһіріне, Жалғыз бауырым сен едің алған қалап.

Менің шешем күң емес сатып алған, Сөзімнен таба алмассың ешбір жалған.Аңшысы осы жұрттың ұрлап алып, Əкеңе сахарадағы сыйға апарған.

Аңшыны ұры қылған əкең сенің, Мұның бəрін ұқтырған анам менің.Нағашым Зұлыс-зəңгі падишасы, Ғаділет пе құл болып күн көргенім?

Мен бардым сол Зұлысқа бұдан қашып, Патшаға мағлұм болдым сырымды ашып.

Page 214: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

214

Сол елдің батырларын жиып алып, Кек алуға келгенмін жамандасып.

Үш жыл болды кек үшін төктім қанды, Харап қылдым, таладым жолыққанды.Құдайдан бар тілегім-кегім еді, Мұраттың бəрі бүгін болып қалды.

Сөйтті де Ғазизаны қолдан берді, Екеуінің ғашықтық халін көрді.Бірі – күйеу, біреуі – қайнаға боп, Бағанағы шаһарға қайта келді.

Page 215: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

215

ƏСЕТ НАЙМАНБАЙЎЛЫ(1867–1922)

САЛИХА – СƏМЕН

Монғолдың ескілікті тұрмысында, Ясукей батыр ханның тұрғысында.Атақты Алтай тауын мекендеген, Билеген өзін өзі ол тұсында.

Бір табы Жұрат дейтін ел атасы, Жайлауы Үлен тауда жая тасы.Билеген нəсіл қуып, тұқым жалғап, Халқына қадірлі еді ханның басы.

Бар еді Салиха атты жалғыз қызы, Артылған өз тұсында тəрбиесі.Бұралған тал шыбықтай сұлу еді, Алмадай пісіп толған бақшадағы, Ашылған гүл бейнелес қыз тұлғасы.Албырап екі беттің қаны тамып, Қиылып маңдайында қиғаш қасы.Тамағы ақ торғындай үлбіреген, Сүйріктей он саусақтың бар баласы.Отындай электрдің жалтылдаған, Құйылып төңкеріліп көз қарасы.Шынардай түзу дене, тең иықтанТөгілген төмен құлап сүмбіл шашы.Безенген өне бойы інжу-маржан, Бриллиант, алтын, яқұт, гауһар тасы.Сол елде Сəмен дейтін бір жігіт бар, Құрбылас əлгі қызбен жас шамасы.Ажары жай оғындай жалындаған, Туыста қас-қабақты ер тұлғасы.

(1867 1922)

Page 216: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

216

Сабырлы, терең ойлы маңғаз еді, Жетпеген қатарына тең құрдасы.

Сағымдай садақ жетпес жылдамдығы, Қырмызы қыз мінезді, қымбат басы.Денесі тең сандалдың терегіндей, Кең біткен иығының екі арасы.Шалқақ төс, бура санды, бұлшық етті, Бар еді батырлықтың əр саласы.Жау десе жабырқанып жатпайтұғын, Таңдаулы батыр болған ер-қолбасы.Салиха бұл жігітті сырттан таңдап, Махаббат ауған бұған ықыласы.Сəмен де ғашықтықтығын іштен тынған, Ұнасып екеуінің көзқарасы.Жаратып бірін-бірі аз жүрген соң, Байланды махаббаттың екі арасы.Сөйлесіп, əзілдесіп, сыр айтысып, Туылды ғашықтықтың жан-жарасы.Қызды жігіт, жігітті қыз да сүйіп, Болыпты алмақ, тимек өз арасы.

Қыс өтіп ел көшеді Алтай таудан, Ол заман үркіп-қорқып сыртқы жаудан.Батырлар атын баптап, қару жөндеп, Келетін ақыл сұрай күнде ханнан.

Сəмен де сол батырдың біреуі еді, Кетпейтін күндіз-түні ат қасынан.Сезіліп екеуінің бұл жүрісі, Мақсатқа қалай жету болды арман.

Сөйлесіп анда-санда Салихамен, Сөз шықты əрбіреуден қуғындаған.

Page 217: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

217

Хан сезіп, халық білсе мұндай сырды, Ажалдан қыз бен жігіт қалмайды аман.

Екеуін еркіменен қоспайтұғын, Қатыгез қан қаһары өзіне аян.Шарасын қалай етсек табамыз деп, Ойласты Салиха мен батыр Сəмен.

Не пайда бұл жүрістен шығады деп, Ойлайтын екеуі де осыны һаман.Өлсек бір көр, шықсақ бір төбедеміз, Қайтпаймыз деді екеуі уағададан.

Серттесті не бір іске шыдаймыз деп, Алса да бөрі етектен, жау жағадан.Қапыда өстіп жүріп қолға түспей, Табалық бір бекініс осы арадан.

Солай деп сөз бекініп уағадаласты, Құрбан қып бір-бірі үшін қымбат жасты.Құс ұшпаса, жан жүрмес жер табам деп, Ер Сəмен аралады тау мен тасты.

Жалтыр тау, шатқал өзен, заңғар биік, Тұрғандай бұлттан өтіп көкке тиіп.Темірдей қара жартас сарғылт түстіҚабағын, қаһар көзін қарыс түйіп.

Мұңды тау аспанменен бой теңескен, Тұрғандай бейне мүлгіп басын иіп.Ақырған аждаһадай тасқынды өзен, Сарқырап төмен аққан шатқа құйып.

Белгілі Жая деген бір қиын тас, Сескенбей ендігі жан бара алмас.

Page 218: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

218

Бел байлап сол қиынға бекінбек боп, Жөнелді қорықпай шыдап Салиха жас.

Тез барып тығылады демін алып, Жат жерге тамашалап қайран қалып.Ой түсіп біраздан соң қорықты жаныДенесі кейде суып, кейде жанып.

Кеш мезгіл шам жағылып, ақшам батты, Қайғысы бұрынғыдан болды қатты.Аузынан аһ ұрғанда жалын түтеп, Шыдамай қорыққан жүрек шиыршық атты.

Қалайша бұндай іске болсын шыдау, Ұзын күн өткізгені зарлау, жылау.Зарығын өксіп, жылап тоқтата алмай, Сондағы Салиханың сөзі мынау.

Жəрдем бер жан беруші жасағаным, Жар үшін жас жанымды жараладым.Айырылып жалғыз түнде ел-жұртымнан, Жапанда шыбын жанды тасаладым.

Шалындым махаббаттың жалынына, Сөндіріп ғашық отын баса алмадым.Жолыңа жаным құрбан болсын дегем, Жетпесе мақсатыма бітсін халім.

Жəрдемші жас өмірге болсын Құдай, Жеткізсін тілегіне жас арманын.Ер Сəмен, таңдап таптым сені сүйіп, Іліндім жалыныңа шоқ боп күйіп.

Ішінде жанған оттың мен отырмын, Сөндірсең махаббаттың суын құйып.

Page 219: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

219

Құдайым Сəмен ерге қосар болсаң, Бəрін де ұмытар ем құшып, сүйіп.

Соны айтып үңгіріне қайта кірді, Зарланып мұң мен зарын айта кірді.Сол кезде түннің жарым болған шағы, Кім білер келешекте болар сырды.

Дүрсілдеп тоқтамайды жүрегі ойнап, Жəне де жаны сүйген жарын ойлап.Келеді жерді жарған ат сарыныКеледі көк жартасқа тура байлап.

Бұл келген бөтен емес Сəмен ғашық, Көрісті екі ғашық амандасып.Қайғының бір минутта бəрін жойды, Аз уақыт жабықса да, жүдеп сасып.

Ың-жыңсыз түн құшағын тұрды жайып, Аспанда ай түрленді əсем басып.Құттықтап күле қарап ғашықтарға, Жұлдыздар жымыңдаған тұр жарасып.

Желкілдеп жан түбінде жатқан ойғаМайда жел сыбырлайды мұңын қосып.Таңдаған тағылықты тау баласынТабиғат қарсы алып тұр құшақ ашып.

Салиха айтты сонда Сəмен ерге:Бір істен ойсырадым көңілім жасып.Бізді іздеп таң атқан соң ел келеді, Кеткен соң екі бірдей адам қашып.

Кеш батса, түні бойы қасымда бол, Құмарлы от жүректің мауқын басып.

Page 220: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

220

Таң атса елге барып көрініп жүр, Сыр айтар құрбылармен ақылдасып.

Өткен соң күн ескіріп біраз заман, Бір сапар ойланарсыз болса нəсіп.Ат, азық, қару-жарақ қамданып жүр, Тығынып бекініске бірден тасып.

Қайда қауіп-қатер істер болса, Жүрмелік бейғам болып жаза басып.Екеуі осы сөзді қатар айтып, Сүйісті екі ғашық құшақтасып.

Жас гүлдің жан татпаған жаңа балын, Мастанды бөліп ішіп екі ғашық.Өткенін түннің қалай сезген де жоқ, Оятты тау шапағы таудан асып.

Таң атып батыр Сəмен елге кетті, Кісідей түк білмейтін барып жетті.Сыр бермей сол жүріспен аял етіп, Арада бірнеше күн уақыт өтті.

Айта алмай ханға батып қыздың жоғын, Ел болып ат өксітіп көп іздепті.Таба алмай, күдер үзіп ақырында, Бұл хабар еміс-еміс ханға жетті.

Хан қызы қашып кетті деген сөзге, Хан тұрып қаһарланып намыс етті.Қайтсе де қызды іздеп тез табуға, Ел-жұртын, түгел жиып жарлық етті.

Қызымды азғырғанды дарға асып, Қыздың басын кесем деп кəрін төкті.

Page 221: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

221

Алтайдың алтындаған алтын жоны, Айнадай суы тұнық, шөбі соны.

Қақ жарып ұзын аққан екі өзен бар, Айтады Егеуге деп монғол оны.Қапталы сəукеле тас құлын жайлау, Ясукей батыр таңдап алған соны.

Жайлауға хан ордасы көшкен кезде, Жаятас қыз бекінген көштің жолы.Шөп гүлдеп, ағаш бүркер уақыт толды, Жайлауға хан ордасы көшпек болды.

Бетінде көк жартастың бір үңгірде, Қыз қарап көріп отыр келер жолды.Естілді жерді жарған қалың сарын, Жаңғыртып тау мене тас жердің бəрін.

Жасыл ту сағымдалып жерді бояп, Шаңырқап будақтаған шықты жалын.Бір бөлек көш алдында қалың əскер, Ясукей ортаға алған батыр ханын.

Татардан қолға түскен Темір ерге, Билеткен əскерінің түгел бəрін.Мінгені Ясукейдің қасқа арғымақ, Қара да, торы да емес қоңырсымақ.

Белінде жібек баулы алтын қанжар, Басында дулығалы темір тымақ.Сары алтын жарқылдайды шар айнасы, Күмбездей дөңгеленген жұмыр басы.

Жалпақ бет, келте мұрын, сары жүзді, Сараңдау қызыл жирен сақал-шашы.

Page 222: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

222

Татардан қолға түскен Темір ермен, Сайлауыт өңшең батыр айналасы.

Барады бірге кетіп батыр Сəмен, Қайғы ойлап бұзылғандай ой-санасы.Мінгені астындағы Сайын бурыл, Дөненнен беске жаңа шыққан жасы.

Қондырды хан ордасын батыр Сəмен, Байқастап кеш болғанша аялдаған.Ел жатып көз ұйқыға барған шақта, Жөнелді қайта шауып қызға таман.

Жарына қайта келіп құрды сауық, Қосылған екі ғашық теңін тауып.Əзірше мақсатына жетті бұлар, Шаттыққа ешнəрсені қылмай қауіп.

Сандалып Жұрат елі қызды іздеп жүр, Ат қырып, қаратер боп күнде шауып.Жаралған Сайын бурыл малдың бөлек, Алғандай жерден пішіп дөп-дөңгелек.

Бір күні ішін тартып, жалын тарап, Жер тарпып пысқырады қағып иек.Салиха атты көріп қайран қалды, Ырымдап бір жаман іс ойына алды.

Өткен түн бір жағымсыз түс көріп ем, Көңлімде қате еместей енді нанды.Ер Сəмен, білемісің аттың сырын, Ойлама білмейді деп хайуан малды.

Соны айтып ауыз жиып алғанынша, Таянып қалың дүбір келіп қалды.

Page 223: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

223

Білген соң келіп қалған қалың жауды, Ер Сəмен атын ерттеп қаруланды.

Заманым əлдеқалай болады деп, Салиха іштен күйіп от боп жанды.Құшақтап сүйген жарын қатты қысып, Əлсіздеп нəзік дене қалтыранды.

Жас өмір, күл боп көкке ұшасың ба, Толған гүл соласың ба деп зарланды.Хош енді бұл соғыста өліп кетсең, Махшарда қос, Тəңірім, деп жалбарды.

Сол жерде майдан тартып батыр СəменАянбай бір күн, бір түн соғыс салды.Найза мен садақ тартып, қылыш шауып, Бөгеді қан майданда қалың жауды.

Тұс-тұстан өлгеніне қарамастан, Жау-дағы дем алғызбай атқылады.Боялып қызыл қанға қардай еті, Қансырап халі бітіп, естен танды.

Жаралы неше жерден қылыш тиіп, Көптікпен ер Сəменді пленге алды.Сол жерде Салиханы ұстап алып, Алдына падишаның алып барды.

Өлтіріп Сəмен қуды кеттік тастап, Басына қызыл қаннан жастық жасап.Адасқан балаңызды алып келдік, Өзіңнің ордаңызға тура бастап.

Ей, тақсыр, жарлық сізден іздеу бізден, Тілейміз жаза қылма бұған қастап.

Page 224: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

224

Болса да қанша жаман хан нəсілі, Болмайды айыптауға қолмен жасқап.

Хан тұрып сөз сөйледі қызға таман:Япырым-ау, қызым, неден болдың жаман.Өміріңде жалқы жүріп ел көрмей өт!Жаза жоқ ынсапсызға бұдан əрман.

Солай деп Салиханың соты тынды, Сорлының бағы қайтып сағы сынды.Сəменді алғашқы ұстап алған жерде.Өлді деп білмей кеткен өңшең жынды.

Аздан соң Сайын бурыл барды шауып.Иесін талып жатқан алды тауып.Қамаған қалың қолға ұстатпастан, Моншақтап үсті-басын тері жауып.

Көтерді басын сонда батыр Сəмен, Жатқалы жаралы боп біраз заман.Еңбектеп үңгіріне қайта кірді, Қалғанын жанының біліп есен-аман.

Сəменге қайғылы күн қатты батты, Сол тауда қапалықпен үш ай жатты.Барар жер, басар таудың бəрі дұшпан, Болар ма қиыншылық бұдан қатты.

Не пайда бос жатудан шығады деп, Тоқтамай тулап жүрек шиыршық атты.Бабама «Көкше əулие» барайын деп, Бір күні ұстап мінді бурыл атты.

Ол кезде «Көкше» дейтін əулие барМамаржа жатқан жері бір үлкен ғар.

Page 225: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

225

Мекендеп тұрған жері Тянь-Шань тауы, Монғолдар əр кез барып қылатын зар.

Ай жүріп Мамаржаға барып жетті, Жол қиып жүре алмайтын бір бейнетті.Ғар екен көк жартастың бетіндегі, Жүгініп соған қарап зарлық етті.

Күн жауып, бұлттар шығып борандытты, Найзағай шартылдайды онан қатты.Артынан қоңыр майда желдер соғып, Көрсетті ғардан шығып шарапатты.

Киім жоқ, шыға келді тыржалаңаш, Ағарған жауған қардай сақал мен шаш.Жіңішке, ұзын бойлы, арық тəнді, Жан екен аққұбаша қиылған қас.

Дертіме, тақсыр, баба, дауа бер деп, Ер Сəмен зар еңіреп қояды бас.Сəменді көзін ашып көрді байқап, Сөйледі бір сілкініп басын шайқап.

Ол қызды Құдай саған бұйырған жоқ, Бекерге қор болыпсың бейнет айдап.Соны айтып бурыл атқа мойын бұрды, Білмейді Сəмен сорлы мұндай сырды.

Əулие қолын бұлғап қалып еді, Кісінеп бурыл шауып ғарға кірді.Тағы да бұлттар шығып борандатты, Найзағай шартылдайды онан қатты.

Күркіреп ғардың іші ақ боран боп, Есігін Көкше əулие қайта жапты.

Page 226: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

226

Көнбеске шамасы жоқ сорлы Сəмен, Көңілі бұрынғыдан болды жаман.

Бабамның Ұланға бар деген сөзі, Тиісті болар ма екен маған таман.Жаяудық, жалаңаштық арман емес, Көрерлік Салиханы туса заман.

Жолыңа жаным құрбан болсын деген, Дыбысың құлағымнан кетпейді һəман.Отында ғашықтықтың күйіп жанып, Дариға бір сен үшін көңілім алаң.

Зарлатқан мені мұнда, сені онда, Мейрімсіз қара пейіл сұмырай жалған.Өлсе көрің, өлмесе өзің көрмей.Тарқар ма өліп кетсем іштегі арман?

Соны айтып Ұлан жаққа Сəмен кеттіСорлыны Қырсық шалып тентіретті.Ер Сəмен сол бейнетпен жүре тұрсын, Айтайын хан қызының соңғы ретті.

Қапада ханның қызын қайғы басты, Сарғайып солған гүлдей өңі қашты.Ал қызыл, нұрлы жүзін əжім басып, Ағартты жауған қардай самай шашты.

Жабысып тырнақтары саусағынаНұр қайтып жан дененің қаны қашты.Дүниенің қызығына көңілі суып, Өткізбес тамағынан ішкен асты.

Жарым деп ер Сəменнің атын айтып, Бір күні көзден төкті қанды жасты.

Page 227: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

227

«Сен үшін дүниені талақ етіп, Жолыңа құрбан ғып ем ғазиз басты.

Қапада қайғыменен өмір сүріп, Қадірлеп қайтем сенен қалған жасты.Төрт бөліп түн ұйқымды тыншытпайсың, Үмітім ойлай-ойлай мұңға ұласты.Жолыңа қарай-қарай көзім талып, Ойымды мұңға ұласқан тұман басты».

Соны айтып шықты ордадан Ұланды өрлеп, Ажалдан өлім іздеп қатты шөлдеп.«Ылайық хан басыма, жас жағымаБір дескен уағда, серттің үстінде өлмек.

Яқұттай ажарланды көзі жайнап, Байланып алмас қанжар өткір қайрап.Жас кеткен жаны құшып жарын ойлап, Қоштастың кең дүниеге құстай сайрап.

«Сүйіп ем, Сəмен, сені іздеп тауып, Арманым аз жүрмедім еңбек жанып.Бұл жайға тірі болсаң бір келерсің, Жарыңды ұмытпасаң есіңе алып.

Əкемнің жан дегенде жалғызы едім, Көрмеген тəрбиеден көңілім қалып.Жолыңа жаным құрбан болсын деген, Бұзбадым уағыдамды қайта танып.

Жас жаным жасыл құс боп ұшсын көкке, Құтылып қам-қайғыдан рахаттанып.Қосатын мені саған осы қанжар, Жүректен өткір қайрап қалсам салып».

Page 228: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

228

Зар жылап осылайша қылды налыс, Ай мен күн, дəт айтуға тұрсын алыс.«Сертіме, уағыдама жетпегенім, Емес пе өлімнен де қиын намыс?Куə бол Тəңір алдында сен екеуің, Ғаламсың көпке бірдей тура қалыс».

Соны айтып салды қанжар жүрегіне, Жан шығып тез жетуге тілегіне.Қанжарды қатарына шаншып қойды.Сəменге арнап ядкер ретінде.

Бір шақта əлгі жайға келді Сəмен, Арада қыз өлгелі неше заман.Өлген жерін көмілген көрін көріп, Қуанды көріскендей есен-аман.

«Жарым-ай Құдай қосқан жаңа таптым, Болмай ма сенен қалған халім қаран».Қанжарды қасындағы көрді қарап, Қыз кетті уағдасымен сертке жарап.

Қанжарды қатарынан қолына алып, Тот басқан қанды көрді тамашалап.«Рахатты болат қанжар досымыз», – деп, Күрсініп мауқын басты қанын жалап.

Егіліп іші-бауыры елжіреді, Ғашықтық ыстық оты шықты парлап.Қамығып бір отырып, бірде тұрды, Аруаққа қабырдағы көзін қадап.

«Қош айтам тау менен тас, дария, көлге, Жат бауыр өсіп-өнген біздің елге.

Page 229: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

229

Сайрандап көк аспанмен тұрған жұлдыз, Сəуле бер біздің жатқан сары белге.

Салиха жаным сүйген жарымменен, Арман жоқ өліп көрге жатсам бірге.Ай мен күн сен де аман бол екі жарық, Нұрыңа жан-жануар болған қарық.

Күн мен түн екеуіңді қоспаған соң, Баяғы сен де біздей Мұңлық-Зарлық.Жұлдыздай ай атылып жерге түссе, Біріңнен не болар ең бірің қалып.

Жас жаным Салихамен болсын бірге, Маржандай қызыл қаным жерге тамып.Қара жер-мейрімді анам, аш қойныңды, Саяңа келіп тұрмын Сəмен ғаріп».

Соны айтып алмас қанжар қолына алды, Толғанбай қақ жүректен тура салды.Ақ етін, қызыл бетін қанмен жуып, Еріксіз қолмен, жойды, ғазиз жанды.

Page 230: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

230

ЌАШАЄАН КЇРЖІМАНЎЛЫ(1841–1929)

ТОПАН(«Жем суының тасқыны»)

Бегім төре, нəніміз, Сөзге құлақ салыңыз, Айтқаныма менің наныңыз, Тауқымет тартып тосыннан Болмай отыр хəліміз. Аз ғана тарих айтайын –Саралап талдап алыңыз, Өткен күннің шежіресі, Не зият, не жат – таныңыз. Бұлағын жырдың көзейін, Қызыл тілді безейін, Көзінен əбден қаныңыз, Шырқатайын шығандап Келгеніңше хəліміз, Шамыңа тимей қарайын, Жыр құмартса жаныңыз... Өткен менен кеткеннен, Бұрынғы би-бектерден Біраз мысал əшкертсем, Түсер ме екен бабымыз?Ол күн менен бұл күнніңАйырымы не нəрсе? –Екі арасын бағыңыз.

Жəне бір жайды айтайын:...Ноғайлының елінде, Үш қиянның жерінде, Ұзын аққан Еділде,

(1841 1929)

Page 231: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

231

Ақ Жайықтың кеңіндеТалай хандар шалқыған.Басынан бақыт ауғанда, Пошымы аумай ғаріптен, Бұғалықты аттай бүгіліп, Шалқыған хандар алқынған.Дəреже тапқан ерлер бар Саланың бойы салқыннан. Менмендік тасқан шағындаЕдіге ерді қорсынғанТоқтамыс ханның елі деҚапияда отқа шарпылған. Бақыты баста тұрғандаКəпірдің жұрты қорықтыОрақ пен Мамай даңқынан.Алшы Ысмайыл, Қалусарыдан –Бақыт бұлардан да арылған.Басынан бақыт ауған күн Патшалар да ауған тағынан, Айырылған атақ-бағынан. Мыңғырған малды байлардыңҚоңсысы кеткен жанынан. Батырлар да өтті əруақтыҚанжығасы қанға малынған, Бексауытын жамылған, Дұшпаннан кегі алынған. Көрмесе жауын сағынған, Алмастан қару тағынған. Қамалға шауып шеп бұзып, Жүрегін басқан қабынған. Он сан ноғайлының хандығын Билігімен басқарып Орақ, Мамай, Телағыс, Асанқайғы атам, Қазтуған –Олар да кеткен шарасызМынау көлденең жатқан Нарыннан.

Page 232: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

232

Асан-қайғы бас болып Қайғыменен өтсе де, Нарынды тастап кетсе де –Құтты жұрт екен бұл қоныс:Тоқтығы берен іркіттей, Баққан қойы қара бүркіттей, Тізбектелген нарының Дулығасы үйген іскірттей. Кəрі биесі жал алған, Нарлары семіз, қом алған, Кəрі саулығы шайлаған, Сағызын нандай шайнаған. Еркек қой мен тоқтысыШырынын шөптің «байлаған». Ерлері бар ед егескен, Дұшпанымен шенескен.Аллаға жағып құлығы, Ұрпақтары көп өскен. Əруағы күнді жасқардай, Абыройы асқардай, –Не жақсымен теңескен.Үлкен бір іске көшерде Көшелі қарттай кеңескен. Ғалымдары болыптыҚұраннан неше хат білген, Көңілі танып Хақ білген, Бір Алласын жад білген, Жаңылмаған тəспі, тəкпірден. Мырзалары болыптыҚұбарлан ертіп құс салған, Ылашын, сұңқар ұстаған, Томағасын əдіптеп, Мақпалменен тыстаған.Елеуретіп екі жүйрік жетектеп, Сулығын алтын бедермен кердірткен, Жалын сабаутіспен тердірткен.

Page 233: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

233

Жүйріктерін жүйткітіп, Алысқа сап көрдірткен. Мынау Еділ мен Жайық, Жем екен, –Бұл жетімдерге жем екен, Жесірлерге кен екен, Қасерлерге кең екен. Шөбі малға май болар, Аш-арыққа жəй болар, Төрт түлігі сай болар, Баға білген бай болар –Қашаннан да бұл қонысҚұтты болған жер екен. Өзегі де қайырлы –Аш-арығы сүйреп жейді екен Бекіре менен жайынды. Балқашын орып мал жеген, Аралас үйрек-қаз жеген, Малының жақын өрісі, Құлынның ұзын желісі, Ағашында піскен алма бар, Миуалы жемісі. Еділ мен Жайық, НарынныңОсылай екен келісі –Бір Алланың берісі. Күндердің күні болғанда:«Орыстар зорлық етер, – деп, –Жағама қолы жетер, – деп, –Еңіреп ерлер өтер», – деп, Асан-қайғы бабамыз Жерінен безіп сол үшін Амалсыз тастап кетіптіКөк Еділ менен Ақ Жайық, Кең Нарынның қонысын!.. Мынау бір өткен уақиға, Бұдан да хабар берейін:

Page 234: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

234

Тайшық ханның елі толғанда, Тай тулап талқан болғанда;Үш қиянның жерінеОрмамбет ханның елі тегіс қонғанда;О да келіп бір күніБір құтырған құртқа жолықты. Ормамбет хан сол күнде Қайтерін білмей торықты.Бүлдіруге көп елдіСол құрт себеп болыпты.Арша деген ағашқа Бір бозторғай келіп қоныпты. Сол ағаштың бойынан Құтырған құртты қағып жеп, Құтырып торғай шырлайды, Қанатын сілтеп пырлайды, Көкке қарай зырлайды. Өзінен зордан қаша алмай, Жүрегін торғай баса алмай, Шарықтап жүрген бүркіткеШапқан екен торғай тайсалмай.

Оқиға бұрын болған көп, Ойласаң, шығар түрлі кеп. Қара бүркіт құтырды, Əлгі бозторғайды қағып жеп.

Құтырып бүркіт желденді, Еділге қарай еңменді. Ұлы Еділдің бойында Жүзіп жүрген нəн балық –Салған екен соған шеңгелді.

Нəн балық жанын қарманды, Желігіп келген бүркітті

Page 235: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

235

Жұтып салып жалманды. Бір шəй ішім мұрсат болады, Нəн балық та құтырып, Суға сыймай сандалды.

Желігіп балық сандалып Жағаға шықты қайырлап.Қайырлап жатқан балықтыСу жағалап қыдырған Көрген екен батыр Сайынжап.

Балықты жеді елі алып, Жеген елдер құтырып, Біреулерді біреу жеп Азайған, сөйтіп, көп халық...

Əлеумет пəмді, ішпен сез, Асан-қайғы атам айтқан сөз. Еліңді кімнің алғанын Көріп тұр шыққыр міне, көз.

Сөйлейін сөздің парқынан, Жаңылмай жырдың салтынан. ...Бұл қоныста көп еді Тасып та толқып шалқыған.«Жем аяғы пайда» деп, Келуші еді бұл жергеДүние қуған талапкер Дəру тауып дəрпынан. Ырғыз бенен Торғайдан, Қараөзен мен Сарыөзен –Ішкі Орданың халқынанХиуаның өзбек-сартынан, «Пайдалы» деген даңқынан.

Page 236: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

236

Бекіресі ЖайықтыңАсыл еді алтыннанИісі жұпар аңқыған. Байлығына қызығып, Естіген даңқын талайларЖетпекке мұнда талпынған. Көш-керуен бет түзеп, Жүк тиеп жолға артынған.

Саудагер мұнда мақтанып, Таңдайларына ақ тамып, Ақшаны жинап тақта ғып, Қайтушы еді еліне, Мекен еткен жеріне. Амал жұлдыз атқарып;Ақшаға жаны толулы, Əбден жолы болулы, Келгені жаяу – аттанып, Көңілдері шаттанып. Жем менен Жайық құт еді –Тарқамас базар-дүкені.Берекелі қазаным, Қызығы кетпес базарым, Ақ шуақты ажарым, –Кешіп жатыр басынанКелімсектердің мазағын.

Бұл күндері дариямаКөз тастасам қарайлап:Біреулер жүр мал айдап, Толығып дəулет – қара айдап. Ақ зəмзəмдай тұнықтыБіреулер жүр ылайлап.Жем аяғы бұл күндеТолығып еді мал айдап,

Page 237: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

237

Төрт түлік дəулет – қара айдап, Сарытау, Самар, Қазаннан Талапқа келген саудагер, Бұл да көкке қарадыҚазына жинап сарайлап. Ноғайлар тапқан жан-айла –«Указной» молдаларӨп-өтірік «Құдайлап».

Сарытау, Самар, ҚазаннанКелгеннің қызық көргені, Тастары өрге өрледі. Бектерімді баяғы, Есіктегі, аяғы, Құлы құрлы көрмеді.Билеп ап судың балығынБұқара байтақ халықтыңЖеуіне де бермеді. Орыстар көкке қарады, Қойдан момын қазаққаЖасамады көмегін, Жоқтамады керегін.Қазынадан қарыз жоқ, «Сахыраның елі шашық, – деп, –Баруға алыс-қашық, – деп, –Шаңды-аяқ елге бармайық, Келе алмаспыз асып», – деп. –Жоламаушы еді əуелде, Бүгінде басқа сайрап жүр, Тор-тұзағын сайлап жүр:«Зердесіз елдің байлығынҚарпып қалуға асық» деп. Шелденді олар тасып көп, Көшпелі жұрттың еңсесінСықпа құрттай езгілеп, Жаншығанды кəсіптеп.

Page 238: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

238

Кемітуші еді жек көріп, Қой баққанды «қорлық» деп, «Наданның сөзі зорлық» деп, Сахыраның елін көшпеліСыртынан жүрді өсектеп. Бүгінде бұлар талаптан Ақша тапты есептеп. Мамықтан жиды»төсек» деп.Тасқандардан сөз шықты, «Сиырдан артық есек» деп. Бас көтерген қазақты Пəлеге тартты кесектеп.

Тəкаппарлар да көп еді, Төгілуге сірə дөп еді. Парасат, парық жоқ еді, Жетім елді панасызБөрідей талап жеп еді. Қазақтың дарқан жеріндеҚасиет бар демеді.

Ес бар деп елде білмеді, Ерлерін көзге ілмеді. Жазықсыз тартып қырсыққа, Жəбірлеп текке тілдеді.

Құдайдан, көптен қыңбады –Көңілдің қара зынданы. Бұл арадан мал тапқанБір шүкірлік қылмады.

Жағынып жатқа жалбақтапЖігіттің шықты мұндары. Бетінің арын бес төгіп, Кісінің қашты сындары.

Page 239: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

239

Азамат ерде дəулет кем болса, Қабаннан жаман Қарынбай, «Жан екен» деп оны білмеді, Назарын тіпті бұрмады.

Базарға барса мастаныпЖүз теңгеге ат алды. Киейін деп базардан Қызыл-күрең мата алды. Қатындары құтырып, Өзі барып, базардан Қымбатына зат алды.Қызыл кəмзөл, ақ көйлек –«Мынау кімнің қатыны?» атанды, Көрт-қоспақты мал демей, Түзеді нармен қатарды. Ұн менен шайға толтырдыТең байлаған атанды.«Күрпішатқа ұнменен»Болмаса егер «первый шай», –«Третий астық», «кантон шай» –Арам астай жиреніп Ауызына зорға апарды. Асқандар солай қақалды, Тентектік қылса бір қазақ, Түрмеге барып маталды.

Сахырадан көшердеДүния болды жиғаны, Сиырға жүгі сыймады, Малдың жанын қинады.Қанағат кетіп бəрінен, Болмады нəпсі тыйғаны.Шайқылар айтқан кеңескеАйылын тіпті жимады.

Page 240: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

240

Байлыққа бөккен иттердіңҚалмады-ау мысқал иманы...

Сорпаны төкті майменен, Сусыны қанып шайменен. Сақауат-қайыр қылмады, Елдегі жігіт «бай» деген.

Қалаға келген билеріАрақ ішіп елірді, Кеудесі бұған семірді, Папиросы шегулі. Рəсуа болып иен байлық, Əкімдер болды жебірлі, Ысырабына қылған шөлірді –Кепиетінен қорықпай, Қыйсапсыз дəулет төгілді.

Етпеді шүкір-қанағат, Тап болмай қайтсін ғаламат?!Бес күндік дəулет мас қылып, Болмайтын іске бəс тігіп, Дұшпанға артын аштырып, Жақсыны жаман табалап.Бəледен бəле балалап, Көбейді хабар жаманат.

Қайырсыз кілең қаста байАйдаған малға қуанып, Қой-қозыға жұбанып;Қалалы жерде мырзасыҚос арғымақ пар жегіп Тарантас арба туарып, Кəршөндікке қамалып, Шалқыды талай мас болып

Page 241: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

241

Нəпсісін ылайға суарып. Нешелер «дариямын» дегенніңТалайы қалды суалып.

Тап болмай қайтсін ғаламат? –Сарттан болды молдасы, Шайтан болды жолдасы. Құл-құтанға қор болды, Азамат ердің ордасы.

Далаға дəулет шашқандар Көп болды мұндай тасқандар, Əлдерін білмей асқандар. Пыйғылынан солардыңҚабыса жазды аспан-жер...

«Алла» деген – артық бақ, Бұрынғы өткен заманнан, Қызыл тілім, сайрасаң, Оқиғаларды айтып бақ. Жастабан, Шарға, Келдібай –Таз деген туыс жұртымныңЖүрегі жаман шайылды-ақ. Байұлының ішіндеБілікті қарттар қайымдап, Білген екен бəрін пайымдап.

«Су тасады жындай» деп, «Байтақ жатқан халыққаБəле келед мұндай» деп. –Қосқұлақ сұпы АманбайАлты күн бұрын өтуліЕлі-жұртын аралап, Айтқан екен шамалап:«Елді бүлгін шалад» деп,

Page 242: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

242

«Топан су тасып ағад» деп.«Бəле келед тұлданған Кер заманға қырындап, –Айдың басы қауіп» деп, Білікті шалдар айтыптыОқиғадан бұрынды-ақ. Тыңдаған бірақ жан бар ма, Шалдардың сөзін ырымдап?!

...Құтырынған бір құйынКетірді жаман ел күйін, Қара дауыл соқты да, Үй қирады бесінде. «Келер, – деп – мұндай оқиға», –Болмады жұрттың есінде. Ғаламат болды айтқандай, Жұма-ақшамның кешінде. Таудай биік сеңдердіБұлтпен бірге көшірді.

Адамның алды жатқанда, Көз ұйқыға батқанда, Терезеден су құйды, Биіктеп келіп сең үйді, Қызылды-жасыл су жүрді.

Сұрапылдың желі зулады, Зілмəңкенің үстінен Ұлтарақтай қара жер таппайҚол ұстасып жұрт шулады.

Садақа айтты сасқанда-ай, Көкке суды шашқанда-ай, Зілмəңкенің басынанМұз жапырып асқанда-ай.

Page 243: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

243

Мылтықтың атқан оғынанБір де осал тимеді –Құтылмады қашқандар Екпінмен мұздар соққанда.Кəршөндіктегі мастардыңКеудесі кетіп, бас қалды, Түкірігі жерге түспегенТəкаппарлар мұзды жастанды.«Салих құлын бір АллаОт ішінде сақтар» деген сөз Көнеден жеткен ақпар-ды.Бітіне, бұзық көбейіп, Хаққа қарсы іс қылғасын, Қайсысын аман сақтар-ды?!Ғаламат мұндай болғасын, Тəңертең тұрып қараса, Кейбіреу жетім-жас қалды, Талайлар мұзға тапталды.

Біреулер қалды атасыз, Біреулер қалды анасыз, Біреулер қалды баласыз, Біреулер қалды жалғыз қарасыз.

Аюдан мықты білекті, Қабыландай батыр жүректі«Кесті, – деп, – Алла тілекті» –Ер айырылды елінен.Дуадақтай салқыған, Қудай даусы саңқыған, Ел айырылды көлінен. «Алтын ту» деп арнаған, Халқын сырттан қамдаған, Сөзіменен дем берген, Адасқанға жол берген,

Page 244: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

244

Тарыққанда жөн берген Ақылдың азбас кенінен –Ақылгөй абзал кəріден. –Кербездер кетті керілген, Жер басуға ерінген. Бір параны мұз алды, Біреулердің қапсадан Белі сынып майырылды. Біреулердің топшыдан Қанаты сынып қайырылды. Бір атадан біреулер Жалғыз қалып қайғырды.

Талай кетті бозбалдақ, Талай сұлу қызғалдақ, Талайдың кетті əсемі, Талайдың кетті бəсеңі, Таспайтынға тасқанныңБұ да тиген əсері.

Қырғауылдай қызыл нар, Алшаңдаған асаулар –Азбарда тұрып жем жеген, Аяғын əсем сермеген, Кербездер мінген ат кетті. Байлардың жиған тірнектепСарала деңмент, қылышбау, «Мұра» деп салған зат кетті.

Əкімдер кетті мөр алған, Патшадан барып шен алған, Бақытпен байтақ ел алған. Білдірмей келген апаттыҚайсысы соның көре алған?Қайыры болсын артының, Талайлар солай жоғалған.

Page 245: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

245

Асылың шикі топырақ, Асылы топырақ болған соң, Адамның ісі ғапыл-ақ, Өлмейтіндей көргенмен, Ажалға адам жақын-ақ. Өлерін адам білгесін, Төсекке түнде кіргенде Иманыңды айтпақ мақұл-ақ.Алласы түспей аузына, Сөйлемек жаман шатынап. Тəубаға кел тірлікте, Құдайға жылап аһылап. Ақыреттің қайығынБір мінгесін ылаулап, Келмегің қиын қатынап. Ізіңді бағып шайтан жүр, Қалт жібермей бақылап. Ғаламат болды айтқандай, Əркімдер қалды татырап, Оқиға болды қауыста –Алдында өтті ақырап. Бəйтеректер жығылды, Төгілді суға жапырақ. Бір атадан жүзден көп, Бір атадан мыңнан көп, Тасқанда Каспий қақырап, Көме алмай, жерде тоң қалың, Арбамен үйді сатылап. Бір параны мұз алды, Бір параны жел алды, Аяулы талай жандардың Бұралқы итпен қасқыр жепКеуделері қызарды.

Ғаламат мұндай түс болды, Алтындар азып мыс болды,

Page 246: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

246

Қызылдан киім киінген, Мамықтан төсек жиынғанƏлпештеген арудыңКеудесіне қара құзғын құс қонды. Ғаламат болған күн болды, Көз көрмейтін буалдырҚараңғы тұман түн болды. Орыстың баржы кемесі, Мықтап қаққан шегесіАлладан əмір болған күн, Бір соққанда дауыл күл болды. Қосқұлақ сұпы АманбайАйтқан сөзі шын болды. Су тасқыны тау болды, Таудай толқын жау болды. Соққан желдер күш болды, Мұндай заман тұс болды. Құдайдың кəрі тап келіп, Садақаға шалғандайІскен менен піскенді.

Түн ортасы болғандаЖелдің беті бұрылған, Бəлеге қашқан ұрынған, Малынан пайда көрмеген Қанағатсыз Қарынбай, Барын «жоқ» деп құрынған. Табалап оны қайтейін, –Құдайдың торы құрылған?!Өнеге үшін айтамын, Кейінгі туған жас бала Таймағай деп жол мен ырымнан. Жұлдызды жадқа санасақ, Хисап етіп қарасақ, «Мың тасқанға – бір тосқан» –Бар емес пе еді бұрыннан?

Page 247: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

247

Жəне бір мысал айтайын:Əзіреті ер Ғали:«Тұтқасы болса ұстайтынҚара жердің қабатынҚозғар едім», – деп еді. Көңілін Алла семдірген, –Сол сөзінің себебі.

Дəуіттің ұлы СүлейменОн сегіз мың ғаламғаПатша болып ол тұрған. Нұры суға түскен соңПатшалықтан айырылып, Бұқарашылық жол қуған.

Өтірік айтып, тайсалман, Наданның сөзін айта алман, Айырма, Аллам, тағаттан. Хақ жолға баста, Жаратқан! –Дəуіттің отыз ұлынаƏзірейіл құрық салғанда, Бəрін жинап алғанда, Арасы алыс болмаптыАнығы, жалғыз сағаттан.

Перғауын патша зор болған, Шайтанға құлқын билетіп, Зұлымдықты мол қылған.Тəкаппарлық еніп көңіліне, Мөлшерлі күні мұны даНіл дария жұтып қор қылған.

Қазинасы көп Алланың, Фазылынан шет қалмаң. Алласыз іс қылам деп,

Page 248: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

248

Пайда бермес мақтанған. Менмендіктен қайыр жоқ, Арам қан жиып көңілге, Көкірегі таттанған. Адамзатқа сол керек –Құдайдан қорқып сақтанған.Тəкаппар мен менменніңПиғылына тап келіп, Осындай ірет көп болған. Мейлің патша, мейлің құл, –Өлшеулі сағат соққандаБəрі де соның жоқ болған. Жан жаратқан АлланыңКеңшілігіне тап боларТəубе мен шүкір еткен жан.

Кейіндегі бозбала, Налымаңыз, шырағым, Əлі де Құдай оңдаса, Күндердің күні болғанда, Көк дария көл болса, Бай менен жарлы тең болса, Суда – балық, қырда – елік, Бəле-бəтер жоқ болса, Диханшылық көп болса, Талаптың күші сел болып –Алладан болып кеңшілік, Пендеден кетпей кемшілік, Талабың еткен жөнделіп, Кетерсіз-дағы ел болып...

Page 249: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

249

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ(1846–1945)

ӨТЕГЕН БАТЫР

Ақ көбікке оранып, Толқыны тоқсан бұралып, Арықтай аққан арналы, Жамбыл бір жыр жырласын. Жұрт хикая тындасын, Өтеген батыр туралы.

Хикая емес бұл өзі, Өз жанымнан шығарған, Есімде жоқ осы жыр – Қайдан, қалай алынған.Мұны, ызыңдап даладан, – Жырлаған, ескен жел маған.

Бұл жырды мен естігем – Тағы құлжа үнінен. Бұл жырды мен естігем – Бұлбұлдың тəтті күйінен. Бұл жырды мен естігем – Ер Өтеген туралы, Саңқылдап шыңның қыраны, Аңыз еткен күнінен. Бұл жырды мен естігем – Тулаған толқын дөңінен. Бұл жырды мсн естігем – Шебінен, дала гүлінен. Бұл жырды мен естігем – Жұлдыздың аққан көгінен. Бұл жырды мен естігем –

(1846 1945)

Page 250: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

250

Өрінен өскен желінен. Бұл жырды мен естігем – Сай-саланың шегінсн. Бұл жырды мен естігем – Безіп жүріп ауылдан. Бұл жырды мен естігем – Жыршыдан, ақын, қауымнан.

Жылды айналып, жыл озып, Өтеген өліп, қол үзіп, Сапар шекті келместей.Алайдағы тарихтың, Аузында халықтың – Аңыз қалды өлместей. Сол туралы, мінекей, Домбыраны сөйлетем. Өтегенді мадақтап, Жырға қосып тербетем.

Халық айтқанын қостаймын, Артық сөзді қоспаймын, Жырымды желше гулетем. «Халық айтса, қалып айтпайд»Мен де сонан асырман. Шынайы берген тұлға еді, Келе жатқан ғасырдан. Жаздың жылы түні еді, Өтегеннің тууы, Жетісу ед мəулеті. Сырымбет ед əулеті, Дулат еді руы. Түннің желі бесік боп, Тербеткен бөбек уызды, Қасара біткен маңдайдан,

Page 251: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

251

Жан еді қос мүйізді. Бала жастан əлпештеп, Баққан оны гіл кісі ед. Қасара біткен қос мүйіз, Батырлықтың белгісі ед. Жеңілмес жалын боп өскен, Ақылға, күшке, болжауға, Тартқан сымдай тал бойы, Ұқсаған тағы құлжаға, Өсті батыр тұлғалы, Жолбарыстай қарулы, Қырандайын қырағы, Арыстандай айбарлы. Жүз кісінің ішінде, Ол бір жүрген дүлегей, Бір өзі батпан бірегей. Аң аулауда, бəйгіде.Атағы шыққан əйгіге. Жан еді бір думанда Жабықпаған жалғанда.

Мейрімді ана иетін, Бөбегін сүйіп, өрімін. Сондай-ақ о да сүйетін, Көшпелі қазақ өмірін. Жетісу қазақ қонысы ед, Мамығы майда оралған, Күндер болған бір кезде Сол жер қанға боялған.

Бір кездерде алакөз – Болған сол жер аймағы.

Page 252: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

252

Ұрыс, қағыс болған кез. Қырғыз, қазақ, қалмағы.

Найза ұшталып тұлпарлар, Жортып, жебе жарқылдар. Күндер болған өлікке, Қара қарға қарқылдар.

Он сегізінші ғасырда, Далада, қырдың басында, Ақ жағалы, жез топшы, Патша жорық ашуда. Дүре соғып дүрілдеп Бүлдірген елді біріндеп, Атуға да асуға.

Көшпелі елді қырғандай, Бұзып, қырып, өртеді. Ол күн қара борандай Болып кетті ертегі.

Еміренген дала күңіреніп, Жайлауларда, тауларда – Жетісу бойы тебіреніп, Қуырылған патша, хандарға. Өтеген сонда ойқастай, Талабынан таймастай, Ызаланып, ершігіп, Тұлыбы тола тершігіп, Бұл өрт оған болмады, Халықпен бірге жанбастай.

Күшінен бірақ танбады, Суарылған алмастай. Жұрт білмегенді ол білді,

Page 253: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

253

Боларын сезді əлемет. Патша тігіп ордасын, Халықтың бұзып қордасын, Қан төгерін керемет, Жұрттан бұрын ол сезді. Қайғыға халық түсерін, Патша алдында бас иіп, Хандардың ант ішерін.

Өтеген сезді хандардың, Арам, пасық ниеттерін, Халықты сатып, патшаның, Киерін шенін, шекпенін. Ер Өтеген олардан, Қорықпады – шынықты. Ұзақ сапар шегуге, Дайындады жорықты.

Жинап болып нөкерін, Жарқылдады ол қырандай. Батыр барлық халықпен Ақылдасты, ұрандай: «Арыным – батыр арыны, Дабылым – халық дабылы», Ақ жағалы патшаның, Жақындап тұр жорығы.

Жетісуға жендеттің, Түскелі тұр құрығы.Жетсе жендет нөкері, Халықтың сөзсіз құруы. Айдан анық қан қылып, Ұл, қызды тұтқын қылуы. Малды айдап, жерді алып, Таялды қуып шығуы.

Page 254: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

254

Олар келіп халықты, Көк өспейтін жерге айдайд, Көрместей ғып жарықты, Күн түспейтін жерге айдайд, Күнге қақтап, көктемде, Су түспейтін жерге айдайд, Аспанда ыстық күн шыжып, Жел еспейтін жерге айдайд, Сағым ойнап, құм қайнап, Үйлеспейтін жерге айдайд, Сондай жерге шыжыған Кім барғысы келеді. Барған адам ол жерге, Жапан түзде өледі. Жерді, суды патша алад – Жүрегім соны біледі.

Ауылды апат күтіп тұр, Нар тəуекел жетіп тұр. Алға қарап аңқылдақ – Күтудің не керегі? Кім белсенед, кəнекей, Күшін жинап жорықта? Үйірінен айдатып, Тұлпар атын байлатып, Қайсың əзір шығуға, Өтегенмен жорыққа?

Өтегеннің талабы, Майданнан күтпейд бағаны. Келген кезде кезегі, Дүние жүзін кезеді. Қара қазан, сар бала, Қамы үшін қамдана Қонысқа жер іздейді:

Page 255: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

255

«Мен табамын – табамын, Бұлақ аққан жерлерді, Көгі көктеп, гүл жарып Құрақ атқан жерлерді.

Төрт түлікке ыңғайлы, Толқын көлі, тоғайлы, Көгінен нəубет, жерден нұр, Құлап жатқан жерлерді Жұт болғызбай, құт қонған, Қой үстіне боз торғай, Жұмыртқалап, бақ қонған, Сүйікті қазақ халқына, Ұнап жатқан жерлерді».

Өтеген қарап жатпады, Пайдасыз сөз айтпады. Ұрандап елді шақырды, Батыр кіріп қақпады. Елу жігіт бсл байлап, Мақұлдасып, ыңғайлап Ақылға айтқан тоқтады.

Ұрыс, керіс тоқталып, Насырға – айғай шаппады. Қай үйден кім шығады, Санап жұртты саптады. Өтеген бастап бұл ісін, Жорыққа оны-мұнысын, Екі жылға жеткендей – Етіп бал, шай, күрішін, Бөліп үйір жылқысын, Жібек жал түлпар бұлдысын, Қыздың сұлу, құндысын, Жігіттің балуан, ірісін,

Page 256: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

256

Таңдап ап жер төлежіп Өткір көзбен жер сүзіп, Тұлпарының тұяғы Саз балшықтай тасты езіп, Жөнелді батыр жорыққа, Нөкерімен түзеп жүрісін!

Жортқан жолдың шаңдағы, Ақ бұлттайын алысқа, Бұрқырап атып жол тартты, Қытай жақ, күн шығысқа. Жүрді олар жорықта Жол тартқандай Меккеге, Таудан, құздан, өзенненКездесті талай өтуге. Жүре-жүре өздеріАлтын күннің аясы, Көрінді түскен қарасы, Жақындады Пекинге.

Ол жердің миуа, жемісі – Күнге күйіп қабысқан. Даласында жүр кісі – Бүгіліп жерге жабысқан. Ұлтарақтай өлкесі, Адамы көп, жері тар, Өтегеннің көзіне, Көрінді ол жер – қыспақ жар.

Өліп-өшіп ондағы ел – Күріш еккен алқына. Қытайда қоныс болмады, Қоныстар қазақ халқына. Жігіттер шаңға шалдығып, Азап тартты, түн қатты,

Page 257: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

257

Ол жерден қоныс таба алмай, Ізінше кері жол тартты. Сайлы, құзды тауларды, Жұлдызды түнді таптады, Өтегеннің нөкері, Сонда да қажып қайтпады.

Ереуіл ерлер ерісіп, Жетті жортып Еділге, Өртеніп күн батқан кез, Қан толқынды Еділде. Көңілсіз Еділ бойлары, Ерлерді хұп алмады, Тұнжыраңқы аймағы, Жабырқаңқы жан-жағы Ол кез Ресей патшасы, Еділге бұғау салғаны, Сезілді езіп зарлатқан, Салғаны елге найзаны.

Осыдан бастап патшаның, Тігілді орда, іргесі, Көшпелі қазақ еліне, Ол орда болды түрмесі. Арандайын ашылды, Қорқау патша құлқыны, Қызды күң ғып зарлатып, Айдап алды жылқыны. Онан да əрі алғалап, Өтеген батыр айқайлап, Түсті сыпыра жортуға, Дабыл ұрып жарқылдап Тағы тау, құз жол тосып, Алдында жел аңғылдап, Үйсіз-күйсіз Өтеген,

Page 258: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

258

Жиһан кезіп ертеден, Кешке дейін салпылдап. Суыққа тоңып қысты күн, Қобызындай Қорқыттың Безілдейді қалтылдап.

Таң атып, күн батқанша, Жұлдыз сөніп жатқанша, Жел аударған қаңбақтай, Жортуылда жортақтай Аттың басын тартпады. Су суалып, шеп қуарып, Күн жер көнін қақтады. Сол жердің барып шөліне, Өтеген қазақ еліне, Қоныстар жерді таппады. Аттың басын доғарып – Тойғызып, жемдеп суарып, Өтеген енді бет қойды, Ақтөбеге қайтқалы.

Қылыштары жарқылдап, Ер-тұрманы жалтылдап, Жорытқанда жер тарпып, Ойнақтады аттары. Басып өтті белінен, Талай асқар құздардың, Естілді үн көлінен, Қанаты талған қаздардың, Жер танабын қуырып, Сарбаздары серілді.

Бір уақытта жарқырап, Ақтөбе де көрінді. Көзбен шалып сол кезде,

Page 259: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

259

Қара жолдан қиырды, Шалқыған өзен бойына, Үй тігуге бұйырды.

Өзен ағып күрілдеп, Сай-саланы, даланы – Алып жатты гуілдеп. Соқты салқын самалы, Сапырулы сар қымыз, Мұрын жарып барады. Жігіттердің отырған, Ашылды сонда-ай қабағы.

Тіл қатпады Өтеген, Ұштасып ойдың сабағы. Құстай ұшып ұшқыр ой, Көздің де шырымын алмады. «Əйелімді алыста, Өксітіп үйде қалдырдым. Жапан түзде жол шегіп, Қорқыттай-ақ қаңғырдым. Күн күркіреп аспанда, Нажағай ойнап жатса да, Жанарымды жандырдым.

Мен халқымды сүйемін, Оған қоныс табармын, Шалқып жатқан шалғынның Шұрайлы жерін алармын», – Өтеген отыр тұнжырап. Деген ойда маужырап, Түн көрпесін тұйықтап, Үнсіз дала, көк шатыр, Астында аспан жұрт жатыр, Жігіттер қалды ұйықтап.

Page 260: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

260

Көктегі нəзік алтын ай, Құлындай сұлу айқын ай, Жұлдызды көгін жайлауын, Жайлаған жанып жарқырай. Тынышы кете жыбырлап, Сөйлескендей сыбырлап, Жұлдыз бен жұлдыз қалтырай. Бір уақытта сырылдап, Шөптің басы шуылдап, Ескендей жел ышқынып, Жұрт та шошып оянды, Аттардағы пысқырып, Жұрт үрпиіп тұрысты, Бір-бірінс ығысты, Мұрын жарған күлімсі, Сезді бір жат иісті.

Иіс мұрын жарғандай, Қоңырсып киіз жанғандай, Жігіттер көзге жас алды, Шын бір сұмдық болғандай. Кейбіреуі – ойбайлай, Айдалада қалғандай. Жүректері қысылды, Тарылып дем алғандай.

Жігіттер тұрып дүрлігіп, Бір-біріне тығылып, Біреуі сонда сөйледі: «Біздер болдық сор маңдай, Осы түн естен танғандай, Секілденіп сезілді, Құрығын ажал салғандай». Құралайды көзге атқан,

Page 261: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

261

Өтеген мерген толғанбай. Қорқуды еш ойланбай. Тұрды жалғыз сескенбей, Тұлыптан шыққан тұлғасы, Майданда қанат жайғандай.

Ол сабырлы дауыспен, Жігіттерге тіл қатты, Иісті сезіп тұрғандай: «Бұл күлімсі зəрлі иіс, Айдаһардың иісі. Болар жылан ордасы, Қорқыныш емес мұнысы. Тойып ұйықтап айдаһар, Жатқан шығар, саспаңыз, Не болса да күтелік, Жігіттер, қорқып қашпаңыз!

Зəрлі аш жылан болса егер, Айбат шашып шабар ед.Нар тарпыған шыбындай, Бізді жалмай жарар ед. Бізге айбат шашпаса, Осы жерде болалық, Ашық аспан астында, Тынығып дем алалық».

Күншығыс жақ өртке ұсап, Күн шығарда қызарды. «Көріп тұрмын – қозғалды, Айдаһарды у-зəрлі». Жігіттер де қалшылдап, Қалмайды үрей-үрейден. Күн де шығып, таң атты, Қорқыныш, бірақ, тым қатты,

Page 262: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

262

Түнеріңкі түніңнен, Біріне-бірі тығылып, Жұрт қысылып жаншылды, Осқырып, зəрді сезгендей. Ат құлағын шаншады, Қара терге шомылып. Қара жерге қан сиді, Өтеген батыр бұқпастан, Қорқып-сасып жатпастан, Атына мінді аршындап, Шімірігіп қас қақпастан.

Бітімге келер кісідей, Өтеген батыр сассын ба, Айдаһарға тұп-тура Қарсы жүрді бет бұра. Баратқандай секілді, Тақсыр қарсы тақсырға. Ысқырғанда айдаһар, Тізе бүкті жас тұлпар, Өтеген барып айқасты, Өтеген желдей дем алып, Айдаһар мың бұралып, Ауыздан жалын, от шашты.Қозғалған таудай қалтырап, Найзағайдай жарқырап, Толқындайын тауланып, Қомданды жылан қос басты. Шұбарлана шабынып, Күн көзіне шағылып, Жылтырап əйнек қос көзі, Шатынады жарылып. Шатыната жар тасты. Өтеген сонда баптана, Қаруланып қаттана,

Page 263: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

263

Тұлыптан түгі шықты да, Тұлпарының қос көзін Бір қолымен жапты да, Шамырқанып, шамданып, Соғысуға қамданып, Қос тізгінін жай тартты. Айдаһарға шүйіліп – Сөйтті дағы тіл қатты: «– Əй, керемет мақұлық, Жатып ап зəр шақырып, Отты аузыңды ашасың, Айбатыңды шашасың, Бүйтіп неге тасасың? Шаша берсең зəрінді, Жылқымыз безіп қашатын?!

Қимылдасаң қылт етіп, Қалтырап дала босатын, Жолды байлап өткізбей, Жігіттерді кеткізбей, Тоғыз жолдың торабын, Неге бүйтіп, тосасың?

Мен бір батыр Өтеген, Жетісуда жұртым бар, Шалқардай шалқып қайнаған Қуатты менің халқым бар. Ұзақ жолға жорытқан. Сапар шеккен қалпым бар.

Мені ыстық күн жандырған, Мұздақ жаңбыр тоңдырған, Шөліркетіп шөл дала, Еліркеткен ен дала.

Page 264: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

264

Жол қатам деп қақтығып, Ауызым дəм татпаған.

Бір жыл емес көп болды, Мен шыққалы елімнен. Қиялай жортып асқанмын, Талай таулы жеріңнен! Көзімше менің күнің жоқ, Қызара барып шықпаған, Көзімше менің күнің жоқ Өртене барып батпаған.

Қыспағы жоқ, көңілді, Жайдары, жайлы өмірді, Іздегелі көп болды. Қондыру үшін ен жарып, Бақыт келіп, бақ дарып, Тұратұғын оңдалып, Халқымды, қазақ елімді. Қарасам сондай іреңің, Сенің де мендей жүрегің, Іздегендей тыныш жер. Жүрер шағым жетіп тұр, Ойымда өмір бекіп тұр. Халқым асу күтіп тұр, Бөгеме, өткіз, жолды бер!..»

Ирелеңдеп айдаһар, Құбылған түгін оңдады. Көзін ашып, құлағын, Тіге сөзді тыңдады. Өтегеннің жалынды, Батырлық сөзін орынды Тыңдады да, қолдады. Денесін ішке жиырып,

Page 265: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

265

Дегендей «мақұл» иіліп, Өтегенге жол беріп, Сапарын қолдап, жолдады.

Күн сəулесі құлпырды, Жігіттер жолға ұмтылды, Жортуылға түскен соң, Қорқыныш, түнек ұмытылды.Жүрмесе де ақырын, Шыққасын алты-ақ шақырымТоқтады тағы топтанып, Айдаһар шықты оқталып.Өтеген енді мұнысын, Көрсйін деп ұрысын, Қарсы жүрді тағы даҚарыс жауып қабағын, Суырып қыннан қылышын.Айдаһар жатып ышқынды, Түндыра құлақ ысқырды, Құйрығымсн жерді ұрып, Жер сілкінте күш қылды.Айдаһар енді шамданып, Көбік шашып шорланып, Тауға қарай талпынды, Ишарамен білдіріп, Өтегенді шақырды.

Жүз құбылып толғаныпМұнарланған тауына, Шұбар жылан жауына, Өтеген де жөнелді, Айқаспақ боп қомдана.Олардың сол кез алдынанӨрмелеген тауынан, Екі тасқын күркілдей,

Page 266: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

266

Тауды орай аққаныӨрден тасып бүлкілдей, Толқыны тулап, тасқа ұрып, Ақ көбігі күркілдей, Көктегі қосақ кемпірдейАқты таудың жарынанТаудағы сайдың төрінен, У шашқандай зəрінен, Тұра қалды ысылдапҚарап таудың қуысын, Айдаһарға беттеді.

«Шық, тезірек шық!» деді, Жарқылдатып қылышын. Жер астынан ышқынып, Айдаһар қатты ысқырып, Шық дегендей майданға, Тұрғандай-ақ жалмауға, Шығарды даусын күштірек. Өтеген тұрды долданып, Салқын қанмен шамданып – Айдаһар шықты бір кезде Үсті қанға боялып. Екеуі қарсы кездесті, Шамданысып, шендесті, Дауысымен Айдаһар, Ақырған шақта, тіл қатып, Өтеген былай тілдесті:«Ей: абжылан, тауып су, Денеңдегі қанды жу, Сүйт те ініңе қайта кір, Қарсыласқан жауды қу. Майдандассаң мен əзір, Соғыссаң қазір белді бу!» Айдаһар кірді ініне,

Page 267: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

267

Қара жердің түбіне, Тау жырадан ащы айқай, Шықты, бақсаң үніне. Сол кезде іннен қан зулап, Өзендей ақты төгіле.

Іннен қан мен су шықты, Бумен бірге шу шықты. Бірін-бірі шағысып, Біріне-бірі тұншықты. Іліп зəрлі тырнаққа, Бірін-бірі улап та, Жанталасып алысты. Жас жылан болмай қарысты, Айбат шегіп шабысты, Жасының ойы сондағы:Керісін қуып у шашқан, Інін тартып алмаққа.

Кəрісін шақ дəрменде, Нəр қалмады əлден де. Өтегенге ол қарады, Кел дегендей жəрдемге... Көздеп тұрып Өтеген, Көзіменен жетеген, Жас жыланға оқ атты, Атқан оғын жасының, Маңдайынан қадатты. Оғы мұрттай ұшырып, Жас жыланды құлатты. Мергендігі батырдың, Жігіттерді таңғалтты.

Қарт айдаһар қуанып, Тасқын суға жуынып,

Page 268: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

268

Үстегі қанын тазартып, Түлете түгін жайнатты. Қонақтарын күтуге, Құрмет етпей қалмапты. Бəрін жинап, жар тасқа, Сый көрсетіп сырласқа, Өтегенге, бишара – Көрсетіп сыйлық ишара, Асқан батыр екен деп, Күшіне оның таңғапты. Онан да асып Өтеген, Таудан, тастан, төбеден, Іркілмей жортып отарып, Жетті қалың орманға.

Деген кезде күн батты, Есін жиып абжылан, Ізінше тауға қайтадан, Жылмаң қағып жорғалап, Жігіттерге қарауға Қорқып, бұғып, қорғалап, Мекеніне жол тартты.

Орманда, жерде күз күні, Жерде шық бар, сыз күні.Қарағайдың түбінде, Тұрған жақсы ақ үйді, Келе жатып шалады, Өтегеннің көздері. Атыменен Өтеген, Жетіп келді үйге нақ.

Жеткенде үйден үн шықты, Күркіреген күндей-ақ: «Өтеген деген сенбісің,

Page 269: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

269

Қамалды бұзған ермісің?! Мың күн жортып жол-жолай, Тауда безген құлжадай, Жиһанды кезіп жүрмісің?! Неге тыныш таппайсың. Үйіңе неге қайтпайсың? Шарламаған жерің жоқ, Судан өзге құрлықты, Жол ғып жортып таптайсың.

Мықты болса білегің, Түкті болса жүрегің, Атыңнан түс те, үйге кір. Қарағайдың түбіне, Жігіттерің тоқтасын!» Аттан түсіп батырың, Үйге кірді ақырын.

Кіріп ед үйге жайменен. Қарсы алып Ғайып-ерен14 Деген кəрі көрінді, Аппақ қудай сақалды, Жарқыратып ақ басын, Үйдің жары жақпардай, Қырау шалған ақ қардай, Сəлем беріп Өтеген, Жөн сұрауға төтеден Сөйледі, тіл қатқандай: «Ақ сақалды, ақ шашты, Қария, ата, көп жасты.Жортар жолым мың тарау, Шаршадым рас, өң қашты.

14 Ғайып-ерен – Ислам діні бойынша көрінбей жүріп қолдайтып əулие, күш мағынасында.

Page 270: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

270

Маған қажет ел табу, Кері қайту, үй табу, Жүретін жолым тұйықтау, Қиынырақ жол табу. Жиһанда жол көп, я өлу Керек я маған жер табу.

Жетісу, елім, аймағым, Қыстауым да жайлауым, Соған алып баратқан, Бар жаңалық хабарым. Елім жаңа қонысқа, Қонса ұшырап ырысқа. Күткен өмір жайнауын. Құмырсқа да илеуін. Шегіртке де жырасын, Іздемей ме жайлы орын, Бозторғай да ұясын. Əркім жайды көздеген. Балық та су іздеген, Халқым үшін мен қалай, Сұлу жерді іздемен?!

Көрдім, талай көремін, Жиһан кезіп келемін. Халқым үшін бас қиып, Не болса да көнемін!»

Деді оған Ғайып-ерен: «Жолың болсын Өтеген! Сен мұзбалақ қырансың Түйілетін төтеден, Алтайы жүйрік маралдай, Қашсаң құтылып, қуғанға Қас қаққанша жетеген.

Page 271: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

271

Алдында сенің майдан бар, Оған айтар, айлам бар; Түнде барма үйіңе, Күндіз барсаң жайдан бар. Жұмыста да соғыста, Ақылыңды ашу қыспасын, Ашушаң болсаң, сол қолын, Оң қолыңды ұстасын!»

Өтеген иіліп, бүгіле, Ұсап туған ұлына, Рақмет айтып кəріге, Аттанды жортып жолына. Тағы да жазық, тау, дала, Жақпарланып, жалдана, Мұнарланып көрінді, Шапқан жолы шаңдана. Жылаған даусы естілді, Желінен жазық даланың, Секілді емес ол дауыс, Яки, аңның, адамның. Бұл дауысты Өтеген, Жігіттерге айтты да, «Білейін» – деп жөнелді, Құйындатып шапты да: «Жау болса, табанда өлтірем, Дос болса, бірге келтірем; Айғайға қарсы шаппасам, Батыр боп не бітірем?» Оқтап мылтық, қылышты, Білуге шыққан дыбысты, Барса Өтеген айдаһар, Талықсыған тынысты. Айдаһардың жүрегін, Шаққан екен абжылан.

Page 272: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

272

Шашқан екен у-зəрін, Сусылдаған абжылан.

Шаққан зəрі жүрекке, Дарыса дем алмас ед, Ол айдаһар ол кезде, Жерде тірі қалмас ед. Өтеген сондай ойлап кеп: «Тимесе егер атқан оқ, Абжылан оқтай зымырап, Секіреді-ау, маған деп;Оқ тиіп егер абжылан, Сеспей қатса қылжия, Болар еді-ау, деді шын, Айдаһар маған риза».

Алып келіп жіберді, Тек күрс етті оқ күшті.Быт-шыт боп басы абжылан, Өрем қауып оққа ұшты.Сонан кейін Өтеген, Жігіттерге оралды.– Не болды? – деп, анталап, Жаудырды олар сұрауды.«Түнде текке кетем бе, Абжыланға оқталдым, Сеспей қатты абжылан, Айдаһарды құтқардым.

Ал, ұйықтаңдар, жыланнан Пəле келсе көрермін. Айдаһардың, тірі аңның, Сазасын өзім берермін! Айдаһар исін сезсеңдер, Ойланбаңыз қорқуға.

Page 273: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

273

Ол келсе тек келеді, Бізге сыйлық тартуға. Енді бізге қауіпті, Жыландар да жолықпайд, Аң да аңғарған шығар-ау, Аңнан жүрек қорықпайд, Ағашты қойып еселей, Ұйықтап жатқан кісідей, Етіп, басына ер жастап, Үстіне шапан жабамыз. Кісі екен деп аң келсе, Бағып түрып аламыз». Сүйтті соған тоқтады, Жел де самал соқпады. Бағып қана күткендей, Түн бойы от жақпады. Түннің толған ортасы ед Шөпті де сыбырлатпады, Сусып жылан жорғалап, Көк жұлдызсыз қорғалап, Айды бұлт қаптады.

Ысылдаған айдаһар, Көрінді жалын атқаны. Ажал оғы келе ме, Деп біреуі біріне – Жігіттер тағат таппады. Тал бойы талдай бұралып, Өтеген тұрды сұрланып. Қорықпады – басынан, Талай майданды ақтаған. Құс оянып таң алды, Шырылдап, шырлап əн салды.

Page 274: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

274

Ұйықтаған боп қатты ағаш, – Киіммен жауып тастаған, Кісі орнына жатты ағаш. Айдаһарға басына, Жігіттер жетті қасына, Айдаһардың үстіне, Қараса басын ішіне, Жиырып алып, шықпаған, Жыланның басы талпынған, Қапталған толып алтыннан. Адам ойлап таппаған, Сары құмандай алтынды, Өтеген алып жалқынды, Деді Өтеген: «бұл екен, Айдаһардың сыйы екен, Беруге бізге сақтаған, Ізгілік, достық істесек, Алтын, күміс береді.

Егер қастық істесек, Зұлымдық уын төгеді. Ізгі болсақ, біз егер, Əділдіктің жолында, – Еш уақытта болмаймыз, Зұлымдықтың торында. Халық үшін қасық қанымыз, Аяусыз болсын жанымыз.

Болысалық əрдайым, Жетім-жесір момынға. Еңбек еткен емеді, Еңбексіз жан өледі. Жалқау болсаң жабылып, Жұрт өзіңе күледі».

Page 275: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

275

Өтеген батыр атақты, Нөкерге осы сөзді айтты.

Сүйтті де таудан, тастардан Асып асу асқардан, Кент аралға жол тартты. Кент арал деген бос арал, Болып шықты тас арал, Құмды, сулы аралдан, Сусыз, шөлді даладан Жігіттерін ертіп, Өтеген кетті жорытып, Аш бөрідей жаланған.

Түзеп алып жорықты, Бір кең ашық алаңда, Қарағайлы, қайыңды, Қара орманға жолықты. Қабағын жапқан қара орман, Келе жатқан бұрыннан, Ертегі əнін соғыпты. Қызыл іңір түнеріп, Шық түсіп жер мұнартып, Өтеген батыр нөкері, Сол орманға қоныпты.

Қара орман қалғып жайнады, От жағылып парлады. Қара қазан асылып, Оттан жалын шашылып, Ішінде қойдың сорпасы, Бұрқ-бұрқ етіп қайнады.

Қараңғы түнде қылмиып, Жағылған отқа жылмиып,

Page 276: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

276

Келеді екі сұлу қыз, Шолпандай туған таңдағы. Беті қызыл алмадай, Қара шашы құндыздай, Көздері жанған жұлдыздай. Киімінен құлпырған, Інжу-маржан ойнады. Өздері аппақ қудай-ақ, Күлкісі сылдыр судай-ақ.

Сүйдіргендей əдеппен, Əзілдеп, күліп ойнады. От басында отырды, Жұртқа көзін салмады. Қадала қарап жігіттер, Сұлудан көзін алмады. Қош келдіңіз дегендей, «Асқа өрлеңіз» дегендей. Иба қып батыр қарады, «Палауыңыз майлы» – деп, Сыйлығына сұлулар, Отырмады, бармады. Еттің майын ағызып, Жігіттер құмар қанғызып, Ет жескенде, сұлулар, Сыңқылдап, күліп, мазақтап, Көз астымен барлады. Бір жігіттер көрікті, Кеміргенде сүйекті, Сұлулар, тағы күлісіп, Əзіл сөзбен тиісіп:– «Тірі сүйек тырбиған, Өлген малдың сүйегін, О несі екен, сындырған?» – Деп сөзбенен қармады.

Page 277: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

277

Сылқ-сылқ етіп, күліп боп, Сұлулар кетті ғайып боп.

Қимылымен сұқтана, Таңғалдырған тек қана, Жігіттердің есінде, Көрген түстей қалғаны. Қас қарайып, түн тынып, Шөп қимылсыз, жел тынып, Өтеген ойлап: «ол мұндарМанағы келген сұлулар, Сиқыр екен деді шын.

Ол жезтырнақ болғаны, Сұлу боп түнде жүргені, Сиқырлана келгені, Жанды бүред болаттай, Тырнағымен бүргені. Біз сөйлесіп тұрғанда, Көздері жанды жарқырап, Олар – нағыз жезтырнақ. Келгені бізді шолғаны, Жылмаңдаған жезтырнақ. Жауызырақ аңдардан, Түсіре алмас біздерді, Сұмдығын оның аңғарғам. Ағашты қойып еселей, Ұйықтап жатқан кісідей, Етіп басына ер жастап, Үстіне шапан жабамыз, Кісі екен деп ол келер, Бағып сонда алармыз», – Деп жасырынып кетісті, Əр бұтақтан сығалап, Жезтырнақты күтісті.

Page 278: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

278

Түн түнеріп томсарып, Түннен түнек төгілді, Жүгіргендей сұр қасқыр Көзге елестеп көрінді.

Жұлдыз да жоқ, ай күңгірт, Қара бұлтқа көмілді. Өтеген күшті түрінде, Қарағайдың түбінде, Мылтығын оқтап кезеніп, Күш құрыстап керілді. Əлденелер қараңдап, Қараңғы түнде жарқырап, Шөптің басы қалтырап, Көрінді бір зат қылт етті. Сол арада тарс етті, Өтегеннің мылтығы.

Мұрттай ұшып жезтырнақ, Ажалы жетіп бұрқырап, Қаны судай төгілді. Таңертеңгі самалмен, Таң құстары сайрады. Жастанған ер де, шапан да, Қарайып жерде қалмады. Үйге ағаш қатарда, Жамылдырған шапан да, Жезтырнақпен быт-шыт боп, Қалды тек жер шаңдағы. Онан да асып құтылды, Жігіттер де жұтынды.

Жорыққа тағы аттанды, Жезтырнақ та ұмтылды, Өзен, дала, таулар да,

Page 279: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

279

Орман-тоғай, баулар да, Көрінді көзге бұлдырап, Артта қалған сықылды. Желеңдеп тек жел ойнап, Дөңгеленіп көк ойнап, Көбікті теңіз толқыны, Жарына соғып бұлқынды.

Қырық күн жел желеңдеп, Бұлқынып толқын елеңдеп, Жатқан қарап теңізге, Тіл қатпастан Өтеген, Үдете берді жортуды. Теңіз тұманданғанда, Көрініп таудай құмдар да, Аспан жерге түскендей, Күн өртеніп жанғанда.

Тұңғиық құм шөліркеп, Жапанда жұрт талғанда, Көз ұшында нардай боп, Күнге күйген жардай боп, Көрінді көзге бір шаһар, Өлуге енді қалғанда.

Онда, сусып құм көшіп, Тек қана ыстық жел есіп, Өлген түйе сүйегі, Қадам бассаң кездесіп, Көрінед көзің салғанда.Құдық пен құдық арасы, Айшылық десем жалған ба.

Жету үшін құдыққа, Үйреткен жаңа құрыққа,

Page 280: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

280

Он жорғаны ұтылап, Мінсең-дағы жетпейсің, Айырылып естен танғанда.Айшылық жүрсең ол жерден, Кездеспейді жалғыз көл, Шөл далада қалғанда.

Өтеген батыр жорытып, Ортекедей орғытып, Қырық күншілік жол жүрді, Көрмегенді ол көрді, Жапан түзде жалғанда.

Құмайтты, құмды, құмықты,Торлаған қара бұлтты, Асу аспан шыңдарды, Шулаған қара орманды, Көрді Өтеген сарбазы.

Таудан, тастан таймады, Шыңнан шыққан шынардай, Қоршап алдын тұрғанда, Өтеген батыр түн қатып, Қырық күншілік жол қатып, Көктей өтіп орманды, Тауды, тасты жарғанда.

Ақыры, жаздың көктемі, Қара орманның көктеуі, Түлеп тоғай, шалқар көл, Сезілді жаздың жеткені.Бұлақ ағып таулардан, Гүлдер жарып баулардан, Тұрған шақта Өтеген, Жолды тауып төтеден,

Page 281: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

281

Жиделібайсын еліне, Көрінді көзге өткені...– Өтеген сенің іздеуің...Жер-жиһанды кезгенің.Іздегенде осындайЖер еді ғой көздеуің.

Жер жаннаты кез болды.Көре ме сенің көздерің?Қарашы, қызыл арайға, Көресің бе, ұнай ма, Дақсыз ашық аспанда, Балықша бұлттың жүзгенін?Көрдің бе таң шапағын, Жердегі гүлдің тізбегін.Малынған бау-бақшада, Жемістің жер сүзгенін.Ауызға түскен жалғанда, Жемісі тəтті балдан да, Жерді жыртып егілген, Дəмі тəтті дəннен де.Ақ мақтасы – күмістей, Жері кілем – пүліштей.Өтеген! Анық көрдің бе, Мұнан басқа тағы да, Бар ма артық іздерің?Ту тушадай қояны, Қырандай ірі торғайы, Көресің бе əнеки, Жайбарақат малдары, Жайлауда жусап жандарыРақаттанып жүргенін.

Ешкілері жылқыдай, Ылағы бағлан тоқтыдай,

Page 282: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

282

Ертегі болған домбай да, Осы жерді сүйіп ыңғайға, Қоныстауға меңзеген.Меруерттей суында, Қаз бен қу жоқ жүзбеген.Туған шақта жаздары, Қоңыр ала қаздары, Көздеген жерден кез келген...Қазақ халқы белгілі, Осы жерден бақыт ілгелі, Тұрғандай-ақ сездірген:«Осы жерде Өтеген, Деміңді ал, көзің сал, Кезе бермей қияны, Осы жерде деміңді ал!»Арпалысқан атынанӨтеген түсіп ерім тал, Жанаттанып құлпыра, Шөбін иіскеп қарады, Жайлы ма деп жылқыға.Жылқыға жайлы емес деп, Қайтып келді жұлқына.Жылқыға шөбі жақпаса, Жылқыға жайлым таппаса, Шоғы сөнген отындай, Келмейді деп қалпына.Отыра қалып сол жерде, Қоныс таппай бұл елден, Өтеген батыр жылады, Балапандай талпына.

Ойын күңгірт басқандай, Тілегі оның ұшқандай, Алтын ойын мыс қылып, Салы суға кеткендей,

Page 283: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

283

Астында тұлпар аты өліпАқырғы демі біткендей, Састы батыр сарқыла... –

Əй, Өтеген, Өтеген!Ер едің сен ертеден.Жетісудан – даладан, Алатаудан, қиядан, Жамбыл жаңа хабардыЖеткізеді жанарлы, Шар тарапқа шарқ ұра, Қалпыңды бұзып жыланған, Қайта тұрсаң молаңнан, Молаңнан шығып, оянған, Жетісуға, қарасаң, –Көрер едің көз салсаңБақытынан нұр жауған.Көрер едің бақытты, Қазақстан халқынан.

Бастап Тянь-Шань тауынан, Алатаудың бауырынан, Оралға дейін созылып, Шалқып жатқан аулынан.Көрер едің ел болып, Бағыңның нұрын артылған, Қазақстан аймағы, Туын тігіп жайнады, Қазақ халқы құлпырыпБұлбұл болып сайрады.

Page 284: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

284

НЎРПЕЙІС БАЙЄАНИН(1860–1945)

НАРҚЫЗ

Өткеннен жыр бастайын, Кіші жүз – Əлім Алшыннан.Бұрынғы өткен бұл сөздіТыңда халқым, қартыңнан.Сейіт қызы АйшадайАйдай сұлу жарқыннан, Кедей қызы болса да, Нұрлы өнердің күшіменƏр нəрсеге талпынған.

Өлең айтып, əн созғанДомбыра тартса, топта озған, Өлең-жырды ағытыпШаршы топта жақ тозған, Ару еді нұр шалқып, Балуан еді даңқы артықЖауырын жерге тимеген, Талай мықты балуанды, Тұмақ құрлы көрмеген.Жығылуды білмеген.

Бəйгесіне ат алған, Алғыс алған, бата алған.Айша сұлу жасынанБалуандығы асқан соң, «Нарқыз» болып атанған.Ажарына көз салсаң, Нұрланған ай сияқты.Мінезінен сынасаң –

(1860 1945)

Page 285: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

285

Көрген адам ұнатты.Жəне жүйрік жауапқа, Құрбы көңлін құлатты.

Балтыр еті – бесіктейОмырауы – есіктей.Жауырыны – қақпақтай.Желкесіне орағанБұрымы бар тоқпақтай.

Келбетіне қарасаң, Ерден озат көрінген.Кербездігін айтайын:Басуға аяқ ерінген.Жиынды жерде жырласа, Əсем сұлу əніненТау бұлағы төгілген.Өнер, келбет, балуандықБір өзіне берілген.Айналаға сүйікті, Салтанатпен жүріпті.Домбырасы қолында, Сөзін елге тыңдатқан, Ақылы артық білікті.

Сол заманда сол жақтаЕл билепті Мəмбет хан.Қарауындағы халыққаКөрсетпепті атар таң.Хан ағасы таз екен, Ақылы да аз екен.Інісі хан болғанғаҚарап жүріп мəз екен...Əмірі зор Мəмбет хан«Қыз берсін, – деп, – ағама!»

Page 286: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

286

Сейітке күш сөз айтқан.Хан айтқан соң амал жоқ, Көнбейтұғын заман жоқ:«Хан сөзінен шығатын, –Депті Сейіт, – шамам жоқ!»Келген елші кісіденОсыны естіп, аһ ұрып, Нарқыз тынған ішінен...Нарқыз сонда қорланды:«Мен екем ғой бағам жоқ!

Əке тілін алмаймын, Тазға болып тəуелдіТіршілікте бармаймын!Өлең айтып зарлаймын, Домбырамды өңгеріп, Дүниені шарлаймын.Құрым іліп жүрсе де, Осы жатқан халықтанӨз теңімді таңдаймын...Ол сертімнен танбаймын!»

Осыны айтып, бота көзАқбоз атқа мінеді.Ер қасына шашақтыДомбырасын іледі.Қайда сауық, жиын тойОртасында жүреді.Қыз күйігін зарлағанЕлі-жұрты біледі.Жаны ашырлар, жақындар«Қайран боздақ – бота көз!»Деп ішінен күйеді.

Көшіп, қонып жүретінХанның байтақ мекені.

Page 287: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

287

Нөкерлері қасында, Салтанатпен Мəмбет ханКөш алдында кетеді.Түлкі тұмақ басында, Ақбоз аты астында, Күміс сапты қамшыныМықынына таянып, Мəмбет ханның алдынанБіреу кесіп өтеді.

Оны көрген Мəмбет ханАшуланып сөйледі:– Мен Мəмбет хан болғалы, Хандық бақыт қонғалыАбыройымды жан төкпеген.Қадірлі едім көпке мен.Халық билеп, хан болып, Қолым неге жетпеген!Бұрын-соңды алдымнанЕшкім кесе өтпеген.Қасымдағы нөкерденБір бесеуің барыңдар.Хан алдынан кесе өткенЖігітті ұстап алыңдар, Басына қайғы салыңдар.Ханың қорлық көргендеАянар не шағың бар?

Білдіңдер ме, халайық, Ақын сырын ашады.Жігіт емес, ол біреуХанның қуған жасағы, Өзімізге белгіліНарқыз еді қашанғы.Астындағы атына

Page 288: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

288

Нарқыз қамшы басады, Бес жігіттен қашады, Бір белестен асады.

Қырдың асты шабынды, Көрінбейтін таса еді.Аттан түсе қалады, Тартпа менен айылынҚатты тартып алады.Қашатұғын бұл емесБес жігіттен жаңағы.Найза, қылыш қолында, Бес жігіт те ағады, Келе найза салады.

Мақталы екі шапаннанҚарулары өтпеді.Маңайына келе алмай, Кейбіреуі шеттеді.Кейі қайрат қылса да, Нарқыз елең етпеді.

Нарқыз қайрат бастады, Бес жігіттен саспады.Бойын ашу басқаны, Ақбоз атпен ұмтылыпБес жігітті атынанЖұлып-жұлып тастады.

Бес жігіт күні тарылды, Қол қусырып бағынды.«Өзің біл, – деп, – ағатай!»Ер Нарқызға жалынды.Қаһарман қыз сөйледі, – Бері қараңдар, ей! – деді.

Page 289: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

289

Бəріңде де ақыл бар, «Қой қорықса, ешкіні«Апа» дейтін нақыл бар.Қызды ағалап жалынғанЫлғи, – дейді, – «батырлар»!Білемісің, жігіттер, Адасып айтқан сөзіңді?Адыраңдап келдіңдер, Аңғармай-ақ өзімді.«Ағатай» деп айтпасаң, Ояр едім көзіңді.

Не десем де бағындың, Бағынып, маған жағындың.«Апатай» деп айта алмай, «Ағатай» деп жалындың.Байқадыңдар затымды, Білмедіңдер атымды.Хандарыңа айтыңдарКөрдік деп бір ақынды, Ақын емес, батырды...Оған қалай теңейді, Сонау тазша қатынды?!Əуре болмай қайтыңдар, Мініңдер де атыңды!

– «Мінген аты жараған, Қаса арғымақ шын жүйрік, Сағағынан үзіліп, Басы көкке қараған.Бізді көріп ырғытты, Құс дер еді оны адам.Шапқан сайын үдеді, Күдірден күдір асқанда, Біздің мінген тұғырлар

Page 290: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

290

Болдырып жолда жүрмеді.Ілесіп көрдік қарасын, Кім екенін біле алмай, Болжай алмай шамасын.Əрлі-берлі шапқан соң, Көрсетпей кетті қарасын.

Жүйрікке не амал қыласың?Əдейі өткен кісі екен, Атының біліп шамасын.Осыған ханым нанасың!»Деді осылай бес жігіт, Ханның келіп алдына.Нанды Мəмбет, жігіттіңСөзіне құлақ салды да.«Нөкерлерім, сырласым, Таң қаламын, ғажап жанОл не қылған өктем» деп, «Алдиярым айтпай алдымнан, Жолымнан өтіп кеткен» деп.«Хан əмірі өктем» деп, «Талай сондай қашқынғаƏмірім менің жеткен» деп, Ашуланды Мəмбет ханАқбоз атты жолшығаКіжінді «адам неткен?!» деп.Бұйрық берді хан сонда:«Көк аттыны бағыңдар, Көк ат мінген адамды, Жібермей ұстап алыңдар.Көк аттыдан қорланып, Қапа болған шағым бар.Қайрылмай кеткен адамғаӨткізетін зəрім бар.

Page 291: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

291

Бүгін қашып кеткенмен, Ертең алар арьш бар!..»

Мəмбет жарлық салады, Жасауылдар жарлығынДереу қабыл алады.Жолаушы мен жортушыЖүрер жолдың торабынЖасауылдар бағады.Көк аттылар кездессе, Ханға айдап барады.Тергеп жауап алады.Жауап берген көктігеЫлғи дүре соғады.Бейнет шегіп талайыЖылап кетіп барады.Жасауылдар жалаңдап, Қарауыл тағы қарады.Көк ат мініп жүруденЕнді халық қалады.Осы хабар халыққаҚұйынша тез тарады.Осыны естіп ер НарқызОйға салып қарады:«Мəмбет ханды көрсем» деп, «Ерлігімді көрсетіп, Қорықпай жауап берсем» деп.«Сырымды алар сол төре, Көрінбей қашып жүрсем» деп.«Қабырғама ақыл салайын, Ойлайын ойдың талайын, Ел жиналған ас болса, Ақбоз ат мінген қалыппен, Саспай ханға барайын.

Page 292: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

292

Көкірегі қара хан, Алдынан ел тараған.Көп ішінде бармасам, Хан жолдасы – көп адам, Жалғыз барсам қапыдаҰстап алар аламан.

Жиында барсам, егер деАйтармын көпке сөзімді.Жиылған жиын көп халықҚорлыққа бермес өзімді.Көп ішінде сөйлеймінАйтайын деген сөзімді.Сонда халық көзіменКөрсін менің күшімді, Білсін менің ісімді!

Жалғыздық түсіп қазір менҚайырсыз ханнан ығысып, Көріп жүрмін қысымды.ұлы жиын той, астаКүреске түссем белсеніп, Жиылған көрер сұсымды».Осыны Нарқыз ойлайды.Көңілінде жігер, қайратыАсқан сайын Нарқыз даБұл талабын қоймайды.Жақын күнде жиын, асТап бұл жылы болмайды.Малы семіз, халық шат, Аман шығып сол қыстан, Келесі жаз болғандаКөп дəулетке көңіл мас.Күзінде өлген Жарлығас, Осы байдың асына

Page 293: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

293

Сауын айтып халыққаБермек болды сыйын-ас.Ас бермек елге санат-ты, Əркімдер атын жаратты.

Астың күні жеткенде, Бəйбішелер байсалдыБай асына саба артты.Алшын, Жаппас, көп ШектіОн екі ата БайұлыЖолдың шаңын боратты.

Ел билеген би, болысАс беретін мырзағаАта жолы осы депШəйіге жамбы орапты.Орнаған дəулет шағымдаҚызметімді көрсін деп, Жағалбайлы, ЖетіруАт шаптырған еліне.

Келсін деп оған тағы даТама менен Табынға, Рамазан, Төлеуге, Кердері мен Керейтке, Ат жетер жердің шегіне, Он алты болыс елінеАян болған ас екен.Көлдей қымыз шалқыған, Ішкен адам мас екен.

Жүйріктерді санаса, Бес жүз сексен ат екен.Балуан келді одан көп, Асқа тіккен бəйгесін

Page 294: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

294

Сонда жығып алам деп.Ат пен түйе бəйгегеКүшімді бір салам деп...

Келді балуан əр жерден, Айтса мақтау сиярлықСандақтары əр елден.Осы ас көпке даң болды, Асқа сойған көп малданАққан өзен қан болды.Бұрын-соңды көрмегенТалай адам көрісті, Есен, сəлем берісті.Ас қызығы ұласты, Арада неше күн асты.Ат жаратып келгендер«Ат шаптыр» деп шуласты.Ат айдайтын көмбеніБəлен жерден шапсын депАс басқарған мырзаныңАйтқан сөзін жөн көрді...

Салтанатты жүргені, Астына ақбоз мінгені;Неше тұрлі асыл затМақпал, жібек кигені;Ер мүсінді, сүйкімді, Жүргені жұрт түйдегі;Құрбысынан мінезі өр, Үсті-басы сары ала, Балағында алтын зер.Дөңгелек жүз, көрікті, Шашын түйіп төбегеБаса киген бөрікті;Түрме белбеу белінде,

Page 295: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

295

Кім екенін білдірмейНарқыз асқа келіпті.

Ас үйлерін тіккен жерҰлы Жемнің саласы, Қалың жыңғыл ағашы.Айғараның ақшаты, Саралжынның сағасы.Асқа келген көп адам, Жөңкіле қырға шығады.Өтетілеу бір жарлыТүйе мініп астына, Қорағашқа ту байлап, Туды ұстап тұрады.

Кептен шығып бес кісіАт айдады бəйгеге.Жемнің бойы шаң болып, Түсіп жатыр əуреге.Биік дөңнің басындаЕл жиылып болған соң, Бəтуаға келісті:«Ат айдаушы жігіттер!Ұрлап шабу болмасын!Буаз төбе шеніненБалаларды бағыңдар.Балаларды асырып, Бері өздерің қалыңдар.Аттар қайтқан кезіндеСендер дереу шабыңдар.Бұғып келіп қоспасынСоған көзді салыңдар!»

Сілтеу берген жеріненТізе қосып көп бала,

Page 296: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

296

Жүйріктермен жөнелді.Ат шапқан жер шамасыЕкі көштей жер еді.Жүйрік сіңір созады, Тұяқтан жер тозады.Айқай, ұран шыққандаКей жүйріктер озады.Жемнің бойы айқай-шу, Шүбатылды тозаңы.Сол бəйгені көргенде, Жүрек тулап кеудеңдеДелебеңіз қозады!..

Ат бəйгесін көрді көз, Күрес бастар келді кез.Жарқын-жарқын естілді– Балуан шықсын! – деген сөз.

Жұрт отырды айналып, Орталарын кең салып.Балуандарын əркімдерКүресуге келді алып.Қызығын көзбен көруге, Анталап тұр ел-халық.

Талай топта күрескенШықты сонда балуан қыз.Сипатына көзің сал, Енді қапы қалмаңыз:Көзі гауһар көз талған, Бойы шынар ырғалған.Мүсініне қарасаңШығар едің құмардан!Қымқап шапан киінген, Мақпал шалбар зер салған.

Page 297: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

297

Түрме белбеу белінде.Алып-ұшып жүрегі, Топта қызып сүйегі, «Келіңдер, – деп, – балуандар!»Нарқыз қарап күледі.Бұрын-соңды болған жоқБұл Нарқыздың теңдесі.Балуандардың көргенде, Түсер еді еңсесі.

Балуан Нарқыз шыққан соңБалуандар тұр кідіріп, Күрескенше Нарқыз тұрДаярланып, түйіліп.Кейде бір сөз айтадыЖұрт алдында иіліп:– Атым əйел болса да, Нарқыз болып туғанмын.Мақтануға сыйғанмын.Талай-талай балуандыЖерге бұлғап ұрғанмын.Қарсыма ешкім келмеген, Мерекелі жиындаЖанға бəйге бермегем.Топта шығар айбатым, Халыққа аян қайратым.Бұл жиында бар ма екен, Менің қатар тайласым?Қатар балуан бар болсаң, Шықшы, бері, қайдасың?!

Мəмбет хан да ақырды, Балуандарын шақырды.Топта озат бəйге алғанШақырып алды қасына

Page 298: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

298

«Алып балуан» батырды.Намысты алып берсін деп, Шақырып алған төменнен, Алып балуан ер едіШашылған даңқы ежелден.Ат, түйені шығарғанТүскен құдық тереңнен.Атын естіп Нарқыздың, Күрессем деп сол қызбен, Асық болып кезенген.Келбеті мен ерлігіБұл балуанның кем емес!Тұла бойы тұп-тұтасКелбеті ірі жан екен, Бұған да ешкім тең емес.

Халық тұрды анталап:Шекпен киіп етіне, Шалбары бар кең балақ, Нарқызбенен күрескеКелді көзі қанталап.Қарсы келіп екеуіШап берісіп күресті, Ала алмады, тіресті.Бір-біріне алдырмай, Аяқтарын шалдырмай, Айламенен сіресті.

Бұ да мықты жан екен, Алдырмады, алыстыЖібермеуге намысты, Жығылмасқа қарысты.Сонда Нарқыз ағасыАңғарады НарқыздыңЖыртылғанын жағасы.

Page 299: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

299

Дем болсын деп НарқызғаСонда айтқанын қарашы:– Балуан Нарқыз сен, деді.Кенже ағаңмын мен, – деді.Сені Тəңір алды ма, Адыра күшің қалды ма, Əлі жүрген нең? – деді.Тілегіңді тілеп тұрБұқара халық, ел, – деді.Хан балуанын жық-тағы, Абырой алып бер! – деді.

«Ауп!» деп Нарқыз ақырды, Əйелде асқан батыл-ды.Бір үйіріп жіберді, Жерге аяғы тірелді.Қаңбаққа ұсап сол кездеХан балуаны талықсып, Қанды көбік қақырды.Бетіне оның су бүркіп, Зорға жанын шақырды.

Хан кəрленіп, шамданды, Енді Мəмбет арланды.«Тағы бірің шық!» – деді, Балуандары қамданды.Хан балуаны тағы даЖалпақ жауырын қара екен, Бұ да айтудай бар екен.Хан балуаны жығылсаҚарашыдан ар екен.Келбетіне қарасаң, Қайсар қара нар екен, Бүйірге қол таянып, Жан-жағына қаранып,

Page 300: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

300

Келді-дағы НарқыздыҰстай алды шап етіп.

Қалған емес бұл балуанЕш қорғалып аянып.Ұстаса жүріп НарқызғаХан балуаны сөйлейді;«Атандың Нарқыз сен, – дейді, Күреске келдім мен, – дейді.Еркектен қыздың жолы үлкен, Кезек бердім мен, – дейді.Жолыңды ала бер», – дейді.Нарқыз айтты балуанға:– Түріңізге қарасам, Жасың үлкен ағасың.Қыз да болсам, кішімін, Жолыңды, аға, аласың.Көлденеңнен көз салып, Халық бізге қарасын.Кім балуан да, кім осал, Байқасын жұрт шамасын!

Нарқыз кезек берген соң, Балуан ырғап карады:Қозғалмайды НарқыздыңБасқан жерден аяғы.Көтеріп толғап тағы даБайқады жігіт шаманы, Басқан жерден НарқыздыңЕш аумады табаны.Əдіспенен толғады, Қос аяқтап орады, Бəріне де болмады.Мықтымсынып келгенмен, Балуан тағы оңбады,

Page 301: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

301

Кезек берді НарқызғаЖыға алмасын көргенде ол.Балуан қыздың қайратынОсы болды көрген жер.Аузында елдің ұраны, Арыстандай сияғы.Соны көрген халайықҚайтер екен Нарқыз деп, Тамаша етіп тұрады.Айналдырып үйіріп, Хан балуанын бөріктейНарқыз тағы ұрады.Тілеп тұрған халықтыңКөріп, көңілі тынады.Ел бастығы МəмбеттіңМықтап сағы сынады.Сағы сынбай неғылсын, Сеніп тұрған қос балуанЕкеуі де құлады!

– Күшің тасып қайнасын, Бұл бір қиын іс болды, Балуан Бегім, қайдасың?Арыстан деп атандың, Ер сыналар жер келді.Тұла бойым шымырлап, Маңдайыма тер келді.Тайынбайтын едің ер, Арланатын келді жер!Кесілмесең қарыңнан, Хан-төренің намысын, Қарашыдан алып бер!

Бұл балуаны АрыстанТалай нармен алысқан.

Page 302: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

302

Күрең тартып тұр екен, Өле жаздап намыстан.Күресем деп Нарқызбен, Келген екен алыстан.

Көйлегін тастап, шалбаршаң, Етіне шекпен киінді, Ақ балтырын түрінді.Келбетіне қарасаң, Келісті туған ер екен.Балтырына қарасаң, Нар санымен тең екен.Жауырыны қақпақтай, Бұлшық еті тоқпақтайАйтулының бірі екен.Тұлғасы тым ірі екен!

Отырған Нарқыз балуанғаТалтаңдап басып барады.Қасына жақын келгенде, Жаннан қайтпас ер НарқызБелден ұстап алады.Балуан сынап сыртынан, Жиналған жұрт қарады.Екі балуан алысты, Қолдары да қарысты, Алдырмады аңдысып, Бірін-бірі бағысты.Екеуі де салып жүрƏдіс пенен амалын.

Бірін-бірі жұлқиды, Аудара алмай табанын.Мəмбет сонда ақырды:– Туған інім Арыстан!

Page 303: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

303

Əркім құмар өзіңеБалуан деген дабыстан.Мін емес пе өзіңе, Қызбен мұнша алысқан?Келтірдің кір сен маған.Нарқызбенен алысып, Əлі жүрсің оңбаған!

Атасы əйел шіркінненБолғаның ба сен жаман?Бүйтіп тірі жүргеншеТірі жрмей өл арам!»Сонда Арыстан шамданды.Күшін жиып қамданды.Дем алдырмай НарқыздыТүрлі əдіске салған-ды.

Ашуланып Нарқыз даТүйілген екен қабағы.Ақ бетінің қуарып, Кеткен екен ажары.Көп кісінің ішіненШыға келіп сөйледі, Кенже деген ағасы, Екеуі Сейіт баласы:Айналайын, Нарқызжан, Тынысың неден тарылған?

Екі талай жер болса, Саған біз ек жалынған.Айырылдың ба барыңнан?Кесілдің бе қарыңнан?Бауырым Нарқыз, қимылда, Жұртың отыр сарылған!Сонда Нарқыз бойына

Page 304: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

304

Қайрат мықтап келген-ді.Намыс түсіп ойына, Ашуланып тербенді.Жиындағы көп халықҚайратын қыздың көрді енді:Ырғап, толғап, көтеріп, Кеудеге қысып алады.Мəмбет ханға қарады:Қара Мəмбет, сен, деді, Нарқыз едім мен, деді.Қатыны өлген таз ағаңМеніменен тең бе еді?Туған інің – Арыстан Не қылғаным көр, деді.

Көрінсін бір шырайым, Тимейсің деп тазыңа, Қайырдың талай райым.Өзім Нарқыз болған соң, Қорлыққа неғып шыдайын?Қайратын көр НарқыздыңАрыстандай ініңді, Өз алдыңа ұрайын!»

Арыстанды бұрады, Өкпесінен сығады.Қысылғаннан балуанныңМұрнынан қан шығады.Дүрілдетіп үйіріп, Мəмбет ханның алдынаБұлғап-бұлғап ұрады.Ортан жілік шарт етіп, Ортасынан сынады.Кескен терек секілдіұзынынан сұлады.

Page 305: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

305

Сонда Мəмбет жылады:– Бақытым бастан өттің бе?Маған қайғы жеттің бе?Еркек емес, əйелденБірге туған бауырымАрманда боп кеттің бе?Арыстан балуан талады, Ақыл, естен танады.Төрелер келіп қамады, Қалың жиын халықтанСынықшы іздеп табады, Теңге салып көтеріп, Алып кетіп барады.

Жігерін Нарқыз білдірді, Төре жағын жылатып, Бұқараны күлдірді:– Балуан болсаң сондай бол, Арыстан атты төреніңЖілігін де сындырды!Тілеген тілек бұқараКөңілі осы тынған жер, Мəмбет ханның балуанынАлдына əкеп ұрған жер.

Хабар айтты НарқызғаМəмбеттен бір елші кеп.Жіберіпті жігітті:– Маған Нарқыз келсін, депНарқыз кегі бар болса, Мəнісін айтып берсін, деп, Бұқарада жүрмесін, Нөкеріме кірсін, деп.Ақылы болса Нарқыздың, Қадірімді білсін, деп.

Page 306: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

306

Жығылған соң Арыстан, Хан көңілі түнерген, «Нарқыз маған келсін» депШақырушы жіберген.Хан шақырса, тартыныпКім қалады бұл елден?Бірақ Нарқыз қасарып, Бармайын деп ойлады.Тастайтындай бас алып, Жұрт еркіне қоймады.«Халыққа қиын іс болар, Хан ғой елдің қорғаны.Көпке мұның тыс болар», Деп ағайын зорлады.

Қорықпайтын ер НарқызХалық тілін алады, Алты кісі жолдаспенХан алдына барады.Ызасы кеп хан Мəмбет, Ашу көзбен қарады.Нарқыз одан ықпады, Айтар сөзін жұптады:– Елдің басшы қорғаны, Қарағаны сен едің, Ақын Нарқыз атанғанАты шыққан мен едім.Əуелі атым – Айша еді, Қайрат, қажыр күшпененНарқыз болған себебім.Шақыртыпсың, сұрапсың, Саған жауап беремін.Алдыңа неге алдырдың, Бар ма ед əлде керегім?Батыр керек болды ма,

Page 307: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

307

Айтыңызшы дерегін?Ханым, ойлап қараңыз, Қандай ерге тең едім?Сейіт əкем мал бітпей, Кедейліктен тарыққан.Тамаққа кем, киім жоқ, Малай болып зарыққан.Қатыны өлген таз ағаң, Соны біліп алыстан, Кісі салып араға, Мал салам деп қораға, Мені алуға жабысқан.Əкем байғұс тарыққанХан ағасы деген соң, Қарсы айтуға қорыққан.Ақылдасқан адамы«Хан тұқымы керек» деп, Сендіріпті сондықтан.Атым əйел болса да, Тең туып ем адамға.Малы толып тұрса да, Тең емен таз жаманға.Кімге лайық көрінем, Төреші бол өзіңіз.Арыстанды жыққандыКөріп еді көзіңіз!Намыс алып бергенді, Ханым, артық санаңыз.Ойласаңыз, тең бе еді, Маған сіздің ағаңыз?Əділ болсаң, ұлықсат бер, ұлықсат сізден аламыз.

Бұрынғының нақылы:«Ханда – деген бір сөз бар –

Page 308: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

308

Қырық кісінің ақылы».Ойлаңыз да қараңыз, Біз де сіздің балаңыз.Хан əділдік қылмаса, Кімге барып шағамыз?Таусылады шарамыз, Ушығады жарамыз, Сіз шақырды деген соңКеліп едім осында.Алдыңыз кең, алдияр, Рұқсат бер басыма!

Нарқыздың айтқан арызынМəмбет қабыл алмады, Сөзіне құлақ салмады.Хан ыңғайын, қабағынНарқыз əбден аңдады:Отыр ма екен əлде хан, Қызды ұстап қалғалы...Үйден дереу жөнелдіАтқа Нарқыз қонғалы.Атына Нарқыз келеді, Қасындағы жолдасыАтын тарта береді.Шапшаң мініп боз атқа, Еліне тартып жөнеді.Қара Мəмбет залымныңАламаны көп еді.Қуыстанған НарқыздыТез ұстаңдар деп еді.

Ұстауға нөкер ат қойды.Нарқыз мінген ақ боз атКүйіне түсіп жараған, Құлағын тіке қадаған.

Page 309: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

309

Ат қойғанын қыз көрдіШуылдаған аламан.Нарқыз қымтап тақымын, Атқа қамшы басады, Белес-белес асады.Қолтығынан тер шығып, Ақ көбігін шашады.Ақбоз аттың байқадыАламандар шамасын.Тоқтасып бас шайқады:«Көрмейміз, деп, қарасын!..»

Жиындағы адамғаƏмір етті Мəмбет хан, Бəрі маған келсін, деп, Айтатұғын сөзім бар, Көңілдерін бөлсін, деп, Айтқаныма көнсін, деп.Алдымнан қашқан НарқыздыҰстап əкеп берсін, деп.Шақыртқан соң хан МəмбетЕл жөнелді елпілдеп.Отыр екен Мəмбет ханАшуланып, желкілдеп:Бəріңе еткен əмірім:Мені Нарқыз қорлады, Сөзім қабыл болмады.Мұндай қорлық көргем жоқ, Мен Мəмбет хан болғалы.Нарқызды ұстап беріңдер, Айтатыным сол ғана!

Айтқаныма көндірем, Сендерге сөз өтпесе, Несіне хан болдым мен!

Page 310: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

310

Құлдық ұрды халайық:Əмірің бөтен демейік, Сізден əмір болған соң, Ризалықпен көнейік.Қашып кеткен НарқыздыСіз үшін іздеп көрейік.Табыла қойса егер деҰстап əкеп берейік!

Бұзық еді БөктергіТалайларды бүлдірген.Тəуір көрген кісісінҚуандырып күлдірген.Жала жауып, талайдыңБасына пəле ілдірген, Мəмбет ханға ол келді.Мəмбет ханға жағынып:«Сізге сонау НарқыздыҰстап берем», - деп еді.Бөктергінің бұл сөзінМəмбет мақұл көреді.

– Уа Бөктергі, Бөктергі!Ерді Мəмбет көп көрді.Сыйласар ер сен едің.Сыйлармын, – деп серт берді.Қашып кеткен НарқыздыƏкеліп бер қолыма.Ашуым зор, кегім көп, Түсіріп бер торыма.Əкелген соң Нарқызды, Мен жарармын жалыңа.Жолдас қылып өзіңді, Кірермін жұрт тобына!

Page 311: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

311

Қалың елді БөктергіБүрді де кеп зарлатты.Бас-басына түгендеп, Үйді қоймай санатты.Топ ауылда бір отау, Көзді тартып тұр отау.Осы отауға БөктергіБарайын деп бет берді.Соған ептеп барады, Қыз нөкері қасында, Ақ отаудың ішіненҚыз Нарқызды табады.– Қыз да болсаң, айбындыБала екенсің шырағым.Ерлігіңді сынадым, Жиын астың ішіндеКөзге түсті сияғың.Қарсы болып ханменен, Келіспей жүр тұрағың.Ниетің болсын оң, дейді.Мен Бөктергі ағаңмын, Шырағым, қонақ бол, дейді.Сендей асыл балаға, Құрмет ету жол, дейді.Үйіме алып барайын, Пəле келмес маңыңаҚызмет етіп қарайын.

Адал жүрек, ақкөңілНарқыз бұған сенеді.Бөктергіге ереді, Үйіне еріп келеді.Жақсы сыйлап, құрметтеп, Қонағасы береді.Қызметі қызға жағады.

Page 312: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

312

– Бөктергідей жақсы аға, Қамқорлығың көрінді, Əн салдырып, ойнатып, Бердің маған төріңді.Мен – қарындас, сен – аға, Ақырында табарсыңЛайық бір теңімді.Хан ағасын сүймедім, Ханмен бірге туса да, Менсінбедім, тимедім, Өзім Нарқыз болған соң, Бар қызықты шүйгенім.Байдан қызық емес пе, Жаны бірге құрбыменКүнде ойнап-күлгенім?Өз теңіңе бармасаң, Қызығы не дүниенің?Домбырашы, ақындықБолды менің дүрмегім.

Бөктергідей жақсы аға, Өзіңе билік беремін, Теңім тапсаң, теріс емес, Айтқаныңа көнемін.Жаны ашыған жақсы аға, Атаң басқа демейін.Сенбеуші едім басқаға, Саған ғана сенейін...

– Шырағым, Нарқыз, асылым, Сөзімде жоқ терістік.Енді уайым ойлама, Халық болып сөйлесіп, Мəмбет ханмен келістік.Жолың ашық, шырағым.

Page 313: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

313

Енді өзің қарарсың, Қалың елден қалаған, Өз теңіңді табарсың.Лайығың, қатарың, Сүйгеніңе барарсың!Аға, сендім, өзіңе!Ризамын, ағажан, Қуандырған сөзіңе.Болыса жүр, жан аға, Жабырқаған кезімде.

Осы сөзге қуанып, Нарқыз дамыл алады.Жасырынды он жігітБөктергінің адамы.Нарқызды ептеп ұстауғаҮй сыртында бағады.Оңаша үйде БөктергіБір лақты сояды.Екі жібек белбеу мен, Қылдан ескен арқандыДаяр қылып қояды.

Ол сұмдықтан хабарсыз, Мейман асқа тояды.Ойын, күлкі, сауықпен, Шаршап жүрген ер Нарқыз, Қатты ұйқыға кетеді.Барлайын деп ұйқысын, Қара ниет Бөктергі, Жыбыр-жыбыр етеді.Қатты ұйқысын аңғарды, Айдан сұлу қыз НарқызТəтті ұйқыға барған-ды,

Page 314: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

314

Қайран сұлу қапыдаҚолға түссе арман-ды!

Он жігітке БөктергіНарқыз ұйықтап жатыр деп, Қалмаңыздар қапы деп, Хабар берді сыбырлап.Даяр тұрған он жігітҮйге кірді білдірмей, Əкеткелі түнде ұрлап.Қыз ілінді қармаққа, Жəрдемші жоқ жан-жақта.Тұзақ арқан салғанда, Нарқыз біліп бұлқынды.Қол, аяғы байлауда, Сорлы сұлу жұлқынды.Бұрылуға дəрмен жоқ, Босанам деп ұмтылды.

Бас дұшпаны БөктергіАяғын ұстай береді.Жиырып алып аяғын, Қыз жүректен тебеді.Бүктетіліп Бөктергі, Аузынан қан төгеді.

Қасындағы жігіттерБасын сүйеп «батырдың», Не қылуға біле алмай, Аң-таң болып тұрады.«Бізге қайғы болды» деп, Халыққа хабар қылады.Екі сағат соңынан, Бөктергі есін жияды.

Page 315: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

315

Жұрт көбейіп келіпті, Əлсіреп жатқан БөктергіХалықты сонда көріпті, Есін жинап алғанмен, Өлуіне сеніпті.«Жиылған халық сен едің, Құрметті ханға, халыққаЖаға білген мен едім.Бұл ауруға тап болдым.Ол өзімнің себебім.Арыздасам сендерменБолмаймын адам, өлемін.Садақа айттым жан үшін, Мұндай болдым хан үшін.Өле кетсем егер де, Мəмбет ханға сəлем айт, Жоқтаулы болсын намысым.

Достым Мəмбет, шектесім, Өлсем мені кектесін, Хан Мəмбетке көп сəлем, Жоқтаусыз артым кетпесін!Адам болмас түріміз, Күрмеледі тіліміз.Мəмбет ханға көп сəлем!Риза болсын ініміз!»

Тек жаны бар, халі жоқ, Ішуге тамақ əлі жоқ, Сұрғылт тартты ажары, Бет жүзінің қаны жоқ, Шалқасынан жатадыҚозғалуға əлі жоқ.Ел жиналып келеді, Бөктергіні көреді.

Page 316: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

316

Күдер үзіп жанынан, Жиылып келген халыққаАрыздаса береді.

Кеш уақыты болғанда, Қайта-қайта талады.Ақыл, естен ауады, Арыздасып, қоштасып, Халық қолын алады.Қатыны мен баласы, Баршасы шулап жылады.Əлсіреген уақыттаТуысқан аға, інісі«Арманда кеткен тумам» деп, Үстіне кеп құлады.Жамылып ымырт күн батты.Жұлдыздың алды шығады, Əлсіреп жатқан БөктергіЖұлдыз шыға тынады...

Арыздаса халықтыңЖиналып келген себебі:Ханға жаққан БөктергіҚадірі бар неме еді.Екі сөздің біріндеМəмбет досым дер еді, Арын арлап жалпылдап, Ақырында өледі.Тепкісінен НарқыздыңЖаны шыққан жері еді.

Қол, аяғын беркітіп, Қызды байлап алады, Нар үстіне таңады.Қайырсыз қара Мəмбетке

Page 317: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

317

Нарқызды алып барады.Сонда Мəмбет сөйледі:– Кісі өлтірдің сен, деді, Не себептен өлтірдің, Жауабыңды бер! – деді.Беруге жауап көнбеді, Өз намысын кектеді, Күреңіткен ажарыХаннан қорқып кетпеді.Ханға жауап бермеді, Беруін мақұл көрмеді.Қайта-қайта дікілдепЖауабыңды бер деді.Ашуменен тынады, Ешбір жауап бермеді, Мелшиіп қарап тұрады.Бермеген соң қыз жауап, Ханның қаны қызады.

Жігіттерін шақырды, Қара Мəмбет ақырды:– Жігіттер, құрал сайлаңыз, Бұрынғының үстінеНарқызды тағы байлаңыз;Жамандықты аяма, Еш жамандық қалмасын, Бар амалды ойлаңыз!

Жиылып келген жігіттер, Артына қолын таңады, Бұрынғының үстінеБерік байлап алады.Енді ететін айла жоқ, Сонымен Нарқыз қалады.Осы берген қысым іс

Page 318: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

318

Нарқызға қатты батады.Оңаша тіккен жалғыз үй, Есігі кісен салулы, Сонда Нарқыз жатады.Ашуы кеп, ұйқы жоқ, Қабағы əбден қатады.Он жігіт сырттан бағулы, Есігі кісен салулы, Арқанменен бастырыпҮйді мықтап таңулы, Қиындықта, қысымдаСұлу Нарқыз қалулы.Ашуы қыздың күшті еді, Қанша тамақ əкелсе, «Хан тамағы арам»деп, Бір қасық су ішпеді.

Кекке толды жүрегі.«Ханнан алсам кегімді!»Нарқыздың сол тілегі.Сол Нарқыздан жері жоқХан Мəмбеттің аянған.Айнымайды Нарқыз даОйлаған намыс, қарадан.Ашуы келіп əр түндеБатыр Нарқыз ақырса, Ұйқысынан Мəмбет ханТалай шошып оянған.

Ханнан Нарқыз асыл-ды, Əрі күшті ақылды.Қарны ашып, шөлдесе, Байлаулы жатып ақырдыХанымдары сол ханныңАқырғанда ер Нарқыз, Ақылынан шатылды.

Page 319: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

319

Қыздан қорқып ханымдар, Қымыздарын сапырды.Айыбымыз осы депТамақ əкеп, бас ұрды.Тамақты қыз ішеді, Жəрдем берер ешкім жоқ, Сүйенгені НарқыздыңӨзінің қайрат-күші еді.Қастасқан жас сол ханғаОсылай еткен ісі еді.

Нарқыз тілек тіледі, Ызасына шыдамай, Жылап алып бір мезгіл, Бір уақыттар күледі.Ұлықсат жоқ беретінКүнінің жоқ сүрегі.Мейірім қылмас залым деп, Ханнан күдер үзеді.Ашуменен ар тұтып, Батыр Нарқыз жүдеді.

Енді Нарқыз ойлайды, Ойламасқа болмайды.Бір қиял ойға орнайды.«Бір хикмет бастайын, Құр қамауда жатпайын, Айламды ішке сақтайын, Қалай болар жағдайым, Ханды да сынап барлайын.Жауабын естіп МəмбеттіңАрбайын да, алдайын...»

Қарауылдың бастығын«Бермен кел» деп хабарлап,

Page 320: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

320

Шақырып Нарқыз алады, Сөйлесуге сол қыздыңХанмен болды талабы.Қарауылдың бастығы:«Не дейсіз?» – деп Нарқызға, Шақыртқан соң келіпті.Нарқыз жауап беріпті:– Мені баққан сен едің, Тұтқында Нарқыз мен едім, Айтатұғын сөзім бар, Сізден хабар беремін, Бұл сөзімді мақұл ал, Көңіліңе тоқып ал, Сен Мəмбетке жылдам бар, Мені ұстады Мəмбет ханАшу тұтып арменен, Тақ үстінде ел билеп, Отырған төре сəнменен.Көңілімдегі айтар сөз –Жауаптасам ханменен.

Тілдесуге Мəмбет ханҰлықсат маған бере ме?Болмаса өзі келе ме?Ел бастаған хан еді, Көз жасымды көре ме?Ханыңызға айтып бар, Осыныма көне ме?»

Нарқыздың айтқан сөзінеҚарауылшы қанады, Естігенін түп-түгелХанына айтып барады, Қайырсыз Мəмбет НарқыздыңОсы арызын алады.

Page 321: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

321

Хан да бұған көнеді, Аяғын босат деп еді.Екі аяғын босатып, Үйді баққан он жігітМəмбет ханның алдынаҚызды айдап келеді.Нарқыз үйге кіргенде, Тақта отырып Мəмбет хан, Арызыңды айт деп еді.

Не екенімді, Мəмбет хан, Көзбен көрдің сен, деді, Таз ағаң түгіл, АрыстанМеніменен тең бе еді?Ақылы кəміл, күші сайТабайын өзім тең, деді, Басыма ұлықсат бер, деді.Ханның сойы болғанмен, Аға, інің менен кем, деді.Арыз айтам, құлақ сал, Рас айтқан сөзге нан, Тақ үстінде сенсің хан, Ел биледің, болдың паң, Қызыққан маған талай жан.

Туысқаның тең емес, Алсаң, мені өзің ал.Алам десең, тиемін, Қадіріңді білемін, Мəмбет, сені сүйемін!Өзің ойлап қарашыТұқымы деп төреніңТазыңа нағып тиемін?Ағама ти дегенгеЫзаланып, күйемін!

Page 322: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

322

Сізге жетсін сөзіміз, Ортадағы құрулыЕл қисығын түзейтінСіз едіңіз тезіміз.Əділдік ханым етер депЖаудырап тұр көзіміз.Мені, Мəмбет, қор етпе, Серіктікке ал өзіңіз!»

Біресе хан қуарды, Біресе жүзі қызарды.Бір көңілмен қараса, Қыз алуға құмар-ды.Өзіме əйел болар депІшінен хан қуанды.Тағы да хан ойлайды:«Нарқызды алсам болмас» деп, «Меніменен жолдас» деп, «Сірə ісім оңбас» деп, Қыз да өткір алмас» деп.«Маған жолдас болған соң, Сөзімді қабыл қылмас» деп, «Қайраты артық, жүректі, Өткірлігі – алмас» деп...Көңілін тоқсан толғайды, Толғанбасқа болмайдыАқырында қызығып, Алайын деп ойлайды:

Асыл Нарқыз сен едің, Мəмбет дана мен едім.Ханға лайық əр түрің, Меніменен тең едің.Тілегіңді берейін, Мұныңа, Нарқыз, көнейін,

Page 323: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

323

Егер сені алмасам, Үстем болмас мерейім.Сындырмайын сағыңды, Байламайын бағыңды, Бас қосасын ханыңмен, Нарқыз, теңің табылды.Оздырайын халықтанСендей сұлу жарымды.

Мен алған соң халықтыңСенсің, Нарқыз, ордасы.Арманы бар ма жігіттіңСендей болса жолдасы, Ризаласып, сүйісіп, Неке қисын ақ Нарқыз, Өз еліңнің молдасы.Басыларсың, қыз Нарқыз, Ішің ашып қайнаудан.Кешікпей ел көшеді, Осы отырған жайлаудан.Уəдені берік еттік, Бүгіннен бастап босатамҚол-аяғың байлаудан.

Ұлықсат бердім, қыз Нарқыз, Еркін тыным алуға.Қырық арқанмен тұрадыСенің үйің таңуда.Есігің берік сақтаулы, Темір құлып салуда.Қарауылда он жігітБұрынғыша бағуда...

Нарқыз сұлу сөзінеМəмбеттің сол көнгені.

Page 324: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

324

Бір-біріне сенгені.Ашу-кегі ішінде, Нарқыз алдап Мəмбетті, Осылай еді жеңгені.Көңілінше мақтанып:Нарқыз дейді жолдасым.Бұл ісінің білмейдіМəмбет бірақ оңбасын.Шолақ хандар халықтыЖігін ашып басқалап, Билеп жүрген күн екен.Елде ықтияр, ерік жоқ, Не десе де хандардыңӨтірігі шын екен.

Ала құйын сол заманБіреуге біреу жармасқан.Ел арасын бүлдіріпАлауыздық лаң басқан.Күштілері күшсіздіЕңіретіп, зарлатқан.Ерегіссе ел шауып, Екі арасын шаңдатқан.Бейкүнəні күйдіріпТалай-талай қандатқан...

Орта жүздің НиязыАзамат жиып алыпты.«Көңілді жігіт бар болса, Мəмбет ханды шабам» деп, Түгел хабар салыпты.Ер көңілді жігіттерНияз тілін алыпты, Көліктерін күйлепті,

Page 325: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

325

Шабамыз деп МəмбеттіКүні-түні гулепті.

Қайраты бар жүз жігітӨткір қылыш қайрады, Саптады ұшқыр найзаны, Қару-жарақ сайлады, Батыр балуан НиязбенУағданы байлады.Мінер атын жаратты, Сирақты мылтық – қаруы, Белге байлап садақты.Мəмбет ханды шабуғаЖүз жігіт етті талапты.

Нияз да ердің нары еді, Өзі жарлы болса да, Киген киім, мінген атЖүрісі артық сəн еді.Домбырашы, өлеңшіТүрлеп салған əн еді.Барын беріп айттырғанАқық сұлу жары еді.Көрген адам таңданғанƏйелде ару жан еді.

Нияз жігіт жиғаны –Жұмыс еді жөні бар.Ақык сұлу – арудыМəмбет зорлап əкетіп, Соған ыза, кегі бар.Уа, жүз жігіт, жүз жігіт, Дос болыңдар маған деп, Мəмбет ханның ауылынаӨзім бастап барам деп,

Page 326: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

326

Ақық сұлу жарымдыҚайта тартып алам деп, Қайырсыз қара МəмбеттіңЖылқысын бүгін шабам депАттанғалы отырмын, Не дейсіңдер соған, көп?

Қасындағы жүз жігітНиязға серт береді, Ат құйрығын өреді.Садақтарын асынып, Найзаларын егеді.Атқа мінген жігіттерҮзеңгісі сартылдап, Еңку-еңку желеді.Хан Мəмбеттің ауылынаТүн ішінде келеді.Айналасын ауылдыңƏбден торып көреді.Мəмбетті ұстап алуға, Мойнына шылбыр тағуғаНияз ойы төнеді.

Ашуы іште қайнайдыЖылқы жақты барлайды.Жылқы жатқан өрісінƏбден біліп аңдайды.Жүз жолдасы қасында, Солай қарай заулайды.Сатырлатып сойылды, Көп жылқыны айдайды.

Енді Нияз желікті, Ол желікпей неғылсын, Жауға алдырмас жүз жігіт

Page 327: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

327

Қасындағы серік-ті.«Қара Мəмбет қайда?» деп, Хан ауылына келіпті.Ұйықтап жатқан хан МəмбетҰйқыдан шошып тұрады.Бұл не сұмдық, шабуыл? –Деп айқайлай сұрады.Бəйбішесі МəмбеттіңБолды ғой деп бір сұмдық, Еңіреді, жылады.

Қаһарланып ер Нияз, Жалаңдатты найзасын.– Кəне, бəлем, шық, – деді, –Қара Мəмбет қайдасың?

Қайырсыз хан сен едің, Батыр Нияз мен едім.Қапы қалма, хан Мəмбет, Кегімді ала кеп едім.Өзім Нияз болған соң, Қорлыққа нағып шыдайын?Тартып алып жарымды, Басыма салдың уайым.Шауып алып жылқыңды, Керегеңді отын қылайын!

Мəмбет жаннан түңілді, Бір тықыр ханға білінді.Үй ішінде сандалып, Əрі-бері жүгірді.Барайын деп Нарқызға, Етек-жеңін түрінді.Қараңғыда қалбаңдап,

Page 328: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

328

Буындары қалтырап, Ортада көп сүрінді.

– Ойбай, Нарқыз, жау шапты, Құт ордамды қиратты.Жалаңдатып найзасын, Ауылымды шулатты.Сен бір жəрдем ете көр!Деп Мəмбет хан жылапты.Сонда Нарқыз киініп, Ханды шапқан күйініпЕр Ниязға келіпті.Келе жауап беріпті:– Атың Нияз əйгілі, Артық туған ер едің, Ақық сұлу арудыҚұтқарғалы кеп едің.Жолбарыстай қайратты, Дұшпаныңды мұқатып, Талай досты теңедің, Əрі Нияз ақынсың, Мен де өзіңдей өнерлі, Өзгеден сен жақынсың.Жаудан қорқып саспайтын, Атың шыққан батырсың.

Кетпеген деп естимінЕш дұшпанға теңдігің.Хан ауылына кеп тидіңБұл да сенің ерлігің, Қияңқыны сұрасаң, Оның теріс демейін, Кегің кеткен адамдыӨз қолыңа берейін, Еске түсті ескі кек,

Page 329: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

329

Нияз, сенде ашу көп.Кекті адамың Мəмбетің, Өңгертемін алып кет...

Сескенбейтін ер Нияз, Шалқайып атта тұрады, Аты шыққан ер Нарқыз –Адамның алып қыраныКөтеріп алып Мəмбетті, Алдына əкеп ұрады.Балуан Нияз өңгеріп, Тақымына сығады.Ханның даусы шыңғырыпСонда қатты шығады:«Азырақ, батыр, босат!» – деп, Нияз ерден сұрады.

Тақымынан босатып, Азырақ тыныс береді, Ашуы қатты ер еді, Хан Мəмбетті бұлқынтып, Ер Нарқыздың қолынанҚолына алған жер еді.Сонда Нияз НарқызданЖөн сұрайын деп еді:

– Келбетіңе қарасам, Көрмеген бір нəсілсің.Сөздеріңе қарасам, Тұрған бойың ақылсың.Жөніңді айтшы, азамат, Сен кім деген батырсың?

– Мені қазір сынама, Сын тағар күн жоқ маған,

Page 330: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

330

Қауіп алма көңіліңе, Хан намысын жоқтаман.Елге лайық жеріндеЕш іркіліп тоқтаман.Кім екенім сұрама, Əзір атымды айтпаймын, Көрісерміз қияда, Сонда айтуға сақтаймын, Əзір кейін қаламын, Олжаңды ал да жүре бер, Мен де артыңнан барамын.

Мəмбет ханды өңгеріп, Жолдасыңа барарсың.Менің айтқан сөзімдіБірақ ұғып аларсың.Сөзге тұрар ер болсаң, Жолдан күтіп қарарсың.Замандассың, қатарсың, Жолдан күтіп сөйлесіп, Кім екенімді ашарсың.Қорқақ болсаң егер де, Қарамассың, қашарсың, Талай белден асарсың, Осы олжа да жетер деп, Қашып барып жатарсың.Егер тоссаң жолымды, Тағы олжаға батарсың...Қол алысып қос батыр, Айнымалық деген-ді, Мəмбет ханды өңгеріпНияз шауып жөнелді.Қас дұшпаннан құтылыпҚыздың көңілі кенелді, Нарқыз сонда ішінен,

Page 331: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

331

Айтты мынау өлеңді:– Қимас қымбат елімсің, Сенің арыңды арлауғаНарқыз неге ерінсін?Жара салған жаныңа, Қара жүрек ханның да, Ары бір күн төгілсін.Қылғаны елге көп еді, Сол сазайы берілсін.Ер ерінбес білемін, Орындауға ел тілегін.Елім десем, күш тасып, Алып-ұшар жүрегім.Халқым үшін, қам үшінАқбоз атқа мінемін.Қылыш байлап беліме, Қарыма найза ілемін.Көрген ел ең кемдікті, Көксеген ең ерлікті, Енді қара МəмбеттенƏперемін теңдікті!

Жылқышыны шақырды– Ақмоншақты тез əкел, Ардақтаулы атымды.Қапастағы жан едім, Басымнан түнек ашылды, Уəдеменен жөнелттімҚайсар Нияз батырды.Аралаймын енді еркінБайтақ жатқан халқымды.Қайтарамын жылқыны, Орындаймын шартымды!Нарқыздың айтқан бұл сөзінТұрған халық жөн көрді.

Page 332: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

332

Ақмоншақты əкеліп, Берік тартып ерледі.Көк найзасын қолға алыпАлға қарай сермеді.Көрген жандар ойлады:«Сол, деп, серт бергені...»Қаруын түгел сайлаған, Беліне қылыш байлаған, Аты шыққан ер НарқызЖаннан қорқып, таймаған.Тұлғасы артық, қайраттыАжары айдай жайнаған.Қасына жолдас алмады, Ақмоншақ ат заулады.Бұлдырады белестерМұнарланған тау қалды.Атқа қамшы басады, Көп қырқадан асады, Бір төбенің шаңдағынБір төбеге қосады.Қол бастығы Нияз даУəделі ер екен, Нарқыз іздеп келер депОрта жолда тосады.Өлең айтып, əн салыпНарқыз толғап қайырды.Қол қарасы көрінді, Тартты мықтап айылды.Жылқы айдаған ерлергеНарқыз тимей өтті де, Жылқының алдын қайырды.

– Жеттім, Нияз, соңыңнан, Қалап барған жауыңдыҰстап бердім қолымнан,

Page 333: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

333

Елдің малын бермеймінҰрыға ауыл торыған!Қайырмасаң сен, дейді, Ел намысын жақтауғаҚуып келдім, мен, дейді.Айтқаныма көнбесең, Жекпе-жекке кел, дейді.

Нияз қимай жылқыны, Қарсыласып барады.Бірін-бірі найзаменҚарсы сілтеп қалады.Екеуі де шапшаң ер, Өздеріне тигізбей, Найзаларын қағады.Сабы сынып найзасыЖерге түсіп қалады.

Екі батыр тіресіп, Қылышпенен шабысты.Ат үстінде алысты.Бірін-бірі ала алмай, Қолдары да қарысты.Ат белі де талады.Бір айқасып өткенде, Ат сүрініп кеткенде, Қыз басынан тұмағыҰшып түсіп қалады.Нияз да жалт қарады:Қос бұрымды қолаң шашЖауырынын жабады.«Қыз болды ғой батыр» деп, Нияз аң-таң қалады.Қыз қайратын білдірді.Қыздан Нияз ұялып

Page 334: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

334

Алданғанға бұл ғұрлы, Ортасынан қылышынЕкі бүктеп сындырды.

Қызға Нияз тіл қатты:Жаныма бұл тым батты, Ер де болсам – жеңілдім, Елге болдым ұятты.Естуші едім атыңды, Ерлерден артық деуші едіСенің асыл затыңды.Хан інісі АрыстанСен сындырып жілігін, Күлдіріп ең халқыңды.Қарсыластым сенімен, Айыбыма ал атымды, Таныстығым жоқ еді, Келбетіңе қарадым.Жоғары екен еркектенСенің, Нарқыз, талабың.Жеңбесем де мен сені, Жеңілуге жарадым.

Бердім саған ықтиярШын ашуың келгенде, Дұшпаныңды ықтырар.Мен жеңілдім, сен жеңдің, Бұл сөзімді құп қып ал!Екі қолым байла даЕнді мені тұтқынға ал...

Нарқыз қарап Ниязға, Тұрды үндемей біразға.Жаза кесу бір қиынЖолын тауып, кінə азда:

Page 335: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

335

Айтқан сөзің орынды, Айттың маған жолыңды, Еттім саған кешірім, Байламаймын қолыңды.Қайта берсін жолдасың, Сөзім екі болмасын, Еріп жүр де алып қайт, Нарқыз берген олжасын.Мен де ұнаттым құлқыңды, Сен де танып, көріп қайт, Менің елім, жұртымды, Ер де болсам – жеңілдім, Елге болдым ұятты.Ерге, Нияз, ел керек, Қайтар алған жылқыңды!

Сөзге Нияз жығылыпҚызға салды олжасын, Аямайтын түрі бар, Алам десе өз басын.Қызға ілесіп жөнелді, Ертіп екі жолдасын.Көрген жандар дер еді:«Сапарларын оңдасын!»Нарқыз айдап келедіЕлдің жүйрік, жорғасын:Ел қызығын көре алмай, Енді Мəмбет сорласын.Залым күні солай деп, Артымызға жол қалсын.Айтарым сол, ер Нияз, Арыстаным, жолбарысым!

Нарқыз сыйлап мейманын, Жинап ауыл-аймағын,

Page 336: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

336

Алдына қымыз қойдырып, Құрметтеді қонағынҰлы думан, той қылып.Аттанарда НиязғаНарқыз сұлу тіл қатты:– Мейманымсың қымбатты!Сөзімді тыңда, Нияз ер, Білімі артық кемеңгер, Орта жүзде Бала би, Бала биге хабар бер.Кіші жүзде Шоңай би, О да келіп бас қосып, Кеңесетін болсын жер, Аттанатын кезің бар, Айтар менің сөзім бар!

Батыр Нияз біліктіҚыздың сөзін ұғыпты.Орта жүзге шаптырдыҚасындағы жігітті.Бала биге шақыртыпНияздан хабар барады.Шақыра барған кісіденМəнісін сұрап қарады.Əбден жайын түсініп, Он екі кісі жолдаспен, Нияз бенен НарқыздыңКелсін деген елінеБала би кетіп барады.Бала би атқа мінгеннен, Жұртқа хабар тарады.Үй тіктіріп алдынан, Нарқыз күтіп алады.Ортаға келген қонағынҚызмет етіп бағады.

Page 337: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

337

Бала би, Шоңай сөйлесе, Төгілгендей сөзден күй.Халық сүйген шешендерМейман болып НарқызғаНеше күндей көрді сый.Көп көңілін тебірентіп, Сөз сөйледі Бала би:

– Ежелден топ бастаған тіл демесең, Шоңай мен мені атақты би демесең, Билігі осы сөздің Нарқызға ғой, Сол болып сөз иесі тұр демесең.

Енді пəлен демелік, Нарқызға билік берелік.Нарқыз айтсын билікті, Не айтса да көнелік.Осы сапар сөз айтыпБилікке ие болмаймыз.Халық билік берген соң, Соның сөзін қолдаймыз!

Сөз басы Бала биден ашылғаны, Шоңай би мұның сөзін мақұлдады.Аяғы осы сөздің басылсын деп, Нарқыздың сол себепті шақырғаны.

Бала би мен Шоңай биНарқызға билік беріпті, Халық та соған көніпті.Дұрыс билік айтар деп, Азаматтар сеніпті.Түрекеліп ер Нарқыз, Билігін айта беріпті:Мықтылық пен байлық деп,

Page 338: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

338

Мəмбет елді бақпады, Жұртты аяққа таптады.Хан шықпасын төріңе, Туған елім, құлақ сал, Билік айтқан жеріме.Қара қазақ болсын да, Қайтсын Мəмбет еліне!

Бала би мен Шоңай би, Билігіме құлақ сал:Екі жүздің тізгінін, Екі биім, сендер ал.Қайырсыз Мəмбет тұсындаҚысым көрген жандармыз, Бала би мен Шоңай би, Екеуің елге бас болыпЕлді тура жолдаңыз.Қайырсыз хандай болмаңыз, Жарлы менен нашардыЖамандықтан қорғаңыз.Қара қылды қақ жарып, Халыққа əділ болсаңдар, Мойныңдағы сол қарыз!»

Биліктің қыз Нарқыздан ашылғаны, Көңілдегі айтты сөзін, жасырмады, Жиылған кіл саң мүйіз, самар жақтарНарқыздың бұл билігін мақұлдады.Жақсының елге тиер қайыры көп, Жаушылығы екі жұрттың басылғаны.

Нарқыздың айтқан сөзінеКім де болса көнеді.Айтқаны дұрыс болған соң, Халық оған ереді.

Page 339: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

339

Түйе бастап МəмбеттенЕл билігі: НарқызғаТоғыз алып береді.Бұрынғыдан артықшаБақыт қонған жер еді.

Қызға Нияз тіл қатты:– Тыңда, құрбым сымбатты!Келбетің келген керімсің, Заманы қатар теңімсің.Өзге олжаны қайтейін, Қалауым – сенің өзіңсің!

Сонда бір би айтады, Шын жорғадай тайпалды:Қызым, қолым жаямын, Бақыт күткен баладанҚашан батамды аядым?Саған ғашық НияздыңҚайырма, қызым, талабын, Суытпа ердің назарын, Сындырма ердің ажарын.Нарқыз қызым, тұрарсыңЕкі атаңның осындайБилік айтқан жеріне.Мақұл көрсең шырағым, Қосыл Нияз теңіңе!

– Əркім табар жолдасын,Сіздер үшін қыз басым.Билік айтсаң, екі ата, Сөзің екі болмасын!Не десең де көндім, деп, Сіздер сенген НиязғаМен де алаңсыз сендім, деп

Page 340: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

340

Нарқыз жауап береді.Нияз жасқа тең еді, Бір сұңқар мен аққудыБала би мен Шоңай биТауып қосқан жері еді.

Жаушылықтан достасқанЕкі тайпа ел той қылды.Қуанышқа қой қырды.Келген халық сауықпенДүрілдетті ой-қырды.

Кімге тимес жақсыныңСондай күнде себебі.Орта жүз бен Кіші жүзКөп жауласқан ел еді.Нарқыз бенен НияздыңЕлге тиіп себебі, Жаушылықтан достасып, Орта жүз бен Кіші жүзТатуласқан жері еді.Бір кісінің ұлындайАраластық деп еді.Өмірінен сол елдіңАйтар жырым көп еді.Тым ұзартып жібердім, Əзірінше осыменАяқтағым келеді...

Page 341: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

341

КЕНЕН ƏЗІРБАЕВ(1884–1976)

ТӨКЕТАЙ МЕН МƏНІКЕР

Бұрынғы өткен дəуірде Халықтың мұңы мал болған. Малсызда ақыл дал болған. Манас батыр тұсында Көкетай деген хан болған. Көкетайдың тұсында Көрнекті талай дəу болған. Аброй, бедел түзден боп, Берекесі үйден боп, Ер Қосай деген шал болған Көкше батыр Əлмембет, Күрең сақал Келмембет, Күнбатыста Ақжелек, Күншығыста Көкжелек, Атақты талай жан болған.

Елеместің еркесі, Отыз ұлдың кенжесі Ер Төстік деген нəн болған. Осы дəулер тұсында Көкетай деген хан екен. Өз шағында халыққа Кəдірі бар жан екен. Əділетті, қайырлы Əлінше көпке нақ екен. Өзіне тете інісі Төкетай деген сал екен. Екеуінен жалғыздан Екі ұл бала бар екен.

(1884 1976)

Page 342: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

342

Аман болса ботамыз, Қолға ұстаған сақамыз, Есен болса баламыз, Елден сұлу аламыз. Жер-жерден сұлу қыз іздеп, Жол тартады Төкетай. Қырғыз бенен қазақты Аралады Төкетай. Хан ұлына қызығар Қалың малға талай бай. Ел аралап, ел кезіп, Жер аралап, жер кезіп Талай асқар бел кезіп, Талай шалқар көл кезіп, Талай жерді арылтты. Астына мінген Мəнікер Жер танабын тарылтты. Алты күнде аралап, Алты айлың жерді шалыпты.

Қасындағы қырық жолдас Ілесе алмай қалыпты. Мəнікер ат майыспай, Мініп шапса қайыстай, Желсе жел де жетпейді. Құс құтылып кетпейді Алдынан қашқан киіктер Əудем жерден өтпейді, Үш Қосай мен Манастан Аспара, Мерке, Таластан Аралап өтіп барады.Алатау асқар жартастан Ел қоймай кетіп барады. Алты рулы алаштан. Сырдан өтіп сырғытып,

Page 343: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

343

Шудан өрлеп шүйілтіп, Іледен өтіп ырғытып, Ылди-өрден орғытып, Қара талдан қарғытып. Ақсудан өтті аттатып, Көк судан өтті көсілтіп, Ертістен өтті есілтіп. Есіл менен Нұрадан Іңірде өтті ыршытып. Сарыарқаны аралап, Сан сұлуды саралап, Көкшетауды көктеді, Көз жұмғанша өткені, Қарқаралы, Қазаннан, Қарап өтті азаннан, Тобыл менен Торғайдан, Ойнап өтті тоғайдан. Мəнікер атпен Төкетай Жүзіп өтті балықтай. Күн-түн жүрді жалықпай, Еділ бойын өрледі, Орынбормен желгеніӨзіне жағар сұлуды Төкетай ер көрмеді, Өршеленіп Мəнікер Омырауы терледі, Ауыздығы қаршылдап, Адымдап аяқ сермеді, Қос құлағын қайшылап, Жаңбырдай тері тамшылап, Қолға ерік бермеді. Оңтүстікке қасқарды, Арал менен Атырау, Қалқи жүзіп кештірді. Қалың балық, жайынды,

Page 344: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

344

Қарсы келген тептірді. Қазыбек пеи Қаптауда Аттың терін кептірді. Атыи суға жүздірді Қайыстай қылып тілдірді, Ат өнерін білдірді.

Батыстағы Ақжелек Ауылына бет бұрды. Қырымнан қыз қарауға Мəнікерді соқтырды. Алты батпан алтыны Атқа артқан балқыды. Ақжелектің аулына, Азанымен кеп тұрды.Басылмай аттың қарқыны, – Ассалаумағалайкүм, Амансыз ба, Ақжелек, Ел-жұртына нақ Желек, Əдейі келдім аулыңа Керегімді тап, Желек.Іздеп келдім алыстап. Астымдағы тұлпарымҰшқан құспен жарысқан. Күнбатыста Ақжелек, Сен бір жатқан арыстан. Көпті көрген ділмəр деп, Көргелі келдім, ағажан.

Ақжелек сонда бүйдеді: – О, балам-ау, балам-ау, Алыс жолдан келіпсің, Мəнікер тұлпар мініпсің, Бадана тон киіпсің, Алмас қылыш іліпсің.

Page 345: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

345

Келбетіңе қарасам, Келісіп туған жнітсің Бұл алаптан көрмеген. Жол болсын, қайдан жүріпсің? Астыңа алтын салыпсың, Атыңды суға малыпсың. Ат-жөніңді айтшы енді, Аршындап жүрген алыпсың. Бұл өлкеден көрмеген, Бұл ауылдың үстінен, Бұлдырық ұшпас көлденең, Бұл жаққа келдің қай елден?Батыста ма ауылың, Шығыста ма ауылың, Оң жақта ма ауылың, Сол жақта ма ауылың, Келген бетің қай жерден?

Т ө к е т а й д ы ң с ө з і : Əуелде шықтым елімнен, Аспара, Мерке жерімнен Тарбағатай, Тянь-Шань, Алатау асқар белімнен. Аралап келдім шығыстан, Жетісу өзен, көлімнен. Ер Қосай мен Манастай Рұқсат алып ерімнен. Қара құжыр, көк ойрақҚазақ, қырғыз елімнен. Алатау болад жеріміз, Мұсылман болад еліміз. Көкетай деген ханымыз, Көпке бірдей шамымыз.

Page 346: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

346

Күншығыста КөкжелекӨзіңе аттас дəуіміз. Ауылдан шықса Ақжолтай, Көкжал, Барақ, Көбікті Маңдайдағы барымыз. Қатынын берген қайырға Қанкелді деген нарымыз. Жолды Қосай басшымыз, Ақыл берген шалымыз. Ел иесі осылар Қолында мал-жанымыз. Əуелі шықтым ауылдан, Дін мұсылман қауымнан. Шығысқа қарай бет алдым Алатаудың бауырынан. Ардақтаған атымның Алтын артып сауырынан. Үйден шықтым қыз іздеп, Ер Қосай мен Манастан, Үшбурыл мен Таластан, Атты, тонды адамға, Алыс жол жүрсе жарасқан. Жақсы менен жаманның Арасы болар жер-аспан. Ағайынның жақсысы, Бір-біріне қарасқан. Ақымақтың белгісі Ата салттан адасқан.

Қырғыз елін қыдырдым, Қыз жақтырмай түңілдім.Сыр бойынан сырғыттым, Шу бойынан шүйілттім. Жетісудан желдірттім, Іледен ат ырғыттым,

Page 347: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

347

Көксудан келін көсілттім. Ақсудан ат аттаттым.

Күншығыста Көкжелек Күндіз барып жолықтым, Елінен қыз жақтырмайЕнді бұдан торықтым. Ертістен ат есілттім, Көкжалға келіп жолықтым.Көксеген қыз таба алмай, Күдер үзіп торықтым. Əрі қарай жөнедім, Есіл менен Нұраға. Ертеңменен кеп едім. Осы жерде кездестім, Кісі алатын бураға. Бура қуды, мен қаштым Бұрылыс сай-жыраға. Адастырдым əреңмен Күдірден-күдір, қырқаға. Таң ата жүріп сол жерден Күнбатысқа өктедім. Күн шашырап түскенше Атырапта Ақжелек, Алдыңызға жеткенім. Аруақты өрден ат үркер Алтын жырды төккенім. Ағаның аты Көкетай, Аулыңа келген Төкетай Ақжелек ата, саумысың, Ата, жөнім осылай, Қызы сұлу Қырым деп Қызыққаннан мен келдім. Ұл сұлуы үрім деп, Ұзақ жолдан мен келдім.

Page 348: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

348

Рудан мойны озған деп. Өзіңді іздеп мен келдім. Көкетай ханның інісі Төкетай сал мен едім. Екеумізде екі ұл бар Арттан ерген өренім. Елден асқан сұлу қыз Əперейін деп едім. Шығыс жақты аралай, Əлемнен қыз саралап, Ақжелек, саған кеп едім.

Ақжелек батыр алқынды, Ағындай сөзі қарқынды. – Алыстан аңсап келіпсің. Ардақтап менің атымды. Ауылға байлап атыңдыАқ үй тігіп басыңа, Аралатам халқымды. Азаматтығын көріп кет Ауылымдағы батырдың, Ақ ордаға жата бер Алғалы келсең ақылды. Боз биені сойдырып, Сары қымыз құйдырып, Асықпай қонып жата бер Асыл болсаң тартымды. Алдырайын шақырып Жастар менен қартымды. Қона жатып көріп кет Сауық-сайраы салтымды. Көкетай ханның көңілі үшін Білемін сенің парқыңды.

‒ Мақұл, – деді Төкетай. Енді болды көңлі жай.

Page 349: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

349

Ақжелек үйді тіккізді, Боз бие сойып күткізді. Сары қымыз сапырды, Ақжелек елін шақырды. Алдындағы бір тауға Шығып алып ақырды. Дауысына шыдамай, Көкте құстар шарқ ұрды. Жиыл деген даусына Желіде құлын шатылды. Жай садақтың оқтары, Жау көргендей атылды. Тау жаңғырып, тас құлап, Дария тасын шалқыды. Атырап елі арсаңдап Жиылуға талпынды.

Ақжелектің аулына Айлық жерден ел келді. Айлық жерге дауысы Барушы еді демде енді. Көк ала сақал Əлмембет, Көк тұлпармен ол келді. Күрең саңал Келмембет, Кер шабақпен бұл келді. Сауыт қалқан киініп, Садақты бес мың қол келді. Жабдықтарын асынып, Жау көргендей мол келді. Елеместің еркесі, Отыз ұлдың кенжесі, Ер Төстік батыр соң келді. Соң келді де сөйледі: ‒ Ақжелек батыр, сен, – деді. Артыңда інің мен, – деді.

Page 350: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

350

Ақсақал деп сыйлайды, Əлпештеп сізді ел, – деді. Халықтың қамқор, қамалы Асқар таудай бел, – деді. Шапқалы тұрған жау бар ма, Шыққалы тұрған дау бар ма, Бората жауған қар бар ма, Қаптаған тасқын су бар ма? Ат терледі ентігіп, Ата, неге ақырдың, Əлде неге шақырдың? Бекор босқа шықпайтын, Белгілі жұртқа үніңіз. Бетіңізге қарамай, Ерке өсірген еліңіз. Үйірде ат, үйде адам, Қалмады ұл менен қызыңыз. Даусыңызды есітіп, Жау көрген-ді деп едік. Жаудан хабар білген соң, Шақырған-ды деп едік. Шапшаң кел деп сол үшін, Ақырған-ды деп едік. Не қылады қыздарды, Қатындарды, – деп едік. Жау қамалап жан-жағын, Жақындады, – деп едік. Еліңіз, ата, жиналды, Ерлеріңіз қиналды. Аттар мұнша буланды, Ауыл қорқып шулады. Құлын-тайлар тулады, Бала тастап қатындар, Уақытсыз туғаны.Үніңізді есітіп,

Page 351: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

351

Уайым тартып қурады.Жүрексіздер жылады, Жүректілер қуанды, Құдіреттің жіберген Кереметі бұ-дағы. Көптің қамын ойлаған, Сіз едің, ата бұлағы. Бəйгеден озған пырағы, Көпке құрбан болатын Мен де бір айтқан лағы. Неменеге шақырдың Халқы жөнін сұрады.

Ақжелек шал сөйледі, Сөйлегенде бүй деді: ‒ Жау емес, қонақ, ел, ‒ деді.Жаусырама сен, – деді. Жайын айтып берейін, Жарқыным, жақын кел, ‒ деді.Жайын біліп шақырдым, Жазықты болсам ‒ мен, деді. Жағадан ала атаңның, Сөйледің, балам, сен ‒ деді. Жайымды өзің білесің, Жұмсар балам кем, ‒ деді. Бұл қонақты сұрасаң Белгілі туған ер, ‒ дейді. Білгің келсе, Ер Төстік, Бізбен қатар ер, ‒ деді Көкетай хан ағасы Көпке түскен панасы, Кіреуке тон кигені, Мəнікер тұлпар мінгені. Мұсылманның жынысы, Көкетай ханның інісі

Page 352: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

352

Өзінің аты Төкетай, Кере қарыс ырысы ‒ Қырымнан қыз іздеген Келіп жүрген жұмысы. Айнала елден қыз жақпай, Ал деген қызға міз қақпай, Жер табанын тарылтыпЖетісуды айналын, Сарыарқадан сандалып, Күндіз-түні үш тəулікКеліпті мейман бұл жаққа.

Қыз жақтырмай келіптіҚырғыз бенен қазақтан.Қыз сұлуы Қырым деп, Ұлы батыр Ұрым деп, Қиырдан кепті бұл жаққа.Əу, дегенде келуші еңАрдақты елім қасыма.Ат-шапанын тартайынАбайсыз шыққан даусыма.Алысып жаспен не етейінАқ кірген сақал-шашыма.О, дариға жалғыздың, Үні шықпас осы ма.Осылай деп Ақжелек, Өкпелеп қайтты қосына.Үйімдегі қонақтыңБарайын деп қасына.Алты тарам сақалданСорғалап ақты жасы да.Ақжелек өзі жаяуды, Ауылы жақын таяуды.Таяғын алып таянып, Таудан үсті баяулы.

Page 353: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

353

Жалғыз өзі жүргенде, Білмеді ешкім аяуды. Қажымайтын ер еді, Ер Төстік салды көңлінеМайдалап сөгіп қаяуды. Ақжелек келіп үйіне Таянып қолын бүйіріне, Ақ ордаға сүйеніп, Уһлеп келді күйіне, Үйінде жатқан Төкетай Жүгіре шықты түйіне. Төкетай батыр көз салды Ақжелектің түріне.Түрін көріп сөйледі, Сөйлегенде бүй деді: ‒ Бір Құдайға мəлім-ді Биік пенен аласа. Арғымақтан ол кетсе, Жабы шығар жапаса. Жаман болса ағайын Аяқты қаққан томаша.

Түрің қалай, Ақжелек, Өкпелеген балаша. Сол қолыңа оң қолың Болад деген араша. Əңгімеңізді айтыңыз Қандай болды тамаша. Түрің қалай, жан ата, Тұтығып тұрсыз далаға, Жолаушылап мен келдім Əйел ізден балаға, Атың мəлім болған соң Көкетай хан ағаға. Меп үшін қалып тұрсыз гой

Page 354: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

354

Əртүрлі, ата, жалаға. Біреудің тілі тиді ме, Жүректегі санаға. Жасырмаңыз сырыңды, Түсейін, ата, араға.

Ақжелек сонда күрсінді, Көк тұйғындай сілкінді. Орнынан тұра алмай, Таяқпен үш ұмтылды. Ақжелек айтты: ‒ Қарағым, Хан ‒ мұнара болады, Халық дұғадар болады, Хан қайық болады, Халық теңіз болады, Теңіз егер шайқалса, Балық арық болады. Мен орнымнан ұмтылып, Тұрғанымды айтайын. ‒ Қатын ‒ шайпау, ұл ‒ тентек, Екеуледі қайтейін, Кəрілік жетті, қайрат кетті ‒Төртеуледі қайтейін. Балам жоқ боп, Жүрек тот боп ‒ Алтаулады қайтейін. Сонда тұрып Төкетай, Мəнікерге мінеді. Бадана тонды киеді. Шоталыны қолға алып, Беліне садақ іледі.

Ақсұңқардай түледі, Қарғып мініп атына Ақиықтай талпына,

Page 355: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

355

Мəнікер де тынығып, Келген екен шарқына.Төбедегі жиналған Тура шапты халқына. Жалғызбын деп Төкетай, Қарамады артына. Салауаты, сəулеті, Саймандары артыла, Келе жатқан жалғыздың Қарады ел қалпына.

– Келе жатқан кім, – дейді, Келбеті бөлек тым, – дейді. Періште ме, пері ме, Сағым ба, əлде жын, – дейді. Халықтың тұрған жерлері: Қырымның бір шыңы еді, Өршеленіп Мəнікер, Биіктігін білмеді. Көк ала сақал Əлмембет, Ер Төстік те тұр еді. Кім екенін біл, – деді. Ер Төстіктің тұлпары Құмай торы Шалқұйрық. Сансыз аттан озатын Мен жүйрікпін дегеннің Қолтығын талай созатын. Нағыз тұлпар жүйріктер Шаңын көрмей қалатын. Сағымдай ағып желгенде Қараған көз талатын.Айшылық алыс жерлерді Алты күнде алатын. Жер түбіне желіспен Жеті күнде баратын.

Page 356: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

356

Қатар ұшқан қарлығаш Қанаты талып қонатын. Өрге шапса талмайтын, Ылди шапса самғайтын, Қия салса таймайтып, Көзі оттай жайнайтып.

Он бес жасар Ер Төстік Шалқұйрыққа нанатын. Ауыздығы қаршылдап, Шапса тасты қабатын. Төстен қашқан түлкініТөрт аттатпай соғатын.Тіл біледі ШалқұйрықЖат десе жата қалатын.Елеместің еркесі, Отыз ұлдың кенжесіЕр Төстік шықты жол тосын, Төкетаймен көрісті, Сəлем беріп қолдасыпЖолыңыз болсын, жігітім, ‒Деді Төстік сөзді ашып.Қайда кетіп барасыз, Тау аралап, тас басып.Екі батыр тілдесті, Жөн сұрасып үндесті, Екі тұлпар иіскесті, Иіскесіп тістесті.Сөзге алданып тұрғандаТағы аттары тебісті, Тебіскенін тоқтатып, Енді сөзге келісті.

Т ө к е т а й :Азаматтың қадірін Ағайын білмес, жат білер.

Page 357: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

357

Артқы айылдың батқанын Иесі білмес, ат білер. Қара жерге қар жауын, Қарды басқан ‒ бір мұрат.Қара жерден қар кетіп, Жерді басқан ‒ бір мұрат. Ер Төстік батыр, сенбісің, Елеместің еркесі, Отыз ұлдың кенжесі, Өзіңдей болып туады Тəңірдің сүйген пендесі. Ерегіскен батырдың Ел үшін кетер кəллесі. Елдестірмек елшіден, Жауластырмақ жаушыдан. Мен бір келген қонақпын, Үрім менен Қырымға Асыл адам қарайды, Уəдеге бұрында.

Батыр болар жігіттің Аты кетер руға, Тұлпар болар жылқының Тұлғасы тұрар құлында. Ақжелекке кеп едім Аты шыққан бұрында. Қарияңды қайғыртып, Мұның жаман ырым-ды.Екі жирен ат мінген ‒ Ерте жолы болмайды, Екі боз ат мінгеннің Ежелден жолы болмайды. Жерге сұңқар қонбайды, Тонды киген тоңбайды. Қара жерге кіргенше

Page 358: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

358

Адамның көзі тоймайды. Тілімді алсаң, жас бала, Болғалы тұрсың бас бала.Сыйламасаң үлкендіЕр Төстік, болдың масқара.Ер Төстік сонда күлді енді, Жығылғанын білді енді.Төбедегі халыққаСəлем бергін, жүр, ‒ деді.Еріп келіп Төкетай, Сəлемдесіп тұрды енді.Ақылдасып Ер ТөстікƏңгімесін құрды енді. Алты жорға тарту қып Алпыс кісі жүрді енді. Ақжелектің аулына, Алпыс қонақ келеді, Алдына келіп Ер Төстік Иіліп сəлем береді. Төкетайдың ат-тонын Таңырқап бəрі көреді. Қонақ болып түнімен Алысып, ойнап күледі. Таңертеңмен батырлар Қыз жинауға кірісті. Түніменен сөйлесіп, Аты-жөнін білісті. Алты батпан алтынын Алуға тұрды күмісті. Түніменен аралап, Сұлу қызды жиысты. Екі батыр ішінен Сынаспақ болып ырысты Құдай тағала қош нəрсе, Бастады бұлар бір істі.

Page 359: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

359

Таң атқанша аттарын Екеуі мақтап тұрысты. Нелер сұлу жиылды, Асыл киім киінді, Қыздың бəрі түйінді. Қыз айттырған кісінің Қараған көзі талады, Қыздар шашын тарады. Қара көз оттай жанады. Қырымның қыз-ұлына Қыз айттырған Төкетай Қиғаштап көзін салады. Қыз жақпас Төкетайға Шетінен бəрі жағады. Əсіресе екі қыз, Бірінің аты Айнакөз, Бірінің аты Қаракөз, Балаларым бағына Келтірді Құдай енді кез.

Төкетайдың көңіліЕнді судай тасады. Талтаң-талтаң басады, Маған келін осы, – ден, Алтыннан шашу шашады. Қалың қыздың ішінен Аттарын анық атады. Айнакөз бен Қаракөз Құдалық жайын сөйлесіп, Құйрық, бауыр асады. Ата-анасын алдырып, Ақжелек жауап ашады. Сұрастырса Айнакөз ‒ Елеместің қызы екен, Айтулының өзі екен.

Page 360: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

360

Қырым менен Үрімнің Аузындағы сөзі екен. Қаракөзді сұраса Бір кедейдің жалғызы, Ата-анасы өліпті, Ер Төстіктің балдызы.

Əңгіменің аяғыЕр Төстікке тірелді.Ақжелектің артынанБас түлек боп тұр еді.Атырап елі ауғандайБір жағын билеп жүр еді.«Үйде көпті түзде ұрмас»Туысы отыз ұл еді.Елемес өзі шын кедейСексен жаста тірі еді.Отыз ұлдың ішіндеАйнакөз жалғыз қызы еді.«Теңін тапсаң тегін бер», Деген мақал біледі, Шешесі де жасында Көріктінің бірі еді.Балаларым білед деп, Жауабын солай береді. Қыз көптікі деген, – деп, Көпшілігің біл, – деді.

Суырылып Төстік сөйледі, Сөйлегенде бүй дейді:‒ Отырсыздар, ақсақал, Көпті көрген шүйделі, «Қызға тыю қырық үйден», Төкетай, келдің аулыма, Түсіпті көзің баурыма.

Page 361: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

361

Алты батпан алтынды Атының салып саурына. Көпшіліктің кірермін Кер кетпей-ақ қауымына, Екі балаңды алып кел, Қайта барып аулыңа. «Қыз көргенді біз көріп, Естігенді ‒ көз көріп». Келіндеріңді алып кет. Ерте қайтып, тез келіп Қызға кім көзі түспейді, Қымызды кім ішпейді. Тіл астында тіл бар ғой, Бұл жақта да ұл бар ғой. Күйеусіз босқа жіберсем «Ат көті» деген мін бар ғой, Айттырып жүрген тағы көп, Аңдып жүрген жабы көп. Қызығып жүрген тағы бар. Қызғанған адам табылар. Қыздың сырын кім білсін, Кеудесі бөлек жаны бар. Тобышақты шоңқайтқан Қаба жалды жабы бар. Қыз шіркінге кім сенсін, Түрлі пəле табылар. Ақылы жоқ арыстан, Айға қарап шабынар. Бозторғайға бақ қонса, Бидайық, қыран бағынар. Шымшық құсқа бақ қонса, Самұрық келіп жалынар. Құл мен күңге күн туса, Патшадан таж ‒ тақ алынар.

Page 362: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

362

Арғымақ ат пысқырса, Алыс жолға шабылар.

Тағы да айтар бір сөзім Көпшілік, құлақ салыңдар.Хан емеспін қарамын, Қарадан туған баламын. Əкем кедей, өзім жас, Əр нəрседен шаламын. Өзім деген адамға Өзегімді саламын, Өзі келіп соқтықса, Өш жібермей аламын. Көңілім түскен кісіге, Өлтірсе де нанамын. «Ер өледі намыстан, Қоян өлер қамыстан». Мəнікермен сен келдің Бір жұма жүріп алыстан. Шалқұйрығым менің де Ұшқан құстан қалыспан. Ағаң сенің Көкетай Атағын білем алыстан. Жасың үлкен ағасың Жүз көрісіп танысқан. Біреу озып басынан, Біреу шауып қалысқан. Жарысуға қалайсың Атаның ұлы арыстан. Сөреге адам қоялық Əділетті қалыстан.

‒ Мақұл, – деді Төкетай, Жəрдем берсін бір Құдай Əкесінен бері қарай,

Page 363: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

363

Деген емес жəкетай. Ел таңырқап балаға, Батырлар түсті араға. Ерніп тұрған қалың ел Еліртіп жатыр жана да. Ер Төстік сонда сөйледі. Төкетайға кел, – деді. Бəйгесіне атыңның Не тігесің сен? – деді.

Т ө к е т а й :– Қалағаның берейін, Қалса егер Мəнікер. Мəнікерден озам деп, Болма, бала, əбігер. Қалмақ, қазақ, қырғыздан Алғам талай əбиір. Алты батпан алтыным, Ол жарай ма, жарқыным. Баламмен жасты баласың Басылмаған қарқының. Мақтанбаңыз сіз, – дейді Қорықпаймыз біз, – дейді. Алты батпан алтыннан Күдеріңді үз, – дейді. Мəнікерді қоса тік Рас болса сөз, – дейді, Озарыңа Төкетай, Жетіп тұрса көз, – дейді. Мен тігейін бəйгеге Екі сұлу қыз, – дейді. Үш ай көктем ары жүріп, Үш ай шауып бері жүріп, Жарысайық, біз, – дейді. Үркер мен ай тоқтамас

Page 364: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

364

Уақытында тоғыспай. Екі батыр тоқтамас Ерегіспей соғыспай, Екі тұлпар жарыспай, Екі арыстан тоқтамас, Ырылдасын алыспай.

Екі тұлпар жарысты, Үзенгісін қағысты, Ұшқан құсты құтқармай, Ауыздықпен алысты. Ерегісіп екпіндеп, Өнерлерін салысты. Екі батыр ереуіл Жібермеске намысты. Тарта шауып тізгінін Екі қолы қарысты, Жүгірген аң, ұшқан құс Ілесе алмай қалысты. Еттері еркін қыза алмай, Бір-бір оза алысқа қылған бірҚолтықтары шыланбай Құлаштап аяқ соза алмай, Делебесі қоза алмай, Қалың тоғай қарағай. Тұра алмайды қарамай. Осындайлық алысқа Əуре қылған бір Құдай. Айлық жерден қос тұлпар Құстай ұшып келеді. Кербаланың шөлінен Жарты күнде етеді. Жиделібайсын жерінен Екі күнде өтеді, Даласынан бетпақтың

Page 365: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

365

Алты күнде өтеді. Адыр-адыр белдерден Жарты күнде өтеді. Орыс елін аралап Оянғанша өтеді. Он сан ноғай үстінен Ойнақтатып өтеді, Қалмақтардың елінен, Қарағанша өтеді, Қарақалпақ елінен, Шалқар өзен-көлінен, Шапшаң қарғып өтеді. Еділ менен Жайыққа Ерегісіп жетеді.

Еділ бойын өрледі, Тұлпар сонда терледі. Құлаштап аяқ сермеді, Қолға ерік бермеді. Орал тауын бастырды, Кавказға қарай қасқарды.

Қара теңіз, Каспийден Екеуі де жүздірді. Пышақтай суды тілдірді. Балықтарды үркітіп, Жайындарды бүлдірді. Екі жақтан қамшылап, Енді ұрды дүлдүлді.Мəнікер ат майыспай,Мойны озды алыстай.Қара теңіз ішінде«Қош» деп ұран салысты-ай.Бұрып шықты жиекке, Су өтті əбден сүйекке.

Page 366: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

366

Алыс-жақын бір екен, Абайлады жүйрікке.Ұзай салды МəнікерТұлпарлыға мəлім керТөкетай Ер ТөстіккеБұрылды да «қош» деді.Болма деп ем əбігер.«Қосайлап» ұран шақырды, Əперді аты əбиір.Төкетай ұзап жөпелді, Алдында бірталай өр. Əлі де болса тұлпарғаОзатын бар талай жер.Тағы қуып жетем деп Ер Төстік айтты «қолдай гөр», Сөйтті де шықты жағаға Шынымен аты қала ма, Шығып алып қамшы ұрды Сиынып біраз Аллаға.

Шалқұйрық тұлпар самғады, Шабысынан танбады. Ызаланған жануар Тіке тұрды жалдары Тыңнан мініп шапқандай Көздің жасы парлады. Қарағай мен қайыңдар Дүбіріне сарнады. Қуып жетті тағы да Токетайды алдағы, Тағы үзеңгі қағысып, Бір-бірінен қалмады. Күндік жер қалды сөреге. «Сүйкенер сиыр өреге» Келер мезгіл болды деп,

Page 367: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

367

Ел де шықты төбеге. Айтқанындай Есімнің Екеуі қатар бір шықты.Екі тұлпар шаңынан Ел көре алмай тұншықты. Тұяқтары соққан тас Қазандай көкке ыршытты. Аспанға ұшқан қалың тас Қайта төмен ұрыпты. Шаңға көміп көп жұртты Тұрған жерде қырыпты. Есім бақсы айтқаны Ə дегенше келіпті. Екі тұлпар келіпті. Екі тұлпар екпіні, Елге салды білікті. Мəнікердің мойыны Сөреге озып кіріпті. Ер Төстік пен Төкетай, Таласып босқа тұрыпты. «Басты шайтан көрікті», «Сен келіп бəле болдың» деп, Төкетайды ұрыпты. Сойыл тиген Төкетай Аттан құлай төніпті.

Ер Төстік енді қағынды. Қайрылып келіп тағы ұрды. Алыстан келген жалғызды Жанын қинап өлтірді. Ерегіскен Ер Төстік Өз айтқанын келтірді. Ел ағасы АқжелекБұл қалай?! – деп, жекірді.Алтынын, атын талаңдар ‒

Page 368: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

368

Ер Төстік елге деп тұрды. Халық шулап талады, Дауысы жерді жарады. Құмырсқадай қалың ел Ат саурына таңылған Алтынды бөліп алады. Алтынды былай олжалап, Мəнікерге ауыз салады. Мəнікер ашып ауызын, Елге қарсы шабады, Быт-шыт болып ел қашыпАйнала келіп қамады. Төкетайдай жалғыздың Сүйегін ешкім алмады. Шыр айналды Мəнікер, Шеніне адам бармады.

Қодырайтып құйрығын, Тікірейтіп құлағын. Төкетайдай жолдасын Жата қалып тісімен Арқасына салады. Анталап тұрған қалың ел Көріп мұны таң қалды. Ұстамаққа қамалап Рулы ел қамданды. Оны көріп Мəнікер Ұстатпасқа шамданды. Аузымен тістеп ап Шығысқа қарай самғады, Ақылы бар, тілі жоқ, Көзінен жасы парлады. Ерге салып жануар Екі аяғын тістеді. Екі қолын қусыртып,

Page 369: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

369

Иегінен иіскеді. Төрт тұяқпен жер тарпып Қош дегендей кісінеді. Айуан да болса Мəнікер Адамзаттан есті еді. Қамалап ел қамданып Ұстайын деген адамды Ұршықтай ойнап тепкені, Алдынан келсе тістеді. Алданып қолға түспеді.

Найзаласа өтпеді, Садақ атса жетпеді. Қылыштаса тілмеді, Мылтық оғы тимеді. Қалың елді қақ жарып, Қашып тұлпар «шу» деді Тұрған халық таңырқап, ‒ О, жануар, шүу! – деді.Тұлпар кетті құтылып, Төкетайды алып сытылып Шалқұйрық пен Ер Төстік, Толқындай тұлпар бұлқынып Борандай соғып жұлқынып, Ел қайда, – деп жөнелді...

Page 370: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

370

ТҮСІНІКТЕР

Дулат Бабатайұлы. «Еспембет». Поэманың түп нұс-қа сы ҚР ҰҒА академиясының Орталық ғылыми кі тап ха на-сы ның қолжазба қорында сақтаулы. Алғаш рет 1957 жылы «Жұл дыз« журналының 5-нөмірінде жарияланды.

Дастанның бас кейіпкері Еспембет – халық арасында аңыз ға айналған Абылайхан батырларының бiрi, яғни тари-хи тұлға. Асқан мерген, айтулы батыр, бар өмiрiн жорықта өткiзген ержүрек жан. Ел аузындағы аңыз бойынша, тапқырлығы мен өжеттiлiгi үшiн Абылай хан мен Қазыбек би оған «Адақ» деген ат берген екен. ХІХ ғасырдағы қазақ ауыз əдебиетiнiң көрнектi өкiлдерiнiң бiрi, Еспембетке за-ман жағынан да, туыстық жағынан да бiртабан жақын ақын Дулат Бабатайұлы осы дастанды тудырған.

Нысанбай Жаманқұлұлы. «Кенесары – Наурызбай». Та-рихи тақырыптағы дастан. Нысанбай жырау Жаманқұлұлы көтеріліске бастан-аяқ қатысып, көрген-білгенін жырға қос-қан. Дастан алғаш рет С.Жантөрин мен Т.Сейдалиннің ау-дармасымен 1875 ж. «Записки Оренбургского отдела импе-раторского русского географического общества» журналын-да жарияланды. Шығарманы 1912 жылы Қазан қаласында Жү сіп бек Шайхысыламұлы жеке кітап етіп бастырған. 1923 жылы Ташкентте Х.Досмұхамедұлының, 1924 жылы Н.Тө-ре құ лов тың алғысөздерімен кітап болып шыққан

Нұрым Шыршығұлұлы «Тоғыз ауыл». Тарихи дас тан. 1853 жылы Хиуаның ханы жасанған қол жіберіп, Маң ғыс-тау ды қоныстанған Бəйімбеттің Сүгірəлісі Құрман, Таған атты байларының бейқам отырған тоғыз ауылын шауып, ер адамдарын өлтіріп, əйел, бала-шағаларын, малдарын алда-рына салып айдап кетеді. Бұл хабар көрші отырған Жан дай-дың Көрпе, Байбоз, Жамбоз ауылдарына суыт жетіп, олар көп қол жинауға уақыт тығыз болып, маңдағы жақын отыр-ған ауылдардан қолына қару ұстауға жарайтын, өзіне-өзі сенген ер көңілді қырық шақты адаммен жау соңынан тұра

Page 371: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

371

қуа ды. Қуғыншылар саны неше есе басым, қаруы мол қам-да нып келген жауды қуып жетіп ұрыс салады, орасан қыр-ғын таптырады. Жау қолында кіріптар болып бара жат қан же сір мен малды айырып қалады.

Осы қанды оқиғаны жыр қылып ұрпаққа қалдыру үшін Абыл ақын Маңғыстауды аралап жүрген Нұрымға тілек ете-ді. Ұстазының тілегін жерге тастамай Нұрым ұрыс туралы деректерді жинап, осы дастанды шығарады. Бұл хабар елге тарап, елдің ақсақал, билері ел тағдыры, ұрпақ тəрбиесі жө-нін де орыны өлшеусіз өтміш оқиға туралы жыр-дастан шы-ға ру шы лар ға бəйгі жарияланады. Бірнеше ақын сөз шы ға ра-ды. Бас бəйгі – арғымақ ат пен ала тон Нұрымға бұйырады.

Нұрым жырлары алғаш М.Бекмұхамбетұлының «Жақ-сы үгіт» (Қазан, 1908) жəне «Аламан» (Ташкент, 1926) жи-нақ та рын да жарық көрді. Кейін өлеңдері «Ақберен» (1972); «Өсиетнама» (1982); «Бес ғасыр жырлайды« (1985–89); «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985); «Абыл, Нұрым, Ақ-та ным…» (1997) атты жинақтарға енген.

Абай Құнанбайұлы. «Ескендір». Жазылған жылы бел-гісіз. Ұлы ақын Ескендір жайындағы аңызды əйгілі классик ақын Низамидің «Ескендірнамасынан» алған деген деректер бар. Поэма əрқайсысы төрт тармақты 42 шумақтан тұрады. Ал ғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қа зақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғлының өлеңі» деген жи-нақ та жарияланған.

«Масғұт». Абайдың 1887 жылдары жазылған дастаны. Төрт тармақты 44 шумақтан тұрады. Оқиғасы, тақырыбы шы ғыс халықтарының аңызынан алынған. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақы ны Ибраһим Құнанбайұғлының өлеңі» деген жинақта жа рия-лан ған.

«Əзім əңгімесі». Абайдың аяқталмай қалған дастаны. Поэ ма ның тақырыбы «Мың бір түн» ертегісінен алынған. Дастан 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш рет ақынның 1933 жылы жарық көрген толық жинағында жа рия лан ды.

Page 372: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

372

Шəкерім Құдайбердіұлы. «Қалқаман – Мамыр». 1722 жылы болған тарихи оқиғаға байланысты шығарылған дас-тан. Дастан Абайдың көзі тірісінде, шамамен ХІХ ғасырдың 80–90-жылдарында жазылған деген болжам бар. Ақын бұл дас та нын «тарихи хикая» деп атаған. Алғаш рет 1912 жылы Семейде кітап болып басылып шыққан. Дастанның түрлі нұс қа ла ры бар.

«Еңлік – Кебек». Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға бол ған ХVІІІ ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Бү гін-гі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жəр дем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсын ған тақырып бойынша Шəкəрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абай ұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шəкəрімнің бұл дастаны 1988 жылы қайта жарық көрді.

Ақылбай Абайұлы. «Дағыстан» («Кəрі Жүсіп»). Ро ман-ти ка лық поэма. Ақылбай əкесі Абайдың кеңесі бойынша үш поэма жазған. «Зұлыс» поэмасының оқиғасы ағылшын жазушысы Г.Хаггарттың (1856–1925) «Сүлеймен патшаның ке ні ші» атты əйгілі романынан алынған. Бұл поэма толық сақ тал ма ған. «Жаррах» поэмасы мүлде жоғалып кеткен. То-лық сақталған, романтикалық сарындағы «Дағыстан» поэ-ма сы ның тақырыбы – əділет пен зұлымдық күресі. Дас тан ға Да ғыс тан елінде, Кавказда болған оқиға өзек етіп алын ға-ны мен, қазақ өмірі үшін зор мəні бар əлеуметтік мəселелер кө те ріл ген. Дағыстан» – Абайдың ақын шəкірт те рі не өзі ұсын ған тақырыбы. Поэманы бə рінен бұрын жазып бітір-ген Ақылбайдың поэ масы Абайдың да, өзге шəкірттердің де көңілінен шығады. Осы поэмасы арқылы Ақылбай қа зақ əде бие тінде Кавказды тұңғыш жырлаған ақын болды. «Да-ғыс тан» поэмасынан үзінді 1918 жылы «Абай» жур на лы ның 5-санында жарияланған.

Мағауия Абайұлы. «Медғат – Қасым». Романтикалық поэма. Мағауия əкесі Абайдың кеңесімен бірнеше поэма жа-

Page 373: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

373

зады. Олар: «Еңлік – Кебек», «Абылай», «Медғат – Қа сым». «Медғат – Қасым» поэмасының тақырыбы қазақтан жы рақ, алыс елдерден, яғни Африка өмірінен алынған. Поэма ро-ман ти ка лық сарында жазылса да, Африка жерін мекендеген адам қауымының тұрмыс-тіршілігін реалистік шындық тұр-ғы сы нан көрсетеді. Поэма ХІХ ғасырдың соңындағы қазақ əде бие тін де гі жаңалықтардың бірі болды.

Əсет Найманбайұлы. «Салиха – Сəмен». Əсет ақын-ның Абайдың оқиғалы дастандарының үлгісімен жа зыл ған лирикалық-романтикалық поэмасы. Поэма кейіпкерлері – Салиха мен Сəмен де бас бостандығы үшін, махаббат жо-лында құрбан болған жандар. 1945 жылы «Салиха – Сə мен» дастаны жеке кітап болып Шығыс Түркістанда, Алтайда жа-рық көрді.

Қашаған Күржіманұлы. «Топан». 1900 (тышқан) жылы қазан айында терістіктен көтерілген жаңбыр аралас дауыл Каспий теңізінде ақжал толқын үйіріп, жағалау біткен ащы судың астында қалады. Жем өзені де арнасынан асып, алыс қыйырға жайылады. Бұрын-соңды көз көріп, құлақ ес ті ме-ген табиғаттың тосын оқиғасы сол кездегі Жылыой кө ле-мін де гі Қаңбақты қаласын шарпып, халықты мал-мүл кі нен айырып, орны толмас шығынға ұшыратады, ауыр қа за ға соқ-ты ра ды. Қашаған осы оқиғаға арнап жүздері кө ңіл сіз, қа бақ-та ры салыңқы қаумалаған ағайын алдында «Топан» даста-нын шығарған екен.

Дастан ақынның «Топан» (А., 1991), «Алқаласа əлеумет» (А., 1991), «Жыр-дария» (Ақтау, 1995) жинақтарында жа рия-лан ған.

Жамбыл Жабаев. «Өтеген батыр». Өтеген батыр (1699–1773) – XVIII ғасырдың І жартысында жоңғар бас қын шы-лы ғы на қарсы күрескен қазақ батыры. Оның ата-бабалары да батырлар болған. Өтеген батыр туралы аңызға бергісіз əң гі ме лер көп сақталған. Сол аңыздар Сүйінбай мен Жам-был сынды жыр алыптарының дастандарына арқау болған.

Page 374: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

374

Жамбыл Жабаевтың: «Қасара біткен маңдайдан, жан еді қос мү йіз ді» – деп жырлап, оны батырлықтың белгісі ретінде тануы да содан. Өтегенді алғаш жырлаған Сүйімбайдың ба-басы Күсен ақын. Сондай-ақ Тілеміс, Майкөт ақын дар дың да батыр туралы дастандары болған. Бұлардың ішінде біз ге жеткені – Жамбылдың «Өтеген батыр» дастаны.

Нұрпейіс Байғанин. «Нарқыз» Нұрпейіс ақынның төң-ке ріс ке дейін шығарған дастандарының бірі. 1940 жылдары сөз зергері Ғ.Мүсірепов жазып алған. Поэма Н.Байғаниннің 1945, 1956, 1974, 1991, 2006, 2008, 2011 жылдары шыққан жи нақ та ры на кірген. Орталық ғылыми кітапхананың қол-жаз ба қо рын да қара сөзбен баяндалған нұсқасы сақ тал ған. Əде биет та ну шы ғалымдар ақынның Нарқыз образын жаса-уына қандай да бір шындық оқиға негіз болған, Нар қыз дың түп бейнесі ХVІІІ ғасырдың аяқ кезінде өмір сүрген Айша атты қыз деген болжамды айтады.

Кенен Əзірбаев. «Төкетай мен Мəнікер». «Төкетай мен Мə ні кер» дастанының мазмұны өзге қазақ жырларынан бө-лек. Жырда ертегі қаһарманы Ер Төстік Қырым елінің ба-тыры болып суреттеледі. Дастан Кененнің ең көлемді эпи-ка лық дастаны. Негізгі оқиға желісі қырғыздың «Манас» эпосы мен қазақтың «Ер Төстік» ертегісінен алынған. Ке-нен бұл дастанды 1940–45 жылдары үзік-үзік жыр түрінде жыр ла ған. 1947 жылы сол үзік жырларды біріктіріп, көлемді дастан етіп жырлаған. 1967, 1974 жылдардағы жинағында «Тө ке тай мен Мəнікер», «Ер Төстік» деген тараулары жари-яланды. Ал, ақынның 100 жылдық мерейтойына арналған екі том дық таңдамалы шығармалар жинағына екі дастан-ды бі рік ті ріп, мазмұн желісіне қарай аты «Бұрынғы өткен батырлар» деп өзгертіліп берілді. Бұл жинаққа 1974 жылы шық қан «Алатау шыңы» атты таңдамалы шығармалар жи на-ғы нан алынып берілді.

Page 375: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

МАЗМҰНЫ

Алғысөз ................................................................................................3

ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ (1802–1874) Еспембет ..............................................................................................8

НЫСАНБАЙ ЖЫРАУ ЖАМАНҚҰЛҰЛЫ (1822–1883)Кенесары – Наурызбай .....................................................................25

НҰРЫМ ШЫРШЫҒҰЛҰЛЫ (1831–1908)Тоғыз ауыл .........................................................................................68

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ (1845–1904)Ескендір .............................................................................................97Масғұт ..............................................................................................103Əзім əңгімесі ...................................................................................109

ШƏКƏРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ (1858–1931)Қалқаман – Мамыр .........................................................................126Еңлік – Кебек ...................................................................................140

АҚЫЛБАЙ АБАЙҰЛЫ (1861–1904)Дағыстан ..........................................................................................164

МАҒАУИЯ АБАЙҰЛЫ (1870–1904)Медғат – Қасым ...............................................................................186

ƏСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫ (1867–1922)Салиха – Сəмен ...............................................................................215

ҚАШАҒАН КҮРЖІМАНҰЛЫ (1841–1929)Топан («Жем суының тасқыны») ...................................................230

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846–1945)Өтеген батыр ...................................................................................249

НҰРПЕЙІС БАЙҒАНИН (1860–1945)Нарқыз ..............................................................................................284

КЕНЕН ƏЗІРБАЕВ (1884–1976)Төкетай мен Мəнікер ......................................................................341

Түсініктер .........................................................................................370

Page 376: 1-tom - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7007.pdf · пыра жырау, Қорқыт ата есімдері осы эпостық жырлармен қатарласа орын алады.

ҚАЗАҚТЫҢ 100 ПОЭМАСЫ

1-том

Редакторы Сəндібек ЖұбаниязовКөркемдеуші редакторы Нұрлан ТазабековТехникалық редакторы Зайра БошановаКомпьютерде беттеген Гүлмира Өтенова

ИБ № 7279

Басуға 15.07.2013 қол қойылды.Қалыбы 84×1081/32. Қаріп түрі «Times New Roman».

Офсетті басылым. Шартты баспа табағы 20. Баспа табағы 23,5.

Таралымы 2000 дана.Тапсырыс №

Қазақстан Республикасы «Жазушы» баспасы,050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143.