ҚАЗАҚСТАНaktobe-orleu.kz/attachments/article/520/22.11-sbornik.pdf · В этом году...

201

Transcript of ҚАЗАҚСТАНaktobe-orleu.kz/attachments/article/520/22.11-sbornik.pdf · В этом году...

  • 2

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІЛГІ

    «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»

    АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ

    «АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ

    БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

    «ТӘУЕЛСІЗДІК – ҰЛТ РУХЫ»

    ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК

    КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

    (ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН)

    МАТЕРИАЛЫ ОБЛАСТНОЙ

    НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ

    «НЕЗАВИСИМОСТЬ – ДОСТОЯНИЕ НАЦИИ»

    (ПОСВЯЩАЕТСЯ 25-ЛЕТИЮ НЕЗАВИСИМОСТИ

    РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН)

    АҚТӨБЕ

    2016

  • 3

    УДК 37.0 (063)

    Т 29

    РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

    Абишева Н.М., Кибатаева Н.К., Қағазбаева Ә.К., Қаплиева А.К.,

    Дүйсенбаев А.Қ., Туксанбаев А.М., Рахатова К.Ж.

    Т 29 «Тәуелсіздік – ұлт рухы»: тақырыб. обл.ғыл.-практ.конф.материалдары (Ел

    Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған) = «Независимость – достояние нации»

    (посвящается 25-летию Независимости Республики Казахстан): Мат.обл.науч.-практич.конф.

    – Ақтөбе, 2016. - бет. – қазақша, орысша.

    ISBN 978-601-7810-78-8

    Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағында тәуелсіз ел

    дамуына елеулі үлес қосатын жас ұрпақтың бойындағы патриоттық рух пен рухани-

    адамгершілік және жоғары әлеуметтік құндылықтарды арттыру мәселелері қарастырылған.

    Конференцияға ұсынылған мақалаларда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясындағы педагогтар

    қызметінің басым бағыттары нақты көрсетілген.

    Материалдар жинағы білім берудің барлық деңгей педагогтарына және кең көлемдегі

    оқырман қауымға арналған.

    В сборнике представлены материалы областной научно-практической конференции, в

    которых рассматриваются вопросы и проблемы целенаправленного воспитания молодого

    поколения в духе патриотизма и высокой социальной активности как духовно-нравственной и

    социально значимой составляющей развития независимого государства. В докладах

    конференции выделены перспективные направления деятельности педагогов в контексте

    национальной идеи «Мәңгілік Ел».

    Материалы сборника представляют интерес для педагогических работников всех уровней

    образования, а также для широкого круга читателей.

    УДК 37.0 (063)

    ISBN 978-601-7810-78-8 © Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, 2016

  • 4

    АЛҒЫ СӨЗ

    Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің

    ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткізген заңды құқығы бұл заңды және

    саяси фактіге ешкімнің таласы жоқ ешкім күмән келтірмеуі тиіс»,-деп көрсетуінде үлкен

    мағына жатыр. Ширек ғасыр ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Тарихи жеріміздің

    шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз,

    ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп

    өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында

    Қазақстан Республикасы деген асқақ рухты ел екенін мойындаттық.

    Біз Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойын салтанатты түрде

    аталып өтуінің куәсі болғалы отырмыз. «Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына

    қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің

    кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген

    келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Мәңгілік

    елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады.

    Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау

    алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние. Ол арман - әлем елдерімен

    терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет

    атану Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел»

    етуді мұрат қылдық» деп тағы бір мақсатты айқындап, сол мақсатқа жетуде қазақстан

    халықтарының рөлін көрсетіп, алдағы уақытта біздің мемлекет жаңа қазақстандық

    патриотизмге негізделген мемлекет болатынын айтып өтті. Осындай мемлекеттің тізгініне ие

    болатын ұрпақ тәрбиесі бүгінгі педагог-мамандардың уақыт жүктеп отырған міндеті.

    Педагогтар арасында оқушылардың жоғары әлеуметтік белсенділігін талқылауға,

    Қазақстан үшін рухани-адамгершілігі және әлеуметтік маңызы зор патриоттық тәрбиені

    қалыптастыруға бағытталған «Тәуелсіздік-ұлт рухы» облыстық ғылыми-тәжірибелік

    конференцияның мақсаты жинақ мазмұнымен үндестік табады.

    Конференция материалдарының жинағына «Қазіргі заманғы білім беру саласының

    өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі даму стратегиясы», «Кәсіби педагогтың дамуы:

    дәстүрлер мен өзгерістер (орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында», «Қазақстан тарихы

    пәнін оқытуда «Мәңгілік Ел» идеясын пайдаланудың тиімді жолдары» бағыттары еніп отыр.

    Конференция жұмысында облыс педагогтарына биік мақсат, шығармашылық шабыт,

    нәтижелі табыстар тілейміз!

  • 5

    СТАБИЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ НАЦИИ И ЕДИНСТВО НАЦИИ –

    ОСНОВА УСПЕШНОСТИ КАЗАХСТАНА

    Кибатаева Н.К.,

    зам.директора филиала АО “НЦПК» «Өрлеу»

    ИПК ПР по Актюбинской области, к.п.н.

    Нынешний год без преувеличения является рубежным в истории нашей Родины - Республики Казахстан.

    В этом году празднуется знаковое для нашей страны событие – 25-летие Независимости Республики Казахстан.

    Вчера по области дан старт акции «25 звездных дней», приуроченной к 25-летию Независимости Республики

    Казахстан. Символично то, что во второй звездный день мы проводим научно-практическую конференцию по

    данной тематике. Конференция проводится с целью обобщения достижений страны за 25 лет Независимости. А

    также изучения роли Президента Казахстана Н. Назарбаева в становлении и укреплении казахстанской

    государственности, в выработке и реализации многовекторной политики республики, в формировании

    национальной идеи «Мәңгілік Ел». Дальнейшее укрепление государственности, единства народа и консолидация

    всех казахстанцев вокруг ценностей "Мәңгілік Ел", вовлечение всех граждан страны в реализацию главной

    стратегической задачи государства – вхождение в 30-ку развитых стран мира являются приоритетными.

    Стабильное развитие нации возведено в ранг общенациональной ценности, что должно символизировать

    устремленность нашего государства, общества в будущее. В новых условиях стабильное развитие нации как

    ценность повышает динамизм общества, отвечает глубинному общественному запросу на развитие. Тому

    известные примеры: инновационные проекты, индустриализация страны, социальная модернизация, повышение

    конкурентоспособности нации.

    А «единство нации» - означает выход процесса интеграции общества на новый качественный уровень,

    построение успешного государства на основе согласованных действий в достижении новых целей. Единство

    нации подразумевает единство в достижении уровня конкурентоспособной нации в современной системе

    международных отношений и мирового сообщества. Единство нации –ценность, которая подразумевает единство

    общенациональных действий, готовность совместно противостоять любым вызовам и угрозам, нацеленность и

    устремленность в успешное будущее.

    Современное человечество насчитывает примерно 2000 различных наций и народов, а независимых

    государств в мире около 200. Следовательно, большинство народов мира проживает в многонациональных

    государствах. Каждый из нас вправе отнести себя к какой-либо национальности. Национальность - это

    принадлежность человека к определенной этнической общности. «Этнос» в переводе с греческого – «народ».

    По курсу истории рассматривались такие этнические общности, как род, племя, народность, нация. Нация - это

    наиболее развитая этническая общность. Она складывается в течение длительного исторического развития, в

    результате соединения представителей различных племён и народностей. У людей одной нации, как правило,

    общие экономические связи, территория, язык, культура, обычаи, традиции. Эти признаки нации

    формируются в ходе длительного исторического развития. У каждого народа - свой путь, своя судьба. Многие

    когда-то известные народы исчезли (скифы, половцы и т.д.). Некоторые из современных народов возникли ещё

    в древности (армяне, грузины, греки), русская нация сложилась в ХVII веке, а немецкая – в XIX веке. Десятки

    наций сформировались в XX веке.

    Мудрость и толерантность народа послужили объединяющим началом для консолидации всех граждан

    нового государства -Казахстан, вне зависимости от этнического происхождения, социальной, религиозной или

    иной принадлежности.

    В самые сложные годы становления Независимости, благодаря мудрости Народа и политике Первого

    Президента страны – Нурсултана Абишевича Назарбаева, в Казахстане удалось избежать столкновений на

    межэтнической почве и раскола общества. Тогда, в условиях преодоления постсоветского кризиса, выстраивания

    новых экономических и политических отношений, консолидация общества была достигнута на основе

    провозглашенного принципа внутриполитической стабильности, гражданского мира и межэтнического согласия.

    «Единство в многообразии» стало нашим общим достоянием, а согласие между этносами – нашим

    главным достижением, символом Казахстана, гарантией и основой успешного социально-экономического и

    общественно-политического развития страны. В то же время жизнь не стоит на месте. За прошедшие годы многое

    изменилось. Стали другими мы сами. Наше сознание расстается с остатками тоталитарного прошлого, другим

    стало поколение, рожденное в год обретения Независимости. Изменилась и ситуация в окружающем мире.

    Усилилось влияние глобализации. Казахстан стал не только активным членом мирового сообщества, но и

    объектом различных геополитических интересов. Во втором десятилетии нового века перед страной встали

    новые социально-экономические задачи по переходу на инновационно- индустриальное развитие. Все это

    требует от обновленного общества консолидации нового типа, основанной на осознании своего единства перед

    лицом изменившегося мира.

    Основным принципом национального единства является укрепление и развитие Духа Нации, как

    объединяющего и укрепляющего начала. Духовное начало – это сила, которая сплачивает Нацию в единое целое.

    Чем сильнее дух народа, тем выше перспективы его государственности. Это – главный двигатель истории и

    нашей судьбы. Именно Дух Нации определяет неповторимость облика любой страны, задает направление и дает

    импульс к развитию. Для подъема нашего Национального Духа главными приоритетами должны стать: дух

  • 6

    традиций и патриотизма, дух обновления, состязательности и победы. Дух нации опирается на тысячелетние

    традиции, ценности и культуру, на язык, как часть самосознания народа. Именно язык, традиционные ценности

    и наша уникальная культура на протяжении столетий поддерживали народ, не дав ему раствориться в истории.

    И сегодня они легли в основу нашей духовности, как неповторимой цельности, делающей нас особыми,

    непохожими на других. Поэтому возрождение и развитие духовности, культуры, традиций и языка являются

    одной из важнейших обязанностей государства.

    В первую очередь это относится к расширению сферы употребления государственного языка. Овладение

    им должно стать долгом и обязанностью каждого гражданина Казахстана, стимулом, определяющим личную

    конкурентоспособность и активное участие в общественной жизни. Это ключевой приоритет, главный фактор

    духовного и национального единства.

    Одновременно государство должно проявлять заботу об удовлетворении духовно-культурных и языковых

    потребностей всех этносов, живущих в Казахстане. Опора на традиционные ценности (уважение к языку и

    культуре, нравственность, семья, связь поколений, патриотизм и толерантность), являющиеся духовной основой

    общества, становится основой укрепления нашего единства и самобытности в современном мире.

    Сегодня время предъявляет все более жесткие требования к странам и нациям. Надежду на

    самостоятельное будущее имеют только те из них, кто, не растеряв свои традиции и ценности, нацелены на

    постоянное обновление, на модернизацию, на усиление конкурентных преимуществ. Это – веление времени, и

    мы должны соответствовать ему. Модернизация и конкурентоспособность, опирающиеся на традиции – основа

    подъема нашего национального духа в XXI веке.

    Только нации, нацеленные на достижение сверхзадач глобального масштаба, добиваются успеха. Поэтому

    ориентация на конкурентоспособность должна стать важнейшей частью нашего общенационального духа. Это

    основа и гарантия движения вперед, прорыва Нации к новым горизонтам. Каждый гражданин Казахстана должен

    прочувствовать это, как стремление стать лучше, богаче, умнее, как потребность сделать все, чтобы его страна

    процветала. Каждый должен развивать это качество, каждый должен сделать все, чтобы этот Дух победы стал

    частью его жизни, жизни общества и государства.

    Конкурентоспособность может быть достигнута только через модернизацию всех сфер жизнедеятельности

    общества. Но самое главное – модернизация, как постоянное стремление к обновлению, должна стать

    неотъемлемой частью нашего сознания. Это – наш ответ вызову времени, потому что Нация, лишенная

    стремления к развитию, обречена.Нам необходим интеллектуальный прорыв, который позволит пробудить

    потенциал Нации.

    Жизненно важно изменить отношение к знаниям, науке и инновациям. В XXI веке только

    интеллектуальная нация может рассчитывать на успех. Только так, опираясь на традиции, постоянно

    совершенствуясь и определяя для себя высокие планки, мы обеспечим единство нации и укрепление

    Национального Духа. Чтобы добиться этого, государство, каждый из нас и все общество в целом должны

    разделить ответственность и принять все необходимые действенные меры по обеспечению: развития и

    укрепления Национального Духа, его влияния на жизненные ориентиры каждого гражданина страны;

    приоритетности развития и распространения государственного языка, как важнейшего фактора укрепления

    национального единства; создания условий для развития культуры, традиций, обычаев, языков этносов

    Казахстана; сохранения и укрепления традиций, духовных и нравственных ценностей и мировоззренческих

    устоев, нацеленных на сплоченность Нации, государства, общества и семьи; заботы о национальных ценностях

    и достоянии; воспитания молодого поколения в духе взаимного уважения, патриотизма, честного служения

    Родине и своему народу; постоянного совершенствования каждым своих знаний, навыков, способностей,

    профессионализма и конкурентоспособности; совместной последовательной работы по дальнейшей

    модернизации всех сфер жизнедеятельности общества; создания Интеллектуальной нации, как залога успешной

    конкурентоспособности Казахстана.

    ҚАЗІРГІ ТӘРБИЕДЕГІ «ОТАНШЫЛДЫҚ СЕЗІМ, ОТАНСҮЙГІШТІК, ПАТРИОТИЗМ»

    ҰҒЫМДАРЫ АРҚЫЛЫ ТҰЛҒА САНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

    Қаплиева А.Қ.,

    «Өрлеу» БАҰО АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ»

    «Мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру»

    кафедрасының жетекшісі, п.ғ.к., доцент

    ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: Жаңа заманға жаң жігер керек, жаңа

    талап, жаңа таным керек, ал ең керегі – ұлттық сана, ұлттық намыс, ұлттық рух керек – деп баса атап көрсетеді.

    Олай болса, мұндағы: ұлттық сана – адам көкірегіне ұялайтын жылылық, жақындық, тусытық сезім

    арқылы берілсе, ұлттық намыс - ұлтаралық және халықаралық жағдайда, елдің басын біріктіретін қадір – қасиеттегі сүйіспеншілік, ал, ұлттық рух – еліне, жеріне деген мақтаныштық жауапкершіліктегі патриоттық

    қасиет. Осыдан, келіп ұлттық сезім мен ұлттық намысты, ұлттық рухты көтеру – бүгінгі таңның кезек күттірмес

    міндеті деп білеміз. Сондықтан, бұл ұғымдардың мағынасын терең біліп, мағынасы бар біртұтас болғанмен

    өзіндік обьективтік шарттылықтарды қажеттілігі қоғам сұранымы. Қазіргі зерттеушілер, отаншылдық сезім

  • 7

    ұғымын – ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі ретінде қарастырылып, Отанды сүю, өз халқының өткеніне

    сыйластықпен қарау сияқты, азаматтың адамгершілік негізін құрайтын қоғамдық мәнді қасиеттерінің

    қалыптасуына себептігін тигізеді. Отаншылдық – елжандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған

    топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Отаншылдықтың сезімнің қайнар көзі адамгершілік

    іргетасы – ұлтжандылық, сезімі- ұлттық қауіпсіздік.

    Ал, «отансүйгіштік» ұғымы келсек, ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда

    мекендейтін бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Бұл сезімнің мағынасы терең, аумағы кең,

    құдіреті күшті. Ол өз мазмұны, өз аясы бар, құдіретті күшке кездейсоқтықтан айналмайды, бұл сезімнің оянып,

    бірте-бірте күш алып, саналы өзіндік мәні, өлшемі, мағынасы бар біртұтастық мақтаныш. Осы екі ұғымды

    қолдаушы ролін атқаратын ұғым, «патриот» болып табылады. «Патриот» ұғымы – отаншылдық пен

    отансүйгіштік ұғымдардың игілігін қолдай отыра, «патриотизм» деген ұғыммен кең қолданылатын шарттылық.

    Олай болса, өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады

    – деген болатын Бауыржан Момышұлы. Жалпы Ашық энциклопедияда «Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық

    мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын

    , Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі.

    Патриотизм ұғымының ұрпақтар сабақтастығының жалғасуына ықпал тигізуде де үлкен мәнге ие. Бұл

    бірінші кезекте жеке тұлғаның әлеуметтенуіне көмектеседі және әлеуметтік тұрғыдағы қабілеттіктерінің

    дамуына да тигізер ықпалы мол.

    Патриотизмның адамгершілік жақтарын борыш, саналылық, жауапкершілік сезімдері құрайды. Білім беру

    жүйесінде «патриотизм» ұғымы патриоттық тәрбиенің барлық негізгі бағыттарымен бірге жүзеге асырылады.

    Патриотизм біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз, үздіксіз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім.

    Патриотизм білім беру жүйесінде төмендегідей бағыттармен біріге жүзеге асады:

    Біріншіден, ол өзара байланысты құндылықтардың белгілі бір құрылымын иеленеді. Екіншіден, патриоттық тәрбие жүйесіне оның міндеттерінен көрінетін өзіндік белсенділік. Үшіншіден, өзіне тән басқару тетігі, субъектісі мен объектісі, басшылық құралдары мен әдістері бар,

    өзін-өзі басқаратын жүйе.

    Төртіншіден, – уақыт пен кеңістікте дамытып отыратын жүйе, оның өз тарихы және өзіне тән заңмен белгіленетін қалыптасу, қызмет атқару мен даму процесс.

    Бесіншіден, әлеуметтік тұрғыдан алғанда да, басқа жүйелермен тығыз байланыста өмір сүретін процесс. Бұл жүйе төрт негізгі топтарды қамтиды: материалдық, іс-әрекеттік, рухани, адами құндылықтар. Осы

    құндылықтардың болуы және олардың өзара байланысы жүйенің біртұтастығын және жаңа сапалық

    айқындылықты белгілейтін оның құрамдас бөліктерінің өзара іс-әрекеттестігінің әдісі ретінде, патриоттық

    тәрбие жүйесінің салыстырмалы түрде алғанда тұрақты құрылымының дербестігін айқындайды. Қазақтың

    тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов өзінің зерттеуінде: менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай

    (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық сияқты) мен ең алдымен өз

    отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң

    халқымды қадірлеймін”, – деген болатын. Біз бұдан ,әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен

    ұластындығын білуге болады. Халықтық әдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген

    сүйіспеншілігін қалыптастырады. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты

    екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей сана болса бұл жас

    ұрпақтың адами игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтауы деп

    түсінеміз. Дамыған елдің адамы – қадір – қасиеті сүйетін, өз елін, өз жерін, Отанын сүйеді, өз тілін, дәстүрін,

    әдебиетін, тарихын біледі, қадір тұтады, өйткені ол қуатты күш,қосымша инвентиция құруда өз елінің патриоты, ал, мұндай үштік: отаншылдық сезім, отансүйгіштік және патриоттық қабілет «Мәңгілік Ел» идеясымен

    сабақтасады.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Астана. 2014. 2. Назарбаев Н.Ә. «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» Астана. 2014. 3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Астана. 2016. 4. Шамшиева М.А. «Қазақстандық патриотизм − бүкіл қазақстандықтарға тән сезім». rusnauka.com/7_

    NITSB_2013/.

    5. Қазақстан мектебі // №3.2016ж.

  • 8

    МЕЖДУНАРОДНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ КАК ВАЖНЕЙШИЙ ПОКАЗАТЕЛЬ ИНТЕГРАЦИИ

    КАЗАХСТАНСКОГО ВУЗА В ГЛОБАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЕ ПРОСТРАНСТВО

    Бегимбаева Ж.С.,

    к.и.н., доцент Актюбинского регионального государственного университета им.К.Жубанова

    Глава государства Нурсултан Абишевич Назарбаев отмечает, что, вступив в 25-й год Независимости,

    Казахстан стремится к новой казахстанской мечте, которая тождественна главной цели реализуемой «Стратегии-

    2050», и начал движение с разработки Плана нации - 100 конкретных шагов по реализации Пяти

    институциональных реформ.

    В статье «План нации - Путь к Казахстанской мечте», Президент Республики Казахстан Нурсултан

    Назарбаев напоминает, что 1 января 2016 года начался практический этап выполнения Плана нации «100

    конкретных шагов по реализации 5 институциональных реформ». «Вступили в силу 59 законов, которые создают

    принципиально новую правовую среду для развития государства, экономики и общества. Нам важно оценить

    этот беспрецедентный в нашей истории масштаб изменений национального законодательства. Тем более что они

    открывают путь к достижению нашей казахстанской мечты - стать одной из тридцати наций - лидеров ХХI века»,

    - пишет Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев [1].

    Уверенность в том, что «XXI век станет эпохой новых интеграционных союзов и больших региональных

    объединений, прежде всего на евразийском пространстве», артикулируется практически всегда на

    межгосударственных встречах на высоком уровне [2].

    Казахстан и Россия, развивая отношения, построенные на «высоком уровне доверия» и тесном

    сотрудничестве, в последние годы вышли на уровень «стратегического партнерства». По убеждению Глава

    государства Н.А. Назарбаева, в двусторонних отношениях «не существует проблем, которые не решались бы

    путем конструктивного диалога с учетом взаимных интересов» [3]. Вместе с тем Казахстан и Россия сегодня

    выступают вместе как интеграторы постсоветского пространства, их называют локомотивом интеграции. Основа

    для использования интеграционного механизма обеими сторонами имеется как в политической сфере, так и

    научной.

    В настоящее время и в Казахстане, и в России проводятся экономические и образовательные реформы,

    выстраиваются модели высшего образования, соответствующие тенденциям развития экономики и образования,

    обеспечивающие вхождение в мировое образовательное пространство. Это дает новый импульс для тесного

    сотрудничества вузов обеих стран.

    В начале XXI века высшее образование Казахстана и России переживает качественно новый этап

    сотрудничества интеграции с мировым сообществом. Этот этап открывает возможности не только

    позаимствовать новое, прогрессивное, проверенное многолетним мировым опытом, но и поделиться лучшим из

    того, что имеется в практике работы высших учебных наших стран. Международная интеграция и

    сотрудничество в области высшего образования определяется взаимным доверием и обменом опытом вузов

    обеих стран.

    Актюбинский региональный государственный университет имени К.Жубанова видит свою миссию в

    развитии системы образования, фундаментальной и прикладной науки как источников новых знаний и

    технологий, укрепления международных связей с российскими вузами, а именно с Оренбургским

    государственным университетом, Оренбургским государственным педагогическим университетом.

    Коллектив кафедры «Отечественной истории и исторических дисциплин» Актюбинского регионального

    государственного университета имени К.Жубанова уделяет большое внимание развитию и укреплению

    международных связей и делового партнерства, а также повышению имиджа университета как в Республике

    Казахстан, так и на международном уровне.

    В этом направлении проводится большая работа:

    - обмен студентами и преподавателями для обучения, прохождения летних практик и стажировок;

    - приглашение иностранных преподавателей для чтения лекций в университете;

    - развитие совместных образовательных программ;

    - проведение совместных научных исследований и проектов, обмен научной литературой;

    - участие в Международных научных конкурсах молодых ученых России и Казахстана;

    - участие в конференциях, публикация тезисов и докладов и другие.

    Кафедра осуществляет подготовку магистрантов специальности «6М020300 - История» и для

    осуществления академической мобильности, научных связей заключили договора с вузами Оренбурга, Саратова,

    Санкт-Петербурга, Кыргызстана по проведению научной стажировки.

    Коллектив кафедры постоянно поддерживает научные, учебно-методические связи с зарубежными

    ВУЗами и учеными. В рамках осуществления таких связей, венгерские ученые А.Биро и М.Добрович (2011г.),

    ученый Ливерпульского университета А.Моррисон (2012г.), японский ученый К.Мацузато и гонконгский ученый

    Н.Пиончолли (2013г.) прочитали специальные курсы и провели семинары для наших студентов и магистрантов.

    Во время научных стажировок магистрантам были проведены консультации, семинары, прочитаны

    специальные курсы проректором по научной работе Оренбургского государственного университета, доктором

    физико-математических наук, профессором С.Н.Летута, деканом факультета гуманитарных и социальных наук

  • 9

    Оренбургского государственного университета, кандидатом исторических наук, доцентом Н.Б.Шебаршовой

    (2015г.).

    По теме «Методология исторической науки» были прочитаны лекции магистрантам специальности

    «6М020300 - История». Доктор исторических наук, профессор В.В.Амелин раскрыл историю и современное

    положение конфессий и религиозных объединений Оренбургского края в XVIII — начале XXI веков, подробно

    осветил этническую историю и культуру народов Южного Урала в XVIII — начале XXI веков. Доктор

    педагогических наук, профессор А.В.Кирьякова выступила перед магистрантами, проанализировав мониторинг

    современного состояния этноконфессиональных отношений в Оренбургской области и Приволжском

    федеральном округе.

    Магистрантам предоставляется прекрасная возможность для научно-исследовательской работы в

    библиотеках, Государственном архиве Оренбургской области. По результатам научных стажировок

    магистрантам выдаются сертификаты.

    Установлены связи и подписаны двусторонние соглашения о сотрудничестве между Актюбинским

    региональным государственным университетом имени К.Жубанова и Оренбургским государственным

    педагогическим университетом. Ярким примером укрепления научных связей между Казахстаном и Россией

    является участие магистрантов и студентов Актюбинского регионального государственного университета им.К.

    Жубанова в Международной научно-практической конференции Восьмые Большаковские чтения

    «Оренбургский край как историко-культурный феномен» и в Международном конкурсе молодых ученых России

    и Казахстана.

    10-11 марта 2016 года в Оренбурге прошла Международная научно-практическая конференция Восьмые

    Большаковские чтения «Оренбургский край как историко-культурный феномен», оргкомитет которой возглавила

    ректор Оренбургского государственного педагогического университета С.А.Алешина. Оренбургский

    государственный педагогический университет – старейшее высшее учебное заведение Оренбургской области,

    его исторический факультет имеет традиции подготовки историков, идущие с 1919 года [4, с.9].

    В качестве вуза-соорганизатора выступил Актюбинский региональный государственный университет

    им.К.Жубанова – это стало возможным в рамках Договора о сотрудничестве между нашим университетом и

    Оренбургским государственным педагогическим университетом [5].

    Современная геополитическая ситуация такова, что, только найдя общие мосты в гуманитарной сфере, мы

    сможем говорить о реальном построении единого евразийского пространства. Оренбургский край в этом смысле

    является уникальным трансграничным регионом, история изучения которого является актуальной и для

    казахстанских и российских ученых, а также с привлечением иностранных участников – таких, например, как

    английский профессор Александр Моррисон, израильский профессор Ирен Владимирски [6].

    Пленарное заседание Международной научно-практической конференции Восьмые Большаковские

    чтения «Оренбургский край как историко-культурный феномен» по традиции прошло в городской библиотеке

    имени Н.А.Некрасова. Участников научного форума приветствовали его организаторы – заведующий кафедрой

    истории России Оренбургского государственного педагогического университета, доктор исторических наук,

    профессор С.В.Любичанковский.

    С докладами выступили ученые доктор исторических наук, профессор С.В.Любичанковский (ОГПУ,

    Оренбург) – «Эпистолярное наследие Л.Н.Большакова (анализ архивного фонда)»; профессор И.Владимирски

    (Ахва, Израиль) – «Оренбург и Оренбургский край: израильская коллекция»; кандидат исторических наук,

    доцент Ж.С.Бегимбаева (Актобе, Казахстан) – «Научные общества Российской империи в изучении культуры

    кочевников Центральной Азии (ХVIII – начало ХХвв.)»; доктор исторических наук, профессор Р.А.Хазиев (Уфа,

    Россия) – «Хозяйственные метаморфозы периода революции и гражданской войны в Оренбуржье»: «Новая

    культурная практика» регионального выживания»; кандидат исторических наук, профессор О.А.Смирнова

    (ОГИИ, Оренбург) – «Оренбургский край в системе устной истории» [4]. Помимо опыта реализации на

    оренбургской земле совместного российско-казахстанского гуманитарного проекта, что имеет самостоятельное

    практическое значение, другим важным конкретным итогом конференции стало проведение в её рамках

    Международного конкурса научно-исследовательских работ молодых учёных России и Казахстана на тему

    «Историко-культурное наследие Оренбургского края и Приуралья».

    В конкурсе принимали участие магистранты, студенты и школьники из Казахстана и России. На конкурс

    были представлены 52 конкурсные работы.

    Торжественное оглашение результатов Международного конкурса и церемония награждения победителей

    и их научных руководителей состоялись 10 марта 2016 года на пленарном заседании Международной научно-

    практической конференции «Восьмые Большаковские чтения. Оренбургский край как историко-культурный

    феномен». Широка была «география» победителей конкурса: Санкт-Петербург, Астана, Актобе, Вольск,

    Оренбург [5].

    Студентка 4 курса специальности «5В020300 – История» исторического факультета Ажигалиева Айгерим

    заняла Первое место во Втором Международном конкурсе молодых ученых России и Казахстана «Историко-

    культурное наследие Оренбургского края и Приуралья», посвященном 330-летию со дня рождения

    В.Н.Татищева, с исследованием на тему «Оренбургский период в деятельности «Общества изучения Казахстана»

    в 20-е годы ХХ века». Научный руководитель доцент кафедры истории и регионоведения, кандидат исторических

    наук Бегимбаева Жибек Сагинбаевна.

  • 10

    Общественная палата Оренбургской области выразила благодарность доценту АРГУ им.К.Жубанова

    Бегимбаевой Жибек Сагинбаевне за творческое участие в организации и проведении VIII Большаковских чтений

    по изучению истории и культуры Оренбургского края (10 марта 2016г.).

    Международный конкурс стал инструментом налаживания гуманитарных контактов между Казахстаном

    и Россией, в основе которого лежит уважительное отношение к нашей общей истории. Таким образом,

    культурно-гуманитарные связи Казахстана и России имеют и давнюю историю, и перспективы в будущем.

    Независимо от времени и пространства народы Казахстана и России объединяет многолетнее содружество. В

    прочной основе казахстанско-российских отношений лежат исторически сложившиеся традиции двух народов.

    Международная интеграция требует активизации поиска путей развития международного сотрудничества

    в высшем образовании и определения направлений сотрудничества. Анализируя основные тенденции развития

    международной интеграции в области высшего образования на примере сотрудничества вузов Казахстана и

    России, следует отметить, что:

    - прохождение научных стажировок магистрантов,

    - научно-исследовательская работа в архивах, библиотеках,

    - совместная организация и участие в международных научных конференциях,

    - успешное участие в международных научных конкурсах является большим вкладом в международное

    сотрудничество и интеграцию высшего образования наших народов, а также в развитие мировой системы

    образования в целом.

    Активная международная деятельность – важнейший показатель интегрированности современного вуза в

    глобальное образовательное пространство. Именно поэтому среди критериев эффективности казахстанских

    вузов, оценка которых проводится ежегодно различными независимыми организациями, международная

    деятельность стала одним из основных показателей.

    Список литературы:

    1. Назарбаев Н.А. План нации - Путь к Казахстанской мечте. // akorda.kz. 6 января 2016г.

    2. Назарбаев Н. В нашей дружбе нет никаких секретов. // Российская газета – Федеральный выпуск. 02.11.2010.

    – № 5327 (248): rg.Ru /2010/11/02/ nazarbaev.html

    3.Назарбаев H.A. Казахстанско-российские отношения. Доклады, выступления, статьи. 1991-1997 годы. -

    М.,1997; Назарбаев Н.A. Стратегия вечной дружбы. Казахстан – Россия. – М., 2000. - С.15

    4. Восьмые Большаковские чтения. Оренбургский край как историко-культурный феномен: сборник статей

    международной научно-практической конференции; научный редактор С.В. Любичанковский. – Оренбург: Изд.-

    во ОГПУ, 2016г. - 376с.: ил.

    5. http://www.ospu.ru/news/studentu/izuchaya-fenomen-orenburzhya/

    6. http://www.ospu.ru/news/novosti-ot-uchreditelya/izrail-i-kazakhstan-ob-orenburge-i-ne-tolko/

    ӨЛКЕ ТАРИХЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДЕРІН ШЫҢДАП,

    ОТАНСҮЙГІШТІК ҚАСИЕТТЕРІН НЫҒАЙТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

    Амирбекова Г. О.,

    Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі

    Егеменді ел болып, жеке дербес мемлекет атанып, өз билігіміз өз қолымызға тиген кезеңде жас ұрпақты

    тәрбиелеуге атқаратын міндеттер зор. Рухани байлығы мол, адамгершілік қасиеттері жоғары, жан-жақты

    үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырудың негізгі баспалдағы– мектеп. Бүгінгі таңда балабақшада, мектеп

    қабырғасында, арнаулы орта оқу орнында және жеке жоқары оқу орындарында мемлекеттік тұрғыдан

    Отансүйгіштік тәрбие көзқарастарын дамытуымыз керек. Себебі, XXI ғасыр әлемдік жаһандау саясатында

    жастардың, жас жеткіншектердің бойынан ұлттық патриоттық сезімдерді қалыптастырмай, біз болашаққа

    имандылық, рухани байлықты, адамгершілікті көре алмауымыз мүмкін. Қазақстан Республикасы егемендігін

    алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және

    әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Бірақ, әлемдегі өркениетті отыз елдің

    қатарына қосыламыз деп, өзіміздің ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылықтарымызды елім деп еңіреп

    өткен саяси қайраткерлерімізді, олардың елі мен ұлты үшін жасаған игі істерін ұмытпауымыз керек. Ендеше,

    Отансүйгіштік тәрбие өңіршең, бұл жаһандау заманында халқының саны аз ұлттар жұтылып кетпеуі үшін,

    олардың туған тілі мен тарихынан айрылып, мәңгүрттенбеуі үшін, ұрпақ тәрбиелеуде әлемдегі әр мемлекеттің

    алдында тұрған басты мәселе. Әрі Отансүйгіштік тәрбие қай елде жоғары болса, сол елде тұрақтылық пен

    экономикалық даму өрістейді. Сондықтан,Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдаған әр Жолдауында

    Отансүйгіштікті, азаматтардың еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі

    элементтерінің бірі ретінде алға тартып келеді. Демек, Отансүйгіштік тәрбие – мемлекет алдында тұрған басты

    мәселе. Сол себепті Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстандықтардың отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің

    мектепке дейінгі жүйесінен бастап жоғарғы оқу орындарына дейінгі барлық ұйымдарда көкейтесті болып

    табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу– мұғалімнің аса маңызды әрі жауапты

    парызы»,- деген еді. Жас ұрпаққа Отансүйгіштік тәрбие беру ісінің мемлекеттік міндеттерге кіруі ұлттық сипатқа

    http://www.ospu.ru/news/studentu/izuchaya-fenomen-orenburzhya/http://www.ospu.ru/news/novosti-ot-uchreditelya/izrail-i-kazakhstan-ob-orenburge-i-ne-tolko/

  • 11

    ие болып отырғандықтан, 2006 жылы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген

    «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған

    мемлекеттік бағдарламасын» жалғастырудың бірден- бірі объектісі –тарих пәні болса, тарихшы оның субъектісі

    болмақ. Өзінің өткен тарихын білмейтін адам, бүгінін қадірлей, келешегін болжай алмайды. Қазақстан тарихы–

    Қазақстан Республикасының азаматы үшін Отан тарихы болып есептелінеді. Ал өз Отанының тарихын білу әрбір

    саналы адамның борышы. Сондықтан, тарихты оқыта отырып, оқушының өз Отанына деген Отансүйгіштік

    сезімін күшейту қажет. Қазақстан тарихын оқытуда мен мынадай негізгі міндеттерге назар аударамын: тарихи

    оқиғаны түсінікті тілмен баяндау, маңызды даталарға көңіл бөлу, тарихи оқиғаны саралай білуге дағдыландыру,

    тарихи деректерді, термин сөздерді түсіндіру.

    Осыған байланысты Қазақстан тарихын оқытуда ең алдымен көңіл бөлінетін жағдайлар: оқушының

    ынтасы, оқушының материалды игеруін тест арқылы зерттеу, хрестоматиямен жұмыс жасау, картамен, кескін

    картамен жұмыс жасау, термин сөздермен жұмыс жасау, баланың қабілетіне қарай дамыту.

    Тарихты оқытуда оқушыларға Отансүйгіштік тәрбие берудің бірнеше жолдары бар. Олар:

    1) Отан тарихын оқытуды өлке тарихымен байланыстыра отырып жүзеге асыру. Бұл шараны іске

    асыруда мен мынадай әдіс-тәсілдерді қолданамын:

    а) Туған өлке тарихына қатысты оқулықта қамтылмаған қосымша мәліметтерді беремін. Мысалы, ерте

    темір дәуіріндегі Батыс Қазақстан сарматтарының ескерткіштері Сынтас пен Бесоба қорымдары деп аттары

    оқулықта аталғанымен олардың орналасқан жері Есік, Бесшатыр обаларының қай жерде орналасқаны секілді дәл

    көрсетіліп, нақтыланбаған. Б.з.д. YI-IY ғасырларға жататын Сынтас пен Бесоба қорымдарының біздің

    облысымыздың Мәртөк ауданы Хлебодаров ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3,5 шақырым жерде

    орналасқанын, оны 1973,1974,1976 жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшілері

    М.Қадырбаев, Ж.Құрманқұлов) зерттегені туралы оқулықта айтылмағандықтан, туған өлкемізге қатысты осы

    мәліметті алтыншы класс оқушылырына айтып өтсем, ал сегізінші класс оқушыларына қазақ жерінде алғаш

    кітапхана 1883 жылы Семейде ашылса, дәл осы жылдың күзінде Ыбырай Алтынсариннің ұсынысымен Ырғыз

    қаласындағы училище жанынан облысымыздағы ең алғашқы кітапхананың ашылғандығы жайында және осы

    секілді туған өлкеміз туралы қосымша мәліметтер беру арқылы тарихқа қызығушылығын туғызумен қатар, туған

    жерін, яғни Отанын сүюге ықпал ете аламыз.

    ә) оқушыларды өз бетінше жұмыс жасата отырып, деректер жинатамын. Деректерді маңыздылығына қарай

    негізгі және қосалқы деп бөлуге болады. Мысалы, Қазақстан шетелдік интервенция және азамат соғыс

    жылдарында- негізгі дерек, Ақтөбе майданы- қосалқы дерек.

    б)сандармен жұмыс жасау. Мысалы, Қазақстан тарихы, 9-класс. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына

    қатысуы. 497-Кеңес Одағы Батыры атағын алған қазақстандықтар; 97-оның ішіндегі қазақтар саны; 24-Кеңес

    Одағы батыры атағын алған ақтөбеліктер; 2-Кеңес одағы батыры атағын алған қазақ қыздары;1-жерлесіміз Әлия

    Молдағұлова.

    2)Туған өлке жерінде орналасқан тарихи орындарға оқушылармен саяхат жасау. Өлкенің тарихы,

    өткені мен бүгіні туралы білімді кеңейту мақсатында өлкеміздегі тарихи орындарға 8-11 оқушыларын саяхатқа

    апару мектебіміздің дәстүріне айналған. Мектеп тарихшылыры бірлесе отырып, 2009-2010 оқу жылынан бастап,

    жыл сайын Алға ауданы Бестамақ аулындағы Есет Көкіұлының кесенесіне, Қобда ауданындағы Абат-Байтақ пен

    Қобыланды батыр кесенелеріне, Бұлақ ауылында орналасқан Әлия Молдағұлованын мұражайына саяхатқа

    апарамыз. Бұндай саяхаттар оқушыларға не береді?, маңызы бар ма? деген сұраққа жауап берер болсам, «көп

    естігеннен бір көрге артық» демекші бұл біріншіден оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, пәнге

    қызығушылығының артуына септігін тигізеді, екіншіден олардың өз Отанына, оның тарихы мен мәдениетіне

    өздерінің қатыстылығын сезіне отырып, Отансүйгіштік сезімінің қалыптасып, күшеюіне ықпал етеді.

    3) Туған өлке тарихына қатысты оқушылардың шығармашылық ізденісін дамытып. ғылыми жобалар мен интеллектуалдық сайыстарға, пәндік олимпиадаларға қатыстыру. Әрбір пән мұғалімі секілді

    мен де оқушыларды терең ойлай білуге, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз бетінше жұмыс

    жасай білуге үйретуді өзіме мақсат санаймын. Осы мақсатыма жету үшін ең алдымен оқушылардың өз пәніме

    деген қызығушылығын туғызуым қажет деп есептеймін. Ол үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып,

    оқушыларды тарихи орындарға саяхатқа апарумен қатар әр сабағымды жаңа технологиялардың түрлі әдіс-

    тәсілдерін қолдана отырып жүргіземін, әрі оқушыларымның өз бетімен жұмыс жасауына бағыт бағдар-беріп,

    дарынды оқушылармен жеке жұмыс жасаймын. Соның нәтижесінде 2016 жылдың ақпан айында Халықаралық

    Экологиялық және Инженерия Ғылым Академиясы ұйымдастырған қашықтықтан өткізілген халықаралық III

    олимпиадада Қазақстан тарихынан 6 оқушы: Сырымова Аида – I дәрежелі диплом , Сидакова Дана – II дәрежелі

    диплом , Ғалымжан Ұлысбек – II дәрежелі диплом , Зиядин Балаби – III дәрежелі диплом, Қали Дания – III

    дәрежелі диплом, Дускалиева Дана – III дәрежелі диплом иеленді. 2016 ж. сәуірде облыстық білім беру

    басқармасы мен Ақтөбе облысының планетарийінің ұйымдастыруымен өткен «Балалар – ғарышқа» атты балалар

    мен жасөспірімдердің облыстық II шығармашылық ашық байқауында 2 оқушы Сырымова Аида I дәрежелі

    дипломмен, ал Мақсотов Ислам дипломмен марапатталды. Атап айтқанда, 2016 жылы Тұрсын Абзал атты

    оқушым ҚР КҒА-ның облыстық ғылыми жобалар жарысында «Ақтөбе облысындағы ішкі туризмнің экономикаға

    қосатын үлесі» деген тақырыпта ғылыми жұмысын қорғап, облыстық кезең бойынша I-орынға, ал республикалық

    кезең бойынша сертификатқа ие болды. Ол қаламызда ішкі туризммен айналысатын екі турфирманың бірі

    ЗереТур (екінші Эпоха) фирмасының директоры Крамбаева Ботагөз Құсайынқызымен бірлесе отырып,

    қаламыздағы оқушылырды Ақтөбе-Жиренқопа, Жиренқопа-Ақтөбе бағытында бір күндік жорық ұйымдастырып,

  • 12

    Жиренқопадағы Қобыланды кесенесіне апарар болсақ, қанша пайда кіретіндігін есептеп шықты. Бірақ, ішкі

    туризмнің өз қиындықтары бар. Өйткені күз, қыс айларында жолдың ұзақтығына, ауа-райының қолайсыздығына

    байланысты тұрақты түрде жорықтар ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ.

    4)Өлкемізден шыққан және оның дамуына үлес қосқан тұлғалардың өмірі, олардың атқарған істері

    туралы жергілікті өлкетану мұражайының қызметкерлерімен бірлесіп сабақтар немесе кездесулер өткізу. Оқушыға дұрыс тәрбие мен білім беруде тарихтағы барлық өзгерістерді, барлық игілік пен байлықты жасаушы

    халық, оның ішінде тұлғалар екенін ұқтырған абзал. Ақтөбе өңірінен шыққан тұлғалар, қоғам қайраткерлері

    туралы оқушыларға үлгі етіп, олардың туған жері мен елі үшін істеген істері жайында сабақ үстінде, тәрбие

    сағаттарында айтып қоймай, бұл шараны жергілікті өлкетану мұражайымен байланыса отырып жүргізсе,

    маңыздырақ болады. Осы мақсатпен, әрі сабақтастықты жалғастыру үшін үстіміздегі жылдың мамырында Қобда

    ауданы Бұлақ ауылындағы Әлия мұражайына оқушылармен барып келгеннен кейін, 18-мамыр дүние жүзілік

    мұражай күніне орай қаламыздағы Әлия мұражайында өткен кездесуге 9 класс оқушыларын алып бардым. Бұл

    саяхатымыздың ерекшелігі бағытына байланысты, яғни Шернияз көшесі мен Н. Қобыландин көшесінің

    қиылысында бұдан тура 50 жыл бұрын орнатылған (1961 жылы 9-мамырда орнатылған , бюст мүсіншілері В.

    Раскутов пен Е. Штамм) Әлия бюстінің тарихымен танысудан басталып, одан Әлия мұражайына бару, одан әрі

    Ә. Молдағұлова атындағы даңғыл мен ағайынды Жұбановтар көшесінің қиылысында 2004 жылы орнатылған

    Әлия ескерткішіне барып, тағзым ету. Бұл саяхатымыздың барысында кейбір оқушылар Әлия бюстінің жанынан

    өздері күнде өтсе де, оның 50 жылдық тарихын барын естіп таңқалысса, енді бірі Әлияның 80 жылдығына

    байланысты орнатылған ескерткіштің 2 бөліктен тұратындығын, оның екінші бөлігі сонау сақтар мен ғұндар

    заманынан бастап, қазіргі кезеңге дейінгі тарих бейнеленгенін (мүсіншісі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

    Ескен Сіргебаев) білетіндіктерін бір-бірімен жарыса айтып жатты.

    5)Оқушылардың тарихи санасының қалыптасып, Отансүйгіштік қасиетінің артуына, нығаюына

    мектепте өлке тарихы мен мектеп тарихынан сыр шертетін мұражайдың болуының да тигізер әсері мол.

    Мектебімізде 1984 жылы ашылған «Соғыс және еңбек ардагерлерінің мұражайы» жұмыс істейді. Өйткені, Ұлы

    Отан соғысы кезінде Бердичев жаяу-әскери училищесі осы №6 орта мектептің шаңырағына орналасып, Қызыл

    әскерге кіші командирлер даярлады. Осы мұражайда ашуға себепкер болғандар кезінде 2-Бердичев жаяу

    әскерлері қатарында болған Меңқожа Шалбаев, Сабыр Қошқарбаев және Н.В. Бондарев («Қанды сойқан»,

    «Горячий снег» кітаптарының авторы) еді. Ширек ғасырдан бері бірнеше ұрпақ өкілдері осы мұражай

    жұмысынан белсене қатысып, өз үлестерін қосуда. Демек, мектептегі мұражайлар оқушыларды ұлттық

    Отансүйгіштік рухта тәрбиелеудің, оқушылардың шығармашылығы мен белсенділігін арттырудың,

    іздемпаздығын қалыптастыру орталығы болып табылады.

    Қорытындылай келгенде, қазақтың Отансүйгіштік тәрбиесі халқымыздың сан ғасырлық болмысының,

    дүниетанымдық көзқарасының, мәдениетінің көрінісі. Өз Отанын сүйетін, мемлекеттік рәміздерін, ата Заңын,

    тілін құрметтейтін, халқының салт-дәстүрін сақтайтын, өзге ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынас орната

    алатын, яғни Отансүйгіштік қасиеті басым азаматтары бар мемлекетте ғана саяси тұрақтылық болып,

    экономикасы дамиды, әлемдік өркениетті елдер қатарына қосылады. Сол себепті, жастарды Отансүйгіштікке

    тәрбиелеу мемлекеттік деңгейдегі іс болып отыр. Бұл міндетті орындай үшін мемлекет-отбасы-білім беру жүйесі

    арасында тұрақты, жүйелі іс атқарылуы керек. Өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік, ұлтжандылық,

    Отансүйгіштік қасиеттерді дарыту үшін мектепте Қазақстан тарихының туған өлке тарихымен байланысты,

    сабақтастыра жүргізілуінің маңызы зор. Өйткені, өзінің өткен тарихын білмейтін адам, бүгіннің қадірін бағалай

    алмайды. Ендеше Отансүйгіштік тәрбие өміршең, ғаламдану заманында ұрпақ тәрбиелеуде әлемдегі әр

    мемлекеттің алдында тұрған басты мәселе. Олай болса, өскелең ұрпақты білім бере отырып, Отансүйгіштік

    тәрбие нәрімен сусындату әр ұстаздың парызы.

    Әдебиеттер:

    1.Ақтөбе облысының табиғи-тарихи-мәдени орындары. Ақтөбе,2004.(Жалпы ред. Басқарған Есіркепов А.Қ)

    2.Байтохина Ә. Азаматтық–патриоттық тәрбие беру –уақыт талабы//Қазақстан мектебі.-2011.-№4.-9 б.

    3.М. Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешов. Қазақстан тарихы. Алматы, 2013

    4.Ә.Төлеубаев, Ғ.Іргебаев. Ежелгі Қазақстан тарихы.-Алматы, 2015.

    5. Урдашева Ж. Қазақ халқының біртуар қызы– Ә.Молдағұлова. // «Ұлы Отан соғысы тарихы: зерттеу әдіснамасы

    мен оқыту тәжірибесінің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция.-

    Ақтөбе, 2010.-326 б.

  • 13

    ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӨЛКЕ ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

    Сейтенова Базаргүл Ғұбайдоллақызы,

    Облыстық тарихи - өлкетану музейі

    Гуманитарлық ғылым магистрі

    Қазіргі таңдағы оқу процесінде қолданылатын кез-келген оқыту технологиясы өскелең ұрпақ бойында

    ұлттық рухты қалыптастыруға бағытталуы тиіс деп ойлаймын. Осы жерде «Ұлттық рух дегеніміз не?», « Ол қалай

    қалыптасады?» деген сұрақтардың тууы заңды.

    Ұлттық рух – халықтың өзін-өзі тануымен айқындалатын, өскелең ұрпақтың арман-мұраттарымен

    сипатталатын, елді�