2 ҚАБЫЛДАДЫ 4 ДӘСТҮРЛІ ФОРУМДАРЫ · АТОМ.kz №9 (79)...

12
ҚЫРКҮЙЕК 2018 №9 (79) 2012 ЖЫЛҒЫ НАУРЫЗДАН ШЫҒА БАСТАДЫ «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ бет 5 БелАЭС-пен ТАНЫСУ САПАРЫ бет 8 ВОЛКОВГЕОЛОГИЯ: 70 ЖЫЛДЫҚ БЕЛЕС АТОМ САЛАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ФОРУМДАРЫ бет 4 МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАБЫЛДАДЫ бет 2

Transcript of 2 ҚАБЫЛДАДЫ 4 ДӘСТҮРЛІ ФОРУМДАРЫ · АТОМ.kz №9 (79)...

ҚЫРКҮЙЕК 2018 №9 (79)

2012 ЖЫЛҒЫ НАУРЫЗДАН ШЫҒА БАСТАДЫ «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ

бет 5 БелАЭС-пен ТАНЫСУ

САПАРЫ

бет 8 ВОЛКОВГЕОЛОГИЯ: 70

ЖЫЛДЫҚ БЕЛЕСАТОМ САЛАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ФОРУМДАРЫбе

т 4

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАБЫЛДАДЫбе

т 2

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №9 (79) ҚЫРКҮЙЕК | 2018

2

Ұлттық атом компаниясының басшысы Қазақстан Президентіне компания жұмысының негізгі қорытын-дылары мен перспективалары жөнінде баяндады.

– Біз әлемдік атом саласындағы жағдайды мұқият саралап, дамудың жаңа стратегиясын қабылдадық. 2017 жылы және биылғы 8 айда компания

Мемлекет басшысы қабылдады

ЖАҢАЛЫҚТАР

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасының төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы ірі ұлттық компаниялардың бірі саналатын Қазатомөнеркәсіптің әлемдік атом өнеркәсібі саласында маңызды орны барын атап өтті.

ШАРТАРАПҚЫТАЙ АТОМДЫҚ ЖЭС-НА АРНАЛҒАН РЕАКТОР ЖОБАСЫН ҰСЫНДЫ

Қытайда орталықтанды-рылған жылыту жүйесіне арналған Yanlong атом реакторының жобасы әзірленді. Бұл туралы Қытайдың ұлттық ядролық корпорациясына (CNNC) сілтеме жасаған World Nuclear News хабарлады.

400 МВт қуатқа ие Yanlong реакторы алғаш рет 2017 жылғы қарашада сынақтан өткізілген көрінеді. Алайда ол туралы тек 7 қыркүйекте ғана айтылды. Қытайдың атом энергиясы жөніндегі институтының айтуынша, реактор 168 сағат бойы тоқтаусыз жылу өндіріп тұрған.

АЭС-ты тек электр энергиясын өндіру үшін ғана емес, сонымен қатар жылумен қамту үшін де пайдалану бойынша Қытайдың ауқымды жобалары бар екенін Бүкілдүниежүзілік ядролық қауымдастықтың симпозиумында Ядролық зерттеулер мен жобалау жөніндегі Шанхай институтының президенті Мингуан Чжэн жария етті.

Жобалаушылардың айтуынша, жаңа реактордың басты артықшылығы – оны қаладағы халық тығыз орналасқан аудан-дарға орнатуға мүмкіндік беретін жоғары дәрежедегі қауіпсіздігі.

atomic-energy.ru

ORANO КОМПАНИЯСЫ АЛҒАШҚЫ ІРІ КӘСІПОРНЫН АШТЫ

Францияның оңтүстігіндегі Трикастен алаңында, осы аттас АЭС-ке жақын маңда Orano корпо-рациясының уран конверсия-лайтын жаңа зауыты ашылды.

Нысанның ашылу салтана-тында ел үкіметінің өкілдері, Orano директорлар кеңесінің төрағасы Филипп Варин, корпорацияның Бас директоры Филипп Кноше және түрлі деңгейдегі билік ұйымда-рының және жергілікті жұртшылық өкілдері қатысты.

Кәсіпорынның мақсаты – уран конверсиялау, яғни уранды газ түріндегі гексафторидке (UF6) айналдыру. Іске қосылған зауыттың ерекшелігі сол, ол 2018 жылдың басындағы AREVA корпорациясын қайта құрылымдаудан кейін оның мұрагері болған Orano компаниясы ашқан алғашқы ірі кәсіпорын.

atomic-energy.ru

«Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасы«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын өндіріске енгізетін болады. Бағдарламаның ресми қатысушысы сертификатын алған Қазатомөнеркәсіп – «Vision Zero» жаһандық қозғалысына қосылған Қазақстандағы алғашқы ұлттық компания.

Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы әзірлеген «Vision Zero» тұжырымдамасында қауіпсіздікті, еңбекті қорғауды және қызметкер-лердің амандығын қамтамасыз етуге басымдық берілген және ол өндірістегі жазатайым оқиғаларға жол бермеуге, қызметкерлердің кәсіптік сырқатта-рының алдын алуға бағытталған. Жарақаттанушылық көрсеткіштерін төменде-тудің негізге алынатын қағидаттары бағдарламаның жеті «алтын ережесінде» көрініс тапқан.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзінің даму стратегиясына, қауіпсіздік саясатына және корпоративтік құндылықтарына толық сәйкес келетін «Vision Zero» қағидаттарын қолдайды. Тұжырымдаманы енгізу аясында компанияда қауіпсіздікті арттыру мен еңбек жағдайын жақсартудың кешенді іс-шаралары дайындалды.

– Біз бұл жаһандық қозғалысқа құлшына қосылдық. Біздің басты байлығымыз да, негізгі капиталымыз да – адамдар. Сондықтан бізде қауіпсіздік мәдени-етіне және компания қызметкерлерінің еңбегін қорғауға бірінші кезекте мән берілген. «Vision Zero» қағидаттарын енгізу арқылы біз жақын арада өндіріс тегі жарақаттануды барынша кемітерімізге сенемін, - деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов.

Күнделікті жұмыста «Vision Zero» қағидаттарын басшылыққа алған компания әрбір жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін озық халықаралық тәжірибені қолдана біледі. Болашақ өзгерістердің басты элементі – өндірістегі қауіпсіздік талаптарын саналы түрде сақтау. Қауіпсіз әрі жайлы еңбек жағдайын жасау мотивацияға және қызметкерлердің қанағатта-нушылығына, еңбек сапасы мен компанияның экономикалық көрсеткіштеріне оң ықпал етеді.

Уран тасымалдау келісімшарты дайынАтом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭЖХА) пен «Техснабэкспорт» АҚ Қазақстандағы Төмен байытылған уран банкінің жұмысына қажетті жабдықтар мен төмен байытылған уран тасымалдау жөніндегі келісімшартқа қол қойды.

Құжатты АЭЖХА-ның ТБУ банкін құру жобасының жетекшісі Марк Бассетт пен «Техснабэкспорт» АҚ бас директорының логистика жөніндегі орынбасары Олег Козин қолдарын қойып, бекітті.

Мәлім болғанындай, Қазақстан- дағы ТБУ банкіне арналған уран транзиті туралы РФ үкіметі мен АЭЖХА арасындағы негізгі келісімге былтыр қол жеткізілген. Алайда ол құжат нақты жұмыс істеу үшін импле-ментациялық келісім қажет. «Бүгінгі келісімшарт бұған дейінгі келісімді іске асыруға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Ресейдің Венадағы халықаралық ұйымдардағы РФ-ның тұрақты өкілі Михаил Ульянов.

өндірістік және қаржылық жоспарла-рының бәрін орындады. Осы жылы төленетін дивиденттер былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе артады деп болжап отырмыз, - деді Ғ. Пірматов.

Ғалымжан Олжаұлының мәліметіне сәйкес, биыл уран сату көлемі соңғы үш

жылдағы орташа көрсеткіштен жоғары болмақ. Нәтижесінде Қазатомөнер-кәсіп әлемдік нарықта өндіріс ауқымы жағынан ғана емес, сондай-ақ сату көлемі жөнінен де ірі компанияға айналады.

Кездесу соңында Мемлекет бас- шысы бірқатар нақты тапсырма берді.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №9 (79) ҚЫРКҮЙЕК | 2018

3

Атомшылардың кәсіби мерекесі

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның атом саласы қызметкерлерінің күнін мерекелеуге арналған шаралар Қазатомөнеркәсіпте биыл да кең ауқымда және ерекше сән-салтанатымен өтті.

ШАРТАРАП

Ұлттық атом компаниясының Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов орталық аппарат пен холдингтің еншілес кәсіпорындарының қызметкерлерін төл мерекемен құттықтады.

«Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтаймын! Саланың дамуына елеулі үлес қосқан барлық атомшыларға өз ісіне деген сүйіспеншілігі, адал еңбегі, біліктілігі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін айрықша алғыс білдіремін. Баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт және амандық тілеймін. Өндірісте жаңа жетістіктер мен табыстарға жетіп, еліміздің игілігі жолындағы тың жобаларыңыз жүзеге аса берсін!» - деді Қазатомөнеркәсіп басшысы.

Атом саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, еңбектегі табыстары мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін компа-нияның жүздеген қызметкерлері салалық, ведомстволық және корпоративтік наградалармен: «Қазақстан Респуб-ликасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» төс белгісімен, медальдармен, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің және «KAZENERGY» қауымдастығының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Бұдан бөлек, Өндіріс жөніндегі бас директор Марат Ниетбаев Үнемді өндіріс қағидаларын қолданудағы жетістіктері үшін ауыспалы кубокты «Орталық» ӨК» ЖШС-не тапсырды.

АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ ҮЛЕСІ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘСЕР ЕТЕДІ

Әлемдік энергия балан-сындағы атом энергиясының үлесін азайту жаһандық жылыну қаупін төмендету әрекетін тиімсіз етуі мүмкін. Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің 2050 жылға дейінгі кезеңде әлемдегі атом энергетика-сының рөлінің болашағын бағалауға арналған баяндамасында осындай тұжырым жасалған.

Баяндама дамудың екі сцена-рийін қарастырады. Пессимистік болжам бойынша 2030 жылға қарай бүкіл әлемдегі белгіленген жиынтық атом қуаттары 2017 жылдың соңындағы белгіленген 392 ГВт қуатпен салыстырғанда 10% қысқаруы мүмкін. Оптимистік сценарий бүкіл әлемдік АЭС-тердің жиынтық қуаты 30%, яғни 511 ГВт-қа өседі деген болжам жасайды. Қазір әлемдік атом энергиясының үлесі 5,7%. Ең нашар сценарий бойынша бұл үлес 2050 жылға таман 2,8% құлдырауы мүмкін.

Сценарийлердегі үлкен айыр- машылық 2030 жылдарға қарай Солтүстік Америка мен Еуропада едәуір мөлшердегі атом реакторлары пайдаланудан шығарылатынына негізделген. Алайда олардың орнына жаңа реакторлар салына ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Бүгінде жер бетіндегі өн- дірілетін бүкіл электр энергия-сының 10% атом станцияларының үлесінде.

energy-experts.ru

NASA АЙДА ЯДРОЛЫҚ РЕАКТОР САЛАДЫ

Америкалық ғарыш агенттігі NASA Айда жұмыс істейтін ядролық реактор әзірлеуге ниетті. Мамандардың пікірінше, барлық құрылысты тіктеп, материал-дарды жеткізуге 50 жыл қажет көрінеді.

Қазір әзірленіп жатқан құ- рылғыға Kilopower деп ат берілді. Ол уран-235 атомының ыдырауы негізінде жұмыс істейтін болмақ. NASA ғалымдары шамамен 50 жыл ішінде реактор Айда жұмыс істеуге толық бейімделетінін айтып отыр.

Жобаға, сондай-ақ, АҚШ энергетика министрлігінің ма- мандары да қатысып, бюджет қаржысын инвестициялауды жос- парлаған.

dni24.com

Сондай-ақ, шара аясында компанияға қарасты кәсіпорындар арасындағы жылдың үздік қызметкерін анықтайтын «Жыл қызметкері - 2018» байқауының жеңім-паздарын марапаттау рәсімі болды. Салалық сыйлық қызметкерлердің еңбегін мотивациялауды күшейту, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеріп, көпшілікке тарату мақсатында тағайындалды. «Кәсіпқой», «Тәлімгер», «Болашақ» аталымдары бойынша байқауға Қазатомөнеркәсіптің барлық еншілес және тәуелді кәсіпорындарынан 140-тан астам маман қатысты.

«Кәсіпқой» аталымында салада кемінде үш жыл еңбек етіп, жоғары нәтижеге қол жеткізген 19 мамандық иелері арасынан мыналар топ жарды: Манат Байдүй-сенов («Әппақ»), Біржан Абдұллаев («ҚАӨ-SaUran»), Нұрлыбек Қаюпов («Семізбай-U»), Асхат Ыдырысбаев («Катко»), Бауыржан Ахметов («ҮМЗ»), Ирина Пантелеева («КБ-6»), Серік Әбілқақов («ОТХК»), Виталий Сухотерин («Инкай»), Қали Қалымбетов («Волковгеология»), Қалибек Байұзақов («Инкай»), Әбдіразақ Омаров («Қызылқұм»), Мәди Қазыбеков («Уранэнерго»), Жандос Шоханов («Орталық»), Александр Медведев («ҮМЗ»), Любовь Борисовская («Каустик»), Данияр Өмірәлиев («Қаратау»), Гүлнәр Сейтімбетова («Волковгеология»), Александр Букса («Орталық») және Нұржан Қалдыбаев («СКК»).

«Тәлімгер» аталымында салада 15 жыл еңбек етіп, кейінгі буынға өз тәжірибесін үйретіп жүргендер марапат-талды: Иван Кулеватов («Заречное» БК»), Гүлмира Исмаил («ЖТИ»).

«Болашақ» аталымында 30 жасқа дейінгі келеше-гінен үміт күттіретін қызметкерлер байқауға жіберіліп, Бағлан Байназаров («КБ-6») пен Санжар Мырзахметов («Қаратау») жеңіске жетті.

Байқауда жеңімпаз болған жалпы 23 қызметкер дипломдармен, мүсінше және атаулы сыйлықтармен марапатталды.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №9 (79) ҚЫРКҮЙЕК | 2018

4 ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Атом саласының дәстүрлі форумдарыҚыркүйек айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ атом саласындағы екі бірдей халықаралық ауқымды шараға қатысты. Олар – 5-7 қыркүйекте Ұлыбритания астанасында өткен Бүкілдүниежүзілік ядролық қауымдастықтың (WNA) жыл сайынғы 43-ші Симпозиумы және 17-21 қыркүйек аралығында Австрияның Вена қаласында болған АЭЖХА-ның 62-ші Бас конференциясы.

43-ШІ СИМПОЗИУМ

WNA Симпозиуымына Қазатом-өнеркәсіп делегациясын компания басқармасының төрағасы Ғалымжан Пірматов бастап барды.

«Жаһандық атом өнеркәсібі болашақты қалыптастырады» – әлемнің 30-дан астам елінен келген атом саласының басшылары мен мамандарының дәстүрлі кездесуінің тақырыбы осылай аталды. Симпозиум барысында атом компанияларының жетекшілері саланың даму перспек-тивасын, энергетикалық саясат, жеткізулердің қауіпсіздігі, радиа-циялық қорғаныс, қаржыландыру және жауапкершілік мәселелерін талқылады.

Форумда Ғ. Пірматов «Қазатом-өнеркәсіптің даму стратегиясын нарықтың жаңа парадигмаларына трансформациялау» деген тақырыпта баяндама жасады.

«Симпозиум бізге іскер серіктес-термен бетпе-бет кездесіп, саладағы ең маңызды оқиғалар төңірегінде пікір алмасуға мүмкіндік береді. Бұл жан-жақты хабардар болуға, үнемі өзгеріп тұратын бизнес-ортаның ортақ мәселелері мен оларды шешу жолдарын талқылауға көмектеседі», - деп бастады Қазатомөнеркәсіп басшысы өз сөзін.

ШАРТАРАПУРАН-МОЛИБДЕН ОТЫНЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ БАР

«ТВЭЛ» отын компаниясы әзірлеп жатқан уран-молибденге негізделген отын композициясы зерттеу реакторларын төмен байытылған уранға конверсиялау аясында ең перспективті отын түріне айналуы мүмкін.

Бұл туралы Новосібірде өткен зерттеу реакторларына арналған отын бойынша халықаралық семинарда ТВЭЛ-дің ғылыми-техни-калық қызмет жөніндегі вице-пре-зиденті Александр Угрюмов мәлімдеді.

Ол уран-молибден отынындағы уранның тығыздығы жоғары екенін айтады. Бұл байытуды төменде-тудің кері әсерінің орнын толтыруға мүмкіндік береді.

«Біз сондай-ақ, энергетикалық реакторларда да уран-молибден отынын пайдалану мәселесін қарастырып жатырмыз. Алайда бұл әлі болашақтың еншісіндегі мәселе», - деді Александр Угрюмов.

Нақты айтқанда, осындай отын түрі орнатылатын энергетикалық реактордың белсенді аймағының физикасын талдау және мұқият есептеу міндеті алда тұр.

atominfo.ru

АҚШ ПЕН САУД АРАБИЯСЫ КЕЛІСІМГЕ КЕЛУГЕ ЖАҚЫН

АҚШ ядролық энергетикалық реакторлар салу бойынша Сауд Арабиясымен келісімге жақын. Алайда ядролық қаруды тарат-паудың қатаң стандарттары бойынша королдікпен келіссөздер тығырыққа тіреліп тұр. АҚШ энергетика министрі Рик Перри осындай мәлімдеме жасады.

Перри королдіктің елде екі атом электр станциясын салуға талпынысына қатысты биыл Сауд Арабиясы басшыларымен, солар қатарында корол Салман және мұрагер ханзада Мохамед бин Салманмен келіссөздер жүргізді. Сауд Арабиясы алдағы онжылдықта бағасы $80 млрд-тай болатын 16 реактор салғысы келеді.

Сонымен қатар, королдіктің ядролық қаруды таратпау стандарт-тарын төмендетуге талпынысы да талқыланды. Саудтар уран байыту мен плутоний өңдеуге рұқсат алуы да әбден мүмкін. Таратпау режимін жақтайтындар бұл технологиялар жасырын түрде ядролық қару үшін материал әзірлеуге өзгертілуінен қорқады.

Перридің айтуынша, ядролық қаруды таратпау стандарттарына қатысты ілгерілеу байқалады, бірақ келіссөздер тараптар күткендей тез болған жоқ. Вашингтон Сауд Арабиясы ядролық технологияны америкалық компаниялардан сатып алады деген үмітте.

news.am

Баяндамашы шағын уран өнді- рушіден әлемдік көшбасшыға айнал- ған Қазатомөнеркәсіптің 20 жыл- дық трансформациясы жайлы әңгімелеп, нарықтағы жаңа жағдаяттарға сай

келетін компанияның 2018-2028 жылдарға арналған жаңа даму страте-гиясын әлемдік атом қауымдастығына таныстырды. Саланың болашағына қатысты пікірлерімен бөлісті.

62-ШІ БАС КОНФЕРЕНЦИЯ

Австрия астанасында әр жылы өтіп тұратын тағы бір салалық форум – АЭЖХА Бас конференциясы. Қазақстандық делегацияның басшысы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өз сөзінде ядролық қаруды таратпау режимін нығайтудағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамаларына әлемдік қауымдастық назарын аударып, ядролық энергияны бейбіт пайдалану саласындағы Қазақстан мен АЭЖХА арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жайы мен болашағына тоқталды.

Шара аясында Қ. Бозымбаев сондай-ақ Сауд Арабиясы, Қытай, Үндістан, РФ, Украина сияқты серіктес елдердің делегация басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.

Конференциялық бағдарла-мамен қатар көрме өткізу де мұнда дәстүрге айналған. Қазатомөнер-кәсіптің бұл жолғы эскпозициясы компания қызметінің негізгі бағыт-тарына арналды. Сондай-ақ стенд-терде шалғай өлкелер мен шағын кен орындарында уран өндіруге арналған «Мобильдік кешен» мен «Жылу

бөлгіш құрамалар» зауытының макеті қойылды. VR (виртуалды шындық) қондырғысының көмегімен көрме

қатысушыларына компанияның кен орындарында уран өндіру мен оны өңдеу процестері көрсетілді.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №9 (79) ҚЫРКҮЙЕК | 2018

5ТӘЖІРИБЕ

БелАЭС-пен танысу сапары

Таза әрі қолжетімді электр энергиясына болған өскелең сұраныс әлемде атом энергетикасын дамытуға жағдай жасауда. Үстіміздегі жылдың өткен 9 айы ішінде бүкіл дүние жүзінде жаңадан 7 энергия блогы пайдалануға беріліп, жұмыс істеп тұрған атом станцияларының саны 450-ден асты.

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ЖАҢАЛЫҚТАРЫДЕПОЗИТТЕГІ 220 МЛРД ТЕҢГЕ КОНВЕРТАЦИЯЛАНАДЫ

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Fortebank» АҚ бұрын депозитте орналасқан сомасы 220 млрд теңге қаражатты облигацияға конвертациялау туралы келісті.

Тараптар бұл келісімді Елбасы- ның экономиканы ұзақ мерзімді несиелендіру және қор нарығын дамыту бойынша іс-шараларды қабылдау тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында жасады.

Бұл келісімге сәйкес банк Қор тобын жалпы көлемі 220 млрд теңгеге паритетті негізде қаржы-ландырады. Оның ішінде Қорға 75 млрд теңге, «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ 75 млрд теңге және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ 200 млн АҚШ долларына дейінгі көлемде қаржы қарастырылып отыр. Бұл туралы 3 тамызда биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында алдын ала айтылды.

Қор «ForteBank»-тегі ахуал тұрақты және Банктің өтімділік деңгейі Қор тобына жарияланған көлемде қаржыландыруды ұсынуға мүмкіндік береді деп санайды.

«ENI» ҚАЗАҚСТАНҒА ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЮҒА ДАЙЫН

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімов итальяндық «Eni» мұнай-газ компаниясының өкілдерін қабылдады.

Тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады: газ өңдеу зауытын салу, Каспий теңізіндегі Исатай және Абай кен орындарында жер қойнауын пайдалану, сондай-ақ қайта қалпына келетін қуат көздерін дамыту.

«Eni» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Антонио Велла дәл қазіргі уақыт «Қарашығанақ» жобасын дамытуға қолайлы екендігін атап өтті.

«Бүгінде әлемде мұнай өндіру көлемінің төмендеуімен қатар оның бағасы қымбаттағаны байқалып отыр. Біз мұны пайда-лануымыз қажет. Біздің компания қазақстандық жобаларды инвести-циялауды белсенді етуді жоспарлап отыр», - деп атап өтті А. Велла.

Кездесу барысында «Eni» ком- паниясының өкілдері итальяндық компания Қазақстанмен жасыл энергетиканы дамыту саласында да ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдіретінін атап өтті.

Жекелеген елдердің өз ядролық- энергетикалық бағдарламасын тоқтату саясатына қарамастан атом энерге-тикасы ілгері адымдап келеді. Бұған алғашқы атом станцияларын құрып жатқан төрт мемлекет – Беларусь, БАӘ, Түркия және Бангладеш мысал.

Қазақстан да өз аумағында қауіпсіз және заманауи АЭС салу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Еліміз Кеңес заманында салынып, 1999 жылы тоқтатылған БН-350 бірегей реакторын пайдалану тәжірибесіне ие. Дербес ядролық-энергетикалық бағдарламаны дамыту – ауқымды мемлекеттік жоба. Басқа елдердің алғашқы АЭС құру тәжірибесін үйрену дайындық жұмыстарындағы маңызды

элемент, өйткені ол осы елдер тап болған қателіктердің алдын алуға көмектеседі.

Отандық мамандардың Бела- русьтің ядролық саласы қызметкер-лерімен тығызырақ жұмыс жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылғы мамырда екі елдің энергетика министрліктері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Осы келісім аясында қазақстандық делегация үстіміздегі жылғы тамызда БелАЭС құрылысы жобасын зерттеу үшін ғылыми сапармен Белорусь Республикасында болып қайтты.

Делегация құрамында ҚР энергетика министрлігінің, «Қазатом-

өнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Қазақстанның атом электр станция - лары» АҚ-ның қызметкерлері болды. Төрт күндік сапар барысында делегация Беларусьтің энергетика және Төтенше жағдайлар министр-ліктерінің басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. БелАЭС құрылысы алаңына барып, оқу-жаттығу орталығымен және құрылыстың негізгі кезеңдерімен танысты.

Бізді БелАЭС құрылысы бойынша инвестициялық шешім қабылдау, құрылыс материалдары мен жабдықтарды шығаратын жергілікті индустриалдық қуаттарды тартуды ұйымдастыру, лицензиялау және құрылыс салудың бас келісімшартын әзірлеу тәжірибесі қызықтырды. Жобаны басқарудың бірқатар ұйымдас тыру және техникалық мәселелеріне нақты жауаптар алынды.

Сапардан көзделген мақсат – мамандарымыздың АЭС құрылысын сәтті бастау үшін іс-қимыл алгоритмін толық үйренуіне көмектесу. Өйткені, атом станциясын қауіпсіз құру және пайдалану мәселесі жоспарлау кезеңін-де-ақ шешіп алуды қажетсінетін мәселелер кешенін өз ішіне қамтиды. Әдетте, құзыретті кадрлар дайындау және тәуелсіз реттегіш базасын құру ядролық-энергетикалық бағдарла- маны әзірлеу барысындағы ең күрделі мәселелердің бірі саналады. Бұл мәселе Беларусьта сәтті шешім тапқанын көрдік, сондықтан елімізде осындай жұмыстарды ұйымдастыру кезінде олардың тәжірибесін қолдануға болады.

Еске сала кетсек, Беларусь Респуб ликасы АЭС жобасы бойынша дайындық жұмыстарын 2008 жылы бастады, ал 2013 жылы ресейлік дизайндағы ВВЭР-1200 реакторы орнатылатын қос блокты станция құрылысына кірісті. Бірінші блокты 2019 жылы, ал екінші блокты 2020 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №9 (79) ҚЫРКҮЙЕК | 2018

6 ТРАНСФОРМАЦИЯ

ССК, Орталық және КБ-6 SAP-қа өтедіҚазатомөнеркәсіпте автоматтандырылған процестерді енгізу жөніндегі Басқарушы комитеттің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе – өндіруші кәсіпорындарда SAP жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу мерзімін бекіту болды.

Сауда-көлік компаниясында жүйені іске қосу 2019 жылдың 1 қаңтарына жоспарланды. Ал «КБ-6» және «Орталық» ЖШС-теріндегі пайдаланушылар SAP жүйесінде 2019 жылғы 1 сәуірден бастап жұмыс істейтін болады.

Еске сала кетсек, корпоративтік орталық пен «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-нда жүйе өнеркәсіптік пайдалануға үстіміздегі жылдың 1 маусымында берілді. Сол кезден бастап Қазатом- өнеркәсіптің жобалық командасы SAP жүйесін еншілес және тәуелді ұйымдарда таратуға кіріскен болатын.

Алдағы төрт айда барлық күш «СКК» ЖШС-дағы жұмыстарға жұмылдырылмақ. Жүйені сауда-көлік компаниясының ерекшеліктеріне сай баптау және іске қосу бойынша міндеттер атқарылады. Сондай-ақ кәсіпорын тұтынушылары үшін оқу ұйымдасты-рылады. Әуелі жүйемен негізгі жұмыс істейтіндер оқытылатындықтан, қазір деректерді жинақтау, дайындық істері жүргізілуде.

«КБ-6» және «Орталық» ӨК» ЖШС үшін жобаны жүзеге асыру бойынша негізгі жұмыстар SAP-ты іске қосу мерзіміне қарай жоспарланбақ.

Корпоративтік-мотивациялық порталІшкі корпоративтік ақпараттық кеңістікке қатысу арқылы әрбір қызметкердің бір командаға, үлкен бір іске қатысты екенін күн сайын сезінуіне мүмкіндік беретін құрал ретінде интранеттің рөлі үлкен. Қызметкерлер үшін қажетті материалдарға ыңғайлы әрі шұғыл қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ олардың арасында тиімді қарым-қатынасты жолға қою үшін Қазатомөнеркәсіпте корпоративтік-мотивациялық портал енгізу жөнінде шешім қабылданды.

Жоба бір жылға мөлшерленген. Портал корпоративтік орталық пен ЕТҰ-ның бес мыңдай тұтынушыларын қамтитын болады. Порталды пайдаланушылар өздеріне қажетті кез-келген құжатқа қалаған уақытында қол жеткізу мүмкін-дігіне ие болмақ. Кәсіпорындары еліміздің әр қиырына шашырай орналасқан Қазатомөнеркәсіп жағдайында бұл өте маңызды шешім. Сонымен қатар, бұған дейін пошталық жіберілімдер көмегімен шешімін тауып келген мәселе-лерді интранет көп жеңілдетеді. Порталға компания басшылығының хабар-ландырулары мен жаңалықтарын, маңызды құжаттар, ережелер мен нұсқау-лықтардағы өзгерістерді орналастыруға болады.

Сондай-ақ, жобада бірыңғай «Білімдер базасы» да қарастырылған. Сол арқылы пайдалы сілтемелерді қарауға, компанияның құрылымы, әріптестер және олардың атқаратын міндеттері туралы ақпаратпен танысуға мүмкіндік беріледі. Жұмысқа жаңадан қабылданғандар Қазатомөнеркәсіптің бірегей жүйесі мен ерекшеліктерін, терминологиясын тез меңгеріп, корпоративтік рухты сезіне бастайды.

Көптеген шешімдерді ойын формасында ұсыну көзделген. Порталда қызметкерлерді компания тарихы мен өндірістік процестерге қатысты қызықты

квестер күтіп тұр. Тіпті, дұрыс әрекеттер үшін ішкі виртуалдық «валютаға» ие болып, марапат немесе алғыс алуға да болады. Еңбекпен табылған монета-ларды сыйлықтар дүкенінде жұмсау мүмкіндігі бар. Рас, порталды жасаушылар әзірге дүкен ассортименті туралы ақпаратты құпия сақтап отыр.

Бұдан бөлек, әріптестерді еске түсіру, тіпті хештегтерді пайдалану мүмкін-дігіне ие чаттар жұмыс істейтін болады.

Компаниямыздың даму стратегиясы корпоративтік мәдениетті нығайтуды да қамтиды, бұл ретте интранет оны қолдаудың тамаша әдісі болмақ. Қызмет-керлер алдынан бір-бірімен және басшылармен тікелей қарым-қатынаста болудың мүмкіндігі ашылады, бұл ашық әрі емін-еркін қатынас жасауға ықпал етіп, психологиялық кедергілерді жояды.

Үнемді өндіріс – өзіндік құнды арзандатуға басымдық«Инкай» бірлескен кәсіпорнында кемелділікке ұмтылыстың іргетасы компания құрылған кезден бастап қаланған. Ал былтырдан бері инкайлықтар үнемді өндіріс қағидаларын жүйелі түрде енгізуге кірісті.

Бірінші кезекте жаңа жүйені енгізетін мамандар командасы құрылды. Команданың алдына оқыту, кеңес беру және мотивация арқылы үнемді өндіріс мәдениетін насихаттау міндеті қойылды.

Компаниядағы процестерді ег - жей- тегжей талдаған команда жақ- сарту бойынша бірқатар жобаларды ұсынды. Қазірге дейінгі жобаны іске асырудан түсетін экономикалық

тиімділік 192 млн теңгеге жетті. 300-ден астам қызметкер үнемді өндіріс негіздерін оқып үйренді. Кәсіпорында оқиғаларды тіркеу картасы әзірленіп, пайдалануға енгізілді.

Қызметкерлер еңбек жағдайын жақсарту және процестерді оңтай-ландыру бойынша ұсыныстар береді. Соның нәтижесінде үнемді өндіріс

енгізілгелі бері кәсіпорында 250 ұсыныс қаралды. Солардың негізінде нақты жобалар жасалды. Сәтті деген 40 жобаның бірі – дайын өнімді қатерсіздендіру процесіне кететін еңбек шығынын қысқарту жобасы. Жобаны енгізу барысында Өңдеу қызметі үнемді өндірістің «DMAIC», «5S» және «5 неліктен» сияқты құрал-дарын пайдаланды. Қатерсіздендірудің

бірінші кезеңіне жасалған талдау операторлар жұмысын 5 сағаттан 1 сағатқа дейін қысқартуға, ал ТУК-ты тасымалдауды 400 метрден 100 метрге дейін азайтуға болатынын көрсетті.

Мұның бәрі әрбір компания өзінің операциялық қызметіне күнделікті талдау жасау жолымен өндірісті жақсарту және өзіндік құнды кеміту жолын таңдай алатынын аңғартады.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №9 (79) ҚЫРКҮЙЕК | 2018

7БІЛІМ

Геологтар клубы жұмыс бастады

Оңтүстік Қазақстандағы табиғаты тамылжыған «Alma Tau» кешенінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Геологтар клубының алғашқы отырысы өтті. Аталмыш клуб Қазатомөнеркәсіп, Волковгеология және уран өндіруші кәсіпорындардың геологиялық және геотехнологиялық қызметтерінің басшылары мен қызметкерлерінің басын біріктіріп отыр.

Клуб қызметінің басты бағыты – уран геологиясы мен геотехнологиясы саласындағы тәжірибе алмасу, өзекті мәселердің шешімін бірлесе іздеу, үздік тәжірибені талдау, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін талқылау, саладағы жетекші маман-дардың бірегей техникалық білім-дерін сақтау, оқу бағдарламаларын іске асыру және басқа да өзекті ғылыми-техникалық мәселелер. Клуб уран геологиясы мен геотехноло-гиясы саласындағы кәсіпқойлардың сараптамалық алаңы түрінде жұмыс жүргізеді. Бұл формат сондай-ақ әріптестердің бейресми қарым-қа-тынастарына, корпоративтік рухты нығайтуға септігін тигізбек.

Алғашқы отырысқа Қазатом-өнеркәсіп өкілдері, Клуб мүшелері және арнайы шақырылған «Два Кей», «Майкромайн Орталық Азия» компа-нияларының мамандары қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Геологтар клубының төрағасын, орынбасары мен хатшысын сайлау бойынша ұсыныстар талқыланып, «Қазатом-өнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Уран өндіру» девизонының басқарушы директоры Дәурен Құнанбаев Клуб төрағасы болып, ал Тау-кен департаментінің бөлім басшысы Әлия Ақжолова орынбасары болып сайланды.

Қазатомөнеркәсіптің Өндірістік қауіпсіздік департаментінің дирек- торы Манас Ысқақовтың «Уранды ЖҰШ кезіндегі жер асты суларының қалпына келу және мониторинг жасау мәселелері» тақырыбындағы баяндамасы үлкен қызығушылық тудырды. Мұнан соң шара қатысушылары негізігі тақырып – «Геотехнологиялық процестерді 3D модельдеу»-ге ауысты. Осы саладағы зерттеулер мен енгізулер бойынша

мол тәжірибеге ие Ю. Важинский (Қазатомөнеркәсіп), О. Горбатенко («Инкай»), Тома Оппено («Катко»), Т. Разуваева («ЖТИ») баяндама жасады. Қонақтардан П. Драгунов, С. Пак («Два Кей»), А. Анапияев, Д. Ненашев («Майкромайн ОА») өз жетістіктері мен тәжірибелерін ортаға салды.

Баяндамалар асқан ынтамен тыңдалып, сұрақтардың көптігінен кейде талқылауға ұласып кетіп жатты. Қатысушылардың қызығушылығын ескерген төраға да сөз сұраған-дардың бәріне еркіндік берді. Күн соңына таман болған жұмыс сессия-сында 5 командаға бөлінген отырыс қатысушылары ойдан шығарылған өндіруші кәсіпорынның геотехноло-гиялық процестерін 3D модельдеуді енгізудің жол картасын таныстырды.

экология департаментінің директоры Н. Жартыбаев.

«Геология және геотехнологиялық қызмет мамандарының осындай кездесулері өте қажет деп білемін. Қарам-қатынастың мұндай формасы жемісті тәжірибе алмасуға, саланың өзекті мәселелерін бірлесіп шешуге мүмкіндік береді», - дейді «Қаратау» ЖШС Өндіру басқармасының басшысы К. Әзімхан.

Геологтар клубының келесі отырысын 2019 жылдың бірінші тоқсанында өткізуге ұйғарылды. Тақырыбы да дайын: «Өнімді ерітінді мен жер асты суларының жайылуына мониторинг». Клубтың бірінші отыры-сының материалдарын Қазақстанның ядролық университетінен алуға болады.

Келесі күні қатысушылар назарына О. Горбатенконың «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі» баяндамасы ұсынылды. Баяндамашы Кодекстің уран өндіруші кәсіпорындарға тікелей қатысы бар баптарына тереңірек тоқталып, жаңа өзгерістермен таныстырды. Соңынан мамандар толғақты тақырыптар бойынша пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Геологтар клубының алғашқы отырысы табысты болды. Бұл – қатысушылардың пікірі.

«Клуб құру – табылған ақыл. Енді түрлі кәсіпорындардан келген әріптестер бас қосып, өздерін толғандырған мәселерді бірлесе шешетін болады», - дейді «Волков-геология» АҚ Геология және радио-

IT процестерді автоматтандыруға дайындық«IT мақсатты үлгісін енгізу» жөніндегі жобалық команда алғашқы жалпы кездесуін өткізді. Жоба корпоративтік орталықта, «KAP Technology» және «КБ-6» ЖШС-нда қолға алынды.

Кездесуде жобаның мақсаты және болжауларды басқару жайы жан-жақты сөз болды. Жұмыс тобы команданың әрбір мүшесінің жауапкершілігін – жобадағы кімнің қайсы бағыт бойынша жұмыс істей-тінін айқындап берді. Бұдан бөлек, жобалық басқару мен құрылымдық

тәсілдеменің өзгерістерді енгізудегі маңызы жөнінде әңгіме өрбіді.

Командадан қандай нәтиже күтетінін айтқан жоба демеушісі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Ақпараттық технологиялар және трансформация жөніндегі бас ди- ректоры Бексұлтан Бекмұратов

жиналғандар назарын IT-қыз-меттер (ITSM) басқарудың жаңа жүйесіне қызметкерлерді бейімдеу қажеттігіне аударды. Өйткені, ITSM компания қызметкерлерінің қанағат-танушылығын арттыруға бағытталған.

– Жүйе қызметкерлердің өті- німдеріне әрекет ету жылдамдығын едәуір арттырып, ақауларды тездетіп жоюы, оқиғалардың оң шешім табуына кететін уақытты қысқартуы тиіс, - деп атап көрсетті Б. Бекмұратов.

Ол сондай-ақ, жаһандық транс-формация дәуіріндегі бұл жобаның өзектілігін және жобалық тапсырма-

ларды орындауға белсене атсалысуға дайындығын қадап айтты.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №9 (79) ҚЫРКҮЙЕК | 2018

8 МЕРЕЙТОЙ

«Волковгеология» бірегей бейінін сақтап қана қалмастан, уран кен орындарын іздеу, барлау және игеруді табысты жалғастырып келе жатқан компания ретінде танымал. Уран өндірісі бойынша әлемдік нарықтағы орнымызды нығайтуда бұл компанияның орны ерекше.

70 жылдық тарихында кәсіпорын еліміздің әр шалғайынан 40 шақты уран кен орнын ашып, жиынтық қоры 1,6 млн тоннадан асатын әлемдегі ірі шикізат базасын жасады. Бұл базаның негізін жер асты ұңғымалы шаймалау әдісімен игеруге жарамды гидрогенді типтегі 19 ірі және бірегей уран кен орындары құрайды.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компания-сының құрамында жұмыс жүргізе отырып, Волков-геология 2025 жылдарға қарай озық технология-ларға ие және әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары сапалы геологиялық барлау жұмыстарының

Волковгеология: 70 жылдық белес

Қазақстанның атом өнеркәсібінің минералдық-шикізат базасын жасап және дамытуда жетекші рөл атқарған ірі геологиялық барлау компаниясы – «Волковгеология» АҚ 21 қыркүйекте өзінің 70 жылдығын тойлады.

Алдағы міндеттер айқындалды«Волковгеология» АҚ-ның филиалы «Геотехноорталық»-тың директоры Ержан Аманбаевтың төрағалығымен Ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) кезекті отырысы өтті.

Өндірісті инновациялық-технологиялық, ғылыми-әдістемелік, ақпарат-тық-талдау және сараптамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында құрылған ҒТК тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Отырысқа Геотехноорталық бөлімшелері мен геофизикалық цехтардың басшыларымен қатар өндірістік бай тәжірибеге ие филиал мамандары қатысты.

Кеңестің талқылауына шығарылған бірінші мәселе – «Уран кені-коллектор-ларына тәжірибелік петрофизикалық ЯМР-зерттеулер жүргізу және АӘК ЯМР әдістемелік қамтамасыз етуді Қазақстанның гидрогендік уран кен орында-рының жағдайына бейімдеу» тақырыбындағы ғылыми-зертеу жұмыстарының орындалу барысы туралы аралық есеп тыңдалды. Атап айтқанда, Протон 20М релаксометрі базасында ақппараттық-әдістемелік кешен көмегімен Тоғыскен кен орнындағы түрлі ұңғымалардан іріктеп алынған кен үлгілерінің жиынтығына жүргізілген петрофизикалық ядролық-магниттік резонанстың нәтижесі таныстырылды.

Мұнан соң Түркістан және Қызылорда облыстарындағы Таукент, Қыземшек, Тайқоңыр, Шиелі және Байкенже кенттерінде орналасқан №1,2,3,4 және 5-ші геофизикалық цехтардың жетекшілері бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыс қорытындысы туралы есеп берді.

Сондай-ақ, Геофизикалық басқарма бөлімшелерінің 2018 жыл басынан бергі өндірістік қызметі жайлы басқарма басшысы Александр Ефремов баяндады.

Қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы Тимур Ыбыраев үстіміздегі жылдың екінші жартысында көрсетілетін Геоақпараттық жүйе қызметі көлемінің төмендеуі ықтималдығын ескере отырып, болашақ табысқа жасалған талдауды ҒТК мүшелерінің үкіміне ұсынды.

Кеңес отырысында филиал қызметіне қатысты бұдан басқа да өзекті мәселелер талқыланып, тиісті ұйғарымдар жасалды.

ҒТК мүшелері өндірістік қызмет процестерін жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылдап, алдағы мақсат-міндеттерді айқындап алды.

Сұлтан Мұсабаев

толық кешенін атқара алатын заманауи компанияға айналуды мақсат еткен. Қазірдің өзінде барлық жұмыстар қоршаған ортаға теріс әсер етпейтіндей деңгейде жүргізіледі. Кәсіпорын қызметі үздіксіз тізбекке құрылған: болжау – жоба жасау – іздеу-барлау ұңғылаулары – сынап көру – сынамаларды өңдеу – өнеркәсіптік сапаға техникалық-экономи-калық негіздеме әзірлеу – уран және ілеспе пайдалы құрамдастар ескерілген есеп.

Қазатомөнеркәсіп құрамындағы ең көне кәсіп-орынның 70 жылдығына арналған салтанатты ашқан «Волковгеология» АҚ басқарма төрағасы Дінмұхамед Молдаши жиналған жұртшылықты мерейтоймен қызу құттықтады.

Геология саласының ардагерлері, компания қызметкерлері мен салтанатқа арнайы келген қонақтар алдында сөз алған Қазатомөнеркәсіптің Өндіріс жөніндегі бас директоры Марат Ниетбаев геологтар қызметіне жоғары баға берді. Жас әрі жігерлі басшылықтың арқасында компания мұнан биік асқарларды бағындырып, отандық уран өнеркәсібін одан әрі дамытуға өлшеусіз үлес қосарына сенім білдірді. Ал Волковгеологияның бас геологы Александр Вершков баяндамасы өндірістік көрсеткіштер мен алдағы міндеттерге арналды.

Мерейтойлық жиында сөз сөйлегендер геоло-гиялық компанияның қалыптасуы мен дамуына

өз үлестерін қосқан қарапайым еңбек адамда-рының, ардагерлердің жанкешті жұмысын атап көрсетті. Дәстүрге сәйкес, салаға еңбегі сіңген өндіріс озаттары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Росатом» мемкорпорациясы, «Нұр Отан» партия-сының Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты жиын соңында «Волковгеология» АҚ-ның мерейтойына арнап түсірілген деректі фильм көрсетілді. Фильм кезінде шағын топтар мен отрядтарға бөлініп жұмыс бастаған геологтардың бүгінде алдыңғы қатарлы кәсіпорынға айналғанын, осы жолдағы қиыншылықтары мен табыстарын, еңбек адамының ерен істері мен мамандыққа адалдықтарын баяндайды. Геологтардың әр буыны уақыт ұсынған міндеттерді абыроймен орындап, уранның берік шикізат қорын жасауға атсалысты. Кәсіпорын шежіресі отандық уран геологиясы мен геотехнологиясының даму жолымен ұштасып жатыр. Сондықтан да еліміздің атом өнеркәсібінің қалыптасуында Волковгеологияның алар орны айрықша.

Мерейтой салтанаттары мерекелік шоу-бағдар-ламаға ұласып, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның симфониялық оркестрі және танымал эстрада әншілері өнер көрсетті.

Гүлнәр Дәуітова

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №9 (79) ҚЫРКҮЙЕК | 2018

9FЫЛЫМ

Инновациялық ізденістер мектебі20-22 қыркүйекте Алматыда «Қазтомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қызметін әртараптандыруға арналған технологиялар және оның болашағы» деген тақырыппен VI Халықаралық инновациялық мектеп өтті.

Инновациялық мектеп 7 жылдан астам тарихқа ие. Осы уақыт аралығында көптеген өзекті инновациялық идеялар мен зерттемелер қаралып, бір бөлегі

өндіріске енгізілді. Бұл жолы да қазақстандық және шетелдік компания-лардың өкілдері өндіріс үшін маңызы зор ғылыми-технологиялық жобаларды талқылады.

Шара барысында жаңа бағыттар мен технологиялар бойынша үш негізгі тақырып көтерілді: уран мен ілеспе бағалы және асыл металдар алу геоло-гиясы мен геотехнологиясы; сирек, сирек жер және басқа да металдар алу үшін жер асты ұңғымалы шаймалау әдістерін қолдануды әртараптандыру; өнімді ерітіндіні өңдеу және уран тотығын алу процестерінің жаңа ресурстық және қуат үнемдегіш технологиялар мен жабдықтары.

Біз жер асты ұңғымалы шаймалау әдісінің технологиясын жетілдіруде біраз ілгерілеп кеттік. Бүгінге дейін ондаған жаңа кеніштер салынып, жаңадан ондаған инновациялық жобалар енгізілді. Осының арқасында Қазатомөнер-кәсіп жаңашыл әрі жоғары технологиялық компанияға, уран өндіру ғана емес, өндірістің өзіндік құны жөнінен де көшбасшыға айналды.

Өндірістің өзекті мәселелерін Халықаралық инновациялық мектепте талқылау Қазатомөнеркәсіпке қарасты кәсіпорындарға жаңа технологиялық бағыттар мен түйткілдерді шешу жолдарын анықтауға көмектеседі. Кең ауқымдағы мүдделі мамандардың қатысуы практикалық тәжірибе алмасумен бірге, уран кен орнын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары, наносүзгілеу, 3D модульдеу сияқты экономикалық тиімділігі жоғары және барынша тартымды қолданбалы зерттемелерді үйренуге мүмкіндік береді.

VI Инновациялық мектепке жүзден астам маман қатысып, қырықтан астам баяндама тыңдалды. Баяндамалар уран өндіруші кәсіпорындар мен тұтас компанияның одан әрі дамуына жол ашатын жаңа ғылыми зерттемелер туралы болғандықтан бұл форум 2018 жылдың маңызды ғылым-техникалық шарасына айналды.

Ал Қазатомөнеркәсіп пен еншілес кәсіпорындарда өндірістік қызметтің барлық бағыттары бойынша инновацияларды ұдайы іздеу мен енгізу мәдениетін қалыптастыру мен қолдау Инновациялық мектептің басты жетістігі болды.

Геологтардың кәсіптік одағыБиыл 70 жылдығын мерекелеген «Волковгеология» АҚ – елімізде ғана емес, сонымен бірге посткеңестік кеңістіктегі ірі геологиялық компания. Ал мен сол үлкен ұжымның кәсіподақ ұйымын басқаратындығымды мақтаныш етемін.

Геологтардың кәсіптік одағы 2010 жылы құрылып, қызметкерлердің мүддесін қорғаудан бастап, әлеуметтік бағдарламалардың орындалуына дейінгі бағытта жұмыс жүргізіп келеді.

Бұрғылау жоспарын орындау, еңбек өнімділігін арттыру, материалдық игіліктерді үнемдеу, жаңа техника мен технологияларды енгізу, адам ресурс-тарын өзектендіру мақсатында кәсіподақ комитеті Бұрғылау бригадалары, жүргізушілер және филиалдар арасындағы өндірістік жарыстардың Ережесін әзірлеп, бекітті. Дәстүрлі жарыстарға 100-ден астам бұрғылау бригадалары, 300 жүргізуші қатысып, жалпы саны 3500-ден асатын қызметкерлерді қамтыды. Жарыс жеңімпаздарын ынталандыруға 40 млн-дай қаржы жұмсалды. Осы іс-шаралардың нәтижесінде еңбек өнімділігі 4,2%-ға артты.

Еңбекті қорғау, өндіріс қауіпсіздігі, жарақаттанудың алдын алу, далалық бөлімшелерді арнайы жұмыс киімдерімен қамтамасыз ету, сапалы тамақтануды ұйымдастыру мәселелері де кәсіподақ комитетінің басты назарында.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес кәсіпорынның барлық филиалдарында Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылып, оларда штаттан тыс 33 техникалық инспектор жұмыс істеп жүр. Далалық бөлімшелердегі тамақта-нудың сапасын бақылайтын комиссиялар да құрылған. Әрбір қызметкердің тамақтануын арзандату үшін күніне 600 теңгеден қосымша қаржы бөлінген.

Еңбек адамы үшін тұрмыс жағдайының жақсы болуы, қалыпты жұмыс істеуге қажетті барлық қолайлықтың жасалуы өте маңызды. Бүгінде қызметкерлерді компаниядағы еңбекақы мөлшерімен қатар, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы да қызықтырады. Геологтардың уақытша құрылған кенттердегі палаткалар мен вагондарда тұрып жұмыс істеген кездері келмеске кетті. Кәсіподақ ұйымы әзірлеген әлеуметтік тұрақтылықты жақсартудың 2020 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасының орындалуы өзінің игі нәтижелерін беріп отыр.

Акционерлік қоғамдағы оң өзгерістерге әкімшілік пен кәсіподақ ұйымының ұжымда өзара сенімге негізделген әлеуметтік-психологиялық климатты қалып-тастыруының арқасында қол жетті. Бүгінде әрбір геолог әлеуметтік тұрғыдан толық қамтамасыз етілген. Кәсіподақ ұйымы еңбекшілер мен олардың балаларын оңалту және жазғы демалыстарын ұйымдастыру мақсатында жыл сайын 25 млн теңгеге жолдамалар сатып алады. Соның 6 миллионы балаларды сауықтыру мекемелеріне жұмсалады.

Геологтардың балалары жазғы демалыстарын еліміздегі үздік сауықтыру кешендерінде, Алматы маңындағы «Тау күні» оқу-сауықтыру кешені мен Шымкенттегі «Орленок» лагерінде өткізеді. Бұл ретте «Волковгеология» АҚ-ның кәсіподақ комитеті Қазатомөнеркәсіпке қарасты кәсіпорындардағы кәсіподақ ұйымдар арасында көш бастап келеді.

Ұжымда бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөлінген. Қазіргі кезде барлық филиалдарда түрлі спорт секциялары қалыпты жұмыс істеп тұр. Жыл сайын геологтардың кіші спартакиадасы өткізіліп, Волковгеологияның құрама командасы Қазатомөнеркәсіптің дәстүрлі спартакиадасында үнемі жүлделі үштіктен көрініп жүр. Ал дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылдану еңбек өнімділігін 4%-ға көтеретіндігі әлдеқашан дәлелденген шындық.

Көркемөнерпаздықты насихаттау мен жеке шығармашылықпен шұғыл-дануды ынталандыру мәселесі де кәсіпорында шешімін тапқан. №7 ГБЭ-ның көркемөнерпаздар ұжымының «Урановские бабушки» композициясымен Қазатомөнеркәсіп өткізген «Талантыңмен таныл» байқауында жеңімпаз болғаны мұның жарқын мысалы.

Кәсіподақ комитеті кәсіпорын әкімшілігімен 2018-2020 жылдарға арналған Ұжымдық шартты бекітті. 2015 жылы қабылданған Еңбек кодексіне негізделген бұл маңызды құжатта еңбек адамын әлеуметтік қолдауға жеткілікті мән берілген.

Болат Батыров,«Волковгеология» АҚ ҚЖК» ҚБ төрағасы

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №9 (79) ҚЫРКҮЙЕК | 2018

10 ӘРІПТЕС

Өз ісінің үздіктері анықталды«Қаратау» ЖШС-ның Қаратау кенішінде атом саласының қызметкерлері күніне арналған шарада өндіріс озаттары, сала ардагерлері мен жақын маңдағы Қаратау, Ақсүмбе және Саржаз ауылдарының өкілдері бас қосты.

Мерекелік дастархан басындағы әңгімеге кәсіп-орынның қалыптасу, қамқорлыққа алынған ауылдармен байланыс орнатудың кезеңдері арқау болды. Кеніш құрылғалы бері көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдауға тұрғындар ризашылықтарын жеткізді. Атап айтқанда, ауыл мектебінің ескі қазандығы жаңартылып, көпірлер мен тоғандар салынды, Ұлы Отан соғысындағы ерлікке тағзым ретінде монумент тұрғызылды, тағы да басқа абаттандыру жұмыстары атқарылды.

Кәсіпорын бас директоры Ерлан Тәшімов, «Атом ғылымы, энергетикасы және өнеркәсібінің ардагерлері» (АҒЭӨА) қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Белгібай Буркурманов құттықтау сөз сөйлеп, марапат-тарды табыс етті. Бұл күні 18 қызметкер марапатталып, 21 ардагер ақшалай сыйлық алды.

Бұдан бөлек, «Өз мамандығының үздігі» байқауының қорытындысы жарияланды. «Үздік ГТС операторы», «Үздік аппаратшы-гидрометаллург», «Үздік электр слесары», «Үздік токарь», «Үздік дәнекерлеуші», «Үздік жүргізуші» сияқты басқа да аталымдар бойынша жеңім-паздар анықталып, марапаттар тапсырылды.

Мерекелік салтанат соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Мұхтар Бабаханов

Мамандық таңдауда қателеспеген«КБ-6» ЖШС-ның №2 геотехнологиялық алаң учаскесінде слесарь-жөндеуші болып жұмыс істейтін Бауыржан Төлепбергенов уран өндірісіне бірден келген жоқ. Бірақ атомшылар кенті саналатын Көкшоқыдағы түрлі тұрғын үй-әлеуметтік нысандарда оның өз қолтаңбасы бар.

Жаңақорғанда туып, Шиеліде өскен Бауыржан №46 орта мектепті бітірген соң, темір жолшылар даярлайтын училищеде оқыды. Әскерге барып, азаматтық борышын өтеп қайтты. Шиеліге оралысымен №3 құрылыс-құрас тыру басқармасына (ҚҚБ) краншы болып орналасты. Сол жылдары ҚҚБ №6 кен басқармасының құрамында болатын. Құрылыс қарқынмен дамып, түрлі нысандар біріне соң бірі бой түзеп жатты. Міне, Бауыржан соны бүгінде мақтаныш етеді.

90-жылдардың басындағы дағдарыс уран саласын да тығырыққа тіреп қойды. Құрылыс біткен тоқтап, ҚҚБ таратылды. Адамдар күнкөрістің қамына кіріскенде Бауыржан да талай жұмысты атқарды.

– 2001 жылы ғана менің өмірімде тұрақтылық орнады. Өйткені сол жылы «Қорған-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ның Шиелі филиалындағы шұғыл әрекет ету тобына жүргізуші болып жұмысқа кірістім, - деп әңгімелейді Бауыржан. – Кейінірек «КБ-6» ЖШС-на слесарь-жөндеуші болып ауыстым. Бұл жерде кәсіптің қыр-сырын Сайрам Тоқсейітовтен үйрендім.

Атом саласындағы соқпағын осылайша бастаған Бауыржанның өзі де бүгінде тәлімгер. Нұрлыжан Оспанов, Олжас Түкібаев, Мүсілім Қайратұлы сияқты шәкірттері кәсіпорындағы еңбек озаттарына айналған.

Жастайынан спортқа әуес Бауыржан түрлі сайыстарда кәсіпорын намысын қорғап жүр. Санап отырса, ол Қазатомөнеркәсіптің дәстүрлі спартакиадасына он бес рет қатысыпты. Волейбол, бадминтон және жеңіл атлетикадан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Қазір ардагерлер командасы құрамында волейбол турнирлеріне қатысып жүр.

– Менің бақытты отбасым бар, - деп сабақтады әңгімесін Бауыржан Төлепбергенов. – Жұбайым аудандық емханада дәрігер. Үш баламыз бар. Тұңғышымыз Бексұлтан Пенза артиллерия-инженерлік институтын бітірді. Бүгінде армия офицері. Шығыс Қазақстандағы Аягөз қаласында қызмет етеді. Ортаншымыз Ерсұлтан эколог мамандығын таңдады. Кенжеміз Диас келесі жылы мектеп бітірмек. Ол техникамен байланысты мамандықты меңгергісі келеді. Қазірден ақпараттық технологиялармен әуестеніп жүр. Ата-анасы ретінде біз балалардың таңдауын қашанда құптаймыз.

Иә, расында да, мамандық таңдау – өмірлік жолыңды таңдаумен тең.Мақсұт Ыбырашев

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №9 (79) ҚЫРКҮЙЕК | 2018

11СПОРТ

Халықаралық турнирдің күміс жүлдесіАтомшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында елордада футзалдан XV Халықаралық турнир қатысушылары – Ресей, Венгрия және Қырғызстан командалары бас қосты.

Дәстүрлі турнирде Ленинград АЭС-тың командасы Ресейдің, Пакш АЭС-тың командасы Венгрияның, Қарабалта тау-кен металлургия комбина-тының командасы Қырғызстанның намысын қорғады. Қатысушылардың осалы жоқ. Олай дейтініміз, теңбіл доп додасына турнирдің он үш дүркін чемпионы болған Ресейдің, 2016 жылғы чемпионы Қазатомөнеркәсіптің және 2017 жылғы чемпион Венгрияның командасы оңай қарсылас емес екендіктерін жасыл алаңда талай дәлелдеген.

Байрақты бәсекенің ашылу рәсімі «Алау» спорт кешенінде өтті. «Қазатом-өнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Өндіріс жөніндегі бас директоры Марат Ниетбаев командаларға жақсы ойын мен сәттілік тілеп, түрлі елдердің атом өнеркәсібіндегі компанияларының қызметкерлерін халықаралық деңгейде біріктірудегі турнирді ұйымдастырушылардың рөлін айрықша атап көрсетті. Расында да, мұндай шаралардың басты мақсаты – жеңімпаздар мен үздік ойыншыларды анықтау ғана емес, сонымен бірге достық, спорттық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту.

Турнирді Қазатомөнеркәсіп пен Қарабалта комбинатының командалары бастап берді. Командамыз кездесуде батыл ойнап, қарсылас қақпасын талай рет нысанаға алды. Ойын барысында қазатомшылар тізгінді түпкілікті қолға алып, есепті 17:1 жеткізді. Бұл матчта команданың әрбір мүшесі гол соғу мүмкіндігіне ие болды, алайда 4 доп соққан Бауыржан Кешубаев айрықша көзге түсті.

Келесі ойын Ресей мен Венгрия командалары арасында өтіп, болашақ қарсыластардың тактикасын үйренуге мүмкіндік туды. Қос қарсылас та мықты болғандықтан, матч өте тартысты өтті. Бірінші таймда 4:1 есебімен алға шыққан ресейліктер екінші таймда босаңдық танытты. Осы сәтті пайдаланған венгерлер есеп айырмашылығын азайтты – 3:4. Мұнан қауіптенген қарсылас команда шабуылды қайта үдетіп, есеп 5:3 жетті. Осылайша ленинградтық футболшылар алғашқы жеңіске қол жеткізді.

Екінші турда ресейлік команда қырғыз футболшыларынан 17:1 есебімен басым түсті. Кемінде екінші орын иесі мен чемпионды анықтап беретін тур болғандықтан командалар әр кездесуге барынша жауапкершілікпен қарағаны байқалды. Венгрия мен Қазақстан командалары бұрыннан сыры мәлім қарсылас ретінде ойынды өте сақ бастады. Бірінші таймда үш гол соғып, бір доп жіберген қазатомшылар үзіліске көңілді шықты. Екінші таймда венгрлер қорғанысты нығайта отырып, қайта шабуылдауды үдетті. Алайда бұл тактика күткендегідей нәтиже бермеді. Есеп 7:3, Қазатомөнеркәсіп футболшылары жеңіске жетті. Бұл ойында Бауыржан Кешубаев тағы да 4 доп соғып, қошаметке бөленді.

Соңғы ойын күніндегі командамыздың турнир жеңімпазы болуға жақсы мүмкіндігі болды. Бірақ бұл үшін тым болмағанда жеңілмеу керек еді. Ресей командасымен ойын қашанда тартысқа толы болады. Бұл жолы да ресей-ліктер сәтті шабуылдап, бірінші таймда-ақ алға ұмтылды. 1:0 есебімен үзіліске шыққан командамыз ойын өрнегін өзгертпесе, чемпиондықтың аулы алыс екені аңғарылып тұрды. Алайда екінші таймда да қанша алға ұмтылса да, қазатомшылар қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Қақпашы талай допты қайтарып, ептілік танытты. Бұл матч мүмкіндіктерді пайдалана алмауы-мызбен ерекшеленді. Есеп 5:2, жеңісті қолдан бердік.

Турдың келесі ойыны Венгрия мен Қырғызстан командалары арасында өтіп, 15:1 есебімен венгрлер пайдасына шешілді. Осылайша венгрлер үшінші орынға тұрақтап, қола жүлдегер атанды.

Футзалдан XV Халықаралық турнирдің ең биік тұғырына Ресей командасы көтерілді. Қазақстан атынан алаңға шыққан Қазатомөнеркәсіп командасы екінші орынды иелеп, күмістен алқа тағынды.

Қызықты көрінген бір жәйт, қырғыз командасы үш қарсыласынан да жеңіл-генімен, олардың әрқайсының қақпасына бір доптан соға білді.

XV Халықаралық футбол турнирінің жабылу салтанатында Қазатомөнер-кәсіптің Даму және инвестициялар жөніндегі басқарушы директоры Нұрбек Кәріпжанов дода қорытындысын шығарып, командаларға тиісті Кубоктар мен дипломдарды табыс етті. Ал қатысушылар алтын, күміс және қола медальдар алды. Биыл алғаш рет турнирге қатысып, өздеріне тән ойын өрнегімен есте қалған Қарабалта тау-кен комбинатының футболшыларына арнайы сыйлық берілді.

Турнирді ұйымдастырушылар үздік ойыншыларды да анықтауды ұмытқан жоқ. Жапарбек Сыдықов (Қырғызстан) «Үздік қақпашы», Вольф Аттила (Венгрия) «Үздік қорғанысшы», Максим Диденко (Ресей) «Үздік шабуылшы», ал Бауыржан Кешубаев (Қазақстан) «Үздік ойыншы» атанды.

Атом өнеркәсібі кәсіпорындарының арасында өткен футзалдан XV Халықаралық турнирдің қорытынды кестесі

командалар 1 2 3 4 ұпайлар орындар

MVM PAKS (Венгрия) 3-5 3-7 15-1 3 3

ATOM - SPORT (Ресей) 5-3 5-2 17-1 9 1

Қазатомөнеркәсіп (Қазақстан) 7-3 2-5 17-1 6 2

ҚТКК (Қырғызстан) 1-15 1-17 1-17 0 4

Турнир аяқталған соң «Атом спорт» автономды коммерциялық емес ұйымы мен «Росатом» мемкорпорациясы атом саласындағы кәсіпорындар арасындағы футзалдан Халықаралық турнирді жоғары деңгейде өткізгені үшін ұйымдасты-рушыларға алғысын жолдады.

«Ойынның ашылуы, төрешілер алқасының жұмысы, жарыстардағы төрешілердің біліктілігі, тамаша Астанамен танысу бағдарламасы есте қалғанын айтқымыз келеді», делінген хатта. Ресейлік тарап сондай-ақ, спортты дамыту мен атом саласы қызметкерлерінің арасындағы достықты нығайту үшін бірлесе жұмыс істеу мен жүйелі ынтымақтастықтың маңызын атап көрсетті.

Қасымжан Мәдиев

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК ГАЗЕТІ АТОМ.KZ | №9 (79) ҚЫРКҮЙЕК | 2018

12 КӨКЖИЕК

«Qazaqstan qyzmet cup - 2018»

Бас редактор Ғажайып Күмісбек

Шығарушы редакторларҚонақбай Саттаров Мадина ТөлебаеваАйбек Иманқожаев

Редакция мекен-жайы:010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 10 Тел.: 8 (7172) 45-80-63 E-mail: [email protected]

«Жарқын Ко» ЖШС баспаханасында басылды.Астана қ., Абай даңғылы, 57/1Тел.: 8 (7172) 215086Таралымы: 3000 дана

Айына бір рет шығады.Газетті есепке қою туралы №12072-Г куәлікті 2011 жылғы 17 қазанда ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі берген

ATOM.KZ | «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік газеті

Астанада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен өткен «Qazaqstan qyzmet cup - 2018» турнирі өз мәресіне жетті.

Бұл теңбіл доп додасында орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардан құралған 20 команда бірнеше апта бойы бақтарын сынады. Чемпионат қорытындысы бойынша Астана қалалық Ішкі істер департаментінің құрамасы 3-орынды иелеп, қола медальді жеңіп алды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның командасының қоржынында күміс медаль. «ҚТЖ» ҰК футбол-шылары алтыннан алқа тағынып, арнайы Кубокке қол жеткізді.

Бұдан бөлек, жарысқа қатысқан командаларға түрлі номинациялар бойынша марапаттар тапсырылды.

Ал ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрамасы QQC - 2018 турнирінің «Мемлекеттік сектордың ең үздік командасы» атанды. Осы команда құрамында доп тепкен Марат Ибеков «Үздік ойыншы» аталымында топ жарды.

Qazaqstan qyzmet cup – тұрақты футбол ойнайтын отандық мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың қызметкер-лерінің халықаралық аренадағы алғашқы қадамы.

Автобусты сыйға тарттыТүркістан облысының Отырар ауданында өткен «Денсаулық-2018» фестивалінде «Заречное» БК» АҚ аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер мектебіне автобусты сыйға тартты.

Бүгінде дәстүрге айналып, жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан айтулы шараға уран өндірушілер де белсене қатысады. Биыл бес жүзге жуық қатысушының басын қосқан фестивальда сөз алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов «саламатты өмір салтын ұстану – ұлт денсаулығының кілті», - екенін атап көрсетті. Ал ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген «Заречное» БК» АҚ ұжымы бұл жолғы сыйлығын балаларға арнады. Кәсіпо-рынның бас инженері Ғалым Нұрәлиев автобустың кілтін спорт мектебінің директоры Мейрамбек Қашқыновқа тапсырды. Енді жастай спортқа ден қойған балалар түрлі жарыстарға өз көліктерімен баратын болды.

Желаяқтардың дәстүрлі жарысыҮлбі металлургиялық зауытында КСРО Орта машина жасау министрі Е.П. Славскийді еске алу күніне орай жеңіл атлетикалық жүгіруден жыл сайынғы жарыс өтті.

Шараға Өскемен қаласы өнеркәсібінің қызметкерлері, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Дәстүрге айналған жарыс 2002 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Мұндағы мақсат – бұрынғы Ортамаш министрі және оның қызметі мен Шығыс Қазақстанға сіңірген еңбегі туралы естеліктерді сақтап, «ҮМЗ» АҚ қызметкерлері мен қала тұрғындарының арасында дене шынықтыру мен сауықтыру жұмыстарын насихаттау.

Спорттық шараны ұйымдастыру және өткізу бастамасы Үлбі металлургиялық зауытына тиесілі. Биылғы жарыс Қала күнімен қатар келді. Бұл оқиғаның мәні өте зор, себебі облыс орталығының көз тартарлық қазіргі көркіне Ефим Славскийдің қатысуынсыз қол жеткізу мүмкін болмас еді.

– Ефим Павловичтің тікелей қатысуы және басшылығымен Өскемен қаласында тұрғын үй орамдары, мектептер, бала-бақ-шалар, Ертіс жағалауы, Орталық мәдениет үйі, Спорт сарайы мен тағы көптеген құрылыстар салынған, - деді қатысушылардың алдында сөз сөйлеген ҮМЗ кәсіподақ төрағасы Алексей Феоктистов.

Мың шақырымдық қашықтыққа жүгіруден болған жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі