№13 журнал 2014 г-на сайт

120

Transcript of №13 журнал 2014 г-на сайт

«Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек Астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі, міне, осылар».

Нұрсұлтан Ібішұлы НазарбаевҚазақстан Республикасының Президенті

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

АСТАНА ҚАЛАСЫ, І.ЖАНСҮГІРОВ КӨШЕСІ 8, 43ТЕЛ.: 8 (7172) 78-02-06, 8 702 600 01 19

Е.МАІL: [email protected] www.tat-astana.kz

ТАРАЛЫМЫ 7 000

ЖУРНАЛ ЕКІ АЙДА 1 РЕТ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

ТАРАЛУ АЙМАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АВТОРЛАРДЫҢ МАҚАЛАЛАРЫНА РЕДАКЦИЯ КӨЗҚАРАСЫН БІЛДІРМЕЙДІ

ЖУРНАЛ «PRIDE PRINT» БАСПАХАНАСЫНДА БАСЫЛДЫ.АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, МИРЗОЯН КӨШЕСІ, 13-15

ТЕЛ.: 8 (727) 378-77-47, 378-80-06, 378-80-09

№13 (1) ҚАҢТАР 2014 ЖЫЛ

ЖУРНАЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІНДЕТІРКЕЛІП, №12035-Ж (19.10.2011 Ж.) КУӘЛІГІ БЕРІЛГЕН.

Меншік иесі: «Серикжан - БЭСС» ЖШС

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Оразғали Қаршегенов Ақылдастар алқасының төрағасы«Атырау Жарық» АҚ директоралар кеңесінің Төрағасы, Облыстық мәслихаттың депутаты

Мұрат Жұрынов ҚР ҰҒА Президенті, Академик

Әбдімұса ҚуатбековҚазақстан Халықтар ДостығыУниверситетінің Президенті, Академик

Марат Тоқашбаев«Президент және Халық» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы, Академик

Ерсайын ИхсановАкадемик, Атырау облыстық маслихатының депутаты

Махмуд Нәлібаев«Марсель Петролеум» ЖШС-нің басшысы, «Алтын жүрек» және Халықаралық Сократ сыйлығының иегері

Нұртай Сабильянов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Надежда ПетуховаҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Абдолов Аманкелді АманиязұлыАтырау облыстық жеке сот орындаушылар алқасының төрағасы, Атырау облыстық мәслихатының депутаты

Рая ЖорабайқызыҚР Кәсіподағының төрайымы

Өмірзақ МелдехановОҚО Мәслихатының депутаты «Нұр Отан» ХДП ШҚФ Төрағасы

Дария ҚожамжароваЖамбыл облыстық Мәслихатының депутаты

Тілеуберген ШәутайҚызылорда облыстық Мәслихатының депутаты

Оразалы Телеуов«Промхиммонтаж» АҚ-ның бас директоры,Жамбыл облыстық Мәслихатының депутаты

Әуелхан ТұрғынбековОңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімі

Ібайдулла ТілепҚызылорда облыстық Мәслихатының депутаты

Мағжан СадыханұлыЖурналистер Одағының Астана қалалық филиалының басшысы

Ғани ТашқараевШымкент қалалық Мәслихатының депутаты

Марите ӘбілпаттаЖамбыл қонақ уйінің директоры, кәсіпкер

Бөріхан БеркімбаевАтырау облыстық Мәслихатының депутаты, Құрметті теміржолшы

Жүрсінбай Ергешов”Гидроспецстрой №5” ЖШС-і Бас директоры

Әлжан Шәмшідін”Асыл-түлік” РМШО АҚ-ның директоры

Жаннат СамұратоваАқтөбе облыстық білім басқармасының бастығы

3

БАС РЕДАКТОР

БАС РЕДАКТОРДЫҢ КӨМЕКШІСІ

ШЕФ-РЕДАКТОР

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

ТІЛШІЛЕР ӘСЕМ БІРМАҚОВАЖАРҚЫН ТОҒЫМДИАНА АЛИЯКБАРОВАЗЫЛИХА САЛИХАЙСҰЛУ САҒЫНТАЕВА

ДИЗАЙНЕР-БЕТТЕУШІ

ФОТОГРАФ

ВИЗАЖИСТ

БАС ЕСЕПШІ ТЕЛ.:

Е.МАІL:

ЭЛЬМИРА ҮСЕНҚЫЗЫ

ПЕРИЗАТ БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

ӘСЕМ САҒИҚЫЗЫ

ЖАРҚЫН ШЫҢҒЫСТАУҚЫЗЫ

БЕЙБІТГҮЛ ИСАЕВАСЕЗІМ ЖҮСІПҚЫЗЫМӨЛДІР ҚҰРМАНЛӘЙЛӘ НЫҒМАТУЛЛИНААҚЖАРҚЫН СМАҒҰЛ

ГҮЛЖАЙНА ДӨНЕНҚЫЗЫ

ДЖОН ЛАУ

МАРИНА НЕКЛЮДОВА8 (701) 750 89 88

ГҮЛБАРШЫН ҚАБДУШЕВА8 (7172) [email protected]

Қадірменді оқырман қауым!

Алдымен баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Отбастарыңызға бақ-береке тілеймін!

Жылдың жаңа күндерімен қоса ілесе шыққан журналымыздың жаңа нөмірін назарларыңызға ұсынбақпыз. Бұл жолғы нөмірді елордамыз Астана мен өнеркәсібі дамыған Ақмола өңіріне арнадық. Елдің көркеюіне бар жағдайды жасауға тырысып жүрген аталмыш мекендердегі азаматтар мен азаматшалардың ынтымағы жарасып, білек сыбана кіріскен жұмыстарының нәтижесіне журналымызда жарияланған материалдардан оқып, куә бола аласыздар. Екі бірдей өңірдің әкімдерінің жасап жатқан жұмыстары жайында да кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ, елорданың ЖОО-ы, колледж және денсаулық сақтау ұйымдары, мәслихат депутаттары мен Ақмола өңірінің халық қалаулыларымен болған сұхбаттарды да назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналы сіздер үшін қызмет етуге әрдайым дайын екенін тағы бір еске салғымыз келіп отыр. Сондай-ақ, журналымызға екі жыл толып отыр. Атқан таңдай пейілдеріңіз кең, жүректеріңіз кіршіксіз таза, жомарт болсын деген ниетпен сөзімді аяқтаймын.

Құрметпен, Эльмира Үсенқызы!

Бас редактор бағаны

4

2

52

22

77

28

70

40

84

Елбасының Астана қаласына арналған сөзі ...

Қолжетімді медицина - әр адамға!..................

«Тұрақтылық - тірегіміз!»..................................

21 мың маман - 57 жылдың жемісі.....................

Жұмақтың бір бөлшегі.......................................

Болашағы зор білім ордасы.................................

Дені сау анадан дені сау сәби туады................

Ақмола облысы қалай пайда болды.................

6

54

26

47

36

80

16

62

30

74

44

85

10

58

66

38

82

20

35

50

Халықтың қамын ойлағаніскер азамат........................................................

Қазақстанның болашағы - инновациялық технологияда!...........................

Бурабай - тамсандырған тылсым табиғат........

Мақсатымыз сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.................................

Халық денсаулығы - мемлекет байлығы..........

Ақмола өңірінің асыл тұлғалары.........................

«Еңбек - қиындықты жеңбек!».........................

Білім кілті - ізденісте..........................................

Дәрігер мамандарды даярлау - жауапкершілігі жоғары міндет..........................

«Өркениеттің өзегі - білім мен тәрбие» ............

Қатерлі сырқатқа - көпқырлы дайындық.........

Ақмола өңірінің тыныс-тіршілігі..........................

Интегралды мақсаттағы білім шаңырағы........

Білікті маман - білімді болашақ!.......................

«Техникалық мамандарғабет-бұрыс байқалады»........................................

Вирус - адамзат баласының жауы.....................

Абылай хан...........................................................

«Қоғамдық көлік қызметінің сапасын әлемдік деңгейге жеткізу - арманым!»...........

Әлемдегі теңдесі жоқ Хан шатыр......................

Біз емделушілердің талап үдесінен шығу үшін қызмет етеміз...................................

88

92

10

30

88Депутаттың міндеті халықтың сенімін ақтау.........................................................

92«Мақсатым - ауыл шаруашылығын көркейту»..................................

96Ел алғысына бөленген ғибратты жан................

100«Басты міндет - халықтың жағдайын жақсарту»..........................................

102Болашаққа өрлеген «Орленок»........................

104Алға басқан Атбасар ауданы.............................

106«Алтын кітапқа» енген Атбасар «Электровоз зауыты»...........................

110Диірмен дәуіріндегі бетбұрыс...........................

114Тамыры терең білім бәйтерегі..........................

117Ел жүрегі - Елорда...............................................

Мазмұны

5

6

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАҒАНІСКЕР АЗАМАТ

Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын дейді ғой. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов туралы сөз қозғағанда ең алдымен оның елдің дамуына қосқан сүбелі еңбектері ауызға ілігеді. Әйтсе де біз әңгімені Иманғали Нұрғалиұлының өмірбаянынан бастауды жөн көрдік. Ол 1956 жылғы 9 желтоқсанда бұрынғы Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. Бала кезіндегі жаратылыс ғылымдарына деген қызығушылығы бола-шақ мамандығын таңда-уына жол ашты. Иманғали Тасмағамбетов 1979 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының

жаратылыстану-география факультетін, география және биология мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолы мен саяси өмірбаяны сол кездегі жал-ғыз жастар саяси ұйымы - Қазақстанның ЛКЖО-да басшылық қызметімен байланысты. 1979 жылдан Махамбет ауданындағы ЛКЖО ұйымдастыру бөлі-мінің меңгерушісі, Гурьев ЛКЖО қалалық комитеті және облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1989 жылы ЛКЖО ОК бас-қарды. Жасыратыны жоқ, қазақ елі еркіндікке жеткен тоқсаныншы жылдары қазақ жастарының басшысы да, үлгісі

де Иманғали Тасмағамбетов болды. Мемлекет басшысы коммунистік партия мен комсомол тарихының сахна-сынан біржола кеткенде, ИманғалиТасмағамбетов үшін арнайы «Мемлекеттік жастар комитетін» құрды. Елбасымыз Атыраудан аттай қалап, Алматыға әкелгеннен кейін Иманғали Нұрғалиұлы өзінің іскерлік қабілетімен, білім-білігімен, азаматтық келбетімен көптің көңілінен шықты. 1993 жылы И.Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалады. 1995 жылдан бастап, жоғарғы билік орындарында жұмыс атқарып, Қазақстанның вице-

7

премьері, білім және мәдениет вице-премьер-министрі, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Президентінің бірінші көмекшісі, Атырау облысының әкімі, Казақстан Республикасының премьер-министрі, Мемлекеттік хат-шы, Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі сынды ірі ірі мемлекеттік қызметтерде елдің болашағы үшін қажырлы еңбек етті.

Оның осындай жемісті

қызметтерде биік тұғырлардан көрініп, өз ісіне адал, ел басқара алатын, қазақ ұлты үшін туған біртуар азаматтардың бірі екенін байқаған Мемлекет басшысы, 2004 жылы Иманғали Нұрғалиұлын Алматы қала-сының әкімі қызметіне тағайындады. Елбасы Имекеңнің еліміздің ең ірі мегаполисі Алматы қаласын дамыту, көркейту ісінде өзінің үмітін ақтайтынына сенді. Тасмағамбетов те тек Президенттің ғана емес бүкіл алматылық ағайынның

сенімінен шықты. Халықтын қамы үшін аянбай тер төкті, елге елеулі біртуар азамат атанды. Әділдікті ту еткен, шыншыл да, өткір, білікті де, білімді, қылыштың жүзінен өткен кайсар Иманғали Тасмағамбетов 2008 жылдан бүгінгі күнге дейін еліміздің жүрегінде орналасқан бас қаламыз, Астана қаласының әкімі қызметін абыроймен атқарып келеді. Ол Алматы-дан Астанаға ауысқан кезде алматылық ағайынның өздерінің сүйікті әкімімен

8

қимай қоштасқанын білеміз. Астанаға келгеннен кейін де ол елдің жанын түсінетін, халқына жақын әрі турашыл әкім екенін көрсетіп келеді.

Иманғали Нұрғалиұлы-ның Атырау, Алматы, Астана қалаларының қарыштап дамуы мен күн санап көркеюіне қосқан үлесі ұшан теңіз. Оңтүстік астанада жүргенінде Алматының көшелері мен ғимараттары ажарланды, аулалары тазарып, жолдары бүтінделді. Табанында кеп-телген ғасырлық қоқыстарынан тазарып, жағалаулары жаңарған

Алматының ерке өзендері ерекше құлпырды. Бау-бақ-шалардың әдемі де әсем орын-дықтары демалушылардың көз-қуаныштарына айналды. Алматыдағы үйсіз-күйсіз ауыл жастарының тұрғын-үй мәселелерін шешуге барын салды. Жастарға жеке үй салуға жер телімдерін беруге ықпал етті. Оның қазақы қасиеті мен ұлтшылдық ұлағаты кез келген қазақтан асып түседі. Атыраудағы әкімдік қызметінде Иманғали Нұрғалиұлы қалада ең зәулім мешіт салғызады. Аудандар мен ауылдарда да

Құдай үйінің бой көтеруіне септігі тиді. Атырау алқабының алыс ауылдарына оқтай түзу тас жолдар тартуды қолға алған. Каспий теңізі жағалауындағы Әзербайжан, Иран, Ресей мем-лекеттерінің дипломатиялық корпустарын шулатып, балық барымталығын жойды. Америка құрылығының, Еуро-паның, Қытайдың баспасөз құралдарының еліміздің ауасын ластап жатқан мұнай компанияларына дүниежүзілік қалыптасқан тәжірибелерге сүйеніп, көлемді мөлшерде айыппұлдар салдырды.

Бір ғана Астананың өзінде Имекең келгелі қаншама қы-руар тірліктер атқарылды. Ол Елорданың жұмысшылары мен құрылысшыларының түн ұйқысын төрт бұзып, Астананың іші мен айналасын қисапсыз күл-қоқыстан та-зартып, көгалдандыруды жедел қолға алды да, құрылыс қарқынына дем берді. Адуынды Арқаның тарпаң табиғатына төтеп беріп, Астананың жаңа инфрақұрылымдарын қалыптастыруға шұғыл кірісіп кетті. Кер маралдай керілген Есіл суының артықшылығын пайдаланып, өзен көлігі шаруашылығын ұқыпты ұйымдастырды. Ол Астанға келгелі Тәуелсіздік сарайы, Қазақ елі монументі, Астана Арена жабық стадионы, Астана велотрегі, Сарыарқа мұзайдыны, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы сынды елорда көркіне көрік қосқан көптеген әсем ғимараттар өмірге келді.

Бүгінде сырттан келген меймандар Қазақ елінің жаңа Елордасының әсемдігі мен әдемілігіне сүйсініп қана қоймай, Еуразия кіндігінің ең тарпаң да танымал жұр-тының аса ірі ғасырлық

9

жобаларды атқара алатын асау-артықшылығына, сайын даланың сардар-елінің сарқылмас күш-қуатына таңдай қағып, шынайы көз жеткізетін болды. Атыраудағы, Алматыдағы, Астанадағы ең үздік технологиялық тәсілдермен, өркениет сәуле-тіне сай тұрғызылған, көз жауыңды алатын зәулім шы-нылы ғимараттар мен мың бұралған аспалы көпірлер Тасмағамбетовтен бұрын-соңды қазақ топырағында болған емес.

Анасының сүтімен, атасы-ның қанымен сіңген қымбат қасиеттері – Тасмағамбетовке қазақтың тілін, ділін, дінін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-санасын және рухани құнды-лықтарын терең түсініп, қай қызметінде де жәдігерлерді қызғыштай қорғауына ықпал етумен келеді. Оның тікелей бастамасымен ұлтымыздың мақтанышы Бейбарыс Сұлтан-ның топырағы Арыстан Баб кесенесіне әкелініп, белгісі қойылды. ҚР қауіпсіздік кеңесінің мүшесі, «Мәдени мұра» атты Мемлекеттік бағдарламаның қоғамдық кеңесінің төрағасы, UNESKO ісі жөніндегі ҚР Ұлттық

комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасының оқпен ату Федерациясының құрметті президенті, акаде-мик А. Х. Марғұлан атында-ғы Халықаралық қор басқармасының төрағасы. И.Тасмағамбетов Монғолияға, Батыс Қазақстанға және РФ-ның Астрахан облысына Халықаралық мәдениет-танушылық экспедициялар ұйымдастырып, 2000 ж. Монғолиядан Қазақстанға ежелгі Күлтегін тас хатын қайтаруға да ықпал жасады.

И.Тасмағамбетов тарихты, археологияны және этногра-фияны өте жақсы көреді. ЮНЕСКО аясында ол адамзат тарихының Күнтізбесіне енген қазақтың көрнекті мәдениет, ғылым қайраткерлерінің мерейтойларын өткізді. Абай Құнанбаев пен Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығы, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ғабит Мүсірепов пен Әлкей Марғұланның 100 жылдық мерей тойлары тойланды. Сондай-ақ, ол оншақты кітаптардың және көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Атап айтқанда, «Қазақстанның әлеуметтік-

саяси жаңаруы: тенденциялар мен басымдықтар», «ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі», «Орталық Азия зергерлерінің бұйымдары», «Пекиннен Астанаға дейін: астаналарды көшіру тарихы», «Ұлы даланың Кентаврлары», тағы да басқа кітаптары бар. Соңғы кітабы «Кітаптар өнерінде» Екінші халықаралық байқаудың Гран-при жүлдесін жеңіп алған. Ол «Парасат» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен, Орыс Православиелік Шіркеуінің «Мәскеулік Даниил қасиетті патшасы» орденімен, Ресей Федерациясының «Дружба народов» орденімен және көптеген алқалармен марапатталған. Оның хоббиі, Қазақстан тарихы, этнографиясы, археология мәселелеріне терең көңіл бөліп, Орталық Азия халықтарының қолтаңба өнерінің заттарын жинаумен айналысады.

Бас редакторЭльмира Усенқызы

10

АқылбекКүрішбаев

11

ИНТЕГРАЛДЫ МАҚСАТТАҒЫ БІЛІМ ШАҢЫРАҒЫ

Еліміздегі іргелі ЖОО-ның қай қайсысын алып қарасақта болашақ ұрпақтың саналы әрі білімді болып өсулеріне септігін тигізіп жүрген жайлары бар. Сондай оқу орындардың қатарына «Үш бәйтеректің» бірі саналатын қазақтың маңдайы-на біткен марқасқа азаматтың есімімен аталынып, Астана қаласында орналасқан қасиетті білім шаңырағы туралы айтпай кетпеске жөн болмас. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ең ірі аграрлық және техникалық жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Университеттің қолға алған шаруалары біршама. Халықаралық ынтымақтастықты және көптілді білім беруді дамыту орталығымен бірлесіп жұмыс жасап келеді. 2014 жылға дейінгі мерзімде әлемнің жетекші зерттеу университеттерінің тәжірибесіне бейімделу негізінде басыңқы бағыттар бойынша үш пилоттық оқу бағдарламаларын әзірлеу үстінде. Сондай-ақ, білікті мамандарды даярлау мен ғылыми зерттеулерді қолдау мақсатында жыл сайын қомақты қаржы инфрақұрылымды жетілдіруге жұмсалады. Білім алушылардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға барлық қолайлы жағдай туғызуға үлкен мән беріліп, жеке ақпараттық желі, студенттік емхана, әлеуметтік дүкен, дәріхана және басқа да нысандар жұмыс істейді. Ендігі жаңа оқу жылында студенттер жатақханасы мен ұстаз-дарға арналған көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Осыған орай біз білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ының басқарма төрағасы, профессор және Астана қалалық мәслихатының депутаты Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевпен сұхбат жүргізген болатынбыз.

Ақылбек Қажығұлұлы, әңгіменің төркінін өзіңіз бас-қарып отырған «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехни-калық университеті» АҚ-ның қазіргі таңдағы жасап жатқан жұмыстарымен таныстырудан бастасаңыз. Оқу орнының бүгінгі таңдағы білім беру үрдісі мен даму белесі қандай деңгейде?

Қазіргі таңда біздің универ-ситеттің алдында ауқымды жобаны жүзеге асыру міндеті тұр. Ол егемен еліміздің Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, біздің университеттің базасында елімізде ең алғаш ауыл шаруашылығы саласындағы

әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті құрылған болатын. Ал бұл міндет бізге жауапкершілік жүгін міндеттейді және осы сенім үрдісінен шығуға деген ынта-ықыласымызды тудырады. Елбасы сенім артқан бұл бағыттағы университеттің даму белесі – оқу орнымыз үшін әлемнің жетекші аграрлық зерттеу университеттері деңгейімен теңесуге жол ашатын маңызды тарихи қадамға бастай-тыны сөзсіз. Сондықтан біз өзара тиімді әріптестіктің дамуына, талантты жастар мен жоғары білікті мамандарды тартуға ерекше қызығушылық білдіреміз.

Ал, халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу орталығына айналу үшін әрине, білікті де білімді мамандар тартуымыз

керек. Сондықтан да, біздің университтетің алға қойған мақсаттары білім алушылар мен оқытушыларға ұтқырлықты, ал түлектерге еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті қам-тамасыз ететін, әлемдік білім беру стандарттар сапалы білім беру үшін білім беру жүйесі ғылыми зерттеулерімен нәтижесін инновациялық біріктіру жолымен Қазақстан экономикасы жоғары интеллектуалды, креативті мамандар даярлау болып табылады. Университетіміздің негізгі даму миссиясы, стра-тегиясы, инновациялық тех-нологиямен академиялық ұтқырлық негізінде жүзеге асырылатын оқыту деңгейін құрайды. Бұл арқылы ғылыми

12

педогогикалық кадрлар дайындауда сапа жүйесіне қол жеткізе аламыз.

Алдыңғы жылдармен салыстырғанда университетте қандай жаңалықтар мен өзгерістер болды? Маман даярлау ісіндегі қандай да бір өзгешеліктер бар ма?

Жаңа өзгерістердің бастауы ретінде былтыр ғана салтанатты ашылу рәсімі өткен Қазақстан-Белорус инженер кадрларды дайындау және қайта даярлау орталығының жұмысын ерекше айтып өтер едім. Сондай-ақ, жаңа атап өткенімдей, бүгінгі таңда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдыру тұрғысынан халықаралық ынты-мақтастық пен көптілді білім беруді әрі қарай дамытуға қатысты ұсынылып отырған тәсілдер жүзеге асырылып отыр. Себебі әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдыру аясында халықаралық ынтымақтастықты басыңқы түрде дамыту үшін серіктес-университеттермен жұмыстар жүргізілуде. Яғни халықаралық ынтымақтастықтың және көп-тілді оқытудың тиімділігін арттыру үшін қажетті шаралар қолдануда. Бұл біздің қазіргі кезде қарастырылатын басты бағытымыз.

Әрине, халықаралық ор-талық болғандықтан, біздің университетте студенттер үш топта білім алады, қазақ және орыс тілдеріндегі топтардан тыс, ағылшын тілінде дәріс алатын студенттерге сабақ беру үшін халықаралық ынтымақтастық негізінде шетелдерден арнайы мамандар шақыртылып, дәрістер оқытылуда. Тек өткен 2012-2013 оқу жылдары аралығында алыс және таяу шетелдік 70-тен астам ЖОО-мен келісім-шарт жасалды. Соңғы екі жыл ішінде 66 білімгерлер мен 12 мұғалім академиялық ұтқырлықты тиімді

пайдалана алды.

Ұлттық құндылықтарға тәрбиелеп және оның қадірін жете түсіндіруде жүзеге асы-рылып жатқан шаруалар легі жайында не айтар едіңіз? Тәрбие беру жұмыстары қалай жүргізілуде?

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында айтқандай, басты міндеттің бірі жан-жақты дамыған, мәдениетті тұлғаны тәрбиелеуге аса көңіл бөлуіміз қажет. Өз халқының рухани мұраларынан нәр алма-ған адамнан, толымды тұлға шықпайтыны анық. Сондықтан біз «Қазақ тілі», «Қазақстан тарихы» пәндерін оқытумен қатар жастарға ұлттық тәрбие беру мақсатында ұлттық фольклор, мәдениет және өнер, салт-дәстүр, этнопедагогика, этнопсихология, қазақ халқының барлық рухани мұраларын зерттейтін тұтас бір пәндер жүйесін құратын, ұлттық ерекшеліктерге негіз-делген бағдарламаны қолға алуымыз қажет. Осы ретте, әрбір студентте өз халқының ұлттық құндылықтарына сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыруды білім ордасының негізгі міндеттерінің біріне жатқызылуын Білім және ғылым министрлігі қолдап отыр. Біздің университеттегі тәрбиенің бастапқы интегралды мақсаты - студентті кәсіби, мәдени жағынан жан-жақты дамыту. Мұның барлығы атқарылып жатқан кешенді жұмыстар үдерісін жетілдіріп, жоғары интеллектуалды мамандарды дайындауға бағытталған. Түрлі шығармашылыққа баулу арқылы білім алушыларды тәрбиелеудің нақты тетігін жасақтап, жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту жүзеге асырылады. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - бұл талай танымал тұлғаның түлеп ұшқан алтын ұясы. Бойында даналығы тұнған, дара тұлғалы оқытушылары бар

аграрлық білімнің қара шаңырағы. Біздің университеттен ұлттық құндылықтардың қадірін жете түсінетін, тәрбиелі де, білімді талай маманның шығатынына сенімдімін, қазіргі таңда 12 мың-нан астам студенттер оқитын білім ордасы болғандықтан тек сапалы білім ғана емес саналы тәрбите беруде біздің алдымызда тұрған міндеттердің бірі ғана емес негізгізі деп санаймын.

Күні кеше ғана өткен «Қазақстан аруы» республикалық сұлулық сайысында Қазақстан-ның екінші аруы атанған біздің университеттің түлегі Лаура Шамгунова, бокстан Қазақстан құрама командасындағы Данияр Елеусінов, Мерей Ақшалов сынды мақтаныш етер студенттерімізде бар. Ал, «Аграрка сарбаздары» КВН командасының есімі республикағы кеңінен танымал екені белгілі.

Университеттің астананың

ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі барынан хабардармыз. Сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалып-тасып өз жұмыстарын жалғас-тырып жатыр екен. Осы жөнінде не айтасыз? Сондай-ақ, оқытушыларға басты қандай талаптар қойылуда?

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті еліміздегі ең ірі аграрлық және техникалық жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. 1957 жылдан бастап университет қабырғасында 56 мыңнан астам маман дайындалды. Олардың ішінде ҚР Парламентінің депутаттары, Президент әкімшілігі мен Премьер-Министр кеңсесінің, Ауыл шаруашылығы министрлігі және басқа да орталық атқарушы органдардың қызметкерлері, облыс, аудан әкімдері, ірі кә-сіпорындардың басшылары, ғылым, бизнес саласында қызмет етіп жүрген азаматтар аз емес.

Қазіргі таңда университеттің

13

жарқын дәстүрлерін 82 ғылым докторы, 3 PhD докторы, 317 ғылым кандидаты бар біліктілігі жоғары профессорлық-оқыту-шылар құрамы жалғастырып келеді. Оқыту бакалавриаттың 37 мамандығы, магистратураның 31 мамандығы және PhD док-торантураның 10 мамандығы бойынша жүргізіледі. Білікті мамандарды даярлау мен ғылыми зерттеулерді қолдау мақсатында жыл сайын қомақты қаржы инфрақұрылымды жетілдіруге жұмсалады. Білім алушылардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға барлық қолайлы жағдай туғызуға үлкен мән беріліп, жеке ақпараттық желі, студенттік емхана, әлеуметтік дүкен, дәріхана және басқа да нысандар жұмыс істейді. Университетіміз «Астана қаласы жастарының бірлігі апталығы» және «Студенттік көктем» фес-тивальдері аясында бірнеше жыл қатарынан «Үздік астаналық жоғары оқу орны» дәрежесін сақтап келеді.

Оқу орнымыз белсенді түрде халықаралық әріптестікті дамытып келеді. Қазір біз әлемнің 20-дан астам мемлекетінің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен халықаралық байланыс орнаттық. Олардың қатарында Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Қытай, Алмания сияқты мемлекеттер бар. Ол елдерде біздің 500-ден аса оқытушылар мен студенттер білімдерін жетілдіріп, ғылыми тағылымдамадан өтуде. 2012 жылғы “QS” әлемдік рей-тингісіне сәйкес С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ Қазақстанның ең үздік 8 ЖОО-дары қатарынан табылды.

Қазіргі таңда біздің алдымыз-да жаңа әрі маңызды міндеттер тұр. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, біздің университеттің базасында елімізде ең алғаш ауыл шаруашылығы саласындағы әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті құрылады.

Бұл – оқу орнымыз үшін әлемнің жетекші аграрлық зерттеу университеттері деңгейімен теңесуге жол ашатын маңызды тарихи қадам.

Оқуын аяқтаған түлектердің жұмысқа орналасуы қалай жүзеге асырылып жатыр? Осы мақсатта қандай мекемелермен тығыз байланыстасыздар?

Университетте түлектердің жұмыспен қамтылу мәселесіне назар аударылып, осы бағытта жүйелі түрде жұмыстар атқа-рылуда. Түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатымен соңғы жылдары өткізілетін негізгі іс-шара - бос орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру.

«Түлек-2010» жәрмеңкесіне 40 ұйымның өкілдері қатысты: ҚР АШМ өкілдері – Ғылым департаменті, АШ аймақтары-ның істері бойынша комитет, Мал шаруашылығы өнімін өңдеу департаменті, Балық шаруашылығы комитеті, «Павлодар Жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығы» және т.б. Жәрмеңке нәтижесінде 90 бітіруші түлек алдын-ала келісім-шарт жасасты, 159 түлек үш жақты келісімшартқа қол қою жөнінде ауызша келісім алды.

«Түлек-2011» жәрмеңкесіне 50 кәсіпорын өкілдері қатысты: Балық шаруашылығы комитеті, «Агроцентр-Астана» ЖШС, «KEGOK» АҚ, «АстанаЭнергия» АҚ, «БТА Банк» АҚ, «Қарағанды Жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығы» және т.б. 2012 жылдың 7 ақпан мен 17 сәуір аралығында «Түлек-2012» жәрмеңкесі өтті, оған 97 мекеме өкілдері қатысты. ҚР АШМ құрылымындағы «ҚазАГРО» ҰБХ» АҚ, ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, «Республикалық карантиндік зертханасы» РМК, «Жастарға кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру орталығы» МКҚК, «BI-Group» ЖШС, «BI-Holding» ЖШС, «Қазақстандық

геоақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС, «Еуразиялық банк» АҚ, «АРЭК» АҚ және басқалары.

Университет факультеттерінде 2013 жылдың 15 ақпан мен 25 сәуір аралығында «Түлек-2013» жәрмеңкесі өткізілді. Осыған байланысты «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және оған қарасты кәсіпорындарының, Астана қаласы әкімдігі «Жұмыспен қамту орталығы» КМК-ң өкілдерін, жұмыс берушілерін және қызығушылық танытқандарды шақырады.

Жастарды патриоттық ба-ғытта тәрбиелеу үшін не қажет деп ойлайсыз?

Ата-бабамыз өз тарихында жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің бай тәжрибесін жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәміздерін қалыптастырды. Өздерінің өмір сүрген ортақ әлеуметтік-экономикалық, мәде-ниеті мен тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің басқа жұртта қайталанбас та-лап-тілектерін дүниеге әкелді. Жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеудің жалпыға ортақ моральдық-психологиялық нормасы белгіленіп, дала тұрғындарына биік талаптар қойылды. Олардың ең бастылары – атамекенді, ел намысын қорғаудағы ержүректілік, жаудан беті қайтпау, ата-тегін жадында сақтау, отаншылдық.

Бүгінгі таңда жастар саясаты, оларға көрсетілетін тәлім-тәрбие мәселесі, жастарды әлеуметтік жақтан қорғау ма-ңызды сұрақтар қатарынан орын алады. Оның ішінде жастар саясатын дамытудың аталған бағыттары – үкімет пен ұйымдар арасын байланыстыратын, біріктіретін ортақ мүддеміз десек, жастарды қолдау, жастар саясатын дамытуда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Мемлекеттік деңгейде қабылданған заңдар мен шешімдерді басшылыққа

14

алып жұмыс жасауда. Ең басты орында жастарға тәлім-тәрбие берудің бағыттарын жүзеге асыру, олардың мемлекеттің, халықтың рухани-адамгершілік ұстанымдарымен қаруландырып, жоғары мәдени өркениет кеңістігін жасауға дайын маман, кәсіп иесі ретінде тәрбиелеуде төмендегі бағыттар бойынша мақсатты жұмыстар атқарылу, саналы азаматтық көзқарасын оятып, Қазақстан Республикасының дамып-гүлденуіне мақтаныш сезімін, патриоттық жігерін қалыптастыру болып табылады. Міне, сондықтан да университетте ұйымдастырылатын барлық тәрбиелік іс-шаралар көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді орындауға бағытталған.

Бүгінгі жастар – ертеңгі тізгін ұстар мамандар, қоғам қайраткерлері. Оларға дұрыс бағыт беріп, мемлекеттік жастар саясатының бір бағыты болып табылатын «кадрлық резерв» мәселесін қалыптастыру да, университет қабырғасынан басталу керек. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехника-лық университетінің Ғылыми кеңес құрамының 12 пайызын студенттер-жастар иеленеді, яғни Ғылыми Кеңестің құрамына 9 студент енген. Олар аға буын өкілдерінен дұрыс шешім қабылдауды, қоғамдағы, ұжым-дағы проблемалық мәселелерді уақытында шешіп отыруды, оқу-тәрбие үдерісіндегі инновациялық жаңалықтарды, кәсіби мамандарға қойылып отырған мемлекеттік талаптар туралы ақпараттар алып, университеттің перспективалық бағыттарын орындауға үлес

қосуға, рухани жақтан өсуге, саналы шешім қабылдауға үйренеді. Біз жастармен жұмыс жүргізу барысында үнемі Ұлттық сана-сезім, яғни туған-туысыңның, ағайыңның жағда-йын емес, ұлтыңның қамын ойлау деген сөз екенін айшықтап көрсетеміз. Ең алдымен жастарда ұлтжандылықты тәрбиелеу керек. Жас отансүйгіш-қазақстандық – ол ұлтжанды азамат болуы тиіс. Олар ең алдымен елім, жерім, ұлтым аман болса екен деп ойлайтындар. Жастар – бұл біздің қоғамымыздың болашағы және оның қандай болып қалыптасуынан біздің қоғамымыздың болашағы мен еліміздің мемлекеттілігі байланысты.

Болашақ қандай жоспарла-

рыңыз бар? С.Сейфуллин атындағы

Қазақ агротехникалық универ-ситеті еліміздегі ең ірі аграрлық және техникалық жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Халықаралық ынты-мақтастықты және көптілді білім беруді дамыту орталығымен бірлесе отырып, 2014 жылға дейінгі мерзімде әлемнің жетекші зерттеу университеттерінің тәжірибесіне бейімделу негізінде басыңқы бағыттар бойынша үш пилоттық оқу бағдарламаларын әзірлеуді көздеп отырмыз. Білікті мамандарды даярлау мен ғылыми зерттеулерді қолдау мақсатында жыл сайын қомақты қаржы инфрақұрылымды жетілдіруге жұмсалады. Білім алушылардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға барлық қолайлы жағдай туғызуға үлкен

мән беріліп, жеке ақпараттық желі, студенттік емхана, әлеуметтік дүкен, дәріхана және басқа да нысандар жұмыс істейді. Ендігі жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек студенттер жатақханасы мен ұстаздарға арналған көп қабатты тұрғын үй салынуда.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Кезінде ата-бабаларымыздың жүрегінде Тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайту міндеті тұр. Елімізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ұлт-азаттық көтерілістері, ата-бабаларымыздың қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өш-пес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс деп ойлаймын. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Елбасының жүргізіп отыр-ған парасатты саясатының нәти-жесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқа-сында болып отыр. Еліміздің Тәуелсіздігі мен мемлекеттілі-гінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар, өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем Сағиқызы

15

16

БаширСолсанов

17

«ЕҢБЕК – ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢБЕК!»Біздің сұхбатымыздың кейіпкері Солсанов Башир Уматгерейұлы үшін еңбектің

орны ерекше. Башир Уматгерейұы – «Астанаводсервис» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің бас директоры, Астана қалалық мәслихатының депутаты. «Астанаводсервис» ЖШС – Астана мен Ақмола облысының жылумен қамтамасыз ету, су құбыры және кәріз жүйесі құрылысымен айналысатын еліміздегі ірі кәсіпорындарының бірі. 1972 жылы «Целиноградсельхозводопровод» кәсіпорнының негізінде құрылған еді. 1996 жылы «Астанаводсервис» ЖШС болып қайта құрылды. Ол уақытта кәсіпорын тоқырауға ұшырағалы тұр еді. Қиын уақыттың қыспағына шыдау оңай болмады. Бірақ, әр жұмыстың тетігін таба білетін Башир Уматгерейұлы табандылықпен іске кірісіп, кәсіпорынды тығырықтан алып шықты. Сөйтіп, оң өзгерістерге жол ашылып, кәсіпорын жұмысы жандана бастады. Мақсатқа талпынушылық пен еңбекқорлық өз нәтижесін берді. Құрылғанына 30 жылдан асқан «Астанаводсервис» өзін қуатты кәсіпорын ретінде елге таныта алды, бүгінде оның атқарып отырған жұмысы өте ауқымды: Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша суды бұру мен ағынды суларды тазалау жұмыстарын үздіксіз жүзеге асырады, кәріз желілерін қарап, күтіп, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді, тазалау ғимараттары, сорғы станциялар, бағыттаушы каналдар, ағынды суды жинайтын су қоймасы, суды тастайтын және суды өткізетін құрылыстар, жұмыста технологияны жетілдіріп, экономикалық қолайлылықты жоғарылату үшін шараларды өңдеп, енгізу, басқа да қызмет түрлері. «Еңбек - табыстың қайнар көзі» деп санайтын Башир Уматгерейұлымен сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.

Башир Уматгерейұлы, «Астанаводсервис» ЖШС-нің өткеніне көз жіберіп, қазіргі ахуалына тоқталсақ.

Кәсіпорынның алғашқы құрылған кезінде қиындықтар өте көп болды. Жалақы кешіктіріліп, техника, құрал-жабдықтар жетіспей, білікті кадрлар жұмыстан кетіп жатты. Осындай қиындықтардан құтқарар шешімді дер кезінде тауып, кәсіпорынды аяққа тұрғыза бастадық. Ауыз суға зәру болған облыстың Ақкөл, Атбасар, Қорғалжын, Ерейментау, Аршалы аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ететін алып су құбырларын салып, бұрғылау, ұңғыма жұмыстарын жасадық. Қазіргі таңда «Астанаводсервис» ЖШС жылумен қамтамасыз ету, су құбыры және кәріз жүйесі

құрылысы жұмыстарымен қатар, абаттандыру, көгалдандыру және ландшафтты құрылыс, жол құрылысы және оны күрделі жөндеу жұмыстарымен де ойдағыдай айналысады. Астана қаласының Қазақстан Республикасының астанасына айналуы кәсіпорын тарихында маңызды рөл атқарды. Біз Астанамен бірге өсіп келеміз десек те болады. «Астанаводсервис» ЖШС-і ірі жобаларды іске асыруға белсенді үлес қосып келеді. Астана қаласының ішкі аумақтары мен аулаларын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары, Сарыарқа даңғылының бойындағы су жүргізу құбырлары, Көктал кенті мен 23-көшедегі ұзындығы 11 км ажырамалы тораптар, Пригородный кентінен Сарыарқа

даңғылына дейін 9 км кәріз жүйесіндегі сұйық зат пен газды шығаратын кең құбырлар, Макинск қаласында 30 км ажырамалы тораптар мен су таратқыш құбырлар, тағы басқа көптеген жобалар уақытында пайдалануға берілді. Соңғы жылдарды кәсіпорын өзінің материалдық-техникалық базасын нығайтты. Әсіресе, автокөліктер мен арнаулы көлік техникасын жаңарттық, Жапония, Қытай, Германия, Ресей, Украинада өндірілген көлік техникаларымен толықты.

«Астанаводсервис» ЖШС абыройлы істері мен іскер беделімен өзін-өзі танытып үлгерді. Біздің әріптестеріміздің қатарында – Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті, Астана қаласы

18

«Сарыарқа» ауданының әкімшілігі, «Зеленстрой» МҚК, «Қалалық Коммуналдық Шаруашылығы» МҚК және тағы басқалары бар.

Кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек жағдайын жақсартуға қатысты қандай іс-шаралар атқарылуда?

Кәсіпорын ұжымы жоғары білімді мамандардан құралған, бәрі еңбекқор, ұйымшыл. Көпшілігі облыстың шалғай аудандарынан келіп жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлеріміздің әлеуметтік жағдайларын көтеру мақсатында оларға арнап шағын отбасылық пәтерлер құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету, кәсіпорынның қызметіне тиімді жағдай жасау біздің мақсатымыз, әрі міндетіміз. Әлеуметтік-тұрмыстық мәселе бүгінгі күні басты басымдылықтар қатарына қойылды. Барлық қызметкерлеріміздің жағдайын жақсартуға күш салудамыз. Қазіргі уақытта көптеген ірі кәсіпорындар білікті мамандардың жетіспеушілігі мәселесіне тап болып жатады. Біздің кәсіпорынға да техникалық жоғары білімі бар мамандар қажет-ақ. Сондықтан, техник, инженер мамандарын көптеп дайындауымыз керек.

2012 жылдан бері Астана қалалық мәслихатының депутаты екенсіз. Сіздің халық қалаулысы болуыңызға не түрткі болды? Бүгінгі күнге дейін қандай мәселелердің шешілуіне ықпал ете алдыңыз?

Мен Ақмола облысында туып-өскенмін. Сондықтан, өзімнің туған жерім – Қазақстанның патриоты екенімді мақтан тұтамын. Отаным үшін қызмет ету менің міндетім деп білемін. Елдің қадірін білсең, ел де сені қадірлейді. №8 сайлау округінің

атынан депутат болып сайландым. Өз округімнің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге көп атсалыстым. Әсіресе, маған жақын мәселелердің бірі - білім саласы, жас ұрпақ тәрбиесі. Менің өтінішіммен 2012 жылы округіме қарайтын №20 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектеп қоршалынып, спорт және ойын алаңдары, жаттығу құрылғылары орнатылды. 2011 жылы менің бастамаммен округімнің аумағында жаңа мешіт ашылды. Сондай ақ, 2014-2015 жылдары 1200 орындық жаңа мектеп құрылысының бекітілуіне мұрындық болдым. Қазір мектептің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 2013 жылдың қыркүйегінде ауданда клуб ашылды. К.Бәйсейітова 126 көшесінде орналасқан осы клубтың есігі қонақтарына әрдайым ашық. Енді ардагерлер, зейнеткерлер осы жерде жүздесіп, түрлі мерекелік іс-шаралар мен сайыстарды өткізе алатын болады. 2013 жылдың басында «АВС» спорттық клубы ашылды. Тағы осындай көптеген игі шаралар шешімін күтіп тұр.

Астана қаласында балабақшалар мен мектептерде орынның жетіспеушілігі үлкен мәселе болып тұр. Осы түйінді шешуге ерекше көңіл бөліп отырмын. Жастардың бөтен іспен айналыспауы үшін олардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау – мемлекеттің міндеті. Балалардың бос уақыттарын пайдалы іске жұмсау, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру үздіксіз жүргізілу керек. Ойын алаңдары, спорт алаңқайлары мен аула клубтары, мәдени-көпшілік шаралар, спорт ғимараттарында спорттық жарыстар ұйымдас-тырылып отырса жастар тәрбиесіне оң ықпал етеді. Қаламызда ұйымдастырылып тұратын қайырымдылық

шараларынан ешбір депутат тыс қалған емес. Өз тарапымнан балалар үйіне, мүгедектерге, аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп, ұйымдастыру шараларын қолға алып келемін. Осындай игі істер алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. Сол сияқты жеке азаматтарды өз мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін жүзеге асыруға заңды тұрғыда шешілуіне ықпал етемін. Астана тұрғындарының маған артқан сенімдерін абыроймен ақтауға бар күшімді салып келемін.

Халықтың сеніміне лайықты болу үшін депутат қандай болуы керек?

Қызметте болған жылдардың нәтижесі көрсеткендей халық қалаулысы болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Депутаттыққа сайлаушы халқына жақын, солардың жағдайын, проблемаларын жетік білетін, туған еліне пайдасын тигізе алатын азаматтар сай бола алады деп ойлаймын. Саясатқа, халықтың салт-дәстүрі мен тұрмысына жетік болуы керек міндетті түрде. Депутат болып үлкен міндетті мойынға алғаннан кейін ең алдымен жауапкершілік, өзіне мақсат қоя білу қасиеттері алдыңғы кезекте болуы керек деп есептеймін. Біздің депутаттар арасында ондай жандар аз емес.

Өмірлік ұстанымыңыз қандай?

Адам санаулы өмірінде ізгі істер мен жақсылықтарды көп жасауға тырысу керек. Өмір дегеннің өзі дос-жаранға қамқор болу, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Менің ұстанымым да осы – өзімнің жан-дүниемді қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүруге тырысамын. Мен үшін еңбексіз

19

өмір жоқ. Еңек қана алға сүйрейді. Сондықтан, еңбек - өмірімнің мәні десем артық айтқаным емес.

Қазақстандағы саяси партиялардың қызметіне қандай баға бересіз?

Қазір елімізде тоғыз саяси партия жұмыс істеп тұр. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі Астана қаласында. Қазіргі кездегі негізгі мәселе – республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық құқықтық мемлекет құру. Оған еліміздің ешқандай партияның дау, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. Бізде партиялар саны өсуде, ал партиялардың мүше саны аз, олар саяси үрдіске шын мәнісінде араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Халыққа онша таныс емес. Партиялар арасында әлі де өркениетті қатынастар мен байланыстар орнамаған. Солардың ішінде «Нұр Отан» партиясы - халықпен тығыз байланыс орнатып, саяси-насихат ісінде белсенді жұмыс істеп, халық үшін оң бастамалар көтеріп жүрген бірден-бір партия. Сондықтан, Қазақстанда қалыптасқан көппартиялық туралы айту әлі ертерек.

Башир Уматгерейұлы, қай өңірде туып-өстіңіз? Отбасыңыз жайында айтып берсеңіз.

Мен 1952 жылы Ақмола облысы Ақкөл ауданы Кеңес ауылында дүниеге келгенмін. 1991 жылы Халық шаруашылығы институтын экономист-бухгалтер мамандығы бойынша бітірдім. Кеңес әскері қатарында борышымды өтегеннен кейін біраз жыл экономика саласы бойынша

әр түрлі мекемелерде жұмыс істедім. 1990 жылы «Жұлдыз» шарушылық мекемесінің директоры, 2003 жылдан бастап - «Астанаводсервис» ЖШС директоры қызметіндемін. Отбасымда екі қыз, төрт ұлым бар. Сүйікті немерелеріміз бар. Жұбайым балалардың тәрбиесімен айналысады. Ұлдарым өмірде де, еңбекте маған үлкен қолдау көрсетіп келеді.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай? Қадірі мен қасиеті неде?

Әр ұлт, әр халық үшін

Тәуелсіздіктен асқан қасиетті ұғым жоқ. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір қазақстандық үшін атқарып жатқан еңбегі өлшеусіз. Еліміздің азаматтары «мемлекет маған не береді?» деп емес, «мен мемлекетімнің дамуына қандай үлес қостым?» деген оймен өмір сүрсе екен деп тілеймін.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Айсұлу Сағынтаева

20

«ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТКІЗУ – АРМАНЫМ!»

Астана қаласы бүгінде өзіндік бет-бейнесі қалыптасқан ажарлы да базарлы қала. Елордамыздың қоғамдық көлік саласы қандай деңгейде, жетістігі мен кемшілігі неде? Осы және басқа да сауалдар төңірегінде «№ 1 автобус паркі» АҚ басқармасының төрағасы, Астана қалалық мәслихатының депутаты Богатырев Сергей Николайұлымен сұхбаттасқан едік.

Сергей Николаевич, сұх-батымызды өзіңіз, отбасыңыз жайлы әңгімеден бастасақ...

Сарыарқаның кең даласы Ақмола облысының Аршалы ауданында туғанмын, ол жерде қазір ата-анам тұрады. Жұбайым инженер-құрылысшы, қызым сәулетші. Астанада тұрғаныма отыз жылдан асты. Менің таңдауым болған жалғыз мамандығым - автомобильші. Бүкіл өмірімді осыған арнадым. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын тәмамдап, 1988 жылдың тамызында жолдамамен

№1 автобус паркіне жұмысқа орналастым. Механиктен бастап жетекшілікке дейін жетіп, осы автопаркте қызмет еткеніме 25 жылдан асты. Он жылдан астам басқарма қызметіндемін.

№ 1 автобус паркінің қыз-меті жайлы толығырақ айт-саңыз. Жетістіктері, болашақ мақсаттары қандай? Қаланың қоғамдық көлік саласы қалай дамып жатыр?

№ 1 автобус паркі – Астана қаласындағы ең ірі және тарихы үлкен жолаушылар кәсіпорны.

1964-ші жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2004-ші жылы кәсіпорынның 30 жылдығы тойланды, ал 2014-ші жылы 40 жылдығы атап өтілмек. №1 автобус паркі қала бойынша барлық жолаушылар тасымалдау көлемінің 30 %-ын атқарады. Күн сайын 11 бағыт бойынша қызмет көрсетеміз, жолға 160 автобус шығады. Біздің негізгі қызметіміз – жолаушыларға қызмет көрсету сапасын, мәдениетін жақсарту. Қазіргі уақытта кәсіпорындардың барлығында дерлік жылжымалы құрам жаңартылды. Соңғы бес

21

жылдың ішінде біз 120 жаңа автобус, басқа тасымалдаушылар 150-дей автобус сатып алды, жалпы саны 300-ге жуық автобус іске қосылды. Жүргізушілер мен кондукторлар үшін бірыңғай киім формасы енгізілді. Автобустардың жүз пайызы JPRS жүйесімен жабдықталған, яғни, спутниктен бақылану мүмкіндігіне ие. Кез-келген уақытта экран мониторынан қандай автобустың қай бағытта қозғалып бара жатқанын қадағалап отыра аламыз. Бүгінгі жүйе әбден ескірді, кондукторлардың үстінен шағым көп түседі. Осы-ның бір шешімі ретінде, жақын арада кондукторсыз жүйеге ауысуды бастайық деп отырмыз. Электронды билеттендіру жүйе-сіне дайындық жұмыстары басталып кетті. Осы мәселені зерттейтін компанияның жауабы мен қорытындысын күтіп отырмыз.

Біздің ұжым қызметкерлері әр түрлі шараларға белсенді атсалысады. Барлық мерекелерді міндетті түрде атап өтіп, спорттық, басқа да сайыстарға қатысып, үнемі бірінші орындарды иеленіп отырамыз. Қаладағы № 1 автобус паркі болғандықтан, атымызға затымыз сай болуы керек қой!.

Қалалық мәслихат депу-таты ретінде атқарып жатқан жұмыстарыңызға тоқтала кетсеңіз... Жалпы, депутат қызметінің мәні неде?

Депутаттың басты міндеті – қала тұрғындарының хал-жағда-йын түсініп, өмір сүру жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету. Мен Астана қалалық мәслихатының құрылыс, көлік, экология, байланыс және тұрғындарға коммуналды-тұрмыстық қызмет ету мәселелері бойынша тұрақ-ты комиссия төрағасының орынбасарымын. Өте күрделі комиссия, жұмысы да салмақты. Балабақшалар, оқушыларды мектеппен қамтамасыз ету, қаланы гүлдендіру, жол құрылысы,

көлік инфрақұрылымын дамыту сияқты мәселелерді қараймыз. V шақырылымның жұмысы бойынша айтатын болсам, 24 отырыс өтіп, оның 7-сі кезекті, 17-і кезектен тыс өткізілді. Өзіңіз білесіз, кезектен тыс отырыстар аса маңызды сұрақтарға арна-лады. Басты мәселе - бюджетті анықтау, себебі, қаламыздың одан арғы дамуы бюджетке де байланысты ғой. Мемлекеттік жер аумақтарын қайтарып алу мәселесі қаралды. Бұл мәселенің уақытында шешілмеуі жол, тұрғын үй құрылысының дамуын тежейді. Өткен шақырылым мен осы шақырылымның сұрақтарын салыстырып қарасам, үлкен айырмашылық бар. Бүгінгі таңдағы ең басты мәселе болып балабақшалар мен мектептерде орынның жетіспеушілігі, баспана мәселесі тұр. Менің 22-ші сайлау округім кішігірім, барлық үйлер жабдықталған, жер үйлер жоқ. Кезекте бірнеше ауланы жабдықтау мәселесі ғана қалды. Осы бағытта жұмыс жасап жатырмын.

Менің бар арманым – Астана-дағы қоғамдық көлік қызметінің сапасын әлемдік деңгейге жеткізу. Қызметім көлік саласымен байланысты болғандықтан, маған көбінесе жол құрылысы, қоғамдық көлік қызметіне қатысты сұрақтар көп келеді. Атап айтсам, автомагистральдар жүгінің көптігі, қарбалас жүріс сәтінде қажетті уақыт аралығының бұзылуы, кәсіпорындарда жылжымалы құрамның жетіспеушілігі. Астана - еліміздің елордасы болғандықтан, халықтың талғамы да ерекше. Ескі автобуспен қызмет көрсетуге болмайды, сондықтан, қоғамдық көлікті жаңартуды қолға алдық. Жүргізушілер құрамының жетіспеушілігі де өз алдына бір мәселе. Мұның бір себебі жүргізушілер жалақысының төмендігі болып отыр. Жақында комиссия осы мәселеге арнап ірі кеңес өткізді. Бүгінгі күні автобус жүргізушілерінің орташа

жалақысы 125-130 мыңның маңында. Осы мәселені шешіп жатырмыз. Келесі жылдың бірінші жартысында жүргізушілердің жалақысы лайықты деңгейге көтеріледі деген ойдамын.

Астанада өткізілетін «Экспо 2017» халықаралық көрмесіне қатысты сіздің пікіріңіз қандай?

Сөз жоқ, «жасыл энергия көздері», яғни, әлемде өндірілетін энергияның экологиялық таза түрлері қағидасымен өткізілетін бұл көрме қаламыздың дамуына бір серпін берері анық. Эколо-гиялық таза энергия көздері бүгінгі күні біздің ғаламға ауадай қажет, себебі, экология нашарлап, табиғат ластанып жатыр. Бұл әлемдік экономика, әлемдік энергетика үшін аса маңызды мәселе. Біз де бұған белсенді атсалысамыз. Депутаттық корпустың қызметі де осыған ауып келеді. «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің қарсаңында қоғамдық көлік айтарлықтай жаңартылады. Газбен, электрлік тарту күшімен жүретін көлік сатып алуды, кейбір бағыттарда электрлік автобустар жүргізуді жобалап жатырмыз.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Тәуелсіздік дегеніміз – мемлекеттің өз тағдырын өзі шешуі. Әр адамның өз елінің тағдырына жауаптылығы. Эко-номикалық тәуелсіздік, саяси Тәуелсіздік – осылар елдің басты мұраты. Кейбір елдер Тәуелсіздікті ұғыну жолында жүз жылдан астам уақыт жүрді. Қазақстан 20 жылдың ішінде осының бәріне қол жеткізді. Ендігі кезекте бәріміздің ортақ мақсатымыз – «Қазақстан тек алға» ұранымен алға бірге қадам басу!

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Жарқын Шыңғыстауқызы

22

«ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ТІРЕГІМІЗ!»«Беркат» консорциумы – Астана

қаласына ғана емес, республикаға кеңінен танымал кәсіпорындардың бірі. 20 жылдық тарихы бар кә-сіпорын қызметінің алуандығы мен ауқымы ел экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие болды. Аталмыш компанияның даму жолдары еліміз нарықтық қарым-қатынастарда тәй-тәй басып келе жатқан кезбен ұштасты. «Беркат» консорциумы басқармасының төра-ғасы Хамхоев Сайфудин Сұлтанұлы Астана қаласында туып-өскен. Целиноград ауылшаруашылық инс-титутын бітіріп, «Заречный» кеңшарында аға инженер, бас инженер, «Спутник СҮ» ЖШС директоры, «№2 автобус паркі» ЖШС директоры қызметтерін атқарған. 2000 жылдан «Беркат» консорциумы басқармасының тө-рағасы. Қазақстан халқы Ассам-блеясының мүшесі. Астана қа-лалық мәслихатының депутаты. Бюджет, экономика, өнеркәсіп

Сайфудин Сұлтанұлы, әңгімеміздің басын «Беркат» консорциумының қызметі неден басталғанына арнасақ.

Біздің кәсіпорын 1993 жылы «Спутник Сауда үйі» ЖШС болып құрылып, артынан «Беркат» консорциумына айналды. Консорциумның құрамында 25-тен астам ЖШС-тер мен кәсіпкерліктер бар. Қазіргі

уақытта кәсіпорында 2000-нан аса адам жұмыс істейді. Жан-жақты, көпсалалы «Беркат» консорциумы Астана нарығында 20 жыл бойы бизнестің бірнеше негізгі секторында халыққа қызмет көрсетіп келеді – халық тұтынатын тауарларды көтерме және бөлшек сату, фармацевтика саласы, азық-түлік пен нан-тоқаш өнімдерін өндіру, жолаушылар

және жүк тасымалы, май-жанар-май бағытындағы көтерме-бөлшек сауда, құрылыс және қызмет көрсету саласы. Нан-тоқаш өндіруде қала бойынша үздік үштіктің құрамындамыз. «Беркат» консорциумы өндіретін тауарлар Астана қаласында өткізілген жәрмеңке, көрмелерде әр түрлі жүлделерге ие болып отырады. Сондай-ақ, кәсіпорын қоғамдағы

және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары. Қазақстан Республикасының «Шапагат», «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгілерімен марапатталған. Біз Хамхоев Сайфудин Сұлтанұлын сұхбатқа шақырып, жан-жақты сауалдар қойған едік.

23

әлеуметтік істерге де үлкен үлес қосып жүр. Астана қаласындағы №28 мектепке, Астана қалалық «Мүгедектер қоғамына», «Мүгедек Балалар Қоғамына», «Безмолвный мир», «Көзі көрмейтін мүгедектер қоғамына», «Үміт-Надежда» Балалар қайырымдылық қорына, «Светоч» Балалар үйіне ұдайы қайырымдылық көмек көрсетіп отырады.

Енді өзіңіздің отбасыңыз туралы айтып беріңізші.

Өзім 1958 жылы Астана қаласында тудым. Ол кезде Ақмола деп аталатын. Біз тұратын көшенің атауы да ерекше еді, Интернационалды деп аталды. Шын мәнінде көшемізде әр түрлі ұлттың өкілдері тұрды. Отбасымызда алты бала болды. Ата-анам Қазақстанда 1944 жылдан бастап тұрды. Қазір олар өмірден озды. Анам М.Мәметова атындағы тігін фабрикасында, әкем теміржол саласында еңбек етті. Ата-анамды мақтанышпен еске аламын. Көп адамдар әлі күнге дейін оларды жылы лебізбен еске алып отырады. Өзім С.М.Киров атындағы №1 мектепте білім алдым. 1977 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдап, жолдамамен

Целиноград ауданы «Заречный» ауылына бардым. Осы жерде өндірістің қыр-сырын меңгеріп, еңбек етуді үйрендім. Жастық шағымның қызықты уақыттары да осында өтті. Қазір отбасымызда бес бала тәрбиелеп отырмыз. Жұбайымның мамандығы эко-номист. Медициналық орталықты басқарады.

Сайфудин Сұлтанұлы, қалалық мәслихат депутаты ретінде қандай мәселелерге көңіл бөліп жүрсіз?

Депутаттық қызметке сай-лану оңай еместігін айтқым келеді. Ол дұрыс та. Себебі, халық талғайды, талап қояды, үміткерлерді аса мұқияттылықпен таңдайды. Әрбір депутат өз округіндегі халықтың сенімін арқалаған өкілі. Ал сайланған кейінгі жауапкершілік жүгі ауырлай түседі. Халықтың қалауы бойынша 2007 жылы қалалық мәслихатқа № 20-шы округтің атынан депутат болып сайландым. Осы қызметке кіріскенімде консорциумдағы бсқарушылық жұмысымның көп пайдасы тиді. Бағасы қолжетімді тұрғын үй құрылысын салу арқылы баспана мәселесін жеңілдету, тұрмыстық қызмет тарифтерінің өсуін тежеу, елордамызда отандық

кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, мәдени орталықтар, спорт клубтары, аула алаңдарын дамыту, балабақшалар салу, қала тұрғындарын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы медициналық орталықтар ашып, медициналық қызметтің сапасын жақсарту сияқты әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлемін.

Астанадағы ең өзекті мәселе – баспана мәселесі екен...

Нақты айтсақ, көп мәселе «Тұрғын үй қатынастары тура-лы» Заңның төңірегінде. Ол баспанамен қамтамасыз етуден бастап, пәтерді жөндеу, жылу, су, энергия үнемдеу, коммуналдық шаруашылықпен жалғасады. Бірақ, тұрғын үй саласы жылдан жылға дамып келеді. Қала әкімшілігі нақты жұмыстар атқарып жатыр. Әлеуметтік бағдарламалар жұмыс істеуде. Әрине, барлық тұрғындарды жаппай баспанамен қамтамасыз ету мүмкін емес. Алайда, статистикаға сүйенсек, динамиканың жақсы жаққа өзгеріп жатқанын анық көруге болады. Мен осы қалада туып-өстім. Мұндағы проблеманың бәрін білемін. Қолымнан келгенше өзгелерге көмектесу арқылы, өз

24

қаламның дамуына үлес қосамын деп ойлаймын. Біз қазір жақсы уақытта өмір сүріп жатырмыз. Біздің маңдайымызға Астананы дамыту, гүлдендіру бақыты бұйырған. Біздің ұрпақтарымыз бұдан да жақсы кезеңде өмір сүреді деп сенемін.

Ал еліміздегі саяси жағдайға қандай баға бересіз?

Біз барлық жағдайларға са-лыстырмалы түрде қарауымыз керек. Әлем елдерінің саясатымен салыстырап қарасақ, Қазақстан өзінің саяси бағыт-ұстанымымен әлдеқайда озық тұр. Біздің саяси жағдайымыз бірқалыпты, тұрақты деп сенімді айта аламын. Бұл өте қуантарлық. Себебі, тұрақтылық – біздің ең басты тірегіміз. Экономикадағы, саясаттағы, отбасындағы тұрақтылық – біздің тілегіміз.

Сіз көп жылдар бойы кәсіпкерлікпен айналысып, экономика саласында еңбек етіп келесіз. Тәуелсіздік жыл-дары өңірімізде кәсіпкерлік саласының қалай дамыған-дығын жақсы білесіз. Кәсіпкер-лер қандай қиындықты бастан өткерді, бүгін қандай жетістік-терге қол жеткізіп отыр?

Кешегі күн мен бүгінгіні салыстырып қарасақ, жер мен көктей айырмашылық бар. Ол кезде бизнес субъектілері селқос еді, әрі оларға айтарлықтай қолдау да болған жоқ. Ал қазір Қазақстан отандық кәсіпкерлікті қолдау жүйесімен мақтана алады. Бұл бағытта Қазақстанның жақсы нәтижеге қол жеткізгенін көреміз. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша қажетті институттар құрылған. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Инновациялық идеяларды грант-тық негізде қолдауды жүзеге асыру да жолға қойылып келеді. Әр өңірде кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ашылып жатыр. Мемлекет кәсіпкерлерді қолдайды.

Бағдарламаңызда қолжетімді медицина қызметін жақсартуды негізгі міндет ретінде қойып-сыз. Осы бағытта қандай нәтижелерге қол жеткіздік деп ойлайсыз?

Медицина саласының қазіргі деңгейін, соның ішінде материалдық - техникалық базасы, жоғары классты медициналық құрал-жабдықтары, сапалы қызмет көрсететін медициналық мекемелер, білікті мамандар – бұрын біз үшін арман ғана болатын. Осыдан бір ай бұрын депутаттық топпен аралағанда емдеу мекемелерінің жоғары технологиялық заманауи меди-циналық құрал-жабдықтармен жабдықталғанын, дәрігерлердің кәсіби біліктілігіне көз жеткіздік. Әсіресе, жас мамандарға қатты сүйсінемін. Отандық медицинаның жақын арада еуропалық, тіпті, әлемдік деңгейге жететініне күмәнім жоқ.

Бала кездегі арманыңыз қандай еді? Сол армандарыңыз орындалды ма?

Балалық шағымда көп арман-дадым. Арман деген адамды алға жетелейтін күш қой. Бірі орындалса, енді бірі балалық шақтың алыс көкжиегінде қол бұлғап қала берді. Ең қызығы – менің бүгінгі күндегі жетістіктерім

бала кезімдегі армандарымнан да асып түсті.

Қазақстандағы елдікті, бірлікті нығайту үшін қандай идеялар керек?

Патриоттық рух керек. Осы патриоттық рух біздің бірлігімізді нығайтатын, барлық мәселелерді шешуге жұмылдыратын бірден бір күш. Бізде осы бағытта идеялар өте көп, іске асырылып жатыр. «Нұр Отан» партиясының соңғы қабылдаған доктринасы қандай маңызды идеяларды көтерді! «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дегендей, Қазақстанда ғасырлар бойы қалыптасқан татулық пен бірлік біздің әлемге мақтанып көрсететін мақтанышымыз.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай? Қадірі мен қасиеті неде?

Тәуелсіздік өте кең ұғым. Ол – азаттық, еркіндік. Адам баласы барлық бағытта еркін, тәуелсіз. Бүгінгі күні мемлекетіміз бізге осындай мүмкіндікті берді. Ал Тәуелсіздіктің бізге қандай жолмен келгенін әрине, біз ешқашан ұмытпай, тарихты қадірлеуіміз керек.

Сұхбаттасқан Жарқын Тоғым

25

26

БУРАБАЙ – ТАМСАНДЫРҒАН ТЫЛСЫМ ТАБИҒАТ

Бурабайды халық боямасы қалың көркем көп сөзбен суреттесе де, табиғатына деген тамсанған әсерін жет-кізе алмаған. Себебі ол тұнып тұрған сыр, баға жетпес сұлулық.

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2000 жылы ұйымдастырылған. Бурабай сілемдерінде Бурабай, Шортанды, Қатаркөл, Үлкен және Кіші Шабақты, т.б. табиғаты әсем көлдер көп. Мұндағы көлдердің суы негізінен тұщы. Саябақта өсімдіктердің 757 түрі өседі, оның 95-і сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер. Орманды алқапта көбірек өсетін ағаштың бірі – қарағай. Сондай-ақ, саябақтың флора құрамында дәрілік, тағамдық, әсемдік өсімдік түрлерін көптеп кездестіруге болады. Кейбір шағын көлдердің жағалауларында реликті шымтезек батпақтары да бар. Саябақтың фауна құрамы да өте бай. Мұнда омыртқалы жануарлардың 305 түрі мекендейді, олардың 87-сі сирек кездесетін түрлер. Мұнда кәдімгі бұғы және асканияның буданды бұғылары жерсіндірілген. Орманды алқаптарда сілеусін, ақкіс, ақ қалақ, орман сусары, т.б. мекендейді. Саябақ аумағында балықтардың 6, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 6, құстардың 200-ден астам түрі кездеседі. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген бүркіт, қарақұс, үкі, т.б. бар. Омыртқасыздар әлемі әлі толықтай зерттеліп біткен жоқ. Бірақ қорғауға алынған жәндіктердің кейбір түрлерін: әдемі қызинелік, Сервилдің севчугі, дала сколиясы, карминді поляк сымыры, т.б. кездеседі. Саябақ ландшафтысының ғажайып табиғатына қарап, бұл алқапқа «Қазақстан Швейцариясы» деген теңеу береді. Мұнда үгілу мен желдің әсерінен ерекше тас мүсіндер қалыптасқан. Ол мүсіндердің әрқайсысына тоқталып өтсек:

Жұмбақтас – Әулиекөлдің сол жағында, Көкше мен Теміртау тауларының айырығында орналасқан жартас. Пішіні пирамида тәріздес, жиектері дөңгеленген граниттен тұрады. биіктігі 18 м. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қараса, қыздың бейнесі байқалады, ал қарама-қарсы жағынан қараса мыстан кемпірдің бейнесін көруге болады. Орыс тілді авторлар Жұмбақтасты «Сфинкс» деп атап кеткен.

Оқжетпес. Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан,Бастары көкке бойлап, бұлттан асқан.Бір шың бар етегінде тіп-тік найзаАдамзат жасағандай құйған тастан, - деп кезінде Сәкен Сейфуллин жырлап өткен еді. Оқжетпес Бурабайдың

ең көрікті жері. Бұл бірегей жартас Көгілдір шығанақ (Әулиекөл көлінің солтүстік-батысында) жағасында орналасқан. Атақты ақын, ғалым, саяхатшы Шоқан Уәлиханов Оқжетпес туралы 15 аңыз жинаған. Қазақ халқының талай атақты ақын-әншілері Оқжетпесті жырға қосқан, өздерінің ән-өлеңдерін арнаған. Оқжетпес Көкшетау қыратының ең биік жері. Төңірегінде бұғы, түлкі, шіл, құр мекендейді, ұшар басына бүркіт ұя салады. Оқжетпес маңы туристік саяхат жасайтын өңір. «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені ең таңдаулы емдеу сауықтыру мекемелерінің бірі. Ол халықаралық стандартқа сай жаңа құралдармен жабдықталған жайлы әрі ыңғайлы орын.

Жеке батыр – Бурабай тауының солтүстігінде орналасқан тау. Бурабай ауданы жерінде. Алыстан таудың нобайы сақтықты ойлап дулығасы мен болат сауытын шешпей мәңгі ұйқыға кеткен сақалды батырдың бейнесін елестетеді.

Ішкі туризм - ішкі көрініс

27

Әулие Қасен тасы. Айнакөл көліне апаратын қысқа жол «Қарағай» шипажайының жанынан өтеді. Орманға барар жол бойында қысқа сақалды, ұзын шашты адамның басын еске түсіретін керемет тас орныққан. Бұл - әулие Қасен.

Бурабай – демалатын, қайықпен, катамаранмен жүретін сүйікті орын. Егер көлдің айналасынан өтсеңіз (ол 12 км) Громовой көлінің бастауында иілген ағаштар атауын айтып тұрғандай «билеп тұрған» шоқ қайың табиғат ескерткішін көруге болады. Көлдің шығыс жағасы құмды жаға, шомылуға, демалуға арналған жайлы орын. Бурабай – сансыз көп көлдердің мекені. Ең терең көл Жеке-Батыр жотасының шығыс баурайында орналасқан – Щучье көлі, оның ені 3 км-ден артық, ал тереңдігі 18 метрге дейін жетеді. Көлде алабұға, шортан, шабақ балықтары бар. Аталған көл Бурабай курортының темір жол станциясы орналасқан аудан орталығы, Щучинск қаласының жанында орналасқан. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және таза ауа. Бурабайдың шипажайларында тыныс жолдары органдарын және ішек-қарын трактасын, жүрек-қан тамыр жүйесін, жүру-қозғалу аппараттарын емдейді. Бұнда дала шөптерінің және қылқан жапырақты орманның хош иісі сіңген таза ауамен тыныстайсыз.

Бурабай поселкесімен жалғас басталып кететін Бурабай және Оқжетпес шипажайларына жақындағаннан-ақ әркім ерекше әсерге бөленеді. Олар Жұмбақтас пен Оқжетпеске, Үш діңгек пен Көкше, Ақбураға жетпей тұрып-ақ осы екі шипажайды ту сыртынан қалқалап тұрған Бөлектау мен Теміртауға айрықша таң қалады. Көкшенің қыр арқасы, Ақбураның өркештері Теміртау шыңынан өзгеше сәнмен, ғажап сурет болып көрінеді.

«Махаббат үңгірі». Абылай хан алаңына апаратын жолдың нақ жанында, үлкен тау жотасының үстінде. Жан-жағын қарағайлар қоршаған. Тау етегінен жоғары өрлеген адамдар тастар арасымен жүріп отырып, оның үстіне шықса, оң жағындағы үңгірге тап болады. Үңгір өте үлкен емес, шағын ғана. Басында суретке түсіретіндер де, үңгірдің тарихын баяндап берушілер келушілерді қарсы алады.

Абылай хан жазығы. Көкшенің баурайында үнемі күн сәулесіне шомылып тұратын кең жасыл дала бар. Ол Абылай хан жазығы (биіктігі теңіз деңгейінен 335 метр жоғары). Аңыз бойынша, халық ақ киізге көтеріп, Хан Абылай осы жерде таққа отырған. Ханның шатыры болған бұл жазықта 2004 жылы биік обелиск орнатылды. Оның басында алтын күн мен бүркіт. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Сәкен Сейфуллин осы жерде атақты «Көкшетау» поэмасын жазған.

Бурабайға демалуға келіп қайтушы халық өте көп. Осы тұрғыда кететін қаржы жөнінен мәлімет беріп кетсек: жазғы үйлердің бағасы бір күнге 5000-нан басталады. Ал қонақ үйлерге орналасу орта есеппен 7000 теңге көлемінде, оның ішіне тамақтану да енетіні анық. Жағажайларда демалу адам басына күніне 500 теңгеден. Сондай-ақ, әр-түрлі бағдарламалармен саяхат түрлері бар. Жалпы алғанда Бурабайға барып демалып қайтуда адам басына орта есеппен күніне 20 000 теңге көлемінде қаражат кетеді екен.

Ия, көркем табиғатымен талайды тамсандырған кербез Көкшетаудың аясында, Бурабайдың баурайында тынығып қайтқан халық тек тәнін емес жан дүниесін де тынықтырып қайтары сөзсіз. Сәкен Сейфулиннің «Көкшетау», Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмаларында жырланған сұлу табиғат көрген адамға ерекше шабыт сыйлап, таңдай қақтырып тамсандырып келеді.

Әзірлеген Айсұлу Сағынтаева

28

Сыртқы туризм

ЖҰМАҚТЫҢ БІР БӨЛШЕГІ...Көз алдыңызға құмды жағажай, теңіз толқынын, самал жел мен жайқалған жасыл желек, желкенді құрмалар, көз

сүйсіндірер сәнді демалыс орындарын елестетіңізші. Иа, Біріккен Араб Әмірліктері - табиғаттың сұлу пейзаждары мен демалыстың тамаша мүмкіндіктерін ұсынатын әлемдегі керемет жерлердің бірі, әлем туристері үшін ең бай және тартымды тарап. Парсы шығанағының жылы сулары, шипажайлары, шөлейтті көріністері, банан және лимон шоқтарының ылғалды алқаптары қазіргі кезеңгі өмір тәртібі, еуропалық тамаша супермаркеттері, шығыс базарлары - бұның бәрі саяхатшылар үшін қиял әлемі.

Біріккен Араб Әмірліктері - Азияның Оңтүстік-Батыс бөлігінде орналасқан, өзіндік табиғаты мен қайталанбас сәулет өнері бар, мұнай мен газ қорына бай алып мемлекет. Астанасы – Абу-Даби қаласы. Ал туристік және саудалық орталығы – Дубай шаһары. Әрбір әмірінің есімі оның бас қаласының атауымен сәйкес келеді. Қала халқының саны 2,5 млн.дай, 180-нен астам ұлт өкілдері тұрады. Мемлекеттік тілі – араб тілі, ағылшын тілі де кең қолданысқа ие. Діні – ислам, дегенмен, басқа

діндерге де рұқсат берілген. Ұлттық валютасы – дирхам.

Саяси құрылымы: 1971 жылы құрылған федератифті мемлекет Біріккен Араб Әмірліктері – жеті тәуелсіз әмірліктерден тұратын жас ел. Әрбір әмірліктің әміршісі – шейх, ал жалпы мемлекетті басқару билігі жоғарғы кеңеске берілген. Мемлекет басшысы – Президент.

Біріккен Араб Әмірліктерін құрайтын жеті әмірлік Абу–Даби, Дубай, Аджман, Рас–аль–Хайма, Умм–аль–Кувейн, Фуджейра және Шарджа өз алдына кішігірім мемлекеттер іспеттес.

Абу–Даби – туристердің ең сүйікті курорттарының бірі, себебі, Абу–Даби демалушыларға толыққанды, сапалы демалыс үшін барлық жағдай ұсынады. Мұнда әйгілі субұрқақтар, саяжайлар, жануарлар бағы, тарихи–мәдени орындар көп.

Дубай – Араб Әмірліктерінің қазынасы, Таяу Шығысқа ғана емес, бүкіл әлемге танымал ірі туристтік әрі сауда орталығы. Көрнекі орындары көп, солардың ішінде туристерді қатты қызықтыратыны – әлемдегі ең биік «Бурдж Халифа» мұнарасы, Дубай тарихының мұражайы, Шейх Заидтың ғажап сарайы, аквапарктер.

Аджман – көлемі шағын болғанмен, табиғаты өте әдемі, жайлы саяхат, тыныш демалыс үшін ең қолайлы жер, емдік саф ауасы, шұрайлы жасыл–желегі демалушылардың жанын рахатқа бөлейді.

Рас–аль–Хайманың да табиғаты көркем, таулары жағаға жақын орналасқан. Әлемге әйгілі Хатт ыстық көздерін тамашалау үшін адамдар әлемнің түкпір–түкпірінен осында ағылады.

Умм–аль–Кувейн әмірлігінде туристер сол жердің тұрғындарының шынайы тұрмыс–тіршілігімен жақын таныса алады.

Шарджа – мемлекеттің мәдени астанасы, ондағы мұражайлар, галерея, театрлар қазіргі сәулет өнерінің үздік

29

туындылары қатарында. Басты курорттық аймағы – Корфаккан шипажай қаласы.

Фуджейра – табиғаты бай, тарихи–мәдени жәдігерліктері мол жас әмірлік, шипажайлары Үнді мұхиты жағалауының едәуір бөлігін алып жатыр, дайвинг үшін мол мүмкіндік берілген. Мұнда Араб Әмірліктерінің көне мешіті Әл–Бидия орналасқан.

Асханасы: Арабстан асханасында келесі тағамдар кең орын алған: хомус - бұршақ пен күнжіт ұрығынан жасалған паста, таббуле - ұсақталған жұмсақ ет, ақ желкен мен майдаланған бидай, гузи - жаңғақ пен күріш қосылған қозы еті, харис - арнайы дайындалған бидайдан пісірілген ет. Араб Әмірліктері теңіз елі болғандықтан, теңіз тағамдары да көп, ал дәстүрлі жеңіл тағамы - шауырма. Кофе дайындау - бұл елдегі ең үлкен өнер болып есептелінеді. Ең кереметі - арабиялық, ашық түсті. БАӘ мұсылман елі болғандықтан, спирт ішімдіктері мейрамханалар мен қонақ-үйлерде ғана сатылады. Қоғамдық орындарда, көшеде, жағажайда алкогольді пайдалануға болмайды. Мас күйде транспорт жүргізуге мүлдем тыйым салынған. Бұл үшін үлкен айып-пұл салынады, тіпті қамауға алуы да мүмкін.

Туристік маусым: Біріккен Араб Әмірліктері нағыз құрғақ субтропикалық климатымен ерекшеленеді, жазы өте ыстық (+50°С-ге дейін). Туристік маусым жазғы аптап азайған кезде қыркүйек айының соңында басталып, мамыр айына дейін жалғасады. Араб Әмірліктерінде көлік жолдары жүйесі жаңа болғанмен, қоғамдық көлік қызметі жете дамымай тұр, тұрғындардың көпшілігі жеке көлікпен, қымбат таксимен қозғалады.

Қазақстанмен қарым-қатынас:Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның араб және мұсылман әлеміндегі маңызды әріптесі. Екі ел арасындағы

дипломатиялық қарым-қатынас ресми түрде 1992 жылы 1 қазанда орнатылды. 2005 жылы Астанада БАӘ-нің елшілігі ашылса, 2006 жылы Абу-Даби қаласында Қазақстан Республикасының елшілігі жұмыс жасай бастады. Қайрат Лама Шариф - Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. Екі ел арасындағы саяси диалог, сауда-экономикалық, инвестициялық, ынтымақтастық, туризм, мәдениет, білім саласындағы өзара әрекеттестік дамып келеді. Әмірлік инвесторларының нақты жобалары, «Әл-Хилял» Ислам банкі, «Әл-Фалах» тікелей инвестицияларының бірлескен Қазақстандық-Әмірлік қоры, «Әбу-Даби Плаза» көпфункционалды кешені бұған мысал бола алады. Бүгінгі күні Қазақстанда Әмірліктер капиталына сүйенген 50-ден аса кәсіпорын тіркелген.

Президенті - Халифа ан-Нахайян Тәуелсіздік күні - 2 желтоқсан, 1971 жыл (Ұлыбританиядан)Демалыс күні - жұмаТелефон коды +971Уақыт белдеуі +4 ҚР-ның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігі Абу-Даби қаласы P.O. Box 39556 Al Mushrif w-52 villa №61b, Abu Dhabi, United Arab Emiratesтел. (+9712 )447-66-23, 449-87-78факс (+9712 )447-66-24, e-mail: [email protected]@mfa.kz

Дайындаған

Ақжарқын Смағұл

«Parus Travel» туристік агенттігі Қабанбай батыр көшесі 2/2, 333 кеңсе тел./факс: +7 (7172) 917 333, 242 332 ұялы байл.: +7 701 888 7312 , +7 771 888 5312 email: [email protected]: parus_travel vk.com/parus_travel twitter: @parus333 instagram: parus333

30

ДӘРІГЕР МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ – ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ МІНДЕТ

Елордадағы «Астана медицина университеті» екі ға-сырдың куәсі десек артық болмас. Себебі, оқу орнының ір-гетасы өткен жиырмасыншы ғасырдың бел ортасында, яғни, 1964 жылы қазан айында қаланған. Биылғы жылы қазан айында Университет жартығасырлық мерейтойын атап өтеді. Еліміздің солтүстік аймағында шоғырланған жоғары оқу орындарының, ғылыми орта-

лықтардың қатарындағы Астана медицина университеті білім берудің жаңа технологияларын енгізу және ғылыми зерттеу базасын кеңейту арқылы заман талабына сай сапалы жоғары білім беру қызметімен қамтамасыз етеді. Университетті бітірген дәрігер мамандар бүгінгі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті екендігін дәлелдеп, өз елімізде де, шетелдерде де медицинаның түр-лі салаларында табысты еңбек етіп жүр.

Сұхбатымызға арқау болып отырған жартығасырлық тарихы бар іргелі оқу орнының ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мәжит Зейнуллаұлы Шайдаровты сөзге тартқан едік.

31

Мәжит Зейнуллаұлы, өзіңіз басшылық етіп отырған Астана медицина университетінің құ-рылғанына да жарты ғасыр болыпты. Осы уақыт аралы-ғында оқу орнынан бүгінде елімізге танымал талай практик дәрігерлер, медик ғалымдар шыққаны айтпаса да түсінікті. Алдымен, Университеттің тарихына тоқталып өтсеңіз...?

Біздің Университет 1964 жылы қазан айында, сол кездегі Коммунистік партияның Орта-лық комитеті және ҚазССР Министрлер Кеңесі шешімімен «Целиноград мемлекеттік медицина институты» болып құрылған. Институттың ең алғашқы педагогикалық құрамы Алматы медицина институтының ұстаздарынан және сол институтты бітірген түлектерден құралды. ЦММИ-де 1964-65 оқу жылында алғаш рет «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бірінші курсқа 300 адам, екінші курсқа 100 адам қабылданып, мамандар даярлау ісі жүргізіле бастады. 1973 жылы институтта алғаш рет кафедрааралық ғылыми-зерттеу лабораториясы, 1979 жылы педиатрия факультеті ашылды. Ал 1989 жылы орта медицина қызметкерлерін даярлайтын факультет ашылды. Бұл кезеңде үш факультеттің 34 кафедрасында 2759 студент білім алып, 250 оқытушы дәріс берді. Оқытушы-профессорлар құрамында 19 ғылым докторы және 131 ғылым кандидаты болды. Кейін 1990 жылы кафедрааралық зертхана-ның базасында орталық ғылыми-зерттеу лабораториясы ашылып, құрылысы аяқталған 8 қабаттық оқу ғимараты пайдалануға берілді. 1989-90 оқу жылында алғаш рет қазақ бөлімі ашылды. 1992 жылдан бастап «Патологиялық физиология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес ашылды.

Медицина институты құрыл-ғалы бері оның ұйымдастыру

форматында көптеген өзгерістер болып, заман талабына сай басқару жүйесінде реформалар жүргізілді. Целиноград мемле-кеттік медицина институты 1997 жылы «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» болып қайта құрылды. Осы кезеңде академияда 3 диссертациялық кеңес ашылды. Академия база-сында ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының 10 филиалы жұмысын бастады. Академия құрамына Степногорск қаласында орналасқан «Медици-налық-биологиялық іс» факуль-теті қосылды. Алғаш рет респуб-ликалық деңгейде «Астана медициналық журналы» және «Валеология» атты тоқсан сайын басылатын ғылыми-практикалық журналдар шыға бастады.

ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі №1469 қаулы-сының негізінде сол жылы емдеу ісі және педиатрия факуль-теттерінің түлектері үшін, ал 2007 жылы стоматология факультетінің түлектері үшін интернатура ашылды. 2001 жылы дәрігерлердің білімін жетілдіру факультеті ашылды. 2002 жылы «Фармация», «Стоматология», «Шығыс медицинасы» факультеттері талапкерлерді қабылдай бастады. Сондай-ақ, «Хирургия», «Травматология», «ЛОР-аурулары» мамандықтары бойынша докторлық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес ашылды. «Микробиология», «Сот медицинасы» мамандықтары бойынша кандидаттық диссер-тация қорғау жөніндегі диссер-тациялық кеңес ашылды. 2003 жылы «Медициналық-профилак-тикалық іс» факультеті жұмыс істей бастады.

2008 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №451 қаулысымен «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК жарғылық капиталда мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен «Қазақ медицина академиясы» акционерлік қоғамы болып қайта

құрылды. Ал, 2009 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақ медицина академиясы» АҚ қазіргі «Астана медицина университеті» АҚ болып қайта құрылды.

Университетте тәрбие жұ-мысы қалай ұйымдастырыл-ған?

Білім беру мен тәрбие егіз ұғым, дәрігер-мамандарды даярлауда бізге міндеттелген жүк жеңіл емес. Сондықтан да біз болашақ дәрігер мамандарды тәрбиелеу жұмысына ерекше көңіл бөлеміз. Университетте студенттер арасында жүргізілетін тәрбие жұмысын дамытудың бірыңғай жүйесін әзірлеп, сол бойынша жұмыс істейміз. Университетте тәрбие жұмысын үйлестіру мақсатында жастар ісі жөніндегі деканат құрылған. Бұдан бөлек, оқу орнында Кураторлар институты жұмыс істейді. Оқыту-шылар кураторлық жұмысты 1-4 курс студенттері арасында жүргізеді. Кураторлардың жұмы-сын одан әрі жетілдіру мақсатында өткен жылдан бастап «Үздік тәлімгер» номинациясын енгізу туралы шешім қабылдадық және аталған номинация академиялық топ тәлімгерлерінің атқарған жұмыстарына байланысты беріледі. Тәлімгерлікті жүзеге асырудың ерекшелігі – ұстаздар мен студенттердің өзара қарым-қатынасын нығайтып, сенімді байланыс орнату. Теологтарды, философтар мен түрлі конфессия өкілдерін шақыру арқылы студенттер арасында рухани-адамгершілік жөнінде тәрбие сағаттары өткізіледі және діни экcтремизмнің алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Жастар ісі жөніндегі деканат «Хабар» телеарнасы-мен, «Саламатты өмір салты» орталығымен, «Нұр Отан» партиясының және «Жас Отан» Жастар қанаты өкілдерімен, «Қазақстанның Студенттер Альянсымен», Астана қаласы Ішкі саясат басқармасымен,

32

Балаларды әлеуметтік қорғау департаментімен, Жастар саясаты департаментімен, Ішкі істер басқармасының Экстремизммен күрес департаментімен, Денсау-лық сақтау министрлігімен, Білім және ғылым министрлігімен, діни конфессиялардың өкілдерімен бірлесіп жұмыс істейді.

Студенттеріміз Университеттің студенттік кеңесінің жұмысына қатысып, «Ару» қыздар лигасы, «Қазақстанның студент-медик қауымдастығы», «Студенттік ғылыми қоғам» атты жастардың қоғамдық бірлестіктерінің жоспарланған жұмыстарына белсенді түрде атсалысады. Бұл бірлестіктердің қызметі студенттердің сұранысы мен қызығушылығын қанағаттанды-руға бағытталған және олардың тұлға ретінде қалыптасуына, дамуына ықпал етеді. Осы мақ-сатта, «КТК», «Джиу-джитсу» спорт клубы, түрлі спорттық секциялар, ағылшын тілін терең-дете оқытатын «Englishclub», кафедраларда студенттік-ғылыми үйірмелер ашылған. Бүгінгі таңда университетте студенттердің өз күшімен құрылған UTV.ю студенттік интернет арнасы, қыздарға арналған иллюстра-цияланған «Ару» журналы, «VIVAMEDICINE» және «Валериана» командалары

бар. Аталған ұйымдардың жұмысы, студенттердің өзін-өзі басқару органдарының жұмысы студенттерді болашақ кәсіби қызметіне даярлаумен тығыз байланысты. Атап айтқанда, студент өзінің жұмысқа қабі-леттілігін, шығармашылық талантын, дербес өмір сүруге бейімділігін, әлеуметтік белсенділігін арттыру, өз уақытын тиімді пайдалану, ішкі тәртіптілік, кез келген жағдайды жедел бағалау және шешім қабылдауды меңгеру, алға қойған мақсатына жетуде табандылық таныту, психологиялық төзімділік, азаматтық жауапкершілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді.

Университет ұстаздарына қандай талаптар қойылады?

Университеттің өзіндік кадр саясаты бар. Университет басшылығы жүргізіп отырған кадр саясатындағы өзекті мәселелердің бірі – оқытушы-профессорлар құрамын байқаулық іріктеуде жаңа индикаторлар мен критерийлерді енгізу. Жұмысқа қабылдау кезінде байқау комиссиясы үміткердің тұлғалық қасиетін, әріптестерінің пікірін, өз пікірін, жоспарланған педагогикалық қызметке базалық білімінің сәйкестігін, ғылыми педагогикалық өтілінің, ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының,

ғылыми еңбектерінің болуын, жас қызметкерлермен жұмыс жүргізу қабілетін, біліктілігін арттыру курстарынан өткендігін, оқу-әдістемелік құралдарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірлей алатындығын ескереді.

Доцент немесе профессор лауазымына ұсыну кезінде ең алдымен үміткерлердің қысқа мерзімде доцент, профессор деген ғылыми атақ алу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударамыз. Клини-калық кафедраларда ассистент лауазымына үміткер мамандардан арнайы сертификат, дәрігерлік біліктілік санатының болуы талап етіледі.

Медициналық ЖОО-да оқу жүйесін ұйымдастырудың бір ерекшелігі – базасында клиникалық кафедралар орналас-тырылған емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін тәжірибелі практик дәрігерлерді педагогикалық қызметпен де айналысуға тартамыз. Университетіміздің жүргізіп отырған саясатында медициналық білім беретін басқа да ұйымдардан жоғары білікті мамандарды, профессорларды шақыру және оларға жалға баспана беру қарастырылған.

Білім беру жүйесінде қандай жаңалықтар бар және қалай жүргізіледі?

33

Медицина саласы мамандарын және ғалым-педогог кадрларды даярлау ісі Болон жүйесінің талаптарына сай үшсатылы бағдарлама бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, ғылыми-педаго-гикалық бағыт үшін бакалавриат - магистратура - PhD докторантура және клиникалық бағыт үшін бакалавриат - интернатура - резидентура.

Сондай-ақ, талапкерлерді іріктеу жұмысына қатаң талаптар қойылады. Мәселен, 2013 жылы оқуға қабылданған студенттердің 30 пайызы Алтын белгі иегерлері мен пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері екенін мақтанышпен айтуға болады. Білім беру жүйесінде жаңа әдістемелік тәсілдер мен білім беру техно-логиялары қолданылады. Мысалы, командалық-бағдарлап оқыту, ауқымды мәселелерге бағыттап оқыту, симуляциялық және электрондық әдіспен оқыту.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында университетімізде ағылшын тілінде білім алатын «экспери-менттік топ» құрылды. Студент-терді әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қолдау және оларды алғашқы курстардан бастап кәсіпке бейімдеу бағдарламалары

енгізілді. Мемлекеттік тапсырысты орындау үшін Университетте МВА магистратура бағдарламасы негізінде «Ауруханалық басқару саласындағы іскерлік әкімшіліктендіру магистрін» даярлауда «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша білім берудің эксперименттік бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Студенттерді оқыту барысында пайдаланылатын клиникалық базалар саны да артып келеді. Студенттеріміз 44 клиникалық базада білім алып, 92 емдеу мекемесінің базасында кәсіптік практикадан өтеді.

Мажит Зейноллаұлы, жал-пы маман даярлау жүйесінде өзгерістер бар ма?

Денсаулық сақтау маманда-рын даярлаудың халықаралық стандарттарына негізделген, дәрігерлік білімнің қосымша, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі жаңа бағдарламалары енгізілген. Денсаулық сақтау мамандарын даярлау құрылымындағы өзгерістер – медициналық білім беру ісін жоғары білім берудің еуропалық принциптерінің үшдеңгейлі жүйесімен үйлес-тіруге бағытталған. Міндетті компоненттен бөлек, студенттердің пәнді таңдау және дербес білім

алу траекториясын құрастыру мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен бірге студенттердің алғашқы курстан бастап нау-қастармен танысу практикасы енгізілген. Коммуникативтік машықтар, дәлелдемелі медицина негіздері сияқты жаңа пәндер оқытылады. ЖОО-ны басқару жүйесі ISO 9000 сериялы стандарттардың негізінде сапа менеджменті жүйесін енгізу және перспективалық стратегиялық жоспарлауды қалыптастыру негізінде стратегиялық менеджментті дамыту арқылы жетілдірілген.

Білім беру сапасын тәуелсіз бағалау жүйесі бар. Оны Ұлттық және халықаралық аккредитациялау органдары өткізеді. Сонымен қоса, медициналық білім беретін ұйымдарды институционалдық және мамандандырылған аккредитациялаудың ұлттық стандарттары жасалып, бекітілді.

Қазақстанның білім беру саясатына қандай өзгерістер енгізу қажет деп ойлайсыз?

Еліміздің білім беру саясаты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдаулары және еліміздің индустриялық-инновациялық даму Стратегиясы негізінде

34

құрылуы тиіс. Стратегияның басты басымдықтары – бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау арқылы, технология мен қызметті дамыту арқылы әлемдік нарықта Қазақстанның беделін арттыру. Ал бұл үшін білім алушылар мен ұстаздардың академиялық мобильділігін арттырып, қос-дипломдық білім беру бағдар-ламасын құрып, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялануы тиіс.

Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, бағалауға жұмыс беру-шілер мен мүдделі тараптарды белсенді түрде тарту және елі-міздің жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын әзірлеуде, оны жүзеге асыруда еркіндік беру керек. Әлемдік академиялық рейтингілерге қатысу үшін еліміздегі ЖОО-лардың мотивациясын арттыру қажет.

Мажит Зейноллаұлы, сіздің ойыңызша қазіргі білім алып жатқан жастардың өмірге деген көзқарасы қандай?

Қазіргі жастардың өмірге деген көзқарасында жақсы өзге-рістер бар деп айтуға болады. Бүгінгі жастар алға қойған мақсатына сенімді, заман ағы-мына сай болуға ұмтылады. Олардың бойында азаматтық ұстаным қалыптасқан, мақсат-тары айқын, мансапқа қатысты алдарында белгілі бағдары бар. Адамгершілік, ұлттық принциптерді бағалай біледі.

Университеттің алдағы уақытқа қойған жоспарлары туралы да айтып өтсеңіз?

Астана медицина универси-теті Білім беру сапасын бағалау жөніндегі қазақстандық тә-уелсіз агенттіктің рейтингі бойынша соңғы үш жыл бойы еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарының арасында бірінші орынға ие болып келеді. Сондықтан біздің Университеттің ең басты мақсаты – медицина

саласы мамандарын даярлау нарығында лидерлік позицияны сақтау және нығайту. Ол үшін университетіміз бірқатар ма-ңызды міндеттерді орындауы керек. Атап айтқанда, өзінің клиникалық базасын салу, жаңа студенттік жатақхана салу, Университеттің зертханалары мен ғылыми орталықтарын дамыту арқылы ғылыми әлеуе-тін арттыру, шетелдің жоғары білікті мамандарын тарту және өзінің ғылыми-педагогикалық әлеуетін дамыту, серіктестікті нығайту және оның негізінде білім алушылардың академиялық мобильділігін дамыту, басқару менеджментін жетілдіріп, оның нәтижесінде EFQM Еуропалық сапа менеджменті қорының «Сапа премиясын» алу үшін байқауға қатысу жоспарланған. Сондай-ақ, аккредитациялық тәуелсіз агенттіктерге университетімізде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының сапасын бағалатып, университетіміздің жетістіктерін мойындауына қол жеткізу жоспарда бар.

«Тәуелсіздік» деген ұғым жөнінде не айтар едіңіз....

Тәуелсіздік ұғымының шынайы мағынасы – толық дербестік және өркениетте өзінің ұлттық факторларының көмегімен өз бетінше дамуға қабілеттілік.

Еліміздің саяси тұрақтылықты нығайту мен экономикалық реформалардың тиімділігі саласындағы бүгінгі жеткен жетістіктері – бұл бүкіл қоғам-ның ұйымдасқан және жасампаз еңбегінің куәсі.

Білім және ғылым министр-лігі 2015 жылдан бастап ұлттық зерттеумен айналысатын универ-ситеттерге, 2016 жылдан бастап ұлттық жоғары оқу орындарына, 2018 жылдан бастап қалған барлық жоғары оқу орындарына дербестік беріледі деп мәлімдеген болатын. Мұның бәрі Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған даму бағдар-ламасында қарастырылған.

ЖОО-лар дербестігі дегеніміз – білім беру, ғылыми, қаржылық, халықаралық және өзге де қызметтерді өз бетінше жүзеге асыру. Бұл ретте «Назарбаев Университеті» моделін үлгі ретінде алуға болады. Менің ойымша, жоғары оқу орындары үшін дербестік дегеніміз – ең алдымен білім беру сапасын арттыру үшін өздері әзірлеген бағдарламаларын жүзеге асырып, даярлаған мамандарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қажет.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Эльмира Үсенқызы

35

ӘЛЕМДЕГІ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ХАН ШАТЫР

Әлемге аты танымал ағылшын сәулетшісі Норман Фостердің қиялынан туындаған, Астанадағы биіктігі 150 метрлік «Хан шатыр» орталығы көшпелі халықтың қолымен тұрғызылған хан шатырларының жиынтығы секілді. Ежелгі Сарыарқаның қатал климатына бір өзі төтеп беретіндей тамаша ойластырылған ғимараттың ішкі жағы көздің жауын алатын бірнеше табиғи ландшафтпен өрнектеліп, безендірілген. Масатыдай құлпырып, жасыл желекпен көмкерілген баспалдақты дәлізді көргенде, есіңізге жыл он екі ай жап-жасыл болып тұратын климаттық белдеулер түседі. Ал соңғы үлгідегі сапалы материалдармен қапталған ғимараттың құрылғылары арқылы түскен табиғи жарық айналаны ерекше бір нұрға бөлейді. Мұнда мейрамханалар мен дәмханалар жұмыс істеп, дүние жүзі асханаларының тәжірибелі аспаздары астаналықтар мен елорда қонақтарына тіл үйіретін дәмді ас дайындайды. Сонымен қатар, жүзу бассейні, аквапарк және әмбебап жабық жағажайдың есігі қонақтарға айқара ашық. Тропикалық су бағы мен Мальдив аралдарынан әкелінген жұмсақ құм төселген жағажай қазіргі күні орталықтың ең қызықты орындарының бірі. Бұл жерге келген демалушылар тура бір Жерорта теңізінде демалып жүргендей сезімге бөленіп, рахаттанады. Хан шатырын тамашалауға келген демалушылар құс жолы биіктігінен Астананың көрікті жерлерін көріп, қызықтай алады. Көрікті келбетімен көз тартатын бас қаламыздың сәулетіне сән қосатын бұл тамаша архитектуралық нысанда қала тұрғындары мен қонақтары бос уақытын барынша жайлы да көңілді өткізетін басқа да ойын-сауық орындары молынан қамтылған.

Алып ғимараттың құрылысын жүргізген түріктің «Сембол» құрылыс компаниясы «Хан шатыр» кешенін салуда басты бағыт етіп, ауа райы қатал елордада жергілікті халықтың және оған келген қонақтардың демалуларына, одан керемет ләззат алуларына қажетті жағдай жасауды басты бағыт етіп ұстанған. «Хан шатыр» сияқты алып кешенді салу арқылы олар осы олқылықтың орнын жабуға тырысқан. Бұл халықтың әлеуметтік қажеттілігіне орай дүниеге келген жоба. Оны жүзеге асыру барысында қазақтың салт-дәстүрімен байланысты құндылықтар назарға алынды. Мысалы қазақтың киіз үйі жобаға негіз болған басты элементтердің бірі. Британдық Foster & Partners фирмасы жобалаған кешен 130 мың шаршы метр аймақты алып жатыр. Оның құрылымы әлемнің бірде-бір мемлекетінде жоқ. Жоғарыда айтқанымыздай, шатырдың ішінде бірнеше деңгейде көптеген дүкендер, мейрамханалар, кинотеатрлар және спорт кешені орналасқан. Қаладағы сауда орталықтарының көптігінен жалға алушылар мұнда келмейді деген болжамдар бүгінде жоққа шықты. Коммерциялық алаңдардың 82%-ы қазірдің өзінде бос емес. Олардың арасында бүкіл әлемге таныс брэндтік дүкендер мен бір қатарда астаналықтарға ұнап үлгерген сауда маркалары да кездеседі. Астананың ауасы жазда +30 градустан қыста -30 градусқа дейін төмендейтіндігіне қарамастан, мұнда әртүрлі климаттық белдеу сақталып, оның ішінде жаз кезіндегідей тұрақты ауа қамтамасыз етіледі. Шатыр құрылысы төрт жылға созылды, оның бастапқы жобасының құны 200 млн. долларды құрады. Бас қаланың өсіп гүлденуіне ғана емес, халықтың әлеуметтік өмірінің оңалуына да үлес қосқан «Сембол» құрылыс компаниясының басшылары кешенді салуда келушілерді жоғарғы немесе төменгі топқа арналған деп жікке бөлмепті. Бұл жалпы халыққа арналған дүние.

Бүгінде Америка, Біріккен Араб Әмірліктері, Италия жерінде есімі кеңінен танылған әйгілі сәулетші лорд Норман Фостердің қиялынан туған бұл баламасыз архитектуралық өнер туындысы сәні мен салтанатын жарастырып келе жатқан Астана келбетіне айшықты көрініс беріп тұр. Ғимарат президент Резиденциясы мен үкіметтік ғимараттар кешенінен бастау алатын қаланың басты орталық белдеуін аяқтайды. Шатырдың ерекше қабаты оны Астана халқына үйреншікті болып кеткен боран мен аяздан қорғап іште қысы жазы қолайлы климат ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Хан шатырда әр түрлі іс-шаралар мен мерекелік думандар үздіксіз тойланып, жұлдыздар қатысқан концерттер көрермендерге ұсынылады.

36

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТ БАЙЛЫҒЫ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев еліміздің денсаулық сақтау саласын да-мытуға ерекше маңыз беріп отырғаны белгілі. Елордалық тұрғындардың ден-саулығын қорғауды қамтамасыз ету жә-не сапалы медициналық қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басты міндеті. Аталмыш басқарманың жетекшілігі-мен бұл бағытта бас қалада атқарылған жұмыстар өте көп. Солардың бір пара-сын білу үшін біз Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының бас-тығы Айгүл Кимқызы Сегізбаевамен сұх-баттасқан едік.

Айгүл Кимқызы, сіздің Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасын басқарып отырған білікті басшы екеніңізді білеміз. Қазіргі күні қалалық денсаулық сақтаудың келешегін қалыптастыру аясында қан-дай жұмыстар атқарып жатыр-сыздар?

Елорда халқының жыл са-йынғы өсімі шамамен 30-35 мыңға артып отырғанын және медициналық мекемелерге артқан сұраныстың орнын толықтыру қажеттілігін ескеріп, медициналық көмекті сәйкесінше қамтамасыз ету үшін өткен 2012 жылы үш ірі медициналық мекемені халықтың пайдалануына бердік. Олар: бір ауысымда 250 науқасқа дәрігерлік кеңес беретін консультативті-диагностикалық емханасы бар 350 орындық Қалалық балалар ауруханасы мен 500 төсек орын-дық №1 Қалалық аурухана және бір ауысымда 500 ауруға ем көрсететін №6 Қалалық емхана. Ал жақында ғана Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бір ауысымда 500 ауруға ем көрсететін су жаңа

Амбулатроиялық емхана кешені ашылды. Осыдан бір ай бұрын сол жағалауда бір ауысымда 250 ауруды қабылдайтын Отбасылық денсаулық орталығы ашылған еді. Бұл орталық сол жағалаудың 32 мың тұрғынына, атап айтқанда, сол маңайға жақын орналасқан елді мекендер мен Пригородный, Тельман, Заречный тұрғын үй алабының тіркеуде тұрған тұр-ғындарына алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсетеді, олардың ішінде 9 мың бала мен 15 мың жүктілік қабілеті бар әйелдер бар. Сонымен қатар орталық №4 «Шипагер» Қалалық емханасының ЖТД бөлімшесіне қарасты саяжай тұрғындары да алғашқы дәрігерлік көмекті осы жерден алады.

ШЖҚ «№2 Қалалық бала-лар ауруханасы» МКК-нен, бір ауысымда 150 ауруды қабыл-дайтын Отбасылық денсаулық орталығы, «Промышленный» ауылының 22000 тұрғынына қызмет көрсету үшін ескі ғимаратынан ауысу жолымен ШЖҚ «№ 6 Қалалық емханасы» МКК-ге қарасты «Ниет» ЖТД

бөлімшесі ашылды. Дәрігерлік санитарлық көмектің алғашқы буынын кеңейту, емханаларда азаматтарды қабылдау тәртібін ретке келтіру және амбулаторлық-емхана мекемелеріндегі жүкте-мені азайту мақсатында Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бес мемлекеттік емес медициналық мекемелермен тұрғындарға дәрігерлік қызмет көрсету үшін келісім-шарт жасау және мемлекеттік тапсырыстар орналастыру жолымен мемлекеттік жеке серіктестікті дамытуға бағытталған шараларды қолға алды. Айта берсек атқарылып жатқан жұмыстар шаш етектен.

Енді алдымызда Елорданың денсаулық сақтау саласын дамыту болашағында қызмет көрсетудің сапасын көтерудің нәтижелі механизімі іспетті, қазақстандық және халықаралық сапа стан-дарттарына сәйкес қаланың медициналық мекемелерін аккредиттеу жоспарда тұр. Сондықтан 2014 жылдан бастап барлық бағынышты медициналық ұйымдар ISQua халықаралық

37

стандарты бойынша тіркеуден өтеді. Бұйырса, «100 мектеп 100 аурухана», «амбулаториялық буынның 350 нысаны» құры-лыс бағдарламаларын іске асыру шеңберінде Қалалық балалардың жұқпалы аурулар ауруханасы, Дәрігерлік-әлеуметтік оңалту орталығы нысандары пайдалануға берілмекші. Сондай-ақ, ақылды қала жобасының шеңберінде Ашық грид-бұлтты ұлттық инфрақұрылым жаңа технологияларын отандық әзірлеу негізінде денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жаңғырту бойынша ақпараттық технологиялар жобасын іске асыру орындалып жатыр.

Қалалық дәрігерлік меке-мелерде ана мен бала денсау-лығын арттыруға байланысты едәуір жұмыстар атқарылып жатыр ғой, сол шаралар жөнінде өзіңіз тоқталып кетсеңіз...?

Жоғарыда айтып өткенімдей, бүгінгі таңда қала тұрғындары-ның жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қол жетімдігі арттырылуда. Бізде қазіргі күні қауіпсіз босануды қамтамасыз ету үшін жүкті әйелдердің денсаулығына күн сайын мониторинг жүргізі-леді. Перзентханаларда нәрестелердегі көрумен есту ауытқуларын уақытылы диаг-ностикалау үшін аталған патологияны ерте анықтауға скрининг жүргізіледі, бұл шара әсіресе сәбиге туғаннан кейінгі бірінші күндері. Медициналық көрсеткіштер бойынша жасанды тамақтануға ауыстырылған бір жасқа дейінгі балалар жергілікті бюджет қаражаты есебінен құрғақ сүт қоспалары түрінде балалар тағамымен қамтамасыз етіледі. Әйелдер босанғаннан кейін емхананың медицина қызметкерлері үйге барып, жас туған нәрестелер мен олардың аналарын қарап, перзентханадан шыққаннан кейінгі жағдайларын анықтайды.

Сыртқы себептерден балалар-дың қайтыс болуын төмендету үшін ішкі істер, қамқорлық және қайырымдылық жасау, әлеуметтік қызмет органдарымен бірге ведомствоаралық жұмыс жүргізіледі.

Биылдың өзінде ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында балалар өлімін 17% төмендетуге мүмкіндік берген, бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Бүгінгі күні босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін елор-далық клиникалар заманауи құрылғылармен жабдықталып, диагностика мен емдеудің инно-вациялық тәсілдері, нәтижелі перинаталды технологиялар енгізілген. Босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін мекемелердің қызметкерлері еліміздің, алыс және жақын шетелдердің алдыңғы қатарлы клиникаларында біліктіліктерін арттырады. Бізді алаңдататыны бүгінгі күні жүкті әйелдердің аса жоғары ішкі миграциясы өзекті күйінде қалып отыр. Өйткені сапалы медициналық көмек алу мақсатында өзге өңірлерден ауыр патологиямен келген жүкті әйелдер саны өте көп. Сырттан келетін науқастарға жүргізілген мониторинг 2013 жылдың өзінде 1727 аяғы ауыр әйел сапалы ем ал үшін келгенін көрсетіп берді. Олардың 1669-ы еліміздің өзге облыстарынан келген болса, қалған 58 әйел алыс-жақын шетелдерден келген. Сол сияқты 17 076 баланың, 13 029-ы өзге облыстардан, ал 178 бала алыс-жақын шетелдерден келіпті. Ем алуға келетін бұл балалардың арасында бала күнінен церебралды сал ауруымен ауыратын 71 бала оңалту сауықтыру көмегін алу үшін келгендер. Осы жерде бір проблемалы нәрсе, босануға дейінгі бақылауды, босану кезіндегі дәрігерлік көмекті, балалардың сауықтыру емін сапалы алуы үшін сырттан келген жүкті әйелдер мен балалар қалаға уақытша тіркеуге тұруға мәжбүр

болады.

Тегін медициналық көмек қазір кімдерге және қандай жағдайда көрсетіліп жатыр? Дәрілік қамтамасыз ету қыз-метіне жүктелген міндеттеме-лерге байланысты не айтар едіңіз?

Тегін медициналық көмек-тің кепілдік берілген көлемін Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандары ала алады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекеленген санаттары уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде дәрі-лік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етіледі. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енгізілген: жолдамасының, тіркелген мекен-жайының және тұрғылықты мекенжайының болу, болмауына қарамастан жедел дәрігерлік көмек, амбулаторлық емханалық көмек, аурухана орнын алмас-тыратын және АДСК немесе дәрігерлік мекеменің маманын бағыттау арқылы ауруханалық дәрігерлік көмек, жедел көрсет-кіш бойынша дәрігерлік көмек көрсетіледі. ТМККК шеңберінде қымбат дәрігерлік қызметтер: 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, ҰОС қатысушыларына, мүгедектерге, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алған көп балалы аналарға, мекенжайы бойынша әлеуметтік көмек алушыларға, егде жастағы зейнеткерлерге, айналасындағыларға қауіп төндіретін жұқпалы, әлеуметтік-маңызды аурумен ауыратындарға ұсынылады.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Ләйлә Нығматуллина

38

ВИРУС – АДАМЗАТ БАЛАСЫНЫҢ ЖАУЫҚоғамның өзекті мәселелеріне айналып

отырған жұқпалы ауруларымен жыл сайын әлемде миллиондаған адамдар өмірімен хош айтысып жатады. «Демі бардың, емі бар» демекші, өте ерте заманда пайда болған ауру-дың бұндай түрінен дер кезінде сақтанбасқа шара жоқ. Себебі, жұқпалы ауруларға апарып соқтыратын вирустық гепатит адамды қауіпті дертке ұшыратуы әбден мүмкін. Елімізде жұқпалы ауруларды емдеу, алдын алу жолдары бойынша жұмыс жасап жатқан мекемелер жетіп артылады. Солардың бірі - Астана қаласы «Қалалық жұқпалы ауру-лар ауруханасы» МКҚК айтуға болады. Сөз арасында айта кетейік, аурухана келер

жылы жаңа ғимаратқа көшкелі отыр. Кезекті сұхбат алу барысында біз Астана қаласы «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-нің бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор және жоғары санатты дәрігер Жұмағазин Жанабай Дербесенұлымен сұхбат жүргізген болатынбыз.

Жанабай Дербесенұлы, әңгіменің төркінін «Қалалық жұқпалы аурулар» ауруханасы-ның қазіргі таңдағы атқарып жатқан жұмыстарымен таныс-тырудан бастасаңыз. Мекемеде қазір қандай жаңалықтар болып жатыр?

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін мекемелердің бірі болып табы-лады. 1967 жылдан бері жұмыс жасап келеді және екі жүздей науқас жанды қабылдап, емдей алады. Мекеме бактериологиялық, рентгенологиялық зерттеулер-иммунологиялық, жалпы-клини-калық, серологиялық зерттеулер, амбулаторлық-емханалық, жалпы физиотерапия, клиникалық трансфузиология, тұрғындарды гигиеналық тазалыққа үйрету және т.б. қызметтерді көрсете алады. Екі жүз елуге жуық қызметкерлердің арасында медицина ғылымда-рының кандидаттары мен жоғары санаттағы дәрігерлер де бар. Сондай-ақ, «Астана медицина

университеті» АҚ-ның клиника-лық база кафедрасының негізінде жұмыс жасайды. Нәтижесінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жасалынып, монографиялық кітаптар жарыққа шықты. Мекемеде қазір 5 топ бөлімі, зертхана және көмекші бөлімдері қызмет етеді. Мәселен, ауа там-шы жұқпасы бөлімшесінде рес-пираторлық-вирус жұқпасымен, менингит, гелминтоздар және паразитоздармен тағы да басқа аурумен ауыратындар емделе алады. Жаңа диагностикаларды қолдана отырып, осы топтың қызметкерлері жыл сайын жоспар бойынша жұмыс жасайды. Аурухана көбіне А, В, С және Д, сондай-ақ, т.б. вирусты гепатитпен ауыратын адамдарды емдеп шығарады. Вирусты гепатитпен 40-60 % ауырға ұшырағандар төрт-бес жыл ішінде рак ауруына ұшырайды. Аурудың қоздырғыштары таби-ғи және жасанды жолмен жұғуы мүмкін. Табиғи жолмен жұқтыру механизмдері жыныстық қатынас

арқылы берілсе, соңғысы меди-циналық және медициналық емес манипуляциялар арқылы жүзеге асады. Медициналық жұқтыруда тері-аллергиялық сынама, зақымданған қан, ота жасау, гинекологиялық тексеру, органдарды транспланттау және т.б. жағдайларда кездеседі. Медициналық емес жұқтыруда татуировка, сүндетке отырғызу, маникюр, педикюр жасау арқылы беріледі. Сол себептен халықтың дер кезінде ем қабылдағандары дұрыс. Бұл бағытта мемлекет тегін емделулері үшін қаржы аударып жатыр. Вирусты гепатиттен емделу үшін Қазақстанда бір адамға 300 мың АҚШ доллары жұмсалады.

Ең көп тараған вирусты гепатит, яғни бауырдың қабынуы өте қауіпті болып отыр. Аса өзекті болып отырған бұл мәселе қалай шешілуде? Асқазан рагы ауруының пайда болу себептері қандай?

Сұрағыңыз орынды. Вирусты гепатиттер адам денсаулығына

Тазалық – саулық негізі

39

қауіпті инфекциялық топ болып отыр. Бауырдың қабынуы медицина тілінде «сары ауру» деп аталынады. «Сары ауру» эпидемиясы V ғасырда пайда болғанымен, оның қоздырушысы туралы тек өткен ғасырда ғана зерттелінді. Бауырдың қабынуы жұқпалы аурулардың ішінде аса өзекті мәселеге айналды. Жыл сайын бауыр берішінен миллионнан аса адам көз жұмады. Бауырдың қабынуы 2 топқа бөлінеді: энтеральды топ және ас қорыту жолынан тыс тобы. Энтеральды топ - фекальдық жолмен жүретін ішек жұқпасы болса, екінші тобы қанталау инфекциясы, яғни қан және организмнің сұйық ортасы. Адам өз өмірінің басты құндылығын денсаулық екенін ескере жүріп, гигиеналық тәртіпті сақтауы шарт. Бүгінгі таңда қоршаған ортаның ластануы, дұрыс күтім мен жеке бас тазалығының сақталмауынан сары ауру пайда болып жатады. Осылайша жұқпалы сары ауру немесе вирусты гепатит – бауырдың кең тараған ауруларының бір түрі болып отыр. Мәселен, кішкентай тірі организм вирус тудырып, адамның қаны мен зәрінде болады да, ластанған тұрмыстағы заттар, қол, су, тағам өнімдері арқылы айналасындағыларға беріледі. Сары ауру адам организмін бүтіндей зақымдайды, бірақ өзгерістер бауырда өтеді. Алдың-ғы үш аптада аурудың ешқандай белгілері берілмейді, мұны инкубациялық кезең деп атайды. Сол себептен дер кезінде дәрігерге қаралмаса, инкубациялық ке-зеңнен соң, дененің сарғаюы басталады. Кей кездері аурудың сарғаймайтын формасы кезде-сіп, дене сарғаюлары кетіп, денсаулығы қалыптасып кетіп те жатады. Дәрігерлер көп уақытқа дейін гепатиттің А және В деген екі түрлі вирусы барын ғана білді. Кейін анықталғандай қазір оның бес түрі: А, В, С, Д және Е. Ең көп тараған түрі – гепатиттің А вирусы. Бұл көбіне көкөністер

мен жемістерді, тамақты ішерде қолды жумаудың әсерінен пайда болады. Асқазан мен ішекке түскен вирус сілекейлі қабықшаға еніп, қанмен бірге бауырға жетеді. Бауыр жасушаларында тез көбейіп, оны зақымдайды. А және Е вирус түрлерінен жазылу өте қиын. Бұл вирустарды науқас адамнан шыққан әр түрлі сұйықтықтарға жақындаудан немесе пайдаланыл-ған аспап арқылы да жұға береді. Бұл вирустар адамның терінде, сілекейінде, зәрінде және қанында болуы мүмкін.

Хеликобактер пилори әсері-нен асқазан рак аурулары пайда болады. Бұл жиі кездесетін қауіпті аурулардың бір түрі. Еуропа елдеріне қарағанда Азия мемлекеттері осы аурудан көп зардап шегеді. Адамның асқазаны әртүрлі жиіліктегі қатерлі ісіктермен жарақаттанып, ісіктің орналасуына орай тағам-ның ішектерге қарай жүрісі нашарлайды. Осы ісік ауруының пайда болуы ұзақ уақытқа созылған және хеликобактер пилори арқылы, яғни бактерия-ның әсерінен жұққан дерт. Ойық қара немесе асқазанда қатерсіз ісігі болған адамдарда сырқат аздап қана ауырады. Сондай-ақ, адамның іші өтіп, тамаққа тәбеті нашарлайды және әлсізденіп, тез шаршай береді. Асқазан ауруымен ауырған жанда гастрит болса, кейін асқазан жарасына ұшырап, одан кейін ракқа айналып кетеді. Асқазандағы 60 % қатерлі ісігі бактерияларға байланысты болып отыр.

Науқастарды емдеу үшін

қандай да бір қателіктер кезігіп қалып жататыны жасырын емес. Жалпылай алсақ, адам баласы өз денсаулығын күту үшін басты қандай қағидаларды ұстанғандары дұрыс?

Өткен айда Корея мемлекетіне бір апталық іс-сапармен болып қайттық. Сонда байқағанымыз, медицинасы дамыған мемлекет болса да дәл біздікінен асып бара жатқан ауруханасы жоқ. Бірақ, адамдары жылына екі рет емделуге барып тұрады екен. Корея мемлекеті медицинасын қалыптастыру үшін аттай қырық жыл жүрді. Қазақстанда атақты және өз ісіне берік маман дәрігерлер толып жатыр және қазақ медицинасын дамыту үшін халықпен жұмыс жасап, тығыз байланыс орнатуымыз қажет. Ал, біздегі жағдай сәл басқашалау болып тұр Еліміздің ауруханалары заманға сай жұмыс жасап жатса да, дәрігерлер әлі күнге дейін емдеу шараларын жүргізу үшін халықтың артынан жүгіруге тиісті. Бұл мәселе адам баласының өзіне және тәрбиесіне байланысты.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Тәуелсіздік елімізге бірталай жақсылық алып келді. Қазақ елі намысқа тырмысып, егемендігін сақтап қалу үшін бірігіп өмір сүргендері абзал. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Сұхбатыңызға рахмет!

СұхбаттасқанӘсем Сағиқызы

40

ДЕНІ САУ АНАДАН ДЕНІ САУ СӘБИ ТУАДЫҚоғам дамуында ана мен сәби

өмірі үлкен жауапкершілікті та-лап ететіні түсінікті жәйт. Бұл ретте ана мен сәби денсаулығында кінәрат болмай, дүниеге сау ұрпақ әкелу үшін ел Үкіметі көптеген іс-шараларды қолға алып отырғаны белгілі. Осы бағытта Мемлекет басшысы тапсырған міндеттер-дің үдесінен шығу үшін Астана қаласының Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 перинаталдық орталық» МКК-сінің атқарып отырған шаруалары шаш етек-тен. Астана қаласының босандыру саласындағы медициналық ұйым-дар арасында жетекші мекеме саналатын бұл орталықта білікті ұжым әйелдерге және нәрестелерге мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Бүгінгі заманға сай №1 Перинаталдық орталық» МКК-нің тыныс-тіршілігін оқыр-

Дина Амангелдіқызы, өзіңіздің басшылығыңыздағы «Астана қаласы №1 Перина-талдық орталық» МКК-нің бүгінгі таңдағы атқарып отырған жұмыстары мен қол жеткізген жетістіктері туралы айта отырсаңыз...?

Біздің орталықтың материал-дық-техникалық базасы маман-дандырылған клиникалық бөлімшені ұйымдастыруға және астаналық әйелдерге акушерлік-гинекологиялық көмек пен балаларға медициналық көмек көрсетуге арналған үздік зертхана құрылуына мүмкіндік береді. Орталықта бейінді

құрылымдық бөлімшелермен қатар консультативтік – диаг-ностикалық блок бар. Оның құрамына перинаталдық диаг-ностика бөлімшесі, жүкті әйелдерді бақылау бөлімшесі, физиотерапиялық бөлімше, сондай-ақ келісім-шарт негізінде экстрокорпоральдық ұрықтандыру бөлімшесі жұмыс істейді.

Біздің соңғы жеткен үлкен жетістігіміздің бірі Перинаталдық орталық қазіргі уақытта Қазақ-стан Республикасы бойынша нәрестелерге туғаннан кейін дереу туа біткен даму кемістігі бойынша медициналық көмек көрсететін басты мекеме болып табылады.

2012 жылы біздің медициналық мекеме базасында туа біткен даму кемістігі бар, сондай-ақ хирургиялық әрекетті қажет ететін хирургиялық патологиясы бар нәрестелерге уақытылы медициналық көмек көрсетуде нәтижелі тәжірибе пайда болды. Енді 2014 жылдың 1 тоқсанында туа сала операциялық әрекеттен өткен нәрестелерді оңалтуға арналған бөлім ашуды жоспарлап қойдық.

Орталықта гинекологиядағы эндоскопиялық хирургия қағи-дасы енгізілуде және әзірле-нуде. Өткен уақытта эндоско-пиялық операцияның жаңа

ман қауымда біле жүрсін деген ниетпен мекеменің бас дәрігері Тұрақбаева Дина Амангелдіқызын сөзге тартқан едік.

41

технологияларының спектрі ке-ңейтілді. Ұрпақты болу қызметін қалпына келтіретін мүшені сақтау қағидасы жалғасын тапты.

Қалалық денсаулық сақ-таудың келешегін қалыптастыру аясында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Денсаулық сақтау мақсатында құрылған ғылыми жұмыстар нәтижесі не берді?

Біздің орталық жаңа аку-шерлік, перинаталдық, гинеколо-гиялық технологиялар базасын іске асырып және елорданың денсаулық сақтау саласының болашақтағы дамуына үлкен үлес қосып келеді. Жылдан-жылға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсету көлемі мен саны артуда. Орталықта жыл сайын жоғары қауіп факторы мен ауыр патологиялық гинекологиялық аурулары бар жүкті әйелдер ем-деледі және босандырылады. Біз үшін қуаныштысы «медициналық мекемені еркін таңдау» қағидасы бойынша емдеуге жатқызылатын науқастардың саны өсіп отыр. Бұл біздің ісімізге науқастардың сенімінің артқанын көрсетеді.

Орталық медициналық көмек көрсетудің күнделікті әрекетін оқуды және талдауын, сапалы медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мен жаңа басқару тех-нологияларын енгізу бойынша ұсыныс дайындауды іске асырады. Ғылыми-ұйымдастыру және методикалық көмек формасы әртүрлі. Олар: республикалық аймақтық мекемелерге куратор-лық, консультациялық көмек, акушерлік, гинекологиялық және перинатология мәселесінде маңызды тақырыптық айналым-дары бойынша республика дәрі-герлерінің біліктілігін арттыру, Денсаулық сақтау министрлігі бұйрықтарының жобасын, кол-легия материалдарын, сондай-ақ босандыру мекемесінің қызметін регламенттейтін құжаттарды

дайындау, республика бойынша клиникалық хаттамаларды әзірлеу және енгізу жұмыстары. Біз орталық базада болашақ кадрларды оқыту мен акушерлік, гинекологиялық және перина-тологиялық маңызды мәселелер бойынша дәрігерлер біліктілігін арттыруда, жаңа диагностикалық технологияны игеру, болжам жасау және емдеу мәселесінде маңызды жұмыстарды атқарып келеміз.

Ана мен бала денсаулығын арттыруға байланысты атқа-рылған жұмыстар жөнінде не айтасыз?

Шындығында ана мен сәби денсаулығы перзентханадағы көрсетілген медициналық көмек сапасына байланысты екені даусыз. Ана мен оның сәбиінің денінің сау болуы жолында үлкен материалдық құрал жұмсалады. Яғни, ерте кезден бастап ағзада болуы мүмкін өзгерістерді, оның ішінде жүктілікті анықтау және диагностикалауда заманауи «ақылды» аппаратура сатып алу маңызды жұмыстардың бірі. Біз қазіргі таңда соңғы заманауи ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараты көмегімен ерте мерзімінен ұрықтың даму кемістігін анықтай аламыз. Мысалы, жүктілік кезінде резусы-қайшы болған жағдайда қан құю арқылы түтік ішінде ауыстыру сияқты жаңа технологияларды енгізіп отырмыз. Бірақ жаңа технология аппаратуралары ауру пайда болған кезде ғана көмектесе алады. Емханада қазіргі таңда болуы мүмкін патологияны ертерек анықтау бойынша скринингілік бағдарлама енгізіліп, сәтті жұмыс істеуде. Ал қайғыға ұласуы мүмкін қиын жағдайды ескерту көбінде науқасқа байланысты болады. Менің ойымша бүгінгі таңда әрбір науқас өз денсаулығына ерекше жауапкершілікпен қарап, өзін күте білсе, бұл халықтың денсаулығының жақсаруына әкелетін бірден-бір үлкен жол.

Әрине осындай жағдайда дені сау анадан міндетті түрде дені сау сәби дүниеге келеді деген қоғамдық пікір қалыптасады.

Түсінікті, дәрілік қамта-масыз ету қызметіне жүктелген міндеттемелерге байланысты қандай шаралар іске асырылды?

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңбе-рінде барлық дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар бөлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қарашадағы «Дәрілік заттарды, медициналық мақсат-тағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютер туралы» №1781 Қаулы негізінде тек қана Бірыңғай дистрибьютер – «СК-Фармация» ЖШС-нен сатып алынады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №1606 қаулысына сәйкес барлық дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар сапаға сәйкес бекітілген сертификаттары бар.

№1 перинаталдық орталық дәріханасында бөлімшелердегі дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алып, сақтайтын және таратуды қамтамасыз ететін мамандар жұмыс істейді. Температура тәртібі, топ бойынша, агрегаттық жағдай және ауа ылғалдығы талаптарына сәйкес дәрілік препараттар қатаң есептік бақылауда. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтары уақытылы толтырып, 100% қамтамасыз етіледі.

42

Перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне бірінші кезекте қандай талаптар қойылады? Мекемеде қанша дәрігер жұмыс жасайды?

Дәрігерлерге қойылатын негізгі талап – оның кәсіби біліктілігі. Біздің клиникада қазіргі таңда әртүрлі бейіндегі акушер-гинеколог, реаниматолог, неонатолог, пренаталдық диаг-ностика дәрігерлері, генетик дәрігерлер, зертханашы дәрігер-лері және басқаларды қосқанда 130-дан аса дәрігер жұмыс істейді. Бірақ кәсіби біліктілік бір жылда пайда болмайтынын айта кеткен жөн. Бұл үрдіске жету жолында ұзақ жол жүру қажет. Біздің ұжым қанша дегенмен жас. Бірақ кәсіби дайындық деңгейін көтеру мәселесіне көп көңіл бөлініп және жеткілікті кең ресурстар қолданылуда.

Медициналық жәрдемнің ауқымын кеңейту үшін меке-менің болашақ жоспарларымен бөлісе кетсеңіз...

Қазіргі кезеңде біздің клиниканың кең және ауқымды жоспарлары бар. Нарықтық жағдайдың қажеттілігіне орай тек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ғана білікті медициналық көмек көрсетумен қатар, сондай-ақ пациенттердің ауыр акушерлік-гинекологиялық және неонатологиялық патологияға қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған заманауи жаңа технологияларды күнделікті практикаға енгізу. Республиканың жетекші республикалық маңыз-дылығы бар клиникалардың тәжірибелерін, сонымен қатар жақын және шетелдік жаңа технологияларды енгізу біздің басым бағыттарымыздың бірі. Себебі клиникада туа біткен даму кемістігі бар нәрестелерге хирургиялық көмек көрсету тәжірибесі бар. Операциялар жақсы нәтижелер көрсетіп, ең бастысы даму кемістігі бар

балаларға өмір сүру мүмкіндігін сыйлайды. Оларға еліміздің әлеуметтік-бейімделген азаматы болуға мүмкіндік берді. Біз осы нәтижелермен тоқтап қалмай одан әрі алға жылжу жолында мүмкіндіктер іздестірудеміз.

Дәрігерлердің кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін олардың шет елдерге оқуға жіберілетінін білеміз. Жалпы біліктілікті арттыру аясында қолға алынған жобалардың жүзеге асуы қай деңгейде?

Иә, бізде медициналық кадрларды оқыту мәселесіне үлкен көңіл бөлінеді. Перинаталдық орталықтың дәрігерлері, аку-шерлері және медициналық мейірбикелері еліміздің ірі медициналық білім беретін мекемелерімен қатар алыс-жақын шетелдегі Екатеринбург, Мәскеу, Омбы, Санк-Петербург, Львов, Минск, Қазан, Волгоград қалаларында біліктіліктерін арттырады. Ағымдағы жылдың тамыз айында акушер-гинеколог және неонатолог дәрігерлер «Болашақ» бағдарламасы бойынша тәжірибеден өту үшін Оңтүстік Корея мен Израилге оқуға жіберілді. Олардың алған тәжірибелері мен білімдері біздің күнделікті жұмысымызға көмектесер деген үміттеміз.

Айтыңызшы, осы денсаулық сақтау саласында кездескен қандай да бір кемшіліктермен қалай күресуге болады?

Өкінішке қарай, кез-кел-ген қызметтік салада өзінің кемшіліктері мен жеке пробле-малары кездесіп жатады. Бірақ бүгінгі таңда емдеу үрдісін сауатты, кәсіби ұйымдастыру кезінде, проблемалық мәселелерді уақытылы анықтап, ең бастысы міндеттелген жұмысты іске асыруда ұжым қызметкерлерінде ауызбіршілік болуы тиіс. Сонда ғана үлкен жетістікке қол жеткізіп, түпкі мақсат – сапалы

медициналық көмек көрсету нәтижесіне жетуге болатынына мен нық сенемін. Әйелдер мен балаларға тиісті кәсіби медициналық көмек көрсету проблемаларын анықтау және қамтамасыз ету үшін ішкі аудит қызметі құрылған. Оның негізгі міндеті сапалы медициналық көмек көрсетуді үздіксіз бақылап, тұрғындардың медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттануына бағытталған іс-шараларды енгізу.

Астаналық әйелдер мен балаларға тиісті кәсіби медици-налық көмек көрсетуге қол жеткізудің басқа басым бағыты - Орталықтың өз қызметінде болашақтағы маңызды қажетті-ліктерді қолдануы. Ол – JCI Аккредитациясынан өту. JCI Аккредитациясы бұл медицина-лық қызмет сапасын арттыруға тырысатын және пациенттер үшін жақсы нәтиже шығаруға бағытталған медициналық мекеме үшін «алтын стандарт». JCI Аккредитациясының болуы өз елінен жоғары сапалы медициналық қызметті іздеп келген шетелдік туристік науқастардың сенім артуына кепілдік береді деп бағаланады. Біз алдымызға қойылған мақ-сатқа жету жолында белгілі бір кезеңдерден өттік және осы жобаны іске асыру жолында барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Осыдан жиырма жыл бұрын өз алдымызға егемен ел болып, азаттықтың көк байрағын желбі-ретіп, Тәуелсіздігімізді жария еттік. Тәуелсіздік – өзіміздің тағдырымызды дербес айқын-дауға мүмкіндік беретін іргелі құндылық.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Бейбітгүл Исаева

43

44

ҚАТЕРЛІ СЫРҚАТҚА - КӨПҚЫРЛЫ ДАЙЫНДЫҚ

«...Қазір «Саламатты Қазақстан - 2015» Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Енді онкологиялық аурулар мен

өлім-жітімді азайту мәселесі алдыңғы қатарға шығады...»Н. Назарбаев

Дәстүрлі медицина бүгіндері мем-лекетіміздің толықтай қолдауына ие. Адамдар ауырмай, ұзақ өмір сүру-лері үшін барлық мүмкіншіліктер қарастырылған. Халықты емдеп, са-уықтыру үшін заманға сай аурухана-лар мен емханалар да өз қызметтерін сапалы түрде ұсынуға талпынып бағады. Әсіресе, жыл сайын елімізде онкологиялық аурулар мен өлім-жітім көбейіп келсе де, халықтың аман қалу-лары мен денсаулықтарының жақ-сарып кетуі онколог дәрігерлерінің қолында болып отыр. Осыған орай біз Астана қаласы әкімдігінің онкология диспансерінің бас дәрігері Мұхтар Есенжанұлы Тулеутаевпен арнайы сұхбат жүргізген болатынбыз.

Мұхтар Есенжанұлы, Астана қаласы әкімдігінің онкология диспансерінің тарихына көз жүгіртсек, 2012 жылы мекеменің 60 жылдық мерейтойы аталынып өткен екен. Олай болса, әңгіме төркінін диспансердің тарихынан және жеткен жетістіктерін айтудан бастасақ.

Мекеменің қалалық деңгейде жұмыс жасауы 1997 жылдан бастау алады. Облыстық онколо-гиялық диспансердің негізінде осы қалалық диспансер болып құрылды. Ақмола онкология-лық қызметі болып 1952 жылы құрылып, 1962 жылы онколо-гиялық қызметтің дамуы үшін цитологиялық зертхана мен радиологиялық бөлімше ашылды. Қазір диспансер

қарқынды дамыған және замануи медициналық емдеу-диагностикалық жабдықтарымен жарақталған. Астана медицина Университетінің онкология кафедрасы, дәрігерлердің білім-дерін жетілдіру факультетінің онкология кафедрасы, сәулелі диагностика және сәулелі терапия, анестезиология мен реанимация, терапия кафедраларының және медицина коледжінің клиникалық базасы болып саналады.

Жалпы халыққа қызмет көр-сету тарихына үңілсек, алпыс жылдан асып барады. Диспансер-де 285 науқас адамға арналған төсек орыны бар. Жылына 7000-нан аса адам емделіп шығады. Ісіктерді емдеу терапиясы, торакальды және абдоминальды хирургия бөлімшелері,бас пен

мойын ісіктері, анестезиология-реанимация және қарқынды терапия, гинекология, химио-терапия, радиология және күндізгі стационар бөлім-шелері жұмыс жасайды. Сонымен қатар, операциялық блок, орталықтандырылған цитологиялық және клиникалық-диагностикалық зертханалар, патологоанатомиялық бөлім-шелері де бар. Аталған бөлім-шелер қызмет көрсетудің мына түрлерін ұсына алады: барлық хирургиялық; сәулелі; химиотерапиялық емдеу; өңеш асқазан жолдарындағы, бауыр мен өт жолдарындағы, ұйқы, сүт және аналық безіндеріндегі т.б. қатерлі және қатерлі емес ісік ауруларын емдеп жаза алады. Ауруханада 630 қызметкер, оның ішінде

45

134 дәрігер, 235 мейірбикелер қызмет етеді. Жылына 2500-ден аса әр түрлі хирургиялық оталар жасалынады. Әр жыл сайын 70-80-ге жуық дәрігерлер, 50-60 мейірбикелер, көптеген алыс және жақын шетелдерде Ресей, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Израиль, АҚШ, Прибалтика сияқты елдерде кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін оқуға барады, сондай-ақ, көптеген шет елдердің мамандарының қатысуымен «Шеберлік класстар» өткізу жаксы дәстүрге айналып барады. Осы кәсіби біліктілікті арттыру шараларының мақсатында қолға алынған жобалар аз емес, нәтижесі де жоқ емес. Мәселен осы жылдың наурыз айында Индиядан келген атақты Профессор Мохит Шарма деген маманның катысуымен біздің елде бірінші болып бас пен мойын обырына шалдыққан адамдарға микрохирургиялық ең күрделі оталар жасалған болатын, ол мысалы тіл обыры диагнозымен сырқаттаңған адамның тілін алып тастап өз денесінің тіндерін жасанды тіл жасап сол жаңа «мүшесімен» ол адам толық қолдана алады,бүгінгі күнге сол тәрізді операциялар 15 отандастарымызға өзіміздің мамандарымыз жасады.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулері мен мәліметтеріне сүйенсек, аурудың бұл түрі және жалпы обыр-рак аурулары темекіні шегетін, артық салмақ жинаған адамдарда, мөлшерсіз әртүрлі ішімдіктер және т.б. жағдайларда жиі кездеседі. Тұқым қуалау салдарынан да обыр аурулары пайда болады. Ол сүт және аналық бездерінің және тоқ ішектің обырының кейбір түрлері. Сол себептен онкология саласының халықаралық бас-таушысы саналатын шет ел медицина орталықтары мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасаудамыз. Ал, хирургия бөлімшелерінде асқазанды,

өңешті, қуықты ауыстыру және өкпенің және бүйрек обырына әр түрлі оталар жасалынды. 2012 жылдан бастап республикамызда «Онкология саласының 2012-2016 жылдарға арналған даму бағдарламасы» елімізде іске асуда, бағдарлама аясында біз Астана қаласының емханаларымен бірігіп рак ауруының 7 түрінен алдын алу-«скрининг» бағдарламасын өткізуде. Олар: сүт безі, жатыр мойыны, тік және тоқ ішектің, өңештің, асқазан, бауыр және қуық асты (простата) безінің аурулары.

Онкология қызметкерлерінің көп жылдардағы тәжірибесіне орай, көпқырлы дайындық деңгейлері қандай? Қатерлі ауруларды емдеу ісі қалай жүзеге асып отыр?

Онкология қызметкерлері өздерінің көп жылдық тәжіри-белеріне сүйене отырып, жұ-мыс жасап келеді. Мәселен, торакальды хирургия бөлімшесі қатерлі ауруларды емдеумен айналысып келеді. Сол ауруларды емдеудің негізгі әдісі радикалды оталарды жүзеге асыру болып табылады. Көп жағдайларда ағзалардың зақымдануында көрші ағзалар резекциясы жасалады. Ісікке шалдыққан және ісік алды өңеш жолдары ауруларын замануи хирургиялық емдеу әдістері пайдаланылады. Бұл аурулар ота жасау жолымен ғана емделінеді. Емдеуде кеңейтілген оталарды қолданудың замануи стратегиясы жасалынады. Сүт безі обырын алдын-ала диагнос-тика жасалғаннан кейін, ағзаны зақымдамай аман сақтап қалатын оталарды косметикалық әдіспен емдеу қолға алынды. Сондай-ақ, сүт безін пластикалық оталар арқылы алып тастап, орнына арнайы протез салынады. Ал, абдоминальды хирургия бөлім-шесінде асқазан обырымен ауыратындардың және ішперде арты ісіктерді емдеуге, сондай-ақ, диагностика әдістерін жетілдіруге бағытталған. Ас қорыту жолда-

рындағы, іш қуысындағы, онко-урологиялық патологиясына, сүйек ісігіне ағзаны сақтап қалатын оталар жасалынады. Кеңейтілген-аралас оталарды қолдану кең түрде жүзеге асып келеді. Гинекология бөлімшесінде әйел ағзаларындағы қатерсіз және обыр алды ауруларын емдеу жұмыстары жүргізіледі. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде ауырсынуды басатын әдістемені, орталық күре тамыр мен қан тамырларына сүңгі салу, жұлын ми мен эпидуралды кеңістікті тесу және сүңгі салу, сонымен бірге, әртүрлі анестизиялық жұмыстарды атқарады. Ал, ота жасау бөлімінде торакальды, абдоминальды хирургия мен гинекологиялық бөлімшелердің ота жасау жұмыс-тарын жүргізуді қамтамасыз етеді. Радиология бөлімі бас пен мойын ісіктеріне және сүт безі обырына, өкпе обырына және т.б. ауруларды емдеу әдістемелерін толық игерген. Бұдан да басқа химиотерапия, ісік терапия, күндізгі стационар мен қабылдау бөлімшелері жұмыс жасайды. Емханада сәулелі диагностика және эндоскопия, клиникалық диагностикалық зертханасы, орталықтандырылған цитологиялық зертхана, патало-гоанатомия, дәріхана, менеджмент және медициналық қызметтің сапасы, әдістемелік-ұйымдастыру, әкімшілік-шаруашылық, эконо-микалық бөлімшелерімен қатар онкология, радиология және т.б. кафедраларымен бірігіп жұмыс жасайды.

Диспансерде дәрігерлердің кәсіби біліктілігін көрсете алатын жоғарыда айтылып өткеннен басқа тағы да қан-дай межеленген жоспарлар қолға алынды? Сондай-ақ, дәрігерлерге басты қандай талаптар қойылып жатыр?

2010 жылы тұңғыш рет сүйек-цементін қолдану арқылы сүйекке-пластикалық ота жасау жүзеге асырылды. Аталған

46

емдеу әдісінен елімізде обыр сырқатын емдеуде бірінші болып алдыға шықты. Астана қаласы әкімінің «АстанаInnovation» атты байқауында біздің онкология диспансері қала бойынша бі-рінші орынды жеңіп алды. 2008 жылға қарағанда 2013 жылы диспансерде ота жасау белсенділігі екі-үш есеге өсті. 2012 жылы онкология сырқаты бар балаларды емдеу үшін 10 кереуеттік балалар бөлімшесі ашылды. Балалар онкологиясы толықтай клиникалық-аспаптық жүргізу, едәуір өскен ісікті жедел түрде және сәулемен емдеу терапиясы қызметін көрсетеді. Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен 2013 жылдан бастап Париждегі Еуропаның ең үлкен және алғы шептегі медицина орталығы «Гюстав Русси атын-дағы онкология институтымен» шарт жасалды. Диспансердің жоспарларында тоқ ішектегі ісікті емдеуде лапароскопиялық ота жасауды, сүт безі ісігін, қуық асты безінің ісігін емдеуде кеңейтілген түрде емдеу және 2012 жылдан «Бас пен мойын» бөлімшесін жүзеге асыру болып табылды.

Диспансердің дәрігерлеріне мамандығының кәсіби шыңына жету, өз ісіне біліктілік таныту талаптары қойылады. Сонымен қатар ең басты кезекте дәрігер-лерде адамгершілік қасиеттері болуы керек. Себебі, онкологиялық ауруларға ұшыраған адамдардың

жүйкесі тозған. Науқастарға сол себепті де жылы шырай таныту қажет. Көптеген дамыған мемлекеттерді байқап отырсақ, дәл біздің мемлекетіміздегідей онкологиялық ауруларға қарсы жасап жатқан мүмкіншіліктері бірен-саран ғана. Соңғы екі жылда елімізде онкология саласына бөлінген қаражаттың көлемі 2,5 есеге өсті. Кейбір сырқаттың түрлерін емдеуге жылына бір адамға 28 миллион тенге қаржы жұмсалады. Обырға шалдыққан науқастар барлық емдеу түрлерін толық және тегін алады. Дамыған шет елдердің біреуі азаматтарына бұндай мүмкіншілік бере алмайды.

Онкологиялық диспансер-лердің пайда болу себебін немен түсіндірер едіңіз? Науқастар қандай шағыммен жиі келеді?

Онкологиялық диспансер-лердің пайда болуы 50-60 жылдары Мәскеудегі онкологиялық зерттеу институты, республикалық және облыстық онкологиялық диспансерді ашуды көздеді. Оның себебі онкология сырқаты ерекше көзқарас пен ерекше емдеу тәсілдерін қолдануды талап етеді. Кеңес Үкіметінің онкологиялық диспансерлерді ашуы сол кездегі талаптарынан туындаған. Қазіргі кезде «диспансер» атауынан адамдардың шоши түсетіні бар.

Жоғарыда айтып өткенімдей аурудың пайда болуы – темекіні шегуден болып отыр, бұл ғылыми

зерттеулер жүзінде дәлелденді. Өкпе қатерлі ісігінің 99 пайызы темекіні үздіксіз шегудің салда-рынан адам ағзасына әсерін тигізіп отыр. Асқазан қатерлі ісігін алып қараңыз. Аурудың бұл түрі дұрыс тамақтанбаудың кесірінен ал, терінің қатерлі ісігі күннен бөлінетін ультракүлгін сәулелер нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Сондықтан онко-логиялық аурулардың алдын-алуға байланысты біршама кеңес бергім келіп отыр. Темекі шегуді қою, алкогольді ішімдіктердің мөлшерін азайту, тиімді тамақтану, дене салмағын дұрыс ұстап, семіздікке қарсы күрес жүргізу керек. Сондай-ақ, денеге үнемі шынықтыруды жүргізу, отбасын салауатты жоспарлау, ретсіз жы-ныстық қатынаста болмау, бала көтертпейтін заттарды тиімді қолдану және контрацепция әдістерін ретінде қолдану және жасанды түсіктен бас тарту қажет. Егер осы аталған мәселелермен бірге адамдар жүйелі түрде дәрігерлік тексерулерден оның ішінде скринингтерден уақытында өтіп, есепке алып жүретін болса, онкологиялық аурулардың алдын алуға бірден болады.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем Сағиқызы

47

МАҚСАТЫМЫЗ САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Астана қаласының №4 қалалық емханасынан күнделікті 1000-ға тарта адам сапалы әрі жоғары бі-лікті дәрігерлік көмек алады. Бұл ме-дициналық мекеме елорданың сол жа-ғалауы мен оң жағалауының түйіскен жеріне жаңадан салынып, 2008 жылы пайдалануға берілген еді. Сол кезеңнен бері емхана өзіне лайықты абырой мен тұрғындардың құрметіне ие болды. Бүгінгі таңда емханаға 181 мыңға жуық қала тұрғыны тіркеліп, сапалы ем-дом алады. Бұл мекемеде отбасы мүшелері жасынан кәрісіне дейін келіп қаралуға мүмкіндік жасалған. Емханада балалар бөлімі, ересектер бөлімі, әйелдерге

Серік Әменұлы, өзіңіздің басшылығыңыздағы ШЖҚ «№4 қалалық емхана» МКК еліміздегі ең ірі емханалардың бірі. Емхананың бүгінгі таңдағы атқарып отырған жұмыстары жайында әңгіме өрбітсек. Бүгінгі таңда қанша адамға қызмет көрсетесіздер?

Ең алғаш ашылғанда біздің емхана 60 мың адамға есептелген болатын. Бірақ бас қала күн сайын дамып, көркейіп келеді, қаламен бірге оның тұрғындарының саны да артуда. Бүгінгі күні біз 181 мыңға жуық қала тұрғынына сапалы медициналық қызмет көрсетеміз. Олардың ішінде 45 мыңға жуық балалар бар. Ем алушылардың санына қарап-ақ жұмысымыздың үш есеге артық

екенін көресіз. Алайда әрбір нау-қас өзінің учаскелік дәрігеріне немесе алдын ала тіркелім бойын-ша шағын көлемді маманға уақы-тында кіруі үшін қолымыздан келгенін жасаймыз.

Емхананың қызмет көр-сету ауқымы өте үлкен 30 шақырым. Сондықтан, түрлі жастағы азаматтарға сапалы қызмет көрсетіп үлгеру мақ-сатында ересектер мен балалар, зейнеткерлер кезек күтіп ұзақ уақыт тұрмасын деп 3 тіркеу бөлімін ашып қойдық. Емханада мамандандырылған хирургия бөлімі, акушерлік-гинекологиялық бөлім, маман-дандырылған терапиялық бөлім, мамандандырылған педиатриялық бөлім, сәуле және

функционалды диагностика бөлімі мен жылжымалы медициналық кешен, гепатологиялық орталық, зертханалық технологиялар орталығы қызмет көрсетеді.

Мәселен, гепатологиялық орталықтың міндетіне созылмалы гепатитпен ауыратын балалар мен ересектерді диспансерлік тіркеуге алу, бауырдың вирустық патологиясы бар науқастардан вирусқа қарсы терапия көрсет-кіштерін анықтау, вирусқа қарсы терапия, ВҚТ төзімділігін бағалау, ВҚТ нәтижелілігін бағалау сынды көптеген қызметтер кіреді.

Біздің емханада медицинаның түрлі саласының кәсіптік дағ-дыларын меңгерген үздік мамандар жұмыс істейді. Басты ұстанымымыз - Астана

кеңес бөлімдері жұмыс істейді. Емдеу шараларынан бөлек, емхана қызметкерлері аурулардың алдын алуға икемделген. Сондықтан мұнда емдік физкультура, арт терапиямен шұғылданамын деушілерге арнайы жабдықталған кең залдар бар. Сонымен бірге онда «Рауан» жастар орталығы, «Алтын жылдар», «Денсаулық» сынды түрлі клубтар жұмыс істейді. Емхананың қазіргі таңдағы тыныс тіршілігін білу мақсатында аталмыш мекеменің бас дәрігері Серік Әменұлы Шәймерденовпен сұхбаттасқан едік.

48

қаласының тұрғындарын сапалы амбулаторлық-емханалық көмекпен қамтамасыз ету.

Мемлекет басшысы та-рапынан дені сау ұлт туралы жиі айтылады. Сіздің емха-нада осыған байланысты науқастарды емдеуден бөлек басқа қандай шаралар қолға алынған?

Ең бірінші кезекте біз ауру-лардың алдын алумен айналы-самыз. Өйткені ол емдеуден де маңызды. Ауруды емдеуге қарағанда ескерту жеңіл. Бұл жерде, жылда жүргізілетін скри-нинг туралы айтып отырмын. Жалпы біз бірнеше ауру бойынша жұмыс істейміз. Ол қан айналымы жүйесінің аурулары, қант диа-беті, су қараңғылық, сосын рак ауруының бірнеше түрі, атап айтқанда, сүт бездері, жатыр мойыны және тоқ ішектегі рак аурулары. Бұлар ерте кезеңінде уақытында анықтауды қажет ететін және онымен басынан бастап күресетін аурулар.

Осы ауруларды ертерек анықтаудан бөлек, біз зақымда-нушылықтың, жазатайым оқиға-лардың алдын алу жұмыстарымен айналысамыз. Соңғы уақыттарда балалардың көпқабатты үйлердің терезесінен құлап жазатайым болған оқиғалар жиілеп кетті. Сондықтан, ата-аналарға оқыс жағдайлардың алдын алу үшін балаларын көз алдында ұстаса деген тілек бар.

Ұжымыңыздың жеткен жетістіктерімен бөліссеңіз...?

Бүгінгі таңда біздің емхана Қазақстан Республикасының үздік емханаларының бірі болып табылады. 2011 жылы емхана «Кезексіз емхана» республикалық конкурсының жеңімпазы болды. 2012 жылы емдеу мекемелерінің рейтингісі нәтижесінде 6 ай-дың қорытындысы бойынша «Республиканың үздік емханасы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған. 2013 жылы біз Қазақстан

және ТМД елдері экономикасының кәсіпорын-лидерлерінің Ұлттық бизнес-рейтингі нәтижесі бойынша Қазақстанның денсаулық сақтау мен экономикасы дамуына қосқан үлесі мен өндірістік қызмет жоғарғы стандарттары және алдыңғы қатарлы технологияларды енгізгені үшін «Қазақстан Лидері 2013» премиясының жүлдегері болдық.

Және бір үлкен мақтанышпен айтар жаңалығымыз Тәуелсіздік күні қарсаңында №4 қалалық емхана ИСО – 9001:2008 халық-аралық стандартына сәйкес сертификациялық аудиттен өтті. Біздің ұжым бірнеше рет Астана қаласы әкімдігінің, Ден-саулық сақтау министрлігінің Алғыс хаттарымен, «Нұр Отан» партиясының мақтау қағаздарымен марапатталған. Ал енді халықаралық дәрежеде мойындалды. Сапа сертификаты - емхананың халықаралық стандарттарға сәйкестігін дәлелдейді және медициналық қызметтер нарығында бәсеке-лестікті арттырады. 2012 жылы емдеу мекемелерінің республикалық рейтингінің қорытындысы бойынша емха-наның «Республиканың үздік емханасы» мәртебесін иеленуі осы жетістікті қуаттайды.

Науқастардың дәрігерге көріну үшін сағаттап кезекте тұратынын көзіміз көріп жүр. Сіздің емханадағы кезек күту мәселесі қалай шешілген?

Біз дәрігерге кезек күту мәселесін учаскелік желілер арқылы шешіп отырмыз. Қарт кісілердің, мүгедектердің және аяғы ауыр әйелдердің үйлеріне бару арқылы медициналық көмекті науқасқа жақындатамыз. Сонымен бірге, бүгінгі күні Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік қызметкерлердің қызметіне ерекше басымдық беріп отыр. Он жыл бұрын мұндай қызмет түрін еліміздің тұрғындары түсінбейтін. Ал қазір ол қызметкерлер бүкіл

емханаларда бар. Негізінен олар учаскелік

дәрігерлермен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Ал олардың негізгі міндеті науқастардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын зерттеу, халықтың арасынан тұрмысы төмен, әлеуметтік қорғалмаған жандарды анықтау. Науқастың қандай жағдайда тіршілік ететініне көз жеткізу керек қой. Науқасқа психологтың көмегі дәрігерлік көмектен де зәру болатын кездер аз емес. Өйткені сырқатының себебі, ішкі организміндегі аурудан емес күйзеліс, жабығу, отбасындағы жанжалдан болуы да мүмкін.

Сондықтан психологтар балалар мен жасөспірімдерге көп көңіл бөледі. Біздің емханада осы бағытта жұмыс істейтін екі клубымыз бар. Оның бірі қарт кісілерге арналған «Алтын жылдар» клубы, екіншісі жасөспірімдерге арналған «Рауан» жастардың денсаулық орталығы. Мұнда науқастар талғамдары бойынша бірігеді, бір бірімен танысып, қарым-қатынас жасайды. Бір сөзбен айтқанда өздеріне өздері мереке ұйымдастырады.

Емханадағы репродуктивті денсаулық туралы не айтасыз?

Репродуктивті денсаулық ерлер мен әйелдердің репро-дуктивті жүйедегі аурулардың қауіпсіз, нәтижелі, қолжетімді алдын алу мен емделу әдістеріне қол жеткізу және ақпарат алу құқығын қарастырады. Азаматтардың репродуктивті денсаулығын нығайту Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мем-лекеттік бағдарламасындағы маңызды міндеттердің бірі.

Қазіргі өркениетті қоғамда адамның өмір сүру құқығы мен өз денсаулығын, оның ішінде репродуктивті денсаулығын қорғау қамтамасыз етілуі керек. Сол себепті біздің №4 қалалық емханада азаматтардың

49

репродуктивті денсаулығын қорғауды мақсат еткен, денсаулық мектептері жұмыс істейді. Олар: босануға дайындық мектебі, жас аналар мектебі, дені сау сәби мектебі.

Босануға дайындық мектебі әйелдерді бала тууға жан-жақты дайындауға, босану алдындағы қорқынышты жоюға және бо-сану кезеңдерінде өзіне көмек беру машықтарына жаттығу жасауға бағытталған. Өйткені ата-аналар мен сәби арасындағы гармондың қарым-қатынасты қалыптастыруда олардың жүктілік кездегі дайындығы аса маңызды. Ал жас аналар мектебі мен дені сау сәби мектебі ата-аналарға балаларының денсаулығы мен тәрбиесіне қатысты, ерте жастағы дені сау балалармен профилактикалық жұмыстар, отбасындағы салауатты өмір салтын насихаттау, ата-аналарға дені сау бала тәрбиелеудің негізгі тәртібін үйрету мәселелерінде қызмет көрсетеді.

Осылайша бүгінгі таңда репродуктивті денсаулық меди-цина саласының ғана емес бүкіл қазақстандық қоғамның назарында тұрған дүние. Себебі, ол балалардың денсаулығымен, мемлекеттің болашағымен тікелей байланысты. Репродуктивті жасқа келген жастардың денсау-лығындағы мәселелерді шешкенде ғана дені сау ұрпақтың дүниеге келуін күтуге болады.

Жоғарыда бір сөзіңізде

тұрғындарды скринингтік тексеруден өткізу туралы айтып өткен едіңіз. Тұрғындар скринингтен уақытында өте ме әлде қандай да бір қиындықтар бар ма?

Иә, бұл мәселеде тұрғындар арасында аздап түсінбеушілік бар. Халыққа өзіміз ескертіп айтып отыруымызға тура келеді. Басқа мемлекеттерге іс сапармен барғанда байқаймыз, ол елдерде халық ешқандай ескертусіз-ақ өздері скринингтік тексеруден өтуге келіп жатады. Яғни, ол жақтың адамдары өзінің денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарайды. Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР Кодексі мен Мемлекет басшысының Жолдау-ларында ел тұрғындарының денсаулығы үшін мемлекет пен жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне ерекше мән берілген. Осы міндеттер жүзеге асқан уақытта ғана әр екі жыл сайын адамдардың скринингтік тексеруден өтуі қажет екенін еске салып, науқастарды шақырудың қажеті болмайды. Сол кезде рак ауруы да қауіпсіз болар еді.

Бүгінгі қоғамда дәрігерлерге деген сенімсіздік артып кетті. Оның себебі неде?

Әрине дәрігерлерді ел бұрын-ғыдай құрметтеп, жақсы көрсе, дәрігер өз кезегінде науқастарын жақсы көрсе деген үміт бар. Бірақ қазір олай болмай тұр. Бәрі 1990 жылдары, ел қайда барарын білмей

сасқалақтап тұрған, тоқырау кезеңінде басталды ғой. Тіпті көбісі сол уақытта мамандығын тастап кетуге мәжбүр болды. Экономиканың тұрақсыздығы көбісін жолдан тайдырды. Қызметін пайдаланып ақша жасауға дейін барды. Әйтседе бүгінгі күні барлық нәрсе рет-ретімен қалпына келіп жатыр ғой. Жастарымыз осы мамандыққа мақсатты түрде келетін болды және олар шын мәнінде науқас-тарға дәрігерлік көмек беріп, сапалы ем жасағылары келеді. Енді әрбір маман өзінің дәрежесін жоғары ұстау керек. Дәрігер науқасқа сапалы ем жасаса, өз кезегінде науқас денсаулығы үшін жауапты болуы тиіс.

90-шы жылдардың қиын-дығын жақсы айттыңыз. Біздің дәстүрлі сұрағымыз бар. Тәуелсіздік ұғымының қадірі мен қасиеті неде?

Тәуелсіздік – қазақстандық-тардың ең қасиетті құндылығы. Тарих пен тағдырдың талай өткелінен сүрінбей өткен қазақ халқы, жалпы қазақстандықтар жасампаздықпен аянбай еңбек етіп, достық жолын нығайтып, қасиетті Тәуелсіздігіміздің мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтата білді. Сондықтан оның қадір-қасиетін ұғыну - бүгінгі жастардың міндеті.

СұхбаттасқанӘсем Сағиқызы

50

БІЗ ЕМДЕЛУШІЛЕРДІҢ ТАЛАП ҮДЕСІНЕН ШЫҒУ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІЗ

1993 жылдың мамыр айында 300 орын-дық облыстық аурухана болып ашылған Астананың №2 қалалық балалар аурухана-сы елорда мен қалаға жақын аудандарда тұратын бүлдіршіндерге стационарлық, стационар алмастырушы және жаңа медициналық технологияны қолдана отырып, консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін жалғыз көп салалы мекеме болып саналады. Аурухана Siemens, Эскулап (Германия), Medtronic (АҚШ), Kei-seil medical industrialco, LTD (Жапония), Hocoma (Швейцария) сияқты әлемнің үздік компанияларының заманауи емдеу-диагностикалық құрылғыларымен жабдық-талған. Қазіргі кезде 14 клиникалық және 6 параклиникалық бөлімшелерде бір уақыт-та 350 бала стационарлық көмек ала алады. Аурухананың Жақ сүйек-бет патологиясы

Расулбек Рахманбердіұлы, №2 Қалалық балалар ауру-ханасының бүгінгі таңдағы атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып өтсеңіз. Өзіңіз басшылыққа келгелі қандай жаңалықтар орын алды?

№2 Қалалық балалар ауру-ханасы көп бейінді профилак-тикалық-емдеу мекемесі болып табылады. Мұнда балаларға хирургиялық және педиатриялық аурулардың толық спектрына жедел дәрігерлік көмек бері-леді. Өткен жылы ғана біз бір ауысымда 250 келушіні қабылдайтын емханасымен 350 төсек орындық көп салалы қалалық балалар ауруханасы ретінде жаңа ғимаратқа көштік. Жаңа ғимаратты ауруханамыз заман талабына сай медициналық

құралдармен жабдықталған. Қалалық жасөспірімдерге арналған амбулаторлық хирур-гия орталығы емхананың бөлімшесінде орналасқан. Ауру-хананың негізі науқастардың 82% пайызы жедел түрде көмек көрсететін аурулар. Өзіңіз білесіз Астана Қазақстанның жүрегі болғандықтан, елдің бізге үмітпен қарайтыны белгілі. Оның үстіне жылдан жылға астаналық ағайынның саны артып келеді. Бұл ретте аурухана қызметкерлеріне артылған жүк те жеңіл емес. Оның үстіне қазір жұрт шетелге барып емделіп келеді. Ол жаққа барып келген ата-аналар арасында шетелдің ауруханаларының жағдайымен бізді салыстыру көзқарасы пайда болған. Олар бізден де дәл шетелдегідей

дүниені талап етеді. Сондықтан біз емделушілердің талап үдесінен шығу үшін қызмет етеміз. Емделушілерге заманауи жаңа шағын инвозивті, жоғары сапалы технологияларды қолданып көмек береміз.

Жалпы балаларға жоғары мамандандырылған, білікті тегін медициналық жәрдем қандай жағдайда жасалады?

Мұнда қаланың балаларына кепілді көлемінің шеңберінде жоғары мамандандырылған және білікті, тегін медициналық көмек көрсетуді стационарлық, стационарды ауыстыратын және консультативтік-диагностикалық көмек түрінде қамтамасыз етеді. Ата-аналар ол үшін ақша төлемейді. Өйткені жоғарыда

бар. Осы ретте біз аурухананың бас дәрігері Расулбек Рахманбердіұлы Аиповты сөзге тартқанбыз.

51

айтып өткенімдей, аурулардың 82% пайызы жедел түрде көмек алады. Биылдың өзінде ауруханада 14 500 балаға дәрігерлік көмек берілген. Солардың 5000-ға жуығына тегін ота жасалды. 150 мың бала емханада дәрігерлік кеңес алды. Айта кеткен жөн, біздің ауруханада клиникалық-диагностикалық зертхана, физиотерапиялық бө-лімше, сәулелік-диагностикалық бөлімше, функционалдық диаг-ностика кабинеті, эндоскопия бөлімшесі, орталандырылған заласыздандыру бөлімшелері науқастарға дәрігерлік көмекті тегін көрсетеді.

Ауруханаға еліміздің өзге өңірлерінен келіп емделуге ниет білдірген ауруларға мүмкіншілік бар ма? Оны қалай жүзеге асырса болады?

Әрине, мүмкіншілік бар. Біз ондай науқастарға екі түрлі жағдайда жедел дәрігерлік көмек береміз. Оның алғашқысы, егер науқас Астанаға келіп, ауырып қалса біз оған міндетті түрде жедел көмек береміз. Екінші жолы, басқа облыстан біздің ауруханаға келіп емделгісі келсе Денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесі бойынша портал арқылы тегін ем

қабылдауға болады.

Айтыңызшы, сапалы медициналық қызмет көрсетудің негізі қандай?

Менің ойымша ең бірінші тәжірибелі, екіншіден кәсіби маман болу керек. Егер сіз кәсіби маман болсаңыз науқас балаға жоғары деңгейде дәрігерлік көмек беруге ұмтыласыз. Кез келген дәрігер маманы өз жұмысында кәсіби мықты болса, әрине оның қызметі сапалы болады.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Тәуелсіздіктің қадірі мен қасиеті мен үшін әрине маңызды. Тәуелсіздік - Алла тағаланың бізге берген бақыты ғой. Сондықтан біздер осы бақытымызды бағалай білуіміз керек. Еліміз алғаш Тәуелсіздік алған кезде өте қиын кезеңді бастан кешті. Дәрігерлердің жалақысыз жұмыс істеген кезі де осы тұста еді. Шүкір деу керек, бұл қиындықтың бәрі артта қалды. Бүгінде Тәуелсіздігіміздің арқасында шетелге шығуға мүмкіндік алдық, тек Мәскеуде ғана емес әлемнің бар түкпіріне барып білім алуға қол жеткіздік.

Сол Тәуелсіздіктің арқасында елдің еңсесі көтерілді. Рухы қайта шалқыды. Алыс-жақындағы көршілес елдер атымызға қанықты.Тәуелсіз қазақ елінің басты байлығы бостандығын бағалады Сондықтан да мен үшін Тәуелсіздік ұғымы үлкен мақтаныш.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Эльмира Сегизбаева

52

ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНА – ӘР АДАМҒА!

Рахымжан Дайрабайұлы, әңгімемізді еңбек жолыңыздан бастасақ. Осы салаға қалай келдіңіз?

Менің осы мамандықты таңдауыма әкем себепкер болды. 9 сыныптан кейін Қызылорда медициналық училищесіне оқуға түстім. Әкем дүниеден ерте өтті. Көз жұмар алдында ақ халаттағы мені көріп, «балам, саған мамандығың да, ақ халатың да жарасады екен, дәрігерлік оқуыңды жалғастыр» деп өсиет айтып кетті. Алдыма мақсат қойып, 1994 жылы Ақмола мем-лекеттік медициналық академия-сына оқуға түсіп, дәрігер-хирург мамандығы бойынша білім алып шықтым. 7 жыл бойы Ұлттық ғылыми медицина орталығында профессор Жақсылық Досқалиев-тың жетекшілігімен хирургия бөлімінде жұмыс істедім. Содан кейін Президент істері Басқар-масының Орталық клиникалық

ауруханасында профессор Серік Тоқпановтың жетекшілігінде 3 жыл қызмет еттім. 2012 жылдан бері Астанадағы №2 қалалық ауруханада жалпы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі қыз-метіндемін. Германия, Ресей, Оңтүстік Кореяда қазіргі хирургия саласы бойынша тәжірибеден өттім. Осы салада еңбек еткеніме 10 жыл болыпты. Оқу бітірген сол жылдары Астана енді бой түзеп, көтеріліп жатты. Астана – болашақтың қаласы болғандықтан, бәріне шыдаймыз, жаспыз ғой деп осында қалдық. Баспана алғанша, жағдай дұрысталғанша он жылдай кішкене қиыншылық көрдік. Енді сол кездегі еңбектің, шыдамдылықтың нәтижесін, жемісін қазір көріп отырмыз.

№2 қалалық ауруханасы-ның бүгінгі даму қарқыны жайлы айтып берсеңіз. Сіздің бөлімшеңіздегі дәрігер маман-

дардың кәсіби біліктіліктері қандай деңгейде?

№2 қалалық ауруханасы 2010 жылдың қыркүйегінен бастап өз қызметін бастады. Аурухана құрылымында 23 емдеу-диагностикалық бөлімше бар. Жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталу нәтижесінде интервенциялық кардиология мен кардиохирургия енгізілді және олар республика-лық емханалармен бірдей дең-гейде ойдағыдай жұмыс атқарып келеді. Хирургияда эндобейне-хирургияның көмегімен отадан кейінгі кезеңді азайтатын, ауру-лардың асқыну деңгейін төмен-дететін және науқастардың жұмысқа деген қабілеттіліктерін тез арада қалпына келтіруге септігін тигізетін кішігірім инвазивті оталарды жасау, сондай-ақ, ультрадыбыс, суық плазма және аргон кескіш құралдар болып табылатын жиілігі

Денсаулық кез-келген адам үшін ұлы қазына, баға жетпес байлық. Сан алуан мамандықтың ішінде адамға ең қажеттісі – дәрігер мамандығы. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, адамдарға өмір сыйлап жүрген өз ісінің білгірі, ақ халатты абзал жан - Астана қаласындағы №2 қалалық аурухана жалпы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Айғараев Рахымжан Дайрабайұлымен сұхбат жүргізген едік.

53

жоғары деңгейдегі хирургия мен ультрадыбыстық хирургияны қолдана отырып оталар жасау мүмкін болды. Стационарлық көмек көрсету үшін аурухана медициналық техниканың соңғы үлгідегі заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарымен жабдықталған. Аурухана толық компьютерлендірілген, барлық бөлімшелер бірыңғай ақпараттық желімен байланысқан, электронды құжат айналымының қағазсыз әдісі енгізілген. Ма-мандардың кәсіби біліктілігі жайлы айтар болсам, дәрігер-лер өте тәжірибелі, дарынды, қабілетті. Қарамағымдағы мамандардың ішінде еңбек өтілдері жоғары білікті хирург-тар, медицина кандидаттары бар. Кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында түрлі деңгейдегі ғылыми конференциялар, шеберлік класстарына қатысып тұрамыз. Ауруханада емделетін науқастардың 80%-ға жуығы жедел-жәрдеммен келіп түсе-тіндер. Жалпы хирургия бөлім-шесі оларға уақытылы, сапалы көмек көрсетеді. Келесі жылы мамандарымызды шетелге оқуға жіберуді жоспарлап отырмыз.

Болашақтағы жоспар-жобаларыңызбен бөліссеңіз.

Біздің алдымызда Елбасының тікелей қолдауындағы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бо-йынша медициналық қызметтің сапасын арттыру және жоғары технологиялы денсаулық сақтау жүйесін дамыту міндеті тұр. Менің басты мақсатым – халыққа өз пайдамды тигізу. Халықтың, әсіресе, алыс ауылдарда тұратын халықтың медициналық көмекке зәру екендігі белгілі. Халықтың осындай көмекке қолжетімділігін арттыру мақсатында біздің аурухана жылжымалы кешенді дәрігерлер бригадасын құрып, ауылдық жерлерге барып, ха-лықтың денсаулығын тексеріп, кеңес береді. Сондықтан, ауыл тұрғындарына мейлінше көп көңіл

бөлу, оларды ақпараттандыру, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға көп көңіл бөлгім келеді.

Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы бүгін қандай деңгейге көтерілді деп ойлайсыз?

Еліміздің денсаулық сақтау саласы күн сайын дамып келеді, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жатыр. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істейді. Медицинаға жоғары технологиялар енгізіліп жатыр. Қазір байқасаңыз, әлемдік технологияларды пайдалануда дамыған елдермен тереземіз тең болып отыр. Сапалы медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың саны артып келеді. Ел тұрғындары денсаулығының жыл сайын жақсарып келе жатқанын нақты көрсеткіштерден байқауға болады. Бір сөзбен, еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына оң баға беремін.

Рахымжан Дайрабайұлы, бүгінгі хирург қандай қасиеттерге ие болу керек?

Науқастарға ота жасау үлкен жауапкершілік. Хирург дірілдесе, жанындағы ассистенттер де дірілдейді, сондықтан, хирург ота жасар кезде өз шамасын білу керек, өз-өзіне сенімді болуы

керек. Өз басым, ота жасау кезінде ең бастысы зақым келтірмеуді ойлаймын. Ота сәтті өтіп, емделуші сауығып, үйіне риза болып оралса – мен үшін одан асқан қуаныш жоқ!

Отбасыңыз жайлы айтып берсеңіз.

Өзім 1976 жылы Қызылорда облысының Сырдария ауданы Тартоғай деген ауылында дүниеге келдім. Бүгінде осындай жетіс-тіктерге жетуім ата-анамның арқасында. Олар бар саналы өмірін білімге арнаған жандар. Әкем физика-математика пәнінің мұғалімі болды. Анам 61 жаста. Ол да физика-математика пәнінің ұстазы, қазір зейнеткерлікте. Отбасымда бір ұл, екі қыз бала тәрбиелеп отырмын. Жұбайым өзім сияқты дәрігер.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Тәуелсіздік мен үшін үлкен мақтаныш. Әр азамат колдан келгенше елімізді өркендетуге қызмет жасауы керек. Мемлекеттің басты құндылығы – халық болса, біздің мақсат – халықтың денсаулығын сақтау.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем Бірмақова

54

НайманҚалабаев

55

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯДА!

Білім – ырыс қазығы

Тәуелсіз жиырма екі жылдың ішінде еліміздегі жоғары білім беру жүйесі бірнеше реформалаудың кезеңдерінен өтіп, бүгінгі күні мазмұны да, бағыты да өзгеріп, жетіліп, бір жолға қойылды. Ел экономикасының технология және өнеркәсіп салаларына қажетті, бәсекеге қабілетті заманауи мамандар даярлайтын елімізде-гі іргелі оқу орындарының бірі – Астана қаласындағы Қазақ технология және биз-нес университеті. Университеттің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Найман Бөбейұлы Қалабаев бізге сұхбат беріп, білім берудің бүгінгі жайы мен ертеңі туралы өз ойларымен бөлісіп, келелі пікір-тұжырымдарын айтқан еді.

Найман Бөбейұлы, алдымен Қазақ технология және бизнес университетінің ашылу тарихы жөнінде айтудан бастасаңыз. Бүгінгі күні университет қандай мамандық иелерін дайындап шығарады?

Кезінде бұл білім ордасы Алматы технологиялық универ-ситетінің филиалы ретінде Астана қаласында ашылған болатын. 2008 жылы біздің университет филиалдан бөлініп, өз алдына жоғары оқу орны болып шықты. Қазіргі таңда Қазақ технология және бизнес университеті дамыған инфрақұрылымы, оқу-зертханалық корпусы, жатақханасы, спорт залдары, оқу-өндірістік орталығы бар білім ордасы. Астанадағы мұнай, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі технологиялары бойынша мамандар дайындайтын бірден-бір университет! Қазір университеттің жаңа корпусының құрылысы жүріп жатыр. Басқа оқу орындарынан ерекшелігі - бүгінгі күні қоғамға өте қажетті техникалық мамандарды дайын-даймыз. Жасыратыны жоқ, басқа жекеменшік университеттер көбінесе гуманитарлық маман-дықтарды дайындайды. Ондай оқу орнын ашу да жеңіл, дайындау да жеңіл, зертхана орталығын ашуға көп қаржы жұмсай қоймай-ды. Ал біздің мамандықтар үшін біріншіден зертхана

қажет, оған көп қаржы керек. Университетіміздің зертханалық базасы өте мықты. Қазіргі уақытта барлығы 2500 студент 18 бакалавр, 5 магистратура мамандықтары бойынша білім алуда. Университеттің өз колледжі бар, біздегі мамандықтың барлығы онда да оқытылады. Колледжде 1200-дей студент білім алып жатыр.

Біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешіргені бәрімізге белгілі. 1991 жыл-дан бастап балаларымыз заң, экономика, қаржы мамандықта-рына жаппай түсе бастады ғой. Қазір осы үрдіс әлі жалға-сып келеді. Ал оларға жұмыс табу өте қиын болып жатыр. Жастардың арасында маман-дықты өздері таңдайтыны бар, басқа адамдардың кеңесімен таңдайтыны бар. Мысалы, мектеп қабырғасында жүріп болашағын ойламайтын кейбір балалардың қамын ата-анасы ойлайды. Балаларына мамандық таңдауға байланысты ақыл-кеңес айтып, бағыт-бағдар сілтейді. Осы орайда, біз ата-аналармен де жұмыс жасаймыз. Бүгінгі таңда қандай мамандықтың қажетті, құнды екенін, бітіргеннен кейін жұмыспен қамтылу жағдайын түсіндіреміз. Технология, өндіріс, ақпараттық жүйелер, туризм мамандықтарының болашағы

үлкен екенін айтамыз. Себебі, қазір осы мамандықтардың заманы. Европа, Азия елдерінің кейбірі, мысалы, Турция, Швейцарияның жерасты байлықтары болмаса да, экономикасы жағынан дамып кеткені – ішкі туризмінің арқасында. Осыны ескерген Елбасымыз ішкі туризмді дамытуға қатты назар аудару керектігін айтқан.

Оқу орнының бүгінгі күні білім беру үрдісі қандай деңгейде?

Мемлекеттің білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған арнайы бағдарламасы бойынша жүйелі білім береміз. Университет дәуір талабына сай қарқынды даму үстінде. Түрлі халықаралық жобаларға белсенді қатысып жүр. Біздің оқу орнымыз елімізде алғашқылардың бірі болып білім берудегі жаңа бағыт – қашықтықтан оқыту технологиясын қолға алғанына біраз уақыт болды. Мемлекеттің білімді дамыту жоспарында Болон үдерісін іске асыру аясында жоғары оқу орындарының оқыту-шылары мен студенттерінің кәсіби білімдерін дамытуға үлкен рөл жүктелген. Бағдарламада нақты көрсетілгендей, оқу орындары сыртқы байланысты күшейтіп, мобильді болуы керек. Біз де осы мәселеге үлкен мән

56

береміз. Алыс және жақын шетел университеттерімен әріптестік келісім-шартқа қол қойып, академиялық әріптестікті жетілдіріп, студенттер мен ұстаздарды шетелге оқуға жібе-реміз. Осы жақта теориясын оқыса да, шетелде көргені жер мен көктей болады. Осы орайда кездесетін қиындықтың бірі – студенттердің ағылшын тілін жетік білмеуі. Парасат-пайымы, білімі жақсы бола тұра, тіл білімі жетіспей тұрады. Қазіргі уақытта студенттер тек ағылшын тілін ғана емес, техникалық тілді де білуі керек қой. Қазір тіл үйренуге көп көңіл бөлініп, балабақшадан бастап оқытылып жатыр. Осы мәселені шешу мақсатында университетімізде көптеген мамандықтар бойынша арнаулы пәндер ағылшын тілінде оқы-тылып жатыр.

Жалпы, қазақ - қаны таза, қасиетті, текті ұлт қой. Дүние жүзінде ондай ұлт төрт-бесеу ғана. Біздің балаларымыз да шетелге шыққанда терең білім көрсетіп, жақсы нәтиже шығарып жатады. Философияға, математикаға қабілетті дарынды қазақ жастарын көргенде шетелдіктер сүйсініп, таңданып жатады. Шетел университеттерінен бізге алғыс хаттар жиі келеді. Осы жерде «Болашақ» бағдарламасы жайлы айтпай кетуге болмас. Осы көрегендік бағдарламаға биыл жиырма жыл болды. Білім-ғылым жолында жасалынып жатқан бұл инвестиция – түбінде еселеніп қайтатын қайырымды іс деп сенемін.

Тәрбие беру саласында қандай шаралар атқарылып жатыр?

Бұдан екі жыл бұрын мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры болып жүргенімде Ұлы-британияға бардық. Қазақстаннан

20 шақты, Ресейден 15 шақты ректор, басқа елдерден де бар, топ болып барып, он шақты университетті араладық. Әр ректор өз университеті туралы айтты. Сонда шетел ректорлары менен Қазақстандағы университеттің жағдайын, құрылымын сұрады. 15 минут баяндама жасап, слайд арқылы құрылымын таныстырып, ректор, проректор және тәрбие жөніндегі проректор болатынын айттым. Ағылшындықтар таң қалды. Оны қайтесіз, тәрбиенің керегі не, бекерге ақша жұмсау ғой дегендей пікір білдірді. Біз баланы балабақшада тәрбиелейміз, мектепте тәрбиелейміз, үйде ата-ана тәрбиелейді, ары қарай тәрбиені университетте жалғас-тырамыз деп түсіндірдім. Сонда бәрі қол шапалақтап, таң қалып, риза болды. Сондықтан, тәрбие жұмысы бізде қашанда біліммен қатар жүреді. Апта сайын сту-денттермен кездесіп, тәрбиелік бағыттағы шараларды өткізіп тұрамыз. Әр топтың жетекшісі балалармен жеке жұмыс жасайды. Кураторларға «балалардың университеттегі әке-шешесі сендерсіңдер» деп үнемі айтып отырамын.

Білім алушылардың оқу бітіргеннен кейін жұмысқа тұру мәселесі шешілген бе?

Студенттердің жұмыспен қамтылу мәселесіне келетін болсақ, бұған баса көңіл аударылады, студенттердің бола-шақтағы жағдайын ойлаймыз. Әр оқу жылының соңына қарай сәуір, мамыр айларында университетімізде бос орындар жәрмеңкесін өткіземіз. Өндірістік, басқа да компаниялар жәрмеңкеге келіп, студенттердің пікірін тыңдап, кейбірі диплом қорғауға да қатысып, өздеріне қызметкерді іздеп жатады. Бізде оқытылатын мамандықтар қазақстанда аз мамандықтар. Бір қуантарлығы,

ірі кәсіпорындар өздеріне қажетті болашақ мамандарды мақсатты түрде оқытып, оқуын өздері төлеп, кейін жұмысқа қабылдап жатады. Сондай-ақ, соңғы курста барлық студенттер өндірістік тәжірибеден өтеді. Сол тәжіри-беде өзін жақсы көрсете алған студент міндетті түрде жұмысқа қабылданып жатады. Осы жерде атап айтатын маңызды жайт - бұл мамандықтарға қоғамда жоғары сұраныс бар.

Оқытушыларға қандай талап қойылады? Олардың білімдерін жетілдіру үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Өте жақсы сұрақ. Халықара-лық рейтингідегі білім көр-сеткіштерінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйе-сінің тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен, ұстаздардың мәртебесін арттыру, оқыту, кәсіптік біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету керек, ұстаздар-дың еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыру мәселелеріне үлкен мән беру керек. Қазір еліміздегі барлық университеттер үшін ең басты талап - ғылыми дәрежесі бар профессор, доктор, кандидаттардың саны 50 пайыздан асу керек. Біздің университетте бұл көрсеткіш 70 пайызға жетті. Жоғарыда айтып өткенімдей, мемлекеттік бағдарламада ұстаздардың академиялық ұтқырлығын дамытуға үлкен рөл жүктелген. Шетелдік университет-термен келісім-шартқа отырып, ұстаздардың білімдерін арттыруға 4-5 айға оқуға жібереміз. Сондай-ақ, мұғалімдерді жіберіп қана қоймай, шетелдің танымал профессорларын шақырып отырамыз, 2-3 айға келіп студент-терге сабақ жүргізіп, білімдерін дамытып кетеді. Олардың мұғалімдері де тәжірибе алмасу үшін бізге оқуға келеді. Бұл мақсатта мемлекеттен қаржы

57

бөлінеді, олардың қаражатын төлеу мәселелесі бізде шешіліп қойған.

Қазақстандағы қазіргі білім

беру реформасына қандай баға бересіз? Сіздің қосар пікір-ұсыныстарыңыз бар ма?

Елбасымыз бір сөзінде «болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елу елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» деп айтқан еді. Сондықтан, білім беру ісінің қазіргі даму стратегиясы оқыту үрдісін технологияландыруға бағытталған. Негізгі міндеті – студентке іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі жоғары білімде. Өткені, жоғары білім – үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Мен жаңадан келген Білім және ғылым Министрінің атына бірге талқылап, ақылдасатын ұсыныс-идеялар жазып қойдым. Тек қана шетелді мақтап, олардың университеттерін жарнамалай бермей, өзіміздің де жетістіктерімізді шетелге көрсету үшін, олардың бізге қызығып, талпынулары үшін біз де солай шетел студенттері үшін грант бөлсек. Сонда бізде оқыған шетел студенттері Қазақстанның атын шетелге шығарады. Тағы айтарым, біз дамыған елу елдің құрамына кіріп жатырмыз. Әлем бізді танып жатыр, бізге үлкен қызығушылық бар. Қазақ тілін игеруге де ынталары бар, сондықтан, шетел университеттерінде қазақ тілін үйрететін орталықтар ашылса. Сонда олар тілімізді үйрену арқылы бізге тартылады,

осылайша, тіл арқылы біз қазақты, Қазақстанды танытамыз. Бұдан басқа, Білім және Ғылым министрлігінің атынан Сыртқы Істер министрлігіне мынандай ұсыныспен шықсақ деп отырмын. Біздің студенттер үшін визалық режим біраз жеңілдетілсе екен. Шетел университеттері студенттерімізді шақырған кезде уақытында виза ала алмай, қиналып қалған жағдайлар жиі болады. Осы жағдай жеңілдетілсе, студенттердің оқуға мобильді барып-келу мәселесі шешілер еді. Содан кейін, көптеген оқу орындарында әскери кафедра оқытылады, оның енді керегі жоқ. Қазір бізде 136 жоғары оқу орны бар, соның ішінде Қорғаныс министрлігінің, Төтен-ше Жағдайлар министрлігінің өз оқу оырндары бар, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің өз академиясы бар. Олар өздеріне өздері маман дайындайды. Оның үстіне екі-үш жылдан кейін біз америкалық жүйе сияқты кәсіби әскери жүйеге өтетін шығармыз. Ол жүйе бойынша бәрін жаппай шақырмайды, тек қана келісім-шартпен шақырады. Адам қалауы бойынша барады. Сондықтан, оқу орындарындағы артық әскери кафедраларды азайтуды ұсынғым келеді. Бұлардан басқа тағы айтар бірқатар ұсыныстарым бар.

Ұзақ жылдар бойы жастар-мен етене жұмыс істеп келе жатырсыз. Қазіргі жастардың өмірге деген көзқарасы, талпынысы қандай деп ойлайсыз?

Ел ертеңі – білімді жастар. Менің ойымша, қазіргі жастардың

өмірге, білімге деген құштарлығы өте жақсы. Елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін, әлемге танытатын, негізгі тұтқаны ұстайтын дарынды да қабілетті ұландарымыз баршылық. Білімде де, жұмыста да белсенді жастарды күнде көріп жүрмін және оларға кәміл сенемін! Ақылды, білімді, парасатты, ұшқыр жастар артымыздан еріп келе жатыр, Құдайға шүкір!

Найман Бөбейұлы, өзіңіз, отбасыңыз жайлы айтып өтсеңіз.

Туған жерім Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылы. Мамандығым инженер-астроном-геодезист. Отбасымда бір ұл, бір қызым бар. Екеуі де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді бітірді. Қызым Қазақстанның Германиядағы елшілігінде, ұлым «Н.Назарбаев атындағы білім беру қорында» жұмыс істейді.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді. Бұл - қазақ халқының асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Тәуелсіздікке қол жеткізуіміз ең алдымен ата-бабаларымыздың арқасында деп ойлаймын. Осы жылдар ішінде көп жетістікке жеттік, ары қарай жете береміз деп сенемін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Жарқын Тоғым

Марапаттары1979 ж - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрметті Мадақтамасы2006 ж - «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі 2005 ж - «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік төсбелгісі 2005ж - «Астанаға 10 жыл» төсбелгісі 2009 ж - «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» 2011 ж - «Қазақстан Республикасына 20 жыл» төсбелгісі ҚР құрметті ғылыми қызметкері

58

БІЛІКТІ МАМАН – БІЛІМДІ БОЛАШАҚ!

Астана – ел экономикасының орталығы. Оның тыныс-тірші-лігі мен дамуы қаланың өркен-деуіне үлес қосатын болашақ ма-мандарына тікелей байланысты. Нарық талаптарына сай ма-мандар даярлайтын «Тұран-Астана» университеті бұл ба-ғытта студенттерге барлық мүмкіндіктерді қарастырған. Биыл 15 жылдығы тойланған беделді оқу орны білім саласында айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Білім беру сапасының көрсеткіштері ар-тып, алыс-жақын шетелмен ха-лықаралық байланыс орнатылды. Бұл туралы «Тұран-Астана» универ-ситетінің ректоры, ҚР білім беру ісінің үздік қызметкері, «Қазақстан Республикасының ғылымына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері, профессор Жапарова Гүлжамал Әлкенқызы әңгімелеп береді.

Гүлжамал Әлкенқызы, 15 жылдық тарихы бар «Тұран-Астана» университеті жайлы толығырақ айтсаңыз. Білім алушыларға қандай жағдайлар жасалған?

«Тұран-Астана» университеті1998 жылы құрылды. Еліміздегі жеке оқу орындары арасында өзіндік маңызы бар оқу ордасы. Бұл университет «Тұран» білім беру корпорациясының құрамында, яғни, «Тұран» корпорациясы Қазақстан мен Орта Азиядағы толық айналымды білім беретін оқу орны. Білім алушы лицей-колледж-бакалавриат-магистратура-PhD докторантураны толықтай бір оқу ордасында оқып шыға алады.

Университетіміз жастарға ғылыми және материалдық-техникалық жағынан білім алуға мүмкіндік береді, білім алу үшін студенттерге жақсы мүмкіншілік жасап, жоғары білікті және ғылыми-тәжірибелік жұмыспен жастарды тартуда. Бүгінде нарық заңдылықтарына икемделіп, қоғамға қажетті мамандарды даярлап отырмыз. Бакалавриат бағыты бойынша 16, магистратура бағдарламалары бойынша 10 мамандық оқытылады. Университет 15 жыл ішінде нарыққа қажетті 11 мыңға жуық маманды дайындап шығарды. Кредиттік жүйені қабылдаған алдыңғы қатардағы университеттермен бірге студенттерге икемділік

пен академиялық таңдау мүмкіндіктерін берген. Университеттің оқу дәрісханалары, ғылыми кітапханасы, абонемент залы, асхана, 12 компьютерлік дәрісханасы, жатақханасы, медициналық кабинеті бар, екі жеке корпусқа ие. Университет кітапханасы жаңа оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілген және 316 000-нан аса әдебиет түрлері бар. Университеттің барлық бөлімшелері компьютерлермен, принтерлермен, аудио-бейне аппаратурасымен жабдықталған. Оқу үрдісін талаптарға сай деңгейде өткізу үшін интерактивтік тақталар, мультимедиалық проекторлар

59

және панорамалық экрандар қолданылады. Ашық және жабық түрдегі спорттық базамен жабдықталған. Оқу-әдістемелік құралдарды, кітаптарды басып шығаруға қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған баспахана бар. Университетте студенттік ұйымдар, жастар ісі жөніндегі комитет, КТК дебат клубы, «Тұран» спорт клубы жұмыс істейді. «Alma-mater Turan» газеті, «Известия» ғылыми журналы шығарылады. Біздің мақсатымыз – сапалы білім беру, бәсекеге қабілетті білікті маман дайындап шығару. Бар тәжірибе-білімімізді жастардың болашағы үшін, олардан елімізге пайдасы тиетіндей азамат қылып шығару үшін жұмсап жатырмыз.

Университет бүгінде қандай жетістіктерге қол жеткізіп отыр?

Жоғарыда айтылғандай, университетімізге 15 жыл толды. Осы уақыт ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткіздік деп ойлаймыз. Әлемдік академиялық рейтингтерге қатысу үшін университеттің білім берудегі инновациялық қызметін дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Оқытушылар мен студенттердің ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру үшін Қазақстан және шет елдердің университеттерімен өзара тиімді ынтымақтастық жөніндегі келісім-шарттар жасалды. Олардың ішінде Польшадағы экология және туризм университеті, Швейцариядағы UBIS университеті, Солтүстік Кипрдегі Шығыс-Жерорта теңізі университеті, Қытай Халық Республикасындағы Синцзян, Санжы мемлекеттік университеттері, Венгриядағы Печ университеті, Сібір мемлекеттік автомобиль және жол академиясы, Түркиядағы Стамбул мемлекеттік университеті, Ресейдегі Урал мемлекеттік экономикалық университеті, Ресейдегі Түмен

Мемлекеттік университетінің гуманитарлық зерттеу институты, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Владимир бизнес институты, Қырым инженерлік-педагогикалық университеті, Қырғыз мемлекеттік дене шынықтыру және спорт академиясы бар. Жасалған келісімдердің нысаны әріптес жоғары оқу орындары арасындағы білім және ғылым саласында студенттердің, магистранттардың, оқытушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету ынтымақтастығы болып табылады. Ұлттық Рейтинг Агенттігінің 2012 жылы ЖОО - ның арасында өткізген мамандықаралық рейтингте «Тұран – Астана» университеті бакалавриат бағыты бойынша, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету мамандығы 4 орынды, аударма ісі, халықаралық құқық және дизайн мамандықтары 5 орынды, психология мамандығы 6 орынды, мемлекеттік және жергілікті басқару 7-ші, ақпараттық жүйелер – 8 орынды, есеп және аудит және экономика мамандықтары -8, туризм- 10 орындарды иеленді. Сондай-ақ, магистратура бағыты мамандықтары, яғни педагогика және психология, қазақ тілі мен әдебиеті және туризм мамандықтары 4 орынды иеленіп, экономика 5, мемлекеттік және жергілікті басқару 6, есеп және аудит және құқықтану мамандықтары 7 орынды, ақпараттық жүйелер 10 орынды иеленді. Сонымен қатар үстіміздегі жылдың қараша айында университет білім беру сапасының халықаралық стандарттарына сәйкес институционалдық аккредитациядан өтті. Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігiнің мәлімдеуінше, республика бойынша гуманитарлық-экономикалық бағыттағы жоғары оқу орындарының арасында

біздің университет 12-ші орында тұр. Бұл университеттің барлық бөлімдерінің, оқытушылар, қызметкерлер, студенттер мен магистранттардың жалпы нәтижесі.

Білім беруші ұстаздар ұжымы туралы айтып өтсеңіз.

Университетімізде 270 оқытушы жұмыс істейді. Олардың 52%-нан астам ғылыми атақтары мен дәрежелері бар. Білікті, жаңашыл әрі сапалы қызмет атқаратын мамандарды даярлау мақсатында профессорлық-оқытушылық құрам үздіксіз өз біліктілігін арттырып отырады. Халықаралық жобаларға, ғылыми-әдістемелік және оқу семинарларына, конференцияларға қатысады, ғылыми орталықтарда тәжірибеден өтеді, курстарда, біліктілікті арттыру институттарында оқиды. Жалпы, ұстаз еңбегі – инемен құдық қазғандай, көзге көріне бермейтін, түсінгенге маржан, түсінбегенге арзан қызмет. Біздің оқытушыларымыздың барлығы кәсібінен несібе тапқан білікті ұстаздар.

Әл-Фараби бабамыз «Тәрбиесіз берілген білім адамды опат етеді» деп айтқан екен. Университетте студенттерге білім мен тәрбие беру ісін қалай ұштастырасыздар?

Ежелгі Грецияда жақсылық пен жамандықтың мектебі болған екен. Сонда жақсылық біліммен, ал жамандық білімсіздікпен теңестірілген. Адам жамандықты білмегеннен жасайды деп сана-ған. Сондықтан, білім беру-дің алдында біз балаларды тәрбиелейміз. Білімнен бұрын тәрбиенің керектігі туралы айтқан Әл-Фарабидің сөздерінде үлкен данышпандық бар. Өйткені, бала білімнің не үшін керек екенін түсінбейінше, сана-сезіміне жетпейінше, ол бар ынтасымен

60

білім ала алмайды, білімнің қадірін толық түсіне алмайды. Осыдан барып сауатсыздық, мәдениетсіздік пайда болады. Сол себепті, біз тәрбие мәселесіне айрықша көңіл бөлеміз. Университетімізде студенттерге тәрбие беру жұмысының Концепциясы мен Бағдарламасы дайындалған. Олар тек оқу орнында педагогикалық тәрбие ортасын құру үшін ғана емес, жастардың талантын, дағдысын, шеберлігін дамытуға бағытталған тәрбие жұмысын да қамтиды. Мақсатымыз – бәсекеге қабілетті маманға қажет адамгершілік, интеллектуалдық, азаматтық және патриоттық қасиеттер қоры бар тұлға қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін университетте «Нұр Отан» халықтық-демократиялық бастауыш партия ұйымы қызмет атқарады. Сондай-ақ, Жастар ісі жөніндегі комитетінің атқаратын рөлі зор. Бізде студенттік өзін-өзі басқару жүйесі жақсы дамыған. Студенттер университет, қала, республика көлемінде өткізіліп жатқан барлық қоғамдық-саяси, спорттық-сауықтыру,

экологиялық-мәдени іс-шараларға белсенді қатысады. Университет қабырғасында студенттер үшін кеңестер мен клубтар, ғылыми орталықтар, үйірмелер жұмыс істейді. Жыл сайын «Жас Тұран» студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі. Конференция жұмысы студенттердің шығармашылық зерттеуінің белсенділігін арттырады. Ерекше көзге түскен студенттерге университет атынан сыйақы тағайындап отырамыз. Еліміз бен әлем тарихындағы елеулі оқиғалар мен белгілі күнтізбелерді назарға ұстай отырып, Жастар ісі жөніндегі комитет университеттің жақсы дәстүрлерінің көбеюінің басты идеясы болып табылатын тәрбие жұмысының тактикасы мен стратегиясын дайындайды. Сондай-ақ, елімізге танымал, атақты тұлғалармен кездесу ұйымдастырып тұрамыз.

Оқу бітірген студенттердің жұмысқа орналасу мәселесі жөнінде не айтасыз?

Жоғары оқу орнының жеткен жетістігі, шыққан тауы, жеткен

мұраты – оның бауырында білім алып, алыс қияға ұшқан бітірушілерінің жұмыспен қамтылып, нарық заманында өз мамандығына сай келетін, көздеген арман-мұратына жетелейтін жұмыс табуымен айқындалады. Біз жыл сайын мониторинг өткіземіз. Бітіруші түлектеріміздің 97% жұмыспен қамтылады. Олар Қазақстанның түкпір-түкпірінде, әлемнің бірқатар елдерінде абыройлы қызмет етіп жатыр. Еліміздің әр тарабына жолдамамен кеткен түлектеріміз қазіргі таңда жас маман ретінде әлеуметтік көмек пен жергілікті әкімшілік тарапынан әр түрлі қолдауларға ие болып отыр. Шәкірттеріміз өмірде өз орындарын тауып жатса, бұл біз үшін мақтаныш.

Жастар-еліміздің ертеңі. Қазіргі жас буынға көңіліңіз тола ма? Оларға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

Жастарға ақыл-кеңес айту үшін ақыл айтарлықтай дәрежеге жетуіміз керек, жүріс-тұрысымыздың өзі оларға үлгі, тәрбие екенін ұмытпауымыз

61

керек. Жастар мәселесі де Елбасы жолдауының маңызды тармағының бірі. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген дана халқымыз. Қазақ жастарын білімге бағыттау – міндетіміз. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерімізді білуі керек, жаңғыртуы керек. Оларға еліміздің тарихын жақсылап оқыту керек. Өйткені, елдің өткенін, бүгінін білмейтін жастан болашақта не күтуге болады? Жастар қандай болса елдің болашағы да сондай болады емес пе! Тарихты мектептен тереңдетіп оқытуды қолға алу керек. Өскелең ұрпаққа айтарым, болашаққа нақты мақсат қойып, армандау керек. Арманға жету жолында талмай оқып, еңбектеніп, әрекет жасау керек. Уақыттың қадірін білу керек, себебі уақыттан жылдам нәрсе жоқ, зымырап өте шығады. Уақытында білім алып қалыңдар және кітапты көп оқыңдар дегім келеді.

Еліміздің білім беру саласына, сапасына қатысты сіздің ой-пікіріңізді білсек.

Соңғы жылдары білім беру реформасы көптеген өзгерістерге ұшырады. Бұл білім алушыларға кері әсерін тигізбей қоймады. Менің ойымша, білім беру жүйесіне керегі – өзгерістер емес, тұрақтылық. Ал өзгерістер ғылымға қажет, яғни, ғылым-білімнің іргетасы. Егеменді елімізбен бірге дамып келе жатқан білім саласына мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде. Бұл қуантарлық жайт. Бізде әлемдік деңгейде білім беретін университеттер, зияткерлік мектептер ашылып жатыр. Елбасының жолдауында сапалы білім беру – Қазақстанның индустриялық және инновациялық дамуының негізіне айналуы керектігі айтылған. Оны іске асыру үшін

бәсекеге қабілетті, өндірістің талаптарына бейімделіп, заманауи технологияларды тез арада меңгере алатын мамандар қажет. Осы бағытта еліміздің жетекші жоғары оқу орындары тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Айталық, біздің университетке дәріс оқу үшін өндірістің тәжірибелі мамандары, шетелдік ғалымдар тартыла бастады. Бұл Қазақстанның білім беру саласының алға қарай дамығандығын көрсетеді. Әрине, бұл көп жылдар бойы күткен ортақ жетістігіміз, көздеген мақсатымыз. Қазақстандық білім беру жүйесі ұлттық идеяға, ұлттық құндылықтарға негізделіп құрылып, ұлт мүддесіне басым бағытта дамытылуы тиіс. Жасөспірімдерге берілетін білім мен тәрбие мазмұны ұлтымыздың даналығынан, тарихи мәдени мұраларынан, асыл дәстүрлерінен, ғұлама ғалымдарымыздың философиялық ой-толғауларынан нәр алып, мәдени–рухани құндылықтармен қаныққан болуы тиіс.

Гүлжамал Әлкенқызы, сіз ұлағатты ұстазсыз, білікті басшысыз. Ал отбасыңызда қандай анасыз? Қайда туып–өстіңіз, оқыдыңыз? Әңгімемізді осы арнаға бұрсақ.

Туған жерім - Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы. Сол жердегі орта мектепті бітіріп, Қазақ Политехникалық институтына оқуға түстім. Институтты үздік дипломмен тәмамдап, Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен Алматы халық шаруашылық институтына жұмысқа тұрып, еңбек жолымды бастадым. Көп жылдар бойы Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінде, Еуразия нарық институтында еңбек еттім. 2009 жылдан бері «Тұран-Астана» университетінің ректоры

қызметіндемін. Жолдасым хирург, №1 ауруханасының тамырлы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі. Отбасымызда екі қыз бала тәрбиелеп отырмыз. Ата-анамның берген тәрбиесі сондай болды, жұмысыма үлкен жауапкершілікпен қараймын. Жалпы, мен әкем мен анамның сол кездегі шыдамдылықтарына, қайсарлықтарына, шаңырақтағы бір-біріне деген сыйластықтарына, қарым-қатынастарына таң қаламын. Мен үшін бұл өмірлік үлгі болды.

Сіздің ойыңызша, әйелдің бақыты неде?

Қазақ халқы әрқашан әйел затын құрметтеп, қадірлеген. Әйел – өмірдің сәні мен салтанаты. Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Менің ұғымымда, әйел бақыты деген – шаңырағының амандығы, ұрпағының саулығы, абыройлы қызметі, гүлденген елі мен Отаны. Бақытты болу әйел адамның өз қолында.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Тәуелсіздік мен үшін киелі ұғым. Ол – еліміздің ежелден еркіндік аңсаған күресінің, халқымыздың аққан қаны мен төккен терінің өтеуіндей ұлтымыздың басына қонған бақ. Қазақстанды барша әлем таниды. Сұлу да сымбатты Астанамызды әлем мойындап жатыр. Мен жетекшілік ететін «Тұран-Астана» университеті де – Тәуелсіздіктің жемісі, сондықтан, Тәуелсіздіктің қадірі мен қасиеті мен үшін қымбат.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Сезім Жүсіпқызы

62

БІЛІМ КІЛТІ - ІЗДЕНІСТЕБілім – ырыс қазығы

Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі – қазіргі таңда қар-қынды дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасының өсуіне, бәсекеге қабілетті ма-мандар дайындауды белсенді жүзеге асырып отырған Астана қаласындағы үздік білім ордасы. Директоры Ахметов Қайырғали Әкімбекұлы – Қазақстанның пе-дагогика саласындағы жетекші мамандардың бірі. 1959 жылы Торғай облысының Амангелді ауданында дүниеге келген. 1983 жылы Алматы Педагогикалық Шетел тілдері Институтында ағылшын тілі факультетін бітіріп, еңбек жолын Арқалық

ауданы Родина ауылының мектеп мұғалімі қызметінен бастайды. 1995-2001 жылдары Арқалық Мемлекеттік Педагогикалық Институтының шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, 2002-2007 жылдары Астана қаласындағы «Қайнар» Университетінің «Қазақ тілі әдебиеті мен шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі, 2007-2009 жылдары Қазақ Экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің аға оқытушысы, 2009-2012 жылдары Астана қаласы Экономика және қаржы колледжінің директоры қызметін атқарды. 2013 жылдан бастап Экономика, технология және тағам өндірісі колледжінің директоры. Астана қала-сы Білім департаментінің құрмет грамотасымен марапатталған. Бір қызы, екі ұлы бар. Отанға қызмет ету – оның өмірлік ұстанымы.

Қайырғали Әкімбекұлы, Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі дайындайтын мамандарға қазір сұраныс қандай?

Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі 1997 жылы Білім, Мәдениет және Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығы негіздемесінде төрт колледжді

қосу арқылы құрылған еді. «Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдері өндірісінің техноло-гиясы және ұйымдастырылуы», «Есеп және аудит», «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы», «Стандарттау, метрология және сертификаттау» бойынша мамандар дайындалуда. Колледждің күндізгі бөлімінде 703, сырттай бөлімінде 148

студент білім алып жатыр. «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» деген мамандық Астана қаласындағы оқу орындарының ішінде біздің колледжде ғана оқытылады.

Оқу корпусында жабдықтал-ған дәрісхана мен зертханалар, арнаулы және жалпы білім беретін пән кабинеттері, материалдық-техникалық құралдар, кітапхана, компьютер класстары, акт залы,

63

шеберханалар, асхана, спорт залы бар. Мамандарды үш тілде дайындайтын, әлемдік деңгейдегі колледж құру мақсатында «E-learning» электронды оқыту жүйесі енгізілді. Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат – білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік оқыту ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Білімгерлердің кәсіби білімін дамытуға компьютерлік және интерактивті оқу кабинеттері интернет жүйесіне қосылған. Оқытушылардың электрондық оқулықтары мен дәптерлері компьютерлерге білімгерлердің пайдалануы үшін енгізіліп, оқу үрдісінде қолдануға мүмкіндіктер жасалған. Сонымен қатар, дуалды оқыту жүйесі де табысты жүргізіліп келеді.

Осы жерде дуалды оқыту жүйесі туралы толығырақ айтып берсеңіз. Жаңа жүйенің дәстүрлі оқыту әдісінен ерекшелігі неде?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев-тың бастамасымен еліміздің кәсіптік-техникалық білім беру саласына жаңа жүйе – дуалды оқыту әдісі енгізіліп жатыр. Дуалды жүйенің негізі – студентті оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Дуалды оқыту әдісі әлемнің көптеген елдерінде, мысалы, Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция, Англия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекеттерде табысты жұмыс істеуде. Дуалды оқыту әдісіндегі ерекшеліктердің бірі оқу орындары өздеріне әлеуметтік серіктес табуы керек, яғни оқушылар тәжірибе сабақтарын өткізуі үшін өздерінде даярланатын мамандықтарға сай келетін кәсіпорындармен келісім-шартқа отыруы тиіс.

Ең бастысы, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады. Дуалды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды.

Өйткені, теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде оқушы оқу бағдарламасын жақсы меңгереді деу аз, нағыз дайын маман болып шығады. Біз жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай кәсіптік-техникалық мамандар даярлаймыз. Дуалды оқыту әдісінің басты ерекшелігі – еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады.

Колледжде қанша ұстаз қызмет етеді?

Колледжде жоғары деңгейдегі педагогикалық кадрлар қызмет етеді. Олардың арасында ғылым кандидаттары, жоғары және бірінші, екінші санаттағы оқытушылар бар. Арнайы пән оқытушылары - республикалық, облыстық, қалалық байқаулардың жеңімпаздары. Барлығы 61 оқы-тушы қызмет етеді. Ұстаздар-дың білімдерін жетілдіру бағытында көптеген жұмыстар атқарылды. Мысалы, соңғы 3 айдың ішінде ұстаздардың 90% білім жетілдіру курстарына, семинарларға қатысып, кәсіби біліктілігін арттырып келді. Студенттеріміз кәсіпорындарда тағам технологиясының өндірісі бойынша шетелдік әр түрлі конкурстарға қатысып, дәріс алып тұрады. Колледжге қойылатын басты талап – оқытушылардың сапалық құрамы 40%-тан кем болмау керек. Өткен жылғы мемлекеттік аттестацияның қорытындысы бойынша оқыту-шылардың сапалық құрамы 50% құраса, биыл 70%-тен асып отырмыз. Ұстаздық ету – мамандық қана емес, бұл өмірдің мәні мен мағынасы, сонымен қатар жас ұрпақтың ізгі болашағына деген сенімі. Сондықтан, ұстаздың кәсібі мен мәртебесін көтеру, оқытудың түбегейлі жаңа сапасына қол жеткізу – бүгінгі таңда ұжымның алдына қойған басты

міндеттерінің бірі.

Колледжде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, тәрбие жұмысына қаншалықты көңіл бөлінеді?

Менің ұстанымым, біз тәрбие жұмысын бірінші орынға қоймай, оқу үдерісінде үлкен жетістіктерге жете алмаймыз деп ойлаймын. Біздің колледждің тәрбие жұмысы тұжырымдамадағы 12 бағыт бойынша іске асады: қоғамдық-саяси және құқықтық, патриоттық, адамгершілік-эстетикалық, студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық әлеуеттілігін дамыту, спорттың көпшілік түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, құқық бұзушылықтың алдын алу, әлеуметтік жұмыстар, жатақ-ханадағы тәрбие жұмыстары. Ата-аналар комитетімен де тығыз байланысты жұмыс істейміз. Бұл бағытта колледжде әр күні, әр айда, әр жартыжылдықта маңызды іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Ата-баба аманатын орындау мақсатында тәрбие үрдісін жүргізудің әлеуметтік жобасы жасалды. Әлеуметтік жобаның басты мақсаты «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деп Елбасымыз айтқандай, оқушыларды ата-бабаларымыздың өсиет сөздері арқылы адамгершілікке баулу, салт-дәстүрді сақтауға тәрбиелеу және қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде сезінуге бағыттау. Сонымен қатар, драмалық, көркемөнер, домбыра, тағы басқа үйірмелерді жүргізу арқылы халық өнерін насихаттау, ұлттық аспаптарда ойнауды үйретеміз. Бабалар өсиетін орындауда қоғамдық ұйымдармен тікелей қарым-қатынас қалыптастыруға тырысамыз. Студенттерді рухани, азаматтық-патриоттық, мәдени, кәсіби және т.б. бағыттарға тәрбиелеуде, салауатты өмір салтын насихаттауда колледжде әр түрлі тәрбиелік мәнді іс-

64

шаралар өткізіледі. Колледж қалалық іс-шаралардың, әр түрлі акциялардың, спорттық жарыстардың, пікірталастардың, дебаттардың және театрланды-рылған мерекелердің белсенді қатысушысы.

Бүгінгі студенттің портретін қалай сомдар едіңіз? Колледжге түсетін студенттердің білім деңгейі қандай болып келеді?

Жақында, жергілікті телеар-нада кәсіптік-техникалық білім беру мәселесіне байланысты үлкен пікірталас болды. Сонда бір әріптесім қазір оқуға түсетін студенттердің білімдері мектептен әлсіз болып келетінін, оқуға деген ынталарының төмен екендігін айтып еді. Мен бұл пікірді құптамаймын. Он саусақ бірдей емес. Астанада 35 колледж

бар, оның 12-сі мемлекеттік болса, 23-і жекеменшік. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Соның басым мақсаттарының бірі – мемлекеттік және жекеменшік колледждер арасында серіктестікті дамыту болып саналады. Әр колледждің материалдық техникалық базасы әр түрлі. Біз мемлекеттік колледж болғандықтан мемлекеттік тапсырысты орындаймыз. Оқытылатын төрт мамандықты мемлекет қаржыландырады. Балаларды конкурстық негізде қабылдаймыз, яғни жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушы түседі, төмен көрсеткіш көрсетсе түсе алмайды. Студенттерді қабылдау санына шектеу бар.

Ал жекеменшік колледждер өздерін өздері қаржыландырады, алға қойған негізгі мақсаты балаларды көптеп жинау, қалайда олардан маман шығару. Олар өздерінің материалдық база мүмкіншілігіне байланысты қанша оқушы алғысы келсе де қабылдай береді. Әрине, әр түрлі балалар келеді. Астанадағы жекеменшік колледждердің көпшілігі өзін өзі қаржыландыру мен сапалы білім беру ісін тең түрде алып жүргендер бар. Ал осыған немқұрайлы қарайтын білім орындары да бар. Өз басым, онда оқып жүрген балаларды аяймын. Мүлдем талаптарға сай келмейтін, бәсекелестікке төтеп бере алмайтын оқу орындарының бар екені өкінішті.

Қалада жастар арасындағы

65

жұмыссыздық деңгейі өте жоғары. Оның себебі неде деп ойлайсыз? Колледж түлектерінің жұмыспен қамтылу мәселесі қалай шешілген?

Расында да, көптеп дайын-далған экономистер мен заңгерлерге, гуманитарлық сала өкілдеріне қазір жұмыс табу қиын болып отыр. Қазір тәжірибелі маркетолог, ақпарат-тық технология, техникалық мамандық иелеріне сұраныс бар. Сондай-ақ, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, өнеркәсіп саласының мамандарына, инженерлер,

архитекторлар, технологтарға сұраныс артып отыр. Жастардың жұмысқа орналасуына қолбайлау боп жүрген бір түйткіл - жұмыс берушілердің басым көпшілігі еңбек тәжірибесі жоқ мамандарды жақындатқысы келмейді. Жұмысы жоқ жас маманның тәжірибе жинауға мүмкіншілігі жоқ. Қазір жастар арасында жұмыссыздық мәселесінің өзекті болып тұрғанына қарамастан, біздің колледж түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі жоғары, 80-90% жұмыспен қамтылады. Көп жағдайда алдын-ала өндірістік тәжірибенің арқасында жұмысқа орналасып жатады. 2013 жылы студенттердің кәсіби өндірістік

тәжірибесін ұйымдастыру мақсатында Астана қаласының 100-ден астам кәсіпорындарымен келісім – шартқа отырдық. Жақсы нәтижеге қол жеткізудеміз. Теориялық оқыту мен тәжірибені ұштастыруда әлеуметтік серіктестіктермен байланысты арттырып келеміз.

Білім беру реформасының көңіліңіз толмайтын олқы тұстары бар ма? Көкейде жүрген ойларыңыз, алып-қосар пікіріңіз бар ма?

Мен өзімді соншалықты

үлкен білім майталманымын деп есептемеймін. Барлық реформалар министрліктің басшыларына байланысты. Әр реформаны қарап отырсақ бәрі дұрыс сияқты. Білім министрі көп болса үш жыл жұмыс істейді. Оның қабылдаған реформасы толықтай орындалмай, жаңа басшы келгенде тоқтап калады. Сөйтіп, көп сұрақтар шешілмей қалып қояды. Білім саласындағы күрделеніп қалған мәселелердің себебі осыдан шығып жатады. Әрине, ол реформалардың өміршеңдігін уақыт көрсетеді ғой. Білім саласындағы мәселелерді шешу үшін белгілі уақыт қажет екенін ескеруіміз керек. Осыған көңіл

бөліну керек, меніңше.

Колледждің болашақтағы жоспары қандай?

Алдағы уақытта қазіргі мамандықтарға жақын тағы мамандықтар ашсақ дейміз. Сонымен қатар, материалдық-техникалық базаны күшейту, колледждің ғимаратының базасын үлкейтуді қолға алмақпыз.

Қайырғали Әкімбекұлы, сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Бала кезімізде бала болсақ

та өзіміздің тәуелді екенімізді сездік. Халқымыздың сан жылдар бойы армандаған, қиыншылықпен келген Тәуелсіздігімізді біз бағалауымыз керек. Осыны көрген біз бақыттымыз, себебі, ата-бабаларымыз азаттықты көре алмай арманда кетті. Тәуелсіздікті әлі де мойындамай, қадірін жете түсінбей отырған адамдар бар. Тәуелсіздік - басымызға қонған бақ, сондықтан, бағымызды бағалай білейік!

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Мөлдір Құрман

6666

АқмолдаАхметов

67

«ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА БЕТ-БҰРЫС БАЙҚАЛАДЫ»

Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу заманы білікті де білімді техникалық мамандарды қажет етуде. Осы бағытта техниканың заманауи тілін меңгерген білікті мамандар даярлау – Елбасымыздың жолдауындағы басты бағыттарының бірі. Астана техникалық-экономикалық колледжі – сондай мамандарды дайын-дайтын, қаладағы техникалық білім беретін озық оқу орындарының бірі. Осыдан сегіз жыл бұрын колледж мәртебесіне ие болған білім ордасында бүгінде төрт жүзден астам шәкірт білім алуда. Оқу орнының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен алдағы жоспарлары туралы колледж директоры Ахметов Ақмолда Қамзаұлын әңгімеге тартқан едік.

Ақмолда Қамзаұлы, өзіңіз басқарып отырған колледждің Астана қаласындағы белгілі оқу орындарының бірі екендігін білеміз. Колледждің негізі қашан қаланды?

Кезінде Қазақстан темір-жолының дамуына сүбелі үлес қосқан, елімізге танымал адам Жұмағали Омаров теміржол мамандарын дайындауда сол кездегі Алматыдағы жалғыз теміржол академиясының жеткіліксіз екендігін байқап, жаңадан екінші оқу орны - Қазақ қатынас жолдары университетін ашқан болатын. Мен сол университет қабырғасында қызмет еттім. Кейін 2005 жылы ол кісінің ұсынысымен Астана қаласында Астана техника-экономикалық колледжі ашылды. Құрылтайшысы – Қазақ қатынас жолдары университеті. Колледж Қазақстанның көлік-өнеркәсіптік салаларына мамандар дайындайды. Бүгінгі таңда 468 студент білім алып жатқан колледжде негізгі жеті мамандық бойынша білім беріледі. Олардың барлығы теміржолға қажетті мамандықтар. Колледжді бітіргеннен кейін біздің шәкірттеріміздің ары қарай өз білімдерін университеттегі мамандықтармен жалғастырып кету жағдайларын ескердік. Оқу орнын ашқанда оның негізгі базасы, зертханасы, кітапханасы, асханасы, спортзалы, жатақханасы

болуы керек. Осының бәрін жөнге келтірмей оқу орнын ашу мүмкін емес. Бұрынғы «Қазақстан темір жолының» толып жатқан ескі цехтары болды, оқу орнын жасау үшін осы цехтарды біз жеке кісілерден сатып алдық. Оны қалпына келтіріп, жөндеу жұмыстарын жасап, аудиторияға бейімдеп, олардың зертханалық базаларын жасадық. Сол база-лардың негізінде оқыту ісін жүргізуге мүмкіндік туды. Зертхананы байыту мақсатында Ресейдің Челябинск қаласымен байланыс жасап, арнайы зертха-налық құрал-жабдықтарды сатып алдық. Мақтанғаным емес, мұндай лабораториялық база қаладағы колледждерде, тіпті кейбір жоғары оқу орындарында да жоқ. Электротехника, электроника, электромашина,

электротехниканың теориялық негізі деген пәндерді оқытуда осы зертханалық құралдар көп көмектесіп жатыр. Ондай зертхана физика пәні бойынша да жасалды. Шыны керек, бізге көмектесетін ешкім жоқ өз күшімізбен өзіміз жабдықтап жатырмыз. Жұмыс орнына да көңіл бөліп, мұғалімдер жалақысының төмен болмауы үшін тырысып, барлық жағдай жасап жатырмыз. Колледждің материалдық-техникалық базасы дер кезінде жаңартылып отырады. Оқу ғимаратында дәрісханалар мен зертханалар оқытылатын мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сай жабдықталған. Яғни, студенттерге толыққанды сапалы білім беруге мүмкіндік бар. Колледждің байланыс жасайтын әлеуметтік

68

серіктестер саны жылдан жылға артуда. Былтырғы оқу жылында келісім-шарт жасалған серіктес саны 14 болса, биылғы 2013-2014 оқу жылында 17 әлеуметтік серіктеспен келісім-шарттар жасалған.

Материалдық-техникалық база қаншалықты мықты болғанмен, оны іске асыратын педагогикалық құрам ғой. Осы жөнінде не айтасыз? Оқытушыларға қандай талаптар қойылып жатыр?

Әрине, осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциал-дық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан, олардың сауат-тылықтарын кәсіби шеберлікте-рімен ұштастыру үшін білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын үрдіс қажет. Оқыту-шыларға қойылатын ең басты талап - студенттерге саналы тәрбие, сапалы және терең білім беру. Сол білімді қажетті, түсінікті тілде студенттерімізге жеткізе білу дәрежесінің болуы, өз білімін ұдайы толықтырып отыруы. Колледжде барлығы 27 оқытушы қызмет атқарады. Оның 12-сі жоғары санатты, сапалық құрамы 44 пайыздан астам. Одан бөлек әкімшілік және техникалық қызметкерлеріміз бар. Білім беруді әлемдік стандарттық деңгейге көтеру, бәсекеге қабілетті

жаңа буын қалыптастыру, білім нарығынан лайықты орын алу, жетекші отандық және шетелдік білім беру мекемелерімен тең дәрежеде қарым-қатынас орнату мақсатында оқытушылар біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткізіліп отырады. Колледж қызметінің басты мақсаты – мамандық алу үшін келген балаларға кәсіби білім беру, жан-жақты тәрбиелеу, қабілеттерін арттыру, өзін таныта білуге көмектесу болып табылады. Бұл мақсатта білім алушылардың сабаққа қатысуы, оқу үлгерімі, әлеуметтік жағдайы, денсаулығы, көңіл-күйі үнемі қадағалауда болады. Оны арнайы бөлінген мамандар мен топ жетекшілері жүзеге асырады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға білімді қалай берсеңіздер, Қазақстан сондай деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Сондықтан, бүгінгі ұстаздың рөлі, жауапкершілігі өте үлкен.

Колледж студенттері бос уақыттарын қалай өткізеді? Өздерінің білімдерін және басқа қабілеттерін қалай дамытады?

Оқу орнында студенттердің бос уақыттарын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған. Белсенді студенттер әр түрлі қоғамдық жұмыстарға тартылады, бір-бірінен үйренеді, тәжірибе алмасады.

Жастарды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеуде колледж арнайы бағыттағы жұмыстар жүргізуде. Мысалы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған Елбасының қатысуымен өткен іс-шараға танымал әнші М.Арапбаевамен бірге «Қазақ елі осындай» әнін хор ретінде орындады. Астана қаласы Сарыарқа ауданымен бірлесе отырып колледж «Астана – арман қала» атты патриоттық әндер фестивалін ұйымдастырып өткізді. Сонымен қатар, спортқа көп көңіл бөлінеді. Спорттың көп түрінен жыл бойы секциялар жүргізіліп, студенттер арасында спартакиада өткізіледі. Колледж-дің құрама командасы қалалық жарыстарға қатысып, жыл сайын жүлделі орындарға ие болады. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі кездесу, топ-сағаттары өткізіліп тұрады. Әр түрлі мамандық бойынша үйірме жұмыстарын жүргізу де басты назарымызда. Спорт залы, акт залы, интернет класс, кітапхана студенттердің бос уақыттарын пайдалы да тиімді өткізулеріне қызмет етеді.

Қазір жастар мамандық

таңдауда не нәрсеге басты назар аударады деп ойлай-сыз? Олардың өмірге деген көзқарастарын қалай бағалайсыз?

69

Жастар қазір мамандықты өмірдің ағымына қарай таңдайды. Біздің жұмыс жасаған бұрынғы кездерімізде экономика, тасы-малдауды ұйымдастыру деген мамандықтарға көп барған оқушылар. Ал қазір өмірдің бағытын түсінген болар, жастар техникалық мамандықтарға қарай бет бұрып жатыр. Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету, теміржол көлі-гінде автоматика, телемеханика, қозғалысты басқару, теміржол құрылысы деген мамандықтарға балалардың ынтасы қазір көп ауып отырғанын байқадық. Заманның талабына сай жастар да өмірге деген көзқарасын өзгертіп отырған іспеттес.

Болашаққа қандай жоспар

құрып отырсыздар?Алдағы уақытта материалдық-

техникалық базаны нығайту, оқытушылардың білім деңгейін арттыру көзделіп отыр. Оқытудың негізгі жүйесі дуальды оқытуға баса назар аударылып отыр. Индустриалды жаңашылдықты дамытуға байланысты мемлекет-тік бағдарламаны іске асыруда арнайы жоспарлар құрып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақыт талабы да адамның жоғары ақпараттық технологияларды меңгеру қажеттігін ұғындыруда. Біздің колледждің алдына қойып отырған мақсаты да осындай қажеттіліктерді игеруге ұмтылу болмақ, яғни, оқу орны осы бағытта жұмыс істейтін болады. Ілгерілей отырып, бұл межеге де жететін боламыз.

Журналымыздың дәс-түрлі сұрағы. Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай? Қадірі мен қасиеті неде?

Бұған дейін Кеңес үкіметінің қас-қабағына қарап отырдық, ал қазір еркіндік алып, өз ойларымызды жүзеге асырып жатырмыз. Тәуелсіздіктің әлі талай жақсылықтарын көреміз деп ойлаймын. Тәуелсіздігіміз жасай берсін! Ойымды мына өлең шумағымен өрнектесем деймін.

Тәуелсіздік - ерлігімнің белгісі!Тәуелсіздік - теңдігімнің белгісі!Атам қазақ сол заманда аңсаған,Тәуелсіздік - елдігімнің белгісі!

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Жарқын Шыңғыстауқызы

70

ТемірболатМарданов

71

БОЛАШАҒЫ ЗОР БІЛІМ ОРДАСЫЕліміздегі оқу орындарының алдында тұрған басты талап интеллектуалды

ұлт қалыптастырудың инновациялық-индустриялық даму стратегиясын жүзеге асырудың, әлемдегі бәсекеге қабілетті ел болудың қамы екендігі баршаға аян. Бүгінгі сұхбатымыздың кейіпкері Темірболат Қамзенұлы Марданов білікті ұстаз, дана тәлімгер, білгір басшы, өз ісіне адал азамат. Ол Астана қаласындағы академик Г.С.Сейтқасымов атындағы индустриалды-экономикалық колледжінің директоры, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі. Білім беру саласында 25 жылдық еңбек өтілі бар. Біз экономист, қаржыгер, техник, электриктерді даярлайтын білім ордасында болып, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік.

Темірболат Қамзенұлы, сіз жетекшілік ететін білім ордасы қай жылдан бастап жұмыс істеп келеді? Білім беру сапасына қаншалықты көңіл бөлінеді?

Біздің оқу орнымыз 2004 жылы ашылған болатын. Бұған дейін Қаржы және экономика колледжі деп аталып, 2012 жылдан бері академик Г.С.Сейтқасымов атындағы индустриалды-экономикалық колледжі болып өзгертілді. «Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда» университетімен бірлесіп, «Колледж-ЖОО» үздіксіз кәсіби білім беру жүйесі бойынша жұмыс жасаймыз. Қазір білімі мен біліктілігі озық мамандар экономиканы үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдар-ламасын сапалы жүзеге асыру үшін ауадай қажет. Колледж өз оқушыларына қаржы, есеп және аудит, қонақ үйі шаруашылығына қызмет етуді ұйымдастыру, аударма ісі, есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, техника мамандықтары бойынша орта арнаулы білім береді. Бүгінде колледж қабырғасында 400-ге тарта студент білім алып жатыр. Өткен жылы біздің колледж мемлекеттік аттестациялаудан сәтті өтті. Оқу корпусындағы кабинеттер заман талабына сай интерактивті тақталармен,

компьютерлермен, көрнекі құ-ралдармен, автоматты оқыту кешендерімен жабдықталған. Колледждің кітапханасы, зерт-ханалық базасы, интернет залы, спорт залы, асханасы бар, студенттер пәтер типіндегі жабдықталған жаңа Студенттер үйімен қамтамасыз етілген. Білім ордасында барлығы 28 ұстаз қызмет етеді, 70,8% пайызының категориясы бар. Ұстаздарымыз көптеген қалалық, республикалық, халықаралық деңгейдегі семинар, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, баяндама жасап, жүлделі орындарды иеленіп жатады. Мысалы, Н.А.Жусупова, Н.Т.Садуева, Т.С.Кунакбаева, А.Б.Шайхина, Р.Б.Байгенжина, З.Х.Бикенова, К.А.Жакина, Р.Т.Ахметова, М.М.Даужанова, Е.К.Загипарова, т.б біліктілігі мен шеберлігі жоғары оқытушылар.

Басқа оқу орындарымен қарым-қатынас орнатылған ба?

Уақыт жылжып отырады, заман талабына сай жаңа ма-мандарды дайындау керек. Оның үстіне, алда «Экспо-2017» халықаралық көрмесі жақындап келе жатыр. Осыған орай, түрлі саланың мамандарын дайындауымыз керек. Қазір сұранысы артып келе жатқан техника мамандықтары бойынша қосымша алты мамандық

қостық, техник-электрик, техник-сантехник, техник-бағдарламашы деген сияқты. Басқа да мамандықтар ашуды жоспарлап жатырмыз. Оқу орнының негізі - экономика, бағыты – техника саласы. 2012 жылы колледждің студент-ұстаз-дар тобымен Украинаға бардық. Украинада Нежинск қаласының Агротехникалық институтымен бірлесе өткізген ғылыми-прак-тикалық коференцияға қатыстық. Нәтижесінде осы институтпен әріптестік орнату мен тәжірибе алмасу мақсатында келісім-шартқа отырдық. Өзара қарым-қатынасты дамытып, ұстаздарымыз бен студенттеріміз үшін тәжірибе алмасуға, біліктіліктерін арттыруға, оқу бітіргеннен кейін Нежинск қаласының Агротехникалық институтында білімдерін жалғастыруға мүмкіндік туғыздық. Бүгінгі күні колледждің шетелдің екі жоғары оқу орнымен халықаралық ынтымақтастық туралы келісім-шарты бар. Олар Украинадағы Нежинск қаласының агротехникалық институты және Н.В.Гоголь атындағы мемлекеттік университет. Колледжімізде техника мамандықтарының ашылуына байланысты шетелдік әріптестеріміз бізге электрлендіру мен автоматтандыру бойынша зертхананы жабдықтау, әдістеме-лік көмек көрсету мақсатында осында келуді жоспарлап жатыр.

72

Украина елімен әріптестігіміз жемісті болатынына сенемін. Басқа білім мекемелерімен тығыз байланыстамыз. Астана қаласында директорлар кеңесі жұмыс істейді. Осы кеңесте оқу жылының жоспарын да-йындаймыз, оқу орындары арасындағы қарым-қатынас жұмыстарын жоспарлаймыз, бекітеміз. Әр колледжде өтетін түрлі іс-шаралар туралы үнемі хабар, шақыртулар алып тұрамыз. Колледж студенттері де, ұстаздары да ғылыми-практикалық конфе-ренциялар, олимпиадалар, спарта-киадалар, басқа да сайыстарға ұдайы қатысып тұрады. Біз білімді мемлекеттік стандартқа сай жүйелі, сапалы түрде береміз, педагогикалық құрам да жоғары білікті мамандардан құралған. Осы орайда айта кетуім керек, біз сияқты жекеменшік колледждерге мемлекеттің көмек-қолдауы аса қажет. Оқу-әдістемелік құралдар, компьютерлік сыныптармен қамтамасыз ету сияқты көмек көрсетілсе нұр үстіне нұр болар еді.

Оқу бітіргеннен кейін тү-лектердің жұмысқа орналасу мәселесінде қиындықтар жоқ па?

Уақыт талабына сай зама-науи мамандарды әзірлеудеміз. Сол мамандықтарды ашу үшін ең алдымен әлеуметтік серіктестермен келісім-шартқа

отыру керек. Студенттердің сол кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өту, содан кейін жұмысқа тұруына мүмкіндік жасау мақсатында әлеуметтік серіктестермен тығыз жұмыс істеудің маңыздылығы зор. Мысалы, экономика маман-дығы бойынша еліміздің бірқатар банктерімен, мұнай компанияларымен келісім-шартқа отырдық. «Дипломат», «Абай» қонақ үйлерімен, аударма ісі бойынша Әділет Министрлігінің Интеллектуалдық меншік институтымен, электрик мамандығы бойынша «Аймақтық электр жүйелері», «Астана Жарық» АҚ-мен серіктестік орнатып, бірлесіп жұмыс істеп келеміз. Оның үстіне колледж ықтимал жұмыс берушілермен ынтымақтастықты дамыту бойынша да белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Көптеген кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтеді. Сол себепті, түлектеріміз оқуды бітіргеннен кейін өз мамандықтары бойынша жұмысқа қиындықсыз қабылданып жатады. Олардың жұмыспен қамтылу жағдайы біздің жіті назарымызда.

Студенттерге тәрбие беру жұмыстары қалай жүргізіледі? Қазіргі жастардың өмірге деген көзқарасына қандай баға бересіз?

Біздің мақсатымыз – кәсіби

маман әрі Қазақстан Рес-публикасының жан-жақты дамыған азаматын тәрбиелеп шығару. Студенттерге тәрбие беру жұмысы 8 бағыт бойынша іске асырылады: қазақстандық патриотизм, құқықтық мәдениет, рухани-адамгершілік мәдениет, салауатты өмір салты, кәсіби бағыт және экономикалық мәдениет, экологиялық мәдениет, отбасы құндылықтары, эстетикалық мәдениет. Сонымен қатар, колледжде Жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс істейді. Кезінде мен Украинада, еліміздің колледждерінде тәрбиеші қызметін атқарған едім. Тәрбиенің минут сайын, секунд сайын үздіксіз беріліп тұру керектігіне көзім жетті. Оқытушыларға әр сабақтың алғашқы минуттарын тәрбиеге бөліп отыру керектігін үнемі айтып отырамын. Мен өзімнің студенттерімді мақтан тұтамын. Біздің колледжде ең жақсы студенттер оқиды деп ойлаймын. Ұлт өкілдері әр түрлі, жағдайы, көзқарастары әр түрлі жастар оқыса да оларда бөліну жоқ. Олар үшін ортақ мақсат – білім. Өздері ұйымшыл. Оқу бітіргесін отбасын құрып кетіп жатқандары бар. Бір сөзбен айтқанда, біздің студенттер бір отбасы мүшелеріндей тату-тәтті. Басқа колледждерден көріп жатамын, парталардың үстін шимайлап, еденге түкіріп жатады көп студенттер. Бізде осы күнге дейін парталардың бетіне бір

73

де бір сызат түсіп көрген емес. Төбелес деген атымен жоқ. Міне, тәрбие деген осы!

Отбасында әр түрлі жағдай болады, біреудің әкесі, енді біреуінің анасы жоқ, отбасында қиындықтар болады дегендей немесе ата-анасының баласымен сөйлесуге қолдары тимей жатады. Бала өзінің проблемаларын үйде ешкіммен бөлісе алмайтын жағдайлар болады ғой. Осындай кезде оқу орнында бала жанын түсінетін жақсы, парасатты ұстаз, психологтардың болғаны жақсы. Себебі, жастардың тәрбиесі – жалпыға ортақ деп санаймын. Осы мәселе бізде жақсы шешілген. Студенттер мен мұғалімдер арасында өзара түсіністік жақсы қалыптасқан.

Қазақстанның білім беру жүйесін қазір әлемдік білім беру тәртібіне сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мәселенің маңыздылығы тиімді шешімін табуы мүмкін ғой.

Өркениетті дамыған елдердегі білім беру жүйесіне жоғары сапаға аса тиімді тұстары негізделген маңызды мәселелер қарастырылып жатыр, әрине. Қазақстандық білім беру жүйесін Болондық білім саясаты кеңістігіне енгізу – еліміздің Еуропалық сапа жүйесіне еніп, білім беру сапасының артқандығын көрсетпек. Әр мемлекеттің экономикалық

деңгейі мен қарқынды дамуы сол елдің білімінің қаншалықты сапалы екендігін көрсететін болса, болашақ мамандардың кәсіби дайындығының да сапасына тікелей тәуелді болып қала бермек. 2012 жылы Болон декларациясына қол қойылғалы бері еліміздің Еуропалық білім беру жүйесіне енуі осылайша айқындалды. Басты мәселе – жоғары кәсіби білім беру. Әсіресе, жоғары педагогикалық білім беру елдің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық прогресте орын алатындығында болып отыр. Бұл білімдік саясаттың тағы бір ерекшелігі – жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлаудың тиімді механизмдерін іздестіруге жетелейді. Жоғары кәсіби білім беру жүйесін дамыта отырып, көпдеңгейлі маман даярлау құрылымын жетілдіруге және үздіксіз білім беруді қарқынды дамытуға серпін береді. Оның үстіне педагогикалық білім беру әдісі психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеді. Педагогикалық мамандану сол себептен өте тар шеңберіндегі бағытқа кетіп қалмауға тиісті. Өзіндік жұмыстарды орындау оқытушының жетекшелігімен жүзеге асқан жағдайда педагогикалық білім беру сапасы бағаланады және талаптарға сай жұмыс жасалынады.

Болашақтағы жоспарла-рыңызбен бөліссеңіз…

Алдағы уақыттағы мақсат-тарымыз – индустриалды-техни-калық бағыттағы мамандарды дайындау, білім беру сапасын арттыру. Сондай-ақ, колледж ішінде оқу орталығын ашып, түрлі бағыттағы кәсіпті оқытуды қолға алмақпыз. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жақын арада осы орталықтың ішінде шаштараз ашылады. Қалаған адам келіп оқи алатын болады. Оқу аяқталған соң сертификат беріледі. Осылайша, жұмыссыздық мәселесінің шешілуіне «теңізге құйған тамшыдай» аз да болса пайдамызды тигізбекпіз.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің»

мағынасы қандай?Бүгінде бізге қажеттінің бәрі

бар: тіліміз, дініміз, ең бастысы, Тәуелсіз Отанымыз бар! Біз болсақ, колледж ғимаратын салдық, мамандықтар аштық, колледждің атауын өзгерттік, білім беріп жатырмыз. Осының бәрі Тәуелсіздік! Енді Қазақ елін гүлдендіру жолында қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Ақжарқын Смағұл

74

«ӨРКЕНИЕТТІҢ ӨЗЕГІ – БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ»

Қазақстан Республикасының кәсіптік және техникалық білім беру бағдарла-малары еліміздің кәсіптік білім беру мекемелеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Заманымыздың талабына лайық мамандарды дайындауға көңіл бөлу – бұл ертеңгі күнгі экономика дамуының сенімді іргетасы. Білім берудің қазіргі басты мақсаты да жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Еңбек нарығында жоғары сұраныстағы мамандарды дайындай-тын Еуразия гуманитарлық институтының колледжі сапалы кәсіби білім мен тағылымды тәрбиені ұштастырып отыр. Назарларыңызға колледж директоры Алма Дайырқызы Әшірбековамен жүргізген сырлы сұхбатымызды ұсынамыз.

Алма Дайырқызы, Еуразия гуманитарлық институтының колледжі жайлы толығырақ айтсаңыз.

Еуразия гуманитарлық институтының колледжі 2007 жылдың мамыр айында негізі қаланып, Еуразия гуманитарлық институтының құрылымдық бөлімшесі ретінде техникалық және кәсіптік білімді мамандар дайындайды. Институтпен бірлесе отырып, үздіксіз кәсіби білім беру ісін жүргізу үшін «Колледж-ЖОО» жобасын іске асыра бастадық. Колледждің білім беру саясатының басым бағыттары: «Колледж-ЖОО» жүйесіндегі мамандарды

даярлаудағы көпсатылы жүйенің дамуы, білім беру жүйесін ұйымдастырудың тиімді түрін енгізу, оқытушылардың кәсіби біліктілігінің жоғары болуы.

Колледж төрт бағыт бойынша маман дайындайды. Негізгі перспективалық бағыты – білім болып табылады. Астанамыз бүгінгі күні тәрбиешілерге, өзін–өзі тану пәнінің мұғалімдеріне зәру екендігін ескере отырып, 2009 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті, өзін-өзі тану, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мамандықтарын аштық. Бұл заман талабынан туындап отырған дүние. Екінші бағыты – қызмет көрсету,

басқару және экономика. Астана қаласы бүгінгі таңда қызмет көрсетудің негізгі орталығы болып саналады. Бұл бағыт бойынша біз гид-аудармашылар, менеджмент мамандарын дайындаймыз. Осы орайда, біздің мамандықтардың маңыздылығын атап айтқым келеді. Үшінші бағытқа туризм, қонақ үйі шаруашылығына қызмет етуді ұйымдастыру жатады. Соңғы бағыт бойынша құқықтанушы, техник-бағдарламашыларды дайындаймыз. Алдыңғы кезекте қызмет көрсету мен басқару мамандарын дайындауға көп көңіл бөлеміз. Үлкен қызығушылық тудырып отырған мамандықтар

75

қатарында туризм мен қонақ үйі ісін ұйымдастыру бар. Студенттер 9 сынып негізінде 3 жыл 6 ай, 11 сынып негізінде 2 жыл 6 ай оқиды. Колледж материалды-техникалық жағынан жабдықталған. Студенттеріміз колледждің кітапханалық қорын, ғаламтор желісін пайдаланады, спорт кешенінде жаттығады.

Студенттерді кәсіби бағытта дамыту жолында қандай шаралар атқарылып жатыр? Басқа оқу орындарымен, мекемелермен қарым-қатынастарыңыз қандай?

Студент колледжде теориялық білім алатын болса, оны іс жүзінде бекіту және қалыптастыру кәсіптік тәжірибеге байланысты. Осындай мамандарды дайындауда тәжірибеміздің молдығының себебі әлеуметтік серіктестермен бірлесе жұмыс атқаруымыздың арқасында болып отыр. Біздің басты жетекші серіктестеріміз – «Менің елім» және Қазақстандық-туристік Ассоциациялары. Ассоциациялармен бірлесе жұмыс істей отырып, дуальды оқыту технологиясын іске асырамыз. Сондай-ақ, «Саят», «Арман Тур» деген белгілі туристік фирмаларымен, «Сұлтан Бейбарыс», «Пекин Палас», «Гранд Парк Есиль», «Рамада Плаза» қонақ үйлерімен тығыз байланыс орнаттық. Техник-бағдарламашы мамандығы бойынша төрт жылдан бері «Кварта» компаниясымен

тығыз жұмыс істейміз.Колледжде құқықтану,

қаржы, өзін-өзі тану, менедж-мент пәндерінің апталықтары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Осы апталықтардың ауқымында презентация, пікір-сайыс, конференциялар ұйымдастырылады. Кәсіби және техникалық білім беруді ұйымдастыру ішінде кәсіби конкурстарды өткізу басты бағытымыздың бірі болып саналады. Осы жылы туризм мамандығы бойынша кәсіби деңгейімізді арттыру үшін қалалық колледждер арасында «Туризм және мен» атты кәсіби шеберлік конкурсын ұйымдастырдық. Бұл тәжірибе алмасу, студенттермен қарым-қатынас, білім алысудың жарқын үлгісі болды. Білім басқармасы бұл бастамамызды қолдады, енді жыл сайын өткізіп тұрмақпыз. Ал гид-аудармашы мамандығы бойынша біз жыл сайын «Мен - аудармашымын» сайысын өткізіп тұрамыз. 2014 жылы бұл сайыс төртінші рет өткізілмек. Бүгінде Астана қаласы бойынша аударма ісі жеті колледжде оқытылады. Олармен тәжірибе алмасып, қарым-қатынас орнатуға тырысамыз. Сондай-ақ, колледж ішінде «Мен менеджермін», «Дарынды балаларға дарынды мұғалім», «Таңдаулы банкир», «Таңдаулы қаржыгер», «Таңдаулы бағдарламашы» атты кәсіби шеберлік сайыстары тұрақты түрде

өткізіліп тұрады. Колледждің мақсаты қазіргі қоғамда сұранысқа ие жоғары кәсіби маман дайындап шығару, әрі сол маманның оқу бітіргеннен кейін жұмыспен қамтылуына бағыт жасау. Колледж ішінде студенттердің кәсіби білімдерін күшейту үшін аудиториядан тыс арнаулы курстар, факультатив сабақтар өткізіледі. Туризм мамандығына арнап, Амадеус бағдарламасын іске қостық. Болашақ кәсіпкерлерімізге оқу бітіргеннен кейін шағын және орта бизнеспен айналысып кетулеріне ықпал етіп, бағыт-бағдар береміз. Студенттер үшін «Бизнеспен танысу» деген арнайы курс ұйымдастырдық. Бұл мемлекетіміздің қазіргі саясаты, Елбасының саясаты.

Біздің педагогикалық бө-лімге үш жыл, «Дарынды балаларға дарынды мұғалім» атты республикалық сайыста 24 колледждің ішінен 4-орын алдық. Осы жобаны дәстүрлі түрде жүргіземіз. Күні кеше колледжде осы жоба аясында «Мұғалім портфолиосы» атты конкурс өтті. Студенттеріміздің шеберлігі мені қатты қуантты. Студенттердің кәсіби біліктілігінің қалыптасуына баса назар аударамыз. Кәсіби дайындық деңгейін бағалау ісі бойынша біздің колледж осындай жұмыстардың арқасында жоғары ұпайға ие болып отыр. Біздің педагогикалық ұжымның жақсы, сапалы жұмыс істеуінің бір дәлелі студенттеріміздің жоғары оқу

76

орындарына түсу көрсеткіші мысал бола алады. Екі жылдан бері колледж түлектері жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті түрде кешенді тест тапсырады. Биыл 193 түлек жоғары оқу орнына түсуге өтініш беріп, оның 80-і төменгі шектен өтіп, 11-і грантқа өтті. Бұл жоғары көрсеткіш. Студенттердің жұмысқа орналасу мәселесіне келсек, 100 пайызы болмаса да, 90 пайызы өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасады.

Колледждің білім берудегі жүйесінде қандай да бір өзге-рістер, жаңалықтар болып жатыр ма?

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің әзірлеуімен кәсіптік-техникалық білімді модернизациялау бағдар-ламасының іске қосылғаны бәрімізге мәлім. Кредиттік технология бойынша оқу үрдісін зерттеп, тиімді жақтары мен артылықшылықтарын талдай отырып, 2010 жылы кредиттік оқыту технологиясын сынақ ретінде енгізуге шешім қабылдадық. Республикамызда бұл жүйенің көбінесе жоғары оқу орындарында қолданылатынын атап айтқан жөн. Кредиттік технология бойынша оқыту біздің қолымыздан келетініне сендік, себебі, ол үшін барлық мүмкіндік бар. Бізге ғылыми тұрғыдан қолдау көрсеткендер Еуразия гуманитарлық институты және кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу құралын дайындап

шығарған ғылыми кеңесшіміз, педагогика ғылымдарының кандидаты Анатолий Иванович Коханец. Осы жолда көп ізденіп, үлкен ұйымдастыру жұмыстарын жүргіздік. Кредиттік жүйе бойынша білім беруді ұйымдастырудың арнайы ережесі жасалып, кеңестік семинарлар өткізілді, оқу жоспарлары құрылды, сынақ алаңы құрылды. Жалпы, дайындық жұмыстары бір жылға созылды. Осылайша, 2013 жылы осы жүйе бойынша оқыған алғашқы түлектерді шығардық. Нәтижесі өте жақсы болды. Студенттердің өз бетінше білім алу және білімді игеру деңгейін арттыруға бағытталған кредиттік оқыту технологиясының артықшылығы мол екеніне көзіміз жетті. Колледждерге бүгінгі таңда кредиттік оқыту технологиясы қажет деп ойлаймын.

Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, күн тәртібінде тұрған мәселенің енді бірі тәрбие мәселесі болмақ. Өркениеттің өзегі – білім мен тәрбие екеніне ешкімнің таласы жоқ. Студенттеріміздің жан-жақты дамып, сауатты да жауапты маман иесі, жақсы адам болып қалыптасқандарын қалаймыз. Мамандықтарын игеріп, болашақта оның жемісін көріп, ата-аналарының үмітін ақтаса екен дейміз. Сол себепті, тәрбиені назардан тыс қалдырмай, ерекше көңіл бөлеміз. Жастардың көшбасшылық қабілеттерін арттыру бағытында, қоғамдық өмірге белсенділікпен араласуын

қамтамасыз ету бағытында жұмыс жасаймыз. Колледжде студенттік өзін-өзі басқару жүйесі қалыптасқан. Студент жастардың идеяларының жетекшісі Жастар ісі жөніндегі комитет осы орайда белсенді жұмыс істеп келеді. Сондай ақ, Студенттер Парламенті бар. Колледж Президенті, Мәдениет, Білім, Ақпарат, Туризм, Денсаулық, Спорт Министрлері өз құзырлықтарының аясында жұмыс атқарады. Бұл студенттерді жоғары азаматтық позициядан тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді, олардың қоғамдық белсенділігін тәрбиелеуге, жастардың шығар-машылық, интеллектуалдық, ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамытуға әрекет етуін қамтамасыз етеді. Осы бағытта көптеген тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Менің мамандығым тарихшы болғандықтан, Тәуелсіздіктің ұғымы маған өте жақын, себебі, бұл – тұнып тұрған тарих! Менің ұғымымда Тәуелсіздік дегеніміз – өз сара жолымызды таңдау еркіндігі. Ендеше, «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» Тәуелсіздігін әрқашан қадірлеп, қастерлей білейік!

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Жарқын Тоғым

77

21 МЫҢ МАМАН – 57 ЖЫЛДЫҢ ЖЕМІСІБілім – ырыс қазығы

Астана қаласы, Есілдің оң жақ жағалауында орналасқан «Қазтұтынуодағы-ның Сауда-экономикалық колледжі» алпыс жылға жуық жұмыс жасап келеді. Материалдық-техникалық базасымен қатар, кәсіби педагогикалық ұжымының арқасында елорданың ең үздік тәжірибелі оқу орындарының бірі болып отыр. Бүгін-дері колледжде 7 компьютер сыныбы, ақпараттық-білім орталығы, 9 интерактив-ті тақта, оқырман залы мен спорттық алаңдары бар. Жастарға ғаламтор қолжетімді болуы үшін кітапхана мен ақпараттық-білім орталығында Wi-Fi желісі орнатылған. Төрт жүз студентке шақталған жатақханада медициналық пункт те жұмыс жасауда. Сондай-ақ, оқу орны 2013 жылдан бастап Астана қаласы әкімшілігі жариялаған жергілікті бюджеттен «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырысты жеңіп алған. Үнемі шығармашылық іздену үстінде жүретін колледж ұжымын бұл жағдай біраз серпілтті.

Осы және басқа мәселелер төңірегінде келесі сұхбатымыз «Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжінің» директоры Мырзабек Төребекұлы Күжімовпен өз жалғасын таппақ.

Мырзабек Төребекұлы, сіз басқарып отырған «Қазтұты-нуодағы Сауда экономикалық колледжінің» құрылғанына да біршама уақыт өткен екен. Осыған орай білім беру мекемесінің тарихы жайынан

айтудан бастасаңыз. Колледж 1956 жылы Ақмола

облыстық тұтынушылар одағы-ның Кооперативтік техникумы болып құрылған болатын. 1998 жылы Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжі

болып өзгертілді. «Есеп және аудит», «Қаржы», «Маркетинг», «Құқықтану», «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер», «Туризм», «Бағалау», «Қонақ үй шаруашылығында қызмет

78

көрсетуді ұйымдастыру», «Аударма ісі» мамандықтары бойынша оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүреді. Колледждің елу жеті жыл тарихы бар. Осы жылдар аралығында 21 мыңнан аса маман даярлап шығардық. Өзіне лайықты бағасын алып, жоғары дәрежеге жеткен білім беру мекемелерінің бірі деп білемін. Тәуелсіз мемлекеттің білікті мамандарын даярлау аясында өз орнын таба білген және арнайы жоспары мен мақсаты бар ұжым болып саналады. Бұлай дейтін себебім, колледж Еуроодақтың жобалары бойынша инновация-лық әдістемелерді оқу жүйесіне енгізді. Жоба «Қазақстанның ТжКБ жүйесіндегі әлеуметтік серіктестігі» деп аталынады. Бұл Еуродақтың өзіндік талабы және халықаралық Еуроодақ жобасында колледж оқытушылары халықаралық сарапшылармен және әлеуметтік серіктестермен дуалды оқытудың элементтерін белсенді енгізетін модульдік оқыту бағдарламасын құрастырды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі-нің 10.08.2009 жылғы № 383 бұйрығымен 2009 жылдың 1-қыркүйегінен бастап колледжде модульдік оқыту бағдарламасын енгізу эксперименті басталды. Колледждің миссиясы еңбек нарығына қажетті құзыретті мамандарды дайындау болып отыр. Колледждегі тәрбие жұмыстары

– тұлғаның дамуын басқару үрдісі мен оның әлеуметтік-құндылықтарын қалыптастыруға негізделген. Колледждің тәрбие жүйесі екі өрістен тұрады: оқу үдерісінде, сыныптан тыс оқыту өрісінде іске асырылып, 12 бағыт бойынша жұмыстар атқарылады. Сонымен қатар, студенттерді рухани, азаматтық-патриоттық, мәдени, кәсіби және т.б. бағыт-тарға тәрбиелеуде, салауатты өмір салтын насихаттауда колледжде әр түрлі тәрбиелік мәнді іс-шаралар өткізіледі.

Модульдық оқыту және дуальды оқыту жүйесі нені көрсетіп отыр?

Модульдік оқыту – бұл нақты кәсіптік құзыреттіліктің құрылымдық компоненттеріне бағытталған икемді аяқталған блоктардан тұратын оқыту жүйесі. Қазтұтынуодағының Сауда-эконо-микалық колледжі Қазақстан-Германия жобасында 0518000 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша колледж серіктес болып келеді. Халықаралық сарапшылар және әлеуметтiк серiктестермен колледждiң оқытушылары жоба аясында оқу жұмыс жоспарын, оқу – әдістемелік кешен, «Жарқын» ЖШС (виртуалды кәсіпорын) атты оқу – тәжірибелік бухгалтерияға оқу – әдістемелік кешен және есептер тұратын 4 томдық 756 сағатқа құрастырылды. Оқу тәжірибесі бойынша есептер 13

пәнді қамтиды. Жобаға сәйкес оқу тәжірибесі оқу-тәжірибелік бухгалтерияда өтеді. Ал оқу-тәжірибелік бухгалтерия компью-терлермен, интерактивті тақтамен, теледидармен, оқу материалын жақсы шолу үшін «1С: Кәсіпорын 8.2», СОНО, банк – клиент ком-пьютерлік бағдарламаларымен жабдықталған. Студент оқудың бастапқы кезеңінен бастап кәсіпорын қызметкері ретінде өндіріске кірісіп, лауазымдық жауапкершіліктер мен функцио-налдық міндеттерді орындап, кәсіби құзіреттіліктерді меңгеру үшін колледжде дуалды оқыту жүйесінің элементтері енгізілуде: ҚР Заңдарына сәйкес нақты іс-әрекет ететін «Студент» оқу-зертханалық орталығы (заңды тұлға, ЖК) және «Фемида» студенттік-оқу құқықтық кеңес орталығы ашылды.

Дуалды оқыту – еуропалық білім беру жүйесінің тәжірибесі көрсеткендей, келешек маманның кәсіптік және әлеуметтік бейім-делуінің жетістігі үшін оқу орны мен жұмыс берушінің өзара тығыз қарым-қатынастарының негізі болып табылады. Дуалды оқыту жүйесі бойынша студенттер таңдаған мамандығы бойынша терең білім мен дағдыны игереді. Колледж оқытушылары қазіргі заманғы инновациялық білім беру әдістерін қолданады, соның бірі – электронды оқыту.

Қай кезде де мамандар даяр-лау ісі қоғам алдында парыз болып есептелінеді. Сіз қалай ойлайсыз, осы бағытта қандай да бір кемшіліктер неден пайда болуы мүмкін?

Мамандар даярлау тек жауап-кершілікпен ғана шектеліп қалмау керек. Жұмыс берушілермен біріге отырып жұмыс жасау қажет етіледі. Бұл жерде мәселе өркениетті дамыған мемлекеттерде маман даярлау тек білім беру мекемелеріне қарай жүктелмейді, жұмыс беретін мекемелермен бірлесе отырып қызмет жасалмақ.

79

Заманның ыңғайына қарай, 2009 жылдан бастап модулдық оқыту бағдарламасын енгіздік. Яғни, өңірлерде болып жатқан жаңалықтарға тезірек кірісіп, оны іске асыруға бейімделдік. Кәсіптік білім беру аясында білімді мамандар даярлау аясында дуалдық оқыту жүйесінің элементтерін міндетті түрде кірістіру керек. Қазіргі оқыту бағдарламасында бұл жүйенің маңыздылығы артып келеді. Колледжді аяқтаған студентке не біледі емес? Қолынан не келеді деген талап қойылып жатыр. Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжі Дүниежүзілік банктің «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы бойынша өткізілген конкурсқа қатысып, 380 мың долларлық грантты жеңіп алды. Аталмыш жоба ҚР Білім және ғылым Министрлігімен ұсынылған дүниежүзілік банкпен қаржыландырылған «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы арқылы жүзеге асырылады. Мақсат – жаңа технологиялармен оқытушылар және студенттердің жұмыс жасап оны қолдана алуында болып отыр. Одан әрі қарай кәсіби біліктілікті арттыру аясында да біршама шаруалар атқарылып жатыр. Колледждің тағы бір ерекшелігі – оқыту бір ауысым бойынша ғана жүргізіледі. Себебі, студенттер екі ауысым бойынша оқитын болса, тәрбие жұмыстары тысқары қалып қояды. Оқу және тәрбие жұмыстары қатар жүру қажеттігін ескере отырып, біз осы бағытты таңдадық. Біршама елімізге танымал болған тұлғалармен жиі сұхбат ұйымдастырып отырамыз. Жеті мамандық бойынша жеті жүзден аса студент білім алып жатыр. Әрбір оқытушы өзінің мамандығы бойынша беріп жатқан білімдерін жетік меңгеріп, әр нәрсені ақылдаса отырып жасау керек. Әсіресе, жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс жасаған жағдайда

ғана, біздің колледждің болашағы зор болмақ. Менің ойымша, оқуға баланың ақшасын тектен-текке жұмсаттырып, қала берді уақытын кетіруге мүлдем болмайды.

Өзгертулерге сұранып

тұрған білім саласының қан-дай да бір мәселелері сізді тол-ғандыра ма?

Электронды оқыту мәселесі қазір көтеріліп жатыр. Негізгі ой дұрыс. Іске асырылып жатқан жұмыстары осы бағытта маған ұнап тұрғаны шамалы. Бұл жүйені тек мектептік бағдарламалар мен мемлекеттік колледждерге ғана арнады. Ал жеке меншік колледждің балалары неге бұл жүйеде оқытылмайды? Олар Қазақстан азаматтары емес пе? Жеке меншікті-мемлекеттік заңы неге іске аспай отыр? Осы мәселеге қатысты мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне хат жолдадым. Министрліктің тарапынан қолдау болғанымен, республикалық деңгейде қаралған мәселені өзгертуге олардың шамасы жетпеді және хақы да жоқ еді. Мені толғандырып жүрген келесі бір мәселе – ірі кәсіп иелері әлеуметтік жауапкершілікті сезінулерін түсінбей жүрген сияқты. Өркениетті дамыған елдердің қатарына қосыламыз десек, барлық мәселені ақылдасып отырып шешуіміз керек. Мәселен, Германияда білікті

мамандар даярлау жұмыс беруші мекемелермен бірлесе отырып, мәселелерді іске асырады. Бізде де осындай жүйені әлі де қарастыру керек. Білікті маманды бірлесіп даярлауды жұмыс берушілерге дұрыстап түсіндірген жөн. Елбасы соңғы кездері техникалық және кәсіптік білім беруге көңіл бөліп жатыр. Дүниежүзілік деңгейдегі төрт колледж ашуды да ұсынып отыр. Еліміздің кейбір аудандарында кәсіптік білім беретін мекемелері жоқ. Бәлкім сондай оқу орындарын салған дұрыс па деймін. Ауылдың балалары артта қалып қоймаса деген ойдан туындаған пікірім еді, бұл.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Арғы-бергі тарихта болмаған Тәуелсіздігімізге ие болдық. Білімге өте жүйрік біздің халқы-мыз қатарынан қалмайды. Жа-ңарған заманның иесі атанған Қазақстан ақыл мен біліктіліктің арқасында әлі де өз орнын тапса екен деп ойлаймын. Өз ісіне берік адал азаматтар арамызда жүр. Біздің бірігетініміз осы Тәуелсіздіктің арқасы деп білемін.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем Сағиқызы

80

АҚМОЛА ӨҢІРІНІҢ АСЫЛ ТҰЛҒАЛАРЫСарыарқа жұлдыздары

Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы (1690ж–1775ж) – қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған батыр, қолбасшы. Ақмола облысы Ерейментау ауданында Қоржынкөл көлінің маңында өмір сүрген. 18-ғасырдағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы, сондықтан оны халық ардақтап «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп атап кеткен.

Қаракерей Қабанбай батыр (1692 – 1770ж.ж. ). Ол Арқада туып, Арқадағы Есіл мен Нұра өзендерінің ортасындағы Қабанбайдың Үш бұлағы аталатын жерде дүниеден өтеді. Сүйегі Үш бұлақтан 3 шақырымда, «Найман қорым» аталатын қырдың үстінде. Қазір бұл маң Астана қаласынан 30 шақырымда Қабанбай ауылдық округінің аумағында. Батырдың азан шақырылып қойылған есімі «Ерасыл» екен. Кейіннен жеңгелері алып денесіне орай - «Нарбала»,жолдастары әкесіне тартқан батыр болар деген оймен - «Ізбасар», нағашы жұрты - «Қабанбай» аттарын қосады. Ол 1750 жылдардың орта шенінде Жоңғар қақпасы маңында жаудың негізгі күшін үш қабат қоршап алып, жойып жібереді. Осыдан кейін Қабанбай батыр Қас өзенінен өрлеп барып, Арыстанды тауының баурайына қоныстана-ды. Сол таудың мұзды басы Қабанбай шыңы деп аталады.

Саржан Сұлтан Қасымұлы (туған жылы белгісіз–1836 жылы дүние салған) – қазақ халқының 1825ж–1836ж жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысының бірі, Абылай ханның немересі. Саржан Сұлтанның көтерілісі - Ресей империясының Қазақстанда жүргізілген отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Саржанның өлімінен кейін Ресейдің отарлық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысты оның інісі Кенесары Қасымұлы жалғастырды.

Саққұлақ би (1800ж–1888ж) – Орта жүз, арғын тайпасының атақты биі, шешен. Шын аты Сәбден, әкесі Бапан би. Қанжығалы Бөгенбай батырдың шөбересі. Ақмола облысының Ерейментау ауданында дүниеге келген.

Кенесары Қасымұлы (1802ж–1847ж) – атақты Шыңғыс ханның 27-інші ұрпағы, Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы, әуелде сұлтан кейіннен хан Кенесары бұрынғы Көкшетау облысының Көкшетау елді мекенінде дүниеге келді. Мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837–1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ хандығының соңғы ханы. Ол - парасатты әмірші, әскери өнерді жетік меңгерген қолбасшы, жаужүрек батыр ғана емес, ғажайып дипломат, данагөй болған тарихи тұлға.

Біржан сал Қожағұлұлы (1834ж–1897ж) – XIX ғасырдағы қазақ ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі. Ол Ақмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жағасында дүниеге келген. Әншілігінің, ақындығының арқасында Біржан алты алашқа оңай танылып, кейінгіге ертегідей жетіп, қазақтың ерекше салт-дәстүрі серілік дәстүрін шыңға шығарған жанға айналады.

Ақан Сері Қорамсаұлы (1843ж–1913ж) – ақын, әнші, композитор. Ақмола облысындағы Үлкен Қоскөлдің маңында туған. Шыққан тегі – Арғын ішіндегі Қарауыл руы. Халық Ақаңның бойындағы қайталанбас биік өнерді жоғары бағалап, оның сұлу сырлы өлеңдерін сүйіп айтып, өнерге өмірін арнаған бекзаттығын қадірлеп «Ақан сері» деп атаған.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы (1864ж–1916ж) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданында туған. Оның есімін халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет.

81

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы (1871ж–19488ж) – қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мой-нына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893ж–1920ж) – Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі. Ол Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, 5–6 поэма жаңа сатыға көтерген, Абайдан кейінгі ірі суреткер, реалист ақын болып табылады.

Сейітжан Омаров (1907ж–1985ж) – жазушы, журналист, аудармашы. Ақмола облысы Атбасар ауданы Керегетас ауылында дүниеге келген. Отыздан астам кітабы шыққан. Шығармалары көптеген шет тілдерге аударылған.

Мәлік Ғабдуллин (1915ж–1973ж) – қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Педагогика ҒА-ның академигі, Кеңес Одағының Батыры. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Көкшетау облысы, Зеренді ауданында дү-ниеге келген.

Ілияс Есенберлин (1915ж–1983ж) – қазақ әдебиетінде жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі. Ақмола облысы, Атбасар қаласында туған. Есенберлиннің атақты шығармалары – «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты тарихи романдары.

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (1922 ж) – авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. Сарыарқаның кең-байтақ даласында, Ақмола облысы Ақкөл ауданының өзен-көлі тасыған, емдік суы атқылаған Майбалық ауылында туған.

Рақымжан Қошқарбаев (1924ж–1988ж) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы. Ақмола облысы, Тайтөбе селосында дүниеге келген. Жауынгерлік «Қызыл ту», «1 дәрежелі Отан соғысы» ордендері, «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» төсбелгілерімен марапатталған. 2001 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов (1924ж–2013ж) – Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Армия генералы. Ақмола облысы Алексеевка ауданы Қосым ауылында туған. 1990 жылдан ҚР соғыс, еңбек және Қарулы күштері ардагерлері Кеңесінің төрағасы, 1991–1992 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы. 1992–1995 жылдары ҚР Қорғаныс министрі, 1996 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі болды. Әскери естелікнамаларға толы «В памяти нет тишины», «Мой передний край» атты еңбектері бар.

Естай Мырзахметов (1927ж–2008ж) – алты алашқа аты шыққан қарымды қаламгер, Қазақстан-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Көкшетау қаласының құрметті азаматы. Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Жаңажол ауылында туған.

Тұрсынбек Кәкішұлы (1927 ж) – ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттану ғылымына үлкен жетістік әкелген әдебиеттанушы, сыншы. Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Берлі ауылында туған.

Дайындаған Жарқын Шыңғыстауқызы

82

АБЫЛАЙ ХАН

«Абылай дәуірі – қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры»

Шоқан Уәлиханов

Ханның балалық шағы мен әскери қабілеті

Қазақ мемлекетінің тарихын-дағы аса көрнекті мемлекет қай-раткері Абылай хан 1711-1788 жылдар арасында өмір сүрген. Оның арғы тегі – Жошы хан. Қазақ ордасының негізін салған әз-Жәнібек, еңсегей бойлы ер Есім, Салқам Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Шын аты – Әбілмансұр. «Ақтабан шұбырынды» кезінде жетім қалған Абылайды үйсін Төле би өз тәлім-тәрбиесіне алады. 13 жастағы Абылайды Төле би бабамыз ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, жауға қарсы тойтарыс беруді санасына ұялата білген. Сол себептен ол ел өміріне ерте араласа бастайды. «Сабалақ» атанған ол жауға қарсы «абылайлап» шапқан. Сол себептен Абылай атанып кете барған. 1730-1733 жылдары Абылай қазақ-қалмақ соғысында Қалдан Сереннің туысы Шарышты өлтіреді. 1732 жылы жоңғарлар-дың 2 мыңнан астам әскері Орта жүздің шетіндегі ауылдарына шабуыл жасайды. Дәл сол жылы Абылайдың қалмақтарға қарсы соғысында оның әскери

қайраткерлігі мен қолбасшылық қабілеті көрінді. Осылайша ханның әскери бет-бейнесі ашыла түседі. Қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Шапырашты Наурызбай және т.б. Абылаймен бірігіп, қосыла бастайды. Ұрыс-тағы ерлігіне тәнті болған Әбілмәмбет Абылайды хан етіп, өзі кеңесші хан болып шектеледі. Абылайдың ерлігі мен ақыл пара-сатына, әскери қайраткерлігіне тәнті болған қазақ елі оны қолдай бастайды. Орыс тарихшысы А.И. Левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген», - деп жазған.

Абылай ханның билігі Абылай ханның тұсында

қазақ сарбаздары жоңғарлармен бірнеше мәрте соғысты. Бұл 1738-1741 жылдар болатын. Ал 1742 жылы кенеттен шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына Абылай хан түсіп қалады. Абылай ханның жоңғарлардың қолына түсуі бүкіл қазақ халқына соққыдан кем тиген жоқ. Абылай ханды босатып алу

үшін Орынбор губернаторы И.Ш. Неплюев пен Әбілқайыр хан жоңғар хандығына хат жазады. Төле би бастаған топпен 90 адам елші барып, келіссөз жүргізеді де, 1743 жылы 5 қыркүйекте Абылай ханды тұтқыннан боса-тып алады. Он бес жыл бойы Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізіп, 1765-1767 жылдары Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтиже-сінде Түркістан, Сайрам және Шымкент қалалары қазақтардың иелігіне өтеді. Сөйтіп, Ташкент қазақ жеріне алым төлеп тұра-тын болады. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі «Шаңды жорық» деген атпен тарихта қалды. Абылай ханның билігі 1744 жылы күшейе түседі. Себебі, ол кезде Әбілмәмбет Түркістанға көшіп кеткен болатын.

Абылай ханның диплома-тиялық қарым-қатынасы мен әскери қимылы

Абылай ханды көреген саясаткер ретінде танығандықтан оның жасаған дипломатиялық

83

қарым-қатынасы тиімді жолмен шешілгенін байқаймыз. 1740 жылы тамызда Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыстардың қарамағына өтуге келісім береді. Бір мезгілде қазақ халқының тыныштығы мен тұтастығын сақтап қалу үшін Шың империясымен де дипломатия-лық қарым-қатынас орнатады. Сөйтіп Петербург пен Пекинге елшіліктерін жіберіп отырған. Әйтсе де, Абылай ханның өзінің ішкі саясатының арқасында Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдалана отырды.

1745 жылы жоңғар билеушісі Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, жоңғарлар арасында билік-ке таласу басталады. Әскери күш-қуаты әлсірейді. Дәл осы мүмкіндікті пайдаланған Абылай хан Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Қазақ елінің Тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдайлармен аянбай күреседі. 1752 жылы Абылай хан құрамында 15-20 000 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс береді. 1753 жылы желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 жылы сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысады. Ал, шілде-тамыз айларында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алады. 1756 жылы Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күші-мен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңілсе, екіншісінде жеңіске жеткен. 1757 жылы 6 мың әскермен Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасқа шығады. Қытайлар Абылаймен келіссөз жүргізбек болады. Бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, тағы бірде

Дабашыны шауып, Әмірсананы өзіне паналатқан. Әскери қимылы мен дипломатиялық қарым-қатынастарының арқасында Абылайдың қайраткерлігі осылай-ша көріне білді. Саяси шеберлігін мықты қолдана білген Абылай хан 1771 жылы Мойынты өзенінің бойында қалмақтармен болған ауыр шайқаста тағы да жеңіске жеткен.

1754-55 және 1764 жылдары қырғыздар Жетісуда біраз ауыл-дарға шабуыл жасаған. Қазақ елінің бүтіндігін сақтап қалу үшін Абылай Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтап береді. 1771 жылы кіші жүздің ханы Нұралы Жем бойында қалмақтарға соққы берсе, бір жағынан Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтар-ды қоршауға алады. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, ел жұртын бодандыққа алуды сұрайды.

Ханның саяси тұлғасы Абылай хан өз іс-әрекетінде

қазақ халқының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталады. Қашанда болсын халқының қамын және ел билігін ойлап жүретін. Қол астындағы сарбаздарын қатаң тәртіппен ұстап, ұзақ жорықтарда ата-мекенін қорғауды шыдамдылық танытуларын көздеген. Шапқын-шылармен жауласуда ешқашанда тайынбаған. Әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдыруды көздеген. Ресей мен Қытай империяларының арасында қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат ұстауды көздеп отырды. Қытай әскерлері Қазақстанға ене бастағанда мұсыл-ман елдерінің басын қосып, ауған шаһы Ахмад Дуринмен келіссөз жүргізеді және Түркияға елшілік жібереді. Қытай елімен қарым-

қатынасы жақсара бастаған кезде орыс еліне именбей тәуелсіз отыруды місе тұтқан. Абылай ханның саяси шеберлігі осылайша жарқ ете түсті.

Күйшілік шебері Абылай хан болуымен қатар

оның дарынды күйші және композитор болғанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Мәселен, «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» және т.б. күйлердің авторы.

Орындалмаған үш арманыХалқы үшін жанын салмай

еңбек етсе де Абылай хан өмірден өтерінің алдында орындалмаған үш арманы барын айтып кеткен. Сол арманы жөнінде былай деді: «Орындалмаған үш арманым қалып барады. Біріншісі –жаумен жағаласумен жүргенде елді отырықшылыққа үйрете алмадым. Екіншісі – қала сала алмадым. Үшіншісі – егін егіп, халқыма жер емшегін ендіре алмадым».

Қаза болуыАбылай хан өмірін ат үстінде,

жорықтарда өткізіп жүріп, Арыс өзені жағасында қайтыс болады. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылай ханның 12 әйеленінен 30 ұл, 40 қызы қалды.

Абылай ханды қазақ халқының қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшысы, дарынды дипломаты ретінде танимыз. Өткен жылдың қазан айында Абылай ханның 300 жылдығы Көкшетау жерінде аталынып өтті.

Зылиха Салих

84

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?Ақмола облысының құрылуы

мен дамуының тарихы және оның қазіргі кездегі әкімшілік шекараларындағы қалыптасуы қазақ халқының өз тәуелсіздігі жолындағы жігерлі күресімен, дербестігімен және гүлденуімен, яғни мемлекетіміздің өткен тарихи кезеңімен тығыз байланысты. Қазақ хандығының 18-ғасырдың соңындағы және 19-ғасырдың басындағы сыртқы саяси жағдайы айтарлықтай күрделі болғаны тарихтан белгілі. Сол қиын кезеңде Ресей үкіметі Қазақстанның ше-карасында қорғанысты күшейту мақсатында 1752 жылы Омбы мен Звериноголовск желісін қосатын жаңа Новоишим жолағын салу туралы жарлық шығарған. 1822 жылы патша үкіметі «Сібір қырғыздары туралы жарғыны» негізге ала отырып, басқарудың жаңа жүйесін енгізеді. «Жарғы» бойынша Ұлы жүз бен Орта жүздің бір бөлігінің аумағы «Сібір қырғыздарының облысы» (Омбы) атауын алып, жаңадан құрылған Батыс-Сібір генерал-губернаторствосының құрамына кірді. «Жарғыға» сәйкес, 1822-1844 жылдары жүздер аумағының аясында Көкшетау, Құсмұрын, Ақмола, Атбасар округтері құрылады. 1854 жылы Омбы облысы Ақмола облысы және Семей облысы болып екіге бөлінген. 1824 жылы жаңа аумақтардың көлемдігі және оларды басқаруды ұйымдастыру, округ ашу туралы мәселе туындап, Қопа көлінің жағасындағы Бұқпа тауының етегінде Көкшетау сыртқы округі ұйымдастырылды. 1829 жылы Қоңырқұлджа Құдаймендин деген сұлтанның Ақмола шатқалында өзі басқаратын болыстарда сыртқы округ құру туралы білдірген өтінішімен Есіл өзінінің оң жақ жағалауында жазық даланың ортасында Ақмола округінің бекінісі қаланды. Ал ресми түрде

ол 1832 жыл ашылады. Дегенмен, 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлының көтерілісіне байланысты бұл бекініс Қара-Өткел шатқалына ауыстырылған. 1863 жылғы 16 маусымда сібір бекіністерінің жүйесінде беделді орынға ие болған Ақмола бекі-нісіне округтік қала мәртебесі берілді. Осы кезде көгілдір таулардың аумағында Щучье, Бурабай, Зеренді станицалары құрылды. 1868 жылғы бекітілген «Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлықтың далалық облыстарын басқару туралы уақытша ережесіне» сәйкес орталығы Омбы қаласын-да орналастырылған, Ақмола облысы бекітілді. Облысты әскери генерал-губернатор басқарды. Ақмола облысының құрамына Омбы, Петропавл, Ақмола, Атбасар, Көкшетау уезі енгізілді. Олар, бұрынғысын-ша болыстарға бөлінді. 1920 жылғы 26 тамызда шыққан «РСФСР құрамында Қырғыз (Қазақ) Советтік Автономиялы Республика құру туралы» декретінің негізінде, 1921 жылы Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісінде өзгерістер орын алды. Омбы облысы қысқартылып, орталығы Петропавл қаласында орналастырылған Ақмола губерниясы құрылды. Оның құрамына Көкшетау, Ақмола, Атбасар, Петропавл және Шерлақ уездері қосылды. 1928 жылғы 17 қаңтарда Ақмола губерниясы және оның уездері қысқартылып, Ақмола округі құрылды. Бірақ 1930 жылы жаңа әкімшілік-аумақтық бірлікті енгізу арқылы округ жойылды. КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының 1939 жылғы 14 қазандағы Жарлығымен Қазақ КСРО құрамында Ақмола қаласы орталығы орналастырылған Ақмола облысы құрылды, оның құрамына Қарағанды облысының құрамынан 4 аудан (Ақмола,

Новочеркасск, Еркіншілік, Вишневск) және Солтүстік Қазақстан облысынан 11 аудан (Сталин, Калинин, Макинск, Атбасар, Есіл, Рузаевск, Арықбалық, Молотов, Зеренді, Щучье, Еңбекшілдер), барлығы 15 аудан кірді. 1939 жылы облыс аумағында жаңа Шортанды ауданы құрылды. Ал 1944 жылғы наурызда Арықбалық, Зеренді, Рузаевск, Щучье және Еңбекшілдер аудандары жаңа – Көкшетау облысының құрамына берілді. Тек 1960 жылы Ақмола облысы қысқартылды да Ақмола қаласы Целинный өлкесінің орталығы болып бекітілді. Оның құрамына Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары кірді. 1961 жылы Ақмола қаласы Целиноград қаласы болып өзгертілді.

Бір ай өткеннен кейін – 24 сәуірде Целиноград облысы құрылды, оның құрамына Ақмола, Астрахан, Атбасар, Балкашинск (Сандықтау), Баранқұл, Вишневск, Державинск (Жарқайың), Еркін-шілік (Ерейментау), Есіл, Жақсы, Калининск, Қима, Ленинск (Ақкөл), Қорғалжын (Қорғалжын), Макинск (Бұланды), Новочеркаск, Шортанды аудандары кірді. 1992 жылғы 6 шілдеде Целиноград қаласының тарихи атауы Ақмола қалпына келтірілді, Целиноград облысы Ақмола облысы болып өзгертілді. Ал 1998 жылғы 6 мамырда Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылғы 8 сәуірдегі Президенттің Жарлығына сәйкес Ақмола облысының шекарасы өзгертіліп, оның құрамына бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының құрамына кірген Көкшетау қаласының аумағы қосылды да Ақмола облысының әкімшілік орталығы Астана қаласынан Көкшетау қаласына көшірілді.

85

АҚМОЛА ӨҢІРІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ

Үстіміздегі жылы Ақмола облысында 24 225 тұрақты жұмыс орындары құры-лып, құны 492 млрд. теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба жүзеге асқалы отыр. 2012-2013 оқу жылының басында облыста 653 мектеп жұмыс істей бастаса, оның екеуі жекеменшіктікі. Туристік бизнес саласында жеті жүзге тарта кәсіпорын мен жетпіске жуық туристік фирмалар жұмыс жасауда. Бұған қоса облыстың Сандықтау ауданында «Экстремалды туризм Орталығын құру» жобасы іске қосылды. Жыл сайын он жетіден кем емес тауарлы-сүт фермасын қосу да жоспарда тұр. Сонымен қатар, аймақта мемлекеттік тілді білетіндердің қатары – 63 % пайызды құрап отыр.

Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметовтың Ақмола облысы әкімінің қызметін атқарып келе жатқанына көп уақыт бола қойған жоқ. Бар болғаны бір жылдан аса мерзім өткен екен. Бәзбіреулерге көп, ал қайсыбіреулеріне аз көрінер осы кезең аралығында аймақ басшысының атқарған шаруалары қандай? Не бітірді? Межеленген жоспар орындалды ма? Әкім болып, халқына қаншалықты жақын болып жүр? Міне, осы және басқа мәселелер төңірегінде біз өңір басшысының жасап жатқан жұмыстарын көзімізбен көріп, іс-сапарда болып қайттық. Саралап отыруды да жөн көрдік.

Ең алдымен халықтың әлеуметтік қорғалу мәселесіне тоқталайық. Осы мәселеге қатысты облыс әкімі қызметіне келген Қосман Қайыртайұлы екі аптадай уақыт өтісімен «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын

жүзеге асыруды қолға алу үшін арнайы мәжіліс өткізді. Мәжіліс барысында атап көрсетілгендей алдағы жылдар көрсеткіші былайша қаралды: 2016 жылға қарай кедейлік деңгейі 8-6 %-ға, жұмыссыздық деңгейі 5,5 %-ға

дейін төмендетіледі. Коммуналдық төлемақылар мен жанар-жағар майға шығындарды өтеу бойынша аз қамтылған отбасыларға 2013 жылы кеткен шығынның көлемі – 11,3 % құрады. Жаңадан жұмыс орындары құрылып, оның саны –

86

8000-ға дейін артты. «Астананың азық-түлік белдеуі» бағдарламасы аясында Ақмола облысында 2013 жылы жүздеген адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін құны 9,6 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылды. Іске қосылған жобалардың төртеуі өнімді өңдеу бағытында жұмыс жасамақ. Өткен 2013 жылдың он бір айында Астанаға 59 мың тоннадан астам сүт өнімдері тасымалданды. Тұтынушыларға жеткізілген он бес мың тоннадан астам сүт өнімдері мен 150 млн. дана жұмыртқа жылдың жақсы жаңалығына айналып отыр.

Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі де күн тәртібінен қалыс қалған жоқ. Әсіресе, туберкулез ауруына қарсы науқастарды ерте анықтап және диагностикалау үшін жылжымалы флюорографиялық қондырғылар көптеп сатып алынды. Зертхана-лық база да толығымын жақсар-тылып, жаңа технологиялар енгізілді. 2012 жылы стационар-дағы төсек-орынды 70-ке дейін қысқартқан болатын. Есесіне сол стационарды алмастыратын күндізгі стационар және үйдегі стационар технологияларына ауысқанымен, облыста ста-ционарлық көмек жетіспеді. Осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін облыс әкімдігінің қолдауымен өткен 2013 жылы бюджеттен 64 млн. теңге қаржы аударылды. Мысалы, Сандықтау қалалық ауруханасының үшінші қабаты мен екінші ғимараты бос тұрған орынды болашақта аймақтың маңызы бар медициналық-әлеуметтік мекемесіне айналдыру көзделді. Тірек қозғалу буындарының және бүйректің ауыр түрінің ауруларына шалдыққан мүгедектерге 2013 жылы 5,2 млн. теңге қаражат кетті. Санаториялық-курорттық

ем қабылдаған адам саны да өткен жылдармен салыстырғанда біршама жақсы көрсеткішті көрсетті. Сондай-ақ, он екі жылдық оқыту моделіне көшу мен кадрлық өзгерістерді енгізу қажеттігін де ескеріп келеді. Он екі жылдық білім беру жүйесін енгізу үшін облыстың екі қалалық және төрт ауылдық мектептері қатысты. Бұл бағытта 2015-2016 жылдары алты жастағы балалар қабылданбақшы. 2015 жылдың бірінші қыркүйегінде дәл осы мақсатта бірінші сыныпқа он сегіз мыңнан аса оқушы мектеп есігін ашпақшы. Жалпылай алғанда, 2013 жылы арнайы әлеуметтік қорғауға байланысты 343 адамға 60,3 млн. теңге жұмсалды. Егде жастағы адамдарды қамқорлыққа алу үшін Қосман Қайыртайұлы былтыр сексен мыңнан астам адамға қаржылай көмек көрсетті.

Әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты көтерілген тағы бір мәселе – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болатын. Қосман Қайыртайұлының бастамасымен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 2012 жылдан бастап қолға алынған инновациялық жобаларды гранттық қаржыландыру жүйесі сол күйінде қалды. Жылына 260 мың тоннадан аса өнім беріп, жеті жүзден аса адамды еңбекпен қамтып отырған Степногорск тау-кен-химия комбинатында жұмыс бағдары қалыпты орындалып келе жатқанымен, болашақта өндіріс тиімділігін арттыру да басты назарда.

Қосман Қайыртайұлы ауыл шаруашылығын өркендетуді де жиі назарға алып жүр. Өткен жылы 7,9 млрд.теңге субсидия бөлуді қарастырып, көктемгі егін егу жұмыстарына, техникалық жабдықтау лизингісіне, мал сатып алуға, ауыл шаруашылық

өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу жөніндегі жаңа қуаттылықтарды ашуды қаржыландыру үшін несие беру мәселелерімен де айналысты. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі он бір айдың қорытындысы бойынша 234,2 млрд. теңгені құрады.

Индустрияландыру картасы бойынша былтыр құны 73,2 млрд. теңгені құрайтын жеті инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Жалпы 2014-2021 жылдар аралығында 240 225 тұрақты жұмыс орындарын құру, 492 млрд. теңге қаржыны құрай-тын 5 инвестициялық жобаны қолға алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, өңір басшысының қолдауымен құны 17,6 млрд. теңгені құрайтын «Перспективада 300 МВт дейін кеңейте отырып, қуаты 45 МВт-ты құрайтын жел электр станциясын салу» жобасы Ерейментау қаласында жүзеге асырылып жатыр. Бұдан әрі аймақ басшысы аграрлық өңірдің бірі саналатын «Родина» агрофирма» ЖШС қуаты 750 кВт жел генератының құрылысының аяқталып, пайдалануға берілуіне тапсырма берген. Қуаты 30-50 мВт-ты құрайтын «Самал» жел саябағы құрылысын жүргізуге жер телімдерін бөлу мәселесін де қарастырып берді.

Облыс әкімі Қосман Қайыр-тайұлының басшылығының арқасында «Agro Trading - 2007» ЖШС құрама жем зауытының құрылысын бастау жоспарға алынып, нәтижесінде ірі қара малға қуаттылығы жылына 110 000 тонна витаминді-минералды қоспалар шығару көзделді. Ал, «Вектор» комбайн зауыты» ЖШС қуаттылығы үш жүз техниканы шығарылуын қолға алып, «Два Кита» ЖШС 1 млрд. теңгеден астам қаржыға жылына 7200 тонна корпустік жиһаздың өндірілуіне

87

де аса мән берді. Осы орайда айта кететін жайт, 2013 жылдың жаз айында тағы бір маңызды жобаның іске қосылуы болып отыр. Түрлі құрылыс тастарын өндіру мен қайта өңдеу, сондай-ақ, жаңа тасты ұсату техникасы бар Зеренді ауданындағы «Ардагер-Неруд» ЖШС шығарған өнімдерін Ресей мемлекетіне жіберілу болып отыр. Бұл бағытта кәсіпорынның іске қосылған жаңа желісі серпін бермек. Бұланды ауданында да дән өңдеу цехы іске қосылып, он адамға жұмыс берілді. Кәсіпорын-да тәулігіне екі тоннадай астық өндірілмек.

Аймақ басшысы қызметіне келгеннен кейінгі үш айдан соң Қосман Қайыртайұлы әлеуметтік-экономикалық даму мәселесін де біршама ретке келтірді. Индустриялдық инфрақұры-лымды дамытуға және баспана құрылысына 1,5 млрд. теңге бөлуді қарастырып, он үш тұрғын-үй құрылысының жүргізілуін қадағалады. Дәл осы қарқында 2020 жылға дейін несиелік және жалға алу есебінен 138 мың шаршы метр тұрғын үйдің пайдаланылуын жоспарға қойды. Былтыр 80 мың шаршы метр тұрғын үй халыққа қолжетімді бола алды. Тек Көкшетау қаласында баспана мәселесі соншалықты шешімін таба қойған жоқ. Сондай-ақ, Қосман Қайыртайұлы Есіл ауданына жетпіс үш пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізуді назарға алған. Ал, Жарқайың ауданында жетпіс бес пәтерлі жаңа үй пайдалануға берілді.

Жаз мезгілі келсе еліміздің сапалы жол мәселесін ретке келтіруде тыпыршып кететіні бар. Дәл осы мезгілде Қосман Қайыртайұлы жол төсемін жөндеу және күрделі жол жөндеу жұмыстарына қадағалау

орнатып, сапалы жолдың болуын тапсырды. Әсіресе, жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде Целиноград, Аршалы және Бурабай аудандарын ерекше назарға алу керектігі нысанаға алынды. Өткен жылдың жарты жылдығында облыстық деңгейдегі көлік жолдарының оннан аса нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Моноқалалар қатарына іліккен Степногрск мекеніндегі көше жолдарын жөндеу жұмыс-тарына 50 млн. теңге қаржы жұмсалды. Соңғы екі жылдың көлемінде қала ішіндегі жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 221,8 млн. теңге қаржы жіберілді. Сондай-ақ, Сандықтау ауданының жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу назардан тыс қалған жоқ. Ауданның жолдарын жөндеуге республикалық бюд-жеттен 16 млн. теңгеден астам қаражаттың бөлінуін де естен шығармады. Облыстық бюджеттен 25 млн. теңге Балкашино ауылы-ның, Хлебное ауылынан Атбасар ауданының шекарасына дейін 5 млн. теңге көлемінде жол жөндеу жұмыстарына аударылды.

Осы орайда айта кететін бір мәселе бар. Атбасар ауданына редакциямыздың арнайы іс-сапары кезінде Атбасар –Астана бағытындағы тас жолдың сапасының төмендігі мен шұрық тесігі көп жолды көріп, жүріп қайтқан жайымыз да бар. Осы мәселелер алдағы уақытта шешімін тапса деген ниетімізді жасырмаймыз.

Қосман Қайыртайұлы облыстың барлық аудандарының ауыз сумен қамтамасыз етілу мәселесін де қарастырған. Осы бағытта 2015 жылға қарай аймақтың барлық елді-мекендерін сексен пайызға дейін ауыз сумен қамтамасыз етуді жоспарлап қойды. «Ақ бұлақ» бағдарламасы

бойынша ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін арнай 35 жобаны іске асыруды көздеп отыр. Нәтижесінде он елді мекенге ауыз су жіберіліп, ескір-ген құбырларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2014 жылдың қаңтар айының басында Жарқайың ауданы Үшқарасу елді мекенінде қашықтығы 7,7 шақырымға созылатын сумен қамту жүйесі іске қосылды.

Енді мал шаруашылығының дамуына кезек берейік. Аймақ басшысы елді-мекендерде мал шаруашылығымен айна-лысып, ірі қара мен ұсақ мал басын көбейту қажеттігін ескеріп, тапсырма да берген болатын. Облыс әкімі Қосман Қайыртайұлының өткен жылдың аяғына қарай Астана қаласы ҚР Президенттің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген брифингте мәлімдегеніндей, ірі қара мал сүтін өндірудегі Ақмола облысының үлесі елімізде өндіріліетін сүттің жалпы мөлшерінің 6,4 % құрап, тоғызыншы орынға шықты. Сүт өндірумен жиырмадан аса және асыл тұқымды сүтті мал өсірумен айналысатын жеті кәсіпорын бар. Олардың ішінде ең ірі кәсіпорындар Целиноград, Зеренді, Ақкөл, Есіл, Бурабай және Жақсы аудандарында болып отыр. Етті қара мал шаруашылығыне келсек, ет бағытындағы асыл тұқымды малдың жалпы санының өсуі алдағы жылдармен салыстарғанда едәуір жақсы көрсеткіштерге жеткен. Осы бағытта екі жүзден аса шаруа қожалықтары жұмыс жасап жатыр. Аймақта арнайы бордақылау алаңы да құрылып, қуаттылығы жылына он бір мың бас малға жетіп отыр.

Әсем Сағиқызы

88

НинаДьячек

89

ДЕПУТАТТЫҢ МІНДЕТІ ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІН АҚТАУ

Бүгінде Тәуелсіз еліміз келелі бір кезеңге, кемелді келешекке аяқ басып тұр. Ел өркендеуінің жаңа кезеңінің міндеттері туралы Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында кеңінен атап көрсетті. Бұл ретте түрлі деңгейдегі депутаттар үшін халық сеніміне ие болу аса жоғары жауапкершілік жүктейді. Себебі бүгінгі сайлаушының көзі ашық, ақпараттан құр қалмайтын белсенді және талапшыл. Сондықтан халық қалаулысының жауапкершілігі ауырлай түсті десек артық айтқандық емес. Біз әйел болса да елдің артқан жүгін ер азаматтармен бірдей көтеріп жүрген нәзік жанды халық қалаулысы, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Нина Сергеевна Дьячекті сөзге тартқан едік.

Нина Сергеевна өзіңіз басқаратын бесінші шақы-рылымдағы облыстық мәслихаттың екінші жылы да аяқталып келеді. Осы орайда сізбен қоян-қолтық жұмыс істеп жүрген депу-таттық корпус пен оның жұмысы туралы ойыңызды білсек...?

Ақмола облыстық мәслихатына негізі 33 де-путат сайланған. Халық қа-лаулыларының құрамында осы өңірде тұратын түрлі этностың өкілдері, атап айтқанда, ірі өнеркәсіп басшылары, ғалымдар, мұғалімдер, кәсіпкерлер бар. Осы 33 депутаттың 32-сі «Нұр Отан» партиясының атынан ұсынылғандар. Бұл халық арасында билік партиясының беделі жоғары екенін көрсе-теді. Облыстық мәслихат тарихында алғаш рет Қазақ-станның Коммунистік ха-лықтық партиясының болуы өте маңызды жәй. Бұл қоғамда шынайы көппартиялылықтың қалыптасқандығының дәлелі. Бүгінгі күні депу-

таттық корпус құрамын сайлаушыларының көке-йіндегі мәселені жанымен түсінетін, өте қадірлі де беделді адамдар құрайды деп айтуға толықтай негіз бар. Олар Ақмола облысының күрделі әлеуметтік-эконо-микалық мәселелері нәти-желі шешімін табуы үшін қолдарынан келгеннің бәрін істейді. Біз үшін ең бастысы халықтың сенімі.

Мәслихаттың негізгі жұмыс формасы сессия ғой. Биліктің өкілді органының осы жұмыс формасының рөлі жөнінде не айтасыз?

Иә, расында елдегі заңнама мәслихаттың негізгі жұмыс формасы ретінде сессиялық қызметті белгіледі. Осы сессия арқы-лы депутаттар өздерінің уәкілеттіктерін іске асыра алады. Ағымдағы жылы облыстық мәслихаттың 11 сессиясы өтті. Сол сессиялар барысында «Ақ бұлақ», «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы:

Жалпы Еңбек Қоғамына жиырма қадам» мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуы туралы, жылдық бюджеттің орындалуы, 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасы, 2013-2015 жылдардағы бюд-жетті нақтылау, Степнагорск қаласы мен Ақкөл ауданының әкімшілік аумақтық құры-лысын өзгерту, жалпы су пайдаланудың, энергиякөзін сақтаудың тағы да басқа-лардың тәртібін бекіту секілді 78 мәселе қаралыпты.

Мәселен, сессия кезінде халықты қажетті мөлшерде әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді мақсат еткен, мемлекеттік «Ақ бұлақ» бағдарламасының іске асырылуы бойынша атқару-шы органдардың жұмысы өте қатты сынға алынды. Сессияда депутаттар берген түбегейлі баға - аталған бағыттағы жұмыстарды жандандырып, ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді. Дәл осы сессияларда депу-таттардың ұсынысымен

90

облыстық бюджеттің жоба-сына қосымша шығын енгізілді.

Біздің білуімізше мәс-лихат өзінің уәкілетті мерзімінде сессия аралы-ғындағы негізгі жұмыспен айналысатын, тұрақты комиссия құрады. Сіздерде қанша тұрақты комиссия бар және олар қалай жұмыс істейді?

Депутаттардың саны ескеріліп біз үш тұрақты комиссия құрдық. Олардың қызметі негізінен облыс-тың тыныс тіршілігінің барлық жағын қамтиды. Мәселен, экономика және бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссия ағымдағы жылы Жақсы ауданындағы «Ақбұлақ» бағдарламасының жүзеге асырылуы және облыстың 2011-2015 жылдарға етті мал шаруашылығын дамыту мәселелері және 2014-2016

жылдарға арналған облыстық бюджет жобасы мен облыстық басқармалардағы Ревизиялық комиссиялардың жүргізген бақылауларының нәтижелерін талқылады. Ал әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақ-ты комиссия Ақмола облы-сы мәдениетін дамыту мәселелерін, балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтудың 2010-2014 жылдарға арналған Балапан бағдарламасының іске асырылуы, әйелдер мен балаларға қолдау көрсету және оларға тұрмыстық зорлық көрсетудің жолын кесу бойынша жұмыстардың жағдайы қаралды.

Сол секілді Көкшетау қаласындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың мектепке дейінгі мекемелеріне тір-кеуді ұйымдастыру мен орын бөлу бойынша білім басқармасының жұмыстары,

жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты түсіндіру бойынша Ақмола облыстық ІІБ-ның мектеп инспекторларының жұмыс-тары депутаттық этика, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша тұрақты комиссия назарында болды. Сондай-ақ, мәслихат депутат С.З.Елюбаевтың Г.В.Осиненконың және А.Ф.Куликовтың депутаттары уәкілеттерін орындау және өздерінің сайлауалды бағ-дарламасын іске асыру ту-ралы есептері тыңдалды. Байқағаныңыздай комиссия кезінде халық қалаулылары қараған мәселелер шеңбері айтарлықтай ауқымды және біздің тіршілігіміздің барлық жақтарын түбегейлі қамтиды. Барлық қаралған мәселелер бойынша сәйкесінше қаулы қабылданды. Олардың орындалуы бақылауға алынған.

91

Айтыңызшы, депутат-тық қызметтің сессиялар мен тұрақты комиссия жұмыстарына араласудан басқа формалары бар ма?

Әрине. Біз қоғамдық шаралардың өткізілуіне көп көңіл бөлеміз. Бұл депутаттардың қоғамдық құрылымдармен, биліктің атқарушы органдарымен өзара қарым қатынасының жақсаруына көмектеседі. Көп жағдайда депутаттар қоғамдық пайдалы шара-лардың бастамасышы болып жүр. Мәселен, облыстық мәслихат депутаты Г.В.Осиенко басқаратын ЖШС «Зеленстрой» Тұңғыш Президент күніне «Сүйікті қала» қалалық газеті ұйым-дастырған «Үздік КШМ» байқауына бас демеуші болып, 180 мың теңгенің жүлде қорын тағайындады. Ал «Бектау» ЖШС директоры, депутат С.Х.Сыздықов Шортанды ауданының Бектау

орта мектебіндегі қыздардың вокалдық тобына сахналық киімдер сатып алып берді. Аталған елді мекеннің аумағын жақсарту үшін 200 мың теңге бөліп берді және 15 еңбек ардагеріне тегін жем шөп бөлінді. Сонымен қатар, «Нұрлы көш» шағын ауданында депутат С.А.Аяғановтың араласуымен дәрігерлік бөлімше ашыл-ды. Жалпы облыстық және аудандық, қалалық мәслихаттың депутаттары қайырымдылық шараларына, републикалық ауқымдағы акцияларға белсенді түрде қатысады.

«Тәуелсіздік» ұғымының қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

1991 жылдан бергі жүріп өткен жолға мән беріп қарасақ, Тұңғыш Президент Ұлт Көшбасшы-сы Н.Ә.Назарбаевтың бас-шылығында Қазақ елі әлемге

танылды. Ядролық қарудан бас тартқан және ұлтаралық және конфессияаралық ынтымақтастықтың тамаша үлгісін қалыптастырған тыныштықты сүйетін мемлекет ретінде әлем алдында беделге ие болды. Бүгінде қазақстандықтар еліміздің экономикалық және әлеуметтік саласының нығайуы үшін белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқан, тұрақты іргетасын тұрғызып үлгерді. Мемлекеттің қол жеткізген жетістіктеріне ақмолалықтардың да сіңірген еңбегі орасан. Сол себепті де Тәуелсіздік ұғымы мен үшін аса қадірлі.

Сұхбатыңызға рахмет!

Cұхбаттасқан Ләйлә Нығматуллина

92

«МАҚСАТЫМ – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КӨРКЕЙТУ»

«Агробизнес - 2020» бағдарла-масындағы міндеттерді орындау барысында ауыл шаруашылығымен айналысатын тауар өндірушілерін несиелеудің рөлі орасан зор. Аграрлық экономика бұл бағытта өндірістің тұрақты өсуіне, ең-бек өнімділігінің артуына және жаңа инфрақұрылымды қалпына келтіруге қол жеткізбек. Ауыл шаруашылығын сол себептен қар-қынды дамытуға, материалдық ресурстарды неғұрлым толық пай-далануға мүмкіншілік туып отыр. Кәсіпкерлерге қалыптасқан және қолжетімді несие ресурстарын беру де олардың жұмыстарының біршама жақсаруына себін тиюде. Дәл осы бағыт жүйелі түрде

Сағадат Қайыржанұлы, Ақмола облыстық мәслихаты-ның депутаты ретінде қандай мәселелерді көтеруді қолға алдыңыз? Депутаттық бағдар-ламаңызда қаралған мәселелер қаншалықты нәтижесін көрсетіп отыр?

Халық қалаулысы болып

жүргеніме он бес жылдан асып барады. Депутат ретінде мен ауыл шаруашылығы мәселесін көтерумен айналысуды місе тұтып келемін. Біршама мәселелерді сол себептен ауыл шаруашылғына қатысты шешімін табуды мақсат етіп алдыма қойдым. Қордаланған және күрделі мәселелерді кей

кездері шешуге тура келді. Бұның бәрі өз уақытымен жайлап, орнына келіп жатыр. Менің басты мақсатым – ауыл шаруашылығын көркейту. Мәселен, «Родина» ЖШС-нің Софиевка аулында балабақшаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге себімді тигіздім. Талапкер аулынан Воздвиженко

жүзеге асса, отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігі күшейе түспек. Олай дейтін себебіміз, бұл күндері елімізде ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге төменгі пайызбен несие беру ісі де жақсы жолға қойылып келеді. Несие серіктестіктері осы бағытта өз жұмыстарын жалғастырып келеді. Республика бойынша қазір 170-ке жуық несие серіктесттігі бар екен. Өз бетімен жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарға кәсіпкерлікпен айналысуды ұсынып жүрген «Целиноградское» НС» ЖШС-нің бүгінгі жасап жат-қан жұмыстары осыған куә бола алады. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне несие беруді қолға алған мекеменің бүгінгі таңда қарқынды жұмыс жасап жүрге-ніне биыл 10 жыл толайын деп отыр.

Осыған орай біз Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Целиноградское» НС» ЖШС-нің басқарма төрағасы Сағадат Қайыржанұлы Ашебековты әңгімеге тартқан болатынбыз.

93

ауылына дейін жүріп өтетін көпір-дің ретке келтірілу мәселесін де қолға алдым. Осы мәселе бойынша жобалық-сметалық құжат әзірле-нуде. Бұйыртса, бұл көпірге күрделі жөндеу жұмыстары биыл жүргізілмек. Осындай әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін Ақмола облысы, Целиноград ауданына 2,5 миллиард теңге қаржы аударылды. Астана өңірі-нен 30 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдарға жер берілу тоқтатылып, электр жарығын өткізу, ауыз су тарту, жол салу және т.б. мәселелер біртіндеп қолға алынуда.

Сіз «Целиноградское» НС» ЖШС-нің басқарма төра-ғасысыз. Несие серіктестігі құрылғалы бері қазір қандай жұмыстарды атқарып жатыр? Негізгі қызметі қандай?

«Целиноградское» НС» ЖШС 2003 жылы құрылған болатын. Мекемеде әу баста 3 адам ғана жұмыс жасайтын. Қазір 10 адам қызмет етеді. Несие серіктестігінің мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру болып отыр. Ақмола облысы, Целиноград ауданының ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлеріне несие беру көзделген. Ауыл шаруашылықты мемлекеттік бағдарлама шең-берінде несиелік ресурстары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан бөлінеді. НС құрылтай-шылары аудан ішіндегі ірі және тұрақты шаруалардың бірі болып табылады. Өсімдік шаруашылығынан басқа мал шаруашылығымен яғни, етті және сүтті бағытындағы малдарды өсірумен айналысады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді де қолға алған. Мәселен, ұн, макарон, қымыз, сүттік өнімдер мен жартылай фабрикат өнімдерін өндіру ісін жетілдіру көзделген. НС шаруалары 4 772 бас ІҚМ, 566 бас ҰҚМ және 1 248 бас жылқыларды ұстайды. Ауыл шаруашылығының дамып, көркеюі

үшін осылайша көмегімізді беріп келеміз. Несие серіктестігі өз алдына үлкен мекемелердің бірі десек те болады. Тұрғындардың кәсіпкерлікпен тиімді айналысу-ларын көздеу қажеттілігі ескеріл-мек. Несие серіктестігінің арқа-сында ауыл шаруашылығының дамуына біраз серпін беріп отыр. Кейбір ауылдық жерлерде екінші деңгейлі банктердің филиалдары жоқ. Түп жерлерде орналасқан ауыл тұрғындарына осы несие серіктестігінің көмегі зор. Бір жылға шаққандағы несие серіктестігінің көлемі 8-9 % құрап отыр. Әрбір ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына 9 жылға дейін несие бере аламыз. Ең күрделі мәселелердің бірі – ауылда кепілдек аз. Соның салдарынан банктер несие бере қоймайды. Несие серіктестігі бұндай жағдайда ауылдағы үй-жайын ғана кепілдікке алады. Елбасы айтып өткендей, тағы бір мәселе – ірі қара мал етін дамыту жоспары тұр. 2016 жылы 60 мың тонна етті экспорттау қажет болса, біз сол жоспарды орындауға атсалыспақпыз. Өз кезегінде «Сыбаға» бағдарламасының да жұмысы одан әрі қарай ілгерілей түспек. Несиені тек ірі кәсіпорындарға ғана емес, жаңадан кәсіппен айналысқысы келетін ауыл тұрғындарына да беріп отырмыз. Себебі, ауылдық

жерлерде малдың ізі аз ғана қалды. Республика бойынша барлық малдың санын есепке алсақ, 80-85 %-ы жекеменшіктің қарамағында. Өз бетімен мал шаруашылығын дамытуды алған адамдарды кө-зімізбен көріп, оларды өзімізге қарай тартып жатырмыз. Жеке кәсіпкерлікті ашқыздырып, 20 ғана ірі қара малы болса, оның үстіне тағы 10 шақты мал алуларына себімізді тигізіп келеміз.

Несие серіктестігі құрыл-ғаннан бері қарай қанша қаржы ресурстары игерілді? Техника жағынан да ауыл шаруашылығы бір кездері құлдырап кетті. Жаңа техника сатып алу мәселесін қалай ыңғайластырып отырсыздар?

2004-2013 жылдар аралығын-да несие серіктестіктің қызметінің кезеңінде 5 223 385 924 теңге-ге несие берілді. Несиелік ресурстардың 3 848 999 587 теңге қаржысы өтелді. ЖШС құрылтайшыларды несиелендіру барлық кезеңі бойынша 1 316 993 998 теңгеге арнайы техникалық құралдар сатып алынды. Мәселен, 18 бірлік тракторлар, 15 бірлік дестелгіш, 75 бірлік комбайн, 10 егіс кешені, 27 ауыр жүк көтергіш машиналар, 52 бірлік ауыл шаруашылық құралдары мен 1 диірмен кешені сатып алынды. Сондай-ақ, астық тазартатын

94

және құрал-жабдықтардың 2 жиынтығы, 6 тіркеме, МТШ үшін құрал-жабдықтар, 1 бірлік жел электро стансасы, әмбебап жармалағыш, бумалы сыққыш іріктеуші машина, суытқышы бар сүтті танк, қоспа жем үшін уатқыш-араластырғыш техни-касы, сүттік өнімдерді буып-түю машинасы, 1 бірлік көлікжай ғимараты, 2 бірлік суландыру мен макарондық өнімдерді буып-түюге және дайындау үшін құрал-жабдықтары сатып алынды. Бұған қоса 438 бас жылқы, 405 ҰҚМ және 272 ІҚМ да бар.

Өкінішке орай, аграөнеркәсіп саласына несие ре-сурстарын тарту мәселесі жүйелі түрде дамымай келе жатыр. Екінші деңгейлі банктер ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге несие беруді де құптай бер-мейді. Сіз қалай ойлайсыз, бұл мәселе неден туындап отыр? Несие серіктестігінің екінші деңгейлі банк қызметтерінен айырмашылығы неде? Сондай-ақ, несиенің уақытылы төленбейтін кездері бола ма?

Білуімізше екінші деңгейлі банктердің ауыл шаруашы-лығына несие беруі небәрі үш пайызды ғана құрап отыр. Сол себептен банктердің ауыл шаруашылығын қолдау біл-дірулері қызметтерінен тыс қалып жатыр. Кәсіпорындар мен мекемелерге несие беруді мүмкіндіктерінше қолжетімді қылғандары дұрыс болар еді. Сонда ғана банктердің қолда-рындағы ақша айналымы жылдам реттеліп, халық шаруа-шылығының экономикасына оң әсерін тигізеді. Несие серік-тестігінің екінші деңгейлі банктердің қызметіне қарағандағы ерекшеліктері – жылдың басында берілген несиенің қайтары-мын бірнеше айлар өткеннен кейін алуында болып отыр. Себебі, ойлап қараңыз, мал алған адам оның төлін өсіріп қана кәсібін дамыта алады ғой. Несиені 7 жылға дейін беру көзделсе, 2 жыл бойы несиені қайтару сұралмайды, тек 5 жылдың ішінде өтеп бере алады. Техниканы да 5 жылдық несиемен алып, 2 жыл төленбейді, төлемді қалған 3 жылға бөліп береміз. Болашақта ауыл шаруашылығын дамытуға бірден-бір себін тигізетін осы несие серіктестікті қамтитын мекемелер деп ойлаймын. Ал, несиенің уақтылы төленбейтіні жөніндегі мәселеге келсек, әсіресе ауыл шаруашылығына несиені бере-тін кездері де, қайтарып алатын кездерде де қиыншылығы кездесетіні жасырын емес. Мәселен, егін сепкен кәсіпкер ауа-райының қолайсыздығынын шығынға ұшырауы мүмкін. Бірақ, несиені сол күні бергеннен бастап, ол адаммен байланысымыз үзілмейді. Біз барлығының жағдайларын сұрастырып, тіпті көзімізбен көру үшін де олармен жүздесіп отырамыз. Тұқым-ның дұрыс себілуін және биологиялық тыңайқыштарды алуларын қадағалаймыз. Егін пісіп келе жатқан кезде тағы бір бақылап және дұрыс өнім беретініне дейін білуге тыры-самыз. Егер өнім дұрыс берілмей жатса, бірнеше шаруа қожалықтарын біріктіріп, бірлесіп егінді сатуларына көмек береміз. Оның сыртында несие беру комиссиясымен жұмыс жасайды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі де өз міндетін атқарады. Ауыл шаруашылығымен айналысу қай уақытта да шыдамдылықты қажет етеді ғой. Осындай бағыт бойынша жасалған жұмыста кедергілер де аз кездеседі. Менің несие серіктестігімнің бүгінгі беріп отырған қаржысы – 1 млрд. 800 млн. теңгеге дейін жетті. Несие серіктестігінің қаншалықты тиімді екенін халық көріп отыр. Тиімділігі – 93 % құрап отыр

95

десем қате айтпаспыз.

Ауылдың көркеюіне атса-лысып жүрген азаматтардың бірісіз. Осы бағытта қандай да бір жаңашыл бастамалар қажет пе?

Шынтуайтына келсек, әлі де атқарылатын шаруалар жоқ емес, бар. Мәселен, тоқырау замандарында жабылып қалған кәсіпорындар қайтадан ашылып, жұмыс жасауда. Он мыңға жуық ірі қара малы бар облысымыздың Шалқар ауданы дәл осындай жағдайды басынан кешті. Мал басы азайып кетті. Былтырғы жылдары шетелден 434 бас ІҚМ әкелінді. Ауданда жұмыссыз отырған тұрғындарға арнайы осы мал шаруашылығының арқасында он шақты жұмыс орны ашылды. Сондықтан ІҚМ-ды көбейтуді тезірек қолға алған жөн. Кем дегенде әр ауылда 100 шақты мал басы болуы керек. Мемлекетімізде ет және сүт өнім-дері ілгері жылжып, отандық өнімнің дамуына қолайлы жағдай туғызар еді. «Ақтық» агрофирмасы біздің несие серіктестігіміз арқылы алған несиеге 175 бие сатып алды. Екі жылдан бері қымыз өнімін шығарып келеді. Сол сияқты «Родина» агрофирмасы да несие алып, былтыр сүт өңдеу

зауытын іске қосты. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша біздің мекеме осы ауданға біршама етті және сүтті ІҚМ сатып алып беруді көздеп отыр.

Қоғамның артында халық тұр. Халықтың жағдайын ыңғайластырып, бір ретке келтіру үшін көптеген мәсе-лелерді талқыға салу керек болып жатады. Демек, қоғам-дық саясатты жүзеге асыру да оңай шаруа емес. Осы ба-ғытта атқарылып жатқан шаруалардың оң нәтижесі сіздің ойыңызша, нені көрсетіп отыр? Кемшін тұстары қалай байқалуда?

Тоқсаныншы жылдармен дәл қазіргі жылдарды алып қарасақ, біраз өзгерістің бол-ғаны байқалады. Халықтың қабілет-қарымы артып, көзқарас деңгейлері жоғарылап келеді. Елдің экономикасының қарыштап дамуына өз үлестерін де қосып келеді. Сол тоқырау кезеңдері халыққа оңай тиген жоқ. Көптеген ауылды мекендер қирап, қаңырап қалды. Тағы да сол «Родина» агрофирмасының директоры Иван Сауэрды алайық. Бірақ, ол өз ауылын ұстап қала алды. Қаракөз қазақтың жігіттері дәл сол уақытта Сауэр сияқты бола

алмағанымен, ауылға жанашыр қаракөз азаматтардың көбейіп келе жатқаны мені қуантады. Алдағы 5-7 жылда ауыл шаруашылығының дамуы мықты көрсеткіштерге қол жеткізеді деген сенімдемін. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отырған бағдарламалар іске асуы керек. Мемлекет тарапынан берілетін субсидия қаржысы толықтай игерілуі керек.

Болашақта қандай жоспар-ларыңыз бар?

Халық қалаулысы және несие серіктестігінің төрағасы ретінде болашақ жоспарым да, мақсатым да біреу ол – ауыл шаруашылығын дамыта беру. Соың ішінде ІҚМ басын көбейту басты кезектегі талаптарымның бірі болып отыр.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Тәуелсіз елміз деп айту оңай. Ал сол Тәуелсіздіктің деңгейін көтеріп, ұстап тұруға көп күш жұмсау қажет. Елдің патриоты бола біліуіміз керек. Себебі, Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем Сағиқызы

96

АждарТайшытаев

97

ЕЛ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНГЕН ҒИБРАТТЫ ЖАНҚазақстан экономикасы үшін жүк теміржол көлігінің маңызы орасан зор. Бұл

жүк тасымалдаудың аталмыш әдісі ең ығайлы, қымбат емес және сенімді болып саналу себебіне байланысты ғана емес. Қазақстанның географиялық жағдайы мен аумақ кеңдігі, өндірістің шикізаттық құрылымы мен өндірістік күштердің орналастырылуы экономика саласындағы теміржол көлігінің рөлін төтенше маңызды ететіні хақ. Бұл орайда, жүк вагондарының техникалық әрі сапалық жағдайының сұрағы өзекті екені ақиқат. Тайшытаев Аждар Тайшытайұлы төрағалық ететін Ақмола облысы Атбасар қаласындағы «Аждар және К» ӨК-і жүк вагондарын жөндеумен айналысатын ең ірі кәсіпорын. Атбасар өңіріне кеңінен танымал Аждар Тайшытайұлы Ақмола облыстық мәслихатының депутаты ретінде де осы өңірдің дамуына әрдайым зор үлесін қосып келеді. Аждар Тайшытайұлының Отанымыздың мақсат-мүддесіне арналған адал еңбегі лайықты бағаланып, «Қазақстан теміржолына 100 жыл» және «Құрметті теміржолшы» төсбелгілерімен, тәуелсіз Қазақстанның «Құрмет» орденімен марапатталып, «Атбасар ауданының құрметті азаматы» атағына ие болды. Ел игілігін еселеген, халықтың қалаулысы Аждар Тайшытайұлымен редакция сұхбаттасып қайтқан еді.

«Аждар және К» компаниясы қашан құрылды, немен айналы-сады?

«Аждар және К» компанииясы жүк вагондарын жөндеумен айналысады. Оның тарихы 1943 жыл-дан басталады. Ақмола - Магнитогорск темір-жолы ашылғанда жолдағы Атбасар қаласында жөндеу шеберханасы болып ашылған еді. Келе-келе вагондарын жөндейтін депо болды. Қайта құру кезінде жүк вагондарын, электровоз, тепловоздарды жөндейтін зауыттарды жаппай жекешелендіре бастағанда, біздің зауыт жұмыскерлерінің алдында жабылу немесе жеке шаруашылық құрып, ары қарай жұмыс істей беру таңдауы тұрды. Жұмыскерлер менің қарсылығыма қарамастан, мені басшы етіп қойып, компанияны «Аждар және К» деп атады. Құрылған алғашқы уақыттарында қатал нарықтық бәсекеге тап болдық. Тәуелсіз ел болу жолындағы қиыншылықтар мен көптеген кедергілерді батыл да айқын қадамдарымызбен артта

қалдырдық. Қиындықтардың бәрі біздің ұжымды қайрай түсті. Қазір кәсіпорын тұрақты дамып келеді. «Аждар және К» ЖШС қызметінің негізгі бағыттары – жүк вагондарын деполық жөндеу, жүк вагондарын күрделі жөндеу, жүк вагондары қызметінің мерзімін ұзартуымен күрделі жөндеу, жүк вагондарын ағымдағы ағытып жөндеу, жүк және жолаушылар вагондары элементтерінің ауы-сыммен доңғалақты буларын жөндеу, жүк және жолаушылар вагондарының түйіндерін және бөлшектерін жөндеу. Компания өзінің қызмет көрсету аясын арттыра түсті. Жаңа типті жүк вагондарын жөндеу жұмысы игерілді, жөндеудің жаңа түрлері енгізілді. Жыл сайын материалдық – техникалық базаны жаңартуға зор қаражат бөлінеді. Бастапқы кезде «Аждар и К» ЖШС АО «Қазтеміртранс» компаниясына тиесілі вагондарды жөндеумен айналысты, бұл жалпы жұмыс көлемінің 90% құрады. Қазіргі уақытта вагондардың меншік иелері артып келеді. «Аждар және

К» ЖШС мен «Атасу Транс» ЖШС, «Исткомтранс» ЖШС, «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ, «КазРефТрансСервис» ЖШС, «Компания «Жол жөндеуші» ЖШС, «Голд Продукт» АҚ, «Pe-troleum» ЖШС, «Рикс ЛТД» ЖШС, «Шынғар Транс» ЖШС, «MAER Company» ЖШС-мен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатылған. Атқарып отырған жұмысымыздың жоғары сапалылығы – осындай ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақ-тастықтың кепілі. Компанияда жоғары білікті мамандар, жұмысшылар еңбек етеді.

Қанша адам қызмет етеді? Қызметкерлердің әлеуметтік жағдайлары қалай шешілген?

Қазір компанияда 220 адам жұмыс істейді. Жалақы уақытында, ай сайын сыйлықақы, үстемақылар төленеді. Биылғы он бір айдың көлемінде орташа жалақы 95 мың көлемінде. Бұл Ақмола облысы, Атбасар қаласы бойынша орта көрсеткіштен жоғары. Өз қызметкерлерімізге

98

барынша әлеуметтік қолдау көрсетуге тырысамыз. Осы бағытта қызметкерлерді ме-дициналық қызметтермен, сақ-тандырумен, жолдамалармен, материалдық көмекпен және басқа да әлеуметтік жеңілдіктермен қамтамасыз ету бойынша шаралар ұйымдастырылған.

Біз кәсіподақтармен ұжымдық келісім-шарт жасаймыз. Осы келісім-шарттарда көптеген сұрақтарды қамтуға тырыстық. Қазақстан Республикасы бойынша жыл сайын өтіп тұратын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша еліміздегі барлық орта және шағын бизнес өкілдері арасында «Парыз - 2012» бай-қауында «Аждар және К» ЖШС-гі «Үздік ұжымдық шарт» аталымы бойынша Күміс жүлдені жеңіп алды.

Еліміздегі теміржол көлік-терінің қазіргі жағдайы қандай?

Теміржол көлігі - еліміздің барлық көлік жүйесінің негізгі буыны. Бұрандары теміржол саласында жүк вагондарының жетіспеушілігі үлкен мәселе болатын. Ең әуелі бұл — жүк вагондары паркінің тозуы салдарынан болды. Ұзақ уақыт бойы елімізде Кеңес Одағынан «мұра» болып қалған вагондар пайдаланылып келді. Вагондар, бөлшектер және қажетті жаб-дықтар өндірісінде де бірқатар шешілмеген мәселелер болды.

Соңғы жылдары бұл сұрақтар жаңа кәсіпорындарды ашу мен ескі мамандандырылған кәсіпорындарды жандандыру арқасында өз шешімін тауып келеді. Сол себептен, теміржол саласы алға дамуда. Алып мем-лекеттердің, Батыс пен Шығыстың арасында Қазақстанның қолайлы географиялық орналасуы біз үшін аса маңызды. Бұған қоса, Қазақстан экономикасының өсімі, республиканың бірте-бірте көліктік-логистикалық орталыққа айналу факторының маңызы да айтарлықтай. Сәйке-сінше, тасымалдаулар көлемі ұлғаяды. Сондықтан, көліктік инфрақұрылымын, олардың жүк тасымалын жетілдіру керек.

Ақмола облыстық мәслиха-тының депутаты ретінде қандай мәселелерге ерекше ден қоясыз?

№19 сайлау округінен сай-ландым. Мәслихаттың депутаттық әдеп, заңдылық пен құқық тәртібі сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесімін. Облыстық мәслихаттың өкілі болғандықтан, аудандардың қандай әлеуметтік-экономикалық мәселелері бар, шешілмей жатқан қандай сұрақтары бар, соның бәрін мәслихат сессияларында, комиссияларында кеңінен талқылаймыз. Депутаттардың барлығы да білікті, білімді, тәжі-рибелі деп толық айта аламын. Ақмола облыстық мәслихаты

жылма-жыл жасалған жылдық жоспарға сәйкес өз жұмысын жүйелі атқарып жүргізіп келеді. Мұнда күн тәртібіне аудандардың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары, жергілікті бюджеттің бөлінуі және олардың игерілуі, басқа да өзекті мәселелер қаралып отырады. Мәслихат халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін орта болғандықтан, облыстағы проблемаларды жан-жақты зерттеп, тиісті шешім алып, оның орындалуын қадағалап отырады. Сайлаушылармен жылына бір рет кездесу өткіземіз. Мұқтаждық көрген тұрғындардың мәселелерін шешіп, қолдан келгенше қаржылай көмек көрсетеміз. Осы өңірдің дамуына қолымыздан келгенше әрдайым үлес қосып келеміз.

Елбасы өз Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға айрықша маңыз берген. Облыстың бүгінгі экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі қандай? Осы мәселені жан-жақты өрбітсеңіз.

Біріншіден, шағын және орта бизнестің тұрғындарды жұмыспен қамтудағы орны ерекше. Мұны қолда бар мәліметтердің өзі көрсетіп отыр. Соңғы бес жылда экономикада шағын және орта бизнес саласында жұмыс жасаушылардың жалпы саны едәуір өскенін байқауға болады. Соның нәтижесінде жұмыссыздардың саны азайды. Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет қыруар қаржы бөліп отыр. Мәселе, қаржының қолжетімді болуында. Облыста аймақтық қаржыландыру бағдарламасы, «Даму өндіріс», «Бизнестің жол картасы – 2020», лизингтік мәмілелерді қаржыландыру бағдарламасы жұмыс істейді. 2013 жылғы қыркүйек айында шағын кәсіп-керлік саласына 1302,6 миллион теңге көлемінде несие берілді, өткен жылдың осындай кезеңімен

99

салыстырғанда аталмыш көрсеткіш 1,2 есеге ұлғайды. Шағын кәсіп-керлікті бастайтын азаматтар үшін жеңілдетілген несие алудың талаптарын әлі де қарау қажет деп есептеймін. Бүгінде біздің өңірімізде шағын кәсіпті дамытуға мүмкіндіктер жетерлік. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуға бізде мүмкіндік көп. Жалпы, еңбек етемін дегенге мүмкіндік көп. Ең бастысы, қоғамда еңбек етуге жұмылдырудың тәрбиелік жұмысын көбірек жүргізу керек деп ойлаймын. Мемлекеттің мүмкіндігін пайдаланып, еңбек ету керек, кәсіп жасау қажет.

Отбасыңыз туралы мәлімет бере кетсеңіз.

1970 жылдары Ташкенттегі темір жол көлік институтын «Вагон жасау және вагон шаруашылығы» мамандығы бойынша білім алып шықтым. Аллаға шүкір, балаларым Жеңіс, Жанар, Азамат қазір ержетіп, әр салада қызмет істеп жатыр. Астанада тұрады. Немерелерім бар. Жұбайым Рабиға Шомайқызы жеке кәсіпкер. Өзім теміржол саласында қызмет ететіндіктен, балаларымның біреуінің осы салада еңбек еткенін қалап едім. Бірақ, олардың өз ой-пікірі болды. Кәсіпте жақсы таңдау жасады. Ата-анам ауылда тұрған. Әкемнің бір ерекше қасиеті – аспан әлемін бақылайтын еді. Жұлдыздардың қозғалысын, айдың тууын бақылап, қағазға түртіп, құбылыстарды айтып отыратын еді. Анам үй шаруашылығында болды.

Аждар Тайшытайұлы, Арқалық кәсіптік-техникалық училищесінің директоры, Торғай облыстық кәсіптік білім беру басқармасының бастығы, Арқалық қаласының ауыл шаруашылық колледжінің директоры, т.б. көп қызметтерде болғансыз. Айтыңызшы, осындай ірі жетістіктерге

жетудің құпиясы неде? Мұның ешқандай құпиясы

жоқ. «Өмір теңіз, жүзем онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» дегендей, менің өмірдегі ұстанымым – рухани құндылықтарды жоғары қойып, алға ұмтылу, өсу және үнемі биік белестерден көріну. Ең бірінші, қазіргі жастарға айтатыным, «Әркім өзінің бақытының ұстасы» дейтін мәтел бар ғой. Сол сияқты, әркім өзінің бақытын өзі соғып, өзі жасайды. Жастарға ең керегі – білім мен өзінің еңбегі. Әрине, ол білім Отансүйгіш, адами жоғары қасиеттермен ұштасып жатуы керек. Бастысы, еліңді, Отаныңды шексіз сүйіп, беріліп жұмыс істеуің керек, талмай білім алу керек.

Халық қалаулысы, бір мекеменің төрағасы ретінде болашаққа қандай жоспарлар құрып отырсыз?

Алдағы уақытқа құрып отырған жоспарларымыз өте көп, атап айтатын болсақ, болашақта депо вагондарды жөндеумен ғана айналысып қоймай, басқа да қызметтермен шарықтау керек. Алдағы мақсатымыз – қызмет саласының түрлерін көбейту болып табылады. Өндірістік диверсификацияны дамытуды жоспарлап отырмыз. Кислород шығаратын цехтар, вагон бөлшектерін өндіретін цехтар ашып жатырмыз. Осыған орай зауытымыз алға қарай жылжып,

дамитын болады. Депутаттық қызметіме байланысты айтатын болсам, халық маған сенім артты, алдаға мақсатым – сол сенімді ақтап, халқымыздың әл-ауқатын жақсарту жолында талмай жұмыс істеу болып табылады.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Міне, жас еліміздің Тәуел-сіздік алғанына да 22 жыл болыпты. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет деген сөзді есту қазақ-тың бүгінгі ұрпағы біз үшін үлкен бақыт. Салыстырмалы түрде қарасақ, бұрынғы Кеңес үкіметі құрамындағы он бес Республиканың ішінде алда келе жатырмыз. Бұл Елбасымыздың сындарлы саясатының, ел азаматтарының қажырлы еңбектерінің арқа-сында. Елбасымыз 2030-2050 бағдарламаларының бағыттарын айқындап берді. Соны орын-дауды қолға алып, білекті сыба-нып, жұмыс жасасақ, сонда Тәуелсіздігіміз мәңгі, тіліміздің мәртебесі жоғары болмақ!

Бақытты да баянды ұзақ өмір сүруіңізге тілектеспіз!

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Айсұлу Сағынтаева

100

«БАСТЫ МІНДЕТ – ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ»

Аумағында 22 елдімекені бар, халық саны 40 мыңнан асатын Ақмола облы-сындағы Зеренді ауданының тұрмысы егін және мал шаруашылығы өнімдерін дайындау, өңдеуші өнеркәсіп өндірісіне негізделген. Бұл өңірдің - қазақ елінің інжу-маржаны саналатын, талай ақын-жазушылар шығармаларына ар-қау болған, талай ұлылырға мекен болған Көкше өңірінің құрамына кі-ретін курортты аймақтардың бірі екені де белгілі. Зеренді ауданының мәр-тебесін асқақтатып, өлкесінің өсіп-өркендеп, көркеюіне үлес қосып жүр-ген азаматтары баршылық. Солардың бірі Зеренді аудандық мәслихатының депутаты және хатшысы ретінде талай істердің оң шешілуіне ықпал

жасап келе жатқан Ауғалиев Қайрат Досымұлы медицина саласында айтарлық-тай білім-тәжірибесі бар, халыққа сыйлы, еліне жанашыр азамат. Көп жылдық жемісті еңбегімен еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін 2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталған. Ауғалиев Қайрат Досымұлымен жүргізген сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз, қадірлі оқырман.

Қайрат Досымұлы, ең ал-дымен әңгіменің бастауын туылған жер, өскен ортаңыздан бастасақ...

1968 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауданының Қызылту ауылында туғанмын. Үйде алты баланың ішінде ер балалардың үлкені мен болдым. Әкем осыдан бес жыл бұрын дүниеден озды. Анам қазір 66 жаста. Өзім медици-на саласының маманымын. Ш.Уәлиханов атындағы Мемле-кеттік Университетінде, Алматы Экономика және статистика Академиясында жоғары білім алдым. Медицина саласында 20 жылдан астам қызмет еттім. 2010 жылдан бері Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы болып

қызмет етемін. Отбасымда үш балам бар.

Зеренді аудандық мәсли-хатының хатшысысыз. Мәсли-хаттың жұмысына, депутаттар-дың аудан өміріне қосып отырған еңбектеріне тоқталып өтсеңіз.

Аудандық мәслихатта 13 депутат жұмыс істейді. Бәрі де халыққа сыйлы, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан азаматтар. Арамызда түрлі саланың мамандары бар. Олардың 3-еуі дәрігер, 2-еуі инженер, кәсіпкерлер бар. Екі депутат бес шақырылым бойы жұмыс істеп келе жатыр. Депутаттардың орта жасы 45-48 жас. Депутаттар өз салалары

бойынша түйткілді мәселелерді алға тартып, халықпен кездесіп, олардың мұң-мұқтаждарын, тілектерін тыңдайды. Әкімдік те аудандық мәслихатпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Аудандағы барлық мереке, іс-шараларды қалдырмай қатысып отырамыз. Қарт адамдарға қам-қорлық көмек көрсетіп, айтысқа демеушілік жасап тұрамыз. Депутаттардың халықпен қарым-қатынастары өте жақсы. Жалпы, мәслихаттың алда атқаратын біраз жұмыстары бар, ол бойынша жұмыс жоспары түзілген. Басты міндет – халықтың жағдайын жақсарту. Бірлік пен еңбектің арқасында алда талай істер атқарылатынына нық сенімдеміз!

101

Халықтың талап-тілегіне баса көңіл аударатын депутат ретінде сізді қандай мәселелер толғандырады?

Зеренді ауданы Ақмола облысындағы ең үлкен аудан болып есептелінеді. Менің сайлау округімде 10 елдімекен бар. Ауылдағы ең бірінші мәселе - ол білім саласы. Аудан бюджетінің 3 млрд 200 млн теңгенің 72 пайызы білім беру саласына арналған. Білімге көп жағдай жасап жатыр-мыз. Менің сайлау округіме жататын Бұлақ селолық округы Жылымды ауылында былтыр 80 орындық үлкен мектеп салынды. Соңғы екі-үш жылдың ішінде Зеренді ауданы ҰБТ бойынша 17 ауданның ішінде бірінші орында. Ауданда 1666 мұғалім бар. Олар білімдерін үздіксіз дамытуда. Екінші маңызды мәселе – ауыз су мәселесі. Бұл бағытта да біраз іс атқарып жатырмыз. Ауыл-аймақты көгалдандыру мәселесін де назар-дан бір сәт түсіргеніміз жоқ. Абаттандыру бойынша біз облыс бойынша бірінші орындамыз. Академик Мәлік Ғабдуллинің 2015 жылы өтетін 100 жылдық мерекесіне дайындық жұмыста-рын бастадық. Біздің депутаттар мен кәсіпкерлердің көмегімен ақша бөлініп, М.Ғабдуллин

атындағы орталық алаңда үлкен жұмыстар жасалынып жатыр. 7 түсті субұрқақ салынып, тәуелсіз еліміздің символдары Алтын адам мүсіні, ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш, М.Ғабдуллиннің 6,5 метр биіктікке созылатын мүсінін салып жатырмыз. Биылғы жылы ауданымызда «Нұр Отан» партиясының Ақмола облысы бойынша бірінші ғимараты салынды. Аудандағы жолдарды дұрыстап, аялдамалар салдық, бағдаршамдар орнаттық.

Ауданның ауылшаруашы-лық саласында ілгерілеушілік бар ма?

Елбасы өз Жолдауында ауылшаруашылығын дамытудың бағыттарын көрсетті. Қазақстан-ның аграрлық саласына үлкен қолдау жасалса, жеткілікті дең-гейде қаржы бөлініп, мал және егін шаруашылығын дамытсақ, өз өнімдерімізді экспортқа көлемді түрде шығаруға қол жеткіземіз. Қазір ауылдағы шаруа қожалықтарын мемлекет тарапынан қолдау жүйелi жүргi-зiлiп жатыр. Әсiресе, асыл тұқымды мал өсiруге баса мән берiлiп отырғанын жақсы бiлеміз. Облыс көлемінде «Даму»,

«Лизинг» бағдарламалары жұмыс істейді. Осы бағдарламалар арқылы шаруа қожалықтары техника, субсидия алып, шаруа-ларын дөңгелетіп отыр. Ауданы-мызда «Несие серіктестігі» қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Біз де қолдан келгенше ауылшаруашылықпен айналысатын тұрғындарды қолдауға тырысамыз. Депутат ретінде өзімнің ауылдық округімде бақша салуға арналған жер бөлдім.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Тәуелсіздік - сонау аламанда төгілген маңдай тердің ащы дәмі, тәтті жемісі. Қазақстанның бүгінде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуел-сіздік. Бұған ауызбіршіліктің арқасында жетіп отырмыз. Біз де еліміздің тыныштығы үшін, Тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін қызмет етіп жатырмыз.

Қызметте абыройыңыз арта берсін!

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Жарқын Тоғым

102

БОЛАШАҚҚА ӨРЛЕГЕН «ОРЛЕНОК»

Балалардың жазғы демалысы тек бос уақытты көңілді өткізу ғана емес, еліміз-дің келешегі – жастар тәрбиесіне ерекше мән беріп, олардың жан-жақты қалыптасуына, қоғамның дамуына үлес қосатын азамат болып өсуіне қамқорлық жасау болып табылады. Бүгінгі күні елімізде балаларға арналған 250-ге жуық демалыс орны бар. Қайта жанданған бұл сала қазір қарқынды дамып келеді. Осы демалыс орындарында балалар табиғат аясында серуендеумен қатар, спорт түрлерімен де шұғылданады, рухани–адамгершілік жағынан тәрбиеленіп, еліне деген сүйіспеншілікті ояту жұмыстары жүргізіледі. «Орленок.к» ЖШС балалар сауықтыру орталығы – Ақмола облысында кеңінен таныс, атына заты сай демалыс орны. Директоры Безвербный Павел Николайұлы Ақмола облыстық мәслихатының белсенді депутаты. Ақмола облысына іс-сапар барысында Павел Николайұлымен кездесіп, сұхбат құрған едік.

Павел Николайұлы, «Орленок.к» ЖШС-нің жұмысы туралы әңгімелеп берсеңіз.

«Орленок.к» ЖШС-гі 2002 жылы 14 қазанда құрылды. Басты бағытының бірі - балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуы мен балалар туризмін ұйымдастыру болып табылады. 2003 жылы білім беру

және тәрбие ісімен айналысу құқығын беретін мемлекеттік лицензия берілді. «Орленок.к» ЖШС-гі құрамындағы «Конти-нент», «Дискавери» балалар сауықтыру орталықтарынан 10 жыл ішінде 35 мың бала демалып шықты. Балалар демалып қана қоймай, бойларына патриотизмді сіңдіріп, өз Отанына, табиғатына

деген сүйіспеншілік сезімдерге қанығып шығады. Жан-жақты мәдени-бұқаралық, спорттық және сауықтыру жұмыстары үшін қажетті жағдайлар туғызылған. Жыл сайын 100 шақты бала тегін демалады. Олар жетім, мүгедек балалар, көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар.

103

Жалпы, бизнес жағынан алып қарасақ, балалар сауықтыру орталықтарының тиімділігі түсіп барады. Себебі, пайдасынан шығыны көп. Біздің ең басты мақсатымыз – өз елімізге пайда-мызды тигізу, балаларға қуаныш сыйлау.

Халық сізді депутат ретінде таниды. Өзіңіз мәслихат жұмысының қай саласына жауаптысыз?

Әрине, барлық сала маңызды. Мен әлеуметтік мәселелерге айрықша көңіл бөлемін. Адам, оның білім алуы, денсаулығы және әлеуметтік қорғалуы бастапқы орында. Қабылдауда болған азаматтар көп жағдайда әлеуметтік мәселелерді қозғайды. Мәселен, білім беру, ішкі, сыртқы жолдар, әлеуметтік маңызы бар құрылыстар мен жөндеу жұмыстары. Сонымен бірге қоғамға пайдасы тиетін әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырудың да маңызы зор. Зейнеткерлерге, қарт адамдарға қарапайым көңіл бөлгеннің өзі неге тұрады. Өз тарапымнан депутаттармен бірге балалар үйіне, мүгедектерге, аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп отырамын. Барлық салада да әр адам қолжетімділікті сезінуі керек. Сонда елдің тұрмысы да, көңіл-күйлері де жақсара түседі деп есептеймін.

Отбасыңыз жайлы айтса-

ңыз.1971 жылы Алматыда

туғанмын. 20 жылдай Ақмола облысында тұрып келемін. Мамандығым – ұшқыш. Ресейдің Азаматтық авиация арнайы техникалық институтында білім алдым. Институтты тәмамдап, Қазақстанға келдім. Ол кезде Қазақстан тәуелсіздігін енді алып жатты. Жұмыс жоқ, бәрі құлдырап жатқандықтан және мамандығым бойынша тәжірибем болмағандықтан коммерцияға ауыстым. Әр түрлі фирмаларда қызмет еттім. Кейін өз алдыма

база ашып, балалар демалысын ұйымдастырдым. Отбасымда аяулы жар, бір ұл, бір қыздың жанашыр әкесі болып отырған жайым бар.

Болашаққа құрған жоспар-ларыңызбен бөліссеңіз.

Алға қойған мақсатымыз – балалар сауықтыру орындарын одан әрі дамыту. Бұл жылдан жылға қиын болып барады. Себебі, қазір жасөспірімдердің психологиясы бұрынғыдай емес, өзгерді. Олар интернетке жақын. Тау баурайындағы демалыс орындарына қызыға қоймайды. Біз балалардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында сауықтыру орталықтарын олар-дың қызығушылықтарына сай бейімдеп, дамытып жатырмыз.

Спорттың қай түрімен шұ-ғылданасыз?

Бұрын күреспен айналыс-қанмын. Қазір жеңіл түрлерімен ғана шұғылданамын. Мәселен, таңертеңгілік жүгіру, суға жүзу. Салауатты өмір салтын ұстанамын. Темекі шекпеймін.

Бірнеше жылдардан бері балалармен жұмыс жасап келесіз? Бала тәрбиесіне қаншалықты мән бересіз?

Бала тәрбиесіне мән беруде ең алдымен мейірім мен сүйіспеншіллікке итермелеу қажет етіледі. Себебі, бұл мәселелердің орны ерекше. Бала сүйіспеншілік пен мейірімділіктен ажырап

қалмас үшін көбірек жұмыс жасау керек. Осы жөнінде балаға насихат жүргізіп, ұрсып-зекудің еш пайдасыз екенін жоққа шығарамыз. Баланы тыңдай да білген де дұрыс. Әр нәрсенің ішкі дүниесін бала жете түсіне бермейді. Оның не ойлап тұрғанын жанында жүрген ата-анасы да, тәрбиешілері мен ұстаздары білуге тырысса, қарым-қатынас жақсара түспей ме? Баланың бос уақыты да, оның күнделікті дұрыс өсуіне байланысты. Адами құндылықтарға тәрбиелеуде тек жақсы істерге апаратын және қызығушылықтарын тудыратын істерге бет бұрылса екен деймін. Мәселен, әр түрлі танымдық ойындар ұйымдастыра білу баланың жақсы өсуі үшін өте қажет. Тәрбиенің маңыздылығы осында жатыр.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Мен еліміздің саясатын то-лықтай қолдаймын. Осы жылдар ішінде талай жетістіктерге жеттік. Мұның бәрі бір күндік еңбектің емес, жылдап, ғасырлап тер төккеннің, талмай, тынбай, тек алға қарағанның ғана жемісі деп білемін. Бүгінгі бейбіт қоғамда алаңсыз өмір сүріп жатқанымыз Тәуелсіздіктің арқасы.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Жарқын Шыңғысқызы

104

АЛҒА БАСҚАН АТБАСАР АУДАНЫАқмола облысында аграрлық

саласы жан-жақты дамыған бір аудан бар. Ол – Атбасар ауданы. Ауданның солтүстігі Сандықтау, оңтүстікте Қорғалжын және Егіндікөл, шығысында Бұланды және Астрахан, батысында Жақсы аудандарымен шектеседі. Төскейде малын көбейтіп, алқабын егінге толтырған, қонақжайлылығынан танбаған ауданның бүгінгі дамуы өзгеше. Ауданның облыс экономикасына қосар үлесі де қомақты. Әрине, «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» демекші, Атбасар ауданына әкім болып тағайындалып, биылғы жылды табыспен қорытындылаған Нұркенов Жомарт Жұмағалиұлымен ауданның тыныс-тіршілігі, алдағы уақытта жоспарланған игі бастамалардың іске асуы жөнінде сұхбат құрған едік.

Жомарт Жұмағалиұлы, тарихы тереңнен бастау алған Атбасар ауданының бүгінгі тіршілігі, әлеуметтік тынысы қандай? Әңгімені осыдан бастасаңыз.

Атбасар ауданы экономикасының даму бағыттарының негізгі басымдықтары - астық өндірісі, мал шаруашылығы және ауылшаруашылық өнімді қайта өндіру. Биыл ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 17 978,5 млн. теңгені құрады, яғни, облыстың жалпы көлем өндірісінде жеті пайыздық көрсеткішке жетті. Бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңінен сексен үш пайызға жоғары болып отыр. Соның ішінде өсімдік шаруашылығы он төрт және мал шаруашылығы үш жарым миллион теңгеге жетті. Ауданның мал шаруашылығымен қатар, егін

шаруашылығында да жемісті жыл болды. Осы жылы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, дәнді дақылдардың өнімі 11,2 ц/га құрады. Ауылшаруашылықты дамытуға үлкен мүмкіндіктері бар Атбасар ауданында жаңа өндірістерді енгізуді жоспарлап отырмыз.

Негізгі капиталға инвестиция тарту ісіне байланысты облыстың жалпы инвестиция көлемінде есепке алғанда төрт пайызға жетіп, қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі: кәсіпорындардың жеке қаражаттары есебінен елу пайыздан аса көбінесе машиналар мен жабдықтарды, жеке тұрғын үй құрылысына жіберілді. Республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен бес жүз қырық екі миллион теңге мемлекеттік жалдамалы тұрғын

үй құрылысына, Шұңқыркөл және Ново-Мариновка ауылдарындағы суқабылдағыш ғимараттарының, сужүргінінің, таратушы тораптар мен таза су қорының құрылысына жіберілді. Жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен бес жүз миллион теңгеден аса қаржы көліктер сатып алуға, аудандық орталық аурухананы күрделі жөндеуге, Атбасар қаласында 320 орындық балабақшаның құрылысына, жатақхананы қайта құруға, Есенгелді ауылындағы сужүргінің, суөткізгіш ғимараттар алаңшасының және таратушы тораптың жұмыстарына, Атбасар қаласында суқұбыр жүйелерін қайта құру жұмыстарына, Атбасар қаласында бассейн мен спорт модулінің құрылысына, абаттандыру мен көшелерді жарықтандыру үшін жабдықтар, Новоалександровка, Новосельский

105

ауылдарының мектептері үшін жылыту қазандығын сатып алуға жіберілді. Қарыз қаражаттары есебінен жиырма миллион теңгеге сүрленген шөптер үшін жабдықтарға, ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға жіберілді.

Халқымыздың басты байлығы төрт түлік деп жатамыз. Ендеше, мал басының өсімі қандай?

Аудан бойынша мал өнімдерінің өсімі ұлғайып, малдың барлық түрі мен құстың саны көбеюде. «Сыбаға» бағдарламасына ауданның жиырмаға жуық ауылшаруашылық құрылымдары мен кәсіпкерлері қатысты. Өткен жылмен салыстырғанда, ірі қара мал бастары 106,4 %, ұсақ қара мал 105,1 %, жылқылар 105,8 %, құстар 100,4 % артты. Қазір мал басын асылдандыруға ерекше мән беріп отырмыз. Себебі, халқымыздың көшпелі өмір салтында мал шаруашылығы бірқалыпты дамыған. Ауыл тұрғындарының тұрақты жұмыспен қамтылуына да сөзссіз себі тиері анық.

Мәдениет саласы қалай өркендеп жатыр? Аудан бойынша мемлекеттік тілді дамыту аясында қандай шаралар атқарылды?

Аудан бойынша қазір 25 Мәдениет үйі жұмыс жасайды. Оған қоса мәдени біліктілікті арттыруға жол ашатын 28 кітапхана мен 3 мұражай бар. Жыл сайын мәдениет ошақтарында түрлі мәдени іс-шара өткізіліп келеді. Аудан мәдениетінің дамуы үшін аудандық бюджет есебінен үш миллионнан аса қаржы шағын автобус, бір миллионнан жоғары қаржыны сахналық киімдер сатып алуға жұмсалды. Мәдени қызметкерлерге арнайы музыкалық аспаптарын қолданулары үшін 375,2 мың теңге қаржы кетті. Халық шығармашылығының жетістіктеріне байланысты

былтыр Көкшетау өңірінде кеңінен тойланған Абылайханның үш жүз жылдығы мерейтойындағы Ақмола облысының халық шығармашылық байқауында бірінші орынды иеленуін айтуға болады.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында жыл басынан көптеген іс-шара өткізіліп, аудандық байқаудың жеңімпаздары облыстық байқауларға қатысты. Атап айтсақ, «Әз-Наурыз», «Абай оқулары», «Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері» және т.б. байқаулар жиі ұйымдастырылып тұрады. 2013 жылдың 6-17 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған тілдер онкүндігін өткізу жоспарына сәйкес ауданымызда бірнеше мәрте іс-шаралар өткізілді. Мәселен, түрлі тақырыптағы дөңгелек үстелдер, аудандық аудармашылар сайысы және т.б. ««Атбасар ауданының тілдерді оқыту орталығы» ашылып, тілдерді оқитын тыңдаушылар саны соңғы үш жылда жақсы көрсеткішкке жетті.

Ауданның денсаулық сақтау саласында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?Маман мәселесі толық шешілген бе?

Ауданда орталық аурухана,

аймақтық туберкулезге қарсы күрес диспансері, қан тапсыру орталығы, 10 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 19 медициналық пунктері, 4 ФАП жұмыс істейді. Жыл басынан бері стационарлық деңгейдегі тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 67,8 млн.теңге, алғашқы медициналық көмек деңгейіндегі дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 25,1 млн.теңге, диспансерлік есепте тұрған науқастарды тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 60,3 млн.теңге қаржы жұмсалды. Медициналық мамандардың тапшылығын төмендетуге де тырысып жатырмыз. Ауданымызға білікті мамандарды тарту үшін барлық жағдай жасалынып, былтыр өңірге тоғыз маман келсе, келер 2014 жылы тағы төрт маман келеді деп күтілуде. Жаңадан келген жас мамандарға баспана беріліп, 150 мың теңгедей көтерме ақы төленеді.

Әңгімеңізге рахмет! Жоспарларыңыз жүзеге

асып, абыройыңыз арта берсін!

Сұхбаттасқан Эльмира Үсенқызы

106

«АЛТЫН КІТАПҚА» ЕНГЕН АТБАСАР «ЭЛЕКТРОВОЗ ЗАУЫТЫ»

Атбасар қаласы «Қамқор-Локоматив» ЖШС-нің «Атбасар электровозжөндеу» зауыты филиалының елімізде жұмыс жасап келе жатқанына да жетпіс жылдан асыпты. 1981 жылы «Алтын кітапқа» енген кәсіпорынның жеткен жетістікте-рі ауыз толтырып айтарлықтай. 2004 жылдан ОДЦЭ -5000/25 трансформаторына күрделі жөндеулер жүргізуді бастады. Қозғалыс құрамындағы жұп дөңгелектерін құрастыру, вагондарды жылытуды және электрпневматикалық тежегішті, сондай-ақ, ВЛ-80 электровоз сериясын жетілдіруді де қолға алған. ВЛ-60 электровоз сериясын жаңғыртып, ВЛ-80 электровозы қозғалтқыш тартқышының тісті дөңгелегін игеру ісі алға тартылды. 2007 жылдан бері қарай ВЛ-80ТК № 1101 магистральды электровозын жетілдіру 20 жылға ұзартылып, осы жылдың желтоқсан айынан бастап бір секциялы жүкті электровозға екі секциялы ВЛ-80Т (С) электровозын екі кабиналы ВЛ-40М электровозымен алмастырып, жетілдіру жұмыстары ұйымдастырылды. Дәл осы жылы локомотивті тазартып және сырлау үшін арнайы цех пайдалануға берілді.

2002 жылдан кәсіпорында сертификация жұмысы жүргізіле бастап, 2005 жыл-дың 24 тамызында зауыт талаптарға сай СТ РК ИСО 9001-2001 сертификатына ие болды. 2009 жылы қазіргі заманға сай жоғары технологиялы цехы өз жұмысын істей бастайды. 2013 жылдың жағымды жаңалығы – кәсіпорын жұмыскерлеріне жылжымалы кешен тұрғызылып, күзет қызметіне де арнайы қадағалау посттары

107

салынды. Маман даярлау саясатына көп көңіл бөлетін кәсіпорын басшысы бүгінгі таңда 1700-ден аса адамға жұмыс беріп отыр.

Кәсіпорынның бүгінгі таңдағы атқарып жатқан жұмыстарын біз өз көзіміз-бен көріп, мекеме басшысымен арнайы сұхбат жүргізген болатынбыз. Әңгімемізге арқау болғалы отырған Атбасар қаласы «Қамқор-Локоматив» ЖШС-нің «Атбасар электровозжөндеу зауыты» филиалының директоры Нұрмахан Сапарбекұлы Пулатовпен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз, ендеше.

Нұрмахан Сапарбекұлы, Атбасар қаласы «Қамқор-Локомотив» ЖШС-нің «Атбасар электровозжөндеу» зауыты филиалының қысқаша тарихына тоқтала кетсеңіз. Мекемеңіз қашан және қалай құрылды? Қандай жұмыстар-ды атқарумен айналысады? Сондай-ақ, сіз келгелі бері зауытта қандай өзгерістер орын алды?

«Қамқор-Локомотив» ЖШС-нің «Атбасар электровоз жөн-деу» филиалы Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Локомотив депосынан электровоз жөндеу және жетілдіру зауытына айналған кәсіпорынның жетпіс жылдан аса тарихы бар. 1942 жылдың 26 желтоқсанында құрылған мекеме әу баста Атбасар-Қарағанды теміржолындағы паровоз депосы ретінде жұмыс жасаса, 1943 жылы паровоз жөндеумен ал, 1965 жылы тепловоз тарту жұмыс-тарымен айналысқан. 1967 жылы электровоз жөндеу ісін қолға алып, 1972 жылы электр қозғалтқыш тепловозын және 1973 және 1993 жылдар аралығында қайтадан электровоз жөндей бастайды. 1998 жылдан «Атбасар электровозжөндеу зауыты» болып қайта құрылды. 2003 жылы электромашина цехының екінші ғимараты ашылды. Тағы бір жағымды жаңалық десем болады, 2004 жылы «Бәйтерек-А» АҚ-ы «Атбасар электровозжөндеу» зауытының және «Қазақстан Темір жолы» ҰК-ның негізінде құрылды. Ал 2007 жылы «Қамқор-Локомотив» ЖШС-нің «Атбасар электровозжөндеу» зауыты болып

қайта құрылды. Зауытты мен басқарғалы бері

біршама өзгерістер болды. Соңғы үш жылда кәсіпорын өндірістік-қаржылай көрсеткіштерде зор жетістіктерге жетті. Мәселен, 2011 жылы локомотивтің бөлшектерін сатып алуға 616 млн. және 2012 жылы 601 млн. теңге қаржы жұмсалса, ал 2013 жылы 640 млн. теңге қаржы жіберілді. Өндірісте өнімнің жаңа түрлері игерілді: жетілдірілген электровоздың ішкі кабинасы, машинистің көмекшісі мен машинистің пульті, тепловозға және электровозға арналған тісті механизмнің қабы, жартылай люк вагондарын жасауға арналған бөлшектер, тоқ қабылдағыштың табаны мен кареткасын жасау және КZ4А жұп дөңгелекті электровозын жөндеу. Өндірістік қуаттың жұмысқа белсенділігін қамтамасыз ету үшін жаңа жоба-лар жүзеге асырылды: 2013-2014 жылдарға арасында вахталық топқа 106 жылжымалы кешен салу үшін 884 млн. теңге жұмсалса, ал 2014-2015 жылдары арнайы күзет топтарына арналған 80 постты салу үшін 976 млн. теңге қаражат жіберілді. Еңбек өнімділігі 2011 жылы бір адамға шаққанда 24 911 , 2012 жылы 27 432 және 2013 жылы 32 320 $ АҚШ долларын құрады.

Кәсіпорынның моральды-психологиялық ахуалына да көп көңіл бөлемін. Осы мақсатта зауыттың мұражайы жұмыс істеп тұр. Бұл өз кезегінде қала және аудандағы оқу орындары-ның білім алушыларын, зейнет-керлер мен кәсіпорынның бұрынғы жұмыскерлерінің қызығушылығын тудырады. Салауатты өмір салтын ұстану да

қалыс қалған емес. Футболдан және волейболдан арнай коман-далар құрылып, сондай-ақ, өздері әзірлеген көркемдік ойын-сауық ұжымы аудандық, облыстық және республикалық іс-шараларда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Сонымен бірге, зауыт жұмыскерлері бала-ларының арасында көркемдік шығармашылық байқаулары өткізіліп тұрады. Кәсіпорындағы көп балалы және аз қамтылған отбасыларына гуманитарлық көмек көрсетіліп, білім алып жатқан балаларының оқу жағдайларының жақсарып және зауытқа жұмысқа орналысып кетулеріне себімді тигізіп келемін.

Техникалық қызмет көр-сетуді жетілдіру бағытын немен түсіндірер едіңіз? Мәселен, күрделі жөндеу жұмыстарды жүргізу мәселесі қалай қолға алынған? Қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті болып отыр ма?

Кәсіпорынның негізгі бағыттарына күрделі жөндеу жұмыстарымен айналысу, техникалық қызмет көрсету, электрқозғалысы құрамын жаңғырту, локомотивтік құрыл-ғыларды жөндеу, локомотив бөлшектерін қалпына келтіру және даярлау, электрқозғалғышы мен локомотивтік жабдықтарды жөндеу жұмыстары кіреді. Зауытта талаптарға сай техникалық қызмет көрсетіледі. Себебі, мекеменің 4 лицензиясы және 2 аккредиттелген лабораториясы бар. Техникалық бақылау және тенология бөлім-дері жұмыс жасайды. «Атбасар электровозжөндеу зауыты» ірі

108

кәсіпорындардың бірі болған-дықтан техникалық қызмет көр-сету үшін арнайы техникалық құрылғылары мен құрал-жабдық-тары жеткілікті. Тек қазіргі заманға сай жоғары технологиялық құрал-жабдықтар қолданылады.

Мекемеде қанша адам еңбек етеді? Теміржолшылардың әлеуметтік жағдайлары қалай қарастырылған? Олардың еңбек шарттарын жақсарту ісі қалай көзделген?

Зауытта қазіргі уақытта 1710 адам жұмыс жасайды. Оның ішінде 391-і әйел азаматшалар болып отыр. Орташа жалақы көлемі 105,9 мың теңгені құрайды. Ал 2012 жылы 99,2 мың теңгеге ғана жеткен болатын. Кәсіпорын жұмысшыларына әлеуметтік қолдау ретінде: жылына бір рет теміржол пойызында тегін жүруге, санаториялық-курортты ем қабылдауға, тістерін емдетуге, балаларының жазғы демалыс орындарына баруына, нәрестенің дүниеге келгеніне және мерейтойға қаржылай көмектің берілуіне, ақылы ота жасалынғанда арнайы қаражат қарастырылған. Бұған қоса кәсіпорын жұмысшыларының қоғамдағы орны мен әлеумет-тік қорғалулары үшін аудан әкімшілігімен меморандумға қол қойылған болатын. Жыл сайын кәсіпорынынң 80-90-ға жуық жұмыскерлері курорттық санаторияларға жіберіліп, зауыт

жұмысшыларының 100 баласы жазғы демалыстарын еркін өткізіп келе алады. 2012 жылы жұмысшыларға және АҚ-ның зейнеткерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылып, нәтижесінде 42 млн. теңге жұмсалды. Әрбір жұмыскерге бір жылға есептегенде 25 мың теңгеден келетін. 2013 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша 36,5 млн. теңге қаражат жіберіліп, әрбір жұмыскерге шаққанда 21,3 мың теңгені құрады. Ал 2013 жылды толықтай есептегенде бір жұмыскерге 27 мың теңгеден келіп, жылдық жоспарда 46,4 млн. теңгеге дейін жетті.

Өткен жылдармен салыс-тырғанда алдағы жылдардағы көрсеткіш нені көрсетіп отыр? Болашақ жоспарларыңыз қандай?

2013 жылы локомотив

жөндеудің ең күрделі жұмыстары жасалынды. Мәселен, ВЛ-40 бір секциялы электровозды ВЛ-80 электровоз секциясына жаңарту ісі қолға алынды. Сонымен қатар, КР, ТОУ-8 локомотивтеріне де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Локомотивтік жабдықтарды және доңғалақ жұптарын жөндеу, сондай-ақ, кәсіпорын жұмыскерлері үшін жылжымалы кешен тұрғызылды. Зауыт аймақтың салық салатын ірі кәсіпорындардың бірі болып қана емес, жұмыс беретін ірі мекемелердің қатарында да саналады. 2013 жылғы жүзеге асыру көлемі яғни, кәсіпорынға түскен кіріс қаражаты 2012 жылғы көрсеткішке қарағанда 7,6 млрд. тенгені құрады. Ал 2012 жылы 6,92 млрд. теңгені құраса, 2011 жылы 6,38 млрд. теңгеге дейін жетті.

Болашақ жоспарымызға келсек, 2014 жылы локомотивке

109

сервистік қызмет көрсетуді қарастырып отырмыз. «Атбасар электровозжөндеу зауыты» сол себептен, ВЛ-40 электровоз сериясын жөндейтін ең бірінші сервистік қызмет көрсету орталығы болғалы тұр. Сонымен бірге, ВЛ-80 электровоз секциясын ВЛ-40 секциясына жаңартып отыруды да жоспарлап қойды. Кәсіпорын жұмыскерлері үшін жылжымалы кешен тұрғызу жұмысы да қайтадан қарастырылады.. Болашақта зауытымызда жаңаша қадамдар пайда болып және жұмысшыларымыздың әлеуметтік жағдайлары жақсарып, кәсіпорынның алға жылжи беретініне сенімім мол.

Еңбек ету барысында табыс-

қа жету үшін не қажет деп ой-лайсыз?

Біздің кәсіпорынның алдына қойған мақсатына және табысқа жетулері үшін ең алдымен мына жағдайлар ескеріледі. Біріншіден, жаттыққан және тығыз топтасқан ұжымның болуы; екіншіден, өндіріске қажетті ресурстармен қамтамсыз етілуі; үшіншіден, жұмыстың орындалуындағы жоғары сапалылық; төртіншіден, жаңа техника мен технологияның қолданылуы; бесіншіден, мамандар мен жұмысшылардың біліктілігін арттыру.

Атбасар ауданының көр-кеюіне қандай үлес қосудасыз?

«Атбасар электровозжөндеу зауыты» қашанда Атбасар ауданының гүлденіп, көркеюіне атсалысып келеді. Жоғарыда айтып өткенімдей, кәсіпорын жұмысшыларының қоғамдағы орны мен әлеуметтік қорғалулары үшін аудан әкімшілігімен меморандумға қол қойылған болатын. Бұл мәселе бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне байланысты болып отыр. Ақмола облысы Білім басқармасымен бірлесіп қызмет ету барысында соңғы үш жылдың ішінде біздің кәсіпорынға оқу орындарынан 81 студент өндірістік тәжірибеден өтіп, олардың 53-і кәсіпорынға жұмысқа қабылданды. «Жұмыс-пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ-мен де бірігіп, 285 адамды оқуға және өндірістік тәжірибеден өтуге себін тигізді. «Атбасар электровозжөндеу зауыты»

жергілікті, облыс және республика бюджетіне барлық салықты үзбей төлеп келеді.

Өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз.Мен 1976 жылы Оңтүстік

Қазақстан облысы, Арыс қала-сында дүниеге келдім. Қазақ транспорты және коммуникация академиясында білім алып, 1999 жылы оны ойдағыдай аяқтадым. Мамандығым – инженер-электромеханик. 2011 жылы Көкшетау Мемлекеттік университетінің экономика мамандығы бойынша да білім алдым. Алғашқы еңбек жолымды электр қозғалысын жөндеу слесары болып бастадым. Одан кейін шебер, аға шебері және 2003 жылы Қостанай қаласындағы «Ремлокомотив» ААҚ-ның бас инженері, 2007 жылы «Бәйтерек-А» АҚ-ның бірінші вице-президенті, ал 2011 жылдан бастап «Қамқор-Локоматив» ЖШС-нің «Атбасар электровозжөндеу зауытының» директоры қызметін атқарып келемін. Жұбайым екеуміз үш ұл тәрбиелеп отырмыз.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Эльмира Үсенқызы

110

МагометДзейтов

111

ДИІРМЕН ДӘУІРІНДЕГІ БЕТБҰРЫСБағзы заманды еске алайық. Әр түрлі дәнді-дақылдарды немесе ұнды майдалауға

шағын машиналар қолданылды. Қанша шағын болса да адам баласына соншама күш жұмсау қажет болатын. Бірде адам мен жануардың, тағы бірде су мен жел күшін пайдаланған бұндай машиналарды біртіндеп бу қозғалтқышы алмастырды. Кәдімгі қол диірмені ғой, бұл. Ол кездері бидайды уыстап үстіңгі қуысына салғанда астыңғы жағынан аппақ ұн шыға келетін. «Таласып тартқан диірменнің тасы-ай» деп тамсанушыларды мына заманда табу жоқтың қасы болар, бәлкім. Себебі, қазір бәрі мүлдем басқаша. Техниканың заманы дамыған уақытта ұн шығару аса қиыншылықты тудырып отырған жоқ. Қайсыбір диірмен кешенін алып қарасақ та, заман талабына сай механикаландырылып, компьютерлік басқару жүйесіне негізделген. Дұрыс-ақ. Қазақстан мемлекеті технологиясы дамыған елдердің қатарында ғой, себебі. Ендеше сөзіміз дәлелді болсын. Әңгімемізге арқау болғалы отырған диірмен кешені жөнінде біз сөз қозғамақпыз. Ақмола облысы, Атбасар қаласында орналасқан «INTER TRADE» ЖШС бүгіндері осындай міндеттерді атқарып жүр. Сондай-ақ, сөз арасында айта кеткенді жөн көріп отырмыз. Мәселен, көптеген Шу, Алғабас, Жақсы, Далабай және Мариновка ауылдарының мектепте-ріне демеушілік үшін қаражат аударған.

Мекеме басшысы Магомет Дзейтов Наипұлымен сұхбат ұйымдастырған болатынбыз. Енді соны назарларыңызға ұсынбақпыз.

Магомет Наипұлы, өзіңіз басқарып отырған «INTER TRADE» ЖШС қандай жұ-мыстарды атқарумен айна-лысып жатыр?

«INTER TRADE» ЖШС тұрақты түрде он жылдан аса жұмыс жасап келеді. Бүгінгі таңда ұнның үш сортын шығарумен айналысады. Мекемеде 80 адам жұмыс жасайды. Өнімдерімізді Ресей, Қырғызстан, Ауғаныстан және Түркіменстан мемлекетте-ріне экспортқа жіберіп тұрамыз. Айына 2000 тонна ұн өндіріледі. Сонымен қатар, Астана, Алматы және Атырау қалаларына жіберіп отырмыз. Бұл мекеме әу баста түріктердің фирмасы болатын. Осыдан бірер жыл бұрын сатып алдық. Жалпы, бұл компания Қазақстанға инвестиция тарту мәселесі көтерілгеннен бастап, яғни 1999 жылдан бері халыққа қызмет көрсетіп келеді. Мекеме

қоймасының сыйымдылығы 50 000 тонна астықты қабылдауға жетеді. Қоймада астықтың кеп-тіріліп, қайтадан дайындалуы мен жүк тиейтін бөлімдері жұмыс жасайды. Тазарту мен кептірудің жоғары технологиялық жүйесі қамтамасыз етілген. Бұған қоса өндірістік лаборотория қызметі де бар. Астықты оңайырақ тиеу үшін арнайы жеке теміржол бұрылысы мен ТГМ-40 тепловозы берілген.

2001 жылы «Оркисмен» түрік фирмасы өндірген диірмен кешені ашылған болатын. Аталмыш диірмен кешені қазіргі заманға сай жабдықталғандықтан бидайдың жұмсақ және ұнның жоғарғы сұрпын реттеуге арналған. Ірі механикаландырылған кәсіпорын компьютерлік басқару жүйесіне негізделген. Кәсіпорынның жер көлемі 12,5388 га құрап отыр. Күніне 150 тонна астық өндіріледі.

Әлемдік стандарттарға сай тұру үшін мекеме жұмыскерлері ұнның сапалы түрде шығуын қамтамасыз етеді. 2009 жылдан бастап ИСО 9001-2001 стандарты бойынша жұмыс жасап келе жатқан меке-менің өзіндік тауар белгісі бар. Мемлекетке салық төлеуді компания жауапкершілікпен атқарады. Жеке мүлік салығы – 3696679,85, әлеуметтік бағытта – 2840804,27, жер теліміне – 692 140, мүлік салығы – 1 969140, жарнама беруге – 124 632, көлік салығы – 147 439, қоршаған ортаны қорғауға – 623 278 және әлеуметтік салық - 21889006,86 қаржыны құрап отыр. Орта есеппен жылына 50 млн. теңге салық төлейміз.

Озық технологияға не-гізделген жоғары сапалы ұн шығаратын кәсіпорын жұмысшылары кәсіби дайын-

112

дықтарын қалай ұштастыруда? Мекеме жоғары сапалы ұн

шығаратын болғандықтан онда арнайы кәсіби даярлықтан өткен мамандар жұмыс жасайды. Орташа жалақы 80-90 000 теңгеге дейін жетіп отыр. Олардың әлеуметтік жағдайларын да қарастырып та береміз. Сол себептен жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін алыс-жақын шет елдерге тауарымыз экспортқа жүйелі түрде жіберіліп тұрады. Жергілікті сұраныс та шет қалған емес. Мемлекеттің тікелей қолдауымен ашылған бұл диірмен кешені ғимаратының заман талабына сай болуы да жұмыс жасауға оң әсерін беріп отыр. Өндіріп жатқан өніміміздің сапасы жоғары екенін дәлелдеу де басты міндеттерімізге жүктелген.

Белгілі бір өнім өндіріп, халыққа қызмет көрсету ісі сіз үшін қаншалықты маңызды болып отыр?

Менің түсінігімде, дайын өнімді өткізіп одан түскен қызметтің пайдасын көру ғана

емес, сонымен қатар өндірістік айналым қорларын әркез жады-дан шығармаған абзал. Себебі, көрсетілген қызметтен түскен табыс көзі кәсіпорынның экономикалық даму деңгейіне оң әсерін береді. Өнімнің саны мен сапасының ұтымды болуы кәсіпорынның ішкі және сыртқы жағдайын анықтап береді. Сондықтан мен қарамағымдағы жұмыскерлеріме өндірісті дамытумен қоса, еңбек етуді ұйымдастыра білу міндетін жүктедім. Әр адам өзіне берілген мүмкіндікті пайдалан білуі керек. Халыққа қызмет көрсетудің мен үшін маңыздылығы – кәсіпорын жұмысшыларының тәжірибелік құрамының қалыптасқанды-ғымен қоса, интелектуалдық қабілеттіліктерінің артқандығы деп айтар едім. Уақыт өткен сайын сұранысқа сай қызмет етуде аталған бұл мәселелер жұмыс барысында өте қажет. Жаңа технологияларды қабылдап, дер кезінде қолдана білу де өндіріс-тің өркендеуіне жол ашады. Бұл

жерде кәсіпкерлік қызметінің жауапкершілігінің артқанын байқаймыз.

Жеке кәсіпкерлікпен айна-лысардан бұрын көп ойландым. Кәсіптің қандай түрімен және нені өндірген дұрыс екенін білмей дал болдым. Мемлекетіміздің экономикалық саясатының іске асуына аз да болса себімді тигізуді қажет деп санадым. Сол себепті кәсіпорнымның қоғамға қажетті өнім өндіріп, өндірістің қуаттылығы, айналым қоры мен мамандармен жасақталуы мен үшін қымбат.

Өнімнің сапасына қойы-лар талап тұтынушылардың көңілінен шыға алып отыр ма? Бәсекелестікке жарамдылығы даму деңгейін қаншалықты арттыруда?

Жалпы, шығарылған өнімі-нің сапасына тұтынушылар қай уақытта да талап қоя алады. Ха-лықтың көңілінен шыға алатын өнім дамудың деңгейін арттыра берсе, сөз жоқ сол мекеменің ілгерілегенін байқатар. Қазіргі нарықтық экономиканың талабы да осы болып отыр. Әрбір кә-сіпорынның ұзақ өмір сүруі тауардың сапасы мен қызмет көр-сету деңгейіне байланысты ғой. Өнімнің сапалы болуы бәрінен де маңызды. Тауар өндіруші мен тұтынушының арасындағы байланыс қаншалықты үйлесім таба білсе, соншалықты өнімнің бәсекелестікке жарамдылығы сұранып тұрады. Нарық кезеңінде тұтынушылардың көңілінен шығу меніңше, әрбір кәсіпорынның міндеті. Тауар толықтай сұранысқа ие болған жағдайда ғана бәсекеге қабілеттілігі артып қала бермек. Өнім сапасын арттыруда меніңше мынадай жағдайларды ескерген жөн: 1) отандық өндірушілердің өнім сапалылығын жетілдіріп отырулары керек; 2) тұтынушыға сапаны қалай анықтау қажеттігі жөнінде бағыт-бағдар берілсе; 3)

113

өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

Дәл осы жағдайлар ескеріліп жатса, өнім көлемін ұлғайтып, оның жарамдылығы жүйелі түрде іске асыру қиын бола қоймас, сірә. Әрбір кәсіпорын үшін шығарылған өнімдердің сапасы – халыққа қызмет етудің факторына айналмақ. Білуімізше, сапаны арттыру қызметі басқару жүйесіне сай жүргізілуі тиіс. Бұны халықаралық тәжірибелер де растап отыр. Сонда ғана кә-сіпорынның да, өнімнің де өмір-шеңдігі байқалып, талапқа сай қызмет етпек.

Болашақ жоспарларыңыз қандай?

Қайсыбір мекеменің бол-сын оның алдына қойған мақ-саты, жоспары болады. Менің болашақтағы жоспарымда тұ-тынушының қажеттілігі үшін дайындалатын өнім кәсіпорынның көмегімен жүзеге асып, білікті мамандармен толықса екен деген ойым бар. Кәсіпорынның жағдайы үшін әлі де біршама атқарылар шаруалар көп. Мәселен, макарон өнімдерін шығаруды қолға алуды жоспарлап отырмыз. Бұл өнім

де халықтың сұранысына ие болады деген сенімдемін. Өз бетінше әрекет ететін бизнестің қай түрін алып қарасақ та, өсу, өркендеу принциптері тұрады. Соның негізінде кәсіпкерлікті қанағаттандыратын әлеуметтік те, экономикалық жобалар кәсіпорынның алға қойған мақсатын айқындап береді. Менің арманым – болашақта кәсіорынымды алдыңғы қатарлы озық әрі технологиясы дамыған мекемелердің арасынан көру болып табылады.

Өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз.Мен 1962 жылы 30 мамырда

Шешен-Ингуш Автономиялық КСР-ның Ачхой-Мартан ауда-нының Бамут аулында туған-мын. 1979-1982 жылдары ШИАКСР «Бамут» кеңшарында бригадирдің көмекшісі, 1983 жылы Павлодар облысының «Пограничник» кеңшарында бригадир болып жұмыс жасадым. Ал 1989-1994 жылдары ШАКСР Ачхой-Мартан орман өнеркәсіп шаруашылығының ағаш өңдеу цехының бастығы қызметін атқардым. 1996 жылдан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысып келемін. Аң және балық аулағанды ұнатамын. Бес балам бар.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Менің ұғымымда Тәуелсіздігі бар ел ғана жақсы жетістіктерге жете алады. Қазақстан мемле-кетінің Тәуелсіздігі – елдің абыройына айналды. Мен өзім-ді қашанда Тәуелсіз ретінде сезінемін. Ел Тәуелсіздігі жасай берсін дегім келеді.

Сұхбатыңызға рахмет!

СұхбаттасқанЭльмира Сегизбаева

114

ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ БІЛІМ БӘЙТЕРЕГІ

Дана Абай: «Адам адамнан тек білімі мен ақыл-ойы арқылы ғана озады», – деген екен. Білім – Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолындағы дамуының аса маңызды, әрі басты бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта жас ұрпаққа техникалық және кәсіптік білім беруге айрықша мән беріліп отыр. Атбасар қаласының № 1 Индустриалды-техникалық колледжі жастарға кәсіптік білім беруде елеулі табыстарға қол жеткізіп келе жатқан білім ордасы. Колледж директоры Асқарова Зауреш Кұдайбергенқызы – білім-ғылым атты теңізде ізгіліктің кемесімен жүзе білген жоғары дәрежелі ұстаз. ҚР Әділет Министрлігінің, Ақмола облысы әкімінің, Облыстық Білім басқармасының, Атбасар ауданы әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Біз бүгін оқырмандар назарына Зауреш Кұдайбергенқызымен болған сұхбатымызды ұсынып отырмыз.

Зауреш Кұдайбергенқызы, сіз басқарып отырған оқу орнының жас ұрпақты білім нәрімен сусындатқанына 50 жылдан асыпты. Колледжің тарихы мен мақсаты жөнінде ой толғатсаңыз.

Колледждің тарихы сонау 1959 жылдан бастау алады. Ол кезде кәсіби-техникалық училище болып құрылған еді. Сол уақыттан бері колледж қабырғасынан 9 мыңнан астам түлек ұшып шыққанын мақтанышпен айтуға тиіспіз. Қазір іргесі бекіп,

керегесін кең жайған оқу орнымыз Ақмола облысындағы алдыңғы қатарлы оқу ордаларының біріне айналды. Түлектеріміз республика көлемінде, жақын – шет аймақтарда, жоғары оқу орындарында қызмет атқарып жатыр. Еліміздің болашағы мен тірегі - жастары жан-жақты кәсіби біліммен қаруланған, кез-келген бәсекелестікке төтеп бере алатын маман, тұлға болуы кажет. №1 Индустриалды-техникалық кол-леджінің мақсаты да – осындай тұлғаларды тәрбиелеу. Қазіргі

уақытта колледжде 11 мамандық бойынша 614 студент білім алып жатыр. «Өнеркәсіптегі электромеханикалық құралдар», «Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Токарлық іс және металл өңдеу», «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді құрастыру, пайдалану», «Шаштараз өнері және сәндік косметика», «Іс-қағаздарын жүргізу және мұрағаттану»,

115

«Қаржы», «Электрмен қамтамасыз ету», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандықтары бойынша білім беріледі. Колледждің материалдық – техникалық базасы да жастардың қалаған мамандығын игеруіне толық сай келеді. 656 орындық оқу корпусы, 30 оқу дәрісханасы, 13 шеберханасы, кітапхана, оқу залы, 120 орындық асхана, спорттық және жаттығу залдары бар. «Жол картасы» инвестициялық жобасының жүзеге асырылуы барысында оқу корпусы мен спорт залына үлкен жөндеу жұмыстары жүргізілді, құрылыс ісі, шаштараз кабинеттеріне арналған құрал-жабдықтар, жаңа жиһаздар, интерактивті тақталар, кеңсе техникасы сатып алынды. 2013 жылы «Токарлық іс және металл өңдеу» мамандығы бойынша жабдықтау үшін 50 млн.теңге көлемінде грант жеңіп алдық.

Болашақ маман иелеріне дәріс беруші ұстаздар ұжымы жайлы айтсаңыз.

Колледжде 34 оқытушы қызмет етеді, оның 14-і жоғары дәрежелі, 7-еуі бірінші дәрежелі ұстаз. Оқытушылар құрамының қызметі жоғары білім сапасын қамтамасыз етуге, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтерді белсендіруге,

әлемдік стандарт деңгейінде бәсекеге түсе алатын жан-жақты жетілген мамандарды әзірлеуге бағытталған. Жетекші оқытушылар ретінде А.К.Хамзиевна, О.Г.Ахмеджановна, А.В.Владимировна, В.Л.Ивановна, Б.Г.Николаевна, К.С.Александрович, Я.В.Григорьевич, О.Б.Апсановна, К.Г.Владимировна, Б.Н.Анатольевна, Ш.Н.Павловна, З.Г.Леонтьевна, Г.Ю.Артуровна, т.б атап айтар едім. Нарық жағдайындағы ұстазға қойылатын талаптар - бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы орайда біздің ұстаздар қауымы барлық талаптарға сай келеді деп толық айта аламын.

Шәкірттеріңіздің оқу бітіргеннен кейін жұмыспен қамтылу мәселесі төңірегінде сұхбатыңызды сабақтай түссеңіз.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары халықаралық деңгейге шығуға толықтай мүмкіндік алдық. Студенттеріміз халықаралық жобаларға қатысып тұрады. Белгілі маман иесі атанған әр студент мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар. Біздің колледж түлектеріне еңбек нарығында сұраныс мол. Ең басты әлеуметтік серіктесіміз - Атбасар қаласындағы «Қамқор Локомотив»

ЖШС-гі болып табылады. Сондай ақ, «Ашық жол» ТҚС, «Аймақтық электрожелілер» АҚ, «Агроцентр Акмола - техсервис» ЖШС, «Атбасар электровоз жөндеу зауыты», «Регина» шаштаразы, «У Марата» ТҚС, «У Татьяны», тағы басқа кәсіпорындар негізінде маман даярлау ісі, өндірістік тәжірибеден өткізу ісі жолға қойылды. Колледжде түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша комиссия жұмыс істейді, оның құрамында әлеуметтік серіктестер, жұмыс берушілер, студенттік өзін-өзі басқару өкілдері бар. Комиссияның қызметі мамандарға қажеттілік пен білім беру нарығындағы байланысты қамтамасыз етуге, түлектерге жұмыспен қамтылу жөніндегі ақпарат, ақыл-кеңестер беруге бағытталған. Тағы бір айтатын жайт, түлектеріміздің бір бөлігі ірі қалаларға, құрылысы қарыштап дамып жатқан шаһарларға жол тартуда. Оның да өзіндік себеп-салдары бар. Тұрмыстық жағдай, жалақы деңгейі ол қалаларда жақсы төленетіндігі де осының бір себебі.

Болашақ мамандарға қандай тілек айтасыз?

Менің пайымдауымша, қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі ең өзекті мәселе – жастардың бойына адамгершілік қасиеттерін егу арқылы ізгілікке, инабаттылыққа,

116

парасаттылыққа тәрбиелеу, жан-жақты білім беру. Сондықтан да осындай міндеттерді жүзеге асыруда біздерге, ұстаздар қауымына, жүктелер жүк те жеңіл емес екендігін сезінемін. Жас мамандарға «Елбасының саясатын қолдап, “Дипломмен — ауылға” барып, жас ұрпақты тәрбиелеуге өз үлестеріңді қосыңдар» демекпін. Әрине, бірден ұлы істерге бел буып, батыр болу мүмкін емес. Бірақ бүгіннен бастап үлкен істерге жол ашып, соған қарай жүретін болсақ, көздеген мақсатымызға ертең-ақ жетеміз. Біз шынымен де бақыттымыз. Себебі, біз – рухы биік, еркін халықтың ұрпағымыз, бір шетінен екінші шетіне дейін қыран қанаты талатын, тұлпар тұяғы тозатын кең-байтақ қазақ елінің азаматымыз, кемеңгер елдің ұрпағымыз. Біз болашаққа сеніммен қараймыз. Сондықтан болашақты бүгіннен бастаймыз деуге толық негіз бар деген ойдамын.

Колледждің алға қойған мақсат-міндеті қандай?Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жария еткен «Жалпыға Ортақ

Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасы Қазақстанның болашақ дамуының даңғыл жолы іспеттес. Ұсынылған 20 тапсырма бүкіл қоғамның, әрбір отбасы мен әрбір қазақстандықтың өміріне оң өзгерістер әкелуге бағытталып отыр. Соның ішінде білім беру сапасын жақсарту мақсаты да баса айтылған. Колледждің алға қойған басым мақсаттарының бірі – Елбасының осы бастамасын қолдап, ел экономикасы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына толық жауап беретін мамандар даярлау, халқына адал қызмет ететін ұлтжанды ұл-қыздар тәрбиелеп шығару.

Зауреш Кұдайбергенқызы, сіз шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстазсыз, білікті басшысыз. Енді өзіңіз жайлы айтсаңыз. Сіз жайлы оқырман қауым да аз-кем біліп жүрсе дейміз.

1968 жылы 21 мамырда Ақмола облысы Атбасар ауданы Ладыженка ауылында тудым. 1989 жылы Атбасар ауылшаруашылығын механикаландыру техникумын «ұста-құрылысшы» мамандығы бойынша аяқтап шықтым. Мұнан кейін 1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алып шықтым. Еңбек жолымды 1990 жылы қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып бастадым. 2006-2011 жылдары №9 кәсіби лицейінің директоры қызметін атқардым. 2011 жылдан бері №1 Индустриалды-техникалық колледжін басқарып келемін. Бүгінге дейін осындай өмір белестерінен өттім, еңбегімді білім саласына жұмсай беруден танбақ емеспін.

Журналымыздың дәстүрлі сұрағы бар. Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Тәуелсіздік - тамыры терең тақырып. Қарап отырсаңыз, Қазақ мемлекеті құрылғаннан бастап, бабаларымыз Тәуелсіздік жолында үнемі шайқасып келген. Сондықтан, «мың өліп, мың тірілген» халқымыз үшін Тәуелсіздік өте қымбат ұғым. Тәуелсіздіктің қадіріне жету – бабалардың қадіріне жету деген сөз. Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін! «Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналына озық ойлы оқырман, толағай табыстар тілеймін!

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Жарқын Тоғым

117

ЕЛ ЖҮРЕГІ – ЕЛОРДАҚұрылу тарихына бір жарым ғасыр

өткеннен кейін Ақмола өңірі Қазақстанның астанасына айналды. Осылайша ел жүрегі – елорда болып, Астана атанды. Аңыз қылып айтар өткізілген іс-шараларды қоспағанда, елордаға деген құрмет күн өткен сайын ерекше. Себебі, күш-жігерімізді тасытып, абыройымызды асқақтатқан Астана біздің арманымыз. Астана жаңа қала ретінде қалыптасып үлгерді. Астаның сұлу келбетіне, сәулетті ғимараттарына тамсанып, мінсіз шаһар екеніне де көзіміз жетті. Таңданып та, тамасанып та жүрміз. Елорда болғалы бері небір зәулім үйлер мен биік нысандар бой көтеріп, Астананың ажарын одан сайын аша түсті. Тың идеялардың жүзеге асуының арқасында мемлекетіміздің брендіне айналған «Бәйтерек» және «Қазақ елі» монументтері, «Тәуелсіздік сарайы, «Қазақстан темір жолы» ғимараты, «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Хан шатыры» және т.б. толып жатқан ғимараттарды атап өтуге болады. Бұған қоса болашақтың жобасы ретінде 2015 жылға қарай пайдалануға берілетін 88 қабатты мұнарадан тұратын «Абу-даби Плаза» мен он мың адамға лайықталған шар тәріздес «Жабық қала» жобасы қолға алынбақ.

Ал, Астанаға мақсатын жетелеп келген, біз сияқты жастардың арманына айналған қала білім беру нысандарынан кенде емес. ЖОО-дан «Назарбаев университеті», «Астана медицина университеті», «Еуразия ұлттық университеті», «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті», «Қазақ гуманитарлық заң универсиететі» және т.б. білім ордалары болашақ ұрпақтың білімді жандар болып қалыптасулары үшін еңбек етіп жатыр. Халықтың денсаулығын жақсартуға арналған медициналық мекемелер де бүгіндері заманға сай жабдықталған. Мәселен, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы», «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы», «Травматология және ортопедиялық ғылыми-зерттеу институты», «Онкологиялық диспансері» және т.б.

Астана қаласы бұл күндері маңызды іс-шаралардан құр алақан емес, әрине. Әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырып, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру қолға алынды. Соның бірі – ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі. «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбын ұсынған Қазақстан мемлекеті, өзінің әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндікке ие болды. Аталмыш жобаның Астанада өткізілуі әлемдік және жаңашылдық идеяға жол ашпақ. Ғылымдағы соңғы жаңалықты көзіміз көретін күн де алыс емес. Ендеше, Астананың халықаралық деңгейдегі мінсіз әрі келбетті шаһарға айналуына тағы бір мүмкіндік келіп отыр. Болашақ Астананың қайталанбас сәулетті қалалар қатарын табылуы еліміз үшін ең биік мәртебе.

Данияр Абишевдәрігер-хирург

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» республикалық қоғамдық-саяси журналының бұл жолғы нөмірі елордамыз Астана мен Ақмола өңіріне арналып отыр. Осыған орай жұмыс

барысындағы сараптама нәтижесіне сүйене отырып, аймақтың дамуына сүбелі үлестерін қосып жүрген біршама азаматтар

мен елордалықтарды редакциямыздың атынан «Құрмет грамотасымен» марапаттауды жөн көрдік.

ҚАБЫЛ АЛЫҢЫЗДАР!

«ҮЗДІК КӘСІПОРЫН»- Пулатов Нұрмахан Сапарбекұлы - Атбасар қаласы «Қамқор-Локоматив» ЖШС-нің «Атбасар

электровозжөндеу» зауыты филиалының директоры. Қазіргі заманға сай жоғары технологиялы кәсіпорынды басқаруда біліктілік танытып және 1700-ден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтып, міндеттелген жоспарлардың белсенді атқарылу жолында зор үлес қосқаны үшін марапатталады.

«ҮЗДІК КӘСІПКЕР»- Хамхоев Сайфудин Сұлтанұлы - «Беркат» консорциумы кәсіпорнының бас директоры,

Астана қалалық мәслихатының депутаты. Алуан түрлі қызметі бар кәсіпорынды жиырма жылдан аса басқарып, стратегиялық маңызға ие және ауқымы кең ел экономикасының дамуына атсалысқаны үшін марапатталады.

- Ашебеков Сағадат Қайыржанұлы - «Целиноградское» НС» ЖШС-нің басқарма төрағасы, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты. Он жыл бойы кәсіпкерлерге қалыптасқан және қолжетімді несие ресурстарын берумен айналысып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жағдайларының жақсарып кетуі жолында аянбай еңбек етіп жүргені үшін марапатталады.

«ҮЗДІК ОҚУ ОРНЫ»- Шайдаров Мәжит Зейнуллаұлы – «Астана медицина университеті» АҚ-ның ректоры, медицина

ғылымдарының докторы, профессор. Білім берудің жаңа технологияларын енгізуді және ғылыми зерттеу базасын кеңейтіп, білім беру қызметінің жоғары сапалы және үлкен шоғырымен қамтамасыз етілуі жолында зор үлес қосқаны үшін марапатталады.

- Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы - «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның басқарма төрағасы, профессор және Астана қалалық мәслихатының депутаты. Білікті мамандар даярлау мен ғылыми зерттеулерді қолдау мақсатында инфрақұрылмының жетіліп, оқу орнының әлемнің жетекші университеттерінің қатарынан табылуы жолында зор үлес қосып жүргені үшін марапатталады.

- Жапарова Гүлжамал Әлкенқызы - «Тұран-Астана» университетінің ректоры, ҚР білім беру ісінің үздік қызметкері, профессор. Сапалы білімнің нарық талаптарына сай келіп, мамандарды даярлауда және білім ордасының айтарлықтай жетістікке жетуі жолында зор үлес қосқаны үшін марапатталады.

- Күжімов Мырзабек Төребекұлы - «Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжінің» директоры. Материалдық-техникалық базасымен қатар, кәсіби педагогикалық ұжымының арқасында елорданың ең үздік тәжірибелі оқу орындарының біріне айналуы үшін өзіндік үлесін қосқаны үшін марапатталады.

- Ахметов Ақмолда Қамзаұлы - Астана техникалық-экономикалық колледжінің директоры. Осыдан бірнеше жылдар бұрын колледж мәртебесіне ие болып, жыл сайын бес жүзге жуық шәкірттің техниканың заманауи тілін меңгерген білікті мамандар даярлауда өзіндік үлесін қосып жүргені үшін марапатталады.

- Асқарова Зауреш Кұдайбергенқызы - Атбасар қаласының № 1 Индустриалды-техникалық колледжінің директоры. Жас ұрпақтың техникалық және кәсіптік білім алуына айрықша мән беріп, оқу ордасының едәуір табыстарға қол жеткізуі жолында зор үлес қосқаны үшін марапатталады.

«ҮЗДІК АУРУХАНА»- Шәймерденов Серік Әменұлы - Астана қаласы №4 қалалық емханасының бас дәрігері. Екі жүз

мыңға тарта қала тұрғындарының сапалы ем қабылдап, емхананың өзіне лайықты абыройына ие болуы жолында зор үлесін қосқаны үшін марапатталады.

- Аипов Расулбек Рахманбердіұлы - №2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері. Елорда мен қалаға жақын аудандарда тұратын бүлдіршіндерге стационарлық, стационар алмастырушы және жаңа медициналық технологияны қолдана отырып, консультативтік-диагностикалық көмектің көрсетуі жолында өзіндік үлесін қосып жүргені үшін марапатталады.

Екінші дәрежелі капитан, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Бас штабының жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы.

Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласы Әскери-теңіз флотының Н.Г.Кузнецов атындағы академиясының 2012 жылғы түлегі.

Баку қаласының С.М.Киров атындағы Каспий Жоғары Қызыл ту орденді Әскери-теңіз училищесін бітірген.

9-тамызда 1973 жылы туған.Жүзу спортымен айналысады.

Мукумов Абзал Кабирұлы

«Сарбаз - мемлекеттің символы»Сағадат Нұрмағамбетов