- Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web...

32
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ.................................................3 1. INTERNET ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ..............5 2. ПРОВАЙДЕР ТАҢДАУ КЕЗІНДЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР..........6 3. INTERNET ЖЕЛІСІНЕ ҚАЛАЙ ҚОСЫЛУҒА БОЛАДЫ..............6 4. Е-MAIL, WWW, FTP МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ........8 5. INTERNET EXPLORER БРАУЗЕРІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ. .8 6. GOOGLE, YANDEX, RAMBLER АҚПАРАТТЫҚ-ІЗДЕУ ПОРТАЛДАРЫ. 10 7. ЧАТТАР, ФОРУМДАР, ICQ...............................10 8. Е-ҮКІМЕТ............................................12 9. INTERNET ҚЫЗМЕТТЕР..................................13 10. INTERNET-БАНКИНГ...................................14 11. Е-ТӨЛЕМДЕР (INTERNET ДҮКЕНДЕРІ)....................15 12. ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ INTERNET-КЕ ШЫҒУ...............16 13. IР-ТЕЛЕФОНИЯ (SKYPE БАҒДАРЛАМАСЫ)..................17 14. ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ.....................................18 15. ИНТЕРНЕТКЕ АРНАЛҒАН ВЕБ-БРАУЗЕР....................19 ҚОРЫТЫНДЫ..............................................22 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................23 ҚОСЫМША................................................24

Transcript of - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web...

Page 1: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

1. INTERNET ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ......................................5

2. ПРОВАЙДЕР ТАҢДАУ КЕЗІНДЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР......................6

3. INTERNET ЖЕЛІСІНЕ ҚАЛАЙ ҚОСЫЛУҒА БОЛАДЫ...................................6

4. Е-MAIL, WWW, FTP МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ.....................8

5. INTERNET EXPLORER БРАУЗЕРІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ...........8

6. GOOGLE, YANDEX, RAMBLER АҚПАРАТТЫҚ-ІЗДЕУ ПОРТАЛДАРЫ...10

7. ЧАТТАР, ФОРУМДАР, ICQ................................................................................10

8. Е-ҮКІМЕТ..............................................................................................................12

9. INTERNET ҚЫЗМЕТТЕР.....................................................................................13

10. INTERNET-БАНКИНГ.......................................................................................14

11. Е-ТӨЛЕМДЕР (INTERNET ДҮКЕНДЕРІ).......................................................15

12. ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ INTERNET-КЕ ШЫҒУ....................................16

13. IР-ТЕЛЕФОНИЯ (SKYPE БАҒДАРЛАМАСЫ)...............................................17

14. ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ........................................................................................18

15. ИНТЕРНЕТКЕ АРНАЛҒАН ВЕБ-БРАУЗЕР....................................................19

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................22

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................................................23

ҚОСЫМША...............................................................................................................24

Page 2: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

КІРІСПЕ

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер

шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен

құрылқтарды біріктіріп отыр.

Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған

жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер

желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау

басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында

Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін

арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net

желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу

орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт

мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар

пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда

болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.

1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы

оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.

Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай

одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың

номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын

aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы

қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .

Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық

агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр.

Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса

аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да,

бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен

жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.

3

Page 3: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ.

Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл

желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.

Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды.

Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.

4

Page 4: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

1. INTERNET ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ

Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер

ғаламдық деп аталады. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге

біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас

жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.

Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді

(INTERnational NETwork). Internet – бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен

серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті

бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы

туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге,

аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға,

бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көпетеген мүмкіндіктер

ұсынады.

Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады. Веб-сайт (сайт,

интернет қор көзі, портал) – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-

мекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір

серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей

мекен жайы – URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы

мекенжай бойынша тауып алуға болады. Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі

мынадай болады: http://www.атауы.үйшік. Веб-сайттың атауы оны

сәйкестендіру үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР Президенті Н.Ә.

Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы – http://www.akorda.kz, ал ҚР

Үкіметі сайтының мекенжайы – http://www.government.kz.). Үйшік Internet

желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (.kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ua –

Украина, .uk – Ұлыбритания, .fr – Франция және т.б.) немесе қызмет саласын

(.com – коммерциялық ұйымдар, .org – коммерциялық емес ұйымдар үшін, .edu

– білім беру қор көздеріне арналған, т.с.с.) білдіреді. Желі қатысушыларының

ортақ пайдалануы үшін бөлінген компьютер сервер деп аталады.

5

Page 5: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

2. ПРОВАЙДЕР ТАҢДАУ КЕЗІНДЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Провайдер — бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін

ұсынатын компания. Провайдер ретінде жекеменшік арнайы маманданған

фирмалар да, ірі телефон компаниялары да қызмет істей алады. Әдетте

провайдерлер біркелкі қызметтер жиынтығын ұсынады, бірақ олардың қызметі

түріне және сапасына қарай ерекшеленетіндіктен, төлемақысы да әр түрлі

болады.Өз қажетіңізге лайықты провайдерді таңдай отырып, бірнеше шартты

ескерген абзал: · Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы – уақыт бірлігінде модем

арқылы өтетін ақпараттың биттер саны. Ұсынылатын жылдамдық провайдер

жабдықтарының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.

Қосылым түрі. Коммутацияланатын желі бойынша модем арқылы

қосылу – бұл Internet-ке қосылудың ең сенімді, бірақ ең баяу түрі. Қосылымның

бұл түрі көптеген Internet-те жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз етеді, бірақ

ақпараттың үлкен көлемін (дыбыстық файлдар, жан бітірілген сызбалық

файлдар, бейне, интерактивті ойындар) жеткізуде қиындықтар туындауы

мүмкін. Енді бір түрі – кабельді модем, DSL, жерсерігі арқылы кең жолақты

қосылым болып табылады. Қосылымның бұндай түрі жоғарғы жылдамдықпен

байланысуға мүмкіндік беріп, шынайы уақыт режімінде аудио және бейне

файлдарын жеткізуді қамтамасыз етеді. Қызметтер құны осы аталған

факторларға және Сіз пайдаланғыңыз келетін тарифтік жоспарға байланысты

болады.

3. INTERNET ЖЕЛІСІНЕ ҚАЛАЙ ҚОСЫЛУҒА БОЛАДЫ

Internet желісіне қосылу үшін компьютерге желілік тақша мен модем

қажет. Модем – бұл компьютерлерге телефон желілері немесе басқа да

байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.

Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютердің иесі лайықты провайдер

тауып, онымен Internet-те жұмыс істеу шарттары туралы келісімге отыруы тиіс.

6

Page 6: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

Осыдан кейін ол провайдерден пайдаланушы есімін, құпия сөз және өз

компьютерін өз телефон консолі арқылы Internet-ке қоса алатын қашықтағы

телефон нөмірін алады. Internet желісіне қосылуды баптау үшін (Windows 2003

нұсқасы үшін) Бастау батырмасын басып, Баптау – Басқару үстелі – Желілік

қосылымдар – Жаңа қосылым жасау шебері әмірлерін таңдап, пайда болған

терезеде Келесі батырмасын басу керек.Internet-ке қосылуды таңдап, Келесі

батырмасын басыңыз.Қосылымды қолмен орнатуды таңдап, Келесі батырмасын

басыңыз.Кәдімгі модем арқылы дегенді таңдап, Келесі батырмасын басыңыз

Бос жолға Интернет провайдерінің атауын енгізіп, Келесі батырмасын басыңыз

Жолға провайдердің телефон нөмірін енгізіп, Келесі батырмасын басыңыз

Пайдаланушының аты жолында Пайдаланушының атын, Құпия сөз

жолында провайдерден алынған құпия сөзді енгізу қажет. Құпия сөзді құптау

жолағында сол құпия сөзді қайта енгізіп, Келесі батырмасын басыңыз

Жұмысты аяқтау үшін Дайын батырмасын басыңыз Internet желісіне тікелей

қосылу үшін Internet-ке қосылуды баптағаннан кейін пайда болатын лақапты

шерту қажет Пайда болған терезеде Пайдаланушының аты және Құпия сөз

өрістерін толтырып, Нөмір теру өрісінде өз провайдеріңіздің телефон нөмірін

енгізіңіз. Шақырту батырмасын басып, қосылысты күтеміз Компьютер

провайдер желісімен байланыс орнату үшін телефон нөмірін тере бастайды.

Осыдан кейін модемнің «әнімен» ұштасатын қосылысты орнату процесі

басталады. Қосылыстың барлық сатылары қосылым терезесінде түсіндіріліп

отырады. Егер деректер дұрыс көрсетілген болса, әдетте бір минут ішінде

компьютер провайдермен қосылысып, желіге шығады.

Қосылыс орнағаннан кейін бейне беттің оң жақ төменгі бұрышында

белгіше және қосылым сәтті орындалғаны туралы хабарлама пайда болады.

Осы сәттен бастап, компьютер Internet-те болады, ал провайдер сервері

компьютердің желіде өткізген уақытын (секундпен) есептей бастайды.

Қарапайым модем арқылы уақыты төлемі бар қосылу кезінде Internet-те жұмыс

істеп болғаннан кейін бірден желіден ажыратылу қажет. Internet-тен ажыратылу

7

Page 7: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

үшін тінтуірдің оң жақ пернесімен батырмасының мәтінмәндік мәзірін

шақырып, Доғару әмірін таңдау керек.

4. Е-MAIL, WWW, FTP МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ

Internet құрамына түрлі элементтер кіреді, соның ішінде WWW,

электрондық пошта, файлдарды жеткізу қызметі және т.б.WWW бүкіләлемдік

желісі (World Wide Web – «Бүкіләлемдік тор»), әдетте веб деп аталады, Internet

жабдықтары арқылы жеткізілетін құжаттардан тұрады. Web – бұл веб-беттер

мен веб-тораптар жиынтығы.Веб-беттер ақпараттың алуан пішімдерін – мәтін,

сызба, дыбыстық және бейне жазбаларды, жан бітірімдерді қамти алады. Web-

бетіндегі еренсілтемелер кез келген Internet серверінің кез келген басқа бетіне

өтуді қамтамасыз ете алады. Еренсілтемелер ретінде кез келген сөз немесе

сурет көрінуі мүмкін. Ерекшеленген таңбалар бойынша өту жүзеге асырыла

алатын мәтін еренмәтін деп аталады. Web-беттердегі құжаттардың кеңейтімі

әдетте .htm болады.

Электрондық пошта қызметі немесе e-mail, пайдаланушыларға мәтіндік

хабарламадан және түрлі форматтағы: мәтіндік, сызбалық және т.б. файлдардан

тұратын электронды хаттарды жөнелтіп, қабылдап алуға мүмкіндік береді.

Файлдарды жеткізу қызметі файлдарды бір компьютерден екіншісіне көшіреді

немесе жылжытады. Internet бойынша мәліметтерді жеткізуді басқаратын

файлдарды жеткізу протоколы (File Transfer Protocol, FTP) атты арнайы

маманданған басқарушы принциптер не протоколдар бар. FTP көмегімен

әкімші серверде FTP-сайттарын жасап, интернетті пайдаланушылардың осы

қызметпен өзара әрекеттесу тәсілдерін анықтай алады.

5. INTERNET EXPLORER БРАУЗЕРІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ

Internet желісінде адасып қалмау үшін шолғыш – браузер деп аталатын

арнайы бағдарлама қажет. Браузер – бұл веб-бетінің мәліметтерін Сіздің

8

Page 8: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, Internet қор

көздерін қарауға арналған бағдарлама. Windows амалдық жүйесінің құрамына

Internet Explorer браузері кіреді. Internet Explorer қазақ тілді нұсқасы Web-

беттерді әзірлеушілер жасайтын ақпаратты дыбыстық және бейне сүйемелдеу

сияқты түрлі мүмкіндіктерді қолдайды. Microsoft Internet Explorer-мен

жұмысты бастау үшін жұмыс үстелінен шолғыш белгішесін тауып, оны

нұқыңыз. Өзіндік бе ашылады. Пайдаланушы өзіне ұнаған веб-бетін өзіндік бет

ретінде орната алады.

Жоғарғы жақта ашылатын мәзірі бар үстел орналасқан (1). Одан сәл

төменіректе навигациялық және басқа да батырмалары бар құралдар үстелі (2).

Одан кейін – Өту батырмасы бар мекенжай жолағы (веб-бетінің URL-ін

енгізуге арналған орын) және сілтемелер үстелі орналасқан (3).

Интернетте қызықты сайттар жиі кездеседі. Олардың мекенжайын

Таңдаулы үстелінің көмегімен есте сақтап қалуға болады. Бұл үшін сәйкесінше

Таңдаулы батырмасын шерту арқылы үстелді іске қосамыз да, соңғы сайтты

таңдаулылар тізіміне Үстеу батырмасын шерту арқылы қосамыз Журнал –

сіздің Internet-те жасаған саяхатыңыздың барысын қарап шығуға мүмкіндік

беретін жүйе. Internet Explorer Сіздің Internet-те жасаған әрбір қадамыңызды өз

бетімен тіркеп отырады. Сіз кіріп-шыққан әрбір веб-торапқа деген сілтемелері

бар бұл жазбалар Журнал қалтасында сақталып тұрады. Ол қалтаны

шақырудың ең оңай тәсілі – шолғыштың жоғарғы үстеліндегі Журнал

батырмасын басу.

Internet Explorer бағдарламасының Өзіндік батырмасы Сіздің өзіндік

бетіңізге өтуге мүмкіндік береді. Ашылған бетті Internet Explorer-де сақтау

үшін Файл мәзірінің Басқаша сақтау әмірін орындап, ашылған сұхбат

терезесінде сақтау үшін қалтаны көрсетіп, қажет болса, файлға атау беріңіз де,

Сақтау батырмасын басыңыз. Беттегі ұнаған суретті сақтау үшін, сол суретті

тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту арқылы бөлектеп алып, мәтінмәндік

9

Page 9: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

мәзірден Суретті басқаша сақтау тармағын шерту керек. Содан кейін сақтайтын

қалтаны көрсету керек.

6. GOOGLE, YANDEX, RAMBLER АҚПАРАТТЫҚ-ІЗДЕУ ПОРТАЛДАРЫ

Internet желісінде қандай да бір ақпаратты орналасқан орнын білмей

тұрып табу қиын. Бұндай жағдайда миллиардтаған веб-беттеріне қол жеткізуді

оңайлатып қана қоймай, Сізге іздегеніңізді табуға мүмкіндік беретін түрлі

қызметтерді ұсынатын ақпараттық-іздеу порталдары көмекке келеді.

Ақпараттық-іздеу порталдары кілттік сөздер не сөйлемдер бойынша іздеу үшін

берілген конфигурациялар кездесетін қор көздерінің мекен жайларын табуға

мүмкіндік береді. Бұл порталдарда сіз сондай-ақ түрлі ақпаратты: ауа райы

мәліметтерін, соңғы жаңалықтарды, валюта бағамдарын, сілтемелерді және т.б.

таба аласыз.

Internet-те алуан түрлі ақпараттық-іздеу порталдары бар. Недәуір кең

тарағандары: Google (www.google.com және www.google.kz), Yandex

(www.yandex.ru), Rambler (www.rambler.ru).Іздеу порталдарының бәрінде Іздеу

батырмасы бар Кілттік сөздерді енгізуге арналған өріс, Жаңалықтар таспасы,

Тақырыптар бойынша сайттар каталогы, Іздеу қызметі болады.

Әдетте ақпараттық-іздеу порталдарының бәрі ұқсас сұлба бойына

жұмыс істейді. Енгізу өрісіне кілттік сөздерді жазып, Іздеу батырмасын

басамыз. Осыдан кейін сайттар тізімі іріктеліп, бейне бетке шығарылады Енгізу

өрісінің астыңғы жағында беттерді іздеу нәтижесі көрінеді. Ол бейне бетке

бөлшектеп шығарылады. Одан ары қарай өту үшін Келесі батырмасын басамыз.

7. ЧАТТАР, ФОРУМДАР, ICQ

Чат (chat) сөзі ағылшын тілінде сөйлесу дегенді білдіреді. Internet

желісіндегі Чат – бұл Сізге желінің өзге қатынаушыларымен шынайы уақыт

режімінде тілдесуге мүмкіндік беретін қызмет. Чаттарға мәзірінде «Чаттар»

10

Page 10: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

деген сілтемесі бар кез келген веб-бетінен кіруге болады. Тілдескісі келетін

әрбір адам арнаға ену үшін алдын ала қатынас шегін айқындап алуы, яғни, өз

ник-есімін (ағылш. nickname), өзін өзгелер қалай атағанын қалайтынын

көрсетуі қажет. Есім латын не орыс әліпбиі әріптерінен құралуы тиіс. Сондай-

ақ, Сіздің хабарламаларыңыз қай түспен ерекшеленетінін, жаңарту уақытын

(чат терезесінің жаңартылып отыру жиілігін) және шығарылатын хабарлама

жолдарының санын таңдауға да болады.

Арнаға қосылғаннан кейін пайдаланушы осы пікірталасқа

қатысушылардың барлығының аттарын көреді. Чатқа жөнелтілетін мәтін

барлық өзге қатысушылардың негізгі терезесінде бірден пайда болады. Бұнда

әркім кез келген тақырыпты, топты таңдауға, сөйлеуге, тыңдауға,

топтағылардың барлығына қаратып бірдеме айтуға, өз тобын ұйымдастыруға

немесе біреумен тек екеуара сөйлесуге ерікті. Форум – бұл сайтта қатынас

жасау құралы. Форумдағы хабарламалар пошта хабарламаларына ұқсайды,

олардың әрқайсысының авторы, тақырыбы және мазмұны бар. Бірақ, форумға

хабарлама жөнелту үшін қосымша бағдарлама қажет емес, тек сайттағы өзіне

сәйкес нысанды толтырса жеткілікті

Форумның міндетті қасиеті – ондағы хабарламалар тредтерге (ағылш.

thread – «жіп») біріктірілуінде. Сіз форумдағы бір хабарламаға жауап берген

кезіңізде, жауабыңыз бастапқы хабарламаға «байлаулы» болады. Осындай

жауаптардың реті, жауапқа жауаптың реті тағы с.с. тредті құрайды.

Нәтижесінде форум тредтерден құралған ағаш тәрізді құрылымға ие болады.

Чаттарға қарағанда форумға жіберілген хабарламалар өте ұзақ уақыт сақталуы

мүмкін және форумдағы жауап сұрақ берілген күні шығуы міндетті емес. ICQ

қызметі – бұл Internet желісінде адамдардың тегін қарым-қатынас жасауы үшін

тегін таратылатын бағдарлама. ICQ (ағылш. I Seek You – Мен сені іздеп

жүрмін) бүкіл дүние жүзіндегі адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең оңай

тәсілі болып табылады. ICQ бейнеконференциялар ұйымдастыру, интернет-

телефония, файлдарды жеткізу, SMS-хабарламаларды жөнелту, поштаны

11

Page 11: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

тексеру сияқты тағы басқа да көптеген тапсырмаларды орындай алады. ICQ

мүмкіндіктерінің тізімін жеке көшіріліп, тура бағдарламаның өзінен

орнатылатын қосымша модульдер есебінен енңейтуге болады. Өзіңізде ICQ

нұсқаларының бірін орнатып алып (олардың кейбіреулері орыс тіліне

аударылған), желінің басқа клиенттерімен сөйлесіп, хабарлама алмаса

аласыздар. Бағдарламаңызды тіркеген кезде ICQ серверінде өз жеке байланыс

орталығыңызды (Personal Communication Center) ала аласыз. Ол жерде сіз

туралы басқа тұтынушылар қол жеткізе алатындай етіп өзіңіз берген ақпарат

орналасады. Байланыс орталығындағы пейджер арқылы ICQ жоқ адамдар

Сізбен байланыса алады. Сонымен қатар пайдаланушылар Сізге арнап ICQ-ға

450 таңбадан аспайтын хат жіберуіне де болады. ICQ бағдарламасын Internet

желісінен көшіріп ала аласыз. Содан кейін көшірілген файлды іске қосып,

орнату бойынша нұсқаулықтарға ере отырып, бұрыннан бар ICQ нөмірі мен

құпия сөзді енгізіңіз немесе жаңасын тіркеңіз, қатынас парағына өз

достарыңызды қосыңыз – қатынас ашық!

8. Е-ҮКІМЕТ

Электрондық үкімет (е-үкімет) – халықтың ел үкіметімен тікелей

байланысын қамтамасыз ететін жүйе. Бұл – қызмет көрсету, азаматтардың

саясатқа араласуы және басқару үрдістерін ішкі және сыртқы қарым-

қатынастарды техникалық құралдардың, Internet-тің, қазіргі заманғы БАҚ

көмегімен өзгерту арқылы үздіксіз оңтайландыру. ҚР Электрондық үкіметі веб-

порталы – www.e.gov.kz. мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» принципімен

ұсыну тұжырымдамасын жүзеге асырудың тәжірибелік механизмі болып

табылады. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10

қарашадағы №1471 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған

Қазақстан Республикасында Электронды үкіметті қалыптастырудың

Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстанда

Электрондық үкіметті енгізу жұмыстары халықтың мемлекеттік органдарға

жүгінуін оңайлату, мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға 12

Page 12: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

көрсететін қызметтері сапасын жақсарту және мерзімін қысқарту, мемлекеттік

органдар қызметі бойынша дерек қорларына қатынасуды қамтамасыз ету және

келешекте әкімшілік жүйе жетістіктерін есепке ала отырып, құрамы жағынан

оңтайлы да тиімді мемлекеттік аппарат жасауға бағытталған.

Электрондық үкімет азаматтарға мемлекетпен қарым-қатынас жасауды

және мемлекеттік қызметтерге қатынауды орналасқан орны мен жыл мезгіліне

тәуелсіз, тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы қамтамасыз етіп отыруы

тиіс. Мемлекеттік мекемелер көрсететін барлық қызметтердің тізімі мен

сипаттамасы, нормативтік-құқықтық ақпарат, азаматтардың билікпен, түрлі

әлеуметтік қызметтермен, комитеттермен және ведомстволармен ашық та тура

сұхбаты кез келген уақытта бәріне де, әркімге де ашық болуы тиіс.

www.e.gov.kz. Веб-порталының пайдаланушылары екі категорияға бөлінеді:

пайдаланушылар және тіркелген пайдаланушылар. Пайдаланушылар веб-

порталдың барлық беттерін қарап шыға алады, бірақ жеке беттерге қатынаса

алмайды.

Жеке беттерге қатынау мүмкіндігіне ие болу үшін веб-порталда тіркелу

қажет. Жеке бет азаматтарға электрондық пошта, күнтізбелік жоспарлау,

жөнелтімдер, қатынас құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді.

9. INTERNET ҚЫЗМЕТТЕР

Internet көптеген қызмет түрлерін ұсынады. Ондай қызмет түріне: қонақ

үйде бөлмелерді алдын ала алу, ұшақ және пойыз, сонымен қатар түрлі спорт

жарыстары билетіне тапсырыс беру, туристік сапарға тапсырыс беру,

мәтіндерді аудару, түрлі тауарларды сатып алу және с.с. Қандай да бір қызмет

түрін пайдалану үшін қажетті сайтқа кіру керек (қонақ үй сайтына, туристік

агенттік сайтына, Internet дүкеніне және т.б. ). Мысалы, ұшақ билетіне Сіз

авиакомпания арқылы тапсырыс бере аласыз. Осындай кез келген сайттың

13

Page 13: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

мекенжайын Internet жарнамасынан немесе түрлі іздеу жүйелерінен табуға

болады.

Ары қарай сайттан өзіңізге керек қызметті таңдап, сұранысты дұрыс

толтырып, жауабын күту қажет. Сұранысты рәсімдеу кезінде өзіңізге қатысты

мәліметтерді дұрыс енгізіп, сайтта бірнеше төлем түрі көрсетілген болса,

біреуін таңдаңыз. Есеп айырысудың бірнеше түрі бар: қолма-қол ақшамен

есептесу және тапсырысты алғанда төлеу, пластикалық карточкасымен төлеу,

банк немесе пошта аударымдары арқылы немесе бар болса, Internet ақшасымен.

10. INTERNET-БАНКИНГ

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас

құрылымдарының бірі. Өз қаражатыңызды және несиелеріңізді басқару үшін

Қазақстанның банк жүйесінде Internet-банкинг қызметі бар. Интернет-банкинг

жүйесінің мәні клиенттің өз есеп шоттарын жылдам қатынау және банкке

бармай-ақ ақпарат алып, төлемдерді жүргізу мүмкіндігінде.Мысалы,

«ТұранӘлемБанкі» порталы (www.my.bta.kz) аясында осы банктің

салымшылары кең көлемді ақпараттық және қаржылық қызметтерді пайдалана

алады, оның ішінде: · ақша аударымдарын өз бетімен жүргізу – картадан

картаға (жеке меншік карталар арасында); картадан «Инновациялық»

депозитіне (Қаржы > Депозиттер бөлімі); телефон байланысы ақысын өтеу –

(Қазақтелеком, Ducat), ұялы байланыс K’Cell, K-Mobile, Dalacom, кабелдік

және сандық телевизия Алма-ТВ, ICON, Digital TV, Секател, коммуналдық

провайдерлер ИВЦ, АЛСЕКО, INSEL аударма компаниясы, автокөліктерді

эвакуациялау, Activ, Pathword, Beeline, i-Card+, Юрист скрэтч-карталарын

сатып алу және т.б.; · өзінің барлық шоттарының хал-күйін, несиелері мен

жинақ салымдарының шарттары мен жағдайын, төлемдер мен аударымдардың

уақытылы жүргізілуін, ЖЗҚ зейнетақы салымдарын, GO!Card-қа бонустар

түсуін және т.б. қадағалау; · «Инновациялық» депозитін ашу (Қаржы >Амалдар

> Депозиттер); · үлестік инвестициялық қорларға қаражат салу (Қаржы

14

Page 14: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

>Амалдар > Инвестициялар); · сыйлық жинақтарына, суреттерге, гүлдерге,

сақтандыру полисіне тапсырыс беру; · тегін жеткізілетін мерзімдік

басылымдарға жазылу (Forbes, Harvard Business Review, Эксперт, Эксперт-

Қазақстан, Капитал.kz, The Kazakhstan Monitor және т.б.); · есеп

шоттарыңыздағы қалдық қаражат жағдайы жөнінде ақпарат алу және т.б.

11. Е-ТӨЛЕМДЕР (INTERNET ДҮКЕНДЕРІ)

Internet желісінің қарқынды дамуы көптеген Internet дүкендерінің пайда

болуына алып келді. Internet дүкен – тауарды не қызметті жарнамалайтын,

сатып алуға тапсырыстарды қабылдайтын, пайдаланушыға есеп айырысу

нұсқасын таңдауды ұсынатын интерактивті веб-сайт. Бұл жағдайда дүкеннің

әкімшісі тауардың жекізілуін ұйымдастырып, сатып алушымен есеп

айырысуды қадағалауға міндетті. Internet дүкендерінде пластикалық карта

арқылы, банк немесе пошта аударымдары көмегімен немесе қолыңызда бар

болса, электрондық ақшамен есеп айырысуға болады. Тауарлар немесе Internet

қызметтері ақысын өтеудің недәуір қарапайым әрі ыңғайлы тәсілі – сандық

(электрондық) ақша – айналым барысы толық құпиялылықты қамтамасыз

ететін, электрондық түрде ұсынылып, айналымда жүретін төлем құралдары

болып табылады. Электрондық төлемдер жүйесі – кең мағынасында

электрондық қатынас құралдары көмегімен есеп айрысу, келісім шарттар жасау

және ақша аудару жүйесі.

Соңғы жылдары банктік пластикалық карталар нарығы қарқынды дамып

келеді. Қазақстанда кеңінен тараған әрі ең танымал карталарға Visa,

MasterCard/ Europay және т.б. жатқызуға болады. Пластикалық карталардың

көптеген артықшылықтары бар, олардың ең бастысы – қалтаңызға ақша салып

жүру қажеттігінің жоқ болуы. Электрондық төлемдер жүйелерінің қарқынды

дамуына әлі де көптеген пайдаланушылардың электрондық ақшаларға деген

сенімінің жоқтығы бөгет болып отыр.

15

Page 15: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

Алайда, электрондық ақшаларды пайдалану аясының кеңеюі сөзсіз. Оған

бір себеп – бұл ақшалардың ыңғайлылық, қаржылық операцияларды жүргізудің

жоғары жылдамдығы, пайдаланудағы қарапайымдылық, төлемдерді толық

қадағалау мүмкіндігі және олардың қауіпсіздігі, құпиялылық, басқа адамдарға

беру мүмкіндігі сияқты даусыз артықшылықтары.

12. ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ INTERNET-КЕ ШЫҒУ

Ұялы телефон арқылы Internet желісіне қосылу кезінде сіздің

провайдеріңіз ұялы байланыс операторы болады және қосылым ақысы мен

қосылым жылдамдығы тек соған тәуелді болады. Ұялы телефон арқылы

Internet-ке қосылу үшін GPRS модемі орнатылған телефонның өзі (көптеген

қазіргі заманғы ұялы телефонда GPRS модемі орнатылған); ұялы телефонды

компьютерге қосу кабелі немесе Bluetooth бейімдеуіш (егер ұялы телефон осы

технологияны қолдайтын болса); соған сәйкес бағдарламалық жасақтама

(драйверлер мен қосымша бағдарламалар) қажет болады. Internet-ке қосылу

баптаулары түрлі ұялы байланыс операторларында сәл өзгеше болады,

сондықтан олар жөнінде тек оператордың өзінен – қолдау қызметінде не

сайттан біле аласыз. Сайттарда олар көбінесе Internet-ке қосылу жөнінде толық

ақпаратты ұсынады. Қазақстандағы ұялы байланыс операторларының сайттары:

www.k-mobile.kz, www.beeline.kz, www.activ.kz, www.kcell.kz,

www.pathword.kz, www.dalacom.kz және т.б. Internet пен ұялы телефонды

біріктірудің бір түрі – ұялы телефон мен Internet арасында SMS-

хабарламаларын алмасу қызметі болып табылады. Internet-тен ұялы телефонға

SMS-хабарлама жөнелту үшін арнайы сайттарды пайдалануға болады (мысалы,

beeline және k-mobile ұялы байланыс телефон нөмірлеріне хабарлама жіберу

үшін www.beeline.kz сайтын пайалану болады), сонымен қатар арнайы

бағдарламаларды қолдана аласыз. Ондай бағдарламаларға кейбір IRC

бағдарламалары жатады, мысалы үшін ICQ, mail.ru Agent, Skype, Windows

Messenger және т.б. Кейбір жағдайда бұл қызмет ақысыз, бірақ көбінесе аздап

төлеу керек болады.16

Page 16: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

13. IР-ТЕЛЕФОНИЯ (SKYPE БАҒДАРЛАМАСЫ)

IP-телефония ретінде қолданыла алатын көптеген алуан түрлі

бағдарламалар бар. IP-телефония Internet арқылы дауысты жеткізуге мүмкіндік

береді.

Қазіргі таңда бұл бағдарламалар ішіндегі ең танымалы Skype

(http://www.skype.com.) болып табылады. Skype бағдарламасын орнату

компьютер жөнінде қандайда бір артық білімдерді талап етпейді және ең көбі

бір минут уақыт алады. Бағдарлама жақсы дыбыс сапасын қамтамасыз етеді.

Оның үстіне, Skype мүлде тегін: өздеріне Skype орнатып алған абоненттермен

қалағаныңызша сөйлесе беруге болады. Skype бағдарламасын пайдалану алу

үшін компьютер мынадай ең аз жүйелік талаптарға сай болуы тиіс:

· Windows 2000 немесе XP амалдық жүйесі;

· 400 MHz процессор;

· 128 MB оперативті жады;

· дискіде 15 MB бос орын;

· дыбыстауыш, құлаққап + микрофон (гарнитура);

· 33.6 Kb/s-тан төмен емес жылдамдықты Internet қосылысы.

Веб-камера бар болса, Skype бағдарламасын бейнеқоңыраулар үшін

пайдалануға болады. Skype бағдарламасындағы бейнебайланыс жетесі

әңгімеле-сушілерге бір-бірін көріп отыруға мүмкіндік береді. Skype

бағдарламасының танымалдығы және оның Internet шектерінен шығуы

бағдарламамен жұмыс істеуді барынша қарапайым етуге бағытталған

құрылғылардың пайда болуына алып келді.

17

Page 17: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

Қазірдің өзінде арнайы бейімдеуіштер көмегімен Skype терминалы

ретінде кәдімгі қалалық телефонды пайдалануға немесе кіретін қоңырауларды

ұялы телефонға қабылдап алуға болады Skype бағдарла-масымен

сәйкестендірілетін DECT-телефон да пайда болды. Қарапайым да арзан шешім

– неғұрлым ыңғайлырақ болуы үшін USB-портқа арнайы IP-телефонды қосуға

болады.

Skype желісіне қосылу үшін мына әрекеттерді орындау керек. Сіздің

компьютеріңізге Skype орнатылғаннан кейін жұмыс үстелінде бағдарламаның

белгішесі пайда болады.

14. ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ

Қашықтан оқыту (ҚО) – оқулық материалды жеткізу, оны өз бетімен

оқып-үйрену, оқыту үрдісі қандай да бір нақты оқу орнының орналасқан жеріне

тәуелсіз болған жағдайда оқытушы мен оқушылар арасындағы сұхбатты

ұйымдастыру үшін қолданылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық-

коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген оқытудың

интеграциялық нысаны.

Қазақстанда ҚО жүйесін халықтың мынадай категориялары қажет етеді:

ЖОО студенттері; орта мектептер оқушылары (әсіресе ауылдық жерлерде,

шағын қалалар мен ауылдарда); түрлі деңгей басқарушылары; аймақтық

басқару органдары жетекшілері; жұмыспен қамту қызметінде тіркелген

тұлғалар; екінші білім алуға немесе біліктілігін өзгертуге ниет білдірген

тұлғалар; қандай да бір білім саласындағы біліктілігін арттырғысы келетін

тұлғалар; қозғалыс еркіндігі шектеулі адамдар, мүгедектер және т.б.

ҚО негізгі ақпараттық-коммуникациялық технологиялары:

· оқу-әдістемелік материалдар жинақтарын құрамдастырып, оқушыларға

өз бетімен оқып-үйрену үшін таратуға негізделген кейс-технологиялар;

18

Page 18: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

· эфирлік, кабелді және ғарыштық телевизия жүйелерін пайдалануға

негізделген ТВ-технологиялар;

· студенттерді оқу-әдістемелік материалмен қамтамасыз ету үшін де,

оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивті қарым-қатынас орнату үшін де

Internet желісін пайдалануға негізделген желілік технологиялар. Internet арқылы

қашықтан оқыту жүйесін Internet желісіне қатынай алатын кез келген адам

пайдалана алады.

2006 жылдың басында «Шалғайдағы және осал аймақтардың орта

мектептері үшін АКТ пайдаланып қашықтан оқыту» ЮНЕСКО жобасы

аясында Республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік

орталығы «Modular Object Oriented Digital Learning Environment (MOODLE) –

http:// moodle.rcie.kz/moodle/ – Қашықтан оқыту порталын ашты.

Порталда тіркелген пайдаланушылардың мектеп бағдарламасы бойынша

білім беру материалдарына тегін қатынауға, біртұтас ұлттық тестілеуге

әзірленуге, сынақ тестілеуден өтуге, әдістемелік көмек алуға мүмкіндігі бар.

Форумда мұғалімдер әрбір оқу курсы бойынша пікір алмасып, қандай да бір

тақырып бойынша сабақ өткізу тәжірибесімен бөлісіп, жаңа тақырыптарға

пікірталастар ұйымдастыра алады.

15. ИНТЕРНЕТКЕ АРНАЛҒАН ВЕБ-БРАУЗЕР

Жалпы веб-браузерлердің қазір неше түрі бар. Олардың әрине өзіне тән

ерекшеліктері, артықшылықтары да бар. Қазіргі заманда тіпті ұялы

телефондарға арналған браузерлер де кең етек жайып келеді. Бірақ интернеттің

осынау баяю жылдамдығына байланысты олардың мардымды сипат ала алмай

отырған жайы бар. Себебі интернет желісіне қоыслған әрбір адам браузерге

емес, интернеттің жылдамдығына аса көп назар аударады. Оған қоса

интернеттен вмпус кіреді деп аз ғана килобайттарды тексеріске алып, интернет

19

Page 19: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

пайдаланушының шыдамын тауысады. Оған қоса браузерлердің өзінің

қауіпсіздік шараларын қоспағандағы жағдайын шамалай беріңіз.

Менің жасаған веб-браузерім осы олқылықтарды жояды, яғни

интернетпен өте жоғарғы жылдамдықиа болмаса да, бар жылдамдығыны

пайдаланады. Себебі интернеттен келетін сценарийлерді тексермейді,

компоненттерді автоматты түрде орнатады.

Онымен жұмыс жасау өте қарапайым. Адрес өрісіне сайттың атын

енгізіп <Enter> не болмаса Көшу батырмасын басамыз. Егер мерзімінен бұрын

тоқтатқыңыз келсе, онда құралдар бөоімінде батырмасын шертеміз. Ал

егерде бетті жаңартқыңыз келсе, онда батырмасын шертеміз. Онымен қоса

артқа және алға батырмалары бар. Яғни алдыңғы бетке көшу немесе алдыдағы

бетке көшу.

Одан басқа өзіңіздің компьютеріңіздегі кез-келген HTML форматындағы

құжаттарды аша аласыз. Ол үшін Файл Ашу немесе <Ctrl+O> пернелер

комбинациясын орындайсыз. Сол уақытта ашу терезесі пайда болады. Сол

терезе арқылы өзіңіздің қалаған файлыңызды аша аласыз. Одан басқа

мүмкіндіктерінің бірі – ашылған сайттардың тізімін қарай аласыз, ол үшін

адрес өрісіндегі батырмасын шертсеңіз, ашылған сайттардың немесе HTML

форматындағы құжаттардың толықтай тізімі ашылады. Сол тізімнен ашылған

сайттардың немесе HTML форматындағы құжаттардың мазмұнын қарағыңыз

келсе, оны таңдап маустың сол батырмасын шерту керек.

20

Page 20: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

1-сурет. Қосымшаның жаопы көрінісі.

Қосымша Dephi 6.0 ортасында құрылды. Оны TWebBrowser компонентін

қолдандану арқылы құрдым. Программада ондан басқа сайтты жүктеп

жатырған кездегі процесті көрсететін мүмкіндігін төменгі бөлігіне

орналастырдым.

21

Page 21: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

ҚОРЫТЫНДЫ

Курстық жұмыстың мақсаты интернет желісіне арналған қосымша құру. Берілген талаптарды орындап интернет пайдаланушыларға арналған қолдануға қарапайым әрі жеңіл және бірша жылдам жұмыс жасайтын бағдарлама құрылды. Қолданушы өзіне қажетті мәліметтерді тоқтату/жаңарту жұмыстарын жүргізе алады. Курстық жұмысты жазу барысында алға қойған мақсатқа жету үшін мынадай жағдайларды:1) Интернет туралы материалдар жинастырдым;2) Delphi программалау ортасының компоненттерін, осы

ортадағы интернетпен жұмыс жасайтын компоненттерді үйрендім;

Бағдарламаның тиімділігі қарапайым қолданушының жұмыс істей алатындығы.

22

Page 22: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.ГАФФИН А.Путеводитель по глобальной компьютерной сети Internet.- М.: Артос, 1996.- 274 с.- (Просто о сложном). 2.ГИЛСТЕР П.Навигатор INTERNET: Путеводитель для человека с компьютером и модемом.- М.: Джон Уайли энд Санз, 1995.- 735 с. 3.СОЛОМЕНЧУК В.Интернет: краткий курс: Пособие для ускоренного обучения.- СПб.: Питер, 2000.- 288 с.: ил.

4. Интернетке кіріспе «Бүкілдүниежүзілік өрмек»: Әдістемелік құрал.-Алматы, 1999.-25б.

5. Шөкіш А. Интернет – Америка барлаушылырының туындысы немесе ғаламдық ақпараттар туралы не білеміз?//Алтын орда.-2002.- ақпан.-Б.19

23

Page 23: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

ҚОСЫМША

unit Unit1;interfaceuses Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs, ExtCtrls, OleCtrls, SHDocVw, Menus, ToolWin, ComCtrls, StdCtrls, Buttons, ImgList;type TForm1 = class(TForm) WebBrowser1: TWebBrowser; MainMenu1: TMainMenu; N1: TMenuItem; N2: TMenuItem; N4: TMenuItem; N5: TMenuItem; N10: TMenuItem; N11: TMenuItem; ToolBar1: TToolBar; SpeedButton1: TSpeedButton; SpeedButton2: TSpeedButton; ToolBar2: TToolBar; ComboBox1: TComboBox; Label1: TLabel; SpeedButton3: TSpeedButton; SpeedButton4: TSpeedButton; SpeedButton5: TSpeedButton; ProgressBar1: TProgressBar; Panel1: TPanel; OpenDialog1: TOpenDialog; SaveDialog1: TSaveDialog; procedure FormResize(Sender: TObject); procedure SpeedButton3Click(Sender: TObject); procedure ComboBox1KeyDown(Sender: TObject; var Key: Word; Shift: TShiftState); procedure SpeedButton5Click(Sender: TObject); procedure SpeedButton1Click(Sender: TObject); procedure SpeedButton2Click(Sender: TObject); procedure SpeedButton4Click(Sender: TObject); procedure WebBrowser1ProgressChange(Sender: TObject; Progress, ProgressMax: Integer); procedure N5Click(Sender: TObject); procedure N2Click(Sender: TObject); procedure N11Click(Sender: TObject); procedure FormCreate(Sender: TObject); private { Private declarations } public { Public declarations } end;var Form1: TForm1;implementation

{$R *.dfm}uses unit2;procedure TForm1.FormResize(Sender: TObject);beginComboBox1.Width:=Width-200;end;

procedure TForm1.SpeedButton3Click(Sender: TObject);

24

Page 24: - Рефераты на казахском языке …temakosan.net/_ld/25/2510____.doc  · Web view12. Ұялы телефон арқылы Internet-ке шығу 16. 13. IР-телефония

beginWebBrowser1.Navigate(ComboBox1.Text);ComboBox1.Items.Add(ComboBox1.Text);SpeedButton2.Enabled:=true;end;

procedure TForm1.ComboBox1KeyDown(Sender: TObject; var Key: Word; Shift: TShiftState);beginif key=13 then SpeedButton3Click(self);end;

procedure TForm1.SpeedButton5Click(Sender: TObject);beginWebBrowser1.Stop;end;

procedure TForm1.SpeedButton1Click(Sender: TObject);beginWebBrowser1.Refresh;

end;

procedure TForm1.SpeedButton2Click(Sender: TObject);beginWebBrowser1.GoBack;SpeedButton4.Enabled:=true;

end;

procedure TForm1.SpeedButton4Click(Sender: TObject);beginWebBrowser1.GoForward;end;

procedure TForm1.WebBrowser1ProgressChange(Sender: TObject; Progress, ProgressMax: Integer);beginProgressBar1.Position:=0; ProgressBar1.Max:=ProgressMax;ProgressBar1.Position:=Progress;end;

procedure TForm1.N5Click(Sender: TObject);beginApplication.Terminate;end;

procedure TForm1.N2Click(Sender: TObject);beginOpenDialog1.Execute; ComboBox1.Text:= OpenDialog1.FileName;SpeedButton3Click(self);end;

procedure TForm1.N11Click(Sender: TObject);beginForm2.ShowModal;end;

procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);beginComboBox1.Text:= ExtractFilePath(Application.ExeName)+'ok.htm';SpeedButton3Click(self);end;end.

25