Латын әЛіпбиіне көшу – әпке рухымен · 2 №15 20.04.2017...

1
2 №15 20.04.2017 егемендік – елдігім [email protected] 15 zhaikuni.kz жарнама №15 20.04.2017 Меншік иесі – «Жайық үні» Жшс Газетті есепке қою туралы №13676-Г куәлікті 2013 жылғы 11 маусымда қР Мәдениет министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінде тіркелген. Газет аптасына 1 рет шығады. Директор – Мира Хамзақызы шүйіншәлиева Кезекші редактор: Эльмира НҰҒМАНОВА Мекенжайымыз: 090000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 182/1, 4-қабат, 66-бөлме (қалалық әкімдік ғимараты). Тел./факс: 50-86-31; 50-31-19. e-mail: [email protected] www.zhaikuni.kz www.facebook.com/zhaikuni.zhaikuni www.uralsk.gov.kz www.oral-maslihat.kz Мақалалар электрондық нұсқада қабылданады. Редакцияға кел- ген хатқа жауап жазылмайды, қолжазба авторға қайтарылмайды. Деректердің дәлдігі үшін автор жауапты. Мақала авторларының пікірі редакция көзқарасын білдірмейді. «Жайық үні-Жизнь горо- да» газетінде басылған мақалаларды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі. Жазылу индексі 65435. Таралымы 3100 дана. «Полиграфсервис» Жшс баспаханасында басылды. Орал қаласы, л.Толстой көшесі, 27/3. Тел.: 50-51-46. ГккП «Ясли-сад №16 «лесная сказка» г. Уральска объ- являет конкурс на занятие вакантных должностей граж- данских служащих: Воспитатель русской группы – 1 ставка. Требования: образование по соответствующей специальности; стаж работы по специальности 3 года. Перечень документов, необходимых для участия в кон- курсе: Заявление об участии в конкурсе. Личный листок по учету кадров с фотографией. Диплом об образовании (копия). Удостоверение личности (копия). Трудовая книжка (копия). Документ о прохождении предварительного медицинского освидетельствования. Справка об отсутствии судимости. Документы для участия в конкурсе должны быть представ- лены в течение 15 календарных дней со дня опубликования в печати по адресу: г.Уральск, ул.к.аманжолова, 65. Тел: 50-34-27, 24-05-27. Орал қаласы білім беру бөлімінің №48 «Мұрагер» бөбекжайы» Мкқк бос орын лауазымдарына конкурс жариялайды: Тәрбиеші – 6 бірлік. Тәрбиеші – 3 бірлік (негізгі қызметкердің декреттік демалыс кезеңіне). Тәрбиеші көмекшісі – 1 бірлік. Бейнелеу өнері мұғалімі – 1 бірлік (негізгі қызметкердің декреттік демалыс кезеңіне). Дене шынықтыру нұсқаушысы – 1 бірлік. Есепші – 0,5 бірлік. Дефектолог – 1 бірлік. Дефектолог – 1 бірлік (декреттік демалыстағы негізгі қызметкердің орнына). қойылатын талаптар: жоғары немесе арнаулы орта білімі (тәрбиешілер, тәрбиешінің көмекшісі, шаруашылық меңгерушісі) болуы керек. ҚР Конституциясын, «Білім туралы», «Балалардың құқығын қорғау туралы» заңдарын, педагогика және психоло- гия негіздерін, мектеп жасына дейінгі білім әдістемесін және мемлекеттік тілді білуі міндетті. конкурсқа қатысушылар төмендегі құжаттарды тапсырады: Конкурсқа қатысу туралы өтініш. Түйіндеме. Жеке куәлігінің көшірмесі. Кадрларды есепке алу жөніндегі іс-қағазы. Білімі, біліктілігі туралы құжаттарының көшірмесі (нотариуспен бекітіліген). Еңбек кітапшасының көшірмесі. Мекенжай анықтамасы. Сотталмағаны туралы анықтама. Медициналық кітапша. Фото – 2 дана (3х4). Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: Орал қаласы, самал көшесі, 70/2. Тел: 27-23-33. Орал қаласы білім беру бөлімінің «№13 «Золотой ключик» бөбекжайы» Мкқк бос лауазымдарға конкурс жариялайды: Тәрбиеші – 1 бірлік. Тәрбиеші – 3 бірлік, орыс тілінде (негізгі қызметкерлердің декреттік демалыс кезеңіне). Қазақ тілі мұғалімі – 1 бірлік (негізгі қызметкердің декреттік демалыс кезеңіне). Музыка жетекшісі – 1 бірлік (негізгі қызметкердің декреттік демалыс кезеңіне). Есепші – 1 бірлік. конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: жоғарғы немесе арнаулы орта білімдері болуы тиіс. қажетті құжаттар: Конкурсқа қатысу туралы өтініш. Түйіндеме. Жеке куәлігінің көшірмесі. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс-қағазы. Білімі, біліктілігі туралы құжаттарының көшірмесі (нотариуспен бекітілген). Еңбек кітапшасының көшірмесі. Мекенжай анықтамасы. Сотталмағаны туралы анықтама. Медициналық анықтамасы (086. Жұмысқа жарамдылығы жөніндегі терапевтің қорытындысымен). Фото – 2 дана. (3х4). Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: Орал қаласы, 2-линейная көшесі ½. Тел: 50-28-59. Бұл ұлттық мәселе бүгін ғана қозғалып отырған жоқ. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», – делінген-ді. Әліпби ауыстыру мәселесі – аса күрделі тірлік. Елді бірқыдыру дүрліктірмей де қоймайды. Әжептәуір ауқымды шара болғандықтан да, оның жақтаушылары да, қарсыластары да болары сөзсіз. Оған таңғалуға, таңдай қағуға болмайды. Бәрі түсінікке, ұғымға байланысты. Тек бұл істе әрбір қазақ азаматы білек сыбанған іс-әрекет үстінде көрінуі тиіс. Сонда ғана бізде уақыттан кешеуілдеу, кеш қалу, кейін бармақ тістеу, ұлы көшке ілесе алмай ілбу болмасы анық. Алғашқы кезекте айтарымыз, қазіргі дәуір тәжірибесі әлемдік ақпарат кеңістігіне өтудің төте жолы ретінде латын жазуын таниды. Ал әлеми ақпарат кеңістігіне ретін тауып өте алмай қалған елдердің даму қарқыны бәсең болары анық. Бүгінгі таңдағы қытай мен жапондар да әліпби таңбалары бөлекше болғанымен, ғылыми-өндірістік үрдісін латын негізінде дамытуда. Әліпбиді ауыстырудың астарында саяси-әлеуметтік те мән бар. Жасыратыны жоқ, орыс жазуынан қашу – көрші Ресей империясының сан ғасырларға созылған «ағалық» ықпалынан құтылудың, құлдық санадан айығудың бір амалы. Қазақы көпшілік қауым мұны дұрыс түсінуде. ақиқ аты, егемендіктің айғақ белгісіне елтаңба, Ту, әнұранмен бірге, күнделікті тірлік мазмұнын жазу да еңбек. Яғни, жазу – тек әріптер жиынтығы емес. Ғылым тілінде, жазу әліпби, таңба, ереже-емлелерден құралмақ. әліпби – тілдің дыбыс құрамы, таңба – дыбыстың қауызы, ал емле-ереже – әліпби мен таңбаның ұлттық дәнекері. Қысқасы, әліпбиі, таңбасы мен емле-ережесі үйлескен жазу – тіл егемендігінің кепілі. Тіпті, әліпби ауыстыруды айтпағанның өзінде, қазақ жазуын бір екшеп, саралап алар мезгіл жеткендей. Демек, бұл бағыттағы шараны тек әліпби ауыстыру ісі деп қарамай, кең тұрғыдан жазу реформасына ұластыру орынды болмақ. Шынтуайтында, қазақ жазуының тарихы қазақ зиялылары үшін «әліпби айтысының» тарихы да. Оған дәлел, қазақ білімпаздарының 1924 жылғы Орынборда өткен тұңғыш съезінің материалдары. Не болмаса, Ахмет Байтұрсынұлының жазуынан латынға, латыннан кирилге көшкеніміз тарихтан белгілі. Кирилге жарлықпен бір-ақ күнде көшкеніміз де мәлім (Түрік Республикасының да өз кезінде түрік латын әліпбиіне жарлықпен бір-ақ күнде өткені де белгілі). Қазіргі «әліпби айтысының» да ауқымы кең болары байқалды. Бұған да Елбасымыз тұқ етерін айтып, нүктесін қоя білді. Университет студенттерімен, әріптестерімізбен, қалың көпшілікпен латын қарпіне көшу жөніндегі ой-пікір алмасқанымызда алдымыздан сандаған сауалдар бас көтереді. Тұнған сұрақ, жатқан уайым, түсінбестік... Мүмкін, жастарға түсіндіру, білгенімізді айту аға буын өкілдерінің міндеті де болар. Ал аға буын түсінгісі келмесе ше ?.. Осы бағыттағы жұртшылықтың, жас атаулының бірқатар ой-сауалдарына ғылыми талдамаларға, баспасөз материалдарына сүйене отырып, бірер пікір қосқанды жөн көрдік. Иә, Жаратқан қолдап, еліміз егемендікке қол жеткізді. Мемлекетіміз ешкімге жалтақтамай тірлік жасайтын дәрежеге жетті. Енді қоғами-мәдени келешектің қамын ойлау дұрыс. Түсінген тұлғаға латын әліпбиі арқылы әлеми ақпарат кеңістігіне өту, жоғары технологияны игеру – елдің тұрмыстық деңгейін көтерудің ең ұтымды жолы. Демек, Тәуелсіз мемлекетіміздің жаһандық деңгейде дамуына жол ашатын латын әліпбиіне көшудің ғаламат жағдайы туып отыр. Біз мұны «Қазақстан – 2050» Стратегиясының басты мақсаттарына қол жеткізудің және әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кірудің бірден- бір мүмкіндігі деп танимыз. Мәселенің анығына келсек, қазіргі қазақ тілі жазуында тіл бұзар емле-ережелер қаптап жүр. Сол себептен кезінде оны танымал филолог ғалым ағаларымыздың бірі «өзіме өгей өз тілім» деп басын ұстаған. Қазір Тәуелсіздік алып, қолымыз өз аузымызға жетті дегеннің өзінде де, мәңгүрт санамызға сіңіп қалған тіл бұзар емле-ережелерден құтылу оңай болмай отыр. Тіпті, тіл мамандарының арасында да орыс тілінің и, у тәрізді кірме «жетістіктерінен» айрылғысы келмейтіндер жетіп артылады. Олар оны қазақ тілінің «даму жетістігі», «жаңа сатыға көтерілген түрі» ретінде бағалап, қазіргі орыс текті ми, ки, ту, су деген жазуымызды латын негізінде mi, ki, tu, su деп жазуды ұсынуда. Егер қазақтың мый, кій, сұу, тұу деген сөздерін қайтадан mi, ki, tu, su деп, қазақ тілінің түбір, буын, морфем айтылымын бұзып жазатын болсақ, онда әліпби ауыстырудың еш реті жоқ. асылы, түсінген кісіге қ азіргі әліпбиімізді «қазақ әліпбиі» деп атауға мүлдем келмейді. Өйткені ол «қазақ әліпбиі» емес, «қазақ - орыс әліпбиі», турасын айтсақ, «орыс – қазақ әліпбиі» десек болар. Әліпбиіміз бір тілдің емес, әлдеқашан қос тілдің әліпбиі ретінде бекініп алды. Латынға қарсы мамандар қазіргі 42 әріптен, «өлсем орным қара жер» дегендей, тістеніп алып, айрылғысы келмейді. Орыс жазуынан айрылса, айдалада қалатындай сезінеді. Түсіне білсек, ешбір ел әліпби құрамының көптігімен мақтана алмайды. Әріп санының көп болуы тілдің әліпбиінде бір кемдіктің барлығын аңғартады. Әріп саны неғұрлым кем болса, нағыз жетілген әліпби сол болмақ. Бұл ретте бізге ағылшын жазуының тәжірибесін пайдалану артық етпейді. Оларда аз таңбамен көп дыбысты белгілеудің ұтымды амалы бар. Емле-ережесінің күрделілігінен ағылшын жазуы ұтылған жоқ, қайта әлеми ақпараттық кеңістікте көш басында келеді. Дұрысы, орыс тілінен енген дыбыстарға арнайы таңба іздеудің қажеті жоқ. Бұл ретте де ағылшын жазуының тәжірибесі үлгі. Өзіміздегі бар таңбаны пайдаланып, емле-ереже жолымен өзге тілден енген сөздерді жазу орынды. Демек, латын әліпбиі арқылы орыс сөздерін қалай жазамыз деп уайымдаудың жөні жоқ. Ескереріміз, ешбір мемлекетте кірме сөздің жазылуына орай қосымша таңба ойлап таппай, не де болса өз әліпбиіміздің құрамынан шығару дұрыс. Баса ескерер тұстың бірі – тілімізде өзге тілден зорлықпен енгізілген ережелер қағидаларының да жеткіліктілігі. Бұл – қазақ сөзінің айтылымын орыс сөзінің айтылымына мейлінше жақындату амалы. Сонда қазақ сөзінің өз айтылым үлгісі қайда қалады? Жазу – сол қазақ сөзінің төл айтылым үлгісін сақтаудың амалы. Бізге ауыр тиетіні – ана тіліміздің тұрқы бұзылып бара жатқандығы. Орысша тәлім алған орыс тілді ағайындарымыз орыс жазуы арқылы тілі шыққандықтан, құлағына сіңген дыбыстардың күллісін қазақ тіліне әкеліп тықпалай беруге болмайтынын ескеруі тиіс. Бұл ретте Елбасымыздың «біз орыс тіліне қарсы емеспіз, біз оның қазақ қауымына қалай ендірілгенін құптамаймыз» дегені мәлім. Демек, әліпби ауыстыруды белгілі бір елдің тіліне не жазуына қарсылық білдіру ретінде қабылдамай, қазақ тілінің жазуына реформа жасау тұрғысында бағалау жөн. Баршаға мәлімі, тілдің емле-ережесі мектеп оқулығында. Қазақ сөзінің айтылымын орыс сөзінің айтылымына жақындастыру сол мектеп оқушыларынан басталғанын байқамай келгеніміз бе? Кез келген қазақ тілі оқулығында қазақ тілінің өзіне тән дыбыстары ретінде 7-8 әріпті бөле-жара атаймыз. Сонда қазақтың өзге дыбыстары қайда? Қазақ дыбыстарын осылайша бөлектеудің өзі шәкірт санасын тұмшалап, есейгенде мәңгүрттендіреді. Қазақ тілінің 26 (28) дыбысының дыбысталуы өзге тілдің дыбыстарына мүлдем дәлме- дәл ұқсатылмайтыны, дыбыстардың өзара тіркесім емле-ережелері мүлдем бөлектігі санамызға жетпегені ме? Әріптеріміздің таңбалануы бірдей болғанымен, дыбысталуы бірдей еместігін ұға алмағанымыз ба? Әрине, жазуымызды орыс жазуына теліп, орыс жазуының емле-ережесінің мұртын бұзбай егіз қозыдай етіп көшіре берсек, орысша біз сайрамағанда, кім сайрайды. Демек, әлі де «орыс тілін үйренуге икемдіміз» деп әсіре мақтанбай, ең алдымен ана тіліміздің өзіндік колорит табиғатын таниық та. Демек, жазудың сөздің айтылымына ықпалы ерекшелігіне бойлай білсек, жазу жүйесін қалыптастыруға аса мән беру жөн болар. Себебі жазу ережелері – тілдің ішкі табиғи заңдылықтары сақталғанда ғана жүйелі. Бұл ретте де ағылшын тілінің ықпалы өте күштілігін аңғару артық емес. Мәселен, ағылшындардың өздері де емле-ережесінің (әліпбиінің емес) күрделілігін мойындайды. Десек те, ағылшын тілінің емле-ережесі өздері үшін ғана. Ағылшын мұншама емле- ережені өздерінің қырықтан аса дыбыстарын бар болғаны 26 таңбамен беру үшін үнемді ескерген. Олар тілінің емле-ережесін өзгертуді мүлдем ойларына да алмайды. Демек, ағылшын тілінің емле-ережесі – аз таңбамен көп дыбысты қамтудың ең озық үлгісі. ағылшын жазуы өзіндік емле- ережесімен-ақ бүкіл дүние жүзін игеруде. Олай болса, қай тілдің де ең қиын мәселесі – оның емле-ережесі. Емле-ереженің оңайы болмайды. Екінші бір тілді үйрене алмау – сол тілдің емле-ережесін меңгере алмаудан. Осы орайда айтарымыз, латын әліпбиі мен ағылшын тілінің емле-ережесін шатыстырмау жөн. Әліпби латындікі болса да, емле-ереже қазақтың өзінікі. Қазақ жазуы үшін ағылшын тілінің емле ережесінің еш қажеті жоқ, өйткені қазақ тілінің төл дыбыстары бар болғаны 26 (28), компьютер түйметақтасындағы 26 латын таңбалары толық жеткілікті. Латын әліпбиіне көшудегі қырық уайымның бірі – бұрынғы орыс жазуы негізіндегі жазба мұраларымыздан айырыламыз, ертең оларды ешкім оқи алмайды деу. Орыс жазуын салған жерден тыйып тастайын деп отырған ешкім жоқ. Кирил жазуы латын жазуымен ондаған жыл қатар жүрмек. Оқулықтар жыл ретімен бірте-бірте латын жазуына көшірілмек. Әдеби шығармалар мен ғылыми көпшілік еңбектер де сол ретпен жаңа жазуға ауыспақ. Бұрынғы жарық көрген шығармаларымызды бәрібір қайта баспай отыра алмасымыз сөзсіз. Бұған қоса, бүгінгі таңда келешек ұрпақты көптілділікке (қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне) баулу мәселесі – заман талабы, сәйкесінше, мемлекеттік шаралардың бастыларының сапында. Өркениетті елдердің тәжірибесі де – көптілді ұрпақ қалыптастыру. Елге келген шетелдіктердің қай-қайсы да ең аз дегенде 2-3 тіл білетіндігін көріп жүрміз. Олар қазақ тілін үйренуге ынталы. Бұның басты себебі: батыс елдерінде жақсы тұрамын, ісім өнімді болсын десең, көп тіл білуің – заңдылық. Демек, батыс елдерінде көп тіл білу – кәсіби жетістік. Қазіргі Қазақстан мемлекетінің тіл саясаты да осы арнада өрбуде. Ал шығыс болмай, кіріс болмайды. Қай шаруа да шығынсыз бітпесі анық. Жазу ауыстырудың да өз шығыны болары анық. Кітап басудың, оқулық шығарудың шығынын айтасыз ба? Латын әліпбиіне өтпегенде кітап баспай, оқулық шығармай құр отырмас едік. Мамандарды латынға икемдеп, қайта дайындауда да ақырзаман тудырудың еш жөні жоқ. Мұғалімдер үшін жұмыс бағыты әлімсақтан қалыптасып қалған мұғалімдердің білім жетілдіру институттары бар. Ал мектептердің өзі латын әліпбиін үйретудің ошағына айналады. Мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік кәсіпорындардың өз мүмкіншіліктерін кім жоққа шығарады. Ақылы- ақысыз тіл үйрететін орталықтар қаншама. Университетіміз де осы ұлтымыз үшін аса өзекті де қажетті ұлы іске қазірдің өзінде сақадай-сай. Кім-кімге де адастырмайтын дұрыс бағыт сілтеуге даярмыз. Біздіңше, латын әліпбиін үйренуге көп мерзімнің қажеті шамалы. Берісі 3 ай, әрісі жарты жыл жетіп жатыр. Қысқасы, латын әліпбиіне көшерімізге еш күмән жоқ. Уақыт алмай, білек сыбана іске кіріселік! «Ілгері кеткен жұрттың қатесін енді ілгерілейін деп тұрған жұрттар істесе, көре тұра отқа түскендік болып шығады», – деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, жақсыдан үйренейік, жаманнан жиренейік, тек ұлттық келбетімізді жоймалық. Әліпби ауыстыру сынды ұлт ісінде кеңесе келген шешімнің кемісі болмасын ескерелік. Абат ҚЫДЫРШАЕВ, «Махамбет» гуманитарлық зерттеулер институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Латын әЛіпбиіне көшу – еЛіміздің рухани өміріндегі еЛеуЛі қадам қазақстан Республикасы Президенті нұрсұлтан назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарық көруі – еліміздің саяси өміріндегі елеулі оқиға. Рухани сілкініс тұрғысында қабылданған бағдарламалық маңызды құжатта салмақты елдік мәселелер көтерілді. солардың бірі – таяу жылдардағы міндеттер сапында аталған қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау мәселесі. «табыс ты болудың басты факторы – білім» Басы 1-бетте. Елбасының бағдарламалық мақаласының елеулі бөлігі жастарға арналған. Сол себепті қала активі өңірдегі байырғы білім ордасы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да ұйымдастырылып, сөз алғандар жастардың білімге құштар болуы, туған жер бағдарламасының маңызына мән берді. Терең толғаныспен пайымды пікір айтқан тұлғаларды қатысуышалар да ұйып тыңдады. Актив жиынын қала әкімі Нариман Төреғалиев жүргізді. Алғаш болып мінберге көтерілген облыс әкімі Алтай Көлгінов Елбасы мақаласының рухани сілкініске жол сілтеуші бағдар болғанын және өткенмен сабақтаса жаңашылдыққа бастайтын жол екенін атады. – Бүгінгі заманның талабына сай болу үшін білімді болуымыз керек. Мемлекет басшысы білімге құштарлықты арттыруға ерекше мән берді. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп атап өтті Елбасы. Сол себепті кәсіби өсу үшін тек білімге арқа сүйеу керек, – деген Алтай Сейдірұлы мақалада айтылған бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы туралы сөз ете келе, тарихқа көз жүгіртіп, өткеннен сабақ ала білуге шақырды. – Біз кім болдық, қайдан шықтық? Қандай қателіктер жібердік? Саралап, ой түйе білуіміз керек. Тайпа-тайпаға бөлініп, әбден қиындық кешкеннен кейін ғана халықтың бірігіп, бірліктің арқасында аман қалғанын білеміз. Қазір бірлігі мықты, біртұтас ел болып жатырмыз. Мақалада бірлік, туған жер жөнінде жақсы айтылған. Туған жер деген түсінікке мемлекеттік деңгейде қарасақ, сонда ғана мемлекет болып қалыптасамыз. Африканың кейбір мемлекеттерінде «ұлт» деген түсінік әлі жоқ. Сондықтан біреуге қарап үйрену керек. Жікшілдікке бөлінбей, әрқайсымыз өз қызметімізге жауапкершілікпен қарасақ, туған жердің алдында міндетімізді орындай алғанымыз, – деді А.Көлгінов. Мақалада жастарға жан-жақты білім беру, ол үшін «100 жаңа оқулық» жобасын қолға алу тапсырылды. Елбасы «Біздерге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманғы және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет» деген болатын. Бұл орайда М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ректоры, п.ғ.д, академик А.Иманғалиев әлемдегі жақсы кітаптарды қазақ тіліне аударып, оны білім беру мақсатында қолдануды көрегенділік екенін айтты. – Әрине біздің ғалымдарымыз жазып жатқан еңбектер аз емес. Гуманитарлық саланың өзінде жыл сайын жүздеген оқулықтар жарық көруде. Бірақ Президентіміздің айтқаны әлемдегі ең жақсы 100 кітапты қазақ тіліне аудару арқылы білім сапасын көтеру мақсатында пайдалану. Шынында біз көптеген жаңалықтардан тыс қалып жатамыз.Үштілділіктің қажеттілігі жөнінде де көптеген кереғар пікірлер бар. Мәселенің мәнісіне келер болсақ, әлемдегі ақпараттың басым бөлігі ағылшын тілінде таралады. Тіл білмегендердің осы ақпараттардан тыс қалып жатқаны айдан анық, – деді Асхат Сәлімұлы. Ал БҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы директорының міндетін атқарушы Болат Жексенғалиев Елбасының мақаласын «ұлттың дамуының бағдарламасы» деп атады. Елдің даму тарихындағы маңызды шара – ұлттың жаңғыруы. Мақалада ұлттың рухани жаңғыруының басым бағыттарының ең алдымен ұлтты біріктіретін – тіл, ұлттық әліпбиді қалыптастыру мәселесінен басталуы тегін емес. Бұл ретте Болат Жексенғалиұлы Президенттің 2025 жылға дейін барлық іс-қағаздарды, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды латын әліпбиімен басып шығару қажеттігі туралы айтқан тапсырмасына қолдауын білдірді. Эльмира НҰҒМАНОВА бақұл бол, аяулы аЛтынаЙ апа! «Туса перзент, дүниеден өтсе бір ұл, Бір қуан да артыңа өксіп бұрыл. Найза ұшында, жүзінде ұстараның Өтер-кетер қайтейік өстіп ғұмыр» Осылай деп ақын кеңшілі к Мырзабеков жырлағандай, мынау қамшының сабындай қысқа ғұмырдан тағы бір аяулы апамыз өтті. кеше ғана 16 сәуірде сүйегі жерге түсті... Ол Ақ Жайық өңіріне танымал педагог, ұстаз-ана, ардақты жар, асыл әже Мәдиева алтынай Мәдиқызы болатын. 75 жасқа қараған шағында ауыр науқастан көз жұмған апамыздың қаралы қайғысы ел-жұртын, ауыл-аймағын, таныс-туысын, жақын-жұрағатын, барша жерлестерін есеңгіретіп тастады. Көз ілеспестей өте шыққан бұл өмірде Алтынай Мәдиқызы да халқымен бірге жасап, шалтты өмір сүрді. Қырық жылдай білім саласында ұстаздық етті. «Ғалым да, шахтер де бас иетін» алтын ұя мектепте қарапайым мұғалім болып, биіктен көрінді. Талай қиындықтарды жеңіп, сан мыңдаған шәкірттерді тәрбиеледі. Күрделі саланың бірі физика және математика пәнінен сабақ беріп, өз ісінің хас шебері атанды. Сөзі орнықты, ісі байыпты, адал әрі адамгершілігі мол, дархан мінезді, қолы ашық апамыз талай игі-жақсылармен дәмдес болып, айналасына ізгіліктің шуағын шашты. Иә, ел-жұрты соңғы сапарға еңірей жылап, қимас сезіммен шығарып салған, қарасына жер қайысар халық жиналып, қоштасқан Алтынай Мәдиқызы 1942 жылы 20 маусымда Орал облысы, Чапай ауданы Аңқаты ауылында дүниеге келген болатын. 1960 жылы әйгілі С.Сейфуллин атындағы №11-ші мектеп- интернатты бітірген бойда А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына оқуға түсті. 1960-1965 жылдары алдыңғы қатарлы сту- дент болып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Қараторының әдемісі, көз жанары өткір, мінезі батыл бойжеткен аталмыш институттың физика-математика факультетін өте жақсы оқып, оқытушы-ғалымдардың үмітін ақтады. Сөйтіп, еңбек жолын 1965 жылы Қаратөбе ауданы, Жігерлен орта мектебінде бастады. 1968-1976 жылдар аралығында отбасылық жағдайға байланысты Қарағанды облысы Тельман, Ульянов аудандарында еңбек етті. Жанұясымен бірге туған жерге қайта оралған Алтынай Мәдиқызы 1976-1985 жылдары Приурал ауданы, Чеботарев ауылында зейнет демалысына шыққанға дейін бір ғана мектепте табан аудармастан еңбек етті. Щапов ауылындағы мектепте де ұстаз болды. Осылайша, талай саналы ұрпақты ұядан ұшырды. Білімін, бойындағы асыл қасиеттерін, күш-қайратын, ынта-ықыласын тек қана ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, маңдай терін сүрте жүріп адал нан табудың үлгісін паш етті. Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі жолында білім саласында ұзақ жылдар абыроймен еңбек еткен Алтынай Мәдиева “Жоғары санатты ұстаз” атағына ие болып, республикалық, облыстық білім басқармалары тарапынан талай марапатқа, қошеметке бөленді. «Жақсыдан шарапат» демекші, отағасы Адай Ғабдоллин екеуі Қайырбек, Дамир есімді қос ұлды тәрбиелеп өсірді. Жас күндерінен қолұстасып болашаққа бірге аттанып, құрған шаңырақтарын шалқытып ұстап, бақытқа бөленген Адай аға мен Алтынай апа жарасымды жұп, қадірлі ата-ана атанды. Ұлдарына жоғары білім әперді. Олардың үлкен азамат болуына, елге сыйлы, халыққа қалаулы болуына зор үлес қосты. Тәлімді ата-анадан тәрбие алған балалары Қайырбек пен Дамир бүгінде үкілеген үмітті ақтап, Надия мен Нұргүлдей жар сүйіп, ұрпақтарын өсіріп отыр. Иә, үлкен-кішімен емен-жарқын амандасып, жарқырап күліп жүретін Алтынай апа өте мейірімді, бауырмал еді. Мәдениет пен өнерге қызығушылықпен қарайтын. Өлкедегі қаламгерлерді де жақсы көретін. Әдеби кітаптар мен өлең оқуға құмартып тұратын. Ол зейнет жасында болса да үлкен-кішімен тіл табысып, гүлдей құлпырып той- думанда жүретін. Әттең, әлі де арамызда ақылшы апамыздың жүре бергені жақсы еді?! Енді оның орны үңірейіп, толмастай ойсырап тұр... Оның кісілік келбеті, мейірімді жүзі көңілімізге мұң ұялатып, жоқтығын сездіріп тұр... Біз, өмірдің әр сәтін бағалай білген, жақсылыққа ұмтылған, парасатты әңгіме-естелігімен көпшілікті баурап алатын аяулы апамызды сағынатын боламыз. Сағына береміз... Алтынай апаның жоқтығына қапалымыз! Жұлдыздай ағып түскеніне өкінеміз! Аса сыйлы, ұлағатты ұстаз, ардақты ана, қамқор әже, қимас жанның жарқын бейнесі жүрегімізде ұзақ-ұзақ сақталары сөзсіз. Сондықтан, жақсының көзіндей болып ізін жалғаған ұлдары мен келіндеріне, немерелеріне, жақын-туыстарына, бауырларына, құда- құдағайларына, барша ағайындарына қайғырып көңіл айтамыз! Аяулы жан Алтынай Мәдиқызының жатқан жері жарық, топырағы жұмсақ, ұйқысы тыныш болсын дейміз. Хош бол, бақұл бол бәріміз жақсы көрген, сыйласып, аялаған Алтынай апа! Бір топ оралдық жерлестері, достары әпке рухымен сырласу Мәңгі есте сақталады нұр жүзің, Өміріңді жалғастырар ұл-қызың. 13 наурыз күні, жалған-ай Ағып түсті, сенің жарық жұлдызың. Аурудың жаманы кезігіп, Қинады жанды мезі қып. Дертіңе дауа таба алмай, Жеті бауырың еңіреп қалды, езіліп. Бала үшін таппадың, тыныс-тыным, Құлағанша бітпеді-ау, жұмыс күнің. Бұл жалғанның тірлігі шаршатты ма? Таңдадың ғой фәни дүние тыныштығын. Дауыс көтеріп, зекіген кездеріңді көрмеппін, Бара қалсақ, құшақтап, шаңырағыңа төрлеттің. Сыйлы болған үш жұртыңа асылым, Тәрбиесі – ана сүті, жөргектің. Өсек айту, ғайбат сөйлеу еді саған жатқылық. Өн бойыңда кәусар бұлақ – пәктілік. Адалдығың, адамдығың биік еді, жан әпке Бауырларыңа әрқашан тілеуші едің, сәттілік. Бауырлардың арасында дара едің, серке едің Жаның бөлек, назың бөлек ерке едің. Жүре тұрсаң болмас па еді, жалған-ай Ерте кердің, келмес кеме желкенін. Біз де жүрміз, тіршілік сол баяғы Қаралы жұрт жас кеткен сені аяды. Әр көңілде бір сауал неге, неге, Ерте келді, ажалдың саған таяғы? Жақсы көрем, пір тұтып, сені табына, Сыйлады Алла, сендей әпке, бағыма. Кіріп келе жатқандайсың, жымиып: «Жұмысың көп қой, өзім келдім, тағы да». Енді мені кім іздейді өзіңдей, Жылауменен өтті түндер, көз ілмей. Жаным бөлек болған соң, өмір сүрем, Өмір сүрем, артта қалған, көзіңдей. Келмейді екен, көңіл шіркін, сенгісі, Еске түседі, өміріңнің арғы менен бергісі. Топырағың торқа болсын, жан әпке, Осы болсын Закираңның жырдан қойған белгісі. Закира ҚАЙНОЛЛАҚЫЗЫ, Орал қаласы 2017 жыл

Transcript of Латын әЛіпбиіне көшу – әпке рухымен · 2 №15 20.04.2017...

Page 1: Латын әЛіпбиіне көшу – әпке рухымен · 2 №15 20.04.2017 егемендік – елдігім zhaik_yni@mail.ru zhaikuni.kz жарнама №15 20.04.201715

2 №15 20.04.2017 егемендік – елдігім [email protected] 15zhaikuni.kz жарнама №15 20.04.2017

Меншік иесі – «Жайық үні» Жшс

Газетті есепке қою туралы №13676-Г куәлікті 2013 жылғы 11 маусымда қР Мәдениет министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінде тіркелген. Газет аптасына 1 рет шығады.

Директор – Мира Хамзақызы шүйіншәлиева

Кезекші редактор: Эльмира НҰҒМАНОВА

Мекенжайымыз: 090000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 182/1, 4-қабат, 66-бөлме

(қалалық әкімдік ғимараты).

Тел./факс: 50-86-31; 50-31-19. e-mail: [email protected]

www.facebook.com/zhaikuni.zhaikuniwww.uralsk.gov.kz www.oral-maslihat.kz

Мақалалар электрондық нұсқада қабылданады. Редакцияға кел-ген хатқа жауап жазылмайды, қолжазба авторға қайтарылмайды. Деректердің дәлдігі үшін автор жауапты. Мақала авторларының пікірі редакция көзқарасын білдірмейді. «Жайық үні-Жизнь горо-да» газетінде басылған мақалаларды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.

Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.Жазылу индексі 65435. Таралымы 3100 дана.

«Полиграфсервис» Жшс баспаханасында басылды. Орал қаласы, л.Толстой көшесі, 27/3. Тел.: 50-51-46.

ГккП «Ясли-сад №16 «лесная сказка» г. Уральска объ-являет конкурс на занятие вакантных должностей граж-данских служащих:

Воспитатель русской группы – 1 ставка.Требования:образование по соответствующей специальности;стаж работы по специальности 3 года.Перечень документов, необходимых для участия в кон-

курсе:Заявление об участии в конкурсе.Личный листок по учету кадров с фотографией. Диплом об образовании (копия).Удостоверение личности (копия).Трудовая книжка (копия).Документ о прохождении предварительного медицинского

освидетельствования.Справка об отсутствии судимости.Документы для участия в конкурсе должны быть представ-

лены в течение 15 календарных дней со дня опубликования в печати по адресу: г.Уральск, ул.к.аманжолова, 65. Тел: 50-34-27, 24-05-27.

Орал қаласы білім беру бөлімінің №48 «Мұрагер» бөбекжайы» Мкқк бос орын лауазымдарына конкурс жариялайды:

Тәрбиеші – 6 бірлік. Тәрбиеші – 3 бірлік (негізгі қызметкердің декреттік демалыс

кезеңіне). Тәрбиеші көмекшісі – 1 бірлік.Бейнелеу өнері мұғалімі – 1 бірлік (негізгі қызметкердің декреттік

демалыс кезеңіне).Дене шынықтыру нұсқаушысы – 1 бірлік.Есепші – 0,5 бірлік.Дефектолог – 1 бірлік.Дефектолог – 1 бірлік (декреттік демалыстағы негізгі

қызметкердің орнына).қойылатын талаптар: жоғары немесе арнаулы орта білімі

(тәрбиешілер, тәрбиешінің көмекшісі, шаруашылық меңгерушісі) болуы керек. ҚР Конституциясын, «Білім туралы», «Балалардың құқығын қорғау туралы» заңдарын, педагогика және психоло-гия негіздерін, мектеп жасына дейінгі білім әдістемесін және мемлекеттік тілді білуі міндетті.

конкурсқа қатысушылар төмендегі құжаттарды тапсырады:Конкурсқа қатысу туралы өтініш.Түйіндеме.Жеке куәлігінің көшірмесі.Кадрларды есепке алу жөніндегі іс-қағазы.Білімі, біліктілігі туралы құжаттарының көшірмесі (нотариуспен

бекітіліген).Еңбек кітапшасының көшірмесі.Мекенжай анықтамасы.Сотталмағаны туралы анықтама.Медициналық кітапша.Фото – 2 дана (3х4).Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған

күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: Орал қаласы, самал көшесі, 70/2. Тел: 27-23-33.

Орал қаласы білім беру бөлімінің «№13 «Золотой ключик» бөбекжайы» Мкқк бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

Тәрбиеші – 1 бірлік.Тәрбиеші – 3 бірлік, орыс тілінде (негізгі қызметкерлердің

декреттік демалыс кезеңіне).Қазақ тілі мұғалімі – 1 бірлік (негізгі қызметкердің декреттік

демалыс кезеңіне).Музыка жетекшісі – 1 бірлік (негізгі қызметкердің декреттік

демалыс кезеңіне).Есепші – 1 бірлік.конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: жоғарғы

немесе арнаулы орта білімдері болуы тиіс.қажетті құжаттар:Конкурсқа қатысу туралы өтініш.Түйіндеме.Жеке куәлігінің көшірмесі.Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс-қағазы.Білімі, біліктілігі туралы құжаттарының көшірмесі (нотариуспен

бекітілген).Еңбек кітапшасының көшірмесі.Мекенжай анықтамасы.Сотталмағаны туралы анықтама.Медициналық анықтамасы (086. Жұмысқа жарамдылығы

жөніндегі терапевтің қорытындысымен).Фото – 2 дана. (3х4).Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған

күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: Орал қаласы, 2-линейная көшесі ½. Тел: 50-28-59.

Бұл ұлттық мәселе бүгін ғана қозғалып от ы р ғ а н ж о қ . « Қ аз а қ с та н – 2 0 5 0 » Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», – делінген-ді.

Әліпби ауыстыру мәселесі – аса күрделі тірлік. Елді бірқыдыру дүрліктірмей де қоймайды. Әжептәуір ауқымды шара болғандықтан да, оның жақтаушылары да, қарсыластары да болары сөзсіз. Оған таңғалуға, таңдай қағуға болмайды. Бәрі түсінікке, ұғымға байланысты. Тек бұл істе әрбір қазақ азаматы білек сыбанған іс-әрекет үстінде көрінуі тиіс. Сонда ғана бізде уақыттан кешеуілдеу, кеш қалу, кейін бармақ тістеу, ұлы көшке ілесе алмай ілбу болмасы анық.

Алғашқы кезекте айтарымыз, қазіргі дәуір тәжірибесі әлемдік ақпарат кеңістігіне өтудің төте жолы ретінде латын жазуын таниды. Ал әлеми ақпарат кеңістігіне ретін тауып өте алмай қалған елдердің даму қарқыны бәсең болары анық. Бүгінгі таңдағы қытай мен жапондар да әліпби таңбалары бөлекше болғанымен, ғылыми-өндірістік үрдісін латын негізінде дамытуда.

Әліпбиді ауыстырудың астарында саяси-әлеуметтік те мән бар. Жасыратыны жоқ, орыс жазуынан қашу – көрші Ресей империясының сан ғасырларға созылған «ағалық» ықпалынан құтылудың, құлдық санадан айығудың бір амалы. Қазақы көпшілік қауым мұны дұрыс түсінуде. ақиқаты, егемендіктің айғақ белгісіне елтаңба, Ту, әнұранмен бірге, күнделікті тірлік мазмұнын жазу да еңбек. Яғни, жазу – тек әріптер жиынтығы емес. Ғылым тілінде, жазу әліпби, таңба, ереже-емлелерден құралмақ. әліпби – тілдің дыбыс құрамы, таңба – дыбыстың қауызы, ал емле-ереже – әліпби мен таңбаның ұлттық дәнекері. Қысқасы, әліпбиі, таңбасы мен емле-ережесі үйлескен жазу – тіл егемендігінің кепілі. Тіпті, әліпби ауыстыруды айтпағанның өзінде, қазақ жазуын бір екшеп, саралап алар мезгіл жеткендей. Демек, бұл бағыттағы шараны тек әліпби ауыстыру ісі деп қарамай, кең тұрғыдан жазу реформасына ұластыру орынды болмақ.

Шынтуайтында, қазақ жазуының тарихы қазақ зиялылары үшін «әліпби айтысының» тарихы да. Оған дәлел, қазақ білімпаздарының 1924 жылғы Орынборда өткен тұңғыш съезінің материалдары. Не болмаса, Ахмет Байтұрсынұлының жазуынан латынға, латыннан кирилге көшкеніміз тарихтан белгілі. Кирилге жарлықпен бір-ақ күнде көшкеніміз де мәлім (Түрік Республикасының да өз кезінде түрік латын әліпбиіне жарлықпен бір-ақ күнде өткені де белгілі).

Қазіргі «әліпби айтысының» да ауқымы кең болары байқалды. Бұған да Елбасымыз тұқ етерін айтып, нүктесін қоя білді. Университет студенттерімен, әріптестерімізбен, қалың көпшілікпен латын қарпіне көшу жөніндегі ой-пікір алмасқанымызда алдымыздан сандаған сауалдар бас көтереді. Тұнған сұрақ, жатқан уайым, түсінбестік... Мүмкін, жастарға түсіндіру, білгенімізді айту аға буын өкілдерінің міндеті де болар. Ал аға буын түсінгісі келмесе ше ?.. Осы бағыттағы жұртшылықтың, жас атаулының бірқатар ой-сауалдарына ғылыми талдамаларға, баспасөз материалдарына сүйене отырып, бірер пікір қосқанды жөн көрдік.

Иә, Жаратқан қолдап, еліміз егемендікке

қол жетк ізд і . Мемлекет ім із ешк імге жалтақтамай тірлік жасайтын дәрежеге жетті. Енді қоғами-мәдени келешектің қамын ойлау дұрыс. Түсінген тұлғаға латын әліпбиі арқылы әлеми ақпарат кеңістігіне өту, жоғары технологияны игеру – елдің тұрмыстық деңгейін көтерудің ең ұтымды жолы. Демек, Тәуелсіз мемлекетіміздің жаһандық деңгейде дамуына жол ашатын латын әліпбиіне көшудің ғаламат жағдайы туып отыр. Біз мұны «Қазақстан – 2050» Стратегиясының басты мақсаттарына қол жеткізудің және әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кірудің бірден-бір мүмкіндігі деп танимыз.

Мәселенің анығына келсек, қазіргі қазақ тілі жазуында тіл бұзар емле-ережелер қаптап жүр. Сол себептен кезінде оны танымал филолог ғалым ағаларымыздың бірі «өзіме өгей өз тілім» деп басын ұстаған. Қазір Тәуелсіздік алып, қолымыз өз аузымызға жетті

дегеннің өзінде де, мәңгүрт санамызға сіңіп қалған тіл бұзар емле-ережелерден құтылу оңай болмай отыр. Тіпті, тіл мамандарының арасында да орыс тілінің и, у тәрізді кірме «жетістіктерінен» айрылғысы келмейтіндер жетіп артылады. Олар оны қазақ тілінің «даму жетістігі», «жаңа сатыға көтерілген түрі» ретінде бағалап, қазіргі орыс текті ми, ки, ту, су деген жазуымызды латын негізінде mi, ki, tu, su деп жазуды ұсынуда. Егер қазақтың мый, кій, сұу, тұу деген сөздерін қайтадан mi, ki, tu, su деп, қазақ тілінің түбір, буын, морфем айтылымын бұзып жазатын болсақ, онда әліпби ауыстырудың еш реті жоқ.

асылы, түс інген к іс і ге қа з ірг і әліпбиімізді «қазақ әліпбиі» деп атауға мүлдем келмейді. Өйткені ол «қазақ әліпбиі» емес, «қазақ - орыс әліпбиі», турасын айтсақ, «орыс – қазақ әліпбиі» десек болар. Әліпбиіміз бір тілдің емес, әлдеқашан қос тілдің әліпбиі ретінде бекініп алды. Латынға қарсы мамандар қазіргі 42 әріптен, «өлсем орным қара жер» дегендей, тістеніп алып, айрылғысы келмейді. Орыс жазуынан айрылса, айдалада қалатындай сезінеді. Түсіне білсек, ешбір ел әліпби құрамының көптігімен мақтана алмайды. Әріп санының көп болуы тілдің әліпбиінде бір кемдіктің барлығын аңғартады. Әріп саны неғұрлым кем болса, нағыз жетілген әліпби сол болмақ. Бұл ретте бізге ағылшын жазуының тәжірибесін пайдалану артық етпейді. Оларда аз таңбамен көп дыбысты белгілеудің ұтымды амалы бар. Емле-ережесінің күрделілігінен ағылшын жазуы ұтылған жоқ, қайта әлеми ақпараттық кеңістікте көш басында келеді. Дұрысы, орыс тілінен енген дыбыстарға арнайы таңба іздеудің қажеті жоқ. Бұл ретте де ағылшын жазуының тәжірибесі үлгі. Өзіміздегі бар таңбаны пайдаланып, емле-ереже жолымен өзге тілден енген сөздерді жазу орынды. Демек, латын әліпбиі арқылы орыс сөздерін қалай жазамыз деп уайымдаудың жөні жоқ. Ескереріміз, ешбір мемлекетте кірме сөздің жазылуына орай қосымша таңба ойлап таппай, не де болса өз әліпбиіміздің құрамынан шығару дұрыс.

Баса ескерер тұстың бірі – тілімізде өзге тілден зорлықпен енгізілген ережелер қағидаларының да жеткіліктілігі. Бұл – қазақ сөзінің айтылымын орыс сөзінің айтылымына мейлінше жақындату амалы. Сонда қазақ сөзінің өз айтылым үлгісі қайда қалады? Жазу – сол қазақ сөзінің төл айтылым үлгісін сақтаудың амалы. Бізге ауыр тиетіні – ана тіліміздің тұрқы бұзылып бара жатқандығы. Орысша тәлім алған орыс тілді ағайындарымыз орыс жазуы арқылы тілі шыққандықтан, құлағына сіңген дыбыстардың күллісін қазақ тіліне әкеліп тықпалай беруге болмайтынын ескеруі тиіс. Бұл ретте Елбасымыздың «біз орыс тіліне қарсы емеспіз, біз оның қазақ қауымына қалай ендірілгенін құптамаймыз» дегені мәлім. Демек, әліпби ауыстыруды белгілі бір елдің тіліне не жазуына қарсылық білдіру ретінде қабылдамай, қазақ тілінің жазуына реформа жасау тұрғысында бағалау жөн.

Баршаға мәлімі, тілдің емле-ережесі мектеп оқулығында. Қазақ сөзінің айтылымын орыс сөзінің айтылымына жақындастыру сол мектеп оқушыларынан басталғанын байқамай келгеніміз бе? Кез келген қазақ тілі оқулығында қазақ тілінің өзіне тән дыбыстары ретінде 7-8 әріпті бөле-жара атаймыз. Сонда қазақтың өзге дыбыстары қайда? Қазақ дыбыстарын осылайша бөлектеудің өзі шәкірт санасын тұмшалап, есейгенде мәңгүрттендіреді. Қазақ тілінің 26 (28) дыбысының дыбысталуы өзге тілдің дыбыстарына мүлдем дәлме-дәл ұқсатылмайтыны, дыбыстардың өзара тіркесім емле-ережелері мүлдем бөлектігі санамызға жетпегені ме? Әріптеріміздің таңбалануы бірдей болғанымен, дыбысталуы бірдей еместігін ұға алмағанымыз ба? Әрине, жазуымызды орыс жазуына теліп, орыс

жазуының емле-ережесінің мұртын бұзбай егіз қозыдай етіп көшіре берсек, орысша біз сайрамағанда, кім сайрайды. Демек, әлі де «орыс тілін үйренуге икемдіміз» деп әсіре мақтанбай, ең алдымен ана тіліміздің өзіндік колорит табиғатын таниық та.

Демек, жазудың сөздің айтылымына ықпалы ерекшелігіне бойлай білсек, жазу жүйесін қалыптастыруға аса мән беру жөн болар. Себебі жазу ережелері – тілдің ішкі табиғи заңдылықтары сақталғанда ғана жүйелі. Бұл ретте де ағылшын тілінің ықпалы өте күштілігін аңғару артық емес. Мәселен, ағылшындардың өздері де емле-ережесінің (әліпбиінің емес) күрделілігін мойындайды. Десек те, ағылшын тілінің емле-ережесі өздері үшін ғана. Ағылшын мұншама емле-ережені өздерінің қырықтан аса дыбыстарын бар болғаны 26 таңбамен беру үшін үнемді ескерген. Олар тілінің емле-ережесін

өзгертуді мүлдем ойларына да алмайды. Демек, ағылшын тілінің емле-ережесі – аз таңбамен көп дыбысты қамтудың ең озық үлгісі. ағылшын жазуы өзіндік емле-ережесімен-ақ бүкіл дүние жүзін игеруде. Олай болса, қай тілдің де ең қиын мәселесі – оның емле-ережесі. Емле-ереженің оңайы болмайды. Екінші бір тілді үйрене алмау – сол тілдің емле-ережесін меңгере алмаудан. Осы орайда айтарымыз, латын әліпбиі мен ағылшын тілінің емле-ережесін шатыстырмау жөн. Әліпби латындікі болса да, емле-ереже қазақтың өзінікі. Қазақ жазуы үшін ағылшын тілінің емле ережесінің еш қажеті жоқ, өйткені қазақ тілінің төл дыбыстары бар болғаны 26 (28), компьютер түйметақтасындағы 26 латын таңбалары толық жеткілікті.

Латын әліпбиіне көшудегі қырық уайымның бірі – бұрынғы орыс жазуы негізіндегі жазба мұраларымыздан айырыламыз, ертең оларды ешкім оқи алмайды деу. Орыс жазуын салған жерден тыйып тастайын деп отырған ешкім жоқ. Кирил жазуы латын жазуымен ондаған жыл қатар жүрмек. Оқулықтар жыл ретімен бірте-бірте латын жазуына көшірілмек. Әдеби шығармалар мен ғылыми көпшілік еңбектер де сол ретпен жаңа жазуға ауыспақ. Бұрынғы жарық көрген шығармаларымызды бәрібір қайта баспай отыра алмасымыз сөзсіз.

Бұған қоса, бүгінгі таңда келешек ұрпақты көптілділікке (қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне) баулу мәселесі – заман талабы, сәйкесінше, мемлекеттік шаралардың бастыларының сапында. Өркениетті елдердің тәжірибесі де – көптілді ұрпақ қалыптастыру. Елге келген шетелдіктердің қай-қайсы да ең аз дегенде 2-3 тіл білетіндігін көріп жүрміз. Олар қазақ тілін үйренуге ынталы. Бұның басты себебі: батыс елдерінде жақсы тұрамын, ісім өнімді болсын десең, көп тіл білуің – заңдылық. Демек, батыс елдерінде көп тіл білу – кәсіби жетістік. Қазіргі Қазақстан мемлекетінің тіл саясаты да осы арнада өрбуде.

Ал шығыс болмай, кіріс болмайды. Қай шаруа да шығынсыз бітпесі анық. Жазу ауыстырудың да өз шығыны болары анық. Кітап басудың, оқулық шығарудың шығынын айтасыз ба? Латын әліпбиіне өтпегенде кітап баспай, оқулық шығармай құр отырмас едік. Мамандарды латынға икемдеп, қайта дайындауда да ақырзаман тудырудың еш жөні жоқ. Мұғалімдер үшін жұмыс бағыты әлімсақтан қалыптасып қалған мұғалімдердің білім жетілдіру институттары бар. Ал мектептердің өзі латын әліпбиін үйретудің ошағына айналады. Мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік кәсіпорындардың өз мүмкіншіліктерін кім жоққа шығарады. Ақылы-ақысыз тіл үйрететін орталықтар қаншама. Университетіміз де осы ұлтымыз үшін аса өзекті де қажетті ұлы іске қазірдің өзінде сақадай-сай. Кім-кімге де адастырмайтын дұрыс бағыт сілтеуге даярмыз. Біздіңше, латын әліпбиін үйренуге көп мерзімнің қажеті шамалы. Берісі 3 ай, әрісі жарты жыл жетіп жатыр.

Қысқасы, латын әліпбиіне көшерімізге еш күмән жоқ. Уақыт алмай, білек сыбана іске кіріселік! «Ілгері кеткен жұрттың қатесін енді ілгерілейін деп тұрған жұрттар істесе, көре тұра отқа түскендік болып шығады», – деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, жақсыдан үйренейік, жаманнан жиренейік, тек ұлттық келбетімізді жоймалық. Әліпби ауыстыру сынды ұлт ісінде кеңесе келген шешімнің кемісі болмасын ескерелік.

Абат ҚЫДЫРШАЕВ,«Махамбет» гуманитарлық

зерттеулер институтының директоры, педагогика

ғылымдарының докторы, профессор

Латын әЛіпбиіне көшу – еЛіміздің рухани өміріндегі еЛеуЛі қадам

қазақстан Республикасы Президенті нұрсұлтан назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарық көруі – еліміздің саяси өміріндегі елеулі оқиға. Рухани сілкініс тұрғысында қабылданған бағдарламалық маңызды құжатта салмақты елдік мәселелер көтерілді. солардың бірі – таяу жылдардағы міндеттер сапында аталған қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау мәселесі.

«табысты болудың басты

факторы – білім»Басы 1-бетте.Елбасының бағдарламалық мақаласының

елеулі бөлігі жастарға арналған. Сол себепті қала активі өңірдегі байырғы біл ім ордасы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да ұйымдастырылып, сөз алғандар жастардың білімге құштар болуы, туған жер бағдарламасының маңызына мән берді. Терең толғаныспен пайымды пікір айтқан тұлғаларды қатысуышалар да ұйып тыңдады. Актив жиынын қала әкімі Нариман Төреғалиев жүргізді.

Алғаш болып мінберге көтерілген облыс әкімі Алтай Көлгінов Елбасы мақаласының рухани сілкініске жол сілтеуші бағдар болғанын және өткенмен сабақтаса жаңашылдыққа бастайтын жол екенін атады.

– Бүгінгі заманның талабына сай болу үшін білімді болуымыз керек. Мемлекет басшысы білімге құштарлықты арттыруға ерекше мән берді. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп атап өтті Елбасы. Сол себепті кәсіби өсу үшін тек білімге арқа сүйеу керек, – деген Алтай Сейдірұлы мақалада айтылған бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы туралы сөз ете келе, тарихқа көз жүгіртіп, өткеннен сабақ ала білуге шақырды. – Біз кім болдық, қайдан шықтық? Қандай қателіктер жібердік? Саралап, ой түйе білуіміз керек. Тайпа-тайпаға бөлініп, әбден қиындық кешкеннен кейін ғана халықтың бірігіп, бірліктің арқасында аман қалғанын білеміз. Қазір бірлігі мықты, біртұтас ел болып жатырмыз. Мақалада бірлік, туған жер жөнінде жақсы айтылған. Туған жер деген түсінікке мемлекеттік деңгейде қарасақ, сонда ғана мемлекет болып қалыптасамыз. Африканың кейбір мемлекеттерінде «ұлт» деген түсінік әлі жоқ. Сондықтан біреуге қарап үйрену керек. Жікшілдікке бөлінбей, әрқайсымыз өз қызметімізге жауапкершілікпен қарасақ, туған жердің алдында міндетімізді орындай алғанымыз, – деді А.Көлгінов.

Мақалада жастарға жан-жақты білім беру, ол үшін «100 жаңа оқулық» жобасын қолға алу тапсырылды. Елбасы «Біздерге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманғы және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет» деген болатын. Бұл орайда М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ректоры, п.ғ .д, академик А.Иманғалиев әлемдегі жақсы кітаптарды қазақ тіліне аударып, оны білім беру мақсатында қолдануды көрегенділік екенін айтты.

– Әрине біздің ғалымдарымыз жазып жатқан еңбектер аз емес. Гуманитарлық саланың өзінде жыл сайын жүздеген о қ у л ы қ т а р ж а р ы қ к ө р у д е . Б і р а қ Президентіміздің айтқаны әлемдегі ең жақсы 100 кітапты қазақ тіліне аудару арқылы білім сапасын көтеру мақсатында пайдалану. Шынында біз көптеген жаңалықтардан тыс қалып жатамыз.Үштілділіктің қажеттілігі жөнінде де көптеген кереғар пікірлер бар. Мәселенің мәнісіне келер болсақ, әлемдегі ақпараттың басым бөлігі ағылшын тілінде таралады. Тіл білмегендердің осы ақпараттардан тыс қалып жатқаны айдан анық, – деді Асхат Сәлімұлы.

Ал БҚО әк імд і г і н і ң мемлек етт і к қызметкерлерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы директорының міндетін атқарушы Болат Жексенғалиев Елбасының мақаласын «ұлттың дамуының бағдарламасы» деп атады. Елдің даму тарихындағы маңызды шара – ұлттың жаңғыруы. Мақалада ұлттың рухани жаңғыруының басым бағыттарының ең алдымен ұлтты біріктіретін – тіл, ұлттық әліпбиді қалыптастыру мәселесінен басталуы тегін емес. Бұл ретте Болат Жексенғалиұлы Президенттің 2025 жылға дейін барлық іс-қағаздарды, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды латын әліпбиімен басып шығару қажеттігі туралы айтқан тапсырмасына қолдауын білдірді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

бақұл бол, аяулы аЛтынаЙ апа!

«Туса перзент, дүниеден өтсе бір ұл,Бір қуан да артыңа өксіп бұрыл.Найза ұшында, жүзінде ұстараныңӨтер-кетер қайтейік өстіп ғұмыр»

О с ы л а й д е п а қ ы н к е ң ш і л і к Мырзабеков жырлағандай, мынау қамшының сабындай қысқа ғұмырдан тағы бір аяулы апамыз өтті. кеше ғана 16 сәуірде сүйегі жерге түсті...

Ол Ақ Жайық өңіріне танымал педагог, ұстаз-ана, ардақты жар, асыл әже

Мәдиева алтынай Мәдиқызы болатын. 75 жасқа қараған шағында ауыр науқастан көз жұмған апамыздың қаралы қайғысы ел-жұртын, ауыл-аймағын, таныс-туысын, жақын-жұрағатын, барша жерлестерін есеңгіретіп тастады. Көз ілеспестей өте шыққан бұл өмірде Алтынай Мәдиқызы да халқымен бірге жасап, шалтты өмір сүрді. Қырық жылдай білім саласында ұстаздық етті. «Ғалым да, шахтер де бас иетін» алтын ұя мектепте қарапайым мұғалім болып, биіктен көрінді. Талай қиындықтарды жеңіп, сан мыңдаған шәкірттерді тәрбиеледі. Күрделі саланың бірі физика және математика пәнінен сабақ беріп, өз ісінің хас шебері атанды. Сөзі орнықты, ісі байыпты, адал әрі адамгершілігі мол, дархан мінезді, қолы ашық апамыз талай игі-жақсылармен дәмдес болып, айналасына ізгіліктің шуағын шашты.

Иә, ел-жұрты соңғы сапарға еңірей жылап, қимас сезіммен шығарып салған, қарасына жер қайысар халық жиналып, қоштасқан Алтынай Мәдиқызы 1942 жылы 20 маусымда Орал облысы, Чапай ауданы Аңқаты ауылында дүниеге келген болатын.

1960 жылы әйгілі С.Сейфуллин атындағы №11-ші мектеп-интернатты бітірген бойда А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына оқуға түсті. 1960-1965 жылдары алдыңғы қатарлы сту-дент болып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Қараторының әдемісі, көз жанары өткір, мінезі батыл бойжеткен аталмыш институттың физика-математика факультетін өте жақсы оқып, оқытушы-ғалымдардың үмітін ақтады. Сөйтіп, еңбек жолын 1965 жылы Қаратөбе ауданы, Жігерлен орта мектебінде бастады.

1968-1976 жылдар аралығында отбасылық жағдайға байланысты Қарағанды облысы Тельман, Ульянов аудандарында еңбек етті. Жанұясымен бірге туған жерге қайта оралған Алтынай Мәдиқызы 1976-1985 жылдары Приурал ауданы, Чеботарев ауылында зейнет демалысына шыққанға дейін бір ғана мектепте табан аудармастан еңбек етті. Щапов ауылындағы мектепте де ұстаз болды. Осылайша, талай саналы ұрпақты ұядан ұшырды. Білімін, бойындағы асыл қасиеттерін, күш-қайратын, ынта-ықыласын тек қана ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, маңдай терін сүрте жүріп адал нан табудың үлгісін паш етті. Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі жолында білім саласында ұзақ жылдар абыроймен еңбек еткен Алтынай Мәдиева “Жоғары санатты ұстаз” атағына ие болып, республикалық, облыстық білім басқармалары тарапынан талай марапатқа, қошеметке бөленді.

«Жақсыдан шарапат» демекші, отағасы Адай Ғабдоллин екеуі Қайырбек, Дамир есімді қос ұлды тәрбиелеп өсірді. Жас күндерінен қолұстасып болашаққа бірге аттанып, құрған шаңырақтарын шалқытып ұстап, бақытқа бөленген Адай аға мен Алтынай апа жарасымды жұп, қадірлі ата-ана атанды. Ұлдарына жоғары білім әперді. Олардың үлкен азамат болуына, елге сыйлы, халыққа қалаулы болуына зор үлес қосты. Тәлімді ата-анадан тәрбие алған балалары Қайырбек пен Дамир бүгінде үкілеген үмітті ақтап, Надия мен Нұргүлдей жар сүйіп, ұрпақтарын өсіріп отыр.

Иә, үлкен-кішімен емен-жарқын амандасып, жарқырап күліп жүретін Алтынай апа өте мейірімді, бауырмал еді. Мәдениет пен өнерге қызығушылықпен қарайтын. Өлкедегі қаламгерлерді де жақсы көретін. Әдеби кітаптар мен өлең оқуға құмартып тұратын. Ол зейнет жасында болса да үлкен-кішімен тіл табысып, гүлдей құлпырып той-думанда жүретін. Әттең, әлі де арамызда ақылшы апамыздың жүре бергені жақсы еді?! Енді оның орны үңірейіп, толмастай ойсырап тұр... Оның кісілік келбеті, мейірімді жүзі көңілімізге мұң ұялатып, жоқтығын сездіріп тұр... Біз, өмірдің әр сәтін бағалай білген, жақсылыққа ұмтылған, парасатты әңгіме-естелігімен көпшілікті баурап алатын аяулы апамызды сағынатын боламыз. Сағына береміз... Алтынай апаның жоқтығына қапалымыз! Жұлдыздай ағып түскеніне өкінеміз!

Аса сыйлы, ұлағатты ұстаз, ардақты ана, қамқор әже, қимас жанның жарқын бейнесі жүрегімізде ұзақ-ұзақ сақталары сөзсіз. Сондықтан, жақсының көзіндей болып ізін жалғаған ұлдары мен келіндеріне, немерелеріне, жақын-туыстарына, бауырларына, құда-құдағайларына, барша ағайындарына қайғырып көңіл айтамыз!

Аяулы жан Алтынай Мәдиқызының жатқан жері жарық, топырағы жұмсақ, ұйқысы тыныш болсын дейміз.

Хош бол, бақұл бол бәріміз жақсы көрген, сыйласып, аялаған Алтынай апа!

Бір топ оралдық жерлестері, достары

әпке рухымен сырласу

Мәңгі есте сақталады нұр жүзің,Өміріңді жалғастырар ұл-қызың.13 наурыз күні, жалған-айАғып түсті, сенің жарық жұлдызың.

Аурудың жаманы кезігіп,Қинады жанды мезі қып.Дертіңе дауа таба алмай,Жеті бауырың еңіреп қалды, езіліп.

Бала үшін таппадың, тыныс-тыным,Құлағанша бітпеді-ау, жұмыс күнің.Бұл жалғанның тірлігі шаршатты ма?Таңдадың ғой фәни дүние тыныштығын.

Дауыс көтеріп, зекіген кездеріңді көрмеппін,Бара қалсақ, құшақтап, шаңырағыңа төрлеттің.Сыйлы болған үш жұртыңа асылым,Тәрбиесі – ана сүті, жөргектің.

Өсек айту, ғайбат сөйлеу еді саған жат қылық.Өн бойыңда кәусар бұлақ – пәктілік.Адалдығың, адамдығың биік еді, жан әпкеБауырларыңа әрқашан тілеуші едің, сәттілік.

Бауырлардың арасында дара едің, серке едіңЖаның бөлек, назың бөлек ерке едің.Жүре тұрсаң болмас па еді, жалған-айЕрте кердің, келмес кеме желкенін.

Біз де жүрміз, тіршілік сол баяғыҚаралы жұрт жас кеткен сені аяды.Әр көңілде бір сауал неге, неге,Ерте келді, ажалдың саған таяғы?

Жақсы көрем, пір тұтып, сені табына,Сыйлады Алла, сендей әпке, бағыма.Кіріп келе жатқандайсың, жымиып:«Жұмысың көп қой, өзім келдім, тағы да».

Енді мені кім іздейді өзіңдей,Жылауменен өтті түндер, көз ілмей.Жаным бөлек болған соң, өмір сүрем,Өмір сүрем, артта қалған, көзіңдей.

Келмейді екен, көңіл шіркін, сенгісі,Еске түседі, өміріңнің арғы менен бергісі.Топырағың торқа болсын, жан әпке,Осы болсын Закираңның жырдан қойған белгісі.

Закира ҚАЙНОЛЛАҚЫЗЫ, Орал қаласы

2017 жыл