Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

19
Авторы: Жанабекова Сабина Енбекқызы 4-сынып оқушысы 2015 жыл Бағыты: Ғылыми-жаратылыстану Секциясы: Адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау Тақырыбы: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі Жетекшісі: Бактыбаева Молдир Балгабаевна Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Ақмола облысы

Transcript of Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

Page 1: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

Авторы:Жанабекова Сабина

Енбекқызы4-сынып оқушысы

2015 жыл

Бағыты: Ғылыми-жаратылыстану Секциясы: Адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау

Тақырыбы: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

Жетекшісі:Бактыбаева Молдир

Балгабаевна

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Ақмола облысы

Page 2: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

Алған тақырыбымның маңызы:

Біз өзіміздің және бауырларымыздың күнде тамашалайтын мультфилімдерін жатқа білгенімізбен, оның мән-мағынасын үңіле бермейміз. Аталмыш мультфилімдердің бала психологиясына әсер етуі айтуға тұрарлықтай. Әсем суреттерден, қиялға ерік берілген сюжеттерден, сазды дауыстардан,мәнерлеулерден тұратын мультфилімдердің бала негізінің қалыптасуына тигізер әсері де екі түрлі. Тамашалай отырып бала сүйікті кейіпкерлерінің жағымды жағымсыз қылықтарын қайталауға тырысады. Сондықтан да қазіргі мультфилімдердің бала өмірінде алатын орнына тоқталғым келді.

Page 3: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі
Page 4: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

Сауалнама жүргізуТәжірибе жасау Әңгіме жүргізуБайқау,бақылау

Page 5: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

Зеріттеу жұмыстарының жоспары:

Мектеп оқушыларының арасында сауалнамалар алу.Балалар тамашалайтын мультфилімдер туралы мәліметтер жинақтау.Пайдасы мен зиянын анықтау.Бір тоқтамға келу.

Page 6: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

Мултфилімдерді көп тамашалайсың ба?

Сауалнаманың нәтижесі:

3,4-сынып оқушыларынаналынған сауалнама нәтижелері

к п білемінө аздап білемін білмеймін

Page 7: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

Көптеген елдерде бала тәрбиесіне, соның ішінде балаларды мультипликациялық кино арқылы тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Мәселен, Жапонияда балаларға салт-дәстүрін, өзара қарым-қатынас этикасын, адамның ортада өзін ұстау мәдениетін мультфильм арқылы үйретсе, АҚШ бұл әдіспен математика, география, физика пәндерінің негіздерін оқытуды мақсат ететіні байқалады. Ал Қытай болса анимация өнері бойынша бірінші орында. Олар ұлттық мүддені ғана көздейтін мультфильмдерді шығару арқылы бала санасына Отанға деген сүйіспеншілігін оятуға тырысады. Оған қоса, Қытайда шетел мультфильмдерін көруге тыйым салынған. Неге? Себебі әр ел өздерінің фильмдері арқылы өздерінің саясатын, салт-санасын, идеологиясын жас көрермендер назарына сіңіретінін назарға алу қажет. Осы орайда біздің елде ұлттық дәстүрді насихаттайтын, ұлттық тәрбиеге негізделген, әлемдік бәсекеге қабілетті анимациялық фильмдер жасала қоймағаны жұртшылық арасында қынжылыспен айтылып жүр.

Page 8: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

ҚР Еңбегі сіңген өнер қайраткері Әмен Қайдар атамыз Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық мемлекеттік кино саласындағы институтын үздік бітіріп шыққан соң, мультфильм шығаруға кіріскен болатын.Алғашқы мультипликациялық туындысын шығармас бұрын, ол қазақ аңыз-ертегілері мен қиса-дастандарды оқып, қазақ ауыз әдебиетіне үлкен зерттеу жүргізген. «Қарлығаш ұясын бұзуға болмайды!» деген тыйым сөзді естіп өскен ол алғашқы туындысына халық ертегісін арқау етті. Мультфильм жасауға бес адамнан тұратын шығармашылық топ кірісті. Аз уақыттан кейін кейіпкерлер бейнелері салынды. Мультфильм музыкасы белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиевке тапсырылды. Қазақтың тұңғыш мультфильмі ұлттық музыкалық аспап домбыра әуенімен әрленді. Ұзақтығы 10 минутқа жететін мультфильм жасауға бір жарым жыл уақыт кетті.«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» тұңғыш қазақ мультфильмі жарыққа шыққан бойда, көрермендердің ыстық ықыласына бөлене бастады. Бүкілодақтық тұсауы кесілген сәттен бастап-ақ, мультфильм шетелдерге ұсынылып, 48 елдің экранынан көрсетілді.

Қазақтың тұңғыш мультфильмі

Page 9: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

Ресейде ертегі мультфилімдері ар ылы з балаларын Отанын,хал ын с юге, батырлы а қ ө қ ү ққт рбиелейді екен. Олар к бінесе Крыловты мысалдарын немесе тарихта бол ан ә ө ң ғбатырларын кейіпкер ретінде алып, тамаша мультфилімдер жасап шы арды. «Три ғбогатыря», «Илья Муромец», «Алеша Попович», «Добрыня Никитич» сия ты батырларын қд ріптеу ар ылы здеріні «орыс деген лы халы » екенін, оларды мемлекеттері ә қ ө ң ұ қ ңайбынды екендіктерін рпа ыны саналарына йып отырады. Демек, б дан шы атын ұ ғ ң құ ұ ғорытынды, мультфильмдер лтты ндылы тарымызды, салт-д ст рлерімізді, қ ұ қ құ қ ә ү

тарихымызды насихаттап, жас баланы санасына сі іретін бірден-бір рал.ң ң құ

Page 10: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

Ал біздің телерадио арналарымызды алыңыз, шетелдік анимациядан көз ашпайсыз. Тіпті интернет ойындар мен газет-журналдарды былай қойып, балалардың ойыншықтары мен киімдерін түгелдей шетелдік кино мен анимация кейіпкері жаулап алғанын байқаймыз. Олардың анимация кейіпкерлері жақсы жарнама арқасында өз елінде ғана емес, бүкіл әлемге тарап, үлкен сұранысқа ие болды. Өсіп келе жатқан ұрпағымыз бұдан ізгілікті тәрбие алмайтыны айдай анық. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршуі, мектептегі атыс-шабыс, өз-өзіне қол жұмсау сияқты келеңсіз жайттардың бәрі осы өнімдерді насихаттап келе жатқан «телеидеологиялық тәрбиенің» жемісі десек, жаңсақ айтқандық болмас. Шетелдік мультфильмдердің мазмұнына келсек, ойға қонымсыз, бала тұрмақ үлкен кісіні дұрыс ойдан адастыратынын байқаймыз. Соған қарамастан, олар әлемдік брендке айналған. Қазіргі жас ұрпақ «Тасбақа-ниндзялар», «Трансформер», «Мегамозг», «Халк», «Аватар» сияқты құбыжықтарды құрметтеп, солардың тәлім-тәрбиесімен өсіп келе жатқандығы баршамызды алаңда-тарлық жайт болуы керек.

Page 11: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

Қай-қайсысымыздың болмасын үйіміздегі бауырларымыздың бірі үстеріне жамылғы жамылып, «Черный плащ» бо-лып зыр жүгіріп, айғайлап жатса, бірі «Ниндзя-Черепаха» болып, қылышын сумаңдатып жатады, енді бірі «Супермен» болып, алқымыңнан алады, тағы бірі «Өрмекші адам» болып тыным таппайды. Мұның барлығы да бала тәрбиесіне үлкен кесірін тигізеді.

Page 12: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

№1 тәжірибе

«Тасбақа-ниндзялар» «Аватар»«Трансформер»

I. Балалардың атыс-шабысқа, төбелеске деген құмарлығы артады.II. Аяушылық,қайырымдылық,қамқорлық сияқты қасиеттерді ұмытады.III. Мультфилім қаһармандарына еліктеп биік жардан, терезеден немесе

этаждардан секіруге қорықпаймын деп, өздерін зақымдап алуы мүмкін.IV. Өзінен кішілерге, әлсіздерге күш көрсетіп, немесе өзгелерден батырсынып

қорғаймын деп еіктеушілік қабілеттерін көрсетуі мүмкін.V. Түстерінде ертегі кейіпкерлерін көріп,шошып оянатын балалар да көп.

Page 13: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

№2 т жірибеә

Барысы:

Алдаркөсе ертегілері мен мултфилімдерін тамашалау

Нәтиже: телеарнаны ашпасаңыз да алдыңыздан Алдардың киносы, не Алдардың мультфильмі шығады. Бұл қуантарлық жайт. Десек те, қазіргі Алдардың бейнесі Шәкен Айманов сомдаған парасатты, қу да болса, елдің қамын ойлаған, жарлының байда кеткен ақысын алып беру үшін түрлі айлаға баратын Алдардан мүлдем өзгеше. Бүгінгі Алдарда сол парасаттылықтан еш нәрсе қалмағандай. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі заманның нағыз алаяғы сияқты көрінеді. Сәби санасына да бұның кері әсері бары анық.

Page 14: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

№3 тәжірибе

«Том мен Джерриді» және «Ну, погодиді» салыстырайық.

Бұл мультфилімде қасқыр мен қоян бірде-дос бірде қас болып жүреді. Осыған қарап балалар бірін-бірі алдауды,сатып кетуді үйреніп алады.

Page 15: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

Сатқындық мәселесіне келсек, «Шректегі» құсты троль әйел өлең айтып жарып жіберетін, оның үш

жұмыртқасын қуырып жейтін немесе құрбақа мен жыланды шар қылып үрлеп ұшырып жіберетін эпизодты

бәріміз білеміз. Сонда бала санасында қоршаған орта мен табиғатты аялау керек деген ой қайдан пайда

болсын?

Page 16: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

Ал енді фантастикалық мультфильмдерді атамасам да, өздеріңіз көрген шығарсыздар. Бала тұрмақ өзіміз шошитын кездер де болып жатады. Осыдан бала бұзық, сотқар, жаны ашымайтын болып өседі. Төбелес пен соғыстан өзге ештеме көрмейді. Ал қарапайым кеңестік «Перевал» атты фантастикалық мультфильмінің өзінен баланың танымы кеңейіп, патриоттық сезімі ұлғаяды. әрине, барлық бала мультфильм көргенді ұнатады. Бірақ балаға ұнайтын нәрсенің бәрі пайдалы емес. Мысалы, балалар кішкентай кездерінде отпен ойнағанды, розеткаға саусақтарын тыққанды, мұрынға ине салғанды жақсы көретін. Бірақ сіз балаңызды ондай қауіп-қатерлерден сақтайтынсыз. Енді неге миллиондаған отандастарымыз балалары сапасыз мультфильмдер көргенде тыныш қана отыра береді?

Page 17: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

Қазір балаларды қызықтыру, назарын аудару қиын. Ал мультфильмдерде ұлттық мән-мағына аз. Ақиқатында батырларымыз туралы мультфильм жоқ. Кішкентай баладан Алпамыс кім деп сұрасаңыз, жауабын айта алмай мүдіреді. Бала біздің болашағымыз дейміз. Оны тәрбиелеуге келгенде енжармыз. Неге Қажымұқан туралы мультфильм жасамасқа? Оның балалық шағы, жеңістері туралы дүние түсірсек, балалар насихатсыз-ақ күреске барады.

Page 18: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі

Мультфильм – өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесінде аса қажет құралдардың бірі. Қазақ халқы өзінің бет бейнесі мен болмысын, ұлттық салт-дәстүрін, ұлттығын, өзінің ғасырлар бойы арман еткен Тәуелсіздігін болашақ ұрпағы арқылы ғана қорғай алады. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі қашанда алдыңғы орында болуы шарт. Сол себепті Қазақстан да мультфильм саласына мән бергені жөн. Өкінішке қарай, біздегі анимация жанры – қазіргі таңда өз шешімін таппай, кенжелеп қалған салаларымыздың бірі. Бірақ оны жандандыру кезек күттірмейтін мәселе. Өзіміздің Тазша балаларымыз бен алып Алпамысты, қайсар Қобыландыны көрсетіп, ұлдарымызды ұлтжандылыққа, қыздарымызды қылықты болуға үндеу қажет.

Page 19: Мультфилімнің бала өміріндегі рөлі