Жапониядағы Ислам!

27
Жапония Ниппон, Нихон (“Таң шапағы елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. өлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні). Ақша белгісі — иен.

description

Қазақ ғалымдары аса зерртей қоймаған, тіпті әлем ғалымдары аз зерттеген тақырыптардың бірі.

Transcript of Жапониядағы Ислам!

Page 1: Жапониядағы Ислам!

Жапония Ниппон, Нихон (“Таң шапағы елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері:

Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел.

Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны

сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды

және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. өлттық мерекесі 23 желтоқсан (император

Акихитоның туған күні). Ақша белгісі — иен.

Page 2: Жапониядағы Ислам!

Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі - Жапония болады. 19 ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады. Жапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда тұрады. Кеме тоқтайтын айлағы мен зауыттары самсаған қалалар жағаны бойлай бір-бірімен иін тіресе созылып жатыр. Қала шетінде суға бөккен көк күріш алқабы жайқалады. Жапонияның ішкерірек аумақтарында, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларын, сондай-ақ хауызы мен нақышты тас қондырғылары бар шағын саябақтарды, сұлтан қамалдарын, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ төбе ескі үйлерін көруге болады

Page 3: Жапониядағы Ислам!

Ислам сөзі – араб тілінен аударғанда «бас ию, табыну, тәжім ету» деген мағынаны білдіреді. Ислам және мұсылман сөздері бір түбірлес болып табылады. Ислам діні – монотеисттік дін. Ол бір Аллаға құлшылық етуге шақырады. Шынайы Ислам діні

жоғарғы мәдениет пен гуманисттік идеяларды насихаттайды.

Page 4: Жапониядағы Ислам!

Ислам дінін қабылдаған Митсурата Омар Ямаока 1909 жылы Абду Рашид Ибраһиммен бірге Меккеге және Мәдинаға қажылыққа барады. Сонымен қатар

Стамбулды да зиярат етеді. Митсурата Омар Ямаока қажылыққа барған ең алғашы жапондық мұсылман болып есептеледі.

Page 5: Жапониядағы Ислам!

Ислам дінінің бес парыздары немесе бес іргетасының бірі Қажылық(Шама-шарқы бар

адамға парыз).

Page 6: Жапониядағы Ислам!

Қажылыққа аттанған бақытты жапондық мұсылман Кубо

Page 7: Жапониядағы Ислам!

1965 жылы екінші Ислами ұйым – Жапон Ислам Орталығы құрылады. Бұл ұйым этникалық жапон мұсылмандарына арнаулы болады. Қос ұйым да Жапониядағы Исламның таралуына кітап, жорнал шығарумен қатар жас жапондық мұсылмандарды Ислам елдеріне тәлім алу мақсатында жіберу арқылы өз үлестерін қосқан. Жапон Ислам Орталығының құрылуы Ислам дінінің насихатымен айналысушы азаматтар үшін соңғы жүз жылда болмаған қуаныш еді. Осы уақытқа дейін Жапониядағы Ислам дінінің таралуына зор үлес қосқан Абдур Рашид ИбраҺим, Мұхаммед Баракатуллах, Норул Хасан Барлас сынды тұлғалар Жапония тұрғындары үшін жапон тіліндегі Ислами кітаптар шығатын және Ислам дініне шақыратын Орталықтың құрылуын армандаған еді.

Page 8: Жапониядағы Ислам!

Негізі 1938 жылы қаланған Токиодағы мешіт

Page 9: Жапониядағы Ислам!

Жапониядағы мешіттердің санына қатысты нақты статистика болмаса да, Жапония бойынша 30-40 шақты бір қабатты мешіттер мен 200-ден астам

мешіт типтес пәтерлер мен намазханалар және 100-ден астам Ислами ұйымдардың бар екені анық.

Page 10: Жапониядағы Ислам!

Кобедегі мешіт

Page 11: Жапониядағы Ислам!

Осы өмірде жолсерік болатын мұсылмандар үшін ең қымбат кітап – Қасиетті Құран Кәрім

Page 12: Жапониядағы Ислам!

Қасиетті Құран Кәрімнің аудармасына өмірінің он үш жылын арнаған Хаджи Омар Мита

Page 13: Жапониядағы Ислам!

1951 жыл, Хаджи Омар Мита бірінші қатарда, оң жақтан санағанда екінші

Page 14: Жапониядағы Ислам!

Омар Мита қасиетті Құран Кәрімді Сауд Арабиясының елшісі Дежаниға көрсетуде. Солдан оңға қарай: Осман Уеноя (Құран Кәрімді басып шығарушы, принтер), Әбу Бакір Моримото, Хаджи Омар Мита, Дежани және Сауд Арабиясындағы бұрынғы Жапония елшісі Хидежи Тамура.

Page 15: Жапониядағы Ислам!

Араб-жапон тілдеріндегі Құран Кәрім (әлі толық мақұлданбаған)

Page 16: Жапониядағы Ислам!

Жапониядағы мұсылмандардың тоқсан пайыздан астамы әйелдер. Олардың күйеулері мұсылман елдерінен келгендіктен, жапон әйелдері де Ислам дінін

түсініп, мұсылман болуды қалап жатыр. Десек те, толыққанды Ислами өмірді көре алмауда.

Page 17: Жапониядағы Ислам!

Жапонияда халал тағам табу мұсылмандар үшін ең басты мәселелердің бірі.

Page 18: Жапониядағы Ислам!

Жапониядағы мұсылман қауымы үшін қаза болған жандарды жерлеу мәселесі қиын болды. Әсіресе қайтыс болған адамдардың саны күрт өсіп кеткен кезде оларды жерлеуге жер тапшы болды. Кейбір ақпарат бойынша Энзандағы мазаратқа бір

адамды жерлеу үшін он бес мың АҚШ доллары қажет болатын.

Page 19: Жапониядағы Ислам!

Әрине мұндай қаржыны қарапайым мұсылманның қалтасы көтере бермейтіндіктен, оны Жапон Мұсылмандар Ассоциациясы көтерді. Сол себепті Жапониядағы мұсылман қауымы қаза болған

мұсылмандарды тегін жерлеу үшін Токионың маңынан жер сатып алу мақсатында қайырымдылық жинай бастады. Айта кететін жайт, Фахд Ибн Абдул Азиз жеті жүз мың АҚШ доллары көлемінде

қаржылай көмек көрсеткен еді.

Page 20: Жапониядағы Ислам!

Сатып алынған жерге қатысты комитет мүшелері мен оның президенті пәкістандық бизнесмен Миан Афтаб және Иокогамадағы өзге де мұсылман

бизнесмендер бұл жерді Жапон Ислам Орталығына табыстайды. Себебі мемлекетте ресми түрде тіркелген діни ұйым тек осы ұйым болатын.

Сонымен қатар, тек аталмыш ұйым ғана ресми түрде сол жерді мазарат есебінде пайдалануға рұқсат ала алатын еді.

Page 21: Жапониядағы Ислам!

Жапон Ислам Орталығы атақты жапондық мұсылман Мұхаммед Сауаданың басқаруымен қырық үш жапондық әйел мен еркекті әр мұсылманның арманы қажылыққа жібереді. Аталмыш қырық үш жапондық әйел мен ерлер қажылыққа Шейх Ниметуллах Юрт және Абдур Рахман Сыддықпен бірге барады. Сондай-ақ, 1999 жылы да ірі

қажылық сапары іске асады. Кеңестің ұйымдастырған соңғы қажылық саяхаты Абдул Азиз Ибн Фахд Абдул Азиз Әл-Саудтың қолдауымен болған еді. 2008 жылы екі жүз жапондық өз қаржысына қажылыққа аттанады.

Page 22: Жапониядағы Ислам!

Жапонияда тұрып жатқан шетелдік мұсылмандардың 2011 жылғы статистикасы

Page 23: Жапониядағы Ислам!

Жапониядағы бес мұсылман мемелекеттердің азаматтары

Page 24: Жапониядағы Ислам!

Жапониядағы мешіттердің салыну кезеңдері

Page 25: Жапониядағы Ислам!

Жапониядағы мешіттер тізімі

Page 26: Жапониядағы Ислам!

Бүгінде Жапонияда Ислам дінінің насихаты бірқатар ұйымдар мен мешіттердің тарапынан жүйелі түрде

жүргізілуде.

Page 27: Жапониядағы Ислам!

DONE BYALMANOV YERKEBULAN