Ислам дүниесі мәдениетінің дамуы

28
Ислам дүниесі мәдениетінің дамуы

description

Ислам дүниесі мәдениетінің дамуы. Тақырыбы: Ислам дүниесі мәдениетінің дамуы Мақсаты: 1. Оқушыларды әлемдік діндер мен оның ішіндегі ислам дінінің пайда болуы , таралуы және осы ілімнің қазіргі қоғамдағы рөлімен таныстыру - PowerPoint PPT Presentation

Transcript of Ислам дүниесі мәдениетінің дамуы

Page 2: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

• Тақырыбы: Ислам дүниесі мәдениетінің дамуы• Мақсаты:   1. Оқушыларды әлемдік діндер мен оның

ішіндегі ислам дінінің пайда болуы, таралуы және осы ілімнің қазіргі қоғамдағы рөлімен таныстыру

• 2. Діннің түпкі мақсаты адамзатты билікке, мәдениеттілікке, өркениеттілікке, имандылыққа шақыру екендігін әңгімелей отырып тәрбиелеу

•  3. Оқушылардың бойында гуманистік дүниетаным негіздерін, рухани- адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру

Page 3: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

Араб тайпаларының бірігуіне жаңа дін - ислам діні жәрдемін тигізді. Ислам дінінің негізін

қалаушы - Мекке қаласының тұрғыны Мұхаммед пайғамбар. Жетімдік тауқыметін

көп тартқан Мұхаммед пайғамбар өз талабының арқасында іс басқарушы қызметіне

ілігеді. Өздігінен біркатар діни және саяси ілімдермен танысады. Меккедегі бай саудагер

әйел Қадишаға (Хадиджа) үйлену аркылы өзінің түпкі арманы - діни-этикалық

мәселелермен айналысуға мүмкіндік алады.

Page 4: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы
Page 5: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

Құран Кәрім.• Аңызда көп уақытын Хира тауында (Мекке маңы) өткізіп жүрген

Мұхаммед пайғамбарке көктен Алла тағала бүкіл адам баласына тура жол көрсету үшін Құран түсіреді. Құранды Мұхаммед пайғамбарке табыс еткен Жебірейіл періште оған Алла атынан өз отандастарына жаратушының әмірін жеткізуді жүктейді. Мұхаммед пайғамбар бір ғана құдіретті Алладан басқа кұдай жоқ деп пайымдады, ал өзін «құдайдың өкілі» - пайғамбармын деп атады. Ол арабтарды өзара жауласуды қойып, бір дінді қабылдап, бірлікте өмір сүруге шақырды. Ислам дінін уағыздады.

• 630 жылы араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдап, Мұхаммед пайғамбар билігін мойындады. Арабтар жаулап алушылығының нәтижесінде ислам діні әлемдік дінге айналды. Халықтың көбі Меккені ислам дінінің орталығы деп таныды. Қағба тасы тұрған жер исламның қасиетті орнына айналды. Сауд Арабиясы еліндегі ислам дінінің орталығы Мекке қаласына барып қайтқандар Алланың құлы «қажы» атағын алады. Ислам деген сөз құдайға бағыну дегенді білдіреді. Мусылмандардың қасиетті кітабы - Құран (арабшадан аударғанда «оку» деген сөз).

Page 8: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

Ислам мәдениеті

• Ислам мәдениеті — зайырлы академиктердің арасында тарихи мұсылман саналатын халықтарға ортақ мәдениетті сипаттауға қолданылатын термин. Бастапқыда Ислам діні тарала басталғанда негізінен араб мәдениетінің әсерінде болып, артынан Ислам дінін басқа халықтардың қабылдауына байланысты сол халықтардың мәдениетіне әсер етіп, солармен ассимиляцияға ұшырайды.

Page 9: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

Ислам мәдениеті

• Өнер• Каллиграфия · Миниатюра · Кілемдер

Орта Азиялық миниатюра мектебіТебриз миниатюра мектебіҮндістандағы ерте ислам өнеріҰлы моғолдар кезеңінің өнері

• Киім әдебі• Абайя ·Иқал ·Боубоу

Бурқа ·Чадра · ДжаләбияНиқаб ·Шалбар қамис ·СонгкокТақия · Куфия ·СәубДжильбаб ·Хиджаб ·Феска

Page 10: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

Ислам мәдениеті

• Мейрамдар• Ашура ·Ораза айт ·Құрбан айт

Қадір түні ·Мәулид ·Рамазан• Әдебиет• Араб ·Әзірбайжандық ·Бенгалдық

Индонезиялық · Явалық ·КашмирлықКүрд ·Малай ·Парсы ·Пенджаб ·СиндСомалилық ·Түрік ·Қазақ ·Урду

•  Ислам порталық · т · ө

Page 11: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

“Адамның ең басты көркі білім”

• Халифатта математика, астрономия, география ғылымдары дамыды. Бағдат қаласында үлкен кітапхана жұмыс істеді.

Page 12: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

II ғасырда европаландырылған арабтілді философияының қалыптасуына үлес қосқан философтар:

Әл КиндиӘл ФарабиИбн Сина(Авицина)Ибн Рушд(Аверроэс)

1. Медицина мен жаратылыстану саласындағы жаңалықтар нәтижесінде материалистік идеалардың күшеюі;

2.Ежелгігрек философиялық идеаларының енуі нәтижесінде араб философиясына айналуы;

IX ғасырда араб мәдениетінің жаңа, II кезеңі басталады

Page 13: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

Әл Кинди(800-879)

Араб философиясын европаландыруға алғашқы қадам жасаған алғашқы ойшыл. Бірінші болып арабтарғаежелгі грек философиясын, Аристотельді ашты. Аристотель философиясының әдісімен категориялар ұғымы, логика, таным туралы ілім, т.б материалистік идеалар жетті. Сонымен қатар, Әл Кинди өз заман үшін ревалюциялық мәні бар идеаны – адам ақылының дүниені тани алатының жариялады және ғылыми танымның ақиқат білімге апаратын үш сатысын жіктеді:

1. Логикалық материалистік2. Ғылыми жаратылыстық3. метафизикалық(философиялық) Әл Кинди пікірінше, ақыл ғана таным көзі бола алады.

Әл Фараби(870-950)

Әбу Насыр Әл-Фараби ( الفارابي محمد نصر арабшасы)Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ أبوәл-Фараби(870-950ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді»

Ибн Сина(980-1037)

Араб философиясын жаңа деңгейге көтерген ойшыл. Ибн Сина:

1. Мұсылман теологтарының біржақтылығын, догматизм әжуалады.2. Философияны діннен ажыратуға тырысты3. Философия адам ақылының жетістіктерін жүйелейтін дербес ғылым деп есептеді4. Философиялық идеаларды жаратылыстаным ғылымының, өзінің медициналық

жаңалықтарын енгізді5. Құдайдың бар екенін мойындағанымен, оның құдіретінің шексіздігіне күмән келтірді.

Ибн Рушд(1126-1198)

Араб философтарының ішіндегі Европаға танымалы арі ең әйгілісі болды.Ибн Рушд мұсылмандық Испанияда өмір сүрді және батысараб-европалық философия өкіліне айналды. Ол Европаға кең тарап, католицизм мен схоластикаға қарсы шыққан аверроистік философияны жасады.Ибн Рушд философиясы материалистік негізде және араб философиясының озық ойларымен жүйеленіп, өңделген Аристотель ілімінің синтезі түрінде қалыптасты.

Page 14: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

Түрік тілдес философияның қалыптасуы.

Ақынның «Құтты білік» поэмасынан басқа жазған көптеген рубаилары да болған. Мысалы, Наманган қолжазбаларының ішінен оның 600 жолдан астам рубаилары табылған. Олардың да поэзиялық көркемдігі жоғары, философиялық толғамдары терең.

Негізгі еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») деп аталады. Сөздікте ерекше тәлімдік-тәрбиелік, ғибарттық мәні бар мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер жиі кездеседі: «Ақылымды ал, ұлым менің, рақымшыл бол, әулетіңнің ағасы бол, ақылшы данасы бол, білгеніңді ортақтас…» , «Ұлым менің, ақыл сенің серігің», «Ашу-ыза ақылыңды алады, мажыма мылжың дүниеңді тарылтады».

Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.

Қожа Ахмет Йассауи– түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидың арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.

Page 15: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

Араб мемлекеттері

• Араб мемлекеттері - Египет, Сирия, Палестина байырғы, мәдениеті жоғары елдер еді. Бұл елдерде араб тілі кеңінен тарады. Барлық халифат жерінде мектеп-медреселер ашылып, оқу араб тілінде жүргізілді. Мемлекеттік тіл араб тілі болды. Мектептерде Құранды оқытуға басты назар аударылды. Ислам діні рухани қазынаның көзіне айналды. Қолөнер жоғары деңгейде дамыды. Макта мен жүннен жеңіл және жоғары сапалы, мықты маталар тоқылды. Ирандық кілем тоқушы шеберлердің даңқы дүние жүзіне белгілі болды. Сирияда ашық түсті жібек маталар, шыны ыдыстар өндірілді. Дамаск (Шам шаһары) қаласында қару-жарақ жасалды. Олар жасаған семсер, қылыш пен сауыт шет елдерде жоғары бағаланды.

Page 16: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

Араб мемлекеттері

• Араб мемлекеттері - Египет, Сирия, Палестина байырғы, мәдениеті жоғары елдер еді. Бұл елдерде араб тілі кеңінен тарады. Барлық халифат жерінде мектеп-медреселер ашылып, оқу араб тілінде жүргізілді. Мемлекеттік тіл араб тілі болды. Мектептерде Құранды оқытуға басты назар аударылды. Ислам діні рухани қазынаның көзіне айналды. Қолөнер жоғары деңгейде дамыды. Макта мен жүннен жеңіл және жоғары сапалы, мықты маталар тоқылды. Ирандық кілем тоқушы шеберлердің даңқы дүние жүзіне белгілі болды. Сирияда ашық түсті жібек маталар, шыны ыдыстар өндірілді. Дамаск (Шам шаһары) қаласында қару-жарақ жасалды. Олар жасаған семсер, қылыш пен сауыт шет елдерде жоғары бағаланды.

Page 17: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

Араб мемлекеттері

• Араб көпестері сауданы кеңінен өрістетті. Олар шөл далалар мен биік тау асуларын басып өтіп, Қытайдан жібек пен ыдыс-аяқ тасыды. Теңіз жолдарын пайдаланып, Үндістаннан маталар мен асыл тастар әкелді. Араб көпестері Батыс Еуропа мен Еділ жағалауларында да жиі болып отырды. Қазақстан мен Орта Азия елдеріне келіп, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларда сауданың дамуына ықпал жасады.

Page 18: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

ері

Page 19: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

Палестина

• Палестина мемлекеті, Батыс Азияда орналасқан. Жер аумағы 6,2 мың км². Халқы 2,1 млн. (1995). Тұрғындары арабтар меневрей қоныстанушылары. Ресми тілі – араб тілі. Мемлекет билігі Уақытша әкімшілік қолында. Әкімшілік орталығы – Ромула. Діні– сүнниттік ислам мен иудаизм.

• Палестина жерлері Жерорта теңізінің шығыс жағалауын алып жатыр. Жері таулы, үстіртті. Климаты ыстық, жерортатеңіздік. Жазы құрғақ, қысы жылы, жаңбырлы. Шөлден ыстық, құрғақ “хамсин” желі соғады. Орташа температурасы жазда 27 – 30ӘС, қаңтарда 7 – 12ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшемі 500 мм. Оңтүстігіне қарай кесіп өтетін Иордан өзені Өлі теңізге құяды. Табиғаты өте жұтаң. Кішірек ағаштар мен бұталар ғана өседі.

Page 20: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

Ислам дүниесі мәдениетінің дамуы

Page 21: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

Палестина

• Араб сәулет өнерінің үздік туындылары адамзатты күні бүгінге дейін таңғалдыруда. Араб сәулетшілері тамаша сарайлар, мазарлар мен қамалдар, мешіттер салды. Мысалы, Иерусалимдегі VIII ғасырдың аяғында салынған атақты Омар мешіті сәулет өнерінің озық туындыларының бірі болып саналады.

Page 22: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

әл-Ақса мешіті

Page 23: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

әл-Ақса мешіті Масжид әл-Ақса, Масджид ул-Ақса, әл-Ақса мешіті (арабша: االقصى -al المسجد

Masjid al-Aqsa, Үлгі:IPA-ar, — тым шалғайдағығибадатхана) — “Масжид ул-Харамнан” кейін Құдыс (Иерусалим) қ-нда салынған ең алғашқы мешіт.[1]

• Қасиетті жердегі мешіт пен оңтүстіктегі керегесімен• Мешіт күмбезі 1982 жылы. Алюминийден жасалған (бірақ күміс сияқты

көрінген), бірақ бастапқы қоғасынды материалмен қайта жамылған1983 жылы

• Салах ад-Дин мінбері есігі, 1900 жылдар. мінбар Нұр әл-Дин бұйрығымен жасалған, бірақ Салах ад-Дин орнатқан

• Әл-Ақса мешітінің іргетасын Дәуіт Пайғамбар (ғ.с.) қалаған, құрылысты аяқтау үшін Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) Финикиядансәулетшілер алдыртқан. Пайғамбар хадисінде мешіт құрылысына жындар да жегіліп, жеті жылда салынып біткен делінген. Әл-Ақсаны Ассирия әміршісі талқандап, парсы патшасы Кейқұсрау қалпына келтірді.

• Б. заманымыздың 70-жылдары римдіктер қайтадан қиратып, 123 жылы Византия патшасы қайта жөндеді.

Page 24: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

әл-Ақса мешіті

• Мешіт әл-Ақсаның шынайы мәртебеге ие болуы ислам дінімен тікелей байланысты. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) хадисінде зиярат етуге болатын үш мешіттің бірі ретінде аталған Масжид әл-Ақса (һижра бойынша 16 жылға дейін) мұсылмандар үшін құбыла саналды. Құран Кәрімнің “әл-Ісра” сүресінде Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) миғраж түні Мешіт әл-Ақсаға барып, намаз оқығандығы жайлы айтылады. Әл-Уәлид тұсында (705 —715) мешіт зәулім ғимаратпен алмастырылды, көп ұзамай (780) зілзаладан зардап шеккен ғимаратты Әбу Жапар Мансұр мен Мәһди бин Мансұр халифалар қайта қалпына келтірді. Мешіттің көл. 105 70 м, оңт. қабырғасы әл-Харам аш-Шарифпен жапсарласқан. Масжид әл-Ақса 12 ғасырдың басында король сарайы болды,1128 жылы Балдуин ІІ оның бір бөлігін рыцар орденіне сыйға тартты. Жөндеу жұмыстары кезінде ғимарат көп өзгеріске ұшырамай, бастапқы қалпын сақтаған.

• Масжид әл-Ақса орналасқан мекен қазір Израиль мемлекетінің аумағында. 1988 жылы Израиль әскері Ақса мешітін басып алған.

Page 25: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

Египет

• Египет − Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елдерінің бірі. Оның бір бөігі−Синай аралы Азияда орналасқан. Астанасы - Каир

Page 26: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

Египет

• Елдегі халықтың барлығы араб тілінің египеттік диалектісінде сөйлейтін араб-египеттіктер болып табылады. Египеттіктердің басым көпшілігі дінді терең ұстанады. Олардың 90%-ға жуығы мұсылман-сунниттер. Қалған барлық египеттіктер христиандар.

• Египеттіктердің мұсылман дінін ұстануы олардың өмір сүру үрдістерін айқындайды. Күніне бес мәрте мешіттерде халықты намаз оқуға шақырады, ал рамазан айында түн күнге айналып, күні бойы мұсылмандар ораза ұстайды. Бұл уақытта қоғамдық өмір бәсеңдейді, мемлекеттік мекемелер тек сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін ғана жұмыс жасайды.

Page 27: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

Сирия

• Сирия — Батыс Азиядағы мемлекет, Таяу Шығыс елдерінің бірі. Жер аумағы 185,2 мың км2, астанасы — Дамаск қаласы. Мемлекет басшысы — президент, үкімет басшысы — премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы — Халық кеңесі (бір палаталы парламент). Әкімшілік жағынан 14 мухафазға (провинцияға) бөлінеді. Ақша бірлігі — Сирия фунты. 1945 жылдан БҰҰ-ның, Араб мемлекеттері лигасының мүшесі.

Page 28: Ислам  дүниесі мәдениетінің дамуы

Назар салғандарыңызға

рахмет!!!