±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың...

383
±V£ - WVtfV WD 3 VWOcbMdVd

Transcript of ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың...

Page 1: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

±V£ - WVtfV

W D 3 V W O cb M d V d

Page 2: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОАЛА ЕСІМ

АДАМ-3 ATФилософиялық эсселер кітабы

Астана, 2008

Page 3: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

УДК 1 (094) (574)ББК 87 Е 97

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бағдарламасы бойынша шығарылды

f - ■■ • ^ ' ■’ * ' IЕсім Ғарифолла

Е 87 Адам-зат. - Астана: Ақарман, 2008. - 382 бет.

ISBN 978-601-7185-00-8

Белгілі философ, жазушы Ғарифолла Есімнің эссе- лер кітабында қазақ тіліндегі философиялық лексикаға түсініктемелер жасалған. Кітаптың бірінші бөлімінде адам- заттың сегіз жуйесіне қатысты тән, жан, нәпсі, ақыл, көңіл, рух, ар және тылсым үғымдарына талдау жасағаны отандық философиялық ойлау мәдениетіндегі тың жаңалық. Кітаптың екінші бөлімі халық дүниетанымында жиі қолданылатын философиялық лексикаға арналған. Бұл еңбектің ерекшелігі, адам-зат болмысына қатысты онтология, философиялық эссе жанрында баяндалған.

Кітап студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, жалпы философиялық мәселелерге ынтасы бар қалың журтшылыққа арналған.

УДК 1 (094) (574)р Q301020000 ББК 87

00 (05) - 09

ISBN 978-601-7185-00-8 ©ЕсімҒарифолла, 2008

Page 4: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

АЛҒЫСӨЗ

/"дам болмысы туралы мэдениет тарихында қандайілім.концепцияларболмадыдесеңші.

Ежелгі Үнді, Қытай, Грек фалсафасында, одан бергіде араб елдерінде, нақтылы айтсақ, мұсылман фалсафа­сында, Жаңа заман философиясында, кешегі әлемнің жартысында үстемдік етіп, жаңа «дінге» айналған маркстік-лениндік ілім ауқымында заманына орай адам туралы көптеген ойлар айтылды.

Кеңес заманында ежелгі дүниеден кепе жатқан «бар және жоқтың өлшемі - адам» деген қағида жойылып, дүниетанымның басты өлшеушісі әлеуметтік-саяси жағдай болғанда, адамды негізінен екі-ақ арнаға са- лып қарастырған едік, олар: табиғи-биологиялық және әлеуметтік-таптықболмысы. Осы методология негізінде көптеген кітаптар жазылды, әдебиет пен өнерді түсінуде де осы қағида негізге алынды. Қүдайға шүкір, ол заман да тарихтың «архивіне» айналып артта қалды.

Қолыңызға алғалы отырған кітапта, қадірлі оқырман, адам табиғатына қатысты түсінік, ұғымдарды тілге тиек еттім. Менің түсінігімде адам болмысына қатысты мы- нандай сегіз жүйе бар, олар: тән жүйесі, жан жүйесі, нәпсі жүйесі, ақыл жүйесі, көңіл жүйесі, рух жүйесі, ар жүйесі, тылсым жүйесі. Кітапта осы аталған жүйелерге қатысты ойларымды баян еттім.

Кітаптың «Адам-зат» аталуы туралы бірер сөз. Адам және адам-зат деген ұғымдарды жеке-жеке, дер- бес мәндерінде түсінемін. Адам деген идея, ол реал- ды шындық емес. Адам-зат деп отырғаным адам де­ген идеяның заттық қасиетке ие болатын көрінісі. Араб тіліндегі философияда (фалсафада) және сопылық дүниетанымдағы әдебиеттерде субстанцияны «зат»

Page 5: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

- дейді. Ояардың зат дегені материалдық және руха- ни қасиеттер тұтастығын білдіретін ұғым. Осы мәнде, Адам-зат дегенде оның таза заттық қасиеттерімен қоса (тәні, нәпсісі), оның рухани қасиеттерін (ақылы, рухы, көңілі, жаны, ары) бірге айтамын. Бұл нақтылы өмір сүріп жатқандарға ғана қатысты айтылған мәселелер, яғни Адам-зат туралы әңгіме осы жалған дүниедегі адам болмысы туралы сөз. Абай кезінде «ғұмырдың өзі хақиқат» деген. Біз білетін, білгіміз келетін ақиқат, осы дүниенің санасы.

Кітапқа енген эсселер әлдекімдерге үқсау, не еліктеу үлгісінде жазылмаған, ой тәуелсіздігінен туған дүниелер. Сондьщтан олардың қайбірі оқырманға ұнауы не ұнамауы немесе түсінікті не түсініксіз болуы мүмкін. Шығарма түсінікті болуымен емес, ой қозғауымен бағаланбақ деген ниеттемін, қадірлі тәуелсіз оқырман.

Ескертпе: Бұл философиялық эсселердің басым көпшілігінде Жаратушы деген идеяны тек мойындап қана қойғаным жоқ, сол идея негізінде өз ойларыма epic алдым. Бүл мәселенің бір жағы, оның екінші жағы- аңыздардағы идеяларды сананың онтологиялық мәндегі (біздің болмысымыздан тыс) шындығы деп қабылдайтындығымда. Аңыздардағы идея шындығы өткінші өмір шындығына қарағанда әлдеқайда рас де­ген пікірдемін.

Автор

Page 6: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани
Page 7: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛАА ЕСІМ

АДАМ ЖӘНЕ АДАМ-ЗАТ ТАРИХЫ

(Кіріспе)

/^дам-зат тарихын иудей, христиан, ис- лам діндері және соларға сай аңыздар

Адам Атадан бастайды. Демек, адам-заттың Адам Атаға дейінгі тарихы болмаған. Адам Атаға дейінгі та- рих туралы дерек жоқ. Ғылымда бұл мәселе гипоте­за төңірегінде. Сондықтан біз, адам кенеттен пайда болған деген тұжырымға айналып соға береміз. Оны- мыз да дәрменсіздік белгісі. Адам бір заманда өзінен- өзі пайда болған, не оны бір Қүдірет жаратқан, Адам- зат тарихы дегендегі бар білетініміз осы. Бірақ, бұл да соншама місе түтпайтын аз білім емес. Адамның пайда болғанын (ездігінен) не жаратылғанын мойын- дау - аса күрделі мәселені анықтау, бұл істе Владимир Вернадскийдің Реди принципі еске түседі. Бұл қағида бойынша «тіршіліктің бәрі тіршіліктен» деген тұжырым жасалған. Адам-зат тарихының басталуы - шындық, ол рас болған іс, оның нақтылығы болғандығында. Растың растығы, оныңақиқаттығында. Міне, осылай ой өрбітсек, адам-зат тарихының басталуы тек қана мифтік немесе діни қағида емес - шындық. Оның дәлелі Адам Атаның жаратылуы. Осы тұсқа жеткенде мынандай сүрақ туа- ды. Адам Ата жаратылғанға дейін Адам туралы тарих болған ба?

Мәселенің басын ашып алу үшін, сірә, біз екі тарихтың болғанын мойындауымыз керек шығар: адам тарихы және адам-зат тарихы. Соңғысы Адам Ата

Page 8: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

жаратылғанынан басталады, яғни тән мен жанның бірлігі. Адам тарихына келеек, Адам Ата жаратылғанға дейін адамның тәні туралы сөз жоқ, ол тек рух ретіндегі мүмкіндік болған. Адамның жаны, рухы болғанымен, тәні, яғни заттық табиғаты болмаған.

Адам Атаға дейін адам туралы қандай шындық болған, не рас болған дегенге келсек, оған дейін адам туралы идея болғанын мойындамасқа амал жоқ. Адам туралы идея шындық ретінде, нақтылы тән-жаны бар тіршілік иесіне дейін болған. Соның нәтижесі болып Адам Ата пайда болған, не жаратылған, яғни адам ту­ралы идеядан адам-зат тарихы бастау алған, демек адам тарихы адам-зат тарихынан бұрын басталған бо- лыл шығады. Сонымен, адам тарихы адам туралы иде­ядан, ал адам-зат тарихы Адам Атадан басталмақ.

Осыдан бергі уақытта адам жэне адам-зат деген бір ұғымға айналып, олардың арасындағы тарихи және табиғиайырмашылықтарынкөпжағдайлардаесепкеала бермейміз. Бірақ, адам болмысын толығырақ зерттей бастағанда, олардың екі түрлі мәнде қолданылатынын мойындауымызға тура келеді. Абай «өлсе өлер табиғат, адам өлмес», - дегенінде адамның заттық табиғатының жойылып, оның рухани болмысының мәңгілігін айтқан. Мәңгі өлмейтін адамның идеядағы шындығы, олар: ақыл мен жан. Адамның идеялық шындығы ақылмен түсіндірілмейтін оның тылсымдық болмысы.

Адам туралы идея адам-зат тарихын танудың кілті. Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани және заттық болып бөлінеді. Нақтылы адам-заттықөлшем болса, оныңдүниеге келуі мен тууы дүниеден қайтуымен (елімі) анықталмақ. Адам-заттың қысқа ғүмыры, оның өзін-өзі тануға мүмкіндік бермейді. Мүмкін, адам осы қысқа ғұмырда

Page 9: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

біраз нәрсеяерге қанық болар еді, егер оның жасының көп мөлшері сәбилік, балалық дәуірлерге және біраз мөлшері қариялыққа кетпесе. Адам еркіндігіне түсау тек туу мен өлу ғана емес, оның сәби-балалығы және қуат кеміген қариялығы. Бұл адамның еркін шектеуші жағдайлары.

Адам-зат тарихы дегенге тағы қосарым, оның тәні өлгенімен, жанының мәңгілігі. Мәңгілік жанның өзіне тән тарихы жоқ деп қалай айта аламыз. Егер жан мәңгілік болса, ол қандай формада өмір сүрмек. Дантенің «Құдіретті комедиясында» тамұққа түскендер жан өлімін аңсауда. Демек, тән өлімімен бірге жан өлімінің болғаны. Алайда, жан өлімі адамға қатысты емес, ол тылсым күшке байланысты. Бұл идеяны Данте қайдан алып отыр. Әлде, ол бос қиял ма? Ойлану керек!

Адам-зат болмысына қатысты, меніңше сегіз жүйе бар, олар: тән жүйесі, жан жүйесі, нәпсі жүйесі, ақыл жүйесі, көңіл жүйесі, рух жүйесі, ар жүйесі, тылсым жүйесі.

Page 10: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

тәнч -. ; '

Мақсатсыз бітквнтән бар ма?Шәкәрім.

т щәнжүйесі. Жанға қарағанда тән жүйесі тура- 4 1 ^ лы сөз анық. Тән нақтылы бар болмыс. Оны

тануға мүмкіндік толық. Тәнді көреміз, сеземіз, соның нәтижесінде неше түрлі өлшемдерге саламыз. Мен тән дегенде адамның дене құрылымын айтып отырмын, Шәкәрімнің айтуынша, дене - жанның киімі, тұрағы. Яғни дене жансыз болмақ емес және де тән дегенде, оның тіршілік қалпындағы болмысын айтамыз, тәннің жансыз қалпы қызықты әңгіме емес. Тегінде тән деген жаннан айрылған соң, өзінің субстанцияналдық халін жоғалтады, оның тән атанып, мәселе болуы жанның тұрағы болып, тіршілік иелігіне қатыстығында.Тән ты- нысы - нәпсіде. Тән нәпсісіз болмайды, сондықтан тәнді анығында нәпсіден бөлек қарастыру мүмкін емес, тән туралы жеке сөз етіп отырғаным, түсінік үшін, ар- найы қолданылып отырған шартты тәсіл. Тән бол­мысына тоқталсақ, біріншіден, оның заттық сипатын мойындаймыз. Тәннің бұл қасиетін медицина, био­логия сияқты ғылымдар зерттейді. Бұл мәнде тән бар болмыстың моделі, олай дейтініміз, қандай болмасын тән құрамында дүниеде бар химиялық элементтердің бәрі бар. Мұндай әлемдік түтастық тәннің басты сапа- сы. Осыдан барып адам тәні жерден жаралып, кейін одан жан кеткенде қайтадан жерге оралады деген табиғи түсінік қалыптасқан. Бұл рас, оны ғылымдар да дәлелдеген. Тән мен заттық дүниенің тұтастығы үнемі сақталу үшін тән сырттан әмәнда қорек алып, одан өз қажетіне алатынын алып, қалғанын сыртқа шығарып оты-

Page 11: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛАА ЕСІМ

10

рады. Мұны биологияда зат алмасу үрдісі деп атайды. Ол жойылса тән өзімен-өзі болудан қалып, жаннан ай- рылып, нәпсісін мүлдем тыйып алады, оны біз әдетте «өлім» деген ұғыммен бейнелейміз.

Екінші, тәннің пайда болуы туралы мәселе. Бұл мәселе төңірегінде ілімдер көп, бірақ дені ғылымда мәлім болған. Анықталмаған мәселе, ол тәннің алғашқы баста пайда болуы. Әңгіме тәннің (дененің) тегі тура­лы. Бұл мәселені қарапайым етіп түсіндіру үшін мына бір тәсілді қолданайық. Әдетте айтып жатамыз, осы жұмыртқа бұрын болған ба, әлде тауық бұрын болған ба - деп. Жұмыртқалайтын, әрине, тауық, демек тауық жұмыртқаға қарағанда мерзімі жағынан бурын, бірақбұл істің екінші жағы бар, ол әрбір тауықтың өзі жұмыртқадан өсіп-өсіп шыққан, бұл мәнде жұмыртқа тауықтан ілгері мерзімде болған. Сол сияқты адам тәнінің пайда болуы да түсініксіз. Ч.Дарвин ілімі бойынша, тән эволюциялық жолмен жетілген, дінде тән жаратылған, не жаратқан. Екеуінің де дәлелдері нақтылы емес. Сондықтан адам тәнінің пайда болуы өте даулы мәселе. Тән үрық күйінде өзге планеталардан келген деген де жорамал бар. Адам тәні нақтылы былайша пайда болды дегендердің айқын ғылыми дәлелдері жоқ, ал гипотезалар (бол- жамдар) көп. Эр гипотеза айтушы осы мәселені өзінше ғылыми негізде дәлелдемек болып әуреленуде немесе дәлелдедім деп қорытынды жасауда, алайда оның бәрі жорамалдан аспайды. Сірә, мәселенің осылай болуы тән болмысының мәні болса керек. Егер біз тәннің қалай болғанын біліп алсақ, оны тән емес күйге ауыстыруға әуреленіл, әбден адам айтпас қылыққа барар едік. Қазірдің өзінде тән табиғатын өзгертуде, оны клондауға, тағы басқа әрекеттерге салынып отырғанымыз жоқ па? Ғылым тәннің заттық табиғатын, оның қүрылымын білуі

Page 12: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

мүмкін болғанымен, оның жанмен, нәпсімен бірлігін тани алмақ емес.

Үшіншіден, тәнніңтабиғи реттілігі (гармониясы) тура­лы мәселе. Абай адам тәнінің (дене бітімінің) соншама келістілігін мойындай отырып, Жаратушы шеберлігіне бас иген. Осы шеберлікке бас ию арқылы Абай қүдайға құлшылықтың мәнін түсіндірген.

Абай жиырма жетінші сөзінде шеберліктің екі түріне тоқталған, бірінші «жансыз, ақылсыз, құр пішінді жасайтұғын суретші», екінші «жан иесі, ақыл иесі адам- ды жаратушы» шебер. Біз осы екі шебердің қайсысына бас июіміз керек, әрине, хикмет иесі Жаратушыға. Себебі, суретші бар нәрсені бейнелеуде, ал Жара­тушы адам тәнін ерекше бір даналықпен жаратқан. Абай айтады: «Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік? Ол көз өзі нәзіктігінен керегіне қарай ашып, жауып тұруы үшін қабақ беріпті. Жел- ден, ұшқыннан қаға беруі үшін кірпік беріпті. Маңдай теріні көзден қағып тұруға керек болғандығынан, басқа тағы керегі бар қылып қас беріпті. Құлақ болмаса, не қаңғыр, не дүңгір, дауыс, жақсы үн, күй, ән - ешбірінен ләззаттанып хабар ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді. Тандай, тіл дәм білмесе, дүниеде не тәтті, не қатты, не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік?

Көзді, мұрынды ауызға жақын жаратыпты, ішіп- жеген асымыздың тазалығын керіп, иісін біліп, ішіп- жесін деп. Бізге керегі бар болса да, жиіркенерлік жері бар тесіктерді бұл бастағы ғазиз (қадірлі, сүйікті) білімді жерімізден алыс апарып тесілті» (Абай. Алматы «Жа- зушы», 1995. 2-т., 178-179-66.).

Page 13: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

12

Тән өзінің табиғатынан келісті, оның әр мүшесі тек өзіне арнайы қызметті атқаруымен бірге, тәннің ажырамас бөлшектері. Дене мүшелерінің бірінсіз-бірі жоқ, оны ғылыми тілде жүйке жүйесі деп атайды. Тән бойындағы толассыз қан тамырларының соғып тұруы тіршіліктің негізі, жанның көріну формасы. Тән қуаты жанды қабылдап алатын күш, жан иесі болған тән - одан әрі құштарлыққа салынып, нәпсі қуатын мүмкін етеді, одан әрі оған ақыл қосылып, адам тәні мазасыз халге түсіп кете барады. Тән болмысында екі харекет бар: бірі - өзін-өзі сақтап, қорғаушы, екіншісі - өзін-өзі қиратушы, бұзушы. Оның өлшемдері: періштелік және шайтандық. Осы екі рухани қуаттар адам болмысының басты арналары (Ол жөнінде кейінірек арнайы айта- мын. - Ғ.Е.). Тәнді сақтау, оны құрметтеудің мақсаты, оның Жаратушы суретіне ұқсастығы. Адамды, оның тәнін Алла тағала өзіне ұқсас етіп жаратқан, сурет дегеніміз - Апланың дидары. Біз тәнді «адам суреті» деп отырғанда, осы Жаратушы бейнесі мен жаратылғанның келбетінің ұқсастығы сөз болып отыр. Жаратушы мен жаратылған арасында ұқсастық болма- са, олардың арасында байланыс та болмас еді. Осы байланыстың нақтылы көрінісі - адамның тәні. Дінде, аңызда, ғылымда тән жерден пайда болды, қара жерге топырақ болып қайтады. Менің бұл қағидаға күдігім бар. Сірә, ақыл мен жан қабылдай алатын тән ұрығы (гені) жер планетасынан тыс мекеннен келуі де мүмкін, бұл мәнде қара жер қазіргі эмбриондар өсіретін пробирка ретінде болуы ықтимал. Себебі, тәнніңжер бетінде пай­да болғаны туралы ғылым нақтылы айта алмайды. Олай болса, біздің жан тәннен айрылады, ол өлім дегеніміз де күдік туғызады. Адам дүниеден қайтқанда тәннен тек жан ғана «ұшып» кетпейді, онымен бірге ақыл да кет-

Page 14: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

пек. Сонда тэннен жан мен ақылдың айрылу технологи- ясы қалай іске асады. Тэн бар болмысымен қара жерде қала ма, жоқ, әлде жанға, ақылға ілесіп «бірдеңе» кете ме? Ойлану керек, бірақ қаншама ойлансақ, сірә, ой жетпейтін іс. Егер тәннің үрығы жерден тыс шындық бол- са, онда тәннің «әлденесі» қайта өз мекеніне қайтпак;. Онда «дүниеден қайтты» деген сез мағынасы, біз түсініп жүрген мәннен езгеше болмақ. Адамның қайтты дегені, оның тіршілік мекені қара жерге келіп, одан қайтадан енді бұл мекенге оралмайтын жаңа мекенге кетті деген сез. Өйткені, жердің космостық езге әлемдерімен бай- ланысын мойындамасқа да болмайды.

Зат және оның қасиеттерін қабылдай алатын тәннің бес сезім мүшелері бар, бірақ олар шектеулі. Бірақ Жаратушы ерекше қабілетке ие жандарды жаратқан, олардың тән болмысы езгеше. Олар болмаса адам- зат меңіреу күй кешер еді. Әлемге неше түрлі аңыз, дін әкелушілер де солар, бірақ олар да пенделер болғандықтан, айтқандары толық ақиқат емес, хикмет айтушылар, демек олардың сөздерінде де адасушылық бар. Сол қателік, заманы келгенде жайқалып өсіп шыға келеді, сонда келесі хикмет айтушы келмек. Бұл толас- сыз бола беретін іс.

Данышпандық тән болмысына қатысты айтылатын- феномен. Данышпандық жалған ғұмырдың санасы. Бақилық ғүмырға қажеттісі - құлшылық. Данышпандық бар жерде құлшылық болмайды, дана адам өр көңілді келеді, оның өрлігін басушы күш - Алласына қүлшылық. Сопылық дүниетанымда данышпандық алғашқы емес, онда қүлшылық алғашқы. Құлшылық дегеніміз тән қуатын меңгеру. Тән қуаты - нәпсі. Иассауидің өзін Құл Қожа Ахмет деп атауы осы ойымызға сай келетінШЫНДЫҚ.

Page 15: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Тән жүйесін биояогиядан өзге, негізінен, медици­на ғылымдары: анатомия және физиология зерттейді. Биология тіршіліктің жалпы теориясы болғандықтан, медициналық ғылымдар тән жүйесіне маманданған. Тәннің құрылуы биологиялық заңдылықтармен анық- талғанымен, оның қызметін нақтылы зерттейтін білім саласы - физиология. Сондықтан да, ол патологиялық физиология және қалыпты физиология болып бөлінеді. Қазіргі заманда ғылымның қарқынды жетілуіне бай- ланысты толып жатқан пәнаралық, адам тәнін, оның құрылымын, қызметін, ерекшелігін, табиғи болмысын және де адам тәнін табиғи емес, мәдени түрде, яғни қолдан жасау әрекеттері де айтарлықтай табыстар беруде, оның нақтылы көріністері: клондау, адамның генетикалық құрылымын есептеп алу және эмбрионды пробиркада өсіріп, табиғи сұрыпталудан тыс қажетті эм­брионды қалауымызша таңдап алу және т.б. Мұның бәрі адам тәніне қатысты ғылыми мәселелер. Тән жанның тұрағы, оның мекені бар болу кеңістігі болғандықтан, тән мәселесі жоғарыда аталған жүйелердің ішіндегі ең маңыздысы. Тән жаралмай түрғанда өзге жүйелердің ешқайсында айқындық болмаған, бәрі дүниеге тәннің келуін аңсаумен болған. Тән анық болған соң, әлемдік тарих басталып кетті. Тән мәселенің басы. Тән сөз басы. Біз ең алғашқы болған сез деген аллегорияға жиі тоқталып жүрміз. Рас, ең бірінші сөз болған шығар, бірақ оның растығын дәлелдеуші - тән болмысы. Себебі, тән болмысынан бастап адам кескіні, суреті айқындала ба- стайды. Адамныңсуреті дегенде біз, оныңтәніне қатысты айтамыз. Адамның суреті кімнің сәулесі, ол туралы аңыз көп, ғылым әлдене айтуға дәрменсіз. Дәлелденбеген, дәлелденбейтін шындық үнемі мифтік мәнге ие бола- тыны әу бастан белгілі жай. Сол сияцты адам суреті,

Page 16: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

яғни тәні туралы әңгіме мәселеге айналғаны қай заман, әлі сол шешімін таппаған күйде. Адам суретінің бар бо­луы (пайда болуы дегенді қолданбасақ. - Ғ.Е.) туралы ізденіс үш бағытта жүруде, олар: гылыми бағыт, діни бағыт және таза мифтік бағыт. Бүлар туралы не айтуға болады. Ғылым тәннің бар болуын «пайда болу» концепциясы арқылы түсіндірмек, яғни тән тіршілікке ортақ, олай болса, ол бірте-бірте эволюциялық жол- мен өсе, жетіле, дами келе тым қарапайым тәндерден адам суретіне (яғни оның тәніне) дейін жеткен. Мәселе осылай шешіле ме, әлде, керісінше, күрделене түсе ме, мен бұл мәселеде түбегейлі сөз айта алмаймын, себебі мұндай «ғылыми» бағытты қолдамаймын. Адам суреті (тәні) «дамып» жеткен шындьщ емес, ол бар болған шындық. Тәннің (адам суретінің) бар болуының діни бағыты көпшілікке бірден түсінікті. Жаратушы (ол әр діндердеәртүрліесімдерменаталады)топырақтан,яғни жер бетіндегі материалдан адам тәнін осылайша, яғни аяқ, қол, көз т.б. мүшелерді бірден жаратқан. Алғашқы жаралған Адам Ата, одан, яғни оның қабырғасынан Хауа Анамызды жаратқан. Бәрі түсінікті, бәрі ұғынықты, бірақ ғылыми дәлелдер жағына келгенде сұрақ көп. Қандай істің болмасын «болу технологиясы» бар. Сол мәселеде зиялы қауымға адам тәнінің бар бола салуы бірден, әрине күдік келтіреді, сондықтан материалистер бұл ілімді теріске шығарады, оның негізі де бар. Мәселе- ғылыми дәлел-түсініктемеде. Жаратушы құдіреті де­ген ұғым ғылыми емес, ол сенім мәселесі дейді қарсы пікір айтушылар, рас, бұл сенім. Сонда сенім мен таным қалайша біріккен. Бұл мәселе философия тарихындағы басты таластың бірі. Осы мәселеде философтар бірнеше ағымдарға тарам-тарам болып кеткен, әлі де солай болып жатыр. Сірә, мәселенің мәселе болуы да

Page 17: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

осында болса керек, егер тән болмысын бас қосып жи- налыспен бір мезгілде, не заманда шешіп тастасаң не болғаны, онда бар білімнің сарқылғаны, таусылғаны, сыры мәлім адам тәнінің кереметтігінің жойылғаны, әлемдік тарихтың таусылғаны, сірә, ақырзаман деген осы ма? Мүмкін, адам тәнінің құпиясы толық ашылған соң заманақыр басталмақ па? Менің түсінігімде заманақыр тек қана адам суретіне қатысты, оның бар болу құпиясы ашылғанда, адамның суреті жойылып, оның орнына қолдан салған мәдени кескіні (кешірмесі) қалмақ. Мүмкін, осы себептен мүсылман дінінде адам суретін бейнелеуге тыйым салынды ма екен? Ойлану керек.

Мифтік бағыт діни бағытпен біте қайнасып кеткен, бірақ адам суретінің бар болуының таза мифтік бағытын мәдениет тарихынан аңғару қиын емес.

H'Jir 'Қ ■ ■ V і"- і' , ‘I; ■-'> : ■' ■ ' ■ '

16

- • "■ ЖАН ■

•' Тагы боп, күңіреніп кезіп кетті, Қорқьіт та иіешпек болды жан жумбагын.

Мағжан ЖүмабаевУ .

ан жүйесі. Жанның не екенін ешкім де нақтылы білмейді, бірақ жан ту­

ралы сез көп. Жанды қолмен ұстауға, көзбен көруге, құлақпен естуге, иіспен сезуге еш мүмкіндік жоқ, со- лай бола тұра, оны Плотин субстанция, яғни бар бол- мыс деген. Байқаймын, көпшілік жанның барлығына күмәнданбайтын секілді. Барлығын дәлелдей алмасақ та, жанның растығын мойындауға әзірміз. Неге осы-

Page 18: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

лай? Бұл сүраққа кімдер жауап іздемеді. Әл-Фараби грек ойшылы Аристотельдің «Жан туралы» тракта- тын отыз реттей оқығанын айтады. Бугінгі күнге дейін жан туралы философиялық ілімде екі мәселенің басы ашылғаны мәлім. Біріншісі, айтып отырған мәселеміз, яғни жанның растыгы туралы концепция болса, екіншісі, жанның мәңгілігі туралы концепция. Осы екі концепция жан туралы ілімнің негізін қүрайды. Эрине, бұған жан туралы үшінші концепцияны қосуға да болар еді, ол жанның ешқашан жаратылмайтыны туралы, бірақ бұл дискурсивтік мәндегі концепция, бұған та- лас көп, осындай таласқа құрылған жан туралы тағы да мынандай концепциялар бар, олар жанның дене- ден (тәннен) денеге көшуі және жанның даралығы мен көптілігі. Бұған хайуан жаны мен адам жанының бірлігі мен ерекшелігін қосыңыз, Ибн Сина болса жан ақылы деген мәселені көтерген, демек ақылды және ақылсыз жан болмақ. Ақылсыз жан иесінде тек инстинкт бол­са керек. Мұндай жағдайда жанның хайуанаттардан адамдарға, керісінше, адамдардан хайуанаттарға өтуі мүмкін емес деген қорытындыға келуге болады. Оның үстіне діндердегі о дүниедегі жұмақ, тамұқ идеялары- на келеек, онда жауал беретін, қиналатын тән емес (ол жалғандық субстанция), жан болмақ. Егер де жауапты жан берсе, оның қайталанбас дара болғаны шындыққа жанасымды. Жалғанда туып, өсіп-өніп, одан өшкен тән үшін мәңгілік мекен - қара жер, оның кеңістігі - тек қана жалған дүние. Тән топырақтан жаралып, топыраққа қайта айналмақ. Сонда махшарда жауапты тәнсіз жан бермекші ме, яғни тән үшін жауапты жан болмақ па? Жан шыққан соң тәнде жауап жоқ, ол өзін құраған заттарға қайтадан ыдырап, соларға айналмақ. Жаратылғаны үшін жауап бермек халден айрылған соң

Page 19: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

18

жансыз тәннен не қайыр. Тегі, тән мен жанды белек- белек қарастырудан гөрі, адамның өлмейтіні туралы концепцияны негізге алу біршама нәтижелер беретін сияқты. Табиғат (тән) еледі, бірақ адам өлмейді, ол мәңгілік. Мүндай жағдайда ой өрісі ашыла туспек, бірден тән мен жан мәселесі езгеше арнаға түсе бастайды да, жаңа мәселелер бой көрсетеді, олар өткінші мен мәңгілік туралы.

Адам өлмейді дегенде, біз оныңжаны мен ақылы ту­ралы айтып отырмыз. Абай адам «Менін» анықтағанда, оны «ақыл мен жан» дейді. Бұл Абай жаңалығы. Өлмейтін адамның «Мені», ол ақыл мен жан бірлігі. Сонда былайша ой қорытуымызға мүмкіндік ашылып тұр. Жан тәнге қосылып, адам ғұмыры басталғанда, оның бастапқы «таза күйіне» екі нәрсе қосылмақ, олар нәпсі және ақыл. Нәпсі үшін жан күні ертең мах- шарда жауапты болмақшы, ал ақыл жанның өмір сүру тәжірибесі ретінде, жанның мәніне айналып, оның даралығын анықтайтын өлшем болмақ. Ақылсыз жан даралығы қалайша анықталмақ, меніңше, өзгеше өлшемдер де бар шығар, бірақ ақылдай жанға даралық сипатты қайсысы бере алмақ. Әрине, нәпсі де жанға даралық бермек, бірақ ол күнә даралығы деп атала- тын түсінікке негіз болса керек. Нәпсі де дара, бірақ жанның нәпсі арқылы даралануы мәңгілікке ие емес, ол бірте-бірте күнәні жою үрдісімен азайып немесе мүлдем жойылып кетпек. Сонда жан даралығы тек ақыл арқылы сақталмақ. Мұндай жағдайда жанның қайтадан жер бетіндегі тәнге оралу жолы жоққа саяды, сірә, жан да нұр секілді өзінің көптігі жөнінен сансыз болса керек, біздер жанның көптігін үндемеу ретінде, оны қайта-қайта жер бетіне келтіруге ынта білдіргенбіз, сірә, бұл қүптарлық концепция емес. Жан даралығы

Page 20: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

сақталмаса, адамның жеке өз басы үшін ертеңгі күнде жауап беру мүмкіндігінің болмағандығы. Онда көптеген мифтік, діни үғым-түсініктер өз мәндерін жойып алмақ. Ол дұрыстыққа бастамайды, себебі үрпақтан үрпаққа жалғасып келе жатқан мифтік, діни, дүниетанымдық, философиялық түсініктерде идея растығы бар. Оны жоққа шығару қиын. Идея растығын мойындай (еріксіз) отыра айтарымыз және шындық ретінде қабылдайтын концепциямыз, ол жанның даралығы және оған даралық беріп тұрған - ақыл екендігі туралы.

Енді махшарда жауапты неге тән емес, жан (яғни мен) жауап бермек дегенге тоқталсақ, мынандай жайлардың сыры ашылмақ. Тэн жан түрағы деген түсінік Плотинде де, Шәкәрімде де бар, олай болса жан тәнге қызмет етеді. Бұл істе ол өзіне қызметке ақылды да қосып алмақ, сөйтіп өз тұрағының амандығы үшін неше түрлі амалдарға бармақ, оның ішінде жақсылық істермен қоса зұлымдық істер де болмақ, міне, осы қылығы үшін күні ертең әр адамның жаны Жаратушы алдында жауап бермек. Неге жауап бермек десек, тағы айтарымыз, жан нәпсі арқылы, тіптен, көп ретте нәпсінің өзіне айналып рахаттанды, шаттанды, әрқилы сезімдерге барды, соның бәрі үшін алдағы уақытта, яғни тәннен айрылғанда, өзі жауапты болмақ. Жауапты болу жаратылыстыңболмысы, ол болмай қоймайтын іс. Міндетті түрде болатын істің мәнінде жауаптылықжатыр. Мұны инстинкт дәрежесінде «түсінген» тіршілік иелері өзі-өзімен болудан, яғни өз болмысынан шықпауға ты- рысады. Әр тіршілік иесінің өзімен-өзі болуы - табиғи жауапкершілік, біз оны табиғи үйлесімдік, гармония дейміз. Демек, адам да ез табиғатынан аспауы қажет еді, бірақ адам өз болмысынан ауытқушылыққа ынталы болады да түрады. Олай болатыны, адам пиғылында,

Page 21: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

харекетінде кунә табигаты бар. Күнә табиғаты хайуа- наттар әлемінде жоқ. Адам өз табиғатын қорғамақ түгіл, оны қиратуға әмәнда әрекет етуші. Осыдан адамдарға дін қажеттілігі туған. Хайуандарға діннің қажеттілігі жоқ, себебі олардың болмысында күнә табиғаты жоқ.

Күнә табиғаты адамның әлемге көзін ашқан сана. Адам ерікті, оның күнәлі болуына да, болмауына да болады, бірақ адамның күнәлі бола беруі ауыр мәселе ғана емес, тіптен мүмкіндігі сарқылған мүмкіндік, себебі күнәсіз ғұмыр жоқ. Күнәдан қашқан адам - өмірден қашқан адам. Ол не деген сез? Өмірден қашып құтылудың бір-ақ жолы бар, ол - өлім. Алайда, ерікті түрде өлімге бару тағы да күнә, және күнәнің ең ауыры. Сонда адам қайда барып күнәдан қашып тығылмақ. Он- дай жер жоқ, ондай мүмкіндік тағы жоқ. Сондықтан да монах, дәруіш-тақуалардыңелсіз-күнсізжерді мекендеуі осындай харекеттерден туған. Адам болып туып, адам- дардан қашқаннан не мұрат таппақпыз?! Сондықтан да ғұмыр кешу керек, жасалған, жиналған күнәларды танып, одан арылудың жолына түсуіміз керек, оның адам-зат ойлап тапқан тәсілдері көп, солардың бірі альтруистік қызмет.

Жоғарыда (Дантенің «Қүдіретті комедиясында»)жан елімі деген идея барын айттым. Бұл мәселе тікелей жанның жаралмағандығына байланысты, жан жаралма- са, оның жойылуы (өлімі) да жоқ. Егер жан тән сияқты жаралса, онда жанның өлімі де түсінікті. Сондықтан жан өлімі туралы сез аллегория болса керек. Жалпы аллегория дегеннен шығады, жан туралы ілім немесе ой - аллегориялық сипатта. Аллегориялық сана суб- станциялар туралы болғанымен, заттық қасиеттер бай- ланысын қатал түрде сақтап, оның заңдылықтарымен

Page 22: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

есептесе бермейтіні сияқты, жан туралы ілім - детер- минизмге бағынышты емес.

Плотиннің жан туралы философиясында бір түсінбестік барға ұқсайды, сірә, ол түсінбестік Плотинді тек христиандық негізде түсіндіруден туса керек. Пло­тин дүниетанымы үштіктен түрады, олар алғашқы бірлік (первоединый), нус және жан. Еуропада «нус» дегенді «рух» деп аударып жүр, сірә, бұл қателікке бастайтын аударма. Бертран Рассел «нус»-ты ағылшын тіліне ау- даратын баламажоқ, сондықтаноны «ум», «разум» - деп жүр, ал Плотин «ақылды» жаннан жоғары қойса, онда оның ілімін қате түсіндірген боламыз деген (Б. Рассел. История Западной философии. Ростов-на-Дону. «Фе­никс», 1998. С.334). Сонда «нус» дегеніміз не? Ол үшін Плотиннің алғашқы бір дегеніне көңіл бөлейік. Алғашқы бір ислам философиясындағы «Алла бір» концепция- сына дәлме-дәл. Біз, дәстүрлі мұсылмандар «Алла бір, пайғамбар хақ», - дейміз. Алланың барлығына шүбә жоқ, тіптен күдік келтіргенде не істемексің, себебі Жаратушының растығын дәлелдеуге ақылың қысқа болса, Алланың барлығы, бірлігі ақылдан тыс шындық, оның дәлелденбейтіні - рас. Плотин айтқаны да осы мөлшерде, демек ислам философиясы мен Плотин ілімі арасында байланыс бары анық. Алланың бірлігі, барлығы, растығы туралы концепция жасалғанда, Пло­тин ілімін араб ғүламалары пайдаланған, ал оны Пло­тин қайдан алды, ол мәселе зерттелуі керек. Әлем сол «Бірден» шығады, қайтадан соған келеді, бүл физика ғылымында да бар түсінік, әлемнің ұлғаюы және «бір тарының қауызына сыюы». Мәселе сол, дүниенің жара- луы деген де сол, әлемнің үлғаюы. Әлем ұлғайған сай- ын жаратылыс өз көркіне ене бастайды, әлем нұрлана түспек, міне, осы үрдісті Плотин ислам дүниетанымына

Page 23: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

22

орай «нус» - деген, біз оны Алланың (Бірдің) «Нүры» дейміз. Нус пен Нұрдың этимологиялық жағын, әрине, зерттеген жөн, бірақ олардың мазмұнының бірлігі ту­ралы талас болмаса керек. Плотинді христиандық дүниетаным арқылы Бертран Расселдің түсіндірудегі қиналысы, христиан дінінде «свет божий» деген ұғым болғанымен, құдай үшеу болып кетіп отыр, Рух, әке- құдай және құдай ұлы. Бұл конструкция Плотин кон- цепциясына келмейді. Алғашқы дегеніміз рух болып кетеді. Исламда алғашқы рух емес, Алла-Жаратушы, ол бір (бұл Плотин концепциясына сай) және бар. Рухта бірлік және барлық айқындалмаған. Алланың барлығы оның Жаратушылық шеберлігінде, растығы тек өзінің ғана бір екендігінде. Мәселе осылай қойылғанда, әрі қарай сөзіміз қисынды, Алла бір, ол Жаратушы болған соң, оның құдіреті өзінің бойындағы нұрында. Жаратушының нұры жаратылған жан иелері арқылы көрінбек. Жан иесі болуының себебі осы нұрда, Пло- тинше «нуста». Нус жанның барлығының себебі дей келе, Бертран Расселдің нусты «образ божественного интеллекта» (С.335) дегенді мойындайтыны шындыққа келеді, бірақ оның « «Нус», есть Творец всего живого»- дегені дау туғызады. Мүмкін, бүл мәтінді ағылшын тілінен орысшаға аударғанда кеткен жаңсақтық болуы мүмкін. Сірә, дұрысы, нус барлық тіршілікті жарату­шы... емес, оның себебі. Тіршілік жаратушы Бір-Алла (первоединый), ал оның жаратушылық қасиеті, құдіреті оның Нұрында. Жаратушы Нұры жан беруші. Біздіңжан мәңгілік дегеніміз де осыған саяды. Плотин жансыздан жан пайда болады дегенге үзілді-кесілді қарсы болған. «Предполагать, что жизнь рождается из безжизненно­го, так же нелепо, как и думать, будто бы Нус может создавать, лишенное разума и духа» (Плотин. Эннеа-

Page 24: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

ды II- Киев, 1996. С .123). Аудармада бір гэп бар, эйтсе де, Плотин екі мәселені нақтылы ашып беріп отыр, бірі жанның (тіршіліктің) мәңгілігі, екіншісі Нус Жаратушы емес, ол жаратылыстың(жанның, тіршіліктің) себебі. Нус табиғатында себептілік (причинность) жатыр, ол бізге сонысымен құнды. Осы білім дәстүрін ислам ойшылда- ры әрі қарай жетілдіріп «Нұр-Мұхаммед» ілімін жасаған. Бүл ілім бойынша, Мұхаммедтің Нұры әлімсақтан бар, ал оның жан иесі пайғамбарымызға көшуі көп кейін болған. Мұхаммедтің өзінен бұрын Нұры болған және де ол Нүр шындық ретінде, яғни онтологиялық мәнде қабылданған. Осы жайларға қатысты Нұрмұхаммед де­ген есім беру қазақ тұрмысында дәстүрге айналған.

Плотиннің ізбасары, оның ілімін тиянақтаушы Прокл жанның үш амалы барын айтады: тіршілік амалы, ақыл амалы, қудірет (божественное) амалы (С.219). Жанның құдіреті амалында, өз себебі өзінде. Жанның бұл жағдайында болатын істер тікелей Жаратушыға қатысты. Шәкәрім айтқандай, мұнда бәрі «себепсіз се- бепке» бағынған. Себепсіз себеп дегеніміз - бір Алла, бір Жаратушы, яғни Құдірет иесі немесе баршама ғалам Иесі. Ақыл амалы дегенде Прокл мәселені Нусқа (Нұрға) қатысты айтқанға ұқсайды, өйткені мәселе жанның ез табиғатына қатысты болып отыр, жан өз болмысындағы қасиетімен жаратылысты танымақ. Бұл жанның жеке субстанциялық халі. Жан өзінің барлығын осы ақыл амалымен білдірмек. Біз ақыл амалы арқылы жанды субстанция ретінде тануға мүмкіндік аламыз. Жан мен ақылдың синтезі, бірлігі осы амал арқылы белгілі болып, білімге айналады. Тіршілік амалы, ол түсінікті. Жан дененің қозғаушысы, оның тіршілігіне себепші, тіптен тіршіліктің өзі. Тіршілік тек ақыл емес, ол табиғи инстинкт түрінде де болмақ. Бұл мәнде жан

Page 25: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

24

тіршілік себепшісі, Аристотель айтқандай: «Жан - тіршілік бастауы».

Аристотель жан туралы «энтелехия» деген концеп­ция ұсынып, жан дененің формасы деген, бүл пікірді Плотин теріске шығарады. Егер жан дененің формасы болса, онда ақыл амалы қалайша білінбек, яғни жанның ақылдылығы қалайша анықталмақ, себебі ақыл дене- де емес, жанда емес пе? Дене ақыл иесі бола алмақ емес. Ақыл денеге жанмен еніп, жанмен бірге оны тастап кетпек. Стоиктер жанды «пневма» деген, бұл көзқараста Ибн Туфейл де болғанға үқсайды, оның «Хай Якзанұлы» деген философиялық романында Хай жанның дененің қай жерінде болатынын іздеп, ақыры жүректің қуысындағы жылылықтан жанның «мекенін» тапқан. Романнан қысқаша үзінді келтірсек: «Ол (Хай) хайуандардың емір бойы жылылық сақтап, өлген соң суына бастайтынын, барлық жағдайда осылай екенін көрді. Ол өзінің бойынан да елікті сойып керген тұсынан өз кеудесінен де үлкен жылылық барын сезінді. Сөйтіп, егер де бір хайуанды тірідей үстап, жүрегін ашып, елікті сойғанда бос күйінде қуысты тексерсе, ол әлденені тірі хайуаннан таба алар ма еді, оның табиғаты от- пен бірдей болып шығар ма, жоқ па? - деген ойларға қалды. Сонымен, бір хайуанды ұстап алып, дәл баяғы елік секілді сойып, жүрегіне жетті. Назарын алдымен сол жақ қуысқа аударды, тілік салып, оның бу тәріздес ауаға толып түрғанын көрді. Саусағын жүгіртіп еді, қолын ыстық шарпыды, хайуан сол сәтінде өліп қалды. Сонда хайуанды қимылға келтіріп тұрған осы бу екені, мүндай будың эр хайуанда болуы және ол ұшқан сәтте хайуанның өлетіні мәлім болды» (Ғарифолла Есім. Фалсафа тарихы. Алматы «Раритет», 2004. 164-6.).

Page 26: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Осындай түсінік негізінде жанның адам тәніндегі орны - жүрек деген ұғым қалыптасқан. Адамның жан- ды жері жүрек екендігінде талас жоқ. Әдебиеттерде ізгі адам туралы айтқанда «қалыбы дүрыс жан» - дейді. Сондағы қалып деп отырғаны жүректің сол жағындағы қуысты айтады. Ж үрек- ізгілік символы болғаны да тегін емес. Түла бойды жылытыл, жақсы іске бастал тұратын жүрек деген концепция, ізгіліктің басты мәселесі.

- НӘПСІ ‘ ;

— -J y O aпг.і жүйесі. Ақылмен айтып таусылмай- ' ^ ' О т ы н тақырып, ол - нәпсі. Адам дегенді

түсіну қандай қиын болса, нәпсі де дәл сондай. Себебі, адамсыз нәпсі жоқ, керісінше, нәпсісіз адам жоқ. Нәпсі- адамның сапасы. Бұдан өзге нәпсі туралы анықтама таппадым: Апайда, адам туралы айтқанда, біз шарт- ты тән және жан деп бөліп жатамыз емес пе? Сонда нәпсі қайсысына қатысты деген өзімізге-өзіміз сауал қойсақ, бірден нақтылы айтарымыз, нәпсі тікелей тәнге қатысты, яғни нәпсі тірі адамға орай айтылады. Нәпсі- тіршілік нышаны, тіптен тіршіліктің өзі. Жанның кеу- деден шығуымен, яғни адамның дүниеден қайтуымен нәпсі деген өз мәнін жоймақ. Адамның өлді дегені оның нәпсісінің мүлдем тыйылуы. Демек, нәпсінің болмы- сы жанның тәннен ажырытылуына байланысты. Тән өлгенде нәпсі бірге өледі, ал жан өлмек емес. Тән мен жанның айрылғаны адамның өлгені емес. Абайдың: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», - деген концепция- сы осы пікірге дәлелдің бірі. Сонымен, тіптен нәпсі адамның сапасы деген тезиске қанағат етлей, оның мәніне үңілсек, мынандай жайларды аңғаруға болады.

Page 27: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Біріншіден, нәпсі барша тірі табиғатқа ортақ қасиет. Демек, нәпсі дегеніміз өмір сүрудің, басқаша айтсақ, бар болудың тек тәсілі ғана емес, нақты өзі. Тіршілік иесінің барлығы оның нәпсісі арқылы айқындалмақ. Нәпсінің көріну механизмі биология ғылымында ассимиляция және диссимиляция үрдістері арқылы жүзеге асады, оныңүстіне нәпсініңорганикалықәлемдеонтологиялық, харекеттік (бейімделу, сақтану т.б.) және сапалық си- паттары бар. Нәпсінің онтологиялық сипаты - табиғи заңцылық ретінде көрінеді, айталық, тіршілік иесінің қоректенуі және ұрпақтар қалдыру дәстүрі. Мұндай жағдайларды ғылыми тілмен инстинкт деп атайды. Сондағы инстинкт негізінде нәпсі жатыр. Қандай бол- масын тіршілікке ие, өз нәпсісін қанағаттандыру үшін ғүмыр кешпек. Тіршіліктің бар болуының мәні - нәпсіде. Нәпсі - тіршілік негізі.

Екіншіден, нәпсінің санаға қатынасы. Яғни, сөз адамның нәпсісі туралы. Бұл бір аса күрделі және рет- телген әрі мейлінше өзінің табиғи мәнінен бұрмаланған мәселе. Жоғарыда айтқандай, адамға дейінгі тіршілік иелерінде нәпсі мәселесінде пәлендей ауытқушылық жоқ, бәрі орын-орнымен, рет-ретімен өтуде. Бәрін қамтамасыз ететін - инстинкт. Ал адам болса, өзінің табиғи халі инстинкттен айрылып қалған. Инстинкт дегеніміз даналықтыңтабиғи формасы. Болмыстыңбұл табиғи формасын бүзушы адамның санасы. Сананың пайда болуы, қазақ лексикасын қолдансақ, инстинкт табиғатына балта шапты. Бір өте қарапайым мысал келтірейін. Айталық, алдына төрт түлік малды (қой, сиыр, жылқы, түйе) адам айдап келе жатып арнасы кең өзенге келді делік. Мәселе, арғы жағаға малтып шығу керек. Төрт түлік мал да, адам да өзенді бірінші көріп тұр делік. Сонда нәтиже қандай болмақ? Суды бірінші

Page 28: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

көрсе де қой, сиыр, жылқы, туйе арнасы кең өзенді малтып өте береді, ал адам болса малту білмейді, өзеннен өтуі үшін ол малтуды үйрену керек-ті. Айыр- ма айқын. Төрт түлікке малтуды үйретудің қажеті жоқ, оларды табиғи даналық инстинкт сақтауда, ал адам болса ез ақылын қосып, қолдан не сал, не қайықжасап, не аттың жалынан ұстап өзеннен өтпек. Себебі, онда табиғи қасиет - инстинкт өшіп қалған. Оны өшірген - сана. Адам баласының адам болуы үшін ұзақ жылдар оқуының да себебі осында. Қойдың қозысы қой болуы үшін үйреніп жатпайды, бойындағы инстинкт оны бірден қой етіп шығарады. Қасқырдың бөлтірігі де солай.

Сана, саналылық инстинктті бұзғанымен, оны мүлдем жойып жібере алмайды. Ол нәпсі формасында өмір сүреді. Нәпсі табиғи заңдылыққа негізделгенмен, сана әсерінен ол арнасынан шығып кететін езен тасқынына ұқсас нәрсеге айналып кеткен.

Сейтіп, нәпсі адам болмысында мүлдем патшалық құрып алған. Адам нәпсісі тойымсыз, оның нәпсісі қасқырдың қасқырлығына ұқсас. Қоралы қойға түскен қасқыр тек бір малды ғана жеп тояттап қоймайды, оның еркіне жіберсең қоралы қойды қыра бермек. Бұл не әрекет! Мұндай әрекеттің аты - жыртқыштық. Адам нәпсісі де осылай. Сондықтан осындай нәпсіні ауыздықтау мақсатында толып жатқан істер атқарылған, дүниеге діндер келген, әулиелер уағызы пайда болған. Сопылық дүниетанымда барға разылықты: тәуба, қанағат, шүкіршілік сияқты ұғымдармен белгілеген. Өркениетті тәрбие жүйесі де осы нәпсіні ауыздықтауға бағытталған. Нәпсіні тыю тек жасөспірімдер үшін ғана қажет іс емес, ол, әсіресе білім негіздерін меңгерді де­ген сауатты ересектер, үлкендер үшін аса қажетті.

Page 29: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Үшіншіден, нәпсі суфизмде (сопылық дүниетанымда) ерекше орын алған. Сопылықтың өзі нәпсіні меңгеруге арналған. Сопылықтың шариғат және тариқат деген са- тылары нәпсіні ауыздықтауға негізделген. Нәпсі қуаты ересен, оны бір ізге түсіру және оған тыйым салу ісінің қиындығы соншама, тіптен оны шайтан кеңістігі деген- ге дейін барған. Нәпсі шайтан мекені деу, бір жағынан шындыққа сай, екіншіден, оны мойындауға болмайды, себебі нәпсі адамның жалған ғұмырдағы қуаты, бол- мысы. Шайтанда нәпсі қуаты жоқ. Шайтаннын адам- ды біржола меңгере алмайтыны да сондықтан. Нәпсі адамға ғана қатысты (хайуанаттар әлемін айтпағанда), адамның шайтаннан да, періштеден де артықшылығы осы нәпсіде.

Суфизмде нәпсіге қатысты мынандай ұғымдар бар, олар: тәуба, қанағат, шүкіршілік, ризашылық, құлшылық. Бұл ұғымдар діни-дүниетанымдық мазмұнда екені белгілі. Өзге амал жоқ. Таза материалистік дүниетанымдағы адамдарға бұл үғымдар мәнсіз болып көрінуі әбден мүмкін. Бұл мәселеде атеист- материалистпен диалогке түсудің еш қажеті жоқ. Фило- софияда мөлшерлік жағдайды білдіретін - елшем де­ген үғым бар. Әр нәрсенің өз елшемі бар. Мөлшерінен асқан нәрсе езінен-езі болудан қалмақ. Мұны адам- дар арасындағы жайларға қатысты айтсақ, мөлшерді білу ол ізеттілік, сыпайылық, мәдениеттілік. Егер де олар бопмаған жағдайда заң, дәстүр күшіне енеді. Мөлшерден асқан адам заңға тартылады. Сөйтіп, нәпсіні тыю заң арқылы жүзеге асады. Суфизмде нәпсіні тыю дүниетаным, сондықтан мұндай бағыттағы адамға заңның еш қажеті жоқ. Нәпсіні меңгерудің су­физмде жүйесі жасалған. Ол мәселе адамның «Менін» жоюдан басталмақ. Адамның менменшілігі сопылық

Page 30: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

дүниетанымдағы басты мәселе. Сондықтан сопыға шәкірт болып енген адам, ең алдымен көшеге барып қайыр сұрау, әжетханаларды тазарту сияқты әдеттен тыс істер атқаруы қажет. Сопылық жолға түскен адам- да балағат сөз немесе біреуді жәбірлеу, не біреуге қол жұмсау жоқ, тіптен сен оны таяққа алып жатсаң да, ол саған қарсылық көрсетпеуі керек. Бұдан сопы өте әлсіз, ынжық жан болып шықпақ деген теріс қорытынды жа- салмайды, керісінше, осындай дайындықтан өткендер қуатты, дене тәрбиесін меңгерген, әр түрлі айла- тәсілдерді мейлінше білетін, қайратты, рухы биікжандар болмақ. Нәпсі қуатын меңгерген нағыз сопылар, біздің тілімізбен айтқанда, жан-жақты жетілген жандар. Су­физм дегеннің өзі адамның жетілуі, кәмелеттенуі деген мәндегі дүниетаным. Суфизмнің басты кредосы өзінің Жаратушысына ұқсауы керек. Бұл жолдағы оған бөгет- нәпсі. Сопылар біледі, нәпсіні жою мүмкін емес, онда адам-зат жойылмақ, бірақ оны меңгеру - қажеттілік. Су­физм осындай қажеттіліктен туған. Мүны біз тақуалық дейміз. Тақуалыққа жету, сірә, мүмкін де шығар, бірақ мен тақуа адамды өзім көрмедім. Нағыз тақуа деп біз Қожа Ахмет Иассауиді айтамыз, бірақ оның өзі тақуалық жолында болғанымен, өзіне сенімсіздік білдірген. Мен оның пайғамбар жасына келген соң, жер астына түсіп, адамдардан өз еркімен аластағанын айтып отырмын. Өйткені тақуалықтың өлшемін анықтау мүмкін емес. Біздің тақуалық туралы көп пікірлеріміз, көбінесе шарт- ты түсініктер.

Төртіншіден, нәпсі адам баласының ici мен харекетіне қатысты, оның екі саласында мейлінше өріс алып алған, олар: саясат және мәдениет.

Саясатта нәпсі әр түрлі харизмдерге ие болмақ. Әсіресе, нәпсіқүмарлық диктатура мен мемлекеттік

Page 31: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

30

коррупцияда мейяінше көрінбек. Жеке адам нәпсісінің асқындап, дертке ұшыраған түрін тарихтан: Ескеидір Зұяқарнайын, Юлий Цезарь, Шыңғыс хан, Наполеон, Ленин, Сталин, Гитлер сияқтылардың ici мен әрекетінен анық керуге болады. Бүгінгі күнде де осыларға ұқсағысы келетіндер бар, бірак менің атағандарым саяси-нәпсі құмаршылардың классикалық түлғалары.

Мәдениетте нәпсі - басты ұғым. Нәпсіні жырға қоспағанақынжоқ. Нәпсісізешқандайқұмарлықжоқ. Бүл мәңгілік тақырып, әсіресе бүгінгі өркениетте кеңінен epic алған «Тобырлық мәдениет» нәпсіні тұп-тура тауарға айналдырған. Демек, нәпсімен бірге адамдар тауарға айналып барады. Адам және оның нәпсісі бағасы бар тауар болып, сатылып жатыр. Бұған барлық діндер қарсы, бірақ базарлық дүниетаным ізгілік философия- сын ығыстыруда. Егер де бүл тенденция тоқтатылмаса, адамның азып-тозуы жаппай дертке айналып, адамдар өздерін-өздері соғыс майданында емес, мәдени өрісте жоюға мүмкіндікті толық жасап алмақ. Бұл шындық адам-затқа көне заманнан белгілі, алайда соның аса қарқынды кезі енді басталып отыр, яғни адам нәпсісі өте өтімді тауарға айналған заман өз күшіне енді.

'. '‘ '-'Л х? '5гііҮ о .> :■■ - ■ ' 1 .. ‘і’ i'!.'!' ’'ЧТ'* К: Ч ■ ' * , .

1 ■' ■ ■..... -V 1 ■■■■..•ц■ .v.n А Қ Ы Л v-

■ i Г*!.’’ ftoa '■>. м :' ; 1 г ‘-чС., 1Өуелдьн бір суың мұз, »қыл - зерек.

... \ ч ;г •• ,;<АбЭй.

^ . / ^ қ ы л жүйесі. Ақыл - адамның негізгі сипаты.Ол адам болмысының өлшемі. Ақыл болма-

са адамның барлығы туралы сез жоқ. Ақыл адамның

Page 32: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

тек сипаты ғана емес, оның имманентті қасиеті. Ақылдың тұрағы - адамның тәні мен жаны. Ақылға сай тән болуы қажеттілік. Келбеттілік және келістілік деген тән болмысының сипаттары, ақылдың тәндік (табиғи) көріністері. Демек, адамның табиғи бітімінің өзі, өзіне сай ақыл қуатын қажет етіп түрмақ. Адамның келбетіне қарап, оның парасаттылығын анықтау дәстүрі ерте за- маннан белгілі. Ақыл мен тән байланысын ғалымдар көптен бері зерттел келеді, бірақ олар оны «интел­лект» деген ұғым арқылы білдірген, әсіресе физио- логтар интеллектінің органдарын, яғни оның мекенін анықтау ісінде көптеген ғылыми нәтижелерге жеткені жұртшылыққа белгілі. Интеллектінің кепшілікке белгілі органы адамның миы. Адамның бүл органы әлі ғылымға толық қырын ашқан жоқ, мүмкін, ешқашан да ашпайтын да шығар, себебі адам қүпиясының мәні мида. Біз ақылдың (интеллектінің) биологиялық- физиологиялық негіздері туралы әңгімені осы саладағы еңбек етіп жүрген мамандар үлесіне қалдырып, бұл мәселенің философиялық, дүниетанымдық жайларына тоқталайық.

Философияны езге жұрттардың ұғымдары мен түсініктері арқылы оқып-үйренуді дәстүрге айналдырған біздер, қандай болмасын философиялық ұғым мен түсініктерді қарастыра бастасаң, оның орыс тіліндегі баламасын іздестіруден бастаймыз. Сөйтіп, ақылдың орыс тіліндегі баламасы не деген сауалға тірелеміз. Осы сауалға жауап берместен бүрын тағы да бір ескертпе ретінде айтарым, біз Батыс Еуропалық философиялық жүйелерді де орыс тілі арқылы оқып-таныстық. Біз оқып-үйренген орыс тіліндегі философиялық ұғымдар мыналар: разум, рассудок, ум, мудрость. Ал, булар неміс, француз, ағылшын тілдерінен дәлме-дәл ay-

Page 33: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

32

дарылып барып ғылымға қалыптасқан ба, әлде олар- ды әлі де болса анықтау қажет пе, ол арасы, сірә, арнайы зерттеуді қажет етпек. Олай дейтінім, бұл ұғым- аудармалар негізінен кеңестік заманда, яғни маркстік- лениндік идеология үстем болып тұрған кезеңде ғылыми қолданысқа енген. Таза орыс философиясында олардың дүниетанымдық мәнісі қандай болған деген де- арнайы зерттелетін мәселе. Сондықтан біз Батысқа да, орыс философиясына да алаңдамай (әрине, олар- ды ескере отырып), үлттық ойлау мәдениетіміздегі «ақыл мәселесіне» қатысты ұғымдарға тоқталайық.

Ақылға қатысты ана тілімізде мынандай ұғымдар бар, олар: ақыл, парасат, зейін, даналық, зерде, зеректік, пайым.

Ана тілімізде еңбек жазып жүрген ғалым- философтардың бір парасы: ақылды - ум, пайымды- рассудок, парасатты - разум деп жүр, өзгеше ау- дармалар жасап жүргендер де бар. Мен бұл тұста екі мәселеге назар аударғанды жөн санаймын.

Біріншіден, философия білімінің әлемдік тілі бар, оны мойындап қабылдауымыз керек, солай бола түра оның кейбір ұғымдарының әр халықта атаула- ры мазмұны жағынан дәлме-дәл болмауы да әбден мүмкін. Бұл философияның елдік болмысына қатысты мәселе. Айталық, разум және рассудок деп белу неміс философиясында Иммануил Канттан бастау алды. Де- мек, оның езге тілдерде баламасы болмауы түсінікті іс емес ne? Осындай жайлар философия тарихында кеп. Тағы бір мысал келтірейін, кезінде «Эйдос» дегенді ғылымға Платон енгізген, Платонның «Нус» дегені Еу- ропа тілдерінде әр түрлі мәнде аударылып жүр. Сол себепті аудармалар дәлме-дәл болмағанда, оларды түсініктемелер арқылы түсіндірсек, еш нәрсе бүлініп

Page 34: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

қалмайды. ¥лттық ойлау ерекшелігін ешкім де жоққа шығара алмайды, мысалы, ағылшындар философия- сы мен француздар философиясының, сол сияқты бұлардан неміс философиясының алшақтықтары бары ғылымда белгілі жайлар. Метафилософиялық ұғымдар жасаушылық теріс те ниет емес шығар, бірақ оның өзіне тән кемшіліктері бар, соның бірі - ұлттық ойлау мәдениетінің ұғымдық ерекшеліктерін ескермеушілік. Мен ана тілінде еңбек жазып отырғандықтан «ақыл мәселесін» ұлттық ойлау мәдениеті контексінде қарастыруым жұртшылыққа түсінікті болса керек.

Екіншіден, әңгіме субстанция мен акциденцияға қатысты.Бұлұғымдардықарапайыммысалментүсіндіріп кетейін, айталық, мына кісі дегенде, кісі - субстанция, ал ол кісінің түрі ақ па, әлде Африкадан келген қара кісі ме десек, осы ақ не қара деу - акциденцияға жатады. Адамның түсі, оның кісілігіне қатысы шамалы, мәселе адамшылықта. Сол сияқты «ақыл мәселесі» төңірегінде де субстанциялық (негізгі) және акциденциялық (туын- ды)түсініктердіайырмаушылықтарбайқалады, мысалы, біз рассудокты - пайым деп аударғанда, пайым субстан­ция ма, әлде акциденциялық сипатта ма? Ойланайық. Пайым деген сезге day деген грамматикалық қосымша жалғастырсақ, пайым-дау деген түсінік пайда болады да, субстанциялық қызметінен айрылып қалады, де- мек пайым әуел баста акциденция. Осы тұста Абайдың «Әуелден бір суық мұз, ақыл - зерек», - деген өлең жолына назар аударайық. Мүнда зерек пайым сияқты жеке мәнге ие емес, ақылға қатысты қолданылып тұр. Зерек деген түсінік - ақылдың мәнін айқындаушы Қызметте. Жоғарыда айтылған ол қандай кісі, ақ адам ба, жоқ қара түстегі жан ба деген сияқты. Зерек ақылдың анықтаушысы, яғни акциденциясы. Ақыл зерексіз де

Page 35: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

бояа беретін субстанция, ал зерек ақылсыз болмайды, себебі ақыл - субстанция.

И. Кантфилософиясында «рассудок» субстанциялық мәнде қолданылса, «пайым» оның тіліміздегі ба- ламасы емес, егер де неміс ғалымы «рассудокты» акциденциялық мәнде қолданса, оны «пайым» деу орынды.

Демек, біз «ақыл мәселесіне» қатысты қандай ұғымдар жеке мәнде (субстанция), қайсысы туынды (акциденция) екенін анықтап алғанымыз жөн.

Талассыз іс, ол ақылдың жеке мәндегі субстанция екендігінде, ал парасат, зейін, даналық оның акциден- циялары болмақ. Негізгі ұғым ақыл, оның мәні абстрак- тылы субстанция екендігінде. Ақыл субстанция ретінде таза абстракция, ақыл дерексіз ұғым, оны нақтылап, анықтап тұрған жоғарғы айтқан парасат, зейін, даналық, зерде, зеректік, пайым.

Д ■ * * ★ . . , • ' :

Ақыл туралы Абай отыз сегізінші сөзінде мынандай түсінікберген. «Аллатағала-өлшеусіз, біздіңақылымыз- өлшеулі. Өлшеулі мен өлшеусізді білуге болмайды» (Абай. Алматы «Жазушы», 1995. 2-т., 192-6.).

Абай ақылды өлшеулі дейді, демек ақылдан тыс, бірақтаадам-затқа қалай мағлұм болатынболмысты, ол жоққа шығармайды. Ақыл жетпейтін іске адам-зат қалай жетпек. Осы мәнде И.Кант таза ақылды сынға алған. Абай ақылды сынап отырған жоқ, оның бар мүмкіндігі туралы айтқан. Заттың болмысын анықтау үшін оны сынаудың не қажеті бар. Абай өзге тәсілді қолданған. Ол Апла тағала - өлшеусіз дейді, өлшеусізді өлшеулі ақыл тани алмақ емес. Осы жерде мынандай сұрақ

Page 36: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

қою орынды секілді, айталық, ақылдың өлшеулігі не- мен анықталмақ және де оның өлшеулі екенін қалайша білмекпіз? Бұл сұрақтарға Абайда жауап жоқ. Оған біз жауап бере аламыз ба? Ол үшін мынандай мәселелерге тоқталған жөн. Ақыл тек жеке адамның болмыс-қасиеті арқылы анықталмақ па, әлде ол онтологиялық бол- мыс арқылы белгілі болмақ па?! Әрине, данышпандар ойлары жеке адамның ақыл нәтижесі. Ап, ақылдың онтологиялық болмыс-бітімі қандай болмақ.

Абай жиырма жетінші сөзінде Сократ пен оның шәкірті Аристодем дегеннің диалогын берген. Сонда ол Сократ аузына мынандай сөздер салған: « - Ей, Аристо- дим! Қалайша сен бір өзіңнен, яғни адамнан басқада ақыл жоқ деп ойлайсың? - деді. - Адамның денесі өзің жүрген жердің бір битімдей қүмына ұқсас емес пе? Денеңце болған дымдар жердегі сулардың бір тамшы- сындай емес пе? Жә, сен бұл ақылға қайдан ие болдың? Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келді де, сонан соң ие болдың. Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, келісті көрімдігіне һәм қандай лайықты жарастықты законімен жаратылып, оның ешбірінің бұзылмайтұғынын көресің. Бұлардың бәріне ғажайып қаласың һәм ақылың жетпейді, осылардың бәрі де кез келгендікпенен бір нәрседен жаралған ба, яки бұлардың иесі бір өлшеусіз ұлы ақыл ма?» (Абай. Алматы, 1995. 2-т., 179-6.).

Өлшеусіз үлы ақыл деген не? Ол жан иесі және адамды Жаратушы ма? Әлде Жаратушының бізге бәймәлім қасиеті ме? Немесе жан мен ақылдың тәннен айырылған соң барып түрақтайтын мекені ме? Ақыл жан арқылы тәнге енген соң, жанмен бірге одан айырылмақ, сонда олар қайда барып тұрақтамақ, мүмкін ақыл тәннен айрылған соң қайтадан онтологиялық болмыс-

Page 37: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

36

қалпына түспек пе? Сірә, сояай бояатын сияқты. Бұя түсінікті қабыя аясақ, өяшеусіз үяы ақыя мен өяшеуяі адам ақыяының арасындағы қатынас қандай формада боямақ деген мәсеяе де бой көрсетпек. Мүмкін, аян де­ген өяшеусіз ұяы ақыя мен өяшеуяі ақыя арасындағы қатынас формасы емес пе екен?!

Абай он жетінші қарасөзінде қайрат, ақыя, жүрек - үшеуі айтыса кеяе ғыяымға жүгінгенін айтқан. Хакім бұя еңбегінде ақыяды жеке субстанция ретінде қарастырған. Сонда ақыядың «кім» екеніне тереші бояған ғыяым. Демек, ғыяым ақыя емес, ақыя ғыяымға бастайтын жоя. Таза ақыяда тәжірибе жоқ, ая ғыяым тәжірибеге негіздеяген. Ғыяым - ақыядың кемеяденген түрі, сондықтан да оя таза ақыяға төреші. Таза ақыя ез мүмкіндігін быяайша бейнеяеген: «Ақыя айтыпты: Не дүниеге, не ахиретке не пайдаяы болса, не заяаяды бояса, біяетұғын - мен, сенің сөзіңці үғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей аямайды екен, заяаядан қаша аямайды екен, ғыяымды ұғып үйрене аямайды екен, осы екеуі маған қаяай таяасады? Менсіз өздері неге жарайды? - депті» (Абай. Алматы «Жазушы», 1995. 2-т., 171-172-66.).

Ақыя «өз аузымен» өз боямысы тураяы шындық айтқан, бірақ шындығы тояық емес. Ақыя фияософиясы (рационализм) әлемдік ойлау мәдениетінде сарқылып сезім философиясына ауысуда. Шартты түрде ақыл мида десек, сезім жүректе. Сондықтан ақылсыз сезім, керісінше, сезімсіз ақыл толық емес. Осы мәселені ғылым деп басып айтқан. Ғылым айтыпты: «Ей, ақыл! С.енің айтцдндарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе

Page 38: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі се- нен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соныңжаман, - депті» (Сонда, 172-6.).

Абай ақылдың ізгілікке де, зұлымдыққа да бірдей қызметін айтып отыр. Таза ақылда адамшылық жоқ. Ақылды саралап, анықтаушы - жүрек. Абай «әмірші жүрек болса жарайды», - деген қорытынды жасайды.

Ақылдың жүрекке билеткенде көрінетін ерекше бір формасы - парасат.

Парасат парсы сөзі болғанымен, ойлау мәдениеті- мізге әбден сіңісті болған түсінік. Субъективтік мәнде парасатты жеке адамға қатысты айтып, парасат иесі немесе парасатты жан деп айтып жатамыз. Соны­мен бірге оны онтологиялық болмысқа айналдырып, парасаттылық деген үғымды да дүниетанымдық істерге қатысты жиі қолданамыз.

Сонда парасаттылық дегеніміз не? Парасаттылық данышпандық емес, екеуі кеп жайларда түйіседі, бірақ бірінің орнына бірі жүрмейді. Парасаттылық көбінесе кісілік, елдік, мемлекеттік істерге қатысты көрінетін ақыл формасы. Қазақ парасаттылыққа «үй танымай ел тани- тын» азаматтар ісін жатқызады. Халқымыздың дәстүрлі тұрмысында парасатты хан, парасатты би, парасатты жырау, ақындар болған, қазір соларды еске алып жер- жерде ескерткіштер, мұражайлар ашып, ас беріліп жа- тыр, бұл қүптарлық істер. Тек қүптарлық істер ғана емес, бүгінгі ұрпақты кісілікке, парасаттылыққа бастайтын жайлар. Парасаттылық тек оқумен, таза біліммен бойға енетін ақыл емес, ол табиғи тән болмысын қажет ететін

феномен. Парасатты адам табиғатынан келбетті әрі

Page 39: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

38

келісті келеді. Парасаттылық - ізгілік болмысы. Ізгілік болса, ол адам қасиетін қадыр тұтудан бастау алмақ. Ізгілік - Жаратушы нуры. Ізгілік сыры - Аллада. Адам- зат ізгілік үшін жаратылған. Зұлымдық өткінші, ізгілік мәңгілік. Жағдай керісінше болса адам-зат болмысының барлығының ешқандай құндылығы болмақ емес. Зұлымдық - ізгіліктің көлеңкесі болуы - табиғи түсінік. Зүлымдық ізгілік болмысында мүмкіндік ретінде өмір сүреді, оған періштенің әзәзіл шайтанға айналғаны дәлел болмақ. Зүлымдық ізгілік болмысындағы бар шындық. Зұлымдықтың ізгіліктен жеке тарихы жоқ, бо­луы да мүмкін емес. Зүлымдық өзі үшін өзі болмайды, ол өз мәнін ізгілік болмысында ғана айқындай алмақ. Міне, осындай мәселелерді танып білуде парасаттылық қажет.

Парасаттылық онтологиялық болмыс. Батыс елдеріндегі мораль деп аталып жүрген шындық біздің түсінігіміздегі парасаттылыққа бара-бар. Мораль - атеистік-материалистік сана жемісі. Діни сана бар жерде моральға автономия жоқ. Керісінше, дінисанажоқжерде ғана мораль жеке статусқа ие болмақ. Материалистер қүдайдың орнына Моральды қойған. Ұлттық ойлауда мораль орнына қолданылатын ұғым адамшылық және Шәкәрім қолданған ар білімі деген түсінік бар. Кейінгі кезде адамшылық болмысын: ұят, ар және имандылық арқылы түсіндіру дәстүрге айналып бара жатқанын айту керек. Айталық, Конфуций ілімінде мораль деген жоқ, оның орнына ол «ритуал» дегенді қолданады. Бұл біздің парасаттылық түсінігімізге жақын. Конфуцийдің айтқан ритуалы бір жағынан парасаттылық, екінші жағынан әдеп сақтау мәселесін қамтиды. Әдепті сақтау үшін парасаттылық қажет, себебі әдепті тек біліп қою

Page 40: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

парасаттылық емес, оны түсініп нақтылы қолдану, соның тәртібін сақтау ғана парасаттылыққа бастайды.

Қазақтың дәстүрлі тұрмысында парасаттылық әдеп, дәстүрді сақтаудан басталған. Әдептілік және әдепсіз- дік, осы екеуінің аражігін ажырата б іл у - парасаттылыққа тәрбиелеудің басы.

Ақылдың келесі бір көріну формасы - зейін.Зейін ақылдың өзі емес, оның бір көрінісі. Зейін

парасаттылықтан өзге. Әдетте зейінді адам деп білімді, ерекше қабілет иесін айтады. Адамдардың бәрі зейінді бола бермеуі әбден мүмкін. Зейін ақылдың кәмелетті формасының бірі. Зейін адамның табиғи болмысына қатысты, ол туа біткен қабілет. Зейінді адам арнайы білім алу жүйелерінде оқымаса да, өзінің тума қасиетіне ие. Эрине, осы тума қасиет әрі қарай білімділікпен ұштасса, сөзсіз зейінділік өзінің жетер деңгейіне көтеріле алар еді. Зейінділіктің толық болуы үшін үздіксіз оқу, іздену қажет.

Даналық - ақылдың жоғарғы формасы. Даналықты айтушы адамды біз дана дейміз, хакім дейміз. Хакім мен дана бір мәндегі ұғымдар. Хакімді әдебиеттерде де хикмет айтушылар дейді, сондай хикмет айтушы хакімнің бірі Құл Қожа Ахмет Иассауи. Аты аңызға ай- налып, кезінде жан жұмбағын іздеген Қорқыт Ата да таңцаулы хакімдердің бірі. Абайды зерттеушілердің бір парасы - ұлы Абай деуде, мен болсам Абайды ұлы деу- ден аулақпын, оны хакім деп санаймын. Абайды хакім деп бағалау дәстүрі Шәкәрімнен басталып, оны «Аптын хакім Абай» - деп Мағжан Жұмабаев арнайы өлеңмен жалғастырған.

Даналық (хикмет) айтушы хакім десек, Абайдың хакімдік туралы пікірін еске алған жөн. Ол хакімнің кім екенін және оның ғалымнан өзгешелігін айтып берген.

Page 41: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

40

Хакім, Абай түсінігінде, әрбір істің себебін іздеуші, яғни метафизик. Қазіргі терминологияға салсақ, хакім дегеніміз - философ, бірақ философияны Абай Аристотельдік дәстүрде түсінген. Себептілік метафизикалық философияның басты ұғымы. Бұл бір. Екіншіден, Абай әрбір хакім - ғалым, ал әрбір ғалым - хакім емес деп, хакімдікті ғалымдықтан жоғары қояды. Ғалым және хакім деп бөліп қарастыру айтуға жеңіл, ал шын мәнінде, бұларды бір-бірінен ажыратудың тұрақты өлшемі жоқ. Сірә, бұларды бір-бірінен айыру уақыттың және хакімдердің үлесі болмақ. Данышпандық атақпен немесе лауазыммен келетін нәрсе емес, ол ерекше рухы биік жандардың қасиеті.

Даналық болмысында тылсымдық та, әулиелік те бар. Ол ақылдың ақыл емеске айналуының формасы арқылы айқындалмақ. Даналықтың мазмұнында сезім болмысы жатыр. Шығыс мәдениетінде даналардың дені ақындар болғаны тегін емес. Даналық тілі ғылым тілі ғана емес, оған қоса сезім тілі. Сезім - өнер мен дінде, ғылымға сезім жат. Сезімде ғылыми дәлелдер арқылы білінетін логика жоқ, ол көбінесе метафоралық мағынада. Сондықтан да өнер мен дін ғылымнан өзге рухани құбылыстар. Ал, осының бәрін талдап айтушы - философия. Көне Грецияда философияны даналықты сүю деп анықтағанын кейінгілер қаншама өзгерістерге салғанымен, біз күні бүгінге дейін философияны даналық туралы білім саласы деумен келеміз.

Сонымен, сөзімізді жинақтай айтсақ, ұлттық ойлау кеңістігінде ақыл - субстанция, оның көріну формалары (акциденциялары) зеректік, зерде, пайым, зейін, пара­сат, даналық болып кете бермек. Ақылды адам қандай жан дегенде анықтаушы үғымдар іске кіріседі, яғни ақылды адам дегеніміз ол зерек, зерделі, пайымды,

Page 42: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

зейінді, парасатты жэне дана, данышпан болуы мүмкін. Осы айтылған ақыл формалары нақтылы іс-тәжірибеде өз көрінісін таппақ. Адам атанған соң, ол ақылсыз болмақ емес, мәселе сол ақылдың мөлшерінде. Қазақ тілінде ақылдың мінездемесі ретінде қолданылатын «парық» деген ұғым бар. Халқымыз парықсыз адамды- надан деп атайды, осы мәнде надандық - ақылдың тапшылығының көрінісі. Сонымен, даналық ақылдың биік формасы болса, оның төменгі табалдырығы - надандық болмақ.

КӨҢІЛ г

Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын.- ■ Дж. Байрон - М. Лермонтов - Абай.

^ r - j / T -өңіл жүйесі. Көңіл - тілімізде жиі қолданы- ч З ^ > ^ л а т ы н түсінік. Мәні қазаққа түсінікті,

бірақ ғылымда түсінікті түсіну әрі түсіндіру деген бар. Осы тұрғыдан келсек, көңіл арқалаған жүгі бар философиялық ұғым екеніне шүбә келтіре алмаймыз. Көңілдің философиялық ұғым ретінде анықталатын табиғаты - адам болмысы, ол тек адамға қатысты қолданылады. Адам болмысын айқындай алатындай көңілден өзге, бірақ оған жақын мынадай ұғымдар бар, олар: жан, сана, сезім, хал. Сонымен бірге көңілге тікелейқатысты, тіптеноныңкөріну формалары қызметін атқаратын үғымдар: ғашықтық, сұлулық, тақуалық, нәпсі қумарлық, жомарттық және күй (Бүлар жөнінде төменірек, арнайы айтамын).

Page 43: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Көңіл туралы жыраулар мұрасынан Абай, Шәкәрім, Шал, Махамбет сияқты сөзді өз орнына дәлме-дәл қолданатын ақындар шығармаларынан мынандай түсініктерді теріп алдым: көңіл қалу, көңіп қайту, көңіл айту, көңіл қалауы, көңіл көтеру, көңіл санасы, көңіл кірі, көңіл кешуі, көңіл жүгі, көңіл ашу, көңілсіз құлақ (метафора), көңіл көзі, көңіл рахаты, көңіл бөлу, көңіл жұмбағы, көңілді тыю, көңілді сергіту, көңілге any, көңілмен танысу, көңіл тыншуы, көңілді үміт, көңілге жол, көңіл жайпауы (метафора) т.б. Осы келтірілген сөз тіркестерінде көңіл - субстанция, оның күйлерін баяндауыш қызметін атқарып тұрған сөз анықтауда, мысалы, көңіл көтеру мен көңіл айтудың арасындағы мағына мүлдем өзгеше халдерді білдіреді, біріншіде ауыр қайғыға қатысты айтылса, екінші жағдайда сауық- сайранға байланысты. Енді «көңіл» деген ұғымның алдынан келіп, эпитеттік қызмет атқаратын сөздердің тіркесіне назар аударайық: қара көңіл, ақ көңіл, қам көңіл, тоқ көңіл, жай көңіл, суынган көңіл, жанған көңіл (метафора), диуана көңіл, құскөңіл (метафора), қайғылы көңіл, есер көңіл, өскен көңіл, ата көңіл, қараңгы көңіл, мазасыз көңіл, талапты көңіл, жаралы көңіл, бояма- сыз ақ көңіл (Абай қолданған) т.б. Мұнда көңілдің халін алдындағы сөз анықтап отыр. Салыстырып көрелік, қара көңіл және ақ көңіл арасындағы мәнділік бір-біріне қарама-қарсы жайларды білдіреді.

Көңілдің орыс тілінде дәлме-дәл баламасы жоқ. Әр түрлі жағдайға байланысты өзгеріп кете береді, мыса­лы, қазақ қазалы үйге жасайтын кісілік рәсімін «көңіл айту» дейді. Орыс дәстүрінде ол «выразить соболез­нование» болып шығады. Осылайша, көңіл деген ұғым орыс тілінде әр түрлі мәнге ие болып, ұстатпағаннан кейін, мен Михаил Лермонтовтың өлеңдерінің Абай

Page 44: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

аударған нұсқаларына назар аудардым. Мысалы, Абай «Не верь себе» деген Михаил Лермонтовтың40 жолдан түратын өлеңін қазақтілінде «Өзіңе сенбе, жас ойшыл»- деп, түпнұсқаға сай 40 жол етіп аударған, соның бірінші шумағына назар аударайық, себебі бірінші шумақтың ушінші жолында көңіл дөген үғым бар. - .

Абайда:Өзіңе сенбе, жас ойшыл, к , ■<Тіл өнері дертпен тең. г ■ > 'Көңілдің жүгін қиял қыл, ч -Ызаға тұтқын бой мең-зең. ;

(Абай. 1-т., 198-6.) ■ 1

Михаил Лермонтовта: • ' »' *Не верь, не верь себе, мечтатель молодой, ; ■ Как язвы бойся вдохновенья...Оно - тяжелый бред души твоей больной ■Иль пленной мысли раздраженье. '

(Ол да сонда, 312-6.) - * ■ s, fi-, ' - .

Абай «душаны» қазақша «көңіл» деп аударған. «Душа-ның» тіліміздегі тура баламасы «жан».

Абай аударған Михаил Лермонтовтың тағы бір елеңінен мысал келтірейін. Орыс ақынының «Еврей­ская мелодия» атты шығармасы былай басталады:

Душа моя мрачна. Скорей, певец, скорей!(310-6.) 1 ' '<>

Абайдың аудармасында: '-■■■•«v1Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын! ? *

(196-6.)Абай «душаны» қазақшалап «кеңіл» дегенімен,

біз ғылыми тілде дәл бүлай қабылдай алмаймыз,

Page 45: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

44

себебі «душа»-ның тура мағынасы жан. Бұл ғылымда орныққан термин, мен оны өз басым қүптаймын, алай- да орыс халқы «жан» дегенді, «көңіл» дегенді «душа» деп бейнелей беретінін есте сақтауымыз керек.

Сонымен, «көңіл» деген үғым мәні не дегенге келсек, айтарым, ол адам болмысының халі. Бұлай дегенде де ескеретін жай, ол тұрақты хал емес, өзгеріп, құбылып тұратын хал. Кеңіл деген тұрақты ұғым емес, ол үнемі өзгерістегі адамның болмысы. Осы жағдайды тілімізде адамның «көңіл-күйі» деген де түсінікпен бейнелейміз. Домбырамен орындалатын енертуындысы - күй, ол тұп- тура адамның көңіл күйін бейнелейтін феномен. Көңіл дегенді «экзистенция» десек, соның халін білдіруші күй өнері, сондықтан да күй өнерінен танымдық нәрсені та- лап етпеу керек. Күй аққудың үнін салады екен деген­де күй жоқ деп түсіне бер, себебі күйде нақтылық және айғақты натурализм болмауы керек, себебі ол адам болмысының өзге өнерлері жете алмайтын тұңғиығына өзінше қатынайтын өнер. Күй түсінікті болмауы керек, себебі адамның кеңіл-күйі дегенде, оның ақыл арқылы мәлім болмайтын халін айтамыз.

Көңіл ақылды қажетсінбей күйді қажет етеді, содан көңіл-күйі деген үғым шыққан. Абай аудармасында тұп- тура осы хал тілге тиек болған. «Көңілім менің қараңғы. Бол, бол ақын», - дейді ол. Қараңғы көңілді жарық ететін ақын болуы керек, мүмкін сол қараңғы көңілді дөп ба- сып, оны адамға не қажеттілігін, не қажетсіздігін ашар, мүмкін ашпас, әйтеуір көңілге ақын керек, соның әуені қажет, орысшасында да Михаил Лермонтов «Душа моя мрачна, скорей, певец, скорей», - деп шырылдап түр емес пе?

Орыс тілінде жанды кеп жағдайда «душа» - деп тегін айтпаған шығар, сондықтан жан мен кеңілдің бірлігі

Page 46: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

мен ерекшелігіне тоқталып кетелік. Жан туралы мен білгенімді айтып өттім. Менің ойымша, кеңіл жаннан белек субстанция емес, ол жанның көріну формасы бол­са керек. Мүмкін, көңіл адам жанының байлығы, кеңістігі ме екен? Көңілсіз жанның жағдайын түсінуге бола ма? Сонда көңіл жан өрісі, оның кеңістігі болғаны ма? Ой- лану керек...! Ой демекші, көңілдің ойға да қатысы бар ма екен? Біз ойды тек ақыл кеңістігінде қарастыруға дағдыланғанбыз, оны көңілмен қатысты қарастыруға болар ма екен? Болады, егер ойды біз көңілдің ерек- ше бір күйі, адамның шабытына қатысты айтсақ. ІІІа- быт болмаса ой туа ма, шабыт көңілдің ерекше халі емес пе? Шабытты шақ дегеніміз адам рухының өзіне айқындалған сәті деп түсінген жен болар. Тұрмыста рухтың орны тапшы, оның көрінер сәті көңілге байла- нысты. Біз әдетте адам көңілденіп отыр дейміз, сон­да оның көңілін көтерген нендей күш. Адамның кеңілі адаммен деген сез бар. Бірақ, бүл толық шындық емес, адамның көңілін адамныңөзі көтермесе, езгелер көтере алмас. Адамның көңілденуі езінің болмысындағы қүндылықтарын бағалауынан туындайтын тылсымдық сезім. Қазақ оны қарапайымдылыққа салып, «адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады» - деген. Рас, көңілді сәл нәрсе бұзатыны анық. Бірақ, есте боларлық жай, ол өзі бұзылайын деп тұрған көңілге түскен соңғы тамшы ғана. Қазақ соны меңзеп айтып тұр. Біз әдетте ойды Дәлелдей бастағанды ұнатамыз, ал біздің түсінігімізде °й көңілден басталғалы тұр. Сондықтан ойдың басы- қайғы деген тұжырыммен келіспеске болмас. Асан- Қайғы дегенде біз қайғы арқылы оның ойшылдығын ай­тып отырмыз. Қайғы көңілдің өлшемі екені белгілі жай. Ойшылдықтың белгісі - қайғы, керісінше, қайғысызда °йшылдық жоқ. Абай мұны қара көңіл деген түсінік

Page 47: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОАЛА ЕСІМ

46

арқыяы берген, оның «жарқ етпес қара көңілім не қылса да»,-депбасталатынөлеңшумағында ғашықтық туралы айтылғанмен, сөз мәнісінде өзінің кім екендігін білдірген, яғни ол өзін қара көңіл иесімін деп, ойшылдығын білдіріп отыр. Қара көңіл Абай түсінігінде оның өмірден түңілуі емес, ол өзінің халін баян етуі. Әлемде нендей жағдай болса да бұзылмайтын өз түсінігі, үғымы барын айтып отыр.

Көңіл дегенде онымен бірге аталатын сана, сезім, хал сияқты ұғымдарды бірге қалайша қолданамыз дегенге жауап іздесем, меніңайтарым, сана, сезім, хал дегендер, негізінен, дерексіз жалпы үғымдар ол - бір, екіншіден, олардың болмысында аксиологиялық (құндылықтылық, бағалылық) елшемдері жоқ. Көңіл болса бойына он- дай өлшемдерді жинай білген, мысалы, көңіл қалды, кеңіл білдірді, көңіл айтты т.б., яғни әрқайсысында адамшылық өлшемдер бар, адамның халінің әр түрлі суреттері бар, адамның болмыс байлығының шексіз көріністері бар. Бұл адамның ешқашан көңілсіз шағы болмайтындығы (мен көңілсіздік мәнінде айтып отырғанымжоқ. - Ғ.Е.), қашан, қандай болмасын адам баласы көңілдің әйтеуір бір күйінде болмақ, осы мәнде, көңіл деген адам болмысыныңайғағы. Көңілсіздік деген бергі әңгіме. Адамның кеңілсіз күйі болмақ емес, мәселе сонда, ол соп көңілдің қандай күйінде болмақтығы. Көңілдің орнықтығы үшін адам-затқа дін, ілім, идеал т.б. қажет болған. Содан барып көңілдің халіне сай ұғымдар, оған сай харекет, қызметтер қалыптасқан, олар: ғашықтық, тақуалық, құмарлық, жомарттық, хакімдік. Енді осыларға қысқаша тоқталып өтейін.

Көңілдің қалауы туралы түсінік. Көңіл нені қала- майды, оның қаламайтын ici жоқ. Көңілдің қалайтын істерін айтып тауысу мүмкін емес. Менің айтқалы

Page 48: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

отырғаным, көңіл қалауының ерекше формасы. Көңілі ауып, ғашық болған жанның өзгені қабылдай алмай- тын дәрежеге жеткен халін Шығыс ақындары ғашықтық деп жырламап па еді! Сонда көңіл калауының үздік көрінісі - ғашықтық, дүниетанымдық мәнде айтылған түсінік. Көңіл алауы орындалатын істен гөрі орындала қоймайтын үнемі ізденіс үстіндегі мақсаттық мазмұнда. Орындалған іс мақсат емес, мақсат адамды жетелей беретін қуат. Көңіл қалауы - мақсат. Тұрмыста күнде бо­лып, іске асып жатқан нәрселермен ғана көңіл қалауын анықтауға болмайды. Көңілдің қалауы өмір сүрудің мәніне айналғанда, адамның рухы нақтыланып, оның көзқарасы айқындала басталмақ. Осы айқындықты біз ғашықтықтан көреміз. Ғашықтық дегеніміз, ең алдымен, өзін құндылық деп бағалап, адамның өзгеше күйге түсуі, теңцесін таппауы, өз-өзімен салыстырып барып, өзі сияқтыны ізд еуі. Әд етте ғаш ы қ жандар сезі м і Жарату ш ы- сына, не өмірге, не Жаратушының өзі сияқты жаратқан, бірақ өзге табиғатқа ие әйел-затына деген ықыласынан білінеді. Қалай болғанда да ғашықтық адамның өз көңілінің қалауы болмағанымен, нақтылы анықталмаған хал көрінісі. Адам езіне нақ не керектігін білмейді, бірақ әлдене қажеттілігін сезінеді, сол сезімдер толқыны оған тыным таптырмайды. Мұны Шығыс поэзиясында ғашық болған Мәжнүн ақын бейнесінен көруге болады. Ғашық жанда ес болмайды деген түсінік бар, сірә, ол адамның өзі біліп болмайтын болмысты білгісі келген ынтасы- нан туған беймазалық. Ғашық адам нағыз беймазалық күй кешпек, өмірдегі қалыпты тұрмыс, қалыпты сана, сезім, ақыл оны тастап кеткен, ол біліп болмас іске түскен адам. Осындай халді мен көңіл қалауы, оның биік көрініс тапқан формасы - ғашықтық деймін. Көңіл Калауы ғашықтық арқылы көрінеді десек, іс біршама

Page 49: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

түсінікті, түсінуге, әрі түсіндіруге болады. Ғашықтық туралы ақындар көп айтқан, ойшылдар да мол топ- шылаулар жасаған. Қазақ тіліндегі көңіл нені қалайды дегенді дүниетанымдық мәнде түсінсек, көңіл өзінің не қалайтынын өзі де білмейді, бірақ сол білмегенге ынтық болады, міне, осыны мен - көңіл қалауы деймін. Бұл адамның дүниетанымдық аса күрделі халі. Адамның не нәрседен көңілі қалуы мүмкін. Тұрмыста күніне сан рет адамның көңілі әлдебір болмашы нәрседен қалып жа- тады. Менің айтып отырғаным ондай жайлар емес, сөз көңіл қалуының дүниетанымдық мәселесінде. Адамның көңілі қалғанда мәселе нақтылы езінен, өз болмысынан басталмақ. Көңіл қалудың адам, тіршілік табиғатына қарсы көрінісі адамның өзіне-өзі қол жұмсауы. Бұл көңіл қалудың физикалық көрінісі. Ал оның өзгеше рухани түрі - адамның өмір, нәпсі қызығын тәркілеп тақуалық жолына түсуі. Сонда кеңіл неден қалды дегенге кел­еек, ол мына өмірдің жалғандығынан, өткіншілігінен, дүние кірінен, надандықтан, енді осының бәрінен ары- лу үшін адам тақуалық жолға түседі. Көңіл жалған өмір санасы, олай болса, бұл өмірге көңіл қалды. Тақуалық табиғатына зер салсақ, екі түсінік барға ұқсайды. Біріншісі, тақуалықтың осы жалған ғұмыр үшін қажеттілігі. Екіншісі, тылсымдық, яғни бақи өмірге деген даярлық, бүл мәнінде тақуалық жеке бастың қамы үшін деген мәселеге айналады. Сондықтан тақуалықтың алғашқысы адам-зат үшін құнды екенін мойындамасқа болмас.

Көңіл айту жиі кездесетін хал. Дүние бол мы­сы өзінің өткінші екендігін күн сайын, сағат сайын дәлелдеп жатады. Адамның дүниеге келуі, дүниеден қайтуы үздіксіз. Осындай адам басына түскен қайғылы сәтте халқымызда көңіл айту рәсімі бар. Көңіл айту -

Page 50: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

қайғыны бөлісу. Сондықтан да көңіл айту жаны жомарт, ізгі жанға тән қасиет. Біз көңіл айтуды қарамызды көрсетіп, қайғылы үйге бас сұғу деп түсінеміз, оны- мыз да дұрьіс, бірақ көңіл айту рәсімі ой тереңдігімен өлшенбек, сондықтан да бұл дәстүр жан жомарттығын қажет етеді. Көңіл айтуда жасандылықтың көп болаты- ны да осы дүниетанымдық деңгейге қатысты жай. Қазақ фольклорында көңіл айтудың нендей тамаша үлгілері бар, олар халық жомарттығының үлгілері ретінде сақталған.

Көңіл көтерудің түрлерін санап шығу мүмкін емес. Пенденің көңілі неден көтерілмейді дейсің? «Жақсы сөз - жарым ырыс», - дейді халқымыз, айтпағым көңіл көтерудің дүниетанымдық мәні. Көңіл көтерудің негізінде - қумарлық, көбінесе нәпсі құмарлығы жатыр. Демек, көңіл көтеру базарында көбінесе періштелікті шайтандық жеңіп, шайтан-әзәзіл мәре-сәре болып жатады. Сондьщтан көңіл көтеру көбінесе шайтанның азығы болып кететіні де содан.

Көңіл санасы дегенде хакімдік, яғни даналық жатыр. Көңілдің санасы адамның дүниетанымдық болмысы, бірақ сана болған жерде адамның өз табиғаты алдында жеңілісі болатынын да ескеру шарт. Олай дейтінім, сана- адамның табиғи даналығы өзінің инстинктін жойып, тың, жаңа даналық орнатам деген харекетінің көрінісі. Сана арқылы қалыптасқан даналықтың кемшілігі әр жерден көрініп тұрады, себебі ол оқу мен үйренуден келеді. Оқытушы мен үйретуші білгенімен қоса, шәкіртіне ез кемшілігін қоса бермек. Сондықтан қолдан (сана арқылы) жасалған даналық табиғи даналықтан (инстинкттен) төмен екенін естен шығармаған, сірә, жен болар.

Page 51: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Жоғарыда адамның көңілі тұрақты субстанция емес, ол үзіліссіз қүбылмалы адам болмысының ерекше халі дедік. Тіптен, хал дегеніміздің өзі - көңіл. Демек, адамның көңілін түсіну езге адамның ici емес. Ол жеке бастың санасы, оның сыры, тіптен, сол адамның өзіне де беймәлім болуы ғажап емес. Адам көңілін түсіну оның өзін түсініп, танудың нақ өзі. Көңіл әр адамның жекеше көрінетін болмысы, рухы. Көңілдің әр адамның мінезіне, табиғи бітім-болмысына сай әрқилы болуы түсінікті.

Өзі туралы бағасы жоғары адамның көбінесе көңілді болуының себебі де түсінікті. Өзін мөлшерден артық бағалаушылық - надандардың әдеті. Олар ту­ралы Абай надандардың сүймегі көп пен дүрмек де­ген еді. Артық туған жандардың көңілі, санасы - қайғы. Данышпанның көңілі әмәнда дертті болмақ. Ол адам өзінің көңілінің кірін тазартумен әлекке түспек, себебі бүл жалғанда көңілді кір шалмай тұруы мүмкін емес. Артық туған адамдардың көңіл көтеруінің формасы да ерекше болуы содан. Көпшілік қарық болатын жайлар артықтар үшін керісінше эсер етпек. Көпке ұнаған нәрсе артық адамдарға ұнамақ емес. Олардың көңіл талғамы өзгеше азық қажет етеді.

Жоғарыда орыс тілінде көңілдің душа деп аударылғанын айттық, сонда көңілдің жанга (душаға) қатысы қандай? Қазақ дүниетанымында жан мен көңіл бір ұғым емес. Олар бірінің орнына бірі жүрмейді, әрқайсысының өзіне тән қызметтері бар. Жан деген негізінен тәнге қатысты айтылады, ал көңіл болса адамға, оның «Меніне» қатысты. Мен дегенді Абай ақыл мен жан бірлігі деп еді, олай болса, көңіл - ақыл мен жанға қатысты көрінетін феномен. Көңіл -а қы л мен жан санасы. Осы түсінік көңілдің тек әлденеге рефлексиясы

Page 52: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

емес, мәнді болмыс екендігін дәлелдейді. Көңіл санасы болмаса ақыл мен жан өздерін қайтіп айқындамақ.

Ақыл мен жанның анықтығы көңіл арқылы білінбек. Менің пікірімше, анық деп жүргеніміздің өзі небәрі көңіл санасы. Әйтпегенде, мына үнемі толассыз өзгерістегі болмыста анық нәрсе болушы ма еді. Анық деген көңіл қалауына сәйкөс шындық, Шәкәрім айтқан үш анығы да осы мазмұнда айтылғанға ұқсайды. Анық деген ак­сиома емес, ақиқатқа ізденіс, оның өлшемдерінің бірі. Анық түсінік болмаса ақиқат тану мүмкіндігінің жабық болғаны, сол себепті адамдар өздері үшін әлденебір мәселелерді анық деп қабылдап алады. Бұл бол­мыс релятивизміне қарсы харекет, себебі анық деген езгерістің өзі емес, оның уақыт ішіндегі бір сәті, бірақ ол көңіл санасына айналғанда тұрақтылық сипатқа ие болып, танымдық әрі тәрбиелік мазмұнға түседі.

Көңіл мен хал ұғымдарының бірлігі мен айырмашылығы туралы. Көңіл жөнінде біршама ой білдірдік, ал хал туралы айтсақ, ол - әрбір адамның тек өз басына ғана тән дүниетанымы. Хал мәні адамның өзіне де толық мәлім емес, сірә, адамдардың бір-бірімен кездескенде хал сұрасуы содан болар. Әркім өз халін білу үшін өзгенің халін сұрауы түсінікті. Сүрау деген шын білмегендіктен қойылатын ой тәсілі. Ойлаймын, хал сүрасу мәнінде осы білмекке қүмарлық жатқанға үқсайды. Адамдардың амандасу рәсімі, олардың дүниетаным прологы. Хал сүрасып керісіп-амандасу адамдардың бірін-бірі қабылдағысы келген ынтасы. Ондай ынта болмағанда амандасу рәсімі де жоққа айналады. Мұндай жағдайда хал көңілдің өзі емес, оның көрінісі. Адамның өзін-өзі тануы негізінен ынта, Т|лек, ниеттен аспайды, себебі адам өзінен гөрі өзгені, өзгелерді танып-білуге тым құштар. Осы құштарлық

Page 53: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

адамның өз боямысын бүркемеяеп, оның көңіяінің кірі мояыға береді, оны дін тіяінде «күнә» дейміз.

Біз көңіл-күйі дейміз, анығында көңіядің өзі - адамның күйі. Нақтыяық үшін біз адамның «көңіл-күйі» дейміз. Сонда күй деген не? Күй адамның психикалық болмысын білдіретін түсінік. Жағдайы дұрыс адамды тұрмысы күйлі екен деп жатамыз, жағдайсыздарды, керісінше, тұрмысы күйсіз екен дейміз, осыдан ба­рып «күйлі адам», «күйсіз адам» - деген түсінікке келеміз. Бүл адамды түрмыстық мәнде анықтағандағы түсінік, ал оның психикалық қалпы тек тұрмысқа ғана тәуелді еместігі белгілі. Көбінесе күй адамның руха­ни болмысын бейнелеуге қолданылады. Жоғарыда айтқан көңіл қалауын іздеп аласұрған беймаза ғашықтар күйі, тірліктен көңіл қалған тақуалар, өмір мағмұрлығының түбіне жете алмай қүмарлыққа салы- нып, көңіл көтеруден өзге «қайғысы» жоқ жандардың күйлері қандай болмақ. Әрқайсысының күйлері әр түрлі, сондықтан күй дегенді өзгермелі дүниенің үздіксіз алмасып тұратын сәттерінің көрініс суреттері десек, сірә, қателеспейміз. Неліктен кеңіл тілімізде не баян- дауыш қызметін, не эпитеттік қызмет атқаратын сөздер тіркесінсіз жеке түрінде қолданылмайды? Себебі, кеңіл философиялық таза ұғым. Таза үғымда қандай мән болмақ? Философиялық ұғымдардың онтологиялық сипаттардан ада екендігі көпшілікке мәлім. Көңіл адам болмысына тікелей қатысты ұғым болғанымен, оның мәні адамдық қасиеттер арқылы ғана ашыла бастайды. Адамдық қасиеттер ізгілікке де, зүлымдыққа да бастай­ды, соған сай адам көңілінің күйлері де анықталмақ. Осы үрдіс көңілге баяндауыш болатын да, эпитет болатын да көмекші сөздер талап етеді, ол өзінің предикаттық қызметін бұлжытпай ұстауы да содан. Грамматикалық

Page 54: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

формада көңіл предикат ретінде үнемі анықтауышты қажет етеді. Анықтауыш арқылы нақтыланған көңіл, адамның сан алуан халін бейнелеп бере алатын фено- менге айналмақ.

РУХ

‘- г г ^ у х жүйесі. Біз рух туралы не білеміз? Рух туралы бәріміз әлдене білетінге ұқсаймыз,

себебі оны жиі қолданамыз. Кейде әлдекім туралы «оның Рухы биік жан еді», - деп айтып та, жазып та жүрміз. Ойлаймын, ел рухты екі мәнде қолданады, бірі қарапайым тұрмыста, көбінесе діни мағынада, екіншісі философиялық мәнінде. Ендеше, мен де Рух туралы сөзімді осы екі мәнде тарқатып көрейін.

Рух адамдар үшін нақтылы зат емес, ол адам бол- мысында бар болғанымен, физикалық, денелік түрде сезілмейтін, бірақбар нәрсе деп қабылданған феномен. Рух туралы сөз, әдетте, бір ерекше жағдайларда айты- ла бастайды, ол Отан, жүрт, ел қорғау ici, яғни соғыс кезі немесе өзге бір айбар көрсететін жағдайларда еске түседі. Қазақ фольклорында, әсіресе батырлық жыр-дастандарда рух туралы сөз кеп. Әсіресе, батыр- лар дұшпандарымен жекпе-жекке шыққанда өзін-өзі Кайраттандыру үшін ата-баба рухына сыйынады. Бұл мәдени дәстүр ислам қағидаларына дөп келмегенімен, халықтың болмысында кеңінен орын алған. Осы жерде рух болмысына қатысты біз жиі қолданатын екі түсінікке арнайы тоқталайық, олар: ата-баба рухы, яғни «аруақ» шақыру және «рухани мәдениет» немесе «рухани байлық».

Page 55: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Қазақ дүниеден қайтқан адамның ұмытыямайтын бейнесін, «образын» «аруақ» дейді. Орысша айтқанда, «аруақ» деген «культ предков», бүл түсінік әлем халықтарының, менің білуімше, көбінде бар немесе болған. Дін мәселесімен шұғылданған ғал ымдар «аруақ» мәселесін анықтаудан гөрі, оның мәнін көмескілендіріп, дәстүрлі бар түсінігімізге кереғар түсініктер қүрастыра бастады, олар «аруақ» деген діни аңыз, шындықта орны жоқ деген қағидаларды құрастырды. Шынында да, осы «аруақ» деген бар ма, жоқ па? Бүгін кешегі за- манда аруақ деген утопия деп қолын бір сілтейтіндер ойланып қалғанға ұқсайды. Көп жүрттың аруақ тура­лы үзілді-кесілді пікірі жоқ. Халық ой үстінде. Сірә, жұрт шолақ ой, шолақ, келте қорытынды жасаудан да жалыққанға ұқсайды. Сонда аруақ бары шындық па, әлде қиял шындығы ма? Ойланайық. Аруақты жоқ де- сек не болады, бар десек нендей нәтижеге келмекпіз. Әрине, аруақтың бар-жоғын ғылыми дәлелдермен анықтау мүмкін емес. Ғылыми түрде дәлелденбеген іс туралы не айтуға болады? Тағы да ойланайық! Аруақ деген дүниеден озған әкенің, атаның, бабаның бейнесі. Өмірде бар, яғни өмір сүріп отырған әркімнің әкесі, ата­сы, бабасы бар болған, бірақ олар дүниеден өтті, енді оларды өлді деп үмытуға болады ма? Болады, егер оларды қажетсінбесең, ұмытылмайды, егер олармен өзіңнің байланыстылығыңцы іздесең, олар саған қажет болса, олар туралы санаңда түсінік болса. Олай болса, «аруақ» деген санадағы түсінік болғаны ғой. Мәселенің расына келсек, әке, ата-бабалар неге санамызда «шындық» болып өмір сүрмеске. Міне, осы санадағы «шындық» есімі, тегі «аруақ» болса керек. Осы мәселені тіптен нағыз атеист, материалистер де жоққа шығара алмады, олар рухани көсемі Ленинге арнайы мавзо-

Page 56: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

лей салды. Бұл дәстүр көп діндерде, көп елдерде бар. Сонда «аруақ» дегеннің өзі кезінде өмір сүрген, енді о дүниелік болған жандарға құрмет болғаны ғой. Бұл тезисті теріске шығару қиын. Сонда, тегі рухқа сыйыну адамдар бойындағы қуатты сарқа пайдаланудың тап- тырмайтын тәсілі деуге де болады.

Ата-баба рухы Аруақ халқымыздың дәстүрлі мәдениетінде ерекше қызмет атқарғаны баршамызға мәлім, бірақ менің айтпағым мына мәселе. Әке мен бала арасындағы түсінікті де, түсініксіз де байланыстар бар. Түсініктілері көпшілікке мәлім, олар негізінен «әке парызы», «бала қарызы» деген ұғымдар төңірегінде өрбиді. Ап, түсініксізі - осы рухани байланыс. Баланың әкесі дүниеден өткенде, тікелей аралас тоқталғанда, мен ойлаймын, қалатыны осы - Рух. Әке енді бала үшін Рухқа, яғни Аруаққа айналады. Бала әкесін ешқашанда ұмытпақемес,сол сияқтыеліөзініңқаһарман.көсемдерін де ұмытпақ емес. Ал, енді былайша айтсақ, бала дүниеден өткен әкесін ұмытыл кетсе не болмақ, мен ой­лаймын, бұл ұрпақтың өзін-өзі ұмыт етуге бағытталған әрекеті деп, себебі күндердің күні бүгінгілер де аруаққа айналмай ма? Мұндай жағдайда «рухани мәдениет», «рухани қазына» дегеніміз мәнсізденіп, құнсызданып, халықтың рухани күйзелуі басталмақ, яғни халықтың ақыл-есі жойылмақ, оның әлеуметтік тәжірибесі мансұқ етілмек, ондай халықтың тарихы болмайды. Мен Аме­рика құрлығында өмір сүрген «Майя өркениетіне» таңым бар. Американың аборигендерінде неліктен өз өркениетінің тарихы сақталмаған. Не себептен рухани құндылықтар туралы сана жойылып кеткен. Мысалы, бүгінгі тамақ еркениетінің Америка аборигендерінсіз бо- л УЬі мүмкін емес-ті. Темекіден бастап кептеген кекөніс,

Page 57: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

жемістер Америкадан тарады емес пе? Ал, соның тари­хы сақталмаған.

Бірақ, Америка аборигендерінде аруақ деген түсінік сақталған, ал рухани, мәдени тарихы жоқтың қасы. Сонда рух дегеніміз тірілер мен өлілердің арасындағы байланыс па екен? Тірілер болмысы бір бөлек, өлілер болмысы бір белек, рух болмысы бір бөлек пе? Ойды ой қуа келгенде айтарымыз, рух дегеніміздің өзі тірілерге қатысты ұғым ба, әлде өлілерге қатысты айтылған түсінік пе? Ойлаймын, екеуіне де қатысты, әрине, екеуіне қатысты дегенде шарттылық бар, біз, тірілер өз тірлігімізді аңғарғанымызбен, өлілер бол- мысын білмейміз, әйтеуір солай болар деп болжам жасаймыз. Оған қосып айтарым, бақи ғұмыр біздің де баратын жақ болған соң, санамызға неше түрлі «мүмкін солай шығар» деген түсініктер түсе береді. Осы бақи ғұмыр біз баратын жақ дегенде де бір түсінбестік бар, ол дәстүрлі қоғамның дәстүрлі түсінігінде, адамның өлгенін «пәленше дүниеден қайтты» - дейді. «Дүниеден қайтты», яғни адам қайдан келді, сонда қайтып орал- ды деген сөз. Бұл сөздің мәнісі неде екен, неге ертеде адамды дүниеден қайтты деген екен? Демек, адамның енді қайтып келмейтін жаққа өткені ғой.

Қайтып келмес жақ туралы бірер сөз. Бүл ғұламалардың бәрін ойландырған мәселе. Абай болса, «өлсе елер табиғат, адам өлмес, ол бірақ ойнап-күліп қайтып келмес», - деген. Сонда қайтып келмейтін ол жақ дегеніміз не?

Көпшілікке белгілі түсініктер жалған дүние, бақи ғұмыр деп жатамыз. Яғни дүние жалған және бақи бо­лып бөлінбек. Сірә, мәселені қисынына орай қойсақ, дүние дегеннің езі - жалған дегеннің болмысы. Адам дүниеден қайтты дейміз, демек елген адам үшін дүние

Page 58: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

таусылды. Ендігі жерде өзге дүние туралы сөз болма- уь| керек. Бақи ғұмыр дүние емес, сонда ол не? Оны қайдан білмекпіз, себебі ол жақтан адам ойнап-күліп қайтып келмес. Ол жақтың бізге мәлімдігі - қайтып келмейтін жақ екендігі. Және де ойын-күлкінің ол жаққа тән еместігі. Ойын-күлкі - осы жақтың мәселелері, яғни дүниенің ұғымдарына жатады.

Қайтып келмесжақ туралы діни аңыздар баршылық. О жақтағы ғұмырды «тамұқ» және «жұмақ» деп белу дәстүрге айналған. Олардың растығы туралы әңгіме дін үшін талассыз болса, ғылым үшін дәлелденбеген, сірә, ешқашан да дәлелденбейтін іс.

«Қайтып келмес жақ» дегенде Абай айтқан екі мәселе бір-бірімен қабаттасып тұр. Біріншісі, табиғат өлсе де адамның өлмейтіндігі, екіншісі, осы елмейтін адамның ешқашан бұл дүниеге қайтып келмейтіндігі. Осы екі пікірден үшінші пікір - қорытынды шықпақ.

Егер адам өлмесе және барған жағынан қайтып келмесе, өзгеше ғүмыр кеңістігінің рас болғаны. Сүрақ. Ол қандай ғұмыр кеңістігі? Бұған діндерде жауап дай- ын, ол жақта ғұмырдағы дүниелік істеріңе сай жауап бересің және де сол істер мелшеріне сай әрі қарай ғұмыр кешпексің. Жағдай осылай болғанда сенің шығармашылық емірің (шыгармашылық деп мен еркіндікті айтып отырмын. Іс, харекет еркіндігі деп түсініңіз.-Ғ.Е.) осы жалған дүниедеғана болып, қайтып келмес жақтағы ғұмырың, осы жалғандық дүниедегі істеріңнің көшірмесі сияқты болып қалмақ па? Дүние ахиреттің егіні деген осы ма? Олай болса, мазмұнды ғұмыр «жалған» деп аталатын ғұмыр болғаны ғой. Сондықтан пенделердің тек құлшылықтың құлы бол- май, дүниелік іспен айналысқаны мұсылмандыққа негізі емес пе? Сірә, солай болғаны ләзім. Әрине, бүл жер-

Page 59: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

де жаяпы үягілік қызмет атқаратын жекеленген тариқат (тақуалық) жолына түскен жандарды жазғырудан біз аулақпыз. Әулиелік табиғатында үлгілік бар. Үлгісіз тәлім де, тәрбие де, тіптен, таным да жоқ. Мәселе, сонда әулиелік жалпы жұрттың ісіне айналмауы керек. Әулие деген екінің бірі емес. Ол өте сирек кездесетін құбылыс. Жаппай әулиелікке ынталанып, әурешілікке түсу кей- кейде надандықтың, білімсіздіктің, зымияндықтың бір түрі болуы да мүмкін.

Келмес жақ туралы болғанда, ол тек адамға ғана ма, әлде жануарларға да қатысты ма деген мәселе бой көтереді. Малда да бар тән мен жан деген- ге келеек, онда бақилық ғұмыр малға да қатысты, ол әсіресе, құрбандық шалу дәстүрінен аңғарылады. Діни аңыздарда құрбандыққа шалған мал күні ертең сізді қыл көпірден алып шығарлық қызмет атқармақ. Демек, малдың (жануардың) қайда болсын ici - адамға қызмет ету, оның өзі үшін ғұмыры жоқ. Сондықтан қайтып кел­мес жақ адамға ғана қатысты, оны керек ететін де, түсінгісі келетін де - адам.

Қайтып келмес жақтың әңгімесінің бізге не қажеті бар. Болар істі болған соң көрерміз деп жүре берсек, несі мін. Мәселе қызығы, меніңше, сонда, «қайтып келмейтін жақты» түсіну - ол жоққа барған соң емес, бугінгі күнге қажет. Адам өз болмысынан шығып кетіп, өзін-өзі бұзып алмауы, адам қалпын сақтауы үшін қажет. Олай бол- маса мына түлкі дүние сізді қайда бастап апармайды, нендей істер атқартпайды. Өлшем, мелшер, сабыр, нысал т.б. осы дүниелік істерде қажет. Жаратушымыз адамды жаратқанда, оның табиғи болмысына дүниеге мағмұрлығымен қоса, өзін-өзі жойып жіберетіндей дүлей қуатты қоса берген. Әрбір адамның өзі өмірі үшін үнемі арпалысып өтетіні сондықтан. Біз, әдетте, адамның

Page 60: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

тәрбиешісі - оның ата-анасы деп біржақты пікір айта- мыз, адамның нағыз тәрбиешісі - өзінің ішінен шыққан ұрпағы. Адамның қуаты оның ұрпағында. Қуатыңды азайтып не кемітіп отыратын ұрпақ, бала-шаға. Адам­ды терең ойға салатын да бала-шаға. Сені қайтпайтын, қайтып келмейтін жаққа шығарып салып тұрып, тағы да өзімен-өзі арпалысқа түсетін де осы бала-шаға. Бұл тоқтауы жок тіршілік тынысы.

Рух тәнге де, жанға да қатысты. Жансыз тән жоқ, тәнсіз жанның бары туралы айтылып жүр. Рух та тән болмысында жанмен бірге болмақ, жан тәнмен ажырасқанда ол тәнмен қалмай, жанмен бірге кетпек. Мен ойлаймын, жанның тәнсіз формасы - Рух па деп. Тәннен арылған жан тазара бастамақ, оның тән кірінен тазарған болмысы, сірә, рух атанбақ. Бүл мәселені түсінікті десек, енді рухтың тәнге қатыстылығына тоқталайық. Тән жан тұрағы болған соң, жан оған қызмет етеді, бүл істе басшы - адам нәпсісі. Жанды нәпсі кірлетеді, қиналысқа салады. Мұндай жағдайда рух туралы сөз жоқ, бірақ адам тәубасына түсіп, сабырлық етіп, қанағат философиясына ден қойғанда жан жадырап, өзінің тәнге орныққанға дейінгі халіне келмек, сол кезде рух патшалық қүрады. Адамның рухы туралы биік-биік, мағыналы сөздер айтыла бастайды, біз оны даналық дейміз, ондай халдегі адамды хакім, данышпан дейміз. Оның мұрасын рухани мәдениет деп атаймыз, бұл адамшылық қағидаларына сай болатын Істер. Әр адамның бойында осындай рух көзі бар, ол көп жағдайда ашылмай қалуы да ықтимал, сондықтан РУхани тәрбиеге адам-зат әмәнда құштар. Рухқа КҰштарлық гуманизмнің (батыстық мәнге салсақ) негізі. рух дегеніміздің езі - адамды аңсау, оның қасиеттерін ашУ> пендесі мен Жаратушысының табиғи байланы-

Page 61: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

сын сезіну. Рух - періштелік, оның басты кедергісі - шайтандық. Періште мен шайтанның келіспеушіліктері осы рух мәселесінде, алғашқысы жан тазалығы үшін (яғни рух үшін) қам жесе, кейінгісі жанды азапқа са- лып, оны зұлымдық істердің бастаушысы болуына мүмкіндіктер жасауда. Адам жалған ғұмыр кеңістігінде болғандықтан, жеңіске көбінесе шайтан жетеді, себебі ол дүниенің қызығы болып, адам нәпсісін қоздырып, оның басын тауға да, тасқа да соғады. Өмірдің қызығы, дәстүрлі қазақы түсінікпен айтсақ, қызыл түлкі. Абай айтқандай, түлкінің «алпыс алты айласы бар», оның қайсысын адам баласы түсініп білмек. Түлкі-дүниені түсінемін деп жүріп, өмірінің өтіп кеткенін білмей дал болып жүргендер қаншама. Өткен өмір - көрген түс, қолыңа ұстап қалған нең бар, бәрі саусақ арасынан өте шыққан бейне су. Осындай өзгермелі, қас-қағым сәт, ғұмырда рухты сақтау, оны тәрбиелеу, рухты болу аса ауыр шаруа. Байлық пен билікте шайтандық көп, періштелік тапшы. Рух - періште азығы. Періштенің жаршысы - ақындар, өнер адамдары.

Дінде рух туралы талас жоқ. Иассауи хикметінде мынандай жолдар бар:

Иә достар, құлағың сал осы көпке," Сол себептен алпыс уште кірдім жерге.* Меғражда хақ Мұстафа рухымды көрді. . ,

Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.Хақ Мүстафа Жебірейілге қылды сауап,Бұл кеткен рух тәнге кірмей тапқан жамал?

u ’ (Қожа Ахмет Иассауи. Диуани Хикмет. Тегеран, 2000. 6-6.)^ 'V

Хикметтегі мағлұматқа сүйенсек, хақ Мұстафа Меғраждан Иассауидің Рухын көрген. Хакім Иассауи дүниеге Мухаммед пайғамбардан бес ғасырдан кейін

Page 62: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

келген, бірақ оның рухы Жебірейіл періштеге мәлім болған. Демек, рух тәннен бурын тарихы бар субстан­ция. Рух тәнге енбей турып-ақ нақтылы мәнге ие. Бул ілім Мухаммед пайғамбарымыз рухына да қатысты. Оның да рухы тәнге енбей турып, нақтылы мәнге ие болып, мәлім болған. Нур-Мухаммед деген ілімнің мәні осыда. Ислам дінінде, аңызында (екеуін көп жагдайда ажырату қиын. - Ғ.Е.) Рух тәнге дейін болатын шындық екені даусыз. Бірақ, бул ғылыми түсінік емес. Рух жөнінде ғылыми концепциялар орнына болжам немесе аңыздар орын алған.

Иассауи рухы Мухаммед пайғамбарымыз көргенде нурланып турған екен. «Бул кеткен рух тәнге енбей тапқан жамал», - деп расулымыз таң қалған. Демек, адам болмысын анықтауыш тән емес, рух болғаны шындыкқа айналады. Бұл бір. Екіншіден, тегі рух езіне сай тәнге енетіні заңдылық болса керек. Рухқа сай дуниеге тән болмысы келгені қажеттілік деп тусінген дурью. Рух өзі енген тәніне немесе, керісінше, тән рухқа сай болмаса, сірә, адам болмысындағы кемеңгерлік болмайтынға уқсайды.

Бул аңызға сенгеннен басқа амал жоқ, оған кудік келтірсек, діннен шығамыз. Ғылым табиғаты сенумен шектелмек емес, ол кудікті өзінің пәніне айналдыру- шы әрі оны сейілдіруші қызметінде болғандықтан, қандай істің болмасын себебін іздейді. Сондағы күдік неліктен рухтың жаннан, тәннен көп бұрын жеке дара болғандығында. Рух сонда жаннан тыс субстанция болғаны ма? Меніңше, рух - жанның көріну фор­масы, жаннан тыс рух жоқ. Элде жан, рух пен тэн жалғастырушы болмыс па екен? Біз рух дегенде жан тазалығын айтамыз. Жаны таза адамның рухы биік. Сонда жан тазалығы деген не? Жанның тазалығының

Page 63: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

өлшемі не? Біз бұл сауалдарға жан тазалығының өлшемі- ізгілік десек не болғаны. Ізгі адамның рухы биік болуы түсінікті емес пе? Сонда жанның тән кіріне былғанбай таза күйін рух деп айтамыз ба деген ойдамын. Бұл ой- лар дін немесе діни философияға қатысты болса, рух­ты атеистердің өзі жоққа шығармаған, бірақ олардың рух туралы түсінігінің өз ерекшеліктері бар. Атеистер құдайды, Жаратушыны жоққа шығарып қана қоймай, рухты революциялық фанатизм арқылы түсіндірген. Оған өте көрнекті мысалдар «Овод» пен «Құрыш қалай шынықты» романдарының басты кейіпкерлері. Олар өз істеріне мейлінше берілген жау-жүрек жандар, былай қарағанда атқарған істерін ізгілік деп қабылдауға бола­ды, бірақ олардың дұшпандарға рақымсыздығы адам­ды түршіктіреді. Жауға рақымсыз болу жолында, ал- дымен жаудың кім екенін білген жөн. Адамның өз ісіне сеніп, берілуі оны үнемі ізгілікке бастамайды. Виктор Гюгоның «93 жыл» романындағы Симурдэннің бейнесі де осының дәлелі, оның өз баласы Говэнді өлімге қиюы рухтың биіктігі ме, әлде адамдардың жауласуындағы фанатизм ба?

Материалистік дүниетанымдағы атеист Сталин не- міс басқыншылығындағы қан майданда солдаттардың рухын көтеруде Александр Невский, Дмитрий Донской, Александр Суворов сияқты қолбасшылардың рухы қолдасын деп ұрандатты. Бұл үранның соғыс кезінде елеулі әсері болды дейді сол соғысқа қатысқандар. Сонда не, бұл кепшілікті алдау тәсілі ме, шынымен рух шақыру ма?

Атеистер рухани байлық, рухани қазына деп айта береді, бірақ олардың айтып отырғандары дінге, діни философияға қатыссыз «байлық», «қазыналар». Олар рух туралы діни, идеалистіктүсініктерді қабылдамайды.

Page 64: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

рух олардың түсінігінде адамның ерекше харекетімен айкы ндалы п, ол өлгеннен соң осы ici кейінгілерге үлгі болып қалмақ, сол үшін осындай «рухы биік» жандарға большевиктер арнайы ескерткіштер орнатуды дәстүрге айналды рған . Бүгінде сондай түсініктен орнатылған ескерткіштерге қоғамдық көзқарас өзгеріп, олар тұғырларынан алынып тасталып жатыр, оның айшықты дәлелі Ленин және оның ізбасарларына қойылған ескерткіштердің тұғырларынан алынып тасталып жа- туы. Ленин рухы қазіргі жастарға үлгі болудан қалды, демек ол рухты жан ба еді? Немесе сұрақты айқынырақ қойсақ, ол жаны ізгілікті жан ба еді, әлде миллиондаған адам дар қанында қалған құлым ба еді. Әрине-соңғысы, сондықтан да ол тарих сахнасынан аластатылуда.

Рух діни философияның басты ұғымы. Рух тура­лы ілім қандай діннің болмасын негізі. Олардың көбісі адам жанының рухқа айналуы туралы айтуда. Рухтың тәнге қатыстылығы осы өмірде болса, оның тәннен тыс болмысы туралы толып жатқан діни концепция- лар, аңыздар бар. Осы мәселені қазақи дүниетанымға қатысты қолдансақ, ұлттық менталитетте «пір» деген ұғым бар. Ақын Жамбыл «Менің пірім - Сүйінбай», - дейді. Пір деген медет ететін рухани күш деп мойын- дау. Қазацқа тегі сопылық дүниетаныммен келген болуы керек, төрт түлік малдың нақтылы пірлері бар, айталық, жылқының пірі - Қамбар ата, түйенің пірі - Ойсыл Қара, сиырдың пірі - Зеңгі баба, қойдың пірі - Шопан ата, ешкінің пірі - Шекшек ата. Бүларды шаманистік түсініктер деп шатастыруға болмайды. Мүнда ешқандай шаманизм жоқ. Бүл ежелден, сонау Заратуштра- Дан келе жатқан натурфилософиялық тел түсініктер. ^ ен адам және табиғат деген дуалистік көзқарасты Қабылдамаймын. Дүниеде бар шындық адам, ендеше

63

Page 65: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

дүниенің өлшемі де адам. Дүниеге адамдық түсінікпен келгенде неліктен үй жануарларының пірлері болмауы керек. Жануарлардың пірлерінің мазмұнында адамдық өлшем жатыр. Адам дүниеге өз өлшемін қолданып, өзіне қызмет ететіндерді «жануарлар» десе, өз болмысынан тыс қалғандарды «хайуандар» - дейді. Сол себепті, ол жануарлардың жаны, яғни пірі бар деп санаған, онда тұрған еш «қателік» жоқ. Бұл мәнде «пір» деген ұғым - адам мен жануар болмысының бірлігін білдірген. Адам мен жануарлар бірлігі халық тұрмысында олардың мінез-құлық, мүсіндеріне дейін ұқсастығы баяндалған, мысалы, жылқы мінезді, қойдай жуас, бота көз, құлын мүсін, т.б. түсініктер.

Адам қандай харекет қылмасын, өз өлшемімен жүрмек, оны біз ғылымда көзқарас, дүниетаным деп жатамыз. Төрт түлік малдың пірлерін «ойлап тауып» ұғымға айналдырған, әрине, адамның көзқарасы мен дүниетанымы. Әр түліктің пірін анықтау үлгі әрі белгі- символ. Вербалдық қасиеті ерекше жетілген халықтың осындай символдары болғанына еш таңқалуға болмай- ды, керісінше, олар болмаса таң-тамаша қапу керек еді.

Философияда«рух»дегенүғымбар.Онықолданатын негізінен идеалистік бағыттағы философтар. Айталық, Гегель өзінің жасаған философиялық жүйесін рух- тан бастап рухпен аяқтайды. Рухты Гегель логиканың тиянағы үшін ғана қажет еткен. Әйтпегенде, рухты ғылым объектісіне айналдыру өнбейтін іс. Рух туралы әлдене айту үшін рух дегеннің не екенін анықтаудан бас тартудан өзге амал жоқ. Рухты анықтап алмай, ол ту­ралы ойлар құрастыра беруге болады. Ал, егер рухтың не екенін анықтасақ (рухтың не екенін анықтаудың мүлдем мүмкін еместігін мойындауымыз керек. - Ғ.Е.),

Page 66: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

рух туралы сөзіміз сарқылып қалады, осыны білген Гегель философиясын рухтан бастап рухпен бітірген, бірак РУХ болмысы ашылмаған. Материалистер, атеи- стер рухты жоқ нәрсе ретінде қарастырады. Олар рух­ты көбінесе фанатизммен шатастырады. Фанатизмді сенім деп дэлелдемек болады. Фанатизмнен рух ту- майды, керісінше де, рух фанатизмді туғызбайды. Бұл екеуінің ешқашан да бастары қосылмақ емес.

Гегель рухты таза ойлау (логика) ұғымы ретінде қолданған. XVIII ғ. неміс философиясын «классикалық философия» деп тұңғыш атаған Фридрих Энгельс өзінің «Людвиг Фейербах және неміс классикалық философиясының ақыры» деген еңбегінде философияның негізгі мәселесі: ойлаудың - болмысқа, сананың-материяға, рухтың-табиғатқа, -дептүжырым жасағаны бар. Ол осы принциптерге сай философтар- ды материалистер және идеалистер деп жіктеді, Ленин болса оны әрі «дамытып» философияның партиялығы туралы саяси қорытынды жасады. Ф.Энгельс бол­са рухты табиғат арқылы анықтамақ болған. Ол үшін рухтың синонимдері: ойлау, сана. Рухты ғылым пәніне айналдырсақ, айтарымыз осы мәселелер. Ф.Энгельс рухты Гегель түсінігіндей мифтік мазмүнынан шығару мақсатында оны идеалист-философ деп анықтаған. Демек, марксизмге қажеттісі оның идеализмі емес (идеализм мифологиямен бірге кездесе беретін фило­софия), тәсілі-әдісі, яғни диалектикасы. Кант диалекти- каны сағым философиясы деп дөп айтқан. Диалектика үнемі идеологиялық қажеттіліктен өсіп-өніп отырған. XX ғасырда мүндай қажеттілік - маркстік-лениндік ілім болды. Сондықтан Ленин диалектиканы марксизмнің жаны деп атаған. Маркстік-лениндік философия жҮиесінде рух тек Гегельге ғана қатысты айтылды,

Page 67: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

рухтың мәнісі түсінілмеді. Сірә, терең түсініктің қажеті болмағанғаұқсайды. Марксизмдедәлелсізқабылданған шындықтар-аксиомалар көп болды, соның бірі осы Ге­гель айтқан рух ұғымы болатын.

Сонымен, біз рухты үш мәнде қарастырдық, олар діни, мифтік және идеалистік философиядағы ұғымдық мәні.

Рух туралы баршаны қанағаттандыратын ортақ үғым болуы мүмкін емес. Себебі, рухтың діни түсінік ауқымының өзінде әр түрлі ілімдер бар, айталық: Будда, Христиан, Ислам діндерінде рух мәселесі бір-бірінен өзгеше айтылды.

.г. . АР '• "

•>- жүйесі. Ар дегеніміз не? Оны қалай та-'— / г нып, білмекпіз. Ар хайуандар әлеміне емес,

адамдарға қатысты қолданылатын ұғым. Кейбір зоолог ғалымдар, әсіресе үй жануарларына қатысты олардың ұятқа ұқсас қылықтары туралы айтуда, бірақ ол ұят емес. ¥ят та, Ар да тек адамға қатысты феномендер. Ар тек адамға қатысты феномен десек, ол күллі адам- затқа қатысты ма, әлде жекелеген адамдар еншісі ме деген сұрақ туады. Өмірде арсыз адам бола ма? Адамдар арасындағы әңгімелерді тыңдап, солардың негізінде анықтама жасасақ, арсыз адамдар бар, тіптен көп. Адамдар өзгелерге реніш жасағанда, оның арсыз екенін беттеріне басып жатады. Демек, өмірде арсыз адамдардың болғаны. Ойымызды осылай өрбітсек, арсыз адам, ол - адам, бірақ ол - надан. Мәселені осылайша қойсақ, сонда адамның арсыз-надан екенін

Page 68: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

анықтаушы кім? Бұл мәселені кезінде Михаил Лермон­тов поэзия тілімен былайша түсіндірген:

Мүнда ар деген адамның сырына, құпиясына қазы болатын - рухани субстанция. Ар адам ісінің төрешісі.

Михаил Лермонтов Арды құдаймен бірге адам ісіне төреші дейді. Ардың ақын қолданған орысшасы «со­весть». Түсінікті болуы үшін осы өлең шумағын толық келтірейін:

Я не хочу, чтоб свет узнал г/Мою таинственную повесть, •Как я любил, за что страдал, ' " • ! ' ’ ■>Тому судья лишь бог да совөСІі»., - •

Екі ақын да Ар мен құдайды қатар айтып отыр. Сон­да ардың Құдаймен теңцесетіндей қандай қүдіреті бар. Әлде ар деген Құдайдың адам-затқа берген бағасы ма екен? Немесе, Ар деген адамды Қүдайына бастайтын жолы ма екен?! Арсыз адамның, сірә, дінсіз болғаны ма? Ар таза діни сана ма екен?! Арсыз дін түсінікті ме?! Абайдың айтқан үш сүюі ар ici ме, әлде ар де­ген өзге ме? Ақындардың айтысына қарағанда, Ардың тікелей Құдайға қатысы жоқ. Ар адамға қатысты және оның өз соты болып тұр. Құдай құратын «сотқа» дейін, адам өзінің арының алдында жауап бермек. Адамның ІС|нің ақ-қарасы өзінің Арының алдында анықталмақ.

Менің сырым, жігіттер, емес оңай, Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай! Нені сүйдім, дуниеде неден күйдім, Қазысы оның - арым мен бір-ақ қүдай.

(Абай. 2-т., 40-6.)

Page 69: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

68

Осындайға эр адам бара ала ма? Әр адамның ары оя- нып, оның істеріне төреші бола ала ма, элде адам бірден Құдайына жалбарына ма? Ары оянбаған адамның дін жолына түскенінен не қайыр?! Абайдың «имани гүл» деп аталатын концепциясы, осы ар білімінің негізі емес пе екен деген ойға келіп отырмын. Ол Жаратушыны сүюді, адам-затты сүюді, әділеттілікті сүюді орындап барып дін жолына түсуді өсиет еткені көпшілікке белгілі. Осы үш сүюді Абай «имани гүл» дейді. Әрине, бұл ғылым тілінен гөрі, метафоралық мәнге жақын түсінік, бірақ терең үғымға бастайтын - идея. Мәселе шешімі қиын. Шәкәрім сондықтан болар, Ар білімі деген арнайы білім жүйесі қажет деген. Сонда мәселені неден бастамақпыз, ар туралы халықтық түсініктер бар, олар: арлы адам, арсыз адам. Көпшілікке арлы адам түсінікті, ол бойын- да ұяты, қайраты, жігері, жауапкершілігі, кісілігі, намы- сы, талабы, ерлігі, өмірге, ізгілікке құрылған құмарлығы т.б. асыл қасиеттері бар адам. Мәселе арсыз адамда, ол кім? Біз кімді арсыз адам дейміз. Мен өмірде арсыз адам жоқ деген түсініктегі жанмын. Адам арсыз болса, ол адам кейпінен қалмақ. Адамның адам болып тұрғаны оның арында. Бұл тезиске қарсы пікір айтушылар да табылар. Олар айтар, фашистерді қалайша арлы адам қатарына жатқызбақпыз деп, рас, ауыр қылмысқа ой- ланбай бара салатын қылмыскерлерді, адам-затты қырып-жоюдың неше түрлі тәсілдерін ойлап тауып қана қоймай, оны іске асырушы қанқұйлы фашистерді қайда қоймақпыз, оларда ар болса, әлемдегі ең басты құндылық - адамның ғұмырына қаскөйлік жасай ма? Әрине, бұл адамды сезсіз мойындататын аргумент. Осы дәлелдеме негізінде кейбір адамдарда ар деген жоқ деп қорытындыға келуге әбден болады, бірақ мен адамның арсыз болуы мүмкін емес деген пікірдемін. Неге дейсіз

Page 70: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

ғой, мәселені баяндап көрейін. Адамды арсыз деп, оны ардан аршып алсақ, біз адам-зат деген үғымнан ай- рьілып қаламыз. Қандай арсыз іске барғанымен, адам унемі адам қалпында қалмақ, егер ол қолдан жасалған клон болмаса. Клон табиғаты бізге беймәлім. Ата- анадан жаратылған пенденің арсыз болуы мүмкін емес, ол дүниеге адам болып келді, одан адам болып кетеді. Мәселе, осы ортадағы адам ғұмырында. Ол неліктен осы ғұмырда арсыз деген атқа қалды, оның себептері өте көп болуы мүмкін, менің айтпағым ол емес, адам дүниеге әуел баста белгілі Ниетпен келеді. Оны аңызда, өнерде Тағдыр деп те айтып жатады. Ниет адамның имманенттік қасиеті, ол оған тәнімен, жанымен, санасы- мен, нәсілімен бірге енеді. Ниет адамның түрақты суб- станциясы. Ол өзгермейді, тек ең береді, ол тәрбиеге толық көнбейді, көнген сыңай білдіреді, түсін езгертеді, бары сол, осы ниеттен Ар көрініс табады. Сонда ар дегеніміз ниеттің көрінісі. Адам бұл өмірге қандай ни­етпен енді, сол ниет Ар болып көрінбек. Сондықтан да ақ ниет, қара ниет деген сияқты, біз арлы және арсыз деген түсініктерді қолданамыз. Демек, ар деген тек позитив емес, ол анықтаушы. Ар дегенде жақсы, жаман, ізгілік немесе зулымдықдепаксиологиялықой-қорытындысын жасай алмаймыз. Ар деген - онтология, одан басқа айту қиын. Канттың сыртқы әлемде жұлдызды аспан, ішкі болмыстағы адамшылық заңы дегенін ар заңы деп аударса да болғандай. Ар адамның ішкі сыры, бізге беймәлім қүпиясы. Әдетте біз біреулердің ішкі сырын біліп алғымыз келіп әрекеттеніп жатамыз, онымыздан өнімді іс шықпақ емес. Әрбір адам өз сырымен өзі, оның Ішкі сырын ешкім біліп болмақ емес, ол адамның «жеке архиві», оны ол өзімен бірге әкетпек. Адамның сыры - тек өзінің құпиясы.

Page 71: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Адам табиғатында пенделік болған соң, кесіп-пішіп сөз айтып жатамыз, соның бірі кей-кейде айтылатын «менің арым - таза» деген пікір. Сонда адам арының тазалығы немен өлшенген, жалпы ондай өлшем бар ма? Ар тазалығы деген не? Ол Жаратушы алдындағы күнәдан, адамдар алдындағы кінәдан тазару, ары- лу ма, әлде адамның өзіне-өзі берген бағасы ма? Адамдардың өздерін-өздері бағалай алатын қауқары, мүмкіншілігі болса, әлем халықтарына неге дін кел- ген. Ар тазалығыныц дінге қатысы қандай? Діннен өзге не нәрсе Ар тазалығын сақтамақшы, тазаламақшы. Адам-зат тарихы тәжірибесінде дінсіз Ар тазалығын сақтаймыз деген өр саналар, ілімдер болған, соның бірі Кеңес заманындағы коммунистік мораль. Ол заманда Ар дегеннің орнына Мораль деген ұғым жүрді. Мораль деген адам табиғатынан тыс, адамға тізе бүктіруші сана болды. Адамдар Мораль алдында жауапты болды. Мо­раль табиғаты жағынан ұжымдық еді, ал Ар ол жеке адамға қатысты қолданылатын - ұғым. , . , . , ;

***

Адам-затқа қатысты сегіз жүйе барлығын жоғарыда айттым. Осы жүйелерге қатысты айтқанда, Ар олардың қайсысына жақын. Әрине, ол адамның жүйелерінің бірі болған соң, бәріне де қатысты, бәрімен де байланы- ста, әйтсе де ар рухани жүйеге жақын. Рухани бай жан арсыз бола ма? Эрине, жоқ. Ақылды адам арсыз бола беруі мүмкін, ақыл арсыздыққа тосқауыл бола алмайды, мысалы, Гитлерді кім ақылсыз дей алады, бірақ оның ақылы арына тосқауыл бола алмады, мүндай мысал- дар көп. Нәпсі болса адамды үнемі арсыздыққа бастап

Page 72: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

т у рады, тәнге қызмет мөлшерден асса арсыздыққа ба- стайды-

Ар жүйесі дегенде біз адамшылық кеңістігі туралы айтпақпыз. Ар таза күйінде кездеспейді, оның керіну формалары: ұят, намыс, ождан, гашықтық, достық, кісілік, жомарттық, ізгілік, парасаттылық, даналық, талаптылық, т.б.

Ар жүйесі көңіл және рух жүйесімен бірлікте. Арлы адамның көңіл-күйі мен арсыз адамның көңіл-күйі бір емес. Немесе арлы адамның рухани дүниесі мен арсыз жанның рухани дүниесі бір емес. Демек, ар дегеніміз көңіл мен рухтыңсапалықөлшемі немесе анықтаушысы деуге болады.

Шәкәрім ар білімі дейді, мен адам болмысындағы ар жүйесі деймін. Демек, ар жүйесі туралы білім - ар білімі болмақ, бұл жерде түсінбестік жоқ. Ар туралы Абай- да тура айтқан терең ой бар. Ол: «Арсыз болмай атақ жоқ» - деген. Арсыздықтың Абай атап көрсеткен түрі - атаққұмарлы^. Бұл қоғамдағы емі жоқ дерттің бірі. Осы атаққұмарлықтың нағыз арсыздық екенін ойлап жатпай- мыз, қайтсек те, әйтеуір бір атаққа жету. Социализм за- манында ондай атақтың түр-түрі мүлдем көбейіп кетті. Осы дәстүрден әлі қоғам арыла алмай отыр. Бүл айтуға жеңіл болғанымен, ісжүзінде өте қиын мәселе. Қоғамда жүрттың бір парасы пысықтар қауымынан тұрады, олар түрмысынан атаққұмарлар. Сондықтан мақсатқа жету үшін пысықтар неше түрлі айла-шарғыға барады, бұл 'ске олар өзгелерді де араластырады, сөйтіп мәселе өрбиді. Ал, енді арсыздықтан (атаққумарлықтан деп түсініңіз. - Ғ.Е.) ада адам бола ма, қоғамда? Ауьір сұрақ. Сірә, атаққұмарлықтан тыс түрған пенде Ж°Қ, мәселе оның мөлшерінде, мүны бір дел қоялық. Екіншіден, Абай артық адамдар туралы айтқан. Өмірде

Page 73: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

тумысынан біяімімен, ізгілігімен, кісілігі, жомарттығымен айшықталатын артық адамдар болады, оларға ерек- ше қызмет көрсетіп, олардың артықтығын мақтан ету орынды іс деген хакім Абай. Адамның артықтығын айту арсыздық емес, оған сай құрмет. Сондықтан атақ адамға сай болса ол арсыздық емес, барды бағалап, құрмет туту, тіптен - тәрбие.

Шәкәрім ар білімі дегенде, біз бір мәселені естен шығармауымыз керек, ол арлылық дегенде, арсыздық дегенде Ар білімінің үлесіндегі жайлар. Ар білімі тек арлылық туралы болса толық болмақ емес, ол арсыздық, оның өмірдегі, қоғамдағы көріністерін де мұқият зерттеуі қажет.

Арсыздықтың екі түрін білемін, олар: пысықтық пен надандық. Екеуіне ортақ - арсыздық. Пысықта ар де­ген болмайды, себебі ода ұят жоқ. ¥ят болмаған жер- де ар қайдан болсын. Арсыздық адамды адамшылық кеңістігенен шығуға итермелейтін - күш. Арсыз адамға керегі - пайда. Ол пайда үшін өсекке, өтірікке, алдауға, ұрлыққа, қулыққа, сұмдықтың неше түрлеріне еркін ба- рады. Сондықтан пысық адамның әрекеті қылмыстық істерге бастап тұрады. Пысық адам айлакер, алаяқ. Ол қоғамның, мемлекеттің заң, кодекстерін жете меңгеріп алуы мүмкін, демек ол езінің табиғи ақылын, қасиетін теріс жолға қойған адам. Пысықтар негізінен білімді, ақылды адамдар, мәселе тек арда. Пысықта тоқтау, тежелу жоқ. Ол үнемі ізденісте, жаны жай таппайды. Сондағы ойы қайткен күнде билік, бүлік шығару, ол өзіне тиімді болып, өзгелерді жаралап жатуы керек. Пысықтың езгеге қастығы табиғи іс, әсіресе, жақсыға

Page 74: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

оның жаны қас. Ол үнемі жақсылықтан көлеңке іздеп, с0ны паналайды. Жақсы іс оның жанына жара сала- дЫ Жақсылықтан ол қиналыс табады, оған өзі сияқты пысықтар қауымы қажет. Пысық үшін судың тұнығынан, оның лай болғаны қажет, сонда ол өзінің түсін таны- тып алмайды. Мұндайларға бәрібір. Осы бәрібіршілдік пысықтықтың дүниетанымының басты принципі. Пысық талғап жатпайды, оған бәрібір, тек бас пайдасына қажет болса болғаны, ол бәріне қызмет атқара береді. Пысық бүлік шығарады, бірақ ода наразылық философия- сы болмақ емес, себебі ода принцип жоқ. Ақ бопсын, қара болсын өз басына пайда болса болғаны, сонымен іс бітті. Пысықтың жақсылыққа жаны қас дедік, олай дейтініміз, жақсылық адамнан альтруистік істерді талап етеді, тіптен, қажет болса, ізгілік үшін жақсы адам жа- нын киюға дейін барады. Пысыққа ондай дуниетаным мүлдем жат, ол қалай болғанда да жанын сақтап қалуды басты мақсат етіп қоймақ, сондықтан пысыққа мәрттік, достық, махаббат дегендер жат пиғыл, қылықтар. Пысықтар қоғамның, мемлекеттің барлық қоғамдық, әлеуметтік, саяси сатыларында қаптап жүр, мәселе оларсыз болмақ емес. Пысықтар тарақандар сияқты ешқашан қоғам, мемлекет органдарынан жойылмайды, олар саңылау-саңылау қуып кебейе бермек. Олар бірін- бірі түсінеді, таниды. Егер олардың ортасына өзгелер енсе, жағдай мәз болмақ емес. Бұл мәселенің бір жағы, екінші жағынан, пысықтар-бәрібіршілдер жүзіктің көзінен еткендей ғажап сыпайыгершілік сақтаушылар, °лар алды-артыңды орап алғанда, өзіңнің мұндай күйге түскенінщі де аңғара алмай қаласың. Сондықтан пысықтарсыз қоғам да, мемлекет те болмайды, олар табиғи қажетті жандар, пысықтар өзіміз сияқты кәдімгі аДамдар, мәселе тек - Арда ғана. Осы ар ici әңгіме

Page 75: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

боямаса, пысықтық пен пысық еместіктің аражігін ашып жатудың да еш қажеті жоқ. Нарық заманы пысықтықтьің табиғи өрісі, мал табу, пайда табу, ол да оңай әрі осал шаруа емес, бірақ осы істе Жаратушымыз сыйға берген асыл рухани қасиетті - Арымызды жоғалтып алмасаң деген сез.

Надандық пысықтықтан табиғаты жағынан өзгеше- леу. Ойлаймын, надандық адамға тумысынан келе ме деп!? Сірә, адам дүниеге надан болып келетінге ұқсайды. Абай бір сөзінде наданның кезін ашпақ деген ниет білдірген. Ойлаймын, сірә, бұл тек ниет пе екен деп, наданның көзін ашу мүмкін бе? Ауыр сұрақ. Менің пікірімше, надандықадам табиғатындағы емі жоқ-дерт. Адамды надандықтан емдеген сайын, ол одан мүлдем арылмайды, тазармайды, надандықтың бір түрінен екінші түріне өте бермек. Надандық хамелеон тәрізді құбылып тұратын нәрсе. Қазір тұрмыстан бір мысал келтірейін: адам надан болатын, бірақ өзгелерге еліктеп (надандар еліктегіш келөді. - Ғ.Е.) Меккеге барып қажы атанды, сонда ол надандықтан қүтылды ма, әрине, жоқ, енді надандықты ол қажы болып арқалап жүрмекші. Не­месе, надан адам ғылым жолына түсті, ғалым атанды, сонда табиғи надандығынан арылды ма, жоқ, тіптен ол өз надандығына тың epic табуы мүмкін. Саясаттан мысал келтірсек, кезінде КСРО - деген алып елді Ники­та Хрущев деген ұзақ жылдар басқарды, ол наданның наданы еді, сол қасиетін Ел басшысы болып та қаз- қалпында сақтады. Надандықтуа біткен, ол жойылмай- ды, тек бір-түрінен екінші түріне өтіп тұрады дейтінім сондықтан. Сонда надандық дегеніміз не? Менің пікірімше, ол ізгілікке қарсы болатын дүниетанымнын көрінісі. Ізгілік өктемдік құрған жерде надандыққа да

Page 76: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

жол болмаса керек, бұл екеуі бірінің орнын бірі басатын_ д үни е та ны м д а р .

Арсыздық ардың жоқтығы емес, оның тапшылығы. Пысықтықта, надандықта соның көріністері. Тіптен кел- генде, ары оянбайтын жан болмақ емес. Ол үшін оқиға керек. Дүниеге адам болып келген соң, оның ары бол- мауы мүмкін емес. Дін адамдардың осы мүмкіншілігін еске алады. Ардың оянуы күнәңці мойындау, одан та- зару. Бұл күрделі үрдістер. Ол туралы әлем халықтары тұрмысында толып жатқан дәстүр, сана, түсініктер бар, тамаша өнер. Әдебиет туындылары бар, оны ақындар жырлап, суретшілер бейнелеп келеді, ол тау- сылатын тақырып емес. Адам сыры тұңғиық, біз оның адамшылығына қатысты өз білетінімізді айтудамыз.

Адам-зат Ардан әрі қарай тылсым табиғатқа ұласа бастайды, яғни ардан биік тек Құдай ғана. Ар деген адамды Жаратушысымен жалғастырушы сана. Арлы адамның дін жолына түспеуі мүмкін емес. Арлы адам нұрға бөленген жан. Нұр Жаратушының кереметі не­месе энергиясы, қуаты. Жаратушыдан қуат алғанда ғана адам жүйесіне енбек. Жаратушының қуатын - нұр дейміз, қазақ арлы адамды нұры бетінде деп жатады. Нүр адамның келбетіне көрік береді. Көрік дегеніміз- нұр. Көріктілік сүлулық емес, ол кескінделмеген, су- реттелмеген адамның рухани ішкі сәулесі. Керіктілік табиғатында имандылық жатыр. Иманды адам көрікті келеді. Осы көріктілікке қатысты ұғымдар: ғашықтық және жар.

Қожа Ахмет Иассауи Алла дидарына ғашық, себебі Жаратушы Дидары көріктіліктің символы. Алла дида- Ры сурет емес, ол нұр, бірақғажап, көркем, сондықтан соғән Иассауи ғашық. Бұл нұрға ғашықтық. Шәкәрім ЖаРга ғашықпын дейді, оның жар деп отырғаны әйел-

75

Page 77: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

заты емес, Жаратушының көркі. Жаратушыға тікелей ғашықтық болмайды, сен оның тек кереметіне ғана ғашық болуың мүмкін. Жаратушының кереметі, оның нұры, Иассауи тілімен айтсақ, оның Дидары, Шәкәрім тілімен айтсақ, жар. Адамның хайуанаттардан басты сапалық айырмашылығы, оның нұрдан жаралғандығы. Сол нүрда жан, сана, көңіл, рух, ар және шайтанның мүмкіндігі - нәпсі, тән қуаты бар. Бүл мәселені, мен Күн нұры арқылы түсіндіріп керейін. Физик Альберт Эйн­штейн Күннен жерге түсетін ақ сәуледе Жер бетіндегі барлық түстер бар деген. Оның дәлелі, жаңбырдан кейін болатын қазақ тіліндегі «Кемпірқосақ», орысшасы Радуга, онда жеті түс айқын көрінеді, қалғандары көзге керінбейді, бірақ олардың бәрі бар. Бұл күн нұрын спектр арқылы қарағандағы - таным. Демек, Жер бетіндегі барша түс Күн нұрынан алынады екен. Бұл физикалық түсінік, ал Жаратушы нұры - рухани субстанция, онда жанның, сананың, көңілдіңбіршама мүмкін варианттары бар. Жаратушының нүры эр адамда бар, мәселе оның көріністерінде, әрі адамның ол нұрды сезіне білуінде. Бойындағы нүрын сезінбеген адам, өмірге қауіпті. Ол шайтандық жолға мүлдем түскен жан. Шайтандық он- дай адамды әлекке салады, сейтіп ондай адамдар өзіне де, өзгеге де әлек әкеледі. Әліп білмеген әлек де­ген сез, осындай халге орай айтылған.

Әлектену шайтандық, ондай адам араздықпен өмір кешпек. Арлы адам шайтанның ермегі болмақ емес, оның ici әрекет емес, әлек емес, нәтижелі - харекет. Әлек арсыздықтың көрінісі. Әлектену нәтижесіз іспен ай- налысу. Нәтижелі іс ізгілікке негізделсе, ол арлылықтың белгісі. Ар ізгіліксіз болмақ емес. Ізгілік нәтижелі іс - ха- рекетке бастамақ.

Page 78: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

***

Өрбір адам - тарих әрі элем. Эр адамның келбеті қалай өзге адамның келбетінен ерекшеленсе, оның адамшылығы сондай, әр адамға тән ғана сипатта болмақ. Адам қайталанбайтын шындық. Адам адамға үқсас, әсіресе оның биологиялық, физиологиялық табиғаттарында ортақтық кеп, бірақ рухани болмы­сы жеке, дара сипатта. Адамның рухани болмысында даралық басым, осы даралықтың аты - үят. Адам-затқа ортақ үят боларлық істер болғанымен, өмірде ұят жеке адамға қатысты анықталмақ. ¥ялатын жеке адам. Ұжым болып ұялудың аты - намыс. ¥яттың көпшілік мазмұны намыс арқылы анықталмақ. Қазақтың «қоянды қамыс, ерді намысөлтірер» дегенде айтпағы, ұяттыңәлеуметтік қызметінің көрінісін баяндағаны. Ер деген жеке адамның қасиеті болғанымен, оның ерлік жасауы елдік мәселе. Сондықтан да елдің ісіне араласқан жанды ер деп, оның харекетін намыс деп атаған. Адамның адамшылығы ұят арқылы көрінбек. ¥яты жоқ адамның адамшылығының таяз болғаны. ¥ятсыздық адамды надандыққа ба- стайтын жол. Осылайша ой өрбіте отырып, мынандай сүраққа тірелеміз, ол ұяттың өлшемі не немесе ұят пен ұятсыздықты қалайша ажыратып алмақпыз. Бұл адам- зат тарихының әлімсақ заманынан шешімін таппай келе жатқан мәселелері. Әрине, әр замандарда ғұламалар бұл мәселелер туралы көптеген келелі сездер айтқан. Алайда, заман өткен сайын бұл сұрақтар қайта-қайта кҮн тәртібіне түсе береді, себебі әрбір заманның ағысы, соған сай адамдардың адамшылық көріністері әр қилы мәністерге түсіп, езгеріп отырмақ.

Иә, сонымен, ұяты күшті адам кім деген сұраққа кел- сек> энығы арлы адамның ұяты күшті болмақ. Ар деген

Page 79: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

адамның ішкі цензурасы. Ар адамның адамшылығыньің ішкі ізгілік қуаты. Ар ізгіліктің өлшемі, әрі көрінісі. Ізгілік текжеке адамдарға ғана емес, ол адам-затқа тән. Адам- заттың әлемде пайда болуының өзі ізгілік. Сонымен, адамның адамшылығы дегенде қадап-қадап айтатын үғымдар: үят, намыс, ар. Осы үшеуі адамшылықтың негізгі арналары, олардың бірінсіз адамшылық толық емес.

ТЫЛСЫМ

(Жарәлыс, періште, шайтан)

Г>г -Т~'ылсым жуйесі. Адам табиғаты ар бол- мысымен аяқталмайды. Ар екі дүние

қазынасы болғанымен, ол Жаратушы деген мәселеге келгенде, жаңа күйге ауысады, ол адамныңтылсымдық табиғатына байланысты.

Тылсым табиғат қай кезден басталады дегенге кел­еек, ол адамның тәніне жан біткеннен басталса керек деген ойдамын. Тылсым табиғат жаннан бастау алмақ. Жаны бар нәрсенің қозғаушысы, яғни ол болмыс суб- станциясы. Алайда, осы тылсым табиғаттың адам болмысында керінуі әр қилы болмақ. Біреудің бойын- да бақсылық, біреудің бойында әулиелік, біреудің бой- ында тағы да бір әлдене қасиеттердің болуы адамнын тылсымдық табиғатына байланысты. Мысалы, адамға қонатын ерекше қасиет - пайғамбарлық, әулиелік. Бұл текпен келетін, арнайы, бүгінгі ақпарат тілімен айтсақ, «программа», ал осы адам болмысындағы тылсымдык

Page 80: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

немен байланысты десек, аитарым, мынандаи мәселелерге қатысты.

Біріншіден, Қүдай, яғни Жаратушы, жаратылыс, жа- ралыс деген универсалды ұғымдарға қатысты.

Жаратушы идеясы - биік. Ол нағыз - тылсым, себебі Жаратушының сыры біздерге, жаратылғандарға беймәлім. Алайда, осының өзі тылсым табиғат туралы нақтылы - білім. Мәселені осы білімнен бастауымыз керек.

Жаратушы сыры өзінде, оны білуге адамдардың ақылы жетпекемес. Бұл тиянақты ой. Әйтпегенде, айта- рымыз, шашылып, ой жүйелігінен айырылып қалмақпыз. Нақтыласақ, біз білетін біл ім бар да, бізге беймәлім біл ім бар, ол Жаратушыға ғана тән білім. Осы тұста тылсым басталмақ, оның мәнісі, білім деген ақылмен енетін заңдылықтар жүйесі болса, бізге беймәлім білім, яғни тылсымды біз тек сезіне алмақпыз. Әйтпегенде, Жа­ратушы мен адамдардың арасында байланыс болмай қалар еді. Сезіну көбінесе аян арқылы білінеді, ал оның «технологиялары» әр қилы, мысалы, түс керу немесе тікелей сезіну. Ол үшін дене тазал ығы қажет, әйтпегенде, сезіну жүйесі қызмет ете алмақ емес. Мысалы, темекі, арақ, т.б. ағзаны улайтын жайлар тылсымды сезінуге кедергі жасайтын жағдайлар. Мұсылмандардың дене тазалығының бірінші орынға қойылуының мәнісі осыда. Дене тазалығынан кейін рух тазалығы қажет; ол ұятқа Қатысты мәселе. Арға, ұятқа кереғар іс істемеу тылсым- Ды сезіну мүмкіндігін ашпақ.

Тылсым табиғат кейбір жасанды қылықтар арқылы манипуляциялар жасауды емес, ең алдымен ізгі ниетті, Ізг' Сөзді, ізгі харекетті талап етеді. Сол кезде адамның тылсым табиғаты өз мүмкіндігінде қызмет атқарып, адам еРекше нұрлы болмақ, оны ғылымда аура деп атап жүр.

79

Page 81: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Тылсымды сезіну ұяттан басталмақ, оны қалай түсінуге әрі түсіндіруге болады. ¥ят мәнісі негізінде танымға, яғни білімге байланысты.

Көптеген халықтарға ортақ аңызға сүйенсек, Адам Ата мен Хауа Анамыздың пейіштен жерге қуылуының сыры - жеуге бұйрық жоқ жемісті жегендерінде. Сөйтіп, алғашқы күнә жасаған Хауа Анамыз адам-зат тарихын ғана бастап қоймай, таным мәселесін күн тәртібіне қойған. Бұйрықсыз жемісті жеу - адамның еркіндігі, харекеті туралы сөз. Қандай болмасын харекет - та­ным. Харекет жоқ жерде - таным жоқ. Аңызда алғашқы харекет жасаған әйел адам - Хауа Анамыз. Осы бір тереңдеп ойланатын мәселе. Неліктен тұңғыш харекет еткен әйел адам. Сірә, әйелдің өмірге құштарлығы ер адамға қарағанда молырақ па екен? Немесе, өмір үшін Жаратушы алдында жауапкершілігі табиғатынан мол ма екен? Немесе, Жаратушының бұйырмаған жемісін татуыныңөзі, сол Жаратушысына деген құштарлығы ма екен? Қалай болса да Хауа Анамыз алғашқы харекет етуші, дүниені субъект және объектке бөлуші, яғни та- нылатын зат пен танушы адамның барлығын көрсетуші. Адам Ата дүниенің барлығын Жаратушы арқылы ғана сезінсе, Хауа Анамыз дүниенің барлығын, заттылығын сол дүниелік заттың қасиеті арқылы сезінді. Былайша айтқанда, Адам Ата - дін мәселесінде, Хауа Ана - өмір (ғұмыр) мәселесінде көрінеді. Ойлаймын, мұсылмандар шариғатында намаз оқығанда әйелдер ерлерден екі қадам кейін тұрады. Қатар тұрып әйел мен ер адамға на­маз оқу қоспаған. Әрине, бұл жайдың өзге де себептері бар шығар, меніңайтпағым, әуел баста әйел адам дүние ісіне бейімді болғаны Хауа Анамыз қылығынан айқын

көрінеді. Аңызда әңгіме бұйрық жоқ жемісті жеумен аяқталмайды, бұдан кейінгі харекет ете қызықты. Дәмін

Page 82: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

татуға болмайтын жемістің дәмін татқан соң, Адам Ата мен Хауа Ананың түрмыс болмысында бұрын-соңцы болмаған өзгеріс орын алады. Олар өздерінің мүлдем жалаңаш екендерін сезініп, бір-бірінен қымсынып, өзге көзден тәндерін жасырудан ұят сезімі пайда болған. Сонда таным ұятқа байланысты. ¥ят жоқ жерде таным жоқ- Адам Ата мен Хауа Ана заманында солай болған. Ұятты сезіну - танымның, білімнің басы. Кейін адам-зат өсе-өне келе ұят бір басқа, таным, білім бір басқа бо­лып дараланып кеткен. Асылы, екеуінің табиғаты бір. Алайда, келе-келе білім сол ұят иесі - адамның бол- мысына қарсы әрекет ете бастайды. «Ғалымдардың адамшылық борышы» деген мәселе осыдан шыққан. Сутегі бомбасын жасаған бір ғалымның «ендігі жер­де бәріміз де ант ұрғанбыз» деуі сондықтан. Ғылым жаңалығы адамдарды қыруға жұмсалғанда, оны пәлен- түген деп ақтаудың еш қажеті жоқ, ол қандай мақсатта болмасын - жауыздық. Ғылымның ұяттан алшақ кетуі адам болмысына қауіп.

¥ят Жүмақта болмаған. Ол адамның тылсымдық мумкіндігі ғана еді. ¥ят Адам Атаға Хауа Анамыздың қылығы арқылы белгілі болды. Анамыз бүйрықсыз іске барды. Болмайтын істі болдырды. Жоқ нәрседен бар жасады. Жаңа қылық бастады. Сөйтіп, ұят, күнә, таным дегендер әйел-затына, оның табиғатына еніп, сіңісті болды. Ендігі жерде адам-зат бұларсыз аталмайды. ¥ят мекені жұмақ емес, қара жер болды. Жұмақтан ба- стау алған ұят сезімі тәнді жапырақпен жабудан баста- ЛЬІП’ ки'м кию дәстүрі үяттың өрісіне айналды. Киімнің Үш қьізметі бар: біріншіден, ұятқа қатысты тән жабу, екіншіден, қара жерге бейімделу үшін, суық, ыстықтан Қ°рғану үшін киіну, үшіншіден, жүмақта жоқ әдетке ба- СЬІП. адам өзін-өзі жаратушылық күйге түсіріп, киім

Page 83: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

сәндік мәнге ие болды. Осы істің басында - әйел-заты болып келеді.

¥ят деген жария етуге болмайтын адам бойындағы тылсым сезім. ¥ят жария болса, ол ұятсыздыққа айнал- са, ұят деген өзін-өзі жоюға бағыт алмақ.

Осы түста екі рухани субстанция туралы айту қажет, оның бірі - періште, ұятты қорғаушы, екіншісі - шайтан, үяттан шығуға азғырушы. Екеуі де адам үшін қызметте.

„ - ^ ■ ■■ *** • ■■ \ГЛ 1 ,: ■■■-'■ '-r.V "■1 ' і-Һ’ ' ' : 'V !

Періште. Періште туралы сөз бастау қиын. Бірыңғай дінитүсінікпен келсек, періште болмысы толықашылмақ емес. Себебі, періште деген ұғым тек ислам дінінің, оның дүниетанымыныңеншісі емес, ол туралы көптеген діндерде айтылады. Демек, оның әмбебап табиғаты бар. Сірә, ол ұғым ретінде адам болмысымен бірге туса керек. Діни аңыздарға қарасақ, періштелер адам жаралмай тұрып болған, бірақ оның қай заманнан бері бар екені туралы нақтылы мағлұмат жоқ. Бұл періште болмысын білуге тырысушылықтағы бірінші қиындық.

Исламдық діндерде періште нұрдан жаралған. Қалай жаралғаны туралы ғылыми түсінік жоқ, себебі періштенің барлығының өзі ғылым пәні емес. Періште туралы ғылым жоқ. Періште ғылыми түсінік емес, ол мифтік-персонаж. Менің ойымша, аңызда натуралистік немесе объекти вті к ш ынд ы қ жоқ, идея растығы бар. Идея растығы болмаса, онда аңыздың қандай құндылығы болмақ. Аңызды бар етіп тұрған идея растығы, ал, рас дегенімізшындықемес, идея шындығы. Идеяой, түсінік, ұғымның өмір сүру формасы, демек формасы бардыН рас болмауы мүмкін емес, сондықтан да аңыз - идея растығының бейнелі көрінісі, олай болса, періште де -

Page 84: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

идея Ол - ой болмысының формасы. Формаланбаған ой күңгірт, түсініксіз. Ой түсініктілігі форманы қажететеді. ■ • '

Г - - .• Г ! ' > . л » • • " . ! - ; •

*** . ....

Періште бар ма, жоқ па деп таласушылық мәнсіз іс себебі періштенің заттық сипаты болмағанымен, ол жөнінде немесе қилы пікірлер болғанымен, біз періштелікті жоққа шығара алмаймыз. Періштеліксіз сөз айту қиын. Періштелік адамшылықтың ізгі көріністері ретінде ауызекі тілімізде кеңінен қолданылады, оны тілдік лексикадан шығарып тастай алмаймыз, яғни періштеліктің лексикалық растығы күмән туғызбайды. Ол адамның рухани мүмкіндігінің кеңістіктік өлшемі ретінде үнемі болатын феномен.

***

Періште ұлттық ойлауда - жанды сақтаушы әрі жан- ды алушы. Періште қақты дегенді біз көбінесе сәбиге қатысты айтамыз. Сәбиді пәле-жәледен сақтаушы періште. Сонымен бірге жанды алушы да - періште. Жан алғыш періштенің аты - Әзірейіл. Бұдан нендей қорытындыға келуге болады. Біріншіден, жан шайтанға емес, періштеге қатысты. Мұсылмандық дүниетанымда ссылай. Орысшада «Душу дьяволу продал» деген түсінік бар. Қазақша ойлауда олай айтылмайды. Біз шайтанның азғыруына еріп, шайтанмен дос немесе шайтанға шәкірт (Абайда) болғанын ғана айтамыз, яғни шайтандық жолға түскен адамдар туралы, бірақ сонда Да олардың жанын алушы періште. Бір көмескі мәселе, п®ріште жан алғанда өз ықтиярымен ба, әлде Жаратушы

83

Page 85: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

әмірімен бе, әлде өзге күштің, не жазудың ыңғайымен бе? Жанды беруші және періштесі арқылы жанды алу­шы Жаратушы десек, шындыққа жақындаймыз ба, әлде одан алыстаймыз ба? Ойлану керек.

Бәрі Алла тағала әмірімен болады дегенді қалай түсінуімізге болады. Мен ойлаймын, бүл түсінікті қаз қаллында түсіну тым қарабайыр іс. Алла тағала жара­тушы, әрі мейірімі мол рақым иесі. Олай болса, сірә да, өлім мәселесі өзгеше түсінікті қажет ететінге ұқсайды, Өлімді пендесіне Алласы берген, айтпай ма, ауруды берген кұдай, ауыртқан құдай емес дел. Олай болса айтуға болмай ма, өлімді берген құдай, бірақ өлтіретін қүдай емес деп. Бүл жағдайда періште кімнің әмірін орындамақ? Әлде пенде өзін-өзі өлімге таяп әкелгенде періште жанды алып кетуші ғана күш пе екен? Періште адамды өлтірмейді, тек оның шыққалы жатқан жанын алып, оны енді жанға түрақ бола алмайтын тәннен бөледі. Бар атқарылатын іс осы. Сонда адам өліміне Алланың қатысы қандай? Сірә, өлім деген бір жағынан, адамның тікелей өзіне қатысты іс болса, екіншіден, адамның тән болмысының мүмкіндігінің өлшемі болса керек. Оның үстіне Тағдыр, Жазу дегендерді айтып жа- тамыз. Олар туралы әңгіме белек, бізге керегі әзірше адам жанын алудағы періштенің харекеттерінің мәнісі туралы. Бізге белгілі болып отырғаны, періште әйтеуір орындаушы, болғалы түрған істің (өлімнің) куәгері. Сөздің қысқасы, адам жанының тәнінен айырылатын тұсында тұратын, осы істі анықтайтын - періште.

Періштенің тағы бір қызметі, оның жазушылығы. Діни аңыздарда адамның екі періштесі болмақ, онын бірі жақсылық істерді, екіншісі, керісінше, күнә боларлык істерді жазып тұрады екен, бүл шығармашылық қызмет емес, барды бар, жоқты жоқ деп баяндау. Осын-

Page 86: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

ай натурфилософиялық мазмүндағы періштелер қьізметі, шындығында келгенде, адамға қызмет ету. демек, болмыстың түп қазығы - адам. Дүние бол­мысы тікелей Адам-затқа байланысты. Періште де адамға керөк, періштелік тек періштеге харекеті ғана емес, ол адамның ізгілік болмысы. Сонда періштенің адамнан өзге болмысы болмағаны ма? Біз періштені ж еке-дара сөз қылмай, оның адам-затқа қатысты жағын ғана баян етеміз. Неліктен? Періштенің таза өз табиғатының адам үшін қызықты болмағаны ма, әлде оның адам үшін жұмбақтығында ма екен?! Әлде періште дегеннің өзі бізге заттық қасиетімен көрініп, та- нылмайтын адам-заттың өз болмысының сипаты емес пе екен?! Мүмкін, періште адамнан тыс емес болмыс шығар, ол адам табиғатының бізге періштелік харекет- тер арқылы айқындалатын өзінің құпиясы ма деген де ойға келемін. . >

***

Қазақ «алтын көрсе періште жолдан таяр», - дейді. Бүл періштеге еш қатысы жоқ сөз. Ол адамның өзінің табиғатынан шыққан, оның тұрақсыздығының белгісі. Алтынға қызыққан періште емес, шайтандьща түскен- адамның өзі. Өзінің тұрақсыздығын, әлсіздігін періште атымен жамылу адамшылық емес, тұп-турашайтандық.

***

Періште - нәпсісіз рух. Нәпсі мен рух - адамда. Осы тҮрғыда адам періштеден жоғары, яғни оныңекі табиғаты баР; нэпсі табиғаты және рух табиғаты. Періштеде

Page 87: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

тек соңғысы ғана бар. Сондықтан да ол шайтандыққа қарсы тұра алатын қуат. Адам періштеден артық бола түра, сол артықшылығы, яғни нәпсісі оны шайтандыққа бастап түрады. Кейде артық нәрсенің бөгет болатыны да осыдан. Адамның бар ғүмыры өз нәпсісімен күресуімен өтеді, ал періште болса осы істе адамға нағыз көмекші, бірақ оны адам қызылды-жасылды мына өмірде ұмыта береді. Сол кезде қасынан табылатын - шайтан.

Періште нәпсісіз болғандықтан, ол өлмейтін, мәңгілік шындық. Адамның нәпсісі болғандықтан оның ғұмыры қысқа. Періште де діни аңызда адам сияқты заттық сипаты бар болмыс, ол оттан жаралған, бірақ осы заттық қасиет адамға беймәлім, сондықтан адамның періштемен араласы, байланысы заттық сипат негізінде емес, қатынас, тек рухани болмыс негізінде. Мүны ақылмен түсіндіру қиын.

і Бір сұрақ, періштенің шайтанға айналуы мүмкін бе? Ондай жағдай бір рет болған, ол адам-заттың пайда болуына байланысты. Қисынға салсақ, бір болған іс қайталануы мүмкін...

★ ★Л

Шайтан. Абай Михаил Лермонтовтың «Демон» атты поэмасының бастапқы екі бөлімін «Шайтан» - деп аударған. Абай аудармалары ешқашан сөзбе-сөз, балама іздеуден тұрмайтыны белгілі. Ол аударма

Page 88: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

мәселесінде соншама еркін, тіптен «Шайтан» дел атала- тЫн он шумақтан тұратын өлеңді аударма деудіңөзі қиын. Абайды үнемі өлендегі идея қызықтыратынға үқсайды. Осы жолы да солай болған. М.Лермонтов «Демон» ту­ралы толғанса, Абай қазақ тіліне сіңісті ұғым «Шайтан» дегенге терең талдау берген. Шайтан - құдайдың қуған жаны. Бұл мәселеде М.Лермонтов пен Абай арасында қайш ы лы қ жоқ, орыс мәтінінде де солай. Құдай қуған жан дегеннің бойында бүркемеленіп тағы бір сауал тұр, ол шайтанды құдай не үшін қуған? - деген сауал. Міне, осыдан бастал Шайтанның кім екені анықтала ба- стайды. Шайтанның шайтан атануының басты себебі, оның теңеспейтін теңдесі жоқ құдірет мүмкіндігіне күдік келтіруі. Теңцесі жоқ нәрсе - жалғыздық. Жалғыз болу Жаратушыға тән, әрі ол жалғыздықтың сыры да Жара­тушы үшін мәлім, өзгелер үшін - қүпия. Шайтан болуға ынталы болған періште осы құпияға қол созған. Сол әрекеті ушін лағнетке душар болған періште шайтанға айналған.

Ол күнде нұрлы бейіш ішінде екен, ; ч о : , ! д Өзі де періштелер түсінде екен. " - і

(Абай. 2-т., 57-6.) : н

Қарғысқа қалған періште нұрлы бейіш ішінен шығарылып, Алла әмірімен шайтан атанған. Періштенің шайтанға айналуы әлемдік тарихтың басталуы. Жер бетінде жаңа дәуір басталды, оның мазмұны періште мен шайтанның бір-біріне қарсылығы. Неліктен жағдай °сылай болды дегенге нақтылы жауап жоқ, тек болған Істі баяндау ғана бар, тыңдаңыз: : ■ ; ■;*

Босағасы кең еді, төрде орын тар,Төрде жалғыз отырмақ ойында бар.

Page 89: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОДАА ЕСІМ

Жалғыздық - бір тәңірінің сыбағасы, » Өршілдікпен лағнетке болған душар •/!

(57-6.).Абай болған істің себебін өршілдіктен көреді, бірақ

өршілдіктің несі нашар. Өршілдік табиғатында намыс, жігер, қайрат, қуат сияқтылар жатыр. Оларсыз мәселе қандай мәнгеайналмақ? Сірә, шайтандықтыңсебебітек өршілдікте емес, одан өзге басты себеп болуы керек. Діни аңыздарда мұны Жаратушының жер бетіне адам­ды жаратқанына наразылық дейді. Онда Шайтанның күнәсі Жаратушы ісіне қол сүққандығында немесе оның шеберлігіне шек келтіргендігінде. Бір сөзбен айтқанда, Жаратушы харекетін тек құптап қоймай, оған мін таққанында. Сонда бұған мұндай ер сана қайдан кел- ген. Мұндай өршілдік шайтанға Жаратушының өзінен ауысқан. Демек, шайтандықтың себебі - Жаратушының өз болмысында бар нәрсе. Олай дейтінім, көп кейін өзі жаратқан Адам Ата ұрпағы шайтандық әрекеттерді қабылдап, кейін жер бетін шайтан ici қаптап кетпеді ме? Қабыл туысы Абылды өлтірді. Осы дәстүр, әрине, періштелік емес, шайтан салған дәстүр болатын. Соны­мен, шайтандықтың себебі Жаратушының өз құпиясы дегентүйінментоқталып.ендіШайтанныңМ.Лермонтов, Абай айтқан сипаттарына тоқталайық.

БІРІНШІ СИПАТЫ. Шайтан жалғыз болғысы кел- гендігі. Абай «Жалғыздық - бір тәңірінің сыбағасы», - дейді. Шайтандық жалғыздыққа бастайды. Менен өзге ешкім жоқ, маған тең келетін де ешкім жоқ деген сана кеп жандарды уландырып жүргені тарихтан да, бүгінгі күннен де белгілі. Осы өр сананы тежеу үшін м үсы лм ан

философиясында тәуба концепциясы жасалған. Тәуба

жоқжерде иманжоқ, тоқталу, тежелу жоқ. Тәубасыз болу тек шайтанға ғана жарасады. Тәубасыздық тұп-тура

Page 90: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

^айтандыққа бірден бастап апармақ. Шайтан жалғыз болғысы келеді, бірақ бола алмайды, ол Тәңірдің ғана сыбағасы. Содан барып шайтан мұңға батуы да ғажап емес. Шайтанның еркіндігі жалғыз болуда. Ол мүмкін, бірақ іске асатын мүмкіндік емес. Жалғыздықтың болу мүмкіндігі деген сөз, оған шайтанның жетуі деген емес, керісінше, мүмкін, шайтан үшін мүлдем болмайтын мүмкіндік. Осы мүмкіндіктің мүмкін болуы деген дертті сана шайтанға азық болған. Осы орындалмайтын іспен әуре-әрекетке түсу өзінің шайтандық болмысына айналған. Содан болар, біз шайтан ici - әрекет, періште ici - харекет дейміз. Абайдың пысықтарды сынай келе харекеті әрекет деуі тегін емес. Болымсыз, нәтижесіз іспен айналысу-әрекет деген ұғыммен белгіленеді. Ап, харекет болса - нәтижелі іске бағытталған қуат. Соны­мен, шайтанның жалғыздыққа ұмтылысы - әрекет, бірақ бұл оның сипаты, онсыз шайтандық деген нақтылық мәнін жойып алмақ.

ЕКІНШІ СИПАТЫ. Шайтандық қуыс кеуделік. Оны Абай былайша білдірген:

Алладан қарғысалған кеудесінен - ► ; чі:Сүю мен сол сағатта сенім кетті. * :ь ;! -п ô

(57-6.) -, ,..м

Бұл жерде үш үғымды қарастыру керек, олар: Қәргыс, сүю және сенім.

Қарғыс - өлшем, қарғысқа дейін шайтан - періште, «Алладан қарғыс алған» соң, ол шайтанға айна- ЛаДЫ. Қарғыс сапалық өзгешелік әкелетін - күш.

Жаратушының құдіреті. Қарғыс - Алла әмірінің КөРінісі. Сонда неліктен Алла өзінің нұрдан жаратқан ПеРіштесініңбірін қарғаған. Себебі, ол Жаратушысының

Page 91: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

жаратушыяық еркіндігіне қарсы шыққан. Жаратушы бар болмыстан да тыс бір мақұлық жаратып, неліктен екені бір өзіне ғана мәлім, соған (яғни Адамға) өзгелер бағынышты (діни мифологияда иман келтіру) болуы қажет болған. Бұл да әмір, ол дауға, таласқа түспейтін бүйрық, бірақ соны бір періште пікір-таласына са- лып, неге олай деген өз философиясын ұсынып, Жа­ратушы харекетіне наразылық білдірген. Періштенің Шайтанға айналып қарғыс алу себебі осы. Абай айта- ды, қарғыс алған сәтте (сағатта) оның кеудесінен сүю кетті. Сонда сүю дегеніміз не? Сүю - Жаратушы мен жаратылғанның арасындағы табиғи-дәстүрлі байла- ныс. Сол үзілді. Ендігі жерде әрекет мақсатында шай­тан не істесе де ерікті. Еркіндік қолға мықтап тиді. Ой- лаймын, еркіндікті толық алу, сірә да, шайтандық жолы ма екен деп. Мүлдем еркіндік алған шайтанда сүю жоқ. Демек, сүю деген өтеу, парыз бен қарыз, біздің тілмен айтсақ, жауапкершілік. Жауап беру міндетінен шайтан құтылған, сондықтан да ол - шайтан. Адамның одан артықшылығы, ол Алланың алдында жауапты, оның өтейтін парызы бар, адам адам болғаны үшін Жарату- шысына қарыздар. Шайтан мұндай істен ада. Ол қарыз бен парызды ұмытқан, сондықтан оның кеудесінде сүю болуы мүмкін емес. Шайтанда сүю жоқ, адам- да сүю бар, демек шайтанда иман жоқ, адамда иман бар. Шайтандық пен шайтан еместіктің аж ы раты латы н

тұ с ы н ы ң бірі о сы мәселеде.Абай сүю мен сенімді бірге атаған. Ол «Алладан

қарғыс алған кеудесінен, сүю мен сол сағатта сенім кетті», - дейді. Сүю мен сенімнің табиғаты бір болып тұр. Сүю жоқ жерде сенім жоқ. Сенім болмысы айқын да, ашық та емес. Шайтан соған наразы. Бүл істе оны жазғыруға да болмас. Ол істің неге осылай болу себебін

Page 92: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

білгісі келеді, бірақ оның орнына тек бұйрық алады. Жаратушы ісін қабыл алып, оған сену керек. Шайтан болса табиғатынан метафизик, істің себебін білу - оның бар болмысы. Бұл құптарлық ынта, бірақ ынта, ниеттің мөлшері барлығын шайтан ескермеген, оның ықыласы білуге мүмкін емес істің сырын білгісі келген. Қүпия деген бар, сыр деген бар, оның алдында тоқтам керек, егер Жаратушының құпиясын, сырын білсек, сені сол Жаратушыдан қалайша кем болмақсың, жалғыздың жалғыздығын білуші - Жаратушы, ол сен болсаң сол кұпияға қол созғансың, ол болмайды, сондықтан да шайтан атанып, одан қарғыс алғаны түсінікті әрі дұрыс. Дұрыстықтың ар жағындағы іс жалғыз жаратқаннан басқаға - құпия. Біз оны тылсым дейміз, еуропа- ша мистика дейміз, трансценденталды шындық т.б. түсініктермен білдіреміз.

ҮШІНШІ СИПАТЫ. Шайтан - адамның жауы. Оны Абай (М.Лермонтовтан аударма екенін естен шығармайық) былайша бейнелеген:

!' •*?:: Vvi' 1 : .Адаммен содан бері болды кекті,Өлмес, өшпес өзіне көзі жетті.Не қылғанмен қуанар болмаған соң, * : ^ Несіне жер дүниеге пәле септі? ь* 1 • : п >

(57-6.)

Ойлаймын, шайтанның адаммен кекті болуындағы Мәселе негізі адам мен шайтан, шайтандық істе - бәсекелестер. Екеуінің де таласы шайтандықта, олай болмаса, яғни адам табиғатында шайтандық бол- маса, шайтан оның маңынан басып жүре алмас еді. Шайтан Жаратушы өмірге әкелген адам бойындағы щаитандықты сезе білген. Бұрын бүркемеленіп, жа-

Page 93: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОАЛА ЕСІМ

сырын, көзге түспей, анықтаямай кеяген шайтандық адамның өмірге капуінен нақтыяана, анықтаяа түсті Адамның харекетінде әрекет (әуреяенушіяік деп түсініңіз) барын бір періште түсінсе, оя шайтан бола­тын. Жалпы түсінік басы қай заманнан басталады де. ген сұраққа жауап іздей кетсек, біз мойындауымыз ке­рек, періште өз бойындағы шайтандықты Жаратушы Адам Атаны жаратқанда ғана айқын мәселе ретінде түсінді. Мәселені түсіну - періштелік пен шайтандықтың анықталуында еді. Дифференциациялық сана, ол шай­тан санасы. Демек, осы санаға ортақтасып әлемге Адам келді, содан барып шайтан адамға кектенеді. Алайда, осы кек тіл інің табиғатында тағы бір сыр бұғып жатқанын айтпасқа болмайды, ол шайтанның адаммен кектене отырып, оны өзінің әрекетінің ең басты қажеттілігі деп түсінуі. Бізге ауа қандай қажет болса, адам шайтанға сондай қажет. Адамсыз шайтан шайтан болудан қалмақ. Адам болмаса, ол қайтадан періште кейпіне өтіп кету қаупі бар. Сондықтан ол адам бар кезде өлмейді де, өшпейді де. Ақырзаман жағдайында шайтан әрекеті қалай болмағы бізге күңгірт, сірә, өзгеше халге түсер.

Иә,шайтан-адамныңжауы,бірақоны тағыда қандай сипатпен анықтауға болады дегенге Абай: шайтан ол ешқашан қуаныш дегенді білмейді дейді. Сөйте тұра, Абай қайшылықты пікір үсынған: шайтан қуанбаған соң, несіне жер жүзіне бәле себеді - деп. Бірден айтарым, бәле сеппесе, ол шайтан ба? Бәле дегеннің өзі нагы з -

шайтандық. Бірақ, осы жерде шайтанның адамнан бір өзгешелігі айтылған, ол оныңдәрменсіздігі, істелген ісінің нәтижесіздігі, яғни қуана білмегендігі. Қуану деген ім із

атқарылған істің нәтижесін белгілеу, соны сезіну. Ал, бұл шайтанға берілмеген. Нәтижесіз әрекетте қуаныш болмайды. Шайтандық нәтижесіз әрекет дегенде, біз

Page 94: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

0ны текүрдіс деп қарастырып отырмыз. Эрине, үрдістің ө3і нәтиже, бірақ оның шайтандық және періштелік мазмұны бар. Қуаныш беретіні соңғысы. Адамның шай- таннан да, періштеден де артықшылығы, оның бойында екі нәтижесіз әрекет - шайтандық та, нәтижелі харекет _ періштелік те бар. Сондықтан періште де, шайтан да адам кеңістігінің сипаттары.

ТӨРТІНШІ СИПАТЫ. Шайтанда дос жоқ, яғни оған достық деген үғым беймәлім.

Алласыз дос таппады, сыр таппады,Неше мың жыл кезсе де төңіректі.

(57-6.) -

Сүю болмаған соң, қайдағы достық. Және де достық деген сыр сақтау. Шайтандықтың сыры белгілі, оның ойы, Абай нақтылап айтқандай, «төрде жалғыз отырмақ» - ол болмайтын іс. Жалғыздық - Тәңірінің сыбағасы. Осындай далбаса жол шайтанның бар сыры, құпиясы. Содан барып іздейтіні бүлік, бірақодан нәтиже жоқ, өзіне тиянак сана жоқ. Жамансыздыққа тоймаған: не Алланы жар демей, не адамды дос деп мойында- май, Алласына наразылықпен, адамға кектенумен н/мыр кешкен шайтанға достық сезім мүлдем жат.

БЕСІНШІ СИПАТЫ. Шайтанның үмітсіздігі, ол жайында арнайы сөз болған (Ғарифолла Есімов. Хакім Абай. «Мұңлы шайтан қудайдың қуган жаны». Д., 1994. ^2-ЮО-бб.). Адамның шайтаннан тағы бір артықшылығы ~ адамда үміт бар, ал шайтанда үміт жоқ. Халқымыз «үмітсіз шайтан» дегенді ете жиі қолданады.

АЛТЫНШЫ СИПАТЫ. Шайтанньщ бүлікшілдігі. щайтан жамандыққа тоймайды, ол антұрған, сондықтан Аә оның бүлік шығарушы екендігіне еш таңқалуға бол-

Page 95: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

майды. Адам баласы білетін бүліктің зоры - револю­ция. Зорлық дегеннің өзі жамандыққа тоймаудан туа- ды, антұрғандық, жоғарыда айттық, кеудеден сүю мен сенімнің кетуі. Антұрған жанда сүю мен сенім бол май­ды. Мүндай жан жанжалға, бүлікшілікке даяр тұрады.

Абай шайтанның бұл сипаты туралы былай дейді:

Күніне неше бүлік шығарса да,Еңбегі жанған жан боп сүйінбейді.

(57-6.)

Бүлік шығарушылық шайтандық болғанымен, оның табиғатында да білмекке қүмарлық жатыр. Себебі, бүлік те танымның әлеуметтік бір формасы. Сондықтан бүлік негізделген ілімдердің алғашқы кезеңінде жоқтаушылар көп болмақ. Бүлік көпшілікке негізделген тобырлықсана. Топты ертіп әкету және оны адам болмы- сына қарсы әрекетке бастау - шайтандық, бірақ мәселе осымен аяқталмайды. Күніне неше бүлік шығарса да, еңбегім жанды деп сүйінбейді, яғни өзінің атқарған ісіне разы емес, қанағатсыз. Шайтанда қанағат, тәуба жоқ. Адам шайтан өрмегінен аман болса, ол қанағаты, тәубасы бар салиқалы жан. Егер де бойын шайтан би- леп кетсе, онда қанағат та, тәуба да жоқ. Демек, шайтан мен адамның айырмашылығы жойылып кетпек. Абай шайтанды бүлікші дегенде, ол тек бүлік шығарушы деп отырған жоқ, кім болмасын бір бүлікті шығарып алуы ықтимал, содан кейін оны екшелеп, милап, өз күнәсін өзі мойындауға дейін баруы ықтимал, бұл жерде адам- ды шайтанның жеңе алмағаны айқын аңғарыладЫ- Абай болса, шайтан күніне неше бүлік шығарса да, оған қайғыруы не разы болуы жоқ, - дейді. Демек, бүлікшіл- дік - оның табиғатында, онсыз шайтан жоқ.

Page 96: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

«Ш айтан» деген өлең орыс ақыны М.Лермонтовтың «Демон» (Шығыс повесі) деген поэмасынан аударма. дбай поэманы толық аударуды мақсат етпеген, оның бір себебін поэма сюжетімен таныс зерделі жан түсінсе ке­рек. Сірә, М.Лермонтов поэмасына сюжетті Кавказдық мифологиядан алғанға ұқсайды. Ол шайтандықты оқига арқылы ашпақ болған, бул қазақтың тыңцаушысына то- сын іс. Сондықтан Абай поэманың идеясын анықтап түрған шайтан кім дегенге басты назар аударған.Сол мақсатта поэманың бірінші және екінші белімін толығырақ аударып, шығарманың идеясын негізге алып, бас-аяғы аяқталған өлең еткен. Мұны бірінші мәселе деп қоялық.

Екіншіден, екі шығарма (нұсқа және аударма) мәтінінсалыстырсақ, М.Лермонтов пен Абай дүниетанымыныңұқсастығымен қоса айырмашылықтары да шыға келгелітұр. Екеуін біріктіріп тұрған идея, ол шайтанныңмүңлылығы. М.Лермонтов «Печальный Демон» десе,Абай дәлме-дәл «Мұңлы Шайтан» - дейді. «Печаль»және «мүң» дегендерді орыс ақыны да, қазақ ақыны датегіннен-тегін айтып отырғаны жоқ. Сөз мәнісін асқансезімталдықпен қабылдай алатын Абай «печаль»-ды«мұң» деп аударғанда шайтанды түсінгісі келген сыңайбілдірген. Шайтанды жаман деу - жаттанды түсінік, әрітереңтүсінікемес. Абай осы көп айтылатын, қарапайымбольіп көрінетін түсінік сырына үңіле кепе, шайтанныңмҮҢЦы жан екенін мойындаған. Егер ол бұл түсініктіКабьілдамаса Лермонтовтың «Демонын» аудармас еді.Аудару деген үнату ғана емес, оны қабылдау, өзінікі ету.

95

Page 97: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛАА ЕСІМ

Енді екі ақынның ерекшеяіктеріне кеяейік. «Демон- ның» бірінші бөяіміндегі ойяар, негізінен, Абай «Шайтанының» аяғашқы үш шумағында айтыяған. Мәтіндерді саяыстырып көреяік:

Печальный Демон, дух изгнанья, ,Летал над грешною землей. *И лучших дней воспоминанья Пред ним теснилися толпой;Тех дней, когда в жилище света : ::Блистал он, чистый херувим, •' ■

Когда бегущая комета , » >Улыбкой ласковой привета ' ?Любила поменяться с ним, ̂ ̂ ^ ; s -Когда сквозь вечные туманы, / *' '■у* .Познанья жадный, он следил Кочующие караваны - ь f ̂ ï " 'В пространстве брошенных светил; ->* ■-» :sî ; > Когда он верил и любил, ■i".Счастливый первенец творенья! ;Не знал ни злобы, ни сомненья, -" fe ;s : >И не грозил уму егоВеков бесплодных ряд унылый... ; ■ - i И много, много... и всего Припомнить не имел он силы!

(М.Ю. Лермонтов. Т.2. М .,1976. С.47)

(бірінші шумак)Мүңлы Шайтан - құдайдын қуған жаны, « ■Күнәлі жер кез келіп бір үшқаны. к - .

Ащ щ * Өткен жақсы дәурені ойында оның, !у; Яц : - Сондағы не кергені, не қылғаны.

Page 98: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

(екінші шумақ)Ол күнде нүрлы бейіш ішінде екең Өзі де періштелер түсінде екен.Жылы жүзбен жүлдыздар жылжып жүріп ?, Сәлемдесер, сөйлесер күшіндеекен.

(үшінші шумақ)Ол күнде көз жетпесті көп көздеген,Түгел білем қайда екен деп іздеген.Жапа-жалғыз білімнен бақ шықпайды, ?Өлшеусіздің сыймасын бір сезбеген.

«Демонның» екінші бөліміндегі ойларын Абай бы- лайша берген, тағы да мәтіндерді салыстырайық.

Давно отверженный блуждал гВ пустыне мира без приюта:Вослед за веком век бежал,Как за минутою минута,Однообразной чередой.Ничтожной властвуя землей,Он сеял зло без наслажденья. ,Нигде искусству своему , ;Он не встречал сопротивленья- ,И зло наскучило ему.

«Шайтанның» алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы шумақтары, бірақ орысша мәтінге орай айтсақ, жетінші шумақ алтыншыдан бұрын келуі керек.

(жетінші шумақ)Тиянақ, сенім, сүю көрмей өтті,Алаң-жұлаң етіпті, тентірепті.

Page 99: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Аяяасыз дос таппады, сыр таппады, : •Неше мың жыл кезсе де төңіректі. '

(алтыншы шумақ)Адаммен сонан бері болды кекті,Өлмес, ешпес езіне көзі жетті.Не қылғанмен қуанар болмаған сйҢУ' 1 ' iV Несіне жер дүниеге пәле септі?

Ал, соңғы үш жолды, яғни ^ 'T.-

Нигде искусству своемуОн не встречал сопротивпё(нйАГ-;;;-И зло наскучило ему, - х : * !| ■

дегенді Абай өзгешелеу түсінікке салып* оны сегізінші, тоғызыншы шумақтарға өзек еткен:

(сегізінші шумақ)Жаманды күнде азғырса, жан демейді,Жақсы жаннан кей-кейде таяқ жейді.Күніне неше бүлік шығарса да, 1 - ' ' * ■;Еңбегі жанған жан боп сүйінбейді. : ‘ '1 ; ■

(тоғызыншы шумақ) < ; fСүйтсе де жамандыққа бір тоймаған,Антұрғандық қылығын еш қоймаған.Баяғы алдау, ескірген кәрі иттікпен,He қылдым, не бітірдім деп ойлаған.

Жоғарыда келтірген орысша, қазақша өлең мәтіндері ъіна жағынан уйлесімді аударма дегенге келетін зң жолдары. Ал, төртінші, бесінші және оныншы

Page 100: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

а д а м - зат

шумақтар толығымен Абай дүниетанымына қатысты жайлар. Мұндағы айтылған ойлар М.Лермонтов поэма- сында жоқ. Абай шайтан туралы айтып қана қоймай, оның барша атрибуттарын (сипаттарын) ашып берген. Осы мақсатта, ол «Демондағы» басты идеяны негізге ала отырып, халыққа түсінікті мәнде шайтандықтьщ қыр-сырына тоқталған. Осы Абайдың өзіне қатысты де­ген шумақтарды келтірейік:

(төртінші шумақ)Босағасы кең еді, төрде орын тар,Төрде жалғыз отырмақ ойында бар.Жалғыздық - бір тәңірінің сыбағасы,Өршілдікпен лағнетке болған душар.

(бесінші шумак)Құдайым шайтансың деп, лағнет етті,«Лағнетпен» де қор бола қалман депті.Алладан қарғыс алған кеудесінен Сүю мен сол сағатта сенім кетті.

(оныншы шумақ)«Ақылға, өмірге де адам кенде,Өлмес өмір, қайрат, күш - бәрі менде.Күніне жүз қуанып, күліп жүргенОсы адам уайымсыз не еткен пенде?»... •;

Осылайша, Абай он шумақтан түратын өлеңін шайтанның сауалымен аяқтайды, оған жауап беруге ыждаһат етпеген. Себебі, шайтанның сауалына, оның адамға құрметі жоқ, бітпес өші бар. Өмірі де, ақылы да қысқа - адамның шайтан түсінбейтін құпиясы бар, ол құпия сыры шайтанға беймәлім, ал адамға белгілі.

Page 101: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

100

Құпия сыры белгілі дейтініміз адамның екі дүниеден үміті бар, шайтанда үміт жоқ. Үміт адамның Жарату- шысына деген махаббатында, соған деген сенімінде, өз ісіне деген жауаптылығында, барға разылығында, тәубасында, ізгілік ісіне жүмылынуында. Міне, адамның байлығы осындай қасиеттермен анықталмақ, олай бол­са, адам несіне уайым тұңғиығына түсе бермек. Жа- нына жар болатын (Шәкәрім бойынша) Жаратушысы бар, сондықтан ол біледі, қайғы берген, сонымен қоса қуаныш, құт берген. Шайтан үлесінде тек қана мұң (печаль), онда қуаныш жоқ, себебі үміт санасы жоқ. Сондықтан оның адамнан кемістігі бар, шайтан содан мұңцы. Шайтан мүңцылықтың бір-ақ жағында, оның екінші сәулелі жағы қуаныш бар, оны ол қабылдай алмайды, өйткені қарғыс мәнінің өзі осында болатын. Қаргыс деген қуануға салынган тыйым. Ант ұрғанда құт болмайды. Адамға Жаратушы қүт берген, шайтанға бермеген, бірақ оған адам баласын азғындауға, адал жолдан тайдыруға, зұлымдыққа бастауға ерік берген. М.Лермонтов поэмасында Демонның (Шайтанның) аузына мынандай сөз салған: «Я царь познанья и свободы» - деп (С.64). Осы мэнде Абай шайтан ту­ралы: «Өлшеусіздің сыймасын бір сезбеген», - дейді. Өлшеусіз нәрсені өлшемек болу - шайтан әрекеті. Өлшеусіз нәрсе не нәрсеге сыймақ? Шайтан болса бос әуре, арам тер боп өлшеусізді ез түсінігіне сыйғызбақ. Шайтан философиясы «түгел білемге» құрылған, сөйтіп ол «көз жетпесті көп көздеген». Мақаланың басында Шайтан алғашқы философ деген пікір білдіріп едік, ол абсолюттік мәндегі жайларды мәселе етіп қойған, бірақ түсіндіре алмаған. Мәселені түсіну ақылы да, өмірі де кенде болғанымен, адам үлесіне қалған. Соны шайтан қабылдай алмай, соны сауалға айналдырған. Шайтан

Page 102: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

және шайтандық туралы екі ақын бірін-бірі толықтырып отырған, мысалы М.Лермонтов Демонның әлі өзі бол- май тұрған халін былайша түсіндірген:

В пространстве брошенных светил;Когда он верил и любил,Счастливый первенец творенья!Не знал ни злобы, ни сомненья,..

(ОЛ1)

Демонның алғашқы халінің сипаттары: онда сенім бар, сүю бар, бақытты, зұлымдық жоқ, күдік жоқ. Ал, енді осы хал бізді қызықтыра ма? Мүндай қалыпта ешқандай мәселе жоқ, бәрі орын-орнында. Сірә, адамның жұмақтан қуылуының сырының өзінде осы әлемге мәселелерді әкелу қажеттілігі болса керек. Жұмақ - мәселесіз өмір. Мәселесіз өмірдің несі қызық. Ендеше, әлемге сол қызықты әкелген - Демон (Шай­тан). Ол әлемге не әкелді, сенімсіздік, жеккөрушілік, зұлымдықжәне күдік. Бәрін қосып айтқанда, ол әлемнің гармониясына, Тәңірдің шеберлігіне күдік әкелді. Күдік- мәселе басы. Одан әрі, бәрі шайтан қажет еткен- дей, әлем күрделене берді, күрделене берді, адамның адамға деген ешпенділігі ерши түсті, оны түсіндіретін және тарқататын неше түрлі ілімдер, концепциялар емірге келді. «Алғашқы жаратылған бақытты жан» (М.Лермонтов) дүниеге бәле септі, сейтіп ол Демон (Шайтан) атанды.

Сонымен, адамның тылсымдық тарихында мынан- дай оқиғалар болған.

Page 103: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

102

1. Адам Ата мен Хауа Ананыңжаратылуы. :Hr.2. Періштенің Шайтанға айналуы.3. Хауа Ананың бүйрықсыз іске баруы және соның

нәтижесінде олардың Жүмақтан қуылуы.Осындай істер нәтижесінде мынадай екі әмбебап

үғымдар қалыптасты: дүние және ұят.

***

Дуние туралы. Дүние деген не? Оның болашағының, растығының мақсаты неде? Адам мен дүние екі нәрсе ме, әлде бір-ақ шындық па? Сүрау көп, жауап аз. Қай заманда ғұламалар дүние туралы толғанбады, олардан нендей пікірлер қалмады. Сонда да сыры ішіндегі дүние сыртқа сыр шашпады. Мәселеге осылай келген дүние мәні - оның тылсымдығында. Ал, тылсым болса - бізге сыры беймәлім шындық. Тіптен, шындық болғанда да, адамдар үшін шындық емес. Жаратушының кеңістігі, қүпиясы. Демек, біз айтып жүрген дүниеніңде құпиясы өз ішінде. Сонда адамның білмегі неде? Адам дүние құпиясын ашқысы келеді. Бұл өмірге деген ынтық- құмарлықтан туатын харекет. Адам дегеніміздің езі - харекет. Харекетсіз адам жоқ. Адам харекеті - оның тағдыры. Адам, көбінесе, ез харекеті езін қай жағаға апарып тастарын сезбей, білмей қалады. Мұны адам­дар істің соңынан кейін барып тағдыр деп атайды. Ал, шынында, тағдырды адам өз харекеттерімен тудырып отырады. Тағдыр анасы - себеп. Себеп болмаған жер­де тағдыр жоқ. Осылай бір-бірімен матасып, харекет, себеп, тағдыр адам ғұмырын қызықты да көрікті немесе тығырыққа тіреп, мәнсіздікке де айналдырады. Мұның түп негізінде адамның дүниеге құмарлығы жатыр.

•:-т.

Page 104: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Дүниеге қүмарлық шексіз болғанымен, оның өлшемі бар. Бірақ әр істің мелшерін анықтауда ереже жоқ. Өлшем эр адам санасында өлшенеді, әр адамның түй- сігі өзіншетүйсінеді. Барлықадамдарға ортақ қағидалар болғанымен, оларға ортақ өлшем жоқ. Мәселенің қиын- дығы да осында. «Мен дүрыс өмір сүріп жатырмын, сен де мен сияқты бол» деу-еш ақылға сыйымсыз «ақыл», бірақ өмірде біз осындай «ақылды» жиі айтамыз.

Адамның ішінен шығатын қуат санаға, одан харекетіне айналғанда бір мақсатқа бағытталып ба­рып айқындалмақ. Ал адам қуатының мақсатқа лайықталуына нендей себеп болды, соны айту да, айқындау да осал шаруа емес. Көбінесе тұмшаланған бір сезім бас көтеріп, адам еркін билеп алып кететіні бар. Ол сәтте ондай харекеттерді өшіру қиын. Асылын- да, адам харекеті әуел бастан айқындалмай, бірте- бірте айқындалған сайын барып бір түсінікке келе ба- стайды, яғни харекет мақсатын, оның жүріп өтер жолы айқындайды, сол кезде ол көрініс береді. Сөйтіп, ха­рекет бірден бағаланып, адамшылық принциптерінің таразысына түседі. Жақсылық және жамандық, әділеттілік және зұлымдылық, пәктік және кінәларды анықтайтын адамшылық, яғни адам болмысына ғана тән қасиеттер жиынтығы. Адам болмысы, оның қасиеті, яғни адамшылығы пендесіне Жаратушысы берген қазыналар, бірақ дүние болмысы адам болмысымен сайма-сай емес. Дүние түсініксіз, біздің адамдардың түсінетіні - осы дүниеде емір сүру қажеттілігі.

***

Үят туралы. Пайғамбарымыздыңхадисшарифінде: кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ деп айтылған

103

Page 105: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

104

екен. Қазақта да мақал бар: «¥ят кімде болса, иман сонда». Абай осы сөздерді айта келіп, ұят өзі қандай нәрсе деп өзіне-өзі сауал қояды. Абай хакім, яғни ол әр нәрсенің себебін іздеуші.

Иә, сонымен, ұятдеген не? Абаяұяттурал ы мынандай сараптама жасайды: «Бір ұят бар - надандықтың ұяты, жас бала сез айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан үялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мүндай ұят шын ұялу емес - ақымақтық, жамандық» (Абай. Ал­маты «Жазушы», 1995. 1-т., 187-6.).

Надандықтың ұяты адамның ақыл-өрісі, ой-сезіміне қатысты ма деп ойлаймын. Ақылы қысқа, сезімі тар, ойы таяз жан Абай айтқандай ұялмас нәрседен ұялатын- адам. ¥яттың мәні бетті басып, болмашы нәрсеге қысылу емес, өмірде өз орныңды тауып, белсенді ғұмыр кешіп, айтар сөзіңці жасқанбай айтып, артынан өзің де, ұрпағың да өкінбейтін істер жасау. Жалқаулық, жалтақтық, қорқақтық, жігерсіздік, жауапсыздық сияқты қылықтар надандық ұятына қатысты істер. Сондықтан ұят жоқ болса, иман жоқ деген пайғамбарымыз өсиетін «ұяткімдеболса,имансонда»дегенмақалменқабылдай отырып, ұят деген тек бір мағынада қабылданатын үғым деуге болмайды. ¥яттың да ұяты бар. Абай айтқан надандықтың уяты мен иманның еш қатысы жоқ. Иманға қатысты Абай шын үят деген ұғымды үсынған. Абай айтуынша: «Мұндай ұят екі түрді болады. Біреуі- ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мүның себебі сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады» (Сонда, 187-6.). : r.

Page 106: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Өзге адам үшін ұяла білу - адамшылық. Демек, үяттың негізінде адамшылық жатыр. ¥ят тек адам бала- сына тән қасиет. Өзгенің өрескел қылығына ұяла білу, ондай жат қылықтан сақтану деген мәселе. Адам өз бой- ында ұят келтіретін қылықтың болуы да ықтимал. Бірақ сол қылықты өзге біреу жасағанда соншама түрпайы керінгендіктен, адам сол жат қылықтан арылуға харекет етеді, мұны ғибрат деп атайды.

Шын ұяттың екінші түрі туралы ақын ойын одан әрі мына тұрғыда сабақтастырады: «...ұят, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден яки нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойыңнан шыққандығынан болады. Мұндай ұят қылық қылғандығыңцы бөтен кісі білмесе де, өз ақылың, өз нысабың өзіңді секкен соң, іштен ұят келіп, өзіне жаза тарттырады. Кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хат- та өзін өзі өлтіретүғын кісілер де болады. ¥ят деген - адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты... Мүндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кеш- песе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар» (Сонда, 187-6.).

Шын ұят дегеннің осылайша мән-мағынасын ой­шыл Абай ашып берген. Сонымен бірге ұялған жанның күйзелісін түсініп оған кешірімді болуды ұяты бар адам ұғынады деген ой айтқан. Шын ұялған жанды ұяты бар адам ғана түсіне алады, ал мен өзім көріп жүрген кісілерім ұялмақ түгіл қызармайды дейді ақын. Демек, олардың бойында иманы бар деп айтуға қалайша бола­ды. Абай иман мен ұятты бірге қарастырған, бұл мәнде 105

Page 107: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

106

иман тек діни түсінік емес, адамшылықтың өлшемі ретінде қабылданады.

Иманның негізі - адамшылық.

Адам туралы сөз айтпаған ғұлама жоқ. Адам ту­ралы білімдер жүйесін Батыста антропология дейді. Дүниетанымдық мәністе философиялық антрополо­гия деген білім саласы бар, бірақ адам туралы білім философия аумағынан ауқымды екенін айтпасқа бол- мас. Осы тұста 1997 жылы Москвадан «Вестник» ба- спасынан жарық көрген П.С. Гуревичтің «Философ­ская антропология» деген кітабынан мынандай үзінді келтіргенді жөн көрдім. «Исчерпывающую (астын сызған мен. - Ғ.Е.) инвентаризацию разновидностей антропоцентрической установки находим у М.Шелера. Он, как известно, предлагает включить в панораму ан­тропологических учений:

1. еврейско-христианскую доктрину; ' ь . ; : ,2. антично-греческую; }3. натуралистическую; ; г, . v .4. теорию декаданса;5. концепцию сверхчеловека (Шелер М. Человек и

истори. //Человек: образ и сущность. М., 1991. С.133- 160).

Что можно сказать по поводу этой в известной мере исчерпывающей типологии?» (С.52).

Бұл еуропалық ғалымның көзқарасы. Және де айту- ымыз керек, ол христиандық дүниетанымға негізделген көзқарас. Байқап отырсыз, антропологиялық ілімнің жоғарыда атап көрсетілген бес типінде шығыстық және мұсылмандық ұғымдар жоқ. Шығыс дегенде менің

Page 108: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

айтпағым, философия мен діни сананы синтездеген Конфуций ілімі қайда қалмақ? Араб тіліндегі мүсылман фалсафасы мен теологиясындағы толық адам мәселесі қайда? Ибн Арабидің «кәміл адам» ілімі неге көзге ілінбеген деген сауалдар көңілге оралады. Эрине, адам ілімі туралы Батыстық көзқарастың бай болуы табиғи жағдай, бірақ ол П.С. Гуревич айтқандай, түбегейлі емес. Адам туралы Батыс-христиандық доктриналар- дан өзге де жүйелер бар, айталық, адамның қасіретіне негізделген Үнді елінің дүниетанымы мен Будда дінін қалайша ескермеске. Тибеттегі далай-ламалардың ілімдерінде адамның тылсымдық табиғаты жөнінде ойлардың жеткілікті екенін әрбір сауатты адам білмек. Сондықтан адам болмысы туралы түбегейлі (исчер­пывающий) айтқанда, сірә, оның арналарын былайша анықтаған жен болар деген ойдамын:

1. ғылыми;2. философиялық; -3. діни;4. мифологиялық;5. керкем сана кеңістігінегіздерінде қарастырса, адам-затқа ортақ ада-

ми құндылықтар туралы түбегейлі сездер айтуға мүмкіндіктер туар еді. Себебі, қай елдің, қай діннің өкілі болмасын, ол ойшыл болғандықтан адам-затқа ортақ ойларын ортаға салмақ. Ойшылдықтың осы мағынасын Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің замандасы Шәкәрім туралы былай баяндап еді:

Бұл қазақтың мақсұты биік-алыс,Таппаса да сөзіне құлақ салыс.Қазақ деп жекелеме «адам-зат» де,

: Бұл кісінің пікірімен болсаң таныс. ^107

Page 109: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

108

Сондықтан әрбір ойшып адам өз шығармаларында әрқашанда күллі адам-зат туралы тебіреніске түсіп, ой қозғамақ.

Адам туралы ғылыми негіз дегенде айтпағым, ол дүниетанымдық толық білім бола алмақ емес. Әрине, адам туралы бүгінде медицина, биология, физиоло­гия, анатомия, гуманитарлық білімдер т.б. көптеген ғылымдар үздік табыстарға жетуде, бірақ мүның бәрі адам деген кім деген сұраққа толық әрі түбегейлі жауап бере алмауда, бірақ олар адамның кереметтігін талмай зерттеуде. Мен адам болмысын ғылыми негізде зерт- теу, негізінен технологиялық іс деген тұжырымдамын. Есіме Юрий Гагариннің космос кеңістігіне шыққандағы азам-заттың асыл қиялының іске асуына дән разы болған замандас ақынның «Адамдар, биік жүлдыздар, шіркін, сендерге ұшып жетер ме еді», - деп айтқаны түсіп отыр. Шынында, ақынның айтуынша, космосқа ұшу, ол техникалық, технологиялық, яғни ғылыми негіздегі атқарылатын іс, шара, жағдай. Ал, дәл қасыңцағы жанға ұшып жету аспандағы жұлдыздарға жетуден де күрделі. Ғажап ой. Ғалымдардың адам туралы нендей кере- мет ұғым, түсініктері болғанымен, адамның кім екенін түпкілікті түрде айтып беруге нақтылы жауаптары жоқ.

Адам болмысы туралы философиялықбілімдетолық жауап бере алмақ емес. Ол, бір жағынан, ғылыми негізді дәлелге алса, екінші жағынан, діни санаға алаңдайды, сөйтіп бір ізге түсе алмай аласүруда. Бүл жақсы, себебі осы үрдісте ізденіс жатыр. Ізденіс - философияның өрісі, кеңістігі. Философияның әр нәрсеге даяр жауабы болса, ол өз табиғатына қарсы шығып, материализм, не атеизм, не теологияға түсіп кетер еді. Нағыз филосо­фия, ол ізденіс алаңы. Философтан күдік туғызбайтын даяр жауап күтпей, оның ізденісіне назар сал. Фило-

Page 110: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

софия күдікті сейілте отырып, оны маздата да түсуші сана.

Адам болмысын танудың діни негізі де, адам жэне адам-затты түсіндіруде оларды сенім қазығына байлап іске кіріседі, мұндай жағдайға ой еркіндігі шектелмек. Адамды тануда дінде партикуляризм бар. Сондықтан діни ойшылдар көбінесе философияға иек артады, он- сыз ой тереңцігі болмақ емес. Кейінгі кездерде теолог- тар ғылым, техника, технология жаңалықтарына сүйене отыра ой қозғауда, бұл жатымды іс, жақсылықтың нышаны. Сенімді ілімге емес, априорлық принципке айналдырса, әрине, діни ойшылдардың айтқандары қүнды болмақ. Мұсылман теологтарының философия- мен жақындасуынан калам ілімі қалыптасты. Калам ілімі ислам дінінің теориялық негізі болғанын, сірә, мой- ындау керек. Католик сенімінде бола тұра, Аквинат грек Аристотельді христиан ойшылына айналдырып, Батыс Еуропада жаңа философия арнасын қалыптастырғаны көпшілікке мәлім.

Мифтік негіз адам және адам-зат туралы идея, белгілерге (символдарға) толы, мысалы, әлемге әйгілі Прометей, Геркулес, Сизиф туралы тәмсілдер. Ондай жағдайлар эр елдің, халықтың мифтік саналарында баршылық. Аңыз мәңгілік тақырыптарға арналған, мы­салы, Қорқыт туралы аңызды алсақ, өмірдің мәңгілігі мен өткіншілігі туралы сана Сизифтің тауға тас домала- тып апарып, онысы қайта етекке домалап, сансыз қайта түсуі Қорқыттың «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» - деген мәңгілік идеясымен үндес емес пе?!

Мифтік сана адам туралы толық түсінік бермейді, ол оның мақсаты да емес, аңызда адам болмысына қатысты мәңгілік идея ғана айтылады, ол сонысымен Құнды.

Page 111: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Адам туралы баршама ойларды жинақтап, оның толық бейнесін беретін - көркем сана, яғни әдебиет пен өнер. Бүл салаларда адам туралы есепсіз мағлұмат бар. Көркем сана кеңістігі - адамныңжәне адам-заттың нағыз өрісі. Көркем сана дегеннің мазмұны - класси­ка. Осы бағытпен келе жатқан адам-зат өз байлығына өзі ие. Классика туғызған көркем санада бәрі бар, оны мойындамайтын, сірә, жан болмас. Мұнда адамның тылсымдық болмысы өз тынысын ашпақ. Апьберт Швейцердің «тылсым - нағыз дүниетаным» деуі де тегін емес.

Page 112: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

' • ■ ■ . V . . . ■ : = ,

' Hkr. -X-.-;. \ , ’’h i . : >>-

С : i - K 4 ! V ' Ÿ r " f

’■ ‘r? - "! ■' -■! ' --S-’ Мл“' ^ йЧ-';,:;'- ' ГУ

• :îk..,".IWÏ; ^ у .

ЭДЛ:': ^ Й Ч 4

5 ■w'ï4'" ' t v

: ,:çv

ччіч-а,' ні^.' • 'У ■ ' i:

Page 113: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

112

НИЕТ

Түрмыста жиі қолданылатын сөз. Философиялық тұрғыда ол адамның имманентті қасиетін білдіретін ұғым. Көңіл сияқты, оның да аксиологиялық мәнісі көмекші сөздер арқылы нақтыланады, мысалы, ақ ниет, қара ниет немесе ниеті жаман, ниеті таза т.с.с.

Ниет адамның мақсатына, оқиға мазмұнына орай жасалатын әрекет, харекетіне қатысты. Сондықтан ниетті мақсатқа лайықталған ынта десек те болғандай.

Ниетті ұғым ретінде қарастырсақ, оның аксиология- льщ мәнісі әр түрлі жағдайларға байланысты адамның қылығы және пиғылы арқылы көрініс табады. Ниет - субстанция болса, қылық пен пиғыл оның акциденция- лары (көріністері). Қылық туралы айтсақ, ол харекет- ке емес, әрекетке қатысты іс. Себебі, қылық табиғаты көмескі. Қылық ашылып, нақтылы мәнге ие болмаған адам қасиеті. «Қыз қылығымен...» деген мақал да осы айтылған пікірдің дәлелі болмақ. Әйел-затының қылықты болуы табиғи жағдай. Қылық ер адамның міні болып саналмақ. Себебі, халқымыз қылықты не әйел-затына, не сәби жастағы балаларға орай айтады. Қылықты өзгеше мәнде қолдану метафоралық тәсілге жатады.

Лексикамызда жиі қолданылатын ниеттің мынандай формалары бар, олар: тілек, бата.

Тілек ниет емес. Тілек ниеттің акциденциялық керінісі. Тілектің субстанциялық мәні жоқ, оның мәні - ниет. Бата ритуалдыққызметкеайналған, тілекбілдірудің формасы. Ниетті бата арқылы білдіру халқымыздың

Page 114: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

тұрмысына сіңісті болған дәстүр. Батасыз дастархан басталмайды, батасыз дастархан жиылмайды. Бұл ғұрыптың мәнісі неде? Мәнісі ниет білдіруде. Ниет табиғатында ізгі тілек жатыр. Осы мәселені хальщ «Ба- талы құл арымас, батасыз құл жарымас», - деп мақалға айналдырған. Бата табиғатында сакралдылық бар. Сондықтан да халқымыздың тұрмысында бата түрлері мол. Олар негізінен екіге бөлінеді: дәстүрлі - жаттанды баталар және қолма-қол айтылатын, дара сипаттағы ба- талар. Батаның алғашқы түрі кең таралған, ал соңғысы бата берушінің парасаттылығына қатысты. Әркім жаны- нан шығарып бата бере алмайды.

Бата үнемі де жақсы іске орай беріле бермейді, қазір сирек болғанымен, дәстүрлі тұрмыста «теріс бата»- деген болған. Ол мән жағынан «қарғыс» деп атала- тын ұғымға тең. Ондай батаның да халық әдебиетінде үлгілері бар.

Бата мен тілек ниет білдірудің түрлері болғанымен, олардың бір-бірімен айырмалары неде дегенге келсек, біріншіден айтарымыз, тілекті әркім білдіре береді, ба­таны айтулы адам береді.

Екіншіден, бата мен тілек мазмұны жағынан ерекшелөнеді. Бата баршаға айтылса, тілек арнайы ай- тылады.

Үшіншіден, бата табиғатында юмор, әзіл сияқтылар мүлдем болмайды, ал тілекте ондайлар бола бермек.

Төртіншіден, бата табиғатында мұсылмандылық бо­луы қажет, тілекке ондай талап қойылмайды.

Бесіншіден, бата табиғаты үмітке, болашаққа негізделген, тілек болса әр түрлі жағдайларға орайлас айтыла береді.

Алтыншыдан, бата беруші сол қауымның ең тәжірибелі, емір керген кене кезі немесе кісілігі асқан

Page 115: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОАЛА ЕСІМ

адам болуы міндет. Тілек білдіруге әркімнің де таласы бар.

Жетіншіден, батада халықтың ой өрісі өз орайын таппақ, ал тілекте ондай келелі мәселеге баруға да, бармауға да бола береді.

Сегізіншіден, кей-кейде сөйлеушісіне байланысты батадан асқан тілек болады. Керісінше, бата тілекке жетпей жатады. Бұл дәстүр емес, әртүрлі жағдайларға байланысты бата, тілек білдірушілердің деңгейіне қатысты жағдайлар.

Тоғызыншыдан, халық түрмысында кеңес заманына дейін болмаған, кейінгі жылдары дәстүрімізге мықтап енген тілек білдіру формасы пайда болды, оны «тост» деп атаймыз. Той, мәжілістерде адамдар ниет, көңілін білдірмек болып тост-тілектер айтып жатады.

Ниет пен көңіл. Екеуі бір емес. Көңіл қүбылмалы хал. Ниеттұрақты. Ниетадамның езі. Ол адамныңжеке болмысы. Көңіл ситуативтік хал. Ниет консервативтік мазмұнда, себебі оның түп негізінде - генетикалық болмыс жатыр. Ниет адам табиғатында. Табиғат өз дегенін жасамай қоймайды. Адам ниетін өзгерту түбірімен мүмкін емес, оған тек эсер етуге ғана бола­ды. Мысалы, Александр Македонский, Шыңғыс хан, Наполеон сияқтылар табиғатынан зұлым адамдар. Олардың ниетін өзгерту мүмкін емес. Тіптен, олар­ды білімді етіп тәрбиелеудің өзі, олардың зүлымдық табиғаттарының кең өріс алуына мүмкіндік жасағандық болып шықпақ. Олар білімді, тәрбиелі адам болса, ілім жасай бастамақ. Әлемде жауыздықты насихаттаған теориялар, зұлымдықты өрбіту тәсілі қызметін атқарған ілімдер болғаны көпшілікке мәлім.

Ниет адамның жеке қасиеті. Ниет адамның өз құпиясы, оны өзге түгіл өзі де біле бермеуі мүмкін.

Page 116: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Өзін-өзі толық меңгеруге ынталанған, сөйтіп тақуалық жолға түскен жанды біз әулие дейміз. Байқап отыр- сыз, қадірлі оқырман, өзін-өзі толық таныған деп айтып отырғаным жоқ, себебі ондай жан әлемде болған емес. Адамның кеңістігі әрі шексіз, әрі шектеулі. Адам деген ұғым шексіз, ал адам-зат деп нақтыласақ, ол шектеулі өлшемдерді қажет етпек. Мүндай шектеулі өлшемнің негізгісі - жалған ғүмыр (дүние) деп аталады. Жалған деген түсініктің өзі шектеулікті білдіретін - өлшем. Адам-зат жалғанда ғұмыр кешуші феномен. Адамның заттық табиғатынан тыс мәселелер мәңгілікке қатысты айтылатыны кепшілікке белгілі. Біз жан мәңгілік де­генде адамның шексіздігі туралы айтамыз. Мәңгілік ақылға қатысты үғым емес, оның мүмкіндігінен тыс ұғым. Сондықтан ниет адам-заттың имманенттік қасиеті болғандықтан, оның мәні ақылмен ашылмайды. Біз оның кейбір көріністерін ғана тани алу мүмкіндігіміз барлығын мойындағанымыздан басқа амал жоқ.

Мүсылман дәстүрінде ниет тазалығы немесе оны тазарту мәселесі туралы халықтық-діни ғұрыптар қалыптасқан. Айталық, дүниеден өтіп бара жатқан адамның жақын-туыс, дос-жарандардан «кешу» алы- суы. Дүниеде кешірілмейтін нәрсежоқ. Дүниеден озғалы жатқан адамға кешірімді болу - мұсылмандық. Соны­мен бірге мұсылман адам дүниеден өтерде ез иманын өзі айтады, шамасы, тілі келмесе қасындағы адам айта- ды. Бұл да ниет тазаруы үшін жасалған ізгілік қадам.

Ниеттәнге емес, адамныңжанына қатысты мәселе. Нәпсі болса - ниетті бұзушы, ниетті қорғаушы - иман. Сондықтан да ниет әуел бастан ізгілік жолы. Бірақ, жалған ғұмыр - қара ниет, бұзық ниет, жалған ниет, жа- уыз ниет т.с.с. дүниеге әкелді.

Page 117: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛМ ЕСІМ

Жалған ниет деген не? Жалған ниет деген болмай- ды, ол ниет емес - өтірік, ол алдау. Ниет өтірік болмай- ды, өтірік болған жерде ниет жоқ. Ниет ізгілік көрінісі. Ниеттің ниет аталуының езі, оның ізгілігінде.

Алайда, өмірде ниеті бұзық, ниеті тар, қара ниетті деп әлдекімдерді айтып жатамыз. Ол не? Эрине, ниет тазалығы ізгілік ретінде ерекше субстанция болғанымен, ниеттің бүзылуы бұл жалған дүниеде бола бермек. Ол адамныңадасуына, қателесуіне, тіптен ауыр-ауыр күнә жасауына байланысты. Қателік, адасу, күнә табиғаты ниетке қатысты емес, ол жағдайға байланысты, адам баласының басына тағдыр боп түскен оқиғаға байла­нысты. Осындай халдерде ниет бұзылмақ, ізгіліктен зұлымдық өсіп шықпақ. Бірақ, мәселе ниетте емес, адамның әрекет, харекетінде. Ниетін бұзып алғанға кешірімділік мүмкіндігі бар, бірақ адамның қара ниеттілігі оның тумысынан болса не демекпіз? Жалпы, ниет тумысынан қара бола ма, яғни адам тумысынан дүниеге зүлым болып келе ме? Егер осылай болса, ол тағдыр, демек оны езгерту адам баласының қолынан келмек емес. Ондай адамдарды, бәлкім, Жаратушы өзге адамдарға сынақ үшін жібере ме екен?! Мысалы, Гитлер, Сталин сияқтылардың ізгі жандар болуы мүмкін бе еді. Олардың зұлымдығы тегінде емес пе екен! Егер тегінен зұлым болса, олар қалайша ізгі жандар болмақ? Сонда зулымдық тәнде ме, жоқ, тәнге енген жанда ма? Осы бір шешімі табылмаған сүрақ. Біз ондайларды ниеті бұзық дейміз, сірә, оларда ниет орнында зұлымдық жатқан жоқ па екен деп ойға келемін. Біз ниеті бұзық дегенде зулымдылықты айтқалы отырғанымыз жоқ па екен?! Олай болса, зұлым адамда ниет жоқ. Ииет жок, жерде тек зұлымдық болмақ. Ниетті мен осылайша түсінем. Қара ниетті адам деп біз зұлым адамды ай-

Page 118: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

тып отырмыз, демек мэселе ниетте емес, зүлымдықта. Зұлымдық тарихи жағынан ізгіліктен соңғы. Әлемге ізгілік әкелуші Адам Ата, зүлымдық ниет бұзылуының нәтижесінде келді. Осы мәнде ниет дегеніміз - иманның нақ өзі болып шықпақ. Ниет-иманды бұзушы Адам Атаның баласы Қабыл. Ізгілік зұлымдықтан шықпаған, керісінше, ізгіліктен зүлымдық өсіп-өрбіген. Себебі, ниет-иман бүзылған, ол зүлымдыққа бастаған. Аңызға сүйенсек, алғашқы зұлымдықжасаушы ол Адам Атаның баласы Қабыл. Сонда сұрақ туады. Неліктен ізгіліктен зұлымдық өсіп-өнген, неліктен ниет бұзылған? Себебі, Жаратушы адам-затқа ерік берген, Иассауидің Алланың адамға езі берген еркі дүшпан дейтіні сондықтан. Ерік берілгендігінің нәтижесін біз әлемге Періштемен қатар Шайтан келгенінен білеміз. Шайтан дүниеге шайтан бо­лып келе сала дүниеге пәле септі, демек шайтандығын (зүлымдығын дей беріңіз. - F.E.) адам-затқа сіңдіріп, өзі әзәзіл қалпына етті. Өйткені, Жаратушы шайтанға ерік берген, оның мәнісі ақырзаманға дейін, оның адам- заттыңтамыр-тамырын аралапжүруеркіндігі. Бұл адам- зат еркіндігіне сын. Әзәзіл адамды шайтандыққа бастап тұрады. Шайтандық зұлымдықтың негізі. Зұлымдық шайтанның азығы, күн көрісі, оның мәз-мейрам болып өмір сүретін кеңістігі. Зұлымдар шайтанның шәкірттері, достары, қауымы. Зүлымдар қауымы - шайтан қауымы. Жаратушы Адам Атаны ізгілікке жаратқанымен, ол іске шайтан араласты. Адам-зат еркі періштелікке де, шайтандыққа да тәуелді болды. Періштелік- таза ниет, иман, ізгілікболса, шайтандықниетті бұзып,зұлымдыққа бастады. Осы екі ортада адам-зат аласұруда. Ізгілік пен зұлымдық адам-зат трагедиясының басты арналары. Ізгілік бар жерде жармасып зұлымдық жүреді. Сөйтіп, ниет бұзылады, адам тозады.

Page 119: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛАА ЕСІМ

118

Адам-зат ниетінің бұзыяуы періштенің шайтанға айналуынан немесе одан да нақтырақ айтсақ, адам- заттың өзінің пайда болуынан басталған. Ол қалай болған? Адам-зат пайда болуы туралы ғылыми де- ректер тапшылығынан, аңыздағы идеяға сүйенсек, Адам Атаның ниеті езінің Жаратушысына біржола ар- налса, соған иман келтіріп, қүлшылық жолына түссе, өз қабырғасынан Хауа Анамызды жаратқанда, оның ниетіне сын түсті. Себебі, оның ниеті енді Жаратушы­сына деген тұтастығын сақтай алмай, ықыласы Хауа Анамызға да бұрылды. Бұл Адам Атаның ниетінің тазалығына қауіп болды. Ендігі жерде ол не қыларын білмей Жаратушысына жалбарынып, сүрақ берді.

- Мына жаратылған мақлүқ менің саған деген ниетімді бұзбай ма? - деп.

Жаратушыдан жарлық келді.- Ниетің түзу болса, өмір серігің Хауа Ана оны бұза

алмас, оған деген сезіміңце маған деген құмарлық бар,- деді.

Бәрібір Адам Ата ниетіне қауіп төнді. Оны өзі де түсінді. Сөйтіп, дүние туралы күдік немесе дүниетаным Шайтан әрекетінен Адам харекетіне ауысты. Ендігі жер­де алғашқы ғалым, алғашқы ойшыл болудан Шайтан қалып, бүл істер Адам-затқа ауысты. Бүрынғы Шайтанға енді әзәзілдіктен өзгеше нәрсе қалмады. Адам-заттың пайда болуы әлемге Шайтанды тудырушы, әрі оны жеңуші күшке айналды. Мұның мәнісі, Адам Атаға ниет- пен бірге күдік қатар орныға бастады. Адамға күдік егуші Шайтан болатын. Шайтанға мұндай мүмкіндік әлемге әйел-заты пайда болғанда іске асты. Жаратушыға деген таза ниетке күдік араласты. Күдіктің пайда болуы Хауа Анамызға байланысты болды, себебі Адам Атамыздың әйел-затына деген ниеті пайда болды. Ол Жаратушыға

Page 120: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

деген ниет тұтастығына сын болды. Шайтанға керегі де осы еді. Есіңізде болар, қадірлі оқырман, діни аңызда әзәзіл адамды азғыру үшін әйел-затын пайдаланды емес пе, себебі әйел-затында дүниеге қызығушылық оның табиғатында екенін Шайтан жақсы білетін.

Күдік Адам-зат болмысына мықтап енген соң Шай­тан әлсіреп, тек әзәзілдік (азғырушылық) қызметте ғана қалып қойды. Сөйтіп, күдік арқылы шайтандық адам табиғатына мықтап ене бастады. Күдік бар жерде ниет бұзыла бермек. Адам Атаның ұрпақтары өсіп-өнгенде, шайтандық та бірге өсіп-өнді. Ниет бұзыла бастады. Әлемге ақ ниет, қара ниет деген түсініктер енді. Оны Адам Атаның өзі көрді. Бір баласы ақ ниетті болды, ол Абыл еді, екінші баласы қара ниетті болды, ол Қабыл еді. Әрі қарай ниет мәселесі не түрлі күйге енді. Дүниеге адам-затты жек көру ниетіндегі жауыздар келді, неше қилы фашистік мемлекеттер пайда болды. Жауыздықты насихаттау мәдениеттілікке айнала бастады. Адам­дар жауыздықты қызыға, құмарта қажет ететін болды. Сұранысқа орай кинофильмдер, әдебиеттер т.б. өнер туындылары насихаттала бастады. Ниет бүзу адам табиғатын бұзу екендігін түсінген пайғамбарлар әлемге діндер тарата бастады. Сондай діндердің соңғысы - ис­лам.

Сонда «ниеттің бұзылғаны не, тазалығы деген не» дегенге келсек, айтарым, біріншіден, ниет тазалығы, ол Жаратушы деген идеяны мойындаудан басталса ке­рек. Бұл иман деген түсінікке бастайтын жол. «Барлық дінде шешу бар, барлық дінде кешу бар», - деп Шәкәрім айтқандай,ақиқатбәлкімбірдіндеемес,бардіндешығар. Ақиқатқа жету бар және ақиқатты іздеп адасушылық бар. Мүмкін, өзге діндер ақиқатты іздеп адасушылықта жүрген шығар, олай болса адасқандарға да кешірімді

Page 121: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОААА ЕСІМ

120

болуымыз керек емес пе? Неге біз Адам Атаның өзге балаларының ниеті бүзылды деп, одан теріс айналып кетуіміз керек. Сірә, адамшылық дегеніміз күллі адам- затты тұтас қабылдай білушілікте шығар. Ойлану керек! Бұл істе кесіп-пішіп сөз айту, көбінесе пендешілікке, тіптен надандыққа бастап кетпек.

Ниет тазалығы, жоғарыда айтылғандай, сірә, Жара­тушы идеясын мойындаумен анықталса керек. Адамнан құдай жасауды - ниеттің бұзылғаны дей беріңіз. Қүдай- Адам деген идея - күллі адам-зат тарихында талай рет болған, одан үтқанымыз бар ма?!

Ниет дегеніміз не? Сірә, ол адамның өзін білудегі ақиқаты. Адам өзін-өзі білгісі келеді, бірақ біліп бол- майды. Ниет - ақиқат болып сырын ашпайды. Сол кезде адамның ниетін түсіндірмек болып дүниеге пайғамбарлар, әулиелер, хакімдер келеді. Адам езін түсіну мақсатында соларға ден қояды, соларды тыңдайды, оқиды, түсінбек болады. Ол да осал шаруа емес. Тарихта солар туралы да жалған сөздер айтылып, неше түрлі өзге түсініктер қалыптасқан. Ниет туралы неше саққа бағытталған ілімдер пайда болып, адамдар бірін-бірі түсінбейтін халге жетті, бүл дүниетанымдар қақтығысы ортағасырларда діни соғыстарға, XX ғасырда фашистер және болыиевиктер қырғынына әкелді. Күні бүгінге дейін адам-зат осы дертті халді басынан кешіруде.

*** ■■

Ниет бұзылды деген дін бұзылды, дәстүр бұзылды деген сез. Дін дегеніміздің өзі дәстүр деген ұғымды білдіреді. Яғни, біз алғашқы пайғамбар Адам Ата дәстүрін бұздық, адастық, жол көрсетіп, адасқан көпті

Page 122: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

жөнге салу мақсатында жер бетіне пайғамбар атын жа- мылып, көптеген жалған ілім таратушы жалған-нәбилер келді. Солардың бізге белгілісі және ілімі бізге мәлім болғаны - Владимир Ленин болатын.

Ленин өзінен бүрынғы Гегель, Маркс ілімдерін негізге алып, күллі адам-заттың Жаратушыға деген ниетін бұзып, жер бетінде жұмақ (ал оның аталуы «коммунизм» болатын) орнату мақсатында ілім жаса- ды. Ол ілімді біз жаттап өстік. Теріс тәрбиеде болдық. Таза ниет терістелді. Бірақ, бұл ілімнің ғұмыры ғасырға жетпеді. XX ғасырдың басында Ресей өкімдігі журетін аймаққа енген бүл жаңа ілім, «жаңа дін» ғасыр соңында терең дағдарысқа түсті, сірә, енді epic ала алмас деген үміттемін. Бірақ, ленинизм тобырдың ниеті екенін естен шығармағанжен, себебі кедей мемлекеттердетобырлық психология қуаты болмақ. Тобыр әрекетінде кектемдегі судың тасып жайылатын және жолындағысын қиратып- жойып кететіндей күш барын біз тарихтан білеміз, де­мек мұндай қауіптен сақ болуымыз қажет.

IV'fC

Ниет - жан жомарттығы. Кісілігі мол адамның ниеті таза болатындығы әуел бастан белгілі. Бірақ, тек күнкөріс қамында жүргендерден кісілік пен жан жомарттығын талап ету де осал шаруа емес. Жоқшылық адам ниетін теріс жолға бастап апарушының нақ өзі. Осындай әлеуметтік халдегі адамдардың ниеті туралы не айтпақпыз? Күнә дегеніміз ниеттің бұзылуы, қараюы. Ниеттің адамдарға бүзылуын кінә десек, ниеттің Жара- тушысына бұзылуы күнә болмақ. v

121

Page 123: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

ӘЙЕЛ

Сулуды суймектік Пайгамбар сүндеті.

■ Абай.

^ -^ у й е л туралы әңгіменің басы оның еркектенЧ_У өзгешелігінен басталса керек. Бұл көпшілікке

мәлім шындық. Әйелдің еркектен өзгешелігі - шындық, демек сөзіміз осы шындық туралы болмақ. Алдымен айтарымыз, әйел-затының тарихы еркектің тарихынан өзгешелігі туралы. Аңыздағы идеяға сүйенсек, Адам Ата Хауа Анамыздан мерзім жағынан бұрын жаралған, ол дүниеде бар болғанда әйел-заты болған жоқ. Сондықтан еркек әйелдің жасы үлкен ағасы. Басында кеткен олқылықты Жаратушы өз әмірінен толықтырған, ұйқыдағы Адамның бір қабырғасынан Хауа Анамыз- ды жаратқан. Демек, тарихи уақыт жағынан алғанда, әйел еркектен кейін жаратылған, оның жаратылмауы да мүмкін еді, бірақ ол Жаратушыға да, Адам Атаға да қажет болған. Әйел тарихи-табиғи қажеттіліктен жаратылған. Сонда мәселе немесе тарих басы әйелдің жаратылуынан бастау алған болып табылады. Әйел пайда болғанға дейін Адам Атаның қызметі Жаратушы- сына құлшылық болған, ал Хауа Анамыз болса, жара- ла салып дүниеге мәсөле әкелген. Әйел-заты дүниеге әкелген ең алгашқы мәселе - күнә. Біз күнә дегенде Жаратушының тыйым салған ісіне қарсы әрекетті ай­тып отырмыз. Жаратушы өкімі бойынша, жәннатта өсіп тұрған бір ағаштың жемісін Адам Ата мен Хауа Анаға жеуге тыйым салынды. Адам Ата Жаратушы әміріне көнді, тыйым салынған жемісті жемеді, ал Хауа Ана­мыз болса шыдамсыздық білдіріп, тыйым салынған

Page 124: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

жемісті татты, сөйтіп күнәлі болып, Адам Атамен бірге жер бетіне қуылды. Алайда, күнә табиғатында бұрын не Адам Ата, не Хауа Ана білмейтін бір құпия бар еді, енді сол құпия-сыр ашылды, оның аты - уят болатын. Хауа Анамыз харекетіне дейін «¥ят» деген беймәлім сезім еді, енді осы сезім ашылып (себебі, татуға бол­майтын жемісті жеген соң ғана Адам Ата мен Хауа Ана өздерінің жалаңаш екенін сезінді), одан әрі өзімізге белгілі мәселелер басталды. Осы кезден бастап Әке- тарихы және Ана-тарихы бірігіп кетті. Ендігі заманнан бастап әке-тарихы, ана-тарихы демей, бір сөзбен Адам- зат тарихы деуге көштік.

Адам Атаның адам-зат атануы үшін мүмкіндік, та- рих сахнасына әйелдің жаратылуына байланысты еді, бүл мақсат орындалды. Адам Ата өзінің бұрынғы «қисық қабырғасы», бүгінгі өмірлік жары Хауа Анамен жер бетіне тіршіліктің мүлдем жаңа формасын әкелді. Сондықтан адам-зат тарихы Адам Атадан (яғни, еркек- тер тарихынан) емес, Хауа Анадан, яғни әйел-затынан басталғаны мәлім болды. Аңызға сүйенсек, мәселе осылай.

Әйел болмысы оның еркектен өзгешелігінде дедік, бұл ерекшелік неден көрінеді десек, ең алды- мен айтарымыз, ол әйелдің сүлулыгы және де оның сұлулыққа шексіз ынтықтығы. Әйелдердің сұлулыққа құмарлығында сәбилікке ұқсастық бар. Оны біз әйелдердің қылыгы деп түсінеміз. Сүлулықтан қашқан әйел - қылықсыз әйел, яғни өз табиғатына қарсы болған жан.

Сұлу емес әйел-заты жоқ. Әйелдердің сүлу бол- мауы мүмкін емес, мәселе тек қажетті қылықта, табиғи мінезде, сәбилік пәктікте, ұнасымды түс, жарасымды киіне білуде. Осыларды дәл өз болмысына сайма-сай

123

Page 125: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

124

етіп, қолдана білген қандай болмасын әйел-заты - сүлу болып шыға келмек. Сұлулық деген тек әйел-затының өлшемі екенін естен шығармау керек. Сұлулық ер адамға қолданылмайтын өлшем, сұлу жігіт деу, оның жетістігі емес. Сұлу болу әр әйелдің өз қолында, ол бір. Екіншіден, сұлулық әйел адамның тағдыры, олай болса әйелдердің сұлулыққа үнемі ұмтылуы, ынта- лы болуы ешқашан тоқталмауы керек, бірақ әйелдің сұлулыққа құмарлығы нәпсі құмарлығымен қосылып алып, оны ақылға, адамшылыққа сыйымсыз неше түрлі істерге бастап кетуі де әбден ықтимал. Сондықтан сезімдер тасқынына қарсы түрып, оны арнаға түсіретін қалыптасқан дәстүр немесе еркектің мінезі керек. Халқымыз осы мәселеге қатысты «қыз балаға қырық үйден тыю» немесе «қыздың жолы жіңішке» деген қағидалар жасаған. Әйел-затының қүмарлығына осын- дай тосқауыл (табулар) қолданылмаса, оның өзін рәсуа етіп алуы жеңіл іс. Қандай іске болмасын тосқауыл қойылмаса, ол өзімен-өзі болудан қалмақ. Әйел-заты өзінің кім екенін алғашқы рет еркекпен кездескенде сезінбек, білмек, танымақ. Бұған дейін әйелдің езі тура­лы түсінігі толық болуы екіталай. Сезімнің айқындалуы өзінен-өзі болмақ емес, демек әйел-заты өзімен-өзі бо­лып, өзін білмек емес. Табиғат адамның айтып болмас құпиясын осы әйел жаратылысына апарып салғанға ұқсайды, сірә, табиғат сыры еркекте емес, әйелде басымырақ. Олай дейтінім, әйелдің нәзік жаратылы- сында қаншама қуат, қайсарлық жатыр. Ер адам атқара алмайтын ересен іске әйел-заты емін-еркін бара алады. Мен әйелдердің мундай істерін ерлік деп айта алмай- мын, себебі «ерлік» дегенді ер адамдар иеленіп алған, ол дүрыс та. Ерлік деген - шектеулі харекет, ал әйелдер атқаратын ғажайып істер ерліктен анағұрлым биік. Әйел

Page 126: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

харекетінде тек ерлер атқаратын «көзсіз» ерлік қана емес, өз жаратылысына сай харекет қуаты бар. Оның негізінде әйелдің емірге қуштарлығы жатыр. Біз әдетте оны «ана парызы» - дейміз. Осы парызды орындауда әйел-заты қандай болмасын жанқиярлыққа барады, де­мек әйел жаратылысында өмір үшін қүрбандыққа бара алатын мүмкіндік қуаты бар. Өмір алдындағы парызды әйел-заты тамаша атқара біледі.

' ' ' . . : . •' ’■ ■' ' 'Ь' .***

Арулық - әйел-затының сәбилік шағы. Ару мінезі, әйел мінезінен бір бөлек. Аруды қушу - ер адамға арман, сол арман орындалған соң, ол әйел мінезіне өтеді. Сезім сананы өзгеріске түсіреді. Арулық қылық әйел мінезіне ауысады. Сейтіп әйел-заты үшін жаңа өмір басталады. Тамаша ақындардың поэзиясы осы арулардың қылығына арналған. Әйел туралы поэзия өзгешежырлайды. Бала көтерген әйелді ару деу әбестік. «Ару» деп дәстүрлі қазақ түсінігінде «оң жақтағы» әйел тәжірибесіне түспеген қыздарды айтқан. Немесе ауызекі түсінікте аруларды «әйел бала» деп атау дәстүрі бар. Қазіргі қайсыбір ақындар «арулар-аналар» деп сөз тіркесін қолданғандары кездесіп қалады, бұл табиғи түсінік емес, жасанды ұғым. Бұқар жырау «келіншекке жарасар емшектегі баласы», - деген екен. Келіншек ару емес, оның келін болып түскендегі табиғи миссия- сы - бала көтеру, ұрпақ өсіретін келіншектер қауымы, балалы болу жалпы әйелдің міндеті емес, келіншектің қызметі.

Арулар қылығында асаулық, еркіндік бар, ару- лық адам-заттың асыл қазынасы, ерекше күйі. Ол сұлулықтықтың өлшемі, арулықты еш нәрсемен

Page 127: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

саяыстыруға болмайды, оның сыр-құпиясы, өлшемі өз ішінде. Арулықтың бұл күйін арулардың өздері де біле бермейді, оларға білудің де еш қажеті жоқ, оны білгісі келіп ынта білдіретін ерлер қауымы болуы түсінікті іс. Арулықты сақтаймын деу де теріс түсінік, оның өткінші болуы табиғи, ол сонысымен де қызық, әрі қызықтырады. Қысқасы, әйел-затының әр кезеңінің өз дүниетанымы, өз философиясы бар. Әйел деген ағынды су сияқты, өз арнасымен аға бергенде ғана өз пәктігін сақтай алмақ. Айталық, ана болып, дүниеге үрпақ әкелу пәктіліктің келесі сатысы, бұл арулық емес, одан өзгеше, ерекше сапалық күй-көңілі. Ана болу жан, әрі тән тазалығы. Ана болу әйелді ерекше құрметке ие етеді. Аналық сезім әйел-затының бұрын түмшаланған, сыры айқындал- маған өз табиғатын ашады. Әйел әлемге жаңа қадам басады. Бұл ғажап, қызықты дүние. Ол әйелдің үмыт болып бара жатқан сәбилік сезімін қайта оятады, сөйтіп әйел тіршіліктің тірегіне айналады. Ендігі жерде әйелге деген құрмет елге деген цүрметпен теңесе бастайды. Бұл әйел қасиетінің патшалық қүру дәуірі деп атауға бо­лады, қай заманда, қай халықта болмасын, отбасының ырыс иесі - әйел,

***

Әйел, аңыз бойынша, «қисық қабырғадан» жаратылған. Сонда неліктен әйел болмысына аңызда тек Адам Атаның қисық қабырғасы бүйырған. Бұл жай айтыла салған сөз бе, әлде оның мәнісі бар ма? Аңыздың аңыздылығы сонда, оны ғылыми тілмен тал- дау мүмкіндігінің шектеулілігінде. Себебі, аңыз ғылыми түсінік емес, ол өзінің ішкі дәлелінсіз айқындалғаи сананың ерекше формасы. Сонда да талдау жасауға

Page 128: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

таяпынсақ, біріншіден, мына мәселеге назар аударған жөн. Ол әйелдің аңыздағы пайда болуы Адам Атаға тікелей қатыстығы, демек алғашқы еркек, ол - Адам Ата, әйел - Хауа Анамыз болса, ол еркек-затынан кейін және де сол еркек-заты негізінде пайда болғаны. Әлемдік көптеген аңыздардағы «ақиқат» осы. Сондықтан әйел болмысын еркек болмысынан тыс және уақыт жағынан ілгері қарастыруға да, мәселені өзгеше қоюға да болмай­ды, неге десеңіз, өзгеше қоюға еш негіз жоқ. Сөз әйелдің еркектен кейін, әрі оның табиғатынан жаралғаны. Осы мәселеден тағы бір айқындық бой көрсетуде, ол еркек пен әйелдің жаратылысының бірлігі.

Екіншіден, еркектің табиғатынан жаратылғанымен, әйелдің еркектен езгешелігінің болуы, әдетте заттардың бөліну процесінде өзінен бөлінген зат өзін сақтаушы еді, олай болмаған. Әйел еркекке ұқсайды, бірақ көбінесе ез табиғатына бағынышты. Әйелді еркек арқылы түсінгің келсе, тек оның еркектен айырмашылыгын ғана айта аламыз, әңгіме сонымен бітеді, әрі қарай ер­кек табиғаты, әйел табиғаты деп бөлек-бөлек әңгіме айта бастаймыз. Әйел мен ер адамдар ерекшеліктерін ескерген діндер (әсіресе, ислам, христиан діндері) ер- лер мен әйелдерді оқытуды, құдайға ғибадат жасауды бөлек жүргізген. Ресейде қазан теңкерісіне дейін «ару- лар оқу орындары» бөлек болған. Қазақстанда Қыздар институты әлі бар, оны сақтау қажеттілігі тек саяси қажеттілік емес, табиғи қажеттілік. Ғалымдардың ай- туынша, әдеби кейіпкерлерді қабылдауда ер бала мен қыз баланың қабылдауында ерекшеліктер бар. Мыса­лы, батырлар жырындағы Алпамыс образын алайық, бұл образ ер бала үшін оның ерлігімен қызықты, ал қыз бала үшін ол үлгілі ер жігіттің бейнесі. Түсінік екі түрлі. Бар салада солай, мәселе қабылдаудың жоғарғы,

Page 129: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

128

төменгі деген дәрежесінде емес, мәселе сапалық ерекше қабылдауда немесе құндылыққа қатысты, яғни аксиологиялық мәселе. Әйел табиғатына сай құндылық пен еркек табиғатына сай құндылықтың бір-біріне сай еместігіне таң қалуға болмайды.

Сондықтан әйелге арнайы шығатын басылымдар да көп. Бір адам баласы болғанымен, ер адам мүмкіндігі және әйел адам мүмкіндігі бар, сол себепті спорттың түрлеріне қатысты «ерлер командасы», «әйелдер ко- мандасы» деген белушілік бар, тіптен шахмат ойынын- да да ерлер бір белек, әйелдер бір белек жарыстар өткізуде.

Әйел адамның жазу тәсілі (почеркі) ерлерге қарағанда езгеше, дауысы да ерлерге қарағанда азгеше, демек әйел еркектен бар жағынан езгеше. Олай болса, оның дүниетанымы да езгеше болса, оған несіне таң қалмақпыз. Өзгеше табиғат езгеше таным тәсілін талап етпек. Ендеше,әйел-затынқандайтәсілдіқолданаотыра білмекпіз, кімнің көзімен оны тануымыз керек, еркектің кезімен бе, әлде әйелдің көзімен бе? Кеңес екіметі жылдарында бір дәстүр болды, әйел тақырыбымен негізінен әйелдер шұғылданды, мысалы, мынандай тақырыптар болды: «Әйелдің социалистік қоғамдағы орны», «Социалистік қоғамдағы әйел теңдігі мәселесі» т.б. Әйел тақырыбына неге ерлер араласпады? Ойлай- мын, әйел тақырыбымен тек әйелдер айналассын деген- теріс пікір. Мен бұл жөнінде мынандай пікір айтқым келеді, әйел тақырыбымен айналысып жүрген әйелдер аса «мықтылар» емес, бұл тақырыпты не күн көріске, не саясатқа айналдырушылар. Нағыз әйел тақырыбымен барлық замандарда ер адамдар, оның ішіндегі санау- лы ғұламалары айналысып келді. Махаббат, ғашықтық туралы, әйел табиғаты туралы терең ойларды, жыр-

Page 130: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

ларды, романдарды т.б. кімдер жазды. Әлемдік өнердің классиктерінің 90%-ы - еркектер, солар өздерінің үздік шығармаларының арқауы етіп әйел тақырыбын алған. Зиялы қауым білетін Гомердің «Иллиадасы» мен «Одиссеясынан» бастап барлық классикалық өнер және әдебиет туындыларын алып қараңыз, бәрінде бірінші орында - әйел мәселесі. Әйелсіз әлемдік бірде- бір оқиғаның қозғалысы болмаған. Қандай істің болма- сын себебін әйел табиғатынан іздеуіміз керек. Басқаша амал жоқ. Поэзия дегеннің өзі әйел тақырыбын негізге нәр етіп алған өнер саласы. Әйел болмысын жырға, әнге, күйге қоспаған ақын, композитор, күйші, суретші іздеп таппайсыз. Мұхтар Әуезов «әйел өмір тірегі» десе, мен өзгеше айтқанды ұнатамын, адамның өмір сүруі үшін аса қажетті не, ол - ауа, яғни әйел өмірдің ауа- дай қажетті кеңістігі, оның өрісі. Орыс жазушысы Федор Достоевскийдің мынандай қажетті сөзін біз жиі айта­мыз, «Әлемді сақтаушы - сұлулық», - деген. Бұл ойды мен былайша түзеткенді қалаймын, әлемді сақтаушы- сұлулық емес, «сұлулық - өмірге деген құштарлық», яғни Абай айтқан дүниенің мағмұрлығы осы сұлулықта, ал сұлулық дегенім әйелден өзге еш нәрсе емес. Сонда өмірге құштарлық қуаты әйелде деп түйін жасауымызға әбден болады, бүл көңілге қонымды, көпшіліккетүсінікті, бәрімізге мәлім іс болса керек деген ойдамын.

***

Аңыз көп істің құпиясына бастайтын жол. Әйелдің Адам Атаның қабырғасынан жаралуы тегіннен емес. Әйелдің пайда болуы ер адамға қатысты, демек ол қажеттіліктен туған. Жаратушының әйелді жаратуы ер адамға жасаған қамқорлығы және де өз құдіретінің

Page 131: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

130

шексіз мүмкіндігі, себебі әйеядің адам суретінде пайда бояуы дүниеге шексіз құмаряықты туғызды. Кім біяеді, егер әйея пайда боямаса, мүмкін Адам Атаның дүниеге құмаряығы бояар ма еді, жоқ па еді. Әйел әлемге құмарлық әкөлді. Сонымен бірге адамдар өмірінде мазасыздық, тұрақсыздық орныға бастады, қандай істің боямасын аядында үнемі әйел сұрағы тұратын болды. Іс иесі Адам Атада бояғанымен, оны түзетуші Хауа Анамыз боп, ер адамның ойы түрақсызданып өзгеріп саяа беретінге айнаяды. Сөйтіп, Хауа Анамыз- ды меңгеру Адам Атаның қояынан кеямейтін жүмысқа айнаяа бастады. Оған Хауа Анамыздың тынымсыз харекетіне байяанысты екеуінің жұмақтан қуылуы дәяея. Әйея табиғатындағы шексіз құмаряық оны жұмаққа тұрақтатпады. Сондықтан әйеядің әяденеге қояы жетпей жатқаны табиғи жарастық. Сірә, патша- яардан әйеядің аз болуы да, мүмкін, содан ба екен? Сырт көзге қарағанда әяемді қиратушы, бұзушы ер- кектер қауымы секіяді, ая шынына кеясек, керісінше емес пе екен? Атақты Троя соғысының басты себепшісі- Елена. Тарихтан мүндай деректерді көптеп келтіруге болады. Дүниені қиратушы ерлер болғанымен, не үшін деген мәселеде әйелдер бейнесі көріне бастайды.

Дәстүрлі қоғамдарда әйел мәселесі шешілмеген де­ген қағида талдауды қажет етеді. Қай мәселеде, қандай жағдайда әйел мәселесі дәстүрлі қоғамда қажеттілікке сай шешіл меген. Әрине, бүл мәселетөңірегінде нәтижеге жетпей пікір-таласқа түсе беруге болады. Мәселенің бір анығы, дәстүрлі қоғамда әйел мәселесінің арнайы регламенті болған. Әйел дәстүрді бұза алмаған. Әйел дәстүрді бұзуға ынталызамантуғанда дәстүрлі қоғамның өзі өзгеріске түсе бастады. Әйелдің дәстүрі қоғамды бұзуына себеп, қоғамдық санада - әйел еркіндігі де-

Page 132: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

ген мәселенің көтерілуінде. Эрине, азаматтық турғыда әйелдің еркін болғаны дұрыс, бірақ мұндай жағдайда ғасырлармен біте қайнасып, замандардан сұрыпталып келе жатқан ережелер бұзылмақ, өзгеріске түспек. Әйел еркіндігі деген тек қүқықтық мүмкіндік, ал оның ереже- дәстүрі жоқ, ол әлі қалыптаспаған. Осындай жағдайда еркін әйел нендей харекеттер жасамақ. Рас, ол өз бас бостандығын алды, енді дәстүрлер оның аяғына тұсау емес, демек әйелге енді ерік мүмкіндігі берілуімен оны қорғау дәстүрі әлсірейді. Әйел адам өзіне-өзі ие бо­лып, ез тағдырын өз қолына алмақ. Осы әйелдің жеңісі ме, әлде жеңілісі ме? Жеңіс бар жерде, жеңіліс бары анық. Себебі, жеңіс табиғатында әлденелерді жоқ ету, әлденелерге мүмкіндік ашу бар. Сол жеңіс нәтижесінде жоғалып кеткендер, әлденелер әйелге қажет емес пе еді, оны кім ойлауы керек. Еркіндікті қажет ететіндер бар да, оны керексінбейтіндер бар...

. . . * * * , v b ,

Әйел туралы сез түсінік айқындығын қажет етпек. Түсінік бұлыңғыр болғанда, әйел туралы әңгіме де - көмескі. Түсінік көмескілігі көптеген жалған үғымдарға бастайды. Әйел туралы жалған сез айту еркектердің ерсі қылықтарының бірі, олар жалған сөздерді айтай- ын деп айтпайды, бірақ нәпсі қажеттілігінен айтады. Ол - бір. Екіншіден, ол еркектердің әйелдер табиғатын түсіне алмауындағы дәрменсіздіктері. Өкінішке орай, әйелді жансыз тән деп қабылдау туралы жалған дәстүр қалыптасқан. Тіптен діннің өзінде осы эгоистік түсінік орын алған, ол о дүниеде еркектерге қызмет ететін «хор қыздары» деген түсінік. Бұл әйелді жан­сыз тән ретіндегі бағалаушылықтан туған. Керісінше,

Page 133: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

132

ол дүниеде әйелге қызмет ететін «ерлер» туралы діни түсінік жоқ. Бұл әйелдің еркекке қызметі деген үлкен мәселеге бастайтын тақырып. Шынында, әйел еркек­ке қызметші ме, әлде еркек әйелге қызметші ме? Осы мәселе төңірегінде тарихта: патриархат, матриар­хат дәуірі болған деген жаңсақ ұғымдар қалыптасқан. Мен мұндай дәуірлерді ақиқат, шындык, деп мойында- маймын. Сірә, бүл қиял шындығына қатысты жайлар болса керек. Жоғарыда еркек, әйел болмысындағы белгісіздікті анықтаушы дедім, осы ойды әрі қарай жалғастырсақ, еркек әйелге қызмет етіп отыр, себебі әйел миссиясы мәнді, ол дүниеге үрпақ қалдырмақ, оны өсіріп, тәрбиелемек. Демек, еркек әйелге қолғабыс беруші. Өмір үшін негізгі (доминантты) рөлде - әйел, ал еркекосы істе, оған көмекші. Мәселе осылай бола тұра, неге нақтылы тұрмыста жағдай керісінше болып кеткен, яғни әйел еркектің нағыз қызметшісіне айналған. Сірә, мұның себептері көп шығар, соның бірі еркектердің қоғам өміріндегі өзінің тарихи орнын дұрыс түсінбеушілікте ме деп ойлаймын. Еркектің миссиясы - әйелді қорғау. Осы қызметті атқарушы еркек, өзінің табиғи-тарихи миссиясын орындай отырып, бірақ «еңбегін» бұлдап, қамқорына алып қорғайтын жанды өзінің қызметшісіне айналдырған, бұл, әрине, әділетсіздік. Әйел болса өзінің қорғаушысына бас иіп, оған қызметке даяр екенін білдірген. Бұл әлсіздердің философиясына сай тәртіп. Осы әділетсіздікті феминистік ұйымдар күн тәртібіне қоюда. Менің пікірімше, әйелдер мәселесімен тек әйелдерғанаайналысуы толастамай,бүл мәселедұрыс бағытта шешіледі деп ойламаймын, әйел мәселесін оны қорғаушы ер адамдардың көтергені дұрыс. Әлсіздердің айтар сөзі әлсіздік, ол қорғаныш емес, ол тек мәселенің

Page 134: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

барлығын ғана айту. Әлсіздің сөзін әлді айтқанда ғана әділеттілік жолы басталмақ. : > ;

Табиғат деген өзінікін алмай қоймайды. Ойлаймын, әйел табиғатында оның еркекке шексіз құмарлығының арғы жағында, еркекке деген жанқиярлық психология- сы жатыр, ондай жанқиярлық еркекте жоққа ұқсайды. Айталық, ғашықтық жырларда Қозы үшін Баян өз өмірін қиды. Ромео үшін Джульетта өмірін қиды. Сүйгені үшін өмірін қиюға әйел-заты дайын, ал ондай дайындық еркек-затына тән емеске ұқсайды. Неге олай?! Сонда шырылдап барып отқа түсетін тек әйел-заты болғаны ма?!

***

Демократиялықдәстүр туралы сезболғанда.онымен бірге қоғам өміріне енген түсінік - феминистік қозғалыс. Бүл қозғалыс еліміздің қоғамдық өмірінде жетекші орында емес. Бірақ басылым беттерінде жиі айтылып жүрген әңгіме. 25.11.2000 жылы «Известия» газетінде Нью-Йоркте түратын белсенді феминисток қозғалысты қолданушыларының бірі Маяковский ақынның бөгде әйелінен туған қызы Патрисия Томпсонмен сүхбат жарияланған:

Ж у р н а л и с т : «А ваши феминистические взгляды- вы собираетесь излагать их в России?»

П.Т.: «В России к феминисткам относятся как к чуче­лам гороховым. Феминистические взгляды в том виде, в каком я их пропагандирую, совсем не понятны ваше­му обществу. Еще в юности - это были тридцатые годы

133

Page 135: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

134

- я начала задавать вопросы такого типа: Почему муж­чины столько говорят, а женщины все время молчат?»

Бүл мәселе ме, жоқ па, осыны қарастырайық. Оның себебі әйел табиғатында. Әйел болмысында жоғарыда да айттық, тауарлық сипат бар. Қазақ ауызекі сөздің өзінде «әйел алды» - дейді. Бұл еркекке қатысты айтыл- майды. Барушы - әйел, алушы - еркек. Ал оны бұзып көр, егер ол қажет болса, егер оны әйелдің езі қажет деп санаса, тегі ойлаймын, феминистік қозғалыс жекелен- ген әйелдер әрекеті. Ол бүкіл әйел-затыныңтабиғатына қажетті сұраныс емес. Оның үстіне феминистердің тек әйелдерден болуы мәселенің айқындығына күдік туғызады. Түрмысы, халі, көңілі орнындағы әйел феми­нист болар ма екен?! Ойлану керек! , г * ■ f , ,

.........■'■■.•■■ад*** , , ■

Жеңіл қылықты әйелдер қай заманда, қай елде бол- масын болған, алда да бола бермек. Демократиялық қоғамдарда олар тіпті ұйымдасып, қауым болып та жа­тыр. Кейбір елдер олардың кун керісіне салық салып, мұндай істі заңдастырып та қойған. Тыйым салу қаншама енгенімен, оған кенбеушілікте соншама. Әрине, мундай құбылыстың болуының түрлі-түрлі себептері бар, ол турасында басылым беттерінде жазылып жүр. Біз бар нәрсе туралы ғана ойымызды жалғастырайық. Осы жай туралы Мұхаммед Икбал «Адам құпиясы және суфизм» деген еңбегінде мынандай оқиғаны баян еткен. «Ауран- газеб (Жаһангер) өте инабатты падишах еді. Бірде ол таваифтарды (жеңіл қылықты әйелдер) тұрмысқа беруді жарлық етіп, бұл шаруаға мерзім белгіледі. Осы мерзімде түрмысқа шығып үлгермегендерін түгел кеме- ге мінгізіп, теңізге тастауға бұйырды. Көп той тойланды,

Page 136: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

бірақ өлім қаупінен құтыла алмаған әйелдер одан да көп еді. Белгіленген мерзімнің бітуіне бір^ақ күн қалды. Кеме әзір етілді. Ол кезде Делиде Калимулла Жаха- набади шейх түратын. Бір сүлу жас таваиф оған күнде ертеменен келіп жүретін. Эр жолы шейх көзін аударып үлгергенше сәлемдесіп жылдам кетіп қалатын. Вүл жолы ол шейхқа «Сіздің қызметшіңіздің сюңғы сәлемін алыңыз», - деді. Істің мәнін түсінген шейх: «Барлығың Хафиздің мына өлеңін жаттап алып, теңізге ала жөнелгенде дауыстап айта бастаңцар», - дейді.

Инабаттың әлвмінө всікжабьіқ, кірмедім,Қүп көрмесең қылығымды, өзгерт тағдыр жазуын...

Таваифтар осы жолдарды сарнап айта бастады- Тыңдағандардың баршасының жүрөгі қан жылады. Өлең Аурангазебтің құлағына шалынғанда ол толқып, беймаза күйге енді. Сөйтіп жарлығын қайтып алды.

Хафизге сүйенсек, әйелдердің бір парасының инабаттық әлеміне ене алмауы Тагдыр жазуы. Шынын- да солай ма, солай емес пе, нақтылы айта алмаймын, мәселе Тағдырға тірелсе, не деуге болады?!

Әйел-затының тауарға айналмаған заманы болмаған. Оныңбасты себебі-әйелдіңөзтабиғатында, әйел сұлулықтың езі және шексіз сұлулыққа ынта- лы жан, ал сүлулықтың қашан да бол сын нарқьі, яғни құны бар. Қүн болған жерде әйелдің тауарға ай- налуы әрқашанда мүмкін. Заманның адамшыяық қағидаларына сай бұл мәселе кейде асқынып, кейде бәсендейді, бірақ ешқашан да жойылмақ емес, бола

Page 137: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕС1М

бермек. Қазіргі еркениетті деген еядерде бұл мәселе мүлдем асқындаған, осы халді сезінген демократиялық үрдісі жетілген елдерде феминистік қозғалыстар өз жұмыстарын жүргізуде. Мәселе феминизмде емес, мәселе әйел-затын қорғауда, бұл, әрине, тек азаматтык; институттар ғана үлесінде болмай, арнайы заң арқылы мемлекеттік дәрежеде орындалғаны дұрыс. Болашағын ойлаған, әсіресе, біз сияқты шағын халықтар әйелді қорғау мәселесін мемлекеттік саясат деп жариялауы қажет. Осы мәселені XX ғасыр басында Мүхтар Әуезов көтерген еді «...адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген - әйел. Адам баласының адамшылық жолындағы таппақ тағлымы әйел халіне жалғасады. Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай, халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағліміңді, бесігіңці түзе!» (Мұхтар Әуезов. 1 -т. Алматы «Ғылым», 48-6.).

***

Нәрсе өз болмысынан шығып, өзге болуы мүмкін бе, әрине, мүмкін, тек онда ол нәрсе өзімен-өзі болудан қалып, өзге күйге өтпек. Осы қағиданы мен әйел мен ер- кекке қатысты қолдансам, яғни әйелдіңеркек, керісінше, еркектің әйел болуы мүмкін бе? Медициналық жолмен бұл іс атқарылып жатқаны көпшілікке мәлім. Әрине, ол бірлі-жарым оқиғалар. Тегінде әйелдің еркек бо­луы табиғатта қарастырылған ба екен? Бүгінде ерлер атқаратын барлық істерге әйелдер араласуда, бірақ бұл кәсіптік жағдайға қатысты мәселе, ал психологияда қалай болмақ? Ойлаймын, тәні әйел адамның психо- логиясы (жаны) да әйел. Тән болмысы өзгермей, әйел

Page 138: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

ешқашан еркек бола алмайды. Эрине, әйелдің еркекті аңсауына қатысты оның қылықтарына еліктеуі әбден мүмкін. Бұл еліктеу біреулер үшін тағдырға айналып, өзінің әйелдік табиғатына өгейлікпен қарап, өз болмы- сын өзі бүзып алуы өмірде кездесіп жатады. Адамның ең қалыпты күйі езімен-езі, яғни өз табиғатына тән бол- мысында болуы, қысқаша айтсақ, әйелдің әйел болып қалуында. Әйел-заты езінің қүндылығы әйелдігінде деп түсінгенде сүлулыққа туражол ашылады, себебі сұлулық дегеніміз адамның өз табиғатымен үйлесімділігінде.

***

Ғашықтық дегеннің мазмүнын мен былайша түсінем: еркек әйелге ынтық, әйел өмірге - ынтық, қандай әйел болмасын тым жақсы өмір сүргісі келеді, мүны «әйел мүддесі» - деп атайық. Әйелдерге ер адамдар да «әйелдік мүддеге» сай қажеттілік. Ер адам әйелдің кере- мет өмір сүруі үшін қажетті тұлға. Бұл қажеттілік әр қилы көрінуі ықтимал: романтикалық немесе прагматист мәнде. Романтикалық мәнде ақындар жырлаған ғашықтыққа бастаса, прагматистік тұрғыда тұрмыстық мән басым. Қалай болғанда да әйел-заты дегеніне жетіп, бұл жалғанның рахатына, яғни «жүмағына» ба- тып енді делік. Ендігі жерде әйел нендей харекеттер- ге бармақ, ол мазасыз күйге түсіп, «жүмақ» өмірін місе тұтпай, «шайтанмен достаса» бастауы ықтимал. Бұлай деуге аңыздағы Хауа Анамыздың қылығы дәлел. Жара­тушы Адам Ата мен Хауа Анамызды пейішке (жұмаққа), рахат өмірге орналастырмақ па еді? Ақыры не бол­ды? Анамыз шайтанның азғыруымен жеуге болмай­тын жемісті жеп, Жаратушы қаһарына ілініп, Адам Ата

Page 139: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

138

екеуін маңдай терімен, қиналып тұрмыс кешетін қара жерге қуып тастады емес пе?

Хауа Анамыздың осы қылығы әйел-затының бойы- нан ауық-ауық бой көрсете береді. Бүл да болса адам- затқа жаратылысы берген бір тағдыр болса керек, мүмкін, бұл да бір қажеттілік пе екен? Кім білсін! Бәрін білсек, жүмыр басты пенде боламыз ба? л ; f ”

ПЕНДЕ

енде деп тілімізде Адамды, Кісіні айтады.Ч__/ Адамды адамшылық, кісіні кісілік арқылы

түсінетініміз сияқты пендені пендешілік арқылы түсін- діріп көрелік.

Түркілік пен мұсылмандықты мойындайтын жанға адамшылық, кісілік, пендешілік деген ұғымдар тән. Бұлардың орыс тілінде дәлме-дәл баламасы жоқ, сондықтан олардың орыс тіліндегі баламасын іздеу өз алдынша әңгіме.

Иә, сонымен, пендешілік дегеніміз не? Біріншіден, айтарым, пендешілік адамшылыққа қатысы бар, бірақ оның синонимі емес. Себебі, адамшылық болмы- сында пендешіліктен тыс, оған сыймайтын жақтары жеткілікті. Айталық, адамшылықта адамның өзінің Жа- ратушысымен бірлігін тану, мойындау, соған сену бар. Атеист-материалистер болмаса, дәлелдері әртүрлі болғанымен, адам болмысының тылсымдығын ойшыл- хакімдердің баршасы мойындаған. Пендешілік бол­са адамның жалған ғұмырға лайықталған болмысы арқылы көрінбек. Пендешілік бұл мәнде адамның жалған ғұмыры мен өмірдің жалғандығының көрінісі.

Page 140: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Жалған өмір адамның қысқа ғүмыры, алайда, пендешілік тек олармен ғана анықталмайды. Ол ғұмырдың жалғандығын ұмыттырып отыратын нәпсі қуатына тікелей қатысты.

Нәпсі - пендешілік арқылы көрініс тауып отырмақ.Адамшылық болмысында нәпсіні тыю мүмкіндіктері

бар, пендешілікте ондай мүмкіндікжоқ. Бұл адамшылық пен пендешіліктің басты айырмашылықтарының бірі.

Адамшылық табиғатында Абай айтқан алланы сүю бар.

Пендешілік табиғатында нәпсіні сүюшілік басым. Нәпсіқұмар жанның пендешілік кеңістігінде болуы да содан. Нәпсіқұмарлық пен пендешілік бірін-бірі толықтырып қана емес, бір-бірін қажет етіп түратын жайлар.

Адамшылық табиғатында барға разылық, яғни тәуба санасы бар. Пендешілікте бұл сана жоқ. Тәубасына түскен жан пендешіліктен де арылмақ.

Пендешіліктің анайы, тұрпайы көрінісі - надандық. Надандық адам болмысындағы емі жоқ - дерт.

Сонымен, пендешілікке қатысты ұғымдарды айта келе, оның өзіне ғана тән болмысын айтпасқа болмай- ды. Ол үшін пендешіліктің кісілікпен арақатынасына тоқталайық. Пендешіліктің кісілікке қатысы жоқ. Пендешілік болған жерде кісіліктің қуаты сарқылып қалмақ. Бұл бір-бірін қабылдай алмайтын жайлар. Кісілік адамшылықтың ізгі арнадағы көрінісі. Оны тек діни сана шеңберінде түсініп қоймай, адам-заттың өлшемі деп білген жөн. Кісілік адамды ізгілікке бастай- тын жол. Тілімізде кісілікті жанды - «азамат» деп атау дәстүрі бар. Мәселе осылай болғанымен, пендешілікті тек бір бояумен бейнелеп беру шындыққа сыйымды ма дегенге келсек, біршама ойлануға тура келеді.

Page 141: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Пендешілік ізгілік емес, кісілік емес, азаматқа тән қулық емес, ал сонда осы пендешіліктен бүл өмірде ада (таза) жан бар ма екен?! Мен бұл өмірде пендешіліктен ада адамды білмеймін. Демек, пендешілік баршамызға тән.Неге дейсіз ғой, себебі жоғарыда айттық, пендешілік өмірдің жалғандығының көрінісі. Жалған ғұмыр жалғандығын жасамай қоймайды. Немесе, езгеше айтсақ, адам мінді, дүниеде мінсіз адам жоқ. Олай болса, осы адамның міні - пендешілік арқылы көрінбек, соның бірі - мақтанға құмарлық. Адам мінді дейтініміз, егер ол мінсіз болса періште болмақ неме­се Жаратушының өзі-не жақындамақ, адамға ондай мүмкіндіктер табиғатынан берілмеген, сондықтан да ол мінді. Мінді болса ол пендешілікке бармай түра алмай- ды.

Адам періште емес, яғни тек рухтан тұрмайды, оның өмірі, болмысы - нәпсісінде, олай болса оның пендешіліктен арылуы мүмкін емес. Бірақ, жаны ізгі, рухы биік адам үнемі пендешіліктен асып шыққысы келеді, соны ниет етеді, бірақ бұл жалған өмір етегінен тартып, оны аяусыз пендешілікке салып жатады.

Пендешіліктен арылудың жолы - адамның сабыр сақтап, тәубасына түсуі. Бұл Абайдың «Аллаға ауыз жол емес» дегендей, айтуға, жазуға жеңіл, бірақ осы айтқандарды орындауға мүмкіндіктің шамалы екенін күндік жалған ғұмырдың өзінен-ақ көріп келеміз. „•

ш ЖАР ЖАҒАСЫ

1986 жылы «Жар жағасы» деген пьеса жаздым. Co- дан бері біршама уақыт өтті, бірақ мені жаржағасы де-

Page 142: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

ген идея әлдебір ойларға бастай берді, соның бірі «... жақсы адам және тағдыр» деген ой толғамы.

Тағдыр адам талғайтын - қуат. Надандардың тағдырмен шаруасы жоқ, анығында тағдырдың олармен ici жоқ. Осы ойды қағаз бетіне түсіргеніммен, тым кел- те айтылған сөз бе деп өзіме-өзім күдіктенуден де сау емеспін. Неге тағдыр адамды таңдайды? Әсіресе, ол жаны ізгі, ерекше артық жандарды қажет етеді. Тағдыр туралы айту үшін түпга керек. Тек сонда ғана тағдыр өзінің бейнесін айқын көрсете алмақ. Менің «Жар жағасы» дегендегі айтпағым, ізгі жанныңтағдыры тура­лы. Мұны қалайша түсіндіруге болады. Айталық, адам жақсылық пен жамандықтың, ізгілік пен зұлымдықтың ортасындағы кеңістікте тұр дейік. Адамшылығы мол жан жақсылық, ізгілік ниетте болғандықтан, осы ниетке сай болмақ мақсатында жүз қадам болатындай харе­кет жасады делік, оған жүрт таң-тамаша болмақ емес, көпшілік мүны қалыпты хал ретінде қабылдап қоя сала- ды. Жақсылық жасау - қалыпты дәстүрлі жағдай. Егер сол адамшылығы мол адам пәлендей істе жамандық, зұлымдықжағына бір қадам басса-ақбсзғаны, ол жарға бірден қүлап түспек. Себебі, адамшылығы мол адам әмәнда жар жағасында тұрмақ. Мүндай жанның жақсы харекеттер жасауы - қажеттілік. Жақсы адам болып өмір сүру - фатализм. Ізгі ниеттегі адам тек жақсы істер атқаруы қажет. Олай болімағанда, яғни жамандыққа қарай бір қадам басса, жардан құзға қүлап, өзгеше ата- нуы әп-сәтте. Адам қаншама жақсы атанам деп, ізгілікке қарай жүз, мың қадам бассаң да бәрібір, оны бір кері басқан қадамы жоқ етпек. Жақсы, ізгі істер қаншама молынан жасалғанымен, табиғатынан артық туған тұлғаларға, олардың адамшылығына запас бола ал- майды. Мен осы ылғи жақсы істер басындамын ғой, енді

141

Page 143: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

142

бір ғана зұлымдыққа барсам не етеді деген сана орын алғанда, сенің бар адамшылық ниетің сонымен бітіп кетпек. Жақсы адам үнеміжар жагасында, аяғыңды сәл шалыс бассаң, астыңда меңіреу қүз жатыр. Сонымен, жақсылық деген - жауапкершілік деп бір түйін жасауға әбден болады. Жауапкершілік сақтық емес. Соңғысы биологиялық инстинктке тікелей қатысты. Осы мәнде ол жауапкершіліктің басты компоненті, бірақ өзі емес. Жауапкершілік дегеніміз - жауап бере білу мүмкіндігі. Мұндай мүмкіндікті әркім сезіне бермейді, тіптен қажет те етпейді. Жауапсыз адамға бәрібір, ол өзінің жар жағасында тұрғанын, не одан құзға қүлап бара жатқанын айырып жатпайды. Адамның адамшылығы тапшы бол­са, оның жауапкершілік мүмкінкіндігі шектеулі болмақ. Демек, адамның жауап бере алу мүмкіндігінің қажеті болмай қалады. Мұндай жерде тағдыр туралы да әңгіме жоқ.

Жар жағалап өмір сүріп жатқанын тек ізгі, рухы биік жандар ғана сезінбек. Осы сана адамға бақыт емес, қайгы әкелмек. Ғұламаларға, ойлы адамға бұл жалғанда қызық жоқ дейтіні де сондықтан. Жар жағасы дегеніміз жақсылық емес, жамандықтың нышаны. Сонда адам жамандықты бір аяғымен басып тұрып, үнемі одан алыстауды харекет етпек, алайда жамандықтан қашып құтылу адамға бұйырмаған. Ол жамандықжағалауынан қаншама алыстап кеткісі келгенімен, жар жағасы оның соңынан бір қалмайды. Өз тағдырынан қашып әрекетке түскенімен, барған жерінен жар жағасы табыла кетеді. Жар жағалау - ізгі жанның қашып құтылмас тағдыры. «Қайда барсаң Қорқыттың көрі». Аңыздағы Қорқыт өзіне арнайы қазылып жатқан көрден қашып қүтыла алмаған. Грецияда Сизиф болса, тау басына тасты до- малатып апарып, енді болдым дегенде ол тас қайта

Page 144: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

төменге домалап кеткені сияқты, адамнанжар жағасы да бір қалмайды. Сөйтіп, жалғанда жаршалап өмір көшеміз. Мүньі Будда бейнет (страдание) деген. Кісі айтпаған сөз жоқ, бірақ ой айтудың әртүрлі формасы бар, менің түсінігімде, адам ғүмыры - жар жагалау, бұл Жаратушының немесе табиғаттьщ бізге берген мүмкіндігі, біз оны Тагдыр деп атаймыз.

, АР ЖАҒАСЫ

^^у^пм аты дағы ¥лттық кітапханада менің «Жар жағасы» деген атпен жарық көрген

философиялық новеллалар мен эсселер кітабымның тұсаукесерінде белгілі ғалым Бүркіт Аяған «Жар жағасы деген Ар жағасы емес пе» деген тосын ой айтты. Шы- нында да, арсыз жанға Жар жағасының мәнісі бар ма? Жар жағасы арлы адамға қатысты. Ардан аспау Жар жағасын сезіну. Сезім ақыл мен тылсымның аралығы, ол адам-затқа Жаратушы берген асыл қасиеті. Адам өзін және Жаратушысын сезім арқылы білмек. Сезім Жаратушы мен адамды тұтастырып тұрған ерекше қуат арнасы. Бойында мұндай қуаты шамалылар надан- дар, зұлымдар, жауыздар, сөздің қысқасы, олар адам баласының дүшпандары. Сонда өзі адам кейпінде бо­лып, қалайша адамның жауы болмақ деген мәселеге келсек, Жаратушымыз жер бетіне рухы таза, жаны жомарт ретінде хакімдерді қалайша жіберіп отырса, адам-затқа сынақ ретінде қажетті мәнде надандарды да жаратады-ау деген ойдамын. Жамансыз жақсыны, Карасыз ақты, надансыз дананы қалайша дөп тау- ьіп бағаламақпыз. Сірә, әр нәрсенің нарқын танудың,

Page 145: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

144

білудің, сезінудің тәсілі ақ пен қараға қатысты демекпін, бірақ бұл жерде айтарым, ақ пен қара бір-біріне қарама- қарсы ұғымдар емес, бір нәрсенің екі жағы. Олай болса жақсылық пеи жамандық, даналық пен надандық та со­лай. Сондықтан Ар жағасы дегеніміз нәрсенің нарқын анықтау, мөлшердің өлшемін білу, адам бойындағы қуатты меңгеру болмақ.

Адамның өзін-өзі тануы қиынның қиыны. Жаратылы- сынан пенделерге өзін-өзі тануына мүмкіндігі берілген, бірақ оны жұрт тегіс пайдалана алмақ па? Мүмкіндікті іске асыру арлылар ici, адамның өзін-өзі безбендеп өлшеуі, әрине, адамшылықтың басы, жақсылықтың ны- шаны, оның өзіне-өзінің жол табуы. Бүл дұрыс шешім, ал егер адам өзіне бастайтын жолды өзі тас қылып жауып тастаса не болмақ, онда арсыздық іс өсіп-өніп, өріс алмақ, шайтанға азық болмақ, періште қам жеп қайғырмақ, сөйтіп адам-заттың тұрмысында драма, трагедия орын алмақ, сөздің қысқасы, ақырзаман ны- шандары біліне бастамақ.

Ар жағасы - метафора делік, олай демеске амал жоқ, ол ғылымның нысанасы емес. Ар ici - ауқымды, ол біздің өмір кешіп жатқан кеңістігіміз. Тыныстайтын ауа сияқты өмір қажеттілігі. Арсыз адамдар болар, бірақ ар­сыз қоғам, мемлекет, тіптен, кеңмағынада алсақ, адам- зат болмақ емес. Өркениетті ғұмыр кешудің алтын ар- насы - арлылық. Қай халықтың, мемлекеттің болмасын дәстүрі, заңы, бағдарламасы ар біліміне тәуелді, олай болмағанда ол халықтың, мемлекеттің болашағы жоқ, өткінші ғұмыр кешпек. Адам-зат тарихында арсыз қоғам, мемлекет құрмақ болғандар болған, бірақ сол кездің өзінде, сол халық, мемлекет ішінде арлылар серпілісі, наразылығы, тіптен көтерілісі болып, сөйтіп барып ар мәселесі өз жағасынан асып-төгілмей бір арнаға түсіп

Page 146: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

отырған, себебі арлылық адам-заттың кешегісі, бүгінгісі және болашағы, одан басқа оның жүретін еш жолы жоқ!

МІН

/ * {Н Дегенде біз адамның он екі мүшесінің кемістігінайтыпотырғанымызжоқ.Кемістік,

кемшіліктің жөні бір басқа. Абай «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ», - дейді. Адам міні туралы айтқанда, мен оның болмысына қатысты мәселені меңзеп отырмын. Адамның міні болуы, оныңжұмыр басты пенделігінде.

Осы мәнде сөйлесек, адамға талап көп, оның ici мен әрекетінен кейде cay ақылға сыймайтын жайларға кез- дескенде, жер шарының қасіреті осы Адам ба деген ойға қаласың. Адамдар әр түрлі себептермен бөлініп алып, өзге адамдарды құртып жіберуге мейлінше кірісіп, оған әлеуметтік мазмұн беруге талаптанулары, сірә, олардың бойындағы (болмысындағы) мінде жатқан болуы керек деген ойдамын. Әйтпегенде, адам мен адамныңсон- шама жауығуы, ештесуі қисынды іс емес пе?

Адамның басты міні - өзі сияқты адамға қол көтеруі. АдамАта балаларынан қалған кісі өлтірушілік-адамның ең басты міні. Ол адамдар алдындағы адамның кінәсі, Жаратушы алдындағы күнәсі. Кінә мен күнәнің болуы адам болмысындағы мінге қатысты. Белгілі шындық, топырақтан жаралған жанның мінсізі жоқ. Пенде болған соң, ол мінді. Сонда мін дегеніміз не?

Сөзімді Жаратушы мінсіз деп бастадым, демек ол мінсіз болса, оның жаратқандары да мінсіз болуы ке­рек емес ne еді? Иә, солай болуы орынды болатын,

145

Page 147: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

146

онда неліктен біз адамды мінді демекпіз? Адамды мінді деу Жаратушының мүмкіндігіне күдік келтіруге баста- май ма? Әрине, мұндай сұрақ болуы орынды. Бірақ, адамның мінділігін айқындаушы періште мен шай­тан деген түсініктер бар. Адам мінсіз болса періште мен шайтанның не қажеттіліктері бар, яғни Жарату­шы өз құдіретімен адамның мінді болатын мүмкіндігін жоймаған, сол үшін оған харекет еркіндігін берген. Мы­салы, әрекеті шектеулі хайуандар дүниесі туралы біз ешнәрсе айта алмаймыз, жылқы деген жылқы, қасқыр деген қасқыр, бұлар өз табиғатынан шығып кете алмай- ды, олардың әрекеті, күні бұрын белгілі жолмен жүрмек, олар бәрін «іштен біліп» туғандар. Ғылымда мұны «ин­стинкт» деп атайды. Адам да биологиялық болмысы бар индивид, демек адамнан да адам туғанда бәрін іштен біліп туады. Адамның да хайуандар сияқты инстинкті бар. Бірақ мәселе сонда - адам болмысындағы биологиялық инстинкт тіл шыға, сана сәулелене бере бірте-бірте қуатын әлсірете береді де, ақыры «жойы- лып» бітеді. Міне, мін деген осы кезде басталса керек, сонда адамның міні, оның санасына қатысты болғаны ғой? Демек, міннің ұялайтын жері - сана. Егер адамға Жаратушы өмірмен қоса сана бермесе, мін туралы сез болмас еді. Алла тағала пендесіне сана берген соң, одан сұрау (сұрақ) алатын дәстүр енгізген. Адамның міні осы Жаратушы алдындағы сауалдан көрінеді. Адамның мінін анықтаушы адам емес - Жаратушы.

Адам Жаратушы алдында неліктен мінді болмақ? Мінді болатын себебі, адамға әрекет әрі харекет еркіндігі берілген. Олар адамды жақсылыққа да, жамандыққа да бастамақ, Адам баласы пенде болғандықтан, жақсылықтан гөрі жамандыққа жақын тұрады. Адамды жамандықтың жағасына төндіріп әкеліп қоятын күш -

Page 148: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

оның нәпсісі (табиғаты). Нәпсі деген өмір қуаты, алай- да ол қуат арнасымен аққан өзен емес, қаптаған сел сияқты. Нәпсі дүние қызығы боп алға бастағанымен, адамның басын тасқа соқтыратын әрекеттер мүмкіндігі екені естен шықпағаны абзал.

Алласының пендесіне берген харекет еркіндігін біз «қайрат» дейміз. Қандай іс болмасын адамнан қайратты талап етеді, ол болса адамды жақсылыққа да, жамандыққа да бастай береді. Қайратты жақсылыққа бастайтын адам-зат болмысындағы періште ұялаған жер - жүрек. Сонда адамның мінін анықтаушы Жарату­шы болса, оны сезінуші - жүрек.

Жаратушы ісінде мін жоқ. Адамның табиғаты (он екі мүшесі) қандай теңдесі жоқ шеберлікпен жаратылған. Адамның дене мүшелері рет-ретімен, бәрі бірі-бірімен үйлесімді, келісті, керемет. Адамның биологиялық бол­мысы мінсіз. Бәрі орын-орнында, артық еш нәрсе жоқ. Пәле адамның санасына келгенде басталады, мін са- нада дейтініміз сондықтан.

Адамның мінді болатыны - оның сана табиғаты жетілмеген, оның толық жетілуі мүмкін емес. Сана болмыстың өзгермелігін білгісі келеді, ал оны біліп болуға болмайды. Өзгерістіңсебебінбілугеболғанымен, оның өзін білу, тану, ғылымға айналдыру шексіз іс. Абай әр нәрсенің себебін білуші хакім деп мәселенің бір ғана жағына тоқталған. Мәселенің екінші жағы - өзгермелі дүниені тану. Себепті танумен бірге себеп туғызған болмысты тану бір нәрсе емес. Өйткені, сіз себеп туғызған болмысты танып білдіргеніңізше, ол келесі бір істің себебіне айналып кетіп және де бір болмыс туғызады. Сөйтіп айнала өзгеріс бір толастамай, дүние бітпес айналымға түсіп кете береді. Осыны мида бей-

147

Page 149: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

148

нелеп алуда сана дәрменсіздік танытып, ол адамның болмысындағы мін болып көрінбек.

Адам бойындағы мінін (кемістігін емес) мойындағысы келмейді. Бұл надандыққа бастар жол. Сопы Қүл Қожа Ахмет Иассауи болса, өзінің Жаратушы алдындағы пақыр, қүл екенін мойындағанына риза. Сопылық дүниетаным тақуалықты қажет етеді. Оған бәріміз бара алмаймыз, тіптен сопылыққа түсудің бәрімізге еш қажеттілігі де жоқ. Жаратушы берген ризықтан безіну мүсылмандық жол емес деген пікірдемін. Жаратушы ішсін-жесін деп ауыз, көрсін деп көз, естісін деп құлақ және де басты-басты мүшелерді бір-біріне үйлестіре берген. Ендеше, таза такуалыққа түсіп, өзіңці-өзің шек- тегендіктен де күнәлі болмақсың. Адамның өмір сүруі, өмірге құштарлығы оның міні емес, ол таза табиғаты, болмысы. Мін мөлшерде. Сірә, өмір сүрудің де, өмірге құштарлықтыңда мөлшері бар. Мөлшерден асқан ісмінді болмақ. Адамның мөлшерден аспай жүруі мүмкін емес. Ол адам болмысының міні. Біз оны көбінесе пендешілік дейміз. Анығында, мін - себеп, пендешілік - әрекет. Біз әдетте істің себебін емес, оның харекет болып көрінуін қабылдаймыз. Хакім болса істің себебіне үңіледі.

Адамға мінді болу жарасымды. Адам мінсіз болса періште болмақ, тіптен кұдай дағуасын құрмак- Адам­ды мінсіз етуге талпыныс көп болған. Ибн Араби сияқты ойшылдар «кәмелетті жан», Ницше «адамнан тыс адам», коммунистер «жан-жақты жетілген адам» - деп анықтаған.

Бұлардың бәрі әрқилы ниеттен туған. Алайда, мұндайды айтушылар да адам мінін жоя алмаған, «ак қағаздай» адамды қолдан жасай алмаған. Не білім, не тәрбие адамды мінсіз ете алмайды, бірақ жақсылыққа қарай бастамақ. Бары - осы.

Page 150: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

КІНӘ МЕН КҮНӘ

7/1-інә мен күнә синонимдер емес, екеуі екі ч З г^ ж а ғд а й д а белгілі болатын дүниетанымдық

ұғымдар, олардың басты айырмашылығы сонда, кінә- адам мен адамға қатысты болса, күнә - адам мен Жаратушыға қатысты, нақты айтқанда, Алла мен адам арасындағы мәселе.

Адам тек адамның алдында кінәлі, Жаратушы алдындағы кінәнің аты - күнө. Пендешілік өмірде кетіп жатқан істердің бәрі адамдар алдындағы кінәміз бол­са, мүмкін оның бәрі Жаратушымыз алдындағы күнә емес шығар. Олай деуге мынандай негіз бар. Жара­тушы адамды жүмыр басты пенде етіп топырақтан жаратқандықтан, ол жетілмеген, кемелдікке келме- ген, ici мен харекеті, ақылы мен санасы шектеулі жан. Сондықтан, оның еңкейіп басы жерге тигенше сүрінбей, сүйкенбей, қателеспей, ауыспай өмір сүруі, сірә, мүмкін емес. Кінәлі болудың өзі өмір сүруге ынтық жанның жиі душар болатын дағдылы ici. Мәселе, сол жасаған кінәні сезінуде, егер кінәлар сезілмесе, аңғарылмаса, олар үсті-үстіне бола берсе, ол надандық батпағына бастамақ.

Адам өзінің отбасына, жақындарына, достарына не­месе заманға, қоғамға кінәлі болуы ықтимал, кінәсінің мөлшері оның ерекшелігіне, қасиетіне, даралығына байланысты. Қарапайым адамның кінәсі шамалы, ал қоғам қайраткерінің, көсемнің кінәсі, әрине, мол. Осы кінә дегенде ойыма тағы да Шыңғыс Айтматовтың «Кас­сандра таңбасы» деген романы түседі, ана құрсағында жатқан эмбрион өзінің жарық дүниеге келген соң, өмірге қасірет әкелетінін сезініп, анасының маңдайына қара дақ болып белгі береді екен. Онысы жүртты 149

Page 151: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

150

өзінен сақтандыру. Осы мәнде қарасаң, кінәнің табиғи- биологиялық негізі бар деуге болады. Әрине, бұл жа- зушы қиялынан туған даулы мәселе. Бұл жерде менің айтпағым, қоғамға осындай қасірет әкелетін жан қандай отбасында дүниеге келмек? Егер ол тәлім-тәрбиесі жоқ отбасында дүниеге келсе, мүмкін өзінің табиғатын айқындап, айуандық жолға түсіп, бірден қоғамға зиян екені анықталуы ықтимал. Мұндай жағдайда оның кінәсі заманға соншама ауыр зардап, қасірет әкелмейді. Ал, егер ондай адам өте тәрбиелі, айталық білімді, зиялы отбасында дүниеге келсе, ол бәрібір өз табиғатынан (яғни, зұлымдықтан) кете алмайды, бірақол зұлымдықты мәдениеттілікпен, өркениетті түрде жасайды. Ол бір-екі адамды жәбірлеп, не оларды атып-асып қоймайды. Ол миллиондағандарды өз мақсатында қүрбандыққа ша- лады. Ондай адам өз зұлымдығын ілімге айналдырып, сырт көзге ізгілікке бастар жол деп барып, өзінің адам айтқысыз айуандығын жасайды.

Кім кінәлі - деген мәселе бас көтергенде адам-зат үшін тағы бір қантөгістің боларын күте бер. Себебі, кім кінәлі деушілер ешқашан да өздерін кінәлілер қатарына қоспай, кінәлілерді іздейді және табады. Осы масқара француздардың революциясынан бастап ашықтан ашық жүргізіліп, ғасыр басында Ресей империясында алапат қырғынға әкелді.

Кінәлі іс атқару, Шыңғыс Айтматов айтқандай, өз табиғатымызда болса не шара. Біз анамыздың құрсағындажатқанда қандай белгі бергенімізді кім ескер- ген. Ап табиғатымыздан зұлымдыққа бейімделмеген болсақ та, кінәні жасаушы нақ өзіміз емес пе? Олай бол­са кінәні өзгеден емес, өзімізден іздесек қалай болар еді? Мүмкін осы сана дұрыстыққа бастар. Біз періште, өзгелер кінәлі деген - адасудың басты себебі.

Page 152: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Иэ, сонымен, кінә адамға қатысты деген түжырымға келдік. Ал, күнә мәселесі қалай анықталмақ. Бұл тұста нақтылы шешімдері табылмаған бірнеше мәселелер бой көрсетеді:

1. Жаратушының барлығын мойындау не мойында- мау.

2. Тағдыр мен Алла өмірі бір нәрсе ме, жоқәрқайсысы белек субстанциялар ма?

3. Адам жаратылысынан күнәһар ма, жоқ, әлде ес жия, санасы толыса келе күнәлі бола бастай ма?

4. Күнәсіз болу адамға лайық па, жоқ па?Бұлар бітіспес дауға, таласқа, ой жарысына өзек

болған мәңгілік мәселелер. Сірә да, олардың шешуін келте қайырып, кесіп айтуға болмас, дұрыс ой-өрісіне салған жен болар. » н

АДАМ НЕГЕ РАЗЫ? 1

(—v /^йту қиын. Ойлы адамдар парасынан, мен '— езіне-езі разы адамды кездестірмедім.

Ойлы адамның басты харекеті - ой. Сондықтан ол өзгеміз кермейтін, сезінбейтін, ойға келмейтін кемістік- кемшіліктерді тауып алып, алдыңа жайып салып отыра- ды. Әдемі нәрсенің кемістігін іздеудің не қажеті бар деп ойлайсың кей-кейде, ал ойлы адам болса жақсылықтың жамандығын көре қояды, сөйтіп аяқ тіреп түрар тиянақ таппай, сырғанай бермек. Бүл нашар ғана қылық емес, ол аса қауіпті қылық. Сол себепті табиғат әр заманға ойлы адамдарды там-тұм етіп, аз ғана мөлшерде беріп отырады. Адамдардың дені ойлы адам болса, не болғаны?

151

Page 153: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Тәңірге тәуба, әйтеуір адамдардың дені байлыққа, билікке тағы да басқа дүние қызығына бөленіп, дүние кіріне белшелерінен батып, ой ойлауға мұршалары болмай, айтыс-тартыста жүргендері. Сонда кім, неге разы? Бүл сауалға ортақ жауап жоқ. Ойлансақ, әркім әр нәрсеге разы сияқты, ал егерде тереңірек ойланып кетсек, бұл дүниеде разы боларлық не бар. Мүмкін, кейбіреулер разы боларлық істі білер, мен болсам он- дайды таппадым. Бүгінгі разы болған істің өңі қайтып, сағымға айналып сала бермек. Сірә да, адам неге разы болса, содан қайғы таппақ.

қиыниі қолданылатын үғым. Мәні түсініксіз. Көбіміз қиын деп шешімі жоқ немесе

шешімі табылмайтын, табылса да ауыр халді айта­мыз. Қиын іс, қиын жұмыс, қиынадам т.т. Осындайдың бәрінің түйіні, осы бір сырт көзге қарапайым, қиын де­ген сөзде. Сонда ол не? Баяндауымызды қиынның сипаттық мәнінде қолданылатын «қиыншылық» деген түсініктен бастайық.

Қиыншылық деген - адамның алдындағы шешуін күтіп тұрған мәселе. Дүниеде не қиыншылық емес. Қиыншылықтың сан алуан түрі кеп. Соның ішіндегі субстанционалдық мазмұндағы қиыншылық- өмір сүру. Қалгандарының бәрі соның атрибутивті көріністері, өмір сүру қиынның қиыны. Өмір сүрудегеннің өзі беймәлім, жолдармен жүріп барып, бір үлкен белгісіздікке жету. Мәселе осылай қойылғанда адамға не түсінікті, еш нәрсе де түсінікті емес. Сонымен, өмір сүру дегеніміз

Page 154: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

беймәлім-белгісіздік, мақсат беймәлімді мәлім ету, белгісіздікті белгілі ету. Бүл адам қолынан келетін іс пе? Заманында дана Қорқыт осы мәселелерді күн тәртібіне қойған, бірақ жауап таба алмаған. Бүларға ешкім де жауап таппақ емес. Тек жауап іздеу талпынысы бар, оны біз таным дейміз. Білмек, танымақ, түсінбек бо­лып, білгенімізді өзімізше өзгелерге білдіріп, естіп көргенімізді өзгелерге сездіріп, түсінгенімізді өзгелерге түсіндірмек болып харекет жасаймыз, көбінесе онымыз харекеттен әрекетке айналып, тау басына тас домала- тып, мақсатына жеткенде тасын ылдиға қайта домала- тып алып, оны сансыз рет тау басына шығарып, сансыз рет ылдиға құлатып ғүмыр кешіп жатқан аңыздағы Си- зифке үқсаймыз. Осы аңызға өзінше түсінік жасағысы келген Альбер Камю «Сизиф абсурдтық кейіпкер, ол өз қуатын мақсатсыз пайдалануда. Тіршілік құны деген осы» - деген.

Біздің емір сүру қуатымыздың мақсаты бар ма? Біздің Сизиф сияқты бар мақсатымыз тау басына та- сымызды бар күш-қуат, ынта-жігерімізбен домалатып апарып, енді жеңіске жеттік дегенде мақсат-арманға айналған тасымыз біздің ырқымыздан шығып ылдиға қайта домалап кетпей ме? Аңызда Сизиф оны қайтадан тау басына шығарады, ал нақтылы емірде бізде Сизиф сияқты қуатымыз бар ма? Тау басына қайтып шыға ал­май шашылып қалмаймыз ба? Міне, қиыншылық деген осы.

Сонда не қиын? Тау басына сүйрелеп жеткізген тастың, сәл қуат-тыныс алғанда төменге құлдырап кеткеніне (еңбектің зая болғанына) қарап тұру қиын, ал оны қайтадан тауға шығару өте қиын.

Page 155: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

154

КЕРЕК

Адамзатқайе керек...■ ■ ■ ■ ■ ■ у : Абай.

^ “ "7/^ерек іс пен керексіз істің арасы өте аяшақ,ч З г ^ б ір а қ адам пенде болған соң, көбінесе

осы алшақтықты ескере бермейді де үлкен-үлкен қателіктерге ұрынады. Қателік дегеніміздің өзі - осы ке­рек пен керексіздікті ажыратпаудан тұрады.

Керек пен керексіздің бірінің орнына бірі алмаса беруінің себебі, біздің керек дегеннің не екенін түсіне алмауымызда. Адамға бәрі керек, керек емес іс жоқ, бірақ дәл бүгінгі күніне не керек, соны анықтап алу ләзім. Керек дегенді нақтыландырып алмай іс бастау, қателікке ұрындырады. Сондықтан жалпы керек деген емес, адамға аса қажетті керектің анықталуы жақсы істің басы. Керек деген - адамның емірге деген ынта- қуатының сұранысы, ол табиғи қажеттілік, оны ескер- месек, адам табиғаты өзінің тепе-теңцігінен айрыла бастайды. Адам табиғатының тепе-теңцігі оның ақылы мен парасатының іргетасы, негізі. Мұндай тепе-теңдікті ғылымда (әсіресе, психологияда) мінез деп жүр. Мінез- адам табиғатының ерекшелігі.

Адам табиғаты езіне тән қажеттіліктерді талап етеді. Осы сұраныс-талаптың іске асуын біз керек іс дейміз. Яғни, керек дегенді тану осал шаруа емес екен. Сондықтан адамдар керек пен керексіздікті әдейі емес, білмегендіктен шатастырады. Мұндай жағдайда қателікке ұшыраған жанға кешірімді болған - адамшылық. Бірақ адам білмегендіктен қатеге ұрынып зиянды іспен айналысса, онысын дереу сезініп, жан- жақты ізденсе құба-қүп, ал білгенім осы, одан әрі білсем

Page 156: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

деп ынтапатбаса, от толық надан, ондай адамдар өмірде )(î/ii). Қазақ мұндайлартуралы: «өзің білме, білгеннічтм алма», - деген. Брқарғыстың ең ауы- ры.

Білімсіз адам қателікке көбірэфынады, ол белгілі жай, ал еаяитта, ел бағуда оқы&--оқығандар неліктен керек істі керексіздені ажыратпаіды екен? Әлде, бул мәселеде арнайы біл ім жүйесі рет пе? Мүмкін сая- сатта керекіс пен керексіз істіцбір-бірімен орын ауы- суы саяси ркеттілік ле? Осы шеелені қалай түсінуге болады? Аіталық, 1917 жылдычАқпан революциясы керек іспе?Б/гінгі күн тұрғысынанкелсек, мүлдем басы артық сияқгы. Қаншама адам ишны болып, қаншама дәулет субопақты. Неге сол басьартық іс керек болды? Ол тарищакеттілік пе, әрине,юі( Солай болғанымен керексіз іспен әуестеніп екі жуз миллиондай адам ғасырға*;уы>әуреге гүсті. Бүгіндесол керексіз істіңзар- дабын тартып отырмыз. Әлде «ерексіз істі дер кезінде тану мүпдеммүмкін е мес пе екенЮның мәні - уақытқа тікелей байланысты ма? Осы ізселе төңірегінде ой- ланып, керек іс пен керексіз істіңмазмұн-мәнін уақыт айырады дегенге тоқтасақ, емірдің өмір болмағаны. Себебі,өыір, бақыт, қуаныш, дөулет т.б. күні өткен соң емес, аакзрға дәл қазір кераСондықтан бүгін керек істің дэдысболғаны, шындық бопғаны бүгінгі өмірдің мазмұны. Егер біз керексіз ісгаайналысып, өзімізді- езіміз сендіруге тырысқанымыЛн, өмірдің мәні болу екіталай Адам керек істі өз таіішымен сезінеді, де­мек саясатадам табиғатына кереғарболмауы қалыпты жай. Саясатшылардың басты щесі адам табиғаты, оның қажеттіліктері, оны қанағапандыру мақсатындағы іс болса, өмір өз арнасында түрмақ. Меніңше, коммунюердің қателігі - адаітабиғатын саясаттан-

155

Page 157: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

дырып, адам мінезін қаяыпқа салумен әуреленгендігі. Мінезге байланысты адамдарды топтап, мінездің жеке ерекшелігін жоюға әрекет ету адам табиғатына, бол- мысына жасалған киянат. Адамның ерекшелігі бүп дүниенің ең басты қазынасы. Адам ерекшелігін жоюға қарсы бағытталған саясат керек саясат емес.

Бүгінгі заман мәні нарықтық қатынастармен анықталуда. Бүл құптарлық, керек іс. Себебі, нарык, адамның ерекшелігіне сай болмыс. Адамда іс, харекет еркіндігі бар. Мүндай еркіндікте адам ерекшеленеді, дараланады. Сөйтіп адам өмірге деген қуатын іске асыруға бағыттайды. Бірақ, осы тұста тағы да адам ал­дында керек іс пен керексіз істі таңдау мәселесі тұр.

«Менің бай болуым керек», - дейді баз-біреулер. Дұрыс. Адамның байлыққа, дәулетке ынталы болуы - табиғи іс. Бірақ қандай жолмен бай болу, дәулетті болу, осы мәселе миллиондаған қазақстандықтардың бүгінгі күнгі «бас аурулары». Өйткені түрмыс осы мәселені түйткілді шешуді әркімнен керек етіп отыр.

Керек іс пен керексіз істің арасы жер мен көктің (аспанның) арасындай екенін айыра білу, қай заманда болсын оңайға соқпаған. Сондықтан «керек» туралы хакім Абайдың айтқан ойларымен ойымды аяқтайын.

Ақын «Тоты құс түсті көбелек» деген өлеңінің екінші шумағында:

Адамзатқа не керек, - iСүймек, сезбек, кейімек.Харекет қылмақ, жүгірмек,Ақылмен ойләп сөйлемек

(110-6.).

Немесе «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деп басталатын өлеңінде:

Page 158: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

...Керек /с бозбапаға - талаптылық, - дей келе,

...Ақыл керек, ес керек, мінез керек, - деп ой туйген.

Қазіргі нарық заманында дәл айтылған бір пікірді «Көк түман - алдыңдағы келер заман» деген өлеңнен кездестірдім, онда ақын:

...Әркімнің мақсаты өз керегінде, - деген (29-6.).

Тағдырмен тайталасқа түскен Абай бірде, «Жүрегім, ойбай, соқпа енді!» деген төрт шумақты өлең жазып, соңғы шумағында мынадай терең пікір білдірген:

...Жоқдеп едің керегің.Ton жиып ең бір бөлек.Кезек келер демедің,Ендігі керек қай керек?

(181-6.). • •

КҮНӘ

/'дамға күнәлі болған жарасымды. Күнәсіз жер бетінде пенде болған емес. Күнәдан тыс тұру

адам баласына бүйырмаған. Күнә тек есі дүрыс, сана- лы адамға қатысты айтылады. Сәби мен ақыл-есінен ауысқандарда күнә болмайды. Сондықтан да олар заң жүзінде жауапқа тартылмайды, олар Жаратушы алдын­да жауап бермейді. Осы айтқан пікірімізден шығатын қорытынды: күнә санаға (саналыққа) байланысты. Сана мен күнә - бірінсіз-бірі болмайтын ұғымдар.

Санадеген-дерексізұғым.ал күнәболса саналыққа, яғни танымға тікелей қатысты. Күнә таным болған жерде

157

Page 159: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛДА ЕСІМ

158

салтанат құрады. Егер мысалға Адам Ата мен Хауа Ана туралы аңызды алсақ, олардың жұмақтан қуылатын ба­сты, негізгі себебі: көздері ашылып, бір-бірінің жалаңаш екенін байқап қалулары еді. Демек, ұят дегеніміздің өзі таным нәтижесі, жеуге болмайтын жемісті жегенге дейін Адам Ата мен Хауа Ана ұят дегеннің не екенін білмеді. Олар өздерінің жалаңаш екенін білмеді, ал білген кездерінде бойларына ұят сезімі ұялады. Жаратқанның бұларга жұмақта тұруына ғана руқсаты болса да, ал жұмақты тануға рұқсатыжоқ еді. Бір сөзбен айтқанда, танымға рұқсат болмаған. Себебі, таным, білім - адамға күнә, қайғы, мүң әкелетін ынта болатын. Адам Алла әмірімен күнәсіз жумақта күн кешуден гөрі күнәлі боп, азабы көп жалған дүниені қалап алды. Сондықтан күнә -адамныңөзі қалап алған нәрсесі. Ендеше, адам қалай күнәсіз болмақ? Бұл мәнде, күнә - адам болмысының қажеттілігі. Адамның ici мен әрекеттерінен күнәсіздік табудыңөзі қиынға соғады. Тегі, көптеген ғұламалардың өмірден, тіршілік қарбаласынан қашып, тау-тасты ара- лап, оңаша жер іздеп таза тақуалыққа түсуінің де себебі осы болса керек. Қайнаған өмірде ғұмыр кешіп, күнәсіз болу мүмкіндігі бары - талас тудыратын мәселе.

Міне, осы жерге жеткенде біз әжептәуір күнәһар жан екенбіз деген сарынға түсіп кетпей, күнәдан ары- лу, күнәлі болмау, күнәні мөлшерлеу деген мәселелерге тірелеміз. Сірә, адал жүректі адамның ғүмыры - өз күнәсін азайту жолындағы күрес болса керек. Адамшылық дегеннің өзі - осы күнәнің мөлшеріне қатысты ұғым. Біз біреуді «адамшылығы мол жан екен» дейміз. Онымыз рас. Себөбі, ол -ө з күнәсін ауыздықтай білген кісі. Бір сөзбен айтқанда, өз еркін өзі меңгере алатын адам, яғни тәубасы бар жан. Сопылық филосо- фияда адамның өз еркін өзі меңгеру деген мәселе жан-

Page 160: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАІМ-ЗАТ

жақты талданған. Бұл философияның мынандай эйту- лы ұғымдары бар: тәуба, иіүкіршілік, қанагат. Міне, бүл сана феномендері адамның күнәсына еркіне қатысты қолданылады. Тәуба деген адамның бүл дүниеде барлығына қанағат етуі. Тәуба басы адамның тірі, бар болуы болса, одан кейін Алланың берген нәсібіне разылық білдіру, одан әрі бұйрыққа, Жаратушының әміріне сәйкес ғұмыр кешу. Әрине, өмір «қызыл түлкі» сияқты қандай адамды болмасын өзіне қызықтырмай қоймайды. Адам түрмыс қызығына белсене, бел шешіп, екі қолды сыбанып түсіп кеткенде оның жадында тәуба тұруы шарт. Тәубасыз жан тоқтаусыз аққан қар суындай бетімен жайылады, түбі шалшыққа айналады. Тәуба адамды осындай күйден сақтайды. Солай болмауы үшін адам өзіне шүкіршілік етіп, қанағат сезіміне беленуі ләзім. Әрине, тәуба, шүкіршілік, қанағаттың адамның толысуына, өсуіне тигізетін кері эсер/ де бар. Оны қазақтар тоқмейілсу дейді. Бұл да - күнә. Алла саган ғұмыр берді, өмірге ынтық етті, ал сен болсаң не бол­са соған разысың. Бұл да дилемма. Осы қайшылықгы адам баласы ездігімен шеше алмайтыны, адасаты- ны белгілі болғандықтан, Жаратушы жер бетіне өзінің елшілігін, хакімдерін жіберді. Елші (нәби), хакімдерде- адамдар, бірақ олар - Жаратушыдан аян алушылар. Бұл түста біз күнә мен дін деген мәселеге келгенбіз. Қандай болмасын діннің өмір сүруі адамның күнәһар болуында. Егер адам күнәсіз болса, онда діннің не қажеті бар. Дін - адамның күнәдан тазару жолы, адам­ды адамшылыққа бастау, тәрбиелеу жолы. Сондықган адам баласына пайғамбар, хакім, әулиелер керек. Олар - жол бастаушылар. Бірақ олар да адамдар, олар да күнәлі болуы әбден мүмкін. Демек, пайгамбардан соң пайғамбар, хакімнен соң хакім, әулиеден сонәулие

Page 161: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

кеяуі заңды. Өзгермелі дүние сөздерді өзгертеді. Алла сөзінен басқасының өзгеруі әбден орынды. Алла ғана мінсіз, өзгеріссіз, қалғандардың бәрінің бойында мін бар, оны біз күнә дейміз. Күнә нәпсі болмысына қатысты екенін өткен ғұламалардың бәрі айтқан.

Нәпсі дегеніміз адамның болмысы, яғни қуаты бар болмысы әрі міні. Нәпсісіз адам да, ғұмыр да жоқ. Нәпсі- тән әрі жан қуаты. Нәпсі - адамның іске қосылатын ішкі мүмкіндігі. Нәпсі арқылы адам деген бейне айқындалады. Нәпсі деген-адамныңөзегі. Оныңбасты көріну жолдары: қоректөну (дәм-ас), әсемдікке ынта- лану (киім-сән), махаббат, ғашықтық, (үйлену, қүмар қандыру), билік-мансапқа ынталану және байлыққа ден қою. Осы мәселелерде мөлшер керек, егер одан асса, адам өзге жолға түседі. Нәпсіні тыю қиындығы сонша- ма ауыр болғандықтан, әртүрлі діндер бұл мәселеге келгенде ортақ үғым қалыптастырған, ол тақуалық, аскетизм. Ондайларды үнділер архат дейді, христиан- да монахтар, исламда сопы-дәруіштер. Алайда, дүние қозғалысынан безініп, тек құдай жолына кетудің өзі де күнәлі іс емес пе? Себебі, Жаратушы пендесіне өсіп-өн деп нәпсі берді. Ал тақуалар сол нәпсіні тәркі етпекші. Ол қалай?

Мәңгілік сүраққа адам-зат мәңгілік жауап іздеумен ғұмыр кешіп келуде.

ҚАТЕ

у^а я с а т пен қателік - егіз үғымдар. Егер қателік болмаса саясаттың еш қажеті жоқ. Саясат

қателік болған немесе болғалы түрған жерде өсіп-

Page 162: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

өнеді. Эрине, адам болған соң, оның қауымы болған соң қателіксіз әрекет жасау мүмкін емес. Себебі, адам періште емес, ол өссем, өнсем, ішсем, жесем, сөз сөйлесем, оны тыңдатсам екен, біреуден зор екенімді білдірсем екен деген сияқты қажеттіліктерін әрекетке ай- налдырып, әлемге адам айтқысыз мәселелер әкеледі. Мүның бәрі - саясатқа қатысты істер.

Сонымен, адам бар жерде қателесу бар, қателесу бар жерде саясат бар. Саясаттың сондықтан «таза» болмауы да түсінікті. Дүниеден қате жойылса, бәрі күйрейді деп ойлаймын. Бәрі дұрыс болса - дұрыстық өзінің мәнін жоймақ. Сонда қателікті жоюдың өзі қателік болғаны ма? Иә, қателікті (қатені) мүлдемжойыпжіберуге Алланың бұйрығы жоқ, ол сол үшін шайтанды келтірді. Алла адамға шайтанды бергенде жамандық үшін емес, жақсылық үшін берген, себебі шайтандықсыз қателік болмайды. Ап, қателесудің өзі - танымның күзетшісі. Қателесу қорқынышы болмаса адам танымы оянбай, тұмшаланып жата бермек, танымды оятушы құдірет - қателесу қорқынышы. Қателесу адамға үрей әкеледі, ол үрей адамды танымға, білмекке, іске итермелейді.

Үрей - шайтанның дүниетанымы. Үрейді адамға Алла тағала емес, оның құдіретімен шайтан әкелген. Үрейлі жерде шайтан еркінсіп алады. Сондықтан одан арылу үшін таным керек, оның аты - саясат.

Саясат - ұстараның екі жүзі сияқты нәрсе. Ол бір жағы - үрейді жеңіп, қателесуден құтқарып алса, екінші жағынан, келесі қателікке жол ашып жатады. Олай болмағанда саясат та жоқ. Мүны мойындамасаң да мойындайсың, мойындасаң да мойындайсың. Өйткені, саясат шеңберінен шығу мүмкін емес. Әлемдік сая- саткерлер ғұмырына зер сала қарап отырсаңыз, осы айтқан пікірімнің растығына сенесіз. Саясатта жеңіліс

Page 163: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

пен жеңістің өте шартты ұғымдар екені де осы айтқан мәселеге қатысты. Әрбір жеңіс - жеңілістің басы, әрбір жеңіліс - жеңістің жалғасы бола беруі де түсінікті.

Дүниеден қатені жоймақшы болған ілімдердің бәрі қателікке үшырады. Әлемнен қатені жою деген сөз- дүниені, болмысты жою деген сөз. Себебі, қате ең алдымен адамға қатысты. Қате жасаушы - адам. Ол адамның табиғатында. Қате болмаса адам жоқ. Мүмкін адамның өзінің жаралуы, бар болуы - қателік шығар. Әбден мүмкін. Біз айтамыз, Алла - мінсіз, адам - мінді, ол пенде дейміз. Адамды пенде дегеніміз оның табиғатында қателік бар екендігін мойындағандық емес пе?! Олай болса, қатені жоямыз деп жүріп адамды жой- ып алмаймыз ба?! Мәселе осылай болса, қатені жою- өз ықтиярымызбен ақыр-заманды туғызу. Сондықтан адам табиғатын өзгертуден гөрі оның адамшылық қадір-қасиеттеріне epic берумен ғана шектелсек, қалай болады? Қолдан келмейтін іске араласқанша, адамның табиғи қажеттіліктерін мөлшерлеп, соған шек қойып, адамның өзі алшақтап кеткен Алласына құлшылық етуіне бағыттасақ қайтер еді? Бүл - бір бағыт. Одан өзге бағыттар да бар. Соның бірі - коммунистер ұсынған бағыт. Бүл бағытты біз басымыздан өткердік. Ол, бір сөзбен айтқанда, қате бағыт. Оның ең басты себебі, бұл ілім адамның табиғи қажеттілігінен қайшылыққа келді. Коммунистердің басты адасушылықтары - дүниеден қателікатаулыны жоюды мақсат етті. Мұның өзі тұрпайы қателік еді. Адамға (мейлі ол қандай дана болмасын) адамдар қауымдастығы қателігін тамырымен жою мүмкіндігі берілмеген. Оған ең айғақты мысал - Иисус Христос бейнесі. Оның адамдар күнәсі үшін өзін өлімге қиюы - осындай дәрменсіздіктің белгісі.

Page 164: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Қате туралы ойлағанда менің есіме Адам Ата мен Хауа Ананың пейіштегі күйлері түседі. Олар пейіште жүргенде өздерініңжалаңаш екенін, жалаңаш жүру қате екенін білмеген. Өздерінің жалаңаш екенін жеуге бол­майтын жеміс дәмін татқан соңғана түсінген. Сол сияқты біздер, адамдар өзіміздің «жалаңаш» жүргенімізді сезбейтін сияқтымыз. Менің жалаңаш деп отырғаным, қате - әрқайсымыздың табиғатымызды, болмысымыз- ды тұнып тұрғанын көре, сезе білмеуімізде болса керек. Өз қатеңці сезінбеу - дерт. Оның аттары бар: ғылымда эгоизм дейді, ауызекі әңгімеде менмендік, өркөкіректік, тағы басқа атаулар.

Адам баласын осы дерттен қүтқармақ болып талай нәби, пайғамбар, көсемдер келді, көп ілім қалыптасты. Бірақ адам табиғаты әлі де өзгермеген қалпында.

Қате - мәңгілік үғым. Ол әлемге адаммен бірге кел- ген, адаммен бірге жойылмақ. Ал мүның өзі қателік пе, жоқ па? Ол менің санам жетер әңгіме емес.

мәнісіне мән бермеу, сірә, әдепсіздікке жатса керек. Осындай ойланбай қолданып жүрген сөзіміздің бірі - рахат. Сөздің этимологиясына келсек, кене үнді тілінен келгенге ұқсайды.

Санскиритте «рахат» деген ұғым бар. Келе-келе ис­лам діні мен мәдениеті арқылы бүл түсінік қазақ тілінде әбден орнықты. Орныққаны сол - тіптен «рахат» деген кісі есімдері пайда бола бастады. Сонымен бірге жа- нымыз біршама шуақтап тыныс алса «рахат» дейміз.

РАХАТ

үрмыста біліп немесе білмей сөздерді қалай болса солай қолдана береміз. Сөздің

Page 165: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

164

Әяденеге қуанып, алданғанда «рахаттана күлдік» деп те жатамыз. Эрине, рахат сөзі қазақ төңкерісіне дейінгі замандағы қазақ лексикасында өзгешелеу қызмет атқарған. Аузында Алласы бар халық рахат сөзін жиі қолданбайтын, оның басты себебі «рахат» жұмақ деген ұғымныңбір мәні. Ертеде «жұмақ» пен «рахатты» сино- нимдер ретінде қолданған. Негізінде, рахат деген жұмақ емес, сонда болатын ерекше керемет хал. Демек, ол жалған дүниеде болмайтын құбылыс. Жалғанда рахат жоқ, тек бейнет бар. Оңы мен солы толы жандардың өмірі рахат емес, байлық не билік ешқашан рахат әкелмейді. Байлық деген мазасыздық, билік деген үрей туғызады. Мазасыздық пен үрей болғанда қайдағы ра­хат. Қарапайым халық байлығы мол, билігі зор жандар- ды рахат ғұмыр кешуде дейді, сырт көзге солай, тым жақын келсек, ол пікірдің теріс екенін көреміз.

Адамдар билікке рахат үшін ұмтылмай ма? Жоқ. Билік адамның эгоизмін қанағаттандыру үшін жа- салатын шара. Адамның өзін-өзі меңгеруден гөрі өзгелерге билік айтуға құштарлығы, оның табиғатының бір құпиясы. Ап, қандай болмасын қүштарлық рахат сезімін тудырмайды. Рахат деген адамның харекеті арқылы болатын хал емес, оған Жаратушының берер сыйы. Ол сыйлық дін бойынша бақи ғұмырда болмақ. Бұл ғылыми дәлелденбеген түсінік болғандықтан, ра­хат деген ұғымның да өмірде мәні көмескі. Ал, адам болса өзі түсінбеген де, өзіне көмескі болса да, оны білетін, нақтылы сезінетіндей анық-анық сөз айтқысы келеді. Рахатты осы жалған ғұмырдан іздеп, оны тап- тым дейтіндер де сондай жандар. Сондықтан адамның кемшілігі үшін оған күлмей, сірә, оған аяушылық білдіру адамшылық дәстүрі болса керек.

Page 166: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

- СӘБИ ^ .

/ « ’әби деген ұғымды «сәбилік» деген сөзбенO ' түсіндіріп көрелік. Сәбилік - адам ғүмырындағы

күнәсіз кеңістік. Сәбил ік шақта күнә жоқ. Сәби не Жарату- шысы алдында, не ата-анасы алдында күнәлі де, кінәлі де емес, керісінше, оны періште қорғаса, ата-ана одан да бетер асырап-сақтауы керек. Бул тәртіп тек адам ба- ласына ғана емес, баршама тіршілік иелеріне қатысты. Балапанның қанатын қатайтып барып өз бетінше қоя беру - құс атаулыға ортақ заңдылық. Содан барып тілімізде балалардың ер жетуін «қанаты қатайып» немесе «қарақанаттанған» деген метафоралық түсі- нік арқылы білдіреміз. Мүсылман дінінде баланың күнәлі бола бастауын табиғи кәмелеттенуге қатысты анықтайды, яғни ол сәбидің «қарақанаттанып» өзге күйгеетуі. Осымен сәбилікдәстүраяқталып, ендігі кезде жеке бастың жауапкершілігі басталады. Сонда сәбилік дәуір не үшін қажет болған, мәселе тектабиғи толысуда өзге хайуанаттар төлдеріне қарағанда неліктен ұзақ? Сірә, сәби болу дегеннің өзі адам болу деген іс емес пе? Себебі, жеке бас жауапкершілігі басталғанда, адам көбінесе адам табиғатына қарсы істер бастауға ынта- лы бола бастайды. Қирату, зорлық жасау, зұлымдық істер жасау осының бәрі сәбилік ғүмырдан кейін, адам болмысының есігін қағып түрған қылықтар.

Сәбилік-тазалық, табиғи іс. Сәби өз табиғатына сай қылық, мінездер танытады. Содан келе-келе сәбилік қайда кетеді, мен ойлаймын, ол ешқайда кетпейді, не жойылмайды, сірә, сәбилік ізгілікке айналып, адам жанының байлығына айналса керек. Ізгі жан сол сәбилігін жоғалтпай, оған шаң түсірмей ғүмыр кешуді,

165

Page 167: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

сірә да, мақсат тұтқан жан. Сондықтан да имандылық табиғатында сәбилік жатса керек деген ойдамын.

КҮДІК .■

7/^үдік болмаған жерде әңгіме жоқ. Қалыптас- ч З г ^ қ а н түсінікке салсақ, бұл жалған дүниеде

күдік келтірмейтін бір іс болсашы. Лениндік ілімнің ба­сты кемістігі - осы күдік мәселесін күн тәртібінен мүлдем алып тастауы еді. Күдік болмаған жерде бәрі сайрап жатыр, бәрі түсінікті, ұғымдар ақылға сыйымды.

Баяғы қазақтың «мал - байдікі, жан - құдайдікі» деген түсінігі кәдеге жарап, жұртшылық еш нәрсеге күдіктенбей өмір кеше берді. Алайда, осы кездің өзінде анаған-мынаған күдік келтірушілер болды. Оларға қарсы идеологиялық күрес жүргізілді, аса асқынған жағдайда күдіктенушілер «халық жауы», бертін келе «диссидент- тер» деп аталды.

Сонда күдіктің болғаны жақсы ма, жаман ба? Бұл сұраққа бірнеше жауаптар бар. Бірінші, ел басқарушылар үшін қол астындағы халықтың олардың ісіне күдік келтірулері - жаман. Олардың мақсаты - «ел тыныштығы», оны бұзушылар - ниеті бұзық жан­дар. Екінші, ата-ана үшін, өзінің балаларының өздеріне күдік келтіріп, ананы-мынаны айта беруі де жағымды іс емес. Ал, енді осы мәселелерге өзге көзқараспен кел­еек, халық басшысына, оның ici мен әрекеттеріне күдік келтірмесе, олардың мінсіз болғаны. Мінсіз адам болу- шы ма еді? Демек, халықсанасында күдікболуы -табиғи іс. Мәселе, соның мөлшерінде, көріну формасында, одан туатын әрекеттің салдарында. Күдік болмағанды

Page 168: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

ағынсыз сумен теңеуге болады. Су тазалығы үшін - ағыс керек. Халық болашағы үшін де сыншыл сана - күдік қажет.

Әке балаға үмітпен қараса, бала әкеге күдікпен қарауы да табиғи іс. Әке ісіне күдік келтіру - әрі қарай үзілмейтін жалғастық іздеу. Әке өмірімен іс тоқталмауы қажет, ол үшін жалғас қажет. Осы жалгас күдіксіз бол­са, әрине, былай қарағанда жақсылық, бірақ ол түбінде ізгілікке бастай ма, ол жағы бұлыңғыр.

Күдік туралы сонау көне заманнан бері данышпан- дар толымды ойлар айтқан. Философия тарихында: скептицизм, критицизм, солипсизм, атеизм, агно­стицизм деген ұйымдар бар. Орыс мәдениетінде «ни­гилизм» деген түсінік қалыптасқан. Осылардың бәрінің негізінде - күдік филосософиясы түр.

Қазақ менталитетіне қатысты айтсақ, күдік деген араб философиясының мүмкін деген үғымымен бай- ланысты. Себебі, біз былай дейміз: қүдай мүмкін бар, мүмкін жоқ. Қалай айтсақта, негізде күдіктұр. Сұрақтың қойылуының өзі осы күдікте. Немесе, ғаламның жа- ратылысы не материалдық (өзінен-өзі), не идеалдық (яғни, бір құдірет кереметі) десек те мәселе күдікте. Тіптен, аксиомаға айналды-ау деп жүрген адамның пайда болуы туралы дарвиндік теория бүгінде үлкен күдікке түсті. Адамның пайда болу сыры - бүгінде күдік мәселесіне айналған.

Күдік ойды қозғаушы - сана. Себептің бәрі - күдікті. Сонда тоқтау деген не? Бәріне күдіктене берсек іс бола ма, бір нәрсеге тоқтамға келудің жолы дәлел іздеу немесе сенім. Бірінші ғылым жолы, екінші - фа- натизмге бастайтын жол. Сенім деген сана дерті, одан сауықтырушы (қысқа қайырсақ) - күдік.

Page 169: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

168

БӘРІБІР

J 'анқаяамын! Кейбір адамдарға не бо-V— / лып жатса да - бәрібір. Олар өздігінен ой

қорытып, шешім іздеп жатпайды, кім жоғарыда отыр- са, солардың сөзі - сөз. Түсі, түрі осылайша өзгеріп тұратын адамдар өкінішке орай - баршылық. Бүлармен күрес жүргізу бос әуре, себебі күрес нәтижесінде сіз жеңіске жете бастасаңыз, олардың қалайша өзіңіздің нағыз жанашырыңыз болып кеткенін аңғара алмай қаласыз, сейтіп сіздің күресіңіз сағымға айналып сала бермек. Сонымен, бәрібіршілдермен күресем деп жүріп солардың торынан бірақ шығасыз. Сонда олар- дан құтылудың амалы бар ма? Бар, егер сіз тұп-тура тақуалықжолға түсіп, елден безініп тау аралап кетсеңіз. Кезіндегі Шәкәрімнің харекеті сияқты. Осындай жолды адамдардан әбден шаршаған Абай да аңсаған. Артық адамдар мұндай жолға үнемі де ынтық болған. Мыса­лы, Будданың әрекеті, пайғамбар жасына келгенде жер астына түскен Иассауи тағдыры т.б.

Сонда бұлар кімдерден қашқақтайды десеңіз, оның себептері бар, соның бірі - осы рухани дүниесі жұтаңцау, санасы сүйық, сөзі тайғақ, түрақты қағидасы жоқ - бәрібіршілдерден аластау мақсаты. Біз елуден асқандар шет жағасы болса да Сталин заманын көріп қалдық, Хрущевтің былығына белшемізден әбден батқанбыз. Әсіресе, оның ешбір ақылға қонымсыз 1980 жылы КСРО-да коммунизм орнығады деген Бағдарламасы болды. Осы далбаса утопияны «бәрібіршілдер» жанта- ласа насихат жасады. Одан кейін Леонид Брежнев за­манын көрдім. Шынын айту керек, біздің адамша өмір сүре бастаған кезіміз осы заман кеңістігінде болатын. Адамның рухы қанға сіңген үрейден аздап-аздап арыла

Page 170: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

бастады. Сондықтан осы кезде дүниеге келген ұрпақтың санасының еркіндігі нақтылана тусті. Байқайсыз ба, бүгінде нарық қатынастарына бірден араласып кеткен осы заманда дүниеге келгендер. Ал, «бәрібірлерге» осы саясаттың бәрі де тиімді, бәрі де ақиқат болып шықты. Қазақстанның тәуелсіздік алғаны да олар үшін бәрібір, егер «жаман айтпай жақсы жоқ», тәуелсіздік болмай қалса да бәрібір. Бұл қай саясат, қай заман болсын ыңғайланып, соған даяр болып шыға береді. Мундай жандарға адамның бағасы, халық мүддесі, болашақ т.б. идеялар жат. Олар мұндай идеяларды өз мақсаттарына жетудің тек қана құралдарына ғана айналдырады. Сондықтан да «бәрібірлер» аса қауіптілер, олардың қасында сайланып келген жаумен күресу әлдеқайда жеңіл шаруа. Жаудың қасиеті, ол жаулығын әшкере етеді, ал «бәрібіршілер» ешқашанда ашық жаулыққа бармайды, олар айтқанға көнгіш, айдағанға жүргіш, ешкімге қарсы болып, бет жыртыспайтын «бейбіт өмір» адамдары.

Ескертпе. «Маған бәрібір» дейміз кейде, сонда бул ойланып айтылған сөз бе? Егер «маған бәрібір» болса, онда менің болмысымның, қазақша айтқанда, тірі жүргенімнің мәнісі неде? Жоқ, маған бәрібір емес, менің тек өзіме тән қатынасым, өз көзқарасым болуы керек. Олай болмағанда менің санам - құлдық құрсауға түспек. Менбіреудіңайтқаныменжүруімкерек,бірақөмір сүруші ол емес, менің өзім емес пе? Ендеше, біреудің сөзі неліктен менің болмысымды билемек. Өзіме-өзім ие болып, өзімнің өзгеше көзқарасымды білдіре алма- сам мен кіммін? Сондықтан қандай мәселе болмасын, ол маған бәрібір емес, оның маған тікелей қатысы бар, демек ол мәселе туралы өз түсінігім болуы керек. Ендігі әңгіме сол түсінікті жасырмай өз харекеттеріне негіз ету

Page 171: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

170

қажеттілігі туады, егер бұл іс жүзеге аспаса қосарланған сана пайда болмақ. Оны, әдетте, екіжүзділік те дейді, дипломатия да дейді, ақылдылық та дейді, айлакерлік те дейді, соның бәрі де дұрыс. Тек нақтылы қолданыс кеңістігіне байланысты, бірақ одан адамға, Отанға, елге қатер төнбеуі керек.

Ойлаймын, «маған бәрібір» дейтіндер не рухы биік жандар, не қорқақ, қара бас қамындағылар. Алғашқылар «маған бәрібір» дегенде нені болсын Тағдыр, оның жа- зуы, яғни оны жеңу керек деген ер саналылар. Екіншілер, әліптің артын бағып, бұғып қалушылар. Өмірде осы екі топтағы жандар бір-бірімен мылтықсыз майдандасуда. Әлемдегі зұлымдықта, әділеттілікте осы майданға то- лып жатқан адамның қулықтары мен мінездері, әр қилы пиғылдары болып драма, трагедия, комедияға арқау болуда.

Адам -табиғи әрі мәдени тұлға, сондықтан оның бол- мысына бойлау мүмкін емес, біздіңайтып отырғанымыз өзімізге танылған белгілі болған кейбір қылықтар. '

КІМ? я

1. Жалған ғұмырда кім болсаң да, түбінде қара жер бәрімізді теңестіреді дейміз. Сірә, ойланбай асығыстықтан айтылған сөз. Жалған дүниеде терезесі тең болмағандар ешқашан да теңеспейді.

Себебі, адамның жалған ғұмыр ішінде адамдар арасында кінәсі болса, Жаратушы алдында күнәсі бар. Олардыңсалмағын өлшеп, мөлшерлеу адам санасынан тыс істер. Адам кінәсі мен күнәсін толық біле бермейді. Тіптен ол адасып жасаған кінәсін жақсылық іс еттім деп

Page 172: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

жүруі де ықтимал. Эр адамның тек езіне тән кінәсі мен күнәсі болғандықтан, адамдардың бұл жалғанда бол- сын, бақи ғұмырда болсын тең болуы мүмкін емес. Адам­дар дүниеден өткенде теңеседі дегеніміз де бәріміздің топырақтан жаралып, топыраққа айналуымызды ғана айтамыз. Бұл мәселенің бір ғана жағы. Оның арғы жағында мәңгілікғұмыр - бақи бар. Сондықтан шексіздік дүниеден өткен адамды жер қойнына берумен, әрі оны жоқтаумен аяқталмайды. Адамды жер қойнына беру де, оны жоқтау да пендешілік тұрғыда өтеді. Ендігі жерде, яки ғұмырда адамның теңесуі сауал-сүраққа байланы- сты. Фәни жалғанда жинағанның осы жақта қалатыны бар, қалмайтыны бар, оларды анықтаушы, тексеруші бізге белгісіз күштер. Діндерде олар туралы біршама түсініктер қал ыптасқан, шынына келгенде, оныңбәрі дол- бар, жобалап айту. Бақи дүние ақиқатын оған барғандар білмек, ал олардың қайта жалған дүниеге келу, қайту мүмкіндігі болмағандықтан, біздің білетініміз шамалы. Екі дүниенің тек өздеріне тән қүпия-сырлары бар. Адам болса екеуіне ортақ, олай болса екі дүниеде де ортақ ақиқат бар, оның аталуы - Жаратушы. Мүсылмандар оны Алла тағала дейді. Бір сопы айтқан екен, жалған дүние - ахиреттің егіні деп. Осы тұрғыдан келсек, бақи ғұмырдың өз мәні жалған ғұмырсыз анықталмақ емес. Жалған ғүмыр ахиретке дайындық, демек адамның адамша өмір сүруіне ерік берілген дүние - осы жарық толған дүние. Осы мүмкіндікті адам пиғылына сыйғызып, мәңгілікке даярлық жасамақ. Осы міндет орындалмай жатыр, себебі жалған дүниеде адаммен қатар шайтан өз патшалығын құрған. Бұл өмірде адам мен шайтан, шайтан мен адам болып тұрып жатырмыз. Айтпағым, кейде жеңіске Жаратушысын мойындап адам жетсе,

Page 173: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

кейде Алласын ұмыттырып адамды шайтан бауырына басып алып кете барады.

Иә, шайтаны бар дүние қызыққа толы. Адам Жарату­шы езі берген табиғи-нәпсісін билей алмай дөңгелеген дүниенің жетегінде кете бермек. Әбден мұндайға құныққан жан оны «Рахат» деп қойып, екі дүниені осы сәтке бағындырып көзсіз ғүмырға басады. Бірақ, мәңгілік дүние барлығын білдіріп жалған дүние сыр бере бастайды. Айталық, шашқа ақ кіреді, денеден қуат кеми береді, кеми береді. Бүл жалған дүниенің өткінші екендігінің хабаршылары.

Бақи ғұмыр мәңгілік дейміз, олай болса мәңгілікке тән қызмет ет, сонда екі дүниеге ортақсың, міне, осы істе адамдар тірі жүріп дүниеден өтіп, аруақ болғанда да ешқашан теңеспейді. Әркім өз әрекеті, харекеті, өз пиғылы үшін тек өзіне тиісті ғана орын алмақ. Кім болсаң да, қысқаша айтқанда, Жаратушының уысындасың. Өз өмірің, өз тағдырың, оны өлшеп берген қүдірет бар, ол - Жаратушы. Кім болсаң да соның алдында жауаптысың. , ; ;

2. Адамның жылайтын кездері болады. Жылаудың себептері көп. Жылаушы жүбатушыны қажет етеді, не жанына жағымды жақсы сөз естігісі келеді. Пенделік де­ген сол, әйтеуір қүлағыңа жақсы сөзді қажет етесің де түрасың. «Жақсы сөз - жарым ырыс», - деудің де мәнісі осы болса керек. Бірақ, жанға жайлы жақсы сөздің бәрі жұбату болғанымен, саған одан қандай пайда болмақ? Иә, жақсы сөз естідің, жанымызжайланды, алайда, осы күй сізді жақсылыққа, ізгілікке бастай ма, әлде айнал- дырып соғып, жамандыққа жол сала ма? Мәселенің

Page 174: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

осы арасын айыру қиын. Әйтеуір, адамды жылатпау ке­рек деп, оның құлағын тым жылылыққа үйретіп алсақ не болғаны? Одан кейін ол қүлақсуықсөзді қабылдамайтын дәрежеге жетпек, міне, сонда істің насырға бастағаны. Демек, жылағанды үнемі жүбатудың қажеті бар ма екен, деген ойға қаласың. Мүмкін адамның жылағаны, оны ешкімнің жұбатпағаны қажет пе екен! Сірә, қажет! Қатігездік әділеттілікке бастайтын бір соқпақ. Қатты сездің соңына зұлымдық ілеспей, ол ізгі мақсат орайы- на айтылса несіне тыңдамасқа. Шындықтың ащы бола- тыны қайсымыздың болсын жанымызға жақпайды.

Жылаған адам қатты қиналғанымен, жылап алып жеңілдемекші, ал жүбатушы қиналыстан шыға алмай қиналуда. Ең бастысы, ол жылаудың нақты себебін білмейді. Жылау деген адамның ішкі сырының сыртқа шығуы. Неліктен жас балалар жылауық болады? Себебі, олардың ішкі сыры сол көз жасы, олар әлі сыр- ларын жасыра алмайтын жаста. Өсе келе сыр сақтап, оны жасырып, қиналып көзге жас келтірмеуге тыры- сып бағады. Сондықтан жүбатушы жылаған адамның қандай сыры сыртқа шыққалы түрғанын қайдан білсін! Жылау деген - сыр білдіру. Сырдың сырын кім білген! Осы тұрғыдан келгенде жылағанды нақты жұбатушы, адамның өз басы. Адамның неге жылағанын өзінен басқа ешкім де білмек емес. Біз ана адам әлденеге жы- лады деп тек сырттан долбар жасаймыз. Онымыз анық емес. Себебі, адам сыры өзге адамға көмескі. Адам ақиқат болып ашылып-шашылмайтын табиғат. Адамды өзің жылатпасаң болғаны, ал жылаған жанды жүбату біздің қолдан келе беретін іс емес. Адамның жылауы да, қуануы да тек жеке өз басының біз білмейтін сыры. Жылағанды жұбатушы - жылаған адамның өзі.

Page 175: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

174

3. «Адам күні адаммен» деген қазақта сез бар. Бірақ, кім кімге керек? Адам өзгені қажет еткенде езінің бір мақсатына орай іздейді. Сонда адам адамды керек ет­кенде, тек өзі үшін ғана қажет етпек пе? Ая, керісінше, адам өзге адам үшін барынша беріяіп іс істеуі мүмкін бе? Ондай түсініктерге құрылған жайларды ғылымда альтруизм дейді. Мұндай мақсатта тегі ата-ана болуы табиғи жағдай. Оның өзінде ата-ана ең алдымен өз жағдайын ойлайды. Эрине, баласы үшін ата-ана отқа түсуге даяр, бірақ шындап келгенде, отқа түсе қою екі талай. Себебі, әркім тумысынан өзін-өзі қорғап, сақтап қалуға табиғи-қоғами тұрғыда әбден қалыптасқан. Оны ғылымда өзін-езі қорғау инстинкті деп атайды. Ғашықтар туралы да жай осылай. Сүйгені үшін өзін өлімге қиюға ғашық жан даяр, бірақ сезіммен кете бермей, ақылға салса адам өзін-өзі сақтауды қалайды.

Кім кімге керек дегенде айтарым, адам ең алдымен өзіне-өзі керек. Адамға ең тәтті - өзінің жаны. Өзге үшін қаншама азаптанып, оған ғұмырын бағыштауға даяр болғанымен, адам өзі үшін ғұмыр кешпек. Бұл табиғи түсінік, ал осыдан асып-түсіп жататын ұғымдарды адамдардың өздері ойдан шығарып алған. Сондықтан арнасынан асып-тасыған езен суындай жеме-жемге келгенде адам үшін өз ғұмырынан асқан қазына бол- май шығады. Ертеде атқа жаңа міне бастаған біреуді сынамақ боп, ғұлама сұрақ қойса керек.

- Дүниеде не тәтті, - деп.- Дүниеде адамға бала тәтті, - деген көрінеді жаңа

хісілік жолына түсе бастаған жауап беруші.Сонда ғұлама сәл кідіріп: - Қалқам, ақылың әлі алқы-

мында ғана екен, ажал қүрығы дәп басыңа төнгенде, ненің тәтті екенін сонда ұғарсың, - депті.

Page 176: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Жаның тәтті болмаса өзін ді-өзің қалзй қорғэм ақсың? Тірі жәндіктің өзі жанталаса, жанын ұшырып, қайтсе де тірі қалғысы келіп әрекеттенеді. Қорқыныш, үрей деген- держансақтаудыңхабаршылары.Бірақадамқорқыныш, үрейге түсіп, кісілігін жоғалтып алмауы керек. Мысалы, қасқыр қасқырлығын жаны шыққанша сақтайды. Кейбір мейірімсіз аңшылар қасқырдың терісін тірідей сыпыра- ды екен, сонда қасқыр қыңқ етіп дыбыс шығармайды екен. Міне, ит пен қасқырдың айырмашылығы.

Адам болса, ол өзінің адамшылығын әрдайым сақтауы шарт. Міне, осы тұста, бір жағынан -жан тәтті, екіншіден - бұл дуниеден о дүниеге адам қалпында өту міндеті тұр. Мундай істө кеп адзм «бой алдырып» алады. «Басқа түскен баспақшыл» демекші, «кыл көпірден» өту туралы сөз айту бір іс те, сол көлірден адамның өзі өтіп бара жатқанда айтар сөзі бір бас^а. Сондықтан қағаз-қаламмен отырып төрвшілік айтпай, сөзді доғаралық.

ТҮСІНІК

1. Адамның жылы үйден салқын аулаға шыққысы келмейтіні сияқты, ол кей-кейде миында қалыптасып қалған түсінігін өзгертуге де ынталы бола бермейді. Өз түсінігі өзіне қымбат қазына көрініп, тың түсінікке үрке қарайды. Бұл адамдардың көпшілігіне тән нәрсе. Үйреншікті жағдайдан бәгде іске көшудіи қаншама мәні бар деген сауал коятын азаматтарға не деп жауап береріңді білмейсің. Не деуге болады? Түрмыс, өмір, за­ман толассыз өзгерісте десең - тым қарабайыр түсінік. Оны өзіміз де білеміз дөйді сізге. Егер өзгеріс толас-

Page 177: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

сыз екенін біясеңіз, неге түсініктер тың түсініктермен тояыспасқа, неяіктен түсінігіміз өзгеріске түспеске. Осының бәрі айтуға жеңія, ая өмірде адамдар жаңаяықты қабыядауда аса қинаяыс, күйзеяушіяікке, тіптен қайғы-мұңға түсіп қаяып жатады. Себебі, олар жаңалыққа ескі өлшеммен келеді. Жаңалық болса өз өлшемін өзімен әкеледі. Түсініксіз кеяе жатқан істің ішінде түсінікті мағына бар деп дәяеядеу аса ауыр іс, оны қабыядау үшін сана беясендіяігі қажет.

Өткен социаяистік қоғам тураяы ойяансақ, оның басты ерекшеяігінің бірі - мынау жауабынан сұрағы көп өмірдің сұрағынан жауабын көп етуге тырысқан, қандай мәсеяенің боямасын жауабы бояды. Сұрақты жауапсыз қаядыру дәстүрі социаяизмге жат бояатын. Мұндай жағдайда сананың дағдыға, қағидаға айнаяма- уы мүмкін емес-ті, Сұраққа жауап беруді әбден әдетке айнаядырғандар, бүгінде соя шымыядық-шырмаудан шыға аямай жүр.

***

2. Адамның бойында Жаратушысының құпиясы бар. Адам - Аяяаның суреті. Алла әлемге, дүниеге адам арқылы көрінуде, бірақ адам Алла туралы бар шындықты бере алмайды. Алла туралы шындықтың сыры өз ішінде, құпиясы өзіне ғана мәлім. Алла сыры- на адам әуел бастан ынтық. Адам өз әліне, мөлшеріне, мүмкіндігіне қарамай өлшеусіз кеп нәрсені білгісі келеді. Оны біз талап деп атаймыз. Талап, ниет, қиял арманға ұласады, ғылымда гипотеза, фантастикаға бастайды. Қысқасы, адам санасы күрделене, толыса келе жағаға ұрған теңіз толқынындай алас ұрады. Сана өз шекарасынан асып-тегілуге даяр, оның сан алуан

Page 178: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

арналары саға-сағамен Жаратушы сырына жол-іздер сала бастағаны қашан. Адам деген жарьщтық өзін та- нуда алғашқы іс демей, өзге нәрселерді ақылға салуды әдетке айналдырған, соның нәтижесінде философтар не алғашқы, не соңғы деп болымсыз сурақты улкен іске айналдырып, материализм жэне идеализм деген философиялық дилемманы өмірге экелеген. Мэселе, не алғашқыда ма? Ең алғашқы: Жаратушы, Алла, Құдай емес пе? Немесе құдайсыз әңгіме бастасақ та бізге алғашқының не қажеті бар? Қажетті іс - адам бол­мысы емес пе? Ең алғашқы - адам. Себебі, мәселені қоюшы да, оны тарқатушы да, оны қажет етуші де - адам. Адамсыз сөздің еш салмағы жоқ. Маймыл тура­лы айтылған әңгімеден қүнарлы мән шықпайды, себебі дүние болмысында маймылдың орны басқа, ол туралы сез ақиқатқа бастамай, мәселені көмескілей бастайды. Сөздің ашық болғаны ойдың тазалығын талап етеді. Таза ой тек адамға қатысты. Егер философтар қоятын мәселенің басы (начало) қайсы десек, ол Алланың адамға махаббаты немесе адамның Жаратушысын сүюінде, яғни Алла мен Адам байланысы мәселенің басы. Барлық сөздің түйіні осыда. Алла сөзі мен адам сөзініңтұтастығыда осы тұста. АдамсызАлла,керісінше, Алласыз адам ешқандай мәнді сез емес. Мән екеуінің тұтастығында, құдай сөзі адамға жетіп, адам өз сөзін сөйлеген ең алғашқы тусінік қалыптасты. Мәселенің басы осы алғашқы тусінікте. Абай осы түсінікті поэзия тілімен былайша білдірген: «Апланың өзі де рас, сөзі де рас». Осы «рас сез» дегеніміз алғашқы түсінік деген- мен пара-пар.

Page 179: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

ТАҒДЫР ■■ • - •• - ' • .

J '’ағдыр туралы кім не айтпады. Қандай діннің немесе ілімнің болмасын тағдыр ту­

ралы өз көзқарастары болды, тіптен тағдыр жөнінде әркімнің өз түсінігі өзінше. Сонда тағдыр деген не? Осы сауалға жауап іздегенде біз алдымен бір мәселенің ба- сын ашып алайық, тағдыр дін бе, болмаса оның дінге қатысы қандай?

ТүркілердүниетанымындатағдырдыТәңірбереді.Бұл мәнде тағдыр Жаратушының өмірі немесе оның керемет- құдіретінің бір көрінісі. Бірақ, Жаратушы өзі жаратқан кереметтерінетекізгіліктілеуші болуы ақылға сыймайды, себебі тағдыр көбінесе жағымсыз, қулық істерге, қиын- қыстауларға қатысты айтылады. Әлде, тағдырды Жа­ратушы мүмкіндік ретінде беріп, бар мәселені бүлдіруші адамның өзі ме екен? Сонда қалай болғаны, тағдыр іске аспаған мүмкіндік, оны меңгеру немесе меңгере алмау адам ici болғаны ма? Жалпы тағдырды меңгеріп, яғни өз басыңа өзің ие бола алуың мүмкін бе? Егер тағдырды әрбір адамның өз болмысына «ие» бола алуы десек, мәселені осымен аяқтасақ, адам еркінен тыс болатын тағдыр жазуын қайда қоймақпыз. Әлде адам еркінен тыс тағдыр деген жоқ па?.. Тағдырдың онтологиялық мазмүны болмаса, айтар едік, бәрі әр адамның өз қолында деп. Адам-зат тарихына зер салып қарасақ, кейде заңцылық, кейде алапат кездейсоқтық түрінде адамның еркінен тыс тағдыр тұрғанын мойындамасқа болмайды. Тағдырдыңтылсымдықтабиғатын тану, сірә, адам баласына тіптен мүмкіндік ретінде берілмеген, сондықтан қалыптасқан әдеттегі сана «тағдыр жазуы» деп мойын ұсына береміз. Демек, дүниеде әрбір заттың, істің, құбылыстың әуелден белгіленген өлшем-мөлшері

Page 180: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

бар, қаншама шараңнан асып-төгілемін дегеніңмен, сол бір шамада қала бермексің. Онда бул шама сол зат, іс, құбылыс пайда болғанда, оның генетикасына жазу бо­лып жазылатын болса керек. Мүмкін содан біз тағдыр жазуы дейтін шығармыз, мүмкін мұның өзге дәлелі бар шығар, мен өз түсінігімді ғана білдіріп отырмын.

Табиғаттары тылсым болғандықтан, біз Дін мен Тағдырды бірге қарастырамыз, сірә да, сонымыз дұрыс болар ма екен? Тағдыр діни ұғым болмаса ке­рек, діннің оны пайдалануы - өзге әңгіме. Мәні жағынан дін - сенімге негізделген, ал тағдыр - санаға сүйенетін феномен. Тағдыр деген таза сана. Ол идея түрінде мүмкіндік формасында өмір сүреді, оның іске асуы да, аспауы да екіталай. Тағдырды міндетті түрде орында- латын мүмкіндік деп фаталистік мәнде түсінсек, онда адам еркі қайда қалмақ. Адамның еркі де іске асуы бар мүмкіндік емес пе? Осы мәнде тағдырымен жанталасқа, яғни күреске түсетіндер де болатынын мойындамасқа болмайды. Әрине, бұл күресте тағдыр өз дегенін жасай­ды, жеңеді, бірақ оған қарсы харекет үлгісі қалады. Бұл адамға тағдырды жеңемін деген үміт отын жағатын қуат, онсыз көзсіз ерліктер, жанқиярлық харекеттер болмақ емес, себебі тағдыр тылсым болса, адам табиғаты да - тылсым. Сондықтан адам харекетінің түсінікті де, түсініксіз де жақтары бар. Соның біріне - оның өз Тағдырына қатысты санасы жатпақ. ,

МӘДЕНИЕТ

f ... абиғи жаратылмаған нәрсенің бәріч і j y мәдениетке жатады. Американдық ғалым

179

Page 181: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Дэниел Беллдің қоғамды мәдени құбылыс ретінде қарастыруының мәні бар. Қоғам деген адамдардың қолдан жасаған қағидаларының жиынтығы емес пе? Қоғам саналы түрде жүйеленген ілімдер негізінде өмір сүретін адамдардың топтасуы. Олай болса, қоғам да мәдени құбылыс, ал қоғамның реттеушісі - мемлекет те мәдени қүбылысқа жататынына еш таңқалуға болмай- ды. Олай болса, саясат та мәдениеттен тыс құбылыс емес. Мәдениетсіз саясат жеке субстанция бола ал- майды. Бұл зандылық, әсіресе, қоғам өміріндегі рухани қатынастардың молығып, күрделене бастаған кезінде мүлдем айқындалып, ашық білінеді.

Қоғам, Мемлекет, Саясат мәдениеттің басты-басты компоненттері деп қарастыру тың тақырып. Біздің аймақта (бұрынгы Кеңес Одағын айтамын - Ғ.Е.) мәдениет мәнін былайша түсіндіру болмаған, керісінше, мәдениет - қоғамның бір құрылымы (компоненті) ретінде айтылып келеді. Мемлекет лен саясат - мәдениеттен ауқымды ұғымдар болып қабылданады. Мәселеніңбұлайша қойылуыныңбасты себебі, қоғамды тап күресі арқылы талдауда болған. Болмысты таптық талдау, оның тұтастығын сақтамайды. Ал, мәдениет болса, болмыстың түтастығын білдіретін кең ұғым. Мәдениет деген түсінікке табиғаттан өзгенің бәрі енеді. Немесе мәдениет дегеніміз тікелей саналыққа, жеке адам еркіне қатысты деген қорытынды жасауға бола­ды. Бірақ, бүл жерде шешімі табылмайтын мынандай мәселе бас көтергелі тұр. Ол саналылық пен еркіндікке қатысты ма? Мәдениет - еркіндік пен саналылықтың өлшемі, жіктеушісі. Сонда мәдениеттің өлшемдік әрі шектеушілік қызметі қандай негізде жүзеге аспақ? Осы тұста мәдениет дегеніміз сыры бізге беймәлім құдіреттің керінісі ме деген ойға қаласың. Әрине, бұл

Page 182: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

жерде мен адам баласының өзін-өзі «тәрбиелеп», нені мәдениеттілік, нені ерсілік (зиянды) деп тани алатын қуатын, өзін-өзі меңгере алатын еркін жоққа шығара ал- маймын, бірақ осы істердің өлшемін мөлшерлеп берген кім, әлде не? Құдай ма, Тағдыр ма? Бүл сүрақты жау- апсыз қалдыра түрайық та, мына бір сүрақ төңірегінде ойланып көрелік. Ол - мәдениеттің мақсаты неде? Мақсаттың субъектісі адам ба? Құдай ма? Мәдениет адамға ма, жоқ әлде Жаратушыға қажет пе? Неміс философы Иммануил Кант «История природы ... на­чинается с добра, ибо она произведение божье: исто­рия свободы - со зла, ибо она дело рук человеческих»,- деген екен (Кант И. Трактаты и письма. М., 1980. С.50).

Адам еркіндігі дегеніміз - зүлымдықтың да, ізгіліктің де мумкіндігі... сондықтан мәдениетті қалыптағыдай мәдениеттілік деп, яғни жатымды мәнінде ғана қолдану теріс түсінік. Мәдениет пен зұлымдық тарихын бірге бастаған, демек мәдениет зұлымдыққа да, ізгілікке (добро) де бірдей қызмет атқарған. Тіптен тарихи көп сәттерде зұлымдылық мәдениет арқылы өріс алған. Сонда мәселе тағы да қайта айналып адам еркіндігіне соғады. Адам еркіндігінде зор мүмкіндік жатыр, онда зұлымдық та, ізгілік те epic алып кетуі өте ықтимал. Ал, осы іске асатын ықтимал құбылыс-істердің бәрі мәдениетке жатады. Адам еркіндігі мен мәдениет бірге, олар өзін не зұлымдық, не ізгілік түрінде көрсете ала- ды. Адам еркі екі қабаттан тұрады. Алғашқы адамға Жаратушы берген «еркі» (оны жануарларға қатысты мәнде «инстинкт» дейміз), бұның адам табиғатындағы көрінетін жері - нәпсіде. Нәпсі еркі - адамға Жаратушы берген еркі. Адамның нәпсіні толық меңгере алмауы да содан. Бұл ерік трансценденталдық мәнде. Адам

Page 183: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

182

нәпсіге тыйым саяып, меңгере алмағандықтан, соған сай мәдени істер атқаруға көшкен. Демек, нәпсінің өзі мәдениет объектісіне айналған. Жануарлар әлемінде нәпсі мәселесі тікелей тұқым қалдырушылықпен бай- ланысты өз үлесін тапқан. Ал адамның табиғи еркі (нәпсісі) пендесіне Жаратушы таза адамдық ерік бер- генде заңғар, шешімі жоқ мәселеге айналып сала береді. Алғашқы ерік адамның табиғатқа бағынуынан көрінсе, ендігі жерде адам еркі шектеусіз. Ол тіптен өзін жаратқанға да сенуге де, сенбеуге де ерікті. Адам еркі шексіз мүмкіндікке, өлшеусіз түсінікке ие болады. Бүл еркіндіктің өлшемі - адамшылық. Содан «адамшылық өзі не» деген бітпес талас басталып кетеді. Адамның адам туралы ойлануы жер бетіне сансыз мәселелерді жамыратты, адамды танудағы адасушылық басталды. Сондықтан біз қайшылық адамның өзінде демекпіз. Жүмақ та, тамүқ та адам харекетінде. Осы мәнде адамның өзі - мәдениеттің басты тұлғасы, әрі оның өлшемі. Адам, қоғам т.б. туралы ілімдердің бәрі де мәдени ізденістер, олар мәдениеттің феномендері. XX ғасырда кеп айтылған революция және контрреволю­ция деген үғымдар да тікелей мәдениетке қатысты. Ре­волюция дегеніміз - мәдениетті қирату, жаңа мәдениет құру (біздің елде пролетарлық, социалистік мәдениет қүрылған), ал контрреволюция - осы революциялық жолмен жасалған мәдениетті жою. Сонымен, адамныи еркі туғызған істің бәрін мәдениет дей отырып, оның екі жағын, яғни адамға қызмет ететін (ізгілік) және а д а м ға

қарсы (зұлымдық) мәнін білу керек. Бұл д и л е м м а н ы

лениншілдер таптық тұрғыдан оп-оңай шеше қойған. Мәдениетке таптық тұрғыдан емес, адам-затқа ортаҚ аксиологиялық елшемдермен, яғни зұлымдық пен ізгілік арқылы көзқарас қалыптастыру шындыққа сыйымды.

Page 184: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

т

Ж АРАТЫ ЛЫ С

^ У 3 / / ^ ^ а р а т ы л ы с туралы таным жаратылыс жаралып болған соң ғана басталған.

Жаратылысқа дейін білім болды ма? Адам-заттық елшеммен келсек, әрине, жоқ. Діни, мифтік саналардың өзі де жаратылыс жаралғаннан кейін басталған. Бұл шешімі жоқ онтологиялық мәселе туралы философия тарихында кім не айтпады. Бірақ соның бәрі іс біткен соң, яғни дүние жаралған соң айтылған.

Дүниенің басы туралы нақтылы мағлұмат жоқ және де ешқашан болмақ емес, бірақ топшылаулар көп. Ғалымдардың қарастырып жатқаны - жаратылыстың жаралғаннан кейінгі халі.

Жаратылыстың мақсаты ғылымдар объектісі емес. Ол мифтік сана үлесіне қалған. Сондықтан, ғылымның жаратылыс туралы аңыздарға сүйенбеске амалы қалмайды. Сол себептен ғылымдардың өзі де мифтік санадан арылған деп қорытынды жасау қиын. Себебі, жаратылыс аңыз бен ғылымның ортақ дүниесі. Жара­тылыс туралы аңызсыз әңгіме толық болмақ емес.

Жаратылыс деген не? Сөзде айтылып түрғандай, жаратылыс - жаралған болмыс. Сонда жаратылмаған болмыс болуы мүмкін бе? Жаралған болмыс бол­са, онда жаратылмаған болмыстың да болғаны ғой! Осы қисынмен кетсек, жаратылмаған болмыс - Жаратушының өзінен өзге ешкім де емес. Ислам дінінде Жаратушы есімі Алла, түркілерде Тәңірі болған.

Демек, қазақтар үшін Жаратушының қос есімі бар: Тәңір және Алла. Екеуі де абсолют, сонысымен бір- бірімен ұқсас, Тегінде осы ұқсастық негізінде, олардың т®гі біреу деген ой нысанасы бізге жарасымды түсінікке зйналып барады, себебі біздер тегі жағымыздан -

АДАМ-ЗАТ

I 183

Page 185: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

түркілер, діні жағынан мұсылмандармыз. Сондықтан да Тәңір мен Алла бір Жаратушының екі түрлі тарихи- мәдени кеңістікте аталған бір есімі емес пе деген ойға келеміз. Оған тарихи, мәдени және дүниетанымдық дәлелдер жеткілікті.

Қазақтың Жаратушыны мойындауында тек Алла, Тәңірі ғана емес, үшінші Құдай деген де түсінігі бар. Тілімізге парсыдан енген «Құдай» сөзі әбден өзіміздікі болып, сіңісті болған. Сонда қазақ сөз қолданысына орай Тәңір, Алла, Құдай деп айта береді. Сонымен бірге тілімізде Жаратушы-Ие деген де түсінік бар. «Ие» деген де - Жаратушының бір есімі. Сөзімізді әрі қарай жалғастырып айтсақ, бәрі жаратылғанда, неліктен жа­ратылыс заңдылығына бағынып, Жаратушының өзі де жаратылмаған. Дін жолымен келсек, бұл сөзімізде күпіршілік бар, яғни біз жаратылысты қойып, оны Жаратушының сырына қол сұғып отырмыз, бірақ оны білу адам болмысына берілмеген. Әйтсе де, пенделікпен дүниетанымға салып, Жаратушының бол- мысын да білгіміз келеді. Оған алғышарт бар, ол оның бізге мәлім болған есімдері, жоғарыда айтқан: Тәңір, Алла, Құдай...

ӨТІРІК

^ ^ т ір ік т і адамдар тек әншейін айтайын деп айт- ' — ^пайды, қажеттіліктен айтады. Сөз осындай

өтірік жайында. Сонда өтірік айту қажеттілік болғаны ма? Солай болуы ықтимал. Өтірік айту адамның қорғану механизмі іске қосылғанда қажеттілік болып табылады. Оны біреулер «дипломатия» десе, оның мемлекеттік

Page 186: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

деңгейдегі аталуы «идеология». Оны іске асырушы механизмдер көбінесе - ілімдер. Адам-зат баласы ойлап тапқан ілімнің дені өтірікке қурылған, соларды атап шығайын: утопиялық ілімдер, фашистік ілімдер, диктаторлық ілімдер, діни ілімдер, таптық ілім т.т.

Сонда өтіріксіз өмірдің болмағаны ма? Мүмкін. Тегі өмірдің өзі өтірік емес пе екен?! Ойланып көрелік. Адам баласы қай жасынан бастап өтірік айтуға төселіп ала- ды. Сәби кезде өтірік бола ма? Тіпті болса да бірден көрінеді. Бірден көрінетін нәрсені өтірік деуге бола ма?

Өмірде не көп - өтірік көп, олай болса, одан қалай арылмақпыз. Өмір болмысы өтірікке қүрылған, қысқаша қайырсақ, өтіріксіз өмір жоқ. Абай айтып еді, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» - деп, тегі өтіріксіз сез Алла сөзі боп, адам сөзі өтірікпен нәрленген бе? Осы пікірді не қүптап, не теріске шығару үшін ойланайық. Тегі өтірік айтпайтын жан бар ма? Бар болуы ықтимал, бірақ менің өз басым ондай адамды кездестіргем жоқ. Әдетте өтірік айтпаймын дегендер ілімге, идеологияға сенгіш келеді. Бұл да таң қаларлық іс. Өз пікірінде өтірікші емес, бірақ оның сеніп отырғаны негізінен - өтірік. Сонда өтірік айт­пайтын адам қайда?

Мәселе өте күрделі. Өтірік шайтандық па, періштелік пе? Шайтан адам туралы өтірік қүрастырып әуре болмай- ақ, оның әлсіздігін, кәмелетсіздігін, нәпсіқұмарлығын пайдалаланыл өз дегеніне жетіп жатыр. Періште бол­са адамнан шындықты жасыруда. Ол адамды әлсіз емес, мол қуаты бар деп мойындап, оған бас иген, иман келтірген. Онысын қалай түсінуге болады. Періштеміз солай болған соң, қалған жұрт не қылмақ.

Сонда өтірік дегеніміздің өзі не? Ол жалған сөйлеумен ғана анықтала ма? Жалған ғумырда не жалған емес. Өтіріктің негізі осы мәселеде емес пе?

Page 187: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

186

Егер адам жалған ғұмыр емес, мәңгілік ғүмыр кешсе етірік болар ма еді? Не деуге болады?!

Өткіншілік болғанда - өтірік болмақ. Бүгінгі шындық заман ауысса өтірікке айналды.

Өтірік дүниенің өзгерісіне қатысты болса, оның негізінде шындық бар. Өтірік шындықсыз болмайды. Онда өтірік шындықтың өлшемі не көрінісі болғаны ма?

Өтірік болмаса шындықтың сыры ашыла ма, жоқ па? Байқайсыз ба, сүрақ көп.

Шындықты етірік арқылы түсінсек не болғаны. Қазақ «өтіріктің өресі қысқа», - дейді, сірә, бұл өтіріктің шындықтан алыстап кеткендегі жағдайды білдіретін түсінік болса керек.

Әдеттегі мадақтың негізінде шірікжатқанын қалайша бүркемелеп қалмақпыз. Ислам дүниетанымында мадақтың бәрі Аллаға ғана, оның құлдарына мадақ жоқ. Адам баласы оған көнбеді, сөйтіп мадақтың өзіне қатысты неше түрін ойлап тапты.

Өтірікке сұраныс қандай қоғамда, заманда болма- сын үнемі болып тұрмақ. Саясат кеңістігінде мүмкін мен мүмкін еместі ажырату қиын. Мүмкіндік кеңістігінде өтірік пен шындық орын алмастырып жүре береді. Бәрі мақсатқа байланысты, мақсатқа жету үшін саясат бәріне бара бермек. Саяси мақсат шығынды есептеп жатпай- ды. Мысалы, социализмді құру үшін кім шығынды есеп- ке алды. Мақсат социализм құру еді, сол үшін милли- ондар (жер аударылды, қамалды, жазаланды, атылды) құрбан болды. Социализм жеңіске жетті, құрбандық «естен» шығарылды. Социализмнің гуманистік қоғам екендігі туралы өтірік философия қалыптасты. Оның есімі - диалектикалық және тарихи материализм бола­тын. Әлдененің теориялық негіздері жасала бастаса -

Page 188: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

ө т ір ік т ің ілімге айнала бастау қаупі барын аңғару қиын емес.

Теорияға құмарлық өтірік философиясының сан алу- ан түрін өмірге әкелді. Ілім жасауға ынтада, көбінесе, өтіріктің дүниетанымы бұғып жатады. Бар нәрсені айту- онтология, жоқ нәрсені оймен жасау - гносеология, қолдан құндылық жасау - аксиология, ойды болмыстан бөліп алып, жеке өзін талдау логика дейміз, осымыз рас па, өтірік пе?

Асылы, адам дегеніміздің өзі табиғатынан өтірікке құштар ма деп ойлаймын. Адамға ақиқат айту қиын істердің бірі. Ақиқатты көтеру қандай адамға болмасын ауыр. Ақиқаттың адамдардан алыстап жүргені жара- сымды сияқты. Немесе ақиқатты айтушылар мен оны қабылдай алатындардың аз болғаны дүрыстық па де­ген ойдамын. Адамға өзі көтеріп алып кете алмайтын ақиқаттың не керегі бар. Өтірік сияқты, ақиқат та у, ол да шамадан тыс болмауы қажет. Шамалы ақиқат емге дәрі, мелшерден тыс ол да - у.

Сондықтан болар табиғат өмірге ерлер мен эйел- затын қалай мөлшерлеп берсе, ақиқатты қажететушілер мен оны қажет етпейтіндерді дәл солай мөлшерлеп бере білген. Осы жағдайға сай өтірік пен шындық та өздерінің мүмкіндіктеріне орай қай заманда болмасын өріс тапқан.

Өтірік емес не нәрсе? Ол туралы ғұламалар айтқан, олар: жер, су, ауа, от, ай, күн, аспандағы сансыз жүлдыздар, өсімдік, хайуанат, адам-зат. Енді осылар туралы әңгімелердің бәрінде өтірік пен шындық аралас. Басқадай болуы да мүмкін емес. Мүмкіндіктің мүмкіндігі сол, оның адам санасынан тыс тапшылығында. Олай болса, өзің біліп болмайтын болмыс туралы өтірік айтпағанда не айтпақсың. Осы бір нәзік мәселені бады-

Page 189: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

райтып өтірік демей, біз ғыяым тіяінде: Символ, Аңыз, Ертегі, Дін, Философия, Өнер деп кете береміз, оның ішкі «бухгаятериясын» кім есептеп болмақ. Мұндай «бухгаятеряік есепшіяер» де бар, ояарды сыншыяар, теорияшыядар дейміз. Сояар айтып жатады, таядап жатады, шындықты ашып та жатады, сонымен бірге өтірікке өтірікті қосып та жатады. Бүл әдейі жасалмай- ды, мәсеяенің күрдеяігі соя, бүя - зандыяық. Демек, өтіріктің өз заңдыяығы бар, заңдыяық бояған соң оны ғыяымдар зерттейді. Ғыяымдар өтірікті де, шындықты да дәлелдейді, аргументтер ұсынады, қағидаяар жа­сайды. Амал қанша, мәселе солай!

Мен не рас, не өтірік екенін дәп анықтап бір тоқтамға келе алмай отырмын. Мәселе күрделі. XXI ғасырға аяқ басып отырғанда біз ең басты мәселе адам-заттың пай­да болуы туралы ақиқатқа жеттік пе? Мен ойлаймын, керісінше, адам-заттың пайда болуы туралы ақиқаттан алыстап бара жатқанға ұқсаймыз. Дарвинизм іліміне негізделген материалистік дүниетанымда адам-зат пайда болуы ап-анық еді, енді ол көмескіленіп «жалған ілімге» ауысып кетті. Сондағы шындық қайда? Биология ғалымдары әлі дарвинизм негізінде еңбек етіп жатыр. Қазіргі сана оны қабылдамау жағында. Сонда адам-зат туралы шындығы қайсы, жалғаны (өтірігі) қайсы?!

Осындай халге жеткенде ойлайсың, мәселені сон- шама жалаңаштамай, оны әлдебір көз тартар киімдерге киіндіріп қойсақ қайтер еді, бастарымызды қатырмай десең тағы да өтірікпен өзімізді алдағанымыз. Мүмкін солай етсек дұрыс болар ма екен деген ойға да келіп отырмын.

Page 190: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Қ¥ДІРЕТ

/"бай «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» де- ген, яғни «рас сөз» - ол Алланың сөзі. Соны­

мен, сөз таратушының сөзі және адамның сөзі болып анықталмақ. Алла сөзінің мәні - оның растығында, адам сөзініңмәні-оныңезгермелігінде. Болмысқа сайсөздер, яғни ұғым, түсініктер өзгереді. Бүл тәртіп дәстүрге ай- налып, дүниеге (адам-затқа) рас сөздің өзгермелі күйін жеткізбек болып талай нәби, пайғамбарлар келді. Бірақ адам-зат «рас сөздің» мәніне жетпей-ақ қойды. Болмыс біткенді мейлінше түсіндірмек болған маркстік-лениндік ілім өзінің дәрменсіздігін әлемге өте қысқа мерзімде танытып алды. Оған қарағанда әлемдік діни ілімдер әлдеқайда еміршең болып отыр. Сондықтан да не ба- рын, не жоғын ақылмен айғақтап беруге болмайтын Жаратушының растығын мойындамасқа амал жоқ. Жа­ратушы бар, оның болмысынан бізді хабардар ететін «құдірет» деген сез бар.

Бұл сөз, ұғым адамға қатысты айтылмаса керек. Құдіретті болу Жаратушыға лайық. Қандай болмасын қуатты жанның харекетін құдірет деп атай алмаймыз. Тарихта талай данышпан, ғүлама, хакімдер болды, он- дайлар бүгін де бар, ертең де болады. Алайда, оларды құдірет иесі деуге мүмкіндік жоқ. Өлшеулі ғұмыры бар, өлшеулі ақыл иесі - адам қүдіретті бола алмайды. Өз көзі тірісінде құдіреттімін деп сезінген хан, император, патшалар, тағы басқалар майы таусылып бірте-бірте сөнетін шырақтардай кәдімгі жұмыр басты пенделер сияқты дүниеден еткен. Құдіретті болса өлім құпиясын ашып, ғұмыр жүмбағын шешпей ме? Ғұмыр философи­ясын меңгеріп, жеріне жеткізген адам тарихта болмаған. Ол болмайды да. Құдіреттілік дегеніміздің езі өлшеусіз

Page 191: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

190

мүмкіндік болса керек-ті. Өлшеулі жерде қүдіреттілік жоқ, ол өлшенбейді.

Қазіргі ғылымда бұрын аксиомалық мәнде айты- лып жүрген теория, концепциялар бүгінде терістелуде. Соның бірі - дарвинизм ілімі. Демек, адамның пай­да болуы тағы да жұмбаққа айналды. Олай болса, адамның жаралуы немесе жер бетіндегі оның болмы­сы - Жаратушының біз сезіне алатын бірінші құдіреті. Мұны біз көбінесе «Алла әмірі» - деп атаймыз. Алланың әмірі - оның цұдіретінің адамдарға мәлім болған көрінісі. Алла әмірін адамдар жазу, тағдыр деген түсініктермен фаталистік мазмұнда қабылдайды. Кім білсін, тағдыр дегеніміздің өзі де Алла құдіретінің бір көрінісі (бізше, заңдылығы) емес пе екен? Себебі, тағдыр деген уғымды теріске, жоққа шығару мүмкін емес. Тағдырды жеңу - одан тыс салтанат құру деген адам үміті емес, шайтан ниеті. Осы тұста Жаратушының қүдіретініңекінші жағын аңғаруға болады. Ол Жаратушы өз құдіретімен адамға ерік берген. Құдай пендесіне ғұмыр бергенде, оның қол-аяғын байлап, тұсап адамның еркін, есін алмаған. Адамның еркіне де, есіне де еркіндік берген. Мен ойлай- мын, Алланың адамға берген тағдыры осы еркіндікте ме деп? Себебі, еркін адам есінен айрылып, ессіздікке кеп ұрынады. Тағдырды туғызатын - адамдардың осы ессіздігі.

Ессіз адам - Жаратушысын үмытқан жан. Оның ақы-лы, ғылымы адамдар үшін емес, оларға қарсы бағытталғанкүшкеайналады.Бұғанадам-затбаласының бүгінгі күйі айқын дәлел. Ғ ылым өз арнасынан шыққанда адам-заттыңтағдырына айналады. Сондықтан да адам­дар құдайы берген еркіндікті меңгере алатын жағдайда болуы шарт. Бұл Жаратушының құдіретін мойындайтын сананы талап етеді.

Page 192: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Жаратылысында пенделік басым адамның Жаратушысының қүдіретін сезінуі екіталай іс.

ДӘРУІШ

^ Г ^ /^ а з а к , эпостарында, батырлар жырларында,— ^Я^ғаш ықтық дастандарында «дәруіш» деген

үғым жиі кездеседі. «Мың бір түн» хикаяларында дәруіш -басты кейіпкер. Демек, қазақ дүниетанымына дәруіш деген түсінік сіңісті болған. Бұл түсінік түркі тілдес халықтар түрмысына ислам діні, нақтырақ айтсақ, су­физм арқылы енген. Түркі мәдениетінде дәп дәруіш деген болмаған, бірақ оған үқсас түсінктер (ол туралы кейінірек айтамыз) орын алған. Сондықтан дәруіш ту­ралы сөз бастағанда мәселе сопылыі< дүниетанымға, яғни ислам философиясына тіреледі.

Исламның діни философиясында ағымдар көп, бірақ соның ішіндегі суфизм Орта Азия мен Қазақстанда кең тараған. Біз бұл жерде аса көрнеюі сопы Құл Қожа Ахмет Иассауи есімін құрметпен еске аламыз. Қасиетті Түркістан Қазақстандағы суфизмнің астанасы, алайда суфизм қазақ топырағындағы өзінше кеңістік тапқан (бұл мәселені суфизмді арнайы сөз қылганда толық ба- яндаймыз).

Дәруіш деген өз бетімен жүрген адам емес, ол бір қауымның мүшесі, арнайы дайындыкіан өткен жан. Оның басты қызметі - зікір айту. Зікір деген міндетті түрде поэтикалық формаға түскен, өз мақамы бар діни философиялық шығарма. Зікір айту сопылық дүниетанымға тән. Зікір дегенді қарапайым тілмен айтсақ, дұға өлеңдеседе болады. Дәруіш зікір айтқанда,

Page 193: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

ол өз «менін» үмытып, өзгеше күйге түседі, осындай сәтті қүдаймен сүхбаттасу деп түсінген. Зікір салу - үлкен өнер, ол үшін табиғи дарын, мол білім қажет. Мы­салы, Қожа Ахмет Иассауи хикметтерін қазақ арасын- да зікір етіп айтатын болған. Хикмет айтушылардың өз мақамы бар. Иассауидің Мухаммед пайғамбар туралы хикметі нағыз дүға өлеңнің үлгісі:

Он сегіз мың ғаламға даңқы шыққан Мухаммед.Отыз үш мың сахабаға басшы болған Мухаммед.. Жалаңаштар мен аштарға қанағат болған Мухаммед Кемтарлық көрген үмбетке шапағат болған

Мұхаммед.Түнде жатып көз ілмей тілейтуғын Мухаммед.

; Ғарып пенен жетімге қүрмет қылған Мухаммед. Жолдан азған күнәһарға қамқор болған Мухаммед. Күні түссе әркімге пана болған Мухаммед.Абужаһил да бу Лаһапқа саясатшыл Мухаммед.Көңіл кірін жуатын сау-саламат Мухаммед.Намаз, ораза тутқанға рахымы мол Мухаммед. ' : Тынбай теспі тартқанға ілтипатшыл Мухаммед. Малғүндығын шайтанның әшкере еткен Мухаммед;- Шариғаттың жолына жердем еткен Мухаммед. Тариқатқа бастаушы, адал болған Мухаммед. Хақиқаттың ақ жолын бастап берген Мухаммед. Жамандыққа жақсылық жасайтуғын Мухаммед. Ынсап берген залымға даңқы шыққан Мухаммед. Сәжде қылып иіліп, жалбарынған Мухаммед. * Дүғалары қабыл боп, қанағат еткен Мухаммед. ' Бес уақыт намазға имандық еткен Мухаммед. Миғраж асыл болғанда қудіретті керген Мухаммед ‘ і; ; Ғарсы-күрсі базарына қамқор болған Мухаммед. Сегіз пейіш бәріне ие болған Мухаммед.

Page 194: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Міскін Ахмет қүлына мура болған Мухаммед.Жетім, пақыр, ғарыпқа пана болған Мухаммед.

(Қожа Ахмет Иассауи. Диуани хикмет.

'' Алматы, 1993. 57 -59-66.).

Осындай дүға өлеңді (зікірді) жан-тәнімен айтушы дәруіштерді халық қастерлеп, әулие деп те атаған. Дәруіштер екі түрлі болған. Біреулері ел кезіп зікір салып, өздерін жоқшылықпен азапқа салса, екінші біреулері шейх басқаратын қауымдастықта қызмет еткен.

Дәруіштер - ғашық жандар. Сондықтан олардың айтатындары да ғашықтық туралы. Олар Алланың ди- дарына ғашық. Дәруіштердің ғашықтығы - олардың дүниетанымы, оларда отбасы, үй, меншік дегендер болмайды, олар нағыз тақуалар.

Ертеде сопыдан біреу дәруіш кім деп сүрағанда, ол: «Дәруішті бір өзеннің үш арнасымен салыстыруға бола­ды. Олар: өзін-өзі меңгеру, нәпсіні тыю, жан жомарттығы; Алладан өзгеге мойын үсынбаушылық», - деген екен. Сұрақ беруші сүрағын қайталап: «Сіз дәруіш деп кімді айтар едіңіз», - депті. Сонда сопы оған: «Ол дүние қызығы туралы еш ықыласы жоқ жан», - деген жауап қайырыпты. Осы әңгімені естіп тұрған шейх дәруіш ту­ралы мынандай пікір білдірген: «Дәруіштің жүрегінде түйткіп жоқ. Ол көсіліп сөйлейді, бірақ сөзі жоқ; ол бәрін көреді, бірақ көргені жоқ; ол естиді, бірақ естігені жоқ; ол тамақ ішеді, бірақ оның дәмін білмейді, онда беймазалықта, қанағаттықта, қайғы да, қуаныш та жоқ. Міне, дәруіш дегеніміз осы» (Бертельс Е.Э. Суфизм и суфийская литература. М., «Наука», 1965. С.254).

Суфизмдегі дәруіштің бейнесі, міне, осындай. Ол дүние қызығынан безінген жан, шейхтің айтқаны дәлел. Ол сөйлейді, бірақ сөзі жоқ дейтіні дәруіштің

Page 195: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

сөзі ешкімге ауыртпашылық, қасірет әкелмейді. Дәруіш біздер сияқты өзінің сөзін тыңдатқызам деп әуре бол­майтын адам. Егер оны ешкім тыңдамаса, оған налып қам жемейді. Оның жүрегінде түйкі жоқ дегеніміз содан. Дәруіш бір қолайсыз нәрсені көріп қалса, оны көрдім деп жар салмайды. Сондықтан шейх дәруіш туралы бәрін көреді, бірақ көргені жоқ деген қорытынды жасаған.

Дәруішболужеңіл шаруаемес.Олүшінөтеұзақуақыт дене және ой тәрбиесімен жаттығу қажет. Оның үстінде бірер ғана киім, қолында таяқ, оны қазақтар аса-таяқ дел кеткен. Біз суфизм, дәруіш туралы айтқанда қазақ тұрмысындағы болған сопыларды да ұмытпауымыз ке­рек. Сопы деген суфизмді насихаттаушы адам. Нағыз сопылар қазақ өмірінде көп болмаған. Сопы дегеніміз- тақуалық жолына түскен жан. Сопы мен дәруіштің айырмашылықтарынан ұқсастықтары мол. Сопы дәруіш сияқты ел кезіп жүрмеуі мүмкін. Дәруіш болса көбінесе ел кезуші, тұрағы жоқ жан. Бүл дәруіштің сопыдан бір ерекшелігі. Екіншіден, сопы шариғатты қатал сақтаушы, аса діндар адам. Дәруіш болса алдына ондай мақсат қоймаған, қайғыны да, қуанышты да сезбейтін өзгеше жан. Әдеби шығармалардан «сопы» дегеннің кейде жағымсыз мәнде қолданылғанын кездестіруге болады. Мысалы, Шәкәрімнің мынандай өлең шумағына назар аударайық:

, Таспық. сәлде, жайнамәз.Тастамасақ қыс пен жаз. , - й і,;Жүрегің болса тайғақ баз, і; », , , і;Сопысынып қылма наз, - . > -і ,

(Шәкәрім. А., Жалын. 118-6.)

дегенде әңгіме «сопы» туралы емес, сопышылықтуралы болып отыр. «Сопы» бар және «сопышылық» деген бар.

Page 196: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Қазақтар нағыз сопыны «әулие» деп қабылдаған. Мыса­лы, Қожа Ахмет Иассауи сондай ғұлама. Сопылыққа еш дайындығы, қабілеті жоқ адамдардың әрекеті Шәкәрім айтқан сопышылдыққа бастайды. Сопы болу үшін жүректі тазалап, нәпсіні меңгеру қажет. Ондай істерден арылмай, сопы болу мүмкін емес. Әл-Бирунидің айту- ынша, сопы гректің данышпан деген сөзі болса керек, демек әрбір сопы - ойшыл, дана адам. Сопы болу үшін адам терт сатыны мойындауы керек:

1. Шариғат 3. Марифат2. Тариқат 4. ХақиқатӘлемдік діндер тарихына көз жіберсек, осы дәруіш

сияқты қүбылыстар әр дінде, әр заманда, әр елдерде кездеседі. Мысалы, дәруіштік құрудың әр тілдегі мынан- дай атаулары бар: абдал немесе бадал, саих, захид, каландар, салих, факир, вакиф, хаватат (әйел дәруіш), факират (әйел дәруіш), ата, баба, деде, архат, бхикшу.

Бір қызықты жағдай, осы атаулардың кейбіреулері жер, су, тау-тас атауларына айналған. Мысалы, Семей облысында «Архат» деген тау бар. Архат санскрит, яғни көне үнді тілінде дәруіш, әулие деген ұғымды білдіреді. Сонда Архат тауы мен көне үнділік Архаттың (дәруіштің) қандай байланысы бар. Бұл шешуін іздейтін - жүмбақ.

Архатқа қарағанда дәруіш пен қазақ дүниетанымын- да үш үғым, атап айтқанда, әулие, ата, баба сәйкестеу келеді. Әулиелік қазаққа араб діні және философия- сымен енген құбылыс. Әулие әуел бастан дінге (ис­лам дініне) қатысты қолданылған ұғым. Бірақ көшпелі кең қолтық қазақ әулиені данышпан, дана мәнінде де қолдана береді. Бұл мәнде әулие «хакім» деген ұғыммен шамалас.

«Әулие» деген ұғым, әсіресе, Түркістанда, Маңғыстауда, Семейде өте жиі кездеседі. Мысалы,

Page 197: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

196

Тараздың бір аты - Әуяие Ата. Семей обяысы, Абай ау- данында «Қоңыр Әуяие» деген үңгір, ая оның қасында «Қыз Әуяие» деген шағын тау бар. Ояардың неге осы- яайша атаяғаны тураяы аңыз-әңгімеяер ея ішінде умыт бояған.

Қазақтар қасиетті адамды «абыз» деп те атаған. Мысаяы, М.Әуезовтің «Еңпік - Кебек» пьесасында Нысан-абыз деген кейіпкерді жергіяікті хаяық «әуяие» деп те атайды. Тегі, «Нысан» оя кісінің азан шақырып қойған аты болмаса керек. Қазақ ерекше адамдарды «нысаналы жан» деген. Ал, «абыз» - «дана» дегеннің синонимі. Сонда «нысан» мен «абыз» мәндес уғымдар. Сейте тура Нысан-абыз әулие десек, май устіне май жағу. Бірақ дуниетанымдық мәнде оның еш өрескелдігі де жоқ. Біз тек сез мәнісіне орай айтып отырмыз. Алай- да, парсының дәруіш деген сөзіне қарағанда қазаққа нысан, абыз, әулие деген ұғымдар сіңісті болған.

Дуниетанымымызда әулиемен қатар, кейде бірге қолданылатын үлкен мәнге ие болған ұғым бар, ол - ата.

Біз қазақ лексикасында атаны мынандай мәндерінде қолданамыз. Біріншіден, Ата дегеніміз - әкеміздің әкесі. Екіншіден, келіннің қайын атасы, күйеудің қайын атасы, үшіншіден айтсақ, ол қадірлі қарт адам, төртіншіден, шежіреге қатысты айтылатын ата тарату мәселесі, бесіншіден, туған жерге байланысты айтылатын түсінік- «ата жұрт». Бұл ата туралы бүгінгі күнгі түсінігіміз. Ал XII ғасырларда (бәлкім одан да ертеректе) «ата» деп әулие, қасиетті адамдарды, дәруіштерді де атаған. Мы­салы, Әулие-Ата, Шекшек-Ата, ІІІопан-Ата, Қамбар-Ата, немесе халқымыздың мәдени тарихында Бақырғани ата, Хакім ата, Сүлеймен ата делінді.

Page 198: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Әулиенің тағы бір синонимі «баба» деген ұғым. Қазіргі қазақ тілінде баба атамыздың әкесі немесе арғы тегімізді білдіретін ұғым. Ал, осы «баба» деген суфизмде дәруіш деген мағынаны береді. Суфизмді терең зерттеген ағылшын ғалымы Дж.С. Тримингэм өзінің «Исламдағы суфистік ордендер» деген еңбегінде «баба» деген дәруіштің түркі тіліндегі баламасы, дін насихатшысы, ақылшы, ойшыл адам деп қорытынды жасаған. Шынында да, халқымыздың дүниетанымында «баба» туралы түсініктер мол-ақ. Мысалы, Қыпшақ- қараханидтер дәуіріндегі (ІХ-ХІІ ғғ.) баба түкті Шаш- ты Әзіз немесе Арслан баба, Зеңгі баба т.б. Баба да сопылық философияга қатысты пайда болған ұғым болуы кәміл. Кене түркі жазуларында эулие, ата, баба деген ұғымдар жоқ. Мұның бәрі ислам дінімен және мәдениетімен енген түсініктер.

Сонымен қатар дәруіштер діни философия, діни по­эзия насихатшылары. Мүндай тақуалар дәруіштерден ілгеріде де болған. Әр елдің, әр діннің тақуалары бар. Сопылық дүниетаным шеңберіндегі тақуаларды пар­сы тілінде дәруіштер десе, қазақ топырағында сопы, әулие, ата, баба, абыз деген ұғымдармен атаган. Эрине, бұлардың дәруіш деген түсінікпен дәлме-дәл келетін түстары көп, сонымен бірге өзгешеліктері де жоқ емес. Сірә, олардың мәні нақтылы уақытта, нақтылы іске бай- ланысты қолдануларымен айқындалса керек.

Page 199: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

198

ШАМАНИЗМ

Әулие білгіш айтты деп, Жазылган талай қате квп.

Шәкәрім.

Т/^-азақ халқында «шаман» деген сөз де,' O S «шаманизм» деген тел түсінік те жоқ.

Осы ата/туралы сез сөйлеушілердің бәрі, неге екенін қайдам, Д.Банзаровтың 1848 жылы жарық көрген «Моңғолдардың қара діні немесе шамандық» деген кітабын негізге алады. Кітап атауына көз жіберсек, шаманизм моңғолдардың қара діні. Сонда моңғолдар дінінің қазақтарга қандай қатысы бар?! Меніңше, муның бірнеше себептері болуы керек, соның екеуіне ғана тоқталайын.

Біріншіден, еуропалық, нақтырақ айтсақ, орыс ғылымы үшін моңғолдар мен қазақтардың көп өзгешелігі жоқ деп саналды. Сондықтан, моңғолдарда шамандар болса, неліктен қазақтарда болмады. Екіншіден, Шоқан Уәлихановтың 1862 жылы жазған «Қазақстандағы шаманизм қалдығы» деген еңбегі бар, осы еңбекпен танысқан ғалымдар, зерттеушілер шамандық қазақтарда Шоқан бар деп тұр ғой деген жеңіл түсінікке бой ұрған. Олар Шоқанның бұл еңбекті қай заманда, кімдер үшін, неліктен жазғанын ескерме- ген. Мақаланыңатынан көрініп тұрғандай, Шоқан Банза- ровпен бірден келіспейді. Банзаров болса шамандықты моңғолдың қара діні десе, Шоқан қазақтардағы шамандықтың қалдығы дейді. Одан әрі Шоқан еңбегіне зер сала оқыған адам, оның шамандықты дін ретінде қабылдамағандығын бірден аңғарады. Мақала былай басталады: «Қазақтар туралы барлық зерттеушілердің

Page 200: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

айтуынша да, барлық географиялық нұсқауларда да қазақтар - мүсылмандар, бірақ шамандық ырым, сенімді де үстайды. Олар мұсылман дініне табынумен қоса шамандық нанымдарға да иланады. Бүл пікірлер шындыққа келеді, дегенмен, олардың шамандығы (бақсылығы) неден түрады? Бірақ, өкінішке орай, қазақ арасындағы шамандық, бақсылық жөнінде әртүрлі мерзімде басылымдарда мақалалар жарық көргенімен, осы жай туралы әлі күнге дейін ешкім егжей-тегжейіне жетіп жазган емес. Жалпы шамандық дін ретінде дін ілімі тарихынан әлі арнайы зерттелмеген тақырып болып саналады» (Қазақ бақсы-балгерлері. Алматы, 1993. 8-6 .).

Шоқан бүл мақаласында нендей мәселелерді айтып отыр. Біріншіден, қазақтар туралы ресми нұсқауларда оларды мұсылман деп санайтындығы. «Бірақ, - дейді Шоқан - қазақтарда шамандық ырымдар бар», мұны айтып отырған қазақ зерттеушілері емес, бізді сырт- тан келіп айтқан зерттеушілер сөзі. Демек, мұның бәрі қазақтар туралы XIX ғасырдағы жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми түсініктер. Мәселе сонда, осы біздер туралы ғылыми түсініктер кезінде дұрыс қалыптасты ма, жоқ па? Егер көзге шығып тұрған этностың аталуын «қырғыз» деп қате атаса, оның тұрмысын, дүниетанымын олар қалай ғылыми негізде танымақ. Халық туралы басты түсінік теріс болып тұр. Мұны ІІІоқан баса айтып отыр. Ол орысша мақаласын «қырғыз туралы барлық зерттеушілер ...» деп бастай- Ды.

Екіншіден, ІІІоқан «қырғыздарда шамандық наным- дар бары шындыққа келеді», - дейді. Себебі, Шоқан сол заманның түсінігімен, сол заманның ғылыми тілімен сөйлеп отыр, оныңүстінде, мақала орыстілінде

Page 201: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

200

жазылған, демек оның ойы сол заман ғылымының контексінде болуы керек. Шынындада, Банзаровайтқан шамандық істерге қазақ турмысында уқсас көріністер бар. Оны Шоқан бақсылықдейді. Ғалымныңосы пікіріне сүйеніп, зерттеушілер шамандық пен бақсылықты сино­ним ретінде қарастыруда. Бул теріс түсінік, әрі Шоқанды жете түсінбегендік. Ғалым шамандық пен бақсылықтың үқсастығын мойындай келіп: «дегенмен, олардың шамандығы (бақсылығы) неден тұрады?» деп мәселені сұраққа айналдырды емес пе? Шоқан «қазақтардың шамандығы неде?» деген сұраққа жауап іздеп отыр. Жауап жоқ. Ол «қазақтардың шамандығы туралы әлі күнге дейін ешкім егжей-тегжейіне жетіп жазған емес»- дейді. Осы істі Шоқан өкінішпен айтады. Әрине, сол заманда Шоқан біз сияқты шаманизм қазақтарда жоқ десе, ол қисынға сыйымсыз іс болар еді. Оны Шоқан өзі мойындап: «шаманизм діні әлі күнге дейін зерттелме- ген тақырып», - дейді.

Сонымен, қазақтардағы шаманизм туралы күдігін Шоқан ашық айтқан. Ол сонымен бірге Банзаровтың еңбегі туралы да әділ сын айтқан.

«Банзаров в основных положениях о шаманстве, по нашему мнению, судит не совсем верно, или лучше сказать, не понимает всю идею о шаманстве» (аудар- масы сапасыз болғандықтан, түпнұсқасын көлтіріп отырмыз. - Ғ.Е.).

Шаманизм туралы әдебиеттерді оқып отырып, бұл түсінікбілместіктен туған еуропоцентристікұғым екеніне көзіміз жете бастады. Мен білместік дегенде түркі- қазақ мәдени кеңістігі туралы айтып отырмын. Кезінде Д.Банзаров айтқан моңғол тұрмысындағы шаманизмді мен мүлдем қарастырмаймын. Ол халықтың тұрмысын білмеймін, білмегендіктен еш нәрсе айта да алмаймын.

Page 202: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

іҮІеніңайтпағым, қазақтұрмысы, санасы, дүниетанымы, әдет-ғұрпы турасында.

Қазақта бақсылық бары рас. Бақсыны шаман де- сек қателесеміз, себебі бақсы дінге қатысты емес, ол балгер, емші, қазіргі тілмен айтсақ, дәрігер. Қазақта бақсылықты дін деп қарамайды. Оның табиғаты бөлек. Бақсылық жалпылама құбылыс емес, бақсылық кез келген адамның қолынан келе бермейді. Осы мәселе жөнінде академик Әлкей Марғұлан былай деген: «Бақсы тылсым дарыған білгіш, оның ой-санасы езгелерден ерекше тұрады, өзі ақын, езі музыкант әрі дәрігер бола­ды. Бүл қасиеттердің барлығы Қорқытта болған қасиет. Қазақтар бұл атақты, ескі жырауларды бақсы дейді, моңғолша - үйретуші, үйғырша - бітікші, түркімендер- бақшы деп өздерінің ақын-жырауларын айтады. Қазақ арасында әрбір кісі бақсы бола бермейді».

Бақсылар туралы Әбубәкір Диваев та толық түсініктеме берген. «Бақсы сезі шағатай тілінде емші, тәуіп, көріпкел, сиқыршы деген мағынаны білдіретін бақшы сөзінен тарайды. Қырғыздар кебінесе ауру- сырқауды емдеушіні, құдіретті рухпен байланысы бар, оған әмірін жүргізе алатын жандарды бақсы деп атай- ды».

«Қазақ халық әдебиеті» деген мақаласында Халел Досмұхамедұлы «Емшілердің басты өкілі - қолына дом- быра не қобыз ұстаған қазақ бақсысы», - деген.

Сонда бақсылық дегеніміздің басты арнасы - емшілік. Ал бақсы деген сөздің этимологиясына келсек, ол туралы маман-лингвистер анықтар, біздің айтары- мыз, В.Бартольд пікіріне сүйенсек, бхикшу деген ұғым моңғол мемлекеттерінде «бахиш» деп аталып, ол іс жүргізуші (чиновник) қызметінде болған.

Page 203: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

202

Қазақ тұрмысындағы бақсылар емшілік қызмет атқарған. Олар дін тарату ісімен мүлдем шұғылданбаған, олардың өз «құдайы?>, өз «пайғамбары» болмаған. Бірақ бақсылар тарихи-мәдени кеңістіктегі болып жатқан діни, ғылыми т.б. жайларды мүмкіндігінше қабылдап, бойлары- на сіңціріп отырған. Олай болмаса, олар заман ағымынан қалып қоюлары сөзсіз. Сондықтан бақсылықтан біз Тәңір дінінің қалдығын (отқа, суға, жерге табыну сияқтылар), одан кейін буддизмнің зор ықпалын, әсіресе, Тибет мәдениеті және медицинасы арқылы келген оның бір түрі ламанизм әсерін көреміз. Бертін келе ислам дінінің, анығырак, айтсақ, сопылық дүниетаным әсері болған. Қазақ бақсылары зікір салатын. Ал, зікір салу суфизм- мен келген құбылыс. Мысалы, науқас адам-ды емдеу сәттерінде бақсының экстазға түсіп, өзін-өзі ұмытып зікір салуында буддизмнің де, суфизмнің де элементтері бар. Бақсыныңөзін-өзі ұмытып, дүниемен тұтасыл кету дәстүрі болғаны таңқалатын ерекше іс емес. Әрине, дүниеге көзқарасы материалистік, атеистік түрғыда қалыптасқан адамға бұл сөздердің салмағы жоқ. Ал дүние тек менің ғана түсінігім емес, ол тылсым сыры өзіндегі болмыс дейтіндерге бақсы әрекеті түсінікті. Әрине, әр заттың өзі бар да, көлеңкесі бар. Сол сияқты қазақта нағыз бақсы және бақсысымақтар да болған. Қазақ түрмысын зерт- теуге келгендер солардың қайсысына кездескенін де анықтау қиын. Бақсыларда гипноз (сиқыр) болғаны анық. Қазіргі «көз бояушылар» да біздіңхалықтыңарасында жиі кездескен. Ал оларды халық бақсы дей берген. Бірақ бұл дін емес, діни сенім, жеке адамдар әрекеті. Сондықтан қазақтың бақсылығы мен шаманизмнің ұқсастығы түйе мен түйеқұстың ұқсастығындай.

Бақсылық дегенде тағы бір ескерілетін мәселе, ол дүниенің тылсымдығы туралы әңгіме. Бақсы - мистик.

Page 204: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Ол өзі түсінбейтін, бірақ сезінетін тылсым күштері бар. Оны біз адам мен космостың байланысы делік, адам мен Жаратушы арасындағы аян берушілік делік, қалай болғанда да жай адам сезіне алмайтын істерді бақсы сезген. Мысалы, қасқыр қатты қиналғанда неге айға қарап ұлиды. Осы сияқты біз ақылмен түсіндіре алмай­тын істерді бақсының сезінуі әбден ықтимал.

Бақсының буддизмге қатысты болуы ғажап емес. Буддизм Шығыс Түркістанға біздің жыл санауымызға дейінгі II ғасырда тарай бастаған. Шығыс Түркістандағы Дакмашил қаласында буддизм ілімінің, дінінің асқан білгірі Кумараджива (344-313 жж.) дүниеге келді. Оны буддизм дініндегі «төрт күннің» бірі деп атаған. Бүл кез- де Шығыс Түркістан Индияның Маурья мемлекетінің ыцпалында болса керек. Сондықтан бүл жерге үнді буддизмі кеңінен тарады (қараңыз: «Вопросы истории и культуры уйгуров». Алматы «Наука», 1987. С. 726- 129).

Бақсылык қай діннің арнасына қалыгітасса да, оның қазақ тұрмысындағы қызметі емшілікпен анықталады. Емшілік дегенді қазіргі мәніндей емес, кеңірек түсінуіміз керек. Бақсы сөзбен, дәрімен, сиқырмен адамның өз- езінің бойындағы қасиетімен емдеген. Науқасты осы­лай емдеу дәстүрі Тибет мәдениетінің өте үздік тарихи ескерткіші «ЧЖУДШИ» кітабында бар...

Осы кітап ортағасырлық Тибет медицинасы кезінде түркі халықтарына тараған. Мұндай еңбекпен таныс болып, оны әрі емдік тәжірибеде қолданушыларды бақсы деп атау да орынды болғанға ұқсайды. Мұнда белгілі заңдылық бар, егер де қандай болсын іс уақыт озған сайын толығып, толысып отырмаса, ол нашар- лап, тозып кетуі де ықтимал. Тибет медицинасы түркі халықтарының мәдениетінде кезінде орын алғанмен,

203

Page 205: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОДЛА ЕСІМ

ислам діні, әрі мәдениеті оны аластатуы әбден занды. Себебі, Тибет медицинасының ар жағында буддизм философиясы әрі діні түр. Олай болса, Тибет медици- насы буддизмді насихаттаушы қүралға айналғанын да жоққа шығармауымыз керек. Сол себепті Тибет меди- цинасына исламдық түсінік қайшы келді. Күні кешеге дейін бақсылықты ислам қабылдамады. Тіптен қазақ бақсылары зікір салуға көшкенімен, опары исламға жат құбылыс деп анықталды. Осындай жағдайда, әрине, бақсылық өз деңгейін төмендетіп алғаны анық. Бақсы туралы Қазақ кеңес энциклопедиясында мынан- дай түсінік берілген: «Бақсы - жеке басының пайдасы үшін надандық пен қараңғылықты уағыздайтын, надан халықты алдап, қағып-соғып, өтірік ем жасайтын кісі» (ҚСЭ. 2-т., 111-6.).

Бақсы туралы мұндай түсінікпен келісуге болмай- ды. Бақсы-балгерлер туралы «Ана тілі» баспасынан 1993 жылы шыққан «Қазақтың бақсы-балгерлері» деген хрестоматиялық кітапты ұсынамыз. Кітапты қүрастырушылар қазақтың біраз бақсылары туралы нақтылы деректер келтірген. Бірақ бұл жинақта да ша­манизм мен бақсылық ажыратылмаған.

Сонымен, менің айтарым, шаманизм бір белек, бақсылық бір белек әңгіме. Алғашқының барлығына, шындығына күмән бар да, ал бақсылықты тарихи- мәдени құбылыс ретінде мойындап, оны зерттеуіміз қажет.

Шаманизм әлемдік деңгейде ғылымда мықты орын теппеген ұғым. Мысалы, Философиялық Энциклопедиялық сөздікте шаманизм туралы сез жоқ. Ал «Мифы народов мира» деген энциклопедияда «Ша­манская мифология» деген мақала бар (қараңыз: 2-т. С.638). Бұл мақала шаманизм табиғатын ашпаған.

Page 206: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Онда шаманизм барлық халықтар түрмысында кездеседі деген пікір айтыла отырып, оған мысалдар- ды Сібір халықтары өмірінен келтірген. Осы мақаланы біздің кейбір зерттеушілеріміз негізге алып, қазақ фольклорынан шаманизмді іздеуде. Айталық, «Алпа- мыс» жырындағы мыстан кемпірді - «шаманка» деп түсіндіру.

Шаманизм туралы теріс пікір таратқан еңбектің бірі С.А. Токаревтің «Ранние формы религии» (М., 1990) деген кітабы. Мұнда шаманизм туралы арнайы бөлім (С.266-292) бар, бірақ адалын айту керек, С.А. Тока­рев шаман туралы кеп сөздер айта келіп, шын сырын ашқан. «Шаманство не принадлежит к числу самых ранних форм религии. У народов средней ступени оно находится как бы в стадии зарождения» (С.278).

Демек, шаманизм тағылықтың орташа баспалда- ғында тұрған халықтарда пайда болған. Ал, «Ал- памыс батыр» жыры қалайша тағылықтың орташа баспалдағында тұрмақ? Олай болса, Гомердің «Ил- лиадасы» мен «Одиссеясы» да тағылықтың орташа баспалдағында тұрған дүниелер. Токаревтің айтып отырғаны ғылыми түсінік емес, ол еуропоцентристік тұрғыда айтылған сөз сарқыншағы.

Шаманизмнің дін еместігі жайында С.Токарев те мойындайды. «Формирование шаманских верований и обрядов происходило при наличии уже вполне сло­жившихся в сознании человека представлений о сверх- естественном» (С.278).

Рас, шаманизм дін емес. Кезінде Банзаров қате айтқан. Егер шаманизм дін болса, оның ез құдайы неме­се пайғамбары болуы керек еді. Тарихта Шаман деген не құдай, не пайғамбар болған жоқ. Біз көне діндерден, яғни Қазақстан жерінде тарағандардан зороастризмді,

Page 207: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

206

манихизмді білеміз, себебі Заратуштра және Мани дегендер болған. Олар туралы тарихи мәліметтер баршылық. Одан бергіде христиан, ислам діндері бол­ды. Христиан дінінің құдайы Христос, исламда құдай есімі Алла, пайғамбары - Мухаммед. Сонымен бірге жоғарыда айттық, қазақжерінде буддизмнің де ықпалы болған, бүл діннің негізін салушы да тарихи адам. Қазақтардың ең көне діні Тәңір деген ат-үстілі айтылған пікір бар, бұл дін болса, оның құдайы, пайғамбары қайда, ол дүрысында натуралистік мәндегі дүниетаным. Бақсылар осы Тәңіршіліктен де біраз нәрселер алған.

Шаманизмнің дін еместігін кезінде айтқан зерттеушілер болған. Мысалы, Д.Я. Самоквасов бы­лай деген: «Шаманство не есть вера или религия, но действие частное», яғни халықтық медицина сияқты іс (қараңыз: Самоквасов Д. Сборник обычного права Си­бирских инородцев. Варшава, 1876. С.218). Ал С.П. Тол- стов деген ғалымның пікірі өте маңызды, ол шамандық дегеніміз буддизмнің әсері әрі соның қалдығы дейді (қараңыз: Толстое С.П. Основные теоретические проблемы современной советской этнографии / / Со­ветск. Этнография. 1960. №6. С. 17).

Шоқанның шаманизмнің бақсылыққа ұқсас деуіндегі негіз - осы шаманның да, бақсының да негізгі қызметі емшілікте. Әуелбек Қоңыратбаевтың бақсылықта зоро­астризм, манихизм іздері бар деуі, ол шаманизм мани- хизмнен туған деуінде бір нысана бар (Ә. Қоңыратбаев. Қазақ эпосы және түркология. А, 1987. 181-182- бб.). Себебі, бақсылыққа ұқсас көрініс Батыс Еуропа елдерінде болған, ондайлар көбінесе әйелдер болған, оларды сиқыршылар деп қатты жазалап, немесе отқа өртеп отырған. Бұл «сиқыршылар» көбінесе манихизмді насихаттаушылар, кейінірек суфизмнің әсерінде де бо-

Page 208: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

лушылар болған. Шын мәнінде Еуропаға буддизмді де таратушылар манихистер, кейінірек суфистер болатын. Еуропа елдеріне манихизм де, суфизм де таза күйінде жетпеген, оларға буддизмнің әсері болған, әсіресе, Ти­бет медицинасының дүниетанымының ықпалы айтулы еді.

Қорыта айтқанда, шаманизм деген дін жоқ, дүниеде бар діндер туралы жоғарыда айттық, ал шаманизм осы діндердің синкретизмінен туған, қолдан жасалған түсінік. Шаманизм қазақтың бақсысының синонимі емес пе дегенге келеек, айтарымыз, егер ана тілінде «бақсы», «бақсылық» деген ұғымдар болса, бізге «шаман», «ша­манизм» дегендердің не қажеті бар?!

Себебі, бақсыльщ әр қазаққа түсінікті, ол тұрмысы- мызда болған, әлі де бар көрініс.

Әрине, медициналық ғылым жан-жақты жетілген қазіргі заманда бақсылыққа орын тар. Оның үстіне бойында ерекше қасиеті бар жандар оқи келе сауат- ты емші немесе цирк өнерінің маманы сияқты арнайы қызметтер атқаруда. Ал кейбір өз өнерін жетілдірмей «бақсылыққа», «балгерлікке»салынатындарқазіртолып кетті. Олардың қайсысы шын, қайсысы көзбояушылық екенін айыру да жеңіл емес. Сондықтан бақсылық мәселесі әлі күн тәртібінен түскен жоқ...

РЕНЕССАНС

Ч^т~)енессанс туралы сез кеп болғанымен, ғылымда, әсіресе қоғамдық ғылымда жүйелі

Қалыптасқан үғым жоқ. Ренессанс табиғатын қандай ғьілым немесе білім саласы арнайы зерттейтінін де

Page 209: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

208

ҒАРИФОд д а есім

айыру қиын. Әзірше Ренессанс өнерге, эстетикаға қатысты мәнде молынан қолданылуда. Ал мәселенің түп қазығына үңілсек, Ренессанс дегеніміз өркениеттің айшықты бір заңцылығы, олай болса, ол алдымен философиялық ұғым ретінде бетпердесін ашуы қажет. Олай дейтініміз, елімізде тұңғыш рет жарық көрген ай- тулы философиялық энциклопедиялық (Москва, 1988 жыл) сөздікте «Ренессанс» деген мақала жоқ. Демек, ол философиялық ұғымдар санатына енбеген деген сөз. «Ренессанс» деген мақала Үлкен Совет Энцикло- педиясында бар. Біздің ҚСЭ-ы оны орысшадан түп- тура қазақшаға тәржімалаған. «Ренессанс (франц. Renaissanse - қайта өркендеу дәуірі) - Батыс және Орталық Еуропаның бірқатар елдерінде орта ғасыр мәдениетінен жаңа заман мәдениетіне етудің дамулы кезеңін сипаттайтын дәуір атауы» (БСЭ. Т.22., С.11.; ҚСЭ. 9-т., 467-6.).

Осы анықтама-сөздік мазмұнына ой жіберейікші. Ренессанс, сонымен, Батыс және Орталық Еуропаның бірқатар елдерінде ғана болған дәуірді анықтайтын үғым болып шықты. Ренессансқа осындай өлшеммен келеек, ол тек әншейін бір регионалдық, қайталанбас құбылыс болып қана қалады. Біршама басылымдар- да, мақала, зерттеу еңбектерінде Ренессансты осылай түсініп те жүргендер аз емес.

Ренессанс табиғатын тану мақсатында, оның синонимі ретінде қолданылып жүрген «қайта өркендеу» («Возрождение») деген ұғымға назар аударған жөн. Жоғарыда айтылған энциклопедияларда оған мынан- дай түсініктеме берілген. «Қайта еркендеу дәуірі, Ренес­санс - Батыс және Орталық Еуропа елдері мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі (Италияда шамамен 14-16

Page 210: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

f-асырлар, басқа елдөрде 15-16 ғасырлардың соңы). Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің негізгі ерекшеліктері- шынайылық, гуманистік дүниетаным, көне мәдени мұраларға ден қою, оны қайта «көркейту» (бұл термин байырғы итальян суретшісі әрі тарихшы Дж. Вазаридің «Өмір суреттерінде» (1550) айтылған), ол ғылымда 18 ғасырдан бастап қалыптасты» (БСЭ. Т.5., С.271; ҚСЭ. Т.6., 404-6.).

Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің мәні феодализм- нен жаңа заманға өтерде антикалық мәдениетке қайта оралуымен анықталып отыр. Бүл, әрине, антикалық мәдениетті тек қайталап көшіру емес, оның өміршең гуманистік идеяларын жаңа жетіліп, өрбіп келе жатқан қоғамдық қатынастарға орай қолдану, антикалық гуманизмін феодализм идеологиясына қарсы қою. Сондықтан да бұл тенденцияны жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазияның қолдануы заңды еді. Бірақ буржуазия идеологтары Ренессанс идеяларын фео- дализмге қарсы рухани күш ретінде ғана пайдала- нып қана қойған жоқ, олар өндіргіш күштер жетілуі қажеттілігіне сай үйлесімді келетін қоғамдық сана фор­масы ретінде қабылдады. Бұл жерде басын ашып ай- татын жай, Ренессанстық сана екі қоғамдық сана, екі мәдени үрдістің сабақтастығынан, үйлесімдігінен туған. Олар антикалық дәуір санасы мен феодализмнен жаңа Заманға бет бұрған дәуірдің санасы еді.

Ренессанс хақында сөздіктер мен энциклопедия- ларда берілмеген тың мағлұматтарды философ әрі филолог А.Ф. Лосевтің «Эстетика Возрождения» деген еңбегінен кездестірдік. «Термин «Ренессанс» в точном смысле относится лишь к Италии XV-XVI вв.» - дей келіп, былай деген қорытынды жасайды: «Возрож- Денцами стали себя называть себя сами же итапьян-

Page 211: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

210

цы эпохи Ренессанса, ничего не знавшие о подобных эпохах в других странах, слишком преувеличивавшие стеснительные рамки средневековья и ослепленные предшествовавшей ему античной культурой. Вопреки этому необходимо сказать, что Ренессанс оказывается, был решительно везде, в разные эпохи, с разным со­держанием, хотя далеко не всегда превосходил своей культурой, культуры Средневековья и Возрожденче­ской Италии.

Из этого следует вывод: в той или иной форме, пусть хотя бы и очень кратко, но возрожденческие явления в других культурах, кроме западной, во всяком случае должны быть нами учтены. Правда во всех ренессан- сах древневосточных культур была своя специфика, сформулировать которую ученые тоже еще не могут с полной точностью. То, что сделано или может быть сделано в настоящее время, в кратчайшей форме мы постараемся наметить, чтобы не ограничиваться одной Европой, одним Западом» (Лосев А.Ф. Эстетика Воз­рождения. М., «Мысль», 1982. С.15-16).

Ренессанс мәселесі әлі даулы екенін жоғарыда айттық. Ал дау туғызбайтын жай - Ренессанс тек Ита­лия немесе Батыс Еуропа елдеріне ғана қатысты емес, ондай рухани құбылыс өзге аймақтарда, елдерде бо- латыны туралы пікір. Бірақ Ренессанс тек антикалық енерге немесе оның жаңа заманға сай қайта тыныс алып, өркендеуі деген сез тек Италияға жэне езге Ба­тыс Еуропа елдеріне қатысты айтылатын мэселе болса керек.

Ренессансты тек Батысқа ғана тән құбылыс емес, ондай дәуірлер Шығыс елдерінде де болған деген концепцияның пионерлерінің бірі академик Н.И. Кон­рад. Енді осы кісінің пікіріне назар аударалық.

Page 212: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

а д а м - зат

1963 жылы КСРО Ғылым академиясы баспасы- нан профессор В.К. Чалоянның «Армян Ренессансы» деген еңбегі жарық көрді. Осы кітаптың редакциясын басқарған, соңғы сөзін жазған академик Н.И. Конрад болатын. Кітаптың соңғы сөзінде ғалым өте қүнды пікірлерін ортаға салған. «Мысль о Ренессансе на Вос­токе возникла у наших исследователей сравнительно недавно и появилась она, естественно, прежде всего у ученых самих восточных стран, в данном случае - Стран Советского Востока. В 1947 году Ш.И. Нуцубидзе в работе «Руставели и Восточный Ренессанс» загово­рил о времени великого грузинского поэта, то есть о ХІІ-ХПІ вв., как о Грузинском Ренессансе. В 1948 году И.Джавахишвили в своей «Истории Грузии» предста­вил историческую действительность Грузии в XII в. как картину аналогичную той, которую в Европе назвали Ренессансом ...

«В средние века в исторической науке» пишущий эти строки высказал мысль о возможности находить эпоху, аналогичную той, которую в истории Италии на­звали «Возрождением» и в истории некоторых народов Востока: Китая - в VII-XII и Среднего Востока (Средняя Азия, Иран, Северо-Западная Индия) - в ІХ-ХІІ вв. В 1961 году в статье «Алишер Навои и проблема Ренес­санса в восточных литературах» об этом же, примени­тельно к истории народов среднего Востока, писал В.М. Жирмунский. Таким образом, вопрос о возможности на­ходить в истории тех или иных народов Востока эпоху, по своему культурному содержанию и месту в общеис­торическом процессе аналогичную тому, что называли «эпохой Возрождения» в истории Европы, уже встал и поставлен он достаточно обоснованно. Это впол­не понятно: вопрос в сущности, поставлен не столько

Page 213: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

отдельными учеными, сколько самой исторической наукой» (Чалоян В.К. Армянский Ренессанс. М.: Изда­тельство АН СССР, 1963. С. 160. Послесловие акад. Н.И. Конрада). Н.И. Конрадтың түжырымынша, Ренес­санс тарихи-мәдени заңдылық «... мы придем к заклю­чению, что этап, названный в истории Италии «Эпохой Возрождения», является принадлежностью не толь­ко истории Италии, но и истории всякого народа, об­ладающего длительной, непрерывно развивающейся, богато культурным содержанием исторической жизни, что это, следовательно, не «частный случай», а общая историческая закономерность» (сонда, С.63).

Шығыс елдеріндегі қайта өрлеу заманы туралы ғалым Адам Мец «Мұсылман Ренессансы» деген еңбегінде жан-жақты талдау жасаған.

Қайта өрлеу заманының бірден көзге түсетін, басты ерекшелігі - ол антикалық мәдениетке жаңа тарихи- әлеуметтік Ортада қайта оралу. Антикалық мәдениет болса Батыс, Оңтүстік Еуропа елдеріне екі жолмен барды: бірі Византия арқылы болса, екіншісі арабтар арқылы. Сөйтіп, Батыс Ренессансы жалғасы іспетті де- уге әбден болады. Бұл жөнінде Н.И. Конрад нақтылап айтқан: «Ренессанс Восточный как трансформация ан­тичной культуры был раньше, чем стран Западной Ев­ропы. Даже можно сказать, что Западно-Европейский Ренссанс обязан Восточному» (Ол да сонда, С.199).

Себепсіз құбылыс жоқ, Н.И. Конрадтың пікірлерінің тарихи негіздері бар. Бір кезде адам-зат баласының ақыл-ойының бесігі болған Рим, әсіресе, оның Шығыс бөлігі (Византия) өз мінезін өзгертті. Оның императо­ры Зенон 489 жылы Эдесса мектебін, Юстиниан 529 жылы Александрия мен Афина Академияларын жа- уып, ғалымдарды қуғынға салды. Сөйтіп, бұл емірден

Page 214: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

бақ қайтты, құт қашты. Көршілес Парсы мемлекеті цуғынға түскен грек ғалымдарын құшақ жая қарсы алды. Парсы шахы Ануширван (531-573) Гундешапур қаласында таратылған Афиндік Академиясын қалпына келтірді. Бертін келе парсылар ислам дінін қабылдап, Бағдад халифатына бағынған кезде де осы дәстүрден айырылған жоқ. Оның үстіне Бағдад халифы әл-Мамун Бағдадта «аудармашылар» Үйін құрып, оған жер- жерден оқымысты, ғалымдар жинап араб тіліне Гален, Гиппократ, Евклид, Архимед, Птоломей т.б. еңбектерін аудара бастады. Халиф аудармашылар алдына негізгі мақсат етіп грек философтарын аударуды қойған. Ау­дармашылар бүл жүмыстарды жоғарғы қарқынмен орындап шықты. Сөйтіп, арабтар Ренессанс дәуірін туғызды. Осы білім, сана бірте-бірте Еуропаға жайыл- ды. Сөйтіп, Еуропа Аристотель философиясын әуел баста арабтар арқылы таныды. Арабтардың Еуропаның жетілуіне тигізген шешуші әсері туралы кезінде И.Г. Гер- дер «Идеи к философии истории человечества» деген еңбегінде кептеген мағлұматтар келтірген. Соңғы кезде бүл мэселе туралы ашық айтқандардың бірі - Рене Ге- нон. Ол өзінің «Влияние исламской цивилизации на Ев­ропу» деген еңбегінде «История со всей очевидностью установила, что греческая наука и философия дошла до европейцев через мусульманских посредников. Ина­че говоря, духовное наследие эллинов было восприня­то Европой лишь после того, как его серьезнейшим об­разом изучили и усвоили на Ближнем Востоке, не будь исламских ученых и философов, европейцы еще долго пребывали бы в полном незнании этого наследия, а мо­жет быть, так и никогда и не познакомились бы с ним» (Вопросы философии, 1991. №4. С.94).

Page 215: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

214

Рене Генон тым қаттырақ та айтып жібергеніне ұқсайды. Бүкіл Еуропаның мәдени тағдыры жөнінде үзілді-кесілді пікір айтуға бола қоймас, бірақ Шығыс Ренессансының Батысқа қарағанда бұрынырақ бол­таны шындық. Еуропа тікелей эллиндермен байланысты емес, ортасында араб-парсы мәдениеті жатыр, оны Рене Генон бір сөзбен ислам мәдениеті деп атаған. Жоғарыда айтылған пікірлерді қысқаша қорытындыласақ, Ренес­санс дегеніміз тек Батыс Еуропа мәдениетіне, өнеріне, рухани өміріне ғана қатысты құбылыс емес, ол көптеген елдер мен халықтар тарихында кездесетін мәдени- тарихи жағдай. Сондықтан Армян, Грузин Ренессансы, Түрік Ренессансы немесе оны Науаи, Абай есімдерімен атауға әбден орынды. Мен «Сана болмысының» бірінші кітабындағы «Абай және Ренессанс» деген мақалада қазақ Ренессансына қатысты ойларды білдіргем. Әрине, Ренессанс туралы айта да, жаза беруге болады, бірақ бұл жерде басы ашылмаған бір мэселе бар, ол Ренессанс деген ұғымның біз әлі мэдени-тарихи феномен ретінде философиялық мәнін аша алған жоқпыз. Оған кедергі болған екі нәрсе болды, бірі бүкіл адам-зат мәдениетін қолдан «Батыс» және «Шығыс» деп бөлшектеп, олар­ды біріне-бірін қарсы цоюшылық болса, екіншіден, біз мәдениет тарихын зерттеуде методологиялық негіз етіп маркстік-лениндік қоғамдық экономикалық формация- лар ілімін алып, «базис» және «қондырма» деген жалаң түсініктер ырқында болдық. Бүл түсініктер шындықты перделеп, бар нәрсені объективті ғылыми негізінде тануға бөгет болды. Сірә, Ренессанс мәселесін зерттеу­де өркениеттік нышандарды негізге алған дұрысырақ болар, бұл мәселенің бір жағы, екіншіден, өркениеттік мәселенің езі кебінесе діни санаға қатысты, ол арнайы сез болатын тақырып.

Page 216: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

РИЗЫ Қ-ХА Л А Л

/«уф изм н ің үш ұғымы: хапал, харам және ризық\ J барлық сопылар еңбегінде міндетті түрде

талқыға түседі. Демек, не арам не адал; не жақсы не жа­ман; не зүлымдық не ізгілік, не жақсылық не жамандық деген мэселе. Халал мен харамды айыру жеңіл іс емес. Олар бірінің орнына бірі жүре бермек, әсіресе харам халал болып көріне береді. Сонымен бірге ха- лалды харам деу де жиі кездеседі. Сондьщтан халал мен харамды ажырату үшін суфистер ризық-халал деген ұғым енгізген. Бүл ұғымның мәнісіне тоқталсақ, халалдың өзі ризық, яғни ризық іс - халал. Ал, ризықты беруші Жаратушы, демек халал мен харамды айыру- шы да сол Жаратушы. Істі мелшерлеп, оны анықтап, нақты нарқын білдіруші - Жаратушы (құдай). Бұл жал- пы түсінік. Себебі, Жаратушы ризық-халалды мүмкіндік ретінде үсынған. Мүмкіндікті іске асырушы адам, міне, осы сәтте, яғни мүмкіндікті шындыққа айналдырмақ болғанда адамның адасушылығы басталмақ. Адам - пенде не біліп, не білмей, не жағдай, тұрмысқа орай харамдыққа түспек. Осыған орай, ол өзіне күнә артпақ. Күнәлі болу жеке адамның тек өз басына ғана қатысты іс емес. Екі жағдайда жеке адамның күнәлі болмауға шамасы жетпейді: біріншісі, өз табиғи болмысы нәпсісін толық меңгеруге, екіншіден, түрмыс тәртібіне орай адамға жасалатын бөгде қысым күштерге. Сондықтан осы жайларға қатысты болған күнәлар мен ерікті жасалған күнәлардың салмағы әр түрлі.

Ризық-халал адамға Жаратушы берген мүмкіндігі болғанда, ол таза мүмкіндік емес. Жаратушы ризық- халалды адамға харам істен сақтандыру үшін берген, әйтпегенде оған әбден белгілі жай әрбір жанның пенде

215

Page 217: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

екендігі, оның дүние кірімен міндетті әрі қажетті түрде кірленетіндігі. Адам періште емес, ол жерге тән қасиетті «топырақтан» жаратылған. Періште болса, тек нұрдан жаратылған. Періштеде күнә жоқ, күнәһар періште шайтанға айналған. Шайтанның шайтандығы оның адамға жақындығымен анықталмақ. Солай бола тұра шайтан адамға бірден қарсы шықты, неліктен дейсіз ғой, ол адам табиғатының кемістігін сезді, өзінен кемге бас имейтінін білдірді. Бұл қарсылық Алла әміріне емес, адам болмысындағы болатын талай айуандықтарға қарсы наразылық еді. Шайтанның адамға бас имеуі - оны сақтандыру еді. Адам өсіп-өне келе шайтандықтан асып түсетін харам істерге бара бастады. Лермонтов пен Абайдың «Мұңпы шайтан құдайдың қуған жаны», - деуі сондықтан да болса керек.

Шайтанның басты кәсібі Жаратушы пендесіне бер­ген ризық-халалына қол сұғу, сөйтіп адамды адамшылық жолдан тайдыру, шайтан адамға оппозициялық күш. Шайтан мен адам арасындағы «күрес» әділетті. Адам періштемен бірге шайтандықты жеңсе, тіптен жақсы, әсіресе, ол шайтан үшін тиімді, себебі адам ез табиғатын жойып алмайды. Ал, егер адам адам болудан қалса шайтанға еш epic қалмай, оның өзі шайтан ретінде жойылып кетпек. Шайтан өзіне қарсы харекеттер күшті болса ғана қуатына енбек. Адамның адамшылығы кең epic алғанда шайтан қауіпті, ал егер, керісінше, адам адамшылықтан айрылып, өзі тұп-тура шайтандыққа түссе де қауіпті, себебі адамның өзі шайтан болса, байғұс шайтан не іс қылмақ?

Адамшылықты сақтап қалу үшін жаратқан жіберген ризық-халалды тану қажет. Сол үшін адам-зат баласы- на Дін, Сана, Ақыл, Қайрат және Жаратушысын ыстық сезіммен сезіне алатын - жүрек керек.

Page 218: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

ҚҮДАЙ МЕН ПАЙҒАМБАР ТУРАЛЫ

1 айса пайғамбардың туған күнінен бас- тап жыл санауға көшкен журттар үшін

XX ғасыр сарқылып, құпиясын ішіне сақтап, келесі XXI ғасыр келді. Тарихқа зер салған кісіге XX ғасырдың ба- сталуы мен аяқталуында бір ұқсастық бар. Ол ғасыр басындағы дінге деген ынта мен ғасыр соңындағы халықтың тағы да дінге ден қоюы.

Ғасырбасындағыдінгеынтакеле-келеадамайтқысыз дау-дамайға түсіп, Ресей империясында атеизм күшіне енді. Мешіт, шіркеу сияқты діни мекемелер қаратылды, діни басшы, қызметкерлер жойылды. Лениннің дін бас- шылары енді қайтып бас кетермейтін болсын деген нұсқауы орындалды. Мұның бәрі - өткен іс. Енді, міне, дін мәселесі ғасыр басында тағы да ересен бой көрсете бастады. Мұның арты немен тынарын бір құдайдан басқа кім білсін? Бірақ атеизмнің енді бұрынғыдай қайта қаһарына міне алмайтыны анық. Зиялы қауым дінге либералдық көзқарас танытуда, сірә, осы діни ли­берализм осы ғасыр қоғамдық санасының принципіне айналар деген ойдамын, өйткені дінге қатысты өзге көзқарастардыңбәрі әлеуметтіктәжірибеде орын алған, олар өздерінің жағымды да, жағымсыз да жақтарын көрсеткен. Зерделі жанға әлемдік діни тәжірибеден мол ғибраттар алуға мүмкіндік мол.

Дін - мәдениеттің басты қазығы. Мұндай жағдайда ізденістің бір формасы ретінде атеизм де өмір сүре береді. Бірақ, зиялы оқу орындарында діни насихатта, керісінше, құдайға қарсы шығушылық (атеизм) та орын алмауы керек. Мұндай істер тек діни оқу орындары мен таза идеологиялық мақсаттағы мекемелерде ғана жүргізілуі шарт.

217

Page 219: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

218

Осындай жалпы түсініктен кейін біздің (қазақтардың) Құдай мен пайғамбар туралы бүгінде білдіріп жүрген ойларына тоқталайын.

Қазіргі заманда дін қайта оралып, мәдени өміріміздің бір арнасына айналып келеді. Сондықтан біз не дінді қадірлейік, не атеистік пікірде болайық, бірақ өзімізді мәдениеттіміз деп мойындасақ, құдай мен пайғамбар туралы байқап сөйлеген жөн, себебі үй артында кісі бар. Мұсылмандар үшін құдай мен пайғамбар қасиетті ұғымдар, тіптен шариғат қалпын бүлжытпай орындап жүрмесе де, өздерін дәстүрлі мұсылмандар деп санай- тындар да, бұл ұғымдарға шаңтүскенін қаламайды. Осы дәстүрді Абай берік ұстанған, оның құдай, пайғамбар туралы жеңіл-желпі айтқан сөзі жоқ. Біз де діндар болмағанымызбен, мұсылмандық мәдениетке ортақ ұғымдарға ізеттілік білдірсек, ол да өркениеттіліктің бір белгісі емес пе?

Қазақ басылым беттерінде соңғы кездері құдай мен пайғамбар туралы жиі жазылып жүр. Бұл дұрыс та шығар, бірақ сөздің айтылар өз реті барын да естен шығармаған жен. Мысалы, мынандай өлең жолдарына назар аударсақ:

да. Болса егер Алаш үшін Абай - Құдай, | >M'j%! Апаштың баласы үшін - Пайғамбарсың. , -„со-

' Ақын пайғамбарсыңдеп қасиетті Мұхтар Әуезовті ай­тып отыр. Мүмкін поэзия үшін образдылық тұрғысынан осылай айтуға да болар, бірақ қалай дегенмен құдай деп есімін айтқан соң, ол - Құдай. Ал, Абайды құдай деу - ақынға жасалған қиянат. Абай кәдімгі әке-шешесі бар, туған, дүниеден қайтқан, жылы белгілі - пенде, Алланың нұры түсіп, санасы сәулеленген дана, хакім.

Page 220: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

а д а м - зат

Бар болғаны осы. Осы түсінікпен келеек, Абайдың кемеңгерлігі еш кемімейді. Қасиетті Мүхтарды да пайғамбар деудің еш қажеті жоқ. Ол да дана, даныш- пан, хакім, ол да Жаратушының ерекше ықыласына бөленген жан, құдайдың қүлы, пенде. Қүдай мен пайғамбарды жекешелендіріп, тек Апаш үшін қолдану, сірә да, дұрыс бола қоймас. Бұл дін исламға ортақ болғандықтан, біздер біле бермейтін, қыр-сыры мол мистикалық (тылсымдылық) ұғымдар. Сірә, адам бала­сы құдай дегенді ешқашан танып, біліп болмас. Себебі, Жаратушы құпиясы тек өзіне мәлім. Біз осыдан асып ешнәрсе айта алмаймыз. Біздің біліп, не сезіне алаты- нымыз Жаратушының (Алланың) сипаттары ғана, оның езінде адамға білуге, сезінуге «рұқсат» етілгендері тура­лы ғана әлденелер айтпақпыз. Жаратушы бізге өзін та- нуды емес, өзі жаратқан мына дүниені, ғаламды тануға мүмкіндік берген. Жаратылған жаратылысты тану жаратқанға бастайтын жол. Адам осы жолда. Алайда, адам пенделік жасап кей кезде не ақылы, не арманы жетпейтін істі де білгісі келіп әуре-сарсаңға түседі. Ол үшін адамды жазғыруға да болмас, ол да Жаратушының жаратқан, өз болмысының бір сипаты.

Адам Жаратушысына аса ынтық. Осы сезім, әсіресе, поэзияда айқын көрінеді. Иассауи өзхикметтерін поэзия түрінде қалдырғаны соның куәсі. Біздің ақындардың Абайды қүдайға теңей беруіндегі себептің бірі, осы по­эзия құдіретінде болса керек. Сонымен бірге реті кел- ген сез болған соң айта кетейін, поэзия тек ақындар тілі емес, ол Жаратушы тілі. Ақындықты адамға Жаратушы берген. Ақындыққа адамды үйретуге болмайды. «Өлең сездің патшасы», сондықтан ақын ерекше жаратылған жан болғандықтан, оның бойында да тылсымдық болмысқажақындықмол, бірақсонда да Абайды қүдайға

Page 221: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

шендестірмей, адам баласына үйлесімді теңеулер табу- әрине, ғанибет.

Пайғамбар дегенге келсек, әрине, ол адам, демек адамға қатысты істердің бәрі оның басынан табылады. Бұл мәселеде данышпан мен пайғамбарды теңестіруге болады, бірақ мақсат өзгеше. Дана, данышпан таным жолындағы - адам, пайғамбар - сенім жолындағы жан. Бұл - бір. Екіншіден, пайғамбарлық қалап алынатын шаруа емес, ол Жаратушы өзінің сүйікті бір құлына, пендесіне берген ерекше қасиет. Үшіншіден, пайғамбар заман болмысын өзгерте алатын сана ұсынатын ерекше адам. Қоғам өміріндегі салт-сананы түбегейлі езгертуді мақсат тұтқан әрі өзгерткен адамды пайғамбар дейміз. Төртіншіден, пайғамбардың сыры да адамға емес, Ал- ласына (Жаратушысына) ғана белгілі құпия.

Қай дін болмасын, жалпы қүдай (Бог), пайғамбар (пророк) деген ұғымдарды қастерлеп, қасиет түтқанымыз өзімізді-өзіміз сыйлағандық болар деген түсініктемін. Абай айтқандай, бір Жаратушының бары хақ, оған бастайтын жолдар (діндер, сенімдер) көп. Мәдениетті адам сол жолға түскен адамдардың ғұрып, салт-санасын құрметтеуді парыз деп үқса керек.

ислам әлемге тарап үлгерген. Алғыр хан мұсылман мәдениетінің қарқынды өсіп-өнуін назарынан тыс қалдырмаған. Дәл осындай халді Әбілғазы өзінің «Көне түркілер шежіресі» деген еңбегінде былай деп баян ет-

ҚАЖЫЛЫҚ

ыңғыс хан мұсылман болған деген та­рихта дерек жоқ, бірақ оның тұсында

Page 222: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

кен: «Завоеватель страны Чингиз хан послал от себя к жителям Бухары человека с приказом: «Пришлите ко мне кого-нибудь из ученых мулл; я хочу кое о чем спро­сить его». Бухарцы посылали к нему кадия, по имени Эшрефа, и одного ваиза (проповедника). Чингиз хан спросил их: «Что значит ваше имя: мусульмане?». Они отвечали: «Слово «мусульмане» значит: «раб Божий». Господь один, он ни с чем не имеет сходства, не имеет вида. Чингиз хан сказал: «И я знаю, что бог один». Они дальше говорили: «Был пророк - посланник Божий; Всевышний Господь присылал его для того, чтобы ра­бом своим дать повеления и запрещения». Чингиз хан одобрил эти слова. Потом говорили они: «Каждоднев­но совершая пятивременную молитву, мы тем самым совершаем служение Богу». Это он так же похвалил. «В продолжении одиннадцати месяцев мы едим, когда только хотим: но в один месяц мы не вкушаем пищу днем, а едим только ночью». И это он почел хорошим. Потом они говорили: «Есть город Мекка: туда мы ходим, если позволяют силы, на поклонение Богу». Чингиз хан не одобрил этого и сказал: «Весь мир есть обитель Бога: зачем ходить для этого в одно только место!» По­сле того Чингиз-хан отпустил их от себя. Граждане и сановники Бухары просили себе у хана тарханного яр­лыка, и хан благосклонно пожаловал народу тарханный ярлык» (М., 1996. С.78).

Бұдан шығатын екі түрлі қорытынды бар. Бірі, Шыңғыс ханның мүсылмандыққа оң көзімен қарағаны, олай болмағанда арнайы кісі алдырып әңгіме жасамас еді, әрі Бұхара жұртына арнайы жарлық бермес те еді. Мүның бәрі мұсылмандыққа хан дүниетанымындағы сұраныстың болуы, сірә, оның себебі Шыңғыс ханның түркі жүртына жақындығы болса керек. Шыңғыс ханның

Page 223: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

222

құдайдыңбіреу екенін білем деп отырғаны, оныңТәңірді құдай ретінде біреу дегеннен шыққанға ұқсайды. Оның үстіне Шыңғыс ханның тәрбиесінде түркілік дәстүр де болғанын ескерген жөн.

Шыңғыс ханның ислам өкілдерімен кездесуі дүниеден өтерінің алдында ғана болған, яғни мұндай әңгімеге өмірлік тәжірибе қажеттілігі де әкеліп отыр.

ЕкіншідеқШыңғысханисламныңбарқағидаларымен келісіп, соңғы қажылыққа наразылықбілдіргені. Енді осы мәселе туралы ойланып көрелік. Шыңғысхан қажылыққа неге қарсы болған? Оның айтуынша, құдай жалғыз және ол бар әлемге ортақ, демек оған қүлшылықты қай жерде жасасаң да, дін жолынан шықпайсың. Рас. Құлшылық жасау үшін арнайы орынның аса қажеті жоқ. Мәселе тек ғибадатта, ниетте, насихатта. Дін - сана болғандықтан, оған насихат керек, сол себепті мешіт, медресе, қажылық керек. Денсаулық көтерсе, таза, адал тапқан қаражат болса, қажылық, әрине, дүние кірінен арылу сапары. Алайда, Шыңғыс хан пікірінде бір қисын бар, қажылық мұсылмандықтың ең басты шарты емес. Ал қазіргі Қазақстан жағдайында қажылықты мүсылмандықтың басты шарты жасаушылық бар. Ол қайдан шыққан нәрсе? Қажылыққа барып келіп мүсылман болмай, сірә, сол сапарға дейін мұсылман болған ақылға сыйымды болар. Қажылыққа барып келіп тәуба келтіру де дұрыс шығар, бірақ үйде отбасында отырып мұсылман болса, яғни жарнамасыз, қарапайым түрде... Кәміл мүсылман қарапайымдылықты талап ететіні де ертеден белгілі.

Таңқаларлық іс, Шынғыс хан құдайдың бір, пайғамбарадың хақ екенін теріс демеген, оразаны да ұнатқан, бес уақыт намазды да құп көрген, ал қажылықтың мәніне шек келтірген. Біз Шыңғыс ханға ұқсамайтын сияқтымыз.

Page 224: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

МАЛҒ¥НДЫҚ

ожа Ахмет Иассауи 1067-ші хикметінде: ^^«М ал ғұнд ы ғы н шайтанның жария еткен

Мухаммад» (173-6.) деген.Мен «малғұн» деген сөздің төркініне жете алмай

жүр едім, Иассауидің мына түсініктемесінен кейін мәселе айқындала бастады. Сонымен, «малғұн» және «малғұндық» бар екен. Малғұн деген түсінік- шайтанның бір есімі. «Шайтан малғұн ноқта салмай мінді достар» (173-6.). Ал, малғұндық шайтанның әрекеті. Бірақ, ойда болуы керек, шайтанның малғұндығынан да өзге сипа­ты болуы керек, әйтпегенде шайтан соншама назар ау- даратын күш болмас еді.

Шайтанның малғұндығы, оның ең жиіркенішті тұрпаты. Дүниеде шайтанның малғүндығынан нашар іс жоқ. Малғұндық шайтанның әрекеті және де ол тек адамға ғана емес, өзіне өзінің жасайтын «қастандығы». Олай дейтінім, шайтан өзінің малғұндық әрекеттерімен өз сырын ашып алмақ, сырын шашқан шайтан шайтан емес, ол далбаса. Шайтан адамға тек малғұндығымен емес, өмірдің қызығы (нәпсіге бойлап) болып эрекет етеді. Бұл мәнде шайтандьщ емір қызығына айна- лып адамның ес-ақылы, ынта-жігері осы дүрмекке бағытталып, жаратылыс та, Жаратушы да ұмыт болып, тұрмысты, сананы, сезімді билеп кетеді. Мұндай істерде шайтан езінің малғұндығын мейлінше жасырып бағады. Періштеніңбезектепқайғыжейтініосытұстарда.Періште тазалық, тақуалық жолында болғандықтан, ол өмірдің қызығы ретінде көріне алмайды. Адам табиғатынан, жаратылысынан дүние кіріне былғануға әзір тұрмақ. Дүние кірі, дүние қызығы болған соңжүмыр басты пенде қалай шыдасын! Дүние кірімен бірге шайтандық жүреді.

Page 225: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

224

Егер де адам дүние кіріне әбден белшесінен батса, шайтанның малғұндық түрпаты көрініс береді. Адам жер бетіндегі «шайтанға» айнала бастайды, міне, сол кезде оны, яғни адамды «малғұн» деп атауға әбден бо­лады. Бірақ, малғұндықтың адам болмысында мөлшері бар. Шайтан адамға малғұндықты үйіп-төгіп бергенімен, оны мүлдем малғүнға айналдырмау жағында. Себебі, малғұнға айналған жаннан періште мүлдем қашпақ. Періштесіз қалған адамға шайтан қызықпайды. Шай­тан періштесі бар адаммен әуре. Періште жоқ жерде шайтанға да орын жоқ. Сондықтан адам малғұндығы шайтан малғұндығындай мүмкіндігі мол емес, шектеулі және адамның малғұндықтан тартар қасіреті де мол. Адам бойына енген малғүндықтан, сірә, бүл жалғанда құтылмақ емес. Ол тағдыр болып, қасірет болып, адам­ды өзін-өзі жоюдың семсеріне айналмақ.

Сонымен, «малғүн» шайтанның бір есімі, «малғұндық» оның бір әрекеті. Осыны адамға күйе етіп жақпаса шайтан шайтан бола ма? Сондықтан да біз кейде адамдарды да «малғұн» деп адамдардың кейбір қылықтарын «малғұндық» дейміз. Сонда малғүндықтың мәнісі неде?

Біз малғұндық деген мынандай-мынандай адамдардың шайтанның азғыруымен болатын істері десек, шатасып кету қаупі бар. Сондықтан біз малғұндықты айқындайтын ұғымдар турасын- да айтайын, олар: періштелік және адамшылық. Тегі періштелік малғұндықты анықтаушы болғанымен, ол тым таза, кіршіксіз ұғым, сондықтан да дәрменсіз. Мазмұны жағынан малғұндықтың толық мәнін ашатын ұғым - адамшылық. Себебі, адамшылықтың болмыс- табиғаты періштелік сияқты таза емес. Адамшылықта бәрі бар. Адамшылық дегеніміз пенденің адам бо-

Page 226: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

лып қалуы үшін жасайтын харекеттерінің жиынтығы. Адамшылық - адамның өзінің төл дүниетанымы. Сондықтан да адамшылық малғұндықты сыртқа тебетін, қабылдамайтын күш. Демек, малғұндықтың мәні адамшылыққа қарсы әрекеттермен анықталады. Ол қандай істер, оларды әрбір адамныңөзі танып, біліп, харекеттер жасамақ. Адамшылық мынау, мапғүндық мынау деген даяр ереже - істің нақтылы мәнінде анықталмақ.

ТОРҒАЙ

аратылыстың бәрі жаратылғанымен Жан ешқашан жаратылмаған, ол тек

өзіне түрақ іздеумен болған. Жанның осы қиналысын сезінген Жаратушы оған тұрақ болсын деп, кіп-кішкене құс - Торғайды жаратқан екен. Жан өзіне түрақ тауып, жай тапқаннан кейін де мазасыз күйге түседі, онысы өзіне тұрақ болған кішкентай ғана Торғайдыңтойымсыз нәпсісі. Көрінгенге қызығу Торғайдың жанын жегідей жеді, бірақ көнбеуге амал жоқ. Тәнсіз жан жоқ. Өзінің тұрағы болған соң, жан нәпсіге қалай қызмет атқара бастағанын аңғармай қалды. Тойымсыз нәпсініңтасқын судай жайыла-жайыла шалшыққа, одан әрі буға айна- лып, түбіне құрғап жойылары хақ. Нәпсінің құшарлығы немен тынарында Торғайдың ойы жоқ, оған керегі - қазіргі тіршілік, шоқып жейтін дән керек. Жаратушы осы тілекті орындап, кішкентай Торғайға тау болып үйіліп жатқан дәндерді көрсетіп, осыдан өз қажетінше ал, - деді. Бірақ айтты, ырыздық дәмің таусылмас, осы жолы өз қауқәрыңа қарап шамалап ал, - деді. Мол дәнді

Page 227: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

көргенде де нәпсі оты қайнап, көздері жайнап, ыдысы- на дәндерді толтыра береді, толтыра береді. Бір дәнді ыдысқа шоқып салып тұрып, осымен жетер десе де, көзі қимай тағы да шоқып дәнді ыдысына салумен бол­ды. Бір кездерде шаршаған Торғай осы алған жетер де­ген тоқтамға келіп, дән салған ыдысын алып ұшпаққа ниет етсе, ересен көп дән салған дорбасын көтере алмай зорықты, дән-дәмі таусылмай демі таусылды, кеудесінен жаны ұшып кетті. Торғайға Жаратушы жан бергенімен Тәубашылық бермеп еді.

Сонан бері қаншама замандар өтті. Жан өз тұрағына адам тәнін қабылдап алды. Адам тәні де торғай тәнінен өзгешелігі бола қоймады. Адам нәпсісі торғай нәпсісінен асып түсті. Жан қиналды. Бұйрық сол, оның түрағы адам тәні болған соң бәріне көнді, неше түрлі зұлымдыққа, сөзбен айтып жеткізгісіз айуандыққа бар­ды. Бірақ та, адамда Торғайда жоқ тәуба санасы бар еді, сол ара-тұра бұлттан шыққан күндей нұр болып шашылғанда, адам иман келтірді, Жаратушысына жал- барынды, өзінің нәпсісін тыюға харекет жасады, сол кезде Жан жадырап, өзінің қалыпты жағдайына келіп, ерекше күйге түседі, мұны біз Рух деп жүрміз.

ҮШІНШІ СУБСТАНЦИЯ

— - J / O ere «үшінші ұғым» жоқ. Бар және Жоқ.О Плюс және минус. Өлім және өмір, тамұқ

және жұмақ, жалған және бақи дүние. Антимониялар. Бәрі-бәрі екі-ақ түсініктен тұрады. Әлде үшінші түсінік немесе үшінші құбылыс өсіп-өну, яғни биологияльщ зандылықта бар ма екен? Айталық, анасы мен әкесіне

Page 228: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ортақ дүниеге жас ұрпақ келеді, бұл үшінші субстан­ция ма? Ол да адам, оның өзге табиғаты жоқ, ол ол ма, жас нәресте не әкесіне, не шешесіне тартып тууы әбден ықтимал, демек үшінші субстанция жоқ. Ұрпақтар жалғасы бар субстанция ішіндегі «технологиялық жағдайлар». Мәселе өзгеше қойылар еді, егер де әйел мен еркек қатынасынан біз білмейтін жаңа түр пайда болса, ондай жағдай табиғатқа тән емес.

Философтар дүниені субстанция деген ұғым арқылы түсіндіруді әдетке айналдырған. Суфизм де субстан- цияны «зат» - дейді. Бірақ, мұндағы зат материалдық қана емес, ол материалдық пен идеалдықтың бірлігі. Дүние - біртұтас бөлінбейтін субстанция. Алайда, субстанцияны тану оның құрылымын анықтауды ба­сты талапқа айналдырған. Осы жағдайда тұтас суб­станция екіге бөлініп, бірін-бірі іздеуші, жоқтаушы, қажет етуші бола отырып, қарама-қарсы мәндегі бол­мыс өлшемдеріне айналмақ. Сонда субстанцияның себебі Спиноза айтқандай, өз ішінде болып, себептілік қарама-қарсылықтың көріну формасында болмақ. Мұндай жағдайда қарама-қарсылық немесе қайшылық субстанцияның себебі болса да дүниедегі құбылыстар қалай да тепе-теңцігін сақтауда. Мысалы, жоспарлау- мен шешілмейтін іс, жер бетіндегі әйел мен ер адамның шамамен сан жағынан тепе-теңцігі. Қаншама қырғын соғыс болсын, әр елде әйел мен ерлер саны шамалас. Бұл табиғаты - биологиялық заңдылық сыры адам- затқа беймәлім.

Үшінші субстанция жоқ, үшінші ұғым жоқ. Дүние- жұп. Бір ғана нәрседе әлем мәні толық емес, тіптен жұп нөрсенің бірі екіншісіз өз мазмұнын бейнелей ал- майды. Анықталу, нақтылау жұптылықпен іске асады. Үшінші нәрсе табиғатта жоқ. Демек, жұп сан табиғи

Page 229: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

үйлесімдік, гармония, қажеттілік, ал тақ сан болмы- сты мәнсіздендіретін - өлшем. Тақ санда даралық де- сек, ол шындық емес. Біз жеке, жалпы, ерекше деген ұғымдарды қолданып жүрміз, меніңше, жеке деген жалпылықтың керінісі бола алмайды, тіптен жекенің ерекшелігі де нақтылы емес. Себебі, мұның бәрі таза абстракция. Мәселе, сонда жеке дара қалпында өмір сүре алмайды. Біз жеке, жалпы, ерекше деген­де олардың тек қана барлығын ғана айта аламыз, ал олардың өмір сүру болмысы басқа түсінікті қажет етеді. Мәселе осылайша тұйыққа тірелгенде еріксіз Жарату­шы деген идеяға келесің. Тегінде үшінші субстанция бар, ол - Жаоатүшыға лайық.

228

НҮКТЕ

— -Л / О үкте араб тіліндегі философияда (фал- сафада) ұғым ретінде қолданылған. Біз

нүктені грамматикалық қызметінде айтушының не жазушының бір ойы аяқталғанын білдіру үшін пайда- ланамыз. Нүктесіз ой тасқыны бірінен-бірі ажыратыл- май қалу қаупі бар. Демек, нүкте оймен ойды ажырату үшін бір ойды бір сөйлемге сыйғызғанның белгісі болып қызмет атқарады. Ал, нүктенің осыдан өзге қызметі бар ма? Жағдай, адам баласы нүктені ойлап тапқанға дейін қалай болған, бүгінгі күніміз қалай? Нүктесіз сана, менің ойымша, мифология. Аңыздың құрылымы негізінен бір- ақ нүктені қажет етеді. Аңызды бөліп-бөліп айтудың еш қажеті жоқ. Аңыз тек толығымен түсінікті. Бұл жағдайда нүкте сөйлемдерді ажыратқыштық мәнінен өзге мәнге ие болмақ, яғни нүкте идеяға қатысты. Аңызда (әрине,

Page 230: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

бір аңызда) бір ғана идея айтылады. Ғылым мифоло- гиядан логикалық тәсілге жаппай өте бастағанда нүкте қою өзге халге көшеді, тіптен кейбір жағдайларда, ол қойылмайтын жерге қойылып, ой жүйесі бұзылып, жалған сана қалыптаса бастайды. Бұл кезде нүкте ой тәсілі емес, құралға айналып, өз табиғатына тән емес істер атқара бастайды. Әрине, ғылымда іздену, толығу, толықтыру деген мәселелер болады, сол кезде қойылған нүкте өзгеруі ықтимал, бұл ғылым табиғатына сай дәстүр. Сонымен бірге нүкте таза субъективизм- ге түсіп кететіні бар. Мысал ретінде қоғам өміріндегі бір жағдайды еске сала кетейін. 1917 жылғы ақпан төңкерісі біршама істерге нүкте қойған елеулі қоғамдық- саяси оқиға еді. Енді осы қойылған нүктеден жаңа дәуір басталуы керек еді. Жоқ. Большевиктер бұл нүкте емес, революция пермамментті болуы қажет деп, өзге күйге бастап кетті. Сонымен, қойылған нүкте жойылды, біраздан соң барып жаңа нүкте қойылды. Ел социализм қүру ісіне кірісті. Бүл қате басталған қоғамның ыдырау- ына нүкте 1990 жылдары қойылып, ел тағы өзге халге түсті. Саясатта нүкте қойылмаған жағдайды больше­виктер - «өтпелі кезең», біздің Қазақстан ғалымдары- «транзиттік қоғам» десіп жүр. Мұны алғашқы ойлап тапқандар Карл Маркс пен Фридрих Энгельс, одан әрі де оны саяси түрғыда Ленин «жетілдірді». Мен нүктесіз, яғни «өтпелі қоғам» теориясына қарсы адамныңбірімін. Егер қандай істің де өлшемі «адамдық өлшем» десек, адам ғұмырында «өтпелі кезең» болмайды. Адамның әрбір харекеті (нүктемен аяқталуды) қажет етеді. Мы­салы, адам өтпелі кез екен деп түскі не кешкі ішер асын ішпей қоя ала ма? Ауызы оразада болмаса адам қалыпты жағдайда ертеңгі, түскі және кешкі дәмін та- туы қажет. Бұл биологиялық тәртіп. Өтпелі қоғам

229

Page 231: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

230

қиыншыяығы деп таңғы ас түскілікке, түскілік кешкілікке ауыспауы керек. Адам болмысының өзге қажеттіліктері де «өтпелі қоғам» екен деп кезек күтіп тұра алмайды. Сондықтан «өтпелі қоғам» теориясы мәнсіз нәрсе, адамдарды алдау. Адамның әрбір харекеті нактылықты қажет етпек.

Нүктені дұрыс қоя білмеу біздің «болатын іс» пен «болмайтын істі» ажырата алмауымызда. Болатан іс ха­рекет негізінде айқындалған соң, нүкте қойылуы керек. Болмайтын іс адамды бітпес әрекетке салып, оның қай сәтінде нүкте қойылатыны белгісіз болып қала бермек. Тіптен нүкте қойылар тұс осы деп зорлық жасалғанмен, ол өзенді қыста қаптап жатқан мұз сияқты шуақты күнге жеткенде еріп сала бермек. Сондықтан дінде және ғұламалар ойларында нүкте философиясына қатысты қолданылатын ұғымдар бар, олар: Тағдыр, Жазу, Фа­тализм, Қажеттілік. Нүктені қоюшы адам болғанымен, оны белгілеуші Құдай немесе Тағдыр деген түсініктер Аңызда, Әдебиетте, Өнерде кеңінен орын алған.

Нүкте бір істің аяқталуы туралы сана. Іс осымен бітті деп айту қиын. Сондықтан нүктені дәлме-дәл қою да ауыр. Біз нүктені емін-еркін тек грамматикалық тәсіл ретінде пайдалана аламыз, оның ойға, санаға, адам мен Жаратушы арасындағы байланыста қай түста қойылары үнемі даулы мәселе.

Нүкте қою үшін ой тиянағы қажет. Дүниетанымдық мәселеде нүкте қою қиын, себебі онда айқындық тайға таңба басқандай түсінікті бола бермейді. Ибн Сина айтқан екен: «Менің білгім келеді, мен кіммін және бұл дүниеде не іздеудемін», - деп. Осы сұраққа жауап беріп, нүкте қоюға бола ма? Надандар әлдене бір жауаптар құрастырып, нүктені қойып та тастауға әмәнда әзір, ал даналар болса мұндай харекетке бара алмайды, кесіп

Page 232: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

сез айтпайды, ойланады, толғанады, қысқасы, нүкте қоюға асықпайды. Себебі, нүкте шексіздіктің нақтылы көрінісі, ол тіптен шексіздіктің өмір сүруінің формуласы. Нүкте болмаса біз шексіздік туралы айта алмас едік. Нүкте шексіздіктің барлығының дәлел-айғағы.

Адам болмысындағы нүкте - өлім. Тән мен жан айрылғанда адам болмысы өз тұтастығын бұзады. Де­мек, нүкте деген - тағдыр. Ал, тағдыр кімнің қолында, ырқында, сірә, нүкте қоюшы да сол болса керек.

Тұрмыста мен мына бір іске нүкте қойдым деп пенделікпен дуылдасып жатамыз, бірақ бұл пиғыл адамдарға жарасымды. Өз еркіміз өзімізде, өзімізге өзіміз билік жасай аламыз деген ер санасы болмаса, адам өзі үшін жаратылған мына қисапсыз әлемді қалай меңгермек, нүктені қалай қоймақ!

БЕЙМАЗА САНА

^-^ТУ^еймаза деген адамның ici мен харекетіне^ Х Э қа ты с т ы қолданылатын түсінік. Беймаза деп

өзіне де, езгеге де тыныштық бермейтін жанды айтады. Ондайлар қалыптасқан дағды, әдетті, орнығып қалған келісім-тыныштықты бұзып, елде әрекеттер, харекет- тер бастауға әмәнда даяр. Мұндай іс көпшілікке ұнай бермейді. Айрандай ұйып отырған халқымызға мына біреулер іріткі салды деп, беймаза адамдарға өкпе де көп айтылады.

Сонда беймазалықжақсы ма, жаман ба? Жалқаулар үшін беймазалық жаман. Беймазалық болған жерде жалқаулыққа орын жоқ. Пайда бар ма, жоқ па, әйтеуір беймаза адам жалқаулыққа, марғаулыққа қарсы.

Page 233: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Әрине, беймазалықтың мөлшері болуы қажет, орынсыз беймазалық түсініксіз әрекетке айналады. Беймазалық туралы кеңінен айтсақ, осы өмір сүрудің нақ өзі - беймазалық емес пе?

Беймазалық сана - күрделі феномен. Оның қатпар- қатпар қыр-сыры мол. Айталық, беймазалықтың бір түрі - кезінде Абай айтып еткен «пысықтар». Олар не өздеріне, не өзгелерге күн көрсетпейтін пәлелер. Олардың мақсат-мүддесі ұсақ-түйекке, адамның келеңкелі қылықтарына құрылған. Пысықта халық үшін деген мұрат ешқашан болмайды, ондайларда кісілік, парасаттылық, иман дегендер атымен жоқ. Мүндай пысықтардың түрлері де көп. Социологтар адамдардың осы бір парасын зерттесе, оның да әр түрлі типтерін анықтар еді. 20-30-шы жылдары кеңес өкіметі емірге әкелген «шолақ белсенділер» де осы пысықтардың бір түрі. Қазіргі алып-сатарлық кезеңде пысықтықтың сан алуан түрлері барын бәріміз де көріп, олардың әрекеттерінің куәсі болып жүрміз. Демек, «пысықтар» беймазалықтың адам жиренер көрінісі, бірақ біз білуіміз керек, оларсыз адам қоғамы болмайды. «Арам шөпсіз» егін жоқ. Арнайы егіп өсіретін нәрсе осал, ал қажетсіз нәрсе еміршең. Бұл - талассыз шындық, тіптен тіршіліктің тағдыры.

Беймазалықтың аса асқынған формасы - револю­ция. Революционерлерге шақ келетін беймазаларды ешқайдан таппайсың. Бұлардың қағидасы «өзіңе де емес, өзгеге де емес». Сонда кім үшін, жарқын болашақ үшін бе? Бұл - фанатизм. Осы сана адам-затты ауық- ауық қырғынға салып отырады. Революциялық фана­тизм негізін діни фанатизмнен алған. Фанатизмнің түп- қазығы сенімде. Идеяға сенім - тұп-тура фанатизмге бастап алып барады. Одан қүтылудың жолы - таным.

Page 234: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Себебі, таным адамға күдік туғызады, сенім болса күдік біткенді қойып, оны күпіршілік (ересь) деп жа- риялайды. Сенім мен таным бір жолда болса, мүмкін революциялық, діни беймазалық сабасына түсер еді.

Беймаза сана, әрине, жақсы, егер ол ойға ой, іске іс қосып, өзгеріске бастап отырса. Беймаза сана бол­маса шығармашылық жоқ, яғни ақын да, суретші де, композитор да т.т. болмайды. Беймаза сана дегеніміз- адамның езіне-езі қояр сүрағы, өзін-өзі тануы, жеке бастың қиналысы. Осының бәріне, яғни сұрақтарға жауап іздегенде өзіне дейінгі бар жауаптарға қанағат тұтпай, өз жолын іздеуі. Мұндайлар әдетте аса көп болмайды. Көпшілік барға ырза, тамақ тоқ, көйлек көк, несіне беймазалық күйге түсіп, өзін отқа-суға салсын.

Беймаза сана адам бойында табиғи күйде кездеседі. Адам әдейі беймазалыққа түсіп, қаншама қиналса да одан ақын да, суретші де шықпайды. Беймазалық сана - адам тағдыры. Осындай беймазалығы үшін үлкендер, арлылар, артықтар өзі өмір сүрген заманда маңцайлары тасқа тиері де түсінікті. Беймаза суреткер, ойшыл өз заманынан озып алға кетпек. Оны түсінер ұрпақ әлі өмірге келмеген. Олай болса, біз үшін мұндай адамның өмір сүруі, бізбен бірге жүруі қауіпті. Осы бір бағзы заманнан келе жатқан дәстүр түбегейлі өзгеріске түспей-ақ отыр. Сондықтан беймаза сана сыры ішінде, ұстараның екі жүзі сияқты, кімнің қолында болса соған қызмет атқаратын нәрсе.

Page 235: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

234

МЕН .

/ * еНУ> және «мені» - екі мәсапе. Мен де- \ \ \ - У у і генде таным объектісі менің өзім. Таны-

лушы да, танушы да өзіммін. «Мен-нің» мәні өзімнің- өзіме қатынасым арқылы айқындалмақ. Адам өзін-өзі болмыс ретінде қарастыра бастағанда, оның мені екіге бөлінеді. Танылушы мен және танушы мен, философия тілінде объект пен субъект бірлігі. Баяғыда Рихард Аве­нариус деген ғалым мұндай жайды «принциптік коор­динация» деп атаған. Субъективтік мәндегі идеалист деп аталатын Дэвид Юм да мәселені осылайша қойған. Мен объект пен субъект бірлігі болғанымен, олардың бірінсіз-бірі болмайтынын әсте естен шығармау ке­рек. Әрине, әдетте адамдар бұл мәселеге біз айтқан мәнде келе бермейді, олар үшін «мен» деген тек та­нушы, білуші, ізденуші, харекет етуші. Және де, айту қажет, олар үшін объект өз менінен тыс дүние. Мұндай түсініктің тұрпайы түрін материалистік қағидалардан табамыз. Осы мәселеге тереңірек келген философ Си­рен Кьеркегор «мен»-ді тек объект, субъект түтастығы гана емес, объект пен субъект қатынасынан туатын үшінші деп атап көрсетеді. Оның айтуынша, сол үшінші дегенніңезі нақтылы «мен» болып шыққан. Бұл құнарлы ой. Себебі, ол үшіншінің мәні, менің байқауымша, рух болмақ. Басқаша қалай айтуға болады? Рух, егер менге тікелей қатысты болмаса, оны қайдан таппақпыз. Рух сезілмейтін, көрінбейтін танылушы «мен» мен танушы «меннің» ара қатынасынан аңғарылатын болмыс. Рух болмысы «менге» байланысты. Жоғарыда айттық, мен іштей екіге бөлінбей, тек сыртқы дүниеге қатысты ғана бейнеленсе рухта орын жоқ. Рухтың адам болмысынан орын алуы тек мүмкіндік арнасында. Ол әрбір адам

Page 236: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

табиғатында айқындала бермейді. Рух адам болмы- сында мұң формасында көрінеді. Мұңсыз жан рухтың көрінуіне ерік бермейтін, жалаң прагматик. Егер де алда-жалда мұндай «жалаң прагматик» өз-өзіне сұрақ қойып, оның «мені» екіге бөлмесе, ол ауыр қасіретке бастап, адам опат болуы ықтимал. Ондайдың қиналысы- тән емес, жан қиналысы. Жан - тіршілік белгісі, ол тәннен арылмаған кезде тәнді азапқа салады. Тәннің жаннан арылуын «өлім» деп атаймыз. Ал, рух болса тіріге де, «өліге» де ортақ. Бұл өз алдына үлкен мәселе, сондықтан оған арнайы бірде ораламыз.

Ендігі айтпағымыз, «мені» деген мәселе төңірегінде болмақ. «Мен» өзім мен басқалар үшін «мені» түрінде қабылданады. «Мені» танушылар өзгелер. Сонда «мені» білушілер өз «менімді» мейлінше толық таныр ма екен? Сірә, таным толық болмас. Әдетте адам­дар туралы біздің түсінігіміз әр сәтке, әр жағдайға байланысты болады да жеке адам болмысына бой- лай бермейміз. Біз адамды толығымен тануды қажет етпейміз, ол белгілі, нақтылы бір істе ғана керек, бірақ біз сол ici арқылы адамға көбінесе толық баға бере са- ламыз. Бұл шындық емес. «Мені» дегенді мынандай теңеу арқылы білдірейін, айталық, біз теңіз жағасында тұрып, міне, теңіз дейміз, ал нағыз теңіз тылсым-күш, өз сыры өзінде тұңғиық. Біз болсақ, сол тұңғиықтеңіздің тек жағасында ғанамыз. Сол сияқты «мені» туралы айтқанда, ойға теңіздің өзі емес жағасы еске түседі.

Қандай адамның «мені» болмасын, оның ici, харекеті, өнері арқылы айқындалатын болғандықтан, біз тал- дауды кісінің өзіне емес, оның ici мен харекеттеріне жасаймыз. Мысалы, ақын болса оның поэзиясы- на, композитор болса оның туындыларына т.б. Бұл тұста адамның тұрмыстағы «мені» мен енердегі, яғни

235

Page 237: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

туындыларындағы «мені» екі басқа болуы таңғалар іс емес.

Сонымен, «мен» және «мені» туралы мәселе адам болмысының аса күрделі жақтары. Бұл мәселе жөнінде философияда, психологияда, социологияда көптеген татымды да, татымсыз да пікірлер болған, менің айтпағым, «мен» туралы философия адамды биіктетіп те, оның бет-пердесін ашып, тіптен оны осы ғұмырдың аса қауіпті жауы екенін де айтқан. Сондықтан марксист- лениншілдер қауіпті жеке адам демей, зүлымдықтыңта- мырын тобырдан, топтан іздестірген. Бүл негізінде, яғни бір тарихи-әлеуметтік жағдайда айтарлықтай керініс бергенімен, ақиқатқа бастар сана емес-ті. Зұлымдық - адам болмысында, әлеуметтік орта оны не өсіреді, не бәсеңдетеді, бірақ жойып жібере алмайды. Зүлымдық адамның өз менінде.

«Истина» - деген ақиқат. Анық деген ақиқат емес, ақиқаттың адамға белгілі болуы. Анық нәрсе бар, анық емес нәрсе бар. Анықтың негізінде ақиқатжатыр. Ақиқат адам санасы арқылы танылмақ емес, адам оны сезеді, аян арқылы барын біледі немесе одан хабар алады. Ал, адам өз ақылы, харекеті арқылы ақиқатты білмекке ынталы, сонда оның білгені нақтыланып аныққа ай- налады. Адам өзіне бар нәрсені білім нәтижесінде анықтап алуға әмәнда ынталы. Осы жолда ол нәтижеге жетеді, яғни белгісіз іс аныққа айналады. Шәкәрімнің

А Н Ы Қ

әкәрімнің «Үш анық» деген кітабын, орысшаға «Три истины» деп аударған.

Page 238: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

айтып отырғаны осындай анық істер. Ол анық деп адам тәжірибесі арқылы мәлім болған жайларды айтқан.

Тегінде анықты ақиқат деп те орысшалауға бола­ды, бірақ онда бүл «ғылыми атеизм» категориясына айналмақ. Атеистік түсінікте ақиқатқа Жаратушының еш қатысы жоқ, ақиқаттың адам санасынан тыста тылсымдық қасиеті жоқ. Онда бәрі өз орнында. Бірақ, мәселені бұлай қойғанда бір істі есепке алу керек, ол Шәкәрімнің атеистік дәстүрде болмағаны. Олай бол­са, Шәкәрім мәселесін түсінуде біз қате жолға түсуге мәжбүр болып, ойшыл ойларын теріс түсіндіре бастай- мыз, сөйтіп шындықтан алыстаймыз.

ЖАУАП

/^дамның әдеті не нәрсеге болмасын жауап Vw-лР іздей бастайды. Сүраққа жауап тапқанша ма-

замыз кетеді. Сонда білім мазмұны сұрақта ма, жауапта ма? Сұрақ - мәселе, жауап - мәселенің шешілуі, яғни жауап - нәтиже. Бізге керегі - нәтиже, ол білім болмақ. Анықталған нәтиже - білім. Білмеген нәрсе білінді, белгілі болды - бұл білім. Біз мұнымен ешқашан місе тұтпаймыз, алынған нәтижеден тағы сүрақ туғызамыз, сөйтіп тағы мәселе, тағы оны шешу керек. Міне, осы­лай үнемі тоқтаусыз бола бермек. Сонда жауап деген мәселесінің түпкілікті шешімі емес, оның танылуының сатылары.

Жаратылыстану ғылымдарында жағдай осылай болғанымен, дүниетанымдық мәселелерде көбінесе сұрақ жауапсыз қала бермек? Мысалы, «әділеттілік де­ген не?» деген сұрақтың қандай жауабы дұрыс болмақ,

237

Page 239: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

оны кім айта аяады. Бүгінгі күнге дейін өмір сүрген ғұяамаяар, ойшыядар осы мәсеяеде бір ортақ ұғымға кеяе аямады. Қаншама іяімдер пайда бояды, қаншама қантөгістер бояды, қаншама діндер қаяыптасты, қайсысы ақиқатты анықтап отыр? Бәрі өзінше! Нақтыяы жауап қайда?

С¥РАҚ

Дарвин іяімі мектепте де, жоғарғы оку . орындарындағыбиояогияфакуяьтеттерінде

де әяі күнге дейін, соя қаз қаяпында оқытыяуда. Бұя іяім бойынша эвояюцияяық жоямен адам тектес маймыядардан қазіргі адам қаяыптасқан. Сонымен, адамның пайда бояуы тураяы ғыяыми ұғым осындай биояогияяық түрғыда түсіндіріяіп кеяеді.

Діни дүниетаным бойынша қазіргі адамдардың арғы тегі Адам Ата және Хауа Ана. Әрине, ер мен әйея бояған соң, ұрпақтардың өсіп-өнуі түсінікті. Түсініксіздігі Адам Атаның пайда бояуы. Бұя дүниетаным мифтік санаға негіздеяген. Адам Атаны Жаратушы жаратқан, неге, қаяай жаратты деген сауаядар мифтік сарында түсіндіріяеді.

Сонда адамның пайда бояуы тураяы ғыяыми және мифтік түсінік бар. Діни және мистикаяық сипаттағы іяімдерде адамның жаны ешқашан жаратыямаған, оя - мәңгіяік, оның тұрағы да жер емес деген бояжамдар ай- тады. Жер - тек тәннің тұрағы. Бұя да ғыяыми тұрғыда дәяеяденбеген.

Сездің қысқасы, адамның пайда бояуы тураяы ғыяым да, дін де гипотезадан әрі бармаған. Екеуінің де негізінде

Page 240: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

мифтік сана жатыр. Осыдан барып, біз аңыздан өзге шындықтаба алмағанымызды амал жоқтан мойындауға тура келеді. Жан-жақты, тарам-тарам жетілген білім саласының ешқайсысы адамның пайда болуына жау­ап бере алмауда. Әлде, дәп осы мәселеге жауаптың болмағаны да дұрыс па екен? Жауабы бар нәрсенің мәнісі жоқтығы да белгілі емес пе? Адамның өзін қызықгыратын мәселенің өзі, оның құпиялығында емес пе? Сыры мәлім істің не қызығы бар, ондай іске еш құмарлық жоқ. Белгісіз іс қана білмекке қүмарлықты туғызбақ. Адамның пайда бо- луын тану ici, сірә, оның генезисін зерттеуден емес, оның бар болмысын танумен анықталғаны дұрысырақ болар. Адамның пайда болуы, сол адамның өз харекет, болмы- сында емес пе екен? Адам не деген мәселені оның пайда болуынан емес, өзінің бойынан, адамшылықтан іздесе қайтер еді. Себебі, біз адамның пайда болуы дегенде адам еместен адамның бөлініп, өзімен-өзі болғанын айтқымыз келеді, бұл дәп сол сәтте болмайтын іс. Адамның адам болуы, оның нақтылы адамшылығы толық көрінгенде болмақ. Ал, бүл іс бірден болмағанға уқсайды. Міне, осы бағыттағы олқылықты Ч.Дарвин ілімі толык^ырмақ болған, сөйтіп, ол адам пайда болуының алғышарттарын қарастырып кеткен. Адамның өзге табиғат кемелінен езгешелігі, ол алғы шартсыз болған - феномен. Адам бірден адам суретінде пайда болған. Ол қалай болған десек, жамыраған гипотезалардан өзге еш нәрсе таппай- мыз, сірә да, ешқашан таппайтын да шығармыз. Адамның пайда болуын білмеуіміз - адамның өзін сақтау үшін қажетті жағдай. Адамның пайда болуының ғылыми негізі әбден ашылып, анықталса - адамның сақталуы екіталай іс. Мүмкін адамның пайда болуы ғылымнан да жоғарғы сыры мәңгілік беймөлім ақиқатқа қатысты ма екен, бұл да жауапсыз сұрақтардың бірі.

239

Page 241: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

240

МҮМКІНДІК

^ “ 7/^әміл адам, кәміл дүние жоқ. Жаратушыч ^ Г ^ т е ң д е с і жоқ шебер бола тұра, адам және

адам әлемін кәміл етіп жаратпаған. Сонда не, бұл істе оның шеберлігінің шектеулі болғаны ма? Сірә, мүнда құпия-сыр бар. Бұл сырға назар салсақ, айтарымыз мынау, Адамды әуел баста, аңыз бойынша, Жара­тушы жұмаққа орналастырмап па еді. Жұмақ деген - кәміл шындық. Апайда, кәмелетті өмірді мансүқ еткен адамның өзі емес пе? Неліктен солай болды, себебі адамды жұмақ өмір қанағаттандырмады, ол ананы- мынаны білгісі келді, бар нәрсенің себебіне үңілді. Бар істің себебін білуден ада етіп, жанның жаннатқа салған Жаратушы құдіретіне қанағаттанбады. Жұмақ-өмірде сұрақ сұрау (яғни, себептің себебін білу) дәстүрі жоқ еді. Ол мехнаты мол, өзге тіршілік мекеніндегі дәстүр болатын. Пейіштегі дәстүрді бұзғаны үшін Адам Ата мен Хауа Ана жер бетінде жұмақтан қуылды. Неліктен ол екеуі кәміл шындық-жүмақта өмір сүре алмады. Себебі, жүмақ - кәміл, ал адам болмысы кәміл емес-ті. Адам - пенде, ол періште емес, ол құдай емес, яғни ол кәміл емес. Адамның бар болмысы, санасы, харекеті осы кәмілдікке жетуге бағытталған. Егер адамды Жа­ратушы кәміл етіп жаратса не болған болар еді? Онда адам кім, періште кім, қүдай кім, бәрі араласып кетер еді. Олай дейтінім, кәмелетке жетпеген адамдардың бір парасы өзін періште, құдай санайтынын тарихтан кездестірдік. Ал, шынында да адамды еш кемшіліксіз, мінсіз етіп жаратса не болғаны? Дұрыс түсінік болмас еді. Қазіргі тәжірибе өте дұрыс. Бәрі өз орындарында. Құдай - қүдай, періште - періште, адам болса - жұмыр басты пенде. Адамның мінді болғаны да жарасым-

Page 242: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

ды. Адамның жэне адам әлемінің кәмелетсіздігі адам мүмкіндігінің кеңістігі.

Егер бәрі кәміл болып, кәмелетсіздік болмаса, адам үлесіне не қалар еді, Адам маі-щай терімен, білек күшімен арпалысып күн кешуде, харекеттенуде. Осы жолда ол өседі, өшеді, қуанады, қайғы-мұңға түседі, шаттанады, қысқасы, толып жатқан күйде болмақ, оны ақындар өлеңге, композиторлар әнге, күйшілер күйге, суреткерлер образдылық арқылы сан-салалы өнер ту- ындыларына өзек етеді. Демек, адамның мінді болуы, оның мүмкіндігіне жол ашады, егер адам мінді болма­са, оқиға жоқ, мінез жоқ, сурет жоқ, тек бір ғана қалып бар. Онда өмір жоқ. Сондықтан Жаратушы адамды кәміл етіп жаратпай, оған кәмелетке жетем деген ынта берген. Бұл Жаратушының пендесіне берген ғажап дархандығы, яғни адамның періштеден, шайтаннан артықшылығы.

Шайтан адамның кәміл еместігін білген, бірақ істің неге олай болғанын, яғни Жаратушы ойынан бейхабар болған. Ол Жаратушы шеберлігінің ғажап тереңцігін түсінбей, оныңжаратқанына (адамға) иман келтірмеген. Жаратушы адамды тек жаратып қана қойған жоқ, оның ici мен харекетіне мүмкіндік кеңістігін беріп еді. Жара­тушы адамды жарату арқылы өзін-өзі бағалау, түсіну мүмкіндігін ашты. Басында айқындалған Құдірет, енді адам-зат арқылы нақтылана түсті. Адамға харекет еркіндігі тиюі адам-заттың өз жетістігі емес, ол Жара­тушы, жаратылыс берген мүмкіндік. Біздің демократия деп жүргеніміз мүмкіндік, ол адамның харекет еркіндігі емес, мүмкіндік еркіндігі.

Сондықтан шайтан дегеніміздің өзі - адам мүмкіндігінің өлшемі ғана. Адамның кім екенін бірінші аңғарған осы шайтан болатын. Алайда, ол адамның

Page 243: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

242

мінді екенін біягенімен, адамның мінді болу сырын (Жа­ратушы сырын) біямеген. Осы біяместік шайтанның трагедиясы, оның мұңы. Бұя білместік бөрін білем де- геннен туған. Біяместіктің мөяшерін бояжай аямау - шайтандық.

Жаратушының адамды жаратып, оған періштеяерге иман кеятір деген әмірінде, адамның періштеден артықшыяығы негіз бояған. Өйткені адамның қос табиғаты бар; оя тән және жан табиғаты; оя нәпсіяік және руханияық. Ая, періштеде тән жоқ, нәпсі табиғаты жоқ, оның табиғаты монистік мәнде. Сонымен бірге періштенің шайтанға айнаяуы адамның дүниеге кеяуіне байяанысты бояса, әрі адамның пайда бояуы әяемнің кәмія еместігін айқындаған шындық. Енді адам өзін қойып, әяемді кәмеяеттендірем деп әуреге түсіп, оны та- рих етіп том-томдап жаза бастады. Тарихи оқиғаяардың дені надандыққа, адамның кәмеяетсіздігіне, соның нәтижесінде мүмкін бояған сорақы оқиғаяарға тояы. Тарих ізгіяіктен гөрі зұяымдықты баяндау жағында.

Адам кәмія боямаған соң, оның ақыяы да шектеуяі, ғұмыры да өяшеуяі, қысқа, бір сөзбен айтқанда, адам дегеннің өзі - іске асуы қажетті мүмкіндік. Мәсеяе соя қажеттіяіктің нақтыяы мүмкіндікке айнаяуында. Бүя жояда әңгіме көп.

¥ЛЫ

✓ ^чры с тіліндегі «великий писатель», «великий Ч__Учеловек» дегендерді қазақшалағанда «үлы

жазушы», «ұлы адам» деп жүрміз. Осымыз дұрыс емес сияқты. Сірә, «великийдің» баламасы тілімізде «атақты»

Page 244: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

деген сез болса керек. Орыс тарихында «Великий Нов­город» деген түсінік бар, соны біз «¥лы Новгород» деп аударамыз, тегі дұрысы «Атақты Новгород». Қаланың аты кеңге жайылған деген түсінік.

¥лы дегеннің мәнін «Великий» деген түсінік айт- пайды, себебі ұлы деген мұсылмандық менталитеттің ұғымы, ол аударылмайды. Егер де оны аудара қалсақ, мазмұны «абсолют» деген ұғымға бара-бар. Мысалы, Махмуд Қашқаридің «Түрік сөздігінде» {«Диуани Луғат ат-түрік») Тәңірге былай түсінік берген: «Тәңірі. ¥лы Тәңір» (Махмұд Қашқари. Түрік сөздігі. Алматы «Хат», 1998. 3-т. 504-505-66.). Махмұд ¥лы сөзін Тәңірдің эпитеті ретінде қолданған. Демек, Тәңірдің мәні оның ұлылығында, былайша айтқанда, абсолюттігінде. ¥лылық сыры сондықтан да адамға беймәлім. Адамға мәлім болған істе ұлылықболама? Адамныңөлшемімен өлшенетін нәрсенің ұлы атануына құқы бар ма?

Біз қалыптасқан дағды бойынша, атақты, даңқты бабаларымыздың бәрін үлы деп жатамыз. Осымыз дұрыс па? Осы мәселені нақтылы Иассауиге қатысты айтсақ дұрыс емес, ол өзін Құл Қожа Ахметпін деп атаған, оған Алланың Құлы болуынан жоғарғы дәреже жоқ. Сондықтан Иассауиді ұлы деуіміз оған жасалған қиянат, яғни оны түсінбеушілік. Иассауи алтыншы хикметінде: «Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған»,- деп әлденеше рет қайталанған. Сондықтан хикмет айтушы адамды Шығыста хакім деуші еді, олай бол­са Қүл Қожа Ахмет те - санаулы хакімнің бірі. Хикмет (даналық) айту әр пендеге бүйырмаған іс, ол ерекше артықтардың үлесі. Қожа Ахмет Иассауи болса сондай артықтардың бірі.

Иассауи - мистик ойшыл, ол «ұлы» деп өзін айтуға Карсы болғаны белгілі, ал бертінгі ғұламаларды, яғни

243

Page 245: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Абай бастаған, оған дейінгі атақтыларымызды «ұлы» деп айтуымыз қалай болмақ. Әрине, кімді-кім деп айту әр адамның өз еркінде. Ананы былай деп ата, мына- ны былай деп ата деу әрине дұрыстық емес. Менің ай­тып отырғаным, сөздің үлағатын түсінгісі келген зиялы қауымға қатысты әңгіме. Мұсылмандық дүниетаным дәстүрінде адамның құдай атануына мүмкіндік берілмеген. Мұндай дәстүр христиан дінінде бар, Ғайса- қүдай ұлы, яғни өзі - құдай. Егер осы көзқараспен келеек, адамды ұлы деуге болады. Мүсылмандықта бұл жоқ, себебі қандай адам болмасын, ол - пенде. Ал, пенденің ұлы болу мүмкіндігі шектелген. Сірә, осындай түсініктен болса керек, Абай өзі ұнатқан грек ойшылда- рын ұлы демей: Сократ - хакім, Платон - хакім, Ари­стотель - хакім деген. Сөз ұлағатын білетін Шәкәрім мен Мағжан да Абайды ұлы демей, «хакім» деген. Абайды ұлы деу кеңестік заманда туған шалыс түсінік. Мен Абайдың өз дәстүріне сүйеніп, оны «Хакім Абай»- деп атадым. Абайды бүлай атау дәстүрі Шәкәрімнен, Мағжаннан басталған. Мағжан Жұмабаевтың «Алтын хакім Абайға» деген өлеңі бары көпшілікке мәлім.

¥лы дегенде біздің түсінуіміз керек, ұлылықтың еш теңдесі жоқ екендігін. Теңі жоқ нәрсе ғана - ұлы. ¥лылық- жалғыздық, ал жалғыздық - Жаратушыға лайық. ¥лылықтың мәні оны салыстыратын өзгенің болмауын- да. Мұсылмандық менталитетте Алла бір дейміз, себебі ол - ¥лы. ¥лылықты тануда философияда қолданып жүрген жеке, жалпы, ерекше дегендегі жеке ұғымы келмейді. ¥лылық жеке емес, жалғыздықтың есімі.

' ■■ ■ ' • ......... ■■■■■

NyV w'i -.Г;’; - , . \ \ . ■■ ",

Г1- V -"v̂ ' ' ÿ V V ГО.

Page 246: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Ж¥МЫР

J 'еп-тегіс жумыр көлсін айналасы». Бул v f «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - деп

басталатын өлеңнің бірінші шумағының төртінші жолы. Назарымызға іліккен «жүмыр» деген түсінік. Әдетте біз теп-тегіс дегенде әлдененің жазықтығын айтамыз. Абай болса, теп-тегісті жұмырдың болмысы ретінде қолданған. Жұмыр дене жазықтық емес, ол тұйықталып, шет-шеті анықталмаған шар формасындағы зат. Ибн Туфейлдіңайтуынша, еңжетілген, гармониялықүйлесім тапқан геометриялық форма - шар. Оның болмысына қырлы болу жат, ол теп-тегіс. Олай болса, тегістік тек жазықтық деген түсінік емес, оны шар формасын бейне- леуде әбден қолдануға болады. Абай осы мәнде жұмыр нәрсенің тегістігін айтқан. Жұмыр нәрсенің теп-тегіс бо­луы үйлесімділік пен көркемдіктің үздік көрінісі. Бы- лайша айтқанда, кәмелетті форма. Абай үйлесімділік пен көркемдіктіңосы үздік формасын елеңніңөлшеушісі ретінде ұсынған. Өлең сезде іркіліс болмауы керек, сондықтан ол тек мағына емес, ұйқастық мәнділікті қажет етпек. Нағыз өлеңде мағына мен уйқас бір, олар ешқашан бір-бірінен бөлінбек емес. Егер олар бөлінсе, елең елең емеске айналып сола береді. ¥йқас қуушы ақын еместігінің мәнісі сонда. Өлеңнің геометриялық мағынасын іздесек, оған сай келетін фигура - шар (жұмырлық). Себебі, оның айнала-бітімі іштей де, сырт- тай да үйлесімді, сайма-сай. Бұл әлемдегі денелердің реттелуіндегі не өздігінен, не мүмкін Жаратушы әмірімен, әйтеуір, адам еркіне қатыссыз анықталған форма. Қазақ жумыр жер, жұмыр бас деп шар формасындағы нәрселерге ерекше ықылас білдірген. Дүниеде қандай нәрсе болмасын өзімен-өзі болып қалуға үмтылатыны

Page 247: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

беягіяі бояғандықтан, оя соя қаяпын сақтау үшін өзіне сай форма іздейді. Сонда заттардың бәрі кәмеяетті формаға ынтық, бірақ бәрі соя форма кейпіне түсе аямай, соя формаға ынтық күйінде, өзге формаяар- да өмір сүре бермек. Мақсат қажеттіяіктен туатын сияқты, заттардың өзіне керекті форма іздеуі тояаста- майды. Геометрияяық фигура ретінде шар шексіздік пен шектіяіктің символы. Оның табиғатында нақтылы нүктелер (яғни, бастау) бар, бірақ олар шектілікке де, шексіздікке де бастайды. Егер шектілік іздесек, біз шар болмысында толып жатқан үшбүрыштар таба- мыз. Үшбұрыштар тиянақтылық, беріктікті білдіреді. Үшбүрышты зат өте мықты, берік қасиетке ие. Со­нымен бірге шар табиғатында терт бұрыштар да бар, бірақ олар көбейе келе үшбұрыштарға айналып кете барады, сондықтан төртбұрыш түрақсыздықты, мәңгілік өзгерістікті білдіретін геометриялық фигура. Біз әдетте терт бүрышқа сүйеніп, батыс-шығыс, солтүстік- оңтүстік дейміз. Мұнымыздың бәрі шартты нәрселер екеніне ойлана бермейміз. Төрт бұрыш шардың негізі болмағандықтан ол езгеріп, Батыс деген Шығыс, Оңтүстік деген Солтүстік болып келуі әбден мүмкін. Осылай болғанымен нәрсе шар болуынан айрылмайды, себебі оның езімен-езі болуын ішкі үшбұрыштар комби- нациясы сақтамақ. Осындай жайлар негізінде жердің бетіндегі климаттар өзгеруі, полюстер ауысуы ақылға сыйымды нәрселер. Жер шар формасында емір сүре беріп те, өзінің акциденциялық қасиеттерін езгерте бер­мек, бірақ одан оның субстанциялық жұмырлық қалпы өзгермек емес.

Page 248: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

а д а м - зат

ҒАШ Ы ҚТЫ Қ

С р адамның әйелге, керісінше, әйелдің ер(Г ^а д а м ға ыстық құштарлығында, ғашықтығында

Жаратушының жаратқандарының кереметтігіне бас ию бар. Діни аңызда құдай әйел адамды ер адамның қабырғасынан жаратқан, сондықтан ер адамның әйелге ғашық болуы, жаратқаны арқылы Жаратушысына ғашықтығы. Поэтикалық аңызда Мәжнүн таудағы тасқа да, өзен суына да, өсіп тұрған ағашқа да Ләйлі деп сар- найды екен, демек ол үшін бүкіл жаралған дүние-Ләйлі, ал, Ләйлі-қыз болса осы жаралған дүниенің есімі, рухы. Сондықтан ғашықтықты қазақша ойлауда махаббат- пен синоним деп қарастыруға болмас. Абай түсінігінде Алла адам-затты махаббатпен жаратқан, демек махаб- бат, адам-затқа дейінгі болған Жаратушы - құдіреті. Ал, ғашықтық болса адамның Алласына, яғни Жаратушы­сына деген рухани сезімі, ол келе-келе қыз бен жігіт ара- сында рухани тұтастыққа қатысты қолданыла бастаған, тек осы мәнде ғана ғашықтық пен махаббаттың сәйкес келу сәттері бар. Әйтпегенде, олар дүниетанымның екі мәндегі көріну формалары. Абай дүниетанымында махаббат адам-затты жаратушы құдай қүдіреті болса, Иассауи дүниетанымында пенденіңЖаратушыға шексіз сезімі - ғашықтық. Дінді, Жаратушыны мойындамай- тындар үшін ғашықтық пен махаббаттың өзгешелігі жоқ, олар бір түсінік, бірінің орнына бірін еркін қолдана беру- ге болады. Ғашықтық та, махаббат та орыс тілінде «лю­бовь» деген бір ұғыммен берілген, бұл материалистік, атеистік түсінікке сай келеді.

Тұрмыста ғашықтықты орынсыз қолдану кең орын алған, мұндай жағдайда Абайдың «ғашықтық құмарлықпен, ол екі жол», - дегенін есте үстаған жөн,

Page 249: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

248

себебі ғашықтық адамның рухани қуатының - өяшемі әрі көрінісі.

Ж ОМАРТТЫ Қ

/ O f /^ о м а р т деген түсінік хаяық санасында С кең тараяған. Мыңдаған ата-ана ба-

яаяарына «Жомарт», «Жомартжан», «Бекжомарт», «Қасымжомарт» секіяді есімдер берген. Сонда ояардың аяған нысанасы не дегенге кеясек, оның мәнінде жомарттық жатыр.

Жомарттықты хаяқымыз өзінше түсінген. Кең да- яада өмір сүрген хаяықтың жомарттыққа ынтаяығы оның тіршіяігіне тікеяей қатысты. Бір шетінен бір шетіне айяап барып жететін кең аймақта бүгінгідей қонақ үйяер, мейрамханаяар самсап тұрмаған. Тіптен нені боясын қазіргідей сатып аяа қоятын ақша да тап- шы бояған. Демек, хаяықтың тіршіяік болмысы, оны жомарттыққа итермеяеген. Хаяқымыз «Әр қазақтың үйінде әр қазақтың сыбағасы сақтауяы» деп тұжырым жасаған. Осындай жомарттыққа сай ғұрып-дәстүряер қаяыптасқан. Қонаққа қүрмет әдетке айнаяған. Осы менталитет дәстүрлі тұрмыстағы аймақтарымызда әлі де сақталған.

Қандай істің болмасын өзімен қоса түсінігі болмақ. Жомарттық ұғымын Абайдың отыз сегізінші қара сөзінен таптым. Жомарттық дегеніміз - қазақшаланып ықшамдалған, парсының жәуанмәрттілік деген сезі. Бұдан түркілерде жәуанмәрттілік болмаған деген түсінік қалыптаспауы керек, мәселе осы құбылыстың ұғымдық негізге парсылық дүниетанымда түскенінде.

Page 250: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Абай жәуанмәрттіліктің үш сипатын айтады, олар: шындық(с идық), ақ пейілділік (кәрәм), да налы қ (ғақыл). Осы үш сипаттан тағы үш түсінік тарайды, олар: шындықтан (сидықтан) әділет шықпақ, ақ пейілділіктен (кәрәмнан) шапағат тумақ, даналықтан (ғақылдан) істің жайы мағлұм болмақ. Міне, бойында, тұрмысында осындай қасиеттерге ие жанды біз «жомарт», оның атқаратын ісін «жомарттық» дейміз. Абай мұндай адамдар қатарына: пайғамбарларды, әулиелерді және хакімдерді жатқызады. Адамдардың бәрі пайғамбар, әулие, хакім бола алмайды, бірақ түптің-түбінде жомарттық осы үшеуіне бастайтын жол екені анық. Жомарт адам пайғамбар, әулие, хакім болмаса да, ис­лам діні бойынша, оның ici мұсылмандықпен пара-пар. Діни аңыздағы Атымтай жомарт ислам дінінде болмаса да, тамұқ азабына түспейді екен. Демек, жомарттық - ізгіліктің биік өлшемі.

Жомарттықты ежелгі грек дүниесінде «меценаттық» деп атаған. Меценат деген Грециядағы жомарт адам болған, оның өнерге қамқорлық жасағандығы үшін мәдениеттарихындамеценаттықфеноменқалыптасқан. Бүгінгі күнде мұндай істерді «демеушілік» деп атауда- мыз, оның көріністері тұрмысымызда бар. Яғни, бұл түсінікте жомарттық қолында байлығы бар азаматтың мұқтаж жандарға жасайтын қайырымдылық көмегі. Қайырымдылықжомарттықтың негізгі өзегі. Эрине, кей­де қайырымдылық адамның өзін-өзі насихаттауы үшін жасалмақ, ол жомарттылық емес. Қайырымдылықты оны жасаған адам емес, сол қайырымдылықтың игілігін көрген адам түсінуі керек. Сондықтан да жомарттық іс атқару - рухсыз адамның қолынан келмейді. Ізгілік іс рух биіктігін талап етпек. Бұл - бір. Екіншіден, жо­март жан қүдайдың берген байлығын тек таратып

Page 251: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

беруші ғана емес, соны, яғни байлықты жасаушы жан. Барды үлестіріп беру үшін барлықтың мәнісін білу ке­рек. Олай болмағанда ісіміз жомарттық болмай, Абай айтқандай, тектен-текке «мал шашпақ» болып шыға келеді. Әншейін атақ үшін «мал шашу» даңғазалық, саясаткерлік, тіптен, айлакерлік болып шықпақ. Бұл жомарттықтың философиясына мүлдем кереғар, адам құптамайтын істер. Мұндай істерде әділет те, шапағат та жоқ. Үшіншіден, жомарт жан - байлықты дәулетке айналдыра алатын дана адам. Байлық дәулетке айнал- май ізгілікжоқ. Ізгілік рух қуатын талап етпек. Сондықтан осындай жомарт адамдар билікке келсе, ол халық ыры- сы болмақ. Платонның елді философ билеуі керек дегенін, елді жомарт жан басқаруы керек деп түсінуіміз керек. Себебі, жомарт жан шындықты әділеттілікке ба- стайды, пейілінен шапағат нұр шашады, даналығы бар- ша жүртқа мағлұм болады.

250

БӨГДЕ

' әхәмбет бір жырында «Өзіңнен туған жасбала, сақалы шығып жат болмай», - де­

ген еді. Мүнда жат деген түсінік туыстықтан шығып тұр. Өз туысың өзіңе жат болды деген сөз. «Қыз бала жат жұрттық» - дегенде де, өзге бұрын білмеген елдің туыс болу мүмкіндігі айтылған. Ал, бөгде деген түсінік туыстықтан шықпайды, ол туыстыққа жаттықты білдіретін сөз. Бөгде адам, бөгде жұрт, бөгде ілім, бөгде сана - дегендерде бөгделік туыстықты емес, керісінше ешқандай туыстық қатынасы жоқ істерге қатысты айтылған. Солай бола тұра бөгде, бөгделік, сол

Page 252: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

айтушыға қатынасты білдіретін ұғым екенін де естен шығармау керек. Мысалы, бөгде адам, сізге еш қарым- қатынасы жоқ жан болғанымен, оның сізбен болашақта араласқа түсер мүмкіндігі аңғарылады. Бөгде адам дегенде, оның бөтен екенін біле түра, сол кісімен бір іске түскелі отырғанымызды мойындауымыз керек. Бұл жерде әңгіме, мәселе түрінде байқалған, оның мәнісі ол бегде адам, бірақ онымен алдағы уақытта қандай қарым-қатынаста болмақпыз. Бөгде адам, біз мүлдем білмейтін, естімеген жан емес, ол бізге қалайда мәлім болған адам. Енді осы мәлім болғанның мәнісі неде де­генде, біз бегде адам деген түсініктіқолданамыз.Бөгделік айқындалмаған мәселе. Бегделік шешім қажет ететін хал. Бегде адам, осы мәлім болғанымен үнемі бегде бо­лып қала бермек емес, ол келе-келе бөгделіктен ары- лып өзге күйге түспек. Міне, мәселе түйіні осыда. Бөгде адам дегенде біз ол адам жөнінде сұрау салғандай ниет білдіреміз. Ол - бегде, демек оның бегделігінің сырын білуіміз керек. Ол сыры мәлім болмағандықтан, бізге бегде болып отыр. Осы мәнде бегделік адамдардың бірін-бірі қабылдаудағы алғашқы саты. Адамды қабылдау бөгделіктен басталады. Бөгде деп анықтау адамды қабылдаудың басы. Сонымен, сырын білуге ниет еткен жанды бегде адам дейміз. Мұны бегделіктің табиғатының бір қыры делік. Бөгделіктің екінші қырына келсек, ол туыстың жат болуындағы бөгделік. Бұрынғы туыс бөгде адамға айналады. Туыс адамның жат болуы- бегделік. Бұл жағдайда туыс болса да, сыры белгілі болса да, ол бөгделікке бастайды. Тұрмыста оның, яғни туыстың бегде болуының тәсілдері де, себептері Де көп, бәрін бас-басына атап шығу мүмкін емес. Он­дай істердің тамаша үлгілерін көркем шығармалардан көптеп кездестіруге болады. Бір-екі айшықты мысалдар

Page 253: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛАА ЕСІМ

келтірсем: Уильям Шекспирдің «Король Лирдағы», Ко­роль Лирға қыздарының бөгделігі немесе О.Бальзактің «Горио-әкей» шығармасындағы Гориоға (яғни, әкесіне) қыздарының жасаған бегделіктері. Бөгде сезім, әсіресе өгей әке, егей шешелерде жиі кездеседі. Бегделік туыстықтың әлсіреуі және оның жойылуының нақтылы көрінісі. Менің бұл айтқандарым жеке адамға қатысты айтылған бөгделік. Бөгде журт дегеніміздің мәнісі кепке түсінікті, ол бегде ілім, бегде сана дегенге келеек, мәселе күрделілеу.

Қай халықтың болмасын, оның рухани дүниесінің қақпасын үнемі де бөгде ілім, бегде сана қағып түрады. Бұл әлемдік заңдылық. Оны әдетте миссионерлік дейді. Миссионерлердің жұмысы өзге халықтардың ру­хани дүниесіне, тұрмыс-салтына ез жұртының ілімін, санасын енгізу. Бұл үшін арнайы қаражаттар бөлінеді. Бегде ілім, бегде сананы өзге жұртқа енгізудің сан алу- ан тәсілдері бар. Ол революциялықта, эволюциялықта жолмен жүргізіледі. Бегде ілім өзінің басты құндылығы ретінде гуманизмді нысанаға алады. Мысалға, Қазақстан топырағында кезінде күштеп сіңдірген Маркс, Ленин ілімдерін келтіруге болады. Бұл ілім өз бөгделігін бүркемелеу үшін, халыққа азаттық, бақыт, теңцік береміз деп қарқынды түрде насихат жасады. Марксизм-ленинизмнің бөгделігін Алаш азаматтары бірден білді, бірақ оған қарсы тұрар амал болмады. Тек қазіргі заман оның бет-пердесін ашып берді. Кезінде Қазақстанда кемінде үш ұрпақ осы бөгде ілім, бөгде сана негізінде тәрбиеленіп өсті, сөйтіп елге жат бөгде ұрпақ өкілдері қалыптасты.

Әрине, бөгде ілім, бөгде сананың бәрі зиянды деу қателік.Жалпы миссионерліктерісхарекетемес, мәселе миссионерлердің немен, қандай мақсатпен келуінде.

Page 254: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Кезінде XX ғасыр гуманисті Альберт Швейцер өзінің са- налы өмірін Габон еліндегі жергілікті халыққа дәрігерлік қьізмет атқару үшін, ұзақ жылдар миссионерлік жолда болды. Бүл тек құптарлық емес, бас иіп қошемет ететін- ерлік. Мәселе, миссионерлердің бәрі осындай ізгі ниет- те ме?!

***

Өзге хал ықтардың тұрмыс, бол мысындағы жаңал ық- тарды қабылдауда адам бөгделік сезімде болса, ол жақсылықтың нышаны емес. Адам баласының білмекке құштарлығына бөгделік бөгет болмауы керек, бойын- да ізгілік қасиеті мол адамда бөгделік емес, сақтық, жауапкершілік болмақ. Адамның адамға бөгделік жа- сауы - ізгілікке жатпайтын теріс пиғыл.

ӨЗГЕ

.зім туралы не білем? Аз білем. Көп білгім келеді, бірақ оның тәсілі қандай? Сірә, езіңді

білу өзгені қабылдай алудан басталса керек. Өзге езім үшін - айна. Адам айнадан өзін көрмей ме? Де­мек, өзге деген бегде емес, езім болып шықты. Өзгесіз мен жоқпын. Осылай ойлай берсек, қандай нәтижеге келмекпіз? Өзге деген мәселе туралы психологтар, фи­лософтар көптеген ойлар айтқан. Жеке адамның өзге адамдармен қарым-қатынасын зерттейтін арнайы білім саласы - социология бар. Адамдардың қарым-қатынасы болмаса, тіптен адамның өзі болмайды деген де қағида бар. Адамдар қоғамдық қатынастар жиынтығы деген 253

Page 255: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

254

маркстік ілім болған. Адамдарды тегі (сословиесі), қызметі, дәулетіне қатысты анықтайтын түрлі страттық теориялар да баршылық. Қалай болғанда да адам өзін езгелермен теңцестіріп, салыстырып, соған орай пікірлерін, іс, әрекет, харекеттерін жасауды дағдыға айналдырғаны шындық. Қазақтіліндетең-теңімен деген мәтел бар. Адам өзін өзгелермен салыстыра келе, кей­де өзге болғысы келеді, еліктеп соған ұқсағысы келеді. Еліктеушілік негізінен жас кезде болып, есейе келе қалатын дағды. Бірақ, кейбіреулер одан өле-өлгенше арылмайды. Ғұмыры еліктеумен өтеді. Екінші біреулер бірден өзге болғысы келмей, өзімен-өзі болғысы келіп әуре-сарсаңға түседі, бұл болмысында харизмі бар, шығармашылықпен кәсіби негізде айналысатын дара түлғаларға тән қасиет. Бірақ, оларда өзгелерсіз болмақ емес. Өзге болмаймын дегеннің өзінде, ол бәрібір сол өзгеніңерекшеліктерін біліп барып, оны теріске шығарып отыр. Бұл мәнде езге, езі үшін бағыт анықтаудағы ориентир. Демек, адам қалай болсын өзгесіз болмақ емес. Өзгенің адамға әсері үнемі де үздіксіз болып тұрады. Себебі, өзге дегеніміз күнде, сағат, минут сай­ын көретін, кездесетін, сөйлесетін, қызметтес бола­тын немесе кино, теледидардан керетін жандар. Өзге деген өзіңнен басқа адамдар. Адам қауымында бо­лып өзгелерсіз қалай өмір сүрмексің? Өзгелер сенің емір сүруіңнің басты шарты. Өзгелер сенің барлық атқарылар істеріңнің мүмкіндігі. Өзгелер сен үшін ты- ныстайтын ауаң, өмірің. Кейбір жандар езгелерден безіп кетеді. Ондай жайларды біз, әсіресе діндер тари- хынан білеміз. Өзі сияқты езгелерден безіну, адам ба­ласы мекендемейтін жер іздеу, шын мәнісінде өзгеден қашу емес, езгені аңсау. Сонда ол қандай өзге. Оны біреулер қүдай дейді, біреулер (буддистер) езге дегенің

Page 256: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

езіңці-өзің тану дейді, енді біреулер өзіңді өзгелерден тазарту немесе тағы біреулер езге туралы сағынышты (оны кебінесе ғашықтық дейді) езіңнен ізде дейді, не­месе тағы біреулер жаратылыспен (аян түрінде) сыр- ласу дейді. Осы айтылғандардың бәрінің ілімдері бар. Адам-зат езінің барлығын анықтауға мүмкіндігі ашылғаннан бері осы мәселелермен үздіксіз айналы- сып келеді. Оны әсіресе, поэзияда ғашықтық түрінен аңғарамыз. Ғашықтық өзгені аңсау, оны өз өмір сүрудің қажеттілігіне айналдыру, тіптен, сол өзге үшін жанын қиюға дейін бару. Бұл жерде адам өзін тек езге арқылы түсіне алмақ, жеке өз ғұмыры мәнсіз болмақ, бұл хал негізінен әйел-затында болатын іс, оның әдебиет тари- хында белгілі үлгілері көп. Философтар езге қажеттілікті адам-заттың тегінің туыстығынан шығарып түсіндіреді. Адам-зат хайуан емес, маймыл емес, яғни бір тектен тараған, былайша айтқанда, бәрі туыс. Сондықтан езге- Hi қажет ету негізінде адамдардың туыстығында неме­се адамдығында. Бұл, әрине, базистік түсінік. Нақтылы жағдайда адамның өзгеге қатынасы тым күрделі, оны бірер сөзбен тарқатып беру мүмкін іс емес. Кей-кейде өзге түгіл, адамның дәп өзі өзіне езге болып та кету мүмкіндігі бар. Мұндай халді жазушы Федор Достоев­ский шығармаларынан кездестіруге болады. Адам өзін- өзі өзге деп түсіне бастағанда, оның өз жеке басына бөгделік сезімдер орныға бастайды. Мысалға Альбер Камюдің «Бөгде» деген шығармасын келтіруге болады. Мұны, әдетте дерт деп қарайды, бірақ оның дерттігіне менің күмәнім бар. Себебі, эр адам болмысында Карл Юнг айтқандай, архетиптер болмақ, олай болса эр жеке адам болмысында адам-зат тарихының тәжірибесі жинақталған, ол әрине өзгелік. Демек, әрбір адамда 255

Page 257: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

256

болмысында өзі мен өзге табиғат қоса өмір сүреді де- сек, мәселе қалай болмақ, ойлану керек!

ЖАМАН АДАМ КІМ?

/ ^ " Т / ^ ім жаман адам? Біз жаман адамдыO r — іздегендей жан-жағымызға қараймыз.

Өзімізді көрмейміз. Демек, жаман адам бізден өзге жан.

Мен адамның жаманы едім деп ешкім де мойын- дағысы келмейді. Өзін адамның жаманымын деп мойындаған жанды біз «Аяз би» ертегісінен ғана кездестірдік. Ертегі кейіпкері өзін жаман адаммын деп мойындаған, бірақ оқиға фабуласы ербуіне орай, жа­ман деген адам ақыл, парасаты мол екендігін көрсете бастайды. Сонда жаман кім деген сұрақты қайта қоюға мәжбүр боламыз.

Мүмкін, адамның жаман екенін анықтау адамның ici ме екен деген ойға қаласың. Жаман болса, ол адам бола ма? Адамның ең жаманы - адам. Осы түсініктен айырылсақ не болмақпыз. Адам қандай жаман болса да, ол - адам. Бұл адамды түсінудегі басты ұғым. Осы негізде ғана адам болмысы туралы сөз қозғау мүмкіндігі бар. Адамның жаман атануы нендей жайларға байла- нысты. Адам тумысынан жаман болып өмірге келе ме, әлде өмір талқысы оны қағып-соғып, шалажансар етіп тына ма? Қалай болса да жамандық әлдененің ныша- ны емес пе? Осы бағытта ой өрбітіп көрелік. Жақсылық түсініксіз, әрі мәнсіз іс. Жақсылықтың жақсылығы жамандық немесе оның нышаны болған жерде ғана анықталмақ. Жамандық өзі болмаса да, оның нышаны

Page 258: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

не нәрседе, қай мезгілде болмасын болып тұрады. Түс көріп шошынып оянамыз, себебі жамандықтың ныша- нын сезініп әлденеден секем аламыз. Ойланып алған соң да жетісіп тұрған жағдай жоқ, жан-жақтан сұқтана, бірақ сәтін күтіп бой тасалап тұрған жамандықтардың нышандары. Сіз, осы жалған ғұмырда тым-құрымаса бір сағат ішінде жамандықтың нышанын сезінбеген жан­ды тауып бере аласыз ба, әрине, жоқ. Есі дұрыс адам үнемі қорғаныста, сонда кімнен, неден қорғанбақ, айта- рым, жамандықтың нышандарынан. Бақыттымын деп айтудың өзі жамандықтың нышанын сезінуден туған толқымалы хал. Бақыт деген жамандықтан мүлдем арылу емес. Бақытты кім? Жаман адам ба, жақсы адам ба? Жақсы адамды ізгілікті жан десек, ол ешқашан өзін бақыттымын деп санамайды. Себебі, ол адамның табиғи кемістігін біледі. Жалған ғұмырда бақыттымын деу дана адамның сөзі емес. Ол өмірдің өткінші екенін, жалған екенін, мәңгіліктің жоқ екенін әбден біледі. Соның бәрін білген соң, қалайша өзін бақыттымын деп сезінбек. Ондай жанның халін білдіретін басқа ұғым бар, ол қайғы. Тарихтағы Асан-қайғы сондай данышпан адам. Даналықтың өлшемі ізгілік. Асан-қайғы ізгі жан. Демек, оны жақсы адам деуімізге болады. Бұл елшеммен кел­еек, жамандар: Александр Македонский, Юлий Цезарь, Шыңғысхан, АқсақТемір, Наполеон, Гитлер, Ленин, Ста­лин т.б. сол сияқты және осыларға ұқсас ірілі-уақты жау- ыздар. Ізгілік жаман адамда болмайтын қасиет. Адамды жою, қорлау жаман адамдардың әрекеттері. Осындай әрекеттері үшін жоғарыда аталғандар бақытты болмақ па?! Мүмкін бір тайпа елді қырып салып, Шыңғыс хан өзін бақыттымын деп санаған шығар, мүмкін, бірақ ол, оның өзі туралы пікірі. Біз олай ойламаймыз. Жаман адамды жақсы адамнан ажырата білу даналық.

!

Page 259: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Кім жаман адам? Біз жаман адамды іздегенде жан- жағымызға қараймыз. Өзімізді көрмейміз. Демек, жаман адам бізден өзге жан.

Осымыз жамандық па, жақсылық па?!

ҚИ Л Ы ЗА М А Н

Д/О алы қ санасында «Қилы заман» деген түсінік бар, оның авторы Асан Қайғы деп жүрміз.

Ол былай депті: «Қилы-қилы заман болар, судағы ақшортан қарағай басын шолар».

Сонда «Қилы заман» деген не? Асан Қайғы нені меңзеп отыр. Судағы шортанның қарағайдың үшар басын шолуы қандай халді білдіреді. Қилы заманды қалай анықтамақпыз. Асан Қайғы бойынша қилы за- манда түсініктер, ұғымдар алмасады. Бұрынғы жақсы дегеніміз жаман болады. Биік дегеніміз аласа ата- нады. Құндылықтар табиғаты өзгереді. Адамдардың шаруасы, мінезі, пиғылы, ой-санасы өзге арнаға ауы- са бастайды. Мұны біреулер ақырзаман нышандары деулері мүмкін, бірақ мәселе ақырзаманда емес, қилы заманда. Мен 1917 жылғы Қазан төңкерісін қилы за­ман оқиғасы деймін, оны қоғамдық ғылымда «рево­люция» деп жүрміз. Қандай болмасын революция сол ел, жұрт, үшін нағыз қилы заман. Революция болмысты түп-тамырымен қопару. Революцияны мұраттұтып, оны насихаттау қилы заман оқиғасын мейлінше асқындыру. Мұндай әлеуметтік дертті көптеген халықтар басынан өткерді. Қазан теңкерісі Ресей империясы мен оның қарамағындағы бодан халықтарды теріс жолға бастап әкетті. Социализм ешқайда бастамайтын тұйық жол

Page 260: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

еді. Оны орыс, украин, грузин, армян, татар, қазақ, т.б. халықтардың азаматтары көре білді, келе жатқан саяси-әлеуметтік қауіптен сақтандыруға өздерінше іс, әрекет және харекет жасады, бірақ қолдарына «мылтық ұстағандар» жеңіске жетті. «Мылтық асынғандардың» мақсаты жер жүзінде коммунизм орнату болатын. Бұл утопистік ілім КСРО-ны құрып, оның мемлекет боп өмір сүру тәсіліне айналды. Бүгінде сол коммунистер құрастырған құндылықтар қирап жатыр. Коммунизм ту­ралы ілім саяси сахнадан кетті; бірақ ол әлі де дағды, санада толық жойыла қойған жоқ. Коммунистер үшін заманындағы теңдесі жоқ тұлға, Ленин бүгінде үлгі болу- дан қалды. «Күн көсем» деп аталған Сталин тарихтағы белгілі зұлымдар: Александр Македонский, Шыңғыс хан, Наполеон, Гитлер т.б сияқтылар қатарынан өз ор- нын алды. Лениннің сол дәуірдің жастарына (комсо- молдарына) насихат еткен коммунистік мораль адам- заттың адасуының бір көрінісі болып қалды. Адам-затқа тән құндылықтар езгеше түсініктерді қажет ете баста­ды. Ақын Владимир Маяковский жырлаған «жақсы де­ген немене, жаман деген немене» дегендерді қайтадан анықтау бүгінгі күннің негізгі тақырыбына айналды. Қилы заман оқиғасы жылдарында «дінсіз қоғам» құруды мақсатқа айналдырып едік, қазір дін рухани өміріміздің бір діңгегіне айналып келеді.

«Қилы заман» концепциясы әншейін айтылған метафора емес. Бұл ескерту адам-затты қауіптен сақтандыру. Болашаққа бекем болу. Ертең бүгінгідей бола бермейді. Ертеңгі күн ез санасымен келеді. Ертеңгі күннің кейіпкері де бетен, бегде демек ертеңгінің түсінігі Де, өзгеше болмақ. Мұхтар Әуезов кезінде «Қилы за­ман» деген роман жазып еді. Анығында Мұхтардың өзі сол қилы заманның басты кейіпкерінің бірі болатын. 259

Page 261: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

260

Қилы заман тек тарихқа қатысты айтылған идея емес, ол әр ұрпақтың басына кемінде екі рет қайталанып келетін әлеуметтік-саяси дағдарыстың айғақты көрінісі. Тарихи тәжірибеге назар салсақ, осы пікірдің шындығына нақтылы дәлелдер табамыз. Қазіргі 70-80-ге келгендер қырғын соғысты керді, КСРО империясының қирауының куәгері болды, Қилы заман әр үрпақтың өмірінде екі рет болады дегенде, мен ақырзаман шақырып отырғаным жоқ. Жақсылық, ізгілік өз жолымен келе берер, мәселе ұрпақтың алда түрған қиындықтарға дайындығы тура­лы. Қиыншылыққа даярлық жақсылықты шақыратын іс. Қиыншылыққа даярлығы жоқ немесе шамалы ұрпақ тек өз басы ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын үзіп, алдағы болған мол тарихи, мәдени тәжірибені рәсуа етіп, келер ұрпақты ессіз етіп қалдырмақ. Сондықтан бәріне жау­апты нақты өмір кешіп отырған ұрпақ. Осындай қателік кеңестік дәуірде орын алды. Біз 1960 жылдары мектептің жоғарғы сыныптарында оқып жүргенде, санамыз мүлдем теріс, утопистіксанамен уланды. Сол кездегі ел басшысы Никита Хрущев бастаған езге көсемдер 1980 жылдары елде коммунизм орнығады деп даурықты. Соған сенген- дер болды. Біз сол кездегі мектеп оқушылары, ойладық: «бұл неткен бақыттылық», телегей-теңіз байлықта, яғни әркім өзінің керегінше деген өмірде күн кешеміз деп. Ол кезде «қилы заман» туралы айтылмады, керісінше, жер бетіне жұмақ орнату идеясы, яғни - коммунизм орнату ici барынша насихатталып жатты. Коммунист қоғам - жердегі жұмақ қоғам деп түсіндірілді және солай санада қабылданды. Осы сана нарықтың енуіне және өрістеуіне бөгет болды, әлі де оның сарқыншақтары сақталып отырғанын мойындамасқа болмайды.

Қилы заман деген сана қазақ халқын не түрлі ба­сына төнген апаттардан аман қалуға мүмкіндік беріп

Page 262: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

отырды, себебі мұндай санада тәрбиеленген жүрт қиыншылықтың қандайын болса да жеңе білді, бірақ халықтың отызыншы жылдары аштыққа ұшырауы социалист идеологияның тікелей нәтижесі бола­тын. Болыиевик-коммунистерде «қилы заман» деген сана болмаған, олардың түсінігінде алда тек жарқын болашақ, бұл утопистік сана еді.

Қазақ жыраулары утопистік санада болмаған, олар прагматиктер, алдағы болатын қиыншылыққа ұрпақтарын ашық түрде дайындаған, сөйтіп халық жан-жағынан жаулар қыспағында болса да, аман сақталынып социализмге жетіп еді, нағыз қилы заман қазақ халқы үшін социализм орнаған кезінде болды. Құдай қолдап, халықтың егемендікке қолы жетті, бірақ бұдан енді қазақ жұртына «қилы заман» болмайды деген қорытынды шықпауы керек. Тарихи тәжірибеде жоғарыда аталғандай, әр ұрпақ өз басынан «қилы за- манды» екі рет өткеріп отырды, демек сол «замандар» болашақта болса, кейінгілер қалай өте алмақ, қилы заманға даярлығымыз бар ма, міне, осы мәселе әрбір азаматтың ойына салмақ салғаны абзал.

Құдайға шүкір, аңсаған тәуелсіздікке қол жетті. Талай қилы замандар басымыздан өтсе де, барымызға қанағат тұтып, тәуба жасағанымызбен, Асан Қайғы айтқандай, «қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын заман» келеді деп өзімізді-өзіміз жұбатуға бола ма? Әрине, жоқ. Қилы заман кейбір халықтардың есіктерін қағып, кейбіріне орнығып та алған. Айталық, Ауған жұрты, Босния жұрты, Ирак жұрты, Палестина жұрты т.б. қилы заман оқиғаларын бастарынан кешуде. Сондықтан болашақта үнемі бейбіт, тірлік болады деп сеніп, қамсыз қалуға болмайды. 261

Page 263: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

***

«Қарағай басын судағы шортан шаяды» деген мета­фора қазақхаяқының дүниетанымындағы жетекші идея бояған. Бояашақты бояжау қиын іс. Бояашақ деген тек үміт емес, оя үрей де туғызатын беягісіздік. Бояашақ беягіяі іс бояса, оя бояашақ емес. Бояашақты жұмақ- коммунизм деп анықтаған коммунистер бояғанын айттық, Қазақ ойшыядары хаяықты ондай утопистік сана бесігіне бөяемеген, шындықтың нақтыяы бітім- боямысы тураяы ой саяған. Ояар қияы-қияы за­ман бояады деп, хаяықты апаттан, қауіп-қатерден сақтандырған. Жаратушымыздың сақтансаң сақтаймын дегенін «Қияы заман» деген ой түйінімен біядірген оя ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын данаяықтың бір көрінісі.

БАҚЫТ

ГХ ЗГҰ Я ниет аДамДЬІ әядебір үмітке жетеяемек.Ч -Х Э Б ақы т тураяы жиі айтамыз, соған қарағанда

оны жақсы біяетінге ұқсаймыз. Қандай боямасын тіяекке бақыт деген қосыяа айтыяады. Бақыт тіяеу жақсы - ниет. Демек, бақыт жақсыяықтың нышаны. Бақыт де­ген жеке адамның ici. Эрине, кейде баяаяар, жастар бақытты бояыңдар деп жаппай айтушыяық та бола­ды. Бұл мәнде бақыттың тек жастарға ғана арналған ұғым екені аңғарылады. Шынында мосқал тартқан адамдарға бақытты бол деп ешкім айтпайды. Бақыт жастарға қатысты еркін қолданылатын ұғым. Бақытжол басында айтылар тілек, ниет. Сонымен, бақыт дегеніміз жастардың жүріп өтетін ғұмыры, келешегі жақсылық

Page 264: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

пен ізгілікке, ырыс пен дәулетке, жетістік пен мансапқа толы болуы үшін білдіретін ниеттің керінісі. Бақыт деген үлкендердің келешегі алдындағы жастарға білдіретін ниеті. Бірақ, қилы-қилы ғұмыр кешкен ойлы кісі біледі, бүл өмірде бақыттың жоқ екенін, оның тек үміт екенін, бірақ, сонда да үлкендердің жастарға үнемі бақыт тілеуі тоқталмақемес. Сондағы мақсат, мүмкін өзімізжетпеген бақытқа ұрпағымыз кенеле ме екен? Бақытқа кенелудің екіталай екенін біліп тұрып бақыт тілейміз - ол ниет тазалығы.

Бақыт дегенді емірдің рахаты десек, ол жұмақты аңсау. Жалғанда жұмақтың жоқтығы белгілі. Жақсы түрмыс, мол дәулет, тіптен биік лауазым да бақытқа ба- стайтын жол болғанымен бақыттың өзі бола алмайды. Себебі, бақыт сағым сияқты қолға түспейтін, бірақ соған жетуге адамды ынтық ететін - феномен. Мен бақытты болдым дегенде-ақ, ол тағы да қол бұлғап сізден алы- стап кете бермек. Демек, бақыт деген сағым-түсінік ne екен? Түсінік үнемі өзгеріп отырмаушы ма еді?! Сол сияқты бақыт та қолға тұрақтамайтын үнемі ынталан- дыратын, бірақ ешқашан қолға түспейтін әлде не болған ғой?

Пендеміз ғой, кей-кейде адамдар, мен нағыз бақытты жанмын деп өз халін жария етіп жатады. Рас, былай Караганда не керектің бәрі бар, толық дүние, бірақ сол бақыттымын деген жанға мұқият қара, оныңтұрмысында анталап, жан-жағында жанды жеген мәселелер самсап тұр емес пе? Адам бақыттымын деп өзін анықтаған сай­ын, оның мәселесі молыға бермек. Нағыз бақытты де­ген адамның, тұнып тұрған мәселелердің дәп төбесінде тұрғанына күдік келтірудің еш қиындығы жоқ. Жал- пы адамды бақытқа ынтық ететін екі нәрсе бар, олар: байлық пен билік. Осы екеуі болса, бақыттың өзі (кей-

263

Page 265: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

264

де оны «бақ құсы» дейміз) қонды дейміз. Бірақ, осы екі нәрсе бақыт пен билік, бір жағынан бақытқа бастар жолдар болғанымен, екіншіден бақытқа үнемі де үрей туғызатын күштер. Сондықтан бай адамның, билік басындағы адамның бақытты болуы әр қилы шаруа. Ол пендешілікке салынып өзін бақыттымын дер, сөйте түра, ол өз сөзіне өзі күдік келтірері де хақ. Бақыттымын деу сырт көз үшін айтылған сөз. Сондықтан суфизм ілімі, осы бақыттың сағым, қолға түспейтінін еске алып, пен­де санасына тәуба деген түсінік енгізген. Ол адамның тойымсыз нәпсісіне шектеу қоюдан шыққан шара. Адам байлыққа, билікке де тоймайды, болған үстіне бола берсем деп ынсапсызданады. Сол кезде адамға тәуба санасы керек. Барға разы болу керек. Тоқтау керек.

Адамдардың бақытты болу мүмкіндіктері бар, бірақ бақытқа ие болуы, ешқашан шындыққа айналмайтын үміттің сәулесі сияқты бола бермек. Адамның бақытты болу мүмкіндігін есепке алып, біз жастарға бақыт тілейміз, жақсылыққа ынта қуатын береміз. Бары осы. Одан арғысы бүлыңғыр, беймәлім, қауіпті жол болмақ. Ол жолда бақыт қайсы, онымен үнемі қосарлана жүретін қайғы қайсы, анықтап алу екіталай іс. Бақыт де­ген әңгіме басы, ниет. Жолаушыға ақ жол тілеу. Жүріп өтетін жолдың қандай болатынын ешкімде біліп бол- майды. Мен білем деп, жол бастаушы шықса, оның да ici күмәнді екенін естен шығармаған жөн. Адам-зат баласы ондай жол бастаушылардың талайын көрген, талайының ілімінен опық жеген. Адам-затты бақытқа жеткізбек болған «коммунизм» деген ілім болған. Ол да бүгінде сағымға айналды. Сонда бақыт деген не? Бақыт деген адамның адам болып өмір сүруі, одан асқан нен- дей бақыт бар. Он екі мүше орнында, құдай берген қуат бар, бақыт деген осы емес пе? Бірақ, бұны ешкім місе

Page 266: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

түтпайды, сөйтіп бақытты сағымға айналдыруға ынтала- намыз. Сірә, Абайдың «алдамшы болмай бақ қайда?» дегені осы орайда айтылған ой болса керек. Әдетте, кей адам өмірде шаршап, шалдыққанын білдіріп, «ал­дамшы өмір» - деп жатады. Осы сезіміз рас па? Алдам­шы өмір ме, әлде алданып жүрген өзіміз бе, қайсысы дұрыс? Өмір бізді емес, біз өмірді алдағымыз келіп жүр емес пе? Өмір дегеннің өзі, өзіміз емес пе? Адамнан тыс не өмір бар? Өмір мен адам бір. Өмір адамға Жа- ратушысы берген енші. Мәселе, қолыңнан келсе өмір сүріп көр. Ең қауіп-қатерлі ауыр мәселе, осы өмір сүріп көру. Бұл мүмкіншілік әр адамның басында бар, бірақ сол қалай іске аспақ, осындай қиын-қыстауда адам­дар бақыт деген сананы ойлап тапқан. Бұл алдамшы нәрсе. Алдамшы нәрсеге мәз болу бақытқа бастайтын жол емес, бірақ бақыт туралы көпшілікке айтар сез бар да, зиялы, ойлы қауымға арнап айтар сез бар. Мен соның екіншісі туралы айтып отырмын. Көпшілік үшін бақыттың дәстүрлі қалпындағы түсінігінде қала бергені шындыққа да, тұрмысқа да жарасымды.

***

Бақыт туралы көп ойлағанда бір түйгенім, («счастье это доля женская») бақыт әйел-затының тағдыры деген түсінік. Бақыт әйел санасына өте үйлесімді. Бақытты біз жастарға тілесек, соған қоса әйел-затына орай айтсақ жөн. Бақыт әйел-затына ауадай қажет сана. Қазақ қыз балаға «бақытың ашылсын» - деп жатады. Осы тілекте терең мән бар. Оның мәнісі, сенің дүниеге әйел-заты болып келгеніңнің өзі бақыт. Әйел-затының басты асыл қасиеті дүниеге адам келтіру. Одан артық адам-зат үшін қандай бақыт керек. Сірә, халқымыз әйел-затына

Page 267: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

266

«бақытың ашылсын» - дегенде осы жайларды айтқысы келген болуы керек.

Әйел-затына ғүмыр нақтылы шындық болғаны да, емірдің қызыл түлкі болып, сәл-пәл «алдамшы» болғаны да керек. Оны біз ғылыми тілде - романтика дейміз. Әйел-затына бақыт туралы айту қажет. Бұл әйел- затының рухани дүниесінің бір керемет құпиясының бірі. Осы тұрғыда бақыт деген әйел-затының санасы деген қорытындыға келеек те болғандай. Абай бақытты алдамшы дегенде ер адамның дүние түсінігімен қарап отыр, әйел-затының көзімен қарасақ, бақыт деген, оған жету деген керемет, ғажайып дүние. Әйел-заты бақыт дегенге қалтқысыз сенеді, онысы ер адамдарға түсініксіз болуы мүмкін.

Әйел дүниені алдамшы деп қарамайды. Дүниені алдамшы дейтіндер ер адамдар. Әйел емірді ақиқат деп түсінеді. Ол әйелдердің табиғатынан шығатын ерекшелік. Әйел дүниенің ақиқаттығын, дүниеге адам әкелуімен дәлелдейді. Әлемге емір иесін әкелген жан, қалайша емірді алдамшы демек. Яғни, өмірді әйел көзімен қарау бар да, оны ерлер көзімен қарап, меңгеру бар.

i ' * * * . ■ . . . Ү ч . - Г Ч.:;

Абай «бақ» (бақыт) туралы айтуды жен көрмеген. Оның «арсыз болмай атақ жоқ, алдамшы болмай бақ қайда» дегені әншейін сез үшін айтылған ой емес. Ол Абайдың дүниетанымынан туындайтын түсініктер. Ол айтпап па еді: «Алды үміт арты өкініш, алдамшы өмір», - деп. Демек, алдамшы өмірден бақ іздеп, езін тоқмейілсіп бақыттымын деу, Абай сияқты хакімге жа- рамсыз. Мүмкін ол көпшілікке қажет те шығар. Өмірдіи

Page 268: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

алдамшы екенін айта бергеннің несі сән. Ғұмырдың өзі ақиқат болса (бұл да Абай түсінігі), оны алдамшы деген- нен бақ, дәулет, ырысқа толы дүние десек, өмір жайнап сала бермей ме, өзіміз де мәз-мейрам думанның орта- сында жүрмейміз бе? Мүның несі жаман. Керісінше, жаман емес нағыз тамаша. Дүниенің мағмұрлығы (оны да Абай қолданған) адам өмірінің мазмұны. Солай бола тұра Абай бақ мәселесіне күдігі бар, бірақ оны біз хакімнің күдігі деп қарастырып, көпшіліктің бақ, бақыт туралы түсініктеріне шаң тигізбей-ақ қоялық. Адам мына шолақ аз ғұмырында осы дүниеден өзіне «жұмақ» тапса, тапсын, өзінше өмір сүре берсін. Мәселе, бақыт туралы Абай сияқты ғұламалардың түсінігінде.

Абай сияқты ғұлама дегенде де шындық ашылмай тұр, оның себебі орыстың тамаша ақындары Александр Пушкин мен Михаил Лермонтовтар бақыт туралы ешбір күдіксіз айтады, мысалы Михаил Лермонтовтың «Дитя в люльке» (1829) деген өлеңі бар, оның түпнұсқасы неміс ақыны Фридрих Шиллерден алынған (Das Kind in der Wiege, 1796). Орыс тіліндегі өлең мәтіні мынандай:

Счастлив ребенок .-И в люльке просторно ему, V" »Но дай время сделаться мужем,И тесен покажется мир. *

(Абай. т-1.; &:253)Абай аудармасы: «

Кең жайлау - жалғыз бесік жас балага,Алла асыраған пендесі аш бола ма?Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге, , ; ■- Тыныштық пен зар боларсың баспанаға. n - г

. (Сонда, 38-6)

Page 269: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

268

Аудармада «бақытты бала» (счастлив ребенок) де­ген түсінік жоқ, орнына жас балаға бесік бейне кең жай- лау. Абай орыс ақыны Михаил Лермонтовтың «счаст­лив ребенок» деген түсінігін мұнымен ғана бейнелеп қоймайды, оған ырыздық, құт деген түсініктер қосқан. Оны, ол поэзия тілімен «Алла асыраған пендесі аш бола ма?», - деп бейнелеген. Апла асыраған деген, оның ырыздығы, оның сәбиге берген құты деген сез. Сәбидің құты өзінде. Сәби дүниеге өз ырыздығымен келеді. Абай оны нақтылап «Алла асыраған пендесі аш бола ма?», - дейді. Сәбидің өз ырыздығымен келетін құтын орыс тілінде Михаил Лермонтов «счастлив ребе­нок» деген түсінікпен берген. Құт деген түсінік орнына баланың бақыты деген тұр.

Лермонтов пен Абайды тыңцап отырсақ, адамның бақытты шағы бесіктегі сәбилік кезі екен. Есейе келе, әлеуметтанушылар тілімен айтсақ, әлеуметтене (со­циализация) келе, адам кең дүниеге сыймай басын тауға да, тасқа да соғады. Лермонтов «Тесен покажется мир» десе, оны Абай одан әрі тереңцете, кең дүниеге сыймай «Тыныштық пен зар боларсың баспанаға», - дейді. Неге есейе, жетіле келе адам кең дүниеге сый­май қояды. Себебі, адамның әлемі кеңейеді, адам шайтандық жолға түседі, оған дүние кең көрінбейді, ол әлемдік тәртіпті өзгерткісі келеді, қысқасы, қолдан келмес іске ұмтылып өзін де, өзгені де бітпес азапқа салады. Адамның мұндай әрекет, харекетіне жақсы не жаман деп баға беру қиынның қиыны. Сірә, адам баласының кең дүниеге сыймай асып-төгілуі ешқашан да тоқтамайтын іс болса керек. Ол адам болмысының қажеттілігі болса керек.

Ержеткен, есейген адам бақытты болудың орнына, баяғыдағы Будда айтқандай, азапқа түспек. Өмір деген-

Page 270: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

нің мәні сол. Өмірді рахат деп те түсіну бар, бірақ ол ойлы адамға қатыссыз жай. Ол Абай айтқан «Қайғысыз асаужандарға» өмір рахат, еш қайғы жоқсекілді көрінеді, олар өздерін бақыттымын деп те сезінбек.

ӨРКЕН

—'ілімізде жиі қолданылатын - сөз. Үлкендер жастарға «еркенің өссін» - деп бата береді.

Мұхтар Әуезовтің «Өскен еркен» деген романы бар. Өткен жылдары «Өркен» деген газет шығып тұрды. Қазір де «Өркен» деген телеарна бар. Цивилизация- ны қазақшалағанда да негізге «өркен» үғымын алып, оны «өркениет» деп айтып, жазып жүрміз. Сонда өркен дегеніміздің мәнісі не?

Өркенді табиғат аясында қарастырсақ, ол жасыл- желектің есіп-енуін, жердің кектеуін, метафораны қолдана айтсақ, ол жастықтың, жаңалықтың басталуы оның айғақты көрінісі. Бұл мәнде өркен ескінің жаңаға айналуының өлшемі. Адамға керегі жаңалық. Өркен болса жаңалықтың - өзі. Бірақ, жаңалық белгісіздіктен туады емес пе?! Біз көп жағдайда белгісіздікті жаңалық деп қабылдаймыз. Сондықтан жаңалық, бір жағынан қуаныш, екінші жағынан белгісіздік болған соң - үрей әкеледі. Жаңалық - түсінік пен түсініксіздік. Түсінік қуаныш, түсініксіздік үрей. Адам жаны жаңалыққа, белгісіздікке ынталы болғанымен, ол өзінің үйреншікті халін сақтағысы келеді, бірақзаман үрдісі оны тоқтаусыз ағыстарға салады.

Өткен күннен келер күннің айырмашылығы, өзгешелігі болмай қоймайды. Өткен күн ескіріп, жаңа

Page 271: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛАА ЕСІМ

270

күн өз жаңалығымен келмек. Осы мәнде болашақ қауіп-қатерге, үрейге толы болуы түсінікті. Біз, әдет- те болашақты «бір тамаша ғұмыр» - деп өзімізді алдамшылыққа салуға дағдыланып алғанбыз. Олай болмаса өмір өз мәнін жойып, адамның дүниеге құштарлығы азайып, ұрпақ қамын ойлау мағынасыз іске айналмақ. Болашақ бақытты өмір деген түсінік адамға қуат беретін жақсы пиғыл. Тек осындай жағдайда біз өркен туралы ойға түсіп, жаңа-жаңа адамшылықжолы- на түсе бастаған жастарға «өркенің өссін», - деп тілек айтамыз. Бұл тілекте өмір сүруге дайын рецепт жоқ, тек таза ниет бар. Тілекті тілеуші үміт етсе, бата алған жас, осы тілекті орындауы тек өзінің ғана міндеті деп санауы қажет. Тілек тілеуші бүгінгі күннің адамы. Ертеңгі күнге тілек иесі бара алмайды... Күннен күннің өзгешелігін айыру әр адамның өз үлесіндегі ici.

Адамның табиғат берген санаулы ғүмыры бар. Осы өлшеулі мерзімді эр адам өз басынан өткеріп, келесі адамға орын бермек. Басқа амал жоқ. Сонда күні өтіп бара жатқан адам келесі өмір сүруге кіріскен ұрпаққа өзінше бата, тілек білдіреді. Сондай тілектің бірі - «өркенің өссін», батаға айналған ізгі ниет.

Осы екі сұраққа жекежауап іздеп көрелік. Біріншіден, жас ұрпаққа өркенің өссін деген тілекте таза ниет жа­тыр. Жас ұрпақ жаңалықтан, яғни болашақтан ырыс табуы керек. Ол міндетті түрде ырысты болуы қажет. Ырыс болмаса өмірдің мәні бола ма? Өмір мәнін ойлау ырыс басы. Жас ұрпақ өмірдің мәнісін түсінуі, қысқаша айтқанда өмір сүруге ынталы болуы табиғи нәрсе. Әрине, өмір сүру әркімнің өз шаруасы, бірақ сол өмірге ынта, оның өркенін өсіретін қуат болуы қажет.

Екіншіден, «өркенің өссін» деп бата беруші қаншама ғұлама болғанымен «өсетін өркеннің» не екенін өзі де

Page 272: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

біле бермейді, тек болжайды, әлде неден дәмеленеді. Неге дейсіз ғой. Мәселе, меніңше, былай. Өркенінің қалай өсетінін білетін әр адамның өзі. Эр адам өз тағдырын өзі анықтамақ. Айтылған тілек бір басқа, оны іске асыру бір басқа. Кісі айтпаған сез бар ма, соның қайсысы өз орнын тауып жатыр. Адам болған соң, оның тұрмыс-тіршілігі, отбасы харекеті болмақ. Бүл әркімнің қолынан келетін қажетті істер. Өркеннің өсуі әрбір адамньщ өз тәуелсіздігіне ж ету мұраты. Мен осы жолдағы орындалатын мақсаттың атын - өркеннің өсуі деймін.

Әр адамның өз тәуелсіздігіне жетуі, оның өмірінің мәні, мақсаты. Тәуелсіздікке жету өмірдің мәні, ал өмір сүрудің мәнісі - ол тұрмыстық харекеттер: үй болу, ұрпақ өсіру, қызмет ету, т.б.

Мұхтар Әуезов «Өскен еркен» - деп Қазақстан болашағын көркем тілмен баяндауды ниет еткен. Де­мек, өркен - өсу, өну, яғни мүмкіндігі бар іс. Өркен деп болашагы бар, болашағынан үміт күттіретін адамға, не іске қатысты айтылатын шындық. Өркен деген жалғандыққа,етіріккежат. Мысалы, большевиктерқұрған кеңестік қоғамның өркені еспейтінін сау ақылдылар сол заманда көре білді. Себебі, кеңестік қоғам болмысында жалған <өп болатын. Ол адамдардың табиғи тіршілігіне, мүмкіндігіне балта шапты, сондықтан ол өркендемеді. Оны біз басымыздан кешіп қана қойғанымыз жоқ, куәсі болдық

Өркен болмысында мүмкіндігі бар іске орай айты­латын - ұғым. Алайда, мүмкіндік дегеннің өзі түсінікті қажет ететін уғым екенін де ескерген жөн. Мүмкіндік

Page 273: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

272

болмысында ізгілік те, зұлымдық та болуы ықтимал. Ізгілік те, зулымдық та мүмкіндікті қажет етеді, әрі сол мүмкіндік кеңістігінде өмір сүрмек. Зұлымдыққа толы мүмкіндік өркен емес, керісінше, өркен оны жоюға бағытталған күш. Зұлымдық өсіп-өнудің себебі емес, оның көлеңкесінде орын алатын күш. Әдетте, ізгілік ниеттегі өркеннің өсіп-өнуі қаншама қуатты болса, оның зұлымдыққа берер мүмкіндігі де соншама мол болмақ. Өсіп-өну кеңістікті толығымен қамти алмайды, сондағы бос кеңістікке зұлымдық орнығып алады. Егер бұл үрдіс болмаса, онда өсіп-өну қуаты да бәсең болар еді. Ізгілік өз болмысында зұлымдықты қажет ете отырып және оны жеңе отырып өзіне қуат алмақ. Өзгеше болуы мүмкін емес. Ізгіліктің қуаты зұлымдықта. Зүлымдықты жеңуге мүмкіндігі жеткен ізгілік, одан әрі қуаттана түспек. Әрбір ізгі іс дегеніміз зұлымдықтың бір жеңілісі дей беріңіз. Зұлымдық болмаған жерде ізгіліктің қуаты шамалы болады, тіптен ол бірте-бірте әлсірей бермек. Ізгілікті қуатты етіп оны өркен етіп тұрған - зұлымдық. Осы мәнде өркен дегеніміз ізгіліктің зұлымдықты жеңуі. Өркен жеңістің көрінісі ғана емес, оның нақ өзі.

Біз білеміз қандай болмасын жеңіс табиғатында жеңіліс болмақ. Сондықтан әрбір өскен өркен зүлымдықтың жаңа түрімен кездесіп қалып отырады. Бұл таусылмайтын мәңгілік үрдіс.

БЕЛГІСІЗДІК

^ І -L асырлар бойы айтылып келе жатқан сөз, адамның ақиқат тағдыры - елім. Абай оны

белгілі сөз деген. Ол көршілес туысы Жаманбаланың

Page 274: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

баласы өлгенде: «Белгілі сөз: «өлді, елді», белгісіз оның мекені» - дейді. Өлді деген белгілі сөз, белгісіз өлген жанның мекені. Бұл адам дүниеден қайтқан соң не бо­лады деген мәселе. Адамның өлгеннен кейін қандай халге душар болатыны туралы дінде жүйелі түрде баяндалған, бірақ оларды ақиқат деп қабылдау қай за- манда болмасын күдік туғызып келген. Осы мәселеде Абай да өз күдігі барын жасырмай айтып отыр. Адамның егер о дүниелік өмірі бар болса, ол жалғанда өмір сүруші жанға жұмбақ. Ол жұмбақтың сырын ашпақшы болғандар көп болған, әлі де бола бермек, бірақ ол тылсым ешқашанда адам-зат үшін білім ақиқатына айналмайтындығын мойындағаннан өзге амал жоқ. Адам жоқтан пайда болып, ғұмыр сүріп, дүниеден қайтып жоққа айналғаны, оның тәндік табиғатына қатысты айтылған сөз. Тәннің пайда болуы және оның жойылуы, бұл адамның белгілі ғұмыры. Адамның зат- сыз табиғатының бұрын да, кейін де қалай, қандай күйде болатыны белгісіз. Адам тән арқылы білініп өмірге сәби болып келгенге дейін мекені белгілі ме, одан кейін қартайып, не әлдебір себептермен дүниеден қайтқанында баратын мекені белгілі ме? Абай ол ме- кен белгісіз дейді, менің де оған қосарым жоқ. Әрине, сұраққа жауап беруді дәстүрге айналдырғанымызға салсақ, адамның дүниеден қайтқан соң не болаты­ны туралы аңыздардағы, діндердегі «ақиқаттарды» ақтарып салуға әбден болады, көбіміз сөйтіп те жүрміз. Асылы онымыз дұрыс па, ол Жаратушының сырын шашпақ ниеті емес пе? Ол мұсылмандық па, әлде мұсылмандыққа тек насихат па? Мұсылмандыққа на- сихат жасау ниетінде жалған айту таза дінге жата ма? Алланың құпиясы тек өзіне ғана мәлім емес пе? Оны да ойлап қойғанымыз дұрыс болар, әйтпегенде дүниеден

273

Page 275: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛАА ЕСІМ

274

қайтқан адамның барар мекені белгісіз, - деп отырғанда Абай мәселені мүлдем білмей айтып отырған жоқ. Ол дін мәселелерін бізден терең білген, бірақ белгілі сөз өлді, ал белгісіз оның мекені, - дейді.

: û /^ахаббат адамның ең асыл қасиеті, оныәдетте сезім дейді. Осы мәнде махаббат

өнерде және әдебиетте негізгі тақырып, әйелдің еркек- ке немесе еркектің әйелге қатынасын махаббат арқылы білдіру, түрмыста қалыптасқан түсінік. Еркектің әйел- затына құмарлығын да махаббат арқылы түсіндіру бар, бірақ оның ерекшелігі ер адамның жігітшілік қасиетінің қуатында. Рухани қуаты мол ер адамның ғана әйел- затына шексіз беріл іп, махаббат сезімі арқыл ы өмір мәнін түсінбек. Тұрмыс ауқымынан аса алмайтын жандардың (ер мен әйелдің) бір-біріне шексіз берілу сезімі сирек кездеседі. Махаббат сезімнің тұнығы әрі тереңі. Сезімі таяздар махаббаттың орнына жыныстық құмарлық жағында болатыны да түсінікті. Махаббат адамның ру­хани байлығының өлшемі. Ол адамшылықтың негізі, себебі Жаратушы адам-затты махаббатпен жаратқан. Абай айтқандай, Алла адам-затты махаббатпен жарат- са, онда махаббаттың адам-затқа дейін болғандығы, яғни махаббат Жаратушының құдіреті. Махаббат Жаратушының адам-затты жаратудағы ерекше тәсілі, құдіреті. Адам-зат жаратылып, әлемге Адам Ата және Хауа Анамыз келген соң, Алланың құдіреті - махаб­бат адамдарға ауысқан, сөйтіп енді біз махаббаттың бастапқы мәнін еске ала бермей, оны еркек пен әйел-

Page 276: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

затының арасында болатын, өмір мәнін айқындайтын сезім деп түсіне бастадық, онымыз шындыққа сай, бірақ кейде махаббат сезіміне тән емес еркек пен әйелдің ара­сында болатын қылықтарды да махаббат деп жатамыз, онымыз жансақтық. Алайда, адам-затты Жаратушы ма­хаббат пен жаратқан соң, эр жанның табиғатында бұл сезім бар, мәселе сонда сол махаббат сезімі ез түсіне еніп, яғни нұрланып көріне бере ме, жоқ па? Махаббат сезімінің адамның тәнімен коса оянуы, ерекше күйге еніп нұрлануы, оның адамшылық, кісілік, парасаттылық қасиеттеріне тікелей байланысты. Адамшылығы, кісілігі шамалы, түсінігі таяз адамдардың махаббат сезімдері өздерінің табиғи арнасына түспей, езгеше күйлерге етуі әбден мүмкін жағдай. Әдебиетте, өнерде адамның мұндай халдері драма, трагедияларға, өнер туындыларына өзек, арна, тақырып болған. Махаб­бат Жаратушының құдіреті болғандықтан, ол ізгілікке құштарлық. Махаббат ізгілік сезімі, бірақ кей жандардың зұл ымдыққа құқштарл ығы да болады. Мұндай құштарл ық махаббатқа үқсайды, бірақ ол өңін айналдырған - зұлымдық. Кейде басылым беттерінде түрлендіріп, отанға, туған елге, ата-анаға т.б. махаббаттар болады деп жазып жатады. Ол теріс түсінік. Махаббат Алланың адамды жаратқандағы құдіреті, яғни Алла мен адамның табиғи байланысы. Ол бір. Екіншіден, махаббат еркек пен әйел арасындағы тұнық, мөлдір сезім. Адам ота- нын сүйеді, туған жерін, елін сүйеді, ата-анасын ерекше құрметтеп, қастерлейді. Ата-ана баласын бауыр етінен жаралған соң, мейлінше сүйеді. Сүю мен махаббат бір емес. Сүю нәпсісіз көрінетін рухани құбылыс. Отанды, елді сүю осындай жағдай. Махаббат болса адамның жыныстық қатынастарына қатысты қолданылатын, жаратылыстың табиғи мүмкіндігін анықтайтын ерекше

275

Page 277: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

276

сезім. Осы мәнде еркек пен әйел-затының бір-біріне махаббатының тұтануы, махаббатпен жаратылған адам-заттың өз Жаратушысы алдындағы басты пары- зы. Демек, махаббат Алла мен адам арасындағы және еркек пен эйел арасында epic алған және әр заманда, әр кезде epic ала беретін адам-затқа ғана тән - сезім. Еркек пен әйелге қатысты айтқанда махаббаттың қуаты нәпсіде екенін мойындау керек. Нәпсі болмаса махаб­бат жоқ. Кейбір өнер, әдебиеттуындыларында «нәпсісіз махаббат» туралы айтылады, ол өмір шындығы емес, қиял шындығынан туған түсінік. Махаббатты нәпсісіз таза рух ретінде түсіндірсек деген ниет. Расы олай емес. Мен махаббатты нәпсіге қатысты түсіндіріп отырғаным, нәпсі деген өмір мәні, яғни соңынан ұрпақ қалдыру тех- нологиясына қатысты. Махаббат тек таза рухани сезім ғана емес, ол өзінен кейін емірді жалғастыратын ұрпақ қалдыру деген ізгі іспен анықталмақ. Бұл махаббаттың табиғи-биологиялық негізіне қатысты жағдай.

Махаббатты ғашықтықпен синоним ретінде қарастырушылық бар. Мүмкін мұқият сөз айтуды талғамайтын ортада бұл екеуін бірінің орнына бірін қолдана беруге де болар. Сөз ұлағатына ұқыпты болсақ, махаббат пен ғашықтықтың екі мәнге ие сөздер екені айқындалмақ. Түркі, қазақ дүниетанымында махаб­бат пен ғашықтық екі арнада өрбіген. Абай айтқандай «Махаббатпен жаратқан адам-затты» дегенде махаб­бат адам-затқа дейінгі - онтология. Ал, ғашықтық ту­ралы терең айтқан Қожа Ахмет Иассауи. Ол ғұлама өзінің Апланың дидарына ғашықтығын айтып тауы- са алмаған. Иассауи түсінігінде ғашықтық пенденің, өзінің Жаратушысына деген ең асыл сезімі. (Қараңыз: «Ғашықтық». Қазақстан. Ү лтты қ энциклопедия. А., 2001. 3-т. 107-6.). Еркек пен әйелдің арасындағы

Page 278: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

ғашықтық, ол махаббаттың ерекше көрінісі. Ғашықтық махаббаттың дертіне айналған феномен. Еркек пен әйел арасындағы ғашықтық көп жағдайларда береке, бақытқа бастамайды. Ғашықтык; трагедия сюжетінің өзегі, ол бір-біріне ынтық жандардың, әсіресе әйел- затының құрбандыққа дейін бастайтын тұңғиық санасы. Ғашықтықта қисын жоқ, ол таза құмарлыққа қүрылған от сезім. Махаббатта болса еркек пен әйел арасындағы нәпсі қүмарлығымен қоса, адамшылық, кісілік әрі жан жомарттығына негізделген қисындар бар.

Еркек пен әйел арасындағы махаббатпен басталған қатынас, бірте - бірте ажырамас туыстыққа айналып кететіні сондықтан.

АДАМ ҒА ЖАУ - АДАМ ^

/^дамныңжауы -адам. Себебі, қалған тіршілік иесінің бірде-бірі адамға жау боларлық

дәрежеге табиғаты жағынан жетпеген. Тек адамның ғана адамға жау болу мүмкіндігі молынан бар. Сондықтан да адам жауы тек қана адам. Осы шындық болса, оның себебі неде? Неліктен адам өз қандасы адамға өш келеді. Адам, адам болғалы жауабы жоқ сұрақтың бірі осы.Бұл мәселедүниегекеліп,оданөткенғұламалардың бәрін мазалаған, көп сөздер, ойлар айтылған, бірақ сыр ашылмаған. Жауығу бір әке, бір шешеден туған Абыл мен Қабылдан басталды дейді мифтік сана. Тіптен солай-ақ болсын, бірақ ағайындылар неге бір- бірін өлімге қиған. Әлде жауығу адам болмысындағы, сыртқа шықпай қоймайтын мүмкіндік пе екен? Аңызда зүлымдық Абылда болмаған, туысынан оған өш болған

Page 279: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Қабыл. Демек, адамға өш болу әрбір адамның бойында жоқ, кейбіреулерд» ғана болғаны ғой. Мәселені осылай қойсақ, Шыңғыс \йтматовтың «Кассандра таңбасы» романын шындьц деп қабылдау керек. Романда ана қүрсағындағы эмЬион өзінің жарық дүниеге шыққанда зұлымдық себушіекенін, анасының маңцайына таңба ретінде білдіреді.Осыны Шыңғыс «Кассандра таңбасы» деген. Осы жодіен кетсек, зұлымдық генетикада, тұқымда. Демек, п емір, дүние үшін қажет. Себебі, ге­нетикада (тұқымда), яғни табиғат болмысында әуел баста бар болғанцәрсе, сөзсіз қажеттілік. Қажеттіліксіз еш нәрсе табиғата болмайды. Демек, адамның адамға жау болуы табивқажеттілік. Мәселенің түп-тамырына қарасақ, жаулыі: адамшылықтың ізгілікті сезімін өрбітеді. Жауыздиқ болмаған жерде ізгілік көмескіленіп, адам харекеті аіылмайды. Сонда адам деген ізгілік пен жауыздықтыиөлшемі болмақ деген түйінге еріксіз келеміз. Тегі діниіңыздағы періште мен шайтан да осы адам болмысынйғы ізгілік пен зұлымдық көріністері болса керек. Адан шарасынан асып-төгілетін тасқын су сияқты, оған арна беріп, қалыпты жағдайда ұстайтын дін демеске амалжоқ. Дінсіздік адам бойындағы ізгілік қуатын кемітетін t, бірақ дінсіз адамның да ізгі жан бо­луы мүмкін. Ондай жағдайда адамның рухы берік бо­луы қажет. Рух дэген тек діни ұғым емес, тектілікке, табиғатқа қатысты. Жылқы малыныңлай суды ішпейтіні сияқты, табиғатінан ерекше туғандар бар, олар үшін ізгілігі, олардың өмір сүруінің кеңістігі. Ол жан­дар басқаша өмір сүру тәсілін қабыл алмайды. Оның есесіне тек жауьщык жасау үшін дүниеге келетіндер де бар. Оларды қанцама тәрбиеле, қаншама дін жолына сал, бәрібір, ол es дегенін күндердің күнінде жасайды. Олар үшін адама жауыздық жасау табиғи қажеттілік.

Page 280: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Осы ойды қағазға түсіргенде, Александр Македонский- ден басталып, Сталин, Гитлермен аяқталған әлемдік деңгейдегі зұлымдар ойыма орала бастады.

Иә, зұлымдықпен адам-зат тарихында есімі мәңгілік қалғандар, ізгіліктің не екенін ойлауға мүмкіндік ашаты- ны да шындық. ;

Ж АЛА

^ ^ у р и н е . Заман өзгергенмен, адамныңтабиғаты,V.,__J қылығы, мінезі түбегейлі өзгеріске түспейді.

Сондықтанәрбіржаңаұрпақтан,адамөзінміндеттітүрде көреді. Тек көрінбейтіні заманға қатысты белгілер.

Әр заманның өзінің философиясы, психологиясы, мінезі бар. Соған орай әр ұрпақтың өзіне сай мінезі бо­лады. Ал негізгі адамдық мінез ешқашан өзгермейді. Негізгі адамдық мінез деп отбасын қорғау, адамгершілік, кісілік, парасатты болу - бұл мәңгі бола беретін мінез- құлықтар. Ал заманның ағымына, оның сауалына сай мазмұндық өзгерістер бола бермек.

Аға буын мен келе жатқан жаңа буын арасында түсінбеушілік үнемі де болмақ, тіптен заманы бір бол- сын, сонда да түсінбеушілік болады. Неге дейсіз ғой, сіз, дүниеде бір-бірінен айнымайтын екі адам тауып көріңізші?... Жер бетіндегі алты млрд. адам бір-біріне адам ретінде ұқсайды, яғни бәрінің бір бас, екі қолы, аяғы т.б. бар дегендей, бірақ түрі, түсі, келбеті жағынан ерекше, дара. Сол сияқты жаңа келген ұрпақтың өзіндік мінез-құлықтары табиғи болмақ. Сондықтан әкенің ба- ланы, баланың әкені түсінбеуі табиғи нәрсе. Егер осы түсінбестікке айналып кетсе - қауіп. Ал, керісінше, осы 279

Page 281: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

түсінбестік түсіністікке айналса, бұл ұрпақ сабақтастығы болмақ. Бұл ізгілікті іс. Солай болған дұрыс.

Жастардың жақсылығы - олардың даналығында. Даналық дегеніміз өмірге құштарлық. Өмір сүруге ке­ремет құштарлықты мен даналықтың табиғи формасы деймін. Өмірге құштарлық - өмір сүрудің негізгі қазығы. Өмір сүрудің қызығы да сонда. Бүл да жастардың бізден артықшылығы. Ал кемшілігіне келер болсақ, осы айтылған жастардың өмірге қүштарлығынан көрінеді, ол табиғи даналығынан шығады. Оны қалай түсінуге болады?

Мысалы, күн астындағы қандай болмасын нәрсенің көлеңкесі болады. Яғни, дүниеге құштарлық, дүниеге керемет қызығушылық - бұл жастардың бойындағы жағдайларға байланысты кемшілігі, табиғи көлеңкесі. Осыдан барып Абайдың «Жастарға жаппас жала жоқ» дегені ойға түседі. Аға ұрпақтың артықшылығы - біздің өмірге қызығушылығымыз сабырлы қалыпқа түсе бастаған. Сондықтан өзімізді жастардан артық, ақылды, көреген, білімпаз санаймыз. Мүмкін, солай да шығар. Бірақосы мәселенің де көлеңкесі бар. Ол өмірге, қоғамға бейімделушіліктен туатын адамшылыққа жат пиғыл, мінездер. Олар - көпекөрне, өтірік айту, максатқа лайық қызмет ету үшін неше түрлі айла-шарғылар жасау, т.т. болып табылады.

ЖЕР :V, ..

ер ана дейміз, осы түсінік дұрыс па? Дұрысы дұрыс шығар, бірақ терең

пікір емес. Жер планета, демек әлемдік ғарыштын,

Page 282: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

бір бөлігі, бір денесі. Жердің жер болып тұруы өзіне қатысты емес, ол әлемдік гравитациялық заңдылыққа бағынышты планета. Ғалымдардың пайымдауынша4,5 миллиард жыл бойы жер күнді секундына 29750 шақырыммен өлшенетін жылдамдықпен айналуда, оның үстіне, өз кіндігі бойынша 24 сағатта бір айналып шығады. Осы жағдайға байланысты адам-зат: көктем, жаз, күз, қыс деген мезгілдерді, тун гі өмір, күндізгі өмір деген ұғымдар қалыптастырған. Мұның бәрі жерге адам-заттың бейімделуінен пайда болған ұғымдар. Ра- сында, олар, яғни бұл айтылған ұғымдар, онтологиялық мәнінде ғарыштық қызметтердің, заңцылықтардың адам-зат тіліндегі атаулары. Бұлар жердің қозғалысын бейнелейтін ұғымдар, демек олар жердің табиғи мінездемелері. Жер дегенде алдымен айтылатын атау- лар осылар. Бұл алты атауды (көктем, жаз, күз, қысжәне күн мен түн) қазіргі стилге салсақ, олар супер ұғымдар. Себебі, бұл ұғымдарды өзгерту немесе өзгеше айту адам-заттың ойлау мүмкіндігінен тыс. Бұлар әр тілде өзінше аталғанымен, мазмұны бір.

Сонымен, жердің түрақтылығы дегеніміз орасан зор жылдамдьщпен үнемі қозғалыста болуы. Турақтылық шартты ұғым. Турақтылық негізі қозғалыста. Мен қозғалысты жерге ғана қатысты айтып отырмын, оған күн жүйесінің және жалпы галактика қозғалыстарын қосып айтсақ, тұрақтылық шартты, ол тек қозғалыстар тұрақтылыгы арқылы ғана түсінікті екенін мойын- даймыз. Адам-зат үшін ең алғашқы және негізгі білім шарты осы қазіргі замандағы астрономия ғылымының космогониялық және космологиялық тараулары осы білім шартына негізделген.

Жер түрақты түрде айтулы жылдамдықпен күнді, әрі өз кіндігі бойынша айналуда. Бір сөйлеммен белгілі бо-

Page 283: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

282

лып отырған шындықтың аксиомаға айналуы үшін за- мандарда қаншама тер ғана емес, қан төгіліп, қаншама ғұламалар айтыс-тартыс жасамады. Бүгінде ғылым жердің жылдамдығын, оның күнді өз және кіндігі арқылы айналуын нақтылы түрде баяндап берді, бірақ оның неге олай екені туралы ғылыми дәлел мифтік мазмұнда, себебі әлем механикасының себебін түпкілікті анықтау адам баласына бұйырмаған.

Осындай жағдайда адам-затқа тек ғылым мен философия емес, аңыз және дін қажет болған. Адам әрекеті, харекеті нақтылы, жемісті болу үшін әрине ғылым керек, бірақ бұлармен жердің ici жоқ, ол әзірше өзімен-өзі болып күнді айналуынан жаңылысар емес. Алайда, жер бір замандарда күнді айналуын тоқтатады, себебі ғалымдардың айтуынша, күн уақыт еткенше кеміп келуде. Күн таусылуға айналғанда жер, әрине, ез орбитасындағы «жолдан» айтарлықтай ауытқуы әбден мүмкін, сол кезде жер бетіндегі тіршілік үшін ақырзаман орнайды, оны математиктересептел шығаруы да мүмкін. Біз болсақ, жердің күнді айналу жылдамдығы тұрақты болған соң, жерді мәңгілік мекеніміз әрі тұрақты деп санаймыз, онымыз қате емес, бірақ ғарыштық қисынға келмейтін түсінік.

Ғарыш сыры адам-зат үшін ешқашан құпиясын ашпайтын - онтология. Адамдардың білгісі келетіні, білетіні, білуге мүмкін болғаны - кеңістік. Біз білуімізге болатын мүмкіндік адам болмысында. Эрине, адам өте мол білімді меңгерер еді, бірақ оған оның қысқа ғұмыры кедергі, Келесі келер ұрпақ адам ғұмырының органикалық жалғасы емес, ол жаңа ғұмыр, сондықтан білім бірден жалғасып кетпей, ол үрпақтан-ұрпақ ауысқанда күмәнді, күдікті болып, тіптен алғашқы білім жүйесі теріске шығарылып, білім ici кері кетіп қалатын

Page 284: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

замандар болады. Ондай қилы замандар тарихта сан рет қайталанған.

Жердің адам-заттың трагедиясы мен драмасы- на қатысы жоқ. Жер езімен-өзі. Мэселе жер бетіндегі адамдарда. Трагедия, драма дегендер адамдар ойлап тапқан нәрселер. Оларға жұмыр жердің еш қатысы жоқ. Жерді ана деп, тағы да басқа оған антроморфологиялық өлшемдер, қасиеттер беріп жүрген де адамдар. Жердің ана екені күмәнді. Ол, сірә, метафора болса керек. Адам мәні жердің орбита және кіндігі бойынша айна- латын жылдамдықтар координациясының нәтижесі деген дұрысырақ болар. Бұл ойды қарапайым тілге айналдырсақ, адам-заттың мазмүны көктем, жаз, күз, қыс және түн мен күнге тікелей байланысты. Адамның болмысын ашатын осы ұғымдар. Бұлар адам-зат та- нып, біліп, түсінікке айналдырған жердің орбиталық, осьтік (кіндіктік) жылдамдықтарының координаттары немесе қозғалыстың тұрақты мәндері, өлшемдері. Біз аспан денелерінің қозғалысын осы ұғымдар арқылы та- нимыз. Қозғалыс өлшемдері адам-зат үшін үш нәрсеге қатысты олар: күн, жер және ай. Күн жүйесіндегі өзге планеталар туралы да түсінік қажет, бірақ адам бала­сы үшін ең тұрақтылар: күн, ай және жер. Бұлар адам санасында, жиі айтылатындар және оларға адамдар өздеріне тән қасиеттерді балап айтқанды ұнатады не­месе солар арқылы өз қасиеттерін ашқылары келеді, мысалы, Күнсұлу, Айсұлу немесе Ана - жер - ана т.б. түсініктер осы ойымыздың дәлелдері.

Жер дегенде Ай туралы айтпасқа болмайды. Айды астрономдаржер серігі деп анықтаған. Бұл үғымның мәні неде? Жерге серік болудың қандай қажеттілігі бар. Бұл сұраққа жауап жоқ, себебі ол адам-зат қолымен немесе оның қалауымен болған емес. Айдың қажеттілігі жердің

283

Page 285: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

284

және өзге пяанетаяардың табиғи қажеттілігі сияқты іс. Сондықтан Ай неге Ай деудің қажеті жоқ. Ай бар, оның барлығын біз күнде көреміз, демек, ол шындық. Ал, шындықтың біз езін емес, тек қасиетін ғана біліп, тани алмақпыз. Айдың қүпия-қасиеттері адам-затқа кейінгі жылдары мәлім бола бастады. Мәлім болғаны сол «аспандағы» Айдың үстіне адамдар барып қайтты. Ай туралы білім қалыптаса бастады. Ай мифтік сипаты- нан ғылым объектісіне айналды. Айға адамның «ұшып» барып қонып, қайта жерге оралуы адам-зат тарихының жаңа дәуірі. Адам келе-келе жерді місе тұтпай, ғарышты игеруге ниет қылмақ. Ол ниет бүгінгі күнде ғылыми жолмен жүзеге асып жатыр, бірақ менің айтпағым, бүл " мәселелер емес. Мені мазалап отырған ой Жер мен Айдың серіктесуі, бірінсіз-бірінің болмауы. Ай жердің серігі деп, біз айтамыз, ойлаймын егер Айда адамдар өмір сүріп жатса, онда ондағылар Жер Айдың серігі дер еді. Альберт Эйнштейн айтқандай бәрі салыстырмалы. Кім кімнің серігі екенін анықтау тегі мүмкін емес. Жа- рар, мәселені бұлайша да қоймай-ақ қоялық. Әңгіме арнасын адам-зат үшін Айдың атқаратын қызметіне бұрсақ, айтарым, Айсыз Жер жоқ, жерсіз адам-зат жоқ. Бұл бәрімізге түсінікті, былайша айтқанда, қарапайым шындық. Мәселенің ауырлығы сонда, біз әдетте сы­рын біліп болмайтын жайларды «қарапайым, белгілі шындық» деуге дағдыланғанбыз. Олай болмаса өмір де болмайды, себебі анау не, мынау не деп бала сауалда- рынан шыга алмай қалар едік: құдайға шүкір, балалық артта қалды, енді бала сауалдарына жауап іздемейтін халге жеттік. Сондықтан мәселенің көбі бізге түсінікті сияқты болып көрінеді. Сол түсінікті сияқты шындықты насихаттаушы-ғылым. Бала сауалдарына ғылым жауап іздемейді, ол оның табиғатына жатпайды. Бала сауал-

Page 286: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

дарына жауапты аңыздардан, ертегілерден кездестіріп қаламыз. Бірақ XX ғасырдың соңында адам-зат сана- сында сапалықөзгеріс байқалды, ол ғылымның қабілеті аңыздағы, ертегідегі идеалдан кейбір істерде асып, сөйтіп адам-заттың мифтік санасының қоры сарқыла ба­стады. Бала сауалы есейе келе аңыздан тысқары арнаға өте бастады. Бұл қауіпті үрдістің басы. Балаға өзінің балалық әлемін қайтарған жөн. Баланы мезгілінен ерте есейтпеу, табиғаттың өзі қалыптастырған дүрыс тәсілі. Балалық тәжірибеден толық өтпегендер дағдарысқа, психологиялық күйзеліске тағы да басқа адам-затқа жат пиғыл, қылықтарға душар болуы ықтимал. Сондықтан жоғарыдағы ойға қайта келеек, Ай неге Жерге серік де­ген шынында бала сауалы, алайда осы сауалға жауап іздеп көрсек деген ниеттемін.

Ай жерді айналып жүргеніне ғалымдар шамамен4,5 млрд. жыл болды дейді. Оған дейін Ай болған ба? Болжауларға қарағанда Ай мен Жер сонау мезгілде бірге болған деседі. Ғарыштық болмысқа лайық екеуі «күндердің күнінде» бөлінген, бірақ қызметтері бір. Екеуі де адам-зат үшін қызмет етуде. Ай мен Күн қай халықтың болмасын дүние туралы түсініктерінің басты ұғымдары. Айды Жерден, керісінше, Жерді Айдан бөліп алу мүмкін емес. Көк аспанда самсаған жұлдыздар көп, бірақ адам-зат өзіне Жер мен Айды және Күнді меншіктеп алған. Тіптен балаларына ат қойғанда: Ай, Күн деген метафораларды кеңінен қолданады. Бұл Ай мен Күннен асқан керемет жоқ дегенді айтқылары келгендігі. Неге Ай мен Күн сүлу немесе сұлулықтың символы. Олай болатыны ол Жер бетіндегі тіршіліктің негіздері. Әлемде тіршіліктен асқан сұлулық бар ма? Жоқ! Сұлулық дегеніміз - тіршілік. Өлі нәрседен адам сұлулық тауып көргені жоқ. Сұлулық дегеніміз екі

285

Page 287: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

иығынан дем алып түрған тіршілік. Сол тіршілік Күнді былай қойғанда, тікелей Айға байланысты. Сондықтан метафораны қолдансақ, Ай жердің емес, адам-заттың серігі. Ай болмағанда ақырзаман болмақ. Айдың ты- нымсыз Жерді айнала бергені адам-зат үшін - құт. Айдың физикалық қасиеттерін ғылымдар зерттеуде, мені көкжалдардың қысылғанда Айға қарап ұлуы таң қалдыруда. Мүның сыры неде? Осы мәселе туралы, бір болжам айтқым келеді, оның мәнісі Ай мен Жердің замандарда бір болғандығы туралы «программаның» қасқырлардың жадында сақталуы. Қасқырдың қолға үйретуге, яғни жерге қатысты тірлікке көнбейтіндігінің сыры да осында болса керек. Күні бүгінге дейін цир- ктерде қасқырлар жоқ, себебі ол қолға көнбейтін тағы. Ай мен Жердің түтастығын қасқырлар қиналғанда аңсайтын сияқты. Мүны ғылыми тілде дәлелдеу, әрине, мүмкін емес, бірақ болжам ретінде ғана айтуға болмақ.

Айды әйел-заты деп қабылдау адам-затқа ортақ сана. Неге солай қабылданған. Қазақта Ай - деген әйел адамның есімі. Кеп халық (мен білетін) Жерді де ана деп түсінген. Неге? Ойлаймын, Адам Ата - Хауа Ана бертінгі оқиға ма деп, асылы адам-зат әке-шешесіз ұрықтан ғана пайда болған ба деген пікірдемін. Әке- шеше бергі тарих. Біз Жаратушы жалғыз дейміз, ол бір дейміз, демек біз де бірден шыққанбыз. Екіге бөлінуге (еркек пен әйелге) мүмкіндігі бар бірден шыққанбыз. Жер мен Айдың бөлінгеніндей ғарыштық оқиғаға қатысты еркек пен әйел бөлінген. Мұның сыры да біз үшін құпия болып қала бермек, біз өзімізге белгілі еркек пен әйелдің тек қасиеттерін ғана зерттеудеміз. Ойлай­мын, демек бізді, яғни адам-затты әлденебір күш өз құпия сырын білмесін деген ниетте теріс бағытқа салып қоя берген. Адамның кәмелетті болмағанының да сыры

Page 288: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

осында ма деймін. Осы бағытқа Платонның «Пир»-дағы ойы жақын, бірақ оның дәлелдері тым жасанды. Идея дұрыс. Адам еркек пен әйелге бөлінбей тұрғанда бір бүтін болғанда ол кәмелетті еді, бөлінгенде әлсіреп, со­дан барып бірін-бірі қажет етіп аңсауды дағдыға айнал- дырды, ол дағдыны ғашықтық деп атаймыз. Сопылық дүниетанымында мәселе осы бағытта қойылған. Мәжнүн мен Ләйлінің ғашықтығы еркек пен әйелге ғана қатысты емес, ол мәнісі әлем тұтастығын аңсаудан туған дүниетаным. Жер планета ретінде күнді бір жыл- да өз орбитасымен айналып шығуы табиғи қажеттілік болғандықтан, жерді тұрақты мекен еткен адам-зат наурыздан (наурызды жыл басы десек) наурызға дейін жермен бірге 149 миллион шақырымдай қашықтықты жүріп өтеді. Ұзақ сапар деп осыны айт. Адамның қартаюының да табиғи себебі осында. Жол шаршат- пай қоймайды. Адам ғүмыры туралы геронтология де­ген білім саласы бар. Осы саланың мамандары адам ғүмырын ұзартудың ғылыми тәсілдерін анықтауда, осы мәселеге орай менің айтарым, адамның қартаюы тек жер үстіндегі заңцылықтардан ғана құралмаған, оның ғарышқа қатысты сыры бар. Ол сырдың мәнісі жердің орбитасы әрі кіндігі бойынша болатын қозғалысында. Адамның қартаюы осы жылдамдықтарға тікелей бай- ланысты, яғни біздің ғұмырымыздың мазмұны -Ж ердің Күнді айналу жылдамдығына тікелей қатыстығы тура­лы сөз.

Діннің немесе діндердіңде пайда болып қалыптасуы жердіңкүндіайналужылдамдығынабайланыстыболған. Ерте замандарда аспан денелерінің құпиясын білгендер өздерін қасиеттілерміз деп түсінген. Алғашқы дін жа- саушылар да солар болған. Астрономия тарихындағы Жерді Күн айнала ма, әлде керісінше Күнді жер айна-

287

Page 289: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

288

ла ма деген бүгін анықталған сұраулар негізінде тек ғылыми талас туғызған пікірлер емес, діннің, саясаттың, идеологияның негізгі арналары болғаны көпшілікке белгілі. Осы бағытта ойлағанда есіме, маркстік-лениндік ілімдегі дін үрей, қорқыныштан туған деген түсінік- қағида оралады. Дінді аспан денелеріне, Жер мен Күннің қатысына қарай қарастырсақ, дін қорқыныштан емес, тылсымнан туған сана. Аспан денелері, олардың қозғалыс жылдамдықтары тылсым болғандықтан, олар туралы берілген түсінік шағын болған. Осы түсінігі бар- лар өз білімдерін дін қалыптастыруға арнаған. Алғашқы астрономдар (солай деу орынды сияқты. - Ғ.Е.) аспан денелері және жұлдыздардан қорқып үрейленбеген, керісінше оларды адам-зат қажеттілігіне, тіптен игілігіне жұмсауға бағыштаған. Мысалы, көшпенділерге ашық аспан болса компастың, физикалық картаның қажеті болмаған. Түнде жолға шыққан адамдар жұлдыздарға қарап жол тапқан. Содан аспандағы жұлдыздарға Ай мен Күнгежәнеадамдықөлшемдердітанабастаған. Бұл танымның тәсілі болатын. Келе-келе адам-заттың ой- өрісі жетіле, аспан денелеріне діни сипат бере бастаған. Сөйтіп, Ай мен Күнге қатысты сенімдер қалыптасқан. Жаратылыс деген табиғи түсініктен Жаратушы идея- сы қалыптасқан, бірақ ғылымның қарқынды тәсілдері қайтадан, яғни Жаратушы идеясынан жаратылысқа де­ген ынтаны өсіріп, бар болмысты, анықталған шындық арқылы түсіндіру тәсілдері нығайып, ол адамдық эго- центризмге бастады. Бүгінде жаратылыспен қатар Жаратушы идеясы қайтадан бас кетерді, оның себебі ғылым шексіз емес, оның да шегі бар болып шықты. Ғылыми тілмен түсіндіре алмайтын мәселелердің көп екенінебүгінде көзімізжетті. Мәселеніңқиындығы сонда жаратылыстыңжаратылмағандығында. Бұл біріншіден.

Page 290: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Екіншіден, жаратылыстың себебінің жоқтылығында. Себептілік жаратылыстың ішкі механизмі. Себептілік жаратылысты танудың тәсілі, танымның мүмкіндігі. Мен үшін жаратылыс мазмұны (себебі емөс. - Ғ.Е.) - жылдамдық, яғни аспан денелерінің жылдамдықтары, оны біз бүкіл әлемдік тартылыс заңы дел те түсініп жүрміз. Бұл мәселені түсінікті етіп, өзімізше айтқанымыз, әйтпегенде бүкіл әлемнің себебі жоқ. Әлем өзімен-өзі.

Жердің күнді айналғандағы жүріп өтетін жолын біз ғылыми тілде орбита дейміз. Қазақша айтсақ, ол жердің үнемі бір тәртіпте жүретін жолы. Олай болса сол жолдың жағдайы қалай? Бір нәрсе түсінікті болуы ке­рек, ол жолдың (орбитаның) температуралық режимінің болуы. Мәселенің осылай болуы жердің қозғалысына қолайлы жағдай туғызады. Әрине, бұл істе күтпеген жағдайлардың да болуы мүмкін, сол кезде жер бетінде аномалиялық жағдайлар (қалыптасқан тә р т іп те н ты с көріністер. - Ғ.Е.) болып отырды. Оны біз НЛО дейміз, тағы басқа ерекше көріністер деп таң-тамаша болып жатамыз. Таңқаларлық іс жылдамдықтар тұрақтылығы біздің санамызға тұрақтылық тура­лы тиянақ берген. Санамыздағы тұрақтылық өмір сүруіміздің мазмұны. Егер тұрақтылық санасы болмаса өмірдің мәні жойылмақ. Тұрақтылық өмірге (жалғанға) мән береді. Әдетте өмірдің мәні не деп сұрап жата­ды, айтқан өмірдің мәні тұрақтылыққа ынталану, бірақ тұрақтылық дегеніміз өзі жылдамдықтың тұрақтылығы екеннн естен шығармауымыз керек.

Жер туралы адам-зат неше қилы жалған түсініктер қалыптастырған. Соның бірі, тұрақтылықты жер арқылы анықтауы. Адамдар үшін бір абсолютті мәндегі мекен сияқты қабылданады. Жер тұрақтылықтың өлшемі бола ала ма? Жермен біз неге тұрақтылықты байланы-

Page 291: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОАЛА ЕСІМ

290

ста қараймыз, себебі өзге амал жоқ. Жерден басқа не тұрақты? Ешбір нәрседе тұрақтылық жоқ. Түрақтылық еш нәрседе жоқ болған соң, біз оны адам табиғатынан іздеуге тырысамыз. Онымыз да бос әуре. Себебі, адам мінезі оған қоса сезі жас улғайған сайын езгере бер­мек. Ол өзгерістің мәні тұрақтылық іздеу бағытындағы әрекет, харекеттен туған. Жасы ұлғайған кісінің қимылы баяу тартуымен бірге, жылдам болатын өзгерістерді қабылдамаушылық мінезі көрініс береді. Үлкендердің үнемі де жастар ісін ұнатпай, қабылдамай отыраты- ны сондықтан. Мәселе, жылдамдықты қабылдай ал- майтын қабілетке жетуде болып отыр. Жылдамдықты мүмкін болғанша азайту, сондай іс, әрекет, харекетке көшу тілімізде «сабырлылық» деген түсінікпен берілген. Сабырлы болу жақсы ма, жаман ба? Жауап жоқ. Мәселе, оқиғаға байланысты ашылмақ. Жас балаға сабырлы болудың не қажеті бар. Сабырлылық емір тәжірибесінен туатын, қалыптасатын мінез, дағды. Бұл айтып отырғанымныңЖерге қандай қатысы бар? Қатысы тура. Сабырлылық табиғатқа, яғни жерге тән емес. Жер өз табиғатында өз орбитасымен әрі кіндігімен зырлап тұр, бір сәтке тоқтау жоқ. Сәтке тоқтау, біз үшін апат, ақырзаман. Жердің осы қалыпта болуы өзіне қатысты емес. Ол әлемдік тартылыс заңына бағынышты. Ол не заң? Оны біз шамамен түсінуге тырысамыз, бірақ оның құпиясы адам-зат үшін мәңгі жұмбақ. Ол болса жер бетіндегі адам табиғаты да жұмбақ. Адамды тану мүмкін іс деген ғалымдар болған, олар негізінде бар, бірақ адамды адамның тануы мүмкін іс пе? Асылы біз адамды емес (толық мәнде), оның қасиеттерін тануға мүмкіндігіміз бар сияқты. Теңіз жағалауында тұрып, міне, теңіз деген сияқты, біз адамның қасиеттерін та- нып, міне, адам болмысы, табиғаты деп шыға келеміз.

Page 292: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Теңіздің өзін оның жағалауымен анықтаған сияқты, адамды оның әлдебір қасиеттерімен анықтау, әрине толық атқарылған іс емес. Адам табиғатының жердің жылдамдықтарымен қатыстығы «жаңа мифологияны» қажет ететін тақырып. Амал қанша бұл тақырыпқа да жол бастау қажеттілігі адам болмысының өзінен туын- дайтын мәселе.

Әдетте біз адам және қоғам. Қоғам және табиғат дейтінбіз, енді жер және адам деген мәселе көтерсек, айтылар ой қалай басталмақ. Әрине, әңгіме адамнан басталады. Сонда бірден айтарымыз, адам Жердің жылдамдықтарының комбинациялары нәтижесінде пайда болған индивид демекпіз, одан өзге не айтпақпыз. Адамның пайда болуы туралы дінде, аңызда, ғылымда ілім, болжам, гипотезалар көп, олар зиялы қауымға белгілі. Солай бола тура адамның пайда болуы туралы көпшілік құптаған теория жоқ, талас көп. Қандай талас болмасын бір шындық анық, ол жер адам-заттың өмір сүруініңтабиғи-тарихы бірден-бір кеңістігі. Жерсіз адам- зат туралы сана болуы мүмкін емес. Жердің қасиеті адам-затқа жұққан, қоғамның алапат әлеуметтік-саяси қозғаластары соның дәлелі. Адам-затқа жер сияқты тұрақты ғұмыр кешу бұйырмаған, оның тұрақтылығы бойындағы әлеуметтік қуаттың үздіксіз қозғалыста бо­луы нда.

Адам-зат тұрақтылық іздеу талпынысынан, жыл ба­сын тойлауды ресми мейрамға айналдырған. Ол Нау- рыз мейрамы.

Наурыздың мәнісі тек қана күн мен түнніңтеңесуімен анықталмайды. Күн ментүнжылынаекі реттеңеседі. Бірі наурызда болса, екіншісі қыркүйек айында, бірақ жыл басы деп қыркүйек емес, наурыз қабылданған. Неге? Жағдайдың осылай болуы жер бетіндегі тіршіліктің оя-

Page 293: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

нуына байланысты. Бұл Еуропа, Ресей, Орталық Азия халықтары түрмысына тікелей қатысты. Осы халықтар үшін нағыз жыл басы.

Наурыз деген тұрақтылық, ол Күн мен түннің теңесуі арқылы білінбек. Бұл адам-затқа үміт қана емес, өмір сүруінің қажеттілігі, тұрақтылық іздеуден туған ынтасы.

***

Жылдамдыққа қүмарлық. Ол адамға қайдан келеді. Айтарым, адамға ол Жердің жылдамдығы арқылы келетін қасиет. Жердің өз орбитасымен күнді айнала- тын қозғалысын табиғи тұрғыда сезінетін жандар бола- ^ ды да, сезінбейтіндер де болады. Жердің қозғалысын сезіне алатындар шығармашылық қуатқа ие жандар. Шығармашылық дегеннің өзі жылдамдықтың симво­лы. Шығармашыльщ адамдары қарапайым жандардың бірнеше ұрпақтары өсіп-өніп, өшкеннен кейін келетін сананы өз кезінде қабылдай алады. Данышпандардың келер ұрпақтың қайсысының болмасын замандасы дейтініміз сондықтан. Бұл Жердің жылдамдығына, мүмкінтіптенөзгеғарыштықжұлдыздаржылдамдығына қатысты болуы әбден ықтимал. Дарындылықты беруші табиғат, Жаратушы дейтініміздесондықтан.Жылдамдық- адамның ең асыл қасиеттерінің негізі, философиялық лексиканы қолдансақ- субстанциясы. Жердің қозғалыс қуаты адам-заттың бір парасына беймаза сана береді, олар: ақындар, композиторлар, суретшілер, жазушылар, ғалымдар және философтар, т.б. ерекше қуат-қасиетке ие жандар. Жердің қозғалыс жылдамдығы адамдарға магниттік өріс, радиотолқындар арқылы толассыз беріліп тұрады. Мәселе, олардың қабылдануында және қабылдай алу қабілеттілікте. Қазақтың қабілет деген

Page 294: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

сөзінің ұғымдық мазмүны бар. Қабілет деген тәжірибе не тәрбие арқылы айқындалатын феномен ғана емес, ол негізінен табиғи құбылыс. Қабілет дәннің үрығы секілді, ол жағдайға байланысты өнуі де өшуі де мүмкін, бірақ ол мәдени құбылыс емес, адамның тума қасиеті. Қабілет Жердің қозғалыс жылдамдығынан қуат алмақ. Бүл жерде оқудың қажеті шамалы. Мысалы, Мұхаммед пайғамбардың харіптік сауаты болмағанын осылайша түсіндіруге болады деген пікірдемін. Жер қозғалысының жылдамдығының адамның танымдық өрісіне қатысты айтсақ, ғылымдағы интуиция немесе аян деген түсініктер ашып бере алмақ. Жер жылдамдығын сезіне алмайтын, яғни қабылдай алмайтындар көпшілік. Ол табиғи жағдай, Жер бетіндегі тіршілікке бейімделумен түсіндіріледі. Өмірдің мазмұны солар арқылы анықталмақ. Жер бетінде данышпандардың шағын бо- латыны да табиғи заңдылық. Данышпандардың шектен тыс көп болуы замандар үшін қауіп. Жердің қозғалыс жылдамдығын санасына алмайтындар, жалған ғұмырдың адал пенделері. Олар өз өмірлерін табиғи өсіп-өнуге арнаған, осы жолда өздеріне мақсат, арман деген биік нысаналар анықтаған. Осы жағдайды еске ала отырып, Абай ғұмырдың өзі ақиқат деген мәнді түжырым жасаған.

Жылдамдыққа әуестік адам-зат тарихында үнемі өркениеттік үрдістерге бастап отырды, мысалы, ды- быс жылдамдығынан аса ұшатын ұшақтар, неше түрлі жылдамдыққа қатысты орындалып жатқан сан қилы әлемдік рекордтар, бүлардың бәрінің негізінде Жердің қозғалыс жылдамдығынан туған қуат көздері жатыр.

Әлімсақтанадам-заттыңбарарманынекі-ақұғыммен анықтауға болады: жылдамдық және биіктік. Тілімізде биіктік, көбінесе ізгіліктің өлшемі ретінде қолданылады:

Page 295: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

биік адам, биік сана, биік мақсат, т.б. Ал, мәселенің түп тамырына үңілсек биіктік дегеніміз жылдамдықтың адамның жердік санасына лайықталған - өлшемі. Әйтпегенде, биіктік деген жоқ, ол шартты ұғым. Біз биік дегенде аспанға қараймыз, ал аспан деген тұрақсыз, күндізгі аспан түнде жоқ, түнгі аспан күндіз жоқ, себебі Жер кіндігімен толассыз айналып тұрғаны жоқ па? Сондықтан аспан деген шартты ұғым. Биік дегенді физикалық денелердің өлшемі ретінде нақты түсінуге болады, айталық биік тау, биік үй, т.б. Бұл адам-заттың мақсат, мұратын, арман-қиялын бейнелей алатын жай­лар емес. Қиялдағы биіктік ол дерексіз ұғым.

Жердің қозғалыс жылдамдығын біз көбінесе, үйқыда түс көріп жатқанда сезіне аламыз. Түс жер қозғалысының информациялық коды. Түс ақпараттық канал. Түсте объективтік, яғни онтологиялық мазмұн бар, бірақ оны қабылдауда әдеттегіден тыс жылдамдық бөгет жасайды. Түстегі суреттер тым жылдам өзгереді, түсте тұрақтылық жоқ, себебі оған бөгет - Жердің жылдамдығы. ¥йқы дегеніміз Жер жылдамдығына бейімделуден туған. Жер үнемі қозғалыста болмаса, ұйқы деген физиологиялық хал болмас еді деп ойлай- мын. ¥йқы кезінде адамдар Жер қозғалысы құшағына енеді, ол адамдардың шексіз болмыспен тұтасу сәті. Кейде адамдардың ұйқыдан оянбай қалуы да осын- дай жағдайларға байланысты болса керек. Біз Жердің қозғалысы дегенде мынаны түсінуіміз керек, Жердің өз орбитасымен тұрақты жылдамдықпен қозғалуын, Жер бетіндегі күнде миллион рет болып, қайталанып жататын «құлау» деген сөзбен түсіндіруге болады. Біз қолымызға әлденені алып, жерден кетеріп лақтырсақ, ол міндетті түрде Жерге құлап түседі. Сол сияқты Жер де үнемі «құлап» келеді, бірақ оны орбиталық қозғалыс

Page 296: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

деп түсіндіреміз, себебі әлемдік денелер тартылыс заңы, Жердің құлауының мүмкіндігін анықтап қойған. Мұндай құлауды әрбір уйқыға кеткен адам сезінеді, ол өзінің құлап бара жатқанынан (яғни, Жердің құлап бара жатқанын дөп түсінеміз. - Ғ.Е.) шошынып, оя- нып кетпек. Бұл физиологиялық үрдістің мәні Жердің қозғалысына байланысты. ¥йқы, түс көру адамның Жердегі өмірінің шекарасы, табиғи тұрақты өмірдің өзгеше күйі, адамдардыңғарыштықжылдамдықтармен, солардың нәтижесінде болатын ақпараттық арналарда өмір сүру формасы. Түс ақпаратқа толы, себебі адам-зат тарихында болып өткен оқиғалар, неше қилы жағдайлар әлемдік ақпараттар «архивіне» айналған, жоғалмаған. Олармен адамдар тарих арқылы танысады, біледі, ал ұйқыдағы адам түсінде көруі әбден мүмкін. Карл Юнг айтқандай, архетиптер негізінен түс арқылы аян болады. Сондықтан да ақындардың, жазушылардың, композиторлардың кейбір шығармаларын түсінде жа- затыны да түсінікті жай.

Түс арқылы аян берушілікті, мен Жердің қозғалыс жылдамдығы, соған орай орбита жолының тұрақты- лығында деп ойлаймын. Жер соншама жылдамдықпен қозғалғанмен «басқан ізімен» тұрақты түрде қайталап отырады, мысалы көктем, жаз, күз, қыс немесе күн және түн. Мұны қарапайым тілмен түсіндірсек, Жер өз орби- тасы бойынша қозғалып отырып, еткен жылдардағы «жолда қалған нәрселерге» қайта оралып соғып от­ырады. Ол түске тұрақтылық беріп, одан біршама ақпараттар алып, пайдалануға болады. Айталық, ата- бабаларыңмен түсте, өңінде көргендей кездесуді де осындай жағдайға байланысты түсіндіруге болады.

‘ '4*

Page 297: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

КӨРКЕМ

Г х З Г ұл сөздің түбірі көрік, оған «ті» жалғауыО ^О қо сы л са көрікті болмақ. Сонда не көрікті, ал

не көріксіз? Әдетте көрікті дегенді әлде бір нәрсенің екінші нәрседен артықшылығын білдіруде жиірек қолданып жүргенге ұқсаймыз. Меніңше, бұл көрікті дегенді терең түсіну емес.

Керікті не десе, менің айтарым - өмір көрікті. Ойланайық, өмірден, яғни тіршіліктен көрікті, көркем не бар?! Өмірмен еш нәрсені салыстыруға болмайды. Өмір көркемдіктің теңдесі жоқ үлгісі. Абай айтқандай, өмір жоқ жерде кәмелет жоқ. Өмірді кәмелетті етіп тұрған - адам. Демек, барлықта теңдесі жоқ керкем, ол- адам. Өмір адаммен көрікті. Адамсыз өмір жоқ, демек көркемдік те жоқ. Осы тұсқа келгенде таусылмас дау басталады. Біреулер айтуы мүмкін, табиғат адамсыз да көрікті деп, екінші біреулер айтуы ықтимал, әлем адам болғанға дейін де көрікті болған деп. Рас. Солай болғаны және болуы да мүмкін, бірақ адамсыз әлемнің көрікті екенін қалай біліп, танып айта алмақпыз. Әрине, мүмкін емес. Көрікті деген адам-заттық сана. Осы түста да пікір жарыстары баршылық. Көркемдік бар болмыстың бейнесі деушілер табылады. Бұл да шын сез. Бар болмыс керкем болмаса, қалайша адам көрікті болмақ. Керкемдіктің негізі - керіктілік болса, онда соңғысын идея деуге тура келеді. Сонда адам-затқа дейінгі көрікті нәрсе - идея. Адамды көркейтіп тұрған, адам туралы болған алғашқы идея. Бұл идея затқа айналып, өмірге ие адам-зат келгенде көркемділікке көлеңке түсті, ол адамның нәпсісіне қатысты болатын. Асылында адамның нәпсісі - көркемдікке ізденіс, бірақ күн астындағы нәрсенің келеңкесі болмай тұрмақ емес,

Page 298: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

көркемдіктің көлеңкесі - көріксіздік адамның нәпсісімен енген құбылыс.

Көріксіздік деген не, ол - өлім. Адамның көркін ала­тын осы өлім. Ол суық. Ондай жерде көркемдік болмай­ды. Өлім деген тәннің мәнсізденуі. Адамға мән беріп түрған көріктілік, ол - өмір, ол - тіршілік. Ғұмыр - ақиқат. Мен ақиқат деп адам санасындағы бар шындықты мой- ындаймын. Санада шындық болмаса, ол ақиқатқа бас- тамайды, ол көріксіздікке бастайды, адамды мүлдем адастырады, оның өздігінен жөн тауып шыға алмайтын халге салады. Осындай халдегі адамға көмек қажет, мұндай мұқтаждыққа орай жасалатын істің аталуы - жомарттық.

Жомарттық деген көркемдіктің мағыналы көрінісі.

***

Ғылымда гармония және хаос деген ұғымдар бар. Менің айтарым табиғатта хаос жоқ, бәрі өз рет-ретімен. Адам баласы өзі біліп түсінбеген және өзіне қолайсыз халді хаос деп атаған. Негізінде хаостың өз тәртібі бар. Хаос деген шектен, мөлшерден шығушылық емес, әлемнің өзімен-өзі болуы. Мәселе сонда, осы әлемнің өзімен-өзі болуы біздер, яғни адамдар үшін, олардың өмір сүруі үшін қолайлы ма, жоқ па? Адамдар өздерінің ұзақ өмір сүру тәжірибесінде белгілі саяси, әлеуметтік, экономикалық (тұрмыстық), мәдени тәртіп-жүйелер жа- сап алған, олар осы тәртіптің кенеттен күрт бұзылуын ақырзаман нышаны деп қабылдауға әзір тұрады.

Гармония деген әлемнің ішкі «технологиясын» білдіретін сана. Гармония негізі жаратылыста, ол көбінесе утопияға, қиялға айнала береді. Өкінішке орай, адам көрікті болғанымен, олар өмір сүріп отырған за-

Page 299: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

ман, оның нақтылы көрінісі қоғам - көрікті емес. Қоғамды көрікті, көркем етем деуші қиялшыл, утопистер көп болған, олар әлі де бар, бірақ мәселе түбегейлі өзгеріске түспеген. Бүл істе нәтижелер шамалы, оның себептері мол, олар туралы том-том еңбектер бар, мен ойлай- мын қоғамдағы көріктіліктің болмауы, біз әділеттілік хақ жолы дегеннен кетіп барамыз, себебі хақ жолы ту­ралы түсініктер әр түрлі, сондықтан қоғам өміріндегі мәмлеге келу аса күрделі мәселе. Бұл XXI ғасырдың ауыр мәселесі. Мұны кейбір ғалымдар өркениеттер қақтығысына апарады дейді, әрине мұндай түсініктер мәдени, өркениеттік қақтығысқа апарады, егер адам- зат хақ жолы - әділеттілік туралы жаңа өркениеттік сана биігіне көтерілмесе...

***

Абай әділеттілікті хақ жолы дейді. Дұрыс әрі терең айтылған ой, бірақ мәселе адам-зат хақжолын әр қилы түсінеді. Христиандық - хақ жолы, ислам - хақ жолы, буддизмде әділеттілікті хақжолы дейді. Сонда қайсысы дұрыс. Шәкәрім айтқандай, барлық дінде кешу бар, барлығында шешу бар.

Адам-зат өркениет жолымен жүруі керек.

Адам - көрікті. Ол дүниеге мән беруші ретінде келеді. Сондықтан туған балаға сәби деп ерекше құрмет көрсетіледі. Сәбилік нағыз көріктілік. Мәселе, адамның әлеуметтену ісінен басталады. Адам еркі, оның әлеуметтену мүмкіндігі. Адам өзінің өмірде барлығын дәлелдеуі қажет, оны біз адам ғұмыры дейміз. Адам

Page 300: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

езінің өмірде барлығын қалайша дәлелдемек, міне, осы жолда, ол көріктілік қуатын сақтай ала ма, әлде өзін-өзі рәсуа етіп шашып ала ма?!

Әлем көрікті, тіршілік көрікті, ал жеке адам өмірі көрікті ме? Оны кім анықтай алмақ. Дүние көркін (Абай сөзі) болжай алатын данышпандар. Адамдардың бәрі данышпан емес, сонда қалай болмақ...?!

Сірә, көріктілік негізінде ізгілік жатса керек. Ізгілік болмаса қайдағы - көріктілік. Әсемдік, сүлулық көріктілік емес, көріктілік бар шындықтың мазмұны. Көріктілік болмаса барлық жоқ. Бар нәрсенің өлшемі - көріктілік.

Көріктілік әмбебап ұғым.

***

Абай дүние көркі деген сөз қолданған. Әрине, дүниенің көркі болмаса дүние туралы сөз жоқ. Дүниені дүние етіп тұрған, оның көркі.

Абай дүниені субстанция ретінде қарастырып отыр. Дүние өзімен-өзі, өз сыры өзінде, өзге болмы- сты қажетсінбейді. Дүниенің осы халін, біздер адамдар қалай түсінбекпіз, әрине ғыл ым арқыл ы. Ғыл ым д үниенің сыры туралы - сана. Солай дегенмен ғылымның мүмкіндігі деген мэселе бар. Ғылым шектеулі. Одан әрі дүниені метафоралық тәсілдермен түсіну жағдайы бар, ондай тәсілдерді әдебиет, өнер, дін, философия сияқты білім салалары қолданады. Метафоралық сана дәлелдеуді қажетсінбейді, ол ізденіске үмтылдыратын- ынта. Адамның дүние керкін білгісі келген ынтасы, тек ғылыммен шектелмейді, сол кезде оған метафоралық сана қажет болады. Ол көбінесе мифтік кеңістікте айшықты керінеді. Аңыз ақиқатты көрсетіп тұратын компас тілі сияқты. Аңыз болмаса ғылым жөн таппай

Page 301: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

300

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

адасуы мүмкін. Аңыз кейбір ғаяымдар айтып жүргендей алғашқы қауым санасы емес, ал дүниенің көркі туралы сана деген пікірдемін. Дүние деген ғылыми түсінік емес, ол метафоралық түсінік, Метафорасыз дүние туралы ой айту қиын. Метафора ғылымға айналмаған істер тура­лы емін-еркін аңыздар тудыра береді. Сол аңыздарда дүниенің керкі әңгіме тақырыбы болып отырады. Бұл аңыздардың бәріне тән ерекшелік. Керкем сана өткінші шындық туралы емес, «мәңгілік», яғни дүниенің көркі ту­ралы - сана. Ал, осы дүниенің көркі не деп сауал қойсақ, ол ғылыми талдауга жатады. Ғылым метафораға ай- налса, ол ғылым болмай, аңызға ауысып кетеді, бірақ түптің-түбінде ғылымның барып-барып тірелетін жері ^- метафора. Абайдың ғалымнан хакімді жоғары қоюы тегін емес, нағыз ғалым хакім болғанда, оның лекси- касынан метафора табылмақ, мысалы физик Альберт Эйнштейннің Жаратушы құдіретін мойындауы.

***

Біз көріктілікті жасағымыз келеді, жасап та келеміз, қол жеткен нәтижелер де аз емес, оны біз мәдениет деп атаймыз. Сонда көріктілік жасау шеберлігі адам- нан ба, Жаратушыдан ба? Бұл мәселе жөнінде талас көп. Материалистік мәнде көріктілік жасау шеберлігі - тек адамнан. Көріктілік адам құдіреті. Келесі пікір Абай айтпақшы, «Безендірген жер жүзін тәңірім шебер» - демек, нағыз шебер Жаратушы. Жаратушының неме- ce жаратылыстың шеберлігіне немесе құдіретіне шек келтіру «әу-баста» болған. Адам жаратылыстың мінсіз тұлғасы дегенге уәж айтылған. Адамның табиғи кемістігі әшкереленген, сол үшін періште қарғыс алып шайтан атанған деген діни аңыз көпшілікке белгілі. Мәселе солай

Page 302: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

болса, онда нағыз Шебер кім болмақ?! Бірақ, адамның кемістігін таптым деп, шайтан атанған періштенің өзі қателесіп отырған жоқ па?! Шайтанның адам табиғатынан тапқан кемістігі, оның кемшілігі емес, бәлкім артықшылығы шығар. Шайтан адамды өз түсінігіне салып бағалап тұр. Шайтанда (бүрынғы періштеде) нәпсі жоқ, тек нәпсіге қүмарлық бар. Ол өзінде жоқ нәрсені кемшілік деп тұр. Бұл әділетсіздік?! Адам-зат періштеден артьщ, оның мәнісі періште рухани субстанция, ал адам руха­ни әрі нәпсілік (яғни, заттық) субстанцияларға ие. Осы артықшылықты шайтанға айналған періште - адамның табиғи кемістігі деген, ол теріс түсінік. Немесе ол таным тәсілі. Адам-заттың артықшылығын осылай айтпағанда қалайша түсінуге болады. Кемшілікті айту кейде сол істің артықшылығын айту екенін де еске алған жөн. Айтушы өзінде жоқ нәрсені езгеден таппағанда оны кемшілік деп санауы мүмкін. Бұл мәселеде де солай болған, адам- зат әлемге теңдесі жоқ көрікті болып енген, оны шайтан түсінбеген немесе қасақана түсінгісі келмеген?!

***

Керіктілік мінсіздікке ұмтылыс, ынта. Адам мінсіз болғысы келеді. Ол жақсылықтың нышаны. Кей­де, ақындар «мінсіз сүлу» деп те жатады, оның бәрі әсірелеу. Мінсіз адам болмақ емес, сондықтан ол көріктіліктің символы да бола алмайды. Адам табиғаты көріктілік жолындағы - ізденіс. Бары сол, егер адам мінсіз, яғни керіктіліктің өзіне айналса, ол адам-зат болудан қалады, басқа күйге ауысады. Көріктілікті мін арқылы түсіндірсек, мәселе осылай болмақ. Сондықтан көріктілікті мінсіздіктің өзі емес, оның бір сапалық өлшемі десекте болар.

Page 303: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Көріктіліктің табиғи болмысы бар да, оның мәдени болмысы бар. Табиғи керіктілік туа біткен қасиет бол­са, оның мәдени болмысы адам қолымен жасалады. Қазіргі күнде көріктілік мәселесі қымбаттап барады, себебі адамдар, әсіресе әйел-заты «мінсіз» болғылары келеді. Әрине, бүл түсінікті іс, себебі адамның нәпсілік табиғаты ешқашанда болдым, тойдым деп айта алмақ емес, сондықтан мұндай жағдайда іске дін арала- суы да табиғи жағдай. Сопылық дүниетанымда тәуба, шүкіршілік, қанағат деген үғымдар қалыптасқан. Олардың мәнісі, сол адам нәпсісін ағынды су сияқты бір арнаға салу.

Ақылды нұр дейміз, олай болса көріктіліктің мән- мағынасын аша алатын ақыл емес пе екен?! Әрине, ақыл өзінің парасаттылық деңгейіне көтерілгенде көріктіліктің өзіне айналмақ, себебі көріктілік сұлулық емес. Сұлулыққа ақыл парасатының қажеті керек те емес. Сұлулық көз жауы. Керіктілік дүниенің мазмұны.

Көріктілікадамға қолданылатын-өлшем. Көпшілікті анықтаушы да - ада м. Адам-зат жоқ кеңістікте керіктілік туралы айту қажеттілігі жоқ. Көріктіліктің адам санасына түсіп реттелмеген түрін, біз бір сөзбен хаос дейміз. Ол көріктіліконтологиясына қатысты әңгіме. Адам керіктілік дегенде, ең алдымен өмір сүруге бар мүмкіндікті айта- ды, мысалы Ай бетіне ұшып барып қонған астронавтар Ай бетіндегі керіктілікті айта алмады, себебі онда адам табиғи жағдайда өмір сүре алмақ емес, демек ай бетіне көріктілікті (емір сүруге мүмкіндікті) адамдар мәдени тұрғыда жасаулары қажет. < - - ■

Page 304: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Демек, көріктілік негізінен адамның табиғи жағдайда өмір сүруінің формуласы. Осы жағдай әлем кеңістігінің тек Жер деп аталатын планетасында мүмкін болып отыр, яғни әлемдегі нағыз көркем - Жер планетасы.

ӨЛІМ

г« у ы қ сөз, себебі елім табиғаты - суықтық.О Адамның тіптен айтқысы келмейтін ауыр сөзі,

бірақ амал жоқ, өмір бар жерде өлімсіз болмайды. Оны тәжірибеде күнде көріп жүрміз. Адамның қашып құтыла алмайтын тағдыры, осы - өл ім. Қазақтумақ бар да өл мек бар дейді. Мұны рас сез дегеннен басқа не айтпақпыз. Өлім туралы адам-зат тарихында ой айтпаған ғұлама жоқ. Әркім өз білгенінше сөз айтқан, бірақ мәселе анықталмаған өлім өз құпиясын өзіне сақтап келеді. Ол қүпияның басты арнасы өмірден кейін өмір бар ма, яғни өлімнен кейін тағы ғұмыр бастала ма? Айтылған сөздер, топшылаулар көп, нақтылық жоқ. Бұл мәселеде Адам Ата ұрпақтары негізінен екіге бөлініп алған. Біреулер өлімнен кейін ғұмыр жоқ, мәселе сонымен бітті, адам табиғаттан жаратылды, қайтадан соған оралады, оның мәні химиялық, физикалық үрдістер заңцылықтары бой­ынша ыдырайды, тарайды, түрлі элементтерге айна- лады деген түсінік. Бұл таза ғылыми әрі материалистік ұғым. Ғылымның мүмкіндігі шектеулі, ол тек дәлелдеуге болатын істермен айналысады. Сондықтан ғалымдардың кепшілігі материалистік бағытта бола- тыны да түсінікті. Екіншілер, адамның елімінен кейін ғүмыр болмақ дейді. Бұл бағыттағылар ішінен тарам- тарам түсініктер соңынан кеткен әлі де тарамдалып

Page 305: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

304

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

бір-бірімен таласып жатыр. Мұндай дүниетанымда діннің ықпалы зор. Дін бойынша, (негізінен) өлімнен кейінгі өмір бары хақ, бірақ ғылыми дәлел жоқ, гипо­теза, аяндық білім бар. Айта кету керек, діндер ішінен де өлімнен кейінгі өлім мәселесінде бірауыздылық жоқ. Ол зиялы, оқыған қауымга белгілі жайлар. Өлім туралы дінге тікелей қатысы жоқ идеалистік бағыттағы көптеген аяндық концепциялар бар. Бір сөзбен айтқанда, өлім туралы әңгіме қаншама көп айтылса, оның сыры сонша- ма күрделене түспек, керісінше әр түрлі көзқарастар ба­сты мәселені түсіндірудің орнына, оны күңгірттендіріп, мәнсіздендіріп бара жатқаны да шындық.

Абай осы мәселе туралы былай деп еді: «Белгілі сөз: «өлді, өлді», Белгісіз оның мекені» (50-6.). Бізге мәлім өлді деген хабар. Белгісіз оның мекені, демек мәні белгісіз. Содан барып өлім - ақиқат, емір - аманат деген түсінікке бой үсына бастаймыз. Өмірдің аманат болатыны, ол өткінші амал. Өмірде амалдап өтпексің. Мәселе адамның амалын, істің амалын, тұрмыстың амалын табуда. Лаулап барып, жанып сөнетін оттай өмірің өтеді, оны адам-затқа белгілі сөз, «өлді» деген- мен анықтайды. Әрі қарай бәрі болжам. Сонда өлім дегеніміз білетініміз бен білмейтініміздің шекарасы де­ген түсінік. Жар жағалап келіп өміріңді аяқтадың, оны өлім деп атап қойған. Сонда сенің бар амалыңның мәнісі өлімге жету. Өлім сенің анықтаушың. Әдетте ай­тып жатпай ма, бұл дүниеден өткен адам, олай болган, бұлай болган деп, яғни бұл соңғы сез. Демек, өлім деген адам туралы айтылатын ең соңғы - сез. Ислам дінінде сондықтан да соңгы сөздің алдындағы тіл келетін сөзді- иман дейді. Адам өз мүмкіндігімен айта алатын соңгы сөзі - иман, ал ол туралы айтылатын соңғы сез «өлді» болады. Әрі қарай ол дүниелік болган адам туралы

Page 306: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

сөздер байқап-байқап айтылады. Қазақ дәстүрінде өлгендерді ғайбаттау - әдепсіздік, білімсіздік деп сана- лады, сірә, осы түсінікте мән бар ма деп ойлаймын.

Өлімнен қорықпайтын адам жоқ. Сонда ойлаймын, қорқу деген өмірден қорқу деген болып шықпай ма? Өлім өмірдің анықтаушысы емес пе? Мәселе осылай болса, біз тек өлімнен емес, өмірдің өзінен қорыққанымыз ғой. Қиынның қиыны өмір сүру болғаны. Өмір сүруді жеңіл деу жеңілтек надандардың санасындағы түсінік. Кім болма- сын қиналып, сан сүрақпен арпалысып, алыса-жұлыса өмір сүреді. Мамыражай рахат тіршілік кімде бар. Өмір жүгі тым салмақтанып кеткенде адам тәубашылыққа түсіп, барға қанағат деп бір жеңілдеп алады. Ал, мұндай санасы жоқтар істің жеріне жеткізу мақсатында тоқтамай не тау басына шығады, не таудан кері қарай домалайды, әйтеуір бір келеңсіз нәрселерге ұшырап жатады. Мысалға, Александр Македонский, Наполеон, Гитлерді алуға болады, олардың мақсаттары әлемді жаулап алып билеу еді, ақыры олар нендей нәтижеге жетті, нәтиже деген сол, Александр Македонский отызға келер-келместе рухани күйзеліске түсіп өлді, Наполеон қасиетті Елена аралында қартаймай удан шіріп өлді, Гитлер өзін-өзі өлтіріп, денесін жан танымайтындай етіп жағып жіберді. Үшеуінің де алға қойған мақсаттары орындалмады. Билік деген мақсат емес, ол мақсатқа бастайтын жол. Сол жолда пенделер шашылып жата­ды. Мәселені осылай қарастырсаң, әрине, өмір сүру ең қауіпті екеніне көзіңжетеді. Сондықтан адамдарға үнемі жолбасшылар керек, оларды Абай: пайғамбарлар, әулиелер және хакімдер деп санап береді. Бұлар

305

Page 307: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

306

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

болмаса адам-зат адасады, тіптен кей-кейде осылар- мен адам-зат бірге адасады, әйтсе де жолбасшысыз адасқаннан, жолбасшымен адасқанда бір үміт бар.

Өмір сүрудің қатерлігіне дауа болсын деген ниетте адам-затқа дін қажет болған. Дін өмір туралы емес, өлім туралы - сана. Дін өз міндетіне адам-заттың өмір сүру қаупінен сақтандырып қана қоймай, ол адам-заттың ғұмырын мәңгілікке ұзартуды өз міндетіне алған. Адам­ды мәңгілік дейтін діни сана. Адам өткінші құндылық емес, мәңгілік құндылық деу діни философияның өзегі. Демек, дін өлім қорқынышын жоймаса да, оны жұмсартып, жеңілдетіп, оның табиғи болмысы- на тереңцеуді насихат етуді өзіне негізгі қызмет етіп ^ алған. Сондықтан адамдар әлденеге үрейленіп, секем алып қауіптенсе, діни мінәжат ететін жерлерге бара бастайды. Адам қүдайдан қорқып мінәжат етпейді, ол өмір қаупінен өзін сақтандыру мақсатында дінге енеді. Өмір деген Жаратушының пенделеріне берген еркіндік кеңістігі болса, қауіп сол жерде, демек ол үшін құдайға құлшылық жолына түскен дұрыс. Дін жолы дұрыс жол, бірақ соны түсіну адам баласына қиынның қиыны. Неге десеңіз от болып жанып нәпсі құмарлығы тұр, оны қайда қоймақсың. Нәпсі өмірдің қауіпті өткелі, оның жалған екендігін ұмыттырып жіберетін жойқын күш. Жоғарыда мысалға келтірген Александр Македонский, Наполе­он, Гитлер нәпсінің байлаулы-шынжырлаулы құлдары болғандар. Билікке ұмтылу, өзін өзгелерге үстем ету, осы мақсатта қырғын соғыстар ашу нәпсі құлдарының жасайтын іс, әрекеттері. Олар нәпсіні жеңгендер емес, нәпсіге жеңілгендер. Нәпсіге жеңілгендер за- лым, зұлымдар болады, ал нәпсіні меңгеру жолына түскендер парасатты, ізгі жандар, олар пайғамбарлар, әулиелер және хакімдер.

Page 308: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Ш ЕКСІЗДІК

/Лцам санасына салғанда түсіндіріп болмай- тын ұғым - шексіздік. Бұл мәселеде мате­

матика, физика, астрономия ғылымдарында көптеген теориялар және гипотезалар бар. Шексіздікті түсінудің қиыншылығы сонда,оны түсіндірмекниетіндегіадамның өз табиғаты мен болмысының шектеулілігінде. Адам табиғаты заттық негізде болғандықтан, ол шектеулі, себебі қандай болмасын заттың өзімен-өзі болып тепе- теңдігін сақтауы белгілі бір өлшеулі мерзім ішінде ғана. Уақыт өткен соң, зат өзге күйге, сөйтіп өзге заттық сапаға айналады, ауысады. Мұны ғылымда зат алмасу үрдісі деп атайды. Осы үрдіске байланысты диалектикалық философияда езгерістен даму деген ұғым шығарған. Онтологиялық мазмұнда біздің нақтылы білетініміз - өзгеріс. Даму деп жүрген үрдіс адам санасының, өзіне қажет етіп алған ұғымы. Осы ұғымға сай прогресс және регресс деген түсініктер қалыптасқан. Онтологиялық мазмұндағы өзгеріс мүндай түсініктерді қажетсінбейді. Өзгеріс дегенде, оның көріну формасын біз қозғалыс дейміз. Қозғалыстың түрлері көп, оларды кезінде Фри­дрих Энгельс типологиясын жасап көрген, бірақ бұл мәселеде ғылымда әлі талас пікірлер көп, оның солай болуы да табиғи жағдай. Қозғалыс, оның түрлері ту­ралы пікірлердің толастауы, оның аксиомаға айналуы мүмкін емес, себебі өзгеріс толассыз іс.

Шексіздік туралы айту мәнсіз іс, себебі шексіздікті қалайша түсінуге әрі түсіндіруге болмақ. Жоғарыда айтқандай, математик, физиктер шексіздікті ғылым пәніне айналдырып, формаландыру тәсілдеріне са- лып, шексіздікті нақтыландыруға тырысуда. Бұл Шексіздікті түсіндірудегі ғылыми бағыт. Ал, шексіздікті

Page 309: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

философиялық мағынада түсіндірмек ниет білдірсек, мен айтарым, шексіздік мазмұны оның қозғалысында. Қозғалыс шексіздіктің мәнін ашатын ұғым. Қозғалысты, оның түрлерін зерттеу арқылы ғана адамға шексіздік деген сана енген. Шексіздік адам санасы түсіндіре ал- майтын - онтология. Шексіздікті түсінудің, менің айтар жолым, ол қозғалыс арқылы ғана. Қозғалыстар мәңгілік, тұрақтылық шартты, осындай жағдайда шексіздік тура­лы не айта алмақпыз. Философия пәнінде шексіздікті кеңістік деген ұғым арқылы түсіндіру дәстүрі бар. Кеңістік деген шексіздіктің есімі, аталуы, бірақ өзі емес. Кеңістіктің үш өлшемі, шын мәніндегі шексіз қозғалысқа түсіп жатқан заттардың, шартты түрдегі мінездемелері, одан басқа ештеме емес. Олар шексіздіктің өлшемдері емес, кеңістіктің өлшемдері, ол өлшемдердің мазмұны- уақытта. Біз өзгеріс дегенде кеңістік пен уақытты бірге, белмей қосып айтамыз. Өзгеріс таза кеңістікке немесе таза уақытқа қатысты емес, ол екеуінің табиғи тұтастығын білдіретін - ұғым. Шексіздіктің елшемі - Нүкте. Нүктесіз шексіздікті білу - мүмкін іс емес.

Нүкте бізге белгілі болған, айқындалған - шексіздік.Шексіздік болмаса әлемнің мазмұны туралы сөз

болмас еді. Шексіздік шекті әңгіме тақырыбы. Шектеулі нәрсе шексіздік туралы дерексіз ойға бастамақ, себебі шексіздік барлықтың атауы, болмысы, олай дейтінім, бар нәрсе жоқ болмайды, ол барлықтың бір түрінен келесі түрлеріне белгілі бір табиғи заңдылықтар арқылы өте бермек. Барлық туралы езгеше айтсақ, оны рас шындық дейміз. Растың бір-ақ мәні бар, ол оның растығы. Расқа айналмайтын шындықтар өткінші, ал рас болса барлықтың кепілі, осы мәнде, шексіздік те рас деген түсінікке келеміз. Шексіздіктің растығын та- нып, біліп, мойындау, сол шексіздіктен кеңістікауқымын

Page 310: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

анықтау, ол шексіздіктің растығын дәлелдеу деген сөз. Шексіздіктің растығының дәлелі біздің, яғни адам- заттың болмысы, әрбір жеке адамның ғұмыры. Әрбір зат, адам шексіздіктің шектеулі көріністері. Шексіз бол­мыс қандай болмасын бар болу мүмкіндігі.

нөл— туралы сез кеп, оның мәні мәңгілік

тақырып. Нөлді кімдер ойлап тапты, оның ғылымда, әсіресе математикада және тұрмыстағы қызметі мен мағынасын айтыл тауысуға болмайтын әңгіме. Нел, менің түсінігімде, әлемдік тепе-теңціктің елшемі. Әлемдік тепе-теңцікті елшемге, яғни нелге айналдырған - адам-зат. Адамның өзі тепе-теңдіктің нәтижесі. Адам әлемдік тепе-теңдікті езінің табиғаты және болмысымен анықтаған, дәп осы мәнде адамның өзі нөлдің функциясын атқаруда. Ойлаймын, адам дегеннің езі нөл дегеннің езгеше атауы ма деп, себебі тепе-теңдік бұзылған жерде адам табиғаты бұзылмақ, ол адам кейпінен айрылып қалмақ. Тепе-теңціктің, яғни нөлге ынталанудың геометриялық формуласына қатысты симметрия деген түсінік бар. Симметрия тепе- теңдіктің сақталуын білдіретін геометриялық өлшем. Симметрияның түрмыста, қоғамда елшемдері көп, айталық - семья (отбасы), әлеуметтік, діни, азаматтық келісім, адамшылық қағидаларын дәстүр, салт, ырым ретінде сақтау, т.б. Нөл тепе-теңцік өлшемі болатын болса, әділеттілікте осы мәнде анықталмақ. Әділеттілік символы - таразы деген түсінік ертеден бар, осы жөнінде әл-Ғазалидің «Тура таразы» деген еңбегін мысалға

309

Page 311: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

310

кеятіруге болады. Онда оя біяімнің өяшемі, ненің артықтығы, тура таразымен өяшеу, заттық өяшемнің шындығы, тепе-теңціктер өяшеушісі, рух өяшеушісі, дене өяшеушісі, орта өяшеуіш, шағын таразы тураяы, тәуеядіяік өяшеуі, қарама-қарсыяар өяшемі, сезу мен ойяау арасындағы теңдік, т.б. мәсеяеяер туралы айта кеяе, оя тура таразы тураяы түсінік берген.

Нел-таразы үшін қажет. Егернелдікелшем болмаса, таразы деген түсінік те бол мае еді. Сондықтан әлемнің нелдік болмысы, бар мәселенің түп-қазығы. Таразы де­ген ұғым тепе-теңдікті қажететеді, ол әділдіктің символы. Сонда нөл әділеттіліктің өлшемі болып отыр. Таразыға қатысты айтсақ, нөлге келу массаның жойылғаны емес, оның тепе-теңцік күйінде реттелуі. Нөлдің екі жағында масса бар, бірі (шартты түрде айтсақ) плюс, бірі минус, яғни нөлден бастап плюс сандар кетеді және кері ми­нус сандарды санай бастауға болады. Ғылымда этно­центризм деген түсінік бар, оның мәнісі дүние өлшемі немесе оның ортасы мен немесе біздер. Әдетте жиі айтып жүрген эгоизм - менменшілдікте осы өзін нөлге теңестіруден шыққан. Тұрмыста нөл дегенде мәнсіз деп қабылдау етек алған, адамдар жек көріп қалған адамға сен нөлсің деп жатады, онысы нөл табиғатын теріс түсінуден шыққан бұқаралық сана нәтижесі. Шындығында өзін нелге теңдестіру әлемнің өлшемі езім деген философияға бастамақ.

Әлемнің тепе-теңдігін ғылымда тағы бір ұғым білдіреді, ол гармония. Бұл үйлесімдік философия- сына қатысты қолданылатын, сұлулықтың символы- на айналған сана өлшемі. Гармония шартты үғым, әдетте оган қарсы етіп Хаосты қолданып жатады, ол ақиқат емес, онтологиялық мазмұнда әлемнің ез гармо- ниясы бар, біздің хаос деп жүргеніміз әлі сана, білім,

Page 312: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

ғылым арқылы сезіп, біліп, танып жетпеген әлем гар- мониясы. Осындай жағдайда нөлдің қызметі қалай анықталмақ?! Қалайша тепе-теңціктер сақталмақ. Тепе-теңдік дегеніміз заттың өзімен-өзі болуы, яғни нөлдік қалпына келуі. Бұл қалып үнемі бұзылып отыра- ды, оның себебі әлемдік кеңістіктегі мәңгілік - қозғалыс әрбір жаңа қозғалыс заттың нөлдік қалпын әрі бұзады, әрі оны жаңа нөлдік қалпына жеткізеді. Олай болса заттың нөлдік қалпы мәңгілік қозғалыстың бір сәті және шартты түрдегі көрінісі. Бізге аса қажетті іс, заттың осы нөлдік қалпын білу, себебі адамдар өмірі заттың нөлдік (шартты қалпына) қалпына тікелей байланысты. Нөлдік қалыптың да өзінің ішкі өлшемі, өзінің әр сәттегі нөлдік жайлары бар, мысал үшін адам ғұмырын алай- ын. Адамның тіршілік жасап, ғұмыр сүруі оның нөлдік, яғни өзімен-өзі болып көрінетін сәті, бірақ адам жас мөлшеріне байланысты, өзінің нөлдік қалпын сақтайтын да сәттері болып отыратыны белгілі, айталық балалық шақ, бозбалалық кезең, орта жас, ұлғайған шақ, т.б.

Нөл тек математикалық өлшем емес, ол шама де­ген түсініктің мәнісін ашатын - ұғым. Біз шама дегенде әлденебір тепе-теңцікті, яғни адамның өзімен-өзі болып отырған халін айтамыз.

ГЕОМЕТРИЯ•Л; : : Г \ .■ : . - f ; Г

^г^7/і-өнебілімсаласы.Гректіліненқазақшаласақ, ч З ^ ^ ж е р д і елшеу деген мағына береді.

Адамның өзінің тұрағы жерді өлшей бастауы, оның дүние танудағы алғашқы рефлекциясы. Жерді өлшеу деген, асылысында адамның өз болмысын тануға ынта

311

Page 313: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

жасауының басы. Бұл мәнде геометрия адамның өзін- өзі тануының рефлекциясы. Адам өзімен-өзі болуы үшін, ең алдымен жерді білуі қажет еді. Осындай мақсаттан геометрия білімі қалыптасты. Сондықтан геометрияны натурфилософияның ең алғашқы формасы десек те болғандай. Әрине, адам-заттың алғашқы білімі деген­де, біз өз біліміміз түрғысынан айтамыз, ол элем тура­лы ең алғашқы білім тек адам-затқа ғана қатысты ма екен, ол көбінесе таласқа түсетін мәселе. Адам-затпен жер бетіне бірге келген білім, адам-затқа дейінгі әлем туралы білім деген мәселелердің әлі ғылыми негізде басы ашылмаған. Біздің айтатынымыз, жазба тарихқа қатысты адам-заттың өзі тудырған білім жүйелері тура­лы әңгіме.

Геометрия білімі жерді өлшеу, анығын айтқанда, жер көлемін мұқтаждықтан өлшеуден қалыптасқан білім са- ласы деп мектеп окул ықтарында айтылған. Осы түсінікке менің қосарым, геометрия тек жер кеңістігі емес, адам мүмкіндігінің кеңістігін өлшей алатын, адамның алғашқы философиялық рефлекциясы. Адам геометрия арқылы өз мүмкіншілігін өлшеуге шындап тұрып кірісті. Себебі, геометрия Жер және Адам мүмкіндігін, әрі олардың біртүтастығын білдіре алатын сана екендігі айқындала бастады. Заман өте мәселе күрделене бастады, Архимедтік түсініктен, Эвклидтік, Пифагорлық және Эвклидтік емес геометрия түрлері қалыптаса бастады, бұл жер мен адам кеңістігін танудың аса күрделігінен туған ілімдер болатын. Адам жер кеңістігінен шығып, оның «геометриясын» өлшемдерге айналдыра баста­ды. Бұл адамныңөзінің пайда болған кеңістігіне оралуы, сөйтіп Жаратушының езін тануға бастаған еді. Осы хал­ге жеткенде аспан денелерінің елшемдері физикалық денелерден тыс білімді қажет ете бастады. Енді

Page 314: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

геометриялық философия элем кеңістігін түсінуге негіз болып, ғарышқа адамдық өлшемдермен келе бастады. Адам баласы Айдың бетіне барып, қонып қайтты. Айды да жердік өлшеммен өлшедік, себебі жердегі қүндылық Айда жоқ, ол жасанды өлшемдер жасай алатын кере­мет иесі - адам-зат.

Сондықтан адам-зат әлем «геометриясының» нақтылы өлшемі. Адам болмысының мүмкіндік кеңіс- тігі әлемтанудың басты шарты. Жер кеңістігіндегі жиі кездесетін төртбұрыштар, үшбұрыштар, өзге де геометриялықфигуралар адам баласы тауып білім сала- сына айналдырған жұмыр жердің «жазулары». Кезінде Пифагор әлемнің негізі сандар деген еді, сірә, әлемнің негізі сандар емес, мәселе оның өлшемінде. Әлемнің де, жердің де өлшемі - адам-заттың ойлауының шексіз мүмкіндігінің шексіздігінде.

Ж Ы ЛДАМ ДЫ Қ

^ /^ ^ Н и з и к а л ы қ білімнің басты мәселесі - ' - у ^ жылдамдық. Қозғалыс мәні жылдамдықпен

анықталмақ. Ғылымда жылдамдықтың негізгі өлшем- дері анықталған. Дыбыс жылдамдығы, жарық жылдам- дығы дегендер қалыпты түсініктер. Бүгінде дыбыс жылдамдығынан аса ұша алатын ұшақтар бары да көпшілікке мәлім. Аспан денелерінің, атап айтқанда планеталардың айналым жылдамдықтары, әлемдегі біршама жылдамдықтар туралы адам-зат не қилы болжам, қиялдар жасауын еш тоқтатар емес. Де­мек, онтологиялық мазмұндағы жылдамдықтарға ой жылдамдығы қосылды. Қиял, арман дегендердің өзі

Page 315: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

314

адам-заттың ой жылдамдығының көріністері. Сонда жылдамдық дегеніміз не? Бұл сұраққа тіке жауап жоқ. Ол жауапсыз сұрақ. Асылы жылдамдық деген не деп сауал қойып, жауап таба алмай дал болғанша, оның өз кеңістігіндегі өлшемдерін анықтаумен шұғылданған өнімді іс болмақ, себебі жылдамдық деген барлықтың (онтологияның) бар болып тұруының субстанция- сы. Жылдамдық - субстанция, ол нөлден басталып, қайтадан нөлге айналатын - болмыс. Жылдамдықтың өлшемі - нөл. Егер санамызда нөл болмаса, біз жылдамдықтың не екенін білмей-ақ өтер едік. Нөл жылдамдықтың құпиясын ашушы - өлшем.

Әлемнің басы да нөл, соңы да нөл. Жылдамдықтың ^ нөлдік табиғаты, оны түсінудің кілті. Олай болмағанда, қалайша жылдамдық философиясы туралы сөз айтпақпыз. Жылдамдық - ақиқат, демек оның сыры біздер (адамдар) үшін - жұмбақ. Адамдарға керегі жылдамдықтың субстанциялық мазмұнда бола беруі, өзге нәрсе қажет емес. Егер жылдамдық субстан­ция ретінде өзін жойса, бар мәселенің біткені, нағыз ақырзаманның болғаны, бірақ мұндай хал ешқашан да болмақ емес, себебі жылдамдықтың өзегі - оның мәңгілігінде. Жылдамдық мәңгілігін білдіретін - ұғым. Жылдамдықсыз бізде мәңгілік деген түсінік болмас еді. Мәңгілік деген жылдамдық. Адам-зат үшін мәңгіліктің өз санасына сай түсініктері бар, оны негізінен өмір, өлім де- гендерменанын;тапжатады.Ал,жылдамдықтыңадамдық болмысы жоқ, оның сезімі, санасы, дүниетанымы жоқ, ол мәңгі өзімен-өзі, оған адамдық өлшемдер эсер ете алмақ емес, керісінше, жылдамдықтан адам-зат өзіне білім алмақ, үйренбек. Жылдамдықты меңгеру адам баласының қолынан келмейтін іс, ол құдірет иесінің әмірінде шығар, бірақ оның өлшемдерін пайдалануға

Page 316: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

ғылым, тәжірибе нәтижесінде адам-зат айтулы жетістіктерге жетуде, оның нәтижесін коммуникативтік жүйелерден айқын көріп, тұрмыста кеңінен пайдаланып отырмыз.

Жылдамдық философиясы туралы да сөз көп болған, әлі де болып жатыр, бірақ менің айтарым, жылдамдықтың бастапқы себебін, яғни құпиясын білу, адам-затқа бұйырмаған, сірә, адам өмірі сонысымен де қызықты шығар! <

ЖАЛҒАН

у"ны қ нәрсе жалғанның жалған екендігі. Еш нәрседе түрақтылық жоқ. Бар болмыс бар

емеске тоқтаусыз айнала бермек. Сондықтан өмірдің өткіншілігін айтып, налыс білдіріп жатамыз. Әрине, өзіміз бар шындық болғандықтан, осы барлық бар болып, рас болып тұра берсе екен дейміз. Оған көнетін табиғат жоқ, саусақтың арасынан суылдап өмір өтіп барады. Бұл жалғандықтың нышаны. Өмір жалған болғанда жалған емес не? Кейде әлденеден медет күтіп «хакімнің аты өиіпейді, галымның хаты өлмейді» - дейміз. Онымыз да әрқилы айтылған пікір. Жалған өмірде жойылмай- тын, аты ешпейтін еш нәрсе жоқ. «Өлмейді» дейтініміз шартты ұғымдар немесе мәңгілікті аңсаудан туған ын- талар. Мәңгілік жоқ, қысқа ғұмыр бар, сонда ақиқат не? Осы дін болмысын расқа айналдырған сұрақ па екен деп ойлаймын. Адам мәңгілік болмаса, ғұмыр жалған болса, атқарып жатқан харекет, істеріміз мәні уақыты жеткенге мәнсізге айналса, сонда мәңгілік не деген санаға сай келетін ұғым - Жаратушы. Мәңгіліктің

315

Page 317: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

316

өзі де иесі де сол Жаратушы дейді дін. Бүған қандай қарсы дәлелдері бар. Бүгінге дейін, әрине Жаратушы идеясын жоққа шығаруға талпыныстар көп жасалды. Том-томдап кітаптар жазылды, оны бәрі топшылаулар дәлелдер емес. Себебі, жалғанның жалған еместігіне бірде-бір не ғылыми, не мифтік дәлел жоқ. Біз мекен етіп отырған жердің пайда болғаны және оның жойыла- тыны, тіршілікті бар етіп тұрған Күннің 4-5 млрд. жыл- да таусылып сөнетіні ғылыми түрде дәлелденіп жатыр. Осы емес пе жалғанның жалғандығының дәлелі. Мен гүл сияқты толып, күн өткен соң солып қалатын жеке адамдар ғұмырын айтып отырғам жоқ. Мүмкін жеке бастың болмысы мәңгілікке мысал болмаса, үрпақ жалғасынан мәңгілік іздеуге болар, бірақ бір кезде пай­да болған Жан иесі, бір заманда жойылатыны да хақ емес пе? Осыдан кейін адам болмысының басына нен- дей ойлар келмеді дейсің. Анықтың анық еместігіне көзі жете бастағанда адам-зат нағыз анықты, яғни ақиқатты білгісі келді. Осы ынтадан құдай идея туды, діндер пай­да болды. Дін табиғи қажеттіліктен туды немесе өзімше дұрыстап айтсам дін танып, түсіну адам санасының кемелденуіне тікелей қатысты. Сана кемелденбеген кезде дін туралы түсініктен гөрі, адам болмысында жалған дүние үстемдігі басым болмақ. Жалған сана езге сананы қабылдауға тырысып бағады, оған неше түрлі тәсілдер қолданылып, жалғанның бәрінен биік екендігі дәлелденеді. Бұл адамның нәпсісіне тікелей жол тартып, оны баурап алады. Сөйтіп, жалғанның жалғандығы Жаратушыны сездірмеуге, білдірмеуге мол мүмкіншілік жасайды. Осы философия көбінесе жеңіске жетеді, үстемдік етеді, жалғанның тәртібіне адам әбден көндігеді, содан барып өзге ойға өтуге құлықсыздық та- нытады. Жалған философиясы өлшемдік қүрып, адам

Page 318: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

өз өмірінің мәнін тек Абай айтқан «таусыншақ күні» түсінуге бастайтын ой кеңістігіне өтпек!

Жалған деген идеяда мәңгілік деген түсінік бар. Себебі, жалғанды тек жалғандықпен анықтасақ мәнсіздікке тап болар едік. Жалған болмысында тек мәнсіздік ғана бар деп айта алмаймыз, жалған бар болмыс. Жалғанның бар болмыстығы анық, мәселе оның тынымсыз өткіншілігінде. Біз жалған дегенде оның өткіншілігін айтып отырмыз. Сол қасиеті бізді қанағаттандырмайды. Біз мәні бар болмыс болғымыз келеді. Оған жалған көнбейді. Мәселе осыда. Осы ой Гетенің «Фауст» деген шығармасында нақтылы айтылған. Жалған дүние сен тамашасың, тоқта - десе не болады. Бәрі бұзылады, өмір өзінің тіптен жалғандығынан да айырылып қалмақ.

Жалған дегеннің өзі мәңгілік өлшемі емес пе? Мәңгілік жалған болмай қалай көрінуі керек?

Жалған өзінің өткіншілігімен қызықты әрі мазмұнды емес пе?

КЕСЕЛ

^-^■“Т /іесел деген не? Бұл сауалға жауап іздеу ч З г ^ ү ш ін не кесел деген тағы сауал қойып

көремін, иә, сонымен, кесел не кесел?Байлық дәулетке айналып, жер қонағы деп ата-

латын себелеген ақ жауындай болмаса, есепсіз келген молшылық кесел;

Билік қызмет болып, елдің берекесіне айналма- са, қолында билігі бар адам кесел;

Бала белден шықпай жатып, ата-анасының

Page 319: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

318

бетінен аяса, іштен шыққан жау, сол кесел;Ғалым-залым болып, шайтанмен дос болса,

одан алған білімің кесел;Өзегіңді өртеп, қайғы-мұңға батырған, кенеттен

қонған дерт кесел;Сайланып келіп, жағаға жармасқан жау кесел;Ақ батаңды даттаған, дастарханыңцы аттаған,

ақ сөзіңці тастаған надан кесел;Күліп жүретін, бірақ күндес қатындай қылықты

дос кесел;Жомарт ердің қолын байлайтын жоқтық кесел;Қойныңнан шығып, қоңсыға барып сыбырласа-

тын әйелің кесел;Өшпейтін пышақ секілді, енбес іс қуған еркек ке­

сел;Босағаны аттағаннан кері басқан келін кесел;Өмірді тамұқ етіп, бал орнына у ішкізген балаң

кесел;Кеселден құтылу мүмкіндігі жоқ, одан сақтану

мүмкіндігі бар. Кесел адамға адаммен енетін дерт. Кеселдің емі жоқ дерт, одан тыс адам қалмақ емес, ол күндердің күнінде, әр жағдайда, әр адамға жабысады, мәселеодан сақтанудыңмүмкіндігінде, одан сақтанудын мен білетін жолы бар, ол - сабырлылық.

Сабырсыздықтан асығыстық туады. Асығыстық шайтанның азығы, ол кеселді дерттерге бастамақ. Са- быр түбі - сары алтын деген сөз көп кеселдің бетін алатын шара. Сабырлы адам - арлы адам. Ар кеңістігі кесел дерттерге тосқауыл. Кесел - арсыздықтан, ұятсыздықтан, надандықтантуындайды. Білмегендіктен болған іс - кесел емес, оның емі бар. Надандықтан, ұятсыздықтан, арсыздықтан болған істердің емін табу қиынның қиыны.

Page 320: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Менің білетінім, кесел арлы, ұятты, иманды, кісілікті адамдарға жұғатын - дерт. Ал, арсыз, ұятсыз, имансыз, кісіліксіз жандар кеселді сезінбейді, оны дерт деп қабылдамайды, себебі кесел олардың өмір тәжірибесіне айналған, сондықтан олар кеселді уайым- қайғы демейді.

Алайда, қанша айтқанмен, кеселдің зоры - өлім!

КӨРКЕМДІК

^ ^Л л е м д е г і көркем - адам делік. Олай болса көркемдік дуниеге біршама оның құбылысына

адамдық сипат, мазмұн беру. Әлемнің адам тілімен сөйлеуі - көркемдік. Баланың мультфильмдерге қүмарлығын да осылайша түсіндіруге болады. Өсімдік, жәндік, хайуан, су, дария, тау, тас т.б. адам тілімен «сөйлеуі» - оларға адамдық мазмұнның танылуы, яғни көркемдікке ұмтылыстары. Аңыз, қиял-ғажайып ертегілердің де «құпиясы» осы әлемге адамның қасиеттерініңдаруында. Не болмаса да, дүниеде бәрінің өлшемі - адам, оның қасиеттері. Шайтан, періште де­ген ұғымдардың да онтологиялық мәні осында. Дүниені жандандырып түсіндіру ерте заманнан бері айтылып келе жатқан әңгіме, ғылымға белгілі гилозоизм, вита­лизм деген теориялар болған. Үнді мифологиясында мұндай теориялардың бірнеше тармақтары буддизм дініне негіз болған. Әлемді жандандырып, оған «тіл» бітіру көркемдіктің негізі.

Грек философы Аристотель өнерді мимесис, яғни еліктеу деп түсіндіруге тырысқан. Бұл меніңше теріс түсінік. Өнер адамның дүниеге еліктеуінен туған жоқ,

Page 321: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

320

керісінше, әлемнің адамға «еліктеуінен» туған. Әлем адамдық сипатқа ие болғанда көркемдік қалыптасқан. Гректер қосымша қиялдағанымен, құдайлардың өзін бар болғанда адам кейіпінде суреттей алған. Адам ба- ласынан асқан қиял жоқ. Қиял қаншама «табиғатынан» шығып кеткісі келгенімен, оның өлшемі - адам, оның қасиеттері. Мәселе, тек метафора, гипербола т.б. тәсілдер арқылы адамдық қасиеттерді мейлінше ұлғайтып немесе мейлінше кішірейтіп, ол кейбір адамдық қасиеттерді адамнан тыс онтологиялық мәнде, кеңістікте қарастырып әуре-сарсаңға түседі, себебі көркемдіктің өзі де, оны жасаушы да - адам.

Ой. Абай «сүлулықты сүйместік, Пайғамбардың сүндеті», - дейді. Неге айтылған? Не себепті? Жаратушының асқан шеберлігінің бір көрінісі - оның жасаған пендесі - Адам-зат. Ол көркем. Сұлулық көркемдіктің бір керінісі. Олай болса сұлулықты сүймектік пайғамбар сүндеті, яғни мұсылманшылық. Әдемілікке, сұлулыққа, көркемдікке құштарлық - мүсылмандық белгісі. Неліктен, Қүран-Кәрім сонша- ма керкемделген. Неліктен араб әріптері көркемдіктің бір керінісіне айналған. Меккедегі Қағбаны алтынмен әріптеген. Керкемдікке ынталану - мұсылмандық. Осы ойды әрі қарай өрбіте беру қажет.

Теңцесі жоқ көркем - ол адам. Көркемдік адамның құпиясында, сырында. Ескерткіштер: Пирамидадан ба­стап, атақты адамдарға қойылатын белгілерге дейін осы құпия сақталған. Суфизмде «сыр» деген ұғым бар. Адам сыры адамға мәлім емес, ол Жаратушының құпиясы. Бұл бір мәселе. Екінші мәселе, адамның құпиясын, сырын (яғни, өмір мен өлімін) зерттейтін білім саласы- медицина. Осы мәнде медицина нағыз көркемдікті білетін білім саласы.

Page 322: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Нағыз көркемдік - денсаулық. Денсаулық болмаған жерде көркемдік өз құпиясын азайта бермек. Дені саудыңжаны сау. Денсаулықтаусылғанда көркемдікөзге күйге көшеді. Фәлсафа өкілдерінің бәрі дерлік маман дәрігерлер болғаны тегін емес. Денсаулық көркемдіктің көрінісі әрі өлшемі. Қазақ денсаулықты бірінші байлық деп есептеген. Байлықты негізгі мағынасында түсінген, ол керкемдіктің басты өлшемдерінің бірі. Байлық - денсаулық, денсаулық - көркемдік.

АТСЫЗ

/^ у р е т ш і Ғалым Маданов өзінің бір суретін «АтыО жоқ» - деп атапты. Шынында да бар нәрсенің

бәрінің аты болуы міндет ne? Aт қою адамның ой- лап тапқан ici емес пе? Адам аяғы баспаған жердегі нәрселердің бәрінің де аты, яғни аталуы жоқ емес пе? Осылай ойлай берсек, мүмкін әр нәрсеге ат қоюмен, біз шындыққа көлеңке түсіріп жүргеніміз жоқ па деген пікірге келесің. Ат қоюшылық шындыққа бастайтын жол ма, әлде шындықты өзімізге бағындыру, тәуелді ету ме? Біз судағы барлық балықтарға, өзге де жәндіктерге ат қойып шықтық. Сол есім салудың болмысына сай ма екен? Біз ат қойғаннан олар өзгеріп кеткен жоқ. Сонда ат қою дүние болмысы үшін емес, сол әлемдегі өзіміздің тіршілігіміз үшін ғана керек шаруа болғаны ғой. Ат қою біздің қажеттіліктен туғаннан кейін, біз шындықты өз түсінігімізге бұрмалап әкелмекпіз, олай болса, сірә, әлемдегі кеп қателік осы ат қоюдан басталған. Ат қүбылысқа қатысты қойылады. Құбылыс болса, ол құбылмалы, сондықтан ол мәнді аша алмақ емес. Біздің Жаратушының 1001 есімі бар деуіміз осындай пікірден

Page 323: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

шыққан. Бір есім Жаратушының кім екенін аша алмақ емес.

Ат қоюға осы түрғыдан келеек, ол бар болмыстың, заттың- мәнісі. Заттың мәні де бар, мәнісі де бар.

Мәнді анықтаушы - заттың мәнісі.

322

сәту « ә т дегеніміз мүмкіндіктің іске асуының Kepl­e r нісі. Сәт мүмкіндіктің шындыққа айналуы,

бірақ ол өткінші шындық. Қазақтың қас-қағым сәт деуі сондықтан. Қас-қағым деген сәттің өлшемі. Сәт мүмкіндіктің шындыққа айналуының мерзімдік өлшемі. Алайда, қандай болмасын мерзімнің сәттерден тұратынын да естен шығармаған жөн. Сәт деген уақыт мерзімінің тоқтаусыз болатын өлшемі, секунд дегеннің философиялық баламасы. Халқымыз санасына секунд деген енбей тұрғанда мерзімнің тұрақсыз өлшемін - сәт деп белгілеген. Сәтте түрақтылық жоқ, ол мерзімнің үздіктігі мен үздіксіздігінің сабақтасынан аңғарылатын шындық,

Сәт шындық, бірақ тұрақсыз шындық, ол қас-қағым деген бір секундқа бара-бар елшемді білдіретін лек­сика. Шындықтың мерзім жағынан тұрақсыз болуы, оның айқындық белгісі. Егер шындық тұрақты болса, ол нағыз шындық емес, әлемнен тыс әлдене болар еді. Әлемнің шындығы сол, оның мерзімге қатысты тұрақсыздығында. Мерзімнің тұрақсыздығы шындықты онтология ретінде тануға мүмкіндік бермек. Осы түрғыдан алғанда, сәт деген мазмұнды ұғым, оның болмысында шексіз шындық мүмкіндігі жатыр. Сәт бол-

Page 324: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

а д а м - зат

маса әлемді, оның болмысындағы сансыз өзгерістерді тұсіну мүлдем мүмкін емес. Сәт әлемнің сәулесі, әрі суреті. Сәт таным мүмкіндігі, ол әрі шындықты танудың тәсілі. Сәтті аңғармаған жанның элем, адам, қоғам ту­ралы баянды түсінігі болмақ емес. Сәтті аңғара алмай, шындықтыңөзгерісін сезбей, мерзімді «тоқтатып» алған жан, ол - надан. Жиі айтылатын надандық мерзімдегі сәтті аңғармаудан туады. Сәт - сана, ол элем туралы алғашқы түсінік. Олай болса, сәттілік және сәтсіздік де­гендер не?

Сәт-онтология,оны адамөзінелайықтаптұрмыстық, адамшылық және дүниетанымдық мәндерге айналды- рып алған. Ол қалай болған? Таратып айтсам, мәселе мәні, сірә, былай болғанға ұқсайды.

Сәтсіздік табиғи, яғни онтологиялық мәнде мағынасыз ұғым. Табиғатта сәтсіздік жоқ. Сәтсіздік адамның еміріне, оның қажеттіліктеріне қатысты анықталмақ. Бұл жерде екі мәселе бар. Бірі, табиғи өзгерістердің (сәттердің) адамдардың өмір сүруіне кері эсер етуінен туған түсінік. Мысалы, су тасқыны, табиғи өзге апаттар, құрғақшылық, жер сілкінісі т.б. адамдардың тек қажеттіліктеріне, тұрмысына ғана емес, олардың өмірлеріне тікелей қауіп туғызады, әрине, бұл сәтсіздік. Екіншіден, адамдардың өздері қолдан (не саналы, не білместіктен) жасайтын сәтсіздіктері. Бұл сәтсіздіктерді санап бітпейсің. Олар көп, арам-шөп сияқты қажетсіз өсіп-ене береді. Ондай сәтсіздіктер тұрмыстан бастап, қоғамның әлеуметтік, саяси, идеологиялық жүйелеріне еніп, одан басқару институттарын жайлап, тіптен ілімге, дінге, ғылымға айналып, адам-затқа аса қайғы-қасірет туғызып отыр.

Жеке адам өміріндегі сәттілікті біз бақыт дейміз, сәтсіздікті қайғы, қасірет дейміз. Екеуі де негізінен

Page 325: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

324

өткінші саналар. Себебі, сәт дегеніміз өткінші шындық. Сондықтан бақыт та, қайғы да тұрақты емес, олардың қүндылығы да сонда. Мәңгілік бақытты болу уто­пия, мәңгілік қайғыда болу өзін-өзі жою. Сондықтан халқымыз сәтті тілекке, батаға айналдырған, ол жолға шыққан жолаушыға сәт-сапар тілейді, іс басына келген маманға ісіне сәттілік тілейді. Не болса да сәтімен бол- сын деп бата береміз, сәтті күн тілейміз, сәтке қатысты ырым, дәстүр, салт-сана қалыптасқан, олар әлемнің бар халықтарында бар.

Сәт түрақтылық өлшемі емес, ол өткінші сана, жағдай, іс, ол тұрақтылыққа айналса - қүтқа ауысады, ол арнайы әңгіме болатын ұғым.

Сәт философиясы Гетенің әйгілі «Фауст» шығарма- сындағы Мефистофель мен Фаусттың арасындағы негізгі әңгіме арқауы болған. Фауст айтады:

По рукамЕсли я миг отдельный возвеличу,Вскричав: «Мгновение, повремени!»- Все конечно, и я твоя добыча

(Гете. М., 1976. т.2. С.60-61).

Миг деген сэт, оны тоқтату мүмкін емес. Осы сәтім жақсы деп, оны шексіз өзгерістөн бөліп алу ешкімнің қолынан келер шаруа емес. Сәт адамға не сәтті, не сәтсіз болып ете шығатыны даусыз шындық.

Сәттілік болмысында ізгілік, таза ниет жатыр, себебі адам ғұмыры үзілмейтін сәттерден тұрады.

Сәт адам ғүмырының - елшемі.Бақыт та, қайғы да сәтпен келеді, сәтпен өтеді.

Өмірдің мазмұны, оның тынымсыз тұрақсыздығында.Ал, тұрақсыздық дегеніміз - сәт!

Page 326: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

жоқсөзді жиі айтамыз. Кейде қажеттіліктен,

кебінесе қажетсіздіктен айта береміз. Жоқ де­ген сөздің мағынасы - жоқ, бірақ бүл оның мазмүнын ашпайды. Жоқ бардың өлшемі. Бар деген болмаса, жоқтың мағынасы белгісіз болар еді. Дүние болған соң, оның ақиқаты - барлығында. Демек, дүниені барлықтың синонимі ретінде айтуға әбден болады. Дүниенің қызығы оның барлығында. Ал, бар нәрсені анықтаушы Жоқ де­ген ұғым. Жоқ нәрсені жоғалта алмайсың, жоғалатын бар нәрсе. Бар нәрсе ешқашан да жоғалмайды, жойыл- майды, ол бір күйден, бір түрден, бір қалыптан келесі күйге, түрге, қалыпқа ауысады, өтеді, міне, осы сәттерді жоқ дейміз. Демек, бар нәрсенің жойылуы - жоқ. Бұл мәнде жоқ мәнісі, оның технологиялық қызметінде. Мүның мүндай қызметі екі мәнде болмақ, бірі табиғи, яғни онтологиялық болмыста. Екіншісі, адамның іс, әрекет, харекеттеріне қатысты. Сондықтан барды жою аса жауапты іс, Бүл іспен ғылым айналысады,

:%•*** ..л/, ::Ч\4

Жоқ айқындалмаған шындық. Жоқ мүмкіндіктің ішкі сыры, Жоқ нәрселердің ауысуын білдіретін - мөлшер.

Жоқты іздеу - ғылым.Жоқтың тәрбие ісіндегі мәнісі өзгеше. Жоқтың дүниетанымдық мәнісі езгеше. Жоқтың тұрмыстағы мәнісі езгеше. Жоқтың саясаттағы мәнісі езгеше.

325

Page 327: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Жоқтың дін ісіндегі мәнісі өзгеше.Жоқты іздеу таяаптыяықтың басы.Жоқты жасау - шығармашыяық.Жоқ әяемді жасау - әдебиет пен өнер ici.Жоқ саямақсыз, мазмүны - өяшеусіз.Жоқ нәрсе емес, оның атаяуы.Жоқты жоқ табатыны - шындық.Наданға өзі біямейтін істің бәрі - жоқ.Жоқ бардың бет-пердесі, шымыядығы.Жоқ пен бардың арасынан қыя өтпейді, ояар бір

нәрсенің екі көріністері.

326

КҮЗ

. ^ а р ш а в а д а н қазанның үшінші жұядызында ч ^ Х З е л ге қарай бет алдым. Ағаштардың

жапырақтары сарғайып, желмен желпілдеп жатты. Бұл күздің белгісі. Сонда күз дегеніміз не? Кім болсын, ол табиғаттың кезекпен келетін маусымы дер. Иә, дәл солай. Мен болсам, күзді табиғат мезгілі дегеннен гөрі, мәңгілік сапардың бір сәті демекпін. Айталық, тіршіліктің тынымсыз, мүмкін болымсыз ісімен, мен Варшаваға келдім, енді кері қайтып барамын. Қара жер де өзінің мәңгілік сапарымен болуда. Жер сапарда, мен де сапардамын. Жер тынымсыз қозғалыста, ол оның бар болуының жағдайы. Сол үздіксіз қозғалыстың бір мерзімін күз дейміз.

Оның қыстан, жаздан, көктемнен еш өзгешелігі жоқ. Бұл жердің мәңгілік қозғалысына қарата айтсақ, оларға мән-мағына беруші - адам-зат. Ол бәрін өз болмысы- на орай анықтап тастаған. Ол күз бен қысты, көктем

Page 328: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

мен жазды шатастырмайды, керісінше, олар туралы толып жатқан ырым-жырымдары, салт-дәстүрлері әрі іс, әрекет, харекеттері бар. Адам жердің күнді орбита- мен айналатын сапарына, солайша тіл бітірген. Адам жердің тынымсыз сапарын мәндендірген, керкі берген.

Адам баласы күз мерзімі біткен соң, қысқа, одан әрі кектемге, содан кейін жазға даярланады, соларды зарығып күтеді, сөйткенше болмай тағы да күз келеді, бірақ ол еткен жолы сапарлас болған күз емес-ті. Бүл жолы сапарда кездескен мүлдем жаңа күз. Одан кейін келетін қыс та бүрынғы емес, ол да жаңа, жаз да жаңа, көктем де жаңа. Бәрі жаңа, бәрі таныс әрі бейтаныс. Табиғат сырт көзге әншейін түсінік үшін ғана өзін-өзі қайталаған болады, бірақ анығында қайталау жоқ, үнемі жаңғыру бар.

Істің мәнісі, оның ешқашанда қайталанбайтынды- ғында!

барлықтың бәрі Апла әмірімен болмақ. «Мың сан ғалам» деп аныз тілімен айтсақ, соның бәрін бар етіп, өмір сүргізіп, біріне-бірін тәуелді еткізіп тіршілікке қуат, нәр беріп тұрған - Алла.

Дүние деген түсініктіңөзіжоқтан емес, бардантұрады. Жоқ нәрселерден дүние құрастыру бос әуре, дүниенің растығы оның барлығында, заттың табиғатында. Дүние дегеніміздің өзі барлық. Жоқ нәрсенің бір-ақ мәні бар, ол оның жоқтығы, ал бар заттың мәні көп, себебі шындық

ШЕБЕР

ебер Алла есімі. Әлемді жаратушы да, оның иесі де, нақ өзі де - Алла. Өмірдегі

Page 329: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

328

қасиеті қисапсыз, өлшеусіз. Бар нәрсенін тек барлығын мойындап қана қүтылмасаң, оңың баршама сипатын түгендеу адамзат баласының қолынан келер іс емес. Бар заттың, яғни дүниенің сыры тек бір Аллаға мәлім деуіміз сондықтан. Егер Алла бар болмыстың атауы де- сек, дүниенің өз сыры өзінде. Сондықтан, өмірге форма беруші бір затты өзгеден өзгеше етіп, дүниедегі заттар мен құбылыстардың әрқайсысына тек өзіне тән қасиет беріп қайталанбайтындай етіп жаратушы құдіреттің шеберлігі алдында бас имейтін жан болмас.

Адамның өзі әлем құпиясы, оның өзі шебердің қолынан шыққан рух және зат. Нағыз шебер Алла болса, адам осы шеберліктің сапалық өлшемін көрсете білетін қасиетті тұлға. Демек, Алланың шеберлігі әлемге ие болуға талпынысы, ынтасы, нұрлы ақылы, жылы жүрегі, ыстық қайраты бар адамды жаратуымен анықталады. Адам мен Алла бірі шеберліктің аса үздік туындысы бол­са, екіншісі жаратушы, яғни шексіз шеберліктің иесі. Ше­бер деген Аллаға ғана лайықты. Әдетте он саусағынан өнер тамған жандардың шеберлігіне таң-тамаша болған жұртайтпаушы маеді, бұл шеберлікадамға табиғаттың, Алланың, құдайдың бергені деп. Осы түсінік барлық діни қағидаларда бар. Христиандар да талант қүдайдан десіп жатады. Адамға қалатыны оқып-үйрену, жаттығу. Талант, дарын құдайдан. Мен талант, дарын, даныш- пан деген ұғымдарды бір сөзбен шеберлік деймін. Абай жер жүзін безендірген Тәңірім шебер деп отырғанда, саусағы майысып іс тігуді не ағаштан түйме түюді ай­тып қана отырған жоқ. Ол қара жер мен аспанның ортасындағы дүниеге нұрын төгіп тұрған Шеберді ай- тады. Сонда шеберлік дегеніміз сана мен заттың, ақыл мен сезімнің, рух пен тәннің, мүмкіндік пен шындықтың тұтасып барып, ажырамастай бір құбылысқа айналған

Page 330: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

кезінде аңғарылған адам еркінен тыс, Алланың құдіретін білдіре алатын өлшемнің мөлшері.

Шеберлік деген шексіз десек, ол адам болмысы- нан тыс түсінік. Шеберлік адам кемелденуі еркіндігінің кеңістігі. Шеберлік жеке адам үшін шектеулі, Алла үшін шексіз. Шексіздік деген Алла сыры, оның мәні адам үшін де, адамзат үшін де жұмбақ. Адамға қатыстысы таң қалу, тану және ләззат алу. Біз көбіне шеберлікті ләззат алу сияқты жатымды сезімдер арқылы анықтауға дай- ын тұрамыз. Асылында шеберлік мәнінде құмарлық жа­тыр. Діни аңыздарда Алланың өзі адамды құмарлықпен жаратқан. Содан барып әлемге махаббат орнаған. Біз сөз етіп отырған «Жазғытұры» деген өлеңде Абай құмарлық туралы:

Күн - күйеу, жер - қалыңцық сағынышты, ■ < і 1 Құмары екеуініңсондай күшті, -

(Абай. 1-т.. 161-6.)ДӨЙДІ.

Осы құмарлықтың нәтижесі негізінде: масаты- дай құлпырар жердің жүзі; жайраңдасып жас күлер құрбысымен; көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, жалбаңдасар өзінің тұрғысымен; жыршы қүстар әуеде өлең айтып, қиқу салар қаз бен кулар; күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай, біреуіне біреуі қосылыспай, көңілі күн лебіне тойғаннан соң, жер толықсып, түрленер тоты құстай.

Мұның бәрі Тәңір ici, соның шеберлігі. Абай:

; Тамашалап қарасаң тәңірі ісіне,Бойың балқып, ериді іште жігер, - . .•

(1 6 1 -6 . ) , V,-.,

Дейді. г -329

Page 331: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Біз жоғарыда адам шеберлігі шектеулі, Алла шебер- лігі өлшеусіз дедік. Осы қағиданы құмарлық арқылы түсіндіріп көрейікші. Мысалы, адам қанша шебер, үрпақ өсіруге соншама ынтық болғанымен, өз ақылымен, зердесімен ойлау арқылы қолдан адам жасауға қауһары жоқ. Баланы адамға Алла береді. Табиғатсыз адам жасау адамның қолынан келмейді. Егер де адам өз құдіретімен адам жасауға жеткенде дүние бұзылып, адам адам емес күйге өтері хақ, сірә, ақырзаман де­ген сол болар. Себебі, адамның Алла сырын ақтарып, онымен тай-таласқа түсуіне қүқы жоқ. Мүндай жағдай бола қалғанда адам мен Апланың кім екенін тану күн тәртібінен түседі.

Асылы адаммен Алланыңарасындағы қашықтықтың әманда сақталғаны жөн. Ол қашықтық адам кеңістігі. Бұл кеңістік ауқымы ұлғайған сайын Алла да адам- нан қашықтай берсе керек. Себебі, Алланың шебер екендігіне адам сенген сайын, оның шексіздікті сезінуі айқындала түспек.

адамның қайғысы болмауы ықтимал. Кейде уайым мен қайғы тұтасып кетуі ғажап емес. Сонда уайым деген

Абайға салсақ: «уайым - ер қорғаны, есі барлық»- дейді. Демек, уайым ойлылықтың көрсеткіші. Уайым- дай білген жан дүние парқын сезінетін адам. Ойшыл, данышпандардың бәрінде уайым болған. Ол санаға

УАЙЫМ

айым, қайғы мәндес ұғымдар, бірақ уайым үнемі қайғыға бастамайды. Уайымы бар

не?

Page 332: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

түрткі, ой ойлауға бастаушы адам қасиеті. Уайым, сірә, жануарлар дүниесінде болмаса керек. Ел арасында бо- тасын іздеген боз інген туралы аңыз бен куй бар. Эйтсе де ол адам сезімі арқылы бейнеленген жай. Боз інген күйі түйеге емес, адамға, оның қабылдау мүмкіндігіне арналған.

Қазақуайым дегенді екі мәнде қолданған. Соныңбірі мына мақал: «Уайым түбі тұңғиық, батасың да кетесің, тәуекел түбі жел қайық, мінесің де өтесің». Бұл мәнде уайым адамның дәрменсіздігін, уайымнан іс өнбейтінін айтса, сонымен бірге, оның терең ой екенін меңзейді. Уайым ойға байпанысты. Уайым әншейін ойлау емес, адамның өз басына, еліне жауапты адам ғана уайым- дайды. Абайдың ер қорғаны уайым деуі сондықтан. Надан адамның уайымы - өкініш. Ол уайымшылдыққа салындырады.

Ақылды адам өткен іске өкінбейді, қапаланбайды, одан болашаққа сабақалады. Есті адамныңуайымының өзегі жауапкершілікті сезінуден туады. Ол өткен өмір ту­ралы өкініш емес, ақыл қорытудан, ойды сана елегінен өткізуден аңғарылады. Кейде адамдар білместіктен әлденегеуайымдап отырмын деуі мүмкін,бұлтүстаоның санасында уайым ба, әлде өкініш пе екенін білген жөн. Мүмкін, ол жан уайым мен өкінішті ажырата алмай оты- руы мүмкін. Уайым жеке адамға қатысты айтылғанмен, оның мазмұны жеке адам мүддесінен тыс болмақ. Бұл мәнде уайым ел алдындағы жауапкершілікті, жеке адам мен ел арасындағы бірлікті, білімділікті білдіреді. Уайы­мы жоқжанның қара бастың қамынан өзге жауапкершілігі жоқ. Ол ер қорғаны болатын ұл емес, есі бар дана да емес.

Абай уайым туралы осы мәнде айтқан. 331

Page 333: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

332

КЕРБЕЗ

.— /^дам баласының бойын түзеп, ұнасымды киім киінуі табиғи нәрсе. Келісті киім адамға өң

беріп, көңілін көтеріңкі етеДі, әрі өзге кісілерге жағымды эсер қалдырады. Әсем киіну адамның сүлулықты қабылдау қабілетіне де қатысты. Сондықтан Абай таза киініп, дұрыс жүруді құп ала отырып, әсіре кербездікті сынға алған. Ол ондай кербездіктің екі түрі бола­ды дейді. Біреуі адамның бет-пішініне қатысты, яғни сақал-мұртын, жүріс-тұрысын, қас-қабағын сәндеумен әуреленушілік. Екіншісі киімге, атына әуреленіп: «... әттең дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» дейтұғын болмаққа ойланбақ.

Мұндай істерді Абай жағымсыз қылықтар ретінде бағалаған. Сондықтан, ол: «Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» дейді. Ойды ой қозғайды, Абай бұл сөзде кербездің тұрмыстағы мәніне талдау жасаған. Ап, осы кербез деген сез ту­ралы ойласақ, тіптен бұл өзі жаман түсінік те емес. Оның жатымсыз болатыны кейбіреулердің кербез атануға әуестенушілігі. Не ақылы, не ғылымы, не ар кәмелеті, не мінез байлығы жоқ, тек сән үшін кербез атану боскеуделік. Өмірде өзі де кербез, ойы да кер­без ерекше жандар болады. Ой кербездігі білімділіктен, парасаттылықтан, мінез байлығынан туса керек. Бөтен сөз сөйлемейтін, алыстағыны аңдап, аузынан шыққан сөзі алтынға айналған қазақтың атақты билеріндегі қасиет осы ой кербездігі емес пе? Абай «Өлең - сездің патшасы, сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы»

Page 334: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

- деуі де ой кербездігіне бастайды. Сірә, нағыз кер­без Абайдың дәл өзі. Мен мұндай қорытындыға ақын мұрасын зерттеу үстінде келдім, ол кербездіктің болмы- сын тереңнен қазған. Сондықтан, Абай ойшылдардың ішіндегі кербезі демекпін.

Кербез деген мағыналы сез. Оның құнын әлдекімдер түсіргісі келгенімен іс бітпейді, кербездік - танымдық үғым. Кербездік сүлулыққа ұмтылу, ізденуді талап етеді, ойы таяз, көкірегі сәулесіз жандар кербездіктің не екенінен хабары жоқ, тек оны әуес керіп, еліктеушілер. Абай осылар туралы сын айтқан. Кеудесі кең сарай ғұламалар - нағыз кербездер. Себебі, кербез деген адамның адамнан табиғи артықшылығын білдіретін ұғым, ғүламалар болса ерекше жандар, олар өзгелерден ақылымен, гылымымен, мінезімен озғандар.

Солардың бірі - хакім Абай.

МАҚТАН, ҮЛКЕНДІК ЖӘНЕ М АҚТАНШ АҚТЫ Қ

—v f деген өте күрделі нәрсе. Мақтан\ ~ y V l іздемеген адамды мен көрмедім.

Мемлекеттік лауазымдар, атақтар, дәрежелер, берілетін сыйлықтар бәрі-бәрі мақтанға қатысты. Осы мәселені Абай былайша талдап берген. Ол мақтанның екі түрлісін байқадым дейді: біріншісінің аты үлкендік, екіншісі - мақтаншақтық.

Абай үлкендік дегенге мынандай түсінік берген: «Үлкендік-адамішіненөзін-өзібағалыесепқылмақ.Яғни надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осын-

Page 335: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

334

дай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез - ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі». Мүндай адамдарды мақтаншақ не мақтан сүйгіщ жандар деуге болмайды. Кімнің кім екенін анықтап, дәл басып, ашып айтып, соған орай құрмет ету, талап ету мақтаншақтық емес, ақылдылықтың, артықтықтың белгісі, олай болмағанда ақын айтқан «единицалар» көппен бірге араласып кетіп, ел басшысыз, кемеңгерсіз, батырсыз қалмақ.

Абай айтқан «үлкендік» деген ұғым ар бөлімінде (этикада) әлі өз орнын таппай жүр. Қазақ тұрмысында үлкендердің орны ерекше болатын. Үлкенді силау де­ген жасы үлкенді сыйлау дегенмен анықталмайды. «Үлкендік» деген адамшылдық, кісілік, арлылық деген ұғымдардан тұрады. Осы ұғымдар халық тәрбиесінде ерекше қызмет атқарған. Үлкендер айтты деген сөз қазақтар үшін заң ретінде қабылданған. Адам үлкендікке ерте жетуі әбден мүмкін. Мысалы, Қазыбек би бозбала кезінен-ақ Қаз дауысты Қазыбек атанды. Демек, оған «үлкендік» тым ерте келген, Абай үлкендік дегенде осындай жайларды ескерген.

Үлкенге сый да, құрмет те ерекше болуы табиғи жағдай. Оны мақтау адам бойындағы асыл қасиеттерді тану, бағалау. Абай мақтанныңекіншітүрін мақтаншақтық дей келе, оның үш түрлі болатынын айтқан: «Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол - надан, ләкин надан болса да адам». Жатқа мақталсам дегенде елім мақтаса екен деп ойлайды. Елі не үшін мақтауы керек екенімен оныңжұмысы жоқ. Ел мақтауы үшін үлкен бо­луы керек, халыққа адал қызмет ету қажет. Ондай ойсыз әншейін мені басқа ел мақтаса екен деушілік, әрине, надандық, бірақ ондайларды Абай адам санатынан

Page 336: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

шығармайды. Себебі, бұл сөз ел басқарған адамдарға қатысты болса керек. Ел басқаруға да көп нәрсе ке­рек. Ел басшысы надан болғанымен - адам. Тарихта ел басқарған надандар болған.

Мақтаншақтың екінші түрі «өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығыәбдентолықемес».Мүндаймақтаншақтықтың ойы ағайыным мақтаса екенге саяды. Ағайыны мұны не үшін мақтамақ. Ағайыннан мақтау іздегенді Абай надандығы толық адам деп бағалаған. Мұндай жанның адамдығы да толық емес, қуыс кеуде.

Мақтаншақтықтың ең сорақы, үшінші түрі өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейтін адам. Оны Абай «ол- наданның наданы ләкин өзі адам емес» - деп си- паттайды. Ағайын ішінде мақсатқа өзін-өзі мақтап жетем деу, әрине, адамдық қасиетке жатпайды. Мүндай мақтаншақтық адамның ақылсыздығының, талапсыздығының, жалқаулығының белгісі. Кедей ты- раш келеді, жалқау мақтаншақ келеді, себебі кедейлік пен жалқаулық ағайындас, бірінсіз-бірі болмайды. Мүндай мақтаншақтың бойынан Абай санап берген: әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, өсекші, өтірікші, алдамшы сияқты кеселді қылықтардың бәрі табылуы ықтимал. Ең жаманы мақтаншақ осы қылықтарды біліп- танып, оны қорлық деп есептемейді. Себебі мақтаншақ дегеніміздің өзі Абай айтуынша, «демесін» демейді, «десін» дейді. Қай әрекеті, не қылығы, ici ұнап біреу оған «десін» дейді, онда мақтаншақтың шаруасы жоқ. Әйтеуір өзі туралы біреу «десе» болғаны.

Абай осы сөзінде үш ұғымды талдаған. Олар мақтан, үлкендік және мақтаншақтық. Осы үшеуінің адамдар арасындағы қызметтері де үш түрлі. Абайдың айтуынша: «аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман

335

Page 337: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

болмағы - қиын іс». Қазақ айтпаушы ма еді: «Жақсы сөз жарым ырыс» және «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, жаманның жамандығын айт, құты қашсын» - деп. Абай үлкендік дегенді осы мәнде қолданған.

Жақсының жақсылығын айту өнеге, ғибрат, мақтаншақтың надан екенін айту - тәрбие.

ҮМІТ

Л А-Л /ііт деген тірліксіз, мәнсіз үғым. Әлденеден{ үміт ету үшін басты мәселе адамның

тірі болуында. Қазақ «тірі адам тіршілігін жасайды» - дейді. Бірақ, Абай тіршілік дегенде әйтеуір кеудеден жан шықпағанды тіршілік деп мойындамайды. Тірлік ақын үғымында харекетті қажет ететін қуат. Бойынан қайрат, жігері кетпеген жанның көңілі тынышталмай қимыл, харекетпен жүреді. Адамның қуаты оған тыным бермейді. Міне, осы жағдайда үміт туралы айтуға бо­лады. «Үміт» деген - болашақ туралы ой. Үміт ойдың бағыты. «Үмітсіз шайтан» - дейді халқымыз. Адам ба­ласы болган соң, ол үмітсіз емес, кейде тіптен ауыр науқас та, хал үстінде жатқан жан да әлденені ойына тиянақ етіп, өмірден үміттенеді. Үміт оты сөнген жерде ғұмыр жоқ. Үміт жарық сәуле іспеттес. Бір күндік ғұмыры қалған адам кемінде үш күндік емірі туралы ой ойлайды. Адамның дүниеге келуі өзіне қатысты емес, ал ес жиып, санасы толған сайын оны алға жетелейтін - үміт. Ол деген сөз болашақтан жақсылық іздеу, талпыну, жақсы адаммен кездесу, білім-ғылым жолына түсу, сөйтіп өзін байытып, өзін өзгеге сыйлатып, өзін зор түтпақ. Адамда Абай айтқандай мақтаншақтық та бар, үлкендік те бар.

Page 338: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Өзін үлкен санаған адам тегін жан емес, демек онда намыс қуаты мол. Егер осы намысқа сай білім, өнері, асыл қасиеттері болса, ондай жанға қүрмет те ерек­ше болуы табиғи жағдай. Осындай үлкен адамдардың өмірден үміті де зор болмақ. Олар көбінесе мәңгілік мәселелерді үміт етеді. Мысалы, Абайдың өзі айтпап па еді, «өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтүғын артына сөз қалдырған?» - деп. Демек, Абай сияқты даналардың үміті арттағыға сөз қалдыру. Ол өз қамы емес, ұрпақ қамы. Мұндай жағдайда асқақ үміттер тура­лы айтуымыз керек. Сонымен бірге күнделікті түрмысқа, күйбең тіршілікке де орай үміттер болады. Өмірдің ақиқаттығы сонда, ол тек ғұлама адамдардан, асқақ үміттерден тұрмайды. Өмірде көзге көріне бермейтін әдет, дәстүрге айналған тіршілік те бар. Онсыз өмір де, ақиқат та жоқ. Мұндай тіршіліктен жиренуге болмай- ды. Қарапайым адамдардың қарапайым тұрмысы үлы майдандарға, үлы ерліктерге бергісіз. Өйткені, күнбе- күнгі тіршілік сән-салтанатсыз, кәдімгі өмір. Бірақ, бар мәселе осы түрмыста. Сондықтан кімнің де болмасын бұл өмірде бір үміті бар, оны біреу арман, біреу қиял, біреулер бақыт дейді. Абайдың айтуынша, адамның ici- үмітінде, яғни үміттену үшін ең алдымен тірлік қажет. Тірлік пен үміттің арасы - ғұмыр. Бар шындық, бар ақиқат осы ғұмырда.

Абайдың «Асқа, тойға баратұғын» - деп басталатын сюжетті өлеңініңалғашқы шумағын оқығанда осы ойлар санама орала береді.

Өлең он шумақтан түрады. Бірақ өлеңге негізі арқау болып тұрған осы үміт мәселесі. Өлеңце қыз бен жігіттің бірін-бірі ұнатып ғашық болуы айтылады. Бұл күнделікті тұрмысымыздағы кездесіп жататын жай. Бірақ, қыздың үміті аяқ асты болады. Жігіт жау қолынан жаралы бо-

337

Page 339: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

338

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

лып дүниеден өтеді. Тойда киемін деген ақ көйлегін қыз кебінім деп киіп, ол да өледі. Міне, үміт - қызды өмірді қиюға бастады. Қыздың ойы ғашық болған жарына о дүниеде қосылмақ. Ойлаймын, үміт өмір сүруге ғана бағытталған ынтық сезім емес, ол өмірді жоққа шығара алатын да қуат. Сонда осы өмірден артық өмір болғаны ма, жоқ, әлде ол сананың қателігі ме? Неге адам үміт үшін емірін қияды. Неге адам біреу үшін жанын береді. Бұл қандай ақиқатқа жатады. Біз тірі адамның ісін үміт дейміз, дүниеден өткен жанның қандай үміті болмақ? Үмітке жету үшін құрбандыққа барудың өзі үміт пе?

Осындай сүрақтарға Абай соңғы шумақта жауап бергенге ұқсайды:

Шыны ғашық жар болса,Неге өлдім деп налымас.Онда екеуі кез келсе,Бірін-бірі танымас.

(Абай, 1-т. 162-6.)Бірінші, екінші жолдагы сөздер бізге бұрыннан таныс,

ғашықтардыңбірінсіз-бірітүраалмай,біріүшінекіншісінің өлгендері (яғни құрбан болғандары) қазақтарға ертеден таныс оқига. Оның ең айшықты көрінісі «Қозы Қөрпеш- Баян сұлу» жырындағы екі жастың өлімі. Ал, үшінші, төртінші жолдағы ойлар, оқырманға тосын естіледі. Бүл қалайша, гашықтар о дүниеде кездесіп, қосыламыз деген үмітпен өздерін құрбан етсе, Абай ғашықтар о дүниеде кездескенмен, бірін-бірі танымас дейді. Неге олай? Мәселе Абай айтқандай болса, ғашықтардың бірі үшін бірінің құрбан болуының несі мүрат. Сірә, бұл жер­де екі мәселе бар секілді.

Біріншіден, шын ғашықтар мәселенің байыбына ба­рып, олай болса, бүлай болса қалай деп ойламайды.

Page 340: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Олар өмірді тұтастық деп түсінген. Бірі өл in кетсе, екіншісі үшін тұтастық жоқ, яғни өмір жоқ. Ғашықтар - өмір деп өзінің сүйген адамы мен оған деген ыстық сезімін ғана мойындайды. Өзге шындықғашық үшін жоқ. Тірі кездегі үміті сүйгеніне қосылу еді, енді ол іске аспағанда, өзі тірі болған соң сол үмітті өзгеше жүзеге асыруды мақсат етіп қояды. Онысы ғашық жарының соңынаи бірге өлу, бұл ол үшін қиналыс, налыс емес - арман. Арманға өзін қүрбан етіп жету де өмір заңцылығы. Бұл ғашықтардың дүниетанымы, оны сырт көз адамның түсінуі қиын.

Екіншіден, ғашықтар түсінбеген ақиқатты ашып бер­ген. Ақынның айтуынша, ғашықтық осы өмірдің қызығы, о дүниеде мұндай ғашықтық жоқ. Кеудеден ұшып шыққан жан өзге күйге ауысып, оның болмысы өзгермек. Ғашықтық осы дүние азабы. Ол тән мен жан азабы. О дүниеде өзге азап, өзге қызық болуы ықтимал. Біз оны білмейміз. Нақтылы білетініміз «Қыз» және «Жігіт» де­ген қара жердің бетіндегі, тірліктегі ұғымдар. Олар тәнге қатысты. О дүниеде қыз да, жігіт те болмауы мүмкін. Абайдың:

Онда екеуі кез келсе,Бірін-бірі танымас, -

(162-6.)деуі тегін емес.

Бұл дүниенің адамы о дүниеден еш хабарсыз болғандықтан, осы Абай сөзіне тоқталып, рас, о дүниеде ғашықтар бірін-бірі танымас, себебі жер бетіндегі қызық пен азаптың мәні езгеше, мәңгілік гұмырдың ақиқаты да езге болар деген тоқтамға келгеніміз жен. Біз ғаламның құпиясына қол сұга алмаймыз, бірақ білетініміз тірі адам тіршілігін жасаудан талмайды, оның харекетін - үміт дейміз.

339

Page 341: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

ECTIJ1IK

( “'v Z l азақта мақал бар: «Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың».

Естілік дегеніміз мақалда айтылғандай адамның туа біткен қасиеті емес, дүниені тану нәтижесінде бола­тын нәрсе. Есті болу үшін естілердің сөзін ескеріп жүру керек. Жалпы естіліктің жеке өзі іске жарамайды. Естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескере, жа- маннан сақтанса, сонда іске жарайды. Абай естілердің сөздерін ескеретін адамдардың тапшылығына қынжы- лады. Сөз танымайтын жүртқа сөз айтқанша, өзіңді танитын шошқаны баққан жақсы деген екен бір хакім дейді Абай.

Сөзді ұғып, сөз тыңдайтын адамдар Абай заманын- да аз болған, қазір де солай. Білімге бой ұрғандардың, естілердің сөзінде жүмысы жоқ, солай бола түрғанымен, естілік дегеніміз қоғамдықсана, пікір деңгейін білдіретін өлшемнің бірі.

ПИРАМИДА

Көпшілікке мәлім, Астанада Ақ Ордаға тақау тұста Пирамида ғимараты орналасқан, оның ресми аталуы «Бейбітшілікжәне келісім Сарайы». Атына сай бұл Са- райда әлемдік және ұлттық діндер көшбасшыларының екі съезі өтті, 2009 жылы осындай халықаралық жиын- ның үшінші рет басқосуы болмақ. Оның авторы есімі әлемге әйгілі ағылшын архитекторы Норман Фостер. Биіктігі 62 метрлік Пирамида 15 метр арнайы жасалған тебе үстінде орналасқан. Пирамида деген көне түсінік.

Page 342: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Пирамида дегенде ойымызға бірден кене Египетте салынған Хеопс, т.б. түседі. Бүл пирамидаларда зама- нында фараондар жерленгендіктен халық түсінігінде оларды зират деп түсіну бар, бүл шындық, бірақ Пира­мида табигаты туралы толық түсінік емес. Пирамида деген арнайы зерттеулерді қажет ететін тақырып. Оның тылсымдық қуаты туралы да алып-қашты эзотерикалық мәндегі сездер көп. Сондықтан кей ағайын Ақ Орданың қасында ол неге түрмақ деген ренішін де білдіруде. Осы ретте айта кететін жай, Париждің архитектуралық кереметі аталып келе жатқан Эйфель мұнарасы ту­ралы кезінде 1887 жылы 300 француз жазушылары мен художниктері қол қойып қала муниципалитетіне наразылық білдірген (оның ішінде Александр Дюманың үлы Ги де Мопассан және композитор Шарль Гуно т.б. болган), онда олар еш қажеті жоқ күлкілі мұнара Париж көркін бүзып тур дей келе: «На протяжении 20 лет мы будем вынуждены смотреть на отвратительную тень ненавистной колонны из железа и винтов, простираю­щейся над городом, как чернильная клякса». Алайда замандар өтті, Эйфель мұнарасы Париждің сәні бо­лып тура берді. Бұл мұнара да 1789 жылғы Француз революциясының 100 жылдық тойына арнайы орнаты- лып, Франция елінің символына айналды.

Пирамида туралы да жел сездер болганымен, ол Астананың мақтанышы, бір символы болып қала бер­мек. Енді Пирамиданың символдық мәнісін тарқатып көрелік.

Біріншіден, Пирамида елдің тұрақтылыгының, әрі оның іргесінің беріктілігінің символы, себебі Пирами­да дегеніміз үшбүрыштардың шексіз комбинациясы. Пирамида геометриялық фигура ретінде үшбұрыштар комбинациясының шексіз гармониясын білдіретін

Page 343: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

342

теңдесі жоқ құбылыс. Көпшілік әу бастан белгілі әлемдік геометриялық конструкцияда ең берік фигура -үшбұрыш екенін біледі. Бұл аксиома. Әйгілі Пифагор теориясының мазмұны да осы мәселеге арналған. Де­мек, Пирамида тұрақтылықтың символы болатыны да сондықтан, әлемде «бәрі уақыттан, ал уақыт пирамида- дан қорқады» деген әйгілі мәтел де тегін айтылмаған. Ендеше, неге Астанадағы Пирамида ғимараты ел бірлігі, ынтымақтастығы, одан бастап халық тұтастыгы деген асқақ идеяга арна болмасқа. Ойлана- тын мәселе, геометриялық ойлау жүйесі адамзаттың дүниетанымының асыл арнасы. Ой езегі - геометриядан басталган, оның озық үлгісін көне египеттіктер жасаған, ол пирамидалық ойлау жүйесі Бүл әлем картинасын жасаудың алгашқы озық үлгісі болган. Пирамидалық қүбылыстардың Марстан, жердегі байырғы Америка континентінен табылып жатқаны тегін емес. Тұрақты тұрмыс кешу адамзат баласының асыл арманы болған, сол арманды нақтылағанда пирамидалық конструкция жүйесі өмірге келген. Бүгінде әлем галымдары Хеопс пирамидасының қалай салынғаны, неге салынганы, оның философиялық мазмұны дегенде әлі бір шешімге келмеген. Бірақ, бір мәселенің басы ашық, ол Пирами­да тұрақтылық пен мәңгіліктің символы. Бұл символ, әрине, билікке, оның қуатына әрі мүмкіндігіне қатысты. Мұндай символдар түркі, одан бертінде қазақ халқында да болган, соның бір айшықты дәлелі Қозы Көрпеш- Баян сұлу мазары. Бұл тек бір-біріне ғашық болып, құрбан болған қыз бен жігітке арналмаған, оның мәні тереңде. Ол сол дәуірдің айтулы геосаяси жағдайына тікелей қатысты салынған тарихи пирамидалық кон­струкция (мен ол туралы «Дала пирамидасы», «Пирами­да в степи или философия любви» деген еңбектерімде

Page 344: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

жан-жақты баяндағанмын), пирамидалық конструк­ция, ал оның көшірмесі десе де болғандай, Жезқазған өңіріндегі «Домбауыл» деп аталатын тарихи жәдігер де пирамидалық өлшеммен салынған.

Екіншіден, пирамидалық ойлау жүйесі деген­ге келсек, айтарым, дүниенің терт бұрышы де­ген геометриялық атаулар бар, олар Батыс және Шығыс, Оңтүстік және Солтүстік. Бұлар дүниенің терт бұрыштары деп аталады. Бұл ұгымдарды білмей тұрып дүние туралы түсінік қалыптасуы мүмкін емес. Қазақ терт құбылаң сай болсын - дейді. Төртеуі бірінсіз бірі болмақ емес. Төрткүл дүние дегеннен есік пен тер де­ген түсініктер қалыптасқан. Төрде отыру тек құрмет қана емес, дүниенің терткүл қүбылысы туралы сез айтуың керек, оны түркі-қазақ жүрты төрелік деп атаған. Төрелік айту үшін әр нәрсенің әлемдегі, қогамдағы, заман ағысындағы, тұрмыстағы, жеке ғұмырындагы нақтылы орнын деп басып айту. Міне, бұл төрелік. Ол билікке қатысты. Қазақтың дәстүрлі билігі Пирамидалық мазмұнда болған. Пирамиданың табаны терт жақты меңзейтін - ол халық, бұқара, ел, жұрт, қазіргі тілде - қоғам. Пирамида терт бұрышынан бастап жоғарылаған сайын, билік мәселесі сұрыптала бастайды, жұрт сөзін, ағайын сөзін емес, ауылдың есті адамдары, одан биіктеген сайын рулардың естілері (билері), одан әрі елдік деңгейде, сол мүддеге сай сөз сейлеуші (билер), одан әрі билер кеңесі, хан кеңесі, пирамиданың ең ба- сында билік айтушы Би (түркі дәуірінде солай болган) немесе Хан отырады. Керісінше, ханнан шыққан жарлық аталган сатылармен - қалың бұқара халыққа жетеді. Бұл биліктің ғасырлар бойы қалыптасқан пирамидалық жүйесі болатын. Сонда Елбасшылары сатылай-сатылай бір шешімге келетін. Сол шешім негізінен әділеттілікке

Page 345: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

344

бастайтын. Сондықтан пирамидалық ойлау жүйесі деген тек дүниетаным ғана емес, ол Басқару жүйесі болғаны тарихи деректермен анықталған шындық. Билік мәселесінде бір шешімге келу қиынның қиыны. Осы қиыншылықты ата-бабаларымыз пирамидалық ойлау негізінде шешкен.

Пирамидалық ойлау жүйесінің нақтылы айта кететін мынандай бір мәнісі бар. Біз жоғарыда пирамида түрақтылық символы дедік, сонда оның табаны төрт бұрыш екені айтылды. Төртбұрыш геометриялық фигу­ра ретінде беріктілікті білдіре алмайды, ол әлсіз, оны берік ететін келесі төрт бұрыш, сонда сегіз бүрышты фи­гура шықпақ, мұның беріктілігі сонда, оның әрбір жағы үш бұрыштармен бекітілген. Қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» - деген сөзі бар. Сонда халық нені меңзеп айтып отыр. Сегізқырлылық беріктілік, тұрақтылық, мөңгіліктің сипаттамасы. Әдетте, біз кейбір адамды дәріптегіміз келгенде, ол «сегіз қырлы бір сырлы» - деп, оның өнердің әрбір саласын басын шалғанды ай­тамыз, айталық, өзі әнші, күйші, балуан. т.б., онымыз тұрмыстық түсінік, мәнді ұғым емес. Сегізқырлылықтың мәнісі - бір шешімнің сегіз сипаттамасы болады де­ген сөз. Біз мұны бүгінгі политологияда плюрализм деп, оның саяси өрісін - демократия деп атап жүрміз. Бір шешімнің сегіз қыры барлығын әркім біле бермейді. Көбінесе адамдар бір шешімге бір-ақ қырмен келеді де тұйыққа тіреледі, қайғыға, тіптен қасіретке түсіп, басы айықпас дауға қалады. Мұны Иассауи, Абай сияқты хакімдер надандық деп атаған. Надан адамның бірбеткей келетіндері де сондықтан. Дана адам бір мәселенің сегіз қырын сезгендіктен, тұйыққа тірейтін бастама жасамайды.

Page 346: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Сонымен айтарым, Пирамиданың негізі (табаны) терт бурыш емес, сегіз қырлы. Оны пирамиданың ішкі қүрылыс конструкциясынан анық аңғаруға болады, олай болмағанда Пирамида берік болмайды, мыса­лы анығында, Эйфель мұнарасы да пирамида. Оның алғашқы қабаты 129,2 м. - пирамида, одан шығарып екінші алаңда екінші пирамида мүнарасы (115,73 м.) көтерілген, бір сөзбен айтқанда, беріктілік қажет болса пирамидалық конструкция қажет.

Үшіншіден, Пирамида биліктің символы. Қандай символ болмасын, ол Билікке қатысты. Билікөз биіктігін символдар арқылы белгілейді. Биіктікке қүштарлық биліктің мақсатқа бағытталған арманы. Мысалы, әлемге өзінің аса қуатты мемлекет екенін жария ету мақсатында АҚШ зәулім («Статуя Свободы») «Еркіндік монументін» орнатты. Оның биіктігі - 93 м. Бұл статуя Нью-Йоркжәне Америка Құрама Штаттарының символы деп аталынады. Мақсатына сай тарихи аз мерзім ішінде «американдық арман» АҚШ-ты әлемдегі ең қуатты мемлекет дәрежесіне жеткізді. Биіктікті аңсау арман қуатынан туындайды, осы сөзіметағы бір айғақты дәлел, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы күні кеше ғана ағылшындар отаршылдығынан азат болған малай халқы, әлемді таңдандырған жетістікке жетті, олар бәсекеге қабілетті елдердің ішінде 20 орында. Осы малай халқының тари­хи жеңіске жетуінің сыры неде деген сұраққа сол елде бізбен бірге болған Ресей экономистері жауап таба ал- мады. Мен де ойландым, кешегі өзіміздей, тіптен бізден де ахуалы төмен малай халқының бүгінгі тұрмысы шы- нында да таңқаларлық. Осы құпияның сырын атақты Пе­тронас Егіз-мұнарасына және 420 метрлік телемұнараға шығып, жан-жақты тамашалағанда түсінгендей бол- дым. Бұл халық арманшыл екен, биіктікке қүмар екен,

Page 347: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

346

оны символдарға айналдыра біледі екен. Мысалы, алғашқыда Петронас Егіз-мұнарасының биіктігі 378,4 м. болған. Бұл Чикагодағы Сиз Тауэр зәулімі биіктігінен кем болғандықтан, биіктікке қүмар малайлықтар осы екі мүнараның үстіне 73,5 м. болаттан шпильдер орнатқан, сөйтіп Петронас Егіз-мұнаралардыңжалпы биіктігі 1994 жылы 451,9 м. болып, рекордтық көрсеткішке жетті. Ол халықтың психологиясына, санасына, дүниетанымына, көзқарасына үміт беріп, үміт идеяға, ол шындыққа айналған екен. Идеяны шындыққа айналдыру үшін, әрине, алдымен идеяның езі шындыққа бастайтын ой арнасы ретінде өмірге келуі қажет. Сол идея, жаңа қала деген ой Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арманына негіз болды. Жаңа қала - тамаша идея. Президент өз сөздерінде бізге қалаларды, астана- ларымызды әлдекімдер анықтап беріп отырған, мы­салы, Орынбордан Ақмешітке, одан Алматы. Ал, өз еркімізбен, өзіміздің тәуелсіздікке қолымыз жеткен кез­де, біздің қай қалада, қандай Астанада тұратынымызды нақ өзіміз анықтауымыз керек болды емес пе, - деген ой білдірген. Сол тарихи қажеттілікті сезіну, әрине, кемеңгерлікті, керегендікті, қажырлықты, көптің басын біріктіріп көндіруді, қалыптасқан дәстүрді бұзуды, өмірге жаңа көзқарасты әкелетіндей Тұлғалық қуатты талап етті. Нар тәуекел деп Президент ол кезде алынбай- тын қамалдай жаңа қала, жаңа астана салуды өзінің сара бағытының мақсатына айналдырды. Бұл әу баста көпшіліктің көңілінен шыққан бастама болмады, алай- да, тарихи шешімге тек тарихи тұлғалар ғана бара ала- тыны, адамзат болмысынан белгілі. Естеріңізде болар, 1998 жылы осы күндерге ұқсас, тіптен бұдан да ауыр әлемдік деңгейде экономикалық дағдарыс басталған еді. Оның үстіне Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде

Page 348: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

бұғанасы қатып, есін әлі жинап үлгермеген кезі еді. Осы аргументті астананы Алматыдан көшірмейік деген ағайынға, Президент «тарихи шешім қиын жағдайда қабылданып, оны болашаққа алып шығады» - деді. Елбасының өз ісіне сенімі жүртшылықты ойландырып тастады, тәуекелшіл жүрт өз көшбасшысының соңынан сол кездегі Ақмолаға шеру тартты. Бүгінде он жылдың биігінен қарап отырсам, бұл ұлы мақсатқа бастайтын дүрыс жолдың басы екен.

Сондықтан Астана тек идея емес, биліктің симво- лына айнала бастады. Жаңа мемлекеттің жаңа Аста- насы болуы әбден үйлесімді, шындыққа үласқан елдік идея.

Төртіншіден, Пирамида биіктіктің символы. Оны қалай түсінуге болады? Сонда биіктік деген не? Бүгінде Жапония жэне Гонконг архитекторлары «Аспан - қаласы» деген жобалар жасауда, олардың айтуынша, мұндай қаланың жерден биіктігі 1 км. болмақ, онда миллион адам тұрып, қызмет жасауы жобаланып отыр. Ғажап идея. Сонда 1 км., әрине, биіктік, бірақ ол биіктіктің символы бола ала ма? Эрине, жоқ. Сим­вол деген нақтылық емес, ол мүмкіншілігі шексіз іске асырыла беретін сана болса керек. Осы тұрғыдан келгенде мен Биліктің символы Пирамиданың ұшар басындагы нүкте деп білемін. Бұл шындық, егер пи- рамиданы біз әлемнің геометриялық моделі дегенді мойындасақ. Менің айтқаным, асылында теорема. Биіктіктің символы пирамиданың ұшар басындағы нүкте. Мүны математикалық жолмен, сірә, дәлелдеуге болатын да шығар деген ойдамын.

Бесіншіден, Пирамида мен қазақтың киіз үйінің үндестігі. Қазақ сегіз қанатты киіз үй дейді. Сегіз деген пирамиданың табанындағы беріктік конструкциясы, ол

347

Page 349: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

348

туралы жоғарыда айттық. Шындығында киіз үй кәдімгі пирамида, бірақ кеңістікке ие болған. Пирамиданың ұшар басындағы нүкте биіктік символы десек, киіз үйдің керегеден уықтармен көтерілген шаңырағы қазақ үшін- биіктік. Ол тегіннен-тегін елтаңбаға айналып отырған жоқ. Мысалы, Астананың метафоралық мәндегі ата- уы - Шаңырақ, ол қазақ елінің шаңырағы. Шаңырақ отбасының космоспен байланысын бейнелейді де­сек, ол біз үшін биіктік. Аспан деген шартты үғым, жер өз кіндігімен айналған сайын, аспан өзгеріп отыра- ды, ал шаңырақ өзгермейді, ол өзгермелі дүниенің тұрақтылығын бейнелейді. Сондықтан ол Елтаңбаның басты элементіне айналған.

РАС

✓—v / ''планың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз еш уақы тта жалған болмас, - деп Абай

мәселені негізінен діни сана ауқымында қарастырып, бірақ Алланың растығына айрықша көңіл бөлген. Ақын «рас» деген түсінікпен нені айтқалы отыр. Бұл бір мәселе. Сонымен бірге Алланың өзі ғана рас емес, сөзі де рас дегенде нені меңзеп отыр. Бұл біріншіден туын- дайтын екінші мәселе.

«Рас» деген қандай болмасын заттың, құбылыстың мәнін, әрі сапалық мөлшерін білдіре алатын өлшем, заттың рас болуы да, боламауы да мүмкін. Алғашқыда рас болып айқындалган зат, келе-келе мәнсіздене «рас емеске» айналуы ықтимал. Бірақ рас заттың рас еме- ске өтуі де рас. Демек, растың бір-ақ мәні бар, ол оның растыгы. Бұл «рас» ұғымының бір қыры.

Page 350: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

«Растың» екінші қырына келеек, онда растың растығынтанумәселесінетірелеміз.Булфилософиялық мәселе. Растың растығын тани алмасақ, ол жөнінде не айтуға болады. Онда Алланың барлығына сенуден өзге амал жоқ. Бірақ Абай Алланы рас дегенде, оны ақиқат деп отырған жоқ, танылатын мүмкіндік, болмыс ретінде қарастырған.

Абайдың өлеңінің екі жолында «рас»-ты үш рет қолдануы тегін емес. Ол өлеңді қабылдаушының ойы- на epic бергендік. «Алланың өзі де рас емес, сөзі де рас», ал керісінше ойланып көрелік. «Алланың өзі де рас емес, сөзі де рас емес», - сонда рас не болғаны. Ақылың бар, сана-сезімің бар, ойлан, түйсін. Алладан езге қандай расың бар. Абай расқа үшінші жағынан кел- ген. Ол оның тарихи мәнділігі. «Апланың езі де рас...» осылай еткен тарихта болған, қазір де солай, болашақта да солай бола бермек. Рас бұл мәнінде мәңгіліктің елшемі. Алла рас, демек, ол мәңгілік шындық, оның растыгы - мәңгіліктігінде.

«Растың» төртінші қыры. Рас мәңгіліктің өлшемі дедік, бірақ болмыста өткінші жайлар да бар еме ne? Олардың барлығы да рас. Демек, «рас» дегенде біз оның мәңгілігін мойындай отырып, сонымен бірге оның еткіншілігін мойындамасқа болмайды. Сонда бүгінгі «рас» болган нәрсе, ертең «рас емеске» айналуы мүмкін бе? Жоқ, рас емеске айналатын нагыз растың өзі емес, ол адамдардың «рас» пен «рас еместі» ажы- рата алмагандықтарынан туган, жалған нәрсені «рас» деп қателесулері. Рас әманда рас. Сондықтан Алланың ешқашан жалған (рас емес) болуы мүмкін емес.

Абай ез замандастарын да, кейінгі ұрпақ біздерді де Алла туралы жеңіл әңгімеден аулақ болуға шақырган. Абай үгымында ол «ақылға» сыймасшындық, сондықтан

349

Page 351: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

350

ол Алла мен Адам арасындағы жалғастырушы күш - махаббат деген тоқтамға келген.

Дененің барша қуаты,Өнерге салар бар күшін.Жүректің ақыл суаты,Махаббат қылса тәңірі үшін.

Алланың растығын Абай махаббат арқылы дәлел- демек болған, оның «махаббатсыз дүние бос» дейтіні де сондықтан.

Сонымен жалған болмайтын рас не дегенге, Абай ол Алланың өзі және сөзі дейді. Бұл мәнде «рас» болмыстың синонимі. Әлемдегі рас, ол болмыс. Болмыс еш уақытта жалған бол мақ емес. Абай дүниетанымында Алла - шындық. Демек, шындық рас болса, Алла да рас. Шындық дегеніміз, қарапайым тілмен айтсақ, өмір, ягни өмірде бар екеніміз, істеген ісіміз, сөйлеген сөзіміз рас болса, онда Алланың сөзі мен езі де рас. Қысқасы, шындықты мойындау Алланы мойындау. Бұл Абай гуманизмінің көзі. Алла ісіне мойын ұсынып, мұсылман болудың Абай айтқан шарты - адамға адамшылық жа­сау.

Алла ішімді айтқызбай біледі, ойла,Бендесіне қастықпен кінә қойма.Распенен таласпа мү'мин болсаң,Ойла, айттым, адамдық атын жойма!..

Үшінші жолдағы «Распенен таласпа...» деп отырганы, ақынның Алла сөзіне күмәнданба дегені, себебі, Алла жолына түссең адам атыңцы жоймайсың. Алла жолында болсаң адамдықтан шықпайсың. Абай

Page 352: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

сонымен Алланы абсолют-шындық ретінде усынады, ал оның сезін жеткізушілер туралы езгеше пікірде. Ол «Замана, шаруа, мінез күнде езгерді, оларға кез- кезімен нәби (пайғамбар) келді». Міне, осы тұста Абай өзі айтқан Алла жолы мен пайғамбар жолының айырығына келді. Нәбилер келеді, кетеді, ал Алла - мәңгілік. Нәбилердің келіп-кетуінің себебін Абай мәңгілік өзгеріс урдісі тұрғысында тусіндірген. Замана, шаруа, мінез болғандықтан унемі езгеріп отырады. Мұқағали айтқандай: «кереметті езгертіп кереметтер, керемет шақ тағы да кез келеді». Өзгермейтін бір Алла, ол аб­солют. Өзгеретін оны танушылар, оның қудіретіне бас июшілер. Адасатын Алла емес, адамдар.

Енді «Алланың сөзі де рас...» деген мәселеге нәбилерге қатысты тоқтала кетейік. Алла «еш жерде өзгермейтін» мәңгілік рас қалпында қалса, онда неге бірінен соңбірі нәбилер келмек. Ойлану керек, Өлеңнің бірінші, екінші жолдарында Абай «Алланың өзі де рас, сөзі рас. Рас сез еш уақытта жалган болмас», - деп ше- гелеп тастайды да, ушінші шумақта «Замана, шаруа, мінез кунде өзгерді, оларға кез-кезімен нәби келді» - дейді. Қайшылық бар ма, әрине бар. Бірақ, бул сырт көзге ілінер қайшылық. Мәселенің мәніне үңілсек, бы­лай болып шықпақ. Алланың сөзі ешқашан өзгермек емес, бірақ замана, шаруа, мінез болгандықтан өзгереді. Сол өзгерістерге сай «елшемді сөзбен» кез- кезіне орай нәби келеді. Егер әр пайгамбар сезі мәңгілік болса, ол нәби емес Апла болғаны. Нәбилер Алла сезін жеткізушілер. Сондықтан қайшылық Алла сезінде емес, нәбилер сөзінде. Тағы қайталаймыз, пайгамбарлар сөзі шектеулі.

Мелшерсіз, елшемсіз, шектеусіз тек Апла сөзі, қалғандардың сөздерінің бәрінің белгілі мөлшері бар.

351

Page 353: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

352

Байқайсыз ба, ақын «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» - дейді. Алла туралы оның растығынан өзге сөз айтудың еш қажеті жоқ. Ол мінсіз, әңгіме осымен аяқталу керек. Пайғамбарға мұндай мінездеме беруге болмайды. Абай оны «хақ» - дейді, себебі, ол Алла сөзін сөйлеуші, бірақ ол да өз кезегімен, Алла өмірімен кел- ген, олай болса оның да өзгеге кезек беруі ғажап емес. Абай Рас мәселесінде діни сана шеңберінде қалмай, оны тереңдете түскен. Әрине, «соңғы пайғамбар» деп аталған Мұхаммедке мұндай күдік туғызу біреулер үшін діннен шығушылық.

Абай Платонның Сократ маған дос, бірақ одан ақиқат зор дегеніндей, өзі мұсылман бола түрып, діни сана ауқымынан шығарлық ой айтқан. Себебі, ол даныш- пан, оның ойлау деңгейі бір дін шеңберінде шектелуі мүмкін емес. Бұл Рас туралы Абайдың төл көзқарасы. Ол ешкімді қайталап отырған жоқ, оқыған-түйгендерін өлең сөзбен ұсынып отыр. Мұндай ойларды айтудағы жауапкершілікті Абай жақсы білген, ол Алла туралы сөз жеңіл деп отырған жоқ, қайта ұлы тақырыпқа тереңдеп, жаңаша ойлау жүйесін жасауға талпынған.

ӨЗГЕРІС

/ ’бай өзгерісті мойындаған. Дүние бір қалыпта O r тұрмайды, ол күнде өзгереді. Неге десеңіз,

дүниенің мазмұны - өзгерісте. Сондықтан, алдымен «өзгеріс» деген сез мәнін талдап көрейік. Қазақ тілінде студенттерге философиядан дәріс бергенде «қозғал ыс» деген сөзді жиі қолданамыз. Абайдың лексикасында «қозғалыс» деген сөз жоқ.

Page 354: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АД АМ -ЗАТ

Қозғалыстың түбірі «қозғау» десек, онда Абай қолданған «өзгеріс» деген ұғымға қарағанда «қозғалыс» тым қарабайыр түсінік. Неге дейсіз ғой. Қозғалыстың түбірі «қозғау» болса, қозғалыстың өзінен-өзі өрбитін құбылыс емес, біреудің күші, әлдененің әсері арқылы болатын таза механикалық сипат алғаны. Ал, бізге керегі қозғалыс деген ұғымның сыры ішінде болуы, өзінен-өзі қозғалыста болуы. Қозғалыс болған соң, ол әманда қозғалыста болады. Бұл мәңгілік қозғалыстың сыры өз ішінде, адамға беймәлім болатындығын мойындау керек. Осы мәнде алғанда қозғалыс де­генге қарағанда Абай айтқан «өзгеріс» әлдеқайда мазмұнды. Себебі, ақын адам-зат күнде өзгергенде, замана күнде өзгергенде, күллі мақұлық өзгергенде біреудің ықтиярымен, еркімен болып отырған жоқ. Бұл өзгеріс езінен-езі болып отыр. Абай оның себебін ашпаған. Егер ақын осы ұғымға сүңги берсе, елең емес, философиялық трактат жазып кетер еді. Абай ақын, ол өз қызметін атқарган. Өзгеріс те болатын дүние туралы өлең жазған. Оны түсіну, сіңціру біздің міндет.

Күллі мақұлықтың, заманның, адам-заттыңөзгерісте болуының өз ішкі себебі бар, қысқаша айтқанда, өзгеріс деген тұрмыс, тіршілікке ынталану. Өмір сүруге талпы- ныс. Бұл қасиет табиғаттың өзінің бергені. Демек, Абай «өзгеріс» дегенде, оның себебін табиғаттың өзінен тапқан. Өзгерісті ешкім ақылмен жасамайды, о л бол­май қоймайтын қажетті іс. Өзгерісті бұлайша қабылдау- оны философиялық ұғым деп мойындау. Бұл бір.

Екіншіден, ақын өлеңді қабылдауда бір жұмбақ мәселе ұсынады. Ол проблеманың мәнісі мынада. Дүниеде өзгеретіндер бар да, өзгермейтін д е бар. Абайдың мына ойларына назар аударайық:

Page 355: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

«Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер...»«... Қағида шариғаты өзгерседе,Тағриф Алла еш жерде өзгермеді».«Күллі махлұқ өзгерер, алла өзгермес...»

Абай Алланың өзгермейтінін нақтылап, басын ашып айтқан. Сонда Аллада шаруа, мінез болмағаны ғой. Алла туралы өлшем мен Адам туралы өлшемнің мәні екі басқа болғаны ма? Алла мен Адамға ортақ өзгеріс заңдылық жоқ, неге Абай оны айтқысы келмейді.

Алла Абай ұғымында абсолют, мәңгіліктіңесімі. Одан өзгелер өзгеріске түсе беретіндер. Сейтіп, біз езгерістің абсолюттік және относителдік (шарттылық) қасиеттерін түсінуге тірелдік. Бұл қазіргі ғылымға, философияға тән қасиет. Оқулықтарда тек қана «өзгеріс» демей, «қозғалыс» деп жүрміз. Қозғалыстың абсолюттігі және относителдігі туралы түсінік көпшілікке мәлім.

Абай өзгеріс туралы неге қадалып айтып отыр, оның себебі, күнде өзгерер заманга жол бастар көсемнің керектігінде.

Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,Оларға кез-кезімен нәби келді.

Өзгеріс тек қуаныш емес, қайғы, адасу, қауіп әкелуі де ғажап емес, сол үшін әр заманға кез-кезімен нәби (пайғамбар) келеді. Пайғамбар деп өз заманының қоғамдық санасын езгертіп, жаңа ойлау жүйесін жасай- тын тұлғаны айтамыз.

Нәбилер кез-кезімен келіп, Алла атынан елшілік құрғандықтан Абайдың Алланың қағида шариғаты өзгереді деуіне дәлелі бар/Ал сездің турасына келсек, Алланың қағида шариғаты өзгереді деудің өзі де арнайы

Page 356: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

түсінікті қажет етеді. Алла өзгермейді, ал қалайша оның қағида шариғаты езгеруі керек. Бұл жерде түсінбестік бар ма? Эрине бар. Алла өзгермейді дей тұра, оның шариғаты өзгереді дейміз. Неге? Мәселе өзгерістің өзінде. Өзгеріс дегеніміздің өзі адам санасы саралап болмас қүбылыстар комбинациясы. Бір жағынан, ол мәңгілік (өзгермейтін Алла), екінші жағынан, ол әманда өзгерісте (адам-зат, заман, шаруа, мінез, күллі мақұлық). Мәселенің қиындығы сонда, өзгермейтін Алла мен өзгермелі дүние арасындағы байланыс қалай болмақ.

Алла өзгермегенмен, оның күнде өзгеріп жатқан адам-затқа айтар сөзі езгеруі шарт. Олай болмағанда Алла мен адам-зат байланысы үзіледі. Сол үшін нәбилер бірінен соң бірі келмек. Әр нәби өз дүниетанымымен келгенімен, анығында айтар сөзі біреу-ақ, ол Алланың растығы. Басқа айтар сөзі жоқ. Абайдың Алла өзгермес деп отырғаны міне, осы мәнде.

БОЯМА КҮЛКІ

/^бай төртінші қара сөзінде көп күлкінің ішінде «...әдеміиіілік үшін күлетін бояма күлкі бар»

деген. Хакім айтқан бояма күлкі не дегенге келеек, ойы- ма бірден саясатты мықтап мамандық еткен агайындар күлкілері келеді. Олардың күлкілері - негізінен бояма күлкі. Мәселенің басқадай болуы да мүмкін емес. Са­ясатты мамандық әрі кәсіп еткен соң, емірің сол, боя­ма күлкіге салынып жүргенің. Күлкіңе бояу қоспасаң нагыз саясаткер емессің, себебі саясаттың езі бояу. Саясат шындықтың жүзі емес, оның бояуы. Боямасыз саясат қай замандарда болган? Сондықтан да саясат

355

Page 357: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

356

шындықтың бояуы дейміз (Ескертпе: сөзді өз мәнісінде түсіне бермейтін ағайынға айтарым, саясат шындықтың бояуы дегенді саясат көз бояушылық деген үстірт мәнде түсініп қалмасын. -Ғ .Е .).

Мәселені осылай қойғанда саясаткерлердің күл кілері бояма болуы да түсінікті.

Мен Абайды осылай түсінемін, ал мәселенің шындығы қалай? Бірге ойланайық, саясатпен кәсіби түрде айналысқандар шынайы, ашық күлкіге бара ала ма? Әрине жоқ. Сырын күлкісі арқылы ашып алатын адамға саясатта орын бар ма? Күлкі сырды ашатын емес, оны жасыратын қурал. Саясатпен айналысқан жанның сыры, яғни түпкі ойы - құпия, ал сырын күлкіге айналдырып алған күні, оның да күні бітеді. Саяси өмірге енген адамда ақкөңілділік, ақжарқындылық, тауыса сөйлеушілік, ішкі құпиясын ақтара айтушылық болмақ емес. Саяси алаңцағы адамдар бірі үшін бірі жүмбақ. Оларды бір-бірінен сақтандырушы - олардың ішкі құпиялары. Құпиясы анықталған күні адам құнсызданып шыға келмек. Адамның құны оның айтқан сөздерінде емес, оның әлі айтпаған сөздерінде. Адам­да екі білім бар, бірі - оның елге, жұртқа айтар білімі, екіншісі - тек өзіне ғана қатысты, жеке басы үшін қажетті білім. Мұндай адамдардан саяси қайраткерлер шықпақ. Сондықтан да олардың мінезі де, күлкісі де бояма.

Бояма күлкі тәжірибеден туады. Сәби күлкісінде бояу жоқ. Бояу - бірте-бірте пайда бола бастайтын адам қасиеті. Бояу туа біткен қасиетке қосымша десек те, ойланған жөн, жалпы күлкі болған соң боямасыз бола ма? Бояу деген өмірдің сәні емес пе? Жәндік те, құс та, жан-жануар да өз тіршілігін өзінің табиғи бояуы арқылы білдіреді, мысалы, түсі құбылып тұратын хаме- леонды алайық, әрбір жағдайға байланысты бұл жәндік

Page 358: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

а д а м - зат

түсін өзгертіп, өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Адамдардың күлкісінің боямасыз болуы да мүмкін емес пе деп ойлаймын, мәселе бояудың мөлшерінде, олай дейтінім, күлкінің өзі бояу. Күлкі адамның тек ажары ғана емес, оның дүниетанымы. Адамның адамшылығы, оның күлкісінде. Күлкіге қарап адамның қандай екенін білуге мүмкіндік ашылмақ. Күлмейтін адам болмайды, ал сол күлкі адамды «үстап» беретін нәрсе. Сондықтан саясатты кәсіп еткенде бояма күлкіге әбден қалыптасып, дағдыланып, оны мейлінше меңгеріп алады. Саяси көсемдер бояма күлкіні меңгеру үшін арнайы маман- дармен айна алдында жаттығады. Күлкісіз жұрт алдын­да ешқашанда шығуға болмайды. Күлмейтін адамды көпшілік қабылдамайды. Күлкі - көсемнің халықпен арасындағы диалогы. Сондықтан күле білуге үйрену - көсемдер үшін басты талап.

Күлкі болған соң, ол боямасыз болмайды дедім. Бояудың қызметі, Абай айтқандай, әдемілік үшін, яғни бояма күлкі - әдемі, сәнді күлкі. Бұл бір. Екінші боя­ма күлкі - сыр жасыра алатын күлкі. Себебі, бояудың екінші қызметі - бір нәрсені өзгеше түске айналдыра- ды. Бояғанда заттың түсі өзгермек.

Бояу күлкіге де солай эсер етпек. Күлкіні бояу дегеніміз табиғи емес, «мәдени» тәсілдерді іздеушілік. Бояулы күлкі - творчество, әрі мәдениет. Бояма күлкі дегеніміз күлкіні Адамның меңгеруінің нәтижесі. Абай оны «күлкінің әнін» сәндегені дейді. Күлкінің әні бар, оны табу керек, сонда бояма күлкі болмақ.

Бояма күлкі деген субстанция. Ендігі жерде оның мың сан ән әуездерін санап шығу мүмкін болмайтыны сияқты, бояма күлкініңтүр-түсін анықтап шығу да мүмкін емес. Ол шексіз, әрбір адамның бояма күлкісі өзінше бір әлем. Бояудыңтүсі қандай шексіз болса, бояма күлкінің

Page 359: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

358

түрлері де соншама шексіз. Сөз түйіні ретінде соңында айтарым, бояма күлкі - тек мәдени құбылыс қана емес, өркениеттіліктің бір көрінісі.

Бояу деген бір түс емес. Тіптен бір түстің өзінде мың түстің қасиеттері бар. Сондықтан бояма күлкіні меңгерген майталмандар күлкісін түсіне алмай, адасып қалушылық саяси өмірде жиі кездесіп қалатын жайлар. Бояма күлкіні адамдар мәселені өзінен алыстату үшін қолданады. Осы мәнде бояма күлкі адамның қорғаныс механизмі, өзін-өзі аман сақтап қалудыңтиімді біртәсілі. Абайдың бояма күлкіні адамдардың «қолдан жасаған күлкісі» дейтіні сондықтан.

Сөзімді Абайдың бояма күлкі туралы түсінігімен аяқтайын: «Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау, құдай жаратқан орныме- нен іштен, көкіректен келмейді, қолдан жасап, сырты менен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі».

ТҮСІНУ ҮШІН ЖАЗУ КЕРЕК

Рас ақиқаттың шындығы.

***

Адамның міні, оның нәпсісінде.

***

Надандық емі жоқ - дерт.

Page 360: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

***

Тэнге қызмет ету - мүсылмандық белгісі.

Ақиқат айтылған емес, айтылмаған сөзде.

***

Жаратушыныңжаратқандарынажақсылықжасамай, Жаратушыны мойындау, оған сыйыну мұсылмандыққа бастайтын жол емес.

***

Жаратушының жаратқан нәрселерін тану дінге де, ғылымға да, өнерге де epic ашпақ.

Абай - әлем, оның ішіне енген адамның санасы сер- гек болмаса, ол адасады.

***

Өмір сүруге бөгет нәрсенің бірі - емірге құштарлық.

***

Абайдың мүсылмандығы, оның хакімдігінде.359

Page 361: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Байлық бақыт емес, байлық - проблема.

Ерттеулі атқа кімнің мінгісі келмес.

Болашақ деген ертеңгі күн емес, ол кешеден бүгінге жету.

Болашақты болатын іс деп қателесеміз, ол болып түрған шындық.

Ç к Болашақ әлі болмаған шындық болса, оның атыболашақ емес - үміт.

***

шТәуба - тоқтық өлшемі.

***

шБайқап тұрсақ, кебіне қате сейлейді екенбіз.

360

Page 362: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

***

Бармын деген әйелдің жары, баланың әкесі болу.

Адам өзін-өзі сағынғанда әке-шешесін іздейді.

Адамға сабырлық керек, болмаса езіңці ұмыта бастайсың.

Балық - суда, құс - аспанда, адам - жерде. Осы тәртіп бүзылса ақырзаман болғаны.

Сез - от, абай болмасаң не өзіңці, не өзгені шарпып кетеді.

***

Сөзбен айтылатын ойды, ымдап жеткізбейсің.

***

Алғашқы сөз дүрыс айтылса, кейінгі сездер үшін қам жеме.

Page 363: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Істің басы жоқ іс, істің жалғасы.

***

Бақыт деген қауіп, бірақбасқа амал болмағандықтан бақытты болуға тырысамыз.

***

Баланыңойыны үлкендердіңхаракетінен әлдеқайда мәнді әрі маңызды, оның себебі, бала ойынға қалтқысыз беріледі, оны рәсімге айналдырады, ал үлкендер де өз істеріне мейлінше беріледі, бірақ, оны орындауды міндет санайды. Егер кімде-кім атқарар ісін тек міндет етпей, оған рәсімдік сипат берсе, ол іс мәні әрі мазмұны болып, бала ойнына жақындар еді.

***

Байлықтың қызығы байлыққа жетуде ғана.

***

Сенің жетістіктеріңе қажеттілік бар ма?

★**

Дүниенің жалғандығын, жаның шығарда білерсің.

Page 364: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Адам күнде ертеңмен өз қателіктерін қайталау үшін тұрады

Адамшылық - Абай үғымында - Алланы тану.

Уақыт деген - кеңістік.

Адам тым жақсы болса, ол адам болмай періште бо­лып, өз табиғатын бүзбақ.

Адам адамға - бөгет.

Қателік өмірге құштарлықтан туады.

Наданның жақсы болуға ұмтылғаны жөн, бірақ шел далаға гүл өсе ме?

363

Page 365: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

***

Наданды жақсы іске ынталандырған дұрыс, бірақ тауықты суда жүзуге үйрету мүмкін бе?

***

Кітаптарды көп оқыған адам, әрине, білімді болмақ, бірақ құм жиылып тау болмас деген де сөз бар.

***

Ғұлама адамды тыңдау, онымен сұхбат жасау; әрине, білім және тәрбие, бірақ бөлтіріктің қасқыр бо- луына арнайы тәрбиенің қажеті бар ма?!

Байлық байлық иесін өзіне құл етеді.

Дәулетке айналған байлық бақытты шақырады.

Тән болмысы - нәпсі.

364Бақайдан басталған іс, басқа жетпей тынбайды.

Page 366: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Шатасу көп, адасу аз.

***

Құдай ісінде қайшылық жоқ.

***

Әйел жумаққа тым қүмар, бірақ онда түрақтау оған ауыр.

***

Қуаныш деген - қасіретті бір сәтке естен шығару.

***

Түсіну үшін жазу керек.

***

Өзіңнен өзің қашып қайда бармақсың.

Өзгені түсінуде адамның өзі туралы түсінігі бөгет.

***

Жақсы адам өзгеге пана, өзіне пана бола алмайды.365

Page 367: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

366

Құдай адамға жақсылықты да, жамандықты да сынақ үшін берген.

***

Бір теңіз жағалауына келіп: Міне, теңіз дейміз. Шындығында, ол теңіз емес, оның жағасы ғана.

***

Білім дән, оны өнім берер жерге шаш.

Білімділік білгенді айту емес, біліп айту.

Сөзіңці түсінгісі келмеген адаммен дауға түспе, оған сыпайылық көрсет.

***

Кішкентай адамға үлкен әңгіме айтпа, ол залал болмақ, дұрысы оның өзін тыңдай біл.

***

Бастығыңа, әйеліңе ұзақ әңгіме айтуды әдет қылма, бір сөзің ұнамай қалуы мүмкін, дүрысы оларды тыңцауға дағдылан.

Page 368: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

***

Адамныңжағымды да,жағымсызда қылық, мінездері оның жасы өсіп, ұлғайған сайын бірге өсіп, ұлғайып отырмақ, сақ бол!

***

Кішкентай адам қандай қызметте болса да, тұрақты кішкентайлығын сақтап қалады.

***

Әйел ің нағыз досың, бірақ оның әйелдігі - дұшпаның, сақ бол!

***

Бір нәрсенің әркім үшін өлшемі әр басқа.

***

Әр нәрсенің өз өлшемі бар.

Page 369: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

368

ЕСІМДЕР КӨРСЕТКІШІ

АБЫЛ - Адам Атаның ұлы, аңыздық тұлға - 88, 119,277

АВЕНАРИУС РИХАРД (1843-1896) - неміс философы, профессор - 234

АДАМ АТА - алғашқы пайғамбар, адам баласының арғы тегі, аңыздық тұлға - 6, 7, 15, 80, 81, 88, 92, 102, 117, 118, 119, 120, 122, 123, 126, 127, 129, 130, 137, 145, 158, 162, 238, 240, 274, 286, 303

АЙТМАТОВ ШЫҢҒЫС ТӨРЕҚ¥Л¥ЛЫ (1928-2008) - қырғыздың жазушысы - 149, 150, 278

АКВИНАТ ФОМА (Фома Аквинский) (1225-1274) - ортагасырлық діни схоласт -109

АҚСАҚ ТЕМІР (Әмір Темір, Темір бін-Тарағай Барлас, Темірлаң) (1336-1405) - әскери қолбасшы - 257

АЛЛА - Жаратушының есімі, құдай, абсолют - 12, 13, 21, 22, 34, 38, 75, 84, 87, 89, 90, 93, 99, 117, 140, 146, 147, 149, 151, 158, 159, 160, 161, 162, 164, 171, 176, 177, 183, 184, 185, 186, 189, 190, 193, 206, 216, 218, 219, 220, 243, 244, 247, 267,268, 273, 274, 275, 276, 327, 328, 329, 330, 348, 349, 350, 351, 352,354,355, 363

АЛПАМЫС БАТЫР - батырлар жырының кейіпкері -127

АНУШИРВАН ХОСРОВ (Анушираван) (531-578) - саса- нидтер әулетінен шыққан мемлекет басшысы - 213

АРИСТОДЕМ (б.д.д. XI/VI-V ғғ. ) - грек жұртының өкілі-3 5

АРИСТОТЕЛЬ (б.д.д. 384-322) - грек философы - 17,24, 40, 109, 213, 244, 319

Page 370: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

АРОН¥ЛЫ СҮЙІНБАЙ (1815-1898) - қазақ ақыны, жы- рауы - 63

АРХИМЕД (б.д.д. 287-212) - көне грек математигі-213,312

АСАН ҚАЙҒЫ СӘБИТҰЛЫ (XlV-XVrr.) - Қазақ Ордасын қурушы саясаткер, жырау - 45, 257, 258, 261

АТЫМТАЙ ЖОМАРТ - аңыздық тұлға - 249 АЯҒАН БҮРКІТ (1954 ж.т.) - тарих ғылымдарының

докторы, профессор, саясаттанушы - 143ӘБІЛҒАЗЫ БАҺАДҮР ХАН (1603-1663) - шежіреші -

220ӘЛ-БИРУНИ (Абу-Р-Райхан Мухаммад ибн Ахмад әл-

Бируни) (973-1048) - ортаазиялық ғалым - 195ӘЛ-ҒАЗАЛИ (Абу-Хамид Мухаммад ибн-Мухаммад әл-

Ғазали) (1058/59-1111) - теолог, ойшыл - 309ӘЛ-МАМУН (Джафар әл-Мамун ибн Харун) (786-833) -

Бағдат халифы - 213ӘЛ-ФАРАБИ, ӘБУ-НАСЫР (Әбу-Насыр Мухаммед ибн

Мухаммед ибн Тархан ибн ¥злақ эл-Фараби ат-Турки) (870-950) - Отырар қаласында дуниеге келген философ- 17

ӘУЕЗОВ МУХТАР ОМАРХАН¥Л Ы (1897-1961 ) - қазақтың жазушысы, профессор, академик, абайтану ілімінің негізін қалаушы - 129, 136, 196, 218, 219, 259, 269, 271

БАЙРОН ДЖОРДЖ ГОРДОН (1788-1824) - ағылшын ақыны - 41

БАЛЬЗАК ОНОРЕ ДЕ (1799-1850) - француз жазушы­сы - 252

БАНЗАРОВ ДОРДЖИ (1822-1855) - орыс ғалымы -198, 200, 205

БАРТОЛЬД ВАСИЛИЙ ВЛАДИМИРОВИЧ (1869-1930) - орыс ғалымы, шығыстанушы - 201

Page 371: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИЮЛЛА ЕСІМ

БАЯН С¥ЛУ - ф ольклорлық тұлға - 133, 338, 342 БЕЛЛ ДЭНИЕЛ (1919 ж.т.) - американдық ғалым,

әлеуілеттанушы, публицист - 180БЕРТЕЛЬС ЕВГЕНЙ ЭДУАРДОВИЧ (1890-1957) - орыс

гальиы, шығыстанушы - 193БРЕЖНЕВ ЛЕОНИД ИЛЬИЧ (1906-1982) - кеңестік пар­

тия кәне мемлекет қайраткері, КОКП OK Бірінші хатшы- сы, (СРО Жоғарғы Кеңесінің Президиум Төрағасы - 168

Е'ДДА (Сиддхартхи Гаутама Будда) (б.д. 563-483) - Будызмнің негізін салушыт Үндінің әйгілі рухани ұстазы- 168 268

Е“ҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАН¥ЛЫ (1668-1781) - қазақтың үлы -сырауы, ақын, Абылай ханның ақылш ысы - 125

Б\ЗАРИ ДЖОРДЖО (1511-1574) - итальяндық ғалым, суре-ші, архитектор, жазушы - 209

ВЕРНАДСКИЙ ВЛАДИМИР ИВАНОВИЧ (1863-1945) - орысгың көрнекті ғалымы, ойшыл, қоғам қайраткері - 6

ГАГАРИН ЮРИЙ АЛЕКСАНДРОВИЧ (1934-1968) - туңғыи космонавт - 108

ГАЛЕН КЛАВДИЙ (129/131-200) - коне Рим галымы, дәрігер - 213

Г-ГЕЛЬ ГЕОРГ ВИЛЬГЕЛЬМ ФРИДРИХ (1770-1831) - немі. философы - 64-66, 121

ГЕНОН РЕНЕ (1886-1951) - француз теолог-ғалымы, философ - 213, 214

ГЕРДЕР ИОГАНН ГОТФРИД (1744-1803) - неміс ғалыиы, философ, жазушы - 213

ГЕРКУЛЕС - коне грек мифіндегі аңыздық тұлға -109

ГЕТЕ ИОГАНИИ ВОЛЬФГАНГ (1749-1832) - неміс ақынЕі, ойшылы - 317, 324

ГИППОКРАТ (б.д.д. V-IV гг.) - коне грек дәрігері - 213

Page 372: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

ГИТЛЕР АДОЛЬФ (1889-1945) - неміс фашизмінің иде- ологы, үшінші Рейх басшысы - 30, 70, 116, 257, 259, 279, 305, 306

ГОМЕР (б.д.д. XII-VIII ғғ.) - кене грек ақыны, жартылай аңыздық тұлға - 129, 205

ГУНО ШАРЛЬ ФРАНСУА (1818-1893) - француз сазгері-341

ГУРЕВИЧ ПАВЕЛ СЕМЕНОВИЧ (XX ғ.) - орыс галымы, филология жэне философия ғылымдарының докторы, академик - 106, 107

ГЮГО ВИКТОР (1802-1885) - француз жазушысы, ақыны - 62

ГАЙСА ПАЙГАМБАР - христиан д ін ін ің негізін қалаушы - 217, 244

ДАНТЕ АЛИГЬЕРИ (1265-1321) - итальяндық ақын -8 , 20

ДАРВИН ЧАРЛЗ РОБЕРТ (1809-1882) - агылшын натуралисті, саяхатшы, эволюциялық ілімнің негізін қалаушы - 10, 238, 239

ДЖАВАХИШВИЛИ ИВАН АЛЕКСАНДРОВИЧ (1876- 1940) - грузия ғалымы, тарихшы, академик - 211

ДЖУЛЬЕТТА - Шекспир трагедиясындағы кейіпкер -133

ДИВАЕВ ӘБУБӘКІР (1855/56-1933) - фольклор жинау-шы - 201

ДОНСКОЙ ДМИТРИЙ (1350-1389) - орыс қолбасшысы-6 2

ДОСМ¥ХАМЕД¥ЛЫ ХАЛЕЛ (1883-1939) - қазақтың зия­лы қауым өкілі - 201 ;

ДОСТОЕВСКИЙ ФЕДОР МИХАЙЛОВИЧ (1821-1881) - орыс жазушысы - 129, 255

ДЮМА АЛЕКСАНДР (1802-1870) - француз жазушысы -341

Page 373: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

372

ЕВКЛИД (Эвклид) (б.д.д. III-IVғғ.) - көне грек математигі-213

ЕЛЕНА - Троя хикаясына қатысты аңыздық тұлға -130

ЕҢЛIK - фольклорлық тұлға - 196 ЕСКЕНДІР 3¥ЛҚАРНАЙЫН (Александр Македонский)

(б.д.д. 356-323) - коне грек қолбасшысы - 30ЕСІМ ҒАРИФОЛЛА (1947 ж.т.) - философия

ғылымдарының докторы, профессор, академик, жазу- ш ы - 12, 15, 24,57,61,64,71,74,93, 106, 117, 180,200,288, 289, 295, 356

ЖАБАЕВ ЖАМБЫЛ (1846-1945) - қазақтың әйгілі жы- рауы - 63

ЖИРМУНСКИЙ ВИКТОР МАКСИМОВИЧ (1891-1971)- орыс ғалымы, шығыстанушы, әдебиеттанушы, линг­вист, профессор - 211

ЖҰМАБАЕВ МАҒЖАН (1893-1938) - қазақ ақыны - 16,39, 244

ЗЕНОН (426-491) - Византия императоры - 212 ИАССАУИ ҚОЖА АХМЕТ (1093/94-1166)-с о п ы , ойшыл,

ақын-мистик - 13, 29, 39, 60, 61, 75-76, 117, 148, 168, 191, 192, 193, 195, 219, 223, 243, 247, 276, 344

ИБН АРАБИ (Абу Абдаллах Мухаммад ибн Али ибн Мухаммад ибн ал-Араби ал-Хатими ал-таи, Ибн аль- Араби) (1165-1240) - мусылман философ-мистигі, сопы, ойшыл - 107, 148

ИБН СИНА (Абу Али Хусайн ибн Абдаллах, лат. Ави­ценна) (980-1037) - парсы дәрігері, философ - 17, 230

ИБН ТУФЕЙЛ (Абу Бакр Мухаммад ибн Абд ал-Малик, лат. Абубацер) (1110-1185) - кордовалық философ, дәрігер, астроном, математик, ойшыл-мистик, мемлекет қайраткері - 24, 245

Page 374: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

ИКБАЛ МУХАММЕД (1873/1877-1938) - пакистандық ақын-теолог, философ, қоғам қайраткері - 134

КАМЮ АЛЬБЕР (1913-1960) - француз жазушысы, фи­лософы - 153, 255

КАНТ ИММАНУИЛ (1724-1804) - неміс философы - 32, 34, 65, 69,181

КЕБЕК - фольклорлық түлға - 196 КОНРАД НИКОЛАЙ ИОСИФОВИЧ (1891-1970) - орыс

ғалымы, шығыстанушы - 210, 211, 212КОНФУЦИЙ (б.д.д. 551-479) - қытай философы - 38,

107КУМАРАДЖИВА (344-413) - діни қызметкер, будда

кітаптарын қытай тіліне аударушы және комментатор, Ш ығыс Түркістаннан шыққан - 203

КЬЕРКЕГОР СЁРЕН (1813-1855) - дат философы, тео­лог жэне жазушы - 234

ҚАБЫЛ - Адам Атаның ұлы, аңыздық тұлға - 88, 117, 119,277, 278

ҚАЗЫБЕК БИ КЕЛДІБЕК¥ЛЫ (1665-1765) - мемлекет және қоғам қайраткері, «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі - 334

ҚАШҚАРИ МАХМ¥Д (XI г.) - түркі ғалымы, түркінің түңғыш тіл маманы, түркі тіл ін ің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеген ғалым - 243

ҚОЗЫ КӨРПЕШ - фольклорлық түлға - 133, 338, 342 ҚОҢЫРАТБАЕВ ӘУЕЛБЕК (1905-1986) - қазақ ғалымы,

профессор, түркітанушы - 206ҚОРҚЫТ (VIII-IX ғғ.) - ежелгі түркі тайпаларының ой-

шылы, философы, жырауы, қобызшысы, сазгері - 16, 39, 100, 109, 142, 153, 201

Қ¥ДАЙБЕРДІ¥ЛЫ ШӘКӘРІМ (1858-1931)- қазақақыны, о й ш ы л -9 ; 19,23, 38, 39,42,51,68,71,72,75, 76, 107, 119, 168, 194, 195, 198, 236, 237, 244, 298

373

Page 375: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

374

Қ¥НАНБАЙ¥ЛЫ АБАЙ (Ибраһим) (1845-1904) - қазақ ақыны, ойшыл - 4, 7, 11, 18, 25, 30, 33-37, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 50, 56, 57, 60, 67, 68, 71, 72, 74, 83, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 104, 105, 122, 129, 140, 145, 147, 154, 156, 157, 168, 177, 185, 189, 214; 216, 218, 219, 220, 232, 244, 245, 247, 248, 249, 250, 265, 266, 267, 268,269, 272, 273, 274, 276, 280, 293, 296, 298, 299, 300, 304, 305, 317, 320, 328, 329, 330, 331, 332, 333, 334, 335, 336, 337, 338, 339,340,344, 348, 349, 350, 351, 352, 353, 354, 355, 356, 357, 358,359, 363

ЛӘЙЛІ - фольклорлық тұлға - 247, 287 ЛЕНИН ВЛАДИМИР ИЛЬИЧ (Ульянов) (1870-1924) -

орыс большевизмінің негізін салушы - 30, 54, 63, 65, 121, 166, 217, 229, 252, 257, 259

ЛЕРМОНТОВ МИХАИЛ ЮРЬЕВИЧ (1814-1841) - орыс ақыны, ойшылы - 41, 42, 43, 44, 67, 86, 87, 88, 91, 95, 96, 99, 100, 101, 216, 267, 268

ЛОСЕВ АЛЕКСЕЙ ФЁДОРОВИЧ (1893-1988) - орыс галымы, философ, филолог, профессор - 209, 210

МАДАНОВ ҒАЛЫМ (1958 ж.т.) - қазақ суретшісі - 321 МАКЕДОНСКИЙ АЛЕКСАНДР (қараңыз: Ескендір

Зулқарнайын) - 114, 257, 259, 279, 305, 306МАҚАТАЕВ М¥ҚАҒАЛИ СҮЛЕЙМЕН¥ЛЫ (1931-1976) -

қазақ ақыны - 351МАРҒ¥ЛАН ӘЛКЕЙ ХАҚАН¥ЛЫ (1904-1985) -

қазақ ғалымы, академик - 201МАРКС КАРЛ (1818-1883) - неміс ғалымы, экономист,

марксизм негізін салушы - 121, 229, 252МАЯКОВСКИЙ ВЛАДИМИР ВЛАДИМИРОВИЧ (1893/94-

1930) - орыс ақыны - 133, 259МӘЖНҮН - ақын, ф ольклорлық тұлға - 47, 247, 287 МЕЦ АДАМ (1869-1917) - Швейцария ғалымы,

шығыстанушы - 212

Page 376: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

МЕЦЕНАТ - грек заманындағы өнерге қамқор жасаған тұлғаның есімі - 249

МОПАССАН ГИ ДЕ (1850-1893) - француз жазушысы-341

М¥СТАФА ХАҚ - пайғамбардың лақап есімі - 60 МУХАММЕД (ғаләйһімсәлам) ПАЙҒАМБАР (570-632) -

ислам дінінің негізін салушы, алгашқы халиф - 23, 61, 192, 193, 206, 223, 293, 352

НАВОИ ӘЛІШЕР (1441-1501) - түркі жұртының (өзбек) ақыны - 211, 214

НАЗАРБАЕВ Н¥РС¥ЛТАН ӘБІШ¥ЛЫ (1940 ж.т.) - Қазақстан Республикасының түңғыш Президенті, акаде­мик - 346

НАПОЛЕОН БОНАПАРТ (1769-1821) - Франция импе­раторы - 30, 114, 257, 259, 305, 306

НЕВСКИЙ АЛЕКСАНДР ЯРОСЛАВИЧ (1220-1263) - орыстың әскери қолбасшысы - 62

НИЦШЕ ФРИДРИХ ВИЛЬГЕЛЬМ (1844-1900) - неміс философы, иррационализм өкілі - 148

НУЦУБИДЗЕ ШАЛВА ИСАКОВИЧ (1888-1969) - грузиндік ғалым, философ, академик - 211

ӨТЕМІС¥ЛЫ МАХАМБЕТ (1803-1846) - қазақ ақыны, саяси қайраткер - 42, 250

ПИФАГОР САМОССКИЙ (б.д.д. VI-V ғғ.) - коне грек фи­лософы, математик - 312, 313, 342

ПЛАТОН (б.д.д. V-IV гг.) - коне грек философы - 32, 244,250,287, 352

ПЛОТИН (205-270) - коне грек философ-идеалисті, неоплатонизмнің негізін қалаушы - 16, 19, 21, 22, 23, 24

ПРОМЕТЕЙ - коне грек мифологиясындағы аңыздық тұлға - 109

ПРОКЛ ДИАДОХ (412-485) - коне грек философы - 23375

Page 377: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

376

ПТОЛОМЕЙ КЛАВДИЙ (Птолемей) (90-160) - коне грек галымы, астроном, математик, географ - 213

ПУШКИН АЛЕКСАНДР СЕРГЕЕВИЧ (1799-1837) - орыс ақыны, драматург, прозаик - 267

РАССЕЛ БЕРТРАН АРТУР УИЛЬЯМ (1872-1970) - ағылшын галымы, философ, математик және қоғам қайраткері - 21, 22

РОМЕО - Шекспир трагедиясындағы кейіпкер - 133 РУСТАВЕЛИ ШОТА (1172-1216) - грузиндік ақын, мем­

лекет қайраткері- 211САМОКВАСОВ ДМИТРИЙ ЯКОВЛЕВИЧ (1843-1911) -

орыс галымы - 206СИЗИФ - коне грек мифтарындагы аңыздық тұлга -

109, 142, 153СОКРАТ (б.д.д. V-IV ғғ.) - коне грек философы - 35,

244,352СПИНОЗА БЕНЕДИКТ (1632-1677) - Нидерландия фи­

лософы, рационалист, пантеист-2 2 7СТАЛИН ИОСИФ ВИССАРИОНОВИЧ (1878/79-1953) -

КСРО-ны құрушы және соның басшысы - 30, 62, 116, 168, 257, 259, 279

СУВОРОВ АЛЕКСАНДР ВАСИЛЬЕВИЧ (1730-1800) - орыс әскери қолбасшысы - 62

ТӘҢІР - Жаратушының түркі тілдес халықтар дүниетанымындағы есімі - 93, 101, 152, 178, 183, 184, 202, 206, 222, 243, 328, 329, 350

ТОКАРЕВ СЕРГЕЙ АЛЕКСАНДРОВИЧ (1899-1985) - орыс ғалымы, профессор - 205

ТОЛСТОВ СЕРГЕЙ ПАВЛОВИЧ (1907-1976) - орыс галымы, тарихшы, этнограф, археолог, Орта Азия халықтары тарихының зерттеушісі - 206

ТОМПСОН ХЭЛЕН-ПАТРИЦИЯ (Маяковская Елена Владимировна) (1926 ж.т.) - американдық, орыс ақыны

Page 378: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Владимир Маяковскийдің қызы - 133ТОРАЙҒЫРОВ С¥ЛТАНМАХМ¥Т (1893-1920) - қазақтың

ақыны, ойшылы - 107ТРИМИНГЭМ ДЖОН (1904-197) - ағылшын ғалымы -

197УӘЛИХАНОВ ШОҚАН (1835-1865) - қазақтың ғалымы,

этнографы - 198, 199, 200, 206ФЕЙЕРБАХ ЛЮДВИГ (1804-1872) - неміс философы -

65ФОСТЕР НОРМАН (1935 ж.т.) - британдық архитектор

-3 4 0ХАУА АНА - діни аңыз бойынша ең алғашқы әйел,

Адам Атаның жары - 15, 80, 81, 102, 118, 122, 123, 127, 130, 137, 138, 158, 163, 238, 240, 274, 286

ХРУЩЕВ НИКИТА СЕРГЕЕВИЧ (1894-1971) - КСРО-ның басшысы - 74, 168, 260

ХРИСТОС ИИСУС (4 б.д.д,- б.д. 30) (Қараңыз: Гайса пайғамбар) -христиан дініндегі үш құдайдың бірі - 162, 206

ЦЕЗАРЬ ЮЛИЙ (б.д.д.102-44) - римдік әскери қолбасшы - 30, 257

ЧАЛОЯН ВАЗГЕН (1905-1981) - армян галымы - 211,212

ШАЛ АҚЫН (Тілеуке Құлекеұлы) (1748-1819) - қазақ ақыны - 42

ШВЕЙЦЕР АЛЬБЕРТ (1875-1965) - неміс теологы, фи­лософ, дәрігер, ғалым, гуманист - 110, 253

ШЕКСПИР УИЛЬЯМ (1564-1616) - агылшын драматур- гы, ақыны - 252

ШЕЛЕР МАКС (1874-1928) - неміс философы жэне элеуметтанушысы, профессор - 106

ШИЛЛЕР ФРИДРИХ (1759-1805) - неміс ақыны, драма- тургы - 267

377

Page 379: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

ШЫҢҒЫС ХАН (1155-1227) - монгол ханы, әскери қолбасшы - 30, 114, 220, 221, 222, 257, 259

ЭВКЛИД (б.д.д. 356-300) - ежелгі грек математигі -312

ЭЙНШТЕЙН АЛЬБЕРТ (1879-1955) - физик, ғалым -76,284,300

ЭНГЕЛЬС ФРИДРИХ (1820-1895) - фабрикант, саясат- кер, марксизм іл ім інің негізін салушы - 65, 229, 307

ЮМ ДЭВИД (1711-1776) - шотландық философ, тарих- шы, экономист және әдебиетші - 234

ЮНГ КАРЛ ГУСТАВ (1875-1961) - швейцариялың пси­хиатр, психоаналитик - 255, 295

ЮСТИНИАН I (482-565)-Византия императорларының бірі - 212

Page 380: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

МАЗМ¥НЫ

Алғы с ө з .......................................................................................3

I-бөлім. Адам-затАдам жэне Адам-зат тарихы (кіріспе)...................................... 6Тән ................................................................................................. 9Жан ..............................................................................................16Нәпсі ............................................................................................25Ақыл .............................................................................................30Көңіл.............................................................................................41Рух ...............................................................................................53Ар .................................................................................................66Тылсым (жаралыс, періште, шайтан).................................... 78

II-бөлім. Философиялық лексика

Ниет............................................................................................112Эйел ...........................................................................................122Пенде.........................................................................................138Жар жағасы ..............................................................................140Ар жағасы................................................................................. 143М ін ..............................................................................................145Кінә мен күнә ............................................................................149Адам неге разы?..................................................................... 151Қиын ...........................................................................................152Керек..........................................................................................154Күнә............................................................................................157Қате ............................................................................................160Рахат..........................................................................................163Сэби ...........................................................................................165Күдік ...........................................................................................166Бәрібір........................................................................................168

Page 381: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

170175178179183184189191198207215.217.220.223.225.226.228.231.234.236.237.238.240.242.245.247.248.250.253.256.258.262.269

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

Кім? ..........................................Түсінік.......................................Тағдыр......................................Мәдениет.................................Жаратылыс..............................Ө тір ік.........................................Құдірет .....................................Дәруіш ......................................Шаманизм................................Ренессанс ................................Ризық-халал ............................Қүдай мен пайғамбар туралыҚажылық ..................................Малғүндық ...............................Торғай ......................................Үшінші субстанция .................Нукте.........................................Беймаза сана ..........................Мен ...........................................А н ы қ..........................................Жауап.......................................Сүрақ .......................................Мүмкіндік .................................¥лы ............................................Жұмыр .....................................Ғашықтық..................................Жомарттық ..............................Бөгде .........................................Ө зге ...........................................Жаман адам к ім ? ...................Қилы заман..............................Бақыт ........................................Өркен ........................................

Page 382: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

АДАМ-ЗАТ

Белгісіздік..............Махаббат ..............Адамға жау - адамЖала .....................Жер .......................Керкем ..................Өлім ......................Шексіздік...............Нөл ........................Геометрия .............Жылдамдық...........Жалған..................Кесел .....................Көркемдік..............Атсыз .....................Сәт ........................Жоқ .......................Күз .........................Шебер ..................................................Уайым ..................................................Кербез .................................................Мақтан, үлкендік және мақтаншақтықҮміт ......................................................Естілік ..................................................Пирамида ............................................Рас........................................................Өзгеріс .........................Бояма күлкі .................Түсіну үшін жазу керек Есімдер көрсеткіші ......

...272

...274

...277

...279

...280

...296

...303

...307

...309...311...313...315...317...319...321...322...325...326...327...330...332...333...336...340...340...348...352...355...358...368

381

Page 383: ±V£ - WVtfV - Библиотека сегодня · Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни адамдық өлшемдер рухани

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

АДАМ-ЗАТ(философиялық эсселер кітабы)

Көркемдеуші редактор Жахина Г. Корректоры Сарбалина Ә. Компьютерде беттеуші Жахина Г.

Басуға 26.11.2008 қол қойылды.Пішімі 62*94 1/16. Қаріп түрі “АгіаІ” .

Қағазы офсеттік. Шартты баспа табағы 24 Таралымы 2000 дана. Тапсырыс 106.

“Ақарман” Баспа үйінде басылды. “Ақарман” Баспа үйі. 010000, Астана қаласы,

Байтұрсынов көшесі, 114/2 Тел.: 8 (7172)28 96 67