TeleBingo тираждық лотереясын өткізу шарттары …Өзіңіз...

23
«TeleBingo» тираждық лотереясын өткізу шарттары және ережелері 06 нұсқа БЕКІТЕМІН «Сәтті Жұлдыз» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ _____________________А.Э. Тен «____» _______________ 2019 ж.

Transcript of TeleBingo тираждық лотереясын өткізу шарттары …Өзіңіз...

«TeleBingo» тираждық лотереясын өткізу шарттары және ережелері 06 нұсқа

БЕКІТЕМІН «Сәтті Жұлдыз» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ

_____________________А.Э. Тен

«____» _______________ 2019 ж.

2

МАЗМҰНЫ МАЗМҰНЫ ............................................................................................................................................ 2

1. АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕР ............................................................................................... 3

2. ЛОТЕРЕЯ ОПЕРАТОРЫ ...................................................................................................................... 3

3. ЛОТЕРЕЯ ТҮРІ .................................................................................................................................... 4

4. ЛОТЕРЕЯНЫҢ ӨТКІЗІЛУ АЙМАҒЫ ................................................................................................... 4

5. ЛОТЕРЕЯНЫҢ ӨТКІЗІЛУ МЕРЗІМІ .................................................................................................... 4

6. ЛОТЕРЕЯ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ......................................................................................................... 5

7. ЛОТЕРЕЯ ЖАБДЫҒЫ ......................................................................................................................... 6

8. САТЫЛЫМ ТӘРТІБІ ........................................................................................................................... 6

9. ЛОТЕРЕЯНЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ ............................................................................................................ 6

10. ЛОТЕРЕЯНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ................................................... 7

11. ЛОТЕРЕЯ ҚАТЫСУШЫСЫНЫҢ ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ОПЕРАТОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ .......................................................................................................................................... 7

12. ҰТЫСТЫ АЛУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ....................................................................................... 7

13. ЛОТЕРЕЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ЛОТЕРЕЯҒА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ЖЕТКІЗУ ТӘРТІБІ ................ 9

14. ЛОТЕРЕЯ БИЛЕТТЕРІН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ТӘРТІБІ ......................................................... 9

15. ЛОТЕРЕЯ БИЛЕТТЕРІНІҢ БАҒАСЫ ................................................................................................. 9

16. «TeleBingo» ТИРАЖДЫҚ ЛОТЕРЕЯСЫНДАҒЫ ҰТЫСТЫ АНЫҚТАУ АЛГОРИТМІ ......................... 9

17. ЖЕҢІМПАЗ АТАНҒАН ҚАТЫСУШЫНЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІН ЖИНАУҒА ЖӘНЕ СҰРЫПТАУҒА БЕРЕТІН КЕЛІСІМ ТӘРТІБІ ................................................................................................................... 11

Қосымша №1 Түбіртек үлгісі ............................................................................................................. 12

Қосымша №2 Купон үлгісі ............................................................................................................... 13

ҚОСЫМША №3 TeleBingo-картасының үлгісі .................................................................................. 14

ҚОСЫМША №4 «TeleBingo» тираждық лотереясы жүлде қорының құрылымы......................... 15

Қосымша №5 «TeleBingo» тиражы ұтыс ойынының тираждық құжаттамасы ............................. 16

Қосымша №6 Лотерея билетіне сараптама жасауға өтінім ........................................................... 21

Қосымша № 7 Ақшалай қаражат аударымына өтінім ................................................................... 22

Қосымша №8 Кассалық шығыс ордері ............................................................................................ 23

3

1. АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕР 1.1. Тираждық лотерея – лотерея билеттерінің, түбіртектердің немесе басқа да құжаттардың сатылымынан және (немесе) лотерея ұтыс тігулерінің тіркелімінен кейін ойыншылар арасында жүлде қорын ойнату лотерея жабдықтарын қолдану арқылы бір уақытта өткізілетін лотерея түрі. 1.2. Тираж – лотереяны өткізу шарттарына сәйкес, жүлде қорын (жүлде қорының бір бөлігін) ойнатуға қатысатын, сатылған лотерея билетінің, түбіртектің, тіркелген лотерея ұтыс тігуінің және басқа да құжаттардың мөлшері. 1.3. Лотерея билеті – лотерея өткізу шарттарымен қарастырылған, лотереяға қатысу құқығын растаушы құжат болып табылады. Лотерея билеті - 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 495-V «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңына сәйкес, Оператор мен Қатысушы арасында шарттық қарым-қатынас орнатады. 1.4. Лотерея қатысушысы – он сегіз жасқа толған, жүлде қорын ойнатуға қатысу құқығын беретін лотерея билетін иеленген жеке тұлға. 1.5. Лотерея операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген (бұдан әрі – «ҚР»), Лотерея қызметін өткізуші заңды тұлға. 1.6. Ұтыс – лотерея өткізу шарттарына сәйкес, жеңімпаз болып расталған лотерея Қатысушысына лотерея Операторымен лотерея өткізу шарттарына сәйкес мөлшерде және (ақшалай немесе заттық түрде) түрде төленетін жүлде қорының бөлігі. 1.7. Лотерея жабдығы – лотереяның ұтыс комбинациясын анықтауға арналған жабдық немесе жабдықтар (кездейсоқ сандар генераторы, механикалық, электрлік, электрондық немесе өзге техникалық жабдықтар). 1.8. Таратушы – Оператордың лотерея билеттерінің сатылуын жүзеге асырушы тұлға. 1.9. Жүлде қоры – лотерея билеттерінің, түбіртектердің немесе басқа да құжаттардың сатылымынан және (немесе) лотерея ұтыс тігулерінің тіркелімінен немесе лотерея Операторының меншікті қаражатының есебінен лотерея Қатысушыларына ұтыс түрінде төлетенің меншік. 1.10. Жүлде қорының ұтыс ойыны – лотерея билеттерінің, түбіртектердің немесе басқа да құжаттардың сатылымынан және (немесе) лотерея ұтыс тігулерінен кейін жасалатын және лотереяда ұтысқа ие болған қатысушыларды анықтауға бағытталған үдеріс. 1.11. Супержүлде – бұдан әрі «SuperBingo» – тираждың ұтыс ойыны барысында ойнатылмаған және лотереяны өткізу шарттарына сәйкес, бір тираждан келесі тиражға көшетін, тираждық лотереяның жүлде қорының бір бөлігі. 1.12. Лотерея комбинациясы – лотереяны өткізу шарттарымен қарастырылған, лотереялық билетте, түбіртекте және басқа құжатта көрсетілген таңбалар (жазулар, сандар, белгілер, бейнелер) жинағы. 1.13. Лотерея терминалы – лотерея ұтыс тігулерін қабылдауға (лотерея комбинацияларын таңдауға немесе енгізуге) және (немесе) лотерея билеттерін, түбіртектерді және басқа құжаттарды сатуға (дайындауға) арналған жабдық. 1.14. Сату орны – лотерея билеттерін сату және ұтыстарды төлеу жүзеге асатын орын. 1.15. Сақтық қоры – лотерея өткізу шарттарына сәйкес, тек қана жеңімпаз болып мойындалған

лотерея Қатысушысының ұтысын төлеу үшін, лотерея Операторымен құрылған жүлде қорының

бөлігі.

1.16. Көрермендермен ойын қоры – «TeleBingo» тиражының аясында, студияда көрермендермен

ойналатын ойынның өткізілу ережелеріне сәйкес, лотерея операторымен жеңімпаз болып

расталған лотерея Қатысушысына ұтысын төлеуге/беруге ғана құрылған жүлде қорының бір бөлігі.

2. ЛОТЕРЕЯ ОПЕРАТОРЫ

2.1. Лотерея операторы болып табылатын «Сәтті Жұлдыз» АҚ компаниясы, лотереяны – 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 495-V «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізеді. 2.2. «Сәтті Жұлдыз» АҚ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 48 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы аймағының лотерея Операторы болып табылады.

4

Деректемелер: A21B8P1, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жетісу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 28а; БИН 160440002507; ИИК KZ866010131000305888 (KZT) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на; БСК HSBKKZKX; Кбе 17. 2.3 Лотерея операторы «Сәтті Жұлдыз» АҚ қызметін «Жауапты ойын» кағидасына сәйкес жүзеге асырады. №1. Лотерея ойынын қаражат табу және инвестициялау амалы ретінде емес, ойын-сауық ретінде қарастыру керек. Лотереяға қатысу қаржылық қиындықтарды шешудің амалы бола алмайды. №2. Егер сіз ұтсаңыз – бұл бонус, егер ұтылсаңыз – ақшаны қайтарып ұтып алуға тырыспаңыз. Лотереядан ұту – кездейсоқ жағдай. №3. Ұтысты "сыйлықақы" ретінде, ал ұтылысты киноға бару сияқты ойын-сауықтың "құны" деп қарастырыңыз. №4. Өзіңіз үшін болашақта кері әсер тигізбейтіндей шамада жұмсалатын ақшалай қаражаттың ең жоғарғы сомасын белгілеп, әрқашан сол ережені ұстаныңыз. №5. Ойын үшін несие және қарыз алуға болмайды деген ережені ұстаныңыз. №6. Лотереяны ойнау уақытына шектеу қойып, ұтып немесе ұтылып жатқаныңызға қарамастан соны ұстаныңыз. №7. Өмірлік теңгерімді сақтаңыз. Лотерея Сіздің өміріңізде негізгі орынды алып, отбасы, спорт, жұмыс, достардың орынын баспау керек. №8. Лотереяға қатысуды моральдық және физикалық аурумен күресудің амалы ретінде қабылдамаңыз. Әйтпесе, бұл қосымша психологиялық және материалды проблемаларға алып келуі мүмкін. №9. Әрқашанда адал және айқын ережелермен өткізілетін заңды ойындарды ойнаңыз. №10. Лотереяны 18 жастан бастап ойнауға рұқсат етілген. Лотерея қатысушысының жасында күмән бар болған жағдайда лотерея сату орындарының қызметкерлері лотерея қатысушысының жеке басын және жасын куәландыратын құжатты сұрауға құқығы бар. Жеке басыңыз бен жасыңызды куәландыратын құжатты көрсетуден бас тартқан немесе ондай құжат болмаған жағдайда, Сізге лотерея билетін сатудан бас тартылады. 3. ЛОТЕРЕЯ ТҮРІ

3.1. «TeleBingo» лотереясы тираждық лотерея түріне жатады. 4. ЛОТЕРЕЯНЫҢ ӨТКІЗІЛУ АЙМАҒЫ

4.1. Лотерея Қазақстан Республикасының барлық аймағында өткізіледі.

5. ЛОТЕРЕЯНЫҢ ӨТКІЗІЛУ МЕРЗІМІ

5.1. «TeleBingo» тираждық лотереясының өткізілуінің басталу күні - 2018 жылғы 10 желтоқсан. «TeleBingo» тираждық лотереясының өткізілу мерзімі шектелмеген.

5

6. ЛОТЕРЕЯ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

6.1. «TeleBingo» ойынына қатысу үшін лотерея Қатысушысына лотерея билетін сатып алу қажет. Лотерея билетін сатып алудың төрт тәсілі қолжетімді: 1-ші тәсіл Ойыншы сатып алғысы келетін билеттер көлемін таратушыға хабарлау. Лотерея Қатысушысынан лотерея билетінің (билеттерінің) төлемін алғаннан кейін, таратушы терминал экранында лотерея Қатысушысы таңдаған билеттер мөлшерін нұсқайды және лотерея Қатысушысы белгілеген билеттер мөлшері басып шығарылған билет-түбіртекті (Қосымша №1) басып шығарады. 2-ші тәсіл «TeleBingo» тегін купонын алып (Қосымша №2), ойыншы сатып алғысы келетін билеттер көлемін (1 мен 5 арасы) белгілейді. Егер Қатысушы әрбір билеттің жеке басылып шығуын қаласа, Әр билетті жеке басып шығару алаңын белгілеуі қажет. Лотерея Қатысушысынан лотерея билетінің (билеттерінің) төлемін алғаннан кейін, таратушы лотерея терминалы арқылы купонды Жүйеде тіркейді және лотерея Қатысушусы купонда белгілеген билеттер мөлшері басып шығарылған билет-түбіртекті басып шығарады. 3-ші тәсіл «TeleBingo» билетін szhuldyz.kz сайтынан онлайн сатып алу. 4-ші тәсіл Тегін «TeleBingo картасын» алу (Қосымша №3). Лотерея Қатысушысынан лотерея билетінің (билеттерінің) төлемін алғаннан кейін, таратушы лотерея терминалы арқылы таңдалған TeleBingo картасын Жүйеде іске қосады және лотерея билетін түбіртек ретінде басып шығарады. Лотерея билеті дәл TeleBingo картасында бар ойын комбинацияларынан тұрады.

«TeleBingo» билетіне 1 және 90 арасындағы сандар кіре алады, олар келесі түрде орналасқан:

Бірінші бағандағы сандар 1 және 9 арасы Екінші бағандағы сандар 10 және 19 арасы Үшінші бағандағы сандар 20 және 29 арасы Төртінші бағандағы сандар 30 және 39 арасы Бесінші бағандағы сандар 40 және 49 арасы Алтыншы бағандағы сандар 50 және 59 арасы Жетінші бағандағы сандар 60 және 69 арасы Сегізінші бағандағы сандар 70 және 79 арасы Тоғызыншы бағандағы сандар 80 және 90 арасы

Билеттегі сандар комбинациялары алдын-ала құралған. Билетті тек қана жақын арадағы лотерея тиражына сатып алуға болады. 6.11. «TeleBingo» тираждық лотереясының жүлде қорын ойнату сол тираждың лотерея комбинацияларының сатылымынан кейін жүзеге асады және сол тираждың жеңімпазын (жеңімпаздарын) анықтауға бағытталған. 6.12. Оператор тираждық лотерея жүлде қорын ұтыс нөмірлерінің анықталу процедурасын көрсету арқылы «7 арнада» тікілей эфирдің өткізілуін қамтамасыз етеді. Тираж техникалық ойнатылым

6

форматында, яғни жүргізуші, көрермен, және т.б қатысуынсыз өткізіледі. Ойнатылым барысы кадр сыртындағы диктор дауысымен дыбысталады. 6.13. Лотерея операторы, қажет болған жағдайда, тираждың ойнатылу жиілігін және тираждың ойнатылу уақытын өзгерте алуы мүмкін, бұндай өзгерістер «Сәтті Жұлдыз» АҚ Президентінің бұйрығымен рәсімделуі қажет. 6.14. Тиражды ойнату тәртібі тек қана лотерея Операторы және Қазақстан Республикасының «Лотерея және лотерея қызметі туралы» Заңымен анықталады. 6.15. Тираждық лотереяның жүлде қорын ойнату барысында лотерея Операторы тираждық комиссияны құрайды. 6.16. Тираждық комиссия құрамына қоғамдық бірлестік немесе басқа бейкоммерциялық ұйымның мүшелері кіреді. 6.17. Тираждық комиссия міндеттері: 1) тираждың ойнатылымына қатысатын лотерея билеттерінің санын растау; 2) тираж ойнатылымының нәтижелерін растау; 3) студиядағы ойынның нәтижелерін растау. 6.18. Тираж ойнатылымының нәтижелерін растау тираждық комиссия мүшелерінің Тираждық құжаттамаға қол қоюы арқылы бекітіледі (Қосымша № 4). 6.19. Оператор ұтыстарды анықтау тәртібі мен тираждық лотереяның жүлде қорын ойнатуды телеарнадан тікелей эфирде көрсетеді. 6.20. Әр ұтыс ойынының нәтижелері Оператордың Интернет-ресурсында орналастырылады, сонымен қатар Қатысушы өзінің билетін кез-келген лотерея билеттерін сату орнында тексере алады. 6.21. Лотерея билеті лотерея Операторымен ұтымды болып саналған жағдайда, ұсынған түбіртек ретіндегі лотерея билеті бойынша лотерея Қатысушысы Оператордан ұтысын төлеуді талап етуге құқылы. 6.22. Тираждық лотереяны өткізілімі тоқтатылған жағдайда, оның жүлде қоры толығымен ойнатылатын болады.

7. ЛОТЕРЕЯ ЖАБДЫҒЫ Тиражды өткізуде «AKANIS TECHNOLOGIES SAS» фирмасының жоғарғы сапалы жабдығы қолданылады. Ұтыс ойыны лототрон және 90 шардың қолданылуы арқылы өтеді. Лототрон келесі компоненттерден тұрады: - ішіне ойын шарлары салынып, ойнатылған шарлар шығарылатын мөлдір барабан; - мөлдір астауша ойнатылған шарларды жинақтағышқа жібереді, жинақтағыштағы шарлар сол жерден көрсетіледі. - 1 және 90 арасында нөмірленген ойын шарлары арнайы кейсте сақталады.

8. САТЫЛЫМ ТӘРТІБІ «TeleBingo» тираждық лотереясына қатысу ерікті болып табылады. «TeleBingo» лотереясыне өз еркімен қатыса отырып, Қатысушы ұтыс ойынына берілген ойын түрінің өткізілуінің барлық шарттарына сәйкес қатысуын ұсынады. Лотерея Операторымен билеттерді сату келісіміне отырған Таратушылар лотерея Қатысушыларын лотереяны өткізу, ұтысты анықтау және алу тәртіптерімен таныстыруға міндетті. Лотерея Операторы ойынның аяқталғаны жайлы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялайды.

9. ЛОТЕРЕЯНЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ 9.1. Лотерея Қатысушыларының алдындағы ұтыстарды төлеу міндетінен басқа, лотереяның жүлде қорына, қандай да бір міндеттемелермен ауыртпалық жасауға, сонымен қатар, лотереяның жүлде қоры қаражатын ұтыстарды төлеуден тыс қолдануға тыйым салынады. 9.2. Әр ұтыс ойынының жүлде қоры ұтыс ойыны басталмас бұрын қалыптастырылады. Әр ұтыс ойынының алдында тираждың жабылуы жайлы есептеме жасалады.

7

9.3. Әр ұтыс ойынының жүлде қоры, ҚҚС есептегендегі осы тираждың ойнатылымы барысында сатылған лотерея билеттері түсімінің 55 % (елу бес бүтін оннан бес) құрайтын болады. 9.4. Жүлде қоры 7 (жеті) ұтыс санатына таратылады (Қосымша №3 қараңыз).

10. ЛОТЕРЕЯНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 10.1. Лотереяны өткізу, мамандандырылған бағдарламалық жасақтамадан, лотерея терминалынан, лотерея ақпаратын өңдеу орталығы мен лотереялық есептілік орталықтарынан тұратын аппараттық-бағдарламалық кешен (Жүйе) арқылы жүзеге асады. Жүйе компоненттері, жоғалу, ұрлану, бұрмалау, боямалау, тарату мақсатымен жасалған келісімсіз қол жеткізу мен әрекеттер жасау, оқшаулау, жою, түрлендіру, көшіру және бөгде заңға қайшы әрекеттерден қорғаулы – байланыс желілерімен бірігіп келеді. 10.2. Жүйе – лотерея билеттерінің тіркелуін, таратылған лотерея билеттері жайлы ақпараттың

сақталуы мен есепке алынуын, сатылған лотерея билеттерінен түскен табыс пен ұтыс мөлшерін,

таратылмай қалған және жойылған билеттердің тіркелуін қамтамасыз етеді.

10.3. Оператор, купондардың және термотаспа өндірушісімен – шартқа (келісімшартқа) және Лотереяның өткізілуіне беттелген басқа да қажет шарттарға (келісімшарттарға) отырады, лотерея билеттерінің таратылуын іске асырады, қажет жағдайда ұтыс билеттері мен Қатысушылардың ұтыстарына сараптама жасайды.

11. ЛОТЕРЕЯ ҚАТЫСУШЫСЫНЫҢ ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ОПЕРАТОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 11.1. Лотереяға қатысу Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттеледі. 11.2. Лотерея Қатысушысының құқықтары мен міндеттері: а) лотерея Қатысушысы Оператор жарнама еткен Лотерея жайлы ақпаратты – бұқаралық ақпараттар құралдарынан немесе Интернет желісінен, оған қоса, өзге амалдармен білуге құқылы. б) лотерея Қатысушысы лотерея билетін алған кезден бастап Лотереяға қатысуға құқылы. в) Шарт талаптарына сәйкес, лотерея Қатысушысы лотерея билеті бойынша ұтысын талап етуге құқылы. г) лотерея Қатысушысы сот арқылы лотерея Операторының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қарсы болуға ерікті. 11.3. Лотерея Қатысушысы лотерея билетін алған сәттен бастап, билеттің және оның ішіндегі ақпараттың сақталуына жауапты. 11.4. Лотерея Операторының құқықтары мен міндеттері: а) Лотерея Операторы лотереяда жеңімпаз атанған Қатысушы жайлы ақпаратты тек жазбаша келісім алғаннан кейін немесе ҚР заңнамасында көрсетілген жағдайларға сәйкес жария етуге құқылы. б) «лотерея операторы» мәртебесін жоғалтқан жағдайда, лотерея Операторы лотерея билеттерін таратуды (жүзеге асыруды) тоқтатып, лотерея Қатысушыларына бұқаралық ақпараттар құралдары, мерзімді баспасөз басылымдары және Интернет-ресурсы арқылы хабарлауға міндетті. Лотерея Операторы 3 (үш) ай мерзімі ішінде Лотерея ұтыстарын өтеуі қажет.

12. ҰТЫСТЫ АЛУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ 12.1. Лотерея билетіндегі 6 (алты) Айлық Есептік Көрсеткіштен төменгі ұтыстарды (бұдан әрі – «АЕК») ұтысты алу үшін, Қатысушы лотерея билетінің түпнұсқасын лотерея Операторына жекелей түрде ұсынуы қажет. 12.2. Лотерея билетіндегі 6 (алты) АЕК-тен жоғары ұтысты алу үшін Қатысушы лотерея билетінің (түбіртектің) түпнұсқасынан бөлек, төмендегі әрекеттерді орындауы қажет: а) лотерея Операторына жеке куәлік көшірмесі (ҚР резидентіне – жеке куәлік, ҚР бейрезидентіне – паспорт) мен оны салыстыру үшін - құжаттың түпнұсқасын тапсыру; б) лотерея Операторына ЖСН (12 саннан тұратын жеке сәйкестендіру нөмірін) тапсыру; в) ұтысты қолма-қол ақшалай алған жағдайда, кассалық шығыс ордерінде қол қойып, дербес деректерін жинақтауға және сұрыптауға келісім беру (Қосымша №10);

8

г) қолма-қол ақшасыз есеп айырысы жағдайында, Қатысушы Лотерея Операторымен орнатылған, пластик картаның немесе ағымдағы шоттың толық банк реквизиттері көрсетілген Өтінім толтыруы қажет (Қосымша №7). 12.3. Лотерея билетіндегі 6 (алты) АЕК-тен жоғары ұтыстарға төлем көзінде жеке табыс салығы (бұдан әрі - ЖТС) салынады. Жеке табыс салығын төлеу ұтысты алу кезіндегі қолданыстағы ҚР Салық кодексіне сәйкес, ұтыс мөлшерінен орнатылған салық мөлшері ұстап қалыну ретінде орын алады. 2019 жылдың қаңтарынан бастап ЖТС мөлшері төмендегі алгоритм бойынша есептеледі: - ҚР резиденттеріне: ЖТС = (ұтыс сомасы – 6 (алты) АЕК)* 10% (он); - бейрезиденттерге: ЖТС = (ұтыс сомасы – 6 (алты) АЕК)* 20% (жиырма). 12.4. Лотерея билетін (түбіртекті) жоғалтқан жағдайда, Қатысушы лотерея Операторынан ұтыс сұрауға құқықсыз. 12.5. Ерекше Шарттар: а) ұтыс төлемі тек ұлттық валютада (теңге) және тек бір рет жүргізіледі; б) 6 (алты) АЕК-ке дейінгі мөлшерді құраған ұтыстар лотерея Операторымен сату орындарында қолма-қол ақшалай беріледі; в) 6 (алты) АЕК-тен жоғары және 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі мөлшерді құраған ұтыстар, ойыншының қалауымен, барлық қажетті құжаттар мен реквизиттер ұсынылғаннан кейін, қолма-қол қаражат түрінде немесе қолма-қол ақшасыз түрде лотерея Операторының өкілдігінде 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі; г) 100 000 (жүз мың) теңгеден бас жүлдеге дейінгі ұтыстар лотерея Операторының басты кеңсесінде 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі. Төлем тек қолма-қол ақшасыз түрде, барлық қажетті реквизиттердің іс жүзінде ұсынылып, лотерея билетіне тиісті сараптама жасалғаннан кейін беріледі; д) ұтыстың қолма-қол ақшасыз түрде төлену рәсімі, ұтыс билетінің алынып, тиісті өтінім жасалғаннан кейін, жалпы 30 (отыз) күнге дейінгі уақытты қамтиды. 12.6. Лотерея Қатысушылары ұсынатын ұтыс билеттерінің барлығы Жүйедегі есептік деректері мен лотерея билетінің арасындағы сәйкестікті табу үшін сәйкестендіруден өтеді. Лотерея билеттерінің сәйкестендіруі мен қабылдануы лотерея терминалы мен арнайы бағдарламалық жасақтама арқылы дереу түрде өтеді. Егер Жүйе ұсынылған лотерея билетін шынайы деп қабылдаса, онда бұндай билет ұтыс билеті деп саналады. 12.7. Сәйкестендіруден өткен лотерея билеті Оператордың және/немесе басқа да өкілетті тұлғаның қалауымен қайта сараптамадан өтуі мүмкін. Сараптама өткізілу мерзімінде Қатысушының қалауымен Оператор лотерея билетін тиісті өтінім арқылы сақтауға ала алады (Қосымша №8). 12.8. Лотерея билетінің сараптамасы билеттің тұтастыққа, тазартып өшіру әрекеттері мен көмескі белгілердің жоқтығына, сандарды өшіру және өзге де бұрмалау әрекеттерін анықтауға, сонымен қатар, лотерея билетінің Жүйеде тіркелуіне негізделген. 12.9. Сараптама уақыты Оператор және/немесе өкілетті тұлға лотерея билетін алған кезден 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды. Ерекше жағдайда, сараптама мерзімі ұзартылуы мүмкін, бұл жағдайда Оператор лотерея Қатысушысын хабарлауға міндетті. Сараптама нәтижесі ретінде, сарапшы акт толтырады. Бұл акт нәтижесіне сай, Оператор немесе өкілетті тұлға ұтысты төлейде немесе дәлелді түрде төлемнен бас тарта алады. 12.10. Сараптама кезінде жалған деп қабылданған лотерея билеттері құқық қорғау органдарына мәлімдеуші жайлы ақпаратпен бірге беріледі. Бұндай лотерея билеттерінің ұтысы төленбейді. 12.11. Ұтыстар лотерея Операторымен, банкпен, лотерея Операторына қызмет етуші немесе басқа да өкілетті тұлғамен төлене алады. 12.12. Ұтыстары төленген ұтыс билеттері Жүйеге енгізіліп, таратылған билеттер мен төленген ұтыстар жайлы ақпарат алынғаннан кейін, қайта алынып, жойылады. 12.13. Лотерея Операторының сенімгер адамы болып табылмайтын және/немесе лотерея Операторымен шарттық қарым-қатынасы жоқ адамнан, соның ішінде, басқа қатысушылардан алынған билеттер бойынша Оператор ешқандай жауапкершілік көтермейді. 12.14. Ұтысты талап ету мерзімі ұтыс билеті қатысқан тираж өткізілген күннен бастап 6 (алты) айды құрайды. Лотереяны өткізу шарттарында көрсетілген уақыт ішінде талап етілмеген ұтыстар, лотерея Операторымен үш жыл бойы сақталады. Одан ары ҚР бюджетіне салықтан тыс төлем ретінде қосылады.

9

13. ЛОТЕРЕЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ЛОТЕРЕЯҒА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ЖЕТКІЗУ ТӘРТІБІ 13.1. Лотереяға қатысу шарттары мен ережелерін лотерея Операторы тиісті ақпаратты лотерея билеттерін сату жерлерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет желісі мен лотерея билеттерінің беттерінде орналастыру арқылы жүзеге асырады.

14. ЛОТЕРЕЯ БИЛЕТТЕРІН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ТӘРТІБІ 14.1. Лотерея билетінің беттік жағы екі (мемлекеттік және орыс) тілде келесі ақпаратты қамтиды:

Лотерея логотипін;

Оператор логотипін;

тираждың өткізілу күнін;

лотерея билетінің нөмірін;

лотерея билетін немесе лотерея билеттерін;

лотерея билетінің жалпы бағасын;

билет-түбіртектің сатылу күнін және уақытын;

тираждың өткізілу орнын және күнін;

таратушы нөмірін;

билет-түбіртек нөмірін;

қызметтік ақпаратты қамтитын QR-кодын. 14.2. Лотерея билетінің сыртқы бетіндегі ақпарат:

Оператордың атауы және мекенжайын;

Байланыс орталығының телефон нөмірін;

Оператор сайтын;

лотерея Қатысушысы туралы ақпаратты енгізуге арналған жолды. 14.3. Лотерея билеттері Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында таратылады. 14.4. Лотерея билеттерінің таратылуы лотерея Операторымен және Оператормен тиісті шартқа тұрған лотерея билеттерінің таратушыларымен жүзеге асады. 14.5. Лотерея билеті лотерея Қатысушысымен алынған сәттен бастап, қайтаруға немесе айырбастауға жарамсыз.

15. ЛОТЕРЕЯ БИЛЕТТЕРІНІҢ БАҒАСЫ 15.1. Бір лотерея билетінің бағасы Оператормен белгіленіп, сауда орындарының барлығында көрсетіледі. 15.2. Бір лотерея билетінің бағасы тиянақталған және ҚҚС қосылғанда 300 (үш жүз) теңгеге тең. 15.3. Бір түбіртек 1 (бір) мен 5 (бес) арасындағы билеттер санын қамти алады. 15.4. Лотерея билетінің бағасы әр жеке түбіртектің бағасын анықтау мақсатында әр лотерея терминалына енгізілген. 15.5. Түбіртектің бағасы лотерея билеттерінің мөлшерінің бір лотерея билетінің бағасына көбейтілген нәтижесінен анықталады. 15.6. Лотерея Операторы лотерея билетінің бағасын өзгертуі мүмкін, ол жайлы алдын-ала хабарланатын болады.

16. «TeleBingo» ТИРАЖДЫҚ ЛОТЕРЕЯСЫНДАҒЫ ҰТЫСТЫ АНЫҚТАУ АЛГОРИТМІ 16.1. «TeleBingo» тираждық лотереясының жүлде қорының ойнатылуы, лотерея билеттерін нақты бір ұтыс ойынына өткізіп, оларды Жүйеге тіркегеннен кейін жүзеге асады және лотереяны ұтқан Қатысушыны анықтауға бағытталған. 16.2. Ұтыс ойыны 1 және 90 арасында нөмірленген ойын шарлары енгізілген лототрон арқылы өткізіледі. 16.3. Ұтыс ойыны 7 (жеті) турдан тұрады. Әр тур белгілі жүрістер көлемін қамтиды. 1 жүріс – лототроннан түскен 1 шар.

10

«TeleBingo» билеті ұтысқа жететін жағдайлар: 1-ші тур «Сәйкестік жоқ» 10-шы жүрісті қоса түскен сандармен бірде-бір сан сәйкес түспеді. 2-ші тур «Жол» Кез келген көлденең жолдағы барлық сандар 30-шы жүріспен қоса түскен сандармен сәйкес түсті. 3-ші тур «2 жол» Екі жолдағы барлық сандар 36-шы жүріспен қоса түскен сандармен сәйкес түсті. 4-ші тур «Ақтық»

«SuperBingo» 15 сан 1-ден 34-ші жүріспен қоса түскен сандармен сәйкес түсті.

«13 нөмір сәйкес түсті» SuperBingo немесе Bingo ұтысы анықталғанға дейін, яғни ұтыс ойыны біткенге дейін түскен сандармен 13 сан сәйкес түсті.

«14 нөмір сәйкес түсті» SuperBingo немесе Bingo ұтысы анықталғанға дейін, яғни ұтыс ойыны біткенге дейін түскен сандармен 14 сан сәйкес түсті.

«Bingo» 15 сан 34-ші жүрістен кейін түскен (35-ші, 36-шы және т.б.) сандармен сәйкес түсті. Ұтыс ойыны барысында түскен нөмірлермен барлық 15 нөмірі сәйкес түскен билет анықталған кезде, ойын аяқталады. 16.4. Ерекше шарттар: 1. Ұтыс билетте ұтып алынған ең жоғарғы санатқа сәйкес төленеді. 2. Ұтыс сомаларын дөңгелектеу ережелері: а) дөңгелектеу тәсілі: кем жаққа қарай б) дөңгелектеу мәні – 1 (бір) теңге 3. 3, 4, 5, 6 және 7 санатының нақты тиражында ұтыс билеттері болмаған жағдайда, бұл санаттардың Жүлде қоры сомасы келесі тираждың «SuperBingo» санатына жіберілетін болады. 4. 5, 6 және 7 санаттарында тиянақталған ұтыс сомалары қарастырылғандықтан, оларды қоспағанда ұтыс ойынының әр санатындағы жүлде қоры осы санаттағы барлық ұтыс билеттерімен бірдей үйлесімде бөлінеді. 5. Егер іс жүзінде «Bingo» санаты бойынша анықталған ұтыс 1 000 000 (бір миллион) теңгеден төмен болса, ұтыс билетінің иегері 1 000 000 (бір миллион) теңгеге тең ұтысты алады. Яғни, «Bingo» санатының ең төменгі кепілді ұтысы 1 000 000 (бір миллион) теңгені құрайды. 6. Егер іс жүзінде «SuperBingo» санаты бойынша анықталған ұтыс 5 000 000 (бес миллион) теңгеден төмен болса, ұтыс билетінің иегері 5 000 000 (бес миллион) теңгеге тең ұтысты алады. Яғни, «SuperBingo» санатының ең төменгі кепілді ұтысы 5 000 000 (бес миллион) теңгені құрайды. 7. Егер «14 нөмір сәйкес түсті» санатының ұтыс сомасы «13 нөмір сәйкес түсті» санатының ұтыс сомасынан іс жүзінде төмен болса, «14 нөмір сәйкес түсті» санатының ұтысы сақтық қордағы қаражат арқылы «13 нөмір сәйкес түсті» санатының ұтыс мөлшерімен теңестіріледі. 8. Егер «Bingo» санатының ұтыс сомасы «14 нөмір сәйкес түсті» санатының ұтыс сомасынан іс жүзінде төмен болса, «Bingo» санатының ұтысы сақтық қордағы қаражат арқылы «14 нөмір сәйкес түсті» санатының ұтыс мөлшерімен теңестіріледі. 16.5. «TeleBingo» тираждық лотереясында осы тираждың ойнатылымынан түскен сатылым түсімінің 2 % (екі) құрайтын сақтық қоры қарастырылған. Сақтық қорының сомасы келесі түрде құрылады:

a) осы тираждың сатылым түсімінің жалпы сомасынан 2%; b) ұтыстарды дөңгелектегеннен кейін құралған сома;

11

c) «Сәйкестік жоқ», «Жол», «2 жол» санаттары бойынша тиянақталған ұтыстары төленгеннен кейін қалған жүлде қорының сомасы.

Сақтық жүлде қоры, келесіні қамтамасыз ету үшін қолданылады:

a) «SuperBingo» бойынша ең төменгі көпілді ұтыс төлемі 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

b) тиянақталған ұтыстардың төленуін қамтамасыз етуге; c) Егер «14 нөмір сәйкес түсті» санатының ұтыс сомасы «13 нөмір сәйкес түсті» санатының

ұтыс сомасынан іс жүзінде төмен болса, «14 нөмір сәйкес түсті» санатының ұтысы сақтық қордағы қаражат арқылы «13 нөмір сәйкес түсті» санатының ұтыс мөлшерімен теңестіріледі;

17. ЖЕҢІМПАЗ АТАНҒАН ҚАТЫСУШЫНЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІН ЖИНАУҒА ЖӘНЕ СҰРЫПТАУҒА БЕРЕТІН КЕЛІСІМ ТӘРТІБІ 17.1. Ұтыс мөлшері 6 (алты) Айлық Есептік Көрсеткіштен жоғары болса, Қатысушы лотерея Операторына жазбаша келісім толтырып, оған «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, өзінің дербес және биометриялық деректерін сұрыптауға, жинақтауға, жоюға, қорғауға, қолдануға, сақтауға және таратуға келісімін беруге міндетті. 17.2. Дербес және биометриялық деректерге: жеңімпаз атанған лотереяға Қатысушының Аты-жөні, ЖСН, заңды мекенжайы, жеке куәлік көшірмесі, қолы, байланыс телефоны, пластикалық картаның немесе ағымдағы шоттың толық банк реквизиті жатады. 17.3. Оператор лотереяда жеңімпаз атанған Қатысушы жайлы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларынан бөлек кезде, бұқаралық ақпараттар құралдарында және/немесе Интернет желісінде жариялауға, тек қана, жеңімпаз атанған Қатысушының жазбаша келісімі арқылы жария етуге құқылы.

12

Қосымша №1 Түбіртек үлгісі

Сыртқы жағы Беттік жағы

13

Қосымша №2

Купон үлгісі

Беттік жағы Сыртқы жағы

14

ҚОСЫМША №3

TeleBingo-картасының үлгісі

15

ҚОСЫМША №4

«TeleBingo» тираждық лотереясы жүлде қорының құрылымы

Ұтыс санаты Тур Билетте сәйкес түскен нөмірлер мөлшері

Сату сомасынан жүлде қоры

Ұтыс мөлшері, KZT

«SuperBingo»

Ақт

ық

34 жүріске дейін қоса алғанда 15 нөмір сәйкес түсті

10 % Ең төмен кепілді ұтыс 5 000 000 теңге

«Bingo»

34 жүрістен кейін 15 нөмір сәйкес түсті

9,79%

Ұтыс мөлшері тиянақталмаған, тираждың сатылым сомасына байланысты, 1 000 000 тг кем емес

«14 нөмір сәйкес түсті»

SuperBingo/Bingo ұтысын анықтау кезінде 14 нөмір

сәйкес түсті

3% Ұтыс мөлшері тиянақталмаған, тираждың сатылым сомасына байланысты, 50 000 тг кем емес

«13 нөмір сәйкес түсті»

SuperBingo/Bingo ұтысын анықтау кезінде 13 нөмір

сәйкес түсті

2,8% Ұтыс мөлшері тиянақталмаған, тираждың сатылым сомасына байланысты, 10 000 тг кем емес

«2 жол»

3-тур

36 жүріске дейін 2 жол сәйкес түсті

0,22% Тиянақталған ұтыс – 5 000 тенге

«Жол» 2-тур 30 жүріске дейін 1 жол сәйкес

түсті 9,71%

Тиянақталған ұтыс – 3 000 теңге

«Сәйкестік жоқ»

1-тур 10 жүріске дейін сәйкестік жоқ 14,49% Тиянақталған ұтыс – 300 теңге

Сақтық қоры: 2%

Студия ойынының қоры 3%

Барлығы: 55%

16

Қосымша №5

«TeleBingo» тиражы ұтыс ойынының тираждық құжаттамасы

ҰТЫС ОЙЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ТЕКСЕРУ АКТІ

Тираж күні «__________________» 201_ ж. Алматы қ. Тираждық лотерея ұтыс ойынын өткізу бойынша тираждық комиссиясы құрамында: 1. ______________________________ Тираждық комиссия төрағасы 2. ______________________________ Тираждық комиссия мүшесі 3. ______________________________ Тираждық комиссия хатшысы Бұл күні: Алматы қ., Төле би, көш., 296 А мекенжайы бойынша орналасқан телестудия үй-жайында келесі операциялар өткізілгені жайында осы Актіні жасасты: 1. «Venus» және «Topaze» лототрондарының дайындығын тексеру жасалды. 2. Ойын шарларының екі жиынтығының қолда бары тексерілді:

1 және 90 арасында нөмірленген; 1 және 7 арасында нөмірленген.

3. «Venus» және «Topaze» лототрондарының тестілеуі және қайта қосылуы тексерілді. 201___ ж. «_________»,№ _____________ тиражының ойын шарларына бақылау өлшеуі өткізілмеді. 1. Тираждық комиссия төрағасы _________________________ _____________________ (қолы) 2. Тираждық комиссия мүшесі _________________________ _____________________ (қолы) 3. Тираждық комиссия хатшысы _________________________ _____________________ (қолы) 4. Ауысым кезекшісі _________________________ _____________________ (қолы)

17

«TeleBingo» тираждық лотереясы

ҰТЫС ОЙЫНЫ ХАТТАМАСЫ Тираж күні «__________________» 201__ ж. Күн тәртібі: 1. Тираждық жабдықты тексеру, тиражды өткізуге арналған барлық элементтердің бар болуы тиража. 2. Тираждық комиссия Хатшысымен мен Ұтыс ойынын өткізу нәтижелерін тираждық комиссиямен растау және тираждық комиссия Хатшысымен «Хаттамаға» енгізу.

Тираждың ұтыс нөмірлері

Реттік №

Шар № Реттік

№ Шар №

Реттік №

Шар № Реттік

№ Шар №

Реттік №

Шар № Реттік

№ Шар №

1 16 31 46 61 76

2 17 32 47 62 77

3 18 33 48 63 78

4 19 34 49 64 79

5 20 35 50 65 80

6 21 36 51 66 81

7 22 37 52 67 82

8 23 38 53 68 83

9 24 39 54 69 84

10 25 40 55 70 85

11 26 41 56 71 86

12 27 42 57 72 87

13 28 43 58 73 88

14 29 44 59 74 89

15 30 45 60 75 90

*(бір мәнді нөмірлі шар түскен жағдайда, тізімге жазылатын жазулар санның алдында нөл «0» қойылып жазылады)

«Bingo» ұтысы анықталған шардың реттік саны: «SuperBingo» ұтысы анықталған шардың реттік саны:

Қатысатын лотерея билеттерінің мөлшері дана

Ұтыс ойынының жүлде қоры теңге

«SuperBingo» ұтысы теңге

«Bingo» ұтысы теңге

18

*Ескертпе: Жабдық қателігі және ұтыс ойынын өткізуге арналған альтернативті құрылғыға көшкен кезде

толтырылады. Қателік себебі Қолданылған шаралар

19

«TeleBingo» тираждық лотереясы

ҰТЫС НӨМІРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ № __________ тираж «__________________» 201___ жыл

Тираждың ұтыс нөмірлері

Реттік №

Шар № Реттік

№ Шар №

Реттік №

Шар № Реттік

№ Шар №

Реттік №

Шар № Реттік

№ Шар №

1 16 31 46 61 76

2 17 32 47 62 77

3 18 33 48 63 78

4 19 34 49 64 79

5 20 35 50 65 80

6 21 36 51 66 81

7 22 37 52 67 82

8 23 38 53 68 83

9 24 39 54 69 84

10 25 40 55 70 85

11 26 41 56 71 86

12 27 42 57 72 87

13 28 43 58 73 88

14 29 44 59 74 89

15 30 45 60 75 90

*(бір мәнді нөмірлі шар түскен жағдайда, тізімге жазылатын жазулар санның алдында нөл «0» қойылып жазылады)

«Bingo» ұтысы анықталған шардың реттік саны:

«SuperBingo» ұтысы анықталған шардың реттік саны:

Тираждық комиссия мүшесі:

Аты-жөні _________________________ ________________________ Қолы

Қатысатын лотерея билеттерінің мөлшері дана

Ұтыс ойынының жүлде қоры теңге

«SuperBingo» ұтысы теңге

«Bingo» ұтысы теңге

20

«TeleBingo» тираждық лотереясы

ОЙЫН ШАРЛАРЫНЫҢ БАҚЫЛАУ ӨЛШЕУІ № ____________ тираж «__________________» 201___ ж.

ШАР НӨМІРІ

ШАР САЛМАҒЫ

ШАР НӨМІРІ

ШАР САЛМАҒЫ

ШАР НӨМІРІ

ШАР САЛМАҒЫ

ШАР НӨМІРІ

ШАР САЛМАҒЫ

ШАР НӨМІРІ

ШАР САЛМАҒЫ

01 19 37 55 73

02 20 38 56 74

03 21 39 57 75

04 22 40 58 76

05 23 41 59 77

06 24 42 60 78

07 25 43 61 79

08 26 44 62 80

09 27 45 63 81

10 28 46 64 82

11 29 47 65 83

12 30 48 66 84

13 31 49 67 85

14 32 50 68 86

15 33 51 69 87

16 34 52 70 88

17 35 53 71 89

18 36 54 72 90

Шардың ұйғарынды салмағы МIN= MAX= 1. Тираждық комиссия төрағасы: ________________________________ _____________________ (қолы) 2. Тираждық комиссия мүшесі: ________________________________ _____________________ (қолы) 3. Тираждық комиссия хатшысы: ________________________________ _____________________ (қолы) 4. Ауысым кезекшісі: ________________________________ _____________________ (қолы)

21

Қосымша №6

Лотерея билетіне сараптама жасауға өтінім

Мен, _________________________________________________________________________ (толық Аты-жөні), ЖСН_______________________________________________________________, туған жылы ___________________, жеке куәлігі/паспорт (керегін сызыңыз) №______________________, ___________ (кіммен) ___________________________ (қашан) берілген, ___________________________________________________________ мекенжайы бойынша тіркелген, № _________________________________________ лотерея билетін, «TeleBingo» тираждық лотереясының Шарттарына сәйкес, лотерея билетінің тұтастығына, лотерея билетін бұрмалау әрекеттерінің жоқтығын анықтауға сараптама жасауыңызды сұраймын. Менің байланыс деректерім: тел. _______________________________, ұялы тел. ___________________________, е-mail _____________________________. Қосымша:

1) №___________________________ лотерея билетінің түпнұсқасы;

2) Жеке куәлік көшірмесі (ҚР бейрезидентіне – паспорт көшірмесі);

3) Банк реквизиттерінің көшірмесі.

Осымен Мен, __________________________________________________________________ (толық Аты-жөні),

ҚР 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы мен «TeleBingo» тираждық лотереясының Шарттары мен ережелеріне сәйкес, дербес деректерімді жинауға және сұрыптауға келісімімді беремін. ______________________________________________________________________________

(қолы)

22

Қосымша № 7

Ақшалай қаражат аударымына өтінім

Осымен Мен, _____________________________________________________________________

(толық Аты-жөні), ЖСН _______________________________ туған жылы ____________________ жеке куәлігі / паспорт № _________________ от керегін сызыңыз) берілген _____________________ мекенжайында тіркелген: № лотерея билетінің ұтысын пластикалық карточкама / банктегі ағымдағы шотыма (керегін сызыңыз) аударуыңызды сұраймын.

1. Банк атауы:

2. Банк бөлімшесінің корреспонденттік шоты: (қажет етілсе)

3. Банк БСК:

4. Банк БСН:

5. Пластикалық картаның немесе ағымдағы шоттың KZT нөмірі: Менің байланыс деректерім: тел. ___________________________ ұялы. тел: ____________________________ е-mail _____________________ Қосымша:

- № лотерея билетінің түпнұқасы; - жеке куәлік көшірмесі (бейрезидент болған жағдайда – паспорт көшірмесі; - банк реквизиттерінің көшірмесі.

Осымен Мен, ______________________________________________________________________ Келесі нәрселерге: ҚР 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңымен және « » тираждық лотереясының бекітілген Шарттары мен ережелеріне сәйкес, дербес деректерімді жинауға және сұрыптауға. «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңының 4 бабының 4 п. сәйкес – Лотерея қатысушысы және №_________________________________________________________________ лотерея билеті бойынша жеңімпаз ретінде, мен жайлы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында және/немесе Интернет желісінде (сонымен қатар, «Сәтті Жұлдыз» АҚ сайтында) жариялауға келісімімді беремін.

_____________________________________________________________________________________

(толық Аты-жөні, қолы)

23

Қосымша №8

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012

жылғы 12 желтоқсандағы № 562 бұйрығына Қосымша

№10, КО-2 формасы

«Сәтті Жұлдыз» Акционерлік Қоғамы

ұйым (жеке кәсіпкер)

ЖСН/БСН

Құжат нөмірі Толтырған күні

Кассалық шығыс ордері

Дебет Кредит Сомасы, KZT Нысаналы мақсат коды

Сәйкестендірілмелі шот

Берілсін_________________________________________________________________________________________________

аты-жөні, әкесінің аты

Негіздеме _______________________________________________________________________________________________ Қосымша құжаттар ______________________________________________________________________________________ Сомасы __________________________________________________________________________________________________ жазбаша ______________________ ________________________ _________________________________________________ Сатушы-консультант (шарт бойынша өкілетті тұлға) _______________________/ ______________________ қолы қолының түсіндірмесі Қабылдадым ___________________________________________ ________________________/ ______________________ қолы қолының түсіндірмесі жеке куәлігі (бейрезидент болған жағдайда паспорты), №____________________________________________________ атауы, нөмірі, қабылдаушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні, орны ___________________________ _________________________ Осымен мен,

ҚР 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы мен «TeleBingo» тираждық лотереясының Шарттары мен ережелеріне сәйкес, дербес деректерімді жинауға және сұрыптауға келісімімді беремін.

160440002507