ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМ I ТАРАУ ІШКІ САЯСИ ДАМУДЫҢ ӨЗЕКТІ...

82
3 МАЗМҰНЫ Алғы сөз ......................................................................................................... 5 I ТАРАУ ІШКІ САЯСИ ДАМУДЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ Сейдін Н. Қазақстандағы ұлттық саясат: бүгіні мен келешегі .................................... 8 Арзықұлов А. Ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі жəне оның қалыптасуының алғышарттары................................................ 16 Назарбетова Ə. Қазақстандағы ұлтаралық келісім үлгісі Батыс елдерінің назарында .......................................................................... 23 Сейдін Н. Қазақстанның дінаралық келісім саласындағы тəжірибесі ...................... 30 Морозов А. Медиа кеңістіктегі жаһандану үрдісіне Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан көзқарас.............................................................................. 37 Сейдін Н. «Нұр Отан» ХДП – саяси бірігудің факторы.............................................. 44 II ТАРАУ СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖƏНЕ ҚАУІПСІЗДІК Сейдін Н. Орталық Азия қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Шанхай ұйымының ынтымақтастығы ........................................................ 49 Арзықұлов А. «Энергетикалық қауіпсіздік» түсінігі жəне Жапонияның Орталық Азиядағы қызығушылықтары...................................................... 55 Əбішева М. Орталықазия мемлекеттерінің одағын құруға қатысты ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың бастамасы: ықпалдастықтың келешегі мен мəселелері ................................................ 71 Арзықұлов А. «Еуропаға жол» бағдарламасы жəне оның Қазақстан үшін маңыздылығы..................................................................... 81 ISBN 9965-458-96-0 УДК 323/324 (574) ББК 66.3 (5 каз) Қ 18 ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Ғылыми Кеңесі басуға ұсынған Редакциялық алқа: Б.Қ. Сұлтанов (жауапты редактор), Л.М. Мұзапарова, М.А. Əбішева, Н.Б. Сейдін, А.Ə. Арзықұлов (шығаруға жауапты) © ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010 УДК 323/324 (574) ББК 66.3 (5 каз) Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері: мақалалар жинағы / Жауап. ред. Б.Қ. Сұлтанов. – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010. – 164 б. Жинаққа ҚСЗИ қызметкерлерінің бүгінгі Қазақстан дамуының өзекті мəселелеріне арналған ғылыми мақалалары топтастырылған. Ғылыми басылымға елімізде демократиялық үрдістердің орнығуы мен саяси институттардың дамуы, Қазақстанның əлемнің жетекші мемлекеттері мен халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының жандануына жəне Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-дағы төрағалығына, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған еңбектер енгізілген. Мақалалар жинағы саясаттанушыларға, халықаралық қатынастар мамандарына, аймақтанушыларға, мемлекеттік қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне жəне Қазақстан Республикасының бүгінгі дамуының өзекті мəселелері қызықтыратын қалың оқырманға арналған. Қ 14 ISBN 9965-458-96-0 ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМ

Transcript of ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМ I ТАРАУ ІШКІ САЯСИ ДАМУДЫҢ ӨЗЕКТІ...

3

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз ......................................................................................................... 5

I ТАРАУІШКІ САЯСИ ДАМУДЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ

Сейдін Н. Қазақстандағы ұлттық саясат: бүгіні мен келешегі .................................... 8Арзықұлов А. Ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі жəне оның қалыптасуының алғышарттары ................................................16Назарбетова Ə. Қазақстандағы ұлтаралық келісім үлгісі Батыс елдерінің назарында ..........................................................................23Сейдін Н. Қазақстанның дінаралық келісім саласындағы тəжірибесі ......................30Морозов А. Медиа кеңістіктегі жаһандану үрдісіне Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан көзқарас ..............................................................................37Сейдін Н. «Нұр Отан» ХДП – саяси бірігудің факторы ..............................................44

II ТАРАУСЫРТҚЫ САЯСАТ ЖƏНЕ ҚАУІПСІЗДІК

Сейдін Н. Орталық Азия қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Шанхай ұйымының ынтымақтастығы ........................................................49Арзықұлов А. «Энергетикалық қауіпсіздік» түсінігі жəне Жапонияның Орталық Азиядағы қызығушылықтары ......................................................55Əбішева М. Орталықазия мемлекеттерінің одағын құруға қатысты ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың бастамасы: ықпалдастықтың келешегі мен мəселелері ................................................71Арзықұлов А. «Еуропаға жол» бағдарламасы жəне оның Қазақстан үшін маңыздылығы .....................................................................81

ISBN 9965-458-96-0

УДК 323/324 (574)ББК 66.3 (5 каз)Қ 18

ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Ғылыми Кеңесі басуға ұсынған

Редакциялық алқа: Б.Қ. Сұлтанов (жауапты редактор),

Л.М. Мұзапарова, М.А. Əбішева, Н.Б. Сейдін,А.Ə. Арзықұлов (шығаруға жауапты)

© ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010

УДК 323/324 (574) ББК 66.3 (5 каз)

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері: мақалалар жинағы / Жауап. ред. Б.Қ. Сұлтанов. – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010. – 164 б.

Жинаққа ҚСЗИ қызметкерлерінің бүгінгі Қазақстан дамуының өзекті мəселелеріне арналған ғылыми мақалалары топтастырылған. Ғылыми басылымға елімізде демократиялық үрдістердің орнығуы мен саяси институттардың дамуы, Қазақстанның əлемнің жетекші мемлекеттері мен халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының жандануына жəне Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-дағы төрағалығына, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған еңбектер енгізілген.

Мақалалар жинағы саясаттанушыларға, халықаралық қатынастар мамандарына, аймақтанушыларға, мемлекеттік қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне жəне Қазақстан Республикасының бүгінгі дамуының өзекті мəселелері қызықтыратын қалың оқырманға арналған.

Қ 14

ISBN 9965-458-96-0

ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМ

4 5

III ТАРАУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҚЫҰ-да ТӨРАҒАЛЫҒЫ

Сейдін Н. Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: өзекті мəселелер .......................94Сейдін Н. Қазақстан жəне ЕҚЫҰ: қауіпсіздік пен даму кепілі ..................................98Сейдін Н. Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ЕҚЫҰ рөлі жəне тəжірибелік сипаты .......................................................105Арзықұлов А. Аймақтық қауіпсіздік мəселесіндегі Қазақстанның ұйымаралық қызметі: ЕҚЫҰ жəне басқалар............................................113Назарбетова Ə. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында аймақтық қауіпсіздікті нығайтуы ..............................................................119

IV ТАРАУҚАЗАҚСТАННЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

Ерасылова Ə. Қазақстан Республикасы əлеуметтік дамуының қазіргі кезеңдегі қарқыны ..........................................................................126Сейдін Н. Тұрақты дамудың түпқазығы .....................................................................132Назарбетова Ə. Ел тұрақтылығының кепілі ........................................................................137Нысанбек Ү. Қаржы-несиелік саясатты дамытудың шетелдік тəжірибесі ..................142

Авторлар туралы мəлімет .......................................................................157ҚСЗИ туралы ақпарат .............................................................................158Информация о КИСИ ...............................................................................160Information about the KazISS ...................................................................162

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

АЛҒЫ СӨЗ

XX ғасырдың 90-шы жылдарында КСРО-ның ыдырауы мен əлемдік биполярлы құрылымдағы социалистік жүйенің ыдырауы халықаралық қатынастардың жаңа субъектілерінің пайда болуы мен оның құрылымында өзгерістік жаңарулардың орын алуына алып келді. Бұрынғы кеңестік кеңістікте орналасқан ұлттық республикалар өз тəуелсіздіктеріне қол жеткізіп, халықаралық қарым-қатынастардың тең құқылы мүшесі ретінде өздерінің сыртқы саяси-экономикалық жəне ішкі саяси-əлеуметтік қарекеттерін жүзеге асыра бастады. Орталық Азия елдері арасын-да Қазақстан бұл жағынан алғанда өзінің мемлекеттілік қаракетін алғашқы кезеңнен-ақ дұрыс жолға қою арқылы бүгінгі күні айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Кез-келген мемлекеттің дамуында маңызды орын алатын ішкі, сыртқы саяси жəне экономикалық мəселелер Қазақстанның тұрақты дамуында да маңызды деп танылып, оның əртүрлі бағдарламалық стратегия-сына негіз болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прези-денті Н.Ə. Назарбаевтың сындарлы саясатын негізге ала отырып дамыған Қазақ елі мемлекеттіліктің маңызды салаларындағы жетістіктерімен мақтана алады.

Оқырмандардың назарына ұсынылып отырған «Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері» атты жинақты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының авторлар ұжымы дайындаған. Жинақтағы зерттеулер Қазақстан қоғамы дамуының бірнеше саласына арналғандықтан, олар «Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері», «Сыртқы саясат жəне қауіпсіздік», «Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы», «Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы» атты төрт тарауға бөлінген.

Бірінші тарау Қазақстанның тұрақты дамуына ішкі саяси жағдайдың əсері, ұлттық саясат мəселесі, ел аумағындағы ұлтаралық жəне дінаралық келісім, қоғамды біріктірудегі саяси партиялар мен БАҚ орны мен маңызына арналған. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында республиканың «əлсіз» тұсы деп танылып, оның шиеленісуі ел аумағында азаматтық соғыстың басталынуы-на түрткі болады деп саналған Қазақстанның көпұлттық жəне

6 7

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

түрлі діндік жағдайы бүгінгі таңда оның мақтанышына жəне де тұрақты дамуының кепілі болып отыр. Cонымен қатар тарауда Қазақстан қоғамының біртұтастығын сақтаудың факторы болуы мүмкін «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының рөлі мен ұлттық қауіпсіздік мəселесіндегі БАҚ жəне медиа кеңістік мəселелері сөз болған.

Жинақтың екінші тарауында жаһандық жəне аймақтық қауіпсіздік мəселесіне, яғни Орталық Азия аймағы мен Қазақстанға қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселесі қарастырылған. Қазіргі таңдағы жаһандық жəне аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі халықаралық ұйымдар мен бұл қауіпсіздікке əсер ететін жайттар жəне қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты аймақтық форматтағы жаңа құрылымдар құру мен оны жүзеге асырудың бағдарламалық құжаттарының маңызы мен рөлі талданған.

Қазақстанның əлемдік деңгейдегі беделді халықаралық ұйым – ЕҚЫҰ-на төрағалығына қатысты үшінші тарауда Қазақстанның аталынған ұйымға төралық етуі барысындағы өзекті мəселелер, республиканың Ұйым өлшемдерін тиімді пайдалануға қатысты бастамасы, оның ішінде əсіресе ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздікті қамтамасыз ету қарекетін тек Еуропада ға емес, сонымен қатар Азиялық аймақта да жүзеге асыру мен бұл салада Қазақстанның ЕҚЫҰ мен басқа да халықаралық, аймақтық ұйымдар арасындағы біріктіруші, үйлестіруші қызметі қарастырылған.

Төртінші тарауда Қазақстанның қазіргі таңдағы əлеуметтік-экономикалық дамуы мəселесі, оның ішінде бұл саланың қарқынды жəне тұрақты дамуына ықпал ететін негізгі фактор-ларына: оның даму үрдісі, түпқазығы мен кепілдеріне талдау жасалынған. Қазіргі таңда əлемді қамтыған қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарларын саралау мен болашақта оны сабақ ретінде қолдануға қатысты Қазақстанның қаржы-несиелік саяса-тын қалыптастыру мен жүргізуде шетел тəжірибесін қарастыру мəселесі көтерілген.

Бігінгі күнгі жаһандану үрдісінің аяқ алысы мен дамыған халықаралық қатынастар жүйесі əлемдік құрылымның əрбір субъектісінің дамуы мен қалыптасуына белгілі бір дəрежеде ықпал етеді. Сондықтан да, Қазақстан қоғамының қазіргі таңдағы дамуы да əлемдік геосаясат пен геостратегиялық мақсаттарға

бағынып, жалпы адамзаттық қоғамның қалыптасуына өзіндік үлесін қосады.

Əрине, аталынған жинақтағы зерттеулер қазіргі таңдағы Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелерінің барлығын дер-лік қамтып, оларға толығымен түсінік береді деп айта алмаймыз, соған қарамастан біздің бұл еңбегіміз оқырмандар қауымының қызығушылығын туғызады деп сенеміз.

8 9

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

I ТАРАУІШКІ САЯСИ ДАМУДЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САЯСАТ: БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ

Нұрлан Сейдін

Елімізде тұрақтылық пен бірлік, топтасқандық бағытын дамы-туда Н. Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы қауымдастығы көпұлтты халқымыздың саяси-əлеуметтік, мəдени-ұлттық орталығы бола отырып, сая-си жəне экономикалық реформаларды кең құлашты байсалды, тындырымды, нəтижелі негізде жүзеге асыруға үлкен үлес қосып келеді.

Қазақстанды қоныстанған көп ұлт ты халқымыздың азаматтық, ашық, зайырлы, демократиялық саяси-экономи калық жағы нан тəуелсіз қоғам орнатуға бір кісідей жұмылған біртұтас Қазақстан ха лықтарының толеранттылығын, конфес сия аралық жəне ұлтаралық келісімін, туысқандық бірлігі мен достығын одан əрі да мытып, нығайтуды көздеген Қазақстан хал қы Ассамблея-сы өз ал ды на қойған мақсаттарын абыройлы атқаруда. Оны біз бүгінгі таңдағы еліміздің экономикасының қарыштап дамуы мен елдегі саяси тұрақтылықтан жəне Қазақстанда мекен ететін барлық ұлыстар мен ұлттардың бір кісідей жұмылып оны əлемнің дамыған зайырлы мемлекеттері қатарына қосуға деген ұмтылыстарынан байқаймыз.

Осы тұста өзінің тарихында, жалпы, мемлекеттік құрылымдық ғұмырында Қазақстан ерекше ел болып қалыптасқанын айта кеткеніміз абзал. Өзінің тағдыр-талайында, біртұтас бола білудің жауапкершілігін көрсеткен кезеңі ондағы ұлттар мен ұлыстардың үлкен жауапкершілігін көрсетсе керек. Біздің бақытымыз да сол, Қазақстан аз уақыттың ішінде əлемдік қоғамдастықтың алдыңғы қатарлы көшіне қосылды.

Тəуелсіздік алған 15 жыл ішінде талай өзгерістер болып, дұрыс таңдау жолымен алға батыл қадам бастық. Қазақстан халқы

Ассамблеясының алдына қойылған басты міндет – қоғамның белсенді саяси, біріктіруші күші болуға қабілеттілігін таныту еді. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар саласындағы саясат өзінің толық мағынасында көп ұлтты жəне көп дінді мемлекет екенін қастерлей отырып, қоғамдық-саяси тұрақтылық жағдайды сақтауда бай тəжірибеге ие болды. Осындай бірегей сан ұлттығы бар Қазақстан ТМД елдерінде орын алған кейбір қайғылы жағдайларға жол берген жоқ. Мұның бəрі ортақ мемлекеттік мүддеге біріктірілген, шын мəніндегі жүргізіліп отырған ұлттық стратегияның құндылығын көрсетеді.

Президент Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына 2007 жылғы Жолдауында «Қазақстан халықтары Ассамблеясы, міне, он жылдан астам уақыт бойы көпұлтты Қазақстан халқын біріктіру міндеттерін ойдағыдай шешіп келеді» деп жылы лебіз білдіре келіп, «Осы қоғамдық институттың рөлін арттыра беру қажет деп ойлаймын» деп атап көрсетті [1]. Президент тің жыл сайынғы Парламенттің бірлескен мəжілісінде жасайтын Қазақстан халқына Жолдауында, халықтар Ассамблеясының сессияларында жариялаған баяндама ларында ұлтаралық бірлік, ынтымақтастық тақырыбы мейлінше тереңнен қозғалып, жан-жақты міндеттер-мен, болашаққа жасалып отырған жаңа əрекет, қадам дармен тығыз ұштастырылады.

Бірлік пен келісім Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылғы желтоқсанда өткен Қазақстан Халықтары І-ші форумында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев айтқан еді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды [2].

Ассамблея алғаш өмірге келген күннен-ақ көп ұлтты еліміздің қасиетті орталығына айналды. Əр этнос өздерінің ұлттық-мəдени орталықтарын құрды. Олар тұңғыш Президентіміздің төңірегіне тығыз топтасып, өздері мекен еткен Қазақстанның экономикасын, мəдениетін өрге бастыруға бір кісідей жұмылды. Тəуелсіздік жолымен ілгері бас қан еліміздің халықтары барлық істе үлкен ұйымшылдық көрсетті. Олар өздерінің көкейкесті өмірлік маңызы бар мəсе лелерін Ассамблея сессияларында еркін, кең талдау жағдайында шешуге қол жеткізді. Өзінің он жылдан

10 11

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

астам қызметі барысында Ассамблея он екі сессиясын өткізіп, онда қоғам өмірінің маңызды əлеуметтік-саяси мəселелерін талқылады.

Бүгінде елімізде 500-ге тарта ұлттық-мəдени орталық бар. Олар көпұлтты халқымыздың саяси сана-сезімін байыту, ұлттар мен ұлыстардың өзара бірлігін күшейту, ұлттық салт-дəстүрлерді дамыту жолында халықтар сеніміне ие болды.

Бұл – жүйелі, жемісті саясат болғанын өмір өзі дəлел деді. Қазақстанды Отаным дейтін көкіре гінде сəуле бар адамдардың бұған көзі толық жетті. Қазақстандағы ұлттық бірлік саясатының тұрақтанып, нəтижелі жұмыс істеуін толып жатқан халықаралық инсти туттар да мойындады.

Қазақстан ұлтаралық қатынас саясатында əлемдік кеңістікте əрқашан өнеге тұтатын ел болып қала береді. Қазақстандық тəжірибе, яғни Қазақстан Халқы Ассамблеясы дүниежүзілік деңгейде, Біріккен Ұлттар Ұйымында жəне Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйымда өзінің жоғары бағасын алды. Шынында да, бұл – əлемдік жұртшылықтың назарын аудартқан ерен құбылыс. Ассамблея Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар проблемасын тиімді шешуге зор ықпал жасап, еліміздің халықаралық беделін көтеруге үлес қосуда. Қазақстанда этносаяси, саяси, рухани жəне ұлттық саладағы жүргізілген реформалардың дұрыстығына əлем қызыға қарайды. Сол себепті, көрші республикалардың қоғам жəне мемлекет қайраткерлері ұлтаралық келісімді сақтауда жəне оны дамытуда Қазақстандық тəжірибені қолдануға көптеп қызығушылық танытуда.

Осы Қазақстандық ұлтаралық қатынас үлгісін одан əрі да-мыту жəне жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан қыруар жұмыстар атқарылуда. Өз кезегінде Елбасы Н. Назарбаев Қа зақ-стан халқына Жолдауында Ассамблея ның мəртебесін көтеру жөнінде нақты ұсы ныстар айтқан еді, осы бағытта енді Ассам-блея туралы заң қабылдау жəне аталған органның қоғамдағы рөлін күшейту жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүмкіндігін толығығымен пайдалануда, яғни оны тек елдегі этностардың арасындағы қарым-қатынастарды, олардың тілдері мен мəдениетін дамыту-мен бірге, елдің дамуына жұмылдыру, жастарды патриоттыққа

тəрбиелеу, ел экономикасын дамытуға жəне т.б. ел өміріндегі маңызды істерге кеңінен араласу мүмкіндіктері қарастырылуда. Ассамблея өкілдері, шағын жəне орта бизнесті, өнеркəсіп пен ауыл шаруашылығын, білім мен ғылымды жəне инновациялық технологияларды дамытуда əлі-ақ өз сөзін айтып, үлкен беделге ие болатынына осы тəуелсіздіктің өткен 15 жылында көрсеткен нəтижелерінен байқауға болады.

Қоғамның саяси өмірінде де, адамдардың күнделікті тір-шілігінде де тіл – ешбір теңдесі жоқ аса қуатты құрал. Тілдің осы қызметі тұрғысынан алғанда бұл Қазақстан тəжірибесінде айрықша маңызды. Себебі – елімізді мекен еткен 130 ұлт пен ұлыс осынша тілде сөйлейді. Біздер тотали таризм тұсында бір тілде – тек орыс тілінде сөйлеп, сол тілмен өмір кештік. Одақ тарап, тəуелсіздік жолға түскен Қазақ стан қайсы тілде сөйлеуі керек еді? Əрине, жердің, елдің иесі – қазақ тілінде! Бірақ мил-лиондаған халыққа тек қазақ тілінде күш теп бір күнде нұсқау беру ақылға сыймайды. Сон дықтан ел басқарудың терең білгірі Елбасы Н.Ə. Назарбаев қазақ тілін Консти ту цияда мемлекеттік тіл деп бекітудің табан ды жақтаушысы болды. Бұл ұсыныс со-лай қабылданды да. Қазіргі кезеңде мемлекеттік тілге біртіндеп көшудің сындарлы бағдар ла ма сы енгізілді. Осы бағдарлама қоғам өмі рін де кең қолдау тапты. Қазір қазақ тілін мең геру жылма-жыл өріс алып отыр.

Қазір мемлекеттік тіл мəртебесіне ие қазақ тілін үйренуге деген ынта-ықылас та жақсы. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің абырой биігі, баршаның құрметтеуге тиіс қарым-қатынас құралы. Қолымызда бар соңғы деректерге жүгінсек, республи-камызда тұратын 6 млн 968 мың этностық өкілдердің 1,5 мил-лионы мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, сөйлей алады. Қазір қазақстандықтардың 65 пайызы қазақ тіліне жетік, 18 этнос өкілдерінің 60-80 пайызы қазақ тілін жақсы біледі. 45 этностың өкілі қазақ тілін өз тіліне қарағанда жақсы біледі. Мұны, мысалы, этнос өкілдеріне қаратып айтар болсақ, болгарлардың 29 пайызы, корейлердің 28,8 пайызы жəне еврейлердің 17,6 пайызы қазақ тілінде сөйлей алады. Қазақстан халқы ассамблеясы, ең алдымен, мемлекеттік тілді кең насихаттауды алға қойған. Осы мақсатта жер-жерде жəне республика деңгейінде ар найы конкурстар өткізуді жүйелі жүргізіп келеді.

12 13

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

Ассамблеяның ХХІІ сессиясында да мемлекеттік тіл мəселесі назардан тыс қалған жоқ. Елбасы мемлекеттік тілге деген құрметтің, оны қастерлеудің жəне оны дамытуға қолданыс аясын кеңейтуге деген құлшыныс Отанға деген патриоттық сезімнің ажырамас бір бөлігі екендігін тағы бір қадап айтып өтті. Осы жолы мемлекеттік тілдің латын əліпбиіне көшетіндігі белгілі болды. Бұл мемлекеттік тілдің дамуына, өмірдің жаңа сұраныстарына толық жауап беруіне, жаһандық үрдісте жылдам бейімделуіне ықпал етпек. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңейіп келе жатқандығына қарамастан, оны одан əрі жетілдіру бағытында Елбасы біраз ойларын ортаға салды. Мемлекеттік тіл – тəуелсіздіктің бір тірегі. Тілдің дамуы мемлекеттің дамуымен жəне оның өркендеуіне тікелей қатысты. Сондықтан оған əр бір Қазақстандық азаматтың аса жауапкершілікпен қарағаны абзал.

Қазақстандағы барлық халықтардың тілдерін дамытуға, ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруге, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын жақсартуға жəне ұлттық мəдениетті қорғаудың құқықтық тетіктерін нығайтуға заңдық негіз жасалған. Бұл тұрғыда, дүние жүзінде Қазақстандағыдай өнеге жоқ екендігін мақтанышпен жеткізуге болады. Мысалы, «Украінські новини» Украинадан шет жердегі украиндық емес үкімет қаржыландырып отырған осы тілдегі жалғыз газет. Корей тілінде шығатын «Коре ильбо» туралы да осыны айтуға болады. Жалпы, ұлттық тіл саясатында нақты тетіктер тиянақталып, жасалынған. Қазір республикамыздың мектептері тоғыз тілде – қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тəжік, украин, татар, неміс жəне ағылшын тілдерінде білім береді.

Сөйтіп, Қазақстан Халқы Ассамблеясы өзінің азғантай ғана ғұмырында елімізге ғана емес əлемнің басқада мемлекет-теріне азық болатындай тəжірибе жинақтады. Соңғы кездері халықаралық қауымдастықта ұлтаралық келісімнің «қазақстандық формуласы» жөнінде көптеген оң пікірлер айтылуда. Ассамблея өкілдерінің Еуропалық Одаққа, АҚШ-қа барған соңғы сапарла-рында да қызығушылық танытқандар аз болған жоқ.

Ал планетадағы этностық қақтығыстардың себептері сан алу-ан. Алайда олардың көпшілігінің негізінде үш басты проблема жатыр. Біріншіден, жаhандану халықтардың өзара ықпалдасуын

кеңейтеді. Ол барлық қоғамдардың технологиялар жетістігін білуіне мүмкіндік береді, экономикалық құрылымдарды түбегейлі өзгертеді, дүниені біртұтас коммуникациялық жүйеге айналдырады. Бірақ сонымен бірге ол көптеген адамдардың бойында өздерінің тарихи негіздерінен – ұлттық біртектілігінен, тілінен, мəдени жəне діни дəстүрлерінен айырылудың табиғи қаупін туындатады. Бұл сезімдер кейде басқа этностық жəне діни құндылықтарды əкелушілерге деген жек көрушілікті туғызады. Екіншіден, жаһандану салдарынан кейбір ұлттық мемлекет-терде əр түрлі бағыттағы ішкі қарама-қайшылықтар өршуде. Үшіншіден, ұлтаралық қақтығыстардың көпшілігіне əлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешілмегендігі себеп болуда. «Жек көрушілік – бұл кедейлердің ашу-ызасы» екендігі дұрыс айтылған. Планетада сегіз жүз миллионға жуық аш адамдар бар, миллиардтан астамы – бестен бір бөлігі – күніне бір доллардан кем жағдайда өмір сүреді. Ал орасан зор байлықтар халықтың бар болғаны жиырма пайызының қолында. Міне, бұл ашу-ыза осындайдан туындайды. Қазіргі дүниеде ол басқа халықтардың өкілдеріне қатысты экстремистік əрекеттерден лаңкестік ак-тілерге дейін өткір қақтығыстық формаға көшуде. Осылайша, ғасырлар тоғысында дүние этносаралық қатынастар шиеленісінің өткір кезеңін бастан кешіп отыр.

ХХІ ғасырдың басты проблемаларының бірі – адамзаттың ұлтаралық келісімнің əмбебап формуласын талдап жасамағанында болып отыр. Бұл проблеманың орасан зор қиратушылық əлеуеті бар, ол бейбітшілікке төнген көптеген жаһандық қатерлер мен сынақтардың негізінде жатыр» деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының 10 жылдығында сөйлеген сөзінде. Сондықтан, Қазақстандағы ұлт аралық келісімге қол жеткізудің басты себебі, бұл – экономикалық өсімде, халықтың тұрмысының айтарлықтай түзелуінде.

Бірақ соған қарамастан, біраз шешімін күтіп тұрған мəселелердің де бары жасырын емес, «орыс мəселесі» уақыт аралап саяси өмірдің тақырыбына айналуда. Оны үнемі сая-си қозғалыстар мен ұйымдар өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарында қолдан ұйымдастыруда. Қазақстандағы кейбір ұлттық диаспора өкілдерінің білім алуға деген құштарлықтары мүлдем төмендеп кеткен, 1999 жылы елде жүрген соңғы санақ

14 15

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

бойынша бір сыпыра диаспора өкілдерінің 2-3 % ғана жоғары білім алуға құлық танытқан. Ал басқа ұлт өкілдерінің білім алудан бас тартулары мен талпынбаулары республикадағы жұмыссыздық пен қылмыстың өсуіне əкеп соғуда. Осы мəселені оңтайлы шешу мақсатында республикада мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінің білім мен мамандық алуларына мүмкіндік беретін бір жоғарғы оқу орнын ашу жоғарыда аталған қордаланған мəселелерді шешіп қана қоймай, жас ұрпақты отан сүйгіштік бағытта тəрбиелеуге мүмкіндік берер еді.

Оппозиция өкілдері елдегі ұлттық жəне ұлтаралық мəселелер бойынша тұшымды ұсыныстар айтудың орнына, республика этностарының күрделі мəселелерін шешуде биліктің жібер-ген кейбір кемшіліктерін шұғыл түрде көпшіліктің көңілін өздеріне тарту мақсатында жариялаудан жалығар емес. Саяси партиялардың билік үшін күресуде ұлттық қозғалыстарды, мəдени орталықтарды пайдалану, оларды саясиландыру қарқынға айналуда.

Ұлтаралық келісімді сақтаудағы маңызды сұрақтардың бірі, бұл кадр мəселесі. Соңғы кездердегі, соның ішінде 2006 жылғы Атырау мен Ақтаудағы оқиғалар – ашық түрде топшылдыққа бөлінудің айқын көрінісі. Сырттан келген басшылар мен олардың командаларына жергілікті халықтың наразылық білдірулері, мемлекеттік кадр саясатына түзетулер енгізуді қажет етуде. Кадр саясатындағы ұлтаралық қайшылықтарды жоюды, бірінші кезек-те, этникалық топтар тығыз орналасқан аудандардан бастаған жөн (жергілікті мəслихат, əкімшілік, муниципалитет, əлеуметтік сала өкілдері ретінде). Мемлекеттік тілді меңгерген этникалық топ өкілдерін мемлекеттік қызмет жүйесінде басшы қызметтерге тағайындау тəжірибесін кеңінен қолдануымыз қажет.

Қазақстанды мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстарға тең жағдай жасалынған. Мемлекеттің игілігін бəрі бір кісідей тең пайдалануда. Билік ұлтаралық келісімді сақтап, дамытуда жəне қазақылық кеңшілікті танытуда аянған емес. Сондықтан Қазақстанда келісім мен ұлтаралық татулықты қазақ ұлтының есебінен, мүддесін шектеу арқылы қалыптастыруға еш бір бол-майды, керісінше барлығы қазақтардың төңерегінде топтасып, өз тілдері мен салт-дəстүрін қазақтың төл мəдениетімен ұштастыра отырып дамытулары тиіс, «ал кейбір маргиналдар қазақтың

кеңпейілдігі мен қонақжайлылығын əлсіздік пен жалтаңдықпен шатастырып түсінуде». Осындайда жазушы, тəуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Дулат Исабековтың: «... ортақ (қазақстандық) ұлт қалыптастыру мүмкін емес, өйткені Қазақстанды мекендей-тін барлық халықтардың қазақ жерімен шынайы байланыстары жоқ, ол олардың уақытша мекен ететін территориялары, кез-келген жағдайда олар өздерінің тарихи Отандарына қайтып кетуі ғажап емес» – деген сөзі еске түседі [3]. Сондықтан ұлтаралық келісімнің қандайда бір үлгісі, бастамасы немесе реформалары болмасын бірінші кезекте жергілікті ұлттың яғни қазақтың ұлттық ерекшеліктері ескерілуі тиіс.

Əдебиеттер:

1. http://www.akorda.kz2. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. –Алматы: «Эдельвейс».

104 б.3. Козыбаев И.М. Некоторые аспекты гармонизации межэтнических

отношений в Казахстане // Казахстанская модель межэтнического согла-сия: проблемы и перспективы: Сб. мат. науч.-практ. конф. — Алматы: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте РК, 2007.

Казахстан в современном мире: реалии и перспективы. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2008.

16 17

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ ЖƏНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Алмас Арзықұлов

Қазақстан үшін үcтіміздегі 2009 жыл сыртқы жəне ішкі саясатта маңызды рөл атқаратын жыл, өйткені Қазақстан өзінің 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық ету міндетіне қатысты биылғы жылдан бұл ұйымды басқарушы «үштіктің» құрамындағы қызметін бастауына байланысты өзінің саяси принциптерін айқындап, жаңарту шара-ларына аяқ басты. Қазақстан өзінің 2010 жылғы төрағалығының өкілеттіліктерін тиімді жəне қажетті салаларда жүзеге асыру үшін өз алдына төрағалықтың күн тəртібіндегі мəселелерді айқындап, оны жүзеге асырудың базалық жағдайлары мен шараларын не-гіздеуі қажет. Осындай шаралардың бірі ретінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі кезеңінде ұйымға мүше-мемлекеттер арасындағы, посткеңестік мемлекеттер мен еуропалық елдер жəне де Шығыс пен Батыстық өркениетті ұстанушы халықтар арасындағы сындарлы пікіралмасуды қалыптастыруды алуға болады. Бұл жағынан алғанда Қазақстанның ЕҚЫҰ-на мүше-мемлекеттерге ұсынуға тұрарлықтай ұлтаралық жəне дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісіне ие. Қазақстан Республикасы өзінің тəуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап-ақ ұлтаралық жəне дінаралық келісім нығайту шарасын мемлекеттік даму мен оның территориясындағы ұлттардың өсіп-өнуі, бірін-бірі сыйлауы мен құрметтеуінің негізгі принциптерінің бірі ретінде қарастырды.

Тəуелсіздік алған жылдардан бергі қоғамдағы жаңарулар, ре-формалар мен өзгерістер қазақстандық қоғамындағы əлеуметтік-саяси мəселелерді тыңғылықты зерттеу қажеттігін көрсетеді. Қазақстандықтар тəуелсіздіктің өткен 18 жылы ішінде қоғамдық тұрақтылық, ұлтаралық келісім мен жалпы қазақстандық патрио-тизм, ұлттық сəйкестілікті қамтамасыз етудің өзіндік үлгісін жасады. Президент айтып өткендей: « – бұл қазақстандықтардың өзіндік жаңалығы, біз оны мақтан тұтып, қорғай білуіміз қажет» [1].

Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен

40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты.

Халықтардың өзара қарым-қатынасы мəдениетінің қазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта ұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек көрушілікке ұласып кетпеуінің алдын алу болып табылады. Қазақстан қоғамының бұндай жетістікке қол жеткізуі оның халқының ұжымдық субъ-екті ретіндегі жəне оның əрбір мүшесінің өз бойында ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетін жоғары қоюында болып отыр. Бұған Қазақстан Республикасының алғашқы кезеңнен бастап зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде дамуды қолға алып, өз конститу-циясында республика территориясында тұратын кез-келген азаматтың толық құқықтылығына кепіл болуы үлкен ықпал етті. Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерi-не байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды» деп азаматтарының өз құқықтарын толығымен пайдалануына мүмкіндік жасаған [2].

Əлемдегі кез-келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығы мен тəуелсіздігін сақтаудың негізгі шарттарының бірі – ол оның азаматтарының ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады. Сондықтан да, Қазақстан билігі өз азаматтарының ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, жалпы қазақстандық ұлт дəрежесіне біріктіру саясатын ұстанған. Бұл бағытта негізгі назар əр ұлт өкілдерінің респуб-лика азаматы ретінде саяси топтасуы қарастырылған жəне ол ұлттардың мүдделерінің ортақтығына қатысты құрылып, мем-лекеттік саясаттың жалпыұлттық құрылысында есепке алынуы қажет.

Қазіргі таңда Қазақстандағы жалпы ұлттық құрылыстың не-гізгі құрамының бірі ретінде ұлттық плюрализм алынып отыр. Аталынған бағыттың жүзеге асырылуы барысында біршама жетістіктерге қол жеткізілген. Мысалы, біріншіден, əлеуметтік

18 19

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

зерттеу деректеріне сай қазақстандық тұрғындардың басым бөлігі өздерін Қазақстан Республикасының азаматы деп санайтынын мəлімдеген. Екіншіден, Қазақстанда тұратын ұлт өкілдеріне өздерінің ұлттық-мəдени мүдделерін жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалынған.

Осылайша, Қазақстан өз тəуелсіздігінің алғашқы жылдары-нан бастап-ақ көп ұлтты жəне түрлі дінді ұстанатын қоғамда этностардың өзшілігі мен бірігуін сақтауға негізделген ұлтаралық қатынастарды қамтамасыз ететін өзіндік айрықша үлгіні қалыптастырған.

Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады: тұжырымдамалық деңгей; саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей; институционалдық деңгей жəне ғылыми-əдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді жəне ол: əлеуметтік-экономикалық, мəдени, ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени да-муын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді.

Саяси-құқықтық немесе конституциялық деңгей мемлекеттің ұлтаралық қатынастар саласын реттейтін заңнамалық актілер жəне ұлттық саясатты жүргізуге қатысты басқа да құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Ұлтаралық келісімнің құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы танылады. Тіпті Ата Заңның 39-шы Бабы: «ұлтаралық келісімді бұзатын кез-келген əрекет конституциялық емес деп танылады» деп көрсетілген. Сонымен қатар, Негізгі заңның 7 Бап («мемлекет Қазақстан халқының тілдерін дамыту мен оқуға жағдай жасай-ды») пен 19 Бап («əр азамат өз тілі мен мəдениетін пайдалануға құқылы») пен басқа да «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы», «ҚР тілдері туралы», «Мəдениет туралы», «Тарихи-мəдени мұралары объектілерін қорғау мен пайдалану туралы» заңдар Қазақстандық кез-келген азаматтың өз тілінде білім алу, дамыту мен мəдениетін уағыздауға мүмкіндік береді. Со-нымен бірге, Қазақстан ұлттары 2007 жылғы конституциялық реформаның нəтижесінде республиканың жоғарғы заң шығару органына өкілдер жіберу құқығына ие болды. Қазақстандағы ұлт

өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы өздерінің ұлттық мүдделерін еліміздегі жоғарғы трибуна арқылы шешеді. Осы-лайша ҚХА Қазақстан ұлттарының мүддесін қорғаушы нақты механизмге айналды.

Институционалдық деңгейде ұлтаралық келісімді қамтамсыз етуші негізгі ұйым ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы та-нылады. Ассамблеяның қол астында 22 республикалық жəне аймақтық ұлттық-мəдени орталықтар жұмыс істейді. Олар өз кезегінде 470 астам облыстық, қалалық жəне аудандық ұлттық орталықтарды біріктіреді. ҚХА жұмысын жүргізуде оның аймақтық бөлімшелері – Кіші Ассамблеялар маңызды рөл атқарады. Қазақстан территориясының ауқымдылығы мен оның аймақтарында ұлт өкілдерінің топтасып орналасуы ұлт мəселелерін шешетін арнайы ұйымдардың қажеттілігін тудыр-ды.

Ұлтаралық келісімнің ғылыми-əдістемелік деңгейде жүзеге асырылуы төмендегідей шаралар арқылы жүргізіледі: ұлтаралық қатынастардың дамуының үрдісі мен жағдайының мониторин-гі; қауіп-қатерлерді айқындау; факторлық талдау мен қажетті ұсыныстар жасау. Ұлттар арасындағы толеранттылық мəдениетін дамыту, ұлтаралық жəне дінаралық келісімді қолдау жəне дін мен ұлт мəселесіне қатысты қақтығыстардың алдын алу мəселесі ұлттық саясаттың ақпараттық қамсыздандыру жүйесін қалыптастыру қажеттігін көрсетеді.

Осылайша, ұлтаралық келісімінің қазақстандық үлгісі бір-неше негізгі принциптерге, яғни мемлекеттік саясаттың негізге алатын идеялардың, ұстанымдардың өзара тəуелділігіне сүйенеді. Оның ішінде маңыздылары ретінде: ашықтық пен жариялылық; заңдылық, қолданыстағы күштер, қаржы мен əдістерді заңды тіркеу мен құқықтық реттеу, ұлттық құрылыс мəселелерін саясат-сыздандыру; ождандық бастамаларда гуманизм, əділеттілік жəне адамгершілікті ұстану; өзара көмек пен қолдау; қайшылықтардың алдын алу шараларын қарастыру жəне т.б. аламыз.

Көптеген зерттеулер мен өмірлік тəжірибе көрсетіп отырғанындай ұлттар арасындағы келісім мен татулық этностардың өзара түсіністігі жағдайында ғана қол жеткізіледі. Бұл бағытта мəдениеттер арасындағы диалог қоғамның толеранттылығын артырады. Осыған сай Қазақстанда тəуелсіздіктің өткен жылдары

20 21

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

ішінде этностардың өз тілі, салт-дəстүрлерін сақтау мен дамытуға қатысты үлкен жұмыс атқарылған [3]. Ұлтаралық қатынастардың ордасына айналған ҚХА жыл сайын Қазақстан ұлттарының өз тілін, дəстүрлері мен салттарын дамытуға қатысты əр түрлі шаралар өткізіп тұрады. Ел аумағындағы белгілі-бір ұлттың мəдениетіне немқұрайлы қараушылық қоғамдағы ұлтаралық қатынастарды шиеленістіруі мүмкін.

Қазақстан үкіметінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының жəне де жалпы басқа да қоғамдық, мемлекеттік ұйымдардың ұлтаралық келісім мен татулықты одан ары дамытуға күш салуына қарамастан қазіргі таңдағы мемлекеттің этностар саясатында белгілі бір кемшіліктердің орын алып отырғандығын көреміз. Мысалы:

- Қазақстандағы этностар саясатының нақты тұжырымдама-теориялық негізінің жоқтығы. Қазіргі таңда қазақстандық этностарға қатысты ресми саясаттың жоқтығы, оның мағынасының анықталмау мен оны түсінбеушілік бұл саясаттың толығымен жүзеге асуына кедергі келтіреді. Тіпті ұлтаралық қатынастарда ресми түсініктердің нақтыланбауы бұл саясаттың ұлттық (меніңше, ол қазақстан этностары саясаты болуы керек) деп аталынуына алып келді.

- этностар саясатын реттеудің нормативтік-құқықтық негізінің болмауы. Қазақстанда ұлтаралық қатынастарды реттейтін ресми тұжырымдама болмағандықтан оны құқықтық негіздейтін құжаттың жоқтығына алып келген.

- ал ресми тұжырымдама-теориялық негіздің, оны құқықтық реттестіру құжатының болмауы салдарынан этностар саясатын тиімді жүзеге асыру тетіктері де дамымай отыр. Ұлтаралық татулықты жүзеге асыру саясаты республика деңгейі мен жер-гілікті жерлерде əр түрлі органдарға жүктелуі жəне олардың бұл бағытта тек уағыздық-қолдау шараларын ғана жүргізіп, ұлтаралық қатынастар саласындағы қолайсыз үдерістердің алдын алу, бұл саладағы жағдайды саралау мен талдап, соған қатысты нақты ұсыныстар жасаумен айналыспайды.

Осы кемшіліктерді қарастыра келіп, Қазақстан Респуб-ликасының этностар саясатын жетілдіруге қатысты ұсыныстық тезистер келтіруге болады:

1. Этностар саясаты өзін-өзі ұйымдастыру мен басқару механизмдері мүмкіндіктерін зерттеуге негізделуі қажет.

Жалпы бұндай саясат орын алған қақтығыстарды тіркеу жəне қарастырумен қатар, оларды шешу мен алдын алу шараларын жүзеге асырып, əлеуметтік өмірге қажетті қақтығыссыз кеңістік қалыптастыруға тырысуы қажет.

2. Ұлтаралық қатынастар мəселелерін саяси жағынан қарастыру нақты, шынтайттық ақпарат негізінде прагматикалық, басқарушылық көзқараспен жүргізілуі қажет. Үкіметтің белгілі бір бағдарламасындағы аймақтық, өндірістік немесе технологиялық жаңартуларында этносаяси салдарлар саралануы керек. Яғни, ұлттық (мемлекеттік) саясатты жүзеге асыру үдерісіндегі негізгі назар идеология-уағыздық жəне саяси-əкімшілік ресурстармен қатар, өзіндік немесе шетелдік жобалар секілді ғылыми-зерттеу жəне ақпараттық-сараптамалық ресурстар мен механизмдерге де сүйенуі қажет.

3. Мүдделі орталық жəне жергілікті мемлекет органдарының жұмысына түрлі ғылыми-зерттеу мекемелерімен біріге оты-рып, республикалық жəне жергілікті деңгейдегі ұлтаралық қатынастардың нақты жəне жасырын қауіп-қатерлерін анықтау мен оны саралауды қамтамасыз ететін дағды енгізу дұрыс болады.

4. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастарды зерттеу мен саралауға мен соған қатысты нақты ұсыныстар дайындауды қолға алатын ресми сарапшылар ұжымын құру қажет. Аталынған ұжым ішінде мəселені кəсіби талқылау барысында төмендегідей сұрақтарды айқындау қажет:

- ұлтаралық қатынастардағы жалпыға ортақ терминоло-гия мəселесі мен оның əлемдік жəне қазақстандық ортаға сəйкестігі;

- Қазақстан этностары, демографиялық үдерістер, Қазақ-стандағы миграциялық жағдай мен саясат, аз халықтар құқығын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды сақтау жəне т.б. тақырыптардағы анықтамалық басылымдар шығару.

5. Мемлекеттің этностар саясаттың институционалдық деңгейін көтеру мақсатында республиканың ұлтаралық қатынастарға қатысты қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының этностар саясаты тұжырымдамасын жасап, қабылдау.

6. Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі ая-сында аталынған ұйымның ұлтаралық қатынастар саласындағы

22 23

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

стандарттарын зерттеп, республикада қабылдаумен қатар, осы саладағы қазақстандық тəжірибені де ұйымның күн тəртібіне ұсыну негізгі мақсат болуы керек.

Бірақ, ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісін ЕҚЫҰ-на мүше-мемлекеттер үшін бейімдеу үшін тиімді жолын айқындап, Ұйымның мүшелері қатынасының əлеуметтік-саяси жүйесіне кірігу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Əдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. Повышение благосостояния граждан Казахстана – главная цель государственной политики. Послание главы государства народу Казахстана // Казахстанская правда. – 2008, февраль – 7.

2. Конституция Республики Казахстан. – Астана: Елорда, 2008. – С. 8.

3. Казахстанская модель межэтнического согласия: состояние и перспективы: сборник материалов научно-практической конференции. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2007. – С.15, 88-95.

Ұлтаралық жəне дінаралық келісімнің қазақстандық тəжірибесі: ЕҚЫҰ үшін ұсыныстар: халықаралық ғылыми-тəжірибелік конфе-ренцияның материалдары (Алматы қ, 25 ақпан 2009 ж.). – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2009.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ҮЛГІСІ БАТЫС ЕЛДЕРІНІҢ НАЗАРЫНДА

Əсел Назарбетова

Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіп сіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі еліміздің əлемдік қауым дас тық алдындағы беделін өсіріп, сонымен қатар үлкен жауапкершілік жүктеп отырғаны белгілі. Қазақстан биылғы жылдың 1 қаңтарынан ЕҚЫҰ төрағаларының «үштi гi» құрамында өз жұмысын бастады.* Бүгінде ҚР Сыртқы істер ми-нистрлігі еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жолында дайындық жұмыстарын қызу жүргізуде. Аталған ұйымға ТМД елдері ара-сынан Қазақстан бірінші болып төрағалық еткелі отырғанын ескерсек, бұл шараның қаншалықты маңызды, əрі жауапкершілігі зор екенін түйсінуге болады.

Алғашында Қазақстанның Еуропадағы қауіп сіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге деген талпынысы Еуропада үлкен резенанс туғызғаны, ал ел ішінде жəне басқа да көршілес мемлекеттерде сенімсіздік пайда болғаны тарих еншісінде. Алайда Қазақстанның экономикалық жəне саяси дамуының көрінісі, аймақтық қауіп сіз дік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі мүмкіншіліктерінің дəлелі ретінде еліміз əлемдегі қауіпсіздік саласындағы ең бір ірі ұйымның тізгінін қолына алғалы отыр. Сол себепті Қазақстан басқаратын 2010 жылдан үлкен жаңалықтар күтілуде.

Сонымен қатар, бұл төрағалықтың халықаралық маңызы бар, себебі осы қадам ар қы лы посткеңестік елдерге қатысты көзқарастарға өзге ріс тер еніп, Қазақстан геосаяси шеткері аймақ болудан кетіп, Еуропаның саяси сахнасына енуіне мүмкіндік туады. Қазақстанның төрағалық етуі ұйымға мүше елдердің ықпал дас тық тарын тереңдетуге, гумани тар лық бағыттарға қоса, басқа да еленбей жатқан мəселелерге зер салуға қол жеткізетін-дігіне сенім бар.

Қазақстанның беделді ұйым төрағалығына ұмтылысының мақсаты ретінде өткен жылдың жазын да Ас та на да өткізілген

* Биылғы «үштiк» құрамында қазiр төр ағалық етiп отырған Грекия, былтыр төрағалық еткен Финляндия жəне келесi жылы төраға болатын Қазақстан бар.

24 25

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

ЕҚЫҰ Парла менттік Ассамблеясының 17-ші сессиясын да Президент Нұрсұлтан На зарбаев Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-дағы төр ағалығын Ұйымға мүше елдердің арасын дағы өзара іс-қимылға тың тыныс берудің жақсы мүмкіндігі ретінде қарасты ратынын айта келе, «...біз тұрақты да толерант ты ел ретінде жинақта ған тəжі рибемізді Ван куверден Влади вос токқа дейінгі ауқымды ке ңістікте бейбітшілікті қамтама сыз ету ісінде пайдалан бақпыз. Бір ге болсақ, та быс қа жетеміз. Сон-дықтан жаңа əлемдегі ық палдастықты қалай елестететі ні мізді айта отырып, біз сіздердің қол даулары ңызға үміт артамыз», деген болатын [1].

Сөзсіз Қазақстан үшін зор табысқа айналған осы шешімді қабылдауға ықпал еткен факторлардың бірі ретінде Қазақстанның ұлттық жəне діни қатынастарды реттейтін өзінің бірегей тəжірибесі қалыптасқандығын атап айтуға болады. Қазіргі таңда əлемдегі, оның ішінде Еуропа жəне Азия құрлықтарындағы маңызды мəселелердің, келеңсіз жайттардың бірі - ұлтаралық, дінаралық қарама-қайшылықтар мен дау-жанжалдар. Сонымен бірге Батыс елдері мұсылман елдерінен шыққан мигранттар кө шінің астында қалғаны да белгілі, өз кезе гінде бұл жағдай біраз мəселе туындатуда. Сол себепті Еуропа мен АҚШ Ислам əлемі мен үнқатысуға мəжбүр. Міне, сон да Батыс пен Ислам əле-мінің арасында Қазақстанның мəмілегер рөлін атқаруы əлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін де, еліміздің халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болуы үшін де зор мүмкіндік туғызады.

Қазақстанның мұндай жауапты рөлді атқара алатындығына зор сенімді еліміздің тəуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулыққа өз үлесін қосып, əрдайым бейбітшілік пен татулық принциптерін ұстанатындығымен, əлемдік қауымдастық алдында бейбітшілік пен ұлтаралық, дінаралық татулықтың, тұрақтылықтың аралы ретінде беделі ұлғаюымен байланыстыруға болады. Қазақстанның өркениеттер диалогын белсенді қолдау ұстанымы ең алдымен көпұлтты, əр алуан мəдениетті халқымыздың қалыптасқан дүниетанымының көрінісі.

Қазақстан қоғамы бүгінде əлем сусап отырған татулық пен келісімді, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыр.

Мұндай ұстаным тəуелсіздік жылдарындағы мемлекеттің бүкіл ішкі саясатының өзегі болды. Қазақстанда ұлттық-мəдени саналуандық пен бірлікті жаңғырту, əрі дамытудың мемлекет-тік саясаты жүзеге асырылды. Қазақстанда шағын ұлттардың тілі мен мəдениетіне оңтайлы жағдай жасалып отыр. Олардың мүддесін қорғайтын арнайы «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» Заңының қабылдануы, парламентте Ассамблея атынан 9 өкілдің депутат болып отыруы осының дəлелі.

Сондай-ақ, этникалық азшылықтар жинақы тұратын жерлерде ұлттық мектептер жұмыс істейді. Онда ана тілі ретінде 16 тіл оқытылады, 15 мыңға жуық жас қазақстандықтар өз ана тілдерін — неміс, түрік, поляк, кəріс, татар, украин, ұйғыр, грек, армян жəне тағы басқа тілдерді дербес пəн ретінде оқуда. Мемлекет 500-ге жуық ұлттық-мəдени бірлестіктердің, 20 республикалық жəне аймақтық ұлттық газеттердің, радио-теле бағдарламалардың, 6 ұлттық театрдың іс-əрекеттеріне қолдау көрсетіп отыр.

Əйтсе де, ұлтаралық қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік ішкі саясатқа да оң өзгерістер мен серпілістер қажет. Күн тəртібіндегі Ұлттық бірлік доктринасын жасауда бүгінгі қоғамдағы жəне бүкіл əлемде қалыптасқан жағдай мен объективті факторларды мұқият сараптап, Қазақстан халқының саналы бірігуінің жəне сапа жағынан дамуының алғышарттары мен жолдары айқындалуы шарт. Бұл жолда Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығына дайындық барысында жасалып жатқан іс-шаралар өз септігін тигізуі мүмкін.

Қоғамдағы дінаралық келісімге жетудің орнықты саясаты Қазақстанның төрағалық етуіне тағы бір қомақты дəлел болмақ. Қазақстан үшін төзімділік ұстанымы – тек қана саяси мəдениет емес, мемлекеттік ұстаным болып табылады. Бүгінгі жағдайда əлемді өркениеттік, мəдениеттік жəне діни белгілері бойынша жіктеуге жол бермеу, əлемнің бірлігін, адамзаттың ортақ қатер алдында тұтастығын түйсіну айрықша маңызды.

Осы орайда Қазақстан түрлі мəдениеттер мен өркениеттер арасындағы өзара əрекеттестік тақырыбын алға тартып, ЕҚЫҰ жəне басқа да халықаралық бірлестіктердің аясында нақты шешімдердің қабылдануына күш салып келеді. Соның бірі – ЕҚЫҰ-ның еуро атлан тикалық жəне еуро азия лық бө-ліктері деп шартты түрде ата латын елдер дің арасын бірік тіріп

26 27

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

тұратын факторларды бір лесе із деу маңыз дылығы. Бұл тура-лы Венада Қазақстанның Ұйымға 2010 жылғы төрағалыққа əзірлігі барысын таныстыруға арналған ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының арнайы сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да еске салып өтті. Сөзін түйіндей келе, ол былай деді: «Қазақстан ЕҚЫҰ-ның келе шек төрағасы ретінде Батыс пен Шығыс арасындағы диалогқа алтын көпір болуды мақсат тұтады. Біз діни төзімсіздіктің жəне нəсілдік кемсітушіліктің барлық формаларымен күресте ЕҚЫҰ-ның күш-жігерін нығайтуды көздейміз» [2].

Шындығында, Батыс елдерінің, жалпы халықаралық қауымдастықтың қызығушылығын тудыратындай Қазақстанның ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы маңызды жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай жəне де еліміз ЕҚЫҰ гуманитарлық өлшемдері мақсаттарына қол жеткізу үшін осы салада жинақталған тəжірибесімен бөлісуге дайын. Атап айтар болсақ, Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылдан бері Астанада өткізіліп келе жатқан Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съездері. Бұл фо-рум мəдениеттер өркениеті диалогы саласында жұмыс істеп жатқан негізгі əлемдік конфессиялар мен халықаралық ұйымдар тарапынан қолдау тауып, Қазақстанның кон фессияаралық келіс пеушіліктерді болдыр мау, мəдени жəне рухани ынтымақтас-тықтың тиімді тетікте рін іздеу ісіне қосқан қомақты үлесі. Биыл-ғы 1-2 шілдеде Астанада үшінші съезд өтеді, енді ол Бірік кен Ұлт тар Ұйы мының қатысуы мен жəне тех ника лық жағынан жəрдем беруімен ұйымдас тырыл мақ.

Сондай-ақ, Қазақстан Президентінің ұсы ны сы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2010 жылды Мəдениеттерді жақындас тырудың халықаралық жылы деп жа-риялады. Сонымен қатар өткен жылдың қаза нында елордамызда «Ортақ əлем: сантүрлілік арқылы прогреске» форумы ұйымдасты-рылып, оған əлемнің 50-ден астам елінің дип ло маттары, халықара лық ұйымдардың өкілдері қатыс ты. Конференция біздің еліміздің бастамасымен алғаш рет 2006 жылдан бері əлемдік қауымдастықтың назарына ұсынылып келе жатқан «Мұсылман əлемі жəне Батыс» форматындағы үнқатысу идеясының нақты көрінісі деуге болады. Форум қоры тын дысында осы идеяны

нақтылап, жү зеге асыру үшін ортақ көз қа рас тарды айқындайтын Астана декла рациясы қабылданды.

2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемле-кеттік бағдарламасында көрсетілгендей, этносаралық жəне конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласында тəжірибе алмасу Еуропа елдерімен ынтымақтастықтың бөлек бір бағыты болып табылады, мұның өзі этносаралық жəне конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің тиімді тетіктерін құруда қазақстандық оң тəжірибені насихаттауға, дінге төзімді жəне толерантты еуразиялық қоғамдастықтың қалыптасуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Əлемдегі өзара түсіністікті нығайтуда Қазақстанның лайықты үлесін бағалаудың айғағы ретінде біздің мемлекет 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның, ал 2011 жылы ИКҰ-ның төрағасы болып сайланды. Қазақстанның төрағалығы ЕҚЫҰ-ның басты бағдарының бірі – Батыс пен Шығыстың үндесуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оған Қазақстанның қолында бар тəжірибелер мен бастамаларды пайдалануға болады. Сонымен бірге Қазақ стан дип ло матын ЕҚЫҰ-ның іс ба сындағы төраға сының Мұсыл ман дар ды кемсі-тушілікке қарсы күрес жөніндегі жеке өкілі етіп та ғайын дауын қазақстан дық оң тəжі рибені мойындау деп білеміз.

Қазақстанда ұлтаралық саясат өте жемісті жүріп жатқанына, аз ұлттарға ерекше қолдау жасалып отырғанына батыс сарап-шылары оң баға беруде. ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебектің мəлімдеуінше, Қазақстан ұлтаралық қатынастарды нығайту саласында ЕҚЫҰ-ға көп нəрсені ұсына алады. Ол Қазақстанда ұлттық мектептердің сақталып отырғанына жоғары баға берді, сонымен қатар ЕҚЫҰ өкілі елімізде мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің өзге ұлт-ұлыстар тарапынан ешқандай кедергісіз кеңінен қолдануын қалайтынын білдірді [3].

Ал, Германияның Орталық Азия бойынша сарапшысы Михаэль Лаубштың пікірінше, көптеген батыс сарапшылары Қазақстанның төрағалығынан Батыс пен Шығысты байланысты-рушы ретіндегі, сондай-ақ, ЕҚЫҰ жауапкершілік аумағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуші роліне аса мəн береді. Кавказда орын алған жағдайды, алдағы уақытта болуы мүмкін қақтығыстарды шешуде Қазақстанға сенім артылуда,

28 29

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

басқа Батыс мемлекеттеріне қарағанда біздің посткеңестік ел ретіндегі мүмкіндігіміз мол екендігіне тоқталады. Бұл өз кезе-гінде елімізге жүктелген зор жауапкершілік [4].

2006 жылы Астанада өткен мəдениетаралық, дінаралық жəне ұлтаралық төзімділік бойынша ЕҚЫҰ Кеңесіне қатысушы ЕҚЫҰ өкілдері де өз сөздерінде шын мəнінде Ұйымға мүше мемлекеттер үлгі алатындай Қазақстанның өзіндік оң тəжірибесі бар екендігін бірнеше рет қадап айтқан болатын. Бұған дəлел ретінде еліміздің тəуелсіздік алғаннан кейінгі ұлтаралық қатынас саласында туындаған мəселелерді оңтайлы шеше алғандығын келтіреді.

Еліміздің ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне Батыстың да мүдделік танытқаны белгілі. Оның себебін кейбір сарапшылар талайларды тамсандырған қазба байлықтарымызбен байланыстырады. Əйтсе де, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі «энергетикамен бірге ұлтаралық келісімге де негізделгенін» батыс сарапшыларының өзі мойындауда. Себебі, Ұйымға мүше 56 мемлекеттің барлығы дерлік көпұлтты, əрқайсының ұлттарға қатысты дербес саясаты бар. Осы тұрғыдан алғанда, қалай дегенмен де Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның тізгінін бір жылға ұстатқаннан Еуропа елдерінің ұтылмайтыны даусыз.

Əдетте ЕҚЫҰ адами өлшемдер саласында күшті деп есеп-телінеді, алайда гуманитарлық мəселелерде ұйым қызметі көп жағдайда демократияландыру жəне адам құқықтарын қамтамасыз етумен шектеледі. Сол себепті елдің этносаралық жəне конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі, төзімділік қағидаларын ілгерілетудегі жетістіктерін ескере отырып, кемсітушіліктің барлық формаларымен күресте ЕҚЫҰ-ның күш-жігерін нығайту Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы басымдықтарының күн тəртібіндегі негізгі мəселе болмақ.

Батыс елдерінің Қазақстанға қызығушылық танытып отырғаны көп жағдайда елімізде ұлтаралық келісім жəне саяси тұрақтылықтың орын алуымен, осы мəселелерге мемлекетіміздің аса мəн беруімен сипатталады. Осы бағытта Қазақстанның əлемдік қауымдастыққа ұсынар мол тəжирибесі, зор əлеуеті бар екендігі күмəнсіз. Алайда, ұлтаралық мəселе – бұл күнделікті тыңғылықты жұмыс істеуді талап ететін сала, əсіресе бүгінгі қалыптасқан жаһандану кезеңінде ұлтаралық, дінаралық татулықты нығайту мен қамтамасыз ету бағытында жаңа тың

идеялар қажет. Осы тұрғыдан қарастырғанда ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің, жалпы əлемдік қауымдастықтың Қазақстан төрағалығынан күтері мол.

Əдебиеттер:

1. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея-сының жыл сайынғы 17-ші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //www.akorda.kz

2. Венада Қазақстанның Ұйымға 2010 жылғы төрағалыққа əзірлігі барысын таныстыруға арналған ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының арнайы сессиясы өтті. //www.minplan.kz

3. Қазақстан ұлтаралық қатынастарды нығайту саласында ЕҚЫҰ-ға көп нəрсені ұсына алады. //www.kt.kz

4. О председательстве Қазахстана в ОБСЕ: мнение немецкого эксперта. //www. dw-world.de

Ұлтаралық жəне дінаралық келісімнің қазақстандық тəжірибесі: ЕҚЫҰ үшін ұсыныстар: халықаралық ғылыми-тəжірибелік конфе-ренцияның материалдары (Алматы қ, 25 ақпан 2009 ж.). – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2009.

30 31

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДІНАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ САЛАСЫНДАҒЫ ТƏЖІРИБЕСІ

Нұрлан Сейдін

Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ мен 2011 жылы ИКҰ-на төрағалық етуге сайлануы республиканың көпұлтты қоғамда толеранттылық орта қалыптастыруы мен Қазақстанның өркениет жəне мəдениет аралық жаһандық диалогтағы беделінің өсуін білдірумен қатар, ЕҚЫҰ мүшелеріне өзінің ұлтаралық татулық пен дінаралақ келісімнің қазақстандық үлгісін ұсынуға мүмкіндік береді.

Қазақстан ЕҚЫҰ мен ИКҰ-на төрағалық етуі барысында бұл беделді ұйымдардың күн тəртібіне мəдениет пен дінаралық диа-лог ұйымдастыру, төзімділікті шыңдау мен ұйымның мүше-мем-лекеттері арасында кемсітудің барлық түрлеріне қарсы күресті күшейту мəселелерін қоюды мақсат етіп отыр.

Қазіргі кездегі қоғамда саяси, əлеуметтік, мəдени жəне діни қарсылықтарды тудыратын «өркениет қақтығысының» орын алатыны туралы пікір кең таралған. Батыс мемлекеттерінің бірінде негізі қаланған бұл ілім бойынша жер шарындағы халықтардың өркениеті: батыстық, славяндық, конфуцийлік, исламдық, жапондық жəне тағы да басқа бірнеше топқа бөлінген. Аталынған ілім негіздеріне сүйенсек XXI ғасырда христиан əлемі мен ислам мемлекеттері арасында үлкен қақтығыс орын алуы керек болған. Өйткені, əлемдегі ең ірі екі діннің əр түрлі құндылықтарды уағыздап, өз тыңдаушыларына түрлі бағыттарды ұсынуы бұрылыссыз қақтығысқа алып келеді-мыс. Осы арқылы исламофобия күшейтіліп, қасиетті Құран мəтіні бұрмаланып, ислам мен мұсылмандарға қысымдар жасалынған болатын. Ал бұған қарсы кейбір мұсылман елдерінде радикалды ислам топтарының пайда болуы да заңды құбылыс.

Бірақ, «өркениеттер қақтығысы» теориясының қателігінің бірі ретінде ислам мен экстремизм, ланкестік ұғымдарының тамырлас деген пікірдің жаңсақтығын алуға болады. Өйткені, қазіргі таңдағы кейбір қақтығыстарға көз салар болсақ, олар бір мемлекеттің азаматтары немесе бір дінді уағыздаушы адамдар екендігін көреміз.

Бұл теорияның тағы бір қателігі ретінде қазіргі таңдағы көпұлтты жəне түрлі дінді уағыздаушы Қазақстан қоғамын алуға болады. Өйткені, көптеген саясаткерлер КСРО ыдырағаннан соңғы кезеңде Қазақстанның ұлттық құрамын саралай келе, бұл аймақтағы ұлтаралық жəне дінаралық қақтығыстардың орын алатын аймағы ретінде болжамдар жасаған болатын.

Қазіргі таңдағы тəуелсіз Қазақстанның жүріп өткен 18 жылдық жолы оны қоныстанған ұлттардың энтикалық, мəдени жəне дінаралық өзара əрекеттестігінің айрықша жағдайын та-нытады. Бұл жол этностың тұрмысты, дəстүрі, тілі, діни сенімі, менталитеті, ортақ шаруашылығы секілді адам өмірінің барлық салаларын қамтиды. Қазақстандық менталитет оқшаулану мен ұлтшылдықтың шектен тыс түрлерін қолдамайды. Əр түрлі этностардың арасындағы ұзақ мерзімді мəдени байланыс мем-лекет тұрғындарына тəн ортақ мəдени бағыт-бағдарлардың қалыптасып, ұлтаралық татулық пен төзімділік ортасының орнығуына себеп болған.

Сондықтан да, дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісін қарастыру барысында қазақ халқының тарихи-мəдени ерек-шеліктерін назарға алу қажет. Жалпы тарихқа жүгінер болсақ, қазақ халқы ерте заманнан-ақ көп дінділікті негізге алған. Тіпті Қазақстан территориясына ислам дінінің таралуынан соңғы кездерде де ол дала халықтарының өз сенімі – тəңірге табыну-мен қатар, өз жағдайларына бейімдеп алған несториан, буддизм жəне манихей діндерімен қатар жасасып, дамыған болатын. Ұлы Жібек жолының бойында жатқан Қазақстан əр түрлі дінді уағыздаушы халықтар арасындағы өзара мəдени баю үдерісінің ықпалында болды.

Ал қазақ халқының басқа ұлт өкілдеріне қатысты шы-дамдылығы мен рақымдылығы оның өз тарихындағы ауыр кезеңдердің болуымен түсіндіруге болады. Қазіргі Қазақстанның құрамының көпұлтты болуы бұл тарихи эволюциялық үдеріс емес, өйткені бұл аймақтағы этностардың көбісі зорлықпен алып келініп қоныстандырылған болатын. Мысалы, сарапшылардың мəліметінше XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың орта шеніне дейін Қазақстан жеріне 5 миллион 600 мыңнан астам адам қоныстандырылған. Осыншама басқа ұлт өкілдерінің қоныстандырылғанына қарамастан, осы кезеңге дейін ел

32 33

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

аумағында бірде-бір ірі көлемдегі ұлтаралық немесе дінаралық қақтығыс орын алмаған. Осылайша Қазақстан əлемге түрлі ұлт жəне дін өкілдерінің бейбіт өмір сүру мүмкіндігін танытып отыр.

Бұл жерде ұлтаралық өзара əрекеттестік, қоғамдық тұрақтылық, адам құқықтары мен бостандығы, этностар мен дін өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңның жоғарылығы мен құқықтық реттелінуі экстремизм мен басқа да төзбеушілік пиғылдардың алдын алатын мемлекеттік саясат принциптерін назарға алу қажет.

Қазіргі таңдағы Қазақстан өзін зайырлы мемлекет деп жариялаған жəне ресми идеология дінге қатысты бейтараптық негізде, яғни дінді жақтаушы немесе дінге қарсы əрекетімен танылмаған. Бұл жағынан алғанда Қазақстанның авторитарлы, тоталитарлы жəне теократиялық билікті мемлекеттерден көп айырмашылығы бар. Ол дінге қатысты саясатын өзіндік ерек-шелікпен қалыптастырғандықтан өзінің азаматтарының ұлттық жəне діни ерекшелігіне қатыссыз олардың барлығына сый-құрмет көрсетіп келеді. Өзінің территориялық орналасуының геосаяси жағдайы, яғни ислам, православие мен конфуцийлік өркениеттермен тығыз байланыста болуы Республиканың Еуро-азия құрлығындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтаудағы орнын айқындайды.

Тəуелсіздіктің 18 жылы ішінде Қазақстанның конфессия аралық жəне діни білім саласында айтарлықтай өзгерістер орын алды. Мысалы, 1989 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 30 конфессияға қарайтын 700 астам əр түрлі діни бірлестіктер болса, бұл көрсеткіш 2009 жылдың қаңтарында 46 конфессияға қарайтын 4000 астам діни бірлестікке жеткен (оның ішінде 2337 исламдық: сунниттік – 1756, шииттік – 3, суфийлік – 2, Ах-мадий жамағатының (қауымы) – 4, Орыс Православие шіркеуінің – 281, 90 астам рим-католиктік шіркеуінің, 1189 протестанттық бірлестіктің: евангелия христиан-баптистерінің – 291, лютерандық – 28, Иегова куəгелерінің – 104 жəне басқаларының бірлестіктері бар). Ал кейбір тəуелсіз сарапшылар бұл тізімге кірмеген бірлестіктердің бар екендінгін алға тартып, жал-пы Қазақстан жеріндегі бірлестіктердің саны қазіргі таңда 6000 асқандығын айтады. Əрине, бар-жоғы 18 млн тұрғын

халқы бар Қазақстан үшін бұл өте көп. Республикадағы діни толқынның бұндай ауқымға көтерілуін көлемді қаржы қорына ие болып отырған шетелдік миссионерлердің қызметі мен «жергілікті» дəстүрлі діни ұйымдар жұмысының əлсіздігінен деп қарау керек.

Жалпы Қазақстан поликонфессионалды мемлекеттер қатарына жатады. Республика аумағында ислам, христиан, буддизм, иуда-изм жəне басқа да дəстүрлі емес діни ағымдар таралған. Бірақ, діни ағымдардың көптігіне қарамастан тұрғын халықтың 70% ислам, ал 28% православие дінін ұстанушылар. Яғни, қалған діни ағымдардың үлесі бар-жоғы 2% ғана құрайды. Сондықтан да, ел аумағындағы дінаралық келісімнің тұрақтылығы негізінен ислам дінін ұстанатын халықтың 70 пайызына қатысты болып отыр. Өйткені, бұл 70 пайыздың, яғни республика халқының 10 млн астам адамы 26 ұлт өкілдері болып табылады. Демек, дінаралық келісімнің негізгі факторы ретінде осы ұлт өкілдерінің ұстанатын бағыттарына қарамастан жалпы ислам дінінің ішінде бірлікті сақтауын алуға болады.

Сондықтан да, қазіргі таңда бейбітшілік пен дінаралық диалог жəне келісім бағытында біршама жетістіктерге қол жеткізілгеніне қарамастан, шешімін ертеңгі күнге қалдыруға болмайтын бірне-ше мəселелер бар. Діни төзбеушілік, экстремизм мен ланкестік əлі де болса əлемдік қауіпсіздікті сақтауға өзінің залалын тигізіп отыр. Аталынған қауіптерді XXI ғасырдың өзекті мəселелеріне жатқыза отырып, оларды шешудің бір жолы ретінде дінаралық келісім мен диалогты жетілдіру қажеттілігін көрсетуге бола-ды. Өйткені, дінаралық келісім мен диалогтың болмауы халық арасында өмір деңгейінің төмендеуі, халықтың мəңгүрттенуі, ожданның төмендеуіне байланысты қылмыстың көбеюі мен қарулы экстремизм мен ланкестікке алып келетіндігін көріп отырмыз.

Қазақстанда діни бірлестіктердің қызметінің нормативті-құқықтық базасы біршама негізделгенімен, оны жеке алып қарар болсақ діннің мəртебесі, оның қоғам өміріндегі орны, яғни діннің адам өмірінің саяси-əлеуметтік жəне мəдени салаларындағы əрекет ету шекарасы мен статусы нақтыланбаған. Бұл мəселелердің барлығының шешімі еліміздегі діни жəне конфессияаралық қатынастарды реттеуге негізделген жаңа Заң

34 35

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

жобасына тіреліп отыр. Тағы бір айта кететін жайт, ол жаңа Заң жобамыздың басқа мемлекеттермен салыстырғанда əр түрлі діни бірлестіктерге қатысты өте жұмсақтық танытуында болып отыр.

Соған қатысты Қазақстандағы діни жағдай дамудың жаңа үрдісін көрсетуде. Бұл əсіресе, əр түрлі діни-нанымдық нор-малар мен ұстанымдарға негізделген жаңа діни ілімдер мен табынушылықтарды уағыздайтын діни бірлестіктердің пайда болуына алып келді. Қазақстан үшін бұл саладағы мəселелерді шешуде батысеуропа мемлекеттерінің жаңа діни бірлестіктермен қарым-қатынасының үлгісі үлкен тəжірибе болады. Бұл мемле-кеттерде жаңа діни бірлестіктермен қарым-қатанас маңызды екі принципке негізделген: біріншіден, кез-келген демократиялық мемлекет діни көзқарас еркіндігінің кепілі, ал екіншіден ол өз азаматтары мен қоғамын кез-келген діни ұйымның қолайсыз салдарларынан қорғауға дайын болуы керек. Бұл екі принцип мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынасты, əсіресе жаңа діни бірлестіктермен байланысты реттеуде басты назарға алынуы қажет. Қазақстан жағдайында біздің құқық қорғаушылар мен əр түрлі халықаралық ұйымдар бірінші принциптің орындалуына баса назар аударғанымен де, екінші принципке көп көңіл бөле бермейді.

Əлемдік, дəстүрлі діндер жеке тұлғаның рұхани жəне мəдени тұрғыда дамуының негізгі факторларының бірі. Кез-келген діннің негізгі қажеттілігі – ол адам бойында адамгершілік қасиеттің болуы мен оның «өзіндік бейнесін» сақталуын қамтамасыз ету. Ал қазіргі кездегі қоғамның негізгі мақсаты гуманизм мен толеранттылық, дінаралық келісім мен татулық секілді жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына əсер еткен дəстүрлі діндердің қағидалары мен ұстанымдары негізінде əлемдік адам-зат өркениетін сақтау болып табылады.

Дінаралық бейбітшілік пен келісімді, діни толеранттылықты нығайту мен ықпалдасу, рұхани жəне ождан қалыптастырушы ретіндегі діннің күшеюі үшін халықтың сауаттылығын көтеру қажет. Бұл мəселеде халықтың тек діни сауаты ғана емес, соны-мен бірге оның саяси сауаты, белгілі-бір саяси мəдениеті мен саяси санасының дұрыс бағытта қалыптасуы да қарастырылады. Бұндай қажеттіліктің туындауын қазіргі таңдағы өркениеттің

негізгі қауіпі – экстремизмнің діни жəне саяси сауатсыздықтың нəтижесі мен олардың өзара астасып кетуінің қорытындысы ретінде танылуынан көру қажет. Дін мен саясаттың өзара бітісіп кетуі қауіпті жағдай, өйткені діни жəне саяси қайраткерлер өздерінің мақсаттарына жетуде діни сезімдер мен қағидаларды қоғам өміріне пайдалануы мүмкін. Қазіргі таңда дін мен саясат арасындағы өзара тəуелділік пен өзара əрекеттестіктің нəтижелері айқын байқалып, көптеген мемлекеттердің басшылары өздерінің саяси кеудомсоқ мақсаттарына жету үшін қарапайым халықтың діни сезімін саяси құрал ретінде пайдалануда. Дінаралық бейбіт-шілік пен келісім жəне діни толеранттылықты нығайту үдерісінде конфессионалдық сəйкестілік маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты əлемдік, дəстүрлі діндер тарапынан конфессиалық өзін-өзі сəйкестендірудің эгоизм, изоляционизм, фанатизм секіл-ді құбылыстарын жоюға қатысты шаралар жүргізілуі қажет. Жағымды конфессионалдық сəйкестілікті қалыптастыру арқылы өз дініне деген құрмет, дəстүрі мен тарихына деген мақтаныш оятса, екінші жағынан поликонфессионалдық қоғамға деген көзқарасын қалыптастырып, «өздік-бөтен» деген пиғылдан арылуға қол жеткізіледі.

Дінаралық келісім мен диалогтың қазіргі кездегі үлгісі интеграциялық принципке негізделуі қажет, өйткені əр түрлі діндер мен діни бірлестіктердің болуы біріншіден, өзіндік діни дəстүр мен ілімді құрметтеп дамуға мүмкіндік жасаса, екінші-ден əр түрлі діндер арасындағы тең құқылық қатынастардың қалыптасуына алып келеді.

Дəстүрлі діндер өте күшті интеграциялық фактор болу үшін біз олардың арасындағы айырмашылықтарды іздеудің орнына, олардың өзара ұқсас принциптерін, құндылықтары мен бастау-ларын тани білуіміз қажет. Міне, сонда ғана дінаралық келісім мен диалог қоғам өмірінді позитивті рөл атқарып, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік саясатының негізі болып, қазіргі заманғы жаһанданушы əлемнің тұрақтылығының кепілі ретінде таны-лады.

Əрине, кез-келген дін аралық келісім үлгісін қарастыру ба-рысында (оның ішіне қазақстандық үлгі де кіреді) əлемдік тарих сабағына, оның ішінде ислам мен христиан діндері секілді іргелі конфессиялардың өзара қатынасына тоқталып өткен жөн. Со-

36 37

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

нымен қатар, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, Ислам Конференциясы Ұйымы секілді жəне тағы да басқа өркениеттер диалогын дамыту, төзімділік пен кемсітпеушілікке жақыру жəне мүше-мемлекет-тер мен жалпы азаматтық қоғамдарды діни сенім еркіндігіне шақыратын халықаралық ұйымдардың тəжірибесін пайдаланған абзал. Өйткені, қазақстандық үлгі болсын немесе басқасы болсын бұл діндердің адамзат өркениетіне қосқан үлесі мен жүріп өткен жолының мол тəжірибесінсіз қалыптасуы мүмкін емес еді.

Ұлтаралық жəне дінаралық келісімнің қазақстандық тəжірибесі: ЕҚЫҰ үшін ұсыныстар: халықаралық ғылыми-тəжірибелік конфе-ренцияның материалдары (Алматы қ, 25 ақпан 2009 ж.). – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2009.

МЕДИА КЕҢІСТІКТЕГІ ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ

ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРҒЫСЫНАН КӨЗҚАРАС

Антон Морозов

Ғылыми-техникалық төңкерістің кезекті жетістігі, телетараты-лым мен интернеттің қарқынды дамуының нəтижесі – жаһандық ақпараттық қоғам өз кезегінде жаңа саяси технологиялардың дүниеге келуіне əсер етті. Қазіргі таңдағы саясаттың негізгі белгілерінің бірі – виртуальданушылық немесе нақты саяси тұлғалардың виртуалды (ойлап табылған) кеңістікке өтуі болып табылады. Бұл құбылыс бірнеше анықтамаға ие болды: жүйелік саясат, виртуалды саясат, медиакратия, нетократия.

Көптеген зерттеушілер билік нақты саясатты вирту-алды саясатпен алмастыра алады деп сенеді. Ақпараттық технологиялардың теоретигі, француз философы Ги Дибор өзінің «Спектакль қоғамы» атты кітабында көрініс пен қойылымды заманауи қоғам өміріндегі орталық құбылыс ретінде қарастыра отырып: «Бұрындары нақты өмірдегі бар заттар, енді репрезен-тация жағдайына өтеді» – деп айтқан. [1]. Автордың ойынша, бұндай қоғамда адамдар өзіндік жəне қоғамдық қатынас, білім мен тəжірибе негізінде шындықты қабылдау мүмкіндігінен айы-рылады. Оның орнына «теледидар суреттерінен» жасалынған шындық қалыптасады. Ги Дебор билік азаматтық қоғамның спектакль қоғамына өзгеруін мақсатты түрде жүзеге асырады, өйткені, бұндай жағдайда бұл қоғамға ықпал етіп, оны басқару жеңілдейді, адамдар басқаруға бейім жағдайға түсіп, өзіндік шешім қабылдау мүмкіндігінен айырылады, ал нəтижесінде «жалқыланған еңбек индустриясы одан да ары жалқыланған уақыт өткеру индустриясымен алмасады» [2].

Ги Дебордың жерлесі, философ Жан Бодрийяр маркстік қондырғы түсінігін дамыта келіп, философиялық сөздікке гиппершындық түсінігін енгізді. Гиппершындықтың бірліктері ретінде рəміздік алмасу принципі негізінде жұмыс істейтін қоғамдық пікір секілді заманауи феномендерді білдіретін симуля-крлар немесе белгілер мен рəміздер танылады. Бодрийяр қазіргі

38 39

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

дəуірді гиппершындық дəуірі деп атап, еңбектің өндірмейтіндігін, оның орнына əлеуметтендіретінін, биліктің өкілетті органдары ешкімнің өкілеттілігін танытпайтындығын, ал заттар мен идея-лар автономды өмір сүріп, өзін-өзі тиімді елестететінін айтады. Нəтижесінде, XX ғасырдың соңында адамдар координаттардың нақты жүйесін жоғалтты, ал ол өз кезегінде қайырымдылық, зұлымдық, шындық пен жалғандықты анықтау мүмкіндігінен айырды.

«Netократия – жаңа билеуші элита жəне капитализмнен кейінгі өмір» атты кітаптың авторлары А. Бард и Я. Зодерквист осы пайымдауларды дамыта отырып, жаңа тап, яғни «неток-раттар»* қазірдің өзінде билікте отырпандығын жəне жақын уақыт аралығында жаһандық ақпараттық жүйеде тиімді байла-нысты қамтамасыз ете алмай отырған дəстүрлі саяси элитаны толығымен ығыстыратынан көрсетеді.

Осы үрдістерге бой алдырған киноиндустрия жүйе мен жаңа байланыс технологияларының мүмкіндігін «Матрица» филмінде жалпылама көрсетіп өткен. Біздің ойымызша, «Мат-рицы» филмінің негізгі мағынасы – бұл, тек шамалы адамдар ғана жағдайды нақты түсінеді, ал қалғандарының санасы нақты шындықты бұрмалап көрсететін симулякрлар арқылы үланғандығында болып отыр. Яғни, «кім ақпатарқа ие болса, сол əлемдіи басқарады» – деген белгілі тезис қазіргі таңда нақты бейнеге ие болып келеді.

Жағдайдың бұндай қалыпқа түсуі қоғам тарапынан (əсіресе, оның солшыл саяси құрамы өкілдері) қарсылыққа ұшырауы заңды құбылыс болуы мен қоғамның мемлекет пен корпорацияларға көлемі жағынан барабар өзіндік ақпараттық ресурсты қарсы қоюға шамасының жетпейтіндігі де белгілі. Бірақ, бұндай жағдаймен келісуге де болмайтын еді. Сондықтан да, оған сəйкес жауап қажет болды. Осындай жауап ретінде «тактикалық медиа» пайда болды. Тактикалық медиа – бұл күн тəртібіне əсер ете алатын сырттан таңылған, арзан жəне тиімді байланыс құралы болып табылады. Осындай байла-ныс құралдары қатарына самиздат, ҒМ-радио, интернет жəне

қоғамдық көзқарасқа өзінше əсер ете алатын флэш-моб секілді құралдарды жатқызамыз.

Қазақстанда тактикалық медианы қолданудың алғашқы белсенділік толқыны біздің ойымызша 2000-2001 жылдары, яғни қазнет кеңістігінде азиоп, барстың тырңағы, компромат жəне басқа да сайттар пайда болған жылдар болып табылады. Тактикалық медиа мысалдары ретінде бүгінгі күні қазақстан ақпараттық алаңындағы блоггинг принципінде құрылған «əмбебап қауіпсіздік клубы», «інкəр.инфо» интернет-радиосы (бұл екі жоба да қазіргі кезде Қазақтелеком арқылы шектелген) немесе БАҚ назарын өзіне аударған «Нұр Отан» қозғалысының акцияларын атауға болады.

Интернет көптеген басылымдардың жұмысын жеңілдетті. Тілшілер белгілі бір жағдайларға қатысты интернетті ақпарат көзі ретінде пайдаланады. Жүйедегі өзекті немесе сенсациялық материалдың жарық көруі бірден басылымда көрініс береді.

Тактикалық медиа басқа бұқаралық ақпараттық құралдардан өзінің виртуалдылығы мен жаңалықтарды жылдам жəне арзан жариялаумен қатар, өзінің бақылаусыздығымен жəне ең негізгісі ақпаратты аты-жөніңді көрсетпей таратуға мүмкіндік беруінде болып отыр. Осындай тың мысалдар қатарына еуропа басылым-дары арқылы жарық көріп, отандық БАҚ арқылы таратылған Хра-пуновтар жанұясының Швейцариядағы кəсібі немесе жетекші тілшілерге Р. Əлиевтің атынан таратылған «Өкіл əке» кітабының үлгісін жатқызуға болады.

Əрине, билік өз кезегінде «тактикалық медианы» пайдалануды шектеуге күш салады: интернет-ресурстарын БАҚ теңестіру, бұл жағдайда оны БАМ-да тіркеуді талап етеді жəне сол секілді ин-тернетті заңнама негізінде реттестірудің жолдары қолданылуда. Бірақ, бұл шара нəтиже бермей отыр, себебі жабылған кез-келген сайт көп ұзамай қайтадан қалпына келтіріледі. Мысал ретінде интернет-газет Навигатордың Навигатор 2, Нави, Мизинов. Нет жəне Зонакз.нет болып өзгеруін келтіруге болады.

Ақпарат жəне байланыс жөніндегі агенттіктің «Ақпарат-тық-коммуникациялық жүйелерге қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын əзірлеуі негізінен интернет арқылы таратылатын ақпараттарға қатысты ҚР ұлттық

* Нетократы –net – жүйе жəнеkratia – билік сөздерінің қосындысы. Яғни жаһандық ақпараттық жүйеде контенттерді анықтай алатын жəне байланыстың жаңа түрлерін пайда-лануды үйренуге бейім адамдар.

40 41

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

қауіпсіздігіне төнетін қатарлерді азайтуды көзделген. Жобаны əзірлеушілер «веб-сайт» түсінігін «интернет-ресурс» дегенге алмастыруды ұсынады. Түсініктің бұндай мағынада өзгертілуі веб-сайт қана емес, сонымен бірге блогтар, чаттар, форум мен комментарилерді БАҚ теңестіруге мүмкіндік береді. Яғни, блоггерлер, комменттарлар мен «чатландар» жəне бұл интернет-ресурстардың иелері тілшілер мен редакторларға теңестіріліп, қылмыстық, əкімшілік жəне азаматтық жауапкершілікке тарты-лады. Біздің жұмысымыздың мақсаты бұл заң жобасын бағалау болмағандықтан, оған толығымен тоқталмаймыз. Бірақ, біздің ойымызша бұ ұсыныс біріншіден, мемлекеттік органдардың жаһандану мен НТР туғызған жаңа қатерлер алдындағы дəрменсіздігін жəне екіншіден, жаһандық ақпарат толқындарының əкелетін нақты қатерлерін көре білуінде екендігін танытады.

Қазіргі кезеңде ақпараттық соғыстың қазақстан жəне жалпы посткеңестік аймақта басқарудың орталық құралдына айнала бастауы оны зерттеу қажеттілігін туғызды. Осы мəселеге қатысты зерттеулерді В. Пелевин өзінің «Generation П» и «Числа» роман-дарында жəне одан кейін С. Минаев «Медиа сапиенс» повесінде жинақтап көрсетті.

Бұл романдардың негізгі идеясы біздің тақырыбымызбен үндес, яғни жаһандану үрдісіндеге əлемде назарды басқару мəселесі болып отыр. Коммуникациялық толқындар кеңістігінде мақсаты аудиторияның назары үшін үздіксіз күрес жүруде жəне хабарламалар адресаттарға жету үшін олар нақты жəне түзу сызықты болуы керек. Олай болмаған жағдайда ақпаратты тұтынушы басқа арнаға ауыса-ды немесе браузерді жауып тастайды. Сондықтан да, бұл күресте жеңіске ұстанымды анық артикулияциялаған тарап жетеді.

Бізде, өкінішке орай бұл туралы тек сайлау кезеңінде ған еске алып, басқа кезде қиындықтьар мен жинақталған сұрақтарды бос сөздің артына жасырғанды жөн көреді. Бұның барлығы БАҚ деген сенімді жоғалтады. Ойымызды сандық мысалмен өрнектейтін болсақ. «Қазақстан Республикасындағы саяси өзгерістердің негізгі бағыттары мен қарқынының деңгейі*»

атты тақырыптағы республикалық əлеуметтік зерттеудің мəліметтеріне сүйенсек, тұрғындар негізінен телеарналарға (63%), сосын радиоға (56%) жəне қоғамдық-саяси газеттер мен жорналдарға (53%) сенеді. Ең төменгі сенім көрсеткішін Интернет (46%) иеленген.

БАҚ саяси ресурсын бағалаудың тағы бір шарты бұл оқырмандарының ұсынылған ақпараттың объективтілігіне деген бағамы болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген əлеуметтік зерттеудің нəтижелері бойынша сауалнама қатысқандардың тек бестен бір бөлігі (21%) ғана бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық-саяси оқиғаларды жариялау барысында толық жəне объективті ақпарат беретіндігін көрсеткен. Ал респонденттердің жарты-сынан көбі (57%) БАҚ өздеріне тиімді ғана ақпаратты таратады деп санаған.

Бұл мəселеден шығатын жанама қорытындыға келер болсақ, БАҚ бұқаралық саяси сана мен қазақстандықтардың əрекетіне əсер ету мүмкіндігі шектеусіз еместігін байқаймыз. Масс-медиа ақпараттарына деген жаппай қызығушылық пен зейіннің 1980 жылдардың аяғында байқалаған деңгейі қазіргі кезде мүлдем жоқ. Бұл негізінен тұрғындардың қоғамдық-саяси ақпараттарды пайдалануының кемуі мен БАҚ деген сенімнің жойылуына бай-ланысты.

Осылайша, заманауи қазақстандық шындықта БАҚ – қоғам коммуникациялық желісі бір жақты екендігін байқаймыз. Билік – БАҚ – қоғам буынындағы БАҚ қызметін төмендегідей сипаттауға болады:

- тұрғындарды ақпараттандыру; - биліктің заңдылығын қолдау;- саяси мақсаттарға жету үшін қоғамдық көзқарасқа ықпал

ету технологиясның құралы (саяси кеңістіктің субъектілерінің өкілеттілігін ұзарту немесе тоқтату).

Сонымен қатар, қалыптасқан жүйеде БАҚ өзінің негізгі қызметі – кері байланыс механизмі, яғни билік адындағы қоғам мүддесінің «лоббисті» қызметін атқармай отыр. Бұл өз кезегінде төмендегідей қолайсыз жағдайларға алып келеді:

• тұрғын халық тарапынан БАҚ деген сенімнің одан ары төмендеуі;

* «Қазақстан Республикасындағы саяси өзгерістердің негізгі бағыттары мен қарқынының деңгейі» атты тақырыптағы республикалық əлеуметтік зерттеуді 2007 жылы ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ-дың тапсырысы бойынша Іскерлік ақпарат, əлеметтік жəне маркетингтік зерттеулер орталығы жүргізген.

42 43

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

• биліктің шынайы жағдайын нақты көрсетпеу, ол өз кезегінде саяси шешімдерді əзірлеу, қабылдау мен жүзеге асыру шарала-рын қиындатып, қоғамдық-саяси үрдістерге болжам жасауды ауырлатады;

• шынай ақпараттың жетіспеушілігі жағдайындағы əлеуметтік сезімсіздік жағдайының өсуіне алып келеді;

• азаматтық қоғамның қалыптасу үрдісінің баяулауына əсер етеді.

Осылайша, қоғамда қабылдаған ақпаратты сынсыз қабылдау үрдісі орын алғандықтан əлеуметтік фрустация қалыптасады.

Бұндай қоғам əлеуметтік ауруларға, оның ішінде дүрбелең, топтық қобалжу мен ойланбай істелген шешімдер жəне радикалдық шаралар бар.

Тұтынушы ақпаратқа деген сындық көзқарастың болмауы саяси кеңістіктің субъектілерінің бір мəселелеге қатысты əр жолы түрлі əдістерді, кейде бір-біріне қарама-қайшы əдістерді қолдануына мүмкіндік береді. Біртіндеп саяси кеңістік қазіргі теорияда «саясаттың медиалануы» деп аталатын құрылысты жүзеге асырады. Жалпы алғанда саяси кеңістіктегі коммуникация қарапайым шараларды жүзеге асыруға қолданылады: сайлаудағы дауыс пен рейтингтің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету. Сайлау қарасаңында барлық күш-жігер аудиторияның даусын өзіне трату мақсатында қолданылады. Белгілі-бір мəселеге көңіл аударатын тақырып-фантомдар жасалынып, қатер қауіпі күшейтіліп, өзара ынтымақтықтың жақсылығы уағыздалады. Ал сайлаудан соң бұл құмарлықтың барлығы да басылады. Бірақ, рейтингке қол жеткізуге арналған бұл қысқа мерзімдік шара электораттың саясаткерге деген қысқа мерзімдік сенімінің орнауына əсер етеді. Ақпараттық соғыс тəсілдері мен саяси технологиялар ұзаққа созылмайды, ал оларды ұзақ уақыт пайдалану бағыттан жаңылуға, қоғамның ақпараттық сынының төмендеуіне жəне саясатқа қызығушылықтың азайып, қоғамдағы ықпалдасудың тоқтауына ықпал жасайды.

Бұндай жағдайдың қалыптасуы елдегі саяси күрес барысында қазақстандық БАҚ дағдарысына алып келу қауіпін туғызады. Бұл өз кезегінде идеологиялық бағытта саяси көңіл-күй мен қоғамның қалауы жəне электораттың əлеуиметтік ұстанымдары, дүниеге көзқарастары мен сенімдеріне елеулі өзгерістер енгізуі мүмкін.

Əдебиеттер:

1. Ги Дебор. Общество спектакля. Пер. с франц. С. Офертаса и М. Якубович. М. - LOGOS (Радек), 2000. 184 с.

2. Там же.

«Қоғам жəне дəуір» ғылыми-сараптамалық журналы №2, 2009.

44 45

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

«НҰР ОТАН» ХДП – САЯСИ БІРІГУДІҢ ФАКТОРЫ

Нұрлан Сейдін

Биыл «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өзінің он жылдық мерейтойын атап өтеді. Он жылдық туылған күнді тойлауға қазіргі қалыптасқан жағдай: экономикалық дағдарыс, ұлттық валютаның құнсыздануы мен оппоненттер тарапынан сынның күшеюі секілді мəселелер біршама қолайсыздық туғызып отыр. Сондықтан да, халықтық партияның идеологтары осы мəселені назарға алып, партияның он жылдығын тойлауды «оба кезіндегі тойға» айналдырмайды деп сенеміз. Соған қарамастан, мұндай елеулі мерзім партияның құрылуы мен бастауларын еске түсіріп, қорытынды шығарумен қатар, болашаққа жаңа бағдарлар жасауға мүмкіндік береді.

«Нұр Отан» ХДП-ның негізі болған «Отан» республикалық саяси партиясы алғашында мемлекет басшысының бастама-ларын қолдау жəне Н. Назарбаевтың 1999 жылғы президент сайлауындағы үгіттеу штабының негізінде құрылған болатын. Бұл үшін Парламентте президенттің бағытын ұстанып, фракция рөлін атқаратын позитивтік саяси мағынасы бар толыққанды са-яси құрылым құру қажет болды. «Отан» партиясының құрамына бұған дейін қалыптасқан билік партиялары – Қазақстан халықтар бірлігі партиясы, Демократиялық партия, Либералды қозғалыс, Əділеттілік партиясы мен «Қазақстан – 2030 үшін» қозғалысы кірді. Осылайша, «Отан» билік партиясы рөлін өз қолына алып, партиялық жүйенің «локомотиві» ретінде таныла бастады. Соған қарамастан, «Отан» партиясы өзінің саяси бағдарламасында əлеуметтік-демократиялық позицияны ұстанды.

Сонымен бірге, «Отан» партиясы толығымен қалыптасқан билік партиясы ретінде бұл қосылулардан соң əр түрлі деңгейдегі наменклатураның саяси бірігуінің нақты факторына айналды. «Отан» партиясының қызметінің бұл аспектісі өте маңызды деп танылады, өйткені, мемлекет басшысының есімі-мен байланысты билік партиясының болуы жəне оның маңызды саяси шешімдер шығарудың жалпымемлекеттік тетіктеріне атсалысуы ағымдағы биліктің əлеуметтік-саяси базасының ауқымдығын танытады.

«Отан» партиясының толыққанды президенттік партияға айналуы бірнеше кезеңде орындалғанын айта кеткен жөн.

Осы бағыттағы алғашқы айқын қадам 2004 жылдың науры-зында өткен «Отан» партиясының VI съезінде жасалынды. Съезд барысында «Отан» партиясының экономикалық, əлеуметтік жəне саяс мəселелерді шешуге бағытталған электоралдық компаниясының жалпы стратегиясы жарияланды.

Бірақ, аталынған съездің негізгі мақсаты қалыптасқан жағдайға сай «Отан» партиясын модернизациялау мəселесі болатын. Осы съезде партияның төрағасы болып Н. Назарба-ев сайланды. «Отанның» басшылығына келген Елбасы саяси алаңның кейбір жаңа субъектілері көрсеткісі келгендей «Отан» партиясының өз мүмкіндіктерін сарқымағанын білдіре келіп, саяси көшбасшы позициясынан түспейтіндігін көрсетті. Съезд «Отан» партиясы негізінде биліктің саяси, əкімшілік жəне экономикалық ресурстарының кейбір элементтерін біріктіру мүмкіндігі бар екендігін танытты. Осылайша, «Отанды» билік партиясы бейнесінен билік, бизнес жəне саяси элита мүдделеріне əсер етудің тиімді механизмі – «Президенттік партия» бейнесіне енгізуге қатысты талпыныс жасалынды. Осыдан соң, партияның құрамында өзгерістер орын алды, яғни, оның негізгі əрекет етуші тобы қатарына облыс əкімдері мен үкімет өкілдерінің кіруі «пар-тия иерархиясын» күшейтіп, оны тұрақты жəне тұғырлы етті.

Қалыптасқан саяси жағдай мен саяси дамудың тенден-циясы талаптарына сай «Отан» партиясын өзгертудің келесі стратегиялық қадамы ретінде 2006 жылдың шілдесіндегі «Отан» партиясының кезектен тыс съезінде оның құрамына «Асар» партиясының қосылуын айтуға болады. «Асардың» бұл шешімі бірнеше себептерге байланысты күтпеген оқиға болды. Өзінің құрылған кезіннен бастап, қомақты қаржылық, ақпараттық жəне интеллектуалдық ресурстарға ие болған «Асар» партиясы «пре-зидентті жақтаушы күштер» қатарында «Отанның» баламасы ретінде танылған еді. Тіпті, «Асар» құрылған соң «Отан» парти-ясымен арадағы қарсыластықтың жоғарғы деңгейі де байқалған болатын. «Асар» партиясы өзін «жаңарған билік партиясы» ретінде таныта бастаған еді.

Соған қарамастан, екі партияның қосылуы орын алды. «Асардың» 2006 жылы РСП «Отан» құрамына енуінен соң,

46 47

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау І Ішкі саяси дамудың өзекті мəселелері

соңғысы партиялық-саяси кеңістіктегі ең ірі жəне ықпалды саяси ұйымға айналды. Міне, дəл осы уақыттан бастап қазақстандық саясаттанушылар мен сарапшылар «басым» партия феноменін тыңғылықты зерттей бастады. Елдегі ірі екі партияның бірігуі президентті жақтаушы күштердің белсенділігіне алып келді. Осыдан бірнеше айдан соң «Отанның» құрамына Қазақстан азаматтық партиясы мен Қазақстан аграрлық партиясы қосылды. Ал сол жылдың желтоқсанындағы «Отан» РСП-ның кезектен тыс XX съезінде партия өзінің бүгінгі «Нұр Отан» атауын ием-денді.

Партиялық-саяси кеңістіктің орталығы болып келген партиялардың «Нұр Отан» базасына бірігуі жəне соңғысының (Нұр Отанның) мемлекеттік партиялық-саяси кеңістіктің ба-сым субъектісіне айналуы Қазақстанның саяси кеңістігіндегі өте ірі құрылымдық өзгеріс болды. Сонымен бірге, бұл үрдіске сарапшылардың əр түрлі баға бергеніне қарамастан, оны жалпы алғанда партия құрылысындағы маңызды жəне оң нəтиже ретінде сипаттауға болады.

Бірнеше партияның біртұтас коалицияға бірігуін ел ішіндегі саяси элитаның өзара қарама-қайшылықтар мен тартыстарды жеңіп, стратегиялық мəселелерді шешуде өздерінің бар күштерін біріктіруін олардың мүдделерінің теңдігіне қол жеткізуі ретінде қарау керек. «Нұр Отан» институтционалынған билік партиясы ретінде əр түрлі деңгейдегі наменклатураның саяси бірігуінің нақты факторына айналды. Мемлекет басшысының есімімен тікелей байланысты билік партиясының болуы мен оның маңызды саяси шешімдер шығарудың жалпымемлекеттік тетік-теріне атсалысуы ағымдағы биліктің əлеуметтік-саяси базасының ауқымдығын танытады.

«Нұр Отанның» бұлайша күшеюі оң нəтижелерімен қатар, белгілі-бір қатерлер де туғызады. Біріншіден, ХДП «Нұр Отан» жалпыұлттық деңгейге көтерілгендіктен, оның елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға қатысты жауапкершілігі ар-туымен қатар, саяси, экономикалық жəне əлеуметтік саладағы жайсыздықтар партияның беделімен бірге Елбасының да имиджі-не кір келтіреді.

Сонымен қатар, кейбір сарапшылар партиялық-саяси алаңның жетекші субъектілерінің бірігуі оладың бастапқы

бағдарламаларындағы ұстанымдар мен позицияларының алшақтығына байланысты саяси-идеологиялық мəселелерде тактикалық тартыстарға алып келуі мүмкін деген болжамдар айтты. Бірақ, өмір көрсеткендей бұл болжамдар өздерінің тамырсыздығын танытты.

«Нұр Отанның» дамуының келесі кезеңі 2007 жылғы Конститутциядағы өзгерістермен байланысты. Конститутциялық реформа модернизациялық үрдістердің қозғаушы күші ретінде азаматтық қоғамның маңызды бөлігінің бірі – тиімді партиялық жүйенің қалыптасуы мен дамуының саяси алғышарттарының қалыптасуына əсер етті. Саяси реформа бағдарламасының негізгі бөлігі партиялардың дамуы мен оның қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталды.

Конститутцияға өзгерістер енгізу жаңа, кезектен тыс парла-менттік сайлау өткізуге итермеледі. Сайлау жүйесіне енгізілген негізгі жаңалықтар ретінде сарапшылар сайлау үлгісінің аралас жүйесінен тепе-теңдік жүйесіне өту, электоралдық үрдіске қатысушылардың санының азайғандығы мен партиялардың сапасының артуын жəне сайлауға Қазақстан халықтар Ассамблеясының қатысуын атап өткен.

Осындай жағдайда саяси партиялар сайлаушылардың дауысы үшін бəсекелестікке түсті. «Нұр Отанның» негізгі қарсыластары ретінде Жалпыұлттық əлеуметтік-демократиялық партияс (ЖƏДП) мен «АҚ жол» партиялары көрінді. 2007 жылдың 18 тамызында Қазақстан халқы өзінің таңдауын жасады: парла-мент сайлауында «Нұр Отан» ХДП үлкен алшақтықпен жеңіске жетті.

Сайлау нəтижелері бойынша «Нұр Отан» ХДП-ның билік органдарындағы басымдығын көрсететін айрықша партиялық-са-яси жағдай орын алды. Жаңа конститутциялық реформа бойынша парламенттегі көп дауыс жинаған партияға үкіметті жасақтау мен оның бағдарламасын қалыптастыруға қатысты құқық берілген. Сондықтан да, «Нұр Отан» басқа партиялардың көмегінсіз-ақ Қазақстан Республикасы дамуының басымдықтарын айқындай алады.

Сайлау нəтижелері «Нұр Отан» ХДП-ның алдына жаңа қатерлер мен қауіптер туғызды. Партиялық əкімшілік пен мүшелер санының көбеюі төрешілдік үрдісінің жоғарлауына алып

48 49

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

келуі мүмкін. Сонымен бірге, ой-сана мен қызметте екпінділіктің пайда болуы, саяси креативтік пен партияны қоғамның позитив-тік қабылдауын жоғалтып алу қауіпі байқалады. Сондықтан да, «Нұр Отан» партиясының алдында саяси жəне экономикалық жағдайдың өзгерістері мен қауіптеріне уақытында назар ауда-ратын, тұрақты жəне жинақы менеджмент жүйесін сауатты қалыптастыру мəселесі тұр.

Қазірге «Нұр Отан» барлық қауіптерден құтылып кетуде. Қазіргі күні бұл партия қоғамды біріктіріп, оның біріккен күшін мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық мəселелерді орындауға бағыттайтын жалғыз күш жəне елдегі басым партия рөлін орындауда. Бұл арада «Нұр Отан» ХДП-ның қазақстандық саяси алаңда басымдылық танытуының бірден-бір себебі – осы партиямен өзінің саяси бағытын тығыз байланыстырған Прези-дентімізге деген қазақстан халқының сенімінің жоғарғы деңгейде болуы деп түсіну қажет.

«Қоғам жəне дəуір» ғылыми-сараптамалық журналы №1, 2009.

II ТАРАУСЫРТҚЫ САЯСАТ ЖƏНЕ ҚАУІПСІЗДІК

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ШАНХАЙ

ҰЙЫМЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Нұрлан Сейдін

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құрудағы негізгі мақсат шекаралық аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселесі болатын. Содықтан да, «бестік» ретіндегі ұйымның алғашқы қабылдаған құжаттары – Шекаралық аймақтағы əскери саладағы сенімдікті арттыру туралы келісім (Шанхай, 1996 жылдың 26 сəуірі) мен Шекаралық аймақтағы əскер күшін азайту ту-ралы өзара келісім (Мəскеу, 1997 жылдың 24 сəуірі) болуы кездейсоқтық емес.

ШЫҰ құру туралы бастама 2001 жылдың 15 маусымында Шанхайда өткен ұйымға мүше-мемлекеттердің саммитінде мəлімделді. Бұл жолы да ұйымның құрылуы туралы деклараци-ямен қатар алғашқы құжаттардың бірі болып ланкестік, сепара-тизм жəне экстремизммен күрес жөніндегі Шанхай конвенциясы жасалынды. Демек, бастапқы кезден-ақ ұйым мүшелерінің өзара ықпалдасуының маңызды саласы ретінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселесі көтерілген болатын. Бұл мəселе ШЫҰ мүше-мемлекет басшыларының Алматыдағы алғашқы кездесуін-де баса айтылды (13-14 қыркүйек, 2001 ж.). Олар осы жылғы 11 қыркүйектегі Нью-Йорктегі болған ланкестік əрекетке қарсы жəне əлемдік қауымдастықпен бірігіп ланкестікке қарсы ымы-расыз күреске дайын екендіктері туралы мəлімдеме жасады.

Сонымен қатар, ШЫҰ «үш зұлымдықпен» нəтижелі күрес ұйымға мүше-мемлекеттердің əлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы жағдай туғызып отырғандығына сүйенеді.

Бірақ, аймағымыздағы жағдайдың шиеленіс күйінде қалуына Ауғанстан тарапынан туатын қауіп-қатер əсер етіп отыр. 2007 жылы Ауғанстанда 8200 тонна апиын өнімі жиналып, бұл көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 34 пайызға артты. Бұл

50 51

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

есірткі өнімінің 25 пайызы Тəжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстан арқылы Ресейге, ал одан əрі еуропа мемлекеттеріне тасымалданады. Қазақстанның бұл үрдісте тұтынушы ел емес өткізуші мемлекет болғанынан ешқандай жеңілдік жоқ, өйткені, тасымалдағы есірткінің бір бөлігі Қазақстанда қалып отырады.

Қазақстан арқылы өтетін есірткітрафигі соңғы кездерде қарқынды дамуда. ҚР Ішкі істер министрлігінің мəліметінше, 1990 жылы Қазақстанда есірткі мүлдем тəркіленбесе, 1991 жылы оның көрсеткіші 10 граммды құраған. Ал 2006 жылы болса 10,5 мың есірткі қылмысы тіркеліп, 25,5 мың тонна əр түрлі есірткілер, оның ішінде 555 кг героин заңсыз айналымнан алынған. Есірткі толқыны қазақстандықтардың денсаулықтарына да өз зиянын тигізуде. 2007 жылдың 1 сəуіріне ҚР медициналық мекемелерінде 54949 есірткі қолданушы тіркелген (2005 жылы – 47 мың болған), оның ішінде 4404 жас бала мен 4726 əйел бар. Əлемдік тəжиірбе көрсетіп отырғанындай, тіркелген нашақорлардың саны тіркел-мегендерден бірнеше есе аз болатынын ескеруіміз керек.

Халықаралық ұйымдардың көмегіне қарамастан Ауғанстаннан келетін есірткі тасымалына қарсы шаралар өз нəтижесін бермей отыр.

Біздің ойымызша бұл шаралаға кедергі болып отырған не-гізгі мəселе ретінде есірткі тасымалымен күрестің біржақты жүргізіліп отырғандығын айтуға болады. Героин жасауға қажетті прекурсорларды Ауғанстанға тасымалдау бақылауға алынбаған. Ауғанстаннан шығарылатын есірткі толқынын тоқтатудың орны-на сол мемлекетке кіргізілетін прекурсорларды тоқтату əлдеқайда жеңіл екендігі айқын мəселе.

Сонымен қатар, есірткі тасымалына қарсы күресте нəтижелі шаралардың жоқтығы да алаңдатушылық туғызады. Салыс-тырмалы түрде алар болсақ, Иранда соңғы 10 жыл ішінде есірткіге қарсы күрес жолында 3 мыңнан астам құқық қорғау органдарының қызметкерлері қайтыс болған. Ал бізде есір-ткіге қарсы күрес тек ұсақ таратушыларға қарсы жүргізіліп, ірі есірткі мафиялары көлеңкеде қалып келеді. Бізде тіпті айғақпен қолға түскен наркокурьерлердің өзі жеңіл жаза алады. Мысалы, 2006 жылы қамалғандар ішінен 3 адам – 8 жылға, 27 адам – 5 жылға, ал қалғандары 1-2 жылға немесе шартты түрде жазаланған.

Біздің сот орындары ірі көлемдегі есірткімен қолға түскен есірткі тасымалдаушы мен сақтаушыларды жіктеген кезде оларды есірткіні мақсатсыз сақтаушылар деп көрсетуі қылмыскерлердің жазадан құтылуының бір жолы болып отыр. Ал шын мəнінде олардың ешқайсысы да есірткіге тəуелді емес, яғни арнайы есепте жоқ адамдар.

ҚР мен ШЫҰ арасындағы өзара ынтымақтастықтың қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының мəселелерін талқылаған кезде есірткі мəселесіне қатысты Ресей, Қытай жəне басқа да мүше-мемлекеттердің ұстанымдарын қарастыру қажет.

Ресей ШЫҰ жұмысындағы негізгі басымдылық ретінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты есептейді. Ресейдің бұл ұстанымының негізгі себебін оның Орталық Азия аймағын өз ықпалында, ЕврАзЭҚ одағы құрамында ұстағысы келгендігінен көруге болады. Сондықтан да, Ресей «үш зұлымдықпен» күресуде ШЫҰ мен ҰҚШҰ ынтымақтастығын ұсынады.

Ал Қытай болса, керісінше, ШЫҰ энергетикалық ресурстарға бай Орталық Азия, сосын Таяу жəне Орта Шығыс аймақтарымен экономикалық ынтымақтастықты күшейтетін құрал ретінде қарастырады. Соған қарамастан Тибеттегі оқиғалар, ШҰАР жағдайдың шиеленісу қауіпі мен Олимпиада ойындары кезіндегі қауіпсіздік пен тəртіпті қамтамасыз ету мəселесі Пекиннің ұйым жұмысында «үш зұлымдықпен» күресуді ынтымақтастықтың негізгі саласы ретінде айқындауына себеп болады.

Бұл мəселеге қатысты орталықазия елдері арасында да нақты ұстаным жоқ. Кейбір сарапшылар, ШЫҰ мүше-мемлекеттер өзара тек сауда-экономикалық салада қатынас жасауы мүмкін, ал ланкестік пен экстремизммен күресте ондай ынтымақтастықтың болмайтындығын мəлімдейді. Бұл үрдіске аймақ елдерінің арна-улы қызметтерінің құпиялар мен жобаларды өзара бөліспеушілігі себеп болып отыр. Бұл мəселені түсіндірудің қажеті жоқ.

ШЫҰ құрылған кезден бастап қауіп-қатерлерге қарсы мүше-мемлекеттердің құқық қорғау органдарының күшін біріктіруге талпыныс жасауда. ШЫҰ алғашқы құжаттарының бірі ретін-де 2001 жылдың 15 маусымында қабылданған Ланкестікке қарсы күрес жөніндегі Шанхай конвенциясында: «ланкестік, экстремизм жəне сепаратизм өздерінің қандай да себептеріне қарамастан ешбір жағдайда ақталынбайды, ал оған қатысты

52 53

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

тұлғалар заң алдында жауап беруге тиісті» деп нақты көрсетілді. Конвенцияның 1 бабында ланкестік, сепаратизм жəне экстремиз-мге түсініктемелер берілді. ШЫҰ мүше-мемлекеттер аталынған əрекеттердің алдын алу, анықтау жəне болдырмау салаларында ынтымақтастықты жүзеге асыруды жауапкершілікке алды.

2002 жылдың 7 маусымында Өңірлік ланкестікке қарсы құрылым туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжатқа сай ӨЛҚҚ (РАТС) ШЫҰ құрамындағы ланкестікке, сепаратизмге жəне экс-тремизмге қарсы күресті үйлестіруші тұрақты əрекеттегі орган деп танылды.

ШЫҰ аясында екі жақты жəне ұйым көлеміндегі ланкест-ікке қарсы бірнеше əскери оқу-жаттығулар өткізілді. Бұлардың арасындағы ең көлемдісі 2007 жылы тамызда Челябі обылысында (Ресей) өткен «Бейбіт миссия – 2007» атты оқу-жаттығу болды. ӨЛҚҚ ланкестікке қарсы күрес аясында ТМД, ҰҚШҰ-ның ланкестікке қарсы орталықтары мен БҰҰ құрылымдарымен байланыс жасайды.

ШЫҰ мүше-мемлекеттердің басшылары 2002 жылдың 7 маусымында қол қойған Декларацияда: «ланкестікке қарсы күрес халықаралық құқық қалыптары мен ұстанымдарына сай, бір дінге, елге немесе ұлтқа қарсы болмауы жəне үрдісшілдік, «астарлы» болмауы керек» – деп нақты көрсетілген.

Декларацияда жаһандық ланкестікке қарсы күрестің негізгі бағыты оны (ланкестікті) əлеуметтік тіреуінен айыру, яғни, бірін-ші кезекте – қайыршылық, жұмыссыздықты жойып, нəсілдік, ұлттық жəне діни кемсітілушілікке жол бермеу мəселесі баса айтылған.

Бұл ішкі саяси тұрақсыздық қауіпі бар Орталық Азия елдеріне халықаралық ланкестік пен діни экстремизм тарай бастауына бай-ланысты өте өзекті мəселе болып отыр. Саяси тұрақсыздықтың негізгі себептері ретінде халықтың негізгі бөлігінің материалдық жағдайының нашарлағанын, экономикалық жəне саяси реформалардың аяқсыз қалуы мен халықтың əлеуметтік жікте-луін айтуға болады. Нəтижесінде көптеген дамушы елдерге ортақ үрдіс қалыптасады. Қайыршылық пен кедейшілік ланкестіктің пайда болуының негізі болса, ланкестік өз кезегінде кəсіпкерліктің дамуы мен экономикаға инвестиция тартуға кедергі келтіре оты-рып, қайыршылықтың тереңдеуіне себеп болады.

Сондықтан да, мемлекеттік билік органдарының бірінші кезек-тегі міндеті –мемлекеттің дамуының əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жоғарғы деңгейде болуына қол жеткізу.

Аймақ мемлекеттерінің басқару жəне қаржылық ресурстарын халықтың жалпы əлеуметтік жағдайын жақсартуға, еңбекпен қамтамасыз ету, ішкі миграция мен халықтың қорғансыз таптарынның, оның ішінде зейнеткерлер, көп балалы жанұялар, жалғыз басты аналар, жас жанұялар мен ауыл жастарының жағдайларын жақсартуға жұмсау қажет.

Мемлекеттік билік жүйесін либерализациялауды, жергілікті басқаруды енгізу мен азаматтық қоғамды нығайтуды жүзеге асыруды негізге алған саяси модернизация үрдісі қазіргі таңдағы негізгі мəселелердің бірі. Демократиялық институттарды дамыту, көппартиялы жүйенің жұмыс істеуіне жағдай жасау мен қоғамдық-саяси күштер жəне мемлекеттік емес ұйымдар арасындағы сындарлы пікір алмасуға қажетті мүмкіндік жасау бірінші кезектегі мəселе екені айқын.

Орталық Азия елдері алдарындағы тұрған негізгі міндеттердің бірі – тұлғаның жеке басының қауіпсіздігі мəселесі болып тұр. Мемлекет адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын толығымен қамтамасыз етуге міндетті. Əлемдік тəжиірбе көрсетіп отырғанындай, əскери қақтығыстар орын алған жағдайда бірінші кезекте бейбіт тұрғындар қиыншылыққа ұшырап, олардың құқықтары мен бостандықтарына қауіп төнеді. Азаматтар экономикалық, психологиялық жəне дене зорлығына тап болады.

Орталық Азия аймағы үшін тағы бір негізгі мəселе – аймақтың экологиялық жағдайы болып тұр. Семей ядролық полигонының территориясы мен Арал теңізінің бассейнінің тартылуы бұл жерлердің əлі де болса экологиялық апат аймағы ретінде сана-луына себеп болып отыр. Соның нəтижесінде өте ірі көлемдегі жер аумағы адам өміріне жарамсыз болып қалған.

Мемлекеттік табиғат қорғау органдары əлі де болса қоршаған ортаның деградацияға ұшырауы жəне айрықша экожүйелер мен эндемикалық,сирек жəне бағалы өсімдік пен жануарлар өмір сүретін аймақтарды қорғауға аса көңіл бөлмей келеді. Адамның табиғат аясына тереңдей енуі мен тез табыс табуға негізделген жыртқыштық шаруашылық жүргізу биоресурстардың азайуы

54 55

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

мен экологиялық жағдайдың одан ары нашарлауына əсер етеді. Қазіргі таңдағы табиғи қазба байлықтарды өндіру көлемінің ұлғаюы жағдайды шиеленістіріп, сол аймақтардың экожүйесіне ауқымды зиян тигізуде.

Аймақтағы қолайсыз жағдайлардың алғышарттарының бірі ретінде əлемдік азық нарығындағы жағдайдың нашарлауына бай-ланысты азық-түлік түрлеріне бағаның көтерілуі қауіпін айтуға болады. Мысалы, 2007 жылы бидайдың бағасы əлемдік нарықта тоннасы 200 долларды құраса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 400 долларға жетіп отыр жəне бұл соңғы жоғарғы баға емесі анық.

Нан өнімдеріне деген бағаның өсуі барлық кезеңде əлеуметтік тұрақсыздықтың себебі болған. Аталынған үрдістің осы жылы Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде орын алуы мүмкін. Бұл жағдай 2007 жылы өте жоғарғы өнім – 20,1 млн. тонна бидай жинағанына қарамастан Қазақстанда да қайталануы мүмкін. Үкіметтің бидай өнімдерін сатып пайда табудың орнына халықтың жағдайын ойлау туралы ұсынысы орындалмай, бензин-ге бағаның көтерілуі секілді жағдайдың қайталану қауіпі бар. Ал бұл өз кезегінде азық-түлік тауарлары мен жаппай қолданыстағы тауарлардың бағасының артуына алып келеді.

Орталық Азия мемлекеттері азық-түлікке бағаның көтерілуіне əсер етіп отырған алыпсатарларды тез арада ауыздақтамайтын болса, бұл жағдайды аймақтың тұрақсыздығын қолдайтын лан-кестер пен діни экстремизм жақтастары өз мүддесіне қолдануы мүмкін.

Сондықта да, ШЫҰ мүше-мемлекеттер Энергетикалық клуб құрумен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді де бірінші кезекке қою керек деп ойлаймыз.

«Ақиқат» журналы №12, 2008.

«ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК» ТҮСІНІГІ ЖƏНЕ ЖАПОНИЯНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ

Алмас Арзықұлов

Халықаралық жəне мемлекеттік іс жүргізу тəжиірбесі ай-налымына «энергетикалық қауіпсіздік» термині XX ғасырдың 70-ші жылдары Таяу Шығыстағы халықаралық қатынастардың шиеленісуі мен əлемдік энергетика нарығы конъюнктурасының дамуының тұғырнамасы аясында мемлекеттердің, оның ішінде негізінен Батыс елдерінің ұлттық мүдделерінің қауіпсіздігіне қатысты қауіп-қатерлерді айқындау барысында қолданысқа енгізілді. «Энергетикалық қауіпсіздік» түсінігі ғылыми айналымдағы жаңа категория болғандықтан жəне бұл түсініктің əлі де қалыптасу үстінде екенін ескеруіміз керек. Бастапқыда тек мұнай өнімдеріне қатысты енгізілген бұл термин қазіргі таңда мемлекеттің дамуына қатысты кез-келген энергия көзіне қатысты қолданылуда. XX ғасырдың 70-ші жылдарындағы əлемдік экономикалық дағдарыс кезінде пайда болған бұл түсініктің негізгі мəні: əділ бағаға негізделген тұрақты сұраныс – «экспортер-мемлекеттердің қауіпсіздігі» мен «импортер-мемлекеттер қауіпсіздігі» – барынша төмен бағадағы тұрақты ұсыныстың болуы, яғни бұл түсінік толығымен мұнай жəне газ саудасына байланысты болып отыр. Энергетикалық қауіпсіздік мəселесін қарастыру барысында «тұтынушы-мемлекеттерді» шартты түрде «əлемдік экономиканың көне орталықтары» (АҚШ, ЕО, Жапония) жəне «əлемдік экономиканың дамуының жаңа орталықтары» (Қытай, Үндістан) [1,8] деп бөлсек, «импортер-мемлекеттерді» де дамыған мемлекеттер өнеркəсібін қамтамасыз етудің «көне орталықтары» (Парсы шығанағы, Ресей, Иран) жəне Еуразияның дамыған елдері өнеркəсібін қамтамасыз етудің «жаңа қалыптасқан орталықтары» (Каспий жағалауы елдері) деп бөлеміз. Сонымен қатар, осы үрдіске (мұнай-газ тасымалы-на) қатысатын мемлекеттер қатарына ұлттық жəне жеке мұнай компаниялары мен транзиттік елдерді қосу қажет. Нəтижесінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісіне қатысатын бұл аталынған тараптардың барлығының мүдделерін есепке

56 57

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

алар болсақ (кей жағдайларда бір-біріне қарама қайшы келетін) «энергетикалық қауіпсіздік» атты əмбебап түсінікті айқындаудың өзі қиындық туғызады.

Отандық саясаттануда: «энергетикалық қауіпсіздік – энер-гетика нарығының субьектілері – мемлекеттердің саясаты мен ұлттық экономикалардың өзара тəуелділігінің жалпы жүйесі жəне субьектілердің мүдделерінің негізінде əлімдік энергетика нарығы мен коммуникациялардың жетістікті жұмысындағы трансұлттық компаниялардың мүддесінің сəйкестігін білдіреді» жəне де бұл түсінік ауқымды халықаралық деңгейде «халықаралық энергетикалық қауіпсіздік – халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін жəне дағдарыстық құбылыстарды болдырмаудың алдын алу мақсатында энергетика нарығына қатысушылардың мүдделерін ескере отырып, халықаралық энергоресурстар нарығы мен оларды тасымалдауды реттеудің жалпы жүйесі» ретінде танылады.

Ал америкалық ғалымдар болса, «энергетикалық қауіпсіздік деп – ұлттық күш-қуатты (national power) арттыруға қажетті энергоресурстарға еркін қол жеткізу» деп түсінеді [2,9]. Сондықтан да Даниэл Ергин («Олжа» кітабының авторы) энергетикалық қауіпсіздіктің шарттары ретінде тұрақты тұтынушылар мен үздіксіз ұсыныстармен қатар, жаһандық энер-гетика нарығындағы тұрақтылық, АҚШ-тың мұнай өндіруші-мемлекеттермен қоса сол мұнайды тұтынушы ірі мемлекеттермен де жақсы қарым қатынаста болуы, негізгі мұнай кендері мен оларды тасымалдау жолдарын қорғаудың көпжақты шараларын қалыптастыру, əлемдік энергетика мен энергияны пайдалану болашағына қатысты халықаралық зерттеу жобаларын жасау секілді негізгі принциптерін көрсетеді [3,55-58].

Осы аталынған мəселелерге қатысты америка сарапшы-ларын Қытайдың энeргетика саласындағы диверсификация үрдісіне араласуы мазасыздандырып отыр. Батыс елдерінің ығыстыруымен Парсы шығанағындағы мұнай экспортерлері-нен шеттетіліп қалған Қытай елі саяси тұрғыдан тұрақсыз мұнай өндіруші елдермен қатынас орната бастады. Пекиннің аталынған елдерге жоғарғы технологиялар тартуы бұл елдерде жаппай қырып-жою қаруын жасауға мүмкіндік беруі мүмкін. Сондықтан да АҚШ əлемдегі екінші импортер ел – Қытаймен

мұнай тасымалына байланысты өзара түсіністікке қол жеткізуге тырысады.

Қазіргі таңдағы халықаралық жағдайдағы шиеленістік, яғни Ауғаныстандағы ланкестікке қарсы күрес пен Ирактағы авторитарлық билікті ауыстыру, АҚШ пен Иран арасындағы атомдық бағдарламаға қатысты талас, КХДР мəселесі, Ре-сей-Гүржістан қақтығыстары т.б., əскери-саяси оқиғалар «энергетикалық қауіпсіздікті» қамтамасыз ететін «энергетикалық дипломатияның» жаңа дəуірінің басталғанын көрсетеді. Қалыптасқан жағдайға байланысты «энергетикалық қауіпсіздік» үрдісіне қатысушылардың барлығы да қиындықтан шығудың жаңа жолдарын іздестіруі заңды құбылыс. Əлемдік энергетикалық саясатқа қатысушылардың əр қайсысының өз мүддесін қорғауы жəне олардың көзқарастарындағы субьективтілік өзара қарама-қайшылықты туғызып, энергетикалық саясаттағы дипломатиялық, саяси жəне экономикалық үрдістердің тұрақсыздығына алып келді. Соған қарамастан, аталынған та-раптар арасындағы қайшылықтар олардың ұлттық қауіпсіздігі мен жеке мүдделерін қорғау барысында туындап отырғандығын мойындап, бұл мəселені шешуде (энергетикалық саясат аясында) конструктивті пікіралмасуды қалыптастыру қажеттілігі өзекті мəселе болып отыр.

Осындай халықаралық қатынастардың ортақ мəселесі болып отырған «энергетикалық қауіпсіздіктің» маңыздылығы туралы Вудро Вилсон атындағы Халықаралық ғылыми орталығының президенті Ли Гамильтон: «энергетикалық қауіпсіздік – мемле-кеттік қауіпсіздік саясатында ұлттық қорғаныстан кейінгі екінші орын алатындығын жəне де кез-келген мемлекет өз саясатында энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысу керек» – деп көрсетеді [2,21].

«Қырғи қабақ соғыс» аяқталып, Батыс əлемінің ортақ жауы Кеңес үкіметі құлаған соң əлемде жаңа геосаяси қатынастар орнағаны белгілі. Жарты ғасырдай уақыт Батыс əлемінің, оның ішінде АҚШ-тың негізгі одақтас-інісі болған Жапония бұл өзгерістерді өз пайдасына асырып, өзінің «азиялық» келбеті-не қатысты жаңаша саясат ұстануды бастады. Өзінің əлемдік сахнадағы беделін көтеру үшін белсене саясат жүргізе бастаған Жапонияның негізгі ұстанған бағыттарының бірі – жаһандық

58 59

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

жəне аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ететін экономикалық тұрақты даму мəселесі болып отыр. Жапония секілді экономика-сы қажетті ресурстар импорты мен əлемдік шикізат бағасының өзгерісіне тəуелді ел үшін энергетикалық қауіпсіздік негізгі мəселелердің бірі болып отыр. Қазіргі кезде Жапония халықаралық қатынастарда өз беделін көтерумен қатар, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін прагматикалық стратегияны қатар алып жүруге талпыныс жасайды. Елдің мұндай тығырыққа тірелуіне халықаралық майдандағы геосаяси жағдай əсерін тигізуде. Бүгінгі таңдағы жаңа геосаяси бəсекелестіктің негізгі белгілерінің бірі – ол энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге талпынған мемлекеттердің жаһандану үрдісі. Импортер-елдер арасындағы бəсекелестік аймақтық шеңберден шығып, күшті мемлекеттердің қызығушылықтары əлемнің кез-келген нүктесінде қақтығысып қалуы мүмкін (мысалы, АҚШ-тың Кас-пий өңірін өз ұлттық қызығушылығы бар аймақ деп жариялауы). Ал энергоресурстардың қоры қазіргі таңда күшті сыртқы саяси ойын жүргізу құралға айналып отырғандығын ұмытпаған жөн.

Жапония мемлекетінің сыртқы саясатындағы импорт мəселесінің ел экономикасы үшін қаншалықты өткір мəселе екені 1973 жылғы энергетикалық дағдарыс кезінде айқын байқалды. Осы дағдарыстан соң Токио энергетика қауіпсіздігін ұлттық қауіпсіздіктің негізгі элементтерінің бірі ретінде қабылдап, сыртқы саясаттағы энергетика дипломатиясын қалыптастыруға ден қойды. Осы мəселеге байланысты Жапонияның АҚШ-тағы елшісі Ф.Того: «Біздің Таяу Шығыс жөніндегі нақты саясатымыз болмады, ал мұнайды 1973 жылға дейін ақшаң болса сатып алу мəселе емес еді» – деп еске түсіреді [4,84].

Осылайша 70-ші жылдардың аяғында басталған энергетика мəселесі Жапон үкіметінің əлемдік нарықтағы энергоресурстар жағдайын тұрақтандыру саясатын бастауына мұрындық болды. Қазіргі таңда Жапония энергоресурстарды тұтынушы ірі мемлекет болғанына қарамастан, халықаралық энергетика майданындағы негізгі «ойыншылардың» бірі болып отыр. Жапонияның импортқа тəуелділігіне келер болсақ: мұнай – 99,7%, табиғи газ – 96%, ядролық отын – 15% жəне гидроресурстар – 4% қамти отырып, əлемдік мұнай-газ импортына негізделген елдер арасында АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленіп келді.

Жапония қазіргі кезде өзінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту мақсатында бірнеше маңызды ресми құжаттар қабылдады. Мысалы, 2002 жылдың 14 маусымында Жапон парламенті «энерге-тика саласындағы саясат туралы негізгі заң (Энеруги сэйсаку кихон хо)» атты заң қабылдады. Бұл құжат бойынша мемлекеттің жəне жеке компаниялардың энергетика саласындағы негізгі ұстанатын бағыттары мен міндеттері, елдің энергетика саясатына сəйкес келе отырып, ресурстарды пайдалануда үнемділік пен экологиялық қауіпсіздікке негізделуі керек болды [5,85].

Аталған заң жүйесі Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) жариялаған «үш Е принципі» – энергетикалық қауіпсіздік «energy security», экономикалық даму «economic growth» жəне экологиялық қоршаған ортаны қорғау «environmental protection» принциптері негізінде жұмыс істейді. Жапон заңгерлерінің пайымдауынша, елдің энергетикалық қауіпсіздік саласындағы негізгі шаралары: мұнай импортына тəуелділікті азайту, шет мемлекеттердегі кен орындарын өндіру жұмыстарына белсенді қатысу, қорлар жасау, басқару құрылымын қалыптастыру. Осы аталынған шаралар ішінде маңызды орынды халықаралық ынтымақтастықтарды нығайту шаралары алып отыр. Өйткені, осы шара негізінде жаңа технологиялар мен ақпараттар тарату жəне əлемдік энергетика саласындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік туатын еді.

Сонымен қатар, Токио осы уақыт аралығында сыртқы саясаттағы энергетика мəселесіне байланысты тағы да бірне-ше құжат қабылдады. Сондай құжаттың бірі – Жапон сыртқы істер министрлігі қабылдаған «Жапонияның энергетикалық дипломатиясының стратегиясы мен əдістері» атты нормативтік акт. Бұл құжаттағы негізгі мəселе – экспортер жəне тасымал-даушы елдермен достық қатынаста болу жəне энергетикалық қауіпсіздікті сақтау болып отыр. Бірақ Жапонияның «ағасы» жəне негізгі одақтасы АҚШ-тың соңғы кездердегі жүргізген саясаты Токионың бұл дипломатиясына өз зиянын тигізуде. Сондықтан да, Жапония өзінің бұрынғы тұрақты экспортерлерімен қатар жаңа, саяси тыныш аймақта орналасқан көмірсутек ресурстарына бай елдермен қатынас орнатуға тырысты.

Орталық Еуразияның геосаяси кеңістігі КСРО құлағанан кейін-гі он бес жыл ішінде жаһандық жəне аймақтық державалардың

60 61

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

қызығушылықтары тоғысып, əр қайсысы өз мақсаттары мен мүдделерін білдіріп, белсенді экономикалық жəне əлеуметтік саясат жүргізудің ережелерін ұсынып отырған бəсекелестік май-данына айналды. Жапон елі бұл үрдістің бастауы болған 90-шы жылдары аймақта геосаяси күрес жүргізіп отырған саяси күштер қатарына кірмегендіктен, жаңа құрылған тəуелсіз мемлекеттер-мен байланыс деңгейі төмен болатын. Соған қарамастан соңғы кездердегі экономикалық жəне саяси факторлар Жапонияның Орталық Азия аймағындағы сыртқы саясатының жандануы-на себеп болды. Əлемдегі дамуы жағынан екінші орынды иемденетін Жапония экономикасын мұнай, газ жəне де басқа да энергоресурстармен қамтамасыз етуді жоспарлаған өзінің энергетикалық стратегиясын жүзеге асыру үшін, əлемдік энерго-ресурстар саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Орталық Азия мемлекеттерімен ара-қатынасын дипломатиялық жолмен реттей бастады. Өзінің геосаясаттағы негізгі одақтасы АҚШ-тың соңғы кездердегі жүргізіп отырған саясаты: Ауғанстан мен Иракқа соғыс ашуы, Иран мен Солтүстік Корей мемлекет-терімен ядролық қаруға байланысты жанжал, мемлекеттердің ішкі ісіне араласуы Жапон елінің энергетикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтірген еді. Жапон елінің негізгі экспортер елдері – Таяу Шығыс аймағы мен Парсы шығанағы мемлекеттеріндегі саяси тұрақсыздық Күншығыс елін жаңа энергоресурс экспортер-лерін іздеуге итермеледі. Жапонияның сұранысына жауап бере алатын бірден-бір аймақ – Орталық Азия елдері болғандықтан, аталынған елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтар мен саяси байланыстардың барысы мен дамуына сараптама жасау қажеттілігі туындап отыр.

Жапония секілді өнеркəсібі дамыған, қаржы саласының алпа-уыты мен жаңадан тəуелсіздік алып, өз даму жолын айқындап келе жатқан Орталық Азия елдері арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынастарды талдап, оның өткені мен бүгінін саралау жəне болашақтағы екіжақты қатынастардың даму жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау саясаткерлер мен сарапшылардың зерттеуін талап етеді. Сондықтан да осы мəселені жүзеге асыруда негізінен көңіл бөлетін мəселелерге тоқталар болсақ:

• Біріншіден, қазіргі таңдағы геосаяси геоэкономикалық жағдайға баға бере келіп, Жапония мемлекетінің Орталық Азия-

мен, оның ішінде Қазақстанмен тығыз қарым-қатынасқа түсуінің себептерін анықтау, осы қатынастардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын шаралар мен Токионың осы аймақтағы саясатына ке-дергі болатын мемлекеттер мен олардың саясатын танып білу;

• екіншіден, Жапон елінің Орталық Азия елдерімен жасасып отырған экономикалық ынтымақтастығының негізгі салаларына тоқталу, бұл қатынастарда жетіп отырған жетістіктер мен жі-беріліп отырған кемшіліктерді көрсету;

• үшіншіден, осы кезге дейін Жапония мен Орталық Азия аймағы елдері арасындағы байланыстың жетістіктеріне тоқтала келіп, осы елдер арасындағы болашақта атқарылатын жұмыстардың жоспарларын талдау мен бұл қатынастардың одан да жақсы даму мүмкіндіктеріне болжау жасау.

Жапон елінің Орталық Азия аймағына қатысты саясатының нақты бағыты мен мақсатының айқындалмауына негізгі себеп болып отырған мəселе Токионың екі жақты геосаяси жағдайы. Жапония «қырғи қабақ соғыс» дəуірінен бастап Батыстық бағыт ұстанып, АҚШ жəне Батыс Еуропа елдерімен қосылып, осы блоктың бір тағанына айналған болатын. XX ғасырдың 90-шы жылдары «қырғи қабақ соғыстың» аяқталуынан соң, Жапония Батыс саясатын қолдаушы мемлекет ретінде Орталық Азия аймағына қатысты америка жəне еуропалық жобаларға белсене қатысты. Соған қарамастан соңғы он бес жыл ішінде Солтүстік-Шығыс Азия елдерінің, оның ішінде Жапонияның геосаяси, экономикалық жəне саяси өмірінде көп өзгерістер орын алған еді. «Қырғи қабақ соғыстың» аяқталуы жəне КСРО секілді ұлы державаның жойылуы Солтүстік-Шығыс Азия аймағындағы жағдайдың бірден өзгеруіне əсер етті [6,34].

Қытай елінің экономикалық жағынан қарқынды дамып, саяси беделінің өсуі, екі Корей мемлекеттерінің арақатынасы жапон елінің геосаяси жағдайына, əсіресе АҚШ-пен байланы-сына үлкен ықпалын тигізді. Екі ел арасындағы қырық жылдан астам уақытқа созылған «аға-іні» қатынастарына өзгеріс еніп, Ақ үй Токионы өзінің тең құқылы одақтасы ретінде таныды. Бұл жағдай əсіресе əскери-стратегиялық одақтастықта ерекше байқалды. Айтып өткеніміздей бұған XX ғасырдың соңындағы Қытай елінің күшейуі, Солтүстік Корей еліндегі «жаппай қырып жою қаруының бар болуы» мəселесімен қатар, Америка Құрама

62 63

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

Штаттарының Ауғаныстан мен Ирак жеріндегі «лаңкестікке қарсы» əскери қимылдары да себеп болып отыр. АҚШ-тың бұл əскери саясатын «бейбіт» Жапон елінің қолдауы екі ел арасындағы стратегиялық одақтастықты күшейтті. Сонымен қатар Қытайдағы жапон кəсіпкерлігіне деген қарсылық Токио-Пекин қатынастарын шиеленістіруі, жапон елінің «атом қаруын» жасау мүмкіндігінің күн тəртібіне қойылуы жəне Азия елдерінің мəселелеріне араласуы, Күншығыс елінің өз геосаясатына өзгеріс енгізгендігін көрсетеді. Соңғы кездерде Жапония өзінің «батыстық» рөлінен бас тартып, Азиялық держава болғанын жəне болып қалатындығын мойындады.

Жапон елінің Еуразияның Азиялық бөлігіне қатысты экономикалық-саяси əрекеті Қытай мен Ресей секілді алпа-уыттармен арақатынасына байланысты болып отыр. Аталған елдердің əрқайсысымен жеке-жеке тікелей байланыстан қашқан Жапония бұл бағытта Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жəне Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы секілді саяси ұйымдарды пайдалануды көздеді. Бірақ Жапонияның бұл мақсатына соңғы кездердегі ШЫҰ-ның атқарып отырған əрекеттеріне байланысты туындаған пікірлер кедергі болуда. Осы пікірлердің бірнешеуіне тоқталар болсақ:

1. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Ресей мен Қытайдың Америкаға қарсы альянсы.

2. Ресей мен Қытай Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы арқылы Орталық Азияға өз ықпалдарын орнатқалы отыр.

3. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы өзіне жаңа мүше-мемле-кеттер тарту арқылы күшейеді [5,11].

Бұл жердегі бірінші мəселеге келсек, Ресей мен Қытай АҚШ-қа қарсы тұрарлықтай бір-біріне сенімді емес. Екеуі бірігіп альянс құрғанның өзінде, одан ешқандай саяси немесе экономикалық пайда таппайды. Сонымен қатар, Қытай АҚШ-тың ракеталық қорғаныс жобасына қарсы Ресейдің «қолшатырын» пайдаланып, XX ғасырдың 50-жылдарындағы «кіші бауыр» ноқтасын қайта кигісі келмейтіні айдан анық.

Ал екінші мəселе бойынша: Орталық Азияны өзінің ықпал ету аймағы деп санайтын Ресей үшін Қытай ең бірінші қарсылас болып табылады. Шындығында да Кеңес Одағы ыдыраған соң пайда болған тəуелсіз Орталық Азия республикаларын-

да Қытай беделінің өсіп келе жатқаны белгілі жағдай. Бірақ Қытай мен Ресейдің Орталық Азия аймағында белсенді саясат жүргізуіне саяси жағдайлар кедергі болып отыр. Өйткені, бірінің оңтүстігінде, ал екіншісінің батысында түркі тектес халықтар орналасқандықтан, өз іштеріндегі сепаратизмнің өрлеуінен қорқады.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысты үшінші пікірге ке-лер болсақ, ұйым өз беделін көтеру үшін оның мүшелерінің ықпал ету аймағын кеңейтуді көздеп отыр. ШЫҰ-ның Хартиясының 14-ші бабы бойынша, оның тұрақты мүшелері, бақылаушылары барлық мəселелер бойынша əріптестер болады. Аймақтың дамуы мен халықаралық қатынастардағы орнын белгілеу үшін беделді мемлекеттер – АҚШ, Еуропалық Одақ елдері мен Жапонияны шақыру көзделген. Осы айтылған мақсаттарға мүдделі Орталық Азия мемлекеттері үшін ең тиімдісі Жапония елі болып отыр [5,15]. Бұл орайда Жапон елінің таңдалып алынуының бірнеше себептері бар:

• Жапония демократиялық ел болғанына қарамастан, оның американ-еуропалық демократиялық идеялардан бас тартуымен қатар, екінші бір елге демократиялық талаптар қоймайтындығы белгілі. Демократияны елді басқарудың түрі ғана болып есеп-тейтін Жапон саясаткерлері басқа елдің ішкі істеріне араласуды дұрыс деп есептемейді.

• Жапонияның таңдалып алынуының екінші себебі – бұл оның Орталық Азиямен байланысының толық қалыптасқанын айтуға болады. Орталық Азия мемлекеттері мен Жапония саяси жағынан бір-біріне деген жақсы көзқараста.

• Келесі фактор ретінде Жапония мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы көңілге қаяу түсіретін мəселелердің (даулы шекара мəселесі, мемлекеттің ішкі ісіне араласу т.б.) жоқтығы. Сондықтан да, аталынған мемлекеттер үшін ешқандай мəселелерге алаңдамай тиімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туады.

Жапонияның ШЫҰ қосылу мүмкіндігінің тағы бір факторына келер болсақ, ол соңғы кездердегі Күншығыс елінің Орталық Азия аймағындағы сыртқы саясатының жандануына байланысты. Орталық Азия аймағына қатысты сыртқы саясат мəселесі пре-мьер-министр Р.Хашимото кезінде қолға алынғанына қарамастан,

64 65

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

бұл елдің ешбір үкімет басшысы бұл аймаққа іс-сапармен кел-меген болатын. Жапон елінің бұл аймаққа қызығушылығының артуына 2004 жылы ашылған «Орталық Азия+Жапония» дипломатиялық форумы мұрындық болып, 2006 жылы тамызда премьер-министр Д.Коидзуми Қазақстан мен Өзбекстанға іс-сапармен келіп қайтты [7,48]. Жапон елі өз кезегінде Орталық Азияның оңтүстігі, яғни Үндістан жəне Пəкістанмен байланыс орнатуды көздеп отыр. Бірақ қазіргі таңда Жапонияның Орталық Азия аймағында еркін саясат жүргізуіне үш кедергі болып тұр. Оның біріншісі Жапонияның осы аймақта белсенді саясат жүргізуде таңдап алынатын əріптесі мəселесі, екіншіден, Қытай мен Ресейдің осы мəселеге байланысты көзқарастармен санасу, ал үшінші мəселе – бұл Жапон сыртқы істер министрлігінің қандай бағытты ұстануына байланысты. Өйткені, негізгі əріптесі АҚШ-тың беделінің (бұл жеңілісі) əлсіреуі оған жаңа əріптес іздеуге итермелейді.

Жапонияның Орталық Азияда белсенді саясат жүргізудегі негізгі мақсаттарының бірі – экономикалық, дəлірек айтсақ энергетикалық мақсат болып отыр. Күншығыс елінің Еуразиядағы ең негізгі энергетикалық əріптесі Ресеймен қарым-қатынасы əр түрлі деңгейде болғаны белгілі. Екі ел арасындағы негізгі жобалар «Сахалин-1, Сахалин-2», Шығыс Сібірдегі мұнай кен орындарын игеру жəне «Ангарск-Находка» мұнай желісін салу болып отыр. Жапондық зерттеу институттарының мəліметтерінше, егер мұнай бағасы көтеріле беретін болса, онда елде 1970 жылдардағыдай энергетикалық дағдарыс болады деп есептейді. Сондықтан да тез арада Жапонияға сырттан əкелінетін энергетикалық ресурстар көзін реттеу қажет болды. Осы мақсатта 2003 жылы Жапон үкімет басшысы Қытаймен қатынастың шиеленіскеніне қарамастан Ресей-Қытай мұнай желісіне араласа бастады. Жапон үкіметі аталынған желі үшін 6 млрд. доллар жəне Находка қаласы аймағында мұнай құрылымдарын салуға 1 млрд. доллар беруге келісімін берді [6,40]. Жапонияның Шығыс-Сібір жеріндегі кен орындары үшін таласы Пекиннің бұл ресурстарды өзіне алып, болашақта Азия-Тынық мұхит аймағына шикізат шығарушы ретінде саяси-экономикалық беделге ие болады деген қауіптен туындаған еді.

Орталық Азиядағы саясат барысында ресей-американ қатынастарымен қатар осы аймақтағы дамып келе жатқан Қытай

мемлекетінің де саясатына көңіл бөліп отыр. Жапонияның бұл бағыттағы көзқарасы, яғни Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мəселесі АҚШ-тың ұстанған саясатына сəйкес келу-де. Соған қарамастан жапон елін АҚШ-тың ізін қуушы «інісі» ғана деп түсінсек қате пікір болар еді. Өйткені соңғы кездерде Жапония Орталық Азия аймағында нақты қызығушылықтары мен мақсаттарын танытатын ашық, белсенді саясат жүргізуде. Ол өзінің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жаңа бағыт – ядролық құрамды отынды пайдалануды көздеп отыр. Осы мақсатта 2006–2007 жылдары Қазақстан жəне Өзбекстан елдерімен азаматтық сала бойынша ядролық зертеулер мен уран қорын Жапонияға жеткізу туралы келісім-шартқа қол қойды [8,58]. Əлемдегі уран өндіруден Канада мен Австрали-ядан кейінгі үшінші орында тұрған Қазақстанның бұл саладағы мүмкіндіктерін арттыруға қатысты жапон-қазақстан келісімдері орын алды.

Хоккайдо университетінің профессоры Т.Уяма Жапон мемлекетінің Қазақстан мен Орталық Азия аймағына қатысты нақты стратегиялық жоспарының болғандығын айтады. Орталық Азияның потенциалдық мүмкіндіктерін бағалай келіп, Жапонияның осы аймақпен қарым-қатынасының екі бағыты бар екенін айтады: біріншіден – Жапонияның жалпы Орталық Азия аймағымен тұтас, ал екіншіден Жапонияның Орталық Азиядағы əр мемлекетпен жеке-жеке қарым-қатынасы болуы мүмкін.

Орталық Азия аймағындағы сирек кездесетін металдар, мұнай-газ, қымбат тастар секілді табиғи кен орындарының бай қорлары Жапония мемлекетін қызықтырып отыр. Ал осы аймақ елдеріндегі мамандар мен арзан жұмыс күші бұл қазба байлықтарды өндіруді жеңілдетеді. Соған қарамастан аймақтың географиялық орналасуы, яғни тасымалдың қиындығы, ең жақын ҚХР немесе Оңтүстік Корей порттарына құбыр тартуға қосымша қаражат қажеттілігі инвестициялық мүмкіндіктерін кемітеді.

Сондықтан да Жапония Орталық Азия мемлекеттерімен жеке-жеке қарым-қатынас жасауды қолға алған. Қазіргі кездегі Орталық Азия аймағының саяси-экономикалық жағдайына тал-дау жасай ортырып, Жапонияның бұл елдердің экономикасының қандай салаларына назар аударғанын білуге болады.

66 67

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

1993 жылы Орталық Азияның бес мемлекеті: Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, Тəжікстан елдері дамуға көмек комитетінің шешімімен экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше болып бекітілді. Бұл ұйымның мүше-елдері дамуға ресми көмек (ДРК) алуға мүмкіндіктері болды. Комитеттің бұл шешімі «Азияның көшбасшысы» болғалы отырған Жапония үшін Орталық Азия мемлекеттерін өз ықпал ету аймағына тартуға мүмкіндік тудырды. Орталық Азия елдерімен экономикалық ынтымақтастық Жапонияның ТМД аймағындағы экономикалық реформаларды жүзеге асыру бағдарламасы аясын-да жүзеге асады. Жапония үкіметінің көмегі оның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы негізінде – Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) мен Шетелдік экономикалық ынтымақтастық қоры (OECF) арқылы атқарылуда [9,117].

Жапонияның Орталық Азия елдерінің əр қайсысымен қарым-қатынасының дəрежесі мен жиілігі нақты анықталып, белгі-ленген. Токионың сыртқы саясатының бағыты болып отырған Орталық Азия елдерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа Жапониямен байланысын белсенді дамытып отырған мемлекеттер: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан кірсе, екінші топта өздерінің саяси жүйесіне байланысты Жапониямен қарым-қатынасы мешеулеп дамыған: Түркменстан мен Тəжікстан бар.

АҚШ əскери əуе колледжі мен Жапон энергетика жəне эко-номика институтының өкілі М. Хиккок: «1997 жылы Хашимото негізінен энергетика саласын қамтитын, Жапонияның жаңа «Еуразиялық дипломатиясын» жариялады» деп көрсетеді. Бұл дипломатия бойынша негізгі екі мақсат көзделді. Ол Қытай мен Ресейге қатысты жобалар негізінде энергетикалық тұрақтылықты сақтау жəне халықаралық аренада Жапонияның беделін көтеру көзделген.

Қазақстандағы өндірілген мұнайды өңдеу мақсатында жапондық екі компания – «Марубэни» сауда-инвестициялық корпорациясы мен «Никки инджиниринг» компаниялары 2001 жылы Атырау қаласындағы мұнай өңдеу зауытын қалпына кел-тіріп, жаңалау туралы «Қазақойл» компаниясымен келісім-шарт жасасты. Жобаға қажетті 250 млн.доллардың 208 млн. долларын Жапон халықаралық ынтымақтастық банкі жеңілдік түрінде

берген. Жобаның негізгі мақсаты Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңалау арқылы жоғарғы октанды бензин мен керосин жəне таза дизель жанармайын алу болды [10,142].

Жапон компаниясының бұл жобаға қатысу барысында өнімді бөлісу туралы келісімге келгеніне қарамастан, өндірілген мұнай екі ел арасының қашықтығына байланысты тікелей жеткізіл-мейді. Бұған екі ел арасындағы территорияның алшақтығы мен мұнай құбырын салған жағдайда оның бірнеше мемлекет терри-ториясынан өтуі жобаға салынатын қаржы көлемін көбейтуді та-лап етеді. Жапония өзіне тиесілі мұнай мөлшерін Индонезияның мұнай терминалдарынан алады.

Каспийдің Түркменстандық аймағы түгелімен «батыс» елдері меншігінде болғанымен, соңғы кезде «Итотю сэкию кайхацу» жəне «Инпекс» компаниялары «Орталық Азия газ құбыры» халықаралық консорциумына кіру арқылы Яшлар, Кеймир газ-кен орындарынан Ауғанстан мен Пəкістанға құбыр тарту мүмкіндігін алды. Ал бұл құбыр Үндістанға жетіп, ұзындығы 1492 шақырымды құрап, 20 млрд м\куб газ өткізсе, бұл жобадағы Жапонияның үлесі 13 пайызға жетеді.

Жапонияның қатысып отырған келесі бір жобасы «Түркмения-Қытай- Жапония» газ құбыры. Бұл жобаға қажетті 1 млрд. доллар мен құрылысты жапондық Мицубиси (Жапония), Эк-сон (АҚШ) жəне Қытай ұлттық мұнай компаниялары жүзеге асыруы керек [6,46]. Бұл жобалар түркмен газын тұтынушыға жеткізуге арналған бірнеше жобалардың бірі ғана жəне ең қауіптісі. Алғашында Ауғанстандағы «азамат соғысы» себебімен тоқтатылған жоба кейіннен Америка мен халықаралық санкция негізінде тоқтатылды.

Т.Уяма: «Жапонияның Орталық Азияға қатысты нақты стратегиялық жобасының болмауы экономикалық факторға байланысты. Жапонияның негізгі экономикалық қызығушылық бағыты – бұл АҚШ, АТР, Оңтүстік-Шығыс Азия. Ал Орталық Азия Токио үшін экономикалық жағынан ешқашан маңызды болмаған. Жапонияның Қазақстанмен ара-қатынасы осының айқын дəлелі»,– деп атап көрсетті.

Сонымен қатар Жапонияның Орталық Азиядағы саясатының мешеулігі оның «Үлкен ойындағы» өзінің геосаяси ықпалына байланысты. Батыстық блоктың құрамы ретінде Жапония

68 69

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

Орталық Азияда тұрақтылықты сақтау, экономикалық донор болу, ядролық қаруды шектеу мен Азияның гүлденуі секілді стратегиялық жобаларға қатысады. Хашимотоның «Еуразиялық доктринасына» сүйене отырып, Т.Уяма оның негізгі екі бағытын көрсетеді. Олар, біріншіден – Ресеймен жақсы қарым-қатынасты сақтау, екіншіден – «Азиядан жаңа достар іздеу» саясаты. Қазақстан мен Жапония қарым-қатынастарынан екі елдің сыртқы саясаттарындағы өзгешелікті бірден байқауға болады. Ақорда өз саясатында еуразиялық вектор деп ТМД құрамына бірігу арқылы, Еуропа мен батыс елдерінің ықпалындағы Түркия жəне Иран мемлекеттерімен байланысын күшейтуді мақсат етіп отыр. Ал Токио болса еуразия доктринасын азиялық держава ретінде түсінеді [5,24]. Сондықтан да Жапония өзін таза «азиялық» деп танитын Өзбекстан секілді бұрынғы одақтас республикалармен тез байланыс орнатып, өзінің «жапондық экономикалық даму моделін» ұсынды.

Токионың ТМД елдеріндегі саясатына баға бере отырып, оның Азия республикаларымен тез байланыс орнатуына азиялық мен-талитет пен ортақ дəстүр мүмкіндік береді деп айтуға болады. Жапония батыс елдері – АҚШ пен еуропалықтар секілді демок-ратия мен адам құқықтарына принципшілдікпен мəн бермейді. Сонымен қатар экономикалық байланыс пен географиялық ор-наласуы бойынша азиялық держава болғандықтан, Жапонияның стратегиясына əлемдік экономикалық орталықтардағы жағдаймен қатар, өз аймағындағы Қытай экономикасы, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы энергоресурстар қоры да əсер етеді.

Жапония Азиядағы экономикалық ықпалын пайдалана отырып, Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Сібір жəне батыс Қытай жерлеріндегі ірі транскорпорациялық, коммуникациялық жəне инфрақұрылымдық жобаларға өзгерістер енгізіп, қатысуға мүмкіндігі бар. Ол үшін Жапония өзінің «батыстық» бетпер-десін тастап таза азиялық мемлекет ретінде саясат жүргізуі керек. Бірақ мұндай жағдайда Жапонияның Орталық Азиядағы белсенді саясатына негізгі кедергі келтіруші Ресей жəне Қытай мемлекеттерімен санасуына тура келеді.

Жапон елінің Орталық Азиядағы жүргізіп отырған саясатының жандануы, оның осы аймақтағы энергоресурстарға деген мүддесі мен саяси беделін көтеру қажеттілігінен туындап отыр.

Токионың Орталық Азияға қатысты жобаларға қолдау көрсетуі, оның осы аймақта болып жатқан үрдістердегі өз рөлін өзгертуді көздеуінде. Жапонияның бұл жағдайда көздеп отырған мақсаты осы аймақтағы Қытай мен Ресей ықпалына қарсы тұру. Өз кезе-гінде Жапониямен қарым-қатынас аймақ елдері үшін де тиімді: біріншіден – экономикалық дамудың үлгісі; екіншіден – екі аймақ арасындағы алшақтық шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етеді (Ре-сей жəне Қытаймен салыстырғанда); үшіншіден – Жапонияның экономикасы жəне АҚШ-тың əскери күші аймаққа жақсы кепіл бола алады.

Жапонияның Орталық Азияда жүргізіп отырған дамуға ре-сми көмек (ДРК) бағдарламасы ұзақ мерзімге арналған жоба болып табылады. Қазіргі кезде бұл жобаның бірінші кезеңі – Жапонияның БҰҰ мен əлем мемлекеттері алдындағы саяси бе-дел жинау кезеңі. Жапонияның бұл жобасының негізгі мақсатын америка саясаткері З.Бжезинский түсіндіріп өткен еді. Оның ойынша: «Əлемді билеу Еуразия құрлығымен тығыз байланысты. Еуразия əлемнің орталығы болса, Орталық Азия осы құрлықтың жүрегі іспетті. Сондықтан да осы аймақ пен құрлықты билеген ел əлемді де басқарары даусыз». Əрине, ол мемлекеттің Жапо-ния болмасы да анық жағдай. Бірақ, негізгі мəселе «ұлы шахмат тақтасындағы» əр елдің алар орнында болып тұр.

Жапонияның Орталық Азиядағы қолдап отырған жобаларының көбі оған ешқандай тікелей пайда əкелмейді. Бұл саясаттың мақсаты болашақта Жапонияның Орталық Азияның бай ресур-старына иелік етуге талпынысы деп қарау керек.

Əдебиеттер:

1. Кокошин А.А. Международная энергетическая безопасность. –М.,Европа, 2006. 80с.

2. Энергия и безопасность: на пути к новой внешнеполитической стратегии / Под ред. Ян Х. Калицки и Дэвид Л. Голдуина. Вашингтон –Бал-тимор: Вудро Вильсон сентер пресс и Джонс Хопкинс юниверсити пресс, 2005. 604 с / Международные процесы. М., 2005 № 3(9)

3. Дэниел Ергин. Добыча. Всемирная борьба за нефть, деньги и власть./www.booklove.ru.

4. Носова И. А. Энергетическая дипломатия Японии // Япония, М., /ежегодник/ 2004-2005 г.

70 71

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

5. Ивашита А. Геополитика в Цнетральной Азии:взгляд из Японии //Казахстанско-японское сотрудничество: состояние и перспективы: материалы международного «круглого стола», 5 декабря 2006 г. Алматы: КИСИ при президенте РК, 2007.

6. Лаумулин М.Т. Стратегия Японии в Евразии. //Казахстанско-японское сотрудничество: состояние и перспективы:материалы меж-дународного «круглого стола», 5 декабря 2006 г. Алматы: КИСИ при президенте РК, 2007.

7. Юаса Т. Строительство двустороннего партнерства в рамках диалога «ЦентральнаяАзия+Япония» //Казахстанско-японское сотрудни-чество: состояние и перспективы: материалы международного «круглого стола», 5 декабря 2006 г. Алматы: КИСИ при президенте РК,2007.

8. Мировая экономика и международные отношения №12. 20079. Усубалиев Э.Е. Политика Японии в новых геополитических усло-

виях: центральноазиатский вектор // Япония. Ежегодник. М.200210. Кочевой Г.К., Арунова М. Каспийская нефть и Япония// Цент-

ральная Азия и Кавказ № 1 (31), 2004.

«Қоғам жəне дəуір» ғылыми-сараптамалық журналы №4, 2008.

ОРТАЛЫҚАЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ОДАҒЫН ҚҰРУҒА ҚАТЫСТЫ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ə. НАЗАРБАЕВТЫҢ БАСТАМАСЫ:

ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫҢ КЕЛЕШЕГІ МЕН МƏСЕЛЕЛЕРІ

Мариан Əбішева Соңғы кездерде өзара қарым-қатынастың əлемдік жүйесі

дамудың жаңа кезеңіне өткендігі жылдан-жылға айқын байқалып келеді. Біздің көз алдымызда геосаяси, геоэконмикалық, халықаралық жəне трансұлттық байланыстардың құрылымы өзгеріп отыр. Бұл жерде жаһандану үрдісінің 1990-шы жылдары мемлекетаралық жəне экономикаралық байланыстардың күрделі жəне өзгермелі бейнесінің жаңаруының құрамдас бөлігі ретінде түсіндірілуін есте сақтауымыз қажет.

Жаһандану экономикалар арасындағы бəсекелестікті жан-дандыруы бұл үрдістен ұлттық күштердің қалыс қалу мен қалып қоймау үшін олардың топтасуына ықпал етеді. Бұндай жағдайда дамушы жəне транзиттік мемлекеттер, яғни Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Түрікменстан жəне Өзбекстан секілді орталықазия мемлекеттері қиын жағдайға душар болады.

XXI ғасырдың басында аймақ елдері күрделі қиюласқан жаһандық жəне аймақтық үрдістерден өз орнын табу мен сырттан келген қауіп-қатерлерге барабар жауаптар табу қажеттілігімен бетпе-бет келді. Бұл шешуді қажет ететін мəселелер қатарына: халық санына шаққандағы мемлекет кірісінің ара-қатынасы, технологиялық даму мен ақпараттық қауіпсіздік жатады. Осы мəселе аясында ОА елдеріне екіжақты мəселені – ұлттық эконо-миканы жаңарту жəне əлемдік шаруашылық пен халықаралық еңбек бөлінісіндегі позициясын сақтау қажет. Индустриалды дамыған мемлекеттердің тұтынушылық алаңына айналу мен артта қалуды бастан өткермеу үшін орталықазия мемлекеттері аймақтық ықпалдастық аясында кооперацияға бірігу қажет.

Қазіргі таңда Орталықазия елдері өздерін жаһандық əлемнің дербес субьектісі ретінде көрсетіп, өздерінің сыртқы байланыста-рын барынша əртараптандыруға тырысып отырғандығын таныт-ты. Ішкі жағдайдың шиеленістері мен əлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді сұрақтары орталықазия елдерінің бұл

72 73

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

мəселелерде шешуде жаңа жолдарды қарастыруын қажет етеді. Осылайша, əр түрлі халықаралық қатынастарға түсу арқылы олар Орталық Азиядағы геосаяси құрылымның өзгеруіне ықпал етеді.

Бүгінгі күні Орталықазия аймағындағы геосаяси тұрақтылықтың сақталуына ҰҚКҰ мен ШЫҰ аясындағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамсыз етуге қатысты үйлестірілген əрекет, мемлекетаралық келісімдер мен уағдаластықтардың жəне де ықпалды əскери-саяси жəне экономикалық державаларға қатысты теңдестірілген сыртқы саясаттың жүргізілуі себеп бо-лып отыр.

Сонымен қатар, аймақ ішінде шешілмеген ортақ мəселелер мен реттестірілмеген салалық мəселелер бар. Аймақтық ынтымақтастықтың қазіргі кезеңінде негізгі өзекті мəселе ретінде қаржылық, инвестициялық, сауда-экономикалық жəне қоныс аудару толқындарын бірігіп үйлестіру жəне энергетика, су мен көлік-байланыс салаларындағы шаруашылық кешендерді бірігіп пайдалану мəселелері алынған. Егер де өзара сауда мəселесін қарастыратын болсақ, Орталықазия аймағының мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың тек энер-гия көздерін тасымалдау мен өнім транзитімен шектелетінін байқаймыз. Ал өндірістік тауарлар мен азық-түлік өнімдерінің өзара экспорты мен импортының көлемі жағынан мардымсыз болып отыр. Мысалы, Қазақстанның тауарайналымындағы Орталық Азия елдерінің үлесі шамамен 2% қамтиды, яғни бұл Орталық Азия мемлекеттері арасындағы өзара тиімді сауда мүмкіндіктерінің жүзеге аспағандығын байқатады.

Сондықтан да, ықпалдастық үрдістерін жандандыру аймақтағы өзекті мəселелердің бірі болып саналады жəне де бұған қажетті объективті алғышарттар да бар.

Бірінші. ОА мемлекеттерінің геосаяси мүдделерінің өзара тəуелділігі. Бұл аймақтық географиялық жағынан құрлықтың ортасына орналасып, басқа құрлықтық күштермен көрші болуы оның əскери-стратегиялық жəне көлік-байланыстық маңыздылығын арттырады. Бұл жағдай сонымен бірге ОА мем-лекеттері мен жалпы аймаққа деген жаһандық жəне аймақтық державалардың «назарының» артуына ықпал етіп отыр. Мысалы, жер шарының екінші бір бөлігінде орналасқан АҚШ-тың өзі де

Орталық Азияны маңызды ұлттық мүдделерінің аймағы ретінде мəлімдеген.

Сонымен қатар, күш-жігерді біріктірудің қажеттілігінің бірі ретінде ортақ қауіптің – халықарылқ ланкестік, діни экстремизм, есірткі жəне заңсыз қару саудасы, халықарылқ қылмыстардың артуы трансшекаралық мазмұнда болғандықтан олармен күрес үйлестірілген саяси əрекетті талап етеді.

Ауғанстандағы қалыптасқан жағдай мен америка-иран қатынастарының шиеленісуі барлық орталықазия мемлекеттерінің алаңдаушылығын туғызып, аймақтың оңтүстік шекараларына қауіп төндіретін факторлар ретінде танылады.

Сонымен бірге, орталықазия мемлекеттерінің барлығы да өздеріндегі саяси тұрақтылықтың жағдайы көршілерінде де сақталғандығын қалайды. Бұл негізінен аймақ мемлекеттерінің арасындағы ішкі шекаралардың қажетті деңгейде қорғалмауы жəне қақтығыстық жағдайдың таралмауына қарсы тұра алмау мəселесінен туындап отыр.

Осылайша, аймақ елдерінің геосаяси жағынан өзара тəуелділігі олардың өз тəуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтауға қажетті ішкі жəне сыртқы жағдайды қалыптастыруға ортақ қызығушылығы арқылы анықталады.

Екінші. Экономикалардың өзара ресурстық тəуелділігі. Бұл мəселені Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан мен Түрікменстанның су-энергетикалық ресурстар жағынан Қырғызстан мен Тəжікстанға тəуелді болса, бұл мемлекеттер өз кезегін-де Өзбекстан, Түрікменстан мен Қазақстанда өндірілген газ бен мұнай өнімдерін пайдалануы мəселесі арқылы түсіндіреміз. Аймақ елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесінде ауылшаруашылық өнімдерін, оның ішінде дəнді-дақылдар мен жеміс-көкеніс өнімдерін тасымалдаудағы өзара қызығушылық маңызды болып отыр. Сонымен бірге, бұл елдердің халықаралық нарық пен ОА мемлекеттерінің нарығына шығуға қажетті байланыстары арасында өзара тəуелділік болуымен қатар, бұл елдердің жеке инфрақұрылымдары ОА аймағындағы экономиканы дамытуға жəне сыртқы тауар өндірушілердің мүдделері үшін өте мардымсыз болып саналады (шикізат көздерін сыртқа экспорттаудан басқа).

74 75

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

Үшінші. Даму мəселелерінің ортақтығы. Бұл мəселе ОА мемлекеттерінің дамуының ортақ транзиттік мағынасы, тұрақты саяси режимдер, бəсекеге қабілетті экономика, дамыған ғылыми-техникалық мүмкіндік құру қажеттілігі жəне осының негізінде əлеуметтік жəне экологиялық игілікке жету мəселесі арқылы негізделеді.

Сонымен бірге, барлық сарапшылар Орталық Азия елдерінің ықпалдастығының негізі ретінде бұл аймақты бағы заман-нан мекендеген халықтар тарихының ортақтығы, олардың мəдениеті, тілі, діні, дəстүрі, туыстық қатынастары үлкен қызмет атқаратынын атап пайымдайды.

Бұл қысқаша талдауда орталықазия ықпалдастығының тиімді жақтарының негізгі себептері ғана қарастырылғандығын атап өту қажет.

Орталықазия республикалары арасындағы толық көлемдегі ықпалдастықтың мүмкіндігінің болғанына қарамастан бұл əлеует қазіргі күнге дейін жүзеге аспай келді. Керісінше, аймақта соңғы кездерде мемлекеттер арасында межелену көрінісі байқалып, сыртқа тебушілік екпіні басылмай отыр. Біздің ойымызша, бұндай жағдайдың қалыптасуына ұлттық экономикалардың əртүрлі бағытта дамуы мен аймақтың бес республикасын бір ықпалдастық құрылымға біріктіруге мүмкіндігі бар шаруашылық кешенді пайдаланудағы қайшылықтар əсер еткен. Қаржы жəне сауда-экономикалық қатынастар, энергетика мен су ресурста-ры, көлік-байланыс жүйелері мен экологиялық аумақтардағы əдістемелер мен көзқарастардың əртүрлілігі нақты ықпалдастық жобаларының жүзеге асыуына кедергі келтіреді.

Орталық Азия мемлекеттерінің саяси басшыларының рес-публикалар ара-қатынасын институциаландыруға қатысты бас-тамалары осы қиындықтарға ұрынып, тек қағаз жүзінде қалып келеді. Сонымен қатар, шешімін таппаған сұрақтар бірте-бірте шиеленісіп, болашақта экономикаық саладан саяси кеңістікке өтіп, қиын мəселеге айналып кетуі мүмкін.

Орталықазия ынтымақтастығының жалпы мəселелеріне мына факторлары жатқызуға болады:

Бірінші. Орталық Азия елдерінің тəуелсіз дамуы кезеңінде олардың жүргізіп отырған ішкі жəне сыртқы саясаттарында дербестілік байқалады. Экономикалық жаһандану жағдайында

республикалар үкіметтері мемлекеттілік құрудың өзіндік бағытын қабылдады, ол біріншіден – ішкі қажеттілікті айқындаса, екіншіден нақты геосаяси жағдайға негізделген. Бұл жағдайда саяси егемендік пен ішкі нарықтың қауіпсіздігі принциптері өзекті болып отыр.

Жалпы алғанда, Орталық Азия мемлекеттері дамудың екі түрлі саяси-экономикалық бағытын таңдады: кейбір респуб-ликалар бұрынғы (социалистік) жүйені біржола құрту жолын таңдаса, келесілері – консервация мен экономиканы мемлекеттік басқарудан нарықтық қатынастарға біртіндеп өткеру жолын қарастырды. Яғни, орталықазия мемлекеттерінің топтары арасындағы қатынасқа саяси жəне əлеуметтік-экономикалық реформалардың жүргізілу қарқыны факторы ықпал ете бас-тады.

Қазақстан, Қырғызстан жəне кейін Тəжікстан республикала-ры таңдап алған жол ел үкіметінен əлемнің қарқыны мен тамыр соғысына перманентті жəне қажетті түрдегі əрекеттті талап етеді жəне бұл жағдайда ұлттық экономика əлемдік нарықтағы əр түрлі дағдарыстық жағдайларға шалдыққыш болады. Əлемдік саяси үрдістер мен жаһандық нарыққа сəйкес даму үшін əлеуметтік-экономикалық шаралар кешені мен ресурстарды арттыру қажет болды.

Өтпелі кезеңнің қиындықтарына қарамастан демократиялық өзгерістер мен экономикалық қатынастардың либерализа-циялану үрдісі Қазақстанда қоғамдық жəне экономикалық институттардың дамына қолайлы əсер етті. Бұл кезеңдегі кемшіліктердің орнын энергия көздері мен шикізатты экспорт-тау жауып отырды. Қазақстан үкіметі ел экономикасын жаңарту арқылы қазіргі таңдағы шикізат бағыты басым болып отырған жағдайды өзгертуге тырысуда.

Ал Қырғызстан болса керісінше ресурстық базаның кемшілігін көріп отыр. Бұл кемшілік орнына нарықтық қатынастардың белсене енгізілуі орнығып, экономикалық жағынан тəуелсіз са-яси топтың пайда болуына алып келді. Əкімшілік-мемлекеттік аппараттың əлсіреуіне байланысты саяси топтар арасындағы қарым-қатынас саяси қарама-қайшылық түріне айналды. Бұл мəселе қазіргі таңда конституциялық жəне əкімшілік реформалау арқылы шешіліп келеді.

76 77

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

Азамат соғысының салдарына байланысты Тəжікстандағы билік қатынастар жүйесі мен экономикалық даму өзінің трансформациялануының алғашқы сатысын бастан өткізіп отыр. Ал республикадағы билік қатынастарын күшейту талпынысы нарықтық экономиканың даму бағытын нақтылады.

Саяси-экономикалық жүйені трасформациялау кезеңдері барысында əлеуметтік сілкіністерге бой алдырмау үшін Өзбекстанда нарықтық бағыттағы қоғам құруға біртіндеп өтудің бес принципі жасалынды. Экономикалық реформаларды жүргізудің кезеңдік курсының қабылдануы елдегі өзгерістердің қарқынын төмендетті. Даму қарқыны əр түрлі елдермен шекара-лас болу өзбекстан үкіметінің əрдайым протекциялық шаралар қабылдауға, тіпті шекараны жабу əрекетіне итермеледі.

Түрікменстан саясаты бастапқы кезден-ақ оқшаулануға бағытталды. Бұндай жағдайда орталықтанған саяси жүйе сақталып қалды. Оқшауланудың əлеуметтік-экономикалық бағыттағы кемшіліктеріне қарамастан, саяси жүйе ұлттық тұтастықты қамтамасыз етіп, елді əулетаралық қарсылықтар мен элитаралық қайшылықтардан сақтап қалды. Ел аумағындағы көмірсутегі қорының стратегиялық қорының болуы əлеуметтік тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді.

Тəуелсіз мемлекеттілік құру жылдарында республикалар шекарасында пайда болған кедергілер ұлттық саяси жүйелер мен экономикалық үлгілерде, əсіресе əдістемелерде айтарлықтай айырмашылық бар болуы өзара сəйкессіздікке ұрындырды. Қазіргі таңда аймақтық ынтымақтастықты кеңейтудің негіз-гі кедергісі – Орталық Азия елдерінің əртүрлі дамуындағы алшақтықты жою болып табылады.

Екінші. Аймақ елдерінің арасындағы саяси алшақтық жеке меншік құқығы жəне еркін баға құны мен нарық заңдарының сақталғанына қарамастан айқын көрінеді. Бұл жағдайда экономикалық көрсеткіштер арасындағы алшақтық көп ықпал етеді. Қазақстан мен Қырғызстан шамамен бірдей экономикалық үлгіге ие болғанымен де, Қазақстан экономикалық көрсеткіштер жағынан Қырғызстаннан біршама алда жəне ол үшін белгілі-бір күш орталығы секілді болады. Бұл жағдай бір топ қырғызстандық саясаткерлер мен сарапшылардың қарсылығын туғызды жəне бұл жалпы алғанда қоғамның бір тобының көзқарасы ретін-

де қарастырған жөн. Бұл фактордың субъективті мамұнына қарамастан, аймақ елдерінің болашақтағы ықпалдастық үрдісіне кері əсер етуі мүмкін. Өзінен жақсы дамыған мемлекет ретінде көрші елге сақтықпен қарау құбылысы мемлекеттік саясатты жасаушылар арасындағы радикалды көзқарастағы ұлтшыл топтардың идеологиялық құралы болуы мүмкін.

Дəл о сындай жағдайды Тəжікстанның аймақтық қатынастарынан да байқауға болады. Бұл республика қазіргі таңда экономикалық қиындықтарға байланысты Ресей, Қытай, Иран жəне АҚШ секілді геосаяси күштердің ықпалында қалып отыр. Осыған байланысты тəжік үкіметі өз экономикасын дамытудағы Қазақстанның қатысуына сенімділікпен қарап, аймақтық ықпалдастық мəселесіндегі қазақстандық бастаманы қолдады. Бірақ, Орталық Азия аймағындағы су ресурстарын бөлісуге қатысты мəселенің шешім таппағанын ескере келіп, Тəжікстан бұл мəселені шешудің өзіндік жолын іздестіруде. Аймақтағы əлсіз жəне тиімсіз институтционалдық құрылымдар мен көрші Өзбекстанмен саяси байланыстың күрделілігіне байла-нысты тəжікстандық билік аймақтық ықпалдастықтың геосаяси баламасын қарастыруда.

Бұл себеп тəжікстандық билік пен Қырғызстан үкіметінің гидроэлектриканы дамытуда саяси жағынан өзендердің төменгі ағысында орналасқан аймақтың басқа мемлекеттеріне қарсы бірігуіне итермеледі. Сонымен қатар, қоғамдық жəне ғылыми ортаның бір бөлігі иран тілді қауымды түркі тілді əлемге қарсы қоюды уағыздайтын идеологиялық əдістеме ұсынады.

Осылайша, орталықазия ықпалдастығын жүзеге асырудың келесі бір кедергісі – бұл түрлі мүмкіндігі бар əртүрлі саяси-экономикалық жүйелердің өзара қарым-қатынасы болып отыр. Соның нəтижесінде территориясы мен халық саны аз елдердің өз тəуелсіздігін қорғаудың формасы ретінде өзінен күшті көршісіне қарсылығының идеологиялық негізі қалыптасады.

Үшінші. Саяси шешімдерді қабылдаудағы оқшауланушылық аймақтық байланыстарды дамытудың орнына əр республиканың өзіндік тəуелсіз дамуының жолын іздеуге талпынысын ын-таландырды. Орталық Азия мемлекеттері көптеген саяси жəне экономикалық көрсеткіштер жағынан өздерінің аймаққа жататындықтарын тек сөз жүзінде ғана нақтылауы мүмкін. Жал-

78 79

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

пы мəселелердегі формализация ТМД, ЕурАзЭО, ЭОҰ секілді ірі ұйымдардың жұмысынан да көрініс берді. Бұл əсіресе аймақтық қауіпсіздікті қамтамсыз етуде байқалады, ал бұл мəселе өте ірі ҰҚКҰ мен ШЫҰ аясында қарастырылады.

Осылайша, тəуелсіз даму кезеңінде ОАО, ОАЭО секілді ұйымдар жұмысына қатысқандарына қарамастан, орталықазия мемлекеттері аймақтық байланысқа тартылған жоқ.

Төртінші. Ықпалдастық жобалапр көбіне саяси бағытта болды. Бұл жағынан алғанда технологиялар тартылған өндірісті дамытуға бағытталған ортақ бағдарламаларды жүзеге асыруға жағдай жасалмады, соған қатысты бастамалар өздерінің негізгі қолдаушылары – ірі жəне орта өнеркəсіп ие-лерін қызықтырмады. Аймақта мемлекетаралық кедергілердің жойылуына, өндірістік мамандануды тереңдету үрдісін дамыту мен аймақтық өндірістік ықпалдастықты қажет ететін дербес күш пайда болмады.

Аймақта трансұлттық құрылым жасаушы дербес қаржылық, өнеркəсіптік жəне коммерциялық құрылымдар қалыптастыру ықпалдастық байланыстардың тиімді қозғаушы күші болып та-былады. Бұл жағынан алғанда жеңіл көлік жасау, машина жасау, электроника, ядролық жəне космостық технологиялар секілді жаңа технологиялар тартылған өнеркəсіптерді бірігіп игеруге қатысты жобалар жасау қажеттілігі туындайды.

Бұл қарастырылған факторлар ортазиялық ықпалдастықты жылжытудың саяси жəне əлеуметтік-экономикалық негізінің əлсіздігін көрсетеді.

Жоғарыда көрсетілген жалпы мəселелерден басқа аймақта дербес жəне өте шиеленісті мəселелер де бар.

Өте маңызды мəселелердің бірі – шешімін таппаған суды пайдалану мəселесі. Бұл мəселенің шешілуі аймақтың дамуы-на тұрақтылық алып келеді, өйткені, су мен оның бөлінісі ОА мемлекеттеріндегі əлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығына тікелей ықпал етеді.

Келесі бір маңызды мəселе аймақтың энергиямен қамтамасыз етілуі, өйткені, ондаған жылдар бойы Тəжікстан мен Қыр-ғызстанның басымдығындағы гидростанциялар мен Өзбекстан мен Түрікменстан басшылығындағы газбен қамтамасыз етудің ортақ жүйесі жұмыс жасап келді.

Дұрыс шешім табуы ықпалдастықтың дамуына серпіліс бе-ретін келесі бір мəселе – аймақтың көлік-байланыс жүйесінің біртұтастығы мен Трансазиялық магистралдың салынуынан соң бірнеше есе артқан транзиттік мүмкіндігін бірігіп пайдалану болып табылады.

ОА ықпалдастық қатынастардың дамуына кедергі келтіріп отырған мəселелер қатарына аймақ елдері арасындағы шекаралық дауларды реттестіру əділетті жəне біржола шешілуі де жатады.

Ықпалдастықтың дамуына аймақ елдеріндегі экономикалық даму деңгейі мен экономикалық қатынастардың əртүрлілігі де ке-дергі жасайды. Бұл жерде негізгі кедергілер ретінде кеден, визалық жəне шекаралық өткізу режимдерін қарастырамыз. Қалыпты экономикалық өзара əрекеттестікке көлік инфрақұрылымының дамымауы мен шаруашылық байланыстардың əлсіздігі де қатты əсер етеді.

Орталық Азия аймағы экологиялық тұрақтылық жағынан өте қатты күйзелген: қоршаған ортаны пайдалануға бағытталған техногендік жəне адам əрекеті оның қайта қалпына келу мүмкіндігіне зиян келтірді. Сонымен қатар, аймақ тұрғындарының қауіпсіздігіне жоғарғы деңгейдегі сейсмикалық жəне сел жүру қауіпі де қосылады, ал бұл мəселені тек бірігіп қана шешуге болады.

Сонымен бірге, аймақтық ықпалдастық үрдісіне кедергі кел-тіретін негізгі мəселелердің бірі ретінде саяси басшылықтың кеудемсөқтығы мен олардың бір сəттік мүдделерінің əртүрлілігі бүл үрдісті шабандататынын нақты көрсете аламыз.

Жоғарыда талқыланған мəселелерді шешу үшін ең алды-мен Орталық Азия елдерінің күш-жігерлерін біріктіріп, өзара əрекеттестік ықпалдастығын арттыру қажет. Баршағаи мəлім болғандай, Қазақстан бірнеше жыл қатарынан аймақтық ықпалдастық ұйымын құру бастамасын көтеріп келеді. Өкінішке орай бұған дейін құрылған ұйымдардың (Ортазиялық одақ, 1994 ж., Ортазиялық экономикалық одақ, 2001 ж., Ортазиялық ынтымақтастық ұйымы, 2002ж.) жұмысы ешқандай бір тиімді нəтижеге алып келген жоқ.

Осыған байланысты Қазақстан Президенті Н.Ə. Назар-баевтың Ортазиялық мемлекеттер одағын құру туралы баста-масын жүзеге асыру бүгінгі таңда өзекті мəселе болып отыр.

80 81

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

Одақты құрудағы негізгі мақсат ортақ экономикалық кеңістік пен біртұтас аймақтық нарық құру арқылы экономикалық бірігу болып табылады.

Қазіргі жағдайда ОАМО құру бастамасын жүзеге асырудың прагматикалық бағыты ретінде біздің ойымызша əртүрлі қарқынды ықпалдастық, яғни бір мазмұнды келісімдерге екіжақты қол қойып, артынан бұл келісімдерді біріктіріп, көпжақты біртұтас келісімге айналдыру жолын таңдап алған жөн.

«Қоғам жəне дəуір» ғылыми-сараптамалық журналы №4, 2009.

«ЕУРОПАҒА ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Алмас Арзықұлов

Қазақстанның 2010 жылы Еуропалық қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететіндігі қазіргі таңда баршаға мəлім мəселе. Бірақ, бұрынғы кеңестік мемлекеттер арасында жəне де мемлекетттік территориясының басым бөлігі Азия құрлығында жатқан мемлекеттің таза «eуропалық» ұйымға төрағалық етуі мен оның бір жылдық даму бағытын айқындауы бұрындары орын алмаған жағдай болып табылады. Осы ретте Қазақстанның аталынған ұйым жұмысын басқару мен оның ағымдық дамуын қамтамасыз ету жəне өз төрағалық кезеңін абыроймен атқару үшін «Еуропаға жол» бағдарламасы жаса-лынды.

Бұл бағдарлама туралы мəселені Президент алғаш рет 2008 жылдың 6 ақпанындағы Қазақстан халқына арналған Жолдауында көтерген болатын. Артынан осы бағдарламаны əзірлеуге қатысты құжат Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылдың 29 тамызындағы N653 Жарлығы негізінде бекітіл-ді. Бұл құжатта «Еуропаға жол» бағдарламасын əзірлеу, оның мақсаты мен міндеттері, күтілетін нəтижелер жəне тағы да басқа мəселелері қарастырылған. Бағдарламаны қабылдау қажеттiлiгi елдiң iшкi дамуының өзектi мiндеттерiн шешудiң, еуропалық бағыттағы ұлттық басымдықтардыəзiрлеудiң, тарихи қалыптасқан байланыстарды нығайтудың, еуропалық интеграция жəне институционалдық-құқықтық реформалар тəжiрибесiне сүйенудiң, технологиялық, энергетикалық, көлiк, сауда, гуманитарлық жəне инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетудiң маңыздылығынан туындады. Елбасы өзінің дарынды елшілік қасиетін танытты, өйткені бұл халықаралық бастама əлемдік елшіліктер тəжі рибесінде болмаған жағдай жəне оны қазіргі заманғы елшілік қыз метке ен-гізіліп отырған өзара да муды, мемлекеттер мен қауымдас тықтарды жақындататын жаңа ша лан дырылған механизмі десе де болады. Қазақстан Республикасының Сыртқы саясаты тұжырымдамасына сəйкес Еуропа елдерiмен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның стратегиялық мүддесiн бiлдiредi.

82 83

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

Қазiргi уақытта Еуропа елдерiмен екiжақты қарым-қатынастардағы технологиялық, энергетикалық, сауда жəне көлiктiк ынтымақтастық əлеуетi толық iске асырылмай отыр. Еуропалық Одақ елдерi тұтас алғанда Орталық Азия мемле-кеттерiмен, атап айтқанда, Қазақстанмен ынтымақтастыққа да айрықша назар аударатынын ескеру қажет. Олардың ортақ ұстанымы 2007 жылғы маусымда Еуроодақтың саммитiнде қабылданған «ЕО жəне Орталық Азия: əрiптестiктiң жаңа стра-тегиясы» атты құжатта көрсетiлген. Еуропалық Одақтың iшкi құжаты болып табылатын Стратегия ЕО-ның Орталық Азиямен жəне Қазақстанмен өзара iс-қимылының маңызды бағыттарын қамтиды. Еуропаның бiрқатар елдерiнiң ЕО-ның еуропалық құрылымдарына интеграциялануға ұмтылысы немесе олардың еуропалық көршiлiк саясат шеңберiнде ЕО-мен өзара iс-қимылы бұл елдерге əлеуметтiк-экономикалық жəне саяси дамудың əртүрлi салаларында белгiлi бiр жетiстiктерге жетуге мүмкiндiк бередi. Сондықтанда, бағдарлама аталған елдердiң ЕО мемле-кеттерiмен жəне еуропалық құрылымдармен ынтымақтастығын дамытудың оң тəжiрибесiн ескере отырып əзiрленген.

Бағдарламаны iске асыру Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негiзгi принципi – тепе-теңдiк жəне прагматизм қағидатын дамытуға жəрдемдеседi.

Ал бағдарламаның мақсатына келер болсақ, ол Қазақстан Республикасының Еуропаның жетекшi елдерiмен стратегиялық серiктестiк деңгейiне шығуы болып табылады. Бағдарламаның аталған мақсатына қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:

1) Қазақстан Республикасының Еуропа мемлекеттерiмен мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастыққа ұмтылады:

- технологиялық;- энергетикалық;- көлiк саласында;- техникалық реттеу жəне метрология саласы;- сауда-экономикалық;- шағын жəне орта бизнестi дамытуда;- өмiр сүру сапасы саласында;- гуманитарлық өлшем тұрғысындағы ынтымақтастықты

дамыту жəне тереңдету.

2) оң сипаттағы еуропалық тəжiрибенi пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетiлдiру;

3) Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуi үшiн жағдай жасау.

Ал енді бұл міндеттердің əр қайсысын орындауға қатысты мəселені жеке-жеке алып қарастырамыз:

1.1. Технологиялық ынтымақтастықты жолға қою үшiн жағдай жасау.

Еуропа елдерiмен технологиялық ынтымақтастықты жандан-дыру жаңа технологияларды тарту мақсатын көздейдi. Еуропалық серiктестермен өзара ықпалдасу, оның iшiнде нанотехнология-лар мен биотехнологиялар саласында ықпалдасу Қазақстанда құрылып жатқан жəне iске қосылған технопарктерге серпiн бередi. Еуропа елдерiнiң мамандарын шақыра отырып, технопарктердiң аумағында инновациялық менеджмент саласындағы мамандарды даярлау жəне инженер кадрларды қайта даярлау жөнiнде бiрқатар оқу iс-шараларын өткiзу көзделінген.

Еуропа мен Азия құрлықтарының түйісінде орналасып, екі аймақ арасында «көпір» қызметін артқаруды мақсат еткен Қазақстан үшін мемлекетте бар көлiк коммуникацияларын ре-формалау жəне жаңаларын құру жөнiнде прогрессивтi еуропалық технологияларды пайдалануда ынтымақтастықты дамыту көзделінген.

Қазақстан өзінің өткен тарихында жəне де əлі күнге дейін ин-дустриалды-аграрлы ел болғанына қарамастан ауыл шаруашылық өнімдеріне деген өзінің ішкі сұранысын қанағаттандыра алмайтындықтан, бұл өнімнің сыртқы нарыққа шығуы тіптен сөз болмайды. Сондықтан да, Еуропада пайдаланылып жүрген аграрлық технологиялар ұлттық ауыл шаруашылығын елеулi түрде дамытуға қызмет етедi. Еуропалық стандарттарға жəне өнiмдердi сертификаттауға бiрте-бiрте көшу бөлек мiндет болып табылады, бұл өз кезегiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң Еуропа елдерiнiң нарықтарына шығуына жол ашады. Ғылым, жаңа технологиялар, инновациялық əзiрлемелер жəне технологиялар трансфертiн, оның iшiнде қазақстандық жəне еуропалық жүйенiң мүмкiндiктерiн тарата отырып, техноло-гиялар трансфертiн ұйымдастыру саласында өзара ақпараттық алмасуды дамыту маңызды бағыт болып табылады.

84 85

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

1.2. Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту.Қазақстанның Еуропа нарығында орнығуы жəне ұзақ мерзiмдi

сипатта қатысуы мақсатында Қазақстандық тараптың Еуропа елдерiнде порттар, терминалдар, мұнай өңдеу зауыттары, автомай құю станциялары жəне басқа инфрақұрылымдық объектiлердi сатып алуы жөнiнде жұмысты жалғастыру көзделген.

Еуропа елдерiмен ынтымақтастықтың тағы бiр бағыты энергия үнемдеу стратегиясы, осы салада инвестицияларды қолдау жəне қорғау, энергетикалық көлiк инфрақұрылымына қолжетiмдiлiк құқығы, жүйелiк операторлардың табиғи монополиялардан тəуелсiздiгi, салалық реттеу, тарифтiк саясатын реформалау сияқты энергетика саласындағы бiрқатар негiзгi нарықтық прин-циптердi одан əрi өрiстетуде еуропалық тəжiрибенi пайдалану болып табылады.

ЕО-ның жаңа энергетикалық стратегиясының негiзгi бағыттарының бiрi ғаламдық жылыну мəселесi болып табылады. ЕО қалпына келтiрiлетiн энергия саласындағы технологиялар бойынша əлемдiк көшбасшы саналатынын, Қазақстанда осы энергия түрiнiң елеулi əлеуетi бар екенiн ескере отырып, сондай-ақ энергия үнемдейтiн жəне экологиялық таза технологияларды енгiзу мен дамыту мəселелерi бойынша ЕО елдерiнде таныстыру жəне оқу-үйрену семинарларын ұйымдастыру, халықаралық конференциялар мен көрмелерге қатысу арқылы тəжiрибе алмасу көзделген.

1.3. Көлiк саласында ынтымақтастықты дамыту.Ұлттық заңнама базасын үйлестiру, жолаушылардың, жүктiң

жəне көлiк құралдарының еркiн қозғалысы үшiн көлiк қызметiн көрсетудi қамтамасыз ететiн жағдай жасау, көлiктiң барлық түрлерiнде пайдалану жəне басқа да қауiпсiздiктi арттыру арқылы еуразиялық континентаралық көлiк дəлiздерiн одан əрi дамыту көзделген.

Бағдарлама тиiстi меморандумдарға қол қоя отырып, ұлттық ұсыныстарды бекiтiп, ұлттық көлiк желiлерiнiң панеуропалық көлiк желiлерiне түйiсуi жөнiндегi келiссөздер процесiн жалғастыруды; еуропалық стандарттарды ұлттық ави-ация саласына енгiзудiң бағдарламасы бойынша практикалық тағылымдамаларға қатысуды; теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мəселелерi бойынша порттар инспекцияларымен

тəжiрибе алмасуды; автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық жауапкершiлiгiн сақтандырудың халықаралық жүйесiн үйлестiру мəселелерi бойынша Еуропа елдерiнiң көлiк министрлiктерiнiң жəне халықаралық ұйымдардың сарапшыларымен келiссөздерге қатысуды; автокөлiк құралдарының экологиялық тиiмдiлiгiн арттыру тəжiрибесiн зерделеудi;қолда бар тəжiрибенi өзiнiң бағдарламалық құжаттарында iс жүзiнде пайдалану мақсатында көлiк саласының проблемалық мəселелерiнiң кең ауқымын еуропалық елдермен талқылауға Қазақстанның тең дəрежедеқатысуын көздейтiн бастамаларды нығайтуға жəрдем көрсетуге бағытталған.

1.4. Техникалық реттеу жəне метрология саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Тарифтiк емес реттеу құралдары болып табылатын техникалық реттеу мен метрологияның мақсаты жəне миссия-сы – өнiм қауiпсiздiгiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету, оның бəсекелестiкке қабiлеттiлiгiн арттыру, сауда-саттықтағы техникалық кедергiлердi жою, бизнеске əкiмшiлiк қысым көрсетудi азайту жəне өлшемдердiң бұрыс нəтижелерiнiң салдарынан республика азаматтары мен экономикасының мүдделерiн қорғау болып табылады. Көлiк коммуникациясы, агроөнеркəсiп кешенi, энергетика, экологияны қорғау мен денсаулық сақтау саласында, сондай-ақ шағын жəне орта бизнестi дамыту мəселелерiнде прогрессивтi еуропалық технологияларды пайдаланудағы ынтымақтастықты дамыту көзделiп отыр. Жаңа технологияларды iс жүзiнде енгiзу – Еуропалық Одақ елдерiнiң талаптарына сəйкес келетiн техникалық заңнаманың, стандарт-тау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың, өлшем құралдарының, сынақ, өлшем зертханалары жүйесiнiң тиiстi базасын құрумен қатар жүруге тиiс. Осыған байланысты техникалық регламент-тердi əзiрлеу жəне қабылдау; техникалық регламенттер талаптары орындалуының дəлелдеме базасы тұрғысында қызмет iстейтiн үйлестiрiлген стандарттарды əзiрлеу; стандарттау жəне аккредит-теу жөнiндегi халықаралық ұйымдарға, оның iшiнде Стандарттау жөнiндегi еуропалық комитетке (СЕN), Аккредиттеу жөнiндегi халықаралық ұйымға (IАF), Зертханаларды аккредиттеу жөнiндегi халықаралық кооперацияға (ILАС) кiру; жаңа өлшем жəне сынақ зертханаларын құру жəне жұмыс iстеп тұрғандарын жаңарту;

86 87

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

аккредиттеу ұйымдары (қазақстандық экспортты iлгерiлету үшiн «жасыл дəлiз» құру), оның iшiнде интеграциялық бiрлестiктер аясында берiлетiн аккредиттеу жүйелерiнiң, сертификаттар мен хаттамалардың баламалығы жөнiнде көпжақты жəне екiжақты келiсiмдердi жасасу жөнiнде шаралар қабылдау; ұлттық эталон базасын жетiлдiру, оның еуропалық ұқсастарына сəйкестiгiне қол жеткiзу; зертханалар арасында салыстырулар жүргiзу; республи-ка кəсiпорындарына менеджмент жүйесiн жеделдетiп енгiзу үшiн халықаралық сарапшыларды тарту; нарықты қадағалау жөнiнде халықаралық тəжiрибенi зерделеу көзделiп отыр.

1.5. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету.Соңғы жылдары Қазақстан жəне Еуропа елдерi арасындағы

сауда айналымы қарқынының ұлғаю үрдiсi байқалады, алайда экспорт құрылымында дəстүрлi түрде шикiзаттық тауарлар басым түсiп жатады. Бұл орайда қазақстандық экспорттың құрылымын əртараптандыруға арналған күш-жiгердi шоғырландыру қажет. Қазақстан мен Еуропа елдерiнiң арасындағы сау-да-экономикалық байланыстарды тереңдету мақсатында Қазақстанның Еуропадағы сауда өкiлдiгiн жəне бiрқатар Еуропа елдерiнде оның бөлiмшелерiн ашу көзделiп отыр. Өкiлдiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: Еуропа нарығында Қазақстанның экономикалық мүдделерiн iскеасыруға қатысты Еуропа елдерiнiң экономикалық саясатының ықпалына талдау жүргiзу; отандық өнiмдердi еуропалық нарықта iлгерiлету үшiн қазақстандық кəсiпкерлерге ақпарат беру мақсатында Еуропа елдерiнiң сауда-саттық заңнамасын жəне сыртқы сауда қызметiнiң талаптарын зерделеу; Еуропа елдерiне арналған қазақстандық экспорттың құрылымын əртараптандыру, оның iшiнде сауда артықшылықтарының еуропалық жүйесiн пайдалану.

Бұдан басқа, екiжақты келiссөздер жүргiзу арқылы қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарда экспорттық iл-герiлету үшiн жəне Еуропа елдерiнiң нарықтарында қазақстандық тауар өндiрушiлерiнiң экономикалық мүдделерiн қорғау үшiн жағдай жасау, Еуропа елдерiндегi жыл сайынғы халықаралық көрмелерге Қазақстан Республикасының қатысуы қазақстандық өнiмдердiң экспорттық ауқымын кеңейтуге мүмкiндiк бередi.

1.6. Шағын жəне орта бизнестi дамытудағы ынты-мақтастық.

Бағдарлама ынтымақтастықты нығайтуға əрi шағын жəне орта бизнестi дамыту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты одан əрi қалыптастыруға, шағын жəне орта кəсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк реттеудi оңтайландыруға, салық салу жүйесiн жетiлдiруге, банк кредиттерiне жəне қаржыландырудың басқа да көздерiне еркiн қол жеткiзудi қамтамасыз етуге, кадрлар даярлаудың ортақ жүйесiн құруға, шағын жəне орта бизнес субъектiлерi қызметiн регламенттеу мəселелерiнде қазақстандық заңнаманы жетiлдiруге жəне Еуропа елдерiнiң заңнамаларымен үйлестiруге бағытталған.

Аталған саладағы мақсаттарға қол жеткiзу: кəсiпкерлiктi, салық салуды, оның iшiнде шағын жəне орта бизнеске қатысты мемлекеттiк қолдау саласында тəжiрибе алмасуды қоса алғанда, iс жүзiндегi шараларды iске асыру; кəсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамытуға жəрдем көрсету; бiрлескен бағдарламалар мен жоба-ларды əзiрлеу жəне iске асыру; бiрлескен консультацияларды, семинарларды, конференцияларды, сондай-ақ шағын жəне орта бизнестi дамыту үшiн жағдай жасау жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстарды əзiрлеу жөнiнде зерттеулердi ұйымдастыру жолы-мен жүзеге асырылады.

1.7. Өмiр сүру сапасы саласында ынтымақтастықты кеңейту.

Өмiр сүру сапасы деп мемлекеттiң экономикалық дамуының, оның iшiнде қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм беру жəне халықты əлеуметтiк қорғау саласындағы əлеуметтiк нəтижелердi көрсететiн негiзгi көрсеткiштердiң жиынтығы түсiндiрiледi. Ұлттық экологиялық заңнаманы Еуропа елдерiнiң стандарттары мен үйлестiрудi, трансшекаралық проблема-ларды шешу саласында бiрлескен бағдарламаларды əзiрлеудi, биологиялық саналуандықты сақтауды, қоршаған ортаны тарихи лас-қоқыстан тазартуды қоса алғанда, халықтың өмiр сүру сапасын арттыру жəне қоршаған ортаның жай-күйiн жақсарту мəселелерiнде Қазақстанның Еуропа елдерiмен ынтымақтастығын тереңдету көзделiп отыр. Осы мақсаттарды iске асыру үшiн Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы (ЭЫДҰ) экологиялық директоратының Шығыс Еуропа, Кавказ жəне Орталық Азия елдерi үшiн қоршаған ортаны қорғаудың iс-қимыл жоспары бойынша арнайы жұмыс тобының,

88 89

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

табиғат қорғау бейiнiндегi еуропалық ұйымдардың қызметiне қатысатын болады.

Ел халқын еуропалық стандарттарға сəйкес келетiн сапалы медициналық көмек қызметiмен қамту, оның iшiнде медицинаға еуропалық ақпараттық технологияларды енгiзу, денсаулық сақтау мен басқару инфрақұрылымының тиiмдiлiгiн арттыру, ауруларға диагностика қоюдың, емдеудiң жəне ол аурулардың алдын алудың сапасын жақсарту, қан дайындау, дəрi-дəрмекке қол жеткiзу жəне олардың сапасын арттыру, кенеулi тамақтанудың стандарттарын енгiзу, кадр ресурстары жүйесiн дамыту жəне денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеулердiң бəсекеге қабiлеттiлiгiне қол жеткiзу маңызды бағыт болып табылады.

Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық жəне кəсiби бiлiм беру салаларында, жоғары бiлiм саласындағы өзара iс-қимылда, студенттердi жəне профессор-оқытушы құрамын алмасуда, оның iшiнде «Erasmus Mundus» жəне «ТЕМРUS» бағдарламалары аясында, сондай-ақ Еуропа елдерiнiң бiлiм беру ұйымдарымен екiжақты шарттар негiзiнде ынтымақтастықты дамыту көзделiп отыр.

Техникалық жəне кəсiби бiлiм беру саласында Еуропа ел-дерiмен ынтымақтастықтың жекелеген бағыттары: еуропалық тəжiрибенi ескере отырып ұлттық бiлiктiлiк жүйесiн құру, сер-тификаттау саласындағы əлемдiк көшбасшыларды тарта оты-рып, бiлiктiлiк пен бiлiм беру бағдарламаларын сертификаттау жүйесiн енгiзу, халықаралық талаптарға сай келетiн бiлiм беру бағдарламаларын əзiрлеу, инженер-педагог қызметкерлердiң жəне өндiрiстiк оқыту шеберлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру, техникалық жəне қызмет көрсетушi кадрларды даярлау жəне қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық орталықтарды басқаруға шетелдiк менед-жерлердi тарту, оқу орындарында жұмыс iстеу үшiн шетелдiк оқытушылар мен мамандарды тарту болып табылады.

Əскери бiлiм беру жəне əскери-ғылыми қызмет, төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою салаларында Еуропа елдерiмен ынтымақтастықты iске асыру үшiн тиiстi нормативтiк-құқықтық база қалыптастыру көзделiп отыр.

Бағдарлама жұмыспен қамту, еңбекке қабiлеттi халықтың көшi-қоны, табысы төмен азаматтар, мүгедектер санаттарын əлеуметтiк қолдау, əлеуметтiк қызмет көрсетудi дамыту сала-

ларында, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (ДСҰ) мүше елдерден коммерциялық тұрғыдан араласпай қызмет жеткiзушi жеке тұлғалардың орын ауыстыруы бөлiгiнде iс-тəжiрибенi зер-делеу үшiн Еуропа елдерiмен ынтымақтастықты көздейдi.

1.8. Гуманитарлық өлшем тұрғысындағы ынтымақтастықты кеңейту.

Қазақстан мен Еуропа елдерiнiң азаматтық қоғам институтта-ры арасындағы əрiптестiк қарым-қатынасты дамыту көзделуде, мұның өзi азаматтық қоғамның ұлттық институттарының халықаралық қоғамдастыққа кiрiгуiне, ұлттық мүдделер тұрғысында əлеуметтiк, мəдени, бiлiм беру, ақпараттық-ағартушылық жəне басқа да жобаларды iске асыруға, əлеуметтiк əрiптестiк институтын дамытуға жəрдемдесетiн болады.

Этносаралық жəне конфессияаралық келiсiмдi қамтамасыз ету саласында тəжiрибе алмасу Еуропа елдерiмен ынтымақтастықтың бөлек бiр бағыты болып табылады, мұның өзi этносаралық жəне конфессияаралық келiсiмдi қамтамасыз етудiң тиiмдi тетiктерiн құруда қазақстандық оң тəжiрибенi насихаттауға, дiнге төзiмдi жəне толерантты еуразиялық қоғамдастықтың қалыптасуына үлес қосуға мүмкiндiк бередi.

Еуропалық дəстүрлер тəжiрибесiн пайдалана отырып, Қазақстанда теңдестiрiлген гендерлiк саясатты дамыту үшiн одан əрi жағдайлар жасау көзделуде.

2. Оң сипаттағы еуропалық тəжiрибенi пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетiлдiру.

Соңғы жылдары Қазақстанда ұлттық заңнаманы жетiлдi-ру жөнiнде үлкен жұмыс жүргiзiлуде, оның маңызды кезеңi 2007 жылғы мамырда Конституцияға өзгерiстер енгiзу бол-ды. Қазiргi уақытта осы жұмыс мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың күш-жiгерiмен жалғасуда, бұл орайда олардың арасында түрлi деңгейлерде белсендi өзара iс-қимыл жүзеге асырылуда. Жүргiзiлiп жатқан жұмыстың басты мақсаты саяси жəне мемлекеттiк құрылыстың қазақстандық үлгiсiн жетiлдiру, мемлекеттiк қызметтi жəне кадр ресурстарын басқарудың тиiмдi жүйелерiн зерделеу, елдiң саясиө мiрiн ырықтандыру жəне Қазақстанды əлемге ортақ озық дəстүрлерге тарту болып табы-лады. Атап айтқанда, бұл сайлау, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары (диффамация мəселелерiн қоса алғанда), мем-

90 91

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

лекеттiк қызметтi, сот жүйесiн реформалау туралы заңнаманы жетiлдiруге жəне қоғамдық өзара қарым-қатынастың басқа да салаларына қатысты.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң Еуропаның жетекшi елдерiнiң мемлекеттiк органдарында тағылымдамадан етуi, мемлекеттiк басқару органдары, сот төрелiгi жəне қылмыстық iздестiру ор-гандары арасында тəжiрибе алмасу, сондай-ақ қылмыстық iстердi тергеу жəне сотта қарау, азаматтық сот iсiн жүргiзу жəне сот актiлерiн орындау бөлiгiнде заңнаманы жетiлдiру көзделуде.

3. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуiнiң басымдықтары.

Мадридте Сыртқы iстер министрлерi кеңесiнде қабылданған (2007 жылғы қараша), Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуi туралы шешiм тұрғысында, сондай-ақ жалпыға ортақ қабылданған практиканы ескере отырып, Бағдарлама ая-сында Қазақстанның төрағалық етуiнiң басымдықтарын егжей-тегжейлi қарау жұмысы көзделуде.

Олардың қатарына мынадай мəселелер жатады: ЕҚЫҰ кеңiстiгiнде демократиялық институттарды дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiндегi iс-қимылды жалғастыру; ЕҚЫҰ мемлекеттерiнiң транзит-көлiк əлеуетiн, еуразиялық континентаралық көлiк дəлiздерiн дамыту, экологиялық про-блемаларды шешу; Қазақстанның бейбiтшiлiктi, қауiпсiздiктi жəне ядролық қарусыздануды қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отырып, сенiм бiлдiру шаралары мен өңiрлiк қауiпсiздiктi нығайту; ЕҚЫҰ қызметiндегi қауiпсiздiктiң əскери емес ас-пектiлерiн, атап айтқанда, терроризмге, экстремизмге, есiрткi құралдарының заңсыз айналымына, ұйымдасқан қылмысқа, қару-жарақпен жəне адамдармен сауда-саттыққа қарсыкүрес са-лаларын дамыту, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның əрiптес елi – Ауғанстанды қалпына келтiру.

Қауiпсiз, тұрақты жəне гүлденген Орталық Азияны құру про-цесiнде, өңiрдiң тартымдылығын, оның iшiнде экономикалық тартымдылығын арттыруда ЕҚЫҰ-ның əлеуетi мен құралдарын пайдалану маңызды мiндет болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Еуропаға жол» баңғдарламасына қатысты өткен конференцияда бұл бағдарлама Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық ету ке зінде

аталған басымдықтарды бас шылыққа алған «Жол картасы» еке-нін жеткізген. Оны іске асыру – демократиялық реформаларды одан əрі жүргізуге жəне халықтың тұрмысын одан əрі көтере түсуге, сондай-ақ инвестициялар мен жоғары технологияларды енгізуге, ұлттық заңнамаларымызды жəне мемлекеттік басқару тетіктерін еуро палық контекске сəйкес жетіл діру жолында еуропалық елдермен өзара іс-қимылды тереңдетуге мүмкіншілік береді, – дей келіп, кіріспе сөзінің соңында конференция ЕҚЫҰ-ның барлық қатысушы елдері ара сындағы ынтымақтастық, үнқатысу мен өзара түсіністікке лайықты үлес қосар деген үмітін білдірген. Аталынған халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция «Қазіргі заманғы Қазақстан жəне «Еуропаңға жол» атты тақырыпта ҚР Парламенті Мəжілісінің ұйымдастыруымен өткен болатын. Конфе рен ция «Еуропаға жол» атты мемле кет тік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін Еуропа елдері өкіл-деріне таныстыру, сонымен қа тар, Қазақстанның олармен стра-тегиялық əріптестік деңгейіне көтерілу жолын жəне еліміздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге дайындығы барысын көрсету үшін ұйымдастырылды. Өйткені, ТМД-ның кейбір елдерінде «Еуропаға жолды» дұрыс түсінбей, оны Еуроодаққа мүшелік ке өту деп ұғады. Сөйтіп, бұл ЕурАзЭҚ-тың əлеуетін əлсіретеді дейді. Бірақ Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың айтқанындай, ТМД елдері үшін еуразиялық интеграцияның бала-масы жоқ. Оның мағынасы – бұл жалпыеуропалық құндылықтар-ды қабылдау жəне оны өз жағдай лары мызға бейімдеп, дамыту. Ол құн ды лықтар – құқықтық мемле кет, биліктердің шектелуі, адам құқы мен бостандығының сақта луы, тиім ді нарықтық эко-номика, аза маттық қоғамның дамуы жəне Еур азиялық Одақтың Еуроодақпен жан-жақты ынтымақтастығы. Сон дықтан не Еуроодақ, не ТМД деген дилемманың дұрыс еместігін көре міз.

Ғылыми форум жұмысына бірқатар белгілі халық аралық ұйымдар өкілдері, Еуропа жəне ТМД елдерінің танымал са-ясаткерлері, сондай-ақ АҚШ, Франция, ГФР мен Ресейдің де мократиялық дамыту мəселелері мен айналысатын зерттеу орта лық тары мен институттарының танымал сарапшылары қатысты. Форум барысында біз алдымен тағы да халықаралық қауымдастық алдында Қазақстанның халық ара лық саяси жəне бітімгершілік, қоғамдық-саяси құрылыста жəне демократияны

92 93

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

дамытудағы жетіс тік терін танытуға ұмтылдық. Осы ған орай, форумның аталуы да «Қазіргі заманғы Қазақ стан жəне «Еуропаға жол» деп алынған болатын.

Форум жұмысы мағынасына қарай төрт бөлімге бөлінді – «Қа-зақстан Республикасының Прези денті Н.Ə.Назарбаевтың бейбіт жəне интеграциялық бастамала ры»; «Еуропаға жол»: Қазақстан-ның күн тəртібінде»; «Саяси транс формациялау тəжірибесі: қазақ стан дық үлгі»; «Этносаралық жəне конфессияаралық үнқатысу дың қазақстандық үлгісі: ЕҚЫҰ-на арналған тə жірибе». Яғни, мұнда қазіргі за ман ғы Қазақстанға тəн мəселелер дің бəрі айқындалған.

Бағдарламаның мазмұнын талқылай келе, Қазақстанның аталынған бағдарламаны жүзеге асыру барысында күтілетін негізгі нəтижелерге тоқталсақ:

1) Қазақстан Республикасының Еуропаның жетекшi ел-дерiмен саяси, экономикалық жəне гуманитарлық салаларда стратегиялық əрiптестiк деңгейiне шығуы;

2) еуропа елдерiмен тауар айналымын жыл сайын 10 %-ке арттыру үшiн қолайлы жағдай жасау;

3) мемлекеттер жəне үкiметтер басшылары деңгейiнде жыл сайын 5 сапар алмасу (халықаралық iс-шаралар кестесiне сəйкес);

4) қазақстандық желiлердi панеуропалық көлiк жүйелерiмен түйiстiру аясында Көлiк жүйелерiн дамыту жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы меморандумға ЕО-мен қол қою;

5) ЕО елдерiнiң талаптарына сəйкес келетiн техникалық рег-ламенттер мен үйлестiрiлген стандарттарды қабылдау;

6) еуропалық нормаларды ескере отырып, ұлттық заңнаманы жетiлдiру;

7) Еуропа құрлығында Қазақстан Республикасының үдде-лерiн iлгерiлету.

Өзінің мағыналық негізіне келер болсақ, «Еуро паға жол» бағдарламасы – бұл тек қана өзара пай да көру əріптестігі емес, соны мен қатар, саяси жүйенің, мəде ниет тің, моральдік-этикалық құндылықтарды жаңғыртулардың бастамасы. Бұл – ұзақ мер-зімді жəне ұтымды жоспарлы стратегия жəне біздің екі маңызды оқиғаға: ол біріншіден еліміздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі мен ЕО-тың Орталық Азия мемлекеттеріне қатысты стратегия-

сына симметриялық жауабымыз ретінде тек энергоресурстарға қатысты ғана емес, бұл ынтымақатастықтың барлық салаларын қамтитын құжат болып табылады.

Ал Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық ету барысында Еуропа елдерінен алатын тəжірибесімен қатар, бұл елдер одағына ұсынатын ұлтаралық жəне дінаралық келісімнің өзіндік үлгісі де бар. Өркениеттер, діндер, сауда жолдары мен империялар күресінің тоғысында тарихи орна ласқан Қазақстан басқа елдерге қарағанда ғасырлар бойы түрлі бағыттағы ықпал арналарының саналуандығын өз басынан кешірген. Екі өркениеттің сипатта-рын то ғыстырған жəне географиялық тұр ғыда екі континентте орналасқан бүгінгі Қазақстанды шартты түрде Азиядағы Еуропа жəне Еуропадағы Азия деп атауға болады. Сондықтан да біз еуропалық жəне азиялық құндылықтар бір-бірін табиғи байытып жатқан қо ғамды білдіреміз. Республикамыз «Еуропаға жол мен» ілгерілей отырып, қоғамдық-саяси жəне əлеуметтік-экономи калық дамуда, этносаралық келісім мен конфессияаралық толерантты-лықты нығайтуда маңызды нəти желерге қол жеткізді.

Жалпы еуропалық ынты мақ тас тықты ілгерілетудің маңыздылығына тоқатала келіп, осы мəселеге қатысты ҚР Пар-ламенті Сенатының төрағасы Қ.Тоқаев: «Қазақ стан ның Еуропаға жолы – теңдесі жоқ, əлемдік дипломатия тари хын да бұрын-соңды болмаған бағдар лама. Əңгіме ірі еуразиялық мем лекеттің жалпы еуропалық өрке ниет кеңістігіне бірте-бірте кіруі туралы болып отыр. Бұл страте гия лық бағыт Қазақстанның ұзақ мер зім дік ұлттық мүдделеріне толық сəйкес келеді» – деген ой-түйінімен келісуге болады.

«Дала мен Қала» газеті 23 шілде 2009.

94 95

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІІҚазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

III ТАРАУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҚЫҰ-да ТӨРАҒАЛЫҒЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҚЫҰ-дағы ТӨРАҒАЛЫҒЫ: ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕР

Нұрлан Сейдін

2010 жылы ЕҚЫҰ-ның құрылғанына 35 жыл толады жəне де бұл уақытта Қазақстан бұрынғы кеңестік мемлекеттер ішінен бірінші болып аталған ұйымға төрағалық еткелі отыр. Біздің еліміз үшін ЕҚЫҰ-мен өзара тиімді байланыс сыртқы саясатымыздың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Осы орайда болашақ төраға ретіндегі Қазақстанның ұстанатын позициясы мен əлемдік деңгейдегі қордаланған мəселелерді шешудегі рөлі «баға жетпес» деп ауыз толтырып айтуға толықтай негіз береді.

Қазіргі уақытта ЕҚЫҰ-ның кеңістігінде бірнеше дағдарыстық аймақтар бар. Олар болашақта аймақтық немесе жаһандық деңгейдегі мəселелерге айналуы əбден мүмкін. Əрине, энергетикалық қауіпсіздік, əлеуметтік-экономикалық дамудағы теңсіздік мəселелері, ұлтаралық жəне дінаралық қақтығыстар жəне басқа да қиындықтардың бір мезетте сиқырлы таяқшаның көмегімен шеші-ле салуы мүмкін емес. Сондықтан да, əлемдік мүдде тұрғысынан қақтығыстардың алдын-алу, ескерту, оларды реттестіру мен қақтығыстардан кейінгі қалпына келтіру шараларымен айналысатын ЕҚЫҰ қызметінің маңыздылығы зор болып отыр. Қазіргі таңда ЕҚЫҰ Еуропа, Солтүстік Америка, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ аймағының 56 мемлекетін біріктіретін еуразиялық ірі саяси ұйымның бірі. Тіпті, бірегейі деуге де болады.

Қазірдің өзінде Қазақстан ЕҚЫҰ қызметінің негізгі бағыттарымен айналысатын ұйымның барлық құрылымдарымен сындарлы қатынас орнатқан. Ондағы негізгі бағыттары мынадай тұстарды қамтиды:

1) Саяси мəселелер мен қауіпсіздік;2) Экономикалық мəселелер, ғылыми-техникалық

ынтымақтастық, қоршаған ортаны сақтау;3) Гуманитарлық мəселелер мен адам құқығын қорғау.

Жалпы, біздің ЕҚЫҰ-мен арадағы ынтымақтастығымыздың негізгі мəселелерінің бірі ретінде азиялық қауіпсіздік құрылымы жəне оның негізі болып отырған Азиядағы сенімділік шараларын қалыптастыру екені айтпаса да түсінікті. Өз кезегінде еліміз осы міндетті ескере отырып, өзінің төрағалығы барысында ЕҚЫҰ-ның нығаюына, оның маңызды пікірталас алаңы мен көпжақты серіктестіктік орнатудың негізі ретіндегі қызметіне өзіндік үлесін қосуды мақсат тұтады.

Бұл мəселе ұйым жұмысының дағдарысы туралы, оның болашағы мен атқаратын қызметінің мəн-мағынасын түсінуге қатысты пікірталастар барысында күн тəртібіне шығып та үлгерді. Десе де, «таяқтың екінші ұшы», елімізде Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуі мəселесі жүргізіліп отырылған экономикалық реформалар мен саяси жаңару үрдісін одан ары жалғастырудың мүмкіндігі ретінде де қарастырылатыны жасырын емес.

Өкінішке орай, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге дайындығы əлемдік экономикалық дағдарыс кезеңіне қатар келді. Біз осынау сындарлы жағдайды ескере отырып, көптеген «кейінге қалдырылған» қақтығыстардың бой көрсетуіне немесе жаңа ошақтардың қалыптасуына əсер етуі ықтимал трендтердің бар екендігін жоққа шығармаймыз. Сол себепті де, мұны өзімізге бір сынақ ретінде қабылдап, əзірден көшбасшылық сана қалыптастыра берген жөн. Неге десеңіз, осындай дағдарыстық кезеңдерде демогогтар, бəлеқорлар мен жалған патриоттардың белсенділігі де біршама қауіп төндіреді. Əсіресе мұндай өліара шақтарда нағыз солшылдар мен оңшыл радикалдар, шовинис-тер жəне əр түрлі ұлтшылдардың жұмысы жанданып, олардың əрекеттері қоғам тұрақтылығына қауіпті факторлардың бірі-не айналып сала береді. Міне, осы түйіткіл, ата тарих талай дəлелдегендей, талай жолсыздықтарға бастап, өркениеттік апаттарға соқтырмай тұрмайды. Əдеттегі қалыптасқан заңдылық бойынша, қаржы дағдарыстары кезеңінде тұрақсыз мемле-кеттерде сан қилы содырлар мен жанкештілер билікке талпы-ныс жасайды. Бұның мысалы ретінде өткен ғасырдың 20-шы жылдарындағы Италияда билікке келген Бенито Муссолини мен 30-шы жылдары Германияда бас көтерген Адольф Гитлерді алуға болады.

96 97

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІІҚазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

Осы ретте айта кетерлік тағы бір жайт, əлемдік дағдарыс жағдайында миллиондаған жандардың ұлы жаратушы ие – Құдай тағалаға деген сенімі артады. Осынау діни үдерісті тиімді пайдаланып, екі жеп, биге шыққысы келетіндердің де жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптайтыны шамамен осы мезгілдің қауіпті белгілеріне жатады. Əйтпесе, жер шары тұрғындарының басым бөлігі ұстанатын үш əлемдік діндер – ис-лам, христиан, иудаизм өкілдері бейбітшілік пен тұрақтылықты уағыздай отырып, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа жол бермеуге шақырады.

Ислам, христиан жəне иудаизм белгілері мен уағыздарын жамылып қылмыс жасайтын лаңкестердің шын мəнінде бұл дін-дерге ешқандай да қатысы жоқ. Кез-келген иманды адам қандай дін ұстанғанына қарамастан жер бетіндегі ең үлкен күнə – адам өлтіру мен қанішерлікке бармасы анық.

Осы мəселеге қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жəне Орталық Азия муфтилерінің төрағасы шейх Абсаттар қажы Дербісəлі: «Гуманизм, шыдамдылық, рақымдылық пен жарқын болашаққа деген сенімділік бізді бір сəттік толғаныс, қасірет пен тіршілік уайымынан жоғары қойып, өмірдің мəні туралы ойлануға итермелейді» – деп ойын білдірген-ді.

Айтқандай-ақ, расымен де адамдар дін арқылы дəстүрлі құндылықтар мен ождандық ұстанымдарды қалпына келтіруге тырысады.

Біз Қазақстандағы дінаралық келісімнің негізгі тұғырлары ретінде ислам мен христиан діндеріне сүйенеміз. Елімізде Құрбан-айт пен Рождество демалыстарының мереке күндері ретінде белгіленгеніне міне, үш жылдың жүзі болды.

Соған қарамастан өмірдің бір орында тұрмайтыны да бел-гілі. Діни жағдайдың күрделілігі мен өзгергіштігі мемлекеттік органдардың Орталық пен жергілікті жерлерде жаңа діни бағыттарды бақылауда ұстаумен қатар, өзара түсіністік пен келісімге жету үшін күш жұмсаулары керектігін көрсетеді.

Қазақстанда мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы қарым-қатынастың өзіндік үлгісі қалыптасқан. Ол негізінен серіктестік, өзара сыйласу жəне бір-бірінің ішкі істеріне ара-ласпау принциптеріне негізделген. Ұлтаралық, дінаралық жəне азаматтық келісімге келу мен нығайтудың Қазақстандық үлгісінің

өзгешелігінің мəні сол, тоталитарлық күш əрекеттерін қолданбай, əлеуметтік-саяси мəселелерді шешудің мысалы бола алуында.

Бұл үлгінің іргетасы ретінде көпұлттылық, діни жəне тілдік алшақтықтар қазақ ұлтының бірегейлендіру рөлі негізінде біздің артықшылығымыз деген сенімділікпен бірге қарастырылады.

Осыған қатысты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың бір ұлттың өзін басқалардан жоғары қоюы əлемдік дамуда өзін бұрыс жағынан көрсетіп, тіпті бірұлтты ортада да жүзеге аспайтын адамзатты жек көру идеясына жақын екендігі, бұған ұрынбау үшін басқа ұлттарды, олардың тілін, дінін жəне салт-дəстүрлерін түсіну, сыйлауды үйренуіміз керек жəне үйретуіміз қажет, өйткені, бұл шараларсыз заманауи əлемде жетістікке жету мүмкін емес деген сөзімен келісуге болады.

«Ана тілі» газеті №44, 5 қараша 2009.

98 99

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІІҚазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

ҚАЗАҚСТАН ЖƏНЕ ЕҚЫҰ: ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ДАМУ КЕПІЛІ

Нұрлан Сейдін

Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) арасындағы қарым-қатынастар 1992 ж. қаңтарында Қазақстанның ұйымға мүшелікке өткен кезден бастап қарқынды дамуда. Қазақстан ұйымның белсенді мүшесі бола оты-рып, 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісінде көрсетілген ұстанымдарды іс жүзінде кеңінен қолдануға жəне дамытуға, сондай-ақ жалпыеуропалық үрдістерге кеңінен араласуға тал-пыныс жасауда.

Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатынастарының алғашқы даму ба-рысы өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға көшу, аймақтық қауіпсіздікті нығайту жəне ашық азаматтық қоғамды дамы-ту сияқты қажетті реформаларды жүргізуге ықпал ететін, ақпараттық-тəжірибелік алмасуларға негізделді.

Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың одан əрі тереңдеуіне бірқатар маңызды құжаттардың қабылдануы ықпал етті. Олардың арасына Қазақстан Үкіметі мен ЕҚЫҰ арасындағы өзара түсіністік мемо-рандумы, 1999 жылдың қаңтарында Алматыда ЕҚЫҰ Орталығын ашу жөніндегі келісімдерді жатқызуға болады. 2003 жылдың ақпанынан ЕҚЫҰ/ДИАҚБ (Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросы) пен өзара түсіністік меморандумына сай Қазақстанда Адам құқықтары бойынша өкілеттілік инсти-тутын жетілдіру, сайлау заңнамасы мен сот жүйесін реформалау жөнінде жобалар іс жүзіне асырыла бастады.

Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатынастарының жаңа кезеңі 2003 жыл-дан жаңа белеске шықты. Ол Қазақстанның ЕҚЫҰ-да 2009 жылы төрағалық ету жөніндегі ұсынған идеясынан бастау алады. Одан кейінгі төрт жылдай мерзім ішінде Қазақстан өз ұсынысын бір-тіндеп іс жүзіне асырып келді. Елде саяси жаңару мен азаматтық қоғамды нығайтуға қатысты белсенді үрдістер басталды.

2004 жылдан бастап, Қазақстан ЕҚЫҰ реформалау мəселелері бойынша мүше елдер тобына қосылды. ҚР өкілдерінің жұмыс тобына қатысуы, елдің имиджін нығайтуда үлкен үлес қосты. Ал

бұл өз кезегінде ЕҚЫҰ тиімділігін арттыруда маңызды шешім-дер қабылдау барысында оған пікір айтуға, ұсыныс беруге мол мүмкіндіктер береді. 2005 жылдың желтоқсанында ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев Люблян қаласында ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің саммитіне қатысып, сөз сөйлеп, мəжіліс барысында Ұйымды реформалауға қатысты Қазақстанның ұсыныстары мен президенттік сайлаудың қорытындысымен таныстырып жəне 2009 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету идеясын нақтылай түсіндірді [1].

2006 жылдың маусымында Астанада ЕҚЫҰ-ның толерант-тылық жөніндегі «Мəдениаралық, діниаралық жəне ұлтаралық келісім» мəжілісі өтті. Оның жұмысына ЕҚЫҰ Бас хатшысы М.П. де Бришамбо, ЕҚЫҰ сол мерзімдегі төрағасының арнайы өкілі П. Шевалье, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ директоры К. Штрохаль жəне аз ұлттар істері жөніндегі ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары Р. Экеустер қатысты. Мəжіліс барысында сөз сөйлеген Елбасы Н. Назар-баев өз сөзінде Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етудегі негізгі мақсаттарымен таныстырды:

- Орталық Азиядағы жалпы саяси жағдайды ескере отырып, Қазақстан нақты жəне ұзақ мерзімді қауіпсіздікті қамтамасыз етуге аймақтық кепіл ретінде шығуға дайын;

- Қазақстан Республикасы өзінің тарихи қоржынында ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімге қатысты бай тəжірибесін ескере отырып, Батыс пен Шығыстың арасында көпір ретінде өркениеттер сұхбатын одан əрі дамытуға тыры-сады;

- Қазақстан Республикасы өзінің саяси жүйесін демократиялық жаңару жолымен жүргізуде жəне ЕҚЫҰ белсенді мүшесі ретінде Ұйымның əлеуетін арттыруға, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің барлығының мүддесін мүмкіндігінше ескереді делінген [2].

2007 жыл Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатынастары тарихында ерекше айшықты жыл болды. Елдің Ата заңына, сайлау туралы заңдарға өзгерістер енгізіліп, жаңа заңдар негізінде талаптарға сай парламент сайлауы өтті. 2007 жылдың қаңтарынан бас-тап қазақстандық делегация ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесінің жұмысына, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форумға, Экономикалық форумның мəжілістеріне, ЕҚЫҰ Пар-

100 101

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІІҚазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

ламенттік Ассамблеясына, ДИАҚБ семинарларына белсенді қатысуда.

2007 жылдың сəуірінде Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның сол кез-дегі төрағасы – Испания Корольдігінің Сыртқы істер жəне ынтымақтастық министрі М.А. Моратинос келіп қайтты. Сапар барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевпен, Парламент Сена-ты жəне Мəжілісі төрағаларымен кездесулер өтті. Келіссөздер барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен жəне Испаниямен ынтымақтастығы мəселелері, сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ-да 2009 жылы төрағалыққа сұранысы, Орталық Азия аймағы мен елдегі қоғамдық-саяси жағдай талқыланып, тараптар аталған мəселелер бойынша пікір алмасты.

2007 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының ресми делегациясының өкілдері азаматтық қоғам мен демократиялық институттарды дамыту, заңның ұлықтылығын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдары мен сөз бостандығы, сенім ер-кіндігі, аз ұлттардың құқықтарын қорғау, əйелдердің тең құқын қамтамасыз ету мəселелері бойынша үш жұмыс мəжілістеріне қатысты.

Экономикалық жəне экологиялық мəселелер бойынша өткен форум жұмысы барысында қазақстандық делигация өкілдері еуропалық жəне азиялық тұрақты даму үрдістерін ортақ еуразиялық үрдіске біріктіру жөнінде жəне 2012 жылы Тұрақты даму бойынша 3-ші бүкілəлемдік саммитті Қазақстанда өткізу туралы ұсыныспен шықты.

2007 жылдың шілдесінде ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің мəжілісінде ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрі Е. Ертісба-ев өз баяндамасында ақпаратпен қамтамасыз етуге жəне БАҚ саласындағы заңдарды жетілдіруге қатысты жасалып жатқан жұмыс барысымен таныстырып өтті.

2007 жылдың қарашасында ҚР Сыртқы істер министрі М. Тəжиннің бастауымен қазақстандық делегация Мадрид қаласында ЕҚЫҰ-ның сыртқы істер министрлерінің Кеңесінің кезекті 15 мəжілісінің жұмысына қатысты. Бұл отырыстың күн тəртібіндегі маңызды мəселелердің бірі, ол Қазақстан Республикасының Ұйымда төрағалық етуге қатысты ұсынысына байланысты мəмлеге қол жеткізу еді. Келіссөздердің нəтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етеді деген уағдаластыққа

қол жеткізілді жəне СІМК-тің қорытынды шешімінен қандайда бір саяси өлшемдерге сай келетіндігін көрсететін шарттар толығымен алынып тасталынды [3].

Ұйымға мүше елдердің төрағалық етуге қатысты шешімдері көбіне-көп Қазақстанның саяси жүйені реформалауы мен либе-ралды нарықтық экономиканы дамытуына жəне осы бағыттарда жеткен жетістіктерінің жемісі болып табылады. ЕҚЫҰ-ға қатысушы – мемлекеттердің ымырашылдық келісімдері елде жəне аймақта саяси тұрақтылыққа бағытталған елдің ішкі жəне сыртқы саясатының жетістіктерін мойындауларымен негізде-леді.

Ұйымға қатысушы – мемлекеттердің Қазақстанның кандида-турасын қолдаулары ЕҚЫҰ тарихында бұрын соңды болмаған жағдай. Тұңғыш рет тұтастай Азияда орналасқан мемлекет төраға болмақ. Жалпы ЕҚЫҰ тарихын талдайтын болсақ, онда көбіне Батыс Еуропа мемлекеттерінің төрағалық етудегі басымдықтарын байқаймыз, яғни олар Еуроодақ мүшелері немесе мүшелікке дайындалып жүрген кандидаттар. Бұрын соңды ТМД-ның бірде-бір мемлекеті мұндай ұсыныс жасамаған.

Қазақстанның төрағалық етуі жөніндегі қабылданған оң шешім – Ұйымға қатысушы-елдердің барлығының іс жүзіндегі теңдігін дəлелдеп берді.

Жалпы, ЕҚЫҰ төрағасы дəрежесі Қазақстанның халықаралық қауымдастықтың субъектісі ретіндегі тұғырының нығаюына ықпал етпек. Бүгінгі таңда Қазақстанның ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСШЖК сияқты аймақтық ұйымдарда төрағалық ету тəжірибесі жинақталған. ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің көңілін қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету шеңберінде Орталық Азия аймағының көп қырлы мəселелеріне аудару, оның дамуына айтарлықтай əсер ететіні сөзсіз.

2008 жылдың 1 қаңтарынан төрағалықты Финляндия өкілдері атқаруда. Қазақстан үстіміздегі жылдан бастап ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді бағдарламаларын бірлесіп анықтау үшін – Үштік төрағалар жұмысына араласуда [4]. Финляндияның бастама-сымен Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық комитетін басқару ұсынылған, ол ұйымға мүше-мемлекеттердің шұғыл экономикалық мəселелерін шешуге жəне елдің табиғатты қорғауының дамуына бағытталған. Қазақстан мен Орталық

102 103

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІІҚазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

Азия елдері үшін аталған комитетте жұмыс жасау аса маңызды, өйткені оның жұмысы ашық теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекеттердің экономикасын нығайту мен транзитті-көлік əлеуетін дамытуға бағытталған.

Ұйымды басқару өте ауыр мін дет екені айтпаса да түсінікті. Фин ляндия ЕҚЫҰ-ға төрағалығы ба рысында Ұйымның негізгі мақсаты болып табылатын кешенді қауіп сіз дікті қамтамасыз ету мəселелерімен тұрақты айналысып келеді. ЕҚЫҰ-ның 56 қатысушы-елдерінің барлы ғының консенсустық келісіміне жету, ымыраға келу қабілеттілікті жəне көптеген күш жұмсауды талап етеді, оның өзі ақырында барлық елдерге пайда келтіреді. Бұл мін деттер, сондай-ақ үлкен дайындық жұмыстарын жүргізуді қажетсінеді.

Финляндияның төрағалығы, сондай-ақ дəйектілік, үйлесімділік жəне ынтымақтастық мəселелеріне үлкен назар аударады. Осыған бай ланысты, ЕҚЫҰ елдері квинтетінің кездесуі, оған Испания, Финлян дия, Грекия, Қазақстан жəне Литва кіреді, ұзақ мерзімдік болашақта осы мақсаттарға жетуде маңызды рөл атқаратындары анық. Квинтет тің бірінші кездесуі ағымдағы жылдың маусым айында Хельсин киде өтті, келесі кездесуді де жел тоқсан айын-да Хельсинкиде ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің мə жілісі уақытында өткізу жоспар лану да. Қазақстан осы кез десулердің жұмысына өте белсенді қатысуда.

Сөйтіп, Қазақстан ЕҚЫҰ құрылымына ұйым дамуының күрделі бір кезеңінде оған толығымен енуде. 2003 жылдан бас-тап жыл сайын ауысып отыратын төрағалар өз қызметтерінде негізгі басымдықтар ретінде: ЕҚЫҰ реформалауға, аймақтық қақтығыстарды алдын алуға, ланкестікпен, есірткі жəне адам саудасымен күресуге, демократиялық үрдістердің дамуына ықпал етуге, наным-сенім бостандығын насихаттауға үлкен еңбек сіңірді.

Қазақстан əрі қарай демо кратиялық реформалар жүргізу жо лымен 2010 жылы өзінің төрағалық етуі қарсаңында көшбасшылық қыз метін жалғастырады. Осыған байланысты, Қа-зақстанның басшылығы БАҚ ту ралы заңды реформалау, сайлау жəне саяси партиялар туралы заң дарға қатысты ЕҚЫҰ/ДИАҚБ нұсқау ларын орындау, этносаралық жəне конфессияаралық келісімді ны ғай ту, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі бас қару жүйесін

жетілдіру сияқты бірқатар артықшылықтарды белгі леді. Осы мəселелер бойынша заң намалық тұрғыдан прогреске жəне таны-мал халықаралық стандарттар сəйкестігіне жету жалпы алғанда тек Қазақстан жəне ЕҚЫҰ ғана емес, сондай-ақ өз елдерінде ре-фор малар жүргізу үшін үлгі ре тін де Қазақстанның тəжірибесін пай далана алатын ұйымның бір қа тар басқа мүшелеріне де маңыз-ды қадам саналады.

Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мерзімінде осы бағытта аталған мəселелер бойынша жұмысты жалғастырады деп жоспарлануда жəне Ұйым қызметін Орталық Азия аймағындағы тұрақтылықты сақтауға бағыттамақ, бұл өз кезегінде ЕҚЫҰ-ның тұтастай кеңістігінде қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етері сөзсіз.

Ауғанстандағы əлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың нəтижелі болуына, Орталық Азия елдері арасындағы шаруашылық байланыстарды нығайтуға, аймақтағы көлік-транзиттік қатынастарды дамытуға жəне су мен энергетикалық қуат көздерін тиімді пайдалануды енгізуге бағытталған шұғыл шаралардың іс жүзіне асуына ЕҚЫҰ-ның тəжірибесі мен əлеуеті жететіні белгілі.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі ұйымның басты қағидасын дəлелдеуде, яғни мүшелердің теңдігі мен оған қатысушы елдердің тұрақты дамуға деген қызығушылықтары толығымен сақталуда.

ЕҚЫҰ дүниеге басқаша көз қа распен қарауға көмектесетін аза мат тық қоғаммен тығыз ынты мақ тастықта жұмыс істейді. Ықтимал жəне қатаң сынға алынғанына қарамастан, үкіметтік емес ұйым дардың пікірі мəселелерді оңтайлы шешуге жол табуға көмектесетін не гіз болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанда да азаматтық қоғам ел ішінде шешім қабылдау жəне заң намалық ре-формалар жүргізу үде рісіне баға жетпес үлес қоса алады. ЕҚЫҰ, сондай-ақ тексерулер мен басымдық жүйелерінің негізгі бө лігін құрайтын жəне халықтың еркін білдіретін қатысушы-елдердің парламенттерімен бірлесе отырып жұмыс істейді.

Астананың 10 жылдық мерейтойы қарсаңында елордамызда Ұйымның Парламенттік Ас самблеясының 17-ші жыл сай ын ғы сес сиясы өтті. Сессияның жұмы сы на ЕҚЫҰ-ның 56 қатысушы-елдерінің көпшілігінен 270 пар ла ментарийлер қатысып жəне

104 105

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІІҚазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

«ЕҚЫҰ транспаренттігі» та қы ры бында бір қа тар маңызды пікір-та лас тар өткі зілді. ЕҚЫҰ-ның Пар ламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясы парла мент аралық үнқаты суды нығайту бойынша оның жұ мы сының маңызды құрамдасы бо лып та-былады. Астанада болған сессия ал ғаш рет Орталық Азияда өткізілуде, осының өзі аймақтың маңызды лы ғын танудың өсіп отырғандығының дəлелі десек, қателеспейтініміз анық.

Жас тəуелсіз мемлекет Ұйымға кіру сəтінен бастап ЕҚЫҰ-мен ты ғыз жəне жемісті ықпалдасуда. Ас танаға өткен маңызды мəжілістің мақсаты – ЕҚЫҰ аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне гүлденуге қол жеткізу үшін осы ынтымақтастықты нығай та ды деген сенімдеміз.

Əдебиеттер:

1. По материалам Министерства иностранных дел РК:www.mfa.kz.2. Выступление на Совещании ОБСЕ по межкультурной, межрели-

гиозной и межэтнической терпимости Президента РК Н. Назарбаева: www.akorda.kz.

3. Выступление Министра иностранных дел РК М. Тажина на 15-м cовещании Министров иностранных дел государств-участников ОБСЕ: http://portal.mfa.kz.

4. Выступление Действующего председателя ОБСЕ министра иностранных дел Финляндии Илкка Канерва перед Постоянным советом ОБСЕ в Вене 10 января 2007 г.: www.osce.org.

«Қоғам жəне дəуір» ғылыми-сараптамалық журналы №1, 2008.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ЕҚЫҰ

РӨЛІ ЖƏНЕ ТƏЖІРИБЕЛІК СИПАТЫ

Нұрлан Сейдін

Соңғы кездері халықаралық қатынас тар дың, əсіресе аймақтық қатынастардың шие ле нісіп кетуі орын алуда. Мəселен, Ресейдің Кав каздағы саясатына, Абхазия мен Оң түс тік Осетияның тəуелсіздігін біржақты жа рия лап жіберуіне байланысты Еуропалық Одақ пен Ресейдің, Ресей мен АҚШ-тың ара сындағы қатынастар шиеленісіп барады. Ал Қазақстан ЕҚЫҰ-ға мүше ел ретінде, əрі 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін құ қы ғынан кейін бұл мəселелерді айналып өте алмайды. Қазіргі кезде Қазақстанның бола шақ төраға ретінде саясаттағы бастамалары əлемдік қауымдастық тарапынан, əсіресе, Еу ропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақ тас тық ұйымы жағынан болсын, басқа да мүд делі топтар жағынан болсын қызығушылық туғызып отыр. Бүгінгі таңдағы аймақтағы күрделі геосаяси жағдай барысында, яғни Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының ролі нақты əрі тəжірибелік сипатта болуға тиіс.

Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) арасындағы қарым-қатынастары 1992 ж. қаңтарында Қазақстанның ұйымға мүшелікке өткен кезден бастап қарқынды дамуда. Қазақстан ұйымның белсенді мүшесі бола оты-рып, 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісінде көрсетілген ұстанымдарды іс жүзінде кеңінен қолдануға жəне дамытуға, сондай-ақ жалпыеуропалық үрдістерге кеңінен араласуға тал-пыныс жасауда.

Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатынастарының алғашқы даму ба-рысы өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға көшу, аймақтық қауіпсіздікті нығайту жəне ашық азаматтық қоғамды дамы-ту сияқты қажетті реформаларды жүргізуге ықпал ететін, ақпараттық-тəжірибелік алмасуларға негізделді.

Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың одан əрі тереңдеуіне бірқатар маңызды құжаттардың қабылдануы ықпал етті. Олардың арасына

106 107

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІІҚазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

Қазақстан Үкіметі мен ЕҚЫҰ арасындағы өзара түсіністік мемо-рандумы, 1999 жылдың қаңтарында Алматыда ЕҚЫҰ Орталығын ашу жөніндегі келісімдерді жатқызуға болады. 2003 жылдың ақпанынан ЕҚЫҰ/ДИАҚБ (Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросы) пен өзара түсіністік меморандумына сай Қазақстанда Адам құқықтары бойынша өкілеттілік инсти-тутын жетілдіру, сайлау заңнамасы мен сот жүйесін реформалау жөнінде жобалар іс жүзіне асырыла бастады.

Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатынастарының жаңа кезеңі 2003 жыл-дан жаңа белеске шықты. Ол Қазақстанның ЕҚЫҰ-да 2009 жылы төрағалық ету жөніндегі ұсынған идеясынан бастау алады. Одан кейінгі төрт жылдай мерзім ішінде Қазақстан өз ұсынысын бір-тіндеп іс жүзіне асырып келді. Елде саяси жаңару мен азаматтық қоғамды нығайтуға қатысты белсенді үрдістер басталды.

2004 жылдан бастап, Қазақстан ЕҚЫҰ реформалау мəселелері бойынша мүше елдер тобына қосылды. ҚР өкілдерінің жұмыс тобына қатысуы, елдің имиджін нығайтуда үлкен үлес қосты. Ал бұл өз кезегінде ЕҚЫҰ тиімділігін арттыруда маңызды шешім-дер қабылдау барысында оған пікір айтуға, ұсыныс беруге мол мүмкіндіктер береді. 2005 жылдың желтоқсанында ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев Люблян қаласында ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің саммитіне қатысып, сөз сөйлеп, мəжіліс барысында Ұйымды реформалауға қатысты Қазақстанның ұсыныстары мен президенттік сайлаудың қорытындысымен таныстырып жəне 2009 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету идеясын нақтылай түсіндірді [1].

2006 жылдың маусымында Астанада ЕҚЫҰ-ның толеранттылық жөніндегі «Мəденитаралық, дінаралық жəне ұлтаралық келісім» мəжілісі өтті. Оның жұмысына ЕҚЫҰ Бас хатшысы М.П. де Бришамбо, ЕҚЫҰ сол мерзімдегі төрағасының арнайы өкілі П. Шевалье, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ директоры К. Штро-халь жəне аз ұлттар істері жөніндегі ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары Р. Экеустер қатысты. Мəжіліс барысында сөз сөйлеген Елбасы Н. Назарбаев өз сөзінде Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етудегі негізгі мақсаттарымен таныстырды:

– Орталық Азиядағы жалпы саяси жағдайды ескере отырып, Қазақстан нақты жəне ұзақ мерзімді қауіпсіздікті қамтамасыз етуге аймақтық кепіл ретінде шығуға дайын;

– Қазақстан Республикасы өзінің тарихи қоржынында ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімге қатысты бай тəжірибесін ескере отырып, Батыс пен Шығыстың арасында көпір ретінде өркениеттер сұхбатын одан əрі дамытуға тыры-сады;

– Қазақстан Республикасы өзінің саяси жүйесін демократиялық жаңару жолымен жүргізуде жəне ЕҚЫҰ белсенді мүшесі ретінде Ұйымның əлеуетін арттыруға, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің барлығының мүддесін мүмкіндігінше ескереді делінген [2].

2007 жыл Қазақстан мен ЕҚЫҰ қатынастары тарихында ерекше айшықты жыл болды. Елдің Ата заңына, сайлау туралы заңдарға өзгерістер енгізіліп, жаңа заңдар негізінде талаптарға сай парламент сайлауы өтті. 2007 жылдың қаңтарынан бас-тап қазақстандық делегация ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесінің жұмысына, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форумға, Экономикалық форумның мəжілістеріне, ЕҚЫҰ Пар-ламенттік Ассамблеясына, ДИАҚБ семинарларына белсенді қатысуда.

2007 жылдың сəуірінде Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның сол кез-дегі төрағасы – Испания Корольдігінің Сыртқы істер жəне ынтымақтастық министрі М.А. Моратинос келіп қайтты. Сапар барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевпен, Парламент Сена-ты жəне Мəжілісі төрағаларымен кездесулер өтті. Келіссөздер барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен жəне Испаниямен ынтымақтастығы мəселелері, сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ-да 2009 жылы төрағалыққа сұранысы, Орталық Азия аймағы мен елдегі қоғамдық-саяси жағдай талқыланып, тараптар аталған мəселелер бойынша пікір алмасты.

2007 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының ресми делегациясының өкілдері азаматтық қоғам мен демократиялық институттарды дамыту, заңның ұлықтылығын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдары мен сөз бостандығы, сенім ер-кіндігі, аз ұлттардың құқықтарын қорғау, əйелдердің тең құқын қамтамасыз ету мəселелері бойынша үш жұмыс мəжілістеріне қатысты.

Экономикалық жəне экологиялық мəселелер бойынша өткен форум жұмысы барысында қазақстандық делигация өкілдері

108 109

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІІҚазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

еуропалық жəне азиялық тұрақты даму үрдістерін ортақ еуразиялық үрдіске біріктіру жөнінде жəне 2012 жылы Тұрақты даму бойынша 3-ші бүкілəлемдік саммитті Қазақстанда өткізу туралы ұсыныспен шықты.

2007 жылдың шілдесінде ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің мəжілісінде ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрі Е. Ертісба-ев өз баяндамасында ақпаратпен қамтамасыз етуге жəне БАҚ саласындағы заңдарды жетілдіруге қатысты жасалып жатқан жұмыс барысымен таныстырып өтті.

2007 жылдың қарашасында ҚР Сыртқы істер министрі М. Тəжиннің бастауымен қазақстандық делегация Мадрид қаласында ЕҚЫҰ-ның сыртқы істер министрлерінің Кеңесінің кезекті 15 мəжілісінің жұмысына қатысты. Бұл отырыстың күн тəртібіндегі маңызды мəселелердің бірі, ол Қазақстан Республикасының Ұйымда төрағалық етуге қатысты ұсынысына байланысты мəмлеге қол жеткізу еді. Келіссөздердің нəтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етеді деген уағдаластыққа қол жеткізілді жəне СІМК-тің қорытынды шешімінен қандайда бір саяси өлшемдерге сай келетіндігін көрсететін шарттар толығымен алынып тасталынды [3].

Ұйымға мүше елдердің төрағалық етуге қатысты шешімдері көбіне-көп Қазақстанның саяси жүйені реформалауы мен либе-ралды нарықтық экономиканы дамытуына жəне осы бағыттарда жеткен жетістіктерінің жемісі болып табылады. ЕҚЫҰ-ға қатысушы – мемлекеттердің ымырашылдық келісімдері елде жəне аймақта саяси тұрақтылыққа бағытталған елдің ішкі жəне сыртқы саясатының жетістіктерін мойындауларымен негізделеді.

Ұйымға қатысушы – мемлекеттердің Қазақстанның кандида-турасын қолдаулары ЕҚЫҰ тарихында бұрын соңды болмаған жағдай. Тұңғыш рет тұтастай Азияда орналасқан мемлекет төраға болмақ. Жалпы ЕҚЫҰ тарихын талдайтын болсақ, онда көбіне Батыс Еуропа мемлекеттерінің төрағалық етудегі басымдықтарын байқаймыз, яғни олар Еуроодақ мүшелері немесе мүшелікке дайындалып жүрген кандидаттар. Бұрын соңды ТМД-ның бірде-бір мемлекеті мұндай ұсыныс жасамаған.

Қазақстанның төрағалық етуі жөніндегі қабылданған оң шешім – Ұйымға қатысушы-елдердің барлығының іс жүзіндегі теңдігін дəлелдеп берді.

Жалпы, ЕҚЫҰ төрағасы дəрежесі Қазақстанның халықаралық қауымдастықтың субъектісі ретіндегі тұғырының нығаюына ықпал етпек. Бүгінгі таңда Қазақстанның ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСШЖК сияқты аймақтық ұйымдарда төрағалық ету тəжірибесі жинақталған. ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің көңілін қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету шеңберінде Орталық Азия аймағының көп қырлы мəселелеріне аудару, оның дамуына айтарлықтай əсер ететіні сөзсіз.

2008 жылдың 1 қаңтарынан төрағалықты Финляндия өкілдері атқаруда. Қазақстан үстіміздегі жылдан бастап ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді бағдарламаларын бірлесіп анықтау үшін – Үштік төрағалар жұмысына араласуда [4]. Финляндияның бастама-сымен Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық комитетін басқару ұсынылған, ол ұйымға мүше-мемлекеттердің шұғыл экономикалық мəселелерін шешуге жəне елдің табиғатты қорғауының дамуына бағытталған. Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін аталған комитетте жұмыс жасау аса маңызды, өйткені оның жұмысы ашық теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекеттердің экономикасын нығайту мен транзитті-көлік əлеуетін дамытуға бағытталған.

Ұйымды басқару өте ауыр мін дет екені айтпаса да түсінікті. Фин ляндия ЕҚЫҰ-ға төрағалығы ба рысында Ұйымның негізгі мақсаты болып табылатын кешенді қауіп сіз дікті қамтамасыз ету мəселелерімен тұрақты айналысып келеді. ЕҚЫҰ-ның 56 қатысушы-елдерінің барлы ғының консенсустық келісіміне жету, ымыраға келу қабілеттілікті жəне көптеген күш жұмсауды талап етеді, оның өзі ақырында барлық елдерге пайда келтіреді. Бұл мін деттер, сондай-ақ үлкен дайындық жұмыстарын жүргізуді қажетсінеді.

Финляндияның төрағалығы, сондай-ақ дəйектілік, үйлесімділік жəне ынтымақтастық мəселелеріне үлкен назар аударады. Осыған бай ланысты, ЕҚЫҰ елдері квинтетінің кездесуі, оған Испания, Финлян дия, Грекия, Қазақстан жəне Литва кіреді, ұзақ мерзімдік болашақта осы мақсаттарға же-туде маңызды рөл атқаратындары анық. Квинтет тің бірінші кездесуі ағымдағы жылдың маусым айында Хельсин киде өтті, келесі кездесуді де жел тоқсан айында Хельсинкиде ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің мə жілісі уақытында өткізу жоспар-

110 111

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІІҚазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

лану да. Қазақстан осы кез десулердің жұмысына өте белсенді қатысуда.

Сөйтіп, Қазақстан ЕҚЫҰ құрылымына ұйым дамуының күрделі бір кезеңінде оған толығымен енуде. 2003 жылдан бас-тап жыл сайын ауысып отыратын төрағалар өз қызметтерінде негізгі басымдықтар ретінде: ЕҚЫҰ реформалауға, аймақтық қақтығыстарды алдын алуға, ланкестікпен, есірткі жəне адам саудасымен күресуге, демократиялық үрдістердің дамуына ықпал етуге, наным-сенім бостандығын насихаттауға үлкен еңбек сіңірді.

Қазақстан əрі қарай демо кратиялық реформалар жүргізу жо лымен 2010 жылы өзінің төрағалық етуі қарсаңында көшбасшылық қыз метін жалғастырады. Осыған байланысты, Қа-зақстанның басшылығы БАҚ ту ралы заңды реформалау, сайлау жəне саяси партиялар туралы заң дарға қатысты ЕҚЫҰ/ДИАҚБ нұсқау ларын орындау, этносаралық жəне конфессияаралық келісімді ны ғай ту, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі бас қару жүйесін жетілдіру сияқты бірқатар артықшылықтарды белгі леді. Осы мəселелер бойынша заң намалық тұрғыдан прогреске жəне таны-мал халықаралық стандарттар сəйкестігіне жету жалпы алғанда тек Қазақстан жəне ЕҚЫҰ ғана емес, сондай-ақ өз елдерінде ре-фор малар жүргізу үшін үлгі ре тін де Қазақстанның тəжірибесін пай далана алатын ұйымның бір қа тар басқа мүшелеріне де маңыз-ды қадам саналады.

Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мерзімінде осы бағытта аталған мəселелер бойынша жұмысты жалғастырады деп жоспарлануда жəне Ұйым қызметін Орталық Азия аймағындағы тұрақтылықты сақтауға бағыттамақ, бұл өз кезегінде ЕҚЫҰ-ның тұтастай кеңістігінде қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етері сөзсіз.

Ауғанстандағы əлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың нəтижелі болуына, Орталық Азия елдері арасындағы шаруашылық байланыстарды нығайтуға, аймақтағы көлік-транзиттік қатынастарды дамытуға жəне су мен энергетикалық қуат көздерін тиімді пайдалануды енгізуге бағытталған шұғыл шаралардың іс жүзіне асуына ЕҚЫҰ-ның тəжірибесі мен əлеуеті жететіні белгілі.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі ұйымның басты қағидасын дəлелдеуде, яғни мүшелердің теңдігі мен оған

қатысушы елдердің тұрақты дамуға деген қызығушылықтары толығымен сақталуда.

ЕҚЫҰ дүниеге басқаша көз қа распен қарауға көмектесетін аза мат тық қоғаммен тығыз ынты мақ тастықта жұмыс істейді. Ықтимал жəне қатаң сынға алынғанына қарамастан, үкіметтік емес ұйым дардың пікірі мəселелерді оңтайлы шешуге жол табуға көмектесетін не гіз болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанда да азаматтық қоғам ел ішінде шешім қабылдау жəне заң намалық реформалар жүргізу үде рісіне баға жетпес үлес қоса алады. ЕҚЫҰ, сондай-ақ тексерулер мен басымдық жүйелерінің негізгі бө лігін құрайтын жəне халықтың еркін біл-діретін қатысушы-елдердің парламенттерімен бірлесе отырып жұмыс істейді.

Астананың 10 жылдық мерейтойы қарсаңында елорда-мызда Ұйымның Парламенттік Ас самблеясының 17-ші жыл сай ын ғы сес сиясы өтті. Сессияның жұмы сы на ЕҚЫҰ-ның 56 қатысушы-елдерінің көпшілігінен 270 пар ла ментарийлер қатысып жəне «ЕҚЫҰ транспаренттігі» та қы ры бында бір қа тар маңызды пікір та лас тар өткі зілді. ЕҚЫҰ-ның Пар ламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясы парла мент аралық үнқаты суды нығайту бойынша оның жұ мы сының маңызды құрамдасы бо лып табылады. Астанада болған сессия ал-ғаш рет Орталық Азияда өткізілуде, осының өзі аймақтың маңызды лы ғын танудың өсіп отырғандығының дəлелі десек, қателеспейтініміз анық.

Жас тəуелсіз мемлекет Ұйымға кіру сəтінен бастап ЕҚЫҰ-мен ты ғыз жəне жемісті ықпалдасуда. Ас танаға өткен маңызды мəжілістің мақсаты – ЕҚЫҰ аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне гүлденуге қол жеткізу үшін осы ынтымақтастықты нығай та ды деген сенімдеміз.

Сан қырлы қауіпсіздік мəселелерін шешу арқылы жəне осын-дай бағыттарға басымдық бере жұмыс істеу нəтижесінде ЕҚЫҰ жалпы Еуропалық кеңістіктегі қауіпсіздік өлшемдерінің аясын кеңейте алады. Соның арқасында Орталық Азия Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының əртүрлі қауіп-қатермен күресте арқа сүйейтін маңызды аймақтарының бірі бола алар еді деген сенімдеміз.

112 113

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІІҚазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

Əдебиеттер:

1. По материалам Министерства иностранных дел РК // www.mfa.kz2. Выступление на Совещании ОБСЕ по межкультурной, межрели-

гиозной и межэтнической терпимости Президента РК Н. Назарбаева // www.akorda.kz

3. Выступление Министра иностранных дел РК М. Тажина на 15-м cовещании Министров иностранных дел государств – участников ОБСЕ // http: // portal.mfa.kz

4. Выступление Действующего председателя ОБСЕ, министра иностранных дел Финляндии Илкка Канерва, перед Постоянным советом ОБСЕ в Вене 10 января 2007 г. // www.osce.org.

ЕҚЫҰ жəне аймақтық қауіпсіздік шеңберіндегі демократия-ландыру үрдістері: халықаралық ғылыми-тəжірибелік конфе-ренцияның материалдары (Алматы қ, 28 мамыр 2009 ж.). – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2009.

АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МƏСЕЛЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЙЫМАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ:

ЕҚЫҰ ЖƏНЕ БАСҚАЛАР

Алмас Арзықұлов

Өткен ғасырдың 90-шы жылдары мен XXI ғасырдың алғашқы онжылдығындағы əлемдік тəртіптің өзгеруі халықаралық қатынастар жүйесінде біршама қиыншылықтар туғызғандығы жəне оның өз кезегінде мемлекеттер арасындағы қатынастарды қалыптастырудың аймақтық деңгейін қажет еткендігі белгілі. Еуразия құрлығының басым бөлігінде орналасқан Кеңес одағы мен оның басшылығындағы социалистік блогтың толығымен ыдырауы əлемдік үлкен геосаяси ойыншылар арасындағы қарым-қатынастарды реттестірумен қатар, көлеңкеде қала отырып, қоғамға біршама қауіп-қатер тудыратын басқа да күштердің жандануына алып келді. Сондықтан да, жаңа қауіп-қатерлерді аймақтық өлшем арқылы негіздеу бігінгі таңдағы жаһандану жағдайында көптеген мемлекеттерді бірсарынды үдерістерге итермелеп отыр. Мемлекеттердің белгілі бір мəселеге (қатерге) байланысты өзара тəуелділікке бой алдыруы олардың арасындағы аймақтық бірігу үрдісінің қалыптасуына алып келеді.

Соңғы онжақты жылдарда аймақтық кеңістік ауқымды əлемнің күрделі, көпқабатты құрылымы ретінде таныдып отыр. Осындай құрылымның бірі ретінде 1980 жж. – XXI ғасырдың басындағы өзгерістер кезінде қалыптасып, өз орбитасына батыстық құндылықтарды негізге алған еуропа-атлантика аймағын кіргізген Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымын қарастыруға болады. Соңғы кездердегі əлемдік тəртіптің өзгеруіне қатысты Ұйым соңғы кездерде өз ықпал ету аймағына бұрынғы кеңестік республикалармен қатар Орталық Азия аймағын да кіргізіп отыр.

ЕҚЫҰ-ның жаһандық ықпал ету мүмкіндігі болмағымен де, ол өзінің мүшелері əлемдік державалар арқылы өзінің құндылықтары мен нақты əрекеттерін əлемнің ауқымды бөлігіне таратып отыр. Жалпы алғанда ЕҚЫҰ басқа да аймақтық ұйымдармен салыстырғанда өзінің ықпал ету аймағымен өзгеше, өйткені оның əрекет ету аймағы Солтүстік Америка жəне Еура-

114 115

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІІҚазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

зиямен қатар, Орталық Азия секілді жеке аймақтарды да өзіне қосып отыр. Сондықтан да, қазіргі таңдағы аймақтық принципі бұл жаһандану үдерісіне қарсылық немесе мемлекеттердің өз кеңістігі мен мүдделі аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тұрақтылықты сақтауға қатысты топтасқан əрекеті болып табылады.

Орталық Азия мемлекеттері (Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Түрікменстан жəне Өзбекстан) жер көлемі – 3882 мың шақырым, халқы 53 млн. адам болатын еуразия құрлығының орталық аймағына орналсқан. Аймақтың оңтүстікте Ауғанстан мен Иран, шығыста – Қытай, батыс-солтүстікте – Ресей секілді мемлекеттермен шекараласуы белгілі-бір қауіп-қатерлердің ықпалында болуына себепті болды [1].

Адамзат өмірінің əрекеттеріндегі қауіп-қатерлер оның барлық салаларында кездеседі, мысалы олардың мағынасына қарай саяси, əскери, экономикалық, əлеуметтік немесе экологиялық болуы адамдар қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін. Бұл аталынған қатерлердің өзара тəуелді болуы олардың біреуіндегі жайсыздықтар басқа салаларға да ықпалын тигізуі мүмкін.

Қазіргі таңда ЕҚЫҰ кеңістігінде орын алып отырған қауіп-қатерлердің барлығы жалпылық немесе əлемдік мазмұнды құбылыстар қатарына жатады. Бұл жағынан алғанда ЕҚЫҰ ерекше ұйым, өйткені ұйымның негізгі мақсаты бұл қауіптердің алдын алу немесе кең ауқымда таралмауын қадағалау болып табылады.

ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздіктің кешендік мəселесі ұйым мүше-мемлекеттерінің заманауи əлемнің қауіпсіздігі моделі-не қатысты талқылау барысында қарастырылып, бекітіледі. Ұйым аясындағы аймақтық қатынастар деңгейі қауіпсіздіктің Ауғанстанға қатысты мəселелер кешені, заңсыз көші-қон, есір-ткі саудасы, экология, су мəселесі секілді дəстүрлі жəне жаңа түрлерін де қамтиды. Бұл мəселе əсіресе Орталық Азия аймағына қатысты анық байқалады. Өйткені, бұл аймақтағы елдер өздерінің ұстанымдарында ұлттық мүддені жоғары қойып, аймақтық мүддені кейінге қалдырып отыр.

Орталық Азия аймағынындағы қақтығыстық жағдай күрделі үрдіс, өйткені аймақтағы режимдердің ішкі мəселелерімен қатар оларға сырттан қысымның жасалуы да бар. Бұл жағдайда

ОА мемлекеттерінің ортақ мүддесі ретінде мемлекет ішіндегі жəне аймақтағы тұрақтылықты сақтау болып табылады. Қазіргі таңдағы Орталық Азияны саяси жəне экономикалық тұрақсыз мемлекеттер – Ауғанстан, Иран, Кавказ елдерінің ықпалы өте жоғары.

Сондықтан да, аймақтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесі көп жағдайда ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ҰҚКҰ секілді аймақтық ұйымдардың мəселесіне айналған. Осыған байланысты Орталық Азия елдері өз аймақтарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселесін осы ұйымдар аясында жүзеге асырады.

Орталық Азия Еуропаның жолындағы бақылаусыз миграциялық лек, ауқымды есірткі саудасы, діни экстремизм мен халықаралық ланкестіктің жолындағы тосқауыл қызметін атқарып отыр. Осыған мəселеге қатысты Қазақстан XX ғасырдың 90-шы жылдарының басында ЕҚЫҰ үлгісіндегі Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Азиядағы Өзара əрекеттестік пен Сенімділік Шаралары туралы Келісім идеясын ұсынған бо-латын. Бұл ұйымға 18 мемлекет мүше жəне ол өзінің ұйымдасуы жағынан ЕҚЫҰ үлгісіне ұқсас болып табылады [3]. АӨСШК мүшелері мен бақылаушылары арасында орталықазия аймағында орналаспағанына қарасмастан, осы аймақ мəселелеріне қатысты мемлекеттердің болуы ұйым жұмысының аймақтық деңгейден ауқымды екендігін көрсетеді.

Сондықтан да, ОА мемлекеттері ЕҚЫҰ-ның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз теуі мəселесінде саяси тұрақсыз мемле-кеттерге қатасты қатынасында делдал болуы негізінен аймақтық ұйымдар арқылы жүргізілуі қажет.

Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі барысында Ұйым мүше-мемлекеттері арасында аймақтық қауіпсіздікке қатасты талас туындауына жол бермеуі керек. Бірақ Қазақстанның бұл ұйымнан өзге аймақтық ҰҚКҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ТМД секілді ұйымдарға мүше болуы оның көзқарастары мен ұстанымдарына өзгерістер енгізуі мүмкін. Мысалы, Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше болуы, оның ҰҚКҰ-ның соңғы кезеңде ұйымның əскери құрамын күшейту туралы шешімінен тысқары қалуына жол бермейді. Бұл шешім бойынша орталық Азия аймағында ұйымға қарасты шұғыл қимыл-əрекет тобы құрылып, ол ортақ ƏҚҚ жүйесі арқылы қорғалады [4]. Ал бұл

116 117

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІІҚазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

ОА мемлекеттерінің НАТО ұйымымен жəне өз территорияларын оның əскери-əуе күштері пайдалануына беруі туралы келісімге қайшы келеді. Сонымен қатар, ҰҚКҰ-ның мүше-мемлекеттері Оңтүстік Осетиядағы қақтығысқа қатысты ортақ пікірге келе отырып, бұл қақтығысқа Грузия елінің «кінəлі» екендігін жəне бұл оқиғаға қатысты Батыс елдерінің «екі жүзділік танытып» отырғандығын мəлімдеді.

Қазақстанның келесі бір аймақтық ұйым ШЫҰ мүшелігінде болуы жəне сол арқылы Ресей мен Қытай мемлекеттерімен тығыз байланыс орнатуы АҚШ бастаған НАТО жəне ЕО (ЕҚЫҰ) елдерінің геосаяси мүдделеріне кедергі келтіреді. Қазіргі таңда Орталық Азиядағы ықпал үшін геосаяси күш орталықтары арасында «үлкен ойынның» басталғаны белгілі. Негізгі геосая-си «ойыншылар» – Ресей, АҚШ, Қытайдың аймаққа қатысты ұстанымдары қатаң түрде байқалуда, өйткені олардың аймаққа жəне осы территория мен оның сыртында орналасқан мемлекет-терге қатысты ұстанымдарының əр түрлілігі бұл өзара тартыстың аймақтағы энергоресурстармен қатар, саяси ықпалға да қол жеткізу шарасы екендігін көрсетті. Негізгі үштік – АҚШ – Ресей – Қытай арасындағы текетірестің соңғы кездердегі шиеленістігі жəне олардың арасындағы консенсустың жоқтығы орталықазия аймағындағы геосаяси ойыншы ретіндегі қатынастарында қиындықтар туғызады. АҚШ-тың Ауғанстан мен Ирак жеріндегі ланкестікке қарсы операцияларды негізге ала отырып Орталық Азия аймағына аяқ тіреуі мен кейінгі кездерде аталынған мем-лекеттерде тұрақтылықты орната алмауына қатысты беделінің төмендеуі оның ОА аймағындағы қауіпсіздіктің кепілі бола алмайтындығын танытты. Ал ШЫҰ-ның негізін қалаушылар – Ресей мен Қытайдың Ұйым жұмысы мен идеологиясына қатысты көзқарастарының алшақтығы оның тиімділігін төмендетіп отыр. Қытай үшін ШЫҰ өзі басшы болған бірден-бір аймақтық ұйым. Солдықтан да, Пекин оны жаһандану үрдісі мен əлемдік экономиканың аймақтану мəселесіне қолдауды мақсат етеді. Ол ШЫҰ-ның екінші «Шығыстық НАТО» кейпіне кіргенін қаламай, оның аймақтық жəне жаһандық экономиканың жандануының құралы болуын көздейді. Ал Ресей тарапы болса ШЫҰ-ның басым бағыты ретінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық танылып, ұйымның ланкестік, экстремизм, сепаратизм мен есір-

ткі саудасына қарсы күрес жолындағы белсенділігін арттыруды мақсат етеді.

Міне, Орталық Азиядағы геосаяси тартыстың негізгі акторларының осындай қайшылықтарына қатысты аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселесі бүгінгі таңда өзекті сұрақтардың бірі болып отыр. Ал осы Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуде ШЫҰ маңызды меха-низм болуы мүмкін, өйткені, аймақтағы қауіпсіздік негізінен осы ұйымға мүше-мемлекеттердің экономикалық жəне əлеуметтік дамуы мен қоршаған ортаның жағдайына тікелей байланысты. Осы мəселеге байланысты ШЫҰ-ның мүше-мемлекеттерінің бірі – Қазақстанның қауіпсіздік жөніндегі келесі бір ұйым – ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі мен осы қызметі арқылы ОА аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты талпынысы мен əрекеттері маңызды болып табылады. Өйткені, мемлекет пен оның аумағындағы (аймағындағы) күш қолданылатын саяси қатерлер ретінде төмендегілерді қпарастыруға болады: сепара-тистік қозғалыстар; территориялық мəселелер мен қайшылықтар; ұлттың өзін-өзі басқаруға қатысты егемендікке қауіп төндіретін күштік əрекеттер; ланкестік шаралар, кейбір тараптардың ықпал ету жəне билік жүргізу аймағын қалыптастыруға талпынысы; аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қатыспау; сенімсіздік пен ұстанымдардың қайшылығы, дағдарыстық жағдайларда өзара сенімділіктің болмауы; жаңа демократиялық күштердің конституциялық тəртіпті жəне азаматтардың құқығын əскери жəне қылмыстық күштер тарапынан қорғалуын қамтамасыз ете алмау; құқықтық мемлекет негіздерінің жəне азаматтық қоғам құрылымдарының əлсіздігі.

Жоғарыда келтірілген факторлардың біреуінің ықпалының басқа салаларға əсерін Украина, Қырғызстандағы төңкерістер, Əндіжан, Шыңжаң оқиғасы немесе Оңтүстік Осетия жерін-дегі қақтығыстан байқауға болады. Сондықтан да, кез-келген аймақтағы қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі ең алдымен де-мократия құндылықтарының, құқықтық мемлекеттің, адам құқықтарының, азаматтық қоғамның сақталуымен тікелей байланысты.

Осыған байланысты Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі барысында өзінің Еуразия құрлығының Азиялық

118 119

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІІҚазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

бөлігінде орналасқан мемлекет екендігін, ЕҚЫҰ-нан басқа аймақтық ШЫҰ, ҰҚКҰ секілді басқа да ұйымдардың мүшесі екендігін, ол ұйымдар мен ЕҚЫҰ-ның құндылықтары мен ұстанымдарының сəйкес келе бермейтіндігін ескере отырып, өзінің төрағалығы тек ЕҚЫҰ-ның 56 мемлекеті үшін ғана емес, сонымен қатар ОА аймағы мен оның көршілері үшін де тиімді болуын назарға алуы қажет.

Əдебиеттер:

1. Питер де Крем. Тридцать лет после Хельсинки: будущие вызовы. Доклад для Общего Комитета по политическим вопросам и безопас-ности. Парламентская Ассамблея ОБСЕ. PA (05) I.1 R- Вашингтон, 1-5 июля 2005 г.

2. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на Саммите тысячелетия ООН (Нью-Йорк, 6 сентября 2000 г. // http://www.mfa.kz.

3. ОДКБ намерен создать многостороннюю вооруженную группи-ровку в центральноазиатском регионе//www.regnum.ru.

ЕҚЫҰ жəне аймақтық қауіпсіздік шеңберіндегі демократия-ландыру үрдістері: халықаралық ғылыми-тəжірибелік конфе-ренцияның материалдары (Алматы қ, 28 мамыр 2009 ж.). – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2009.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҚЫҰ-ҒА ТӨРАҒАЛЫҒЫ АЯСЫНДА АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУЫ

Əсел Назарбетова

Қазақстан Республикасы 2009 жылдың 1 қаңтарынан ЕҚЫҰ төрағаларының Үштігіне ресми түрде кірісті. Үштіктің негізгі мақсаты – ЕҚЫҰ іс-қимылдарын үйлестіру жəне жоспарлау. Со-нымен қатар Ұйым қызметіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету-де, əрі қызметтегі төрағаға кеңес беретін орган ретінде Үштіктің маңызы зор. Бұл орган қызметіне қатысу Қазақстан үшін Мадрид-те алған міндеттемелерін орындауға қызу кіріскендігінің айғағы, яғни бүгінде ҚР Сыртқы істер министрлігі еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жолында дайындық жұмыстарын жауапкершілік-пен жүргізуде.

Бүгінде Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы басқа да халықаралық немесе аймақтық құрылымдармен салыстырғанда Еуропа құрлығында ерекше орын алатындығы баршаға мəлім. Ұйым қауіпсіздік, оның ішінде қару-жараққа бақылау, сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары, қақтығыстан кейінгі реттеу, экономикалық жəне экологиялық қауіпсіздік, адам құқықтары, сайлауға бақылау сияқты кең ауқымды мəселелермен айналысады. Осыны басты назарға алатын болсақ, Қазақстан үшін болашақ төрағалықтың қаншалықты сын екенін түсінуге болады. Сонымен қатар мəселені күрделендіріп отырған бүгінгі таңда орын алған əлемдік экономикалық дағдарыс, оның салдары ретінде халықаралық ахуалдың ушығуы, энергетикалық жəне азық-түлік дағдарысының қаупі, халықаралық қауымдастықтағы, сондай-ақ, ЕҚЫҰ жауапкершілік аймағындағы қарым-қатынастар болашағының айқын еместігі.

1992 жылы пост ке ңестік мемле кет тердің ЕҚЫҰ мүшелігіне кіруі ұйымға басқаша пішін беріп, қызметінің мазмұнын өзгерткен болатын. Сон дық тан да ұйым қызметінің тиім ділігін арттыру осы заманғы та лап тарға дер кезінде үн қатуға мүмкін дік бе реді. Сол себепті 2007 жылы қарашада Мадридте Қазақстанның аймақтық қауіп сіз дік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі мүмкіншіліктерінің дəлелі ретінде елімізге əлемдегі қауіпсіздік саласындағы ең бір ірі ұйымның тізгіні берілген. Осы тұрғыдан

120 121

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІІҚазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

алғанда Қазақстан ЕҚЫҰ мандатының, əсіресе, Орта лық Азияда та быс пен жүзеге асуына тікелей мүд делі.

Сондай-ақ, осы беделді ұйымның еуро атлан тикалық жəне еуро азия лық бө ліктері деп шартты түрде ата латын елдер дің ара-сын бірік тіріп тұратын факторларды бір лесе із деудің мүдделес мемле кет тер үшін өте маңыз ды екенін еске отырып, Қазақстан ЕҚЫҰ мандатын жүзеге асы руға, соның ішінде Орталық Азия аймағында қарастырылған міндеттерді ше шу ге барын ша атсалысуға міндеттеме алған болатын.

Орталық Азияның қандай аймақ екені бүгінде əлемдік қауымдастыққа белгілі. Жердің асты мен үстіндегі байлықтары мол Орталық Азия əлем елдерінің аса қызығушылығын тудырып отырған аймақ, сонымен қатар шешімін таппай отырған ішкі қайшылықтары да жетерлік. Осынау алып аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, игілігін игеру үшін де төрағалықтың жөні бөлек, яғни бұл үлкен жа-уапкершілік болып табылады. Осы орайда Қазақстанның төрағалығы қауіпсіз, тұрақты жəне салиқалы Орталық Азия-ны қалыптастырудың маңызды факторы болмақ. Оған тек аймақтағы елдер ғана емес, барлық халықаралық қауымдастық мүдделі екені сөзсіз.

Тағы бір айта кететін жəйт, Қазақстанның төрағалық етуінен тек біздің еліміз бен аймақ елдері ғана емес, Ұйымға мүше ел-дер де бірқатар табысқа жетуі мүмкін. Біріншіден, бұл ЕҚЫҰ-ның Еуропа шекарасынан асып, таралу аумағының ұлғаюына жол ашады. Екіншіден, ЕҚЫҰ күннен күнге энергетикалық, өндірістік, жалпы алғанда, экономикалық қуаты артып келе жатқан Орта лық Азия елдеріндегі плацдармын нығайтады. Үшіншіден, бұл – ЕҚЫҰ-ның нығаюы, ұйым қызметі тиім ді-лігінің артуына септігін тигізеді.

Бүгінгі таңда ЕҚЫҰ шеңберінде қарастырылып отырған негізгі мəселелер – жаңартылған күн тəртібі мен ескісін жандан-дыру, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің базалық мəселелері мен ынтымақтастықты ұлғайту мəселелерін барынша сəтті шеше алу. Осы орайда Қазақстан Ұйым ұстанымдарын салыстырып, келісу-ге, ұжымдық шешімдер қабылдауға көмектесе отырып, үнқатысу алаңында пайдалы, əрі маңызды рөл ойнауын жалғастыра беруі ықтимал. Біздің ортақ міндетіміз – Ұйымды күн өткен сайын

өсіп келе жатқан қауіп-қатерлердің алдында мықты, əрі тиімді күш қылу.

Жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді орындауға, ЕҚЫҰ-ның басты қағидаларын жү зеге асыруға, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге еліміздің іс-тə жі рибесі же тетіндігінің айғағы ретінде өткен жылы Астана қаласында ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының ХVІІ сессиясында Елбасы Нұр сұл тан Назар-баев: «Біздің еліміз ядролық қарусыздануға жəне таратпауға, халықарлық лаң кестік пен, діни экстремизммен, есірткі саудасы-мен жəне басқа осы заманғы қатерлермен күреске бағытталған кең халықарлық ынтымақтастықтың белсенді қа тысушысы болып отыр» деген болатын [1].

Сондай-ақ, тəуелсіздіктің алғашқы жылдары ядролық қарусыздануға бет бұру арқылы Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қаншалық дайын екенін іс жүзінде дəлелдеді. Бұл үдеріске ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттердің бірқатары тартылды, яғни мұндай бірегей тəжірибе Батыс елдерінің үнемі қаперінде.

Қазақстан аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге барынша ат салысып отырған Орталық Азия аумағындағы ең ірі мұсылман елі, Ауғанстанның қалпына қайта келуіне үлес қосып, Батыстың халықаралық лаңкестікпен күресінде əріп тес болып жүрген, Батыс пен Ислам əлемінің арасында дəнекер боларлық мемлекет. Сенат спикері Қ. Тоқаевтың Венада Қазақстанның Ұйымға 2010 жылғы төрағалыққа əзірлігі барысын таныстыруға арналған ЕҚЫҰ Парламент-тік Ассамблеясының арнайы сессиясында атап өткеніндей, «əлемдегі төртінші ядролық арсеналдан ерікті бас тартқан Қазақстан аймақтағы қауіпсіздіктің қашан да белсенді жақтаушысы ретінде Орталық Азиядағы жəне ЕҚЫҰ-ның барлық кеңістігіндегі тұрақтылықты қолдау саясатын жалғастырады». Сондай-ақ, қазақстандық спикер аймақтық қауіпсіздікке, халықаралық лаңкестікке, экстремизмге, есірткі құралдарының заңсыз айналымына, ұйымдасқан қылмысқа, адам саудасына қарсы күрес сияқты мақсаттарды Ұйымға мүше-мемлекеттердің барлығы да еш күмəнсіз қолдайтынына тоқталды. Қазақстан осы қатерлерге тиімді қарсы тұру үшін барлық күш-жігерін жұмсайтын болады [2].

122 123

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІІҚазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

Қазақстан үшін, Орталық Азия елдері үшін, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның барлық қауымдастығы үшін халықаралық лаңкестікпен жəне діни экстремизммен күрес айрықша басымдылық. Ауғанстанмен көршілік Орталық Азия аймағын қауіпсіздіктің қазіргі заманғы қауіп-қатерлеріне қарсы тұрған ЕҚЫҰ-ның форпостына айнал-дырды. Орталық Азия əлемдік саясаттың тысқары аймағы болу-дан қалған, яғни аймақтағы кез келген оқиға тұтас еуразиялық кеңістіктегі жағдайға тікелей əсер етеді. Сондықтан, ЕҚЫҰ еуроатлантикалық кеңістіктің ғана емес, Орталық Азияның да тынысы мен тамыр қағысын сезінуі тиіс. Олай болмаған күнде қалыптасқан бос кеңістік аймақтағы аумалы-төкпелі тұрақтылық жағдайында басқа бір арам пиғылды сыртқы күштердің ықпалында қалуы мүмкін.

Алдына қойған міндеттерінің қатарында Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төзімділік пен кемсітпеушілікті нығайту, халықаралық лаңкестікке қарсы тұру секілді мəселелерге ден қояды. Қазақстанның сыртқы істер министрі М. Тəжиннің пікірі бойын-ша, «Қазақстанның төрағалық етуі арқасында ЕҚЫҰ батыстың Азияда болып жатқан үрдістер туралы хабардарлығын жəне оларға деген қызығушылығын арттыруға, осы аймақтың ел-дерімен анағұрлым тығыз серіктестік қатынастар орнатуға жəне Ауғанстан шекарасында едəуір айқындықты қамтамасыз етуге керемет мүмкіндікті иемденеді» [3].

Сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы беделін жаңғырту үшін жүйелі жұмыс керек. Бұл алдағы Төрағалықтың ғана емес, бүгінгі күннің де күн тəртібінде тұрған басымдық болуы тиіс. Қазақстан ЕҚЫҰ қауымдастығын осы мəселеге мəн беріп қарауға шақырады. Сондай-ақ, əскери-саяси қауіпсіздікті сақтау, экономикалық жəне экологиялық қауіпсіздік, адам құқығын қорғау жəне демократияландыру мəселелері аймақ елдері үшін өзекті болып табылады.

Қазіргі кезеңде Орталық Азия аймағының барлық мем-лекеттері халықаралық қауіпсіздіктің əділетті жəне тиімді архитектурасының қалыптасуына мүдделі. Осы орайда өзгеру үстіндегі халықаралық қатынастарда тиімді саяси алаң бола алатын халықаралық ұйымдарға зəрулік арта түседі, яғни біздің аймақ үшін осындай қажетті ұйым ЕҚЫҰ болуы мүмкін. Бұл

тұрғыдан қарастырғанда, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы өз кезегінде аймақтық қауіпсіздік жүйесінің сапалы өзгеруіне ықпал етеді. Дəлірек айтсақ, əлемдік қоғамдастықтың, сондай-ақ, ұйымға мүше мемлекеттердің Қазақстандағы, жалпы Орталық Азия аймағындағы маңызды жəне өзекті мəселелерге назарын аударады.

Аймақ пен ұйым арасындағы өзара ықпалдастық Қазақстанның жалпыеуропалық құрылымдарға қатысуы арқылы Еуро-па мемлекеттерінің аймақтағы əлеуметтік, экономикалық жəне экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға ЕҚЫҰ-ның жобалық қызметі арқылы донорлық көмек көрсетуіне бағытталады. Осы орайда төраға ретіндегі Қазақстанның басты міндеттерінің бірі – Орталық Азия аймағына жалпыəлемдік, демократиялық стандарттар мен құндылықтарды енгізуге ықпал жасау.

Жалпы алғанда, өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарына қарамастан, Орталық Азия мемлекеттері қалыптасты. Аймақ елдерінің біріне ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мүмкіндігін беру сая-си элитаға күшті ынталандыру, əрі аймақтағы мемлекеттердің əрі қарайғы дамуына жəне саяси-экономикалық жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге жігер берері даусыз. Сонымен бір-ге Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі біздің Орталық Азия аймағындағы экономикалық жəне саяси үрдістерге қалай əсер етуімізбен де байланысты. Көршілес мемлекеттер Қазақстанның беделді ұйымға төрағалығын бүкіл Орталық Азияның, ТМД-ның жетістігі ретінде қарастырады, себебі біздің еліміз кеңестік дəуірден келген, түркі əлеміндегі жəне көпшілік бөлігі дəстүрлі ислам мəдениетінің аумағына кіретін тұңғыш мемлекет.

Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-на төрағалық етуінің осы аймаққа əсері жөнінде айтатын болсақ, біріншіден, ЕҚЫҰ-ның институттарын Орталық Азия жағдайында пайдалануға болады. Бұл – теңдесі жоқ, орасан зор басқарушылық, мəдени, құрылымдық тəжірибе, оның үстіне ұйымның өте күрделі қайшылықтарды реттеудегі тəжірибесі отыз жылдан асады. Бүгінгі күні əлемнің əр бөлігі арасындағы мəміле алаңы болатын ұйымның құрылымдық тəжірибесін іске жарату өте маңызды.

Екіншіден, ЕҚЫҰ – қаржылай демеу көрсетудің өте қолайлы арнасы, мейлінше ыңғайлы құралы, себебі ЕҚЫҰ-ның өз

124 125

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІІҚазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

қаражаты бар жəне мұның сыртында – ЕҚЫҰ-ның тиімді тетіктері арқылы басқа экономикалық ұйымдармен жұмыс жа-сап, ресурстық база тарту ісіне ден қоюға болады.

Үшіншіден, ЕҚЫҰ – ымыралық шешімдер қабылдайтын орын, мұндай ретте оларды ішкі жағдайға бейімдеу мен жүзеге асыру тетігі де қарастырылған. ЕҚЫҰ-да таза ымыра негізінде қабылданған шешім кейіннен жүзеге асырылады.

Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының əскери-саяси өлшемдегі мүмкіндіктеріне тоқтала кетсек, соңғы екі онжылдықтағы Шығыс Еуропа мен посткеңестік мемлекет-тердегі қарама-қайшылықтарды реттеуде жəне тиімді шешуде ұйым əлеуеті жеткілікті екені дəлелденген болатын. Сондай-ақ, лаңкестік, радикалдық əрекеттер мен көзқарастарды насихаттауға қарсы тосқауыл қою мəселесі, есірткі тасымалы, радикалды экс-тремистік топтар, адам саудасы, жасырын көші-қон процестері-мен күресте əр мемлекет жалғыз емес, ұйым құрылымдарының қызметін үйлестіріп, қуатты ақпараттық базаларды жасаумен ғана шешуге болады.

Қазақстан ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық барысында үлкен жетiстiктерге қол жеткiздi. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ Орталық Аз ия-дағы экономикалық жағдайға қатысты, аймақтақтың нарықтық экономикаға өтуiне қатысты, экономикалық реформалар жүргiзу, адам құқықтарын қор ғау, аймақтық қауiпсiздiк салаларында бiрқатар семинарлар өткiздi.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы аясында Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті нығайту мүмкіндігі қаншалықты дəрежеде болатындығына болжам жасау əрине күрделі сұрақ. Алайда, Хельсинкиде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кеңесінде ҚР СІМ Марат Тəжин баяндама жасап, онда «Біздер ұйымның орын ды лығы мен оның қазіргі жағдайға бейім делу мүм кіншілігін анықтап алуымыз керек. Қазіргі күн тəртібінде ЕҚЫҰ бір тұ тас қауіпсіздік қағидаларын қамтамасыз ете тін құрал бола ала ма, əлде ғаламдық қауіпсіздік жүйесінде статист рөлін ғана атқара ма деген мəселе. ЕҚЫҰ-ның соғыстан кейін-гі Ауғанстанды қалпына келтіру сияқты мəселелерде ШЫҰ жəне ҰҚШҰ сынды аймақтық құрылымдармен серіктестікті нығайтуы қажет деп есеп тейміз» – деген болатын. Дəл осын-

дай қиын кезеңде елі міздің ЕҚЫҰ-ның тізгінін ұс тауы, өзіне зор міндеттемелер алуы мемле ке ті міз ге асқан жауапкер шілік жүктеп отыр. Осы жолда барлық мемлекеттік құрылымдар тиісті дəрежесінде өз үлестерін саналы түрде мемлекет мүддесі үшін қосқан жағдайда, бұл жауапкершілікті абыроймен атқара алатынымызға күмəн тумайды.

Əдебиеттер:

1. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы 17-ші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі. // www.akorda.kz

2. Венада Қазақстанның Ұйымға 2010 жылғы төрағалыққа əзірлігі барысын таныстыруға арналған ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының арнайы сессиясы өтті.//www.minplan.kz

3. ҚР Сыртқы істер министрі М.Тəжиннің «Хабар» агенттігінің «Жеті күн» бағдарламасына берген сұхбаты. //www. mfa.kz.

ЕҚЫҰ жəне аймақтық қауіпсіздік шеңберіндегі демократия-ландыру үрдістері: халықаралық ғылыми-тəжірибелік конфе-ренцияның материалдары (Алматы қ, 28 мамыр 2009 ж.). – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2009.

126 127

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІVҚазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

IV ТАРАУҚАЗАҚСТАННЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАРҚЫНЫ

Əдемі Ерасылова

Қазақстанның əлемдік 50 көшбасшы мемлекеттер қатарына ену жолындағы шешетін негізгі стратегиялық мəселелерінің бірі – ол өз халқының даму деңгейін əлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттер деңгейіне жеткізу мəселесі болып отыр. Республика Президенті өзінің 2006 жылдың 1 наурызындағы «Қазақстанның əлемнің бəсекелестікке барынша қабілетті 50 ел қатарына ену стратегиясы» атты Жолдауында адам потенциалын дамыту, оның ішінде халықтың «əлеуметтік осал» топтарын қорғау мен денсаулық сақтау, оқу-білім, жұмыс ресурстарын дамыту жəне де əлеуметтік қамтамасыз етуді нарықтық экономикаға қатысты бейімдеу мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап көрсеткен.

Бұл бағыттың таңдалып алыуына мемлекеттердің өзінің ұлттық бəсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялық үрдістерді дамытумен қатар, адам ресурстарын дамыту саясатының сапалылығын да жоғарғы дəрежеге көтеруі себеп болған. Жан басына есептегендегі ішкі жалпы өнім көрсеткіші, сауаттылық пен адам өмірінің ұзақтығы секілді адамзат дамуының негізгі көрсеткіштерін жоғарғы деңгейге көтеру бəсекеге қабілетті экономиканың негізгі белгілері болып отыр.

Адамзат дамуының негізгі көрсеткіштерінің рейтингтік жүйесіндегі Қазақстанның жағдайы күн санап жоғарылап келе жатыр. Қазіргі уақытта адамзат дамуын зерттейтін БҰҰ-ның өркендеу бағдарламасының (БҰҰӨБ) əлемдік баяндамасында Қазақстан дүниежүзінің 177 мемлекеттің ішінде 73 орында тұр.Бұл көрсеткіш бойынша біз ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі екінші орынды иемденіп отырмыз. Сонымен қатар, БҰҰӨБ болжамы бойынша Қазақстан 2010 жылға қарай адам-

зат дамуы бұдан да жоғары деңгейдегі Исландия, Норвегия, Австралия, Канада, Ирландия секілді мемлекеттердің қатарына көтерілетіні белгілі болған.

Қазақстан мемлекетінің қазіргі таңдағы негізгі саяси ұстандарының бірі – республиканың əрбір азаматы үшін өмір сүру деңгейінің жоғарғы сапалық үлгісін қамтамасыз ету екендігі ел Президентінің 2008 жылдың 6 ақпанындағы Жолдауында баса айтылды. Аталынған құжатта қазақстандықтардың əлеуметтік жағдайы мен қоғамның барлық таптары мен əлеуметтік топтарының əл-ауқаты əрқашанда мемлекеттік саясаттың не-гізгі жоспары ретінде қаралатындығы баяндалған. Қазақстан өз алдына адамзат өркендеуінің европалық деңгейіне жету секілді кеудемсоқ мақсат қойып отыр. Бұл жағдайда əр қазақстандыққа жаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші 13 мың долларды құрап, жоғарғы сапалы жəне қол жетімді денсаулық сақтау жүйесі да-мыту ман қатар жалпыға бірдей сапалы білім беру қалыптасады.Сонымен қатар,əлеуметтік жеңілдіктер кеңінен пайдаланылып, ауыл мен қала арасындағы əлеуметтік алшақтылық азаяды.

Бұл мақсаттарға жетіп, оны жүзеге асыруға Қазақстанның барлық мүмкіндігі бар. Саралай қарар болсақ,дұрыс таңдап алынған экономикалық саясаттың арқасында Қазақстандағы əлеуметтік – экономикалық көрсеткіштердің қарқынды дамуы байқалып отыр. Өткен жылғы жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2001 жылмен салыстырғанда 4 есеге көбейіп жан басына шаққанда 6600 АҚШ долларын құрады. Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайын бағалай келіп, Əлемдік банк елімізді кірісі ортадан жоғарғы елдер қатарына қосатынын мəлімдеген.

Осылайша, бүгінгі таңдағы экономикадағы дамудың жоғарғы деңгейі кейбір негізгі көрсеткіштердің жақсаруына мүмкіндік беріп отыр. Мысалы, жұмыспен қамтамасыз ету саласына келер болсақ, 2005 жылғы 7,1 миллион адамды құраған көрсеткіш жаңарып, ел экономикасындағы еңбекке тартылғандар саны 7,5 милион адамға жеткен.Бұл жерде айта кететін жайт, жұмысқа орналасқандар арасында жаңа жұмыс орындарға орналасу қарқыны байқалған. Еңбек жəне халықты əлуметтік қорғау министрлігінің мəліметінше тек қана 2007 жылдың мамыр айының өзінде 18,3 мың адам немесе еңбекке тарту мекемесіне тіркелген азаматтардың 84,5 пайызы жұмыспен қамтамасыз

128 129

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІVҚазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

етілген. Жыл басынан бері қайта ашылған орындарына 45,1 мың адам тартылған.

Қазіргі кезде «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасының іске асыуынан үлкен экономикалық жəне əлеуметтік нəтиже күтілуде. Бұл жерде жаңа құрылған немесе жаңартылған өндіріс орындары айналасында пайда болатын қызмет көрсетуші ұсақ жəне орта кəсіпкерлік нысандарымен қатар инфрақұрылым жүйесі дамып, кеңейетіндігі мəселесі айтылып отыр. Жоспар-ланып отырылған өндірістердің ауқымын есепке алар болсақ, қаншалықты жаңа жұмыс орындары пайда болатынын болжау қиын емес. Бұл жағдайдадағы əлеуметтік нəтижені кедейшілік пен жұмыссыздықтың төмендеуі жəне де қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің көтерілетінінен көруге болады.

Жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткішінің жоғарлауы мен мемлекеттің жұмыссыздықты азайтып, еңбекке тарту саясаты еліміздегі кірісі төменгі күнкөріс көрсеткішінен төмен азаматтардың санының қысқаруына жағдай жасады.Мысалы, 2000 жылы еліміздегі кірісі ең төменгі күнкөріс көрсеткішінен төмен азаматтар саны 31,8 пайызды көрсеткен болса, ол көрсеткіш 2008 жылдың 1 қаңтарына 13,8 пайызға төмендеген.

Сонымен қатар, қаржылық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған саясаттың нəтижесі ретіндегі республикадағы қаржы кірісі көрсеткішінің ұлғаюуын қолайлы тұғырнама ретінде көрсетуге болады.Осылайша, қазіргі күннің өзінде қазақстандықтардың материалдық жағдайын жасауға мүмкіндік беретін экономикалық іргетас қаланған деуге болады. Мысалға алар болсақ, орташа кіріс 2004-2007 жылдары екі рет өсіп, 20 714 теңгені құраса,орташа айлық еңбекақы 2004 жылмен салыстырғанда 80 пайызға артып, 2007 жылы 51 101 теңгені қамтыды. Осындай көрсеткіштер арқасында Қазақстан қазіргі таңда ТМД елдері арасындағы көшбасшы болып отыр.

Елдегі экономикалық қарқынды даму мемлекеттік қазынаға түсетін пайданың мөлшерінің көбеюуіне ықпал етсе, ол өз кезегінде халықты əлеуметтік жағынан қамсыздандыру жоба-ларын іске асыруды қолға алды. Қазақстан Республикасының «2008 жылғы республикалық бюджет туралы» заңға сəйкес əлеуметтік шараларға арналған жалпы шығынның көлемі

545 миллиард теңгені құрап, өткен жылғы бөлінген қаржыдан 17 пайызға көбейген. Осы құжатқа сүйене отырып, ең төменгі жалақы, зейнетақы мен төменгі күн көріс көрсеткіштерінің жоғарылағанын көруге болады.

Сонымен қатар елімізде ана мен бала денсаулығына деген қомқорлық күшейіп келеді. Мысалы,осы жыл басынан бастап 315 мың əйел бала туылуына байланысты 34 740 теңгені құрайтын бірреттік жəрдемақы алды жəне де бала бір жасқа толғанша төленетін əр ай сайынғы жəрдемақының мөлшері де өсіп келеді. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджеттен еңбек етуші əйелдердің жүктілігін,босануы мен бала қарау мер-зімін міндетті түрдегі əлеуметтік сақтандыру шарасы енгізілді. Осымен бірге, əйелдің демалыста болғанына қарамастан оның зейнетақы қорына аударымдар жүріп отырады. Міне, ана мен бала өміріне деген дəл осындай əлеуметтік саясат еліміздегі демографиялық жағдайдың жақсаруына мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда сонымен бірге қоғамның əлеуметтік төменгі тап өкілдеріне арнайы жəрдемақы төленуде. 2008 жылы 400 мың мүгедек үшін 52,7 миллиард жəне қосымша көмектер үшін 11 миллиард тенгені құрайтын қаржы республикалық бюджеттен бөлінді.

Республикамызда лайықты кəрілікті əлеуметтік қамсыздандыру жүйесі қалыптасуда. Еліміздегі Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне арнайы мемлекеттік жəрдемақылар тағайындалып, олардың емделуі мен демалуына арналған ақысыз санаторий-курорттар еліміздің барлық аймақтарынада ашылған.

Қазіргі таңдағы экономикалық даму мен бəсекеге қабілет-тіліктің негізі тауар өндіру емес, оны дамытатын идея екені ес-керіліп, еліміздегі оқу-ағарту саласын дамытуға көп күш жұмсалу үстінде. Сондықтан да Қазақстанда соңғы кездерде жаңа сапа үлгісі «білім экономикасына» көп көңіл бөлінеде. Соңғы бес жыл ішінде еліміздегі білім саласындағы мемлекеттік салымдар бірнеше рет көтерілді. Сонымен бірге мектепке дейінгі тəрбие мəселесіне де қатысты инвестиция көлемі ұлғайып, ол 2000 жыл-мен салыстырғанда 6 есеге артуы нəтижесінде 2007 жылы 17,2 миллиард теңгені құрады. Мүгедектер мен жітім балаларды қорғау мақсатында оларды жоғарғы оқу орындарына қабылдауда арнайы квота белгіленді.

130 131

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІVҚазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

Оқу-ағарту саласын дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сəйкес жағдайы нашар жанұялардан шыққан балалардың 30 пайызын балабақшаларға, ал бес жасар балалардың 75 пайызын дайындық сыныптарына тарту көзделінген. Жас ұрпаққа берілетін білімнің сапасының артуы үшін оқу-ағарту мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, лингафондық жəне компютерлік класстар-мен жабдықтау, нысандарда жөндеу жұмыстарын жүргізу мен ол мекемелерде қызмет ететін мұғалімдердің кəсіби деңгейін көтеру мəселесі де қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептердегі «интернетизация» үрдісі де өз шарықтау жегіне жетіп,бүгінгі таңда Қазақстан мектептерінің 95 пайызы бұл əлемдік жүйеге қосылған.

Қазақстанда сонымен қатар денсаулық сақтау саласын дамытуға да үлкен көңіл бөлінуде. Экономикалық дамуды жүзеге асыратын дені сау жұмыс күші еліміздің бəсекеге қабілеттілігін арттырары даусыз. Мемлекеттің бұл саланы дамытуға шығарған шығысы соңғы он жыл ішінде 13 есе көбейіп, 2007 жылы 338,5 миллиард тенгені құрады. Денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалаудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында халыққа алғашқы көмек көрсету мен аурулардың алдын алу принциптеріне сүйенген профилактикалық денсаулық сақтау жүйесіне өту көделінген. Осыған байланысты соңғы бес жыл ішінде алғашқы жəрдем беру қызметінің құрал-жабдықтар мен техникаық қамтамасыз етілуі үш есе өскен. Нəтижесінде осыдан он жылдай бұрын ешқандай медициналық көмексіз қалған ауылдық аймақтарда медициналық бөлімшелер ашылып, жедел жəрдем қызметі жұмыс істей бастады.

Республикада ауыл мен қала өмірі арасындағы алшақтықты азайту жолында қажырлы жұмыс жүргізілуде. 2003 жылы ауылдық аймақты дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекекттік бағдарламасы қабылданған. Қазіргі ауыл жағдайын бақылай отырып, Бағдарламаның бірінші кезеңінде жоспарланған мəселелердің іске асқаны, яғни ауылдың инженерлік жəне əлеуметтік инфрақұрылымы қалыптасқанын көруге болады. Мем-лекеттік шаралардың нəтижесінде ауыл тұрғындарының кірісінің мөлшері көтерілді. Жеке тұлғаның азық-түлікке жұмсалатын ор-

таша кірісінің өлшері 2004 жылмен салыстырғанда 50,8 пайызға артып, 2006 жылы 9 944 теңгені құрады.

Жалпылай алғанда, біздің əлеуметтік жағдайымыздағы жеткен жетістіктер мемлекеттің əр қазақстандық үшін жасап отырған қамқорлығының жемісі. Сондықтан да, əлеуметтік саладағы жетістіктер еліміздің экономикалық жағдайын жақсартып, дамуына серпіліс берумен қатар, республикамыздың тұрақты даму арқылы əлемдік рейтинг жүйесіндегі орнының сапалық көтерілуіне мүмкіндік жасайды.

«Қоғам жəне дəуір» ғылыми-сараптамалық журналы №3, 2008.

132 133

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІVҚазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ ТҮПҚАЗЫҒЫ

Нұрлан Сейдін

Жуық арада біз Қазақстан Республикасының тəуелсіздігінің 17 жылдығын атап өткелі отырмыз. Осындай елеулі мереке қарсаңында еліміздің осы кезеңге дейін жүріп өткен жолыңдағы маңызды оқиғаларды еске түсіріп, салмақтап қарауға деген талпыныс болары даусыз. Тəуелсіздіктің осы жылдарындағы елеулі жетістіктердің бірі ретінде Қазақстандағы ұлттардың мəдени мүдделерін еркін жүзеге асыру шараларын мемлекеттің қамтамасыз етіп отырғандығын айтуға болады.

Мəдениет саласы кең ауқымды жəне де адамзат өмірінің көптеген жақтарын қамтиды. Көптеген ғалымдардың ойынша, мəдениет – бұл адамның ішкі дүниесінің, өмір сүру дағдысы мен оның мағынасы деп саналады. Кезінде австриялық психолог К. Юнг адам санасы мен психикасының архетипі көп жағдайда мəдениет аясында, яғни оның мəдениеті мен оған қатысты өркениет құралдары жəне өнімдерінің негізінде қалыптасатынын айтқан. Де-мек, мəдениет, оның құндылықтары мен рəміздері субьектінің өзін-өзі танып білу мен сəйкестендіруінің базалық обьектілерінің ішін-дегі бірегейі болып табылады жəне де ол тұрмыстық тəжиірбеде дəлелденіп отыр. Өмірде адамның мəдениет идентификациясы негізінде өзін-өзі танып, қауіпсіз сезінуі арқылы алдына қойған мақсаттарына жету сенімінің артқандығын талай кез байқағанбыз. Бұл жағынан алғанда мəдениет жеке тұлғалардың қауымдастығы – əлеуметтік топтардың қалыптасуына қажетті қызығушылықтар саласы ретінде танылады.

Этносты – əлеуметтік топ ретінде тану арқылы ұлтшылдықтың нақты көрініс беретін саласы мəдениет екендігін мойындаймыз. Осыған байланысты адамдардың этникалық идентификация үрдісі немесе белгілі бір ұлтқа тəуелділігін анықтау барысын-да өзінің халқының мəдениетін танып, оның құрамдас бөлігі екендігін сезінуі тосын жағдай емес. Сондықтан да, əлемдік тарихтағы белгілі бір ұлттың өзіндік мəдениетін дамыту құқығына тиым салу əрекетінің арты ұлтаралық қақтығыстар мен азамат соғыстарына алып келуі таңқаларлық жағдай болмауы да заңды құбылыс.

Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздіген алған соң, көпұлтты мемлекет ретінде жоғарыда айтылған жағдайлармен санасуына тура келді. Бұл шараға бірнеше фактор кедергі болған еді.

Біріншіден, Қазақстанның мəдени кеңістігі күрделі құрамды жүйе болып табылады. Біздің мемлекетіміздің территориясын-да Батыс пен Шығыстық мəдениеттің тікелей өкілдері өмір сүреді.

Екіншіден, қазақстандық мемлекет құрылысын жүзеге асыру шаралары бұрынғы кеңестік территориялардағы ұлттық сана-сезімнің оянуының күшті кезеңімен сəйкес келді. Осы аталынған үрдістер кезінде социалистік мемлекеттердің өмір сүруін тоқтатқан болатын. Қазақстанның да тəуелсіздік алуына КСРО территориясындағы этно-ұлттық қозғалыстардың кең етек алуы əсер еткен. Кеңес Одағының халықтарының этникалық сана-сезімінің көтерілуі жəне оған биліктің назар аудармауы кеңестік ұлттың (халқының) жойылуына алып келді. Кеңес үкіметінен қалған бұл құбылысты кейін кейбір ТМД елдері де бастан кешірді. Ұлтшылдықтың саясаттануы мен этно-ұлтшылдықтың күшеюі Чехословакия мен Югославия секілді мемлекеттердің де тарауына əсер етті.

Үшіншіден, біздің мемлекетіміздің алдында мемлекеттіліктің негізі болатын біріңғай қазақстандық ұлт құру мəселесі туында-ды. Бұл қажеттілік өз кезегінде этномəдени мүдделерге шектеу жасамай, барлық қазақстандықтарға ортақ ұлттық мəдениет құру қажеттілігін алға тартты. Осындай ауқымдағы мəдени саясат мəселесі Қазақстан тарихында болған жоқ еді. Бұл жағдайда мемлекетіміздің кеңестік өткені есепке алынбады, өйткені, КСРО-да ондаған жылдар бойы ұлттардың мемлекеттену үрдісі жүргізілді жəне де олардың мəдени мүдделері мемлекеттік идеологияға сəйкес болмағандықтан тиым салынып, есепке алынбады. Осындай бағыттағы мəдени саясат Кеңес Одағындағы сепаратистік қозғалыстың жандануына себепкер болды.

Міне, дəл осындай қиын тарихи жағдайда біздің мемлекетіміз қоғамдық-саяси жүйенің негізгі принциптерінің бірі – этномəдени мүдделердің қорғалуы мен жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін мемлекеттіліктің құрылымын жасауға бел буды. Қоғамның барлық салаларының өзгеруі мен жаңалануына əсер еткен өтпелі кезеңнің қиындықтарына қарамастан, Қазақстан мемлекеті

134 135

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІVҚазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

этникалық мəдени плюрализм мен ауызбіршілікті дамытуға негізделген саясаттың бағытынан ауытқыған жоқ.

Этномəдени мүдделердің негізгі құқықтық кепілі ретінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы танылады. Қазіргі Ата Заңымыз мемлекетімізде азаматтарды этникалық белгісіне қарай құқығын шектеуге бағытталған ережелері бар заңның қабылданбауының құқықтық іргетасы болып табылады. Еліміз-де ешкімге де жынысына, ұлтына, нəсіліне, тіліне, діни-наным сеніміне, көзқарасына, тұрғылықты жеріне немесе тағы да басқа белгілеріне қатысты кемсітушілік көрсетілмейді. Бұл Қазақстан Республикасының Ата Заңының 14 бабының 2 бөлімінде нақты көрсетілген. Ал Негізгі заңның 74 бабында: «Ата Заңда бекітілген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына шек қоятын заңдар мен нормативтік актілер қолданысқа кіргізілмейді жəне жойылады» – деп көрсетілген.

Əрбір қазақстандықтың өзіндік мəдениетін сақтау мен дамытуы, тəлім-тəрбие мен білім беруде тіл таңдау еркіндігі «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қоғамдық құрылымдар туралы», «Мəдениет туралы», «Білім туралы», «Тарихи-мəдени мұра обьектілерін қорғау мен пайдалану туралы» заңдардан көрініс беріп, жүзеге асқан.

Осындай саясаттың нəтижесінде біздің республикамызда ұлттардың өз тілдерін, салт-дəстүрлері мен басқа да мəдени шараларын еркін жүзеге асыруға арналған барлық жағдай жасалынған.

Мысалы, республиканың белгілі бір ұлт өкілдері тығыз орналасқан аудандарында тəжік, өзбек, ұйғыр, украин тілдерін-дегі мектептер ашылған. Мемлекетіміздің 126 орта мектептерінде Қазақстан халықтарының 15 тілі оқытылады. Аталынған тілдер қатарына; əзербайжан, армян, белорусь, грек, дүнген, иврит, кəріс, күрд, неміс, поляк, татар, түрік, ұйғыр, украин, шешен тілдері жа-тады. Ал 76 жалпы білім беру мектептерінде үйірме мен қосымша дəрістерде қазақстандық азаматтардың өз ана тілдері оқытылады. Бұлардан басқа республика аумағында 196 жексенбілік мектеп пен Өскемен, Петропавл жəне Павлодар қалаларында 30 астам тіл оқытылатын үш ұлттық жаңару мектептері жұмыс істейді. Қазақстанда 19 республикалық жəне аймақтық деңгейдегі ұлттық

газеттер мен радио-теле бағдарламалар таратылып, 6 ұлттық театр жұмыс жасауда.

Еліміздегі ұлттардың өзіндік мəдениетін сақтау мен да-мытуда Қазақстан халықтары Ассамблеясының алатын орны ерекше. Аталынған ұйымның құрамында қазақстандықтардың ұлттық мəдени-тілдік ерекшеліктерін сақтауға жақсы жағдай жасалынған 470 астам Қазақстан этностарының мəдени орталықтары тіркелген. Осы ұлттық-мəдени ұйымдардың негізінде Қазақстан халықтары мəдениетінің фестивальі, жек-сенбілік мектеп оқушыларының ана тілі мен мемлекеттік тілді меңгеруін анықтайтын байқау-бəйгелер, тіл саясатына арналған халықаралық жəне республикалық ғылыми-тəжиірбелік конфе-ренциялар мен семинарлар жəне этномəдени даму мəселелеріне қатысты дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады.

Мəдениет саласының негізгі бағыттарының бірі – бұл дін мəселесі. Ұлттық идентификация үрдісі көп жағдайда діни жəне мəдени мұраға тікелей байланысты. Əлеуметтік зерттеулер көрсетіп отырғанындай, біздің еліміздегі діни идентификация көп жағдайда ұлттық белгілерге қатысты дамып отыр. Осыған бай-ланысты қоғамдық өмірінде əр түрлі діни-нанымдағы 130 астам ұлттар мен этникалық топтары бар Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне саяси тұрақтылығы діни саладағы жағдаймен тікелей байланысты болып отыр.

Сондықтан да, өз тəуелсідігін алған алғашқы жылдары мем-лекетіміз бірден конфессия аралық пікір алмасу мен келісімді қолға алып, діни ұстанымда еркіндік беретінін жариялады. Мысалы, 1992 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Жоғарғы Кеңесі «Діни ұстаным еркіндігі мен діни құрылымдар» туралы ҚР Заңын қабылдаған болатын. Аталынған Заң бойынша; діни ұстаным еркіндігі, діни сеніміне қарамастан азаматтардың тең құқықтығы, конфессиялар мен діни құрылымдардың заң алдындағы тең құқылығы, діни құрылымдардың мемлекеттік билік пен басқаруға қатысты сайлауларға қатыспайтындығы жəне діни сипаттағы партиялар мен басқа да саяси құрылымдар құруға, діни құрылымдардың саяси партиялар қызметіне араласуына жəне оларға қаржылай көмек көрсетуіне тиым салынатындығы туралы ережелер бекітілді. Діндарлар мен олардың құрылымдары халықаралық байланыстар орнатуға жəне оны жалғастыруға

136 137

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІVҚазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

құқылы болды. Мемлекеттік органдардың діни құрылымдарға мəдени орталықтар мен тағы да басқа мүліктерді меншікке не-месе ақысыз пайдалануға беруге құқығы қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік шаралардың негізінде Қазақстанның діни саласы қарқынды дами бастады. Мысалы, 1991 жылмен салыстырғанда діни құрылымдар саны 4 есе, конфессиялар саны 2 есе өсіп, осындай қысқа мерзім аралығында еліміздің конфессиялық кеңістігінің құрылымы түбегейлі өзгеріске ұшырады. Салыс-тырмалы түрде алар болсақ, мысалы, 1991 жылы 25 мешіт, 1989 жылы 62 православие приходы болған. Қазіргі кезде қазақстандық діни құрылымдарының саны 3100 жетіп отыр. Оның ішінде; 2195 – мұсылман мешіті, 257 – православие шір-кеуі, 89 – католиктік костел, 10 – синагога, 546 – протестанттық мінəжат үйі жəне бір будда ғибадатханасы бар.

Көптеген қазақстандық діни ұйымдардың өзіндік оқу-ағарту жəне білім беру орталықтары: медіресе, жексенбілік жəне приходтық мектептер, семинарлар, университеттер, кəсіби білік-тілікті арттыру институттары бар. Ерлер мен əйелдерге арналған монастырлер мен сопылық ордендер қалыптасқан.

Осылайша, елімізде кез-келген қазақстандықтың өз этникалық мəдени мүддесін еркін жүзеге асыруға қажетті жақсы база жасалынған. Қазақстандағы этномəдени мүдделерді қорғау мен дамуына жағдай жасау саясатының жүзеге асуының нəтижелерін қарастыра келіп, мемлекеттің алдына қойған мақсаты – көпжақты этникалық мəдениетті дамыту нəтижелі жүзеге асқандығын айтуға болады. Этникалық ерекшеліктерді дамытуға негізделген ұлттық құрылыстың мультимəдени үлгісі еліміздің тұрақты дамуының негізгі іргетасының бірі болып отыр. Қазақстан тəжиірбесі көрсетіп отырғандай, этникалық мəдени плюрализмді дамыту саясаты – бұл ұлттық бірыңғайлылық немесе азаматтық идентификацияның баламасы емес, тек оның толықтырушы құрамдас бөлігі ғана болады.

«Егемен Қазақстан» гезеті №370, 5 желтоқсан 2008.

ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Əсел Назарбетова

Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 14 жыл толып отыр. Конституция əрбір тəуелсіз, егеменді елдің Негізгі (Ата) Заңы, яғни кез-келген мемлекет басшылыққа алып өмір сүретін басты құжат. Еліміздің Ата Заңы 1995 жылдың 30 тамызында қазақстандықтардың тікелей дауыс беруі арқылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған болатын, сол арқылы Қазақстан халқы өзінің егемендік құқығын баянды етті. Міне, со-дан бері Конституция күні бүкіл ел болып республика көлемінде атап өтетін жалпымемлекеттік мейрам ретінде қалыптасқан.

Қазақстан мемлекеті Ата Заңының кіріспесі: «Біз, ортақ тарихи тағдыр қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік жəне татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі жəне болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз», – деп басталуында үлкен мəн-мағына жатыр. Осы Ата Заңды қабылдай отырып Қазақстан халқы өзінің жəне келер ұрпақтың болашақтарын, еліміздің бағыт-бағдарын, даму жолында ұстанатын принциптерін айқын белгілеп алған еді.

Конституциямыздың алғашқы бабы саяси жəне идеологиялық түрғыдан алғанда аса маңызды бөлігі, себебі онда Қазақстан Республикасында демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негізі қаланған, жоғары дəрежедегі құндылық ретінде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары бағаланатындығы айқын көрсетілген. Ата Заңда қарастырылғандай, азаматтардың еркін өмір сүруіне, жетілуіне ешқандай шектеу қойылмаған, дініне, түріне қарамастан барлық адамдарға тең құқық берілген. Бұл өз кезегінде саяси жəне жалпы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету-де зор рөл атқарады. Олай болса, басты мəселе – еліміздің əрбір азаматы Ата Заңның маңызын, мəнін өз лайықты дəрежесінде түйсінуінде.

138 139

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІVҚазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

Тоғыз бөлім, тоқсан сегіз баптан тұратын бүгінгі қолданыстағы Конституция Қазақстанның төртінші Ата Заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Соңғы екеуі Қазақстанның жаңа тарихында елеулі орын алатын айрықша оқиғалар, себебі онда тұңғыш рет еліміздің тəуелсіздігі, егемендігі, мемлекеттік құрылысы, азаматтардың құқықтық мəртебесі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметтік жүйесі заңдық тұрғыдан толық бекітілген.

Тарихқа көз жүгіртсек, тəуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28-қабылданды, алайда оның ішкі ресурстарының жоқтығынан, ең басты саяси миссияны, яғни қоғамды біріктіре алатындығына күмəн туды. Сол себепті 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституция қабылданды, сол уақыттан бастап мемлекеттің барлық салаларында құқықтық реттелудің қарқынды үдерісі басталды. Жаңа Ата Заңымыз күшіне енген уақыттан бастап құқықтық мемлекеттің негізі қаланып, заңдылық пен тəртіп нығайып, ел азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуде ауқымды жəне күрделі жұмыстар атқарылды.

Дей тұрғанмен, елімізде болып жатқан оң өзгерістер: экономикалық реформалардың көлемді жүргізілуі, саяси тұрақтылық, тұрғындардың əл-ауқатының артуы, əлемдегі дамыған 50 елдің қатарына кіруге ұмтылысымыз, демокра-тияны күшейту жайлы шешімдеріміз Ата Заңымызға тағыда толықтырулар мен өзгерістер енгізуге түрткі болды. Сол се-бепті 2007 жылдың 21 мамырында Елбасының ұсынысымен конституциялық реформа жүзеге асырылды. Сөзсіз, бұл маңызды оқиға қоғамымыздың дамуындағы жаңа кезеңнің бастамасы, яғни Қазақстанды демократияландырудың жаңа сападағы сатысы деуге толық негіз бар.

ҚР Конституциясына енгізілген нақты ұсыныстардың ең не-гізгісі – Парламенттің рөлін арттыру бастамасы. Конституциялық реформаға сəйкес Мəжіліс депутаттары пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша сайланатын болды, мəжілісмендер саны 107-ге дейін ұлғайып, оның 9-ы Қазақстан халықтары Ассамблеясы атынан өкілдік ететін болды. Сенат депутаттарының саны пре-зиденттік квота есебінен 7-ден 15 депутатқа дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, еліміздің саяси жүйесінің президенттіктен президенттік-парламенттік жүйеге ауысуына, Парламенттің

Үкімет қызметіне бақылау жасау жөніндегі өкілеттігі күшеюіне, саяси партиялардың рөлін арттыруға алғышарт жасалды. Жал-пы алғанда, 2007 жылғы Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстандағы демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы деп қабылдау қажет.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, еліміздің Ата Заңы ғасырлар бойы қалыптасқан адамзат құндылықтарын, яғни адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтарын, билік институттарын демократиялық жолмен дамыту, еркін демократиялық жəне азаматтық қоғам құру туралы либералдық идеяларды бойына сіңірген, халықаралық стандарттарға сай, Батыс елдерінің озық тəжірибесіне сүйене отырып жасалған.

Ерекше тоқталатын жəйт, Конституциямызда бекітілген нормалар елімізде сан алуан идеологиялық, сенімдік, ұлттық, азаматтық топтардың бірге бейбіт қатар өмір сүруін толық қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл өз кезегінде барлық Қазақстан азаматтарының мемлекетімізді өркендету, көркейту мақсатында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін жағдай жасалғандығының айқын дəлелі.

Қазақстанның көпұлтты, көпдінді халқының достығын нығайту, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қаматамасыз етуде Ата Заңның рөлі айрықша екендігі даусыз. Ата Заң кешегі өтпелі кезеңде елдің бірлігін сақтап, түрлі ұлыстардың ұюына ұйытқы болды. Сол 1995 жылы елімізде ұлт саясатын іске асырудың əлемде баламасы жоқ, бірегей тетігі – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. 2007 жылғы конституциялық реформа Ассамблеяның мəртебесін одан əрі жоғарылатты, сол арқылы басқа этностардың еліміздің дамуына қосатын үлесіне зор жау-апкершілік жүктеді.

Қазақстан қоғамы бүгінде əлем сусап отырған ұлтаралық татулық пен келісімді, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыр. Мұндай ұстаным тəуелсіздік жылдарындағы мемлекеттің бүкіл ішкі саясатының өзегі болды. Қазақстанда ұлттық-мəдени саналуандық пен бірлікті жаңғырту, əрі дамытудың мемлекеттік саясаты жүзеге асырылды. Қазақстанда шағын ұлттардың тілі мен мəдениетіне оңтайлы жағдай жасалып отыр. Олардың мүддесін қорғайтын арнайы «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» Заңының қабылдануы, парламентте

140 141

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІVҚазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

Ассамблея атынан 9 өкілдің депутат болып отыруы осының дəлелі.

Əлемдік қауымдастықта еліміз бейбітшілік пен ұлтаралық, дінаралық татулықтың, тұрақтылықтың аралы ретінде, тəуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулыққа өз үлесін қосып, əрдайым бейбітшілік пен татулық принциптерін ұстанатындығымен танылған. Мұның бəрі Конституцияда бекітілген мемлекет қызметінің басты қағидаларын қоғамдық жəне саяси өмірде нық ұстанудың нəтижесі.

Алайда, ұлтаралық мəселе – бұл күнделікті тыңғылықты жұмыс істеуді талап ететін сала, əсіресе бүгінгі қалыптасқан жаһандану кезеңінде ұлтаралық, дінаралық татулықты нығайту мен қамтамасыз ету бағытында жаңа тың идеялар, ұлтаралық қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік ішкі саясатқа да оң өзгерістер мен серпілістер қажет. Күн тəртібіндегі Ұлттық бірлік доктринасын жасауда бүгінгі қоғамдағы жəне бүкіл əлемде қалыптасқан жағдай мен объективті факторларды мұқият сарап-тап, Қазақстан халқының саналы бірігуінің жəне сапа жағынан дамуының алғышарттары мен жолдары айқындалуы шарт.

Конституция қабылданған күннен бастап, демократиялық жүйе қалыптастыруда алға жылжып, əлеуметтік-экономикалық дамуда оң нəтижелерді иелендік, құқықтық мəдениеттің ір-гесі қаланды, тəртіп нығайып, жеке азаматтардың құқықтары қорғалды, жас мемлекетіміздің халықаралық беделі көтерілді. Ата Заңымыз бүгінде тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды қызмет етіп келе жатқан басты құжатқа айналды.

Жалпы қоғамдық пікірде Ата Заңға байланысты алуан түрлі көзқарастар қалыптасқан. Біреулері Ата Заңымызды адам құқықтарына толық жауап беретін, барлық демократиялық қағидаттар сақталған Конституция ретінде қарастырса, кейбіре-улері əрбір қазақстандық үшін Конституцияны құрметтеу, одан таймауды ұлттық идея деңгейіне көтеруді ұсынады, сондай-ақ, заңдар қабылданады, алайда қағаз жүзінде қалып қояды деген жаңсақ пікірлер де жоқ емес. Алайда, соңғылары заңдардың өз деңгейінде орындалуы көп жағдайда өзімізге байланыс-ты екендігін əсте ұмытпағаны дұрыс болар. Осы мақсатта əр азамат өз құқықтары мен міндеттерін заңдық тұрғыдан біліп,

заң талаптарына немқұрайлы қарамай, керісінше, оны қатаң сақтауға міндетті болғаны жөн. Əрине, Конституция барлық қоғам мүшелерінің көңілінен толық шығуы мүмкін емес, алайда бүкіл халық болып Ата Заңды қабылдағаннан кейін, оны орындау, құрметтеу – барлық Қазақстан азаматтарының міндеті.

Қорыта айтқанда, Конституция күні – құнды құжаттың қабылданған күні барлық қазақстандықтар үшін ерекше қасиетті мереке, олай дейтініміз, еліміздің толыққанды демократиялық-құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы үшін, азаматтардың өз қарым-қабілетіне қарай еңбек етіп, еркін өмір сүруі үшін Ата Заңда барлық мүмкіншіліктер қарастырылған. Осы маңызды ойды дұрыс қабылдаған əрбір Қазақстан азаматы тəуелсіз еліміздің шаңырағын биікке көтеріп, мемлекет пен қоғамды өркениетті елдердің қатарына қосу міндетін жоғары дəрежеде атқаруға ат салысса, Қазақстанның жарқын болашағына сенім зор болар еді. Сондықтан, бүгінгі таңдағы басты міндет – еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін Ата Заңды бұлжытпай орындап, жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың жəне мемлекеттік органдардың ҚР Конституциясына қатысты құрметін арттыру.

«Айқын» гезеті, 29 тамыз 2009.

142 143

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІVҚазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

ҚАРЖЫ-НЕСИЕЛІК САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТƏЖІРИБЕСІ

Үлес Нысанбек

Қазақстанның нарыққа өтуі несиелік қатынастар мүмкіндігін жүзеге асыру мəселесімен тығыз байланысты. Сондықтан да, нарықты қалыптастырудың негізгі талаптарының бірі қаржы-несие жүйесін дамыту болып табылады. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі, оның қызметінің тиімділігін артты-ру мен оған қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру мəселесі несиелік қатынастарды пайдалану мен оны одан ары дамыту шараларынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Қазақстандағы экономикалық реформалардың жүргізіле басталғанына он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан тиімді банк жүйесін құру мəселесі елдегі нарықтық өзгерістердің өзекті міндеттерінің бірі болып отыр.

Республикадағы банк жұмысын дамытуды осы саладағы əлемдік тəжірибені жасампаздық қолданыссыз жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл сонымен қатар, отандық банк жүйесінің шетел банктарымен өзара əрекеттестігін қамтамасыз ету үшін де қажет. Отандық банктердің халықаралық қауымдастыққа біртіндеп жəне сөзсіз тартылуы қазіргі таңдағы банк мамандарының дамыған шетелдердегі əрекет етіп отырған əр түрлі қаржы-несиелік институттардың қызметі, қалыптасу жəне даму тарихы, банк жүйесін мемлекеттік реттестіру мəселесіне қатысты кең ауқымды білімінің болуын талап етеді.

Банк қызметін пайдаланушылардыңда мүдделері өзгеріп, кеңеюде. Көптеген өнеркəсіптердің халықаралық нарыққа шығуда, ал экспорттық операциялардың көлемі импорттың көлемінен жоғары болды. Шетелдік серіктестермен іскерлік қатынастар жүргізу белгілі-бір елдегі несиелік мекемелерді таңдауға қатысты арнайы білімді талап етеді.

Осы мəселеге байланысты несиелік саясатты жүргізудің ше-телдік тəжірибесін АҚШ, Ұлыбритания жəне Франция елдерінің коммерциялық банктері мысалында қарастырамыз.

АҚШ-тың қаржы-несиелік саясаты. Америка коммерциялық банктерінің негізгі кірістік операциялары ретінде несиелік опера-

циялар танылады (1999 жылы олар жалпы операциялық кірістік соманың 70% қамтыған)

Коммерциялық банктің активті операцияларын төрт топқа бөлуге болады: несиелік операциялар (немесе ссуда); бағалы қағаздарға инвестиция; кассалық операциялар; басқа да актив-тер.

Банктің несиелік операцияларының құрылымы көптеген факторларға байланысты: оның активтерінің жалпы көлеміне; бас контораның орналасуы; бөлімшелердің мен оның жүйесінің таралымының болуы; клиентурасының құрамы; банктің мамн-дануынан; жəне де елдегі жалпы экономикалық конъюктура жағдайына қатысты.

Банктің несиелік операцияларын жіктеудің негізі ретінде түрлі критерилер, мысалы қарыз алушылардың түрлері, несиенің мақсаты мен мерзімі, ссудаға қатысты қамтамасыз етілудің болуы жəне т.б.

Америка банктері балансындағы қарызды жүйелеудің не-гізіне несие мақсаттары немесе қарыз алушының банк неси-елерін қандай бағытта қолдану мүмкіндігі алынған. Америка банктерінің берген қарыздарының көп мөлшерін қозғалмайтын мүлікке арналған қарыз (ипотекалық қарыз), ол шамамен 35–40%, бұдан кейін сауда-өнеркəсіптік мекемелерге берілген қарыз (око-ло 20%) құрайды. Ал қалғандары – бұл қаржы мекемелеріне, ауыл шаруашылық өндірістеріне, лизингтік қаржыландыруға жəне тағы басқа жағдайға берілгшен қарыздар. Осылайша, кейбір баланстық баптар тек жеке тұлғаларды несиелеуге, ал кейбіре-улері тек өнеркəсіп несиелеріне қатысты болса, кейбір баптар екеуіне де қатысы бар (қозғалмайтын мүлікке арналған) «аралас» баптардан тұрады. Бірақ, негізгі айырмашылық қарызды жеке тұлғаларға арналған дербес қарыздар мен акционерлік компания-лар мен өнеркəсіптерге арналған қарыздар деп бөлу барысындағы түрлері мен талаптарынада болып отыр. Соңғысы, өз кезгінде екі топқа: айналымдағы капиталды қаржыландыруға арналған қарыз жəне негізгі капиталды қаржыландыруға арналған қарыз деп бөлінеді.

Қарыздардың жартысынан артығы – бұл өнеркəсіптік компаниялардың күнделікті операцияларын жүргізуге қажетті айналымдағы капиталдарын толықтыруға берілген қысқа мер-

144 145

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІVҚазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

зімдік қарыздар. Қысқа мерзімдік несиелерді (1 жылға дейін) тамақ, жеңіл өнеркісіп, бөлшек сауда компаниялары, мерзімдік режимдегі өңдеу өнеркəсіптері жəне тағы басқалар пайдалана-ды. Айналымдағы капиталды қаржыландыруға арналған қысқа мерзімдік қарыздардың түрлері:

• несиелік желілер (оның ішінде мерзімдік жəне қалпына келетін);

• төтенше жағдайларға қажетті қарыз;• айналымдағы капиталды толықтыруға арналған перманентті

қарыз.Кредиттік желі – бұл банк пен қарыз алушы арасындағы

несиенің максимальды сомасы туралы келісім, ол бойынша қарыз алушы бар соманы белгіленген мерзім ішінде немесе белгілі-бір шарттарға байланысты пайдалануы керек.

Көп жағдайда несиелік желіні қамтамасыз етуге тауарлық-материалдық қорлар мен төленбеген есеп-шоттар пайдаланы-лады. Қаржыландырудың бұндай формасының ерекшелігі – ол банк үшін міндетті болмауында: ол келісімді мерзімнің соңына жеткізбей-ақ қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарлауы-на немесе келісімнің басқа бір шарттарының орындалмауына байланысты тоқтатуға құқылы. Ал қарыз алушы өз кезегінде кредиттік желіні жартылай немесе толығымен пайдаланбауына болады.

Кредиттік желі бір жылға дейінгі мерзімге, ал кейбір сирек жағдайларда екі жылға дейінгі мерзімге ашылады. Келісімнің шарттарында клиенттің ағымдағы есеп-шотында несие желісінің жалпы сомасының 20–30% құрайтын минимальды өтемақы қалдығын сақтау қажеттілігі көрсетіледі. Өтемақылық қалдықтың болуы банк пен қарыз алушыны байланыстырады: біріншінің мүддесі – депозиттер ауытқуын төмендету, ал екіншісінің қарызға қатысты кірісі ұлғаяды, мысалы, несие бойынша жеңілдік мөлшерлемесі енгізілсе.

Кредиттік желіні банк қарыз алушының қаржылық жағдайын толығымен бағалаған соң ашады. Ереже бойынша, жылына бір рет қарызды толығымен «тазалау» жүргізіледі, оның мақсаты клиенттің банк алдындағы қарызын болдырмау. Бұндай шара клиентті тəртіпке шақырып, несиені төлеу қажеттігін ескертіп отырады.

Америка банктерінің тəжірибесінде кредиттік желінің бірнеше түрі қолданылады.

Мерзімдік кредиттік желіні банк өндірістің мерзімдік цикл-ділігі мен қоймада тауарлар қорын жасау қажеттілігіне байланыс-ты фирманың айналымдық қаражаттары жетіспеген жағдайда ашады. Бұндай желі мысалы, фермер немесе маусымдық тауарлар дүкенінің қожайынына жəне сол сияқты т.б ашылады. Несие операциялық цикл аяқталған соң, активтерді сатылымы негізінен өтеледі. Қарыз бен пайыз өтеуі біруақытты өтеммен жабыла-ды. Кредиттік желіні ашудағы банктің тəуекелдігі сұраныстың төмендеуі, бағаның құлдырауы мен егіннің шықпауына байла-нысты несиенің өтелмеуімен байланысты. Сондықтан да, банк қарыз алушының меншігі түріндегі қамтамасыздықты талап етеді.

Жаңартылатын кедиттік желіні банк қарыз алушы өндірістің белгілі-бір көлемін сақтап тұруға айналымдағы қаржысының ұзақ мерзімдік жетіспеуі жағдайында береді. Несиенің бір бөлігін өтеу арқылы қарыз алушы белгіленген лимит пен келісім мерзімі бар жаңа қарыз алуына болады. Жалпы қарыз толқын секілді өзгеріп тұрғандықтан, шотта барлық кезде өтелмеген қарыз болады. Жаңартылатын кредиттің мысалы ретінде көтерме саудагеріне берілген қарызды алуға болады, өсімді операциялар көлемі, клиенттердің дебиторлық қарызы мен қор дайындау қажеттілігі қосымша қаржыландыруды талап етеді. Банктік желі оның айдан айға өсіп отырған айналымдық капиталға қажеттілікті жабуына мүмкіндік береді. Ал кепілдік ретінде негізгі қаражат немесе басқа да қосымша кепілдіктер алынады.

Төтенше қажеттіліктерге арналған қарыздарды банк клиенттің тиімді мəміле жасауға, тиімді сұраныс алуға неме-се басқа да төтенше жағдайларға байланысты қалыптан тыс жəне күтпеген қажеттіліктеріне айналымдық қаражат жетпеген жағдайда береді.

Айналымдық капиталды толықтыруға қажетті перманент-ті қарыздар бірнеше жылға беріледі жəне қарыз алушының ұзақ уақытқа созылған қаржылық жетіспеушілігін жабуға негізделген. Несие өтемі біртіндеп, алдын-ала белгіленген мерзім бойынша ай сайын, тоқсан сайын немесе жарты жылдық жарналар салу арқылы өтеледі. Жоғарыда келтірілген несиелерден бұл несиенің

146 147

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІVҚазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

айырмашылығы қарыз өтемі активтерді сату арқылы немесе қарыз алушының жүргізген операциясы негізінде түскен пайда негізінде жабылмайды. Бұндай қарыздар беру банк үшін үлкен қауіп, сондықтан да, банк бұл несие үшін қарыз алушының жеке мүлкі мен үш адамның кепілдігін қажет етеді.

Коммерциялық кəсіпорындарды арналған несиелердің екінші бір үлкен тобын негізгі капиталды қаржыландыруға арналған қарыздар құрайды. Бұл топқа қозғалмайтын мүлік, жер, жабдықтар сатып алуға, жалға алу ақысын төлеу, компанияларға бақылау орнатуға қажетті жəне т.б. ашараларға қажетті орта жəне ұзақ мерзімге арналған несиелер жатады. Олардың қатарына шұғыл қарыздар; кепілге қарыз алу; құрылыстық қарыздар; қаржылық лизинг жатады.

Шұғыл қарыздар бір жылдан артық мерзімге бір реттік несие түрінде немесе тізбекті бірнеше қарыз түрінде беріліп, көлік, жабдық, ғимаратты жөндеу, қарыздарды қайта қаржыландыру жəне т.б шараларға қолданылады.

Көп жағдайларда бұндай қарыздар 5 немесе одан да ұзақ жылдарға беріледі. Шұғыл қарыздардың шарттары жеке тұлғаға негізделеді. Əр қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігіне тал-дау жасалады; реттік жарна салу арқылы несиені өтеудің нақты шəкілі бекітіледі. Ұсақ жəне орташа қарыздардың кепілі ретінде фирманың несие сомасына алатын жабдықтары мен активтері алынса, ауқымды қарыздар əлеуметтік қамсыздандырусыз беріледі (өйткені бұндай қарыздар рейтингіжоғары фирмаларға беріледі). Шұғыл несиелер ірі капитал салынған салалар – көлік, байланыс, мұнай өңдеу, химия, көмір өндірісі жəне т.б сала-ларда қолданылады. Шұғыл несиелердің пайызының тиімді мөлшерлемесі қарыз шарттары мен оны өтеудің əдістеріне тікелей байланысты. Несиенің құны келісілген мөлшерлемені несиенің алғашқы сомасына немесе өтелмеген қалдыққа көбейту арқылы шығарылады. Екінші жағдайда қарыз бойынша төлемдердің жалпы сомасы аз болады, өйткені шұғыл қарыздар реттік жарналар арқылы өтеледі жəне өтелмеген қарыз біртіндеп азая береді.

Кепілге берілген қарыздар сатып алуларды, зауыттар салуды, жер сатып алуды қаржыландыруға беріліп, ұзақ мерзімге негіз-деледі (15 немес одан да ұзақ жылдарға).

Банктер ұзақ мерзімді қарыздар беруге талпынады. Өйткені, біріншіден, фирмаларды несиелеудің шарттарын жиі қарастырудан құтылады, екіншіден, бұндай қарыздар барынша қауіпсіз болады, өйткені сенімді кепілдендіріледі.

Барлық кепілдік (ипотеклық) қарыздар мағынасы жағынан бөліп өтеуге негізделген қарыздар болып табылады, ол бойын-ша қарыз алушы несие сомасы мен оның пайызын алдын-ала бекітілген шəкіл бойынша реттік жарналар салу арқылы өтеуге міндеттелген. Нақты бекітілген мөлшерлемелік кепілдік қарыздар жағдайында айлық төлемдер тұрақты болып қалады. Уақыт өткен сайын өтемнің пайызға кететін бөлігі азаяды, осылайша кепілдің құны амортизацияланады. Банктер кепілдемелерді сақтаумен қатар, оны екінші (қайталама) нарықта сатуға құқылы.

Негізгі капиталды қаржыландыруға арналған қарыздарға құрылыс кезеңіне (екі жылға дейін) берілетін құрылыстық қарыздар да жатады. Қарыз алушы жүйелі түрде пайызды төлеп тұрады. Құрылыс аяқталғаннан соң банк несиесі басқа креди-тордан кепілге алған ұзақ мерзімдік несие (мысалы, сақтандыру компаниясынан) негізінен жабылады. Кейбір банктер құрылыс пен ғимаратты пайдаланудың алғашқы кезеңін қаржыландыруға негізделген, «мини-тұрақты» деген атпен белгілі несиелерді 5–7 жылға береді.

Дəстүрлі ұзақ мерзімге арналған банк несиелері қазіргі кезде қымбат құнды жабдықтар – теңіз жəне өзен кемелері, байланыс спутниктері, ұшақ, көлік, компьютер жəне кейбір жағдайларда қозғалмайтын мүлікті қаржыландыруға арналаған қаржылық лизингке алмастырылуда.

Бұндай мəміле арқылы жалға алушы инвестицияға ірі қаржы салу немесе капиталын ұзақ мерзімге тоқтатып қоймай-ақ жабдықты пайдалануға мүмкіндік алады. Ол алғашқы жарнаны салмауы да мүмкін (несиеге сатып алғанда міндетті қажет), не-месе аз ғана жарна төлейді.

Америка банктері жалға беру операцияларына банк холдинг-тері аясында құрылған лизингтік компаниялар арқылы қатысып, қаржыландырады, өйткені оларға банктік емес операциялармен айналысуға тиым салынған.

Осындай қаржы салу түрі ретінде жалға алушының банк не-сиесі көмегімен жабдық сатып алуы (жалпы соманың 80-90%),

148 149

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІVҚазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

ал қарыздық өтем жалға беру арқылы жабылады. Несие беруші рөліндегі артық өтем қабілеттілігі жоғары коммерциялық немесе инвестициялық банк, сақтандырушы немесе қаржы компаниясы, ірі өндірістік фирма қарыздың өтем жауапкершілігін толығымен жалға берушіге жүктеп, қарызды жабу мен пайызды өтеуге жар-налар алып отырады. Жалға беруші операцияға өзінің 10-20% қаржысын салып, жабдықты есептен шығаруға жеңілдік жəне қаржыландырудағы өзінің үлесін алады.

Жоғарыда көрсетілген іскерлік несиелермен қатар, банк қозғалмайтын мүлік, ұзақ мерзімге арналаған тауарлар сатып алуға жəне кейінге қалтырылмайтын қажеттіліктерге арналған жеке тұлғалар үшін қарыздар да береді.

Кепілдеме арқылы берілетін қарыз. Құрама Штаттарда жаңа үйлердің 80% астамы несиеге сатып алынады. Бұндай несиелердің орташа мерзімі – 27 жыл көлемінде. Қарыз үй құнының шама-мен 3/4 бөлігін қамтиды (қалған бөлігін сатып алушы мəміле барысында алғашқы жарна ретінде салады). Қозғалмайтын мүлікке арналған несиенің негізгі түрі – бұл бекітілген пайыздық көрсеткіші бар толығымен амортизацияланған кепілдемелік (ипотека туралы келісім) несие. Несиенің кепілі ретінде сатып алынған қозқалмайтын мүлік танылады; қарыз сомасы оның мерзімдік уақыты аралығында тепе-тең жарналар салу арқылы өтеледі; банк бекіткен пайыз өзгертілмейді.

Кепілдемеге қарыз беру барысында қарыз алушының жоспарлық кірісімен қатар, оның мүлкінің жағдайы мен құны – несиелеу ауқымы да маңызды болып табылады.

Банк тəжірибесінде жартылай амортизацияланған кепілдік несиелер, яғни жарна арқылы бір реттік төлем өтелетін несие түрлері де қолданылады. Бұндай кепілдемелердің мерзімі – 5 жылға дейінгі уақытты қамтиды.

Жеке тұлғаларға арналған қарыздардың кең тараған түріне тұтынушылық несие жатады. Бұндай несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме кепілдемелік несиелер секілді банк үшін қымбатқа түсетін жəне тəуекелдік несие болып табылады. Тұтынушылық несиенің негізгі екі түрі қолданылады: бөлініп өтелетін қарыз жəне жаңартылатын қарыз.

Бөлініп өтелінетін қарыздар қысқа жəне орташа мерзімге негізделіп, екі немесе одан да көп төлемдер арқылы өтелетін

несие ретінде көп жағдайда тұрмыстық техникалар сатып алуға пайдаланылады. Оның негізгі бөлігі АҚШ көлік сатып алумен байланысты. Банк көп жағдайда көліктің құнының 90% екі-үш жыл мерзімге қарыз ретінде береді. Көп жағдайларда қарыз толығымен амортизацияланбаған болады – ол өтем соңында ірі төлемнің болатындығын жəне қайта сатып алу шартының болуымен, яғни қарыз алушы өз таңдауымен қарызды толық өтеуге немесе көлікті қалған қарыздың өтемі ретінде банкке беруіне болады.

Бөлініп өтелінетін қарыздардың көп бөлігі банк холдингіне кіретін еншілес қаржы компаниялары арқылы беріледі, өйткені бөлімшелермен салыстырғанда олар үшін географиялық шек-теу болмағандықтан барынша тəуекелдікке барып, банктің мөлшерлемесінен əлдеқайда жоғары пайыздық несиелер беруге мүмкіндігі бар.

Жаңартылатын қарыздар. Қарыз алушыға белгілі-бір мерзім аралығында несие алуға құқық беретін несиелік желі ашылады. Несиені өтеу шарттары қарыз алушының өтініші негізінде жа-салады. Пайыз нақты алынған сомаға есептелінеді. Егер қарыз жеңілдігі бар 30 тəулік мерзім аралығында қайтарылса, банк пайдасына пайыз есептелінбейді.

Тұтынушы қарыздар сомасының 90% банк несиелік карточ-калары аясындағы несиелер бойынша беріледі. Карточка иегері банкте несиелік желіге құқығы болғандықтан өз кірісіне байла-нысты белгіленген мөлшерден аспайтын қарызды пайдалануға мүмкіншілігі бар. Несие карточка иегерінің «карточкалық келісім» мүшелігі бар дүкенде сатып алу мен шотқа қол қойған уақытында беріледі. Дүкен иесі өз кезегінде сатылым шотын кре-диттік карточканы берген банкке апарып, өз тауарының құны мен аз мөлшердегі есептік пайызын алады. Карточка иегері қарызын 30 күн ішінде өтеуі қажет.

Жеке тұлғалар пайдаланатын жаңартылатын несиенің келесі түрі – овердрафт. Бұл несие АҚШ көп таралмаған, бірақ, керісін-ше Ұлыбританияда овердрафт коммерциялық өнеркəсіптер мен жеке тұлғаларды қысқа мерзімге несиелеудің негізгі түрі болып табылады.

Заңды жəне жеке тұлғалар үшін несие беруге қатысты шешім қабылдау үшін банк болашақ клиенттері туралы қажетті ақпаратқа

150 151

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІVҚазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

ие болуы керек. Бұндай ақпарат барынша толық жəне объективті болу үшін ірі банктер өз базасын жасақтаса, кішігірім банктер арнайы сараптама-ақпараттық фирмалардың қызметін қолданады немесе осы əдістер арқылы өздері жұмыс істейді. АҚШ-та несие-лік тəуекелдерді жеңілдету мен алдын-алу мəселесінде несие алушы заңды жəне жеке тұлғалар туралы ақпарат жинайтын ар-найы несиелік бюролар (ең ірілері – Экспириэн, Транс Юнион) маңызды рөл атқарады. Бұл бюролардың несие алған немесе алуға өтініш білдірген АҚШ-тың 200 млн. астам тұрғыны ту-ралы ақпарат картотекасы бар. Бұл Штаттардың барлық ересек тұрғындарының саны. Аларман туралы қарапайым анықтама 1 доллар тұрса, скоринг мəліметтері бар (болашақ қарызгердің несиелік мүмкіндігінің баллдық көрсеткіші) анықтама – 1,1 долларға дейін жетеді. Несиелік бюро тұрғындардың əр түрлі топтарының несиелік тəуекелділігін анықтауды 8-12 негізгі көрсеткіштер арқылы есептейді жəне олардың əр қайсысына белгілі-бір балл беріледі. Егер несиелік мекеме жеке тұлғаға несие беруден бас тартса, ол тұлғаға хат түрінде несие беру-ден бас тартудың себептері мен қарыз алушы туралы ақпарат берген бюроның атауын тегін хабарлауы қажет. Егер ол жерде көрсетілген себептар аларманға сенімділік тудырмайтын, ал ол туралы ақпарат нақты болмаса, ол несиелік бюроға өзі ту-ралы өзгерістерді енгізуге қатысты ұсыныс жасауға құқылы. Қарыз алушы тұлғалар туралы ақпаратты жинау мен жаңарту үрдісі несиелік бюроларда ай сайын несиелік мекемелердің қарызгерлердің шотының жағдайына қатысты енгізген ақпараты негізінде ай сайын жүргізіліп отырылады. Мəліметтер базасына бұдан басқа банкроттық туралы, сот үрдісі, салық жеңілдіктері, сайлау тізімдері, жаңартылған телефон анықтамалары жəне т.с.с. ресми хабарламалар да енгізіледі.

Ақпараттың қорғанысының қамтамасыз ету үшін оған тек арнайы рұқсаты бар адамдардар ғана жіберіледі жəне əр пайда-ланым міндетті түрде тіркеледі.

Америка банктерінің қарыз беру операциялары АҚШ бақылау органдары тарапынан қатаң бақылауға алынған жəне бұл жағдай əлемнің басқа да экономикалық дамыған елдерінде байқалады. Банктердің қарыздық операцияларын қатаң реттестірудің се-бептері:

• операция сенімдігін қамтамасыз ету, мысалы бір адамға қажетті қарыз сомасын шектеу арқылы;

• белгілі-бір қарыз түрлерін ынталандыру немесе шектеу арқылы олардың экономикаға əсерін реттеу, мысалы кірісі төмен немесе шамалы аудандарда несие беруді көтермелеу.

Банк несиелері бойынша негізгі шектеу бір қарыз алушыға берілетін несие көлемі немесе «он пайыз ережесі», яғни бір адамға берілетін қарыз көлемі акционерлік жəне резервтік капиталдың сомасының 10%-нан аспауы керек.

Өз қызметкерлеріне арналған қарыз көлемі мен мақсаты мұқият бақыланады, ал ревизорларға қарыз мүлдем берілмей-ді. Сонымен қатар, банк холдингіне кіретін бөлімшелер мен компаниялар мен қозғалмайтын мүлікке арналған қарыздар (жеке баспанаға арналған қарыз мерзімі мен көлемі) қатаң бақыланады.

Жоғарыда қарастырған операциялардан кейінгі банктік бел-сенді операциялар қатарына кассалық жəне бағалы қағаздарға қатысты операциялар жатады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей банктің негізгі мақсаттарының бірі – бұл пайда мен төлемпаздықтың ұтымды ара-қатынасын сақтау болып табылады. Бұл жағдайда төлемпаздық екі жолмен қамтамасыз етіледі: төлемдік активтер қорын жасау немесе ақша нарығындағы ресурстарды депозит жəне займ түрінде тез жинақтау. Кассалық операциялар мен бағалы қағаздарға инвестиция салу төлемпаздықты қамтамасыз етумен тығыз байланысты.

Ұлыбританияның қаржы-несиелік саясаты. Ағылшын банктерінің өзіндік ерекшелігі өнеркəсіптерді қысқа мерзімге несиелеуге овердрафт несиесін қолдануы болып табылады. Овердрафт клиенттің ағымдағы шотымен тығыз байланысты жəне оның иегеріне шоттағы несиелік қалдықтан артық, бірақ белгіленген шектелім көлемінде чек жазуға мүмкіндік береді. Бұндай түрдегі несие алуды аларман шығындары өз шотына түсетін кірістен артық болған жағдайда қолданады (мысалы, өнеркəсіптің айналымдық капиталын қаржыландыру).

Оввердрафт бойынша несиелеудің толық көлемін анықтау үшін банк қарыз алушы-фирманың болашақ ақша түсімдері, бизнес-жоспар бойынша төлемдері мен оның өнімдерінің

152 153

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІVҚазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

таратылуының жоспарларына мұқият талдау жасап, аларманға белгілі кезең аралығында овердрафт иегері болуға құқық береді немесе банктің салиқалы клиенттеріне тұрақты түрдегі құқық береді.

Ұлыбританиядағы овердрафт мерзімі ондаған айдан бірнеше жылға дейін бекітіледі, бірақ, ереже бойынша жылына бір рет несиелерді толығымен өтеу қажет. Овердрафт бойынша пайыз қалдық қарызға күн сайын жүреді. Бұндай несие аларман үшін ең арзаны болып табылады, өйткені аларман тек нақты пайдаланған сомаға ғана жарна төлейді.

Қарыздық шот бойынша несие ағылшын банктері пайдала-натын несиелеудің дəстүрлі түрі болып табылады. Оның овер-драфттан айырмашылығы аларманға арнайы қарыз шоты ашы-лып, оның дебетіне банк несиесі салынады, ал несие бойынша қаржының пайдаланылуы (чек жазу, нақты ақша алу жəне т.б) көрінеді.

Қарыздық шот бойынша несие аларманға оның капиталдық шығындары мен əр түрлі коммерциялық жобаларын жүзеге асыруды қаржыландыру мақсатында беріледі. Бұндай несиені берудің міндетті шарты – бұл мəміледе қарызгердің өзінің де қаржысының қатысуы болып табылады. Бұл несиелер орташа жəне ұзақ мерзімді несиелер қатарына жатады жəне оның өтемі қарыз шотының несиесінің есебіне тікелей қосылатын ай сайын тепе-тең белгіленген сомада бөлініп төленеді.

Овердрафттың қазіргі таңдағы үлгісі ретінде бюджеттік шоттар қолданылады. Қарыз алушы шотқа белгіленген сома салып отыруға міндеттелсе, банк реттік өтемдерді төлеп, қажет болған жағдайда несие береді. Несиелеудің шектемесі жарнаның көлеміне байланысты (көп жағдайда шектеме жар-надан 30 есе артық болады). Шотты ашу барысында клиент өзінің коммуналдық төлемі, кепілдемелік өтемі, сақтандырулық жарнасын төлейді, сосын банк қарыздарды төлеудің ай сайынғы төлемдердің жылдық көлемін клиент төлемдерінің жалпы сомасының 1/12 бөлігі ретінде белгілейді. Шот жыл бойына несиелік сальдо немесе овердрафт болуы мүмкін, бірақ жыл соңында міндетті түрде жабылуы қажет. Егер бюджеттік шотта қалдық қалып қойса, ол клиенттің басқа шотына аударылады немесе шешіліп алынады.

Ағылшын қарызгерлері баспана сатып алу үшін құрылыс қауымдастықтары 20–25 жылға беретін қарыздарды пайдалана-ды. Бұндай ипотекалық қарыздардың көлемі баспана құнының 100% қамтуы немесе сатып алушының қаржы мүмкіндіктері мен пайыздық мөлшерлеменің көлеміне байланысты болады. Жоғарғы мөлшерлеме жағдайында (мысалы, в 12%) қарыз сомасы сатып алушының жылдық кірісінен 2,5 есе көп болуы мүмкін.

Қарыздың төлемі екі əдіспен жүзегше асуы мүмкін:• дəстүрлі (ай сайынғы төлемдер жасау арқылы);• қарыз сомасын бір рет төлеп, оның пайызын ретімен төлеп

отыру.Екінші жағдайда қарыз алушы сақтандыру компаниясымен

сақтандыру-капитализация келісімін жасайды, ол бойынша қарызгер аталынған келісім мерзімінің аяқталуы қарсаңында қарыздың негізгі сомасын төлеуге қажетті қаржы алуға мүмкіндік береді. Егер қаржы нарығында тиімді конъюнктура қалыптасса (сақтандыру компаниялары ұсынатын пайыздың жоғарғы деңгейі, қарызгер (сақтандырушы) қарыз сомасынан да артық жиналған қаржы алуы мүмкін.

Құрылыс қауымдастықтарының қарыздарының пайыздық мөлшерлемесі көп жағдайда өзгермелі болады; егер пайыздық мөлшерлеме өсімі төлем сомасын ұлғайтатын болса, қарызгер өтемдер көлемін қалдырып, мерзімді ұзартуға құқығы бар. Қарызгерлер өздеріне зияны тимейтіндей жағдайда қарыздарды уақытынан бұрын өтеуге мүмкіндігі бар, мысалы тұрғылықты жерін ауыстырғанда немесе тиімді ұсыныс жасаған кредитор табылған жағдайда.

Францияның қаржы-несиелік саясаты. Францияның банк жүйесінің негізгі буындары: 1) Франции банкі; 2) депозиттік банктер; 3) инвестициялық банктер немесе «іскерлік банктер»; 4) орташа жəне ұзақ мерзімді несиелер банкі.

Осылайша, Францияның банктік жүйесі қысқа мерзімдік несие операциясына маманданған коммерциялық депозиттік банктер жəне эмиссия-құрылтайшылдық операциялар жолымен өндірісті қаржыландыратын инвестициялық немесе іскерлік банктермен ерекшелінеді. Ал депозиттік жəне іскерлік банктер арасындағы кеңістікті орташа жəне ұзақ мерзімді несиелер банк-тері иемденген.

154 155

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІVҚазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

Екінші дүние жүзілік соғыстан соң, кəсіподақтар мен солшыл күштер қысымы нəтижесінде Франция үкіметі 1945 жылдың желтоқсанында төрт ірі депозиттік банктер – «Лион несиесі», «Бас қауым», Сауда мен өнеркəсіпке арналған ұлттық банк жəне Ұлттық санақ конторасын (1966 жылы соңғы екі банк бірікті) на-ционализацияланды. Бұл национализациялау дəстүрлік мағынада жүргізілді: бұрынғы акционерлер мемлекеттен сыйақылар алды. Национализацияланған банк активтері 50 жыл ішінде мемлекет сатып алуға міндеттелген 3%-дық облигацияларға алмасты-рылды. Олар бойынша бұрынғы акционерлердің жылдық кірісі 1944 жылғы дивидендтерден төмен болмады. Сонымен қатар, национализацияланған банктер басшылығында бұрынғы ак-ционерлер қалдырылды (мысалы, «Лион несиесін» бұрынғы акционер, өнеркəсіптік алпауыт Шнейдер басқарды).

Национализацияланған ірі депозиттік банктер белсен-ді несиелік əрекет жасады. Олардың балансы, несие жəне салымдарының сомасы бірнеше есе өсті. Бүкіл елде шамамен 4000 астам бөлімшелері болды. Национализацияланған банктер өздерінің көлемі мен рөлі жағынан депозиттік банктер арасында алғашқы орында болды. ( 1972 жылы олардың жалпы депозит-тердегі үлесі 57% болған).

Францияда 25 іскерлік банк жұмыс жасайды. «Іскерлік» атауы 1945 жылдың 2 желтоқсанындағы заңға сəйкес, құрылтайшылық қызмет пен өздері қатысатын өнеркəсіптерді ұзақ мерзімді несие-леумен айналысатын банктерге берілген.

Іскерлік банктер тобына негізінен Франция «банк төбелтобын» құрайтын бұрынғы банк үйлері кірді.

Бұл жерде Франция банктерінің арнайылығы сөз жүзінде ғана екендігін айта кеткен жөн, өйткені банктердің көптараптылығы жиі байқалады. Бір жағынан қарағанда, іскерлік банктер депо-зиттік операцияларды кең дамытуда жəне салымдар тарту мен есептік-қарыздық операциялар қатынасы жағынан депозиттік банктерге бəсекелестік танытып отыр. Ал екінші жағынан, депозиттік банктер де қысқа мерзімді несиелермен шектелмей, өз кезегінде ұзақ мерзімді несиелер жұмысын жандандырып, өнеркəсіпті қаржыландыруға аяқ басқан.

Орташа жəне ұзақ мерзімді несиелер банктері депозиттік жəне іскерлік банктері арасындағы кеңістікті иемденген. Олардың

өзіндік ерекшелігі – олар заң бойынша депозиттерді 2 жылдан кем емес уақытқа алуға мүмкіндігі бар жəне несиелерді де 2 жылдан астам уақытқа берулері қажет. Олардың Франция банк жүйесіндегі саны мен үлес салмағы шамалы ғана.

Жалпы алғанда, француз банктері өнеркəсіптерге төмендегідей қысқа мерзімді (ағымдпағы) несиелер береді:

• кассалық несиелер – банк алармандарының қысқа мерзімді овердрафт (бір немесе бірнеше күн) немесе ұзартылған овердрафт (бірнеше аптадан бірнеше айға дейін) пен мен маусымдық несие түріндегі өтемдік қажеттілігін қанағаттандыруға арналған;

• алармандардың қарыздық міндеткерліктерін қаржыландыруға арналған несиелер екі түрде – вексельдер есебі түрі мен мобилизациялық несиелер түрінде болады. Банк қарыз алушыға есептік несие желісін ашпас бұрын, ол коммерсанттың қаржылық жағдайын Франция банкіндегі түзелмеген төлемгерлердің орталық картотекасы негізінде тексереді. Аталынған мекеме кезінде век-сельдердегі қолдың шынайылығын тексеру үшін құрылған жəне базасында Франция мен Монако нояндығының заңды жəне жеке тұлғалары – резиденттер мен вексель эмитенттерінің құқықтық, есептік, қаржылық мағлұматтары жиналған. Банк талаптарын фирма клиенттеріне емес, тек қарызгер-фирмаға ғана қоя алады (қарапайым мəміледе вексель бойынша соңғы иегер де жауап-ты);

• тауарларға берілетін несие өнеркəсіптердің қоймасы мен қоғамдық қоймаларда тауар қорын жасақтау үшін беріледі. Соңғы жағдайда, тауар иесіне берілетін қоймалық куəлік тауардың қоймаға алынғаны туралы сенімхаттан жəне банктен қарыз алуға құқық беретін есеп түріндегі варианттан тұрады.

Инвестициялық несиелер (орташа-жəне ұзақ мерзімді) негізі-нен үш түрде жүзеге асырылады:

• мерзімдік классикалық банк қарыздары. Орташа мерзімді несиелер 2–7 жыл арналған жəне банк өз бетіше немесе арнайы несие институттарымен бірігіп береді. Несие беру шарттары АҚШ жəне басқа да мемлекеттермен ұқсас, яғни қарызгер қаржы жоба-сына өз қаржысын да (мəміленің 50–25% қамтуы керек). Банк ұзақ мерзімге де несие беруі мүмкін ( 20 жылға дейін), бірақ, олардың үлесі аз жəне оны тек арнайы мекемелер ғана қолданады;

• лизингтік келісімдер, негізінен басқа мемлекеттердегіден

156 157

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІVҚазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

көп айырмашылығы жоқ, тек Францияда қозғалмайтын мүлікке лизинг жақсы дамыған (қызмет орындары, қойма жəне т.б);

• қатысулық несиелер – ұсақ кəсіпке қатысты жеке банк пен мемлекеттік мекемелердің біріккен несиелері..

Жеке қарызгерлерге арналған несиелер Францияда келесі түрде беріледі:� кассалық несиелер рұқсат етілген овердрафт түрінде, яғни

бекітілген шектеме ауқымында;� бағалы қағаздарға негізделген несие – бағалы қағаздар

кепілге қойылған овердрафт түрі;� дербес несие – жеке тұлғаға 3 айдан 3 жыл мерзімге, оның

жылдық табысының 1/4 бөлігі көлемінде үшінші тараптың кепілдемесі негізінде берілетін жаңартылатын несие. Бұл жерде маңызды рөлді «кіріс ескерпесі» шарты, яғни қарызгер кірістерінің банктегі шотқа түсуі алынады, өйткені банк оның қаржылық жағдайын бақылауда ұстайды;� тұтынушылық қарыздар шарттары бойынша дербес несие-

ге ұқсас, бірақ, пайыз мөлшерлемесі төмен, тұтынушы несиесі қамтитын тауарларды дүкенде сатып алу шоттарын жабуға беріледі;� қозғалмайтын мүлікке арналған несиелерді банк 2 жыл-

дан 15-20 жыл мерзімге береді жəне ол бекітілген жəне өзгеріп тұратын айлық немесе тоқсандық жарналар арқылы өтеледі.

Айта кететін бір жайт, шетелдік банктердегі қаржы-несиелік саясат əр түрлі жəне белгілі-бір өзіндік ерекшеліктерге ие. Бұл жағдай Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі барысындағы өзгерістер мен өз даму жолын таңдау барысында банк жүйесіне реформа жүргізуіне себеп болды.

Əрине, кез-келген мемлекеттің қаржы-несиелік жүйесі көп жағдайда оның экономикасының түріне байланысты болады. Орталықтанған экономиканың қаржы-несиелік жүйесі нарықтық экономиканың жүйесіне ұқсамайды. Бұны республиканың қаржы-несиелік жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер растайды.

«Қоғам жəне дəуір» ғылыми-сараптамалық журналы №2, 2009.

АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МƏЛІМЕТ

Арзықұлов А.Ə. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ақпараттандыру жəне редакциялық-баспа қызметі бөлімінің ғылыми қызметкері

Əбішева М.А. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары, саяси ғылымдарының кандидаты

Ерасылова Ə.Б. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері

Морозов А.А. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының əлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі

Назарбетова Ə.Қ. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының əлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері

Нысанбек Ү.М. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары

Сейдін Н.Б. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ақпараттандыру жəне редакциялық-баспа қызметі бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты

158 159

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық

зерттеулер институты туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы Жарлығымен құрылған.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының құрылған күнінен бастап оның негізгі мақсаты мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі ретін-де Қазақстан Президентінің жəне елдің басқарушы органдарының қызметін ғылыми-талдаулармен қамтамасыз ету.

Осы уақыт барысында ҚСЗИ жоғарыкəсіпті ғылыми-талдау орталығына айналды. Бүгінгі таңда институтта алты ғылым док-торы, профессорлар, он екі ғылым кандидаттары, саясаттану, тарих, экономика, социология салаларының мамандары қызмет атқарады.

ҚСЗИ қызметі барысында институт сарапшыларының қатысуымен халықаралық қатынас, ғаламдық жəне аймақтық қауіпсіздік мəселелері бойынша 140-тан астам кітап басып шығарылған. Институт төрт мерзімді ғылыми-сараптамалық журнал басып шығаруда: «Қоғам жəне Дəуір» тоқсандық ғылыми-сараптамалық журналы, «Казахстан-Спектр» тоқсандық ғылыми журналы, «Analytic» ақпараттық-талдау журналы жəне «Central Asia’s Affairs» тоқсандық сараптамалық журналы (ағылшын тілінде). «Қоғам жəне Дəуір» ғылыми-сараптамалық журна-лы, «Қазақстан-Спектр» ғылыми журналы жəне «Analytic» ақпараттық-талдау журналдары Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Білім жəне ғылым саласындағы бақылау комитетінің диссертациялардың негізгі ғылыми нəтижелерін жариялайтын ғылыми басылымдар тізіміне енгізілген. Бұл ба-сылымдарда сыртқы жəне ішкі саясат, халықаралық қатынастар,

ұлттық қауіпсіздік, Қазақстан Республикасының əлеуметтік жəне экономикалық саясаты мəселелері жарық көреді, сондай-ақ ма-териалдарды өзінің www.kisi.kz сайтында жариялайды.

ҚСЗИ-дың жеке сайты үш тілде: қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде ұсынылған. ҚСЗИ сайтын пайдаланушылардың саны жылына шамамен 348 670 адамды құрайды жəне де оның тең жартысынан артығы жақын жəне алыс шетелдердің үлесіне тиіп отыр.

Институт өзінің негізгі зерттеу бағыттары бойынша семинар-лар, ғылыми конференциялар, «дөңгелек үстелдер», халықаралық форумдар өткізеді. ҚСЗИ өткізетін ғылыми форумдардың ішінде шетелдік сарапшылардың ерекше қызығушылықтарын тудыратыны 2003 жылдан дəстүрлі өтіп келе жатқан, Орталық Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік мəселелеріне арналған Алматы конференциясы. ҚСЗИ-дың ғылыми басқосуларына Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар, Орталық Азия елдерінің, Ресейдің, Қытайдың, Германияның, Францияның, Үндістанның, Иранның, Түркияның, Пəкістанның, Жапонияның жəне басқа да мемлекеттердің ғалымдары белсене қатысуда.

ҚСЗИ негізінде Қазақстанның жетекші жоғарғы оқу орын- дарының студенттері мен шетелдік сарапшылар үнемі тəжірибеден өтіп отырады.

Бүгінгі таңда институтта қызметкерлердің кəсіби жəне ғылыми өсулері, сондай-ақ кандидаттық жəне докторлық диссертациялар қорғаулары үшін барлық қажетті жағдайлар жасалынған.

ҚСЗИ туралы толық ақпаратты төмендегі мекен-жайдан алуға болады:

Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы, Достық д-лы, 87б Тел.: +7 (727) 264-34-04 Факс: +7 (727) 264-49-95E-mail: offi [email protected] http://www.kisi.kz

160 161

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

Информация о Казахстанском институте стратегических исследований

при Президенте Республики Казахстан

Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан (КИСИ) был создан Указом Президента Республики Казахстан 16 июня 1993 г.

С момента своего возникновения основной задачей Казахстан-ского института стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан как государственного научно-исследова-тельского учреждения является научно-аналитическое обеспече-ние деятельности Президента Казахстана, руководящих органов страны.

За это время КИСИ превратился в высокопрофессиональный научно-аналитический центр. В настоящее время в институте работают шесть докторов наук, профессоров, двенадцать кан-дидатов наук, специалисты в области политологии, истории, экономики, социологии.

За время существования КИСИ экспертами института изда-но более 140 книг по международным отношениям, проблемам глобальной и региональной безопасности. Институтом издается четыре журнала: «Қоғам жəне Дəуір» (на казахском языке), «Ка-захстан-Спектр», «Analytic» (на русском языке), «Central Asia’s Affairs» (на английском языке). Научно-аналитический журнал «Қоғам жəне Дəуір», научный журнал «Казахстан-Спектр» и ин-формационно-аналитический журнал «Analytic» включены в пере-чень научных изданий Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан для публикации основных научных результатов диссертаций.

КИСИ располагает собственным сайтом на трех языках – казахском, русском и английском. В среднем сайт КИСИ в год посещают примерно 348 670 пользователей, свыше половины которых – из стран дальнего и ближнего зарубежья.

В КИСИ ежегодно проводится большое количество между-народных научных конференций, семинаров, «круглых столов». Особый интерес у зарубежных экспертов вызывают ежегодные конференции КИСИ, проводимые с 2003 г. и посвященные про-блемам безопасности и сотрудничества в Центральной Азии. В научных форумах КИСИ принимают участие не только эксперты из Казахстана и стран Центральной Азии, но и ученые из России, Китая, Германии, Франции, Индии, Ирана, Турции, Пакистана, Японии и других стран.

На базе КИСИ постоянно проходят стажировку и преддиплом-ную практику студенты ведущих казахстанских высших учебных заведений, а также зарубежные эксперты.

В настоящее время в институте созданы необходимые условия для профессионального и научного роста сотрудников, защиты кандидатских и докторских диссертаций.

Более подробную информацию о КИСИ можно получить по адресу:

Республика Казахстан, 050010, Алматы,пр. Достык, 87бТел.: +7 (727) 264-34-04Факс: +7 (727) 264-49-95E-mail: offi [email protected]://www.kisi.kz

162 163

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

Тарау ІІСыртқы саясат жəне қауіпсіздік

Information about the Kazakhstan Institute for Strategic Studies under

the President of the Republic of Kazakhstan

The Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan (KazISS) was established on June 16, 1993 by the Decree of the President of the Republic of Kazakhstan.

Since the moment of its foundation the main mission of the Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan as the national scientifi c research institution is providing the activity of the President of Kazakhstan and governing bodies of the country with scientifi c and analytical background.

The KazISS has become a high professional scientifi c-analytical center. At present, six doctors of sciences, twelve candidates of sciences, specialists in political sciences, historians, economists and sociologists work in this Institute.

During the period of the KazISS activity, the Institute’s experts have published more than 140 books on international relations, problems of global and regional security. The Institute is publishing four journals: “Kogam jane Dayir” (in Kazakh), “Kazakhstan- Spectrum”, “Analytic” (in Russian), “Central Asia’s Affairs” (in English). Scientific-analytical journal “Kogam zhane Dayir”, scientifi c journal “Kazakhstan-Spectrum” and information-analytical journal “Analytic” are included in the list of scientifi c editions of the Committee for Control in the Sphere of Education and Science of the Republic of Kazakhstan of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan for publication of primary scientifi c results of dissertations.

The KazISS has a website that offers information in three languages – Kazakh, Russian and English. About 348 670 users on

average surf the KazISS website each year, and more than a half of them are from the countries of near and far-abroad.

The KazISS annually conducts a great number of the international scientifi c conferences, seminars and round tables. Foreign experts are interested in the annual conferences of the KazISS, conducted from 2003 and devoted to problems of security and cooperation in Central Asia. Not only experts from Kazakhstan, the Central Asian countries, but also scientists from Russia, China, Germany, France, India, Turkey, Pakistan, Japan and other countries attend the KazISS scientifi c forums.

On the basis of the KazISS, students of the leading Kazakhstani Higher Educational Institutions and also foreign experts pass pre-graduation practice and probation course.

At present, the Institute provides all necessary conditions for professional and scientifi c growth of its staff, for defense of the Candidate’s and Doctor’s dissertations.

More detailed information about KazISS can be received to the address:

The Dostyk Avenue, 87b050010, Almaty Republic of Kazakhstan Tel: +7 (727) 264-34-04 Fax.: +7 (727) 264-49-95 E-mail: offi [email protected] http://www.kisi.kz

164

Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері

ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫ ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ

мақалалар жинағы

Редактор А.Ə. Арзықұлов Мұқаба дизайны Б.Л. Леспек

Беттеу А.А. Жұмағалиева

Басуға 10.02.2010 қол қойылды. Формат 60х90 1/16.Офсеттік басылым. Есептегі баспа табағы 10,5

Таралымы 500 дана.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

050010, Алматы, Достык даңғ, 87б

ЖК «Волкова Е.В.» баспаханасында басылып шығарылды. Алматы қ.

Ғылыми басылым