Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын...

16
1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады №185 (28913) 28 қыркүйек, сəрсенбі 2016 жыл (Соңы 2-бетте) (Соңы 2-бетте) Тәуелсіздік жылдары еліміздің ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан ұдайы қолдау жасалып отырды. Мәселен, 2013 жылы аталған саланы дамыту үшін бөлінген қаржы 43,5 млрд теңге болса, былтыр бұл сома 3,5 есе өсіп, 153,8 млрд теңгеге жетті 13-бет 14-бет 15-бет 8-бет (Соңы 3-бетте) Келіссөздер барысында Канада Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Ли Сартимен арада екіжақты қарым-қатынасты дамытудың перспек- тивалары талқыланып, екі ел арасындағы визалық режімді жеңілдету жəне Канада компанияларының ЭКСПО-2017-ге қатысуы мəселелері қаралды. Р.Жошыбаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Канаданың Премьер-министрі Джеймс Трюдоның Қытайда өткен G20 саммиті алаңындағы кездесуінің маңызын ерекше атады. Осы кездесуде Мемлекет басшысы Канада Премьерін 2017 жылы Астанаға шақырған болатын. Көрме комиссарының сөзіне қарағанда, Канада компанияларының ЭКСПО-2017- ге қатысуы екіжақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығаруға оң ықпал етеді. Өз кезегінде Л.Сарти Қазақстан өңірдегі жетекші ел ретінде ЭКСПО-2017- ні аса жоғары деңгейде өткізетініне сенім білдірді. Канадалықтар «жасыл» технологияларын әкеледі ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рəпіл Жошыбаевтың Канадаға сапары болып өтті. Оның барысын- да осы елдің ресми адамдарымен жəне іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер ұйымдастырылды. Кеңес өкіметі кезінде ауылдық кеңесте отырған өзге ұлт өкілдерінің кесірінен талайымыздың аты-жөніміз бұрмаланып, əлі күнге соның зардабын тартудамыз. Мəселен, ата-анамның азан шақырып қойған Ердəулет атым «Эрдавлет» болып жазылып кеткен. Мен мұны Тəуелсіздік алған жылдары жөндеп, біржолата «ов»- тан да құтылған болатынмын. Осымен біткен болар деп жүрсем... Жақында бірінші сыныпқа барған не- мереме апайы: «Тегіңді өзгерт, не қазақша, не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», дегенді жұқалап жеткізіпті. Сөйтсем, немеремнің тегі «Эрдавлет» екен. Салып ұрып Неке сарайына барайын. Ондағы инспектор қыз уəжімді тыңдап: «Ниетіңіз дұрыс, ол үшін өзіңізден бастау ке- рек. Сонан соң ұлыңызға көшеміз, ал немерелеріңіз соңынан. Ол үшін өзіңіздің Туу туралы куəлігіңізді əкелесіз», деген соң жердің шалғайлығына қарамастан айтқан бұйымтайын тауып келдім. Куəлікті əрі-бері төңкеріп көрген инс- пектор: – Енді əке-шешеңіздің Туу туралы куə- ліктерін əкеліңіз, – дегенінде шарт кеттім. – Тегін өзгертетін немереме сүйектері əлдеқашан қурап кеткен менің əке- шешемнің не қатысы бар. Айналайын-ау, мынауың қып-қызыл текті өзгерту емес, ата-текті түгендеу болып кетті ғой. 40 жыл бұрын қайтыс болып кеткен əкемнің Туу туралы куəлігін қайдан табамын, – десем: – Бізде заң солай! – деген жауабын естідім. Осы уақытқа дейін талай қызықты көріп едім, дəл мынадай «қызықты», қызықты емес-ау, «шыжықты» бірінші көруім. Тегін өзгертудің мұндай тауқыметі барын білетіндер содан кейін екен ғой, «ов» пен «ова»-дан ажырамай жүргендері. Егер инспектор айтқандай, анық заң солай болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі таза кедергі емес пе? Сұлтан ЕРДƏУЛЕТ Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы Айтайын дегенім... Текті өзгертудің тауқыметі Маңызды мәселелерге басымдық берілді Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан» БАСПАНАЛЫ БОЛҒАНДАР БАРШЫЛЫҚ Тұрғын үй құрылысын дамы- ту жəне халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында елімізде қабылданып жатқан шаралар ту- ралы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев баяндады. Министрдің мəліметінше, барлық қаржы көздері есебінен пайдалануға берілген тұрғын үйлер қатары өткен жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға көбейген. Айталық, ағымдағы жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 830 млрд теңге сомасы- на шамамен 9 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру болжанып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалардың арқасында 2020 жылға қарай 6,1 млн шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беру көзделген. Оның ішінде 4,5 млн теңге «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясын- да, 1,6 млн теңге «Өңірлерді да- мыту бағдарламасы» бойынша жүзеге асуда. Жалпы, тұрғын үй құрылысына ұлттық қордан – 140 млрд, республикалық бюджеттен 49,7 млрд теңге бөлінген. Қ.Тоқаев Қазақстанда Сингапур жоғары деңгейде дамыған, көп ұлтты мемлекет ретінде шынайы құрметке ие екенін атап өтті. Сингапурдың тұңғыш Премьер-министрі Ли Куан Ю-дың 1991 жылы Қазақстанға келгені, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жəне 2003 жылдары Сингапурға сапар- лары екіжақты байланыстардың берік негізін қалады, сонымен қатар, алдыңғы саптағы мемлекетті құруда Сингапур тəжірибесін мұқият зерделеудің мүмкіндігіне ие болды. Төраға Қазақстанның саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі, сондай-ақ еліміздегі Бес институттық реформаны іске асырудағы Ұлт жоспарының орындалуы туралы əңгімеледі. Əңгіме барысында Сенат Төрағасының сəуірдегі Сингапурға сапары кезінде жаңа деңгейге көтерілген екіжақты парламентаралық байланыстар жоғары бағаға ие болды. Парламент Төрағасы Халима Якоб бастаған Сингапурдың Қазақстанға жауап сапары күтілуде. Елбасының атына əл- Фараби атындағы ҚазҰУ ректорынан хат келіп түсті. Хатта университеттің бар- лық маңызды жетістігі Қазақстан Президентінің басшылығымен елдің тəуелсіздік жылдарындағы қарқынды дамуына тікелей байланысты екеніне назар аударылған. «Бұл жылдары Қазақстан əлемдегі танымал əрі бəсекеге қабілетті іргелі мемлекеттің біріне айналып, тиімді эко- номика құру, азаматтардың əл-ауқатын арттыру, саяси демократияландыру жəне халықаралық интеграция мен жаһандық үдерістерге көшбасшылық ету жолында зор табыстарға қол жеткізді» – делінген хатта. Ғ.Мұтанов университеттің əлемдік беделі артып келе жатқанына тоқталды. «ЮНЕСКО-ның əл- Фараби атындағы ҚазҰУ-ді Орталық Азия өңірі бойын- ша хаб ретінде жəне тұрақты даму мəселелері жөніндегі жаһандық хаб ретінде мойын- дауы осының дəлелі сана- лады. Университеттің маңыз- ды жетістігі – 2016 жылы беделді QS рейтинг агентті- гінің (Ұлыбритания) зерттеу қорытындысы бойынша əлем- нің үздік ТОП-250 универ- ситеттері қатарына енуі» – делінген хатта. Сондай-ақ, универси- тет ректоры халықаралық стандарттарға сəйкес келе- тін басқарудың тиімді жүйе- сінің ҚазҰУ-де табысты енгізілгенін атап өткен. «Университетте үдеріс- тік менеджмент пен еңбек жетістігін рейтингтік баға- лауға бағытталған басқару жүйесі енгізілді. Əлемнің алдыңғы қатарлы универ- ситеттері үлгісімен ҚазҰУ-де халықаралық аккредитация- дан өткен эксперименттік білім беру бағдарламалары əзірленіп, қолданысқа енгі- зілді» – делінген хатта. Оқу ордасының басшысы мемлекет-жекеменшік серік- тестігі арқасында универси- теттің бірқатар білім беру жə- не инфрақұрылымдық нысан- дарының құрылысы аяқтал- ғанын атап өткен. «Механика-математика, физика-техника жəне хи- мия факультеттерінің жаңа оқу ғимараттары, əл-Фараби ғылыми кітапханасы, Жас ғалымдар үйі, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, медициналық диагностикалық орталығы са- лынды. Бұдан бөлек, биылғы оқу жылында Д.Баландин атындағы жүзу бассейні жəне Студенттер мен түлектердің салтанатты қақпасы ашылды» – делінген үндеуде. Соңында университет рек- торы оқу орнының ұжымы атынан университетке көр- сеткен қолдауы жəне отандық білім мен ғылымды дамыту мəселелеріне қамқорлығы үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді. Президент поштасынан Қамқорлығы үшін алғыс білдірді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановтан хат келіп түсті, деп хабар- лады Президенттің баспасөз қызметі. Сингапурмен сыйластығымыз артады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға сапармен келген Сингапур Республикасының Құрметті аға министрі, осы елдің бұрынғы Премьер-министрі жəне Парламентінің депутаты Го Чок Тонгпен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Мәңгілік кітап Ќасќыр арбаушы Іс-шараға Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау жəне əлеу- меттік даму министрі Тамара Дүй- сенова, ДДҰ Туберкулез жөніндегі бюросының көшбасшысы Масуд Дара, Жаһандық қордың өңірлік менеджері Николя Канто, Кореяның Туберкулез институтының директоры Хи Джин Хим, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас фтизиатры Ирина Васильева, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол, АҚШ- тың Халықаралық даму жөн- індегі агенттігінің, Қазақстан Республикасы Қызыл Ай Қоға- мының өкілдері, шетелдік жəне қазақстандық жетекші ғалымдар, фтизиатрлар мен сарапшылар қатысты. Медициналық көмекті жетілдіру міндеттері талқыланды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова Алматыда өткен Туберкулезді ықпалдастыра бақылау жөніндегі халықаралық конференция жұмысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кеше Премьер- Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режімде Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Онда халықтың əл-ауқатын жақсартуға арналған бірқатар маңызды мəселелер қаралды. Мəселен, тұрғын үй, əлеуметтік нысандардың құрылысы, кəсіпкерлікті дамыту жайы талқыланды. (Соңы 2-бетте)

Transcript of Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын...

Page 1: Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», ... болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

№185 (28913)28 қыркүйек, сəрсенбі

2016 жыл

(Соңы 2-бетте)

(Соңы 2-бетте)

Тәуелсіздік жылдары еліміздің ауыл шаруашылығы саласына

мемлекет тарапынан ұдайы қолдау жасалып отырды.

Мәселен, 2013 жылы аталған саланы дамыту үшін бөлінген қаржы 43,5 млрд теңге болса, былтыр бұл сома 3,5 есе өсіп,

153,8 млрдтеңгеге жетті

13-бет

14-бет

15-бет

8-бет

(Соңы 3-бетте)

Келіссөздер барысында Канада Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Ли Сартимен арада екіжақты қарым-қатынасты дамытудың перспек-тивалары талқыланып, екі ел арасындағы визалық режімді жеңілдету жəне Канада компанияларының ЭКСПО-2017-ге қатысуы мəселелері қаралды.

Р.Жошыбаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Канаданың Премьер-министрі Джеймс Трюдоның Қытайда өткен G20 саммиті алаңындағы кездесуінің маңызын ерекше атады. Осы

кездесуде Мемлекет басшысы Канада Премьерін 2017 жылы Астанаға шақырған болатын.

Көрме комиссарының сөзіне қарағанда, Канада компанияларының ЭКСПО-2017-ге қатысуы екіжақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығаруға оң ықпал етеді. Өз кезегінде Л.Сарти Қазақстан өңірдегі жетекші ел ретінде ЭКСПО-2017-ні аса жоғары деңгейде өткізетініне сенім білдірді.

Канадалықтар «жасыл» технологияларын әкеледі

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рəпіл Жошыбаевтың Канадаға сапары болып өтті. Оның барысын-да осы елдің ресми адамдарымен жəне іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер ұйымдастырылды.

Кеңес өкіметі кезінде ауылдық кеңесте отырған өзге ұлт өкілдерінің кесірінен талайымыздың аты-жөніміз бұрмаланып, əлі күнге соның зардабын тартудамыз. Мəселен, ата-анамның азан шақырып қойған Ердəулет атым «Эрдавлет» болып жазылып кеткен. Мен мұны Тəуелсіздік алған жылдары жөндеп, біржолата «ов»-тан да құтылған болатынмын. Осымен біткен болар деп жүрсем...

Жақында бірінші сыныпқа барған не-мереме апайы: «Тегіңді өзгерт, не қазақша, не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», дегенді жұқалап жеткізіпті. Сөйтсем, немеремнің тегі «Эрдавлет» екен. Салып ұрып Неке сарайына барайын. Ондағы инспектор қыз уəжімді тыңдап: «Ниетіңіз дұрыс, ол үшін өзіңізден бастау ке-рек. Сонан соң ұлыңызға көшеміз, ал немерелеріңіз соңынан. Ол үшін өзіңіздің Туу туралы куəлігіңізді əкелесіз», деген соң жердің шалғайлығына қарамастан айтқан бұйымтайын тауып келдім.

Куəлікті əрі-бері төңкеріп көрген инс-пектор:

– Енді əке-шешеңіздің Туу туралы куə-ліктерін əкеліңіз, – дегенінде шарт кеттім.

– Тегін өзгертетін немереме сүйектері əлдеқашан қурап кеткен менің əке-шешемнің не қатысы бар. Айналайын-ау, мынауың қып-қызыл текті өзгерту емес, ата-текті түгендеу болып кетті ғой. 40 жыл бұ рын қайтыс болып кеткен əкемнің Туу тура лы куəлігін қайдан табамын, – десем:

– Бізде заң солай! – деген жауабын есті дім.

Осы уақытқа дейін талай қызықты көріп едім, дəл мынадай «қызықты», қызық ты емес-ау, «шыжықты» бірінші көруім. Тегін өзгертудің мұндай тауқыметі барын білетіндер содан кейін екен ғой, «ов» пен «ова»-дан ажырамай жүргендері. Егер инс пектор айтқандай, анық заң солай болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі таза ке дергі емес пе?

Сұлтан ЕРДƏУЛЕТ

Оңтүстік Қазақстан облысы,Сайрам ауданы

Айтайын дегенім...

Текті өзгертудің тауқыметі

Маңызды мәселелерге басымдық берілді

Динара БІТІКОВА,«Егемен Қазақстан»

БАСПАНАЛЫ БОЛҒАНДАР БАРШЫЛЫҚ

Тұрғын үй құрылысын дамы-ту жəне халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында елімізде қабылданып жатқан шаралар ту-ралы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев баяндады. Министрдің мəліметінше, барлық

қаржы көздері есебінен пайдалануға берілген тұрғын үйлер қатары өткен жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға көбейген. Айталық, ағымдағы жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 830 млрд теңге сомасы-на шамамен 9 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру болжанып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалардың арқасында 2020 жылға қарай 6,1

млн шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беру көзделген. Оның ішінде 4,5 млн теңге «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясын-да, 1,6 млн теңге «Өңірлерді да-мыту бағдарламасы» бойынша жүзеге асуда. Жалпы, тұрғын үй құрылысына ұлттық қордан – 140 млрд, республикалық бюджеттен 49,7 млрд теңге бөлінген.

Қ.Тоқаев Қазақстанда Сингапур жоғары деңгейде дамыған, көп ұлтты мемлекет ретінде шынайы құрметке ие екенін атап өтті. Сингапурдың тұңғыш Премьер-министрі Ли Куан Ю-дың 1991 жылы Қазақстанға келгені, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жəне 2003 жылдары Сингапурға сапар-лары екіжақты байланыстардың берік негізін қалады, сонымен қатар, алдыңғы саптағы мемлекетті құруда Сингапур тəжірибесін мұқият зерделеудің мүмкіндігіне ие болды.

Төраға Қазақстанның саяси жүйесіндегі

Сенаттың рөлі, сондай-ақ еліміздегі Бес институттық реформаны іске асырудағы Ұлт жоспарының орындалуы туралы əңгімеледі.

Əңгіме барысында Сенат Төрағасының сəуірдегі Сингапурға сапары кезінде жаңа деңгейге көтерілген екіжақты парламентаралық байланыстар жоғары бағаға ие болды. Парламент Төрағасы Халима Якоб бастаған Сингапурдың Қазақстанға жауап сапары күтілуде.

Елбасының атына əл-Фараби атындағы ҚазҰУ рек торынан хат келіп түсті. Хат та университеттің бар-лық маңызды жет іст і г і Қазақ стан Президентінің б а с ш ы л ы ғ ы м е н е л д і ң тəуелсіздік жылдарындағы қарқынды дамуына тікелей байланысты екеніне назар аударылған.

«Бұл жылдары Қазақстан əлемдегі танымал əрі бəсекеге қабілетті іргелі мемлекеттің біріне айналып, тиімді эко-номика құру, азаматтардың əл-ауқатын арттыру, саяси демократияландыру жəне халықаралық интеграция мен жаһандық үдерістерге көшбасшылық ету жолында зор табыстарға қол жеткізді» – делінген хатта.

Ғ.Мұтанов университеттің əлемдік беделі артып келе жатқанына тоқталды.

« Ю Н Е С К О - н ы ң ə л -Фараби атындағы ҚазҰУ-ді

Орталық Азия өңірі бойын-ша хаб ретінде жəне тұрақты даму мəселелері жөніндегі жаһан дық хаб ретінде мойын-дауы осының дəлелі сана -лады. Университеттің маңыз-ды жетістігі – 2016 жылы беделді QS рейтинг агентті-гі нің (Ұлыбритания) зерттеу қо рытындысы бойынша əлем-нің үздік ТОП-250 универ-ситеттері қатарына енуі» – делінген хатта.

Сондай-ақ, универси-тет ректоры халықаралық стан дарттарға сəйкес келе-тін басқарудың тиімді жүйе-сінің ҚазҰУ-де табысты енгізілгенін атап өткен.

«Университетте үде ріс-тік менеджмент пен еңбек жетістігін рейтингтік баға-лауға бағытталған бас қару жүйесі енгізілді. Əлем нің алдыңғы қатарлы универ-ситеттері үлгісімен ҚазҰУ-де халықаралық аккредитация-дан өткен эксперименттік

білім беру бағдарламалары əзір леніп, қолданысқа енгі-зілді» – делінген хатта.

Оқу ордасының басшысы мемлекет-жекеменшік серік-тестігі арқасында универси-теттің бірқатар білім беру жə-не инфрақұрылымдық нысан-дарының құрылысы аяқтал-ғанын атап өткен.

«Механика-математика, физика-техника жəне хи-мия факультеттерінің жаңа оқу ғимараттары, əл-Фараби ғылыми кітапханасы, Жас ғалымдар үйі, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, медициналық диагностикалық орталығы са-лынды. Бұдан бөлек, биылғы оқу жылында Д.Баландин атындағы жүзу бассейні жəне Студенттер мен түлектердің салтанатты қақпасы ашылды» – делінген үндеуде.

Соңында университет рек-торы оқу орнының ұжымы атынан университетке көр-сеткен қолдауы жəне отандық білім мен ғылымды дамыту мəселелеріне қам қорлығы үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

Президент поштасынан

Қамқорлығы үшін алғыс білдірдіЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановтан хат келіп түсті, деп хабар-лады Президенттің баспасөз қызметі.

Сингапурмен сыйластығымыз артадыҚазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға сапармен келген Сингапур Республикасының Құрметті аға министрі, осы елдің бұрынғы Премьер-министрі жəне Парламентінің депутаты Го Чок Тонгпен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Мәңгілік кітап

¹3192 ²Ñ¹3192 ²Ñ¹3192 ²Ñ

Ќасќыр арбаушы

Іс-шараға Қазақстан Респуб ли-касы Денсаулық сақтау жəне əлеу-меттік даму министрі Тамара Дүй-сенова, ДДҰ Туберкулез жөніндегі б ю р о с ы н ы ң к ө ш б а с ш ы с ы Масуд Дара, Жаһандық қордың

өң ірл ік менеджері Николя Канто, Кореяның Туберкулез институтының директоры Хи Джин Хим, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штат тан тыс бас фтизиатры Ири на Васильева,

А Қ Ш - т ы ң Қ а з а қ с т а н д а ғ ы елшісі Джордж Крол, АҚШ-тың Халықаралық даму жөн-індегі агенттігінің, Қазақстан Рес публикасы Қызыл Ай Қоға-мы ның өкілдері, шетелдік жəне қазақстандық жетекші ғалымдар, фтизиатрлар мен сарапшылар қатысты.

Медициналық көмекті жетілдіру міндеттері талқыландыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова Алматыда өткен Туберкулезді ықпалдастыра бақылау жөніндегі халықаралық конференция жұмысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режімде Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Онда халықтың əл-ауқатын жақсартуға арналған бірқатар маңызды мəселелер қаралды. Мəселен, тұрғын үй, əлеуметтік нысандардың құрылысы, кəсіпкерлікті дамыту жайы талқыланды.

(Соңы 2-бетте)

Page 2: Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», ... болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі

2 28 қыркүйек2016 жыл

СаяСат

Жолдыбай БАЗАР,«Егемен Қазақстан»

Ислам ынтымақтастық ұйымына (ИЫҰ) мүше-мемлекеттердің білім және ғылыми әлеуетін дамыту са ла-сында әріптестікті нығайту мақ са-тында ұйымдастырылған форум ның екінші күні де жоғары деңгейде өтті.

V-сессияда Қа зақ стан Парламенті Мәжілісі Эко номикалық рефор-ма және өңірлік даму комитетінің т ө р а ғ а с ы , д е п у т а т Н ұ р т а й Сабильянов сөз алып, елі міздің өз ал-дына үлкен мақсат-мін деттер қойып отырғанын, соның бірі – шикізаттық экономи кадан «білім экономикасы-на», яғни, экономикалық өсімнің ин но вациялық моделіне көшуді көздейтінін атап өтті. Елімізде 4 сала лық конструкторлық бюро қыз-мет көрсетуде. Мысалға, «Өскемен ти тан-магний» комбинаты жаңа тех-нологияларды пайдалана отырып, авиағарыш, мұнайгаз өнеркәсібінде, атомдық энергетикада, қорғаныс және медициналық салаларда қолданылатын бұйымдар шығаруда. Мұндай өнім үлкен сұранысқа ие. Осыған байланысты, аталған ком-бинат негізінде біріккен Қазақстан – Франция және Қазақстан – Оңтүстік Корея өнеркәсіптік орындары ашыл-ды, деді Н.Сабильянов.

Сонымен бірге, ол Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен осыдан 25 жыл бұ-рын жабылған Семей ядролық поли-го нының әскери-өндіріс кешені негізінде Ұлттық ядролық орталық-тың құрылуы ғылымға трансфор-мацияланудың жарқын мысалы екенін, бұл орталықтың қызметі ел аумағындағы ядролық сынақтардың салдарын жою жөніндегі мін-деттермен ғана шектелмейтінін, ол Қазақстанның атом энергетика-сын дамыту үшін қажетті ғылыми-техникалық, технологиялық және кадрлық базаны қалыптастыруды және оның ғылыми техникалық әлеуетін мемлекет мүддесі үшін пайдалануды көздейтінін жеткізді.

Бұдан кейін Тәжікстан Пар ла-менті Ғылым, білім, мәдениет және жастар саясаты комитетінің тө р-айымы Лутфия Раджабова сөз алып, аталған форумның маңыздылығына кеңінен тоқталды әрі өз еліндегі ғылым мен технологиялардың даму үдерістері тұрғысында сөз қозғады.

Өз кезегінде Марокко корольдігі Парламентінің депутаты Рашид

Әл-Меньяри өз елінің ғылым, тех-нологиялар және инновациялар мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы рөліне назар аударды. Сондай-ақ, ол Астанадағы бұл басқосуда тал-қы ланып жатқан барлық тақырып-тардың өзектілігін сөз етті.

Форумның VI-сессиясы «Озық халықаралық тәжірибеден жасалған қорытынды» тақырыбына арналды. Сессия жұмысы барысында Қа зақ-стан Парламенті Мәжілісі Эконо-микалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, депутат Азат Перуашев, Ислам ынтымақтастық ұйымы Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің бас үйлестірушісі Шаукат Хамид Хан, Түркия Пар-ла ментінің депутаты Орхан Ата-лай, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов, Еуразиялық па-тенттік ведомствоның президенті Сәуле Тілеулесова және Қазақстан Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмас Шарман сөз сөйледі. Олар өз сөз-дерінде аталған форум ислам ел-дері арасындағы ықпалдастықты дамытуға тың серпін беретінін, ғылым, технологиялар және инно-вациялар саласындағы әріптестікті нығайту заман талабы екенін, сондай-ақ, талқыланған тақырыптардың маңыздылығын атап өтті.

Ал форумның VII-сессия сын да «Ғылым, технологиялар және ин но-вациялар саласын дағы парла мент-аралық ислам ынтымақтастығын нығайту жөніндегі Астана декла-рациясы талқыланды. Талқылау нәтижесінде Ауғанстан, Алжир, Әзербайжан, Бахрейн корольдігі, Бангладеш, Комор аралдары одағы, Мысыр, Гамбия, Индонезия, Иран, Қазақстан, Малайзия, Мальдив, Мали, Марокко корольдігі, Оман сұлтандығы, Судан, Тәжікстан, Тунис, Түркия, Біріккен Араб Әмір-ліктері парламенттерінің өкілдері аталған Декларацияны бірауыздан қабылдады.

Декларацияда парламенттердің ғылымды, технологиялар мен инно-вацияларды дамыту үшін құқықтық базаны қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны атап көрсетілді. Сонымен қатар, құжатта Қазақстан Республикасының 2011 жылы ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне төрағалық еткен кезінен

бастап ХХІ ғасырда ислам әлемін дамытудың негізгі қағидаттары болып табылатын жаңғырту мен реформалар жүргізу үдерістеріне қосқан қомақты үлесі назарға алынды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ислам инфра құрылымдық интеграциясы» стратегиялық бағдарламалық құжа-тын әзірлеу туралы бастамасына қолдау білдірудің маңыздылығы Дек ларацияда айқын көрініс тапты.

Бұлардан бөлек, Декларацияда: «Біз Қазақстан Үкіметінің ИЫҰ Бас хатшылығымен және Ғылыми-тех-никалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитеттің (КОМСТЕК) Хатшылығымен ынтымақтаса оты-рып, 2017 жылы ИЫҰ-ның Ғылым және техника жөніндегі алғашқы саммитін өткізу туралы бастамасын жоғары бағалаймыз және ИЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің үкіметтерін алдағы саммитті дайындауға және барынша жоғары деңгейде өткізуге белсенді ат салысуға шақырамыз. Сонымен қатар, біз ИЫҰ-ға мүше –барлық мемлекеттерді «Болашақтың энер гиясы» тақырыбына арнал ған «Астана ЭКСПО-2017» халық-аралық мамандандырылған көрме-сіне қатысуға шақырамыз және Қа-зақстанның ислам мемлекет тері нің ЭКСПО-2017-ге қатысуына қол-дауды қамтамасыз ететінін жоғары бағалаймыз делінген.

Ғылыми-техникалық және интеллектуалдық әлеуетті арт-тыру тұрғысында нақты жеті ұсыныс Декларацияда атап көрсетілді. Бұл ұсыныстар білім, ғылым, технология лар және ин-новациялар мәселелері бойын-ша өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және озық тәжірибе алмасуға жәрдемдесуге, донор-лар мен қаржы институттары-на бірлескен бағдарламалар мен ұсыныстар беруге, ислам мем-лекет терінде жаңартылатын бағдар-ламалар мен жүйелер бойынша зерттеулерге бас тамашы болуға, ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер пар-ламенттерінің арасында ғылым, техно логиялар және инновация сала сындағы құқықтық база қалып-тастыру бойынша тәжірибе алма-суды кеңейтуге ықпал етуге және басқа да мәселелерге бағытталған.

Бұған қоса, құжатта қаты су-шылардың осы форумды жоғары деңгейде ұйымдастырған Қазақстан тарапына, ИСЕСКО мен ИДБ-ға алғысы айтылған.

Соңында Қазақстан Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева қорытынды сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға ризашылығын жеткізді.

(Соңы. Басы 1-бетте)

Қ.Бишімбаев сондай-ақ, ин-женерлік-коммуникациялық ин-фрақұрылым және кредиттік тұрғын үй салу мәселелеріне де жекелей тоқ талып өтті. Яғни, бұл мәселе қай өңірлерде қалай шешіліп жатыр, қай облыстар кешеуілдеп тұр ғанын түгендеп, нақты деректер кел тірді. Мәселен, ағымдағы жылы тұрғын үй қ ұ р ы л ы с ы н а и н ж е н е р л і к -коммуникациялық инфрақұрылым тартуға 110,9 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражатты игеру бойынша Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстарында оң серпін бар. Ал Алматы (73,1%), Жамбыл (85%), Батыс Қазақстан (56,1%), Оңтүстік Қазақстан (84,3%) облыстарында және Астана (69,7%) қаласында бөлінген қаржыны игеру көрсеткіштері төмен екені айтылды. «Төрт өңір ғана осы қаражаттарды иге-ре бастаған. Қалған әкімдіктер құрылыс жұмыстарының баста-луын тездетіп, жылдың соңына дейін ақшаның толық игерілуін қамтамасыз етулері қажет», деді министр. Қ.Бишімбаев бірқатар өңірлердің басшылары салынып жатқан тұрғын үйлерге инженерлік коммуникациялардың нақтылы тартылуын, қаржының игерілуін тездету қажет екенін баса атап айтты. «Республикамыздың Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай азаматтар өз пәтерлерінің кілтін алып үлгеруі үшін біз

ағымдағы жылдың жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етуге тиіспіз» деді Қ.Бишімбаев.

Отырыста сондай-ақ, әлеуметтік нысандардың құрылысы туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев және тағы басқалар қосымша баян-дап, саладағы кейбір мәселелерді жеткізді. Сондай-ақ, онлайн режімде байланысып отырған облыс әкімдері өз өңірлеріне қатысты түйткілдер бойынша Үкімет басшысының сұрақтарына жауап берді. Премьер-Министр өз кезегінде әлеуметтік нысан-дар құрылысындағы мәселелер тезірек шешімін табуы керектігін ескертті. «Тәуелсіздіктің 25 жы-лында 1,7 млн-ға жуық адам бас-паналы болды, 1 400 мектеп, 1 300 денсаулық сақтау нысаны салынды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелеуге дейінгі уақытта әлеуметтік нысан-дарды өз мерзімінде тапсыру және тұрғындарға жұмыстың аяқталуы туралы есеп беру қажет. Сондықтан, жұмысты аяқтауға бізде барлық мүмкіндіктер бар деп ойлаймын», деді Б.Сағынтаев.

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ КҮШЕЙЕ ТҮСЕДІ

Үкімет отырысының күн тәртібінде қаралған келесі мәселе – еліміздегі кәсіпкерлікті қолдау

жайы. Бұл бағыттағы жұмыстар жөнінде де басты баяндамашы Ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаев болды. Министр мемлекеттік органдардың жұмысы бизнесті жүргізу және аталған секторға нақты қолдау көрсету үшін жағымды жағдайлар жасауға бағытталғанын атап өтті. Бұл ретте, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2015 жылы «Yellow pages rules» қағидасын қолданып, кәсіпкерлік сектордағы мемлекеттің араласу-ын шектеу жөнінде стратегиялық шешім қабылданды. «Мемлекеттің экономикаға араласу үлесін төмендету үшін 2015 жылдың 30 желтоқсанында жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспары қабылданды», деді министр. Ал «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов шағын және орта бизнес үшін несиелендірудің қолжетімділігін арттыру бо-йынша бірқатар шараларды атап өтті. Оның мәліметінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы құлдыраудан кейін несиелендіру деңгейі қазір қайта жоғары көтеріліп келеді. Ол бірінші ке-зекте теңге бағамына енгізілген түзетулермен байланысты. «Заңды тұлғалардың кредиттерінің тұрақсыз динамикасы аясын-да ШОБ займдары тұрақты ар-тып келеді. ШОБ кредиттерінің өсімі 2015 жылдың шілдесімен салыстырғанда 2016 жылдың шілдесінде 47,7 пайызды құрады. Мұндай нәтижелерге мемлекеттің

қолдауының арқасында қол жеткізілді», деді А.Мырзахметов.

Отырыста, сондай-ақ, мемле-кеттің және бизнестің сындар-лы жұмысының арқасында әкім-шілік кедергілер мен рұқсат беру үдерістері мәселелері енді көтеріл-мейтіні айтылды. Қазір бірінші ке-зекке отандық тауар өндірушілерді қолдау, салықтық әкімшілендіру және қаржы көздерінің қолже-тімділігі мәселелері шығады.

Бұл ретте Премьер-Министр Б.Сағынтаев Үкімет мүшелеріне бірқатар тапсырмалар берді. « С а л ы қ т а р , н е с и е л е у б о -йынша көптеген сұрақтар бар. Өткен аптада біз «Атамекен» басқармасымен, екін ші деңгейлі банктермен кездестік, бәрінде не-сиелеу бойынша сұрақтар бар, барлығы да мемлекеттік бағдар-ламаларды қолдайды. Мемлекет қосымша ақша бөліп отыр, алай-да, «Агробизнес-2020» және «Биз-нестің жол картасы-2020» бағдар-ламаларын қайта қарау міндеті тұр», деді Премьер-Министр өзінің орын басарлары А. Мамин мен И.Тас мағамбетовке қарата айтқан сөзінде. Үкімет басшы-сы несие леудің қолжетімділігі мәселесіне де тоқталды. Сондай-ақ, Үкімет Ұлт тық банкпен бірге не-сие ресурс тарының қолжетімділігі мәселесін жақсарту бойынша ша-ралар әзір леніп жатқанын айтып өтті. Осы ған байланысты Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық банкпен бірге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына өзгеріс тер енгізу мәселесін пысық-тауы қажет. Б.Сағынтаев аталған тапсырмалардың орындалу нәти-жесін 10 күннен кейін тыңдауға ниетті екендігін жеткізді.

Айтқандай, Үкімет отыры-сының басында күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге тоқталмас б ұ р ы н , Ү к і м е т б а с ш ы с ы Б.Сағынтаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтан Алматы облысындағы кісі өліміне қатысты тергеу жұмы сы ның нәтижелері туралы сұрады. «Қо ғамдық қауіпсіздік және қыл мыспен күрес бұл маңызды міндет. Біз мұны Үкіметтің жеке отырысын-да қараймыз», деген Премьер-Министр тергеу барысын Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа жеке бақылауға алуды тапсырды. Министрдің баяндауынша, қазіргі таңда ағайынды үш жігіттің өліміне қатысты күдіктілер ұсталған.

Ал Үкімет отырысы аяқталған соң, баяндамашылар журналис-тер алдына шығып, отырыстың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер бойын-ша тілшілердің сұрақтарына жау-ап берді.

Маңызды мәселелерге басымдық берілді

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия парла-ментшілері, Халықаралық Түркі Академиясының, елордадағы Ұлттық музейдің басшылары қатысты. Жиынға төрағалық еткен Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов: «Елбасымыз БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессия-сында әлемнің экономикалық да-муы үшін Азия елдерінің ықпалы зор екеніне ерекше назар аударды. Сондықтан, қазір әлемдегі білікті сарапшылар XXI ғасырды «Азия ғасыры» болады деп болжайды. Демек, біз жаңа заман алға жаңа міндеттер қойып отырған кезеңде түркітілдес елдердің ынтымағының маңызы ерекше екендігін қайталап айта аламыз»,– деді.

Сондай-ақ, ол ТүркПА 2008 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойын-ша құрылғанын, оның әлеуметтік-мәдени даму комитеттерінің оты-рысы жыл сайын өткізіліп келетінін жеткізді. «Біздің қазақта о баста бірге туған адамдарды ағайын дейді. Жүре келе табысқандарды туысқан дейді. Біз сіздермен ағайынбыз. Бір жолы Түркияға барғанымызда «Құдай қосқанды адам ажырата ал-майды» деген сөзді айтқанымыз бар. Сіздер мен біздерді Құдай қосқан. Демек, бізді адамдар жүргізетін сая сат ажырата алмайды. Уақытша ажы ратса да, біржолата ажырата ал-майды. Ең ұзаққа ажыратқан деген

түрік бауырларымыздың өзімен біз мың жылдан кейін қайтадан та-быстық. Қазір ортақ тағдырмен ор-тақ тарих түзіп жатырмыз», – деді Сауытбек Абдрахманов.

Бұдан кейінгі кезекте сөз тізгіні Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраевқа берілді. Ол Астанада өткен Ғылым, техно-логия және инновация жөніндегі Азия парламентаралық форумы аясында ғылым, білім және ин-новация бағытында түркітілдес мемлекеттерді одан әрі жақын-дас тыру үдерісін ілгерілетуге жол ашқанын атап өтті. «Ол үшін бұл мемлекеттердегі заңдардың ықпалы орасан болуы тиіс. Жалпы, біздің бұл салаларды дамытуға мүмкіндігіміз зор», – деді Бейбіт Мамраев.

Жиында сөз алған Халықаралық Түркі Академиясының президенті бұл ұйым түркі әлеміндегі ғылыми интеграцияға ұйытқы болып жүргені, бұл ретте ТүркПА-мен де бірлесе көптеген іс-шара атқарылғаны ту-ралы баяндап берді.

Ал Парламент Мәжілісінің депу-таты Бекболат Тілеухан Қазақ стан-ның қай елмен де саяси байла нысы берік орнағанын, бірақ бауырлас ағайынның жөні қашан да бөлек болатынын жеткізді. Бұл орайда ол: «Түркітілдес елдердің Пар ла-мент тік Ассамблеясы аясында өзара бай ланысымызды жандандырып, ел деріміздің әлеуметтік-мәдени жа ғынан дамуына үлес қосу – бұл бәрімізге ортақ шаруа», – десе, Әзер-байжан Республикасы Милли Мед-жлисі Ғылым және білім жө ніндегі

Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Бахтияр Алиев ТүркПа-ның кездейсоқ құрылмағанын, оның негізінің қалануына ұзақ уақыт кеткенін атап өтті. «Әрине, біз өте күрделі экономикалық жағдай кезінде түрлі қиындықты бастан өткердік, бірақ бүгінде біз әріптестіктің жаңа белесін бағындырдық, көп жетістікке қол жеткіздік. Бүгінде ТүркПА-ға мүше елдер ғылым-білім, инновация мен технология саласында дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Ал ең негізгі міндет – ол адами капиталды қалыптастыру», – деді ол.

Отырыс барысында Астанадағы Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай да сөз сөйлеп, қоғамда болып жатқан көптеген кері құбылыстарға мәдениет арқылы қарсы тұруға бола-тынын жеткізді. «Мәселен, ТүркПа-ға кіретін елдерде жақсы музейлер бар. Олардың негізгі қоры бар, қосымша қоры бар. Соңғы уақытта айырбас қоры деген де шықты. Сол айырбас қоры бойынша заң, я болмаса, ереже қабылданса, дұрыс болар еді. Сол арқылы біз өзімізде бар нәрсемен бір-бірімізбен алмасып, мәдениетімізді көрсетуге мүмкіндік алар едік. Одан кейінгі кезекте бізді ғылым мен білім жақындастырады. Қазіргі таңда біздің мемлекеттерімізде мықты университеттердің негізі қаланды. Бұл ретте, әлемдік деңгейдегі Назарбаев Университетті мысалға келтіруге болады. Бүгінде мамандар дайындау мәселесі өте өзекті болып тұр. Сондықтан, біз жаңа салалар-ды игеру үшін мамандарды дай-ындауда өзіміздің күш-жігерімізді біріктіруіміз керек», – деді Дархан Мыңбай.

Жиын соңында оған қаты-су шылар өзара тәжірибе алмасу арқылы ортақ жұмыстарға одан әрі жан бітіруге болатынын жеткізді.

(Соңы. Басы 1-бетте)

(Соңы. Басы 1-бетте)

Сингапурлық саясаткер өз кезегінде Қазақстан Орталық Азиядағы аса маңызды мемлекет екенін, оған Сингапурдың негізін салушы Ли Куан Ю назар аударғанын атап өтті. Го Чок Тонгтың айтуынша, оның Астанаға сапарының мақсаты АСЕАН, Қытай және Үндістан аймағында басым шоғырланған сингапурлық бизнестің наза-рын Қазақстанға аудару болып табылады. Бұл тұрғыда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі зор мүмкіндіктер туғызады. Құрметті аға министр екі елдің бизнес саласындағы делегацияларының алмасуларына ықпал етуді маңызды деп санайды. Сонымен қатар, Сингапур мемлекеттік мекемелерді жекешеленд іруд і жүзеге асырудағы тәжірибесімен бөлісуге әзір.

Мейманның пікірінше, саяси институттар-ды нығайтуды, салық жүйесін және басқа да бағыттарды жетілдіруді білдіретін «жұмсақ инфрақұрылым» («soft infrastructure») са-лаларын дамытуда екі елдің мемлекеттік

аппараттары арасындағы ынтымақтастықтың маңызы зор. Оған «Назарбаев Университет» пен Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік сая-сат мектебі арасындағы әріптестік өзара іс-қимылдың тамаша үлгісі болып табылады.

Го Чок Тонг, сонымен қатар, Сингапур та-рапы қытайлық «Бір белдеу, бір жол» бастама-сы арқылы екі экономиканың өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін зерделеп жатқанын хабарлады.

* * *Құрметті аға министр Парламент Сенаты

депутаттарының алдында сөз сөйледі. Мәртебелі мейманды таныстыра келіп, Қ.Тоқаев Го Чок Тонг 1990-2004 жылдары Сингапур Үкіметін басқарғанын еске салды. Сингапур басшылығымен ілгерілеген Даму стратегиясы елді экономикасы әлемдегі ең дамыған және тұрақты мемлекетке айналдыруға ықпал етті. Го мырза Сингапурдың негізін са-лушы, Азиядағы көрнекті саяси қайраткер, Сингапурдың тұңғыш Премьер-министрі Ли Куан Юдың ісін жалғастырды. Го мырза Премьер-министр қызметін атқарған кезде

Сингапурдың ішкі жалпы өнімі халықтың жан басына шаққанда 22 мың АҚШ долларынан 44 мың долларға дейін ұлғайды. Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы саяси және сауда экономикалық маңызды әріптесі болып табылады. Бұл елдің тәжірибесі – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену-ге ұмтылған Қазақстан үшін өнеге, деді Сенат Төрағасы және Го Чок Тонгқа сөз берді.

Менің Астанадан алған әсерім зор. Қала тіршілігінің қарқыны Еуразияның ең ортасын-да қолайлы әрі табысты елді қалыптастырудағы Қазақстан басшылығының ой-өрісін паш етеді. Үкіметтегі өз тәжірибемді ескере отырып, мен Қазақстан секілді үлкен елдің дамуына байла-нысты қиындықтар мен қатерлерді тұтасымен бағалай аламын, – деді өзінің сөзінде Го Чок Тонг.

Сөзінің соңында мейман қонақжайлылықпен қабылдағаны үшін Президент Н.Назарбаевтың, Сенат Төрағасы Қ.Тоқаевтың және Қазақстан Үкіметінің атына алғыс айтты және Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.

Сингапурмен сыйластығымыз артады

Ислам елдерінің мүддесі ортақКеше елордада Ғылым, технологиялар және инновациялар жөніндегі Азия парламентаралық форумы өз жұмысын аяқтады. Бәсі биік жиынның соңында жоғарыда көрсетілген салалар бойынша парламентаралық ислам ынтымақтастығын нығайту бағытында Астана декларациясы қабылданды.

Ортақ тағдыр ортақ тарихты түзедіПарламент Мәжілісінде Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Әлеуметтік-мәдени саласындағы бейіндік комитеттерінің бірлескен үшінші отырысы өтті. Отырыс Астанада өткен Ғылым, технология және иннова-ция жөніндегі Азия парламентаралық форумы шеңберінде ұйымдастырылды.

Конференцияның басты мақ-саты, туберкулезді бақылауды ық пал дастыра жүргізу, атап айт-қанда, ме дициналық-сани тар-лық алғашқы кө мек ұйым дары деңгейінде ту бер кулезді диаг-ностикалаудың және емдеудің же дел детілген әдіс те ріне қолже-тімділік аясын кеңейту, пациент-тер мен дәрігерлердің өзара тең жауапкершіліктерін арттыру бо-лып саналады.

Конференцияда сөз сөйлеген Г.Әбді қалықова БҰҰ-ның Мың-жыл дық мақсаттарының бірі

– ту бер кулездің таралуын тоқ-татуға және 2015 жылға қарай ауру-сырқауды азайту үрдісіне әлем дік қоғам дас тық қол жеткіз-генін атап өтті. Нәти жесінде, 2000 жылдан бас тап ту беркулезбен ауы-ру 18%-ға төмен деді. Бүгінде ор-нықты даму мақсат тарындағы мін-деттердің бірі ретінде айқындалған «2030 жыл ға қарай ту беркулез ін -детін түбегейлі жою» әлем дік қо-ғам дас тықтың күн тәрті бінде тұр.

Сондай-ақ, Г.Әбдіқалықова Қазақ стан ның тәуелсіздік жыл-дары қол жеткізген денсаулық сақтау са ласындағы жетістіктеріне тоқтал ды. Мемлекеттік хатшы

«Қазақ стан-2050» ұзақ мерзімді Страте гиясында Мемлекет басшы-сы медициналық көмектің қолже-тімділігі мен сапасының деңгейін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау міндетін алға қойғанын айтты.

Мемлекеттік хатшы елімізде ту-беркулезге қарсы күрестің жоғары деңгейде ұйымдастырылған жүйесі қалыптастырылғанын атап өтті. Ол денсаулық сақтаудың және әлеуметтік қамсыздандырудың барлық қызметтері түрін қамтиды.

БДҰ стандарты – 85% жағ-дай ында туберкулезбен ауыра-тын нау қастарды емдеу тиімділігі

87,6% болды, БДҰ стандарты – 85% жағдайында көптеген дәрілер ге көнбейтін туберкулез-бен нау қас танғандар арасында 75,1%-ды құрады. Көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру халықтың арасындағы ауру-сырқауды 1,5 есе (100 мың халық қа шаққанда 2011 жылғы 86,6-дан 2015 жылы 58,5-ке), ал туберкулезден бола-тын өлім-жітімді 2 есе (100 мың халыққа шаққанда 2011 жылғы 8,4-тен 2015 жылы 4,1-ге) төмендетуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Г.Әбдіқалықова Қалалық кардиология орталығында болды.

Медициналық көмекті жетілдіру міндеттері талқыланды

Page 3: Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», ... болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі

328 ҚЫРКҮЙЕК2016 ЖЫЛ

ӘЛЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

Канаданың іскерлік астанасы – Торонто қаласында Р.Жошыбаев мамандандырылған дөңгелек үстел мəжілісіне қатысып, Қазақстан жəне Канада бизнес-мəслихатында сөз сөйледі. Бұл басқосуды Канаданың Еуразиядағы іскерлік қауымдастығы (CERBA) мен «Қазақстан-Канада» Іскерлік кеңесі ұйымдастырған болатын. Бұл шараға Канаданың белгілі «Cameco Corporation» «Uranium one», «Phoenix Geophysics», «Minas Energy», «Gowling WLG» жəне тағы басқа компанияларының топ-менеджерлері қатысты.

ЭКСПО-2017-нің комиссары бизнес қауымдастық өкілдерін көрмеге дайындық барысымен таныстырып, олардың көрмеге қатысу мүмкіндігін талқылады. Көрме тақырыбы – «Бо лашақтың энергиясы» Канада тара пының үлкен қызығушылығын ту ғызды. Олардың айтуынша, бұл көр ме Канада компа-нияларына əлемге аталған саладағы жетекші тəжі ри белерін, жаңа технологиялары мен ор нықты даму мүмкіндіктерін көрсе туге кең жол ашады. Сондай-ақ, «жа сыл» экономика мен қоршаған ор та ны қорғау салаларында озық же тіс тік терін жария етуге жағдай туғы-зады.

Канадада электр қуатының 80 пайызға жуығы парникті газдар шы ғар майтын қуат көзде рі есебінен өнді ріледі. Бұл көрсет-кіш «G-7» мем лекеттері арасын да Канадаға бірінші орынды шап пай беріп отыр. Осыған орай ЭКСПО-2017-нің негізгі тақыры бы Канадаға өте жақын, ел үкіметі соңғы бес жыл бедерінде эколо гия лық таза энергия саласын дамы туға инвестиция көлемін бес есе көбейтуді қарастырмақ. Бұл өз кезегінде «Инновациялар мис сиясы» халықаралық бастама сына қосылуға мүмкіндік береді. 2050 жылға қарай Канада энергияның

жаңғыртылмалы көздерін пайдалануға толық көшуді жос парлаған.

Тағы бір айта кететін жайт – Канада халықаралық көрмелер өткізуде бай тəжірибеге ие. Монреальда өткізілген ЭКС ПО-1967 əмбе-бап көрмесі мен Ван ку вер де ұйым дастырылған ЭКСПО-1986 маман дандырылған көр ме сі үлкен та нымалдылыққа ие болған еді.

Келіссөздер қорытындылары бойынша көптеген канадалық компаниялар Астанада өтетін көрмеге қатысуға өздерінің дайын екендіктерін біл дірді. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017-нің алаңында «Қа зақстан-Канада» Іс кер-лік кеңесінің кезекті мəжілісін өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тим Гитцель жетекшілік ететін «Cameco Corporation» компаниясы мен басшы-сы Асқар Жұмағалиев болып табылатын «ҚазАтомӨнеркəсіп» компаниясы Іскерлік кеңесінің тең төрағалары. Олар бүгінде ЭКСПО алаңында уран индус триясы са-ласында жаңа технологияларды дамытуға арналған мамандандырылған павильон құру жұмыстарымен айналысып жатыр.

Сапар шеңберінде Р.Жо шыбаев, сондай-ақ, Канаданың ірі туристік ком паниялары үшін ұйымдасты рылған ЭКСПО-2017 роуд-шоуына да қатысты. Онда туризм саласын да тəжірибе алмасу мүмкіндігі, Кана даның тур-операторларын ынтымақ тастыққа шақыру мəселелері талқы ланды. Бұл арада ЭКСПО-2017-ге туристер тарту тақырыбы да назардан тыс қалған жоқ.

Туристік компаниялардың басшыла-ры ЭКСПО-2017 алаңында жұмыс істейтін əлемге белгілі шы ғар машылық ұжымдар арасында Кана даның Дю Солей циркі бо-лады деген ақпаратты зор қанағат сезімімен қарсы алды.

Сəулебек БІРЖАН

Канадалықтар «жасыл» технологияларын әкеледі

40 жылда – 115 миллиард доллар

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан»

Өткен аптада Ресейде, дəлірек айт-қанда, еліміздің батыс аймағындағы Атырау, Батыс Қазақстан жəне Маң-ғыстау облыстарымен шекаралас Астрахань қаласында ІІ Каспий ме-диафорумы жұмысын аяқтады. Оған Каспий теңізінің жағалауындағы бес мемлекет – Қазақстан, Əзербайжан, Ресей, Түрікменстан жəне Ираннан 300-ге жуық БАҚ өкілі қатысып, медиа нарықты дамыту, ортақ ақпарат-тық кеңістік құру, бір-бірімен ақпарат-пен бөлісу мəселелерін кеңінен тал-қыға салды. Каспий маңы елдерінің ақпараттық ресурстары бір-бірімен алмасу үшін келісімге қол қойды.

Бұл медиафорум Астраханьда екінші рет өткізілді. Медиафорумды ұйымдастыруға Астрахань облысының үкіметі мен Каспий маңы елдерінің ре-дакциясы ұйытқы болыпты. Олардың теңіз жағалауындағы бес елдің жур-на листерін бір алаңда пікір алмасу-ын көздеген қадамына Ресей Феде ра-циясының Байланыс жəне бұқаралық коммуникация министрлігі қолдау білдірген. Министрдің орынбасары Алексей Волиннің пікірінше, ІІ Кас-пий медиафорумы – шеру секілді шара емес, керісінше, медианарықты дамы-туға септігі тиетін пікірталас алаңы. Сол се бептен болар, форумға қаты су шы лар ара сында еркін пікір алмасу, бір-бірі мен ақ парат бөлісудің сан алуан жол дарын қа растырған қадамы жасалды.

– Форум алаңында əркім өз бақытын жасаушы секілді көрінеді. Алайда, əлдебіреуді күтудің қажет емесін түсінуіміз қажет. Əркім өзінше əрекет етіп, ынтымақтасудың нақты жобаларын ұсынуы тиіс, – деді Ресей Федерациясының Байланыс жəне бұқаралық коммуникация министрінің орынбасары Алексей Волин. – Бізде үлкен Каспий бар, əр деңгейде жүргізіліп жатқан диалог та бар. Біздің міндетіміз – осы диалогқа өз деңгейімізде қосылу. Бүгінгі фо-рум БАҚ өкілдерінің шеберлігін шыңдауына таптырмайтын алаң екені даусыз. Мəселен, сайт – қағаз түріндегі нұсқада көрінбейтін ақпараттық лента, қысқа мəтіндер, түрлі-түсті фотолар. Сол себептен, мультимедия қағаздағы мəтінді интернет-сайтқа жай ғана көшіре салу емес.

Медиафорум қарсаңында Астра-хань да жазғы журналистика мектебі жұмыс жасады. Онда «Экономиканың жоғары мектебі» ұлттық зерттеу университетінің оқытушылары Тина Тихомирова мен Роман Абрамов жас-тар үшін журналистика мен медианың даму үрдістері туралы лекция оқыды. Олар сонымен бірге, ақпарат берудің жаңаша тəсілдерін де əңгімелеп берді. Ал Астрахань мемлекеттік универ-си тетінде «Russia Today» телекана-лы бас директорының кеңесшісі Ти на Бережная ақпарат саласындағы қыз-ме тін енді бастағандар мен тəжірибелі жур налистерге шеберлік сағатын өт кіз ді. Оның пікірінше, ақпарат бе-рудің тəсілі көп. Өз ісін сүйетін жур-налистер оқырманға шынайы ақ парат беруге талпынады. Рас, əр басы-

лымның ұстанған бағыты əрқилы бо-луы мүмкін. Электронды БАҚ-тар да солай. Бəлкім, елдің көкейіндегі дөп басар ақпаратты əрқайсысы əртүрлі бергенмен, бəрінің де түпкі мақсаты бір, яғни, қоғамға толыққанды əрі шынайы ақпарат ұсынуды көз дей-тіні дау тудырмайды. Пушкин атын-дағы Орыс тілі мемлекеттік инсти ту-тының проректоры Михайл Осад чий коммуникациялар қауіпсіздігі мəсе-лесін қозғады. Оның айтуынша, бұл мəселенің журналистердің барлы-ғына, əсіресе, саяси жəне танымал қайраткерлердің өмірін, тұлғалық бей-несін сомдаушыларға да қатысы бар.

Дəл осы күні бес мемлекеттен келген БАҚ өкілдері өздерінің бейне-ро ликтерімен, медиажобаларымен бөлісті. Елі басқа, тілі басқа болғанмен, əрқайсысы өз елінің жетістіктері, əсіресе, инвестициялық тартымдылығы мен туристік мүмкіндіктері тура-лы айтты. Өздерінің медиажобалары туралы кеңінен əңгімеледі. Өзге ел-дің журналистері əсіресе, Астанада өт кізілгелі отырған ЭКСПО-2017 көр месіне қызығушылық танытты. Сонымен бірге, Қазақстанның медиа-нарығына жыл басында қосылған ATPress.kz ақпараттық порталы мен «Кас пийские новости» халықаралық ақпа раттық порталы арасында өзара ын ты мақ тастық, біріккен медиажобаны іс ке асыру жөнінде келісім жасалды.

– Атырау мен Астрахань облыста-

ры шекаралас болса да, осы кезге дейін бірлескен медиакеңістікте байланы-сы жоқ екендігі таңданыс тудырды. Енді екіжақты келісім жасалғанына қуаныштымын. Бұдан былай жемісті жұмыс жүргізіп, нақты нəтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Ақпараттық əріптестік байланысымызды байы-та түсеріне сенемін, – деп мəлім етті «Каспийские новости» халықаралық ақпараттық порталының жетекшісі Давид Агаджанян.

Оның пікірінше, Каспий маңы елдеріндегі əріптестердің бір-бірімен ынтымақтасуы қызғылықты жобалар-ды бірлесе іске асыруға жол ашады.

«Каспийские новости» порталын ашудағы басты мақсат – Каспий маңы елдерінің медиаресурстарын біріктіріп, осы елдердегі экономикалық, сая-си жəне гуманитарлық үрдістер мен елеулі оқиғалар туралы жаңалықтарды бірыңғай ақпараттық кеңістікте жа-риялау. Жобаны іске асыру үшін порталдың Қазақстан, Əзербайжан, Иран жəне Түрікменстан елдерінде онлайн режімдегі арнаулы тілшілер желісін ашу көзделіп отыр. Сонымен б ірге , Ресейдің Каспий теңіз і жағалауындағы үш өңірінде, атап айтқанда, Астрахань облысы мен Қалмақ жəне Дағыстан республика-ларынан да ақпараттар порталда жа-рияланады. Осылайша, аталған жоба арқылы Каспий маңы елдері ара-сында іскерлік жəне гуманитарлық байланыстардың бұрынғыдан да беки түсуіне үлес қосу көзделіп отыр.

– Каспий – бұл кең ауқымды ре-сурстық мүмкіндік. Теңізді көмкеріп жат қан елдер ондағы ресурстарды өн-діру, өңдеу, тіпті, экспорттау үшін ке-лісімге келуге ұмтылуда. Осы аймақ-тарда тұрып жатқан адамдар да ын-тымақтастықтың қажеттігін түсінуі қажет, – дейді бұл ретте профес-сор Иосиф Дзялошинский. – Осы орай да журналистер жаңа контент қалыптастыра алады.

Медиафорумның аясында «Каспий арманы» халықаралық конкурсының бір жүлдесі атыраулық журналист Надежда Шильманға табысталды. Бес елдің 100-ге жуық журналистерімен бірге «Прикаспийская коммуна» газеті-нің бөлім меңгеруші болып істейтін əріптесіміз де конкурсқа «Держим связь с казахами везде» атты сұхбатын ұсыныпты. Оның Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы Атырау филиалының төрағасы Өтепберген Əлімгереевпен жүргізген сұхбатында Қазақстаннан тысқары елдерде тұратын қазақтардың тыныс-тіршілігі, қиындықтары туралы айтылған. Сонымен бірге, Ресейдің Астрахань өңіріндегі қазақ диаспора-сы осы сұхбатта кеңінен қамтылыпты.

Халықаралық конкурсқа түскен ма териалдар алуандығымен ерек ше-леніпті. Конкурсқа қатысушылардың бəрі де Каспий теңізінің келешегіне алаңдайды. Бірі браконьерліктің белең алғанына назар аударса, тағы бір əріптесіміз теңіздің экологиясына бейжай қарамайтынын байқатқан. Каспийдің сұлулығын паш етуді мақсат тұтқан фотолар да ұсынылыпты. Тіпті, Каспий туризмін дамыту мəселелерін қамтығандары бар.

– Журналистің жұмысы əр уақытта шыншылдығымен ерекшеленеді, –дейді осы орайда пікір білдірген Астрахань облысы губернаторының баспасөз хатшысы Наталия Филатова. – Конкурсқа жолданған материалдардың көптігіне əрі мазмұнына қарай екше-генде, əр деңгейдегі ынтымақтастық пен теңіз экологиясы бес мемлекеттегі ең ауқымды мəселелердің қатарында еке нін байқадық. Ал келешекте Кас пий теңізіндегі туризмді дамыту тақы рыбы да кеңінен қозғалатынға ұқсай ды. Конкурсқа қатысушылардың геогра -фиясы кеңейе бастады. Биыл жүл-дегерлерді анықтау қиындау болды...

АТЫРАУ–АСТРАХАНЬ –АТЫРАУ––––––––––––––

Суреттерді түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ

Достық дәнекері

Ақпараттық әріптестік байланысты байытадыКаспий маңы елдері журналистерінің екінші медиафорумына қатысушылар осындай ұйғарым жасады

Андрей ЖУРАВЛЕВ, «National Geographic Russia» журналының ғылыми редакторы:

– Қай елде тұрғанымыз маңызды емес, журналистік ынтымақтастық қажет. Ал ол үшін жиі-жиі бас қосып тұру керек. Тек таныстық үшін емес, əрине. Қызғылықты ақпаратпен бөлісу мақсаты көзделгені жөн. Тəжірибе алмасқан дұрыс. Бір-бірімізден осы-лай үйренеміз. Сол себептен, осындай медиафорум өте қажет. Рас, қазір желілік байланыс орнатуға мол мүмкіндік бар. Мəселен, Каспий маңындағы бес мемлекеттің даму ерекшелігі өзгеше болар, алайда, бұл журналистердің арасына жік салмауы тиіс қой. Конкурсқа ұсынылған материалдардан теңіз эко-логиясына, биоалуандығына көп назар аударылды. Каспий теңізі ешқашан жойылмайды. Оның фауна-сы да, флорасы да кейінгі ұрпағымызға осы күйінде жетеді.

Андрей ПОПЕРЕЧНЮК, «Лотос» МТРК-ның шеф редакторы (Астрахань):

– Каспий – тұйық теңіз. Бəрі біледі, бəрі со-лай айтады. Бірақ, экономиканы алға тартып, теңіздің экологиясын, теңіздің маңызын, теңіздің биоалуандығын ұмытып кетеміз. Бəрі де шамамен

болуы керек. Калькуляторды қосып, экономикалық пайданы ойлаумен бірге, теңіздің экологиясына көңіл аудару қажет. Бекіре тұқымдас балықтар, итбалық... қауқарсыз ғой. Болашақта мұнай өндіруді, гидроэнер-гетиканы бақылаған дұрыс. Каспийдей теңіздің келе-шегіне алаңдаған журналистер бүгін медиафорум да пікір алмасты. Болашақта теңізді сақтап қалу жө-ніндегі ой-пікіріміз осындай форум аясында айтыла береді. Сол себептен, дəл осы форумның əсіресе, жас журналистерге берер пайдасы мол деп есептеймін.

Асқар ƏШІМОВ, «Қазақстан Атырау» телеарнаның директоры (Атырау):

– Бұл форум бізге Каспий маңы елдеріндегі əріптестерімізбен тəжірибе алмасу үшін таптырмай-тын шара болды дей аламын. Бір-бірімізбен ақпарат алмастық, тəжірибемізбен бөлістік. Ақпараттық əріптестік орнаттық, шын мəнінде, бұл байланысы-мызды нығайта түсті.

Ирина ИМАМКУЛОВА, «Нейтральный Туркменистан» газетінің өкілі (Ашғабад):

– Каспий маңы елдерінің арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамыту үшін БАҚ өкілдері

арасында ынтымақтастықтың алғышарты осы медиа-форумда жасалды. Бір-бірін бұрын білмесе де, біздің əріптестеріміз өз еліндегі жаңалығымен бөлісуді көздейді. «Каспийские новости» халықаралық ақпараттық порталын өзара ынтымақтастықты бай-ыта түсуге жасалған дей аламын. Ал медиафорумның болашағы зор, бұл əлі жалғасын табады.

Надежда ШИЛЬМАН, «Прикаспийская коммуна» газетінің бөлім меңгерушісі (Атырау):

– Бұл медиафорумға бірінші рет қатыстым. Онда көтерілген тақырыптар мені ойлантып тастады. Каспий маңы елдерінің журналистерін толғандырар тақырыптар ортақ болып шықты. Сол себептен, мұндай медиафорумның жиі өткенін қалаймын. Теңіздің экологиясы, бекіре тұқымдас балықтар туралы жазуда бір-бірімізден үйренеріміз көп. Бізді мұнда Каспий теңізі біріктірді. Əзербайжан, Қалмақ Республикасындағы əріптестеріммен таныстым, сол елдерде Қазақстаннан барып тұратындарды білдім. Олардың салт-дəстүрін, мəдениетін сақтағаны, отандастарымыздың өмірі мені қызықтырды. Медиафорумнан жаңа таныстар таптым, əріптестеріммен тəжірибемізбен, идеяла-рымызбен бөлістік.

Жақында Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Гурм бен Саид əл-Малхан Корольдіктің 85-ші Ұлттық күніне орай ресми қабылдау жасады. Бұл күні Сауд Арабиясы Корольдігінің негізін қалаушы марқұм Абдулазиз бен Абдуррахман əл Сауд Сауд Арабиясының халқын бір тудың астына жинап, тұтас мемлекет ретінде біріктірген болатын.

Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Сауд Арабиясы Корольдігі құрылғалы бері даму жолында көптеген қадамдар жасап, қазіргі таңда халқына жəне онда тұратын азаматтарға ең жоғары деңгейде қызмет көрсететін елге айналды. Қазіргі кезде алдыңғы қатарлы медициналық жəне білім беру мекемелері, 47 жергілікті жəне халықаралық əуежай қызмет етеді. Сондай-ақ, заманауи ғылымдарға арналған зерттеу орталықтары құрылды.

Сауд Арабиясы Қос киеге қызмет етуді əрқашан өзіне мəртебе санайды. Қажылар мен умра жасаушыларға міндеттерін ба-рынша жеңіл атқару мақсатында көптеген жеңілдіктер жасалынуда. Корольдік əлемдегі ең көп гуманитарлық жəне даму жолын-да көмек көрсететін 10 ірі мемлекеттің бірі болып табылады. БҰҰ-ның статистикасы бойынша, бұл ел өткен жылы 6-шы орын-ды иеленді. Соңғы 40 жылда көрсеткен көмегінің жалпы көлемі 115 миллиард дол-лардан асқан. Осы жылдар ішінде Корольдік

əлемнің 90-нан астам еліне көмек көрсетіпті.Саудиялық елші қабылдауда сөйлеген

сөзінде екі ел арасындағы ынтымақтастыққа ерекше тоқталды. «Сауд Арабиясы Корольдігінің Королі, Қос киенің сақшысы Сəлман бен Абдулазиз əл Сауд пен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығы аясында екі ел арасында екіжақты достық қарым-қатынас орнаған. Соның арқасында ынтымақтастық жаңа сатыға көтерілді», – деді елші.

Елші, сондай-ақ, соңғы бір жылдағы екі елдің қатынастарынан хабардар етті. Оның айтуынша, Эр-Рияд қаласында Біріккен қазақ-сауд комиссиясының 4-ші отырысы өтті. Комиссияға қазақстандық тараптан Инвестициялар жəне даму министрі төрағалық етеді. Корольдіктің Сауда жəне өндіріс министрі 135 адам-нан құралған үкіметтік делегацияны бас-тап, Қазақстанға сапармен келіп қайтты. Сонымен қатар, екі ел тарапынан көптеген салаларда келісімшарттар мен түсіністік меморандумдарының жобалары аясында талқылау үдерісі жүріп жатыр.

«Осы жылы Қазақстан қажылары Алматы əуежайынан Мəдине жəне Жидда қалаларына тікелей рейспен алғаш рет са-пар шекті. Бұл қажылардың Қазақстаннан Сауд Арабиясына дейінгі сапарының уақыты едəуір қысқарды дегенді білдіреді. Мəселе Қазақстанның құзырлы органдарымен жақсы ынтымақтастықтың нəтижесінде жүзеге асты», – деді Гурм бен Саид əл-Малхан.–––––––––––––––

Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ

Қатысушылар лебізі

(Соңы. Басы 1-бетте)

Page 4: Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», ... болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі

4 28 ҚЫРКҮЙЕК2016 ЖЫЛ

ЭКОНОМИКА

Сауатсыздық синдромы

Баяғыда бір танысымның осы Астана төңірегіндегі ауылдардың бірінен үй сатып алып едім, сонда ақшасын төлеппін де, қожайыннан үйдің құжаттарын алмаппын, енді сол адамды таба алмай жүрмін дегені бар еді. Ақшаңызды беріп тұрып, үйдің құжаттарын сұрамағаныңыз қалай деген сауа-лыма, е, қайдан білейін, өзіміздің қазақтың баласы, алдамайтын адам сияқты болып көрінген жəне өзі кейін беремін деді ғой, деп жауап қайтарған бола-тын əлгі танысым. Абырой болғанда, талай уақытын сарп етіп соңына түсіп жүріп үйдің құжаттарын алды-ау əйтеуір жаңағы кісі араға айлар салып. Шынымен де ана қазақтың ұяты бар екен деп ойла-дым мен кейін мəселенің дау-дамайсыз шешілгенін естігенде. Мен ештеңе білмеймін, сізден ақша алған жоқпын десе қайтер еді?.. Біздің ағайындардың аңғалдығын (бəлкім ашықауыздығын) көрсететін бұл сияқты мысалдарды іздей берсең жүздеп келтіруге болады.

Белгілі бір компанияға жұмысқа орналасқанда кəсіпорын басшысымен еңбек шартын жасаспай-тындар да сол баяғы өзіміздің қазақтар. Содан да алда-жалда ондай жұмысшы өндірісте жүріп бақытсыздық жағдайына душар бола қалса, заңға сəйкес өзіне тиесілі өтемақыны өндіріп ала алмай-ды. Өйткені, жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы еңбек жағдайлары алдын-ала құжат түрінде келісіліп, заңдастырылмаған. Осыдан келіп олар соңынан, яғни болары болып, бояуы сіңгеннен кейін түрлі соттардың босағаларын тоздырады əділдік іздеп. Бірақ кеш.

Ешқандай кезексіз-ақ пəтерге қарық қыламын, айлығы аспанға шығатын, екі қолыңды жылы суға малып отырып-ақ ақшаның астында қалатын жұмыс тауып беремін деген алаяқтардың қолдарына, істің анық-қанығына жетпестен, ойланбастан миллиондаған теңге ақшаларын ұстаса салып, сан соғып қалып жатқандар қаншама?! Алданудың мұндай түрі əсіресе, құрылысқа үлестік қатысу де-ген жаңалық шыққан жылдары үдей түсті. Ондайлар тіпті өздеріне жасалып жатқан ескертулерді де құлақтарына ілетін емес. Бір рет алданғандарымен қоймай, араға уақыттар салып екінші қайта алда-нып жатуларының сыры да дəл осында. Сол баяғы сауатсыздық. Орыс халқының «Тегін ірімшік тек қақпанда ғана болады» деген мəтелін түсінбеушілік.

Ресторандарды аузы-мұрнына дейін толты-рып апта сайын өтіп жатқан тойлар ше?.. Бұл да ойсыз, есепсіз мал шашудың тамаша жолы. Онсыз да арзанға түспейтін дастарқан мəзіріне тойды басқаруға шақырылатын асаба мен қызмет көрсететін əнші-бишілерге төленетін ақыны қосыңыз. Сөйткен асабаң мəдениетті мінезімен, ойлы сөзімен тойыңның сəнін кіргізе қойса жақсы ғой, қайда-а, ондайлардың көпшілігі жұртты күлдіремін деп аузына не келсе соны айтып, кей-де тіпті арзан анекдоттарымен дөрекіліктерге жол беріп, қазақтың салт-дəстүріне мүлде жат қылықтар көрсетіп жатады. Мəселен, жаңа түсіп жатқан келіннің тойдың тортын кесіп алып ата-сы мен енесінің ауыздарына тықпалағанын бұрын қай қазақтан көріп едік?.. Біз бұл жерде тіпті 20-25-тердегі жастардың үйлену тойларында 70-тен асқан шал-кемпірлердің жалп-жалп етіп билейтіндерін айтып та жатқан жоқпыз. Əрине, би деген өнер. Егер жаңағы кісілер классикалық билердің бірін орындап жатса сөз басқа ғой. Іс жүзінде олай емес. Олардың билейтіндері түнгі клубтардың төрін бермейтін шейк, твист, чарлстон... Ал, əншілерге келсек, олардың бір де бірі жанды да-уыспен əн айтпайды, фонограмманы қосып қояды да өздері əншейін аузы-бастарын қисаңдатады. Оларының да дені əн деп айтуға келе бермейтін əншейін бақырған-шақырған əлаулайлар. Бұл қазіргі тойларда болып жататын көріністердің неғұрлым сыпайырағы, айта берсе бұдан да сорақылары бар. Ең қызығы, игілікті қуанышымыздың əңкі-тəңкісін шығарып жатқандарға біздің рахмет айтып, ақша төлейтіндігімізде. Бұл да болса білік-білігіміздің, талап-талғамымыздың деңгейін көрсетсе керек. Осылардың бəрінің қазақ боламыз, ата-баба салтын қайта жаңғыртамыз деп даурығып жүрген кезде орын алып жатқанын айтсайшы бəрінен бұрын...

Егер осы айтылғандарға өз ағайындарымыздың бүгінгі таңдағы сөз саптауларын, ара-тұра айтып жататын ой-пікірлерін қосар болсақ, сауаттылық пен сындарлылық мəселесінің соңғы уақыттары айтарлықтай дəрежеде ақсап тұрғанын аңғару онша қиынға түспейді. Газет оқып, теледидар хабарларын тыңдай қалсаңыз бұрмаланған қазақ сөздеріне сүрініп жығыласыз. Олар туралы кезінде айттық та, жаздық та. Сондықтан қайталап жатудың қажеті жоқ сияқты. Тек қана теледидар тілшілері еліміздегі зиялы қауым өкілдері саналатын кейбір кісілерге микрофон тосып, қоғамда болып жатқан кейбір өзгерістерге қатысты пікір сұраған кезде бəзбір ағайындарымыздың ел аман, жұрт тыныш болсын деп бата беруден əріге бара алмайтындарын ғана амалсыздан айтуға тура келеді. Сөз жоқ, елдің амандығын тілеген жақсы, бірақ бұл жерде журналист одан бата сұрап тұрған жоқ, орын алып жатқан оқиғаларға байланысты тəжірибелі, көргенді адам ретіндегі пікірін, көзқарасын сұрап тұр ғой. Сұхбат беруші де соған сəйкес жауап қайтаруы тиіс. Егер өркениетті елдердің азаматтары білдірген пікірлерге құлақ түрер болсаңыз, олардың өмірдегі құбылыстарға, жаңалықтарға қатысты өз ойларын ортаға салып жатқанын естисіз. Тыңдай бергің келеді. Оған қарап олар өз елдерінің тыныштығын, халқының амандығын тілемейді деуге еш құқымыз жоқ. Бар болғаны, олар не сұрасаң соған лайық жауап береді.

Қазақта «Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді» деген аталы сөз бар. Аттамай жатып сүрініп, алысқа ұзамай жатып адасып жататынымызды көргенде ата-бабадан қалған осы нақылдың ұрпақтарының құлағына жеткен-жетпегеніне күмəнмен қарауға мəжбүр болады екенсің...

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Қанатбек ДОСАЛИЕВ,«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы облыстық филиалының төрағасы

Елбасы «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында жыл соңына дейін осы саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын əзірлеуді ұсынды. Нарыққа неғұрлым қажетті өнім түрлеріне назар аудара оты-рып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту жəне əртараптандыру, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау, өндірушілер үшін бірінші кезекте ұзақ мерзімді қолжетімді не-сие беру, қызмет көрсету-дайындау кооперативтері мен өнімді өңдеу, сақтау мен өткізу инфрақұрылымын құру қажеттігіне баса тоқталды. «Алдағы бес жыл ішінде кемінде 600 мың гектар су-армалы жерді айналымға енгізу керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен əкімдер ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға қатаң бақылау жүргізуі тиіс», деді Президент.

Елбасының осы айтқан мəселелеріне байланысты Оңтүстік Қазақстан облы-сында үлгі боларлықтай игі істер бар. Біздің аймақта ауыл шаруашылығы са-ласын дамыту үшін аграрлық секторды реформалаудың бес бағытын бес жылда жүзеге асыру қолға алынып отыр.

Бірінші бағыт – облыстағы суар-малы жерлердің жағдайын жақсартып, көлемін ұлғайту. Бұл мақсатта биыл 531 шақырымдық 46 су нысанына облыстық бюджеттен 3,9 миллиард теңге қаралып,

жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталған жағдайда 30 мың гектар суармалы жердің жағдайы жақсарып, 1,5 мың гектар суармалы жер жаңадан айналымға қосылады. Ауыл шаруашылығы министрлігі Ислам даму банкімен жерасты суларының деңгейін төмендетуге бағытталған жо-баларды жасақтауда. Аталған жұмыстар нəтижесінде Мақтаарал ауданын-да – 210, Шардара ауданында 302 тік дренажды ұңғыма қайта құрылмақ. Нəтижесінде Мақтааралда 37059 гек-тар, Шардарада 64315 гектар суар-малы жердің мелиоративтік жағдайы жақсарады. Ал Отырар ауданында Еуропа Қайта құру жəне даму банкі арқылы қаржыландыру бағытында ауқымды екі жобаны жүзеге асы-ру бойынша жұмыс басталды. Оның алғашқысы – Шəуілдір алқабындағы ішкі коллекторлық дренаж жүйелерді қайта құрудың нəтижесінде 12,0 мың гектар суармалы жердің мелиоративтік жағдайын жақсартуға қол жетеді.

Екіншісі – Отырарда суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуін жəне 5 мың гектар жаңадан суармалы жер қосу мақсатында «Сырдария – Арыс» каналын қайта құру жұмыстары. Сондай-ақ, Дүниежүзілік даму банкінің қаржыландыруымен ИДЖЖ-2 бағдарламасы арқылы Мақтаарал ауданында – 39757, Шардара ауда-нында – 20630, Түркістан қаласында 10000 гектардың суару жүйелерін қайта жаңарту жəне қайта құру бойын-ша жүйелі жұмыстар жүргізу жоспар-лануда. Қазіргі таңда, Австралияның

«SMEG» фирмасы аталған бағдарламаға жобалау жұмыстарын жүргізуде.

Екінші бағыт – шаруаларды қаржылық қолдау. Расын айту ке-рек, қанша жерден талпынсаңыз да, қолыңызда жеткілікті қаражатыңыз болмаса, алдыңызға қойған мақсатқа жетуіңіз екіталай. Осы орайда биыл фермерлерге берілетін қаржылық қолдаулардың көлемі б іршама ұлғайтылды. Бір ғана «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы бұл салаға биыл 10 милли-ард теңге бөлінді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 45 пайызға көп. Яғни, төменгі пайызбен берілетін несиелердің көлемі артып, екі есеге жуықтады. Енді тек қолынан іс келетін оңтүстікқазақстандықтар қолжетімді қаражатты тиімді пайдаланып, жерді дұрыс игерсе, мол табысқа кенелмек.

Үшінші бағыт – ауылдық округте коо-перативтер құрып, онда машина-трактор стансалар ашу. Кешегі өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы: «Өзін өзі жұмыспен қамтитындардың 60 пай-ызы ауылда тұрады. Осыған байланыс-ты, «Жұмыспен қамтудың жол карта-сы» аясында біз 5 өңірде қанатқақты режімде «Ауылдағы жұмыс орны» жаңа жобасын іске асыруды бастадық. Оған 10 млрд теңге бөлінді. Бұл жұмысты жүргізу барысында кооперациялар-ды дамыту ісіне айрықша көңіл бөлу қажет. Тиісті «Кооперациялар туралы» Заң қабылданды. Енді жер-жерлерде үлкен ұйымдастыру жəне түсіндіру жұмыстары күтіп тұр. Үкіметке əкімдермен бірлесіп, елді мекендерде ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу жəне қайта өңдеуді қамтамасыз ететін кооперативтер ұйымдастыру жөніндегі шаралар қабылдауды тапсырамын» де-ген болатын. Бұл ретте оңтүстік өңірде үлгі ретінде көрсететіндей жұмыстар бар. Қазір əр ауданда кемінде екі МТС жұмыс істеп тұр. Ірілендіру мен оңтайландырудың бұл тəсілі еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі тара-пынан қолдау тауып, өзге облыстарға да

үлгі-өнеге ретінде таратылды. Биылдың өзінде бес облыстың басшылары мен ма-мандары оңтүстікке тəжірибе алмасуға келіп, кооператив құрудың тиімділігіне көз жеткізіп қайтты. Бұл – облыстың ғана емес, еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа серпіліс.

Төртінші бағыт – ауылшаруашылық саласына ғылым жетістіктерін көптеп енгізу. Өйткені, қай саланы болсын ғылымсыз ілгерілету мүмкін емес. Бұл бұрын айтылғанымен, жүзеге аспай жүрген негізгі мəселелердің бірі бо-латын. Ол үшін адамдардың барлығы бірдей ғылыммен шұғылдануы тиіс те емес. Тек ғылыми жетістіктерден уақтылы хабардар болып, шаруа-сына соңғы технологияны енгізе білсе болғаны. Оларға ең қажеті – консультациялық көмек. Өйткені, талай адам кредитке алған қомақты қаржысын қайда жұмсарын білмей, қолдағы барын ұқсата алмай, еліміздегі екінші деңгейлі банктерге басыбай-лы қарыз болып қалғанын күнделікті өмірде аз кездестіріп жүргеніміз жоқ. Жобалау мен жоспарлаудың жоқтығы құрдымға апаратынын енді-енді түсіне бастағандаймыз. Өткен күндердің өзекті өртер өкініштерін қайта болдыр-мас үшін бұл бағытта ісіңізді жүйелеп, кəсібіңізді кемелдендіруге кеңес беретін орталықтар қажет-ақ. Оның үстіне об-лыс орталықтарында көп айтылатын мемлекеттік бағдарламалардың ша-рапатын ауылдағы шаруалар толық пайдалана алмауда. Өйткені, жұрттың бəрі білетіндей көрінетін мемлекеттік қолдаулардан тұрғындар бейха-бар. Халыққа Үкімет тарапынан жа-салып жатқан жұмыстарды айтып қана қоймай түсіндіріп, жөн сілтеп, білгенімізді айтуға тиіспіз. Ол үшін шаруаларға қалаған уақытта кеңес бере алатын орталықтар əрбір ауданда, ірі елді мекендерде болса деуші едік. Ойлағанымыз бүгінде облыста жүзеге асып жатыр. Өңірдегі əрбір ауданның ерекшеліктеріне сай сол аймақтардағы кəсіпкерлік мектептерінің базасында

фермерлерге ғылыми консультациялық қызмет көрсететін орталықтар ашылды. Елді барынша ақпараттандыру ауыл шаруашылығын қолдаудың тиімді тəсілі.

Бесінші бағыт – облыста əрбір ауданның əлеуеті мен климаттық ерекшеліктері зерттеліп, 2020 жылға дейінгі нақты индикаторлары бекітілді. Созақ ауданында түйе шаруашылығын дамыту қолға алынса, Түлкібас, Төле би, Қазығұрт аудандарында бау өсіру жəне оны қайта өңдеу кластері құрылуда. Таулы аймақтарда сүт өнімдері өндірістерін іске қосып, жүйелеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, Мақтаарал ауданында мақта шаруашылығы қайта қолға алынып, мақталық алқаптар ұлғайтылып, өнімділігін арттыру бой-ынша арнайы бағдарлама түзілуде. Еліміздегі жылыжайлардың тең жар-тысына жуығы Сарыағаш ауданында екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Сондықтан, Сарығаштың көкөнiс өндiретін нағыз «фабрикаға» айнала ала-тын мүмкіндігі мол. Шардара, Отырар аудандары жəне Арыс, Түркістан қалаларында сұранысқа ие жүгері егу жəне оны өндеу жұмыстары қолға алы-нуда. Ал Созақ, Бəйдібек аудандарында мал шаруашылығы дамыса, Түркістан индустриялық аймағында шұбат за-уыты салынбақ. Таяуда Түркістан қаласының əкімі зауытты салуға ниетті шетелдік инвестормен келісімшарт жа-салып, жұмыстар басталғанын хабар-лады. Мұнан бөлек, Түркістан, Арыс, Отырар, Созақта түйе сүтін жинау пункттері ашылатын болады.

Бұл біз білетін облыс əкімдігінің ауыл шаруашылығы саласындағы оң бастамалары ғана. Мұнан өзге сан са-лада болып жатқан оң өзгерістер көп. Биылдың өзінде 24 шетелмен барыс-келіс орнатылып, облысқа оңтүстік тарихында болмаған инвестиция тартылғанын айтуға тиіспіз. Жеті жүзден астам шетелдің ірі кəсіпкері құны 2 мил-лиард долларды құрайтын жобаларды жүзеге асыруға ынта білдіргенінің өзі үлкен жетістік, тындырымды тірлік. Бұл істе облыс əкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары кəсіпкерлерді ертіп, құрлықтың сан тарабына арнайы барып, дамыған елдермен тəжірибе алмасып, олармен келіссөздер жүргізе алатын дəрежеге жетті. Бүгінде сол алыс-беріс, барыс-келіс өз нəтижесін беріп, облыста 24 жоба тыңнан жүзеге асыры-луда. Өңіріміздің ірі кəсіпкерлері əлемге танымал алпауыт бренд иелерімен бірігіп кəсіптік қарым-қатынас жасау-да. Дағдарыс деп дүрлігіп, дамыған елдердің өздері де не істерлерін білмей далақтап қалғанда бұл үлкен табыс бо-лып саналады.

Күні кеше ғана Оңтүстікте «Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына – 25 игі іс» айлық шарасы қолға алынды. «Дені саудың жаны сау», «Əлеуметтік қолдау», «Отбасын қолдау», «Бірлігі жарасқан Тəуелсіз Қазақстан!» жəне «Игі іс жасауға асық» атты бес түрлі айлық шаралар желтоқсан айына дейін жалғасады.

Облыста қолға алынған жұмыс-тар дың барлығы да халықтың жағ-дайын жақсарту үшін жасалуда. Эконо-микамыздың локомотиві саналатын аграрлық өндірісті өркендетсек, Мем-лекет басшысы айтқан «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында «Ауылдағы жұмыс орны» жаңа жоба-сы толық жүзеге асады. Жаңа жұмыс орындары көптеп ашылып, азаматтары-мыз тұрақты табыстарға қол жеткізсе, елдің əлеуеті артады.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Өңірді өркендетудің бес бағытыХалықтың əлеуметтік жағдайын, əсіресе, ауылдағы ағайынның тұрмыс-тіршілігін түзеу үшін не істеген жөн? Əлбетте, бірінші кезекте жұртты жұмыспен қамту лəзім. Ал, жаңа жұмыс орын-дарын ашу үшін ауыл шаруашылығына айрықша көңіл бөлу қажет екендігі айдан анық. Мұны Елбасымыз талай рет айтты. Күні кеше Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы жəне стратегиялық даму міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін үш міндетті атады. Соның алғашқысы – агроөнеркəсіп кешенін дамыту.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

RUB / KZT 5.27USD / KZT 337.56 CNY / KZT 50.62EUR / KZT 379.35

Бақтияр ТАЙЖАН,«Егемен Қазақстан»

Іргеде ұлы мұхит теңселеді. Кеңес Одағының атағы жер жарып тұрған шағы. Сол кездері Жапония мен АҚШ бірлескен əскери күші Сахалинге таяу аралда оқу-жаттығу жиынын өткізетін болды да, біздің полкты теңіз жағалауына əкелді. Танктерімізді қазылған орға көміп, оқпанын ашық теңізге қаратып он күн жаттық.

Істер іс жоқ, теңіз жағасында жүресің. Жапон аралы жақтан толқын айдап түрлі заттар ағып келеді. Шағын дастарқанның көлеміндей жайылып-бүктеліп теңіз капустасы жатады. Білме ген ге көсеу таң, адам ағзасына керекті иодтың көкесі осы капустада екенін кейін біліп жатырмыз ғой.

Əлдекімдер ішіндегісін сарқып ішіп, лақтырған шыны бөтелкелер жағалауға шығып қалады. Сыртқы пішіні керемет. Біз үйренген бақа бас

бөтелкелердің қасында əдемі мүліктей көрінеді.

«Шіркін-ай, осындай ыдыс тар біздің елде де шығарылар ма екен». Айтып тұрғаның мақтағанда аяғын жер-көкке тигізбейтін ортақ Отаның – КСРО, жүрегі – Мəскеу. Солар шығармаса Қазақстанның шамасы жетпейді деп ойлайсың.

Үлкен бір алып империяның қолынан келе ме екен деп жүрген сол шыны ыдыстардың көкесін бүгінде Шымкенттегі «ЕвроКристалл» ЖШС бір өзі шығарып жатыр.

Өндіріс орнында болғанымызда шөлмектердің қалай құйылатынын көріп тағы да таңғалдық. Алып қондырғының етегінен жылт етіп түймедей шоқ бөлінеді де ағындап барып бір тығынға кіреді. Құйындай құйғытып отырып тағы бірер жерге ат шалдырып барып, ұзынша түтіктен шөлмек болып үріліп шығады. Бір шоқ – бір шөл мек. Əрине, бəрі мінсіз емес. Ішін дегі жалыны əлі

басылмаған шөл мектер суыту цехынан өткен соң кі нə раты барлары желімен келе жа тып өзі сыпырылып түсіп қалады.

Үлкен бизнеске мемлекеттік қолдау керек. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша «Қазақстан Даму банкінен» пайызы төмен қаржы

алған серіктестікте 250-ден астам адам жұмыс жасап жатыр. Инвестициялық қуаты 3,9 млрд теңге құрайтын за-уыт жоғары сапалы шыны ыдыстарын əртүрлі пішінде шығарады. Өндірістік жəне медициналық ыдыстарды 190 мл-дан 2 литрге дайындай алатын, əрі əртүрлі түс, пішінмен əрлейтін

қондырғылармен жабдықталған за-уыт осы қалпында мықты өндіріс ошақтарының бірі. Өндірістік шынының химиялық жəне физикалық қасиеттерін сақтайтын зертхана жұмыс жасай-ды. Германиядан алдырылған «Неуе» қондырғысы тапсырушының қалауына қарай шыныларды түрлі пішінде дай-ындап береді.

Əлемдегі жетекші өндірушілердің қ а з і р г і а в т о м а т т а н д ы р ы л ғ а н қондырғыларымен жабдықталған зауыттың өндірістік қуаты жылына 225 млн дана шыны ыдыстар дайындауға жетеді. Шынылардың сапасын бекітетін лазерлік сканерлеу қондырғысы жоғары технология тиімділігін арттырады.

Кəсіпорын қызметкерлері Рустам Сахов пен Бекзат Бердімұратов осын-да атқарылып жатқан жұмыстарды əр қондырғының қызметін талдай отырып баяндап берді.

Оңтүстіктің кəсіпкерлері бұрын шыны ыдыстарға тапсырысты өзге мем-лекеттерге берер еді. «Еврокристалл» ондай қиындықтан құтқарды.

Қондырғыларының техникалық дəрежесі мен өндіріс орнының қуаты халықаралық сапа стандарты ISO-9000 жəне экологиялық қауіпсіздік ISO-14000 талаптарына сай келетін зауытпен жұмыс жасауға көршілес республика кəсіпкерлері талаптанып жатыр. Үлкен өндіріс осылай өркенін жайып келеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Жылдық мөлшер – 255 миллион«ЕвроКристалл» ЖШС осынша шыны ыдыс шығардыӨткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғында əскери борышы-мызды Сахалин аралының Анива қаласында өткердік. Кейін білсек, даңқты композитор Шəмші Қалдаяқов ағамыз да осы Анивада жауын-гер болыпты.

Page 5: Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», ... болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі

528 қыркүйек2016 жыл

құқықАраша

Жемқорлық – індет, жою – міндет

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Ардақ өзінің жұмыс нәтижесі үшін бірнеше рет марапатталған. Жақында біліктілігінің арқасында штаб-бөлімшесінің бастығы болып жоғарылатылып, полиция майоры шенін алған екен. Ішкі істер министрлігінің Қарағанды Заң институтын 2008 жылы үздік «Ерекше диплом-мен» аяқтағаннан бері тергеуші лауазымын-да жұмыс істеп келе жатқан көрінеді. Қалай болған күнде де тәжірибелі тергеуші санала-тын полиция майоры Ардақ Қоразбаев аса ірі көлемде алаяқтық жолмен қарызға ақша алған Тынышкүл Балғабаеваның ісін тергей баста-ды. Енді осы іс дауға айналып отыр. Негізінен, аталған іс бойынша Қызылорда қаласының № 2 сотының 11.02.2015 жылғы үкімімен Т.Балғабаева кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленуге жатқызылған. Және де бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, оны түзеу колониясының жалпы режімінде өтеу белгіленген. Бұдан басқа, мемлекет пайдасына алынатын соманы айтпағанда, талапкер Күміс Жарасқызының пайдасына 15080000 теңге мүліктік залал өндіруге де үкім етілген.

Қылмыстық істің байыбына бару үшін, ал-дымен, дау неден басталғандығына үңілгенді жөн көріп отырмыз. 2013 жылы қаңтар айының басында Т.Балғабаева танысы К.Жарасқызынан жолдасының қозғалмалы және жылжымайтын мүліктерін сатқандығын естіп, қылмыстық ниеті туындаған. Реті келгенде өзінің күйеуі К.Амировтың атындағы «Амиров К.Т.» жеке кәсіпкерінің атынан Қытайдан комбайндар мен «Беларусь» тракторына қосалқы бөлшектер әкеліп жүргендігін, қажет болса 35000 АҚШ дол-ларына Камаз автокөлігін жеткізіп бере алаты-нынан құлаққағыс етеді. Және де сол жүк көлігін ірі компанияларға жалға беріп, пайда таба ала-тынын айтып, сеніміне кірген. Бұл пиғылын Т.Балғабаева 2013 жылдың 18-ші қаңтары, сағат 19:30 шамасында жүзеге асырған. Жәбірленуші К.Жарасқызының үйіне барып, оның ұлы Е.Бисариевтің, қызы Қ.Алматтың және туысы Қ.Боранбайқызының көздерінше Қытайдан жүк көлігін 2013 жылдың наурызына дейін әкеліп

беремін деп 35000 АҚШ долларын және қарызға деп 65000 АҚШ долларын алып, өз пайдасына жұмсап жіберген. Тіпті, алаяқтық іс-әрекетін жүзеге асыру үшін қолхат та жазып беріпті. Алайда, Т.Балғабаева басты сот талқылауында өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеген. Оның айтуынша, 2008 жылы өзіне тиесілі үйді сатып жібергендіктен, жәбірленуші К.Жарасқызының үйін айына 10000 теңгеге жалға алып тұрған. Тағы белгілі болғаны, 2013 жылдың қараша айында жәбірленуші К.Жарасқызының ұлы Е.Бисариев пен Т.Балғабаеваның қызы Г.Қадірбекқызымен үйленіп, құдандалы болып, 2014 жылдың сәуірінде қызы жүкті кезінде жас-тар ажырасып кеткен. Бұл ретте Т.Балғабаева бұрынғы күйеу баласы Е.Бисариев өзіне «биз-неспен айналысу үшін 100000 АҚШ долларын қарызға берейін, айналдырып 40000 АҚШ дол-ларын қосып берсеңіз», деп өтініш айтқанын да келтіріпті.

Және де Т.Балғабаева алдын ала дайын-далған қолхатқа ақшаны алмай тұрып қол қоя салғандығын жеткізген. Осы орайда қолхаттың түпнұсқасын компьютерден «Ин Кейс» бағдарламасы бойынша іздеу нәтижесінде басылымның сақталғаны, оның қолдағы нұсқа мәтінімен толық сәйкес келетіні анықталған. Онда «арыз өз сөзіммен менің айтуым бойынша дұрыс жазылды және оқып шықтым» деген сөздері де жүр. 2014 жылдың тамызында «Қазпошта» арқылы К.Жарасқызы 2012 жылы өзі одан 100000 АҚШ долларын қайтаруын сұрап арыз жолдағанын, өзінің ол хабарламаға мән бермегендігін келтіріпті. Дей тұрғанмен, сотталушы Т.Балғабаева өз қылмысын мойындамай, аталған қолхат тек қағаз жүзінде жасалғанын, оның орында-луы іске асырылмағандығынан таймай отыр. Оның пайымынша, қолхатты қарсы жақ пайдаланып, жала жабуда екен. Қызылорда қалалық соты тарапынан сотталғаннан кейін Т.Балғабаева облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сотына келтірген шағымына сәйкес сот алқасы кәмелет жасына толмаған баласының 14 жасқа келгенге дейінгі уақытқа үкімді ұзартуды шешті. Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот алқасы да

бірінші соттың шешімін дұрыс деп тапқан. Және де 21.09.2015 жылы Жоғарғы соттың қадағалаушы сот алқасы да бұл істі қарап, бұрынғы шығарылған үкімдерді күшінде қалдырған. Ал 2015 жылдың 29 желтоқсанында Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы Бас прокурордың наразылығына байланысты істі қайта қарап, қанағаттандырусыз қалдырып, бұрынғы шығарылған үкімдерді дұрыс деп тапқан.

Алайда, тергеуші Ардақ Қоразбаевтың үстінен арыз жазу тоқтар емес. Осындай арыздардың негізінде Облыстық ішкі істер департаменті тексеру жүргізген, бірақ заң бұзушылық барлығы анықталмаған. Сол сияқты Қызылорда облысы бойынша сыбай-лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының тергеушісі тарапынан тергеу жүріп, қылмыстық құрамның жоқтығына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған.

Бірақ Т.Балғабаева қорғаушысы С.Рах-мановпен бірге Бас прокуратураға арыздан-ғандықтан жоғары жақтың нұсқауы бойынша 09.03.2016 жылы Қызылорда облысы проку-роры Қ.Бөрібаев 2015 жылдың 3 қазандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулының күшін жояды. Аталған іс Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына жолда-нып, тергеуші Н.Қосмұратов тарапынан 05.04.2016 жылы қайта тоқтату туралы қаулы қабылданады. Бас прокуратураның нұсқауы бойынша белгісіз себептермен енді қылмыстық іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облы-сы бойынша департаментіне қайта жолданғаны белгілі болып отыр. Қызылорда облысының үш, ал Жоғарғы соттың екі сатылы соттары қараған іске әлі күнге нүкте қойылмауы, істің бұлайша сағызша созылып кетуі түсініксіздік тудырған. «Неге қылмыстық іс Шымкентке жолданады, әлде Қызылордада маман жоқ па? Сараптама және өзге де іс-әрекеттер үшін мемлекетке қан шама шығын келді. Сонда Балғабаеваның дәлелін таппаған арызы неге Бас прокуратура-да қайта-қайта қарала береді? Неге менің балам шымкенттік тергеушілерге барып, жауап беруге тиіс. Және өзінің кінәсіздігін барып дәлелдеуі тиіс?», дейді К.Қоразбаева.

Шынында да Қылмыстық кодекстің 19-ба-бына сәйкес әркім өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Оның үстіне Мемлекет бас-шысы Н.Назарбаев ұсынған бес институттық реформаның «100 нақты қадам» – Ұлт Жос-парындағы заң үстемдігін қамтамасыз ету жайы назардан тыс қалғаны ма, дейді баласының тағдырына алаңдаған ана.

Бұл жерде Елбасының Қауіпсіздік Кеңесінде мәселе етіп көтерген полиция қызметкерлерін қорғау жайы назардан тыс қалған ба дерсіз. Өйткені, тергеушінің үстінен тексеру жүргізу мерзімінің ұзаққа созылып кетуі соның бір көрінісі секілді. Енді тиісті органдар бұл мәселеге көңіл аударар деп сенеміз.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,«Егемен Қазақстан»

Сөзіміз жалаң болмас үшін нақ ты мысал келтірер болсақ, Аты рау қалалық әкімдігіне қа-расты құрылыс бөлімінің бас-шысы С.Жұмашбаевтың араны әбден ашылып кеткенге ұқсайды. Ол қаладағы орта мектептерге жап сарлас құрылыс нысандарын салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыруды ойластырыпты. Бұл ойын іске асыру үшін өзіне сы-байлас болатын «әріптесті» тым әріден іздемей, оған өзінің иегінің астындағы екі бағынышты адам-ды тартуды жөн санаған. Оның бірі – орынбасары С.Каиров, екін-шісі – аталған бөлімнің мама-ны А.Бижанов. Осылайша, құ-рылыс бөліміндегі бір-бірін ым-нан түсінетін үшеу жапсарлас нысандардың құрылысын жүргізген мердігер кәсіпорындардың бас-шыларынан заңсыз сыйақы алу фактілерімен ұсталды.

Фактінің аты – факт. Басшы мен қосшының және маманның бюджет қаржысынан кертіп жеуінің залалы қанша дерсіз? Залал – 64 миллион теңге! Аз емес, әрине. Үшеуінің де ісі сотқа беріліп, олардың құрылыс кәсіпорындары игеретін бюджет қаражатынан үлкен пайыздар және сыйақы алып отырғаны анықталды. Соған орай Атырау қалалық №2 сотының үкімімен олар Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағымен, 366-баптың 3-бө-лігінің 2,3-тармақтарымен, 24-бап-тың 3-бөлігімен, 369-баптың 2-бөлігімен, 366-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағымен және 365-бабы бой-ынша кінәлі деп танылды.

Тағы бір мысалды алға тар-тар болсақ, Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшы-сы пара алу дерегімен ұсталған. Қылмыстық іс материалдарын-да көрсетілгендей, Махамбет ау-дандық әкімдігіне бір азаматтан ауыл шаруашылығы қызметімен

айналысу үшін жер алу мақсатында арыз түседі. Алайда, бөлім бас-шысы фермерге Таңдай кана-лы маңындағы 20 гектар жер телімін алуды ұсыныпты. Бірақ, жер телімінің құжаттарын тезірек бітірудің өзіндік «жоралғысын» да емеурінмен емес, 150 000 теңгеге бағалайтынын жасырмаған. Фер-мер оған алғашқыда 50 мың теңгені әкеліп береді. 100 мың теңгені тағы әкелеріне уәде етеді. Сөйтіп, фер-мерден 100 мың тең гені алу бары-сында қолға түсіп, ісі сотқа жеткен-де өз бармағын оңдырмай тістеді.

Сот үкімімен оған параның ал-пыс еселенген мөлшерінде, яғни, 9 000 000 теңге айыппұл салынды. Мүлкі тәркіленді. Бұдан былай мемлекеттік қызметтің маңына жуымайтын болды. Өйткені, ол да мем лекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Атырауда сыбайлас жемқор-лық фактісіне жататын пара алу дерегінің азаяр түрі көрін бейді. Парақорлар ұсталып та жатыр, сотталып та жатыр. Пара алу -шының дені мемлекеттік қыз-меткерлердің үлесіне тиетіні алаңдатады. Мәселен, биыл облыстық мемлекеттік еңбек инс пекциясының басшысы мен орынбасары бірдей ұсталып, ақы рында екеуі де ірі көлемдегі айыппұлмен жазаланған еді. Ал Жылыой аудандық әкімдігінің бөлім басшысы басқа емес,

қарындасының қамын ойластыра-мын деп опық жеді. Ол қарындасы жұмыс жасайтын кәсіпорынның тендер жеңімпазы атануы үшін кон курстық комиссия мүшесі не пара берген. Айтқандай, осы ау-данның жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары да пара алумен тұтылды.

Сотта анықталғандай, оқалы киім киген полицей мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті ла-уазымды тұлға бола тұра, өзінің қызмет бабын асыра пайдаланыпты. Ол кәсіпкерден заңсыз әрекеттері үшін 33 000 теңге пара алып, қыл-мыстық құқық бұзушылық жа-саған. Сонда «Көп асқанға бір тос қанның» боларын басқа емес, мемлекеттік қызметкерлер жете білуі тиіс қой. Десек те, дәл со-лай болмағаннан кейін мынадай сауал туындайды. Бюджеттен қар пып жейтіндер «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдардың талаптарын білмей ме? Тиісті заңдылықтарды білді делік, сонда оларды пара алу ға қандай күш итермелейді? Кей мемлекеттік қыз меткерлердің мансабы өскен сайын мінезі де өзгере бастайтыны несі? Бәлкім, олар мансабы ның өскенін сыбай-лас жемқорлық әрекетке барудың қадамы деп түсіне ме?

АТЫРАУ

Тергеуге Түскен Тергеуші

Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы штаб-бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Ардақ Қоразбаевтың анасынан редакциямызға хат келді. Онда баласының бір жылда терге-ген жүздеген істерінің ішінде бір қылмыстық іс бойынша қыспаққа түскендігін жазыпты. Жолдасы, яғни, Ардақтың әкесі Хұсайын Асанұлы Қоразбаев осы салада 37 жыл жұмыс істесе, оның әкесі Асан Қоразбаев ҰОС ардагері, «Қызыл Жұлдыз», «Отан соғысы» ордендері мен көптеген медальдердің иегері. Осындай үлгілі заңгерлер отбасы-нан шыққан баласының басына қара бұлт үйірілгеннен кейін кейуа-на қолына қалам алыпты.

Көп асқанға – бір тосқан«Мешкей деген жақсы ат» емес. Алайда, кім-кімге де абырой әпермес осынау тәмсілді есінде ұстамақ түгілі, қаперіне ілгісі келмейтіндер әлі де азаяр емес. Өкінішке қарай, ондайлар қалың бұқара мен биліктің арасын жақындататын мемлекеттік қызметкерлер арасында жиі кездеседі. Мемлекеттің саясатын, халықтың әл-ауқатын жақсартатын сан алуан реформалардың жергілікті жерде орындалуына атсалысады дейтін мемлекеттік қызметкерлер бюджеттің қаражатын талан-таражға салуға, пара алуға, сөйтіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның баптарын бұзуға неге үйір?

Әбдірашит ЖҮКЕНОВ, Жоғарғы соттың судьясы

Қылмыстық сот ісін жүр гізудің мазмұны мен нысанын айқындайтын құқықтық тұ-жырымдамада ең маңызды элемент ретінде Қылмыстық-атқару кодексінің (ҚАК) 23-ба-бында бекітілген айыптаушы және қор-ғаушы тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидаты негізінде сот ісін жүргізуді жүзеге асыру болып табылады. Біздің елімізде қылмыстық процестің аталған қағидатына сәйкес қылмыстық қудалау, қорғау және соттың iстi шешуi бiр-бiрiнен бөлiнген және оларды әртүрлi органдар мен лауазымды адам-дар жүзеге асырады. Адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы кiнәлiлiгiн дәлелдеу және оның өзін қорғайтын дәлелдер ін теріске шығару мiндетi – қылмыстық қудалау орган-дарына, ал сотта іс жүргізу кезінде мемлекеттік және жеке-ше айыптаушыларға жүктеледi. Қорғаушы күдіктіні, айыпталу-шыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаудың заңда көзделген барлық тәсілдерін пайдалануға мiндеттi. Сот қылмыстық қудалау органы болып табылмайды, айыптаушы немесе қорғаушы тарап жағында әрекет етпейді және әділдіктен басқа қандай да болсын мүдделердi бiлдiрмейдi. Сот нақтылықты және бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз атқарушылық мiндеттерін орындауы және өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдайларды жасауға міндетті.

Қылмыстық процестің қағи-даларын бекітуге және айып-тау мен қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету-ге бағытталған қазақстандық құқықты дамытудағы елеулі құбылыс және ҚАК-тің 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілуі, сондай-ақ «Бес институттық реформа-ны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде оған өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі болып табылады. Осы жоспарға сәйкес заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі институттық реформа шеңберінде (Жоспардың ІІ-бөлімінің 22-тармағы) адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын шектейтін бүкіл тергеу әрекеттеріне санкция беру өкілеттіктерін тергеу судьясына кезең-кезеңмен беру есебінен сот-тарда айыптау мен қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету шаралары көзделген.

Қылмыстық сот ісін жүргізуге тергеу судьясының енгізілуі және оған тиісті өкілеттіктердің берілуі заң үстемдігін нығайтуда және қылмыстық процесте ай-ыптау мен қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуде маңызды да тиімді құқықтық тетік болып та-былады. Тергеу судьясының өкілеттігі азаматтар-дың конституциялық құқықтарын шектейтін тергеу әрекеттеріне сот арқылы сан кция берумен, қылмыстық қуда лау органдарының әрекеттері мен шешімдеріне келтірілген шағымдарды қараумен, адво каттардың өкілеттіктерін қамтамасыз етумен және қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында сот бақылауының басқа да тетіктерімен байланысты. Олардың іске асуы қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудің барлық сатысына елеулі оң әсерін тигізеді, қылмыстық қудалау органдарын тәртіпке келтіреді, адамдардың қорғалу құқығын қамтамасыз етуде адвокатураның рөлін арттыра түседі және оның қызметін жандандыра-ды, қылмыстық процестің міндеттерін оның бастапқы сатысында қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы қыл мыстық-атқару заңдарына сәйкес тергеу судьясының ерекше өкілеттігіне аза-мат тардың конституциялық құқықтарын шектейтін бірқатар негізгі тергеу әрекеттерін санкциялау кіреді, атап айтқанда: күзетпен ұстауды және үйқамақты санк-циялау, мүлікке тыйым салуды санкциялау; күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық немесе сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру; мәйітті эксгума-циялау; күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жария лау; қарап-тексеруді, тінтуді, алуды, жеке тінтуді санкциялау.

Қылмыстық процесте айыптау мен қорғау арасын дағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған қылмыстық-процестік заңның негізгі жаңалығы тергеу судьясына қорғаушы адвокаттың қылмыстық іс үшін маңызы бар кез келген мәліметтерді, құжаттарды, нәрселерді талап етіп алдыру және қылмыстық іске қосып тігу туралы; егер қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойын-ша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаса, сараптама тағайындау туралы, қылмыстық процесті жүргізе-тін органға айғақ беруі үшін келуін қамтамасыз ету

қиындық тудыратын, яғни бұрын өздері жауап алған куәні мәжбүрлеп әкелу ту-ралы өтінішхаттарын шешу

мәселесінің берілуі болып табылады.

Қылмыстық про-цестің сотқа дейінгі сатысында сот бақы-лауын және айып-

тау мен қорғау ара-сындағы теңгерімді қамтамасыз етуге

бағытталған тергеу су-дья сының өкілеттігі қылмыстық істі мәні бойынша қарау арқылы сот төрелігін жүзеге асыратын судьяның өкілеттігінен ерекшеленеді. Мәселен, тергеу судьясы өз өкілеттіктерін қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында жүзеге асыру кезінде қылмыстық істі мәні бойынша шешу үшін сотта қаралатын мәселелерді алдын ала ше-шуге, соның ішінде кінәсінің дәлелденген-дәлелденбегені, іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің қатыстылығы, жол бе рілушілігі, нанымдылығы мен жет-кіліктілігі туралы қорытынды беруге тиіс емес. Сонымен бірге, сот соттық ба қы лау шеңберінде сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың процестік әрекеттерді жасау кезінде заң нормаларының сақталуын, сондай-ақ қылмыстық қудалау үшін материалдық-құқықтық және процестік негіздердің бар-жоғын тексеруге құқылы. Жалпы қағидаға сәйкес тергеу судьясы сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын

органға тергеуге жіберу және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы нұсқау беруге тиіс емес. Тергеу әрекеттерін жүргізу туралы нұсқауды тергеу су-дьясы ҚАК-іде көзделген жағдайда ғана прокурорға беруге құқылы. Мәселен, ҚАК-тің 56-бабының 5-бөлігіне сәйкес күдікті өзіне азап-тау және басқа да заңсыз әрекеттер қолданылғаны туралы арызданған немесе онда күш қолданудың іздері болған кезде тергеу су-дьясы қадағалаушы прокурорға

көрсетілген фактілерді дереу тексеруді жүзеге асы-руды тапсыруға міндетті. Адамның құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделерін заңсыз шектеу немесе өзге де бұзу фактілері анықталған кезде тергеу судьясы ҚАК-тің 56-бабының 6-бөлігіне сәйкес жекеше қаулы шығару арқылы заң бұзушылыққа жол берген тұлғалардың жауаптылығы туралы мәселе қояды.

Соттың ҚАК-тің 106-ба бындағы тәртіппен қыл мыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне келтірілген шағым-дарды қарау институты соттық бақылаудың және ай-ыптау мен қорғау арасындағы теңгерімді сақтаудың пәрменді процестік тетігі болып табылады. Құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға сотқа ҚАК-тің 106-ба-бына сай шағыммен жүгінуге құқылы. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде сотқа қылмыстық істі мәні бойынша шешу кезінде сот-та қарау нысанасы болуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешпей, қылмыстық қудалау органының кез кел-ген әрекеттері мен шешімдерінің заңдылығына шағым беруге болады.

Сот төрелігін, қылмыстық процестің қағидаларын, сотта айыптау мен қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуді нығайту бойынша елеулі шара-лар Қазақстанда алқабилердің қатысуымен кейбір қылмыстық істерді қарау институтын енгізу болып та-былады. Алқабилер қатысатын сот ісі тараптардың тең құқылығы мен жарыспалығы қағидатын бекітуде, ал-дын ала тергеу мен сот талқылауы сапасын жақсартуда, тараптардың кәсіби деңгейін арттыруда маңызды оң рөл атқарады. Бұдан басқа, ол сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарын тәртіпке келтіреді және процестік заңда жазылған барлық нұсқауларды мүлтіксіз орындауда бағдар береді. Алқабилер қатысатын сот ісін жүргізудің өзіндік ерекшелігі бар. Алқа билер қылмыстық істің материалдарын алдын ала зерделемейді және олардың назарына олардың бейтараптылығына әсер етуі мүм-кін кейбір нақты деректер жеткізілмейді. Мәселен, ҚАК-тің талаптарына сәйкес судья алқабилерді дәлелдеме ретінде жол берілмеген нақты деректермен таныстыруға тиіс емес. Алқабилер сотталушының бұрын ғы соттылығымен байланысты мән-жайлар ту-ралы, оны маскүнем немесе нашақор деп тану туралы ақпаратты, сондай-ақ олардың тарапынан сотталушыға қатысты қате түсінік тудыратын өзге де мән-жайларды білуге тиіс емес. Бұл тұрғыда алқабилер нақты және то лық жарыспалылық процестің нәтижесі бойынша сотталушының кінәлі екені немесе кінәлі еместігі туралы өз шешімін шығарады. Мұндай процестерде алқабилердің кесімі айыптаушы немесе қорғаушы тараптың кәсіпқойлығына және жауапты көзқарасына жиі байланысты болады. Тәжірибе көрсеткендей, алқабилер соты басқа соттарға қарағанда ақтау үкім-дерін жиі шығарады.

қазақстан Республикасын демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруда мемлекеттің қылмыстық-құқықтық са-ясаты, қылмыстық-атқару заңнамасының деңгейі, оның еліміздің

Конституциясына, негізгі халықаралық стандарттарға және қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаттарына сәйкес келуі ерекше рөл атқарады. Бұл ретте барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың қолданыстағы қылмыстық-атқару заңының нормаларын мүлтіксіз әрі дәл сақтауы да заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.

Айыптау мен қорғауарасындағы теңгерім қайткенде қамтамасыз етіледі?

Page 6: Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», ... болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі

6 28 ҚЫРКҮЙЕК2016 ЖЫЛ

КӨКЕЙКЕСТІ

Көзбен көрген келеңсіз көріністер

Мойындауымыз керек, тақыр жерге елорданы салған Елбасының еңбегі ерен. Оған та-лас жоқ. Астана күннен күнге көркейіп, өсіп-өркендеп келеді. Астаналықтар да, келімді-кетімді қонақтар да аз уақыттың ішінде елорданың адам танымастай өзгергенін тамсана да таңдана əңгімелеп жатады. Бұл – шындық.

Əйтсе де Астананың «əттеген-ай» дейтін əлеуметтік мəселелері де жоқ емес. Соның бір-екеуіне тоқталайық. Мəселен, суағар. Мұны Елбасының өзі де бірнеше рет айт-ты. Бірақ, нəтиже шамалы. Енді-енді қимыл-əрекет байқалатындай. Оң жағалауды қайдам, сол жағалауда көше бойларынан арықтар қазылып жатыр. Жұмыс істеп жатқандардан жөн сұрағанымызда, суағар екенін білдік. «Енді жаңбыр жауса, құрғақ жер іздеп, секіріп секеңдемейтін болдық-ау» деген ойға келіп, ішіміз əжептəуір жылып қалды. Жасыратын несі бар, Астанада төкпе жауын бір сəт төпелеп жауса, көше-көше көлшікке айналады. Шалшық суға малынудан сескеніп, жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап, қай тұстан өтерін білмей абды-рап тұрған адамның үсті-басын жүйткіп өткен көліктің малмандай қылғанын талай мəрте көз көрді.

Астананың оң жағалауы орныққан қала бол-ғанын білеміз, ал сол жағалау жаңадан салын-ды ғой. Көшелерді жобалағанда суағарды да қарастыруға болмас па еді? Сонда екі шығын шықпас еді. Жаңбыр жауса, жүргіншілер жан-жағына жалтақтап, əбіржіген күй кешпес еді.

«Ештен – кеш жақсы». Астана қанатын кең жайып келеді дедік. Жаңа құрылыстар салынып, жаңа көшелер төселетіні анық. Міне, осындай құрылыстарды жобалау мен жолдарды салу ба-рысында суағарларды да ескерсе деген ой ғой біздікі. Бұл – бір мəселе.

Осы мақаланы дайындау барысында Астана қаласы əкімдігінен жақсы хабар жетті. Біз көтеріп отырған мəселеге байланысты үш жылдық жо-спар жасалып, қажетті қаражат бөлінетін болып-ты. Дұрыс-ақ. Енді осы жоспардың жүйелі түрде жүзеге асуын тілейік.

Екінші мəселе – Астанадағы көлік кептелегі. Бұл туралы да бұған дейін тиісті мекеме-лерге құлаққағыс ретінде мақала («Жүйкені жұқартқан жыпылық», «Егемен Қазақстан», №106, 4 маусым, 2016 жыл) жазған едік. Ең сорақысы, көлік кептелегін қолдан, жасанды түрде жасайтынымыз жанға батады. Полиция қызметкерлері бағдаршамдардың «көзін» жыпылықтатып қояды да, ала таяғымен жол қозғалысын реттейді.Таңертеңгі сағат жеті жа-рымнан бастап кептелекте тұрған көліктердің бірінен кейін бірі дамылсыз дабылдатқан «даң ғаза дауысынан» құлақ тұнады-ау, құлақ тұнады. Көше бойындағы көп қабатты үйлердің тұрғындарын шырт ұйқыдан осы «дауыс» оята-ды. Олардың да іштей кіжініп, реніш білдіретіні анық. Басқасын айтпай-ақ қояйық, мəселен, Орынбор көшесінің бойы таңертеңгі уақытта азан-қазан болады. «Мəңгілік Ел» монументі мен Министрліктер үйі аралығында көліктер иін тіресіп тұрады. Көліктердің иелері қарап тұрмайды ғой, жүйкелері сыр бергендері сиг-налды үстін-үстіне басып, көше бойын иқу-қиқу қылады. Көңілге қаяу, жүйкеге салмақ түсіретін көрініс бұл. Бір рет емес, екі рет емес, күнде осы.

Ал жол бойында, бағдаршамдардың қа сында опыр-топыр болып тұрған жаяу жүргіншілер қандай көңіл күйде болады дейсіз? Кейде олардың жолдан өту үшін он-он бес минут күтуіне тура келеді. Өйткені, жол қозғалысын реттеуші полицейдің кейде көліктерді бір бағытта көбірек жіберіп қоятыны бар. Мұндай кезде жолаушылардың ұзағырақ күтуіне тура келеді. Соған шыдамай, жүргіншілер полицейдің «сыбағасын» бергенін де құлақ естиді. Жүр-гіншіні де түсінуге болады, күйінгеннен өшін полиция қызметкерінен алмағанда қайтеді енді? Бір шетінен, қараптан-қарап балағат сөз естіген полицейдің де кінəсі жоқ. Оның жұмысы, тапсырманы орындап тұр. Тіпті, сыпайылап айтқанда, «сыбағасын» алып жатса да, бір ор-нынан қозғалуға мұршасы жоқ. Көрдіңіз бе, бір кептелектің салдарынан қаншама бейкүнə адамның санасына салмақ түсті, көңіл күйі бұзылды.

АСТАНА

ҒалымОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Көкейкесті

– Иə, білім биігіне, ғылымның көкжиегіне ден қойған ұлт еш уақытта ұтылған емес, – деп бастады сөзін ғалым. – Қазір жұртымыздың мақ-танышына айналған кешегі алыптар тобы бүгінгі олардың ізін басқан санаулы саңлақтар – білім мен ғылымның қыр-сырын бес саусағындай білгендер, адамдықтан аттамаған, ар жолы-нан шықпағандар. Мен де солардың үлгісін үкілеп келемін. 45 жылдық ғұмырымды ұлттық педагогиканың білім беру мен ғылымдағы қарашаңырағы саналатын ҚазПИ, бүгінгі Абай атындағы Ұлттық педагогикалық универ си-тетінде өткізіп жатырмын. «Елу жылда – ел жа ңа» дегендей, бұл білім ордасында бұрын 4 факультет, 4 оқу ғимараты, 4 студенттер жатақханасы болса, қазір 9 оқу ғимараты, 5 жа тақхана, 29 компьютерлік сынып, 16 инсти-тут, 10 факультет, 62 кафедра жастарға қызмет көрсетіп отыр. Магистратура жəне PhD докто-рантура институты жұмыс істейді.

– Жұмəділ Байділдəұлы, университеттің өткені мен бүгінін салыстырып айттыңыз. Өзіңіз де ұстаздық қызмет атқарып келесіз. Алдыңғы толқынды, кейінгі ізбасарларды айтып отырсыз. Дəстүрін естен шығар маған елдің жақсылары қашанда ұлтымен бірге жасай берері хақ. Сіздің де ұстаздарыңыз аз емес шығар?

– Əрине, алдыңғы толқынды ардақтап, олардың есімін кейінгі жасқа ұғындырып отыру үлгісін ұлықтай беруіміз керек. Менің өмір жо-лым, өсу баспалдағым аталмыш университеттің жаратылыстану-география факультетімен тікелей байланысты. Алтын бесігім десем де болады. Дəрісін тыңдап, өнегесін алған ұс-таздарым көп. Біздің кезімізде профессор-лар санаулы еді. Алдына именіп кіріп, иіліп шығатынбыз. Доценттердің өзі дара көрінетін. Сондай ардақты азаматтардың қатарында про-фессорлар Т.Мұсақұлов, И.Нұғыманов, доцент-тер Ш.Ізбасаров, С.Орынбеков, А.Дүйсебаев, Қ.Əмірғазиев бар. Ал ұстаздарым профессорлар С.Жұмабаев, К.Сағатов, С.Обаев, А.Сейітжанов, К.Мұхаметжановтың мен үшін орны бөлек. Ғылым жолындағы тағдырым мені географ-тар мен педагогтарға жақындастырды. Соның бірі емес бірегейі, ұлағатты ұстазым, көрнекті ғалым, география ғылымдарының докторы, ака-демик Ə.Бейсенова болды. Қазақ қыздарының мақтанышы мен үлгісіне айналған ғалымға алғысым шексіз. Бүгінгі тірлік-тынысымыз жайлы сəл тоқталар болсам, университеттің қазіргі ректоры, академик Серік Пірəлиев 2008-2016 оқу жылдары аралығында университеттің барлық құрылымын қайта жасақтап, оқу-тəрбие процесін несиелік оқу жүйесіне негіздеп, ғылыми-зерттеу орталықтарын, институттар, жаңа факультеттер, оқу-əдістемелік зертхана-лар ашып, дəуір талабына қарай, инновациялық технологияның озық жетістіктері енгізіліп, студенттердің əлеу меттік жағдайына көңіл бөліп келеді. Осы арада мына бір ойымды да ортаға сала кетсем деймін. Педагогикалық оқу орында-ры мұғалім дайын дау ісінде теориялық білім мен тəжірибені бі рін ші курстан бастап қолға алатын еді. Бұл жас маманның келешекте сабақ беруіне кең жол ашатын. Институт қабырғасында жүріп-ақ олар сабақ берудің тəсілін жетік меңгеретін. Мектепке барғанда оқушылармен тіл табысып кететін. Қазір мұғалім болуға ұмтылмаудың бір себебі, осы тəжірибені үзіп алғанымыздан ба деймін. Теория мен тəжірибені талапкердің бо йына тең дəрежеде сіңіріп отырсақ, жақсы мұғалім дайындар едік. Бұл бір жағы десек, екінші, жас мұғалімдердің еңбек өтіліне тө лей тін ақының аздығы олардың ынтасын төмендетуде.

– Ұзақ жыл факультет деканы болып, ка-федра меңгерген екенсіз. Сол қызметтен өз еркіңізбен бас тартыпсыз...

– Сұрақтың басталуынан-ақ астарын түсі-ніп отырмын. Алда да айттым, біз алдыңғы толқынның үлгісін көрдік. Олардың мейіріміне бөлендік. Енді сол қасиетті кейінгінің бойы-на дарытып, санасына ұялатуымыз керек қой. Сондықтан мен кафедраны ізбасарларыма тап-сырдым. Оларға орын бермей, қосарлануды артық көрдім. Дəріс оқып жүруді жөн сана-дым. Сонда ғана сыйлы болатыныма көзім

жетті. Үлкен үлкендігін танытпаса, кейінгі жас біздерге жалтақтап жүріп, кемелдікке жете қоюы екіталай ғой. Амал нешік, жасы 75-тен асса да кейбір профессорларымыз өз еркімен жастарға орын бергісі келмей қарсылық білдіріп, атағын пайдаланатыны бар. Менің ойымша бұл, əсіресе, педагогикалық жоғары оқу орындары оқытушылары үшін келіспейтін істей көрінеді. Жоғары оқу орындарының біразы бұл мəселені ресми түрде шешкенінен хабардармын. 65-тен кейін кафедраның доценті, профессоры бол-са жетіп жатыр емес пе? Қазақтың құдайдан тілейтіні «əдемі қартаю» ғой. Дəстүрлі сабақ берудің күні өтіп барады. Сарғайған қағаздағы дəрістің орнын инновациялық теория тəсілі басып келеді. Ендеше, бəрін ақыл-парасатқа жеңдіруден артық не бар?

– Жоғары мектеп табалдырығын жаңа ат-таған талапкерлердің атына кейде білімдері таяз деген сын айтылып қалады. Осы туралы бай ламыңыз қандай?

– Шынын айту керек, мен 1967 жылдың түлегімін. Біз 10 жəне 11-сынып оқушылары мектепті қатар бітірдік. Оқуға «сүйреген» ешкім болмады. Бірақ өз қалауымызбен жоғары оқу орнына баруды ұйғардық. Ал оқуды орта бағамен аяқтағандар кəсіптік білім алуға ат-танды. Біраз замандастарымыз ауылда қалып еңбекке араласты. Бұл үрдіс кеңестік дəуірдің озық технологиясы дер едім. 1985-2000 жыл-дары жоғары оқу орындарына талпынған түлектердің білім деңгейі жоғары болды. Сөзім жалаң болмас үшін мысалға жүгінейін. Əлі есімде, медицина институтына келген абиту-риенттерден емтихан алғаным бар. Бір орынға 5-6 алтын медаль алғандар келіп жатты. Одан кейінгі кезеңде білім сапасының төмендеуі байқалды. Бұл ақылы жəне жоғары оқу орнына түсу кезіндегі тесттік сынақ енгізуден басталды деген өз болжамымды айтқым келеді. Өйткені кез келген оқу орнына түсуге шек қойылмады. Ақ шасы болса, ақылы оқу орны есігін ашып, төріне оздыра беретін болды. Оның үстіне оқу орындарының несиелік оқыту технологиясына көшуі отқа май құйғандай болды. Ондағы тесттік жүйе оқытушының шəкірт білімін бағалауға қолы жетпей қалғанын ашық айтуға тиістімін. Сөйтіп, жоғары оқу орындарының ұстаздары қауқарсыздық күйін кешті. Тіпті, оқытушының рөлін оператор-бағалаушы атқаратын болды. Осылайша, білім сапасы төмендеп, сұранысқа лайық емес кадрлар легі көбейіп кетті. Диплом алушыларды жұмыспен қамту екінші орынға ысырылды. Бір мамандық иесі жұмыс таппаған соң, екінші мамандық алуға əрекеттеніп жатты. Сөйтіп, орта мектеп, басқа да салалар, жоғары оқу орны болсын, білікті кадрлардың орнын XXI ғасырдағы ақылы əрі тесттік жүйемен білім алған мамандар басты. Əрине, көпке топырақ шашуға болмайды. Талапты, дарынды жастар ауыл мен қалада жеткілікті. Өкініштісі, біз оларды бетпе-бет келіп бағалай алмадық. Сенімге техника ие болды. Сөйтіп, атүсті əзірленген мамандардың білім-білігі жұрттың көңілінен шықпады. Оған бұл арада дəйек келтіріп жатпасақ та елге мəлім жай деп ойлаймын. Кейбір жоғары оқу орнының өз білгенінше кадр дайындау жұмысы бұл күндері мəселеге айнала бастағанын көріп отырмыз. Бұл жастарға да, қалтасын қағып, ұрпағы үшін оқу ақысын төлеген ата-аналарға да оңай тимегені белгілі. Осы тұрғыдан келгенде, кадр дайындау халықтық іс екенін естен шығармасақ деймін. Сонда мықты маман əзірлеуді жүзеге асырар едік.

– Соңғы жылдары орта мектеп оқулық-тарына, əсіресе, балама оқулықтарға алуан түр лі пікірлер айтылып жүр. Сіз де оқулық авторларының бірісіз. Бұл жөніндегі ой байламдарыңызды білсек деп едік.

– Бір атап өтерлігі – биылдан бастап мек-тептерден баламалы оқулық алынып тасталды. Тек базалық оқулықтар ғана оқытылатын бол-ды. Бұл құптарлық іс екені сөзсіз. Отанымызда 1993 жылы Қазақ елінің жаңа буын оқулықтары қолданысқа енді. Олар алғаш рет ана тілінде жазылып, одан соң барып басқа тілдерге ауда-рылды. Яғни, оқулықтың мазмұны, мəні мен сапасы Қазақстанның тарихы мен табиғатына, салт-дəстүріне негізделді. Осы қалыптасып келе

жатқан дəстүр кейін өзгеріске ұшырап, 2003-2004 жылдардан бастап баламалы оқулық пай-да болды. Бұлар есе бермей көбейді. Авторлар мен баспалар арасында бəсекелестік басталды да кетті. Бір пəнге арналған 3 оқулық қатарымен білім ошақтарына жіберілді. Соның салдары-нан сан түрлі көзқарас, сан түрлі «əдіскерлер» бой көрсетіп, бармақ басты, көз қыстыға жол берілді. Кез келген баспа оқулық шығарумен ай-налысып, сападан гөрі табыс табуға ден қойды. Мұндай орынсыз бəсекеде сапа артпайды. Сан қуушылық орын алады. Негізінде бір пəнге ар-налып бір оқулық шығуы керек. Сонда ғана стандартқа сай оқулық оқушы қолына тиіп, білім сапасы талапқа сай болады. Ұрпақ шатаспайды.

Иə, мен де оқулық жазып жүрген авторлар-дың бірімін. Академик Ə.Бейсенованың ұйым-дастыруымен 1993 жылы «Қазақстанның көп сатылы оқу жүйелерінде экологиялық білім мен тəрбие беру тұжырымдамасын» жасадық. 4-5 сыныптарға арналған экологиялық бағдарлама түздік. Соның нəтижесінде 3 оқу кешені мен 9-сыныпқа арналған «Экология» оқулығын жарыққа шығардық (авторлары Ə.Бейсенова, Ж.Шілдебаев). Бұл қазір қолданыста. Ендігі мəселе, экологиялық білім мен тəрбие беруді 1-сыныптан бастауды ұсынып отырмыз. Көрші Ресей мемлекеті экологияны мектепте пəн ретінде оқытуды 2006 жылдан бастап кеткенін еске сала кетейін.

– Білім жүйесіндегі «үш тұғырлы» тілге қатысты, əралуан қоғамдық пікірлерге уə-жі ңіз қандай?

– Күрмеуі көп, күрделі сұрақ қойып отырсыз. Мен кемел келешекті болжаған Елбасының идея-сын қолдаймын. Министрліктің бағытына да түсіністікпен қараймын. Уақыт талабына қарай, білім мен ғылым кеңістігі де осыны қажетсініп отыр. Əсіресе, ағылшын тілін жастардың мең ге руі міндетті дер едім. Тек мемлекеттік мəр тебеге ие қазақ тілін білуді барлық ме-кемелерде алға оздырсақ ұтылмаймыз. Бұл арқылы ана тіліміздің мойнымыздағы қарызы мен парызын адал атқарар едік. Дегенмен, тіл үйренуде асығыстыққа ұрынбағанымыз жөн сияқты. Жа сыратын несі бар, шалғайда жатқан ауыл, үлкенді-кішілі елді мекендердегі мектептердің бұған төрт құбыласы дайын деп айта аламыз ба? Мамандар, оқыту техноло-гиясы мен техника жағы жеткілікті ме? Осы сұрақтар мені ғана емес, білім саласында жүрген мектеп мұғалімдерінен бастап, академикке дейінгі аралықтағы азаматтарды мазалап отыр. Сондықтан тəуелсіз елдің ертеңін еңселі етуді мақсат еткен озық идеяны жан-жақты ойласты-ра келіп, ғылыми негізін қалап, соны тəжірибеде тиянақтасақ, жас ұрпақтың өркениет көшінен қалмасы анық. Жапония, Корея, тағы басқа ел-дер 1-4 сыныпты өз ана тілінде оқиды екен. Ана сүті, ана тілі қашанда қасиетті ғой.

– Қазақстанда жас ғалымдардың ғылым мен білімге деген көзқарасы, құштарлығы қан дай деңгейде? Олардың əлемдік ғылым мен білім кеңістігіндегі орны жəне болашағы туралы не айтасыз?

– Ойға қалдыратын сұрақ екен. Мен ғылымға деген көзқарасымды өз басымнан өткен тəжірибе негізінде жауап беріп көрейін. Кандидаттық дис-сертация қорғар алдында Зоология ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасына түстім. Үш жыл бойы материал жинадым. Экспедицияда болдым. Мəскеу, Санкт-Петербург, Киев, Баку қалаларының ғылыми-зерттеу институттарында ізденістерімді жасадым. Теорияда дəйектелген зерттеулерімді тəжірибеде көрсеттім. Сөйтіп, 1985 жылы кандидаттық диссертация қорғадым. Ғылымның инемен құдық қазғандай екенін сон-да ғана білдім. 15 жыл бойы жинаған материал-дарымды жоғары оқу орнына келіп, білім беру-мен ұштастырдым. Яғни, ғылымның жетістігін білімге айналдыру арқылы өз мақсатыма жеткендей болдым. Жоғары оқу орындары-на арналған «Экология жəне табиғатты тиімді пайдалану», «Экология негіздері», «Экология», «Қазақстанның ерекше қорғалатын аумақтары жəне биоалуантүрлілік», «Экология жəне тұрақты даму» оқулықтарын жаздым. Мектеп оқушылары үшін «Экология» (9-сынып),

«Биология» (9, 11 сыныптар), «Қызықты эколо-гия», т.б. еңбектер ұсындым. Бұл кітаптар қазір талапкерлердің, ұстаздардың қолында. Аталған еңбектер мен 2006 жылы шыққан «Оқушыларға экологиялық білім мен тəрбие берудің тео-риясы мен əдістемесі» тəрізді зерттеулеріме Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары оқу орындарының мұғалімдері үшін тағайындаған «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантын 2 мəрте алдым. Енді сұраққа тікелей жауап беретін бол-сам, ақиқатында ғылымның беделінің түсе бас-тауы соңғы 10-15 жылда қатты байқалды. Оның басты себебі, ғылымға қатысы жоқ адамдардың ғылыми атақ алуға ұмтылуынан болды ма деймін. Бір күн лабораторияда отырмаған, үш күн студентке дəріс бермеген азаматтар ғылым кандидаты, докторы болып жатты. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы, өндіріс, саяси жəне əкімшілік қызметтегі тұлғалар да болды. Əрине, ғылым мен білімге жаңалығымен келіп жатқандар табылса, кім қарысып қарсы шықсын. Көп жағдайда олай бола қоймады. Диссертация қорғау күлкілі жағдайға дейін барды. Тіпті, көшіріп алуға, біреуге жаздыруға, плагиатқа, өзге де айтуға ұят мəселелерге жол берілді. Қорғалған диссертациялардың құнсыз болғаны сонша, бірден архивтерге жіберілгеніне куəміз. Ғылымдағы осындай олқылықтар Елбасының назарына дер кезінде ілініп, ақыры диссер-тация қорғаудың кеңестік жолы 2006 жылы біржола тоқтатылды. Есесіне несиелік жүйеге негізделген магистрлер мен PhD философия докторын əзірлеу жүзеге аса бастады.

Шынын айту керек, бұл жүйе шетелде білім алып, қорғағандарға өте қолайлы болды. Ал біздің ғылым мен білім жүйесі үшін екі-үш жылда диссертация қорғау бəрі бірдей сапалы дей алмасақ керек. Оның себебі, диссертанттың шет тілін жетік білмеуі, сол сияқты талап етілетін мақаланы шет тілінде, шетелде жа-риялау қымбатқа (500-1000 евроға дейін) түсіп, талапкерлердің жағдайын қиындатып, ғылымға деген олардың селқостығын туғызды. Аз стипендия, өзге де əлеуметтік жағдайлар да кері əсерін тигізбей қоймады. Оның үстіне ғылыми-зерттеу институттарының жабылуы, мардымсыз еңбекақы жастардың ғылымға де-ген қызығушылығын жоғалтты. Мəселен, 1972-1985 жылдары мен қызмет істеген Зоология институтында 200-300 қызметкерден қазіргі қалғаны 40-50 адам ғана. Бұл факт ғылымға деген көзқарастың қандай екенін көрсетіп тұр емес пе?! Енді қараңыз, кеңестік кезде қорғаған ғылым кандидаттары мен ғылым докторлары жыл сайын азайып келеді. Оның орнын қай салада болсын магистрлер мен PhD доктор-лары баса бастады. Ал осы күнгі PhD фило-софия докторы мен бұрынғы ғылым кандида-тын бір деңгейге қоя алмайтынымыз белгілі. Сонда болашақ ғылым мен білімнің тағдыры не болмақ? Сондықтан Елбасының осы салаларға қамқорлығын жақсы пайдалансақ, білім сапасы артып, ғылыми-зерттеулер жүйелі дамып, жас-тар ғылымға бет бұра бастар еді.

Өткен дəуірде ғалым болсам деген ұрпақ көп болатын. Менің ұстаздарым да, замандастарым да, кейінгі біраз ізбасарларымыз да ғылымға келуді өздеріне абырой санады. Өмірдің кез келген са-ласы ғылым арқылы дамитынын жете түсінді. Дүниені түлететін де, түрлендіретін де ғылым мен білім екенін қазіргі жастар да жақсы біледі. Өйткені, олар əлемдік техника мен технологиядан молынан хабардар екеніне менің иманым кəміл.

Сөз соңында кейбір пікірлерімді ортаға сала кетсем деймін. Оның біріншісі, ақылы білім алу жүйесін сəл де болса шектеп, мемлекеттік сұранысқа қарай ұйымдастыру керек. Өйткені, бұрынғыдай бір мамандықпен 30-40 жыл қызмет етудің күні өтіп барады. Дəуірдің да-муы кей тұста алған мамандығың бойынша 4-5 жыл ғана қызмет істеуге жарап, одан кейін жаңарту, жетілдіру қажеттігі туындап отыр. Ендеше, алдағы уақытта кадр дайындау ісіне сергек қарасақ, ұтылмаймыз. Екінші, мектеп-ке сапалы мұғалімдер дайындау үшін жоғары оқу орындарының білім жүйесін ізгілендіру, инновациялау, тек талантты да ынталы жастар-ды қабылдауды жүзеге асырсақ жөн болар еді. Үшінші, мектеп мұғалімдерінің еңбекақысын арттырып, қаражат тапшылығынан құтқарсақ, сапалы білім қанат жаяры анық. Ал жас ғалым-дарды ғылымға тартуда қаржыландыратын ғылыми жобаларды көбейту, арнайы гранттар бөлу оған ізденушілердің толық қолжетімділігін жіті ойластырсақ, толқын-толқын ұрпақ ғылым мен білімге бет бұрары айдай анық.

– Əңгімеңізге рахмет.

Əңгімелескен Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

МӘСЕЛЕНІҢ МӘСЕЛЕСІхалықтық істің бірі кадр дайындау болып табылады

ХХІ ғасырдағы елдік істе өзгеге есеңді жібермейтін, есіктен кірсең төрге оздыратын, қарымыңды та-нытып, талантыңды тəнті ететін – терең білім, зеректерге қанат болған ғылым. Бұл екеуінсіз қадамың ұзармайды, мақсатың мандымайды, өрісті ойың орын-далмайды. Содан да шығар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тəуелсіздік алған күннен бастап осы екі салаға жете мəн беріп, қаржымен қамтамасыз етіп келе жатқаны. Сол қамқорлықты кей-де өз дəрежесінде пайдалана алмай қалып жататын тұстарымыз да баршылық. Өмір дамуы осындай сан салалы сұрақтарды тарау-та-рау етіп алға тартып отырған тұста, білім мен ғылымға бүкіл саналы ғұмырын арнаған оқымыстылармен ой бөлісуді жалғастырып келеміз. Бұл жолғы пікірлесіміз – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жұмəділ ШІЛДЕБАЕВ.

Page 7: Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», ... болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі

728 ҚЫРКҮЙЕК2016 ЖЫЛ

ЗЕРДЕ

1969 жылдың көктемінде болуы керек, Омар көкем Сарыағаш санаторийінде Бауыржан Момышұлымен кездесіп, бір дастарқаннан дəм татқанын əңгімелеп оты ратын. Сол кісі шерт-кен əңгімені қаз-қалпында баяндай отырып, бір суреттің сырын айтпақпын.

– Бауыржан батыр – аңыз адам ғой. Мінезі тік дегенді ел арасында көп естігенмін, – деп бастайтын əңгімесін көкем. – «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас» жəне А.Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабын оқи отырып та біраз жайға қаныққанмын. Бірақ жүзбе-жүз кездесем деген кімнің ойында бар. Осы сана-торийде Момышұлы демалып жатыр дегенді естіген соң, іздеп барып сəлемдесуді жөн көрдім. Өзімді-өзім қамшылап алып, батыр жатқан бөлменің есігін қақтым. Іштен «да» деген дауыс естілді.

– Ассалаумағалейкум, батыр!Ойлана төмен қарап отырған Баукең өткір

көзін маған қадады да:– Аманбысың! – деді.– Бауке, сізді осында дегенді естіп, сəлем-

дескелі келіп едім, – дедім сасқанымды білдірмей.

– Оның жөн болған екен, – деді де, көзін бос тұрған орындыққа қадады. «Отыр», – дегені шығар деп қипақтап барып, сол орындыққа жайғастым.

– Денсаулығыңыз қалай?– Онша емес! – деді жұлып алғандай: –

Барлық қарудың түрімен мені нысанаға алып атқылап жатқан сияқты. Түсіндің бе?

Даусы өктемірек шықты. Менде үн жоқ. Не дерімді білмедім. Ыңғайсызданып-ақ отыр-мын. Кетіп қалудың есебін тағы таппадым. Үнсіздікті батырдың өзі бұзды.

– Қай жақтың қазағысың?– Қызылордадағы Арал өңіріненмін.– Е-е, балықшы екенсің ғой.– Иə, балықшымын.

– Дұрыс, – деп, мүштегін алып теме кі тұтатып, будақтатып тарта бастады.

– Елің аман ба? – деді бір кезде.Мен де өзімді сабырға шақырып:– Аманбыз, батыр, – дедім.Баукеңнің жүзі жылыған сияқты. Жайла нып

еркіндеу отыра бастадым.– Ныспың кім? – деп сұрады.– Омар, əкемнің аты – Жүгініс. Ел тыныш,

жұрт аман, Бауке. Осында келгеніме оншақты күн болды. Демалып, ем алып жатқан жа-йым бар. Сіздің жəне сіз туралы жазылған кітаптарды түгелге жуық оқып шықтым. Өте жақсы екен.

– Солай ма? – деді батыр жайбарақаттау, – Несі ұнады?

Айта жөнелдім. Байқаймын тыңдап отырған сияқты, сөзімді бөлген жоқ. Түсі жы лып, тіпті күлімсірегендей де болды. Кейде басын изеп қалып та отырды. Бір кезде:

– Жақсы екен, – деді.Мен түсінбей қалдым. Кітап па жақсы, əлде

менің əңгімем бе? Батыр соны ұққандай: – Түсініпсің. Сосын жақсы əңгімелей біледі

екенсің, – деді. Қуанып қалдым.– Бауке, қай жылы туғансыз? – дедім

əңгіме болсын деген оймен.–10-шы жылы, – деді жай ғана.Бойым үйренейін деді ме:– Е, батыр, менің сізден екі жас үлкендігім

бар екен. 8-ші жылғымын, – дедім.Баукеңнің мұрты жыбыр ете қалды. «Қап,

бекер-ақ айттым. Бүлдірдім-ау!» – деп ойла-дым. Ойым дұрысқа шықты. Маған шаншыла қарап:

– Мен пəлен жыл армия қатарында болдым. Соғыста пəлен рет қоршауда қалдым. Түген рет жауға қарсы атакаға шықтым, пəлен рет жарақат алдым. Соның бəрін қосқанда сенен пəлен жас үлкенмін. Понятно! – деді зілденіп. Тіктелгенде бет шыдатпайды екен.

– Түсіндім, Бауке, мен қателесіппін, – дедім ығына жығылып.

Түсі сəл жылып:– Түсінсең шайға кел. (Стол үстінде тұрған

шəйнекке қол созды.) Шай ішейік, – деді. Сəл үнсіздіктен соң:

– Соғыста болдың ба? – деді.– Иə, қатысып, жарақаттанып қайттым.

Аманжол бабамның ұрпағынан үш адам барғанбыз. Үлкені – мен, екі інім – Ықылас пен Ахмет қаза тапты, – дедім.

Батыр м-м-м деп ыңыранғандай болды. Бір жері ауырды ма, əлде сұрапыл соғыстағы өрімдей жастардың қазасы жанына батты ма, үнсіз темекісін будақтата түсті. Сосын тағы оқыған кітаптарым туралы сұрады. Біраз əңгімелескен соң, мен өз бөлмеме баруға жи-налдым.

– Рахмет! – деді батыр, – Сау бол!Күндер өтіп жатты. Баукеңмен өткендегі-

ден кейін кездесудің де, сөйлесудің де ретін таппадым. Елге қайтатын уақыт та жақындады. Қасымдағы демалушылармен бірге Момышұлымен қалай суретке түссек екен деген ой мазалайды. Батырдың мінезі белгілі. «Суретке түсейік», деуге ешкімнің батылы бармайды. «Омеке, сен бір жөнін тап», – дейді қасымдағылар мені қолқалап. Сонымен не керек, асханадан келе жатып, ба-тыр Бауыржанмен тағы жүздестім. Бірақ бұл жолғы кездесуім ұзақ болмады.

– Бауке, – дедім сəлемнен соң, – бір-екі күнде ауылға қайтамын. Елге барған соң сіздей адаммен кездестім, əңгімелестім, бір дастарқаннан дəм таттым десем елді сендіре аламын ба? Рұқсат болса сізбен ескерткіш ретінде суретке түссем деп едім. Балаларыма да үлкен сыйлық болар еді...

Үндеген жоқ, бұрылды да кете берді. «Ұнатпады-ау,» – деп ойладым.

Келесі күні ертең қайтамыз ғой деп бір -неше күн бірге болған азаматтармен тал саясындағы орындықта əңгімелесіп отыр-ғанбыз. «Бауыржан келе жатыр», – деген сөздер естілді. Қарасам шынымен Момышұлы тура біз отырған жерге қарай беттеп келеді екен. Үстінде ақ көйлек, қара костюм-шал-бар, үлкен бір жиынға баратындай киініпті. Жақындап келіп: «Əй, Омар, жүр сурет-ке түсейік», – деді де, кейін бұрылып жүре бер ді. Аң-таң болған біз соңынан ердік. Суретке түсуіміз де қызық болды. Баукең орындыққа жайғаса беріп: «Омар, қасыма отыр», – деді. Отырдым. Бірақ менен екі-үш жас үлкендігі бар бір етжеңді кісі болып еді. Маған: «Кішкене жылжы», – деді де батыр екеуміздің ортамызға сығылысып отыра кетті. Батыр жақтырмады білем, тұрып кетпек болып жатқанда, суретші түсіріп үлгеріпті. Орнынан тез тұрып жүре берген Баукең кілт тоқтады, сосын маған қарап: «Еліңе сəлем айт», – деді де кете берді.

Сол сурет үйде əлі сақтаулы.

Перуза ЖҮГІНІСОВА,мұғалима

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,Ақай ауылы

Берік ЖҮСІПОВ,фольклортанушы

Бақсының табанының табы тиген жер от орнындай айтақыр болып, сықырлаған сары аязда буы бұрқырап кеуіп, қара жердің тоңы жібіп, ағараңдап жатыпты. Ерсілі-қарсылы жүріп жатқан базаршылар қобызға қосылып, азалы сарын айтқан бақсыға жақындап, тиын-тебендерін тастауға да именетін сияқты. Оның бал ашып, құмалақ салатын көріпкелдігі, зікір айтып, адам қарайтын емшілігі бар екенін жақсы білетін солардың көбі ретін тапса жақындамай-ақ, тек сырт-тай бақылап, айналып өткенді мақұл көретін. Ал бақсының күнделікті əдеті де, кəсібі де – осы. Бір мезгіл базарға келіп қобызын сарнатады, реті келсе зікір салып, науқас қарайды, құмалақ шашып жоқ іздейді.

Бұл – Қорқыт күйлерінің соңғы буын орын-даушыларының бірі, Адасқан, Есақай бақсылардың соңғы тұяқ шəкірті, бір жасында шешекпен ауы-рып көзден қалғандықтан халық арасында «Нышан əз» деген лақап атпен белгілі болған, əйгілі бақсы Смайыл Шəменұлы болатын. Тап сол кез аруақ қонған бақсының дүнияның дидарында отыз үш жас жасап, қылыштай қылшылдап тұрған шағы еді.

Бақсылық өнерді барлай зерттеген В.Н.Басилов «Избранники духов» атты еңбегінде: «Зікір кезінде бақсы суықтың не екенін сезбейді. Эвенкі бақсылары қатты аязда жартылай жалаңаш ұзақ мерзім дала-да жүретін. Суыққа төзімділік нганас бақсыларына да тəн», – деп жазады. Күні бүгінге дейін ұмытылмай, халықтың жадында жаңғырып, сақталып келе жатқан «Нышан Əз» туралы əлгі əңгіменің ұлы нобайы əлем халықтары арасындағы бақсылықты тұтынған елдердің біразында ортақ желі ретінде сақталған. Əсіресе, эскимос, оңтүстік ханты, нганас, чукот, кет, алтай, манчжур, юкагир, селькуп, нивх, саха, бурят, шор сияқты тундра мен Сібір халықтарының, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, түрікмен сияқты қоңсы елдердің бірталайында бақсы Тəңір текті тұлға ретінде қатты қадірленген. Дегенмен, бұл халықтар арасындағы бақсы «қызметі» біркелкі емес. Бақсылық киеде кездесетін түрлі қасиеттерге олардың əрқайсысы өзінше басымдық беретіндіктері байқалады.

Бақсы қызметінің ауқымы мен түрін атап шығу үшін ғана көлдей мəселе көтеруге тура келеді. Сібір халықтарының сенімінде бақсы-шаман - түрлі дəрежедегі тау-тас, өзен-көл, орман-су рухтарын бітімге шақырып, адамдардың тұрмыс-тіршілігіндегі мəселелерді оң шешуге ықпал жасаған Тəңір мен табиғат арасындағы дəнекер тұлға. Сібір халықтары арасында дамыған балықшылық-аңшылық үрдіске қатысты барша сəттілік пен сəтсіздіктер бақсының араласуынсыз шешілмеген. Эскимостар арасындағы бақсы қызметінің бастысы аңшылықтың сəтті өтуін ұйымдастыру болса, нганастарда да осы тектес істің барысында бақсы жүрген. Олар табиғи күштерге тікелей əсер етіп отырады деп ұғынылғандықтан, чукот бақсысы «қарлы борандарды тоқтатқан». Ал хантылар мен мансылар бақсы туралы қолайсыз сөз айтудың өзін күпірлік деп санаған. Кет халқының бақсылары ру аралық дау-шарларды шешуде өрелі қызмет атқарғандықтан, оларды ата дəстүрін сақтаушы жəне оны келер ұрпаққа жеткізушілер ретінде ерекше бағалаған. Кет бақсылары жаңа туған сəбиге ат қойып, оның болашақ тағдырын болжап, үйленіп, тұрмыс құру рəсімдеріне араласқан. Ненец бақсылары дəрілік шөптердің сырын білумен ерек-шеленген.

Н.В.Басилов сөзінің асыл дерегі бақсылық қуаттың бір белгісі ретінде табиғаттың қаһарлы суығына төзімділігін айғақ етеді. Эвенкі жəне нганас бақсысы мен Сыр бойында ғұмыр кешіп, 1979 жылға дейін көзі тірі келген соңғы бақсының бірі – Нышан əздің арасында үлкен ұқсастық бар. Смайылдың қыстың көзі қыраулы сарышұнақ аязда жалаң аяқ қар кешіп отырып, қобыз тартқанын көзімен көрген жан-дарды Сыр топырағынан сирек те болса кезіктіруге болады. Бір ғажабы, бақсылық – ұлт таңдамайтын, руға бөлінбейтін қасиет. Шаманизм, яғни Тəңірілік сенім дін емес, одан əлде-қайда күрделірек ұғым – табиғат туралы тылсым ілімдердің жиынтығы. Əлем халықтарында жасаған бақсы текті тұлғаларға қатысты ортақ типтік белгілердің шамадан тыс көп болатындығы да сондықтан. Өйткені, адамзат баласының табиғат атты ортақ үйінің иесі мен киесі, табиғат пен адам арасындағы дəнекер тұлға осы бақсы болатын.

Бақсылық сияқты құдіретті тылсымның шегіне жетіп, көңіл көздерін сендіре алмаған Еуропа мен орыс зерттеушілеріне бақсы шынымен де осындай жабайы бейнеде көрінуі əбден мүмкін. Басқаны былай қойғанда бақсыдан əуелі біздің қазақ та

зəре-құты қалмай қорыққан жоқ па. Абай данышпан көкірегі қарс айырылып: «Моласындай бақсының, жалғыз қалдым, тап шыным» дегенде, бақсыны өлгеннен кейін де жалпы қорымға қоспайтындығын айтқан. Содан соң емес пе «бақсыға барсаң бақтыр дейді» деп, біздің жұрттың əңгіменің адымын аш-тырмай қысқа қайыратындықтары. Алғашында бақсының негізгі қызметінің бірі ауру «бағу» болғандықтан, оның «бақтыр» деуі санаға сыйымсыз емес. Фольклортанушы ғалым Едіге Тұрсыновтың дəлелдегеніндей, ілкі қызметіне қатысты қолданылған «бақ» жəне «бағу» сөзі кейін оның атына айналғаны да шындық ауылынан алыс емес. Өзі табиғатында жүйке ауруына шалдыққан «науқас адам» басы ауы-рып, балтыры сыздаған қоғамдастарын емдей алушы ма еді? Əрине, жоқ! Ендеше, бақсының «ауруы» сіз бенен біз ойлағандай кəдуілгі пенделік ауру емес, тылсым дүниелердің шегіндегі жындар мен əруақтар араласқан қан майданның қақ ортасындағы арпалысқа қатысты ерекше дерт.

Нышан əздің сəуегейлігі мен емшілігіне, əсіресе, 1941 жылы қазақ даласын қан қақсатқан Ұлы Отан соғысы жылдарында Сыр өңірі жұртшылығы ерек-ше илана түсіпті. Бір шаңырақтан үдере көтеріліп майдан даласына аттанған əкесі мен баласының бірі туралы амандық, екіншісі хақында жамандық хабар айту ешқандай пенденің қолынан келмеген ерлік. Ол кезде құзғындай қаптаған қара қағаздың өзі қаншама еді? Ал бақсы болса осы күндердің бірінде де өзінің табиғатындағы турашыл мінезінен бір танбапты. Оның болжағаны божырамай, айтқаны айдан анық келіп отырған. Содан да болар, жалған сөйлеуді білмейтін ерекше қасиетті жанды жаралы отбасылар да жазғырмаған.

...1975 жылдың маусым айы еді. Академик Əлкей Марғұланның да шау тарта бастаған шағы. Елу жыл бұрын Ақмешітте, базардың ортасында жалғыз-ақ рет көрген əлгі бақсыны Əлекең Қазақ радиосының сол кездегі Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Ахат Жанаев арқылы ақыры таптыртып ала-ды. Бірақ бұл кезде Нышан бақсының қолына қобыз ұстамағанына жиырма бес жылдай уақыт өткен, күй тартуды мүлдем қойған кезі болатын. Содан өнер зерттеушісі Мұсабек Жарқынбеков қоймай жүріп, шеберлерге қобыз шаптырып, əкеліп береді. Сыр өңірінің эпикалық жыршылық үрдісін зерттеп жүрген Алма Құнанбаева сияқты өнертанушының өткізе айтқан өтініш сөзін аяқасты қалдырмай, 83 жастағы қарт бақсы жас кезінде мұраланған Қорқыт күйлерінің сұлбасын тартып, бірнеше бақсы сарында-рына қоса 9 күйдің нобайын ғана таспаға жаздыртуға шамасы əрең жетеді. Бақсының қолы қобыздан да, күйден де шығып кеткен екен. Ал 50-ші жылдары Алматыға арнайы тексерту үшін алып келіп, бақсы қобызын олай қарап, былай тексеріп, ақыры өзгеше ештеңе таба алмаған сол кездегі Ұлттық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Нышан əздің қара қобызын театрға өткізіп жібереді.

Мен осы уақиғаны қобыз күйлерінің қазіргі таңдағы шебер орындаушысы, Ықыластың жұрағаты Саян Ақмолдаға айтып бергенімде, ол біршама уақыт тіл қатпастан, самсоз күйде сұрланып отырып қалды. Содан соң: «Мен ол қобызды міндетті түрде таба-мын», деген. Кейін барып естідім. Саян шынында да Нышан бақсының қобызын індетіп іздеп жүріп, ақыры тауыпты. Бірақ зəре-құтын алған қорқынышынан соң бақсы қобызын алған жеріне қайта апарып тапсырып, қашып құтылғандай болыпты. Сөйтсек, мəселе былай болған екен.

Қобызшы Саян қолына түсірген бақсы қобызын аялап ұстап, кезекті концерттердің біріне алып шығу мақсатында жақсылап шегін тағып қояды да, қалпына келгесін тартармын деп жатып қалады. Азанда ұйқыдан тұрса түндегі қобызға таққан шек өзінен-өзі үзіліп тұрғанын көреді. Өз көзіне сенбеген ол əлгі қобызға үш күн қатарынан шек тағумен əуре-сарсаңға түседі. Үш күнде де түнде тағылған шек таң алдында өзінен-өзі үзіліп шығады. Мұнда бір түсініксіз тылсымның ба-рына көзі жеткен Саян бақсы қобызымен байланысты мына түсініксіздіктен секем алып, мамандардан ақыл-кеңес сұрайды. Бақсы қобызының мұндай қасиетін білетін кісілердің бəрі де қобызды дереу алған жеріне қайта апарып тапсыруды бұйырады. Саян əлгілердің айтқандарын сол күні мүлтіксіз орындаған.

Алматыдағы М.О.Əуезов атындағы академиялық драма театрында қойылымдар арасындағы көріністерде сахнадағы артистер жал-құйрығы күзелген құр аттай шегі мен тиегінен айырылған сылдырмақты, үлкен қара қобызды қолдарына ұстап шығады. Шек тақтырмайтын тарпаңдығы болмаса, əйгілі Нышан бақсының қара қобызы – осы!

АЛМАТЫ

Əкемнің төсқалтасынан тастамай-тын был ғары күмəжнігінде төрт бүктелген, жылтыр ақ қағазға

моңғол тілінде алтын əріптермен жазылған бір құжат сақтаулы жүретін еді. Мұның не екендігін сұрағанда ол кісі: «Бұл «Алтын куəлік», – дейтін. – Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағына көмек көрсеткен адамдарға Үкіметтің берген құжаты. «Егер бастарыңа іс түсіп, қиыншылық көрсеңдер осы куəлікті көрсетіп, көмек алуға болады», – деген екен билік адамдары.

Əкеміз қайтыс болғалы 40 жылдан асса да шешеміз күмəжнікті де, куəлікті де сақтап, балаларына қалдырып кетті. Қағаз бүктелген жерінен қырқылып төртке бөлінген екен. Бір бөлігі көшіп-қонып жүргенде жоғалыпты. Құжат 1942 жылы берілген сияқты. Өйткені, сол кезде Моңғолияда не-міс-фашист басқыншыларымен соғысып жатқан кеңестік Қызыл армияға азық-түлік, жылы киім-кешек, ат-көлік жəне ақшамен көмектесу науқаны қызу жүріпті. Оған малы бар дəулетті, ауқатты адамдар көптеп тарты-лыпты. Əкеміз бай болмаса да елден қалыспай ақшалай көмек көрсеткен екен. Сол үшін Үкімет жоғарыдағы құжатты беріпті. Онда: «Баян-Өлгий аймағының Ойғыр сұмыны, 3-бағының азаматы Оңтүбек əкелі Қайсарға. Бұл куəлік Советтер елінің отанын, жал-пы халық, адамзаттың азаттығы, жырғаулы тұрмысы мен тəуелсіздігі үшін күресіп жатқан советтік Қызыл əскерге фашизмді жеңіп шығуына (мың сом сыйлап) көмектескені үшін осы куəлік берілді. Баян-Өлгий аймағындағы көмек комиссиясының бастығы Алматра, (жазу онша танылмады) мүшелері Блоха (орыс адамның фамилиясы болуы керек) делінген екен.

Мұрағатқа 1941-1945 жылдары Моңғолия

халқы кеңестік Қызыл армияға 53.5 млн сомдай ақша, 300 килоға жуық алтын, 6 рет 11 эшелон азық-түлік, жылы киім-кешек, 498 мыңдай ат, бие, 500 мың тонна ет, тоң маймен көмектескендігі туралы мəліметтер бар. Моңғол жұртшылығының көмегімен жасақталған, 53 танкіден тұратын «Хувьсгалт Монгол» танк колоннасы, 12 ұшақтан тұратын «Монгол ард» эскадрильясы Берлинге дейінгі шайқасқа қатысқаны мəлім. Осы кезеңде жеңісті жеделдетуге Моңғолиядағы азғантай қазақтар да шама-шарқынша көмектесіпті. Мəселен, Баян-Өлгийдегі қандастарымыз 780,5 мың сом ақша, 8348 ат, жылы киім, азық-түлікпен жəрдемдескен. Соның ішінде Ойғыр сұмынының халқы О.Ильяс 1киіз үй, 60 ат, О.Пұшатай 240 ат, Д.Қопатай 113 ат сыйға тартқан. Сол кездегі ахуалды бастан кешкендердің айтуына қарағанда ет, жүн,

тері,май салығы қатаң түрде жиналып, тапсы-рылып отырған. Əсіресе тоң май салығын орын-дау үшін соғымға сойылған еттің қыртысын сыдырып беріп əрең құтылатындарын айтып отыратын-ды. Халықтан осылай жиналған ақша, азық-түлік, киім-кешекті үкіметтік ар-найы комиссия, жауапты адамдар майданда шайқасып жатқан əскери бөлімдерге жеткізіп беріп, оларға материалдық жəне рухани жағынан көмектесіп отырған. Мəселен, 1943 жылы қарашада аймақ əкімінің орынбасары қызметіндегі М.Қашқынбай деген қандасымыз көмек жеткізу комиссиясының құрамында болған. Ол делегацияны маршал Х.Чойбалсан басқарып барған. Олар Калинин майданының шебіне «Баян-Өлгий» атты танк колоннасы мен азық-түлік, киім-кешек жеткізіп берген.

Қайсар ҚАЙЫПХАН

СУРЕТ СЫРЫ1925 жылдың қарт бурадай жараған қарлы қаңтар айының сарышұнақ аязды күндерінің бірі еді. Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Сыр-ана зиялы перзенттерін құшақ жая қарсы алып жатты. Ақмешіттегі ескі ханбазарының дің ортасында үстінде көнетоз күпісі бар, тобығынан қар кешкен жалаңаяқ біреу салпыншақ-сылдырмақты үлкен қара қобызын сарнатып, зарлы күй төгіп отыр. Мұны алғаш көргенде, Мұхтар мен Әлкейдің көздері тас төбелерiне шыққан. Содан соң «бақсы» деген бірі екіншісіне қарап...

САҚТАЛҒАН «АЛТЫН КУӘЛІК»

Баќсы ќобызыныѕ ќўпиясыСоғыс ардагерлері. Бүгінгі бейбіт күннің ұрпақтары олардың

ерлігін зерттеп, зерделеуде. Майданда болған жанның бірі – менің көкем Омар Жүгінісов еді. Өмірден көргені мен түйгені мол,

әңгімешіл, тыңдаушыны елітіп әкететін адам болатын. Балаларына түрлі қисса-дастандарды, роман-повестерді оқытып, өзі құмарта тыңдайтын. Адамдармен тіл табысқыш, кішіпейіл, ақжарқын адам болды.

73 жыл

Page 8: Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», ... болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі

8 28 ҚЫРКҮЙЕК2016 ЖЫЛ

ОЙТҰМАР

Мəскеу. Кїз. 1982 жыл. XX єасырАсылдарды іздеу аманат та, азап та. Тапсаң қуаныштан жүрегің жарылардай

болып қуанасың. Таба алмасаң шарқ ұрып іздегеннен өкпең өшеді.

Бірақ шегінуге жол жоқ. Сен бабаларыңның амана-тын іздеуден тыным таппайсың.

Сабылып іздеу рахаты болады.Талып табу рахаты болады.Есің кетіп тану рахаты болады.Мəңгілік табыну рахаты болады. Асыл рахатты бабаңның сөзімен табысқанда

анық ұғып, сол саналы сөздерді жүрегіңе жеткізгенде анық сезінесің.

Бұл – табысу рахаты. Сол рахат сезім өлгеніңше сенің жаныңда болады. Жүрегіңді тербейді. Бəлкім өмірден өтер сəтіңде сол сабылып із-деу, табу, тану, табыну, табысу рахатын есіңе алып, өзіңді бақытты сезінуің əбден мүмкін.

Сонда сенің езуіңе күлкі үйіріледі. Тамсанып тұрып, сəл ғана жымиясың. Одан бөлек қимылға қуаты қайтқан тəнде шама да болмайды. Бірақ сені тамсан-дырған рахат бойыңды қуалап кетіп бара жатады.

О, Құдірет!..Бірде Аварстанның арыстан ақыны Расул Ғамзатов

мені тауып əкелуге авардың үлкен ақыны, Олжас Сүлейменовтің асыл досы Магомед Алиевті жіберіпті.

Магомед Алиев аса терең ойлы, айтқан сөзінен қайтпайтын қайсар мінезді, нағыз ақын, нағыз азамат еді.

Магомед əуелі үйге телефон соқты.– Қыпшақ, үйдемісің, саумысың?! – деді.

Артынша менің сөзімді тоспастан, – Расул сені көргісі келеді, соны айтып еді, – деп тағы сөйледі.

– Қашан көргісі келеді?– Үлкен адамның сөзін сым темір арқылы жеткізу –

күнə. Үйіңе барып сенің дастарқан басыңда айтуым ке-рек, – деді Магомед. Біздің таулық салт солай, Қыпшақ.

– Болсын, кел, – дедім.Ол үйге ентелей еніп, мені өзімсіне құшақтады.

Қолындағы кенеп дорбадан бір бөтелке «Дағыстан» коньягын алып шықты.

– Басың ауырғанда таңертең үлкен екі қасық ішсең өте пайдалы. Кавказдың керемет шөптерінен жасалған.

– Жүзімнен де.– Жүзімнен гөрі коньяктың ішінде таудың

саулық шөбі көп.– Рахмет, Магомед.Мен үстелге «Қазақстан» коньягын қойдым. – Ең жақсы коньяк «Қазақстан» коньягы, бірақ

«Қазақстан» коньягын Мəскеуде емге таппайсың! – деді Магомед көзі жанып. – Қыпшақ, əуелі маған стаканға толтырып коньяк құй, соны аздап ұрттап ішіп отырайын. Коньякқа серілік жарасады. Қыпшақтарға кезінде қымыз жарасқан.

– Болсын, Магомед.– Қыпшақ, мен саған əуелі Расулдың қашанға

жəне неге шақырғанын айтайын.– Айт, Магомед.– Ертең кешкі беске «Москва» қонақ үйіне келсін

деді. Жүсіп Баласағұн деген Х ғасырдың хас ақынын біле ме екен, соны да сұра деді.

– Баласағұнды естігем. Бірақ толық танымай-мын.

– Қыпшақ, Баласағұн қазақ ақыны ма?..– Түрік халықтарына ортақ тұлға деп білемін.– Оны Олжастан сұрау керек. Ол бəрін біледі.

Əнуар дан сұрау керек. Ол да бəрін біледі. Сен əлі жас сың, Қыпшақ. Сенің көне жырауларды білмеуің мүмкін. Сен əдебиетке геологиядан келген адамсың ғой.

– Расул Ғамзатов біле ме екен?– Ол бəрін біледі. Ал қош сау тұр. Ертең

жүздесеміз, – деп үйге ентелей енген Магомед Алиев, үйден ентелей шығып бара жатты.

«Москва» ќонаќїйіРасул Ғамзатов ағамыз қашанда Мəскеудің тап

ортасындағы «Москва» қонақ үйіндегі люкс бөлмеде жатады. Оның қасында қашанда авар азаматтары жүреді. Расулдың қамын солар түзейді.

– Төрлет, Роллан інім, төрлет, – деді Расул ағам. – Жай ланып отыр. Ертең күн демалыс. Бүгін Москва-дағы авар ақындары дем аламыз. Сен де дем ал. Мен саған орысша қолжазба берем. Соны өзің оқы. Сонан соң Əнуар мен Олжасқа Алматыға салып жібер. Олар да оқысын. Өз ойларын айтсын. Келістік пе?!.

– Келістік.– Онда құяйық, Расул, – деді егделеу авар ақыны.– Құй! Жаратқан ием шарапты əуелі əдемі

ыдысқа, сонан соң өңешке асықпай құюға жаратқан, – деп Расул ағамыз еркін жымиды.

Авар ақындары желпінісіп қалды. Расул хрусталь рюмканы батпиған бармақтарымен қысып ұстады да сөз бастады:

– Мен бес түн бойы досым Наум Гребнев бір жыл аударған Жүсіп Баласағұнның 900 беттік поэмасын оқыдым. Жақсы тəржімалаған. Онан артық аудару мүмкін емес. Керемет шығарма! Х ғасыр еншісі. Ал тереңдік қандай! Кеңдік қандай! Адалдық қандай! Дүниедегі ең асыл адамдар ақындар! Ең күшті адам-дар да ақындар! Азғындаған адамды адамдыққа шақыратын да ақындар. Мен бұны Баласағұнды оқып болған соң ұқтым. Фирдоусиді оқыған соң да сондай ойға жығылғам. Ол ертеде, жас кезімде осы жердегі əдебиет институтын аяқтар кезімде болған. Есімнен танғанмын. Мына біздің ортаға Баласағұн енді ғана келді. Он ғасырдан соң кітабы Мəскеудің «Ғылым» баспасынан келесі жылы жарық көреді. Жарық көрісімен «көкпар» басталады. Өзбектер өздеріне, қырғыздар өздеріне тартады. Шыңғыс Айтматов бұл көкпарға дайын отыр. Өзбектер де сайысқа дайын деп естідім. Олар кезінде əл-Фарабиден айырылып қалған. Оған сендер, қазақтар, иелік еткенсіңдер. Мен бес түн оқыдым дедім ғой, сонда мен не ұқты деңдер?!. «Құтты білік» кітабын түркі ақыны жазған. Талас жоқ. Бірақ кітап мінезі сол белгісіз түркі ақынының артын-да қазақ ақыны барынан белгі береді. Адам есімдері де қазақ есімдері. Поэмадағы мінез, ой, қайырым, тəуекел, жомарттық, ақылгөйлік, саналылық, қазақ топырағынан жаратылғанын танытып тұр. Бұл по-эмада Дешті-Қыпшақ даласының өлмес, өшпес рух көзі көрінеді. Өткен он ғасырда жүздеген сарайлар қирап жердің астына түсті, жүздеген қасқыр жүректі хандар келмеске кетті, ал мына «Құтты кітап» өлген жоқ. Қазақтың киесі сіңген кітап тірі қалыпты. Ендеше Даналық кітаптарыңды құшаққа баса алмай

қан қақсап қалып жүрмеңдер. Өткенін қадір тұтпаған, ардақтамаған халық халық бола алмайды. Қарнын тойғызғанға ғана мəз пенде де, адам бола алмайды. Осыны қыпшақтарға ұғу керек. Мен осындай ойда-мын. Бұл ойым берік ой. Осы ойымды Əнуар мен Олжасқа жеткіз. Ұлы бабалардың рухын асқақтату ке-рек! Ұлы бабаларды құшақта ұстау керек! – деп арыс-тан ақын Расул Ғамзатов маған үлкен қолжазбаны құшақтата салды. Қолжазба құшағыма азар сыйды.

– Сөзіңізді еш редакцияламай кітапқа енгізе бе-руге болады, – деді егде авар ақыны.

– Тосты де, – деп Расул Ғамзатов күлді.Авар ақындары қоса күлісті.– Роллан коньяк алсын, – деді Магомед Алиев. – Рахмет, мен ішпеймін, – дедім. – Қыпшақ, қағып таста, түк етпейді, – деді

Магомед. Ол мені қолдап тұр еді.– Бұл жас қыпшаққа тиме, – деді Расул. – Ол жөн

сөйлеп тұр. Ішпесін. Қазақтар ақылды халық. Аманат арқалаған адамға арақ ішуге болмайды.

Мен не айтарға білмей дағдарып қалдым. Расул ағамның сөзі асқан ақыл еді. Жүрегім дүрсілдеп берді. Жаным тулады. Маған арақ ішейік дегендер көп болатын. Арақ ішпе деген əкемнен кейін Расул Ғамзатов еді. Ал сөз арасындағы тебіренісі қазақ туралы реквием болатын.

Расул Ғамзатов бастаған авар ақындары рюм-каларын төңкеріп тастады. Мен мың жыл қазаққа белгісіз болып келген Дана Бабамның ауыр қолжаз-басын көтеріп бөлмеден шығып бара жаттым.

Таң алдындағы Мəскеудің тас қаласы бабамның үш бума қолжазбасын көтерген мені елеген де жоқ.

Бұл тас қалаға кімдер келмеген?.. Кімдер кет-пеген?!

КСРО Жазушылар одаєындаєы кітап кґмбесі

Мəскеудегі Жазушылар одағына əр республика-ның кітап баспаларынан кітаптар жөңкіп келіп жа-татын. Оны қарау, зерттеу, талдау керек болатын. Бүкіл Кеңес Одағының кітап көмбесі Мəскеудегі КСРО Жазушылар үйі болғаны мен үшін таптырмай-тын олжа еді. Сол кітап қорына кіріп алып апталап, айлап шықпаушы едім.

Бір күні сол көмбеге Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» атты дастаны түсті. Кітапты аударған қазақ тың айтулы ғалымы, əдеби сыншысы Асқар Егеубаев інім екен. Жинақты бауырыма басып тұрып қатты қуандым.

«Құтты білік» кітабымен бір апта жалғыз қал дым. Үстелімде де сол кітап, жатқан жерімде де сол кітап, Сокольники бағына серуенге шыққанымда да сол кітап маған серік болды. Асқардың аудармасы да, кітап қа жазған алғысөзі де маған ұнады. Өкінішке қарай, Асқар Егеубаев ортамыздан ерте кетті. Білгір, талант ты ғалым еді. Адамгершілігі, кішіпейілдігі де өзгеше болатын.

«Құтты білік» менің қолыма желтоқсанның ба-сында тиген. Көлемді дастанды мен қыс бойы тал-май оқыдым. Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн ақынның теңдессіз ақылына таңғалдым. Отаншыл жүрегіне бас идім. Адалдығы үшін ардақтадым. Қанағатты серік ет-кен жан дүниесін риясыз көңіліммен құрмет тұттым.

«Ќўтты білік»«Құтты білік» – қазақ ортасына мың жылдан

соң қайта оралған құтты кітап. Киелі кітап. Дана кітап. Бұл кітаптың тілі де ерекше, ойы да ерекше, ал тағдыры – жұмбақ.

«Құтты білік» кезінде түркі халықтары ғұмыр кешкен аймақтарда кеңінен мəлім болған. Осы кітаппен бірге Дешті-Қыпшақ даласының төріне адал дық, адамгершілік, қайырымдылық атты қасиет-тер қайтып оралған. Менің атам құлағыма құйған қазақтың тəрбие-танымдық аталы сөздері, дəл осы кітап беттерінен маған шабуыл жасаған.

Салт-сананы, ұлттық дəстүрді түзеген дана сөздер менің жанымды баурап алып еді. Ана сүтімен да-ритын қасиетті сөздер жүрегімді тулатқан. Асқар Егеу баев дана бабасының дастанын ана тілінде ше-бер сөйлетіп ті. Өкінішке қарай Қазақ Республикасы Қазақ стан Республикасы болды. Ана тілі кітабы қазақ тілі кітабы аталды. Анасыз адамның жүрек тілі сөй лей ме екен?!. Олай болса, қазақ тілі не, робот тілі не?.. Өкінішті. Бұл заманауи аяусыз текетірес сайыста ұлт құндылықтары ұтылуда. Осыған абай болу керек еді, билік ұлттық ұстаным мен ұлттық идеяны сақ тауға, өсіп-өркендетуге, кемел биікке көтеруге салғырт тық таныт ты. Тіптен оны мүлдем ұмытып та кетіп еді. Авар дың арыстан ақыны Расул Ғамзатов: «Сен хал-қың ның тарихына тас лақтырсаң, ол кейін сені зең бі-рек пен ататын болады», деген аталы сөзін еске алсаң, көзіңе жас тіреледі.

Дəл осы «Құтты білік» кітабы XXI ғасырдағы Дешті-Қыпшақ даласына қазақ топырағының киелі қайнар сөзі мен ойын алып келді. Адамдығымызды, адамгершілігімізді, Азаматтығымызды, əдепке, танымға, тəрбиеге толы салт-дəстүрімізді есімізге қайта түсіргендей болды.

«Құтты білік» – мың жыл бойы туған халқының аяулы құшағына ашық ұмтылған батыр кітап. Қазақтың қайтып оралған бағы деуге болар кітап. Он ғасырдан соң туған топырағына сарғайып сағына жеткен даналыққа толы дастанның кей ой оралым-дарына көз сал, мейірімді оқырман:

Ақылды – ұлы, білімді – білікті,Екеуі ұлы етер, қонса, жігітті.

Ақыл қайда болса, ұлылық толады,Білім кімде, сол білікті болады.

Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы,Білімді сөз – шырын, жанның құнары.

Тіліңді бақ, басың аман болады,Сөзді қысқарт, жасың ұзақ болады.

Осыдан мың жыл бұрын жазылған көне кітап-тың əр сөзі, ойы, толғамы,

таным-білім

киесі бүгінгі ХХІ ғасырға еркін сіңіп жүре беруінің өзі де бөлек қасиет-ау! Дəл осы кітапта поэтикалық тектілік көзге ұрып-ақ тұр!

«Құтты білікте» Жүсіп Баласағұн түркі халық-тары ның даналығын, қанатты сөздерін, мақал-мəтел-дерін барынша кең пайдаланады. Кітаптың тілі бай, сол тіл сонша таза, сұлу. «Құтты білікті» оқығанда қазақтың небір ғұлама сөздеріне көміліп қалып оты-расыз.

Ақ сүтпенен бірге сіңген жақсылық,Айнымайды, алғанша ажал қапсырып.

Іште біткен қылық, парыз мойныңа,Бірге кірер қара жердің қойнына!

Сөзбен сөксе – тілі ашытып қаныңды,Сүйек сыздап, жалын қабар жаныңды. Жүсіп Баласағұн дастаны Дешті-Қыпшақ дала-

сын дағы кесек тарихи кезеңнің, қоғамдық, саяси, əлеуметтік, моральдық-этикалық, рухани тыныс-тіршілігін көрсетеді.

Атақты түрколог В.Радлов: «Қазақтар нақысты сөй леуді бар өнердің алды деп біледі, сондықтан олар дың поэзиясы дамудың ең жоғарғы сатысы-на жет кен», деуінде үлкен шындық жатыр. Əттең, ұлы орыс ғалымының ұлы сөздерін өрбітіп, талдап, жіктеп əке туге қазақ ғалымдарының ойлау биіктігі, этикалық, эсте ти к а лық мəдениеті, зерттеу көкжиегі əлсіз соғып жатыр.

Түркі қағанаттары құлағаннан (VIII ғасыр) соң-ақ, Дешті-Қыпшақ даласы түркі халықтарының əдеби, мə дени орталығы болып қалыптасты. Дала мəде н иеті мен бірге қала мəдениеті де өзіндік өрнек-пен өр кен жайған. Əл-Фарабидің, Баласағұнның, Ясауи дің өнер көгіне көтерілген сəттері де IX-X ғасыр лар бо лып табылады. Олардың ұлы еңбектері дала филосо фия сы ның, этикасының, эстетикасының, заң мен жара ты лыстануының қуатты ой желілеріне топтас тырылған. Ал ол кезде Шығыстың ұлы ақын дары Руми, Саади, Омар Һайам, Хафиз, Жəми дүниеге əлі келмеген. Олар XI, XII, XIV ғасырдың перзенттері болатын.

Уақыт атты жойқын күшке не лаж бар?!.

Даєыстаннан жеткен дауыс. Тамыз. 2015 жыл

Жүсіп Баласағұнның кітабын баспаға дайындап болған кезімде Махачкаладан Дағыстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы Магомед Ахметов

телефон соқты. Мен Мəскеудің Горький атындағы Əдебиет институтында лекция оқып жүрген жыл-дары ол сол институттың студенті еді.

– Роллан муалим, Ассаламалейкум! Мен Магомедпін.

– Бүкіл Дағыстан Магомед, – деп күлдім.– Таныдыңыз ба?..– Танымығанда... Магомед Ахметов. Дауысың

түк өзгермепті. Сəл ержеткеніңді, толысып-толғаныңды танытады.

– Сіздің де дауысыңыз сол қалпы. Тек сəл шар-шау бар секілді.

– Қартаю да бар, Магомед... Тыңдап тұрмын. – Сізді көрмегеніме қанша жыл өткенін

білемісіз, муалим?– Қанша жыл өтіпті?..– 33 жыл!..– О, уақыт шіркін, адамды алдап соғатын сиқыр

күшсің ғой!.. Дағыстанның Жазушылар одағын басқаратыныңды Ресей ақындарынан естідім. Қайырлы болсын!

– Көңіліңіз күпті ғой, муалим! Дағыстанға келіңіз. Өзім тосып аламын.

– Рас айтамысың?..– Менің екі сөйлегенімді қашан көрдіңіз, муалим!

Мен тосып алуға əзірмін. Расул аканың өзін көре алмайсыз, бірақ моласына барып тағзым етеміз.

– Ғамзат Цадасаның да ауылына барсақ.– Міндетті түрде.

– Сен қайдан ғана телефон соқтың, Маго мед? Жүрегімді тулатып

жібердің ғой.Менің де жүрегім

атой салып жа-тыр. 33 жыл

көріспедік. Шынын айтсам, сізді сағындым, Роллан муалим.

– Мен де, Магомед. Өлеңіңді жібер. «АMANAT» журналына шығарамын.

– Тезірек Махачкалаға жетіңіз. Сонда өлең дерім-ді құшағыңызға басамын. Құлағыңызға құямын.

– Кубачы ауылына апара аламысың?– Апарғанда қандай. Əйелім Кубачыдан ғой.

Əкесі атақты ұста болған. Сізге мықты қанжар мен алмас қылыш сыйлаймын.

– Қазақтың тиындарын ала барайын. Пышақ сыйлаған адамға тиын беру керек, əйтпесе араз-дасады...

– Онда Магомед Алиев мақтайтын «Қазақстан» коньягын да ұмытпаңыз, муалим!..

Ақын Магомед Ахметов маған түнде телефон соққан. Қайтып ұйықтай алмадым. Авардың асқан бауырмал ақындарын, жауырындары жер иіскемеген балуандарын есіме алып толқыдым.

Аэропортқа телефон соқтым. Таңертең Мəскеуге самолет ұшады екен. Махачкалаға да сол күні түсте шағын самолет ұшатын көрінеді. Алла қаласа, кешке Махачкалада боламын.

О, ұлы Дағыстан! О, «Дағыстан семсерлерінің жарқылы» атты ай-

бынды кітап. Ол кітап Кеңес Одағы кезінде жабық кітап болған. Ол кітап Шəміл туралы шындыққа толы дастан еді ғой. Несін айтасыз!.. «Дағыстан семсерлерінің жарқылын» мен Будапеште түркі жігітінен екі түнге алып оқығанмын. Опасыз заман-ай!.. Несін айтасыз?!.

Шу алќабы. Тїн. 2016 жыл.XXI єасыр

Көне Шу өзенінің жайдақ жағалауы. Жұлдызы сөнген, Айы жасырынған маңғыған

қап-қара аспан, Қара Жерге төніп келіп еріксіз тоқтағандай.

Құлаққа ұрған танадай меңіреу тыныштық. Қапырық атқан түнерген түн.Аспан үнсіз. Дала үнсіз. Мен де үнсізбін. Үш

түн бойы мені құшағына басқан жалғыздық та үнсіз. Жалаң аяғымды жуған өзеннің жылы суы ғана күбір-күбір етіп қараңғылықта əлдеқайда баяу ағып жатыр.

Қап-қараңғы өлі əлемнің ортасында жалғыз жа-тырмын.

Бір ай бойы Бетпақдаланы, Қаратауды, Қызыл-құмды, Шу бойын еркін аралап болып, өзен

жағасына қирай құлағанымызға үшінші түн еді. Делсал өзен аңғарында дел-сал болып мен жатыр-мын. Тəн де, жан да тыныштық тілеген. Жалғыздық тілеген. Құзордан (Баласағұн) Шуға құлаған соң-ақ оңаша кетіп, оңаша қалуды ойлағам. Қасиетті Жүсіп Баласағұнның кітабына соңғы сөз жазып бітіруім керек еді. Үшінші түн болса да машина соққан тəн өз-өзіне келе алмаған. Жан да орнықты ойға берік бекіне алмап еді. Тағы бір көзім ілініп кетіп, қайта оянғанымда жүргізуші жігіт Болат от жағып, сол отқа ет қақтап отыр екен.

– Тұрып тамақ ішіңіз, – деді Болат.– Рахмет. Маған тиме. Маған дəл қазір жалғыздық

жарасады.Қасыма үнсіз келген Болат, үнсіз жоғалып кетті. Арқан бойы жерде маздап от жанып жатыр.

Түнге оранған далада тірліктің бар екенін сол қызу алау ғана білдіргендей. Басқа селт еткен дыбыс жоқ. Бұндай тас қараңғы түндер адамды жалғыздық құшағына тартады, ой əлеміне жетектеп алып кеткенін өзің де сезбей қаласың!

Барлығын тастап, бір түнде Дағыстан асып кеткенім есіме оралды. Жүсіп Баласағұн қолжазбасын баспаға əзірлеу үстінде талып шаршаған мен үшін Кавказ тауларына сапар шегу бостандық аралы-на жетумен бірдей еді. Магомед Ахметов екеуміз бүкіл Дағыстанды араладық. Расулдың əкесі Ғамзат Цадасаның басына, Расулдың өз моласына барып құран оқыттық. Дағыстан балуандарымен кездестік. Кубачы ауылында ұзақ түн өнерпаз адам-дармен көрік қыздырып, қылыш соққыладық.

– Магомед, Расул Ғамзатов Жүсіп Баласағұн кітабына алғысөз жазғанда өте жарасымды бо-лар еді, – дедім.

– Роллан муалим, Расул Роллан, алғысөзді өзің жаз дер еді. Қазақтың киесін өздерің көтеріңдер дер еді. Алғысөзді Дағыстанда бастаңыз да, Дешті-Қыпшақта, Шу өзенінің бойында аяқтаңыз. Сол дұрыс болады.

– Болсын. Сенің сөзіңнің жаны бар. Жүсіп Баласа-ғұнды маған алғаш таныстырған Расул ағамыз еді ғой.

– «Москва» қонақ үйіне сізді шақырғанын білемін.– Онда сен де бар ме едің? – деп таң қалдым.– Мен де болғам. Студент кезім ғой. Шаруашы-

лық та жүргем. Сіздермен қатар отыру бізге қайда?!.– Солай ма еді?.. – Талай уақыт өтті ғой несін айтасыз?!.

Муалим, Жүсіп Баласағұн туралы алғысөзді өзіңіз жазыңыз. Бүгінгі ұлт жазушыларының ішіндегі құдіреттілері Анатолий Ким, Тимур Зульфикаров, Владимир Личутин...

– Əбіш Кекілбаев, Олжас Сүлейменов, Мұқағали Мақатаев, – деп қостым.

– Роллан Сейсенбаев, – деді Магомед. – Муалим «Дағыстан семсерлерінің жарқылы» кітабын шығарып берем дедіңіз. Шəмілдің аруағы қолдасын сізді! Аман болыңыз!

– Магомед, сені келесі жылы наурызда Қазақ-станда тосамын.

– Дешті-Қыпшақ даласын сізбен бірге аралау мен үшін бақыт, муалим.

– Магомед, есіңде бар ма, таудағы шағын бейіт басындағы шағын моладағы төрт жол өлең.

– Əрине есімде, муалим.– Мен сол өлеңді түнде қазақшаладым. Үнін тыңда. «Ол Əулие де емес еді,Ол Батыр да емес еді,Бірақ сен оған басыңды ій,Ол Адам болатын!»Магомед, мен бүкіл жер жүзін аралаған адам-

мын, бірақ дəл осындай ғажайып эпитафия ны оқып көрген емеспін. Таулықтар адамдық қал пын сақ тауға тырысып бағуларын бір сəтке тоқтат-па ған өжет ел.

Муалим, сіз де нағыз адамсыз, – деп Магомед мені өзімсіне құшақтап, қимай қош айтысты.

Сабырлы алтын күн астында, Кавказдың ақ бас таулары мен Каспийдің көкпеңбек айдыны жарқырап жатқан ала таңда мен Дағыстаннан Қазақияға жол тарттым.

Самолет ішінде ойымда Дағыстан тұрды, жүрегімде Жүсіп Баласағұнның дана сөздері дүркіреп қоя берді.

Білімге ғана ұмтылғын,Құлы болма құлқынныңОй мен ақылға толы дастан қап-қара аспан

астында еркін қалқиды. Шу өзенінің кең алқабында Баласағұннан шыққан дананың сөздері ерекше екпінді көрінді.

Менің ендігі білетінім:Жалған дүниеде байлық та жалған, билік те

жалған. Дəл осы жалған дүниеде тірі қалатыны ақыл, сана, рахым ғана.

Қалған жалғанның барлығын Дешті-Қыпшақтың қара дауылы тас-талқан қылады.

Түндегі қап-қара аспан таң ата ерекше рахымды пейілмен айқара ашылды. Таңғы саумал сəуле Шу өлкесіне енді ғана еркін көтеріліп келе жатыр еді.

Көзімді аштым, бірақ орнымнан қозғалмадым. Мен білетін көне формула былай сөйлейді:

«Ex oriente lux» – Жарық Шығыстан көрінеді.Шу өзенінің кең жайсаң алқабына таңғы мөлдір

сəуле Шығыстан көтеріліп келе жатқан.Иə, Құдай жаратқан əлемде күн Шығыстан

көтеріледі.Жүсіп Баласағұн сол ақиқатты айна-қатесіз

ашық жырлап өткен даналар санатынан.Ой. Тағы да ой... Қайран бабаларымыз аманат

қылып тастап кеткен құндылықтар қаншама?!. Таң қаласыз. Өкінішке қарай, əлі де еркін, ұлттық махаббат пен сол құндылықтарымызды терең зерттеп, əлем алдына асқақ көтеріп алып шығып ардақтай алмай жатырмыз.

Өлкемізді де, өнерімізді де, өзімізді де.Қазақтың тарихи-əдеби мұраларындай бай

мұра еш халықта жоқ. Сіз маған əлемге 360 эпос қалдырған халықтың атын атаңызшы?.. Атай алмай-сыз. Ол – қазақ халқы.

Түркі халықтарының мəдени, тарихи кемелдігі – адамзат өркениетінің ең шоқтығы биік жемісі.

Орхон-Енисей, Талас жазулары, əл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Ясауи еңбектері, Дешті-Қыпшақтың өр мінезді жыраулар поэзиясы – түркі халықтары тудырған дала цивилизациясының асыл шамшырақтары.

Теңдессіз рухани мұрасы.Киелі мəдени ескерткіштері.Асыл бабаларымыздың қасиетті көзі.Сол ардақты бабаларымыздың жаны жəннатта

болсын! Жаратқанның жарығы Шығыстан шығуын бір

сəтке де үзбеуін Жаратқанның өзінен тілеген –

Роллан СЕЙСЕНБАЕВАЛМАТЫ

Мәңгілік кітап

«Біліксіздіѕ тілін тыйєан жґн болар,Білімдініѕ сґзін жиєан жґн болар».

Жїсіп Баласаєўн IX-X єасырлар

Page 9: Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», ... болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі

928 ҚЫРКҮЙЕК2016 ЖЫЛ

ӨНЕГЕ ӨРНЕКТЕРІ

Айгүл КЕМЕЛБАЕВА,жазушы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Той-думан баршылық пен бəсе-кенің бақан тірегіне айналуға дəмесі күшейген мына заманда мəдени құндылықтар шетке ығысыңқырап, тасада қалды. Қаптаған əншілер, «жұлдыздар» өз мүмкіндігін неге пайдаланбасын, былайғы жұрт оңайға құмар, жылтыраған арзанға тым əуес болса.

Бірақ атам заманнан жер бетін мекендейтін халықтардың барша-сына ортақ, ешқашан өзгермейтін табиғи заңдылық бар: əншінің əншісі сүйіспеншілік тудырмай, елден ерек үніне елтіген есті құлақ елжіремей, есімі аңызға айнал-май тұрмайды. Біртуар дарын иесі қашанда сирек.

Бала кезімнен дауысы санамнан өшпестей жазылып қалған ерек ше дарын – Абай елінің əнші қызы, əдеміліктің эталоны, жүзіктің гау-һар көзіндей Баян Сағымбаева. Біз дің Абай елінің жазылмаған өз заңы бар, əдебиет пен өнерде жүз-ден жүйрік, мыңнан тұлпар шық саң да ескере қоймайтын. Сахнада 50 жыл өнер көрсетіп келе жатқан Баян Сағымбаева Абай ауданының құр-метті азаматы деген атақты ал мауы əділетсіздік емес пе?! Өзін-өзі сый-ламаудан, əттеген-ай, қазақ тан өзге халық суырылып алға шыға қой мас. Əй, қап! Қазақ неге өзін баға ла май-ды?! Талант атау лыны дер кезін де қадірлемеуін тек солай ұғу ға бола-ды! Бұл − ұлт тық трагедия.

Қазақтың əніне өз даласы сы йып кетеді. Əлемге əйгілі испан тено-ры Пласидо Доминго Қазақ станға келгенде ұлттық əншіні тыңдауды жаны қалапты. Жас əнші Ерлан Рысқали дүние жүзіне мəртебелі Домингоның алдында көптеген халық əндерін, Біржан сал мен Ақан серінің драмаға толы ғажайып əндерін төгілте шыр қайды. Доминго əр əннің сырын айна-қатесіз ұғып, Ерланға: «Мен сенің не айтқаныңды түсіндім», – деген екен. Ұлы əнші қазақ əн дерін əуенінен танып, та-мыршыдай тап басып, Ерланға су-реттеп айтып берген. Ол Ерланды опера ның Отаны Италияға, бірге əн шыр қауға шақырған. Мұндай шығар ма шы лық мүмкіндікті Ерлан Рыс қали дың сол кезде пайда лануға реті келмегені біздің ұлт үшін өкінішті.

Баян кішкентайынан Роза Бағ-ланова ны пір тұтып өсті. Бір ұлт-тың бағына туған Роза Тəжібай-қызы на Баян əсем үнімен де, сұлу көркімен де ұқсастығын былайғы жұрт көрді. Алматыда тұрған ша-ғы нда ол кісімен араласты, Роза Бағ ланова Баянға: «Сені шын жақ сы көремін», – деп айтқаны бар.

Өнер адамына керемет мүм-кіндік өмірде бір мəрте беріле-тін сияқ ты. Мəскеуге 1967 жылы Қарауыл ауылының өнерпаздары – халық театры гастрольдық сапар-мен барып, «Жалбыр» музыкалық драмасын Кремль сахнасында қойды. Жасы 17-ге толмаған, он екіде бір гүлі ашылмаған қазақ əншісінің көркем үніне аса тəнті болып, мəс кеулік өнер ордасына оқуға түсуін қалаған Кеңес Одағы-ның Мəде ниет министрінің орын-басары Зазулин Баянға: «Сенен ке-ремет киноактриса шығады», деген екен. Телефоннан Мəскеуде қалу туралы айтқанда Баянның анасы Үндемес ауылда тұрып жылап қоя береді. Кейін анасы марқұмның: «Мен сенің бағыңды байладым-ау, сонда бекер жібермеген екенмін!», – деп өкініп айтқан сөзі бар.

Қазіргі қазақтың сана-сезімі басқа. Балалары өмірде үздік шығуы үшін мұхиттың арғы жағы на да именбей жібереді.

Баянның əкесі Сағымбай соғыс-қа қатысқан, Морзе əліп песі мен жа-затын, телеграф қабылдаушы. Əке-шешесі бірдей пошта, байланыста іс тейтін. Қазаққа тəн кертартпа, үр-кек мінез бөгемесе, Баянның тағ ды-ры өзгеше қалыптасып, əлем ге əй гілі əншіге айналарына күмəнім жоқ.

Баян əке-шешесін қазақ салты-мен аға, тəте деп кетті. Ата-ана сы өте жуас, артық-ауыс бір сөз айт пай -тын, туа біткен мəдениетті адам дар еді. Анасы Үндемес деген есімі не сай кісі. Босандырған əйел дер қыз туғанда тымырайып үн де мей қалған соң əкесі солай атапты. Қазақ тың ескі мінезі: ұл туса, қатын дар жамы-рап, сүйіншілеп кетер еді.

Үй-ішінде ыдыс-аяқ сылды-рамайтын аса тату отбасының тұң ғышы. Құмалақшы кемпір Баян ның шешесіне: «Сенің мына қызың бақытты болады, бетінен қақпа», – депті. Əке-шешесі бие

сауады, он балаға күнара нан жа-бады, құрт қайнатады, анасы өте ісмер. Бес қызына желбір қылып көйлек, бес ұлына шалбар тігіп береді, елге тіксе, қол ақысына деп шақпақ қант пен плитка шай əкеп тастайды.Үндемес іс тіккенде сы-зылтып əн салып отыратын.Əкесі Сағымбай балажан, арқасында бір бала, иығында бір бала. Аңшы. Баянның атасы Түгелбай елге пеш салады. Сағымбай туған соң 40 күн нен соң уыздай жас анасы қай-тыс болған. Атасы нəресте ұлымен жаст ай жалғыз қалып, үйленбей өтті, пайғамбар жасында қайтты. Баянға бір кемпір еміреніп айт-ты: «Сағымбайдың шешесінен аумайсың, сен үлкен шешеңе дəл тартқансың!».

Шəкəрім қажының жалғыз суретін тығып, оттан сақтап қал-ған Шəукен. Тілі сақау. Балалар «Шəукен!», – деп мазақтап, қыр соңы нан қалмай қояды, Шəукен қуса, тұра қашатын. Осындай туған жердің тарих-шежіресі исі қазаққа тарап кеткен топырақта туып-өскен Баян Сағымбаева Қарауыл халық театрында кесек рөлдерді ойнап, сахнадан түскен соң қалың шашын қатты өріп, бантик бай-лайтын жасөрім өнер иесі болып қалыптасты. Сөз қоры мақал-мəтелге бай нағашы апасы Үмітжан Баян концерттен оралса, кесесін алып, шошайып күтіп отырады. Суды аузына ұрттап алып, «Тіл-көз бар. Елдің бəрі «Баян, Баян» деп өтіп бара жатыр. Тілдінің тіліне, көздінің көзіне!», – деп ұшықтайды. «Қой-шы, апа!», – деп Баян бетін басып күлетін.

Тамылжыған ақ таңдай, таңмен қоса уылжи оянған райхан гүлдей, райхан гүлге құштар ертегідегі бұлбұлдай таңғажайып тамаша дауыстың иесі, біртуар əнші Баян Сағымбаеваға бір компакт-дискісін шығарып беруге болар еді. Əншінің демеушісі жоқ. Диск шығарып беремін деген құрғақ уəдені Баян естуін естігенмен, ол нəтижесіз.

Баян Сағымбаеваның өнердегі екі атағын алып берген қоғам қай-рат кері Қуаныш Сұлтанов. Қуаныш ағаға алғысымды айта алма дым-ау дейді Баян. 1993 жылы біздің тəуелсіз еліміздің ең жо ғары награ-дасы, Қазақстанның ең бек сіңірген қайраткері атағын алды.

Осы жаз шілдеде Баян туған жеріне барып, Қарауылда «Сүйіп айтар елімнің əні болғым келеді» атты үлкен концерт берді. Баян жай ғана əнші емес. Басқаға зəбірі жоқ, жан дүниесі таза адам. Менмендік, тəкаппарлық, астамсу Баянда жоқ мінез. Ақжарқын, адамшылық қалы-бы өзгермейді, көңілі көктемдей көр кем. Ұлдары мен қызынан ұрпақ сүй ген мейірбан ана, сүйікті апа. Қазақ əйелінің кербез сұлу келбеті бұл əншіге ерекше тəн болуымен бау рай ды. Баянды бір тыңдаған адам ішпей-жемей рухани байлыққа кене ліп, өнер құдіретіне құлап түседі. Ол халық əндерін, романстарды, эстра далық əндерді шырқағанда əр сөзін анық айта-ды, əр сөзге мəн бере ді, күллі жан дүниесімен айтады. Дауысымен де сөздің мағынасын дəл бере алатын əнші. Оның үн ырғағы, тембр-дауыс əуезінің бояуы ешкімде жоқ. Баян Сағымбаева жай ғана əнші емес. Баянды қазір сахнада ұстап тұрған жақсы сөз, сүйікті əншісін шынайы қадір тұтқан елдің ақ тілеуі. Халық Баянды көрсе-ақ, жүрекжарды жылы сөзін айтады, шынайы құрмет көрсетеді. «Сізді тыңдасам өмір сүргім келіп кетеді!», «Мен сіздің тілеуіңізді тілеп жүремін!», – дейді жұрт ағынан жарылып.

Шығыс Қазақстан облысы

Халқымызда «көнекөз», «көнеқұлақ» деген сөздер бар. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» оған: көп жасаған, көпті көрген, арғы-бергіден хаба-ры мол, біраз нәрсенің жөнін білетін қария, көкірегі ояу, сөзі сара қарт деген сипаттағы анықтама берілген. Академик, философия ғылымдарының док-торы Досмұхамед Кішібеков міне, осындай жан. 91 жасқа келсе де қимылы ширақ, сөзі сергек ақсақал өзі 50 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп, қызмет атқарған Қ.И.Сәтбаев атындағы техникалық университеттің қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. Төменде біз ғалымның өмір белестерінің әр кезеңіндегі көңілге түйген ойларын сұхбат ретінде беріп отырмыз.

«Ґмір шіркін, ќалар емес жарыстан!»Бір ґмірдіѕ тоєыз бетінен тўратын фрагменттер

Сахнада 50 жылəн шырќаєан Баян

– Əңгімеміздің əлқиссасын сіз дің балалық шағыңызбен тұс-па-тұс келген бір жағдайдан бастасақ, аға! Ол бүкіл қазаққа, мұқым ел-жұрт басына түскен ауыр да азапты кезең еді. Аштық, ашаршылық деп ата латын сол нəубетті қазіргі ұрпақ тек кітаптан оқып, мұрағат құжаттарынан ғана білу де. Ал: «Ол зобалаңды көзімен көр ген, оған куəгер болған жан дар ше? Олар не дейді?» деген сұрақ тар туындағанда: «А-а-а, ондай адамдар бар ма қазір? Тірі ме, еді?» деген қарсы са-уалдар қойылып қалатын да жағдайлар болып қалады ара-мызда. Сондай кезде 32-ші жыл-ғы бала, қазіргі егде тартқан өзі ңіз сияқты аға ұрпақ өкілдері еске түседі. Сіз сол уақытта 7-дегі жас өс пірімсіз. Есіңізде не сақ та-лы п, көз алдыңызда не жат талып қалды деп ойлайсыз?

– 1932 жылдың қысы мен 1933 жылдың көктеміндегі бір сұр қ ай көріністі ұмытқамын жоқ. Біз дің Шиелі кентіне қалай келгені бел-гі сіз, пошымы бар демесең, тірі аруаққа ұқсайтын адамдар пай да бола бастады. Жергілікті өкі мет орын дары оларды жинап, бей не төтен ше жағдай кезіндегідей шұғыл ұйым дастырылған шошала, бре-зент шатыр жəне киіз үйлерге ор на-ластыруға кірісті. Ұсқыны кеткен, жүруге əл-дəрмені жоқ бұл бейбақ-тарды белсенділер тəулі гіне бір рет сұйық быламықпен тамақтандырды. Мемлекет есебінен берілетін ол көмек түрі атала деп аталатын. Біз оның қалай дайындалатынын көрдік. Қай наған суы бар қазанға екі-үш тостақ ұн салып араластырған соң, ашқұрсақтарға бір-бір ожау дан құйып беретін. Бірақ нəрсіз тағам олардың көпшілігін құт қара алмады. Аталаны ішкендер де, ішпегендер де о дүниеге аттанып жатты.

Жергілікті халық мұнда келуші-лер ге алғашқы кезде қолдағы бары-мен бөлісіп, көмектескенін білемін. Бірақ кейін ойдан-қырдан ағылған аш тар күрт көбейіп кетті. Сол кезде бар лығына бірдей жəрдемдесу мүм-кін болмай қалды. Сөйтіп ел абды рап, жұт жұрттың бəріне ауыр тие бас -тады. 1933 жылға қарай ашық қан дар Бидайкөлдегі балық тар ды тал ғ ажау етуге кірісіпті деп есті ген біз. Өкі-ніш ке қарай одан да қайыр бо л ма-ды. Тұзсыз жей берген шабақ, шор -тан дардың етінен адамдар ісіп-кеуіп кетеді екен. «Қайда барсаң да Қор қыт -тың көрі» дегендей, аштар Бидай көл-ден осылай ажал тауып жатты.

Ол кезде мен өзің айтқандай 7-8 жас тағы баламын. Шиелідегі орыс мек тебінде əріп танып, жазу-сызу ды үйренген оқушымын, Естияр кезім ғой. Бəрін болмаса да кейбір көрі-ніс терді əлі ұмытқамын жоқ. Сон-дағы есімде ерекше қалып қой ғаны, біздің кентке келгендердің арасында ашыққандар ғана емес, аурулар да көп болды. Оларға жүріп-тұрудың өзі қиынға соғатын. Егер сондай адамның бірі көшеде құлап қалса, қайтып тұра алмай, сол жерде жан тапсыратын. Ал жергілікті билік өкілдері ондай өліктерді таңертең арбаға салып жинап, ауыл сыртына апаратын да шұңқыр қазып, бəрін бір жерге көме салатын. Жадымда қалған тағы бір жағдай, ол кездері теміржол стансасы маңайындағы астық қоймасында бидай, күріш, арпа, тары баршылық еді. Бірақ олар көктемгі, күзгі егістік тұқымына деп көздің қарашығындай қорғалатын. Ұрланбасын деген оймен дəрілеп тастап, қамба сыртына: «Ула нып қалмаңыздар!» деген сипат тағы плакаттарды іліп қоя тын. Артық айтып қайтейін, ол жылдар дағы менің білетінім осы, қарағым.

– Сіз туып-өскен жер кезінде депор тация мен эвакуацияның бекеті болған өңір екенін тари-хи оқулықтардан жақсы білеміз. Оған мысал ретінде 1938 жыл ғы Қиыр Шығыстан жер аударыл-ған корейлер мен 1941-1945 жыл-дардағы Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жəне Белоруссиядан көшірілген тұрғындарды айтсақ,

соның өзі жеткілікті. Сонда, яғни, тағдырдың тəлкегімен қазақ жеріне тап болған жоғарыдағыдай жан дар дың қандай ерекше, тосын іс-əрекеттері болды? Олардың өзгеше қимыл-қарекеттері нендей жағдайлар арқылы сіздің есіңізде қалып қойды? Осы сауалдарға өмірлік сипаттағы табиғи бір мысалмен жауап бере аласыз ба?

– Айтайын. Соғыс басталған жыл дың алғашқы қысы еді. Соның ал дын дағы қыркүйек, қазан айла-рын да-ақ біздің Бірінші Май атын-дағы колхозға Украинадан эвакуа-ция ланғандар келе бастаған. Олар-дың барлығы сол кездегі бауыр лас-тық пен мейірімділік қағидаттары бойынша қарсы алынып орналас ты-рыл ды. Содан соң əркім шама-шар-қына қарай жұмыс істеуге кірісті. Ашығын айтайын, олардың барлығы күн делікті іске бірден белсене ара-ла сып кеткен жоқ. Өйткені, эва куа-ция лан ғандардың көпшілігі мұнда бірін ші рет келгендіктен, ауыл дағы еңбектің ерекшелігін білмейтін еді.

Бірде кеңседегі бастық арық таза лаумен шұғылданып жатқан кол хоз шылар бригадасының құра-мы на қарт кісіні қосып жіберіп ті. Əлгі қария жұмысқа жұрт сияқ ты күрек немесе сүймен емес, скрип-ка мен келіпті. Ол өзінің өнер адамы еке нін, ауыр жұмыс істей ал май-ты нын, сондықтан осындағыларға жақсы музы ка лық шығар малар ойнап беруге дайын екенін айтты.

Оның тыңдаушылары колхозшы қазақтар еді. Олар мұндай ұсыныспен бірден келісті. Барлығы жабылып жəне бір қосымша норманы орын-дап тастау бригада мүшелері үшін неге тұрады? Түсіністікпен қабыл-дан ған өтінішке риза болған қарт скрип каны қолына алып, ойнай жөнел ді. Жалаң қолмен, ешбір үзіліс сіз тарта берді. Саусақтары суық тан домбыға бастағанда колхоз-шылар от жағып, оның жылынып алуына көмектесті. Ал қария бол са, мұндай қамқорлыққа қатты ың ғай-сызданатын сияқты. «Елдің бар-лығы жұмыс істеуде, ал мен бол сам демалып отырмын», – деп ой лай ма, кім білсін, от қасында көп кідір-меді. Домбыққан саусақтары сəл икемге келген соң, дереу скрип ка-сын қолына алды. Қайран талант, есіл еңбек-ай десеңші! Əлгі қария скрипканы бар ынтасымен шабыт-танып ойнауда. Бірақ оның өнері еш кімді онша селт еткізе қой мады. Музы касы төңіректегі колхоз шы-лар ды шабыттандырмады. Мүмкін ол Бет ховеннің «Ай сонатасын», Григ тің «Солвейгін», Чайковскийдің «Жыл мезгілдерін», Бородиннің «Князь Игорь» шығармасындағы «Дала лықтар биін», Римский-Кор-саковтың «Шахерезадасын» осын-да ғы лар біледі деп ойлап, орын даған шы ғар. Бірақ, еңбек иелері, қара па-йым жұрт ол кезде бұдан хабары жоқ еді.

Қарт адам музыка ойнап тұрып,

өз басы нан өткендерін ойлады-ау дей мін, бір кезде көңілі босап жыла-ды. Көзден аққан жасы сақалына тамшылап, мұз болып қатты, суық желден қалтырады. Оны көрген қазақтар басын шайқап: «Аспапта ойнауыңды тоқтатып, сəл дамылда. Қолыңа күрек алып жылын, əйтпесе құрисың», – деді. Ал скрипкашы еуропа лық музыка сазының бұлар-ға əсер ет пегеніне, өзімен бірге тол ған баға нына, онымен қатар қамық паға нына, рухтанып, жігер-лен бе геніне таңданды. Қазақтар болса: «Бұл байғұстың есі дұрыс па екен?» – деген сыңайда оған аяу шы-лық пен қарады. Дегенмен де скрип-кашы ның өнері өздеріне ұнайтынын таны та тындай түр көрсетуге тыры-сып бақты. Əрине олар сол кезде еуро па лық классикалық музыка ны қа был дауға дайын емес-ті. Төң -керіс тен кейінгі 24 жыл ішін де жетіс тік тер көп болды, жұрт сауа-тын ашты, дүниетаным көк жиегі кеңейді. Сонда да болса... Егер скрип кашы қария олар ға қазақ немесе ортаазиялық халық музы-ка сы нан бір нəрсе тарт қан болса, ауыл дағылар оны үлкен қызығу шы-лық пен тыңдаған бо лар еді. Бірақ танымы да, түсінігі де бөлек ол өнер иесі оны қайдан білсін.

Эвакуация кезіндегі осы тосын оқи ға ойымнан кетпейді. Қарт тың одан кейінгі тағдырынан бейха-бар мын.

– Сіз жастық шағыңыз Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан кез-бен тұспа-тұс келген ұрпақтың өкілісіз. Замандастарыңыздан май дандағы жағдай туралы сұрай қалсақ, олардың көбі сөз басын блиндаждағы май шам, окоп-тан алға қарай ұмтылған ата-ка, қарсы жақтағы жаңбырдай жау ған оқ туралы айтудан бас-тап, əңгімесін немістердің шегі-ніп қаш қанымен, өздерінің сол шай қаста ерлік көрсетіп, мақ-тау қағазын алғанымен аяқ-тайды. Десек те... Соғыста да өмір болды ғой. Адамдар онда да ойланды, толғанды. Арман-қиялға берілген кездері де болды. Майдангерлер естеліктерінде неге осындай жайлар айтылмайды? Сөздің тоқетері, қағыс қалып келе жатқан осы тақырыпты жан дан-дырып, оған өмірлік, нақты мы-сал мен жауап беруге қалайсыз?

– Жергілікті əскери комис сариат-тың шақыруы маған 1943 жылы мектептегі соңғы сыныпта оқып жүрген кезімде келіп жетті. Мені Петропавлдағы авиамеханиктер мек тебіне жіберді. Анықтамалар тол тырып, медициналық комиссия-дан өттім. Өзімді əне-міне ұшқыш бола тындай сезініп жүрмін. Бұл əс-кери мектеп əуе қырандарын емес, бар болғаны авиамеханиктер даяр-лай тынын қайдан білейін. Бірақ

уақыт өте келе комиссия бізді Петро -павлдағы авиамеханиктер мек тебіне де, одан соң Ташкенттегі əс кери училищеге де қабылдамады. Бар-лы ғы мызды Самарқандтағы 368-ші запастағы атқыштар полкіне жіберді.

Мұнда келгеннен кейін бізді əскери бөлімшенің өкілі қарсы алып, тиісті жерге алып кетуге тиіс еді. Барлық тобымызбен вокзал ал-дын дағы алаңда командирді күтіп тұрдық. Мен шеткеріректе едім. Бір

цыган əйелі келіп: «Қолыңды бер, бал ашайын», деді. Таңданып тұрып, үнсіз келістім. Ол: «Əскерде бола-сың, майданға бармайсың, про фес-сор боласың», деді. Мен бұған мəн бермей, балгердің айтқандарын сол сəтте-ақ ұмыттым. Əлгі əйелге қағаз ақша ұсынып: «Қасымда досым бар. Мен сияқты ол да өте жақсы оқыды. Оған да бал ашып беріңізші?» дедім. Жанымдағы мектептен бірге келе жатқан досым Мəлібеков Тұр-сын бекке цыган əйел дəл маған айт қанын қайталағандай болып: «Əскерде боласың. Майданға бара-сың. Офицер боласың», деді. Менің: «Профессор болмай ма?» деген сұрағыма: «Не біліп тұр мын, соны айттым», деп жауап берді. Жо-ғарыдағы сөздерді естіп тұр ған Шахизат Жорабеков бізден қал-майын деді ме, көріпкелге алақанын үн-түнсіз, байқауымша амалсыз жайғандай болды. Цыган əйелі оған былай деді: «Əскерде боласың, үйіңе қайтпайсың».

Мұнан кейін бал аштыруға еш-кім нің батылы бармады. Көріп кел-дің келгені қандай жылдам бол са, кетуі де сондай тез, көзден ғайып болды. Ал біз үшеуміз еріксіз ойға шом дық. Өмір жолымыз цыган əйел дің айт қа нын дай шығып жатса қа лай болмақ...

Көп ұзамай біздің 368-ші полк-ке Ташкенттегі училищеден ко-мис сия келді. Бірнеше солдатты, соның ішінде Шахизатты да ірік теп алды. Бес айдан кейін оларды май -данға аттандырды. Содан досы мыз кезекті бір шабуылда оққа ұшып, қайтыс болып кетті. Ал Тұр сын -бек Мəлібековті комиссия со ғыс жылдарында Харьковтен Самар -қан дқа эвакуацияланған танк учи -ли щесіне оқуға ұсынды. Сол жерде ол офицер болды. Оның шы нын-да да майданға жолы түспе ді, соғыс аяқталған соң үйіне қайт-ты. Мəскеудегі жоғары сауда мек-тебін де білім алып, кейін Үкімет төр аға сының орынбасары болған Сұл тан Жиенбаевпен бірге осы сала мен айналысты. Мен... Иə, мен кезекті сынақтан соң авиация мек -тебіне қабылдандым-ау! Өте жақ-сы оқып, ұшақты да шырқ үйі ріп меңгеріп, енді майданға аттана мын деп жүргенде 1945 жылы 9 мамыр-да соғыстың аяқталғанын радио дан естідім. Елге қайтып, Қызыл орда-дағы пединституттан бір-ақ шық тым. Көріпкелдің айт қаны расқа айналды. Майданға бар мадым. Ғылымға бет бұрып, профес сор атандым.

– Ол оқиға қалай болды? Яғ-ни, ғылым жолына түсуіңізге кім дер ықпал етіп, қамқорлық көр сетті?

– 1949 жыл. Қызылорда. Инс-ти тут та оқытушы болып жұмыс іс-тей мін. Каникул кезінде респуб ли-ка лық газеттен Қазақ КСР Ғылым ака демиясының аспирантурасына оқуға түсуге жарияланған конкурс

туралы хабарды көзім шалып қалды. Онда «Диалектикалық жəне тарихи материализм» мамандығы бойын-ша бір орын бар екен. Үш пəннен сол жыл ғы тамыз айында емтихан болу ға тиіс.

Əрекет жасап көру керек деп шештім. Каникул кезі болғандықтан, ешкімге ешнəрсе айтпай Алматыға аттанып, Ғылым академиясының аспирантурасына құжаттарымды тапсырдым. «Түсіп кетсем жақсы, ал түсе алмай қалсам ешнəрсе жоғалт-паймын», деп ойладым.

Аспирантурадағы бір орынға үш өтініштен келген екен. Менімен бəсекеге түскендердің екеуі де Ал-маты да жоғары оқу орындарын біті ріп, осында жұмыс істейтіндер, бірақ менен айырмашылығы – олар оқыту шылар емес. Үшеуміз де емти ха нды ойдағыдай тапсырдық. Олар екі пəннен «жақсы», шетел тілі нен «қанағаттанарлық» баға алды. Соңғы сабақтан менің де білі-мім шамалы болғандықтан, «қана-ғат танарлықты» қанағат тұт тым. СОКП тарихынан «жақсы» деген баға алсам, философиядан «өте жақ сы» болып шықтым. Бір балл артық шы лықпен жеңіске жетіп, тамыздың аяғында үйге, Қызыл-ордаға қайттым.

1949 жылдың қыркүйегінде біз дің институтта оқу басталды. Сол кезде кенеттен мен Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті Қ.И.Сəтбаевтың қолы қойылған хат ал дым. Онда аспирантураға қабыл-д ан ғаным, оқудың 1 қазанда баста-латы ны туралы айтылыпты. Өзім сабақ беретін институтта мұны еш кім күтпегендіктен, ректорат абыр-сабыр болды да қалды. Өйт-кені ол кезде мамандардың өте тап шы кезі еді. Мені бұл тығырық-тан ҚазМУ-ден келген жас маман құтқарды.

Алматыға дер кезінде келдім. Ғылым академиясының жатақха-насына орналастым. Шет тілінен берілетін сабаққа қатысып жүрдім. Профессорлар бізге өзіміздің негізгі пəнімізден де лекциялар оқыды. Мен академиялық кітап-хана ның оқу залының тұрақты оқырманы бол дым. Осылайша күз, қыс, көк тем ай лары өте шықты. Барлық емти хандарды ойдағыдай тапсырдым.

Мұнан кейін мені академик Қаныш Сəтбаев өзіне шақырып, былай деді: «Академия еліміз мұқтаж болып отырған мамандықтарға бірнеше аспиранттар қабылдады, бірақ бізде оларды даярлайтын кадрлар жоқ. Сондықтан оқуды жалғастыру үшін сізді Мəскеудің тиісті институтына жібереміз деп шештік. Бұл жөнінде КСРО Ғылым академиясымен уағдаластық бар». Мен: «Оқуды осында жалғастырсам қайтеді? Отбасым Қызылордада еді», дедім. Қаныш Имантайұлы дис сер тацияны мұнда жазған күннің өзінде оны талқылап, қорғау ға қабыл дау керек. Бірақ респуб ли-ка да ол үшін ғылыми кеңес те, маман дар да жоқ екенін, бəрібір Мəс кеуге бір емес, бірнеше рет бару ға тура келетінін, сондықтан қазір аттанып, бүкіл жұмысты сонда аяқтағанның жөн болатынын мұқият түсіндірді. Мұнан кейін мен мынадай дəлелге жүгіндім. «Онда барған аспиранттарға жатақхананы қаланың сыртынан беретін көрінеді. Электричкамен жүруге тура келеді. Бұған қыруар уақыт, көп ақша кетеді ғой». Бұл уəжіме Қанекең былай деп жауап берді: «Алаңдама, ол жөнінде Сергей Ивановичпен өзім сөйлесемін. Мəскеуге дейінгі жол төленетін болады». Менде енді мұн дай ұсыныспен келісіп қана қоймай, Ғылым академиясы пре зи-дентінің əкелік қамқорлығын алғыс-пен қабылдаудан басқа ештеңе де қалмаған еді.

...Міне мен Мəскеудемін. Қазан вокзалынан метроға отырып, Ленин даңғылындағы 15-ші үйден бір-ақ шықтым. Онда КСРО Ғылым ака де мия сының Төралқасы орна-лас қан еді. Ғылыми кадрлар даяр-лай тын ғимаратқа бас сұқтым. Осын дағы аспирантура бөлімінде құжат тарым ды қарап болған адам: «Якорь» қонақ үйіне жолдама береміз» , деді . Мен шошып кетіп: «Неге қонақ үй? Жата қ-ханадан орын бері ңіз», дедім. Маған: «Олай істей алмай мыз, бұл Сергей Ивановичтің ұйға ры -мы», деп жауап берді. Мен сы-пайы лықтың бəрін ысырып қо йып: «Сергей Иванович деген кім?» деп сұра дым. «Бұл қалай? Ол өзіңізге қам қорлық жасайды, ал сіз оны біл-мей сіз. Сұрап отырғаныңыз КСРО Ғылым академиясының прези денті, ака демик Сергей Иванович Вавилов қой!» деді бөлімдегілер таң данысын жасыр май. Мен тілім ді тістедім.

...Сонымен, мен ғажайып, ұлы адам дар – Қаныш Имантайұлы Сəт-баев пен Сергей Иванович Вавилов -тың арқасында КСРО Ғылым ака де-мия сының есебінен Мəс кеу дің қақ орта сын дағы қонақ үйде екі жарым жыл тұр дым. Кейін осы жəне одан да бас қа ізгі жүректі асыл аға лары-мыз дың арқасында канди дат тық дис сер та циямды сəтті қорғап, елге оралдым.

(Соңы 10-бетте)

Page 10: Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», ... болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі

10 28 қыркүйек2016 жыл

Өнеге Өрнектері

(Соңы. Басы 9-бетте)

– Кейде адамның өзі мүлде күтпеген түсініксіз бір жағдайлар болады. Артынан, яғни уақыт өте келе оның бәрі қалыпты жағдай секілді көрінетіні тағы бар. Сіздің өмір жолыңызда сондай оқиғалар кездесті ме?

– Иә. 1953 жылы Мәскеуден оралғаннан кейінгі алғашқы айлар­да бізде, академияға жаңадан қосыл­

ған ғылым кандидаттарында бі раз бос уақыт болды. Ғылыми­зерт теу жос парын жасауға әлі қосылып үл­гермеген кезіміз. Сол уақыттағы тәр тіп бойынша әр жұмыс күні сағат 9:00­де келу және 18:00­де қайту ретін де журналға жазылуы қажет. Біз келіп жазыламыз да кітап ханаға кір мей тұрып, бір жарым сағаттай сая бақта жүріп қай та мыз. Содан кейін жұмысқа кірі се міз. Біз ол кезде бесеу едік: А.Еренов, С.Байсалов, Ғ.Уәли ханов, К.Бейсембиев және мен.

Бір күні ойламаған жерден қатары мызға бейтаныс жігіт қосыл­ды. Соны байқаған К.Бей сем биев бірден: «Сен кімсің, қайдан кел­дің?», – деп оны сұрақтың астына алды. Ал ол болса еш саспастан: «Тілендиевпін. Атым – Нұрғиса. Өздеріңіз сияқты мен де Мәскеудегі оқуды бітіріп оралдым. Абай атын­дағы Опера және балет театры на жұмысқа орналастым. Алма ты­дағы №12 мектеп­интер натта бірге оқыған мына сынып тасыма әдейі леп келдім», – деп маған қарап күлім­сіреді. Аң­таң бол ған жолдастарым маған қарай бұрылды. Мен: «Біреу­ге ұқсатып, қате лесіп тұрған шы­ғар», – дедім әріптестеріме. Еш теңе ге түсінбеген К.Бейсембиев: «Жарай­ды, ендеше! Мен басқа біреу ме деп ойлап қалып едім. Бізбен бірге жүре бер», – деп қолын бір сілтеді.

Ол кезде қуғын­сүргін жыл дары­ның салдары санадан кете қоймаған уақыт еді. Көпшілік бейтаныс жан­дар дан қауіптенетін. Алайда, бұл түсін бес тік одан әрі өрбіген жоқ. Қай­та Нұрғиса Тілендиев біздің сенім ді серігімізге айналды. Қызығы сол, ол мені өмір бойы өзінің мектеп кезін­дегі досы санап өтті. Онысын «Оты­рар сазы» оркестрімен концерт беру­ге келгенде біздің бұрынғы поли ­тех никалық институттың, кейін гі Қ.И.Сәт баев атындағы ұлт тық техни­калық университеттің бас шы лы ғы на да бірнеше рет дәлел демек бол ды. Мен оны райынан қай тара алма дым. Мүмкін оның бала кезде маған ұқ сас жақсы досы болған шығар. Менің мек тепті Алматыда емес, Шиеліде оқы ға ным ды білетін жандар бұл тура лы естіп, күлетін және ұлы ком по зиторға ризашылықтарын білдіретін. Ал өз басым Нұрғисадай ға жа йып өнер иесінің өзіме деген осындай ерекше ілтипатын мақтан тұтатынмын.

– Жұрт аузында осы күнге дейін: «1954 жылғы П.К.Пономаренко айтқан сөз ғажап еді. Республика зиялыларының алдында жасалған сол баяндаманы қазір тауып алып, газетке жарияласа ғой шіркін!» – деген пікірлер ара-тұра айтылып қалады. Тың игеру басталғанда Қазақстанға бірінші басшы болып келген ол кісінің аталмыш сөзін біз көптен бері мұрағаттардан жалықпай іздеумен келеміз. Бірақ, өкінішке қарай, баяндама баспасөз беттерінде жарияланбаған, мәтіні еш жерде сақталмаған. «Оның бас-ты себебі, Пантелеймон Кондратье-вич ел алдында қағазға қара май, ауызша сөйлеп еді және ол бас-қосу Орталық Комитеттің пленум, бюро сияқты ресми жұмыс ша-расы емес, ұлт зиялыларымен кез десудегі ашық әңгіме болатын. Мүмкін содан да тасқа басылып, таспаға түспеген шығар», – дейді зерттеуші ғалымдар. Айтыңыз шы, сіз бұл жөнінде не білесіз? Оған қатыстыңыз ба? Егер сол жиынға куәгер болсаңыз, онда қандай әңгімелер қозғалған еді?

– 1954 жылы жазда Алматыдағы Опера және балет театрында ин­теллигенттер жиыны өткізілетін болды деп естідік. Мен ол кезде академия дағы Тарих, археология және этногра фия институтының философия сек торында жұмыс істейтінмін. Он дағы партия ұйы­мының хатшысы Ақай Нүсіп­беков те ал мен оның орын басары болатынмын. Сон дық тан респуб­лика Ғылым акаде мия сының ком­мунистері есепте тұратын Фрунзе ауданында өткізілетін түрлі жиын­дарға көбіне мен баратынмын. Бұл жолы да солай болды.

Театрға келсем, зал қатысу шы­ларға лық толыпты. Ине шаншар бос орын жоқ. Партердің орталау

жері нен бір орын тауып алып отырдым. Жиналыс басталды. Сөз П.К.Пономаренкоға берілді. Ол орта бойлы, қасқа бас, сырт пішіні орнықты, бет әлпеті дана адамға ұқсас, жүріс­тұрысы нық, әр сөзін асықпай шегелеп айтатын кісі екен.

Пантелеймон Кондратьевич сөзін ә дегеннен­ақ Қазақстан тек кен көздеріне мол, келешегі зор республика ғана емес, сонымен қатар мәдениеті жоғары, білімді

де білікті кадрларға жеткілікті ел екенін атап айтты. Бірақ осы ға­жап адами ресурсты пайдалануда, жұмыс ты дұрыс ұйымдастыруда билік басындағылардың өресі жет­пегенін еске салды. Мәселен атағы әлемге жайылған тұлғалар: ака­демик­геолог Қ.Сәтбаев пен жазу­шы­ғалым М.Әуезовті респуб лика басшылығы бағалай білмей, қыс­пақ көрсетіп, тентіретіп жібер генін не деуге болады деді. Біз енді ол дарындарды қайтадан Алма тыға шақырдық. Олар қазір өз жұ мыс­тарын атқаруда. Шешен осы лай дей келіп, Ә.Қанапиннің есімін атады. Ол СОКП Орталық Ко митеті жанындағы Қоғамдық ғылым дар академиясын бітіріп кел ген соң, жергілікті билік бұл кісіні жұмыс­сыз қалдырыпты. Аталып отыр ған адам Мәскеудегі академияға бар ған­ша Алматы облыстық партия коми­тетінде бірінші хатшы болған. Сон да оның жазығы не? Ол жағы бел гісіз. Біз оны да жұмысқа шақыр дық, деп көп мысалдардың бірі етіп ай тып өтті. Еске сала кетейік, П.К.По но ­ма рен коның сол сөзінен кейін Ә.Қа­н апин Мәдениет министрі болып, біраз жақсы жұмыстар атқарды.

Бірінші хатшының аса ілти пат­пен атағандарының ішінде ғалым Төлеген Тәжібаев та болды. Ол, деді Пантелеймон Кондратьевич, өзінің іскерлігі, білімділігімен КСРО Сыртқы істер министрі В.М.Молотовпен бірге АҚШ­қа бар ып, Нью­Йоркте біраз уақыт жұ­мыс істеді. Онда Біріккен Ұлт тар Ұйымының Ассамблеясына құжат­тар дайындауға қатысып, керемет қабілеттілігін көрсетті. Құрметке ие болып, қазақ халқының мақтан тұтар ұлдарының біріне айналды. Республика басшысы сондай­ақ сөз арасында ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбылға да тоқтай келіп, оның ғажап, суырып салма ақын бол ғанын айтты. Сөйтті де бұл кісін ің басқа өлеңдерін былай қой­ған да «Ленинград тық өрендерім» туындысын немен салыс тыруға болады, жауға жасал ған жойқын соққылардың бірі осы болған жоқ па деді. Біз Қазақстанға жұмысқа келгеннен кейін басшы маған да, екінші хатшы Л.И.Брежневке де сұранып қабылдауға келгендер болды. Солардың ішінде кейбіреулері Жамбыл ақын емес, жай сауатсыз, қарадүрсін адам. Оның атынан өлең шығарған оның Ғали Орманов, Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев секілді хатшылары деген сөздерді айтты. Осылай деген жолдастардың аттарын атамай­ақ қояйын, бірақ біз олардың солақай пікірлеріне қосылмайтындығымызды білдір дік. Өйткені, қазір арамызда Жамбыл жоқ, бірақ әлгі ақындар бар. Олар да, даукестер де осы залда отыр. Егер, Жамбылдың атынан өлең жазған әдеби хатшылар, ақындар болса, неге олар Жамбылдың шығар ма ларын дай дүниелер туғыз бай ды. Көзім жетеді, туғыза алмай ды. Әрине, қарт жырау­дың өлең дерін әлгі ақындар қағазға түсірді, оны Павел Кузнецов, Марк Тарловский орыс тіліне аударды. Жам был өлең дерінің кейбір жер­лерін олар өңдеген де шығар, бірақ, мәселе онда емес. Мәселе қарт ақын туын дыларының терең мәнін де. Ұлы

жырау шығармалары ғажап ру хани байлық, ғасырлық ойларды тол­ғай тын құнды сөздер. Олай болса, мәселе тек ұйқастық формада емес. Басқада. Жамбыл өлеңдері гранит, ал әлгі ақындар сол гранит ті қашап, жылтыратты, көпке жеткіз ді деді. Сөйтті де әр халық өз асылын бағалай білуі керек екенін еске салды.

Пантелеймон Кондратьевич бұдан кейін, тың игеруге байланысты ауылшаруашылық мамандары,

әсіресе, ылғалы аз жерлерде егін егу дің мәнісін білетін білікті кадрлар көп болуы керек деді. Сөйтті де ауыл шаруашылығы институтының рөліне тоқтап, оның ректоры Ә.Жұматов осы залда отыр дей бергенде қызық оқиға болды. Ол кісі біздің қатардан орын алған­тын. Театр іші қапырық тартып ысып кеткендіктен Әубәкір аға қалғып отыр еді. Аты аталғанда шошып оянып, орнынан қарғып тұрғаны. Бұған отырғандар ду ете түсіп, күлкіге батты да қалды.

Сөз соңында П.К.Пономарен­ко ның айтқаны: Қазақстан жазу­шы лары ның бірінші съезі 1934, екіншісі 1939 жылы өткен екен. Содан бері 15 жылдай уақыт болып­ты. Біз жазушылардың үшінші съезін өткізуге келістік. Бірақ оған одақтағы басқа да рес пуб ли ка лардан белгілі қаламгер лерді ша қыру керек. Олар келіп рес пуб ли камен таныссын, атқары лып жат қан істерді көзімен көрсін. Ел Қазақ станды М.Әуезов романы арқылы ғана біледі. Ол халықтың бұрынғы өмірі, енді сол ұлттың бүгінгісін өз елдеріне жеткізсін деп ұйғардық деді. Кейін Қазақстан жазушыларының сол үшінші съезіне Михаил Шолохов, Леонид Соболев, Мұстай Кәрім, Берді Кер бабаев шақырылды­ау деймін. Әй теуір ол өте үлкен, келелі жиын болып өткені есімізде.

П.К.Пономаренко Қазақстанда бір жылдай ғана қызмет атқарды. Ел­жұртқа сөзімен де, ісімен де жақсы әсер қалдырды. Ойлап қарасам, содан бері 60 жылдан аса уақыт өтіпті. Ескертіп айта кетейін, мен күнделік жүргізген адам емеспін. Сондықтан ойымда не қалды, соны ғана айтып отырмын. Кейбір пікірлерді ұмытқан да шығармын. Бірақ сол жиында айтыл ған әңгімелердің ұзын­ырға сы жалпы алғанда осындай. Біле білсек, бұл да өткен өміріміз ғой. Оларды да еске алған, елдің есіне салған жөн.

– Ғылымда көп нәрсе кездейсоқ пайда болып, жаңалықтар мүлде күтпеген жерден ашылады деп жатамыз. Ал соларға қозғау сала-тындай, ықпал ететіндей жайттар қаншама. Ендігі әңгімемізді осы тақырыпқа бұрып, оған өзіңіз куә болған оқиғалар арқылы жауап берсеңіз дейміз.

– 60­жылдардың бас кезінде Түрікменстанда Бүкілодақтық ғылыми конференция өтетін бол­ды. Оған Қазақстаннан бірнеше ғалымдар шақырылдық. «Ашхабад» қонақ үйінде орналасқаннан кейін жақын маңдағы саябаққа, серу­ендеуге шықтық. Мен Сағындық Кенжебаевпен және Әмір Қанапин­мен бірге келе жаттым. Алдымызда Ақай Нүсіпбеков, Серікбай Бейсем­баев, Әбді Тұрсынбаев сияқты аға­лары мыз бара жатты. Әңгіме бары­сында Тұрар Рысқұлов туралы сөз болды. Мен бұл тұлғаның Моңғолия астанасының бұрынғы Урга деген атауының орнына Улан­Батор деп жаңаша ат бергенін айттым. Мұны құлағы шалып қалған Серікбай Бейсембаев ақсақал біз жаққа шұғыл бұрылып: «Солай ма?» деді. Мен: «Иә» деп жауап бердім. Осымен әңгімеміз біткен болатын.

Конференция өз жұмысын аяқ­тады. Бәріміз Алматыға оралдық. Бір күні Серікбай Бейсенбайұлы

өзі директор болып қызмет істейтін Пар тия тарихы институтынан қоңы­рау шалды. Шаруасы Урга қала сын қайта атауға Т.Рысқұловтың қа­ты сы туралы әнеу күнгі өзім айт­қан әңгімені нақтылау екен. Аға­мызға мен 1951 жылы Мәскеудегі ас пи рантурада оқыған жылдары В.И.Ленин атындағы кітапханада сабақ қа дайындалып жүріп, Т.Рыс­құловтың бір газетке берген сұхбатын оқығанымды айттым. Онда

оның 20­жылдары Коминтерннің өкілі болып Моңғолияда қызмет атқарған кезінде сол елдің жаңа астанасын қай та атау туралы мәселе қойылған съезге қатысқанын сөз еттім. Сонда оған бай ла нысты әртүрлі нұсқалардың қарас тыры­лып, олардың бәрінің қол дау тап­пағанын, ақырында Т.Рыс құловтың қалаға өзіміздің Қызыл ордаға ұқсас ат беруді ұсынғанын, сөйтіп жаңа астананың Улан­Батор (Қызыл Батыр) деген әдемі атауға ие бол­ғанын оқы ғаным ды баяндадым. Сұхбатта Т.Рысқұлов өзінің бұл ойы ның жұрт тың бәріне бірден ұнағ анын, оны халық Хуралында қабылдайық деп шешкенін әңгіме­лейді дедім.

«Өзің айтып отырған мақала қай газетте, қашан жарияланған?» деп сұрады Серікбай Бейсембаев. Мен қай күн, қай ай екені есімде жоқ екенін, ол кезде халық жаулары­ның есімі қауіпті болғандықтан дәп теріме жазып алмағанымды, ал газеттің 1927 жылғы «Вечерняя Москва» екенін айттым. Осыдан кейін біраз уақыттан соң Серікбай Бейсембайұлының Моңғолияға барғанын естіп­білдім. Онда Улан­Батордағы ғалымдар менің ақ­паратымды растапты. Тіпті олар онда қаланың атын қайта атау және Урга деген ескі атты ауыстыруға байланысты Т.Рысқұловтың сөйле­ген сөзі жазылған съездің стено­грам масын да көрсетіпті. Ғылымда кейде міне, осындай сәттер де бола­ды. Мен әріптес ағамызға жай ғана есте ұстағанымды айтып бердім, ал ол ғылыми қорытындыға ұласты.

– Белсенді өмірлік бағдар. Азам аттық биік ұстаным. Қоғам-ға, өмірге деген сергек те сын-дарлы көзқарас. Жаңаша ой-лау машығындағы патриотизм. Айтыңызшы, өзіңіздің ұзақ ғұ-мырыңызда осы құнды қасиет-тер сіздің және сіздің заман дас-тарыңыздың бойынан қай кезде, қандай жағдай ерекше көрініс берді деп ойлайсыз?

– 1986 жылдың 19 желтоқса­нын дағы оқиға есімнен кетпейді. Сол күні бұрынғы Қазақ политех ни­калық институты, қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы техникалық уни вер­ситетіне СОКП Орталық Коми теті Саяси бюросының мүшесі, Пар­тиялық бақылау комитетінің төр­ағасы М.Соломенцев пен респуб­ликаның жаңа басшылығына сай­ланған Г.Колбин келді. Мақ сат тары – Орталық алаңға жақын орна­ласқан біздің жоғары оқу орын­дарын дағы студенттердің толқуға мол қатысқанын айыптау. Кремль эмиссарынан кейін сөз алған инс­титут ректоры Б.Рақышевтен соң оқыту шылар маған қарады. Мен осы кездесу қарсаңында, яғни, 18 жел тоқ сандағы Орталық Комитет мәжі лісінде Алматыдағы оқиғаларға бай ланысты «қазақ ұлтшылдығы» деп берілген бағаға келіспейтінімді білдірдім. Бұл бүкіл қазақ халқын аты­жөні жоқ айыптау дедім. Сол арада М.Соломенцев сөзімді бөліп жіберіп: «Алаңда болған оқиғаға сонда қандай баға бересіз?» деді. Оған былай деп жауап бердім: «Болған жайтқа ұшқары, асығыс тұжырым жасауға болмайды. Оны

жан­жақты және объективті түрде зерттеу керек». Сөз ретіне қарай айта кетейін, өзімнің бұл ойымды кейін баспасөз бетінде жарияладым да. Осыдан соң көп ұзамай қаладағы зиялы қауымның Г.Колбинмен Қазақстан Жазушылар одағында өткен кездесуінде атақты ақын, менің майдангер замандасым Жұбан Молдағалиев өз халқына жасалған қиянатты ашына айтып, бұл мәселе­дегі азаматтық ұстанымын: «Мен қазақ пын, өз халқымды мақтан ете­мін. Маған оның қатпарлы тари хы қымбат, ал оның бүгінгі күні одан да қымбат. 17­18 жастағы қыз дар ды шашынан сүйреп, сабаған жағ д ай ды естіп білгенде, жасырып қай тейін, осы күнге дейін өмір сүр геніме өкіндім. Мұны көргенше кешегі өзім қатысқан Ұлы Отан соғы сындағы шай қастарда неге оққа ұшып, өліп кет педім екен деп ой ла дым», деген сес ті сөздермен біл дірді. Жұбан Мол дағалиев осы лай десе, жасы біз бен тұстас отан дас ы мыз, сол кез­дегі рес пуб лик а лық «Ленин кичи» газетінің бас редакторы Инно кен­тий Хан: «Желтоқсан оқиғасына бір жақты қарауға, асығыс баға беру­ге болмайды. Өйткені, ұлт мәсе ­лесі, ұлт ар а лық қарым­қатынас өте ше тін нәрсе. Бұл тақырып БК(б)П­ның ХІІ съезінен кейін қайтып қарал май, көп жағдай қордаланып қал ғанын ескеруіміз керек. Сіздер айып тап жатқан республикамыз­дың тұрғылықты ұлтына келсем, өз басым қазақ халқына кінә қоя алмай мын. Осы жерде өстім. Осы жерде оқыдым. Өздеріңіз біле сіз­дер, осы жерде жұмыс істеп келе­мін. Бұл ел ден жамандық көргенім жоқ», – деді ағынан жарылып. Ол кездері осындай тағдыршешті пікірлерді академик Салық Зиманов пен көрнекті жазу шы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің де тай сал май айт­қаны бар. Менің және менің заман­дастарымның азаматтық ұста нымы, олардың белсенді өмірлік бағ дары дегенде ойыма міне, ел­жұртқа сын болған кезеңде сыр бермеген осын­дай асыл қасиеттері оралады.

...Алматыдағы желтоқсан оқиға­сынан кейін жарты жыл өткенде СОКП Орталық Комитетінің «Қазақ республикалық партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөнін­дегі жұмысы туралы» қаулы сының шығуына байланысты мені өзіміздің Орталық Комитетке шақырды. Ол құжатта «қазақ ұлтшылдығы» баса айтылған еді. Бөлім меңгерушісі А.Устинов желтоқсан оқиғасына бай ланысты Мәскеуден үлкен өкі­леттіктері бар комиссия келе жат­қанын жеткізе келіп: «Мүмкін, өз пікіріңізден ресми түрде бас тар­тарсыз?» деді. Мен: «1986 жылдың 19 желтоқсанындағы айтқан сөзім эмоцияға берілген уақытша көңіл­күйдің немесе қандай да бір ширы­ғу дың салдары емес, өзімнің терең сенімім», екенін баяндадым. Бөлім меңгерушісі өзінің ақыл­кеңе сін менің ой елегімнен және бір өт­кізуімді ескертті. Сөйтіп, ол кісімен тіл табыса алмай тарқастық.

СОКП Орталық Комитетінің 1989 жылғы қыркүйектегі пле­нумында республика басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына байланысты бүкіл қазақ халқын кінәлаудың қате екендігін айта келіп, жөнсіз айыптаудың алынып тас талуына, сөйтіп, әлгі қате қаулы­ның жойылуына қол жеткізді. Ал Орталық Комитеттің бөлім мең­герушісі айтқан үлкен комиссия сол күйі қарасын көрсеткен жоқ.

– Енді екі жарым айдан кейін Қазақ елінің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толады. Бұл – үлкен қуаныш, мерейлі мереке.

– Иә. Азаттығын аңсамайтын адам, еркіндігін көксемейтін ел болушы ма еді?! Ақжарылқап бұл күнге біз сағынып жеттік қой. Басымызға қонған бағымызды енді ұзағынан сүйіндірсін дейік. Тәңірге тәубе, егемендігіміздің елең­алаң шағы нан бастап, тәуелсіздіктің тура жолына түскелі бергі ширек ғасыр уақыт ішін дегі өмірімізге ризамыз. Елімізде ты ныш тық болды. Ауыз­бірлігі мық ты жұрт атандық. Жас­тары мыз дүние жүзі нің ең мықты жоға ры оқу орындарында білім алуда. Бей біт саясат, қонақжай көңіл, жомарт мінезіміз арқылы Қазақстанды дүйім дүние танып отыр. Осының бәрі Пре зи дентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбек, тынымсыз жұ мы сы ның нәтижесі. Ақын Мәриям Хакім­жанова ның өлеңдерінің бірінде: «Өмір шіркін, қалар емес жарыс­тан!» – деген сөйлем бар еді. Сол ұғы м ға сүйеніп: «Егемен еліміз де, Ел ба сы мыз да азаттық арынынан тан ба сын, ХХІ ғасырдың жаныққан жа ры сында бәсекелестерінен үстем бо лып, жұлдызы жарқырап жан­сын!» деген тілек айт пақпын. Тәуел­сіздіктің тойы қар саңын дағы қарт адамның шын лебізі, рия сыз ниеті осы деп біліңдер қарақ тарым!

Әңгімелескен Жанболат АУПБАЕВ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

«Өмір шіркін, қалар емес жарыстан!»

Тағдыр зайсандық Нәзигүл Шәрібаева мен Қызылорда облы­сы Арал қаласының тұрғыны Серік Өтеповке батпандай ауыртпа лық­ты арқалатып жіберген сыңайлы. Екеуі де шыр етіп дүние есігін ашқан да мүгедек болып туды. Алайда, рухтары күшті, келешек­тері нен үміт күткен екеуі де мойы­мады, қаншама қиын болса да бала кезінен тырбанып, үй шаруа­сын тындырды, тіпті, есейе келе еңбектің қадірін түсініп, жұмыс істей бастады. Фотоға түсірумен әуес тенген Серік училищені бітір­ген соң Жезқазғанда жұмыс істе ді, содан Ресейдің Волгоград қала­сындағы бухгалтерлік курс ты бітіріп, тұрмыстық қызмет көр­сететін комбинатта есепші қыз­метін атқарды. Нәзигүл де қарап отырған жоқ, себебі, әкесі Секен Шәрібаев ұзақ жылдар жыл қы бақты, ал анасы Жаңылсын Базар­баева үй шаруасында болған соң қызын бала кезден еңбекке бау­лып, алаша, текемет тоқуға тәр бие­леді, бертін келе сурет салу ға де­ген ынтасын байқаған соң қа жет ті бояу, қағаздарды әкеліп берді.

Екі жас есейді, ақыл тоқтат ты. Бірде өзіне өмірлік жар іздег ен Серік Қазақ радиосы ның «Сәле­мет сіз бе,замандас!» деген ар на­йы ба ғдарламасына хат жолдап, өзі нің мүгедек екенін, алайда, жұмыс істейтінін, үйленуге даяр екенін, егер ұнатып жатқан қыздар табылып жатса, қайда тұратынын айтты. Үні әуезді, дауысы тыңдау­шы ларын баурап алатын атақты диктор Сауық Жақанова нақышы­на келтіре жеткізген бұл хабарды сонау Зайсандағы Нәзигүл естіп, қобалжыса да айшылық алыстағы Арал қаласында тұратын Серікке хат жолдап, өзінің де мүге дек еке­нін айтады. Бұл хатты ала салы­сымен Серік Нәзигүлді Арал­ға, туған күнінің қадірлі қонағы болуға шақырады. Ұшуға қанатым жоқ, бірақ бара алмаймын, өзіңнің келгенің жөн деген сәлемді естіген соң Серік жолға дайындалады.

– Қазақ радиосындағы хабар­дан кейін маған хат қарша бора­ды, тіпті, оның саны 300­ден асып кетті. Хат жазғандар танысқы сы келетінін, бірақ, ойланатында­рын айтыпты. Тағдырдың жа­зуы шығар, көп хаттың ішінен 4­ші конверттегі Зайсаннан кел­ген Нәзигүлді таңдадым. Ақыры екеуміз бірімізді­біріміз ұнаттық, бір жылдан кейін Серікгүл деген қызымыз дүниеге келді. Қырдың

қызғалдағындай құлпырып өсіп келе жатқан бойжеткеніміз дос­жарандарының арасында сый­лы болды. Серікгүліміз 20 жа­сында өзі ұнатқан азаматқа тұр­мысқа шықты, амал бар ма, іле­шала о дүниелік болып кетті. Қызымыздың қайғысы екеумізді қатты ойсыратты, – деп отағасы күр сінгенде, жұбайы Нәзигүлдің көзінен жас ыршып кетті.

Осыдан төрт жыл бұрын Зай­сан дағы жаңадан салынған тұрғын үйден сол кездегі аудан әкімі Серік Зайнулдин бір бөлмелі пәтердің кілтін тапсырыпты. Бірінші қабат­та орналасқан Өтеповтердің та бал­дырығын аттадық.

– Серік Зинабекұлына алғы сы­мызды айтамыз, біздің жағдайы­мызды біліп тұрды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеумет­тік бағдарламалар бөлімінің қыз меткерлері Р.Тартқанбаева, Г.Бердібаева, С.Бортықаева біздің шаңыраққа жиі келіп тұрады, көмектерін аямайды. Наурыз мерекесі қарсаңында аудан әкімі Алмас Оңдақанов арнайы келіп құттықтады, сыйлығын ұсынды. Зағип жандардың көңілдерін аулаған аға­апаларыма Алланың нұры жаусын, дейді тебіренген Нәзигүл Секенқызы.

Шағын пәтер іші таза, Нәзи­гүлдің өзі тоқы ған алаша, текемет көздің жауын алады. Іскер жанның бұйымдарын сатып алатындар аз емес көрінеді. Бір бұрышта аяқ­киім жөндейтін құрал тұр. Жоғарыда айтқандай, Серік аяқ­киімді көршілеріне жөндеп береді екен. Ол үшін ақы дәметпейді, не ұсынса да көңілі тоқ. Нәзигүлдің сурет салатыны жөнінде айтқамыз, Абайдың суретін көрнекі жерге іліп қойыпты.

Бір кездері радио арқылы та­нысып, отау құрған, махаббаттары жарасқан қос мұңлық тағдырдың ауыр сынынан сүрінбей өтті. Олар келер күннен арайлы ақ таңдар, шуағын төккен қуаныш пен бақыт тілей бермек.

Оңдасын ЕЛУБАЙ, журналист

Шығыс Қазақстан облысы,Зайсан ауданы––––––––––––––––––

Суретте: Абайдың суретін салған Нәзигүл Шәрібаева өмірлік қосағы Серік Өтеповпен

Суретті түсірген автор

Радио арқылы танысып, махаббаттары жарасқанзайсандық Нәзигүл Шәрібаева мен аралдық Серік Өтепов 24 жыл тату-тәтті өмір сүруде

Page 11: Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», ... болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі

1128 қыркүйек2016 жыл

жұмыр жер

Шарафат ЖЫЛҚЫБАЕВА

Жапония Премьер-министрінің Орталық Азия мемлекеттеріне сапарының түйінінде Қазақстанға келуінің маңызы зор болатын. Бұл сапар аясында Жапония-Қазақстан биз-нес форумы өткізіліп, 15 аса маңызды құжатқа қол қойылды. Н.Назарбаев университетінде сөйлеген сөзінде «Географиялық тұрғыдан арасы алшақ, мемлекеттік құрылымы әр басқа болса да, Жапония мен Орталық Азия келешегі кемел мүмкіндіктерге ие екеніне сенемін», де-ген Жапония Премьер-министрі, бір-біріне қолдау көрсетіп, ынтымақтаса әрекет ет-кен жағдайда мемлекеттеріміздің болашағы жарқын болатындығын айтты. «Біздің ара-мыз карта бетінде алшақ болғанмен, рухани байланысқа бұл арақашықтық әсер етпейді», деген Синдзо Абэ Жапония мен Қазақстанды, бүкіл Орталық Азияны жарқын болашаққа бірге адымдауға шақырды.

Екі ел арасындағы стратегиялық әріп-тестікті тереңдету және кеңейту туралы бірлескен мәлімдемеде көрсетілгендей, «Орталық Азия + Жапония» диалогы не-гізінде Орталық Азиядағы өңірлік ынты-мақтастық одан әрі ілгерілей түспек. Екі ел үшін көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін «Азия-Еуропа» (ASEM) форумы алаңын пайдаланудың маңызы зор. Аталмыш мәлімдемеде жапондық тараптың ядролық отын компоненттерінің жеткізілімін тұрақты қамтамасыз ету және ядролық қауіпсіздік саласында, оның ішінде Қазақстанда «Халық аралық атом энергия-сы агенттігінің» «Төмен байытылған уран банкін» құрудағы, сондай-ақ тасымалдау са-ласында ядролық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның қомақты үлесін жоғары баға-лағандығы айтылады.

Жапония, сондай-ақ, «Азиядағы ядролық кооперация жөніндегі форум (FNCA) жұ-мысына Қазақстан Республикасының бел-сенді қатысуын қуаттады және Қазақстан Рес-публикасымен ынтымақтастықтың ғы лыми-практикалық бағдарламаларын кеңейтуге мүдделілік білдірді. Тараптар екі елдің үкі-меттік емес ұйымдары, қоғамдық топ тары мен азаматтық бірлестіктері ара сындағы бай-ланыстарды белсенді түрде дамытуды құптап, Семей, Хиросима және Нагасаки қала лары арасындағы байланыс тарды нығайта түсуге мүдделілік танытты».

Мәлімдемеде көрсетілгендей, Жапония Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіру жөнінде Қазақстанның күш-жігерін ойдағыдай ілгерілетуге сенім білдірді. Күншығыс елі Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы шешімін құптады. Мәлімдемеде тараптардың Қазақстанның осы ұйымға кіруі ДСҰ басты буын болып та-былатын, жаһандық сауда жүйесін қолдауға және нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан эко-номикасын одан әрі дамытуға және екі-жақты экономикалық қарым-қатынасқа үлес қосатынына келіскені көрсетілген.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев технологияларды дамыту тұр-ғы сынан елге инвестиция тартудың және әлем дік озық технологияларды енгізудің маңыз дылығын әрдайым айтып жүр. Осы тұста технологиялық даму көрсеткіші бо -йынша әлемдегі алдыңғы орында тұрған Жапонияның тәжірибесіне мән беру артық болмас. Бүгінде ішкі жалпы өнім көлемі жөнінен әлемде жетекші орында тұрған Жапония робот техникасы мен электрони-ка тауарларын өндіру жөнінен ең жоғары көрсеткішке ие болып отыр. Кеме жасау, автокөлік құрастырудан да Күншығыс елі бірінші орында. Өнеркәсіптік өндіріс бо-йынша 100 балдық көрсеткішке қол жеткізген.

ҚР Инвестициялар және даму министр-лігі Қазақстан мен Жапония арасындағы

ынты мақтастық туралы 2015 жылғы тамызда жариялаған анықтамада ғарыш саласындағы ынтымақтастық туралы тармақ бар. Жапония-ның әуе-ғарыш зерттеу агенттігімен ын-ты мақтастық жүзеге асуда. Қазақстан Рес -публикасының Ұлттық ғарыш агенттігі мен Жапония әуе-ғарыш зерттеу агенттігі арасында 2010 жылғы 27 қаңтарда ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу бойынша ын ты мақтастық орнату туралы келісімге де қол қойылған.

Иә, ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі жи-ырма жылдың ішінде экономикалық даму-дың озық үрдісіне қол жеткізген Жапония өз ғалымдарының ұлттық идея ларға негізделген инновациялық бастамаларына әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Қарапайым мысал келтірсек, жапонның ғарыштық спутнигін құрастыруда ежелгі қыш құюшылардың тех-нологиясы ұтымды пайдаланылған.

Жапонияда 2001 жылдан бастап биология, биохимия, ақпараттық коммуникация, эколо-гия, нанотехнология сияқты салаларға инвес-тиция салынып, ел бюджетінен төрт жылға 24 триллион иен бөлінген. 2002 жылы жараты-лыстану ғылымдарына ішкі жалпы өнімнің 3,35 пайызы болып табылатын 16,7 триллион иен жұмсалған. Бүгінгі таңда Жапонияда тех-ника-технология салаларында жұмыс істейтін 1 миллионға жуық ғалым бар. Оның 70 пайы-зы ірі корпорацияларда қызмет атқарады. Жапонияның технология саудасынан түсетін табысы шығынынан үш есе артық.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы 29 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөй леген сөзінде: «Болашақты ескеріп, ЭКСПО-2017 көрмесі инфрақұрылымы негізінде Астанадан Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашуды ұсынамын», деген болатын. Ел әлеуетін арттыруда ғана емес, жаһандық даму үдерісінде қалдықсыз экономика мәселелері бүгінгі күнде маңызды тақырыптың бірі. 1973 жыл мен қазіргі уақыт аралығында жапон экономикасы екі есе-ге дамыды, өнім өндіру 1,5 есе өсіп, энер-гия тұтыну 0,9 есе өсіп межесіне жетті. Бұл қалдықсыз және жасыл экономикаға баса мән берудің арқасында жеткен жетістік.

Жапонияда істен шыққан тұрмыстық тех-ника босқа тасталмайды. Ұялы телефондар ұсақ бөлшегіне дейін утилизациядан өтіп, құрамындағы алтын, платина ұнтақтары ар-найы технологиялық әдіспен балқыту арқылы бөлініп алынады. Ал тұрмыстық техниканы өңдеу орталығында кір жуғыш машина, теле-дидар, кондиционер, тоңазытқыш, компью-терлер, т.б. бөлшектеніп, іске жаратылады. Бұнда мамандар техниканы ұсақ бөлшегіне дейін топтап таразылайды. Жапонияның қалдықсыз экономикада пайдаланып отырған технология сы әлемдегі ең озығы саналады.

Қазақстан басшысы «Астанадағы Дүние-жүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты болашақтың энергиясын іздеу және жасау жөніндегі озық әлемдік тәжірибені зерде-леу мен енгізу орталығын құру үшін пайда-лану керек. Мамандар тобы Назарбаев, Уни-верситеттің қолдауымен осы жұмысқа кірі суге тиіс», деген. Елбасы, сондай-ақ, қоғам дық көлікті отынның экологиялық таза түрлеріне көшіруге, электрмобильдерді ен гізуге және олар үшін тиісті инфрақұрылым қалып тас-тыруға жағдай жасау қажеттігін де айтқан еді.

Республикада экологиялық таза кө лік түр лері енгізілсе, қоршаған ортаға де ген қам қорлық тың бір түрі болар еді. Эко-логиялық таза көлік түрлерін жасау жапон ин женерлерінің басты мақсаты десе де бо-лады. Күншығыс елі 2005 жылғы ЭКСПО-да осындай көліктердің бірнеше жаңа түрін та-ныстырды. «Табиғат даналығы» деп аталатын

бұл көрмеде Жапонияның шынымен де дүние жүзі бойынша технологиясы қарыштап дамыған өркениетті ел екеніне жұрттың көзі жетті. Көрме аяқталып, павильондарды жинап әкеткеннен кейін сол орын дағы жасыл желекті алқап қайтадан бой көтерді.

2005 жылы Айчиде көрсетілген көлік-тер тек көрме үшін жасалмапты. Жапон қо ғамына жанармай орнына ауамен жүретін немесе табиғи газды пайдаланып қозғалатын, дөңгелексіз һәм жүргізушісіз, теңіз бетімен жүйткитін автобус түрлері таңсық емес. Мәселен, Intelligent Multimade Transit System IMTS – интеллектуалды көлік жүйесі деп аталатын серияға жататын авто-бус адамның көмегінсіз, яғни жүргізушісіз өздігінен жүреді. Жалпы, Жапониядағы қоғамдық көліктердің ешқайсысы сасық түтін шығармайды, іші-сырты айнадай жал-тырап тұрады. Яғни, жолаушыға да, қоршаған ортаға да зиянсыз.

Бүгінде Жапонияда шинкансэн мен ұшақтардың экипажы жүргізушілік емес, операторлық функция атқарады. Метро мен монорельсті көліктер толығымен ав-томатты түрде жұмыс істеуге бейімделуде. ЭКСПО-2005 көрмесінде заманауи техноло-гияларды паш ете отырып, ұлттық болмы-сын таныта білген жапон мамандары есімі ежелгі Ушивакамару деген аңыз кейіпкерінен алынған, төрт тілде (жапон, қытай, кәріс, ағылшын) еркін сөйлейтін Mitsubishi Havy Industries компаниясының Вакамару есімді гуманоид роботын да жұртшылық назарына ұсынды.

Кезінде «Қазақстан-2030» бағдарла-масында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауа сы таза аймаққа айналады. Өндіріс қал дықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің бала-лар кінәратсыз толыққанды өмір сүретін бо-лады», деп, атап көрсеткен еді. Ал «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында: «Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы ел дің біріне айналуға тиіс», деген болатын. Елбасы алға қойған мақсатқа жету үшін қоршаған ортаға жете көңіл аударып, табиғи ресурстарды тиімді пай да лану қажеттігі бүгінде өзекті болып отыр.

Жапон қоғамына тән ұқыптылық пен тиянақтылықты суды таза ұстауынан да көреміз. Мысалы, Жапонияның орталы ғын-дағы Шига префектурасында орналасқан ең үлкен көл Биваға құятын өзеннің бірі Хариэ-Окава Шинасахичйоу деген ауыл-дан ағып өтеді. Осы Хариэ өзенінің бас тау суларын ел тұрмыста пайдаланады. Үй-лер тығыз орналасқандықтан, су ауланың ішіне тартылған. Кейбір үйлерде бұлақ ас бөлмесінің ішінен ағып жатыр. Ауылдың жоғарғы тұрғындары төменгі жақтағы үй-лерге бұлақ суы мөлдір күйінде жету үшін оның тазалығына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан, бұлақ суы өзенге тұп-тұнық күйін де жетеді. Кір жуып, қоқыс төгіп жатқан ешкім жоқ.

Хариэ суының тазалығы соншалық, ба-лық тар еркін жүзіп жүр. Салқын бұлақты әрі ауыз су, әрі тоңазытқыш ретінде пайдалана-тын ауыл әйелдері күн ыстықта таза ыдысқа салынған көкөністерін де салып қояды екен. Жапонияда су тартудың бұндай жүйесін ка-бата деп атайды. Бұлақ жағасынан тек тұнық суда ғана өсетін байкамо деген ақ гүлдерді көреміз. Кабатаның суын жергілікті зауыт сакэ өндірісіне, ал шаруалар күріш егістігіне де пайдаланады. Шаруашылықтар да азық-түлік өндірісіне Хариэнің бастауынан су ала-ды. Жағада отырған 110 үй тіпті ыдыс жуған майлы суды да кабатаға төкпейді. Бұл ауыл қалдық майды сабын жасауға пайдаланады екен. Табиғат берген суды тұнық күйінде сақтап отырған Хариэ ауылы Жапониядағы ең үлкен көл Биваның таза болып қалуына осылайша үлес қосуда.

Адам жасын ұзарту, қартаюға қарсы дәрі ойлап табу – Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірнеше рет айтқан мәселесі. Мәселен, осыдан бес жыл бұрын Назарбаев Университет студенттеріне дәріс оқығанда кәрілікке қарсы дәрі жөнінде ой тастаған бо-латын. Ал әлемдегі адамдары ең ұзақ жасай-тын мемлекет Күншығыс елі екені баршаға белгілі. Жапонияда, әсіресе, Нагано пре-фектурасы ұзақ жасаушылар өлкесі сана-лады. Бұндағы Саку қаласында 1971 жылы

қабылданған халықтың өмір жасын ұзарту жоспарлары бүгінге дейін жүзеге асуда. Статистикалық деректерден келтірсек, жапондардың орташа өмір ұзақтығы 82 жас. Орташа есеппен ерлер – 78, әйелдер 86 жыл өмір сүреді екен. Бұл дүние жүзіндегі 1-орынның көрсеткіші.

«70 – балаң шақ, 80 – жігіттік кезең. Ал 90-ға толғанда ата-бабаларың аспанға ша қыр са, 100-ге жеткенше күте тұруды өтініңдер». Окинаваның Солтүстігінде, Оги ми жағалауындағы алып таста ежелгі дәуірдегі бір данышпан осындай өсиет сөзін қашап кетіпті. 161 аралдан құралған Окинава аймағы ең жас әрі ең жасы ұзақ тұрғындардың мекені. Бұл аймақтың тұрғындары еркек безінің ісігі сияқты қатерлі аурулардың атын ешқашан естімепті. Жапонияның Денсаулық және әл-ауқат министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бо-йынша, өмір ұзақтығы Жапонияның басқа аймақтарында 79, 9 пайыз болса, Окинавада 81,2. Көне қытай жазбаларында «Окинава – ажал сыз аймақ» деп жазылуы бекер емес. Бұл осы өлке тұрғындарының жас қалпын сақтап, ұзақ өмір сүруін білдірсе керек. Міне, біз көрген Жапония осындай.

Тайфунды қыркүйек айында Вакаяма префектурасына жолым түскен еді. Тауға шығатын заманауи көлік ішінде аққұба жапон әйелімен қатар отырдым. «Қайдан келдіңіз?» деп сұрады ол менен. «Қазақстаннан». «Иә, білеміз Қазақстанды, Назарбаев басқаратын республика ғой», деді жолаушы жымиып.

Өз басым таңғажайып Күншығыс елінің қай аймағында жүрсем де, мейлі ол Вакаяма болсын, мейлі Киото, бәлкім Нагасаки болар, «Қазақстан» деген елдің атын атағанымда «Ол қандай мемлекет? Бірінші рет естіп тұрмыз» деген ешкімді кездестірмедім. Иә, екі ел ынтымақтастығының өркендеп дамуының арқасында жапондардың Қазақ-стан туралы хабардар болмауы мүмкін емес. Сөзіміз дәлелді болу үшін, Жапонияның әр өңірін мекендейтін, әртүрлі саланың өкілдерінен «Сіз Қазақстан туралы, оның Президенті жайында не білесіз? Қазақ-жапон қатынастарының болашағы жайында қандай ойдасыз?» деген сұрақтар қойған едік. Енді жапон азаматтарының пікірлеріне назар аударыңыздар:

Комацу Хисао, Токио университетінің құрметті профессоры (Токио):

– Мен Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері бұл елге бірнеше рет іссапармен бардым. Қысқа уақытқа болса да Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай, Орал сияқты ірі шаһарларды көруге мүмкіндігім бол-ды. Негізгі мамандығым Орта Азия тари-хы болғандықтан ежелгі Қазақстан тура-лы жақсы білемін. Қазақстанның басты ерекшелігі – байтақ жерге иелік етіп, Ресей мен Қытай сияқты қос алпауыттың ортасында орналасса да тұғырлы ел ретінде тәуелсіздігін бекіте білген, табиғи ресурстарға бай мем-лекет екендігінде. Сондықтан Қазақстан Еуразия аймағында маңызды рөлге ие болып, қарқынды даму жолына түсті.

Қажеттіліктер мен мүмкіндіктерге иелік еткен Қазақстанға жапондардың қызы-ғушылығы артып келеді. Бір мысал келтірейін. Биыл наурызда Жапонияда «Қазақстанды тануға арналған 60 тарау» деп аталатын кітап «Акашишйотэн» баспасынан басылып шықты. Алғашында 2000 данамен жарық көрген бұл кітап бірнеше айдың ішінде түгел сатылып кетті. Баспа екінші рет 1000 дана-мен бастырып шығарды. Қазақстан туралы кітаптың жылдам таралуы жапон ғалымдары ғана емес, компания қызметкерлерінің де Қазақстанға қызығушылығы зор екендігін білдіреді.

Кандзи Фудзи, Хоккайдо универ си­те тінің құрметті профессоры (Саппоро):

– Мен физик ғалым ретінде Қазақстанға екі-үш рет іссапармен барып, жаратылыс-тану факультеттеріндегі студенттерге, жас ғалымдарға дәріс оқыдым. Алматы қаласын аралап жүргенде үнемі жапондардан аумай-тын қазақтарға кезіктім. Бұл сонау бағзы заманда жапон аралдарына көшіп барған біздің ата-бабаларымыздың ұрпақтары аз емес деген ойға жетелейді. Сонау 1992 жылы әйелім екеуміз Орталық Азияның біраз жер лерін аралаған едік. Алматының таула-рын, Медеу шатқалын суретке түсіріп, өзім де өлкенің көрінісін қылқаламмен салып, кейін «Владивосток пен Орталық Азияға саяхат» деген атаумен кі тап етіп басты-рып шығардық. Қазақстан табиғаты тамаша, халқы қонақжай, өркендеу жолындағы ел деп білемін.

Такаюки Коасано, ақпараттық техно­логия инженері (Хиросима):

– Қазақстан дегенде ежелгі көшпенділер тарихын танытарлық байтақ дала көзге елестейді. Астана мен Алматы сияқты күн-нен күнге көркейіп келе жатқан көрнекті шаһар лары бар, экономикасы жедел өсу үстіндегі мемлекет. Сонымен бірге Кеңес Одағы тұсында ядролық сынақтарды бастан өткерген ел ойға оралады. Соның салдары-нан жерінің бір бөлігі зардап шеккендігін ойласақ, жүрек сыздайды.

Жапония қашанда жаһандық ықпал-дастық алаңында Қазақстанмен берік ын-ты мақтастықта болды. Бұдан ары да бұл бай ланыстың тамыры тереңдей түседі деп есептеймін. Екі елдің экономикалық ынтымақтастығын нығайтатын мүмкіндіктер жеткілікті. Мысалы, қазба байлығы мол санала-тын Қазақстан табиғи ресурстары аз Жапония үшін өнеркәсіпті дамытуда мықты әріптес. Нұрсұлтан Назарбаевтың Ор талық Азияда ядросыз аймақ құру туралы келісімшарттың бекуінде негізгі рөл атқарғаны, ядролық сынақтарға қарсы құжаттардың жүзеге асу-ында көшбасшы ретінде көрінгені есімізде ерекше қалды. Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған Астана шаһары Қазақстан дамуының жарқын көрсеткіші деп білемін.

АЛмАтЫ

Қазақстан және Жапония:

ЖарҚын болашаҚҚа ортаҚ көзҚарас

1991 жылы желтоқсанның 28 жұлды зында жапония Қазақстанның тәуелсіздігін танып, 1992 жылдың басынан дипломатиялық қатынастар орнағаннан бастап екі мемлекет арасындағы экономикалық, гуманитарлық байланыс жылдан жылға өркендеп келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылғы сәуір айындағы жапонияға іссапары барысын-да «Біріккен мәлімдеме» қабылданса, елбасының 1999 жылғы желтоқсандағы сапарында «Достастық, серіктестік және ынтымақтастық туралы Бірлескен мәлімдемеге» қол қойылды. 2008 жылғы маусымда Президент Н.Ә.Назарбаев жапонияға үшінші ресми сапар жасады. Сапар нәтижесі екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға игі ықпалын тигізді. 2015 жылдың қазан айында жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ Орталық Азияны аралау барысында тұңғыш рет Қазақстанға ат басын бұрып, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.

Республикалық меншік объек-тілерін сату Қазақстан Рес публикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысы мен бекітілген Жеке-ше лендіру объек тілерін сату қағида-сына сәйкес жүзеге асырылады.

Аукционның өткізілу күні мен уақы ты: 2016 жылғы 14 қазанда Ас­тана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00­ден 17.00­ге дейін.

Сауда­саттықтың бағасын көтеру әдісімен аукционға қойы­лады.

Теңгерім ұстаушы – «Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық­құтқару жұмыстары қызметі» ММ, тел. 8 (7172) 94­99­16.

1. «Зил-131» маркалы автокөлік, г/н 203AU01, 1981 г.в., мекенжайы: Астана қ., Ақсай к-сі, 3. Бас тапқы баға – 576 000 теңге, кепілдік жарна – 86 400 теңге.

2. «Газ-66 05 Кунг» маркалы автокөлік, г/н 234АХ01, 1978 г.в., мекенжайы: Астана қ., Ақсай к-сі, 3. Бастапқы баға – 335 000 теңге, кепілдік жарна – 50 250 теңге.

3. «Зил-131» маркалы автокөлік, м/н 398АХ01, 1981 ж.ш., мекенжайы: Астана қ., Ақсай к-сі, 3. Бастапқы баға – 518 000 теңге, кепілдік жарна – 77 700 теңге.

4. «Зил-131» маркалы автокөлік, м/н 259АХ01, 1981 ж.ш., мекенжайы: Астана қ., Ақсай к-сі, 3. Бастапқы баға – 518 000 теңге, кепілдік жарна – 77 700 теңге.

5. «Газ-66 05» маркалы автокөлік, м/н 250АХ01, 1978 ж.ш., мекенжайы: Астана қ., Ақсай к-сі, 3. Бастапқы баға – 335 000 теңге, кепілдік жарна – 50 250 теңге.

6. «Газ-66 05» маркалы автокөлік, м/н 267АХ01, 1977 ж.ш., мекенжайы: Астана қ., Ақсай к-сі, 3. Бастапқы баға – 331 000 теңге, кепілдік жарна – 49 650 теңге.

7. «Shevrolet Blaizer», маркалы автокөлік м/н 311АХ01, 1996 ж.ш., мекенжайы: Астана қ., Циолковский к-сі, 3/1. Бастапқы баға – 500 000 теңге, кепілдік жарна – 75 000 теңге.

8. «Skoda Fabia» маркалы автокөлік, м/н 269АХ01, 2002 ж.ш., мекен-жайы: Астана қ., Циолковский к-сі, 3/1. Бастапқы баға – 553 000 теңге, кепілдік жарна – 82 950 теңге.

9. «Газ-31105-120» маркалы автокөлік, м/н 307АХ01, 2004 ж.ш., мекенжайы: Астана қ., Циолковский к-сі, 3/1. Бастапқы баға – 262 000 теңге, кепілдік жарна – 39 300 теңге.

Теңгерім ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Астана қаласы бо­йынша департаменті» ММ, ме­кенжайы: Астана қ., Бигелдинов к­сі, 74, тел. 8 (7172) 76­41­79, 8­701­512­3617.

10. «Ваз-21310» маркалы авто көлік, м/н Z358AU, 2004 ж.ш. Бастапқы баға – 407 000 теңге, кепілдік жарна – 61 050 теңге.

11. «Ваз-21103» маркалы автокөлік, м/н Z414AS, 2003 ж.ш. Бастапқы баға – 196 000 теңге, кепілдік жарна – 29 400 теңге.

12. «Ваз-21099 20» маркалы автокөлік, м/н Z332NS, 2003 ж.ш. Бастапқы баға – 145 000 теңге, кепілдік жарна – 21 750 теңге.

13. «Ваз-21103» маркалы авто көлік, м/н Z333NS, 2003 ж.ш. Бастапқы баға – 196 000 теңге, кепілдік жарна – 29 400 теңге.

14. «Газ-3110» маркалы автокөлік, м/н Z316NS, 2003 ж.ш. Бастапқы баға – 143 000 теңге, кепілдік жарна – 21 450 теңге.

15. «Газ-3110» маркалы автокөлік, м/н Z317NS, 2003 ж.ш. Бастапқы баға – 141 000 теңге, кепілдік жарна – 21 150 теңге.

16. «Газ-3110» маркалы автокөлік, м/н Z318NS, 2003 ж.ш. Бастапқы баға – 143 000 теңге, кепілдік жарна – 21 450 теңге.

17. «Газ-322132» маркалы авто-көлік, м/н Z330NS, 2003 ж.ш. Бас-тапқы баға – 260 000 теңге, кепілдік жарна – 39 000 теңге.

Теңгерім ұстаушы – «Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» РММ, ме­кенжайы: Астана қ., Әуезов к­сі., 34, тел. 8 (7172) 77­32­22, 77­31­13.

18. «Daewoo Nexia» марка-лы автокөлік, м/н 572BD01, 2008 ж.ш. Бастапқы баға – 294 000 теңге, кепілдік жарна – 44 100 теңге.

19. «Toyota Camry» марка-лы автокөлік, м/н 542ВD01, 2005 ж.ш. Бастапқы баға – 863 000 теңге, кепілдік жарна – 129 450 теңге.

20. «Ваз-21150» маркалы авто көлік, м/н 574BD01, 2005 ж.ш. Бастапқы баға – 180 000 теңге, кепіл дік жарна – 27 000 теңге.

21. «Ваз-21150» маркалы авто көлік, м/н 563BD01, 2005 ж.ш. Бас тапқы баға – 180 000 теңге, кепіл дік жарна – 27 000 теңге.

22. «Ваз-21099» маркалы авто көлік, м/н 132ВА01, 2003 ж.ш. Бас тапқы баға – 145 000 теңге, кепілдік жарна – 21 750 теңге.

Анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 32­13­33, 32­44­82.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара ал-майды.

Сауда­саттыққа қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шоты­на төленеді: кепілдік жарнаны алушы – «Ақпараттық­есептеу орталығы» АҚ; банк атауы – «Қазкоммерцбанк» АҚ; ЖСК КZ529261501102032004; БСК:

KZKOKZKX; БСН:050540004455; КНП: 171; Кбе:16.

Назар аударыңыз! Қатысушы ның хабарламада көрсетілген талаптар-ды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шо-тына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Аукционға қатысу үшін мына­ларды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкес-тендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: биз-нес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айы-рысу шотының дерек темелерін;

4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-пор-талын да алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұ мыс күні ішінде тізілімнің веб-пор талына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін объект бойынша қаты-сушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тізілімнің веб-порталы ав-томатты тексеру нәтижелері бо-йынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрон-ды мекенжайы на өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тар-ту себептері туралы электрондық хабарла ма жібереді.

Аукционға жіберілген қатысу шыға тізілімнің веб-порталы беретін аукци-он нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып аукцион залына кіреді. Аук-цион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жо-лымен сауда-саттықты өткізу тура-лы хабарла мада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша баста-лады.

Аукционды өткiзу кезiнде жеке ш е-лендiру объек тiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объек тісінің алғашқы бағасына тең болады.

Бағаны көтеру әдісін қолданып аукцион өткізу тәртібі:

1) егер аукцион залында аукцион бастал ған сәттен бас тап жиырма ми-нут ішінде қа тысу шы лардың бірде-біреуі қағидаға сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объек тісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жеке шелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады;

2) егер аукцион залында аукци-он басталған сәттен бастап жиыр-ма минут ішінде қатысушылардың біреуі қағидаға сәйкес белгіленген қадамға жеке ше лендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқан-нан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жеке шелендіру объектісінің ағым-дағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады.

Жекешелендіру объектісі бо-йынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойын-ша бағаны көтеру аукционы өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

Аукцион нәтижелері тура-лы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күн нен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Аукционның жеңімпазы сатып алу­сату шартына қол қойған кез­де сатушыға салыс тырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мем лекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анық-таманың;

3) заңды тұлға өкілінің өкілет-тіктерін куәлан дыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжат тың түпнұсқа ларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшір мелерін не нотариат куәлан дырған көшірмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары са-лыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМААстана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру

департаменті республикалық меншік объектілерін сату бойынша www. gosreestr. kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің

веб­порталында электрондық аукцион өткізетіндігін хабарлайды

Page 12: Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», ... болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі

12 28 қыркүйек2016 жыл

жарнама

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басшылығы мен судьялары Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Рзабекұлы Алановқа анасы

Бәтима КЕНЖЕҒАЛИЕВАНЫҢқайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Терновское» ЖШС (бұдан әрі – серіктестік) серіктестік қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысын 30.10.2016 жылғы сағат 10.00-де «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі №220-І ҚР Заңының 47-бабында қарастырылған тәртіпте (бұдан әрі – Заң) мына мекенжайда өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды: Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Терновка а.

Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады:1. «Цеснабанк» АҚ ұсынатын шартпен, 29.10.2014 ж. №120/0033-14 Басты несиелік келісімге

(бұдан әрі – келісім) қосымша келісімдерді «Цеснабанк» АҚ және «Терновское» ЖШС арасында, 12.03.2015 ж. №120/0037-14/2 кепіл шартына, 03.10.2014 ж. №120/0037-14/1 ипотекалық шартқа, 15.07.2015 ж. №120/0333-14/3 алдын ала кепіл шартына (бұдан әрі – кепіл шарты), 15.06.2023 жылға дейін келісімнің іс-әрекеті мерзімін ұзартуға байланысты жасалатын келісімдерді мақұлдау туралы.

2. Келісім бойынша «Терновское» ЖШС өз міндеттемелерін орындамауы және/немесе тиісті орындамауы жағдайында Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жер-лерде серіктестіктің кез келген банктерде (банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда) барлық банктік шоттардан ақшаны акцептсіз есептен шығару құқығын «Цеснабанк» АҚ-қа беру туралы.

3. «Цеснабанк» АҚ алдындағы өз міндеттемелерін серіктестіктің орындамауы немесе тиісті орындамауы жағдайында кепілге берілген/берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты «Цеснабанк» АҚ-қа беру туралы.

4. Берілген сенімхатқа сәйкес мүлікті кепілге беру туралы және өзге байланысты құжаттар туралы келісім, кепіл шарты бойынша қаржыландыру шартының өзгеруіне байланысты барлық құжаттарға қол қоюға Д.Б.Сыздықовқа өкілеттіктерді беру туралы.

Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы Заңның 45-бабының 1-тармағындағы та-лаптарына сәйкес өткізіледі.

«Жосалы-Агро» ЖШС (бұдан әрі – серіктестік) серіктестік қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысын 30.10.2016 жылғы сағат 10.00-де «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі №220-І ҚР Заңының 47-бабын-да қарастырылған тәртіпте (бұдан әрі – Заң) мына мекенжайда өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды: Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Жосалы а.

Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады:1. «Цеснабанк» АҚ ұсынатын шартпен, 29.10.2014 ж. №120/0332-14 Басты несиелік келісімге (бұдан

әрі – келісім) қосымша келісімдерді «Цеснабанк» АҚ және «Жосалы Агро» ЖШС арасында, 10.02.2014 ж. №120/0036-14 банктік займ шартына (бұдан әрі – займ шарты) 20.11.2014 ж. №120/0036-14/2 кепіл шартына, 25.02.2015 ж. №120/0036-14/3 ипотекалық шартқа, 10.02.2014 ж. №120/0036-14/1 алдын ала кепіл шартына (бұдан әрі – кепіл шарты), 15.12.2022 жылға дейін келісімнің және займ шартының іс-әрекеті мерзімін ұзартуға байланысты жасалатын келісімдерді мақұлдау туралы.

2. Келісім және займ шарты бойынша «Жосалы-Агро» ЖШС өз міндеттемелерін орындамауы және/немесе тиісті орындамауы жағдайында Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде серіктестіктің кез келген банктерде (банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда) барлық банктік шоттардан ақшаны акцептсіз есептен шығару құқығын «Цеснабанк» АҚ-қа беру туралы.

3. «Цеснабанк» АҚ алдындағы өз міндеттемелерін серіктестіктің орындамауы немесе тиісті орын-дамауы жағдайында кепілге берілген/берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты «Цеснабанк» АҚ-қа беру туралы.

4. Берілген сенімхатқа сәйкес мүлікті кепілге беру туралы және өзге байланысты құжаттар тура-лы келісім, займ шарты, мүлікті кепілге беру шарты бойынша қаржыландыру шартының өзгеруіне байланысты барлық құжаттарға қол қоюға Д.А.Кушимовке өкілеттіктерді беру туралы.

Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы Заңның 45-бабының 1-тармағындағы талап-тарына сәйкес өткізіледі.

«Червонное-Агро» ЖШС (бұдан әрі – серіктестік) серіктестік қатысушыларының кезек-тен тыс жалпы жиналысын 30.10.2016 жылғы сағат 10.00-де «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі №220-І ҚР Заңының 47-бабында қарастырылған тәртіпте (бұдан әрі – Заң) мына мекенжайда өткізу ту-ралы өз қатысушыларына хабарлайды: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, Червонное а.

Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады:1. «Цеснабанк» АҚ ұсынатын шартпен, 28.10.2014 ж. №120/0329-14 Басты несиелік келісімге

(бұдан әрі – келісім) қосымша келісімдерді «Цеснабанк» АҚ және «Червонное-Агро» ЖШС арасында, 24.10.2014 ж. №120/0038-14/2 кепіл шартына, 15.07.2015 ж. №120/0333-14/3 алдын ала кепіл шарты-на, 24.10.2014 ж. №120/0038-14/3 ипотекалық шартқа (бұдан әрі – кепіл шарты), 15.06.2023 жылға дейін келісімнің іс-әрекеті мерзімін ұзартуға байланысты жасалатын келісімдерді мақұлдау туралы.

2. Займ шарты бойынша «Червонное-Агро» ЖШС өз міндеттемелерін орындамауы және/немесе тиісті орындамауы жағдайында Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде серіктестіктің кез келген банктерде (банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда) барлық банктік шоттардан ақшаны акцептсіз есептен шығару құқығын «Цеснабанк» АҚ-қа беру туралы.

3. «Цеснабанк» АҚ алдындағы өз міндеттемелерін серіктестіктің орындамауы немесе тиісті орын-дамауы жағдайында кепілге берілген/берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты «Цеснабанк» АҚ-қа беру туралы.

4. Берілген сенімхатқа сәйкес мүлікті кепілге беру туралы және өзге байланысты құжаттар туралы келісім, кепіл шарты бойынша қаржыландыру шартының өзгеруіне байланысты барлық құжаттарға қол қоюға Ж.Б.Есинбаковқа өкілеттіктерді беру туралы.

Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы Заңның 45-бабының 1-тармағындағы талап-тарына сәйкес өткізіледі.

«Асылхан-Агро» ЖШС (бұдан әрі – серіктестік) серіктестік қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысын 30.10.2016 жылғы сағат 10.00-де «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі №220-І ҚР Заңының 47-бабында қарастырылған тәртіпте (бұдан әрі – Заң) мына мекенжайда өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды: Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қ., Степная к-сі, 9-үй.

Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады:1. «Цеснабанк» АҚ ұсынатын шартпен, 28.10.2014 ж. №120/0330-14 Басты несиелік

келісімге (бұдан әрі – келісім) қосымша келісімдерді «Цеснабанк» АҚ және «Асылхан-Агро» ЖШС арасында, 08.02.2016 ж. №120/0033-14/1 ипотекалық шартқа (бұдан әрі – кепіл шарты), 28.02.2017 жылға дейін келісімнің іс-әрекеті мерзімін ұзартуға байланысты жасалатын келісімдерді мақұлдау туралы.

2. Займ шарты бойынша «Асылхан-Агро» ЖШС өз міндеттемелерін орындамауы және/немесе тиісті орындамауы жағдайында Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде серіктестіктің кез келген банктерде (банктік операциялардың жекеле-ген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда) барлық банктік шоттардан ақшаны акцептсіз есептен шығару құқығын «Цеснабанк» АҚ-қа беру туралы.

3. «Цеснабанк» АҚ алдындағы өз міндеттемелерін серіктестіктің орындамауы/тиісті орындамауы жағдайында кепілге берілген/берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты «Цеснабанк» АҚ-қа беру туралы.

Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы Заңның 45-бабының 1-тармағындағы талаптарына сәйкес өткізіледі.

«Меркурий» ЖШС (бұдан әрі – серіктестік) серіктестік қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысын 30.10.2016 жылғы сағат 10.00-де «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі №220-І ҚР Заңының 47-бабында қарастырылған тәртіпте (бұдан әрі – Заң) мына мекенжайда өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды: Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Озерное а.

Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады:1. «Цеснабанк» АҚ ұсынатын шартпен, 28.10.2014 ж. №120/0328-14 Басты несиелік келісімге

(бұдан әрі – келісім) қосымша келісімдерді «Цеснабанк» АҚ және «Меркурий» ЖШС арасын-да, 10.02.2014 ж. №120/0031-14 банктік займ шартына (бұдан әрі – займ шарты), 06.10.2014 ж. №120/0031-14/2 (жарғылық капиталдағы үлестер) кепіл туралы шартқа, 06.10.2014 ж. №120/0031-14/3 ипотекалық шартқа, 22.12.2015 ж. №20/0031-14/6 ипотекалық шартқа, 22.12.2015 ж. №120/0031-14/5 ипотекалық шартқа, 22.12.2015 ж. №120/0031-14/4 ипотекалық шартқа (бұдан әрі – кепіл шарты), 15.02.2017 жылға дейін келісім іс-әрекеті мерзімін ұзартуға байланысты жа-салатын келісімдерді мақұлдау туралы.

2. Займ шарты бойынша «Меркурий» ЖШС өз міндеттемелерін орындамауы және/немесе тиісті орындамауы жағдайында Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жер-лерде серіктестіктің кез келген банктерде (банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда) барлық банктік шоттардан ақшаны акцептсіз есептен шығару құқығын «Цеснабанк» АҚ-қа беру туралы.

3. «Цеснабанк» АҚ алдындағы өз міндеттемелерін серіктестіктің орындамауы/тиісті орында-мауы жағдайында кепілге берілген/берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты «Цеснабанк» АҚ-қа беру туралы.

Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы Заңның 45-бабының 1-тармағындағы та-лаптарына сәйкес өткізіледі.

Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша орналас-қан «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) Басқармасы Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғамдар ту-ралы» Заңының 53-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі (26.08.2016 ж. № 10 хаттама) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі – Акционерлердің жалпы жиналысы) шақырып отырғанын хабарлайды.

Акционерлердің жалпы жиналысы 2016 жылғы 28 қазанда 11 сағат 30 ми-нутта келесі мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, акт залы. Акционерлердің жалпы жиналы-сына қатысушыларды тіркеу 2016 жылғы 28 қазанда 9 сағат 30 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізілетін болады.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушы ретінде тіркелу үшін акцио-нерлер жеке куәлігін немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатын көрсетуі тиіс.

Жеке тұлға ретінде қатысатын акцио-нерлердің өкілдері белгіленген тәртіпте рәсімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі қажет. Заңды тұлға ретінде қатысатын акционерлердің өкілдері

акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Өкіл сенімхаттың түпнұсқасын көрсетіп, оның көшірмесін тіркеушіге өткізуі тиіс.

Егер заңды тұлға болып табылатын ак-ционерлер атынан Акционерлердің жал-пы жиналысына осы тұлғалардың жеке тұлғадағы атқарушы органы (директор, бас директор, президент) қатысатын бол-са, олар тіркелген кезде сайлануы немесе тағайындалуы туралы тиісті құжатты, со-нымен қатар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасының заңн а-масына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлғалар үшін қаралатын мәселелер бо -йынша дауыс беруге және Акцио нер-лердің жалпы жиналысына қатысуға сенімхат талап етілмейді.

Акционерлердің жалпы жиналысына өзге де адамдар шақырусыз қатыса алады.

Тіркеуден өтпеген акционер (акцио-нердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс бе-руге қатысуға құқығы жоқ.

Егер Акционерлердің жалпы жина-лысына қатысуға және онда дауыс бе-руге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі «KEGOC» АҚ-тың дауыс беруші акцияларын иеліктен айырған болса, онда Акционерлердің

жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте акционер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2016 жылғы 24 қазанда жасалады.

Акционерлердің жалпы жиналысы-ның алдын ала әзірленген күн тәртібі:

1. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын өзгерту, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесіне жаңа мүшелер сайлау, сондай-ақ «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі жаңа мүшелерінің қызмет ету мерзімін, сыйақы мөлшері мен шығындарын өтеу шарттарын анықтау туралы.

2 . «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

3. «KEGOC» АҚ-тың 2016 жылғы аралық қаржылық есептемесін, таза та-бысын тарату тәртібін бекіту, жай акция-лары бойынша дивидендтер төлеу тура-лы шешім қабылдау және 2016 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ-тың бір жай ак-циясына есептелетін дивиденд мөлшерін бекіту туралы;

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Қазақстан Республика-сы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 901, 917-қызметтік бөлмелер мекенжайы бойынша демалыс күндерінен басқа күндері, 2016 жылғы 18

қазаннан бастап сағат 9.30-дан 17.00-ге дейін, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-тың www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» бөліміндегі материалдармен танысуға болады.

Акционерлердің жалпы жиналысының материалдары бойынша, сондай-ақ өткізілуіне байланысты сұрақтарға жа-уаптарды +7 (7172) 69-04-91; 69-02-98, 69-02-97 телефондары арқылы немесе www.kegoc.kz веб-сайтындағы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының блогына сауал жолдау арқылы алуға болады.

Егер акционерлердiң жалпы жиналы-сына қатысушыларды тiркеу аяқталған кезде оған қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар, қоғамның дауыс беретiн акцияларының жинақтап алғанда елу және одан да көп пайызын иеленген акционерлер немесе олардың өкiлдерi тiркелсе, жиналыс күн тәртiбiндегi мәсе-ле лердi қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға құқылы.

Кворум болмаған жағдайда Акцио-нерлердің жалпы жиналысы 2016 жылғы 31 қазанда 11 сағат 30 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қайта өткізіледі. Акционерлердің жалпы жи-налысына қатысушыларды тіркеу 2016 жылғы 31 қазанда 9 сағат 30 минуттан бас-тап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен анықталған.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын 2016 жылғы 28 қазанда өткізу туралыХАБАРЛАМА

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2016 жылдың 19 қазанында сағат 10.00-де (Астана уақытымен) www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында басталатын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы компаниялар тобының

активтерін сату бойынша электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайдыАктивтерді сату «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешімімен (2016 жылғы 28 қаңтардағы №126 хаттама) бекітілген «Самұрық-

Қазына» АҚ-тың және акцияларының (қатысу үлестерінің) елуден көп пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың активтерін және объектілерін сатудың бірыңғай қағидасына (бұдан әрі – Бірыңғай қағида) және «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2016 жылдың 13 қаңтардағы № 77 хаттама) бекітілген Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттық жүргізу регламентіне сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – Регламент).

Электрондық аукционға келесі активтер қойылады:

№ р/с Активтердің атауы Меншік иесі Қызмет түрлері Орна-ласқан жері Бастапқы

бағасы, теңгеКепілдік жарналар, теңге

1 «БАС-Балқаш 2004» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 100% үлесі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ

Теміржол жылжымалы құрамын жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Балқаш-1 стансасы 157 672 000 23 650 800

2«МАК-Экибастуз» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 100% үлесі

Теміржол жылжымалы құрамын жөндеу бойынша жұмыстарды және техникалық қызмет көрсетуді орындау

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Депо көшесі, 1 311 258 000 46 688 700

3«Рауан Бурабай» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 100% үлесі

Теміржол жылжымалы құрамын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

Ақмола облысы, Щучье қаласы, Паровозный көшесі, 1 161 335 000 24 200 250

4 «Көліктік қызмет көрсету орталығы» АҚ-тың 100% акция пакеті

«Қазтемір-транс» АҚ

Көліктік-экспедициялық қызметтер Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 10 3 548 544 000 63 630 000

5«Региональная форвардная логистика» ЖШҚ-ның жарғылық капиталындағы 90% үлесі

Көліктік, экспедициялық, қоймалық жұмыстар және қызметтер

Ресей Федера-циясы, Мәскеу қаласы, М.Левшин-ский тұйық көшесі, 10-үй, IV үйжай

853 691 000 63 630 000

6 «БК «КазЭлектро Привод» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 50% үлесі

«Қамқор» жөндеу корпора-циясы» ЖШС

Р80 моделді жол бұрушы электр жетектерін өндіру және сату

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Сортиро-вочный көшесі, 12 301 250 000 45 187 500

7«Магистраль Қызметi» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 100% үлесі

«ҚТЖ» ҰК» АҚҚорғаныштық орман екпелеріне одан әрі қызмет көрсету және құру жолыментеміржол көліктері объектілерін қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғау

Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 6 350 261 000 52 539 150

Сауда-саттыққа қатысушыларды тізілімнің веб-порталында тіркеу хабарлама тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат қалғанда аяқталады.

Кепілдік жарналар «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-тың есепшотына төленеді: 050540004455, KZKOKZKX БЖК, ИИК KZ529261501102032004 «Қазкоммерцбанк» АҚ. Төлемнің мақсаты: электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна (кепілдік жарнаның өлшеміне банктік қызмет атқарудың төлемақысы кірмейді).

Кепілдік жарна түрінде банктік кепілдік қабылданбайды.Кепілдік жарналардың «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-тың есепшотына уақтылы түсуі үшін өтінім қабылдаудың аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей

төлеуді ұсынады.Сауда-саттықта жеңген қатысушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда сатушы кепілдік жарнаны қайтармайды.Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін белгілейтін және жеңімпазбен сатушының сату бағасы бойынша объектіні сатып алу-сату шартына қол қою

міндеттемелері туралы құжат болып табылады.Жеңімпаз сатып алу-сату шартына тізілімнің веб-порталы сауда-саттық нәтижелерін шығарған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей қол қояды.Электрондық аукционды өткізу тәртібі туралы ережелермен, сауда-саттыққа қатысуды рәсімдеу тәртібімен, жеңімпазды анықтау тәртібі бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-

тың, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ның және «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-тың сайттарында жұртшылыққа қолжетімді орналасқан Бірыңғай қағидамен және Регламентпен танысуға болады.

Назар аударыңыз!1. Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Заңына сәйкес

жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды.2. Сауда-саттыққа қатысу туралы өтінім тіркелген соң қатысушы активтер жөнінде құпия ақпараттар алуға (Data room) ақпарат бөлмесіне кіруге құқылы.Сауда-саттық өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан көруге болады немесе 8 (7172) 55-29-81 («АЕО» АҚ) және 8 (7172) 603-520 («ҚТЖ» ҰК»

АҚ) телефондары бойынша анықтауға болады.

САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

«Разрез Молодежный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (атқарушы органның орналасқан жері: Қарағанды обл., Қарағанды қ., Мәскеу көшесі, 4) «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және «Разрез Молодежный» ЖШС жарғысы-мен атқарушы органның шешіміне сәйкес, 2016 жылғы 28 қазанда сағат 11.00-де Қарағанды қ., Мәскеу к-сі, 4-үй, 3-қабат, акт залы мекенжайында «Разрез Молодежный» ЖШС қатысушыларының кезекті жалпы жиналысы болатындығы туралы өз қатысушыларына хабарлайды.

Қатысушыларды тіркеу 2016 жылғы 28 қазанда көрсетілген мекенжай бойынша 09 сағат 30 минуттан бастап 10 сағат 45 минутқа дейін жүзеге асырылады.

Жиналысқа қатысуға құқылы қатысушылардың тізімі 2016 жылғы 27 қазанда 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша жасалады.

Күн тәртібіне енгізілген мәселелер:1. Серіктестіктің 2015 жылғы жұмысы туралы

атқарушы органның есебі;2. 2015 жылғы жылдық қаржылық есептілікті бекіту

туралы;3. Серіктестіктің 2015 жылғы қорытындысы бойынша

таза табысын бөлу тәртібі туралы;4. «Разрез Молодежный» ЖШС жарғысына өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы. Бірінші жиналыста жиналым болмауы жағдайында

қайталама жиналыс өткізу күні – 2016 жылғы 29 қазанда.Қатысушылар жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі

мәселелер бойынша материалдармен «Разрез Молодежный» ЖШС атқарушы органы орналасқан жерде таныса алады.

Товарищество с ограниченной ответственностью «Разрез Молодежный» (местонахождение исполни-тельного органа: Карагандинская обл., г. Караганда, улица Московская, 4) уведомляет своих участников, что в соответствии со статьей 44 Закона Республики Казахстан «О товариществах с ограниченной и до-полнительной ответственностью», решением ис-полнительного органа, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан и уставом ТОО «Разрез Молодежный», 28 октября 2016 года в 11.00 часов по адресу: г. Караганда, ул. Московская, д. 4, 3-этаж, актовый зал, состоится очередное общее собрание участников ТОО «Разрез Молодежный».

Регистрация участников осуществляется 28 октября 2016 года по указанному адресу с 09 часов 30 минут до 10 часов 45 минут.

Список участников, имеющих право на участие в собрании, составляется по состоянию на 00 часов 00 минут 27 октября 2016 года.

В повестку дня включены вопросы:1. Отчет исполнительного органа о работе товари-

щества за 2015 год;2.Об утверждении годовой финансовой отчетности

за 2015 год;3.О порядке распределения чистого дохода товари-

щества по итогам 2015 года;4. О внесении изменений и дополнений в устав ТОО

«Разрез Молодежный». Дата проведения повторного собрания в случае от-

сутствия кворума на первом собрании – 29 октября 2016 года.

С материалами по вопросам повестки дня общего собрания участников можно ознакомиться по месту нахождения исполнительного органа ТОО «Разрез Молодежный».

ТОО «Сепе-1» (далее – товарищество) объяв-ляет своим участникам о проведении 28.10.2016 года внеочередного общего собрания участни-ков товарищества в 10 часов 00 минут по адресу: Акмолинская область, Атбасарский район, с. Сепе, в порядке предусмотренном статьей 47 Закона РК от 22 апреля 1998 года № 220-I «О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственно-стью» (далее – Закон).

На повестке дня будут рассматриваться следую-щие вопросы:

1. Об одобрении заключения между АО «Цеснабанк» и ТОО «Сепе-2012» дополнительных соглашений к договорам банковского займа № 120/0025-14 от 18.02.2014 г., № 120/0344-14 от 13.11.2014 г., № 120/0347-14 от 17.11.2014 г. (далее – договора за-йма), к договору о залоге доли № 120/0025-14\1 от 16.10.2014 г., № 120/0025-14\2 от 16.10.2014 г. (да-лее – договора залога), к ипотечному договору № 120/5687-12\4 от 05.04.2013 г., к ипотечному договору № 120/0025-14\3 от 24.09.2014 г., № 120/0025-14\4 от 24.09.2014 г., в связи с пролонгацией срока действия договоров займа до 15.02.2017 года, на условиях пред-лагаемых АО «Цеснабанк».

2. О предоставлении АО «Цеснабанк» права на внесудебную реализацию переданного/передаваемо-го в залог имущества по договорам залога в случае неисполнения/ ненадлежащего исполнения товари-ществом своих обязательств перед АО «Цеснабанк» по договорам займа.

Общее собрание участников товарищества прово-дится в соответствии с требованиями пункта 1 статьи 45 Закона.

Назар аударыңыз, түзетуҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

сауда-саттық өткізу туралы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің 2016 жылғы 16 шілдедегі №136 санында жарияланған ақпараттық хабарламасындағы 2016 жылғы 5 қазанға белгіленген «Арман санаторийі» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін және «Санаторий Казахстан» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін сату бойынша сауда-саттықтың 2016 жылғы 4 қарашаға белгіленгенін хабарлайды.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected]

Page 13: Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», ... болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі

1328 ҚЫРКҮЙЕК2016 ЖЫЛ

Бесінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін бірге оқыған, одан кейін де дəм-тұзымыз араласып тұрған Болат деген

досымның қайтыс болғанынан хабар алған соң, топырақ салмақ ниетте жолға шықтым. Ойланып келемін. «Адамзат – бүгін адам, ертең – топырақ. Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ. Ертең өзің қайдасың білемісің, өлмек үшін туғансың, ойлан, шырақ». Айна-қатесіз шындық. Солай, солай ертеңгі күні тағдырың топырақ. Топырақ салу тағдырға мойынұсыну.

Болат жеңіл атлетиканың бар түрінен ау-дан деңгейіндегі спартакиадаларда алдына жан салмаған желаяқ еді. Кейінгі жылдары да денсаулығы мықты көрінген. Уақыт болып, дүниеден өтті. Еріксіз ойға қалып, осы өлім деген не деп өзіңді қинайсың? Есіме хакім Абайдың:

Белгілі сөз: «өлді, өлді», Белгісіз оның мекені. Не халатқа əурілді, Қайда қандай екені, – деген жыр шумағы

оралды. Белгілісі «өлді» деген сөз, əрі қарай

адам түсінігінен тыс жағдай. Өлімнің физиологиялық қалпын ғылым анықтайды. Жүрек тыныссыз, адам демсіз, дене суып қалады. Осы халге душар болғанды «өлді» дейді. Өлімнің діни мағынасы да жұртқа белгілі. Оны шама-шарқынша діни ғұрып бойынша «дəлел тартып», «жаназа» шығарып, қабір басында дұға оқыған мол-далар айтып жатады. Байқаймын, əркім өз білгенін білдіріп, қайсыбір дəл сол жерде келсін-келмесін насихат əңгіме де айтумен əуестенеді. Ойлаймын, артық сөз, артық қимыл бұл ауыр халде болмағаны жөн.

Сірə, дүниеден өткен адамның жаны ту-ралы əңгіме Жаратушының құпиясы, оған қол созып, білімсінген жөн бе екен?! Абай айтқандай, «қайда, қандай» деген сауалдарға жауап та – Жаратушымыздың сыры.

Түсінік тауып, көңілі орнықпаған Қорқыт ажалсыз мекен іздеп, дүниенің төрт жағына сапар шекті, бірақ «ажалсыз мекен» таппады, қайда барса да, алдынан кездескен адамдар Қорқытқа көр қазып жатқандарын айтты. Содан «Қайда барсаң – Қорқыттың көрі» де-ген аталы ақиқат бізге жеткен.

* * *Мағжан Жұмабаев «Қорқыт жоқ жұмағын

шешпек болды» деген идея айтады. Жан жұмбағын кім шешкен? Ешкім де. Ол – жа-ратылыс еншісі. Ол – жаратушының сыры. Адам баласы, əрине, бəрін білмек бола-ды, алайда, білудің де шегі бар. Адамға білгені жеткілікті. Білімге де қанағат керек. Өзі біліп бола алмайтын білім, ол – Алла Тағала білімі. Философтар оны «тəжірибеге дейінгі білім» дейді. Ғылыми тілде «апри-ори» деп аталады. «Жан жұмағы» – апри-ори. Құпиясы, сыры ашылған нəрсенің нарқы төмен болмақ. Адамның құндылығы сол – оның жаны жұмбақ. Сондықтан адам нарқы ешқашан төмен болмақ емес. Адам – баға жетпес құндылық, оның ғұмыры осы құндылықпен өлшенеді. Тіршілік болмаса, ешқандай кəмелеттік жоқ. Тіршілік – əлем тынысы. Өлімге құрмет, тіршіліктің баға жет-пес құндылық екендігінде, сондықтан қазақ халқында жоқтау деген өнерге айналған. Жұрт қазақтана бастағанда, бұл да бір ескеретін мағыналы жағдай. Топырақ салу, жоқтау рəсімі!

* * *Айтулы азамат дүниеден озды. Күйбелең

тұрмысқа қоса, пендешілік те бар, зират ба-сына барып, топырақ салуға қатыса алмайты-нымды əріптестеріме айтқанымды қасымда тұрған академик Яхья Əубəкіров ағам естіп қалып:

– Ғарифолла, топырақ салу тірілерге міндет қой, деді өзінің майда үніне салып. Аға сөзі ерекше əсер етті. Содан бері де жақын-туыс адамның «уақыты болғанда» акаде-мик ағамның ескертуі ойыма орала береді. Асылында, азаматты жоқтау топырақ салу-дан басталмақ.

Адамның кісілікке бастайтын жолы өз міндетін саралаудан басталса керек. Мінсіз адам жоқ. Мінді есептемеу, мойында-мау бар. Мінсізбін дейтін адам надандық батпағындағы жан. Бірақ кімнің болсын, надандықтан амандығы тағы да даулы мəселе.

Дүйім жұртқа белгілі туыс азамат о дүниелік болды. Көзі тірісінде асып-та-сып тұрғанда, пендешілігі зығырданымды қайнатқаны соншама, зиратқа барып жоқтап, топырақ салуға қатыспадым. Айта берсең, дəлел, себеп көп қой, мəселе пендешілікте болды. Өзімді шамадан тыс кінəлі сезіндім бе, əлде басқа жағдай ма? Сол марқұм болған азамат бір айдай түсімнен шықпай қойды. Мазаландым. Дана халқымыз «Алдыңа келсе, атаңның құны болсын кеш» де-ген. Туыстардың жан тəсілімі алдында «кешу сұрасуы» – мұсылмандық дəстүр. Кешу сұраспаса да, өлім бəрін кешірмей ме? Дүниеден өткен жанға кешірімді болу жан жомарттығы десем, адамшылыққа да, мұсылманшылыққа да сыйымды іс дегенге кəміл сенімім бар. Бірақ тірі адамның басынан

нендей пендешіліктер өтпеді дейсің, бəрін білуші де, кешіруші де – бір Алла!

* * *Өмірде тура жол жоқ. Əлемнің құрылымы

солай... Əлем геометриясы – айналу. Сірə, қазақтың «айналайыны» да осы түсініктен шыққан шығар. Біз айналып-айналып ғұмыр кешеміз. Сөзіміздің тура болмай-тыны сондықтан. Қазақтың даналары «дөң астымен», яғни метафорамен сөйлеуді

дəстүрге айналдырып, ойлау мəдениетін қалыптастырған. Осы ой мəдениеті, əсіресе, қаралы өлім үстіндегі айтылатын сөздерге қатысты. Діни ғұрыпты діни сауатты адам-дар жүргізуі абзал. Марқұмды жер қойнауына беріп келген соң, айтылар сөз мағынасы жоқтау.

Жоқтаудың үлгісін ауыз əдебиетінен, ақын Абайдан табасыз. Хакім Абай небəрі елу тоғыз жыл ғұмыр кешкенмен, жанын жаралаған əлденеше қазаларға тап болды. Əсіресе, Əбіш (Əбдірахманның) өлімі – Дулат ақын айтқандай, «ұйқы беріп, қайғы алған» жағдай. Сонда Абай ақын барлық жоқтауларын «Сабыр қылсақ керек-ті» - деп тоқтау сөзбен түйіндеп отырған.

Қазаға қатысты айтылатын сөз – сабыр. Ол Кемпірбай ақын айтқандай, «Алланың екі əмірі» болмайтынына мойынұсыну. Өмір – аманат, өлім ақиқат екенін еріксіз қайталау қажет.

Тірі жанның тіршілік жасауы – мұсыл-мандық дəстүр, сабырға келу, Алла əміріне көну, ғұмырдың шырағын сөндірмеу, жастарға жөн көрсету.

* * *

Өлім. Ол не? Кім дəл жауап тапқан? Дінде Алла əмірі дейміз, əрине, дау-сыз Алла əмірі, əйтсе де, жауаптың

нақтырақ болғанын, əсіресе, туыстары қалайды, бірақ ол мүмкін бе?

Өлім, ақ өлім болады. Өлім дерттен, əртүрлі жол, су, от апаттарынан келеді. Кей-кейде (мүмкін көп жағдайда) өлімге адамның өзі жақындайды, өз ғұмырын қадір тұтпайды, ағзаға зорлық жасайды. Кейде адам арандап барып, мерт болады.

Ең жаман өлім – ол адамның өзіне-өзі қол салуы, яғни, суицид дейді. Ол – Алла

əміріне қарсылық. Ондай жандардың жа-назасын шығармайды, көпшілік зиратынан бөлек қояды. Бұл – көптеген халықтарға ортақ ғұрып. Өмір беруші ажалды да берген.

* * *«Ақ өлім» деп қазақтар асарын асап,

жасарын жасап, соңынан ерген немере-шөберелерін көріп, ең бастысы, өзі де қиналмай, өзгені де қинамай, дүниеден өткендерді айтады. Əйтпесе, өлім ақ бола ма, ол қандай жағдайда болмасын, туыста-ры үшін «қаралы күн». Тəубесі бар қазақ өлімді де жеңілдете білген, кеңдігімен кемел адамның қазасын «ақ өлім» деген. Əрине, мұндағы негізгі өлшем – адамның ұзақ ырыс-ты ғұмыры.

* * *Халық түсінігінде «жақсы өлім» деген

де бар. Оның нақты нұсқасын Абайдың інісі Оспанға айтқанынан кездестіреміз. Сүйікті інісі Оспан өмірде беті қайтпаған, адуын-ды батыр мінезді жан болған. Абай інісінің тұлғасынан өнегелік тапқан. Оның өмірі де, өлімі де – өнеге. Бұлай болу əркімнің қолынан келе бермейді. Шіркін-ай, дейсің жасқа жетіп отырып, артыңнан батпақ сөз қалдырмай, «жақсы өлу» қандай ғибрат. Ол – соңынан ерген қараорман отбасы үшін қажет құндылық. «Əкесі жақсы қандай-ды» деген сауалдар ел арасында бар. «Тұқымы қандай еді» деген өліге ғана емес, тіріге қажет. Мен өлген соң, мейлі топан су қаптаған деу – надандық өлім. Сүйекке таңба деген де осын-дай жағдайға қатысты болса керек. «Адам боп келіп өмірге, адам боп кету» – əншейін ермек үшін айтылған сөз емес, мағыналы сөз. «Жақсы өлім» – арман. Ол – ұрпақтар сабақтастығының үзілмес жібі. Атасын есіне түсіріп, тамсанып отырған ағайындарды көріп, естелік əңгімелерін естігенде, ішімнен: «Тəубе» деп қоямын да, ойланып қаламын?!

Абай қимас інісін жоқтауда жаңа үлгі ұсынған. Оспанның тұлғалық қасиетін тама-ша жыр еткен.

Жайнаған туың жығылмай, Жасқанып жаудан тығылмай,Жасаулы жаудан бұрылмай,Жау жүрек, жомарт құбылмай,Жақсы өмірің бұзылмай,Жас құстың тозылмай,Жалын жүрек суынбай,Жан біткеннен түңілмей,Жағалай жайлау дəулетінЖасыл шөбі құрамай,Жарқырап жатқан өзеніңЖайдақ тартып суалмай,Жайдары жүзің жабылмайЖайдақтап қашып сабылмай,

Жан біткенге жалынбай,Жақсы өліпсің, япырмай! Бұл – Абайдың туған інісі Оспанды

жоқтауы. Жоқтау – жоғалтудан туатын көңіл сарыны. Абай секілді жоқтау айта ал-маймыз. Жоғалғанның құнын анықтау да қиын шаруа, жоғалғанымыз құнды болма-са, не амал. Өмірде бəрі аралас. Жақсы адам туралы қалыптасып қалған əдет, жерлен-ген күнгі аста, марқұмның қырық, жүз күн толғанда, жылы болғанда, дастарқан басында тілек білдіріп жоқтайды, тіптен естеліктер жинағын шығару ісі де жоқтау жанры. Мұның бəрі дүниеден өткен адамға емес, тірілерге ғибрат үшін қажет. Өлімнен өнегелік деген де құнды тақырып. Өлім ақиқат, өмір аманат деп те айтып жүрміз. Бір сөзбен айтқанда, қандай өлім болмасын, адамды ой мұңына салатыны анық.

Өмір «аманат» деген түсінік ертеден бар. Кемпірбай ақын ауырды дегенді естіп, көңіл сұрауға Əсет ақын келеді:

Ассалаумағалейкум, нар Кемпірбай,Науқасқа шипа берсін патша, құдай.Аспанға айнала ұшқан ақсұңқарым,Кез келіп жайған торға бопсың мұндай.Науқасың меңдеу тартты дегеннен соңЖыладым бəйіт айтып, үш күн ұдай.Дауысым – танимысың, атым – Əсет,Мен келдім əдейі іздеп көңіл сұрай.Япырау, жауап қатпай кеткенің бе,Алашқа атың шыққан қыраным-ай?! Кемпірбай: Көңілді Əсет келді көтергелі,Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі.Артыма бір-екі ауыз сөз тастайын,Басымды жастықпенен көтер бері!Өлсем де «Көк кептерге» бір соғайын,Қу тақтай екі ішекті əпер бері.Аузыма айырыларда сөз салмасаң,Қонғаның, өлең шіркін, бекер ме еді?Əсетжан, осы аурудан өлем білем,Алланың аманатын берем білем.Кеудемнен көкала үйрек «қош» деп ұшты,Сол шіркін, кəрі жолдас өлең білем.Ақын өмірді «Алланың аманаты» деген.

Ойлы жанға, ол шындық.

* * *Қазақ – дəстүрлі мұсылман халық.

Дүниеден өткенге топырақ салу дəстүрі берік қалыптасқан. Ол жақсы. Топырақ салуға жер шалғайлығына қарамай туған-туыстар, құдалар тегіс қатысады. Осы дəстүрді сынау-шылар да бар, бірақ осындай қиын күнде де қазақ өзінің «қарға тамырлығынан» айырылмаған. «Жаңатаң» елді мекенінде жай тапқан Болат досыма топырақ салушы-лар көп болды. Ол марқұмға, оның отбасы, бала-шағасына құрмет, дінге құрмет. Құран оқып, қол жайып дұға жасау – ізгілікті іс. Ауыл бұл мəселеде өз түсінігінен айныған жоқ, лайым солай болсын. Шəкəрім айтқан «қиын күн» кімнің басына келмейді, сол кезде қауымдасқан ағайын ауыр қазаңды жеңілдететіні анық. Бұл – адамды жоқтаудың дəстүрге айналған іс-шарасы.

Мен де Болат марқұмға топырақ салу рəсі-міне қа тысу үшін Астанадан арнайы жет тім, то пы рақ салып, көңіл суытып, сабырға кел-дім. Өлімге қарсы айтылатын сөз – сабыр. Ас үстін де жұртшылыққа сабыр сөзін айттым.

Болат марқұм туралы бірер сөз, оның əкесі Балташтың еті тірі азамат еді. Бесінші сыныпта оқып жүргенде,

Болат болмай, қолқалап үйлерінде талай «қонақ» болып, қонып қайтқаным бар. Болат-тың анасы бізді жаны қалмай күтуші еді. Үй іші де мұнтаздай таза, тағамдары да дəмді бола тын. Кейін нарық қатынастары елімізге ене бас тағанда, досым Болат бірден жеке ша-руа қо жа лығын ұйым дастырып, көзге түсті. Ол тағы да ұқып тылық, үнемшілдік үлгісін көрсетті. Ау дандағы маңдайалды шаруа қо-жалығын бас қарды. Кейінгі бір жолыққанда:

– Денсаулық болмай жүр, шаруашылық та қажыта бастады, – деп еді.

Ауыл шаруашылығына мемлекет тара-пынан қаражаттық жағдайлардың біршама бөлінетіндігіне қарамастан, соның тиім-ділігі нашар екені бəрімізге аян. Мал шаруа-шылығына жастардың бармайтыны да сон-дықтан. Енді ойлаймын, осы Болат сияқтылар «кеткен соң» мал шаруашылығында кімдер қалмақ?

Бəріміз тұрып естелік суретке түстік, за-мандастарыма қарап қоямын, бəрінің жүзінде айқындалмаған, ашылмаған мұң бар секілді көрінді. Кім біледі, олардың жүзінен көрініп тұрған өзімнің мұң сезімім бе екен. Оны ай-ырып айта алмаймын.

Аңғарғаным, 1966 жылы он бірінші сы-ныпты тəмамдағандардан қара жерді басып жүргендері үркердей ғана. Өмірден өлімге деген сапарға түскендері молайып барады.

Замандастарымнан назарым астан дуыл-дасып, əзілдесіп, шуласып шығып жатқан жастарға ауды. Дүние – думан, дүние дөңгелек, дүние қым-қуыт, сонысымен ғұмыр қымбат. Өмірдің толқындары тау сылмасын дедім ішімнен. Замандастарыммен қоштасып, көлікке отырып жатып.

Ғарифолла ЕСІМ,академик

СЫР-САНДЫҚ

Дүние – думан, дүние дөңгелек, дүние қым-

қуыт, сонысымен ғұмыр қымбат.

Қаһармандық хикаясыПлис Нұрпейісов. Оқушы кезімізде аудандағы мектеп-тер арасында өтетін түрлі шараларға қатысатынбыз. Сонда П.Нұрпейісов атындағы орта мектептің өрендерімен талай мəрте жүздескенбіз. Кейінірек Плистің біздің Тақтакөпір ауданынан шыққан Кеңес Одағының Батыры екенінен хабардар болдық.

Оралмандарға жеңілдетілген тіркеу бар

Қазақстан Респуб ли ка сының азаматтығын алуға мүм кін-діктері болмай жүрген орал-мандардың мəселесін ескере отырып, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, əлеуметтік қорғау жə-не көші-қон комитеті оралман мəр тебесін жоғалтып, жеңілде-тілген тіркеу тəртібімен ел аза-маттығын ала алмай жүрген этникалық қазақтарға оралман мəртебесін қайта беру жөнінде шешім қабылдаған.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта оралман мəртебелерін жоғалтқан этникалық қазақ-тарға өз мəртебелерін растау үшін облыстық жұмыспен қам-туды үйлестіру жəне əлеу меттік

бағдарламалар басқар маларына, Ал маты қаласы мемлекеттік ең-бек инспекциясы жəне көші-қон бас қар масына, Астана қала сы жұмыс пен қам ту, еңбек жəне əлеуметтік қор ғау басқармасына жүгіну қажет.

Оралман мəртебесін раста-ғаннан кейін этникалық қа зақ-тар тіркеуде тұратын жерлері бойынша көші-қон полиция-сы бөліністеріне «Қазақстан Республикасының азаматтығы ту-ралы» заңның 16-1-бабына сəйкес Қазақстанның аза маттығына тiркеу тəртiбiмен қабылдау тура-лы өтініш білдіре алады. Өтінішті қарау мерзімі үш айды құрайды.

«Егемен-ақпарат»

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Екінші дүниежүзілік со-ғыста Қарақалпақстаннан, яғ-ни жергілікті халық жалпақ тіл мен Бесқала атап кеткен өңірдегі қалың қазақтың бес перзенті Кеңес Одағының Батыры атанған-ды. Олар – Плис Нұрпейісов, Жұман Қарақұлов, Мақаш Балмағамбетов, Жұ ма-ғали Қалдықараев жəне Іният Наурызбаев.

Өткенді еске алуға қолы-мызға тиген журналист-жазу-шы Көлбай Адырбекұлының «Жүрек жұтқан» атты деректі шығар масы себепкер бол-ды. Плис Нұрпейісов тура-лы алғашқы туынды 1954 жылы Аман Оразовтың «Ауыр күндер» деген атпен қарақалпақ тілінде жарық көрген еді. Ол шығармадан қазақстандық оқырмандар бейхабар, əрине. Содан бері қаншама жыл өтті, Қазақ елі тəуелсіздікке қол жет кізді, құндылықтар өзгерді. Ке шегі кеңестік идеология ық-палымен жазылған шығарма бү-гінгі оқырманның қажетін өтей алмайтыны тағы белгілі. Сол себепті Көлбай Адырбекұлының қаламынан туған қаһарман ұшқыш туралы деректі хикаят осы олқы лықтың орнын тол-тырды деп айтуға əбден болады.

Кітап авторының батыр ту-ралы жазуға деген ұмтылысы кездейсоқ кездесуден туындай-ды. Редакциядағы шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Өтеш Ақхожинге бейтаныс қария келіп жүреді. Өтеш журналис-ке Жүсіпбай Нұрпейісовтің Кеңес Одағының Батыры Плис Нұрпейісовтің туған інісі екенін айтады. Қаламгердің батыр ту-ралы шығармаға кірісуіне осы оқиға түрткі болады.

Шығарма авторы ұш қыш-тың інісі Жүсіпбай ақса қалмен болған əңгімені оқыр манға айшықты да əсерлі етіп жеткізе біледі. Плистің ба ла кезінен-ақ өткір мінезі, на мысқойлығы, əділеттілік үшін күресі қызықты оқиғалар арқылы өріле отырып нанымды суреттеледі.

Қарақалпақ мемлекеттік мұғалімдер институтының физика факультетін тəмам-даған Плис кейіннен Украи-наның Запорожье облысы-на қарасты Мелиотополь əс-кери-əуе училищесіне оқу-ға қабылданады. Əскери ұш-қыш-штурмандар даярлай-тын училищені аяқтауына бір жыл қалғанда соғыс баста лып, майданға аттанады. «Пе-2» бом-балаушы ұшағын тіз гін деген Плис Сталинград бағы тына қарай беттеген фашис тердің шабуылын тойтаруға қатысады.

Елдегі бауырлары Жүсіпбай мен Əметбайға жолдаған хат-тарында Плис: «Егер өлімнен қо рықсаң, авиацияда көп өмір сүр мейсің» деп жазады. Оның ерлігі өмір сүруге деген құлшынысының белгісі еді. 1945 жылдың 26 наурызын-да П.Нұрпейісов экипажына Берлин маңындағы жаудың екі аэродромына барлау жасау тапсырылады. Бұл тапсыр маны қалтқысыз орындап, қай тар жолда жеке өзінің баста масымен

Берлиннің орта лығына ұшады. Фашист истре бительдерінің шабуылынан оңай сытылып шығып, əскери ко мандованиеге жаудың қару лы күштері жөнінде құнды мəлі меттерді жеткізеді. Сөйтіп, фотосуретке түсіру арқылы 279 темір жол эшело-нын, 10338 вагон мен платфор-ма, 50 па равоз, 5796 автокөлік, 11 аэродромдағы 422 ұшақ, со-нымен қатар, Берлин қаласы мен сол маңдағы əуе шабуылы-на қарсы қорғаныс жүйелерін анықтап береді. Осы ерлігі үшін полк командованиесі 1945 жылы 5 сəуірде П.Нұрпейісовті ең жоғарғы үкімет награда-сы – Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынды.

Қазақтың қаһарман ұлы кезекті тапсырма кезінде 1945 жыл дың 23 сəуірінде ерлік пен қаза табады. 1945 жылы тамыз -да КСРО Жоғарғы Кеңесі нің штурман-ұшқыш Плис Нұр-пейісовке Кеңес Одағы ның Батыры атағын беру тура-лы Жарлығы «Прав да» жəне «Известия» газет терінде жария-ланған. Журна лист-жазушы Көл бай Адырбек ұлы ның жүрек жұт қан ұшқыш туралы деректі хикая ты өске лең ұр пақты ерлікке баулитын шы ғар малар шоғы рына қосыл ған қомақты үлес екендігі сөзсіз.

Аталған кітаптың келесі бөліміндегі Екінші дүние жү-зілік соғыста Бухенвальдта азап тың неше атасын басынан өткізген, Сібірде он жылға жуық тозақтың дəмін тат қан Зекен Темірғалиевтің тағ дырына арқау болған «Тамұқ» шығар-масы трагедияға толы. Адам баласының жауыздығында шек жоқ екендігін суреттей келіп ав-тор, қалам құдіретінің арқасында адам баласының төзімі де шексіз екендігін түсіндіреді.

«Тамұқ» – Зекен Темір ға-лиев тің талайлы тағдыры ғана емес, танымал ақын Хамза Аб-дуллин мен атақты скрипка-шы Айткеш Толғанбаев сынды нақақтан сотталған қазақтың өрелі перзенттерінің де өмірі. Шығарманы оқи отырып адам баласын азаптаудың неше түрлі амалына жүгінген кеңестік жүйені əсте ақтап алу мүмкін еместігіне əбден көзің жетеді. Кеңестік кезеңде қазақтың қай-сар перзенттерінің талайы тамұқ құр баны болғанынан хабардар боласың. Азаттық алған елің нің ас қақтығына тəубе етесің. Жур-налист-жазушы Көлбай Адыр-бек ұлының «Жү рек жұтқан» атты кітабынан осындай ой түйдік.

Page 14: Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», ... болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі

14 28 ҚЫРКҮЙЕК2016 ЖЫЛ

АҚТАҢДАҚТАР АҚИҚАТЫ

ЌОРЌЫНЫШТЫ КЇНДЕР

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағатында ондаған адамдардың қайғылы өмірін құпия сақтап, ш а ң м е н д ы м қ ы л б а с қ а н №3192 іс жатыр. Бұл – белгілі Алашорда қайраткері, осы партия бағдарламасына басқа алты адам-мен қатар қолын қойған жерлесіміз Əбілхамид Жүндібаевтың туған інісі Мырзағұл Жүндібаевты ҚК 58-бабының 10-11-ші бөлімдерімен «халық жауы» ретінде айыптау ісі. 1937 жылдың 9 қыркүйегінде басталған іс осы жылдың 19 қазанында аяқталып, сол күні өлім жазасына кесіліп, үкім 29 қазан күні жүзеге асырылған. Үкімнің соңына «үштік» мүшелері КП(б) ОК хатшысы Мусин, облыстық атқару комитетінің председателі Степанов, үштік хатшысы Бахруишев қолдарын қойған. Құжаттың соңында сондай-ақ Қобда аудандық НКВД бөлімі бастығының міндетін атқарушы Сайлаубаевтың да аты көрсетілген.

Мырзағұл Жүндібаев 1902 жылы Бесқопа ауылдық советінің №9 ауылында дүниеге келген. «Қобда» ет совхозының есепшісі болған, бай ұлы. 1932 жылы көші-қон ұйымдастырғаны үшін ОГПУ тұтқындап, екі айдан соң босанады. Дегенмен, «Қобда» ет совхозындағы А.Нақатеков бас-қар ған контрреволюциялық ұлт-шылдық құрылымдарға қызметке тартылған, дəлдеп айтқанда, №9 ауылдағы Өрбісін Кудебасов басқаратын осындай ұйымға нұс-қаулар мен қажетті ақпараттар жеткізіп отырған. Ұсталғанда одан № А.С. 094094 төлқұжаты, 60 беттік өзге құжаттар, уақытша берілген №973 жəне 972 төлқұжаттары да тəркіленген. Тұтқындалған жері: Қобда ауданының Ропповка поселкесі (қазіргі Қазақай ауылы).

Мырзағұл Жүндібаевпен қатар 1937 жылдың 10 қыркүйегінде Ки-ров атындағы колхоздың төра ғасы Уассалам Ыбыраев тұтқын далады. Өмірде басынан кешкендерін əлдекімге не ұрпақтарына орын-сыз лəм-мим деп əңгімелемеген ұстамды жан, өмірінің соңғы сəтіне дейін өзі сияқты миллиондар не үшін сотталғанын түсінбей кет-кен. Ол осы колхозды өзі құрып С.М.Ки ровтың атын қойған. Қу-ғын-сүргіннің бір тарауы осы Ки-ров өлі мімен байланысты болса, осы тол қын оның есімімен аталған кол хоз дың төрағасын да алып кетті.

№3015 іс баяндайтындай, Уас-салам ұсталғанда отбасында 1938 жылы туған қарындасы Ырза, 1885 жылы туған ағасы Бақыт Ыбыраев тіркелген. Құжатқа сенсек, онымен бірге 1937 жылдың 20 қазанында Əбдірахман Наурызов ұсталған. Оның Есмағамбетов деген екінші тегі болса керек, 1877 жылы туған. Барлық ұсталғандардың дені сияқты бай деп жазылған. Уассаламның АВ№020106 төлқұжаты тіркелген. Қотантал атты №13 ауылда 1906 жылы дүниеге келген, байдың қызына үйленген, 1928-1935 жыл-дары ВКП (б) қатарында болып үлгерген. Тағдыры алдын ала анықталған мыңдағандар санында партия қатарынан жоспарлы түрде шеттетілгендігінде күмəн жоқ.

Істе жоғарыда аты аталған Əбдірахман Наурызовқа көп тоқталған. Ол Гурьев облысының Жыл-Қосын ауданының №2 ауы-лында дүниеге келген, Алашорда қозғалысына белсенді араласқан. Бестөбе болысының комитетіне мүше болған. Алашорда кезінде осы болыстың правителі болған, бұл 1919 жылға жатады. Көп жыл өткен соң Уассалам есіне алып отыра-тындай осы Əбдірахман Наурызов Киров колхозына мұғалім бо-лып келеді. Колхоз мүшелері аш-жалаңаш Əбдірахманның отбасына арнап жертөле салып береді. Оған қоса қойма меңгерушісі Ашықбаев жəне басқарма Уассалам осы отба-сына аштан қатпасын деп, 5 кило дəн береді. Осы жақсылықтар соңынан басқарма мен оның орын-басарына ауыр қылмыс болып тағылды.

Ақтөбедегі тергеуші жендет-тер дің көрсеткен қорлығы Уасса-ламның жанына қатты батты. Қат-ты соққыдан оның алдыңғы тістері жерге сылдырлап түсті. ОГПУ-дың абақтысында жалғыз адам тек түрегеліп тұратын орын ғана болған. Ал жабылатын есікке өткір пышақтар қадаулы тұрған болатын. Осындай қыспақтағы адамның сəл қимылдауға мүмкіндігі жоқ. Таң ата жаңағы пышағы бар есік-ті ашып қалғанда жауапкер еден-ге сұлқ түседі екен. – Осын дай қинаулардан кейін қандай да бол-сын қағаздың астына қол қоя сың,

– деп əңгімелейтін өткенді еске алып, Уассалам ұлы Əділханға.

Біздерді, сотталғандарды Крас-нояр өлкесіндегі Канск станция-сына түсіріп, 6 қатардан сапқа тізіп, қылмысымызды өтейтін жерге айдағанда, деп есіне ала-тын əкесі, 2-3 шақырымдай жүріп

қыраттан артымызға көз салсам колоннаның соңы əлі станциядан шығып үлгермеген екен.

Сібірде орманнан ағаш тіліп, бір-бірлеп өзенге бөрене тастағанда судың бетін жауып кетеді екен, біз 10 адам сол өзеннің бойымен жүріп осы ағаштардың жүзуін бақылаймыз. Артымызда бір кон-вой. Кейде жағалауға бір бөрене кептеліп қалса, соңғылары оның үстіне шығып тау болып үйіліп қалады. Сол түпкі бөренені жыл-жытып, жұмысты əрі қарай жүргізу кезекпен атқарылады. Енді сол ең түбіндегі жалғыз бөренені қозғап жібергенде оның үстіндегі ағаштар көзді ашып жұмғанша үстіңе құлайтыны тағы бар. Осы қағымда үлгерсең тірі қаласың жəне сенің кезегің 10 кісіден кейін қойылады. Ал ағаштардың астында қалып, қаза тапқан адамға бас киімімізді шешіп, еске аламыз да жұмысты əрі қарай жалғастырамыз. Біз жүздірген ағаштар Диксон станция-сына дейін барып, онан əрі кеме не-месе поездарға тиелінетін.

Қайда болса да адамдар көзқарастары мен мүмкіндіктеріне қарай топ болып жүреді. Біздің де тобымызда он шақты адам болды. Тұтқындардың қолынан келмейтіні жоқ. Өткір пышақ неме-се шағын найза дайындау түкке де тұрмайтын. Бұл құралдар, əсіресе, қыста аюға, аңға шыққанда тап-тырмайтын дүние. Қардың астында ұйықтап жатқан аюдың буы шығып жатады, содан оның орнын дəл та-батынбыз. Ол ұйықтап жатса да, қарды аршып, оған жақындағанда оқыс қимылдап тырнақтарымен ауа тарпиды. Оның тырнақтары тиген адам сол жерде мерт болады. Дегенмен, сəті түсіп, аюды соғып алсақ, оның еті бір қысқа жетіп, көктемге де қалатын.

Осы азапты он жылды соңғы сағатына дейін өтеп,1947 жылы туған өлкеге келіп, Сарбұлақта жылқышы болады.

Бір зұлматтың аяғы екінші зұлматтың басы болатын. Осы кезде Сталин тұтқындар арасында «жеті де сегіз» деп аталып кет кен 7 тамыздағы жарлығын шыға рады. Бұл бойынша кімде-кім 10 жыл түр-меде отырып келсе, оны тер геу сіз-ақ қайтадан осынша жылға қай та жөнелту керек еді. Сөй тіп, Уас са-ламның сонау Сібірге, Ени сей өзені жағасына екінші сапары басталды.

СІБІРГЕ КЕЛІН БОЛЄАН ЌЫЗ

Уассалам Ыбыраев жат өлкеде жүргенде Ақтөбенің аруымен бас қосып, шаңырақ көтерді. Тағы да заңды сауал: сонау Сібір жеріне келін болып түскен – Ақтөбенің қызы кім? Бөтен жерге титімдей қызды не айдап апарды?..

1941 жылы əкесі Сəрсен Теңіл баев Ұлы Отан соғысына

аттан ғанда Нұржамал ойын баласы болатын. Тұлымшағы желбіреген кішкентай ғана ботақандарын қимаса да, Отан қорғауға аттанудан бас тартып қалған жоқ.

Əкенің жоқтығын білдірмеген Ұмсынай есімді шешенің мейірім шуағына бөленіп, бір үйдің екі қы зы гүлдей құлпырып өсіп ке-ле жатқан еді. Алайда, үш жыл өт іс імен қайырымсыз ажал қаршадай қыздарды шешелері Ұм сынайдан айырып, қаралы үйде Нұр жамал мен Бейбіт жетім қалды.

Бүгінде немере, шөберелерінің тəтті қылықтарына шүкірлік етіп отыр ған Нұржамал əже басынан өт-кендерін былайша əңгімелеп берді.

– Қобда ауданына қарасты Құмсай ауылы маңындағы Сабын-дыкөлді мекен еткенбіз. Сол жер-де Бейбіт екеуміз жетімдіктің ащы дəмін татып, өсіп келе жат тық. Ауылдық кеңес бізге көмек көр-сетіп тұрды. 1943 жылы Қобда ауданының Əлия ауылында əкем-нің əкесімен бірге туысқан атам бар екен, соның Сарша есімді əйелі бізді іздеп келіп, өз қамқорлығына алғысы келетінін айтты. Бұрыннан апамызбен жақсы таныс Рахима апа халықты жинап, бізді ел-жұрттың алдында шешейдің қолына табыс етті. Атамыз бен шешейіміздің бір ұл, бір қызы бар екен, солар-мен бірге бізді қосып, төртеуімізді бір үйдің баласындай бақты. Бірақ арада бір жыл өтісімен сіңлім ауы-рып қаза болды. Сабындыкөлде тұрғанда бізді баққан бір жас келіншек болып еді, сол сіңлімнің басынан ұрған болатын. Күндер өте басында жара пайда болып, ақыры сіңлімнің өліміне əкеліп соқты. Менің жаныма осы жай қатты батты, – деп Нұржамал əже ойға шомып кетті. Бала күнінен көзіне ұялап қалған мұңның əсерінен бо-лар, жанары бір нүктеге қадалып, бетіндегі əжімдері де тереңдей түсті.

Атамыз Теңілбайдан Сəрсен, Хасен, Құсайын атты үш ұл өр бі-ген. Осы үш боздақ та Ұлы Отан соғысына аттанып бірде-бірі тірі оралмаған. Енді, міне, əкемнің ағасы Хасеннің жары Сарша өзінің балалары Маржан, Сағынғалиға мені де қосып алып, асырап отыр. Уақыт өте арасында Нұржамал, Нұрқан бар, осы үйде сегіз бала паналайтынбыз.

Сарша əжейдің ақылын алып өскен Нұржамал жасы 13-14-тер шамасына келгенде шешейге қолғанат болды. Сиыр сауысады, бұзау тартысады. Тіпті, үй ша-руасын да дөңгелетіп əкететін. Балиғат жасына жеткен шағында бойжеткеннің теңін табуына Сарша шешей өзі себеп болды.

– Қарағым, қыз баласың ғой, өзің жетім өстің. Бірақ мен сені өз қызымнан кем көрмеймін. Сені бағатын адам деп сеніп бір азаматқа бергелі отырмын, соған адал жар боласың, – дейді Сарша өзі өсірген қызы Нұржамалға, – жылама, бұл жайды ешкімге айтушы болма! – деді жəне.

Ол кезеңнің ибалы қыздары үлкеннің сөзін жерге тастамағаны белгілі. Сонымен, жүрек жұтқан қыз өзінің жарының қандай адам екенін де білместен, шеше сөзіне қарсылық көрсетпеді. Бір жай ғана белгілі – ол бойжеткенді алып ке-туге келген адам өзінің болашақ қайнағасы болатын. Атқа жегілген

арбада төрт адам отыр. Бірі – қайнағасы Бақыт, екіншісі – оның жеті жасар баласы, үшіншісі – ұзатылып бара жатқан бойжеткен жəне оның жанында асырап баққан шешесінің Маржан деген қызы бар.

Өткен күндерін көз алдынан ойша өткізіп отырған Нұржамал əже əңгімесін сабақтап кетті.

– Сонымен түні бойы жүріп, Қобда ауданына қарасты Киров колхозындағы бір үйге келіп түстік. Үйде бүкшеңдеген кемпір мен бір қыз бар екен. Сол үйде екі ай бойы

жүрдім. Жаңағы өзім көзіммен көрмеген, таныс болмаған жігітті күтіп жүрмін. Бірақ, неге ол үйде жүргенімді өзім де жете түсіне бермеймін. Өзімнің дене бітімім толық болатын. Бір күні бір əйел маған: «Жүкті болған соң алатын адам таба алмай, осында келіп отыр сың ба?» деген сұрақ қойды. Міне, осыдан кейін мен қатты ой-ландым. Шынымен де, неге кел-генімді жіті айыра алмадым, бірақ əлгі сөзге қатты намыстандым.

Бірде қыздармен бірге суға түсуге бардық. Қобда өзеніне шо-мылып, қыздар мəз болып жүр. Ал мен өз үйіме қашып кетуді ғана ойладым. Сол оймен көйлегімнің етегін түріп алдым да, өзеннен жүзіп, арғы жағаға өттім. Бірінші сайды артта қалдырып, екінші сайға жетіп, қалың қоғаның ара-сына тығылып қалған болатын-мын. Қыр соңымнан қалмай, жан-жақтан жабыла іздеп жүрген топ қыздар мені тауып алды да, əлгі үйге қайтадан алып келді.

Мəн-жайдың бəрі кейін белгілі болды. Уассалам Сібірден Қобда ау-данына қарасты Киров ауылындағы қайнағамның үйіне ақша жіберуі тиіс екен. Екі ай бойы қайнағам сол ақшаның жетуін күткен екен ғой. Сонымен, шілде, тамыз айла-рын сол үйде өткіздім. Қыркүйектің басында қайнағам Бақыт ақшаны алды да, мені Сібірге алып кетті.

Алғаш рет сол кезде қайна ғам-мен бірге пойызға міндім. Тамбурда далаға қызықтап қарап тұрмын. Үй-лердің бəрі жүріп кетіп бара жатқан сияқты. Жерге қарасам, жер де қоз-ға латын сияқты. Қайда бара жатқа-нымды да білмей, əйтеуір, артта қалып бара жатқан шағын ауыл-дарға, кең жазық далаға ойлана көз салып келемін. Он күндей болар шамасы, əйтеуір, ұзақ жүріп, Канск бекетіне тоқтадық та əрі қарай тағы да машинаға отырып жүріп кеттік.

Қайнағам екеуміз Уассаламмен Сібір жерінде кездестік. Күйеуім менен жиырма жас үлкен екен. Қайнағам елге қайтар кезде мен де елге кетемін деп жылағаным бар. Балалық қой, жылағанмен қайда барайын, 1952 жылы Сібірде Уассаламмен бас қосып, сонда қалып қойдым. 1953 жылы тұңғыш баламыз өмірге келді. Ал екі жыл-дан соң екінші балалы болдым.

Өкінішке қарай, Асылханымыз шешектен қайтыс болып, жат өлкеде қалды. Ал елге келген соң, Жайылхан, Жеңісгүл, Темірхан, Зарухан жəне Кенжегүл есімді перзенттеріміз дүниеге келді.

ЖАТ ҐЛКЕДЕГІ ДОСТАСУ

Сібір жерінде жалғыз қазақтар ғана емес, түрлі ұлт өкілдері өмір сүріп жатты. Орыстың қалың орманынан таң атысымен ағаш кесіп, оны Енисей өзені арқылы

жан-жаққа жөнелтеді. Бұл кез-де олар бірнеше күн бойына, тіпті, бір айдай жүретін. Біздің тұрған жерімізден жеті шақырым қашықтықта белгілі ақын Өтебай Тұрманжановтың отбасы тұрды. Олар да Енисей өзенінің бойына жер аударылған екен. Балалы-шағалы, өте қарапайым адамдар, ал Өтебай өзі ақын, өзі өте мейі-рімді, балажан адам еді. Өтебай Тұр манжановтың КазПИ-дің про-фессоры, 1934-1935 жылдары Жамбыл облысының Сарысу ауда-нындағы Байқадам ауылында ай-дауда болғанын, ғалымның жай ғана орта мектепте қазақ тілі мен əдебиетінен сабақ бергенін, ҰОС жылдары үнемі НКВД-нің қада ға-лауында жүргенін, сөйтіп, елуін ші жылдары Уассалам сияқты Сібір-ге – Краснояр өлкесінің, Бузан по сел кесіне, Енисей жағасына ай-дал ғанын біз ол кезде білген де жоқ пыз, өздерінен естіп отырмын. Жал пы, айдауда болғандар сөзшең емес-ті.

Білетінім, əйелі Майнұр оның артынан іздеп келіп, мерзімі біткенше бірге болғаны. Қыздары Лаура, Долорес, Лейла жəне ұлы Ерлан да əке-шешесімен бірге болды. Осылайша, олар да менің Əділханымдай Сібір балалары атанды. Олармен жақсы араласып тұрдық. Бізден бұрын құжатын алып, ақталған соң Өтебайдың от-басы Алматыға қайтты.

Кейін Өтебай ақын ақталып, бүкіл атақ-дəрежесі қайтарылып, еңбектерін бастыруға қолы жетті.

Əр жексенбі сайын жер ауда-рыл ғандар бас қосып тұратын едік. Бұл қазақ Сібірде де қазақ. Ойыл ауданы Саралжынның тумасы Құлсымақ Маханов бұл елге бізбен бірге келген. Ол бала кезінен дін жолына түсіп, молда болған адам.

О баста дінге қарсы күрескен «қы зыл террор» құрығына ол тым ерте 1919 жылы ілігіп, 5 жыл түр -ме де отыр ған. Елге оралып түр лі ша руа шы лықтар атқарады. Тіп ті, бас қарма бо лып та жұмыс істе ген. Де генмен, қызыл зобалаң құры-ғына 1949 жылдың ақпанында қай-та түсіп, Сібірге айдалған. Өзі айт-қандай:

Жер аударды өңшең бұзық өшігіп,

Бірі бастап, бірі қостап есіріп.Екі ай жаттым түрмесінде

Темірдің, Қандай жағдайда болса-дағы

кешігіп.Сібірде оның зайыбы Маржан,

балалары Рамазан, Бақтығали бірге болған. Сол жақта Ағиба жəне Ажарқыз атты перзенттері дүниеге келеді.

Ал əңгімемізге қайта оралсақ, Сібірде бірде осындай бір жиын-да Ідіріс, Əлмұқан есімді кісілер болды. Жас-кішімізге қарамай, жат жерде сыйласып тұрған адам-дармен жиі бас қосатынбыз. Бірде осындай жиында əлгі жасы үлкен ағалар:

– Ағайындар, жеріміз, ішер суы мыз, тіпті, қанымыз да өзгеріп барады. Қашан біздің басымызға əділдік орнар екен? Өмірге жаңадан сəби келгелі отыр, сол аман-есен ер жетіп, елді əділ басқаратын хан болсын. Есімін Əділхан қойсақ, қалай болады? – деді. Сонымен, тұңғыш баламыздың есімі Əділхан болды.

Жасы тоқсанға келген ұлты түрік бір азамат өзі тұрған үйін бізге босатып берді.

– Балам, мен саған бата бергелі келдім. Қабыл алсаң, – деді маған бір күні əлгі кісі үйге келіп.

– Қабыл аламын, ата, айта беріңіз, – деп ілтипат білдірдім.

– Менің немерем, шөберем, тіпті, солардан өрбіген шөпшегім мен неменем де бар. Менде бəрі бар. Тек, жасым тоқсанға кел-генде, төрімнен көрім жақын тұрғанда өзім далада қаңғып жүрмін. Балам, мен сені жүкті деп естіген соң, шапанымды жапқалы келдім. Сəбиіңнің мен секілді жасы ұзақ болсын, неменесін көрсін, ғұмырлы болсын! Бұл шын ниетім, – деп ризашылығын білдіріп, ба-тасын берді. Сонан кейін ол атаға бостандық берді де, еліне жіберілді.

ЕЛГЕ САЄЫНЫШМерзімдерін өтеп, бірқатар

азаматтар елге қайта бастаған шақта Нұржамал əжейдің де туған жерге деген сағынышы үдей түседі. Бірақ Сібір жеріне тұрақтап , үйрен іс іп қалған отағасы сол арадан кеткісі жоқ-тын. Алайда, елін сағынған ана түні бойына көз жасына ерік беретін. Ақыры, жазықсыз жандар ақталып, туған елге жетті.

Бүгінде жетпістің алтауына келіп қалған Нұржамал əже өткен күндерін күрсініспен еске ала оты-рып, балаларының бақытты болу-ын, ел Тəуелсіздігінің баянды болу-ын Тəңірден тілеп отырады.

Балнияз ƏЖІНИЯЗОВ

Мезгілсіз, мерекесіз кеткендердің, Аруағы бізді де айт деп сыбырлайды.

Иса Байзақов

¹3192 ²Ñ¹3192 ²Ñ¹3192 ²Ñ

Жаңақорған дегенде шипа сыйлаған шипажай елестейді, одан мыңдаған науқастың мұ ңын шешкен мақтаулы межесі мен-мұндалайды. Ал осы игілік көзінің бір кездері бойын тіктей алмай, тай-ғақтап, тығырыққа тірелген тұсы да болған. Ол ол ма, есігінен қара құлып қарсы алатындай келешегі күдікті кезі де кездесті. Əупірімдеп əл жиып, аяғынан тік тұруы қиял-ғажайып ертегінің бүгінгі сипа-тындай еді.

Бұл 1997 жыл болатын. Ши-па жай басшылығында ауыс-түйіс жиі орын алып, мекеме белі босап кеткен, бағы тая бастаған өткелге келді. Мұның басты себебі, өткен шақта мекемені дəрігер басқарды да ұйымдастыру, шаруашылық жағы ақсай бастады. Ол қаржылық дағдарысқа тіреді, қол қысқара түсті. Құлазыған құрылым құл-дырауды бастан кешіріп, жабылу алдында тұрды. Сондықтан, елі-міздің кəсіподақтар федерациясы шипажайды сатуға мүдделі бол-ды. Амал жоқ, облыс басшылығы ой ласа келе, шипажайды іскер адамға сенімді басқаруға беру тиімді деп тапты. Сөйтіп, респуб-ликада бірінші бастама, əрі тың тəжірибе есебінде сол кезгі ау-дан əкімі Салхадин Мырзабеков шаруашылықтар басқарған, есеп маманы, білікті кадр Амангелді Абдуллаевтың келісімін алып, оны шипажайға бас директорлыққа ұсынды. Енді жүздеген адам жан баққан, нəпақасын айырған ши-пажайды аман алып қалу міндеті алға қойылды. Ұжым болып, кəсіп-одақтар федерациясының төра-ғасы Сиябек Мұқашевтің атына хат жазып, екі жылға Амангелді Мү бə рəкұлына сенімді басқаруды беру туралы өтініш айтты. Осыған бай ланыс ты төраға Жаңақорғанға келіп, жағдаймен танысты, бір мүм-кіндік берді.

Аманатты арқалаған Амангелді тірліктің түйінін тарқатуға сол сəттен кірісті. Есебінде қара бақыр тиыны жоқ, табыстан ада мекемені қайтсем қалыпқа келтіремін де-ген күн-түнгі күйзелісі басталды. Адамды намыс өлтіреді деген рас қой, сол кезгі оның аламан-тасыр ішкі дүниесін еш пенденің басы-на бермесін, əйтеуір, шыдамы мен төзімі шырғалаңнан алып шықты. Алдымен дəулетті деген кісілерден пайыздық үстемемен қарызға ақша алып, түгелдей тіршілікті тү зеуге салды. Жұмысшылардың жалақысын азық-түлік беріп есеп-тесуге тура келді. Бұл жөнінде өза-ра келісім жасалды, ортақ мүдде үшін осындай қадамға бару жайы тү сін дірілді. Қыс айында келушілер тоқтап қалып, еңбеккерлерді ақы-сыз демалысқа жіберуге де барды. Осы лай қасықтап жиналған қаржы ортақ қазанға түсті. Əрбір тиынның есе бі болды. Жəне мақсатты жұм-салды.

Тарихы тереңде жатқан шипа-жайдың үмітін үзбей, құлаш сермеу-ге қанат бітірудің жауапкершілігі оны кезінде Бірлік, Өзгент шаруа-шылықтарын басқарып, респуб-ликада мал басын көбейтуде топ жарған іскерлігін тағы бір қы рынан сынаққа алды. Отқа күй геннен ұятқа күйген жаман. Аман гелді үшін асу бермес асқар көп. Ал дымен бірлігі бар ұжымның байламы бекем бола-тынын бірінші кезекке қойды. Əрбір жұмысшыға ыстық ықыласпен көңіл бөлді, ынтымаққа ұйытты. Сөйтіп, атадан пейіл, анадан мейір қонған қасиетін көпке көрсетті. Əкесі Мүбəрəк Қаратаудың етегінде қой бағып отырғанда өзіне көмекші шопан болған Амангелді ұлына: «Шы рағым, жұмыстың ауырын арқа ласаң, өмірді кеңірек тани-сын. Ал жеңіл жүк жалқаулыққа жетелейді. Мен сендерді ауылдың еңбегі ауыр мектебінен өтсін деп əдейі шаруашылықта ширатамын», – дегені жиі еске түседі. Сонысы дұрыс екен, жарықтық əке балаға еңбектен ерінбеуге үйретіпті. Əсілі: «Əкенің тəрбиесін жүз мектеп бере алмайды», деген тəмсілді кім айтса да тауып айтқан.

Аумағы ат шаптырым болға-ны мен қу тақырда тұрған ғимарат-тың сəні де жоқ, мəні де жоқ. Сортаң жердің сиқы белгілі,

ағаштың өсуіне өш келеді. Ол Түгіскен шаруашылығындағы тəжірибесін қолдануға тиісті еді. Жер агротехникалық шарадан өткізілмей жеміс бермейді. Соны ескеріп, топырақтың сор бетін сыдырып, жүк көліктерімен оны сыртқа шығарып тастады. Орнына тау беткейден алынған құнарлы топырақ салды. Сөйтіп, ондаған ағаш, гүл түрін, əсіресе, қылқан жапырақты ағаштар мен жеміс көшеттерін екті. Оған жаңбырлатып суару əдісін қолданды. Екі жыл дегенде тақыр гүлзарға айналды, шипажай бауға оранды. Осыны көрген қоғам қайраткері Сейілбек Шаухаманов: «Біздің Амангелді сиқырлы бағбан, қолы құт, ісі берекелі», деп баға берді.

Енді емделушілерге жайлы да сайлы ғимарат жасаудың кезе-гі келді. Ішкі жəне сыртқы кел-бетін əрлеу, келісті жиһазбен жаб-дықтау, тынығу орындарын көбей-ту жұмыстарын дереу қолға алды. Алыс-жақын шетелдерден ыңғайлы жиһаздар жеткізіліп, реттілікпен қойылды. Мұнан кейін алда емдеу жабдығы мен медициналық кəсіби кадрларды іріктеу тұрды. Оның да орайы орынды шешілді. Осылай төрт құбыласы теңесіп, бұл жер тамаша емдеу-сауықтыру орнына айналды. Əлемге əйгілі Теріскен көлінің шипалы батпағы, түрлі ем, 1994 жылы көзі ашылған минерал-ды су келушілер санын күрт арттыр-ды. Қазір сүйек-буын, урологиялық, гинекологиялық, асқазан-ішек ауруы на шалдыққандар дертке дауа тауып, айығып жатқаны ақиқат.

Бірде мемлекет жəне қоғам қайраткері, академик Кенжеғали Сағадиев ем іздеп Израильдегі белгілі емдеу орнына барыпты. Сонда сол жердің дəрігері: «Ең кере-мет ем өз ауылыңызда. Жаңақорған шипажайына барыңыз», депті. Дəрігердің сөзі сеп болып, үш жыл шипажайда ем алып, құлан таза айыққан екен. Міне, осындай бе-леске көтерілген шипажайдың шы-найы бейнесінде Амангелдінің нар тұлғасы тұр.

– Мен 18 жыл басқарып, акцио-нерлік қоғамның өрісін кеңейтуге күш салдым. Нəтижесін ел айтар. Бүгінде 230-дай адамды құраған ұжым болдық. Былай айтқанда, бір ауылдың адамын асыраушы іргелі мекемеге айналдық. Өзім зейнет-ке шықтым, кезекті шəкірттеріме бердім. Шипажайдың бас дирек-торы Бақытжан Абдуллаев, бас дəрігері Ғабит Үйсінбаев істің көзін тапқан мамандар. Елге қызмет ету оңай жүк емес, талап пен міндеттің маңызын жадыңда берік ұстау ке-рек. Бұл тұрғыда өз міндетімді адал атқардым дей аламын, – деді Аякең.

Ол жан-жағына көмектесіп, көмек қолын созып, жетім-жесір-ге жəрдем жасауды ұмытқан емес. Айталық, Нұргүл есімді жаңа қор-ғандық жетім қызды Ұлттық агарар-лық университетке ақылы негізде оқуға түсірді. №3 мектеп-интер-наттағы 10 оқушының киім-кеше гіне ұдайы көмектеседі. Түгіскен ауылы-на еңбегі сіңген қарияға бес бөлмелі үй салып берді. Озық технологиямен қамтылған, ағылшын ті лін үйрететін «Жұбаныш-А» ба ла бақ шасын іске қосты. Мұндай маңыз ды шараның шынайы үлгісі жетерлік.

Кейіпкерімізге «Құрмет» ордені аудан шаруашылықтарын алға оз-дырып, «Жаңақорған шипажайы» АҚ қызметін жоғары деңгейге көтергені үшін берілді. Осындай сан-салалы озық ісін ескеріп, ау-дандық мəслихат депутаттары «Жа-ңақорған ауданының құрметті аза-маты» атағына лайықты деп шешті.

Жаратылысынан жанашыр жан, көптің тілеуін көгерткен – Аман-гелді Абдуллаев туралы толға-ныстың бір парасын өрбіттік. Оның туабітті таби ғаты – тындырымды тірлікке бейім ділік, табандылық пен төзім ділік ке бекемдік. Сондай-ақ, досқа адал, абыройлы, ел ағасы, бұқараның бет ке ұстары секілді қасиеттері аза маттық тұлғасын айшықтай түседі.

Қаныбек ƏБДУОВ,журналист

Қызылорда облысы

Ізгі із

Page 15: Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», ... болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі

1528 ҚЫРКҮЙЕК2016 ЖЫЛ

ӘҢГІМЕ ӘЛЕМІ

ҰБАҚ-ШҰБАҚ ұласқан тау сілемінің еңіске қарай созылған биік жонының қыр жел кесіндегі үйме-жүйме жақпар

тастардың тасасына Тəушен аңшы түс ауа, құлама бесіннің шамасында келіп, бірсыпыра уақыттан бері бой тасалап жатқан болатын. Жарығы біртін-біртін көмескі тартқан күн шарасы көкжиекпен жанасып ұясына қона бастаған мезгілде ол арқа жағындағы тегіс тасқа шалқая сүйеніп, аяғын созып, құрысқан денесін азырақ жазып алғандай болды. Содан соң тасадан басын қылтитып, қырқаның төменгі жағындағы сайдың аңғарын бойлай өскен қалың қарағанның арғы-бергі төңірегін дүрбісімен шо-лып асықпа-а-й ұзақ қарады. Көптен бері алдырмай жүрген əккі қаншық қасқыр мен ақсұр арланның

биылғы бір ұя бөлтірігімен паналап жүрген апаны, тап басып анық білмесе де, əйтеуір, сол маңайдың бір ұңғыл-шұңғылында екенін ол қапысыз аңғарған-ды. Осы төңіректің сай-салалы жерлерінде, шоқтала өскен қараған тоғайының ара-арасындағы тасалар-да ірілі-ұсақты малдың, əрдек-əрдекте шашылып жатқан сүйек-саяқтары, ұсақ бұталарға ілініп қалған жүн-жұрқалар мен əр маңда тері пұшпақтарының алба-дұлбасы шығып жатқаны да оның болжамын бекемдей түскен. Енді міне, сол болжамы алжастыр-маса, ымырт қараңғылығында қарағанның қалың жымында жатқан қасқыр қайтсе де бір сыр беруі тиіс болатын.

Қасқыр атуға шыққанында өзімен бірге тастамай алып жүретін шетелдік əдемі арбауыш-сыбызғысын былай қойып, міне, ол қазір екі бас бармағын иек астына тірей қадап, мұрын желбезектерін сұқ саусағымен басып, бір-біріне қабыстыра ұстаған қос алақанының саңылауына көмейінен терең тар-та үрлеп қасқыр ұлуына ұқсас үн шығарды. Сол үн, міне, «у-у-у-о-о-а» деп созыла басталып, біртін-біртін қатайып, ұлғая түсіп, содан соң бəсеңдеп барып, тына қалды. Аңшы төмен иілген басын тізесінен жоғары қарай жайлап көтеріп, көмей түкпірінен осылайша созыла қайырылған қасқыр арланынша ұлыған дыбыстың ара-арасына бірер се-кунд үзіліс салып үш мəрте қайталады. Қайталады да, құлағын түріп, тына қалып, тың тыңдады. Тым-тырыс. Жауап қатқан қасқыр ұлуы естілмеді. Ол тағы біршама уақыт өткесін қос алақанын жаңағыдай сəл қабыстыра жанастырып аузына апарды да, ба-сын шалқайтып, құдды қасқырша көкке мойынын соза ұлыды:

– У-у-у-о-о-а-а-о-у-у-у!.. У-у-у-о-о-а-а-о-у-у-у!.. У-у-у-о-о-а-а-о-у-у-у!..

Кеудеден қамыға шыққан терең дем жүректі шы-мырлатар жуандау сарынмен созыла түсіп, əуелеп, жым-жырт тыныштықтың тылсымын бір сəтте-ақ бұзып, алыс-алыс жаңғырықтармен жалғасып, кеңістік қиырларына ұласып жатты.

Осылайша үздіге қайталанған үш мəрте ұлу бұл жолы жауапсыз қалмады. Арада он бес-жиырма минут өтер-өтпесте төменгі жақтан, алыс аңғардың арғы басынан созылуы қысқалау, аралығына бірер секунд салып қаншық қасқырдың екі мəрте ұлыған үні құлаққа шалынды.

«У-у-у- у-у-өу!.. У-у-у- у-у-өу!..». Аңшы өзіне жауап қатқан əлгі ұлуға «Мені

естідің бе, мен мұндамын» дегендей, үш бунақпен қайыра жауаптасты да, əлденеше есе үлкейткіш оптикасы бар нысана көздеуіш орнатылған винтов-касын қолына алды. Қас қағымдай сəттің арасын-да күздің күлгін, бозғыл тартқан аспанын ымырт көлеңкесі көлегейлеп, көз жетер жердегі төңірек бұлдыр да күңгірт пердеге орана бастаған еді. «Винчестерінің» үлкейткіш көздеуішіне талмай қадалып жатқан Тəушен қасқыр қаншығын еңістегі қараған-шатқал тоғайының бергі жиегінен күтті. Бірақ мұндайда əккі қасқырдың сақ қимылдайтынын ол əбден біліп алған. Салып ұрып жетіп келмейді. Жасырын қауіптің бар-жоғын алыстан байқастап, бірден бой көрсетпейді, ал арлан болса мейлінше сақ əрекет жасайды, аяғын ілгері бір басып, екі басып, біресе шоқиып отыра қалып, біресе етпет-тей жата қалып, тұмсығын созып, қайта-қайта иіс аңдап, бөгде ұлудың егесін барынша сақтықпен анықтауға бейілденсе, ал мына кермаңдай қаншық, арлан сияқты мұндайлық сақшыл айлаға барма-ды, жан-жағына көп елеңдемей, аяғын жеңіл алып, өзін кəдуілгідей сендіріп, иландырып шақырған арлан ұлуының бағытынан айнымауға ұмтылды. Тəушеннің де қазіргі сəт күтіп жатқаны сол еді.

Міне, əлден соң қараған шетінен қараң ете түскен сұр түсті бір сұлба көздеуіштің үлкейткішіне ілінді де, ілгері қарай сырғи басып, тоқтай қалды. Үздіге дыбыс берген ақсұр арланның дəл осы тұстан, қарсы алдан шыға келетін тұрқын көруге деген ынтығыс-демін баса алмай тұрғандай тəрізді. Осы кейпетінде аз ғана елеңдеу де жоқ емес еді, сəл ғана қыңсылай түсіп, серек құлағын əлденеге түргендей болды да, кер маңдайын Тəушеннің нысанасына қарата дəлдей ұстап, тағы да ілгері басты.

Аз-кем ұйып, жансызданып бара жатқан сұқ саусақтың ұшы осы бір қас қағымда шүріппеге қаттырақ жанаса түсті де, кілт іліп қалды. Ұшқыр оқ қапысыз атылып, бүгін əлі жортуылдан оралып үлгермеген арланының шақыру-ұлуына алаңсыз сенген аналық қасқыр екі кештің арасында, қапияда осылайша ажал құшты.

Тəушен қанжығасын қандаған олжасын – кер-маңдай қаншықты құйрығынан тартып, сүйрете-мүйрете тау жотасының арғы етегінде, жарты шақы-рым дай жерде қалған «джипіне» жеткізгенде түн қараңғылығы əбден қоюланып та қалған болатын.

...Тау етегін жиектей айналып, шамының жарығы түн қойнауын айқара жарып, тегістікке қарай түсіп бара жатқан машинаны қаншық қасқыр сұлаған жер-ден, қараған-шатқалдың бойынан туралай жоғары өрлей жортып, жотадан асқан ақсұр арланның мірдей суық көзі алыстан шалды. Ұялас серігінің жермен сүйретілген өлі денесінің қанды ізі мен иісінен де көкжал бөрі нақ сол маңда біржола ажырап қалды да, тұмсығын шалқалай туған айға қарата созып,

əрі қамығулы, əрі зарлы шақырумен үзік-үзік ұзақ ұлыды...

Қаншығын іздеген ақсұр арланның жота басы-нан із кесіп алас ұрған түнгі жортуылынан бейхабар Тəушен аңшы қараған-шатқал маңайына көп ұзамай тағы бір оралуды ойына бекем түйіп кеткен болатын.

* * *Бұл өңірге қарсыз, қарасуық қыс желтоқсанның

соңғы аптасында, ай енді-енді толыса бастаған кезде түсті. Алғаш жауған қырбық қар əлдеқашан қабыршықтанып қалған осы мезгілде қараған-шатқалдың бықпылындағы ұялас жас бөрілердің – табаны бүрленіп қатайған биылғы марқа бөлтірігі бар, былтырғы бөлтірік – майтүбіт қаражалдары бар, бірінен соң бірі Тəушеннің дыбыссалғысына

арбалып, қатары си-реп те қалған бо-латын. Қаражал екі жас бөріні қасынан қалдырмай бұлта-лаң сақтыққа салып жор туылдаған əккі ақсұр арланның осы үштік үйірін аңшы қармауына əлі түсіре алмай жүрген-ді.

А у қ ы м ы б і р -қыдыру ойлы-қырлы алапта барынша сақ жортуылдаған жыртқыштар Үстірт-

тің сол маңай дағы ауыл дарының жайы-лыста жүрген малына

топалаңдай тиді. Жегенін жартылай жеп, жемегенін жаппай сұлатып, қызылкөзденіп алған бөрілер елге тыншу бермеді. Қыс басталар-басталмас тан қасқырдың малға бұлайша өршелене шабуы түйеші-фермер Айдарғалиды да əжептəуір алаңдатты. Осы қараған-шатқалдың күншығыс бетіндегі үлкен жонның баурайын оншақты жылдан бері жайлағалы оқта-текте ғана болмаса, өз басы мұндай сұмдықты көрмеген еді, бас-аяғы бір айдың о жақ, бұ жағында екі тайлақ пен бір құнаншасы, ірілі-ұсақты оншақты қойы қасқырдың қанды аузына ілігіп, шаруасын бірталай шайқалтып тастады.

Айдарғали қожалығының төңірегінде күндіз-түні күзетті күшейтті, түнге қарай əуеге қаратып оңды-солды тарсылдатып мылтық атумен болды. Бірақ жыртқыштар бұл маңайды арагідік торуылдауын бəрібір қоймады.

Кештен бастап түн ортасы ауғанға шейін тоқтамай, қалың жауған ұлпа қардың бетіне таңғы алакөбеңде түскен үш қасқырдың ізі сол күні сəскеге тырмысқан шақта Тəушенді түйелі ауылдың үстінен бір-ақ шығарды. Ізді қуалай «джипін» баяулай ыңылдата айдаған ол малшы ауылдың маңайын торуылдаған жыртқыштардың жасаған əрбір қимыл-əрекетін қалт жібермей көңіл зердесіне тоқып келеді. Мына бір тұста үш із бір-бірінен алшақтай түсіп барып, кенет тосыла қалып, əрқайсысы алдыңғы жақтағы əр бағыттан əрі дыбыс, əрі иіс аңдасқан тəрізді. Ал бұдан əрі оқыстан бір бүйірге қарай бұлталаң етіп, бұрылып орағыта жөнелген жалғыз дара үлкен іздің соңынан солбалаңдаған қос із де ілесе жөнеп кете барған. Сірə, алдан тосқан əлдеқандай қатерді сезген сияқты.

Тəушен бұдан əрі із кесуді доғарып, түйелі ауылға аялдай кетуді ұйғарды. Сəл күлімсірей түсіп, жылы шыраймен амандасқан, бидай өңді, өзі құралыптас жігіт ағасы бейтаныспен Айдарғали да ашық-жарқын сəлемдесіп, қысқа қайырып жөн сұрасқан күйі оны үйге қарай бастады.

– Е-е-е, солай, солай... Қасқыр ізіне түскен аңшымын де?!. – Атжақты, кесектеу біткен желқақты жүзін бұған бір қырынан бұра қараған үй егесінің даусын соза сөйлегені мақұлдау, құптау шырай-ында болғанымен: «Ал сонда не тындырып жүрген аңшысың өзің?» дегендей астармен айтылғандай еді.Тəушен, əрине, мұны бірден ұқты. Ұқты да, үндемеді.

Шай үстінде Айдарғали қыс түскелі ит-құстың маза бермей тұрғанын жəйбарақат қана əңгімелей бастап еді, əйелі шыдамай сөзге араласты.

– Айдеке, отағасы-ау, қайдағы бір ит-құсты ай-тып, қораңдағы үш-төрт тауығыңды аш қарсақ пен түлкі жұлмалап жеп кеткендей жайбарақат сөйлейсің ғой, түге!.. Анау-мынау емес, үш түйеден жəне-дағы бірталай ұсақ жандықтан айырылғанымызды айт-сайшы!.. – деді томпақтау ақ сары жүзінен лып етіп түскен ызалы күйінішті жасыра алмай. – Жалмауыз немелер тиыштық берер түрі жоқ қой тегі...

– Жə, қоя тұр, енді азырақ. Бұйырмаған малдың жайын несін айта береміз. Ең қиыны, қандыауыз жыртқыштар торуылдауын əлі қояр емес... Бүгін де, міне, осы маңайды шиырлап жүріп алыпты, апыр-ай, ə?!. Соған қарағанда, бұларың осы төңіректе аштық қысқаннан ғана жортуылдап жүрмеген тəрізді ме деп ойлаймын осы...

Айдарғали қонағының осы мезет əлденеге ойла-нып қалған кейпіне көз қиығын тастады.

Үй иесінің салғаннан турасын айтпай манадан жанамалай сөйлеп, өзінен сөз суыртпақтағысы келіп отырғанын Тəушен түсінді.

– Не айтқалы отырғаныңызды аңғардым, Ай-деке! Ұяластарынан айырылған қасқыр, əдетте, əрі сақ, əрі кекшіл келеді. Сірə, анау арлан бастаған жыртқыштардың жасап жүрген əрекетінде осындай гəптің бар екені анық. Күз ортасынан бері қаншығы, биылғы қарақұлақ бөлтірігі, былтырғы ұясынан шыққан жас қаражалы бар, бас-аяғы жеті-сегіздей жыртқышты осы жерге тақау қараған-шатқалдың маңайынан жайратқанмын. Қолға түспей жүрген бір арлан мен қос қаражал жас бөрі еді. Бұлардың қараған-шатқалды тастап, осы тұсқа қарай ойысып кеткенін осы кешелі-бері о жақ, бұ жақты шарлап, іздерінен таптым, енді құтылмас, Алла сəтін салса...

– Е, бəсе-е, міне, қайда жатыр мəселе?!

– Иə, солай болып тұр бұл мəселеңіз. Бірақ қасқыр дегенді атпасаңыз, жыл аралатпай-ақ қарасы көбейіп, үйір-үйір боп өріп кетеді. Өзіңіз білесіз, тау-тастың, даланың жүгірген аңы да қазір сиреп барады, қыстың көзі қырауда қоян-соян, тышқан-пышқан аулаумен жан сақтау қиын болғасын, түз тағысының малға шабатыны қашаннан мəлім емес пе?!.

Тəушеннің айтқанын Айдарғалидың мақұлдамас-қа лажы қалмады.

– Ал енді бар ғой, өзіңді бізге бүгін құдай айдап келген болар, Тəуке! Бір амалын істейік те көптеп, көлемдеп дегендей. Өзіңдікі секілді су жаңа, жүрдек болмаса да, жолсыз жерге шыдамды «уазик» де-ген машина бар бізде. Түйеші жігіттердің бірін

қасымызға алып, əлгі қанды ауыз пəлекеттерді қармауға түсірейік те бүгіннен қалдырмай...

– Сəтін салса дейік...– Иə, дұрыс айтасың, жолымыз болып, Алла

қолдап, сəтін салса, əрине...* * *

АҚСҰР арлан бастаған үш бөрі қарлы даланың көз сүрінер қарасы жоқ тегіс-тігімен үлкен-үлкен шеңберлі орамдар

жасады да, қарлы жазықтың тауға қарай ұласар баурайымен бір ізбен ілбілесе жүріп, таң ағарып атқан шамада əр-əр жерде қарауытып жатқан аласа тырбық бұталы жас аршалардың сирек шоғырына жетіп бой тасалады. Түні бойғы, таң қараңғысына дейінгі соқақ-соқақ бүлкіл жортуылдан үш-төрт қояннан өзге жарытымды талғажау таппаған ашқұрсақтау қасқырлар шыршаның түбіне жатып, ұйқыға мүлгіді. Кеш түсе басталар кезекті жорыққа шейін, тып-тыныш жатқан күйі құлағын түрік ұстап, əрқайсысы қалжыраған бойына күш жиюдың тыл-сымына енгендей.

...Кіші бесіннен ауа түйелі ауылдан шығып із кес-кен екі машина отыз шақырымдай аумақты шиыр-лап, қас қарая аршалы дөңнің баурайынан жазыққа беттеген бір тізбек іздің үстінен шықты. Қарлы бөктердің əр қыртысын сүзгілей тінткілеп келе жатқан «джип» маңдайындағы үлкен прожектор-шамның жарығы əне-міне дегенше болмай, бір бүйірден көлбең ете түсіп, опалаң-топалаң орғып безе жөнелген қасқырларды лезде жалт-жұлт жарқылымен қармап қалды. Осы аралықта екінші машина жыртқыштардың бір қапталдан орай ызғып, алдын кесудің амалын жасады. Айдарғали көз жоба-мен оқ жетерлік тұсқа жетіп, өз жағындағы ашық те-резеден қосауызын кезеп көздей бергенде əккі арлан желкелеп келе жатқан көз қарықтырар жарықтың астынан бұлт етіп шығып, дөңнің желке тұсын бетке алып, соқақтап желе қашып жөней берді де, кенет екпінін бəсеңдете түсіп, «Мен, міне, мұндамын» дегендей қалт тоқтай қалды. Қуғыншыны өзінің соңына салып, бұрып əкетудің айласы еді мұнысы.

Бассауғалап қашуды қаперіне де алмай, өзінің қандастарын құтқару үшін аңшыларды артынан ілестірудің айласын жасаған арланның соңынан кет-се, далбасалап қалатынын сезген Тəушен қуғыншы серіктеріне тоқтамауға белгі берді де, əп-сəтте қара үзіп ұзап бара жатқан қаражал қос бөрінің соңынан түсті. Қанша бұлталаңға салса да, прожектор жарығынан құтыла алмаған жас бөрілерді үш-төрт шақырымнан ұзатпай, омақастыра атып түсірген қуғыншылардың көңілі аз-кем жайланғандай болғанмен, Айдарғали арланды атуға үлгере алмай қалғанына опынып тұрды.

– Əттеген-ай, бізге керегі алдымен анау ақсұр арлан еді-ау! Жырынды неменің құтылып кеткенін

көрмеймісің?! Шүріппені басқанымша болмады, бұлтартпай қадалған жарықтың астынан сытылып шығып кетті. Өзінің түсі де аппақ қардай екен, бұлт ете түскенін байқамай қалдым қара басып...

– Жə, ол арланның да азуын ақситып, сұлатармыз, əлі-ақ! – деді Тəушен сенімді түрде. – Сірə, осы төңіректен көп ұзай қоймаған шығар...

* * *...Ақсұр арлан қарлы жотаның өрінде шоқиған

қалпы айлы көкке мойнын созып, ұзақ-ұзақ сар-най ұлыды. Қуғыншыларға қарасын іліктірмей кетсе, қаражал жас бөрілер бұған жауап қатуы тиіс еді, бірақ түн қойнауынан селт еткен ды-быс сезілмеді. Жым-жырт меңірейіп, мүлгіп тұра берді. Он үш тоғыс желтоқсанда шалқалай туған ай

орағының жүзі сарғыш тартып бұлыңғырлана түсті.Баурайға түсіп, кешегі іздерінің соқталанып

қалған табанымен бүлкіл салған ақсұр арлан түйеші ауылының маңайынан əлі терісі сыпырылмаған қаражал бөрілердің серейген денесінің иісін бұлжытпай сезіп, сол төңіректі түннің бір мезгіліне дейін торуылдады. Біресе аула сыртына тым жақын-дап барып, тұмсығымен ауаны тінткілей иіскелейді де, ауық-ауық өкси қыңсылайды.

Аула түкпірінен маңқ-маңқ етіп жағы тынбаған төбет ақсұр арланның аяғын ілгері бастырмады.

Соқақ-соқақ бүлкілге салып, үрейлі маңайдан кенет шұғыл жөней берді де, алысқа көп ұзамады. Сол кідірген жерінде шоқиып отыра қалды. Түнгі аспанда баяу жүзген алашабыр бұлттың арасынан бір көрініп, бір көрінбей құлақтанып тұрған айға қарап арлан тағы да мойнын соза түсіп, өкси ұлыды.

...Түн жарымы ауғанда деміл-демілде естілген қасқырдың ұлыған үні тəрізді бір сарын ұйқылы-ояу Тəушеннің құлағына еміс-еміс шалынғандай болды да, артынша лезде тыйылды. Кешелі-берлі ойлы-қырлы əжептəуір аумақты шарлаған жайсыз жүрістен шаршаған ол өң мен түстің аралығындағы халден толық арыла алмай сəл жатты да, ұйқы құшағына тағы ене беріп еді, созыла ұлыған əлгі са-рын құлақ түбінен сол қалпында анық қайталанды. Бұл жолы ұйқысы шайдай ашылып кетті.

«Апыр-ай, мынау сол арлан ғой. Неғылған жан-кешті əрі жүрек жұтқан хайуан?! Жалғыздықтың зардабына налуы ма немесе қандас серіктерінен айырылудың қияметінен зарлануы ма бұл? Бұлайша ұлуының бір гəбі бар-ау, тегінде…».

Басына анталап келген осындай ойдан қапелімде арыла алмаған күйде отырған Тəушен тағы да тере-зе жаққа құлағын тікті. Бұл жолы осы үйдің есігін күзеткен төбет-сымақтау көпек иттің қайта-қайта қыңсылап, жақыннан, дəл іргеден қасқыр арланының тынбай ұлығанынан қорқа қорғаншақтап, тыныш-сыздана мыңқылдап үргені естілді. Алғашқыдағыдай айбарланып, бар үнімен сес көрсете үруге тірсегі дірілдей бастаған иттің дəті жетпеген еді.

Қасқырдың ұлығаны мен итінің қайта-қайта үргелектей үргенін Айдарғали да естісе керек, қосауызын ала салып, сырт киімін асыға-үсіге жүре киінген қалпы сыртқа жедел атып шықты. Артынша түн тылсымын тітірентіп, құс мылтық екі мəрте гүрс-гүрс атылды да, ақсұр арлан түн еңсеріле бастаған осы бір мезетте түйелі ауылдан алысырақ ұзап бара жатты.

* * *

ТƏУШЕННІҢ бүгінге жасаған есебі аяқ астынан бұзылды. Ақсұр арланның түні бойы шиырлаған ізінің бағытын қуалап

келе жатқан бұлар бір жоннан асып, еңіске қарай бағыт түзегенде таңнан бері ұшқындап қана тұрған қар екпіндей соққан суық желмен ұйтқып,

нөсерлетіп берсін. Қасқыр ізінің сорабы əп-сəтте жым-жылас болды. Ал енді біразырақта біртін-біртін үдеген теріскей желі қарлы, ызғырық ақтүтек боранға ұласып, көз көрім жер көрінбей қалды. Ауа райының бұлайша күрт өзгеруін күтпеген ақсұр арланның қуғыншылары қалай қарай жүрерін білмей, дағдарысқа түсті. Ауыл қарасынан көп ұзамай тұрғанда тезірек кейін қайту керектігін айтқан Айдарғали əлденеге ойланып қалған Тəушенді асықтырды.

– Ал анау арлан қасқырды қайтеміз?! – Ойбай-ау, мына боранда қайдағы қасқыр саған

алдыратын?.. Мына ақ дүлейде адасып, біржола құримыз ғой...

– Сендер қайта беріңдер, мен анау қараған-шат-қалдың маңайын бір шолып қайтайын. Арлан соның қалың бықпылындағы апанының төңірегінде жүр, мен бірдеңе білсем...

– Ойқыл-шойқылдың бірінен шыға алмай, қарға батып қалсаң қайтпексің?! Көзсіздікке салуға бол-майды мұндайда!..

Айдарғали қайткенде де Тəушенді алған бетінен қайтарғысы келіп еді, бірақ ол көнбеді.

– Қорықпаңыз, бұл жердің əр қыртысын бес саусағымдай білемін десем, артық айтқаным бол-мас. Арланды қайтсек те, ертеңге қалдырмай бүгін алу керек, Айдеке!.. Əйтпесе, қасқыр-күйектің қарсаңында жападан-жалғыз қалған еркек қасқыр үйірлесер серігін іздеп, бұл маңайдан біржола ауып кетуі мүмкін...

* * *... Тəушен «джипін» сай табанына таман, қасқыр

апаны бар-ау деген тұсқа жақындай барып тежеді. Көз сүрінер бір қарасы жоқ ашық жазықтықта үдеп тұрған боран қараған-шатқал сайын айналып өтіп жатқандай, бұл ара – тып-тынық ықтасын екен.

Жыртқыш аңды жақыннан атуға ыңғайлы ірі бы-тыралы қосауыз мылтығын ыңғайлай ұстап, сайдың көлбеулеу кемерінен əрі, еңіске қарай қалыңдай беретін қарағанның арасымен біразырақ жүріп барып аялдаған ол жан-жақты мұқият шолып алды. Қасқыр арланы қарағанның бір жықпылындағы апанды па-налап жатса, төңірек кеш қараңғылығына əбден ен-генше одан шықпайтыны белгілі. Сондықтан Тəушен алақандарын қабыстыра жұптастырып, қаншықтың ұлу дыбысына салып арбау айласын жасап көргісі келді. Бірақ суыққа тоңазыған алақандары қапелімде жуыса қоймады, аязды ауада көмейінен қасқырша ұлудың дыбысы да ойдағыдай шықпады. Сонан соң ол сол иығына жіңішке бауынан асып алған дор-башадан дыбыссалғы-сыбызғысын алды да, демін баяулата тереңнен алып, көмейінен жалыныш пен қамығыс үнін созылта жөнелді.

Дыбыссалғы түтігінен аз-аз мүдіріспен, үш мəрте қайталанған ұлуды толастатып, демін ішіне тар-тып тың тыңдаған Тəушен арланнан жауап күтті. Алайда, қараған-шатқал іші сол қалпы тым-тырыс, өршеленген жел ызыңынан өзге дыбыс құлаққа ша-лынбады...

Жарты сағаттай уақыт өткесін шатқал бойы-нан қырық-елу қадамдай төменірек түсіп, қаншық ұлуын ол сол ретпен мұқият қайталады да, тағы да құлағын тосты. Айнала тағы да жым-жырт, бірақ жел ызыңы бұл арадан сəл бəсеңдеу естіліп, тіпті, саябыр тапқандай сезілді.

Үшінші реткі қайталаудан соң Тəушен арлан қасқырды кезіктіруден үмітін үзе бастап еді, əлсіз ғана əлде қыңсыл, əлде сəл ыңырсыған ырыл аралас үн-ұлу үзіліп-үзіліп естілгендей болды. Артынша сол біртүрлі жабығыңқы қысқа ғана ұлу бір қас қағым сəт созыла түсіп, тынып қалды.

...Түні бойы түйелі ауылды жападан-жалғыз торуылдап, қарлы алаптың ой-қырын əрлі-берлі ұзақ кезген жортуылдан тірсектері дір-дір қаға титықтаған ақсұр арлан таң бозы білінер-білінбес кезде қараған-шатқалдағы апанға жетті де, үңірейген аузына сұлап жата кеткен. Бұлдыр елес арасында есеңгірей мүлгіген қасқырдың құлағына ендігі бір мезетте еміс-еміс жеткен ұлу соншама етене та-ныс үнді аңғартқандай болды. Мен мұндалағандай зарығысты ұлу қаншық қасқырдікі сияқтанды. Өзінен адасып қалған серігін іздеп қамыққан, қайта-қайта естілген əлгі ұлуға басын көтере түсіп, бар үнін соза қинала ұлыған ақсұр арланның күші ұзаққа жетпеді де, дəрменсіз күйде ыңырси қыңсылап кілт тына қалды...

Əлсіздеу ғана естілген қасқыр ұлуының құлаққа шалынған бағытын сол бойда аңдап, аңғарып қалған Тəу шен төменге қарай қиялай жүріп, ілгері қарай сүріне-қабына, асыға ұмтылып, қараған-шатқалдың өрге ұласар тұсындағы тіктеу кемердің табанындағы жық пылды қалтарыстың төбесінен дік етіп бір-ақ түсті.

Апанның ауызында кеспелтектей шом басын алдыңғы екі аяғының үстіне салып, серек құлағын болмашы жымырайтып тым-тырыс тынған ақсұр арлан қарсы алдынан, бес-алты қадам жерден солаң ете түскен аңшының қанын ішіне тарта безеріп ежірейген сесінен селт етіп, əнтек сескенудің табиғи түйсігінен біржола ажырап қалғандай, мүлдем қыбырсыз, сүлесоқ жатты.

Тəушен шүріппені шалт басып қалуға дап-дайын сақтықпен, мылтығын кезей ұстап, аз-кем тосы-лып, қасқырдың мынадай меңірейген кейпетіне əрі сақтана, əрі таңдана қарап қалды.

Ақсұр арлан тыпыр етпеді. Сол мəңгірген күйі, ұшқын-жарқылы біртін-біртін өлеусірей бастаған көздері мылтығын кезенген, небір сұмдық ал-дап-арбаудан тайынбас адам атты мынау қаскөй дұшпанына енжарлау қадалып, сұлық жатты. Бір кездері тіршілік жылуы қоздап, өмірдің өшпестей өзгеше көрінісі өз кезегімен алаңсыз ауысып жа-татын, аялы ұя болған мекені енді соның бəрінен, мінеки, біржола ада болып, күйреп, азынап қалды. Жапан түздегі еркін өмірінің базары тоналған зар-лы да қаяулы тағылық тағдырының осы соңғы сəттерінен, тіршілік əлемін тəрк етуге мойынсұнған көкжал арланның өн бойында осы бір мезетте қарсы алдына келген қандықол аңшыға айбарлы да ызалы қарсылық танытар дəрмен мүлдем қалмап еді.

Тəушен мылтығының ұңғысын төмен түсіріп, қос тізесін бүгіп отыра кетті. Ұзыннан сұлап қыбырсыз жатқан түз бөрісінің қасында, апанның аузында əбден қас қарайғанша отырған Тəушеннің əлем-жəлем болған көңілі аяныш толқынысына түсіп, бір сəт көз жанары лықсып келген жастан бұлдырап кетті.

Бір əудем мезгілде солбырайып орнынан тұрған Тəушен шетелдік əлгі əдемі арбауыш дыбыссалғы-сыбызғысын дорбашасынан алып, ортасынан қақ бөліп сындырды да, ақсұр арлан қыбырсыз сұлап жатқан апаннан асыра лақтырып жіберді. Сөйтті де, қараған бұталы ойпаттан алыстай берді.

Мəди АЙЫМБЕТОВ

Ќасќыр арбаушы

Page 16: Мә˛гілік кітап - Egemen · не өзбекше емес. Айтылуы қиын екен», ... болса, онда бұл дегеніміз текті өзгертудегі

16 28 қыркүйек2016 жыл

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті»акционерлік қоғамы

Басқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІ

Басқарма төрағасының орынбасарыЕркін ҚЫДЫР

Бас редакторАмантай ШӘРІП

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Талдықорған қ., Алматы қаласы, Мұқанов к-сі, 223 В, «Алматы-Болашақ» АҚ,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 183 000 дана / Тапсырыс 8921

Нөмірдің кезекші редакторларыАнар ТӨЛЕухАНҚызы, Арнұр АСҚАР

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТы, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] жарнама-ақпарат бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (777) 949-64-77;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №185 ek

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Елімізде әлемнің әр қиыры нан әкелінген тропикалық, субтро­пикалық ғажайып өсімдіктерді өсіру мен екі ғана мекеме айна­лыс са, оның бірі Қызылжар өңі­рін де орналасқан. Осыдан бір ғасыр бұрын Петропавл ет­кон­серві комбинаты жанынан бой көтерген жылы жайда бүгінде екі мың ға жуық экзотикалық өсімдік жай қала өсіп тұр. Пальманың,

папо ротник, кипаристің неше түрін кез дестіруге болады. Осында жар ты ғасырға жуық еңбек еткен бағ бан Равиль Ряза пов тың бақтың сақ талып, гүлденіп­көркеюіне сіңір ген еңбегі зор. Тылсым таби­ғат тың «тілін» таба біліп, нағыз тро пикалық мекен жайға айнал­дырды.

Алайда, бақтың басынан дау­дамай арылмай­ақ қой ды. Біресе жекенің қолына беріл се, біресе күштегендей болып ком­мунал дық меншікке қайтарылды.

Қай­қайсы сы болсын жарылқай қой ған жоқ. Басшылық ауысқаны­мен, түйін ді проблемалар шешіл­меген күйі қала берген. Солардың бірі күр делі жөндеуге қатысты еді. Алты жыл бұрын қалпына келтірілсе де, сапасыз атқарылған жұмыстар салдарынан қайтадан қирай бастаған. Биыл аймақ бас­шысы оған арнайы барып, шетін мәсе лелерді көрген нен кейін тиіс­ті орындарға тапсырма берген.

Қағаз бастылық дегенді қой­саң шы! Жөндеу ісіне 20 миллион

теңге бөлінгенімен, рұқсат құжат­тарын жинауға 3,5 ай уақыт кет­кен. Қылышын сүйреткен қыс таяп қал ғанда іргенің кірпіш қалауын алмастыру, витраждарды, шы­ны п акеттерді ауыстыру, суағар­лар жасау, шатырын жөндеу сияқ ты сан­салалы міндеттер тұр. «Қызыл жар оранжереясы» мемле кеттік кәсіпорнының бас­шысы Артур Рязаповтың айтуын­ша, «Еңбек­Қызылжар», «Мирас Group», «Строй Интеграмм» сияқ­ты серіктестіктер жұмысқа бел­сене кірісіп кеткен.

Солтүстік Қазақстан облысы

Ботаникалық бақ бап тілейді

Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан»

«Балапан» телеарнасына тура алты жыл толып отыр. Отандық жалғыз бала­лар арнасының осы жылдарда кіш кен тай

көрермендер көңіліне жол тап қаны анық. Ата­әжелеріне сериал көр сет пей, «Балапанға қоямын» деп пульт ке тала сатын ботақандар соның айғағы. Біздің әрқайсымыздың бала­пандарымыз телеарна ұсынып жүрген «Әли мен Айя», «Сәлем, Астана!», «Көжектер»,

«Данышпан қарға» сынды отандық муль­тхикаяларды жақсы көреді. Телеарнаның «Алғыр алтау», «Ойлан, тап!», «1000 түрлі сұрақ» бағдарламалары да балалардың ойлау көкжиегін кеңейтеді, шапшаңдыққа баулиды деп есептейміз.

«Балапанның» туған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара «Хан Шатыр» сауда ойын­сауық орталығында

өтті . Мерекелік шараның алғашқы бөлімінде бүлдіршіндер «Сәлем, Астана!» мультхикаясының әнін орындап, сайыс­қа түсті. Темір тұлпарды тізгіндеген 6 бал ғын шабандоздық қабілеттерін сы­нап көрді.

Одан соң «Ойлан, тап!» бағдарла­масының жүргізушісі Риза Данияр сайқы ­мазақ бейнесіне кіріп, кішкентай көрер­мендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Балдырғандар цирктен әкелінген май мыл­дың да өнеріне тәнті болды.

Мерекелік шара барысында «Бала­панның» үздік көрерменін анық тау мақ­сатында үлкен экран арқылы кейіп кер лерді табу тапсырылды. Кейіп керлер ішінде «Көжектер» мульт хикаясын дағы Үркек, «Джунгли кітабын дағы» Балу, «Айжұл­дыздағы» Төре мен Зере, Әли мен Айя, Майялар балаларға жасырылды.

«Балапанның» кішкентай көрер­мендерге дайындаған тартуының бірі –ло­терея ойыны. Бұл тек балақайлар үшін емес, ата­аналар үшін де қызықты ойын болды.

«Балапанды» туған күнімен құттықтауға келген «Нұрсәулемай­Еркетай», «Қарақат» студиясының балдырғандары жиылған көпшілікке өнерлерін тарту етті.

Айта кетейік, мерекелік шарада сиқыр­шылар өнер көрсетті. Шараны барлық ба­лалар тікелей эфир арқылы тамашалады. Сондай­ақ, алматылық балақайлар тікелей эфир арқылы «Балапанға» тәтті тілектерін арнады. Мерекелік шара «Балапанның» әнұранымен қорытындыланды.–––––––––––––––––––

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан»

Спорт

«Балапанның»көрерменге тартуы

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құр метіне арналған кеш қала әкім дігінің қолдауымен өткізілді. Ком позитордың «Қостанай тура­лы ән», «Қайдасың, аңсағаным?», «Сен мені түсінесің бе?», «Аяулы жан аға», «Тобыл таңы», «Жиһан шапағат», «Әке арманы», «Қима­дан ба едің, қалқатай?», «Сағы­ныш сазы», «Айлы түнде», т.б. ән дері шырқалды. Сонымен қа ­тар, халық композиторлары Әбіл­ахат Еспаев, Бақытжан Бай қа­дамовтың лирикалық ән дері мен қатар Б.Сәуекенов, Б.Хам зин, Б.Мұқашев, Қ.Мақанов, Т.Сей­дахметовтың шығармалары орын­далды. Белгілі әншілер До сым ­жан Таңатаров, Есет Сәд уа қа сов, Сүлеймен Иб рагимов, Ға зи за Жұмекенова, Гүл мира Сарина, Жа нат бек Қа діров, Нұрболат Ар­за ма сұлы және т.б. өнер көрсетті.

Өнер иесін қоғам қайрат кері Аманжол Сейітжанов құттық­т ап, иығына шапан жапты. Қазақ стан ның еңбек сіңірген

қай рат кері Ермұрат Үсенов өзі­нің жүрекжарды лебізін білді­ріп, «Қазақ газеттері» ЖШС бас ди рек торы, қаламгер Жұ­ма бек Кенжалин, Ләйла Мол ­да ғалиқызы ізгі тілектерін ар­н а ды. Қалибек Деріпсалдин өз

сөзінде концертінің өтуіне қол­дау көрсеткен тұлғаларға ал ғыс айтты. Композитордың шығар­ма шы лық кешіне өнердегі доста­ры мен әріптестері арнайы келіп құттықтады.

Сазгердің авторлық туын­дылары М.Бесбаев, С.Майғазиев, Е.Сәдуақасов, Д.Таңатаров сын­ды белгілі әншілер мен «Нұр­Мұқасан» дуэт ін ің репер­туарына енген. Ол қазақтың

көрнекті ақын дары Ғафу Қайыр­беков, Тұ ман бай Молдағалиев, Мәриям Хакім жанова, Кәкім бек Салықов өлеңдеріне бірнеше ән жазған. Қазіргі таңда Серік Тұрғынбекұлы, Серікбай Ос­панов, Ақылбек Шаях метұлы, Нағашыбай Мұқатов және т.б. ақын дармен шығар машылық бай­ланыста.

Қаршыға КҮЛЕН

Тобыл-Торғай әуендері әуеледі

– К о н с т а н т и н , с і з «Kazakhstan Open» турнирін ө ткізу жұмыстарының басы-қасын да жүргелі біршама жыл болған екен. Бұл халықаралық турнирдің басты жетістігі неде? Әуелгі мақсат орындалды ма?

– Жетістіктерді санамалай­тын бол сақ, өткен он екі жылдық тари хы мыздағы жұмыстар ұзақ әңгі менің арқауы болар еді. Ал ең бас ты жетістігіміз деп, Қазақстан топы рағында гольф ойындарының қалып тасып болғанын толық сенім­мен айта аламын. Осыдан он екі жыл бұрын елімізге әлемдік спорт эли тасының назарын аудара­тын дай турнир өткізу қажеттігін Мем лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев нықтап тапсырған бола­тын. Халықаралық аренаға Барыс бейнелі елдің даңқын паш ету үшін тиісті тапсырма алған мамандар­дың еңбегі мен Елбасының идея сы жемісін берді. 2004 жылы Лондон ­дағы Еуропалық турды ұйымдас­тыру шылардың офисінде алғашқы кездесу өтті. Шынымды айтсам, дәл сол сәтте бұл идеяның санау­лы жыл дарда, сәтті жүзеге асатын­ды ғы на гольфтің қыр­сырына қа­нық мамандар түгілі өзім де аса сенімді емес едім... Өйткені, ол кезең де Еуропада Қазақстан жай ­лы мағлұмат өте аз еді. Біздің спорт елі екенімізді ілеу де біреу ға на мо йындайтын. Бізді өте ауыр сынақ күтіп тұрды. Керемет жұ­мыс жасалды. Нәтижесінде, араға бір жыл салып алғашқы халық­ара лық турнир өткізуге қол жет­кіз дік. Және қандай турнир деңіз? Шетел ден 130 ойыншы шақы рып, талап қа сай ойын алаңын таныс­тыр ғанымызда, олардың ауыздары ашылып қалып еді... Біз сол жолы қазақтың қонақжайлылығымен қатар гольфті де еуропалықтардан кем ойнамайтындығымызды мой­ындатып жіберген едік.

– Демек, «Kazakhstan Open» турнирін өткізу еліміз үшін имидж қалыптастыру жолын-дағы жаңа қадамның бірі болған екен. Ал әлем ойыншылары үшін Қазақстан тек ойын алаң дарын ұсынушы ел болып отыр ма? Әлде, бізде өтетін турнирлер жаһандық жарыстардың алдын дағы «ет қыздыру» ойындары санала ма?

– Ойыңызды ұққандаймын. Мынаны қараңыз, біз жыл сайын өткізетін турнир European Challenge Tour атты үлкен ойынның бір бұтағы іспетті. Осы жерде жеңіске жет­кен ойыншылар Лондонға жолдама алады. Бұл – гольф тарихына енген дәстүр. Енді дүние жүзіндегі гольф ойындарының тарихы Қазақстансыз жазылмайтын болды. Айтпақшы, осы Алматының жасыл қыратында алғаш рет чемпион атанғандар бар. Қазір әлемнің гольф жанкүйерлері табынатын Марк Каймер, Алваро Кирос, Эдуардо Молинари, Томми

Флит вуд сияқты жұлдыздардың тұ­сауын «Kazakhstan Open» кескен еді...

– Ал өз ойыншыларымыз ше? Мысалға, әлем бізді гольф ойнай-тын ел қатарына қоса ма?

– 2004 жылы осы қызметке кел­генімде гольфке қызығушылық таны татындардың барлығын түстеп танитын едім, әрі кеткенде 20 адам болатын. Қазір біздің корт тарымызға әуесқой ойын шы лар кезекке тұрады десем сен бессіз... Кәсіпқойлар клу­бында үш жүзден аса мүше бар. Жерлесіміз, мақтанышымыз Дәулет Тұрлыбаев еуропалық турнирлерде топ жарып, «кәсіби гольф ойыншы­сы» атағын иеленген. European Tour серияларына қатысады.

– Отандық гольфтің дамуы ту-ралы айтқанда, тек Алматымен шектелеміз бе, әлде...

– Алматыда екі үлкен гольф алаңы барын білесіздер, олар дүниежүзілік талап бойынша са­наулы 20 орындардың қатарына кіреді. Ал еліміздегі гольфтің да­муы жаңа кезеңге өтті десе де бола ды. Федерация президенті Нұр тай Әбіқаевтың тікелей тапсыр­масы бойынша барлық аймақта бөлімшелер құрылып жатыр. Ас­тана, Ақтау, Қарағанды, Шым кент, Қостанай және Талдықорғанда жұмыс басталды. Қазір әлемде гольф ойындары бұқаралық сипат алып келеді. Олимпиада ойын­дары ның санатына қосылды. Биыл тұңғыш рет Риода гольфтан әлем чем пионын таныдық. Қысқасы, Қазақстандағы гольфтің дамуынан жарқын болашақ күтуге болады.

– Константин мырза, соңғы сұрақ. Мына басталған турнирде еліміздің Туын ұстап шығатын ойыншылар бар ма?

– Әрине, әлемнің назары бізге ауып отырғанда әрі өз топы ра­ғымызда тұрғанда ойынның Қазақ­стансыз өтуі қисынсыз болар еді. Біз ел ішінде кіші чемпионат өткіз­генбіз. Топ жарған ойыншылар тур­нирге қатысады. Ертеңнен бас тап Нұртай Салдаров пен Зият Сейіл­б ековтердің ойындарын тама ша­лайтын боламыз. Екеуі де әуес қой гольфші. Ал кәсіпқой ше бер лер­дің қатарында Александр Вон­гай ойнамақшы, бұл жігітті жұрт Балалар гольфі академиясының ди­ректоры ретінде тануы тиіс. Жалпы, өзіміздің ойыншылар жайлы жиі жазып тұрсаңыздар екен. «Егемен Қазақстанның» оқырмандарына гольф ойыны туралы білу қызықты деп ойлаймын. Және біздің бас ақпараттық серіктесіміз ретінде есі гі міз ашық, бәріңізді ойынның қона ғы болуға шақырамын.

– Ендеше, жеңіс жолында жолығайық!

ӘңгімелескенҚалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТы

«Kazakhstan Open» –гольф ойындарының жаңа тарихы

Алматы қаласында гольфтан «Kazakhstan Open» халықаралық турнирі өтетінін бұған дейін де жазған едік. Бүгін әлемнің 132 елінен арнайы келген ойын-шылар «Жайлау» гольф кешенінде жиналып, таны-су рәсімін өткізеді. Он екінші жыл қатарынан өтіп, дәстүрге айналған жарыстың тізгін қағар сәтінде Қазақстан гольф федерациясының бас хатшысы Константин Лифановты сөзге тартқан едік.

«Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында «Балапан» телеарнасының алты жылдық белесіне орай балаларға арналған мерекелік шара өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің3-17 жас аралы-ғындағы 350-ден астам балалары «Алтын қалам» және «Балауса болашақ» дәстүрлі байқауларына қатысты.

Байқау жүлдегерлері анықталды

Теміржолшылардың бала­ларын әлеуметтік тұрғыда қолдау мақсатында компания ұйымдастырған бұл сайыс еркін тақырыпқа және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тақырыбына арналды.

Байқау комиссиясының шешімі бойынша, 70­тен астам бала жеңімпаз атанды. Оларға бағалы сыйлықтар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

«Байқау деңгейі сан жағы­нан да, сапа жағынан да жыл­дан­жылға жақсарып келе­ді. Биылғы жылы бізді жаңа талант тар қуантты. Олар – Яс­мин Түсіпова, 5 жасқа дейінгі бүл діршіндер арасында сурет байқауынан бірінші орынға ие болды. 10 жасқа дейінгі бала­лар арасында қара өлең жазу­дан Әділет Орындықбай мен 14 жасқа дейінгі балалар арасында проза жазудан Мөлдір Шыңғыс алдарына жан салмады», – деді Адам ресурстарын басқару департаментінің бас менеджері Қорлан Медиханова.

Қ.Медиханова келесі бай­қауға болат магистральдің шал­ғайдағы учаскелерінде тұра­тын бүлдіршіндерден биыл­ғыдан да көп өтінім түсе тініне сенімді.

«Егемен-ақпарат»

Өнер

Алматыдағы Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Композиторлар одағының мүшесі, әнші-композитор Қалибек Деріпсалдиннің «Тобыл-Торғай әуендері» авторлық кеші өтті.

ДиДар

Талбесік

теледидар терезесі