№2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy...

100

Transcript of №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy...

Page 1: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult
Page 2: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

Quryltaıshy:Qazaqstan Respýblıkasy

Mádenıet jáne sport mınıstrligiTil saıasaty komıteti

QR Mádenıet, aqparat jáne qoǵamdyq kelisim mınıstrliginde tirkelip,

tirkeý týraly 2002 jylǵy 27 mamyrda

№2993 – J kýáligi berilgen.

Redaksıalyq alqa:Ǵalymjan MeldeshovQazaqstan Respýblıkasy Mádenıet jáne sport mınıstrligiTil saıasaty komıtetiniń tóraǵasy Ómirzaq AıtbaıulyQR UǴA akademıgi, Halyqaralyq «Qazaq tili» qoǵamynyń prezıdentiSaılaý Batyrshauly«Memlekettik til qozǵalysy» Nur-Sultan qalasy fılıalynyń tóraǵasySultan OrazalyQazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshyAsyly Osman«Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymyDos Kóshim«Ult taǵdyry» qozǵalysynyńtóraǵasyDıhan QamzabekulyL.N.Gýmılev atyndaǵy Eýrazıaulttyq ýnıversıtetiniń prorektory, QR UǴA akademıgi

№2 (50) 2019

Bas redaktor Q. Esentaı

Page 3: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

3

НЕСІБЕЛІ ҚҰРМАН

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті

Қазақстан филиалының профессоры, п.ғ.д.

ҚАЗАҚ ПСИХОЛИНГВИСТИКАСЫНЫҢ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫЕҢБЕКТЕРІНДЕ ТАНЫЛУ ТҰМАЛАРЫ

Қазақ деген тегі асыл, таза тамақ жеп, таза жер-суда өмір сүріп, қанын таза сақтап, жан-дүниесін ар таразысымен сәт сайын тазар-тып ұстаған халықтың тіліндегі әр сөз емес, әр дыбыстың, тіпті сол дыбыс ты құрайтын дыбыстық бөлшектердің саф алтындай тазалығы әлі де бұзылған жоқ.

Ана тілімізді сақтап қалудың ғылыми жолы Ахмет Байтұрсынұлы ның «Тіл – құрал» еңбегінен басталғанына ешкімнің дауы болмаса керек.

Бірақ шүкір мен тәубаның ең зоры бар. Ол – егер Ахмет Байтұрсын-ұлы 1912 жылы «Тіл құрал» кітабын жазып үлгермегенде, 1917 жыл төң керіс болып, одан кейін қазақ тілінің грамматикасы басқа түркі тіл-дері сияқты өзгетілді ұлт өкілдерінің көзімен жазылған грамматика болып, әлі күнге дейін көптеген мәселелердің түйіні шешілмес еді.

Осымен орайлас туындайтын өкінішіміз де бар. Ол – Ахмет Байтұрсынұлының фонетикалық, грамматикалық заңдылықтары-ның түпкі негізінде жатқан логикалық, психологиялық, философия-лық тамыр-тыныстардың әлі де бір ізге түсірілмей келе жатқандығы.

Оның себебін біз өзімізден іздеуіміз керек. Өйткені, біздің сана-мызда бір ғана мамандық иесі болу, бір ғылым саласының ішінен бір тақырыпты зерттеп, өмір бойы тек соның ғана шылауында қалу, кең ойлаған адамдарды сол тар «рамкамен» өлшеп, егер оған сыймаса, оны «жат элемент» деп санайтын ұлттық болмысымыздан алшақ кеткен түсініктер отыр. Энциклопедиялық білімді адам дегеніміз – дүниені дөңгелек деп танитын адам. Яғни, қандай мәселені қарастырса да, бір нүктенің ішінде емес, тігінен де, көлденеңінен де кең аяда әрі жан-жақты зердесіне тоқуға ұмтылатын адам.

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін терең зерттеп, ол тереңдіктен

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 4: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

4

таныған әрбір құбылысына өзіміздің күнделікті сөздің ғылыми бол-мысын ашып, термин етіп атау беруі – ғарышта өз бетімен еркін жүзіп жүрген, әр жұлдызды танып, оған атау беріп жүрген ғарышкердің еңбегіндей, мүмкін одан да зор.

Қазіргі қазақ тілінің қаншалықты жан-жақты зерттелгендігімен, Ахмет Байтұрсынұлының бір ауыз сөзімен беріп кеткен көптеген құбылыстарды ашуға жетпей жатқаны таңғаларлық нәрсе. Өйткені Ахмет Байтұрсынұлының сөйлеу һәм сөйлем, тәуелді қалып, өсіңкілік, бас мүше, баяншы мүше, іргелес сөйлем, сыйысулы құрмалас, қиысулы құрмалас, ереуіл бағыныңқы, қыстырынды сөйлем, келтірінді сөйлем, орамды немесе өрнекті сөйлем деген сияқты көптеген терминдерінің қазіргі қазақ тіл білімінде қолданылмай жүруінің себебі – бұл термин-дердің мағыналық жүйесінде психологиялық процестердің болмы-сын тануға қадам жасалмай, формалды талдаумен яғни тек сыртына қарап тон пішумен әлі де болса шектеліп жүргеніміз.

«Сөйлеу мен сөйлем» деп айтуының өзінде Ахмет Байтұрсынұлы-ның белгілі бір процесс (сөйлеу) пен оның нәтижесін (сөйлем) таң -балауын көре аламыз. Егер психолингвистикалық талдау әдіс тері қазақ тілін оқытудың мектеп, университет сияқты барлық деңгей-леріне еркін кіргізілетін болса, онда «көз» – зат, «көр» - оның қызметі (функциясы), «ұял» – іс-қимыл, ал «ұят» – оның нәтижесі (немесе керісінше) деген сияқты функционалды морфологиялық талдау-ларға оқушыларымыз да, студенттеріміз де бара алар еді.

Психолингвистика – жалпы тіл білімінің адамның сөйлеу қызметі-нің психологиялық және лингвистикалық қырларын біртұтас тықта қарастыратын саласы. Адам сөйлеу барысында, басқалармен тілдік коммуникацияға түскен кезде өзінің жеке басының тілдік және психо логиялық қасиеттерін білдіреді. Мұны біз қазақ халқының «Кі сіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» деген философиялық қағидасынан танимыз. Кез келген адамның сөйлеу барысында оның әлеуметтік-қоғамдық көзқарасы да, генетикалық қоры да, психо-ло гиялық өзіндік ерекшеліктері де, білім де, танымдық дәрежесі де, мәдени даму деңгейі де танылады. Осымен байланысты, психо-лингвистика ғылымының қарастыратын нысаны – адамдық яғни антропологиялық болып саналады.

Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі» деген маңызды анықтамасы қазақ психолингвистикасының алғашқы тұмасы деп санауға тұрады.

Психолингвистиканың зерттеу пәні дегеніміз – біріншіден, адам ның

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 5: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

5

қызметтерінің ішіндегі ең ерекше болып табылатын «сөйлеу қызметі» және оның психологиялық мазмұны, құрылымы, іске асу тәсілдері мен формалары, жүзеге асыруы тиіс функциялары болып табылады.

Екіншіден, психолингвистиканың қарастыратын маңызды пәні ре-тінде «адамның сөйлеу тілі» алынады. Мұнда тіл – адамның сөйлеу және сөйлеу-ойлау қызметінің жүзеге асырылу құралы ретінде, тіл бір лік терінің сөйлеу коммуникациясындағы түрлі қызмет ерекше-ліктерінің «түрлену» барысы қарастырылады.

Үшіншіден, психолингвистиканың қарастыратын пәні ретінде – сөй-леу қызметін жүзеге асыратын тіл таңбаларының ерекше функциясы алынады. Осылай, бір емес, үш бірдей пәннің психолингвистиканың зерттеу нысаны болуы – осы ғылымның өзіндік ерекшелігін таныта-ды. Психолингвистика – ежелгі дәуірден тамыр алған, адамдық өрке-ниеттің дамуы барысында қалыптасқан екі үлкен ғылым саласының яғни психология мен лингвистиканың аса мәнділікпен ерекше түрде түйіскен нүктесінде пайда болған ғылым.

Қазақ тілінің ғылыми баяндалу жолы Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл құралынан» басталды деп сеніммен айтамыз. Өйткені «Тіл-құ-рал да» қазіргі жаңа бел алып қарқындап келе жатқан тіл білімі сала-ларының барлығы көрініс береді. Оның ішінде психолингвис тика ғана емес, нейролингвистика да, этнолингвистика да, этнопсихолинг-вистика да, коммуникативтік грамматика да, семантикалық синтак-сис те – бәрі бар. Тек оны тілдің сырт формасына қарап қана талдап-та нуға үйренгендіктен, көре алмай келе жатырмыз. Әйтпесе, не лік тен «өсіңкілік» деген термин «градация» деп танылмайды. Мыса лы, сөз мағынасының, лексикалық синонимдердің, сөйлем си-но нимиясының семантикалық градациясы қазақ тіл білімінде әлі де қарастырылмай жүр. Оған себеп А.Байтұрсынұлының 100 жыл бұ-рын ашқан құбылыстарын талдауға бет бұрмай отырғанымыз.

Сөйлеу қызметі туралы ұғым өте ертеден бастау алған дегеніміз бен, ғылыми тұрғыда кеңестік дәуірдің ғұламасы психолог Л.С.Выготский ілімдерінен бастау алған болатын. Адамның ойлауы мен сөйлеуі – қызметтің, адамдық қызметтің бір түрі екеніне терең назар аудар-ған Л.С.Выготскийдің бұл еңбегінің жалғасы А.Н.Леонтьевтің, оның баласы А.А.Леонтьевтің, Н.И.Жинкиннің, И.А.Зимняяның т.б. ғалым-дардың еңбектерінде көрініс тапқан еді. Адамның сөйлеу қызметі дегеніміз – адамдардың бір-бірімен түрлі тілдік қарым-қатынас жа-сау жағдаяттары барысында тілдік құралдар көмегімен айтылым-дарды жасауы мен қабылдауының белсенді, мақсатты үдерісі.

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 6: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

6

• Сөйлеу қызметінің пәні – ой.• Сөйлеу қызметінің құралы – тіл.• Сөйлеу қызметінің өнімі – айтылым немесе мәтін.• Сөйлеу қызметінің нәтижесі – сөйлеуші адамның автордың ойын

тыңдаушы екінші адамның түсінуі немесе түсінбеуі және реакция беруі. • Сөйлеу қызметін зерттеуші ғалымдардың ерекшелеген ұғымдары:

«қызмет», «әрекет», «операция». «Қызмет» ұғымы – міндетті түрде МОТИВ (уәж, уәжділік, ниет)

ұғымымен тығыз байланысты болып келеді. Қандай қызмет бол-са да, оның түпкі көзінде қандай да бір уәж немесе ниет жататыны белгілі. «Мотив» туралы сөйлеу қызметіне байланысты айтатын бол-сақ, мына мәселеге баса назар аударуымыз керек.

Адам бір нәрсе туралы сөйлегенде не жазғанда, оның мақсаты – тек сөйлеу немесе жазу емес, ішкі белгілі бір мотивін, ниетін жүзеге асыру, басқа бір адамдарға ықпал етіп, әсер ету болып табылады.

Сөйлеу бұл жерде тек жеке адамның жай сөйлеу үшін орындайтын қызметі емес. Сөйлеу қызметінде мотив (уәж, мотив) болғанда ғана ол сөй-леудің үлкен рангке яғни коммуникативтік дәрежеге өсуі жүзеге асады.

Сонда адамның сөйлеу қызметі туралы адамдардың тілдік қарым-қатынасы (общение) аясында қарастыруға болады.

Адамның барлық қызметі мотивтен туындайды да, оның өзі бел-гілі бір іс-әрекеттерден құралады. Ал іс-әрекеттің жүзеге асуы – опера-цияларға бөлінеді. Сонда адамның қызметінің кұраушылары өзара бірі екіншісіне өте алатын мынадай бірліктерден тұрады: қажеттілік → мотив → мақсат → шарттар → олармен сәйкес қызмет → іс-әрекет → операция.

Ахмет Байтұрсынұлы бұл құбылыстарды былайша көрсетеді: «Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге, қай сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша біріне-бірі қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек. Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, хәттә жүз жыл-дап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып, тізілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны бо-лады. Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады».

Сөйлеу қызметінің фазалары. Адамның қандай қызметі болса да ол іштей белгілі бір кезеңдерге бөлінеді. Л.С.Выготский ашқан бұл құбылысты П.Я.Гальперин одан әрі терең зерттеп, ақыл-ой қалып-тасуының кезеңге бөлінуі туралы үлкен еңбектер жазып, оқу-таным

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 7: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

7

процесінің дамуына психологиялық ерекше тұғыр жасаған еді. Пси-холингвистиканы зерттеген ғалымдар адамның сөйлеу қызметіндегі кезеңдерді былайша анықтаған:

1) сөйлеуге (жазуға) ішкі бағдар құру кезеңі;2) сөйлеудің (жазудың) синтаксистік схемасы мен лексикалық маз-

мұнының жасақталу кезеңі;3) сөйлеуді (жазуды) жүзеге асыру кезеңі;4) сөйлеу (жазу) нәтижесін бақылау мен салыстыру кезеңі.Осы кезеңдер адамның сөйлеу (жазу) қызметінің құрылымына

енеді. Оларға қысқаша тоқталып өтейік. 1) Сөйлеуге (жазуға) ішкі бағдар құру кезеңі. Бұл кезеңде сөй-

леу ші (жазушы) адам тілдік қарым-қатынас жағдаятына бейімделіп яғни осы жағдаяттың тақырыбын, ерекшеліктерін анықтап, соған лайық сөйлеу не жазудың негізгі ойы мен стилін анықтайды. Осы кезеңнің мынадай ішкі қыры бар, олар:

- Хабарламаның пәніне бағдар алу;- Қолданатын тілдік құралына бағдар ұстау; - Хабарлаған мәселенің тыңдаушыға қаншалықты әсер ететіні,

еткендігін бағалауға бағдар ұстау;- Берілген коммуникативтік мақсатқа қол жеткізуде қолданылған

тілдік құралдардың қаншалықты дұрыс, айқын немесе бұрыс, түсі-ніксіз болғандығын түсінуге бағдар ұстау;

- Тыңдаушының танымдық-дамушылық ерекшеліктері мен мүм-кін діктеріне бағдар ұстау.

2) Сөйлеуді (жазуды) ішкі жасақтау кезеңі. Бұл кезеңде алда сөй ленетін (жазылатын) айтылымның не жазылымның мазмұны туралы, үлкен тақырыптың іштей кішкене тақырыпшаларға бөлінуі туралы және олардың сабақтастықпен қолданылуы туралы әбден ойластырылады. Бұл кезеңнің нәтижесі – ішкі (немесе сырттай) жоспардың құрылуы болып табылады.

3) Сөйлеуді (жазуды) жүзеге асыру яғни сөйлеудің (жазудың) синтаксистік схемасы мен лексикалық мазмұнының жасақталу кезеңі. Тілдік құралдарды тақырыпқа бағынған ретімен қолдана отырып, негізгі тақырып пен стильге сәйкес, ішкі жоспарды сыртқа шығару яғни сөйлеу не жазу мәтінін құрастыру. Мұндай жүзеге асы-ру кезеңін мынадай механизмдер (тетіктер) ұйымдастырады: а) сөз таң дау; ә) ішкі жоспарды сыртқа шығару; б) грамматикалық болжам-дар; в) синтаксистік варианттарды іріктеу мен салғастыру; г) грам-матикалық ережелерді бекіту мен қайта жасақтау.

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 8: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

8

4) Сөйлеу (жазу) нәтижесін бақылау мен салғастыру кезеңі. Бұл кезеңде сөйлеу қызметінің өнімін (сөйлеу немесе жазу мәтінін) адам өзі бақылап, тексеріп, өзінің алдыңғы өнімімен немесе тілдік жағдаятқа сәйкес келу не келмеу тұрғысана бақылау, салғастырулар жүргізеді. Сәйкес келмеген жағдайда адам өзінің сөйлеу іс-әрекетін кішкентай операцияларға бөліп талдап, өзі жіберген қателері мен кемшін тұстарын тауып алуға бет бұрады.

Қазір қарқынмен дамып келе жатқан тіл білімінің бір саласы – ней-ролингвистика. НЕЙРОЛИНГВИСТИКА (neurolinguistics) – тіл мен ми туралы ілім. Психолингвистиканың формалды теориясы үш ғылым саласының өзара байланысы негізінде дамиды: неврология, психоло-гия, лингвистика. Нейролингвистика:

• адамдар өз сезім мүшелері арқылы ақпаратты қалай қабыл-дайтынын;

• оны өз нейрондық жүйелерінде қалай өңдейтіні;• тілдік формаға қалай түсіретінін;• қалай сөйлеуге айналдыратынын;• мінез-құлық түрлеріне айналдыратынын зерттейді.Нейролингвистиканы адамдардың өз сезім мүшелері арқылы

сырт тан ақпарат алу барысы қандай тетіктер мен жолдары арқылы жүзеге асатынын зерттейтін ғылым деп те анықтауға болады. Адам дар өз сезім мүшелері арқылы сырттан келген ақпараттарды миының сөйлеуге жауап беретін аймақтары, нейрондық бунақтары мен желісінде өңдей отырып, басқалардың сөзіне жауап беруге, сол сәтте өзін-өзі ұстау ерекшеліктеріне көп назар аударып жатпайды. Бірақ соншалықты жұмыс мидың алапат күшін, қуатын қажет етіп жатады. Маңызды сенсорлық модальдар алынған ақпаратты сана-сында өңдеп, оны сөйлеуге айналдыруы барысында көру, есту, тері сезімі (кинестикалық) сезім мүшелерін барынша іске қосады және сол каналдардың барлығының үйлесімді жұмыс жасауының арқасында сапалы да тиімді жаңа тілдік ақпарат жасалынады.

Пәнаралық білім саласы болған «нейролингвистика» адамның пси хикалық үдерістерін және олардың мидағы сөйлеу және ойлау әрекеттерінің түпнегізінде жататын тетіктерін қарастыруы арқылы, сөйлеуді, тілдік жүйені меңгеруге, балалар мен үлкендердің сөйлеу тілінің кемшіліктерін коррекциялауға қажетті барлық гуманитар-лық сала мамандарының практикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ете тін әдістер мен ілімді жасайды.

«Нейролингвистика» курсы дербес пән ретінде барлық универ-

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 9: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

9

ситеттерде оқытылмайды. Өйткені оны теориялық және практи-калық тұрғыдан игерген мамандар санаулы болып отыр.

Нейролингвистиканың зерттеген ғалымдардың пікірінше, кіш-кентай баланың адами тілдік дыбыстарды меңгере бастауы белгілі бір бірізділікті танытады; адамның сөйлеу тілі бұзыла бастағанда да сол бірізділік кері қарай жүре бастайды. Якобсонның айтуынша, барлық фонологиялық жүйе – страттық яғни қабатталған құрылым болып келеді және ол қабаттар Жердің қабаттары сияқты бірінің үстіне екіншісі орналасып келеді. Бұл қабаттар – иерархиялық түр де орналасып, әмбебаптық қызмет атқарады. Осы қабаттардың қалып-тасуы мен бұзылуы – белгілі бір ретті тәртіпке негізделген әре кет болып табылады.

Бұл қабаттар – бала тілінің бастапқы кезеңінің қарама-қарсы век-торы деп анықталған. «Жоғарғы қабаттар төменгі қабаттардан бұрын алынады. Афатикалық типтегі ауру – бала тілінің қалыптасу жүйесі мен тәртібіне кері қарай ретпен жүзеге асады» (Якобсон). Осындай жағдайда лингвистің сөйлеу тілін тану тұрғысында жасаған талдауы оған да, психиатрге де, нейропсихологқа да аса тиімді болып табылады.

Гиппократтың «Ауруды бірінші сөзбен емдеу керек, сосын ғана шөп-дәрімен, сосын ғана пышақпен емдеу керек» деген сөзін мета-фора, афоризм деп емес, нейролингвистика ғылымына да тікелей қатысы бар пікір деп қабылдау керек.

Нейролингвистика саласы қалыптасқанша адам тілінің фоноло-гиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйесі тіпті ескерілмеген бо-латын, оның орнына таза психикалық яғни афазияны емдеуге тек моторлығы мен сенсорлығы тұрғысынан ғана келген болатын.

Якобсон зерттеуінде СЕЛЕКЦИЯ және КОМБИНАЦИЯ дихотомия-сын енгізді. Мұны сызбадан анық көруге болады:

Пайдаланылған әдебиеттер:1. Байтұрсынов А.Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 19922. Гумбольдт В. Фонд. Избранные произведения. – М., 19953. Шлет Г.Г. Введение в этническую психологию, в. 1, М., 1927; 4. Сепир Э. Язык, пер. с англ., М. — Л., 1934 5. Нумеs D.Н. Directions in (ethno)-linguistic theory, «American anthro-

pologist», 1964, v. 66, № 3, pt 2, p. 6—56.6. Құрман Н. Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері. –

Астана, 2008

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 10: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

10

БИЖОМАРТ ҚАПАЛБЕК

Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, ф.ғ.к.

АҚАҢНЫҢ ӘЛІППЕСІНЕ ҚАЙТА ОРАЛУ ҚАЖЕТ

Латын әліпбиіне көшетін болған соң әліппені де қайта жазу қажет. Білім және ғылым министрлігі бұндай әліппені 2021 жылы шығарамыз деп отыр. Кешегі Кеңес дәуірін былай қойғанда, тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше түрлі әліппе жазылды. Ғылыми негізі жоқ немесе осал болғандықтан ешқайсысына тұрақтамай, міне тағы да жаңа әліпбимен жаңаша әліппе жазбақпыз.

Біз өзге жұрттан үлгі алуға немесе көзсіз көшіруге әуеспіз. Бірақ бұдан бір ғасыр бұрын озық әліпби де, озық әліппе де бізде болғанынан осы істің басы-қасында жүрген көп шенді хабарсыз. Бұл жағынан қазіргі министріміз А.Аймағамбетовтің көзі ашық екен. Иә, бізде әліппенің ұлы реформатор, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлынан бастау алатын өз тарихы бар. Ақаң бүй дейді: «Біздің 10-шы жылда-ры шығарып ескі қоймаға тастаған нәрселерімізді кейбіреулер 26-шы жылдарға дейін тұтынып келіп отырып, соны өзгерту ниетке жаңа ғана кіргенін өздерінше бір артықша жаңашылдық деп біліп, өздерін әлдеқандай өзгерісшіл көріп жүр екен. Тариқ жүйелі араб емлесінің тас-талқанын шығарып бұзып-жарып, араб қарпымен-ақ дыбыс жүйелі қазақ емлесін жасап алғанымыздан қабарсыз екен».

Мұны Ақаң 1926 жылғы Бакудегі жиыннан кейін айтқан еді және өзі айтқандай, қазақтың дыбыс жүйесін тәртіптеген алғашқы кітабын Орынборда 1912 жылы шығарып еді. Бұл әліппелер толықтырылып, түзетіліп, өзі айдалып кеткен 30-жылдарға шейін Орынборда, Таш-кентте, Қызылордада 10 шақты рет қайта-қайта басылып тұрды. Ақаң қазақтың өз дыбыстарына ғана таңба арнап, төл әліппе жасаған. Онымен сауат ашу өте оңай болды. Кез келген бала бір айда әріптерді қосып, буындап, жүгіртіп оқып кете беретін болған. Халық

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 11: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

11

бұрынғыдай құран жаттауға байланбай дыбыс жүйелі әдіспен жыл-дам және жаппай сауаттана бастады. Мұндай әдістемелік жағынан жетілген, ғылыми тұрғыдан өзгелерден озық әліппе жасауға жиыр-масыншы ғасырға шейін жазуға байланбай еркін дамыған тіліміздің дыбыстық жүйесінің де оң әсері болды.

Отызыншы жылдардан кейінгі ғылымда, әсіресе қоғамдық ғы-лым дарда идеология, саясат басым болғандығы қазір бәрімізге мә-лім. Ақаңнан кейін бүгінгі «Сауат ашуды» қосқанда қырық түр лі әліппе жазылды. Бірақ төл дыбыстарға негізделіп қасына мұғалім-дерге арналған «Баяншысы» бар, ол аз десеңіз сөйлеу, оқу, жазуды ұштастырған «Тіл жұмсары» тағы бар кешенді дүние жасалған емес. Қазіргі қолданыстағы Сауат ашу бойынша әріпті тану міне, нау-рызда енді аяқталды. Бұл мүлдем дұрыс емес. Авторлар Сауат ашу, Жазу және Тіл дамытуды бір жерге қосып былықтырып жіберген. Әліппенің мақсаты қара таныту. Ақаң: «Әліппенің басты мақсаты – керек сөзді жаза білуге, жазылған сөзді оқи білуге үйрету», – деген еді.

Иә, әліппеде басқа мақсат болмауы керек. Бала тілін дамыту тың-далым, айтылым арқылы Әліппемен қатар жүруі керек. Ол хресто-матияда (атауын әлі ойлану керек) алдымен тыңдалым материалда-ры өтіліп, барлық әріптермен танысып, әліппені аяқтағаннан кейін оқылым материалдары жүйеленіп ұсынылуы керек. Өйткені, әліппе-нің оқу материалдары әріп таныту, буындарды, жеке сөздерді, шағын сөйлемдерді түсініп оқуға шақталған. Оның әріп танытуға арналған материалдары 300 сөзге де жетпейді. Ал, монотілді баланың сөздік қоры одан асып төгіліп жатады. Мәселен, ғылымда дәлелденген тұжы рым бойынша 6 жастағы баланың тілінде 5 мыңнан аса сөз бір-лік болады екен.

Өзімізде бәрі жасаулы тұрғанда соны бүгінгі заман талабына сай жетілдіргеннің орнына өзгеден көзсіз көшіруді енді тыюымыз керек. Өзге тілдің жүйесі бөлек болатындығын түсіну үшін көп білім қажет емес, көзге көрініп тұр. Мәселен, орыс тілінде хат таныту қазақ тіліне қарағанда қиындау.

Орыстардың дыбыстық жүйесінде түрлі шарттылықтар көп. Басқа сын былай қойғанда, бірдей таңбалардың екпін арқылы мағы-на ажырататындығын түсіндіруге біраз уақыт керек: заˊмок, замоˊк. Ал, қазақ тілінің жүйесі мүлдем бөлек. Біздің тілдің дыбыстық жүйесі, орыс тілін былай қойғанда, туыстас түркілерден де біршама ерекшеленеді. Бұл оның ХХ ғасырға дейін жазуға байланбай, еркін жетілгендігінен. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде шашау, артық

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 12: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

12

тұрған ештеңе жоқ. Жұп-жұбымен, жүйе-жүйесімен, әр дыбыс өз та-бында, әр әріп өз тобында тұр. Мұнда бөтен, жат дыбысқа орын да жоқ. Бұл жүйеге зорлықпен бір дыбыс енгізсең, вирус кіргізгендей тілдің артикуляциялық базасын бұзасың. Біз кеңес кезінде бір дыбыс емес, 14 дыбыс кіргізіп қойдық емес пе? Тілдің ұлттық сипатын ұстап тұратын тілдің дыбыс жүйесі. Кез келген жат дыбыс тәртіптелген мына кестенің сәнін де, мәнін де кетіретіні анық.

а) Дауысты дыбыстар (9 дауысты) Жуан а о ұ ы -Жіңішке ә ө ү і е

б) Дауыссыз дыбыстар (19 дауыссыз)

Қатаң п қ қ ш сҰяң б г д ж зҮнді р, л, й, у, м, н, ң

Жұптасып тұрған осы жүйеден қазіргі сөздіктердегі екі-үш сөз-де ғана қолданылатын һ таңбасына орын табу мүмкін емес. Неме-се бірде дауысты, бірде дауыссыз болады деген И мен У-ды дауыс-тылардың жуан-жіңішкелік парадигмасына кіргізе алмайсың. Жүйе қабылдамайды.

Иә, қазақ тілінде 28 дыбыс бар. Олар сөздің басында, ортасында, аяғында өзінің жеке тұрғандағы дыбысталу қалпын сақтайды. Ал, бізге үлгі болып отырған ағылшын, орыс тілдерінде кейбір әріптер көзге көрінеді, бірақ дыбысталмайды немесе мүлдем басқаша айты-лады. Мәселен, ағылшын тілінің мына кестесіне қараңызшы:

Буынның 1-ші түрі (ашық)

Буынның 2-ші түрі (жабық)

Буынның 3-ші түрі

Буынның 4-ші түрі

A [ei]Mate, fate, name,

frame

[æ]Mat, back, sack,

snap

[a:]Car,star, bar,

nar

[Ɛә]Hare, mare, fare, care

E [i:]He, me

[e]Wet, hen, zest

[ә:]Boner, meter

[iә]Here, mere

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 13: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

13

I [ai]Fail, vine, size,

mice

[i]Pit, hint, flip, did

[ә:]Stir, skirt

[aiә]Wire, fire

O [ou]Hoe, glue, clue,

duke

[ɔ]Mop, slop, top

[ɔ:]Nor, for, form

[ɔ:]Store, more,

snoreU [ju:]

Blue, glue, clue, duke

[ʌ]Dull, skull, null,

up

[ә:]Slur, blur, fur,

turn

[juә]Cure, manure

Y [ai]Byte, sky

[i]Myth, mysti

[ә:]Myrtle

[aiә]Byre, tyre

Байқап отырғанымыздай, алты дауысты дыбыс төрт жерде төрт түрлі дыбысталады. Яғни, алты дауыстыны жиырма төрт түрлі оқу керек. Осыны балаға ұқтыруға қанша уақыт қажет?

Иә, бізге әсіресе әліпби мен әліппе жөнінен өзге жұрт үлгі бола алмайтындығын қайталаудан жалықпаймын. Ақаңның әліппесімен сауат ашу өте оңай әрі тез. Бұл туралы Телжан Шонанов былай дейді: «…дети постепенно находя сходства и различия слов, легко и свобод-но, без особой поддержки учителя, незаметно для себя переходят от легкого к трудному, от простого к сложному, научаюсь в то же время читать самостоятельно. Практика показала, что для того, чтобы научиться писать и читать по новому букварю, вполне достаточно 4 недель при средней способности детей».

Яғни, біз Ақаң салған жолмен оқитын болсақ, онда әліппені қазір-гідей үш тоқсанда емес, өте жылдам бітіретін боламыз.

Отызыншы жылдарға шейін әр ұлттың өздерінің сүйенер, сенер тұлғалары болды. Түркітану ғылымы бойынша ғана айтатын болсақ, өз ұлтының, өз тілінің қамын жеген ғалымдарды сонау 1926 жылы Бакуге жиналғандардың ішінен көреміз. Олардың бәрін жойып, Кеңес үкіметі өздері Мәскеу мен Петерборда оқытқан түркологтар орыс түркітанушыларының айтуына көзсіз бас ұратын болып тәрбиеленді.

Ал, өз ұлтының тау тұлғалары Бакуде өз пікірлерін еш қаймықпас-тан ашық айтып отырды. Соның ішінде Ақаң да бар. Бүкіл әлемнен Бакуге жиналған оқымыстылардың (Бартольд, Руденко, Миллер, Шобан заде, Самойлович, Малов, Ашмарин, Менсель, Шерба, Яковлев, Ольденбург және т.б.) алдында Ақаң орыс тілі жөнінде: «Правописа-ние большей частью зависит именно от языка, от свойства языка.

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 14: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

14

Если возьмем, например, язык русский, употребляющий этимологи-ческий принцип, то мы должны сказать, что этот язык хаоти ческий, анархический, потому что одни и те же слова, при изменении ударе-ния, принимают совершенно другие формы. Например: «вада», «воды», ударение изменилось, где раньше стоял звук «а», теперь появился «о». Это самый анархический, хаотический язык», – деді. Осы жиында мүйізі қарағайдай орыс профессорлары, әсіресе Щерба мен Яковлев түркі әліпбилерінің ішіндегі ең озығы қазақтікі деп таныды. Кейін Н.Ф.Яковлев Ақаңның әліпбиіне қызығып, әрі қарай зерттей түсіп, қатты тәнті болып, «Математическая формула построения алфави-та (Байтурсыновский алфавит)» деген мақала жазды.

Бұл басқа түркілерге үлгі болып, жиырмасыншы жылдың соңын-да олар да өздерінің ұлттық әліпбилерін жетілдіруге кірісіп кетті. Иә, бізде Ақаң салған дара жол бар. Соған қайта айналып түсуіміз керек. Бұл жолды кеңес үкіметі 1929 жылдан бастап жауып тастаған еді. Енді өз қолымыз өз аузымызға жеткенде сол сара жолды қайта айна-лып табуымыз керек.

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 15: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

15

АЙНҰР СЕЙІТБЕКОВА

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкері, ф.ғ.к.

БҮГІНГІ ЖАҢА ДЕП ТАБЫЛҒАН ӘДІСТЕР АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНЕН БАСТАУ АЛАДЫ

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілін меңгертудің әдістемесінің негізін қалаған ғалым-әдіскер екендігі бүгінгі ұрпаққа қалдырған әдістемелік мұраларынан белгілі. Ұлы ұстазымыздың өз заманын-да қарапайым қазақтың сауатын ашқан «Әліппе», «Сауат ашу», «Тілашар» т.б. оқу-құралдары күні бүгінге дейін әдістемелік және тілтанымдық тұрғыдан өз мәнін жоймаған құнды еңбектер екені дау-сыз. Ғалымның «Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай» деген сөздері әрбір педагогқа бұлжымас қағида болары сөзсіз.

Бүгінгі білім беру кеңістігінде шетелдік және отандық әдіскер лер «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы, «Инсерт» стратегия сы сияқ ты тағы басқа оқытудың түрлі әдістерінің ерекшелік те рі мен ұс та нымдарын айқындап көтеріп жүр. Өткенге барлап қа ра сақ, бү гінгі жаңашыл деп табылған оқыту технологияларының Ахмет Байтұрсын ұлы ның жоғарыда аталған еңбектерінен бас тау ала ты нын атап өт кен жөн болар. Бұны біз ғалымның өз зама нын да ғы балалар мен ере сек тердің сауатын ашуға арналған оқу құрал дарынан да, шағын мақа ларынан да аңғарамыз. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлының бастауыш мектептеріне ар нал ған «Әліпбиі» (Жаңа құрал) оқулығын жазуда көрнекілік, түсінік тілік, жүйелілік, өмір мен байланыстылық, т.б. дидактикалық ұстаным-дарды, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алғанын анық аңғаруға болады. Себебі, автор бұл еңбекте білім белгілі бір жүйемен, ретпен берілуін ескеріп, балаға әлі келетін білімді ғана ұсынған. Баланың ойлау қабілетін дамытумен қатар, оларды іс-әрекетке жаттықтыру қажеттігін де ескерген.

Қазіргі таңда ересектерді оқытатын оқытушылар мен мектеп мұ-

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 16: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

16

ға лімдері жалпы білім берудің ең ұтымды тәсілі ретінде Блум таксо-мониясын басшылыққа алады. Блум таксомониясының 6 түрлі ере-жесі кез келген ақпаратты үйретудің ең ұтымды тәсілдері ретінде тәжірибеде дәлелденіп жүр. Себебі Блум таксомониясының

• білу – мағлұматтар мен ақпараттарды еске түсіру;• түсіну – жаңа идеяны түсіну, ондағы негізгі идеяларды салысты-

ру, сипаттау;• қолдану – жаңа білімді түрлі нұсқада пайдалану;• талдау – дәйектер мен себептерге байланысты ақпаратты тек-

серу және жіктеу;• жинақтау – ақпараттарды жүйелеу;• бағалау – ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын

бағалау» сияқты 6 ережесі сын тұрғысынан ойлауда, яғни ойлау дағды-ларын қылыптастыруда, жетілдіруде соны әдістемелердің бірі делінеді.

Бір қызығы, осы Блум таксономиясындағы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысы жайында өз заманында сан жылдар бұрын айтылып кеткен А.Байтұрсынұлының еңбектерінен бастау алады. Ағартушы әдіскер «Ана тілінің әдісі» ат-ты мақаласында ана тілін үйрету әдістерін былайша бөледі:

1) Кей әдістердің негізі қосу, жинау болады, барша ол негізді әдістер жалпылау (синтез) немесе жиылыңқы әдіс теп аталады.

2) Кей әдістердің негізі талдау, айыру болады. Ол негізді әдістердің бірі жалқылау (анализ) немесе айырыңқы әдіс деп аталады.

3) Кей әдістің негізінде қосу да, талдау да болады. Ондай әдістер жалқылаулы-жалпылаулы немесе айырыңқы-жиылыңқы деп аталады.

Яғни, ғалым үйренушіге дайын ақпаратты бергеннен гөрі, ал-дына қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруы-на, ой толғауына және бағалауына мүмкіндік беру аса маңызды деп көрсетеді. Бұл категориялар қазақ тілін оқулықтарын құрас тыруда да, сабақ әзірлемелерін жасауда да басшылыққа алған жөн.

Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлының бұл еңбегінде қазіргі әдісте-меде білім алушының функционалдық сауаттылығын қалыптас-тыру, дамыту мақсатында сөйлеу әрекеттерінің 4 түрі (жазылым, оқылым, айтылым, тыңдалым) арқылы тілді меңгертудің әдістері жайында ой-пікірлерін де табуға болады. Ғалым «үйретуді» өнер деп бағалайды. «Үйрету өнер болған соң, ана тілін үйрету – бұл да өнер. Олай болса өнерлерде болған сындар мұнда болмақ» – дегені сөзсіз ақиқат. Әдіскер тіл үйретуге мыналарды жатқызады: 1) оқылым – оқу үйрету; 2) жазылым – жазу үйрету; 3) айтылым – сөйлеу үйрету.

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 17: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

17

Сөйлеу әрекетінің төрт түрі Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құра-лының» өн бойында кездеседі. Мәселен, оқылым әрекеті буындап оқу, тұтас оқу арқылы; жазылым әрекеті сөздерді буындау, тасы малдау, көшіру, құрастыру, сөзден сөз тудыру арқылы; айтылым әрекеті сұ-рақ тарға жауап беру арқылы; тыңдалым әрекеті жаңылтпаштарды есте сақтап, жатқа жазу арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда қазақ тілін оқытуда жазбаша тілдегі сөздердің ауыз-ша тілдегі қатынасы ескерілмей жатады. Білім алушылар әріп пен дыбысты ажырата алмай, бір үйлесіммен, бір ырғақпен айтылатын сөз тіркестерін жазба тілдегі нұсқамен айтатын дәрежеге жеткен. Ауызша тіл мен жазба тілдегі норманың арақатынасы жайында Ах-мет Байтұрсынұлының екі бөлімнен тұратын «Тіл жұмсары» мен «Оқу құралында» баяндалған. Әдіскер-ғалым өтілген мағлұматтарды ауызекі тіліне жеңіл де қысқа ауызша сауалдармен бекітуді де естен шығармаған. Мысалы, 1) әріп пен дыбыс бір ме? 2) қайсысы көрінеді, қайсысы естіледі? 3) ұқсас дыбыстардың әріптері ұқсас бола ма?

Ғалым «Жаза білу үшін тілдегі дыбыстарды тани білу керек. Ол дыбыстарға арналған әріптерін тани білу керек. Таныған әріптерін жаза білу керек. Жазған әріптерін дыбысымен атай білу керек» деп әріп пен дыбысты айырудың әдіс-тәсілдерін нақты мысалдармен көрсетеді.

Сонымен қатар қазіргі таңда дәстүрлі оқытудан жаңартылған білім мазмұнына ауысқан білім беру жүйесінде «білім алушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану» қағидасы басшылыққа алынып жүр. Оқытудың бұл жүйесі де Ахмет Байтұрсынұлының «Баулу мектебі» атты мақаласында» баяндалады: «Өлі оқудан» көрі «төте оқу» беретін білім жандырақ, «төте оқудан» гөрі «көрнекі оқу» беретін білім жандырақ, «баулу» беретін білім бəрінен де жандырақ. «Баулу» асылында дағдылы шағындағы тіпті «бала оқыту» емес, тір-шілік ісіне тігілей түсіру».

Осылайша, қазіргі жаңашыл деп танылып жүрген технологиялар-дың түр-түрі ғұлама ағартушының еңбектерінде көрініс табады. Бұ-дан біз сан жылдар бойы жұртшылыққа ұсынылмай, әділ бағаланбай келген Ахмет Байтұрсынұлының оқу ағарту саласындағы әдістерінің өміршеңдігіне көз жеткізуімізге болады.

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 18: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

18

ШЕРУБАЙ ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ

ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі,профессор, ф.ғ.д.

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚОЛДАНЫСТАР

(«Қырық мысал» негізінде)

Ахаң туралы: «Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нор-масын жасады. Бірде-бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде-бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен «Әдебиет танытқышты» жазып шықты» деп, Ахаң туған топырақта дүниеге келген қазақтың көрнекті ақыны Сырбай Мәуленов жазға-нындай, оның қаламынан туындаған шығармаларының қай-қай сы-нан да хас зергердің қолынан шыққан әсем бұйымдай мінсіз, қисын-ды баламалар молынан табылады. Тіл, әдебиет зерттеушілері Ахаң жасаған атауларды сала-салаға жіктеп, ол жөнінде айтып та, жазып та жүр. Оның сөз тудыру шеберлігі мен қазақтың сөзжасам, термин-жасам саласының дамуына қосқан үлесі, тәжірибесі туралы арнау лы зерттеу еңбектері де жазылды. Соған қарамастан, Ахаңның шы ғар ма-шылығына үңілген сайын оның қаламынан туындаған өз заманының жаңа атаулары мен қолданыстары әлі табыла береді.

Осының өзі біздің тіл мамандарының, А.Байтұрсынұлының шы ғар-ма шылығын зерттеуші ахметтанушылардың алдында әлі де ға лым мұ-расын жан-жақты әрі терең зерделей түсу міндеті тұрғанын аңғартады.

Ұлт ұстазының соңына қалдырған мұраларының елеулі бөлігі – оның көркем аудармалары. Осы аудармаларында да кестелі сөз өрнегі, Ахаңа ғана тән айшықты қолданыстар мен ұлт ұғымына сай жасалған ұтымды баламалар бар. Тіл ғұламасының, сөз жасау шеберінің қаламынан жаралған ондай қолданыстарды, ол түрлеген әр сөзді елеусіз қалдыруға болмайды.

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 19: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

19

Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы аударған И.А.Крыловтың мысал өлеңдерінің бір тобы «Қырық мысал» деген атпен жеке кітап болып жариялануы алаш жұртының рухани өміріне серпіліс бер-ген елеулі оқиға болғаны көпшілікке аян. Көркемдік деңгейі жоғары, тағылымдық мәні зор, ХХ ғасыр басындағы әдебиетімізден жет-кен шоқтығы биік мұраларымыздың бірі «Қырық мысал» көп жыл қапаста жатқаннан кейін халқына қайта оралып, құнын жоймаған қалпында бүгінгі қазақ қауымының да рухани қажетін өтеп жатыр. Біз төменде осы «Қырық мысалдағы» Ахаң туындатқан сол кезеңнің жаңа сөздері мен аударма авторының айрықша қолданыстары жө нінде сөз қозғамақпыз. Ал ол аударған А.С.Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығар малары мен И.И.Хемницердің «Атпен есек», орыс ақыны С.Я.Надсон өлеңдері келесі әңгіменің арқауы. Сондай-ақ ғалымның Т.Шонанұлымен бірлесіп жаз-ған «Оқу құралында» (1927) да авторлары көрсетілмеген бірқатар ау-дармалар бар. Олардың арасында да «Оқу құралының» авторларына тиесілі аударма мәтіндер болуы мүмкін. Бұл да анықтауды, арнайы зерттеуді қажет ететін мәселенің бірі.

«Қырық мысалға» келер болсақ, Ахаң тәржімелеу барысында өз тарапынан орыс мысалшысының өлеңіндегі бірқатар сөздердің ба-ламасы ретінде жаңа атаулар жасаған.

А.Байтұрсынұлы осы әйгілі «Қырық мысалында» И.А.Крыловтан аударған «Пустынник и медведь» мысалының атауын «Кісі мен аю» деп аударады да, өлең мәтінінде «пустынник» сөзінің қазақшасын «жеке-тақ» деп алады. Мысалдарға жүгінелік:

«Жеке-тақ жапан түзді қылды тұрақ»«Жеке-тақ қапаланды жалғызсырап»«Жеке-тақ әңгімеге жоқ кісі еді»«Сонда оған аю айтты: «Жеке-тақ жан!Айтайын мен бір ақыл, құлағың сал!»«Жеке-тақ жолдасының тілін алды».«Қорылдап ұйықтап кеткен жеке-тақтың»«Ұрған тас дәлдеп тиді Жеке-таққа» [1, 56-57 б.]. Берілген мысалдарда көрсетілгендей, Ахаңның «жеке-тақ» сөзін ау-

дарма мәтінінде алты рет қолдануы – оның бұл сөзді «пустынниктің» баламасы ретінде мақсатты түрде жасағаны еш күмән туғызбайды. «Діни наным-сенімдеріне байланысты адамдармен, айналасымен қа-рым-қатынастан бас тартып, адам аяғы жетпейтін шөл далаға кетіп оқшау өмір сүретін адам» деген ұғымды білдіретін «отшельникпен»

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 20: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

20

мағыналас «пустынник» сөзінінің орнына Ахаң «жеке-тақ» деген жаңа сөз ұсынған.

Түпнұсқадағы сөз мағынасын негізге алып қарасақ, бұл сөзді жасаудағы Ахаң ойының қисынын пайымдауға болатын сияқты. Оның «жеке-тақ» сөзін «өз билігі өзінде, ешкімге бағынбайтын, өзін жеке тақтың иесі сезінетін адам» деген мағынаны тірек етіп ала отырып туындатқаны байқалады. Парсы тілінен енген «тақ» (тахт تخت) сөзі – «патшалардың отыратын орны», «билік», «арқасы мен екі жақтауы бар әсем безендірілген үлкен орындық» деген мағынада қолданылады.

Егер ол орыс тіліндегі сөздің тұлғасы мен сол «пустынник» атауы-нан туындайтын мағынаға сүйенгенде қазақ тіліндегі баламаны «шөл» сөзінен өрбіткен болар еді. Алайда оған бармаған. «Кісі мен аю» мыса-лында ол «пустынник» атауының негізгі әрі жалпы мағынасына табан тіреген сияқты. Орыс тіліндегі сөз бен оның қазақша жасалған балама-сын байланыстырып тұрған ортақ сема – оқшаулану. Ахаң орыс сөзі-нің мағынасындағы «жеке кету, бөлектену» деген ұғымның негізгі бел гілерін дөп басып ұстай білген. Ал айырмашылығы – орыс сөзінің мағынасында «елден безу, жұрттан жырақтану» ұғымы бас ты орында тұрса, қазақта ол жоқ. Ахаңда «жеке билік құрушы, дербестікке қол жет-кізуші» деген ұғым алға шығып тұр. «Тақ» қазақ ұғымында ең жоғарғы билік иесінің тұрағы, лауазымының, билігінің нышаны. Сондықтан Ахаң «жеке өзіне ғана билік жүргізетін адам» деген ма ғынаны сөзіне өзек етіп алған. Оның кез келген мәселенің беткі жағына, сыртына ғана мән беріп қоймай, әріден ойлайтын, ненің де болса астарына, түпкі жа-ғына мән беретін терең ойлы тұлға екенін осыдан да аңғаруға болады.

Сондай-ақ «жеке-тақ» сөзін мағыналас екі сөздің арасына дефис қою арқылы жасалған қос сөз деп қарауға да негіз жоқ деуге болмай-ды. Парсы тілінен енген «дербес, өз алдына, бөлек» деген мағынаны білдіретін «жеке» (иеке يكه) – дара, жалғыз) мен (тақ قاط) – «жұп емес», «жалғыз, біреу» деген мағынада қолданылатын «тақ» сөздерінің мағыналары өте жақын, мағыналас сөздер. Мағыналары бір-біріне өте жақын екі сөзді қосақтап, қос сөз тұлғасындағы атау жасау тіл заңына жат нәрсе емес. Алайда екі сын есімді қосақтап, тіркестіріп зат есім тудыру тілде байқала бермейді. Мәселен, екі сын есімнің қосақталуы арқылы туындаған «жеке-тақ» атауына тұлға жағынан да құрамындағы сөздердің мағыналары жағынан да өте ұқсас «же-ке-дара» қос сөзінің заттану процесі, зат есімге айналу құбылысы аңғарылмайды. Осындай себептерді негізге алсақ, алғашқы жорама-лымыз қисындырақ деген ойға келеміз.

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 21: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

21

«Бұлбұл мен есек» («Осёл и соловей») мысалының аудармасында мынандай жолдар бар:

«Мақтаулы бар ғой әнпаз әрбір тұста»Солардың баршасы да әдемі әнге«Тауықтың айғырындай емес ұста» [1, 34 б.]. Осы өлең жолдарында Ахаң «певец» сөзінің баламасы ретінде

«әншіні» емес, Абай өлеңдерінде қолданылған «әсемпаз», «өнерпаз» сөздерінің үлгісімен «-паз» кірме жұрнағын жалғау арқылы жасалған «әнпаз» сөзін қолданады. Бұл сөзді Ахаң жасады деп кесіп айту қиындау. Алайда оған дейінгі авторлардан, ХІХ ғасырдың екінші жар-тысында жарық көрген әдебиеттерден «әнпаз» сөзін кездестірмедік. 1913 жылы жазылған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Өлең һәм айту-шылар» атты мақаласында «Маған салса, майы тамып тұрсын, әнсіз құр өлеңмен жақсылық сездіргенің сол, жұртты өздеріңнен бездіріп аласың. Соның үшін бізден басқа бақытты, талайлы жұрттардың әнпаздары өнегелі өлең, үлгілі тақпақтарды жаттап алады» және «Өлең айтушы әнпаз адамдарды жұртқа есерсоқ деп көрсетпей, есті деп қадірлі етіп көрсетуге тырысу керек» деген сөйлемдерінде «әнпаз» сөзі екі рет қолданылған [2]. Міржақып Дулатұлы да «Адам баласы да солай. Жұрттың бәрi шешен, әнпаз, ақын, данышпан болып туа бермейдi» деп, 1914 жылы жазған. 1911-1915 жылдары жарық көрген «Айқап» журналы мен басқа басылымдарда «әнпаз» сөзі қолданылады. Ал Ахаңның «Қырық мысалы» 1909 жылы осылардың бәрінен бұрын жарық көрген. Бізге белгілі деректер бойынша сөз қолданысына хронологиялық тұрғыдан қарағанда Ахаң бәрінің ал-дында тұр. Сол себепті оның бұл сөздің авторы болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды.

Тілімізде «шегірткенің айғырындай», «суырдың айғырындай» де-ген қолданыстардың бар екені белгілі. Ал И.Крыловтың осы мыса-лындағы «петух» сөзінің орнына Ахаң «тауықтың айғыры» деген жаңа тіркес қолданады. Әтешті «тауықтың айғырындай» дегенді Ахаңнан өзгеден кездестірмедік. Ол «петухты» дәл аударып «әтеш» дей салмай, түпнұсқадағы «А жаль, что незнаком Ты с нашим пету-хом» деген жолдарды қазақ оқырманына одан да әсерлі, мысқылға, иронияға толы етіп жеткізген.

«Маймыл мен көзілдірік» («Мартышка и очки») мысалында «Ашу мен жарымдықтан пайда бар ма?» деу арқылы ол «невежда» сөзін «білімсіздік», «надандық» демей, оған балама ретінде «жарымдық» сөзін қолданады [1, 46 б.].

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 22: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

22

Тіліміздегі «надандық» сөзі «білімсіздік, қараңғылық» деген ма-ғы наны білдірсе, тіл білімпазы қолданған «жарымдық» сөзінің се-ман тика сында «кемтарлық, ғаріптік, мүгедектік, жарымжандылық, жа ры мес тік» деген мағына жатыр. Ұлы ағартушы-ақын қазаққа білім сіз дік тің, қараңғылықтың қаншалықты ауыр кесел екендігін барын ша ұғындыра түсу үшін бұл сөзді мақсатты қолданғаны көрініп тұр. Ол орыс мысалшысының өлеңіндегі маймылдың на-дандығын, қараң ғылығын қазаққа кемтар, ештеңеге жарамсыз, ма-сыл бейнесінде жет кізеді. С.Торайғыров қараңғылықпен «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп күрессе, ағартушы-ұстаз Ахаң халқына білім сіздіктің нағыз кемтарлық екенін мықтап ұғындырғысы келеді. Өз қаламынан туған шығармасы, аудармасы арқылы мәселені бұлай қоюы, елді білім алуға үндеуі – ұлы ағар-тушының өмірлік мақсатына, азаматтық ұстанымына, ұлт ұстазы-ның міндетіне толық сәйкес келеді.

Ахаң «Қасқыр мен мысық» («Волк и кот») мысалындағы Степан, -Васька, Демьян, Клим, Трофим сынды кісі есімдерін сол қалпында алмай, олардың орнын Қоянкөз, Құрамыс, Көпберген, Қисық-бас есім де рі мен алмастырады. Мысалды қазақ топырағына бейімдеп, қа-зақ ұғымына сәйкестендіреді.

Сөз болып отырған мысалда «Зарардан басқа нәрсе істедің бе?» және «Зараргер жұртқа тегіс болып әбден» деген жолдар бар [1, 66 б.].

Ахаң «зиян келтірдің» демей, «зарар» сөзін қолданумен қатар, «за-раргер» деген жаңа сөз жасайды. «Зараргер» сөзін ол «вредитель» сөзінің баламасы ретінде ұсынады. Аударма мысалда бұл сөз қазіргі кезеңде жиі қолданылатын «зиянкес» мағынасында жұмсалады.

Осы мысалды түйіндейтін «И правы, – сам себя вини: Что ты по-сеял – то и жни» деген жолдарды «Не ексең, соны орасың» деген сөз бар, Ор енді егініңді, піскенінде!» деп өте дәл де, ұтымды аударады.

Ағартушы-ақын И.Крыловтың «Лиса и крестьянин» атты мы-сал өлеңін «Түлкі мен қарашекпен», «Крестьянин и овца» мысалын «Қарашекпен мен қой» деп аударады. Алдыңғы өлеңде «Жолығып, айтты бір күн Қарашекпен», «Сөйлейді сонда тұрып Қарашекпен» десе, кейінгі өлең мәтінінде де «Шақырды Қарашекпен қойды сотқа» түрінде «крестьянин» сөзі «қарашекпен» түрінде алынады. Қазақ орыс крестьяниндерін «қарашекпен» деп атағаны белгілі. «Қарашекпен» сөзі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиеттерде де кездеседі. Бұл сөзді Абай да қолданған. Оның 1898 жылы И.Крыловтан аударған мысал өлеңі «Қазаға ұрынған қарашекпен» (Крестьянин в беде) деп аталатыны белгілі. Бұл деректер «қарашекпен» сөзінің қазақтың жаз-

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 23: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

23

ба тіліне де еркін енгенін, ХХ ғасыр басындағы алаш оқыған дары да оны жатсынбай қолданғанын Ахаң шығармашылығы да айғақтап тұр.

Осы өлеңнің мына төмендегі бір ғана шумағында бірнеше жаңа атау кездеседі:

«Түлкі екен судьясы теңшіл деген,Атақтан сау емес ед жемшіл деген.Бір күні талапкер мен жауапкергеШақыру қағаз шықты «келсін» деген» [1, 74 б.].Түпнұсқаға өз тарапынан қосып, еркін аударылған бұл шумақтағы

«теңшіл» сөзін ол орыс тіліндегі «беспристрастный», ал «жемшілді» «взяточник» сөзінің баламасы ретінде қолданғаны байқалады. Соң ғы-сының орнына қазір «жемқор», «парақор» сөздері жиі қолда ны латыны мәлім. Ал алдыңғы «теңшіл» сөзін «екі жаққа да тең қарай тын, теңдікті сүйетін, ешкімді бөліп-жармайтын әділ» мағынасында жұмсаған.

«Запрос ответчику, запрос истцу» деген жолдардың осы мысал өлең де «Бір күні талапкер мен жауапкерге» деп аударылуы бүгінгі күн ге дейін заң, құқықтану терминологиясында қолданылып жүр ген тер миндердің қайдан бастау алып жатқанын, оларды кім жасап, алғаш қол данысқа қалай түскенін көрсететін жарқын мысал. «Талапкер» сөзі осы мысал өлеңнің «Талапкер Мұжық айтты:», «Терісімен талапкерді риза етіп, Ап келіп тапсырыңдар, етін сотқа» [1, 75 б.] деген жолда-рында тағы да екі рет қолданылады. Ал жоғарыда мы салға келтіріліп отырған шумақтағы «шақыру қағаз» тіркесі сот қа шақырылғандығын білдіретін «повестка» сөзінің баламасы еке нін бағамдау қиын емес. Бұл мысалдардан ұлт тілінде жасалған терминдердің көркем мәтінде, поэзия тілінде еш қиындықсыз ұйқасып, қосымша түсініктемесіз-ақ жұмсалуға бейім болатынын аңғару көп ізденісті қажет етпейді.

И.Крыловтың «И приговор Лисы вот, от слова до слова» деген өлең жолдары Ахаңда «Ал сонда Түлкі қалай хүкім етті» [1,75 б.] деп келеді. Мұндағы «хүкімнің» бастапқы бір әрпі түсіріліп, «приговор» терминінің баламасы ретінде қолданылып жүрген қазіргі «үкім» сөзі екені барша-мызға белгілі. Яғни қазіргі терминологиямыздағы қолданысы әбден ор ныққан «үкім» сөзі де бізге Ахаңдардан жеткен болып тұр. «Жарлы бай» мысалында «әмиян» мен «шилан» сөздеріне аудармашы-автор-дың «ақша салатын ыдыс» деп түсініктеме берге ніне қарағанда, бұл атаулардың да ХХ ғасырдың басындағы қауымға түсініксіз Ахаң тара-пынан түпнұсқадағы «кошелёкке» балама ретін де ұсынылған жаңа атаулар екенін көрсетеді. Оның үстіне И.Крыловтың бұл мысалын дәл осы атпен Ахаңа дейін тәржімелеген Абай аудармасында «кошелёк» ор-нына «дорба» сөзінің қолданылуы да соған дәлел бола алады.

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 24: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

24

«Пруд и река» мысалының атауын Ахаң «Өзен мен қарасу» деп ауда-рыпты. «Пруд» атауының баламасы ретінде ол «қарасу» сөзін қолданған.

И.Крыловтың қырық мысалы қазіргі заманда орыс тілінен қазақ-шаға аударылса, оның ішінде құрығанда орыстың қырық сөзі кездес-се, еш таңғалмаған болар едік. Ал Ахаңда бар болғаны аударылмай алынған екі-ақ сөз, дәлірек айтқанда, бір-ақ сөз кездеседі. Ол – «Өзен мен қарасу» мысал өлеңіндегі «план» сөзі. Қазіргі қолданысымыз да-ғы – жоспар. Ахаң: «Планда орынды да көп алмаймын» депті. «План» сөзін ол «По карте не тянусь я через целый лист» деген өлең жолын-дағы «карта» орнына қолданыпты. Ал екіншіге жатқызбай отырған сөзіміз – «сөтке». «Иттің достығы» мысалындағы «Бір сөтке татулық жоқ арамызда» деген жолдардағы «сөтке» сөзін Ахаң өзі айтқандай «қазақтың шапанын жауып, тымағын кигізіп» қазақы кейіпке келтіріп алған. Бүгінде бұл сөз тілімізде «тәулік» түрінде немесе ол қабылдаған қалпында «сөтке» деп те қолданылып жүр.

Орыс сөздеріне қарағанда Ахаң аударған мысал өлеңдерде мағы-налық-дыбыстық ерекшеліктері көзге бірден шалынатын аслан, жи-һад, жәһид, жәһидтенді (ниеттенді), миһнат, фаһам, хүкім, һәр, һәман сияқты араб сөздерінің қарасы көбірек ұшырасады.

«Бұлбұл мен есек» және «Шал мен жұмыскер» мысалдарына жаса-ған өз түйінінде «Көзі тар, көңілі соқыр жамандардың», «Көзі тар, көңі лі соқыр надандарға!» деген жолдардағы «көзі тар» тіркесі де кө ңіл аудартады. Тіл ғұламасының бұл тіркесті «аяғының астынан өзгені көрмейтін, айналасын, алысты болжай алмайтын» деген мағы-нада қолданғаны байқалады. Сондай-ақ «Қырық мысалдағы» ауыр-малдық, ғамалдас, қайсарып, қоршалап, тауықшы, хана сөз дерінің мағынасы оқушыға түсінікті болса да, қолданысы ерекше.

Ахаң түрлеген ана тіліміз оның алашына қалдырған асыл мұрасына мұқият үңілген сайын тағы да байып, түрлене түсеріне еш күмәніміз жоқ. Бұл тұрғыдан келгенде Ахаңның шығармашылығын, оның ең бектерін әлі де жан-жақты зерттеу қажеттілігі еш дау туғызбайды. Халқына қалтқысыз қызмет етіп, сөз сырына, тіл табиғатына те рең бойлай білген ғұлама ғалымның құнды мұрасын аса ыждағат тылықпен зерделеу әр ах-меттанушы маманның алдындағы зор мін дет болып қала береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:1. Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. Т.І. – Алматы:

«Ел-шежіре», 2013.2. Торайғыров С. 2 томдық толық шығармалар жинағы. 2-т. – Алматы:

«Ғылым», 1993.

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 25: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

25

АЙГЕРІМ ҚОЖАХМЕТ

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық

орталығының ғылыми қызметкері

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ «ТІЛ-ҚҰРАЛ» ЕҢБЕГІНДЕГІ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕР

Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл-құрал» еңбегінде 300-ге жуық тер мин бар. Олардың басым көпшілігі қазіргі қазақ тіл білімінің ғы лы ми базасына айналып отыр. Қазақ тілінің ғылыми негізін қа-лып тастырған А.Байтұрсынұлының еңбектері – бүгінгі қазақ терми-нологиясының негізі.

Ғалымның термин жасауда өзіндік қағидаттары бары бәріне бел-гілі. Солардың бірі – термин түзуде қазақ тілінің төл бірліктерін қол-дану. А.Байтұрсынұлының бұл қағидаты тыныс белгілеріне атау бе руде де негізге алынды. «Тіл-құрал» еңбегінің «Сөйлем жүйесі мен түрлері» атты үшінші кітабынан кіші сызықша, үлкен сызықша, ноқат, үтірлі ноқат, теріс үтір, қос ноқат, сұрау белгісі, леп белгісі, көп ноқат, қабат үтір, жақша [1] сынды терминдер қатарын көруге болады.

№ Термин Тыныс белгісі

Қосымша атауы

1 Кіші сызықша - Тіркестіру белгісі 2 Үлкен сызықша – Жұмақтау белгісі 3 Ноқат . Ұлы тыныс 4 Үтірлі ноқат ; Орта тыныс 5 Теріс үтір , Кіші тыныс 6 Қос ноқат : Бәшелеу белгісі 7 Сұрау белгісі ? -

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 26: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

26

8 Леп белгісі ! -9 Көп ноқат ... Қалдыру, тастау белгісі 10 Қабат үтір «» Қабатша қос тырнақ 11 Жақша ( ) Қамау белгісі

Көріп отырғанымыздай, ғалым тыныс белгілерін беруде ең алды-мен қазақ халқының болмыс-бітімінен, мәдениетінен, ұлттық таны-мынан хабар беретін тілдік бірліктерді қолданған. Мәселен, бүгінгі қазақ тіл білімі саласы терминдері - дефис пен сызықша терминжасам қағидаттарына сай емес. Оның себебі, біріншіден, бір-біріне ұқсас екі белгінің біреуі төл бірлікпен, екіншісі кірме терминмен берілуінде. Екіншіден, бұл белгілердің қазақ тілінде түзілген нұсқасы бар. Біреуі үлкен, екіншісі кіші сызықпен берілетін дефис пен сызықша таңбаларын А.Байтұрсынұлының терминімен «үлкен сызықша» және «кіші сызықша» деп беру тілді тұтынушы үшін қашанда түсінікті болмақ. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ терминологиясы қазақ тілінің тілдік бірліктері арқылы жасалуы тиіс, ғылым тіліндегі әрбір термин демесек те, басым көпшілігінің аты да, оның заты да қазақы сипатқа ие болуы керек.

Жоғарыда берілген кестеден ғалымның терминдерге қосымша атау бергенін көруге болады. Ғылым нақтылықты, жинақылықты талап етеді. Ал терминнің талаптары одан да жоғары. Нақтырақ айтсақ, терминнің бірмағыналы, қысқа, ықшам, тілдік нормаға, сөз жасам заңдылықтарына сәйкес болуы – шарттылық. Ғалым Ш.Құрманбайұлы өзінің «Қазақ терминологиясы» атты еңбегінде терминдерге қойылатын талаптар жөнінде ой қозғаған. Оның пікі-рінше, термин бірмағыналы, қысқа, ықшам, туынды сөз жасауға қолайлы, сөзжасам және тілдік норма заңдылықтарына сай, эстети-калық талаптарға сай, уәжді болуы керек [2,500-502]. Расымен, нақ-тылықты көздеп, мағынадан айырылып қалуға да болмайды. Термин қашанда лексикалық жағынан болсын, тұлғалық жағынан болсын бір-бірімен үйлесімде болғаны абзал. А.Байтұрсынұлының тыныс белгілеріне қатысты терминдері осы талаптардың барлығына сай келеді. Бірінші бағаннан нақтылықты, уәжділікті, тілдік нормаға сай жүйеленген терминдерді көрсек, үшінші бағаннан ғалымның осы терминдердің қызметі мен қолданысына қарай тіркестіру, жұмақтау, бәшелеу, қамау, тастау белгілері деп халыққа түсінікті тілмен түсіндіргенін аңғарамыз. Сонымен қатар ғалым ноқат, үтірлі

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 27: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

27

ноқат, теріс үтір терминдерін ұлы тыныс, орта тыныс, кіші ты-ныс деп атау арқылы тыныс белгілердің қолдану деңгейін көрсетеді. Бұл атаулар А.Байтұрсынұлы терминдерінің негізі қазақы танымда, ұлттық мәдениетте жатқанын аңғартады.

Демек, А.Байтұрсынұлының тыныс белгілеріне қатысты термин-дері ең алдымен, қазақ халқының мәдениетіне, ұлттық танымына сай құрылған. Оның айқын дәлелі – ғалымның терминдері. Екіншіден, бұл терминдер ұлттық тіліміздің ғылым кеңістігіндегі орнын таны-туда жылдар бойы қызмет етіп келеді. А.Байтұрсынұлының ғылым тілі мен қарапайым халық тілі арасындағы алшақтықты жақындату мақсатында түзілген терминдері – бүгінгі қазақ терминологиясына дұрыс бағыт, озық үлгі болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:1. Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. – Астана, 2009.2. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы. – Алматы, 2014.

5-qyrkúıek Ahmet Baıtursynulynyń týǵan kúni

Page 28: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

28

ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ ҰЛТТАНУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ӨМІРШЕҢДІГІ

«Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршең дігі». Дәл осындай атаумен Нұр-Сұлтан қаласында, Қазмедиа орталы ғында республикалық тіл форумы өтті. Форумды Қазақстан Республи-ка сы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында көрсетілген мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қазіргі жағдайы, оның келешегі, тіл саясатының әлеуметтік мәселелері форумның өзекті тақырыбы болды.

Тұңғыш тіл форумын ашқан «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Әлібек Асқар жақында Мемле-кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға жаңа әліпбиді жетілдіру жөнінде тапсыр ма берді. Бұл бағытта ғалымдармен бірлесіп, тия-нақты жұмысты ары қарай жалғастыратын боламыз», - деді орталықтың бас директоры.

Сонымен қатар, Әлібек Асқар мырза өңірлердегі тіл басқарма ла рының жұмысына қатысты өзінің пікірін

Tuńǵysh til forýmy

Page 29: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

29

айтты. «Қазақтың көсе гесін бір көгертсе, осылар көгертеді-ау деп өңірлердегі тіл басқармаларына үміт артушы едік. Оптимизация деген бәле шықса болды, өңір басшылары ең алдымен тіл басқармаларына шүйлігеді екен, яғни алдымен тіл басқармасын қысқартуға ұмтылады. Қазір 9 облыс пен республикалық дәрежедегі қалаларда ондай басқарма атымен жоқ. Атап айтқанда, басқа бөлімдермен араласып кеткен немесе мүлдем құрыған. Ешқандай құқығы да жоқ, айтар сөзі өтпейді», - деді ол.

Аса күрделі мәселелерді талқылаған форумда сөз сөйлеген спикер-лер қатарында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бар.

Ол: «Әсіресе, тіліміздің қоғамдағы қыз-метін арттырып, оның әлеуетін көтеру ісі біз-дің жіті назарымызда. Жаңа әліпбиге көшу – жа һандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігін арттыратын реформа. Осы реформаны жүзеге асыру барысында міндеттерді айқындау және атқарылған жұ-мыс нәтижелерін насихаттау – рухани әрі саяси маңызды факторлардың бірі. Әліп би реформасының жалпыхалықтық сипат алу тектіктерін іс ке қосу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Оның жолдарын анықтау, Қазақстандағы және әлемдік тілдік қауымдастықтағы қазақ тілі нің рөлі мен мәртебесі туралы заманауи білім, ақпарат, насихат алаңдарының жұмысын ұйымдастыру - бүгінгі форумның міндеті», -

деді кіріспе сөзінде. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік

уни вер си тетінің профессоры, академик Амангелді Айталы:

«Менің үміт күтетінім – соңғы, төртінші ұрпақ. Яғни бүгінгі 35-40 жастағы азаматтар. Сол ұрпақты билікке көбірек тарту керек. Со-лар біздің тілімізді құтқарса құтқарады, ал біздің заманымыз кетті. Жастарды билікке көп араластыру керек. Себебі қазіргі жастар

қазақ мектебінде оқыған, социологиялық зерттеу лер бойынша қазақ тілінде сөйлеседі. Олар отбасында да қазақша сөйлейді. Бірақ біздің бүгінгі мемлекеттік аппаратта қазақ тілін білетін жас тарға жол тар, орыс тілін білмесе жолатпайды».

Tuńǵysh til forýmy

Page 30: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

30

Ал Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов ана тіліміз жайында былай деді:

«Айту қиын, айтпауға дәтің шыдамайтын мәселелер. Соның біреуін Амангелді ағамыз ана жылы «Егемен Қазақстан» газетінің бе тін-де қозғап еді. Онда Қазақстанның өңір-өңір-лерінде социологиялық зерттеулерде анке-та лар ға қай тар ған жауаптарға байланыс ты мынадай мысал келтірді. Ұлты өзге бір әйел мемлекеттік тілді неге үйренбейсіз деген сұ-

раққа: «Очень трудно выучить то, что не нужно» деп жазған. Міне, біздің мемлекеттік тілдің көсегесінің көгермей келе жатқанының үлкен диагнозы. Мемлекет, өкінішке орай, қазақ тіліне мемлекеттік деңгейде сұраныс туғыза алған жоқ. БҰҰ-да келешегіне қауіп төнетін тілдердің қатарында қазақ тілі де бар. Біз бұны тұңғыш тіл форумын-да жасырмай, ашып айтуымыз керек. Осындай мемлекеттік орнаған кезде сондай қатер төнуі мүмкін бе деген үлкен теориялық мәселелер бар. Бірақ фактінің аты – факт. Құрметті Ақтоты Рахметоллақызы, тілді сақтаудың, тілді көтерудің бір тетігі – біздің әдебиетке қамқорлық жасау.

Адамдар қазір өзіне қажет нәрсені ғана үйренеді. Тіл қажет болса, сол тілді білетін адамның тасы өрлесе, сол тілді білмейтін адамның жүзі төмен болса, сол тілді жақсы білетін адамдарға қызмет бабын-да артықшылық берілсе, мемлекеттік тілді меңгермеген адамдарға, мемлекеттік тілді менсінбейтін, үйренгісі келмейтін адамдарға мемлекеттік деңгейде, саналы түрде кедергілер қойылса, онда адам-дар қазақ тілін аз ғана уақытта үйренер еді».

Ана тіліміз туралы Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің тө ра ғасы, қоғамдық кеңестің мүшесі Ғосман Төреғұлдың пікірі төмен дегідей:

«Қазақ тілінің қоғамдық қызметін жандан-дыру тарихымызды, мәдениетімізді, санамыз-ды, ғұрпымызды жеткізуші құрал ғана емес, халқымыздың ертеңін жалғастырушы ғылым мен экономиканы ілгері жетелеуші құ рал ға ай-налдыру мынау отырған сіз бен біз дің қолымызда. Мемлекеттік тіл барша Қазақстандық тардың ортақ тіліне айналғанда тіл басқармалары мен орталықтардың рөлі шешу ші деп айтуы-мыз керек. Оларды осылайша қосу әрекеттерін

Tuńǵysh til forýmy

Page 31: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

31

жалғастыра берсек еліміздегі тіл саясаты қалай жүзеге аспақ?!».

«Amal books» баспасының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай:

«Менің айтқым келіп отырғаны мынау: елі міз де тіл болсын, мәдениетіміз болсын мемлекетіміздің қолдауы арқылы емес, ха лық-тың, тіл мамандарының және тіл жана шыр-ларның арқасында дамып жатыр».

Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет те тіл саясаты мәселесіне тоқталды:

«Ертең қазақ мектептері босап қалудан қорқыңыздар. Әсіресе, қаланың қазақтары. Оны да байқау керек. Сондықтан менің ұсынысым: латын қарпіне қазақтар ғана көшіп қоймай, орыстілді тұр ғын дарды да түгел көшіру керек. Әйтпесе хал қымыздың белі екіге бөлініп кетеді. Осыдан сақтануымыз керек. Содан кейін, кеңсе мен халықтың арасы кішкене алшақтап отыр. Бұл жерде түсініспеушілік неде? Шенеуніктердің қазақ тілін білмеуінде. Мемлекеттік қызметке қабылдау үшін мемлекеттік тілді білуін міндеттеу керек. Мемлекеттік тілді білмеген адам мемлекеттік қызметке қабылданбасын деген қаулы шығарылсын!».

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлт-тық ғылыми-практикалық орталығының атқа-рушы директоры Ербол Тілешов:

«Әлемнің 36%-ы латын әліпбиін, 20%-ы қытай тілін, 11%-араб әліпбиін, 2,7%-ы ғана кирилл әліпбиін қолданады. Яғни кирилл әліпбиін қолдану латын әліпбиіне қарағанда 12-13 есеге аз. Жаңа технологияда, білім мен ғылымда латын әліпбиіне қарағанда кирилл әліпбиі 250 есе бәсекеге қабілетсіз немесе ла-

тын әліпбиі 250 есе бәсекеге қабілетті».

Tuńǵysh til forýmy

Page 32: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

32

Республика деңгейінде өткізілген форумға еліміздің түкпір-түк-пірінен әр саланың өкілдері: Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, ұлттық компания басшы-лары, зиялы қауым, сондай-ақ білім, ғылым, бизнес, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.

Форумда ауқымды мәселелер жан-жақты қаралып, ұсыныстар ай-тылды. Қабылданған қарар «Тіл-қазына» ҰҒП орталығының ресми сайтында және БАҚ-та жарияланатын болады.

Аружан Мырзатай Ruh.kz

Tuńǵysh til forýmy

Page 33: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

33

НАЗИРА ӘМІРЖАНОВА

А.Байтұрсынұлы атындағыТіл білімі институты

Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д.

ЖАҢА ЕМЛЕНІ ДҰРЫС ЖАҢҒЫРТАЙЫҚ

Қабылданған жаңа әліпбиде басы артық әріптер сұрыпталып, тілдік болмысқа лайықталып, атап айтқанда, қазақи дыбысталымға (орфоэпияға), қазақи дыбыс жүйесіне (фонологиялық жүйеге) икем-деп қайта құрылды. Ендігі кезекте, күн тәртібіндегі негізгі мәселесі әліпбидегі бар әріптерді пайдалана отырып, шеттілдік сөздердің жа-зылымын реттеу.

Қазақ әліпбиіне енгізілген в, ъ, ь, ц, щ … тәрізді әріптер алды-мен халықаралық терминдерді, советизмдерді, онимдерді (жалқы есімдерді) орыс орфографиясымен жазу үшін 1940 жылы енгізілген. Осыдан бастап қазіргі кезге дейін қазақ орфографиясы «қосамжар орфография» деп бағаланады. Яғни, бұл қазақ мәтіндерінде бөтен тілдің бөркін киген сөздер аралас-құралас жүр деген сөз. Осымен бай-ланысты ғалымдар әліпбиді реформалау ең бірінші лингвистикалық түрткіжайтқа барып тірелетінін айтады. Олар екі тілдің орфография-сына қызмет ететін әліпбиге түбегейлі реформа жасап, тіліміздің дыбыстық жүйесін нақты белгілейтін, оның өзіндік табиғатын бей-нелеп қана қоймай, ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жеткізетін жазу-сызу жасау керек деген пікір айтады.

Қазіргі кезде шеттілдік сөздерді қазақша орфографиялауға бай-ланысты екі түрлі пікір бар. Біріншісі, қазақы айтылымға негіздеп жазу. Екіншісі осы кезге дейін қалыптасқан сөздердің тұрқын бұзбай, дәстүрлі орфографиялық ұстаным бойынша жазу.

Шеттілдік сөздердің жазылымын қазақы айтылымға негіздеу де-генді орфография ғылымы «фонетикалық принцип» терминімен тү сіндіреді. Фонетикалық принцип түрі шеттілдік сөздерді икем-деу үшін өте ыңғайлы. Бірақ фонетикалық принциптің атауы айтып

Jańa jazý

Page 34: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

34

тұрғандай, бұл принцип түрі айтылуынша жазу дегенді меңзейді. Ал емле бірізділікті, стандартты бір типтің қағазға жазылуын қада-ғалайды.

Қазақ қоғамында қолданылған (1929 жылғы жазуда) жазу тәжі-ри бесінде шеттілдік сөздерді жазуда фонетикалық принцип басшы-лыққа алынған. 1929-1938 жылдар арасында қазақ орфография сын-да шеттілдік сөздердің жазылымы фонетикалық принцип бойынша жазылады деп шешілді және оған мынадай ереже қабылданды: «Кірме сөздердің емлесі дыбыс жүйесінше жазылуы (фонетикалық) керектігі және сөздің аяғы қазақтың сөз жүйесіне көнуі керек».

Емленің негізгі принципі фонетикалық болғандықтан кірме сөз-дерді әркім өзінше естіп, өзінше жаза бастады. Мерзімді басылым-дарда шеттілдік сөздер екі-үш, кейде одан да көп нұсқада жазылды. Мысалы, Sodan kejin Gart qaltasьnan paperosьn alьp demin sonь men aldьrqandai вolьp //Содан кейін Қарт паперосын алып демін соны мен алдырғандай болып (С.Камалұлы, 5-б.). Qaһarman papьjros tartьp otьrdь/ Қаһарман парыйрос тартып отырды (С.Камалұлы, 7-б.). Sьвolьc “kәlвijt” qazaq meniŋ papьrosьmdь sen urladьŋ dep, ςerde ςatqan multaq qajьŋ men Qaһarmandь salьp өtti //Сыболыш «кәлбійт» қазақ менің папыросымды сен ұрладың деп, жерде жатқан мұлтақ қайың мен Қаһарманды салып өтті (С.Камалұлы, 7-б.). Tek dьjnamьjt dуris etken cьrt ujqь cьradai acьldь // Тек дыйнамыйт дүріс еткен шырт ұйқы шырадай ашылды (С.Камалұлы, 9-б.). Dіjnәmіttь Qаһarmannьŋ qasьna qojadь// Дыйнамытты Қаһарманның қасына қойады (С.Камалұлы, 10-б.). Ьja Duvnajьp mьna sizderge alьp kele ςatqan qarςь, kәnвertti almaq вolьp ajqasqan вatьr dep kәnвertti nacalnikke вerdi // ыйа Дұунаеп мына сіздерге алып келе жатқан қаржы, кәнбетті алмақ болып айқасқан батыр деп кәнбертті нашалникке берді (С.Камалұлы 7-б.). Ujat вolqan eken! – dep necalnik вәdik вolьp alaqtadь// Ұйат болған екен! - деп не-шалник бәдік болып алақтады (С.Камалұлы, 18-б.). Бұл сөйлемнен папирос сөзі 3 (paperosьn/ papьjros/ papьros) түрлі нұсқада қолда-нылғанын, ал динамит (dьjnamьjt/ dіjnәmіt), начальник (nacalnik/ necalnik) сөздері 2 нұсқада қолданылғанын байқаймыз. Бұл мы-салдар «Социалды Қазағыстан» гезітінің бір бетінен алынып отыр. Жазу тәжірибесі көрсеткендей, шеттілдік сөздерді фонетикалық принцип пен жазу арқылы сөздің мағынасына кері әсерін тигізетіні де анықталған. Бұған мысал ретінде сол кезде жиі қолданылған рево-люция, большевик сөзін келтіруге болады. Аталмыш сөз yrөвөlytsyjө, вassaвьk түрінде де жазылғандығын кездестірдік.

Түркі тілдес халықтардың бірі өзбек тілінің емлесіне көз жүгіртер болсақ, латын графикасына негізделген өзбек әліпбиі бойынша кірме

Jańa jazý

Page 35: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

35

сөздерді жазу үшін қабылданған принцип түрі – транскрипциялық принцип. Транскрипциялық принцип – таза түпнұсқалыққа жатпай-тын, бірақ түпнұсқаға жақындатып жазу түрі. Өзбек ғалымдарының айтуынша, бұл принцип кірме сөздердің дәстүрлі тұрқын бейнелейтін елесті бұзбауға, сөздің мазмұнын дұрыс тануға көмектеседі.

Өзбек тілі тәжірибесі, бұрынғы қазақ қоғамында қолданылған жазудағы тәжірибелер емле жасаушыларға тек бағыт сілтеуші. Кез келген тіл үшін жасалған орфография үшін бірізділік, жүйелілік аса маңызды. Сондықтан тілдің даму әлеуетін сақтап, өткен тәжірибе мен тағылымды әрдайым ескере отырып жаңа қазақ емлесін дұрыс жаңғырта білсек ел сенімінен шығамыз деп ойлаймын.

Jańa jazý

Page 36: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

36

АЙСӘУЛЕ АМАНБАЕВА

А.Байтұрсынұлы атындағыТіл білімі институтыФонетика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к.

КІРІККЕН СӨЗДЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛІПБИДЕГІ ОРФОГРАММАСЫ

Латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуын жүзеге асыруда «Емле-ережемен» қатар сауатты жазуға және дұрыс сөйлеуге негіздейтін орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер мен анық-та ғыштардың рөлі үлкен.

Қазақ тіл білімінде біріккен сөздермен қатар кіріккен сөздер де тіл білімінің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Ғалымдардың зерт-теулерінде: «Кіріккен сөздер – құрамындағы сыңарлары дыбыс тық құрамын толық сақтамай немесе түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырау арқылы бір-бірімен мағына жағынан ғана емес дыбыстық құрамы жа-ғынан да кірігіп, ықшамдалып, біртұтас сөзге айналған сөздер» деген анықтама береді. Оған мысал ретінде: әкел (алып+кел), әпер (алып+бер), әкет (алып+кет), биыл (бұл+жыл), бүгін (бұл+күн), сәресі (сахар+асы), ағайын (аға+іні), қарлығаш (қара ала құс), білезік (білек+жүзік), сексен (сегіз+он), тоқсан (тоғыз+он), белбеу (бел+бау), қайтіп (қалай+етіп), түрегел (тұра кел), белуардан (бел+буардан), ендігәрі (ендігіден+әрі), ашудас (ащы+тас), сөйтіп (солай+етіп), өйтіп (олай+етіп), бірдеме (бір+неме), біресе (бір+ерсе), қолғанат (қол+канат), қолғап (қол + қап), апар (алып +бар), түрегел (тұрып+кел), жаздыгүні (жаздың күні), күздігүні (күздің күні), қонақасы (қонақтың асы), Орынбасар (Орнын басар), Өмірзақ (Өмірі ұзақ), сөйтіп (солай етіп), әнеугүні (алдыңғы+күні) т.б.жатады. Мұндай кіріккен сөздер түбір мен қосымша арасында кірігіп, тілімізде қалыптасқан болатын. Алайда екі сөздің бірігуінің нәтижесінде сөз ара-сы дыбыстық өзгерістерге ұшыраған (сөз аралығындағы дыбыстардың түсірілуі немесе сақталуы) кіріккен сөздер де бар. Мұндай сөздердің жа-зылуында біршама мәселелер бар. Яғни тілімізде кездесетін кіріккен сөздерді жүйелеп орфографиялық сөздікте беруіміз қажет.

Осы орайда орфографиялық сөздік жасау кезінде қазақ тіліндегі кіріккен сөздерді қалай береміз дейтін сұрақ туындайтыны белгілі.

Jańa jazý

Page 37: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

37

Өйткені кирилл графикасына негізделген әр жылдарда шыққан (1988, 2005, 2007, 2013) «Орфографиялық сөздіктерде» кіріккен сөздер әртүрлі жазылып жүр. Айталық біріккен екі сөздің жігіндегі дыбыстар бірде түсірілсе, ал бірінде түсірілмей жазылып жүр. Мыса-лы: алаяқ, алауыз, алаөкпе, алаөрмекші, алтатар, қарағаш, қарала, қараөзек, қараөкпе, қараөлең, қараөрік, қарарша, қараүй, қараырғай, қарғаадмы жер, сарауру, сарыағаш, сарыала, сарыандыз, сарыатан, сарыбалақ, сарыбас, сарыбуын, сарыжайлау, сарыкекіре, сарыжы-лан, сарысу, сарыүйек, сарышұнақ, мұздаяқ т.б. Олардың да белгілі бір себептері бар. Сондықтан латын әліпбиіне өткен тұста осындай қателіктер болмау үшін қазірден бастап ара жігін ашып алған жөн.

Орфографиялық сөздіктерді салыстыра отырып қарайтын болсақ, 1988 жылғы сөздікте ала ауыз, қара ажырық, қара ала, қара алма (өс.), қара от (ащы шөп), қара өзек, қара өрік, қара арша (өс.), қара үй, сары ала, сары жағал, сары күзен, сары қарақат (өс.), сары қарын, сары сүйек құда, сары тал, сары тоқым, сары уайым, сары уайымшыл сөздері бөлек жазылған. Сондай-ақ 2013 жылғы сөздікте алааяқ, алаауыз сөздері біріккенде аралығындағы қатар келген а графемасы сақталған болса, ал 2005, 2007 жылдары шыққан сөздіктерде алаяқ, алауыз түрінде берілген, яғни а графе-масы түсірілген. 2005 жылғы сөздікте алөкпе (мал ауруы), қарағаш, қаражырық, қарандыз, қарөлең, қарырғай, сарсу, сарсүйек, сар-табан, саршұнақ болса, ал қалған (1988, 2007, 2013) сөздіктерде алаөкпе, қараағаш, қараажырық, қараөлең, қараандыз, қа раыр ғай, сарысу, сарысүйек, сарытабан, сарышұнақ түрінде бе ріл ген. Жал-пы сөздіктерді салыстыру барысында 2005 жылғы орфографиялық сөздікте негізінен біріккен сөздердің аралығындағы қатар келген дауыстылардың бірін түсіру тенденциясы жүрген екен.

Қазақ жазуын латын графикасымен жазғанда орфографиялық сөз дікке кіріккен сөздерді жүйелеп беру қажет. Ол үшін «Емле ере же ге» кіріккен сөздерді жазудың ережесі берілді: «Біріккен сөз сыңарлары жігіндегі қатар келген дауыстылар түсірілмейді, түбір тұлғалары сақ талып жазылады: saryaǵash, qaraaǵash, saryórik, qaraórik, alaaıaq málin, alaókpe (mal aýrýy), qarǵaadym jer, respýblıkaaralyq. Бірақ жазылуы дәс түрге айналған кейбір кіріккен сөздердің жігіндегі қатар келген дауыс тылардың бірі түсіріліп жазылады: alaıaq, alaýyz, altatar, saraýrý, saratan, jaqsatty bolý». Яғни алааяқ мәлін дегенде қатар келген дауыстылар түсірілмейтін болса, ал қу деген мағынасында алаяқ боп а графемасы түсіріледі.

Қорыта келгенде орфографиялық сөздікке кіріккен сөздерді емле ережеге сәйкес етіп жүйелеп берген жөн.

Jańa jazý

Page 38: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

38

БЕЙБІТ ИСХАН

Абылай хан атындағыҚазақ халықаралық қатынастар және әлемтілдері университетінің доценті, ф.ғ.к.

ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕМІЗДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Осы уақытқа дейін де қазақтың төл әліпбиі қалыптасқан. Оны жасаған Ахмет Байтұрсынұлы еді. Бұл әліпби қазақтың 28 төл дыбы-сын таңбалайтын араб әріптеріне негізделді. Осы әліпби қолданыста болған кезде (1914-1928) ондағы дыбыстардың саны мен сапасы ту-ралы қазақ қоғамы арасында ешқандай дау-дамай болмап еді. Тіпті, 1926-1928 жылдардағы қазақ жазуын латыншаға көшіруге байла-нысты туындаған дау-дамай кезінде де қазақ тілі дыбыстары ту-ралы үлкен әңгіме бола қойған жоқ. Тек оны сол арабша қалпында қалдырған дұрыс па, әлде латыншаға көшірген тиімді ме деген мәселе ғана көтерілген-ді. Өйткені, А.Байтұрсынұлының әліпбиі мінсіз болатын. Оның қазақ тілі дыбыстық жүйесіне тән дыбыстар туралы тұжырымы мынадай: «Қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауыс ты дыбыстар: а, о, ұ, ы, е. Дауыссыз дыбыстар: б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н. Жарты дауысты дыбыстар: шолақ у, шолақ й». Бұл дыбыстардың ішінде «қ» һәм «ғ» ылғи жуан айтылады. «К», «г» һәм «е» ылғи жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстардың һәр қайсысы бірде жуан, бірде жіңішке айтылады» (Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992, 324-б.). Дауысты дыбыстардың санын бесеу деп көрсетуінің себебі – олардың «е» дыбысынан басқаларының қазақ тілінің буын үндестік заңына қарай, ә, ө, ү, і болып жіңішке де дыбысталатынын ескергендігінен еді.

А.Байтұрсынұлы түзіп беріп кеткен әліпбидің осындай мінсіз екенін ескерген біз, бір мақаламызда: «Алдағы уақытта қазіргі қабылданған латын әріптеріне негізделген жаңа әліпбиімізді ұлттық әліпбиге айналдырмайынша, еш өзгеріссіз қолданыста болып ке-ле жатқан «тілбұзар» өзгетілдік сөздерді тіліміздің табиғи бітім-

Jańa jazý

Page 39: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

39

болмысына бейімдеп жаза да, айта да алмаймыз. Ол үшін қазіргі ла-тынша әліпбиіміз 1928 жылғы латынша әліпбиіміз сықылды – Ахмет Байтұрсынұлының тоғыз дауысты және он тоғыз дауыссыз дыбыс-тардан тұратын ұлттық әліпбиіне негізделуі керек. Сонда ғана қазақ жазуы өзінің төл табиғатын тауып, айтылым (орфоэфия) мен емле (орфография) арасындағы сәйкессіздіктен арылып, өзгетілдік бүкіл сөзді «өзілік» ете алады» деп жазған едік.

Енді осы қиындық алдымыздан шығып отыр. Өйткені, біздің ла-тыншаға негіздеп қабылдаған қазіргі жаңа әліпбиіміз қазақ тілі ды быстық жүйесіне толық бейімделмеді. Оның құрамына «в», «ф», «х/һ», «ч» деген жаттілдік дыбыстар мен соларды таңбалайтын әріп-тер еніп кетіп, ұлттық әліпби болмай қалды. Осы дыбыстар қолда-нылатын өзге тілдік сөздерді қазақшалап жазып-оқуды (айтуды) бір жөнге келтіру аздай-ақ, өз тіліміздің төл дыбыстарының тіркесімімен айтылатын сөз дерді де дұрыс жаза алмайтын жағдайға тағы да тап болып отырмыз. Бұған жол беріп отыруымыздың басты себебі – ла-тынға негізделген жаңа әліпбиіміздің дұрыс құрастырылмағаны бол-са, екінші себебі – кирилше әліпбиіміздің емле ережелеріне байланып қалғандығымыз болса керек. Әлбетте, «бұрыс әліпбиден дұрыс емле шықпайды».

Қазақ тілін зерттеген В.В.Радлов, Н.И.Ильминский, П.В.Мелиоран-ский сияқты орыс ғалымдарының және А.Байтұрсынұлы бастаған кейінгі қазақ тілші ғалымдарының ғылыми тұжырымдамалары бойынша қазақ тілі дауыссыз дыбыстарының жетеуі (л, м, н, ң, р, й, у) – үнді дауыссыз дыбыстар. Дауыс (үн) «м» мен «н» дыбыстарын жеке айтқанда соңынан қосылатын болса, қалған бесеуінің алды-на қосылады. «Л», «ң», «р», «й» дыбыстары өзге дауыссыз дыбыс-тармен сөз басында, сөз ішінде, сөз соңында тіркескенде олардың алдында үнемі қысаң дауысты дыбыстар «ы/і» айтылады (дыбыс-талады). Олардың айтылуы – «ыл/іл», «ың/ің («ңөң» сөзі тілдік қорымызға қосылған болса, оның дыбысталуы «іңір», «ыңғай» деген т.б. сөздер сияқты [іңөң] болуы керек)», «ыр/ір», «ый/ій» болса, ал «у» дыбысының жеке тұрып айтылуы – «ұу/үу».

Біз кезінде қазақ тілі жазып-сызуында (графикасында) үнемділік заңын сақтаймыз деп өрескел қателікке жол бердік. Нәтижесінде «й» мен «у» дауыссыз дыбыстарының алдында келетін «ы, і, ұ, ү» дыбыстарын сөздің барлық жерінде жазбайтын болдық. Содан қан-шалықты жақсы нәтижеге қол жеткізгенімізді ешкім нақты ай-та алмайды. Айта қалса, «миссисипи», «миссури» деген сияқты

Jańa jazý

Page 40: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

40

орысша жазылған сөздерді қазақшалап жазған кезде тым ұзарып кетеді» деп атам қазақтың кез келген баласы бәленбай жылда бір рет те жазып қолданбайтын сөздердің жазылуына бас ауыртады. Керісінше, аталмыш дыбыстардың қазақ сөздерінің барлық орнын-да жазылуы керектігі күні-бүгінге дейін өзекті болып келеді. Осын-дайда ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлының: «Дұрыс емле мен қате емлені айыруға менің ойымша былай қарау керек шығар деймін: тіл табиғатына қарай емлені ыңғайлау ма? Жоқ емле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Мен ойлаймын, емле – жазу үшін шығарған нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса, тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек, тілдің табиғатына қарамай зор лап, емлеге таңып байласа, қытай қатындарының аяғы болып шығады» (аталған әдебиет, 395-б.) – деген тұжырымы еске түседі.

Екі тілдің дыбыстары араласып кеткен қазіргі «орыс-қазақ» әліп-биіміздегі, әсіресе бәрімізді шатастырып жүрген «й/и», «у», «ы» таң-балары. Шатастыруының негізгі себебі, олардың дыбыстық мән дері екі тілде екі түрлі екеніне мән бермеушіліктен туындаған. «И», «у» орыс тілінде дауысты дыбыстар болса, қазақ тілінде үнді дауыс-сыздар. «Ы» – екі тілде де дауысты дыбыс, бірақ әр тілде екеуі екі түрлі дыбысталады. Қазақ тілінде «ы» дыбысы келте дыбысталса, орыс тілінде «ый» түрінде дыбысталады. Соған қарамастан, кирил-ше қазіргі «орыс-қазақ» әліпбиімізде екеуіне (у, ы), қасақана болар, бірдей таңба берілген.

Енді, ерін-еріндік (қос ерін), жуысыңқы, үнді «у» дауыссыз дыбы-сына арнайы тоқталайық. Мұндай дауыссыз дыбыс ағылшын тілінде бар (w), орыс тілінде жоқ. Сол себептен көп адамдарды шатастырып жүр. Мәселен, әлемге аты әйгілі ақын ағамыз Олжас Сүлейменовтің өзі қазақ тіліне тән «у» үнді дауыссыз дыбысы келетін «ауыл» сияқты т.б. сөздерді орысша қалай жазылса, қазақша да солай жазу керек, «у» дыбысынан кейін «ы» (оның ойынша, орысша «ый») дыбысын жазып, қазақ тілі профессорлары қатты қателесіп жүр. Олардың өздері – са-уатсыз» деп қағыс айтып отырса да, қазақ тіліндегі «у» дыбысының ерекше бір қасиетін қазақы түйсікпен терең сезінген. Өйткені, ол жан-ды (ауызша) тілдегі [ауұл] сөзінің айтылуын жиі естігендіктен, «аул» деп жазылғанын дұрыс көреді. Рас, «аул» деп жазылған қалпындағы «у» дыбысын орыс тіліндегі дауысты дыбыс ретінде оқысақ, қазақша жанды тілдегі айтылымына барынша жақын келеді. Бірақ қазақ тіліндегі оның айтылымы, демек дыбысталуы [aуұл] екенін ол кісі сияқтылар қайдан білсін. Олар тұрмақ қазақтілділердің, оның ішінде

Jańa jazý

Page 41: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

41

қазақ тілі дыбыстық жүйесінің профессорларының өздері осы бір «ерін-еріндік, жуысыңқы, үнді «у» дауыссыз дыбысы өзінің алдын-да да, артында да қысаң езулік дауыстылардың (ы, і) қолданылуын мүлдем жатырқайтынын білмейді-ау дейміз. Дегенмен, қазақ тілін-дегі бұл дыбыстың өзіндік ерекшелігін нағыз мамандар кезінде ай-туындай-ақ айтқан, дәлелдеп жазып кеткен. Мәселен, бұл туралы қазақ тілі дыбыстық жүйесінің профессоры Мырзабек Сапархан кезінде былай деген еді: «Еріндік дауыстылар ғана емес, дауыссыз у (тау) да өзінен кейін қысаң (е, ы, і) дауыстыларды жолатпайды. Қазақ сөзін алғаш зерттеген Н.Ильминский ауұл, ауұз, ауұтқу түрінде хатқа түсіргені мәлім. В.Радловта: әуө, әуөс, дәурөн, дәулөт, жауұрұнды, зауұқшұл, жолаушұ, П.Мелиоранскийде: ауұздұқ, біреудү, күйеудүң, таудұң т.б.

Мұны Ахмет жақсы білді. Сөйте тұра, еріндіктер (о, ө, ұ, ү) «бас буынның басқасында келмейді, бас буыннан басқасын сүймейді»,– деп, жазуды қаңтарып қойды. Қалған буындарда айтыла ма, айтыл-май ма, ол да белгісіз. Халел де мұны айналып өтеді. Бұл жөнінде пікір айтушылар оны «көнерген», «өлген» заңдар қатарына қосады (Қазақ тілінің айтылым сөздігі. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2001, 11б-б.).

Енді, қазақ тіліндегі «ауыл», «жауыр», «қауын», «тауық», «суық» сияқты т.б. сөздерде жазылып жүрген «у», «ы» әрпі туралы орыс-ша оқитындардың өз пікірлерін берсек, осы дыбыс-әріптердің сол сөздерде қате таңбаланып жазылып әрі қате оқылып жүргеніне көзіміз жете түседі: «…Старательно следуя методу аудиолингвистиче-ского обучения казахскому языку, вы уже пишете и говорите казЫна, барЫс. У нас у казахов, есть пословица: «Если товарищ слепой – заж-мурь глаза» («егер жолдасың соқыр болса, көзіңді қыс»). Пословица имеет двоякий смысл: или как солидарность в поддержку ближнего, или как усмешка над бесполезней затеей сердобольного товарища. Не знаю, в каком смысле подражают наши русскоязычные казахско-му написанию и произношению своих слов как казна, барс. Эти тюрк-ские слова, как отмечаются в русских этимологических словарях, в письменных источниках фиксируются с XVI века. Да и по-казахски звучат эти слова точно так же, как в русском. Только в новейшее вре-мя наши фонетисты заставляют казахов писать и говорить для ради отличия от русского казЫна, барЫс, ценою вульгаризации казахского языка.

… Слово «аул», бытующее от Крыма до Алтая, через труды русских историков, писателей и поэтов известно всему миру. Но мы казахи в

Jańa jazý

Page 42: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

42

пику всему миру пишем «ауЫл». Олжас Сулейменов по этому пово-ду писал: «…гулкое, легкое слово «аул» превратилось в безобразное, завывающее «ауЫл». Здесь горловое «Ы» почти не звучит, если ко-нечно старательно не выть. Но ведь, если надо, можно сколько угод-но тянуть: ау-у-у-л, или выть ау-ы-ы-ы-л. Наше, казахское ыкание нельзя обосновать особенностью народного говора. … Наше ыкание нельзя обосновать также и физиологией казахов» (http://yvision.kz/post/298102).

Бұл жерде осы мәтіннің авторы қазақ тілінің «у», «ы» дыбыста-рының өзіндік ерекшелігін және «у» дыбысынан кейін «ұ», «ү», «ө» дыбысы айтылатынын білмейтіні бір басқа, қазақ тілінің «ы» дыбыс-әрпін орысша «ый» болып дыбысталатын әріппен де шатастырып отырғаны ақиқат.

Қалай дегенмен, қазақ және орыс тіліндегі дауысты-дауыссыз ды-быстардың сапалық, сандық жағында да, олардың бір-бірімен тір-кесуінде де үлкен айырмашылықтар бар. Әсіресе, «ы» мен «і» қысаң дауысты дыбыстарының қазақ сөздеріндегі орны ерекше. Бұл дыбыс-тар, жоғырыда айтқанымыздай, қазақ тілі дауыссыз дыбыстарының барлығымен тіркесіп, селбесіп айтылады. Соған қарамастан, біз «жа зуды үнемдейміз» деген желеумен «р» мен «л» дыбыстары сөз басында қолданылса, олардың алдындағы «ы/і» дыбыстары жа-зылмайды. Ал, «й» мен «у» дыбысының алдында барлық жерде жа-зылмайды» деп қолдан емле (дұрысы – еміле) ережесін жасап, жанды тілді жазуға байлап қойдық. Осындайды көргенде: «Егер, жазудағы үнемділік заңын сақтаймыз десек, «ала қойды бөле қырыққандай» болмай, онда барлық үнді дауыссыз дыбыстардың, тіпті барлық дауыссыз дыбыстардың алды-артынан дыбысталатын «ы» мен «і» ды быстарын тіліміздің буын үндестік заңына сүйене отырып, барлық жерде жазбай-ақ қойсақ, қайтеді? Мәселен, «білімділіктің, тіршіліктің, тынышсыздықтың, қиыншылықтың» деген сияқты бар-ша сөз тұлғалардың құрамындағы «ы/і» дыбыстарын «білмдлктң, тіршлктң, тыншсыздқтң қыйншлқтң» деп тек алғашқы буында ғана жазсақ, болмай ма?» деген де ой келеді. Міне, жазудағы нағыз үнемділік сонда болар еді-ау!

«Й» мен «у»-дың алдындағы дауыстылардың жазылмауы бір қара-ғанда жазып-сызудың (графика) үнемділік заңы бойынша дұрыс сияқты, ал, тереңірек бойлап, кеңірек ойлап қарасақ, біздің ойы-мызша, мұнда орыс тілінің дауысты «и» мен дауысты «у» дыбыста-рын біртіндеп қазақ тіліне енгізудің жымысқы саясаты жатқандай.

Jańa jazý

Page 43: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

43

Айталық, түр-тұрпатын еш өзгертпей, тіліміздің дыбыстық заңды-лығына бейімделмей еніп, қолданыста жүрген «институт», «уни-верситет», «инстаграм», «уран» сияқты т.б. сөздердің аса көп екені белгілі. Егер, біз қазақ тілінің үнді дауыссыз дыбыстарының алдын-да дыбыс талатын дауыстыларды жазбайтын болсақ, біртіндеп орыс тілінің дауысты «и», «у» дыбыстарын қазақша мәтінде әдеттегідей орыс тілінде қалай жазылса, солай жазып-оқи (айта) беретін боламыз. Бұның уақыт өте келе, осындай қатерлі тұсы болатынын Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, т.б. уақытында аңғармаған сияқты. Әлбетте, төте жазу кезіңінің аяғына таман (1924 ж.) екі дыбысты (ый/ій, ұй/үй) бір әріппен таңбалайық деген ұсыныстар болды. Бірақ араб әріптеріне негізделген әліпбимен жазуда бұның қаупі аса жоғары болмады. Кейін кирилге көшкеннен бастап, енді латынша жаңа әліпбиге көшу бары-сында өз дыбысымыздан өзіміз айырылып қалатындай жағдайға тап болып отырмыз. Сондықтан да, екі дыбысты бір әріппен жазудың тиімділігі бар ма, жоқ па дегенге жаңа әліпбиге көшкен кезде жаңа заманның (рухани жаңғыру) талабымен жаңаша қарауымыз керек деген ойдамыз.

Jańa jazý

Page 44: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

44

ЕСЕНГҮЛ КӘПҚЫЗЫ

«Ана тілі» газетінің шолушысы

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТІЛДІ ҚАЛАЙ ИГЕРУДЕ?

2018 жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында «Open bud get fellowship» жобасының аясында елдегі мемлекеттік бағ дар лама-ларды жүзеге асыру үшін жұмсалып жатқан қар жының тиімділігі жайында арнайы зерттеулер жүргізілді.

Осы жоба аясында Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға ар-на л ған мемлекеттік бағдарламасы бойынша зерттеу жүргізіліп, мем-лекеттік қызметшілерге бөлініп жатқан қаржының тиімділігі сарап-қа салынды.

Негізгі нысан – Алматы қаласы.Мемлекеттік тілді дамыту әрі оның шын мәнісінде өз дәрежесіне

сай болуын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда үш рет мемлекеттік бағдарлама, 1997 жылы Қазақстан Республикасындағы тілдер тура-лы заң қабылданды.

Дегенмен, Қазақ тілі – мемлекеттік дәрежесін алған 30 жыл-дай уа қыт аралығында мемлекеттік жиындар, іс-қағаздары то лық-тай дер лік мемлекеттік тілде жүргізілмейді. Бұның бас ты се бе-бі – мем ле кет тік қыз метшілердің мемлекеттік тілді өз дең гейінде мең гер меуі. Қазақстанның «Мемлекеттік қызмет туралы» заңында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білуін мәж бүр лей-тін арнайы бап жоқ. Сол себепті де мемлекеттік қызметке қабыл-данушылардан мемлекеттік тілді білу арнайы талап етілмейді. Бірақ «Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» алға қойған негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді үйренуі. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша, Қазақстандағы барлық мекемелер мемлекеттік тілде сөйлеп кетуі қажет болған. Бұл бағдарлама діттеген мақсатына жетпеді. Сөйтіп тағы бір бағдарлама қабылдау қажеттігі

Til keńistigi

Page 45: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

45

туын дады. Екі бағдарламаға бөлінген бюджет қаржысын сарапқа сал-сақ (Мәліметтер Мәдениет және спорт министрлігінің есебінен алынды):

Жиыны 50 миллиардтан асатын бұл қаржыға 600 бала оқитын 50 мектеп салуға немесе Қазақстанның маңдайалды 5 ұлттық уни-верситетінде 40 студенттің 4 жыл толық білім алуына болады (2017-2019 жылдарға арналған қаржы көлемін қоспағанда).

Ал Алматы қаласының жергілікті бюджетінен 2007-2017 жылдар аралығында 250 миллиондай теңге тек мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге үйрету үшін бөлінген.

Мемлекеттік тілді қала тұрғындарына үйрету үшін бөлінген қар-жы 2007 жылдан 2016 жылдар аралығында 9 миллион теңгеден 30 миллионға дейін, яғни үш есе өскен.

Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерінің берген дерегіне сәйкес, 2018 жылдың сәуір айында Алматы қаласындағы 1491 мемлекеттік қызметшінің 80 пайызы (1179 адам) Қазтестіден өткен. Тестіден өткендердің 9-ы ғана тілді С1 деңгейінде білетіндігі анықталды.

Бірақ Тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлерінің мемле-кеттік қызметшілерді Қазтестіден өткізуге заңдық құқы жоқ екен. Өйт-кені оған міндеттейтін құқықтық база жасалмаған. «Ешкім еш қан дай заңмен, ешқандай құқықтық-нормативтік актімен мемле кеттік қыз-метші Қазтестіден міндетті түрде өтуі керек» деген талап қоймайды. Тек А1 корпусына үміткерлер ғана Қазтестіден өтуі тиіс. Яғни әртүрлі деңгейдегі әкімдер (аудан, қала әкімдері), қалған қызметшілерді Қаз-тестіден тек диагностика жасау үшін ғана өткізуге болады.

1179 адамның 68 пайызы тілді бастауыш және базалық деңгейде меңгерген. Осы 68 пайыз үшін топтар жасақталып, арнайы қаржы бөлінеді. Алайда басқарма қызметкерлерінің тағы бір атап өткені, бұл қызметкерлердің мемлекеттік тілді оқуына қатысты ешқандай мекеме басшысының немесе орынбасарының арнайы бұйрығы шық-

Til keńistigi

Page 46: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

46

пайды. Жұмыс уақытында олар уақыт тауып тілді үйрену курс тарына баруы керек. Сол себепті де, қатысу өте төмен, соған сай тілді меңгеру де өте төмен. Себебі тілді үйренуге деген қажеттілік әрі сұраныс жоқ.

Курсқа жазылған мемлекеттік қызметшілердің тілді үйрету курс-тарына қаншалықты көңілі толады? Олардың тілді білу деңгейі және курстардың материалдық-техникалық базасы қандай? Осы сауал дарға жауап алу мақсатында «Мемлекеттік тілді дамыту институты» өткізіп жатқан тіл курстарына барып қатысып, тіл үйренуші мемлекеттік қызметшілермен тілдесіп қайттық. Тіл үйрену курс тары әрбір бас қар мада жасақталған қазақ тілі кабинеттерінде өткі зіледі екен. Онда лин гафон кабинеттері жоқ. Мен қатысқан екі бас қарманың өткізген сабақтарына қатысушылар жарты сағаттан кейін жұмыстарына асыға бастады.

Бізді бәрінен бұрын қынжылтқаны, сабақтың өткізілу барысы. Нақ ты жоспар, нақты мақсат жоқ. Сабақта жаңылтпаш оқыту неме-се мәтінмен жұмыс жасау, сөйлемдегі тірек сөздерді табу, қазақ ті-лінің байлығы және синонимдік қатарының молдығы сөз болды. Ал үйренушілер тілді үйретудің мұндай әдісінің тиімсіз екендігін айтады. Оларға нақты өз саласына қатысты терминдермен жұмыс, іс-қағаздарын жүргізу секілді тілді күнделікті жұмыс барысында қолдануға көмектесетін дәрістер қажет екендігі нақтыланды. Сол себепті де сабаққа қызығушылық аз.

Курсқа қатысушылардың арасында қазақ мектебін бітірушілер бар. Үйренушілердің қазақ тіліндегі қарым-қатынас деңгейі өте жо ға ры. Ендеше, бұл адамдарға тіл курстарын ұйымдастырудың қан шалықты қажеттілігі туды деген заңды сұрақ туындайды.

Мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашық еместі гіне зерттеу барысында тағы да көзіміз жете түсе ді. Мәселен, осы он жыл ара лы ғында екі сатып алу шының болғаны айқын далды. Оның бірі 2007-2016 жылға дейін бір ға на сатып алушы ретінде қаржы

алып келген «Тіл» оқыту-методикалық орталығы мен 2017 жылы тендерді ұтып ал ған «Senim-group consulting» жауапкершілігі шектеулі серік тес ті гі. Интернеттегі ашық деректер қоры бойынша «Senim-group consulting» ЖШС-і жайында ақпарат іздегенде тапқанымыз – Алматы қаласының Байзақов көшесінің 250-ші үйінде тіркелген, қызмет түрі

Til keńistigi

Page 47: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

47

жазбаша және ауызша аудармамен айналысады деп жазылған. Фейс-бук әлеуметтік желісінен тапқан парақшамызда бұл ұйым туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Ал ашық бюджет деректерінен және www.goszakup.kz сайтынан «Senim-group consulting» ЖШС-і 2017 жылғы Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасының «Алматы қаласы жергілікті атқа-рушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қазақ және ағыл-шын тілдерін оқыту, әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға қазақ тілін, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдеріне қазақ және ана тілдерін оқыту» лоты бойынша (конкурс № 1246924-ОК1) 19 мил лион 899 мың теңге ұтып алған. Ашық конкурсқа қатысушылар саны – 5. Мемлекеттік сатып алулар заңы бойынша ең төменгі бағаны ұсынған сатып алушы мұндай қызметтерді көрсетуді жеңіп алады. Ашық ақпарат базасы көрсетіп бергеніндей, «Senim-group consulting» ЖШС-інің бұл салада ешқандай тәжірибесі жоқтығы байқалады. Бұл ұйымнан сәл жоғары баға көрсеткен (19 миллион 999 мың 999 теңге) «Мемлекеттік тілді да-мыту институтының» 4 жылдық тәжірибесі ескерілмеген.

Біз «Senim group consulting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

қызметкерлерінен тіпті ауызша беруге тиісті ақпараттарды да ала алмадық. Бірнеше рет кеңсесіне іздеп барғанымызбен, орнынан тап-паған соң, пошта мекен-жайына Қазпоштамен тапсырысты хат жол-дадық. 15 шілдеде хатымыз қайтып келді.

Ақпарат иелерінің қызметі ашық әрі айқын болмағандықтан, біз бұл ұйымның жұмысының әділдігіне қалай баға берерімізді біл-

Til keńistigi

Page 48: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

48

мей дағдардық. Тиісінше, «Senim group consulting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бір жылдық жұмысының есебін сұрап, Алма-ты қалалық Тілдерді дамыту басқармасына сауал жолдағанымызда, олар біздің бұл сауалымызды жауапсыз қалдырды.

Сонымен, 2017 жылы бөлінген 19 миллион 899 мың теңгенің есебін ешқайдан таппадық.

Біз есебін таппаған тек «Senim group consulting» ЖШС-іне бөлінген 20 миллион теңге ғана емес, сондай-ақ Алматы қаласы Тілдерді да-мыту басқармасының Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тіл» оқы-ту-методикалық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің де (БИН 060540003072) 2010-2016 жылдар аралығында жұмсаған қаржысының есебін таппадық. Біріншіден, бұл мекеме 2016 жылы ликвидацияға жіберілген. Өйткені бұған дейін мемлекеттік сатып алуға тек бір сатып алушы ретінде қатысып келген. «Мемлекеттік са-тып алулар» туралы заң талабы бойынша, бір сатып алушыға қаржы беру заңға қайшы болатын болғандықтан, бұл мекеме бәсекелестікке төтеп бере алмай, жабылып үлгерген. Бұл мекеме 2007-2016 жылдар аралығында 161442 теңгені пайда ланған (Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ресми жауабы бойынша). www.openbudget.kz сайтында бұл қаржының толық игерілгендігі туралы ғана ақпа-раты бар. Алайда тиынына дейін есептелген толық есебі жоқ. «Тіл» оқы ту орталығын ұзақ жыл басқарған Бекет Тұрлымбековке хабар-ласқанымызда (бұл кісі жақында қайтыс болды), ол бұл ұйым ның жойылғандығын әрі оған енді қатысы жоқтығын айтқан еді. Ал осы уақыт аралығында жұмсалған қаржының толық есебін сұрат-қанымызбен, Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы бұл сауа-лымызды жауапсыз қалдырған.

Til keńistigi

Page 49: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

49

Біз зерттеу барысында Қазақстанмен тілдік жағдаяты ұқсас Украи-на ның тәжірибесін украиналық журналист Сергей Штур хецкий ден сұрап білген едік. Жүргізілген сұхбаттан шығатын қоры тынды: қазақ тілі де, украин тілі де мектепте міндетті пән ретінде оқытылады. Украинада мемлекеттік қызметке қабылданатындардан украин тілін білетіндігі туралы сертификат талап етіледі, Қазақстанда та-лап етілмейді. Украинада мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге үйрету үшін бюджеттен арнайы қаржы бөлінбейді. Қазақстанда қанша қаржы бөлінгендігі туралы жоғарыда айтып өттік. Украи нада іс-қағаздары 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізіледі. Ал Қазақстан-дағы іс-қағаздарының жай-күйі бәрімізге белгілі. Тіл коми тетінің жүргізген талдауы бойынша, Алматы қаласында іс-қағаз дарының қазақ тіліндегі айналымы 67 пайызға жеткен.

Бұдан шығатын қорытынды, мемлекеттік қызметшілерге мемле-кеттік тілді үйрету үшін қыруар қаржы жұмсаудың қажеті жоқ. Оның есесіне нақты салаға байланысты іс-қағаздарын жүргізу курсын ұйым дастыру әлдеқайда тиімді болар ма еді. Екіншіден, мемлекеттік тапсырыс алушы мекемелер жайлы мәліметтер базасы жасақталып, сатып алушы немесе орындаушылар туралы ақпараттың ашықтығы қамтамасыз етілсе, мемлекеттік сатып алудың тиімділігі арта түскен болар еді.Үшіншіден, мемлекеттік тілді білу туралы сертификат та-лап етілгенде, бұл процесс өзінен-өзі жүзеге асырылар еді.

Til keńistigi

Page 50: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

50

ҚУАНДЫҚ ШАМАХАЙҰЛЫ

ҚР мәдениет қайраткері, халықаралық журналист

СӨЗІМІЗ ЖОҒАЛСА – ӨЗІМІЗ ДЕ ЖОЙЫЛАМЫЗ

Тіл мен ойдың біртұтас екендігін ғылым әлдеқашан дәлелдеп қой ған. Адам баласының нені қалай ойлайтыны, қандай дәрежеде пайымдайтыны оның әрбір сөзі арқылы айқындалмақ. Сондықтан да, қазақ баласының кімді болса да бірауыз сөзінен танып-білуінің өзінде терең мән бар. Белгілі бір тұлғаның қаншалықты ақылды не-месе ойсыз пенде екендігін ең алдымен оның аузындағы сөзі анықтап береді. Жай әдеттегі бір сұхбаттасудың өзінде көңілге қонымды, жа-дыңда сақталар, «шынымен де солай екен-ау» дегізер ойлы сөз айта білген адамды ақылдың кені деп тануға болатын сияқты.

Қазіргі таңда сөздің қадіріне жетуді, қазақ тілінің тазалығын сақ-тауды назардан тыс қалдырып жүргендейміз. Бірқатар жұрт тың қа зақша сөйлегеніне разы боламыз да, тілді оңды-солды қойырт-пақтауына кейде кешіріммен қарай саламыз. Түптеп келгенде, тілді шұбарлау оны білмеуден де қатерлі. Бүгінгі күні жаһандану дегенді алға тартқан ірі державалар өз саясаттары мен дәстүрлерін сөз сап-тауларымен, түрлі атауларымен қоса қажымай-талмай тықпалап жатыр. Мұндай жағдайда біз жердің бүтіндігі үшін шекарамызды қалай күзетсек, ана тіліміздің тазалығына да дәл солай қырағылық танытуы мыз керек. Әсіресе, балаларды балабақшадан, мектептен бас тап ең алдымен, өз ана тілінің қаймағын бұзбай таза сөйлеулеріне баулудың маңызы айтарлықтай. Қазіргі күні ЖОО қазақ топтарында білім алып жатқан студенттер, қазақ мектебінде оқитын, тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген жастар мен жасөспірімдер сабақтан тыс уақытта өзара орысша сөйлеседі. Таяу болашақта ана тілімізден мүлде көз жазып қалуымызға осының өзі жетіп жатыр. Енді, осы келеңсіздік аз болғандай еліміздің ресми органдары «үштұғырлы тіл» дегенді желеу етіп, «Әлем тарихы» секілді кейбір пәндерді қа-

Til keńistigi

Page 51: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

51

зақ мектептерінің өзінде орысша оқытпақ. Егер, біздің ұрпақ әлем елдеріне Ресейдің терезесінен қарап, дүниежүзінен тек орысша мә-лімет алатын болса, онда тілдің де, елдің де болашағы жоқ деген сөз.

Онсыз да әлем тұтасуға бет алған бүгінгі күні ғылым мен тех-нологияның жетілдіріле түсуіне орай тың жаңалықтар көп ашы-лып, өмірге дендеп еніп жатыр. Сонымен бірге, жаңа атаулар, шет тіліндегі түрлі сөздер де тілімізге ентелей еніп жатқанда ана тілі-міздің тазалығына бұрынғыдан да сақ әрі аса жауапты болуымыз талап етіліп отыр. Ол үшін «тау қопарып, тас үгітудің» қажеті ша-малы. Ең бастысы, әрбір қандасымыз шет тілінен енген атаулардың қазақша баламасын біліп, соны тұрақты қолданса да жетіп жатыр. Ешбір қажеттілігі жоқ жерге шет тілінің терминдерін тықпаламасақ, тіліміздің шұбарланбауына соның өзі біздің қосқан қомақты үле сіміз болар еді. Қазақ тілінің өзге тілдермен салыстырғанда сөздік қорының өте бай екендігін мына бір мысалдан-ақ көруге болады. Айталық, біз табынатын орыс тіліндегі «головный мозг», «носовое мозг», «спиноя мозг», «костовой мозг» деген сөздерді қазақтар ешқашан бір ғана «ми» сөзімен қосақтап, жұтатпайды. Керісінше, «ми», «мұрынбоқ», «жұлын», «жілік майы» деп жеке-жеке өз атау ларымен атайды. Әр затты тек өз атауымен ғана атайтын қазақ тілінің қазынасы өте бай екендігіне көз жеткізетін дәлел де, мысал да жеткілікті. Оның өзі жеке бір тақырыпқа арқау болатын әңгіме. Мұндай бай тілді мұртын бұзбай таза сақтауға толық мүмкіндігіміз бар дегенді ғана ерекше атап көрсеткіміз келеді. Бастысы, қоғам өміріне жаңадан еніп жатқан ғылыми-техникалық түрлі атаулардың қалай аталып, жазылуы керек екенін терминкомдағылар дер ке зінде көпке жедел жария-лап, БАҚ арқылы дереу санаға сіңіріп, қалыптастырып отырсақ, тіл тазалығына қосқан елеулі үлесіміз сол болар еді.

Белгілі бір елдің ана тілінің шұбарлануы сол ұлттың тарих сах-насынан жойылуының белгісі екендігі ғылыми түрде дәлелденген қағида. Тілді таза сақтаудың, оның мәңгілік өмір сүруінің басты тетігінің өзі айналып келгенде, мемлекеттің ұлттық саясатына келіп тіреледі. Ғылым, техника, медицина саласының барлық атауларын қытайшалап алған ханзулар бүгінгі күні әлем өркениетінен арт-та қалып қойған жоқ. Керісінше, қарыштап дамып келеді. Олардың ұлттық тілін қаптаған диалектілерден арылтып «путуң-хуа» етіп біртұтастандыруы, көнеден келе жатқан «ханжы» аталатын таңбалы жазуларын сақтаулары – жаһанданудың қандай нөпіріне болсын, тө теп беретіндей мүмкіндік тудырып отыр. Ал, біздің түркі тілдес

Til keńistigi

Page 52: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

52

татар бауырларымыздың жарыққа шығарып отырған газет-жур-налдарын оқып, телеарнасына құлақ түріп көріңіз. Екі сөзінің бірі орысша. Оны оқыған, көрген түркі тілдерінен мүлдем бейхабар кез-келген орыс еш тәржімасыз-ақ түсінерліктей. Тілге деген әу бастағы немқұрайдылықтың соңы ақыры, оны жоғалтуға, ауыр қасіретке әкеліп тірейтіндігінің бір мысалы осы болса керек. Негізі, әр ұлт өкілі өз ана тілінің қадірін біліп, таза сөйлеуге, қандас бауырлар өзара ана тілінде ғана қарым-қатынас жасауға машықтанса, бұл дегеніңіз аса көп қаржы-қаражат талап етпейтін, қыруар күш пен еңбекке мәж-бүр лемейтін оп-оңай-ақ дүние. Жалпы, тіл мен мәдениеттің адам баласының өмір сүру философиясы екендігі баршаға мәлім. Әрбір ұлт үшін табынып-сиынуға тұрарлық аса қастерлі алты түрлі дүние бар. Біріншісі, жаны мен тәнінің қауіпсіздігін сақтайтын елі мен жері; екіншісі, өмір сүру үшін күнделікті қолданатын азық-түлігі. Біз үшін бұл ата кәсібіміз төрт түлік малымыз болып келді, әлі де солай. Үшіншісі, бізді өзге ұлттардан айыруға болатын, қайталанбас ерекшелігіміз – ана тіліміз бен ұлттық мәдениетіміз. Кез-келген ұлтты жаулаған отар-шылар сол елді ана тілінен айыруға тырысады. Жазба мұраларын өртейді, тарихи ескерткіштерін қиратады; Төртіншісі, имандылық мұраттары мен ағартушылық тетіктері. Мұның түп не гізі – дәстүрлі діни сенім-нанымында. Бесіншісі, елдің күш-қуаты ның кепілі болатын ұлттық бірлігінде. Алтыншысы, жоғарыда атал ғандардың барлығын тұтастырып, сақтайтын мемлекеттік және үкі меттік билік.

Тәуелсіздіктің 25 жылында бірқатар жоғымызды түгендеп, ірге-мізді бекіткенімізбен жоғалтып жатқандарымыз да баршылық. Ең өкініштісі, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе бере тұра өз тұғы ры-на қондыра алмай келе жатқандығымыз. Ағылшын тілін жетік біл-сек, орыс тілін тастамасақ ұшпаққа жететіндей-ақ желпініп жүр-міз. Жат жұртқа табынудың салдарынан біз шын мәнінде, қа зақы қадір-қасиетімізді, бай тілімізді, өміршең әрі қайталанбас дәс-түр-лі мәдениетімізді жоғалтып барамыз. Өзгелердің көздеген мақсат-тарының өзі тіліміз бен мәдениетімізден айыра отырып, өздерінің ықпалын арттыру болса керек.

Әлем тарихында бүгінге дейін бөтеннің мәдениетімен алға шыққан бір де бір ұлт жоқ. Белгілі бір ұлттың халық ретінде сақталуының өзі оның өзгеден тілі, дәстүрі, мәдениеті арқылы дара дербес тұруында ғана. Ал, бөтенмен былғанып, оған мидай араласып, қойыртпақталып кетсе, шаруасы бітті дей беріңіз. Бұл әлемде қалыптасқан шынайы жағдай. Бөтен жұрттың тілін қабылдаған ұлт ағзасына донордың

Til keńistigi

Page 53: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

53

бүйрегін бе немесе өзге бір дене мүшесін алмастырып салған мүгедек адам секілді. Ондай жандар үнемі ем алып, екпе егіп отырмаса, өмір сүре алмайтыны белгілі ғой. Олай болса, тіліміз бен мәдениетімізді сақтауды ең қарапайым қадамдардан бастауымыз керек. Қазақ ті лі нің әдеби нормасы мен стилін бұзушылардың қатарында БАҚ қызмет-керлері біз өзіміз тұрмыз. Газет-журнал журналистері бұл тұрғыдан келгенде, имантараздау. Ал, телевизия журналистеріне дауа болмай тұр. «Қылмыскер темір торға тоғытылды», «Жарылыс нәтижесінде бес адам дереу өліп кетті» деген дүбәра сөздер тележурналистердің еншісінде. Негізі, суға тоғытушы еді. Кейін қой тоғыту деген науқан пайда болған. Ендеше, тоғыту үшін «темір торың» сұйық зат болуы керек емес пе? Орыс тілінен жолма-жол аударылған «нәтижесінде» сөзін жағымсыз мағынада алмастыратын «кесірінен», «салдарынан» дейтін сөздер даяр тұрғанда сіреспе тәржімаға жабысып қалудың еш жөні жоқ. Ана жолы бір телеарна «суық соғыс» деп ұрып жатыр. Егер, әдеби басылымдарды оқитын, зердесі бар редактор болса, бұрыннан қалыптасқан «қырғи-қабақ соғыс» деген тамаша атауды майын та-мызып жазар еді ғой. Осы іспетті көптеген қыңыр-қисық, қотыр-мылжың сөз-сөйлемдер қазақ тілінің тұнық айдынын лайлап бітірді.

Табиғатпен етене жақын араласып, кең байтақ даланы мекен-деген қазақ секілді ұлт пен бір сайдың бойында ну орманда пайда бол ған халықтардың сөйлеу ғана емес ойлау жүйесінде де елеу лі айырмашылықтар болады. Белгілі бір идеяны біз әртүрлі бағыт пен жеткізе аламыз, астарлап, бейнелеп, тұспалдап дегендей. Ал, сөй-леу жағынан келгенде, қазақтан асқан шешен де шебер ұлт жоқ. Қа-зақ жыр-дастандарының қаншалықты терең мән-мазмұнға негіз-делетінін мұнда дәлелдеп жатудың өзі артық деп білемін. Қазақтың бірауыз мақал-мәтелінің, қысқа да нұсқа қанатты сөзінің өзі Батыс ойшылдарының бірнеше том туындыларында айтылған ғахлиясына татитын тұстары бар. Қазақ мақалдарының көңілге қонымдылығы, ұмытылмай есте сақталатындығы, дәлме дәл, ұтқыр болып келетіндігі біздің тіліміздің қаншалықты шұрайлы екендігін дәлелдейді.

Біз қазақ тілін түзеп, өз мәртебесін иелендіруіміз үшін алдымен, бұқаралық психологияны жөнге келтіруіміз керек. Ресей отаршылары жаулап алған кезден бастап біз ұлттық ойлау ерекшелігімізден айы-рыла бастадық. Хандық дәуірде, тіпті, одан да бұрын қазақ қоға мында дала демократиясы болды. Түрмесіз, сотсыз, полицейсіз мамыра жай бейбіт қоғам құра білдік. Жер қайысқан қой мен мыңғырылған жылқы айдаған қазақта материалдық мұқтаждық болған жоқ. Бай мен ке-

Til keńistigi

Page 54: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

54

дейге бөлінген таптық күрес те атымен болмады. Қазақтың тентегі мен сотқарының өзі би-шешендер айтқан бірауыз сөзге тоқ тай тын ақылды еді. Сөз қадірін қазақтай білген халық әлемде санаулы шығар, сірә! Ол тұста шынымен де, қазақ қоғамының рухани санасы өте жоғары деңгейде болғанын тарих беттеріндегі деректерден анық аңғаруға бо-лады. Қысқасы, тарихи сана оянып, азаттық идея сы қалыптаспайынша тілдің де тағдыры өз жөнімен шешім табуы неғайбыл.

Бүгінгі таңда біз ғана емес, жалпы адамзаттың ойлау жүйесі азғын-дыққа қарай құлдилап, анайылыққа бейімделіп барады. Әлемде адам айтса нанғысыз үрейлі қылмыстар жасалып жатыр. Оның неше атасы Интернет арқылы кеңінен тарап, жас ұрпақтың санасын улап бара-ды. Оған қарсы жасалатын басты тосқауылдың өзі айналып келгенде, ана тіліміздегі құнды әдеби мұраларымызды игеру, жастарды ежелгі және қазіргі әдебиетіміздің озық үлгілерімен тәрбиелеу болмақ. Ол үшін жастарды өз ұлтының болмысымен тәрбиелейтін, ана тілімен сусындататын мемлекеттік жүйелі саясат керек. Бірақ, тіл саясатын ұшы-қиырсыз өтіп жататын жиындар, тіл жанашырларының жоғары жаққа мезгіл сайын жолдайтын ашық хаттарымен белгілей алмай-мыз. Онымен іс бітпесі анық.

Қазақ тілінің ақы иесі айналып келгенде, тіл мамандары мен тіл білімі саласының ғалымдары. Олардың артында өздері оқытып, тәр-биелеген қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері деген ірі күш тұр. Ең алдымен, сол күшке жататын мамандар сапалы дайындалуға тиіс. Олардың ізін басқан журналистер қауымы деген тағы бір зор күш иелері бар. БАҚ түрлерінің барлық құрылымдары солардың қолын-да. Газет-журнал, телевизия, FM радиолар, баспасөз хатшылары, PR-менеджерлер, кеңсе ісін жүргізушілер, аудармашылар, дипло-маттар, философтар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, жазушы-лар, сах на мен экран өнерінің қайраткерлері әртістер, сыншылар, саясат танушылар секілді сан мыңдаған қандастарымыз өз ана тілін көздің қарашығындай сақтауға қабілетсіз деуге бола ма?! Осыншама күшіміз бен мүмкіндігіміз бола тұра тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерзімінде тым құрығанда жарымжан жарнамалар мен дүбәра ау-дармадан құтыла алмай-ақ қойдық. Көше толған «Біз ашылдық» де гендей күлкі тудыратын жарнама есті тандырса, әр мекеменің есігінің тұтқасын ұстай алсаңыз «Өзіңе», «Өзіңнен» деген былдыр-батпақ сөз өңменіңнен өтеді. Қазақта «ары-бері», «тарт-итер» деген көңілге қонатын әдемі сөздер жыртылып айырылатын еді ғой. Жас журналистеріміз ұлттық әдебиетіміздің інжу-маржандарын оқыса

Til keńistigi

Page 55: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

55

тілдері түзелер еді. Қазақтың ең кең тараған бір мақалын жиырма жыл бойы айтып-жазып ұқтыра алмадық. Бәрі келісіп алғандай-ақ «былай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз өледі» деп бұра сөйлеп тұрады. Дұрысы, «ары тартсаң арба сынады, бері тартсаң өгіз өледі» деп үндестігімен үйлесім тапқан тамаша бір қанатты сөз. Айта алмасақ несіне қолданып, киелі сөздің құтын қашырамыз?

Қазір халық арасындағы ықпалы аса зор жандар шоу-бизнес өкіл-дері мен әзіл-сықақ театр әртістері болып отыр. Сахна мен тойдағы асабалық «өнерлерін» мидай араластырып жіберген, онысын еш дайын дықсыз сахнаға сүйреп әкеліп, көрерменге еш ұялмастан ұсы-на тын осы сайқымазақтар да тілді шұбарлаудың, қорлаудың не ше атасын көрсетіп жүр. Сахнаға еш қысылмай-қымтырылмай «бет тің арын белдеуге түйіп» шыға келіп, ойларына не келсе, соны айтуды бекзат өнерді қорлау демеске өзге лажы жоқ. Екі сөзінің бірі орыс-ша, қазақшасының өзі тұрпайы болып келетін әзіл-сықақ театр-лар дың көбейгені соншалық, соңғы кезде аттарының өзі адам жа-ңыл дыратын болды. Өнер ошағының атауының өзі «Базар жоқ» дегендей құлаққа түрпідей тиетін тым тұрпайы болғанын бұрын-соңды естімесек, енді, күнде көріп, мәре-сәре болатын жағдайға жеттік. Біз қазақша білмейтіндерден бұрын қазақтілділердің ара-сындағы тіл бұзушылықты жөнге салуды да естен шығармауға тиіспіз деген тұрғыдан мұның бәрін сөз еттік. Енді, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін толықтай қамтамасыз ету, өз тұғырына қондыру секілді өте өзекті мәселеге қатысты кейбір ойларымызды ортаға салайық.

Ұлтымыздың рухани-тарихи мұрасы әрі байырғы жұрттың қазіргі күнге дейін қарым-қатынас құралы ретінде қазақ тіліне Консти-туция арқылы мемлекеттік тіл мәртебесі берілген. Ата-бабадан асыл мұра болып қалған ана тіліміз біздің ғана емес жалпыадамзаттық рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі және асыл құндылықтарының бірі. Онсегіз мың ғаламда тіл атаулы көп. Миллиондаған, тіпті, мил-лиард адам сөйлейтін ірі тілдермен қатар санаулы жандар ғана өзара қатынас жасайтын тайпалық деңгейде қолданылатындары да бар. Алайда, мәселе тілдің үлкен-кішілігінде емес, әр тіл адам баласы үшін өзінше құнды. Әр тілдің артында адамзат мәдениеті, тарихы, өнері, ән-жыры, ауыз әдебиеті, ақыл-ойы, еркіндігі секілді құндылықтары бар. Әлемдегі мыңдаған тілдің бір бөлшегі әрі елеулі өкілі әрине, біздің қазақ тіліміз.

Зерттеулерге қарағанда, бүгінгі күні әлемде әр 14 ай сайын бір тіл жойылады екен. Тілдің өлуі бүкіл бір мәдениеттің, тұрмыстық

Til keńistigi

Page 56: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

56

салт-сананың құрдымға кетуі деген сөз. Әрбір елдің мемлекеттік саясатындағы ана тілінің, ұлттық мәдениетінің орны ерекше. Себебі, адамзат мәдениетінің өзі белгілі бір мемлекеттің ең негізгі саясатын, ресми көзқарасын, ұлттық позициясын оның өз тіліне деген құрметіне қарап таниды. Сондықтан да, ел басқарған тұлғалар неше жерден по-лиглот болса да, ресми сапармен барған барлық елде өз мемлекетінің ана тілінде ғана сөйлейді. Әлемде тәуелсіз дербес елдер мен халықтар бар кезде сол мемлекеттердің ана тілі мен мәде ниеті мәселесі ешқашан күн тәртібінен түспек емес. Әрине, бел гілі бір елдің тілдік ортасының қамтитын аумағына қарай өз ерек шеліктеріне сай тілдік саясаты айқындалары мәлім. Айталық, 1990 жылдардан бері қарай ағылшын тілін өзінің төл мәдениеті ре тінде қабылдағандардың саны 350 мил-лион адамға жетсе, екінші тілі ретінде санайтындар 400 миллионға жуықтаған. Олай болса, адам ресурстары мен экономикалық әл-ауқаты жағынан алдыңғы қатардағы елдер өз тілдерін баршаға тара-тып, жаһандандыруға тырысса, керісінше, тұрғындар саны аз шағын мемлекеттер өз тілдері мен мәдениеттерін ғаламданудың нөпірінен қорғауға барын салып жатқанын аңғару қиын емес.

Біз үшін де маңыздысы, ұлттық ерекшелігімізді жоғалтпау, та-рихымызды, мәдениетімізді, ана тілімізді қаймағын бұзбай сақтау. Қазіргі күні ағылшын, орыс, қытай тілдеріне түрлі деңгейде қа-жеттілік туатыны рас. Ғылым-білім, техника, бизнес дегендей әлеу-меттік қарым-қатынастың барлық саласын қамтыған көп тілділік мәселесінің еліміз үшін шынайы талапқа айналғанын да жоққа шығарудан аулақпыз. Бірақ, мұның бәрі қазақ тілін құрбандыққа шалу есебінен жүрілуіне түбегейлі қарсымыз.

Жаһандану үдерісінде шет тілдік білім беру саясатын жүзеге асырғанда мемлекеттік әрі ана тіліміз – қазақ тілінің мәдени тұтас-ты ғын бұзбауды және қоғамдық дамудың шынайы бағыт-бағдары на сай тілдердің тепе-теңдігін сақтайтын ахуалды қалыптастыру Қазақ үкіметінің басты саясаты болуы тиіс. Тіл туралы заңдарымыздың өзі жат тілдердің интервенциясынан ана тілімізді қорғайтын тетікке негізделгені абзал болмақ. Заңда мемлекеттік тіл аясында ұстануға тиіс басты бағыт қазіргі қазақ тілінің әдеби нормасын сақтай оты рып, түрлі атауларды ғылыми негізде лайықты тағайындау, ресми түрде бекіте отырып, жүзеге асырғанда тіл органдарының кәсіби кеңесіне жүгінуді қалыптастыруы керек. Азаматтық, қылмыстық кодекстерді бұзғандар заң алдында қалай айыпталса, тіл заңын бұзғандар да дәл солай жауап беруі міндеттелгені қажет деп білеміз.

Til keńistigi

Page 57: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

57

Елімізде қазақ тілінен өзге ешбір шет тіліне басымдық беріл-мегені абзал болар еді. Ол үшін аударма ісі мамандарын тек қазақ тілінің базасында ғана дайындап шығаруды меншік нысандарына қарамастан барлық ЖОО басшыларынан, ғылыми кеңесінен та-лап ету керек. Бізде ғылыми-практикалық мәслихаттар өтіп, тіл жайын да түрлі қарарлар қабылданып жатады. Бірақ, жүзеге асы-рылуы ілуде бірі ғана шығар. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз өзге елдің бодандығында болса да көзінің қарашығындай сақтап келген ана тілімізді тәуелсіздік алған соң өз тұғырына қондыра алмасақ елдігімізге сын.

Жыл сайын ақпан айының 21-ін ЮНЕСКО тарапынан «Халық-ара лық ана тілі күні» етіп атап өтеді. Қыркүйек айының соңғы ап-тасында біз де тілдер мерекесін тойлаймыз. Көптеген игі шаралар ұйымдастырылады, қалыптасқан жақсы дәстүрлеріміз де баршы-лық. Енді, оның тиімділігін арттыру, ықпалын күшейту мәселесін уақыт оздырмай қолға алуымыз өзекті болып отыр. Ол үшін ең ал-дымен, жалпы білім беретін орта мектептер мен жоғары оқу орын-дарына арналған оқулықтар, нұсқаулықтар, кітап, құралдарда қа-зақ тілінің ережелері, стильдік талаптары, әдеби тілдің нормасы қатаң қадағалануы бәрінен маңызды деп есептейміз. Ана тіліміздің тектілігін, әсемдігін, көркемдігін дәл осы нысандарда барынша сақ-тап, шешендігі мен шеберлігін мейлінше жеткізе білсек, жас буынның тілдік әлеуетінің арттырылуына баға жетпес үлес қосқан болар едік.

Еліміздің қоғамдық-экономикалық тұрақты дамуын және ұлт-тық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тіл саясатын қалыптастыратын ғалымдар кеңесін құрып, Президент жанында жұмыс істетуді ұсыныс еткіміз келеді. Аталмыш кеңес мемлекеттік тіл туралы заңдылықтарға толықтырулар мен өзгерістер енгізуді, тілді қорғауға қатысты құқықтық актілерді дайындауды, ана тіліміз бен шет тілдері арасындағы мәселелерді, саясатты сабақтастыру мен, үйлестірумен айналысса, қанеки! Сондай-ақ, оны кейін Тіл саясаты жөніндегі ұлттық кеңес етіп кеңейтіп ұйымдастырсақ, тіпті де, нұр үстіне нұр болар еді. Сол арқылы тіл ұйымдарының функцияларын, іс-қызметтерінің бағыт-бағдарларын белгілеп, ана тіліміз бен шет тілдерінің оқу стандарттарының мазмұнын ұлттық ерекшелігіміз бен әлемдік нормаларға сай жетілдірсе. Мемлекеттік тіл туралы жа-ңадан арнайы заң қабылдап, оның орындалу барысын Парламент палаталарындағы тұрақты комитеттер арқылы талқылап, елімізде ана тіліміздің басымдығы мен билігінің үстемдігін арттыратын өз-

Til keńistigi

Page 58: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

58

герістер енгізілгені абзал. Жарыққа шығарылатын барлық басылым-дар мен құжаттардың тілдік, стильдік сапасын жаңа сатыға көтеру үшін меншік нысандарына қарамастан барлық баспаханаларда бі-лік ті баспа редакторларын жұмыс істететін ереже бекітілуі қажет. Ана тіліміздің құндылығын арттыру, жас буынның тілдік білімін жетілдіру үшін ЖОО-ға, «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелдік оқу орындарына және мемлекеттік қызметтерге қабылданатын үміт керлердің жаппай қазақ тілінде ауызша және жазбаша емтихан-нан өтуін заңдастырсақ.

Қала және елді мекендердегі ұйым, мекемелердің атаулары, кү ре жолдар бойындағы жазбалар тек қазақ тілінде ғана болуын да қалып-тастыруымыз керек. Жарнама, түрлі атаулар, ақпарат құралдары мәтін дерінен бастап, оқу-лықтар, әдеби басылымдарға дейінгі бар-лық жазбалардың тілдік сапасына, стиліне тұрақты бақылау жасап, кеткен қателерді дер кезінде жөнге келтіріп отыратын тіл сақшылары да ауадай қажет-ақ.

Til keńistigi

Page 59: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

59

ГАУҺАР ЖҰМАБЕКОВА

С.Торайғыров атындағыПавлодар мемлекеттік университетінің

аға оқытушысы

ЗИЯТКЕРЛІК КҮРЕТАМЫР

Тәуелсіздіктің арқасында төл тарихымызды жаңғыртуға мүмкіндік алдық. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» мемлекеттік бағ-дарламасы негізінде дүниежүзіндегі түрлі мұрағаттардан өзіміздің ұлт тарихымыз туралы мол мағлұматтар, деректер алып, оны жинап, зерттеуге мүмкіндік туды. Бұл біздің тәуелсіздігіміздің айқын бір белесі болды.

Рух, ұлттық сана, ұлттық код жаңғырмай, алысқа көз алартып, ұзаққа бара алмасымыз анық. Ұрпақтың ұлттық кодты сақтап қа-луы ұлттың рухани құндылықтарының астарында жатыр. Ұлттық код, алдымен ұлттың тілінде, ділі мен дінінде, салт-дәстүрі мен мәдениетінде. Бірақ біз бір нәрсені жақсы ұғынып, іске асыруы-мыз керек. Ол – тек қана өз шеңберіңде қалып қоймай, басқа озық елдерге қарап бой түзеп, дәл солай бола алмасақ та, «ұқсап бағып» алға ұмтылу, тырысу, мойындату. Әйтпегенде, заман көшінен қалып қоюымыз ғажап емес. Бүгінгі күн тың идеялардың, әрі интеллек-туалдар, әрі прагматиктердің заманы. Сондықтан да еліміз мәңгілік болу үшін ұлттық тамырдан нәр алып, заманға сай көш ілгері нық қадам басуымыз қажет деп білеміз. Мысалға, Елбасымыз үнемі кө-теріп жүрген бәсекеге қабілеттілік, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілді білім беру», латын әліпбиіне көшу сияқты іргелі бағдарламаларды атауға әбден болады.

«Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орын-сыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көрегенділікті

Til keńistigi

Page 60: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

60

көрсетеді» (Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаң-ғыру» атты мақаласы).

Демек, бұдан не түюге болады? Біріншіден, қазіргі қоғамдағы кей-бір әлеуметтік мәселелерді аңғарамыз. Қазіргі ысырапшылдық пен астамшылық қазақтың төрінен орын алғаны соншалық, шамасы жететіні бар, жетпейтіні бар ақпа-төкпе той-томалақ жасауға бейіл. «Қанағат қарын тойдырады» деген қағидадан алшақтап, алды-арты мызға қарамай, «көрпемізге қарап көсілмей» прагматизмнен аттап барамыз.

Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлттық сананы жаңғыртпай, іргелі ел болып қалуымыз екіталай. Неге десеңіз, мемлекеттің негізгі ұс-тыны – ұлт, қазақ ұлты. Ал қазақ ұлтын құрайтын атрибуттар, әл-бетте ұлт тілі, ұлт әдебиеті, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық білім мен ғылым, ұлттық өнер және мәдениет, ұлтқа жанашырлық деп білуіміз тиіс. Әрбір қазақстандық «Мен мемлекетіме не бере аламын?» де-ген принципті ұстанса, оны баласының санасына сіңірсе, сапалы ұрпақтың жемісі өз кезегін көп күттірмейтіні анық.

Осы ретте, ұлттың тұтастай жаңғыруы үшін «ақырын жүріп, анық басатын» қадамдардың алғышарттарын алға тартуымыз әбден заң-ды. Бүгінгі күні тек рухани даму, толысу жеткіліксіз, біз рухани әрі материалдық игіліктердің үйлесімін тапқанда ғана бәсекеге қа-білетті, терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік Мәңгілік Елге ай-наламыз. Ал осы заманның материалдық игілігі зияткерлікте болып отыр. Мәңгілік Елге айналудың тетіктері сан алуан. Солардың ішіндегі маңызды әрі нәтижелі тетік – технология, технократтық білім. Бүгінде заман талабына сай жаңа кәсіптердің толқыны лек-легімен пайда болады деп болжам жасалуда. Мәселен, IT-генетика маманы, мультивалюталық аудармашы, космотуризм менеджері, генетикалық кеңесші, виртуалды әлем дизайнері, IT-дәрігер, желілік заңгер және басқа да сұранысқа ие болатын кәсіби білікті мамандардың за-маны туады. Ел болып ұйысудың негізі рухани құндылықтармен қатар, инновациялық, ақпараттық-технологиялық жаңалықтардың ұштасуы, тоғысуы дер едік. Алысқа көз жүгіртпей-ақ, Азиядағы Жа-пония, Корей елдері осы аталған бағыттарды сауатты ұштастырудың арқасында әлемді аузына қаратып отырғаны бізге үлгі-өнеге болуы керек деп ұғынуымыз керек.

Жоғарыда қазақ ұлтын құрайтын негізгі атрибуттардың бірі – ұлттық білім мен ғылым жайында сөз қозғаған едік. Ұлттық білім мен ғылымды екі тараптан қарастырсақ, алдымен мемлекеттің гүлденуі

Til keńistigi

Page 61: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

61

үшін сол мемлекеттің ана тілінде білім мен ғылым кең қанат жайып, алып бәйтерек сияқты тамырын терең жіберуі керек. Оған нақты айғақ ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан, әлі де асатын «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын келтіре аламыз. Бүгінгі нәтиже – әлемде үздік деп танылған он сегіз оқулықтың қазақ тіліне аударылуы. Осы ретте, де-рекке сүйенсек, 2016 жылы білім саласына 95 млрд теңге бөлінген ді-гін айта кеткен жөн. Екіншісі, әрбір қазақстандықтың кәсіпкерлік пен айналысуына мемлекет тарапынан жағдай мен қолдаудың көрсеті-луі. Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясындағы ұлттық эко-но ми ка мыздың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, отан дық кәсіпкерлікті дамытудың алғышарттарын нықтап берді. Егер кәсіп керліктің түп мәніне үңіліп, бажайлап қарайтын болсақ, біз тек эко но микалық жағын ғана көрумен шектелмей, оның тереңдігі әл де қайда арыда жатқаны, яғни кәсіпкерліктің салдары ұлттың ин-тел лектуалдық, рухани мәйегіне кеп құятынын саналы түрде ой еле-гімізден өткізген жөн деп тұжырамыз.

Ал енді келесі атрибутқа тоқталайық. Ұлттық тілдің тағдыры ке-лешектің қамын ойлайтындар үшін жауапкершілігі зор, пәрменді әре кетті көп талап ететін халықтық мәселе. Қоғамдық сана жаңа трансформацияға ыңғайлануы қажет. Кеңес өкіметі заманында бар қазақ орыс тілін игеруге ұмтылғанын тарихтан жақсы білеміз. Өйт ке ні сол кез үшін орыс тілі оқу, білім, ғылым, күнкөріс, коммуникацияның тілі болғаны аян. Енді қазіргі кезге зер салайықшы. Бүгінгінің талабы ағылшын тілін меңгеру және жай ғана үйреніп қоймай, оны өмірдің барлық салаларына енгізу, қолдану болып отыр. Қазір еліміздің 18 млн тұрғындарының 1,8 миллионы ғана ағылшын тілін біледі екен.

Жаһандану дәуіріне төтеп беріп, ұлт, мемлекет боп сақталып қалу үшін әр ел өзіндік түрлі бағыттағы модельдерді ойлап тауып, шама-лары келгенше жүзеге асырып жатыр.

Ең алдымен, Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары мен страте-гияларын, түрлі мемлекеттік бағдарламаларын, мақалаларын жете ұғынып, әрбір қазақстандық сол бағыт-бағдарда күш-қуатын салып, болашақ үшін әрекеттер жасау қажет деп санаймыз.

Екіншіден, ағылшын тілі арқылы біз әлемдік ақпаратқа еркін қол жеткізіп, дүниетанымымыздың көкжиегін кеңейтеміз.

Үшіншіден, ағылшын тілі арқылы түрлі цифрлық, IT-техно ло-гиялар, 3D, 4D және басқа да түрлі форматтардың кәсіби тіліне жол ашамыз.

Til keńistigi

Page 62: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

62

Төртіншіден, латын әліпбиін қарқынды әрі жіті меңгеруімізге септігін тигізеді. Демек, біз тек ұтатын боламыз. Латын әліпбиіне көш сек, мемлекеттік тілдің мәртебесі динамикалық тұрғыдан өріс тейді, гуманитарлық, жаратылыстану ғылым салалары жа ңа-ша көзқарасқа икемделіп, контент сапасы неғұрлым арта түсе ді, ағылшын тілін үйренуді оңтайландырады, бүкіл түркілік ынты мақ-тастық бағыттарды нығайтады. Ал бұл мәселе біз үшін де, басқа түркі халықтары үшін де жалындап тұрған жаһандану отына жұтылып кетпеудің, сақтанудың бірден-бір жолы болмақ.

Құнарлы, философиялық, бейнелі де бай тілімізді қызыл сөзбен безендірмей, нақты іспен дәлелдейтін кез жетті. Дерекке сүйенер болсақ, дүниежүзінде тіл байлығынан 1 миллион 200 мың сөздік қоры бар араб тілі алдыңғы қатарда, ал екінші орынды 750 мың сөздік қорымен ағылшын тілі алса, 500 мыңнан аса сөздік қоры бар қазақ тілі үшінші орынға ие. Қазақ тілінің ендігі болашағы инновация лық-технологиялық тетіктерді іздестіруде деп білеміз. Ұлы даланың ұлы мұраттарына жету үшін ұлттық тілді заманауи үлгілермен сөйлету, таныту жолдарын қолға алсақ деген лебізімізді де жасыра алмаймыз.

Ұлт Көшбасшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында екі үлкен мәселеге аса үлкен мән берілген: біріншісі – ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт, екіншісі – тарихи сананы жаңғырту. Елбасы атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны, архив – 2025, ұлы даланың ұлы есімдері, түркі әлемінің генезисі Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы», ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі, дала фольклоры мен музыкасының мың жылы, тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі сияқты келелі тақырыптарды алға тартты.

Осы мақаланың ішіндегі «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әле мі нің бесігі», «Түркі әлемінің генезисі Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы» бөлімдеріне тоқталмақшымыз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың ұлы есімдері» бөлімінде нақты тапсырмалар берді. Мәселен, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің галереясын жасау, «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шыға-рып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру.

Til keńistigi

Page 63: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

63

Бұл орайда ұлы даланың ұлы есімдерін, оның ішінде қазақ хан-дарын толыққанды дәріптеуді, насихаттауды, әлемге танытуды бірауыздан қолға алсақ ұлттық тарихымыз жаңғырып, рухымыз асқақтай түседі. Қазақ хандығы кезіндегі белгілі тұлғалар мен елеулі кезеңдерге тереңдеп еніп, барлай алуға үлкен мүмкіндік пен зор жауапкершіліктің, сынның мезгілі келді. Әрине, осы күнге дейін де бірталай игі шаруалар атқарылғаны белгілі. Дегенмен, бізге бұл аздық етеді. Ұлы халық екенімізге ешкімнің шүбәсі болмас, күмәні ту-мас! Ұлан-байтақ жерін ұрпағына мұра, мирас етіп қалдырған, қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібектен бастап, соңғы ха-нымыз Кенесарыға дейін әспеттеп, жақсы көру сезімін алты жас тағы баладан еңкейген қарияға дейін көңілімізге ұялату керек. Біз сонда ғана елдің, жердің қадірін түсінетін боламыз.

Қазақ хандығының ұлы да құдіретті әміршілері Керей, Әз Жәнібек, Қасым, Хақназар, Тәуекел бахадүр, Еңсегей бойлы Ер Есім, Салқам Жәңгір, Әз Тәуке, Абылай бахадүр, Кенесары хандардың аруағына тағзым! Ләйім солай болғай!

Ұлы даланың осындай ұлы есімдерін қарапайым халықтан бастап, зиялы қауымға бірдей ұғынықты болатын насихаттау жұмыстарын жүргізіп, хандарды танытудың жаңа, түрлі форматтарын ойлап та-уып, заманауи технологияларды қолдануды қолға алуымыз керек. Қоғамның барлық өкілдерін қамтитындай іс-шаралар жүргізілсе, мәселен, мультфильм, қысқа метражды бейнероликтер, радио, телебағдарламалар,тіпті тарихымызға арналған арнайы телеарна ашу (мысалы, History сияқты), газет-журналдарда арнайы айдар ар-нау, интернет басылымдарда шығару, деректі фильмдер мен тарихи, көркем фильмдер түсіру, балабақшадан бастап, жоғары оқу орын-дарында қосымша сабақ, үйірме, факультатив, элективті сабақтар ретінде өткізуді қолға алсақ келешекте ұрпағымыздан алғыс жауа-ры хақ. Әрбір ханға жеке кітап шығарып, аударма ісін қолға алсақ та артық етпес.

«Түркі әлемінің бесігі» дегенде, әлемдік өркениеттің мақтанышы, ойшылы әл-Фараби мен рухани көсем Ахмет Ясауиге арналған мұ-ражай, зерттеу орталықтарын ашу мемлекетіміздің рухани, эконо-микалық, зияткерлік, туризм салаларына айтарлықтай септігін ти-гізетін еді.

Бүгінде мемлекет тарапынан қазақ елінің ежелгі астанасы кие лі Түркістанды жан-жақты дамыту қолға алынғандығы мәлім. Бола-шақта Қазақстанның мәртебесі мен беделін Түркістанның арттыра-

Til keńistigi

Page 64: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

64

тынына сеніміміз мол. Қазақтың ойшыл ақыны М.Жұмабайұлының «Түркістан» өлеңінде:

Түркістан – екі дүние есігі ғой,Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.Тамаша Түркістандай жерде туғанТүріктің Тәңірі берген несібі ғой, – деп жырлауы тегін емес.Жазушы Ә.Кекілбайұлының «Тәуелсіздікке қолы енді жеткен елі-

міздің де бірден-бір ұлттық мүбәрәгі – Түркістан» деуінің мәні зор болса керек.

Ұлы даланың ұлы мұраттарын жаза берсек, «Мың бір түн» хика-сынан да көп болары анық. Дегенмен, ұлтты ұлы мұраттар алға жетелейтінін де естен шығармайық. Ұлы даланың рухани-зияткерлік күретамыры төл тарихымызда, биік рухымыз бен ұлттық кодымыз-да жатқанын түйсінсек болғаны.

Til keńistigi

Page 65: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

65

СЕРІКҚАЛИ БӘЙМЕНШЕ

Қазақстанның құрметті журналисі,Ресей Аудармашылар одағының мүшесі, ф.ғ.д.

БАЛАМА СӨЗДІҢ БАҒЫН АШ

Бәріміздің де жаратылысымыз – қазақ, тіліміз де, діліміз де – қазақ. Дүниенің бәріне қазақша қараймыз және өзге ұлттың өкілдері де, ана тілін жақсы білмейтін ағайындар да біздің жалпақ қазақ тілімізге солай қарайды, солай түсінеді, солай қабылдайды деп ойлаймыз. Бірақ, шынында солай ма?

Мысалы, қазақы сөзжасам үдерісінде біздің нені басшылыққа ала-ты нымыз қазақ тілін үйреніп жүрген басқа ұлт өкілдеріне ға на емес, жалпы қазақы жұртқа да әлі күнге дейін белгісіз болып көрі неді. Егер бүгінгі қолданыстағы, аудармамен араласқан тілімізге бір сәт өз көзіңізбен һәм біздің тілімізді үйренуші ұлттың көзімен қарап көрсеңіз – қазақша термин тудырудың, атау берудің, балама тудырудың тара-тып айтып, тәмсіл ететін төл тәжірибесін тап баса қоймайсыз.

Біз жаңа сөзжасамға (термин, атау, балама) орыс тілінен аудару ар қы лы қол жеткізіп келеміз. Аударма арқылы сөздік қорымыздың мо лай ғанын ешбір жоққа шығаруға болмайды. «Сөздік сөздіктен жа са лады» дегендей, жылма-жыл балалап жатқан сөздіктер сол ау-дар маның арқасында қалыңдай түсуде. Бірақ бір нәрсе жетіспейді. Жетіспейтін нәрсені бірден аңғару қиын да. Кәсіби аудармашылар арасында қалыптасқан «Перевод начинается там, где кончает-ся словарь» деген тіркес сол жетпестікті бейнелей алатын тәрізді. Мұның мағынасы мынаған саяды: сөздіктен қажетті сөзді таппаған аудармашы қалай болғанда да сол мәтінді ойдағыдай аудару үшін өзінің бүкіл кәсіби қабілетін көрсетуге ұмтылады, басқа тілдерді пайдалана отырып зерделейді, ақыры осы ізденістері арқылы түпкі нәтижеге қол жеткізеді. Бұл сөзжасамның да серті: жаңа баламаны ең әуелі өз тіліңнің қойнауынан ізде; одан таппасаң, сол жоғыңа түбі бір туған жұрттан іздеу сал; бұ жақтан да бір хабары шықпаса, онда

Aýdarma

Page 66: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

66

осыдан кейін барып жаңа сөзді жарысқа қос (төмендегі ұсыныстар аталған бағыттарға сай өрбиді).

Шарт пен шар+ыт. Осы орайда ұшына шыға алмай жүрген ұғым-ның бірі ретінде «условие» сөзін айтуға болар еді. Бұл мәнмәтіндік мазмұнына қарай бірде «жағдай», бірде «талап» деп қолданылса да тура баламасы – «шарт». «Договор» да «шарт» деп аударылады және солай қалыптасқан, егер ұлттық ұғымға салсақ, бұл «уағда». «Уағдаласушы тараптар» деген тіркес бар. Бірақ «шартты» енді «уағда» деп бұза ал-маймыз. Аударма тәжірибесі көрсетіп отырғандай, «условия договора» дегенді «шарттың шарттары» деп жазбас үшін, бірде «шарттың талаптары» десек, екінші жолы «шарттың жағдайлары» деп қолданамыз. «Договор» жоқ жерде ғана жеке ке ліп қалса, «условиені» «шарт» деп нықтап жаза аламыз. Бұдан бас қа тілімізде «шарт жүгіну», «шарт жұму», «шарт ету», «шарт кету», «шарт сыну», «шартты реф-лекс», «шартты белгі», «шартты рай» сияқты т.б. осындай тіркестер бар екені белгілі. Осы ретте «условиенің» «обстоятельство», «требо-вание» мағыналарына сәй кес келетін баламасын «шарыт» үлгісінде қолдансақ қалай болар еді. Ондай жағдайда біз үшін «условия дого-вора» – «шарттың шарыт та ры» болмақ... (Әгәрки жұртшылық осы ойды қолдап жатса, әртүрлі жазылатын «условиенің» тұрақтауға тиісті мағынасына біртабан жақын дай түсер едік. Біріншіден, «шарыт-ты» «условия договора» және басқа талап, міндет, парыз ұғымдарына сәйкес келетін мақсатында ғана пайдалану; екіншіден, тіліміздегі параллель (қатарлас) сөздер (жоғарғы-жоғары; өкімет-үкімет, т.б.) сияқты «шарт-шарыт» үлгісін ұстану. Айталық, «ЕАЭС и Иран перехо-дят на преференциальные условия торговли» деген сөйлемді біз әдетте «ЕАЭО мен Иран сауданың преференциялы жағдайларына көшеді» деп аударамыз; егер «шарытты» қолдансақ, ол «ЕАЭО мен Иран сауданың преференциялы шарыттарына көшеді» деп жазылар еді де «жағдай» өз «случай» -ын күтіп, жайына тұрар еді. Сол сияқты «об установле-нии случаев и условий...» деген тіркес кездесті дейік. Әдет бойынша «...жағдайлары мен шарттарын белгілеу туралы» деп аударатыны-мыз сөзсіз. «Шарттарын» деген соң-ақ оқыған адамның ойында «до-говор» тұрады, ал «...жағдайлары мен шарыттарын белгілеу туралы» деп жазсақ, нақты мазмұнға жақындай түсеміз. Бір әріпті қоса оты-рып, қолданыс тәжірибесін былай да өзгертуге болар еді: «Оның бәрін білу шарыт емес; «аталған шарыттар арқылы», «шарытты жаза», «шарытты түрде», «шарытты есептелген», «шарытты белгі», «ша-рытсыз рефлекс», т.б. осы сияқты. (Түбі бір жұрттан бір мысал: қырғыз

Aýdarma

Page 67: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

67

баспасөзінен: «...озунун арын сактап журуусу шарыт» деген жолдар-ды оқыдық); Сол сияқты «контракт» – «келісімшарт» деп екі сөзбен аударылды. Бірақ өткен тарихымызға жүгінсек, бұрын «контракт» мағынасын берген сөз қазақ тілінде бар болатын, ол «шартнама» деп аталатын.

Куәлік пен куәлік+ше. «Удостоверение» – куәлік екені рас. «Лич-ное удостоверение», яки «жеке куәлігіміз» бар. Қандай жағдайда да «удостоверениені» басқаша аударуға болмайды. Мәселен, «сви-детельство» да – куәлік. Құжаттарда кейде осы екі сөз қатар келіп қалады. «Свидетельство» деп сол күйінше қалдыра алмаймыз, оны да «куәлік» деп қотарамыз. («Свидетельствоның» «айғақ» деп бекітілген және бір мағынасы кездеседі).Тіліміз бай дейміз. Олай болса, жоғарыдағы екі сөзге неге екі бөлек балама бермейміз? Міне, төл терминжасам алаңындағы алынбай жүрген қамалдың бірі нақ осындай сөз иірімдері болса керек. Бізден бұрын өткен аудармашы ақсақалдар осы екі сөзді бір-бірінен айыру үшін «свидетельствоның» «куәлік қағаз» деген үлгісін қалдырып кетіпті. Бірақ біріккен сөз үлгісімен пайда болған не қос сөз түрінде көп қолданылатын мұн-дай баламалардан («вызов» – сын-қатер деген сияқты) бәрібір жа-сан дылық сезіліп тұрады. Сол себепті біз «−ше» жұрнағын жалғау арқылы жаңа мағына беретін туынды сөз жасауды ұсынамыз. Сонда «удостоверение» – куәлік, «свидетельство» – «куәлікше» болады; кері аударылған кезінде де ненің не екенін бірден айыруға болады.

Нұқсан мен залал. «Ущерб» деген сөздің қазақша баламасы да бағы ашылмай, «ущемление» көріп жүрген байғұс па деп қаласыз. Тыңдаңыз: «ущерб» – Парламенттің бір палатасы шығарған кітапта – «залал», екінші палатасы шығарған кітапта – «нұқсан». Ал соңғы жыл-дары шыққан отыз томдық терминологиялық әйдік сөздікте «ущерб» – нұқсан (17-т.), залал (22-т.), зиян (27-т.), зардап (29-т.). Қазақ тілін үйренемін деген адам болмаса аударманың айналасында жүрген тәр жімеші осының қайсысына сүйенбек? Бәрі де – заңды, бәрі де – Терминологиялық комиссияның (бұдан әрі – Терминком) пәрменімен жарық көрген кітаптар. Қайсысына сүйенсеңіз де сіз қателеспейсіз, тек қайран қазақ тілі ғана қателеседі. Аударма сөздіктерде «ущерб-тің» мағынасы көп, ол: зақым, залал, залалкес, зарар, зиян, зиян-дау, кемістік, кемушілік, нұқсан деген сияқты үлгілерде жалғаса береді. Орыс тіліндегі ущерб, убыток, изъян, урон, вред, т.б. – мәндес сөздер. Бірақ сөз терминологиялық сөздік туралы болып отырғаннан кейін, онда жалпы аударма сөздіктегідей көп балама лық

Aýdarma

Page 68: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

68

болмауға тиіс. Ол нақты бір сөзбен бейнеленуі шарт. Мысалы, «вред» сөзінің «зиян» деп, түбірі сақталып нақты аударылғанын және осы негізде одан басқа сөздер туындайтынын үлгі ете отырып, «ущербті» сол негізде тиянақтауымыз қажет. Залал – «ущерб» пе, «убыток» пе? «Залалсыздандыру» деп аударылып жүрген «дезинфекция» бұған қай тұсынан «туысады»?! «Взыскание убытка» – залалды өндіріп алу деп қазақшаланған. Осыларды ескере келгенде, «нұқсанды» қайда қалдырамыз?!

«Жағдай» қалай? «Ситуация» – жағдай, «обстановка» – ахуал тү рінде қолданылып жүр, кейде орындары ауысып та кетіп жатады. Бірақ қазақша білетін адам бұлардың бәрібір бір мағынаны білдіріп тұрғанын сезеді, соған орай аударманың дәлдігіне назар аудара қой-майды. Біздің көп баламаларымыз нақ осы қазақша сезінудің («ма-ғынасы келіп тұр ғой» деудің) салдарынан тұрақсыз болып келе жа-тыр (Сөздікке сенсеңіз, «ситуация» – ахуал, жағдай, жағдаят, жайт. Осы мағынадағы «обстановка» – ахуал, жағдай).

«Инвестиционный климат» – инвестициялық ахуал болып ауда-рылған. Егер бұларды кері аударсаңыз, біреуінің де жалы нан ұстап қала алмайсыз. «Жағдай» десеңіз-ақ оны «случай» сүйреп алып ке-теді; екінші жағынан, «экономическое положение» (экономикалық жағ дай) келіп қырындайды. «Условие» (мысалы, «условия догово-ра») ұмтылып қалады. «Ахуал» да солай: өз тұрақсыздығының ке-сі рі нен «обстановкамен» әкей-үкей; «обстоятельство» мен «кли-матқа» да кет әрі емес. «Состояние»-нің де «жағдайға» жабыса ке те тін реттері бар. Мұндайда аударушы ағайын қайтпек керек? Әри не әрі-сәрі қылмай, бір сөзге бір ғана балама беру қажет. Соған орай ұсынатынымыз: случай – жағдай; обстановка – ахуал; об-стоятельство – мән-жай; ситуация – жағдаят болсын, осыны мүлтіксіз орнықтырайық.

Ылғи «...тық», «...тік». Әдеби тіл сол тілді жақсы білетін адамдар-дың өзіне әрқашан шет тілі сияқты болып көрінеді деген пікірдің сөзжа сам практикасына да қатысы бар деп ойлаймыз. Мысалы, біз балама сөздерді айналысқа қосқанда, жоғарыда айтқандай, олардың бол мысына қазақы көзбен қараймыз. Жаңа қолданыстардың жазы-луы былай тұрсын, айтылуының өзі бізге ғана емес, мемлекеттік тілді игерсем деп жүрген қандастарымыз бен басқа ұлт өкілдеріне де қиын-дау екенін ескере бермейміз. Айталық, «құқық» деген сөзді қазақтар-дың өзі біраз уақыт айта алмай жүрді, тіпті оның «құқ», «хұқ», «хұқық» деген нұсқалары қолдануға біршама жеңілірек деген пікірлер әлі де

Aýdarma

Page 69: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

69

кездеседі. Бұл сияқты мысалдар баршылық. (Орайы келген соң айта кетейік, көрнекті жазушымыз Мұхтар Мағауиннің өз еңбектерінде «құқұқ» деп қолданып жүргені тегін емес). Жалпы түсініксіз сөздер не айтылуы мен жазылуы қиын қолданыстар неғұрлым көп болса, ондай тілді тұтыну соғұрлым белгілі бір дәрежеде кеми түсетінін тілнаманың арғы-бергі даму тарихы дәлелдеген. Сол себепті қай тіл болса да өзінің жеңіл қолданылу мүмкіндігін кеңейту арқылы тарала түседі. Орыстың «брэндті» бренд, «трэндті» тренд деген сияқты, кірме сөздерді оп-оңай қабылдап, атасөзіндей қылып өз тіліне сіңіріп ала қоятын салтының сабақты ерекшелігі осында. Бүгінгі танымал тілдердің кең жайылуының себебі де нақ тұтынуға жеңілдігінде жатыр. Қазақ тілін қолдану, ұлттық сөзжасам ісі де бұдан сырт тұрмауы шарыт. Бізде көп баламалар «-тық», «-тік» жұрнақтары арқылы көбірек жасалады. Қазақ сөздеріне қатысты бұлардың бәрі үйлесімді, мысалы: азамат+тық, ұлт+тық, т.б. Бірақ орыс тілі арқылы біздің қолданысымызға енген шет жұрт сөздеріне (холдинг, клиринг, инжиниринг, лизинг, мар-кетинг, демпинг, мониторинг, каверинг, каршеринг, т.б.) «-тік», «-тық» жұрнақтарын жалғау арқылы балама тудыру тәжірибесі сәтті деп айтуға болмайды. Әрине мұндай кірме сөздерге жалқы есімдер ретінде көптік жалғаулар жалғануына, зат есім ретінде тәуелденуіне, сол сияқты жеті түрлі болып септелуіне қарсылық болмайтыны белгілі, мәселенің мәнісі – анықтауыштық қатынастағы қолданылуы жайында ғана. Мысалы, «инжиниринговые услуги – инжинирингтік қызмет көрсету», «демпинговая маржа – демпингтік маржа», «марке-тинговые услуги – маркетингтік қызметтер көрсету», т.б. болып ау-дарылады. Біз бұл кірме сөздерді дәл осы орайында жалғау жалғамай атау тұлғасында пайдалану тәжірибесі дұрыс болар еді деп ойлай-мыз. Айталық, «инжиниринговые услуги – инжиниринг қызметтерін көрсету», «маркетинговые услуги – маркетинг қызметтерін көрсету» деген сияқты. Сөз соңына «-тық» пен «-тік» қоспай жазғаннан қазақша мағынасына зәредей қатер төнбейді, ештеңе өзгеріске түспейді. Керісінше айту да, жазу да оңайлайды. Қазір аударма ісінде сырт сөздерді қазақшалауда «-тық», «-тік» жұрнақтарын пайдалану жайы-лып бара жатқанын ескеріп осылай жазып отырмыз. Бұлар тілді пай-далануды қиындатпаса, оңайлатпайды. Демек, осы бағытта әлі де дұрыстап жүйелейтін бір шоғыр жұмыс бар.

Ұзын сөздің қысқасы... Әзіл-шыны аралас әңгіме болса керек: баяғыда атағы жер жарған драматургтен сіз роман жазып көрдіңіз бе? – деп сұрапты деседі. Сонда ол: – Жазып көрдім, бірақ сол ро-

Aýdarma

Page 70: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

70

маным бәрібір пьесаға айналып кете береді, – деген екен. Қазақ аудармасындағы кейбір баламаға қарап отырып, осы «айналып кете бередіні» елестетуге болады. Мысалы, орыс тіліндегі «ликвидация», «уничтожение», «отмена», «удаление», «устранение», «аннулирова-ние» деген сөздер әртүрлі реңкте қолданылатындығына қарамастан, қазақы құжаттарда – заң актілерінің өзінде көбіне «жою» деген жалғыз сөзге «айналып кете береді». Әрине бұл сөздер кейде «құрту», «күшін жою», «алып тастау», «тарату» тұлғаларында арагідік кездескенмен, жаппай «жоюға» тәуелді. Ал «жоюды» кері қарай орысшаға аударсақ, ол қай сөздің баламасы бола алар еді?! Біздің әу бастағы әңгімеміздің түпқазығы да осында. Соңғы отыз жылға жуық уақыттан бері терминдерді түгендеп келе жатқан мекеме-ұйымдардың тым болмаса осындай қолданыстарды жеңілдету жағын ойластырмағаны, әр сөзге бір балама беруді орнықтырмағаны таңғалдырады. Біздіңше, «жою» болып кең жайылған жоғарыдағы орысша сөздердің тікелей өзіне тән ұғымымен бірге, түпмәтінге тәуелді болмайтын тұрақты баламалары болуы керек. Егер «жо-юдан» басқа сөз таба алмасақ, онда жұртшылық болып ұлы қазақ тілінің қойнауын кеңінен кезіп, жаңа қолданыс іздеуіміз керек не жаңа сөздер жарысын ұйымдастырғанымыз жөн.

Осы орайдағы тағы бір түйінді тұс орысша екі сөздің де қазақша баламасы бір сөзбен бейнеленетін және мұның аудару процесінде белгілі бір қиындық тудырып жататын жағдайы. Мысалы, «связь» бен «контакт». Сөздікке сенсек: экономический контакт – экономика-лық байланыс; экономическая связь – экономикалық байланыс. Қазақ аударушысы үшін бұл үйреншікті жайт: «связь» болса да, «контакт» болса да – «байланыс» деп баламалайды. Ешкім мұны қате деп айт-пайды, бәрі дұрыс. Бірақ, бұдан бұрын айтылғандай, кері аударылған кезде, әсіресе қазақшадан орысша ілеспе аударма жасау процесінде елеулі екі сөздің ең дұрысын тез әрі дәл табу оңай соқпайды. Осын-дай кедергілерді жеңілдету үшін, мысалы, «контакт» сөзін аудару кезінде «байланыс+у» үлгісін пайдаланған оңтайлы болар ма еді?! Өз тәжірибемізде бұларды «контактное лицо-байланысушы адам; кон-тактный телефон-байланысу телефоны; контактный реквизит – байланысу деректемесі; экономический контакт-экономикалық бай-ланысу» нысанында орнықтыра бастадық.

Қатыстық мәнді білдіретін жұрнақ деп аталатын «-и» арқылы сөз жасау («әдеби», «мәдени», «тарихи» сияқты) осы бағыттағы кей-бір қолданыстарды оңайлататындай болып көрінеді. Қазірдің өзін де

Aýdarma

Page 71: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

71

«адами» (человеческий фактор – адами фактор) тұлғасы жиі кез де се-ді; «заңи» (юридическое лицо – заңи тұлға) үлгісі сирек те болса қол-даныла бастады; Бұл кейбір жұрнақтардан арылуға, сөз ді қысқа әрі нұсқа жазуға мүмкіндік берді. Сондықтан осы үлгіні орнықтыру үшін «юридическийдің» заң, заңгерлік, заңды, заңдық, заңдылық деп ауда-рылатын нұсқаларын лингвистикалық сараптамадан өткізіп, «заңи» тұлғасында қолданылуға жататын баламалары ғылыми тұрғыда да-ра ланып, тізімделуі шарыт. Мәселенки, «современный» дегенді бұ-рынғысынша «қазіргі заманғы» демей, «замани» деп жазуды ұсынар едік (мұның әрәдік кездесіп қалатын «заманауи» баламасындағы «-ауи» жұрнағы тіл табиғатына үйлеспейтіні әрі айтылуы қиындау екендігі жөнінде пікірлер жоқ емес. Оның көркемсөз бен көсемсөздегі синонимдік қатарды молайту үшін болмаса, термин болып сіңісуі күмәнді). Жалпы бұл бағытта да түзілетін аударма сөздер саны, егер түбегейлеп іздене қойсақ, аз болмаса керек. Бір ғана «количество» сөзін «сан» үлгісінде қалдыра отырып, «количественные» деп баста-латын сөздердің тұтас бір шоғырын «сандық» деп аудармай, «сани» деп қолдансақ, тілдің табиғаты да, сөздің мазмұны мен мақсаты да ешбір өзгермейді. Сонда: «количественные единицы-сани бірліктер; количе-ственная изменчивость-сани өзгергіштік, количественный состав-са-ни құрам... болып шығады; сөйтіп «сани» дегеніміз «количественный» екеніне ешбір қазақ-орысың дау айта алмайтын ахуал орнайды. Орайы келген соң айта кеткен жөн болар: бізде «цифрды» да «сан» деп жазу кездесіп қалады. Бұған «цифрға» негізделетін сөздердің бәрін «цифр» күйінде аударып келе жатып, кенет сандық дерекқор (цифровая база данных), сандық есептеу машинасы (цифровая вычислительная ма-шина), сандық жазба (цифровая запись) ... деп «серуендеп» кететін кейбір сөздік кінәлі. Бұл да аудармадағы әрі-сәріліктің, орнығып болмағандықтың бір мысалы (әдетте балама жасауға көп қиналмай, орыс сөздерін өз тілінің ыңғайына бейімдеп пайдалана беретін қырғыз туғандардың «цифрды» «санарип» (санәріп) деп алып, қазір жаппай со-лай қолдана бастағаны мәлім. Мысалы: «Евразийские цифровые плат-формы» қырғызша: «Евразиялык санариптик платформалар»).

Кірлесу емес, бірлесу. Сөздің сығымтысы (вывод), яғни тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мынаған саяды: егер біз мемлекеттік тіліміздің мәртебесін бұдан да жоғары көтеріп, оны бүкіл ел халқының ортақ тіліне айналдыру мақсатын шынымен жүзеге асырамыз десек, аудармадағы әркелкілікті болдырмау шараларын іске қосқанымыз жөн. Аударма арқылы жүзеге асатын сөзжасам практикасына нақты

Aýdarma

Page 72: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

72

қазақи көзқарас керек. Қайталап айтсақ, ұлттық сөзжасамның бас-ты шарыты: бір сөз – бір балама қағидаты орнығуы тиіс және бұл ана тіліміздің қоғамдағы орнын одан әрі орнықтыру, дамыту һәм жетілдіру реформасының бір кілті болғаны жөн.

Аса бай қазақ тілінің баламалық тәжірибеде «балалық» көрсетуіне бұдан әрі жол беруге болмайды.Терминкомның өкілеттігі мен құ-зы ре тін кеңейтіп, оның қоғамдық негіздегі мәртебесін тұрақты жұ-мыс істейтін ғылыми-шығармашылық орталық деңгейіне көтеру мә селесін оңтайлы шешіп, тіпті қоғамда көп айтылатын шарыт-ты түрдегі «Тіл полициясының» тізгінін де Терминкомның қолына ұстатқаннан ұтылмасымыз хақ. Бірлесіп шешуге, нақты қорытынды жасауға жол ашады деп санайтын осынау ой-болжамдарымызды ана тілін ардақтайтын ағайынға алдыңыздағы жазбалар арқылы сәл де болса сездіре алсақ – нұр үстіне нұр. Өйткені біздің жаңа рухты халқымыздың бүгінгі бастан кешіріп жатқан дәуірі – кірлесудің емес, бірлесудің заманы.

Aýdarma

Page 73: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

73

БАҚЫТГҮЛ ЫСҚАҚ

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»ұлттық-ғылыми практикалық орталығының

жетекші ғылыми қызметкері

-МА,-МЕ, -БА, -БЕ, -ПА, -ПЕ ЖҰРНАҚТАРЫНЫҢ ТЕРМИНЖАСАМ МҮМКІНДІГІ

Бір кездері ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы: «Жалғыз-ақ біздің мықтап қашатынымыз – жатшылдық (жат сөзшілдік). Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал»,- деген еді.

Қазіргі таңдағы салалық терминологиядағы шеттілдік сөз дер дің қолданысы А.Байтұрсынұлының сөзін тағы бір дәлелдей түс кендей. Басқа тілдегі терминдерді сол қалпында қолдану керек пе әлде оны мін детті түрде аудару қажет пе деген сұрақ төңірегінде талас пі кір тоқтар емес. Терминдердің қазақ тілінде жасалып, шеттілдік тер-миндердің қазақ тіліндегі баламасының қалыптасып кетуіне ке дер-гілер жетерлік. Соның ең бастысы ретінде аралас тілдік сананың үстемдігі деген болар едік. Тілдік сана ұлттық сана тұрғысынан қабыл-данбаса, кері пікір, кері көзқарастар үнемі орын ала береді. Соның бірі – тіліміздегі -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе жұрнағының функционалдық қызметіне байланысты кері көзқарастардың орын алуы.

2018 жылдың 15 мамырындағы «Астана ақшамы» газетінде жа-рия ланған ардагер журналист Ораз Жүнісовтің «Зиянды үрдіс» ма-қа ласында: «А, ә әріптерінен: аялдама, анықтама, айқындама, ай-налма, әдістеме, әзірлеме, т.б. ... Сондай-ақ «әдістеме» де солай. Қазір оныңыз «айла», «әдіс», «амал» жасаудың керек еместігін ғана білдірмейді, әлемнің дамыған елі түгел дерлік қолданатын «метод», «методиканың» қазақшасы»,- деп, әр салалық терминдердің қазақша баламасын сынға алған.

Шын мәнінде, жоғарыда аталған жұрнақтар түркі тілдерінде есім сөз

Termınologıa

Page 74: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

74

таптарын жасайтын өнімді жұрнақтар қатарында бұрыннан бар. Мы-салы, қырғыз тілінде "азғырма" (азғырғыш), өзбек тілінде "ағ дарма" (аударма), түрікмен тілінде "ғатлама" (қаттама), Орхон-енисей жаз-ба ескерткіштерінде «йатығма» (жатақ) және т.б. А.Байтұрсынұлы да аталған жұрнақ арқылы термин жасауды қол даған. Ғалымның «Әдебиет танытқыш» атты зерттеу еңбегінде әде биет саласы терминдері же-тер лік: бастама, ұсынба, баяндама, қорытпа, әліптеме және т.б. Олай болса, бұл жұрнақтардың сөзжасамдық қабілеті аса жоғары бол-ғандықтан, алдағы уақытта да сәтті терминдер жасауда қолданыла берсе, оның еш қателігі бола қоймас.

Енді сөз болып отырған -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе жұрнақтарының салалық терминжасам мүмкіндігін анықтау үшін әдебиет және лингвис тика бойынша 2014 жылы жарыққа шыққан терминологиялық сөздікке талдау жасадық. Сөздікте мөлшермен 14000 сөз қамтылса, жалаң сөзден тұратын қазақ тіліндегі термин саны – 393, шеттілдік термин саны – 176, мөлшермен 13500-ға жуығы сөз тіркестері мен аралас тілді сөз тіркестерінен тұратын терминдер. Осының ішінде -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе жұрнақтарымен жалаң сөзден тұратын тер-мин саны – 18. Мысалы: растама-авизо, заңнама-законодательство, нұсқама-предписание, міндеттеме-обязательство, сараптама-экс-пер ти за, айырма-разница, басқарма-управление, бастама-инициа-ти ва, құжаттама-документация, сипаттама-описание және т.б. Кө лік және қатынас жолдары саласы бойынша да аталған жұр нақ-тар арқылы пайда болған терминдер баршылық: жолтос па-шлаг-баум, аялдама-остановка, айқастырма-крестовина, айнал ма-объезд, бағыттама-стрелка, дабылдатпа-сигнализация, жал ға ма-сое ди ни-тель, бал қыма-плавка, бекітпе-закреп, және т.б. Сала лық термин-дердің ұлт тіліндегі қолданысын арттыру үшін нақты ұсы ныс, іс-әрекеттер қажет-ақ. Ұсыныс, пікірлердің жүзеге асуы одан кейінгі мәселе. Қазіргі таңда -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе жұрнақтарымен кел-ген және басқа да аналитикалық, синтетикалық тәсілдер арқылы жасалған шеттілдік терминдердің, сөздердің, кәсіби сөздердің және жаңа атаулардың қазақша баламасын ұсынғымыз келеді. Мыса-лы, көліктегі бағытты бағдарлайтын навигатор-бағытбасқарма, компьютерді, компьютерлік бағдарламаны жаңғыртатын апгрейд-жаңартпа, күйдіру кезінде түтінді газ әсерінен пайда болатын тақта-шаның бетіндегі күңгірт дақ задувка-күңгіртпе, қонақ күтуге, салта-натты шараны өткізуге арналған үйдің қабаты бельэтаж-төрқабат, киімді сәндеп, безендіруге арналған бұйым түрі (жіп, шашақ, жиекте-

Termınologıa

Page 75: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

75

ме) басма-сәнжиек, затты қаттап буып-түюге арнал ған қалың қағаз амбалаж-қатқағаз, сүзбе ірімшік пен сүт қосқан тағам түрі балмуш-бұлғама, сүтқышқылды жеміс-жидек қосылған йогурт-ұйытқұрт, шаш бұйралайтын бигуди-бұйрама.

Қорыта айтқанда, біріншіден, -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе қосым ша-ларының терминжасамдық мүмкіндігі жоғары. Аталған қосым шалар арқылы жасалған терминдер терминге қойылатын та лаптарға, атап айт қанда, терминнің қысқалығы немесе ықшамды лығына, тер миннің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес келуіне, тер-мин нің аталымдық қасиетіне толық жауап бере алады. Екіншіден, ұсы нылған жаңа сөз, терминдердің қолданыста сұрыпталып, ұлт тілінде сіңіп кетуіне қоғам болып атсалысса, шеттілдік сөздердің ба-ламасыз қолданысын барынша азайтуға жол ашылады. Үшіншіден, латыннегізді жаңа әліпбиге көшудегі мақсатымыздың бірі – тілі міз-дің табиғилығын сақтау екені белгілі. Олай болса, шеттілдік тер мин-дердің баламасы болмаған жағдайда, шеттілдік сөздерді мейлінше тіліміздің заңдылықтарына сай игеруді де мақсат етуіміз керек.

Termınologıa

Page 76: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

76

ҚЫЗДАРХАН РЫСБЕРГЕН

А.Байтұрсынұлы атындағыТіл білімі институты Ономастика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д.

АТЫ-ЖӨНІМІЗДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТҚА САЙ ЖАЗУҒА БОЛА МА?

Тегімізді орыс тілінің -ов, -ев, -ин қосымшаларынсыз жазу аза-маттар тарапынан кей жағдайда қолайсыздық тудыратыны жайлы баспасөзде, әлеуметтік желілерде, түрлі басқосуларда толастар емес, соңғы кездері де жиірек сөз болып келеді. Осы мәселеге қатысты ма-ман ретінде өз тұжырымымызды айтпақпыз.

Тәуелсіздік алған жылдардан кейін, ҚР Тұңғыш Президентінің арнайы Жарлығына сай орыс тілінің -ов, -ев, -ин жалғауларын алып тастап, -ұлы, -қызы сөздерін қосып, аты-жөнімізді ұлттық үр-діске сай жазу мүмкіндігіне ие болдық. Сол кезден бастап, орыс қосымшасынсыз жазу кісі есімінің қайсы, тегінің қайсы екендігінде қиындық тудыратыны жиі айтыла бастады. Көп жағдайда азаматтар қайсысы есім, қайсысы азаматтың тегін айыру қиындығына сілтейді. Бұрын-соңды мұндай мәселе туындамағанын білеміз. Кейбір ұлт-тардың Руставели, Брегвадзе, Сароян, Дапкунайте, Банионис т.б. тәрізді тектерінде айқын ұлттық тілдік маркерлер бар. Олар ерте за-мандарда қалыптасып, Кеңес дәуірі кезінде де өзгеріссіз қала берді.

Тілші мамандар, қатардағы азаматтар да кісі есімі мен тегін айы ра-тын –тегі, түбірі т.б. қосымшаларын жалғап жазуды ұсынады. Бұл жөнінде ҚР Неке және отбасы кодексінің 194-тармағында «Жеке адамның тегіне "тегі", "ұрпағы", "немересі", "шөбересі", "келіні" де-ген және басқа да сөздерді қосып жазуға жол берілмейді» деп анық жазылған. Бұған «ата» сөзін де қосуға болады. Рахымберді Дүйсеков деген қапшағайлық азамат Тіл білімі институтына жазған хаттарын-да қазақтардың тегіне «ата» сөзін қосып жазуды қисынды деп санай-ды. Ал қазіргі таңда қазақ аты-жөндері екі және үшмүшелі үлгімен жазылып келеді. Расында, көпшілік айтқандай, қосымшасыз Қасен

Onomastıka

Page 77: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

77

Амангелді сынды аты-жөнде тегі қайсы, есімі қайсы екендігін ажы-рату қиын екендігі көрініп ақ тұр.

Бұл жайында мынаны айтуға болады, ресми төлқұжаттарда, кей бір ісқағаздарында, мысалы, келісімшарттарда тегі міндетті түрде есімнің алдында жазылады, ал қалған жағдайда алдымен есімі, бар болған жағдайда әкесінің аты, соңынан тегі жазылады. Бұлай жазу негізінен КССРО халықтарына ортақ үлгі ретінде қалыптасқан, тек балтық елдері ғана батыстық үлгімен есім бірінші, тегі екінші орында жазылады екен. Ал КССРО бұл үлгіні қайдан алды десек, жалпы шығыс елдерінде, әсіресе, Қытай, Жапония т.б. мемлекеттерінде бі рінші тегі, екінші орын-да есімі жазылады екен. Мәселен, Ли Чженьфань, Ши Жиң Пин, Кобо Абэ, Китано Такеши т.б. аты-жөндерінде бірінші орында тегі жазылған.

Еуропалық, батыстық үлгі бойынша есімі тегінің алдында жазыла-тындығы белгілі. Бір жағынан осы халықаралық үлгі ретінде қарас-ты рылады, мысалы, Иоган ван Бетховен, Виктор Гюго, Маргарет Тэтчер, Дэвид Бэкхем т.б. Яғни көптеген еуропалық, азиялық тілдер мен мәдениеттерде тегі ешбір қосымшасыз қолданылады екен. Халықаралық стандарт бойынша тегі есімнен кейін жазылады, соған қарап қайсысы есім, қайсысы тегі екендігі қиындықсыз ажыратуға болады. Сондықтан батыс баспасөз беттерінде кез келген аты-жөн, еуропалық, не азиялық болсын, кісінің есімі бірінші орында жазы-лады. Еуропалық тілдердегі аты-жөндердің қосымшасы болғанның өзінде фонетикалық ерекшелігіне қарай ажыратуға болады, мысалы, Ксешинскийдің поляк екендігі, Чапектің чех екендігі.

Түркітілдес бірқатар халықтарда да ұлттық нышаны бар қосым-шалар жоқ деуге болады, мысалы, өзбек, қырғыз, татар, башқұр, ұйғыр, түркімендерде. Оларды фонетикалық ерекшеліктеріне қарап ажыратамыз, мәселен, Кутлумурат, Бохтиер, Сооронбай, Женишбек, Минигул, Дильшат, Бердымухаммед, Аннадурды т.б. Бұлардың ішінде қазақ есім-тектерінің де ерекшелігі негізінен бірден көзге түседі, мәселен, Тоқтар Жақып, Үсен Жылқайдар, Күләш Тоқтасын т.б.

Ал жоғарыда көрсеткен –тегі, -ұрпағы, -немересі, -шөбересі, -келіні және -ата сөздері этникалық тарихымызда фамилия ұғымы болмағандықтан ұлттық жадыдан орын алып, қалыптаспаған. Бұл сөз дер ді жасанды түрде қосып жазғанмен, әзірге тұрақталмай келе жатқанын көріп отырмыз. Қазақ бұрынғы кездері аты-жөн сұрас-қанда «қай тумасың?», «тегің кім?», «қай атаның баласысың?» деп азаматтың қай ру-тайпаға жататындығын меңзеген.

Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшіруге байланысты аты-

Onomastıka

Page 78: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

78

жөндердің ережесі әзірленіп жатыр. Сарапшы мамандардан аты-жөніміздің ретін батыс, яғни халықаралық үлгіде жазсақ, кез кел-ген жағдайда адамның аты қайсы, тегі қайсы қателеспей ажыратуға мүмкіндік туар еді дегенді айтады. Әрине, бұл пікірдің жаны бар, ма-ман ретінде біз де қос қолдап қолдар едік. Бірақ бұл тез арада оңай шешілетін шаруа емес. Алдымен бұл мәселе ұлттық, мемлекеттік деңгейде оң шешімін табуы керек. Біріншіден, азаматтарды құжат-тайтын министрліктер мен республикалық мекемелердің қаржылық-техникалық мүмкіндіктеріне келіп тіреледі. Өйткені Ішкі істер ми-нистрлігі мен Әділет министрлігі, Азаматтарға арналған үкіметтің бүкіл құжатжасаушы қазіргі техникалық базасында азаматтардың тегі бірінші орында, әкесінің аты екінші орында, есімі үшінші болып жазылады. Екіншіден, бұл жайында жалпықоғамдық біржақты пікір қалыптасу керек. Біздің мақсатымыз көпке ой тастау. Болашақта аты-жөнімізді халықаралық үлгіге сай жазсақ, орыс тілінің -ов,-ев қосымшаларынан арылар мүмкіндік туады, олардың тіптен керексіз болып қалары хақ.

Сондықтан әзірге тегімізге арнайы қосымша ойлап таппай ақ, қа-лыптасқан тарихи дәстүрімізге сай -ұлы, -қызы сөздерін қалауымызша тегі ретінде немесе үшмүшелі үлгіде әкесінің аты ретінде жазып, ұстанғанымыз жөн болар.

Күні бүгіннің өзінде байқап отырғанымыздай, биліктен бастап, қатардағы азаматтарымыздың дені тегіндегі -ов, -ев, отчествосындағы -ович, -евич, овна, евна қосымшаларынан арылуға асығар емес.

Жазуымызды латын графикасына көшіргенде ешкімге ұқсамайтын жаңа әліпбиіміздің ерекшелігіне қарай қазақ ономастикалық атау-лардың, оның ішінде аты-жөндеріміздің ұлттық ерекшелігін бір-ден ажыратуға мүмкіндік беретін қалыбын сақтауымыз керек. Сон-дықтан ел боламыз десек, есімізді түзейтін, ұзын созбаққа салмай тектеріміздегі орыс тілінің қосымшаларынан арылатын кез жетті.

Onomastıka

Page 79: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

79

БЕКЖАН ӘБДУӘЛИҰЛЫ

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д.

ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫНДАҒЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ МЕН БЕЙІМДЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақ ономастикасы ғылымының алғаш қазақ даласына келіп, қа нат жайғанына ғасырдан астам уақыт өтіп барады. Осы аралықта көптеген терминдердің сырттан еніп, тілімізде қалыптасқанын біле-міз. Енді олардың аударылуы мен термин ретінде орнығуы мәселесін-де шешімін таппаған сұрақтар көп. Сөзіміз нақтырақ болу үшін же-келеген терминдерден бастағанды жөн көріп отырмыз. Жалпы оно мас тика сөзі көне грек тілінен аударғанда «атау беру өнері» де-ген мағына береді екен, ол ұзақ уақыттар бойы аударылып та, барған тілінің заңдылықтарына сәйкестендіріліп, аударылмай да біршама елдерге таралды. Түрлі ақпараттарды жүктей отырып бүгіндері біл-діретін мағынасы кеңейді, сөйтіп халықаралық термин дәрежесіне көтерілді. Келе-келе тек атауды беріп қана қоймай, оны зерттейтін ғылымды да өз аясына сіңірді, ал қазір ономастика терминінің ауқымы өте үлкен мәселелерді қамтитын ұлы кеңістікке айналды. Сондықтан «ономастика» терминінің қалыптасу тарихы мен тәжірибесіне сүйе-нер болсақ, терминжасамда түпкі мағынаға байланып қалу немесе термин ретінде ұсынылатын сөзге әр қырынан толық сәйкес келу тала бын қою дұрыс емес деп ойлаймыз. Мысалы, белгілі бір ұғымды си пат тауға және атауға сөздің мүмкіндігі толық жетпей жатыр делік, бірақ соған қарамай, айналысқа жіберетін болсақ, бірізділік сақталса, қолданыла келе жетіліп кетеді. Басқаша айтқанда зат немесе құбы-лысты атау барысында олардың сипаты мен қасиеттерін бойына сі ңіре отырып сөз қажетті дәрежеде толысады, яғни зат пен атау өзара теңеліп, бірін-бірі білдіру мүмкіндігі қалыбын табады. Ғылым әлемі қарыштап дамыған қазіргі заманда, ұлттық тілдің болашағы үшін осындай амалдарға баруға тура келеді. Кешегі А.Байтұрсынұлы

Onomastıka

Page 80: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

80

ұсынып, ғылым тілін жаңа бір сапаға көтерген терминдердің жасалы-мында да осы тәжірибенің орны үлкен, оны жоққа шығара алмаймыз. Ономастика терминінің қалыптасу тарихынан да осыны көреміз. Сондықтан термин жасау ісінде талғамымызды да төмендетіп алмай, әрі еркіндікке де жол ашуымыз керек.

Ономастиканың бір саласы антропоним термині, көне грек тілі-нен (anthropos ‛адам’ onoma‛атау’) аударғанда «адам аты» деген ма ғына береді. Қазір қазақ тілінде кісі есімі, кісі аттары, адам ат-тары т.б. түрінде аударылып жүр. Алайда ғылыми термин ретінде «антропонимді» жиі қолданамыз да, аудармалары сипаттамалық қызметте ғана қалып қойып жүр. Себебі антропоним термин ретінде адамның атын, әкесінің атын, тегін, яғни фамилиясын толық қамтиды. Ал «кісі есімі» десек, әкесінің аты мен тегі қайда қалады? деп ойлай-мыз. Толық қамту үшін оның орнына «аты-жөн» сөзін қолдануымызға болар еді, алайда «инициалдың» баламасы ретінде алып жүрміз. Екі тілдің ерекшелігіне және әбден қалыптасқан термин мен жаңадан ұсынылып отырған сөздің арасындағы сәйкессіздіктерге байла-нысты кейбір сұрақтардың туындауы заңды. Бірақ олардың бәріне бірдей жауап іздеп жату шарт емес деп ойлаймыз. Кісі есімі терминін антропонимнің орнына қолдауға болады. Үшеуі де кісі аты екенін ескерсек, тегіміз, әкеміздің аты, өз атымыз барлығы осы атаудың ішінде қамтылады. Осы түсінік тұрғысынан келгенде «антропо-ним» тер минін «кісі есімімен» ешқандай күмәнсіз ауыстыруға бола-ды. Алайда бұл орайда сәл ойланатын тұс бар: сөз ыңғайына қарай «антропонимдік қор» терминін қолданғанда -дік жалғауын пайда-ланып, ойды оңай жеткізуге болады. Ал оның орнына «кісі есімдік қор» деп қазақшаласақ, бұл сәл оғаштау көрінуі мүмкін. Бір сөзден тұратын айтуға ыңғайлы, түсінігімізге сіңісті болған термин мен екі сөзден тұратын, қосымшалар жалғағанда өңі өзгеретін атаудың айырмашылығы бар, сондықтан сөз болып отырғандай кейбір ке-дергілердің ұшырасуы да заңдылық. Ондай жағдайда құрылымды басқаша жасақтауға тура келеді: кісі есімдерінің қоры.

Ономастикалық терминжасамда тағы бір ескеретін нәрсе – сөздің мағыналық мәртебесін айқындау. Осыған дейін қолданыста бірінің орнына бірі қолданылып жүрген болуы мүмкін. Сөз мағынасындағы түрлі ақпараттардың өзгешелігіне баса назар аудара отырып, олар-дың ара жігін ашып жаңа міндеттер жүктеу терминжасам ісінде аса маңызды. «Кісі есімі» деген тіркесті ұсына отырып, есім мен аттың айырмашылықтарын іздеп көрелік. Ат сөзін адамға да, жануарға да,

Onomastıka

Page 81: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

81

жан сыз затқа да қолдануға болады, ал есім сөзі олай емес, ол тек адам-ға ғана қатысты. Шығу тегі араб тілінен. Алланың есіміне қатысты қол даныспен бірге тілімізге енген. Кейін Есім, Есімхан, Есімбек т.б. се-кілді кісі есімдерінің жасалуына себеп болғаны. Бұл орайда есім мен ат сөздерінің ара жігі ашылуы тиіс, яғни ат – жалпы ономастикаға, есім – жеке антропонимге қатысты қолданылады. Сонда ономастика – атау-таным, антропонимика – есімтаным болып аударылады.

Терминтаным бойынша қазақ тіл білімінде біршама ізденістердің болғаны белгілі. Ұзақ уақыт бойы көптеген зерттеулердің жарық көргеніне қарамай, терминжасам немесе термин қабылдау мәсе-ле сінде біз Ахмет Байтұрсынұлының қай заманда да өзгермейтін прин циптеріне жүгінеміз. Ұлы ғұлама тілдің термин жасауда бар мүм кіндігін пайдалану, болмағанда туыстас тілдерден алу, оларда да болмағанда жат тілдерден тіліміздің заңдарына сәйкестендіре алу принципін ұсынып кетті. Ономастика терминдерінің қазақшалануы мен нормалануы бойынша біздің аса үлкен жетістіктерге қол жет-кізбегеніміз белгілі, оның түрлі себептері бар екенін де білеміз. Ен-ді осы олқылықтың орнын толтыру үшін түрлі жолдарды қарас-ты рамыз. Соның бірі А.Байтұрсынұлы ұсынған екінші принципке сәй кес туыстас түрік ғалымдарының бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстарына назар аударып көрелік.

Ономастикалық атауларды түрікшелеу тәжірибесіAdbilim (адбилим) – ономастика.Özel ad (Өзел ад) – оним (жалқы есім).Tür adı (Түр ады) – апелятив (атауға негіз болған сөз. Мысалы,

әсем, бота, ғалым). Özеlleșme (Өзеллешме) – Онимдену (жалпы есімнің жалқы есімге

айналуы. Мысалы: терек – жалпы есім; Терек – ауылдың аты)Türleșme (Түрлешме) – апелятивтену (бейонимдену, жалқы есім-

дердің жалпы есімге айналуы)Genel Adbilim (Генел Адбилим) – жалпы ономастика Özel Adbilim (Өзел Адбилим) – жеке ономастика Rüzgaradı (Рүзгарады) – Rüzgaradbilim (Рүзгарадбилим) – ане-

моним (түрік тілінде Rüzgar – жел. Анемоним – зілзала атауы, соның ішінде жел, дауыл, циклон, тайфун атаулары)

Kișiadi (Кишиады) – Kișiadbilim (Кишиадбилим) – антропоним Yıldızadı (Йылдызады) – Yıldızadbilim (йылдызадбилим) – астронимBelgeadi (Белгеады) – Belgeadbilim (белгеадбилим) – документо-

Onomastıka

Page 82: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

82

ним (құжат атаулары)Örgütadı (Өргүтады) – Örgütadbilim (Өргүтадбилим) – эргоним

(ұйым атаулары)Kökadı (Көкады) – Kökadbilim (Көкадбилим) – этноним (тамыр,

түбір – тайпа атаулары)Bitkiadı (Биткиады) – Bitkiadbilim (Биткиадбилим) – фитоним

(өсімдік атаулары)Eseradı (Есерады) – Eseradbilim (Есерадбилим) – хремато-

ним (материалдық мәдениет атаулары, соның ішінде қару-жарақ, музыкалық аспап, зергерлік заттар атауы)

Zamanadı (Заманады) – Zamanadbilim (Заманадбилим) – хроно-ним (белгілі бір тарихи кезең атаулары)

Gökadı (Гөкады) – Gökadbilim (Гөкадбилим) – планетоним (ғарыш атаулары)

Yeradı (Йерады) – yeradbilim (Йерадбилим) – топоним (жер-су атаулары)

Kentlikadı (Кентликады) – Kentlikadbilim (Кентликадбилим) – ой-коним (елдімекен атаулары)

Hayvanadı (Хайванады) – hayvanadbilim (Хайванадбилим) – зоо-ним (хайуанат атаулары)

Осы мысалдардан түрік терминжасамындағы төмендегідей бір-неше ерекшелікті байқаймыз:

1. Түрік тіліне аударып алуға назар аударады. Мысалы, Özel ad – оним (жалқы есім), Tür adı – апелятив (атауға негіз болған сөз). Осы-дан шығарып, түбірге қосымшалар жалғап, özеlleșme (онимдену), türleșme (апелятивтену) деп түрікшелеп алады. Қазақ ономастика-сында бейонимдену, апелятивтену, деонимдену деп аударып жүрміз, оның орнына жалқылану (онимдену), жалпылану (апелятивтену) деп қолдансақ дұрыс болар еді.

2. Онимнің түрікшеленген нұсқасы «ад» сөзіне тәуелдік жалғауы жалғанады, бірге жазылады, бір ұғым ретінде танылады: Yıldızadı. Ал осы саланы зерттейтін «астронимика» терминін бергенде «-ы» қысқарып қалады да «Yıldızadbilim» деген сөз айтуға ықшамдалып алынады. Бұл терминжасамның тамаша бір үлгісі. Ілгеріде аталған Adbilim (атаутаным), belgeadbilim (құжат аттаным), bitkiadbilim (өсімдік аттаным), eseradbilim (материалдық мәдениет аттаным – матермәд аттаным), gökadbilim (аспан аттаным), hayvanadbilim (жану-ар аттаным), kentlikadbilim (мекен аттаным), kișiadbilim (кісі аттаным), kökadbilim (зілзала аттаным), örgütadbilim(), rüzgaradbilim (зілзала

Onomastıka

Page 83: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

83

ат та ным), yeradbilim (жер аттаным), yildizadbilim (аспан аттаным), zamanadbilim (уақыт аттаным) секілді терминдердің барлығы бірдей үлгімен жасалған. Түрік тіліндегі аударма терминдерді негізге ала оты-рып, бізге де біршама жаңа үлгілер жасауға болар еді. Соның бірі «би-лим» сөзінің орнына «танымды» қолдануымызға болады. Мысалы, оно-мастиканы «атаутаным», антропонимді «кісі аты», антро понимиканы «кісі аттаным», зоонимді «хауан аты», зоонимиканы «хайуан аттаным», документонимді «құжат аты», документонимді «құжат аттаным», фи-тоним «өсімдік атауы» фитонимиканы «өсімдік аттаным», астронимді «аспан атаулары», астронимика «аспан аттаным», зоонимді «жануар аты», зоонимика «жануараттаным», ойконим «елдімекен аты», ойко-нимика «елдімекен аттанымы», анемоним «зілзала атауы», анемони-мика «зілзала аттаным», уақыт аттаным «хоронимика» т.б.

3. Терминжасамда сөздің белгілі бір ерекшелігі басшылыққа алына-ды да, сол сөзге қосымша мағына үстеліп, термин ретінде қолданысқа беріледі. Мысалы, астроним - Yıldızadı – деп аударылады. Таңдалған терминнің мағынасы тар, себебі астроним аясында тек жұлдыз ғана емес, ай, күн, т.б. да планеталар кіреді. Бірақ тілдік танымда йылды-зады астроним терминінің баламасы ретінде қабылданады.

Терминдердің қолданысындағы назар аударылуы тиіс тағы бір мә селе – түсініктілігі. Ономастика саласының мамандары болмаса, қолданбалы сипаты басым атаулар жүйесінің көп санды терминдерінің мағынасы көпшілікке беймәлім. Сондықтан терминнің жасалымын-да бұл міндетті түрде ескерілуі тиіс.

Бұған дейін біз батыстық үлгідегі терминдерді басшылыққа алып келдік, енді түркілік, соның ішінде түрік, әзірбайжан, өзбек және шы-ғыстық үлгілерге Араб, Үнді, Қытай, Корей, Жапон тілдерінің тер -мин жасамына назар аударуымыз керек. Терминдері де арнайы зерт-теулерді талап етеді. Сөздердің терминжасау мүмкіндігінің мұ қа луы мен ұшталуы оның тиімді пайдаланылуында. Сырттан қабыл данатын сөздер мен ішкі мүмкіндікті пайдалана отырып, жаңа терминдерді жасаудың оңтайлы принциптерін бекітіп алуымыз керек.

Onomastıka

Page 84: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

84

АРАП ЕСПЕНБЕТОВ

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттікуниверситеті ректорының кеңесшісі,профессор, ф.ғ.д.

АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ АБАЙТАНУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Қазақ әдебиеті – қазақ халқының сан ғасырлар бойы тудырған асыл мұраларының ішіндегі ең маңыздысы. Халық ойының рухани самғауы, сеңгір биіктерге көтерілуінде шешуші қызметке ие көркем әдебиет екендігі даусыз. Ғасырлар таңбасы бедерлене көрінген мөлдір де тұңғиық, саф алтындай таза әдебиетіміздің жеткен биігі мен асқан асуларын мақтанышпен айтуға тиістіміз.

Қазақ әдебиеті – ондаған ғасырлар бойы туып қалыптасқан, көр-кемдік көрігінде шыңдалған, тұтас ұлттың рухани байлығын таны-татын күрделі құбылыс. Күллі әлемдік деңгейде, жалпы адамзаттың көркемдік дамуында қазақ әдебиетінің ойып алған өзіндік орны барлығы дәлелдеуді қажетсінбейтін шындық.

Өркені өскен еліміздің сөз өнері әңгіме желісіне тартылғанда ұлы Абай мұрасы мен абайтану ғылымының орны айрықша. Ұлы ақын жайындағы зерттеулер қазақ әдебиеттану ғылымындағы көлемі жағынан да, хронологиялық ауқымы тұрғысынан да ең мол еңбектер.

Ұлтының ұйытқысы қызметін қапысыз атқарған Алаш арыстары сонау өткен ғасырдың алғашқы жылдарында-ақ Абай шығармаларын алыс тан аңғарып, жете танып, қасиетті қазынасына айналдырып үлгерді.

Бұл ретте, ең алдымен, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан есімі ауызға ілігеді. Ә.Бөкейхан бала кезінен Абай елінің дәстүрі, үлгі-өнегесі, салт-ғұрпы, өнерпаз ортасына қатысты әңгімелерге қанық болған. Қазақ жолымен келгенде Әлиханның Абай еліне жақындығы бар. Оның әкесі Нұрмұхамедтің шешесі – Тобықты Мамай ішінде Жолбарыс де-ген адамның қызы. Абай айналасы, ақын қалыптастырған әдеби орта Ә.Бөкейханға ертеден таныс болған деп тұжыруға хақылымыз.

«Қазақ» газетінде жарияланған Ә.Бөкейханның «Кәкітай» азана-ма мақаласы сөзімізді дәлелдей түседі. Онда: «Кәкітайдың әкесі Ысқақ

Abaıtaný

Page 85: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

85

– ақын Абайдың інісі. Кәкітайды жасынан сүйіп, Абай қасына ертіп баулыған. Абай қасында жүріп, школ көрмей, Кәкітай орысша жаза да, оқи да білген, Абай білетін Европа жазушыларымен Кәкітай да та-ныс, оқыған еді. Ыждағаттылық арқасында сөзге ұста болды. Топта орысша сөйлеуге қысылмайтын. Сөз білетін еді.

Мен депутат сайланып шыққан жылы Семей қаласының орыста-ры бізді клубта қонақ қылғанда, орыс шешендеріне Кәкітай жауап та қайырған еді. «Біз Михаэлис пікіріндеміз. Солардың шәкірті Әлиханды сайлағанымыздың себебі – осы» деп. Абайдың тәржіме халін жазған да – Кәкітай. Осы екі істен-ақ Кәкітайдың білімі оқушыларға таны-лып қалар» [1], - деп нақты деректер келтірілген.

Кәкітай Ысқақұлы мен Әлихан Бөкейхан алғаш 1900 жылдың күзінде Семейде кездескен. Содан пікірлері бір арнада тоғысып, достықтары жарасым тапқан. Ұлы ақын қайтыс болғаннан кейін іле-шала Абай мұрасын кітап етіп шығаруға кеңес берген де Әлихан.

«1904 жылы Абай марқұмның өлеңін кітап қылып басыңдар деп, балаларына хат жаздым. 1905 жылғы апрель аяғында Кәкітай Абайдың қолжазба кітабын алып, Омбыдағы маған келді. 1905 жылы жазғытұры саясат ісі қалай болғанын біздің «Қазақтың» оқушылары біледі. Кәкітай біздің үйде бірер жұмадай жатты. Абай, Пушкин, Лер-монтов сөздерін бірге оқып, мәз-мейрам болдық. Анық таныстық» [2,272], - деп ежіктей анықтайды.

1905 жылы маусым айында Қоянды жәрмеңкесі өткен кезде дү-ниеге келген Қарқаралы петициясын дайындау, Мемлекеттік Дума сайлауына араласу, Щербина экспедициясында жинақталған мате-риалдарды кітап етіп шығару, саясатқа бел шешіп кірісу, арасын-да абақ тыға қамалу Ә.Бөкейханның Абай кітабын оқырман қолына тезірек табыстауға кедергі жасайды. 1909 жылы Санкт-Петербургте баспа көрген жинағын құрастырып, түзушілер Кәкітай Ысқақұлы мен Тұрағұл Абайұлы болғанымен, бас кеңесші Әлихан Бөкейхан екендігі бөліп айтуды қажетсінеді.

Кәкітай жинақтаған деректер бойынша Әлихан Нұрмұхамедұлы «Абай (Ибрагим) Кунанбаев» атты мақала-некролог дайындап, бас-пасөзде жариялайды [3]. Кезінде орыс тілінде жарық көрген екі ма қа ла абайтанудағы жыл құсындай жаңалық. «Биографические дан ные для этого некролога доставил племянник Абая Какытай Скакович Кунанбаев» [3,8], - деп ағынан жарылған. Және де орыс тілінде жарияланғандықтан қазақ зиялыларының ғана емес, орыс оқымыстыларының да назарына іліккендігі сөзсіз.

Abaıtaný

Page 86: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

86

Абайтанудың алғашқы парақтарын ашқанда Ахмет Байтұрсынұлы еңбегі жарқырап көрінеді. Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» мақаласы [4] – ұлы ақын мұрасын танудың әдістемелік құралындай маңызды теориялық пайымдау, абайтанудың өзекті мәселелерін са-ралап, тексеруде адастырмас Темірқазық. «Қазақтың бас ақыны – Абай (шын аты Ибрагим) Құнанбаев. Онан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» [4], - деген қорғасындай салмақты пікір Ахаң аузымен айтылған еді. Бір ғасырдан астам уақыт өткенімен осыншама терең әрі өміршең толғам көкейкестілігін жо-ғалтқан жоқ. Қайта ұлы ақын ойларына тынымсыз оралуға, нәр алып қанаттануға шақырып менмұндалап тұр. Осы орайда Алаштың тағы бір асылзада перзенті Міржақып Дулатұлының: «1904 жылы маусым жұлдызының басында Омскіге барғанымда Абай өлеңдерінің жазба-сын алғаш Ахмет Байтұрсынұлынан көрдім. Сонда Байтұрсынұлы айтты: «Естуімше, Абай өз өлеңінің басылып шығуын тілемейді һәм бастырушыға, ешкімге рұхсат бермейді екен. Күзде Қарқаралы қаласына барамын, сонда әдейі бұрылып Абайға сәлем беремін, танысамын һәм өлеңдерін бастыру жайынан сөйлесемін» деп. Ахмет Абайды көруге нәсіп болмады. Абай өмірі күзге жетпей, сол маусымның 23-інде опат болды» [5], - деген дерегін пайдаланудың сөкеттігі болмас. Ахаңның да ұлы ақын мұрасын ертеден білетіндігі алдымен көзге түседі. Шығармаларын баспаға беруге асқан жауаптылықпен қатал қарағандығынан да ха-бардар болған. Алаштың ардақтылары бір-бі рінің тындырар істеріне ыждаһатпен көңіл бөлгендігін еш бүкпесіз тануға себін тигізеді. Алаштың ақиықтарын нағыз шығармашылық байланыс, көзқарастағы бұлжымас принцип, ұлтқа қызмет етудегі ор тақ мүдде тұтастырған.

«1903-ші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті, - дейді Ахмет Байтұрсынұлы. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олардың сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең... Кей сөздерін, ойла-нып дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да түсіне ал-майды» [4]. Әр сөзіне зер салып қарасақ, Абай поэзиясының құдіретін қапысыз танығандығы аңғарылады. Ақын ақтарыла өлеңіне өзек ет-кен «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел!» қағидасына ден қоясың, асыл мұраны тағы да қайталай қопарасың.

Әрі қарай: «Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан бола-тын кемшілік» [4], - деп суыртпақтап ой тастайды. Абайды түсініп

Abaıtaný

Page 87: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

87

оқып, тұшынып қабылдау үшін оқырманға зор білім қажеттігін аңғартады. «Сөз оқушыны сынайтындықтан» ой көзімен үңіліп, ар-найы дайындықпен ақын поэзиясын серігіне айналдыруға меңзейді. Абайдың өлеңге, өнерге қояр биік талаптар үдесінен шығуға қажет талаптарды да санамалап саралайды: «Сөздің шырайлы, ажарлы бо луына ойдың шеберлігі керек; ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек; мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абай-да осы үшеуі де болған» [4]. «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын, қазақтың келістірер қай баласы?» деп келетін Абай ұстанымын қа-зақтың қарапайым ұғымымен оқушыға лайықтап ұсынады. Сөз құдіретін, өлең табиғатын меңгеруге бағыт сілтейді.

Ахмет Байтұрсынұлы Абай мұрасының өміршеңдігіне, тылсым құ-пияларына үңіле түседі. Ұлы ақын шығармаларының басты қасиеті шыншылдығында, сыншылдығында, өмірдің өзінен ойып алғандай әсерлігінде, басқа ақындардан оқшау тұратындығы ұлтына өлшеусіз қызмет жасап кеткендігінде. Ахаң осы бір принципті өзгешелікті айы рып таныған. «Хақиқатты хақиқат қалпында, тереңді терең қал-пында жазған. Хақиқатты тануға, тереңнен сөйлеуге, бойына біткен зеректіктің үстіне Абай әртүрлі білім иесілерінің кітаптарын оқыған. Тәржіма халін жазушы Ғалихан Бөкейхановтың айтуына қарағанда Абай Спенсер, Льюис, Дрэпер деген Еуропаның терең пікірлі адам-дарының кітаптарын оқыған. Өлең жазушылардан орыс тың Лермон-тов деген терең пікірлі ақынының өлеңдерін сүйіп оқыған. Сондықтан Абайдың терең пікірлі сөздерін қарапайым «жұрттың көбі ұға алмай ауырсынады» [4]. Байтұрсынұлының қайта-қайта қайырылып, бүге-шегесіне шейін қотарып оқырман құлағына құя беретін мәселесі – Абай шығармаларының қатпар-қатпар құпиясы, шексіз тереңдігі, бірден естіген құлаққа жағымды, ұғынықты еместігі. Ой көзімен бар-ламаса үстірт, жадағай қарап, сыдыртып оқумен қазына кені мол мұ раға сырт беріп, игере алмай тауаны қайтып, өгейсіп қалудан сақ-тандырады.

«Қазақтың бас ақыны» мақаласы ақынның 1909 жылы бас па көр ген жинағын қалың көпшілікке таныстыру, насихаттау ние ті-мен жазылғанымен ұстанған нысанасы биік, мақсаты бөлек шы-ғарма. Төрт жыл өтсе де қазақ оқушысының қолына тимей, тарал-май жатуы ұлы ақынның қадір-қасиетіне жетпегендіктің көрінісі. А.Байтұрсынұлын қамықтыратын да осы жағдаят. Тобықтай түйін: «Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білуі керек» [4]. Абайтану хикметі хатқа біртіндеп түсе бастады. Ұлы ақын мұрасын игеруде

Abaıtaný

Page 88: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

88

зор қолқабыс тигізген Міржақып Дулатұлының «Абай» мақаласы [5]. Абайдың дүниеден озғанына 10 жыл толуына байланысты жазылған тап тұйнақтай дүние Ә.Бөкейхан мен А.Байтұрсынұлы ой-пікірлерін дамыта, жалғастыра түскен. Алаш арыстарының бір-бірін емеурінмен ұғысып, биік мұраттар табыстырғандығына айғақты дәлел.

Міржақып Дулатұлы да қазақ руханиятының тарихынан Абайдың лайықты орын ала алмағандығына қатты қынжылады. «Туғанын, жасағанын, өлгенін өз елі Тобықтыдан басқа қалың қазақтың көп жері білмей де қалды» деп арыдан тартып өркениетке ұмтылмай марғау қалғанымызға қиналады. Тіпті кітабының өлгеннен соң бес жыл-дан кейін шығуы, оның есімінің мәдени ошақтарға берілмеуі, жалпы қазақты кежегесінен кейін тартқан бойкүйездік, немқұрайлылықты сынайды. Оның кәміл сенімінше: «Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш Абай сөзі, Абай аты боларға керек» [5]. «Қазақ хал-қына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абайдың» қадір-қасиетін жете ұғынбасақ, есімін мәңгі есте қалдыруға күш біріктіріп тырыспасақ, ұлттық әдебиет пен өнердің бара-бара уақыт құр ды-мында із-түзсіз жоғалып кетпесіне кім кепіл?! Міржақып-қай раткерді тыншытпай түн ұйқысын төрт бөлгізген ой желісінің құяр арнасы тағы да ұлттық мұратқа саяды. Ұлттық мүдде күрес майданында сынға түскен алмағайып қоғамда Алаштың арда азаматтары тастүйін жиналып әуелі Абайын, содан барып күллі қазақы рухты қаймағын бұзбай сақтап қалу қамында тоқайласты.

«Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар. «Бірінші ақынымыз» деп қабіріне халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар» [5], - деп келетін Міржақып Дулатұлы аузымен айтылған толғам Алаш қайраткерлерінің ортақ ұстанымындай. Пайғамбарлық болжам таң қалдырып, таңдай қақ-қыз бай қоймайды. Темірдей берік төзім иелері ғана биік идеялық нысанаға жетпек. Әттең, өміршең ойлардың шындыққа асуын Алаш ардақтыларының көре алмауы өкінішті-ақ. Жеке бастарының қамынан ұлт болашағын әлдеқайда биік қойған халқымыздың біртуар ұлдары өмірлері қайғы мен қасіретке, зорлық пен қиянатқа шырмауықтай шырмалғанымен әділеттің сағаты соғып, есімдері Қазақ еліне қайта оралды.

Осы арада қоғамдық сананың өрлеуіне үлес қосқан Нәзипа және

Abaıtaný

Page 89: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

89

Нұрғали Құлжановтар еңбегін ескеру орынды. Әсіресе, Орыс геогра-фиялық қоғамының мүшесі Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың ұйым дас тыруымен Семейдегі приказчиктер клубында 1914 жылдың 26 қаң тарында өткен кеш зор резонанс туғызған [6]. Абайдың қайтыс бол ғанына 10 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған әдеби-музы калық этнографиялық кеш жайында қазақ және орыс тілді бас-пасөз кезектесіп жазды. Кештің бірінші бөлімі түгел Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған. «Қазақ ақыны Ибрагим (Абай) Құнанбаев және қазақ поэзиясы» тақырыбында орыс тілінде баяндама жасаған Н.Құлжанова. Баяндамасына негіз етіп Н.Құлжанова 1905 жылы «Семипалатинский листокта» жарық көрген Ә.Н. Бөкейханның мақала-некрологын алған. Кеште Абай өлеңдері оқылып, әндері шыр қалған. Аталмыш шара – абайтануға қосылған салмақты сыбаға санатында.

Алаш қайраткерлерінің абайтану ғылымынаң қалыптасып, дамуы-на жасаған қолғабысы төңірегінде ой жинақтағанда Жүсіпбек Айма-уытов пен Мұхтар Әуезов еңбектерін атау абзал. «Екеу» бүркеншік атымен баспа жүзіне шыққан «Абайдың өмірі һәм қызметі», «Абай-дан соңғы ақындар» мақалалары абайтануға қосылған қомақты ол-жа. Азанамалық, насихаттық, рецензиялық сипаттағы үлгілерден соң қазақ оқушысының қолына тиген «Екеудің» еңбектері Абайдың өмірбаяндық деректері мен шығармашылық мұрасын тікелей зерт-теуді міндеттеріне алған. Онымен де шектелмей «Абайдан соңғы ақындар» ұғымының әдеби айналымға енуіне жол салынғандығы айта салуға ғана жеңіл, әрине.

«Абайдың істеп кеткен қызметі әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгергі қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты, өрнекті болуына лайық. Қуанамыз! На-намыз! Марқұм атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнаттың! Еңбегіңнің жемісін өзің көрмесең аруағың көріп қуансын!» [7]. Абай шығармаларының асыл мұратын, мазмұн қуатын анықтайтын ішкі тінін жазбай танудың нәтижесінде «Екеудің» ағытқан сыры. Шығармашылық құдірет, ақындық әлеует көңіл таразысында безбенделіп, Абай мұрасын біртұтас көркемдік әлем деңгейінде пайымдау-уақыты үшін толғақты мәселелердің түйінін шешумен парапар.

Ж.Аймауытов пен М.Әуезов бірлесіп 1918 жылы Семей қаласында «Абай» журналын шығаруда да үлкен мән бар. Ұлы ақынның есімін журналға беру – ақынға көрсетілген құрметтің ең көрнектісі, мәдениет шеруінде жаңа арна, тың серпінге иелене бастаған төл өнеріміздегі

Abaıtaný

Page 90: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

90

жаңа құбылыс. Бас мақалада: «Қазақта қашаннан білгіштік, соңы нан ергіштік береке бар. Оқыған зиялыларымыз да, оқымаған саңы лау лы адамдарымыз да Абайды үлгі қылмайтыны жоқ... Абайды құрмет теуге бүтін қазақ, оның ішінде көңілі ашық оқығандар борышты. Абайды бет-ке ұстасақ, білгішке ергіштік нысанымызды атқарамыз – екі» [8], - деп жіліктеп түсіндірген. Абай қазақтың ұранына айналып, ұлт игілігіне қызмет жасайтындығына жүрегімен сенген. Журналдың әр санынан орын алған түрлі тақырыптағы материалдар Жүсіпбек Аймауытұлы мақсат тұтқан межелер өміршеңдігін байқатты. Өмір мен өзектес, уақытпен үзеңгілес әлеуметтік ой-пікірлер қалыпта сып үлгерді.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамын да ғы ояну – саяси-әлеуметтік өмірде ғана емес, рухани бұлқыныстарға да кең өріс ашты. Қазақтың өзін-өзі тануы – әдебиеті мен өнерінің да-муымен сабақтасып жатты. Бұл ретте Абайды тану, халық қазынасын игеру Алаш арыстарының басты нысанасына айналды. Абайтану-дың туып, қалыптасуында Алаш қайраткерлерінің үлесі аса қомақ ты екендігін бар дауысымызбен жар салып айтуымыз абзал.

1942 жылы Қазақ университетінен бастау алған абайтану бүгін-де жетпісті толтырды. Өз алдына іргелі ғылымға ұласты. Ендеше, Алаш арыстарының төккен тері зая кеткен жоқ деп нық сеніммен айта аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:1. Бөкейханов Ә. Кәкітай.- «Қазақ», 1915,18 февраль, №105.2. Бөкейханов Ә. Шығармалар. Алматы: Қазақстан,1994. – 384 б.3. Букейханов А. Абай (Ибрагим) Кунанбаев (некролог). – Записки Семипалатинского подотдела Зап.-Сибирского отдела ИРГО, 1907,вып.ІІІ, с.1-8;«Семипалатинский листок»,1905, 27, 29 октября.4. А.Б.[Ахмет Байтұрсынов]. Қазақтың бас ақыны. –«Қазақ»,1913, 23 ноябрь, №39;«Қазақ»,1913, 30 ноябрь, №40;«Қазақ»,1913, 22 декабрь, №43.5. Дулатов М.Абай. «Қазақ»,1914, 23 июль №67.6. М.М. [Мұстақым Малдыбаев].Семейпалаттан.–«Айқап», 1914,

№4, 67-68 б.7. Екеу. Абайдың өмірі һәм қызметі. – «Абай»,1918, №2,1-3 б. 8. Жүсіпбек. Журнал туралы. - «Абай», 1918,№1,3-6 б.

Abaıtaný

Page 91: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

91

ЕЛДЕС ОМАРҰЛЫ

ЕМЛЕ МӘСЕЛЕСІ(ойласу ретінде)

Қазақша жазудың жолы дыбыс жүйесінше дейміз. Бірақ таза ды-быс жүйесінше болып шығатын емле ешбір тілде де болған емес. Он-дай емленің болуы мүмкін де емес. Біз өз елімізді дыбыс жүйесінше дегенде, оны басқа тілдердің емлесімен салыстырып, басқа емлелер-ге қарағанда дыбыс жүйесінің жолына анағұрлым жуық болған соң, сонымен ғана дыбыс жүйесінше дейміз.

Қазақтан басқа халықтардың ішінде емлесін дыбыс жүйесіне жа-настырып шығарған халық – орыс халқы деуге болады. Орыстың жа-зуы басқа халықтарға қарағанда, дыбыс жүйесіне едәуір жуық. Бірақ қазақтың осы күнгі емлесімен салыстырсақ, орыстың емлесі де ды-быс жүйесіне келмейтінге ұсап шығады. Мәселен, орысша «сдача, сад, окно, режь, легок, друг» сықылды сөздердегі «с», «д», «о», «ж», «о», «г»-лердің естілуі «з», «т», «а», «ш», «ы», «к» дыбыстарына ұсайды. Бірақ орыстар оны естілуінше жазбайды, басқаша қылып жазып отыр. Үйткенімен орыстың емлесінің былай дыбыс жүйесінен қашықтап кеткенін емленің кемшілігі деуге болмайды. Орыстар бұ сықылды сөздерді естілуінен басқаша қылып жазғанда, жазуды жеңілдету үшін әдейі істеп отыр. Сондықтан жаңағы келтірілген сөздердің жазылуы өздерімен түбірлес сөздермен бірдей болып шығатын болып, түбірі бір сөздердің қағаз бетіндегі пішіні де өзара ұқсас болып отыр. Соның арқасында ондай сөздердің жазылуы да, оқылуы да оңайланып отыр.

Дыбыс жүйесіне деген орыс емлесі де осы сықылды болған соң, орыстан басқа елдердің емлесі дыбыс жүйесінше деуге тіпті келмейді. Бірақ келмегені кемшілік емес, әр елдің тілінің жай-жағдайына қарай, жеңілдік үшін әдейі шығарған ережелері болған. Бұл кезге шейін өзінің жазуы, әдебиеті келген тілдердің

Alash

Page 92: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

92

бәрі де, жалғыз қытай тілінен басқасы, қопармалы тіл делінеді. Ол тілдердің сөздеріне түрлі жалғау-жұрнақ жалғанғанда, түбіріндегі дыбыстары да қопарыла өзгеріледі. Мәселен, арабша «білді» де-ген сөз «فرغ» (ғарақа) болады да, «білесің бе» деген сөз «قرعتاء» (атағрыйпұ) болады. Дауыссыз дыбыстарының арасындағы дауысты дыбыстары өзгеріп отырады. Бұл қалып Үнді-Жаурыпа [Үнді-Еуропа – құр.] тілдерінің бәрінде де бар (Үнділіктердің, парсының, араптың, жебірейдің, Жаурыпадағы халықтардың барлығының да тілдері «Үнді-Жаурыпа тілі» делінеді. Бұл тілдердің түп атасы бір). Бұл қалып орыс тілінде де бар. Мәселен, «вода» деген сөздің бас буынындағы да-уысты дыбыстың естілуі – «а», ол сөзді өзгертіп, «воды» десек, сол «а» өзгеріп, «о» болады.

Жазу жеңіл болу үшін түбірлес сөздердің түбірінің пішіні бірдей болмаса бомайды. Үнді-Жаурыпа елдері жазуын жеңілдету үшін дыбыс жүйесінен әдейі бұрып шығарып отыр. Түрік тілдерінде о сықылды қопармалық қалып жоқ. Түрік тілдеріндегі сөздердің түбірі өзгермейді. Сондықтан дыбыс жүйесі басқа тілдердің жазуына өте қиын болғанымен, біздің жазуымызға ондайлық қиын болмайды. Сондықтан біздің жазуымыздың дыбыс жүйесіне келмейтін жерлері санаулы ғана болуы керек.

Емле дегеннің өзі жазудың ережесі деген сөз ғой. Емле болған соң-ақ онда ереже болмай қалмайды. Жазу таза дыбыс жүйесінше болса, онда іш ереже де болмақ емес. Олай болған күнде «емле» деген сөздің өзінің де болмауы керек. Бірақ біздің жазуымыз дәл дыбыс жүйесінше болмағанмен, дыбыс жүйесіне жуық болған соң, біздің ережелеріміз аз болу керек.

Біздің білуімізше, қазақша жазудың негізі дыбыс жүйесінше болу керек те, оған (дыбыс жүйесіне) келмейтін негізгі ереже (емленің ережелері) санаулы болу керек. Қазақша жазудың осы күнгі қалпын сынап, оның көзге көрінерлік кемшіліктерін түзетіп шығарсақ, біздің емлеміздің негізгі ережелері мынадай болмақ:

1. Жеке сөздің екі шетіндегі (алдындағы жә артындағы) дыбыс жанындағы сөздің жалғас дыбысының ықпалымен өзгеретін болса,

* Түбір сөздің дыбысы кейде жалғас дыбыстың ықпалымен өзгереді. Дыбыстың былай өзгергенін тіл ілімі екі түрлі заңға келтіріп, бір дыбыс жанындағы дыбысқа ұсап өзгеретін болса, оны ымырашылдық (ассмиляция) дейді де, жанындағы дыбыстан басқаланып, оған ұсамай өзгеретін болса, оны ымырасыздық (диссмиляция) дейді. Дыбыстың бұлай өзгерілуі қопармалыққа (флекция основы) мүлде жанаспайды.

Alash

Page 93: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

93

дыбыстың олай өзгергенін елемей, әр сөзді өзінің жеке күйінде (басқа сөздің ықпалы тимей тұрған кезде) айтылған қалпында жазуы мыз керек.

Бұл ережені қабыл алсақ, күрделі күйінде қар өгіз, торалат, бозғұнан, көгдөнен, жас пала, төпжарған болып естілетін сөздерді әрқайсысының жеке күйінде естілгенінше қара өгіз, торы ала ат, боз құнан, көк дөнен, жас бала, топжарған деп жазатын боламыз.

Біздің ережелеріміздің ішіндегі ең күштісі де, ең қиыны да – осы ереже. Сөзді бұл ережеге келтіріп жазу үшін тізбектеле айтылған сөздердің өзі басқа-басқа сөз бе, тұтасып бір сөз болып кеткен сөз бе, әуелі соны ашып алу керек. Мәселен, бүгін, таңертең, бозғұнан, апарсійгедім сықылды сөздердің әрқайсысы бір сөз бе, жә [я – құр.] бөлек-бөлек сөз бе, соны ашып алу керек. Біздің білуімізше, бұл келтірген мысалдардың ішінде тұтасып бір сөз болып кетпей, екі сөз деуге сиятын жалғыз-ақ – боз құнан. Онан басқалары о бас-тан әрқайсысы бірнеше сөз болғанымен, бұ кезде тұтасып, екеуі, кейде онан да көбі бір сөз болып келген. Сондықтан боз құнан деген сөзді осылай жазғанмен, онан басқаларын жіктемей-ақ, тұтас күйінде естілгенінше жазған жөн. «Апарсійгедім» деген сөзді жіктесе, «алып барсам игі еді» болып шығады. Бірақ «алып барсам» ықшамдалып, «апарсам» болған да, «апарсам игі еді» ықшамдалып, «апарсійгедім» болған. Бұл сөзді «апарса игі едім» деп бөліп жазғанмен, «игі едім» дегенде түк мағына болмайды («Игі еді» де-сек, екі сөздің бірі бастауыш, бірі баян дауыш болып, қисыны кетер еді. Бірақ «игі едім» болып құралған соң, онда мағына да қалмайды, екеуі өзара қисынбайтын да болады). Сондықтан «ійгі едім», «ійгі едің», «ійгі еді»-лерді ықшамдала келе желғау болды деуге де бола-ды. Сондықтан «аларсійгедім» бір сөз деуге сияды да, оның осылай тұтасып жазылғаны қолайлы болады.

Міне, бұ сықылды сөздерді осылай әрқайсысын өз алдына сынап, қайсысы тұтас сөз, қайсысы екі сөз жә көп сөз екен, соны қаталаспай шешіп алу керек. Бірақ оны ат үстінен оймен жорып, үстірт сынап ше-шуге болмайды. Оған өз алдына айрықша негіз құрып, қисынын та-уып тексере аларлық жол ашу керек. Бұ жерде о сықылды сөздердің бәрін жиып тексеру түгіл, жаңағы мысалдағы сөздерді түгел тексеріп шығу да оңай емес. Оның да әрқайсысы үшін өз алдына бір-бір мақала жазбасаң болмайды.

Сондықтан бұ жерде бүгін мен таңертең деген сөздерді қоя тұрып, әуелі емленің жалпы жолдарын сөз қылған дұрысау деймін.

Alash

Page 94: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

94

Бірақ бұл жерде жалғау, жұрнақтарды қысқаша сөз қыла кетпей болмайды. Жалғау, жұрнақтардың әңгімесі жаңағы жалпы ережеге тіреледі. Жалғау, жұрнақтарды жеке сөз емес деп, түбір сөзге қосып жазамыз. Демеу, жалғаулық, қосалқы, одағай сықылды сөздерді жалғау да емес, жұрнақ та емес деп, алдындағы сөзден бөлек жа-замыз. Сондықтан жалғау не, жұрнақ не, жалғаулық, демеу де-гендер не, соны ашып алмай болмайды. Жалғау, жұрнақтарды да, одағай, демеуге ұсаған бөлек сөздерді де септеу мен жіктеуге қарап сынауға болады. Түрік тілдерінің бәрінде де сөз-сөздің ең арты септеу болып жә жіктеу болып тынады. Септелген, жіктелген сөзге сол септеудің, жіктеудің үстіне жаңадан жалғау жалғауға бол-майды. Бірақ бұған жатыс жалғау келмейді, жатыс жалғаулы сөзді жіктеуге болады. Қалада, үйде дегендегі «де»-лер жатыс жалғау. Бірақ ол сөздерді жіктеп мен қаладамын, сендер үйдесіңдер деу-ге болады. Жатыс жал ғаулы сөзге жұрнақ қосып, өзін атау күйге шығаруға болады да, сосын оны жаңадан септеуге де болады, жіктеуге де болады, тәуел деуге де болады.

Қалада деген сөзге «-ғы» жұрнағын қосып, қаладағы деп алған соң, оның үстіне басқа түрлі жалғау, жұрнақтарды да қоса беруге болады. Сондықтан бөлек сөздерді де, жалғау, жұрнақтарды да септеу мен жіктеуге қарап сынаймыз дегенде, септеудің ішінен жатыс жалғауды айырып алу керек. Сонда

«қой», «қана», «ма», «да», «ақ», «ау», «мен» сықылды даулы сөз-дердің жалғау деуге сиятын-симайтынын тексеру үшін оларды түрлі септеу мен түбірдің жә жіктеу мен түбірдің арасына келтіріп байқауға болады. Арасына кіре алатынын

жалғау деуге болады да, кіре алмайтын бөлек сөз деуге болады. Сеп-теу мен жіктеудің артынан ғана айтылатын сөздерді де бөлек сөз де-мей болмайды. Бұлай сынағанда жаңағы даулы сөздердің бірқатары сұрау демеу «ма?», қосалқы «ақ» сықылдылары жалғау деуге де келіп қалады, бөлек сөздерге де сыймайды.

Жалғауды жалғаулы сөздің сөйлем ішіндегі қызметіне қарай да сынауға болады. Жіктеулі сөз сөйлемге тек қана баяндауыш болады, септеулі сөз не толықтауыш немесе пысықтауыш бола-ды, септеусіз сөз екекуіне де жарамайды, жә бастауыш болады, жә анықтауыш, немесе сын пысықтауыш болады. Бұ жағынан санасақ,

Түпнұсқада «алатын» деп қате кеткен, «алатынын» деп түзетілді – Е.М.Түпнұсқада «сөздің» деп қате кеткен, «сөз» деп түзетілді – Е.М.

Alash

Page 95: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

95

жаңағы сөздердің ішінен «мен» айырылып шығады. «Пәленшені өз көзіммен көрдім», «ағашты балтамен шаптым» деген сықылды сөйлемдерде көзіммен, балтамен деген сөздер толықтауыш бола-ды. Сонда бұл «мен»-ді мұндай жерлерде септеу деген де болады. Бірақ «адам мен адамның арасы жер мен көктей», «жылқы мен қой қысқа берік болады» деген сөйлемдерде «мен» демеу болады. Сондықтан бұ жағынан тексергенде, «мен»-ді екі түрлі түсініп, септеу болған жерлерінде түбірмен бірге жазып, демеу болған жерлерінде бөлек жазуға болады. Әйтпесе осы күнгі қалпында ылғи бөлек жазатын болсақ та, ештеңе етпес еді. Соған ұсатып, ылғи бірге жазсақ та іштеңе етпейтін болу керек.

Бірақ «ақ», сұрау демеу «ма» сықылды демеулерге бұл (ған) сыймайды. Сөйлем ішіндегі сөздің қызметін оларға қарап айыру-ға болмайды. Оларды жалғау жә жұрнақ десек, жалғау, жұрнақ дегеннің не екеніне айыра танырлық мағына беруге де болмай-ды. Олай бол ған күнде үшін, енді, шейін сықылды сөздерді де бөлек сөз дерлік жол қалмайды. Бұл жағын ескереміз десек, бұл сөздерді түбір сөзге қоспай, бөлек жазуымыз керек. Бөлек жа-затын болсақ, оларды бөлек сөз есебінде, басындағы дыбыстың өзгергенін елемей, ылғи бір түрде ғана жазуымыз керек. Бірақ «мен» мен «ма» алдындағы сөздің соңғы дыбысына қарай бен, пен, ба, па болып өзгеріп отырады. Бұлардың бұл өзгергенін еле-мей, үнемейі [үнемі – құр.] «м»-мен бастап жазу да оңай емес. Сондықтан бұларды бөлек сөз болса да, естілуінше жазамыз де-сек, алдынан сызықша қойып жазған дұрыс.

2. Тұтас бір сөзді тұтас күйінде естілгенше жазамыз десек, «б» дыбысы сөздің аяғында келмейді деп біліп, қап, тап, жап сықылды сөздерді естілуінше «п»-мен жазу керек те, қабым, табамын, жа-уып жібер дегенде де осылай «б» болып өзгергенде «б», «у» болған жерінде «у» жазу керек. Сөз-сөзді жеке күйінде естілгенінше жазамыз десек, «ы»-ға бола айрықша ереже шығарып, түбірлес сөздердің қағаз бетіндегі пішінін мың құбылтудың қисыны да болмайды, жеңілдігі де болмайды.

Бұл жолды негізгі жол деп білсек, «ый» мен «ұу»-ды ықшамдаймын деуде де мағына болмайды. Құйын, түйін, сояды, күйеді, түйеді сықылды сөздерді осылай жазатын болған соң қыйын, тыйын, сыйа-ды, кійеді, тійеді деген сөздерді басқаша қылып жазамыз деген бас-тауыш мектептегі бала түгіл, үлкен кісінің де ақылы жетпейтін бір керемет болады. Қыйын, тійеді деп жазатын болған соң қый, тый

Alash

Page 96: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

96

сықылды сөздерді басқа бір жолға салып жазамын деудің де қажеті шамалы болар.

Жұбат, сұрат сықылды сөздерді естілуінше жазсақ, жұуат, сұуат сықылды сөздерді осылай жазбай, амал жоқ. Сонсын «жұу», «сұу» сықылды сөздерді бұзып жазғаннан да жеңілдік шықпайды.

Бұл айтылған әңгіменің бәрі де жаңағы жалғыз ереже: «сөз-сөздің жеке күйіндегі дыбыстары естілуінше жазылсын» деген ережеге түсіреді.

Жазуды түгел дыбыс жүйесінше жаза алмайтын болған соң, ол ере-жеге қоса айрықша ережелер де болу керек. Ондай ережелер көмескі дыбыстарға керек. Бізде көмескі болып естілетін дыбыстар «ы» мен «ұ», «ө» мен «о» жазуымыздың бұ кездегі түріне қарағанда «2 дауы-сты «ы» мен «ұ» жә «ө» мен «е» көмескі естілетін болса, «ұ» жазылмай, «ы» жазылсын да, «о» жазылмай, «е» жазылсын» деуіміз керек. Сонда күрек, үшін болып, тұрсын, бөлек сықылды сөздерді осы күйінде қана жазатын боламыз, күрек, үшүн, бұлұп, тұрсұн, бөлөк деп жазбайтын боламыз.

Етістікке жалғанатын «-тын» жұрнағының әңгімесі де осы ере-жемен шешіледі: оқыу, жазыу, тійіу сықылды сөздердегі «-ыу»-дың емлесі де осы ережеге келеді.

С, ш, з, ж төртеуі жалпы дыбыс жүйесіне сүзілме дыбыс (фри-кативные) делінеді. Қазақ тінде бұл дыбыстар көп өзгермейді, бірақ бірен-саран жерлерде бұлардың да өзгеріп кететіні бо-лады. Мәселен, «тұзсың» дегенде түбірдегі «з» дыбысы «с»-ға ұсап кетеді. Есжан, Досжан деген сөздер Ешшан, Дошшан болып естіледі. Жазғанда бұлардың өзгергенін өзгергенінше жазу оңай болмаса керек. Сондықтан:

3.Сүзілме дыбыстардың айнығанын елемей, оларды ылғи түбірін-ше жазу керек. Сонда бұл сүзілме төрт дыбыстан басқа дауыссыз дыбыстарды да жаңағы «ө» мен «ұ»-дан басқа дауысты дыбыстар-ды да түбіріне қарамай, бөлек сөздердің бөлек күйінде естілгенінше ғана жазатын боламыз. Мәселен, жоңқа, бірдеме, қазаңғап, Борам-бай, Досбол немеурін сықылды сөздерді (түбіріне ұсатып жонқа, бірнеме, Қазанқап, Боранбай, Досбол, немеурін демей), осы қалыпты естілуінше ғана жазатын боламыз да, Құтжал, Басшы, тұзшы сықылды сөздерді естілуінше жазбай (Құтжол, башшы, тұшшы де-мей) түбірінше жазатын боламыз.

Кейбір сөздер ел аузында әртүрлі болып айтылады. Мәселен, сонан соң, сонсың, сосын дейміз, іштеме, іштеңе, іждеме, іждеңе

Alash

Page 97: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

97

дейміз. Бұл сықылды сөздер қоныс басқалығынан, жа(я) ұру бас-қа лығынан болған елдің бір жерінде ғана айтылып, басқа жерле-рінде айтылмайтын сөздер емес, жалпы қазақтың бәрінде бірдей айтылып келе жатқан сөздер. Бұ сықылды сөздер жеке кісінің тілінде де бәрі бірдей айтыла береді. Мәселен, Таймінер бір жер-де сөйлегенде іждеңе мен екінші жерде іштеме дейді. Бұ сықылды сөздерді тексеріп, мынасы дұрыс, мынаны теріс деп, тек бір түрін ғана жазатын болсақ, онымыз зорлық болады. Онда барлығы бір түбірден құралып, өзара мәнісі де бірдей болып келген сөздерді олай сұрыптай алатын болу үшін ол сөздердің қайсысы жаңадан шыққан сөз, қайсысы бұрыннан келе жатқан сөз, түбінде қай-сысы басым болып шықпақ? – Соның бәрін дұрыс шешіп, сөз-сөздің болашағын бұлжытпай айтып бере алатын сәуегей болу-ымыз керек. Біздің мамандарымыз да, әлімдеріміз де [ғалымдар – құр.] әзірге ондай сәуегейлікке жеткен жоқ. Ондай сөздердің түбінде қалайша өзгеретінін осы бастан болжап сәуегөйлік қыла-тындардың сәуегөйлігі ілім жолына қисынбай, көбіне құма-лақшының сәуе гөйлігіне ұсап шыға береді. Солай болған соң, қатарынан айтылатын сөздердің біреуін қана таңдап алып, бас-қадан мүлде жазбайтын болсақ, онымыз өрескел зорлық болады. Сондықтан:

4. Түбірі де бір, мәнісі де бір сөздің айтылуы түрліше болып, оның түр-түрі жалпы елдің бәрінде бірдей айтылатын болса, ондай сөздер сұрыпталмай түр-түрінің бәрі де жазыла беретін болсын.

Мәселен, барамын деп те, барам деп те жаза алатын болуымыз ке-рек, барасыз деп жазған да дұрыс, барасыңыз деп жазған да дұрыс; барғаннан соң деп те, барған соң деп те, барғасын деп те жаза беруіміз керек; со сықылды іждеңе мен іштеңе-лерді де сұрыптамау керек.

Бірақ түрліше айтылатын сөздердің бәрі бірдей жалпы емес, кейбір сөздер бір жерде бір түрлі, екінші жерде екінші түрлі айтылады. Мәселен, бірсыпыра жерлердің қазағы сен барасың дейді де, кейбір жерлерде сен барсын дейді; қазақтың кейбір жерлерінде қатын туды дейді де, кей жерлерінде бала туды дейді; кейбір жерлердің қазағы ашшы дейді, басқа жерлерде ол сөз ашты болып айтылады. Жаңағы (4-інші) ережеге бұ сықылды сөздерді келтіруге болмайды. Мұндай сөздер қазақтың бір жерінде түсінікті болғанмен, екінші жерінде түсініксіз болады. Сондықтан мұндай сөздерді сұрыпқа салып, бір түрін ғана таңдап алмаса болмайды. Бұл сықылды сөздерді тексер-генде қазақтың көпшілігінің ауанына қарау керек.

Alash

Page 98: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

98

5. Әр жерде әр түрлі айтылатын сөздер елдің көбшілігінің айтуын-ша жазылу керек.

Біздің білуімізше, қазақтың жазуына осы 5 ереже негіз болу ке-рек. Жаңадан қозғалған « ف» (ф), « ح» (х), « ث » ,«ظ » ,«ذ»... мәселелері бұл ережелердің талабына сыймайды. Бұл мәселелер – емле емес, атау (термин) мәселесі. Сондықтан оларды бұ жерде сөз қылудың керегі де жоқ.

1929 ж.

Alash

Page 99: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

МАЗМҰНЫ

Ахмет Байтұрсынұлы туған күніН.Құрман. Қазақ психолингвистикасының Ахмет Байтұрсынұлыеңбектерінде танылу тұмалары........................................................................................3Б.Қапалбек. Ақаңның әліппесіне қайта оралу қажет.........................................10А.Сейітбекова. Бүгінгі жаңа деп табылған әдістер Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінен бастау алады....................................15 Ш.Құрманбайұлы. Ахмет Байтұрсынұлы аудармаларындағы жаңа қолданыстар..................................................................................................................18А.Қожахмет. Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл-құрал» еңбегіндегі тыныс белгілері........................................................................................................................25

Тұңғыш тіл форумыА.Мырзатай. Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі.................................................................................................................................28

Жаңа жазуН.Әміржанова. Жаңа емлені дұрыс жаңғыртайық..........................................33А.Аманбаева. Кіріккен сөздердің жаңа әліпбидегі орфограммасы...........36Б.Исхан. Дыбыстық жүйеміздің кейбір мәселелері.............................................38

Тіл кеңістігіЕ.Кәпқызы. Мемлекеттік қызметкерлер тілді қалай игеруде?....................44Қ.Шамахайұлы. Сөзіміз жоғалса – өзіміз де жойыламыз...............................50Г.Жұмабекова. Зияткерлік күретамыр......................................................................59

Аударма С.Бәйменше. Балама сөздің бағын аш........................................................................65

Терминология Б.Ысқақ. -Ма,-ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының терминжасам мүмкіндігі....................................................................................................................................73

Ономастика Қ.Рысберген. Аты-жөнімізді халықаралық стандартқа сай жазуға бола ма?........................................................................................................................................76Б.Әбдуәлиұлы. Қазақ ономастикасындағы терминдердің қазақ тіліне аударылу мен бейімделу мәселелері.............................................................79

АбайтануА.Еспенбетов. Алаш арыстарының абайтануға қосқан үлесі......................84

АлашЕ.Омарұлы. Емле мәселесі................................................................................................91

Page 100: №2 (50) 2019Sultan Orazaly Qazaqstan Respýblıkasynyń eńbek sińirgen qaıratkeri, jazýshy Asyly Osman «Memlekettik tilge qurmet» birlestiginiń tóraıymy Dos Kóshim «Ult

РЕДАКЦИЯ ЕСКЕРТПЕСІАвторлардың стилі,

орфографиялық хақы сақталады.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "ТІЛ-ҚАЗЫНА" ұлттық

ғылыми-практикалық орталығындатеріліп, беттелді.

Бас редактор Қ.ЕсентайКорректор М.Шіменбай

Дизайнын жасап, компьютерлік нұсқасын дайындағанС.Баубек

Редакцияның мекенжайы:Қазақстан Республикасы

010000, Нұр-Сұлтан қаласы,Сығанақ көшесі, 25,

Тел.: 8 (7172) [email protected]

Теруге берілген күні 7.11.2019 ж.Басуға қол қойылған күні 18.11.2019 ж.

Пішімі 70х100 1/16 Шартты баспа табағы 8,1Таралымы 2000 дана.

Тапсырыс №

Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы"Полиграфкомбинат" ЖШС-нде басылды.

050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.