5 мамыр 2018 жыл «КМК МҰНАЙ» АҚ · атмосфералық ауаны...

1
20 5 мамыр 2018 жыл [email protected] Шараға қатысушыларды құттықтай отыра, «КМК Мұнай» АҚ президенті Ван Цзиньбао «КМК Мұнай» кәсіпор- нында еңбек етіп жатқан әрбір жұмыс- шының өмірі маңызды екенін айта ке- ле, еңбек ұжымының лайықты жұмыс жасауы үшін барлық жағдай жасалға- нын атап өтті. — Біз еңбекті қорғаудың қауіпсізді- гіне ерекше басымдық береміз. Со- нымен қатар біз әрдайым өз жұмыс- шыларымыздың жұмыс жағдайын жақсартуға тырысамыз. «КМК Мұнай» акционерлік қоғамы өз қызметі бары- сында қауіпсіздік, еңбек және қор- шаған ортаны қорғау мәселелеріне баса көңіл аудара отырып, осы жұ- мысты жетілдіруге күш-жігерін салу- да. Осындай жұмыстың нәтижесінде оның тиімділігі компанияның тікелей Ақтөбе облысы әкімдігімен және құзы- ретті мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынаста болуымен қамта- масыз етіледі. Біздің компания алда да қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мен тиімділікті одан әрі арттыру негізінде өндірісте жарақат- тануды барынша азайту, қоршаған ор- таның құрамдас бөліктеріне техноген- дік әсер ету бағытындағы жұмыстар- ды сақтайтын болады. Біз бұл бағытта аталған іс-шараларды жүзеге асыруға аз қаражат жұмсап отырған жоқпыз, — деді ол өз баяндамасында. Бұдан әрі компанияның вице-пре- зиденті Самат Берденов қабыл- данған шаралар мен ағымдағы жыл- дың жоспары және өткен жылдағы жетістіктер туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. ҚАУІПСІЗДІК — БАСТЫ НАЗАРДА — «КМК Мұнай» акционерлік қоға- мы алдағы уақытта да қауіпсіздік, ең- бек және қоршаған ортаны қорғауды қолдау және жетілдіруге бағытталған жұмысын жалғастыруға ынталы. Со- ның бірден-бір кепілі — өндірістік жа- рақаттану мен қоршаған ортаға техно- гендік әсерді барынша азайту. Еңбек қауіпсіздігі және қоршаған орта қа- «КМК МҰНАЙ» АҚ 2018 ЖЫЛДЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖЫЛЫ ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ Мұнай компаниясында өткен семинар-кеңес қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселесіне, яғни 28 сәуір — Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында ұйымдастырылды. уіпсіздігі — бұл екі тірек тек өндірістік қызметте ғана емес, кез келген адам- ның өмірі үшін маңызды, — деді ол се- минарға қатысушылардың алдында. «КМК Мұнай» АҚ қызметінің негіз- гі бағыты — Ақтөбе облысының Темір және Мұғалжар аудандарында орна- ласқан Көкжиде, Мәртөк және Құмсай кен орындарында көмірсутекті шикі- зат өндіру. Кен орындары Ақтөбе қа- ласынан 250 шақырым қашықтықта, яғни Темір және Мұғалжар аудандары территориясында, нақтырақ айтқанда Кеңқияқ, Саркөл және Шұбарши ауыл- дарына жақын маңда орналасқан. 2013 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстандағы жетекші мұнай-газ опе- раторларының бірі — «СНПС-Ақтө- бемұнайгаз» АҚ «КМК Мұнай» АҚ ак- ционері болуы компания қызметінің тұрақтылығын одан әрі нығайтты. «КМК Мұнай» АҚ-да негізгі басым- дық қауіпсіздік, еңбек қорғау және қор- шаған ортаны қорғауға беріледі. Ком- пания жыл сайын еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және та- биғатты қорғау шараларын жүзеге асыру мақсатына қыруар ақшалай қа- ражат бөліп отыр. Өз қызметі бары- сында «КМК Мұнай» АҚ-да соңы өлім- мен аяқталған өндірістік жағдай, ула- ну және кәсіби аурулармен ауру, өрт, ғимараттардың қирауымен байланы- сты техногендік апаттар, қоршаған ортаға зиян тигізу деректері тіркелген жоқ. 2013 жылдың қаңтарынан бастап «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «КМК Мұнай» АҚ-ға акционер болып ке- луінің нәтижесінде кәсіпорында көмір- сутекті шикізат өндірісінің көлемі бір- ден артты. 2017 жылы бұл көрсеткіш 422 мың тоннадан асса, осылайша Ақтөбе облысы экономикасының да- муына айтарлықтай үлес қосты. Ай- мақ экономикасына тартылған инве- стициялар 2015 жылы 8 млрд тең- геден асса, 2016 жылы бұл көрсет- кіш 5,5 млрд теңгені құрады, ал 2017 жылы рекордтық көрсеткіш — 14 млрд теңге болды. Өндірістік көрсет- кіштердің өсу динамикасы жайында айтқан Самат Берденов: — Негізгі капиталымыз біздің жұ- мысшыларымыз болып саналады. Бү- гінгі күні компанияда 300 адам жұмыс жасайды, оның жартысына жуығы — Ақтөбе қаласының, ал үштен бірі — Темір ауданының тұрғындары. Өн- дірістік қызметтің негізгі бөлігі Мұғал- жар ауданында жүргізілетін болған- дықтан, жұмысшылардың 12 пайызын сол өңірдің халқы құрайды. Компания- ның қызметі тұрақтылық және басқа- рудың жоғары дәрежесімен ерекше- ленеді, — деді ол. Акционердің тиімді басқару стра- тегиясының арқасында «КМК Мұнай» АҚ-да мұнай даярлау қондырғылары модернизацияланды. Қазіргі таңда негізгі технологиялық үдерістер авто- маттандырылған және оларды опе- раторлар алыстан басқару арқылы жүзеге асырады. Ал бұл жайт мұнай даярлау көлемін арттырумен қоса жұ- мыскерлердің жарақат алу тәуекелін төмендетіпті. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ «КМК Мұнай» компаниясы өткен жылы «Парыз» республикалық кон- курсының «Бизнестің әлеуметтік жа- уапкершілігі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл — кәсіпорын үшін үлкен мақтаныш. «Алтын сапа» алтын мүсіншені «КМК Мұнай» АҚ президенті Ван Цзиньбаоға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың өзі табыста- ды. Бұл марапат кәсіпорынның тек жұмысшыларға ғана көңіл бөліп, олар- дың жағдайын жасауымен ғана шек- телмей, сонымен қатар аймақ тұрғын- дарына көмектесуі, әсіресе Темір ау- данындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсе- туінің нәтижесінде жоғары деңгейден танылуына зор ықпал етті. Самат Берденов өз сөзінде ең- бекті және қоршаған ортаны қорғау бағытында жұмыс беруші тарапынан атқарлып жатқан іс-шараларға да тоқталды. Олар бұл істе жеке қорға- ну құралдарымен қамтамасыз етуден бастап, алғашқы медициналық көмек жинағы, жанғыш және улы заттар- ды анықтауға арналған құралдармен қамтылған. Жыл сайынғы медицина- лық тексерістің қорытындысы бойын- ша, кімнің денсаулығында ақау бол- са, сол адамды Сарыағаш, Манкент, Жаңақорған санаторлы-курортты ай- мағына емделуге жолдама беріледі. Кәсіпорынның барлық жұмыс- шысына жыл сайын медициналық сақтандыру беріледі, бұл өз кезегінде олардың ақысыз «Медикер» компани- ясында қаралуына мүмкіндік туғыза- ды. Сонымен қатар, кен өндірушілерді фельдшерлік тексерістен өткізу ісі де қатаң жолға қойылған. Кәсіпорында жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсартуға кеткен шығынның жалпы көлемі 137 миллион теңгеден асады. Компания жұмысшылары үшін әлеуметтік кепілдіктер тізімі белгілі. Сондықтан да «КМК Мұнай» компани- ясының ұжымдық келісімшарты Ақтө- бе облысында ең үздіктердің бірі са- налады. Жоғарыда аталғандардан бөлек, медициналық сақтандыру қара- стырылған, сондай-ақ, кәсіпорын жұ- мысшылары балалары үшін «Мұнай- шы» лагерінде тынығуға жылына қы- рықтан астам жолдама, түрлі өмірлік жағдайларға біржолғы төлемдер және мерекелік сыйақылар, сонымен қатар денсаулықты нығайту бағытында фит- нес бассейндерге және тағы басқала- рына ақысыз баруға жағдай жасалған. Санитарлық зертхана мен өнеркәсіп объектілеріне жүргізіл- ген аттестациялау кезінде ешқан- дай олқылықтар, яғни компания жұ- мысшыларының денсаулығына әсер ететін жағдайлар анықталған жоқ. Со- нымен қатар, компания басшылығы мен акционерлердің шешімімен, вах- талық әдіспен жұмыс жасаудың өзі қауіпті және олардың барлығы ауыр жұмыста еңбек ететіндер ретінде са- налып, соған байланысты оларға қо- сымша кәсіби зейнетақы жарнасы төленеді. Сондай-ақ олар Темір ау- данының экологиялық жағынан қо- лайсыз аймағында жұмыс жасайтын болғандықтан, ай сайын экологиялық жәрдемақы алады. Жыл қорытынды- сы бойынша қауіпсіздік және еңбек қорғаудың үздік көрсеткіші бойынша орташа 30 мың теңгеден, өндіріс озат- тарымен үздіктеріне 100 мың теңгеден сыйақы беру қарастырылған, ал биыл өндірістік жетістіктері үшін 2017 жыл қорытындысы бойынша адамдарға 35 мың теңгеден төленді, — деді Самат Берденов. Облыс әкімдігі мен компания бас- шылығы арасындағы меморандумға сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындағы барлық жұмыс- шының еңбекақысын 15 пайызға кө- теру турасында шешім қабылданған. Жаңадан жатын вагондарын сатып алу мен күзет қызметі үшін стацио- нарлы бекет алу мәселесі де — еңбек жағдайларын жақсарту бағытында атқарылған шаралар. Жыл соңында ең үздік өндірістік участок және нақты орындаушылар анықталып, марапат- талатын болады. НЕГІЗГІ МІНДЕТ — ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ «Көкжиде құмы» арнайы қорғала- тын табиғи аумағы жанында жұмыс істейтін компания қоршаған ортаға «Өндірістік қызметке зиян келтірмеу» ұранымен сипатталады. Осы мақсат- та биосфераның компоненттеріне техногендік әсерді барынша азайту, яғни табиғатты қорғауға қатысты бар- лық шаралар қабылданады. — Иә, атмосфераға шығарылатын заттарға рұқсат етіледі. Кейбір жер- лерде белгілі бір немесе басқа себеп- термен жер ресурстарын ластайды, бірақ біз бұл жағымсыз әсерлердің барлығын азайтып, жақсы нәтижелер- ге қол жеткізуге тырысамыз, — деді компанияның вице-президенті. Жыл сайын компания ірі мөлшерде табиғат қорғау шараларына келіседі. Атап айтсақ, 2015 жылға жоспар- ланған 70 миллион теңгенің орны- на 85 миллион теңге игерілсе, 2016 жылы бұл бағытқа қарастырылған 80 миллион теңгенің орнына 103 милли- он теңге жұмсалған. Былтыр қаржы- ландыру көлемі 90 миллион теңгеге жетіпті. Шығынның негізгі бөлігі Көк- жиде жер асты суының жағдайын тек- серу іс-шараларына жұмсалған. «КМК Мұнай» өндірісті жаңғырту- дың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға елеулі үлес қосады. Был- тыр ол негізгі объектіге — 1 милли- ард теңгеге мұнай дайындауды қол- дады. Оның күші екі есе өсті. Оның негізгі артықшылығы — қоршаған ортаны ластамайды, өйткені барлық негізгі технологиялық процестер ав- томаттандырылған, адам факторы алынып тасталыпты. Сонымен қа- тар «Ақпараттық Қазақстан — 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберін- де «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-мен тығыз байланыста өндірістік экологи- ялық мониторинг режимінде шынайы уақытты белгілейтін автоматтанды- рылған станция орнату жоспарланған. Саркөл және Шұбарши поселке- лерімен қатар кәсіпшіліктің санитар- лық-қорғаныс аймағында орналасып, атмосфералық ауаны тәулік бойы бақылай отырып, көрсеткіштер эко- логтарға онлайн режимде беріледі, ауытқушылық болғанда технологтар жедел хабардар етіледі. — Мұның барлығы ластаушы қал- дықтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстарды біз облыстық экология департаментінің ұсынысы бойынша жүргіземіз, — дейді Самат Берденов. Компания президенті ағымдағы жылды қауіпсіздік жылы деп жария- лағаннан кейін, биыл атқарылатын іс-шаралар көп. Солардың қатарын- да саналатын атмосфераға ласта- ушы заттар шығарындыларын үздіксіз бақылау жүйесін орнату жоспар- ланған. ОҢ НӘТИЖЕ, ЖОҒАРЫ БАҒА Семинарға қатысушылар «КМК Мұнай» компаниясының қызметі тұрақтылық пен басқарудың жоғары деңгейімен сипатталатынын айтты. Мәселен, экология департаменті басшысының орынбасары Ерболат Қожықов кәсіпорынның технологи- ялық үрдістерді автоматтандыру ісін мақұлдады. Оның айтуынша, бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев- тың «Төртінші өнеркәсіптік револю- ция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы айтылған тапсырмаға жауап береді. — «КМК Мұнай» компаниясы басшылығының биылғы жылды қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жылы деп жариялағаны қу- антады. Мұнда осы мәселеге айтар- лықтай көңіл бөлініп отыр. Жұмыс- шылардың еңбек жағдайларын жақ- сартуға ауқымды қаражат бөлініп отыр. Бұл кәсіпорын өндірістік жа- рақат алу көрсеткіші төмен компа- ниялардың бірі ретінде облыста ерекшеленеді, — деді облыстық ең- бек инспекциясының мемлекеттік инспекторы Анат Төлегенов. Ал индустриалды даму жә- не өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті Ақтөбе облысы бойынша депар- таментінің өкілі Айдар Әбуов: — «КМК Мұнай» кәсіпорнына арнайы тапсырыс бойынша тексеріс өткен жылдың шілде айында жүргізілді. Қауіпті объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікке жүргізілген өндірістік бақылау қорытындысы тиісті дең- гейде, бірақ бірқатар бұзушылықтар анықталғанмен, дер кезінде қалпы- на келтірілді. Бұл өз кезегінде тәу- екелдер мен жасырын қауіптерді талдау кезінде оң бағасын берді, — деді. Семинар-кеңестің нәтижесінде барлық шақырылған қонақтар «КМК Мұнай» АҚ басшыларына осын- дай шараға мұрындық болғандары үшін өз алғыстарын айтты. Себебі бұл шара «КМК Мұнай» АҚ-ның қа- уіпсіздік, еңбек және қоршаған ор- таны қорғау саласында жүзеге асы- рып жатқан жоспарларымен жақын танысуға және бірқатар мәселе- лерді талқылауға мүмкіндік берді. Арайлым НҰРБАЕВА. «КМК Мұнай» АҚ Шығыс Қа- зақстан облы- сында көктемгі тасқын су кезін- де зардап шеккен тұрғындарды қол- дау үшін 8 милли- он теңге аударды. ҚОҒАМ

Transcript of 5 мамыр 2018 жыл «КМК МҰНАЙ» АҚ · атмосфералық ауаны...

Page 1: 5 мамыр 2018 жыл «КМК МҰНАЙ» АҚ · атмосфералық ауаны тәулік бойы бақылай отырып, көрсеткіштер эко-логтарға

20 5 мамыр 2018 жыл [email protected]

Шараға қатысушыларды құттықтай отыра, «КМК Мұнай» АҚ президенті Ван Цзиньбао «КМК Мұнай» кәсіпор-нында еңбек етіп жатқан әрбір жұмыс-шының өмірі маңызды екенін айта ке-ле, еңбек ұжымының лайықты жұмыс жасауы үшін барлық жағдай жасалға-нын атап өтті.

— Біз еңбекті қорғаудың қауіпсізді-гіне ерекше басымдық береміз. Со-нымен қатар біз әрдайым өз жұмыс-шыларымыздың жұмыс жағдайын жақсартуға тырысамыз. «КМК Мұнай» акционерлік қоғамы өз қызметі бары-сында қауіпсіздік, еңбек және қор-шаған ортаны қорғау мәселелеріне баса көңіл аудара отырып, осы жұ-мысты жетілдіруге күш-жігерін салу-да. Осындай жұмыстың нәтижесінде оның тиімділігі компанияның тікелей Ақтөбе облысы әкімдігімен және құзы-ретті мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынаста болуымен қамта-масыз етіледі. Біздің компания алда да қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мен тиімділікті одан әрі арттыру негізінде өндірісте жарақат-тануды барынша азайту, қоршаған ор-таның құрамдас бөліктеріне техноген-дік әсер ету бағытындағы жұмыстар-ды сақтайтын болады. Біз бұл бағытта аталған іс-шараларды жүзеге асыруға аз қаражат жұмсап отырған жоқпыз, — деді ол өз баяндамасында.

Бұдан әрі компанияның вице-пре-зиденті Самат Берденов қабыл-данған шаралар мен ағымдағы жыл-дың жоспары және өткен жылдағы жетістіктер туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

ҚАУІПСІЗДІК — БАСТЫ НАЗАРДА

— «КМК Мұнай» акционерлік қоға-мы алдағы уақытта да қауіпсіздік, ең-бек және қоршаған ортаны қорғауды қолдау және жетілдіруге бағытталған жұмысын жалғастыруға ынталы. Со-ның бірден-бір кепілі — өндірістік жа-рақаттану мен қоршаған ортаға техно-

гендік әсерді барынша азайту. Еңбек қауіпсіздігі және қоршаған орта қа-

«КМК МҰНАЙ» АҚ 2018 ЖЫЛДЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖЫЛЫ ДЕП ЖАРИЯЛАДЫМұнай компаниясында өткен семинар-кеңес қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселесіне, яғни 28 сәуір — Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында ұйымдастырылды.

уіпсіздігі — бұл екі тірек тек өндірістік қызметте ғана емес, кез келген адам-ның өмірі үшін маңызды, — деді ол се-минарға қатысушылардың алдында.

«КМК Мұнай» АҚ қызметінің негіз-гі бағыты — Ақтөбе облысының Темір және Мұғалжар аудандарында орна-ласқан Көкжиде, Мәртөк және Құмсай кен орындарында көмірсутекті шикі-зат өндіру. Кен орындары Ақтөбе қа-ласынан 250 шақырым қашықтықта, яғни Темір және Мұғалжар аудандары территориясында, нақтырақ айтқанда Кеңқияқ, Саркөл және Шұбарши ауыл-дарына жақын маңда орналасқан.

2013 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстандағы жетекші мұнай-газ опе-раторларының бірі — «СНПС-Ақтө-бемұнайгаз» АҚ «КМК Мұнай» АҚ ак-ционері болуы компания қызметінің тұрақтылығын одан әрі нығайтты.

«КМК Мұнай» АҚ-да негізгі басым-дық қауіпсіздік, еңбек қорғау және қор-шаған ортаны қорғауға беріледі. Ком-пания жыл сайын еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және та-биғатты қорғау шараларын жүзеге асыру мақсатына қыруар ақшалай қа-ражат бөліп отыр. Өз қызметі бары-сында «КМК Мұнай» АҚ-да соңы өлім-мен аяқталған өндірістік жағдай, ула-ну және кәсіби аурулармен ауру, өрт, ғимараттардың қирауымен байланы-сты техногендік апаттар, қоршаған ортаға зиян тигізу деректері тіркелген жоқ.

2013 жылдың қаңтарынан бастап «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «КМК Мұнай» АҚ-ға акционер болып ке-луінің нәтижесінде кәсіпорында көмір-сутекті шикізат өндірісінің көлемі бір-ден артты. 2017 жылы бұл көрсеткіш 422 мың тоннадан асса, осылайша Ақтөбе облысы экономикасының да-муына айтарлықтай үлес қосты. Ай-мақ экономикасына тартылған инве-стициялар 2015 жылы 8 млрд тең-геден асса, 2016 жылы бұл көрсет-кіш 5,5 млрд теңгені құрады, ал 2017 жылы рекордтық көрсеткіш — 14 млрд теңге болды. Өндірістік көрсет-кіштердің өсу динамикасы жайында айтқан Самат Берденов:

— Негізгі капиталымыз біздің жұ-мысшыларымыз болып саналады. Бү-гінгі күні компанияда 300 адам жұмыс жасайды, оның жартысына жуығы — Ақтөбе қаласының, ал үштен бірі — Темір ауданының тұрғындары. Өн-дірістік қызметтің негізгі бөлігі Мұғал-жар ауданында жүргізілетін болған-дықтан, жұмысшылардың 12 пайызын сол өңірдің халқы құрайды. Компания-ның қызметі тұрақтылық және басқа-рудың жоғары дәрежесімен ерекше-ленеді, — деді ол.

Акционердің тиімді басқару стра-тегиясының арқасында «КМК Мұнай» АҚ-да мұнай даярлау қондырғылары модернизацияланды. Қазіргі таңда негізгі технологиялық үдерістер авто-маттандырылған және оларды опе-раторлар алыстан басқару арқылы жүзеге асырады. Ал бұл жайт мұнай даярлау көлемін арттырумен қоса жұ-мыскерлердің жарақат алу тәуекелін төмендетіпті.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ

«КМК Мұнай» компаниясы өткен жылы «Парыз» республикалық кон-курсының «Бизнестің әлеуметтік жа-уапкершілігі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл — кәсіпорын үшін үлкен мақтаныш. «Алтын сапа» алтын мүсіншені «КМК Мұнай» АҚ президенті Ван Цзиньбаоға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың өзі табыста-ды. Бұл марапат кәсіпорынның тек жұмысшыларға ғана көңіл бөліп, олар-дың жағдайын жасауымен ғана шек-телмей, сонымен қатар аймақ тұрғын-дарына көмектесуі, әсіресе Темір ау-данындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсе-туінің нәтижесінде жоғары деңгейден танылуына зор ықпал етті.

Самат Берденов өз сөзінде ең-бекті және қоршаған ортаны қорғау бағытында жұмыс беруші тарапынан атқарлып жатқан іс-шараларға да тоқталды. Олар бұл істе жеке қорға-ну құралдарымен қамтамасыз етуден

бастап, алғашқы медициналық көмек жинағы, жанғыш және улы заттар-ды анықтауға арналған құралдармен қамтылған. Жыл сайынғы медицина-лық тексерістің қорытындысы бойын-ша, кімнің денсаулығында ақау бол-са, сол адамды Сарыағаш, Манкент, Жаңақорған санаторлы-курортты ай-мағына емделуге жолдама беріледі.

Кәсіпорынның барлық жұмыс-шысына жыл сайын медициналық сақтандыру беріледі, бұл өз кезегінде олардың ақысыз «Медикер» компани-ясында қаралуына мүмкіндік туғыза-ды. Сонымен қатар, кен өндірушілерді фельдшерлік тексерістен өткізу ісі де қатаң жолға қойылған. Кәсіпорында жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсартуға кеткен шығынның жалпы көлемі 137 миллион теңгеден асады.

Компания жұмысшылары үшін әлеуметтік кепілдіктер тізімі белгілі. Сондықтан да «КМК Мұнай» компани-ясының ұжымдық келісімшарты Ақтө-бе облысында ең үздіктердің бірі са-налады. Жоғарыда аталғандардан бөлек, медициналық сақтандыру қара-стырылған, сондай-ақ, кәсіпорын жұ-мысшылары балалары үшін «Мұнай-шы» лагерінде тынығуға жылына қы-рықтан астам жолдама, түрлі өмірлік жағдайларға біржолғы төлемдер және мерекелік сыйақылар, сонымен қатар денсаулықты нығайту бағытында фит-нес бассейндерге және тағы басқала-рына ақысыз баруға жағдай жасалған.

— Санитарлық зертхана мен өнеркәсіп объектілеріне жүргізіл-ген аттестациялау кезінде ешқан-дай олқылықтар, яғни компания жұ-мысшыларының денсаулығына әсер ететін жағдайлар анықталған жоқ. Со-

нымен қатар, компания басшылығы мен акционерлердің шешімімен, вах-талық әдіспен жұмыс жасаудың өзі қауіпті және олардың барлығы ауыр жұмыста еңбек ететіндер ретінде са-налып, соған байланысты оларға қо-сымша кәсіби зейнетақы жарнасы төленеді. Сондай-ақ олар Темір ау-данының экологиялық жағынан қо-лайсыз аймағында жұмыс жасайтын болғандықтан, ай сайын экологиялық жәрдемақы алады. Жыл қорытынды-сы бойынша қауіпсіздік және еңбек қорғаудың үздік көрсеткіші бойынша орташа 30 мың теңгеден, өндіріс озат-тарымен үздіктеріне 100 мың теңгеден сыйақы беру қарастырылған, ал биыл

өндірістік жетістіктері үшін 2017 жыл қорытындысы бойынша адамдарға 35 мың теңгеден төленді, — деді Самат Берденов.

Облыс әкімдігі мен компания бас-шылығы арасындағы меморандумға сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындағы барлық жұмыс-шының еңбекақысын 15 пайызға кө-теру турасында шешім қабылданған. Жаңадан жатын вагондарын сатып алу мен күзет қызметі үшін стацио-нарлы бекет алу мәселесі де — еңбек жағдайларын жақсарту бағытында атқарылған шаралар. Жыл соңында ең үздік өндірістік участок және нақты орындаушылар анықталып, марапат-талатын болады.

НЕГІЗГІ МІНДЕТ — ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

«Көкжиде құмы» арнайы қорғала-тын табиғи аумағы жанында жұмыс істейтін компания қоршаған ортаға «Өндірістік қызметке зиян келтірмеу» ұранымен сипатталады. Осы мақсат-та биосфераның компоненттеріне техногендік әсерді барынша азайту, яғни табиғатты қорғауға қатысты бар-лық шаралар қабылданады.

— Иә, атмосфераға шығарылатын заттарға рұқсат етіледі. Кейбір жер-лерде белгілі бір немесе басқа себеп-термен жер ресурстарын ластайды, бірақ біз бұл жағымсыз әсерлердің барлығын азайтып, жақсы нәтижелер-ге қол жеткізуге тырысамыз, — деді компанияның вице-президенті.

Жыл сайын компания ірі мөлшерде табиғат қорғау шараларына келіседі. Атап айтсақ, 2015 жылға жоспар-ланған 70 миллион теңгенің орны-на 85 миллион теңге игерілсе, 2016 жылы бұл бағытқа қарастырылған 80 миллион теңгенің орнына 103 милли-он теңге жұмсалған. Былтыр қаржы-ландыру көлемі 90 миллион теңгеге жетіпті. Шығынның негізгі бөлігі Көк-жиде жер асты суының жағдайын тек-серу іс-шараларына жұмсалған.

«КМК Мұнай» өндірісті жаңғырту-дың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға елеулі үлес қосады. Был-тыр ол негізгі объектіге — 1 милли-ард теңгеге мұнай дайындауды қол-дады. Оның күші екі есе өсті. Оның негізгі артықшылығы — қоршаған ортаны ластамайды, өйткені барлық негізгі технологиялық процестер ав-томаттандырылған, адам факторы алынып тасталыпты. Сонымен қа-тар «Ақпараттық Қазақстан — 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберін-де «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-мен тығыз байланыста өндірістік экологи-ялық мониторинг режимінде шынайы уақытты белгілейтін автоматтанды-рылған станция орнату жоспарланған. Саркөл және Шұбарши поселке-лерімен қатар кәсіпшіліктің санитар-лық-қорғаныс аймағында орналасып, атмосфералық ауаны тәулік бойы бақылай отырып, көрсеткіштер эко-логтарға онлайн режимде беріледі,

ауытқушылық болғанда технологтар жедел хабардар етіледі.

— Мұның барлығы ластаушы қал-дықтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстарды біз облыстық экология департаментінің ұсынысы бойынша жүргіземіз, — дейді Самат Берденов.

Компания президенті ағымдағы жылды қауіпсіздік жылы деп жария-лағаннан кейін, биыл атқарылатын іс-шаралар көп. Солардың қатарын-да саналатын атмосфераға ласта-ушы заттар шығарындыларын үздіксіз бақылау жүйесін орнату жоспар-ланған.

ОҢ НӘТИЖЕ, ЖОҒАРЫ БАҒА

Семинарға қатысушылар «КМК Мұнай» компаниясының қызметі тұрақтылық пен басқарудың жоғары деңгейімен сипатталатынын айтты. Мәселен, экология департаменті басшысының орынбасары Ерболат Қожықов кәсіпорынның технологи-ялық үрдістерді автоматтандыру ісін мақұлдады. Оның айтуынша, бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев-тың «Төртінші өнеркәсіптік револю-ция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы айтылған тапсырмаға жауап береді.

— «КМК Мұнай» компаниясы басшылығының биылғы жылды қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жылы деп жариялағаны қу-антады. Мұнда осы мәселеге айтар-лықтай көңіл бөлініп отыр. Жұмыс-шылардың еңбек жағдайларын жақ-сартуға ауқымды қаражат бөлініп отыр. Бұл кәсіпорын өндірістік жа-рақат алу көрсеткіші төмен компа-ниялардың бірі ретінде облыста ерекшеленеді, — деді облыстық ең-бек инспекциясының мемлекеттік инспекторы Анат Төлегенов.

Ал индустриалды даму жә-не өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті Ақтөбе облысы бойынша депар-таментінің өкілі Айдар Әбуов: — «КМК Мұнай» кәсіпорнына арнайы тапсырыс бойынша тексеріс өткен жылдың шілде айында жүргізілді. Қауіпті объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікке жүргізілген өндірістік бақылау қорытындысы тиісті дең-гейде, бірақ бірқатар бұзушылықтар анықталғанмен, дер кезінде қалпы-на келтірілді. Бұл өз кезегінде тәу-екелдер мен жасырын қауіптерді талдау кезінде оң бағасын берді, — деді.

Семинар-кеңестің нәтижесінде барлық шақырылған қонақтар «КМК Мұнай» АҚ басшыларына осын-дай шараға мұрындық болғандары үшін өз алғыстарын айтты. Себебі бұл шара «КМК Мұнай» АҚ-ның қа-уіпсіздік, еңбек және қоршаған ор-таны қорғау саласында жүзеге асы-рып жатқан жоспарларымен жақын танысуға және бірқатар мәселе-лерді талқылауға мүмкіндік берді.

Арайлым НҰРБАЕВА.

«КМК Мұнай» АҚ Шығыс Қа-зақстан облы-сында көктемгі тасқын су кезін-де зардап шеккен тұрғындарды қол-дау үшін 8 милли-он теңге аударды.

ҚОҒАМ