17 маусым пдф

8
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ 12 МАУСЫМДА БУРАБАЙДА ӨТКЕН ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ШЕТЕЛДІК ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗГЕН БОЛАТЫН. ИТАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР- МИНИСТРІ МАТТЕО РЕНЦИМЕН КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ИТАЛИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЛАЛАРДЫ ҚАМТЫҒАН БАСЫМДЫҒЫ БАР БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ. Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол». Екі мың жылдық тарихы бар көне Тараз шаһары Елбасымыздың сөзімен айтқанда «Тарихымыздың алтын діңгегі». Ежелгі заманалардың терең-терең қатпарларынан бүгінге жеткен Тараздағы және оның айналасындағы ортағасырлық тарихи ескерткіштер аз емес. Олардан мыңжылдық мешіт, Қарахан әулие, Дәуітбек, Айша бибі, Бабаджа хатун, Шоқай датқа,Тектұрмас кесенелері, Қали Жүніс моншасы, Ақкесене мұнарасы, Ақыртас археологиялық сарай кешені тәрізді көне ескерткіштер осы өңірдің ғана емес күллі қазаққа, тіпті, түркі халықтарына тән ортақ тарихтың, мәдениеттің және сәулет өнерінің баға жетпес інжу-маржандарынан саналады. Олардан бөлек соңғы жылдар көлемінде қаланың орталығындағы бұрынғы базар орнында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарының барысында қыш бұйымдар, алтын, күміс зергерлік заттар, мыс теңгелер тәрізді аса құнды жәдігерлердің жүздеп, мыңдап табылып, археологиялық жұмыстар нәтижесін бере бастауынан мемлекеттік деңгейде шешімін күткен мәселелер туындап отыр. Соңғы үш жылғы қазба жұмыстарына облыстан бір миллиард теңгеге жуық қаражат салынды. Алда бұдан да көп қаржы қажет ететін шаралар кезегі күтуде. (Жалғасы 2-бетте). Арзан менен қымбаттың, Базар берер нарқы бар. Жақсы менен жаманның, Адам берер парқы бар. Халық мақалы. Жамбыл облыстық қоғамдық- саяси газет Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады. ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ №91 (17948), Сейсенбі, 17 маусым, 2014 жыл [email protected] www. akjolgazet.kz l ТАРАЗ Медицина қызметкерлері күніне орай Денсаулық сақтау министрлігі өткізген республикалық байқаудың қорытындысы белгілі болды. Оның ішінде «Үздік дәрігер-2014» және «Үздік ауыл дәрігері-2014», «Үздік мейіргер-2014», «Үздік тәуелсіз сарапшы-2014» аталымдары бойынша жүлдегерлер анықталды. Соның ішінде жамбылдық Шәкизат Қарымбаева 2014 жылдың «Үздік провизоры» атанды. l ЖАМБЫЛ Ауданда қой қырқу науқаны аяқталды. Қос шаруашылық «Пионер» мен «Юнчи» ӨК-нің малынан сапалы биязы жүн жиналды. Әр қойдан 4-4,5 келіден жүн қырқылды. Енді Шымкенттегі жүн өндіруші «ШК ПОШ» фабрикасына пионерліктер, ал юнчиліктер «Жамбыл ПОШ»-қа жүндерін өткізе бастады. l ЖУАЛЫ Көлтоған ауылының «Боралдай» балабақшасында «Сәбилерге – туған ел шуағы» акциясы болып өтті. Оған ата-аналар, ауыл тұрғындары қатысты. Ауыл имамы Елен Әмірқұлов балаларға ойыншық, шаруа қожалығының жетекшісі Ошарқан Айкелдиев түрлі-түсті принтер сыйлады. Жеке кәсіпкер Райымбек Бекет бүлдіршіндерге айналма әткеншек жасап берді. l ҚОРДАЙ Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі болған Сағадат Нұрмағанбетовтің туғанына 90 жыл толуына арналған мерекелік жиын болып өтті. Кездесуге ҰОС және ауған соғыстарының ардагерлері, ауданның Құрметті азаматтары, мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жиналғандарға армия генералы туралы деректі фильм көрсетіліп, естеліктері айтылды. l ШУ «Ұлағат отауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Белбасар ауылында «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Онда ене мен келіннің қарым-қатынасы, келін тәрбиесі, отбасы бақыты мәселелері кеңінен талқыланып, аудан көлеміндегі жас отбасылардың некеге тұруы және ажырасуы туралы мәліметтер келтірілді. Тренингке ауылдық ақсақалдар кеңесі төрағалары, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары, ардақты енелер мен жас келіндер қатысты. 59 өнерпаз жүлделі орындардан көрінді Елімізде XXI ғасырдың басында ғана қайтадан жандандырыла бастаған дельфийлік ойындар, бұл – бүгінгі таңда өнер кеңістігіндегі сан-алуан бағыттарды біріктіретін әлемдегі бірден- бір сайыс. Биыл елімізде, оның ішінде облысымызда да бұл жарыс сегізінші мәрте жалауын желбіретті. Бір қуантарлығы, бұл сайысқа қатысушылар қатары жылдан-жылға артып, байқаудың сапасы да жақсарып келеді. Тараз қаласы мен облысымыздың 10 ауданынан келген 300-ге жуық жас өнерпаз ТарМУ-дың «Жастар сарайында» он үш аталым бойынша өзара сайысқа да түсті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің сәттілік тілеуімен қызу басталған сайысқа жас өнерпаздар барын салды. Бұл жарыстың облыс, аудан орталықтарынан жырақтағы ауылдарда жүрген шынайы таланттардың жарқырай көрінуіне де үлкен септігі тиді. Облыстық деңгейде өткен дельфийлік ойындарға өңірімізге белгілі өнер майталмандары қазылық етті. Оның қорытынды нәтижесінде үлкен және кіші топтарда өнерлерін көрсеткен «Томирис» (Тараз қаласынан), «Еркежан» (Шу ауданынан) бишілер ансамбльдері «Халық биі», Бауыржан Тәжімұратов (Жуалы ауданынан), Сәния Берсүгін (Тараз қаласынан) «Бейнелеу өнері», Айнұр Омарова (Сарысу ауданынан), Әсем Құдайбергенова (Тараз қаласынан) «Фотосурет», Гүлсезім Тазабекова, Бақыт Құлтас (екеуі де Талас ауданынан) «Халықтық әншілік», «Әдемі-ай» ансамблі (Жамбыл ауданынан), Мейірім Хамзина (Талас ауданынан) «Эстрадалық әншілік», Шыңғыс Расылхан (Тараз қаласынан) «Академиялық әншілік», Перизат Беделбаева (Тараз қаласынан) «Ұлттық аспаптар: домбыра», Назерке Қалмен (Сарысу ауданынан) «Ұлттық аспаптар: қылқобыз, прима қобыз», Назима Жұбандықова (Байзақ ауданынан) «Журналистика», Альбина Синявская, Алтын Махажан (екеуі де Тараз қаласынан) «Халықтық көркем кәсіптер мен қолөнер», Жібек Шәкірова (Тараз қаласынан) «Киім дизайны», Нұрболат Жолдасбек пен Балнұр Данияр (екеуі де Тараз қаласынан) «Көркемсөз» аталымдары бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары биыл Орал қаласында маусым айының соңына қарай өткізілетін Ұлттық Дельфийлік ойындарға қатысып, еліміздің үздік дарын иелерімен бақ сынасатын болады. «Ақ жол-Ақпарат». Назгүл ӘБУШӘРІПҚЫЗЫ, «Ақ жол». Тараз қалалық білім бөліміне қарасты «Болашақ» лагері 320 орынға арналған. Қазір онда сауықтырудың екінші маусымы басталып та кетті. Демалыс орнында тағы бір оқу жылын артқа тастаған 7-13 жас аралығындағы оқушылар тынығуда. Олардың дені әлеуметтік жағдайы төмен немесе аз қамтылған отбасылардан шыққандар. Аталмыш мекемені көп жылдан бері Алла Гнусина басқарады. Түрлі танымдық ойындар, спорттық жарыстар, өнер сайыстары, білім додалары... Міне, 12 күн бойы балалардың айналысатыны осы. Сонымен қатар, мұнда олар бес мезгіл тамақтанып, уақтылы ұйықтап, жаңа достар табады. Бас тәрбиеші Тамара Дорошвили мұндай лагерьлердің өте-мөте қажеттігін айтады. «Жарты жылдай Америкада тұрдым. Онда жаз келісімен барлық бала міндетті түрде сауықтыру лагерьлеріне жазылады. АҚШ салалық лагерьлерімен де ерекшеленеді. Онда жеткіншектер үлкен таңдауға ие. Бізде оған әзірге мүмкіндік жоқ. Дегенмен, бюджеттен қаражат бөлініп, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тегін жолдаманың берілуі қолдауға тұрарлық игі бастама», - деді ол әңгімеге тартқанымызда. Оның айтуынша, сауықтыру орнына келген балалар ұжыммен етенелесе жұмыс жасауды, қоғамдық өмірге белсене араласуды үйренеді. Сондай- ақ, мұнда тіл жаттықтыруға мол мүмкіндік бар. Түрлі ұлт өкілдерінің өзара тілдесіп, екі аптаға жуық уақыт араласуы оған өз септігін тигізуде. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН. ТАРИХЫМЫЗДЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ Тараздағы туризм кластерін дамыту кезек күттірмейтін жұмыс СЕНБІ КҮНІ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ ЕЛІМІЗДІҢ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІ АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ МЕН ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ҚР МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІ ЖӘНЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ АРАСЫНДАҒЫ «ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАУДА ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ. БІРҚАТАР КӨРНЕКТІ ТАРИХШЫ, АРХЕОЛОГ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТІП ОТЫРҒАН ІС-ШАРАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ОБЛЫС БАСШЫСЫ ТҮСІНДІРІП БЕРДІ. ЖАЗ ЖАЙНАТЫП, КҮН КҮЛДІРІП Жасөркендегі «Болашақ» лагерінде 320 бала демалуда l ОҚУШЫЛАР ДЕМАЛЫСЫ l Нұрсұлтан Назарбаев М.Ренциді Италияның Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады және екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. – Қазақстан сіздің елмен жақсы қарым-қатынасқа мүдделі. Италия – біздің ірі сауда және инвестициялық серіктесіміз, біз өзара ықпалдастығымызға жаңа серпін бере аламыз. Мен сізді біздің елге ресми сапармен де келуге шақырамын, - деді Қазақстан Президенті. Италия Премьер-Министрі өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа осы кездесу үшін алғысын білдіріп, Қазақстанға ресми сапармен келу туралы шақыртуды зор ризашылықпен қабыл алатынын айтты. Сонымен қатар, келіссөздер барысында мұнай-газ, көлік, энергетика және ауыл шаруашылығы секілді салалардағы қарым- қатынастарды дамыту перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ 2014 жылдың екінші жартысында Италия төрағалық ететін Еуропалық одақпен Қазақстанның өзара іс-қимыл тақырыбы да қозғалды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен М.Ренци халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысының Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесуінде банктің Қазақстандағы қызметі, соның ішінде еліміздегі түрлі жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселелері талқыланды. Қазақстан мен ЕҚДБ арасында серіктестік туралы негіздемелік уағдаластық жасалғаны, ол біздің ел мен аталған қаржы ұйымының ынтымақтастығын кеңейтуге зор мүмкіндіктер тудыратыны атап өтілді. – Қазақстан экономиканы дамытуға 1 триллион 600 миллиард теңге бөледі, осынша сомадағы инвестициялар өзге көздерден де тартылатын болады. Мен Банктің Қазақстанмен жемісті жұмыс істегенін білемін. Біздің өзара ынтымақтастығымыз жалғасады деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. ЕҚДБ Орталық Еуропадан Орталық Азияға дейінгі 34 елде, сондай-ақ Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі мемлекеттерінде жобаларды қаржыландырады. «Тойота Мотор Корпорэйшн» компаниясының басқарма төрағасы Такеши Учиямадамен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Т. Учиямада елімізде автомобиль өнеркәсібін дамыту, соның ішінде осы «Тойота» маркалы автомобильдерді Қазақстан аумағында өндіру мәселелерін талқылады. «Тойота Мотор Корпорэйшн» - автомобиль құрастырушы жапониялық ірі корпорация. Ол қаржылық қызметтер де ұсынып, бизнестің өзге де бағыттарында жұмыс істейді. Компания қызметкерлерінің саны 320 мың адамнан асады. Қазақстан басшысының «Шелл» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесуі барысында елдің мұнай және газ саласын әрі қарай дамыту және негізгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Түрлі энергетикалық және мұнай- химиялық кәсіпорындарды біріктіретін «Шелл» халықаралық концерні Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі инвестор болып саналады. «Ақ жол-Ақпарат». ЖАҚСЫМЕН САУДА ҚЫЛСАҢ, КЕРІС БОЛМАС Мәдени-әдеби әлем ДЕЛФИЙЛІК ОЙЫНДАР ДҮБІРІ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, «Ақ жол». Дін – қоғамның тұрақтылығына, адамзаттың ынтымағына негіз болатын, бір сеніммен байланысқан адамдар арасындағы ең ізгі қатынастардың тетігі саналатын рухани құндылық. Өкінішке қарай, бүгінде лаңкестердің жаһандық терроризмді қолдан жасауы – дінді ашық, терең, жан-жақты тақырып ретінде талқылау деңгейіне жеткізіп отыр. Әлемді шарпыған экстремизм ұшқыны біздің елімізді де айналып өтпей, діни ахуалдың тұрақтылығын шайқап кеткені шындық. Сондықтан, халықтың діни сауатын көтеру мәселесі басты шепке шығып, мемлекетте экстремистік қозғалыстардың алдын алу бағытындағы жұмыстар қарқын алды. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілхановтың өткен аптаның соңында облысымызға жасаған іссапары аталмыш мақсаттағы атқарылып жатқан жұмыстарды жетілдіруге серпін қосты. Бүгінде облысымызда 87 этнос өкілдерінен құралған 1 миллион, 1 мың тұрғын өмір сүруде. Сондай-ақ, өңірде 4 конфессия және 317 діни бірлестік болса, олардың 275-і Ислам бағытын ұстанады. Діни бірлестіктердің сипаты әлбетте ұлттық ерекшеліктерге де байланысты болмақ. Этностардың облыс аумағында шоғырлану жиілігіне келсек, қазір Талас, Сарысу аудандарында күрділер, Байзақ ауданында түріктер, Жамбыл ауданында дүнген, күрді, түріктер және Қордай ауданында әзірбайжандар мен дүнгендердің үлес салмағы басым. Мәселен, Қордай ауданындағы Масаншы, Сортөбе, Ауқатты ауылдық округтеріндегі тұрғындардың негізгі бөлігі дүнген ұлтының өкілдері екен. Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Алмасұлы іссапар барысында алдымен осы округтердің діни ахуалымен жіті танысып шықты. Қордай ауданында бас-аяғы 28 мешіт болса, оның 12-сі Сортөбе ауылдық округінің аумағында бой көтерген. Олардың арасында сыйымдылығы мың адамдық ғибадатхана да бар. Агенттік төрағасы М.Әзілханов аталмыш ауылдардағы мешіттердің бірқатарына бас сұғып, Бұлар батыр ауылындағы №19 мектепте тұрғындармен кездесті. Жиынға аудан әкімі Қ. Досаев, облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы С. Айдапкелов және мешіт имамдары, білім саласының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. (Жалғасы 4-бетте). l ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН l ӘДЕПТЕН – АҚЫЛ, АҚЫЛДАН – ИМАН l БАРЫС – КЕЛІС, АЛЫС – БЕРІС l бермесең – алыспайсың, келмесең – алыстайсың Біздің репортаж «ЖАЗДЫГҮН ШІЛДЕ БОЛҒАНДА, КӨКОРАЙ ШАЛҒЫН, БӘЙШЕШЕК, ҰЗАРЫП ӨСІП ТОЛҒАНДА» ДЕП ҰЛЫ КЕМЕҢГЕР АБАЙ ЖЫРЛАҒАНДАЙ, КӨПТЕН КҮТКЕН ЖАРҚЫН ЖАЗ ДА КЕЛІП ЖЕТТІ. КҮНІ ШУАҚТЫ БҰЛ МЕЗГІЛДІ, ӘСІРЕСЕ, ТОҒЫЗ АЙ БОЙЫ КӨЗ МАЙЫН ТАУЫСА КІТАП ОҚЫП, ЫЖДАҺАТТЫЛЫҚПЕН БІЛІМ ҚУҒАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАҒАТСЫЗДАНА КҮТЕТІНІ ӘМБЕГЕ АЯН. ЖАЙМА ШУАҚ ЖАЗДЫҢ ҮШ АЙЫНДА ОЛАРДЫҢ УАҚЫТТАРЫН ТЕККЕ ӨТКІЗБЕЙ, ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚОҒАМ ҮШІН МАҢЫЗДЫ. БҰЛ ОРАЙДА, ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРЬЛЕРІНІҢ РӨЛІ ОРАСАН. Қордайда облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

description

 

Transcript of 17 маусым пдф

Page 1: 17 маусым пдф

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ 12 МАУСЫМДА БУРАБАЙДА ӨТКЕН ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ШЕТЕЛДІК ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗГЕН БОЛАТЫН. ИТАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ МАТТЕО РЕНЦИМЕН

КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ИТАЛИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЛАЛАРДЫ ҚАМТЫҒАН БАСЫМДЫҒЫ БАР БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

Құрманбек ӘЛІМЖАН,«Ақ жол».

Екі мың жылдық тарихы бар көне Тараз шаһары Елбасымыздың сөзімен айтқанда «Тарихымыздың алтын діңгегі». Ежелгі заманалардың терең-терең қатпарларынан бүгінге жеткен Тараздағы және оның айналасындағы ортағасырлық тарихи ескерткіштер аз емес. Олардан мыңжылдық мешіт, Қарахан әулие, Дәуітбек, Айша бибі, Бабаджа хатун, Шоқай датқа,Тектұрмас кесенелері, Қали Жүніс моншасы, Ақкесене мұнарасы, Ақыртас археологиялық сарай кешені тәрізді көне ескерткіштер осы өңірдің ғана емес күллі қазаққа, тіпті, түркі халықтарына тән ортақ тарихтың, мәдениеттің және сәулет өнерінің баға жетпес інжу-маржандарынан саналады. Олардан бөлек соңғы жылдар көлемінде қаланың орталығындағы бұрынғы базар орнында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарының барысында қыш бұйымдар, алтын, күміс зергерлік заттар, мыс теңгелер тәрізді аса құнды жәдігерлердің жүздеп, мыңдап табылып, археологиялық жұмыстар нәтижесін бере бастауынан мемлекеттік деңгейде шешімін күткен мәселелер туындап отыр. Соңғы үш жылғы қазба жұмыстарына облыстан бір миллиард теңгеге жуық қаражат салынды. Алда бұдан да көп қаржы қажет ететін шаралар кезегі күтуде.

(Жалғасы 2-бетте).

Арзан менен қымбаттың, Базар берер нарқы бар.Жақсы менен жаманның, Адам берер парқы бар.

Халық мақалы.

Жамбыл облыстыққоғамдық-саяси газет

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

№91 (17948), Сейсенбі, 17 маусым, 2014 жыл [email protected] www. akjolgazet.kz

l ТАРАЗ

Медицина қызметкерлері күніне орай Денсаулық сақтау министрлігі өткізген республикалық байқаудың қорытындысы белгілі болды. Оның ішінде «Үздік дәрігер-2014» және «Үздік ауыл дәрігері-2014», «Үздік мейіргер-2014», «Үздік тәуелсіз сарапшы-2014» аталымдары бойынша жүлдегерлер анықталды. Соның ішінде жамбылдық Шәкизат Қарымбаева 2014 жылдың «Үздік провизоры» атанды.

l ЖАМБЫЛ Ауданда қой қырқу науқаны аяқталды. Қос шаруашылық

«Пионер» мен «Юнчи» ӨК-нің малынан сапалы биязы жүн жиналды. Әр қойдан 4-4,5 келіден жүн қырқылды. Енді Шымкенттегі жүн өндіруші «ШК ПОШ» фабрикасына пионерліктер, ал юнчиліктер «Жамбыл ПОШ»-қа жүндерін өткізе бастады.

l ЖУАЛЫ

Көлтоған ауылының «Боралдай» балабақшасында «Сәбилерге – туған ел шуағы» акциясы болып өтті. Оған ата-аналар, ауыл тұрғындары қатысты. Ауыл имамы Елен Әмірқұлов балаларға ойыншық, шаруа қожалығының жетекшісі Ошарқан Айкелдиев түрлі-түсті принтер сыйлады. Жеке кәсіпкер Райымбек Бекет бүлдіршіндерге айналма әткеншек жасап берді.

l ҚОРДАЙ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі болған Сағадат Нұрмағанбетовтің туғанына 90 жыл толуына арналған мерекелік жиын болып өтті. Кездесуге ҰОС және ауған соғыстарының ардагерлері, ауданның Құрметті азаматтары, мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жиналғандарға армия генералы туралы деректі фильм көрсетіліп, естеліктері айтылды.

l ШУ

« Ұ л а ғ а т о т а у ы » қ о ғ а м д ы қ б і р л е с т і г і н і ң ұйымдастыруымен Белбасар ауылында «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Онда ене мен келіннің қарым-қатынасы, келін тәрбиесі, отбасы бақыты мәселелері кеңінен талқыланып, аудан көлеміндегі жас отбасылардың некеге тұруы және ажырасуы туралы мәліметтер келтірілді. Тренингке ауылдық ақсақалдар кеңесі төрағалары, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары, ардақты енелер мен жас келіндер қатысты.

59 өнерпаз жүлделі орындардан көрінді

Елімізде XXI ғасырдың басында ғана қайтадан жандандырыла бастаған дельфийлік ойындар, бұл – бүгінгі таңда өнер кеңістігіндегі сан-алуан бағыттарды біріктіретін әлемдегі бірден-бір сайыс. Биыл елімізде, оның ішінде облысымызда да бұл жарыс сегізінші мәрте жалауын желбіретті. Бір қуантарлығы, бұл сайысқа қатысушылар қатары жылдан-жылға артып, байқаудың сапасы да жақсарып келеді. Тараз қаласы мен облысымыздың 10 ауданынан келген 300-ге жуық жас өнерпаз ТарМУ-дың «Жастар сарайында» он үш аталым бойынша өзара сайысқа да түсті.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің сәттілік тілеуімен қызу басталған сайысқа жас өнерпаздар барын салды. Бұл жарыстың облыс, аудан орталықтарынан жырақтағы ауылдарда жүрген шынайы таланттардың жарқырай көрінуіне де үлкен септігі тиді. Облыстық деңгейде өткен дельфийлік ойындарға өңірімізге белгілі өнер майталмандары қазылық етті.

Оның қорытынды нәтижесінде үлкен және кіші топтарда өнерлерін көрсеткен «Томирис» (Тараз қаласынан), «Еркежан» (Шу ауданынан) бишілер ансамбльдері «Халық биі», Бауыржан Тәжімұратов (Жуалы ауданынан), Сәния Берсүгін (Тараз қаласынан) «Бейнелеу өнері», Айнұр Омарова (Сарысу ауданынан), Әсем Құдайбергенова (Тараз қаласынан) «Фотосурет», Гүлсезім Тазабекова, Бақыт Құлтас (екеуі де Талас ауданынан) «Халықтық әншілік», «Әдемі-ай» ансамблі (Жамбыл ауданынан), Мейірім Хамзина (Талас ауданынан) «Эстрадалық әншілік», Шыңғыс Расылхан (Тараз қаласынан) «Академиялық әншілік», Перизат Беделбаева (Тараз қаласынан) «Ұлттық аспаптар: домбыра», Назерке Қалмен (Сарысу ауданынан) «Ұлттық аспаптар: қылқобыз, прима қобыз», Назима Жұбандықова (Байзақ ауданынан) «Журналистика», Альбина Синявская, Алтын Махажан (екеуі де Тараз қаласынан) «Халықтық көркем кәсіптер мен қолөнер», Жібек Шәкірова (Тараз қаласынан) «Киім дизайны», Нұрболат Жолдасбек пен Балнұр Данияр (екеуі де Тараз қаласынан) «Көркемсөз» аталымдары бойынша бірінші орынды жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары биыл Орал қаласында маусым айының соңына қарай өткізілетін Ұлттық Дельфийлік ойындарға қатысып, еліміздің үздік дарын иелерімен бақ сынасатын болады.

«Ақ жол-Ақпарат».

Назгүл ӘБУШӘРІПҚЫЗЫ,«Ақ жол».

Тараз қалалық білім бөліміне қарасты «Болашақ» лагері 320 орынға арналған. Қазір онда сауықтырудың екінші маусымы басталып та кетті. Демалыс орнында тағы бір оқу жылын артқа тастаған 7-13 жас аралығындағы оқушылар тынығуда. Олардың дені әлеуметтік жағдайы төмен немесе аз қамтылған отбасылардан шыққандар. Аталмыш мекемені көп жылдан бері Алла Гнусина басқарады.

Түрлі танымдық ойындар, спорттық жарыстар, өнер сайыстары, білім додалары... Міне, 12 күн бойы

балалардың айналысатыны осы. Сонымен қатар, мұнда олар бес мезгіл тамақтанып, уақтылы ұйықтап, жаңа достар табады. Бас тәрбиеші Тамара

Дорошвили мұндай лагерьлердің өте-мөте қажеттігін айтады. «Жарты жылдай Америкада тұрдым. Онда жаз келісімен барлық бала міндетті түрде сауықтыру лагерьлеріне жазылады. АҚШ салалық лагерьлерімен де ерекшеленеді. Онда жеткіншектер

үлкен таңдауға ие. Бізде оған әзірге мүмкіндік жоқ. Дегенмен, бюджеттен қаражат бөлініп, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тегін жолдаманың берілуі қолдауға тұрарлық игі бастама», - деді ол әңгімеге тартқанымызда. Оның айтуынша, сауықтыру орнына келген балалар ұжыммен етенелесе жұмыс жасауды, қоғамдық өмірге белсене араласуды үйренеді. Сондай-ақ, мұнда тіл жаттықтыруға мол мүмкіндік бар. Түрлі ұлт өкілдерінің өзара тілдесіп, екі аптаға жуық уақыт араласуы оған өз септігін тигізуде.

Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

ТАРИХЫМЫЗДЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ Тараздағы туризм кластерін дамыту кезек күттірмейтін жұмыс

СЕНБІ КҮНІ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ ЕЛІМІЗДІҢ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІ АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ МЕН ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ҚР МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІ ЖӘНЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ АРАСЫНДАҒЫ «ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАУДА ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ. БІРҚАТАР КӨРНЕКТІ ТАРИХШЫ, АРХЕОЛОГ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТІП ОТЫРҒАН ІС-ШАРАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ОБЛЫС БАСШЫСЫ ТҮСІНДІРІП БЕРДІ.

ЖАЗ ЖАЙНАТЫП, КҮН КҮЛДІРІПЖасөркендегі «Болашақ» лагерінде 320 бала демалуда

l ОҚУШЫЛАР ДЕМАЛЫСЫ l

Нұрсұлтан Назарбаев М.Ренциді Италияның Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады және екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. – Қазақстан сіздің елмен жақсы қарым-қатынасқа мүдделі. Италия – біздің ірі сауда және инвестициялық серіктесіміз, біз өзара ықпалдастығымызға жаңа серпін бере аламыз. Мен сізді біздің елге ресми сапармен де келуге шақырамын, - деді Қазақстан Президенті. Италия Премьер-Министрі өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа осы кездесу үшін алғысын білдіріп, Қазақстанға ресми сапармен келу туралы шақыртуды зор ризашылықпен қабыл алатынын айтты. Сонымен қатар, келіссөздер барысында мұнай-газ, көлік, энергетика және ауыл шаруашылығы секілді салалардағы қарым-қатынастарды дамыту перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ 2014 жылдың екінші жартысында Италия төрағалық ететін Еуропалық одақпен Қазақстанның өзара іс-қимыл тақырыбы да қозғалды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен М.Ренци халықаралық күн

тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысының Еуропалық қайта құру және даму банкінің

президенті Сума Чакрабартимен кездесуінде банктің Қазақстандағы қызметі, соның ішінде еліміздегі түрлі жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселелері талқыланды. Қазақстан мен ЕҚДБ арасында серіктестік туралы негіздемелік уағдаластық жасалғаны, ол біздің ел мен аталған қаржы ұйымының ынтымақтастығын кеңейтуге зор мүмкіндіктер тудыратыны атап өтілді.

– Қазақстан экономиканы дамытуға 1 триллион 600 миллиард теңге бөледі, осынша сомадағы инвестициялар өзге көздерден де тартылатын болады. Мен Банктің Қазақстанмен жемісті жұмыс істегенін білемін. Біздің өзара ынтымақтастығымыз жалғасады деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. ЕҚДБ Орталық Еуропадан Орталық Азияға дейінгі 34 елде, сондай-ақ Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі мемлекеттерінде жобаларды қаржыландырады.

«Тойота Мотор Корпорэйшн» компаниясының басқарма төрағасы Такеши Учиямадамен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Т. Учиямада елімізде автомобиль өнеркәсібін дамыту, соның ішінде осы «Тойота» маркалы автомобильдерді Қазақстан аумағында өндіру мәселелерін талқылады. «Тойота Мотор Корпорэйшн» - автомобиль құрастырушы жапониялық ірі корпорация. Ол қаржылық қызметтер де ұсынып, бизнестің өзге де бағыттарында жұмыс істейді. Компания қызметкерлерінің саны 320 мың адамнан асады.

Қазақстан басшысының «Шелл» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесуі барысында елдің мұнай және газ саласын әрі қарай дамыту және негізгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Түрлі энергетикалық және мұнай-химиялық кәсіпорындарды біріктіретін «Шелл» халықаралық концерні Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі инвестор болып саналады.

«Ақ жол-Ақпарат».

ЖАҚСЫМЕН САУДА ҚЫЛСАҢ, КЕРІС БОЛМАС

Мәдени-әдеби әлем

ДЕЛФИЙЛІК ОЙЫНДАР ДҮБІРІ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, «Ақ жол».

Дін – қоғамның тұрақтылығына, адамзаттың ынтымағына негіз болатын, бір сеніммен байланысқан адамдар арасындағы ең ізгі қатынастардың тетігі саналатын рухани құндылық. Өкінішке қарай, бүгінде лаңкестердің жаһандық терроризмді қолдан жасауы – дінді ашық, терең, жан-жақты тақырып ретінде талқылау деңгейіне жеткізіп отыр. Әлемді шарпыған экстремизм ұшқыны біздің елімізді де айналып өтпей, діни ахуалдың тұрақтылығын шайқап кеткені шындық. Сондықтан, халықтың діни сауатын көтеру мәселесі басты шепке шығып, мемлекетте экстремистік қозғалыстардың алдын алу бағытындағы жұмыстар қарқын алды. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілхановтың өткен аптаның соңында облысымызға жасаған іссапары аталмыш мақсаттағы атқарылып жатқан жұмыстарды жетілдіруге серпін қосты.

Бүгінде облысымызда 87 этнос өкілдерінен құралған 1 миллион, 1 мың тұрғын өмір сүруде. Сондай-ақ, өңірде 4 конфессия және 317 діни бірлестік болса, олардың 275-і Ислам бағытын ұстанады. Діни бірлестіктердің сипаты әлбетте ұлттық ерекшеліктерге де байланысты болмақ. Этностардың облыс аумағында шоғырлану жиілігіне келсек, қазір Талас, Сарысу аудандарында күрділер, Байзақ ауданында түріктер, Жамбыл ауданында дүнген, күрді, түріктер және Қордай ауданында әзірбайжандар мен дүнгендердің үлес салмағы басым. Мәселен, Қордай ауданындағы Масаншы, Сортөбе, Ауқатты ауылдық округтеріндегі тұрғындардың негізгі бөлігі дүнген ұлтының өкілдері екен. Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Алмасұлы іссапар барысында алдымен осы округтердің діни ахуалымен жіті танысып шықты.

Қордай ауданында бас-аяғы 28 мешіт болса, оның 12-сі Сортөбе ауылдық округінің аумағында бой көтерген. Олардың арасында сыйымдылығы мың адамдық ғибадатхана да бар. Агенттік төрағасы М.Әзілханов аталмыш ауылдардағы мешіттердің бірқатарына бас сұғып, Бұлар батыр ауылындағы №19 мектепте тұрғындармен кездесті. Жиынға аудан әкімі Қ. Досаев, облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы С. Айдапкелов және мешіт имамдары, білім саласының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.

(Жалғасы 4-бетте).

ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАНl ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН l

ӘДЕПТЕН – АҚЫЛ, АҚЫЛДАН – ИМАН

l БАРЫС – КЕЛІС, АЛЫС – БЕРІС l

бермесең – алыспайсың, келмесең – алыстайсың

Біздің репортаж

«ЖАЗДЫГҮН ШІЛДЕ БОЛҒАНДА, КӨКОРАЙ ШАЛҒЫН, БӘЙШЕШЕК, ҰЗАРЫП ӨСІП ТОЛҒАНДА» ДЕП ҰЛЫ КЕМЕҢГЕР АБАЙ ЖЫРЛАҒАНДАЙ, КӨПТЕН КҮТКЕН ЖАРҚЫН ЖАЗ ДА КЕЛІП ЖЕТТІ. КҮНІ ШУАҚТЫ БҰЛ МЕЗГІЛДІ, ӘСІРЕСЕ, ТОҒЫЗ АЙ БОЙЫ КӨЗ МАЙЫН ТАУЫСА КІТАП ОҚЫП, ЫЖДАҺАТТЫЛЫҚПЕН БІЛІМ ҚУҒАН

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАҒАТСЫЗДАНА КҮТЕТІНІ ӘМБЕГЕ АЯН. ЖАЙМА ШУАҚ ЖАЗДЫҢ ҮШ АЙЫНДА ОЛАРДЫҢ УАҚЫТТАРЫН ТЕККЕ ӨТКІЗБЕЙ, ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚОҒАМ ҮШІН МАҢЫЗДЫ. БҰЛ ОРАЙДА, ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРЬЛЕРІНІҢ РӨЛІ ОРАСАН.

Қордайда облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі

кеңестің көшпелі отырысы өтті

Page 2: 17 маусым пдф

ИНТЕГРАЦИЯ – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН

Роза ИСАХАНОВА, «Французский дом BSB» ЖШС Тараз филиалының директоры.

Еліміздің экономикалық өсуімен бірге бүгінде кәсіпкерлікпен шұғылданып, береке мен ырысқа кенеліп жүрген әріптестеріміз көп. Бір жағы заманның талабы да осы. Тек қана талмай еңбек ету керек. Оған мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығын қосыңыз.

Кәсіпкерлікті тек елдің ішінде ғана дамытпай, инновациялық түрде әлемдік деңгейге шығара білген абзал. Бұл бағытта мемлекетімізде мақтанып айтар жетістіктер жетерлік. Индустрияландыру аясында елімізде көптеген жобалар жүзеге асырылды. Оның дені шетелдік инвесторлардың атсалысуымен мүмкін болғанын айту ләзім. Бір жаққа қомақты салым

салмай тұрып, алдымен оның келешегін, әлеуетін есептеп алу қарапайым әрі шартты нәрсе. Сондықтан шетел инвесторларының қалауы қазақ еліне тегіннен жасалып жатқан жоқ. Бұл мемлекетіміздің экономикалық көрсеткіштерінің арқасында мүмкін болып отыр. Шетел инвесторлары бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта қазіргіден де үлкен көрсеткіштерге жеткізіп, дамыта берері анық. Бұлай сенімді сөйлеуімізге жуырда ғана Көкшетау қаласында өткен ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-жалпы отырысында қаралған мәселелер мен онда айтылған ойлар ұйытқы болды. Сол алқалы жиында сөйлеген сөзінде Елбасымыз: «Әлемдік дағдарыстарға қарамастан, біздің экономикамыз орнықты даму қарқынын жоғалтпады. Біз инвесторларды барлық жағынан қолдаймыз және қолдау шараларын үнемі жетілдіріп отырамыз» деді. Екі жаққа да тиімді мұндай қолдау барда кәсіпкерлердің де аянбай тер төге берері анық. Бұдан кейін шетелдік инвесторлардың қазақ елінің индустрияландырудың екінші бесжылдығын сәтті жүзеге асыруына бұрынғыдан да қарқынды күш жұмылдырары сөзсіз.

(Соңы. Басы 1-бетте).

Қазба жұмыстарының қарқыны мен сапасын арттыруға тарихшылар мен археологтарды көптеп тарту, табылып жатқан тарихи жәдігерлерімізді сақтайтын және көпшіліктің назарына ұсынатын ашық аспан астындағы мұражай кешенін ашу, туризм кластерін дамыту үшін осы замандық үлгідегі қонақ үйлер, мейрамханалар, сауда, ойын-сауық және демалыс кешені құрылыстарын бастау мерзімі жетті. Оларды енді екі жарым жылдан соң есігімізді қағып тұрған « ЭКСПО-2017» көрмесіне келетін шетелдік қонақтарға көрсетуге лайықтап жасаумен қатар, Тараздың терең тамырлы тарихи мұраларын ЮНЕСКО шеңберінде насихаттау да керек.

– Міне, осындай қыруар әрі маңызды шараларды бірлесе атқару туралы кеңесуге шақыртуымызды қабыл алып, бізбен екіжақты меморандум қабылдауға келіп отырған Арыстанбек Мұхамедиұлына үлкен ризашылығымды білдіремін, – деген Кәрім Нәсбекұлы, Үкімет тарапынан күтілетін көмек пен қолдаудың арқасында қаламыздың ортасынан көне тарихтан сыр шертетін көзтартарлық тарихи, мәдени нысандар ансамблі пайда боларына сенім білдірді.

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында біздің министрліктің алдына заманауи үлгідегі мәдениет кластерін дамыту міндетін қойғаны мәлім. Өйткені, еліміз тек экономикалық және саяси тұрғыда ғана емес, өркениетті мәдениеті жағынан да әлемге танылуы тиіс. Оның ішінде туризм саласын дамытуға айрықша мән беріліп отыр, – деді өз кезегінде сөз алған министр. –Осы айдың 24-інде Катардың Доха қаласында өтетін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар комитетінің сессиясында Ұлы Жібек жолының Қытай, Қазақстан және Қырғызстан арқылы өтетін Тянь-Шань дәлізі ЮНЕСКО-ның мәдени нысандар тізіміне енгізілмекші. Ал оның бойындағы ірі сауда орталықтарынан саналған Тараз қаласын да «Көне Тараз» номинациясы бойынша осы тізімге енгізуге неге ұсыныс жасамасқа. Тараз тек бір өңірдің, болмаса Қазақстанның ғана емес, дүниежүзінің мақтанышына айналуы тиіс...

Меморандумға қол қою рәсімінен кейін, барлығы қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан орынға бет алды. Мұнда Қазақстандағы ортағасырлық қалалар тарихын зерттеумен танымал тұлға, ҰҒА академигі Карл Байпақов бастаған тарихшы және археолог ғалымдар министрге қазба жұмыстарының жай-жапсарын баяндады. Нақты нәтиже дегенде сонау XI-XII ғасырларға тән ең көне бекіністің, медресе мен хамам-моншаның орны қазылып,

көне құрылыстың бұрынғы нобайы айқындалып келеді екен. Оларды жауын-шашыннан қорғау мақсатында үстінен шатырлы бастырма да тұрғызылыпты. Қазылып алынған бұйымдардан қыш құмыра, ыдыстар, саз аспаптарының және әртүрлі кезеңдегі металл монеталардың үлгілері назар аударарлық. Бұл Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда және мәдениет орталығы саналған көне Таразда VIII ғасырдан бастап ақша сарайы жұмыс істегенін дәлелдей түседі. Осындай қымбат жәдігерлер қойылып, жалпы облыс көлеміндегі археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерін бейнелейтін сызбалар мен көрнекіліктер ілінген орында әкімдіктегі әңгіме заңды жалғасын тапты. Облыс басшысы министрге туризм кластерін дамыту бойынша бұрынғы базар орнында алдағы уақытта салынбақшы заманауи үлгідегі тарихи-мәдени нысандардың жобасын таныстырды. Ғалымдар мен тарихшылар жиналып ғылыми кеңес құратын конгресс-холл, туристер мен қонақтарға арналған қонақ үйлер мен мейрамханалар, мұражай, сауда, ойын-сауық және демалыс орындары, көне қала аймағын тамашалауға арналған биік мұнарасы да болатын бірыңғай кешеннің сызбасы шынында да қызығарлықтай. Осы замандық қала ішіндегі көне шаһар дерлік. Бұл жұмыстарды бастауға бірнеше құрылыс компаниялары құлшыныс танытып та отыр екен. Одан қалса бұл бастамаларға қазірдің өзінде туристер мен шетелдік ғалымдар да аса қызығушылық білдіруде. Меморандум бойынша осы нысандардың құрылысын қаржыландыруға Үкімет тарапынан да арнайы қолдау көрсетілуі істің бірден қарқын алуына жол ашпақ. Осында шешімін тапқан мәселелердің тағы бірі – мұндағы табылған жәдігерлерді енді бұрынғыдай Астанаға алып кетпейтін болады. Министр бұған дейін қалыптасқан осындай үдерістің, жалпы, дұрыс еместігін, еліміздің өзге аймақтарында да қазба жәдігерлері жергілікті мұражайларында халық назарына ұсынылуы тиістігін еске салды. Сонымен қатар, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында кезінде әрқалай жолдармен шетелдерге өтіп кеткен тарихи құндылықтарды елге қайтару мәселесі де күн тәртібінде екенін еске салды. Бұдан соң А. Мұхамедиұлы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық–мұражайында болып, осы саладағы бүкіл өңір аумағында атқарылып жатқан шаруалар жайымен танысты. Қорыта айтқанда, Мәдениет министрінің облысымызға келуімен Таразда туризм кластерін дамытудың мүмкіндіктері шешімін табатын болды деп ой түйдік.

Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

2 17 маусым, 2014 жылwww.akjolgazet.kz

шартара

п

шартара

п

Халықаралық Халықаралық интеграцияинтеграция

l ҚАЗАҚСТАН

ЕЛІМІЗДЕГІ ЕКІ ҚОРЫҚ ЮНЕСКО ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

АТЫРАУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНДАҒЫ АҚЖАЙЫҚ ЖӘНЕ ҚАТОНҚАРАҒАЙ ҚОРЫҚТАРЫ ЮНЕСКО-НЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БИОСФЕРАЛЫҚ ҚОРЫҚТАРЫ ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛДІ.

Бұл Швецияның Йенчепинг қаласындағы Ист Вестерн Скарп қорығында 10-13 маусым аралығында өткен ЮНЕСКО-ның “Адам және биосфера” бағдарламасының халықаралық үйлестіру кеңесінің жиынында айтылды. Жиында биосфералық қорықтардың дүниежүзілік тізіміне жаңадан 13 қорық кіргізілген. Атырау облысындағы Ақжайық қорығы

Жайық өзені мен Каспий теңізі жағалауына жапсарлас. Қорыққа құстың ондаған түрі аялдап, көбейеді. Шығыс Қазақстандағы Алтай тауындағы Қатонқарағай қорығында өсімдіктердің ондаған түрі өседі.

l ШВЕЙЦАРИЯ

CУ ҮСТІНДЕГІ ПИАНИНО ЖЕНЕВАДА 13 -22 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА ТӨРТІНШІ РЕТ «ОЙНАҢЫЗДАР, МЕН СІЗДЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ДАЙЫНМЫН!» ФЕСТИВАЛІ ӨТУДЕ.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, фестиваль аясында көшелерге музыкалық аспаптар қойылады. Ал биылғы жылы осындай 15 құралдың бірі, атап айтқанда пианино су үстінде тұр. Ал оған апаратын трап апта аяғында - ашылу салтанатына орай қойылды. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары 40 музыкалық аспап түрін еркін пайдалана алады. Оның 15-і тек Женеваға қойылады.

l ҚЫТАЙ

ТҮРКІМЕНСТАН ГАЗЫ ҚЫТАЙҒА ЖЕТТІ

ҚЫТАЙДЫҢ СОЛТҮСТІК-БАТЫСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ - ҚЫТАЙ ГАЗ ҚҰБЫРЫ С ТАРМАҒЫНЫҢ ІСКЕ ҚОСЫЛУЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ.

China National Petroleum Corp компаниясының басшысы Цзян Пиннің Қазақстанмен шекаралас Қорғас бақылау-өткізу бекетінде өткен шара барысында мәлімдеуінше, қазан айына қарай құбырдың бұл бөлігі арқылы Қытайға 14 миллиард текше метр газ тасымалданады. Құбырдың С тармағы Түркіменстаннан Өзбекстан және Қазақстан арқылы Қытайдың Шыңжаң

Ұйғыр автономиялық ауданына тартылған. Оның газ тасымалдау қуаты жылына 25 миллиард текше метрге жетеді. 2009-2010 жылдары ашылған құбырдың А және В тармақтары С тармағымен жапсарлас жұмыс істеп тұр. Биыл құбырдың төртінші тармағы салына бастайды. Төрт тармақ бірдей толық қуатында жұмыс істегенде құбыр Қытайға бір жылда импорттайтын газының 40 пайызынан астамын тасымалдайды.

l РЕСЕЙ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ТИТУЛЫН ҚОРҒАЙ АЛМАДЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БОКС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ (WBO) НҰСҚАСЫ БОЙЫНША 63,5 КЕЛІ САЛМАҚ САНАТЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ РЕСЕЙЛІК БОКСШЫ РУСЛАН ПРОВОДНИКОВ ӨЗ ТИТУЛЫН ҚОРҒАЙ АЛМАДЫ.

Нью-Йорктегі 12 раундқа созылған жекпе-жекте ресейлік АҚШ боксшысы Крису Алгьериден ұпай санымен жеңілді. Еске сала кетсек, Проводников мұның алдындағы, яғни өткен жылғы қазан айында америкалық Майка Альварадоны оныншы раундта техникалық нокаутпен ұтып, титулды иеленген болатын.

l АУҒАНСТАН

САЙЛАУҒА КЕЛГЕН ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚЫРЫП САЛҒАН

«ТАЛИБАН» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРЛЕРІ АУҒАНСТАНДА ӨТІП ЖАТҚАН ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА КЕЛУШІЛЕРДІ ҚЫРЫП САЛДЫ ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ BBC NEWS.

Жексенбіде саяси науқанның екінші турына келген сайлаушыларға лаңкестер тарапынан шабуыл жасалып, салдарынан 46 адам көз жұмған. Сонымен қатар, тәлібтер Герат провинциясында дауыс беруге келген 11 адамның саусақтарын кесіп тастаған деп жазады жергілікті Khaama Press онлайн-басылымы. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, сайлау кезінде «Талибан» тарапынан бүкіл ел аумағында 150 шабуыл жасалған. Өміріне қауіп төнгендіктен 7 миллионнан астам тұрғын дауыс беруден бас тартыпты. Алты мыңнан астам сайлау учаскесінің 200-і жабылып қалды. Айта кетейік, Ауғанстанда бүгінде президент сайлауы науқаны жүргізіліп жатыр. Екінші турға екі үміткер өткен: Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Абдулла Абдулла мен қаржы министрлігін бұған дейін басқарған Ашраф Ғани Ахмадзай. Сайлаудың қорытынды нәтижесі 22 шілде күні жарияланады.

l САУД АРАБИЯСЫ

КҮН АСТЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

САУД АРАБИЯСЫНДА АШЫҚ ДАЛАДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АДАМДАР ҮШІН ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ ШЫҚТЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ БИ-БИ-СИ.

Қыркүйектің ортасына дейін оларға түскі 15:00-ден кейін күннің астында жұмыс істеуге тыйым салынды. Осылайша жергілікті билік халықты күн өтуден қорғамақ. Үкіметтің бұйрығына сәйкес, бұл ережелер адамдардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды. Аталған ереже тек мұнай-газ нысандарына техникалық қызмет көрсететіндерге және құтқарушыларға қатыссыз. Алайда оларды жұмыс берушілер қажетті қорғаныспен қамтамасыз етуге міндетті.

l ИРАК

ЖАНКЕШТІМЕН БІРГЕ 9 АДАМ ӨЛДІИРАКТЫҢ ПОЛИЦИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘЛІМЕТТЕРІ БОЙЫНША, БАҒДАТТЫҢ ҚАҚ ОРТАСЫНДА ЖАНКЕШТІ ӨЗІН-ӨЗІ ЖАРЫП ЖІБЕРІП, ӨЗІМЕН БІРГЕ ТАҒЫ 9 АДАМНЫҢ ӨМІРІН АЛА КЕТТІ.

Одан басқа тағы 20 кісі жарақат алды, деп хабарлайды Би-би-си. Ирактағы жағдай жиhадшылардың бірқатар қалаларды басып алғанынан кейін өрши түскенін атап өтейік.

Интернет материалдары негізінде

әзірленді.

ӨҢІРЛЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАТЫН БОЛАДЫ

Мақпал АБЗАЛБЕКОВА,«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын басқару компаниясы» АҚ-ның бас менеджері.

Елімізде инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың қамтамасыз етілуіне және олар үшін инвестициялық тартымды жағдайдың туғызылуына басымдық берілуі республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық мәні зор жобаларға шетелдік және отандық кәсіпкерлердің, халықаралық қаржы ұйымдарының аса ауқымды инвестиция салуына игі ықпал етуде. Бұл тенденция күні кеше ғана Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетел инвесторлары Кеңесінің жалпы

отырысында да атап көрсетіліп, алдағы уақытта инвесторларға жасалатын қолайлылықтардың басым бағыттары нақтыланды. Әрі аталған басқосудың қорытындылары республика экономикасының дамып-өркендеуіне де айтарлықтай серпін әкелетіндігі талассыз.

Ел аузында «Қазақстанның Швейцариясы» атанып кеткен Бурабайда өткен жиында қабылданған шешімдердің нәтижелері Мемлекет басшысының Жарлығымен Шу ауданы аумағында құрылған «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы» сияқты ірі мегажобаның тездетіп жүзеге асырылуына да игі ықпал етеді деп күтілуде. Өйткені, жалпы жобалық-сметалық құны 2 миллиард 725 миллион долларды құрайтын, құрамына 16 кәсіпорын кіретін, толық қуатында іске қосылған кезде жылына 2 миллион тонна көлемінде әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие химия өнімдерін өндіретін химиялық парктің отандық және шетелдік инвесторлар үшін де тартымды екендігі анық.

Бүгінде, «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын басқару компаниясы» акционерлік қоғамының басшылығымен өңірдегі болашақ өндіріс орындары орналасатын жердің аумағында тегістеу жұмыстары жүргізілуде, су және газ құбыры мен электр желілері тартылуда, жол салынуда. Химиялық парктің инфрақұрылымы кешенінің бірінші кезеңінде жүзеге асырылуға тиіс жұмыс ауқымы аяқталысымен, келесі жылдан бастап, инвесторы қазірдің өзінде белгілі болып отырған алғашқы үш кәсіпорынның құрылысы қолға алынатын болады.

Амангелді ӘБІЛ,«Ақ жол».

ОРТАША БАЛЛ – 72,4 ПАЙЫЗБілімді ұрпақ – ел ертеңі. Сондықтан Елбасы жас

ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына айрықша назар аударып келеді. Мемлекет тарапынан білім саласына бөлінетін қаржының жылдан-жылға арта түсуі соның бір айғағы. Әлемдегі дамыған үздік 30 мемлекеттің қатарына ену үшін де білімді ұрпақ керек.

Облыс әкімі аппаратының кезекті селекторлық кеңесінде «2014 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы туралы» мәселе күн тәртібіне шығарылды. Онда облыстық әкімдіктің білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова хабарлама жасады.

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берген 6773 мектеп бітірушінің 6683-і қатысқан. Бұл – 99,3 пайызды құрайды. Тестілеуге қатысқандардың 5498-і қазақ тілінде, 1185-і орыс тілінде тапсырған. ҰБТ қорытындысы бойынша облыстың орташа балы -72,4 пайыз. Аудандар арасында Жуалы 80,57 балл жинап, көш бастаса, былтыр бірінші орынды иеленген Т.Рысқұлов ауданы 65,39 балмен ең төмен көрсеткішке сырғыған. Байзақ ( 67,8 балл) және Қордай (66,44 балл) аудандарында да тест көрсеткіші мәз емес. «Алтын белгі» жалпы орта білімі туралы аттестатына үміткер 265 мектеп бітірушінің 102-і ғана өз білімдерін дәлелдепті.

Облыстың бас педагогы «Алтын белгі» алу үшін 24 үміткерге бір, 28 үміткерге екі-үш балдан жетпей қалғанын, бір балл жетпей қалған 24 үміткердің жұмыстары Білім және ғылым министрлігінде қаралып жатқанын атап көрсетті. «Үздік аттестатқа» үміткер 114 бітірушінің 18-і өздерін оған лайық екендерін дәлелдеп шықса, 12 үміткерге бір балл, 20 үміткерге екі-үш балл жетпей қалыпты. Ал, 100-ден жоғары балл алғандар саны – 810. Жоғары көрсеткіш саналатын 120-123 балды 18 мектеп бітіруші алыпты. Облыс бойынша ең жоғары 123 балды Тараз қаласындағы №1 гимназияның бітірушісі, «Алтын белгі» иегері Хан Анастасия алған. Тараз қаласындағы «Айша бибі» атындағы облыстық дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік мектеп интернатының

орташа балы – 106,3 және №45 гимназияның орташа балы –101,8 пайызға жетіп, білім беру мекемелері арасында алдыңғы орындарға шыққан. Алайда, 1016 мектеп бітіруші шекті деңгейден өте алмаған. Химия, биология, физика, география, орыс тілі, дүниежүзі тарихы, ағылшын тілі және орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәндері бойынша былтырғы ҰБТ-ға қарағанда білім сапасы жоғарылаған. Облыстық білім басқармасының басшысы осындай мәліметтерді алға тартты.

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Мемлекет басшысы тарапынан да, Үкіметтен де білім саласына айрықша көңіл бөлінетінін, облыста білім беру мекемелерінің жаңарып, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, мұғалімдердің жалақысы жылдан-жылға көтеріліп жатқанын атап көрсете келе, ҰБТ көрсеткішіне көңілі толмайтынын жеткізді. С.Құрманбекованы аппарат кеңесінде оқу жылының білім қорытындысы қаралып отырғандықтан осы салаға жауапты орынбасарының қатыспағаны үшін сын тезіне алды. Сонымен қатар, қалалық, аудандық білім бөлімінің басшыларын қатыстыра отырып, осы мәселе бойынша бірнеше рет жиын өткізілгенімен ешқандай қорытынды шықпағанын алға тартты. «Білімі бар оқушы өзін дәлелдейді. Зейнеткерлікке шыққандар мектеп директоры болып неге отырады? Жұмысын дұрыс атқара алмайтын аудандық білім бөлімінің басшылары қызметінен кетсін. Білім саласындағы бүкіл ұйымдастыру жұмыстарына, жақсы көрсеткіш беруге сіз жауаптысыз» деді облыс әкімі.

Аудан мектептерінің ҰБТ-дағы төмен көрсеткіші үшін аудан әкімдері де жауапкершіліктен тыс қалмайды. Аудандарда бұрынғыдай мыңғырған мал, ырғын егіс жоқ екеніне қарамастан аудан әкімдерінің мектеп есігін ашпайтынын атап көрсетті Кәрім Нәсбекұлы.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің көрсеткіштері төмен бірқатар аудандардың әкімдері, салаға жауапты орынбасарлары мен білім бөлімдерінің басшылары түсінік берді. Т.Рысқұлов ауданында тест сағат 10.30-да басталған. «300 орындық алып лайнерге де жолаушыларды тексеріп, өткізу 40 минутта жүргізіледі» деп ҰБТ жұмысын дұрыс ұйымдастыра алмаған білім бөлімінің басшысы мен аудан әкімінің орынбасарына сын айтылды. Облыс әкімі тарапынан мұндай сын Меркі және Шу аудандарының әкімдері мен білім бөлімінің

басшыларына да айтылды. Қордай, Байзақ және Жамбыл аудандарында да жағдай мәз емес.

Облыс әкімі ҰБТ-да көш бастаған Жуалы ауданының әкімі Батырбек Құлекеевке, білім бөлімінің басшысы Сағындық Әбілдаевқа және Г.Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназиясының директоры Валентина Писмакқа алғыс айтты.

Облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов пен облыстық әкімдіктің білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбековаға тест нәтижесі туралы анықтама беруді, қала және аудан әкімдеріне ҰБТ нәтижесін әкімдіктің алқа мәжілістерінде талқылауды міндеттеді.

МЕДИЦИНА – АДАМДЫ,

ВЕТЕРИНАРИЯ – АДАМЗАТТЫ САҚТАЙДЫ

Кеңестің күн тәртібіне шығарылған «Ветеринарлық шаралардың орындалу барысы туралы» мәселе бойынша облыстық әкімдіктің ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Абдалы Нұралиев хабарлама жасады. Хабарламашы «Ветеринария туралы» Заң талаптары бойынша атқарылып жатқан жұмысты баян етті. Қазақстанның Кеден одағына қосылуы, Дүниежүзілік сауда ұйымына алдағы уақытта кіретініне орай ірі қара мал етінің экспорттық әлеуеттік дамыту жобасын іске асырылуына, эпизотиялық, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты өте ауқымды жұмыс атқарылатынын атап көрсеткен ол, мал дәрігерлік сала бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмысты слайд арқылы айтып берді. Салаға кейінгі үш жылда ел қазынасынан 4 189,3 мың теңге бөлініп, оның 3163,6 мың теңгесі «Эпизотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге», 1025,7 мың теңгесі материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінген. Жергілікті бюджеттен осы үш жылда 1099,0 мың теңге жұмсалған. Осындай қаржылай қолдаудың нәтижесінде өңірдің эпизотиялық ахуалы біршама жақсарыпты.

Басқарма басшысы сарып, сібір жарасы, басқа да жұқпалы індеттерге қарсы және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтарындағы

атқарылып жатқан іс-шараларды сөз етті. Сондай-ақ, малды бірдейлендіру жұмыстарын да слайд арқылы баяндады. Облыста мүйізді ірі қара малын бірдейлендіру жұмысы аяқталса, уақ мал мен жылқыны бірдейлендіру одан әрі жалғасуда екен. Осы уақытқа дейін уақ мал 71, жылқы 68, шошқа 74, түйе 63 пайыз бірдейлендіріліпті. Уақ малды сырғалау Таласта-10, Меркіде-24, Жуалы ауданында- 25 пайызды құрады, жылқыны чиптеу Сарысу ауданында бірде-бір малға салынбаса, Мойынқұмда-6 және Шу ауданында-12 пайызды құраған.

Облыс әкімдігінің салаға жасап жатқан қолдауының нәтижесінде облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 28 типтік биотермиялық шұңқыр, 18 мал сою алаңы соғылғанын, биыл тағы да 13 биотермиялық шұңқыр, 2 мал тоғытпасы жасалатынын, бұдан бөлек 8 биотермиялық шұңқырдың жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жоспарланғанын атап өтті. Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық ветеринариялық инспекциясының басшысы Сәрсенбай Солтанбеков қосымша хабарлама жасады. Мойынқұм ауданының әкімі Болат Мәдікенов кенеге қарсы қолға алынып жатқан шаралардан, Талас ауданының әкімі Болат Рысмендиев төрт түлік малдың жай-күйі туралы хабардар етті.

Облыс әкімі «Малды бірдейлендіру жұмыстары аудандарда неге әрқалай?» деп сұрақты төтесінен қойды. Кейбір аудан әкімдеріне өздерінің аумағындағы орман шаруашылығының тіршілігінен хабарсыз екенін, шекарадан малдың контрабандалық жолмен өтуіне тосқауыл қою қажеттігін де қатаң ескертті. Алдағы уақытта ветеринария саласы мен шекара мәселесіне байланысты арнайы жиын өткізу керектігін атап көрсетті.

Кеңес жұмысын қорытындылай келе Кәрім Нәсбекұлы Жаңатас қаласында «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша қолға алынып жатқан жұмыстарды қадағалауды облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековке, ондағы көрнекіліктерді реттеуді облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетоваға тапсырды. Аудан әкімдеріне дін мәселесі бойынша жиын өткізіп, күннің қатты ысуына байланысты өрт қауіпсіздігін қатаң қадағалауды міндеттеді.

АУЫЛҒА ДА НАЗАР АУДАРЫЛСА ЕКЕН

Алпысбай ЖҰМАХАНОВ,«Пионер» ӨК төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, «Құрмет» орденінің иегері.

Елдің экономикалық дамуында инвестиция тартудың рөлі зор. Бұл әрі екіжақты тиімді. Президент жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі ел экономикасындағы маңызды мәселелерді ұтымды шешіп келеді.

Елбасының төрағалығымен өткен басқосуда шетел инвесторлары Қазақстанға инвестиция салуға ниетті екенін аңғартты. Осы орайда Қазақстанның танымалдығы жоғары екендігі еліміз үшін жоғары бедел. Оны қолдаймыз, қуаттаймыз.

Қазақстанда аграрлық саясат қалыпты жағдайда десек те, ауылшаруашылығына инвестиция тарту көңілдегідей емес.

Ұлан-байтақ жеріміз бола-тұра, ауылшаруашылығы өнімдерін сырттан алуымыз елімізге сын ғой. Бізде мүмкіндік бар.Тек қолдау керек. Агроқұрылымдар өндірген өнімдерді өңдеу мәселесі

қалыпты жағдайда емес. Сондықтан ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындар кешенін кеңейту керек. Ол үшін шетелдік инвестицияның қолжетімді нұсқасы болса, қандай ғанибет. Бұл мәселе мемлекеттік деңгейде шешіліп ауылшаруашылығына да инвестиция көптеп тартылғаны дұрыс болар еді.

Жамбыл ауданы.

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, XXVІ сессиясы 2014 жылдың 26 маусымында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2- қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді:

1.2013 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы және Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының атқарған жұмыстары жөніндегі есебі;

2.Облыстың емдеу мекемелерінің тұрғындарға қызмет көрсету сапасы және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылу жағдайы туралы;

3.Жамбыл облыстық мәслихатының аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауылшаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі;

4. Сарысу ауданында иттер мен мысықтарды күтіп - ұстау қағидаларын бекіту туралы;

5. «Жамбыл облысында жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2008 жылғы 8 ақпандағы № 4-16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

6. Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына мемлекеттік заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөнінде ұсыныстар енгізу туралы;

7. Әртүрлі мәселелер. * * *Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында (3-қабат) 2014 жылдың 26 маусымында сағат 12.00-де өтеді.

* * *Депутаттарды тіркеу 2014 жылдың 26 маусымы күні сағат 14.00-де

басталады.

Б. ҚАРАШОЛАҚОВ,облыстық мәслихаттың хатшысы.

облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев аудан әкімдерінің мектеп есігін ашпайтынын атап көрсетті

ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ТАРИХЫМЫЗДЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІАЛТЫН ДІҢГЕГІ Тараздағы туризм кластерін дамыту

кезек күттірмейтін жұмыс

БЕРМЕСЕҢ – БЕРМЕСЕҢ – АЛЫСПАЙСЫҢ,АЛЫСПАЙСЫҢ, КЕЛМЕСЕҢ – КЕЛМЕСЕҢ –

АЛЫСТАЙСЫҢАЛЫСТАЙСЫҢ

БОЛАШАҚ – БІЛІМДІ ҰРПАҚТЫҢ ҚОЛЫНДА

Page 3: 17 маусым пдф

317 маусым, 2014 жыл www.akjolgazet.kz

ӘЛЕУМЕТӘЛЕУМЕТ ПЕНПЕН ӘЛЕУЕТ

Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол».

Байзақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтті. Оған партияның Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі бюросының, партияның аудандық мәслихаттағы д е п у т а т т ы қ ф р а к ц и я с ы н ы ң м ү ш е л е р і , аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бюро отырысын партия аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Шүкеев ашып, жүргізіп отырды.

Бюро отырысында қаралған алғашқы мәселе «Нұр Отан» партиясы «Қазақстан 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарында айқындалған аудан экономикасының 2012-2014 жылдары аралығындағы орындалу барысы туралы партия мүшесі, аудан әкімінің орынбасары Ә. Қилыбаев баяндама жасады. Ол өз сөзінде тұғырнамада көрсетілген алуан міндеттерді жүзеге асыруда, аудан көлемінде арнайы жоспарға негізделген ауқымды шаралардың атқарылып жатқанына тоқталды.

Білім беру, денсаулық сақтау саласында толайым жетістіктер бар. Сол сияқты экономика саласында халықтың кірісін арттыру мақсатында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы да сәтті жүзеге асырылуда.

– Партия тұғырнамасының басты мақсаты халықтың өмірін жайлы етуге бағытталған. Осыған орай аудан көлемінде оның ішінде ауылдық eлді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша соңғы екі жылда бес ауылға су құбырлары мен су беру имараттарының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Биыл Дихан, Түймекент, Жетібай, Ақжар ауылдарында су қабылдау имараттары мен су құбыры желілері құрылысын салуға республикалық және жергілікті бюджеттен 693,4 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде, – деді Әзімхан Қилыбайұлы. Сонымен қатар ол аудан аумағындағы жергілікті мәндегі жолдардың да қайта жарақтандырып жатқандығын, құқық қорғау саласында да қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында кешенді шаралардың атқарылып жатқандығын тарқатып айтты.

Бюро отырысында аудандық партия филиалы бақылау комиссиясының және партия филиалы жанындағы «Жемқорлыққа қарсы әрекет» жөніндегі қоғамдық кеңестің үстіміздегі жылдың бес айында атқарған жұмысы жайлы мәселе де қаралды. Бұдан бөлек жиында 2014 жылдың үшінші тоқсанына арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, екінші жарты жылдыққа арналған қоғамдық қабылдау кестесінің уақыты да нақтыланды.

Бюро отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Байзақ ауданы.

Нұрсұлтан ЕРМЕКОВ, ТарМУ-дің студенті.

Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері басшыларының жуықта Астана қаласының төрінде Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қоюы, үшжақты шарттың келер жылғы қаңтардан бастап күшіне енетіні бүгінде қазақстандықтар, оның ішінде облыс жұртшылығы арасында да зор серпіліс туғызып отыр.

Бұл мәселе Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының партия тобы мен тарих- жағрафия факультеті, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының «Қазпошта» акционерлік қоғамы бастауыш ұйымы бірлесе өткізген «Еуразиялық интеграцияның ақпараттық-зияткерлік мазмұны» тақырыбындағы дөңгелек үстел басқосуында басты әңгіме арқауы болды.

Іс-шараны аталмыш оқу орнының оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Расима Амандосова ашып, жүргізіп отырды.

Басқосуда бірқатар ғалым-оқытушылар аталған

тақырып төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда, философия және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының оқытушысы Гүлжан Ыдырысова Еуразиялық экономикалық одақ құру белгілі бір іскер топтар субъектілері үшін ғана емес, қарапайым халық үшін де тиімді екеніне, оларға үш елге ортақ экономикалық нарыққа кәсіпкерлермен бірдей қол жеткізуге мүмкіндік туғызылатындығына, ал, институттың тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Жәнібек Көрпебаев ЕЭО-ға мүше мемлекеттер қатарына ену бастамасы соңыра аса қуатты ынталандырушы күшке айналып, елімізді ғаламдық алғы шептерге алып шығатындығына жан-жақты тоқталды.

Басқосуға қатысушылар Елбасымыздың тікелей өзі іргенегізін қалап, алғашқы жақтаушысы болған бұл идеяның болашақта сәтімен жүзеге асып, еліміз өңірлерінің гүлденіп, дамуы мәселесінде айрықша маңызға ие игілікті іс болатынына бірауыздан сенім білдірісті.

ЕАЭО – ҮШ ЕЛГЕОРТАҚ ӨРІСОРТАҚ ӨРІС

парақшасының шолушысы Шынар САҒИЕВА,

«Ақ жол».

КЕРЕМЕТ ІЗДЕСЕҢ «ФБ»-ҒА ТІРКЕЛ

БЕРІК ШЕРӘЛІҰЛЫ:

– Отағасы, бүгiн екеумiздiң шаңырақ көтергенiмiзге бақандай 15 жыл болыпты. Қорадағы семiз қошқарды соймадық па?

– Қуасың ба? Малдың не жазығы бар? Екеумiздi таныстырған Ерболды сояйық!

НӘЗИЯ ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ:

– Бір жігіт жүргізуші куәлігіне суретке түскенде сақалы болған ғой. Бір күні сақалын алып тастапты. Сөйтіп, бірде әкесімен бірге көлігімен келе жатса алдынан МАИ қызметкері шығыпты. Суретін көреді де, оған: «Суреттегі сен емес. Мұнда сақал бар, сенде жоқ», – деп қасарысады. Әлгі жігіт ары жалынады, бері жалынады. Гаишник илікпейді ғой, баяғы. Сөйтсе әкесі түседі көліктен: «Әй, не боп қалды?», – деп. Баласы жағдайды түсіндіреді. Сөйтсе әкесі әлгі гаишникке жата қап ашуланыпты: «Өөййй, әкеңңңніңң! Отырайық енді сенің қасыңда сақал шыққанша!», – деп.

ОРАЛХАН ДӘУІТ:

– Қайбiр жылы Меркiнiң бiр ауылында аудан әкiмi есеп бердi. Негiзi «есеп беру» сценарий бойынша жүредi ғой. Алдымен аудан әкiмi ұзақ-сонар баяндамасын оқиды, одан кейін алдын-ала дайындап қойған екi-үш адам сөз сөйлейдi. Сосын барып бiрдi-екiлi адамдар сұрақ берiп, мәселесiн айтады. Дәл осы «сценарий» бойынша баяндама жасалып, жарыссөз аяқталып, ауылдың үлкендерi бiр-екi мәселе көтерiп, жиын ендi бітейін деп жатқан. Бір кезде «Әй, әкім бала, мен сөйлейiншi» деп алдыңғы қатарда отырған бір ақсақал қол көтердi. «Әрине, әрине» деп әкiм жалбақтап жатыр. Мiнбеге шыққан ақсақал бiр жөткiрiнiп алды да «Әй, әкiм бала, осы сен қашан жұмыс істейсің?», деп қойып қалды. «Сен білесің бе, бiздiң ауылда жол жоқ, көктем мен күздiң жаңбырында ми батпақ, көлiк түгiлi адам жүре алмай қалады. Ауызсуды пәленбай шақырымнан тасып iшемiз. Ал газ кiргiзу мәселесi тiптен жоспарда жоқ. Бiздiң ауылға көңiл аударатын кездерiң бола ма, жоқ па?» деп айтып-айтып тастады. Әкiм сасып қалды. «Бұл кiм?» деп орынбасарларына қарайды, олар да, ауыл әкiмi де «бiлмеймiз» деп иығын көтередi. Ақсақал сөйлеген сайын залдағы ел де риза болып, еліріп бара жатыр. Ақырында әкiм шыдай алмады: «Оу, ақсақал, тоқтаңыз, Сiз қай ауылды айтып тұрсыз?» дедi. Сонда ақсақал: «Мен құдамның үйiне қыдырып кеп ем, Түлкiбастағы ауылымды айтып тұрмын» дегенi...

Сол айтпақшы, басқарма басшыларының, аудан әкімдерінің есеп беретін күндері жақындап келеді. Сондай қызықтар тағы да қайталанар ма екен, ә?

НҰРЛАН ЖАНАЙ:

Қыздың қарғысы – мысықтан да қатты болады

АҢСАҒАН МҰСТАФА:

– «Бала арманы» тушь, қылқалам. Видеосын көріп қалып, сурет қылдым. Мұғалима оқушыларға шығарма жазғызады, сөйтсе бір бала «Арманым – теледидар болу. Әкем келіп жата қалады, бірдеме десем «теледидардың алдынан былай тұр» дейді. Шешемнің де күнімен қарайтыны сол. Бұзыла қалса екеуі де жандары шығып жөндейді» деп жазған екен. Мұғалима үйіне әкеп оқып отырса, күйеуі «неге жылап отырсың» депті. Жазбаны оқып берсе, «Ол қандай әке-шеше, ақымақтар» деген көрінеді. Ал, шығарманы жазған өз баласы ғой...

ДАНИЯР ЕСЕН:

– Мына суретке жарты миллионнан астам адам лайк басыпты. 7 мыңнан астам адам коммент жазыпты.АҚТОҚТЫ ТҮСІП: Қазір балалардың да бетін осылай боятып жатады. Түсінбеймін, одан қандай тәрбие бар екен?

ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАН:

– «Адамның қуы молда болады, жылқының қуы жорға болады!». Бүгін Қазақ радиосының әуе толқынында «Атадан қалған асыл сөз» айдарымен берілген радиохабардан естіген мәтелім. Бұл мәтелге қалай қарайсыздар?

МҰРАТ MИРЛАНОВ: Кеңес кезінде молдаларды елге жексұрын етіп көрсету үшін айтылған мақал

БЕЙБІТ САРЫБАЙ: Меніңше дұрыс. Бірақ қу деген сөзді тура мағынасында түсінбеген жөн. Ақылды деген мағынада ғой. Бала күнімізде біреу жол тауып кетсе «мә, қусың ғой» деуші едік қой. Сүйкімді қулық қой.

БІРЛІКТІ БАСШЫ, ТІРЛІКТІ ҚОСШЫ ЕТІП...ТІРЛІКТІ ҚОСШЫ ЕТІП...

бағдарлама бағыттары басты назарда

К

“P“Persona Contra”-ның жүргізушісіersona Contra”-ның жүргізушісі

Жорабек БАУБЕКОВ,облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

ММ,,

Баймаханбет АХМЕТ,«Ақ жол».

Есімі елімізге белгілі шоумен, кәсіпкер, «Авторадио Казахстан» радиохабарын жүргізуші, талантты әнші, сазгер Евгений Жагалтаевтың кезінде жерлесіміз, әнші Айбек Сейітовтің алғашқы продюсері болып, «Беркут» атымен бірқатар әндерінің бейнеклипін түсіруіне де дәнекер болғанын біреу білер, біреу білмес. Оның қазақстандық әнсүйер қауымға танымал «Persona Contra» думан-шоуымен эфирге қайта шығуы да тыңдармандары үшін ерекше оқиға болды. Ең бір атап өтерлігі сол, бұл радиобағдарлама бір жыл ішінде-ақ халықтық мінберге айналып үлгерді.

Еліміздің музыка кеңістігінде өзіндік орны бар әншінің бұрнағы күні «Баласағұн» орталық концерт залында

«Жаңбырға айналу» («Стать дождем») атты концерттік бағдарламасы табыспен өтті. Бұл жолы өзінің тобымен келіп қойып, екі сағатқа созылған концерт жиналғандарды айрықша әсерімен баурады.

Е. Жагалтаев облысымызда «Азия елі» халықаралық жерлестер фестивалінің алғашқы өткізілімінің бас продюсері де болған-ды. «Осы фестивальдің үстіміздегі жылғы тамыз айында өтетін екінші өткізіліміне де шақырту алып отырмын. Бірақ, басқа да ұйымдармен келіссөздер қолбайлау болатын түрі бар. Әзірге Таразға жолым түсетіні-түспейтіні белгісіздеу болып тұр. Кезегін күткен шаруаларымды бір ыңғайлы ете алсам бұл жаққа міндетті түрде келетін боламын. Концерттік тобымыздың ағылшынша атауы қазақша «Қара адам» дегенді білдіреді. Таразда тағы да кездескенше» деп жылы қоштасты бізбен әнші.

Аудандық «Достық» мәдениет үйінде қарымды қаламгер, Қазақстанның Құрметті журналисі, Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, Талас және Жуалы аудандарының Құрметті азаматы, жерлесіміз Мақұлбек Рысдәулеттің «Ауылым – алтын бесігім» атты шығармашылық кеші өтті. Кешке жазушының қаламдас дос-жарандары, әріптестері, еліміздің әр қиырында еңбек етіп жүрген курстастары мен сыныптастары, ағайын-туыстары, оқырман қауым қатысты.

Қаламгердің 65 жасқа толуына о р а й л а с т ы р ы л ғ а н ә д е б и к е ш т і «Қазақстан-Тараз» телеарнасының директоры, елімізге танымал журналист Мейрамбек Төлепберген жүргізіп, М. Рысдәулеттің шығар-машылығынан жан-жақты мағлұмат беріп отырды.

Шығармашылық кеште облыс ә к і м і н і ң б і р і н ш і о р ы н б а с а р ы Б.Орынбеков жазушыға деген ізгі ниетін білдіре келіп, облыс әкімі К.Көкірекбаевтың құттықтауын табыс етті. Аудан әкімі Батырбек Құлекеев Мақұлбек Рысдәулеттің еңбек және шығармашылық жолы туралы айта келіп, өзінің Алғыс хатын тапсырды, қазақы дәстүрмен үстіне шапан жапты.

Белгілі ақын, есімі айтыс өнері арқылы елге танылған Жүрсін Ерманов Мақаңмен бір кездері Жезқазған облысында бірге еңбек еткен кездері туралы айтып берді.

– Университетт і жаңа біт ір іп

б а р ғ а н М а қ а ң с и я қ т ы ж і г і т т е р жаңадан ашылған облыстық газеттің қалыптасып, ұлы көшке ілесіп кетуіне көп үлес қосты, – деді ол. – Мақаң да сонда шеберлігін шыңдады, журналист ретінде қалыптасып, үлкен мектептен өтті. Қатардағы қызметкерден газеттің жауапты хатшысына дейін көтерілді. Облыстық газетті республикадағы таңдаулы басылымдар қатарына дейін жеткізді.

Бұдан соң сөз алған жазу-шының ағасы Болатбек Қайыпбеков жазушы бауырының балалық шағынан сыр ш е р т т і . Ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ к е ш т е елімізге танымал сатирик-жазушы Көпен Әмірбеков, жуалылық қаламгер Талғат Сүйінбаев басқа да көптеген жазушылар, журналистер, ғалымдар сөз алып, Мақұлбек Рысдәулеттің шығармашылығы, өздері білетін

қырлары мен сырлары туралы қызықты әңгімелер айтты, сый-сияпаттарын тапсырды.

Жуалы халық театры Мақаңның дайындауымен Шерхан Мұртазаның «41-ші жылғы келіншек» әңгімесінен көрініс қойды. Кеште, әрине, ән мен жырға да көп кезек берілді. Мұның бәрі шығармашылық кештің мазмұнын арттырып, ажарын аша түсті.

С о н д а й - а қ , к е ш к і д а с т а р х а н басында облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы әріптес ағасының қазақ баспасөзіндегі қатепті қара нар іспетті орны туралы айта келіп, иығына шапан жапты.

Мейірбек МӘТЕНОВ,

журналист.

Жуалы ауданы.

Евгений Жагалтаев облысымызға келіп, жеке концертін қойды

ҚАРА НАР ІСПЕТТІ

ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС САЛДАРЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС САЛДАРЫНЫҢ ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОНОМИКАСЫНА ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОНОМИКАСЫНА ТИГІЗЕР ӘСЕРІН АЗАЙТУ ТИГІЗЕР ӘСЕРІН АЗАЙТУ МАҚСАТЫНДА ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТКЕ МАҚСАТЫНДА ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТКЕ ХАЛЫҚТЫ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУДЫҢ ХАЛЫҚТЫ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫН ӘЗІРЛЕУГЕ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫН ӘЗІРЛЕУГЕ ТАПСЫРМА БЕРІП, СОНЫҢ ТАПСЫРМА БЕРІП, СОНЫҢ НЕГІЗІНДЕ 2011 ЖЫЛДЫҢ ЕКІНШІ НЕГІЗІНДЕ 2011 ЖЫЛДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНАН БАСТАП «ЖҰМЫСПЕН ЖАРТЫСЫНАН БАСТАП «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАМТУ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛА БАСТАҒАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛА БАСТАҒАНЫ МӘЛІМ. ҚАЗІРГЕ ДЕЙІН ӨЗІНІҢ МӘЛІМ. ҚАЗІРГЕ ДЕЙІН ӨЗІНІҢ МӘН-МАҒЫНАСЫН ЖОЙМАҒАН МӘН-МАҒЫНАСЫН ЖОЙМАҒАН ОСЫ БАҒДАРЛАМА АРҚАСЫНДА ОСЫ БАҒДАРЛАМА АРҚАСЫНДА КӨПТЕГЕН АДАМДАРДЫҢ ЖҰМЫСТЫ КӨПТЕГЕН АДАМДАРДЫҢ ЖҰМЫСТЫ БОЛҒАНЫН АЙТА КЕТУІМІЗ КЕРЕК. БОЛҒАНЫН АЙТА КЕТУІМІЗ КЕРЕК. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ – БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ – АДАМДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ АДАМДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ. ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ. БАҒДАРЛАМА НЕГІЗІ БАҒДАРЛАМА НЕГІЗІ ҮШ БАҒЫТТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА. ҮШ БАҒЫТТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА.

Бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» деп аталатын бірінші бағытының басты мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырта отырып, сол өңірдің жұмыссыз, табысы аз азаматтарын жұмысқа тарту, еңбекақымен қамтамасыз етуге қол жеткізу болып табылады. Осы бағыт аясында барлығы 83 жобаға 3 миллиард 102,3 миллион теңге қаралып, есепті мерзімде бөлінген 459,4 миллион теңгенің 184,6 миллионы игерілген. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша барлық жобаларда 1708 жұмыс орнын ашу жоспарланса, есепті мерзімге 18 жобада жұмыстар басталып, барлығы 133 адам жұмысқа

орналасты. Оның 51,9 пайызы (69 адам) Жұмыспен қамту орталықтары жолдамасымен келгендер. Жалпы, ашылатын жұмыс орындарының жартысына жұмыссыздар осы орталықтың жолдамасымен жіберіледі.

Б а ғ д а р л а м а н ы ң е к і н ш і б а ғ ы т ы ш а ғ ы н несиелендіру жолымен өз істерін ашу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруды, олардың инфрақұрылымдарын дамыту мен жақсартуды және кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды көздейді. Мұнда негізгі басымдық ауылдық жерлерде жеке өз ісін ұйымдастыруға ниет білдірушілерге беріліп отыр. Ағымдағы жылы осы бағытқа 1 миллиард 786,5 миллион теңге бөлініп, 920 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде 920 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 37,7 миллион теңге; 783 адамға шағын несие беруге 1 миллиард 500,8 миллион теңге; 100 нысанда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 248 миллион теңге қарастырылған. Жыл басынан 1 мамырға дейін 920 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, осы мақсатқа қаралған 37,7 миллион теңгенің 31,1 миллионы игерілген. Қалған 6,6 миллион теңге – мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаражат.

Шағын несие беру бойынша уәкілетті өңірлік ұйым болып «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау

қоры» АҚ-ның облыстық филиалы белгіленген. Шағын несие алушылар үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшері 6 пайызды құрайтын болады. Несие беру жұмыстары осы айдан басталуда. Қажеттілігіне қарай несие алушының кәсіпкерлік ашу орнының негізгі жол торабына, кәріз, жылу, су, электр, телефон жүйелеріне қосылуға дейінгі инфрақұрылымы да қоса қаржыландырылады.

«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» деп аталатын үшінші бағыттың бірінші құрамдас бөлігі – «оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, аз қамтылған және жұмыссыз тұрғындарды өнімді еңбекке тарту, оларды тұрғылықты жерлерінде кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өткізу арқылы тұрақты жұмыстармен қамту көзделген. Бұл жерде кәсіптік даярлауға ешқандай кәсіптік мамандығы жоқ азаматтар жолданады. Ал, қайта даярлау белгілі бір мамандығы бар, бірақ ол мамандығы бойынша еңбек рыногында жұмыс таба алмаған азаматтарға қатысты. Кәсіптік біліктілігін арттыруға өзінің мамандығы бойынша заманауи жаңа технологияны меңгеру және индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында іске асырыла-

тын жобалар үшін кәсіптік деңгейін көтеру қажеттілігі туындаған азаматтар жолданады. Оқыту курстары мемлекет қаржысы есебінен. Сондай-ақ, оқуға қатысушылардың тамақтану, жол жүру және тұруына материалдық көмек қарастырылуда.

Кәсіптік оқытуды қаржыландыруға 437,8 миллион теңге бөлініп, есепті мерзімде қаралған 164,3 миллион теңгенің 154,4 миллионы игерілген. Бұл – жоспардың 94 пайызы. Оқытумен қамтылуы жоспарланған 1666 адамның 1288-і қамтылды. Оның ішінде 955 адам – оқуын жалғастырушылар. Қайта даярлауға – 232, біліктілігін арттыруға – 101 адам жолданған. Оқыту 12 мамандық бойынша көптеген колледждерде жүргізіліп жатыр. Олардың Құлан ауылшаруашылығы колледжінен басқасы Тараз қаласы аумағында. Мамандықтар саналуан: ветеринария, тамақтандыруды ұйымдастыру, газдандырылған қазандық қондырғыларының операторлары, шаштараз өнері және сәндік косметика-шаш үлгілерін жасаушы, электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру, тағы басқа болып жалғасып кете береді. Қазіргі таңда оқуларын бітірген 66 адамның 26-сы жұмысқа орналастырылған. Оның 13-і тұрақты жұмыс орындарына, 13-і «Жастар тәжірибесіне» жолданды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашудың өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда 12 айға дейін жұмыс берушінің шығыны 65 пайыз, қалған 35 пайызы бюджет есебінен. Биыл 635 әлеуметтік жұмыс орнын құру жоспарланып, осы мақсатқа 138,5 миллион теңге бөлінген. Жыл басынан 706 әлеуметтік жұмыс орны құрылып, қаралған қаржының 99,4 пайызы игерілген. Бұл осы бағыттағы жұмыстың жақсы жолға қойылғанын көрсетсе керек.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы кәсіби білім беру, оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектердің алғашқы жұмыс тәжірибесін қалыптастыруы үшін ұйымдастырылған. Жұмысқа қатысу мерзімі – 6 ай, еңбекақы мөлшері 18 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 33336 теңге. Осы бағдарлама бойынша 1350 жұмыс орнын құру жоспарланып, осы мақсатқа 266,3 миллион теңге бөлінген. Жыл басынан бері 694 түлек «Жастар тәжірибесіне» жолданып, қаралған қаржының 43 миллион теңгесі игерілді.

Осы екі бағдарламаға қатысушылардың басым көпшілігі тиісті мерзімдері аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыстармен қамтылатын болады. Әрине, тәжірибеде өздерін кәсіби іскерлік жағынан көрсеткен жағдайда.

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаны іске асыру нәтижесінде облыс халқының әлеуметтік қорғауға мұқтаж бөлігінің әлеуметтік ахуалын біршама жоғары деңгейге көтеру көзделінген. Әрине, мұның негізінде Елбасының жұмыссыздық-ты жою және кедейшілікпен күрес жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсаты жатыр.

Тараз қаласы.

каламгеркаламгер

Page 4: 17 маусым пдф

4 17 маусым, 2014 жылwww.akjolgazet.kz

ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН

ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТІҢ, ҰСТАЙ АЛМАСАҢ ҚАСІРЕТІҢ

Марат ӘЗІЛХАНОВ,Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы.

Бірінші. Мұсылман қауымында әркелкі үдерістер сақталуда. Діндарлар арасында түрлі ішкі және сыртқы себептермен Қазақстанда тыйым салынған немесе дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатындар бар. Олар көп жағдайда өздерін діндарлардың басым бөлігіне, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына қарсы қойып, мемлекеттің зайырлы қағидаларын, қоғамымыздың құндылықтарын мойындамай, кей жағдайларда тіпті радикалды ұстанымдарда қалып отыр.

Екінші. Дінді адамдардың мүддесіне зиян келтіретін мақсаттарға пайдалануға тырысу жиі кездеседі. Соның ішінде, заң талаптарын бұзып, азаматтардың денсаулығы мен психикасына зиян келтіру, отбасын бұзу, сенушілердің мүлкін иелену, алдау-арбау әдістерімен түрлі ұйымдарға тарту орын алуда.

Мұндай мәселелер тек біздің мемлекетімізге ғана тән емес, әлемнің барлық елдерінде дерлік кездесіп отыр. Әр мемлекет бұған қатысты өз шараларын қабылдауда.

Осы бағытта біздің елімізде не жасалуда?Үйлесімді мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қамтамасыз ету

қызметін атқаратын дін саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ретінде Дін істері агенттігі жұмыс істей бастады.

Дін саласындағы толыққанды құқықтық база қалыптастырылды. Тұтастай алғанда біз заңның барлық діни қызмет субъектілерінің іс-әрекетін тиімді түрде реттелуіне қол жеткіздік.

Жаңа заңға сәйкес еліміздің діни алаңы реттеліп, діни бірлестіктермен өзара әрекеттестік күшейе түсті. Біздің ортақ үйлесімді жұмысымыздың нәтижесінде діни бірлестіктер мен діни оқу орындарын қайта тіркеу сәтті аяқталды.

Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, тұрғындарды діни мәселелер бойынша ақпараттандыруды арттыру, діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша қоғам мүшелері арасында кешенді түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жасақталып, іске асырылуда. Бағдарламада экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері, қоғамда толерантты діни сана және радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру шаралары негізгі орын алады.

Азаматтардан діни қызмет саласындағы ақпараттарды қабылдауды жүзеге асыратын, діни саладағы заңға қайшы және басқа да жағымсыз көріністер салдарынан зардап шеккендерге кеңесшілік-психологиялық көмек көрсетумен айналысатын «Қауырт желі 114» орталығы құрылды. Құрылған мерзімінен бері орталыққа азаматтардан діни қызметтің түрлі саласына қатысты 400-ден астам өтініш-шағымдар келіп түсті.

Ғаламтор кеңістігіндегі жұмыс ретке келтірілді. Исламның дәстүрлі қағидаларын түсіндіретін және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған «E-islam» ақпараттық-ағартушылық ғаламтор-порталы құрылды.

Конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін алға жылжыту жұмыстары жүргізілуде. Баршаға белгілі, Астанада қатарынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төртінші съезі өтті, қазіргі таңда келесі жылы болатын 5-съезге дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Осы бағыттағы барлық жұмыстарға Жамбыл облысының мемлекеттік және басқа да құрылымдары белсенді араласуда. Аймақта діни ахуалдың тұрақтылығы, мемлекет пен конфессиялардың әріптестік қарым-қатынасы, заңнамалық нормалардың сақталуы қамтамасыз етілуде. Жалпы алғанда, Жамбыл облысында діни ахуал тұрақты бақылауда.

Жұмысымыздың басты басымдығы рухани құндылықтарымызды ары қарай нығайту болып қала береді.

Елбасымыз біздің елімізде «уақыт сынынан өткен», барша қазақстандықтарды біріктіретін және еліміздің болашақ іргетасын құрайтын басты құндылықтардың қалыптасқанын бірнеше мәрте атап көрсеткен болатын. Бұл құндылықтар біздің халықаралық аренадағы брендіміз ретінде танылған ұлттық бірлік, қоғамдағы бейбітшілік және келісім болатын.

Дегенмен конфессияаралық келісімді ұстап тұру – мемлекеттің, азаматтық қоғамның және әрине, діни бірлестіктердің бір жолғы емес, тұрақты түрде күш жұмсауын талап ететінін бәріміз жақсы түсінеміз. Біз оқшауланған әлемде өмір сүрмейтінімізді ұмытпауымыз қажет. Біздің айналамызда тұрақтылық пен қоғам тыныштығы арман болып отырған елдер мен аймақтар қаншама.

Әрине, бізге әлі де көп жұмыстар атқару қажет. Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір қойылып отырғанын ерекше атап көрсеткен болатын. Мұндағы басты қиындық – осы теріс пиғылды ағымдар ықпалына біздің болашағымыз саналатын жас азаматтардың жиі түсіп қалуы болып отыр.

Сондықтан мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттары мен діни бірлестіктердің қызметін радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыруға шоғырландыру өте маңызды. Осыған байланысты, біздің өткен жылы осында «Таблиғи жамағат» тыйым салынған ұйымының теріс пиғылды іс-әрекетін ашып көрсету мақсатында республикалық конференция өткізгеніміз кездейсоқ емес. Радикалдар мен басқа да деструктивті күштерге идеологиялық тосқауыл қоюдың маңызды тетігі кешенді ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Ең бастысы – адамдар жалған діни ілімдердің арбауына түсіп қалмауы керек, осы саладағы қатерлер туралы мүмкіндігінше ақпараттандырылуы және интеллектуалдық тұрғыдан қорғалуы қажет.

Екіншіден, жалған идеологияның торына түсіп қалғандарға көмек көрсете алатын құрылымдардың желісін кеңейте беру керек. Бұл жерде діни бірлестіктердің де, үкіметтік емес ұйымдардың да, сонымен қатар, сарапшылар қауымдастығының да рөлі мейлінше маңызды. Радикалды идеологиялардан зардап шеккен тұлғаларды оңалтуға арналған арнайы орталықтар қажет. Мұндай орталықтарда дінтанушылар, теологтар мен психологтар жұмыс істеуі тиіс.

Үшіншіден, дін саласындағы заңнамалардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету қажет. Әлбетте, тәртіп бұзғандармен алдымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу орынды болады.

Бірақ біреу-міреу заң талаптарын елемей, көзге ілмей жатса, оған қатысты әкімшілік сипаттағы шара қолданылуы тиіс.

Төртіншіден, мемлекет, қоғам және діни бірлестіктердің өзара іс-қимылының сындарлы түрлерін бірте-бірте кеңейте беруіміз қажет. Барлық қоғамдық мәселелер әртүрлі сұхбат алаңдарында жария түрде, бірлесе шешілуі тиіс.

Қорыта келе, аймақтағы діни ахуалдың жай-күйі, конфессияаралық тұрақтылық баршамыздың – мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, діни бірлестіктердің және сарапшылар қауымдастығының үйлесімді жұмысына тікелей тәуелді екенін атап өткім келеді.

РАДИКАЛДЫ ИДЕОЛОГИЯҒА

ҚАРСЫ ИММУНИТЕТҚАРСЫ ИММУНИТЕТоны қалыптастыру – баршаның ісі

(Соңы. Басы 1-бетте).

Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары ел көлемінде 60-қа жуық мешіт жұмыс істесе, бүгінде бұл көрсеткіш 2400-ге жеткен. Кеңестік дәуірден кейін тарихты қайта таразылаған халқымыз сусап қалған ұлттық құндылықтармен сағына қауышып, оларды қалыптастыру жолында күш-жігерін аянбай жұмсағаны белгілі. Осы орайда, мешіт, медреселердің де қайта бой көтеруі мұсылман қауымды қуантпай қоймайды. Дін істері агенттігінің төрағасы кездесу барысында еліміздегі бүгінгі діни ахуалдың тұрақты екендігін тілге тиек етті. Ол өз сөзінде «Дін – экстремистік мақсатта құрылмайды. Біздің елімізде діннің өзінің басты мақсатына, яғни татулықты сақтауға, ынтымақты берік ету жолында жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған» – деді. Сондай-ақ, жастардың діни ілімді шекарадан тыс жерлерде емес, Қазақстандағы оқу орындарында алу қажеттігіне айрықша тоқталды. Себебі, Сортөбе округінің 9 жас азаматы діни мамандық алуға шетелдерге кетіп, олардың 6-уы кері қайтарылыпты. Бүгінде сортөбелік жастардың үшеуі Сауд Арабиясы, Пәкістан, Малайзия елдерінде оқып жатыр.

Жиында Тараз қаласындағы орталық «Хибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев сөз алып,

ӘДЕПТЕН – АҚЫЛ, АҚЫЛДАН – ИМАНӘДЕПТЕН – АҚЫЛ, АҚЫЛДАН – ИМАН

Серғали АЙДАПКЕЛОВ,облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы.

Басқарма сәу ір -мамыр айларында Сарысу мен Байзақ аудандарында жаңа форматта басқарма күндерін өткізді. Оның аясында аудандардағы діни ахуалға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, әртүрлі санаттағы тұрғындармен кездесулер, семинарлар ұйымдастырылды. Қорытындысында аудан әкімдіктерінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырыстары өткізіліп, оның жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар берілді. Мұндай шара жыл соңына дейін барлық ауданда өткізіледі.

Дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау және насихатшы топ мүшелерінің д ін саласындағы білімін көтеру мақсатында Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетімен екіжақты меморандумға қол қойылды. Облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерінде жазасын өтеп отырған азаматтар арасында діни экстремизм мен терроризм идеологияларының алдын алу мақсатында, сотталғандардың шартты топтарының диференциациясы жасалды. Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп отырған азаматтар арасында діни экстремизм мен терроризм идеологияларының алдын алу мақсатында, облыстық дін істері басқармасының үйлестіруімен мешіттер мен шіркеулерден бекітілген діни қызметшілер мен басқарма қызметкерлері кездесулер өткізіп отырады. Жалпы, түзеу мекемелерінде жазасын өтеп отырған азаматтарды жұмысқа тарту мәселесі республикалық деңгейде қаралып, шешімін тапса дұрыс болар еді.

Сол сияқты, Жуалы ауданы, Қайрат ауылындағы «Қайрат» мешітінен елімізде тыйым салынған «Таблиғ жамағаты» діни ұйымына тиесілі «Амалдардың құндылықтары» а т т ы к і т а б ы т а б ы л д ы . О л Ш ы м к е н т

қаласындағы Әділет министрлігінің сот сараптама орталығына жіберіліп, мешіт имамы С.Сарыпбековке заң талаптары түсіндірілді.

Оқушылардың түрлі діни ағымдарға бой ұруына қарсы және дәстүрлі емес діни ағымдарға тартылған оқушыларды кері қайтару бойынша білім басқармасымен бірлескен жұмыстар атқарылуда. Соңғы үш оқу жылында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде дәстүрлі емес діни ағымдарға тартылған оқушылардың саны 173-ке азайды. Студент жастар да назарымыздан тыс қалып отырған жоқ.

Облыста дін саласында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдалану, оларды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша маңызды жобаларға тарту жұмыстары аясында жергілікті атқарушы органдар тарапынан 10,6 миллион теңге қаржыны құрайтын 10 жобаға конкурс жариялау жоспарлануда. Үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығында Дін мәселелерін зерттеу орталығы арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша төрт маңызды жоба («Облыс көлемінде конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізу», «Діни экстремизм мен терроризм идеологияларының алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу», «Діни-құқықтық ақпараттық бағытта ғаламтор желісінің жұмысын үйлестіру», «Облыс көлемінде діни ахуалды зерделеу жұмыстарын ұйымдастыру») іске асырылады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облыстағы діни ахуалды зерделеген «Талдау» қоғамдық қорының жүргізген сауалнама жұмыстарының нәтижесі, облыстағы діни ахуалдың соңғы жылдардағы өзгерісін былайша сипаттайды: респонденттердің 38,6 пайызы «діни ахуал айтарлықтай жақсарды», 22,4 пайызы «ішінара жақсарды», 34,6 пайызы «өзгерген жоқ» десе, ал 4,1 пайызы «ішінара нашарлады» деген, 0,3 пайызы – жауап беруге қиналған. Осы зерделеулердің қорытындысының негізінде облыс аймақтарында конфессияаралық қатынас тұрақты деп айтуға толық негіз бар.

КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ТҰРАҚТЫ

Талайбек АБДЫЛДАЕВ,Сортөбе ауылдық округінің әкімі.

Конфессияаралық келісім Қордай ауданындағы 21380 адам тұратын, халқының 98 пайызын дүнген ұлтының өкілдері құрайтын Сортөбе ауылдық округінде де айшықты көрініс табуда. Мұндағы қазақ, орыс, ұйғыр, қырғыз, қарашай және басқа да ұлттардың өкілдері ұлтына, дініне, тіліне қарамастан тату-тәтті ынтымақтастықта күн кешуде.

Ауылдық округ әкімдігі дін мәселелері бойынша мешіттермен тығыз байланыс орнатып, өзекті жайларға қатысты тұрақты түрде кездесулер мен жиындар өткізіп тұрады. Тек ағымдағы жылдың басынан бергі аралықта ғана округ аумағындағы мешіттердің имамдарымен, діни бірлестіктердің жетекшілерімен 4 кездесу мен жиын өткізілді. Бұдан өзге сортөбеліктер аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің аудандағы құқық қорғау органдарымен бірлесіп ұйымдастырған бірнеше семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысты. Сондай-ақ, аумақтағы мешіттердің имамдары мен ауыл ақсақалдары облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Серғали Айдапкеловпен кездесуге белсене атсалысып, мешіттерді тіркеу және құқықтық құжаттарды әзірлеу, шетелдердегі теологиялық оқу орындарында білім алып жүрген азаматтарды кері қайтару және басқа да мәселелер туралы ой бөлісті. Жалпы, округте дін мәселелері бойынша 2013 жылы және ағымдағы жылдың өткен бес айында қырықтан астам іс-шара өткізілді.

Нақтылы кезеңде Сортөбе ауылдық округі аумағында 12 мешіт жұмыс істейді. Олардың

барлығы да Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалдары ретінде тіркеуден өткен. Жерге мемлекеттік актісі жоқ екі мешіттің құжаттары қазіргі кезде жедел әзірленуде.

Округке қарасты аймаққа радикалды және деструктивті діни ағымдардың өкілдері аяқ басқан емес. Азаматтарымыз да дәстүрлі емес жат діни ағымдардың ықпалында кетуден аулақ. Округ бойынша экстремизмге және терроризмге қарсы күрес бойынша штаб құрылып, жұмыс істеуде.

Ауылдық округтегі білім мекемелерінде түсіндіру және тәрбие жұмыстарын жүргізу мақсатымен, тоғызыншы сынып оқушыларына аптасына 1 сағат дінтану сабағы, ал басқа сыныптарға арнайы сынып сағаты өткізіледі. Мешіттерде исламның дәстүрлі Ханафи мазһабы ағымы ғана уағыздалады. Барлық имамдар мен дін тұтынушылар «Таблиғи жамағаттың» тыйым салынған ұйым екендігін және шетелдерде оқитын округ тұрғындарын кері қайтару керектігін жақсы біледі. Бүгінге дейін шетелдердегі теологиялық оқу орындарында оқып жүрген 9 азаматтың 6-ауы елге қайтып оралды. Қазіргі таңда, имамдармен бірге Сауд Арабиясында, Пәкістанда және Малайзиядағы қалған үшеуін де атамекенге кері қайтару үшін олардың туыстарымен үгіт-түсінік жұмыстарын жүргізудеміз.

Тәуелсіз Қазақстанның азаматы ретінде, біз әрдайым мемлекетіміздің біртұтастығын, егемендігіміздің баянды болуын ойлауымыз қажет. Ол үшін әруақытта да береке-бірлікке, ынтымақты тірлікке, жарасымды жақсылыққа бастайтын қасиетті дінімізді таза ұстауға атсалысуға тиіспіз.

ДІН ТАЗАЛЫҒЫ ДІН ТАЗАЛЫҒЫ ЫНТЫМАҚҚА БАСТАЙДЫ

Қордайда облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

БҮГІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДА 18 КОНФЕССИЯҒА ҚАТЫСТЫ 3449 ДІНИ БІРЛЕСТІК ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ. ЕЛІМІЗДЕГІ ДІНДАРЛАРДЫҢ 95 ПАЙЫ-ЗЫН ҚҰРАЙТЫН МҰСЫЛМАН ЖӘНЕ ПРАВОСЛАВ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ САНЫ ӘДЕТТЕГІДЕЙ АЛДА КЕЛЕДІ. ЖӘНЕ БҰЛ ӘДІЛЕТТІ ДЕ, СЕБЕБІ ОСЫ КОНФЕССИЯЛАРДЫҢ ЕЛІМІЗДЕ ТЕРЕҢ РУХАНИ-МӘДЕНИ ТАРИХЫ БАР. СОНЫМЕН ҚАТАР, ДІНИ АХУАЛ ДЫҢ ДАМУЫНА БІР-ҚАТАР ЖАҒЫМСЫЗ ФАКТОР-ЛАР КЕРІ ӘСЕР ЕТУДЕ.

облыстағы діни ахуалдың барысына тоқталды. Кездесуде округтің ардагерлер алқасының төрағасы Дау Суахунов және мектеп директоры Гашим Джинлиров сөз сөйлеп, ауыл жастарының тәрбиелі екендігін , тұрғындардың ынтымақ-бірлікте өмір сүріп жатқандығын баяндап өтті.

Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов іссапарының екінші күні аудан орталығында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің көшпелі отырысына қатысты. Кеңес отырысына жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қызметкерлері, қоғамдық және діни бірлестіктер мүшелері, Тараз қаласы мен аудандардың әкімдері, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысты. Кеңесті ашып, жүргізген облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Елбасының биылғы Жолдауындағы «Елдің дәстүрлі және мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек» – деген сөзіне тоқтала отырып, «Дін – зайырлы қоғамның ажырамас бөлігі, сондықтан діни қатынастарды дамытуға күш салу қажет. Еліміздегі конфессияаралық қатынастар басқа мемлекеттер үшін үлгі бола алады», – деді.

Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Серғали Айдапкелов күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады. Ол өз сөзінде облыстағы ақпараттық-насихаттық топтардың құрамдары жаңартылып, олардың саны биыл 180-ге жеткенін айтты. Бүгінде ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің біліктілігіне жоғары баға беру қиынға соғып тұр. Олардың білімін жетілдіру мақсатында жасалып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар барысы да сөз болды.

Бүгінде шетелдерде дінтану білімін алып жатқан облыс жастарының саны 32-ні құрайды екен. Басқарма басшысы оларды елге қайтару жұмыстары жүріп жатқанын айта келе, оралған студенттердің оқуын ары қарай жалғастыруы үшін еліміздегі жалғыз теологиялық білім беретін «Нұр-Мүбәрак» университетінің оларды жоспардан тыс қабылдауға мүмкіндігі жоқтығын алға тартты. Сондай-ақ, Серғали Өмірзақұлы облыстағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мемлекеттік тіркеуінен өткен 275 филиалы түгелдей имамдармен қамтылмағанын, кейбір имамдардың білімі талапқа сай келмейтіндігін де ескертті. Марат Әзілханов осы орайда имамы болмаса мешіт салуды тоқтату керектігін, мешіт салумен қатар имамды дайындау үрдісі қатар жүру қажеттігін ескертті.

Облыс әкімі К. Көкірекбаев Тараз қаласындағы аталмыш медреседе білім алып жатқан жастардың жайына тоқталып, олардың имамдық қызметке қашан жарайтындығын сұрады. Сонымен қатар, аудан, ауыл әкімдеріне имамдардың жағдайын бақылауда ұстауды тапсырды.

Дін істері басқармасының басшысы С. Айдапкелов пен «Хибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Д. Жұмабаевтың жауаптарынан белгілі болғандай, бүгінде Тараз қаласындағы медреседе 34 бала білім алып жатыр екен. Алайда, «барлық түлектердің имамдық қызметті алып кету мүмкіндігі бола бермейді, себебі бұған қабілет пен талабы сай болуы тиіс» – деді олар. Ал,

медресе филиалдарының ұстаздарын дайындау мәселесін әзірге сол жерлердегі азаматтарды қысқа мерзімді курстардан өткізу арқылы шешу жолдары қарастырылуда.

Кеңесте сонымен қатар Қордай ауданы Сортөбе, Байзақ ауданы Қызыл жұлдыз, Жуалы ауданындағы Ақсай ауылдық округтерінің тұрғындары арасындағы діни сауаттылықты арттыру және радикалды ағымдардың ықпалына түсудің жолын кесу бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы округ әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. Бұл ретте, баяндамашылар тарапынан бірқатар ұсыныстар да айтылды. Қызыл жұлдыз ауылының әкімі Өсер Нұрбаев округте теріс діни ағымдағы азаматтардың бар екендігін айта келе, облыс имамдары округте уағыз оқып, арнайы діни кітаптар таратылса деген ниетін жеткізді. Кеңесте облыс әкімі К. Көкірекбаев Сортөбе ауылдық округі әкімі Т. Абдылдаевтың жұмысына оң бағасын беріп, «Оның атқарып отырған қызметі көпке үлгі болуы тиіс» – деді.

Кеңес отырысының соңында Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов еліміздегі діни ахуалдың даму ерекшеліктеріне тоқталып, мемлекет тарапынан бұл салада жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады.

ЕЛБАСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫН ІС-ЖҮЗІНЕ АСЫРУ ҮШІН ҚАБЫЛДАНҒАН ЕЛІМІЗДЕГІ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ 2013-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ ӨҢІРДЕ ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУДЕ. БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ БЕС АЙЫНЫҢ ӨЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР, МӘДЕНИЕТ ОШАҚТАРЫ, БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ, ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫМДАР, ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРІ МЕН ДІНИ ҒИБАДАТ ҮЙЛЕРІНДЕ 34 ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛІП, ОҒАН БЕС МЫҢҒА ЖУЫҚ МАҚСАТТЫ ТОПТАР ҚАМТЫЛДЫ.

Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Page 5: 17 маусым пдф

«Сәлем де бірінші рет туған жерге, Қазақтың кең жазира сары белге. Өсірген бізді баулып жас түлектей,Ата-ана, туған-туыс, жалпы елге.

Қайран жер, туып-өскен Төрткүлім-ай,Босқа өткен туған жерде көп күнім-ай.Қадірін туған жердің білмейді екем,Сағынтты-ау екі көзді төрт қылып-ай.

Басында Төрткүл төбе тұр ма мешіт? Баяғы қалпында ашық есік.Жиылып күн жауғанда жас балалар, Асыр сап асық ойнап, шөпірлесіп. Бәрі де, қазір менің көз алдымда, Елестеп, елес беріп тұр қалпында.Ызылдап өтіп жатқан, мына оқтардан,Дәл қазір байқаймын, жоқ қаупім де.

Себебі, жатыр жаным рахаттан, Тұңғиық ұшан-теңіз ойға батып.Окопта жауды күтіп жатсам-дағы,Өлімнен тәтті қиял болды артық.

Елестеп, елес беріп өткен шағым, Жылжып ағып жатқан ол бір ағын.Не көрдім, жиырмаға енді шықтым,Не боларын білмеймін болашағым? Өмірдің біле алмадым, азы-көбін,

Қала ма әлде шинель болып кебін.Болса да қырық жыл қырғын ажалды өлер, Жауыма еш уақытта кетпес кегім.

Алдында ата-анамның қызмет етпей, Ойлаған мақсатыма кетсем жетпей. Бұл жерде жазатайым бола кетсем, Арманым жүрген мынау естен кетпей.

Кетерде туған жерден жауын еді,Жиылған қоштасуға қауым еді.Мен қашып, топ кісіге тығылсам да,Жан апам мені іздеп тауып еді.

Айқай сап, «құлыным» деп құшақ жайып,Жығылды-ау алдыма кеп, жерге тайып.«Қой апа, жылама» деп тұрғызып ап, Бір жерге отырғыздым жуып-шайып.

«Жылама, қарағым!» деп Жұмабекке,Апамнан аулағырақ шықтық шетке.Құшақтап бір сүйдім де, маңдайынан,«Қайт, – дедім, – ертерек апамды ерт те»

Ешкімнің бір-бірімен ісі болмай, Кейбіреу құшақтасып, салып айқай.Қоштасқан бір-бірімен мұңды жандар,Декабрь кезінде, түсте шаңқай.

Біз жүрдік, ел шұбырды соңымыздан,Жүгірді-ау қатарласып көше бойлай.

Жер лай, шалпылдатып, суды кешіп,Жыласып, қайран, бауыр артта қалды-ай!

Сол күні, бір-ақ білдім, жүргізгенін,Апама, бетімді де сүйгізбедім.Денемді ұстай алмай қоштасарда,Көзімнен шыққан жасты білгізбедім.

Бетімді сүйгізбедім неге апама? Жан апам мені ойламай, жата ала ма?Құшақтап, мауқын баспай кеткеннен соң,Өкінем осы күні өз қатама.

Ата-ана, сол қатеме кешірім ет, Болып тұр мына жағдай – бір құдірет.Тәуекел, не де болса артын күттік, Тайсалмай елді қорғау – біздің міндет.

Бағыты Смоленский шебімізде,Бұйрықты «өткізбе!» деп берді бізгеДоғарып неміс күшін қайта қуу,Төндірмей зор қауіпті елімізге. Алдымда қанды майдан арпалысқан Алда жау, арттан аяз жанды қысқан. Ұлым деп, аттандырдың сенімменен,Елімнің намысына келмес нұқсан.

Серт етем, таусылғанша қасық қаным,Жауымнан кек алғанша ұмтыламын.Ел үшін, Отан үшін арманым жоқ, Құрбан боп, әділ жолда шықса жаным.

Мен – солдат, оң қолымда автоматым, Барлаушы қызметім атқаратын.Тылына жаудың терең өтіп алып,Сыр алып, қарсы жауға аттанатын.

Қазіргі, міне, осы менің жайым,Сақтасын әр пендесін бір Құдайым.Нәренің жауға ойран салып жатыр, Сондықтан көп ойланып, жеме уайым». Нәреннің соңғы хаты 1942 жылы тамыз айының 4-інде

келген, «деревня Пашко, Смоленск облысы» деп жазылған. Ал, 1943 жылдың 22 қыркүйегінде «қара қағаз» келген.

вх№5625ГорВҢ от 22 сентября 1943 г.НКО СССР255-й гвардейскийСтрелковый полк31 август 1943 г.№22 п/п 43828В бой за социалистическую Родину, верный воинской

присяге, проявив геройство и мужество был убит 9 августа 1943 году.

Похоронен у деревни Пашки Смоленской области. Настоящее извещение является документом для возбуждения ходотайства о пенсии, приказ НКО СССР.

Печать Командир полка Гвардий подполковник подпись

Осы «қара қағаздан» кейін оны өлдіге санап, Құран-дұғасын бағыштап отырған сәтте, яғни 1944 жылдың тамыз айында Нәреннен тағы хат келеді. Өлеңмен жазылған. Госпитальдан жазыпты.

«Ақ қағаз, жеткізе гөр менен сәлем,Туған жер, сағынттың-ау қашан көрем?! Ала алмай елден хабар бір жыл бойы, Құлағым түк естімес болды-ау керең.

Қайран ел, туылған жер, туып-өскен,Жалғанда жарығым сен, шықпай естен.Елім деп, туған жерден талай ерлерБұрын да қазіргідей заман кешкен.

Бар ма жан туған жерін аңсамаған,Жер-ау деп, көрсе-дағы зер салмаған.Бар шығар, бірақ ол да еске алады,Болса да ел қадірін біле алмаған.

Сол жерде отыр менің ата-анам,Мен бұтақ сол түбірден тарамданғанНәр алған сол түбірден керегінше,Мен ұлан минут сайын есіне алған.

Сол ұлан сәлем айтқан атым – Нәрен,Салғанын Жаратқанның көріп келем.Майданда ұзақ түнде, қатты аязда,Ата-анам бірге болды меніменен.

Себебі, сиынғаным – ата-анам,Жасынан тәрбиелеп, болған панам.«Апа» деп сөзге келсе көз жұмады,Майданның даласында ғазиз балаң.

О, ана, ардақты ана, қасиетті ана,Көрмедің не қиындық бізге бола.Ардақтау ұлы ананы міндетіміз,Кернеген көкірегі нұрға тола.

О, арман, жүрегіме неге орнадың,Осы ма, тағы бар ма зіл салмағың?Ажырап денсаулықтан, достан тағы,Қайғыны Қап тауындай арқаладым.

Туыстан бірге туған хабар алмай,Жаралы жас жүрегім жабырқады-ай.Ардақты ата-анам, елім, жұртым,Білер ме ем осы күні халі қандай.

Білемін сағынады бізді олар,Аһ ұрып көкірегі шерге толар.Кіжінер немістерге «сені ме!» деп,Ойраншы бүліктерге қазанбұзар.

Нәреннен». – Кезінде Жұмабек әкеміз іздеу салған, бірақ хабар

болмады. Бекұлы мен Ұлықбек інілерім және Ақылбек балам іздеу салған. Соңғы адресі 225 гвардиялық атқыштар полкі, дала поштасы №43823 екендігі анықталды, – деп Алтынбек аға әңгімесін аяқтады.

Тараз қаласы.

Жақсының артында – сөз, жаманның артында – бөз қалады. Қарауылбектің артында сөзі қалды. Оның сөзі әлденеше кітап болып өз

ана тілімізде, орыс, украин және басқа тілдерде жарық көрді. Қарауылбек талантын құрметтейтін баспагерлер оның әр жылдары жарияланған шығармаларының басын қосып, 1988 жылы «Ақ шуақ» деген атпен үлкен кітап етіп шығарды. Жинақты екеуі тұңғыш рет бір тақырыпқа жарысып, «Ақ бантик» атты әңгіме жазған, бірге оқыған досы Ерғали Ахметов құрастырды. 2003 жылы тағы бір досы, белгілі ақын Есенбай Дүйсенбайұлы құрастырған «Көктемгі күн күркірі» кітабы жарық көрді.

Қарауылбек – менің балаң балалағым, солқылдаған жігіт шағым, енді-енді есею жылдарым.

Біз мектепте оқып жүргенде ақын болуды армандайтынбыз. Бірақ ақындықтан көңіліміз ерте қалды.

Қойын дәптеріне жасырып өлең жазып жүретін ұяң жігіт Қарауылбек 1957 жылы Алматыға оқуға түсуге барып, жолы болмай қайтты. Сол жолы «Лениншіл жас» газетінің редакциясына өлеңдерін апарыпты. Ондағылар Қарауылбекке өлеңдерінің дүмбілез екенін айтады. Қарауылбек намысшыл жігіт еді, екі беті от боп жанады. Сынды мойындамайды, сыншыны байқамақ болып, ертеңіне Мұса Жәлелдің бір өлеңін көшіріп апарады, тағы сыналады.

Керемет жақсы көретін ақынының:Екеуміз де алыстанбыз,Ертеден-ақ таныс жандайЖүректен қол алысқанбыз, – деп сорғалап тұрған жан

сыры сынға ұшыраған соң Қарауылбек ақындық аулақ жүретін тірлік екен деген тұжырымға келді. Мен де өлең дәптерімді қолға алғанды қойдым.

Келер жылы екеуміз бірге барып, университетке

түстік. Ауылдың аңғал балалары болсақ та екеуміз де зерек, алғыр едік. Университет бағдарламасы әдебиеттің арғы-бергісін кең молынан қамтиды, білім керек екенін білдік те біз одан да тереңдеп кеттік. Лекция, одан шығып барып А. С. Пушкин атындағы көпшілік кітапхана жабылғанша отыру – бізді тез жетілдірді, өсірді.

Біз, ақын-жазушы боламыз дейтін біраз жігіт, редакцияларды жағалай бастадық. Қарауылбек жазуға асыққан жоқ, бірақ жазушы болатыны, онда да мықты жазушы болатыны белгілі еді. Көрген-білгеніміз, оқыған-тоқығанымыз жөніндегі пікірталас кездерінде оның шоқтығы биіктігі байқалып тұратын. Қарауылбек бесінші курста оқып жүргенде барып алғашқы әңгімесін жазды. Қыздың балауса шағының бойжеткендікке ұласуының айғағы – ақ бантик тағуды тастау екенін өмірде өзім құралпы жігіттерден бұрын мен көрдім. Сол жайды Ерғали мен Қарауылбекке айтып едім, екеуі қатты қызықты, жатпай-тұрмай әңгіме жазды. Қарауылбектің әңгімесі іле «Қазақстан әйелдерінде», көп ұзамай Ерғалидікі «Жұлдызда» жарияланды. Екеуі де елді елең еткізіп, талантты жастар екендіктерін танытты.

Қарауылбек қаламы енді жүрдек тартып жүріп берді. Дегенде, Қарауылбек – көп жазбаған жазушы, талғампаз талант. Қазір оның аз жазғаны үлкен өкініш болып отыр. Қолына журналист пен жазушы қаламын қатар ұстаған адам үшін Қарауылбектің жазғаны аз да емес. Қызметі үнемі қарбалас қимыл үстінде жүруге мәжбүрлейтін журналист ағайынның жазушылық жолда да бірдеңкелер тындыруы оңай шаруа емес. Ал, Қарауылбек артына бірдеңкелер емес, өңкей бірегей дүниелер қалдырып кетті.

Қарауылбек Қазиев – уыз жастық жазушысы. Ол өте әсершіл еді, сергек, сезімтал, сұлулыққа ғашық болатын. Кеудесі күмбірлеген күй еді,

музыканы өте жақсы көріп түсінетін.Флобер: «Эмма – ол менмін», – деген. Ұлы жазушының

өзін Бовари ханыммен теңдестіруінде аса терең ұғым бар. Жазушы бейнелеген көркем, озық образ – оның өзі. Жазушы өз бойындағы барша арман-аңсарды, ізгілік атаулыны өзі жақсы көріп бейнелеген кейіпкеріне қиып береді, сол арқылы өз болмысын алға жайып салады. Осы тұрғыдан алсақ та, шындықтың өзіне жүгінсек те, Қарауылбек шығармаларындағы Қайрош, Қаржау, Қалау, Қайыржан – оның өзі.

Жазушы құдіреті – өмірдің өзіндей шығарма жазуында. Қарауылбек таланты осысымен, өзі көрген өмір үзіктерін шынайы өрнектеуімен үздік. Жазушы

ешқашан фотограф болған емес, қандай да оқиға жазушының азаматтық алғырлығы, қаламгерлік қарымдылығы, таным таразысы, суреткерлік сүзгісі арқылы еленіп-екшеліп барып әдеби шындыққа айналады. Қарауылбек шығармаларының шыншылдығы сондай олардың бәрін өмірбаяндық екен деп қаласың. Рас, олардың өмірбаяндықтары да, ұшқыр қиялынан туғандары да бар. Оны жасымыздан қанаттас болып бірге өскен, әдебиет айдынында қаламдас болып қатар ұшқан мен білмесем, басқалар аңғара бермейді. Қарауылбек өмірбаяндық хикаяттарында өз есімін бүркемелеп, кейіпкерлерінің атын өзгертпей жазады. Содан да шындықты жазуға онсыз да шебер жазушының шығармалары тым жанды болып шығады.

Қарауылбек өзі аралас-құралас болған ауыл адамдарының, аяулысы санаған қыздардың, үзеңгілес жігіттердің сан алуан мінез-құлқын, мысқал-мысқал сөзін, үзік-үзік сырын, аяулы арманын – бәрін-бәрін әңгімелері мен хикаяттарына құлпыртып енгізеді. Олардың жазушы мақсат еткен образды ашуға қызмет етіп, өзгеріске ұшырайтын, яғни, басқа мінез-құлық танытатын кездері де болады.

Б і з д і ң а у ы л д ы ң а д а м д а р ы Қ а р а у ы л б е к жазғандағыдан айнымай ма, жоқ па, ол бір басқа, бастысы – кітап бетінде өң өмірдегі адамдар шүпірлеп тұрғандай. Олардың бәрі – әйбат, кеуделері толған арман-аңсау, өмір қойнауларын кеулеп кетуге әзір. Бірақ енді олар Қарауылбек қаламына ілікпейді. Алайда, жазушы

өмірден іңкәр болып өткен қыздар – Гүлзат, Мақпал, Зина, Назыкен, балалықтың бал дәуренін, жастық кешуін бірге өткізген достары – Әбдімомын, Нүсіп, Әділхан, Аралбек, Рақтай, Орынбасар, Сайлау, тағы басқалар осы кітаптағы қалыптарымен-ақ ыстық, замандас. Өйткені Қарауылбек – өткінші емес, өмірлік дүниелер жазған жазушы.

Ал ға ш қ ы « А қ б а н т и к » ә ң г і м е с і м е н - а қ Қарауылбек табиғаттың ғажайып жыршысы екенін аңғартқан. Ол сол үдерісінен жаңылған

жоқ, қайта үдете түсті. Қарауылбектің суреттеуінде үш Кербұлақ, Шу бойы бар реңкімен мөлдіреп, тұнып тұрады. Табиғат ананың адамдардың көңіл-күйімен астасып, бірге қуанып, бірге мұңайған райын дәл Қарауылбектей жетік біліп, жеткізе жазу хас шеберлердің ғана еншісі, айрықша қасиет.

«Ирек-ирек із астында қалған қара қошқыл қою раң жығылып түсіп, апыл-ғұпыл қайта түрегеледі. Түкті бастарын сілкілеп, көпке дейін ес жия алмайтын сияқты». «Айнадай ағын уыстап шашқан жұлдыз дастарханындай. Шайқала жанып, қос-қостан үйіріліп, дірілдеген су астынан сілкінеді. Білегіңді түрініп жіберіп, қолыңды жүгіртсең, жып-жылы сәуле сынықтарына тиетін тәрізді».

Бұл кітапта осы тәрізді жүрек елжіретер суреттер өте көп. Аңғарымпаздықты, шеберлікті былай қойғанда, жазушыны мұндай биікке шығарған құдірет туған жерге деген шексіз махаббат деп білген мақұл. Шудың биік аспаны, жыпырлаған жұлдызды түндері, Кербұлақтың бай хайуанат, өсімдік әлемі, тау өзендерінің таусылмас күрілі қайда жүрсе де, не жазса да Қарауылбек қаламынан қақас қалып көрген емес.

Қарауылбектің толысқан, оңын-солын таныған шақтағы өмірі Шымкентте өткенімен, ол туған жерін, оның адамдарын шығармаларына алтын арқау етіп кетті. Ол әркез Шуды, біздің ауылымызды сағынып жүретін. Машинасына балаларын салып алып, жолай маған соғып, туған жерге тартатын. Содан біраз уақыт өткенде өзі де, бала-шағасы да шаршап-шалдығып Шымкентке қайтып бара жататын, бәрі жарастықты болатын.

Қарауылбек – әр сөздің бояуын қандырып, жан беріп жазатын жазушы. Оның қолдануында күнделікті жұрт аузында жүрген қарапайым сөздің өзі ерекше жарастық тауып, жанып, іс-әрекетке айналып жүріп береді. Ол – кейіпкерлерін мүсіндеудің, сөйлетудің айтулы шебері. Өмірдің өзінен ойып алған бейнелер кітап бетінен бері, жаныңызға жақындап, өзіңізбен

араласып кеткендей болады. Қарауылбек өмірде аса көңілді, тапқыр қалжың, өткір әзіл-оспаққа өте жүйрік жігіт еді. Шығармаларында бұл мінезі жақсы көрініс алған. Ешкімді ренжітпейтін оралымды юморды күлдіріп отырып салмақты сатираға ұластыруға келгенде ол жан адамға жеткізбейтін. Қарауылбектің тіл байлығын бағамдап отырып, мен оның пайдалануындағы екеуміз туған ауылдың адамдарының аузында жүрген сөздердің соншама оралымды, образдылығына тәнті болдым.

Салиқалы прозашыға тарихтың, мәдениеттің, әдебиеттің арғы-бергісін көп білу керек, ол жағы Қарауылбекте жеткілікті болатын, университетті

үздік бітірген. Дегенде, бүгінгі қайнаған өмірдің өзінен көз алған қайнардың мөлдір болатынын Қарауылбек шығармалары дәлме-дәл дәлелдей түседі. «Балауса машақат», «шынайы ықылас-шырыны», «сабыры сұйылып», «бәсіре пешене», «бұйығы бүкпесіз». Тұтас бір сөйлемдерді былай қойғанда, осы сияқты ұрымтал, айшықты ұғым білдіретін сөз үйлесімдерін Қарауылбек көп түзген. Және де олардың бір де біреуі қазақ прозасында бұрын қолданылмаған, бәрі Қарауылбек талантының таңбасы.

Шебер прозашы қаламы жүрдек, ойы ұшқыр журналист, жалынды көркемсөзші де еді. Журналистік қызметін Жамбыл радиокомитетінде бастаған ол өмірінің ең әдемі, толысқан жиырма жылында Шымкентте тұрып, облыстық радиохабарларын тарату және телевизия комитетінің бас редакторы қызметін атқарды. Ол

жазған дәмді очерктер мен толымды ойтолғаулар Қазақ радиосынан да жиі беріліп тұратын. Оларын Қарауелбектің өзі оқитын. Оның үні атақты дикторлардан бір кем соқпайтын. Біз бесінші курста оқып жүргенде Қазақ радиосы дикторлыққа жариялаған конкурста озып шығып, біраз уақыт ел құлағын елеңдеткені, яғни, диктор болғаны бар.

Ол мұның бәрінің үстіне сүттей ұйыған тату отбасының бас иесі еді. Әкесі Қазы Ұлы Отан соғысына аттанғанда екі жаста қалған оны «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай» өсірген шешесі Ермекке жазушы мәңгі ескерткіш орнатып кетті. «Біз абитуриент едік те» Қаржаудың сүйген қызы Мақпал мен сүйікті шешесі Ермектің таразының екі басына түсетіні бар, сонда албырт жас анасы жағына шығады. «Менің шешем» әңгімесінде: «Сен – алыпсың, колхоз өміріне кірген бақ пен дәулеттің, қыдыр мен ырыстың барлығында сенің үлесің жатыр, соның көбі сенің жұмыскер қолыңнан өткен», – деп тебіренеді жазушы. Әбден аяулы шындық – бұл. Қант қызылшасын өсіретін шаруашылықтарды ұшпаққа шығарғандар аналар болғаны біздің ұрпаққа жақсы мәлім.

Соңғы жылдары Қарауылбек екеуміздің өрісіміз бөлек болды, сағынысып кездесетінбіз, достығымыз пәс тартқан емес, құшақтасып

көрісіп, аңқылдап сыр айтысатынбыз. Қарауылбек кейін қатты есейген, көпті көрген. Солардан түйген соқталы ойлары күрделі шығармалар жазуға жетелейтін. Роман жазып жүргенін айтқан соңғы кездескенімізде. «Оңтүстік Қазақстан» газетіне оның үзіндісі де шығыпты. Осы әңгімеден аз уақыт өткен соң маған айтқан романынан үзінді жіберіпті, біз онысын Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетіне жарияладық. Жазушының сол романының газеттерде жарияланғаннан басқа бөлігі табылмай қалып отыр. Өкінішті!

Қуанарлығы – Қарауылбек Қазиев артына қалдырып кеткен аз шығармаларымен-ақ қазақтың өзі құралпы жазушыларының көш басындағы тобы арасында тұр. Оның жұлдызы әрдайым биік жарқырай беретіні анық. Оған бұл тұнық таланттың әр кітабын оқыған адамның еш күмәні болмайтыны айдан анық.

Қазірдің өзінде жалаң аяқ ізі қалған туған ауылында Шу ауданындағы Жамбыл атындағы ауылдағы бір көше, Тараздағы, Шымкенттегі бір-бір көше, Шымкенттегі бір орта мектеп Қарауылбек Қазиевтің есімімен аталады. Бұл – сүйікті жазушыға халық құрметі.

5 17 маусым, 2014 жылwww.akjolgazet.kz

Уыз жастык жыршысыУыз жастык жыршысыСыршыл қаламгер Қарауылбек Қазиевтің туғанына 75 жылСыршыл қаламгер Қарауылбек Қазиевтің туғанына 75 жыл

ҚАРАУЫЛБЕК ЕКЕУМІЗ ҚҰЛЫН-ТАЙДАЙ ТЕБІСІП БІРГЕ ӨСТІК. ЕКЕУМІЗ ЕГІЗДІҢ СЫҢАРЫНДАЙ ЕДІК. МЕЙЛІ ЕКЕУМІЗ БІР КӨКТЕМДЕ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШҚАН АУЫЛДЫҢ АДАМДАРЫ, МЕЙЛІ ЕКЕУМІЗ БІРГЕ ОҚЫҒАН УНИВЕРСИТЕТТІҢ ОҚЫТУШЫ, СТУДЕНТТЕР ҚАУЫМЫ, МЕЙЛІ КЕЙІН ОЛ ДА, МЕН ДЕ САПЫНА ТҰРҒАН ЖАЗУШЫ АҒАЙЫНДАР БОЛСЫН, БІЗДІ БІР-БІРІМІЗДЕН БӨЛЕКТЕП КӨЗДЕРІНЕ ЕЛЕСТЕТЕ АЛМАЙТЫН. МЕНІ КӨРСЕ, ҚАРАУЫЛБЕКТІ, ОНЫ КӨРСЕ, МЕНІ СҰРАЙТЫН. ЕНДІ МЕНІ КӨРСЕ, ҚАРАУЫЛБЕКТІ ЕШКІМ СҰРАМАЙДЫ, ЕСКЕ АЛАДЫ. ҚАРАУЫЛБЕКТІ БІЛЕТІН ДОС-ЖАРАННЫҢ, АҒАЙЫН-ТУҒАННЫҢ ЕНДІГІ ЕНШІСІ

– ОСЫ, ЕСКЕ АЛУ. СҰМ АЖАЛ ОНЫ АРАМЫЗДАН ТЫМ ЕРТЕ, 46 ЖАСҚА ҚАРАҒАН ШАҒЫНДА АЛЫП КЕТТІ. АЛ, ОНЫҢ ТОЛАССЫЗ ТАЛАНТЫН ҚҰРМЕТТЕЙТІН ҚАЛЫҢ ҚАУЫМ ТОЛАССЫЗ МӘҢГІ ЖАСТЫҚ ЖЫРЫНДАЙ, ТАБИҒАТ АНАНЫҢ ТАМАША СУРЕТТЕРІ ЖҮРЕК ШЫМЫРЛАТАТЫН ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАУЫША БЕРЕДІ. ТАЛАНТ ҚҰДІРЕТІ УАҚЫТ ДЕГЕНГЕ БАҒЫНБАЙДЫ, ҚАЙТА ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН ТҰЛҒАЛАНА ТҮСЕДІ. ҚАРАУЫЛБЕК ҚАЗИЕВ – СОНДАЙ СОМ, ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ ӨМІРІНЕН ОЙЫП ТҰРЫП ОРЫН АЛҒАН ҚАЛАМГЕР.

Әлдихан ҚАЛДЫБАЕВ,жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Жарқын ӨТЕШОВА.

2013 жылдың соңында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Ондағы Қазақстанды 2050 жылы әлемдегі мықты 30 мемлекеттің қатарына жеткізу мақсаты елдегі, шеттегі қазақ жұрты үшін үлкен абырой, мақтаныш. Жер бетінің қай нүктесінде жүрсе де ана сүтімен сүйекке сіңген қасиет қазақты өз топырағына тартып тұрары сөзсіз. Стратегияда елдегі-сырттағы ұлттық мәдениетімізді дамыту, ұлттық интеллигенцияның негізін нығайту, тілімізді сақтау мәселесі көтерілген. 40-тан аса мемлекеттерде тұратын қазақ диаспоралары бұл Жолдауды назардан тыс қалдырған жоқ. Бір сөзбен айтқанда, сырттағы 5 миллион қазақтың бұл құжаттан күтер үміті орасан зор!

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзге елде этникалық азшылық болып табылатын шетелдегі қазақтардың салт-санасын, тілін, дәстүрін сақтау, қорғау, дамыту ісін үнемі басты назарда ұстап келеді. Осы орайда «Шетелде тұратын отандастарды қолдау туралы» жарлыққа қол қойылып, Үкімет қаулы қабылдады.

2004 жылдан бері осы қаулы негізінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы шет мемлекеттерде тұратын қазақтардың оқушы балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен халықаралық олимпиада өткізіп келеді. Қазақстанның жүрегі – Астана қаласынан басталған олимпиада мақсаты – қазақ диаспорасының дарынды балаларын анықтап, қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, тарихына, мәдениетіне олардың танымдық қызығушылығын арттыру, еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына тарту. Өткен он жыл ішінде жүздеген мектеп оқушылары елордадан бастап, қасиетті қазақ жерінің он өңірінде болды. Сондай-ақ, олимпиада жүлдегерлері жоғары оқу орындарында білім алып, атажұртының дамуына өз үлестерін қосуда. Бұл шараға Мәскеудегі қазақ балалары да бірінші күннен өз қаражатымен қатысып келеді. Осыған әзірлік барысында қазақ диаспорасының балалары оқуға дайындалу орны, пайдаланатын оқулықтар табу сияқты қиындықтарға кездесіп жатады. Жол қаражаты да көп балалы, күнкөріс жағдайлары төмен жанұяларға оңай соқпайды. Десек те олар елімізге тілімізді көтеруге барамыз деп, жергілікті Үкіметке, елшілікке шағым түсіріп көрген жоқ. Әр қазаққа ана тілі өзі үшін керек, олар мұны жақсы түсінеді. Биыл да жас жеткіншектер Ақтау қаласында өтетін олимпиадаға баруға жиналуда.

Ұрпағымыздың бойындағы ұлттық дәстүр жалғасын табу үшін шетелдердегі қазақ мәдени орталықтарына қамқорлық қажет. Өркениетті елдер шетелдегі ұлттық мәдени орталықтарына бюджеттен қаржы бөліп, тұрақты қолдау жасайды. Бүгінде шеттегі қазақ диаспораларына бұндай қамқорлық ауадай қажет болып отыр. Қазақ диаспорасының қаймағы шоғырланған Ресей орталығы – Мәскеуде қазақтардың бас біріктірер шаңырағы жоқ. Жылда өткізетін Наурыз мерекесі кезінде мерекеге дайындалу, оны өткізу әр жыл сайынғы нарық бағасының өсуі баспана қажеттігін тудыруда. Қолдан келгенше облыс басшыларымен келіссөздер жүргізіліп, мерекені Мәскеу төрінде тойлауға мән берілсе. Қазақстанның 14 облысы осы мәселені қолға алса, 14 жылда бір айналып келер көрнекті жұмыс болмай ма? Ресейдің Нахабино елді мекеніндегі ең алдыңғы қатарлы гольф-клубында кезінде Қазақстан Республикасының Президенті сыйлаған киіз үйі болды. Екі жыл қатарынан осы клубтағы киіз үйде,Мәскеудегі «Халықтар достығы мен ұлттық мәдениеттердің дамуын қолдау «Астана» қоры Наурыз мерекесін жоғары дәрежеде өткізді. Сөйтіп, осы клубқа келетін, Мәскеуде орналасқан барлық мемлекеттердің елшілік өкілдеріне халқымыздың тамаша дәстүрі мен ұлттық мәдениетінің әсем нақыштарын паш етті. Бұл киіз үйді сақтап қалу туралы кезінде баспасөз бетінде бірнеше рет мақалалар жазылды. Елдегі тиісті орындардан қолдау болса, бұл орынды әлі де болса қалпына келтіруге болады. Мәскеу қазақ диаспорасының зиялы өкілдері ел жақтан жеткен әр жаңалықты жанға жайлы самал желдей қабылдай отырып, қолда бар мүмкіндігімен тілін, ділін, мәдениетін сақтап қалуға жұмылуда. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынаста диаспора өкілдерінің де рөлі орасан зор, олар өз міндеттерін жақсы түсінеді. Сырттағы әр қазақ өз елінің елшісі!

Соңғы кезде шетелдерде тұратын қандастарына ерекше көңіл аударып отырған мемлекеттер көбейіп келеді. Алысқа бармай-ақ көп ұлтты Отанымыз Қазақстанда тұратын ұлттар өкілдеріне өз мемлекеттерінің жасап отырған қамқорлықтарына назар аударалық. Мысалы Ресей, Израиль, Оңтүстік Корея, Қытай Халық Республикасы өз қандастары үшін орталықтар, діни орындар, мектептер салып, тегін оқулықтармен қамтып, тілдерін тегін оқытады. Тіл мамандарын жіберіп, мұғалімнің баспанасын, айлық қаражатын, жол ақысын түгел мемлекет өз мойнына алған.

Елбасының 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 741 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында» «Қазақстан шетелдердегі қазақ қауымдастықтары шоғырлана тұрып жатқан жерлерде қазақ тілі мен мәдениетін, олардың тарихи отанымен байланысын дамытуды қолдайтын болады» деп, анық жазылған нақты тапсырмасы туған тілінде білім алудан қол үзу шегінде тұрған, ұлттық мәдениеттен алыстап бара жатқан шеттегі диаспора өкілдерінің үміт шамын жарқырата түскендей.

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері Қазақстан, Беларусь, Ресей мемлекеттерінің сыртқы, ішкі саясаты туралы бірігіп қабылдаған шешімдері, осы мемлекеттерде тұратын диаспора өкілдері өмірлеріне біраз жаңалықтар әкелетіні сөзсіз. Әсіресе, «ЕАЭО құрылғаннан кейін қандайда бір азамат осы үш мемлекеттің біріне барса немесе тұратын болса, бұрынғы зейнетақысы сақталып қалады, Ресей, Беларусь немесе Қазақстан тарапынан ешқандай кедергі, шектеу болмайды» деген шешім жолдары диаспора өкілдерінің де қуанышын тасытуда.

Біз Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жер бетіндегі барлық қазаққа арналған деп түсінеміз. Оған шынайы қолдау көрсетеміз.

Мәскеу қаласы.

МӘСКЕУДЕН СӘЛЕМ

СЫРТТАҒЫ СЫРТТАҒЫ ӘР ҚАЗАҚӘР ҚАЗАҚ ӨЗ ЕЛІНІҢ ӨЗ ЕЛІНІҢ

ЕЛШІСІЕЛШІСІ

Извещениегр. Усенбаеву СадырбаевуВаш сын красноармеец Бейсенбаев Нарен уроженец г. Джамбул

Ұлықбек ЖҰМАБЕК,подполковник, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының аға оқытушысы. – Міне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдық мерекесін де

атап өттік. Сол соғыста мерейі үстем болып, бүкіл дүниежүзі мемлекеттері алдында мәртебесі өскен тоталитарлық Кеңес Одағы күйрегеніне – екі жылдан кейін ширек ғасыр. Бірақ батырлар есімі ешқашан ұмытылмақ емес, – Алтынбек аға Садырбаев әңгіменің әлқиссасын осылай бастады. – Менің әкем Жұмабектің ағасы Нәрен көкеміз 1944 жылдың қазан айында «хабар-ошарсыз» кетті. Үсенбай бабамыздан тараған үш ұл, бір қыз екен: Қадірбай, Садырбай, Бейсенбай аталарымыз және Рыскүл апа.

Бейсенбай атамыздың жалғыз ұлы Нәрен көкеміз 1922 жылы маусым айында дүниеге келген. Атамыз 1931 жылы мезгілсіз дүниеден қайтады да, ол кісінің жары Бейсенкүл әжемізді әмеңгерлік жолымен Оразбек атты ағайын кісіге қосады. Ал, Нәрен көкемізді Бейсенбайдың ағасы Садырбай атамыз бен Балакүл әжеміз бауырына басады.

Нәрен көкеміз Жамбыл атындағы орта мектептің 8-інші сыныбын бітірген соң, «Төрткүл» ұжымшарында жұмысшы болып еңбек жолын бастапты. Өйткені, уақыт талабы солай еді. 1941 жылдың 13 желтоқсаны күні Кеңес армиясының қатарына әскерге шақырылған.

1942 жылдың тамыз айына дейін ол кісіден үзбей хат келіп тұрған. Ал, тамызда келген соңғы хатында былай деп жырлайды.

СОҒЫСТАН ҚАЙТПАҒАН СОҒЫСТАН ҚАЙТПАҒАН СОЛДАТСОЛДАТ ТЫҢТЫҢ СОҢҒЫ ХАТ ТАРЫ

l l ӘДЕБИЕТТІҢ ӘҢГІМЕСІ ӘДЕБИЕТТІҢ ӘҢГІМЕСІ ll

Page 6: 17 маусым пдф

6 17 маусым, 2014 жыл

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ – ҚАСТЕРЛІ МІНДЕТ

Болат ЖАППАРҰЛЫ,«Ақ жол».

Балаға байланысты осынау қасиетті қағидаларды жадында ұстап, өміріне ұстаным еткен жандардың бірі – Қансұлу Ыбырайқызы. Мамандығы – физика-математика пәнінің мұғалімі бола тұра, ол ұстаздық қызметті балабақшада тәрбиеші болудан бастаған. Пән мұғалімі мамандығы бар адамның мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінде жұмыс істеуі кейбіреулерді таңдандырды да. Таңданатындай бар, тілдері былдыр-былдыр, тірліктері салдыр-сұлдыр, өздері өкпелегіш келетін бүлдіршіндермен жұмыс істеу оңай емес. Қансұлуға да оңай болған жоқ, әрқайсысы бір-бір үйдің еркесі, әрқайсысының өзіне тән мінезі бар. Соның бәрін біліп тұрып, қаладағы №23 балабақшаға тәрбиеші болып орналасқан ол онда 8 жыл, одан кейін №19 балабақшада 6 жыл қызмет атқарды. Сол жылдарда талай «бұзық» Қансұлудың тәрбиесін алып, мектепке аттанды.

Табаны күректей 14 жыл тәрбиелік қызметте тәжірибе жинақтаған Қансұлуға қалалық білім бөлімі №10 балабақшаға меңгеруші болуды ұсынған. Бұл келісімін берді. Адам тағдыры, онда да ел болашағының тағдыры сеніп тапсырылған тәрбиешіге жүктелетін міндет пен жауапкершілік те оңай емес. Ал, басшыға екі есе. Қансұлу қарамағындағылардан жас өскінге жақсы қарауды талап етті, оларға тәлімгерлік жасауға да уақыт тапты. Еңбегі жеміссіз болған жоқ. Оның осылай 20 жылға жуық бар ынта-ықыласымен атқарған қызметі өтпелі кезеңдегі оңтайландырудың қармағына ілініп, 1997 жылы балабақша жабылып қалғанда Қансұлудың көңілі әжептәуір жабырқағаны рас. Қызметтің қысқарып кеткені үшін емес, бүлдіршіндердің болашағын ойлап...

Одан кейін М. Мақатаев атындағы №14 орта мектепке мұғалім болып орналасқан Қансұлуға бастауыш сыныпта жұмыс істеу ұсынылды. Ол бас тартқан жоқ. «Білім негізі – бастауышта» деп түсінетін ұстаз балалар бойына білім нәрін сіңіруден, үйретуден еш жалыққан емес. Бала жанын баурап, жүрекке жол табу үшін барынша аянбай еңбек етті. Оның осындай еңбекқорлығы ескерілсе керек, араға бес жыл салып Қансұлуға мектеп директорының орынбасары қызметі сеніп тапсырылды. Одан бері де он жылда сенімді абыроймен атқарып келеді.

35 жылдай білім беру саласында қызмет етуші Қансұлу Ыбырайқызының омырауында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі жарқырайды. Одан бөлек марапат қоржынындағы Грамоталар мен Алғыс хаттарда есеп жоқ. Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы республикалық және облыстық комитеттерінің, Жамбыл облысы және Тараз қаласы әкімдерінің, облыстық және Тараз қалалық мәслихаттарының, «Нұр Отан» ХДП облыстық және қалалық филиалдарының Құрмет грамоталары, облыстық, қалалық білім ведомстволарының Мадақтама және Алғыс хаттары да жетерлік. Мұның бәрі ұлағатты ұстаздың бала тәрбиесіндегі және жас ұрпаққа білім берудегі еңбегіне берілген баға, жылдар бойғы еңбегінің жемісі.

Өңірде ғана емес, республикада жаңашылдығымен, ұлттық құндылықтарға жанашырлығымен, ұлтшылдығымен, белсенділігімен танымал азамат, жұбайы Абдолла Бақбергенұлының келісімімен өзінің қаламен шектесіп жатқан Ақбұлым ауылдық округы аумағындағы жекешелендіріп алған жерінің 2,34 гектарын мектеп және балабақша құрылысын салу үшін Тараз қаласының иелігіне берді.

– Қаланың біз тұратын Кірпіш зауыты аймағынан М. Мақатаев атындағы №14 орта мектепке көптеген оқушы балалар жаяу қатынап оқиды. Екі ортаны темір жол желісі бөліп жатыр. Қайсыбір жылдары осы жолдан өтіп бара жатқан бір-екі баланы пойыз қағып кеткен. – Міне, сол оқиғалардан кейін осындай шешімге келдім, – дейді Қансұлу қарындасымыз мәселенің мән-жайын түсіндіріп.

Бар ғұмырын бала тәрбиесіне, білім беруге арнаған күміс алқалы ана Қансұлудың бұл шешімі ерлікке пара-пар. Кейбіреулер мемлекеттен жекешелендіріп алған жерлеріне зәулім сарайлар салып, дүниежарысқа түскен, кейбіреулер бір сүйем жер үшін көршісімен соттасып жатқан мына заманда оған басқа баға беру де мүмкін емес.

Бүгінде өз шаңырағына төрт келін түсіріп, екі қыз ұзатып, олардан алтын асықтай немерелер мен жиендер сүйіп отырған ана, ұрпақ тәрбиесіне ғұмырын бағыштаған ұстаз Қансұлу Ыбырайқызы осындай жан. Шіркін, аналардың бәрі де Қансұлудай болса ғой!

Тараз қаласы.

Жансая САБЫРОВА.

Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «АСУ» қоғамдық бірлестігінің еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға, қала мен ауыл тұрғындарына, жастарға тегін құқықтық көмек көрсетіп келе жатқанына біраз жылдың жүзі болды.

Былтыр Тараз қаласындағы Төңкеріс аймағының, 7, 8, 9 шағын аудандар мен Сүлейменов көшесінің тұрғындарына Тұрғын үй кодексі, үйді жалға беру, мұрагерлікке қалдыру, тұрғын үй қатынастары туралы заң талаптары түсіндірілсе, мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне заңға сәйкес құқықтары мен оларға қойылатын талаптар тұрғысында әңгімелер өткізіліп, көптеген сұрақтарына нақтылы жауап қайтарылды. Бірлестік заңгерлері Салтанат Назымбекова, Асқар Қуандықов, Владимир Симахин облыстық және қалалық зағиптар қоғамдарында қабылдаулар ұйымдастырып, құқықтық көмектер көрсетті. Нарколог-дәрігер Дәулет Сырлыбаев есірткінің зияны, оның адамға әкелетін қасіреті туралы әңгіме өткізсе, заңгер Асқар Қуандықов есірткіні дайындау, тұтыну және өткеру кезінде ұсталғандардың заң жүзінде қатаң жазаланатынын түсіндірді.

Үкімет 2011 жылы «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасын қабылдағаны белгілі. Осы бағдарламаны қаланың көптеген тұрғындары мен ауылдағы жұмыссыз жүрген азаматтар біле бермейтінін ескерген «АСУ» қоғамдық бірлестігі аудандарда ауыл әкімдері мен жұмыспен қамту орталығы, аудан әкімдіктері құрылыс, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімдері мамандарының басын қосып, семинар-кеңестер өткізді. Басқосуларда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшылары Зәпира Медетова мен Ғалижан Мейірманов «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының 1-3 бағыттарын түсіндірсе, «ҚазАгроМаркетинг», «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамдары облыстық филиалдарының директорлары Әбілек Қуанышбеков пен Өксікбай Оразымбетов кәсіпкерлікті бастау үшін несиені қалай алуға болатынын және оның берілетін көлемі туралы айтып берді. Облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Әлімқұл Тұрысов бағдарламаның жүзеге асырылуы барысы, оның талаптары мен заңды түрде орындалуы жайлы әңгімеледі. Техника ғылымдарының кандидаты Жәлел Шымыр «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы туралы баяндама жасады. Қоғамдық бірлестік төрағасы Мәскеу Ноқрабеков көмекші құрал ретінде аудан әкімдері мен жұмыспен қамту орталығы мамандарына арналған буклеттер, парақшалар таратып, ауыл тұрғындары арасында түсінік жұмыстарын қалай жүргізу қажеттігі туралы кеңестер берді.

Арада біраз уақыт өткеннен кейін бірлестік заңгерлері сол аудандарға барып, ауыл әкімдері мен жұмыспен қамту орталығы мамандарынан тест қабылдап, семинар-кеңестерде түсіндірілген мәселелерді қалай меңгергендігін таразылап білді.

Өткен жылы бірлестік заңгерлері 30-дан астам адамға құқықтық көмек көрсетіп, сот процестерінде олардың құқығын қорғады. Кейбір арыз-шағымдар бойынша мемлекеттік органдардың есебінде тұратын тәртібі қиын жасөспірімдерді қамқорлыққа алып, оларға көмек беріп, қоғамдық жұмыстарға тартты.

Биыл да ауыл және қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсету жалғасуда. Жыл басынан бері бірлестікке 22 адам келіп, құқықтық көмек алды. Олардың арасында ІІІ топтағы мүгедек А. Ниғматуллин жұмысқа тұруға көмек сұраса, ІІ топтағы мүгедек А. Әжіғалиев тұрғын үй-жайын заңдастыруда көптеген кедергіге тап болып отырғанын жеткізген-ді. Осындай сұрақтармен келген азаматтардың көтерген мәселелері шешімін табуда.

Өткен жылы және биыл Жер кодексі және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңға көптеген өзгерістер енгізілген болатын. Жер телімін алу, оны дұрыс әрі тиімді пайдалану күн тәртібінде тұрған мәселе. Дегенмен әлі де жетілмеген, түйіні қиын істер көп. Осы мәселені қалай жолға қоюға болады, не істеу керек, қалай заң тұрғысында шешуге болады деген сұрақтар бойынша бірлестік мамыр айында Байзақ ауданында семинар-кеңес өткізді. Ауыл әкімдері, аудан тұрғындары, шаруа қожалықтарының төрағалары, мекеме басшылары қатысқан семинар-кеңесте тұрғындардың көптеген сұрақтарына нақты жауап берілді.

Пайдалы заң кеңестері мен көрсеткен құқықтары үшін қала мен ауыл тұрғын дары бірлестік қызметкерлеріне алғыс айтып, ризашылықтарын білдіруде.

ЕЛ МЕН ЕС

ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ, БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ

МЕКТЕП ИНСПЕКТОРЫ: БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕ-ЛЕРІНЕ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫН

БЕКІТУ ТУРАЛЫ ЖОБА РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ТҰҢҒЫШ РЕТ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА 2001 ЖЫЛЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ. СОЛ ЖЫЛЫ АЛҒАШ РЕТ 49 МЕКТЕПКЕ 49 МЕКТЕП ИНСПЕКТОРЫ БЕКІТІЛДІ. СОДАН БЕРІ ОЛАРДЫҢ ШТАТТЫҚ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ. БҰЛ БАСТАМА РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ БАСҚА ДА АЙМАҚ ТАРЫНАН ҚОЛДАУ ТАУЫП, ОЛАРДА ДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛА БАСТАДЫ. ЯҒНИ, ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ 2005 ЖЫЛЫ 21 МАУСЫМДАҒЫ БҰЙРЫҒЫНА СӘЙКЕС, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН МЕКТЕП ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЖҰМЫС АТҚАРА БАСТАДЫ.

ЗАМАНДАС

ҮЛКЕН ЖҮРЕК ИЕСІ ЖҮРЕК ИЕСІнемесе 2,34 гектар жерін мектеп пен балабақша салу үшін жергілікті билікке сыйлаған ана

ҚАЗАҚ ӨМІРІМІЗДІҢ ЖАЛҒАСЫ, ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ – БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ БАСА НАЗАР АУДАРҒАН ҚАШАНДА. «ТӘРБИЕ БАСЫ – ТАЛБЕСІК», «БАЛАНЫ – ЖАСТАН», «ҰЯДА НЕ КӨРСЕҢ, ҰШҚАНДА СОНЫ ІЛЕРСІҢ», «ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР, АНА КӨРГЕН ТОН ПІШЕР» ДЕГЕН МӘН-МАҒЫНАСЫ ТЕРЕҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР ОСЫҒАН ОРАЙ ТУЫНДАҒАН.

ЗАМАНЫҢЫЗҒА ЗАМАНЫҢЫЗҒА САУАТЫҢЫЗ САЙ БОЛСЫН

ПОГОН ТАҚҚАН «МҰҒАЛІМ» ЖЕТІСПЕЙДІ

Ал , енді мектеп инспекторы кім? Осыған жауап берелік. Белгiлi бiр бiлiм ордаларына бекiтiліп, кәмелетке

толмағандар iсiмен айналысатын тұлғаны мектеп инспекторы дейміз. Оның өкiлеттiлiгi мен мiндетiне құқықбұзушылықтың алдын алу, «қиын» балаларды есепке тiркеп, олармен жұмыс жүргiзу, мектеп әкiмшiлiгiмен және оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс жасап, қылмысты болдырмау кіреді. Олардың барлық педагогикалық кеңестерге қатысып, мектептегi тәртiптi күшейту туралы ұсыныс бiлдiруге құқығы бар. Тағы бiр мiндетi – құқық негiздерiн үйрету.

Сонымен, қазіргі уақытта облыс көлеміндегі мектеп инспекторларының саны 161-ге жетіпті. Оның 69-ы Тараз қаласындағы білім ордаларында екен. Осы мәселенің мән-жайын білу үшін облыстық ІІД әкімшілік полиция

басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Қуанышбек Қалжановқа жолыққанымызда, мұндай погон таққан «мұғалім» әлі де 300-ден астам мектепке керектігін бүгіп қалмады.

– Облыс әкімдігі мен Ішкі істер министрлігіне а у ы л д ы қ , а у д а н д ы қ ж е р л е р д е м е к т е п инспекторларының саны жетіспейтіндігі жайлы арнайы хат жолдап, әзірге 98 штат сұрап отырмыз. Аудандағы барлық мектепті инспектормен қамту мүмкіндігі жоқ. Мәселен, Мойынқұм ауданы облыстағы аумағы ең үлкен аймақ болып табылады. Аудан орталығы мен ең шалғай ауыл арасы 380 шақырымды құрайды. Сондықтан, ол жер қосымша учаскелік инспекторға бекітілген. Аудандағы бар-жоғы төрт инспектордың төртеуін төрт жаққа қуа алмаймыз ғой. Сарысу ауданында 5-ақ инспектор бар. Олар аудан орталығынан 300 шақырым жердегі түкпір ауылдарға қалай жетеді?, – дейді Қуанышбек Жақсылықұлы.

Сонымен біздің ұққанымыз, Тараз қаласы бойынша инспекторлар жеткілікті. Ал, аудандарда бұл мәселе қиындау. Аудандарға жекелей тоқталатын болсақ, Қордай ауданы – 15, Меркі – 13, Шу – 12, Байзақ – 11, Жамбыл мен Т. Рысқұлов – 10, Жуалы мен Талас – 6, Сарысу – 5, Мойынқұм ауданы – 4 инспектормен қамтылған. Бір ғана мысал, Сарысу ауданындағы Жайлаукөл ауылындағы Жайлаукөл орта мектебінің директоры Айдос Билібаев та инспекторсыз отырғандықтарын айтты. Мұндай мысал жеткілікті, оны аудандардың статистикасынан-ақ байқаймыз.

Мектеп инспекторлары облыстық ішкі істер департаментінің бұйрығымен жұмысқа алынады. Олар департамент басшысы бұйрыққа қол қойса да, құрамына «Нұр Отан» партиясы, ардагерлер кеңесі сияқты түрлі ұйымдар мен мекемелердің өкілдерінен құралған комиссияның тұжырымдамасынан өтіп барып, қызметтеріне бір-ақ кіріседі.

Қала мектептерінде де бос тұрған мектеп инспекторының орнына сай келетін маман табу оңай нәрсе емес көрінеді. Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі мұндайда қосымша ретінде амал жоқ, учаскелік инспекторға жүктеледі екен.

Жуырда ғана, Тараз қаласындағы №21 мектепте орын алған оқыс оқиға республика жұртшылығын дүр сілкіндіргені белгілі. 11 сынып оқушысы Алмас Ауғановтың ойланбай жасаған әрекетінен 39 бала ауруханаға жатып шықты. Спорттық жарыстарға қатысып жүретін А. Ауғанбаев сондай жарыстардың бірінде Павлодар қаласынан газ баллонын сатып әкелген, сабақ үстінде сұранып шыққан ол

екі сыныпқа кіріп, газ шашқан. Осы оқиғаға байланысты мектеп директоры Ғ. Сламов, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Кенжебаева, құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары М. Тұрысбеков, орыс тілі пәнінің мұғалімі А. Бозтаеваға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылғанын жаздық. Ал, осы кезде мектеп инспекторы қайда қарап отырған деген заңды сауал туындайтыны анық. Қ. Қалжанов мырзаның айтуынша, ондағы мектеп инспекторы жүктілік демалысына кетіп, орнына уақытша инспектор бекітілген. Бірақ, ол Алматы қала-сында көзіне ота жасатуына байланысты сырқат парақшасын аштырған. Дегенмен, мектеп аумағы қараусыз қалмауы тиіс еді. Уақытша болса да бір маманға бекітілуі қажет. Сондықтан, бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп, мектеп аумағының өз тараптарынан қараусыз қалып тұрғандығын біле тұра, ешқандай қам жасамаған №3 қалалық полиция бөлімшесіндегі жауапты тұлға, полиция майоры Евгения Юринаға облыстық ІІД басшысының бұйрығымен сөгіс беріліпті. Яғни, декреттік демалыстағы инспектор да, емделген инспектор да емес, тікелей басшысы «таяқ жеді». Енді, оқу жылы аяқталар тұста

бір күн болса да балаға қатысты жұмысқа салғырт қараған оның әрекеті өзге әріптестеріне сабақ болатын шығар деп ойлағанбыз. Қазіргі уақытта, мектептерде мектепішілік лагерьлер жұмыс істеп жатқандықтан, инспекторлар міндетті түрде жүруі керек. Өкінішке орай, кейбір білім ордаларына бас сұққанымызда, олар жазғы демалысты сылтауратып, жұмыс орындарын тастап кеткендігін өз көзімізбен көрдік. Жамбыл атындағы №5 мектеп директоры Салтанат Төлеу, оқушылардың демалысы басталғалы инспектордың жұмысқа келмей жүргендігін, осыған байланысты тиісті орынға хат жолданғандығын айтты. Ал, мұнда күнделікті 200-ден астам бала лагерьде жүр...

ПРОКУРАТУРА АНЫҚТАҒАН КЕМШІЛІКТЕР

Облыстық прокуратура ішк і і стер органдарында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

бойынша заңнамалардың қолданысын тексеріпті. Тексеру, ІІД ювеналды полиция бөлімшесінің жүктелген міндеттерін тиісті деңгейде атқармай отырғандығын көрсеткен. Мәселен, кәмелетке толмағандар жөніндегі полиция инспекторларына қатысты көптеген заңбұзушылықтарға жол берілген.

Ж а л п ы , о б л ы с а у м а ғ ы н д а к ә м е л е т к е т о л м а ғ а н д а р ж ө н і н д е г і 2 1 8 и н с п е к т о р профилактикалық шаралар жүргізсе, оның 57-сі аға инспектор, 161-і мектеп инспекторы. Ағымдағы жылдың 17 сәуіріндегі прокуратураның тексеруінде сол 161 мектеп инспекторының 157-сі орнынан табылса, төрт қызметкер жұмыс орнында жоқ болып шыққан. Сөйтсе, оларды Тараз қалалық ІІБ іс-сапарларға жіберген екен. Облыстық прокуратураның бізге берген анықтамасында көрсетілгендей орта оқу орындарына бекітілген инспекторларды ҚР ІІМ бұйрығы бойынша, өз функцияларына кірмейтін жұмыстарға жегуге жол берілмеуі тиіс. Бірақ соған қарамастан, облыстық ІІД қызметкерлері мен қалалық, аудандық ІІБ бастықтары аталған нұсқауды елемей, 212 инспектор мен 4 қызметкерді ІІБ-нің түрлі бөлімдеріне іс-сапарларға жіберген. Яғни, олар өз функцияларына кірмейтін жұмыстарды атқарған.

Сонымен қатар, мектеп инспекторының міндетті түрде педагогикалық немесе заң саласы бойынша

жоғары білімі болуы және ішкі істер органдарында үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы шарт. Бірақ, инспекторлардың төрттен бір бөлігі бұл талаптарға жауап бере алмайды. Олардың орташа жасы – 25, жұмыс тәжірибесі бір жылға жетер-жетпес. Бір ғана мысал, ағымдағы жылдың 15 қаңтарында облыс орталығындағы №25 мектептің инспекторлығына жұмысқа қабылданған 1991 жылы туылған К. Тағайбаевтың ешқандай жұмыс тәжірибесі жоқ. Ал, аталған мектеп криминогенді қауіпті ауданда орналасқан және онда оқитындардың 85 пайызы «қиын балалар» болып табылады. Мүлдем тәжірибесі жоқ, жас маман криминогенді аумақтағы жағдайдың тұрақталуына әсер ете ала ма? Бірақ, өкінішке қарай, мұны ойлаған ешкім жоқ.

Бір қызығы, білім мекемелеріне инспекторлар облыстық ІІД басшысының бұйрығымен ғана қабылдануы тиіс болса да, Тараз қалалық ішкі істер басқармасының бастығы бұған қарамай, өткен жылдың 27 тамызында өзінің бұйрығымен бір маманды жұмысқа қабылдай салған. Тараз қалалық ІІБ қарасты №1, 2, 3 полиция бөлімшесінің бастықтары да осындай заңсыз бұйрықтарымен, биыл білім беру мекемелеріне инспекторларды бекітіп жіберген.

ЖЕТКІНШЕК ТӘРБИЕСІНЕ ЖАУАПТЫЛАР НЕ ДЕЙДІ?

Қуанышбек ҚАЛЖАНОВ, облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі: – Б і з д е н

тәжірибелі, шені бар қызметкерлер неге мектеп инспекторлығына тағайындалмайды деп жиі сұрайды. Тәжірибелі маманды ішкі істер департаменті қайдан алады? Мәселен, тәжірибелі тергеушіні осы қызметке шақырса, келе ме? Әрине, келмейді. Әр қызметтің өз құзыреті бар. Мәселе, инспектордың жалақысының аздығында да емес. Қайта, мектеп инспекторлығы кадрлар ұстаханасы, қызмет баспалдағы емес пе?

Қазіргі уақытта мектеп инспекторларының ж ұ м ы с ы н ж о қ қ а ш ы ғ а р у ғ а б о л м а й д ы . Олардың күн-түнге қарамайтын жанкешті еңбегінің арқасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық саны азайып келеді. Мұны ерекше атап өту керек. Кішкентай ғана мысал. Былтыр облыс бойынша төрт айда мектеп оқушылары арасында 87 қылмыс тіркелсе, биыл 51-ге түсіп отыр. Ал, 2012 жылы облыс оқушылары арасында қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар – 168 болса, 2013 жылы – 127-ге түсті. Жалпы, жасөспірімдер арасында түрлі тақырыптарға байланысты лекциялар жиі өткізіліп тұрады. Оның да әсері мол.

Гүлжанат ДОДАБАЕВА, Тараз қаласындағы №12 мектеп-гимназияның директоры:– К ү н д е л і к т і

м е к т е п т і ң і ш к і тәртібі үшін мектеп и н с п е к т о р ы н ы ң б о л ғ а н ы д ұ р ы с . Оқушыларға біздің айтқанымыздан гөрі, о р г а н н ы ң а д а м ы болғандықтан олардың айтқаны өзгеше әсер етеді деп ойлаймын. Полиция киiмiн киген адамға деген құрмет бөлек. Бекітілген инспектор түрлі заңдарды түсіндіріп, лекциялар өткізеді. Бір жағы, оқушылардың құқықтық сауаттылығы артатыны сөзсіз. Екі ауысымның арасын және кешкі уақытта мектеп инспекторы оқушыларды есік алдында қадағалап тұрады. Мен инспекторға қоңырау соғылған соң, үзіліс уақытында барлық жағдайды бақылап тұр деп айтамын. Жалпы, оқушылардың түр-түсін жаттап, мінез-құлқын білу үшін олармен жиі сөйлесіп, бақылап жүрген жөн ғой. Біздің мектебімізде де, бір оқушы қалалық

есепте тұрған. Бір жыл бойы оны бақыладық, әртүрлі іс-шараларға қатыстырдық. Ол өзін жақсы жағынан көрсетті. Республикалық, қалалық және мектепішілік іс-шараларда жүргізуші болды. Осылай, есептен шығарылды. Негізі, қиын топтағы оқушылардың мектепішілік бақылауда тұрғаны дұрыс. Қазіргі уақытта, көптеген ата-аналар балаларын бақыламайтыны рас. Сабаққа кетерде сөмкелерін ашып қарауға болады ғой. Сондықтан, оқулықтары, дәптер-қаламдары түгел болмай келеді. Сөмкесінің ішінде бөгде зат болуы да ықтимал емес пе?

Жанар ҚОСЖАНОВА, Тараз қаласындағы №45 мектеп-гимназияның мектеп инспекторы:– Б і з д і ң

ж ұ м ы с к ү н і м і з т а ң ғ ы с е г і з д е н б а с т а л ы п , к е ш к і сегізде аяқталады. О қ у ш ы л а р д ы ң сабаққа келгенін-кеткенін қадағалап тұрамыз. «Қиын балалар» болса олармен жұмыс істейміз. Бірақ біздің білім ордасы үлгілі оқу орны болғандықтан ешқандай мәселе туындаған емес. Мектептегі жұмысымыз аяқталған соң өзімізге қарасты полиция бөлімшесіне келіп, кешкі жиынға қатысамыз. Күні бойы атқарған жұмысымыз туралы есеп береміз. Сосын кешкі тамағымызды ішіп болған соң, сағат 11-ден бастап түнгі рейдке шығып, өзіміздің полиция бөлімшесіне бекітілген аумақты аралаймыз. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушы лық кодексінің 336-3, 336-4 баптары бойынша түнгі 11-ден таңғы сағат 6-ға дейін кәмелет жасына толмаған балаларға ата-анасынсыз жүруге тыйым салынған. Түнгі оннан кейін ойын-сауық орындарына да заңды өкілсіз, ата-анасынсыз баруға болмайды. Мұндай жағдай бірінші рет қайталанса алғашқыда ескерту жасап, кейін тағы қайталанса материалдар сотқа жолданып, айыппұл салынады. Міне, біздің айналысатын жұмысымыз осы. Одан бөлек, мектепте әртүрлі тақырыпта аптасына бірнеше рет оқушыларға лекция оқимыз, прокуратура өкілдерімен бірге мектепішілік рейд те жүргіземіз. Біздің жұмысымызда барлығымыз офицер болғандықтан әйел-еркек деп бөлінбейді. Өзіме балалармен жұмыс істеген ұнайды, олармен жақсы тіл табысамын, сондықтан басқа жаққа ауысқым келмейді. Оқушыларымның барлығын танимын. Әрине, әйел адамға өзіндік қиыншылықтары кездеседі, кейде жолдасымыздың түсінбей жататын кездері де болады. Бірақ осы мамандықты таңдаған соң, абыроймен атқару парызымыз деп есептеймін.

Фатима САЙТБАЕВА, ата-ана:– Б і л і м ш а ң ы р а қ т а р ы н д а м е к т е п

инспекторларының болуы оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға көмегін тигізетіні сөзсіз. Дегенмен, олар тәртіп бұзғандарға бірден жаза қолданбай, теріс әрекеттердің себептерін анықтап, мәселенің байыбына барғаны дұрыс. Жазалаудан гөрі, жанашырлық танытқаны, ол үшін қоян-қолтық жұмыс істегендері жөн.

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІНАл, біздің қорыта айтарымыз, жас ұрпақты

тәрбиелеу жолында жетістікке жету үшін, мұғалім, ата-ана, инспектор – осы үштаған бірлесіп жұмыс істеуі керек. «Сен салар да, мен салар, атқа жемді кім салар» деп жүріп тәрбиенің тізгінін босатып алмайық, ағайын!

Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».

КҮНГЕЙКӨЛЕҢКЕКЕ

Page 7: 17 маусым пдф

«Жамбыл облысының аумағында таратылатын шетелдік мерзімдібаспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметрегламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №85 қаулысына толықтыру енгізу туралы«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан

Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жамбыл облысының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №85 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіміне №2206 болып тіркелген, 2014 жылы 13 мамырда «Ақ жол» №68-69 (17925-17926) және «Знамя труда» №49 (17922) газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген «Жамбыл облысының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

4 бөлім келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:«Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық

сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі»;

осы қаулының қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген

тәртіппен:1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді

баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Облыс әкімі К. Көкрекбаев

717 маусым, 2014 жыл www.akjolgazet.kz

ЖАРНАМА ЖАРНАМА

«Ақ жолдың» ақылы қызметін пайдаланыңыз!

Телефон/факс: 8 (7262) 43-32-50

[email protected]

Бұл америкалық«Dyna LIFE» компаниясы-нан Daniel William ғой, «Ақ жолдың» жарнама

қызметі ме екен?..

Алло!!!

Қазақстан Республикасының жергілікті соттары судьяларының бос қызмет орындарына

орналасуға арналған конкурсқа қатысушылардың тізімі

1. Тамара Искалиевна Азбекова – 1966 жылы туған, Батыс Қазақстан облысының тумасы, Тараз қалалық сотының судьясы.

2. Досбол Аманжолович Акетаев – 1982 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, «Жылы бұлақ Меркі» ЖШС заңгері.

3. Кулмира Абиловна Алмабекова – 1972 жылы туған, Алматы облысының тумасы, Қордай аудандық сотының судьясы.

4. Нурбек Абдыманапович Аманжолов – 1962 жылы туған, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы.

5. Салтанат Рахымбековна Аргымбаева – 1979 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, Жуалы аудандық сотының судьясы.

6. Джибек Койчитаевна Арустамбаева – 1959 жылы туған, Өзбекстан Республикасының тумасы, Тараз қалалық сотының судьясы.

7. Гульфайруз Маманбаевна Байкулова – 1980 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, Жамбыл облыстық соты Кеңсесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-сот мәжілісінің хатшысы.

8. Бахытжан Ергешович Бакирбаев – 1968 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, Т. Рысқұлов аудандық сотының судьясы.

9. Замира Келдибаевна Бекжанова – 1985 жылы туған, Қызылорда облысының тумасы, Сарысу аудандық соты кеңсесінің кеңсе меңгерушісі.

10. Сауле Бердияровна Бердиярова – 1959 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты.

11. Эльмира Жолдыбаевна Бекжанова – 1975 жылы туған, Қарағанды облысының тумасы, Тараз қалалық сотының судьясы.

12.Гульбану Бахытжановна Бексултанова – 1980 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, жұмыссыз.

13. Ақылбек Сергейұлы Дәуренбеков – 1976 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, Жамбыл облыстық соты кеңсесінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы.

14. Мохамед Бахытович Джуванышев – 1979 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, жұмыссыз.

15. Светлана Витальевна Дмитриева – 1971 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, Тараз қаласы №2 сотының судьясы.

16. Данияр Болатжанович Дуанбеков – 1983 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, Жамбыл облыстық соты кеңсесінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы.

17. Ляйла Жуманбаевна Дукенбаева – 1977 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты.

18. Абай Ергалиевич Есенбай – 1958 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.

19. Жанна Раимхановна Заппарова – 1983 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, Шу аудандық сотының судьясы.

20. Шолпан Аманкуллаевна Исмагамбетова – 1971 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, «ҚР ӘМ тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК-ның маманы.

21. Зайда Михайловна Ибраева – 1981 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысының тумасы, Тараз қалалық сотының судьясы.

22. Ғалия Ермековна Қожабекова – 1983 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, Тараз қалалық соты кеңсесінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы.

23. Виталий Николаевич Мирошников 1979 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, Тараз қалалық сотының судьясы.

24. Думан Болатұлы Мәуленов – 1980 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, Тараз инновациялық-гуманитарлық институтының проректоры.

25. Роза Мырзабаевна Маделиева – 1961 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, Тараз қаласы №2 сотының судьясы.

26. Айгуль Аликовна Нурлыбекова – 1981 жылы туған, Алматы облысының тумасы, Тараз қалалық сотының судьясы.

27. Оспанкулов Марат Мухамедиевич – 1979 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, «ҚР Ұлттық Банкі» Жамбыл филиалының құқықтық қызмет басқармасының бөлім бастығы.

28. Берик Пердеханович Оразымбетов – 1982 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, Меркі аудандық сотының судьясы.

29. Куралай Музартовна Садырова –1966 жылы туған, Алматы облысының тумасы, Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы.

30. Бахыт Сагатовна Сарсенбиева – 1976 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, Жамбыл облыстық соты кеңсесінің персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) басшысы;

31. Айнур Саиновна Сыргабаева –1975 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығының заңгері.

32. Досжан Канатбекович Толенбеков – 1976 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, Сарысу аудандық сотының судьясы.

33. Ертай Курмашевич Тынысов – 1973 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысының тумасы, Меркі аудандық сотының судьясы.

34. Серик Турысбекович Узбеков – 1973 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының мүшесі.

35. Нигора Рахматулаевна Умарова – 1978 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, Жамбыл облыстық соты кеңсесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.

36. Айнур Ермековна Усенбаева – 1983 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы, Жамбыл облыстық соты кеңсесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.

37. Светлана Васильевна Яковлева – 1969 жылы туған, Ресей Федерациясының тумасы, Жамбыл облыстық сотының судьясы.

38. Рукия Карткуловна Ясарова – 1964 жылы туған, Тәжікстан Республикасының тумасы, Талас аудандық соты кеңсесінің кеңсе меңгерушісі.

Барлық сауалдар мен қараулар бойынша Жамбыл облыстық сотының Оқу орталығына 8 (7262) 43-19-71 телефоны арқылы хабарласуға болады.

ЕСКЕ АЛУ

ЖИЫРМА ЖЫЛ ӨТСЕ ДЕ...

Шу қаласында тұрғын үйлер мен кәсіпорындарды газ желілеріне қосу және газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Көшеаралық және үй ішіндегі газ тарату құбырларын салумен «БРИК-2007» ЖШС айналысуда. Газ құбырына қосу және газ жіберуді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы жүзеге асырады.

Шу қаласында тұрғын үйлерді газдандыру бағасы:Тұрғын үйді газдандыру жобасын жасау қызметінің бағасы – 11200 теңге.Газ тарату құбырларын салу қызметінің бағасы ҚҚС-ын қоса алғанда – 258000 теңге.

Бұл қызметтің ақысын төмендегідей бөліп төлеуге болады:– алғашқы жарна 65500 теңге, қалған сома 11 ай бойы 17500 теңгеден;– алғашқы жарна 98500 теңге, қалған сома 11 ай бойы 14500 теңгеден;– алғашқы жарна 138100 теңге, қалған сома 11 ай бойы 10900 теңгеден; Газ құбырына қосу және газ жіберу қызметінің бағасы – 17163 теңге, оның ішінде: 8500 теңге – G-4 тұрмыстық газ есептегіштің бағасы; 1086 теңге – газ есептегішті пломбалау; 284 теңге – инструктаж жүргізу; 7293 теңге – екі жабдыққа газ беру;

* Газ қазандықтарын сумен жылытуға қосу, сондай-ақ түтіндіктерді орнату бойынша шығындар факт бойынша анықталады.

Сонымен қатар, қауіпсіздік автоматикасымен жабдықталған тұрмыстық газ құрал-жабдықтарын сатып алуға, кепілді сервистік қызмет көрсету шартымен орнатуға болады:

– газ есептеуіш құралдары;– жылыту қазандықтары (қабырғаға ілетін және еденге қоятын);– газ қысымын тұрақтандырғыш (стабилизатор);– газдану мөлшерін бақылау сигнализаторы;– газ плиталары. – циркуляциялық насостар;– газбен су жылыту құралдары;

Газ желілеріне қосылу сұрақтары бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласыңыздар:

Шу қаласы, Сейфуллин көшесі, н/ж, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының Шу газ учаскесі.

Телефон: 8 (72643) 6-40-18, 6-40-61.

Құрметті тұрғындар!Қ і !Қ і !

Отыз жылдан астам халық ағарту саласында үздіксіз еңбек еткен аяулы азаматымыз Сағаділда М ы с ы қ б а е в т ы ң д ү н и е д е н озғанына биыл жиырма жыл толыпты.

Бұл дүниенің биігінен көрінген,Абзал адам өтсе-дағы өмірден.Туыс-бауыр дұға тілеп рухына,Еске алады сағынышты көңілмен!

– деп рухын қастерлеуші қызы, ұлдары, немерелері, келіндері, күйеу бала, жиендері атынан: жары Рыскүл, шөбересі Қуандық.

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің ұжымы бөлім басшысы Өсербай Аралбайұлы Тоғысбаевқа әкесі

АРАЛБАЙДЫҢ

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Бахытжан Садуакасович Нурбековтің 2014 жылдың 12 қаңтарында қайтыс болуынан кейін мұрагерлік ісі ашылып отыр. Осыған орай, марқұмның мұрагерлері мұрагерлік істі ресімдеу үшін осы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзім ішінде Талас ауданы, Қаратау қаласы, Ә. Молдағұлова көшесі, №32 үйде орналасқан нотариалдық кеңсеге (нотариус Г.С. Саржанова) жолығулары қажет.

МҰРАГЕРЛІК

20 маусым күні сағат 12.00-де Тараз қаласы, Төңкеріс көшесі, 4, «Ақбота»

мейрамханасында Сағаділда Мысықбаевтың рухына бағышталып Құран

оқытылатын асқа шақырамыз.

ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАБЫЛАДЫ

Жамбыл политехникалық колледжін 2008 жылы «Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша бітірген Айдар Марсович Конысовтың атына берілген КОБ №0106321 кәсіптік орта білім туралы диплом (тіркеу №4412) жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл филиалы

келесі мүлікке сауда-саттық (ағылшын әдісімен) өткізілетінін хабарлайды

Тұрғын емес үй-жай, жалпы алаңы 207,10 ш.м. және 0,0975 га жер телімімен. Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, №10 үй.

Бастапқы бағасы - 25706970 (жиырма бес миллион жеті жүз алты мың тоғыз жүз жетпіс) теңге. Ең төменгі баға - 25706970 (жиырма бес миллион жеті жүз алты мың тоғыз жүз жетпіс) теңге.

Кепілдемелік төлеу ақысы - 257070 (екі жүз елу жеті мың жетпіс) теңге. Сауда-саттық 2014 жылдың 30 маусымында, сағат 11.00-де Тараз

қаласы, Сүлейменов көшесі, №100 үй мекен-жайында өтеді. Сауда-саттыққа қатысу өтініштері 2014 жылдың 30 маусымы,

сағат 10.00-ге дейін мына мекен-жайда қабылданады: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, №100 үй.

Кепілдемелік төлем ақы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл филиалының есепшотына аударылады. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін соңғы бағасын ұсынған қатысушы он жұмыс күні ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл филиалының есепшотына толық аударады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл филиалының деректемелері: СТН 211500076654, е/ш КZ536010161000003016, БЖК HSBKKZKX, БСН 950541001266, КБЕ 17, Банктің СТН 211500072849, Банктің БСН 940641000130, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЖОФ.

Сенімді өкілі: Ғани Аярбекұлы Кебеев, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, №100, телефон: 8 (7262) 57-62-03, 57-64-54.

Жамбыл облысының аудандық және оған теңестірілген соттарында тағылымдамадан өтіп

жатқан судьялыққа үміткерді жариялаймыз:Бағлан Рахметұлы Байғараев – 1975 жылдың 7 қазанында туған, Тараз қаласының

тұрғыны, Жамбыл облысы бойынша салық департаменті құқықтық қамтамасыз ету және салықтық апелляция басқармасының басшысы қызметін атқарады.

Барлық сауалдар мен қараулар бойынша Жамбыл облыстық сотының Оқу орталығына 8 (7262) 43-19-71 телефоны немесе Жамбыл облыстық соты Кеңсесінің персоналды басқару бөліміне (кадр қызметі) 8 (7262) 45-69-01 телефоны арқылы хабарласуға болады.

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» КММ

(080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй, 505, 511-іс бөлмелер, анықтама үшін

телефондар: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс: 43-25-17, e-mail: [email protected])бос тұрған мемлекеттік әкімшілік

лауазымдарға орналасуғаконкурс жариялайды

Барлық конкурсқа қатысушыларға

қойылатын жалпы біліктілік талаптары:D-4 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс

тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

СанатыӘкімшілік мемлекеттік

қызметшінің лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

D-4 71751 теңгеден

96735 теңгеге дейін

1. Облыс әкімі қабылдау бөлмесінің бас маманы, 1 бірлік, D-4 санаты (№03-1-1).

Функционалдық міндеттері: облыс әкімі өткізетін кеңестерге қатысатын лауазымды тұлғаларды шақыруды, қабылдауға шақырылған немесе келген азаматтардың қозғалысын қамтамасыз ету. Ақпараттық-талдау жұмысы мен мониторингтің түрлері мен әдістерін меңгере білу, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы, жұмысты жоспарлау, болжау, ұйымдастыра білу, бақылау және негіздеу қабілеті.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе білім немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы. Мамандығы: гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе білім (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы).

«Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекетт ің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, аталған лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

2. Облыс әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, D-4 санаты (№014-1-2).

Функционалдық міндеттері: облыстық статистика басқармасына, зейнетақы қорларына, Жамбыл облысы бойынша салық комитетіне статистикалық есептерді уақтылы дайындау және беру. Ақпараттық-талдау жұмысы мен мониторингтің түрлері мен әдістерін меңгере білу, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.Мемлекеттік бюджетке т өл е м д е р д і ң , әл е у м ет т і к с а қ та н д ы ру ға жарналардың дұрыс есептелуін және уақтылы аударылуын бақылау; бухгалтерлік есеп шоттарында жүзеге асырылып отырған барлық шаруашылық операциялардың көрсетілуін бақылау, белгіленген мерзімде бухгалтерлік есептілікті жасау, облыстық қаржы, статистика басқармаларына, зейнетақы қорларына, Жамбыл облысы бойынша салық комитетіне

статистикалық есептердің уақтылы берілуін бақылау. Бас есепші жұмыста болмаған жағдайда оның міндеттерін атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық саласындағы. Мамандығы: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе гуманитарлық (жалпы) немесе құқықтану.

«Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекетт ің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, аталған лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі - Қағида); 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық к у ә л а н д ы р ы л ғ а н к ө ш i р м е л е р i ; е ң б е к қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi ; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі).

Тестілеу бағдарламасы D-4 санаты үшін келесіні қамтиды: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тапсырма (10 тапсырма), ҚР Конституциясын (15 сұрақ), «ҚР Президенті туралы» (15 сұрақ) ҚР конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) ҚР Заңдары.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан мекемеге – Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Ко н к у р с к о м и с с и я с ы н ы ң қ а р ау ы н а құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайда орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді. Конкурс комиссиясының үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Тараз қаласы ЖОБА

«Жамбыл облысы статистикалық есептердің уақтылы берілуін

Тараз қаласы ЖОБА

Page 8: 17 маусым пдф

8 17 маусым, 2014 жыл

ДИРЕКТОР – БАС РЕДАКТОР

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ

Мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 5, Баспасөз үйі.

Таралымы 20391

Телефондар/факс: бас редактордың қабылдау бөлмесі – (қаланың коды – 8-726-2) 43-17-07.Жарнама – 43-32-50. Электрондық пошта: [email protected]. Газеттің сайты: akjolgazet.kz

Меншік иесі:

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ

РЕДАКЦИЯСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ»

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ. ЖСК KZ04319E010000374569, БСК ABKZKZKX,

СТН 211500070391. КБЕ 17, КНП 851, БСН 030940003725, «БТА БАНК» АҚ ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫ. ИНДЕКСІ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫ

ҮШІН – 65457, МЕКЕМЕ ҮШІН – 15457.

Газетті есепке алу туралы №12327-Г

куәлікті 2012 жылғы 1 наурызда Қазақстан

Республикасының Мәдениет

және ақпарат министрлігі

берген.

Нөмірдің кезекші редакторы

Сапарғали ӘЛІБАЙ

Газет аптасына үш рет шығады. Газет редакцияның компью терлік орталығында теріліп, беттелген. Қалыбы Жамбыл «Сенім» ЖШС баспа орталығында жасалып, көбейтілді. 080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 22-үй. тел: 43-32-83. Тапсырыс 525

Бас редактордың бірінші орынбасары – Құрманбек ӘЛІМЖАН – 43-17-08;Бас редактордың орынбасары – Ақылжан МАМЫТ – 43-33-08;Жауапты хатшы – Әділбек БАҚҚАРАҰЛЫ – 43-50-73; БӨЛІМДЕР: Саясат – Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ – 43-33-08; Экономика – Амангелді ӘБІЛ – 43-36-21;

Руханият – Баймаханбет АХМЕТ – 43-31-62;Хаттар және меншікті тілшілер жұмысын үйлестіру бөлімі – Лесбек САЙЛАУБЕК – 45-48-09;МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Т. Рысқұлов, Меркі – Сейсен ҚОЖЕКЕ – 8 (726 31) 2-24-76, 8 777 628 45 83; Шу, Мойынқұм –Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА –8(726 38) 3-29-99, 87074228246

Талас, Сарысу –Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ –8(726 44) 5-06-68, 87777590076

Жарнама – Жүрсінгүл ЖАҚЫП – 43-32-50;

Компьютер орталығы – Жанна БЕЙСЕНҚҰЛОВА – 43-26-90;

Заңгер – Абай ШАҒАМБАЕВ – 45-15-26;

Бухгалтерия – 43-17-12.

Редакция авторлардың көзқарасы, жарнама мазмұны үшін жауап

бермейді. Жарияланбаған хатқа жауап қайтарылмайды.

А – материалдың жариялану ақысы төленген.

Топтық кезеңнің бірінші кездесулері аяқталуға жақын қалды. Кешегі күнге дейін алғашқы сынақтан өткендер – А тобында Хорватияны тізерлеткен Бразилия құрамасы, Д тобында Уругвайды жеңген коста-рикалықтар, С тобында Грецияны ұтқан колумбиялықтар, В тобында Австралиядан айласын асырған Чили, Е тобында Эквадорды сүріндірген Швейцария мен Гондурасты ойсырата жеңген Франция, Д тобында ағылшындарға сан соқтырған Италия, жапондардан үстем болған Кот-д-Ивуар, Босния Герцоговинадан басым түскен Аргентина құрамалары. Бұлар өздеріне аса қажетті үш ұпайға иелік етті. Әзірге, тең түсіп, ұпай бөліскендер жоқ.

АЛАШ – АРЕНА«АҚ ЖОЛДЫҢ» СПОРТ АЛАҢШАСЫ

СпортСпорт СпортЖеті ж�ртты тілін біл

READ AND REMEMBER! ОҚЫҢЫЗ ЖӘНЕ ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ!

10-сабақ

Ғалия МАХАМБЕТҚҰЛОВА,Қазақстан РеспубликасыБілім беру ісінің үздігі, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

САБАҚТЫ ЖҮРГІЗЕТІН:

АҒЫЛШЫНША ҮЙРЕНЕЙІК, АҒАЙЫН!

[a:] [^] [au]are come howbar some cowcar but housefarm cut mousehard under round fast hurry loud class mummy about carpet double mountain

[tw] [kw] twin quick twist quiztwenty questtwelve quacktwice question

THERE IS NO PLACE LIKE HOME

ӨЗ ҮЙІМ – ӨЛЕҢ ТӨСЕГІМ

КӨҢІЛ ҚОЙЫП ОҚЫҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ, САУ БОЛЫҢЫЗДАР.

Many English families have got their own houses, but some people live in the flats. There are two floors in the traditional English house: the ground floor and the first floor. People in England like their homes and always show them to their visitors. Mr Dunn, a British businessman, often comes to Kazakhstan Trade Delegation and he knows Akhmetov very well. One Sunday he invites Akhmetov and some engineers to his place to spend an evening with his family.

Mr Dunn’s family lives in a small house with garden. There is sitting room and a study downstairs too. The sitting room is large and sunny. There is a sofa, two armchairs and TV-set there. The nice carpet on the floor makes the room comfortable.

The study is a small room with bookshelves on the walls. Up – stairs there are two bedrooms and bathroom.

The Dunns’ love their house and think: “There is no place like home”.

VOCABULARY. ЖАҢА СӨЗДЕР

fl at – флəт – пəтерblock of fl ats - блок оф флəтс – көп пəтерлі үйbuilding – билдиң – ғимаратtwo story building – ту стори билдиң - екі қабатты ғимаратbrick building – брик билдиң - кірпіштен соғылған ғимаратfl oor – фло – еден,қабатon the ground fl oor – он зе граунд фло – бірінші қабат (ағылшынша)on the fi rst fl oor – он зе ферст фло екінші қабат (ағылшынша)upstairs – апстейэс – жоғарғы қабатdownstairs – даунстейэс – төменгі қабатwall – уолл – қабырғаwindow – уиндоу – терезеsitting room – ситтиң рум – қонақ бөлмесіdining room – дайниң рум – асханаbedroom – бедрум – жатын бөлмеstudy(room) – стади рум – жұмыс бөлмесіbathroom – базрум – жуынатын бөлмеkitchen – китчен – ас үйfridge – фридж – тоңазытқышfavourite – фейворит – сүйіктіcomfortable – комфотабл – ыңғайлыcosy – коузи – жайлыlight – лайт –жарық

МӘТІНДІ ОҚЫҢЫЗ

on

«THERE IS NO PLACE LIKE HOME»

Д Ң

Биылғы әлем чемпионаты қызыққа толы болатын түрі бар. Доп додасының топтық кезеңдерінің өзінде сенсация орын алды. Испания құрамасы алғашқы кездесуінде Голландиядан ірі есеппен жеңілді. Есеп – 1:5. Бұл Испания жанкүйерлері үшін күтпеген жағдай болды. Жанкүйерлер былай тұрсын, мұндай нәтиже экс-чемпиондардың өзін есеңгіретіп тастағаны анық.

Негізі, осы кездесудің басты фавориті Испания құрамасы еді. Бірақ, нәтиже басқаша болды. Голландиялықтар жанкештілік танытып, ойын барысын 180 градусқа өзгертіп, матч алдында жасалған болжамдарды теріске шығарды. Бірінші таймның 27-минутында пенальтиден соғылған гол «қызғалдақтар елінен» келгендерді керісінше ширықтыра түскендей. Үзіліске екі минут қалғанда Ван Перси Касильяс қорғаған қақпаға баспен соққы жасап, есепті теңестірді.

Футболда жиі қолданылатын «доп-домалақ» деген тіркес тура Испания мен Голландия

кездесуіне қаратып айтылған секілді. Осыдан төрт жыл бұрын финалда испандарға тізе бүккен голландиялықтар есе қайтарғандай. Десе де, Хаби Алонсо, Хави, Иньеста, Диегу Коста есімді әлемге танылған ойыншылары тұрғанда Испания топтан шыға алмауы мүмкін емес. Алғашқы матч олар үшін сәтсіз болғанымен, кейінгі ойындарда естерін жинайды деп сенеміз.

Топтық кезеңдердегі тағы бір күтпеген жаңалық Коста-Рика құрамасының уругвайлықтармен кездесуінде орын алды. Бастапқыда 1:0 есебімен жеңіліп жатқан «өлім тобындағы» ұпай үлестіруші команда саналған коста-рикалықтар екінші таймда үш гол соғып, алға шықты. Сондай-ақ, жапондардан 1:2 есебімен басым түскен ивуарлықтар да (Кот-д-Ивуар құрамасы) өзгеше мінез танытты. Бұған дейін қос құрама небәрі үш рет кездесіп, екеуінде жапондардың мерейі үстем болған (1993, 2003, 2010 жылдары).

Екі апталық үзілістен кейінгі жанкүйерлер асыға күткен матчтардың бірі «Тараз» бен «Қайрат» арасындағы кездесу болды. Себебі айтпасақ та түсінікті. Олимпиада чемпионы Евгений Яровенко ойын мәнеріне әлдебір өзгеріс енгізеді деп сенді көпшілік. Әсіресе, әулиеаталықтар.

Жамбыл жұртшылығының үміті алдамапты. Яровенко бапкерлер бәсекесінде өзін жақсы қырынан көрсете алды. «Тараз» футболшыларының о й ы н к о м б и н а ц и я с ы ө з г е р г е н і б і р д е н аңғарылады. Турнир кестесінде төртінші сатыда тұрған алматылық «Қайраттың» «қаһарынан» еш сескенген жоқ. Қолда барды ұқсата білді, команданы жеңіске жетуге жігерлендірді.

Барды ұқсатқан бапкердің еңбегі екендігіне ешкім дау айта алмас. Өйткені, негізгі құрамда алаңға шыққандарды алмастырып, ойынға серпін беретін футболшылар «Тараз» сапында жоқтың қасы. Шетелден аттай қалап алдырған легионерлерден әзірге, Десли Уббинк пен Рок Ройдан басқасының еш пайдасы болмай тұр. Әсіресе, жарақатына байланысты біраз уақыт саптан шығып қалған Сигурни Банджардың алаңға қайта оралғанына жанкүйерлер наразылық танытқан. Көпшіліктің күткеніндей болды, сол жақ қапталдағы қорғаныстың әлсіздігін байқаған алматылықтар өз мүмкіндіктерін мүлт жібермеді.

Тоғызыншы минутта «Қайрат» сапындағы тоғызыншы нөмірлі ойыншысы есеп ашқан

болатын. Іле артынша оң жақ қаптал арқылы қарымта шабуыл ұйымдастырылып Мұрат Тілешов есепті теңестірді. «Тараз» шабуылшысына әдемі пас шығарып берген Уббинк болды. Жалпы, кешегі ойында тараздықтар шабуылды көбінесе оң жақ қаптал арқылы өрбітіп отырды. Ал, қорғаушы Рок Рой мен жартылай қорғаныстағы Уббинктің өзара түсіністікпен ойнайтыны бір кәдеге жарады.

«Қайраттың» бапкері «Тараз» футболшылары дәл осылай тегеурінді қарсылық көрсете қояды деп ойламаса керек-ті. Екінші таймда Марковичтің соққысына қарымта соққымен жауап қайтарған Схорыхтың голынан кейін Вайстан маза кетті. Тең нәтижеге көңілі толмайтынын аңғартып, ойыншылар алмастырды. «Тараз» сапында да өзгерістер орын алды. Бірақ, Яровенко сенім артқан футболшылар ойынға тың серпін берген жоқ. Қарсыластың осал тұсын табар деген «Қайраттың» экс-ойыншысы Олег Недошковский де түк өндіре алмады. Бапкерлер бәсекесінде шешімді шебер ойыншылар шығарды. Вайстың «Таразға» қарсы дайындаған жоспары өз жемісін берді. 67-минутта Бауыржан Исламхан дубльдің авторы атанды. Есеп 2:3, алматылықтардың пайдасына.

Бірақ, бір шындықты айту керек, Вайс бұрыннан «Тараздың» тас түлегіне көбірек сенім артатын. Әр матчта негізгі ойынқұраушы міндетін Бауыржан Исламханға жүктейтінін айтып жүр.

Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыс бойынша департаменті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мұрындық болуымен өткен додада 36 команда бақ сынады. Спартакиаданың ашылу салтанатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Соңынан аталған агенттіктің облыстағы департамент басшысы – Тәртіптік кеңестің төрағасы Болат Исақовпен үстел теннисінен бір партия ойын өткізген Бекболат Серікбекұлы б ә с е к е н і д е ө з і б а с т а п б е р д і .

Негізінен командалар аудандардағы мемлекеттік қызметшілер мен облыстағы б а с қ а р м а л а р қ ы з м е т к е р л е р і н е н жасақталыпты. Алты спорт түрі бойынша өткен додада 6 алтын, 3 күміс , 2 қола жүлдені олжалаған Т. Рысқұлов ауданының мемлекеттік қызметшілері жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. 2 алтын, 1 күміс, 3 қолаға қол жеткізген «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшылығының басқармасы екінші сатыға табан тіреді. Ал үшінші орындарды облыстық ішкі істер департаменті және Шу ауданының құрамалары өзара бөлісті. Қос команданың да қанжығаларына түскені – 2 алтын, 1 күміс медаль.

О б л ы с ы м ы з д а м а у с ы м а й ы н ы ң 1 3 - 1 5 а р а л ы ғ ы н д а « Л о к о м о т и в » стадионында салауатты өмір салтын насихаттау және халықтың бұқаралық спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрліг ін ің Оңтүстік өңірдегі VI Жазғы өңірлік спартакиадасы өткізілді. Бағдарламаға сәйкес 13 маусымда спартакиаданың ашылу салтанаты өтіп, іс-шара барысында Жамбыл облысы ТЖД бастығы өртке қарсы күрес қызмет полковнигі М.Күлдіков жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ыстық ықыласын білдірді. Бұнан әрі іс-шара Тараз қалалық мамандандырылған к о л л е д ж і с т у д е н т т е р і н і ң к ү ш і м е н дайындалған концерттік шараға жалғасты.

Жалпы аталмыш шараға Алматы облысы, 68303 әскери бөлімі, Алматы қаласы, Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы және Жамбыл облысындағы Төтенше жағдайлар жүйесінен барлығы 6 к о м а н д а қ а т ы с ы п , к і ш і ф у т б о л , армрестлинг, кір тасын көтеру, жеңіл атлетика, ұзақтыққа секіру секілді бірнеше спорт түрлерінен сынға түсті.Жамбыл облысы ТЖД бастығы Марат Күлдіков жарыс соңында жеңімпаз командаларды құттықтап, кубоктар мен бағалы сыйлықтар табыс етті . Жалпы командалық есеп бойынша 1-орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, 2-орынды Алматы облысы, 3-орынды Жамбыл облысы иемденді.

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ.

А р г е н т и н а қ ұ р а м а с ы н ы ң сұрмергені Месси топтық кезеңдегі үздік ойыншы деп танылды. Ол Босния Герцоговина құрамасына қарсы өткізген матчта 90 минутты жасыл алаңда өткізіп, 62 пас шығарып, қарсылас қақпасына 3 дәл соққы бағыттады. Оның біреуі нәтижелі болды. Ал бірінші таймның 3-минутында орындаған айып добы Cеад Колашинацтің басына тиіп, автоголға айналғаны белгілі.

« P - S P O R T » а г е н т т і г і н і ң мәліметіне сүйенсек, топтық кезеңдерде мергендігімен танылып, ү з д і к д е п т а н ы л ғ а н д а р д ы ң арасында франциялық Карим Бензема, швейцариялық Джердан Шакири де бар екен.

А л а ң д а 9 0 м и н у т б о й ы ойнақтаған шабуылшылардың бірі – Бензема. Ол Гондурас құрамасына қарсы ойында франциялықтардың шабуылына екпін беріп отырды. Оның қақпаға бағыттаған 7 дәл соққысының екеуі голға айналды. Ал біреуінде

экс-чемпиондар алғашқы кездесуінде-ақ есеңгіреп қалды

МЕМЛЕКЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ДЕ МЫҚТЫҚЫЗМЕТШІЛЕР ДЕ МЫҚТЫ

ТЖД СПАРТАКИАДАСЫТЖД СПАРТАКИАДАСЫ

Топтаманы дайындаған Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол».

ТЕГЕУРІНДІ ТЕКЕТІРЕС

Шымкент қаласында өткен жарыста боксшы жастар Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің жүлдесін сарапқа салды. Көршілес қырғыз, өзбек, тәжік, қытай елдерінің де спортшылары қатысуымен халықаралық турнир биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр.

Бұл додада жамбылдықтар жақсы өнер көрсетті. Жарысқа апарған алты спортшының үшеуінің қанжығасы майланып, жетістікке жетті. Атап айтсақ, жерлестеріміздің еншісінде бір алтын, бір күміс, бір қола медаль бар.

Жүлдегер атанған жастар – облыстық №6 олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар мен жасөспірімдер бокс мектебінің (директоры

Шоқан Досымбек) түлектері. Жеңіс тұғырынан көрінген Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенті Мұхамед Мырзатай Берді Нұржановтың шәкірті болса, Мұхамедке есе жіберіп, күмісті місе тұтқан (Жамбыл политехникалық колледжінде білім алуда) Жасұлан Әлімбекті Мұрат Әбімселімов жаттықтырады. Сондай-ақ, 69 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола жүлдегер атанған Ерлан Рахмановтың да бапкері Берді екенін айта кету керек.

Әшірәлі КЕНЖЕҒАРА,облыстық олимпиада жеткіншектерін

даярлау орталығының қызметкері.

МҰХАМЕДТЕ – АЛТЫН,ЖАСҰЛАНДА – КҮМІС

Бапкерлер бәсекесінде шешімді шебер ойыншылар шығарды

қақпашы Ноэл Валядаресті қателестіргені соншалық, өз қақпасына автогол соғуға мәжбүр болды. Джерданның да 90 минутта командаластарына тигізген көмегі көп. Орталық алаңның ойыншысы Эквадор құрамасымен кездесуде 55 рет пас шығарып, қақпаға 6 рет соққы жасағанымен гол соға алған жоқ. Айтпақшы, Е тобындағы осы матчқа төрелік еткен Ирматов пен Расулов Өзбекстаннан, Кочкоров Қырғызстаннан келген мамандар екенін айта кеткен жөн.