с рождеством - old.baq.kzold.baq.kz/storage/05/0537dd626290960f7eff690d63492d47.pdf ·...

12
Газет 1936 жылдан шығады Email:[email protected] №1-2 (8475) Жұма 9 қантар 2015 жыл www.zhaikpress.kz с рождеством ! Тұлға Есеп елім деп өткен... атқарылған... 8 Уважаемые таскалинцы! поздравляю всех православных со светлым праздником - рождеством Х ристовым! Этот поистине народный праздник наполняет сердца людей светом добра, милосердия и любви. Он способствует утверждению взаимного уважения между людьми, укрепляет уверенность в будущем. Вместе с православными разделяют радость светлого рождествен¬ского праздника все жители нашего многонационального района. С обретением независимости наше государство конструктивно взаимодействует с различными конфессиями в деле укрепления духовно-нравственного климата в обществе, воспитания граждан в духе любви к Отечеству, уважительного отношения к семейным и общечеловеческим ценностям. С первых дней создания независимого государства Глава государства уделял огромное внимание сохранению единства, мира, межконфессионального и межэтнического согласия в стране. Благодаря дальновидной и мудрой политике Главы государства в Казахстане была создана уникальная Казахстанская модель толерантности, которая не имеет аналогов в мире. Это наше достижение. И совсем не случайно отечественный опыт получил распространение в рамках председательства в ОБСЕ. Сегодня мы можем с уверенностью сказать, что Ассамблея народа Казахстана блестяще справляется с возложенными на него не простыми задачами. Это сохранение мира и согласия, пропаганда единства и толерантности. Нынешний 2015 год объявлен годом Ассамблеи народа Казахстана, поскольку единство народа, стабильность и согласие в обществе – наше главное достояние, которое формирует основу казахстанской государственности и является главным залогом и гарантом успешного развития нашей страны. Праздник Рождества был и остается одним из важнейших факторов воспитания молодежи страны в духе человечности, любви и уважительного отношения друг к другу. На принципах веры сформирован мир и духовные ценности традиционных религий – это часть культурной сокровищницы страны. В этот светлый и добрый праздник желаю всем жителям крепкого здоровья, чистого и мирного неба над головой, добра, счастья и благополучия каждому дому, каждой семье. С уважением, аким Таскалинского района Санжар Алиев «АқжАйық Ақын ұлын АрдАқтАйды» 3-5 Кештің шымылдығы мәдени демалыс орталығының жанынан құрылған «Жасдәурен» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеушісі Махамбет Аманғалиев орындауындағы Қарасайдың «Қарасай» күйімен ашылды. Шара барысында кітапханашылар Г.Бахсихова мен осы жолдардың авторы жиналғандарды ақын шығармашылығымен таныстырып, «Қадыр Мырза Әлидің өміржолы» атты бейнефильм көрсетілді. Поэзия кешінде ақынның бірнеше өлеңдерін оқушылар жатқа оқыды. Соның ішінде «Ана тілі», «Не үшін?» өлеңдерін Наргиза Киреева мен «Менің әжем» өлеңін Амир Абсалихов нақышына келтіре мәнерлеп оқыды. Соңынан бөлім меңгерушісі Б.Маштакова «Асыл сөздің алдаспаны» атты кітап көрмесімен таныстырып, шараны қорытындылады. С.Киреева, кітапханашы Аптаның алғашқы күні дәл осындай тақырыпта аудандық кітапхананың оқу залында қызмет көрсету бөлімімен балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, жыр әлемінде суырылып алға шыққан дарабоз ақын, халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, жерлесіміз Қадыр Мырза Әлиді еске алу акциясына арналған поэзия кеші өтті. «жүрекке жАқын жырлАр» Ауылымыздың әншісі Асқар Шынтасовтың орындауындағы Қ.Мырзалиевтің сөзіне жазылған «Әже туралы ән», «Сыған серенадасы», «Өз елім» атты бірнеше әндері тыңдарманның жүрегіне жол тапты. Кеш соңында мәдениет үйінің кітапханашысы М.Жұмашева және тіл мамандары Г.Мұқашева мен осы жолдардың авторы сөз сөйлеп, абыз ақын Қадыр Мырза Әлидің өмір жолы туралы баяндады. Кеш соңында жиналғандар естелік суретке түсті. Н.Аймағамбетова, Шежін орта мектебінің мұғалімі Жуырда дәл осындай тақырыпта Шежін ауылдық кітапханасында жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің 80 жылдық мерей тойына орай поэзия кеші өтті. Осы кеште ақынның өмір жолы туралы слайд көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды және мектеп оқушылары «Бір үзім нан», «Балалықсыз балалық», «Қазақ пен қонақ», «Домбыра», «Ақиқат туралы аңыз» т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқыса, 10-сынып оқушысы Бахтияр Ажгереев Қ.Мырзалиевтің сөзіне жазылған, Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін әуелете шырқады.

Transcript of с рождеством - old.baq.kzold.baq.kz/storage/05/0537dd626290960f7eff690d63492d47.pdf ·...

Page 1: с рождеством - old.baq.kzold.baq.kz/storage/05/0537dd626290960f7eff690d63492d47.pdf · Газет 1936 жылдан шығады Email:ekpin_1936@mail.ru №1-2 (8475)

Газет 1936 жылдан шығады Email:[email protected]

№1-2(8475)Жұма

9 қантар 2015 жыл

www.zhaikpress.kz

с рождеством!

Тұлға

Есеп

елім деп өткен.. .

а т қ а р ы л ғ а н . . .

8

Уважаемые таскалинцы!поздравляю всех православных со светлым

праздником - рождеством Христовым!

Этот поистине народный праздник наполняет сердца людей светом добра, милосердия и любви. Он способствует утверждению взаимного

уважения между людьми, укрепляет уверенность в будущем. Вместе с православными разделяют радость светлого рождествен¬ского

праздника все жители нашего многонационального района. С обретением независимости наше государство конструктивно взаимодействует с различными конфессиями в деле укрепления духовно-нравственного

климата в обществе, воспитания граждан в духе любви к Отечеству, уважительного отношения к семейным и общечеловеческим ценностям.

С первых дней создания независимого государства Глава государства уделял огромное внимание сохранению единства, мира, межконфессионального

и межэтнического согласия в стране. Благодаря дальновидной и мудрой политике Главы государства в Казахстане была создана уникальная

Казахстанская модель толерантности, которая не имеет аналогов в мире. Это наше достижение. И совсем не случайно отечественный опыт

получил распространение в рамках председательства в ОБСЕ. Сегодня мы можем с уверенностью сказать, что Ассамблея народа Казахстана

блестяще справляется с возложенными на него не простыми задачами. Это сохранение мира и согласия, пропаганда единства и толерантности.

Нынешний 2015 год объявлен годом Ассамблеи народа Казахстана, поскольку единство народа, стабильность и согласие в обществе – наше главное

достояние, которое формирует основу казахстанской государственности и является главным залогом и гарантом успешного развития нашей страны.

Праздник Рождества был и остается одним из важнейших факторов воспитания молодежи страны в духе человечности, любви и уважительного

отношения друг к другу. На принципах веры сформирован мир и духовные ценности традиционных религий – это часть культурной сокровищницы страны.

В этот светлый и добрый праздник желаю всем жителям крепкого здоровья, чистого и мирного неба над головой, добра,

счастья и благополучия каждому дому, каждой семье.

С уважением, аким Таскалинского района Санжар Алиев

«АқжАйық Ақын ұлын АрдАқтАйды»

3-5

Кештің шымылдығы мәдени демалыс орталығының жанынан құрылған «Жасдәурен» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеушісі Махамбет Аманғалиев орындауындағы Қарасайдың «Қарасай» күйімен ашылды.

Шара барысында кітапханашылар Г.Бахсихова мен осы жолдардың авторы жиналғандарды ақын шығармашылығымен таныстырып, «Қадыр Мырза Әлидің өміржолы» атты бейнефильм көрсетілді.

Поэзия кешінде ақынның бірнеше өлеңдерін оқушылар жатқа оқыды. Соның ішінде «Ана тілі», «Не үшін?» өлеңдерін Наргиза Киреева мен «Менің

әжем» өлеңін Амир Абсалихов нақышына келтіре мәнерлеп оқыды.Соңынан бөлім меңгерушісі Б.Маштакова «Асыл сөздің алдаспаны» атты кітап көрмесімен

таныстырып, шараны қорытындылады.С.Киреева,

кітапханашы

Аптаның алғашқы күні дәл осындай тақырыпта аудандық кітапхананың оқу залында қызмет көрсету бөлімімен балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, жыр әлемінде суырылып алға шыққан дарабоз ақын, халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, жерлесіміз Қадыр Мырза Әлиді еске алу акциясына арналған поэзия кеші өтті.

«жүрекке жАқын жырлАр»

Ауылымыздың әншісі Асқар Шынтасовтың орындауындағы Қ.Мырзалиевтің сөзіне жазылған «Әже туралы ән», «Сыған серенадасы», «Өз елім» атты бірнеше әндері тыңдарманның жүрегіне жол тапты. Кеш соңында мәдениет үйінің кітапханашысы М.Жұмашева және тіл мамандары Г.Мұқашева мен осы жолдардың авторы сөз сөйлеп, абыз ақын Қадыр Мырза Әлидің өмір жолы туралы баяндады. Кеш соңында жиналғандар естелік суретке түсті.

Н.Аймағамбетова,Шежін орта мектебінің

мұғалімі

Жуырда дәл осындай тақырыпта Шежін ауылдық кітапханасында жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің 80 жылдық мерей тойына орай поэзия кеші өтті. Осы кеште ақынның өмір жолы туралы слайд көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды және мектеп оқушылары «Бір үзім нан», «Балалықсыз балалық», «Қазақ пен қонақ», «Домбыра», «Ақиқат туралы аңыз» т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқыса, 10-сынып оқушысы Бахтияр Ажгереев Қ.Мырзалиевтің сөзіне жазылған, Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін әуелете шырқады.

Page 2: с рождеством - old.baq.kzold.baq.kz/storage/05/0537dd626290960f7eff690d63492d47.pdf · Газет 1936 жылдан шығады Email:ekpin_1936@mail.ru №1-2 (8475)

2 9.01.2015 жыл Апта тынысы

Жаңа жылдың алғашқы күнінде аудан әкімі С.Әлиев бастаған бір топ делегация Ұлы Отан соғысының ардагерлері Рақым Сүндетбаев пен мерейлік Кереш Иманғалиев және Қапсиық Уәлиевтің шаңырағында болып, мерейтой иелерін 90 жастарымен құттықтады.

Қариялардың иығына шапан жауып, естелік сыйлықты табыстаған Санжар

Жұматайұлы ардагерлерге Жеңіс тойында кездесуге нәсіп етсін деп, игі тілегін білдірді.

Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшсы С.Рахимов пен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез де ыстық лебіздерін жеткізді. Үрім-бұтағын жинап, мерекелік дастархан басында бас қосқан ақсақалдар мерейтойға аман жеткеніне шүкірлік қылып, бұл шараны аудан басшысының жаңа жылдағы жаңа бастамасы деп қабылдады.

Өз тілшіміз

Мерейтой иелерін құттықтады

В ночь с 6 на 7 января православные всего мира встречают Рождество Христово. Это первое церковное торжество в году и второй по значимости праздник в христианском календаре.

Не остались в стороне и жители Таскалинского района. В преддверье рождественского праздника в районном доме культуры для жителей Таскала был накрыт праздничный стол. Организатором мероприятия был Таскалинский районный отдел развития языков, физической культуры и спорта. С сердечным пожеланием выступил аким Таскалинского районна С.Алиев: «УважаемыеТаскалинцы, этот светлый и добрый праздник желаю всем жителям Таскала крепкого здоровья, чистого и мирного неба над головой, и пусть в ваших семьях царит тепло и взаимопонимания» по окончанию мероприятия огромную благодарность выразили приглашенные ветераны, пожелав процветания нашей стране, и нашему району.

М.Жексенгалиев

Мереке ауылдық округ бойынша барлығы – 812 адам, 215 отбасы тұрып жатыр.

Есепті кезеңде барлығы 6 азамат ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауында болып, жазбаша 208 өтініш түсті.

2014 жылдың бюджеттік қаржы игеру деңгейі жоспар бойынша 99,9% құрады.

Ауылымызда 10 отбасыға 142,4 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі көрсетілді, 18 отбасыға 594,5 мың тенге көлемінде балалар жәрдемақы тағайындалып төленді. 45 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, соның ішінде 8 адам аз қамтылған отбасы мүшелері. Жаңа 23 жұмыс орны ашылды, жұмысқа 26 адам орналастырылды, соның ішінде 1 адам аз қамтылған отбасы мүшелерінен. 7 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастарылды, 1 жас маман жастар практикасы бағдарламасымен ауылдық округ әкімі аппаратында жұмыстанды, 1 адам Орал қаласына дәнекерлеуші мамандығына оқуға жолданып 9 айлық оқу курсында оқып жатыр.

Мал шаруашылығы.Ауылдық округ бойынша 25 шаруа

қожалық нысандары тіркелген, соның ішінде 18 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады.

Ауылдық округ бойынша бүгінгі күнге ірі қара мал саны - 2792 бас, қой мен ешкі – 2321 бас, жылқы – 307 бас, түйе – 1 бас, құс – 1726 басты құрап отыр. Былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, ірі қара мал саны – 341 басқа, қой мен ешкі саны – 469 басқа, жылқы – 26 басқа, құс – 15 басқа көбейіп отыр.

2014 жылы 3979 центнер - ет өнімі, 16222 центнер - cүт, 145 мың дана - жұмыртқа және 40 центнер - жүн өндірілді. Былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, ет өнімі – 100 центнерге, сүт өнімі – 539 центнерге, жүн өнімі – 1 центнерге көбейіп отыр.

Малға керекті шөп жоспары 101 пайызға орындалып, 45620 центнер шөп дайындалды.

2014 жылы округ бойынша 116 бас сиыр мен қашар қолдан ұрықтандырылды.

Мал шаруашылығын дамытуға «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде ауылдық округ бойынша 3 ауыл тұрғыны 5 млн. 800 мың теңге көлемінде жеңілдетілген пайызбен несие алып, 38 бас – ірі қара малдары сатып алынды.

Кәсіпкерлік.Ауылымызда заңды түрде тіркелген

5 азық-түлік дүкені, 1 тойхана халыққа қызмет көрсетеді. Орал-Мереке маршруты бойынша Газель автокөлігімен жолаушылар тасымалданады.

Сонымен қатар, Мереке ауылында ауыл тұрғындарын нан өнімдерімен қамту мақсатында желтоқсан айында «Бейбарс» ЖК шағын наубайхана ашып, өз жұмысын бастады.

Білім беру саласы.Ауылдық округте жалпы білім беретін

Мереке орта мектеп балабақшасы жұмыс жасайды. Мектепте барлық оқушылар саны – 112, сонымен бірге мектепалды даярлық тобында – 13 бала, балабақшада – 25 бала, шағын орталықта – 15 тәрбиеленуші бар. Жалпы білім беретін Мереке орта мектеп-балабақшасының 2013-2014 оқу жылындағы қорытындысы бойынша білім сапасы – 66,3 %, ҰБТ көрсеткіші – 82,7 % құрады.

Ұжымдағы педагогикалық кадрлардың саны – 32, соның ішінде 4 тәрбиеші. Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 5 ұстаз келіп, қызмет атқаруда.

Медицина саласы.Мереке ауылдық округінің медициналық

пунктінде 3 орта медициналық білімді қызметкер жұмыс жасайды. Медициналық пункт ішінде дәріхана жұмыс жасайды.

Маммография тексеруден – 24, кольпоскопиялық қараудан - 22, флюрографиялық тексеруден жоспар бойынша 493 адам өтті. 34 - адам қан айналым жүйесі, 56 адам - қатерлі ісік ауруларының алдын алу скринингінен өтті.

2014 жылдың 1 қаңтарына дүниеге келген сәби – 19 бала, 2015 жылдың 1 қаңтарына – 9 бала құрап отыр.

Мәдениет саласы.2014 жылы 63 мәдени-көпшілік шара

өткізілді, 4900 көрермен қатысты. Мәдениет үйінде домбыра, вокал, драма үйірмелері жұмыс жасайды.

Абаттандыру жұмыстары.Ауылдық округ бойынша көктем

айларында санитарлық-экологиялық айлықтары өткізіліп, ауыл тұрғындары өз аулаларын көң-қоқыстан тазарту мақсатында жұмыстар жүргізілді.

Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 440 қаулысы

Тасқала ауданы бойынша 2015 жылғаарналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына, «2011-2015 жылдарға арналған Тасқала ауданының аумақтық даму бағдарламасы туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы №31-1 Тасқала аудандық мәслихатының шешіміне сәйкес және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Тасқала ауданы бойынша 2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстар жұмыссыздарға әдейі арналған уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылсын.

2. Қоса беріліп отырған Тасқала ауданы бойынша 2015 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландандыру көздерi бекiтiлсiн және қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.

3. Тасқала ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 352 «Тасқала ауданы бойынша 2014 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3394 тіркелген, 2014 жылғы 31 қаңтарда, 7 ақпанда «Екпін» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Тасқала ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы (А.Н.Сүлейменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен

соң қолданысқа енгізіледі.Аудан әкімінің міндетін атқарушы Л.Жұбанышқалиев

а Мемлекеттік тіркеу нөмірі 3747 31.12.2014 жыл

Постановление акимата района от 10 декабря 2014 года № 440

Об организации и финансировании общественных работ по Таскалинскомурайону на 2015 год

В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года №836 «О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», решением Таскалинского районного маслихата от 28 января 2011 года №31-1«О программе развития территории Таскалинского района на 2011-2015 года» и с учетом заявок работодателей акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

1. Организовать общественные работы по Таскалинскому району на 2015 год, путем создания временных рабочих мест предназначенных специально для безработных.

2. Утвердить прилагаемый перечень организаций, в которых будут проводиться общественные работы, виды, объемы и конкретные условия общественных работ, размеры оплаты труда участников и источники их финансирования и определить спрос и предложения на общественные работы по Таскалинскому району на 2014 год.

3. Признать утратившим силу постановление акимата Таскалинского района от 3 декабря 2013 года № 352 «Об организации и финансировании общественных работ по Таскалинскому району на 2014 год» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3394, опубликовано 31 января, 7 февраля 2014 года в газете «Екпін»).

4. Исполняющему обязанности руководителя аппарата акима Таскалинского района (А.Н.Сулейменов) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе «Әділет» и в средствах массовой информации.

5. Контроль за исполнением настоящего постановления оставляю за собой. 6. Настоящее постановление вводится в действие после дня первого официального

опубликования.

Исполняющий обязанности акима района Л.ЖубанышкалиеваНомер государственной регистрации 3747 от 31.12.2014г

Ауылдық округ әкімдерінің 2014 жылғы атқарылған жұмыстары туралы баяндамасының желісі

Мереке ауылдық округі

В канун Рождества Христова

Page 3: с рождеством - old.baq.kzold.baq.kz/storage/05/0537dd626290960f7eff690d63492d47.pdf · Газет 1936 жылдан шығады Email:ekpin_1936@mail.ru №1-2 (8475)

39.01.2015 жылЕсеп

2013 жылдың қорытындысы бойынша 2014 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткен есепті кездесу барысында аудан тұрғындарынан жалпы 15 сауал, ескертпе-ұсыныс келіп түсті. Соның ішінде ауыз сумен қамту, газдандыру, нысандарды күрделі жөндеу, жол жөндеу мәселелері қозғалды.

Нәтижесінде 9 мәселе толығымен шешілсе, 1-ші мәселе бойынша ағымдағы жылы қаражат бөлінуі күтілуде, 5-і қаражат тапшылығына және басқа да себептерге байланысты әзірге шешілмеді.

Аудан әкімі аппаратында бекітілген кестеге сәйкес жеке тұлғаларды өтініштерімен жеке қабылдау жүргізіліп, 2014 жылда барлығы 103 азамат қабылдауда болса, жазбаша 873 азаматтың өтініштері түсті. Барлық өтініштер бойынша заңмен белгіленген тәртіппен жауап берілді.

Қаржы саясаты

2014 жылға арналған аудандық бюджет 2 млрд. 044 млн 153 мың теңге көлемінде бекітілді. Жыл бойы аудандық бюджет бес мәрте нақтыланып, жыл соңында 2 млрд. 198 млн. 500 мың теңге құрады.

Жыл қорытындысы бойынша аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 100,9% орындалды.

Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 2 млрд. 190 млн. 500 мың теңге құрап, жыл қорытындысы бойынша 99,6% орындалды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2014 жылы ауылдық елді мекендерге тұрақты жұмыс жасау үшін келген 42 маманға 5 млн. 400 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақысы төленсе, тұрғын үй сатып алуға 38 маманға 103,5 теңге көлемінде бюджеттік несие берілді.

Егін шаруашылығы

2014 жылы жалпы дәнді дақылдардың 21 мың 300 гектар егістік жерінен, бір гектардан 5,6 центнер орташа өнімділігімен 11 мың 300 тонна өнім жиналды. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 4,5 есе артық. Жиналған көкөніс өнімдері 1460 тонна құраса, картоп 1440 тонна, бақша өнімдері 264 тонна құрады.

Есепті кезеңде майлы дақылдардың егіс көлемі 2 мың 163 га кұрап, ауа райының қолайсыздығынан 320 га егіс есептен шығарылды. Нақты жиналған 1 мың 843 га егістен әр гектардан 3,1 центнер орташа түсіммен 874 тонна өнім алынды.

2015 жылы егісік жұмыстарын жүргізу үшін ауданға қажетті 2 мың 136 тонна жаздық дәнді дақылдар тұқымының, бүгінгі күні дайындалғаны - 910 тонна жаздық бидай және 350 тонна арпа, яғни 59,2%, орындалмау себептері ауданда тұқым шаруашылығы жоқтығы және ағымдағы жылдың түскен өнімдерінің сапасы нашар болып, тұқым кондициясына сәйкес келмеуі. Жетіспейтін тұқымды ауданның шаруашылық басшылары облыс аумағындағы тұқым шаруашылықтарынан алуға келісім шарт жасауда.

2014 жылы егін шаруашылығымен айналысатын 26 шаруашылыққа жанар-жағар май бағасын және гербицид құнын арзандатуға 25 млн.теңге субсидия төленді. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 125% артық.

2014 жылы 60 мың тонна шөп дайындалып, жоспар 103% орындалды.

Сонымен қатар, мал азығының құнарлығын арттыру мақсатында 2014 жылы 7291 га жерге екпелі егістік шөптер егілді, соның ішінде 5541 га жерге бір жылдық, 1750 га жерге көпжылдық шөптер егілді. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 3 есе артық.

Аудан бойынша пайдаланылмай жатырған ауылшаруашылық жерлеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2014 жылы 91 шаруа қожалықтарына жер телімін қайтару жөнінде ескертпе берілді.

Нәтижесінде өз арызы бойынша 38 шаруа қожалығының жалпы көлемі 17184 га жері иесіз мүлік ретінде есепке алынса, 22 шаруашылық жұмыс жасайтынын дәлелдеді. Қалған қожалықтар бойынша жерді қайтару мәселесі бойынша құжаттар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына және сотқа дайындалуда.

Мал шаруашылығы2014 жылдың 1 желтоқсанына ірі

қара мал саны 23448 бас құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 8% көбейді, ұсақ мүйізді мал саны 49018 бас құрап, 7%, жылқы саны 5045 бас құрап, 7% артты, түйе саны өзгеріссіз 7 бас құрады.

2014 жылдың 11 айында 3 мың 365

тонна тірі салмағында ет, 14 мың 853 тонна сүт, 3,5 млн. дана тұқым, 77,1 тонна жүн өндіріліп, жоспар толығымен орындалды.

Аудан бойынша 1112 бас асыл тұқымды ірі қара малы тіркелген, соның ішінде 145 асыл тұқымды бұқалар.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 3 шаруа қожалығымен 302,8 миллион теңге несиелік қаражат тартылып, игерілген қаржыға 140 бас аналық мал, 5 бас асыл тұқымды бұқалар алынды.

«Алтын асық» бағдарламасы арқылы «Қара-бура», «Ақ қайыр» шаруа қожалықтары «Аграрлық несие корпорациясына» 16,3 миллион теңге несие алуға құжаттары тапсырып, 869 бас қой сатып алу жоспарлануда.

«Құлан» бағдарламасы арқылы 1 шаруа қожалығы 12 млн. теңге несиелік қаражат игеріп, 48 бас жылқы сатып алды.

Инвестициялық салымдарды субсидиялауға аудан бойынша 8 шаруа қожалық 65,556 миллион теңгеге құжаттарды дайындап, «КазАгроМаркетинг» АҚ-ның филиалына тапсыра бастады.

Жалпы аудан бойынша малды тұқымдық түрлендіру үшін 67 шаруашылыққа 105 млн. 862 мың теңге субсидия төленді.

Есепті кезеңде 11 «Беларус-82.1» тракторы, 3 дана шөпбуғыш, 1 тіркеме сатып алынып, 6 шаруа қожалығының

өтінімдері бойынша 16 миллион 894 мың теңге инвестициялық субсидия төленсе, 2 шаруа қожалығының өтінімдері қаралуда (6 миллион 372 мың теңге).

«Ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында шетелдік селекциялық асыл тұқымды ірі қара малдарды сатып алу бағыты бойынша есепті кезеңде «Болашақ» шаруа қожалығы Ресей Федерациясынан 186 бас герефорд асыл тұқымды қашар сатып алып, 75 басты шаруашылыққа алып келсе, қалған 111 басты карантинге қойды. «Арай» шаруа қожалығы 94 бас қазақтың ақбас асыл тұқымды қашарларын сатып алды. «Армат» ШҚ «Орал ауылшаруашылық тәжірибелік стансасы» ЖШС-нен 50 бас герефорд асыл тұқымды қашар сатып алды.

2015 жылы ауданының тауарөндірушілері асыл тұқымды 100 бас отандық, 950 бас шетелдік селекция ірі қара мал, 600 бас ұсақ мүйізді мал және 40 бас жылқы сатып алуды жоспарлап отыр.

Кәсіпкерлік саласы Аудан бойынша 882 шағын бизнес

субъектілері тіркеліп, өткен жылдың осы кезенімен салыстырғанда 4,8 % көбейді. Соның ішінде жеке кәсіпкерлер саны өткен жылмен салыстырғанда 2,2 % көбейсе, шаруа қожалықтар саны 3,9% көбейді. Есепті кезеңде жалпы

710,431 млн. теңге өнімі өндіріліп қызметі көрсетілген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 7% артты.

Шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін адамдардың саны 1835 адам құрады, өткен жылмен салыстырғанда 2,2% көбейді.

Жалпы шағын бизнес субъектілерінен 48480,3 мың теңге салық төлемі түсті.

Есепті кезеңде ауданда несиелік қаражатқа және өзіндік қаражат есебінен жаңадан 1 кафе, 1 азық-түлік дүкені, 1 наубайхана, 1 аяқ киім тігу цехі, 1 шаштараз, 1 монша және кір жуатын кешен ашылды.

(Жалғасы 4 - бетте)

(Тасқала ауданының әкімі С.Әлиевтің 2014 жылы атқарылған жұмыстары туралы баяндамасының желісі)

АтқАрылғАн жұмыс Аз емес, орындАлАр іс орАсАн

Құрметті жерлестер! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығын орындау мақсатында аудан бойынша елді мекендерде бекітілген кестеге сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен есепті кездесулері өтеді.

Есепті кездесулер басталуы алдында өзіңіздің назарыңызға 2014 жылы атқарылған жұмыс туралы баяндамамның тезистерін ұсынамын.

Page 4: с рождеством - old.baq.kzold.baq.kz/storage/05/0537dd626290960f7eff690d63492d47.pdf · Газет 1936 жылдан шығады Email:ekpin_1936@mail.ru №1-2 (8475)

Есеп4 9.01.2015 жыл

Білім беру саласы

2014-2015 оқу жылы мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер саны 325 оқушы құрап, 2013-2014 оқу жылының көрсеткішімен салыстырғанда 53 балаға артса, 1 сынып саны үшке артып, 26 сынып құрады.

2013-2014 оқу жылын аудан бойынша мектеп бітіруші 127 түлектің 83-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Сынақ нәтижесінде 6 «Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің 1-і, 5 «Ерекше» аттеcтат алуға үміткерлердің 1-і өз білімдерін дәлелдеді. Аудан бойынша орташа балл – 84,2 құрады.

2014 жылғы жоғары оқу орындарының мемлекеттік гранттарына аудан бойынша 25 мектеп бітіруші ие болды. «Сәулет» мектеп-лицейінің 18 түлегінің 15-і грант иегері атанды.

2014-2015 оқу жылында Қ.Сәтбаев және С.Жақсығұлов атындағы орта мектебіне 8189 мың теңгеге химия кабинеті алынды.

Денсаулық сақтау

саласы Есепті кезеңде дүниеге келген

нәресте саны 278 баланы құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,4% төмендеді, өлім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 21,8% азайып, 125 жағдайды құрады. Соның ішінде сәби өлімі 3 жағдай тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 40% төмендеді. Табиғи өсім көрсеткіші 8,9 –ды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда бір деңгейде қалды.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы 2014 жылы «Аумақты дамыту» және

«Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік

бағдарламасына қатысуға 1430 адам жолықты. Жұмыссыздықтың әлеуметтік қорғау шараларымен

1568 адам қамтылды, соның ішіңде қоғамдық жұмысқа 681 тартылып, жоспар 170,3% орындалды, кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарына жоспар бойынша 69 адам жолданып, толықтай оқуын аяқтап, 26 жұмысқа орналастырылды. Жалпы бөлім арқылы 418 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланса, нәтижесінде 573 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 137,1% орындалды.

Аудан бойынша 130 әлеуметтік жұмыс орны ашылып, 198 адам жолдама алды. Әлеуметтік жұмысты аяқтаған 198 адамның 69-ы немесе 35% жұмысқа орналастырылды.

2014 жылы аудан аумағындағы 32 мекемемен келісім шарттар жасалып, 34 жас маман жастар тәжірибесіне жолданды. Жастар тәжірибесін аяқтаған 30 адамның 20-ы немесе 67% жұмысқа орналасты.

Аудан бойынша 2014 жылы 477 жаңа жұмыс орны ашылып, жоспар 100% орындалды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда, 25 орынға артық.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша ауданға бөлінген 51 млн. теңге несиелік қаражат комиссия шешімі бойынша түскен жобаларды сараптау нәтижесінде 32 адамға (1 – мүгедек, 25- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 6- жұмыссыз) бөлініп, игерілді.

Мәдениет саласыАудандық мәдени-демалыс

орталығы жыл бойы бекітілген жоспарға сәйкес 647 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырып, оған 63 мың 600 көрермен қамтылды.

Аудандық бюджеттен 2 млн. теңге қаржы бөлініп, хор ұжымына, халықтық «Надежда» вокальды ансамбліне, жекелеген өнерпаздарға киімдер тіктірілді.

Ауданның көркемөнерпаздары республикалық, аймақтық және облыстық байқауларға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Соның ішінде «Жас дәурен» халықтық фольклорлық ансамблі «Ғасырлар үні» атты облыстық ұлттық фольклорлық

ансамбльдер байқауында 1 орын, “Елім менің” атты хор ұжымдары мен вокальды топтар арасында өткен облыстық байқауда ауданның хор ұжымы І орынды иеленді.

Мәдени-демалыс орталығы жанындағы «Жібек жолы» би тобы Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған «Тұлға» халықаралық фестивалінде хореография номенациясы бойынша 1 орынға ие болды.

Спорт саласы 2014 жылы Амангелді ауылдық

округінің І Шежін ауылында жергілікті кәсіпкердің демеушілігімен спорт алаңы ашылды.

Ауданымызда 33 спорттық шара өткізіліп, оған 3176 адам қатысса, ауданның 228 спортшысы 21 облыстық жарысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болса, бір спортшы пауэрлифтингтен республикалық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды.

Құрылыс саласы2014 жылы «Лайгэ» ЖШС-і жалпы

101,87 млн. теңге қаражатқа «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Ақтау ауылы су құбырының қайта құру жұмыстарын аяқтап пайдалануға

тапсырды. Сонымен қатар, жеке тұрғын үй

құрылысын жүргізу үшін «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша Тасқала ауылының солтүстік бөлігінде 118 тұрғын үйлерге арналған и н ж ене р л і к - к о м м у н и к а ц и я л ы қ инфрақұрылымдарын дамыту және жайластыру нысанының құрылыс жұмыстары аяқталды.

Есепті кезеңде аудан бойынша жалпы көлемі 2078,86 шаршы метр құрайтын 24 жеке тұрғын үй құрылысы аяқталды.

2014 жылы ауылдық округтерде иесіз көң-қоқыс шығаруға және көң-қоқыс төгу орнын абаттандыру жұмысына 4,7 млн. теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілді. Тасқала ауылыныда 1,7 млн.теңгеге 20 арнайы алаңдар жасалып, 60 контейнер орнатылды.

Тасқала ауылы Абай көшесінде жалпы 4,4 млн. теңгеге жаяу жүргіншілер жолына ұзындығы 454 шаршы метр жерге брусчатка төселді.

Тасқала ауылының көшелеріне қосымша 2,6 млн. теңгеге 4 бейне бақылау камералары орнатылып, Молодежная көшесінің ұзындығы 300 метр жолына 7,118 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Оян, Ақтау ауылының көшелеріне 3,415 млн. теңгеге, Тасқала ауылының Карбышев, Шевченко, Чурилин көшелеріне 2,1 млн. теңгеге жергілікті материалды төгіп тегістеу жұмыстары жүргізілді.

Тасқала ауылында мүгедектерге қызмет көрсетуге бейімделген мекемелер қасында жаяу жүргіншілер өткелдеріне дыбыс және жарық қондырғыларын орнату, жол белгілерін дайындап орнату жұмыстары 2,2 млн. теңгеге атқарылды.

Ішкі саясат

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі басымдықтарды түсіндіру мақсатындағы республикалық, облыстық, аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшелері 12 рет ауылдық округтерге шығып, 8500 адамды қамтыған 75 кездесу өткізді. Кездесу барысында Жолдауда баяндалған тапсырмаларды орындау мақсатында ауданда және облысымызда атқарылып жатқан істер бойынша ақпарат беріп, түсінік жұмысын жүргізді.

Елбасы Жолдауындағы негізгі басымдықтарды ақпараттық сүйемелдеу мақсатында аудандық «Екпін» газетінің сандарында 39 мақала топтамасы жарық көрді. Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының үгіт идеяларын насихаттау үшін, аудан орталығы мен ауылдық округтерде 12 билборд, 4 баннер, 29 стендтер орналастырылды.

Ауданда «Нұр Отан» партиясының қатарында 1230 мүшесі бар 12 бастауыш партия ұйымдары белсенді жұмыс атқарып келеді. Аудандық филиалдың қоғамдық қабылдауына еңбекпен қамту, тұрғын үй, жер мәселесі, кәсіпкерлікті қолдау, жас мамандарды ауылға тарту, сапалы білім, медициналық көмек т.б. мәселелер бойынша аудан басшылығы, құқықтық қорғау орган басшыларымен және тағы да басқа мекеме басшыларымен жыл басынан бері жүздің үстінде қабылдау өткізілді. Бұл өтініштер тиісті құзырлы органдарға беріліп, 75 пайызы оңды шешімін тапты. Өзге өтініштер партия филиалы тарапынан бақылауға алынды. Жыл сайын партияның қоғамдық қабылдауына келетін жандардың қатары артып келеді. Бұл орайда арыз-шағымдардың түсуінің өсуі тұрғындардың біздің

партияға деген сенімінің жоғары деңгейде екенін білдіреді.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық Кеңес және партиялық бақылау комиссиясы өз жұмысын жоспарға сәйкес жүргізуде. Олар әр түрлі тыңдаулар, рейдтер, мониторингтер өткізіп, түскен материалдарды қарап, тиісті шешім қабылдап отырады. Аудандық партия филиалы жоғарғы органдардың шешімдерін басшылыққа ала отырып, өз жұмыстарын қайта құруда. Филиал «Электрондық партия» жүйесіне қосылды, бейнекамера орнатылды, азаматтардың қоғамдық қабылдаулары электронды түрде жүргізіледі. Партияның «Кедергісіз келешек» жобасына қатысты жұмыстар кең өріс алуда. Аудандық филиалда апта сайын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке қабылдаулары жүргізіледі, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен

АтқАрғАн жұмыс Аз емес,(Жалғасы. Басы 3-бетте)

Page 5: с рождеством - old.baq.kzold.baq.kz/storage/05/0537dd626290960f7eff690d63492d47.pdf · Газет 1936 жылдан шығады Email:ekpin_1936@mail.ru №1-2 (8475)

59.01.2015 жылЕсеп

бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері өткізілді. «Кедергісіз орта» қалыптастыру бағытында әлеуметтік нысандарда инфрақұрылым объектілеріне бейімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Есепті мерзімде аудандық партия филиалының кезектен тыс 3 конференциясы, Саяси кеңесінің 4 отырысы және 18 Саяси кеңесінің Бюро отырыстары оздырылды. Конференциялардың күн тәртібінде «Нұр Отан». Нұрлы болашақ

жолында» атты партияның саяси доктринасының жобасы, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын аудан партия ұйымының міндеттері, филиал төрағасын сайлау сияқты мәселелер қаралды. Ауданда жастар саясатын іске асыру жұмысын одан әрі дамыту мақсатында 2014 жылдың сәуір айынан ауданда жастар ұйымдарын қолдайтын және дамытатын Тасқала ауданы әкімдігі Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» ашылып, жұмыстануда. Есепті мерзім ішінде аталмыш Орталықтың ұйымдастыруымен 35 шара, 8 кездесу өткізілді.

Терроризм және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында Тасқала ауданы әкімі аппаратының жанынан 2013 жылдың тамыз айында құрылған Тасқала аудандық терроризмге қарсы комиссиясы 2014 жылы бекітілген жұмыс жоспарына

сәйкес 5 отырыс өткізілді. Комиссия отырысында берілген тапсырмалар уақытылы және толығымен орындалды.

Жергілікті жерлердегі тұрғындар арасындағы діни көзқарастар, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бағытында мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуымен діни ағартушылық мақсатта есепті мерзім ішінде діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-насихаттық тобы мүшелерінің қатысуымен аудан бойынша 1753 адамды қамтыған 52 кездесу және 6 шара өткізілді. Дін мәселелері бойынша аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында 27 ақпараттық материалдар шықты.

Қоғамдық тәртіп. 2014 жылы тіркелген қылмыстар саны 2013 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 13,5% артты. Тіркелген қылмыстың 81,1% бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысын

құрады. Соның ішінде 22% мал ұрлығы болса, 23% ұялы телефон ұрлығы.

Құрметті жерлестер! Өткен жылы атқарылған игі істердің барлығы да баршаңыздың қоян қолтық жасаған жұмысымыздың нәтижесі деп білемін.

2014 жылы Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған бағыттар бойынша атқарылатын істер одан да артады. Елбасының 2014 жылы жариялаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауында белгіленген мақсаттарға жетіп, міндеттерді абыроймен атқаруда баршамызға сәттілік тілеймін. 2015 жылы барша Тасқалалықтар ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауылымызды одан әрі көркейтуде қолдау көрсетеді деп сенемін.

орындАлАр іс одАн дА көп

Заңды тұлғалардан 2014 жылы 25 арыз-өтініштер қабылданып қаралды, бұл көрсеткіш 2013 жылмен (131) салыстырғанда 80,8%-ға азайды. Жеке тұлғалардан 2013 жылы 2507 арыз-өтініштер түскен болса, 2014 жылы 402 арыз-өтініш қаралып 84%-ға азайды. Азаматтарды қабылдау саны 2013 жылы 7 болса, 2014 жылы 1 қабылдау болып 85,7 % азайды.

Округ бойынша 2014 жылғы «Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салығы» және «Елді мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы» бойынша 228203 теңге жиналды. 2013 жылмен салыстырғанда 77961 теңгеге артық жиналып, 152% құрады.

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы бойынша 247 мың теңгеге иесіз қоқыстарды шығару жұмыстары (Ахметкалиева,Чурилина көшелері), 88,9 мың теңгеге ескерткіштерге ағымдағы жөңдеу жұмыстары, (Азалы ана, Бүркіт, Азамат соғысы жауынгерлерінің ескерткішіне), 88,9 мың теңгеге теректер мен электробағаналарды ақтау, сырлау жұмыстары (Тасқала ауылдық округіндегі орталық көшелер және Маметов көшесіндегі автомобиль көпірі),1350,0 мың теңгеге 3 балалар ойнайтын алаң жасалды, “Бірлік” ауылы, “Шевченко”, “Садовая” көшелері), 1400,0 мың теңгеге көпірлеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (Тасқала ауылындағы 2 көпірге және Бірлік ауылындағы көпірге), аудандық әкімдіктің жанында орналасқан саябақтың абаттандыру және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1450 мың теңге жұмсалды, 2390 мың теңгеге Тасқала ауылындағы көң-қоқыс орны абаттандырылды. 279,0 мың теңгеге Бірлік ауылындағы 1 ашық құдыққа және Тасқала ауылындағы 2 ашық құдыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу бағдарламасы бойынша 1504,0 мың теңгеге Толстой көшесіндегі №27 үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы: Округ бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына ірі қара мал саны - 3010 бас, қой мен ешкі - 6625 бас, жылқы - 315 бас, шошқа - 90 бас, құстар - 8046.

2014 жылы барлығы 6 340 га жерге дәнді-дақылдар салынса, соның ішінде - 3 466 га жазғы бидай, 2 579 га арпа және 130 га жерге күнбағыс егілді. Сонымен қатар, 1 689 га жерге жем-шөп дақылдары (кормовые) оның ішінде 260 га – судан шөбі, 1 117 га – сорго, 317 га жерге житняк егілді. 10 га жерге бау-бақша өнімдері отырғызылды.

Кіші және орта бизнес: Округте 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 41 шаруа қожалығы, 380 жеке кәсіпкер тіркелген, соның ішінде 5 мал шаруашылығымен, 18 аралас, 16 егіншілік, 2 бақша егумен айналысады. 2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасымен Тасқала ауылдық округі бойынша 15 адам 23 млн. 600 мың теңгеге несие алып отыр. Соның ішінде 9 адам мал шаруашылығын дамытуға, 1 адам құс, шаруашылығына,

1 адам қоғамдық монша ашуға, 2 адам бау-бақша егуге, 1 адам шаштараз ғимаратын салып, ісін жалғастыруға, ал, 1 адам аяқ-киім тігу цехын ашуға несие алды. Күні бүгін олардың барлығы да өз жұмыстарын жандандыру үстінде. Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңадан тігін цехы ашылды. Аудан әкімі С.Әлиевтің тапсырмасы бойынша, азық-түлік тауарларының бағасын арзандату мақсатында ауылшаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өткізіліп, оған жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары әр апта сайын қатысып, халыққа арзан бағамен өз өнімдерін ұсынды.

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту: 2015 жылдың 1 қаңтарына округ бойынша 320 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде аз қамтылғандар 36 адам. Әлеуметтік жұмыс орнына 55 адам орналастырылды. Қоғамдық жұмысқа 337 адам жіберілді, соның ішінде 115 адам аз қамтылғандар. Кәсіби оқуға 21 адам жіберілді, соның ішінде 2 адам аз қамтылған. Ауылдық округ әкімі аппараты мен ақсақалдар кеңесі ауыл тұрғыны 2 топ мүгедегі А.Сүндетоваға 340 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті. Демеушілердің көмегімен пәтеріне жөндеу жүргізіп, жылыту жүйесі орнатылды. ҰОС ардагері С.Ілиясовтың пәтеріне «Жайнай бер “Тасқала» қорынан қаражат бөлініп, 85 мың теңгеге пәтері жөнделді. Қайырымдылық айлығында «Қариялар күні» мерекесіне орай жеке кәсіпкер М.Түркешева мен К.Нигметованың ұйымдастыруыменен 75 адамға мерекелік дастархан жайылды.

Абаттандыру: Бір ай ішінде 8 сенбілік ұйымдастырылып, 1400 көшет отырғызылды. Тасқала ауылында орналасқан 3 саябақ тазартылып, қалыптарына келтірілді. 0,22 га жерге 11 дана гүлзарлар орналастырылды. Тамыз айында Тасқала ауылдық округі бойынша өткізілген «Таза жағалау» акциясына 48 мекемеден 400 адам, 4 техника қатысып, 200 тонна көң-қоқыс шығарылды. Тасқала ауылының Абай көшесін жарықтандыруға 798,0 мың теңгеге 38 бірлік энергия үнемдеу шамдары орнатылды. Тасқала ауылының Абай көшесі бойына 4396,2 мың теңгеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді. «Елді мекендерде жол қозғалысын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша Тасқала ауылында 4 бейне бақылау камерасын орнату жұмыстары 2598,2 теңгеге жасалды. «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында аймақтардың экономикалық дамуына шаралар іске асыруына жәрдемдесу бағдарламасына сәйкес Тасқала ауылы Молодежный көшесінің 300 метр жолын жөндеуге 6 552,0 мың теңге жұмсалды «Автомобиль жолдарын күтіп ұстауды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша Тасқала ауылының Карбышев (391,6 мың теңгеге), Шевченко (612,2 мың теңгеге) және Чурилин (1178,5 мың теңгеге) көшелеріне жергілікті материалды төгіп тегістеу жұмыстары жүргізілді. Тасқала ауылы бойынша 20 алаңға 1 749 000 теңгенің 60 көң-қоқыс салатын контейнерлері қойылды.

ауылдық округ әкімдерінің 2014 жылғы атқарылған жұмыстары туралы баяндамасының желісі

Тасқала ауылдық округіАуылдық округі бойынша барлығы 1401 адам

тіркелсе жалпы аула саны 364-ті құрайды.Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі арқылы жұмысқа орналастырылғандар саны – 2 адам, соның ішінде мүгедектерді жұмысқа тарту бойынша 1 адам – 3 топ мүгедегі жұмысқа орнастырылды.

Елбасы Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау аясында ауыл орталығына 2 билбордтар орнатылды.

Былтырғы жылы ауыл тұрғындарымен 15 жиналыс өткізілді.

Ауылдық округ бойынша төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі комиссия құрылып, көктемгі су тасқынының алды-алу, дала өртіне қарсы және суға шомылу маусымында қауіпсіздік пен тәртіп ережелерін сақтау туралы жиналыстар өткізілді.

Жастар арасында спортты үгіттеу мақсатында «Сүндеткалиев» ШҚ басшысы Аймұрза Сүндеткалиевтің демеушілігімен 1 – Шежін ауылында футбол алаңы салынды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауылдық округте балаларға арналған үш ойын алаңы іске қосылып, Амангелді ауылында «Даңқ аллеясы» салынды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 3 ауыл тұрғыны 5,7 млн теңгеге несие алды. Соның ішінде Мұқсин Мақауов 3 млн. теңге мал шаруашылығын дамытуға, ал, Мейрамгүл Ажғалиева 1,2 млн. теңге - тігін цехын кеңейту мақсатында, Жанна Бисалиева 1,5 млн. теңге – шағын наубайхана ашу үшін.

Бірнеше жылдан бері шешілмей жүрген мәселе бұл Амангелді ауылының Бесауыл бағытына ауыз су тарту мәселесі . 2014 жылдың тамыз айында Амангелді ауылындағы Амангелді, Жуков және Ленин көшелеріне ауыз су өткізілді.

Қазақстан Республикасының Конституция күні, «Олимпиада күні», «Отбасы күні» және т.б. мерекелеріне орай ауылдық округте мерекелік концерт пен спорттық іс-шаралар өткізілді.

«Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы аясында Амангелді ауылдық округі бойынша 5 аз қамтылған отбасыға ақшалай көмек көрсетілді. «Қариялар күніне» арналған ауылдық округтің мекемелер, шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен округтің 30 қариясына мерекелік дастархан әзірленді. Амангелді ауылдық округі бойынша «Мектепке жол» акциясы барысында ауылдық округ мекемелері мен кәсіпкерлер 11 балаға көмек көрсетті.

Амангелді ауылдық округі

Page 6: с рождеством - old.baq.kzold.baq.kz/storage/05/0537dd626290960f7eff690d63492d47.pdf · Газет 1936 жылдан шығады Email:ekpin_1936@mail.ru №1-2 (8475)

Есеп6 9.01.2015 жыл

Округ аумағы 165,7 шаршы км құрайды. Округке қарасты төрт елді мекен бар. Халық саны 1285 адам.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Ауылдық округте 29 шаруа қожалығы, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1 Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Ақжайық етті-жүнді бағыттағы асыл тұқымды қой шаруашылығы бар. Округіміздің шаруашылық бағыты негізінен мал өсіру. Қазақстан ауылдық округінде 2014 жылға мал басы статистикалық есеп бойынша ірі қара мал 3211 бас, соның ішінде 1660 бас шаруа қожалықтардың малы. Қой мен ешкі 7458 бас, жылқы 1147 бас, құстар 3229 құрап тұр. 2013 жылдың 11 айымен салыстырғанда ірі қара мал 47 басқа, қой мен ешкі 958 басқа, жылқы 133 басқа көбейді.

«Армат» шаруа қожалығы биылғы жылдың басында 50 бас герефорд асыл тұқымды қашар сатып алды, «Мақсот» шаруа қожалығы 5 бас, «Кублей» шаруа қожалығы 2 бас, «Әскербек» шаруа қожалығы 1 бас қазақтың ақ бас тұқымды бұқаларын сатып алды

Округ бойынша ауыл шаруашылығы паркі жылма - жыл жаңартылып келеді. «Кублей» шаруа қожалығы лизингке 1 МТЗ-82 техникасын және 1 рулонды/теңді сығымдауыш – іріктеуіш, 1 шөп шапқыш алса, «Әскербек» шаруа қожалығы 1 рулонды/теңді сығымдауыш – іріктеуіш сатып алса, «Жұмалы» шаруа қожалығы 2 МТЗ-82 тракторын, 1 рулонды/теңді сығымдауыш – іріктеуіш, 2 шөп шапқыш (КДП 4), 2 тырма техникаларын сатып алды.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС. Ауылымызда 5 кәсіпкер өздерінің дүкендері арқылы ауыл тұрғындарын қажетті азық-түлік және тұрмысқа қажетті тауарларымен қамтамасыз етеді.

2014 жылы ауылымызда тағы да бір жаңа азық-түлік дүкені ашылып, бүгінгі таңда жас кәсіпкер ауыл тұрғындарын азық-түлікпен және 3 адамды жұмыспен қамтуда.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА. 2014 жылы 29 отбасы (64 бала) балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алса, I, ІІ тоқсандарында 5 отбасы тұрғын үй

көмегін, ІІІ тоқсанда 1 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Мүмкіндігі шектеулі 1 балаға әлеуметтік қызметкер үнемі түрде, жалғыз тұратын 5 зейнеткерге аптасына 2 рет қызмет көрсетеді.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған адам саны 93, 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 82, соның ішінде тұрақты, уақытша, маусымдық және әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандар 40, қоғамдық жұмысқа тартылғандар 34, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жолданғандар 6, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасы қатысушылар саны 13 адам. Есепті кезеңде округте 26 жаңа жұмыс орны құрылды.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ. Округте 1 орта жалпы орта білім беретін мектеп бала бақшасы жұмыс жасайды. 2013-2014 оқу жылындағы педагогикалық қызметкерлер саны 31.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ. Ауылдық дәрігерлік амбулаториясында фельдшер, акушер, патронаждық медбике, зертханашы және биылғы жылы 1 жас маман келіп жұмыс атқаруда.

Жоспар бойынша қазіргі уақытта флюрографиялық тексеруден 88%, яғни 620 адам өтті. Қан айналымы ауруы бойынша скрининг тексеруден өткені 166, көз ауруы бойынша скрининг тексеруден өткені 176, тік ішек ісігі ауруына скрининг тексеруден өткені 109 адам.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ. Округімізде 120 орынға арналған 1 ауылдық Мәдениет үйі бар. Мәдениет үйінде көп жылдан бері 3 үйірме жұмыс жасап келеді: би, домбыра, вокал.

Мәдениет үйінің ғимаратының екінші жартысында 12904 дана кітап қорымен ауылдық кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.

АБАТТАНДЫРУ. Бюджет қаражаты есебінен 813,0 мың теңгеге Атамекен ауылының көң - қоқыс орны қоршалды. 300,0 теңге қаражат иесіз көң - қоқысты шығару жұмыстарына жұмсалды. 1,085 млн теңгеге Атамекен ауылында саябақ қоршауы жайландырылып көктемгі тал егу жұмыстарына жер қыртысы өңделіп дайындалды.

ауылдық округ әкімдерінің 2014 жылғы атқарылған жұмыстары туралы баяндамасының желісі

Қазақстан ауылдық округі Ақтау ауылдық округіАуылдың әлеуметтік саласы: Округ аумағында төрт елді мекен – Черная Падина,

Қызылбас, Беленький, Ақтау ауылдарында 5 ұлт өкілдерінен құралған 1395 адам тұрады. Жалпы аула саны: 284.

Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 2 адам жастар тәжірибесінен өтті. Аудандық жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар есебінде тұрған 3 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар 9 адам тұрақты жұмысқа қабылданды. 2014 жылы 48 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.

Білім саласы. Мектебіміз 2013-2014 оқу жылының ІІ жартыжылдығын 135 оқушымен бастады. Мектептің оқу-тәрбие жұмысы оқу жылының басында педагогикалық кеңесте бекітілген жоспар бойынша жүргізілуде. Есепті кезеңде мектепке 1086 мың теңгеге үш жылу қазандағы мен бір генератор (котел) алынды. Мектепті биыл 8 түлек аяқтап, 4-і ҰБТ қатысып, қорытынды 71,5 пайыз көрсеткішті көрсетіп отыр. Мектепте 32 мұғалім еңбек етсе, оның 2-і жоғары санатты, 12-сі І санатты, 10-ы ІІ санатты және 8-і санатсыз. ІІ жартыжылдықта тегін ыстық тамақпен аз қамтылған және көп балалы жанұялардың 28 баласы және 1-5 сынып оқушылары қамтылды.

Денсаулық саласы. Ауылымыздың денсаулық сақтау жүйесінде 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фелдшерлік пункт бар, барлығы 7 орта медицина қызметкері жұмыс атқаруда. Осы жылдың ІІ жартыжылдығында амбулаторияға жедел жәрдем көлігі берілді.

Кәсіпкерлік. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша 1 шаруа қожалығы мен 4 ауыл тұрғыны 5 млн. 900 мың теңге несие алып, мал басын көбейтумен айналысу үстінде. Сонымен қатар 1 жеке кәсіпкер 3 млн. теңге несие алып, ағымдағы жылдың 17 қазаны күні «Аудан күні» шарасында «Наубайхана» ашты, қазіргі уақытта ауыл тұрғындары нанмен қамтамасыз етіліп отыр. Нан бағасы 65 т. құрайды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша бір шаруа қожалық мал басын асылдандыру бағытында 3 млн. теңге несиеге, 14 бас қашар, 2 бас асыл тұқымды бұқа алып жұмыстануда.

Ауылымызда 4 азық- түлік дүкені, 1 киім-кешек дүкені, «Райгүл» ЖК тігін шеберханасы, шаштараз халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Ауыл шаруашылығы саласы. Елбасы өз Жолдауында және Қазақстан-2050 стратегиясында ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажеттігіне тоқталған болатын.

Егін шаруашылығы. Ауылдық округте 47 шаруа қожалығы бар. Оның 15-і егін егумен, қалғандары мал өсірумен, шөп шабумен айналысады. Есепті кезеңде 4635 т. шөп шабылып, барлық ауыл халқы қысқа әзірленіп, қамданды.

Ақтау ауылдық округі бойынша шегіртке улау жұмыстарының жоспары 100% орындалып, 1000 га жер өнделді.

Мал шаруашылығы. Ақтау ауылдық округінде 2015 жылдың 1 қаңтарына статистикалық есеп бойынша ірі қара мал саны 1891 бас, соның ішінде 892 бас шаруа қожалықтарының малы. Қой мен ешкі 3430 бас, шаруа қожалықтары бойынша 1396 бас, жылқы саны 219 бас болса, ШҚ бойынша 114 бас, құстар саны 1861, ШҚ бойынша 471-і құрады. 2014 жылға жоспарланған барлық ветеринарлық жұмыстар толығымен жүргізілді.

Абаттандыру. Көктем айында ауыл ішінен 200 тонна көң-қоқыс шығарылды. Ауыл саябағындағы теректер әктеліп, тазарту жұмыстары жүргізілді. Ауылдың шетіндегі қатты қоқыс қалдықтарын төгетін орындар тазартылды. «Ақбұлақ» бұлағы сырланып, жаңартылды.

Көгалдандыру. Көгалдандыру және экологиялық айлық аясында 2014 жылы ауылымызда 80-ге жуық жеміс-жидек ағаштары ауылдық округ пен мектеп айналасына отырғызылды, жұма сайын сенбілік жұмыстары өткізіліп, теректер әктеліп бапталды.

Жолдарды жетілдіру және жөндеу. Аудандық ТҮКШ және АЖ бөлімі арқылы 1042 550 теңге қаржы бөлініп, ауылішілік автомобиль жолдарына әктас (опок) төсеу жұмыстары жүргізілді. Ауылдың арғы бетіндегі Достық көшесіне 2 км жолға әктас (опок) төселді.

Беленький елді-мекенінің су жырып кеткен жерін қалпына келтіру үшін, аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар бөлімі арқылы жанар-жағар май алынып, елдімекен бойынша шаруа қожалықтарының басшылары мен ауыл тұрғындары өздері бірлесе отырып қатынас жолды қалпына келтірді.

Мерей ауылдық округі Мерей ауылдық округінде 5 елді мекен бар. Округ

бойынша бірнеше ұлттың өкілдерінен тұратын 1708 адам тату-тәтті өмір сүруде. 2014 жылға округ бюджеті – 11 млн 284 мың теңге көлемінде бөлініп, 100% игерілді.

Азаматтардың жеке қабылдауында биржаға тұру мәслесі бойынша 5 адам болды. Жыл бойы 42 өтініш, арыз түсті, олар жер сұрау, балаларға арналған жәрдемақы алу, тұрғын үй көмегін алу мәселесіне қатысты болды.

Мал шаруашылығы. Мерей ауылдық округі бойынша 70 шаруа қожалығы есепте тұр. Биыл 15 шаруа қожалығы егіс алқабына қатысып, 7 мың 370 гектарға қамтитын егін танаптары егілді. Егін ору науқаны аяқталып, 20965 т. бидай, 8465 т. арпа өнімдері жиналды. Мал азығы үшін 300 га жерге суданка, 100 га жерге көп жылдық еркек шөп, егіліп орылды. 17778 гектар жерден 80000 цн. пішен дайындалды.

Мал шаруашылығына тоқталсақ, ірі қара мал саны – 3297 бас, қой мен ешкі – 7060 (6004) бас, жылқы – 874 (764) бас. Құстардың саны – 4877 бас. Есепті кезеңде өндірілген мал мен құстың тірідей салмағы 10491 (7274) тонна құрады. Өндірілген сүт көлемі 3724 (2988) цн, жұмыртқа саны 768 мың дана. Егін шаруашылықтарына 5 шаруашылық 3 млн. 276 мың 300 теңге, 18 мал шаруа қожалығына 15 млн. 210 мың теңге көлемінде субсидия бөлінді.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы арқылы Мерей ауылдық округі бойынша 5 млн. 600 мың теңгеге несие алынды. Мал шаруашылығын дамытуға Ахметов Насипқали 1 млн. 600 мың тенге несие алса, Жанаев Садыр 3 млн тенге несие алды. Жас кәсіпкеріміз Мукангалиев Азат қазіргі заманға сай пластикалық терезе жасайтын цех ашуға 1 млн. несие алды. Малды қолдан ұрықтандыру жұмысы жоспар бойынша орындалуда, бүгінгі таңда 362 бас сиыр малы қолдан ұрықтандырылды.

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту. Жұмыссыздар есебіне тіркелген 4 адам. Жұмысқа орналастырылған 49 адам, қоғамдық жұмысқа қатынасқан 36 адам. Кәсіби оқытуға жолданған – 14 адам. Ашылған жаңа жұмыс орны саны 26.

Абаттандыру. 2014 жылдың 15 сәуірі мен 15 мамыр күндері аралығындағы санитарлық-экологиялық айлық өткізу барысында, аймақтағы бюджеттік мекемелер айналасы тазартылып, 100 түп жасыл желектер отырғызылды. Жалпы қатысқан адамдар саны – 920 адам, 945 тонна қоқыс шығарылды. Мерей – Айнабұлақ жолы 2014 жылы ағымдағы жөндеуден өтті. «Өңірлік даму» мемлекеттік бағдарлама арқылы жоғары жылдамдықпен ғаламторға кіру үшін және телеарналардың көрсету сапасын жақсарту мақсатында Мерей ауылында оптикалық талшықты шоғырсым (кабель) жүргізу жұмыстары аяқтала келді. Мерей ауылындағы «Айгөлек» балабақшасының мекемесінің қоршауы жаңартылып, ескі қоршаумен орыс мәйіті қоршалды Орал қаласының тұрғыны Ахменкеев А.С. демеушілігімен Мерей ауылында стадион салу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Білім беру саласы бойынша. Мерей ауылдық округінде 1 орта, 1 негізгі, 2 бастауыш мектеп бар. Шипов орта мектебінде – 121 оқушы, Родник негізгі мектебі – 42 оқушы, Жемшин бастауыш мектебі – 11 оқушы, Белугин бастауыш мектебі – 6 оқушы. 2014-2015 оқу жылынында 180 оқушы оқиды. Соңғы үш жыл ішінде мектебімізге келген жас мамандардың үшеуі «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келіп, екеуі бағдарлама бойынша ауылдан үй алып, тұрақтануда. Олар: Жангирова Ұ.И. (тарих пәні мұғалімі), Молдагалиев М.Б. (физика пәні мұғалімі).

Мерей ауылында 1989 жылы құрылып, 2006 жылы күрделі жөндеу өткізілген «Айгөлек» балабақшасы жұмыс істейді. Балабақшада 2 топта 41 бала (21 – ересек топ, 20 – сәбилер топ) тәрбиеленеді.

Денсаулық сақтау. Мерей ауылдық округі бойынша 1 ФАП және 4 ФП бар. Ем шаралары мен алдын ала егу

жоспар бойынша жүргізілуде. Флюрографиядан – 600 адам өтті, туберкулез ауруы тіркелген жоқ. Маммографиядан 58 әйел, колькоскопиядан 62 әйел адам тексеруден өтті. 2014 жылы 31 сәби дүниеге келсе, 10 адам қайтыс болды.

Мәдениет саласы. Мерейде ауылында – 130 орындық және Тоғайлы ауылында 50 орындық Мәдениет үйі бар. Мәдениет үйінде 4 үйірме жұмыс жасайды. Мерей мәдениет үйі күрделі жөндеу қажет етеді. Есепті кезеңде өткен шаралар саны – 61, көрермендер саны – 4900 адам.

Мерей ауылдық округінде 4 кітапхана жұмыс жасайды. 2014 жылы Мерей ауыл кітапханасының ашылғанына 60 жыл болды. 1954 жылы ашылған кітапхана қоры – 900 дана болса, қазіргі таңда кітап қоры – 18000 дана. 2014 жылы кітапханаға – 36 мерзімді басылымдар мен 250 дана жаңа кітаптар түсті. Оқырмандар саны – 725, оқырмандарға берілген әдебиеттер саны – 13140, кітапханаға келушілер саны – 9830, іс шаралар саны-17.

Құқық қорғау мен тәртіп. Жалпы қоғамдық тәртіптің сақталуы және қылмыстың алдын алу бағыттарында ауылдық округ көлемінде көптеген шаралар іске асырылады. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылығымен және қоғамдық емес ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған дөңгелек үстелдер, отырыстар болып өтті. Сонымен қатар Тасқала аудандық ІІБ басшысыменде терроризмге қарсы үгіт- насихат жұмыстары жүргізілді. Ауылымыздың діни ошағы - мешітіміз де халықты имандылыққа тәрбиелеп, терроризмге жол бермеуді насихаттайды. Бұл мешітімізде өтіп жатқан діни мерекелерде, ауызашар мен садақаларда уағыз ретінде жүреді. Ауыл жастарының арасында ішімдікке әуескерлердің саны азайды. Ақсақалдар, әйелдер және қоғамдық кеңестердің бірлесуімен әртүрлі тәрбиелік бағыттағы жиындар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып отырады. Сонымен қатар «Мейірім» атты іскер әйелдер бірлестігінің жұмысын ерекше атап өткім келеді және «Жас Отан» жастар қанаты жастар ұжымы да өз үлесін қосуда.

Page 7: с рождеством - old.baq.kzold.baq.kz/storage/05/0537dd626290960f7eff690d63492d47.pdf · Газет 1936 жылдан шығады Email:ekpin_1936@mail.ru №1-2 (8475)

Есеп 79.01.2015 жыл

ауылдық округ әкімдерінің 2014 жылғы атқарылған жұмыстары туралы баяндамасының желісі

Шежін ауылдық округіОкруг бойынша халық саны - 1282

адам. Аула саны 321, 390 отбасы бар.Жыл басынан аудандық жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жұмысқа орналасу үшін жолығып тіркелген адамның саны 42 болды. Олар жұмысқа тартылып, 25 адам геологиялық жұмыстарға орналастырылды, уақытша жұмыстарға мектепке 7 адам, Мәдениет үйіне – 2 адам және ауылдық округі әкімі аппаратына 2 адам жұмысқа орналастырылды. Барлығы 36 адам жұмыспен қамтылды. 40 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Кәсіби оқыту және қайта даярлауға оқытылған азаматтар жоқ.

«Жұмыспен қамту- 2020 бағдарламасының» 1 этап бойынша 2012 жылы 7 адам 18,0 млн. теңге несие алып, 6 адам өздерінің жеке шаруашылықтарына мал басын сатып алып, жұмыстарын істеп жатыр, 1 адам жаңа шаруа қожалық құрды. «Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасының» екінші этап бойынша 2013 жылы 6 адам 8,8 млн тенге несие алды. Нәтижесінде 1 шағын наубайхана жұмысын іске қосып, халыққа қызмет көрсетіп жатыр. 2 шаруа қожалық ауылшаруашылық техникасын алып, қалғандары қосалқы шаруашылықтарында мал басының санын өсіріп алды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы 1137,0 мың теңгеге балалар ойын алаңы орнатылып, ауыл балаларына демалуға берілді.

Ауылдық округте шаруа қожалықтары активтерін кеңейту жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Күні бүгінге «Болашақ» шаруа қожалығы 75 бас ірі қара малдың «Герефорд» асыл тұқымды қашарлар әкелген болса, «Бірлік ІІІ» шаруа қожалығы 60 бас қашар әкелді. Сонымен қатар Ермольчево елді мекенінде «Агро АДМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаз бойы мал өсіретін базасы құрылысын қарқынды жүргізіп, қазіргі уақытта 264 бас ірі қара малын әкеліп, қыстау кезеңіне дайын.

Құрылғанына бір-екі жыл болған «Мұхитанов» шаруа қожалығы Көсемдегі ескі алма бағын жаңарту мақсатында, 10 га жерін өңдеп, Ресей Федерациясынан 300 түп алма ағашының көшеттерін әкеліп, отырғызып қойды. Күні бүгінде 280 түп қабылданып, өсіп келе жатыр.

Өткен жылдарда ауыл көшелерін түнгі уақытта жарықтандыру мәселесі

бақылауға алынған болатын, бүгінгі таңда 47 фонарь орнатылған, оған жаңадан тағы бір көшеге 4 және Талдыбұлақ ауылына 2 фонарь орнатылды. Барлық шамның саны 55-ке жетті.

Ауылдық денсаулық сақтау саласы: ауылдық дәрігерлік амбулатория және Талдыбұлақ медициналық пункті қызметкерлермен толық қамтылған, қысқы уақыттағы жұмысқа толық дайын.

Ауылдық округ әкімдерінің ауылдағы басты көмекшілері : ауылдық қоғамдық емес ұйымдары «Ақсақалдар алқасы», «Әйелдер кеңесінің» жұмыс отырыстарында округтің тұрғындарынан қоғамдық тәртіп сақтау, отбасы және бала тәрбиесі, қиын отбасыларыменен жұмыс және көптеген қоғамдық іс-шаралар жүргізуде. Жуырда ауылдағы «Юбилейная» көшесінің атауы Бадаш Жүсібалиев атындағы көше болып өзгертіліп, ол кісінің тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылу митингі өткізілді.

Мәдениет саласына көшсек, ауылдық Мәдениет үйінде, ауылда көптеген жоспарлы мәдени-көпшілік, спорттық шаралар өткізіліп тұрады.

Білім беру саласы: Шежін жалпы орта білім беретін мектеп – балабақшасында 175 оқушы, даярлық топта - 23, балабақшада 39 бала. Талдыбұлақ бастауыш мектебінде 4 бала білім алуда.

Ауылдық округ орталығында интернат ғимараты бой көтеріп жатыр, күні бүгінге асханасының құрылысы мен сыртқы жұмыстары аяқталып тұр. Екі этаждық интернат құрылысы қарқынды жүріп келеді.

Ағымдағы жылдың қараша айында Шежін орта мектебінің спортзалына демеушілердің қаражатымен 450,0 мың теңгеге 54 шт, көлемі 10 шаршы метр құрайтын қазақ күресіне арналған маталар жабынымен әкелінді. Орта мектеп оқушылары арасынан қатысып жүрген 40-қа жуық ұл балалар бар, аптасына 4-5 күн жаттығып келеді.

Бұрынғы «Шежін» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен демеуші жігіттердің ақшасынан өрт сөндіргіш ГАЗ-53 автокөлігін гаражымен сатып алып, көлікті толық жөндеп те қойдық. Сосын демеушілердің көмегімен әкім аппаратына 300,0 мың теңгеге бір гусеничный ДТ тракторы алынды.

Достық ауылдық округіОкруг бойынша бірнеше ұлттың өкілдерінен тұратын 254 аулада 986 адам өмір сүреді.

Экономикалық тұрғыда белсенді халық саны 604 адам. Халықтың құрамына келер болсақ: қазақтар – 927, орыстар – 45 және басқа ұлт өкілдері – 14 адам.

2014 жылы Достық ауылдық округі әкімі аппаратына бөлінген бюджет көлемі 9617,0 мың теңге құрап, жыл қорытындысы бойынша 99,8 % игерілді.

Достық ауылдық округ әкімі аппаратымен 2014 жылы 121 мемлекеттік қызмет көрсетілген болатын.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында ауылда медиатор сайланып жұмыс істеуде.

«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінгі күнге Достық ауылында 177 үй және 8 мемлекеттік мекеме ауыз сумен қамтылған.

Ауыл шаруашылығы.Достық ауылдық округі бойынша 20 шаруа қожалығы есепте тұр. Мал шаруашылығына

тоқталатын болсақ:

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында 3 адам несие алып мал шаруашылығын дамытуда: М.Исагалиев 700 мың теңге 6 басқа, А.Кунтаева 600 мың теңге 5 басқа, Б.Мусралиев 4 басқа 600 мың теңге алды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша қыркүйек айында «Қара-Бура» ШҚ-ғы 6 млн.600 теңге алып 250 бас қой, 11 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды.

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту.2014 жылы округ бойынша 25 отбасы 894,5 мың теңге көлемінде балаларға арналған

мемлекеттік жәрдемақы алса, 4 отбасы 65,8 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегін алды. Есепті кезеңде жұмысқа 11 адам орналастырылды. Қоғамдық жұмысқа 37 адам тартылды. 2

адам аспазшы мамандығы бойынша Орал қаласында кәсіби курсында оқып шықты. Достық ауылдық округі бойынша 31 мүгедек бар, соның ішінде I - топтағы 8 адам, II - топтағы

7 адам, III топтағы 14 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың саны 2, зейнеткерлердің саны - 109.

Денсаулық саласы.Ауылдық округ бойынша 1 ФАП және 2 МП (медпункт) жұмыс істейді. Барлығы

медициналық қызметкерлермен қамтылған. Достық дәрігерлік амбулаториясында ауруларды тасымалдауға арналған УАЗ автокөлігі бар.

Аудан дәрігерлік терендетілген медициналық байқауынан 94 сәби, 127 оқушы тексеруден өтті. Ересектер арасында скрининг бойынша профилактикалық медициналық байқаудан өткен 120 адамнан 55 -сі қауіпті факторлары анықталып, диспансерлік есепке алынып, емделді

Білім беру саласындағы жетістіктер.Достық ауылдық округінде бір орта, бір негізгі және бір бастауыш мектепте 143 оқушы білім

алуда. Округ бойынша педагогикалық кадрлар құрамы 43 мұғалім. Семиглавый мар жалпы білім беретін орта мектебі «Тасқала» шекара заставасымен бірігіп,

«Сұңқар» әскери патриоттық лагерь ұйымдастырды, есепті кезеңде лагерде үш мектептен 31 оқушы демалды.

Мектеп биылғы жылы 1 жас маманмен толықты. Ол - физика пәні мұғалімі. Ауыл мектебінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 3 мұғалім еңбек етуде.

Мәдениет және спорт саласы.Достық ауылдық округі бойынша 78 орындық 1 Мәдениет үйі, 1 спортзал бар. Жыл бойынша

өткен шаралар саны - 63.

01.01.2014 жыл 01.01.2015 жыл пайызІрі қара мал саны – 1097 басОның ішінде сиыр саны – 556 бас

1153 бас + 56553 бас – 3

105,199,4

Қой мен ешкі – 1925 2570 + 645 133,5Жылқы – 178 244 + 66 137Құстар – 1960 1781 - 179 90,8Бұзау – 502 555 + 53 110,5Қозы мен лақ - 1695 1636 - 59 96,5Құлын - 90 83 - 7 92,2

Қосшы ауылдық округі Қосшы ауылдық округінің аумағы 74600 га. Ауылдық

округте 2 елді мекен бар Оян және Кеңжайлау ауылы. 2014 жылдың 1 қаңтарына округ бойынша халық саны- 706 адам. Округ бойынша аула саны – 129 және 15 қыстақ бар.

Агрөнеркәсіп кешені шағын және орта бизнес кәсіпкерлікті қолдау

Статистикалық есепке сәйкес 2015 жылдың 1 қаңтарына мәлімет бойынша округте 2125 ірі қара мал , 5766 қой , 1091 ешкі , 807 жылқы , 2 түйе және 985 құс бар.

Округ бойынша 34 шаруа қожалық және 2 жеке кәсіпкер тіркелген, соның ішінде 31 шаруа қожалық мал өсірумен, 2 жеке кәсіпкер сауда-саттықпен айналысады. 2014 жылы мал өсірумен айналысып жатқан шаруашылықтар 12 млн. 71 мыңға субсидия көмегін алды.

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының» 2-ші бағыты бойынша 2 шаруа қожалық 3 млн. 900 мың теңге несие алды.

. Шөп дайындау 8500 тонна жоспары артығымен орындалды.

Әлеуметтік қамсыздандыру.Балалар жәрдемакысы 9 отбасыға тағайындалып 426500

теңге төленсе, тұрғын үй көмегі 1 отбасына 30600 теңге көлемінде төленді.

2014 жылы жалпы 25 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 12 адам маусымдық жұмыспен қамтылды (жалыту қазандықтардың операторлары), 13 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 41 адам тартылса, әлеуметтік жұмыс орынға 3 адам тартылды. 2015 жылдың 1 қаңтарына 3 адам жұмыссыздар есебінде тіркеліп тұр.

Денсаулық саласы.Қосшы ауылдық округінде 1 дәрігерлік амбулатория, 1

фельдшерлік пункт бар. Оян дәрігерлік амбулаториясында ауруларды тасымалдауға арналған УАЗ автокөлік бар. 2014

жылы округ бойынша cкринингтік тексеруден 110 адам өтті, профилактикалық медициналық тексерулерден 119 бала өтті, флюрографиядан 387 адам өтті.

Білім беру саласы.Округ бойынша 1 жалпы білім беретін орта мектеп, 1

бастауыш мектеп бар. Оқушылар саны 98, мектеп алды даярлық тобында 3 бала және шағын орталықта – 20 бала тәрбиеленуде

Оян орта мектебінде және Ленинжол бастауыш мектебінде 27 мұғалім, 3-тәрбиеші жұмыс жасайды. Білім сапасы 62%. .

Жалпы жазғы демалысты ұйымдастыруға мектеп қаражатынан 404 мың теңге жұмсалды. 2012 жылы жаңа оқу жылында Оян ЖББОМ жанынан ашылған интернатта 10 бала жатады. Қазіргі уақытта бір мезгіл тегін ыстық тамақпен 69 оқушы қамтылып, 70 пайызды құрап отыр.

Мәдениет саласы.Оян ауылында 2 мәдени-ағарту нысандары бар. Оян

ауылдық Мәдениет үйі 1959 жылы құрылған. Көрермен залында 130 орындық бар. Киноқондырғы жүйесі бар.

Округ бойынша Оян және Кенжайлау ауылында кітапханалар жұмыс істейді. Жалпы кітап қоры – 19313 дана, Жыл бойына кітапханаларға 525-дей оқырманға кітапханалық қызмет көрсетіледі.

Елді-мекендерді абаттандыру.Аудандық ТҰКШ бөлімі арқылы қысқы уақытта

жолдарды қардан тазалау үшін 350,0 теңге бөлінсе, ауылдың ішкі жолдарын тегістеу жұмыстарына 350 мың теңге бөлініп, игерілді.

Сонымен қатар «Автомобиль жолдарын күтіп ұстауды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша қыркүйек айында жалпы 2 млн 373 мың теңгеге Абай және Мәметова көшелеріне толықтау ақтас (опока) төселді.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы арқылы ауылға 628,0 мың теңге бөлініп парк ішіне 100 метр брюсчатка төселді, сонымен қатар 200,0 мың теңгеге би алаңы жөнделді.

Құрылыс саласы: Ауылымыздың өзекті мәселелерінің бірі, сапалы ауыз сумен қамту мәселесі «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы шешімін тапты. Қазіргі уақытта Оян және Кеңжайлау ауылдары 100 пайыз тұрғын үйлері мен әлеуметтік нысандар су құбырына қосылып, сумен қамтамасыз етілді.

Телефон, газ, электрқуат және «Казпошта» АҚ жүйесінің жұмысы.

Оян ауылы бойынша 89 үй табиғи газбен қамтылған, табиғи газбен қамту жыл бойы үздіксіз жүрді.

Қазіргі таңда округ бойынша 2 елді-мекен, 9 қыстақ электрқуатымен қамтылған шығулар болды.

Оян ауылында сыйымдылығы 202 абоненттік цифрлы станциясы бар. Скеш Про арқылы интернет жүйесі мектепке және әкімшілік ғимаратына орнатылды.

Ауылымызда «Казпошта» АҚ филиалы жұмыс істейді. Казпошта бөлімшесінде 35 зейнеткер мен 92 бюджеттік салада жұмыс істейтін тұрғындар қызмет алады. Сонымен қатар несие төлеуге, ақша аударуға мүмкіндік бар.

Қоғамдық тәртіп.Есепті кезеңде 11 қылмыс тіркелді, соның ішінде 8

қылмыс мал ұрлығы, 1 қылмыс өртпен байланысты, 2 қылмыс ұрлық бойынша тіркелді.

Қылмыс ашылуы 27.3 пайыз құрайды. Жыл бойы 28 азаматқа әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде хаттама толтырылған болды.

Өрт қауіпсіздігі және ТЖ алдын алу мәселелері. Биылғы жылы дала өрттер өте қиын жағдайға

айналған болатын. Округ аумағында 12000 га жер өртеніп, жиналған 1000 ц шөп күлге айналды. Жаз уақытында ауылдан құрылған ерікті өртсөндіру жасағы сегіз рет өртке шығып, жалпы 95 адам, 17 автокөлік пен 9 трактор тартылды.

Қысқы төтенше жағдайлардың алдын алу немесе тез арада шешу үшін жанар-жағар май қоры, техника әзір.

Page 8: с рождеством - old.baq.kzold.baq.kz/storage/05/0537dd626290960f7eff690d63492d47.pdf · Газет 1936 жылдан шығады Email:ekpin_1936@mail.ru №1-2 (8475)

Тұлға8 9.01.2015 жыл

Назгүл Серікқызы

Ажар апай 1935 жылы 10 қаңтарда Тасқала ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі Шәмші - Ұлы Отан соғысының ардагері. 1944 жылы жарақат алып елге аман оралғаннан соң, бірден еңбекке араласады. Соғыстан кейінгі жылдары аудан экономикасының өркендеуіне өзіндік үлес қосады. Көп жыл есепші болып қызмет атқарады. Анасы Шәрипа үй шаруасын дөңгелентіп, өмірге әкелген бес баланы тәрбиелейді. Баланың тұңғышы болғандықтан, Ажар апа да анасының жанынан табылып, үй шаруашылығына қолғабыс беретін. Сөйтіп тұлымшағы желбіреген жас қыз 8 жасында мектеп табалдырығын аттайды. Араға жылдар салып 1953 жылы Камен орта мектебін ойдағыдай бітіріп, бала күнгі арманы мұғалім болуды мақсат етеді. Осылайша Алматыдағы қазақ мемлекеттік қыздар институтына оқуға түседі. 1957 жылы аталмыш оқу орнын орыс тілі және әдебиет мамандығы бойынша тамамдайды. Сол жылы Ажар апа аудандық білім бөлімінің жолдамасымен Мартынов жеті жылдық мектебіне жұмысқа орналасады. Осы уақыттан бастап жас мұғалімнің алғашқы еңбек жолы басталады. Жастайынан қолға алған ісін диірменнің тасындай дөңгелентіп әкететін Ажар Шәмшіқызы осы жерде табан аудармастан 16 жыл еңбек етеді. Әр шәкірттің жүрегіне жол тауып, сол кездегі мектеп директоры болған Бақтығали Сағатов, әріптестері Шәмшия Омарова, Ғанимат Ахметов, Мақсот Жәнекенов, Сабыр Ережепов, Меруерт Габдуллина, сынды тәжірибелі ұстаздармен бірлесе жұмыс жасайды. Ол өз ісіне берілгені соншалық әр сабағын түрлендіре отырып, қызықты өткізуге

тырысатын. Араға жылдар салып, өз алдына шаңырақ құрған жас ұстаз отбасы жағдайына байланысты Ақтау ауылына қоныс аударады. Бұл жерде де Ажар Мұстафина өзінің іскерлігімен көзге түседі. Мұғалімдіктің қыр-сырын меңгеріп, біраз тәжірибе жинақтап үлгерген ұстаз үшін бұл жерде бөтен болмайды. Қиналған кезде әр дәйім қасынан табылып, қолдау көрсететін Нағима Қажығалиева, Елтай Қахов, Нәсіп Мұхамбетжанова, Махмет Зайнуллин, Мақсот Сепетов, Ләйла Әнесова мен Райса Қуанышқалиева сияқты әріптестерінің барына қуанды. Осылайша тез арада бұл ұжымға да сіңіп кетті.

- «Ол кезде қазіргідей компьютер, интерактивті тақта, тағы да басқа техникалық құралдар жоқ. Сабаққа қолданатын көрнекіліктер мен дидактикалық материалдарды түнімен отырып өз қолымызбен жасайтынбыз. Ол аса ұқыптылық пен ыждағаттылықты, сондай-ақ шеберлікті қажет ететін. Көп уақытыңды алатын жұмыс болатын» - деп, сол күндерін еріксіз еске алады ардагер ұстаз.

-Алдымда отырған әр оқушыны ата-анасының маған сеніп тапсырған аманаты деп қабылдайтынмын. Сондықтан кез-келген қиындыққа қарамастан күнделікті сабағыма ұқыпты, уақытылы дайындалатын едім. Сабақты жоғары деңгейде өткізіп, әр шәкірттің санасына жетуіне қатты назар аударатынмын-дейді кейіпкеріміз.

Ия, ұстаздың жетістігі шәкіртінің алған білімімен оның шыққан биіктерімен өлшенетіні рас. Бүгінде ұлағатты ұстаздан білім алған, оның тәрбиесін

бойына сіңіріп өскен шәкірттері бір-бір саланың тұтқасын ұстаған білікті маман, бір-бір жанұяның отағасы мен отанасы. Екі шәкірті Сағынгерей Абулқайыров «Алтын медальға», ал Жаңылсын Сұлтанова «Күміс медальға» қол жеткізді. Ұстазға осыдан асқан бақыт жоқ-ау, сірә.

Ажар Шәмшіқызы мен Сағынтай Ахметұлы өмірге бір қыз, төрт ұл әкелген аяулы ата-ана.

Бүгінде олардан тараған балалары әр салада еңбек етіп жүр. Жалғыз қызы БҚО бойынша мемлекеттік Сәулет құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде қаржы бөлімінің меңгерушісі болса, екі ұлы орта білімді дәрігер, бір ұлы құрылысшы, ал енді бір ұлы әке жолын қуып, кәсіпкерлікпен айналысады.

Келін болып түскеннен кейін де кейіпкеріміз жұмыстан қол үзбейді. Күндіз жұмысын істеп, балаларға дәріс берсе, кеште үй шаруасымен айналысады. Тіпті келін болып түскенде көз жанарынан айырылған енесінің де бабын тауып, өмірден өткенше әлпештеп бағады.

- Мен көбіне мектепте жүремін. Балаларымның барлығын да марқұм енем бағып өсірді. Көзі көрмесе де біреуін бесікке бөлеп, біреуін аяғына салып, әйтеуір баптарын табатын. Негізінен ұрпақ тәрбиесіне аса мән беру керек. Сол жағынан енем марқұмнан көп нәрсені үйрендім, - деп еске алады бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған асыл әже. Жолдасым да бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамайтын. Аллаға шүкір, ұл-қыздарымыздың санасына тәрбиені тал бесіктен дұрыс дарытқанымыздың

арқасы болар, айтқанымыздан шыққан емес. Көпке жаманаты болған жоқ, – дейді Ажар апа.

Бүгінде бауырынан тараған төрт ұлы мен бір қызынан немере-жиен, шөбере сүйіп, ана әлдиімен киелі бесік тербеткен, отбасының алтын қазынасы асыл ана, ардақты әже, салиқалы ене сексеннің сеңгіріне келді “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” дегендей, Отанына адал қызмет етіп, елдің елеулісі, халқының қалаулысы болып жүрген балалары мен келіндеріне, немере-шөберелеріне дән риза.

Ия, өмірде сапалы еңбектің де өлшеусіз қалмайтыны белгілі. Төккен тері зая кетпей, еңбекқорлығымен, білімділігімен, қарапайымдылығымен шәкірттеріне деген ыстық ықыласымен көзге түсе білген ұстаздың еңбегі жоғары бағаланып, ҚССРО-ның аға оқытушысы, “Халыққа білім беру ісінің үздігі,“ “Еңбектегі ерлігі үшін“, “Ерлік еңбегі үшін В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне“ медалі, сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 60-65 жылдық мерекелік медальдарымен және бірнеше облыстық, аудандық мақтау грамоталарымен марапатталған. Тіпті мұғалімдердің тамыз конференциясында тұңғыш рет ауданның бірінші хатшысы Әли Сабировтың қолынан алған наградасы Ажар апаның есінен кетпейді.

Бүгінде осы құрметті атаққа кір келтірмей, бар саналы ғұмырын, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге аямай жұмсаған ұлағатты ұстаз, аяулы ана, асыл әже Ажар Мұстафина өмірінің бір парасы осындай.

Ажар Мұстафинаны аудан көлемінде танымайтын адам кемде-кем. Әріптестері оны тәжірибелі маман ретінде таныса, достары адал құрбы, ал енді біреулері өнегелі отбасының ұлағатты анасы ретінде біледі.

ұлағатты ұстаз сексенде

Ноқталы заманның ноқтасына басын бермей, қуғын-сүргінге түсіп, қудаланып, босқындықтың кебін киіп, Ресейде көшіп-қонып, күн көрген аталардың ұрпақтарымыз.

1945 жылдың қаңтарында Ресейдің Ульяновск облысында Майна ауданы Игнатовка селосында дүниеге келген Қуан ініміз тірі болса 70 жасқа толар еді. Әкесі – ағамыз Қәреш (Ғабдолкәрім) майдан шебіне кеткенде құрсақта қалған бала еді. Көзін ашқалы әже-атаның бауырында өсіп, анамыздың ақ сүтімен ауызданып, қос ананы тел еміп, ерке өсті. Ағамыз Қәреш майданнан мүгедек болып келді. Контузия салдарынан ақылынан адасқан ағамыз 40 жыл өмірін ауруханада өткізді. Сол жерден 1984 жылы дүние салды. Жеңгеміз Мәдина мүгедек ағамыздан үмітін үзіп, баланы ата-әжесінің бауырында қалдырып, 1948 жылы өз бетіне бөлек кетті.

Қуан бауырым ата-әженің баласы болып, отбасының еркесі болып өсті. Туған ата-анасының кім екенің ес білгенше білмей өсті. Еркелік, салқамдық

салдарынан мектепті 6 сыныпта оқып жүріп тастап кетті.

1959 жылы біз елге оралдық. Камен ауданының Сталин атындағы колхозына (бүгінгі Оян ауылы) келіп орналастық. Қуан кішкентайынан атқа үйір еді. Басқарманың аттарына қызығып, 14 жасынан бастыққа көшір болып алды. Кейіннен тракторшылар курсын бітіріп, тракторшы болды. ДОСААФ-тың шоферлер курсын бітіріп, жүргізуші болып та жұмыс жасады. Қажырлы, қайратты бала бірден көзге түсті. «Степной» совхозының белді механизаторы болды. Әскери міндетін абыроймен атқарып келіп,совхоздың беткі ұстар азаматы атанды. Түрлі маркалы машиналармен қоса автобус та айдады. Техникаға үйірсек інім тракторымен жер жыртып, К-700-ді меңгеріп, ұршықтай үйірді. Егін ору науқанында комбайн жүргізуде де алдына жан салмайтын. Аудан бойынша социалистік жарыстың жеңімпазы атанды.

Кешкі мектепті тамамдап, орта білім алды. Оралдың ауылшаруашылық техникумын бітіріп, агроном мамандығын алды.

Қуанның еңбекқорлығын, жұмыста алғырлығын совхоз директоры болған Нәубет Сарсенбаев: «Бұның қасына кісі шыдамайды, күні-түні жүреді, жанындағылардың солай жүргенін талап етеді. Бір өзі бір бригаданың істегенін істейді» деп, еске алатын. Қуан батыр денелі, нар тұлғалы жүрегінде намыс оты ойнайтын, сөзіне берік, ісіне адал, әділетсіздікті көтермейтін,

немқұрайлыққа, жалған сөйлеуге жаны қас жан еді. Тапсырылған істі үлкен жауапкерлікпен жан-тәнін аямай істеуші еді.

Осы еңбегі ескерусіз қалмай, кеңшардың аудандық басшылары оған«Урал» мотоциклы мен «Москвич» автокөлігін кезектен тыс сыйлап, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапаттады.

1977-1980 жылдары Ақжайық ауданы «Еңбек» совхозында істеп, озат механизатор болды, егін ору науқанында аудан бойынша бірінші орынға шығып, «Жигули» автокөлігін алды.

Кейін Орал қаласында автобазаларда жүргізуші болып, «КамАЗ» жүк машинасымен еліміздің көп жерлерін аралап, Иркутск, БАМ құрылыстарына дейін барып, жүк тасып, еңбек етті.Совхоздарда бригадир, ферма меңгерушісі де болып та істегені бар.

Жұмыста қызбалығы да болатын. Бірде, «егінге мал түсірдің» деп, бір маскүнем малшыны аттың үстінен жұлып жерге түсіріп, жұлмалағаны бар. Кеңшардың егініне жаны ашып.

Енді бір жерде жігіттерге нақақ ұрынатын бір бастықсымақ арақ ішіп келіп ұрыса бастағанда жолдастарына ара түсіп, әлгіні көтеріп алып кабинаға тығып, апарып айықтырғышқа тапсырғанын білетіндер әлі күліп еске алады.

Жүк көлігімен көп жерді аралағанын жоғарыда айтқан болатынмын. Жүрген жерінде елмен танысып, біраз адамдарға көмектесіп, жақсылық жасап, жөн сұрасып, танысып жүруші еді. Таныс

достары, жолдастары көп болушы еді, бәрінің алдында беделді, сөзі өтімді, басы сыйлы болатын. Ел аралап сұрастыра жүріп, үлкен атамыздың Жүсібәлі қажының бейітін Казталов ауданы Құрманғазы совхозының маңынан тауып, басына мал сойып садақа беріп, Құран оқытып, жергілікті қарттардың батиқасын алып кетіпті. Атамыз 1925 жылдары дүниеден озған, ұрпақтары қажының ұрпағы деп қудалауға түскен. Кейінгі ұрпақ ол атамыздың қайда қалғанын да білмеуші еді. Ініміздің арқасында араға 80 жыл салып атамыздың жерленген жерін таптық. Жаны жайсаң, ақ көңілді, ашық мінезді, намысы найзадай, ағайынның арасында шоқтығы биік, орны бөлек, айбынды айбарымыз еді. Қоғамның жұмысы, үкіметтің тапсырмасы деп, шапқылап жүргенде, денсаулығы бұзылғанын, ауруға шалдықанын білмей де қалған. Бауыр ауруынан 60 жасында дүниеден озып кетті. Қайран азамат, зейнеткерлікке де шығып үлгермеді. Артында келініміз Кларамен екі қызы Анар мен Шұға қалды. Қыздарын еркелетіп тәрбиеледі, жақсы көрді. Өзі қайтқанда мектепке жаңа ғана барған жиені Динара - бүгінде Ақтөбе медициналық академиясының студенті. Анар Атырауда шетелдік компанияда жұмыс істейді. Күйеу бала Болат пен қызы Шұға бизнесте, технолог-менеджерлер.

Сағынышпен еске алушы ағасы

Арон Қажғалиұлы

Елім деп өткен ер еді

Page 9: с рождеством - old.baq.kzold.baq.kz/storage/05/0537dd626290960f7eff690d63492d47.pdf · Газет 1936 жылдан шығады Email:ekpin_1936@mail.ru №1-2 (8475)

99.01.2015 жылҚаулы-қарарТасқала аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23

желтоқсандағы №29-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда

№ 3733 тіркелген)

Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №20-3 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №20-3 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3395 тіркелген, 2014 жылғы 31 қаңтардағы «Екпін» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«1. 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға

сәйкес, оның ішінде 2014 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:1) кірістер – 2 054 493 мың теңге:салықтық түсімдер – 317 575 мың теңге;салықтық емес түсімдер – 3 107 мың теңге;негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 673 мың теңге;трансферттер түсімдері – 1 726 138 мың теңге;2) шығындар – 2 053 883 мың теңге;3) таза бюджеттік кредиттеу – 88 722 мың теңге:бюджеттік кредиттер – 103 514 мың теңге;бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 792 мың теңге;4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;5) бюджет тапшылығы (профициті) – -88 112 мың теңге;6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 88 112 мың теңге:қарыздар түсімі – 102 786 мың теңге;қарыздарды өтеу – 14 792 мың теңге;бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 118 мың теңге»;6 -тармақта:1) тармақшада:бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:«1) нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер – 325 754 мың теңге»;тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:«Ақтау ауылының су құбырын қайта құруға – 22 273 мың теңге»;оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:«Достық ауылының су құбырын қайта құруға – 13 024 мың теңге»;он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:«мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 2 895 мың теңге»;он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:«мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері

мен сілтегіштерін орнату – 408 мың теңге»;он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:«мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер

өтетін жолдарды дыбыстайтын және жарық беретін құрылғылармен жарақтау – 1 371 мың теңге»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«7. 2014 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві – 1 543 мың

теңге көлемінде бекітілсін»;аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда

жазылсын.2. Тасқала аудандық мәслихаты аппаратының жетекшісі (Г. Сағатова) осы шешімнің

әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы: В.ФроловАудандық мәслихат хатшысы: С. Рахимов

Решение Таскалинского районного маслихата №29-1 от 23 декабря 2014 года (зарегистрировано в Реестре нормативных правовых актов №3733

от 26 декабря 2014 года)

О внесении изменений в решение Таскалинского районного маслихата от 26 декабря 2013 года № 20-3 «О районном бюджете на 2014-2016 годы»

В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Таскалинский районный маслихат РЕШИЛ:

1. Внести в решение Таскалинского районного маслихата от 26 декабря 2013 года № 20-3 «О районном бюджете на 2014-2016 годы» (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №3395, опубликованное 31 января 2014 года в газете «Екпін») следующие изменения:

пункт 1 изложить в следующей редакции:«1.Утвердить районный бюджет на 2014-2016 годы согласно приложениям 1, 2 и 3

соответственно, в том числе на 2014 год в следующих объемах:1) доходы – 2 054 493 тысяч тенге:налоговые поступления – 317 575 тысяч тенге;неналоговые поступления – 3 107 тысяч тенге;поступления от продажи основного капитала – 7 673 тысячи тенге;поступления трансфертов – 1 726 138 тысяч тенге;2) затраты – 2 053 883 тысяч тенге;3) чистое бюджетное кредитование – 88 722 тысячи тенге;бюджетные кредиты – 103 514 тысяч тенге;погашение бюджетных кредитов – 14 792 тысячи тенге;4) сальдо по операциям с финансовыми активами – 0 тысяч тенге;приобретение финансовых активов – 0 тысяч тенге;поступления от продажи финансовых активов государства – 0 тысяч тенге;5) дефицит (профицит) бюджета – -88 112 тысяч тенге;6) финансирование дефицита (использование профицита) бюджета – 88 112 тысяч тенге;поступление займов – 102 786 тысяч тенге;погашение займов – 14 792 тысячи тенге;используемые остатки бюджетных средств – 118 тысяч тенге»;в пункте 6:в подпункте 1):абзац первый изложить в следующей редакции:«1) целевые трансферты и бюджетные кредиты – 325 754 тысячи тенге»;абзац девятый изложить в следующей редакции:«на реконструкцию водопровода села Актау – 22 273 тысячи тенге»;абзац десятый изложить в следующей редакции:«на реконструкцию водопровода села Достык – 13 024 тысячи тенге»;абзац двенадцатый изложить в следующей редакции:«на выплату государственной адресной социальной помощи – 2 895 тысяч тенге»;абзац четырнадцатый изложить в следующей редакции:«установка дорожных знаков и указателей в местах расположения организаций,

ориентированных на обслуживание инвалидов – 408 тысяч тенге»;абзац пятнадцатый изложить в следующей редакции:«обустройство пешеходных переходов звуковыми и световыми устройствами в местах

расположения организаций, ориентированных на обслуживание инвалидов – 1 371 тысяча тенге;»;

пункт 7 изложить в следующей редакции:«7. Утвердить резерв местного исполнительного органа района на 2014 год в размере – 1

543 тысячи тенге.»;приложение 1 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к

настоящему решению.2. Руководителю аппарата Таскалинского районного маслихата (Г.Сагатова) обеспечить

государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе “Әділет” и в средствах массовой информации.

3. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2014 года.

Председатель сессии: В.ФроловСекретарь районного маслихата: С.Рахимов

Тасқала аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №29-6 шешімі (Нормативтік

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 29 желтоқсанда №3740 тіркелген)

Тасқала ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Тасқала ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері айқындалсын:

1) шығындарды өтеу әр балаға психологиялық- медициналық- педагогикалық консультацияның қорытындысы болған жағдайда ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі;

2) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісі есепке алынбай берілсін.

2. Тасқала аудандық мәслихаты аппаратының жетекшісі (Г.Сағатова) осы шешімінің әділет огандарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналасуын және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Сессия төрағасы: В.ФроловАудандық мәслихат хатшысы: С.Рахимов

Решение Таскалинского районного маслихата №29-6 от 23 декабря 2014 года (зарегистрировано в Реестре нормативных

правовых актов №3740 от 29 декабря 2014 года)

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Таскалинском районе

В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и от 11 июля 2002 года «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» Таскалинский районный маслихат РЕШИЛ:1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Таскалинском районе: 1) возмещение затрат производится при наличии заключения психолого-медико-педагогической консультации на каждого ребенка в размере трех месячных расчетных показателей ежемесячно;2) возмещение затрат на обучение на дому (кроме детей-инвалидов, находящихся на полном государственном обеспечении и детей инвалидов, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей и иным законным представителям детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов независимо от дохода семьи.2. Руководителю аппарата Таскалинского районного маслихата (Г.Сагатова) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе «Әділет» и в средствах массовой информации.

3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Председатель сессии: В.Фролов Секретарь районного маслихата: С.Рахимов

Page 10: с рождеством - old.baq.kzold.baq.kz/storage/05/0537dd626290960f7eff690d63492d47.pdf · Газет 1936 жылдан шығады Email:ekpin_1936@mail.ru №1-2 (8475)

Дін және қоғам10 9.01.2015 жыл

Өзегін өкініш өртедіХалқымыз «адасқанның айыбы жоқ, қазығын

қайта айналып тапқан соң» деп жатады. Жат ағымның шылауында кеткен жастардың тағдыры кімді де болса толғандырады. Өзегін өкініш өртеп, өз қателігін түсінген жанның (есімі өзгертілді – Н.Т.) бірі – Ерден еді. Жерлес жігітті тауып алып, аудандық прокурордың аға көмекшісі Асыланбек Кабдрахимовпен бірлесе отырып, әңгімеге тарттық. Тартынбады, өзіне ащы тисе де, өзгеге сабақ боларын ұқты ма, жан жарасын сыздатқан жайтты жайып салды.

Әп дегеннен аяғын шалт басарын ойламапты. Аудан орталығындағы бір мектепті аяқтаған соң, талайды қырқа матап, құрық салған көкмойынның зардабына ұрынады. «Тентек су» бойды алып, ой-санасы тұманданған оның құрбылас, таныстарымен бейберекет жүрісі молайды. Жаға жыртысып, ілік іздейтін болды. Кезекті текетіресте қарсыласын жазатайым жаралап алды. Ауруханаға түскенмен, өмір-өлім арпалысында жатқан жәбірленуші оқиғадан кейін алты сағат өткен соң жан-тәсілім етті. Сот үстінде ол бар кінәні мойнына алды, бірнеше жылды арқалап кете барды. Содан солқылдаған он сегіз жасар бозбала-тағдыр Орал қаласындағы темір торға тоғытылды.

Дос түгілі, дұшпан басына тілемейтін күндер өтті. Жанын сыздатқан мұңды жамап-жасқап, сол бір қадамын қайтадан таразылап, ойланатын болды. Өмірдің мәнін іздеді. Өзінше шалт кеткен тұсын сарапқа салды. Ақырында, иман жолына көңілі исінді. Түрме аумағында мешіт орналасқан екен. Осында діни кітаптарды алып, ақтара отырып, керекті Құран сүрелерін жаттады, жамағатпен ұйып, намазға тұратын болды.

Тәртібі түзу болған соң, Ерден шартты түрде негізгі уақыттан екі жыл мерзім бұрын босады. Тұрмыстың ретін тауып, өмір сүру тәртібін реттеді, оңайластыра отырып, өзіндік несібесін де таба бастады. Мешіттерге бас сұғып, намазын оқи берді. Жанына жақын, сырлас орта да табылды. Мұсылманшылық жолындағы талабы дұрыс сияқты еді. Бірақ..?

Тура жолға түстім деп ойладыОсыдан кейін кейіпкермен болған сұхбат өрінен

негізгі өзекті аршып алдық. Жалпы, құлағы түрік, көкірегі ояу оқырман қой терісін жамыла отырып, қоңыңнан ет кесіп алатын ағымдардың бірі – сәләфизм тармағы – турасында хабардар болуы тиіс. Оны біз суыртпақтап отырып, әңгіме ауанынан таныдық.

– Басқа бағытқа ноқталанғанымды қайдан білейін? Жалпы, ғибадатқа бет бұруым екі мыңыншы жылдардың орта тұсында басталды. Сол кезде түрмеде болғанмын. Сонда орысша-қазақша діни әдебиеттерді оқып, таным-түсінікті сол күйінде қабылдадым. Кейін бір-екі жылдан соң, сол кітаптар сараптаудан өте бастады-ау деймін. Қасымда болған жігіттер де өз түсініктеріне бұрмалап отырды. Дінтанушылар келіп, насихат жұмысын жүргізетін. Әр аят, хадисті түсіну үшін терең білім керектігін тәптіштеп айтатын. Осыдан соң ойланып қалатынмын. Бірақ, олар кеткен соң, имам болған жігіт оларды терістеп шығатын, көзқарасымызды өзгертетін. Оның басқа ағым өкілі екенін қайдан таниын? Бостандыққа шыққан соң да, қай бағытта ұстанғанымды білген сол орта мені тез қабылдады. Солармен жақын болып, араласа бастадым, – дейді ол.

– Қазір түзу жолды, Әбу Ханифа мәзһәбын танығаныңды тілге тиек еттің. Өзіңнің ортаңда болған намазхандар діни танымынан қандай ерекшеліктерін барын аңғардық. Олар өздеріне кімді ұстаз тұтынады? Ақида (сенім), фиқһ жағынан ерекшеліктерін атасаң.

– Ол ортаның өзіндік ұстанымы қатаң келеді. Амалды иманнан ажырағысыз етіп көрсетеді. Мәселен, намазын өтемегендерді бірден кәпірге шығарады. Мәзһәб ұстанатындарды тура жолдан ауытқыған деп санайды. Тіпті, қоғамға суық қарайтынындай, дәстүрлі дін жолына түсіп, намазын оқып жүргендерді жат көретінін жасырмаймын. Бұл қабағынан байқалып тұрады. Аят, хадистерді тікелей мағынасымен қабылдайды. Астарына тоқталып жатпайды. Жалаң шұлыққа мәсіх тартып, сапқа тұратын едік. Тарауих намазын сегіз рәкат етіп оқимыз. Тәспі тартып, бет сипамаймыз. Қырағатта «әминді» жария айтамыз. Жалпы, құлшылыққа қойылатын талаптарды «Сауд Арабияда осылай оқылады» деп түсіндіріп, үлгіледі. Сәләфшілдер«біздікі ғана дұрыс» деген сыңайынан еш айныған емес. Кейін Әбу Ханифа мәзһәбы бойынша шариғи ережелердің жөні басқа екенін білдім ғой.

– Сәләфшілдер ұстаз тұтқан ғалымдарды атасаң? Білімді қалай алады?

– Шейх Альбани, ибн Тәймияның пәтуаларына көбірек ден қояды. Атап өткенімдей, терең зерделемей-ақ настарға (аят, хадис) жалаң ой жүгірте салады. Олардың өз діни әдебиеттері болады. Солардың бір авторы – Эльмир Кулеев екені есімде. Қазақстаннан Халил есімді «шейхтің» барын еститінбіз. Сонымен қатар, жымпитылық Самат деген жігіт болды. Білмегендерімізді ол шетелдік әрі отандас шейхтардан сұрап, біліп, байланыстырып отыратын. Кейін ұсталып кетті. Тұзаққа түсірді деп түсіндірді бізге. Жалпы айтарым, жастардың қолжетімді интернет желісінен бейне, аудио жазбалардан уағыз тыңдап жататынын айтқым келеді.

– Қазіргі уақытқа дейін экстремистік топтардың лаңкестік әрекеті көбейді. Жиһад ұғымын қалай түсіндіреді? Шетелге шығуға, қолға қару алуға үгіттей ме?Сондай әрекеттердің кейбір көрінісі елімізде де қылаң берді? Оны қалай қабылдады?

– Сауд Арабиясына, Египетке оқуға баруға үгіттейтін. Біздерге лаңкестік жасап жатқан тараптың әрекетін «жиһад» деп сипаттайтын, ғазауатқа қосылуды құптайтын. Шейіт болғандарды сөзсіз «жәннаттық» деп ақтайтын. Қазақстандағы кейбір қақтығыстарға оң көзқарас қалыптастыратын. Түбі біртұтас халифат құрылатынына сенеді. Олармен бірге жүрсең, егер, сырттай біреу тиісе қалғанда, тез ұйымдаса қалатынын, тіпті, түрлі содырлыққа барудан тайынбайтынын аңғардым. Есіме түскенін айтайын, темір торда бір жігіт ірі қару-жарақпен ұсталып, бір камерада болды. Бірақ, ол есін тез жинады. Әбу Ханифа мәзһәбын ұстанды. Өзі ісіне өкінетінін, менің сенімім қате екенін айтып, тағдырын қайталамауға үгіттеді. Оның айтқаны ақиқат екеніне кейін ғана көзім жетті.

– Жалған мүдделі топтан жырақтадың. Кейін бопсалау болған жоқ па? Жалпы, отбасындағы ахуал қалай өрібіді?

– Қауіп төндіретіндей сәт болмады. Әрине, жылы қабақ та таныта қойған жоқ. Сол топтың ықпалында болғанымда отбасымда түсініспеушілік болды. Тума-туысқандарым, анам сыңайымды байқап, менің кейбір әрекетімді құптамайтындарын жеткізетін. Үйленгенмін. Әйелім мәзһәбпен оқитын. Оның жолын терістеп, өзім үйірсектеген бағытыма түсірдім. Бірақ, кейін қайтып, арнайы мамандардан, дінтанушылардан егжей-тегжейлі түсіндіруімен жаңылыс басқан қадамымнан қайттым. Жарым да мәзһабқа оралды. Анама да уағыз тыңдаттыратынмын. Ол да оң бағыт алғанымды көріп, шүкіршілік етті. Қазір Әбу Ханифа мәзһәбы – еліміздегі төте жол деп түсінемін. Қазір қолымызда бала тәрбиелеудеміз, жұмысым бар, дұрысты танып, айрандай ұйып отырған жайымыз бар, – дейді Ерден.

Бұл ағым қайдан бастау алды?Егемендіктің елең-алаң тұсында заңның

солқылдақтығын пайдаланып, көптеген ағым мықтап тамыр жайып үлгерді. Іргемізді түре ашып, түндіктен төніп, еркінсіген кездері де болды. Қазіргі уақытта «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң талабы күшейіп, етек-жеңімізді қымтап жатқанымыз бәрімізге мәлім.

Ал, біз сөз еткен сәләфизм – уаһабшылдықтың өңін айналдырған түрі. Бұл ағымның теріс пиғылын әшекерелеп, негізгі сенім жүйесіндегі теріс көзқарасын жан-жақты талдап, терең білімімен соққы беріп жүрген дінтанушы ғалымдардың арасында Ерсін Әміре, Қайрат Жолдыбайұлы, Алау Әділбаевтың еңбектерінен көбірек деректі танып, білуге болады.

Философия ғылымдарының кандидаты Смаил Сейтбектің «Мәзһәбтар тарихы» деген кітабына көз жүгіртсек, уаһабилік немесе сәләфилік – қазіргі таңда Сауд Арабиясының ресми мәзһәбы екенін танимыз. Негізін Мұхаммед ибн Абдулуаһаб (1703-1792 ж.ж.) қалаған. Ол ХІІІ ғасырда өмір сүрген Ибн Тәймияның қасаң қағидаға сүйеген бұрыс сенімін басты идеологиялық қару етіп алған. Мұхаммед ибн Абдулуаһаб әһлі-сүннет сеніміне қайшы еңбектер жазып, өзіндік саяси белсенділігін пайдаланып, тарих сахнасында Араб түбегіндегі Нәжд аймағынан бастау алған бүліктердің пайда болуына себеп болды. Ақидада біз сүйенетін Әл-Матуриди, Әл-Әшғаридің шархын, фиқһ саласында мәшһүр төрт мәзһаб ғалымдарының салған сара жолын мойындамайды.

Негізінде «сәләф» сөзі Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың, сахабалардың және сахабаларды көрген толқынға арналған. Олардың ұстанған бағыты ақиқаттың шамшырағы еді, бүгінгі таңда осы салиқалы буындардың атын бүркеніш қылған қазіргі «сәләфтықтар» дінді Құран мен сүннеттен тікелей алып, түсіну керек деген ұстанымды қатаң догмаға айналдырған. Олар бүгінгі таңда Ерсін Әміренің көзқарасы бойынша, сурурилер, мадхалиттер, тақияшылдар (сырттай келісімпаздық сипат танытып, ішкі пиғылын жасыратын, елге жанашыр

боп, зиялы топ ішіне сіңген) болып бөлінеді. түптеп келгенде, бұлардың бірде жұмсақ, бірде қатаң, енді бірден жасырын жүзеге асыратын радикалдық көзқарастары ел болашағына қауіпті. Сәләфиліктер өткен ғасырдағы Ибн Баз, Ибн әл-Усеймин, Әлбани еңбектерін негізге алып, пәтуа береді. Олар Орта Азиядағы ата-бабаларымыз ұстанған сенім мектебін, дәстүрімізді, тарихымызды жоққа шығарады. Әруаққа Құран бағыштауды, беташарды, дұғада бет сипауды бидғатқа санайды. Домбыраны, музыкалық аспаптарды харамға жатқызады. Аят, хадистерді өз түсінігіне негіздеп, ғалымдар ғана пәтуә беретін мәселерден тартыс ұйымдастырады, «бүйректен сирақ шығаруға» дайын тұрады. Олар дәлелді уәждерге де құлақ аспайды. Кезінде, Абылай хан «Өзің білме, өзгенің тілін алма» деген теріс батаның да болатынын естіп, жағасын ұстаған көреді. Теріс ағымдардың ықпалы осындай кепке шырмап әкеп отыр. Кейіпкеріміз тілге тиек еткен белгілердің бәрі сол топтағылардың бойынан табылады.

Қалай сақтанамыз?Хақ Ислам жолын таңдаған бір тағдыр тура

жолды енді танығанын айтуда. Расы керек, діни сауатсыздықпен күрес ыңғайы соңғы уақытта ширағандай. Еліміздегі бұған мүдделі құзырлы органдар, ҚМБД сүзгіден өткізген пайдалы діни әдебиеттер көптеп жарыққа шығуда. Ақпараттық-насихаттық топтары жасақталып, арнайы мамандардың қолға алуымен жалған ағымға шырмауында жүрген жерлестерімізге түсінік жұмыстары жүріп жатыр. БАҚ бетінде сәт сайын көрінген ақпарат легінің ақ-қарасын ажыратып алған жөн.

«Аудандық прокуратура жершілікті атқарушы билік, облыстық дін істері басқармасы, құқық қорғау органдарымен тығыз қарым-қатынаста, – дейді аудандық прокурордың аға көмекшісі Асыланбек Кабдрахимов. Аудандағы тұрғындармен бұл бағытта кездесу және түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырып отырамыз. Кейбір дін ұстанатын жастардың ішінде түбінде жол осылардікі деген ыңғайда жүргенін байқаймыз. Сондықтан қоғамның діни ағымдардан сауықтыру шараларын жүйелі жүргізіп отыру маңызды. Бұл турасында қандай құқықтық кеңес керек болса, кез келген уақытта қол ұшын беруге дайынбыз».

Өмірінде сан күрмеулі тұстан өткен кейіпкеріміз «сәләфизм» жолына түскендер санасына ұялаған алғашқы түсінік сол күйінде қорғасындай құйылып, «қатып» қалуы мүмкін екенін айтады. Әуелден мығымдалып қалған саяз сана дені дұрыс насихат мәнін түбегейлі қабылдамауы мүмкін.

Мұндай жүгенсіз топтарға есік қайдан ашылды? Талдап көрейік. Біздің тарихымызда кеңестік жүйе тәрбиесі оңайға соқпады. Тарихта бабалар жадында жаңғырған діни платформаны жатсынды. Тәуелсіздік келді. Азат сезіндік. Бірақ рухани жұтаңдық бар еді. Жас өркендеріміздің қай «ағымның» етегін ұстағанын аңғармай қалдық. Расы керек, аға буынның кеңестік санасында қалыптасқан керенаулық әлі мығым. Көзі ашық, көкірегі ояу дегендердің өзі иман әліппесін тануға құлықсыз. Оның қасында қарапайым жұртшылық түсінігі қандай деңгейде екені түсінікті. Баласының мұсылманшылық жолына түскеніне тілеулес болғанмен, ақ-қараның аражігін айырмайды. Әрбір бала тағдырына алаңдаулы ата-ана, ағайын БАҚ құралдары, интернет ресурстарындағы барлық ақпаратқа түбегейлі сене бермеуі тиіс. Қазір облыстық дін істері басқармасы бар, «Жайық» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы бар, қажетті кеңеспен шұғыл қамтамасыз ете алады. Қазіргі «Қауырт желі - 114» жүйесіне тәулік бойы шалынған телефон қоңырауларын тегін қабылдайды. Сонымен қатар, еліміздегі екі мыңнан астам мешіт (оның ішінде ауданымыздағы мешіттер мен намазханалар) Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының иелігінде. Бұл құлшылық орындарында дәстүрлі Ислам жолы – Әбу Ханифа мәзһабы бойынша барлық діни рәсім атқарылады. Халықтың біліктілік санаты жетілдірілген, арнайы тағайындалған имамдарға да жолығып, қажетті ақпаратты алуына болады. Абзалы, мемлекеттік БАҚ құралдарындағы (баспасөз саласы, телеведнение, радио) дінтанушы мамандардың матриалдарын оқып, танысып отыру маңызды.

Елдік мұратымыз іргелі, иман тұғыры берік болуы үшін ұрпағымызды жалған ағымның жетегіне кетпеуін қадағалап отыру – өз қолымызда, біз мысал келтірдік, ойланыңдар, ағайын. Бұл ретте «ештен кеш жақсының» рөлі әманда сәтті жүре бермейтінін ескере білуіміз керек.

Нұртай ТЕКЕБАЕВ,Жәнібек ауданы

Санаңды шырмап, саныңды соқтыратын «сәләфизмнің» сүрлеуі секемді

Page 11: с рождеством - old.baq.kzold.baq.kz/storage/05/0537dd626290960f7eff690d63492d47.pdf · Газет 1936 жылдан шығады Email:ekpin_1936@mail.ru №1-2 (8475)

Туған күніңізбен!

меншік иесі:“Жайык пресс“ ЖШС,

бас директорЖантас Сафуллин

Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы

болып есептелмейді. Редакция оқырман хаттарына жауап бермейді,

оны қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін автор жауапты.

Газет ҚР байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті 2012 жылғы 19 қаңтарда тіркеліп,№12267-Г куәлігі берілген.

Мекен жайымыз: 091000Батыс Қазақстан облысы,

Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, С. Жақсығұлов көшесі, 5.

Телефондар: редактор: 8(71139)21132Жауапты хатшы: факс 8(71139)21456

Біздің электронды поштамыз: [email protected]

Газет Тасқала аудандық “Екпін” газеті редакциясында

компьютерлік әдіспен теріліп, беттелді.

“Жайык Пресс” ЖШС баспаханасында басылды. Орал

қаласы, Мұхит көшесі: 57/1.“Екпін“ Тасқала аудандық

қоғамдық-саяси газеті, директор-редакторының м.а.

назгүл Жәрдемова

119.01.2015 жыл Керуен

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ШИПОВ МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ БОС АЗАМАТТЫҚ ЛАУАЗЫМҒА

АШЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ1.Биология пәні мұғалімі – жүктеме -13 сағат (тұрақты).Үміткерлерге қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім.Мемлекеттік тілді және компьютерде жұмыс істей білу.Конкурсқа қатысуға тлек білдірушілер үшін хабарландыру шыққан соң 15

күнтізбелік күннен кешіктірмей төмендегі мекен жайға мына тізбедегі құжаттарды тапсыру қажет:

1. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті;2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 3. Түйіндеме;4.Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты (нақты тұратын

мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп)5. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы, еңбек

қызметін растайтын құжаттардың көшірмесін;6. Алдын-ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжатты; 7. Еркін нысанда жазылған өмірбаян.Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа

қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады. Мекен жайы: БҚО, Тасқала ауданы, Мерей ауылы, КММ ЖОББ Шипов

мектебі». Анықтама алу үшін телефондар: 29-6-44, 29-6-46.

Біздің сүйікті де, қымбатты апамыз Ажар Шамшиденқызын туған күнімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта жездем екеуіңіз дендерің сау болып, ұрпақ қызығын көруге жазсын.

Ортамыздың сәні болып жүріңіз,Сізге арналды тілек пенен гүліміз.Жүз жасаңыз денсаулықта зор болсын,Құтты болсын бүгінгі туған күніңіз.деп тілек айтамыз.Ақ тілекпен: Қойшыбаевтар отбасы

«Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ (091000, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23 каб.110) 2015 жылға аудан ауылшаруашылық тауар өндiрушiлеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлi мен сапасын арттыруды субсидиялауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. Субсидиялау Ережесі 2014 жылдың 30 желтоқсандағы №254 «Казахстанская правда» газетінде жарияланды. Телефон анықтамаға: 871139-21359

ГУ «Отдел сельского хозяйства и ветеринарии Таскалинского района» (091000, Западно-Казахстанская область Таскалинский район пос.Таскала ул.Абая,23 каб.110) объявляет о начале приема заявок от сельскохозяйственных товаропроизводителей района для участия в субсидировании на развитие племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства в 2015 году. Правила субсидирования опубликованы в газете «Казахстанская правда» №254 от 30 января 2014 года. Телефон для справок: 871139-21359

Х А Б А р л А н д ы р У

Тасқала ауданы бойынша ауданаралық жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен

тұрақты қатынаста тасымалдау құқығын қамтитын конкурс өткізілетіні туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ1. 2015 жылдың 9 ақпанда Тасқала ауылы Абай көш.23 мекен жайында сағат

15:00-де «Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі (әрі қарай - Бөлім) Тасқала ауданы бойынша ауданаралық жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты қатынаста тасымалдау құқығын қамтитын конкурстың өтетіні туралы хабарлайды.

Конкурсқа келесі маршруттың пакеті орнастырылады:ЛОТ №1Маршрут №1 «Сәулет шағын ауданы – С.Жақсығұлов шағын ауданы»2. Конкурсқа орнастырылған лот туралы нақты ақпаратты мына мекен-жай

бойынша аласыз: Тасқала ауылы6 Абай көш.23үй немесе тел/факс: 8-711-39-21-553.3. Конкурсқа барлық автокөліктері бар жеке және заңды тұлғалар меншік иелігіне

қарамастан қатыса алады құқық меншігінде және басқа да заңды түрде.4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық құжаттарды алу үшін

Бөлімге жазбаша түрде өтінімді мына мекен-жайға: Тасқала ауылы, Абай көш.23 үй № 402 бөлмеге жолдау қажет.

5. Конкурсқа катысу үшін тапсырылатын өтінімдердің соңғы мерзімі 30 қаңтар 2015 жыл.6. Конкурстың өткізілуі жөніндегі сұрақтары бойынша Комиссия конкурсқа дейінгі

конференциясын 2015 жылдың 14 қаңтар күні өткізеді.

ОБЪЯВЛЕНИЕО проведении конкурса на право обслуживания

маршрутов регулярных внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров

и багажа Таскалинского района1. ГУ «Таскалинский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства,

пассажирского транспорта и автомобильных дорог» (далее-Отдел) объявляет о проведении конкурса на право обслуживания маршрутов регулярных внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа Таскалинского района, который состоится 9 февраля 2015 года в 15:00 часов по адресу: с.Таскала, ул.Абая 23.

На конкурс выставляется следующий пакет маршрута:ЛОТ № 1Маршрут №1 «ост.микрорайон Саулет – ост.микрорайон С.Жаксыгулова»2. Более подробную информацию о лоте, выставленного на конкурс можно получить

по адресу с.Таскала ул.Абая 23 или по тел/факсу:8-711-39-21-553.3. В конкурсе вправе принять участие любые физические и юридические лица

независимо от формы собственности, владеющие автотранспортными средствами на праве собственности или иных законных основаниях.

4. Желающие принять участие в конкурсе должны представить в Отдел письменную заявку на получение комплекта конкурсных документов по адресу с.Таскала ул.Абая 23 каб. №402.

5. Окончательный срок приема заявок на получение конкурсных документов приема заявок на участие в Конкурсе «30» января 2015 года.

6. 14 января 2015 года конкурсная Комиссия проводит предконкурсную конференцию по вопросам проведения конкурса.

7. За справками обращаться по телефону: 8-711-39-21-553

«Бекітілді»Тасқала ауданы әкімінің м.а.

Л.Жұбанышқалиева«10» желтоқсан 2014 ж.

2015 жылдың 14 қаңтар - 14 ақпан аралығында Тасқала ауданы әкімі және ауылдық округ әкімдерінің аудан тұрғындары алдында есептік кездесулерінің кестесі

№Ауылдық округтің

атауы

Елді мекендердің

атауы

Есептік кездесулерӨткізілетін орны

күні уақыты

1 Достық Ынтымақ 14.01.15ж 15.00 негізгі мектептеБастау 15.01.15ж. 15.00 бастауыш мектепте Достық 21.01.15ж. 11.00 Ауылдық мәдениет үйі

ғимараты

2 Мерей

Аққайнар 14.01.15ж. 10.00 ауылдық фельдшерлік пунктӨркен 14.01.15ж. 11.00 бастауыш мектепТоғайлы 14.01.15ж. 14.00 ауылдық клубАйнабұлақ 15.01.15ж. 11.00 негізгі мектепМерей 21.01.15ж. 15.00 ауылдық мәдениет үйі

3 ҚазақстанҚалмақшабын 14.01.15ж 10.00 ауылдық кітапханадаАлмалы 14.01.15ж. 12.00 Н.Ерниязовтың үйіАтамекен 22.01.15ж. 11.00 ауылдық мәдениет үйі

4 Амангелді 1-Шежін 16.01.15ж. 15.00 бастауыш мектептеАмангелді 22.01.15ж 15.00 ауылдық мәдениет үйі

5 Мереке Мереке 23.01.15ж. 11.00 ауылдық мәдениет үйі

6 Шежін Талдыбұлақ 14.01.15ж. 15.00 бастауыш мектепте2-Шежін 23.01.15ж. 15.00 ауылдық мәдениет үйі

7 Қосшы Кеңжайлау 16.01.15ж. 15.00 бастауыш мектептеОян 26.01.15ж. 11.00 ауылдық мәдениет үйі

8 Ақтау

Беленький 16.01.15ж 10.00 фельдшерлік пункттеҚызылбас 16.01.15ж 11.00 Б.Сисенгалиевтің үйіЧерная падина 16.01.15ж 12.00 ауылдық кітапханадаАқтау 26.01.15ж. 15.00 ауылдық мәдениет үйі

9. Тасқала Бірлік 15.01.15ж. 10.00 ауылдық мәдениет үйіЖігер 15.01.15ж 15.00 ауылдық МП-іТасқала 27.01.15ж. 15.00 Аудандық мәдениет үйі

Аудан әкімініңқорытынды есебі Тасқала 09.02.15 ж. 10-00 Аудандық мәдениет үйі

Page 12: с рождеством - old.baq.kzold.baq.kz/storage/05/0537dd626290960f7eff690d63492d47.pdf · Газет 1936 жылдан шығады Email:ekpin_1936@mail.ru №1-2 (8475)

СОҢҒЫ БЕТ12 9.01.2015 жыл

Құттықтаймыз!Ақтау ауылының тұрғыны асыл

жар, аяулы ана, сүйікті әже Ажар Шәмшіқызы МУСТАФИНАНЫ қаңтардың 10 жұлдызында 80 жасқа толатын мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Көп жылдық ұстаздық еңбегінің жемісіне кенелген анамыз енді отбасын нәзік жүрегімен нұрлы шуағына бөлейтін қадірлі жан болсын.

Анажан, өрлей берсін өр кемеңіз,Ақтауға ақ сүтіңді тер төгеміз.Мың жасап әкем екеуіңіз үрім-бұтақ

ортасында,Мәңгілік үстем болсын мерейіңіз!Ақ тілекпен: жолдасы Сағынтай, қайынсіңлісі Ұлболсын, ұл-

қыздары Самат-Сара, Абат-Қамажай, Идиат-Айнагүл, Алмаз-Дина, Берік-Гүлмира, Дәурен-Жанар және немере-шөберелері.

«Бекітілді»Тасқала ауданының әкімі

С. Әлиев«12» ақпан 2014 ж.

2014 жылдың 21 қаңтарынан 10 ақпан күндері аралығында Тасқала ауданы әкімінің тұрғындармен өткізілген есептік кездесулерінде тұрғындардан түскен сұрақтар мен сын ескертпелерін орындау іс-шаралар жоспары

№ Сын ескертпелер мен ұсыныс-пікірлер

Орындалуы жөніндегі шаралар

Орындауға жауаптылар Орындалуы

Достық ауылдық округі

1. Ауыл жанындағы бөгет жөндеу

Жобалық сметалық құжаттарын (ЖСҚ) әзірлеуге

С.Серғалиева/о әкімі Бөгет өз күшімен жөнделді

Мерей ауылдық округі

2. Мерей мәдениет үйін күрделі жөндеу ЖСҚ түзету енгізу Л.Жұбанышқалиева

М.НарыковЕсепті кезеңде 2009 жылы дайындалған ЖСҚ түзету жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік сараптама жасалды. Күрделі жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қаражат бөлу үшін құжаттар БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тапсырылды

3. И.Тайманов көшесінің жолын жөндеу Жоспарға енгізу

С.СерғалиевА.Жортабаева/о әкімі

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су тарту жұмысын жүргізгеннен соң жөнделеді

4. Балабақша қоршауын жаңарту Орындаулын қадағалау А.Нарымбаев Орындалды

5. Тоғайлы елді мекенін газдандыру Орындаулын қадағалау

С.Серғалиев, А.Сүндетбаева/о әкімі

БҚО энергетика және тұрғын үй-коммунадық шаруашылық басқармасы құрылыс жұмыстарына тендер жариялап, өткізуде

Амангелді ауылдық округі6. Ауылдың жолдарына қатты

қаптама төсеу Жоспарға енгізу С.Серғалиев,А.Жортабаев Қаржы тапшылығына байланысты орындалған жоқ

Мереке ауылдық округі

7. Ақжігітов, Құрманғазы, Молдағұлова көшелеріне су құбырын жүргізу

ЖұмыстануғаС.СерғалиевА.Жортабаева/о әкімі

Орындалды

8. Телефон байланысының сапасын арттыру

Тиісті мекемелерге хат дайындау

С.Серғалиев БҚО «Қазақтелеком» АҚ-нің мәліметі бойынша ҚР үкіметінің жобасына сәйкес 2016-2021жылдары АЕМ орнатылады

Шежін ауылдық округі

9. Аудан орталығы Тасқала ауылында қосымша «Халық» банкінің тағы да бір банкоматын орнату

Тиісті мекемелерге хат дайындау Б.Имашев Орындалды. Банкомат орнатылды.

Ақтау ауылдық округі

10. “Ақ бұлақ” бөгетін жөндеу Орындау үшінС.Серғалиев,А.Жортабаев,а/о әкімі

Шығыны есептелді. Қаражат тапшылығына байланысты жөнделген жоқ

Тасқала ауылдық округі

11. Скоробогатов, Чурилин, Карбышев, Б.Момышұлы, Шевченко көшелерінің жолын жөндеу

Шешу жолдарын қарастырып, жоспарға енгізу

С.Серғалиев,А.Жортабаев Жергілікті табиғи қажетті материалдар қолданып, жолдар жөнделді

12.

Тасқала ауылының Карбышева, Б.Момышұлы, Шевченко, Самал шағын ауданын, шеткі “Деркөл” өзенінің жағалауындағы көшелерін жарықтандыру

Жоспарға енгізу А.Жортабаев,а/о әкімі

Карбышев, Шевченко көшелеріне қосымша 2 шам, Б.Момышұлы, Деркөл өзені жағалауындағы Ломоносов, Красноармейская, Чапаева, Садовая, Мостовая көшелеріне бір шамнан орнатылды.

13. “Бірлік” ауылында ауыз су мәселесін шешу

«Ақ бұлақ» бағдараламасына қосу үшін, ЖСҚ дайындау

С.Серғалиев,А.Сүндетбаева/о әкімі

Халық саны аз болуына байланысты «Ақ бұлақ» бағдарламасына қосу мүмкін емес. Қоғамдық құдық тазаланып, абаттандырылды.

14. Тың және тыңайған жерлердің игерілгеніне 60 жыл мерейтойына байланысты шаралар ұйымдастыру

ОрындауғаЛ.ЖұбанышқалиеваА.ДүйсеноваМ.Нарыков

2014 жылдың 10 сәуір күні аудандық мәдениет үйінің Тәуелсіздік залында «Дала перзенті – Здравствуй земля целинная!» атты тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жыл толуына арналған мерекелік шара өтті.2014 жылдың 6 маусым күні Тасқала ауданының еңбек ардагерлерінің делегациясы Ресей Федерациясы Озинки муниципалды ауданында өткен тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына орай өткізілген мерекелік шараға қатысып қайтты

15. Мерей ФАП, Амангелді, Шежін ауылдық дәрігерлік амбулаторияларына жоғары білімді дәрігер қажет

Облыс әкімдігіне, тиісті мекемелерге хат дайындау Л.Жұбанышқалиева орындалды

Тасқала ауданы әкімі С.Әлиевтың және ауылдық округ әкімдерінің аудан тұрғындарымен есепті кездесулеріне орай

жолданған ұсыныстары мен пікірлерін және сын ескертпелеріне арналған жәшіктерді орналастыру орны туралы

МӘЛІМЕТ

№ Ауылдық округтің атауы

Жәш

ікте

рдің

нө

мірі

Орналасқан жері

1. Ақтау ауылдық округі 1 Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты2. Ақтау ауылдық округі 2 Ақтау орта мектебінің ғимараты3. Ақтау ауылдық округі 3 Ауылдық мәдениет үйінің ғимараты4. Амангелді ауылдық округі 4 Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты5. Амангелді ауылдық округі 5 ЖК З.Сергазиеваның «Шәріп» дүкенінің ғимараты 6. Амангелді ауылдық округі 6 1-Шежін бастауыш мектебінің ғимараты7. Достық ауылдық округі 7 Ауылдық фельдшерлік пунт ғимараты (казпошта)8. Достық ауылдық округі 8 Ынтымақ негізгі мектебінің ғимараты9. Достық ауылдық округі 9 Бастау бастауыш мектебінің ғимараты10. Қазақстан ауылдық округі 10 Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты11. Қазақстан ауылдық округі 11 Совхоз орта мектебінің ғимараты12. Қазақстан ауылдық округі 12 Фельдшерлік пунктте13. Қосшы ауылдық округі 13 Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты14. Қосшы ауылдық округі 14 Оян орта мектебінің ғимараты15. Қосшы ауылдық округі 15 Байланыс бөлімінің ғимараты16. Мерей ауылдық округі 16 Казпошта бөлімінің ғимараты17. Мерей ауылдық округі 17 Шипов орта мектебінің ғимараты18. Мерей ауылдық округі 18 Жеке кәсіпкер Р.Рахимбердин дүкенінің ғимараты19. Мереке ауылдық округі 19 Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты20. Мереке ауылдық округі 20 Мереке орта мектебінің ғимараты21. Мереке ауылдық округі 21 Казпошта бөлімінің ғимараты22. Тасқала ауылдық округі 22 Аудан әкімдігінің ғимараты23. Тасқала ауылдық округі 23 Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты24. Тасқала ауылдық округі 24 «Аққу» дүкенінің ғимараты25. Тасқала ауылдық округі 25 «Дагестан» дүкенінің ғимараты26. Тасқала ауылдық округі 26 №5 дүкенінің ғимараты27. Тасқала ауылдық округі 27 «Қазақтелеком» АҚ ғимаратында28. Шежін ауылдық округі 28 Казпошта бөлімінің ғимараты29. Шежін ауылдық округі 29 Шежін орта мектебінің ғимараты30. Шежін ауылдық округі 30 Талдыбұлақ негізгі мектебінің ғимараты

Кабекенова Балым Галимқызының атына 2007 жылдың наурыз айының 14 жұлдызында берілген №0100189 нөмірлі (кадастрлық нөмірі 08-124-011-414 кадастралық нөмірлі жер актісінің жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

Х А Б А р л А н д ы р У