ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті...

102
ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ №1 (39) / 2015 альманах

Transcript of ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті...

Page 1: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

1«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

№1 (39) / 2015

альманах

Page 2: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

2 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Ғарифолла Есімғалым, философия ғылымдарының докторы,профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі

Алдан СмайылҚазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты

Сауытбек Абдрахманов«Егемен Қазақстан» республикалық газеті»акционерлік қоғамының президенті

Дихан Қамзабекұлы филология ғылымдарының докторы, профессор,Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттықуниверситетінің проректоры

Дархан ҚыдырәліҚазақстан Республикасы Білім және ғылымминистрлігі «Түркі Академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті, тарих ғылымдарының докторы

Юсуп Кеңес Сләмханұлы жазушы, аудармашы

Қойшығара СалғараұлыМемлекеттік сыйлықтың, Күлтегін сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ғалым, жазушы

Айдос Сарымсаясаттанушы

Асанова Жанар БолатқызыТілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің бас сарапшысы

Бас редакторҚонысбай ӘБІЛ

Бас редактордың орынбасарыБижомарт ҚАПАЛБЕК

Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген.Куәлік № 516-Ж (14.06.2004 ж.)

Редакциялық кеңес:

Құрылтайшы:

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

жұмыс комитеті

ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМальманах

Page 3: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

3«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Ана тілі – арың бұл,Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте!

Қадыр Мырза-Әли

Page 4: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

4 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Құрметті оқырман!

Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл және қоғам» альманахы

тағы да өздеріңізге қарай жол тартты. Бұл жолғы оның шығарушысы

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың

республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы болып табылады.

«Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге

жатады» деп П.Мелиоранский баға бергендей өзінің кемелдігімен,

тереңдігімен, байлығымен, ойлылығымен ерекшеленетін ана тіліміз –

ұлтымыздың қымбат қазынасы, халқымыздың баға жетпес байлығы.

Қазақ тілі – еліміздің тарихын, батырларымыздың ерлігін,

бабаларымыздың шешендігін бойында сақтап қалып, сол қалпында

ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген асыл шежіреміз.

Сіздер бұл альманах беттерінен елімізде мемлекеттік тілді

дамыту саласындағы сындарлы саясатпен, осы бағытта атқарылып

жатқан ауқымды істермен танысасыздар. Сонымен қатар өңірлік

тіл оқыту орталықтарындағы жағымды жаңалықтар мен озық

әдістемеліктер осы басылым бетінен орын алатын болады.

Сол секілді қазақ тілінің сан қырын танытатын аталы сөз,

астарлы әзіл, өрнекті өлең, көркем әңгімелерді де алдағы уақытта

осы альманах бетінен жиі кездестіретін боласыздар.

Сонымен біз Сіздерді тек оқырман ғана емес, ортақ іске белсене

атсалысатын авторымыз да болады деп сенім білдіреміз. Ендеше

іске сәт, ардақты ағайын!

БАС

РЕДА

КТОР

БАҒ

АНАС

Ы

Page 5: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

5«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Әрбір халық, әрбір ұлттың өзінің жаратылысына орай өмір сүруі - Жаратушының қалауы. Ғалымдардың айтуы бойынша бүгінде дүние жүзінде бес мыңнан астам ұлт болса, соның баршасы өзінің ұлттық ділін, болмысын, келбетін сақтауға тырысады.

Дегенмен олардың баршасы қаншама тырысқанымен, әлгін- дей мүмкіндік барлығына бірдей берілмеген. Себебі екі

жүзден астам ұлттың ғана өз мемлекеттілігі бар, бұған қоса шама- мен жетпіс шақты ұлт өз алдына мемлекеті болмаса да санының көптігімен өзінің дара келбетін сақтауға мүмкіндік алған. Сонда қазір шамамен екі жүз жетпістей ұлт өзіндік даралығын сақтай алады екен. Қалғандары бірте-бірте мемлекет құрушы немесе саны көп ұлттың арасына сіңіп, ассимиляцияға түседі. Ассимиляцияға

Оразкүл АСАНҒАЗЫ,ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Қазақ мектебін қолдау – ұлт

болашағын ойлау

Page 6: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

6 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

түсудің ең басты себебі олардың тілінің айтарлықтай деңгейде саяси, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, ақпараттық қызмет атқара алмауында. Тілді сақтайтын, дамытатын мұндай қызметті мемлекеттік немесе ресми мәртебесі бар тілдер ғана толық атқара алады. Мәселен, Қытайдағы маньчжур халқының саны 10,6 млн., бұл жағынан ол Австрия, Чехия, Болгария сияқты еуропалық белгілі мемлекеттер халқының санынан артық. Дегенмен, маньчжур тілі Қытай Халық Республикасында қытай тілі сияқты немесе ұлттық автономиясы бар ұйғыр тілі сияқты мемлекеттік немесе аймақтық мәртебеге ие емес. Сондықтан маньчжур тілінің дамуы, тіпті сақталып қалуы қиындау. Сол сияқты Пәкістанда 23 миллионнан астам синдх, 13 миллионнан астам мухаджир деген халықтар тұрады екен, алайда олардың тілі мемлекеттік тіл емес, мұндай мәртебе алмағандықтан олардың тілдері өзінің толық қызметін атқара алмасы белгілі. Әлемде мұндай мысалдар көптеп кездеседі. Қазіргі дамыған қоғамда, жаһандану дәуірінде тілді сақтайтын ең басты қорғаныш – оның саяси мәртебесі және сол тілде ұлт азаматтарының сөйлеуі, әсіресе, жас ұрпақтың өзінің ана тілін білуі. Мемлекеттілігі бар ұлт болсын, мемлекеттілігін ала алмаған ұлт болсын қай-қайсысы да өзінің ұлттық болмысын сақтауға міндетті түрде тырысады. Ұлтты сақтау үшін, ең алдымен, тілін сақтауға күш салады. Себебі ұлттың дара ұлттығын көрсететін негізгі нышан – тіл. Сондықтан да Мағжан Жұмабаев: «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлттың тілінен қымбат нәрсе болмасқа керек» десе, Бауыржан Момышұлы: «Тіл – ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі» депті. Ұлттың тілін кемелдендіретін, жетілдіретін, оның барлық байлығын, бейнелілі- гін, тереңдігін көрсететін ақындар, жазушылар, ғалымдар, өнер мен мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, тілдің толыққан- ды өмір сүруі тұтас халықтың қолында, ал оны болашаққа жеткі- зетін бүгінгі балалар, жас ұрпақ. Міне, осыны мықтап ескеріп, біз ұрпағымыздың өз тілінде сөйлеуіне, олардың өзі үшін де, жалпы халқымыз үшін де, азаттыққа жетіп, тәуелсіздігін алып, өзгелермен терезесі тең болып тұрған мемлекетіміз үшін де аса мүдделі бо- луға тиіспіз, әрбірден соң міндеттіміз. Қазақ елінің мемлекет бо- лып өмір сүруінің алғышарты оның саяси бағытында, экономи- касында ғана емес, оның азаматтарының тұтастығы мен бірлігінде. Қазақ тілі осындай мемлекеттік тұтастықтың белгісі болуымен бірге, оны нығайтатын ең басты тіректердің бірі һәм бірегейі.

Page 7: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

7«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Жаңадан тәуелсіздік алған мемлекет өзінің саяси бағытын, экономикалық-әлеуметтік жүйесін қалыптастырумен бірге, мемлекеттілігін сақтау әрі жетілдіру үшін, мемлекеттің ішкі рухани ахуалын дұрыстау үшін кешегі отаршылдықтың зардаптарынан арылуы қажет. Мұны отарсыздану саясаты дейді. Бұл жөнінде батыстың белгілі саясаттанушыларының бірі Э.Томсон: «Отаршылдыққа түскен ел отарлық қамыттан құтылғаннан кейін міндетті түрде отарсыздануы керек. Отаршылдардың өздері елден кетсе де, олардың көлеңкесі қалады. Отаршылдық – азаттық алған елдің барлық саласында төбе көрсетіп отырады. Саяси жүйе өзгерсе де, отаршылдардың ойран салуынан әбден зардап шеккен «ұлттық сана» көп уақытқа дейін ойрандалған қалпында қалады. Оның өзгеріссіз қалуы – ең алдымен, тілінде көрінеді» депті. Бұл терең пікір бүгінгі қазақ ұлтының басындағы халді айнытпай дәл танытады. Осы оқымыстының сөзі бүгінгі тілдік ахуалымыздың проблемасын аңғартып тұр. Өйткені балаларымызды мемлекеттік тілдегі мектепке бермеуіміздің түпкі себебі санамызда әлі де отар- лық психологияның орын алуында. Біз Қазақстан Республикасына атау беріп отырған ұлттың тіліне, дәстүріне, мәдениетіне неғұрлым тез бұрылсақ, соғұрлым отарлық санадан арыламыз.

Қазақстан Республикасының жеке саяси субъект ретінде өмір сүріп келе жатқанына жиырма жыл толмақ. Дегенмен мемлекетіміздің басты тілі – қазақ тілі өзінің саяси мәртебесіне жетті деп айта алмайтынымыз да белгілі. Әлбетте, империялық, кеңестік саясаттың қыспағынан шыққан халқымыз сияқты, тіліміздің де аз уақытта толық мәртебесіне жетуі оңайшылықпен бола қоймайтындығы түсінікті. Десек те, тіліміздің толық мәртебеге жетуінің іргетасы кешеден, бүгіннен бастап нық әрі сенімді қалануы тиіс. Ең алдымен, қазақ баласы өзінің отанында, атамекенінде, тәуелсіз елінде ана тіліндегі мектепке баруға тиісті, бұл тіпті талқыланбайтын, ешқандай сылтауға көнбейтін ақиқат.

Қазақ баласының қазақ мектебіне баруына қазіргі таңда барлық жағдай жасалған. Тіпті қазағы басым оңтүстік, батыс өңірлерді айтпағанның өзінде, Қостанайда болсын, Павлодарда болсын, Петропавлда болсын қазақ мектептері көптеп ашылуда. Қазақстанда білім беру мәселесі толық шешілген. Мектеп бітірген соң қазақ тілінде оқуды жалғастырам десеңіз, қазақтілді бөлімдері бар колледждер де, университеттер де жетерлік деуге болады. Дегенмен әлі күнге дейін қазақ бола тұрып, Ресей Федерациясының емес, Қазақстан Республикасының азаматы бола тұрып, балаларын

Page 8: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

8 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

қазақтілді мектепке емес, орыстілді мектепке жетектеп апаратын ата-аналар он мыңдап, тіпті жүз мыңдап саналады. Әрине, бұл мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің толық дамуына өзінің салқынын тигізуде. Осы арада қазақ ағайындар, ата-аналар мықтап ойлануы керек. Баласы мектеп жасына келгенде әрбір қазақ ата-ана өз баласы үшін қазақ мектебін таңдауы тиіс, тіпті міндетті. Ең алдымен, өзіңіздің қазақ болғаныңыз үшін, Қазақстан сияқты тәуелсіз елде тұрғаныңыз үшін, мемлекеттік тіліңіз қазақ тілі толық салтанат құруы үшін. Қазақ тілі бүгін болмаса да, күні ертең нағыз мемлекеттік тілге айналады. Сол кезде егер балаңыз орыс мектебін бітірген болса, еркін қызмет істей алмауы мүмкін. Қазақ тілінің толық салтанат құратын күні алыс емес. Қазірдің өзінде қазақ жетпіс пайызға жуықтады, келесі санақта сексен пайызға жетеміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы халыққа Жолдауында: «Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін біз бәрін де жасап жатырмыз» деген болатын. Елбасының бұл сөзінен балаларын мектепке енді беретін ата-аналар өздеріне сабақ алуы керек. Кешегі кеңестік заманда жақсы өмір сүру үшін, жоғары білім алу үшін орыс тілі қаншалықты қажет болса, енді белгілі бір жетістіктерге жету үшін қазақ тілі соншалықты қажет болмақ. Орыс тілі – әлемдік тілдердің бірі. Орыс тілі – Ресей үшін, орыс халқы үшін аса қымбат құндылық. Мәселе орыс тілінде емес, Қазақстандағы тілдік ахуал жөнінде, қазақтың орыс тілін біліп алып, өзінің ана тілін білмейтіндігі жөнінде. Қазақ тілі Қазақстанда ғана кең өріс жая алады, орыс тілінің мызғымас тірегі – Ресей. Орыс тілі бізсіз-ақ өзінің елінде дамыған, үлкен тілге айналған.

Баласын орыс мектебіне беріп отырған ата-ана, Қазақстандағы орыс тілінің үстем болуын жақтайды. Жақтамаса болмайды, өйтпесе орысша оқыған ұланы қызметке кіре алмай қалады. Сондықтан олар қазақ бола тұра қазақ тілінің емес, орыс тілінің тілеуін тілейді. Олар өздерінің бұл ұлтқа қарсы істерін әр түрлі сылтаулармен ақтағысы келеді. Олардың алдымен айтатыны – Қазақстанда қазақ мектебінің деңгейі орыс мектебінен төмен. Сондықтан өз ұрпағының ерекше білімді болуы үшін орыс мек- тебіне беріп отыр-мыс. Қазақ мектебін сан ғасырлық тарихы бар орыс мектебімен салыстыруға болмайды. Егер салыстыру қажет

Page 9: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

9«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

болғанның өзінде қазақ мектебінің сапалық деңгейі орыс мекте- бінің деңгейінен кем емес, артық. Мысалы, 2008-2009 оқу жылында «Алтын белгі» алған оқушылар саны – 73. Оның ішінде қазақ мектептерінің оқушылары басым көпшілікке ие болып, 61 «Алтын белгіні» иеленді. Осы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары бойынша ең жоғары 123 балдық нәтиже алған №38 қазақ мектеп-лицейі. 2009-2010 оқу жылы «Алтын белгі» алғандардың жалпы саны – 81 болса, оның 61-і қазақ сыныптарының оқушылары. Осы нәтижелердің өзі қазақ мектептерінің алда екендігін көрсетпей ме?! Ата-аналар осындай мәліметтерді ескеріп, өз балаларының сапалы білім алуы үшін қазақ мектептеріне беру керек емес пе?!

Қазақстанда, әсіресе, Астанадағы қазақ мектептерінің жақсаруы үшін мемлекет барлық жағдайды жасауда. Елбасы бұған ерекше мән беретіндігін өздеріңіз жақсы білесіздер. Президент Н.Назарбаевтың қазақ мектептеріне айрықша мән беруі, Астанадағы қазақ мектептерінің ашылу салтанатына арнайы кеп қатысуы – көп нәрсені аңғартса керек. Президенттің осы әрекетін баласын орыс мектебіне беріп отырған қазақ ата-анасының түсінетін уақыты әлдеқашан жетті. Бұл мәселенің бір қыры. Екіншіден, егер қазақ ата-анасы өзінің туған тіліндегі оқу ордасынан қашып, орыс мектебін паналаса, онда қазақ мектебі сапа жағынан да, сан жағынан да қалай дамымақ? Әдебиетінде Пушкин мен Лермонтовты, тарихында Иван Грозный мен Петр біріншіні мадақтайтын орыс мектебіне баласын берген қазақ ата-анасы баласын отансүйгіштікке қалай тәрбиелемек? Ол бала қазақ фольклорының қайнарынан да, Абай бастаған қазақтың терең ойы мен көркем сөзінен мүлде тыс қалмай ма? Туған халқының шынайы қасиеттерінен тыс қалған азамат тәрбиелеуді мақсат еткен ата-ана туралы не айтуға болады? Өзімен қоймай, баласын да туған халқының рухани дүниесінен бейхабар еткісі келетін ата-аналар туралы не айтуға болады? Мұндай ата-ананың санасы өзге елдің идеологиясына шырмалған, баласын да соған итермелеп отыр. «Тәуелсіз елміз» деп отырғанда баласын тілі бөтен, діні басқа елдің тәрбие жүйесіне беру – сыпайылап айтқанда, мәдениетсіздіктің белгісі. Өйткені бізден ақылды, бізден данышпан М.Әуезов «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп атауға болмайды» деген. Егер мұны қазақ айтты деп қоңылтақсысаңыз, бүгінгі еуромоданың дәстүрінде айтайын. Сол барша Еуропаңыз

Page 10: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

10 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

аузын ашып, көзін жұматын ақылды халық – неміс халқының ең ақылды, ең данышпан ұлдарының бірі Георг Вильгельм Фридрих Гегель: «Білімділіктің ең басты факторы – туған тілінде сөйлеу мен сыйлаудан басталады» десе, сіз балаңызды мектебіне беріп отырған орыс тілінің ұлы өкілі Иван Тургенев туған тілі орыс тілі дегенде ет жүрегі езіліп: «О, ұлағатты, құдіретті, шыншыл да еркін орыстың тілі. Отанымның тағдырын ойлап, қинала күрсінген күндерімде де, көңілді күдік жайлаған күндерде де маған сүйеу, таяныш-тірек болған жалғыз ғана өзіңсің!» - деп тебіренеді. Сіз ана тіліңіз – қазақ тілі туралы осылай айта алар ма едіңіз?!

Алла тағала адамды жаратқанда, оны бір ұлттың адамы етіп жаратады. Яғни, сіздің де, сізден туған баланың да қазақ болуы – Жаратқан иеміздің жарлығы. Бәріміз пендеміз, тағдырымыз құдіреті күшті, мейірімі шексіз Алла тағаланың қолында. Сондық- тан сіз әуелгі жаратылысыңыздан айнып, қанша тырбансаңыз да қазақ боп қаласыз. Ал қазақ болу деген сөз – ең алдымен, сол қазаққа тән дініңізді, діліңізді, тіліңізді сақтау деген сөз. Бұл Алла алдындағы да, ұлт алдындағы да міндетіңіз һәм бұлжымай орындалуға тиісті парызыңыз. Енді сіз осы парызды орындау үшін не істеп отырсыз? Біріншіден, балаңызды ана тілінен ажыратуға барып отырсыз. Сөйтіп балаңыздың тілін өзгерту арқылы оның діліне де нұқсан келтірдіңіз. Орысша оқыған бала дәстүрлі қазақ тәрбиесінен жырақ қалып, орыс болмаған соң бұл халықтың да тамаша дәстүрлерін толық игере алмай, екіұдай тәрбие көріп, ештеңеге қанық болмай шығады. Ол – ол ма, мұндай бала өз балаларын да өзге ұлттың мектебіне береді. Сөйтіп сіздің тұтас әулетіңіз күндердің күнінде орыстанып шыға келеді. Орыстанған адамның мұсылман дініне де бұрыла қоюы екіталай. Осыдан сіз болжамаған бірқатар келеңсіз жайттар туады. Осыны ойландыңыз ба? Ойланбасаңыз, ойланғаныңыз абзал. Ұрпақ тәрбиесіне жауапты қарағыңыз келсе, әбден толғаныңыз. Ұлтымыздың келешегін ойла демейік, ең болмаса өз балаңыздың болашағын бүгіннен бастап ойлағаныңыз жөн. Қатеңізді түзетуге кеш емес. Ертеңгі ұрпағыңыздың алғысына бөленгіңіз келсе, жаңсақ жолдан тура жолға тезірек түсіңіз.

Әлемдегі барша дамыған халықтар сияқты қазақтың да дамуға, ілгерілеуге қақысы да, мүмкіндігі де бар. Адамзат баласы ғасырлар бойы бір-бірімен тәжірибе алмасып, селбесіп өмір сүріп келеді. Осы жолда бірінің жақсысын бірі алады. Бүкіл әлемге үлгі –эталон болатын дара ұлт жоқ. Әлемдік қауымдастық осындай бірлігімен

Page 11: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

11«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

күшті. Енді егемендік алып жатқан қазақ баласы да өзгелер жеткен межеге жетер, өзгелер бағындырған биіктерді алар. Өркениетті дүниенің есігі ағылшынға, неміске, орысқа, басқаға ғана емес, қазаққа да ашық. Қазақ оған өзге ұлттың терісін жамылып, сөзін сөйлеп емес, өзінің болмысымен-ақ ене алады. Қазақ – өзінің ұлттық әлеуетін тауыспаған, моральдік-этикалық ерекше болмысын сақтап отырған, бергенінен берері көп жас, дарынды халық. Сондықтан қазақ мектебінің де келешегі кемел. Оған күмән келтіруге болмайды. Егер күмән келтірсеңіз, онда жалпы ата-бабаларымыз қалыптастырған, осы тәуелсіздік кездерінде жаңғырып келе жатқан қазақ мәдениетіне, қазақ болмысына сенімсіздік білдіргеніңіз. Балаңызды орыс мектебіне бере отырып, сіз қазақтықтан алыстап отырсыз. Қазақтың мектебін, сол мектепті ашып, қалыптастырып отырған қазақтың жұмысына үлкен күдікпен қарайсыз. Ұлтыңыздың жақсы дүние істей алатындығына күдігіңіз күшті, күмәніңіз үлкен. Егер ұлтыңыздың рухани дүниесіне күдіктенбесеңіз, туған халқыңыздың қолынан жақсы мектеп қалыптастыру, жақсы тәрбие беру келеді деп ойласаңыз, өзіңіз жаныңыз ашитын, өте жақсы көретін туған ұрпағыңызды неге орыс мектебіне бересіз? Яғни, сіз әлі Қазақстанда қазақтың ең ұлы, ең қасиетті рухани дүниесі – қазақ тілінің мүмкіндіктеріне сенбейсіз. Мұныңыз бекер. Қазақстан тәуелсіздіктің жиырма жылында құлақ естір, көз көрер, қол ұстар бірқатар жетістіктерге жетті. Қазақтың ел қатарлы ел болуы үшін Елбасымыз баршамызды жетелеп келеді. Ол кісінің арманы да, мақсаты да қазақты өрге шығару. Бұл қазақты басқа емес, қазақ қалпында өрге тартқысы келеді. Сіз осыған да иланғыңыз келмейді. Бәлкім, түсінбей жүрген шығарсыз. Түсінбесеңіз, тезірек түсінуге тырысыңыз. Сөйтіп өзіңіз де, өзіңізден өрбіген ұрпақ та тілі – түгел, тілегі – оң толық қазақ болсын. Өзіңіз болдырмасаңыз, сізді ешкім болдырмайды. Сондықтан толық Алаш баласы болуды өзіңізден, отбасыңыздан бастаңыз. Тәуелсіз елімізде қалыптасып келе жатқан еркін, ақылды, тілі мен тарихын жақсы білетін, діні мен ділін құрметтейтін нағыз жаңашыл қазақтардың көшінен балаңыз қалып қоймасын. Қазақ тілінде білім мен тәрбие беріп, нағыз қазақтың қатарына қоссаңыз, өз ұрпағыңыздан тек алғыс аласыз.

Қазақ халқы өзінің ғасырлар бойғы тарихында көптеген қиындықтарды бастан кешіргені баршаға аян. Бірақ қазақ халқы ол қиындықтарға төтеп беріп, абыроймен жеңіп шықты. Барлық кезде Отан үшін жан беретін батырларымыз болды. Солардың

Page 12: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

12 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

ішінде қазақтың аяулы қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова сынды батыр қыздарымыздың орны ерекше. Небәрі 18 жастағы жап-жас, бомбы-снарядтардың жарылысынан да, сазды жер мен жан төзгісіз суықтардан да қорықпаған батыр қыздардың майданда көрсеткен ерліктерімен салыстырғанда, мемлекеттік тілді үйренудің ешбір қиындығы жоқ.

Соңғы жылдары үштұғырлы тіл саясаты жөнінде көптеген пікірлер айтылып жүр, яғни бала қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі керек. Мен бұл бастамаға толық қосыламын, үштұғырлы тіл саясатын мен баланың, ең алдымен, мемлекеттік тілді білуі деп түсінемін. Астана қаласында тілдерді білуге байланысты көптеген сайыстар ұйымдастырылады, мәселен, «Тілдарын» үш тілді білу қалалық сайысына қазақтілді мектептерден 54 оқушы қатысса, орыстілді мектептерден небәрі 2-ақ оқушы қатысты. Бұл қазақтілді мектепте оқитын баланың орыстілді мектепте оқитын баладан артықшылығының бір көрінісі, өйткені бала қазақтілді мектепте мемлекеттік тіл – қазақ тілін жетік меңгереді, сондай-ақ міндетті түрде орыс тілі мен ағылшын тілдерін де үйренеді, ал орыстілді мектепті бітірген балалар тек қана орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығады.

Әдетте өз баласын орыс мектебіне беріп отырған ата-аналар өзінің осы әрекетін ақтау үшін ылғи себеп пен сылтау іздейді. Соның бірі – оқулық жайы. Орыстілді мектепке баласын беріп отырғандардың айтатыны – қазақ оқулықтары сапасының төмендігі. Бұл олардың ғана ойы, баршаның ойы емес. Ал олар сапалы деп отырған орыс оқулықтарына келейік. Сол орыс оқулықтарында, мәселен, тарих оқулықтарында сіздің жеріңізге басқыншылық жасаған орыс патшалары мен батырлары мақталады. Ермак сияқты қазақты қырғынға ұшыратқан баскесерлер орыс тарихында жақсы етіп көрсетіледі. Соны орыстілді мектепте оқыған қазақ баласы оқиды, оқи отырып сәбилік сезіммен соған сенеді. Өйткені тарихи шындықты айтқан қазақ оқулықтарын оқуға мүмкіндік шектеулі. Себебі ата-анасы оның туған тарихын тануға мүмкіндігін шектеп, өз тілінде емес, өзге тілде оқытып отыр. Ал «Русская словесность», «Русская литература» оқулықтарына келейік. Мәселен, 5-сыныпта сіздің балаңыз «Илья Муромец и Соловей Разбойник» деген жырды, «Свинья под дубом», «Настали святки» деген өлеңдерді оқып, орыстың дәстүріне бейімделсе, 6-сыныпта мұсылман баласының санасына жат, қолдан жасалған Афродита, Посейдон сияқты

Page 13: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

13«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

«Құдайлардың» бейнесін меңгереді, Эрот бейнесі арқылы санасына эротиканың бастапқы түсініктерін енгізеді. Содан не керек, орыстілді мектепте оқыған қазақ баласы 11-сынып бітіргенше әуелгі табиғи болмысы қазақтықтан алыстап, бірақ орыс болып жаратылмағаннан кейін жақсы орыс бола алмай, екі ортада дүбәра күйге түседі. Бұдан ата-ана не ұтты, бала не ұтты?

Қазақ тілі – дүниедегі ең көркем, ең бай, ең табиғи тілдердің бірі. Қазақ тілінің осындай айрықша қасиетін ұлыларымыздың баршасы бағалаған, өзімізді қойып қаншама орыс оқымыстылары, еуропалық білімдарлар айрықша баға берген. Ана тіліміздің қасиеті жөнінде Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ», - деп баса көрсеткен. Түсінбей келе жатқан баласын орысша оқытып отырған ата-аналар ғана. Баланың орыс тілін білуі үшін, ана тілін ұмытуы керек пе? Орысша білу – міндетті түрде орыс мектебінде оқу деген сөз емес қой. Испан, португал тілдерінде сөйлейтін тұтас құрлық, Латын Америкасы мемлекеттері орыс тілін мүлде білмейді. Кешегі советтің отарында болған шағын Литва мен Латвия, Қазақстанның бір ауданындай ғана Эстония, түбі бір туыс мемлекеттер Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан өз тілдерінде ғана сөйлейді, мемлекеттерін бас- қарады. Солардың мәдениеті кімнен кем? Өз тілдерінде ғана сөйлегені үшін, әлемдік саясаттағы беделіне нұқсан келіп отыр ма? Баласын орыстілді мектепке беріп отырған ата-аналардың көпшілігі өз ұрпағының табысы мол шетел фирмасында жұмыс істегенін, жоғары жалақы алғанын тәуір көреді, сондықтан баласын шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орнында оқытқысы келеді. Ал оған орыс тілінің қажеті қанша?! Гарвардта, Оксфордта, Принстонда орысша оқытпайды.

Қандай да болмасын жас мемлекет тәуелсіздік алғаннан кейін кешегі отарлық зардаптарынан тезірек арылуға күш салады, соның амалдарын ойластырады. Ұмытыла бастаған тарихын түгендейді, дәстүрін оралтады, мәдениетін жаңғыртады. Бұл мемлекеттік, жалпыхалықтық ұлық іске сол елдің барша азаматтары аянбай атсалысуы қажет, әсіресе, мемлекетке атау берген ұлт өкілдері бұл шарада алдарына жан салмауы керек. Өзге мемлекеттің тілін әспеттеп отырған, өзін қойып, ұрпағын соған беріп отырған сіздер қалай атсалыспақсыздар?! Болашақты ойлау үшін ақыл, еңбекпен бірге намыс керек. Кәдімгі табиғи ұлттық, азаматтық намыс. Намыс ерік пен жігерден шығады. Қазақ болуға сіздің еркіңіз бен жігеріңіз жете ме, осы туралы жақсылап ойланыңыз. Себебі бүгінгі

Page 14: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

14 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында, қазақтың ата-анасының қолында. Өйткені Елбасымыз айтқандай: «Өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз».

Жерінің аумағы жағынан әлемнің тоғызыншы мекеніне айналған Қазақстанның жерін даңқты бабаларымыз, айбынды аталарымыз білектің күші, найзаның ұшымен ғана емес, ақыл-парасатымен, даналығымен, өзінің қазақтық табиғатын ұстанумен, өзінің халықтық рухани қалпының үйлесімімен сақтап келген. Дінін ұстанған, өз тілінде сөйлеген, дәстүрін ардақтаған. Бесік жырын ана тілінде айтқан, ұл-қызына ұлттық тәрбие берген. Егер бүгін дүниенің әр бұрышында болып жатқан табиғи апаттардан аман болайық десек, онда ата-бабадан дәстүр болып жеткен сол ұлттық үйлесімімізге оралуымыз керек. Осы ұлы аманатқа оралсақ, көріпкел даналарымыз айтқандай, қазақтың елі мен жері бақытқа да, байлыққа да кенеледі.

Алаш көсемі, қазақ ұлттық ғылымының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ – жоғын іздеген халық» деп еді. Тәуелсіздіктің тізгіні өз қолымызға тигенде енді бейне бір жанкешті қуғыншыдай жоғалтқан нәрсеміздің бәрін тауып, жоғымызды түгендеп, асылымызды танып, ел болып ардақтауға асығуымыз керек. Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығында әрбір қазақ азаматы, әрбір қазақстандық азамат елдік мұраттарымызға бұрылып, әсіресе, ұрпағының болашағын мықтап ойлағаны жөн, ағайын!

Page 15: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

15«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Жақында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХII сессиясында Елбасы өзінің «үш тілдің бірлігі» деген идеясын дамыта, жетілдіре түсіп, мектептер мен жоғары оқу орындарында үш тілдік білім беру туралы аса маңызды мәселені алға тартты.

Қазақстанның мәдениеті мен тарихы, тілі мен әдебиеті – қазақша, жаратылыстану пәндері ағылшынша үйретіліп,

орыс тілі пән ретінде оқытылуы қажеттігін айтты. Мектептің соңғы сыныптары мен жоғары білім беру ордалары бірте-бірте ағылшын

Әбдіжәлел БӘКІР, саяси ғылымдарының докторы, Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры

Мемлекеттік тілімізді мешел еткіміз

келмесе...

Page 16: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

16 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

тіліне көшуі тиіс деп атап көрсетіп, бұл туралы Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктеріне үш тілде білім берудің нақты жол картасын дайындауды тапсырды.

Елбасымыздың осы нақты тапсырмасына байланысты кейбір ойларымызды білдірмес бұрын кешегі кеңес заманында орыс тілінің үстемдігінің қалай орнағаны жөнінде бір тарихты тағылым үшін айта кетейік.

1938 жылғы 13 наурызда КСРО Халық комиссарлар кеңесі мен БКП(б) Орталық комитеті «Ұлттық республикалар мен облыстардың мектептерінде орыс тілін міндетті оқыту туралы» қаулы қабылдады. 5 сәуірде Қазақстан КП (б) ОК және ҚССР Халық комиссариаты кеңесі жоғары органдардың шешіміне сәйкес кешенді іс-шара жасады. Саясатшыл белсенділер алға шығып, сол кездегі қазақ мектептерінің жағдайымен санаспай, орыс тілі үшін жұмысқа жеңдерін түріп тастап кірісті. Олар негізінен өзіміздің қаракөздеріміз болатын. Солардың ұсынысымен 1938-1939 оқу жылында бастауыш мектептің 2-сыныбының 2-жартысынан, толық емес орта және орта мектептердің 3-сыныбынан бастап, орыс тілін оқытуды қамтамасыз ету республика халық ағарту комиссариатына тапсырылды. Ал осы күні қабылданған Қазақ ССР ОАК мен ХК кеңесінің «Қазақ мектептерінде орыс тілін міндетті түрде оқыту туралы» қаулысында республикадағы қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқытудың қанағаттанғысыз дәрежеде болуының негізгі себептерінің бірі – халыққа білім беру органдары және жекелеген кеңес аппаратының кейбір буындарына контрреволюциялық буржуазиялық-ұлтшылдық пен троцкистік-бухариндік элементтердің кіріп кеткендігі деп бағаланды. Мұндай баға берушілер сол кездегі орыс тілінің оқытылу жағдайымен санаспады. Өткен 1937/1938 оқу жылында республикадағы барлық 292 мектептің 157-і орыс, 10 аралас, ал 89-ы ғана таза қазақ мектебі болатын. Шолақ белсенділер үшін мұндай жағдай аздық етті.

Бұл еліміздегі ресми органдардың шешімдері кешегі отаршылықта болған, өз елінде халқы азшылыққа айналған республика үшін зор қиыншылықтарға жол ашты. Кеше ғана өткен қанды қырғыннан зәресі кеткен зиялы қауым аузын аша алмады, олардың үні шықпады. Және Мәскеу саяси мәдениеті төмен, отарлық езгінің тұрпайы түрін басынан кешкен қазақ халқының бұл саясатты жалаулатып алып кететініне сенді. Шынында да, солай болып шықты. Міне, осы шаралар күндердің күнінде елімізде орыс

Page 17: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

17«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

тілінің үстемдігіне алып келді. Мәскеуге де керегі осы еді. Осының зардабын әлі аз көріп келе жатқан жоқпыз.

Егер Елбасымыздың тапсырмасын тиісті билік органдары парасатты пайымға салып, тиімді ұйымдастырып, қазіргі қоғамдағы ана тілдің жағдайын жақсартудың жолдарын терең де жан-жақты ойластырып, жалпы білім, тәрбие жүйесіндегі қазақ тілінің қайшылықты ахуалын барынша ашып, алдағы міндеттер нақты айқындалмаса, жоғарыдағы тарихты қайталамауымыз мүмкін.

Рас, қазіргі заман бөлек. Тәуелсіздік жылдары ана тілдік кеңістікте көп нәрсе өзгерді. Ең бастысы, егемендіктің елең-алаңында мемлекеттік мәртебеге ие болған тіліміздің қолданыс аясын кеңейте түсуге ықпал ететін құқықтық, заңдық негіздер қаланды. Мемлекеттік бағдарлама бар. Бұдан басқа да шаралар іске асуда. Бейнелеп айтсақ, сең сөгілді, мұз қозғалды. Бірақ құқықтық және заңдық нормалардың толыққанды жұмыс істемеуінен қазақ тілінің бүгінгі қолданыс жағдайы мәз емес. Ал өзімізде, тіл иелерінде тәуелсіз сана, ұлттық намыс жетпей тұр. Кешегі күндердің салқыны бойды жылытатын емес.

Оның себептері көп-ақ. Соның бірі – ең алдымен, билік қазақша сөйлемей, халық өз тілінде сөйлемейді. Ұлтымыздың өз ерекшелігі бар. Басшыға көп қарайды. Міне, осыдан қазақ тілі мемлекеттік органдарда көпшілік жағдайда аударма тіл болып, екінші деңгейде қалып, бірінші орында орыс тілі келе жатыр. Ата заңымыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл – қазақ тiлi» деген конституциялық норманы елей бермейтіндер қатары азаймай тұр. Ал өркениетті елдердегі азаматтарға мемлекеттік тілді толық білуге осының өзі жетіп жатады. Мұндай ұжымдық сана бізде қалыптаспай отыр. Сондай-ақ тиісті органдардың қатаң қадағалауының жоқтығынан Ата заңдағы «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деген құқықтық қағида мемлекеттік мәртебеге ие болып кетті. Тіпті Үкіметтің өзінде заңдар алдымен орыс тілінде жазылып жүргенінен ел хабарсыз емес. Басқа билік органдарына қарағанда ұлттық сипаты басымдау болуға тиісті Парламенттің жағдайы да осындай.

Бұрындары мемлекеттік тіл туралы заң қабылданбай, қазақ тілінің айдарынан жел еспейді деп келіп едім, оны газеттерге жаздым. Өйткені тіліне пәлендей қауіп төне қоймаса да, Ресей

Page 18: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

18 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

мемлекеттік тіл туралы арнайы заң қабылдады. Көптеген кешегі одақтас республикалар да солай етті. Шынында да, мұндай заңсыз мәселе толық шешімін таппайтыны рас. Алайда Ресейдің өзінің туысқан еліне бас салғанынан кейін, басқашалау ойлаудың қажеттігі туды. Бұл жөнінде Елбасымыз да ескертті.

Жоғарыдағы себептердің тағы бірі – тілдің нағыз қалыптасатын білім беру жүйесінде қазақ тілінің оқытылуы, игерілуі қана- ғаттанарлық жағдайда болмай отыр. Оқулық мәселелері де аз әңгіме болып жүрген жоқ. Сол себепті ана тілдік орта әлсіз, қалалық жерлерде мектеп бітірген балаларымыз өз тілдерінде еркін сөйлей алмайды. Олардың көшедегі тілдері – орыс тілі. Олар қазақша газет-журнал, кітап оқымайды. Ал орыс мектебі мен жоғары оқу орындарының орыс топтарында оқып жатқан ұл-қыздарымыздың басым көпшілігі қазақша сөйлемейді, жаза алмайды. Қазақ тілінің қолданыс аясын тарылтып отырған аралас мектептер саны әлі азаятын емес. Олардағы қазақ сыныптарында оқып жатқан ұл-қыздарымыздың дені өз тілдерін толық игере алмай отыр.

Мұның барлығының бір мәнді себебі – қоғамымызда қазақ тілдік орта, ана тілге қажеттіліктің қалыптаспауында болып отыр. Бұл көптен айтылып келе жатқан жай. Қазір қазақ тілін білмей-ақ республикалық деңгейдегі шенеунік, тіпті министр бола беруге болады. Ал осындай деңгейдегілердің кейбіреулері қарамағындағылардың жазып берген қазақша материалын дұрыс оқып та бере алмағанын талай көрдік. Кешегі басшы қызметте болған, бүгінгі зейнеткерлер немересімен қазақ тілінде сөйлесе қоймайды. Отбасындағы ана тілдік ортаның әлсіздігінен тұрғын үйлердің ойын алаңдарында ұрпақтарымыздың ана тілінде сөйлеп жүргенін кездестіру қиын. Өйткені отбасында ата-аналар қазақ тілінде сөйлемейді. Ана өз тілінде сөйлемей, бала ана тілінде сөйлемейтінін күнде көріп жүрміз. Сол себепті жас ұрпақ «Балапаннан» гөрі «Nickelodeen», «Cartoon Network», «Tiji», «Карусель» хабарларын тұрақты көреді. Елімізде тарайтын БАҚ-тың дені (шетелдік 5 мыңға тарта БАҚ-тың 95 пайызы) орыс тілінде. Қазіргі электронды БАҚ-тың аса бір тиімді түрі теледидарлар да ұлттық тілге деген талапты негізінен, түннің ортасынан таң атқан- ша берілетін қазақша хабарлармен жауып жүрген сияқты. Астана- да жарнамалардың дені Мәскеу жақтан дайындалып келген орыс- тың жігіттері мен қыздары, кісілерінің бейнелері. Басқа елдегі сияқ- ты мекеме, сауда орындарында шетелше жазу жалғасып келеді.

Page 19: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

19«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Осындай ана тілдік кеңістіктегі аса қайшылықты жағдайда Білім және ғылым министрлігінің 1-сыныптан ағылшын тілін оқытуы аз болғандай, үстіміздегі оқу жылында, айтушыларға қарағанда, еліміздің 185 балабақшасында әлі ана тілі еркін шыға қоймаған балаларға тәжірибе ретінде ағылшын тілі үйретіліп жатыр. Бір ғана мысал, Астанадағы қазақтілді «Еркетай» балабақшасының менің немерем баратын тобындағы 34 баланың (бәрі қазақтың ұл-қыздары) үшеуі ғана қазақша сөйлейді. Әрине, ол балабақшалардың басшылары жұмыстарынан айрылмау үшін, түгел дерлік тәжірибе тамаша өтті, енді қытай тілін қашан оқытамыз деп шығады. Әйтпесе оларды тікелей тапсырманы ұйымдастыра алмадыңдар деп орындарынан босатамыз. Мұндай өктемдік кешегі кеңестік заманнан әлі жалғасып келеді.

Ойланайықшы ағайын, әлі ұлттық ойлау жүйесі дұрыс қалып- таса қоймаған, ана тілінің базалық құндылықтары (Балабақша- дағы тілдік құжаттарда осылай жазылған - Ә.Б.) түгіл, ана тілінде сөйлей алмайтындарға енді ағылшын тілін өктемдікпен (бұған байланысты Ата заңда не Тіл туралы заңда еш құқықтық норма жоқ) оқыту обал емес пе?

Білетіндердің айтуына қарағанда, Канадада ағылшын және француз тілдерін қатар оқыту балалар арасында күрделі жағдайларға алып келген көрінеді. Бізде де балалардың өз-өзіне қол салуы жоқ емес.

Енді әлемдегі кейбір елдердің тілге қатысты тәжірибелеріне назар аударайық. Мысалы, Кувейтте ағылшын тілін 2-сыныптан бастап оқытады. Қытайда ағылшын тілін 3-сыныптан бастайды. Жапонияда ағылшын тілі, негізінен, 5-сыныптан оқытылады. Францияда ағылшын тілін оқытуды әр мектеп өзі таңдайды. Солтүстік көршіміз ресейліктер ағылшын тілін 2-сыныптан оқиды. Бірақ бұл елдердің ешқайсысында да үшінші тіл жоқ және өз тілін білмейтіндерді қолыңа шырақ алып жүріп іздесең, таба алмайсың. Сонымен қатар олардың тілдік тағдырлары бізге әсте ұқсамайды емес пе? Олардың ешқайсысы біздің халқымыз сияқты үш ғасырдай отарлықтың әлемдегі ең қайшылықты түрін бастан кешірген жоқ.

Егер министрліктегілер елдің де, жердің де ежелден иесі қазақ деген халық, оның тілінің мемлекеттік мәртебесі бар екенін мойындағысы келмей, 1-сыныптан олармен теңестіріп, орыс және ағылшын тілдерін, мұны жетімсіз санап, балабақшадан бастап ағылшын тілін үйретуді жалғастырса, Елбасымыздың

Page 20: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

20 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

стратегиялық тапсырмасын жүзеге асырудың оңтайлы да тиімді жолдарын жан-жақты іздестірмесе, аса күрделі мәселені жалаулатып, парасатты пайымға бара алмасақ, ағайын, артық айтсам кешірерсіздер, мемлекеттік тілімізді мешел етеміз. Бұның аяғы 2030-шы жылдары ұрпақтың ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесінен бас тартуына алып келеді. Мұның үстіне қазақтың өзінің өз ана тілін толық игере алмай жүргенінен хабарсыз кейбір зиялы қауымның өкілдері орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беру керек деп ақыл айтып жүргенін де ескерген жөн.

Қазақтың ұл-қыздарының төрттен бір бөлігінің өз тілдерін білмей, сөйлемей өсіп жатқанымен санаспай, бұл үдерістің азаймай отырғанын елемей, Білім және ғылым министрлігіндегілердің қазақ тілінен жеруін түсіне алмадым. Мұның негізгі себебі, меніңше, министрліктегілердің балабақшаларда, мектептерде, жалпы білім жүйесіндегі қазақ тілінің жағдайын терең біле бермеулерінде жатқан сияқты. Білім жүйесіндегі кейбір басшылар қатарында бала жас кезінде көп тілге бейім деген жалған түсінік те бар көрінеді. Әйтпесе балабақшадан бастап ағылшын тілін оқытуды ұсынбас еді. Сол сияқты қазақ тілдік кеңістіктегі қазіргі қалыптасып отырған ахуал да Мәдениет және спорт министрлігіндегілерге толық мәлім емес. Болмаса, менің балабақшаларда ағылшын тілінің оқытылуына байланысты Үкіметке жазған хатыма жауабында ондағылар: «ҚР Президентінің «Жоғары, орталық және жергілікті атқарушы ор- гандар мен мемлекеттік мекемелердің ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы» 2006 жылғы 30 мамырдағы №127 Жарлығына сәйкес еліміз бойынша барлық мемлекеттік органдар 2006-2009 жылдар аралығында толықтай мемлекеттік тілге көшірілді» деп жазбас еді. Бұған түсініктеме беру артық болар.

Тағы бір қағидатты, маңызы бар мәселеге арнайы назар ауда- ра кетсем деймін. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тіліне тұрақты қамқорлық жасап келе жатқаны белгілі. Оның «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Қазақ тілі – рухани негізіміз», «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген сөз тіркестері қанатты сөздерге айналғаны аян. Бірақ та бұл ой-тұжырымдарды тұрақты негізге алып, алдыңғы шепте ұстауымыз жетпей жатады. Тіпті бұрмалаушылық жоқ емес. Мысалы, осыдан біршама уақыт бұрын Елбасы көтерген «триединство языков» (үш тілдің бірлігі) деген сөз тіркесі басылымдарда, Тілдерді дамыту

Page 21: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

21«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

туралы мемлекеттік бағдарламаларда ол «үш тұғырлы тіл» деп аударылып, жұртты біраз шатастырды. Мемлекеттік мәртебесі бар қазақ тілі басқа тілдермен бір деңгейге қойылды. Мен Президент әкімшілігіне арнайы хат жазып, онда «Тілдің тұғыры біреу ғана болады. Ол – туған тіл» деген пікір айтып, ішкі саясат бөлімінен белгілі бір қолдау тапқандай болдым. Қазір бұл тіркес қолданыла бермейді. Дегенмен арагідік кездеседі. Тіпті осындай тіркестен министрлік басшылары, кейбір филолог, ғылым докторларының әлі айрыла алмай жүргендерін түсіне алмаймын. Сонан соң осы «үш тілдің бірлігі» дегенді лауазымды мекемелерде (министрліктер мен әкімдіктерде) «көптілділік» деп шауып жүр. Олардың ойында Елбасымыздың қазақ тілі үш тілдің бірі емес, біріншісі, бастысы, негізгісі деген аса маңызды тұжырымы жоқ.

Жоғарыдағыларды айта отырып, алдымен, ұрпағымыздың қазақ тілін тиісті дәрежеде білуі үшін, бар жағдайды жасау керек деп ойлаймыз. Бұл туралы Елбасымыз Ассамблеяда тағы да қатаң ескертті. Осындай себеппен қазақ тілін үйретуді балабақшаларда қатты қолға алып, оларды алғашқы қазақ тілін үйрететін отбасынан кейінгі мықты әлеуметтік орта етіп, келешекке мықты негіз қалауымыз қажет. Балабақшалардың штаттарына қазақ тілін оқытатын арнайы мамандар ендірген жөн. Бұның тағы бір себебі қазіргі кезде дәстүрлі отбасы жүйесі бұзылды. Ата-анасы бөлек тұратын жас ерлі-зайыптылардың көбісінің бала тәрбиесімен айналысатын уақыттары жоқ. Олардың көпшілігі 10 сағат жұмыста, мекемелердің басыбайлы қызметкерлері. Бұ- ған жоғары билік басындағылар назар аударып жатса, артық болмас еді.

Білім мен тәрбие жүйесіндегі келесі саты – бастауыш мектеп екені белгілі. Бүгін ұрпақтарымызды білімге «жығудың», кітап оқуға үйретудің, адами қасиеттерге баулудың осы бір маңызды буынына жеткілікті көңіл бөлмей келеміз. Әйтпесе Мұхтар Әуезов сөзімен айтқанда, «оқыған қазақтардың көсемі» Ахмет Байтұрсынұлының бастауыш мектеп бесжылдық болуы керек, оның үшінші класына дейін бала оқуды, жазуды, сөйлеуді үйренуі қажет, сонан соң төртіншіден бастап орыс тілін оқытуды ұсынған психологиялық және ғылыми дұрыс ұстанымымен санасқан дұрыс болар еді. Ол кезде маңызды мәселелердің бірі – қоғамда қазақ тілдік орта жеткілікті болатын. Соған қарамай ұлы ұстаз

Page 22: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТУҒА

Н ТІ

Л –

ТҰҒЫ

РЫҢ

22 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

осылай өсиет еткен-ді. Ұлттық тілде қалыптасқан мықты ойлау жүйесі басқа тілге де әлеуметтік негіз болатынын ескергеніміз жөн. Ағылшын тілін осыдан кейін оқыта бастаған дұрыс. Қазіргі бірнеше тіл білетіндер олардың барлығын 1-сыныптан оқыған жоқ.

Сөз соныңда айтарым, өз тілімізге, алдымен, өзіміз ие болуымыз қажет. Тілге деген құрмет, алдымен, әрқайсымыздың жүрегіміздің төрінен орын алуы керек. Ұлттық намыс, ұлттық рух әрқайсымыздың жүрегімізде ұяламай, іс бітпейді. Осы арада Алаш ұлыларының бірі Мұстафа Шоқайдың: «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп дамиды, жеміс береді» деген өсиетін әркез жадымызда ұстасақ, артық болмас еді.

Page 23: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

23«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор,ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі

Кірме сөзге кіріптарлық тіл

көсегесін көгертпейді

Тілімізге кірме сөздерді қабылдау мен қолдану, оларды орфографиялық нормаларымызға сәйкес жазу мәселесі бір ғасыр бойы күн тәртібінен түспей келеді. ХХ ғасыр басында ардақты Ахаң (Байтұрсынұлы) «Жат сөздерді басқалар, мәселен, орыстар өз тілінің заңына үйлестіріп алғанда, солай алуға біздің де қақымыз бар» десе, алаш ардақтысы Халел Досмұхамедұлы «Тілге кірген жат сөздер де сіңу үшін, тілге «өзілік» болуы үшін, сол тілдің заңымен өзгеріп, танымастай халге келуі керек.

Page 24: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

24 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Бүйтпесе жат сөздер бұралқы болып, тілдің шырқын бұзады, тілге зиян береді» деп, оларды тілімізге икемдеп қолданды.

Олардың көзі кеткеннен кейін біз жат сөздерді қабылдаудың жаңа тәртібін белгілеп, кірме сөздерді өзгеріссіз алуға көштік. Сол жолмен әлі келеміз. Әлі күнге дейін қазақ қоғамында «Өзге тіл сөздерін өзгертпей алғаннан тілге келер зиян жоқ, олар сөздік қорымызды байытады» деген пікір үстем. Бұрын орыс тілінің сөздерін қаз-қалпында қабылдап келсек, енді ағылшын сөздерін өзгертпей алуға құмарлар артып келеді. Бұл біздің қанымызға сіңген әдет бола бастады. Қит етсе, «Өзгелер де шет тіл сөздері есебінен сөздік қорын байытып отыр ғой» деген уәжді көлденең тартамыз. Ал шын негізінде, өз тізгініне ие бола алмай қалған кейбір халықтар болмаса, кез келген ұлт тілі өзге тілден сөз алғанда, оны өз тілінің табиғатына икемдеп алады. Біз осы мәселеге көркем шығармалардағы кірме сөздердің қолданысы негізінде талдау жасап, жұртшылық назарын аударуды мақсат етіп отырмыз.

Кірме терминдер мен сөздер, әсіресе, өзге тілдің орфографиясы бойынша өзгеріссіз алынған атаулар көркем шығарма тілінде еркін қолданылып, қалың оқырманға түсінікті бола ма? Бізде «Терминдер мен кірме сөздерді көп қабылдағаннан, оларды өзгеріссіз алғаннан ұлттық әдеби тілге, көркем шығарма тіліне келетін зиян жоқ» деген пікірді қолдайтындар, соны дәлелдеп жүргендер аз емес. Алайда бұл пікірдің шындықпен үйлеспейтінін дәлелдейтін тілдік деректер жеткілікті. Шығармаларын ағылшынша жазатын Эрнест Хемингуэй «Мен сондай-ақ алты күнге созылған қызықты велосипед жарысы мен биік таудың тас жолындағы дәл сондай қайталанбас жарыстарды да суреттеп жазар едім. Мұны тек француз тілімен ғана суреттеп жазуыма болар еді, өйткені велосипед жөніндегі терминнің бәрі французша болып келеді. Бұл жайында жазудың қиындығы да, міне, осында жатыр», («Қызығы мол сол жылдар») деп жазыпты. Қаламынан туындаған шығармаларын бүкіл әлем жұртшылығы сүйіп оқитын қаламгер, Нобель сыйлығының лауреаты Э.Хемингуэй велосипедке қатысты терминдердің бәрі француз тілінде болғандықтан, велосипед жарыстары туралы ағылшынша жаза алмайтындығын айтып қиналыпты. Егер шындығында да, өзге тілдің терминдері қабылдаған тілдің байлығы болса, оларды өзге тілдегідей жазғаннан тілге келер зиян болмаса, онда неліктен Э.Хемингуэй секілді әлемге мәшһүр қаламгер өз шығармашылығында оларды пайдалана алмаған?

Page 25: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

25«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Осы бір ғана «велосипед» сөзі төңірегінде ой өрбітіп көрелікші. Ағылшындар «велосипед» сөзін 1819 жылы француздың vélocipède сөзінен алған. Француздар бұл сөзді жоғарыда айтылғандай латынның velox (velocis) – тез; жылдам, pes (pedes) – аяқ деген екі сөзін қосу арқылы жасаған. Яғни, қазақ тіліне сөзбе-сөз аударғанда «жылдамаяқ» немесе «жылдамаяқтар» болады. Ағылшындар «velocipede» сөзін біршама уақыт қолданып, 1849 жылы велосипедтің жаңа, жетілдірілген түрі шыққан кезде оны bicycle [‘baisikl] – /байсикл/ деп атап, бұл сөзді осы күнге дейін қолданады. Қазіргі ағылшын тілінде «bicycle» сөзі берік орныққан. Бұл сөз латынның bi «екі» және гректің kyklos «дөңгелек, шеңбер» деген сөздерінен жасалған. Калька жолымен қазақшаласақ «екішеңбер», «қосдоңғалақ» болып шығады. Қазіргі француз тілінде бастапқыда өздері жасаған «vélocipède»-нің vélo-сы ғана қалған. Яғни, «вело» түрінде ықшамдалған нұсқасын қолданады. «Велосипед» сөзі орыс тіліне XIX ғасырдың екінші жартысында француз тілінен кірген болса, ал біздің тілімізге XX ғасырдың бірінші жартысында орыс тілінен «велосипед» түрінде еш өзгеріссіз алынған. Француздар – «вело», ағылшындар – «байсикл», орыстар – «велосипед» деп әр- қайсысы өзінше жасап немесе өз тілдерінің табиғатына қарай бейімдеп қабылдаған осы сөзді біз көршімізден айна-қатесіз көшіре салыппыз. Туыстас славян тілдері тобына жататын, орыстардың іргелес көршісі белорустар да бұл көліктің атауы ретінде «ровар» және «веласіпед» деген екі сөз қатар қолданылады. Тілдерінің тегі мен түбі бір екендігіне қарамастан белорустар да басқа балама алған және кірме сөзді өз тіліне икемдеп қабылдаған.

Ал бізде дәл орыс тіліндегі қалпын сақтап қабылданған сөздер жалғыз «велосипедпен» шектелмейтіні баршамызға аян. Олар жүздеп, мыңдап саналады. Кеңестік кезеңде қалыптасқан шет тілдерінің сөздерін орыс тіліндегідей айтып-жазып, тілімізге солай қабылдау дәстүрін бүгін де жалғастырып келеміз. Соған қарағанда біз әлі жасампаздық пен көшірімпаздықтың аражігін ажыратуға, өз тіліміздің табиғаты мен ішкі заңдылықтарын сақтауға аса құлықты емес те сияқтымыз.

Осы әңгімеге арқау болып отырған «велосипед» сөзінің тіліміздегі қолданысына назар аударсақ, мына бір мысалды аттап өтудің реті жоқ. Белгілі жазушы Мархабат Байғұт бір әңгімесінің атауын «Белесебет пен байлық» деп атапты. Осы бір бүгінгі қоғамды жайлаған дертті арқау еткен мазмұнды да шып-шымыр, шағын

Page 26: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

26 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

әңгімесінің «– Бала кезіңде белесебет ұрлағаның тізімнің басында тұр, – деді біреуі» деп басталатын соңғы төрттен бір бөлігінде ғана автор «белесебет» сөзін 21 рет қолданыпты. Қазақтың қабырғалы қаламгері бұл сөзді орфографиялық сөздіктегідей етіп «велосипед» деп неге жазбаған? Әлде оған сауаты жетпеді ме? Жоқ, мүлде олай емес. Бұл – мақсатты қолданыс. Егер қазақтың тілінде, қазақ үшін жазып отырған әңгімесінде қаламгер «велосипед» сөзін 21 рет қолданғанда, бұл әңгіменің тілі осы бір сөзге бола ауырлап, оқырман өзін тас араласқан күрішті шақырлатып шайнап отырғандай сезінер еді. Қаламгер осыны жақсы сезініп, оқырманына тас шайнатқысы келмегендіктен, саналы түрде «белесебет» сөзін қолданған. Бір қарағанда, «велосипед» сөзі тілімізге енді ғана кірген «монитор», «блоггер», «риэлтор», «паркомат», «прайм-тайм» сияқты жаңа атау- лар санатынан емес. Бұл сөздің тілімізде қолданылып келе жатқанына шамамен 70-80 жыл болды. Жұртшылықтың көре-көре көзі де, ести-ести құлағы да, жаза-жаза қолы да үйренетін уақыты болды. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне де, орфографиялық сөздігіне де «велосипед» түрінде енгізілген. Яғни, кірме сөздің тіліміздегі қолданылуы лексикографиялық тұрғыдан заңдастырылған. Былай қарасаңыз, оны бұрмалап жазуға ешқандай негізіміз жоқ сияқты. Соған қарамастан, жазушы оны «белесебет» деп жазады да, еліміздің ең көп таралыммен шығатын бас газеті «Егемен Қазақстанда» М.Байғұттың әңгімесінің атауы үлкен әріптермен «Белесебет пен байлық» (28.01.2015) деп беріледі. Неге? Оның себептерін іздей бастасақ, ең басты себебі – бұл сөз о баста тіліміздің фонетикалық, морфологиялық заңдылықтарына сәйкес, өзгеріске ұшырамай, дәл орыс тіліндегі қалпын сақтап қабылданған. Ахаңша айтқанда, «қазақтың шапанын жамылып, тымағын кимей», тіліміздің заңдылықтарына бағынбай енгендіктен, бір ғасырға жуық қолданып жүрсек те, жаттығын жасыра алмай, тілге сіңбей, кірмелігі көзге ұрып тұр. Ал «болыс», «самаурын», «бәтіңке», «бөтелке» немесе араб тілінен енген «қалам», «дәптер», «әлем» сияқты жүздеген сөздер тілімізге судай сіңіп, тастай батып кетті. Мұндай сөздерді бүгінгі тіл тұтынушылары жат сөз деп жатсынбайды, төл сөздерімізбен тең көреді. Көркем әдебиет тілінде де, баспасөз бетінде де, оқулық пен ғылыми мәтінде де бірдей жазамыз, біркелкі қолданамыз. Өйткені олар тіліміздің заңдарына бағындырылып алынған, кірген тілінің төл табиғатына сәйкестендіріліп қабылданған сөздер. Ал енді «велосипед» сөзіне келсек, біріншіден, осы сөздің басында

Page 27: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

27«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

тұрған «в» тілімізге өткен ғасырдың 40-шы жылдары қабылданған кірме дыбыс. Қазақ тілінде «в» деген дыбыс болмаған, сондықтан әліпбиіміздің басынан орын беріп, 70-80 жыл ішінде оны бірнеше ұрпақтың құлағына құйып, санасына сіңіріп, қанша жерден жаттап алсақ та, одан басталған сөздің бөтендігі сезіліп тұрады. Тілдік сезімі бар адам «в» әрпінен сөз бастаудың тілге жатық, құлаққа жағымды бола алмайтынын бірден аңғарады. Екіншіден, қазақ сөздерінде «о» дыбысын (ойшыл, ошақ, бостандық, жолаушы, торсық және т.б.) сөздің басында немесе бірінші буында қолданады. Кірме сөздерде болмаса, төл сөздеріміздің екінші, үшінші буындарында немесе сөз соңында «о» дыбысы кездеспейді. «Вело» дегенде ол екінші буында тұр. Үшіншіден, қазақ тілінің ең негізгі заңдарының бірі үндестік заңы бойынша сөз құрамындағы буындар біркелкі жіңішке (береке, көрік, шүмек, т.б.) немесе біркелкі жуан (ағайын, қарағай, тұмар т.б.) болады. Ал аралас буынды «велосипед» қазақ сөзінің табиғатына бұл жағынан да үйлеспей тұр. Төртіншіден, қазақ тілінде «д» дыбысына сөз аяқталмайды. «Бренд», «жиһад» сынды кірме сөздерде болмаса, қазақ сөзі «д»-ға бітпейді. Жалпы, көпшілік үшін бұл сөздің мағынасының күңгірттігін айтпағанда, жоғарыда аталған себептердің өзі оның тілімізде еркін қолданыс табуы үшін аз кедергі емес. Міне, осындай себептерге байланысты М.Байғұт «велосипед» орнына «белесебет» деп саналы түрде қолданған. Сол себептен де біз авторға және оның «Белесебет пен байлық» деген әңгімесінің тақырыбын ірі әріптермен көзге ұрып тұратындай етіп берген «Егемен Қазақстан» газетіне қазақ тілінің орфографиялық сөздігі мен түсіндірме сөздігін басшылыққа алмадыңыздар деп кінә артудан аулақпыз. Керісінше, орыс тіліндегі қалпын сақтай отырып, қабылдап алынған сөзді сол сірескен күйінде бермей, қазақ тілінің үн-ырғағына келтіріп, үйлестіріп қолданған қаламгер мен оны түзетпей берген газет ұстанымына біз де қосыламыз.

«Велосипед» деген кірме сөзді сол қалпында өзгеріссіз пайдалана алмай жүрген жалғыз Мархабат Байғұт қана емес. «Белесебет» деп қолданып жүрген қаламгерлер мен журналистер жетерлік. Мәселен, арамыздан жуырда ғана кеткен аса білікті азамат, көрнекті театр сыншысы Әшірбек Сығай «Өмірде адамдардың бәрі де – актер» деп аталған сұхбатында «Белесебет, гармонь, мандолиналар да бірінші болып менің қолыма тиіп жатты» («Жұлдыздар отбасы», 2011.№8) десе, белгілі қаламгер Нұрғали Ораз «Бұлақтан басталған өмір» деген мақаласында «Бердібек

Page 28: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

28 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Соқпақбаев шығармалары сонау жетпісінші жылдардың ішінде, шөлейт аймақтағы шағын ауылдарда доп ойнап, белесебет теуіп, қой бағып, шаң-топыраққа батып жүріп балалық шақтың бал күндерін кешкен біздің буынға арнап жазғандай көрінетін-ді», («Алматы ақшамы», 08.10.2014) деп жазады. Қазақты, қазақ тілін бір қазақтай білген, ұлт зиялылары Гер аға атап кеткен Г.Бельгер былай деп жазады: «А вот слова «тюрьма» нет в казахском языке. Нет и все тут! Как-то обходились вольные сыны степей без этого атрибута цивилизации. А когда понадобилось, прибегли к искаженному «түрме». Также приспособили и другие слова: зауыт (завод), тауар (товар), самауыр (самовар), экуатр (экватор), кәмпеске (конфискация), пірканшык (приказчик), белесебет (велосипед), кәмөнес (коммунист), ауылнай (председатель аульного совета), бipгәдір (бригадир) и т.д.». Бір сөзге осынша неге қадалды екен дейтіндер табылып жатса, бір сөзді таратып айту арқылы оның арғы жағында бұралқы сөздердің аз еместігін аңғарту. Барлық бұралқы сөздерді таратып айта беруге мақала көлемі көтере бермесе керек.

Белгілі аудармашы Бекболат Әдетовтің мына төмендегі пікірі сөз болып отырған мәселеге тікелей қатысты. Ол Джек Лондонның жинағына енген екі әңгімесі мен «Теңіз қорқауы» романының аудармалары туралы айта келіп, былай депті: «Бірден айтайық: аударма сәтті, толымды. Кей тұстарындағы кедір-бұдырлары болмаса, сөз арнасы төл шығармадағыдай-ақ еркін жосылып отырады. Ал бойындағы кездесе беретін теңіз терминдерінің көптігі мен «брезент», «мокасин», «факт», «поселка», «морж», «ласос» (дұрысы – лосось – арқанбалық), «корм», (дұрысы – корма, ал «корм» деп малдың жемін айтса керек), «гудок», «шторм», «тропика» (дұрысы – «тропик»), «индивидуалист», «вивисектор», «шквал» секілді сан-сапа сөздерді айтпасқа амал жоқ. Роман – ғылыми еңбек емес екенін ескеріп, осылардың біразын жайдақтатып, жалпақ тілмен-ақ алса, болмас па еді деген ой келеді» («ҚӘ»,6.06.2014).

Әңгіме көлік, қарапайым техника атауы туралы болып отыр- ғандықтан, осы тақырыпқа қатысты ғана сәл ой өрбіте бастасақ та, талай мәселенің шеті қылтияды. Мәселен, «самолетті» – «ұшақ», «ракетаны» – «зымыран» деген баламалармен алмастырдық. Ал орфографиялық сөздікте «поезд» сөзін – «пойыз», «машинаны» – «мәшине» деп жазуды заңдастырдық. Солай жазып, қолданып та жүрміз. Ендеше, не себепті «велосипед», «мотоцикл», «трамвай»,

Page 29: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

29«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

«автобус» сөздерін «пойыз» тәрізді тілімізге икемдеп, өзгертіп жаза алмаймыз? Өзге де мыңдаған кірме сөздер турасында да осыны айтуға болады. Яғни, бұл біздің кірме сөздерге, терминдерге балама ұсыну, оларды жазу, жалпы тілімізге қабылдау мәселесінде берік ұстанатын ортақ қағидаттарымыздың болмай отырғанын, барының солқылдақ, осал екендігін көрсетеді. Бес сөзді өзгертіп жазып, бес мыңын өзгертпей қалдыру – тілдік реформа бола алмайды. Барлық кірме сөз бір қағидаға бағынып жазылып, белгілі бір тілдік заңдылықтарға сәйкес қабылдануға тиіс.

Бізде бірқатар ғалымдар, кейбір тіл мамандары, көркем мәтіннің ғылыми мәтінге, термин шығармашылығының көркем әдебиетке ешқандай қатысы жоқ деп санайды. «Терминжасам көр кем әдебиет тілінен бөлек ғылым тілі аясында дами беруі тиіс» деген сыңайлы көзқарастарын білдіріп жатады. Терминдерді шет тілдерінен өзгеріссіз ала беруден де жалпыұлттық тілге келе тін ешқандай зиян жоқ деп түсінеді. Бұл біржақты, жаңсақ пікір. Олай болатыны жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі мен ғылым тіліндегі арнаулы терминдердің бейтерминдену үдерісі үздіксіз жүріп жатады. Жалпылексикалық өріс пен терминологиялық өрістің арасын мүлдем бөліп тастау мүмкін де, қажет те емес. Мәселен, соғыс тақырыбына жазылған көркем шығармаларды әскери атақтар мен шендер, әскери техника атаулары мен әскери бұйрықтар, командаларсыз елестету мүмкін емес. Музыка, медицина, спорт тақырыбына қатысты жазылған шығармалар туралы да соны айтуға болады. Сондай-ақ көптеген көркем шығарманың кейіпкерлері – белгілі мамандық иелері. Шығармаға солардың кәсіби тіл элементтерін енгізіп, өз саласының арнаулы сөздерін, терминдерін мақсатты қолдану арқылы қаламгерлер сол кейіпкерлердің образын, көркем бейнесін аша түседі. Міне, сондықтан да терминдердің барлығын көркем шығарма тілінен оқшаулап ұстап, оларды тек ғылым тілі мен терминологиялық сөздіктер шеңберімен шектеп тастау мүмкін болмайды. Ендеше, терминдерді шет тілдерінен алғанда, аударғанда, түрлі тәсілдерді пайдалана отырып жасағанда, әдеби тіл нормасын, тіліміздің фонетикалық, морфологиялық және басқа да заңдылықтарын сақтауды естен шығармауға міндеттіміз. Жалпы, өз сөзін өгейсініп, жатсөзқұмарлық жетегінде жүргендер осыны түсінсе екен дейміз.

Көркем шығармалардағы термин қолданысы туралы сөз еткенде, ескерусіз қалдыруға болмайтын тағы бір маңызды мәселе бар. Ол –

Page 30: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

30 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

жаңа терминдер мен атаулардың, кірме сөздердің ұлт тіліне сіңіп, қалыптасуындағы көркем әдебиеттің рөлі. Бүгінгі уақытта көркем шығарманың таралымы шектеулі, оқырманы аздау болғанымен, ол бүкіл халыққа, жалпақ жұртқа бағытталып, жалпыға ортақ әдеби тілде жазылады. Оны хат танитын баладан бастап, барлық жастағы адамдар оқып, түсіне алады. Әрине, адамның білім-парасаты мен ұлт тілін меңгеруінің деңгейіне қарай шығарманың идеясы мен көтерген мәселесін әркім әртүрлі деңгейде қабыл-дайды. Ал шығарманың жалпы мазмұны мен оқиға желісін әдеби тілді орташа меңгерген оқырман қауым түсінетіндігіне күмәнданбауға болады. Көркем шығарма белгілі бір маман-дықпен шектелмейтіндігімен ерекшеленеді. Міне, бұл жағынан келгенде, қанша жерден кітап оқитындар азайды, дегенмен көркем шығарманың сөз қалыптастырудағы орны ерекше. Көркем шығарма үшін әр сөздің қолданысына, синонимдердің таңдалуына, сөздердің тіркесімділігіне үлкен мән беріледі. Сонысымен де ол көркем әдеби тіл деңгейіне көтеріледі. Жаңа атаулар мен терминдердің, тілімізге еніп жатқан кірме сөздердің көркем шығармаға енуі, көркем проза мен поэзияда қолданылуы – олардың әдеби тілге қабылдануының бір шарты іспетті. Сол себептен де әдеби тілдің сөздігін жасау барысында мысалдар, негізінен, көркем әдебиеттерден, белгілі ақын-жазушылардың шығармаларынан алынады. Орынборда өткен «Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезіндегі» баяндамасында Елдес Омарұлы да, 1926 жылғы Бакуде өткен «Бірінші бүкілодақтық түркология құрылтайында» жасаған баяндамасында Ахмет Байтұрсынұлы да «Қазақ тілінің табиғатына сәйкеспейтін барлық өзге тілдердің сөздері дәл қазақтың айтуына сәйкес өзгертілуі керек» деген қағидатты ұсынған еді. Бұл қағидатты біз ұстана алмадық. Ұзақ мерзімдік бодандық бізге өзгенікінің бәрін зор, өзінікін қор санау психологиясын сіңіріп тастаған. Тәуменділіктен, құлдық сананың сарқыншақтарынан әлі арыла алмай келеміз. Оның көріністері тілден де айқын аңғарылады. Шет тілдерінен сөз қабылдауға ешкім қарсы емес. Бұл тілдер арасында болатын табиғи құбылыс. Бірақ өзге тілдің сөздерін өз тіліңді бұзбайтындай етіп икемдеп, қорыта алатындай мөлшерде ала білу маңызды. Олай ете алмаған тілдер өз заңдылықтарын күйретіп, өзге тілдің үстемдігіне жол береді. Поляк ғалымы, түркітанушы Хэнрик Янковски «Барлық тілдерде де кірме сөздер бар, ал қазақ тілінде мөлшерсіз», дейді. Біз оны теріске шығара алмаймыз. Зерттеушілер қазіргі замандағы ең кең тараған

Page 31: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

31«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

тіл ағылшын тілінің сөздік қорының 75-80 пайызын, негізінен, латын мен француз тілінен енген кірме сөздер құрайды деп көрсетіп жүр. Бұл шындықтан алшақ емес. Орыс тіліндегі жағдай да соған ұқсас. Біздің кейбір ғалымдар мен азаматтар осы тілдерді үлгі ретінде ұсынып, «біз олардан әулиеміз бе?» дегенді айтып жүр. Бұл түбірінен қате пікір. Қате болатын себебі, ол тілдер кірме сөздерді түгелдей дерлік өз тілдеріне икемдеп алды. Мәселен, ағылшын тіліне француз тілінен енген көптеген кірме атауларды олардың этимологиясын арнайы зерттеп барып қана анықтауға болады. Өйткені олар адам танымастай, дәлірек айтқанда, француздар өз сөзін өзі танымастай қалыпта өзгеріске ұшырады. Қытай мен орыс та солай істеді, өзгелер де сөйтеді. Сондықтан мыңдаған, миллиондаған «кірмелер» олардың тіліне кірігіп, сіңіп кетті. Ал біз араб пен парсы сөздерін ғана солай игердік те, ал орыс сөздерін өзгертпей алуға көштік. Кеңестік кезеңде негізі қаланған осы ережені әлі басшылыққа алып келеміз. Осыны айтсаң, тіл табиғатын сақтап, ғылымға сүйенудің орнына орыс орфографиясы бойынша жазып, орыс орфоэпиясы бойынша айта білуді білімділік, қазақтың жетілгендігі деп санайтындар пайда болды. Олардың орыс тіліне енген түркі сөздерінің қалай өзгеріп кеткенін неге көрмейтініне қайран қаламыз. Сондай-ақ орыс тіліне тән дыбыстар мен орыс тілінің заңдылықтарын, орфографиясы мен орфоэпиясын өз ережеміздей қабылдап, бізге оны саналы түрде таңғысы келетіндер де бар. Бүйте берсек, сөз мәдениеті, тіл тазалығы деген ұғымдар қайда қалады? Орыс тілі жат сөздерді жатсынбайды деп ойлайтын кейбір ағайындардың, орыс тілі мамандарының да қазір шет тілдерінің сөздерін қабылдауға шектеу қоймаса, орыс тілі, орыс менталитеті зардап шегетінін айтып, дабыл қағып жатқанын біле бермейтін сияқты. Әйтпесе, тіліміздің жасампаздық қабілетін арттырудың орнына, тәп-тәуір жасалған қазақ сөздерін қомсынып, кірме сөздерге кіріптарлықты дәріптемес еді. Шет тілі сөздерін шексіз көп қабылдаудың, өзгенің сөзін өзгертпей алудың тілге үлкен зиян келтіретінін, ұлттық дүниетанымды, әлемнің ұлттық тілдік бейнесін лайлайтынын түсінбеу – үстем мәдениет, үстем тіл жетегінде кеткендіктің белгісі.

Мүмкін өзіміз айтсақ, жүре тыңдайтын кейбір ағайындар, орыс тілі мамандарының сөзіне құлақ қояр. Солардың айтқанын аудармай, қаз-қалпында берейік. Мәселен, С.М.Треблер мен О.Г.Мусалаева былай деп жазады: «Ведение в активное употребление иноязычных слов (особенно через речь молодежи) приводит к вытеснению коренных

Page 32: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

32 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

русских слов, а вместе с ними и снятию важных национальных образов мира, традиционно присущих русской ментальности и сохраняемых внутренней формой славянского слова. Проблема эта настолька важна, что многие государства запретили бездумное употребление англицизмов в системе национальных языков».

Орыс тілінің мамандары көптеген мемлекеттер ағылшын сөздерін көзсіз қабылдай беруге тыйым салғанын айта отырып, олар байырғы орыс сөздерін шеттетіп, орыс діліне тән әлемнің маңызды ұлттық образдарын жоюға апарады дейді. Осы мақаланың «Заимствованное слово: слово покушение на русскую ментальность» деген атауының өзі бірден назар аудартады. Біздің кейбір мамандар да, маман еместер де кірме сөздерді еш негізсіз қорғаштап, оларды өркениет жаршысы санаса, орыс тілінің мына мамандары «кірме сөз – орыс діліне жасалған қастандық» деп санайды. Әншейінде осы тілді үлгі тұтатындар, олардың да кірме сөздерді құшақ жайып қарсы алғысы келмейтініне көңіл аударғаны жөн болар.

Жалпы, бізге кірме сөздерді қабылдау, тілге сіңіруде кеше басшылыққа алынған, бүгін және ертең табан тіреуге тиісті қағида, ережелеріміз жөнінде шындап ойлануға тура келетіні байқалады. Осының бәрі түптеп келгенде, отызыншы жылдардан бастап соңғы 80-85 жыл көлемінде кірме сөздерді тілімізге дұрыс сіңіре алмай, оларды орынды-орынсыз қабылдап және ұлт тіліндегі сөзжасамға тұсау салып келгеніміздің салдары. Басқа түк те емес. Біздіңше, о баста «велосипедті» қазақшалап үндестік заңына сәйкес «қосдоңғалақ» немесе «қосдөңгелек» деп алсақ, тілге бір жаңа атау баяғыда-ақ сіңіп кетер еді. Тілге сіңбей жүрген осы атауды қазір де жаңаша атауымызға болады. Тіл өзіміздікі, соған қақылымыз. Тек бір қазақ бір жаңа атау ұсынса, екіншісі «белесебетті қайта жасап қажеті қанша?» деген жаттанды, даярды ғана алып үйренген тұтынушы психологиясын жеңіп, өз қолымызбен де жасап үйренуге ұмтылғанымыз жөн шығар. Ағылшындар отыз жыл француз сөзін қолданып, содан соң өзгертіп алды ғой. Олар өзіне келгенде өзгеге жалтақтай бермейді.

Ахаңдар аман болса, мыңдаған кірме сөздердің орнына «бастауыш» пен «баяндауыш» сияқты тамаша қазақша баламалар жасалынар еді-ау! Өзгені құрметтеп үйренген әдетімізден жаңылмай, «қос- дөңгелекті» тілімізге сәл ғана икемдеп «белесебет» деп қабылдасақ та, қазақ белесебет тебе алмай қалмас еді ғой. Бұдан француз бен орыс тілі зардап шегеді деу, тіпті ақылға сыймайды. Әттең, тарихи

Page 33: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

33«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

санамыз тарылып, ұлттық санамыз ұйықтап, тілдік санамыз тізерлеп қалмағанда, бай да құнарлы қазақ тілі қабылдампаздыққа ұрынбай, өзінің жасампаздығын айдай әлемге паш етіп тұрмас па еді? Бұған әлі де кеш емес. Үмітіміз зор. Ол үшін, алдымен, ортайып кеткен ұлттық сана, тарихи сана, тілдік саналарымызды толтырумен қатар, ғылыми санамыздың да деңгейін көтеруіміз керек. Елі ерікті, жері көрікті, мемлекеттілігі мызғымас, Азия барысы, Мәңгілік Ел болуды мақсат етіп отырған қазақтың оған бүгін қарым-қабілеті де, ерік-жігері де, ақыл-парасаты да жетеді деп білеміз. Сабырлы шешім, саналы әрекет жасап, байыпты бағыт ұстана алсақ, қазақтың бар қасиетін сақтап тұрған тілінің де байлығын еселеп, әуезділігі мен төл ерекшеліктерін жоғалтпауға негіз қалай аламыз.

Page 34: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

34 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Техникалық терминдердің ширайтын, орнығатын жері өндіріс десек, ол термин-ұғымдарды сала мамандарымен қоян-қолтық араласа жүріп жасайтын сол өндірістегі аудармашылар.

Алғашқы тәжірибе – «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы сырттан аудармашылар тартып, мұнай-газ

саласы терминдерінің қазақша-орысша-ағылшынша үш тілдік, үш нұсқалы сөздігін жасап, 2002 жылы кітап етіп шығарды. Оны мемлекеттік терминология комиссиясы мақұлдады. Ондағы нұсқалардың кейбіріне осы салада еңбек етіп жүрген өндіріс мамандары келісе қоймағанымен, тәжірибе ретінде құптауға лайық еңбек еді, әлі күнге саралап қолданып келеміз. Оның электронды нұсқасы компанияда барлық компьютерге орнатылды, кейінгі жылдары шыққан басқа да техникалық сөздіктер, әмбебап сөздіктер қызметкерлерге таратылды. Осы

ЖОЛ ЖҮРСЕ, ӨНЕДІ

Ақайдар ЫСЫМҰЛЫ, «ҚазТрансОйл» АҚ қазақ тіліндамыту жөніндегі бас менеджері,Қазақстанның мәдениет қайраткері

Page 35: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

35«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

орайда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс коми- тетінің түрлі сөздіктер, көмекші құралдар беру арқылы жа- сап отырған зор көмегін ризашылықпен атап айтуымыз керек.

Енді Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар- ламасы қабылдануына байланысты терминдер жасаудың жаңа кезеңі басталды. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Педагогикалық ғылымдар академиясы және А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты әзірлеген қазақша-орысша, орысша-қазақша 30 томдық терминологиялық сөздік былтыр қолымызға тиді. 300 мыңнан астам терминді қамтыған сан салалы 30 томдық жинақ – қазақ терминологиясы, терминогра- фиясы саласының дамуындағы үлкен жетістік екені даусыз.

Бұл ауқымды еңбекке теңізге тамған тамшыдай болса да, біз де өз тарапымыздан үлес қостық дей аламыз. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінен түскен тапсырмаға орай, біздің бас ұйымымыз «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қазақ тіліндегі салалық тер- миндерді әзірлеу жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия кұр- ды, оның ережесін бекітті. Комиссия тоқсанына бір рет жиналып отырады. Оның құрамына «ҚазМұнайГазға» қарайтын еншілес ұйымдардан өкілдер тартылған. «ҚазТрансОйлдың» өкілі ретінде мен де осы комиссияға мүшемін. Әрбір еншілес ұйым комиссияға тоқсанына кемінде он бес термин ұсынуға міндетті. Комиссия талқылап, мақұлдаған ұсыныстар үстімізде тұрған мемлекеттік уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне жіберіледі, министрлік өз кезегінде оны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіне Республикалық терминология комиссиясының қарауына жолдайды.

Бір жылдай уақыттың ішінде «ҚазМұнайГаз» терминология комиссиясы жүз қаралы термин сөзге қатысты ұсыныс енгізді. Өзімізде құрылған осы терминологиялық комиссияның пайдалы екендігін көріп отырмыз. Бұл жерде тілшілер мен сала мамандары бір мүддеге жұмылады. Аудармашылар өздеріне күнделікті кездесетін сөздерді өндіріс саласының мамандарымен ақылдаса отырып, қазақша баламаларын ұсынып келеді.

Page 36: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

36 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Біз өзіміз жасаған сөздерден мысал келтірейін. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ қазақ тіліндегі салалық терминдер- ді әзірлеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясы- ның қарауына «ҚазТрансОйл» АҚ ұсынған терминдер жобасы мынадай:

Агрессивная среда – жегі орта Антиокислитель – уытқайырғышБалансировщик – теңгерімдеушіВымывание – шайылу Высоконапорный – жоғары арынды Вытяжная вентиляция – сорма желдеткішКворум – көпшілік құрам(толық жиналым – қазақша-орысша, орысша-қазақша

қоғамдық ғылымдар терминдерінің сөздігі, Алматы, 2010, «Фирма «Орнак» ЖШС)

жиналым – (Sozdik.kz компьютерлік сөздік) кворумКлючевые – жоталы, түйінді Кнопка – батырма Компрессор – сығымдағыш Консервант – айнытпауыш Корпоратив(ный) – топ (топтық) Кумулятивный – шоғырланбалыМаркер – таңбалауышМобильный остаток – ақаба (сарқынды) қалдық Муфта – жалғастырғышМышка – жортпаш (терминком тінтуір деп бекітті, осылай

қолданып жүрміз)Нефтесносность – мұнайлылық Нефтеотдача – мұнай түсіміОбвязка – байламдауОбеспечение – қамсыздамаОгнеупорщик – оттөзім қалаушыОкрошка – көккөжеОтстойник – тұндырғышОчное заседание – бас қосқан отырысПилотный проект – аңдау жоба Пипетка – тамызғы Пирс – сукөгенПлата за проживание – тұрғынақы

Page 37: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

37«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Подпорный насос – тірек сорап Подставка – тұғыр Понтон – қалқымаФорсунка – бүріккіш Фундамент – негізШинопровод – байпан шеген(шина – шина, байпан; шинопровод – шинаұстағыш, байпан

ұстағыш – техникалық сөздікте)Шлем – дулыға Шуруп – бұрандашаЭлектроталь – электр көтергі Электротельфер – электр шығыр Эмульгатор – тәбеттеуіш қоспа.Мұндай баламасын күткен сөздер мың-мыңдап саналады. Сөздіктер шығып жатыр. Бірақ соның бәрі бірдей терминкомның

елегінен өткендер емес, ал өткендерінің өзінде әр сөздікте әркелкі алынған баламалар толып жатыр. Жалпы, кім, қай жерде, қандай жолмен сөздік шығарса да, міндетті түрде мемлекеттік терминология комиссиясының мақұлдауын алуы тиіс деген нық тәртіп орнату қажет-ақ. Баспаларға Терминкомның бекітуінсіз сөздіктер шығаруға айып салу, лицензиясын алып қоюға дейін шаралар қолданып, тыйым салса да артықтық етпес еді.

Қабылдауға ұсынылған терминдерді алдын ала талқылау жағы әлі де кемшін. Сайттар көпшілікке мәлім емес, «Терминологиялық жинақтың» таралымы тым шектеулі, бұқара көпшілікті былай қойғанда, тіл саласына араласып жүргендердің өзінің қолына тие қоймайды. Осы орайда ең көп таралымды басылым «Егемен Қазақстан» газетінде мемлекеттік тапсырыс аясында айына бір бет арнап, терминдерді талқылауды ұйымдастыруды жолға қою қажет. Қабылданған терминдер «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттерінде қазақша-орысша бірдей жарияланғаны жөн болар еді. Көптеген мамандар орысша басылымдарды оқиды да, жаңа терминдерді біле бермейді. Абзалы терминдерді Үкіметтің қаулысымен бекіту арқылы күшіне енгізсе, мұндай тәжірибе шет елдерде баршылық. Терминдердің әліпбилік орысша-қазақша, қазақша-орысша біртұтас қоры жасалса, әралуандылықтардан құтылар ма едік?!

Аудармашылар одағы құрылса, терминдерді қалыптастыру ісіне едәуір атсалыса алар еді.

Page 38: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

38 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

«ҚазТрансОйл» АҚ-та тілді дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Барлық құрылымдық бөлімшеде қазақ тілін дамыту комиссиясы құрылған. 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламадан туындайтын міндеттерге сәйкес акционерлік қоғам Басқармасы аталған комиссия туралы ереженің жаңа нұсқасын бекітті. Комиссия филиалдарда және олардың жергілікті құрылымдық бөлімшелерінде қазақ тілін дамытудың жай-күйін жоспарлы түрде ұдайы тексеріп отырады, аудармашыларға, оқытушыларға және қазақ тілінде іс жүргізуші қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсетеді.

Қазақ тілін оқыту 2004 жылдан бері жүйелі жүргізіліп келеді. Білім және ғылым министрлігі ұйғарған мемлекеттік стандарт негізінде өз саламызға лайықталған оқу бағдарламасы жасалған, ал оны жергілікті жерлерде бөлімшелерде жұмыс істейтін қазақ тілі оқытушылары өз әдістемесімен байыта алады. Тәжірибе алмасу үшін семинарлар, тағылымдамалар және конкурстар өткізіледі.

2008 жылдан бері «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері арасында қазақ тілін білуге және құжаттарды қазақ тілінде жетік даярлауға арналған «Қазақ тілі – менің тілім» байқауы өткізіліп келеді. Бұл байқауға былтыр «Жаса, Қазақ тілі!» деген жаңа атау беріліп, жаңа ереже бекітілді. Бұл шара қызметкерлер арасында зор қызығушылық тудырды. Мәселен, командаларға өзге ұлт өкілдері көптеп қатысып келеді. Бұл конкурсымыз «Бір ел – бір кітап» республикалық шарасымен байланыстырылып, 2013 жылы Атырау қаласында ақын Фариза Оңғарсынованың, ал былтыр Шымкент қаласында жазушы Сайын Мұратбековтің шығармашылығына арналып өткізілді.

Акционерлік қоғамның орталық аппаратында қалыптасқан тағы бір оң тәжірибе – Наурыз мейрамын бірнеше күн, тіпті апта бойы тойлау.

Қазіргі кезде қазақша іс жүргізу тілі – жаппай дерлік аударма тілі, аудармашы тілі деген ақиқатты бәріміз де мойындаймыз. Аудармашы дегеннен тағы бір жайт басын қылтитады. Ұжымда аудармашының, аударма бөлімінің болуы – орыстілді түгілі, қазақтілді дейтін басшы-қосшы мамандардың өзінің масылдық пиғылын туғызады екен. Қазақшалау, қазақша жазу – аудар- машының жұмысы, міндеті деген ұғым мызғымай тұр. Тілді біле- тін адамның өзі қағазды бірден қазақша жазуға ықылассыз, қазақша сүрлеуге түсуден гөрі, үйреніп қалған орысша даңғылмен

Page 39: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

39«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

тарта бергенді қош көреді, «уақыт жоқ, шаруа асығыс» деп аудармашыға ысыра салуға бейім. Ұжымда 100 адам еңбек етсе, соның 99-ы жалғыз аудармашыға сүйенетін жағдай жаппай кездеседі. «Өзің қазақсың, оқуды қазақша бітіргенсің, сөйлейсің, енді қазақша жазып байқа, төсел» деген талап қойылса, «онда аудармашы ұстап не керек?» деген сөз шықпай қалмайды. Осы психологияны өзгерту оңайға түсейін деп тұрған жоқ, мұның амалы маманды жұмысқа аларда қазақ тілін білуін талап ету нормасының тіл заңына енуі деп ойлаймыз. Сонымен қатар «аудармашы» деген лауазымның атауын өзгерту де қажет-ақ. Мұндай тәжірибе мемлекеттік органдарда бар.

Президент Жарлығымен бекітілген кестеге сай 2006 жылдан бастап мемлекеттік органдар іс жүргізуді қазақ тіліне көшіргені мәлім. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, бүкіл ұлттық компанияларды қазақ тіліне көшірудің осындай кестесі жасалып, Үкімет қаулысымен міндеттелсе, бұл саладағы сірескен тоң көбесі сөгілер еді.

Осы орайда «Қазтесттен» өткізу туралы міндеттеуші заңдық күші бар құжат жоқ, бәрі ізгі ниет, бастамашылық деңгейінде жүріп жатыр. 2020 жылға дейін барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, ұйымдар, ұлттық компаниялар қызметкерлерін түгел екі рет: тіл білу деңгейін анықтау және сертификат алуы түрінде «Қазтесттен» өткізуі тиіс деген Үкімет қаулысы шығарылса, құба-құп болар еді. Қызметке жаңадан алынатын қызметкерлерден кемінде А2 базалық деңгейде қазақ тілін білу сертификатын ұсынуы тиіс деген талап орнататын кез келгендей. Осы ретте басқан қадамымызды тіл саясаты саласында да саптағы сарбаздай қатар салып, түзеп отыратын көршіміз Ресей азаматтық алу және жұмысқа тұру үшін орыс тілін білуді заң түрінде міндеттегенін айта кетейік.

Тіл заңнамасы меншік нысанына қарамастан, барлық заңды тұлғамен болатын қоғамдық қатынастарды тереңдей қамтуы тиіс. Осыған дейін бар күш-жігер мемлекеттік органдарда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге жұмсалды да, өзге салаларға назар жеткіліксіз бөлінді. Мысалы, халықпен күнделікті етене араласа- тын, қызмет көрсететін бизнес саласы сияқты тұтас қабаттар көбінесе бірыңғай орыс тілін қолданып отырғаны да сондықтан. Балтық елдерінің тәжірибесінде тіл заңнамасы қоғамдық өмірдің барлық саласын тегіс қамтыған, талап баршасына бірдей. Қайда бас

Page 40: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

40 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

сұғыңыз, алдымен, сол елдің тілінде ең құрығанда сәлемдесу мін- дет.

Тағы бір жол – тілді үйрену, қолдану үшін мүдде туғызу. Бұл туралы да аз айтылып жүрген жоқ. Соның бірі – материалдық ынталандыру. Үкіметтің ынталандыру туралы 1999 жылғы өкімі бар, бірақ онда әкімшілік шығыстардан үнемделген қаражаттан деп жазылған. Ондай үнемделген қаражат бола қалғанның өзінде, заңдық құжатқа емес, басшылықтың ұғым-түсінігіне жүгінген жерлерде, жаппай дерлік орыстілді адамдар билеп тұрған тұста қазақтілді маманға ол қаражаттан бөле-жара бірдеңе тие қоюы неғайбыл. Демек, әңгіме тағы да заңға барып тіреледі.

Елбасымыз қазақ тілін қолданатындарды көтермелеу қажеттігін, басқа да өзекті мәселелерді әрдайым айтып жүр, бірақ біз бір мәселені ескере бермейміз, айтылған жөн сөз, көкейкесті ой өкіметтің заңдық күші бар нық құжатына айналмайынша, айтылған күйінде қала береді. Көшелі сөз, мүдделі ой сондай дуалы ауыздан шыққан кезде, оны іле қағып алып, ұзатпай нормативтік құқықтық шешімге айналдыру, яғни құқықтық негіз жасап отыру қажет.

Мәселен, Елбасы 2004 жылы қазан айында республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ құрылтайында былай деді: «Мемлекеттік тіл» тіркесі барлық құжаттан орын алып, құлақтан кетпейтін болды. Жеткен жеріміз осы. Енді тілдің қалай аталаты- нын да ұмыттық. Естеріңізге салайын: қазақ және орыс тілдері, ал мемлекеттік және ресми деген – бұл мәртебе, олардың атауы емес». Содан бері он жыл өтсе де, заң әлі сол қалпында, «мемлекеттік тіл» тіркесі күнде алдыңыздан шығады да тұрады. Тіпті орыс тіліне «ресми» деген мәртебе тіркеліп айтылып, жазылып келеді. Ал Ата Заңымызда, тіл заңнамасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деп жазылған. Яғни заңмен белгіленген тіл мәртебесі біреу – «мемлекеттік» және ол қазақ тіліне ғана берілген. Ал орыс тілі ресми түрде тең қолданылады, яғни «ресми» деген заңды мәртебе тіптен жоқ. «Ресми түрде тең қолданылады» мен «ресми тіл» деген тіркестердің мағынасы жер мен көктей. Міне, осы араны айыра білген жөн.

Тіл саласында ұлттық қауіпсіздікті нығайта түсу үшін, «Комсомольская правда-Казахстан», «Известия-Казахстан», «Аргументы и факты-Казахстан», т.б. аты қазақстандық,

Page 41: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

41«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

рухы ресейлік саяси бағыттағы басылымдарды Қазақстанның қаржыландыруын доғару керек-ақ. «Россия-1 (2, 24)», ОРТ, «НТВ», «РенТВ» сияқты саяси бағыттағы ресейлік телеарналарды қабылдауды да тоқтатқан жөн болар еді. Есесіне спутник арқылы әлемге таратуға «Қазақстан», «Балапан» арналары шығарылса... Түркіменстан спутник арқылы тек түркімен тілінде 4 арна ғана таратады.

«Николодиун» сияқты тек орысша мультфильмдік арналар тіпті қазақы үйдегі балалардың да тілін бұзып бітті, балалардың бәрі бірдей «Балапанды» көре бермейді. «Балапан» арнасын балалардың жас деңгейіне қарай мектепке дейінгі жастағыларға және мектеп жасындағы 10 жасқа дейінгілерге арнап екі арнаға бөліп, қайта құрса, діттеген жерден шығар едік.

Қазір техникалық оқу орындарында қазақ бөлімдері ашылғанымен, оқулықтар әлі күнге түгелдей дерлік баяғы орысша екендігі тағы аян. Осы орайда өндіріс терминдері қалыптасатын, мамандарға сіңетін арна – оқулықтар. Демек, Білім және ғылым министрлігі «Қазақша 1000 оқулық» деген сияқты арнайы бағдарлама жасап, жүзеге асырса, қазақ тіліне өндірісте жол ашылмақ. Осылайша, мектеп – оқу орны – өндіріс үздіксіз үдерісі арқасында өндірістік мамандардың тілі де, терминдеріміз де бір ізге түсер еді.

Осы ойды одан әрі сабақтасақ, суды сағасынан байласаң ғана тоқтата алатыныңыз сияқты, балабақшаларда орыс топтарын ашуды тоқтататын саясат жүргізу керек. Жыл сайын балабақша- ның бастапқы тобын тек қазақ бөлімдері етіп ашып отырса, қазіргі бар орыс топтары бітіріп кетуімен 3-4 жылда бүкіл балабақшамыз біртіндеп қазақшаланып шыға келеді. Ал қазақ топтарында орыс тілін, басқа тілдерді қатар үйрете беруге болады. Орыс топтарынан босаған мамандар жұмысқа орналастырылса, шу шықпайды. Сонда бұл іс мектептерге де, жоғары оқу орындарына да, түптеп келгенде тілдік ахуалға оң әсерін тигізері анық. Он-он бес жыл қазақша оқыса да, неге бітірушілер қазақша білмей шығады деп таңқалмайтын боламыз. Қазақша балабақшада қазақ тілімен ауызданған бала қай тілді мектепке барса да, онда жүретін қазақ тілі сабағын одан әрі жалғап әкетіп, тереңдеп үйренуде қиындық көре қоймайды. Ал орын жетпегендіктен орысша балабақшаға барып, қазақшасынан айрылып, қазақ мектебінде қиындық көріп жүрген бала да, ата-ана да аз емес.

Page 42: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

АУДА

РМА

ЖӘН

Е ТЕ

РМИН

ОЛОГ

ИЯ

42 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Жетімханаларды түгел бірыңғай қазақшаға көшірген жөн. Мемлекет асырап отырған балалар неге мемлекеттің түпкілікті мүддесіне сай мемлекетіміздің мәртебелі тілінде тәлім-тәрбие алмасқа?... Бұл жерде баланың ұлты туралы сөз ету артық. Ата- анасы тастап кеткен баланың ұлты – әлгі айта беретін «қазақстандық ұлт» емес пе?

Мемлекет тілдерді дамытудың құқықтық, ғылыми, қаржылық жағдайын мүмкіндігінше жасады, ал сол мүмкіндікті пайдалануға негізгі кедергі – адамдық фактор болып қалып отыр.

Ал адамдық фактор дегеніміз не? Қазір қуанарлығы– барлық деңгейдегі басшылықта, мемлекеттік қызметте басым көпшілігі қазақтардың өздері. Байқалған бір құбылыс – қазақ тілін үйренуге, енгізуге ықылассыздық, кедергі көбінесе сол ұлттық рухынан айырылған, болмысы жаттанған іс басындағы қазақтар тарапынан болып келеді. Адамдық фактор дегеніміз осы. Ахаң – қазақтың Ахмет Байтұрсынұлы кемеңгері айтқан: «Сөзі бұзылған адамның ойы да бұзылады», – деген данышпандық тұжырымы алдымыздан шығып отыр. Бұл ретте мемлекет қайраткері, теоретик В.И.Лениннің «Орыстанған бұратана ұлт өкілдері орыстың сойылын орыстың өзінен артық соғады» дегені (Сталин, Дзержинский, Орджоникидзені айтқаны) еріксіз еске түседі.

Қазақстанды мекендеп отырған өзге ұлттар өкілдері тарапынан мемлекеттік тілді білу талабына наразылық жоқ десе де болады, оларда психологиялық бетбұрыс бар.

Тілдің әңгімесі аз емес. Қалай десек те, жаңа ұрпақ жалғасты- рып әкетері сөзсіз. Компаниямыздың өкілдері Астана қаласында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білетіндердің «Тілдарын» сайысына қатысты. Ана тілін отбасылық құндылық ретінде насихаттау мақсатында жылда оқу жылының алдында қыз- меткерлер балаларының қазақ мектептеріне баруын көздеп, «Мектепке «Әліппемен» барамыз» деген де шара өткізіп келеміз. Көш осылай жүре түзеледі, жол жүрсе, өнеді.

Page 43: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

43«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Нәпіл БАЗЫЛХАН, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері

Қазақстан аумағында 1985-2008 жылдары көне түрік жазулы (көне түрік дәуірінің 3 айнадағы 3-мәтін, тас құралда 1-мәтін,

жартастағы 1-мәтін) 5 ескерткіш табылған болатын [1]. Ал 2009-2012

Көне түрік бітік жазулы кейбір ескерткіштер

туралыОрталық Азияда 2008-2014 жылдары көне түрік

дәуірінің бірсыпыра жазулары мен мәтіндері анықта-лынып, жаңадан табылды. Олардың ішінде қазіргі Қа-зақстан, Моңғолия, Ресей, ҚХР жерлерінде табылған ескерткіштер туралы ерекше айтқанымыз абзал. Атал-мыш ескерткіштер жайында біз өзіміздің пікірімізді ұсынып отырмыз.

Page 44: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

44 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

жылдары аралығында жүргізілген археологиялық экспедициялар барысында жаңадан 5 ескерткіш табылып отыр.

"Баянжүрек" көне түрік бітік мәтіні. Белгілі археолог З. Самашев Алматы облысы, Қапал ауданы, Баянжүрек тауынан 2009 ж. тапқан. Мәтіні : Er atïm Oq... – «Ер батыр атым ...Оқ...» [2. 36; 3. 14].

«Баянжүрек» көне түрік мәтіні (З. Самашев, 2009 ж.)

Қаратөбе қалашығы керамикалық ыдыстағы мәтін. Оңтүстік Қазақстан облысы Сауран (Қаратөбе) қала орнында жүргізілген Е.А. Смағұлов жетекшілік еткен археологиялық қазбалар барысын- да 2008 ж. табылған. [4]. Бұл мәтіннің ерекшелігі – байырғы Ашық- таш пен Хазар қағандығы дәуірінің көне түрік жазуларымен таңба әріптерінің ұқсастығы. Біздің алғашқы талдауымызша: ... m...uluq: ergin..y. ..čebeg ašig- «...ұлық еркін ....Чепек Ашығ..». Әлбетте, бұл мәтінді егжей-тегжейлі зерттеу қажет. Ол көне түрік, хазар байла- ныстарының кейбір қырларын анықтауға септігін тигізері сөзсіз.

Қаратөбе (Сауран) қаланың ескі жұртынан табылған көне түрік мәтінді қыш ыдыс. Жазудың түрі Хазар қағандығы дәуіріне жатады.

(Е.А. Смағұлов, 2008)

Page 45: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

45«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

«Ақтерек» көне түрік бітік мәтіні. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылынан 4 км шығыстағы Іле Алатауы- ның солтүстік жағы Ақтерек шатқалы жартасында орналасқан. Көкшіл сұр жартаста 1 жол мәтін қашалынған. Мәтін ұзындығы – 26 см, таңба-әріп биіктігі – 5-10 см. Бұл ескерткішті 2009 ж. А.Е. Рогожинский алғаш тапқан [5]. Мәтіндік тұрғыдан И.Л. Кыз- ласов «r tïm n> Er atïm En - Менің есімім ер – күнаһар (Мое имя мужа-эра-грешни), (Боже, услышь меня!)» деп оқыған [6]. Біздің пікірімізше, бұл мәтіннің басы бар да соңғы жағы әбден өшіп кет- кендіктен, «Ер атым...» (Имя батыра...) деп қана оқимыз.

«Ақтерек» көне түрік бітік мәтіні (А.Е. Рогожинскийдің фотосуреті мен қағаз қалыптық

көшірмесі, 2009 ж.)

«Құлжабасы-1» көне түрік бітік мәтіні. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар стансасынан 30 км солтүстік батыстағы Құлжабасы тауының төменгі Жақсылық сай шатқалы жартасында орналасқан. Жартаста 1 жол мәтін және арқар мен үшбұрыш таң- ба қашалынған. Мәтін ұзындығы – 26 см, таңба-әріп биіктігі – 5-10 см. Бұл ескерткішті 2009 ж. А.Е. Рогожинский алғаш тапқан. Мәтіндік зерттеулер жүргізілмеген. Біздің пікірімізше, көне түрік бітік жазуының қазақша мағынасы:

1. Er atï Aq kiši - Ер аты Ақкісі 2. t tašγa qaraγ üčün - Ыстық (жылы) тасқа қарау, көру үшін 3. eder - етілді (жасалды)

Page 46: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

46 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

«Құлжабасы-1» көне түрік бітік мәтіні (А.Е. Рогожинскийдің фотосуреті мен сызбасы, 2009ж.)

«Кемер» көне түрік бітік мәтіні. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау ауылынан 20 км солтүстік шығыстағы Қызыл тауының Кемер шатқалы жартасында орналасқан. Көкшіл сұр жартаста 1 жол мәтін қашалынған. Мәтін ұзындығы – 114 см, таңба-әріп биіктігі – 2-5 см. Бұл мәтінді 2009 ж. А.Е. Рогожинский алғаш тапқан. Мәтіндік зерттеулер жүргізілмеген. Жазудың түрі Хазар қағандығы дәуіріне жатады.

«Кемер» көне түрік бітік мәтіні (А.Е. Рогожинскийдің фотосуреті мен қағаз қалыптық көшірмесі, 2009 ж.)

«Қотыр-2» көне түрік бітік мәтіні. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау ауылы, Қотыр жартаста қашалынған. А.Е. Рогожинский тарапынан 2012 ж. анықталынған. Біздің пікірімізше, көне түрік бітік мәтіні: - q č γ a b u - Aq čaγa bu. « Бұл- Ақ Чаға».

Page 47: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

47«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

«Қотыр-2» көне түрік бітік мәтіні (А.Е. Рогожинскийдің фотосу-реті мен қағаз қалыптық көшірмесі, 2012 ж.)

«Құлжабасы-2» көне түрік бітік мәтіні. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Құлжабасы тауындағы жартастан 2012 ж. табылған. Мәтін бір жол, - 18 (19) таңба әріпті. Мәтін ұзындығы – 78 см, таңба әріптердің биіктігі – 10-11 см. Көне түрік мәтіні: "Igidmiš: jer: el: jiče : kű: jegen: ermiš: nenčig? - Игі болған Жер, Ел ! Жақсы атақты Йеген болған еді. Неткен ....! " [7].

«Құлжабасы-2» көне түрік бітік мәтіні. (Фотосурет Б. Железняков, сызбасы Н. Базылхан, 2013ж.)

"Олон нуурын хөндий" ғұрыптық кешені барықтағы көне түрік бітік мәтіні. Моңғолия ҒА Археология институтының ғылыми іссапары бойынша доктор, профессор Довдойн Баяр, ғылыми қызметкерлер Р. Мөнхтулга, С. Хүрэлсүх, «Эксплор Монголиа» компаниясының қызметкері Ю. Батсуурь, 2008 жылы

Page 48: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

48 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

маусымның 12-16 күндері Баянхонгор аймағы Галуут сұмыны Ямаатын булаг, Галуут сұмыны Олон нуурын хөндий алқабының «Чандманийн тасархай» деген жерлерде аталмыш кешенде зерттеу жүргізді. «Олон нуурын хөндий» ғұрыптық кешені сандықтасы қапталындағы көне түрік мәтіні ( Р. Мөнхтулганың оқуы бойынша):

1.Мәтіннің транскрипциясы:[1] En Elig Čur önčin: kegü: qaz-[γantïm] - Ен Елік Чұр өш кегін

алдым[2] qatïγ: tasïγ: ebig barqïγ toqïtdïm - «қатты»-сын (тізбек

балбалын), тасын, үйін барығын жасадым[3] -umiz- / / -sar: az -umiz- / / -sar: az 2. Мәтіннің транскрипциясы:

Көне түрік ғұрыптық кешені барықтың қапталындағы мәтін. Моңғо-лия, Баянхонгор аймағы, Галуут сұмыны Олон нуурын хөндий.

(Довдойн Баяр, Р. Мөнхтулга, С. Хүрэлсүх, 2008 )

...rknč... - ...ерікті...[8]. "Жаргалант хайрхан" музыкалық аспаптағы көне түрік

мәтіні. Моңғолия, Ховд аймағы, Манхан сұмыны, Жаргалант хайрхан тауының «Өмнөхийн аман» деген байырғы жартастағы жерлеу орнынан 2008 жылы табылған. Археологиялық зерттеулерін Ц. Төрбат жетекшілік еткен топ атқарған [9]. Көне түрік бітік мәтінді мұндай музыкалық аспап алғаш рет анықталып отыр. Моңғолия, Германия ғалымдары осы аспапты адырнаға ұқсас деп жаңғыртпасын жасаған еді. Мәтіндік зерттеулерін бірсыпыра ға- лымдар жүргізді, оның ішінде 5-жолдың мәтінін Питер Циме: "yepiz čur ant etdimiz - Йепіз Чөр ант еттік", [10], Қ.Сартқожа : "župar küü čöre sebit idmis - Жұпар күй әуені бізді сүйіспеншілікке бөлейді" [11], Н. Базылхан: "yipinčüre bitidim - сыйынып жаздым" [12. 164-171],

Page 49: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

49«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Ц. Баттулга [13. 170-179] сынды ғалымдар жасаған. Осы орайда Германияда жүргізілген консервациядан кейін аспаптың толық мәтінін моңғол түркологы Ц. Баттулга жасаған болатын, оның мәтіндік зерттеуін беріп отырмыз. Мәтін жолдары:

1. yaylïγ- әуенді2. qadïnč- жырлау3. sü ergüši ineli- сұсты күші атағы4. yay oγïl- Йайа Огыл5. yip adar čüre bitidim - жіп (ішекті) тартушы Чүре жаздым мен6. qad sebči ayu beriŋ a! kep azïqsïz ayu berti - жыр-

лаушы (жыршы) сөзбен айтып берін! Қалпын жоғалтпай айтып бер- ді.

Бұл көне түріктердің таңғажайып мұраға байланысты әлі де ғылыми зерттеулер жасау қажеттілігін, тіпті қандай аспап деген мәселеде де бірізді ұсыныстар әлі де жасалынбағандығын, көне түрік бітік мәтінді тағы да талдап оқу, сараптау керектігін ескертеміз.

Көне түрік дәуірінің музыкалық аспабы. Шанағы мен мойын тұсында көне түрік бітік жазулы 6 жол мәтін бар. (Törbat, Batsükh, Jan, Höllmann, Zieme, 2007 ; Төрбат, Батсүх, Батбаяр,

Баярхүү, 2008)

Page 50: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

50 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

"Донгойн ширээ" ғұрыптық кешені көне түрік мәтіні мен таңбалары. Моңғолияның Сүхбаатыр аймағы Түвшинширээ сұмыны, Дэлгэрхаан тауы "Донгойн ширээ" деген жерден көне түрік дәуірінің ғұрыптық кешені 2010 ж. Моңғолия мемлекеттік университетінің Археология антропология факультетінің ғалымдары тарапынан анықталынған [14], 2011 ж. Моңғолия ҰҒА-ның Археология инстиутының директоры Д. Цэвээндорж жетекшілік еткен экспедициясы қазба зерттеулерін жүргізген [15]. Онда 3 ұстын тасқа көне түрік бітік мәтінді 72 жол, 3857 таңба-әріп, 1193 сөз қашалған. Сонымен қатар 80-нен астам таңбалар қашалғанын, оның ішінде көне түріктердің қаған әулетінің «қасқыр ашина» таңбасы да бар. Мәтіндерінде: «ebim -үйім , begim- бегім, jerim - жерім» деген сөздер көп рет қайталанған. Мәтіндердің толық зерттелуі әлі жарияланған жоқ [15. 20].

«Донгойн ширээ» ғұрыптық кешені көне түрік мәтінді және таңбалы ұстынтастары. Моңғолия Археология интститутының экспедициясы.

Моңғолия, 2011 ж. (Р. Мөнхтулга бойынша)

"Хоер хавчиг уул" тауындағы көне түрік мәтіні. Моңғолия, Архангай аймағы, Их тамир сұмыны, "Хоер хавчиг уул" тауынан Моңғолия Монако бірлескен экспедициясының 2008 ж. зерттеулері барысында анықталынып, мәтінін: Teŋri qaγan ara Ötükende jelmiš ebiŋe olurmiš – Тәңірі қаған ортаңғы Өтүкенде жайлауында отырыпты деп оқыған [16]. Бұл мәтіннің сызба суреті бойынша, біздің пікірімізше: tükende Teŋri qaγan jelmiš ebiŋe olurmaz – "Өтүкенде Тәңірі қаған атпен шауып, үйінде отыра алмады" деген мәнде болу керек.

Page 51: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

51«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

«Хоер хавчиг уул» тауындағы көне түрік мәтін (Ж. Гантулга, Ч. Ерөөл-эрдэнэ, Ж. Магайл, К. Салисис, 2008)

"Далтын хад" көне түрік мәтіні. Моңғолия, Баян хонгор аймағы, Бөмбөгөр сұмыны, Далтын хад жартасында 2012 ж. моңғол ғалым- дары М. Эрдэнэ, Ц. Баттулга тауып анықтаған. Мәтіні: künčir – Көнчір (есім атау) [17].

«Далтын хад» жартастағы көне түрік мәтін(М. Эрдэнэ, Ц. Баттулга, 2012)

Page 52: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

52 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

"Заамарын шороон дов" ғұрыптық кешені күміс тостаған- дағы көне түрік мәтіні. Моңғолия, Төв аймағы, Заамар сұмыны "Шороон дов" деген ғұрыптық кешенінде 2009 жыл Моңғолия, Ресей археологтары археологиялық қазбалар жүргізген. Қазба аума- ғы көмілген топырақтан жергілікті Б. Бандьхүү деген азамат тауып алған күміс тостағандағы көне түрік мәтінін Моңғолия ҰҒА Археология институты, Жапония Осава және Васэда универ- ситетінің "Бичээс-3" жобасының ғалымдары 2010 ж. анықтаған болатын. Жапон ғалымы Такаши Осаваның зерттеуі бойынша көне түрік бітік жазулы мәтіні: «qutluγ boluŋ a: Sebegdeš-ay: qïblïγ enlig boluŋ a – «Сізде құт болсын! Себигдеш-ау! Жаратушының жақсы көңілі мен сүйіспеншілігі болсын!» [18].

Біздің талдауымыз бойынша мәтін: qutluγ bol aŋa: sebegdeš ay : qïbïlïγ enlig bol aŋa – «құтты бол! аңғар! сүйкімдес (Ай?), берекелі қарапайым бол, аңғар!».

«Заамарын шороон дов» ғұрыптық кешені күміс тостағандағы көне түрік мәтіні. Өлшемі: 7,5 х8 см

(Т. Осава , К. Сүзүки, Г. Лхүндэв, 2011)

"Братск" су қоймасы аумағынан табылған күміс тостаған- дағы көне түрік мәтіні. Ресейдің Иркутск облысы "Братск" су қой-

Page 53: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

53«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

масын салу құрылыстары кезінде оның құм жағалауынан 6 дана күміс тостаған табылған екен. Тапқан иесі (аты-жөнін құпия сақ- таған) 2003 жылы Иркутск Азаматтық және өндірістік құрылыс- тары институтының реставраторы В.И. Малюшенко деген азамат- қа сатқан, екі тостаған қазір оның жеке коллекциясында сақтау- лы. Бір күміс тостағанның түбінде көне түрік мәтін қашалынға- ны жайында, тостағандағы мәтінді С.Г. Кляшторный, М. Эрдал, Такаши Осава сынды ғалымдар әлі күнге дейін толыққан- ды оқымағанын Ресей ҒА Сібір бөлімшесінің археолог ғалымы Г.В. Кубарев тілге тиек етіп арнайы мақала жариялаған еді [19]. Әрине, күрделі тұсы да сол, аталмыш мәтіннің таңба-әріптерін толыққанды түзеу үшін, аса қажетті мәтін мен таңбалар сызылған тостаған түбінің сапалы фотосуретін Г.В. Кубарев мақаласында бермегені өкінішті. Біз Г.В. Кубаревтің мақаласында берілген мәтіннің сызбасы бойынша ғана алғашқы оқылымын жасаған едік. Күміс тостағандағы көне түрік мәтіні:

1. ser ser seküzip sekürmejü – серең-серең секіртіп (жорғалатып), секірермін (шауып келермін)

2. Az kök minip sekürmejü – Аз көк (атты) мініп, секірермін (шауып келермін)

3. [š]ad Eliŋ saγï[n]tï[m] Yamčïm Er[s?] kü – Шад елімді сағындым, Йамчым Ер [?] атақты.

«Братск» су қоймасы аумағынан табылған күміс тостағандағы көне түрік мәтіні. Өлшемі: 10х10.5 см (Г.В. Кубарев бойынша)

Page 54: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

54 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

"Қары чұр тегін" құлпытасындағы көне түрік және қытайша мәтіні. Бұл ескерткіш ҚХР Шанси провинциясы, Сиань қаласы, Жан Ду Юань ауданында (бұрынғы Таң патшалығының астанасы) 2010 ж. жергілікті егінші тауып алып, оны "Tang West Market Museum" музейі сатып алып, экспозициясына қойған екен.

Ұйғыр этносаяси қағандығы дәуірінде өмір сүрген Чабыш тегіннің ұлы Қары чұр тегін (775-795жж.) құрметіне арналған құлпытастың көне түрікше мәтінін алғаш рет түркиялық ғалым Женгиз Алйылмаз зерттеген [20]. Қытайша мәтіннің тарихи деректанулық тұстарын Жанымхан Ошан зерттеп жариялады [21].

Қары чұр тегін» құлпытасын-дағы көне түрік және қытайша мәтіні. (Ж. Алйылмаз, Л. Алйап,

2013 ж.)

«Қары чұр тегін» құлпытасындағыкөне түрік мәтіні.

(Қ. Ынтыханұлы, 2013 ж.)

Көне түрік бітік мәтіні: bu [k]miŋ teser: bezgek (bitigig) Yaγlaqar: qan ata: čabïš tegin : oγlu qan: tutuq ata atïsï: Bögü Bilge: Teŋri: qan inisi Qarï čur tegin sini yoγï: Tabγač qan: yoγïladï: laγzin:yïl: altïnč:ayqa: jeti:yaŋïqa (үшбұрышты және айыр таңба) – Бұл (кімдікі) десе, безендірілген (бітік жазуы) Йағлақар хан ата Чабыш тегін ұлы Хан Тұтық ата (немере туысы) Бөгү Білге Тәңірі хан інісі Қары чұр тегін сынтасын, жоқтауын тауғаш-қытай ханы жоқтады. Доңыз жылы алтыншы айда жеті жаңасында.

Қысқаша қорыта айтқанда, Орталық Азияда 2008-2014 жылдары анықталынған көне түрік бітік жазулы бірсыпыра мәтіндер бізге

Page 55: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

55«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

жаңа тарихи деректерді әкеліп отыр, сол замандар туралы тың тұжырымдар жасауға мүмкіндік беріп отыр. Келешекте тағы көптеген мәтіндер, ескерткіштер табылатындығына күмәніміз жоқ, олар байырғы түріктер өз жазуын жақсы меңгерген қаған, бектерден бастап, қара халыққа дейін өте сауатты болғандығының тағы бір бұлтартпас дәлелі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Базылхан Н. Древнетюркские письменные памятники Казахстана //«Түркология».- №5-6 (37-38), қыркүйек-желтоқсан.- Түркістан, 2008. -117-122-бб.

2. Базылхан Н. Древнетюркские письменные памятники Казахстана (памятники обнаруженные в 1985-2013гг.) // «Әлемдік жаһанданудағы түркі өркениеті: мыңжылдықтар сабақтастығы»: Халықар. ғылыми-практикалық конференция материалдары жи- нағы. –«Тюркская цивилизация в эпоху глобализация: взаимосвязь тысячелетий».: сбор.мат.междунар. науч.-практ.конф. –Тараз, 16-17 мамыр, 2014ж. –Тараз, 16-17 мая, 2014г. -354б. (-53-62).

3. Самашев З. Жетісу жартас суреттері. Баянжүрек. -Астана. Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалының баспа тобы.- 2012.-240б.

4. Смагулов Е.А. Продолжение исследования стратиграфии древнего Саурана // Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 2008 жылғы Археологиялық зерттеулер жайлы есеп. –Алматы, 2009. Қазақ және орыс тілдерінде. -204-209 бб.

5. Рогожинский А.Е. Новые находки памятников древнетюркской эпиграфики и монументального искусства на юге и востоке Казахстана // Роль номадов в формировании культурного наследия Казахстана. Научные чтения Н.Э. Масанова: Сб.мат-лов Межд. Науч. Конф.-Алматы:Print-S, 2010.- 333 с. (-544с.+42 с илл.)

6. Кызласов И.Л. Прочтение рунической надписи урочища Актерек // Роль номадов в формировании культурного наследия Казахстана. Научные чтения Н.Э. Масанова: Сб.мат-лов Межд. Науч. Конф.-Алматы:Print-S, 2010.- С.345-346 (-544с.+42 с илл.)

7. Базылхан Н., Железняков Б.А., Хермани Л., Жамбулатов К. - Находка памятника древнетюркской письменности в горах Кульжабасы (предварительное чтение) // V халықаралық түрко- логия конгресі: мәдени ықпалдастық және өркениеттер

Page 56: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

56 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

бірлігі» баяндамалар жинағы. -Түркістан,: Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, 2013.- 664-669.

8. Баяр Д., Мөнхтула Р., Хүрэлсүх С. Олон нуурын хөндийн дурсгал // Шинжлэх ухааны академийн мэдээ. –Улаанбаатар, 2008, № 2 , - 108-117 тал.

9. Төрбат Ц., Батсүх Д., Батбаяр Т., Баярхүү Н. Монгол Алтайгаас илэрсэн хадны оршуулгууд (урьдчилсан үр дүн) // Археоәлогийн судлал. Studia Archaeologica. Tomus (VI) XXVI. Fasciculus.1-22. –Улаанбаатар, 2008.- 274-292

10. Törbat Tsagaan, Batsükh Dunbüree, Jan Bemmann, Höllmann Thomas O., Zieme Peter A rock tomb of the ancient Turkic period in the Zhargalant Khairkhan mountains, Khovd aimag, with oldest preserved horse-head fiddle in Mongolia - A preliminary report // Current Archaeological research in Mongolia. Papres from the First International Conference on “Archaeological research in Mongolia” held in Ulaanbaatar, August 19th-23rd, 2007. Edited by Jan Bemmann, hermann Parzinger, Ernst Pohl, Damdinsüren Tseveendorzh. Vor-und Frühgeschichtliche Archäologie Rheinsche Friedrich-Wilhelms-Universität Bonn. Bonn Contrinutions to Asian Archaeology. 2009.Volume 4. – pp. 365-383.

11. (http://old.abai.kz/content/karzhaubai-sartkozhayly-atadombyra)

12. Базылхан Н. Көне түрік дәуірінің музыкалық аспабындағы (қобызындағы) мәтін: тарихи-деректанулық алғашқы талдау //Түркі өркениеті және тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халықаралық конференция материалдары. I (А-Й). Ш.Ыбраевтың редакциясымен. - Астана, 2011. -482 б.

13. Талын морьтон дайчдын өв соел, 2014 - Талын морьтон дайчдын өв соел. VII-XIV зууны Монголын хадны оршуулгын шилмэл хэрэглэгдэхүүн. Каталоги. -Улаанбаатар, 2014.-304.

14. "Дорнод Монгол" төслийн хүрээнд гүйцэтгэсэн археологийн хээрийн судалаа(2010) // MJAAF.Vol.6, No.I (365).December, 2010.-Улаанбаатар, 176-216.

15. Мөнхтулга Р., Болорбат Ц., Энхтөр А., Буянхишиг А. Донгойн ширээн дурсгалын малтан судалсан нь. -Улаанбаатар, 2014.-32.

16. Гантулга Ж., Ерөөл-эрдэнэ Ч., Магайл Ж., Салисис К. Хоер хавчиг уулын түрэг бичээс // Acta Historica Mongolici.Tomus XI, Facs. 14. -Улаанбаатар, 2009.-110-112.

Page 57: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

57«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

17. Эрдэнэ М., Баттулга Ц. Далтын хадны зураг, этний бичээс // Mongolian Journal of Anthropology, Archaelogy and Ethnology. Vol.7, №1 (378): -Улаанбаатар, 2012. -62-70.

18. Осава Т., Сүзүки К., Лхүндэв Г. Заамарын шороон довоос олдсон мөнгөн сав дээрх руни бичээс // Studia Archaeologica. Tomus XXX, Fasc. 1-14. -Улаанбаатар, 2011.- 139-145-т.

19. Kubarev Gleb V. A Runic Inscription on a Silver Vessel from the Bratsk Reservoir // STUDIEN ZUR SPRACHE, GESCHICHTE UND KULTUR DER TÜRKVÖLKER. Herausgegeben von Pál Fodor, György Hazai, Barbara Kellner-Heinkele, Simone-Christiane Raschmann . Band 21 . Irina Nevskaya / Marcel Erdal (eds.). Interpreting the Turkic Runiform Sources and the Position of the Altai Corpus. 2015 by Klaus Schwarz Verlag GmbH First Edition Producer: J2P Berlin Printed in Hungary. - 55-63.

20. Alyılmaz C. Karı Cor Tegin yazıtı // Teke. Uluslararası Türkce Edebiyat Kültür Eğitim Dergisi /Sayı: 2/2 2013. Türkiye. Erzurum.-s.1-61.

21. Ошан Ж. Қары чор тегін эпитафиялық ескерткіш мәтіні және оған қатысты тарихи мағлұматтар // Отан тарихы. 2013, №4(64) -50-57.

Page 58: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

58 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Латын қарпіне көшу – қазақ қоғамының алдында тұрған жаңа бір тарихи бетбұрыс болмақ. Қазіргі көзқарас бойынша жазу ауыстыруға екі мәселе себеп: бірі – халықаралық кеңістікке ықпалдасу, екіншісі – кеңестік саяси-лингвистикалық ықпалдың құрсауынан әлі де болса толық ажырай алмай отырған орфографиямызды қайта реформалау.

Бұл саяси, әлеуметтік, тарихи, лингвистикалық, ұлттық, құ- қықтық-нормативтік жүйеге қатысты сан тараулы жауап-

кершілікті қамтитын ауқымды әрі күрделі мәселе. Латынды қабылдау жайы сөз болғалы бар назарымыз соған ауып кетіп, ақ-қарасы мен пайда-зияны әлі анықталмаған тарихи құндылықтарымызды

ӘЛІПБИ – ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ ҚҰРАЛЫ

Бекжан ӘБДУӘЛИҰЛЫ,Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы

Page 59: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

59«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

есімізден шығарып алмасақ екен дейміз. Басқасын айтпағанда, қазіргі жалпы жұртшылыққа белгілі, қазақ халқы қолданған бірнеше әліпби бар екен: көне түркі жазуы, онан кейін қолданған араб жазуы (соның негізіндегі А.Байтұрсынұлы реформалаған төте жазу), латын жазуы, соңғысы қазіргі қолданысымыздағы кирилл жазуы. Бірінен екіншісіне өту барысында жоғалтқанымыз аз болмапты, дегенмен ол біздің жазу тарихымыздағы кезеңдердің еске түсірері көп. Мұнда да өткен күндердің саяси, ғылыми-мәдени сырлары сақтаулы. Латын жазуы туралы айтылып жатыр, кирилл қарпі қолданыста, нағыз дініміз бен ділімізге тірек болған көне түркі мен араб жазуы қазір қағажу көріп отырған секілді. Әрине, зерттелу мәселесі жағынан көне түркі жазуында кемшілік жоқ, төте жазуды қытай қазақтарына тапсырғанбыз. Бірақ «күндердің күнінде осы жазулар бір қажетімізге жарап қалуы мүмкін ғой», – деген мақсатқа негізделген жұмыстар қазірге байқалмайды.

Жазу тарихының қыр-сыры ашылып, сараланатын күндер алда. Сол кездегі зерттеулерге тиянақ болатындай ой-пікір айта алып жүрміз бе? Тарихты санадан өшірудің қайда апарып соғатынын, әсіресе, біздің халық жақсы білсе керек. Өшіріп алып, әлі күнге тірілте алмай келе жатқан кемшіліктеріміз әр жерден көрініп тұрады. Кешегіге бүгінгі күн жақын болғанмен, келер ұрпақ үшін алыс. Жаһанданудың алапат даму қарқыны бүгінгі мен ертеңгінің арасына үлкен алшақтық қойып жатқаны анық. Мұндай жағдайда болашақ ұрпақ қазіргі болмысымыздың сипатын желісі үзілмеген күнделікті өмір суреттерін тұғыр ете отырып, көз алдына елестетуден гөрі, жазба дүниелерден оқып қана білетін жағдайға душар болу қаупі тұр. Сондықтан осы жазулардың әрқайсысының тарихымыздан алатын орнын айқындап, есте сақтаудың жолдарын орнықтыратын уақыт жетті. Қолданыстан кетті деп, көңілден жат етуге де болмайды. Әсіресе, көне түркі жазуы мен төте жазудың алдағы тағдыры мен біздің ұлттық санамыздағы орнын айқындау мәселесі күн тәртібіне қойылуы керек. Оның қандай болмағы, қазір біз қолға алып, белгілейтін жүзеге асырушы тетіктің қандай болмағына тікелей байланысты. Мысалы, осы жазулардың фонетикалық жүйесі мен таңбаларының сипаты бойынша берілетін білімнің дәрежесі айқындалып, әдістемесі жасалса, бүгінгі өзекті мәселелердің бір түйіні тарқатылған болар еді. Білім алушылардың

Page 60: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

60 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

түсініп, ол туралы ұғымдарының қалыптасуы үшін. Жазу жүйесінің, соның ішінде ұлттық ділімізге жақын таңбалардың тарихымыз бен болашағымыз үшін қаншалықты маңызды екені туралы жалпы қоғамда бірізді пікірдің орнығуына елдің ақпараттық жүйесі мен білім жүйесі тікелей әсер ете алады. Баспасөз беттерінен арнайы орын беріліп, сол жазулармен қысқаша ақпараттар таратылу міндеттелсе, екіншіден мектеп бағдарламасына енгізіп, арнайы курс ретінде оқытылса, ұрпақтың жадында тұрар еді. Кез келген саналы адам өзіне «мен кіммін, қайдан шықтым?» деген сұрақ қоярда, санасына сіңген жазу тарихынан тиянақ таба алса, қазіргі ынтымақ, бірлік туралы айтып жүрген идеяларымыз тереңдей түспек. Аспан асты елін біріктіріп тұрған иероглифтің қызметін арқалауға біздің жазуларымыз жарар еді.

Екіншіден, біз неге өткен тарихымыздағы жазулардың қолданысымыздағымен қатар тұрмаса да, ойымызда ол туралы түсініктің өмір сүргенін қалаймыз? Өйткені ұлт тілінің дыбыстық жүйесі сырт көз байқай бермейтін күрделі құбылыстарға толы. Мұнда ұлттың үні жатыр. Дыбыстық жүйе дегенде тілші мамандарды алаңдататыны – осы үнді өшіріп алмау. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақта «үнің өшкір» дейтін аса ауыр қарғыс пен соған ұқсас «үні өшті» дейтін тұрақты тіркес бар. Мағынасы «өзі өлді» дегеннен гөрі «рухы өлді» дегенге жақын. Дәстүрлі ұғымымыздағы ақпараттарды жеткізуші осындай қолданыстардың арғы жағында, ұлттық танымнан бастау алатын ғылыми негіз жатса керек. Тілдегі дыбыстардың әр ұлттың тілдік жүйесіне лайықталған өзіндік әуезі бар. Дыбыстар саны бірдей болғанмен, олардың айтылу сазындағы өзіндік ерекшелік бір-бірінен айырмасын белгілеп отырады. Мысалы, әссәләмүу-ълейкум десек – арабша, ассалаумағалейкүм десек – қазақша, конфет десек – орысша, кәмпит десек – қазақша. Әсем, Әсел десек – қазақша, Асем, Асель десек, қай тілге тән болатынын Құдай білсін, бірақ қазақша емес. Ұлттың үні деп отырғанымыз міне осы – сөздің қай тілге тән екеніне қарамай, ұлттық рең беріп тұратын өзіне ғана тән сазы мен бояуы. Осындай кірме сөздердің қазір тілімізге етене болып кеткені соншалық, тіпті өзіміздікінен айырмасы байқала бермейді. Төл сөздерімізбен қатар қолданғанда бөтендігі білінбей, кедір-бұдырсыз бірыңғай айтылады, тілге жеңіл, жүрекке жылы, құлаққа жағымды.

Page 61: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

61«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Кирилл қарпін пайдаланғалы бері біз сол әліпбидің ыңғайына бейімдейміз деп жүріп, тіліміздің табиғи болмысына елеулі өзгерістер енгізіп алдық. Оның салдары – екі тілдің дыбыстық жүйесі қосыл- ғандықтан, қазақ тілін ыңғайсыз бір құралға айналдырып үлгерді. Орыс тілінде тез сөйлеп кететініміз бен соған бейім тұратынымыздың себебін кей ғалымдарымыз жазу жүйесінің бөтендігінен көреді. Өйт- кені адамның дыбыстау аппараттарының мүмкіндігі шексіз емес, бір тілдің жүйесімен сөйлеуге ғана лайықталған. Тағы бір мәселе: тілімізге орыс тілі арқылы енген, осы тілдің заңдылықтарына сәйкес, түрлі терминдер мен лексикалық бірліктер өте көп. Қазақ әдеби тілі- нің сөздігінен мол орын беріп, оларды тіліміздің байлығы деп мақ- танып жүрміз. Сондай бұралқы сөздер қазірдің өзінде варварлық (вар- варизмдер) жолмен жаулап алып барады. Тіліміздің заңдарына бейім- демесек, ертең төл сөздерімізді қолданыстан ығыстырып шығарары анық. Сол ыңғайдың бір көрінісі – қызанақтан гөрі помидорды, ал- мұрттан гөрі грушаны, сәбізден гөрі морковты айтуға бейім тұрамыз.

Бұл тұрғыдан алғанда, қазақ тілі өзінің байырғы үнінен жаңыла бастағаны шындық. Қазіргі тілмен айтсақ, «оригинал» бейнесі өзгерді. Енді сол бейнемізді қайдан іздейміз дегенде ойымызға этностың барша болмысын бір бойына сыйдырған көне түркі жазуы мен кешегі ұлы Ахаң сомдап кеткен төте жазуды еске алмасқа амалымыз жоқ. Сол жазуға қарап отырып, жаңа әліпбидің тізгінін түзейміз. Алда, Алла қаласа, санасы уланбаған, еркін ойлай алатын жаңа буын өкілдері өсіп келеді. Олар ғылымға келгенде қолданбалы сала мүлде жаңа бағыт алуы мүмкін. Дыбыстардың табиғатын қазірге дейін құлағымызбен естіп, ойша болжамдау арқылы танып келдік. Болашақта ұлттық тіл дыбыстарының терең табиғатынан көруге біздің мүмкіндігіміз жетпеген, бүкіл тілдік жүйенің кешеніне біртұтас сипат беріп, үндестікке келтіріп тұрған жаңа бір микроэлементтердің табылуы мүмкін, себебі ғылым мен техниканың жаңалықтары мен қазіргі даму қарқыны еріксіз осын- дай ойға жетелейді. Ұлттық тілдің өзіндік ерекшелігі дегенде, жеке дыбыстардың табиғи болмысы мен біртұтас дыбыстық жүйесінің ішіндегі қатынастардың сырларын айтып отырмыз. Мысалы, екі дыбыстың қосылуынан үшінші бір дыбыстың пайда болуы немесе бірінің екіншісіне ықпал етуінен туындайтын өзгерістер бізде әлі зерттелмей жатқан тың мәселе. Бұл біздің ойымызша, техниканың

Page 62: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

62 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

көмегімен ғана анықталмақ. Олай болса, қазақ пен орыс тілдеріне (басқа тілдерге де) ортақ деп жүрген к (немесе т.б.) дыбысының әр тілге тән өзіндік ерекшеліктері болуы тиіс. Біз «кі» дейміз, орыс тілінде «ка» дейді. Екі жіңішке дыбыстың қатар тұруы мен жіңішке-жуанның қатар тұруы қалай болғанда да, бірдей бола алмайтын сияқты. Бұл тек «к» дыбысына ғана емес, басқаларына да қатысты. Демек, тіл дыбыстарының жүйесіндегі «оригинал бейне» қазақ тіліне тән тоғыз дыбыспен ғана шектелмейді. Осындай міндеттерді орындауға келгенде, қолындағы мүмкіндігі бізден әлдеқайда зор, жаңа буын өкілдері қандай шешім ұсынары белгісіз. Бастауын тәуелді жылдардан алатын бүгінгі ғылыми ойларымыз бен қорытындыларымызға қалай қарап, қандай баға беретініне де көзіміз жете бермейді. Сондықтан сол уақыттағы сұраныс пен жазуға қойылатын талаппен санаспасқа болмайды. Латын қарпіне көшу туралы шешім қабылдап, қабылдайтын уақытымызды да белгілеп қойдық. Қай әліпбиде болсақ та, тілдің жоғын түгендеп бере алатын қауқар болғаны дұрыс. Көздеген үдеден шыға алмаса, жазу өзгерту киім ауыстыру емес екені жақсы түсінікті.

Кешегі кеңестік жүйе орнықтырған бір ұлттан екіншісін үстем немесе төмен қою көзқарасы біздің елдегі тиімді саясаттың арқасында енді ғана жолға қойыла бастады, яғни барша ұлттың бір-біріне деген сенімі артып, осы елді ортақ шаңырағы ретінде сезіне бастады. Уақыт өте келе, қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі мәртебесі биіктей түспек және сол аяға барша Қазақстан халқы топтаспақ. Бір ұлттық идеяның төңірегіне топтасқан тұста қоғамда бөлініп-жарылу болмайды. Ал дәл қазір бізді толғандыратын мәселенің бірі – осы және оны үнемі өзгермей қала беретіндей көреміз. Шешімі бар, бірақ ол шешім азаматтардың ақыл-сабыры мен уақыттың еншісінде тұр, өмір тәжірибесі осыған өзі алып келеді. Сол кезде қазақ жазуының тарихынан, ұлты мен дініне қарамай, әрбір Қазақстан азаматының хабары болуы керек. Жазудың тарихы туралы жалпы жұртшылықтың хабары болған жағдайда, мәселенің шешілуі де жеңілірек болмақ.

Қазір әліпби мәселесі көтерілсе болды, ойымызға орыс жазуы, яғни кирилл қарпі түседі. Бір жағынан, бауыр басып қалған қимастығымыз бар, онан айрылып қалсақ, өткенімізді жоғалтып алмаймыз ба, деген күмәніміз бар, әйтеуір, сол жазуға деген бір тәуелділік санамызда

Page 63: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

63«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

тұр. Екіншіден, латын қарпін алғанда «не өзгереді?» деген сұрақтың мазалайтыны да рас. Ой көзімен қарар болсақ, соңғы сұрақтың да жаны бар. Өйткені қай әліпбиді алсақ та, тілге өзінің ықпалын тигізбей қоймайды. Сан тараулы латын қарпінің ішінен әр дыбысымызға таңдап, таңба телідік дейік, оны ағылшын тілділер қалай таниды, қалай оқиды? Бұл мәселеге терең зер салмастан, көбіміз кирилл әліпбиінен кетіп, латын әліпбиін алсақ, тілімізге жұмақ орнай қалатындай көріп отырмыз. Олай болатынына да сақтықпен қараған абзал. Бұл арада адамның ақылынан бұрын, уақыттың өлшемімен шешілетін түйіндер бар. Біз таңдаған әліпби әуелі белгілі бір салаларда қолданысқа түсіп, сынақтан өтпей жатып, біржола қабылдай салудың да күмәнді жақтары көп. Орыс тілі арқылы қаптаған қалың термин, енді, ағылшын тілі арқылы, тіліміздің дыбыстық заңдарына бағынбай, лап қойса, оған асығыс дайындалған әліпбиіміз қарсы тұруға қауқарлы бола ала ма? Зерделеп байқасақ, тілдің сақталуын да, қауіпсіздігін қамтамасыз ететінде де сапалы, қауқарлы әліпби екен, демек оның кішкентай да болса кемдігі болмауы керек.

Бір ойды қозғасаң, мың ойға негіз болатын көп сұрақтың жауабы латын әліпбиіне көшу мәселесін кейінге шегере тұру қажеттігін айғақтай түседі. Басты себебі – рухани әлеміміз тәуелділіктен арылып, жаңаша бір ұлттық сана қалыптасқанша тағы біраз тоқтай тұру. Тәуелді санамен тәуелсіз әліпби жасалмайды. Ал сыртын өзгерткенмен, іші баяғысын қайталайтын болса, он жерден әліпби ауыстырсақ та жағдай түзелмейді. Олай болса, бас ауыртып бос шығындалмай, осы жазуымызда қала берген орынды.

Енді, «не істеу керек?» деген сұрақ туындайды. Латын әліпбиі ту- ралы талқылаулар бұған дейін де болған, тоқтап қалмай жұртшы- лықтың пікірін ортаға салып, мәселені пісіріп, жетілдіріп отыру үшін мұнан кейін де күн тәртібінен түспеуі керек деп ойлаймыз. Осы талқылаулар құр сөз жүзінде қалмас үшін, ұсынылып отырған әліпбилердің бірі таңдалып, қолданысқа берілуі керек. Қазіргі кезде біршама елдер өзінің төл әліпбилеріне қосымша, халықаралық кеңістікте қолданылатын, латынға негізделген өз әліпбилерін белгілеп алды. Кей ғалымдар оны «волапьюк» деп атап жүр. Өзбек, әзірбайжан, украин, тіпті ресейдің өзінде де бар. Біз қазір осы әліпбиді бекітіп алар болсақ, басқаны былай қойғанда, жеке куәліктеріміз бен төлқұжаттарымызда аты-жөнімізді бірізді етіп дұрыс жазуға қол

Page 64: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ТҮБІ

БІР

ТҮР

КІ Т

ІЛІ

64 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

жеткізер едік. Мұның сыртында жер-су, елді мекен, қала атауларын біріздендіріп, халықаралық кеңістікте өз таңбамызбен жазамыз, жазылу стандарттарын белгілеуге мүмкіндік туады. Асықпаймыз дегенде осы мәселелерді шешіп алғанша, латын әліпбиіне көшуге асықпаған дұрыс, ал 2025 жылды күтіп жатып алу дұрыс емес. Атауларымыз бен аты-жөнімізді латын қарпімен таңбалау арқылы жаңа әліпбиді тәжірибеден өткізуге, кем-кетігін толықтауға осылай қолжеткізуге болады. Жолын таба білсек, елдегі туризмді дамыту мен ЭКСПО-2017 көрмесі латын қарпін тәжірибеден өткізу алаңы болмақ.

Page 65: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

65«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Өткен күннің бәрі алыс деген... Келер күнің жақын тұрғандай... Тілге кездейсоқ орала кеткен тіркес болса да, бұлайша желіленіп ойға түсуі тегін емес тәрізді. Бейне бір түртіп шығарып тұрған түп негізі бар секілді. Ол қандай қайнар көз?! Кейін тура осы тұжырымды қайталайтын «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген мақалды кездестірдім. Сол кезде «бәлкім, бұл мақалды бұрыннан білетін шығармын?! Кәдеге асыратын сәті түспеген соң мән бермей, ұмытып кеттім бе?! Санада соған орай сақталып қалған болуы керек?!» деген сипатта бір кезек ойлар өрбіген-ді.

Сөйтсем, жалпы, ой-санасы қазақша қалыптасып, табиғаты қазақша түзіліп, өз тілімен өмір сүретін адамның тілдік-

сөздік қоры, қалай болғанда да, халықтың қазыналы, қанатты сөздерімен, мақал-мәтелдерімен ұштасып-жалғасып, сабақтасып-

ТІЛДІҢ ГҮЛІ

Серікқали БАЙМЕНШЕ,филология ғылымдарының докторы,Қазақстанның құрметті журналисі

Page 66: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

66 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

тармақтанып, таралып-жетіліп жатады екен. Қазақша сөйлейтін адамның ішкі дүниесіне Жаратқанның өзі сол қайнарлы да құнар- лы сөздерді сәтімен сіңіріп тұратын сияқты. Зейінге құйылатын ол зерделі сөзіңіз, әрине, ықылым-ғасырлар ырысын молайтқан қазақтың мақал-мәтелі ғой.

Сырлы сөзін жүрек сандығынан шығара білген халқымыз бұл орайда «Мақал - сөздің жемісі, мәтел - сөздің желісі» деп толғайды. «Көне мақал көп жасайды», «Сөздің көркі - мақал», «Сөз патшасы – мақал» деп те өз жұртымыз айтқан. Әйтсе де, мақал-мәтел – адам баласының бәріне ортақ. Кез келген халықтың мақал-мәтелі қазақтың қазыналы сөзімен тура да, жанама да ұштасулы немесе мәйекті сөздеріміздің баламалы нұсқасын басқа халықтың ауыз әдебиетінен кездестіреміз. Халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынов- тың жазуынша, «мақал-тақпаққа жақын халықтың салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызды, шын келеді». Ал «мәтел дегеніміз – кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Мақал тәжірибеден шыққан қақиқат түрінде айтылады. Мәтел қақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есебінде айтылады» дейді ол әйгілі «Әдебиет танытқыш» еңбегінде.

Сайып келгенде, мақал-мәтел – тілдің тірі қабатына бойлау, сөздің парқы мен парызын ойлау, шындықтың шыңдалған қазынасына тоймау. Мақал-мәтелді көп білетін, оны орнымен қолданып, оңтайлы пайдаланатын адамның мәртебесі өмірде де биіктеу тұратыны белгілі. Сөзшеңдік, шешендік, тауып айту, дөп ұғындыру тәрізді ұғымдардың демеуші дәйегі мәйекті сөздерге жүгінуде жатқаны сөзсіз.

Мәселен, ана тілін білмейтін кейбір жастар сөз арасына басқа жұрттың мақал-мәтелдерін сыналап жататын кезде, «бұл туралы біздің қазекең баяғыда-ақ былай деп айтып кеткен» деп, тиісінше мақал-мәтелді алға тартсаңыз, тыңдаушыңыз еріксіз ойланып қалады. Өйткені орыс мектебін бітірген баланың санасына жас кезінен туған ұлтының емес, басқа халықтың қанатты сөзі сіңеді. Мұндай ұландар есейіп, өз ұлтының тіліне, мәдениеті мен тарихына мән беріп, ұлттық сана-сезімі ояна бастайтын кезеңдегі қазақы көңіліне мақал-мәтелдеріміз, шын мәнінде, айшықты арна ашады.

Мақал-мәтелді екі тілде салыстыра сабақтастыру – қазақша үйренемін деген адам үшін таптырмайтын әдіс. Орыста, мысалы, «Умный молчит, когда дурак ворчит» немесе «Кто молчит, тот не грешит» деген мақалдар бар. Бұл тектес ұғымдарды қазақ бір ауыз сөзбен: «Үндемеген үйдей пәледен құтылады» деп тұжырымдап

Page 67: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

67«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

кеткен. Ал мына мақалдар қазақ-орыс тілдерінде тура өз мағынасында кездеседі: Арыңды жасыңнан сақта – Береги честь смолоду; Құдай сақтансаң, сақтайды - Береженного бог бережет; Өз үйім-өлең төсегім, кең сарайдай боз үйім – В гостях хорошо, а дома лучше; Басы қатты болса, аяғы тәтті болар – Все хорошо, что хорошо кончается; Айтылған сөз - атылған оқ – Высказанное слово-выпущенная стрела; Жас жігіттің жарасы жол-жөнекей жазылар – До свадьбы заживет; Сынықтан басқаның бәрі жұғады – Дурной пример заразителен; Ел құлағы елу – Земля слухом полнится; Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді – Ложка дегтя портит бочку меда; Ештен кеш жақсы – Луч- ше поздно, чем никогда; Мың рет естігеннен бір рет көрген артық – Лучше раз увидеть, чем сто раз услышать; Аз сөз – алтын – Молча- ние – золото; Сезікті секірер – На воре шапка горит; Жылтыраған- ның бәрі алтын емес – Не все то золото, что блестит; Жаман айт- пай, жақсы жоқ – Нет худа без добра; Жазмыштан озмыш жоқ – От судьбы не уйдешь; Асыққан қалар ұятқа – Поспешишь – людей насмешишь; Ұста пышаққа жарымас – Сапожник без сапог; Жеті рет өлшеп, бір рет кес – Семь раз отмерь, один раз отрежь; Бетегеден биік, жусаннан аласа – Тише воды, ниже травы; Тек жүрсең, тоқ жүресің – Тише едешь, дальше будешь, т.с.с.

Сондай-ақ тұжырымды халықтық ойларымыздың бауырлас жұрттардың, тегіміз де, тіліміз де бір ағайындардың асыл сөздері арасынан андыздап көрінетіні және бір сүйініш. Әсіресе, ноғай жұртының мақал-мәтелдері қазақтың аталмыш сөздеріне мейлінше ұқсас келеді. Қойын дәптерге түскен солардың кейбіреуін оқып көріңіздер:

Жақсы тауып сөйлер, жаман қауып сөйлер; Ашу алдыда жүрер, Ақыл арттан жүрер; Жүріп білмеген жол бұзар, Сөйлеп білмеген бас бұзар; Ел түкірсе, көл болар, Түкірмесе, шөл болар; Құм жиылып тас болмас, Құл жиылып бас болмас, Тісі шыққан балаға, Шайнап берген ас болмас; Осал болсаң асады, Жуас болсаң басады; Заман- ның азғаны – есек аттан озғаны, Заманның бұзғыны (бұзылғаны – С.Б.) – қарға жегер құзғынды; Жер адамды жейді, Адам жерден жейді; Қолың көтере алмаған шоқпарды беліңе байлама; Ата алма- ған атынан көрер, Қайтып келіп қатынынан көрер; Қышымағанды қасыма, Болмағанға жанаспа; Төгілгеннен жалап қал; Жоғары жатсаң, жел алар, Түпке (төмен – С.Б.) жатсаң, сел алар; Жерден безіп, көкке (аспанға– С.Б.) шығып болмайды; Ай айдан басқа, әр айдың аты басқа; Ай –мұңға бай, Толы ай – ойға бай; Үркер

Page 68: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

68 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

батты – жер қатты; Шақырғанға бар, Шаққаннан қаш; Жолға ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады, Жолға кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады; Қараңғыда қалтырағанша, Жарықта жылтыра; Күткенге күн ұзақ; Барыс жылы – байлық, Жылқы жылы – тойлық, Сиыр жылы – тоқтық, Қой жылы – құттық, Қоян жылы – жұттық; Алтын – таста, ақыл – баста; Суға кеткен тал қармар; Тамшы тас тесер. Жыртық үйде тамшы ойнар; Асықпаған су теңізге жетер; Ат тұяғын басқан жерге, бақа аяғын қыстырар; Жылы-жылы сөйлесең, жылан шығар інінен, Қатты-қатты сөйлесең, адам шығар дінінен; Әуедегі тырнаға алданып, қолыңдағы торғайды ұшырып алма; Қой үстіне қараторғай жұмыртқалаған заман; Бөрінің (қасқырдың – С.Б.) аласы да бір, құбасы да бір; Қарға баласын аппағым дер, Кірпі баласын жұмсағым дер; Қарғадан қарға туар; Ит қарғысы бөріге жетпейді; Құзғын құзғынның көзін шұқымас; Ит мойнына інжу тақпа; Ешкі берген қой алар; Кісі атына мінген тез жығылар; Атын аяған жаяу қалар; Мысырда сұлтан болғанша, туған жерде ұлтан бол; Бұқаның тұяғы болғанша, бұзаудың басы бол; Үре білмес күшелек (күшік –С.Б.) үйге қонақ әкелер, Сөйлей білмес жаман тіл басқа пәле әкелер; Жазда миы қайнағанның, қыста қазаны қайнайды; Қарыны ашқанға қазан астырма, Тоңғанға от жақтырма; Алғанға алты да аз, Бергенге бес те көп; Үй аулақ деп сөйлеме, үй артында құлақ бар; Өзін өлтіретін пышақты тауықтың өзі қазып шығарар.

Сондай-ақ «Жолымызға жоралғы болсын, ойымызға оралғы болсын» дегендей, күнделікті тіршілікте тәуір мақал ұшырасса, қағазға түрте жүретін дағды бар еді. Мысалы, «Материалы по казак-киргизскому языку. І.Образцы народной словесности»( Москва, 1900) деген кітаптан қазақтың мынадай мақалдары (мағынасын орысшаға аударып беріпті) көзге түсті:

Сабыр еткен, Мұратқа жеткен; Шапқан озар, жатқан қалар; Ер қадірін ер білер, зер қадірін зергер білер; Басқа пәле тілден; Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу; Сараңның көзі тоймас; Көп жасаған білмес, көп қыдырған білер; Ханда қырық кісінің ақылы бар; Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа;Үмітсіз сайтан; Қарға баласын «аппағым» дер, Кірпі баласын «жұмсағым» дер; Болса – оразым, болмаса - қоразым; Байлық мұрат емес, жоқтық ұят емес; Бейнетсіз рахат жоқ; Ойнақтаған бала (дұрысы «бота» болса керек – С.Б.) от басады; Өтпес пышақ қол кесер; Аталы ұл – қожалы құл; Хан – қазық, қарашы – азық; Хан қарашысыз

Page 69: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

69«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

болмас; Қалауын тапса, қар жанар, қалауын таппаса, май да жанбас; Жаман қатын өлсе, төсек жаңарар, жақсы қатын өлсе, бас қаңғырар; Көңіл кірі айтса кетер, көйлек кірі жуса кетер; Патшаның қолтығы кең, құрығы ұзын; Құлан басына күн туса, қодығына қарамас; Бір құмалақ бір қарын майды шірітер, бір жаман мың қолды ірітер; Қайғысыз қара суға семірер.

Ал ұлттық «Айқап» журналы жарияланымдарынан мынадай мақал-мәтелдер кездестірдік: Көп сөздің азы жақсы, аз сөздің өзі жақсы; Ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ; Жаманға жалынғанша, жат та жаныңды қарман; Алаш Алаш болғанда, таңбасыз тай, енсіз қой болғанда; Туғанына қуанбаған, өлгеніне жыламайды; Саңырауға сөз жоқ; Жалғыз кісі жау алмас; Күтін, күтінбесең, аузыңнан шығар түтін; Жаңа қонаққа ескі қонақ орнын береді; Көрмегенді көнеден сұра, көне білмесе, көп жүргеннен сұра; Ақ жалау барда малым бар деме, әзірейіл барда жаным бар деме; Қойды шартық бүлдіреді, елді қортық бүлдіреді; Батырды бәрекелді өлтіреді; Теңі келсе, тегін бер; Жақсы жігіт пен жақсы ат көптікі; Ақырзаман боларда, кемпір мен шал жігіттік қылар; Ұжмақтың кілті еріңде; Ала білген адам жөнге сала да біледі; Тура сөз туғанынан айырады; Ұялмаған бұйырмағаннан жейді; Екі жасты қосқанның сауабы, екі жасты айырғанның обалы бар; Сарғая сақтасаң, қызара бөртерсің; Түс тура келмес үшін, көзіңді таза сумен жу; Ауруды елемеген өледі, дауды елемеген төлейді; Аш бала тоқ баламен ойнамайды, Тоқ бала аш болам деп ойламайды; Ақ та болсаң ант ішпе, айрандай жұғар; Көпті сөкпе, кенді төкпе; Уақыт – бұлдыр, оны бос өткізудің түбі қылдыр; Соқырдың тілегі – екі көзі; Қызы бардың назы бар; Кімді қор тұтсаң, соны зар тұтарсың; Түшкіріп алсаң, мұрның жоқ па?; Алты қатын асқа барса, әрқайсысы өз мұңын айтады; Әпкесі киген тонды сіңлісі де киеді; Жақсы сыналумен жариды, жаман сыналумен қариды; Кісі болар кісінің кісіменен ісі бар, Кісі болмас кісінің неменемен ісі бар; Дұшпан не демейді, Түске не кірмейді; Қалыңдығына өкпелеген қайнағасына сәлем бермейді; Жамандық аяқ астында, Жақсылық таудың басында; Жақсылыққа жету қиын, Жамандыққа жету оңай; Қара орысты көргенде, сары орысты маңдайыңа тигізерсің.

Қазақ мақал-мәтелінің шығу тарихы, белгілі бір себептері болады. Мұндай жәйтті еліміздің барлық өңірінен кездестіреміз, әркім де өзі туып-өскен өлкеде жиі қолданылатын, жергілікті сипаты бар мақал-мәтелдерді жақсы білсе керек. Мысалы, тарихи негізі бар «Атып берген Жарас асып та береді» деген мәтелді алайық.

Page 70: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

70 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Жарас Пұсырманұлы - он жетінші ғасырда өмір сүрген белгілі тұлға. Ол соңына салиқалы сөз, салмақты іс, өнген ұрпақ, адал да өнегелі адами өрнек қалдырған. Сегіз қырлы, бір сырлы, билігі мен ерлігі, азаматтығы мен адамгершілігі егіз өріліп, ел үшін етігімен су кешкен ерен қайраткер болған. Ел аузындағы әңгімеге қарағанда, Жарас мерген сонау бір қиын-қыстау жылдары, оқ-дәрі тапшылау кезде рулас қырық үш үйді жалғыз оқпен асыраған дейді. Жалғыз оқпен киікті (ақбөкенді) атады екен де, оны сойып, оғын тауып алып, сол оқпен басқа киікті ататын көрінеді. Сөйтіп ағайындарын ашаршылықтан аман алып қалыпты деседі. Дайын нәрсеге әбден үйреніп кеткен кейбір ағайындары атып берген киіктің етін асып жеуге де ерінсе керек. Сондықтан кейде ашыққан ағайындарына атып әкелген киіктің етін Жарастың өзінің асып беруіне тура келген сияқты. «Атып берген Жарас асып та береді» деген мәйекті сөз содан қалыпты.

Жарас баба бір күні:– Аруағымды шақырамын, қай балам естиді екен? – депті. Бірақ

бірде бір баласы естімепті. Жалғыз-ақ ертемен түйе сауып жатқан қызы естіп, «әкем түнде аруағын шақырды ғой», – деген көрінеді.

Сонда Жарас баба:– Қап, асылым қызыма кететін болды-ау! – деген екен. Сондық-

тан Жарас баба ұрпақтары жиендеріне үлкен үмітпен қарайды. Жалпы қазақ баласы үшін «жиеннің» орны бөлек. Ол бұған

балама ретінде айтылатын орыстың «племянник» сөзінен әлдеқайда ауқымды, әлдеқайда мағыналы. Нағашы–жігіттің үш жұртының бірі. Қазақ «Үйдің жақсы болмағы ағашынан, жігіттің жақсы болмағы нағашыдан» дейді. Нағашылары «Жиен ел болмас, желке ас болмас» деп әзілдейді. Ал жиендер «Жиен неге ел болмас, малды болса; желке неге ас болмас, жалды болса» деп жауап қайтарады. Бір-бірімен қатты әзілдесетін де нағашылы-жиенді адамдар. «Жиенқұрық» бар, «жиендік жасау» бар. «Жиенді ұрғанның қолы қалтырауық болады» деп жиендік жасауға жол ашып қойған да қазақтың өзі. Бұған қоса, «жиен назары», «қыздан туғанның қиығы жоқ» деп те айтылады. Айналып келгенде, мұның бәрі жиенді ренжітпеуге саяды. Яғни, жиенге байланысты әңгіме, мақал-мәтелдердің арқауы, айналып келгенде, оны еркелету, сыйлау, орнымен әзілдесу, айтқанын істеу. Жиенді сыйлау арқылы қазақ кімді сыйлайды? Сол жиенді дүниеге әкелген қызды сыйлайды. Ол қыз – сенің анаң, сенің әжең! Міне, бұл да қазақтың басқа халыққа ұқсамайтын ұлы қасиеті! Орысша

Page 71: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

71«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

ойлайтын кейбір қандастарымыздың «жиеннің» бәрін «племянниктің» тонының ішіне тоғытып жібергісі келіп тұратын тайыздығын көргенде, «жігіттің үш жұрты болады» деп қайран қазақтың әлімсақтан айтып кеткен аталы сөзін санамен ұғынушылар саны азайып бара ма деп қаласың...

Көрдіңіз бе, сөздің көркі ретінде айтылған бір ғана мәтел ойдай ойға түрткі болып, бар-барша мақамды мақалнамаға тән айнымас ақиқатты қалай алдымыздан шығарды?! Мақал-мәтелді тілдің гүліне балайтын қазақтың сөзі тіпті де тегін емес екенін осыдан-ақ біліңіз.

Page 72: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

72 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Адам баласының дүние жаратылысты тануы өте ұзақ дәуірлерге созылғаны белгілі. «Адамзат қоғамы әлем, дүние, қоршаған орта туралы мағлұматтарды лингвистикалық арналар арқылы алатындықтан, ақпараттың барлығы сөз арқылы меңгеріліп, сөз арқылы түсінеді.

Сондықтан да тіл құпиясын ашу – адамзат тарихының сырын ашумен барабар» [Р.А. Авакова, 2013; 52 б.]. Тегінде адамзат

жаратылыстың, табиғаттың, болмыстың қыр-сырын түсінемін, соның құпияларын ашамын деп жүріп өздері де сондай құпияларды жасап алғанын сезбей де қалған сияқты. О. Шпенглер айтқандай, «...адам нені еститінін, сезетінін, оның не туралы екенін біліп тұрғанын және оны өзі көріп тұрмаса да, кімнің әрекеті екенін сездіретін, көзге

Р.А. Авакова, филология ғылымдарының докторы,профессор

Е. Баят, «Көкшетау дидары»

газетініңбас редакторы

Санадағы сандардың құпиялары

Page 73: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

73«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

көрінбейтін қорқыныш» пайда болғаннан бастап, жаратылыстың кез келген дүние болмысынан қауіпті мәндер іздеді, тылсым күштердің сыртқы ықпалын сезінді.

Мұның әу басында Ұлы Жаратушы күш, Құдай бейнесі тұрды. Абсолюттік ақиқаттың бастауы деп білді. Дүниенің болмысы туралы белгілі жүйе қалыптастырып, оны рухани кеңістікпен, сыртқы әлеммен шегендеді. Соны өздерінің ой-саналарына орнықтырып, ақылдары жеткенше ақиқаттың астарын түсінуге тырысты, сондай құпия, сиқырлы күштің алдындағы дәрменсіздігін түйсінді және содан жол тауып шығудың саналы жолдарын қарастырды. Сол себепті де көзбен көрген, естіген, сезінген әрбір құбылыстың сыр-сипатына үстемділік берді, соның себеп-салдарын өздерінше пайымдауға тырысты. Мысалы, байырғы көшпелілер күннің күркіреуін Тәңірінің қаһары деп ұғып, соған байланысты әртүрлі ырым-тиымдар орнықтырды. Мәні ашыла қоймаған құбылыстарда, тіршілік иелерінде кие бар деп ұғыну мифтік санаға тән еді. Сыртқы ықпалды күштердің ырқына тәуелділік әлдебір тылсымдылықпен арақатынасын айқындауға мәжбүрлікке әкелді. Сондықтан да үрей мен қорқыныштың құрсағында қалған дәрменсіз адам құдіреті күштілерден жәрдем тілеуге, соған бағынышты болуға, солардың «тілін» табуға талпынды. Әрбір киелі деп танылған құбылыстар мен заттық ұғымдар адамның тағдырына әсер етеді, араласады деп түсіндірілді.

Сондай түсініктің бір ұшы сандарға қатысты болды. Мұндай мифопоэтикалық дәстүрлердің күні бүгінге дейін санамызда өмір сүріп, күнделікті ғадетімізде берік орын алғаны тіпті қызық-ақ. Қалай айтқанмен де, адам баласының сандық жүйені ойлап шығаруы ақиқатты іздеу жолындағы ғажайып жетістік болатын. Тарих- шылардың айтуынша, б.д.д. II мыңжылдықта байырғы Вавилонда пайда болған сандық ұғымдар мен оларды таңбалау тәртібі адамның танымдық қасиетінің жаңа көкжиектерін кеңейтті.

Сандық жүйе мәселесі көне грек философиясының, соның ішінде Пифагор мектебінің басты қағидаттарына айналғаны белгілі. Дүниенің негізін таза материалдықтан іздеген, көзқарасқа қайшы келген, олар дүниенің негізі сандық қатынастарда деп түсіндірді. Қысқасы, дүниедегі құбылыстар мен заттардың мәні сандарда жатыр деген күрделі ойларын ортаға салды. Сандық кодтардың мәнін ашу арқылы жаратылыстың сырын ашуға болады деп сендірді. Осылайша, дүниедегі заттардың көлемін, мөлшерін, реттік қатарын белгілей

Page 74: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

74 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

отырып, әлемдік түзіліс реттілікке негізделген біртұтас ырғаққа бағынатынын дәлелдеді және жан мен тәннің арақатынасындағы жанның мәңгіліктілігі туралы идеяны алғашқылардың бірі болып ұсынды. Бұл ауқымды мәселе әлемдік дін философиясының өзегіне айналды.

Бертін келе сандардың құпиясымен арнайы айналысатын «нумерология» ғылымы қалыптасты. Пифагор орнықтырған 1-9 сан- дарының құпияларын былай қойғанда, жеке адамның тағдыр-талайы туған сағат, күн, ай, жылының сандық өлшемдерімен байланысты екендігі айтыла бастады немесе сандық жүйеге негізделген жұлдызнамалық (гороскоп) есептеулердегі құпиялардың сырын ашу кең етек ала бастады. Осы секілді ежелгі көшпелілерде он екі жылдық циклге байланысты «мүшелі жас» туралы ұғым орнықты. Ол киелі һәм қауіпті деп түсіндірілді. Адамның болашақ өмірін, алдағы іс-әрекетін, мінез-құлқын жұлдызнамаға қарап белгілеу ерте заман- дарда қалыптасқан екен. Қалай дегенмен де, соның астарында сандық жүйенің құпиясы жатыр.

Сандық қатынастар мәселесі әлемнің барша халықтарына тән бола отырып, әрбір халықтың дүниетанымдық көзқарасына, наным-сеніміне, шаруашылық кәсібіне сәйкес локалдық сипаттарға да ие болған. Айталық, 13 саны христиандар үшін бақытсыздықтың белгісі болса, көшпелі халықтар үшін басқаша мәнге ие болған. Он үште отау иесі деп таныған баба қазақ бірінші мүшелікке 13 жасты таңдаған. Сондай-ақ, Берел қорғанынан табылған археологиялық қазбаларда сақ патшасының жанынан 13 жылқының қаңқасы табылған. Соған қарағанда сақтар да 13 санына космонимикалық мағына жүктеген.

Адамзат қоғамында сандар діни, тәңірлік және әлемдік символдар ретінде қарастырылып, олардың бойында адам санасы жете қоймайтын құдіретті құпиялар мен сырлар жатқанына, сонымен қатар бұл құдіретті күштердің адамға жақсылық та, жамандық та алып келетініне сенген. Ғарыштық құрылымнан (макрокосмос) бастап адамдардың күнделікті тіршілігіне дейінгі (микрокосмос) барлық құбылыстар мен заттық ұғымдар сандардың қасиетіне байланысты анықталған. Сондай-ақ сандардың тылсым ішкі құпияларының мәнімен қатар оларды таңбалауда да рәміздік-символдық қасиеттер сақталынғаны белгілі болып отыр.

Ертедегі мифопоэтикалық дәстүрлерде сан ұғымдарына киелі мән беріп, өн бойына космонимикалық мағыналар жүктеген. Адамзат қоғамында сандар діни, тәңірлік және әлемдік символдар

Page 75: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

75«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

ретінде қарастырылып, олардың бойында адам санасы жете қоймайтын құдіретті құпиялар мен сырлар жатқанына, сонымен қатар бұл құдіретті күштердің адамға жақсылық та, жамандық та, алып келетініне сенген. Сан есімдер бойындағы мифопоэтикалық семантика мен символикалық қолданыстар олардың магиялық қасиеттерімен тікелей байланысты. Сан есімдер мифологемасы дара сандарда ғана емес, антропонимдерде де, фразеологизмдерде де көптеп сақталынған. Ономастика ғылымының көрнекті ғалымы Т. Жанұзақов сан есімдермен келетін жалқы есімдерге, 1-10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100, 1000 сандарымен келетін кісі аттарына тоқтала келіп, ол есімдердің көбінесе ер кісілерге берілетінін, ал санмен әйел- дер есімінің кездеспейтінін айтады [Т.Ж. Жанузаков, 1971; 196 б.].

Қазақ фразеологиясының аса ірі маманы, ғалым-түркітанушы І. Кеңесбаев былай дейді: «... тұрақты сөз тіркестерінің біраз бөлігі ... сан есімдер төңірегіне топталып жүреді. Бұл сөздердің белгілі бір тізбек, тіркестерге түп қазық болу себебі халықтың ежелгі дәуіріндегі ұғым-түсініктермен, салт-санасымен ұштасып жатыр. ... үш, жеті, тоғыз, қырық сөздері өзінің сан-мөлшерлік қызметін көп жағдайда жойып алу сыры бөлегірек. Олар белгілі бір нәрсе, құбылыстардың символы ретінде қолданылатын тәрізді. Бұлардың дені халықтың ескі наным, түсініктерінен туған. Бірақ бертін келе бұл ұғым-түсінік дерексізденіп, екінші бір салаға ауысқан деуге болады» [І.К. Кеңесбаев, 1977; 612 б.].

Page 76: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

76 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Бір саны немесе «Оның» құдіреті

Ежелгі балаң наным-сенім, діни көзқарастар, философиялық ақыл-ойлар, пайымдар болсын, мейлі баршасы жаратылыстың түпкі мәнін, соның бастау көзін, тұтастығын, бірлігін, кез келген құбылыстың бір-бірімен байланыстылығын мойындаған һәм соны сөз еткен. Материалистік танымды айтпағанның өзінде барша ақыл-ой иелері дүниенің түпкі негізін, бастау қайнарын құдіретті күшпен байланыстырып, оның БІРІНШІ иесін танып білуге құлшынған. Сол БІРІНШІНІ білу, тану арқылы жаратылыстың құпияларын, керек болса, адам өзінің жаратылыс болмысын ашуға талпынған. Оған бір мысал, философ Декарт былай деген: «Адам – тұтастай шектеулі жаратылыс. Ал сондай шектеулі адам шексіздікті мүлдем түсіне алмайды». Осындай ақыл-ой данышпандары жазып қалдырған даналық кітаптарды былай қойғанда, Пайғамбарлар арқылы уахи етілген кітаптар да сол туралы айтылатыны ақиқат қой. Қасиетті Құранның Зарият сүресінің 56-сүресінде: «Мен жындар мен адам ба- ласын (мені танып), маған ғибадат етсін деп жараттым»,-деп анық жеткізілген.

Арифметикалық сандардың тізбегі бойынша бір (1) деген сан сан- дық жүйенің басында тұр. Бір саны – ең әуелі дүниенің басы де- генді айғақтаса керек. Қазақтың қарапайым түсінігімен айтқанда кез келген нәрсе бір нәрседен басталады ғой. Сол сияқты әрбір құбылыста бір себеп бар. Сол себепті туғызған күш сол БІРІНШІ емес пе екен. Бір саны – екіншіден, барша дүниенің бірінші көзі. Бір санының пайда болуы арқылы бірлік, ондық, жүздік сандардың жүйесін қалыптастырды, осының негізінде (бір санын айтып отырмыз) қосу, алу, кейіннен көбейту, бөлу амалдарын игерді. Үшіншіден, бір саны жасампаздықтың саны. Осыған қатысты пайымдар қытайдың Даос ілімінде (б.д.д. үшінші мыңжылдық) орныққан. Осы ілімде бір саны әлемнің, құбылыстың, тіршіліктің бастауын білдіреді деп түсіндіріл- ген. Төртіншіден, бір саны – біріктірушілік қасиетке ие екен. Сондай-ақ, ол шырша ағашына баламаланған. Олай болса, бесіншіден, бір саны мәңгі жасыл өмірдің, көркем тұрпаттың, биіктіктің өлшемі. Даосизмде «рух үйі», «бірлік тынысы» мағынасын білдіретін бір саны басқадай ілімдерде де айырықша сипатқа ие болған.

Бір санынан туындайтын бірінші деген реттік сан есім батыстағы корольдердің, патшалардың аңсарына айналды, олардың мәртебесін

Page 77: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

77«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

асқақтатты. Мысалы, Бірінші Карл (І Карл) немесе Бірінші Петр (І Петр)... Бір қызығы орыс тіліндегі реттік сандарды ауызша айтқанда «один» дегеннің орнына раз-деп бастап, два, три, ... деп әрі қарай кете береді. Мұндағы бірдің орнына қолданылған «раз» сөзі Жаратушының (Божья) мәнін айқындайды. Әлемдік типография тарихының дәстүрінде кітаптың беті 1-нөмірден басталмайтыны нені меңзейді? Мүмкін, осында адам санасына әбден орныққан діни-мистикалық себеп те бар шығар.

Біріншіге ұмтылу адамдар арасындағы бәсекелестікті қоздырды, өшпенділікті оятты, жанкештілікті туғызды. Бірінші болу, яғни бір санын иемдену үшінгі тартыс әлі тоқтаған жоқ. Өкінішке орай, көбісінің тағдыры қайғылы аяқталып жатты. Американы бірінші болып кім ашты? деген дүдәмал сұрақтың жауабы әлі айқындалған жоқ. Бүкіләлемдік тартылыс заңын бірінші болып кім ашты?- Ньютон. Ғарышқа кім бірінші ұшты?- Гагарин. Міне, осылайша кете береді.

Бір саны, алтыншыдан, сапаның озық үлгісі болды. Ал енді бір санының арифметикалық қасиетіне келсек, бірге бірді қоссаң екі (1+1=2), екіге бірді қоссаң үш (2+1=3), үшке бірді қоссаң төрт (3+1=4),... осылай кете береді. Өзгермейтін ақиқат: бірді бірге көбейтсең бір (1x1=1), бірді бірге бөлсең де бір (1:1=1). Кез келген натурал санды бірге бөлсең, өзі шығады, ал өзін өзіне бөлсең, бір шығады, яғни бір өзінің жасампаздық мәнін сақтайды, төркінін жоғалтпайды. Тегінде қосу-арттыру, алу-азайту амалдары адам бала- сының ең алғаш өзі ойлап тапқан және игере алған сандық түзілімнің бастауы болар.

Ал, көбейту, бөлу – Жаратушының құзыретіндегі мүмкіндіктер еді. Шындығында, адам ешнәрсені көбейте не бөле алмайды, оны арттырады немесе азайтады. Көбейту немесе көбею, сол секілді бөлу немесе бөліну–Жаратушының ұлы мұғжизаларының бірі, ол жалпы тіршіліктің жаратылысын, көбеюін білдіреді. Көбею- дің өзі бөлінудің салдары екендігін философтар да мойындаған (О. Шпанглер). Бастапқыдағы бүкіләлемдік жарылыс (астрономия- ның, физиканың соңғы жетістіктері де қуаттап отырған) ең алғашқы бөліну екені ақиқат. Ол –ол ма, жатырдағы эмбриондардың, өсімдік тозаңдарының бөлінуі көбеюге алып келетіні әлдеқашан дәйектелген шындық. Қосу, алу–жансыз заттарға пайдаланылса, көбейту, бөлу– жанды тіршіліктің өмір сүру, пайда болу негізі екен.

Адам баласы ақыл-ойының арқасында қосудан гөрі көбейтудің, азайтудан гөрі бөлудің өте-мөте тиімді амал екенін біліп, соны

Page 78: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

78 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

арифметикада қолдана бастады. Бұл кейіннен химия, физика, биология, генетика секілді жаратылыстану ғылымдарында іске асты. Қасиетті Құранда «бөлінбейтінді бөлмеңдер» деген аят бар. Шындығында, адамның ақыл-ойы атомды ажыратты, оны бөлді, одан не шықты? Адам баласы басына айықпайтын аса қауіпті қатер төндіріп алды. Түбінде адам өркениетінің жойылып кетуіне осы себеп болмасына кім кепіл?.. Кезінде АТОМ– №1 болатын. Бір саны – қашанда қуаттың көзі, ол–топтастырушы, біріктіруші күш. Ағылшын физигі Стивен Хокинг «Уақыттың қысқаша тарихы» атты кітабында ғаламның жаратылыс тарихын төрт дәуірге бөледі де, оның бірінші дәуірінде уақыт әлі басталмаған шақта болашақ бүкіл ғаламның массасы бір-ақ нүктеге шоғырланған, содан Үлкен Жарылыс болған деген тұжырым айтады [С. Ыбыраев , 2001; 18 б.]. Олай болса, әуелгі нүкте – бірлік, тұтастық екен.

Әлемдік мифологиядағы символдың мәнін зерттеген ғалымдар былай дейді: «Нүкте (кіндік, орталық ) – бастау, барлық баршылықтың немесе ілкі себептің бастапқы нүктесі. Кіндіктің пішіні мен мөлшері жоқ, сондықтан да ол бөлінбейтін нұрдың, ілкі Бірегейдің мүмкін боларлық кескіні болып табылады. Нүкте – абсолюттің символы. ...Бір санынан басқа барлық сан атаулының сияқты Кіндіктен де оның жариялары (көресіндері) арқылы барша ғалам (заттар, нәрселер, тіршілік) пайда болған» [С. Қондыбай, 2004; 47 б.]. Сол сияқты нүкте, шеңбер символдарын сандық символдармен ұштастыруға болады екен. «Бұл жағдайда нүкте әрқашан да бір (1) санымен символданады да, шеңбер мен сәуле бірден бастап шексіздікке дейінгі кез келген бүтін санмен символдана береді. Мифтік дәстүрлерде 1:3; 1:7; 1:9; 1:12 сияқты арақатынастар (пропорциялар) қолданылады...» [сонда, 47 б.]. Осы негізде қарастыратын болсақ, геометриялық нүктемен немесе арифметикалық бір (1) санымен белгіленген символ – дүниенің түпкі негізі, ілкі уақыт, уақыттың басы мен аяғы болып шығады, яғни абсолюттік ақиқат, біздің танып білуімізге мүмкін емес жаратушы ұлы күш.

Қазақтағы бірлік сөзінің мағынасы ақыл-санасы, арман-тілегі, мақсат-мүддесі, ой-пиғылы, қам-қаракеті бір бағытқа жұмылдырылған адамдардың, әлеуметтік топтың, һәм халықтың риясыз топтасуын білдірсе керек. «Бірлік түбі – тірлік» деген қазақ бір санының топтастырушы, біріктіруші күшіне иланған және екі аққудың бір басшысы болады деп, соған мойын ұсынған. Киелі сандардың қазақ ұғымындағы қасиетін зерттеген ғалымдар, айталық Г. Рысбаева бір

Page 79: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

79«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

санының «Құдай, Алла – жаратушы ием» сөздерімен тіркесіп келетінін айтады [Г. Рысбаева, 2008; 96 б.]. Әрине, оның негізі де жоқ емес.

VIII ғасырдан бастап ислам дінін асыл дініміз деп қабылдаған ата-бабаларымыз қасиетті Құран Кәрімде тайға таңба басқандай етіп уахи етілген: «(Мұхаммед) сенен бұрынғы барлық пайғамбарларды: «Күдіксіз. Менен басқа құдай жоқ. Маған ғана құлшылық қылыңдар» деген уахимен жібердік»,- деген (Әнбия 21/25) аяттарды жадына тоқып өскендігі белгілі. Олар Алланы тумаған, туылмаған жаратушы жалғыз (бір) күш деп таныды, яғни он сегіз мың ғаламның, ғарышының, адамдар мен жындардың жалғыз иесі, бір ғана тірегі ол–Алла деп мойындалды.

Сол сияқты байырғы көшпелілер үшін бір санының орнығуына исламға дейінгі кезеңдегі Тәңірлік наным-сенімнің айрықша әсері болды. Олар, ең әуелі, Тәңірі түсінігін қалыптастырып, Көктегі бір Тәңірге сыйынғаны белгілі. Осылайша Тәңірінің бірлігі түркілердің дүниетанымындағы басты өлшемге айналды. VІІІ ғасырдағы көне түркі жазбаларында Ұлы Көк Тәңірі қолдағаны туралы мәтіндер бар. Х ғасырда өмір сүрген араб саяхатшысы Ибн Фадлан «түріктердің қиын-қыстау шақта Бір Тәңірі деп, басын көкке қаратып, мінәжат еткендеріне куә болғанын» жазып қалдырды, ХІІІ ғасырдағы батыс саяхатшылары (Марко Поло, Плано Карпини) Жошы ұлысындағы хандардың (Мөңке) Бір Тәңіріге табынатындарын айтады. Олай болса, біздің ата-бабаларымыздың дүниедегі Бір деген жасампаздықты, оның сипатын, сырын әуеліде Тәңірінің есімімен, оның Ұлы құдіретімен танып білген. Түркілердің байырғы танымы бойынша Тәңірі метафизикалық киелі ұғым мен физикалық әлемнің өзара үйлесімділігінің көрінісі. Жоғарыда Көк Тәңірі (Аспан), төменде Қара Жер ұғымы осының дәлелі. Сол секілді Күн, Ай секілді аспан денелерінің жалқы көрінісі басты себептердің де негізі болды.

Бір саны, ең әуелі, Алла атауымен тіркесіп, Жаратушы иеміздің даралығынан хабар береді: «Биссимилла сөзді бастайын, бір Аллаға табынып, бір Алла өзің жар бола гөр, бір Алладан басқа сенерім жоқ, «бір Алла қолдасын, бір құдайдың зарын қылу, бір құдайдың дидарын сен көрмесең, кім көрер (Бұқар жырау) т.б. Жалғыздық, жалқы деген сөздер бір санының мағынасын білдіретіні түсінікті. Жалғыздық, жалғызсырау – жеке тұлғаның белгілі бір себептермен әлеуметтік ортадан қол үзіп, оқшауланған жайынан хабар беретін психикалық күй, томаға-тұйық ахуал, дәрменсіз хал. Мұндай ситуацияны білдіретін тұрақты тіркестер, әдеби кейіпкерлер, өлең

Page 80: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

80 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

жолдары ауызекі тілде, фольклорлық мұраларда, ақындардың өлең-жырларында жиі кездеседі:

• Жалғыздық бір құдайға ғана жарасқан, екі жарты бір бүтін болу, жалғыз шықпа сапарға, өкініште қаларсың, жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас, жалғыз адам қорған емес, жалғыз ағаш орман емес, жалғыздың жары құдай, жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас, атадан қалған қу жалғыз, жалғызға ой үйірсек т.б.

• Қазақ ертегілерінің дені: Ертеде бір бай болыпты, оның бір ұлы, бір қызы немесе бір баласы болыпты немесе баяғы заманда бір ханның жалғыз баласы болыпты..»,-деп басталатыны қалыпты сюжеттік экспозиция. Эпостық жырларымыздың да басты қаһармандары біреудің жалғызы, жалқысы. Мысалы: Алпамыс, Қобыланды, Құбығұл, Ер Кеңес, Бозмұнай, Қыз Жібек, Ақжүніс, Баян сұлу т.б. Бір құдайдың назары түскендіктен бұларды періштелер, әулие-әмбиелердің өзі қолдап жүреді.

• Исатайдан айырылып, жалғыздықпен болдым дос (Махамбет); Моласындай бақсының, жалғыз қалдым тап шыным; Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені; Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?(Абай);

Екінің бірі болсам арманым не, мен қалған бір атаның жалғызы едім (Мәди);

Жарығым-ай, деуші еді ғой жалғыздың жары құдай (Мұқағали). Қазіргі қазақ тіліндегі бір – бірінші деген сан есімдер тұңғыш,

алғашқы, бас, үлкен, ең секілді сын есімдердің, күшейткіш үстеудің мағынасын бере алады. Атамыз қазақ бірінші баланы, яғни үлкен баланы «тұңғыш» деп атап, «төлімнің басы, суымның тұнығы» деп әлпештеген, еншісін де ерекшелеп берген. Абай Құнанбайұлын қазақтың бірінші ақыны демей, бас ақыны деп таниды. Адамның ең данагөйін данышпан, ең мықты палуанын түйе палуан, жылқының ең жүйрігін тұлпар, бүркіттің ең алғырын қыран, иттің ең шапшаңын тазы деп атағаны тәрізді. Өзге халықтар сияқты «бірінші болу» қазақ үшін де қадірлі. Қазақ алғашқыға, бір сөзбен айтқанда, біріншіге ерекше мән берген. Қазақ халқы бірінші рет:

• Ай жаңасын көргенде: «Ай көрдім, аман көрдім» деп сәлем берсе, келіннің алғашқы босаға көруін табалдырық аттады деп отқа май құйып тәу еткізген.

• Болашақ келінді бірінші көруге келгенде шымылдығына үкі қадаған, көрімдік сұраған.

Page 81: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

81«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

• Саятшылыққа шығуды «қансонар» деп атап, қанжығасы майланып қайтқан құсбегі олжасын басқаға байлаған, құсқа ұстаған жемінен тоят қылдырған.

• Ер балаға құлын немесе тай тарту етіп, оны «бәсіре» деп атаған. Жас баланы ашамайға отырғызып, шашу шашып, ауыл-үйді аралатқан.

• Ел жайлауға қонған соң алғаш рет бие байлағанды «қымызмұрындық» деп атап, көрші-қолаңды шақырған.

• Жақсы хабарға сүйінші, жаңа киім, жақсы затқа көрімдік сұраған һәм оны тартынбай берген.

«Біріншіге» қатысты мұндай ырым-жоралғылар халқымызда мол. Ақын-жыраулар мен би-шешендердің сөздеріндегі «Бірінші тілек тілеңіз, бір Алладан жазбасқа...»(Бұқар жырау), «Біріншіден не жаман, білімсіз өскен ұл жаман...», «Бір дегенім...» Бұлар – салт-санамызда, тарихи әдеби мұраларымызда сақталған дәстүрлі мәдени құндылықтарымыз болып табылатыны сөзсіз.

Сондай-ақ, қазақ тілінде бір саны арқылы жасалынған культтік фразеологизмдермен қатар адамның мінез-құлқын, заттың өлшемін, мөлшерін білдіретін тіркестер де баршылық. Мысалы, «бір ауыз сөз», «бір шөкім бұлт», «бір шымшым шәй», «бір мысқал салмақ», «бір беткей», «бір уыс топырақ», «бір ұрттам су», «бір тамшы су», «бір аттам жер», «бір қарыс», «бір сүйем», «бір елі», «бір тал» т.б. (осы орайда бір ауыз сөздің мәнін философиялық-поэтикалық түрде өрнектеген Т. Молдағалиевтің «Бір ауыз сөз» өлеңіне жазылған әнді еске түсірсек те жетіп жатыр).

Біріншіні мадақтау байырғы түркілердің, моңғолдардың салты болатын. Жүйрік жылқыны, қыран құсты, палуан жігітті мақтау, яғни мадақ жырларын айту ежелгі салт еді. Бұл көрініс моңғолдарда сақталынған. Ислам дінінің әсерінен болар Алладан басқаны мадақтау зор күнә деген сенімге сай мұндай дәстүр қазақ арасынан қол үзіп кеткен. Алайда Шоқан Уәлихановтың жазбаларында «Қазақ арасында» атты мақтау жырлары болғандығы жайлы айтылады. Осындай мадақ жырлар әр халықтың батырлық жырларының туып қалыптасуына негіз болғаны белгілі. Ең әуелгіде Алтайды киелі жалғыз мекеніміз деп таныған олар Алтайды мадақтауды өздеріне борыш санаған. Ұлы сапарға шығар алдында, жыр толғаудың алдында Алтайды мадаққа қосқан, өйтпесе Алтайдың иесі Әулие қоңыр ренжиді, соның қарғысына ұшырайды,- деп сенген.

Түркі тілдеріндегі «бір», «бир», «пір» сөздері орыс тілін- дегі «первый»/бір-бир-бер-пер/ сөзінің жасалымына негіз бол-

Page 82: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

82 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

ғандығында дау жоқ. Әлде керісінше. Олай дейін десеңіз, О. Сүлейменовтің айтуынша, гректердің ежелгі монархиялық титулынан бастау алатын латын тіліндегі- prlnceps- принц (бірінші басшы, көсем, патшаның ұлы), мысырлықтардың fero- пірғауын (пер-үй, он-ун-үлкен) сөздерінің төркінін түркі тіліндегі «бір-пір» сөзімен немесе осыны символдаған нүктемен байланыстырады, үндіеуропалықтар реттік сан есім идеясын түркілердің титул құрамында пайдаланылған «бірінші» сан есімінен алғанын айтады. Тағы да былай дейді: «Сонымен қатар, ... реттік сан есім нүкте мен сызыққа басымдық берді».

Кейіннен Үндістанға кең тараған «Б(І)РАХМАН» дінінің аталуында негізінде «бір» немесе «пір», «пері» сөздері жатқан жоқ па екен деген ойда қаласың. Қазіргі моңғол тілінде бір санын «некі»(нэг) деп атайды. Осы екінің көмескілеген түрі қазақ тілінде де сақталғанын байқау- ға болады. Ол – «некен-саяқ, яғни жалғыз-жарым дегенді білдіреді. С. Қондыбай ұсынатын «нг\\нт» этомоимінің кейінгі жаңғырығы түркі-моңғол тілдерінде нүкте-некте түріне ұласқан деуге болады. Төркіні латын тілінен деп танылып жүрген музыка тіліндегі «нот(а)» сөзінің арғы бастауын осыдан іздеуге де болады. Сол сияқты орыс тіліндегі «брак» сөзі түркіні «бір+оқ болу», «бір+ақ болу» тіркесінен, былайша айтқанда «екі жарты бір бүтін болудан» бастау алып жатқандай көрінеді. «Один» сөзінің этимологиясы туралы айтқанда «о», «он(д)» сілтеу есімдіктерінің жасырын тұрғандығы байқалады. Ал, «одиноки» – жалғыздық, «единица» сөзі – бір, бірлік дегенге сәйкес келеді. Хәкім Абай орыс тіліндегі «единица» сөзін қолдана отырып, бір санының көшбасшылық сипатын анық жеткізеді: «Единица – жақсысы, ерген елі бейне нөл. Единица нөлсіз-ақ, өз басындық болар сол. Единица кеткенде, Не болады өңшең нөл?»

Бір саны, оның таңбасы Ұлы Жасампаздықты білдірсе, нөл – өзі әйгілеп тұрғандай ештеңенің жоқтығын, бар болса оның мағы- насыздығын, кеңістіктегі хаосты білдіреді. Кілең нөлді тізе берсең не шығады? Бірақ ол бір(1) емес. Ол бір саны бар кезде ғана мағынаға ие. Бір (1)= бар – абсолюттік ақиқат – мәңгілік. Нөл (0)= жоқ – болуы мүмкін – жоқ болады. Бір сөзбен айтқанда, БІР саны – Ұлы Жаратушыға қатысты символды белгілесе, Нөл, ол – Жаратушының құдіретімен жаратылғандар. Сондай-ақ, Бір саны ҰЛЫ, ДАРА, МӘҢГІЛІК дегенді айғақтайды, ал біз – нөлміз. «Бір нәрсені қаласа, Оның бұйрығы «Бол!» деу ғана. Сонда әлгі нәрсе бола қалады», - дейді Құран аяттары (Иасин сүресі 82 -аят).

Page 83: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

83«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Араб алфавитінде [а] дыбысы, сандық жүйесінде бір саны тік қойылған жалғыз таяқшамен таңбаланғаны белгілі. Алфавитте ол [а] дыбысын, реттік санда бір деген цифрды білдіреді. Бір санының таңбалық кескіні намазға тұрған мұсылманды бейнелейтіндей. БІР АЛЛАНЫҢ алдында құлшылық қылып тұрған бір мұсылман...

Әлемдік философияда «ego» – «мен» деген субьектінің (практикалық, ойлау, танымдық қызмет атқаратын адам) өзегін белгілейтін категория бар. Ол оның ішкі рухани әлемін немесе тұтас тіршілігін белгілейді. Меннің күш-қуатын ерекше дәріптеген батыстық ғылым адамның жан мен тәннен жаралған биологиялық өскін, физикалық күш, психикалық сезім иесі екендігін ұмытып, жеке тұлғаның артықшылығын дәріптеумен айналысып кетті. Құдайын ұмытқан адамдардың арасында менменшілдік, яғни «эгоизм» кең өріс алды. Осы «эго»-дан шыққан эгоизм дегеніміз– адамның өзін-өзі шамадан тыс жақсы көруі, өз мүддесін өзгелерден жоғары қоюы, қара басының қамын ғана күйіттеуі. Ондайларды баяғы қазақ, «өзім дегеннің өгіз қара күші бар» деп, бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеген. «Эго»-«я»-«мен» деген өздік есімдік түріндегі сөз қашанда «Мен – біріншімін!» дегенді әйгілесе, ол өз ортасында менмендіктің, өркөкіректіліктің, астамшылықтың, тәкаппарлықтың, дандайсушылықтың қасиетсіздігін танытып отырады. Мұндай қасиетсіздік адамның жеке басына және әлеуметтік ортаға опа таптырмайтыны белгілі. Керісінше, қарапайымдылық, кішпейілділік, қайырымдылық, көпшілдік секілді көркем мінездер дәріптелетін ислам дінінде астамшыл адамның ақыры не болатыны жайында былай дейді: «Кімде-кім жүрегінде тозаңдай өркөкіректік болса, ол кісі жұмаққа кірмейді» (Муслимнен руаят етілген Пайғамбардың хадисі). Аллаға жақпайтын адамның ең бірінші жаман мінезі, ол – МЕНМЕНДІК һәм тәкаппарлық. Мұсылманның ахлақ этикасында және соған негізделген қазақы тәрбиеде «МЕН» деп сөйлеуді өте әдепсіздік деп таныған және осының өзі Аллаға күпірлік деп саналған, ауыр күнәға есептеген. «Мен емес Алла істеді немесе Алланың ризашылығы үшін, Алланың бұйрығымен деп айт» дегенді қатаң ескертіп отырған. Әрине, ізгілікті жақсы істерді. Соған қарағанда «МЕН!» деп айту тек Аллаға ғана жарасса керек. Бірінші жақтағы МЕН, яғни БІРІНШІ болу құдіреті күшті Алланың ғана еншісінде екен. Тілдік тұрғыдан алғанда, «БІРІНШІ – мен емес – ОЛ» немесе ОНІКІ. Данышпан Абай ол туралы былай дейді: «Ақылға сыймас Ол Алла...» немесе «Адам ғапыл дүниені дер «менікі», «Менікі» деп

Page 84: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СӨЗ

ТӨРК

ІНІ

84 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

жүргені бәрі онікі» Қазіргі қазақ тіліндегі ана, ол түріндегі сілтеу есімдіктерінің байырғы түбірі [а, о] екендігін ескерсек, Бір саны «мен емес – ол» деген мағынадағы сілтеулік тұлғасында қолданылған. Олай болса, Алланың сәлби сипаттарының бірі «Әл-уахданияға» сай, Оның біреу, дара, жалғыз екендігіне иллаһи иланасыз. БІР-БІРІНШІ деген сандық қатынастың символы түптеп келгенде, абсолюттік санаға, Жаратушыны тануға қатысты өлшем екендігіне көз жеткізуге болатындай.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Авакова Р.А. Фразеология теориясы. Монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 217 б.

2. Жанузаков Т.Ж. Обычаи и традиции в казахской антропонимии // Этнография имен. – М.: Наука, 1971. – С. 190-198.

3. Кеңесбаев І.К. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 1977. – 711 б.

4. Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2004.

5. Рысбаева Г. Сан есімдерге байланысты культтік фразеологизмдер // Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімі. – Алматы, 2000. – 95-98 бб.

6. Ыбыраев С. Аллаһтың дәлелін өз шынашағымнан көремін. – Шапағат– Нұр. – Алматы, 2001. – №11.

Page 85: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СЫР-СҰХБАТ

85«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

– Алла, сіз жас журналиссіз. Бүгінгі қазақ тілінің ахуалын қандай деңгейде деп ойлайсыз?

– Өз басым, қазақтілді ортада өстім, қазірдің өзінде де әріптестермен қазақша сөйлесеміз, студент кезімде мемлекеттік тілге қатысты түрлі байқауларға қатысып жүрдім. Бүгінгі таңда «Қазақстан-Қостанай» облыстық телеарнасында жаңалықтардың қазақша нұсқасын оқимын, қысқаша айтқанда диктормын. Жалпы алғашқыда орыс- тілді мектептің табалдырығын аттадым, бірақ қазақша бітірдім. Оның өзіндік себептері бар. Бүгінгі таңда қол жеткізген аз ғана жетістіктерім бар болса, сол мен өскен қазақи ортаның әсері деп білемін. Жоғарыда аталған жайттардың барлығы да өзімнің қазақ тілімнің деңгейін біршама арттырды. Сондықтан мен үшін бүгінгі қазақ тілінің мәселесі, маңыздылығы әлі болса да даму үстінде. Мәселен, біздің өңірді алайық. Жұмыс бабымен өзге облыстарға барып тұрамыз, оңтүстікте ондай мәселе жоқ, қазақ тілі барлығына бірдей. Мүмкін, шекаралас жатқан Ресей елінің ықпалы да шығар... Дегенмен, жергілікті жамағат бұл мәселеге бей-жай қарамауда, әсіресе, өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілдің дамуына өздерінің елеулі үлестерін қосуда.

Қазақ тілі - бойтұмарым

Қостанай өңіріне танымал болып үлгерген Алла есімді тележүргізуші- мен арнайы сұхбаттасудың сәті түсті. Өзге ұлт өкілі болса да, қазақ тіліне жүйрік. Ол жергілікті «Қазақстан-Қостанай» телеарнасында өзінің бірнеше авторлық бағдарла- масын ашып, сол арқылы көрермен қауымның ықыласына бөленіп жүр.

Page 86: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СЫР-СҰХБАТ

86 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

– Қазақтілді журналист болуыңызға не себеп болды? – Студент кезімде «Тілі бірдің – тілегі бір» атты республикалық

тіл байқауына қатысып, бас жүлдемен оралдым. Қазіргі «Қазақстан -Қостанай» телеарнасы директорының орынбасары Күлтай Камалқызының «Айтарым бар» бағдарламасына кейіпкер ретінде қатыстым, одан кейін, талабың түзу, қазақи тәрбие көрдің, қабілетің бар деп, Күлтай апайым телеарнаға жұмысқа алу туралы ұсыныс жасаған соң, қуана қабылдадым. Осылайша үш ұйықтасам түсіме кірмеген мамандық иесі болып шыға келдім. Одан кейін де, міне, 3 жыл өтті, жұмысым өзіме ұнайды. Алғашқыда аздап қиналдым. Бүгінгі күні әріптестерімнің қолдауының арқасында көп дүниені үйрендім.

– Сіз өзге ұлт өкілісіз. Соған қарамастан «Қазақстан-Қостанай» телеарнасынан қазақ тілінде хабарлар жүргізіп жүрсіз. Сіздің осы қызметіңізге (жетістігіңізге) қазақ ұлтынан өзге ұлт өкілдері қалай қарайды? Солармен пікір алмасып көрдіңіз бе?

– Иә. Мен үнемі осы сауал төңірегіндегі сұрақтарға тап болатыным рас. Кейбіреулер қызғана қараса, енді біреулері қуанып жатады. Солардың ішінде, осы жолдан тайма деп үнемі тілектес болып жататындар басым. Ал мен араласатын тең құрбыларымның бәрі бірдей қазақша сөйлей қоймайды. Дегенмен бірге жүрген кездерде олар, болмаса да ұқсап бағып, бірдеңелерді қазақша айтып қалжыңдасып алатынымыз рас.

– Сіз қызмет етіп жүрген телеарнада көрсетілетін авторлық «Бойтұмар» бағдарламасы туралы айта кетсеңіз?

– Көптен бері өзіме де, жамағатқа да қажетті іс жасасам деген ой мазалап жүретін. Әсіресе, жетім балғындардың өмірі мені қатты толғандырды. Мемлекет тарапынан көптеп көмек көрсетіліп жатқаны рас. Бірақ мен сол балалардың өміріне үңіліп, балғындардың жан дүниесін түсінуге тырыстым. Осылайша «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының директоры Әлібек Жартайұлы ағама өз ойымды айтқан едім. Басшылық қолдау көрсетіп, ойымды жүзеге асырдым. Бір жыл ішінде, талай балғынның өмірімен таныстым. Олардың барлығының әртүрлі тағдыры бар екендігіне көзім жете бастады. Тіпті кейбіреуі мені «мама» деген сәттері де болды. Ондай кезде көзімнен еріксіз жас та шығып кетеді. Әр баланың жанарында оттай жанған ұшқын жүрегіңді қарып өтеді. Мен осы көріністерді көре жүріп шын жетімдікті сезіндім деп айта аламын. Кейде бағдарламаны дайындау барысында материалдар жинастырып отырып балалардың ата-анасын

Page 87: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СЫР-СҰХБАТ

87«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

тауып алған сәттеріміз де болды. Осылайша бір баланы жетімдік құрсауынан құтқарған кездеріміз де жиі болып тұрады. Мұндай қуанышты сәттерде еңбегімнің зая кетпегендігіне қатты қуанамын. Мен бастаған ісімді әрі қарай жалғастыра беремін. Тоқтатпаймын.

– Дұрыс, қуанышты жағдай екен. Сіздің мемлекеттік тіл саласында өткен біршама конкурстардың жеңімпазы екеніңізді білеміз. Жалпы жеңімпаз ретінде айтыңызшы, Тобыл жұртының мемлекеттік тілге деген көзқарасы өте төмен деп жатады. Бұған журналист ретінде не айтасыз?

– Енді осы тіл жағына келгенде бүгежектеп қалатынымыз рас. Айтар болсам, қазірдің өзінде көше аттары қазақ және орыс тілінде қатар жазылады. Жарнама, билбордттарда қателіктер кездеседі. Дегенмен, соңғы кезде қостанайлықтардың намысы ояна бастады деп ойлаймын. Себебі мен көшеде болсын, дүкенде болсын орысша сөйлейтіндерден гөрі қазақша сөйлейтіндерді көп кездестіремін. Мұны мен ғана емес, кез келген қала тұрғыны айтып бере алады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ тілінің мәселесі шешіліп келеді деп, дөп басып айта аламын. Ал облыстық Тілдерді дамыту басқармасының жүргізіп жатқан шаралары өз алдына бір бөлек. Сонымен бірге қаламызда қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт жастарынан құрылған «Тілдарын» клубы мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру мақсатында тыңғылықты жұмыс атқаруда. Мен де осы клубтың мүшесімін, жастармен көп кездесеміз. Олар да бізге қарап, бой түзей бастады. Сондықтан қазақ тілімнің абыройын асқақтатып жүрген жастар Қостанай облысында да жетіп артылады деп мақтанышпен айта аламын.

– Сізді көрген орыстілді қазақ азаматтары ұялатын болуы керек. Сіз қанша адамның қазақша сөйлеуіне себепші болдым деп ойлайсыз?

– Мүмкін... Осыдан бірнеше жыл бұрын орыс қызының қазақша сөйлеп тұруы, шынымен де, біртүрлі болып көрінген. Ал қазір қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің саны жыл санап өсуде. Бұл «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген Елбасы сөзінің айқын айғағы деп білемін. Өзге адамға қандайда бір тілді не істі үйрету үшін, адам бойында ұстаздық қасиет болуы керек деп ойлаймын. Менің нақты өзімнің мамандығым – шетел тілдері пәнінің оқытушы- сы. Бос уақытымда өзге ұлт өкілдерінің балаларына қазақ тілінен сабақ та беремін. Кейде тіпті кәсібімді өзгертіп, ұстаздық жолға түсіп кетсем бе деп те ойлаймын.

Page 88: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

СЫР-СҰХБАТ

88 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

– Мемлекеттік тілді үйрену үшін не істеу керек? Бүгінгі өзіңіз қатарлы жастарға айтар кеңесіңіз.

– Бүгінгі күні жеткен жетістіктерімнің барлығы да біріншіден, Жаратушының берген сыйы, одан кейін осы қазақ тілін білгендігімнің арқасы деп ойлаймын. Тіл үйрену үшін, алдымен, қызығушылық, сосын талап пен темірдей тәртіп керек. Не дегенмен, «тәрбие басы – тал бесік» деп жатады ғой, сондықтан да, менің білуімше, барлығы да отбасынан басталады. Сондықтан әр отбасы, мейлі ол өзге ұлт өкілі болсын, отбасында қазақ тілін білу, үйрену, сөйлеуге талпыныс жасаулары керек. Себебі біз өмір сүріп жатқан ел – Қазақстан. Бұл бір. Екіншіден, мемлекеттік органдарда қызмет атқаратын әрбір азамат қазақ тілін жетік білуі керектігі туралы талап күшейтілуі керек. Міне, сонда ғана мемлекеттік тілдің көкжиегі кеңейе бермек.

– «Ана тілім – қазақ тілі» дейсіз, сонда тіліңіз қазақша шықты ма?

- Ата-анамнан ерте айырылдым, Мария есімді қазақ әжемнің қолында өстім. Қазақи орта тілді жетік меңгеруіме негіз болды. Қазақтың бүкіл салт-дәстүрлері жаныма жақын. Рас, қазақ тілі – менің бойтұмарым. Осының бәрі–әжемнің тәрбиесінің арқасы. Әжеме алғысым шексіз.

– Келешек жоспарыңызбен бөліссеңіз? Қазақ тілінің жана- шыры ретінде не істей аласыз?

– Әлбетте, жарқын болашаққа сенемін. Бар арманым– Қазақстанның толыққанды азаматы атану. Бастаған игі істерімді одан әрі жалғастырамын. Мүмкін, журналистика саласында мені тағы да керемет бастамалар күтіп тұрған шығар. Олай болса, шын жүректен қуанар едім.

– Әңгімеңізге рақмет!Сұхбатты жүргізген

Бердібек ХАБАЙ

Page 89: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ЖЕҢ

ІСКЕ

70

жыл

89«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Көрдің бе жарын арудың,Соғыстан қайтқан солдаттар. Кетерде солдат жарыныңІшінде қалған ана жыл.Көкемді айтпай танырмынДеп бір сәби бала жүр.Қайрылмай қалай кетесіңХабарсыз қалай ол тоқтар.Көрдің бе оның көкесін,Соғыстан қайтқан солдаттар.Қаралы қағаз жіберіп,Қаншама қайғы салды оқтар.Барады үнсіз түнеріпСоғыстан қайтқан солдаттар.

Сырбай Мәуленов

Соғыстан қайтқан солдаттарЖаутаңдай қарап дала тұр,Көз жасын сүртіп жаңа бір.Хабарсыз ұлын сұрауғаЖолыңды тосып ана жүр.Қанша үйдің ұрлап адамын,Қанша үйде сөніп қалды оттар,Көрдің бе ұлын ананың,Соғыстан қайтқан солдаттар.Кешікпей жарым келер депТөрінен сайлап орынды.Батысқа қарап елеңдепАру жүр тосып жолыңды.Көтерді бәрін ауырдыңАзамат болып арды ақтар.

Page 90: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

БІЛІ

МДІ

ДЕН

ШЫ

ҚҚАН

СӨЗ

90 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез, сынаушысы – халық болсын.

Саққұлақ би (Бөгенбай батырдың шөбересі)

Білім – адамның ішінен шығатын нәрсе емес, сырттан келетін нәрсе. Оқымай білімді боламын дегендер, тормен су алғысы келгенмен тең. Біз қанша білсек, сонша нәрсе қолымыздан келеді. Сондықтан да білім – күш.

Фрэнсис Бэкон

Мен ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым... Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде ол секілді тастар қаншама.

Исаак Ньютон

Білімсіздік – бұл ымырт, оны жамандық кезіп жүреді. Көшені жарықтандыруды ойласаңыздар, мархабат, ең бастысы, ақыл-ойды ағартуды ойласаңыздар екен.

Виктор Гюго

Адамда, алдымен, өзінің қажеттіліктерінің төңірегінде ғана қызығу болады, өзінің ауырған тісінің уайымы елдегі аштық пен апаттан зәрлірек.

Дейл Карнеги

БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ

Page 91: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

БІЛІ

МДІ

ДЕН

ШЫ

ҚҚАН

СӨЗ

91«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Адамның бағасын өзі емес, өзгелер қояды. Адамды бөлшек санға ұқсатуға болады. Оның төмені – адамның өзі туралы ойлағаны, жоғарысы – адам туралы өзгелердің ойлағаны. Төмені көп болған сайын қорытынды азая береді.

Лев Толстой

Адам неғұрлым ақылды, мейірімді болған сайын, соғұрлым өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді.

Блез Паскаль

Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі, сондықтан да ол әр уақытта мейірбанды, жайдары, сыпайы келеді.

А.П. Чехов

Азынаған айғырды үйірінде көр, Аңқылдаған жігітті үйіңде көр.

Әйтеке би

Өзінің сеніміне қарай іс жасаған адамның бәрі парасатты емес, ол үшін оның сенімі де парасатты болуы керек.

Ф.М. Достоевский

Есі бар адам өмірге икемделеді, ессіз адам өмірді өзіне икемдегісі келеді.

Бернард Шоу

Жек көрсе, жақсы көріп, жалғандықты – шындықпен, зорлықты – шыдаумен жеңу мүмкін.

Махатма Ганди

Пендеде бір іс бар – жалығу деген. Ол – тағдырда адаммен бірге жаратылған. Оны өзі тапқан емес. Оған егер бір іліксе, адам баласы құтылмағы қиын.

Абай

Адамгершілігің пәс болса, әділетті бола алмайсың.Вовенарг

Тікен ексең, жүзім шықпайды. Ахмет Йүгінеки

Page 92: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

БІЛІ

МДІ

ДЕН

ШЫ

ҚҚАН

СӨЗ

92 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда. Көбінің сырты бүтін, іші түтін.

Абай

Ақылмен арыстан да ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың.

Махмұт Қашғари

Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, ал жаман адамды көргенде өзіңді-өзің зертте.

Конфуций

Өресі биік тұлғаларды алдыңғы қатарға шығара алмаған және солардың ақыл-ойы мен іс-әрекетінің игілігін пайдаланып, жемісін тұтына алмаған қоғам ауыр дағдарысқа ұшырайды.

Әл-Қайс

Әрбір адам – лайланып аққан бұлақ, оны түгел қабылдап әрі таза қалу үшін, сен бір шалқар теңіз болуың керек.

Ницше

Дүниедегі ең оңай нәрсе – кісіге ақыл айту, ең қиыны – өзіңді-өзің түсіну.

әл-Фараби

Бидің айтқанын құл да айтады, бірақ аузының дуасы жоқ.Төле би

Қатеңді дер кезінде мойындау, оны түзелмейтіндей жағдайға жібергеннен анағұрлым жақсы.

Лев Толстой

Ішінде дәнегі жоқ жаңғақ шағылғанда ұятқа қалады.Саади

Мен 14 жасымда әкем топас сияқты көрінетін, оның сөздеріне зорға шыдайтынмын, бірақ 21 жасқа келгенде әкемнің 7 жыл ішінде қалай ақылды болып кеткеніне таң қалдым.

Марк Твен

Page 93: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

БІЛІ

МДІ

ДЕН

ШЫ

ҚҚАН

СӨЗ

93«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Денсаулық – ең ұлы қазына, басқалар оның алдында ештеңе де емес.

Шопенгауэр

Мінез-құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна.Гете

Өзіңе тілемеген жамандықты басқаға да тілеме. Өзіңе тілеген жақсылықты басқадан қызғанба.

Ғабиден Мұстафин

Атылмаған оқтан – айтылмаған сөз жаман.Мұхтар Әуезов

Сөзіңді қанша түрлендіріп айтқанмен, бәрібір, ар жағында не жатқаны көрініп тұрады.

Ральф Эмерсон

Қызулықпен уәде берме. Мастықпен ашуланба. Қуаныш үстінде жоспарлар жасама. Шаршап отырғанда келешектегі істерің туралы ойлама.

Хун Цзычен

Бес нәрсені бұрын болжап, ойластыр: бірінші, өлмей тұрып, тіршіліктің қадірін біл; екінші, ауырмай тұрып, денсаулықтың қадірін біл; үшінші, басыңа іс түспей тұрып, бостандықтың қадірін біл; төртінші, кедейлік келмей тұрып, барлықтың қадірін біл; бесінші, кәрілік келмей тұрып, жастықтың қадірін біл.

Мұхаммед пайғамбардың хадисінен

Сабырлы ғана ағып жатқан өзен терең болғаны.Шекспир

Адамдар өз тіршілігінде тәртіпке айналып кеткен кейбір қылықтарының ұят екенін сезінбейтін болып кетеді.

ВольтерЖақсылық көрсем – өзімнен, Жамандық көрсем – өзімнен, Тағдыр қылды дегенді Шығарамын сөзімнен.

Сұлтанмахмұт

Page 94: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

БІЛІ

МДІ

ДЕН

ШЫ

ҚҚАН

СӨЗ

94 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Жақсы ниет – ниет қана қарасаң, Дұрысы оны іс қылуға жарасаң.

Жүсіп Баласағұн

Адамға ащы татпай, тәтті қайда? Тер төгіп тапқан абзал, адал пайда. Әркімді жаратпаған тәңір жайға Өлшемі адамшылық, туралықта!

Қожа Ахмет Ясауи

Адамдағы нысап, әділет, мейірім – үшеуін қосып айтқанда, мұсыл- манша ождан деген ұғым туады. Мұны орысша совесть деп атайды.

Шәкәрім "Үш анықта"

Қай елде діннен безу және Құдайдан баз кешу бел алса, ел–жұрт түрлі азғырушыларға еріп, ынтымақ–бірліктен айрылса, ол елдің ақырзаманы жақын.

Әмір Темір

Қазақ тілінде "таза" адам деп – үсті–басының тазалығын ғана емес, ар–ұятының тазалығын айтады.

Ғабит Мүсірепов

Бірлігі жоқ ұлыстың Көптігінен не пайда? Ұстары жоқ қылыштың Өткірінен не пайда? Бір–біріне от шашқан Ерлеріңнен не пайда? Құлқын үшін топтасқан Ездеріңнен не пайда?

Фариза ақын

Тым болмаса бір нағыз досы жоқ адам өмір сүрмей–ақ қойса болады.

Демокрит

Page 95: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

БІЛІ

МДІ

ДЕН

ШЫ

ҚҚАН

СӨЗ

95«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

"Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды".

Аристотель

Өз достарыңды бағалай біл, бірақ әкеңнің достарын құрметте.

Омар Хайям

Бүгінгі достарыңа ертеңгі дұшпаныңа қарағандай қара, өйткені ертең сондай болып қалуы мүмкін.

Бальтасар Грасиан

Егер жау табам десең, өз достарыңнан асып кетуге тырыс, дос іздесең, достарыңа өзіңнен асып түсуге жағдай жаса.

Ларошфуко

Саған ұнамағаны үшін ақиқатты жоққа шығарма.Чернышевский

Бақыт – бостандықта, байлық – еңбекте. Бальзак

Бақыт – өжеттік пен еңбек арқылы келеді.Ю. Стэнли

Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында.

әл-Фараби

Ағарып атқан әрбір таң қиындықтан шығу жолын көрсетеді.

Омар Хайям

Құрастырған Мырзагелді Кемел«Абзалдық әліппесі»

(Басы. Жалғасы келесі санында)

Page 96: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ҚАЗА

ҚЫ Қ

АЛЖ

ЫҢ

96 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Сейіт Белгілі сатирик Сейіт ағамыз облыстық кітап саудасында істеп

жүрген қыздан қолға түспес кітаптарды алғанына қуанып, алғыс айтқысы келіп:

– Қалқам, атың кім еді?– деп сұрайды.– Ағатай-ау, мен сізге жиырма жылдан бері ұрлап-жырлап кітап

беріп келемін, тіпті атымды да білмейді екенсіз ғой. Мен Жанна емеспін бе?– деп өкпе айтады қарындасы.

– Алда айналайын-ай, әлі сол бұрынғы атың екен ғой! – депті жерден жеті қоян тапқандай мәз болған ағасы.

Сабыржан Сатирик Сейіт пен жазушы Сабыржан екеуі түйедей құрдас,

Арқалықта бір үйде тұрады.Сабыржанның қонақ бөлмесінде қабырғаға ілінген кілемнің үстінде

Сталиннің суреті ілулі тұрады екен. Келген қонақтар оны көрген сайын: «Паһ, паһ, жарықтықтың тұрысы-ай! – десіп бір даурығысып қалады.

Бір күні тағы бастары қосыла қалса, Сталиннің орнында Сейіттің суреті ілулі тұр екен.

– Ау, Сәке! Мына жердегі мұртты шалдың фотосы қайда? – деп сұрайды қонақтардың бірі.

– Е-е, қарақтарым, өлі Сталиннен тірі Сейіт артық, – деп күрсініпті Сабыржан.

ҚАЗАҚЫ ҚАЛЖЫҢ

Page 97: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ҚАЗА

ҚЫ Қ

АЛЖ

ЫҢ

97«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Жұмағали

Бірде Нұрхан деген азамат жауынға ұрынып, үсті-басы малмандай су болады. Ертесіне басындағы құндыз құлақшыны ұйпалақтанып, басына сыймай қалады.

– Құлақшыныңыз тақия құсап кетіпті ғой, –дегендерге:– Кеше жауынға тап болып... – деп ақтала бастайды. Сонда

Жұмағали:– Нұреке, бәрін бірдей құлақшынға жаба бермеңіз, бәлкім, су

тигеннен кейін бөрткен бидай құсап басыңыз ісінген болар? – депті.

Марқабай

«Қызбел» ірі қара өсірумен айналысатын іргелі шаруашылық. Бірде ауданнан уәкілдер келіп, директоры Марқабай шаруашылығын аралатып жүреді.

– Мынау малдың тұратын жері, мынау жататын жері, мынау бұзаулардың қорасы, – деп, шеткі есікті ашып қалса, ішінде теңкиіп бір сиыр өліп жатады.

– Қап, атаңа нәлет жекенің малы! – дейді күйінген Марқабай,– иесі байғұс зар илеп кешеден бері іздеп жүр еді, осында келіп өлгенін қарашы...

Нүреш

Бір жылы қыс қатты болып, Торғай совхозында елеулі мал шығыны орын алады. Соның салдарынан директоры Селсовет, парторгы рабочком, рабочкомы комсорг болып төмендетіліп, бәрі де Қызбел совхозына ауысып кетеді. Ауданда өткен жиналыста:

– Қызбел қалай екен, Нүреке? – деп сұрайды бір танысы. Сонда Нүреш:

– Жалпы Қызбел совхозы біздің «Торғай» совхозының еңбек түзеу колониясы ғой, – деп жауап беріпті.

Өзбек

Облыстық театрдың әртісі Өзбек ағамыздың кейде ақ ішкенде мұрнының қатты қызарып кететін әдеті болатын. Сонысына қысылып көп жағдайда сыбағасынан қағылып та жүретін. Бір тойда қанша ішсе де, қоңқақ мұрыны боп-боз қалпынан айнымайды.

Page 98: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ҚАЗА

ҚЫ Қ

АЛЖ

ЫҢ

98 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

– Өзеке, «сигнализацияңыз» істемей қалыпты ғой? – деп астарлап сұрайды көз алмай бақылап отырған бір танысы.

– Өзім де таң қалып отырмын, шамасы, ләмпішкесі күйіп кеткен болуы керек, – дейді Өзекең саспастан.

Тыныштық

Тыныштық – елге танымал музыкант, композитор. Бірде «сатып алған» аурудан сырқаттанып, түсі кірмей тұрса керек.

– Тыныштық аға, мазаңыз болмай тұр ғой? – деп сұрайды інілерінің бірі.– Ой, айналайын, несін сұрайсың демалыста жүр едім, түнде бір тегін

арақ кездесіп қалып, әкеміз өлгендей ішіппіз ғой, – деп мұрнын тыржитады Тыныштық.

– Аға, онда дүкенге жүгіріп барып келейін де, басыңызды жазып бере- йін, – деп елп ете қалады інісі.

– Көңіліңе көп рақмет, қалқам, қажеті жоқ, – дейді Тыныштық. Егер илансаң, осы тұрғанда бөтелке түгілі сатушыны көрсем лоқсимын...

Алмат

Алмат ақсақалдың баласы Орекең – аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. Қарияның сырқаттанып, саржамбас болып, төсек тартып жатқанына бәлен жыл болған.

Бірде үйге Орекеңнің қатарлары келеді. Бәрі, ең алдымен, шалға барып, жамырап сәлем береді. Үлкен кісі риза болып батасын шұбыртады.

– Ата, не жаңалық бар? – деп сұрайды үндемей отыра беруге ыңғайсызданған жастардың бірі.

– Бір жерде жатқан адамда не жаңалық болсын, көрші Өтелбай шалдың дәреті жүрмей қалды деп естідім, басқа жаңалық жоқ шырағым, – депті қу тілді қария.

Сапабек

Түн ортасы ауып, шілдехананың әбден қызған шағы. Көпшілік қолқалап, домбырашы жігітке күй тартқызады. Қатты қызып алған үй иесі оның алдына тізерлеп отыра қалып, дирижерлық жасай бастайды. Қанша дегенмен ішкен арақтың әсері болады ғой, күйшінің саусақтары бірнеше рет пернеден тайып кетеді.

– Қалқам, бұрын мінсіз тартатын едің, бүгін қайта-қайта жаңылып кеттің ғой, – деп реніш білдіреді қонақтардың бірі.

– Ақсақал, күйшіден кінә жоқ,- деп араша түседі жатыпатар Сапабек, – бәрін бүлдірген дирижер, қолын бір-екі рет қате қағып қалды...

Page 99: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

ҚАЗА

ҚЫ Қ

АЛЖ

ЫҢ

99«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Ғазиз

Ақшығанақ ауылында өскен Ғазиз жас кезінде керемет әнші еді, сөзден де дес бермейтін шешен. Бірде Алматыға телехабарға түсуге баратын өнерпаздар әуежайда тоқайласып қалды. Араларында қанша талантты болғанымен қалай болса солай киіне салып жүре беретін бір термеші жігіт те бар еді. Сол Ғазиздің үкілі бөркін көріп қалып:

– Немене, қазақша киім алу керек пе еді, мен білген жоқпын ғой, – деп шала бүлінеді.

Ғазиз оның бауы тарқатылған бәтіңкесін, шұжықтың бос қабы секілді қыртыстанған шалбарының балағын, түймесі ашық-тесік кәстөмін, қисайған галстугын, қиқы-жиқы қалпағын төменнен жоғары қарай сыдырта шолып шықты да:

– Бәрекелді, дәл мынадан артық қандай қазақша киім керек, тарта бер! – деді.

Қ. Баев,Астана қаласы

Page 100: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

100 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ

Қазақ мектебін қолдау – ұлт болашағын ойлау ..............................................................................................5 Мемлекеттік тілімізді мешел еткіміз келмесе... .....................................................................................15

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ

Кірме сөзге кіріптарлық тіл көсегесін көгертпейді ..................................................................................23

Жол жүрсе, өнеді .........................................................................34

ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ

Көне түрік бітік жазулы кейбір ескерткіштер туралы .....................................................................43

Әліпби – ұлттық сананың құралы .................................................58

СӨЗ ТӨРКІНІ

Тілдің гүлі .....................................................................................65

Санадағы сандардың құпиялары ...................................................72

СЫР-СҰХБАТ

Қазақ тілі – бойтұмарым ................................................................85

МАЗМҰНЫ

Page 101: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

101«Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

ЖЕҢІСКЕ 70 жыл

Соғыстан қайтқан солдаттар .........................................................89

БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ ....................................................90

ҚАЗАҚЫ ҚАЛЖЫҢ ....................................................................96

Page 102: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7208.pdf4 1 (39) / 2015 Құрметті оқырман! Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл

102 «Тіл және қоғам» №1 (39) / 2015

Авторлардың стилі,орфография хақы сақталады.

Альманах Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығында

теріліп, беттелді.

Дизайнын жасап, компьютерлік нұсқасын дайындаған

Жанар ПЕРНЕБЕКОВААрайлым КЕНЕСОВА

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы010000, Астана қаласы,

Сол жақ жағалау, Сауран көшесі, 7 А,1-қабат, 6-бөлме

Тел.: 8 (7172) 40-83-97 [email protected]

Теруге берілген күні 25.05.2015 ж.Басуға қол қойылған күні 14.08.2015 ж.

Пішімі 70 х100 1/16. Шартты баспа табағы 8,2.Таралымы 2000 дана.

Тапсырыс №

РЕДАКЦИЯНЫҢ ЕСКЕРТПЕСІ: