Орал Өңiрi №34

8
Сенбі, 29 наурыз 2014 жыл №34 (19953) + 15 0 С + 5 0 С Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected] ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСИ ГАЗЕТ www.zhaikpress.kz Орал өңірі ЕЛ-ЖҰРТ КЕРЕН САРАЙ 8 Шоңайға «шақырылмаған қонақ» 5 Қос жеңімпаз 3 Ұлт саулығы өзекТі мәСеле Былтырдан бері біздің елдің аумағында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында алуан іс-шара қанатын жайғаны мәлім. Біздің облысымызда да бұл марафон кең байтақ Отанымыздағы ынтымақтың іргетасын нығайтып, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы үшін топтасудың жарқын мысалына айналуда. Мегажобаның эстафетасын бұ- ған дейін қаратөбеліктерден қа- былдаған сырымдықтар 27 нау- рызда аудан әкімі Абат Шыны- бековтің бастауымен Ақжайық ауданына келді. Аудан орталы- ғындағы шаралардың легі «Жел- тоқсанның жебесі» атанған Жұ- бан Молдағалиевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етумен басталды. Содан соң меймандар отан- сүйгіштікті насихаттаудағы ау- қымды қызметімен танылып үл- герген «Радуга» ұлттық-мәдени орталығында болды. Сырымдық- тар Ақжайық ауданының кешегісі мен бүгінгісінен сыр шертетін жәдігерлерге бай өлкетану музейі- нен де зор әсер алды. Чапаевтағы соңғы жылдары бой көтерген еңселі ғимарат – М.Әуезов атын- дағы орта мектептің спорт за- лында екі ауданның мемлекеттік қызметшілерінен құралған волей- бол командаларының жолдастық кездесуі өтті. «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» Тәуелсіздігімізді, Жалпы- ға ортақ еңбек қоғамын құруды, ортақ тарихымызды, мәдениет пен тілімізді басты құндылықтары- мыз деп әйгілеген «Мәңгілік ел» мұраттарымен табиғи үндесіп жа- тыр. Қазақстан халқы БҚО ассам- блеясы төрағасының орынбасары, хатшылық басшысы Ғайса Қапа- қов, қос ауданның қоғамдық ұйым- дар, кәсіпкерлік, білім, мәдениет, денсаулық сақтау салалары өкіл- дерінің қатысуымен өткен жиын- да ұлттық құндылықтарымыз жө- нінде кеңінен айтылды. Мәжіліс соңында қос ауданның әкімдері ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім, медицина, мәдениет сала- лары бойынша жүйелі түрде тәжірибе алмасу, ортақ пробле- маларды бірлесіп шешуде іс- қимылды үйлестіруді көздейтін меморандумға қол қойды. Түстен кейін «Мерей» мәдени- демалыс орталығында «Сырым сазы» фольклорлық ансамблі, ән- ші Төлеген Есмұханов, ІІ облыстық Қадыр оқуларының бас жүлдеге- рі Меңсұлу Сәрсен, «Ерке наз» би тобы, белгілі әнші Жаскелең Ғайсағалиев сынды өнерімен өр- ге жүзгендерге ақжайықтықтар қошеметпен қол соқты. Концерттен соң мегажоба эс- тафетасын Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төре- ғалиевқа салтанатты түрде та- быстады. Алдағы күндері ақжа- йықтықтар осындай мақсатпен Жаңақала ауданында болады. тілес ЖАЗЫҚБАЙ, Ақжайық ауданы Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН Эстафета Ақжайықта

description

zhaikpress.kz

Transcript of Орал Өңiрi №34

Page 1: Орал Өңiрi №34

Сенбі,29 наурыз 2014 жыл№34 (19953)

+ 15 0С

+ 5 0С

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected]

ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСИ ГАЗЕТ

www.zhaikpress.kz

Орал өңіріЕЛ-ЖҰРТ

КЕРУ­ЕН САРАЙ

8Шоңайға«шақырылмағанқонақ»

5Қос жеңімпаз

3

Ұлт саулығы –өзекТі мәСеле

Былтырдан бері біздің елдің аумағында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында алуан іс-шара қанатын жайғаны мәлім. Біздің облысымызда да бұл марафон кең байтақ Отанымыздағы ынтымақтың іргетасын нығайтып, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы үшін топтасудың жарқын мысалына айналуда.

Мегажобаның эстафетасын бұ-ған дейін қаратөбеліктерден қа- былдаған сырымдықтар 27 нау- рызда аудан әкімі Абат Шыны-бековтің бастауымен Ақжайық ауданына келді. Аудан орталы-ғындағы шаралардың легі «Жел-тоқсанның жебесі» атанған Жұ- бан Молдағалиевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етумен басталды.

Содан соң меймандар отан-сүйгіштікті насихаттаудағы ау-қымды қызметімен танылып үл-герген «Радуга» ұлттық-мәдени орталығында болды. Сырымдық-тар Ақжайық ауданының кешегісі

мен бүгінгісінен сыр шертетін жәдігерлерге бай өлкетану музейі-нен де зор әсер алды. Чапаевтағы соңғы жылдары бой көтерген еңселі ғимарат – М.Әуезов атын-дағы орта мектептің спорт за-

лында екі ауданның мемлекеттік қызметшілерінен құралған волей-бол командаларының жолдастық кездесуі өтті.

«Бейбітшілік пен келісім жол картасы» Тәуелсіздігімізді, Жалпы-ға ортақ еңбек қоғамын құруды, ортақ тарихымызды, мәдениет пен тілімізді басты құндылықтары-мыз деп әйгілеген «Мәңгілік ел» мұраттарымен табиғи үндесіп жа-тыр. Қазақстан халқы БҚО ассам-блеясы төрағасының орынбасары, хатшылық басшысы Ғайса Қапа-қов, қос ауданның қоғамдық ұйым-дар, кәсіпкерлік, білім, мәдениет, денсаулық сақтау салалары өкіл-дерінің қатысуымен өткен жиын- да ұлттық құндылықтарымыз жө-нінде кеңінен айтылды. Мәжіліс соңында қос ауданның әкімдері ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім, медицина, мәдениет сала-

лары бойынша жүйелі түрде тәжірибе алмасу, ортақ пробле-маларды бірлесіп шешуде іс-қимылды үйлестіруді көздейтін меморандумға қол қойды.

Түстен кейін «Мерей» мәдени-демалыс орталығында «Сырым сазы» фольклорлық ансамблі, ән-ші Төлеген Есмұханов, ІІ облыстық Қадыр оқуларының бас жүлдеге-рі Меңсұлу Сәрсен, «Ерке наз» би тобы, белгілі әнші Жаскелең Ғайсағалиев сынды өнерімен өр-ге жүзгендерге ақжайықтықтар қошеметпен қол соқты.

Концерттен соң мегажоба эс-тафетасын Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төре- ғалиевқа салтанатты түрде та-быстады. Алдағы күндері ақжа-йықтықтар осындай мақсатпен Жаңақала ауданында болады.

тілес ЖАЗЫҚБАЙ,Ақжайық ауданы

Суретті түсіргенНұрбек ИХСАН

Эстафета – Ақжайықта

Page 2: Орал Өңiрi №34

АҚПАРАТСенбі, 29 наурыз 2014 жыл

[email protected]

Үш азаматқаҚұРмеТТі АТАҚ беРілді

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

Ел аумағындағы онлайн-казино сайттарының әрекетін тоқтату жөніндегі департаменттің ұсынысы Орал қалалық прокуратурасы та-рапынан қолдау тауып, 12 онлайн-казиноға байланысты шағым сотқа жолданды.

Биылғы алтыншы наурызда осы шағымда көрсетілген талаптар қанағаттандырылып, 12 онлайн-казиноның жұмысын тоқтату жөнін-дегі Орал қалалық сотының шешімі заңды күшіне енді.

Департаментпен бұдан бұрын, яғни 2013 жылдың қыркүйек айын-да 4 онлайн-казино сайты жабылған болатын.

БҚО бойынша ЭСЖҚД-ның баспасөз қызметі

12 онлайн-казино жабылды

Батыс Қазақстан облы-сы бойынша қаржы поли-циясы департаментімен Қазақстан аумағындағы ғаламтор (интернет) же- лісіне қосылған онлайн-казино сайттарын әшкерелеу жұмыстары жалғасуда.

– Комиссия жұмысының басты міндеті – еңбекақы қарызын бол-дырмау, ондай түйткілдер бола қалған жағдайда мәселені жедел шешу, – деді басқосуды ашқан Б.Мәкен.

Жиында жұмысшылардың ең-бекақысы және өзге де міндетті төлемдерді төлеуді кешіктірген бірқатар мекеме-кәсіпорын өкіл- дері сөз алып, бережақтың қор-далану себептері жайында есеп берді. Мысалға, «БГС-Ақсай» ЖШС- ның еңбекақы бережағының 21 млн. теңгесі өтелген. Енді ком- пания жұмысшыларға пайдала-нылған еңбек демалысы үшін есеп айырысуы керек. Алайда жұмыс ауқымының болмауынан компа- ния борышкер мекеме «мәртебе-сінен» құтылар емес.

Комиссия мүшелері қызмет-керлеріне еңбекақы уақтылы тө- ленбейтін компания басшылары-на еңбек заңдылығы бойынша еңбекақы келесі айдың 10-ына дейін төленуі тиіс екендігін еске салып өтті. Жалақы бойынша заң-дылықты бірінші рет бұзғанда ме-кеме-кәсіпорын басшылығы әкім- шілік, екінші рет бұзған жағдай-да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бақтияр Мәкен ко- миссия отырысына мекеме-кә-сіпорын басшыларының қатыс-пауы жауапсыздық деп білетінін, жұмысшылардың маңдай тері уақ-тылы төленуі тиістігін, мәселенің аяқсыз қалмайтынын, комиссия хаттамасына нақты шешім шығару жөнінде ұсыныс енгізілетінін жет-кізді. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары еңбекақыдан бере- шегі бар мекеме-кәсіпорын бас-шыларының қалыптасып отырған жағдайды түсіндіріп, комиссия- мен бірлесіп тұйықтан шығар жол іздеу қажеттігін де атап көрсетті.

Комиссия мүшесі, БҚО про- курорының орынбасары Хали-долла Дауешевтің айтуынша, жыл басынан бері прокуратура қыз- меткерлері облыста еңбек заңды- лығын сақтау мәселелері бойын-ша 16 тексеріс өткізілген. Тексе-рістер барысында 3 164 еңбек заңдылығын бұзу фактілері анық- талып, 39 қадағалау актісі шыға-рылды, 3 299 тұлғаның құқығы қорғалып, 23 лауазым иесі түрлі

Еңбекақы Бейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мә-

кеннің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеу- меттік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның отырысы өтті.

жауапкершілікке, 13 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тар-тылған.

Жыл басынан бері прокура-тураның араласуымен 196 млн. теңгеден астам шамадағы еңбек-ақы берешегі өтелген. Х.Дауешев комиссияның келесі отырысы-на «ҚПО б.в.» компаниясының өкілдерін қатыстыруды ұсынды. Оның пікірінше, компания жер-гілікті мердігерлермен тапсырыс бойынша жасалған жұмыс үшін есеп айырысуды бір айға кешікті-реді. Соның кесірінен отандық ме-кеме-кәсіпорындар өз ұжым мү- шелеріне еңбекақыны уақтылы төлей алмай, қарызға батады.

Бұдан кейін Жәнібек және Жа- ңақала аудандары бойынша әлеу-меттік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жө- ніндегі үш жақты комиссиялар жұмыстарының есептері тыңдал-ды. Аудандарда комиссиялар тұ- рақты жұмыс істеуде, екі аудан-да да еңбекақыдан және өзге де төлемдерден берешек жоқ.

– Әлеуметтік жауапкершілікке сергек қарайтын мекеме-кәсіп-орындардың басшыларын мемле-кет, облыс пен аудандар тарапы- нан марапаттау, жақсы істерін өне- ге қылуды ұмытпауымыз керек, - деді Бақтияр Мәкен.

БҚО бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Арман Тұйғын- бетовтің айтуынша, биылғы жыл- дың 1 наурызына кәсіпорын- дар мен ұйымдар бойынша қыз-меткерлерге еңбекақы бережақ-тарының жалпы шамасы 24,5 млн. теңгені құраса, қазіргі таңда 16299,0 мың теңге көлемінде жа- лақы бережағы өтелген. Оның ішінде «ОралҚұрылысЖөндеуСер- вис» ЖШС 2245,4 мың тең- гені, «Оралдорстрой» АҚ 12299,6 мың теңгені, «ПСТК Бителеком» АҚ 1754,0 мың теңгені жұмысшы- ларына төлеген. Мемлекеттік ең-бек инспекциясының 26 наурыз күнгі жедел мәліметі бойынша ең- бекақы берешегінің жалпы шама-сы 8149,9 мың теңгені құрап отыр.

Комиссия отырысының соңын-да 2014 жылға арналған комис-сияның жұмыс жоспары мақұл- данды.

Өз тілшіміз

Сессия бесінші шақыры- лымдағы БҚО мәслиха-тының регламентін бекі-

ту және бұрынғы регламент жө-ніндегі облыстық мәслихаттың шешімін жою туралы мәселелер қарап, шешім қабылдады. Күн тәр- тібіндегі «БҚО-дағы құқықбұзушы-лықтың алдын алудың 2011-2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру тура- лы» мәселесі бойынша облыстық ішкі істер департаментінің бас-шысы Махамбет Абисатов баян- дама жасады. Оның айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыруға қа-тысты қабылданған ұйымдасты- рушылық және тәжірибелік ша-ралар облыс аумағындағы жедел жағдайдың тұрақтануына әсер ет- кен. Жалпы тіркелген қылмыс- тар санының 2011 жылы 89,3%-ға, 2012 жылы 18,9%-ға өсуіне қа- рамастан 2013 жылы ауыр және аса ауыр (13,1% немесе 1098-ден 954-ке), соның ішінде кісі өлті- ру (33,9% немесе 62-ден 41-ге), қарақшылық шабуыл (22,8% не- месе 57-ден 44-ке), тонау (12,3% немесе 798-ден 700-ге) қылмыс- тары азайған. Қазір облыста қыл- мыс деңгейінің төмендеуі байқа-лады.

– Қылмысты ашу бойынша же-дел қызметті ұйымдастыруда оң өзгерістер бары статистикадан байқалады. 2012 жылдың қоры- тындысымен облыстардағы ІІД бо-йынша біздің департамент ашылу көрсеткіші бойынша соңғы орын-да болса, 2013 жылды республи-ка бойынша 4-орында аяқтады, - деді М.Абисатов. Баяндамашы мұндай оң нәтижелер депутат- тардың азаматтардың қауіпсізді-гін қамтамасыз ету ісіне түсіністік-пен қарап, қаражаттың бөлінуіне қолдау жасағанының септігі ти-генін атап көрсетті. Сондай-ақ алдағы жылдарға жаңа бағдар- лама жасақталуда, оны да қар- жылай қолдауды ұсынды.

Депутаттар облыс аумағында құрылыс салудың ережесін бекіт- ті. Облыстық сәулет және қала құ-рылысы басқарма басшысының міндетін атқарушы Ержан Есімов- тің айтуынша, ереже еліміздегі қолданыстағы барлық заңдылық-

Кеше облыстық мәслихаттың ке-зекті ХVІ сессия-сы өтті. Оның жұмысына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

уАҚТылы Төленуі ТиіС!

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,«Орал өңірі»

тар мен нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын іске асы-ру мақсатында әзірленген және өңірдегі елді мекендерде құры-лыс салудың талаптарын ұсына- ды. Сессияда облыстың әкімші- лік-аумақтық бірлікті басқару схе-масы, облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның және бірқатар өз- ге де комиссиялардың құрамы, ҮЕҰ-мен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі облыс-тық консультативтік кеңесінің құ- рамы жөнінде мәселелер қара-лып, тиісті өзгерістерді мақұлда-ды. Облыс әкімдігінің құрамы ту-ралы мәселе бойынша сессияда Үкіметтің шешімдеріне сәйкес облыстық балалар құқықтарын қорғау басқармасы мемлекеттік мекемесін тарату, әкімдік құра-мына ҚР Еңбек кодексіне сәйкес БҚО бойынша еңбек инспекция- сы басқармасы мемлекеттік ме- кемесін енгізу жөніндегі өзгеріс-тер қолдауға ие болды.

Халық қалаулылары еліміздің Тәуелсіздігін нығайтуға, облыс- тың саяси-әлеуметтік, мәдени- экономикалық, рухани дамуы-на үлес қосқан қазақтың белгілі ақыны марқұм Қайрат Жұма- ғалиевке, қоғам қайраткері, со-ғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиевке, Социалистік Ең-бек Ері, еңбек ардагері Ескен-дір Есімовке «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы облыс әкі- мінің ұсынбасын мақұлдады. Қо-ғамға сіңірген еңбектері үшін облыстық, қалалық және аудан-дық мәслихаттардың қазіргі жә-

не бұрынғы бір топ депутат-тарын БҚО-ның Құрмет грамо-тасымен марапаттау туралы мә- селе де депутаттар тарапынан қолдау тапты. Облыстық мәсли-хаттың 2013 жылғы 28 наурыз- дағы «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдала-ну төлемақысының ставкалары туралы» шешімінің күші жойыл- ды деп тану туралы мәселе де оң шешімін тапты.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сессияның күн тәртібіндегі мәсе- лелер бойынша қабылданған ше- шімдер облысымыздың әлеумет- тік дамуына, Елбасымыз белгіле-ген іс-шараларды жүзеге асыру- ға көмектесетінін жеткізді. Өңір- дегі құқықбұзушылық көрсеткіш- терінің төмендегенін, оған халық қалаулылары дер кезінде қабыл-даған шешімдердің, облыс тұр- ғындарының құқықбұзушылық-ты болдырмау жөніндегі істер-ге белсене араласуының септігі тигенін атап көрсетті. Облыстың дамуына елеулі үлес қосқан үш азаматқа «БҚО-ның құрметті аза-маты» атағын беру ұсынысын қолдаған депутаттар корпусына алғыс айтты. Нұрлан Асқарұлы алдағы уақытта да өңірдің дамуы жолында халық қалулыларымен бірлесе жұмыс істей беретінде- рін жеткізді.

Облыстық мәслихаттың келесі сессиясының төрайымы болып депутат Зинатбану Мусина сай- ланды. Сессия күн тәртібіндегі қа-ралған мәселелер бойынша тиіс- ті шешім қабылдады.

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Халық қалаулылары еліміздің Тәуелсіздігін нығайтуға, облыстың саяси-әлеуметтік, мәде-ни-экономикалық, рухани дамуына үлес қосқан қазақтың белгілі ақыны марқұм Қайрат Жұма-ғалиевке, қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиевке, Социалистік Еңбек Ері, еңбек ардагері Ескендір Есімовке «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы облыс әкімінің ұсынбасын мақұл-дады.

Page 3: Орал Өңiрi №34

Сенбі, 29 наурыз 2014 жыл3

[email protected]

ҚоғАм

Кеше Ақтөбе қаласында мұғалімдер арасындағы ай- мақтық «Ақжелкен» математи- калық регатасы мәреге жет-ті. Аталмыш байқауға төрт облыстан сегіз команда қа-тысып, тасқалалық ұстаздар бас жүлдегер атанды.

Батыс Қазақстан облысы-ның атынан Тасқала ауданы-ның «Сәулет» мектеп-лицейі-нің ұстаздарынан құралған «Квант» командасы мен Сәкен Сейфуллин атындағы №11 об-лыстық қазақ мектеп-интер-нат кешенінің мұғалімдерінен құралған «Батыс» командасы қатысты.

Сайыс қорытындысында біз- дің облыстың қос командасы да алдыңғы лектен көрінді. Бақ-тығұл Тасмағамбетов жетекші-лік ететін «Квант» бас жүлдені еншілесе, «Батыс» командасы ІІ орынға ие болды.

Тасқалалық ұстаздардың қа-тарында Ізтұрған Қалниязов, Ақ-қаным Бисалиев, Жанар Иваки-налар бар екенін айта кетейік.

Ақтөбеден ақжолтай ақпарат

Өз тілшілеріміз

өзекТі мәСеле

Қазталов ауданының Жа-ңажол ауылында облыстық орталық мешіттің найб има- мы Марат Асанов ауыл тұр-ғындарымен кездесті.

Оған ауылдың үлкен-кішісі қатысты. Марат Рахметтолла-ұлы өзекті мәселенің бірі – өзіне-өзі қол жұмсау оқиғала-рына байланысты уағыз айтып, қазақ халқының ежелден ұс- танған Әбу-ханифа мәзхабы- ның маңызын баса айта келіп, ауыл жұртшылығына сүйінші хабар жеткізді. Иманды аза-маттың бірі – жеке кәсіпкер Айдос Сәрсенғалиев осы Жа-ңажол ауылында мешіт құры- лысын бастамақ. «Айдос Сат-қанұлы қазір біздің ортамызда отыр. Алла қаласа, мешіт те ашылып, иманды жастар көп боларына сенім бар. Дін мен салт-дәстүрді дәріптейтін, ата- анасын сыйлайтын, елге жақсы-лық жасайтын иман жүзді ұр- пақтарымыз көп болсын!» деді Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұра-лиев.

Жаңа мешіт салынбақ

Кеше облыстық қазақ драма театрында «Қазақстан - 2050» стратегиясы: дене шынықтыру мен спорт арқылы ұлттың денсаулығын нығайту» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, Польша мен Ресей Федерациясынан және өз еліміздің өзге өңірлерінен келген белгілі ғалымдар қатысты.

Ақмоншақ ЖҰМАЕВА, «Орал өңірі»

Жақында бокстан жасөс-пірімдер арасында өткен об- лыстық чемпионатқа Бостан-дық ауылынан қатысқан Тұ-рарбек Қалиев 32 келі салмақ дәрежесінде чемпион ата- нып, «Үздік техникасы үшін» аталымын жеңіп алды.

Тұрарбек – чемпион!

Жыл сайын ҚЕУРОБҚ елімізде жұ- мыс істейтін халықаралық компания- лар іске асырған ең маңызды әлеумет-тік жобаларды анықтайды. «АКТ-ны дамыту қорын» Eurobak ақпараттық коммуникациялық технологиялар са-ласындағы Қазақстан старт-ап жоба-ларын дамытуға бағытталған ең үздік жобалардың бірі деп атап өтті.

ҚЕУРОБҚ атқарушы директоры Юлия Кусидинің айтуынша, ең үздік жоба-ны іріктеу өте қатаң белгілер бойын-ша өтті: «Ең үздік әлеуметтік жобаны айқындаған кезде, біз жобаны мемле-кеттік органның қолдауынсыз жүзеге асыру, жобаға кеткен уақыт, жобаны іске асыруға тартылған адам саны және ең бастысы, жобаның адам өміріне әсерін тигізген немесе олардың өмірін жақсы жаққа қарай өзгерткен адам саны тәрізді көрсеткіштерді негізге алдық».

«Ксеll» «АКТ қорына» Қазақстандағы Еуропалық Бизнес Қауымдастығы (ҚЕУРОБҚ)

«АКТ-ны дамыту қоры» жобасы үшін «Ксеll» компаниясына корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласында сыйлық берді. Жоба «Қазақстан кәсіпкерлерін қолдау» аталуында ең үздік деп танылды.

«АКТ-ны дамыту қоры» ақпарат- тық коммуникациялық технологиялар саласындағы әлеуетті старт-ап жоба-ларына қолдау жасау үшін құрылған болатын. Бұл жаңашылдық идеясы жақ-сы, бірақ бизнес-жобаны іске асыру тәжірибесі жоқ жаңа компаниялар үшін тамаша бастама болмақ. Өткен жылы қордың қамқоршы кеңесі мақұлдаған 5 жоба қордан қаржыландырылды.

E-queue электрондық кезек онлайн-қызметі көп клиент ағымын (медицина мекемелері, автожуғыш пен өзге ұйым-дар) ұйымдастыруға арналған. Қызмет электрондық кезекті орнату үрдісін әлдеқайда қысқартып, арзандатады. Бұл үшін клиент жай ғана сайтта тір-келіп, монитор мен сенсорлы енгізу құрылғысын, оған мысалы, кез келген планшет болуы мүмкін, орнатса жеткі-лікті. Қазақстан нарығында соған ұқсас шығу жолы ретінде мамандандырыл-

ған терминалдары, табло және т.б. бар аппараттық-бағдарламалы кешен түрі ғана қолданылады. E-queue-ні Ха-лықаралық IT университетінің үш сту-денті ойлап шығарған.

SHOPPY.KZ – бұл сауда орталық-тарындағы бренд тауарларын іздеуге арналған қызмет көрсету порталы және өнімді өткізу мөлшерін арттыру-дың ыңғайлы механизмі болып табы-лады. BARAKAT MENU – бұл қоғамдық тамақтану мекемелерінің иегерлері- не арналған қызмет, мұнда өзіне-өзі электронды қызмет көрсету жүйесі, ұя-лы байланыс құрылғыларында (план-шеттерде) сандық мәзір орнатылған. Қызмет көрсету жұмысының алгорит-мі мынадай – сайтта тіркеліп, мекеме әкімшісінің планшетінде және меке-ме үстелдеріндегі «планшет-мәзірде» мәзір жасау, клиент қосымшаларын орнату.

AION CONNECT - WebRTC техноло-гиясы негізіндегі IP телефония қызме-ті. Технологияның басты ерекшелігі – браузерге кірістірілген веб-қосымша түрінде іске асыру. Бұл қызметті ашу уақытын әжептеуір қысқартуға қол жеткізеді, яғни ары қарай орнатылған

қосымша бағдарламаны енгізу қажет-тігі жоқ және тіпті аппараттық қамсыз-дандырудан да үнемдеуге болады (тек стандартты гарнитура болса жетеді). Бұл кезде WebRTC технологиясы «клас- сикалық» IP телефониясының негізгі мүмкіндіктерін (қосымша желі, дыбыс- тық хабарлама, конференция, қоңы-рауды басқа нөмірге бағыттау, нөмірді анықтау, дыбыстық мәзір және т.б.) және өзге интернет-қызметтерімен ин-теграцияны (мәтіндік хабарламалар, мекенжай кітабы және т.б.) сақтап қа-лады.

«Біз осындай беделді марапатқа ие болғанымызды мақтан тұтамыз, бұл де-геніміз - компанияның әлеуметтік жо-балары Қазақстанның инновациялық экономикасын дамытуға өзінің қомақ-ты үлесін қосатынын растайды. «АКТ-ны дамыту қоры» қамқоршылары тә- різді, «Ксеll» үшін жастарға бизнес-жобада нақты қолдау көрсету өте ма-ңызды. Бүгінгі стар-аперлер таяудағы болашақта табысты Қазақстан бизнес-мендері қатарына еніп, мемлекет эко-номикасына оңтайлы өзгеріс енгізеді деп сенеміз» деп атап өтті «Ксеll» АҚ-ның атқарушы директоры Али Аган.

ҚолдАу жАСАғАны үшін мАРАПАТТАлды

Ж

Асланбек Сармалаев жат-тықтыратын Тұрарбек бұған де- йін республикалық сайысқа қа-тысып, чемпион атанған бола-тын. Енді ол досы Наурызбекпен бірге батыс аймақтық турнирі- не қатыспақшы. Данияр Елеусі-нов сияқты жерлес ағасының жолын қуған Тұрарбектің алда-ғы алатын асуларының биік бо-латынына сенеміз.

Суретті түсірген О.ДЕМЕНТьЕВСКАЯ

- Қайырлы күн, құрметті кон-ференцияға қатысушылар! Бүгін- гі жиынға атақты бапкерлер, бел- гілі спортшылар, танымал ғалым-дар, спортсүйер қауым келіп отыр. Халықтың денсаулығын де-не шынықтыру арқылы нығайту – тек Қазақстан мен Ресей үшін ғана емес, бүкіл әлем елдері үшін өзекті мәселе. Салауатты өмір салтын нығайта түсу, спортпен айналысуға арналған нысандар-ды көбейту күн тәртібінен түспеуі тиіс көкейкесті мәселелердің бі-рі болып саналады. Өйткені тәні саудың – жаны сау. Тұрғындары сау болса, әрбір ел өздерінің ал-дына қойған мақсаттарына же-те алады. Менің ойымша, дене тәрбиесі мен спортты дамытуды кешенді түрде қарастыру керек. Оны белгілі бір оқу орнының не-месе мектептің дене тәрбиесі пәнін дамыту бағытындағы тар шеңберге сыйғызуға болмайды.

Бүгінде елімізде, соның ішінде Батыс Қазақстан облысында да көптеген спорт нысанының құ-рылыстары жүргізілуде. Бүгінде облыс халқының 22,2%-ы спорт-пен тұрақты шұғылданады. Біз материалдық әлеуетке мән бе-румен қатар, спортты дамытуды түсіндіру, үгіттеу жұмыстарын да қолға алуымыз керек. Арамызда көпшілікке үлгі болатын жандар көп. Олар тұрғындарға спортпен айналысу арқылы жетістікке же-туге болатынын ұғындырулары шарт. Спортпен жүйелі айналысу арқылы көптеген ауру-сырқаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұ- рыс тамақтану, жұмыс жүйесі мен демалысты сауатты ұйымдасты-ру, салауатты өмір салтын ұста-ну секілді кешенді жұмыстарды жүргізу қажет. Тарихқа көз жү-гіртсек, ешқандай спорттық ме-

кемелері болмай-ақ бабалары-мыз жетістіктер мен жеңістерге жеткен. Бастысы, жеңіске деген сенім, ерік-жігеріміз болуы ке- рек, - деді конференцияның ашы-лу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі.

Конференция аясында пле- нарлық мәжіліс ұйымдастырыл-ды. Онда Польша мен Ресейден арнайы келген қонақтар мен елімізге белгілі ғалымдар баян- дама жасады. Быдгощ қаласын-дағы (Польша) Экономика универ-ситетінің профессоры А.Скалий «Польшадағы дене шынықтыру мен спорттың даму стратегиясы, оның міндеттері мен орындалу жолдары» туралы баяндаса, Ре-сей ғалымы В.Беленов білім бе- ру мекемелерінде салауатты өмір салтын қалыптастырудың ерек-шеліктерін сөз етті. Өз кезегінде

ресейлік ғалым Г.Карнаухов мем-лекеттік олимпиадалық резерв-тегі оқу орындарында болашақ чемпиондарды даярлау барысы-на тоқталды. Сонымен қатар пе-дагогика ғылымдарының докто-ры, ақтөбелік Т.Ботағариев пен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың кафедра меңгерушісі Р.Испулова да еліміздегі осы саланың өзекті мәселелері төңірегінде ой өрбітті.

Пленарлық мәжіліс соңында облыс әкімі спорт саласында елеу-лі еңбек еткен азаматтарға ҚР Спорт және дене шынықтыру іс- тері агенттігінің марапаттарын табыстады. Жәнібектік Т.Ғұсманов «ҚР құрметті спорт қызметкері» және оралдық бапкер А.Ларио-новтың өңіріне “ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы” төсбелгілерін тақты. Сонан соң конференция қатысушылары секциялық жұмыс-тар мен дөңгелек үстел форма-тында ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты.

Ұлт саулығы –

Page 4: Орал Өңiрi №34

дАлА-ҚАлАСенбі, 29 наурыз 2014 жыл [email protected]

22 наурыз күні аудан орталығында Наурыз мерекесі аталып өтті. Наурыз мейрамын бірге тойлауға Саратов облысының бізге көршілес Александров-Гай ауданынан қонақтар келді.

Көк аспанда ҚАлыҚТАғАн көгеРшіндеР

Орталық алаңға жиналған жұрт-шылықта есеп жоқ. Күн тамыл-жып тұрды. Күмбірлеген күй

мен төгілген әсем ән-жыр көңіл күйді шарықтата түсті. Мейрам көрші елден кел-ген қонақтарды қарсылаудан басталды. Аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр ауыл ақса-қалдарымен бірге Александров-Гай ауда-ны муниципалдық әкімшілігі басшысының орынбасары Алевтина Луговская бастаған делегацияны қарсылап, әңгіме-дүкен құрды.

Әңгіме барысында екі ауданның достық қа-рым-қатынасы жөнінде салиқалы пікірлер айтылды.

Бұдан кейін Наурыз мерекесі бастал-ды. Екі ауданның өкілдері достықтың, бейбітшіліктің символы ретінде «Мәңгілік ел» флешмобын бейнелеп, көгершіндерді аспанға ұшырғанда, алаңды ду қол шапалақ кернеп кетті.

Гүлфия КӨШБАЕВА,Қазталов ауданы

Ұлыстың ұлы күні Волгоград облысының Волжск қаласындағы «Қазақстан мұрасы» ансамблі Палласовка аудандық мәдениет үйінде өнерлерін паш етті. Көрші ауылда өткен шараға жәнібектіктер де куә болды.

Өнерлерін паш етті

Салтанатты шара басында Вол-гоград облыстық думасының де-путаты Сергей Булгаков ресей-

лік қандастарымызды Наурыз мерекесі-мен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

Палласовка мунципалды ауданы бас- шысының орынбасары Андрей Кроснлот-ский, Палласовка қаласының мэрі, Пал-ласовка қалалық думасының төрағасы Валерий Смирнов киелі сахнаға шығып, көрермен қауымды Наурыз мерекесі-мен құттықтап, «Қазақстан мұрасы» ан- самблінің жетекшісі Александр Сәлімов-ті талантты да дарынды қазақ жастары- нан керемет ансамбль құрып, өнер бай- қауларында белсенділік танытып жүр-гендері үшін алғысхатпен марапаттады.

Құттықтаулардан соң жұртшылық ою- өрнекпен безендірілген ұлттық киім үлгісінде киінген өнерпаздардың кон-церттік бағдарламасын тамашалады.

Күнсұлу Қабасова, Анар Зайнуллина, Румия Кожағалиева, Арзу Байлиева, Диа-на Нұрпейісова, Айжан Тілегенова, Зари-на Касаева, Наталья Касеева орындаған қазақ және орыс әндері көрермендердің көңілінен шықты. Диана Ілиясова «Ұлы дала» биін мың бұрала билесе, «Жігіт-тер» тобы сахнаға шығып, «Адай» биін нақышына келтіріп, зал толы көрерменге өз өнерлерін паш етті.

Концерт соңында біз ансамбль жетек-шісі Александр Сәлімовке жолықтық.

– Азан шақырып қойған есімім – Шәпибаян. Бірақ мені бәрі Александар деп атайды. «Қазақстан мұрасы» қоры- ның төрағасы Айболат Ахметов екеуміз ақылдаса келе, аталмыш қор жаны-нан ансамбль құруды жүзеге асырдық. Ансамбльді құру мақсатымыз – өнер- ден хабары бар қазақ жастарын бірік-тіріп, осындай қоғамдық шараларға қа- тыстыру. Біз атажұрттан жырақта жүр- гендіктен, ұлттық мәдениетімізді дәріп- теп, оны ұмытпау үшін бар білгенімізді жастарға үйретудеміз. Ансамбль мүше-лері - өнерге құштар жандар. Олардың ұлттық өнер жөнінде білген үстіне біле түссек деген ынталары зор, – деді ағынан жарыла өнерпаз бауырымыз.

– Біз бүгінгі күні «Қазақстан мұрасы» ансамблі мүшелерінің өнерлері арқа-сында Волгоград облысына кеңінен та-нымал болдық. Ендігі мақсатымыз – осы өңірде ана тілімізде газет шығару. Жа-сырып қайтейін, жастарымыз ана тілін ұмытып барады. Бізге салт-дәстүр мен мәдениеттің маңызы қандай болса, ана тіліміздің де маңызы сондай, – дейді Ай-болат Ахметов.

Ахмедияр БАтЫРХАНОВ,Жәнібек ауданы

Ұлы мәртебелі ТеАТРдАғы Той

27 наурыз - халықаралық театр күніне орай облыстық қазақ дра-ма театрында мерекелік кеш өтті. Театр әртістері ән шырқап, би билеп, спектакльдерден үзінді көрсеткен әдемі кешті өнерсүйер қауыммен бірге облыс әкімі Нұрлан Ноғаев та тамашалады.

1993 жылы 16 желтоқсанда ашылған облыстық қазақ драма театрының тарихы әріде жатыр. 1936 жылы Орал музыкалық қа- зақ драма театры дүниеге ке-ліп, оның көшбасында драма-тург, режиссер, қазақ театр өне- рінің негізін қалаушы, Қазақ КСР халық әртісі Жұмат Шанин тұрды. Ақын Қасым Аманжолов, әртістер Шәкір Оразғалиев, Түмия Оразға-лиева, Хамит Демеуов, Рахила Ақжарова сияқты алғашқы театр қарлығаштары Орал сахнасын-да еңбек жолын бастады. 1937 жылы қараша айында Жұмат Ша- нин қуғын-сүргінге ұшырап, бір жылдан соң атылып кетті. Оған С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқар-лар», І.Жансүгіровтің «Исатай-Ма-хамбет» пьесаларын сахналаға-

Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ,"Орал өңірі"

ны үшін айып тағылған болатын. Жалпы тарихы 1934 жылдан бас-талатын театр өткен жылы 20 жылдығын тойлады. Осы жылдар аралығында талай театр фести- вальдерінде бас жүлдені қанжы-ғасына байлаған ұжымды облыс әкімі құттықтап, сөз сөйледі.

- Театрдың адамзат өмірінде алар орны ерекше және өскелең ұрпаққа ғана емес, жалпы халық- қа берер тағылымы зор. Қоғам-ның дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан өнер адамдары, ак- терлер, басқа да сахнада көрін-бейтін мамандық иелеріне ерек- ше ризалығымызды білдіреміз. Өнерге деген ыстық ықыластары-ңыз ортаймасын, адам санасына ізгілік пен парасат құйған өнері-ңізді тамашалайтын көрермен мол болсын.

- Тәуелсіздіктің алғашқы жыл-дарында елімізде 34 театр бол-са, бүгінде Президенттің тікелей

қолдауымен 50-ден астам кәсіби театр өнердің отын жағып отыр. Басқа елдерде жоқ ұйғыр, кәріс, өзбек, неміс театрлары өздерінің ұлттық құндылықтарын насихаттап келеді. Ал облыста екі облыстық, ондаған халық театры бар. Олар қоғамда болып жатқан өзгерістерді насихаттап, адамның рухани да-муына үлес қосуда. Белгілі сыншы: «Біз сахнадан адамды емес, актер-ді көрсек, бұл актердің шеберлігі-нің жетіспегені» деген екен. Біз актердің мойнындағы орасан зор ауыртпашылықты сезінуге тыры-самыз. Бүгін трагедия, ертең ко-медиялы образдың үдесінен шығу оңай емес. Осы тұрғыда шеберлігі шыңдалған әртістеріміз бар. Тә-уелсіздік жылдарында ашылған 20 театрдың 4-еуі жаңа ғимарат- қа ие болды. Соның бірі Орал театрының бүгінде шығармашы-лық деңгейі ғана емес, мате-риалдық-техникалық әлеуеті де

нығайды - деді Нұрлан Асқарұлы.Бұдан әрі облыс әкімі өз сө-

зінде Үкіметтің кеңейтілген мә-жілісінде қаралған театрларды да-мыту жөніндегі тапсырмалардың орындалатынын, облыстық театр-лардың өзекті мәселелеріне қа-нық екендігін айтты.

Бұдан соң Нұрлан Асқарұлы театрдың бұрынғы директоры, бү- гінде театрдың әдебиет бөлімін басқаратын Құжырғали Төлеуі- шевті марапаттады. 17 жылдың үс- тінде театр ұжымын басқарып, оның ыстық-суығын көтерген, ұжымның әлеуметтік-тұрмыс жағ- дайынан бастап, театрдың шығар-машылығы мен материалдық-тех- никалық базасын нығайтуға елеу- лі үлес қосқан Құжырғали Тө-леуішев ағамызға облыс әкімі лайықты сый-сияпат көрсетті. Ал- ғысхатпен марапаттап, ноутбук сыйлап, иығына былғары күрте жапты.

Айтулы мейрамда әртістер де құралақан қалған жоқ. Мемлекет-тік сыйлықтың лауреаты Сердеш Қажымұратов «Ең үздік ер адам бейнесі», ал Хорлан Шәмелова «Ең үздік әйел бейнесі» аталымына ие болды. Сондай-ақ екінші пландағы ер және әйел бейнесі аталы-мын Т.Жігеров, А.Жарылғапов, А.Құсайынова, Ұ.Жарасов иемден-ді. «Театрдың ертеңі» аталымы бойынша жас әртістер С.Түменов, Р.Сабырғалиев, А.Жакин, Д.Ома-ров, Б.Өтеғалиев марапатталса, сахна сыртындағы мамандық ие-леріне де алғысхаттар берілді.

Кеште театр әртістері өздері-нің сан салалы, нағыз өнер иесі екендіктерін көрсетті. С.Қажымұ-ратов, Б.Исалиева, Т.Матаев, М.Бек-тенов сияқты сахна шеберлері бастаған әртістер ән де салды, би де биледі. Олар «Ұлы мәртебелі сахнаның» құдіретін көрерменге тағы да бір танытты.

Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

Page 5: Орал Өңiрi №34

Сенбі, 29 наурыз 2014 жыл[email protected] 5ел-жұРТ

Қос жеңімпазТаяуда Өскеменде өткен мектеп оқушыларының

республикалық пән олимпиадасында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп лицейінің оқушылары химия пәні бойынша тең құрбысының алды болып, жеңіс тұғырына көтерілген болатын. Осы аптаның бейсенбісінде біз оларды 9-сынып оқушысы Мирас Мұратов пен 10-сынып оқушысы Бауыржан Сайыновты редакциямызға арнайы шақырып, қос жеңімпаздың пікіріне құлақ түрдік.

Бауыржан САЙЫНОВ, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп

лицейінің 10-сынып оқушысы:- Біз Өскеменге Алматы арқылы бардық. Өске-

менге баратын пойыздың уақыты болғанша Алма-тыны араладық. Барлығы алдын ала ойластырылып, жақсы ұйымдастырылған. Республикалық олимпиа-даға шамамен 800-ге жуық оқушы қатысты. Менің көзқарасым бойынша сұрақтар орташа деңгейде болды. Жеңіске жеткенімді естігенде, қатты қуандым. Бірден ата-анама және мені осы сыныпқа дайында-ған ұстазым Жанболат Жолкелдиевке хабарластым.

Қазіргі мектебім өзіме ұнайды. Бұрынғы мек-тебімде мұғалім мен оқушы арасында ресми, қасаң қарым-қатынас болса, ал қазақ-түрік лицейінде мұға- лім мен оқушы бір-бірімен дос сияқты болып кетеді.

Ендігі арманым – жазда Вьетнамда өтетін халық-аралық олимпиадаға қатысып, жеңімпаз атану.

Мирас МҰРАТОВ, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп лицейінің 9-сы-нып оқушысы:

- 7-сыныптан бастап қазақ-түрік лицейінде оқып келемін. Олимпиада-дан бірінші орын алғанымды естіген-де қатты қуандым. Бізде сабақтардың көбі ағылшын тілінде өтеді. Яғни лицейді тәмамдағанда ана тілімізге қоса ағылшын, түрік тілдерін меңгеріп шығамыз. Менің ойымша, біздің ли-цейде алаңдамай сабақ оқу үшін, оқу-білімге ұмтылған өрендер үшін барлық жағдай жасалған.

Болашақта мұнай саласының инже-нері болғым келеді. Сол үшін барым-ды салып оқып жүрмін.

Облыс оқушыларының 2011-2012 және 2012-2013 оқу жылдарындағы республикалық олимпиадаларда жеткен жетістіктері:

2011-2012 оқу жылы: 2012-2013 оқу жылы:

2 1 3 2 1 3

–1 549 11

30 наурыз - көрнекті мемлекет қайраткері Мұстахим Ықсановтың туған күні

Жарқын ТұлғА

1975-86 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облыстық коммунистік партия комитетінің бірінші хатшысы ретінде біздің өңірдің тізгінін ұстаған Мұстахим Біләлұлы Ықсанов Ақ Жайық атырабының экономикалық-әлеуметтік тұрғыдан түлеуі үшін зор еңбек сіңірді. Сол себепті төл туған күнінің қарсаңында Ықсановтай жарқын тұлғаны ел-жұрттың жадында және бір жаңғыртқанды жөн санадық.

...Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында Қарашығанақтай алып кен орны ашылып, оны же- дел игеру басталғанда, Қарашы-ғанақтың қазынасын біздің өңір-дің сол кездегі басшысы Жайық жұртының игілігіне айналдыруға ниеттенді. Дәлірек айтқанда, Ақ-сай қаласының аумағында шикізат-ты өңдеп, дайын өнім шығаратын зауыт салуды көздеген көрінеді. Күндердің бір күнінде біздің өңірге іссапармен келген Кеңес одағы-ның үкімет басшысы Н.Рыжковпен кездесуде М.Ықсанов Бөрлі ауда-

нының аумағында газ өңдеу за-уытын салу керектігі жөніндегі ой-пікірін бүкпесіз ортаға салады. Мұндай көзқарас орталықтың өктем өкіліне ұнаған жоқ. «Вы, казахи, слишком многого хоти-те» десе керек Н.Рыжков. Осыдан бастап Мәскеудің қырына ілін-ген М.Ықсанов 1986 жылы саяси сахнадан ығыстырылды. Егер сол кезде Мұстахим ағаның отаншыл ойы жүзеге асып, газ өңдеу зауы-ты салынғанда, ол облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы-на зор пайдасын тигізері сөзсіз еді...

«Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» Кеңес одағы кезінде-ақ, Ақ Жайық атырабының нұрлы келешегін ойлаған Мұстахим Ық-

санов – Жәнібек ауданының тума-сы. Бала кезінен даңқты жерлесі Ғұмар Қараштың ағартушылық идеяларынан рухани нәр алған ол қандай лауазымды қызмет ат-қарса да, өзінің ұлтжанды болмы-сынан айныған жоқ. Жоғарыда тілге тиек болған Қарашығанақтай алып кен орнын бірінші кезекте атамекеннің мүддесі үшін пай-далануға тырысқан, алайда іске аспаған бұлқынысы – соның бір дәлелі.

Мұстахим Біләлұлымен та-лай үзеңгілес болған еңбек ар-дагері Дәржан Иманғалиевтың айтуынша, бір қарағанда, М.Ық-санов кім-кімге де ауыр мінез-ді, түрі сұсты көрініпті. Мен өзім 1981 жылы Ықсановты бірінші

және соңғы рет көргенімде, ол кісінің әлгіндей әсер қалдырғаны рас. Ал шын мәнісінде Мұсекең кішіпейіл, тіпті жан дүниесі кең адам болған екен. Сөйте тұра, ол қызмет бабында ешкімді басы-нан «сипай» қойған жоқ. Орынды талап қойып, қызметтік міндетін қалтқысыз атқара алмағандарды тәубесіне түсіріп отырды. Әлі күн-ге дейін арамызда оны сол үшін кінәлайтындар да бар. Кім не десе, о десін, М.Ықсанов ауқымды істер-ді қолға алғанда, оның қайраткерлік қыры ашылып, жарқырай түсті. Ол кадрды дәл танып, таба да білді. Кезінде Ықсановтың мектебінен өткен Т.Мырзағалиев, Р.Көжекова, М.Батықова, Д.Иманғалиев, М.Баты-ров, Х.Тастамбеков секілді бүгін- гі көптеген еңбек ардагерлері – кезінде өңіріміздің экономикасы мен мәдениетін дамытуға айтулы үлес қосқан аға ұрпақ өкілдері.

Бір айта кетерлік жайт, Ықса-новтың жұмыс істеу әдісі бөлек. Оның болмысына айқай-шу, қор-қыту-үркіту, бос сөз, орындал-мас уәде атымен жат. Қайта оның алдына келген адамды тыңдай білетінін, сауатты, нақты шешім қабылдайтын жан екенін алдың-ғы толқын өкілдері бүгінде жыр етіп айтады. Ықсановтың жұмыс мәнерінің және бір ерекшелігі, ол қай жерге қашан баратынын күні бұрын хабарламайды екен. Баратын жеріне кенеттен барып, диқан қауым үшін даярланған да-ла қосындағы тамақты немесе кез келген шопанның үйіндегі бұйыр-ған дәм-тұзды ішіп, жүре беретін, деседі көзкөргендер. Бұл да – оның «Ұлық болсаң, кішік бол» деген халық даналығына сай екендігінің бір айғағы.

Мұстахим Біләлұлының өзі 11 жыл басшы болғанда өңірде тын-дырған ісі ұшан-теңіз. Басқасын

айтпағанда, тек облыс орталығын алсақ, жетіп жатыр. Өзіміз де куәміз, Ықсанов келмес бұрын, көбіне бір қабатты, жатаған үй-лерден тұратын Орал қаласын сол кезде қу тілділер «Большая дерев-ня» деп мысқылдайтын. Ықсанов келгеннен кейін кәрі Орал түлеп сала берді. Облыс орталығын көркейту және оның сәулетін арттыру мақсатында жобалау ин-ституттары құрылды. Қалада 11 құрылыс кәсіпорны жасақталып, олар облыстың құрылыс саласын өркендетуге жегілді. Ардақты аза-мат басшылық еткен жылдары жаңа теміржол вокзалы, әуежай, облпартком ғимараты, әмбебап дүкен, Баспасөз үйі, жобалау инс-титуты, неке сарайы, жер асты жол-дары, «Ақжайық» қонақүйі және де басқа сәнді де сәулетті ғимараттар ел игілігіне берілді. Бұған қоса «Омега» және «Металлист» зауыт-тары сықылды бірқатар өндіріс ошақтары іске қосылды. Сондай-ақ 12-14 қабатты зәулім тұрғын үйлер салынып, қала халқын жанға жәйлі пәтерлермен қамту күрт жақсарды. Сонымен қатар Орал өңірінің тізгінін М.Ықсанов ұстаған жылдары Ресейдің Самара, Сара-тов қалаларына шығатын, Оралдың сыртынан айналма аутожолдар салынып, осы жол тармақтары әлі күнге дейін кәдеге жарап келеді. Ал Мұстахим Біләлұлының тікелей өзінің ұйытқы болуымен облыс-тың аудан-ауылдарында суланды-ру жүйесінің қолға алынып, жүзеге асуы мал шаруашылығына қоса, суармалы егістік пен бау-бақша шаруашылығының қанат жаюы-на тікелей ықпал етті. Міне, туған өлкеміздің өркендеуі үшін қыруар жасампаз іс тындырып, соңына жарқын із қалдырған Ықсановтай азаматтың өнегелі өмір жолының бір парасы осындай.

Серік ИХСАНҒАЛИ,«Орал өңірі»

Page 6: Орал Өңiрi №34

әлеумеТСенбі, 29 наурыз 2014 жыл

[email protected]

«Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ: 090000, Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 127а-үй, 2-қабат, 15-бөлме, анық- тама үшін телефондар: 8-(7112) 506272, факс: 8-(7112) 512899, электрондық мекенжайы: [email protected] бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.

Қаржы секторының бас маманы, Е-R-4 санаты /№1-9 0-10-2/, лауазымдық жалақысы қызмет өт- керген жылдарына байланысты 56 375,56 тең-геден 76 235,14 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлім басшылығының тапсырмаларын белгі-

ленген мерзімде орындау.Қазынашылықпен жұмыс, бөлім қызметкерлері-

нің еңбекақыларын, салықтарды, зейнетақы жар-наларын, әлеуметтік жарналарын аудару үшін тө-лем шоттарын ресімдеу, бөлім қызметкерлерінің карточкалық шотына еңбекақыларын және міндет- ті зейнетақы жарналарын аудару үшін тізімді да- йындау бойынша Халық банкінің МТ102 бағдарла-малық қамтамасыз ету бөлімімен жұмыс.

Бухгалтерлік құжаттарды есепке алу, тексеру, №1, №2, №3, №4, №5, №6, №8, №9, №10, №13 ме- мориалдық ордерлерді ресімдеу, ағымдағы шот кө- шірмелерін дайындау, 408 нысанындағы ұйымдар-мен есеп жүргізу бойынша жиынтық ведомостіні қабылдап, тексеру.

Бөлімге түсетін ақшалай қаражаттың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және негізгі құрал-дардың есебін жүргізу және олардың қозғалысы-мен байланысты бухгалтерлік есеп операцияларын уақтылы жүргізу.

Бөлім қызметкерлеріне еңбекақы аудару.Алғашқы бухгалтерлік құжаттарды қабылдауды

жүзеге асыру, тиісті органдарға, Салық комитетіне, БҚО бойынша статистика департаментіне белгілен-

ген мерзімде бухгалтерлік есеп ұсыну.Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтама-

сыз ету, оларды ресімдеу және белгіленген тәртіп- те мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша жасалған және орындалған келісімшарттар бойынша мәлі- мет жинақтау.

Хаттарға жауап дайындау және уақтылы қара-луын қамтамасыз ету.

Қаржы секторының бас маманы (негізгі қыз-метшінің бала күту демалысы уақытына), Е-R-4 санаты /№1-9 0-10-4/, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 56 375,56 теңгеден 76 235,14 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлім басшылығының тапсырмаларын белгі-

ленген мерзімде орындау.Қазынашылықпен жұмыс жүргізу, мемлекеттік

сатып алуды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдас-тыру, үйлестіру, дайындау, мердігер ұйымдар мен жеткізушілер тарапынан келісімді міндеттердің орын- далуына бақылау жүргізу, мемлекеттік сатып алу бойынша есепті дайындап, ұсыну, бюджеттің орын-далуы бойынша ақпарат дайындау, ұсыну;

Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын да- йындау. Қаржыландыру мәселелері бойынша ақпа-раттық-анықтамалық материалдар мен қала әкім-дігінің қаулылары мен шешімдерінің жобаларын дайындау.

Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтама-сыз ету, оларды ресімдеу және белгіленген тәртіп- те мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша жасалған және орындалған келісімшарттар бойынша мәлі- мет жинақтау.

Хаттарға жауап дайындау және уақтылы қара-луын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап-

тар: «Әлеуметтік ғылымдар мен бизнес» (эконо-мика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоға- ры кәсіптік білім.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функцио-налдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес норма-тивтік-құқықтық актілерді, мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функцио-налдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер;

«Болашақ» бағдарламасымен оқыған азаматтар-дан басқа, ҚР аумағынан тыс жерлерде білім алған азаматтар, білімі туралы құжаттарын настрифика- циялап, настрификацияланғандығы жөніндегі куәлі-гін ұсынуы қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: - өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;- 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгіле-

ген нысандағы толтырылған сауалнама;бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәлан-

дырылған көшiрмелерi немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірме- лері /мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжат-тарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдар-дың кадр қызметі куәландыра алады/;

- еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариал-дық куәландырылған көшiрмесi немесе өзге де заң- дарда белгіленген тәртіппен куәландырылған кө-шірмелері /мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік орган-дардың кадр қызметі куәландыра алады/;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ми-

нистрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұй-рығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) ны-сандағы денсаулығы туралы анықтама;

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

- құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарлан-дыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Кон-курс комиссиясының қарауына құжаттарды қабыл- дау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық мекенжайға жібе- рілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетіл- ген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құ-жаттары қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құ- жаттарды электрондық пошта арқылы берген аза- маттар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу бас-талғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда, тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кан- дидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес күн ішінде конкурс жарияла-ған Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шар- уашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолда-ры бөлімінде өтеді.

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткер- лер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурстық комиссия отырысына байқаушылар мен сарапшылар қатыса алады.

Оған аудан әкімі Л.Хай-ретдинов, ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы

Р.Сұлтанов, Египеттегі «әл-Азһар» университетінен келген Құран- Кәрім үйретуші ұстаз Мухаммед Наги Шушан Касем, облыстық ме-шіттің наиб имамы М.Қыстаубаев, «Жайық» теріс ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орта- лығының бас маманы Арман Нұ-рахметұлы, Жәнібек, Жаңақала,

Жаңақаладағы діни семинарДәстүрлі ислам жолын-

дағы діни қызметкерлер- дің біліктілігін арттыру – кезек күттірмейтін мәселе. Осыған орай облыс әкім-дігінің ұйымдастыруымен Жаңақала ауданының орта- лығында таяуда имамдар-дың білімін жетілдіру аймақ-тық семинары болып өтті.

Бөкей ордасы, Ақжайық, Қазта-лов аудандарының имамдары қа- тысты. Аллаһ жолындағы қызметі бір болғанымен, әрқайсысы түр-лі ауыл-аймақтан келген имам- дар семинарда оқып қана қой-май бір-бірімен етене танысып, тәжірибе алмасты. Семинарда не- гізінен мұсылман дінінің қағида-лары – ақида мен фиқһ мәселеле-рі жөнінде кеңінен әңгіме болып,

күнделікті өмірде кездесетін са-уалдарға жауап берілді.

Семинарға қатысқан барлық имам-молдаларға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Ты-ныштықұлы ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажы-ұлының «Дін мен дәстүр» кітапта-ры мен сертификаттар табыс етті.

Г.ӘБДІҒАЛИҚЫЗЫ,Жаңақала ауданы

Отбасы мүшелерін ұйымдасты-рылған және жекелеген эвакуа- ция кезіндегі тәртіп ережелері- мен, сондай-ақ ТЖ қаупі төнген немесе орын алған кездегі әре-кетпен таныстырыңыз. Қайықтар-дың, салдардың және құрылыс материалдарының сақталу орын- дарын есте сақтаңыз. Алдын ала эвакуация кезінде алып шығатын құжаттардың, заттардың және дә-рі-дәрмектің тізімін жасаңыз. Ар- найы чемоданға немесе рюкзак- қа құнды заттарды, жылы киімде-ріңізді, азық-түлік, су қорларын және дәрі-дәрмектерді салып қо-йыңыз.

Су тасқыны және эвакуация жа-йында дабыл қағылса, дереу, бел- гіленген тәртіп бойынша апатты су басу қаупі бар қауіпті аймақ-тардан қауіпсіз ауданға немесе биік жерлерге өздеріңізбен бірге құжаттарды, құнды заттарды, қа-жетті киімдерді және екі тәулікке дейін бұзылмайтын азық-түлікті алып шығыңыз. Эвакуациялық жи-налу бекетінде тіркеліп қойыңыз. Үйден шығар кезде электр қуаты мен газды сөндіріп, пештерде-гі отты өшіріп, ғимараттан тыс жатқан барлық жүзетін заттарды бекітіңіз немесе оларды қойма- жайларға орналастырыңыз. Егер уақыт болса, үйдегі құнды заттар-ды жоғарғы қабаттарға немесе тұрғын үйдің шатырының астына орналастырыңыз. Есік пен тере-зелерді жауып қойыңыз және қа-жет болған жағдайда уақыт болса, бірінші қабаттардың есіктері мен

Егер сіздің ауданыңызда жиі су тасқыны орын алатын болса, су басуы мүмкін болатын аймақтарды, сондай-ақ елді мекендерге тікелей жақын орналасқан, биік орындар-ды, оларға баратын қысқа жолдарды есте сақтаңыз.

Су тасқынына дАйынСыз бА?

терезелерін сыртынан тақтаймен қағып қойыңыз.

Эвакуация ұйымдастырылма-ған жағдайда, көмек келгенге де- йін немесе су басылғанға дейін, жоғарғы қабаттарда және ғима-раттардың шатырларында, ағаш үстінде және басқа да биіктелген заттардың үстінде болыңыз. Со-нымен қатар үнемі апаттық дабыл қағыңыз: күндіз – анық көрінетін матаны ағашқа қағып немесе қол-мен көтеріп, ал кешкі уақытта жа- рық сигналымен және ауық-ауық дауыспен хабар беріңіз. Құтқа-рушылардың жақындаған кезде-рінде сабырмен, үрейсіз және са- быр сақтай отырып, қауіпсіздік шараларын сақтап, жүзу амалына көшіңіз. Сонымен қатар құтқару-шылардың талаптарын тапжыл- май орындаңыз, жүзетін құрал-дарға артық жүк тиемеңіз. Қозға- лыс кезінде орналасқан орындар-ды тастап кетпеңіз, экипаждың та- лаптарын қатал орындаңыз. Өз- дігімен су басып кеткен аудандар-дан шығуға тек зардап шеккен-дерге медициналық көмек көр- сету, су деңгейінің көтерілуінің жалғасуы, жоғарғы қабаттардың (шатыр астындағы қабаттардың) су басу қаупі сияқты себеп болған жағдайда ғана ұсынылады. Бұл жағдайда сенімді жүзетін құрал (көлік) болуы керек және жыл-жу бағытын білу қажет. Өздігімен жылжу барысында апаттық дабыл беруді тоқтатпаңыз. Суда жүзіп жүрген және батып бара жатқан адамдарға көмек көрсетіңіз.

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің тЖ алдын алу бөлімі

Қазақстанда 22 наурыз мемле-кеттік мереке ретінде 1999 жылдан бастап тойланып келеді. Ал 2009 жылдан бері Наурыз мерекесін халқымыз 3 күн тойлайтын болды. Биылғы мерекенің үш күні ішінде абоненттер 353,6 млн. қоңырау шалған. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында 21 наурызда 121,4 млн. қоңырау шалынған – бұл өткен жылдың деңгейі шамасын-да. Ал мереке күні, яғни 22 нау-рызда байланыс жүйесі шарықтау шегіне жетті деуге болады. Ксеll компаниясының абоненттерінен

Kcell – көктемгі көңіл күйдің серіктесі

бір күнде 126 миллионнан астам қоңырау тіркелген. Бұл көрсеткіш жай күндермен салыстырғанда қо- ңырау шалушылардың саны 3 мил-лионға көбейгенін байқатады. Або-ненттердің бұлайша белсенділік та- нытуы Наурыз мерекесінің арна-йы дата ретінде тойлануымен бай-ланыстыруға болады.

Мерекенің үшінші күні, яғни 23 наурызда ұялы байланыс жүйесін қолдану біртіндеп төмендеген. Ес- теріңізге сала кетейік, бұл күн жек-сенбі болатын. Жұрт екі күн мере-кеден кейін демалатыны анық. Бұл

күні қоңырау шалу көрсеткіші жай күндермен салыстырғанда 14,5 па-йызға түскен.

Мереке күндері абоненттер СМС хабарлама жібергеннен гөрі, жақындарымен бетпе-бет көрісуді жөн көрген. 22 наурыз күні або-ненттер 6 миллионнан астам жеке хабарлама жіберген. Оны жай күн-дермен салыстырсақ, Наурыз ме-рекесіне арналып жіберілген СМС хабарламалар 62 пайызға артқан.

Айта кетейік, көктемнің алғаш-қы күнімен қатар келген 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күні мере-кесінде қазақстандықтар 159 мил-лион қоңырау шалған. Ал СМС-ха-барламалар 3 есеге артқан.

Ксеll байланыс компаниясы ме- реке күндері қоңырау шалушылар қатарының көп болғанына қара-мастан, абоненттеріне үзіліссіз жә-не сапалы қызмет көрсетті.

Қазақстандықтар ұялы байланыс арқылы өздерінің туған-туыстары мен таныстарын құттықтағанды жөн көре ме және олар мейрамдарда бір-біріне қаншалықты жиі қоңырау шалады? Еліміздегі Ксеll компаниясы Наурыз айының 21-і мен 23-і аралығында байланыс желісінің жүк-телу деңгейі туралы сараптама жүргізді.

Ж

Page 7: Орал Өңiрi №34

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылдыИндексі: 65428 Таралымы: 16475, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.ШАНКИШеВА, Ж.ЖАйЛАуОВАКезекшi редактор: Г.КеНЖеғАЛИеВА

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС

Бас директорЖантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілгенБас редактор 51-25-80,

Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

МЕНШІктІ тІЛШІЛЕР: тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) 8-711-42-21-720,Нұрымбек ЖАПАҚОВ (Жәнібек ауданы) 8-711-35-21-770, Өмірзақ АҚБАСОВ (Жаңақала ауданы) 8-711-41-21-755, Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ (Қазталов ауданы) 8-711-44-31-468, Мүсірбек АЙтАШЕВ (Сырым ауданы) 8-711-34-31-126

Редакция алқасы: Есенжол ҚЫСтАУБАЕВ,Сырымбек тҰяҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы),тоқтар кЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші),Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі),Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім).

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба-суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана-ды.

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Ж

Жауапты хатшы 50-83-99.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

е-mail: [email protected]

телефондар:

хАбАР-ошАРCенбі, 29 наурыз 2014 жыл

[email protected]

Қаратөбе ауданы Үшана ауылының тұрғыны болған бірімізге ардақты ана, бірімізге асыл жар бола білген Әлия Салыққызы егер ортамызда болса, нау- рыздың 26-сы күні 64 жасқа толар еді. Ақ көңіл, ақжарқын қалпымен, үлкен-кішінің тілін тауып, ағайын-туыстың арасында алтын көпір бола білген аяулы анамызды сағынышпен еске аламыз.

Апа, біздің шаңырақта сен кеткелі көңілсіз,Күз бен қысты шығарып салдық өзіңсіз.Жадымыздан жарқын бейнең өшпейді,Рухыңмен сырласамыз тек үнсіз.

Сағына еске алушылар; жұбайы Әділхан, бала-келіндері, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері

Қазталов ауданы Бос- тандық ауылының тұр-ғыны болған бірімізге құда, бірімізге аға, бірі- мізге нағашы Нұрлан Капиятоллаұлы Ахмет- сафиннің қайтыс болға-нына наурыздың 31-і бір

жыл болады. Ағамызды қатты қайғыра еске ала-мыз.

Абыройлы азамат ең ауылыңның,Жарқын бейнең білмейтін жабығуды.Ақ жүректі, аңқылдақ асыл аға,Өзіңді бауырларың сағынулы.

Еске алушылар: құдағайы Бақыт, күйеу баласы Ерлан, қарындасы толқын,

жиендері, тасқала ауылы

Ардақты біздің әкеміз Масалим Хамитұлы Са- киев Теректі ауданының Қабылтөбе ауылында туып- өскен. Сол ауданның ішкі істер бөлімінде 26 жыл еңбек еткен. 1988 жылы тамыз айында майор шені-мен зейнеткерлікке шық-ты. Өмірінің соңғы жыл- дары 1999 жылдан бас-тап Орал қаласында тұрған. Қымбатты әкеміз 5 перзентті өсіріп, он немере-жиен сүйді. 2004 жы- лы 28 наурызда өмірден өтті. Әкемізді, атамыз- ды сағына еске аламыз.

Бір Алла кімді неге көндірмеген,Кімдердің шамшырағын сөндірмеген.Тірегі бір әулеттің, ардақты әке,Толды он жыл сіз кеткелі бұл өмірден.

Білгенбіз сәби күннен қадіріңді,Көтердік сіз кеткен соң қайғы-мұңды.Сағынып ұрпақтарың жиі барып,Кетеміз бір құшақтап қабіріңді.

Күндерді еркелеткен сағынамыз,Ойласақ бала кезді, қамығамыз.Бейнеңе көк тастағы шағым айтып,Біздерді жебей көр деп жалынамыз.

Еске алу, әке, сізді парызымыз,Жоқ, әке, айтар сізге арызымыз.Әулеттің ұл-қыздары дұға арнаймыз,Перзенттік бір өтелсін қарызымыз.

Сағындық нұр жүзіңді, ардақты әке,Кешкейсіз ұрпағыңнан кетсе қате.Дұғамыз сізге арнаған қабыл болсын,Жұмақтың төрінде бол, қымбатты әке.

Сағына еске алушылар: Сакиевтер әулеті, қыз-күйеу балалары, бала-келіндері,

немере-жиендері

Орал қаласының тұр- ғыны болған сүйікті жар, аяулы ана Зеріп Нұр-шалиеваның бақилық болғанына 10 жыл бол-ды. Оның жарқын бей-несін сағынышпен еске аламыз.

Желеп-жебеп жата бер ұрпағыңды,

Есіркеп жан жарыңды – гүл-бағыңды.Жоқтаушы ұл-қыз, жиен-немерелерАрдақтап өтер әр кез тұлғаңызды.

Еске алушылар: апасы Бәтіш, жұбайы Абухан, қыз-күйеу балалары Гүлнара-

Арман, Лаура-Мәлік, ұл-келіндері Сәкен-Лаура, Ғабит-Диляра, немерелері Мағжан,

Әмірхан, Ілияс, жиендері Асқар, Гауһар, Әйгерім, Нүркен, камила, Жәмила

Батыс Қазақстан облыстық соты жанындағы қоғамдық кеңесі аталған кеңестің мүшесі ҚР сот жүйесінің ар-дагері

Бижан Тілешұлы Иманғалиевтіңқайтыс болуына байланысты тума-туыстарының орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Жарамсыз деп танылсын“Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ау-

данының білім беру бөлімі” ММ-ға Орда ауылдық ок-ругі әкімінің 2005 жылғы 24 тамыздағы №25 шешімі-мен берілген Орда ауылындағы кадастрлық нөмірі 08-126-026-213 жер учаскесіне жеке меншік құқы-ғын беретін 2005 жылғы 19 қазандағы №0055225 акті түпнұсқасының жоғалуына байланысты жарам- сыз деп танылсын.

«Жайық Пресс» ЖШС-ына мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман қажет. Түйіндемені 50-30-14 факс нөмеріне жіберіңіз.

090200, БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 31 анықтама телефондары: 8 (71140) 21-747. Е-mail: [email protected]

1. Бөкей ордасы ауданы мәслихат аппаратының бас маманы /есепші/ Е-4 санаты.

2. Лауазымдық жалақысы мемлекет- тік қызмет қатарындағы еңбек өтіліне байланысты 59579 теңгеден 80720 тең-геге дейін.

3. Функционалдық міндеттері: Бас кітапты жүргізу. Бухгалтерлік есептің шот жоспарларын жасақтау, баланстар- ды құрау және келтіру. Аппарат қызмет-керлерінің еңбекақыларын, демалыс ақыларын, еңбекке жарамсыздықтары жөніндегі парақтарын есептеп түсіру, төленетін еңбекақы көздерінен жеке адамдардан ұсталатын салықтарды есептеу. Өз қызметі бағыттары бойынша белгіленген үлгідегі есептерді қаржы, салық, статистика органдарына дер ке- зінде түсіру. Банкі, касса операцияла-рының жәйіне бақылау жасау.

4. Конкурсқа қатысушыларға қо- йылатын жалпы біліктілік талаптары: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы са- наттағы нақты лауазымның функционал-дық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барлар- ға рұқсат етіледі.

5. Мамандығы бойынша: әлеумет-тік ғылымдар және бизнес: экономи-ка, есеп және аудит, қаржы

6. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) өкiлеттi орган белгiлеген нысан- дағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті ор- ган белгілеген нысандағы толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нота-

риалдық куәландырылған көшiрмелерi /мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мем-лекеттік органдардың кадр қызметі куә-ландыра алады /;

4) еңбек қызметін растайтын құжат-тың нотариалдық куәландырылған кө- шiрмесi /мемлекеттік қызметшілер тап-сыратын құжаттарды олар жұмыс істей- тін мемлекеттік органдардың кадр қыз-меті куәландыра алады /;

5) Қазақстан Республикасы Денсау- лық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітіл-ген (Қазақстан Республикасының нор-мативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 бо- лып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматы-ның жеке куәлігінің көшірмесі;

7) Құжаттарды тапсыру сәтінде уәкі-летті органмен белгіленген шекті мән- нен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жа-рияланған күнінен бастап 10 жұмыс кү- нінің ішінде, көрсетілген мекенжай бо- йынша тапсырылуы тиіс. Конкурс ко-миссиясының қарауына құжаттарды қа- былдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе элек-трондық мекенжайға жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетіл- ген құжат тігілетін папкада орналасты-рылған) құжаттары қабылданады.

Әңгімелесу жүргізу уақыты орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жібе-ру туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу кезінде конкурстық комиссия отырысы-на байқаушылар қатысатын болады.

«Бөкей ордасы ауданы мәслихат аппараты» ММ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс

жариялайды

Қазақстан Республикасы Таби- ғи монополияларды реттеу агент-тігінің Батыс Қазақстан облысы бо - йынша департаментімен, мотор-лы отын ретінде пайдаланылатын сұйытылған газ бағасы, реттелетін нарық субъектілеріне келесі мөл-шерде белгіленген:

- «Алау» ЖШС – 1 литр үшін 47,79 теңге ҚҚС-сыз (ҚҚС-мен 53,53);

- «Тәуекел» ЖШС – 1 литр үшін 47,0 тенге ҚҚ-сыз (ҚҚС-мен 52,64).

Көрсетілген бағалар 2012 жыл-дың мамыр айынан бері өзгерген жоқ және күні бүгін қолданыста.

Реттелетін нарық субъектісінің бағалардың алдағы көтерілетіні ту- ралы хабарламаны Қазақстан Рес-публикасының заңнамасында бел- гіленген мерзімде табиғи монопо-лиялар салаларындағы және рет- телетін нарықтардағы басшылық-ты жүзеге асыратын уәкілетті ор- ганға ұсынбай сұйытылған газ-

дың бағасын көтергені және олар- ды өткізгені үшін жеке кәсіпкер-лерге және заңды тұлғаларға әкім- шілік құқықбұзушылық жасау нәти- жесінде алынған табыстың (түсім-нің) он проценті мөлшерінде айып-пұл көзделген.

Осыған орай егер «Алау» ЖШС және «Тәуекел» ЖШС белгіленген бағаны көтеру фактілері орын алған жағдайда бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмыс комиссиясының облыстық штабына 50-42-04 теле-фоны арқылы хабарлауыңызды немесе Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облы-сы бойынша департаментіне, Орал қаласы, Достық даңғылы, 182/1, 4 қабат (қалалық әкімдік ғимараты мекенжайы бойынша жазбаша жү-гінуіңізді сұраймыз.

тМРА БҚО бойынша департаменті

Сұйытылған газдың бағалары бойынша ақпарат

2014 жылға арналған босап шыққан қаржы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің

қызметтер берушілерінің тізімі

«ҚР ДСМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойын-ша департаменті» ММ мынадай қызмет берушімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі шарттар жасасу туралы хабарлайды:

№ Қызметтер берушінің атауы Медициналық көмектің түрі

Медициналық көмектің нысаны

1 2 3 4

1БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК

Мамандандырылған стационарды алмастырушы

2.БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК

Жоғары мамандан-дырылған стационарлық

Page 8: Орал Өңiрi №34

кеРуен САРАйCенбі, 29 наурыз 2014 жыл8 [email protected]

Құттықтаймыз!Ақсай қаласының тұрғыны, нағашымыз, құдамыз Зарлық МУ­СИНДІ

27 наурызда толған 65 жасымен шын жүректен құттықтаймыз!

Құтты болсын 65 деген жасыңыз,Қуаныштың кемерінен тасыңыз.Әрқашанда мықты болып денсаулық,Қажымастан жүзден әрмен асыңыз.

Құттықтаушылар: қарындасыңыз Ақмоншақ, жиендеріңіз Серік-Гүлмира, Жасұлан-Ләззат,

құдаларыңыз Ануарбек-Райма

Орал қаласының тұрғыны, асыл жар, аяулы анамыз Бибігүл Дәуітқызы СА- РИЕВАНЫ мерейтойымен шын жүрек-тен құттықтаймыз!

Бақытты да шаттық ғұмыр, зор ден-саулық, мол бақыт тілейміз. Ағайын-туыс пен дос-құрбының ортасында ба- лаларыңызбен қуаныш-шаттыққа ке-неле беріңіз.

Игі тілекпен: балаларыңыз Азат, Шұғыла,

жұбайыңыз талғат

«Орал өңірі» газетінің биылғы 20 наурыз күнгі санында жария-ланған «Әдеби жұмбақтың» («Оө», №32, 20. 03. 2014) шешуі – Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэма- сы екендігін аталмыш нөмір шық-қан күні Батыс Қазақстан облыс- тық сотының баспасөз хатшысы Аманкелді Шахин редакцияға

Жұмбақтың шешуі – Ілиястың «Құлагері»

электрондық пошта арқылы жол-дап, оқырман қауымның алды болды. Жұмбақтың дұрыс ше-шімін айтып, екінші болып, Нау-рыз мейрамынан кейін зейнет- кер Социал Пұсырманов, ал ту-ра күні кеше Ақсай қаласында тұратын ақын Дариға Нұрашева хабарласты. Осылайша бұл жол-

ғы «Әдеби жұмбақтың» жеңім- пазы ретінде ақын-журналист Аманкелді Шахин танылды.

Редакция алқасы

Әдетте, бас ауырып, балтыр сыз-даса, ақ желеңділер көмегіне жү- гіне кететініміз аян. Өз басым да жанымды дерт мазалаған соң, ауруханаға бас сұқтым. Сол сәтте кішіпейілдігі мен біліктілігін та-нытып, облыстық онкологиялық диспансердің бас директоры Есен-гелді Байзоллаұлы Рабаев өзі де-

реу қабылдап, аурудың жай-жап- сарын анықтады. Сондай-ақ ем қа- былдарда медбикелер Гүлфайруз Төлегенова, Ләззат Меңдіғалиева, Күнзира Өтешевалардың қызметі-не жан сала кірісіп, жан жылуын аямағандарына аналық көңілмен ризалық айтқым келеді. Осындай ақ халатты абзал жандардың ақ

адал еңбегіне зор алғыс айтамын. Қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілеп, биіктен көріне берулеріне тілек-теспін.

Рахима МЕҢЖАНОВА, Сарықұдық ауылы,

Қазталов ауданы

Ақ халатты абзал жандарға мың алғыс

Сот төрағасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

2014 жылғы 18 ақпанда Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаментіне облыс аумағында әрекет ететін ЖШС-лардың бірінің жетекші-сінен Зеленов ауданы №2 сотының төрағасы Б.Сатыбалдиевті қылмыстық жауапкер-шілікке тарту туралы арыз түскен болатын.

Оның айтуынша, Б.Сатыбалдиев Зеленов аудандық салық басқар-масы толтырған әкімшілік мате-риал бойынша айыппұл тағайын-дамау үшін кәсіпкерден 200 мың теңге бопсалаған. Сол күні Батыс Қазақстан облысы прокурорының санкциясы бойынша қаржы поли-циясы қызметкерлері жедел-із- дестіру шараларын өткізіп, нәти-жесінде Б.Сатыбалдиевтың өзінің қызмет кабинетінде кәсіпкерден 200 мың теңге пара алу фактісін әшкереледі.

БҚО сотының баспасөз қыз-меті хабарлағандай, 2012 жылы азаматтық некеде тұрған ерлі-за- йыптылар балалар үйінен 1997 жылғы қызды патронаттық тәрбие-ге асырап алған. Арада бір жыл өт- кеннен кейін Оралдағы колледж-ге түскен қыз патронаттық ата-

аналарының иелігіндегі пәтерде тұрған. Қалаға келген өгей әке мас күйінде күштеп-қорқытып қызды зорлап тынған.

Сот оны ҚР ҚК 120-бабы 3-бөлі- мі бойынша айыпты деп танып, қатаң режимдегі колонияда жаза-сын 11 жыл өтеуге кесті.

Тергеу алды тексеріс барысын-да жиналған жедел-іздестіру ма-териалдарының негізінде Қаржы полициясы агенттігі ҚР Бас проку-рорына Б.Сатыбалдиевқа қатыс- ты пара алу фактісі бойынша қыл-мыстық іс қозғау туралы ұсыныс түсірді.

ҚР Бас прокурорының өкімі- мен 2014 жылдың 6 наурызында Зеленов аудандық №2 сотының төрағасы Б.Сатыбалдиевқа қатыс-ты ҚР ҚК-ның 311-бабының 3-бө- ліміне сәйкес (лауазымды адам-ның пара берушінің пайдасына жасаған іс-әрекеті үшін пара алуы) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уа-қытта қылмыстық іс ҚР ЭСЖҚА-да тергелуде, тергеу қорытындысы қосымша хабарланатын болады.

Қаржы полициясының баспасөз қызметі

Өгей «әкеге» 11 жыл БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық соты патронаттық тәрбиеге алған қызын зорлаған өгей әкені 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Шоңайға «шақырылмаған қонақ»Таяуда, яғни

наурыздың 26-нан 27-

сіне қараған түні сағат

екі шамасында Бөкей

ордасы ауданы Шоңай

ауылының шығыс

бетінен 500 метрдей

қашықтықта «МН-300»

метеорологиялық

зымыраны құлады.

Оқиғаға байланысты құрылған комиссия төрағасы, аудан әкімі- нің орынбасары Рүстем Зұлқа-шевтің сөзіне қарағанда, оның ұзындығы 7 метр, ені 45 санти-метрді құрады. Зымыран төрт бөлікке бөлініп, қалдықтары 50 метр жерге дейін шашыраған. Соған орай прокуратура, ішкі іс-тер органы, төтенше жағдайлар қызметкерлері және шекарашы-лар оқиға орнынан табылып, тиі- сінше акті жасалды. Радиация қа- лыпты деңгейде. Топырақтан тиісті сынамалар алынып, Орал қаласына жөнелтілді. Зымыран-да гептил жоқ, қатты отынмен ұшады. Енді Бөкей ордасы ауда-нына Капустин Яр мемлекеттік полигонының өкілдері келмекші.

Содан кейін оқиғаның себеп- салдары анықталмақ.

Бұл жайтты алғаш байқаған шоңайлық шекарашы, сержант Арман Қабесов алғашында Капус-тин Яр полигоны жағынан шық-қан жарықты, одан кейін найза- ғай сынды шашыраңқы ұшқын пайда болғанын көреді. Бірақ елді дүрліктірер жойқын дыбыс естілмепті.

Аудан басшыларының пайым-дауынша, аталмыш зымыран Жаңақала ауданы Жаңақазан маңындағы полигон аймағына түсуі керек екен. Алайда ол ал- ған бағытынан ауытқып кеткен.

Осы оқиғаға байланысты ҚР Қорғаныс министрлігі таратқан

хабарламада аталмыш зымыран 2013 жылғы 28 қарашадағы ҚР Қорғаныс министрлігімен келісіл-ген 2014 жылғы сынақ жұмыста- ры жоспарына сәйкес РФ Қорға-ныс министрлігінің Капустин Яр полигонынан ұшырылғаны тура-лы айтылған. «Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі оқиға сал-дары анықталғанша еліміздің ау- мағында Ресейге жалға берілген алаңдарда сынақ жүргізуді уақыт-ша тоқтатты» делінген баспасөз хабарламасында.

Абырой болғанда, оқыс оқиға- ға байланысты зардап шеккен- дер жоқ.

Арман БОЛАтҰЛЫ

Жалақыларын алдыБірнеше айлап жалақыларын алу-

ға зар болып жүрген зауыт қызметкер-лері әділдік іздеп сотқа жүгінген. Бірақ зауыт басшылығы сот шешімін орындауға құлақ аспады. Сот орын-даушысының борышкерге сот шеші-мін өз еркімен орындау жөніндегі бірнеше рет жолдаған ескерту хабар-ламасы да аяқсыз қалды.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес сот орындаушысы өз кезе-гінде борышкердің есеп шоттарына инкассалық өкім қойып, жылжымай-

тын мүліктеріне тыйым салды. Тек осындай қатаң шаралардан кейін ға-на зауыт басшылығы ұйқыларынан оянғандай болды. Сөйтіп, қарапайым еңбек адамдарының талап-тілегі орындалды. Сот орындаушысының пәрменділігінің арқасында борыш-кер кәсіпорыннан 3 018 808 теңге толығымен өндіріліп алынды. Қазіргі уақытта ҚР Заңының 124-бабына сәй- кес жауапкер мекемеден мемлекет пайдасына атқарушылық санкция өн-діру туралы әрекет қарастырылуда.

Фатихолла МАШтАХОВ

БҚО Сот актілерін орындау департаментіне Орал қаласы көлік прокуратурасының қаулысы негізінде борышкер «Судоремонтный завод» ЖШС-ның 44 қызметкерінің пайдасына 3 018 808 теңге өндіру жөнінде атқару парағы келіп түскен болатын.