Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011...

40
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 529-532 (26375); "Казахстанская правда" от 14.12.2010 г., № 338 (26399); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 5, 49-құжат «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын iске асыру мақсатында қаулы етемiн: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi – Бағдарлама) бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Үкiметi: 1) бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiмен келiсiм бойынша бекiтсiн; 2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айкындалған мерзiмде және тәртiпте Бағдарламаны iске асыру мониторингi нәтижелерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ұсынады. Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2012.08.27 371 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Жарлығымен. 3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын. 4. «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 1 шiлдедегi № 626 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 333-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн. 6. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы 1. Бағдарламаның Паспорты Бағдарламаның Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың атауы 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Әзiрлеу үшiн «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi негiз Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы; «Мемлекеттiк бағдарламалар тiзбесiн бекiту туралы»

Transcript of Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011...

Қазақстан Республикасында бiлiм берудi

дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған

мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118

Жарлығы

"Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 529-532 (26375);

"Казахстанская правда" от 14.12.2010 г., № 338 (26399); Қазақстан

Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 5, 49-құжат

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары

туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №

922 Жарлығын iске асыру мақсатында қаулы етемiн:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында бiлiм берудi

дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi –

Бағдарлама) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар

жоспарын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiмен

келiсiм бойынша бекiтсiн;

2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi

жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы

Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айкындалған мерзiмде

және тәртiпте Бағдарламаны iске асыру мониторингi нәтижелерiн Қазақстан

Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ұсынады.

Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2012.08.27 №

371 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi)

Жарлығымен.

3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан

Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк

органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

4. «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi

дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы»

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 1 шiлдедегi № 626 Жарлығының

(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 333-құжат) күшi жойылды деп

танылсын.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

6. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Президентi Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың

2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы

1. Бағдарламаның Паспорты

Бағдарламаның Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың

атауы 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк

бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi

негiз Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан

Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы

№ 922 Жарлығы;

«Мемлекеттiк бағдарламалар тiзбесiн бекiту туралы»

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы

19 наурыздағы № 957 Жарлығы

Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым

әзiрлеушi министрлiгi

Мақсаты Экономиканың орнықты дамуы үшiн сапалы бiлiмнiң

қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету арқылы адами

капиталды дамыту, бiлiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн

арттыру

Бағдарламалық бiлiм беру қызметiне тең қол жеткiзудi қамтамасыз

мақсаттар етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру;

педагог мамандығының беделiн көтеру;

бiлiм берудi басқарудың мемлекеттiк-қоғамдық

жүйесiн қалыптастыру;

бiлiм беру процесiнiң барлық қатысушыларының үздiк

бiлiм беру ресурстары мен технологияларына тең қол

жеткiзуiн қамтамасыз ету;

балаларды мектепке дейiнгi сапалы тәрбиемен және

оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау

үшiн мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың әр түрлi

бағдарламаларына тең қол жеткiзудi қамтамасыз ету;

жалпы бiлiм беретiн мектептерде Қазақстан

Республикасының зияткерлiк, дене бiтiмi және

рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез

өзгеретiн әлемде оның табысты болуын қамтамасыз

ететiн бiлiм алудағы қажеттiлiгiн қанағаттандыру,

елiмiздiң экономикалық әл-ауқаты үшiн бәсекеге

қабiлеттi адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту

моделiне көшу;

қоғамның және экономиканың

индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына

сәйкес техникалық және кәсiптiк бiлiм (бұдан әрi –

ТжКБ) жүйесiн жаңғырту, әлемдiк бiлiм беру

кеңiстiгiне бiрiгу;

еңбек нарығының, елiмiздiң

индустриялық-инновациялық даму мiндеттерi мен жеке

тұлғаның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын және

бiлiм беру саласындағы үздiк әлемдiк тәжiрибелерге

сай келетiн жоғары бiлiм сапасының жоғары

деңгейiне қол жеткiзу;

өмiр бойы бiлiм алу жүйесiнiң жұмыс iстеуiн

қамтамасыз ету;

жастардың бойында белсендi азаматтық ұстанымды,

әлеуметтiк жауапкершiлiктi, отансүйгiштiк сезiмдi,

жоғары адамгершiлiк және көшбасшылық қасиеттердi

қалыптастыру

Мiндеттерi сапалы бiлiмге қолжетiмдiлiктi арттыруға

бағытталған бiлiм берудi қаржыландырудың жаңа

тетiктерiн әзiрлеу;

бiлiм беру жүйесiн жоғары бiлiктi кадрлармен

қамтамасыз ету;

педагог қызметкерлердiң еңбегiн мемлекеттiк қолдау

мен ынталандыруды күшейту;

бiлiм берудегi менеджменттi жетiлдiру, оның iшiнде

корпоративтiк басқару принциптерiн енгiзу, бiлiм

беруде мемлекеттiк-жеке әрiптестiк жүйесiн

қалыптастыру;

бiлiм берудi дамытудың мониторинг жүйесiн

жетiлдiру, оның iшiнде халықаралық талаптарды

ескере отырып, ұлттық бiлiм статистикасын құру;

оқу процесiн автоматтандыруды енгiзу үшiн жағдай

жасау;

мектепке дейiнгi ұйымдардың желiсiн ұлғайту;

мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мазмұнын

жаңарту;

мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарын

кадрлармен қамтамасыз ету;

12 жылдық оқыту моделiне көшудi бiлiм беру

мазмұнын жаңғыртумен қоса жүзеге асыру;

шағын жинақталған мектептердiң (бұдан әрi – ШЖМ)

проблемаларын шешу;

мектептегi инклюзивтi бiлiм беру жүйесiн

жетiлдiру;

экономиканың индустриялық-инновациялық даму

сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнының

құрылымын жаңарту;

экономика салалары үшiн кадрлар даярлаудың

инфрақұрылымын дамыту;

ТжКБ-да оқудың беделiн арттыру;

елiмiздiң индустриялық-инновациялық даму

жобаларына сай келетiн жоғары және жоғары оқу

орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрлармен қамтамасыз

ету;

жоғары бiлiмнiң еуропалық аймағына бiрiгудi

қамтамасыз ету;

бiлiмнiң, ғылымның және өндiрiстiң бiрiгуiн

қамтамасыз ету, зияткерлiк меншiк пен

технологиялардың өнiмдерiн коммерцияландыру үшiн

жағдай жасау. Жоғары бiлiктi ғылыми және

ғылыми–педагог кадрларды даярлау;

өмiр бойы оқыту, баршаға бiлiм алу үшiн жағдай

жасау;

жастарды отан сүйгiштiкке тәрбиелеу және олардың

азаматтық белсендiлiгiн, әлеуметтiк

жауапкершiлiгiн және әлеуетiн ашу тетiктерiн

қалыптастыру жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыру

Iске асыру 2011 – 2020 жылдар

мерзiмдерi Бағдарлама екi кезеңде iске асырылатын болады:

(кезеңдерi) бiрiншi кезең: 2011 – 2015 жылдар;

екiншi кезең: 2016 – 2020 жылдар.

Нысаналы ШЖМ-нан басқа, барлық бiлiм беру ұйымдарында жан

индикаторлар басына шаққандағы қаржыландыру тетiктерi

енгiзiлген;

педагогтердiң жалпы санынан жоғары және бiрiншi

санаты бар бiлiктiлiгi жоғары педагог

қызметкерлердiң үлесi – 52 %;

бiлiм беру ұйымдарының 60 %-ында қамқоршылық

кеңестер құрылған;

бiлiм беру ұйымдары басшыларының 100 %-ы

менеджмент саласында бiлiктiлiгiн арттырған және

қайта даярлаудан өткен;

орта бiлiм беру ұйымдарының 90 %-ында электрондық

оқыту жүйесi пайдаланылады;

3 жастан 6 жасқа дейiнгi балалардың 100 %-ы

мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен

қамтамасыз етiлген;

12 жылдық оқыту моделiне толық көшу жүзеге

асырылған;

Қазақстанның барлық өңiрлерiндегi «Назарбаев

Зияткерлiк мектептерi» жобасының шеңберiндегi

мектептердiң саны – 20;

жаратылыстану-математика пәндерi бойынша бiлiм

беру оқу бағдарламаларын жетiк меңгерген

оқушылардың үлесi – 70 %;

қазақстандық жалпы бiлiм беретiн мектептер

оқушыларының халықаралық салыстырмалы

зерттеулердегi нәтижелерi:

оқушылардың бiлiм жетiстiктерiн бағалау жөнiндегi

халықаралық бағдарлама (PISA) – 40-45 орын, 4 және

8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану

саласындағы сауаттылығын бағалау (TIMSS) – 10-12

орын, «Оқу және мәтiндi түсiну сапасын зерделеу»

(PIRLS) – 10-15 орын;

мектептердiң жалпы санына шаққанда инклюзивтi

бiлiм беру үшiн жағдайлар жасаған мектептердiң

үлесi – 70 %;

қатысушылардың жалпы санына шаққанда жұмыс

берушiлер қоғамдастығында бiлiктiлiктi тәуелсiз

бағалаудан алғашқы реттен өткен ТжКБ

бiтiрушiлерiнiң үлесi – 80 %;

ТжКБ оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру

тапсырысы бойынша бiлiм алған түлектердiң оқуды

бiтiргеннен кейiнгi алғашқы жылы жұмыспен

қамтылғандардың және жұмысқа орналасқандардың

үлесi – 80 %;

ұлттық институционалды аккредиттеу рәсiмiнен өткен

колледждердiң үлесi – 30 %;

жұмыс берушiлер қоғамдастығында бiлiктiлiктi

тәуелсiз бағалаудан алғашқы реттен өткен жоғары

оқу орындарын (бұдан әрi – ЖОО) бiтiрушiлердiң

оған қатысқандардың жалпы санынан үлесi – 80 %;

жоғары оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру

тапсырысы бойынша бiлiм алған бiтiрушiлердiң 80

%-ы жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн бiр жыл

iшiнде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан;

әлемнiң үздiк университеттерi рейтингiнде

көрсетiлген Қазақстанның жоғары оқу орындарының

саны – 2;

халықаралық стандарттар бойынша тәуелсiз ұлттық

институционалды аккредиттеуден өткен жоғары оқу

орындарының үлесi – 65 %;

халықаралық стандарттар бойынша тәуелсiз ұлттық

мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу

орындарының үлесi – 30 %;

отандық ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн

өндiрiске енгiзудiң негiзiнде бiлiм мен ғылымды

бiрiктiру жолымен инновациялық қызметтi жүзеге

асыратын жоғары оқу орындарының үлесi – 5 %;

соңғы 5 жылда импакт-факторлы ғылыми журналдарда

жарияланымдары жарық көрген профессор-оқытушы

құрамының және ғылыми қызметкерлердiң үлесi – 5 %;

барлық жастағы адамдар үшiн бiлiм берудiң әртүрлi

нысандары мен типтерi енгiзiледi;

жастардың жалпы санынан 55 %-ы жастар саясаты мен

патриоттық тәрбие саласындағы iс-шараларды iске

асыруға белсендi түрде қатысатын болады.

Қаржыландыру Бағдарламаның бiрiншi кезеңiн республикалық

көздерi мен бюджеттен қаржыландырудың қосымша көлемi

көлемi 461,1 млрд. теңгенi құрайды. Жергiлiктi бюджеттен

қаржыландыру жыл сайын тиiстi жергiлiктi

бюджеттерден бiлiм беру жүйесiн дамытуға

бөлiнетiн қаражат шеңберiнде жүзеге асырылатын

болады.

2. Кiрiспе

Бiлiм беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзiмдi Стратегиясының маңызды

басымдықтарының бiрi болып танылды. Қазақстандағы бiлiм беру реформаларының

жалпы мақсаты бiлiм беру жүйесiн жаңа әлеуметтiк-экономикалық ортаға бейiмдеу

болып табылады. Қазақстан Президентi республиканы әлемдегi бәсекеге қабiлеттi

50 елдiң қатарына енгiзу туралы мiндет қойған болатын. Бiлiм беру жүйесiн

жетiлдiру осы мақсатқа қол жеткiзуде маңызды рөл атқарады.

Халықаралық тәжiрибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейiн адами

капиталға, атап айтқанда, бiлiм беруге бөлiнетiн инвестицияның экономика мен

қоғамға елеулi қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.

Адами капиталға бөлiнетiн инвестициялар жылдам өзгеретiн әлемде

бейiмделе алатын техникалық прогрессивтi, өнiмдi жұмыс күшiн құру үшiн аса

қажет. Болашақтың табысты экономикасы бiлiм беруiне, халықтың дағдылары мен

қабiлетiне инвестициялайтындар болмақ. Бiлiм берудi әлеуметтiк

қажеттiлiктерге жұмсалатын шығындар ретiнде ғана емес, экономикалық

инвестициялар ретiнде түсiну қажет.

Бiлiм беру мен экономикалық өсудi байланыстыратын көптеген дәлелдер

бар:

макро- және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулердi шолу бiлiм

берудiң, табыстың және өнiмдiлiктiң арасында тығыз байланыстың бар екенiн

дәлелдеп отыр. Бұл ретте оқытудың бастапқы кезеңiне инвестициялаудың зор

қайтарымы болатыны байқалады;

зерттеулер бiлiм берудi дамытуға жұмсалған инвестицияның маңызды

жақтарын растайды.

Экономикалық пайдадан бөлек бiлiм беру басқа да әлеуметтiк пайдаларды

келтiредi, әлеуметтiк капиталдың – азаматтардың көп үлесiнiң қатысуымен

құралған, әлеуметтiк бiрлiгi мен интеграциясы жоғары, құқық бұзушылық деңгейi

төмен қоғамның қалыптасуына ықпал етедi. Жастайынан бiлiм алу әлеуметтiк,

эмоционалдық және басқа да өмiрге қажеттi дағдыларды қалыптастыруда маңызды

рөлге ие. Бiлiм беру қызметiнiң барлық спектрларын одан әрi дамытудың сенiмдi

дәлелдерi осында. Қазақстанның бiлiм берудi түбегейлi жаңғыртуы: бiлiм беруге

салынатын инвестицияны айтарлықтай және тұрақты ұлғайтуы, оның сапасын

жақсартуы қажет.

Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан –

бiлiмдi мемлекет, ақылмен құрылған экономика және бiлiктiлiгi жоғары жұмыс

күшi. Бiлiм берудiң дамуы елiмiздiң болашақ экономикалық, саяси және

әлеуметтiк-мәдени өркендеуi сүйенетiн тұғырнамасы болуы тиiс.

Бiлiм беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясатын

iске асырудың ұйымдастырушылық негiзi – қазақстандық бiлiмдi жаңғыртудың

жалғастырылуын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасында бiлiм берудi

дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi –

Бағдарлама) болуы тиiс.

Бағдарлама бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың

ұйымдастырушылық негiзi ретiнде бiлiм беру мен тәрбиенiң, басқару жүйесiнiң,

бiлiм беру қызметi субъектiлерiнiң құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының

және қаржы-экономикалық тетiктерiнiң құрылымындағы, мазмұны мен

технологияларындағы өзгерiстердi қамтитын ресурстары мен мерзiмi бойынша бiр-

бiрiмен өзара байланыстағы iс-шаралар кешенi болып табылады.

3. Ағымдағы жай-күйдi талдау

Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың

қажеттiлiгi мен маңыздылығын түсiнiп, бiлiм беру жүйесiн реформалауды

бастауға және жүргiзуге жан-жақты қолдау көрсетуiнiң нәтижесiнде бiлiм берудi

қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкiн болып отыр.

2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың

2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, Қазақстан

Республикасында техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамытудың 2008 – 2012

жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, 2007 – 2011 жылдарға арналған

«Қазақстан балалары» бағдарламасы, Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және

оқытумен қамтамасыз ету жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған

«Балапан» бағдарламасы қабылданды.

Дарынды жас қазақстандықтарға әлемнiң үздiк университеттерiнде бiлiм

алуға мүмкiндiк беретiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ»

халықаралық стипендиясын iске асыру елiмiздегi адами капиталдың дамуына

қосылған елеулi үлес болды.

Қазақстан қазiргi уақытта бiлiм беру, адам мен бала құқығын қорғау

саласындағы негiзгi халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл –

Жалпыға бiрдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы конвенция,

Адамның экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтарының Халықаралық

декларациясы, Еуропа өңiрiнде жоғары бiлiм беруге жататын бiлiктiлiктi тану

туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т.б.

Адами ресурстарды дамыту елiмiздiң 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму

жоспарындағы басымдықтардың бiрi ретiнде айқындалған.

Бiлiм беруге инвестиция салу арқылы адами капиталды сапалы дамытуда

нақты қол жеткен мақсаттар бар.

Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 – 2010 жылдарға

арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде 2010 жылғы 1

шiлдедегi жағдай бойынша бiлiм берудiң барлық деңгейi тиiстi ұйымдар

желiсiмен институционалды қамтамасыз етiлген. Бiлiм берудiң құрылымы

Халықаралық бiлiм берудiң стандартты жiктеуiшiне сәйкес келтiрiлдi. Оқытудың

12 жылдық моделiн енгiзу үшiн жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсiптiк

бiлiм қайта құрылымдалды. Мамандарды үш деңгейлi даярлау енгiзiлдi: бакалавр

– магистр – Ph.D докторы. Мамандықтардың iрiлендiрiлген топтарынан тұратын

Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм

мамандықтарының жiктеуiшi бекiтiлдi.

Тәуелсiз сыртқы бағалау элементтерiн қамтитын (лицензиялау,

аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бiрыңғай тестiлеу (бұдан әрi –

ҰБТ), мемлекеттiк аралық бақылау (бұдан әрi – МАБ), талапкерлердi кешендi

тестiлеу және т.б.) Ұлттық бiлiм беру сапасын бағалау жүйесi құрылды.

Республиканың барлық өңiрлерiнде бiлiм беру сапасын бағалаудың облыстық

жүйесiн енгiзу басталды.

Бiлiм беру ұйымдарының материалдық базасы нығайтылуда.

2009 жылдың өзiнде мектептерде 640 биология кабинетi, 536 – лингафондық

мультимедиалық кабинет (бұдан әрi – ЛМК), 10 физика кабинетi, 78 химия

кабинетi жарақтандырылды, 721 мектеп интерактивтi тақталармен толықтырылды.

Қазiргi уақытта 3450 мектептiң лингафондық мультимедиалық кабинеттерi бар,

2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 2661-ге көбейiп отыр.

Бiлiм беру сапасы арттырылуда.

Инклюзивтi бiлiм дамуда.

Орта мектептiң балаларын тегiн тамақтандыру және жеткiзу мәселелерi

баяу шешiлуде.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға

арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы 2005 жылғы 25710-нан 2010 жылы

35425-ке артты.

Бiлiм саласын ақпараттандыруды дамыту жұмыстары жүргiзiлуде. Қазiргi

уақытта 18 оқушыға бiр компьютерден келедi. 2005 жылы аталған көрсеткiш 41-дi

құраған, оның iшiнде 36-сы – ауылдық жерлерде.

Интернет желiсiне мектептердiң 98 %-ы қосылған, ауылдық жерлерде – 97 %

(2005 жылы – тиiсiнше 75 % және 70 %). Мектептердiң 34 %-ның кең жолақты

интернетке шығуға мүмкiндiгi бар.

Қазақстандық мектеп оқушылары TIMSS – 2007 халықаралық салыстырмалы

зерттеуiне қатысып, 36 елдiң 4 сынып оқушылары арасында математика бойынша 5-

орынды және жаратылыстану бойынша 11-орынды иелендi.

Қазiргi уақытта Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң дамуына зор көңiл

бөлiнуде. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, республика

өңiрлерiндегi жоғары оқу орындары жанынан қазақ тiлiн оқыту орталықтары

құрылды, мiндеттi оқыту курстары енгiзiлдi, қазақ тiлiнде iс жүргiзу, негiзгi

және орта жалпы бiлiм беретiн мектептерде мемлекеттiк тiлдi деңгейлеп оқыту

енгiзiлдi.

Дарынды балаларға арналған үш тiлде оқытатын мамандандырылған

мектептердiң желiсi құрылды. Қазiргi уақытта республикада үш тiлде оқытатын

33 мектеп жұмыс iстейдi.

6 Назарбаев Зияткерлiк мектебi құрылды.

Ұлттық жоғары мектепте бiлiм берудiң әлемдiк деңгейiне жету жөнiнде

шаралар қабылданды: Қазақстан Еуропалық бiлiм кеңiстiгiне ендi, Болон

Декларациясына қосылды, Астана қаласында әлемдiк деңгейдегi беделдi жоғары

оқу орны – «Назарбаев Университетi» құрылды.

Оқу бағдарламаларының мазмұнын айқындауда жоғары оқу орындарының

академиялық еркiндiгi кеңейтiлдi: таңдау бойынша компонент бакалавриатта 40

%-дан 50 %-ға, магистратурада 50 %-дан 60 %-ға және докторантурада 70 %-дан

80 %-ға дейiн ұлғайтылды.

Сапалы жоғары бiлiм алуға ынталы студенттердiң саны өсiп келедi. Шет

елдерде 20 мыңнан астам қазақстандық бiлiм алады. 3 мыңға жуық «Болашақ»

халықаралық стипендиясының стипендиаты әлемнiң 27 елiнде оқиды.

Шетелдiктер үшiн елiмiздiң жоғары оқу орындарында бiлiм алудың

тартымдылығын арттыру үшiн жағдайлар жасау жөнiнде шаралар қабылдануда.

Республиканың жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары бiлiм

алуда.

Дегенмен қазақстандық бiлiм беру сапасы бәсекеге түсе алмайтындай

күйiнде қалып отыр.

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мәнiн арттыру жалпы әлемдiк

үрдiстер қатарына жатады. Балабақшаға баратын балалар бiлiм берудiң барлық

деңгейлерiнде бiлiмдi тез қабылдайды және жалпы өмiрде табысты болып келедi.

2010 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша Қазақстанда мектепке дейiнгi

тәрбиемен және оқытумен қамту 2005 жылмен салыстырғанда 16,8 %-ға өскен және

балалардың 40 %-ын ғана құрайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткiш 90-100 %-ға

жетiп отыр.

Туу деңгейiнiң есебiнен балабақшалардағы орын тапшылығы елiмiзде орта

есеппен жыл сайын 5–7 %-ды құрайды. Сонымен қатар 5 өңiрде туу факторы мен

көшi-қон әсерiнен бұл көрсеткiш 11,1 %-ды құрайды: Оңтүстiк Қазақстан

облысында – 8,1 %, Қызылорда – 11,8 %, Жамбыл – 10,7 %, Алматы қаласында –

11,3 %, Астана қаласында – 13,6 %.

Балабақшаларда орта есеппен 100 орынға 111 баладан келедi, қалаларда –

120. Қалалық жерлерде әрбiр үшiншi бала, ауылдық жерлерде 100 баланың 5-уi

ғана балабақшаға барады.

Инклюзивтi бiлiм беру қажеттi деңгейде дамымаған. Қазiргi кезеңде

мүмкiндiктерi шектеулi 149 246 баланың 29 212-сi немесе 19,5 %-ы – мектеп

жасына дейiнгi балалар. 37 арнайы балабақшада және 240 арнайы топта 10 мыңдай

бала мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бұл 32,8 %-ды ғана

құрайды.

Мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдармен қатар жекеменшiк балабақшалар

да ашылуда, егер 2005 жылы олардың саны 158 болса, 2010 жылы 284 болып отыр.

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттiк бюджет

шығыстарының үлесi соңғы жылдар iшiнде iшкi жалпы өнiмнiң (бұдан әрi – IЖӨ)

шамамен 0,1 %-ын құрайды. ЭЫДҰ елдерiнде – IЖӨ-ден 1 %-дан 2 %-ға дейiн.

Орта бiлiм

Бiлiм беру жүйесiнiң базалық деңгейi орта бiлiм болып табылады. Оны

тегiн алу құқығына ел Конституциясы кепiлдiк бередi.

Орта бiлiм беру жүйесiнде материалдық-техникалық, оқу-әдiстемелiк

базаның нашарлығына, сондай-ақ оқытудың мазмұны мен әдiстерiн жаңарту

қажеттiлiгiне байланысты проблемалар орын алған.

2010 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша республикада жергiлiктi атқарушы

органдар (бұдан әрi – ЖАО) мен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым

министрлiгiне (бұдан әрi – БҒМ) ведомстволық бағынысты 7576 мемлекеттiк

күндiзгi жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi, онда 2,5 млн.-ға жуық

оқушы бiлiм алады. Мектептердiң жалпы санының 64,6 %-ы үлгiлiк, 35,4 %-ы –

ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, 201 мектеп апатты жағдайда.

Мектептердiң 37,4 %-ы тасымалданатын суды пайдаланады. 70 мектеп 3 ауысымда,

1 мектеп 4 ауысымда жұмыс iстейдi. Мектептердiң 25,1 %-ы күрделi жөндеудi

қажет етедi.

Республиканың негiзгi және орта мектептерiнiң 47,4 %-ы жаңа үлгiдегi

физика кабинеттерiмен, 13,2 %-ы химия, 16,3 %-ы биология, 46,7 %-ы

лингафондық мультимедиалық кабинеттерiмен жабдықталған.

Әрбiр бесiншi мектепте асхана мен буфет жоқ. Мектеп асханаларының

жабдықтары мен мүкәммалының ескiруi 80 %-ды құрайды. Мектептердiң 26,4 %-нда

спорт залдары жоқ. Мемлекет қаржыландыратын арнайы автобустармен балаларды

мектепке тасымалдау бағдарламасы жоқ.

Осылардың барлығы 12 жылдық бiлiм беру моделiн енгiзу мерзiмiн кейiнге

қалдыруға себеп болды.

Қазақстандық бiлiм беру жүйесiнiң ерекшелiгi – мектептердiң жалпы

санының 56,5 %-ын құрайтын (2005 жылы – 52 %) ШЖМ болуы. Оның iшiнде, ауылдық

жерлерде – 68,6 %.

Iс жүзiнде әрбiр төртiншi мұғалiм ШЖМ-да жұмыс iстеп, әрбiр алтыншы

қазақстандық оқушы ШЖМ-да оқиды.

Мүмкiндiктерi шектеулi балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны

124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы

бiлiм беру бағдарламаларымен қамтылған.

Қазiргi заманғы бiлiм беру жүйесi, оқытудың инновациялық нысандары мен

әдiстерiн енгiзу педагог қызметкерлердiң тұлғасына және кәсiби

құзыреттiлiгiне жоғары талаптар қоюда.

Бүгiнгi таңда педагог еңбегiн материалдық және моральдық жағынан

ынталандыратын және оның әлеуметтiк мәртебесiн көтеретiн барабар заңнамалық

база мен жүйе құрылмаған.

Жұмыс iстейтiн әрбiр бесiншi мұғалiмнiң жасы 50-де және одан да үлкен.

Педагогтердiң жалпы санынан 3 жылға дейiнгi өтiлi барлар – 13 %. Жыл сайынғы

жас кадрлар есебiнен толығу тек 2,6 %-ды құрап отыр.

Гендерлiк сәйкессiздiк, кәсiп феминизациясы (81,3 % әйел мұғалiмдер)

байқалып отыр. Төмен жалақы (елiмiздегi орташа жалақының 60 %-ға жуығы),

педагог кәсiбiнiң беделiнiң болмауы жоғары бiлiктi кадрлардың бұл саладан

кетуiне ықпал етедi. 2000 жылдан бастап қызметкерлер жалақысының 400 %-ға

өскенiне қарамастан, оның деңгейi елiмiздегi төмен деңгейлердiң бiрi болып

қалып отыр.

Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың басым бағыты өскелең

ұрпақты тәрбиелеу жүйесiн дамыту болып табылады.

Алайда, бiлiм беру ұйымдары мен балалардың қоғамдық ұйымдарының тәрбие

беру әлеуетiнiң тиiмдiлiгi төмен болып отыр. Мектептерде еңбекпен тәрбиелеу

және кәсiптiк бағдарлау жүйесi жойылған, мектептердегi және мектептен тыс

ұйымдардағы көркем және музыкалық шығармашылық үйiрмелерiнiң, спорт

секцияларының саны жеткiлiксiз. Балалар мен мектептiң қоғамдық ұйымдарының

қызметi дұрыс жолға қойылмаған. Балаларды қосымша бiлiм берумен қамту басқа

елдермен (30–50 %) салыстырғанда 21,5 %-ды ғана құрайды. Бiлiм алушыларды

спорт секцияларымен қамту бүгiнде 20 %-ды құрайды.

Орта бiлiмге керi әсер ететiн факторлар – ескiрген әдiснамалар мен

бiлiм беру мазмұнын iрiктеу қағидаттары. Ақпараттың шамадан тыс болуы оқуға

деген ынтаның төмендеуiне және оқушылар денсаулығының нашарлауына әкеледi.

Оқыту тұлғаны дамытуға емес, жалаң нәтижелер алуға бағытталған.

Осылайша, қазiргi бар проблемалар орта бiлiм жүйесiн қазақстандық қоғам

дамуының қазiргi заманғы талаптарына және әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне

кiрiгу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етедi.

Техникалық және кәсiптiк бiлiм

ТжКБ жүйесi тұлға мүдделерiн, еңбек нарығының сұраныстарын және

экономика мен әлеуметтiк саланы дамытудың перспективаларын қанағаттандыруда

маңызды рөл атқарады.

2010 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша жалпы мемлекеттiк статистика

деректерi бойынша 786 ТжКБ оқу орны жұмыс iстейдi, 2005 жылмен салыстырғанда

олардың саны 64-ке өстi, оның iшiнде 306 кәсiптiк лицей, 480 колледж. Олардың

22,8 %-ы ауылдық жерлерде орналасқан.

Жалпы бiлiм беретiн мектептердi бiтiрушiлердiң 32,7 %-ы кәсiптiк

лицейлер мен колледждерде оқуын жалғастыруда, оның iшiнде 9-сыныптан кейiн –

24,8 %, 11-сыныптан кейiн – 7,9 %.

ТжКБ оқу орындарында 609 мың адам, оның iшiнде 36,3 %-ы ғана

мемлекеттiк тапсырыс бойынша бiлiм алуда.

Техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бiлiктi мамандарын даярлау 177

мамандық және 416 бiлiктiлiк бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен қатар еңбек нарығында кәсiби стандарттардың, мамандарға

қойылатын қазiргi заманғы бiлiктiлiк талаптарының болмауы индустрия және

жұмыс берушiлер сұраныстарына кадрларды даярлау мазмұнының барабарлығына қол

жеткiзуге мүмкiндiк бермейдi.

ТжКБ жүйесiнiң қолданыстағы инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық

жарақтандыруы кадрлар даярлаудың сапасы мен жастар үшiн оқытудың

тартымдылығын қамтамасыз ете алмайды.

Жоғары деңгейде бiлiм беру үшiн инженер-педагог қызметкерлердi

қолдаудың төмен болуы бiлiктiлiгi жоғары кадрлардың экономиканың басқа

салаларына ауысуына себеп болуда.

Тиiмсiз басқару нарықтық жағдайда оқу орындарының бәсекеге

қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етпейдi.

Аз қаржыландыру және мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша бiр

маманды оқытуға кететiн шығыстар құны оқушының қазiргi заманға сай бiлiктiлiк

алуына мүмкiндiк бермейдi.

Бұдан басқа үздiксiз бiлiм алу және бiлiктiлiгiн өмiр бойы арттыру

мәселелерiн шешу қажет.

Бiлiмге негiзделген экономика және қоғам, өмiр бойы оқыту – бәсекеге

қабiлеттiлiк пен жаңа технологияларды қолдану проблемаларын шешудiң,

әлеуметтiк бiрлiктi, тең мүмкiндiктер мен өмiр сапасын жақсарту тәсiлдерi

болуы тиiс.

Жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм және ғылым

Жоғары бiлiм республика экономикасының барлық салалары үшiн құзыреттi

және бәсекеге қабiлеттi мамандарды кәсiби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым

мен өндiрiстi бiрiктiруде маңызды рөл атқарады.

Қазiргi уақытта 148 жоғары оқу орны (9 ұлттық, 2 халықаралық, 32

мемлекеттiк, 12 азаматтық емес, 90 жеке меншiк жұмыс iстейдi, оның iшiнде 16-

ы акционерленген), онда 595 мыңнан астам адам оқиды.

Көптеген жұмыс берушiлер жоғары оқу орындары оқытып шығаратын мамандар

сапасына қанағаттанбайды. Бiлiм беру бағдарламалары жұмыс берушiлердiң күткен

нәтижелерiне жауап бермейдi және экономика талаптарына сәйкес келмейдi.

Қазақстанда барлық жоғары бiлiм жүйесiн қамтитын маңызды жасырын фактор

жемқорлық болып табылады. Оны жоюдың нақты шаралары қабылданбайынша жоғары

бiлiм саясаты тиiмдi болмайды.

Жоғары оқу орындарын кадрлармен қамтамасыз етуде керi үрдiс орын алған:

профессор-оқытушы құрамын жүйелi даярлау жоқ, қоса жұмыс атқару кеңiнен

таралған.

Қазақстанның жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық ресурстары

жеткiлiктi қарқынмен жаңартылмайды. Жоғары оқу орындарында гуманитарлық

мамандықтар сияқты техникалық мамандықтар бойынша да кiтапхана қорын

жаңартудың бекiтiлген нормалары сақталмайды. Көптеген пәндер бойынша

оқулықтар әзiрленбейдi немесе аз тиражбен басылады. Жоғары оқу орындарының

ақпараттық ресурстары бiрiктiрiлмеген, кiтапхана қоры бытыраңқы сипатқа ие.

Қазiргi уақытта бiлiм беру қызметiн қаржыландыруды мемлекеттiк

қолдаудың қазiргi тетiктерi жеткiлiксiз.

Бiлiмдi, ғылымды және өндiрiстi бiрiктiру, жоғары оқу орнынан кейiнгi

бiлiмдi ғылым мен техниканың қазiргi кезеңдегi жетiстiктерi негiзiнде дамыту

бүгiнгi күнде экономиканы дамытудың басым бағыттарының бiрi болып табылады.

Ғылым саласында бiрқатар шешiлмеген проблемалар бар.

Ескiрген материалдық-техникалық база және зертхана жабдықтары сапалы

ғылыми зерттеулердi жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi.

Жобалау институттары мен конструкторлық бюролар санының жеткiлiксiздiгi

өндiрiстегi технология трансфертiн бәсеңдетедi. Жобалау институттарының,

конструкторлық бюролардың және өндiрiстiң жоғары оқу орындарымен өзара қарым-

қатынас тетiгi жоқ.

Жастарды ғылымға тарту үшiн жағдайлар жасалмаған. Кадрлардың қартаюы

байқалады.

Ғылыми қызметкерлердiң орташа жасы – 55-те.

Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетi аса тиiмсiз

пайдаланылады.

Бiлiмнiң, ғылымның және өндiрiстiң арасындағы байланыстың нашарлығы

мына себептерге негiзделген:

жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасындағы ведомствоаралық

кедергiлер;

жоғары оқу орындарының ғылымын жеткiлiксiз қаржыландыру;

ғылым мен техниканың жетiстiктерiне орай әрекет етуге, өндiрiстiң

өзгерген сұранысын есепке алуға мүмкiндiк бермейтiн бiлiм беру процесiн

шамадан тыс әкiмшiлендiру;

жеке меншiк сектордың бiлiмдi, ғылымды және инновациялық қызметтi

қаржыландыруды жүзеге асыруға экономикалық ынталандыру шараларының болмауы.

Қазақстанда әзiрлемелердi орындайтын және ғылыми-зерттеу және

тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды нәтижесiне жеткiзудi қамтамасыз ететiн,

оларды тәжiрибе жүзiнде iске асыратын инновациялық құрылымды қолдаудың

институционалды нысандары дамымаған.

Қазақстандағы ғылыми әзiрлемелердiң үлес салмағы дамыған елдерде

қабылданған деңгейден он есе төмен қалып отыр.

Тәрбие жұмысы және жастар саясаты

Бiлiм беру жүйесiн жаңғыртудың маңызды мiндеттерiнiң бiрi – өкiлдерi

бәсекеге қабiлеттi бiлiмдi меңгерген, ой-өрiсi дамыған ғана емес, жоғары

азаматтық және адамгершiлiк ұстанымы, отансүйгiштiк сезiмi мен әлеуметтiк

жауапкершiлiгi қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.

2010 жылдың басында 14–29 жас аралығындағы халықтың саны жалпы халықтың

28,7 %-ын құрайды. Ауылдық жерлерде тұратын жастардың үлесi – 49,1 %.

2010 жылдың басында туылғаннан бастап 18 жасқа дейiнгi жас

өспiрiмдердiң саны 5 млн. адамға жуық. Балалардың құқығы мен мүдделерiн

қорғауды жергiлiктi атқарушы органдардағы мамандар қамтамасыз етедi.

Мемлекеттiк жастар саясаты саласында мынадай проблемалар орын алып

отыр.

Жастар арасындағы тәрбие жұмысын үйлестiрудiң орталықтандырылған жүйесi

жоқ.

2008 - 2009 жылдардағы әлеуметтiк сауалдың деректерi бойынша жастар

ұйымдарының қызметiне қатысатын жастардың үлесi жастардың жалпы санының 22 %-

ын құрайды.

Өкiлдi органдардағы жастар саясатының мәселелерi бойынша шешiмдердi

қабылдауға қатысатын жастардың үлесi 1 %-ға жетпейдi.

Әлеуметтiк сауалдың нәтижелерi респонденттердiң 64 %-ы мемлекеттiк

жоғары оқу орындарын жемқорлыққа аса бейiм деп санайды, 54 %-ы жоғары оқу

орындарында жемқорлықтың деңгейiн жоғары деп бағалайды, 28 %-ы дипломдарды

«сатып алу» фактiлерiн көрсетедi.

Барлық балалар үшiн өз құқықтарын толығымен пайдалану қамтамасыз

етiлмеген.

Одан басқа, бiлiм саласында бiлiм беру статистикасы мәлiметiнiң

бiртұтас базасы жоқ. Бiлiм берудiң мемлекеттiк статистика нысандарында кең

жарияланымдар жоқ, бiрiктiрiлмеген, олар бойынша терең талдау жоқ әрi

қоғамның көпшiлiгiне қолжетiмсiз. Бiлiм берудiң ұлттық статистикасының

көрсеткiштерi халықаралық статистиканың талаптарына сай емес.

Осылайша, бiлiм берудегi ахуалды талдау мыналарды көрсетедi.

Күштi жақтары:

бiлiмдi дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары;

мектепке дейiнгi және орта бiлiм объектiлерi желiсiнiң ұлғаюы;

бiлiм берудiң әрбiр деңгейi бойынша ұлттық және республикалық

орталықтардың болуы;

қазақстандық бiлiм беру құрылымының Бiлiм берудiң халықаралық стандарты

жiктеуiшiмен сәйкестiгi;

техникалық және кәсiптiк бiлiмдi қайта құрылымдау;

Ұлттық бiлiм беру сапасын бағалау жүйесiнiң қызмет етуi;

TIMSS – 2007 халықаралық зерттеуiндегi жоғары көрсеткiштер;

Еуропалық бiлiм беру кеңiстiгiне кiру.

Әлсiз жақтары:

бiлiм берудi қаржыландырудың жеткiлiксiздiгi;

педагог кәсiбi мәртебесiнiң төмендiгi;

педагог кадрларды даярлау сапасының жеткiлiксiздiгi;

жоғары бiлiктi педагог кадрлардың тапшылығы;

балалар құқықтарын қорғау мамандарының саны жеткiлiксiз;

бiлiм берудегi менеджменттiң нашар дамуы;

бiлiм беру саласында мемлекеттiк – жеке-әрiптестiк (бұдан әрi – МЖӘ)

жүйесi толық дамымаған;

бiлiм берудi ақпараттандырудың нашар дамуы;

бiлiм беру статистикасы халықаралық стандарттарға сәйкес емес және

бiлiм алушыларға қолжетiмсiз;

мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен төмен қамтылуы;

жалпы орта және жоғары бiлiм мазмұнының бiрiгуiнiң жоқтығы;

бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;

ШЖМ ұсынатын бiлiм беру қызметтерi сапасының нашарлығы;

инклюзивтi бiлiмнiң нашар дамуы;

ұлттық бiлiктiлiк жүйесiнiң жоқтығы;

колледждер мен ЖОО бiтiрушiлерiнiң бiлiктiлiгiне бiлiм беру жүйесiнiң

ұсынысы мен жұмыс берушiлердiң сұранысының арасындағы теңдiктiң жоқтығы;

жоғары бiлiм мен ғылымның ықпалдасуының жоқтығы.

Мүмкiндiктер:

Мемлекет үшiн:

қазақстандық бiлiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;

адами капиталдың сапасын арттыру;

балалардың өмiр сапасының әлеуметтiк құқықтық кепiлдiктерiн қамтамасыз

ету;

еңбек ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру;

ұлттық экономиканы тұрақтандыру;

халықаралық ұйымдар мен жұмыс берушiлер тарапынан бiлiмдi инвестициялық

қолдау;

бiлiм беру саласында басқарудың жаңа тиiмдi әдiстерiнiң пайда болуы;

оқушылар арасында спортты өрiстету;

бюджет қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру;

бiлiм беру саласының қолжетiмдiлiгiн, тартымдылығын, сапасын, ашықтығын

арттыру;

ел экономикасының орнықты өсуiн қамтамасыз ету;

халықаралық рейтингтердiң көрсеткiштерiн жақсарту;

ата-аналардың бала тәрбиелеудегi жауапкершiлiгiн арттыру.

Ата-аналар үшiн:

бiлiм беру ұйымдарын таңдау мүмкiндiгi;

бiлiм берудi басқаруға қатысу;

мектепке дейiнгi тәрбиенiң және оқытудың еркiн қолжетiмдiлiгiн

қамтамасыз ету;

баланың жетiстiктерi туралы қашықтықтан ақпараттық хабарландыру арқылы

ата-ана – бiлiм беру ұйымы – бала байланысын жүзеге асыру.

Педагог үшiн:

педагог кәсiбiнiң тартымдылығы;

мансаптық өсу жүйесiн қамтамасыз ету;

барлық қызмет аясында бiлiм алу, оның iшiнде шетелде және кәсiптiк

құзыреттiлiктi дамыту.

Бiлiм алушылар үшiн:

баршаға бiрдей сапалы бiлiмге қол жеткiзу;

үздiк бiлiм беру ресурстары мен технологияларына қол жеткiзу;

коммуникативтiк және кәсiптiк құзыреттiлiктi дамыту.

Қауiп-қатер:

бiлiм берудiң жеткiлiксiз қаржыландырылуына байланысты алға қойылған

мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзбеу;

педагог еңбегiнiң төмен уәждемесi, мұғалiм кәсiбiнiң беделсiздiгi;

педагогтердiң басым бөлiгi даярлығының төмен деңгейi;

педагог кадрлардың өздiгiнен бiлiм алуға және кәсiби өсуiне ұмтылысының

жеткiлiксiздiгi;

электрондық оқыту жүйесiн қолданудағы пайдаланушылардың төмен

уәждемесi;

демографиялық процестерге (туудың өсуi) және көшi-қон жағдайларына

байланысты мектепке дейiнгi ұйымдардан орын алуға кезек пен оқушы орны

тапшылығының өсуi;

бiлiм сапасының нашарлауы;

бiлiм беру ұйымдарын пайдалануға беру мерзiмдерiнiң бұзылуы;

апаттық деп танылған мектептер санының ұлғаюы;

мүмкiндiгi шектеулi балалардың және мүгедек балалардың көбеюi;

еңбек нарығында мамандарға деген болжамның жоқтығы;

саладағы еңбекақы деңгейi мен елдегi жалақының орташа деңгейiнiң

арасындағы сәйкессiздiктен туындаған техникалық және кәсiптiк бiлiм жүйесiнен

кадрлардың кетуi;

Қазақстанның ЖОО-да бiлiм алуды қалайтын шетел азаматтары санының

қысқаруы;

өзiнiң ғылыми әлеуетiн iске асырудың анағұрлым қолайлы перспективаларын

iздеумен ғалымдардың басқа мемлекеттерге кетуi;

ғылымға жастардың аз келуi;

бағдарламаны iске асыру барысында қоса орындаушылардың үйлессiздiгi.

Осылайша, аталған бағдарлама бiлiм беру жүйесiн одан әрi жаңғыртуды

және оның еуропалық деңгейге шығу перспективаларын болжайды.

4. Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары

және iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

Басты мақсаты:

Экономиканың орнықты дамуы үшiн сапалы бiлiмнiң қолжетiмдiлiгiн

қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, бiлiмнiң бәсекеге

қабiлеттiлiгiн арттыру

Бағдарламалық мақсаттар:

бiлiм беру қызметiне тең қол жеткiзудi қамтамасыз етуге бағдарланған

қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру;

педагог мамандығының беделiн көтеру;

бiлiм берудi басқарудың мемлекеттiк-қоғамдық жүйесiн қалыптастыру;

бiлiм беру процесiнiң барлық қатысушыларының үздiк бiлiм беру

ресурстары мен технологияларына тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;

балаларды мектепке дейiнгi сапалы тәрбиемен және оқытумен толық

қамтудың, оларды мектепке даярлау үшiн мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен

оқытудың әр түрлi бағдарламаларына тең қол жеткiзудi қамтамасыз ету;

жалпы бiлiм беретiн мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлiк,

дене бiтiмi және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретiн әлемде

оның табысты болуын қамтамасыз ететiн бiлiм алудағы қажеттiлiгiн

қанағаттандыру, елiмiздiң экономикалық әл-ауқаты үшiн бәсекеге қабiлеттi

адами капиталды дамыту, 12 жылдық оқыту моделiне көшу;

қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына

сәйкес ТжКБ жүйесiн жаңғырту, әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне кiрiгу;

еңбек нарығының, елiмiздiң индустриялық-инновациялық даму мiндеттерi

мен жеке тұлғаның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын және бiлiм беру

саласындағы үздiк әлемдiк тәжiрибелерге сай келетiн жоғары бiлiм сапасының

жоғары деңгейiне қол жеткiзу;

өмiр бойы бiлiм алу жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

жастардың бойында белсендi азаматтық ұстанымды, әлеуметтiк

жауапкершiлiктi, отансүйгiштiк сезiмдi, жоғары адамгершiлiк және көшбасшылық

қасиеттердi қалыптастыру.

Нысаналы индикаторлар:

Индикатор 2010 2015 2020

2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа,

барлық бiлiм беру ұйымдарында жан

басына шаққандағы қаржыландыру

тетiктерi енгiзiледi

0% 60% 60%

педагогтердiң жалпы санынан жоғары

және бiрiншi санаттағы бiлiктiлiгi

жоғары педагог қызметкерлердiң

үлесi

42% 47% 52%

бiлiм беру ұйымдарында қамқоршылық

кеңестер құрылған

40% 45% 60%

бiлiм беру ұйымдарының басшылары

менеджмент саласында бiлiктiлiгiн

арттырған және қайта даярлаудан

өткен

29% 50% 100%

орта бiлiм беру ұйымдарында

электрондық

0 50% 90%

оқыту жүйесi пайдаланылады 3 жастан

6 жасқа дейiнгi балаларды мектепке

дейiнгi тәрбиемен және оқытумен

қамтамасыз ету

40%

1 шiлдеде

73,5% 100%

2020 жылға қарай 12 жылдық оқыту

моделiне толық көшу жүзеге

асырылған

0 1, 5, 11

сыныптар

1-10, 12

сыныптар

Қазақстанның барлық өңiрлерiндегi

«Назарбаев Зияткерлiк мектептерi»

жобасының шеңберiндегi мектептердiң

саны

6 20 20

жаратылыстану-математика пәндерi

бойынша бiлiм беру оқу

бағдарламаларын жетiк меңгерген

оқушылардың үлесi

50% 60% 70%

PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық

салыстырмалы зерттеулердегi

қазақстандық жалпы бiлiм беретiн

мектептер оқушыларының нәтижелерi

TIMSS:

7-11 орын

PISA:

50–55 орын,

TIMSS:

10–15 орын

PISA:

40–45 орын,

TIMSS:

10–12 орын,

PIRLS:

10–15 орын

мектептердiң жалпы санынан

инклюзивтi бiлiм беру үшiн

жағдайлар жасалған мектептердiң

үлесi

10% 30% 70%

жұмыс берушiлер қоғамдастығында

бiлiктiлiктi тәуелсiз бағалаудан

алғашқы реттен өткен ТжКБ

бiтiрушiлерiнiң үлесi

40% 60% 80%

ТжКБ оқу орындарында мемлекеттiк

тапсырыс бойынша оқуды бiтiргеннен

кейiнгi алғашқы жылы жұмыспен

қамтылған және жұмысқа орналасқан

түлектердiң үлесi

68,5% 78% 80%

ұлттық институционалды аккредиттеу

рәсiмiнен өткен колледждердiң үлесi

0% 10% 30%

жұмыс берушiлер қоғамдастығында

бiлiктiлiктi тәуелсiз бағалаудан

алғашқы реттен өткен ЖОО

түлектерiнiң оған қатысқандардың

жалпы санынан үлесi

0% 10% 80%

жоғары оқу орындарында мемлекеттiк

тапсырыс бойынша бiлiм алған

түлектердiң ЖОО бiтiргеннен кейiн

бiр жыл iшiнде мамандығы бойынша

жұмысқа орналасқандардың үлесi

50% 78% 80%

әлемнiң үздiк университеттерi

рейтингiнде көрсетiлген

Қазақстанның жоғары оқу орындарының

саны

0 1 2

халықаралық стандарттар бойынша

тәуелсiз ұлттық институционалды

аккредиттеуден өткен жоғары оқу

орындарының үлесi

16% 50% 65%

халықаралық стандарттар бойынша 0% 20% 30%

тәуелсiз ұлттық мамандандырылған

аккредиттеуден өткен жоғары оқу

орындарының үлесi

отандық ғылыми зерттеулердiң

нәтижелерiн өндiрiске енгiзудiң

негiзiнде бiлiм мен ғылымды

кiрiктiру жолымен инновациялық

қызметтi жүзеге асыратын жоғары оқу

орындарының үлесi

0% 2% 5%

соңғы 5 жылда импакт-факторлы

ғылыми журналдарда жарияланымдары

жарық көрген ЖОО-ның профессор-

оқытушы құрамының және ғылыми

қызметкерлердiң үлесi

0% 2% 5%

барлық жастағы адамдар үшiн әртүрлi

бiлiм беру нысандары мен типтерi

енгiзiледi

жастардың жалпы санынан жастар

саясаты мен патриоттық тәрбие

саласындағы iс-шараларды iске

асыруға белсендi түрде қатысатын

жастардың үлесi

25% 27% 55%

Алға қойылған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:

сапалы бiлiмге қолжетiмдiлiктi арттыруға бағытталған бiлiм берудi

қаржыландырудың жаңа тетiктерiн әзiрлеу;

бiлiм беру жүйесiн жоғары бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету;

педагог қызметкерлердiң еңбегiн мемлекеттiк қолдау мен ынталандыруды

күшейту;

бiлiм берудегi менеджменттi жетiлдiру, оның iшiнде корпоративтiк

басқару принциптерiн енгiзу, бiлiм беруде мемлекекеттiк-жеке әрiптестiк

жүйесiн қалыптастыру;

бiлiм берудi дамытудың мониторинг жүйесiн жетiлдiру, оның iшiнде

халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық бiлiм статистикасын құру;

оқу процесiн автоматтандыруды енгiзу үшiн жағдай жасау;

мектепке дейiнгi ұйымдардың желiсiн ұлғайту;

мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту;

мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз

ету;

12 жылдық оқыту моделiне көшудi бiлiм беру мазмұнын жаңғыртумен жүзеге

асыру;

шағын жинақталған мектептердiң проблемаларын шешу;

мектептегi инклюзивтi бiлiм жүйесiн жетiлдiру;

экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып,

ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту;

экономика салалары үшiн кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту;

ТжКБ-да бiлiм алудың беделiн арттыру;

елiмiздiң индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай келетiн жоғары

және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрлармен қамтамасыз ету;

жоғары бiлiмнiң еуропалық аймағына кiрiгудi қамтамасыз ету;

бiлiмнiң, ғылымның және өндiрiстiң бiрiгуiн қамтамасыз ету, зияткерлiк

меншiк пен технологиялардың өнiмдерiн коммерцияландыру үшiн жағдай жасау.

Жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми–педагог кадрларды даярлау;

өмiр бойы оқыту, баршаға бiлiм алу үшiн жағдай жасау;

жастарды отансүйгiштiкке тәрбиелеу және олардың азаматтық

белсендiлiгiн, әлеуметтiк жауапкершiлiгiн және әлеуетiн ашу тетiктерiн

қалыптастыру жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыру.

Бағдарламаны iске асырудың мақсатына, нысаналы индикаторларына,

мiндеттерi мен нәтижелердiң көрсеткiштерiне Бiлiм және ғылым министрлiгi,

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Байланыс және ақпарат, Индустрия және

жаңа технологиялар, Туризм және спорт, Iшкi iстер, Мәдениет

министрлiктерiмен, салалық министрлiктерiмен, жергiлiктi атқарушы

органдармен, жұмыс берушiлер қауымдастығымен, «Атамекен» одағымен, ҮЕҰ-мен

бiрлесе отырып жететiн болады.

Мiндеттерге қол жеткiзу мынадай көрсеткiштермен өлшенетiн болады:

Көрсеткiш 2010 2015 2020 Орындаушылар

ваучерлiк-модульдiк қаржыландыру

принципi бойынша бiлiктiлiктi

арттырудан өткен педагогтердiң

үлесi

0% 20% 100% жергiлiктi

атқарушы

органдар (бұдан

әрi – ЖАО, БҒМ)

магистр дәрежесi бар бейiндiк

мектеп педагогтерiнiң үлесi

0% кемiнде

10%

кемiнде

20%

БҒМ

педагогтердiң жалпы санынан

ағымдағы жылы бiлiм беру

ұйымдарына жаңадан жұмысқа келген

жас мамандардың үлесi

2,6% 4,5% 6% ЖАО, БҒМ

жаратылыстану-математика циклi

пәндерiн ағылшын тiлiнде оқытатын

педагогтердiң үлесi

0,6% 10% 15% БҒМ

академиялық және ғылыми дәрежесi

бар бiлiктiлiктi арттыру жүйесi

мамандарының үлесi

3,4% 5% 15% ЖАО, БҒМ

бiлiктiлiгiн арттыру мен

тағылымдамадан өткен, оның iшiнде

өндiрiстiк кәсiпорындар базасында,

ТжКБ ұйымдарының инженер-педагог

кадрларының үлесi

20% 20% 20% ЖАО, БҒМ, жұмыс

берушiлер

қауымдастығы,

салалық

министрлiктер

елiмiзде бiлiктiлiгiн арттырудан

және қайта даярлаудан өткен жоғары

оқу орындарының профессор-педагог

кадрларының үлесi, жыл сайын

6% 20% 20% БҒМ

азаматтық жоғары оқу орындарына

корпоративтi басқару принциптерiн

енгiзу

44% 65% 90% БҒМ

оқытуда АКТ-ны пайдалану бойынша

бiлiктiлiгiн арттырудан өткен

педагогтердiң үлесi

0% 90% 90% ЖАО, БҒМ

олардың жалпы санына шаққанда 1

компьютерге келетiн оқушылардың

саны

18 10 1 ЖАО, БҒМ

мектепке дейiнгi ұйымдардың жалпы

санынан мектепке дейiнгi шағын

орталықтардың үлесi

59,7% 50% 52,7% ЖАО, БҒМ

мектепалды дайындығымен қамтамасыз

етiлген 5–6 жастағы балалардың

үлесi

83% 100% 100% ЖАО, БҒМ

балабақшалардың жалпы санынан

жекеменшiк балабақшалардың үлесi

10% кемiнде

12%

кемiнде

15%

ЖАО, БҒМ

бейiндiк мектептердiң жалпы

санынан жаратылыстану-математика

бағытындағы бейiндiк мектептердiң

үлесi

0% 15% кем

емес

35% кем

емес

ЖАО, БҒМ

мектептердiң жалпы санынан

сервистiк қызмет көрсететiн жаңа

модификациялы кабинеттерi (химия,

биология, физика, лингафондық және

мультимедиалық кабинеттер) бар

мектептердiң үлесi

31,7% 40% 80% ЖАО, БҒМ

мектептердiң жалпы санынан апатты

жағдайдағы мектептердiң үлесi

2,6% 2% 1% ЖАО, БҒМ

оқушы орнының тапшылығы 74,3 мың 45 мың 30 мың ЖАО, БҒМ

үш ауысымда сабақ жүргiзетiн 0,9% 0,2% 0 ЖАО, БҒМ

мектептер үлесi

көлiкпен жеткiзуге мұқтаж

балалардың жалпы санынан мектепке

және мектептен үйлерiне сапалы әрi

ыңғайлы тасымалдаумен қамтылған

мектеп оқушыларының үлесi

63% 80% 100% ЖАО, БҒМ

«тiрек мектептер» – ШЖМ-ға

арналған ресурстық орталықтар саны

0 160 160 ЖАО, БҒМ

оқушылардың жалпы санынан бiлiм

беру ұйымдарындағы спорт

секциялары қызметiмен қамтылған

орта бiлiм беру ұйымдарындағы

оқушылардың үлесi

20% 25% 30% ЖАО, БҒМ

оқушылардың жалпы санынан балалар-

жасөспiрiмдер спорт мектебiмен

қамтылған оқушылар үлесi

8% 12% 14,5% ТСМ

көркем, музыкалық, техникалық,

ғылыми шығармашылықпен қамтылған

мектеп жасындағы балалардың үлесi

21,5% 23% 38% ЖАО, БҒМ

оқушылардың жалпы санынан спорт

секциялары қызметiмен ЖОО-ғы

оқитындардың қамтылуы

* 20% 40% БҒМ

даму мүмкiндiгi шектеулi

балалардың жалпы санынан

инклюзивтi бiлiммен қамтылған

балалардың үлесi

9% 25% 50% ЖАО, ЕХӘҚМ,

БҒМ

тұрмысы төмен отбасылардан шыққан

оқушыларды тегiн дәрумен қосылған

ыстық тамақпен қамтамасыз ету

70% 100% 100% ЖАО, БҒМ

мамандықтардың жалпы санынан

кәсiптiк стандарттармен қамтамасыз

етiлген ТжКБ мамандықтарының үлесi

0% 30% 90% ЕХӘҚМ,

Индустрия және

жаңа

технологиялар

министрлiгi,

салалық

министрлiктер,

жұмыс берушiлер

қауымдастығы

кәсiптiк стандарттар негiзiнде

әзiрленген мемлекеттiк жалпыға

мiндеттi бiлiм беру стандарттары

(бұдан әрi – МЖБС) үлесi

0% 50% 90% БҒМ, ЖАО, жұмыс

берушiлер

қауымдастығы

халықаралық талаптарға сәйкес

әзiрленген бiлiм беру

бағдарламаларының үлесi

20% 40% 70% БҒМ, ЖАО, жұмыс

берушiлер

қауымдастығы

ТжКБ оқу орындарында мемлекеттiк

тапсырыс есебiнен оқитындардың

жалпы санынан кәсiпорындар

базасында практикадан өтуге

арналған орындармен қамтамасыз

етiлген бiлiм алушылар үлесi

80% 85% 90% ЖАО, БҒМ,

салалық

министрлiктер,

жұмыс берушiлер

қауымдастығы,

«Атамекен»

Одағы

бiлiм алушылардың жалпы санынан

жұмыс берушiлер қаражаты есебiнен

ТжКБ-да бiлiм алушылардың үлесi

0,6% 1% 2% ЖАО, БҒМ, жұмыс

берушiлер

техникалық және кәсiптiк бiлiммен

қамтылған типтiк жастағы жастардың

үлесi

17,6% 20% 23% ЖАО, БҒМ

ТжКБ жүйесiнде енгiзiлген оқушы

орындарының саны

0 2 660

оқушы

орны

16 940

оқушы

орны

ЖАО, БҒМ

жатақханалардағы ТжКБ оқушылары

үшiн жаңадан енгiзiлген орын саны

0 1 300

орын

1 500

орын

ЖАО

ТжКБ оқу орындарының жалпы санынан

қазiргi заманғы оқу жабдықтарымен

жарақтандырылған оқу

36% 75% 90% ЖАО, БҒМ

орындарының үлесi бакалавриаттың

мемлекеттiк тапсырыс көлемiнен

магистратура бағдарламалары

бойынша мемлекеттiк тапсырыс

бойынша оқитындар үлесi

8% 20% 40% БҒМ

оның iшiнде, бакалавриаттың

мемлекеттiк тапсырыс көлемiнен

бiржылдық магистратура

бағдарламалары бойынша оқитындар

үлесi

1,6% 14% 25% БҒМ

2012 жылдан бастап мемлекеттiк

тапсырыстың жылдағы өсуiмен PhD

докторлық бағдарламалары бойынша

мемлекеттiк тапсырыс бойынша бiлiм

алушылар үлесi

200 кемiнде

1000

адам

кемiнде

2000

адам

БҒМ

Қазақстан Республикасында

кредиттердi ауыстырудың еуропалық

үлгiсi (ECTS) бойынша кредиттi

қайта ауыстырудың қазақстандық

моделiн енгiзген ЖОО үлесi

19% 100% 100% БҒМ

2015 жылдан бастап «Болашақ»

бағдарламасының стипендиаттары

магистратурада, докторантурада,

бакалавриатта – бiр семестрден бiр

академиялық жылға дейiн оқиды,

ғылыми тағылымдамадан өтедi

69% 100% 100% БҒМ

Республикалық ЖОО-аралық

электрондық кiтапханаға

қолжетiмдiлiгi бар жоғары оқу

орындарының үлесi

26% 55% 100% БҒМ

мамандықтар бойынша жоғары және

жоғары оқу орнынан кейiнгi МЖБС-

дағы жоғары оқу орындарының

академиялық еркiндiгiн кеңейту,

таңдау компонентiн ұлғайту

65% 70% 80% БҒМ, жұмыс

берушiлер

жоғары импакт-факторлы ғылыми

журналдарда жарияланған мақалалары

бар Назарбаев Университетiнiң

магистранттары мен

докторанттарының үлесi

0% 10% 30% БҒМ

жоғары бiлiм беру жүйесiндегi

шетелдiк студенттердiң, оның

iшiнде коммерциялық негiзде

оқитындардың үлесi

1,5% 2,5% 3% БҒМ

техникалық жоғары оқу орындарының

жалпы санынан инновациялық

құрылымдар, ғылыми зертханалар,

технопарктер, орталықтар құрған

жоғары оқу орындарының үлесi

14% 20% 50% БҒМ

жоғары оқу орындарының жалпы

санынан ғылыми және жобалау-

конструкторлық ұйымдардың

құрылымдық бөлiмшелерiн құрған

жоғары оқу орындарының үлесi

* 10% 25% БҒМ

магистратура мен докторантураны

аяқтаған және жоғары оқу орындарын

бiтiрген жылы жоғары оқу орындары

мен ғылыми ұйымдарға жұмысқа

орналасқан жоғары оқу орындары

* 10% 30% БҒМ

түлектерiнiң үлесi

азаматтық жоғары оқу орнының бiлiм

беру қызметiн мемлекеттiк жеке

әрiптестiк есебiнен

қаржыландырудың үлесi

* 10% 50% БҒМ

азаматтық жоғары оқу орнының

ғылыми және инновациялық қызметiн

мемлекеттiк-жеке әрiптестiк

есебiнен қаржыландырудың үлесi

* 10% 50% БҒМ

жұмыс берушiлермен бiрлесiп,

техникалық және қызмет көрсету

еңбегiнiң қызметкерлерiн қайта

даярлау және бiлiктiлiгiн

арттырудың қысқа мерзiмдi курстары

үшiн модульдiк оқу

бағдарламаларының саны

0 20

бiрлiк

25

бiрлiк

БҒМ, жұмыс

берушiлер,

ЕХӘҚМ

барлық деңгейлердегi өкiлдi

органдардағы сайланушы жастардың

үлесi

* 6% 15% БҒМ, ЖАО

жастар ұйымдарының қызметiне 22% 25% 29% БҒМ, ЖАО,

қатысатын

жастардың үлесi

үкiметтiк емес

ұйымдар

мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс

шеңберiнде әлеуметтiк маңызы бар

жобаларды iске асыруға тартылған

республикалық жастар ұйымдарының

үлесi

12% 20% 24% БҒМ, ЖАО,

үкiметтiк емес

ұйымдар

* – статистика жүргiзiлмейдi

5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары

және тиiстi шаралар

Бiлiм берудi дамыту мына бағыттарда iске асырылатын болады:

бiлiм берудi қаржыландыру;

педагог мәртебесi;

бiлiм беру менеджментi;

«e-learning» электрондық оқыту;

мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту;

орта бiлiм;

техникалық және кәсiптiк бiлiм;

жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм;

өмiр бойы оқу;

тәрбие жұмысы және жастар саясаты.

Бiлiм беру жүйесiн қаржыландыру

Мақсаты:

Бiлiм беру қызметiне тең қол жеткiзудi қамтамасыз етуге бағдарланған

қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру.

Мiндетi:

Бiлiм берудiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыруға бағытталған бiлiм

берудi қаржыландырудың жаңа тетiктерiн әзiрлеу.

Нысаналы индикатор:

2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа, барлық бiлiм беру ұйымдарына жан

басына шаққандағы қаржыландыру тетiгi енгiзiледi.

Жан басына қаржыландыру

Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу орта бiлiмде мемлекеттiк шығыстарды

басқару саласындағы реформалардың құрамдас бөлiгi болады.

2011 жылы жан басына қаржыландыру әдiстемесi әзiрленетiн болады. Ол

бюджеттiк шығыстардың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi және халықтың

әртүрлi жiктерi үшiн сапалы бiлiмге қолжетiмдiлiктi арттыруға ықпал ететiн

болады.

Жан басына қаржыландыру бiрiншi кезеңде бейiндiк мектептер үшiн жүзеге

асырылады. 2013 жылы жалпы орта бiлiмнiң жан басына қаржыландыру жүйесi 4

бейiндiк мектептiң базасында сынақтан өткiзiледi. Бұл үшiн жан басына

қаржыландыру жүйесi бойынша нормативтiк құқықтық құжаттар әзiрленедi.

Жан басына қаржыландыру, қаржылық дербестiк, қамқоршылық кеңестер және

т.б. тетiктердi пысықтау үшiн жекеменшiк немесе жоғары оқу орындары жанындағы

мектептердiң қатарынан пилоттық мектептер анықталады.

Негiзгi және бастауыш мектепте жан басына қаржыландыру бейiндiк

мектепте алынған тәжiрибенiң негiзiнде енгiзiлетiн болады.

2015 жылға қарай мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жан басына

қаржыландыру негiзiнде мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылады.

ТжКБ жүйесiнде 2011 жыл мен 2013 жыл аралығында бiр маманды даярлауға

жұмсалатын шығындардың нормаларын бекiтетiн жан басына қаржыландыруды енгiзу

бойынша пилоттық жоба iске асырылатын болады.

2015 жылға қарай жан басына шаққандағы қаржыландыру ШЖМ-нан басқа,

мектепке дейiнгi бiлiмнен ТжКБ-ге дейiнгi барлық бiлiм беру ұйымдарында iске

асырылады.

Педагогтер үшiн бiлiктiлiктi арттыру жан басына шаққандағы қаржыландыру

бойынша – ваучерлiк-модульдiк жүйе қарастырылады, оның шеңберiнде төлем

ақысын тiкелей педагогтiң өзiне аудару жолымен педагогке бiлiктiлiктi арттыру

курсын өтудiң орнын және уақытын таңдау мүмкiндiгi берiлетiн болады.

Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi (МБЖЖ)

Ақылы бiлiм беру қызметтерiне қолжетiмдiлiктi арттыру мақсатында

мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесiнiң (бұдан әрi – МБЖЖ) тетiгiн әзiрлеу

жоспарлануда, оның көмегiмен Қазақстанның әрбiр азаматының болашақта

баласының жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын төлеу үшiн жоспарлы

түрде ақшалай қаржы жинақтауына мүмкiндiк беру болжануда. МБЖЖ азаматтардың

жинақтарына мемлекеттiк сыйлықақы аударуды болжайды.

МБЖЖ-ны енгiзу тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдағаннан

кейiн көзделуде.

Одан басқа, бiлiм берудiң тиiмдi жүйесiн дамыту үшiн оған деген шығынды

инвесторларды тарту жолымен ұлғайту қажет. Бiлiм саласына жеке

инвестицияларды тарту елдегi мемлекеттiк – жеке әрiптестiктiң қолданыстағы

тетiгi бойынша жүзеге асырылады.

Педагог мәртебесi

Мақсаты:

Педагог мамандығының беделiн көтеру.

Мiндеттерi:

1. Бiлiм беру жүйесiн жоғары бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету.

2. Педагог қызметкерлердiң еңбегiн мемлекеттiк қолдау мен ынталандыруды

күшейту.

Нысаналы индикатор:

Жалпы педагогтердiң санынан жоғары және бiрiншi санаты бар бiлiктi

жоғары педагог қызметкерлердiң үлесi (2015 жылы – 47 %, 2020 жылы – 52 %).

Бiлiм беру жүйесiн жоғары бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету

Бiлiм беру сапасы, бiрiншi кезекте, сапалы даярлығы бар оқытушылармен

айқындалады.

2011 жылдан бастап:

«Болашақ» халықаралық стипендиясының шеңберiнде орта, техникалық және

кәсiптiк, жоғары бiлiм беру салалары үшiн ағылшынтiлдi педагог кадрларды

даярлау қамтамасыз етiледi;

елiмiздiң жоғары оқу орындарында көптiлдi бiлiмдi педагог кадрларды

даярлау базалық пәндер циклiнде шет тiлi бойынша кредиттердiң көлемiн ұлғайту

арқылы жүзеге асатын болады. Бұл үшiн Үлгiлiк оқу бағдарламасының үш тiлде

оқытатын педагогтердi даярлау бөлiгiне өзгерiстер енгiзiледi;

педагогтердi даярлау бағдарламасы, оның iшiнде ШЖМ-ға арналған, педагог

кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарында бейiндiк мектептер үшiн

мұғалiмдердi мақсатты даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде бiлiм

беру магистрлерiнiң бағдарламасы жетiлдiрiледi;

жаңа бiлiм беру бағдарламаларына сәйкес бiлiктiлiктi арттыру

бағдарламасы жаңартылады және бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiнiң

бiлiктiлiгiн арттыру қамтамасыз етiледi.

2020 жылға дейiн бiлiктiлiктi арттырудан жыл сайын 73,3 мың адам өтедi

деп жоспарлануда.

Ваучерлiк-модульдiк жүйе енгiзiлетiн болады.

Ваучерлiк-модульдiк қаржыландыру жүйесiн енгiзумен педагогтердiң

бiлiктiлiгiн арттыру жүйесi жаңғыртылады. 2013 жылы бұл жүйе 2 облыс

базасында (Павлодар және Жамбыл) және Астана, Алматы қалаларында сынақтан

өтетiн болады. Бiлiктiлiктi арттыру жүйесiнiң нормативтiк құқықтық базасын

жетiлдiру, материалдық-техникалық базасын және бағдарламасын жаңарту,

ұйымдастыру моделiн реформалау, ресурстық әлеуеттi кадрлардың бiлiктiлiгiн

арттыру мен қайта даярлауды iске асыратын субъектiлер арасында конкурстық

негiзде бөлу көзделуде.

Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жүйесiне

2015 жылдарға қарай сынақ нәтижелерi бойынша ваучерлiк тетiктi енгiзу

болжануда.

Қайта даярлау мен бiлiктiлiктi арттыруды жүзеге асыратын бiлiм беру

ұйымдарын қашықтықтан оқытумен қамтамасыз ету мақсатында олар интерактивтi

жабдықтармен жарақтандырылады.

Жыл сайын мектепке дейiнгi және орта бiлiм жүйесiнiң педагог

кадрларының бiлiктiлiгiн арттыруға мемлекеттiк тапсырыс арттырылады. Оның

iшiнде мына мамандар үшiн:

мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды бiрiктiрiлген

түрде оқыту (инклюзивтi бiлiм);

даму мүмкiндiгi шектеулi балалармен жұмыс;

жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру.

ТжКБ жүйесiнде:

жыл сайын педагог қызметкерлер бiлiм беру ұйымдары мен кәсiпорындар

базасында бiлiктiлiгiн арттырып отырады;

арнайы пәндердiң оқытушылары мен өндiрiстiк оқыту шеберлерi

бiлiктiлiгiн арттырады және әлеуметтiк әрiптестер есебiнен кәсiпорындарда,

оның iшiнде шетелде тағылымдамадан өтедi.

Үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттары бойынша

алдыңғы қатарлы отандық және шетелдiк өнеркәсiп кәсiпорындармен жоғары оқу

орындарын көпжақты бiрiктiру мақсатында жыл сайын шетелде профессор-оқытушы

құрамның (бұдан әрi – ПОҚ) бiлiктiлiгiн арттыру ұйымдастырылады.

Педагог қызметкерлердiң еңбегiн мемлекеттiк қолдау мен ынталандыруды

күшейту

Педагогтiң кәсiби мәртебесiн көтеру үшiн бiрқатар шаралар атқарылады.

Педагог қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң жаңа үлгiсi әзiрленедi, ол:

бiлiктiлiк санатына қарап, педагог қызметкерлердiң қызметтiк

жалақысының көлемiн есептеу үшiн қолданылатын сараланған коэффициенттердi

енгiзудi;

нәтижеге бағытталған еңбекақы төлеу тетiгiн енгiзудi көздейдi.

Атқарылған шаралар нәтижесiнде педагог қызметкерлердiң орташа жалақысы

2015 жылға қарай экономиканың жеке секторындағы жалақыға жуықтайды.

ҚР ЕХӘҚМ жүргiзетiн ұзақ мерзiмдi кезеңдегi зейнетақы төлемiнiң болжауы

бойынша есептеулер, талдамалық және экономикалық зерттеулер шеңберiнде

азаматтарды, оның iшiнде педагогтердi зейнетақымен қамтамасыз ету

жетiлдiрiледi.

Сонымен қатар педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту шаралары

қарастырылуда.

Педагог мамандықтар бойынша жоғары оқу орнына түсу кезiнде педагог

қызметiне икемдiлiк деңгейiн анықтауға арналған шығармашылық емтихан

енгiзiлетiн болады.

Педагог мамандықтарына түсетiн талапкерлер үшiн шектi деңгей

көтерiлетiн болады.

Бiрiншi және жоғары санаттарды алуды ынталандыратын жағдай жасау

мақсатында педагогтердiң бiлiктiлiк деңгейiне қойылатын талаптар қайта

қарастырылатын болады.

2016 жылдан бастап 5 жылда бiр рет аттестаттау түрiнде, оның iшiнде

жұмысқа алғаш рет немесе педагог қызметiнiң үзiлiсiнен кейiн қабылданып

жатқан педагогтер бiлiктiлiгiнiң деңгейiн растау рәсiмi енгiзiлетiн болады.

Бiлiм беру ұйымдарына жұмысқа кiру қағидалары әзiрленедi, ол азаматтардың

аталған санаттары үшiн тестiлеуден өтудi көздейдi.

Бейiндiк мектеп үшiн мұғалiмдердi iрiктеу кезiнде бiлiм беру

саласындағы магистр дәрежесiнiң болуы көтермеленедi.

Өздiгiнен бiлiм алу және өзiн-өзi жетiлдiру педагог портфолиосында

көрiнетiн қызметiнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын болады.

Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау және ынталандыру үшiн

бiлiктiлiк деңгейiн бағалау тәуелсiз коммерциялық емес үкiметтiк емес

агенттiктерде өтетiн болады.

Педагогтердi аттестаттау мұғалiм бiлiмiн тестiлеу, оқу-әдiстемелiк

қызметi туралы есеп беруiнен тұратын, мүдделi адамдар (оқушылардың ата-

аналары) мен жұртшылықтың пiкiртерiмi рәсiмдерiнен тұратын жинақтық бағалау

негiзiнде жүргiзiледi.

Математика мұғалiмдерi TEDS-M халықаралық салыстырмалы зерттеулерге

(Teacher Education and Development Study in Mathematics) – орта мектептiң

бастауыш және орта буынының математика мұғалiмдерiнiң кәсiптiк бiлiм сапасын

бағалауға қатысатын болады.

Мұғалiмнiң кәсiби беделiн көтеру мақсатында қоғамда педагогтiң оң

имиджiн қалыптастыру жұмысы жүргiзiлетiн болады: «Жыл мұғалiмi» конкурсы,

акциялар, БАҚ-пен ортақ жобалар, шеберлiк сыныптары, жаңашыл педагогтер

форумдары, конкурстар, педагогтер әулеттерiнiң слеттерi, ғылыми-педагогикалық

семинарлар мен симпозиумдар, семинар-тренингтер және дөңгелек үстелдер.

Бiлiм беру менеджментi

Мақсаты:

Бiлiм берудi басқарудың мемлекеттiк-қоғамдық жүйесiн қалыптастыру.

Мiндеттерi:

1. Бiлiм берудегi менеджменттi жетiлдiру, оның iшiнде корпоративтiк

басқару принциптерiн енгiзу, бiлiм беруде мемлекеттiк-жеке әрiптестiк жүйесiн

қалыптастыру.

2. Бiлiм берудi дамытудың мониторинг жүйесiн жетiлдiру, оның iшiнде

халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық бiлiм статистикасын құру.

Нысаналы индикаторлар:

Бiлiм беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған (2015 жылы – 45 %,

2020 жылы – 60 %).

Бiлiм беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында бiлiктiлiгiн

арттырған және қайта даярлықтан өткен (2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 100 %).

Бiлiм берудi басқару жүйесi

Еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестiк бiлiм беру менеджментi жүйесiнiң

ұтқырлығы мен серпiндiлiгiн талап етедi.

Бiлiм берудi басқаруға қалың жұртшылық – педагогтер де, халықтың

әртүрлi топтары да тартылады.

МЖӘ-нi iлгерiлету үшiн әлеуметтiк тапсырыс жүйесi мен грант немесе

басқа тетiктер түрiнде коммерциялық емес үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiн

мемлекеттiк қаржыландыру тетiктерi жетiлдiрiлетiн болады. МЖӘ-нiң ұзақ

мерзiмдi тетiгiнiң негiзi ретiнде үкiметтiк емес секторды жүйелi қаржыландыру

қарастырылатын болады.

Бiлiм берудi басқарудың түрлi деңгейiне қоғамның қатысуы қамқоршылық

кеңестер түрiнде жүзеге асырылады.

Бiлiм берудi дамытуда қамқоршылық кеңестердiң пәрмендi қоғамдық қатысу

тетiгi әзiрленетiн болады.

Оқуға төлейтiн ата-аналардың, жұмыс берушiлердiң, бiлiм беру және

кәсiптiк қауымдастықтар саласындағы үкiметтiк емес ұйымдардың қатысуының

есебiнен қамқоршылық кеңестiң рөлi өседi.

Бiлiм жүйесiнiң корпоративтiлiгiн, айқындылығын қамтамасыз ету үшiн оқу

орындарында қамқоршылық кеңестер, жұмыс берушiлердiң қатысуымен кадрларды

даярлайтын салалық және өңiрлiк кеңестер жұмыс iстейтiн болады.

Бiлiм беру мен денсаулық салаларындағы мемлекеттiк кәсiпорындар

мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне

өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгеннен кейiн шаруашылық жүргiзу

құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мәртебесi бар ЖОО-ларда корпоративтiк

басқару принциптерi енгiзiлетiн болады: басқарудағы алқалылық, қызмет

көрсетудегi дербестiк, қызмет нәтижесi бойынша есеп берушiлiк, қызметтiң

айқындығы, жауапкершiлiк. Корпоративтiк басқару принциптерi басқарушылық

қызметтiң үш негiзгi аспектiсiн көздейдi: стратегияны қабылдау, бюджеттi

бекiту, кадр саясаты.

Оң нәтиже болған жағдайда, корпоративтiк басқару принциптерi 2020 жылға

қарай азаматтық ЖОО-лардың барлығына енгiзiлетiн болады.

2011 жылдан бастап бiлiм беру ұйымдарында басшылардан және

педагогтерден басқарудың жаңа дағдыларын, қайта даярлау мен бiлiктiлiктi

арттыруды талап ететiн нәтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесi енгiзiлетiн

болады.

Тәрбие жұмысы саласында ЖОО-да тәрбие жұмысын жоспарлау, мониторингтеу,

нәтижелердi бағалау және бақылау жүйелерiн жетiлдiру, сонымен қатар басқару

жүйесiн күшейту бойынша шаралар қабылданатын болады.

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, орта бiлiм жүйесiнiң басшы

қызметкерлерiнiң бiлiм берудегi менеджмент мәселелерi бойынша бiлiктiлiгiн

арттыру жүзеге асырылатын болады.

Менеджменттiң заманауи технологияларын енгiзу үшiн оқу орындарының

басшы қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау тұрақты түрде

iске асырылатын болады.

Бiлiм берудегi менеджмент бойынша қайта даярлаудан өткен адамдар бiлiм

беру ұйымдарының басшылары болып танылады.

2013 жылы мемлекеттiк ЖОО ректорларын тағайындау тетiгi, олардың

сайлануы бөлiгiнде қайта қаралатын болады.

Корпоративтiк басқаруды енгiзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы

заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Бiлiм беру ұйымдарының қызметiн «ашықтығын» қамтамасыз ету мен ЖОО-

ларда жемқорлық пайызын төмендету үшiн әлеуметтiк зерттеулер мен акциялар

жүргiзiлетiн болады.

Бiлiм берудi дамытудың мониторинг жүйесi

Бiлiм берудегi сапа менеджментi жүйесiндегi принциптердiң бiрi

мониторинг нәтижелерiн ескере отырып, бiлiм беру процесiн тұрақты жетiлдiру

принципi болып табылады.

Ұлттық және өңiрлiк деңгейдегi бiлiм беру нәтижелерi мен әлеуметтiк

әсерлердiң жүйелi мониторингiн жүргiзу мақсатында басқарудың ақпараттық

базасы және даму жолдарын болжамдау түрiнде бiлiм беру мониторингiнiң

бiрыңғай жүйесi енгiзiледi. Осы мақсатқа жету үшiн Ұлттық бiлiм беру сапасын

бағалау орталығы Ұлттық бiлiм беру статистикасы және бағалау (бұдан әрi –

ҰБСБО) орталығы болып өзгертiледi.

Бұл үшiн:

барлық деңгейде бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiн (бұдан әрi

– БСБҰЖ) енгiзу жалғастырылады;

ЮНЕСКО, ЭЫДҰ және АҚШ халықаралық бiлiм беру статистикасының талаптарын

ескере отырып ұлттық бiлiм беру статистикасы әзiрленедi;

бастапқы мәлiметтер негiзiнде бiлiм беру статистикасының бiрыңғай

базасы құрылады;

бiлiм берудi басқару жүйесiнiң инфрақұрылымы кеңейтiледi.

Мониторингтiк зерттеулер жүргiзетiн болады. Басқару шешiмдерiн қабылдау

үшiн мониторинг нәтижелерi бойынша бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйi мен дамуы

туралы жыл сайынғы облыстық баяндамалар жарияланып отырады.

2013 жылдан бастап бiлiм беру статистикасының жинағы жыл сайын басылып

шығатын болады. БМ-ның және ҰБСБО-ның сайттарында жинақтың электрондық

нұсқасы орналастырылады. Оқытудың барлық деңгейi бойынша оқушылардың,

педагогтердiң бiрыңғай базасы құрылатын болады.

2015 жылға қарай статистикалық деректердiң бытыраңқы электрондық

базалары бiлiм беру статистикасының бiрыңғай базасына бiрiктiрiледi. Аталған

база бастапқы деректер негiзiнде толықтырылып (мектеп, колледж, жоғары оқу

орны, интернат, орталықтар, сапаны бағалау қызметтерi және т.б.), ҚР БМ-да

жинақталады. Осылайша, 2015 жылға қарай әкiмшiлiк есептiлiктiң барлық

нысандарын жинау жойылып, айқындылық қамтамасыз етiледi.

Әртүрлi бейiндi және даярлық деңгейiндегi мамандар қажеттiлiгiн бағалау

мемлекеттiк реттеу тетiктерiн тұжырымдау және ел экономикасының, басқару мен

әлеуметтiк саласының қажеттiлiгiне сәйкес мамандар даярлауды ынталандыру үшiн

арналған еңбек нарығын мониторингтеу, талдау және болжау жүйесi негiзiнде

жүзеге асырылатын болады.

«E-learning» электрондық оқыту

Мақсаты:

Бiлiм беру процесiнiң барлық қатысушыларының үздiк бiлiм беру

ресурстары мен технологияларына тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.

Мiндетi:

Оқу процесiн автоматтандыруды енгiзу үшiн жағдай жасау.

Нысаналы индикатор:

Бiлiм беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесi қолданылады (2015 жылы

– 50 %, 2020 жылы – 90 %).

Электрондық оқытуды енгiзу

Алға қойған мақсатқа қол жеткiзу оқу сапасын, бiлiмдi басқарудың

тиiмдiлiгiн, сыртқы ортамен ақпараттық кiрiгуiн арттырады.

Электрондық оқытуды енгiзу бiрқатар нормативтiк құжаттарға өзгерiстер

мен толықтырулар енгiзудi талап етедi.

2012 жылға қарай жоғары, техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң МЖБС-на,

электрондық оқыту жүйесiн мiндеттi пайдалану бөлiгiнде орта бiлiм берудiң

МЖБС-на электрондық оқыту жүйесiнде жұмыс жасау үшiн педагог кадрларды

даярлау бөлiгiнде өзгерiстер енгiзiлетiн болады.

Электрондық оқыту жүйесiнде қолданылатын электрондық оқулықтарды және

оқу-әдiстемелiк кешендердi (бұдан әрi – ОӘК) жасауға арналған талаптар,

жүйенi қолданушылардың жеке және ұжымдық жұмыстарының регламентi, техникалық

регламент (электрондық оқыту жүйесiн сүйемелдеу және қолдану) әзiрленедi және

бекiтiледi.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрi – АКТ) –

педагогтердiң құзыреттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн ұйымдастырушылық

қамтамасыз ету, электрондық оқыту жүйесiн пайдаланушыларды даярлау және

олардың бiлiктiлiгiн арттыру қажет.

2011 жылдан бастап педагогтердiң электрондық оқыту жүйесiн пайдалану

мен қолдану бойынша бiлiктiлiгiн арттыру басталады деп көзделiп отыр.

Электрондық оқыту жүйесiн ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етудi қалалар

мен облыстардың бiлiм беру басқармалары жанындағы Бiлiм берудегi жаңа

технологиялардың өңiрлiк орталықтары жүзеге асыратын болады.

Электрондық бiлiм беруге арналған электрондық ресурстармен және

контентпен қамтамасыз ету – мемлекеттiк-жеке әрiптестiк негiзiнде жүзеге

асырылады.

Технологиялық инфрақұрылымды дамыту бiлiм беру ұйымдарын өткiзу

мүмкiндiгi 4–10 Мбит/сек. Интернет жүйесiне қосуды көздейдi.

Интернет желiлерiне бiлiм беру ұйымдарының 90 %-ынан астамы қосылатын

болады. Бiрiншi кезекте – ресурстық орталықтардың пилоттық бағдарламасы

бойынша жұмыс iстейтiн мектептер.

Кең жолақты Интернетке (бұдан әрi – КЖИ-ға) қосылу, электрондық бiлiм

беру жүйесi үшiн жабдықтармен қамтамасыз ету және жеткiзушiлердiң қызмет

көрсетулерiн таңдау мемлекеттiк сатып алу саласындағы Қазақстан

Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн болады.

Бiлiм беру ұйымдарының 90 %-ының қажеттi оқу ресурстары бар Интернет-

ресурстары болады.

Негiзгi және бейiндiк орта мектепте оқытылатын әрбiр пән бойынша

интерактивтi және зияткерлiк цифрлы бiлiм беру ресурстары әзiрленетiн болады.

Орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарын цифрлы бiлiм беру

контентiмен (қандай да бiр ақпараттық ресурспен – мәтiн, кескiндеу, музыка,

бейне, дыбыс және т.б., толықтыру (мысалы: интернет ресурстар контентi) ашық

қолжетiмдiлiкте толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Оқытушылар жасаған электрондық бiлiм беру ресурстары (медиатекаларды

бiр орталықтан құру және ресурстармен толтыру) дамытылады.

Оқу процесiне автоматтандыруды енгiзу үшiн әрбiр бiлiм беру ұйымы

қажеттi жабдықтармен жарақтандырылатын болады: компьютердiң жаңа түрлерiмен,

КЖИ-мен қамтамасыз ету және т.б.

2011 жылы әкiмшi, директордың орынбасары, мұғалiм, оқушы, медициналық

қызметкер, кiтапханашы үшiн функционалдар әзiрленетiн болады.

Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтiзбесiн,

күнделiгiн жүргiзедi. Мұғалiм күнтiзбелiк-тақырыптық жоспары бар электрондық

дәптердi, сынып журналын, хабарландыру қызметi (алда болатын жоспарлы және

жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-

mail немесе sms-хабарламалар, есептiлiк және т.б. жiберу) толтыратын болады.

Оқытушылық жүктеменi, сабақ кестесiн, үлгерiм мониторингi мен

оқушылардың сабаққа келуiн, педагогтiң қызметiн, есептiлiктi директордың

орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкiмшiсi оқшау және ғаламдық есептеу желiсiн,

телефон жүйесiн немесе дауыс поштасы жүйесiн қоса алғанда, көп қолданыстағы

компьютерлiк жүйенiң жұмыс iстеп тұруына жауапты болады.

2015 жылға қарай жетекшi шетелдiк ЖОО-лардың үлгiсi қалпы бойынша

университеттiк порталдар құрылады, 2020 жылға қарай ЖОО-ларда кең жолақты

Интернетке қол жеткiзу 100 % қамтамасыз етiледi. ЖОО-лардың техникалық

дайындығына қарай оларды Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы

электрондық кiтапханаға қосу жүзеге асырылатын болады.

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту

Мақсаты:

Балаларды мектепке дейiнгi сапалы тәрбиемен және оқытумен толық

қамтуды, оларды мектепке даярлау үшiн мектепке дейiнгi тәрбиелеудiң және

оқытудың әртүрлi бағдарламаларына тең қол жеткiзудi қамтамасыз ету.

Мiндеттерi:

1. Мектепке дейiнгi ұйымдардың желiсiн ұлғайту.

2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту.

3. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз

ету.

Нысаналы индикатор:

3 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және

оқытумен қамтамасыз ету (2015 жылы – 73,5 %, 2020 жылы – 100 %).

Мектепке дейiнгi ұйымдардың желiсiн ұлғайту

2015 жылға қарай «Балапан» бағдарламасының шеңберiнде мектепке дейiнгi

тәрбиемен және оқытумен 3 жастан 6 жасқа дейiнгi балалардың 70 % қамтамасыз

ететiн мемлекеттiк және жекеменшiк балабақшалар желiсi дамитын болады.

Мектепке дейiнгi ұйымдардағы орындар саны «Балапан» бағдарламасының

шеңберiнде көбейедi.

Балаларға ерте жастан түзеу-педагогикалық қолдау көрсету үшiн түзету

және инклюзивтiк бiлiм кабинеттерi құрылатын болады. 2015 жылға дейiн барлық

балабақшалардың жалпы санынан түзеу және инклюзивтi бiлiм кабинеттерiнiң

желiсi 8 %-дан 30 %-ға дейiн ұлғаяды.

Мектепке дейiнгi арнайы түзеу ұйымдарының желiсiн сақтау және ұлғайту

мақсатында Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстiк

Қазақстан облыстарында арнайы балабақшалар ашылады. Мектепке дейiнгi арнайы

түзеу ұйымдарының үлесi олардың жалпы санынан 2015 жылы – 2 %-ды, 2020 жылы –

2,5 %-ды құрайды. Ұйымдарға кедергiсiз қол жеткiзу үшiн жағдай жасау арқылы

балабақшалардың үлесi олардың жалпы санынан 2011 жылы 1 %-дан 2020 жылы 10 %-

ға дейiн ұлғаяды.

Мазмұнды жаңарту, кадрлармен қамтамасыз ету

2015 жылға қарай МЖБС-ның жетекшi бiлiм салаларына сәйкес 5 оқу

бағдарламасын жаңарту жоспарлануда.

Әрбiр оқу бағдарламасы үшiн оқу-әдiстемелiк кешендер әзiрленедi (жыл

сайын 5 бiрлiктен, барлығы 25).

2015 жылға дейiн жоғары оқу орындарында және ТжКБ ұйымдарында мектепке

дейiнгi бiлiм беретiн 18 мыңнан астам педагог қызметкерлер даярланады.

Мектепке дейiнгi ұйымдардың педагогтерiн қайта даярлау жүзеге

асырылады.

2020 жылға қарай:

өңiрлердiң ерекшелiктерiне қарай мектепке дейiнгi ұйымдардың түрлi

модельдерiнiң жұмыс iстеуi қамтамасыз етiледi. Мысалы, оңтүстiк өңiрлерде –

жекеменшiк коттедждердегi балабақшалар, жұмысқа отбасы мүшелерiн тарта

отырып, тұрғын жайлар базасында 5–6 балаға арналған отбасылық балабақшалар.

Солтүстiк өңiрлерде – оқушылық орынның профицитi есебiнен жалпы бiлiм беретiн

мектептер базасында шағын орталықтар. Қалаларда тұрғын үй кешендерiнiң

төменгi қабаттарында – шағын жинақталған балабақшалар мен шағын орталықтар.

Барлық өңiрде – «Мектеп-бақша» кешендерi. Мемлекеттiк балабақшалардың

баламасы iрi компаниялар, ұйымдар, кәсiпорындар жанындағы балабақшалар

болады;

мектепке дейiнгi балалар ұйымдарындағы орындар саны 373 мыңнан 662

мыңға дейiн көбейтiледi;

балабақшалардағы топтардың толықтырылуы жас ерекшелiк нормаларына

(бөбектер тобы – 17, орта – 22, ересектер – 27) сәйкес 27-ден (ел бойынша

орташа) 22-ге дейiн азайтылды;

мектепке дейiнгi жастағы барлық бала санынан мектепке дейiнгi тәрбиемен

және оқытумен қамтылған балалардың саны 70 %-дан 100 %-ға дейiн көбейтiледi.

10 оқу бағдарламасы жаңартылады, 30 ОӘК әзiрленедi, оның iшiнде 2016

жылы – 8, 2017 жылы – 8, 2018 жылы – 8, 2019 жылы – 8, 2020 жылы – 8 бiрлiк.

Орта бiлiм

Мақсаты:

Жалпы бiлiм беретiн мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлiк,

дене бiтiмi және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретiн

әлемде табысқа жетуiн қамтамасыз ететiн бiлiм алудағы қажеттiлiктерiн

қанағаттандыру, елiмiздiң экономикалық игiлiктерi үшiн бәсекеге қабiлеттi

адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделiне көшу.

Мiндеттерi:

1. 12 жылдық оқыту моделiне көшудi бiлiм беру мазмұнын жаңғырту арқылы

жүзеге асыру.

2. ШЖМ проблемаларын шешу.

3. Мектептегi инклюзивтi бiлiм беру жүйесiн жетiлдiру.

Нысаналы индикаторлар:

2020 жылы 12 жылдық оқыту үлгiсiне көшу толықтай жүзеге асырылады (2015

жылы – 1, 5, 11-сыныптар).

«Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» жобасы шеңберiнде Қазақстанның барлық

өңiрлерiндегi мектептердiң саны (2020 жылы – 20).

Жаратылыстану-математика пәндерi бойынша бiлiм беретiн оқу

бағдарламаларын жетiк меңгерген оқушылардың үлесi (2015 жылы – 60 %, 2020

жылы – 70 %).

Қазақстандық жалпы бiлiм беретiн мектеп оқушыларының PISA, TIMSS, PIRLS

халықаралық салыстырмалы зерттеулерiндегi нәтижелерi (2015 жылы: PISA – 50–55

орын, TIMSS – 10–15 орын, 2020 жылы: PISA – 40–50 орын, TIMSS – 10–12 орын,

PIRLS – 10–15 орын). Инклюзивтi бiлiм үшiн жағдайлар жасалған мектептердiң

үлесi олардың жалпы санынан артады (2015 жылы – 30 %, 2020 жылы – 70 %).

Бiлiм берудiң 12 жылдық моделiне көшу

Құзыреттiлiк тәсiлiне негiзделген 12 жылдық бiлiм берудiң жаңа

стандартын әзiрлеу және енгiзу жоспарлануда.

Бiлiм беру стандарттарының ауысуы бiлiм берудiң жаңа мазмұнын

әзiрлеумен байланысты. Жаңа бiлiм беру мазмұнының базалық принципi – әрбiр

мектепте тұлғаның адамгершiлiк-рухани қасиеттерiн дамытуды ынталандыратын

iзгi бiлiм беру ортасын құру: өзiн-өзi тану, өзiн-өзi анықтау және өзiн-өзi

жетiлдiру. Бiлiм беру ұйымдары мен отбасыларда адамгершiлiк-рухани

мәдениеттiң жоғары деңгейiне қол жеткiзiлетiн болады. Барлық балалар,

оқушылар, студенттер мен педагог қызметкерлер Өзiн-өзi танудың негiзiн,

жалпыадамзаттық құндылықтардың дамуын меңгеретiн болады.

МЖБС коммуникативтiк дағдыларды, ақпараттар мен технологияларды басқара

бiлудi, проблемаларды шешудi, iскерлiк пен креативтiлiктi қалыптастыратын

бiлiмдi алудағы тұлғаның дамуын, дербестiгiн қамтамасыз ететiн нәтижеге

бағытталады.

2011 жылы бастауыш бiлiмнiң МЖБС жаңартылады, негiзгi орта және жалпы

орта бiлiм берудiң құзыреттiлiк тәсiлi негiзiнде оқу бағдарламалары

әзiрленедi.

2015 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлiк мектептерi жинаған тәжiрибенiң

элементтерi бiлiм беру жүйесiне енгiзiлетiн болады.

2012 жылы жалпы орта бiлiмнiң МЖБС жоғары бiлiмнiң (бакалавриат) МЖБС-

мен бiрiктiрiледi – жоғары бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн пәндер циклiнiң жеке

пәндерi (әлеуметтану, өзiн-өзi тану, ӨҚН, Қазақстан тарихы, мәдениеттану және

т.б.) оқу жүктемесiн көбейтпей, «Бейiндiк мектептiң» бейiндiк оқыту

бағдарламасына көшiрiледi.

2014 жылға қарай қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика

бағыттары бойынша «Бейiндiк мектеп» бейiндiк оқыту бағдарламасы әзiрленедi

және сынақтан өткiзiледi.

Оқытудың 12 жылдық үлгiсi бойынша эксперименттiк алаң үшiн оқулықтар

мен ОӘК, түзеу бiлiм беру ұйымдары үшiн электрондық оқулықтар, аударма және

оқулықтар мен ОӘК-нi бейiмдеу жүзеге асырылады. Оқулықтарды әзiрлеу және

оқулықтарды сараптамадан өткiзу функциялары бөлiнедi.

2013 жылы оқытудың 12 жылдық моделiнiң бағдарламасы бойынша оқулықтар

мен ОӘК әзiрленiп, ал 2014 жылы олар сараптамадан өтедi.

2014 жылы 1, 5, 11-сыныптардың, 2015 жылы 2, 6, 12-сыныптардың, 2016

жылы 3, 4, 7-сыныптардың, 2017 жылы 8, 9, 10-сыныптардың оқушылары үшiн

оқытудың 12 жылдық моделiнiң бағдарламасы бойынша балама оқулықтар мен ОӘК-

лер дайындалады.

Қазақстандық оқулықтармен қатар ҚР БҒМ рұқсат берген тiзбеге енгiзiлген

математика, жаратылыстану мен техникалық ғылымдар бойынша анағұрлым сапалы

шетелдiк оқулықтар қолданылатын болады.

2015 жылы жалпы бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарының барлық оқушысы

жергiлiктi бюджет есебiнен тегiн оқулықтармен және сандық бiлiм ресурстарымен

қамтамасыз етiледi.

2015 жылы оқытудың 12 жылдық моделiне дәйектi көшу мынадай сызба

бойынша басталады:

Жылдар Оқытудың 12 жылдық

бағдарламасы бойынша

Оқытудың 11 жылдық

бағдарламасы бойынша

2015 – 2016 1, 5, 11 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 11

2016 – 2017 1, 2, 5, 6, 11, 12 3, 4, 7, 8, 9

2017 – 2018 1, 2, 3, 5, 6, 7, 11, 12 4, 8, 9

2018 – 2019 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 11,

12

9

2019 – 2020 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,

11, 12

11 жылдық мектептiң 9-сыныбынан 12 жылдық мектептiң 11-сыныбына көшу

2015 – 2016 оқу жылынан 2019 – 2020 оқу жылына дейiн жүзеге асырылады.

Оқытудың 12 жылдық моделiнiң 11 және 12-сыныптарында оқыту ақысыз болады.

Алдын ала деректер бойынша 2015 жылғы 1 қыркүйекте оқушылардың жалпы

саны шамамен 2,7 млн. баланы құрайды.

Олардың iшiнде 12 жылдық бағдарлама бойынша: 1-сыныпқа – 600 мың

баладан аса (шамамен 6 жастағы балалар – 450 мың және 7 жастағы балалар 150

мың). Сынып-жинақтардың болжамды саны – шамамен 30 мың

5-сыныпқа – 260 мыңнан астам, сынып-жинақтардың болжамды саны – шамамен

13 мың

11-сыныпқа – шамамен 175 мың бала, сынып-жинақтардың болжамды саны – 8

мыңнан астам.

2015 жылдан бастап жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң,

гимназиялардың, зияткерлiк мектептердiң, дарынды балаларға арналған

мамандандырылған мектептердiң жоғары сыныптарында «Бейiндiк мектеп» бейiндi

оқу бағдарламасы iске асырылады. Бейiндiк мектепке қабылдау ұлттық тестiлеу

негiзiнде жүзеге асырылады.

Бейiндiк мектепте оқуды 10-сынып бiтiрушiлерiнiң 60 %-ы жалғастырады

деп болжамданып отыр. Осы ретте бейiндiк мектеп ашу, оның iшiнде

жатақханамен, оның жартысынан көбiн ауылдық жерлерде ашу қарастырылып отыр.

Сонымен, бiр уақытта жоғары оқу орындарының базасында бейiндi оқыту

бағдарламасын iске асыратын мектептер құрылады. Бейiндiк мектепте (11 – 12-

сыныптар) оқу мен орналастыру мүмкiндiгi қарастырылатын 40 жоғары оқу орны

анықталған.

Жинақталған тәжiрибе мен халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, 2015

жылдан бастап Қазақстанның бiлiм жүйесiнiң құрылымы ХББСК-ға

сәйкестендiрiледi. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң

мамандықтар жiктеуiшi қайта қарастырылатын болады. Орта кәсiптiк бiлiмнiң

бөлек бiлiм бағдарламалары үшiншi бiлiм жүйесiне (қолданбалы бакалавриат)

ауыстырылады, колледждердiң мәртебесi артады. Қолданбалы бакалавриаттың

бағдарламаларына түсу үшiн толық орта бiлiмдi аяқтау қажет.

Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiнiң құрылымы

Оқушылардың оқу жетiстiктерiн сырттай бағалау жүйесi әлемдiк тәжiрибенi

ескере отырып дамиды.

Ұлттық тестiлеу бастауыш, негiзгi және бейiндiк мектептердi бiтiргеннен

кейiн:

бастауыш мектепте – iшiнара, оқушылардың оқу жетiстiктерiне мониторинг

жүргiзу мақсатында;

негiзгi мектепте (10 сыныптан кейiн) – оқытудың одан әрi жолын анықтау

мақсатында;

бейiндiк мектепте – алған бiлiм-бiлiгiнiң деңгейiн бағалау мақсатында

өткiзiледi.

2015 жылға қарай жазба тапсырмаларын қоса алғанда, бiлiм алушылар

құзыреттiлiктерiнiң қалыптасу деңгейiн анықтауға бағытталған тестiлеу

тапсырмаларының базасы құрылатын болады.

Сыртқы емтихандар жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып,

компьютерлiк тестiлеу әдiсiмен өткiзiледi.

Жоғары бiлiм алуға үмiткерлер тәуелсiз ұлттық тестiлеу нысанында

қосымша бейiндi емтихандар тапсыратын болады.

Бiлiм берудiң инновациялық, көптiлдi моделiн жасау мақсатында бiлiм

берудi үш тiлде ұсынатын мектептердiң саны 33-тен 700-ге дейiн көбейедi. Оның

iшiнде, «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» мектептер желiсiнiң саны 6-дан 20-

ға дейiн көбейтiледi. Бұл мектептер бiлiм берудiң көптiлдi моделiн, бiлiм

берудегi инновацияларды сынақтан өткiзу үшiн базалық алаңдар болады.

Қазақстан оқушыларының бiлiм беру сапасының халықаралық зерттеулерiне

қатысуы қамтамасыз етiледi: PISA (15–16 жастағы оқушылардың математика

сауаттылығы мен оқу және жаратылыстану бойынша сауаттылығын бағалау), TIMSS

(4 және 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану бойынша бiлiмiнiң

сапасын бағалау), PIRLS (оқу деңгейi мен сапасын салыстыру, әлем елдерiндегi

бастауыш мектеп оқушыларының мәтiндi түсiнуi), TIMSS ADVANSED (11-сынып

оқушыларының математика және жаратылыстану (физика) пәндерiн тереңдетiп

оқытатын сыныптарда сол пәндер бойынша сауаттылығын бағалау), ICILS (8-сынып

оқушыларының компьютерлiк және ақпараттық сауаттылығын бағалау).

Оқытудың 12 жылдық моделiнiң талаптарына сәйкес материалдық-техникалық

база жаңартылады.

Мектептердiң спорт залдарын қазiргi заманғы жабдықтармен жарақтандыру

мәселесi шешiледi.

Жергiлiктi бюджет қаражаттары есебiнен мектептерге сервистiк қызмет

көрсете отырып, оларды физика, химия, жаңа түрлендiрiлген биология

кабинеттерiмен, лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жарақтандыру

жалғастырылатын болады, олардың үлесi 35,6 %-дан 80 %-ға дейiн ұлғаяды.

2011 жылы бейiндiк мектептерге қойылатын техникалық талаптар мен оларды

жарақтандыруға қойылатын талаптар әзiрленедi.

Бұдан басқа, мектептердiң үш ауысымдығы мен апаттылығын жою мақсатында

мектептер салынатын болады.

ШЖМ проблемаларын шешу

ШЖМ-дағы бiлiм беру сапасын арттыру проблемаларын шешуге мынадай iс-

шаралар ықпал ететiн болады:

2011 жылы:

Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық бiлiм беру академиясының базасында ШЖМ-ды

дамытудың республикалық орталығы, педагог қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн

арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың жанынан 14 өңiрлiк орталық құрылады, ШЖМ

қызметiнiң үлгi ережесi әзiрленедi;

«Мектепке және мектептен тегiн әрi қауiпсiз жеткiзетiн мектептер жоқ

елдi мекендерде тұратын бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi қамтамасыз ету»

стандарты әзiрленедi және қабылданады.

2011 жылдан бастап:

оқушылар саны 10 және одан көп барлық ШЖМ жаңа түрдегi компьютерлермен

және кең жолақты Интернетке қол жеткiзумен қамтамасыз етiледi. Қашықтықтан

оқыту «e-learning» электрондық оқыту шеңберiнде ұйымдастырылады;

160 тiрек мектеп ашылады.

Тiрек мектеп (ресурстық орталық) – базасында жақын маңдағы ШЖМ-ның

бiлiм беру ресурстары шоғырланатын бiлiм беру ұйымы. Әрбiр ресурстық

орталыққа бiрнеше ШЖМ бекiтiледi. ШЖМ-дағы балалар үш рет (оқу жылының

басында, ортасында және соңында) он күннен (сессия) тiрек мектепте бiлiм

алады әрi онда аралық және қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессияаралық

кезеңде ШЖМ-да оқыту тiрек мектеп мұғалiмдерiнiң қатысуымен және қашықтықтан

оқыту технологияларының көмегiмен жүргiзiледi. Осылайша, ресурстық орталықтар

ШЖМ оқушыларының сапалы бiлiмге қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.

2020 жылға қарай ШЖМ, негiзiнен, бастауыш және негiзгi орта бiлiм

деңгейлерi үшiн жұмыс iстейдi.

ШЖМ проблемасы тiрек мектептер (ресурстық орталықтар), интернаттар,

жеткiзу есебiнен шешiледi.

Инклюзивтi бiлiм жүйесiн дамыту

2015 жылға қарай аталған мiндеттi шешу үшiн:

мүмкiндiктерi шектеулi балаларды бiрiктiрiп оқытудың модульдiк

бағдарламалары;

мүмкiндiктерi шектеулi балаларды жалпы бiлiм беретiн ортада бiрiктiрiп

оқыту ережесi әзiрленедi, түрлi кемiстiгi бар балалар үшiн бiрiгу нысандары

анықталады;

мүгедек балаларға қашықтықтан бiлiм берудi ұйымдастыру қағидалары

әзiрленедi.

2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшiн көтергiш жабдықтар,

пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы

парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен

жарақтандыру арқылы «кедергiсiз аймақтар» құрылады.

3030 мектепте мүмкiндiктерi шектеулi балаларды оқытуға және тәрбиелеуге

тең қол жеткiзу үшiн жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-

дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудiң, арнайы

жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы).

Үйде бiлiм алатын мүгедек балалар жеке мүмкiндiктерi мен қажеттiлiктерi

ескерiле отырып, компьютерлiк техникамен және компьютерлiк қамтамасыз ету

жинақтарымен қамтамасыз етiледi.

Жоғарыда айтылған мiндеттерден басқа өзге де бiрқатар мәселелердi шешу

қажет.

Қосымша бiлiм беру мазмұны жетiлдiрiлетiн болады.

Тұлғаның шығармашылық құзыретiндегi, үздiксiз бiлiм беру мен

тәрбиелеудегi, кәсiби өзiн-өзi анықтаудағы бәсекелi артықшылықтарын

қалыптастыру мақсатында негiзгi бағыттар: шығармашылық-эстетикалық ғылыми-

техникалық экологиялық-биологиялық туристiк-өлкетанушылық әскери-патриоттық

әлеуметтiк-педагогикалық бiлiм беру-сауықтыру және т.б. бойынша балаларға

қосымша бiлiм беру мазмұны жаңартылады.

Қосымша бiлiм беретiн педагогтердi және аралас мамандықтардың педагог

ұйымдастырушыларын даярлау бағдарламасы жетiлдiрiледi.

2015 жылға қарай қосымша бiлiм беру ұйымдарының желiсi ұлғайып, 625-ке

жетедi.

Бұл балаларды қосымша бiлiммен қамтуды 23 %-ға дейiн көбейтуге

мүмкiндiк бередi.

Мектептерде спорт секцияларын құру арқылы дене шынықтыруды

ұйымдастырудың мектептен тыс нысандары жетiлдiрiлетiн болады.

Құқық бұзушылықтар мен басқа да бейәлеуметтiк құбылыстардың алдын алу

бойынша әрбiр бiлiм алушыны жекелей психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудi

қамтамасыз ету жолымен қосымша бiлiм беру конкурстары мен олимпиадаларының

жүйесi арқылы оқушылардың қоғамдық және әлеуметтiк белсендiлiгiн

қалыптастыратын балалар қоғамдық бiрлестiктерi дамиды.

Жалпы оқытудың, мектептегi тамақтану мен медициналық қызмет көрсетудiң

тиiмдi менеджментiн ұйымдастыру

Жалпы оқыту

2015 жылы оқушылардың қозғалыс мониторингiнiң бiрыңғай ведомствоаралық

кешендi ақпараттық жүйесi «Жалпы оқытуды», оның iшiнде оқумен қамтылмаған

«тәуекел топтарының» балаларын дербес есепке алу бойынша деректер базасымен

бiрге енгiзу жоспарлануда.

«Жалпы оқыту» жүйесiн пайдалану жалпы оқытуды қамтамасыз етуге

функционалды түрде тартылған түрлi басқару органдарының келiсiлген iс-

қимылдарын қамтамасыз етедi және балаларды мiндеттi орта бiлiммен қамту

туралы нақты ақпаратты алуға мүмкiндiк бередi.

Мектептегi тамақтану

2011 жылдан бастап облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бiлiм

беру органдарының жанынан мектепте тамақтануды ұйымдастырудың, оның iшiнде

бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiнiң тамақтану

сапасы мен қауiпсiздiгiнiң мониторингi бойынша ведомствоаралық сарапшы топтар

құрылады.

Мектеп оқушыларын тегiн тамақтанумен қамту көрсеткiшi барлық деңгейдегi

әкiмдер рейтингiн бағалауға енгiзiледi: 2012 жылы – табысы аз отбасылардан

шыққан оқушыларға, 2020 жылы – бастауыш және мектепалды сыныптар оқушыларына.

2015 жылға қарай табысы аз отбасы оқушыларының 100 %-ы және 2020 жылға

қарай мектептердiң бастауыш және мектепалды сыныптар оқушыларының 100 %-ы

ыстық дәрумендiрiлген тамақпен тегiн қамтамасыз етiледi.

2020 жылға қарай орта жалпы бiлiм беретiн ауыл мектептерiнiң 100 %-ында

күрделi жөндеуден өткен және жаңа жабдықтармен жарақтандырылған толық

кезеңдiк асхана жұмыс iстейтiн болады.

2020 жылға қарай мектептiң барлық оқушысы мектептерде стационарлық су

тазартқыштар, спенсерлер, диспенсерлер және басқа да құралдар орнату арқылы

экологиялық таза ауыз сумен қамтамасыз етiледi.

Медициналық қызмет көрсету

2015 жылға қарай мектеп жасындағы, оның iшiнде ауылдық жерлердегi

балаларды медициналық тексеру 100 % қамтамасыз етiледi.

Диспансерлiк есепте тұрған мектеп жасындағы балалардың үлесi 70 %-дан

50 %-ға дейiн, оқушылардағы асқазан-iшек жолының ауруы – 28,2 %-дан 18 %-ға

дейiн, сколиозбен (мүсiнiнiң бұзылуы) ауыратындар – 2 %-дан 1 %-ға дейiн

төмендейдi.

Денсаулығы нашар 60 %-ы балалардың арнайы медициналық топтардағы дене

шынықтырумен шұғылдануға мүмкiндiк алады.

Осылайша «Орта бiлiм» бағыты бойынша 2020 жылға қарай:

барлық мектептерге 12 жылдық бiлiм беру моделi енгiзiледi;

орта бiлiмнiң инфрақұрылымын дамыту жалғасады және мектептер техникалық

жарақтанумен қамтамасыз етiледi;

ШЖМ бiрыңғай ақпараттық желiге қосылады;

қосымша бiлiм беру бiлiм алушылар үшiн беделге ие болады және тұлғаның

кәсiби қалыптасуына ықпал етедi. Қосымша бiлiм берумен бiлiм алушылар мен

тәрбиеленушiлердiң 30–50 %-ы қамтылады;

инклюзивтi бiлiм жүйесi енгiзiледi:

инклюзивтi бiлiм үшiн жағдай жасайтын мектептердiң үлесi мектептердiң

жалпы санынан 70 %-ға ұлғаяды;

мүгедек балалар үшiн «кедергiсiз қол жеткiзудi» жасайтын мектептердiң

үлесi мектептердiң жалпы санынан – 20 %;

инклюзивтi бiлiммен қамтылған балалардың үлесi даму мүмкiндiгi шектеулi

балалардың жалпы санынан – 50 %.

медициналық қызмет көрсету мен мектептегi тамақтанудың тиiмдi

менеджментi ұйымдастырылады;

оқушылар жалпы бiлiм беретiн мектепте сапалы медициналық қызмет ала

алады. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде медициналық кабинеттердi ашу және оның

қызмет етуiн қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады;

мемлекеттiк-жеке әрiптестiк негiзiнде облыс орталықтарында, Астана және

Алматы қалаларында мектептегi тамақтанудың 16 энергия үнемдегiш комбинаты

салынады, республика мектептерiнiң 50 %-ының мектептегi ас блоктарының

материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Сапалы, дәрумен қосылған және

қауiпсiз мектептегi тамақтануды ұйымдастыру мониторингiнiң жүйесi енгiзiледi.

Техникалық және кәсiптiк бiлiм

Мақсаты:

Қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына

сәйкес ТжКБ жүйесiн жаңғырту, әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне кiрiгу.

Мiндеттерi:

1. Экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере

отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiм (бұдан әрi – ТжКБ) мазмұнының

құрылымын жаңарту.

2. Экономика салалары үшiн кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту.

3. ТжКБ-да бiлiм алудың беделiн арттыру.

Нысаналы индикатор:

Жұмыс берушiлер қоғамдастығында бiлiктiлiктi тәуелсiз бағалаудан

алғашқы реттен өткен ТжКБ түлектерiнiң қатысушылардың жалпы санынан үлесi

(2015 жылы – 60 %, 2020 жылы – 80 %).

ТжКБ оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша бiлiм

алған түлектердiң оқуды бiтiргеннен кейiнгi алғашқы жылы жұмыспен

қамтылғандардың және жұмысқа орналасқандардың үлесi (2015 жылы – 78 %, 2020

жылы – 80 %).

Ұлттық институционалды аккредиттеу рәсiмiнен өткен колледждердiң үлесi

(2015 жылы – 10 %, 2020 жылы – 30 %).

Техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң құрылымы мен мазмұнын экономиканың

индустриялық-инновациялық дамуының сұраныстарын ескере отырып жаңарту

Ұлттық және салалық бiлiктiлiк шеңберiнiң негiзiнде кадрлар даярлау

құрылымы ретке келтiрiлетiн болады.

Мамандар даярлау еңбек нарығының болжанған қажеттiлiктерiне сәйкес

жүзеге асырылатын болады.

Кәсiптiк стандарттардың талаптарына сәйкес:

ТжКБ-ның мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттары, бiлiм беру

бағдарламалары жаңартылады;

арнайы пәндер бойынша типтiк оқу бағдарламалары, оқу әдебиеттерi

әзiрленедi;

бiрнеше бiлiктiлiк алу үшiн модульдiк бағдарламалар әзiрленедi,

модульдiк бағдарламалардың дерекқоры құрылады.

Бiлiм алушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшiн оқу

жоспарларындағы кәсiптiк практиканың үлесi 60 %-ға дейiн ұлғаятын болады. Бұл

үшiн практика базасы жұмыс берушiлермен әрiптестiк есебiнен кеңейтiледi.

Бiлiм алушылардың бойында қажеттi құзыреттiлiктердi қалыптастыратын

заманауи бiлiм беру технологиялары оқу процесiне енгiзiлетiн болады.

Озық әлемдiк тәжiрибе мен қолданбалы зерттеулер жүргiзудiң негiзiнде

ТжКБ жүйесiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету жетiлдiрiлетiн болады.

Республикалық және облыстық ғылыми-әдiстемелiк кабинеттер тиiмдi жұмыс

iстейтiн болады, ТжКБ ұйымдарының кiтапханалары қажеттi оқу әдебиетiмен

толықтырылады.

Экономика салалары үшiн кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту

Жастардың кәсiптiк бiлiм алуына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн

кәсiптiк лицейлер мен жатақханалар салу есебiнен оқушы орындарының саны

өседi. Атырау қаласында – мұнай-газ саласы бойынша, Екiбастұз қаласында –

отын-энергетика саласы бойынша, Шымкент қаласында - өңдеу және Өскемен

қаласында – машина жасау салалары бойынша 4 өңiраралық кәсiптiк орталық жұмыс

iстейтiн болады.

Оқу орындары шарт негiзiнде өндiрiстiк практикадан, тағылымдамадан өту

үшiн базалық кәсiпорындарға бекiтiлетiн болады.

ТжКБ-ның 70 %-дан астам мемлекеттiк оқу орындары заманауи оқу-

өндiрiстiк және технологиялық жабдықтармен, ақпараттық технологиялармен қайта

жарақтандырылады. Оқу орындарын заманауи оқу-өндiрiстiк және технологиялық

жабдықтармен жаңартуға және қайта жарақтандыруға жергiлiктi, республикалық

бюджет, жұмыс берушiлер қаражаты, халықаралық ұйымдардың заем қаражаты

есебiнен тартылады.

Экономика салаларына мамандардың бiлiктiлiктерiн сертификаттаудың

тәуелсiз жүйесiн енгiзе отырып, жоғары бiлiктi жұмысшы кадрлар даярлау

сапасын реттеу, оның iшiнде жергiлiктi жерлерде «оқушылық» түрiнде қамтамасыз

етiлетiн болады.

Кадрлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету, қосымша қаражат

тарту үшiн ТжКБ оқу орындары мамандар даярлау бейiнiне сәйкес, оның iшiнде

тең құрылтайшылық арқылы ұлттық холдингтер мен компанияларға, транс-ұлттық

корпорациялар мен шетелдiк инвесторларға бекiтiлетiн болады.

Дүниежүзiлiк Банктiң займы шеңберiнде инновациялық даму бағдарламаларын

iске асыратын оқу орындарын атаулы қаржылай қолдау жүйесi құрылатын болады.

ТжКБ-да оқыту беделiн арттыру

ТжКБ жүйесiнде оқытудың тартымдылығы мен беделдiлiгiн арттыру үшiн:

әлеуметтiк-педагогикалық қызметтер жоқ ТжКБ оқу орындарының жанынан

мансаптық басшылық орталықтары (бiлiм беру ұйымдарының құрылымдық

бөлiмшелерi) құрылады;

бiлiм алушылардың, өндiрiстiк оқыту шеберлерi мен арнайы пән

оқытушыларының арасында «Үздiк оқу орны», «Ең үздiк маман» республикалық

конкурстары өткiзiледi;

үздiк бiлiм алушылар халықаралық кәсiби шеберлiк конкурстарына

қатысатын болады.

Өнертапқыштық және өнертабыстық қызметке, техникалық шығармашылыққа

бейiм талантты бiлiм алушылар анықталады және оларға қолдау (гранттар мен

жұмыс берушiлердiң атаулы стипендиялары, жұмыс берушiлер ұйымдастыратын және

қаржыландыратын конкурстар арқылы) көрсетiлетiн болады.

Жұмысқа орналастыруға ықпал ету үшiн еңбек нарығындағы бос орындар

базасымен өзара байланысты сертификатталған түлектердiң дерекқоры құрылатын

болады.

ТжКБ-ны дамыту жөнiндегi республикалық, өңiрлiк және салалық

кеңестердiң өзара iс-қимылы ТжКБ-ны дамытуға, кадрлар даярлауға және бiлiм

ұйымы, кәсiпорын мен студент арасында келiсiм жасау арқылы жұмысқа

орналастыруға бизнес пен кәсiби қоғамдастықтың белсендi қатысуын қамтамасыз

етедi.

2020 жылға қарай:

Кадрларды ұлттық бiлiктiлiк жүйесi негiзiнде даярлау толықтай еңбек

нарығының сұраныстарына сәйкестендiрiледi.

Оқу орындарының оқу-өндiрiстiк шеберханалары мен зертханалары заманауи

оқу-өндiрiстiк және технологиялық жабдықтармен, ақпараттық технологиялармен

жарақтандырылады.

Кәсiпорындардың нақты сұраныстарын ескере отырып, кооперативтiк оқыту

кең түрде енгiзiледi.

ТжКБ оқу орындарындағы оқыту жастар үшiн тартымды және беделдi болады.

Бизнес пен кәсiби қауымдастық ТжКБ-ны дамытуға және кадрлар даярлауға

белсендi қатысады.

Экономика салаларында жұмыс берушiлердiң қатысуымен бiлiктiлiктi

сертификаттаудың тәуелсiз орталықтары жұмыс iстейтiн болады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм

Мақсаты:

Еңбек нарығының, елiмiздiң индустриялық-инновациялық даму мiндеттерiн

және жеке тұлғаның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын және бiлiм беру

саласындағы үздiк әлемдiк тәжiрибелерге сай келетiн жоғары бiлiм сапасының

жоғары деңгейiне қол жеткiзу.

Мiндеттерi:

1. Елiмiздiң индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай келетiн

жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрлармен қамтамасыз ету.

2. Жоғары бiлiмнiң еуропалық аймағына кiрiгудi қамтамасыз ету.

3. Бiлiмнiң, ғылымның және өндiрiстiң кiрiгуiн қамтамасыз ету,

зияткерлiк меншiк пен технологиялардың өнiмдерiн коммерцияландыру үшiн жағдай

жасау. Жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау.

Нысаналы индикаторлар:

Жұмыс берушiлер қоғамдастығында бiлiктiлiктi тәуелсiз бағалаудан бiрден

өткен жоғары оқу орындары түлектерiнiң оған қатысқандардың жалпы санынан

үлесi (2020 жылы – 80 %).

Мемлекеттiк тапсырыс бойынша жоғары оқу орындары түлектерiнiң мамандығы

бойынша жоғары оқу орнын бiтiрген жылы жұмысқа орналасқанының үлесi (2015

жылы – 78 %, 2020 жылы – 80 %).

Әлемнiң таңдаулы университеттерi рейтингiнде көрсетiлген Қазақстанның

жоғары оқу орындарының саны (2015 жылы – 1, 2020 жылы – 2).

Халықаралық стандарттар бойынша тәуелсiз ұлттық институционалды

аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесi (2015 жылы – 50 %, 2020

жылы – 65 %).

Халықаралық стандарттар бойынша тәуелсiз ұлттық мамандандырылған

аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесi (2015 жылы – 20 %, 2020

жылы – 30 %).

Отандық ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн өндiрiске енгiзудiң негiзiнде

бiлiм мен ғылымды кiрiктiру жолымен инновациялық қызметтi жүзеге асыратын

жоғары оқу орындарының үлесi (2015 жылы – 2 %, 2020 жылы – 5 %).

Соңғы 5 жыл iшiнде импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланымдары

жарық көрген профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлердiң үлесi

(2015 жылы – 1 %, 2020 жылы – 5 %).

Елiмiздiң индустриялық-инновациялық дамуының жобаларына сәйкес келетiн

жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрлармен қамтамасыз ету

Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының құрылымы үдемелi индустриялық-

инновациялық дамудың сұраныстарына сәйкес өзгертiлетiн болады.

Үдемелi индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға

арналған мемлекеттiк бағдарламаның (бұдан әрi – ҮИИДМБ) басымдықтарына сәйкес

келетiн мамандықтар бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы ұлғайтылады.

Бiлiм ұйымы, кәсiпорындар мен ҮИИДМБ жобалары үшiн мамандар даярлауды

жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында мемлекеттiк тапсырыс бойынша оқитын

студенттермен практикадан өту және жұмысқа орналасу жөнiнде шарттар жасалатын

болады.

Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк

бiлiм беру тапсырысының көлемi: магистратурада және PhD докторантурада, оның

iшiнде Назарбаев Университетi үшiн ұлғаяды.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша стипендиаттардың 100 %-ы

магистратурада, докторантурада, ғылыми тағылымдамаларда оқитын болады,

бакалавриатта – бiр семестрден академиялық бiр жылға дейiн.

ЖОО-ның кафедрааралық байланысы негiзiнде жоғары және жоғары бiлiмнен

кейiнгi бiлiмдi мамандар даярлау қарастырылады.

Жоғары бiлiм беру жүйесiнде педагогикалық және техникалық

мамандықтардың студенттерiне өндiрiсте кеңейтiлген практика енгiзiлетiн

болады.

ЖОО-лар базасында ғылымды қажетсiнетiн өнiмдер мен қызметтер жасау үшiн

ЖОО-лардың, бейiндi ғылыми ұйымдар мен кәсiпорындардың консорциумдары

құрылатын болады.

Әлеуметтiк әрiптестер ҮИИД-ға кадрларды даярлау үшiн гранттар мен

стипендиялар (ҮИИДМБ-дiң әр жобасынан 5 грант/стипендия) бөледi.

ҮИИД-iң жобаларын iске асыратын кәсiпорындарда өндiрiстiк практика

базалары құрылатын болады.

Жоғары бiлiмнiң мазмұны мен құрылымын Болон процесiнiң параметрлерiне

сәйкес келтiру арқылы жоғары бiлiмнiң еуропалық аймаққа кiрiгуiн қамтамасыз

ету

Болон процесiнiң шеңберiнде мынадай мiндеттi, ұсынымдық параметрлерi

орындалады:

академиялық еркiндiк – бiлiм беру бағдарламаларының құрылымы мен

мазмұнында таңдау бойынша компонент көбейедi: бакалавриатта 70 %-ға дейiн,

магистратурада 80 %-ға дейiн, докторантурада 90–95 %-ға дейiн;

Болон декларациясы принциптерiнiң бiрi ретiнде академиялық ұтқырлықты

дамыту мақсатында студенттер оқудың барлық кезеңiнде кемiнде бiр академиялық

мерзiмде шетелде оқытылады, оның iшiнде Президенттiң «Болашақ»

бағдарламасының гранты есебiнен;

ЖОО-лардағы тәрбие жұмыстарын күшейту;

сыбайлас жемқорлық деңгейiн едәуiр төмендету;

ЖОО-лардың академиялық, қаржылық және басқарушылық қызметiнде ЖОО-

лардың автономдық ұстанымдары iске асырылады;

12 жылдық бiлiм берудi iске асыру шеңберiнде бакалавриаттың бiлiм беру

бағдарламаларының құрылымындағы жалпы бiлiм беретiн пәндер циклiнiң үлесi 25

%-дан 15 %-ға дейiн азаяды;

еңбек нарығының сұраныстарына арналған елiмiздiң жоғары оқу орындарының

бiлiм беру бағдарламаларының икемдi әрекет ету тетiгi енгiзiледi – модульдiк

бiлiм беру бағдарламалары әзiрленедi;

Болон процесiнiң және академиялық ұтқырлық орталығы құрылады.

Еңбек және жұмыспен қамтудың уәкiлеттi органымен бiрлесiп, салалық

министрлiктер мен жұмыс берушiлердiң қатысуымен Ұлттық бiлiктiлiк жүйесi

құрылады:

бiлiм берудiң түрлi деңгейлерiндегi қазiргi бiлiктiлiктер ұлттық және

халықаралық еңбек нарықтарында танылатын көпдеңгейлi бiлiктiлiк жүйесiне

бiрiктiрiледi;

жұмыс берушiлер бiрлестiктерi нақты мамандықтар шеңберiнде бiлiктiлiк

талаптарына сай келетiн кәсiптiк стандарттарды әзiрлейдi;

мамандардың кәсiби дағдылары мен бiлiктiлiктерiнiң сапасын тәуелсiз

бағалау мен сертификаттау жүйесi енгiзiледi.

ЖОО-лар әзiрлеген бiлiм беру бағдарламалары Ұлттық бiлiктiлiк жүйесi

талаптарына сай келетiн болады.

Бiлiм беру бағдарламаларын iске асыруға және ғылыми-зерттеу қызметiн

жүзеге асыру көлемiне байланысты мынадай республиканың ЖОО жiктеуiшiнiң

жүйесi құрылады: ұлттық зерттеу университеттерi, ұлттық жоғары оқу орындары,

зерттеу университеттерi, университеттер, академиялар мен институттар.

Назарбаев Университетi моделi негiзiнде бiлiм, ғылым, қаржы,

халықаралық және басқа қызметтi жүзеге асыруда дербес болу деп түсiндiрiлетiн

жоғары оқу орындары автономиясының принциптерi әзiрленетiн болады.

Мемлекеттiк ЖОО-лар автономды коммерциялық емес ұйымдар болады. Сонымен қатар

ЖОО-лар есеп беруге тиiстi қамқоршылық кеңестер, сондай-ақ жоғары оқу

орындарының қызметi айқындалатын тетiктер құрылады. Мемлекеттiк ЖОО-лар үшiн

ректорларды тағайындау тетiгi жетiлдiрiледi.

Елiмiздiң ЖОО-ларына кезең-кезеңiмен автономия беру үшiн жағдайлар

жасалады. 2015 жылдан бастап автономия ұлттық зерттеу университеттерiне, 2016

жылдан бастап – ұлттық жоғары оқу орындарына, 2018 жылдан – қалған жоғары оқу

орындарына берiледi.

2016 жылдан бастап үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың басым

салаларының салалық бiлiктiлiк шеңберiне сәйкес бiлiм беру бағдарламаларын

әзiрлеу жұмысы жалғастырылатын болады.

Жоғары бiлiм сапасын бағалау жүйесiнiң жоғары тиiмдiлiгiн қамтамасыз

ету

Уәкiлеттi органның тiзiлiмiне енгiзiлген аккредиттеу ұйымдары жоғары

оқу орындарын аккредиттеудi жүргiзедi.

2020 жылға қарай ұлттық аккредиттеу органдары Аккредиттеу

агенттiктерiнiң тiзiлiмiне енедi (Еуропалық сапаны қамтамасыз ету

агенттiктерiнiң тiзiлiмi).

2012 жылдан бастап аккредиттеудi коммерциялық емес үкiметтiк емес

аккредиттеу агенттiктерi жүзеге асырады.

ЖОО-ын ұлттық аккредиттеуден өтуге уәждейтiн шарттар әзiрленедi. Атап

айтқанда, Уәкiлеттi органның тiзiлiмiне енгiзiлген агенттiктерде

институционалдық және арнайы аккредиттеуден өткен ЖОО-лар аккредиттеу

мерзiмiнде аккредиттеу бағдарламалары бойынша мемлекеттiк аттестаттаудан

босатылады. Олар өзiндiк үлгiдегi дипломдар бере алады, анағұрлым жоғары

деңгейдегi бағдарламаларды iске асыра алады, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

бойынша оқыта алады.

2015 жылдан бастап ЖОО мен колледждер үшiн мемлекеттiк аттестаттау

ұлттық институционалды аккредиттеуге толық ауысады. Мемлекеттiк бақылауды

мемлекеттiк органдар лицензиялық тексерiстер нысанында жүзеге асырады.

Ұлттық ЖОО-лар ұлттық аккредиттеумен қатар халықаралық мамандандырылған

аккредиттеуден өтедi.

Қазақстандық ЖОО-лардың 65 %-ы халықаралық стандарттарға сәйкес

тәуелсiз ұлттық институционалды аккредиттеуден өтедi. Сонымен қатар ЖОО-лар

тәуелсiз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өтетiн болады.

Ұлттық тәуелсiз рейтингтер өткiзуде мемлекеттiк қаржылық қолдау

көрсетiледi.

Қазақстанның ЖОО-лары әлемнiң үздiк университеттерiнiң рейтингiне

қатысады. Кемiнде екi ЖОО әлемнiң үздiк университеттерiнiң рейтингiнде

аталады.

ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын дамытуды қамтамасыз ету

2014 жылдан бастап жыл сайын оқу-зертханалық базасы жаңартылатын ЖОО-

лардың үлесi 10 %-ға көбейедi. ЖОО-лардың материалдық-техникалық базасын

дамыту үшiн мемлекеттiк-жеке әрiптестiк есебiнен қаражат тартылатын болады.

Жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлiмшелерi болатын 4 Орталық

құрылады: Бизнес-инновациялық орталық (жоғары бiлiм мен инновациялар аймағы);

Жұмысшы кәсiбiнiң орталығы және Дәнекерлеу орталығы; Тамақ технологиялары

бойынша шағын цехы бар азық-түлiк қауiпсiздiгi орталығы, конкурс негiзiнде

Аудармашылар бюросы.

Оқу-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу және оларды басып шығару,

оқулықтарды мемлекеттiк тiлге аудару, ЖОО кiтапханаларын қажеттi оқу

әдебиетiмен толықтыру қамтамасыз етiледi. Қазақстандық оқулықтармен қатар

таңдаулы шетелдiк оқулықтар қолданылады, әсiресе экономикалық, техникалық

және жаратылыстану ғылымдары бойынша.

Бiлiмнiң, ғылымның және өндiрiстiң кiрiгуiн қамтамасыз ету, зияткерлiк

меншiк пен технологиялардың өнiмдерiн коммерцияландыру үшiн жағдай жасау.

Жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау

Iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi, басқа ғылыми-техникалық,

тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзуде қатысатын

зерттеу университеттерi құрылады, олардың даму бағдарламаларын Қазақстан

Республикасының Үкiметi бекiтедi. Зерттеу университеттерiнiң негiзгi мiндетi

жоғары және жоғары бiлiмнен кейiнгi бiлiм деңгейлерiнiң барлығында ғылыми

қызметпен бiлiм беру процесiн бiрiктiру болады. Зерттеу университетi жоғары

және жоғары бiлiмнен кейiнгi бiлiм бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруға,

сондай-ақ оқуға қабылдау кезiнде бейiндi бағыттың қосымша талаптарын

белгiлеуге құқылы.

Бiлiм мен ғылымның бiрiгуi жекелеген ғылыми-зерттеу институттарын

заңдық дербестiк құқығымен жетекшi зерттеу университеттердiң құрамына беру

арқылы жүзеге асырылады.

Елдiң индустриялық-инновациялық даму бағыттарын iске асыру үшiн жоғары

оқу орындары негiзiнде инновациялық құрылымдар құру үшiн базалық ЖОО-ны

айқындау тетiктерi әзiрленедi:

бизнес-инкубаторлар, оның iшiнде:

2013 жылы – «Энергетика» бағыты бойынша; 2014 жылы – «Мұнай өңдеу және

мұнай-газ секторының инфрақұрылымы»; 2015 жылы – «Химия өнеркәсiбi»;

технопарктер, оның iшiнде:

2013 жылы – «Металлургия және дайын металл өнiмдерiн өндiру» бағыты

бойынша; 2014 жылы – «Машина жасау»; 2015 жылы – «Жеңiл өнеркәсiп»;

ғылыми әзiрлемелер мен технологияларды коммерцияландыру орталықтары.

Елiмiздiң жетекшi ЖОО-лары жанынан жоғары бiлiктi ғылыми-педагог

кадрларды даярлау және инновациялық қызметтi дамыту мақсатында ғылыми

зерттеулер жүргiзу, зияткерлiк меншiк құқығын қорғауды одан әрi қамтамасыз

ете отырып, зияткерлiк меншiктiң бәсекеге қабiлеттi өнiмдерiн жасау үшiн

ғылыми және жобалық-конструкторлық ұйымдардың бiрлескен құрылымдық

бөлiмшелерi ашылады: 2011 жылы – 5 бiрлескен құрылымдық бөлiмше; 2012 жылы –

8, 2013 жылы – 10, 2014 жылы – 12, 2015 жылы – 15.

Жеке меншiк секторды ғылыми және инновациялық қызметке тарту бойынша

оларды экономикалық ынталандыру шаралары әзiрленген.

2015 жылдан бастап Назарбаев Университетi жоғары кәсiби мамандар мен

жас ғалымдарды оқытып шығарады. Назарбаев Университетiнiң тәжiрибесi

бiртiндеп елдiң жұмыс iстеп тұрған жоғары оқу орындарына енгiзiледi.

2016 жылдан бастап:

жетекшi шетелдiк әрiптес жоғары оқу орындарымен бiрлесiп, бiлiм беру

бағдарламалары әзiрленедi;

жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өнiм жасау үшiн

экономиканың басым бағыттарында ғылыми зерттеулер жүргiзiледi;

әрiптес университеттермен және шетелдiк ғылыми орталықтармен бiрлесу

жүзеге асырылады.

Нәтижесiнде, iргелi және қолданбалы зерттеулердi кеңейту үшiн

университеттердiң маңызды ғылыми әлеуетi тиiмдi қолданылады, олардың

кешендiлiк және практикалық нәтижелiлiгi артады.

Өмiр бойы оқу

Мақсаты:

Өмiр бойы бiлiм алу жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.

Мiндетi:

Баршаға арналған бiлiм, өмiр бойы бiлiм алу үшiн жағдай жасау.

Нысаналы индикатор:

Барлық жастағылар үшiн бiлiм берудiң әртүрлi нысандары мен типтерiн

енгiзу.

Өмiр бойы оқу бiлiм алудың барлық деңгейiнде адамның бiлiм алуға деген

қажеттiлiктерiн қанағаттандырудың түрлi мүмкiндiктерiн жасау есебiнен жүзеге

асырылады.

2020 жылға қарай өмiр бойы оқу үшiн жасына, бiлiмi мен кәсiби

бiлiктiлiк деңгейiне қарамастан жағдайлар жасалатын болады.

Жасына және әлеуметтiк жағдайына қарамастан барша халыққа техникалық

және кәсiптiк, жоғары бiлiм жүйесiнде оқытудың түрлi нысаны және бiлiм беру

қызметтерiн жекеше берушiлер арқылы (қашықтықтан оқыту, қайта бiлiктiлiк

беру, формалды, формалды емес, инклюзивтi қысқа мерзiмдi курстар) жаңа

базалық дағдыларды игерудi қоса алғанда, негiзгi дағдыларды игеру мен

жетiлдiру мүмкiндiгi ұсынылатын болады. Оқу орындарымен, сондай-ақ әлеуметтiк

әрiптестермен бiрлесiп, өндiрiстен қол үзбей оқыту қарастырылатын болады.

Бiлiм беру ұйымдарында 2016 жылдан бастап мүмкiндiктерi шектеулi

адамдарды кәсiби даярлау үшiн жағдайлар жасалатын болады, модульдiк бiлiм

беру бағдарламалары жасалады.

Халықтың ересек тобын қайта мамандандырудың ваучерлiк жүйесi

әзiрленетiн болады.

Өндiрiсте жұмыс iстей жүрiп, адам өзi оқытудың түрлерiн, қарқынын және

мерзiмiн таңдап, бiлiм алу процесiн дербестендiре алады. Бiлiм алушылардың

тәуелсiз коммерциялық емес агенттiктерде өздерiнiң алған бiлiктiлiк деңгейiн

бағалаудан өтiп, сертификаттар алуы арқылы мемлекеттiк және жекеше бiлiм беру

қызметтерiн ұсынушыларды оқыту нәтижелерiн тануда тиiмдi шаралар әзiрленетiн

болады.

Өмiр бойы оқыту оқытудың формалды және формалды емес нысандарының

тұтастай спектрiн, инклюзивтi бiлiм берудi қоса алғанда, мектеп жасына

дейiнгi жастан бастап зейнеткерлiкке шығу жасынан кейiнгi оқытуды қамтитын

болады.

Инклюзивтi бiлiмдi дамыту тиiстi бейiндегi мамандарын даярлауды жүзеге

асыратын жоғары оқу орындарының жанынан консультациялық-практикалық

орталықтардың құрылуына ықпал етедi.

Жұмыс берушiлер оқу бағдарламаларын қоса қаржыландыруға және әрбiр

қызметкердiң үздiксiз бiлiмге қатысуына мүмкiндiк беретiн икемдi сызбаларды

дайындауға тартылады.

Барша қазақстандық азаматтар мемлекеттiк тiлдi толық меңгергенге дейiн

тiлдердi меңгерудiң халықаралық стандарттары негiзiнде мемлекеттiк тiлдi

үздiксiз оқытатын «Балабақша - мектеп, кәсiптiк лицей, колледж – жоғары оқу

орындары» жүйесi құрылатын болады.

Қазақстан азаматтары (оқушылар, студенттер, магистранттар, түрлi сала

қызметкерлерi) мен Қазақстанда жұмыс iстейтiн шетелдiк азаматтар үшiн

сертификат бере отырып, қазақ тiлiн бiлу деңгейiн бағалау жүйесi – Қазтест

енгiзiледi.

Тәрбие жұмысы және жастар саясаты

Мақсаты:

Жастардың бойында белсендi азаматтық ұстанымды, әлеуметтiк

жауапкершiлiктi, отансүйгiштiк сезiмдi, жоғары адамгершiлiк және көшбасшылық

қасиеттердi қалыптастыру.

Мiндетi:

Жастарды отансүйгiштiкке тәрбиелеу және олардың азаматтық

белсендiлiгiн, әлеуметтiк жауапкершiлiгiн және әлеуетiн ашу тетiктерiн

қалыптастыру жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыру.

Нысаналы индикатор:

Жастар саясаты саласындағы iс-шараларды iске асыруға белсендi қатысатын

жастардың олардың жалпы санынан үлесi (2015 жылы – 27 %, 2020 жылы – 55 %).

Жастар саясатын iске асыру қазақстандық патриотизмдi, рухани-

адамгершiлiк мәдениеттi тәрбиелеу, ұлттық сәйкестiктi қалыптастыру негiзiнде

жүзеге асырылады.

2011 жылдан бастап:

консультациялық, ақпараттық-талдамалық, оқыту және басқа да қызметтер

көрсету мақсатында мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде жастардың

үкiметтiк емес ұйымдары базасында қызметтi жүзеге асыратын облыстық және

республикалық әлеуметтiк қызметтер одан әрi дамитын болады;

республикалық деңгейде мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру

шеңберiнде ерiктi, әскери-патриоттық ұйымдардың, әскери-спорттық, әскери-

iздеушi және спорттық-техникалық клубтардың желiсi 20 дан 30-ға дейiн

көбейедi;

бiлiм беру ұйымдарында спорт секцияларының желiсi дамытылады;

қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру мақсатында тұрақты негiзде

мемлекеттiк рәмiздердi таныту, тарих, салт-дәстүр және ана тiлiн бiлу жөнiнде

iс-шаралар жалғастырылатын болады;

түрлi жобаларды iске асыру арқылы жастар арасында қайырымдылық

мәдениетiн қалыптастыру жөнiнде мақсатты шаралар қабылданатын болады.

Алматы қаласы үлгiсiнде жастардың үкiметтiк емес ұйымдарының және

жастардың қызметiн үйлестiрудiң орталықтандырылған жүйесiн құру мақсатында

жастар саясаты басқармасы құрылады.

Девиантты және деликвенттi балалармен жұмысты күшейту жоспарлануда.

Балалар мен жасөспiрiмдер арасында девиантты мiнез-құлықтың алдын алуы түрлi

факторлардың өзара iс-қимылымен қамтамасыз етiлетiн болады: отбасы, мектеп,

бос уақыттағы орта және тұтас қоғам.

Одан басқа, тәрбие мен оқытуды, девиантты және деликвенттi мiнез-

құлықты балаларды әлеуметтiк оңалтуды қамтамасыз ету бойынша арнайы бiлiм

ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм ұйымдарына баса назар аударылатын

болады.

Бiлiм беру жүйесiне кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу

және оңалту орталықтарын беруге байланысты олар Кәмелетке толмағандарды

бейiмдеу орталығы (бұдан әрi – КТБО) болып қайта ұйымдастырылады.

КТБО-ның негiзгi мiндетi – кәмелетке толмағандардың дағдарыс жағдайынан

шығуға және өмiрiн орнықтыруға, баланы отбасымен қосуға көмек көрсету мен

отбасын әрi қарай сүйемелдеу.

Тұтас алғанда, мектепке дейiнгi жастан бастап тәрбиеге ерекше көңiл

бөлiнетiн болады.

Жастардың әлеуетiн ашу тетiктерiн iске асыру

Жастар саясаты саласындағы мәселелердi шешуге жастардың қатысуы үшiн

оның өкiлдi органдарда қатысуын қамтамасыз ету мiндетi қойылып отыр.

Ұйымдастырушылық қабiлетi мен көшбасшылық қасиетi бар студенттер

арасынан белсендi жастарды, сондай-ақ әлеуметтiк жобаларды iске асыру аясында

жастар ұйымдарының жетекшiлерiн оқыту жоспарлануда.

Шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайынғы ұлттық конкурстар,

ойындар, турнирлер, КТК, оның iшiнде Дельфий ойындарын өткiзу және кейiннен

қазақстандық құрамалардың халықаралық конкурстарға, турнирлер мен ойындарға

қатысуын қамтамасыз ету көзделуде.

Осылайша, шығармашыл жастарды қолдау 2020 жылға қарай Дельфий

ойындарына қатысушыларды 2000 адамға дейiн жеткiзудi көздейдi.

Республиканың ғылыми-техникалық әлеуетiн тұрақты негiзде нығайту үшiн

ғылыми ұйымдарда және жоғары оқу орындарында консультативтiк-кеңесшi

органдардың қызметiне жастардың шығармашылық және инновациялық бiрлестiктерi

тартылатын болады.

Мәдениеттегi, өнердегi, ғылымдағы, ақпараттық технологиялар саласындағы

ұзақ мерзiмдi конкурстық жобаларды дамыту бойынша ведомствоаралық жұмыс

күшейтiледi.

Осылайша 2020 жылға қарай:

өкiлдi органдарға сайланушы жастардың үлесi 15 %-ға жетедi;

жастар ұйымдарының қызметiне жастардың 29 %-ы қатысатын болады;

мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде әлеуметтiк маңызды жобаларды

iске асыруға тартылған жастар ұйымдарының үлесi 24 %-ды құрайды.

6. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

Қазiргi заманғы жағдайда стратегиялық ресурсы адами капитал болып

табылатын еңбек өнiмдiлiгi экономикалық өркендеу мен бәсекеге қабiлеттiлiктiң

ұзақ мерзiмдi негiзiне айналуы тиiс. Мемлекет осы ресурстың дамуына үлес

қосуы керек.

Бiлiмдi адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиiмдi мемлекеттiк

аппарат құру, қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету мүмкiн емес.

Саяси ерiк пен мемлекеттiң жан-жақты қолдауының болуы осы реформаларды

жүргiзуге негiз болып табылады.

Бағдарлама екi кезеңде iске асырылатын болады: 2011 – 2015 жылдар мен

2016 – 2020 жылдар.

Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде (2011 – 2015 жылдар)

жекелеген бағыттар бойынша бiлiм берудi дамытудың модельдерiн әзiрлеумен,

оларды сынақтан өткiзумен, сондай-ақ ауқымды қайта құрулар мен

эксперименттердiң басталуымен байланысты жұмыстарды жүргiзу көзделген.

Екiншi кезеңде (2016 – 2020 жылдар) басымдық жабдықтарды сатып алуды,

бiлiм беру жүйесiн дамыту мiндеттерiн шешуге бағытталған iс-шараларға

инвестициялар салуды (бiлiм берудiң материалдық инфрақұрылымын жаңғырту және

басқа да шығыны көп жұмыстар, әдiстемелiк, кадрлық, ақпараттық қамтамасыз

ету) көздейтiн iс-шараларды жүзеге асыруға берiледi, негiзiнен, өткен

кезеңдерде алынған нәтижелердi енгiзуге және таратуға бағытталған iс-

шараларды iске асыру қарастырылған.

Әрбiр кезеңде жылдар бойынша Бағдарламаның iске асырылу барысын және

бағдарламалық iс-шаралардың бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйiне әсерiн

сипаттайтын көрсеткiштердi өзгерту жоспарланған.

Күтiлетiн нәтижелер:

2015 жылға қарай өтпелi кезең аяқталады және Қазақстанның бiлiм беру

жүйесi құрылымы, мазмұны, басқару мен қаржыландыру тетiктерi бойынша дамыған

елдер моделiне сәйкес келетiн болады.

Бiлiм беру жүйесiнiң дамуы бойынша Қазақстан ТМД елдерi арасынан

көшбасшылық орындарға шығады.

2020 жылға қарай бiлiм беру жүйесi жоғары бiлiм сапасы мен халықаралық

индикаторлармен расталған адами капиталдың даму деңгейi түрiнде нәтиже

беретiн болады.

Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде мынадай әлеуметтiк-экономикалық

әсерлер қамтамасыз етiледi:

2015 жылға қарай:

1. Жаңа қаржы-экономикалық тетiк әзiрлеу.

2. Электрондық оқыту жүйесiн құру.

3. Оқытудың 12 жылдық моделiне көшудiң басталуы.

4. Ұлттық бiлiктiлiк жүйесiнiң негiзi жасалады.

5. Мектептiң және жоғары бiлiмнiң бағдарламалары кiрiктiрiледi.

6. Бiлiмдi, ғылымды және өндiрiстi кiрiктiру басталады.

2020 жылға қарай:

1. Адами капиталдың сапасын арттыру мен еңбек ресурстарын пайдалану

тиiмдiлiгiнен туындаған мемлекет экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi мен

тиiмдiлiгiн арттыру.

2. Ғимараттарды жобалау, салу және қайта салудың жаңа принциптерiн

ескере отырып, бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.

Тозған және апатты бiлiм беру объектiлерiн жою. Бiлiм берудiң технологиялық

және әлеуметтiк инфрақұрылымын жаңғырту (асханалар мен спорт залдарын,

автопарктердi, компьютерлiк техниканы жаңарту және т.б.).

3. Бюджет қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру.

4. Бiлiм беру саласының қолжетiмдiлiгiн, сапасын, ашықтығын арттыру;

корпоративтiк басқару принциптерiн енгiзу.

5. Нормативтiк-жан басына шағу принциптерi, ваучерлiк негiзде

бiлiктiлiктi арттыру жүйесi негiзiнде орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм

беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа қаржы-экономикалық тетiктерiн енгiзу.

6. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың вариативтi нысандарын енгiзу,

балалардың мектепте бiлiм алуға дайындығының жоғары болуын қалыптастыру,

олардың жастай оңды әлеуметтенуiн қамтамасыз ету.

7. Мектеп оқушыларын оқытудың жеке траекторияларын пайдалану арқылы

бейiндiк мектеп моделiн құру.

8. Оқушылардың әлемдегi барлық бiлiм беру ақпараттық ресурстарына on-

line арқылы қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.

9. Бiлiм беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесiн енгiзу.

10. Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен ересектерге арналған

мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың, мектептегi және кәсiптiк бiлiм берудiң

тиiстi деңгейiн қамтамасыз ететiн оқытудың инклюзивтi жүйесiн құру.

11. Республикада жаңа тұрпаттағы педагогтердiң қажеттi санын және

тиiстi бiлiктiлiгiн қалыптастыру. Бiлiм саласы қызметкерлерiнiң еңбегiн

экономикалық және әлеуметтiк жағынан ынталандыру жүйесiн, оқытушылардың

еңбекақысын елiмiздегi орташа еңбекақы деңгейiне жеткiзетiн және жұмыс

сапасын ынталандыратын еңбекақы төлеудiң икемдi жүйесiн енгiзуге басымдық

беру.

12. Iшкi нарықта бiлiм берудiң үлес салмағын арттыру, елiмiздiң бiлiм

беру жүйесiндегi бiлiм беру қызметiнiң экспорттық көлемi мен құрылымын

ұлғайту.

13. Еңбек нарығының талаптарына сай келетiн, азаматтардың кәсiптiк,

мансаптық және жеке тұлға боп өсуiне ықпал ететiн үздiксiз кәсiптiк бiлiм

берудiң икемдi жүйесiн қалыптастыру.

14. Бiлiм беруге мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiктi енгiзу.

15. Кәсiптiк бiлiм бағдарламаларының, сондай-ақ ұлттық және халықаралық

аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының санын арттыру.

16. Заманауи ғылыми бiлiм-бiлiкке ие және елiмiздiң инновациялық

дамуына үлесiн қоса алатын ғылыми-педагог кадрларды даярлау.

17. Бәсекеге қабiлеттi ғылыми-техникалық өнiмдi жасау және өткiзу.

18. Жастар саясаты саласындағы iс-шараларды iске асыруға қатысатын

жастардың үлесiн 55 %-ға арттыру.

7. Қажеттi ресурстар

2011 – 2020 жылдары бiлiм беруге жұмсалатын бюджет шығыстарын кезең-

кезеңiмен арттыру, 2020 жылға қарай олардың жалпы iшкi өнiмдегi үлесiн

дамыған елдердiң орташа деңгейiне дейiн өсуiн қамтамасыз ету жоспарланып

отыр.

Бiлiм беру саласында педагогтiк қызметтiң ерекшелiгiн ескере отырып,

еңбекақы төлеудiң сараланған жаңа жүйесi әзiрленiп, енгiзiледi.

Ауылдық ШЖМ педагогтерiн қолдауға арналған шаралар жүйесi

қарастырылуда.

Болжамды қаржы шығындары (күрделi және ағымдағы)

Шығын құрылымында АКТ мен электрондық оқытуды дамытуға, 3 ауысымды және

апатты жағдайдағы мектептердiң орнына бейiндiк, «Назарбаев зияткерлiк

мектептерiн» салуға, жетекшi ЖОО-ларға шетелдiк ғалымдар мен консультанттарды

тартуға, магистратура мен докторантураға қабылдау бойынша мемлекеттiк бiлiм

беру тапсырысына шығындар басым.

Бағдарламаның бiрiншi кезеңiн республикалық бюджеттен қаржыландырудың

қосымша көлемi 461,1* млрд. теңгенi құрайды, оның iшiнде:

2011 жылы – 59,7 млрд. теңге;

2012 жылы – 62,3 млрд. теңге;

2013 жылы – 52,8 млрд. теңге;

2014 жылы – 145,9 млрд. теңге;

2015 жылы – 140,4 млрд. теңге.

Бағдарламаның iс шараларын жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру жыл сайын

тиiстi жергiлiктi бюджеттерден бiлiм беру жүйесiн дамытуға бөлiнетiн қаражат

шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.

* 2011 – 2015 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемi

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi қаржы жылдарына арналған

республикалық бюджеттi бекiту кезiнде нақтыланатын болады.