Жас зерттеуші – Молодой...

172
Жас зерттеуші – Молодой исследователь ғылыми журнал научный журнал The Researcher scientific journal «Зерттеуші – Исследователь» журналының қосымшасы Приложение к журналу «Зерттеуші – Исследователь» №№7-12 (13-18) шілде-желтоқсан 2008 жыл 2007 жылдың шілдесінен шығады Издается с июля 2007 года Журнал М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қолдауымен шығарылады РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА: Алдашев Б.А., соц.ғ.д., проф. (төраға); Ауанасова А.М., тарих ғ.д. (төрайым); Жүнісбек Ə., филол.ғ.д., проф. (төраға); Омашев Н.О. филол.ғ.д., проф. (төраға); Пірəлиев С.Ж., п.ғ.д., проф. (төраға); Байжанов Т., филол.ғ.д., проф.; Бектенғалиева С.Х., п.ғ.к., доц.; Даржанова М.Ш., э.ғ.к.; Ералин Қ., п.ғ.д., проф.; Ергөбек Қ.С., филол.ғ.д., проф.; Жапбаров А., п.ғ.д., проф.; Кеделбаев Б.Ш., техн.ғ.д., проф., Керімбаев Е., филол.ғ.д., проф.; Қожалы Б.Қ., а.ш.ғ.д.; Қозыбаев С.Қ., тарих ғ.д., проф.; Масалиева Ж.А., филол.ғ.к., доц.; Мұсақұлов Ə., филол.ғ.к., проф.; Мырзалиев Б., э.ғ.д.; Мырзахметұлы М., филол.ғ.д., проф.; Саттаров Қ., филол.ғ.д., проф.; Сихымбаев И.Б., п.ғ.д., проф.; Таймағанбетов Ж., тарих ғ.д., проф.; Тұтқышбай И., м.д.ғ.к., Утемисова Г.Т., э.ғ.к.; Ысқақ Б., п.ғ.к., проф. Бас редактор ЖАҚЫП Мырзантай Қожабайұлы, филол.ғ.к., доцент Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитетінің бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы 2007 жылдың 17 шілдесіндегі №8495-Ж куəлігі берілген. Меншік иесі: Жақып М.Қ. Редакцияның мекен-жайы: 160021, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., А.Байтұрсынов к-сі, 75В/27. Тел.: 8(7252) 22-30-48; +7 701 397 17 13, +7 702 105 97 53 Жазылу индексі: 74054 E-mail: [email protected], [email protected] ©Жақып М.Қ., «Жас зерттеуші – Молодой исследователь», №№7-12 (13-18) шілде-желтоқсан 2008 ж.

Transcript of Жас зерттеуші – Молодой...

Page 1: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь ғылыми журнал • научный журнал The Researcher • scientific journal

«Зерттеуші – Исследователь» журналының қосымшасы Приложение к журналу «Зерттеуші – Исследователь»

№№7-12 (13-18) шілде-желтоқсан 2008 жыл

2007 жылдың шілдесінен шығады • Издается с июля 2007 года

Журнал

М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

университетінің қолдауымен шығарылады

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА: Алдашев Б.А., соц.ғ.д., проф. (төраға); Ауанасова А.М., тарих ғ.д.

(төрайым); Жүнісбек Ə., филол.ғ.д., проф. (төраға); Омашев Н.О. филол.ғ.д., проф. (төраға); Пірəлиев С.Ж., п.ғ.д., проф. (төраға); Байжанов Т., филол.ғ.д., проф.; Бектенғалиева С.Х., п.ғ.к., доц.; Даржанова М.Ш., э.ғ.к.; Ералин Қ., п.ғ.д., проф.; Ергөбек Қ.С., филол.ғ.д., проф.; Жапбаров А., п.ғ.д., проф.; Кеделбаев Б.Ш., техн.ғ.д., проф., Керімбаев Е., филол.ғ.д., проф.; Қожалы Б.Қ., а.ш.ғ.д.; Қозыбаев С.Қ., тарих ғ.д., проф.; Масалиева Ж.А., филол.ғ.к., доц.; Мұсақұлов Ə., филол.ғ.к., проф.; Мырзалиев Б., э.ғ.д.; Мырзахметұлы М., филол.ғ.д., проф.; Саттаров Қ., филол.ғ.д., проф.; Сихымбаев И.Б., п.ғ.д., проф.; Таймағанбетов Ж., тарих ғ.д., проф.; Тұтқышбай И., м.д.ғ.к., Утемисова Г.Т., э.ғ.к.; Ысқақ Б., п.ғ.к., проф.

Бас редактор ЖАҚЫП Мырзантай Қожабайұлы, филол.ғ.к., доцент

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитетінің бұқаралық ақпарат құралын есепке қою

туралы 2007 жылдың 17 шілдесіндегі №8495-Ж куəлігі берілген.

Меншік иесі: Жақып М.Қ. Редакцияның мекен-жайы:

160021, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., А.Байтұрсынов к-сі, 75В/27. Тел.: 8(7252) 22-30-48; +7 701 397 17 13, +7 702 105 97 53

Жазылу индексі: 74054

E-mail: [email protected], [email protected] ©Жақып М.Қ., «Жас зерттеуші – Молодой исследователь»,

№№7-12 (13-18) шілде-желтоқсан 2008 ж.

Page 2: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

2

Жас зерттеуші – Молодой исследователь ғылыми журнал • научный журнал The Researcher • scientific journal

№№7-12 (13-18) июль-декабрь 2008 год

2007 жылдың шілдесінен шығады • Издается с июля 2007 года

«Зерттеуші – Исследователь» журналының қосымшасы Приложение к журналу «Зерттеуші – Исследователь»

Журнал издается при поддержке Южно-Казахстанского

государственного университета им. М.О. Ауезова

РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ: Алдашев Б.А., д.соц.н., проф. (председатель); Ауанасова А.М., д.и.н.

(председатель); Жунисбек А., д.филол.н., проф. (председатель); Омашев Н.О. д.филол.н., проф. (председатель); Пралиев С.Ж., д.п.н., проф. (председатель); Байжанов Т., д.филол.н., проф.; Бектенгалиева С.Х., к.п.н., доц.; Даржанова М.Ш., к.э.н.; Ералин К., д.п.н., проф.; Ергобек К.С., д.филол.н., проф.; Жапбаров А., д.п.н., проф.; Кеделбаев Б.Ш., д.техн.н., проф., Керимбаев Е., д.филол.н., проф.; Кожалы Б.Қ., д.с.-х.н.; Козыбаев С.К., д.и.н, проф.; Масалиева Ж.А., к.филол.н., доц.; Мусакулов А., к.филол.н., проф.; Мырзалиев Б., д.э.н.; Мырзахметулы М., д.филол.н., проф.; Саттаров К., д.филол.н., проф.; Сихымбаев И.Б., д.п.н., проф.; Таймағанбетов Ж., д.и.н., проф.; Туткышбай И., к.в.н., Утемисова Г.Т., к.э.н.; Ыскак Б., к.п.н., проф.

Главный редактор ЖАҚЫП Мырзантай Қожабайұлы, к.филол.н., доцент

Комитетом информации и архивов Министерства культуры, информации и спорта Республики Казахстан выдано свидетельство о постановке на учет

средства массовой информации за №8495-Ж от 17 июля 2007 года.

Собственник: Жақып М.Қ. Адрес редакции:

160021, Республика Казахстан, г. Шымкент, ул. А.Байтурсынова, 75В/27. Тел.: 8(7252) 22-30-48; +7 701 397 17 13, +7 702 105 97 53

Индекс: 74054

E-mail: [email protected], [email protected] ©Жақып М.Қ., «Жас зерттеуші – Молодой исследователь»,

№№7-12 (13-18) июль-декабрь 2008 г.

Page 3: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

3

«ЖАС ЗЕРТТЕУШІ – МОЛОДОЙ ИССЛЕДОВАТЕЛЬ» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ОҚЫРМАНДАРДЫҢ

ҚЫЗУ ҚОЛДАУЫНА ИЕ БОЛДЫ Республикалық «Зерттеуші – Исследователь» ғылыми журналының мектеп

оқушыларына арналған қосымшасы болып табылатын, жарық көре бастағанына екі жылдан асқан «Жас зерттеуші – Молодой исследователь» журналы бірнеше жаңа жобаларды жүзеге асыруды қолға ала бастады.

Жақында журнал редакциясы М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Практикалық қазақ тілі» кафедрасымен бірлесе отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің 1-11 сынып оқушылары арасында бірнеше тақырыптар бойынша шығармалар конкурсын ұйымдастырды.

«Журналист болғым келеді» атты шығармалар конкурсының негізгі мақсат-міндеттері: журналистік қызметке бейімі бар, болашақ кəсіби журналист үшін қажетті шығармашылық жəне ұйымдастырушылық қабілеті бар дарынды жастарды іріктеу жəне шеберлік қабілеттерін жетілдіруге көмектесу, келешекте олардың журналистика саласы бойынша мамандық таңдауына жəне жоғары білім алуына жол ашып, кəсіптік бағыт-бағдар беру еді.

Мектеп оқушысының шығармасында өзінің не үшін журналист болғысы келетінін, осы мамандыққа неліктен қызығатынын талдап жазуы тиіс; журналистиканың басқа мамандықтардан қандай ерекшеліктері бар екенін сипаттай білуі керек; шығармада оқушы өзі білетін бұрынғы жəне қазіргі журналистер, олардың журналистік қызметі, қазақ журналистерінің мерзімді баспасөзде жарияланған, теле-, радиоарналар арқылы берілген хабарлары туралы, сондай-ақ, өзінің шығармашылық қабілеті мен қаламынан туған, газет-журналдарда жарияланған мақала, өлең, əңгіме т.б. шығармаларының қандай мерзімді басылымда жəне қашан жарық көргені жайында мəліметтер келтіруі қажеттігі талап етілді.

«Алтын бесік – туған жер» жəне «Алтын ұям – мектебім» атты ғылыми мақалалар конкурсының негізгі мақсат-міндеттері: Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың 2007 жылғы маусымның 20-дағы №348 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосу; мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға тарту жолымен олардың бойына зерттеушілік дағдыларын дарыту жəне ғылыми жұмыстар жүргізуге баулу болатын.

«Алтын бесік – туған жер» атты конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың мазмұнына мынадай талаптар қойылды: мектеп оқушысы өзі туып-өскен ауылының немесе қаласының тарихы туралы мəліметтер келтірілуі тиіс; сол ауылдың немесе қаланың өсіп-өркендеуіне үлкен қосқан еңбек жəне соғыс ардагерлерінің ерен еңбектері көрсетілуі керек; ауылдың немесе қаланың кешегі тарихы мен бүгінгі жағдайы өзара салыстырылып, сипатталуы қажет.

Ал «Алтын ұям – мектебім» атты ғылыми мақалалар конкурсына ұсынылатын ғылыми мақалалардың мазмұнына қойылатын талаптар мынадай болды: мектеп оқушысы өзі білім алып жүрген мектебінің тарихы туралы мəліметтер келтірілуі тиіс; сол мектептің өсіп-өркендеуіне үлкен қосқан ұстаздардың ерен еңбектері көрсетілуі керек; мектептің кешегі тарихы мен бүгінгі жағдайы өзара салыстырылып, сипатталуы қажет.

Журналымыздың осы нөмірінде аталған конкурстарда жеңімпаз атанған мектеп оқушыларының шығармаларын жариялап отырмыз. Алғашқы жүлде құтты болсын!

Белгіленген мерзімнен кешігіп түскен, бірақ конкурс шарттарына сай жазылған жұмыстар журналымыздың келесі санында жарық көретінін ескертеміз.

«Жас зерттеуші – Молодой исследователь»

ғылыми журналының редакциясы

Page 4: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

4

«ЖАС ЗЕРТТЕУШІ – МОЛОДОЙ ИССЛЕДОВАТЕЛЬ» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНЫҢ ЖАҢА КОНКУРСТАРЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

1. Республикалық «Жас зерттеуші – Молодой исследователь» ғылыми

журналының редакциясы Алматы қаласындағы əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетімен бірлесе отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің 1-11 сынып оқушылары арасында «Жаңа ғасыр журналистикасы қандай болуы керек?» атты шығармалар конкурсын өткізеді.

Шығармалардың мазмұнына қойылатын талаптар: - мектеп оқушысы қазіргі кезде шығарылып жатқан газет-журналдардың

мазмұндық жəне тəлім-тəрбиелік сапасын нақты мысалдармен талдап жазуы тиіс; - өзіне ұнайтын немесе ұнамайтын мерзімді баспасөз түрлері, олардың

жетістіктері мен кемшіліктерін сипаттап, қазіргі телевизияның, ұялы байланыс пен Интернеттің жас ұрпақ санасына əсері мен ықпалы, олардың пайдасы жəне зияны жайында мəліметтер келтіруі қажет;

- халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуі тиіс қазіргі жаңа заман журналистикасы қандай болуы қажеттігі жайында өзінің жан-жақты ой-тұжырымдары мен нақты ұсыныстарын ортаға салуы керек.

2. Республикалық «Жас зерттеуші – Молодой исследователь» ғылыми журналының редакциясы М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Агроөнеркəсіптік институтымен бірлесе отырып Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің 1-11 сынып оқушылары арасында «Қаржы дағдарысын қалай жеңеміз?» атты шығармалар конкурсын өткізеді.

Шығармалардың мазмұнына қойылатын талаптар: - мектеп оқушысы қазіргі əлемдік қаржы дағдарысының түпкі себептерін қалай

түсінетінін өзінің ой-тұжырымдары арқылы түсіндіре алуы қажет; - əлемдік қаржы дағдарысы өзінің отбасына, туған-туысқандарына, ауылының

немесе қаласының тұрғындарына, көршілеріне жəне достарына қалай əсер етіп отырғанын нақты дəлелдермен баяндап, жазуы тиіс;

- əлемдік қаржы дағдарысын қалай жеңуге болатыны, халықтың əлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартудың əдіс-тəсілдері туралы өзінің нақты ұсыныстарын ортаға салуы керек.

3. Құрметті жас достар! Биыл М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Агроөнеркəсіптік институтының құрылғанына 5 жыл толады. Осыған орай Республикалық «Жас зерттеуші – Молодой исследователь» ғылыми журналының редакциясы М.О. Əуезов атындағы ОҚМУ Агроөнеркəсіптік институтымен бірлесе отырып Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің 1-11 сынып оқушылары арасында «Үздік жас зерттеуші» атты ғылыми жобалар конкурсын өткізеді.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жобалардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- ғылыми жоба бұған дейін мектеп оқушыларының облыстық жəне республикалық ғылыми жарыстарында жүлде алмаған болуы тиіс;

- ғылыми жоба мына салалардың бірі бойынша дайындалуы керек: физика,

техника, жер жəне ғарыш туралы ғылымдар, математика, қолданбалы

математика, экономика, информатика, биология, химия, адам денсаулығы жəне

қоршаған ортаны қорғау, тарих, өлкетану, əдебиет, этномəдениеттану, тіл білімі. Конкурстардың шарттары Оңтүстік Қазақстан облыстық Білім басқармасына,

Оңтүстік Қазақстан облыстық Білім жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау орталығына, аудандық білім бөлімдеріне жіберілді.

Жұмыстарды ұсыну мерзімі – 2009 жылдың 27 қаңтарына дейін.

Page 5: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

5

«ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

ЖУРНАЛИСТ – ХАЛЫҚ ПЕРЗЕНТІ

Зейнеп ЖҰМАТАЕВА,

А. Байтұрсынов атындағы №50 көпсалалы мектеп-гимназиясының 3 «Б» сынып оқушысы, Шымкент қаласы.

Адам баласының арманы шексіз емес пе? Кедей «Бай болсам!», ал, бай «Құдай

болсам екен!» - деп армандайды. Əрбір пенденің алдына қойған мақсаты бар. Сол сияқты менің де, анда-санда

армандап қоятын əдетім бар. Армандауға болмай ма? Бірде нағашым: «Армандасаң үлкен нəрсені арманда, жақсылықты ойла», -

деген еді. Сондықтан болар, менің ойларым тек жақсылықпен ұштасып жатыр, арманым – биіктерден көріну.

Елім үшін тыныштықты, аспанымыздың ашық болуын, қарнымыздың тоқ болуын тілесем, өзім үшін жақсы бір мамандықтың иесі атануымды арман етемін. Менің көздеген белесім – биік шың. Сол шыңның төбесінен көрінсем, ата-анам, өзім, елім үшін де аянбай еңбек етемін. Қазақстанның өркендеуіне үлесімді қоссам деп армандаймын. Еліміздің келешегі жастарда емес пе?

Өзіммен жасты құрбыларым əлі балалықтың бекетінен шыға алмай, қуыршақ ойнайды. Олардың ойына мамнадық таңдау, белгілі бір кəсіп иесі болу сияқты ойлар келмесе, мен өзім үшін мамандықты таңдап та үлгердім. Алла жазса, болашақта қаламы қарымды, ойы ұшқыр, айтар сөзі тиянақты тілші боламын.

Журналист – шығармашылықтың адамы. Ол үнемі ізденісте болады. Бұл мамандықтың қызығы мен шыжығы қатар жүреді. Аталмыш мамандық əмбебептылықты қажет етеді. Журналист болу үшін сөздік қорың бай болу керек. Сол үшін де мен қазірден бастап көп кітап оқып, болашықта А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы, М. Əуезов, І. Есенберлин, О. Бөкей сыңды аталарымыз бен шетел классиктерінің тырнақ алды туындыларын оқып, өзімнің ой-өрісімді, сөздік қорымды арттырып, жақсы тілші боламын деген сенімдемін.

Елімізде 2000-нан астам бұқаралық ақпарат құралдары бар. Олардың 300-ге жуығы өзіміздің облыста жұмыс істейді. Бұқаралық ақпарат құралдары: мерзімді баспасөз, радио, телевидение жəне интернет болып бөлінеді.

Негізінде, БАҚ мемлекеттік жəне тəуелсіз, яғни, жекеменшік болады. Мемлекеттік БАҚ-қа «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жатса, ал, «Хабар», «Еларна» сыңды арналар жартылай мемлекеттік жартылай жекеменшік. Ал, «31-арна», «КТК», «НТК», «Отырар» сыңды арналар тəуелсіз болып есептеледі.

Мерзімді баспасөзге газет, журнал жəне альманахтар жатады. Радиожурналистикаға өзіміз күнделікті желі арқылы тыңдайтын радио

хабарлары, ал тележурналистикаға телеарналардан берілетін хабарлар жатады. Елімізде «Қазақстан», «Хабар», «Еларна», «Астана», «КТК», «НТК»

телеарналары, сондай-ақ, əр облыста өзінің облыстық, қалалық телеарналары қызмет етеді.

Əр БАҚ-тың өзінің ерекшелігі бар. Мəселен, газеттің тілі телеарналарға, радиоға қарағанда мүлдем басқа. Онда болған оқиғаны егжей-тегжейлі жазып, көлемді қылып беруге болады.

Ал, телеарнада болса, болған оқиға сюжет арқылы көрсетіледі. Алайда, айтатын ойыңды болмашы бір жарым минутқа сыйдыра білуің қажет.

Радионың жоғарыда аталғандардан ерекшелігі – жедел əрі, оны көлікте келе жатып, ауылда бақта жүріп, тіпті шомылып жатып та тыңдауға болады. Оған газет

Page 6: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

6

сияқты арнайы уақытыңды бөліп оқып немесе телеарнадағыдай жұмысыңды тастай салып, теледидар алдында отырып көруді талап етпейді.

Газеттің артықшылығы оны сақтап қойып, оқып алуға болатыны. Телеарна мен радиода қайта тыңдап немесе көре алмайсың.

Интернет бұл БАҚ-тың бір саласы. Онда ақпараттар ағыны өте көп. Оны оқып, керегін шығарып алсаң да болады.

Тоқ етері, БАҚ-ң қай саласын алсақ та, олардың бір-бірінен артықшылығы мен кемшін тұстары болады.

Менің ойымша, еліміздегі БАҚ өз орнын толыққанды ала алмаған сыңайлы. Арналарда көптеген кемшіліктер бар. Қазіргі арналар жастар қауымына арналған бағдарламаларды бермейді. Балаларға арналған дүниелер өте аз. Бір қынжылтатыны – балаларға ұсынылып жатқан дүниелердің басым көпшілігі – шетелдің темір адамдары мен түсініксіз бір құбыжықтар туралы мультфилімдер.

Мысалы, танымдық, талғамы мол хабарларымен көптің ықыласын қанағаттандырып жүрген «Қазақстан» Ұлттық арнасын алайық. Кезінде көрермендерін «Атажұрт», «Алтын сақа», «Ақжүніс», «Алтын қақпа» сияқты жастар жағына қарай іліп алар дүниелерді əзірлеп көрсетіп жүрген болатын. Қазіргі таңда олардан құр алақан қалдық.

Сөз жоқ, жастардың көпшілігі ойын-сауық пен көңіл көтеру жолындағы көрсетілімдерді мейлінше қадағалайды. Осы бағыттағы көзге жылт етер қызықты көріністер мен бір сəт езу тартқызар кадрлар шынымен олардың көңілін өзіне бұрғызады. Қарапайым мысал, коммерциялық арналардан «Əзіл» айдарымен көрсетілетін қызықты көріністер назарын өзіне еріксіз аудармай қоймайды. Сол сияқты жастардың сүйсіне отырып көретіні «Қызық радио», «КВН», «Comedy club» екені баршаға мəлім.

Елдегі тағы бір арна «Hit TV»-дің жаңа буын өкілдерінің өмірінен алар орны жеке қарастыруға тұрарлық. Бір сөзбен айтқанда, əзірше, «суперсаздың» ордасына айналып тұрған аталмыш арна күніне сан мың рет «қалайсыңдатап» жастардың ақыл-есін, еркін-жігерін жаулап алуға дайын тұрады. Ал, жалған емес, шынында «қалайсың» деп қазақ жастарының ахуалын біліп, қал-жағдайын сұрауға жеткізетін күндер қашан келер екен «Hit TV» үшін?

Өзіміздің облыстық телеарналардан берілетін жастарға арналған бағдарламалар аз. Арналардың көбісі бейнеклиптерді бергенді жөн көреді. Себебі, қала жастарының басым көпшілігі осы арналардың бейнеклиптерін, жеңіл-желпі ойындарын тамашалайды.

Жастар қауымына арналған ұлттық идеологияның ұшқыны байқалатын хабарларды көрермендерге ұсына алмағанымыз біздің əлсіздігіміздің бір нышаны іспеттес. Бұл дегеніміз – болашақ ел азаматтарына деген немқұрайдылық. «Ештен кеш жақсы», арналарымыз өз көрерменіне құнды дүниелерді əзірлеп, көрсетсе игі іс болар еді.

Болашақта мен арнада, я, газет, радиода қызмет атқарсам осындай кемшіліктерге баса назар аударамын.

Балаларға арналған бағдарламалардың көп болуын, əрі олардың сапасына назар аударамын. Ал, кинолардың ортасында берілетін адамды мезі қылатын жарнамаларды азайтып, олардың орнына тарихи, мəдени, мəн-мағынасы салмақты дүниелерді ұсынар едім. Өйткені, болашақ өскелең жас ұрпақтың, яки, біздің қолымызда.

Маған еліміздегі журналистерден Дана Нұржігіт, Мəди Манатбек, Арман Балтабайұлы, өзіміздің облыстағы Жанар Мархабаева, Фархат Балқыбеков, Асхат Садырбаев сыңды тележүргізушілер ұнайды.

Болашақта мен сол аға-əпкелеріміз сыңды еліне танымал, атақты тілші болсам екен деп армандаймын. Өйткені, аты аталған журналистер өзінің сауаттылығымен,

Page 7: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

7

журналистік этикасымен көпшіліктің көзайымына айналған. Олардың сөйлеу мəнері, қоңыр дауысы көрермендерді еріксіз өзіне тартады.

Журналист – халықтың перзенті. Оған баға беретін де, сынайтын да оның тыңдарманы, оқырманы, көрермені. А. Байтұрсынов: «Газет халықтың көзі, құлағы һəм тілі болу керек», - деген. Осыған қарап отырып-ақ, БАҚ-ң қоғамдағы орны, салмағын білу қиынға соқпайды.

Журналист болу оңай дейді. Мен бұл пікірмен келіспеймін. Мамандықтың оңайы жоқ. «Еңбек етсең емерсің», - деленген қазақ мақалында. Сондықтан да, мен жақсы маман болуым үшін болашақта жатпай-тұрмай дайындалып, көп ізденуге тырысамын. Арманымның тек арман болып қана қоймай, өзінің орнын тауып орындалуына бар күш-жігерімді саламын. Жоғарыда аты аталған аға-əакелеріме қарап бой түзеп, соларды үлгі тұтамын.

Мектеп қабырғасындағы барлық жарыстарға қатысып, шығармашылығымды шыңдауым қажет. Сондықтан да осындай байқауларға қатысып, қолыма қалам алуым, болашықта өз жемісін беретініне сенімдімін.

Негізінде өнер дегенді үйренуге болмайды. Ол туа бітеді. Журналистика деген де өнер. Үлкен өнер, дарын. Бойында осы салаға

бейімділік дарыны бар жас өзінің өнерін шыңдай түссе, келешекте ол нағыз өнер адамы болады.

Еліміздегі жоғарғы оқу орындарында журналистика мамандарын даярлайтын факультеттер бар. Онда студенттер журналистика шеберлігі, журналистика өнері, теле-радио журналистика, шетел баспасөзі сыңды сабақтар өтеді.

Болашақта мектепті тəмамдағаннан соң мен де сол оқу орындарына өзімнің армандаған мамандығым бойынша оқуға түсіп, өз мамнадығымның нағыз шебері атанамын. Сөйтіп, ел үшін, халық үшін аянбай еңбек етемін.

Мен журналист боламын. Мен бұл мамандыққа өлердей ғашық жанмын.

Я ХОЧУ СТАТЬ ЖУРНАЛИСТОМ

Максим Олегович БЕЛЯКОВ, ученик 3 «Б» класса (7 лет) школы-лицея №9 имени

О.А. Жолдасбекова, город Шымкент, Южно-Казахстанская область.

Читать журналы я начал с четырёх лет. Подожму ноги под себя, усядусь на кровати и часами листаю страницы,

разглядываю картинки, читаю заметки, выполняю все задания. Мне нравилось прикасаться к гладкой странице, рассматривать шрифт, разные

колонки, столбики слов, букв. Я читал о человеке-пауке, любимом герое всех мальчишек, о Волли, о

неугомонных детках, разгадывать сканворды. Слова: «журнал», «редактор», «типография», «газета» –часто повторялись в

нашей семье. Моя бабушка печатала в «Учителе Казахстана» свои статьи о коллегах, об

уроках, о преподавании русского языка и литературы. Моя мама пишет сценарии для телепередачи «Сиқырлы əріптер», которая

выходит на телеканале «Ел-арна», и статьи в «Южный Казахстан» и «Панораму Шымкента».

И о маме, и о бабушке были статьи в газетах. Мне показали в словаре С.И. Ожегова статьи, посвящённые словам

«журналист» и «журналистика»: «Журналист, -а, м. Литературный работник, занимающийся журналистикой»; «Журналистика, -и, ж. Литературно-публицистическая деятельность в журналах, газетах».

Page 8: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

8

Я понял, что журналист о чём-то узнаёт и пишет для публики. Я побывал в редакции газеты «Южный Казахстан», там встретил журналистов

этого замечательного издания: Е.Ф. Чирву, Ю.Г. Кирюхина. Нам, призёрам конкурса сочинений, вручали грамоты.

А ещё я люблю газеты «Южный Казахстан» и «Детский парк» за то, что они печатали мои рассказики.

А журнал «Шуша» печатал мои рисунки и стихотворения. Именно с этим журналам связано то, что я по-настоящему понял и полюбил журналистику.

Журнал «Шуша» выходит в Казахстане уже четвёртый год. Он издаётся в городе Алматы, зарегистрирован в Министерстве информации, культуры и спорта Республики Казахстан.

Очень интересно и немного смешно называется учредитель и издатель этого журнала – «ТОО «Пятый этаж»».

В редакции журнала работает много людей. Это автор и руководитель проекта, главный редактор, арт-директор, художники, консультанты по дизайну, корректор, менеджер по распространению…

Это интересные и умные люди, они любят детей и выпускают замечательный журнал.

Я решил пропагандировать этот журнал, познакомить с ним других ребят. Про «Шушу», любимый журнал, Одноклассникам я рассказал, Слушал внимательно класс Мой интересный рассказ. Видя, что ребятам этот журнал нравится, я провёл исследование с помощью

анкеты «Какие журналы ты читаешь?» Наши ученики часто приносят в школу журналы, чтобы показать друзьям

интересные статьи, фотографии каких-нибудь экзотических животных. Они обмениваются карточками, наклейками, которые часто помещаются в журналах.

Девочки рассматривают модные платья в журналах «Принцесса», «Барби». Мальчики читают о фантастических приключениях Человека-паука. В школе распространяют газету «Детский парк», туда наши ребята отправляют

свои рисунки, заметки. Чтение разных журналов сближает учеников, помогает понять, чем

интересуются их друзья, расширяет кругозор. Проведённое нами анкетирование показало, что учащиеся 4 «А» класса нашей

школы регулярно читают разные журналы. Каждый ученик читает обязательно 2-3 журнала.

Было опрошено 20 учащихся. Из них журнал «Скуби-ду» читают 13 человек, «Шушу» – 9 человек, «Мир с Волли», «Путешествие Волли» – 7 человек, «Барби» – 6 человек.

Остальные журналы («Сказочник», «Том и Джерри», «Принцесса», «Неугомонные детки», «Внучок») читают 1-2 человека.

Ученики 3 «Б» класса (14 человек) в основном читают такие журналы: «Шуша» – 9 человек, «Скуби – ду» – 6 человек, по 1-2 человека читают «Сказочник», «Мир с Волли», «Неугомонные детки», «Барби», «Человек-паук», «Кротёнок».

Довольно активно ребята читают газету «Детский парк». Можно сделать вывод, что со средствами массовой информации ребята,

учащиеся начальной школы, знакомы достаточно хорошо, особенно с журналами. Кроме того, я проанализировал несколько детских журналов. Почему их читают? Чем они завоевали такую известность? Вот некоторые причины такого внимания: 1. Маленький объём (все журналы 20-23 страницы);

Page 9: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

9

2. Удобный размер (хорошо помещаются в рюкзаке и их можно приносить в школу, чтобы поделиться с друзьями интересными новостями);

3. Красочное оформление (яркие многоцветные иллюстрации, они поясняют содержание, знакомят с героями или событиями);

4. Статьи, маленькие заметки даны в разных по форме, цвету и размеру рамках, напечатаны они разным шрифтом и разные по размеру, это привлекает внимание;

5. В каждом журнале есть ведущий, главный персонаж или персонажи, это умные, сообразительные, никогда не унывающие люди, собаки, они как бы становятся нашими друзьями;

6. Журналы дают много полезной информации, а ведь каждому хочется чем-то удивить друзей;

7. Играми, головоломками, кроссвордами журналы развивают внимание, наблюдательность, ум.

После всего этого можно сказать, что журналы так или иначе приучают всеми доступными им способами нас, учеников, читать разные статьи.

Значит, работа детских журналистов очень важна и почётна. Я решил попробовать стать журналистом уже сейчас. Журналисты бывают разные. Одни пишут о международных событиях, другие

– о спорте, третьи – об искусстве. Тем и направлений очень много. Журналист должен хорошо знать то, о чём он пишет. Я пока знаю очень мало и

не слишком хорошо разбираюсь в жизни. Но я хорошо знаю детские книги, и меня огорчает, что, к сожалению, наши ученики мало читают.

Я решил стать защитником книг, чтения. В прошлом учебном году я защищал научный проект «Роль детских средств массовой информации в пропаганде чтения» на школьной и городской научно-практической конференциях и занял второе место.

Меня в детских журналах волнует отсутствие рекламы книг рассказов о поэтах, писателях.

Журналист, пропагандирующий культуру чтения, – это ещё одно очень важное в наше время направление деятельности для журналиста. И я хочу, чтобы пропаганда чтения стала делом всей моей жизни. Поэтому с пяти лет я выпускал рукописный журнал «Колобок».

Рукописный журнал «Колобок» Выходит в положенный срок. Там статьи и иллюстрации, Рецензии и аннотации. Наш Президент Нурсултан Абишевич Назарбаев сказал: «Мемлекет – бұл мен,

сен жəне бəрiмiз». Это значит, что каждый человек должен болеть за своё государство, быть

полезным своей стране. Сейчас мы ещё маленькие, но должны воспитывать себя гражданами, думать о будущем, делать уже сейчас что-то интересное, нужное.

Мой журнал «Колобок» стал для меня этим важным делом. Благодаря ему я узнал много новых слов: «рубрика», «издатель», «редактор»,

«тираж», «экземпляр». Журнал назывался «Колобок», потому что это детский журнал, а сказку

«Колобок» все знают. Потом в журнале появился мой первый рассказ «Чашка». Его даже напечатали

в газете «Детский парк». Я стал писать о книгах, которые я читал. В рекламе «Прочитай» о книге Марка

Твена «Приключения Тома Сойера» я рассказал о главных героях книги и о моём впечатлении от неё. Я поместил аннотации книг Эллиса Каута « Мастер Эдер и Пумукль», «Снова Пумукль», Кэтрин Кэйв, Крис Риддел «Вильям и волки», А.

Page 10: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

10

Волков «Волшебник Изумрудного города». Я написал аннотации и рецензию на книгу В. Осеевой «Васёк Трубачёв и его товарищи»…

Кроме того, появилась рубрика «Рассказ по картинке». Мой первый рассказ по картинке «Гномик и мышка». Начал я делать журнал в 2006 году, когда был маленьким. Потом журнал стал более серьёзным. Я стал думать, каким должен быть мой журнал, сравнивать его с другими, и

понял, что хочу писать о книгах, поэтах, писателях, потому что детских изданий много, а никто не учит детей нашего возраста читать, не рекламирует книги.

У меня появились постоянные рубрики: реклама творчества писателя или поэта на развороте, аннотация, а позже – рецензия книги, старая сказка на новый лад, проза, дата…

Среди направлений работы организации «Балдырған» есть маршрут «Мен жəне Əлем» («Мир и я»), поэтому я ввёл рубрику «Мир вокруг меня» или «Мир, в котором я живу».

В нескольких журналах помещены статьи о роли детских СМИ в пропаганде чтения, потому что это главный вопрос, который волнует меня: я хочу, чтобы мы все много читали и много знали.

Журнал позволяет сочинять рассказы на разные темы. В областной газете «Южный Казахстан» напечатали два моих рассказа и

сказку. Как-то я увидел на стене дома слова «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесiн», я их

переделал «Орыс орысша, қазақша сөйлессiн», потому что политика государства – это овладение всеми жителями Казахстана казахским языком.

В журнале появилась рубрика «Қазақ əдебиетi». Но, вспомнив о триязычии, я добавил ещё «English page». Я рассказал о своей родине – «Менің Қазақстаным», об Ибрае Алтынсарине,

познакомил своих читателей с казахскими пословицами и детскими стихами. В моём журнале можно найти детские английские стихи. Чтобы журнал был ярким, привлекательным, я использую много фотографий,

вырезок из журналов, подходящих по теме, рисую сам. Скоро «Колобок» остался моим первым детским журналом, а я с июня 2008

года выпускаю альманах «Панорама». «Панорама» сохранила некоторые рубрики «Колобка». Появились новые. В редакционной статье освещаются проблемы чтения: «Умеем ли мы читать?»,

«Слово о словах», «Наши друзья – книги» (о работе библиотек) и другие. Статьи об искусстве в разделе «Виды искусства», представления авторов и

героев в разделе «Гость номера». Есть рубрика «Литературные игры». Главное для меня – это статьи о писателях, поэтах и их книгах (Б. Сокпакбаев,

Е. Велтистов, Ы. Алтынсарин, М. Энде и другие). Журналист должен быть грамотным человеком, поэтому в моей «Панораме»

есть рубрика «Словарь», в которой я рассказываю о значении разных слов, о том, как эти слова используются в произведениях.

Грамотный, широко образованный, всем интересующийся журналист – вот мой идеал.

Таким я стараюсь быть в своих журналах. Түйін

Автор М. Беляков өзінің жасы бар болғаны жетіде екеніне қарамастан, журналистік қызметтің ерекшелігін жақсы меңгерген, өзінің қызығушылығын жеткізе білген. «Құрдастарым қандай журналдар оқиды?» деген тақырыпта

Page 11: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

11

зерттеулер жүргізген. Қалалық ғылыми-тəжірибелік конференцияда II-орынға ие болған. «Шуша», «Южный Казахстан», «Детский парк», «Колобок», «Панорама» атты мерзімді басылымдарда өзінің өлеңдері, мақалалары үнемі жарық көріп тұрады. Көптеген мақалаларға талдау жасайды, оқушыларға түсіндіріп, оқып береді.

Summary The author Belyakov M., despite of his age, has precise representation about features

of job of the journalist, he is interested in writing articles, interesting stories and he has researched the fact of «What magazines do his friends read», he has protected the project named by «A Role of children’s Mass-Medias in propagation of reading», he has taken the second place in scientific practical conference, he has printed the verses, figures, stories in the magazine of «Shusha», in newspaper of «Southern Kazakhstan», in newspaper «Children’s park», he is printing interesting stories in «Kolobok», «Panorama» magazines, he acts with the analysis of magazines and he has printed his own magazines and shows them before school children.

МЕНІҢ ЕСІМІМДІ НАҒАШЫ АТАМ ҚОЙҒАН

Поэзия Тастемiрқызы БЕКПАТШАЕВА, С. Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернаттың

5 «Ə» сынып оқушысы, Түркiстан қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Менiң есiмiмдi нағашы атам аса разы пейiлмен қойыпты. Өйткенi мен дүниеге келiп жатқан сəтте, яғни, 1999 жылдың 3-iншi наурызы, сағат екiде өзiнiң қаншама жылдардан берi аңсаған арманы – жыр-жинағын шығаруға қомақты қаржыны облыстың сол кездегi əкiмi Қ. Абдоллаевтың қолынан алыпты. Зор қуанышпен оралған нағашы атам «Бұл қыз несiбелi болып туылды. Жəне поэзия əлемiндегi өнер жолыма үлкен сiлкiнiс туған сəтте дүниеге келдi. Ендеше, есiмi Поэзия болсын», - деп ақ батасын берiптi анама.

Сонымен мен өзiмнiң ақын Қаныбек Сарыбаевтың немересi болғанымды мақтаныш етемiн. Атам мен апам бұл өмiрден өтсе де, мен оларды əсте есiмнен шығарған емеспiн. Бар мейiрiм, ыстық пейiлдерiн төгiп, ақ жүректерiмен қараған атам Қаныбек пен апам Ұғыланға əрқашанда басымды иiп өтемiн.

Ал, анам Лəззат Сарыбаева қалалық «Түркiстан» газетiнде руханият бөлiмiнiң меңгерушiсi болып iстейдi. Кiшкентайымнан анамның жұмысында көп болғандықтан, журналист мамандығына қатты қызығамын. Қалай жазғы демалыс басталысымен, менiң де анамның жұмыс орнына баруым жиiлейдi. «О, Поэзия қызымыз келдi!» - деп менi ондаңылардың бəрi жылы пейiлдерiмен қарсы алып жатқандары. Мұндағы барлық журналистердiң өз компьютерлерi бар. Барлығы да отыра қалып, жазу жазып отырады.

Маған да анам: «Тыныш отыр, мұндағылардың бəрi де жазу жазып отыр, бұзық болма», - дейдi. Мен де қарап отырмай жазу жазып отырайын, ақ парақ пен қалам берiңiз», - деймiн. Сөйтiп анамның берген ақ парақтарын мен де толтырып тастаймын. Өз жұмысын аяқтаған анам: «Менiң қызым атасына ұқсаған ақын болады, əне, өлең жазып отыр», - дегендi естiген сайын айта түссе екен деймiн.

Алайда, көңiлiмде алай-дүлей боран соғады да тұрады. Менiң есiмiмдi Поэзия деп қойғаннан кейiн ақын болуым керек екендiгiн аманат жүгiндей сезiнемiн. Осы орайда, атам Қаныбек Сарыбаевтың дүниеден кетiп қалғанына қатты налимын: «Егер де тiрi болғанда қазiргi уақытта менi ақындыққа баулитын едi-ау», - деп. Анам Лəззаттың қанша жерден жақсы тəрбие беру жолында төгiп жатқан қыруар еңбегi бола тұрса да, атам мен апамның орнының жоқтығы бiлiнiп тұрады.

Құдай қаласа, алдағы өмiр жолдарымда ақындық жолда дара көрiнумен қатар, атам Қаныбек Сарыбаев пен апам Ұғылан Ақтайқызының тағылымды, мағыналы

Page 12: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

12

өмiр жолдарынан кiтап жазсам деген үлкен мақсатым бар. Аллаһ тағала осы ниетiмдi орындауыма ақ жол берсiн деген ақ тiлектемiн. Бұл үшiн əрине, ең əуелi журналистiк шеберлiгiмдi шыңдауым керек. Бұл жолда анам Лəззаттың септiгi тиедi деген ойдамын. Өйткенi, қашанда көркем əдебиеттермен қатар, күнделiктi шығып отырған басылымдарды оқуымды қатты қадағалайтын анамның арқасында өзiмнiң арман құсымның тiзгiнiне қол салатыныма сенiмдiмiн.

Сонымен журналистiк əлемiнде өзiндiк өрнегi қалыптасқан нағыз маман болғым келедi. Өйткенi бала кезден журналист анамның жанында көп жүргендiктен болар, мiне, осылай мен анам сияқты журналист, атам сияқты ақын болғым келедi. Атам мен апам жанымда жоқ болғандықтан барым да нарым да болып жүрген анамның жүзiнен тек қана күлкiнi көргiм келедi. Анама қолғабысымды тигiзгiм келедi жəне анамның маған риза қалпын əрдайым көргiм келедi.

Менiң анамның мiнезi өте тамаша, мына бiздерге, атап айтсам екi ағам: Берiк, Бағлан жəне менi ұрсып, ұрып тəрбиелеген емес. Қашан да болса жылы мейiрiмiн төгiп, ыстық пейiлмен тəрбиелегенiне қарыздармыз.

Бiз анамызбен мақтана аламыз. Бүгiнде «Түркiстан» газетiнде 35 жылдық өмiр тəжiрибесi бар Нұралы

Дүйсекеев көкеге қатты ризамын. Ол кiсiнi ондағылардың бəрi де «Əулие» атап кеткен. Мiнезге бай, қарапайым қалпынан айнымайтын ерекше қасиетiнен болар, сiрə.

Айтпақшы, Нұралы көкемнiң қызы журналистiк жолды таңдап, қаламыздағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университететінiң журналистика саласына оқуға түстi биылғы жылы.

Алдағы уақытта мен де осынау жоғарғы оқу орнына оқуға түсiп, журналистiк мамандықтың қыр-сырын меңгерген маман болсам, қарапайым халықтың басындағы өмiр толғамдарын жазып қана қоймай, оларды толғандырған сан сұрақтардың жауабын баспасөз бетi арқылы жандандырып берiп отырар едiм. Əсiресе, қазiргi өзiмнiң жасындағы жасөспiрiм-балғындардың ой-пiкiрлерiн көбiрек беруге ұмтылар едiм. Өйткенi нағыз шынайы ақ армандар мен ұлы толқыныстағы идеяларды дүниеге əкелетiн болашақтың иелерi мына бiз секiлдi перiштелер емес пе?

Өкiнiшке қарай, дəл қазiргi таңда кiшкентай өрендермен санаспақ түгiлi, оларға «кiшкентайсың» деп қана емес, тiптен адам ретiнде қарамайтындардың саны көп секiлдi. Осындайда атам қазақтың: «Кiшкентай өспей ме, көкейiңдi теспей ме?» - деген қанатты сөзi ғана дем бергендей əсерде боламын.

Жəне бiр айтарым, дəл қазiргi таңда ақшаның құлы болып бара жатқан замандай. Қайда барсаң да, алдыңнан қаржы мəселесi туындайды. Менiң де осы мақаламды сiздерге жiбере алмайтын дəрежеде отырғанымды қалай жасырайын. Бəйге жариялаµандарыңызға риза болғаныммен, жiберу ақысына қиналғаным-ай. Əйтеуiр бағыма қарай анамның журналист болғандықтан, жағдайымды түсiнiп, қаржы тауып бергенi. Ал, қаншама сыныптастарым өздерiнiң жазған мақалаларын жiберулерiне қаржы мəселесi қиындық туғызды.

Алдағы уақытта осы жағына назар аударсаңыздар екен. Құдайым қолдап, нұрын төгіп жатса, журналист мамандығын иеленгiсi келетiн

жас өркендерге жасап жатқан жақсылықтарыңыз Аллаһтың нұры болып жаусын Өздерiңiзге.

Page 13: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

13

ЖУРНАЛИСТ БОЛУ ОҢАЙ ЕМЕС

Райымбек Сəкенұлы ТӨЛЕНДІБАЕВ, Ж. Аймауытов атындағы №64 көп салалы мектеп-гимназиясының

7 «А» сыныбының оқушысы, Шымкент қаласы. Иə, мамандық таңдау – қиынның-қиыны. Ол – сенің болашағыңды

айқындайтын, əрқашан өмір атты теңізден өз қайығыңа лайықты ескек тауып, таңдап есе білуді талап ететін нəрсе.

Маған журналист мамандығы өзінің қызықты да, қауіп-қатерге толылығымен ұнайды. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елдегі жəне əлемдегі болып жатқан оқиғаларды, жаңалықтарды жұртшылыққа дер кезінде жеткізіп, қоғамдық пікір қалыптастырып жəне қоғамның жақсы жағына өзгеруіне үлес қоса алсаң, одан үлкен бақыт жоқ деп ойлаймын.

Əрине, журналист болу – оңай емес. «Ақын болу оңай деймісің, қарағым, Аузында болу, сыздаған барлық жараның», - деп ақын Төлеген Айбергенов

жырлағандай, журналист мамандығы да, қоғамдағы оң өзгерістермен қатар, келеңсіз жайттарды да ең алдымен көретін, жан жүрегімен қабылдауды талап ететін кəсіптердің бірі.

Егер журналист зерттеген тақырыбын, мың мəрте ой елегінен өткізіп, сан мəрте ақыл таразысына салып, өз жүрегінен шығармаса, онда жазғаны жұртшылық жүрегіне жетуі екіталай. Оның үстіне əр мақаланың артында адам, қоғам тағдыры тұруы мүмкін екенін ескерсек, бұл мамандықты адамның адамы, азаматтың азаматы ғана таңдау керек екені мəлім болады.

Журналист мамандығы – əлемдегі аса қауіпті мамандықтардың бірі екені белгілі. Оған дəлел – Ирак, Ауғанстан, Шешенстан жерінде өз кəсіби міндетін орындау кезінде шейіт болған журналистер.

Алысқа бармай-ақ, өз елімізде қоғамды өзгерту мақсатында өткір мақалалар жазып, жемқорларды əшкерелеп, сол жемқорлардың қолынан қаза болған Нури Муфтах, Алтынбек Сəрсенбаев сияқты журналист ағалардың өмір жолдарын еске түсірсек, бұл мамандықтың мен үшін бағасы арта түседі.

Менің осы мамандықты таңдауыма «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Бақтияр Тайжан, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Еркін Досымбай, «Астана» телеарнасының қызметкері Мəди Манатбекпен қатар, өз апайым – «Мақтаарал» газетінің белді қызметкері, журналист Дина Төлендібаеваның да əсері болды деп ойлаймын.

Дегенмен, бəрінен де өзінің шығармашылық жолын журналистикадан бастап, əлем таныған ақын, мемлекет қайраткері деңгейіне көтерілген, жерлесіміз Мұхтар ата Шахановты пір тұтамын.

Мен де Мұхтар ата секілді журналистика мен ақындықты қатар алып жүрсем деп армандаймын.

Менің алғашқы жазған «Ана туралы» атты шығарған өлеңім «Болашақ» газетінде 2007 жылдың қазан айында жарық көрді.

Кейіннен «Азамат – Дастан» газетіне бірнеше өлеңдерім басылды. Осындай шығармашылық қабілетімді ұштап, қарлығаштың қанатындай нəзік те

талмас қауырсын талабыма үлес қосқан ұстаздарымның еңбегін де атап өткім келеді. Осы мамандықтың иесі болсам-ау деген арманыма бастауыш сыныптағы

ұстазым Гүлбану Əбдіқайымованың Ұлы бабамыз Абай айтқандай, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп тармақталатын өлең жолдарының нағыз иесі екендігі əсер етті.

Page 14: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

14

Ұстазымның біздер үшін жасаған еңбегі ерен, өткізген сынып сағаттарының өзі нағыз болашақтың даңғыл жолын салып бергендей елестетіп отырмаған бала жоқтың қасы еді. Əр сабақ пен сынып сағаттарынан кейінгі жолдастарымызбен сол қиялдан ажырай алмай: «Осындай болсақ, осындай болсам-ау», - деген сəбилік қиял шартарапқа жетелеп кететін.

Журналист мамандығын таңдау барысында балалық қиялымның шартарапқа самғауын іс жүзіне асырып, тəуелсіз елімнің өркендеуі мен 50 елдің қатарына қосылу барысында өз үлесімді қосып, адалдықтықтың ақ туын биік көтерсем екен.

Баубек Бұлқышевтың жазғанындай: «Адам – өз өмірінің суретшісі, ол өмір бояумен, бояусыз да көрсетеді. Өмірім боямаланбайтындай, шындық үшін жаным шырқырайтындай, өтіріктің балын жаламайтындай болса екен», - деген арманым бар.

ТІЛШІ БҮКІЛ ЕЛДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ЖЕТКІЗЕДІ

Əсемгүл БИБАТЫР,

Ж. Баласағұн атындағы №6 орта мектептің 8 «К» сынып оқушысы, Шымкент қаласы.

Жетекшісі: Жібек Айдарқызы ҚАЛТАЕВА, Ж. Баласағұн атындағы №6 орта мектептің

қазақ тілі жəне əдебиеті пəнінің мұғалімі, Шымкент қаласы.

Мен журналист болғым келеді! Өйткені тілші ретінде мəдени сөйлеп, көбінде жастарға үлгі-өнеге боларлық тəлім-тəрбиесі зор мақалаларды халықтың жүрегіне əдемі жеткізгім келеді.

Халықтың жүрегіне əдемі қылып жеткізу де, оқырман көңіліне жол табу да көп ізденісті талап етеді. Біз жастайымыздан жақсы сөздерді естіп, солардан үлгі-өнеге, тəлім-тəрбие алып, бір-бірімізбен бейбіт өмір сүрсек деп армандаймыз. Сонда ғана бірлігіміз бен тірлігіміз де оңып, жақсылықпен озып шығарымызға сенімдімін.

Мен көбіне иманды, салауатты өмір салтын ұстансақ деймін. Менің журналист болғым келетінімнің себебі: өз мақсаттарым мен арманыма жетсем деймін. Ақпарат құралдары арқылы халқымыз талас-тартыссыз жақсы бақытқа бет бұрса деп тілеймін. Көбінде жастар жағына тілші ретінде жол сілтесем деймін. Мен журналист болсам үмітімнің де ақталатынына сенімдімін жəне мен сол тура жолға қуанамын.

Тілші-журналист мамандығының басқа мамандықтарға қарағанда ерекшелігі: тілші тек қана бір ғана елге емес, бүкіл елдерде болып жатқан жаңалықты халыққа жеткізеді.

Тілші маманы бүкіл əлемдегі хабарларды жеткізу үшін оларға көп ізденіс қажет. Баяғы заман мен қазіргі жағдайдың өзгешеліктері көп. Өйткені қазір – жаңа ғасыр. Қазақстан жылдан-жылға көркейе түсіп, өркендеп келеді. Сонымен қатар қазіргі нарықтық экономикаға сай жаңа құрал-жабдықтар да молшылық. Журналистер өз кейіпкерлерімен бетпе-бет кездесіп жəне сұхбат жүргізіп, сол дайындаған хабарлары тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Олардың жазған мақалалары онымен қоса газет бетінде де басылып шығарылады. Мұны оқырмандар керегіне пайдаланады, мысалыға, оқушылар, студенттер жəне де əр алуан саладағы қызметкерлер.

Журналист мамандығының басқа мамандықтан ерекшелігі: бүкіл əлемде болып жатқан жаңалықтарды толыққанды ізденіп, керек мəліметтерді тауып, жарыққа шығаруы журналист қауымының міндеті.

Журналист – абыройлы да жауапты мамандық. Ол əр алуан мамандық саласынан хабардар болуы керек. Сол үшін журналист мамандығы терең білімді

Page 15: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

15

болуды талап етеді. Мəселен, дүние жүзіндегі танымдық ақпараттарды, техника, ғылым, білім, спорт, ауылшаруашылық саласындағы соңғы жаңалықтарды дер кезінде жеткізу қажет. Əр түрлі мінезді кейіпкерлермен сөйлесу мəнерін білу үшін, оның ішкі дүниесіне еніп, психолог, философ міндетін атқаруды қажет етеді.

Журналист мамандығын меңгеру үшін соңғы кездегі жаңа ақпараттық техниканың тілін меңгеріп, ары қарай тереңдетіп оқу керек деп ойлаймын. Сонымен қатар журналист тапқырлықты, білгірлікті, төзімділікті, инабаттылықты, адам бойындағы барлық жақсы қабілеттілікті үйреніп, оны іс жүзінде пайдаланады.

Мен тек қана өз қаламда емес, өз елімде ғана емес, өзге де қала, елдерге іссапарға шығып, журналист міндетін атқарсам деймін. Басқа жастарға үлгі-өнеге боларлық ақпараттарды жеткізіп, сол жастардың жүрегіне сыйласам деймін жəне де кейінгілерге үлгі-өнеге болып, сөйлеу мəнерін жеткізіп, қазақ тілін одан ары қарай дамытып, Шымқаламды асқаттатсам деген ойдамын.

Журналист мамандығына талап етілетін жауапкершіліктерді мойныма алып, өз міндетімді адал атқарсам деймін.

Мен əдеби жəне саясат, мəдениет жағынан жазылған мақалаларды оқығанды ұнатамын. Сонымен қатар қазіргі кезде саясат мəселесі жағын көп қарастырыла бермейтін сияқты, тек қана бір мəселені, онда да ұсақ-сүйек тақырыптарды қозғап жаза беретін тілшілер де бар. Сондықтан баспасөз еліміздің қоғамдық-саяси жағдайын мəдени түрде, əдеби тілде көбірек жазса деймін.

Есімдері ерге танылған Зəуре Оралбаева, Дана Нұржігіт, Қымбат Досжан, Жұмамұрат Тұяқбаев, Əмір Сейітəлиев, Төрегелді Байтасов тағы басқа журналист аға-əпкелерім сияқты мен де солармен деңгейлес болып, Шымкент қаласының жас тілшісі болғым келеді.

Мерзімді басылымдардағы мақалалар əдеби жағынан жоғары деңгейде болса, қанекей, қазіргі жастар өз ана тілінде таза сөйлер еді. Сондай-ақ, баспасөз мəдениет мəселесін де жиі көтеріп отырса. Сонда сол газеттерді оқып жүрген жастар керегін алып, бір-бірімен қалай сыйласу керегіне назар аударып, сонымен қатар сөйлеу мəнерін үйреніп, тəртіп жағынан жоғары болар еді ғой.

Қазіргі таңда газет-журналдарда құқықтық міндет жайлы көп жазылып, айтылмайды. Сондықтан сол жайлы көп талқыға салынып жазылса, біз солардан үлгі алып жүрер едік.

Менің болашақта журналистика мамандығын таңдауымның себебі осыдан. Егер мен келешекте журналист болсам, осы жастарға қажет əдеби, саясат, мəдениет, құқық пен міндет жайындағы мақалаларды жиі жазып, басып шығарып, сол арманымдағы дүниелерім жарық көрсе деген ойдамын.

Қазіргі оқушылардың өз құқықтары мен міндеттері бар. Солардың бірін айтатын болсақ: мемлекеттік стандартқа сəйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірлерін білдіруге құқықтары бар жəне үлкенге құрмет, кішіге ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың талаптарын орындауға міндетті.

Қандай да бір адам баласы тіршіліктің жан иесі өз мақсаттарын орындауға, ойындағы іс жүзінде пайдалануға жəне де қандайда бір ұлт өкілі болса да өз еркімен жүруге жəне мемлекеттік оқу орындарында білім алуға құқығы бар.

Бірақ соған қарамастан тек қана оқушылар ғана емес, студенттер, басқа да жастар, қарапайым адамдар да, қызметкерлер де өзінен үлкенді құрметтеу, бірін-бірін сыйлап, тəртіпті үлгілі болып, кейінгі балаларға үлгі қалдырып, тура жолдан адаспас, даңғыл жолмен жүре білетін өшпес із қалдырса, журналист ретінде осыған өз үлесімді қоссам, міне, осы – біздің мақсатымыз деп мен өз ойымды аяқтағым келеді.

Page 16: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

16

ЖУРНАЛИСТ БОЛУ – БАСТЫ АРМАНЫМ

Арайлым Амангелдіқызы ƏБДІХАЛЫҚТЕГІ, З. Космодемьянская атындағы №23 лицей-мектебінің

9 «Ж» сыныбының оқушысы, Шымкент қаласы.

Жетекшілері: Ұлжан Бейсенқызы АБЫЛАЕВА, З. Космодемьянская атындағы №23 лицей-мектебінің қазақ тілі жəне əдебиеті пəнінің мұғалімі, Шымкент қаласы.

Толқын САРИЕВА,

М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының аға оқытушысы,

Шымкент қаласы.

Жастық шақта адам баласы өмір жолын, өзінің қандай жағдайға жеткеніне, неге шамасы келетініне, жұртқа нендей пайда тигізетініне айрықша көңіл бөлу қажет.

Асыл арман зор үмітпен тығыз байланысты. Арман мен үміт жүректі қуанышқа бөлейді. «Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады, үмітін жоғалтқан жан – ешқашан үміттеніп көрмеген жан», - деп Б. Момышұлы атамыз бекер айтпаған.

Арман алға жетелейді. Əрбір адам мақсат-мұратына жету үшін көп еңбектенеді. Ал еңбекпен мақсат-мұратқа жету – үлкен жеңіс. Осыған орай, «Адамдарды алдына қойған мақсатына қарай бағалау керек», - деген белгілі саяхатшы Миклухо-Маклай. Əрбір адамның талабы биік болса, өз арманына жетеді жəне əркім өз бағы үшін талпынады.

Менің алға қойған мақсатым, арманым – журналист болу. Менің ойымша адамның өзін-өзі тəрбиелеу мəселесінің бірі – мамандық таңдау. Бұл əрбір жас үшін ерекше мəнді мəселе.

Əр адамның бірнеше кəсіппен айналысуға қабілеті болғанмен, соның біреуіне ғана ынтасы ауады. Жастардың өмір жолын дұрыс таңдауы да осыған келіп тіреледі. Ж. Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді зор шеберлікті қажет ететін нəрсе», - дейді.

Журналист болу – менің басты арманым. Əрбір саланың өз ерекшелігі бар. Бұл сала өзінің мəдениеттілігімен, халыққа деген өз ойыңды жеткізе алатындығымен ерекшеленеді.

Мен өз ой-пікірімді халықпен бөлісіп, барлық жаңалықтармен хабардар еткім келеді. Жаңалыққа жаным құштар. Халықтың санасында жүрген көкейтесті мəселелерін тыс қалдырмауға тырысатын едім. Əсіресе жастардың тыныс-тіршілігі жайлы, жастардың қазіргі кездегі алатын орны жайлы хабардар еткім келеді.

Бұл сала қиын да қызықты мамандықтың бірі деп санаймын. Бұл салаға бала кезімнен қызығамын жəне осы арманға жету жолында биік асуларды бағындыруым қажет.

Қиялға қанат беріп, қыл қалам ұшына тіл бітірер, өредегі ойдан маржан терер сырлы да сұлу сөздің хас шеберлері де – тілшілер. Менің де алға қойған мақсатым – сырлы сөздің хас шебері болу.

Журналистика – рухани жəне табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын əдеби шығармашылық қызмет түрі. Журналистика қоғамдық ой-пікір мен дүниетанымды қалыптастырады.

Page 17: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

17

Қылқалам шеберлері, теледидар жүргізушілердің ішінен жаныма жақын «Хабар» телеарнасының жүргізушісі Дана Нұржігіт ұнайды. Оның əсіресе «Рухани əңгіме» атты бағдарламасын үзбей көруге тырысамын. Ол кісінің сөйлеу мəнері, өзін-өзі ұстау стилі, тіл байлығы тамаша десем артық айтпас болар ем.

Тағы да бір үлгі тұтатын журналистердің бірі «Қазақстан – Шымкент» телеарнасының журналисі Мөлдір Нұрман. Тілге тиек ететін жаңалықтарының көбісі халықтың хал-жағдайы туралы талқыға салады. Өзіне тума біткен талантымен ел-жұртты таңқалдыра алатын журналистің бірі.

Журналистика саласы көп талапты қажет етеді. Бұл салада тіл байлығың дамыған, сөздік қорың мол болу керек. Өз ойыңды ашық жеткізе алу қабілеті болу қажет, сонда ғана осы салада жұмыс атқара аласың деп ойлаймын.

Менің қазіргі кезде жазып жүрген мақалаларым «Балдəурен» балалар газетінде жарық көріп жүр. Олар: «Алғашқы жеңістер», «Киелі жерім –Түркістан», «Наурыз», «Жаңа жыл» жəне жұлдызнамаларым, тест сұрақтары газет бетіне жарияланған.

Мен Шымкент қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығында «Жас тілшілер» жəне «Шешендік өнер» үйірмесіне қатысамын. Бұл орталықта дарынды балалар ауыз толтырып айтарлықтай. «Шəкіртсіз ұстаз – тұл», - демекші, бұл орталықта тəлім-тəрбие алып жатқан ұстаздарыма алғысымды айтамын.

«Шешендік өнер» үйірмесінде көп нəрсе үйренуге болады. Бұл үйірмеде актерлік шеберлігіңді де шыңдауға болады. Бұл орталықта əр мерекеге арнайы концерттер үзбей өткізіліп отырады.

«Жас тілшілер» үйірмесінде «Южный Казахстан» газетімен бірлескен жас тілшілер лездеме жиыны мен мектептік газеттер байқауының салтанатты ашылуы да болып өтті.

Мен болашағымды осы саламен байланыстырсам деймін жəне бұл салаға үлкен сеніммен қарап, маңызды қадам жасаудамын.

Əдебиеттер 1 Қазақ энциклопедиясы. – Алматы, 1998.

I WANT TO BE A JOURNALIST

Жұлдыз Махсұтқызы МАХМҰТОВА, «Еңбек» орта мектебінің 9 сынып оқушысы, Ынтымақ ауылы,

Мақтаарал аyданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Let me introduce myself. My name is Zhuldyz Makhsutkyzy. I was born on December 8, in 1993. I am a pupil of ninth form of a secondary school. After finishing the school I want to enter the university, that is why I have to study twice as hard an ordinary pupil. I do not only best at school, I take a preparatory course at our school, because I want to be a journalist. I am always busy, but when I am free I like to read different books, I go to the museums and galleries.

My favourite subject is English at school. So I am trying to learn English very well, because the problem of learning foreign languages very important today. Foreign languages are socially demanded especially at the present time when the progress in science and technology has led to an explosion of knowledge and has contributed to an overflow of information. The total knowledge of making is known to double every seven years. Foreign languages are needed as the main and the most efficient means of information exchange of the peoples of our planet. Today English is the language of the world. Over 300 million people speak it as a mother tongue. English is not only the national or official language of some thirty stats which represent different cultures, but it is also the major international language for communication in such areas as science, technology, business and mass entertainment. English is one of the official languages of

Page 18: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

18

the United Nations Organization and other political organizations. It is the language of literature, education, modern music, international tourism.

At the present stage of development of sovereign Kazakhstan when the country has intentions to join the top 50 countries of the world, integrate into the world community and the problem of learning English for the purpose of communication is especially urgent today.

So everybody has their own way to learn language, I know learning languages you learn the culture and history of native speakers. So I’m very fond of learning English, I want to be English speaking journalist. Then I want to give issues in the world press.

Today Kazakhstan can be proud of the variety of newspapers circulating throughout the country. On the news stalls one can find newspapers of all kinds: national and local, official and private, quality and popular, newspapers issued for children, teenagers, people of different trends, for all kind of fans: sport – fans, car – fans, etc. The freedom of press has become real today.

The Kazakhstan government continues to exercise control over the newspaper industry. Most of the newspapers can boast their independence, their individual styles, their peculiarities. Now it is almost impossible to classify all the Kazakh newspapers into tow big groups: quality and popular. It is possible to name the newspapers and the bodies responsible for the issue of this or that newspaper to illustrate the variety of the modern KZ press. «Egemen Kazakhstan» is the social and political newspaper of kazakh people; «Zhas Аlash» is an independent newspaper.

There are a lot of local and professional newspapers. Today people have a chance to have information about events in thir own country and abroad, they can compare the positions and programmes of different political parties and make own choice. The most space is taken by topical information and public pieces. Usually there are four or eight pages in a newspaper, But there is no need to read all the articles. People can look through the newspapers and read the columns they are interested in.

Now I can say that the newspapers come out all the time to provide people with fresh and objective news. KZ press calls the readers’ attention to outstanding issues of the day, reports about various aspects of life.

Saying all these, I know that the profession of newspaperman is very important and difficult work, but I don’t want to refuse for it. I’ll be ready to give all my attention to do the best for my Motherland. Then I want to represent the national treasures and cultures to the World.

I wish to be succeed my dream and to be the best journalist.

ЖУРНАЛИСКЕ САН ҚЫРЛЫ БІЛІМ ҚАЖЕТ

Маржан ƏЖІБЕК, Л. Жолдасов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы,

Лесбек батыр ауылы, Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жуырда ғана еліміздегі баспасөз беттерінің бірінен аты аңызға айналған публицист Генрих Боровиктің: «Өмір адамға бір-ақ рет берілетіндіктен, адам өзі қалаған мамандығының бəрін игере алмайды. Мамандықтың бəрін дерлік байқап көруге мүмкіндік беретін жалғыз мамандық бар, ол – журналистика», -деген сөзін оқып, ойланып қалдым.

Расында да, журналистің басты міндеті – мақала жазу десек (бұл жерде БАҚ-ның сан саласының ішіндегі баспасөз журналистерінің қызметін тілге тиеп отырмын), əр мақаланың тақырыбы əр түрлі болмай ма? Сан түрлі тақырыпқа қалам тербеу үшін, журналиске сан қырлы білім қажет.

Page 19: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

19

Қазіргідей оқырман талабы күшті кезеңде шала-шұрпы біліміңмен жазылған мақаламен оқырман талабын қанағаттандыра алмасың анық. Қолға алған тақырыбыңды ойдағыдай жазып шығу үшін сол салада терең білім иесі болуға тиіссің. Демек, нағыз журналист атану үшін жоғарғы оқу орнының журналистика факультетін тəмəмдап қана қою аздық етеді.

Журналистикадағы басты мəселе – уақыт. Жалпы журналистердің міндеті – ақпаратты халыққа дер кезінде жеткізе білу. Олай болса, кешіктіріліп жеткізілген, бояуы сіңген жаңалықтың құны болмайды, ешкімді қызықтырмасы да сөзсіз ақиқат.

«Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол халықтың болашағы зор», - деп Алаш зиялылары текке айтпаған. Қазақ журналистикасының тамыры тереңде. Қазақ тіліндегі алғашқы газет 1870-1882 жылдары «Түркістан уалəятының газеті» деген атпен патша өкіметінің отаршылдық билігін нығайту мақсатында жарық көреді. Соған қарамастан газет бетінде қазақ халқының тарихы, əлеуметтік-экономикалық жағдайы, мəдениеті мен фольклоры кеңінен жарияланып тұрады.

Қазақ журналистикасы сол кезден, тіпті одан əріден дамып келе жатыр. Əрбір адам баласының өмірлік мақсат еткен арманы болады. Ол арман адамды

болашаққа жетелейді, өмірге деген құлшынысын арттырады. Армансыз өмір сүру деген сөз адам өз келешегіне үмітсіз қарау дегенмен бірдей.

Тақырып айтып тұрғандай, менің журналист болғым келеді. Ол – менің арманым. Бұл арманым келер күнге деген үмітім, алдымнан күлімдей қол бұлғаған асылым, керек десеңіз, өмірімнің өзі.

Мен ес білгелі журналистикаға ерекше құмартып келемін. Балалау кезімде күнде-күнде кешкісін əкемнің тастамай көретін «Жаңалықтардағы» дикторларға еліктеп, тележүргізуші болуды армандайтынмын. Есейе келе, ептеп өлең жазып, əңгіме, мақалаларым газет-журнал беттеріне жиірек шыға бастаған соң, қызуғушылығым баспасөзге қарай ойыса берді.

Уақыт өте келе журналист атану – асыл арманыма айналды. Бұл салаға деген қызығушылығым əдеби шығармалар оқу арқылы оянды десем артық айтпағаным. Себебі шын мəніндегі көркем əдебиет – азаматтық терең ойдан, адамгершілік асыл идеядан, биік парасаттан тұрады. Əдебиет – сөз деген құдіретті құралдың мəңгілік айнасы. Əр дəуірдің əдебиеті бəрінен бұрын сол дəуірдің бейнесі болып қалмақ. Мысалы, «Ботагөз» романы жазылмаса Қазан төңкерісін, Кеңес үкіметінің тарихын, «Қазақ солдаты», «Партизан қызы» жазылмаса Ұлы Отан соғысының шындығын, «Майдан» мен «Миллионер» жазылмаса, ауыл өміріне дүрбелең салып кеткен ұжымшар, кеңшар деген не екенін толық білмес едік.

Əдебиеттің шындықты шындап қана қоймай, келер ұрпақтан ұрпаққа тағылым ретінде шегелеп қалдыратын құдірет-күшін осыдан да танып-білуге болады.

Менің сөз киесін ұғынып, оның қасиетіне табынуым əдеби шығармалар оқи жүріп басталды. Сөз зергері атану арманым да содан бастау алды.

Мен үшін журналистика – қасиетті тұлпар. Сол тұлпарға мінуге əркім де құмар. Бірақ оған кез келген кісі міне алмайды, қауқары жетпейді. Мүмкін, оған менің қауқарым жетер, мүмкін жетпес, бірақ менің мақсатым нақты, жүрер жолым айқын.

Журналистика төртінші билік екенін ескерсек, біздердің қаруларымыз – қауырсын қалам мен ақ қағаз. Қоғам дертін əшкерелеу, оны алдын алу – біздің қолымызда.

Мен қазір 10 сынып оқушысымын. «Жас келсе – іске», - демеп пе еді атам қазақ. Өзімді жас журналиспін десем артықтау болмас, сірə! Облыстық «Балбөбек» газетінің, республикалық «Ұлан» газеті мен «Айгөлек» журналдарының жас тілшісімін. Мақсатыма жету жолында енді ғана тəй-тəй басып, журналистика мен өмір баспалдақтарынан аттап келемін.

Page 20: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

20

Алғашқы мақалаларым 5 сыныбымнан бастап «Балбөбек» газетінде жарық көре бастады. Сосын республикалық басылымдар «Ұлан» жəне «Айгөлекке» де жаза бастадым.

Осы орайда, аттап кетуге болмайтын мəселе – балалар журналистикасы. Менің ойымша, елімізде балалар журналистикасы жақсы жолға қойылған, дамып келеді. Оған биыл 84 жасқа толатын, Қазақстандағы ең тарихы бай жеткіншектер журналы «Ақ желкен» мен осы жыл 88 жасын тойлаған «Ұлан» балалар газетінің жүйелі түрде өткізіп отырған форумдары куə. «Ұлан» газеті мен «Ақ желкен» журналы жас тілшілерін «Қаламгер азамат» І форумы биылғы жылдың көктемінде Алматыда өтсе, «Қаламгер азамат» ІІ форумы жаз мезгілінде Астана қаласында дүбірлеп, бес күн бойы жалғасты.

Форумдарға еліміздің түкпір-түкпірінен 150 жас тілші шақырылды. Олар – қаламдары қазірден-ақ қарымды, шеттерінен дарынды, өңшең «Сен тұр, мен атайындар» – қазақ журналистикасының ертеңгі алыптары. Мен де осы жалынды жастардың қатарында екенімді мақтан тұтамын.

«Бұлақ көрсең – көзін аш» ұстанымын темірқазықша ұстанып, балалар үшін қызмет еткен, қазірде балалар деп соққан жүрек лүпілінің жемісін көріп, жақында ғана зейнетке шыққан балалар ақыны, «Ұланның» алдыңғы бас редакторы Сұлтан аға Қалиев, Дүйсен Мағлұмов сынды тұлғалар балалар журналистикасының дамуына елеулі үлестерін қосып келеді.

Бүгінде балалар əдебиеттің классигі Тұманбай Молдағалиев бас редакторлық ететін 50 жылдық тарихы бар «Балдырған» журналының да бұл орында алар орны ерекше. Бəрі де – балалар үшін, біздің танымымыз кеңейіп, қиялымыздың шарықтап, қаламымыздың ұшталуы үшін қызмет етіп келеді.

«Елу жылда – ел жаңа» дейді қазақ. Былтыр ғана өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өткен «Қазақстан» ұлттық телеарнасының қазақ телевизиясы тарихында алар орны айырықша. Арна – онда көрсетілетұғын бағдарламалардың сапасымен бағаланса керек. Аталмыш арнаның маған ерекше ұнайтын хабарламаларының бірі – журналист Санжар Керім жүргізетін «Алтын сақа» болатын. Бұл бағдарламаның жастарға берері мол болды, жастарды кітап оқуға, əдебиетке үңілуге үндейтін. Бағдарлама барысында түрлі роман, повесть, батырлар жырын түгел қамтитын.

Ұлт мақтаныштарынан «Қолтаңба» ғана алынып қоймай, қоғамда орын алып жатқан түрлі құбылыстар мен түрлі-түсті оқиғалар жайлы ел азаматтарымен ой бөлісіп, көзі қарақты көрерменін баға жетпес рухани байлық – азыққа бөлеп жүрген Нұртілеу Иманғалиұлының да еңбектері ауыз толтырып айтарлықтай, телевизия тарихында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан журналист деп есептеймін. Солармен қатар Дина Нұржігіт, Қымбат Досжан, Ернұр Бұрахандардың еңбегіне ерекше қызығамын.

Аға буын журналистерінің ішіндегі ерекше қадір тұтатыным – Ақселеу Сейдімбек. Халқына ғұмырын саналы түрде арнайтын адамдар ілуде, мыңнан біреу-ақ шығар. Қазақ мəдениетінің тағдыры үшін сан жылдар еңбектеніп, ұлттық ділдің жанашыры болып жүрген Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, филология ғылымының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбек жайында «Қазағым деп тілін сындырып, қазағым деп өмірден өтер, құр сөзбен емес, бар болмыс-бітімімен бүкіл сананы тіршіліктегі қам-қарекетімен дəлелдеп жүрген осы саланың Ақселеуіндей бір шоғыр азаматтары бар ел бақытты», - деген екен Кəдірбек Сегізбай. Сол айтқандай, мұндай азаматтары бар біздің ел бақытты.

«Қазағым» деген ұлын елі ардақтап, абыройын асқақтата түскенге не жетсін. Ол іштей қазақ халқы бір жүйеден екінші жүйеге өтіп бара жатқанын терең

сезініп, ұлтымыздың дəстүрлі құндылықтарының бірте-бірте ұмытылып бара жатқанына қатты мазаланады. Нəтижесінде, көркем шығарма жазуды саналы түрде тоқтатып, нақтылы ғылыми-көпшілік, ғылыми-танымдық, этнографиялық, ұлт

Page 21: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

21

болмысын танытатын еңбектерді жазуға көбірек ден қояды. Сонымен қатар, Ж. Кəрменовпен бірге қазақ əндерінің дəстүрлік ерекшеліктері жайында тоғыз телехабар жүргізіп, қазақтың классикалық əндерін көпшілікпен таныстырады. Қазірде 30-ға тарта кітабы, 2000-дай мақаласы жарық көрген.

Тіпті бір кездері «Зерде» (сол кездегі «Білім жəне еңбек») журналының бас редакторы болып жүріп, журналдың жарияланымдарын түгелге жуық қалғыған рухты оятуға, мүлгіген ұлтжандылықты серпілтуге арнаймын деп жүріп, қызметтен шеттеп, «ұлтшыл» деген атқа қалып, «сенімсіздердің қатарына қосылады. Бірақ ол үшін ешқашан өкінген емес. Менің Ақселеу Сейдімбекті ерекше пір тұтуымның мəні де осында.

Болашақта мен де Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің (ҚазҰУ) журналистика факультетін тəмəмдап, елім үшін тек қана пайдалы іске бой ұрсам деймін. Ақ пен қараны ажыратып, халықтың қай кезде де дұрыс таңдау жасауына көмектескім келеді.

Биылғы «Қаламгер азамат» фрумында «Қазақстан» арнасының Астана қаласында орналасқан жаңалықтар бөлімінде Əділ Нұртай, Мадина Аймалдина, Əйгерім Шаймерден сынды аға-əпкелермен кездесіп, бір жаңалықтың дайындалуы үшін қанша тер төгіліп, қалай дайындалатынын көзбен көріп қайтқанбыз. Сол сəтті пайдаланып, танымал тележүргізуші Əділ Нұртайға бір-екі сұрақ қойып үлгердім:

- Сіз қазір танымалсыз, тəжрибеңіз де жоқ емес, сізде эфир алдында қобалжу бола ма? - деген сұрағыма, Əділ аға:

- Қаншалықты тəжрибе жүргізуші болса да, эфирге шығар алдында қобалжиды. Бұл саланың жауапкершілігі өте зор, - деп жауап берді.

Иə, кез-келген салада өзіне тəн қиыншылықтар кездеседі. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін журналистикада да қиыншылық жоқ емес. Сол үшін бе, көбіне қыз бала үшін журналистикада ауыр тиеді десіп жатады. Алайда, мен бұл пікірге қосылмаймын. Өйткені бұл – менің таңдауым, менің өмірлік жолым.

Рас, журналистика – жұмыс уақытысында келіп, жұмыс аяқталған соң тып-тыныш үйге қайтатын жайбарақат офистік жұмыс емес. Бір жерде тапжылмай отыра алмайсың. Үнемі «аттың жалында, түйенің қомында» жүріп, жазуыңа, автобуста, көшеде кетіп бара жатып та ойлануыңа жəне өмір бойы ізденуіңе тура келеді. Осындай сындардан шыңдалғандар ғана биікке шыға алады.

Алғашқы мақалам «Ел сенімін ақтайық» деген атпен «Балбөбек» газетінде жарық көрді. Сонда қуанғаным-ай, десеңізші! Сол сəтте бүкіл əлем қолымда тұрғандай, өзіме деген ерекше сенімділік тұрды бойымда. Сосын сабазың тоқтар ма? Одан кейін газеттің бір саны мақаламсыз шыға қалса, бүкіл дүниенің көңілсіздігі қабағымның астына жинала қалады.

Сөйтіп жүріп, журналистика саласы бойынша алғашқы алған асуым – «Балбөбек» жəне «Детский парк» газетерінің ұйымдастыруымен өткен «Менің сүйікті əжем» конкурсының жеңімпазы атануым болды. Бұл алғашқы жеңісім бойыма күш-қуат берді, шабытымды шыңдап, одан əрі тынбай жазуға итермеледі.

Соның нəтижесі болар, газеттің 10 жылдық мерейтойында «Балбөбектің» «Ең үздік тілшісі» деген арнайы Дипломмен марапатталып, көп ұзамай, аталмыш газет ұйымдастырған «Қыс мезгіліндегі ең үздік хат жолдаушы» конкурсының жеңімпазы атандым. Бұлардың бəрін сол кездегі жасыма лайықты жеңістеріме, өзімнен бұрын ата-анам қуанған болар, сірə!?

«Ұлан» газетімен достаса бастауым, «Кім болам?», «Сəлемі түзудің – жолы түзу», «Ойдан ой туады», «Өзекке теппейік» атты мақалаларымның назардан шет қалмағаны болар, үстіміздегі жылдың көктемінде Алматы қаласында өткен І «Қаламгер азамат» форумына шақырылған делегаттардың ішінде мен де болдым. Сол алғашқы форумда өткізген екі күнімді «екі жылға бергізіз екі күн» десем, қателеспеймін.

Page 22: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

22

Форумның менің санамда бір өмірге естен кетпестей сақталған тұсы – бізге қазіргі күнде белгілі ақын-жазушы, журналистердің өткізген шеберлік кластары болды. Біз үшін шыңдалған шеберлік шыңға шығарарын білген көптеген аға буын өкілдерінің ақыл-кеңестері мен көрген-түйгендерін біздермен бөлісуге бізді кəдімгідей қанаттандырды.

Бір ұшқын атсын жанарың! Қуатты сөзің өрлесін! Шуақты көзің сөнбесін! Форумға жастар, қош келдің, Жарқ етіп қал, бір келгесін! Жалындап жанбай жастарым, Дамылдап тұрса, елге сын. Еркіндік туы астында, Елжанды жастар өрлесін! Жүргізушілердің бірі Данияр Жігітбектің бізге арнаған жоғарыдағы өлең

шумақтары да бізге өзгеше рух, өзгеше көңіл-күй сыйлағандай болды. Араға бес ай салып, Астанадағы «Бəйтерек» биігінде қайта жүздестік. Бəріміз ІІ

«Қаламгер азамат» форумына қайта жиналған болатынбыз. Бұл форумның да бізге берген рухани азығы аз болмады.

Бірі еліміздің мəдени орталығы – Алматы қаласында, бірі – елордамыз Астанада өткен қос форум – біздің қанатымыздың қатайып, шеберлігіміздің шыңдалуына ұшан-теңіз үлесін қосты. Форум аясында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолауымыз – келешекке нық басып, алдымызға сеніммен қарауымызға зор ықпалын тигізді.

«Айгөлек» журналы дегенде, əркімнің есіне алғашқы болып, фестиваль түссе керек. Иə, елгезектігімен ел баласының екінші анасы атанған Қымбат Əбілдақызы апай өзінің «ақ жүректеріне», Алматының төрінде жыл сайын фестиваль ұйымдастырудан шаршаған емес. Ол фестивальға қатысқан бала – сөзсіз бақытты! Тек бір нəрсе анық. Бұл фестиваль – «Балалық шағыңнан ерекше есіңде не қалды, нендей қызық көрдің?» - деген сұраққа өмірлік жауабым болмақ.

Журналистика дегенде ойыма А. Байтұрсынұлы атамыздың: «Газет – халықтың тілі, көзі хəм құлағы» деген сөздері оралады.

Шынымен-ақ, журналистерге жүктелер міндет жүгі ауыр. Журналист тек ақпарат таратушы емес. Халықтың жоғын жоқтаушы, мұңын мұңдаушы. Ұлт тағдырына қатысты толғақты мəселелер алдымен баспасөзде жарияланып, көгілдір экраннан айтылады. Көпшілікке ой салады. Сананы сілкіндіреді.

Сондықтан да, журналист атану – мақтаныш та, мəртебе де!

Page 23: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

23

ЖУРНАЛИСТ ЗАМАН АҒЫМЫН ЖАҚСЫ ТҮСІНУІ ТИІС

Фарида Айтмаханбетқызы ЗҰЛПЫХАРТЕГІ, Оңтүстік Қазақстан облыстық №2 дарынды балаларға арналған

мамандандырылған мектебінің 10 «А» сынып оқушысы, Шымкент қаласы.

Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Əуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Қайратың мен ақылың екі жақтап.

А. Құнанбаев

Мамандық таңдау – бұл бір моральдық мəселе. Өмірлерінің ең жақсы жылдарын өткізген, өздерінің туған білім ордасымен

қоштаса отырып, білімнің, адамгершіліктің, рухани байлықтың негізін алған мектеп бітірушілері ҰБТ тапсырады. Əрқайсысы өзінің білімі мен қабілеттілігіне байланысты, біреулері жоғары балл жинайды, ал енді біреулері: «Кім болам?» деген таңдаудың алдында тұрады.

Ата-анасы баланы жас кезінен бейімділігі мен талабына сай қажетті арнасына бағыттап, баланың алдын-ала айқындап, көре білгендерге əрине, мамандық таңдау жеңіл болатыны сөзсіз.

Қабілетті, бірақ болашақта кім болатынын анықтамаған жеткіншектер, өкінішке қарай, көп-ақ. Өйткені, болашағын дұрыс таңдай білмеген адам өмір бойы азап шегуі мүмкін. Аз уақытында дұрыс таңдау жасау – əр адамның өзінің қолында.

Аталған мəселе бойынша дербес таңдаудың жоқтығынан жас адамдардың көпшілігі қателік жасайды. Біреулер ата-анасының жолымен мамандық таңдаса, енді біреулер конкурс бойынша оңай өтетін оқу орнына таңдаусыз-ақ құжатын тапсыра салады.

Дұрыс мамандық таңдау адам тағдыры мен өмірінде өте маңызды рөл атқаратындықтан, бұл мəселеге жеңілтектікпен қарауға болмайды.

Біріншіден, қазір өмірге шынайы көзбен қарайтын кезең. Өзіңнің мүмкіндігің мен қабілетіңді парасатты бағалай білуі қажет.

Бұл өзіңіздің өміріңіз болғандықтан бірінші кезекте біреулердің ақыл-кеңесінсіз, таңдауды өз қалауыңыз бойынша жасауыңыз қажет. Ең алдымен өздеріңізді қызықтыратын нəрселерді анықтап алыңыз.

Немен айналысқыларыңыз келеді? Мектеп бағдарламасында қай пəндер ерекше қызықтырады? Адамдармен байланыс жасау қабілетіңіз қандай, əсіресе бөтен адамдармен? Қолыңыз бос уақыттарда немен айналысқанды жөн көресіздер? Əр түрлі немесе басқа да іс-əрекетті орындаған кезде өзіңіздің бейімділігіңізді айқындауыңыз қажет.

Мамандық таңдау адам тағдырын анықтайтын болғандықтан, осы мəселені шешу – байыпты таңдау мен дұрыс шешімді талап етеді.

Таңдау дұрыс болып шығуы үшін, əзірше қалған аздаған уақытты пайдаланып, барлығын «иə» немесе «қарсы» деген сияқты ойларды жүйелі таразылау керек. Өзгенің айтқанына емес, жүректің қалауымен таңдаған дұрыс. Өйткені адам баласы өмірде екі нəрседен қателеспеуі керек. Біріншісі – мамандық таңдау, екіншісі – жар таңдау. Осы екеуінен қателеспейтін болсаң, сенің болашағын баянды болмақ!

Оқу баршамызға керек, бірақ оған қалай түсуге болады? Осы сұрақтар əр талапкердің ойын мазалайтыны анық. Оқуға түсіп, қалаған

маман иесі болу кез келген оқушының арманы. Бірыңғай ұлттық тестіден жоғары балл жинап, жоғары оқу орнына түсу үшін бар ынта-жігерін оқу деп, білім деп, сол

Page 24: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

24

оқу орнына түссем деген, мақсатыма жетсем деген арман əр талапкердің көкірегінде сайрап жатыр.

Міне, мен де сол арманның құшағында жүрген талапкердің бірімін. Жастайымнан газет-журналдарды оқып, жаңалықтар тыңдап өскен қазақтың қарапайым қызымын!

Қалада тұрсам да қазақ ауылының жусан иісі бұрқыраған даланың таза ауасын жұтып өстім. Теледидардың, газет-журналдардың бетінен түспейтін дарынды журналистерді көргенде, солардай болуға тырысамын. Олардың терең ойлы, мəнді де мағыналы əрбір мақалаларын үзбей оқимын.

Міне, кішкентай кезімнен армандаған журналистика мамандығына оқуға түсуді арман етемін. Бұл – менің алдағы басты мақсатым, себебі бұл мамандық мені өте қызықтырады.

Несімен дейсіздер ғой? Журналистика үлкен білімділікті, ойлылықты, тереңділікті, төзімділікті,

ізденісті қажет етеді. Сондықтан да мен көп ізденгенді, білімімді ізденіспен толықтырғанды қалаймын. Жұртқа өмір жайлы толғап айту, білу де өнер. Ол үшін тіл байлығы ауадай қажет. Журналист – ол уақыт жəне заман ағымын жақсы түсінуі қажет. Өзіне жұрттың назар аударғаны да жөн.

Тағы бір айтарлық жайт, жазған материалдардың сенімді болуы. Журналист қателеспеуі керек, ол қателессе, бір адамның қателесуі емес, мыңдаған адамға зияны тиюі мүмкін.

Журналистика əлемі – алып мұхит. Арпалыс пен айқасқа толы, буырқана бұлқынып, шарпысып жатқан сезімтал əлем болғандықтан, өте жауапты өндіріс алаңы.

Қандай мамандық болса да, өз ерекшелігімен көрінеді емес пе? Демек, журналист басқа мамандыққа ұқсамайтын, айырмашылығы бар мамандық. Ол шығармашылығы арқылы қоғамға қызмет етеді.

Əрбір мамандық сияқты, журналистің де өзіне қатысты білімі, іс-тəжірейбесі болады. Ол əркез жаңаны жақтаушы, бар жаңалықты, хабарды қолдаушы емес пе? Журналист газет-журнал немесе радио мен телевидение жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы қажет.

Өмірдің өзінде қарапайым да əсерлі жырлары қашанда жүректі шымырлатар шынайылығымен селт еткізетін мамандар – бүгінде журналистер. Журналист шығармашылық ізденіс арқылы шыңдалады.

Журналистік қызмет баспасөз нарығымен тікелей байланысты. Журналистің жұртқа жазылған мақаласы алдымен баспасөз нарығында жарық көретіні белгілі. Оған қоса бүгіндері есімдері елге жақсы танымал көптеген ақын-жазушы ағаларымыз, сондай-ақ жас талантты журналистеріміз осы балалар баспасөзі арқылы, алғашқы шығармаларын, мақалаларын, оқиғаларын жас ұрпаққа арналған газет-журналдарда жариялау нəтижесінде өсіп, қалыптасты.

Газет оқығанға оңай. Газет қолға ұстағанға оңай. Газет жыртқанға тіпті оңай. Ал оны шығарудың қиындығын күн сайын газет шығарып келе жатқандар

жақсы біледі. Оқырманға – сөз керек. Ойлы сөз. Нəрлі сөз. Əрлі сөз. Сол себепті де баспасөз нарығы – арзан сөздің де, маржан сөздің де базары.

Сол базардағы Журналистің сөзі де, өзі де өтімді болғаны дұрыс. Қазақтың тұңғыш ағартушыларының бірі Ыбырай Алтынсарин: «Өнер-білім

бар жұрттар, алыстан хабар алғызды», - деп екі мəселеге ерекше мəн берген. Ғылымының дамуы нəтижесінде телеграф пен радионың қолданысқа енуі –

ақпарат тарату ісінде ел арасын жақындастырған басты құралға айналуда. Радионың

Page 25: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

25

ұйтқысы да, тірегі де, жүрегі де – мамандар, білікті кадрлар. Бұқаралық коммуникация ретінде оның екі жағы бар. Ақпарат жасаушы – шығармашылық ұжым жəне тыңдарманы.

Қазақстанда журналистика мамандығы бойынша ондаған жоғары оқу орындарында жоғары білім беріледі. Сондай-ақ журналистика саласы радиомен де өзара байланысты.

Жалпы радио – ғажап идеяның жемісі. Жүз жылда радио өзі де миллиондаған идеяларды таратады. Озық ой қоғамды өрге сүйрейді. Адамзат радио арқылы жеткен табыстары үшін мəңгі борыштар. Оның болашағы жарқын.

Сонымен қатар журналистика саласы телеарна бағдарламасында да маңызды рөл атқарады. Кез келген журналист өз материалын эфирге дайындау барысында екінші жақты табуға тырысады. Қандай жаңалық, қандай ақпарат, мейлі ол саяси, мейлі ол əлеуметтік жаңалық болсын, екінші жақты тауа отырып жəне бар күшін сала объективті жеткізе отырып барша жұрттың көңілінен орын таба алады. Көбінесе олар əлеуметтік мəселелер тұрғысынан айтады.

Журналист бір мəселені көтерді ме, араға уақыт салып сол тақырыпқа қайта айналып соғуы тиіс. Журналистердің көмегімен көп мəселе оң шешіледі деп ойлаймын.

Төртінші биліктің қоғамдағы рөлі жоғары. Журналистер бар мəселені шешіп тастайды деу мүмкін емес, бірақ қоғамдағы мəселелерге белгілі бір деңгейде ықпал ететінін мойындау керек. Мысалы, үлескерлердің мəселесінде БАҚ пен электронды ақпарат көздері белсенді жұмыс жасады. Бұл жерде журналистердің еңбегін жоққа шығаруға болмайды.

Бүгінгі таңда журналистердің еңбегі мен олардың қоғамда алатын орны ерекше. Журналистика мамандығы – қоғам өміріне белсене араласатын ең тынымсыз, көп ізденуді талап ететін мамандық. Халықтың мұң-мұқтажына етене араласып, елімізде, жалпы өмірде болып жатқан оқиғаларды шынайы да əділ жеткізіп отыратын жандардың бірі осы мамандықтың кəсіпкерлері.

Қазіргі кезде журналистиканың əрбір сөзіне барша халық жылынып келеді. «Бір адам от жақса, мың адам жылынады» дейді қазақ. Сол сияқты қазіргі кезде журналистің əрбір айтылған жаңалығы мен мақаласына жұрт жылынып келеді.

Журналист – ол халық үшін қызмет етеді. Барша қауымның назарын өзіне аудара отырып, асыл да маржан сөздерімен мəлімет береді. Өзге адамға сырттай қарағанда, журналистік қызмет атқару оңай көрінері сөзсіз. Бірақ шындап журналистика саласының қызметін түсінген адам бұл мамандықтың шығармашылық тұрғыда ізденістің, таланттылықтың, қабілеттіліктің, дарындылықтың жəне сауаттылықтың қажет екенін жақсы түсінеді. Сондықтан да бұл мамандық саласы өзге мамандықтардан осындай ұстанатын принциптерімен ерекшеленеді.

Қорыта айтқанда, əрбір адамзат баласы келешекте кім болатынын білгені дұрыс. Сол себепті де мен алдағы уақытта жүрек қалауымен таңдаған журналистика мамандығының қабілетті маман иесі болсам деймін.

Əрине, ол үшін талант болуы қажет. Талант арқылы сол мамандыққа талпыныс, яғни қадам жасайды. Келешегін ойламаған адам – бүгінін де, ертеңін де ойламас. Сондықтан да келешегімді бүгінгі күннен бастап ой қорытындыға сала отырып, алдағы уақытта болашақ мамандығымның жақсы таланты болуды мақсат етіп отырмын.

Мақсатымды іске асыру үшін мектеп кезінен бастап шығармашылық тұрғыда іздену қажет деп санаймын. Осы негізді санама түйіндей отырып, арманыма жетсем деген талпынысым бар.

Журналист болуды мектеп қабырғасынан бастап арман етемін. Сол себепті де еңбектену керек екенін ескеремін. Қазақ халқы: «Еңбек түбі – зейнет», - дегеніндей

Page 26: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

26

еңбекпен ғана өз дегеніңе жəне аңсаған арманыңа жете алатыныңды ұмытпаған жөн. Сондықтан да мен көп ізденгенді, білімімді ізденіспен толықтырғанды қалаймын.

Шындықты талап ететін журналистика мамандығында оқып, білімімді тереңдеткім келеді. Халқыма адал еңбек етіп, қазақ елінің, жерінің, Қазақстан мемлекетінің дамуына өз үлесімді қоссам деймін!

Осы журналистика мамандығына өз күш-жігерімді сала отырып, барша халықтың көңілінен шықсам деймін.

«Биік мақсат – биік жартас, өрмелеп жылан да, қыран да шыға алады», - деп Абай атамыз жырлап өтті емес пе?!

Ендеше, өздерің аңсаған армандарыңның биік шыңына жету үшін тек алға қадам басыңдар дегім келеді!

КӨП ТІЛ БІЛГЕН ЖУРНАЛИСТ – ЖАҚСЫ ЖУРНАЛИСТ

Айзада БАРАТОВА,

№71 орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы, Сарыағаш қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Қазіргі кезде жас жеткіншектердің алдында мол мүмкіндіктер ашылуа. Тіпті

қиялдап көрмеген армандарға қол жеткізудің өзі үйреншікті жағдайға айналуда. Бəрі де адамның арманы мен алдына қойған мақсатына байланысты.

Қазіргі таңда сапалы білім алу ең негізгі мəселелердің бірі болып табылады. Біздер – Қазақстан жастары еліміздің болашағымыз. Сондықтан да біздер кең

байтақ жерімізді, түрлі қазбалы байлығымызды мақтан тұтып қана қоймай, рухани жағынан да бай болуымыз керек. Сол алған біліміміздің, қажырлы еңбегіміздің арқасында бəсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу біздің басты міндетіміз болып есептеледі.

Қазіргі таңда əрбір қазақ жастарының өзіне лайықты қабілеті бар. Сол қабілетін одан əрі шыңдай түсу, іздену көп еңбекті талап етеді.

Жұлдыздың көркі болар ма, Ішінде бір Ай болмаса! Халықтың көркі болар ма, Басқарған ханы болмаса! - деп Нысанбай ақын жырлағандай, əрине ел басқару оңай жұмыс емес. Алайда,

осы жұмыстың қиын болғанына қарамай көптеген адамдар халық қалаулысы болуға үміткер болып жатады. Мұның өзі де кішкене болса да ерлік. Бұл да үміткер болып жатқан адамдардың арманы.

Сол сияқты əр адамның өз арманы, өзі қалаған мамандығы бар. Мысалы, айта кететін болсам: біреуі əділдік деп шырылдаған заңгер болуды армандаса, екінші біреуі бұлбұлдай сайраған əнші болуды армандайды.

Сол секілді мен де болашақта əр адамнан сұхбат алып, адамдардың өз ойларын, яғни елге қосар үлесі туралы пікірлерін біліп, əр елдің жаңалықтарын елге жеткізіп отыратын журналист болуды армандаймын.

Əрине, журналист болу оңай мамандық емес, ол көп оқуды, ізденуді талап етеді.

Журналист болған адам, менің пікірімше, міндетті түрде кем дегенде 4-5 тіл білу қажет. Ал, білім болмаған жерде адамның ойы жүзеге аса алмауы да ғажап емес. Себебі əр адамның болашағы біліммен ғана жарқын. Ол үшін ең алдымен мектепті бітіріп, үлкен оқу орнына түседі. Сонда ғана адам арманы мен алға қойған мақсатына жете алмақ. Сол секілді менің де журналист болу арманым жүзеге асады деп үміттенемін.

Page 27: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

27

Сондай-ақ журналист болған кезде тіл байлығының мол болуы да маңызды рөл атқарады. Ол үшін əдеби кітаптарды көп оқыған жөн.

Ал өзіме үлгі тұтатын журналист – бұл Қымбат Досжан. Ол журналист болумен қатар «Бармысың, бауырым» атты бағдарламаны өте керемет ойлап шығарған. Халық бұл бағдарламаны көргенде көңілі жұмсамай қоймайды. Қымбат Досжанды үлгі тұтуымның себебі тектен текке емес. Өйткені оның дайындаған хабарлары маған өте қатты ұнайды. Мен оның тіл байлығына таңырқаймын, ұқсағым келеді.

Журналист мамандығының басқа мамандықтан ерекшелігі, ең бастысы тіл байлығы, шетел тілдерін меңгеру, сондай-ақ елге жеткізетін хабарларды алдын ала дайындау, жалғыз өзіміздің елдегі жаңалықтарды жеткізіп қана қоймай, басқа елдегі жаңалықтармен елді хабардар ету.

Егер де мен журналист болсам, шет елдің жаңалықтарын елге жеткізіп қана қоймай, өзіміздің арамыздағы келеңсіз оқиғаларды, жасырын қалған түрлі жабық істерді ақиқат жүзіне шығарып, ел мүддесін қорғар едім.

Қазіргі кезде теледидарда түрлі бағдарламаларды көрсетіп жатады. Ал ол бағдарламаларды əр түрлі жүргізушілер жүргізеді.

Менің құлақ шалған жерім, əр демалыс күні болатын «Дарабоз» бағдарламасы кейбір адамдарға ұнамайтын тəріздес. Өйткені сол «Дарабоздағы» қыздар мен жігіттер «Дарабоз» ауылындағы тұрғындар арқылы қазақ халқының ұмыт болып жатқан салт-дəстүрлерін, əдеп-ғұрыптарын елге көрсетіп, дауыс беруін сұрайды.

Ал осы «Дарабоз» бағдарламасын ұнатпайтын адамдардың «Халықтың дəстүрін сол сайысқа қатысушы қыздар мен жігіттер сайыстағы белгіленген шарттарды, ешкімнің көмегінсіз неге орындамайды, егер өздері орындаған жағдайда, онда сол сайысқа қатысушы қыз, болмаса жігітке берілетін 2 миллион теңгеге лайық болар еді», - деген сөздерін есітуге болды.

Сондай-ақ көтерілетін мəселе: «Еліміздің болашағы, əрине жастар. Қазіргі таңда бұл жастарымыз қандай ағымда?» - деген сұрақ туады. Ал бұл сұраққа жауап: «Қазіргі кезде жастардың жартысының ойлары тек көңіл көтеру. Елім, жерім деп, күйіп жатқан жастарды кездестіру өте қиын.

Неге біз шетелдерге көп еліктеуіміз керек? Неге өзіміздің, ежелгі қазақ халқының əдет-ғұрыптарын ұмыт қалдырып, шет елдің киімдерін үстімізге жамылуымыз қажет? Неліктен?

Міне, мұндай сұрақтар біздің көкейімізде əлі де кездеседі. Осы тұрғыдағы мəселелерді көп талқысына салу, ұлттық үрдіс арқылы

түйінделген мəселелерді шешудің жолдарын көпшілік талқысына ұсыну тек журналистің қолынан ғана келеді деп білемін.

Сондықтан мен келешекте журналист болғым келеді.

Page 28: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

28

АНА ТІЛІМІЗДІҢ МƏРТЕБЕСІН КӨТЕРСЕМ ДЕЙМІН

Гүлмира Сейдалықызы ИМАНОВА, Ақпан батыр атындағы №10 орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы,

Шымкент қаласы.

Жетекшісі: Балжан Аманбайқызы ФАЙЗУЛЛАЕВА, Ақпан батыр атындағы №10 орта мектептің

қазақ тілі жəне əдебиеті пəнінің мұғалімі, Шымкент қаласы.

Газеттер мен журналдарға арқа сүйеместен

өз саясатыңды қалай жүргізіп, реформа мəнін

қалай ұғындыруға болатынын түсінбеймін.

Егер ең бұқарашыл саяси мінберден айырылсақ,

жұртты өз іс-əрекетіміз туралы,

мəселені шешудегі көзқарастар туралы

қалайша хабардар етпекпіз.

Н.Ə. Назарбаев [1]

Менің бала кезімнен келе жатқан арманым, ол – журналист болу. Ондағы басты

мақсатым: халықтың барын мақтап, жоғын жоқтап, ана тіліміздің мəртебесін көтеріп, еліміздің бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан көрінуіне үлесімді қосу.

Негізінен маған тележүргізуші болған көбірек ұнайды. Көрермендерді қызықтырып, көңілдерінен шығатын «Салт-дəстүр», «Қазақ жері», «Жас қауым», «Сымбат», «Дарын» тəріздес бағдарламаларды жүзеге асырып, жарыққа шығарсам деймін. Сол арқылы бұрынғы салт-дəстүрлерімізді жас жеткіншектерге үйретіп, қазақтың сан қилы тарихы бар əсем жерлері туралы сыр шертіп, жастардың түрлі тақырыптағы ойларын талқыға салып, аруларымызға арналған сұлулық сырын ашып, бойында түрлі дарыны бар жастардың өнерлерін халыққа паш еткім келеді.

Мен мақала жазғанды, өлең шығарғанды, əдеби кітаптарды көп оқығанды өте жақсы көремін. Осылай өзімнің өткір, оралымды, айшықты да таза тілімді байытқым келеді. Менің журналист болғым келетінінің тағы бір себебі осы шығар. Өйткені бейнелі де көрнекті тілімізбен мəдениетті де сыпайы сөйлеу əрбір адам баласына жарасады.

Ақындық қасиет – қазақ баласының қанына сіңген, ата-бабадан бойына дарыған өнер. Өзімнің сəл ғана қолым босай кетсе, бірден қолыма ақ қағаз бен қалам алып, өлең шығара бастаймын. Абай, Мұқағали секілді қазақтың қайталанбас ұлы ақындарын өзіме ұстаз тұтамын.

Мен жалпыұлттық «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері «Мөлдір бұлақ» журналының тұрақты оқырманымын. 2006-2007 жылдары сол журналдың бірнеше басылымдарында менің өлеңдерім жарық көрді. Тіпті барлық іс-шараларға белсене қатысқаным үшін алғыс хатпен марапатталған кездерім де болды.

Мектепті бітірген соң ҰБТ-дан ардақты ұстаздарымның, аяулы ата-анамның сенімін ақтап өтіп, журналистика саласына оқуға түсіп, өз ісімнің шебері болсам деймін.

Журналистиканың басқа мамандықтардан ойып орын алатын ерекшеліктері өте көп. Ол ащы болсын, тəтті болсын, нағыз шындықты бетке басатын, республикамызда немесе өзге де шет елдерде болып жатқан жаңалықтардан хабардар ететін, түрлі маңызды мəселелерді қарастыратын мамандық. Бұл салада жұмыс істейтіндердің бойында сөйлеу мəдениеті, сөзге шешендік, жауапкершілік, ұқыптылық, сүйіспеншілік қасиеттері болуы керек деп есептеймін. Тек өз ісіне ынтыға қарайтындарда ғана алға деген ұмтылыс болады.

Page 29: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

29

Енді өмірдің кез келген орайында əрі қару, əрі қалқан, əрі байырғы, əрі мəңгі жас, отты да ойнақы ана тілінде сайраған, өмірлерін журналистік арнаға салған азаматтар жайында сөз қозғасақ.

1920-1930 жылдарда республикамыздағы қоғамдық-əлеуметтік пікірлердің ұйытқысы болған, көптеген газет-журналдарда жұмыс істеген, кейін қуғын-сүргінге ұшырап, «халық жауы» атанып, «қызыл қырғынның» құрбандары болған азаматтарымыздың журналистік өмір жолы, қалдырған рухани мұрасы жөнінде бүгінгі жастарға мүлдем беймəлім. Ғ. Бірімжанов, Қ. Абдуллин, Б. Сүлеев, С. Жақыпов, Ж. Сəрсенбин, И. Игеновтер – партия, кеңес, комсомол жұмысында үлкен қызмет атқарған, өзгеше алғыр да тілмəр, зерделі де парасатты журналистер болған[2].

Алғашқы демократиялық-ағартушылық бағыттағы газет-журналдарымыз 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс төңкерісінен кейін ғана көрінді. Осы тұста қазақтың мақтан тұтар азаматтары ұлттық баспасөзді туғызуға кірісе бастады. М. Дулатов Петерборда «Серке» газетін (1907), М. Сералин Троицкіде «Айқап» журналын (1911-1915), Е. Бүйрин Ордада «Қазақстан» газетін (1911-1913) жарыққа əкелді [3].

Қыз-келіншектеріміздің қамқоры болған, қазақ қыздарының ішінен өзінің ерекше дарынымен суырылып шыққан Назипа Құлжанова болды. Оның «Еңбекші қазақ» газетінде «Бүтін дүние еңбекші əйелдерінің мейрамы» (10.03.1925), «Қызыл Қазақстан» журналында «Қазақ əйелдеріне» (№13, 1922), «Жалпы əйел мейрамы» (№15, 1923), «Əйел теңдігі» журналында тек 1927 жылы «Ақын Шолпан» (№3), «Баланың ауруы» (№№8-9) т.б. көптеген мақалалары жарық көрді [4].

Баспасөз – халық рухын көтерудің, ұлт намысын оятудың қуатты құралы. Осы пікірімізді орнықтыру үшін бірер мысал келтірелік.

«Егемен Қазақстан» газетінің 1992 жылғы қараша айының 27, 30 жəне желтоқсан айының 1 жұлдызындағы нөмірлерінде көсемсөздің көрнекті өкілдерінің бірі, талантты жазушы Ə. Кекілбайұлы ұлт намысы туралы толғанып, «Алға тартпай – арман тұл, намыс қумай – мақсат тұл» атты мақаласын, 1993 жылдың ақпан айындағы 17, 18, 19 нөмірлерінде Қ. Сұлтанов «Үйлесімділіктер мен қайшылықтар» деп аталатын сериялы мақаласын жариялады.

Олар руханият саласында белең алып отырған ахуалға өз көзқарастарын білдіріп, оны табандылықпен шешудің жолдарын ұсынды. Осы тұрғыдан халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған Т. Жүргенов, І. Омаров, Ө. Жəнібековтердің де елеулі еңбектері тыс қалған жоқ.

Қолына қалам алған қай қаламгер де, мейлі ол қазақ болсын, орыс болсын, ел рухын көтеру, ұлт намысын ояту, отаншылдық, патриоттық сезімді қалыптастыру, тəуелсіздік тұғырын көтеру жайында нақты ұсыныс айтып, өзінше ой топшылайды.

«Қазақ əдебиеті» газетінің 1997 жылғы 29 шілде күнгі нөмірінде ғалым Р. Бердібай мен журналист Д. Рамазанның «Ұлттың ұлы мұраты» деген тақырыптағы сұхбаты, А. Əлімнің «Қазаққа патриотизм керек пе?» деген мақаласы (01.09.2000), «Заман – Қазақстан» газетіндегі Б. Тазабектің «Тəуелсіздік жəне қазақы рух» (10.10.1997), М. Қойгелдиевтің «Халықты тұқырту – өнерге айналмасын» (12.02.1999), «Мысль» журналында Д. Кішібековтің «Жүректен шыққан жүрекке жетеді» (№12, 2000), А. Коноваловтың «Халықтық патриотизм: иедядан – нақты іске» (№12, 2001) деп аталатын материалдары тақырыптарынан-ақ көрініп тұрғанындай, ел өміріндегі ең өзекжарды мəселелерді қамтығаны айқын аңғарылады[5].

Ел егемендігі мен тəуелсіздігі жолындағы саяси күресте, қазақ мерзімді басылымдарының тарихи рөліне айрықша көңіл бөлген Н.Ə. Назарбаев: «...біздің бұқаралық ақпарат құралдарының республика мүдделерін қорғай білуі, дүниежүзілік саяси аренада өзінің ақпараттық кеңістігін құруды үйренулері қажет. Республикадан тыс жерлерде оқырманға жол табу керек, оның үстіне бізде өзіміздің сыртқы жəне

Page 30: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

30

ішкі саяси қадамдарымызды айшықты көрсетер негіздер жеткілікті», - деп атап көрсетті [6].

Қаламгерлердің қоғам алдындағы парызы мен жауапкершілігіне қатысты ой-толғамдар, ұсыныстар мен пікірлер жариялаған журналистердің, айталық, А. Əлімұлының «Сіздерге шексіз сөз бостандығы қажет, ал бізге біртұтас ұлы мемлекет керек» («Заң газеті», 04.12.2003), А. Айталының «Қазақ ұлтына, тілі мен мəдениетіне қырын қарауға ешкімнің құқығы жоқ» («Ана тілі», 02.01.2004), Қ. Шамақайұлының «Сөз бостандығы жəне қоғамдық жауапкершілік» («Егемен Қазақстан», 22.01.2005) деп аталатын мақалалары айтар ойының орнықтылығымен, мəселе көтеріп, міндет қоя білуімен құнды.

Республика Президенті Əкімшілігі Ішкі саясат басқармасының 2005 жылғы ақпан айында əзірлеген мəліметтеріне қарасақ, сол кезде елімізде 2116 бұқаралық ақпарат құралы болды. Оның ішінде 1127 газет, 591 журнал, 187 телерадиокомпания, 11 ақпараттық агенттік тіркелгені мəлім [7].

«Егемен Қазақстан», «Қазақ əдебиеті», «Ана тілі», «Жас Алаш», «Түркістан», «Жетісу», «Заман – Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Уйгур авази» газеттері мен «Ақиқат», «Мысль», «Парасат», «Жұлдыз», «Простор» журналдары еңбек ұжымдарының мəселесін тап басып, тереңірек бойлап жазуға ұмтылысы мен қалың оқырман ойынан шығып, қоғамдық-саяси пікір мен қазақстандық патриотизмді қалыптастырғаны анық.

Бұрынғы кездегі журналистер тəуелсіздік жолын аңсап, халықтың қамын ойлаған болса, қазіргі жас қаламгерлеріміз саясат, тіл, патриотизм мəселелерін ауқымды қарастырады. Сұлу тіліміздің күшімен төкпе ақындар, тапқыр шешендер зардың төріне шыққан, берместің асын ішіп, атын мінген. Ел бастаған көсемдер хандарды қаһарынан қайтарып, дауды сөз құдіретімен шешкен. Ата-бабамыз қан майданда тер төгіп, кең байтақ жерімізді тəуелсіз еткен.

Енді сол тіліміздің мəртебесі өз деңгейінде ме? Бізде қазақстандық патриотизм жеткілікті ме? Бұл сұрақтардың жауабын қазіргі кез-келген газет-журналдарымыздан табуға болады.

Журналистеріміз бұл тақырыптарды үздіксіз талқыға салғанымен, дəл осы мəселелер адамдардың санасына енбей жүр. Осы тұрғыдан келгенде, патриоттық қасиет алдымен қалам иесі – журналистің бойынан көрініс табуы қажет.

Атақты суреткер жазушымыз М. Əуезов келер кезең туралы толғай келіп: «...ұлттың тілі – оның жаны, рухы, жүрегін соқтырар қан тамыры іспетті, ал сол күретамырдан айырылса, адамның күні не болары белгілі, өз басым жуық арада ұлтымның тілі жойылмайды деп ойлаймын» [8], - деп болашағына үміт арта қараған, ел басқару тізгінін қолға алар азаматтарға осындай ерекше аманат қалдырған.

Біздің басты міндетіміз – осы ұлы тұлғалардың армандарын жүзеге асыру болып табылады.

Ең алғашқы қазақ журналистерін, яғни жыл құстарын үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа кіретіндер – əрі қоғам қайраткері, əрі журналист болған Н. Төреқұлов, Қ. Сарымолдаев, А. Асылбеков, М. Жолдыбаев, Ш. Тоқжігітов сияқты қаламгерлер. Екінші топқа жататындар – С. Абыланов, Ə. Айсарин, Н. Манашев секілді жазушы-журналистер. Үшінші топқа Е. Алдоңғаров, Ə. Қашмағамбетов, Р. Байжарасов тəріздес публицист-журналистер жатады. Осылардың əрқайсысының мұрасынан тақырып таңдаудың, мəселе қоюдың, көңілдегі көрікті ойды қағазға түсіре білудің, тіл, стиль шеберлігінің көп үлгілерін табуға болады.

Мұның бəрі – қазіргі Г. Пернебекқызы, М. Кенжебай, Г. Омарова, Р. Ерболұлы, Б. Дəулетбекқызы т.б. журналистер қауымы мен студент шəкірттер, өзім жəне құрбы-құрдастарым үшін үйренер мектеп, үлкен үлгі-өнеге боларына кəміл сенемін!

Page 31: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

31

Əдебиеттер 1 Назарбаев Н. Баспасөз – саяси ықпал жасаудың тетігі // Халық кеңесі. – 1994.

– 29 қараша. 2 Қожакеев Т. Сара сөздің сардарлары. – Алматы: Санат, 1995. – 3 б. 3 Қожакеев Т. Жыл құстары. – Алматы: Қазақстан, 1991, 7 б. 4 Қожакеев Т. Сара сөздің сардарлары. – Алматы: Санат, 1995. – 87 б. 5 Кенжалин Ж. Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз. – Астана: Өлке, 2005. – 101 б. 6. Назарбаев Н. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде. –

Алматы, 1993. – 21 б. 7 Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан

экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңарту жолында» Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-əдістемелік материалдары. – Астана, 2005. – 35 б.

8 Қазақтар. 4 т. – Алматы, 1998. – 368 б.

ӨМІР ЖҰМБАҒЫН ШЕШУГЕ ЖУРНАЛИСТИКА КӨМЕКТЕСЕДІ

Гүлназ ТАЛИПОВА, №71 орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы,

Сарыағаш қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Өмірдің бір мүшесі Адам – ақыл санасы жетілген, əрбір қимыл əрекетке бейім. Бірақ, адам баласы Адами дəрежеге жетуі үшін көп уақыт керек.

Туылған сəтінен бастап тамақ іздеу, иіс сезу, анасының омырауын біле бастаған бала, өсе келе жан-жағына қарауға, еліктеуге, күлуге, еңбектеуге, жүруге, жүгіруге бейімделеді.

Үйде, үйден балабақшада ойыншықтар ойнадық, тақпақтар айттық, еліктедік, үйретті, үйрендік. Мектепте де солай болды. Үйретті, оқытты, оқыдық. Сыныптан – сыныпқа өттік.

Міне, енді мамандық таңдау үрдісі келді. Мен өзім журналист болуды қаладым. Теледидардағы көрілімді басқарып

жүрген адамдар – олар журналисттер. Маған, əсіресе, «Бармысың, бауырым» бағдарламасын басқарушы Қымбат

Досжанқызының іс-əрекеті ұнайды. Байқап отырып пайымдасам, ол апай берілген көрілімдерді іздену, сұрастыру,

əр тараптан хабар алу, бару, көру, сұқбаттасу т.б. жұмыстарды атқарған. Мүмкін Қымбат апай да уақытында журналист болуды қаласа керек. Міне, арман мен қалаудың жемісі осы деп білемін.

Маған Қымбат апайдың сөз саптауы ұнайды. Дыбыс үндестігі анық, байыппен сөйлейді. Сөйлемдерінде кірме сөздер жоқ.

Сондықтан Қымбат апай сияқты журналист болсам деймін. Əрине, журналист – журналист бола салмайды. Оқу, оқуды пайымдау, іздену,

əдеби кітаптарды көп оқып, сөз саптауларын есте сақтап, өзіме тəжірибе жинап жүруім керек.

Маған күн өткен сайын өмірдің жұмбақтығы көбейіп келеді. Сол жұмбақтарды шешуге менің білімім жетіспейтін сияқты. Осы жұмбақтардың бір-екеуін шешсем, Архимед атамыз сияқты «Еврика!» деп қуанамын. Іздене берсем, «Еврика!» деп жаңалық тапқаныма көп қуанармын. Сондықтан оқи беруімді үдетуім керек екеніне көзім жетті.

Өмір деген тайқазан деп білемін. Тайқазан бұрқылдап қайнап жатыр. Ия, бұрқылдап қайнап, буы бұрқырап тұр. Бірақ қазан ненің күшімен қайнап

тұр, отыны көрінбейді. Бір күш-құдіреті бар мекен. Сонда ол қандай күш?

Page 32: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

32

Сол қазанның айналасы толған адам. Адамдардың түстері əр түрлі ойлары да, бойлары да, əр қилы.

Қолдары ербеңдейді, кейбірі қарқылдайды, кейбірі жымияды, кейбірі мұңлы. Не деп жүр бұлар? Неге жетісіп қарқылдайды, неге күледі, неге мұңлы, не кемтігі бар? Жұмбақтас, иə жұмбақтас. Маған жұмбақ сияқты.

«Неге» деген сұрауға не айтайын? Оған жауабым алда сияқты. Оның үшін əр қиыннан талдау жасауым керек. Талдауға, білім пайымдау, салыстыру үнемі керек екен. Талдауға менде білім кем сияқты. Не істесем екен осы тобырды?

Жоқ... Мен журналист болайын, сонда көрермін іштерінде не жатқанын. Мүмкін, сендерді екпіндетіп жүрген Қазақстан елінің тайқазаны шығар.

Бұл тайқазан бəрімізге ортақ болғандықтан сыбағам бар. Сыбағам – журналист мамандығы. Өз ана тілімнен армия құрамын. Армиям көп

тілде сөйлесе жүріп, ортақ тілге келеді. Осы армиям арқылы еліме, отаныма, ана тіліме шынайы қызмет ету үшін жаралған іспеттімін.

БОЛАШАҒЫМНЫҢ БЕЙНЕСІ ЖУРНАЛИСТИКАМЕН БАЙЛАНЫСТЫ

Перизат Салыбекқызы ЕМБЕРДИЕВА,

Т. Тəжібаев атындағы №47 тарихи-гуманитарлық мектеп-гимназиясының 10 «Б» сынып оқушысы, Шымкент қаласы.

Жетекшісі: Ақтолқын Бүркітбайқызы МЫРЗАҚҰЛОВА,

Т. Тəжібаев атындағы №47 тарихи-гуманитарлық мектеп-гимназиясының мұғалімі, Шымкент қаласы.

Сен келген жоқсың өмірге,

Тек қана ішіп-жейін деп.

Келмеп пе ең туған еліңе,

Сен де бір нəрсе дейін деп.

Айта алмай кетпе, айтып кет,

Айта алмайсың, қайтып кеп

Қазір бай жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман. «Білікті бірді

жығады, білімді мыңды жығады» деген сөз бар. Қазіргі жеткіншек бақытты өмір қадірін түсініп, бар жақсылықтың болашақ үшін жасалып жатқанын сезінуі қажет. Оқу оқып, білім алып, маман иесі болып, халыққа қызмет етуге тырысуы қажет.

Өмірден өз орнымды тауып, елімнің игілігіне жасалар іске мен де «бір кірпіш болып қалансам екен» деп армандаймын. Елімнің экономикасын, мəдениетін, білімін көтеретін азамат ретінде мемлекетіміздің көркеюі жолында жан-терімді сығып жүріп еңбек етсем, халқымның бір кəдесіне жарап жатсам, менен бақытты жан болмас еді.

Дүние есігін ашқан əрбір жанның жетіліп, толысқан сəттен бастап ұмтылатын мақсаты болады жəне қиялында жүретін сансыз арман-мұраттары болады. Əрбір адам өмір жолының бағытын өзі таңдайды. Ол – жүрек қалауымен орындалатын нəрсе.

Əуел бастан-ақ менің жүрек қалауым өз дегенін жасады. Менің өмірлік мамандығым – журналист. Мен болашағымның бейнесін басқаша елестете алмаймын.

Жастайымнан нағашы апамның сөз өнері мектебінен өтіп, толысып, жетілдім. Ол кісі өнерге бір табан жақын болғандықтан, бойындағы ақындық өнерін, өлең-сөзге шеберлігін немересі қабылдауы заңдылық еді. Аз ба, көп пе, білмеймін, мен 2 сыныптан бері өлең шығарып келем. Түрлі тақырыптарда қалам тартамын. Ана,

Page 33: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

33

туған жер, қазақ тілі, махаббат жайында, көңілім құлазығанда, жаным жабырқағанда туған өлеңдер...

Айта берсем, көп қой. Бір өлеңімде «сезімсіз өмір – сенімсіздігін» дəлелдемек болсам, ендігісінде:

«Өмір деген – тоғыз жолдың торабы, күреспесең, алдайды да, тұрады», - деп өзімді, өзгені күреске шақырғандай болам.

Он жасты толтырған мен үшін өмірдің қызығы алда деп білемін. Алайда, қазіргі күнге дейін өз басым жеткен жетістіктеріме тəңірге шүкір деймін. Адам шексіз бəсекеде шыңдалады ғой. Мен де жасымнан ғылым мен білімге ден қойып, жарыстардан қалмай, қатысып жүрдім. Өнер жағынан да кенде қалмадым. Ең бастысы, орын əйтпесе сыйлық алу деп санамадым. Мен үшін қатысып, кішкене болса да тəжірибе жинағаным бір ғанибет еді.

Жетістіктерімді айтып отырғаным, мақтанғаным емес, тек өзімнің өмірлік мамандығыма даярлығымды бір сараптағым келді. Байқаймын, менің журналист болуыма əсер еткен жағдайлар көп.

Қоғамның кері тұстарын көргенде көзі ашық, көкірегі ояу əрбір адам таңданыс білдіріп, таңдай қаққанымен, оны одан əрі зерттеп, орынды жерде қателігін түзеуге, сырын ашуға əркімнің батылы бара бермейді. «Орынсыз жерге пышақ ұрма» дегендей, білімі таяздығын көрсетіп, ананы-мынаны нақты дəлелсіз, дерексіз айту да өрескелдік. Белгілі бір шектен шықпай, шымбайына батырып айтатын сөздің қадірі мүлдем бөлек.

Көркем əдебиетті оқимын, бірақ кейде ойым сан-саққа кетіп, не жайында оқығанымды түсінбей қалатын кездерім де болады. Қажет мəлімет, ақпаратты өзім іздегенді ұнатамын. Ізденіп табудан көп қиналсам да, шаршаған емеспін. «Еңбектің наны тəтті» болатынына ешкімнің күмəні жоқ шығар.

Қазақ тілі мен əдебиеті – менің болашақ өміріме тікелей қатысы бар пəндер. Алтыншы сыныптан бері мектепішілік пəн олимпиадаларында жеңіске жетіп, қалалық интеллектуалдық сайыстарда өзімді сынап жүрген жанмын. Биыл да қалалық пəн олимпиадасына өту – мен үшін қуанышты жағдай.

Оған қоса, ақындық өнерім бағаланып, қалалық «Алтын қоңырау» поэтикалық байқауында бас жүлдеге ие болып, облыстық байқауға өтіп отырмын. Бар күш-жігерімді бұлардан бөлек мектеп аясындағы қоғамдық жұмыстарға жұмсаймын.

Алтын – ұя мектебім қашанда өз білімділерін, дарындыларын алға жетелейді. Аталған іс-əрекеттерім қоғам үшін пайдалы екенімді аңғартса, мен үшін де, өміріме де бағыт-бағдар сілтегендей ғажап əсер етті. Өмірге деген құлшынысымды оятты, өз мақсатыма барар жолды айқындады. Бүгінде көңілім соған шатттанады.

Бар білімнің мекендеген бастауы, Бұзып келем талай жердің тас-тауын. Қазақ атты ұлан-байтақ, ұлы елім, Қолдар сені мен сияқты жастарың. Бұл – жүрек түкпірінен шыққан, шынайы сезімнен туған сөздер. Мен журналист болғым келеді. Мен бір кездері армандаған ойымды іске

асыруға барынша тырысып жүрмін жəне тынымсыз еңбектің арқасында мақсатыма көп ұзамай жететініме кəміл сенімдімін.

Менің бақытты болуым өз қолымда. Ал бақытым болашақ өмірімде – болашақ мамандығымда. Адамзат баласының əрбір нəрсеге бейімі болмаса, арманына мақсат қоймақ бұрын қол созып көрмесе, иісін сезбесе өте қиын болар.

Мағжан Жұмабаев: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін! –

Page 34: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

34

деп болашаққа, жастарға үлкен сенім артқан. Сол сенімді жүрегімен сезініп, шын мəнінде, болашаққа шынайы көзбен қараған жəне алға ұмтылған жас жеткіншек ғана қоғамда өз орнын тауып, өмірге өз қазығын қағады.

Бір жылдық жоспар құрған – күріш егер, Он жылдық жоспар құрған – ағаш отырғызар, Өмірлік жоспар құрған – ұрпағын біліммен сусындатар. Бұл қытай мəтелі – менің өмірлік ұстаным. Əрбір маман – өз ісінің шеберлері. Мен де өз мақсатымды ойдағыдай жүзеге

асырып, өз ісімнің маманына айналғым келеді жəне оған керек болса, бүкіл өмірімді арнаймын.

Журналист болу жан-жақтылықты талап етеді. Яғни, адам саяси сауатты əрі ғылым-білімнен хабардар, спортқа, өнерге – бəріне ерекше қызығушылықпен қарайтын, қоғамда болып жатқан əрекеттерге белгілі көзқарасы қалыптасқан, өзіндік ой-пікірі бар жəне оны көпшілік алдында қысылмай айтатын, кездейсоқ, тосын болатын нəрселерге даяр жүретін, ең бастысы, ойын тұжырымды əрі көркем жеткізе білетін ұшқыр ойлы, өткір тілді болғаны дұрыс қой деп ойлаймын.

Қоғамның жаршысы болғандықтан журналист қоғам мүддесін қорғайтын адал да əділ азамат ретінде өз ортасына үлгі болуы тиіс.

2008 жылдың 23 тамызында Төлеби ауданынан шығатын «Шамшырақ» ғылыми-əдістемелік, танымдық-ақпараттық газетінде менің төрт өлеңім жарияланды.

Онда «Талаптың мініп тұлпарын» тақырыпшасымен былай деп жазылыпты: «Перизат Ембердиева Ленгірде дүниеге келіп, ата-əжесінің қолында

тəрбиеленген. Ол үшін кіндік қаны тамған жер өте ыстық əрі қымбат. Екінші сыныптан бері өлең шығаруға құмартып, поэзия пайғамбары М. Мақатаевтың кітаптарын сүйіп оқиды.

Перизат болашақта журналист болуды армандайды. Ең бастысы, туған еліне адал қызмет етуден артық бақыт жоқ деп ойлайды. Біз балғын талапкердің балауса жырларын оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік».

Міне, осылай деп алғысөз жазған газет менің «Туған жер», «Тіл тағдыры», «Абай Құнанбаевқа», «Махаббатсыз дүние бос» атты өлеңдерімді жариялады.

Мектебімізден шығатын «Жаңа ғасыр» газеті де дарынды оқушылардың өлеңдерін басып шығарады. Сондай-ақ, «Махаббатсыз дүние бос» өлеңім «Айғақ-махаббат» газетінде жарияланған еді.

Мен жүрек қалауым таңдаған мамандық иесі атанғым келеді. Журналист атану үшін барлық күш-жігерімді салып, қажет болса, оған бар өмірімді арнауға даярмын.

Мен журалист болғым келеді!

ЖУРНАЛИСТ БОЛУ – ҚИЫН, БІРАҚ ӨТЕ ҚЫЗЫҚ ЖҰМЫС

Гүлмира ДЖАМАШЕВА, №71 орта мектептің 10 «Ə» сынып оқушысы,

Сарыағаш қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Əр адамның дүниеге келіп, есін біле бастаған шақтан, оның өз арманы, өзі қалаған мамандығы болады жəне сол мамандыққа өзін бейімдейді, соған жетуге тырысады, сол мамандық бойынша өзіне қажетті ақпараттар жинайды.

Бір адамдар əнші, мұғалім, біреулері дəрігер болсам дейді, ал менің журналист болғым келеді.

Теледидардан бағдарлама жүргізетін журналистерді көргенде соларға қызыға отырып, мен де сол кісідей болсам деп армандайтын едім. Журналист мамандығы

Page 35: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

35

қиын екенін білемін, бірақ арманыма жету үшін көп оқып іздену керек екенін де білемін.

Мектепте орыс тілі, ағылшын тілі сабақтарын үзбей оқып, аудармалар жасаймын. Себебі, журналист болу үшін тіл байлығың мен шет тілін білу шарт. Егер жұмыс бабымен шет елге барсаң, сол елдің тілін білмесең, олардың тарихы, салт-дəстүрі, əдет-ғұрыпымен жеке таныса алмайсың. Халық арасында жүріп, оның мұң-мұқтажын, хал-жағдайын біліп отыру жəне солармен жұмыс атқару қажет.

Мұның барлығы кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Мұны тек журналист мамандығын меңгерген адамдар ғана атқара алады.

Мен журналистердің ішіндегі өзіме үлгі тұтатыным – Бибігүл Жексенбайқызы. Оның жүргізетін бағдарламасы маған ұнайды. Мен ол бағдарламаны үзбей көремін. Бұл бағдарламада əлеуметтік жағдайы нашар, жəрдемге мұқтаж жандарға көмектесудің тетіктері қарастырылып, көптеген түйіткіл мəселелердің шешімін табуға ықпал етеді. Мысалы, 9 жасар Айдананың оң бүйрегі істемей қалған соң, оған операцияға үй ішінің қаржысы жетпейді. Осы бағдарлама арқылы Айданаға ақша жинап, оның өмірін сақтап қалды. Сол секілді бұл бағдарлама көптеген адамдардың өміріне қолғанат болып, игі ықпалын тигізуде.

Сол сияқты қазіргі кезде «Дарабоз» деген бағдарламасы жүріп жатыр. Бұл бағдарлама өте орынды ұйымдастырылған деп ойлаймын. Себебі, қазақ бойжеткендері мен бозбалалары өздерінің білмеген қазақы салт-дəстүрлерін, тыйым сөздерін, музыкалық аспаптарын өз қолдарымен жасап, оны түсіне білді.

Мен де Бибігүл Жексенбайқызы, Айгүл Мүкей, Əйгерім Шаймерденқызы, Дина Төлепбергеновалар сияқты ел көңілінен шығатын, халыққа ұнайтын жəне қазақтың салт-дəстүріне байланысты осындай қызықты бағдарламаларды жүргізсем деймін.

Төртінші билік деген мəртебелі атқа ие мамандыққа қызығатын жастар санының күн санап артуы де көңілге қуаныш ұялатады.

АСҚАҚ АРМАНЫМ – ЖУРНАЛИСТИКА

Назира Құрышбайқызы СЕРІКОВА,

Ш. Уəлиханов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жетекшісі: Ұлжалғас БАЙҒОТАНОВА,

Ш. Уəлиханов атындағы орта мектептің қазақ тілі жəне əдебиеті пəнінің мұғалімі, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

...Адам болашаққа ұмтылу үшін алдына асқақ арманмен қатар биік мақсат қоя

білуі керек деп ойлаймын. Мен де алдыма асқақ арманмен қатар биік талап қоятын жанның бірімін. Оған туып-өскен жерімнің, білім алып жатқан ортамның ықпалы зор болса керек.

Адам өзі туып-өскен ортасын, елін, жерін сүюі – заңдылық. Мен туып-өскен жер – киелі топырақ, тұнып тұрған тарих десе де болады.

Ауылымның тарихы сонау ортағасырлық өркениет тұсынан терең із қалған жер. Əрбір төбесі құпиясын бауырына бүккен күйінде мені ізде, мені зертте деп тұрса, əр бұтасы сырымды тыңдашы дегендей, желмен ызыңдап, назарыңды еріксіз аударады.

Мен туған топырақта əлемнің екінші ұстазы, ұлы ғұлама Əбі Насыр əл-Фараби дүниеге келген. Қазақ қоғамының мəдениет қайраткері Өзбекəлі Жəнібеков туылған. Мырзабек (Қызыл жырау Байжанұлы), Айтбай Белгібаев, Дүйсек Таңатар сияқты ақындар өмір сүрген.

Ауылымды ұлылардың ауылы етіп тұрған осындай сал-серілердің қыз түріндегі жалғасы болсам деген арманым бар.

Page 36: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

36

Осындай туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігім болар, мен алғаш 12 жасымда жазған өлеңімді туған жерге арнағанмын.

Батыры көп, бағы жанған бақ елім, Туған жерім, ыстық елім, өз елім. Өз елімнен асатын ел бар ма екен, Өз елім деп өртенеді өзегім! Менің алғаш өлең жазуыма Республикалық «Айгөлек» балалар журналының

ықпалы болды ғой деп ойлаймын. Себебі, журналдың ішіндегі балалар салған суреттерге, балалар жазған өлеңдер мен мақалаларға қатты қызығатынмын. Сол қызығушылықтың екпінімен мен де өз шығармаларымды, өлеңдерімді жіберіп, ішіндегі сұрақтарға жауап жазып, белсенділік танытып жүрдім. Алғашқы туған жерге жазған өлеңім де осы журналда жарық көрді.

Біздің елді мекен Сырдария өзенінің бойына орналасқан. 2007 жылы көктемде өзен арнасынан тасып, бір əбігерлікке түскеніміз бар. Ауылымыздағы халық жан-жаққа, қауіпсіз жерлерге көшірілді. Оқушылар біраз уақыт басқа мектептерде білім алды. Тек біршама уақыттан кейін су қауіпі басылды-ау деген уақытта ауылға біршама адамдар жинала бастады.

Ауылдың су апатынан аман қалғанына, туған-туыстардың қайта ауылға жинала бастағанына қуанышты болып жүргенімізде, жоғарыда айтқан «Айгөлек» балалар журналының бас редакторы Қымбат Əбілдəқызының Алматыда өтетін «Айгөлектің достары – 4» фестиваліне арнайы шақыру қағазы келді.

Бойындағы қуанышы басыла қоймаған ата-анама, ұстаздарыма бұл қуанышты хабар керемет қуат берді.

Ал өзіме келер болсам, ол кезде менен асқан бақытты бала жоқ еді өмірде. Журналға өлеңдерім шығып жүргендегі қуанышым бір бөлек, бұл шақырту қағазы келгендегі сезімімді өзімнен басқа ешкім сезіне алмас.

Балалар Республикамыздың түкпір-түкпірінен баратын бұл фестивальге аудан бойынша шақырылған жалғыз жас тілші екенімді естігенде, ұстазым Ұлжалғас Байғотанова апайдың қуаныштан көзіне келген жасты көрсеңіз ғой!

Осылайша, көп ұзамай, анам екеуміз арман болған арайлы қала Алматыға аттандық. 26 наурыз күні таңертең фестиваль делегаттарына арналған №17 мектеп-интернатына жайғастық. Еліміздің əр түкпірінен келген фестивальдің делегаттарымен танысып, көптеген достар таптым. 27 наурыз күні «Айгөлек» журналының редакциясының мəжіліс залында делегаттармен арнайы кездесу өтті. Ал 28-і күні кешке Алматыдағы Қазақстан Жазушылар Одағында фестивальдің арнайы ашылу салтанаты болды.

Сахнаға Қымбат Əбілдақызы шығып, балаларға жүрекжарды тілектерін айтып жатты. Болашақта тілші болсам ғой деп армандайтын маған Қазақстан Жазушылар Одағының ғимаратында отыру ғажап нəрсе болды. Сол кезде: «Болашақта осы Қазақстан Жазушылар Одағына мен де мүше болсам ғой», - деген бір арман туды.

Солай қиялдап отырғанымда Қымбат апайдың: «Балалар», - деген сөзін құлағым шалып қалды. Қиялдан ояндым да, Қымбат апайдың сөзіне құлақ түрсем: «Балалар, бұл қасиетті қарашаңырақ Қазақстан Жазушылар Одағы. Бұл жерде сендер білетін ақын-жазушылар өмірінің тең жартысын өткізген. Солардың қасиеті сендерге де дарысын деген ниетпен таңдадым бұл шаңырақты», - деді.

Содан соң бізді фестивальдің ашылуымен құттықтауға келген актер Досқан Жолжақсынов аға сөз сөйледі. Ол кісі де өз тілектерін айтып, «Айгөлекті» баласымен таласып оқитынын айтты.

Ақын Қадыр Мырза Əлі аға да өз тілектерін айтты. Көптеген əнші əпкелер əннен шашуларын шашып, бізбен бірге қуанып, билеп,

фестиваль өте-мөте қызықты өтті. Жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.

Page 37: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

37

Қымбат апайдың қолыма «Айгөлектің» Мақтау қағазы мен «Айгөлектің» жас тілшісі куəлігін табыс етіп тұрып: «Сен бұл куəлікпен Президентке де кіре аласың», - деген еді.

Міне, мен дəл осы уақыттан бастап болашақта тілші боламын дегенге нық тоқтадым.

29 наурыз күні таңертең барлығымыз бірге Алматының көрікті жерлерін араладық. Тауға барып, «Медеу» мұз айдынында болдық. Қоштасар сəтте жаңадан тапқан достармен қоштасу, əсіресе Қымбат апаймен қоштасу қиын болды. Барлығымыз естелік суреттерге түсіп, фестивальді мəңгілік есте қаларлықтай етіп қызықты өткіздік.

Ауылға оралған соң достарым маған қызыға қарайтын болды. Себебі менің жүзімде бір балалық қуаныш бар еді.

Мектебіміздің түлегі, ол кезде 8 сынып оқитын Нұрсұлтан Əмірбек менімен фестиваль туралы сұхбат жүргізіп, аудандық «Отырар алқабы» (2006 жылдың 1 маусымы), облыстық «Оңтүстік ұстаздары» (2006 жылдың 29 қыркүйегі) газеттерінде мақала жариялаған болатын.

Болашақтағы арманым тілші болу болғандықтан қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Ұлжалғас Байғотанова апай маған ғылыми жұмыс жазу туралы ұсыныс жасады. Мұндай жұмысқа қатты қызығатын болғандықтан, мен қуана келістім.

Өзіміздің ауылымызда туып-өскен, бірақ танылмай келген Дүйсек ақынның ел аузындағы деректерін жинап, соны көпке таныстырғым келді. Дүйсек ақын да өз заманының дүлдүлі болғандықтан, жұмысымның тақырыбын «Дүйсек те дүниені дүрілдеткен» деп атадық.

Кəдесі кезінде хатқа түспей, көп дерегі ұмытылып, бары ауыздан-ауызға көшіп жеткен, тапқырлығы мен ойының ұтымдылығы естіген құлақты елең еткізер Сыр бойы ақындарының бірі – Дүйсек Бекназарұлы. Ол 1888 жылы əлемнің екінші ұстазы атанған Əбу Насыр əл-Фарабидің туған қаласы болып есептелетін ортағасырлық Оқсыз маңында, ақындық пен палуандықты тең ұстаған кедей шаруа Бекназардың отбасында дүниеге келеді.

Арғы аталарынан дарыған ақындық Дүйсекке де мұра болып танылған. Ақынның өмір сүрген кезеңіндегі үлкен айтыстары, толғаулары жоғарыда айтқанымыздай, жазып алынбағандықтан, көбісі ұмыт қалған. Барының өзі құнтты адамның қолына түспеген, жүйеленіп, жарияланбаған. Тек ел ішіндегі құйма құлақ адамдардан, Дүйсектің немере інісі Үрікпен Таймановтан, тарихшы ақын Əбдіманап Əуелбековтен, тіл маманы Сабыр Оспанов сияқты кісілерден жазып алынды.

Немере інісі, еңбек ардагері Үрікпен Таймановтың айтуынан жазып алған Дүйсектің бір ауыз айтыс үзіндісін назарларыңызға ұсынбақпын.

Дүйсек ақын жасы қырықтан асқанша үйленбей, сал-серілерше домбырасын қолынан тастамай, Түркістанның төңірегінде той-томалақ, шілдехананың бел ортасында бал-бұл жанып, Құдай берген өнердің арқасында елді аузына қаратып жүріпті.

Бірде «Қырықшекпен» деген жерде жетімдер руының ағайынды екі қызымен айтысқа түседі. Негізінен қарағанда, ағайынды екі қыз ақынмен бұрын да айтысқа түскен, таныс-біліс адамдар көрінеді.

Сол екі қызға да маңқытай руының құда түсіп, жол кəдесін жасап қойғаны мəлім екен.

Сол екі қызға сүр бойдақ Дүйсек ақын: Озам деп оза алмадың озғанмен, Қолымды еш жеткермедің созғанмен. Екеуің де маңқытайға кеткеніңше, Біреуің кетпеймісің божбанмен? – деп өзін тұспалдап көрсетіпті.

Page 38: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

38

Дүйсек ақынның əкесі Бекназардың арғы аталары Бектау, Кенесарылар ақындықпен қатар палуандықты да қатар алып жүрген кісілер екен.

Ақындық өнердің өнердің ұрпақ сабақтастығы Бектау, Кенесарылардан Бекназарға, одан Дүйсекке келіп жетсе, Дүйсектен бұл өнер баласы Жасұзаққа көшеді.

Жасұзақты ортаға алған қатарлары бір жолы: «Атаң ақын, əкең ақын, шешең ақын – олардан туған сен ақын болсаң, соларды құрастырып, бір ауыз өлең құрастырып берші», - депті.

Атам, əкем, анам да анық берен, Жай сөзін өлеңмен дəріптеген. Одан туған мен қалай құр қалайын, Қаласаң, қазір дастан жазып берем, - деген екен. Дүйсек ақынды зерттеу барысында жарыстарға қатысып, көптеген

жетістіктерге қол жеткіздім: 2006 жылы аудандық оқушылар арасындағы ғылыми жоба жарысында

жұмысым үздік деп танылып, облыстық жарысқа жолдама алдым; 2007 жылы облыстық оқушылар арасындағы ғылыми жоба жарысында ІІІ

дəрежелі дипломмен марапатталдым; 2007 жылы аудандық оқушылар арасындағы ғылыми жоба жарысында ІІ орын

иегері атандым; 2008 жылы «Отырар – туған өлкем, мақтанышым» атты ғылыми

конференцияда Мақтау қағазымен марапатталдым; Дүйсек ақынның айтыстары, айтқан ұтқыр сөздері жайында аудандық,

облыстық газеттерде көптеген мақалалар жарияладым, мысалы, аудандық «Отырар алқабы» газетінде «Дүйсек ақын туралы үздік сыр» (2006 жылғы 19 сəуір), «Дүйсек ақынның ұтқыр сөздері» (2006 жылдың 1 наурызы) жəне облыстық «Оңтүстік ұстаздары» газетінде «Туған жерім, туған елім – тақырыбым» (2006 жылғы 15 ақпан) атты мақалаларым жарық көрді.

Дүйсек ақынның ұрпақ сабақтастығы, айтыстары жəне ұтқыр сөздерінің ауқымын əлі де кеңейтіп, ұстаздарым Ұлжалғас Байғотанова апай мен Əбдіманап Əуелбеков ағайдың көмегімен «Дүйсек те дүниені дүрілдеткен» деген кітап шығарсам деген ойым бар.

Міне, осылайша, болашақта тілші боламын деген арманымды шыңдасам деймін.

Мені журналист мамандығы қатты қызықтырады. Журналист мамандығының иесі болған адам жан-жақты өмірде болып жатқан барлық құбылыстардан хабардар болуы тиіс. Жəне өзі хабардар болып қана қоймай, елді де хабардар етуі тиіс.

Кеңес үкіметі кезіндегі журналистердің тынысы тар болды деп ойлаймын. Себебі олар белгілі бір ауқымнан асуға дəрменсіз болды. Уақыт талабы мен өлшемі қатал тəртіппен жүзеге асты. Шындық қашан да ащы. Ащының дəмін тату кімге де болсын жеңіл тимес.

Қазіргі журналистердің жетістігі – нені болса да жариялап, еркін түрде жаза алатындығы. Қоғам, болмыс, орта туралы, адамдардың қарым-қатынасын жалтақсыз, бүкпесіз көрсете алады. Адамның еркіндігі шығармашылықтың шынайы жүзеге асуына негіздейді.

Мен оқыған мектептен шыққан түлектер ішінен Қазақ қоғамының, мəдениетінің қайраткері Өзбекəлі Жəнібеков, академик Өмірзақ Айтбай, жазушы Тоқтасын Беркінбаев, журналистер Ержан Уайсов пен Зейін Əліпбек сынды көпке танымал журналистер туралы мақтанып айта аламын.

Page 39: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

39

ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҚАЖЕТ САЛАНЫҢ БІРІ ЖƏНЕ БІРЕГЕЙІ

Мөлдір ДАРХАНБАЕВА, М. Əуезов атындағы жалпы орта мектептің 11 «А» сынып оқушысы, Қайнар елді мекені, Ордабасы ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Журналистика – өмірдегі ең қажет салалардың бірі жəне біргейі. Олай дейтінім,

адам өз айналасындағы оқиғаларды біліп қана қоймай, жалпы жер бетіндегі жаңалықтан «құлаққағыс» болып жүргені абзал. Дүниенің төрт бұрышындағы тынымсыз тіршіліктен, жағымды жайттардан, өтпелі өзгерістерден хабар беретін журналистика саласын «керексіз» деуге қандай жанның аузы барады екен?!

«Жаңалық жаршысы» саналатын бұл саласыз өмірдің өзін елестетуге болмайтындай көрінеді маған...

Бөтен бір саланы алып қарасақ, белгілі бір бағытқа, белгілі бір жүйеге ғана арналған. Ал журналистика – саяси, экономикалық, əлеуметтік деп жаңалықты бөліп-жармай, жалпы жұртқа жалықпай жариялайды. Халық пен өмір арасындағы құламас «алтын көпір» – журналистер емесіне кім кепіл?! Мен үшін бұл сала сонысымен құнды, сонысымен қымбат.

Қазақ əдебиетіндегі қарымды қаламгердің көбі осы салада белсене қызмет атқарғаны мəлім. Олар қазақ журналистикасының аяғынан тік тұрып, өзіндік сала болып қалыптасуына аянбай тер төкті. А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, С. Торайғыров сынды қазақтың қадірлі ұлдары, ұлтымыздың ұлы тұлғалары сол шақтағы солақай саясатты көзге ілмей, газет бетіне шынайы шындықтың шымылдығын түріп, түпкі ойларын ашып жазды емес пе? Қазақ журналистикасының биікке өрлеп, қазіргі деңгейге көтерілгені сол қайсарлықтан, жүрексінбестіктен бастауын алғаны айдай анық.

Осы дара да, сара жолды жалғастырушылардың бірі – Есей Жеңісұлы. Жас болса да, бас журналист бала күнінен қанатты қаламды серік етіп, республикалық «Ұлан» газетінің белсенді жас тілшісі атанған. Өлең əлемінде жүзген Есей аға əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін тəмамдап, қазіргі уақытта еліміздегі балалар мен жасөспірімдердің бас газеті «Ұланда» бас редактор қызметінде.

Бұған дейін «Жас Алашта» қаламын ұштап үлгерген. Бала күнгі жан досымен қайта қауышқан Есей Жеңісұлы білімі мен біліктілігіне сенген жан.

Осындай талантты да, талапты, дарынды шəкірттерге бай газеттің жас тілшісі болу – мен үшін де үлкен бақыт! Бұл менің журналистика əлеміне жасаған тұңғыш ірі қадамым деп білемін.

«Ұлан» газеті мен «Ақ желкен» журналы ұйымдастырған, республикалық І «Қаламгер азамат» (Алматы қаласы) жəне ІІ «Қаламгер азамат» (Астана қаласы) форумдарында шеберлігімізді шыңдап, дəріс өткізген белгілі журналистер кем болмады (М. Айтжанов, Н. Айтов, А. Үмбеттегі т.б.). Олар журналистиканың қыры мен сырын ашып айтып, қызығы мен шыжығы қатар жүретін сала екендігінен көп хабар берді.

Менің осыған дейін мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған жұмыстарымның тізімі:

Облыстық «Бал жұмбақ» балалар газеті – «Өтірік өлеңдер», 2003 жыл; «Білім орда – мектебім» (2004 жыл), «Аналардың қасиеті», «Бал жұмбаққа», «Алғашқы менің ұстазым», (2004 жыл), «... дегенің не?», «Ұқыпсыз» (2004) атты өлеңдер;

Облыстық «Балқаймақ» газеті – «Желтоқсан» (2005), «Əділдік қашан жеңеді?» (2005), «Қазақстан байлығы» (2005), «Есеп өлең» (2005) атты өлеңдер;

Облыстық «Жас ғалым» журналы – «Қазақ елім» атты өлең (2006), «Əуезов драматургиясы» атты мақала (2008);

Page 40: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

40

Облыстық «Дөңгеленген дүние» газеті – «Ұстаз ұлағаты» атты өлең (2008); Республикалық «Ұлан» газеті – «Адамға керек қасиет» (№17, 2007),

«Көзілдірік» (№51, 2007) атты өлеңдер, «Кел, танысайық!» жарнамасы (№4, 2008); «Біздер үшін үлкен бақыт» (2008), «Жануарлар əлемінде» (№24, 2008) атты мақалалар, «Тіл – өмірдің шырағы» (№31, 2008) атты өлең;

Республикалық «Мөлдір бұлақ» журналы – «Еуразия кіндігінде – Астанамыз» (№10, 2007), «Қар болмаса» (2008), «Астана» (2008) атты өлеңдер.

ЖУРНАЛИСТИКА – МОЯ БУДУЩАЯ ПРОФЕССИЯ

Дженетта Абуовна ШАМБИЛОВА,

ученица 11 «ЭМ» класса школы-лицея № 9 имени О.А. Жолдасбекова, город Шымкент, Южно-Казахстанская область.

Руководитель: Виктория Стэльяновна ГЕТМАНОВА,

учитель русского языка и литературы школы-лицея №9 имени О.А. Жолдасбекова, город Шымкент, Южно-Казахстанская область.

За тысячи лет своего существования, как форма коммуникации, журналистика

оттачивалась и шлифовалась. Профессия идет в ногу со временем. Главная цель журналистики – доносить информацию.

Журналистика – вид общественной деятельности по сбору, обработке и периодичному распространению актуальной информации через каналы массовой коммуникации (пресса, телевидение, радио, кино и другие).

Термин «журналистика» происходит от французского journal (дневник, газета). Термином «журналистика» обозначается многообразная продукция журналистской деятельности.

Деятельность по сбору и распространению информации возникла в глубокой древности. Информация передавалась разными способами: устно – выступления ораторов, сообщения глашатаев и т.д., и письменно – доски объявлений, которые вывешивались в общественных центрах Древнего Рима, папирусы с новостями в Древнем Египте.

Журналистика возникла и быстро прогрессировала с начала XVII века. Во второй половине XIX – начала XX веков появились фото- и киножурналистика, так как были изобретены фотографии и кинематография. С 20-х годов XX века на основе достижений радиотехники развивается радиожурналистика, с 40-х годов – тележурналистика.

В современное время журналистика бурно развивается благодаря Интернету. С помощью Интернета можно легко узнавать самую свежую информацию. Интернет удобен большой скоростью получения информации.

Общей для всей журналистики задачей является, по определению К. Маркса и Ф. Энгельса, «… отражение текущей истории во всей её полноте… »

Общественно-политическая журналистика, охватывая широкий круг тем и проблем современности, обслуживает потребность различных слоев массовой аудитории в текущей социальной информации, пользуясь приемными формами публицистики; наряду с этим печатаются научные, художественные и другие произведения, затрагивающие важные общественные вопросы.

Журналистика должна откликаться на актуальные вопросы, явления, события современности. Поэтому программа радио или телевидения, номер журнала или газеты, выпуск кинохроники состоит из совокупности произведений на различные темы, созданных в разных стилях и жанрах.

Page 41: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

41

Журналистика – деятельность коллективная: «… газетный корреспондент может считать себя только лишь частицей многосложного организма, в котором он свободно избирает себе определенную функцию, - писал К. Маркс. – Один, скажем, больше изобразит непосредственное, почерпнутое из общения с народом впечатление, произведенное его бедственным положением; другой – историк – займется историей создавшегося положения; эмоциональный человек даст описание самой нужды; экономист рассмотрит средства, необходимые для её уничтожения, - причём разрешение этого единого вопроса может опять-таки даваться с различных сторон: то в местном масштабе, то по отношению к государству в целом и т.п. Так, при живом движении печати раскрывается вся правда в целом… Так пресса, шаг за шагом, посредством разделения труда, выясняет всю правду, - не тем путём, что кто-либо один делает всё, а тем, что каждый из этого множества людей делает какое-либо одно небольшое дело».

Плюсов у журналистики много. Первая обязанность – добывать свежие, точные сведения о событиях и немедля

публиковать их. Ни одно из самых совершенных изобретений не достигнет гибкости слова. Технологии меняются, но смысл работы со словом остается прежним. Профессия журналиста трудна, но есть в ней свой романтизм. Она объединяет друзей, расширяет круг общения.

Журналист вносит культуру своей страны в мировое сообщество. Гламурные журналисты бесплатно проходят на закрытые вечеринки и фуршеты. «Журналистика – первый набросок истории, который создавался в чрезвычайном режиме» (Д. Рэндал).

Вести интервью – искусство. Необходимо быть преданному своей музе, перу и журналистике. Журналистика должна быть созидательной. Это требует глубоких знаний и напряженного труда.

СМИ является четвертой властью. Общительность и обаяние – главный залог успеха. Если ребёнок хорошо пишет сочинения в школе, значит, у него есть склонности к журналистике. Обладание информацией – мощное проявление власти. В широком смысле – влияние.

Но есть у журналистики и минусы. У журналиста 2 пути: работать на репутацию или на деньги. Учиться

приходится всему и очень много. Для журналиста важно предвидеть, какие изменения внесет в этот мир каждое его слово.

М. Арнольд говорил, что журналистика – это «литература на бегу». Журналист – человек, который умеет общаться с людьми, умеет слушать,

спорить, задавать вопросы. Умение писать и грамотно подавать информацию для него обязательно. Журналисты – интересные и грамотные люди, которые всегда в центре событий, они владеют информацией и общаются с разными людьми.

Журналистика – это прежде всего ремесло. Нельзя научиться таланту, можно научиться мастерству. Более того, не учась –

мастерства не обретешь. По моему мнению, чтобы стать журналистом, нужно иметь талант. Журналист

должен быть, прежде всего, начитанным человеком. Он должен грамотно излагать информацию. Журналист должен быть настойчивым, целеустремленным, обаятельным, доброжелательным, красноречивым. Его речь должна быть четкой, литературной, интересной, правильной.

Журналисты бывают разными, в зависимости от того в каком стиле они пишут. 1. Журналисты, пишущие в научном стиле, раскрывают в своих статьях

(передачах, репортажах) темы, связанные с наукой, приводя интересные аргументы и факты.

Page 42: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

42

2. Журналисты, которые пишут в художественном стиле, раскрывают исторические и литературные темы.

3. Журналисты, работающие в официально-деловой среде, сообщают о государственных и мировых новостях политики.

4. Журналисты, которые работают в рамках публицистики, воздействуют на общественную массу при помощи реклам. Также пишут статьи или ведут репортажи по телевидению о знаменитостях.

Работа журналиста крайне трудна, но очень интересна. Журналисты лишены личной жизни. Для личности это, конечно же, является минусом, а для профессии – плюсом. Эта работа очень рискованна, так как многие журналисты работают в «горячих точках», что очень опасно для жизни.

Журналистика – профессия, которая, по моему мнению, будет актуальна и в далеком будущем. Так как информация – это большая ценность.

Конечно же, со временем поменяются технологии и передачи коммуникации. Но все-таки журналистика будет преследовать одну самую главную цель – донесение информации. Без информации очень трудно жить, тем более в наше время. Жить без информации – значит жить в неизвестности, не зная, что произошло, происходит и произойдет. Информация несет в себе таинственно великую силу, без которой не обойтись.

Журналистика всегда будет актуальной, нужной и вездесущей профессией. Мне очень нравится эта профессия, и я хочу стать журналистом. Эта профессия

очень близка мне. Я очень люблю читать разную литературу. Литература – это мой самый

любимый предмет. Мне нравится писать сочинения и изложения, недавно я начала писать стихотворения. В недалеком будущем мечтаю написать книгу.

Түйін Бұл ғылыми мақаласында Шамбилова Дженетта өзінің білімділігін байқата

алған. Автор журналистика мамандығының негізін білетінін дəлелдей білген. Ол өзінің тілші мамандығының ерекшелігін жақсы білетінін, қазіргі болып

жатқан қоғамдық-саяси өмірдегі жаңалықтардың маңызы мен орнын айқын көрсеткен. Дженетта өзінің алға қойған мақсаттары мен жоспарларын, армандаған мамандығын иеленуге қол жеткізу əдістерін болашақ тілшілерге жақсы түсіндіріп берген.

ЖАБЫРҚАУ ЖАНДАРДЫҢ ЖАНЫНА ЖАЛАУ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ

Жандос Асқанұлы ҚАЛДЫБАЕВ,

М. Жұмабаев атындағы жалпы орта мектептің 11 сынып оқушысы, Көкарал елді мекені, Ордабасы ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

«Мақсатым – тіл ұстартып,

өнер шашпақ ..»

«Мынау жалған дүние, Кімдерден кейін қалмаған...», – деп, Шалкиіз жырау жырлағандай, өмірде ешкім мəңгілік жасамақ емес. Қарап отырсам, бұл өмірге жақсы да, жаман да келеді екен. Өмірдің қызығы

мен шыжығы сол тартыс өмір арқылы көрініп, өмір-өзен сияқты ағып, өте шығатынын байқағандаймын.

Сол қамшының сабындай қысқа ғұмырында шындықты айтып, шырылдап өткен ғазиз жандар қаншама?! Басыңа қиындық түскенде жаныңа жалау болар жанашыр іздеп шарқ ұратын сəттер аз ба?!

Page 43: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

43

Қазақ халқының басынан өткерген қиын да, мұңлы кездері аз болмағаны тарихтан белгілі. Сол кезде халықтың халін ойлап, жырын жырлаған от ауызды, орақ тілді шешендер, қара қылды қақ жарған билер, жалынды жырауларымыз болатын.

Ал енді дəл қазіргі «шаш ал десе, бас алатын заманда» небір алаяқтарға алданып, зар жылаған, денсаулығынан азап шеккен жабырқау жандардың жанына жалау болатын адамдар – журналистер деп ойлаймын. Себебін жылы сөзімен, бағалы бағдарламасымен жəрдем етіп жүрген Бибігүл Дəулетбекқызының «Аялы алақаны», Қымбат Досжанның «Бармысың, бауырымы» арқылы көріп сезгендеймін. Сол бағдарламаларды көре отырып, көмек қолын созған жаны жомарт жандардың жақсылық істері бір Алладан қайтары анық.

Журналист мамандығының басқа мамандықтан артықшылығының өзі – елінің қамын жеп, солармен ортақ ой бөлісуінде тұрған сияқты көрінеді. Елінің шалыс басқан қадамын түзеп, датын айтып отыруы маған қатты ұнайды.

Сөйлей білмес адамның, Сөзі өтпес бір пышақ. Сөз білетін адамның, Əр сөзінде бір тұсақ, – деген ұлы сөзіміз жерде қалмаса екен... Міне, осындай əлемде болып жатқан ұлы еңбектің сом балғасын солқылдата

соғып, тіршілік дəнін сеуіп, береке байытып жатқан əр ұрпақ үшін жүрісі ұтқыр уақыттың қашанда жүгі ауыр, жауапкершілігі мол. Осынау ауырлық пен жауапкершіліктің арасында əр ұрпақтың алар асу шыңы болған, азаматтығына сын болған, əлеуметтік өзгерістерге, бетбұрыстарға толы белестер жатыр.

Тағдыр сыйлаған тəуелсіздік таңының атқанына да биыл 17 жыл толыпты. Өшкеніміз жанып, жоғымыз табылып, ұмытқанымызды жаңғыртып, тарихымызды түгендеп, рухани бұлақтарымыздан халқымыз сусындап келеді.

Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың өзі: «Қазақстанның келешегі – жастарда!», – деп сенімін бізге артып отыр. Өзімді сол келешек жастардың қатарына қоя отырып, Журналист атты мамандықты таңдау арқылы халқымды рухани байлықпен сусындатсам деймін.

Бұл арманымның ұшқыр ойына себепкер болған, əрине, алдыңғы қатарлы журналист ағаларым мен əпкелерімнің жүргізген бағдарламалары мен сұхбаттары.

«Сөз өлшемін білмеген, шағаладай шулайды», – деп Тұрмағабет Ізтілеуов атамыз айтқандай, сөзді тілге, ойды сөзге қару ете отырып, тəуелсіз елімнің кішкене ғана кірпіші болып қалануды мақсат еткім келеді.

«Татулық – таусылмайтын кен секілді, Кен сақтау – шама келсе шен секілді. Ортада татулықтың тұрса туы, Дос-дұшпан демес сені кем секілді», – дегендей, татулықпен достықты ту ете

отырып, елдің бірлікте болуына үлесімді қоссам деймін. Сондықтан да, бейбітшілік, желтоқсан, өмір тағы басқа тақырыптарда

жазылған өлеңдерім осыдан екі-үш жыл бұрын «Оңтүстік Қазақстан» газеті беттерінде жарық көрді.

Əр мақаланы оқтаудай жұтындырып шығару, артық сөз, əрі-сəрі ой қоспау – əрбір журналистің біліктілігінде шығар. «Бақ кейде тауып қонады, кейде ауып қонады. Ауып қонса есіртеді, тауып қонса есейтеді» деген əдемі сөзді пайдалана отырып, басымызға бағымыз тауып қонып жатса, өмірден алар сыйлы сыбағамыз да молынан болар еді-ау!

Қорыта келе: «Журналист мамандығын ұнатамын, Мұңайып, жылағанды жұбатамын. Қаламның ұшыменен жəрдем беріп,

Page 44: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

44

Халқымды өзге елге сыйлатамын. Алатын асуларым менің алда, Е, Жаратушы ием, мені қолда!», – дей отырып, келешектен күтер үмітім мол.

Əдебиеттер 1 Ай, Заман-ай!... 2 Тұрмағанбет Ізтілеуов шығармалары.

ЖУРНАЛИСТИКА МЕКТЕБІНЕН ӨТУ – ҰЛЫ МАҚСАТЫМ

Ұлдана КЕРІМБЕКОВА, Жамбыл атындағы орта мектептің 11 «Б» сынып оқушысы,

Шəуілдір ауылы, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жетекшісі: Гүлнар Төлебайқызы АБЫЗБЕК, Жамбыл атындағы орта мектептің қазақ тілі жəне əдебиеті пəнінің мұғалімі,

Шəуілдір ауылы, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Өмір... Тіршілік... Бұл екеуі – болашаққа бастайтын ұлы жол. Мен осы өмірге Ұлылар Отаны аталған Отырар жерінде келіппін. Киелі жер саналатын туған жерімнің, қасиетті халқымның, аяулы анамның ақ

сүтімен бойыма сіңген бабалар дəстүрі мен тəрбиесі, Алтын ұям – мектебім мен ұлағатты ұстаздарымнан алған білімім мен тəрбием үлкен биіктерге жетелейді.

Болашаққа бастау алып, үлкен үмітпен, ұлы мақсаттармен бабалар салған дара, даңғыл жолмен ұрпақтар үздіксіз жүріп келеді. Болашаққа бастау алатын жол біздердің биылғы мектеп бітіруімізбен басталғалы отыр.

Мені көп мазалайтын көкейдегі бір сұрақ – мен болашақта кім боламын? Көп толғанып, өз бойымдағы білім-білік дəрежелерімді саралай келе, жүрек үнін тыңдай отырып, журналист мамандығын қаладым.

Кішкентай бала кезімнен теледидарда түрлі хабарлар жүргізетін журналист аға-апаларыма қызыға қарайтынмын. Тіпті анамды мазалап: «Мені теледидар ішіне кіргізіп жіберші», – деп қиялатын едім.

Уақыт өткен сайын сол бір балалық қиял алға жетелеп, ұлғайып, үлкен арманға ұласты.

Отырардың тумасы, ақын М. Шаханов ағамыз: Үлкен адам болу үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға, - деп айтқандай, өз қиялымды іске асыра

отырып əрқашанда үмітті, сенімді жоғалтпай, армандарымды жүзеге асырып, үлкен адам болғым келеді. Осы армандарымды іске асыра отырып, алға ұмтылсам, ұлы мақсаттарға қол жеткізсем, телеарналардың жарық жұлдыздары Дана Нұржігіт, Рабиға Аманжолова, Гүлмира Дайрабаева, Зейін Əліпбек сынды аға-əпкелеріміздің жолын қусам деген арман менің əрдайым көкейімде.

Олардың басқа жүргізушілерден ерекшелігі – ой жүйелеуі, танымдылық пен талаптанушылықты біріктіре отырып пайымдауы, шындықты қалап, туралықты тура жолдан тайдырмай ұстауы қашанда ерекшелеп тұрады.

Əрине, тележүргізуші болу жоғары білімділікті, шешендікті, мəдениеттілікті жəне жан-жақты интелектуалдықты талап етіледі.

Дана бабаларымыз «Ізденген жетер мұратқа» деген ғой. Көп ізденіп, көп оқып, үлкен журналистика мектебінен өту – менің ұлы

мақсатым. Менің қызыға да, таңдана тамашалайтын авторлық бағдарламаларым бар. «Құрбы – құрдас», «Азамат» – жастар парламентінің пікірсайыс бағдарламасы, «Рухани əңгіме», «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық бағдарламасы, тағы басқа түрлі бағдармалар мені қатты қызықтырады.

Page 45: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

45

Əсіресе, «Азамат» жастар парламентінің пікірсайыс бағдарламасында жастардың өз ойын тура жəне нақты жеткізе білуі, бағдарлама барысында айтылатын ойлардың ұтымдылығы қашанда бағдарламаның мазмұн-мақсатын айқын ашып тұрады.

Дана Нұржігіт жүргізетін «Рухани əңгіме» бағдарламасынан үлкен əсер алдым. Қазақ əдебиетінің ірі өкілдерімен, республикамыздың мəдениет қайраткерлерімен əр түрлі тақырыпта байсалды түрде өткізілетін əрбір əңгіменің тыңдаушыға əсері зор.

Менің пір тұтатын дара тұлғам – Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Отырардың дара тумасы, қазіргі Қоғам ауылында туып, өскен, пайғамбар жастан аса өмірден озған атамыз Мыңбай Ілес. Осынау жұмбақ журналистің өмірбаянында өзгешелік жоқ, он жылдықты Отырарда бітіргесін, Алматыға барып ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түскен. Бес жылдан соң дипломын құшақтап, «Лениншіл жас» газетінде бір жылдай қалам тербеген. Одан кейін сол кездегі Шымкент облыстық «Оңтүстік Қазақстан газетінің соқасын өгіздей сүйреп, əдеби қызметкерлігінен əудем жердегі бас редактордың орынбасарлығына дейін өскен. Хрушевтің заманында Шымкент, Жамбыл, Қызылорда облыстары өлке болып қайта құрылған тұста шенеуніктің шикілдеуігін шағып, майын ішкен. Яғни, Оңтүстік Қазақстан өлкесінің партия комитетіне нұсқаушы болған. Одан əрі «Социалистік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, бас редакторының орынбасары, саяси-сатиралық «Ара – Шмель» журналында жауапты хатшы, «Жаңа фильм» журналында бас редактор боп басшылық орындарында отырған. Мəскеудегі жоғарғы партия мектебін үздік тəмəмдаған. Жазған мақаласының есебі жоқ, əлем əдебиетінің озық туындыларын аударған. Бітті. Ғұмырнамасының ұзын-ырғасы осы.

Ендеше, Мыңбай аға да – жұмыр басты пенде. Тағдыры сан тарау, тауқыметі де аз емес шығар, сірə? «Алысты, жұлысты, тартысты-əурешілікті көре-көре» жетпіске жетті. Бірақ тартқан тауқыметінде тарих жатыр, кейінгілер кертіп жесе таусылмайтын татымды азық, танымдық дүние жатыр. Қиналған кездерінің де ғибраты мол-ау?

«Жүрегінің түбіне терең бойласам ше?» Қойқаптағыны қозғасам ше? Ол кісі ғибратты ғұмырында елім деп еңбек етті. Ұл-қызын тəрбиелеп, биіктерге жеткізді. Қазіргі уақытты немересі, халыққа танымал, күй жанрын нақышына келтіре орындайтын Асылбек Еңсепов əке үмітін ақтағанын көрсетіп отыр.

Мыңбай Ілес атамды пір тұтатын себебім. Ол кісі шындықты қалады. Қашанда ел үшін еңбек етіп, халық үшін қызмет етті.

Өмірден озған сəтіне дейін жырмен сусындап, əлемдік əдебиетке мол мұра қалдырды. Тура жолдан таймастан шындықты шым-шытырықтан алып шыға білді.

Ол үлкен ақын, жазушы, сыншы болатын. Шын сүйгені, қулықсыз өмір сүргені кедергі болды. Мүмкін, кеткен оның қадірі жүрген бізден жоғары болар...

Маған ұнаған, мені толғандырған жағдай осы болатын. Келешекте жүйрік ойым мен қарымды қаламымды қоса туған жеріме, оның гүлденуі мен көркейюіне үлесімді қосуға ат салысамын деген ойдамын. Ол үшін бүгінгі таңда ақын-жазушылардың, от ауызды, орақ тілді журналист ағаларымыздың əңгіме, өлең жолдарын жаттап, жадымда сақтап келемін. Қашанда халқымды жағымды жаңалықтарыммен құлағдар етіп, ел сенімін ақтайтын, əділдікті жақтайтын нағыз қарымы қалың қаламгер болуға тырысамын.

Болашақта өзімнің жеке авторлық бағдарламамды жасап халыққа танылсам. Бұл бағдарламам ел сүйіп көретін танымдық бағдарлама болса. Тарих тағылымы туралы үлкен жобалы бағдарлама жасасам, халық өмірінің айнасы болатын бұл бағдарлама қашанда ел үшін қызмет етсе.

Əн туады мұраттан, ой туады сұрақтан, Небір үлкен өзендер басталады бұлақтан. Бірақ соның барлығы жете алмайды теңізге,

Page 46: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

46

Жоғалтады өзді-өзін түседі де көп ізге. Өзен болу – үлкен сын, бақыт емес ол да аса, Теңізге ағып баруға мүмкіндігің болмаса, - деп Мыңбай Ілес атамыз айтқандай,

өмірде өз-өзіңді жоғалтпай, қашанда сенімге үміт арта отырып, болашаққа қарай жол бастау керек. Осы мүмкіндіктерді жоғалтпай, небір асау өзендерді асып өтіп, қамалдарды бұзып, кемелденген келешекке қарай жол бастасам деген ұлы мақсатым бар.

Енді өзімнің шығармашылығыма келер болсам, 2006 жылы «Отырар алқабы» газетінде «Тəуелсіздік – тірегім» атты шығармам жарық көрді. «Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмір деректері» атты əдеби шығармам аудан көлемінде жоғары бағаланды. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа арналған арнау өлеңдер, түрлі шығармаларым аудан көлеміндегі газет бетерінен орын алуда.

Жас қаламгер бола отырып кезінде алдыңғы толқын ашынып айта алмаған, аға буын ашылып жаза алмаған, тарихтың «жабулы қазандай» тұмшалаулы тұстарын, жасырылып келген жаралы жақтарын əлеуметтік əділеттілік тұрғысынан шынайы көзқараспен бейнелеуге тырысамын.

Ешқандай кəсіпке айырбастамайтын ең қызықты, ең күрделі, əрі ең əмбебап мамандық – журналист. Тағдыр талайына жазған кəсіптің арқасында төрткүл дүниені аралаудың талай сəті түседі.

Жаңа іссапарлар, жаңа елдер, бұрын көрмеген бөтен мемлекеттер, басқа мəдениет...

Əрине, мұның бəрі журналистке жаңа əсер сыйлайды. Өлеңмен ғана өмірді өлшеп, шабытпен ғана шапағат күтіп жүрген адам үшін журналистика оңай емес.

Үкілі үміт үрдісі басылмаған, Елік шақтар елесі ғасыр маған. Қазағымның пайымды бір қызымын, Пайымсыздық басымнан асырмаған, - дей келе, Жаршы болған жаңалығы аптаның, Аялаған ауданымның ақ таңын. Болашақта жемісті боп бау-бағым, Жақсы деген жақсы атақтан танбаймын, - дей келе тек қана алға ұмтылыс

жасап келемін. Арман – асқар тау секілді. Таудың төбесіне шығу үшін тауың шағылады.

Шаршайсың. Қамығасың. Қажыр жинап, қайта өрмелейсің. Асқар тауды алмай тынбайсың. Ал ала алмай, аяғың тайғанаса ше? Жарым жолдан – шегінесің, жарты арманның орындалғаны. Сондықтан да «Өмір – күрес» деп бекер айтпаған. Тіпті көзқарасыңды көпшілікке өткізу үшін де күресесің. Жеңесің. Жеңілесің. Кейде жеңу үшін жеңілетін сəттер де кездеседі. Ақиқат үшін алысып, шындық үшін шырылдайсың. Шындықтық түбіне жетуге тырысасың. «Шындықтың түбіне жете алмайсың, шындық сенің түбіңе жететінін» білесің де, қасарысып бағасың.

Ақиқаттың ақ туын тігу оңай ма. Соның жолында амал іздейсің. Шындығы солай. Журналист болу қиын. Бұл кəсіп шын шеберлікті, ақиқатты, туралықты талап етеді. Сол талапты орындауда үлкен мазмұндылық жатыр. Болашақта қаламы қарымды, сыры мол, ойы толымды, қашанда көрермендерімді жағымды жаңалықтарыммен құлағдар ететін нағыз журналист болып, ата-анамның үкілеген үмітін, «жанам деген жүрекке от- жалын берген» аяулы ұстаздарымның үмітін ақтап, болашаққа жол бастасам. Бəрін ұғып, бірдей түсініп, аққу-арман күшіммен тыныстап, ғұмырымда өз таңбамды қалдырсам. Резюме

В сочинении автор грамотно и точно, ясно сумела раскрыть историю родного края. А также передает свои мысли о писателях и поэтов, которые выросли в этих краях.

Page 47: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

47

ЖУРНАЛИСТИКА ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

Балхия АБУОВА, Оңтүстік Қазақстан облыстық №1 дарынды балаларға арналған

мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы, Шымкент қаласы.

«Арман» сөзінің ұғымын мен жақсы түсінемін. Сабағымды жақсы оқи отырып, ата-анамның, Отанымның алдындағы міндетгерімді адал да абыройлы орындасам деген үмітім де менің басты армандарымның бірі.

Арман... Ол менде өте көп. Себебі, менің өмір жолым енді ғана басталмақ. Елімнің тыныштығын, Қазақстанның қарқынды дамуын, Президентіміз

Нұрсұлтан Назарбаевтың амандығын, қазақ тілінің темір қазықтай берік орнығуын тілеймін. Бұған қоса өмір атты өзенде өзімнің құяр сағамды тауып, елімнің дамуына өз пайдамды журналист ретінде қоссам деген ниетім бар.

Сен сəби боп дүниеге келгеннен бастап өмір соқпағына түсесің. Өсе келе жақсы мен жаманды, ақ пен қараны, ащы мен тұщыны ажырата отырып, өмір сүру жолын таңдайсың.

Əрине, бала болған соң ойнамай өсу мүмкін емес. Кішкентай кезімнен əдебиетке, оның ішінде өлеңге құмар болдым. Түрлі өлеңдерді жаттап алып айтып жүретінмін. Əдебиетке деген жақсы көзқарасымнан болар, достарымның арасында жүргізушілерге еліктеп, ерекшеленіп ойын-концерттер қоятынмын.

«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, анам ауыра қалса: «Дəрігер болсам, анамды емдесем», - деген кездерім де болды.

Қазіргі таңда 11 сыныпта оқимын. Сабағым жақсы. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып жүремін.

Əдебиет, тарих пəндеріне ерекше ден қойып оқимын, əрі əдеби шығармаларды барынша көп оқуға тырысамын.

Қазақ əдебиетінің классик жазушыларының туындыларын оқыған сайын əсерленіп, қайта оқығым келіп тұрады. Əсіресе, М. Əуезовтің шығармалары, оның ішінде «Абай жолы» роман-эпопеясы мені үш рет оқысам да жалықтырған емес.

Журналист мамандығы – көп машақатты, ерекше қабілетті, табиғи дарынды талап ететін мамандық. Кез-келген адам журналист болып кете салмайды.

Бұл мамандықтың қайнар көзі тереңде жатыр. Ол қойнауға жету үшін күн-түн демей еңбектеніп, əдебиет пен социология ғылымдарын жетік меңгеру керек деп ойлаймын. Осы екі ғылымды тұтас ету үшін биік-биік белестерді бағындыру да – менің міндетім.

Кішкентайымда туған журналистикаға деген сүйіспеншілігім қазір арта түсті. Жүрегімде, көкейімде əр кез «журналист» деген сөз тұрады. Оқыған əдеби шығармаларым мені алыс-алыс сапарларға апарып, қилы-қилы күйлер кешіртіп, ерекше бір сезімге бөлейді.

Теледидар көрген сəттен бастап, жүргізушінің сөйлеу мəнеріне, қимылы мен іс-əрекетіне қарап, тəнті боламын. Іштей оларға қызыға да, қызғана да қараймын.

Менің осы мамандыққа деген қызығушылығымды «Хабар» телеарнасындағы Бибігүл Жексенбай одан əрі күшейтіп жіберді. Себебі оның жүргізген «Бетпе-бет» бағдарламасы жəне өзінің жүргізу əдісі бəрі-бəрі мені баурап алады.

Осы телеарнадағы «Таң қалмаңыз» бағдарламасы арқылы актер əрі жүргізуші Азамат Сұрапбаевпен таныс бола отырып, оның бағдарламаны əсерлі, қызықты жүргізуі де менің осы мамандыққа деген сезімімді арттыра түсті. Оның бірде: «Уақыт таппаудың өзі салақтық не олақтық» деген ұстанымын

Page 48: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

48

естіген кезден-ақ, мен қалай да осы мамандықты игеруім керек деген шешімге келдім.

Адам еңбектенсе, ерінбесе, жалықпаса барлығына да уақыт табады. Мен дəл осы сөздерді жадымда ұстап, бəріне де үлгеруге тырысамын. Алайда, маған көп еңбектену керек. Осы уақытқа дейінгі білім-

танымымды тереңдету жолында, игі ойларымның орындалуы үшін тынбай табандылықпен еңбек етсем, көп нəрсеге қол жеткіземін деген ойдамын.

Бұл мамандықты ертеңгі ішер ас-суым ретінде емес, жүрегімнің қалауы бойынша таңдап отырмын.

ЖУРНАЛИСТИКА – ХАЛЫҚТЫ БІРІКТІРЕТІН КҮШ

Джульетта ГЕРТФЕЛЬДЕР,

Ө. Жəнібеков атындағы №73 көп салалы мектеп-гимназиясының 11 «В» орыс сыныбының оқушысы, Абай ауылы, Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Ақпарат құралдарының қызметкері – журналист. Нағыз журналист болу үшін жоғары оқу орнының журналистика факультетін

оқып бітіру аздық етеді. Журналистің басты міндеті – мақала жазу болса, əр мақаланың тақырыбы əр түрлі болмай ма? Соның үшін журналистке сан қырлы білім қажет.

Қазіргі заманда шала біліммен жазылған мақала арқылы оқырман талабын қанағаттандыру қиын.

Қазақ журналистикасы «Айқап» журналы жəне «Қазақ», «Серке» газеттеріндегі қазақ зиялыларының өлеңдері, мақалалары жарияланғанынан бастап, тіпті одан да əлден дамып келе жатыр.

Армансыз өмір – үмітсіз өмір. Арман адамды келешекке жетелейді. Мен ес білгелі журналист болуды, қазақ теледидарында жүргізуші болуды армандаймын.

Менің аты-жөнім Гертфельдер Джульетта Владимировна, ұлтым неміс. Мен 1998 жылы орыс мектебіне бірінші сыныпқа оқуға қабылдандым.

Бастауыш сыныпта қазақ тілін жақсы меңгеріп, оған қызыға бастадым. Сыныптас қыздарыммен, көршілеріммен жақын араласып жүріп, қазақтың салт-дəстүрлері, өлеңдері мені қызықтыра бастады.

Бесінші сыныптан бастап бізге қазақ əдебиеті пəні қосылды. Сол кезден бастап өлеңдер жаза бастадым.

Құстар келді далаға, Көктем келді жарқырап. Тал бүршігі ашылып, Шөптер өсіп шашылып. Осы алғашқы өлеңімді оқытушыма көрсеткенімде, мені мақтап, оқушылардың

алдында мерейімді көтерді. Мен жетінші сыныптан бастап мектепте қазақ тілі пəнінен өткізілетін

конкурстарға қатыса бастадым. Сегізінші сыныпта ақын Мұқағали Мақатаевтің 75 жылдығына орай өткізілген «Мəнерлеп оқу» конкурсына қатысып, үшінші орынға ие болдым. Жəне қазақ тілі пəнінен апталық қабырға газетін шығарып, мадақтама грамотасымен марапатталдым. Тоғызыншы сыныпта қазақ тілінен аудандық пəн олимпиадасына қатысып, бірінші орынды иеледім. Оныншы сыныпта облыстағы пəн олимпиадасына қатыстым.

Биыл, он бірінші сыныпта өткізілген қазақ тілінен «Тіл жəне біз» атты кешінде жүргізуші міндетін атқардым. Ол кеште, қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, қазақ халқы үшін əдебиет, мəдениет, ғылым мен білім, оқу-ағарту тілі екенін еске салдық.

Page 49: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

49

Жүрсін Ерман ағамыз Кеңес дəуірі кезінде құрдымға кеткен ақындар айтысын жандандырып, шарықтау шегіне жеткізіп отыр. Осы кісілердей қазақ халқының сан түрлі өнерлері мен халық қажеттілігінің бір шетін демеп, халық арасында тарату ісін үгіттеуде пайдам түссе деген арманыммен осы мамандықты таңдап отырмын.

Ақындар айтысына қатысқан Надежда Лушникова, Татьяна Бурмистрова қазақтың ұлттық домбырасында күйлер орындап, əн айтқан. «Қазақстан» Ұлттық арнасынан көрсетілген «Біздің көшенің тұрғындары» атты ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырушы болған.

Қазақстан теледидарының жүргізушісі Майя Веронская, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Асылы Османова апайлардың сөз шеберлігі қай қазақтан кем.

Мен осы апайларымыздың айтыстағы өнерлерін, теледидардағы жүргізген бағдарламаларын жібермей көріп, соларға еліктеп, ауданымыздағы саз мектебінің домбыра бөліміне оқуға бардым.

Анық түсініктілік – сөйлеудің басты қасиеті. Яғни, Қазақстандағы өзге ұлттардың қазақ тілінде сөйлеуі оған деген көзқарасы ең зор адамшылық, мəдениеттілік, тəрбиелік, əдептілік өлшемі болып табылады. Оның мəні: əр азаматтың ана тілін Отанындай, туған халқындай, ата-бабамыздай сүйіп, ардақтап, ол тілде сөйлеуді тəңірінің ұлы сыйындай көруінде.

Журналистика – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі жəне келешек ұрпағын тарихи біртұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайында мəңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Қазақ журналисі – ел-жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен-көлдерін, бораны мен найзағайына дейін ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, келешек ұрпаққа жеткізуші бірден-бір қасиетті маман.

Көркем əдебиет – терең ойдан, адамгершіліктің асыл идеясынан, биік ұлылықтан тұрады. Көркем əдебиет шындықты келешек ұрпаққа мұра етіп қалдырады. Көркем əдебиетті оқу барысында бірде жылап, бірде күліп, бірде қынжылып, бірде шаттанып, оқып отырған көркем шығарманың ішіне еніп кетесің. Шығармадағы ұнамсыз кейіпкердің жеңілісіне қуанып, ұнамды кейіпкерді жеңіске жеткізуге асығасың. Шығарманың ішіне қалай еніп кеткеніңді өзің де сезбей қаласың. Осылайша, көркем əдебиет өзінің кейіпкерлерінің іс-əрекеттері арқылы адам санасына бойлап, тереңдеп, адамды тек жақсылыққа, шынайы шындыққа, адамгершілік қасиеттерге ұмтылуға баулиды. Əдебиеттің тəлім тəрбиелік мəні де осында.

Қазақ журналистикасының тамыры тереңде. 1870 жылы Қазақстанда «Түркістан уалаятының газеті» деген мерзімді басылым алғаш рет жарық көрген. Бұл газет Ташкентте басылып шығарылатын еді. Ол бір айдың ішінде шығарылатын болған: екі рет қазақ тілінде, екі рет өзбек тілінде. Газет бетінде қазақ халқының тарихы, əлеуметтік-экономикалық жағдайы, мəдениеті мен фольклоры кеңінен жарияланып тұрды.

«Түркістан уалаяатының газетімен» қатар «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті шығарылады. Қазақтың алғашқы «Айқап» журналымен бірге бірқатар ел санасын ояту мақсатында М. Дулатұлы мен А. Байтұрсынұлы бірлесіп шығарған ағартушылық-демократиялық бағыттағы тұғыш бейресми басылым – айтулы «Қазақ» жəне 1907 жылы Петербургте шыққан «Серке» газеттерінде сол кездегі қазақ зиялыларының өлеңдері жиі жарияланып тұрған.

«Қазақ» газетінің бірінші редакторы – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы Торғай облысында орта дəулетті шаруа отбасында дүниеге келген. Ол халқымыздың тарихында үлкен орны бар қоғам қайраткері, тамаша оқулықтар жазған педагог, дарынды ақын, шебер аудармашы, ірі ғалым болған. 1912 жылы «Əліппе» кітабын жазып шығарады.

Page 50: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

50

Бекхожин Қайыржан Нұрғожаұлы – қазақ баспасөзін зерттеуші ғалым, тарих ғылымдарының докторы, журналистика профессоры.

Ол журналистік қызметін 1929 жылы Павлодар округінің «Кеңес туы», аудандық «Колхоз» газеттеріне хат-хабар жазудан бастайды. 1935-1939 жылдары Семей облысындағы «Екпінді» газетінде қызмет істейді. 1942 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналстика факультетін бітіреді. 1942-1945 жылдары Қостанай облыстық «Большевиктік жолы» газетінің редакторы, 1945-1947 жылдары өзі оқыған университетінің журналистика факультенің аға оқытушысы, деканы болды.

Ол кісі – «Айқап» журналын зерттеуде көп еңбек сіңірген ғалым. Ақселеу аға Сейдімбектің қазақтың этнографиясы мен мəдениетіне, төл тарихы

мен фольклорына, жалпы халықтың бүтін рухани əлеміне қатысты атқарып жүрген толымды да тынымсыз еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды.

Осы журналистер сияқты өзімнің жерлестеріміз де қазақ прозасы мен поэзиясында елеулі еңбек етіп жүр.

Жергілікті «Мақташы» газетінің редакторы болып бірнеше жыл қызмет атқарған Гүлəйна Сəлімбаеваның еңбегін атауға болады.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Орынкүл Тəжиева журналист мамандығымен қатар бірнеше кітаптардың авторы. Оның еңбектерінен өз өлкеміздің кешегі мен бүгінгісін, экономикасын, салт-дəстүрін оқуға болады.

Кейінгі буын журналистердің арасында Анар Аспанның еңбегі зор. Ұзақ уақыт «Ақиқат» газетін шығарып келген ол «Оңтүстік Қазақстан» газетінде бас редактордың орынбасары қызметін атқаруда. Журналист өз еңбектерінде Қазақстандағы барлық жағдайлардың анық-ақиқатын жазып отырды.

Қазақ тілін ту етіп, кейінгі ұрпаққа бүлдірмей тапсыруда да журналисттің еңбегі мол. Қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайырымдылықты қастерлейтін игі дəстүрі жəне балаға – мейірім, атаға – қамқорлық, ағаға – ізет, ініге – ілтипатты кие тұтатын халықтың əдептілігі мен мəдениетін əртүрлі бағдарлама арқылы көрерменге жеткізетін «Қазақстан», «Хабар» телеарналарының қазақ телевизия тарихында алар орны айрықша. Бибігүл Дəулетбекқызының «Аялы алақан» атты авторлық бағдарламасы көптің көңілінен шығып жүрген, жастарымызды қайырымдылыққа тəрбиелейтін айтылуы дүние. Қымбат Досжан жүргізетін «Бармысың, бауырым» бағдарламасын көріп отырып, үлкен аға-апаларымыз, ата-аналарымыз толқып, көздеріне жас ала отырып тамашалайды. Осы хабарлардың арасында журналистер жүргізетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» бағдарламасынан үйреніп, ойға түйер, өмірге керек сан дүниені табасың.

Өзім қызығып, қызықты бағдарламаларды жібермей көретін «Тіл» бағдарламасын ерекше бағалаймын. Өзім сияқты басқа ұлт жастарының қазақ тіліндегі, қазақтың салт-дəстүрін, тіл сайысын көре отырып өз білімімді солармен салыстырып, көп нəрсені үйреніп, өзіме-өзім баға беріп отырамын.

Тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Бүгінгі күндерде ана тіліміз теңдігін алып, мемлекеттік тіл болса да көпшіліктің

арасындағы саңыраудай селт етпес жандарға əлі де болса, шамасы келмей жатқаны жасырын емес. Қазіргі көптеген жастар тілімізді шұбарлап, өз ана тілінде тұрпайы сөйлейді. Мұндайларды көргенде К.Г. Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жəндік», - деген сөзі ойыма оралады.

Осындай тіл шұбарлығымен күресіп, қазақ тілін ту етіп тігіп, сөз мəдениетін елге жеткізу, журналистердің негізгі ұстамы болуы керек. Қазақстанда өмір сүргендіктен қазақ тілінде жаза білу басқа ұлт өкілдерінің басты парызы болуы керек. Ойды дұрыс құрау, сөз мағынасын жете түсініп, сауатты жазу – əр адамның міндеті деп ойлаймын.

Осы орайда, Қадыр Мырза-əлі ағамыздың:

Page 51: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

51

Ана тілің арың бұл! Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бəрін біл, Өз тіліңді құрметте! - деген өлең шумағын əр уақытта естен шығармауымыз

керек. Менің арманым – журналист болу. Арман – адамды болашаққа жетелеп,

құлшынысын арттырады. Армансыз өмір сүру деген сөз – мақсатсыз, үмітсіз өмір дегенмен бірдей.

Журналист мамандығының қызығы да, қиындығы да көп. Адам бір рет берілетін өмірде бір-екі мамандық иесі болады. Ал, журналист барлық мамандықтардан білімі болуы керек. Демек, бір рет берілетін өмірде барлық мамандықты игеріп, меңгеру тек журналистің қолынан келеді.

Ең алғаш журналист болу үшін тіл майданында өзіңді шыңдауың керек. Қай кезде де, қашан да болып жатқан түрлі оқиғалар мен жаңалықтарды халыққа бірінші журналист жеткізеді. Жаңалықтарды жеткізу үшін өзіміз ол тақырыпты меңгеруіміз керек. Егіншілік пен шаруашылықты, саясат пен мəдениетті, білім мен өнерді, құрылыс пен өнеркəсіпті өзіміз түсінбей, сол сала бойынша жаңалықты халыққа сапалы жеткізу мүмкін емес.

Ахмет Байтұрсынұлы атамыз: «Газет – халықтың тілі, көзі һəм құлағы», - деген. Сол газеттің қызметкері – журналист. Халыққа ақпарат таратушы, жоғын жоқтаушы.

Журналист қауымында жұмыс сағаты нақты болмайды. Журналистика белгілі бір жылы орында отырып алып, асықпай атқара беретін қызмет емес. Ауа райының түрлі өзгерістеріне, жолдың ұзақтығына қарамай, күнді – күн, түнді – түн демей, халықтың ортасында жүреді. Мүмкін, сондықтан болса керек, көпшілік бұл мамандық əйел балаға лайық емес дейді.

Демек, журналист болу үшін өз біліміңді арттырып, кешегі мен бүгінгіні үйрене отырып, жан-жақты дамытуың керек.

Ұлт тағдырына қатысты мəселені алдымен журналист біліп, баспасөзде хабарлап, теледидарда көрсетеді. Халыққа жаңалықты жеткізіп, халықтың қамын ойлап, жақсы өмір мен жарқын келешек үшін күреседі.

Сондықтан журналист болу – менің арманым.

ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗІ ДЕ, ҚҰЛАҒЫ ДА, ТІЛІ ДЕ – ЖУРНАЛИСТЕР

Нүрила Батырбекқызы ШЫНƏДІЛОВА, Ш. Уəлиханов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы,

Ақбастау ауылы, Бəйдібек ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Егемен еліміздің өркендеп, үздік елулікке енуіне, Елбасымыздың «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы Азия барысына айналуымызға өз үлесімді қосып, журналист ретінде еңбегімді сіңірсем деймін.

Қарапайым халықтың көзі де, құлағы да, тілі де – журналистер. Себебі дүбірге толы дүниеде не болып жатқанынан хабар беріп, елдің көкейіндегісін бұрын айтып, тілінің ұшындағы сөзді бірінші болып жеткізетіндер де солар.

Қазіргі таңдағы журналистерден жаныма жақын тұтатын апайларым – Алма Үмбеттегі («Ұлан» газеті) мен Қымбат Əбілдақызы («Айгөлек» журналының бас редакторы). Бірінің салт-дəстүр, халқымыздың өткені мен бүгініне тоқталғандағы сөз саптаулары ұнаса, екіншісінен қайтпас қайсарлық пен тайсалмайтын турашылдықты өз бойыма алғым келеді.

Қазіргі Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары төрт аяғын тең басып, жаһандануға құлшына құлаш сермеген айтулы ХХІ ғасырда өз рөлін жоғалтқан жоқ. Керісінше, өсіп-өркендеу үстінде. «Жалын», «Айгөлек» журналдарын, «Ұлан»,

Page 52: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

52

«Егемен Қазақстан», «Аталар сөзі», «Алғабас», «Айқын», «Болашақ», «Азамат – Дастан» газеттерінің əр санын үзбей оқуға тырысамын. Себебі, бірінен саясат сахнасындағы жаңалықтарға көз жүгіртер болсақ, келесісінен көптеген ұлы адамдардың өмірімен танысып, ал тағы бірінен өзімнің құрбыларымның жазған шығармаларын оқып, өзімде қажетті жерін алуға тырысамын.

Журналист болу үшін көкіректе көзі, аузында дайын тұрған сөзі болумен қатар, ақиқатты айнытпай, шындықты шыңғыртып айтар турашыл мінезі де болуы керек.

Менің осы уақытқа дейінгі жазған шығармаларым аудандық «Алғабас», облыстық «Оңтүстік ұстаздары», «Болашақ», «Азамат – Дастан» газеттеріне жарық көріп келеді. Биылғы жылдың сəуір айында «Болашақ», «Азамат – Дастан» газеттерінің «Көкбөрі» жас тілшілер клубының мүшесі, басылымдардың арнаулы тілшісі болып бекітілдім. Алашордашыларға 90 жыл толуына байланысты «Асқарлар мəңгі асқақтайды!» тақырыбындағы шығармам жүлделі ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, былтырғы оқу жылында «Қазақстан дамуының экономикалық жəне əлеуметтік модельдері» тақырыбында өткен Оңтүстік Қазақстан облысы оқушыларының ғылыми жарысына əдебиет секциясы бойынша қатысып, ІІ орынды иелендім.

Осы жетістіктерімнің арқасында 2007 жылы Бəйдібек ауданының «Ең үздік оқушысы» атандым.

Қандай бір жетістікке жетсем де, тоқтатпай алдыға жетелейтін – «журналист болсам» деген арманым. Төменде берілген əңгімені оқып көрсеңіздер, неліктен бұл мамандықты таңдағанымды түсінер едіңіздер.

... Меруерт апай өз шəкірттеріне бүгін үй тапсырмасына «Кім болам?» деген тақырыпта шығарма жазып келуді тапсырды. Бұл тақырыпты айтқанда-ақ оқушылары болашаққа көз жүгірткендей, əрқайсысы өз ойымен отырып қалған еді. Кейбір оқушылар: «Шынында да, мен осы болашақта кім болам?» деп ойланып отырған кезде, Жаннұр шығармасын бастап та қойды. Бірақ сыртқа шығуға хабар беріп соғылған қоңырау ойын аяқтауға мүмкіндік бермеді. Өзге оқушылармен бірге таласа-тармаса алға ұмтылып, сыртқа қарай жүгіріп бара жатты.

Үйге келе саласымен, анасының дайындап қойған ыстық асына бұрылмастан, бірден сабақ жазатын үстеліне келіп отырды. Шығарма тақырыбын «Журналист болғым келеді» деп қойған болатын. Ол заманының заңғар шындығын шыңғырта айтатын, өз қолтаңбасымен көпшілік жазғыштардан ерекшеленіп тұратындай қаламы жүрдек журналист болғысы келетінін айта келіп, шығармасының соңын мына өлең жолдарымен аяқтады:

Бетке айтып сұмдықты, Таратып елге шындықты. Мамандық бұл ең мықты, Журналист болғым келеді! Пайдамды елге жаратып, Халыққа хабар таратып, Жаңалықтарды жаңартып, Журналист болғым келеді! Теледидардағы тілшілердің сөз саптауларына қызыға қарап, зейін қоя, назар

сала тыңдайтын. Алдында ағасы мен əпкесі болғандықтан, үй ішінің тірлігіне араласа бермейтін. Ал, ата-анасы ылғи да кенжеміз деп еркелетіп, айтқанын істеп бағады. Мүмкін, сол себепті де шығар, кішкентай кезінен-ақ бойына біткен өжеттік, бірбеткейлік, қайтпас қайсарлық мінезі бар.

Мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ шығармалары облыстық, республикалық басылымдарда жарық көріп тұратын. Сол арқылы көпшілік арасында таныла бастады. Əр кез сайын тың тақырыпты қозғайтындықтан, шығармаларына көптеген сын айтылып жататын. Кейде қолдау тапса, арасында: «Айтқаныңмен

Page 53: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

53

келісе алмаймыз», - деушілер де табылатын. Мұндай кезде Жаннұр өз шығармасының талқыланып жатқандығына қуанып, өзін кəдуілгі тілші ретінде сезініп, бір марқайып қалатын.

Осылайша, республикалық газеттің жас тілшісі атанды. Көп ұзамай мектеп бітіретін сəт те таянды. Енді «Кім болам?» деген тақырып

төңірегінде дау-дамай туа бастады. Ата-анасы Жаннұрға: «Журналистикаға түсу қиын. Оның конкурстан өту баллы тым жоғары болады. Оған қоса сен қыз баласың. Ертеңгі таңда ауылдық жерге тұрмысқа шығатын болсаң, жұмыссыз қалмақпысың? Одан да, «аш құлақтан тыныш құлақ» деп мұғалімдікті бітіре салсаң қайтеді?» - деп те көрді.

Бірақ бала кезден армандап келе жатқан мамандығынан бас тарту туралы ойы да жоқ еді. Журналист деген нағыз халықтың адамы. Елімен бірге қайғырып, қуанушы да осы халық екенін өзі де жақсы түсінді. «Мейлі, қиын болса да, шешімімнен бас тартпаймын. Жаның қалаған мамандықтың қиыншылығы да анау айтқан ауыртпашылық түсіре қоймас», - деп ойлады.

Əрине, өз дегенінен айнымастан, журналистика факультетінің студенті атанды. Ата-анасы қыздарының қалауы осы екеніне көздері жеткен соң: «Біздің дегеніміз болмайды ғой. Не де болса, пешенеңе жазылғанын көресің де», - деп ақ жол тілеп, қала берді.

У-шуы көп үлкен қалаға да үйренді. Университетте шығармашылық жолын қабырға газетіне шығарма жазудан бастап, көптеген шығармалар байқауларына қатысып, көзге түсті. Оқып жүріп те республикаға таралатын беделді газеттің меншікті тілшісі болып қызмет атқарды. Оқуын үздік дипломмен бітіріп шығып, енді шығармашылықпен біржола айналысуға ден қойды.

Бірде жұмысқа телефон соққан əлдекім өзінің аты-жөнін таныстырмастан, өзі жұмыс істейтін мекеменің мекен-жайын айтып, тез келуін өтінді. Екі өкпесін қолына алып, асыға жеткен Жаннұр мекеме басшысын пара алу үстінен қолға түсірді.

Бірақ əлгі мекеме басшысы өзінің журналистерден қорықпайтынын, олардың бос сөздеріне бас ауыртқаннан да басқа жұмыстары көп екенін айтып, айқайлап шыға келді. Жəне сөзінің соңында: «Өзіңе жаман тиіп жүрмесін десең, аузыңа берік бол!» - деп қыр көрсетті.

Бірақ, ондайлардың қоқан-лоққысына көнетін Жаннұр ма? Қаламын қару етіп, өзінің ашық майданға кіргенін сезсе де, қаймықпастан, ел қалаулысының істеп жүрген келеңсіз тірлігін соқырға таяқ ұстатқандай етіп жазды. Онысы сенсациялық жаңалық болғандықтан, газеттің бірінші бетінен орын алыпты.

Мұны оқып, терісіне сыймай кеткен мекеме бастығы: «Мен сияқты халыққа қызмет етіп жүрген адамның соңынан жалған ақпар таратып, абыройымды шашты», - деп сотқа арызданды.

Сот айыптаушының сөзін тыңдап болған соң, Жаннұрдан не айтатынын сұрады.

Сонда: Тілші болу – жас кездегі арманым, Кім біліпті өмірде бəрі жалғанын? Жемқорлардың əшкерелеп бір ісін, Ұят болды сот алдында тұрғаным. Ата-анам қарсы болды ісіме, «Тілші болу сай емес сенің күшіңе», - Деп олар да шырылдады уайымдап, Соның соңын ойламаппын түсіне. Барша ата-ана бағып-қағар шырылдап, Баласы үшін бар керегін шығындап. Жоғары оқу орнына да түсірді,

Page 54: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

54

Менің арман-тілегімді орындап. Бітіріп шықтым диплом алып қызылдан, Еңбегімнің шағы еді қызынған. Жемқор ісін жайып салдым халыққа, Пайда қайсы бос сөздерден сызылған? Ақшаменен жапты олар сан былықты, Жемқорлықпен елді қанап, құнықты. Еркіндіктің нендей мəні болады, Айта алмасақ бетке басып шындықты?! Бар шындықты бетке айту – мақсатым, Мейлі, менің шықпаса да жақсы атым. Шындықты айтсам, адамшылық парызым, Тепершігін көрсем-дағы қыспақтың. Бұға берсек, жаман ниет өлмейді, Алуға алдын еш мүмкіндік бермейді. Жемқорлықты, жамандықты ұмытсақ, Жас еліміз көкке қарай өрлейді. Сот екі жақтың пікірін тыңдап, асықпай електен өткізіп, шешімін шығарды. Сот шешімі көп ұзамай шығады, Кімнің қара, кімнің ағын ұғады. Бұл жемқорды бостандықтан айырып, Темір тордың ар жағына тығады. Қуанышы сыймай қойнына, Жетіп арман-ойына. Ерекше асқақ қасиет, Дариды тілші бойына. Баяндап жайды жүреді, Халықпен жылап, күледі. Тілшілердің үздігін, Анықтар уақыт келеді. Бар еңбегін көреді, Ойларын да өрелі. «Үздік тілші» атағын, Осы қызға береді. Осылайша, Жаннұр өз мамандығының нағыз иесі ретінде көпшілікке таныла

білді. Журналист деген халықтың жоғын жоқтап, мұңын бөлісіп, ақ пен қараны ажыратып беріп отыруы керек екенін жақсы ұғынып, жанымен сезіне білді.

Page 55: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

55

ЖУРНАЛИСТ – ОЛ ШЫНДЫҚТЫҢ ПЕРДЕСІ ҒОЙ

Айнұр Əбілханқызы АЛИХАНОВА, №79 орта мектептің 11«А» сынып оқушысы, Шымкент қаласы.

Тілі үшін, діні үшін жанын қиған,

Тілші болғым келеді, даңқы асқан.

Тілші болғым келеді, қабілетті,

Тұғыры биік өнердің дəмін татқан.

Тілші болғым келеді, халқым сүйген,

Болашақты жырлайтын жарқын күймен.

Тілші болғым келеді, жүзден жүйрік,

Ақиқаттың пердесін сөзбен тілген.

(Өз ойымнан)

Журналист айналадағы болып жатқан жаңалықтардан халықты құлағдар етіп отырады.

Қарапайым ғана жағдайды мысалға алар болсам, белгілі бір жерде қас-қағым сəтте болған оқиғаларды немесе беймəлім болып жүрген нəрселердің құпиясын ашып, бəрін рет-ретімен халыққа жеткізіп тұратын да журналистер.

Əрине, халық оларды шеттен тыс қалдырмай, еңбегін бағалайтыны сөзсіз. Журналистер жайлы əркімнің пікірі əртүрлі болып келеді. Ал мен өз ойымды былай жеткізер едім:

Журналист – ол шындықтың пердесі ғой, Журналист – ол тіршіліктің көрмесі ғой. Журналист – ол жарты əлемді жарып шығар, Жыр боп төккен жаңалықтың термесі ғой. Менің ойымша, журналист болу үшін ең алдымен өнер, білім, тіл байлығы

қажет. Сол дарынды, яғни өне бойыңа туа біткен асыл қасиеттерді əрі қарай өрлете түсетін сана-сезіміңді, ақыл-есіңді дамытатын сезімталдық пен қоршаған ортаға деген махаббат керек. Егер де, халқымызға танымал болған ақын-жазушыларымыздың жазған өлеңдері мен əңгімелерінің тереңіне үңіліп қарасақ, тұңғиықтың түбінен бір-ақ шығып, нағыз сұлулық пен шынайылықты көреміз.

Журналистерге тəн қасиеттердің бірі – шыншылдық. Шыншылдық деген сөзді, жалған дүниенің шашыраған оттарымен адалдық үшін арпалысатын адам бойындағы пəктік деп түсінемін. Сонымен қатар, журналист болудағы қажеттіліктердің бірі – тіл байлығы. Тіл байлығы болмаса, айтар сөзіңді, түйген ойыңды, көздеген нəрсеңді түсіндіру қиынға əкеп соғады. Ал біз тіл байлығымызды дамыту үшін, көркем əдебиетті көп оқып, шешендік өнермен жақынырақ танысуымыз керек. Яғни ізденіс, талпыныс қажет. Сонда біз қоғамдағы өз орнымызды таба білеміз.

Ақындарды өлеңмен тербейтін шабыт болып келеді. Шабыт – ол ақынның басына ұшып қонар құс сияқты. Ақынға ой толғайтын, ерекше əлем сыйлайтын терең мағыналы ұғым деп түсінемін. Əрине, бұл басқа да ақындар сияқты менің де басымнан өткен құбылыстардың бірі.

Басқалар секілді журналистердің де өз алдына бөлек табиғаты болады. Журналист болу үшін сол табиғатқа еніп, əсемдігін, тазалығын, кереметтігін сезіне білу керек. Өзінің нағыз журналист екенін еткен еңбегімен дəлелдеп, мамандықты игеріп кетуге атсалысу керек. Əрбір айтқан сөзінен, іс-қимылынан, тіпті өмір сүру тəртібінен журналистиканың жұпар иісі аңқып тұрса, «Тайға таңба басқандай» болып, айдан анық көрінер еді.

Page 56: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

56

Ал мені журналист болуға құлшындыратын бір нəрсе, журналистикаға деген сүйіспеншілігім болып табылады. Ал сүйіспеншілігім мені өжеттілікке тəрбиелеп, талпынысқа жетелейді. Мен осы талпынысым арқылы көздеген мақсатыма жететініме, яғни болашақта журналистика саласында халыққа қызмет ететініме сенемін.

Журналистика – қазіргі заман талабына сай өте биік тұғырдағы негізгі салаға айналуда. Журналистиканың бүгінгі таңдағы еліміздің əрі қарай дамуына тигізер үлесі мол деген сөз.

Журналист болу бүгінде үлкен талпынысты, жауапкершілікті талап етеді. Бұл шынында да оңай қызмет емес. Əр нəрсенің өз қиындығы болады демекші, журналистиканың да өзіне тəн ерекше шарттары, нұсқалары бар. Оларды жүзеге асыру үшін адамға батылдық аса қажет. Журналистика бүгінгі таңда халық санасының жоғарғы сатыда екендігін дəлелдейтін айғақ десек артық болмас. Сондықтан осы саланың мамандарын халық ойының айнасы деп те айта аламыз.

Журналист – ол жаршысы жаңалықтың, Журналист – ол бейнесі даналықтың, - деген өлең жолдары да, журналистер бейнесін суреттейді. Кез келген адам алдына мақсат қою арқылы өмір сүретіні бəрімізге мəлім. Ал

менің бала кезімнен, есімді білгеннен бері қиялымдағы арманым, көздеген мақсатым – журналист болу.

Менің көңілімнің қалауы үнемі журналистикаға тартып тұрады. Мен өз болашағымды онсыз елестете алмаймын. Бұған себеп, мен осы ұғымды сана-сезіміме қалыптастырғанмын. Сондықтан менің өмір сүруге деген талпынысымды арттырады.

Ойымның түп-тамырын алып қарасақ, жалпы менің журналист болғым келеді. Сол салада өз біліктілігімді танытып, қызмет еткім келеді. Сол кəсіптің қабілетті маманы болуды аңсаймын.

Егер, Алла бұйыртса, ертеңгі күнімді жарқын ету үшін, халықтың жүрегінен орын тауып, таңдаған мамандығымды игеріп, бар күш-жігерімді салып, ойым мен біліктілігімді сəйкестендіргім келеді. Салауатты өмір салтын ұстанып, халыққа адал қызмет етіп, беттеген бағытыма толыққанды қол жеткізсем, бойымдағы дарыным мен өнерімді барша адамзат қауымына паш етемін, - деп сенімді түрде айта аламын.

Page 57: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

57

«АЛТЫН БЕСІК – ТУҒАН ЖЕР» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

ТАҒДЫРЫҢДЫ ТАПСЫР МАҒАН, ТУҒАН ЖЕР

Айман БЕКБОЛАТҚЫЗЫ, А. Байтұрсынов атындағы №50 көпсалалы мектеп-гимназиясының

3 «Б» сынып оқушысы, Шымкент қаласы.

Менің туып-өскен жерім – Қазақстан Республикасы. Мен Отанымды жақсы көремін. Отаншылдық қасиет отбасынан басталады. Өзге жердің бəрі жақсы, ал өз жерің қандай керемет! Қазақ халқында «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» деген нақыл сөз бар. Менің жаным да, тəнім де Қазақстан елінде.

Қазақстан – көп ұлтты, тəуелсіз мемлекет. «Бұтағы көп ағашқа құс қонар» деген сөз менің Отаныма арнайы айтылғандай. Себебі Қазақстан жерінде қаншама ұлт өкілдері тату-тəтті өмір сүріп жатыр. Бұл жерді менің ата-бабаларым да мекендеген. Олар бастарына қандай қиыншылықтар туса да, мойымай өз елін қорғап қалуға ат салысқан. Менің əке-шешем де туған жерінің нағыз азаматтары деп ойлаймын.

Мен Қазақстан сияқты бай өлкеде тұратынымды мақтан етемін. Қазақстан – бүтін қазақ халқының ата мекені, кіндік қаны тамған киелі жер. Ол – менің елім.

Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары, осының бəрі – туған елдің бір бөлшегі.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – тəуелсіз, егемен, бақыт жолындағы еркін мемлекет. Күн сайын өміріміз жақсарып, жарқын болашаққа зор үмітпен қараймыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың: «Қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызда», - деген сөзі бізге, жас ұрпаққа үлкен жауапкершілік артады.

Қазақ əдебиетінің көрнекті өкілі Ə. Сəрсенбаевтың: Сенен артық қасиет жоқ, жер, тегі, Сен ұрпақтың күліп атар ертеңі, Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер, Көркейтуге міндеттімін мен сені, - деген патриоттық өлең шумақтары

Қазақстан халқының əрбір азаматын елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға жетелейді.

Менің жəне менің құрбы-достарымның қосар үлесіміз – терең білім алып, мемлекеттік тілді жетік меңгеру. Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы биік.

«Тарап кеткен бабаларыңды бауырыңа ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім!» - деп Мағжан атамыз жырлағандай, еліміздің егемендігін танытатын – қазақ тілі болашақта толық күшіне енеді. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытады.

Елдің мемлекеттік тілі – қазақ ресми тілі болып табылады. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», - деп Елбасымыз Нұрсұлтан

Əбішұлы Назарбаев айтқандай, XXI ғасыр білімді, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін азаматтарды қажет етеді.

Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы, біртұтас мемлекет. Біздің мемлекетіміздің өз мемлекеттік рəміздері, мемлекеттік тілі, ұлттық валютасы, ұлттық əскері бар.

Мемлекеттік нышанға Ту, Елтаңба, Əнұран жатады. Біздің Туымыз – көгілдір түсті тік төрт бұрышты мата: ол бірлік пен ашық

аспанды, тыныштық пен аман-есендікті білдіреді. Оның ортасындағы сəулесін

Page 58: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

58

шашқан алтын күн – тыныштық пен байлыктың белгісі, аспандағы қалықтаған бүркіт дарқандық пен қырағылықты, ой-арманның шарықтауын меңзейді.

Елтаңбамыз көгілдір түсті бояудың үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сəулесі тəрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Елтаңбаның маңызды бір бөлігі – ертегідегі қанатты тұлпар. Көшпенділердің бүкіл өмірі атпен байланысты болғанын білеміз. Ат адамның сенімді досы жəне қолқанаты.

Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Əнұранымен айбатты! Əнұран – салтанатты əн. Ол əр халықтың, мемлекеттің қоғамдық ойы мен

көзқарасын, мақсатын білдіретін Мемлекеттік нышан болып табылады. Біздің еліміздің өзінің ұлттық ақшасы (теңге) 1993 жылдан бастап айналымға

енгізілді. Ақша белгілерін – теңге мен тиын түрлерін Қазақстанның ең таңдаулы суретшілерін қатыстыра отырып, Ұлттық банк жасаған болатын.

Сонымен қатар еліміздің орталығы 1998 жылдан бастап «Астана» қаласы болып өзгертілді. Жаңа ғасыр басында іргетасы қаланған бұл қала болашақта ұлттық – мақсат-мүддемізді айқындайтын күре жолдың бағдаршамы болмақ. Биыл Елордамыз Астана қаласының 10 жылдық мерекесін атап өттік. Астанамыз өте əдемі, өте көркем, əлемдегі ең сұлу қалалардың қатарына айналып келеді.

Отаным – менің мақтанышым, абыройым. Еліміздің ұлан-байтақ жері, бейбітсүйгіш халқы бүкіл əлемге танымал. Бар əлем біздің жеріміздің кеңдігіне, жер қойнауының байлығына, мекен ететін көпұлтты халқымыздың бірлігіне, қонақжайлығына қызыға да, қызғана да қарайды.

Еліміз пайдалы қазбалар қорларына аса бай. Оның ішінде қорғасын, мырыш, мыс, алтын жəне күмістің бай қорлары көп. Қазіргі уақытта елімізде көптеген кəсіпорындар жұмыс жасауда. Қазақстанның мұнай қоры да əлемнің көптеген мұнай өндіруші елдерінің алдында тұр.

Туған жер – ұлттық рухымыздың, салт-дəстүріміздің қайнар көзі, кіндік қанымыз тамған киелі мекеніміз. Халқымыздың көптеген асыл азаматтары, ақын-жазушылар ғалымдар – ауыл түлектері.

Қазіргі кезде Қазақстанның мəдениеті даму үстінде. Қазақ халқының əдебиетін, өнерін, мəдениетін əлем жұртшылығы мойындап отыр. Біз өнер қайраткерлерімізбен мақтана аламыз. Мысалы, ұлы ақын-жазушыларымыз Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Əуезовтердің мерейтойлары əлем деңгейінде тойланып өтті.

Біздің жетістіктеріміз мəдениет пен саясатта ғана емес, спорт саласында да мол. Біздің спортшыларымыз Қазақстанның атын шығарып, көк байрағымызды шет мемлекеттерімізде желбіретуде.

Əр адамның туып-өскен жері өзіне қымбат. Тіпті бармақтай құстың да ұя салған жері өзінің мекені екен.

Мынадай аңыз да бар: Жау қолына түсіп, тұтқындалып кеткен бозбала, жат елде жылдар өте өзінің мекенін, туып-өскен жерін ұмытуға айналады. Ақылы мен күш-қайратының арқасында сол елдің билеушісіне дейін көтеріледі.

Жылдар өте береді. Күндердің күнінде алыстан келген керуен туған жерінің бір уыс жусанын жеткізіпті. Жусанның исі билеушінің есіне бала күнгі дəуренін, атамекенін түсіреді. Көзінен жасы бұршақтап, сағыныш сезімі оянып, талайлардың қолы жетпеген таққа да, баққа да, байлыққа да қарамай тұлпарларына мініп, туған жеріне аттанып кетіпті.

Туған жерге деген сүйіспеншілік пен сағынышқа ешқандай теңеу мен өлшем жоқ. Туған жер – əр адамның ет жүрегі. Туған жер – менің тұрағым, туған-туысымның, достарымның мекені.

Page 59: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

59

Жеріміздің əсем табиғаты, сылдырлаған мөлдір бұлақтары, тұп-тұнық таза көлдері, сарқыраған өзендері, көк тіреген алып таулары – барлығы мейірбан халқымыздың байлығы. Осындай бай халықтың ұлы жетістіктерге жетуі – біздің қолымызда!

Қазақ халқы «Елдің даңқын ер шығарады, ердің даңқын ел шығарады» деп бекер айтпаған. Елдің елдігін, адамгершілік асыл қасиетін, халқымызды айдай əлемге жар салуда, жас буын, біз де үлес қосайық!

Бізге жол сілтеуші жұлдыз ол – Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың бейбітсүйгіш саясаты.

Мен өз Президентіме сенемін! Отанымның жарқын болашағына сенемін!

ТУҒАН ЖЕРІМ – ОТЫРАР, ОТТЫ ЖЕРДЕ ӨСКЕНМІН

Бақдəулет ТҰРҒАНБАЙ, Жамбыл атындағы орта мектептің 5 «Ə» сынып оқушысы,

Шəуілдір ауылы, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жетекшісі: Гүлнар Төлебайқызы АБЫЗБЕК, Жамбыл атындағы орта мектептің қазақ тілі жəне əдебиеті пəнінің мұғалімі,

Шəуілдір ауылы, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Туған жердің қыран құсы,

Жат жердің бұралқысы

«Туған жер туралы шығармамды қалай, неден бастасам болады?», - деп

сұрадым апамнан. Апам: «Қарағым, сенің ата-бабаң, ата-əжең, əке-шешеңнің туып-өскен жері –

осы Отырар. Осы жерде дүниеге келіп, өсіп, оқып жатқан жерің – туған жерің емес пе? Туған жеріңнің тарихын, байлығын, табиғатын қалай жазсаң да таусылмайды ғой. Тарихына терең үңілуге əлі сен 5 сыныпта ғана оқисың ғой, сондықтан оны келешекке қалдырып, өзіңнің айналаңдағы көріп, біліп, естіп жүрген оқиғалардан баста. Сенің туған жерің – Отырар жері киелі топырақ, Ұлылар мекені. Оны сен əр кез мақтаныш етуің керек, балам. Өткен жолы Əл-Фараби бабаң туралы сұрап ең, ғұлама туралы айтып жеткізу мүмкін емес, сондықтан мұның барлығын оқып, біл», - деп қолыма кітапты ұстатты.

Шынында да жақсы жерде жақсы адамдар көп болады екен ғой деп ойлап жүрмін. Əл-Фараби бабамыздан бастап қаншама ұлылардың суреті ілулі тұр мектепте. Ұлылардың өмір жолын білуге талпынып, апамнан сұраймын да жүремін. Апам əкемнің анасы. Мен оқып жүрген мектепте қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі болып, зейнеткерлікке шыққан.

Берідегі Шəмші Қалдаяқов, Мұхтар Шаханов, Қаныбек Сарыбаев, Əселхан Қалыбекова, Тəушен Əбуова сияқты аталарымыз бен апаларымыздың өзінің теңдесі жоқ боп көрінеді маған.

Туған жерім – Отырар, Отты жерде өскенмін. Тұнған жерім – Отырар, Көкті жерде өткенмін. Айналайын жеріңнен, Қадірлеймін, қастерлеп. Айналамын елімнен, Сыйлап өтем құрметтеп.

Page 60: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

60

«Балам, қайталанбайтын тұлғалар ғой», - деп отырады апам. Менің қолыма қалам алып, туған жер туралы жазуыма себепші болып отырған

да, осы туған жеріме деген сүйіспеншілігім болар. Өзінің туған жерін сүйіп, ол туралы білгісі, жазғысы келетін əр баланың арманы шығар. Менің туған жерім тарихта аты қалған əлем білетін жер.

Қазір теледидардан «Шыңғысхан» киносы жүріп жатыр. Осы кинода менің туған жерім Отырар қаласы айтылады. Көріп отырған əрбір бала бұрынғы Отырар қаласын көріп, қызықтауды армандайтын шығар.

Отырар қаласының бұрынғы орнын қазып жатқан жерін көріп, өзім де таң қалып, тамашалап, атамнан сұрай берген едім. Əсіресе, «Қазандық» деген бөлімін көріп: «Бұл нан жабатын жер екен, күні қазір жасалған екен», - деп қаласың. Күйе-күйе ошақтар сақталған. Қаланың қақпаларының орны сақталған. Табылған заттар орталық музейде сақтаулы тұр. Оны өз көзіммен көріп таң қалдым. Бұл қаланың өте үлкен қала болғандығы, Жібек жолы бойындағы сауда-саттық жасайтын ірі қалалардың ірісі болған екен.

Атам айналасындағы төбе болып үйіліп жатқан жерлерге апарды. Олардың əрқайсысының аты бар екен. Мынау «Алтын» төбе. Бұл жерде зергерлік бұйымдар болған. Алтыннан, күмістен жасалған əшекей заттар, тұрмыстық заттар осы жерде жасалған деді. Ал мынау: «Құйрықты» төбе, мұнда қасапшылар мал соятын болған. Халықты етпен қамтамасыз еткен дейді. Өзім өмір сүріп жатқан туған жерімнің тарихымен аз да болса танысып қайттым.

«Балам, біз өзіміздің туған жерімізді мақтан етеміз», - деп отырады атам. Əлі зерттелмеген, білмеген ашылмай жатқан нəрселер көп. Көп оқып, туған жеріңе үлес қосып, зерттелмеген жəдігерлердің ашылуына азамат болып ертең үлес қосуыңа болады», - дейді атам. Отырар қазбаларының ішінен Əл-Фараби кітапханасы табылып қала ма деген ғалымдардың ойлары да бар екен.

Отырар өзінің қаһарман қорғаушыларымен өшпес даңққа бөленген батырлықтың, отансүйгіштіктің теңдесі жоқ үлгісіне айналған қала. Бұл жерде Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы Арыстанбаб жерленген. Отырар өңірінде біз естіген аңыз бойынша Арыстанбаб дүние салған соң оның денесін ақ бураға артып, еркіне жіберіп, соңынан ілесіп отырған. Ақ бура жүре-жүре осы жерге шөккен екен. Сол шөккен жерге Арыстанбаб бабамыз жерленген дейді.

Отырар жерінен көптеген ғалымдар, жазушылар, айтыскер ақындар, əншілер, көптеген білімді кісілер шыққан.

Арыстанбаб кесенесіне жиі барып тұрамын. Жанынан салынған кітапхана, қонақүй, бəрін көріп шығып, риза боласың. Əр барған сайын кесене айналасы жаңарып, құлпырып, жан-жағы əсем болып, көгалданып жатады. Өйткені бұл жерге Қазақстан халқы ғана емес, Орта Азия тіптен барлық елдерден келеді екен. Барған сайын ағылған халықты көріп, бабаға деген құрметке риза боламын.

«Арыстанбаб» кесенесінің директоры нағашы атам болғандықтан көп нəрсені сол кісілерден сұрап білдім. Əрине, терең білу алдағы жылдардың еншісінде болар.

Туған жерімнің байлығы да, табиғаты да керемет. Сырдария өзенінің бойына орналасқан біздің ауылымыздың халқына берер байлығының есебі жоқ. Халық балығын жеп, айналасындағы тоғайдың ескі ағаштарын отынға алып, жаңа ағаштарды өсіре береді. Үлкендердің жыңғыл ағаштары біздің елдің байлығы деп айтып отырғанын естимін.

Үйімнің жанынан өтіп жатқан Арыс өзенінің халыққа берер пайдасы қаншама. Ауылымыз сол судың арқасында көгеріп, өсіп, жайқалып тұр. Ауылымызды сумен қамтамасыз етіп отыр. Жер асты қазба байлықтарын да алып жатыр. Табақбұлақ деген жерден «уран» қазба байлығын алып жатыр. Туған жерімнің берер байлығы халық үшін қызмет етсе, ол ел ырысы деп білемін.

Page 61: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

61

Осындай ұлылардың, керемет кемеңгер ойшылдардың отаны болған Отырар жерінде дүниеге келіп, Отырар ауданының тарихымен бірге жасасып келе жатқан қара шаңырақ «Жамбыл» орта мектебінде оқып жүргенімді өзіме бақыт санаймын.

Табиғаты керемет, тарихы тереңде жатқан туған жерімді терең білмесем де, елдің аузынан естіп, кітаптардан оқып, киелі топырағын басып өсіп келемін. Аяулы туған жерім үшін, елім үшін жақсы оқып, ертеңі үшін қызмет етемін деп ойлаймын!

ТУҒАН ЖЕРГЕ – ТУЫҢ ТІК

Ұлбосын Ералықызы ЖҰМАБЕКОВА,

Қаныш Сəтпаев атындағы №10 гимназия-интернатының 7 «А» сынып оқушысы, Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

«Туған жерге – туың тік» дейтін аталардан қанатты нақылы бар. Кіндік қаны тамған жерді қастерлеуде халқымыздың алдына жан салмайтыны

осындай даналықтың əсер-ықпалынан болар. Кез келген ұлт-ұлыстың өкілі өзі туып-өскен ел мен жерді шыбын жанындай жақсы көретіні шындық, əйтсе де, бұл ретте қаймана қазақтың алдына түсе алмас. Қазақы шаңырақта шыр етіп жарық дүние есігін ашқан əрбір шарана алдымен анасының əуезді үні – əлдиін естіп, туған жерінің құба жонында өскен тал-ағашынан қиып жасалған тал бесікте тербеледі.

Екеуі де Отан-Ананың рəміздік белгілері іспетті. Əлди етіп, тал бесікте тербелген сəби ат жалын тартып мінгенде ананың ақ сүтін ақтай білсем екен деп армайтыны белгілі. Ананың ақ сүті де ұлан-ғайыр рəміздік мəнге ие: ол кіндік кесіп, кір жуған туған жерінің ақ дəмін, кəусар суын, адал тұзын ақтау дегенмен бірдей.

Əрбір адамның туған жерінің тарихы мен əдеп-ғұрпы, ол елге ерен-еңбектері сіңген еңбек немесе соғыс ардагерлері бар. Сол туған елін тебірене əңгімелейтін Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш өңірінде дүниеге келдім.

Дегенмен, менің туып-өскен жерімнің бұрынғы өткен тарихы тереңде жатыр. Алып қарасақ, Сарыағаш қаласы өте ғажайып əрі шипалы жай. Оның тарихына жалпы тоқтала кетсем, Сарыағаш ауданы Оңтүстіктегі ірі, экономикалық əлеуеті жоғары, аумағы жағынан ауқымды саналатын аудан. Жер көлемі 761 мың 329 гектарды құрайды. Халқы көп ұлтты, жалпы саны 238145 адам. Ауданның əкімшілік құрылымы да үлкен: мұнда бір қала, бір поселкелік округ жəне 24 ауылдық округ бар.

Аудан аумағында бүгінде екі жоғары оқу орнының құрамды бөліктері: М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің гуманитарлық фокультеті мен «Əулиеата» жеке меншік университетінің филиалдары қызмет жүргізеді. Жалпы білім беру мекемелері – 135. Төрт бірдей орта арнаулы оқу орындары бар. 70 жылдан астам тарихы бар атақты Қапланбек агроэкономикалық колледжі де осы санатта.

Аудан бойынша 30-дан астам мəдени ошақтар жұртшылыққа заман талабына сай қызмет жасап келеді. Денсаулық сақтау саласы бойынша 150-ге тарта емдеу орындары, əйгілі «Арман», «Cарыағаш шипа жайлары», «Қазақстан» мəдени-спорттық сауықтыру орталығы бар. Осы күні ауданда 752 заңды тұлға қызмет жүргізуде.

1946 жылы аудан аумағынан «Орта Азия Мұнай барлау тресінің» А. Ашперонов бастаған геологтары зерттеуінің нəтижесінде мұнай орнына атқылаған Сарыағаш минералды суын тапты. 1951 жылы алғашқы 20 ванналық су емханасы құрылысы басталады. 1976 жылы «Əлімтау» кеңшары ашылды.

Сарыағаш минералды суының емдік қасиеттері баршамызға мəлім. Міне, бірнеше ұрпақ осы судың көмегімен денсаулығын емдеп келеді. Аудандағы өнеркəсіптің негізін минералды су құю кəсіпорындары құрап отыр: «Əсем-Ай»,

Page 62: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

62

«Курорт – Барыс 2030», «Демеу», «Алекс» сияқты кəсіпорындарды жаңа цехтар мен линиялар іске қосылып, өндіріс көлемі ұлғайып келеді.

Дəрулік сумен мəшһур болған Сарыағаш, киелі құс, келбетті қыз жарастығын тапқан Келес өңірлері дарын мен талант иелеріне ешқашан кенде болған емес. Бүкіл Қазақстанда тұңғыш коммунарлар осы Келесте ұйымдасып, оны Тасбау Борашев жəне Зиябек Рүстемов сынды атпал азаматтарымыз басқарған. Ал, Кеңес дəуірінде тұңғыш ақындардың бірі осы Зиябек Рүстемов болғанын Сарыағаш елі мақтаныш етеді. Тоқаш Бердияров ағамыз осында мəңгілік мекен тапқан.

Аудан көлемінде ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын 44 кіші цехтар мен зауыттар бар. Соның ішінде, жүзім өндіретін, өңдейтін жылдық қуаты 36 мың тонналық зауыт, жылдық қуаты 14 мың тонналық 5 кіші цех, жылына 11 мың тонна астық өңдейтін 18 диірмен, 530 тонна өсімдік майын сығатын 10 кіші цех, 200 тонна темекі жапырағын кептіретін 3 кіші цех, 100 тонна алма кептіретін 1 цех бар.

Нарықтық қатынасқа өткеннен кейін қалада неше түрлі коммерциялық құрылымдар, дүкендер, азық-түлік дүкендері, бильярд орталықтары, май құю, көлік жуу ғимараттары бой көтере бастады. Мұндай құрылымдарды орналастыруға 1978 жылы жасалған бас жоба жарамсыз болып қалды. Сол себепті 2003 жылы Сарыағаш қаласының бас жобасын жасату мəселесі аудан əкімінің қолдауымен қолға алынды. Оған 25,0 миллион теңге қаражат бөлінді.

Қаланың үшінші кезеңге өркендеу бағыты қаланың шығыс жағынан «Самал», «Телемұнара», мөлтек аудандары құрылды. Қаланы өркендетуге, қаланы көркейту, көріктендіру мақсатында біраз игі шаралар жасалып, орындалып жатыр. Атап айтқанда, көшелерді жарықтандыру іс-шарасы бойынша С. Дүйсебайұлы, Шыназ – Алматы трассасы, Төлеби алаңы, Əйтеке би көшелері жəне мөлтек аудандағы біраз көшелер жарықтандырылды. Қаланы көркейту үшін «Фасад» бағдарламасы түзіліп, қала бойынша көріксіз, қазіргі сəулетке көркі сай келмейтін ескі ғимараттардың көше бетін əрландыру жұмыстары жүріп жатыр.

Ауыз су мəселесі бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп, қазіргі таңда көшелерге су құбырларын жүргізу мəселелері жүріп жатыр. Қалада кейінгі 10-12 жыл аумағында сарқынды, ылас су жүйесі істен шығып жұмыс істемейтін еді. 2004-2005 жылдар аумағында мемлекеттік бюджеттен 200 миллион теңге ақша бөлініп, бұл жұмыс та қолға алынатын болып отыр.

Сарыағашымыздың орталығында 2001 жылы 22 сəуірде қаламыздың символы Төлеби ескерткішінің ашылу салтанаты болып өтті. Ол салтанатқа қатысқандар: Қазақстан халық жазушысы, Парламент депутаты Шерхан Мұртаза, облыс əкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше жəне өкілетті елшісі Өмірзақ Өзбеков, Төле бидің Шу өңірінен келген ұрпағы Сəруархан Зəуірбеков мінбеге шықты, құттықтау сөздерін айтты. Отан орденінің иегері, аудандық ардагерлер кеңеснің төрағасы Төремұрат Əзімбаев өзінің ақ батасын берді.

Төле би бабамыздың ескерткіші таза мыстан, биіктігі 4 метр болып орталық алаңның төріне, яғни ең биік жерге 0,6 метр, аумағы 6X636 метр 2 фундамент құйылып, гранитпен қапталып, оның үстіне биіктігі 2,6 метрлік таза гранит тастан тұғыр орнатылып барып, соның үстіне орнатылған. Жəне де барлық жері ою-өрнектермен, фонтандармен, гүлдер жəне ағаштармен, орындықтармен əшекейленген.

Жер төресі – Сарыағаш, Тату елі аралас. Төле баба аруағы, Жебеп жүрген – Сарыағаш, – деп дана халқымыз айтқандай, саялы Сарыағашымызға 40 жыл толып отыр.

Page 63: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

63

Міне алып қарасақ, 40 жылдың ішінде Сарыағашта небір ғимараттар, емханалар, халыққа қызмет ететін мекемелер жəне де балабақшалар мен мектептер ашылып, тағы да басқа жетістіктерге қол жеткіздік.

Сарыағаш жерімен тағдырлас болған талай азаматтар бұл жерде өмір кешіп, қызмет етті. Сондай азаматтардың бірі – Мұхтар Омарханұлы Əуезовтың ағасы Ахмет болатын. Ахмет ағаның көп асыл армандары бар еді. Соның бірі кейінгі ұрпаққа Мұхтар Əуезов туралы естелік кітабын қалдыру болатын. Ахмет ағаның бұл тілек арманы Сарыағаш жерінде орындалды. Мұхтар Əуезов сынды ұлы ойшылдың Оңтүстік сапарында болған жерлері, басқан іздері күні бүгінге дейін сайрап жатыр. Бұл жолмен жүріп өткен кеудесінде оты бар азамат толғанбай, тебіренбей қала алмас.

Асылдың тұяғы Ахмет Əуезов, Халима Тұрарғұлқызы Сарыағаш қаласында бақытты ғұмыр кешіп, дүниеден өтті. Сарыағаш азаматтар зиратында ол екі кісіге құлпы тас орнатылған.

Қалада Социалистік Еңбек Ері Байбек Ермеков, Кеңес Одағының Батыры Сыдық Исмаилов, айтулы ақын Төлеген Айбергенов, Қазақстанның Бас прокуроры Өтегенов, Сарыағаш ауданын 11 жыл басқарған Ұлтубай Бейсенбаев тұрған үйлерді қаз-қалпында сақтап, ескеркіш тақта орнату лазым сияқты.

1930 жылы екі саябақ ашылған болатын. Сол кезде жергілікті тұрғындардың күшімен сенбілік ұйымдастырылып, ағаштар отырғызылады да, қалалық саябақтың негізі қаланады. Ол Ұлы Отан соғысына дейінгі кезінде Сарыағаш селосындағы ең көрнекті халыққа мəдени қызмет көрсететін орынға айналған болатын. Ал, соғыстан кейінгі кезде едəуір уақыт қараусыз қалып қойды. Кейіннен қала əкімшілігі оны қайта қалпына келтірді. Қазіргі кезде жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде саябақтағы аттракциондары балалар мен бүлдіршіндерге тегін қызмет көрсетеді. Осы саябақтың тазалығына айрықша мəн беріп, Зиядин Мусаев мырзаны айрықша тілге аламыз. Қолқанат көмекшілері Əлиасқар Исақов саябақты таза ұстап, аялау ісінде аянбайды, аянбақ емес.

Міне, осындай ата-апаларымыз сияқты елімізге, жерімізге жаны ашитын, адал қызмет ететін адамдардың арқасында осындай дəрежеге жетіп отырмыз. Елімізде осындай азаматтар көбейе берсін, жеріміз, еліміз кеңейіп, көркейе берсін.

Болашақта мен де елімнің мақтанышы болып, Қазақстанның туын биіктерден желбіретіп, оның одан əрі дамып, көркейуіне өз үлесімді қосатын бір жақсы маман иегері болуыма кəміл сенемін.

Əдебиеттер 1 Байғұтов М., Файзауллаев А. Қазыналы қара шаңырақ.–Алматы: Ана тілі,1996. 2 Аяшев Ж. Оңтүстік қақпасы – Сарыағаш шаһары, Тошкент, 2003.

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ АКАДЕМИЯСЫ

Айжан ОРЫНБАСАРОВА,

Жамбыл атындағы орта мектептің 8 «Б» сынып оқушысы, Шəуілдір ауылы, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жетекшісі: Гүлнар Төлебайқызы АБЫЗБЕК,

Жамбыл атындағы орта мектептің қазақ тілі жəне əдебиеті пəнінің мұғалімі, Шəуілдір ауылы, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жас өркенбіз жауқазындай жайнаған,

Тас жаратын талабынан таймаған. Ұлтжандымыз, ұрпағымыз бабаның, Үміт, сенім, жігерлерін қайраған!

Page 64: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

64

Арыс өзенін жағалай қоныстанған Шəуілдір өңірі жыл озған сайын қуаттанып, заман ағысынан қалмай, алға қарай нық қадаммен келеді.

Ауылымның ажарын кіргізіп тұрған қара шаңырақ, алтын ұям – мектебім Жамбыл атындағы орта мектебі жыл сайын көптеген түлекті өмірге қанат қақтырып жібереді. Еліміздегі мыңдаған өзге мектептер секілді менің мектебім де болашақта ғарышкер не ғалым болсам, еліміздің абыройын асқақтатар спортшы, не күміс көмей əнші, мың бұралған биші болсам деп толассыз арманмен үміттерін үкілеген мектеп оқушыларының үнімен тыныстауда.

1936 жылы ашылған бұл білім ордасы 2006 жылы жаңа үлгідегі мектепке айналып, əсем ғимарат пайдалануға берілді. Оқушылардың толыққанды білім алуына барлық жағдай жасалған. Мектебіміздің материалдық-техникалық базасы жақсы жабдықталған. Мультимедиялық, компьютер кабинеттері, химия, биология пəндерінің сыныптары талапқа сай түрлі құралдармен қамтылған. Тіпті мұнда интерактивті тақталар орнатылып, сабақтар өтілуде. Сондай-ақ, мектебімізде еңбек еткен ардагер ұстаздардың атындағы сынып бөлмелері толығымен жабдықталған.

Ел азаматы болар білімді ұрпақ тəрбтелеу кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Ал білікті ұстаздар бала бойына білгенін дарытып, оқушы талантының таныла түсуіне септігін тигізетін аяулы жандар екені жасырын емес. Мектебімнің мерейлі мұғалімдері – дəл осы мақсатта жұмыс жасап, еңбектері еленіп жатқан жандар. Мен ұстаздарымның ерен еңбектері үшін мақтан ете аламын.

Ғасырға жуық тарихы бар тамыры тереңде жатқан Жамбыл атындағы мектептен 100-ден аса академик, ғалымдар шыққан.

Сондай-ақ қоғам қайраткері, көрнекті тарихшы, ғалым Өзбекəлі Жəнібеков, профессор Құлбек Ергөбек, белгілі сатирик Көпен Əмірбек, қаламы қарымды журналист болып өмірден өткен, «Сана» газетінің бұрынғы бас редакторы Оразхан Жарқынбек, «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы болған журналист Жұмамұрат Тұяқбай, қысқасын айтқанда, республикаға есімі танымал белгілі азаматтардың көбі осы қарашаңырақ – Жамбыл атындағы орта мектептің түлектері.

Сондықтан да болар, мектебімізді Отырар ауданының «академиясы» деп атайтындығы. Дүниеге шыр етіп келген əрбір жан мынау жарық дүниені, тамаша тіршілікті сыйлаған Анаға мəңгілік қарыздар. Ал осынау өмірде көкірегі ояу, көзі қарақты азамат болып шыққаны үшін əрбір адам ұстазға өмір бойы борыштар деп ойлаймын.

Ана адамға өмір сүру бақытын сыйласа, Ұстаз біздің бойымызға ғылым нұрын дарытып, көңіл қойнауында бұғып жатқан қабілет, қасиеттеріміздің қайнар көзін ашады. Демек, өмірге ұрпақ əкелген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тəрбиелеп жүрген ұстаздарды да солай құрметтеуге тиіспіз.

Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», -деген еді.

Ұстаздардың ерен еңбегінің арқасында жеткен жетістіктерімізді мақтанышпен айта аламыз. Облыстық, республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының жəне Кіші Ғылым Академиясының жүлделі орындарын иемденіп, мектебіміздің намысын көкке көтеріп жүрген дарынды оқушылар қатары артып келеді. Кез-келген тəрбие сағатына біз бүкіл сынып болып дайындыққа кірісеміз. Əр сабағымыз естен кетпес əсер қалдырады.

Елбасымыздың ауыл мектептерінің мəртебесін көтеруді мақсат тұтқан сарабдал саясаты, менің мектебім сияқты мыңдаған ауылдардағы мектептердің бағын ашар шешуші кезең болып қалады деген сенімім мол.

Алтын ұям – мектебіме деген жүрекжарды лебізімді өлең жолдарымен жеткізгім келеді.

Білімнің қайнар бұлағы, Өнердің жарық шырағы.

Page 65: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

65

Тұрағы өзің, мектебім, Шəкірттің асыл қырағы. Мектебім – мəңгі бапкерім, Қарызбыз саған бəріміз. Өзіңе деген парызды, Ақтаймыз талай бəріміз. Озаттардың ордасы болған мектебімнен əлі талай-талай талантты жастардың,

еліне ерінбей еңбек ететін азаматтардың түлеп ұшары хақ. Егемен еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де, батыл,

өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тəрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп өмірі балаға жаңа əлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Біз алтын ұя мектебімізден мектеп, ұстаз, ана, əке, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер əр оқушының жүрегінде ізгілік сəулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші!

Мектеп кітапханасы – киелі орын. Өйткені кітапханада халықтың мыңдаған жылдар бойғы рухани қазынасы сақталған. Интернет, басқа да электрондық ақпарат құралдары қаншалықты дамасы да, кітаптың орнын баса алмайды. Кітап – асыл қазынамыз. Асыл қазынамыздан сусындап өскен бала ғана тəуелсіз еліміздің рухани бай, отансүйгіш азаматы болып өседі.

Еліміздің еңсесі көтерілді, енді қолда барды баянды етіп, күннен-күнге алға басу керек. Жоғарыда айтып өткенімдей, кітапханамыз жаңа технологиялар бойынша жұмыс істеуде. Қолда бар мұраны оқушылардың игілігіне айналдырудың жолдарының бірі бұл. Жаңа ғасырдың азаматы зиялы, білімді, өзінің жерін елін ғана емес, ғаламды таныған тұлға болуы керек.

Бабаларымыздың ғасырлар бойы қаһармандықпен қорғап, ұрпағына мұра еткен ұлан-байтақ жері, ана тілі, тұрмыстық əдет-ғұрпы, салт-дəстүрі, өнер-білім үлгісі мол. Оның баянды болмағы гүлденіп өсіп, дамыған еліміздің елдігіне, халқымыздың жасампаздық жігеріне, ынтымақты берекесіне, аға буынның ісін ілгері дамытатын ұрпағының болмысына байланысты болмағы анық.

Мен де өз мектебімнің тыныс-тіршілігі мен ондағы білім беріп жүрген ұстаздарымды шығармама арқау ете отырып, дəріптей алдым деген ойдамын. Бар қуаныш, қызығын бала деп білетін біздің халқымыз баланы жастайынан көргенді ұл, өнегелі қыз болуға тəрбиелеуді мақсат еткені аян. Осы жолда мектебімнің мəртебесін білім жарыстарында көтеріп, дəрежесін биіктете беруге өз құрбыластарымның атсалысуларын үндер едім.

Резюме В сочинении школьница очень широко раскрыла прошлое и настоящее

любимой школы, сумела передать свои мысли полностью, последовательно.

ИСТОРИЯ ШЫМКЕНТА – В СТИХАХ ПОЭТА

Ярославна Михайловна НИКОЛАЕВА, ученица 8 «А» класса школы-лицея №9 имени О.А. Жолдасбекова,

город Шымкент, Южно-Казахстанская область. Сегодня я хочу отложить все свои дела и пойти просто погулять по своему

родному городу. Я хочу пройтись по тем местам, которые знакомы и близки моему сердцу, которые сохранятся в моей памяти на всю жизнь.

Page 66: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

66

Этот город любим всей моей семье и моим друзьям. Но для меня он означает что-то большее. Когда я одна прохожу по улицам Шымкента, я забываю о проблемах и трудностях, я просто наслаждаюсь общением с ним.

Я знаю этот город с самого рождения, я живу в нём 14 лет. Но знаю ли я его историю? Осознаю, что происходило в нём до моего

рождения, до рождения моих родителей и даже бабушек и дедушек? Я часто слышу от людей, которые никогда не бывали у нас: «Шымкент – самый

обычный провинциальный город». Мне обидно и горько слышать такое. Я хочу крикнуть: «Вы ошибаетесь! Вы не знаете мой город! Он не обычный, он необыкновенный! Он город – загадка!».

Действительно, Шымкент – загадка! До сих пор учёные спорят о времени возникновения Шымкента, большинство учёных утверждает, что Шымкент существовал уже на рубеже XI – XII веков. Однако существует гипотеза о более раннем возникновении Шымкента, относящая его рождение к V – VI векам нашей эры.

Ещё в 1425 году персидский историк Шараф Аддин Али в своей книге «Зафар Наме» упоминает в описании событий 1366 года, связанных с походами Эмира Тимура, о селении около Сайрама.

Пишет, вспоминая историю, дорогого сердцу города, поэт – шымкентец Ю.В. Кунгурцев:

Заветный город на тропе Старинной, караванной, Я часто думал о тебе В судьбе своей буранной. Не только сам город – загадка, но и его название, которое учёные трактуют по-

разному: «зелёный город», «город-сад», «город, окружённый дерном», но так или иначе его название говорит о том, что местонахождение нашего города издревле благоприятствовало жизни людей. Место, символом которого становилась зелёная трава, часто было объектом желаний завоевателей, а зелёный дёрн покрывался бурыми пятнами крови.

Я представляю, как по узким улочкам с глинобитными домами движутся войска Чингисхана, сметающие всё на своем пути. Сколько горя и потерь! Сколько жертв и смертей! Из-за этих набегов Шымкент становится частью владений потомков завоевателя.

Позже в результате активных военных действий ханов Ак – Орды и Золотой Орды наш город входит в состав державы Тимура.

XV и XVII века – одни из самых тяжёлых для Казахского ханства: оно становится объектом нашествий джунгарских завоевателей.

Меня охватывает дрожь, когда я представляю, как в мирный город, живущий по законам добра и справедливости, врывается войско завоевателя. Страшную картину рисует моё воображение: сначала я вижу, как мальчик делает первые шаги:

С ножек упал поясок, С ним упала истома, Мальчик шагнул за порог В будущее из дома. Люди, пришедшие в дом, радуются вместе с родителями: Слёзы и смех вокруг Косолапого верблюжонка. Круг из протянутых рук Движется вместе с ребёнком. Щедрый хозяин, усаживая всех «за радостный дастархан», желает: Чтоб небо над головой

Page 67: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

67

Облаком белым витало И солнышко над горой В заветный свой час вставало. Вот главная мечта этих людей: жить и радоваться. Но ожесточённые завоеватели сметают всё на своем пути. Вместо мира – война,

вместо счастливых слёз – слёзы горя и потерь. Мирные люди бьются за свою свободу: седой старец берется за оружие дрожащей рукой; юноша падает, пронзенный стрелой; женщина прикрывает своим телом малыша, только что научившегося ходить.

Так трудно складывалась судьба моего народа, моего города. И в конце XVIII века, и в первой половине XIX века за овладение моим

городом продолжается борьба. Теперь в неё вступают Кокандское и Бухарское ханства. С 1810 по 1864 год город становится военным лагерем – крепостью, находящимся под властью Кокандского ханства. И вся эта борьба не даёт возможности моему городу быть свободным и счастливым.

Стремление освободиться и быть независимыми приводит к тому, что в 1821 году казахский султан Тентек – торе начинает восстание против Кокандского ханства. Но прибывшие из Коканда крупные силы подавили восстание.

А в 1864 году город был штурмом взят русскими войсками, с этого времени он становиться транзитным пунктом, который связал европейскую Россию и Западную Сибирь со Средней Азией.

К концу XIX века город значительно разросся, в нем было много лавок, торгующих мануфактурными, скобяными и другими товарами. В 1883 году в городе открылся завод по производству лекарственного средства сантонина, который был очень высокого качества, а потому пользовался большим спросом на внешнем рынке. Начало XX века ознаменовалось открытием различных производств: маслобойных, кожевенных, кирпичных, хлопкоочистительных и других.

Двадцатый век стал очень важной вехой в истории моего города. Сложный период, наступивший после 1917 года, не мог не отразиться на судьбе Шымкента.

Гуляя по парку «Кен Баба», я и не догадывалась о том, что на месте нынешнего театра кукол когда-то стоял Никольский собор. И только из стихов Ю.В. Кунгурцева я узнала об этом:

Стоит в старом парке собор, Совсем на собор не похожий Клацал зловеще затвор, Щерились красные рожи. Этот собор был жестоко разрушен советской властью, которая не хотела видеть

людей свободными, а ведь вера в Бога – это одно из прав, которое получает человек при рождении:

В один утвердили присест Неслыханные каноны – Сбросили с купола крест, Топором покололи иконы. А сколько еще мечетей и церквей было уничтожено в моем родном городе?! И самое страшное, что и детей вовлекали в эти «страшные» игры: Потом наползла ребятня С горном и барабаном. Город день ото дня Стал привыкать к обману. Но ещё более страшную картину мы видим в стихотворении «В лисьей балке»: Когда-то зловещей ночью Сюда привозили бедняг.

Page 68: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

68

Гремели выстрелы точные В затылки – без передряг. Именно здесь расстреливали людей, не согласных с политикой существующей

власти. С гневом описывает Ю.В. Кунгурцев палачей: За работу вонючую, трудную Колбасу и водку мечи!.. Стряхивали крошки с усов, Скрипели узкие портупеи Ни воплей, ни голосов Помнить они не умели. Они не умели помнить, но мы помним о тех убийствах, которые совершались с

1934 по 1940-ые годы в этом зловещем месте. Сейчас здесь действует мемориальный комплекс «Қасірет», напоминающий о

страшных временах, выпавших на долю моего родного города! Историю города мы должны помнить и знать, и эта память поддерживается

вещами, которые в наши дни, к сожалению, уже потеряли былую ценность. Наш город стал преображаться, и в связи с этими преображениями стали

меняться дома, парки, названия улиц, а главное, поменялась наша центральная площадь.

Конечно, она преображается, но то, что соединяло нас с прошлым нашего города, исчезло. Это часы, которые стояли там.

Так обидно, что больше они не украшают нашу любимую площадь. В январе 2002 года Ю.В. Кунгурцев писал, восхищаясь ими: Часы на площади Шымкента Ведут старательный учёт Любого важного момента. И так, представьте, целый год. Эти часы я помню с тех пор, как я впервые побывала на площади. Мне они

казались такими большими! И шли они так точно и завораживающе, что я не могла не посмотреть на них, проходя там!

Часы на площади Шымкента Ведут учёт из года в год Любого личного момента И я – за этот строгий счёт! А сейчас их нет! Как жаль, что, изменяясь, наш город теряет что-то важное и

ценное, то, что соединяет нас прошлым: Свой караул отцы и деды Сдают, наследия щадя. Но одиноко до победы Стоят часы на площадях. Нет, я не против изменений! Я просто хочу, чтобы мой город сохранял своё неповторимое лицо. Я люблю свой город, я хочу видеть его прекрасным и всегда молодым, я хочу

знать его историю, потому что любовь к Родине начинается с любви к своему городу, моей золотой колыбели.

Түйін Николаева Ярославна өзінің жұмысында туған қаласының тарихын

əңгімелейді, оның қиын жолдарын зерттейді, Шымкент қаласының ақыны Ю.В. Кунгурцевтің өлеңдерімен байланыстырады.

Оқушы өзінің білімдігін жоғары дəрежеде көрсетеді, қалаға деген терең сезімі байқалады.

Page 69: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

69

Summary Nikolayeva Yaroslavna tells about the history of native city. She investigates marks

of its difficult way, she compares the historical facts of lyrics of the poet of Yuri Kungurtsev, who has lived in Shymkent.

The schoolgirl demonstrates good knowledge of an actual material and skill deeply to feel and to experience.

ШЫМКЕНТТІҢ ТАРИХЫ ТЕРЕҢДЕ ЖАТЫР

Ботагөз ҰЗАҚБАЕВА,

Ж. Баласағұн атындағы №6 орта мектептің 8 «К» сынып оқушысы, Шымкент қаласы.

Жетекшісі: Жібек Айдарқызы ҚАЛТАЕВА, Ж. Баласағұн атындағы №6 орта мектептің

қазақ тілі жəне əдебиеті пəнінің мұғалімі, Шымкент қаласы.

Мен Шымкент қаласында дүниеге келдім. Шымкент қаласы күннен-күнге жайнап, көздің жауын алады. Шымкент

қаласының, яғни туған өлкемнің терең тарихы əлі күнге дейін сақталып жатыр. Туған өлкемнің кешегі күні мен бүгінгі күнін салыстырсақ, əлдеқайда өсіп-өнген қалалардың бірі. Шырайлы Шымқаланың «Шымкент-Шаһар» деген атаққа ие болғанының өзі үлкен қуаныш, мақтаныш емес пе!

Қазіргі таңда туған өлкемнің топығынан шыққан байлықтың өзі Шымкенттің қарқынды дамығанына өз əсерін тигізді деп айта аламын. Оңтүстігіміздің жан-жақты дамығаны өлкемізге молшылық əкелуде. Оңтүстігімізде ашылған кəсіпорындар, өндірістік салалар, құрылыс жұмыстары өлкемізді молшылыққа кенелтуде. Мұның өзі өлкемізге зор септігін тигізуде. Биылдыққа Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев шаһарымызға келіп, өлкеміздің жəне біздің үлкен жетістіктерге жеткенімізді айтты жəне де одан əрі жұмыс істей беру жөнінде тапсырмалар берді. Президентіміз туған өлкеміздің өсіп-өнуі өзімізге байланысты екенін сараптап жеткізген болатын.

Шымкент қаласының өнерпаздары де көп қой. Өнерлі адамдардың өзі осы туған өлкемізден шыққан, өз үлесін туған жеріне арнаған аға-əпкелеріміз, дүниеден өткен бабаларымыз артта із қалдырған, яғни ұрпқтармызға үлкен өнеге қалдырған.

Оларды атап кетсек, өте көптеген рухани сала қайраткерлеріне тоқталуға болады. Өтебай Тұрманжанов (1905 –1978 жж.) Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мақал-мəтелдерін жинақтаған, балаларға арнаған, «Біздің қарлығаш» атты əңгімелер жинағын жазған жазушы атамыздың өсіп келе жатқан ұрпаққа үлкен өнеге, тəрбиелік мəні бар шығармалар жазып, үлкен-үлкен асу белден асқан көрнекті адамдарымыздың бірі. Сонымен қатар Оңтүстігімізде Ш. Уəлиханов, Т. Бигелдинов, Д. Нұрпейісова тəрізді қазақтың белгілі адамдары туралы да көркем шығармалар жазған. Осы тұлғаларымыздың арқасында туған өлке – туған шежіре деген атаққа ие болған жеріміз бар.

Туған өлкем – Шымкенттің тарихына қысқаша шолу жасап өтсем. Қаланың іргетасы қашан пайда болды жəне оның атауы қандай мағына береді? Осы уақытқа дейінгі ғалымдардың көпшілігі қазіргі Шымкент қаласының аумағындағы қоныс мекендер ХІ-ХІІ ғасырларда пайда болғанын айтады. Сонымен қатар Шымкенттің бұдан да ертеректе пайда болғаны жөнінде де болжам бар. Өткен ғасырдың басындағы қала қамалы болған жерде жақында бір ер азамат пен əйелдің мəйіті табылды жəне ол зароастризм салтымен жерленгендігі анықталып отыр, олай болса бұл мəйітке – 1500 жыл.

Page 70: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

70

Шымкент туралы кездесетін əртүрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын «Бау-бақшалы қала», «Жасыл қала», «Шыммен қоршалған қала» деп түсіндіреді.

Қала атауы «чиминь-чемень», яғни көгалды, гүлденген алқап, ал бұған «кент» сөзінің жлғануымен «Жасыл қала» деген мағына береді.

Қала ескі заманнан-ақ адамдардың өмір сүруіне қолайлы мекен болған. Бұған мəдениет мұралары дəлел бола алады. Шымкент қаласының аймағы жүздеген жылдар бойы көптеген тарихи оқиғалардың куəсі болған. Қала бірнеше рет басқыншылардың жойқын шабуылдарына ұшыраған. Шыңғысхан жорықтарға жасақтарымен қала арқылы өтіп, ақырында Шымкент ұрпақтарының қол астында өткен.

XVII ғасырда жəне XIX ғасырдың бірінші жартысында Шымкентті билеп алу мақсатында Қоқан жəне Бұхар хандықтары күрес жүргізді. 1810-1864 жылдары Шымкент Қоқан хандығының билігіне өтіп, хан өкіметінің резиденциясы болды.

1864 жылы қала орыс əскерінің тіке шабуылымен алынды. Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге қосылуы аяқталған соң, Шымкент Жаңақоқан бағытының құрамында болып, соңынан Түркістан облысының, ал 1867 жылдан Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария қаласының үздік қаласы болды.

ХІХ ғасырдың соңында қалада сауда-саттық дамыған: 19 мануфактуралық, 70 ұсақ-түйек дүкені, 10 керуен-сарай жəне т.б. болған. Ал ХХ ғасырдың басында – үлкен өндіріс орындары бар үлкен əрі жаңа өнеркəсіптік қалаға айналды.

Қала экономикасының дамуына 1883 жылы ашылған дəрі-дəрмек өндіретін сантанино (кейіннен химия-фармоцевтика зауыты) маңызды рөл атқарып, оның өнімдері экспортқа шығарыла бастады.

ХХ ғасырда қала тарихының жаңа кезеңі басталды. Қала халқы көбейіп, елдегі үлкен өзгерістер нəтижесінде жаңа өндіріс орындары салынып, оқу орындары мен ғылыми, мəдениет ошақтары ашылып отырды. Қала келбеті жаңа тұрғын үйлер, гүлзар, көшелері, саябақтарымен ажарлана түсті. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары Шымкентте қорғасын зауыты салынды. Бұл алып өндіріс орны бұрынғы КСРО-дағы өндірілетін қорғасынның 70 пайызын беріп отырды. 1932 жылы ауылшруашылық авиациясының базасы құрылып, Шымкент əуежайының негізін қалады.

Соғыстан кейінгі 50-80 жылдары экономика дами бастады. Қалада жаңадан ірі кəсіпорындар құрылды. Олардың ішінен мақта-қағаз комбинаты, Қаракөл, цемент зауыттары, гидролиз зауыттары, «Восход» тігін фабрикасы, металл құрастыру жəне тұрғын үй құрылысына қажетті материалдарды өндіретін кəсіпорыны, «Электроаппарат» зауыты, ал тамақ өнеркəсібінен сүт, сыра, салқындатылған сусындарды шығаратын кəсіпорындарды атауға болады. Химия өнеркəсібі де жедел қарқынмен дамыды.

Бүгінгі таңда Шымкент əлем деңгейіндегі 7 мемлекеттің үлкен қалаларымен – Измир (Түркия), Гросетто (Италия) бауырлас болып отыр.

Жылдан-жылға бауырлас қалалармен экономика, ғылым, мəдениет салаларында өзара көмек қатынас жасау дамып келеді.

Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеуді дамытып отырған 69 өнеркəсіптік кəсіпорындар бар. Мұнай, химия жəне фармоцефтика өнеркəсібінде АҚ «Мұнай өңдеу», «Интерком машина», «Химфарм» (дəрі-дəрмек) өндіру сияқты ірі кəсіпорындар жұмыс істеуде. «Химфарм» дəрі-дəрмек өндіру зауыты Қазақстанның түпкір-түкпіріне тартылып қана қоймай, шет мемлекеттерге де танымал болған зауыттардың бірі.

Қала қонақтары Шымкенттің көркейіп келе жатқанына таң қалып, тамсанады. «Қала келбеті саябақтар, скверлер, демалыс орындары жəне сəнді ғимараттарымен ажарланып келеді. Мұнда іссапармен келушілер бизнеске қатысты мəселелерді сəтті

Page 71: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

71

шешумен қатар, бос уақыттарында қызықты өткізе алады», - деп жылы лебіздерін білдіреді.

Қаладағы жалпы білім беретін 77 мектептің 65-і орта, 7-уі орталау, 5-уі бастауыш мектептер. Орта мектептердің ішінде 16-уы арнайы мамандандырылған, 11-і гимназиялық жəне 5-уі лицейлік сыныптарға ие, сондай-ақ гимназия мен лицейлер бар.

Шымкентте облыстық жəне қалалық бағыныстағы бірқатар аурулардың алдын-алу мекемелері жұмыс істейді.

Қалада жүзеге асырылып жатқан мəдениет саясаты Оңтүстік Қазақстанда өмір сүретін ұлттық мəдени полиэтникалық қоғамдардың қалыптасқан мəдениетін, салт-дəстүрін, достықты, татуластықты жандандыруға бағытталған. Шымқалада қазақ, өзбек, башқұрт, татар, неміс, еврей, корей, орыс, əзірбайжан жəне барлығы 16 ұлттық орталықтар жұмыс істеуде. Олардың белсене қатысуы жəне қолдауымен ұлттық саясат жəне тұрғындардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру мəселелері оң шешімін тауып келеді.

Қалада 8 саябақ пен сквер бар. Олардың үшеуі ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басында құрылған. Қала аумағындағы көне қалашық пен қамалдарда археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, қала тарихы жөнінде кешен жасау қолға алынып отыр.

Қалада көрнекті ғалым, мəдениет, спорт майталмандары мен халық батырларына ескерткіштер орнатылған. Қаладағы жүзге жуық спорт залдар, жеті стадион, бес жүзу бассейіні, үш спорт кешені көпшіліктің игілігіне қызмет көрсетуде.

Бізден есімдері əлемге əйгілі талай чемпиондар шыққан. Келешекте 4 олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі мен жекеменшік секциялары, клубтары талай чемпиондарды дайындап шығаратынына күмəніміз жоқ. Қалалық ипподромда балалардың ат спорт мектебі жұмыс істейді.

Шымкент ежелден-ақ саяхатшылар мен ғалымдардың назарын өзіне аударған. Қала Оңтүстік Қазақстан облысының əкімшілік орталығы болғандықтан, аумақтың түпкір-түпкіріне апаратын барлық туристік бағыттар заңды түрде осы жерден басталады. Қалада 20 арнайы мамандандырылған фирмалар мен мекемелер туристік қызмет көрсетумен айналысуда.

Өлкенің тарихи құндылықтары мен зиярат ету орындарына барудағы алғашқы қадам тарихи Түркістаннан басталады. Шымкент шаһарының пайда болуына өзіндік үлесін қосқан көне Сайрам қаласы Ұлы Жібек жолының бойындағы басты сауда жəне қолөнер орталығы болған Отырар қалашығы, Қожа Ахмет Яссауи, Арыстанбаб кесенелері мен басқа да құндылықтар туристер жүрегінде терең əсер қалдырды.

Біздің қала тұрғындарының қонақжайлылығы тыстағы жұртшылыққа да əйгілі деп біз мақтанышпен тілге тиек етеміз.

Шымкент қаласы тұрғындарының ең басты ізгі қасиеттерінің бірі – жоғарғы интернационалдық сезімі, яғни ұлты мен дініне қарамастан, тұрғындардың əртүрлі ұлт өкілдерінің салт-дəстүріне сүйіспеншілігі мен құрметі десек артық айтқандық болмайды.

Халқымыздағы мұндай ізгі қасиет ғасырлар бойы қалыптасып, ана сүтімен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Тағдыр əмірімен ғасырлар бойы Шымкентте қазақ, өзбек, орыс, татар, басқа халықтар тату-тəтті өмір сүруде.

Шымкенттіктер – көңілді халық. Олар əзілді, мерекені қош көреді, өз қаласын сүйіп, қонақтарды қуанышпен қарсы алады. Ал, бұған көз жеткізу үшін Шымкентке келу шарт. Біздің данышпан ақсақалдарымыз: «Шымкентте болмаған адам – өмірді аз көрген адам», - деп те айтады.

Сондықтан Шымқаламызды ардақтап, құрметтейік, халайық!

Page 72: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

72

СƏУЛЕТТІ САРЫАҒАШЫМ – САЯБАҒЫМ

Қалжан Бақытжанұлы РАХЫМБЕРДИЕВ, Қ. Сəтбаев атындағы №10 гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы,

Сарыағаш қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жетекшісі: Ə. ШАҒЫРБАЕВА, Қ. Сəтбаев атындағы №10 гимназия-интернатының қазақ тілі жəне əдебиеті пəнінің

мұғалімі , Сарыағаш қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

«Туған жерге – туың тік», - дейтін аталардан қалған қанатты нақыл бар. Кіндік қаны тамған жерді қастерлеуде халқымыздың алдына жан салмайтыны осындай даналықтың ықпалынан болар.

Кез келген ұлт-ұлыстың өкілі өзі туып-өскен елі мен жерін шыбын жанындай қытерлеуі шындық, алайда, бұл ретте қаймана қазақтың алдына түсе алмас. Қазақы шаңырақта шыр етіп жарық дүние есігін ашқан əрбір нəресте алдымен анасының əуезді үні мен əлдиін естіп, туған жерінің тал-ағашынан қиып жасалған тал бесікте тербеледі.

Əрбір азамат туған жерінің ыстық топырағынан, кəусар суынан, жұпар ауасынан нəр алады. Əр адамға туған жері ыстық көрінуі əбден мүмкін. Əр адам туған жерге деген ыстық лебізін, ыстық махаббатын қандай да бір өлең сөздерімен немесе қара сөз тəрізінде жұртқа танытуы мүмкін.

Осы төңіректе туған жер жайлы əңгіме жүргізіп, ой өрбіткім келеді. Менің туып-өскен мекенім, кіндік қаным тамған жер, бұл – Оңтүстік өңіріндегі

сəулетті Сарыағаш шаһары болады. Жоғарыда айтып өткендей, менің туған жерге деген сағынышым «аспан мен жердей».

Мен өзімің Сарыағашқа деген лебізімді өлең сөзбен танытқым келеді: Сəулетті Сарыағашым – саябағым, Жылдар бойы өсіп-өндің сынбай сағың. Төле бабам төріңде қасқайып тұр, Əрі қарай өркендей бер, жанып бағың. Сарыағаш – ғаламшардың шығыс жарты шарында орналасқан. Еуразия

материгінің орталығында Қазақстан Республикасының Оңтүстік өңірінде орын тепкен. Сарыағаш экватор белдеуінен 41 градус солтүстікте, Лондонға нольдік Гринвич меридианасынан 69 градус шығыста жатыр. Сарыағаштың батысы Шарадара даласымен ұштасса, шығысы Қазығұрт тауларының жоталарымен шектеседі.

Сарыағаштың қасиетті топырағының əр ұнтағы тіршілікке негізделген. Топырақ ерекшелігі бойынша өлкеміздің топырағы сұр болып келеді. Құрамындағы шіріндісі 2 пайыз ғана. Үйлесіммен тепе-теңдіктің бəрін өз қолында ұстап тұратын «Табиғат-Ананың» шеберлігін қараңыз. Сол топырақты сарыағаштықтар өндеп, суару жəне жылы күндердің көп болуының арқасында екі рет ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіріп, олардан мол өнім жинап алуда. Екі Келес – сарыағаштықтар тіршілігінің нəрі, сардаланың тəнінен жүгірген күре тамыры десек те болады.

Сарыағаш өңірінің тарихы туралы көптеген мəліметтер келтіруге болады. Атап айтқанда, осы өңірді мекендеген ата-бабаларымыз жайындағы мəліметтер ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде ептеп хатқа түскенін байқаймыз. Біздің дəуірімізден бұрын Бор дəуірінің екініші кезеңінде осы аймақта қылқан жапырақты ағаштар өскен. Арадан 90 млн. жылдар шамасы уақыт өткенде бұл ағаштардың түсі сарғыш тартып, тасқа айналыпты. Тасқа айналған сары ағаш осы күні Жылға жəне Шеңгелді темір жол бекеттерінің аралығында кездесуде. Оның діңгегінің ұзындығы 6 метрден 12 метрге, ал диаметрі 92 сантиметрге жетеді. Сондай-ақ бөлшек-бөлшек, ұсақ-ұсақ,

Page 73: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

73

кішкентай тастарды «Əлімтау» жоталарында, Сөк-сөк аймағының əр түрлі қыраттарында жиі кездестіре аласыз.

Сөз орайы келгенде, мұндай тасқа айналған Сарыағаштың тегін емес екенін зерттеп, оны ғылыми жолмен алғаш ашқан ағылшын ғалымы Penhollow, екінші болып ашқан жапон ғалымы Шимакура екендігін естеріңізге caлып өтейік [1].

Сарыағаш өлкесінің тағы бір кереметі мынау. Бұл ауданды зерттенген орыс палиологтары Шеңгелді, Жылға темір жол стансалары мен Əлімтау, Бөкенəлі таулары, Сөк-сөк құдығы маңынан үйрек тұмсықты динозаврлардың сүйегін, тасбақалар пансерін полеонталогия үлгілерін жинады. Диназавор сүйектері жер бетінің əр түрлі бөлігінде кездеседі. Кейбір нүктелерде олардың саны артып отырды. Олар төменгі континенттік, сондай-ақ теңіз қатпарларында ұшырасатын. Кездескен диназавор сүйектеріне талдау жасау, бұл жануарлардың ұзақ жылдар бойы осы аймақта өмір сүргенін дəлелдейді.

Бұл деректер қаланың ежелгі бір тарихы болып келеді. Ал əрбір қаланың атының шығу тегіне қарай тарихи деректері болады. «Сарыағаш» этнонинімінің шығуы жайлы түрлі болжамдармен пікірлер бар. Қаланың қазіргі Тасбалтаев көшесінің темір жолмен түйіскен тұсында зəулім ағаш өседі екен. Діңі мықты əлгі ағаштың түсі үнемі сарғыш тартып тұратын көрінеді. Көктерек, Келес, Ташкент базарларына мал айдап келіп, күнделікті тұрмысқа қажетті тұтыну заттарында айырбас жасап қайтатын базаршылар ағашты көлеңкелеп, малын іргесінде ағып жатқан Келес өзеніне суарып, тынықтырады екен. Уақыт өте келе сол жерге ел қоныстанып, жер атаулы сарғыш ағаштың атымен аталып кете барған делінеді.

Сондай əңгімелердің бірінде жер атауы жайлы тағы бір хикая сыр шертеді: қазіргі Сарыағаш қаласының солтүстік жағында, 30-35 шақырымдай жердегі Шеңгелді мен Темірші қыраттарының аралығының сары ағаш өсіп, содан осы атау қалыптасқан.

Бұл, əрине жорамал екендігі де күмəнсіз. Десек те, Сарыағаш өңірі тарих пен шежіреге тұнып-ақ тұр.

Дегенмен, Сарыағаш өңірінің шығу тегі аңыз-əпсаналармен де сыр шертілген. Сарыағаш ең алдымен осында атбасын тірейді. Жағдай осындай болғандықтан да мəртебемізді танытып, үлкен елдің ұл қызына лайық ізет-құрмет, жомарттықпен жайсаңдық, меймандық біздерге тəн.

Сарыағаш ауданы Оңтүстіктегі экономикалық əлеуеті жоғары, аумағы жағынан ауқымды саналатын аудан. Деректерге тіл бітірсек, ол 1939 жылы құрылған. Жер көлемі 761 мың 329 гектарды құрайды. Халқы көп ұлтты, жалпы саны – 348146 адам. Ауданның əкімшілік құрылымы да үлкен, мұнда бір қала, бір поселкелік округ жəне 24 аудандық окруктер бар. Аудан аумағында бүгінде 2 жоғары оқу орнының құрамды бөліктері: М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің гуманитрлық факультеті мен «Əулие ата» жекеменшік университетінің филиалдары қызмет жүргізеді. Жалпы білім беру мекемелері – 139. Төрт бірдей орта арнаулы оқу орындары бар. Жетпіс жылдан астам тарихы бар атақты Қапланбек агро-экономикалық колледжі де осы санатта. Аудан бойынша 30-дан астам мəдени ошақтар жұрттышылыққа заман талабына сай қызмет жасап келеді. Денсаулық сақтау, емдеу орындары, əйгілі «Арман», «Сарыағаштың шипажайлары», «Ана мен бала» шипажайлары, Қазақстан мəдени-спорттық сауықтыру орталығы бар. Осы күні ауданда 752 заңды тұлғалар қызметін жүргізеді.

Аудан орталығы – Сарыағаш қаласы. Бұл қаланы Онтүстіктің «жақұты» деп атауымыз да тегін емес. Сарыағаштың дербес шаһарға айналып, мəртебе алғандығына, міне, 40 жыл толып отыр.

Қаланың кешегі күні өте нашар еді. Білім беру реформасы дамымаған, қалада бар- жоғы 1968 жылы 4-ақ мектеп болатын. Денсаулық сақтау орындары, яғни жаңа аурухана 1990-1991 жылы іске қосылды. Қаржы бөлімі – орталық банк, 1990 жылы

Page 74: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

74

іске қосылды. Қала – ақылды, зиялы адамдардың басшылығымен өркендеп, көркейіп, осыншалық жетістіктерге жетіп отыр.

Сарыағаш ауданының экономикасы ең алдымен сауда, түрлі қызмет көрсету орындарында, егістік даласында, білім беру, денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген сарыағаштықтардың қолымен, жайсаң жаны, жомарт жүрегімен жасалады. Түрлі деңгейдегі өндіріс ошақтары аудан экономикасының күре тамыры саналады.

Міне, Сарыағаштың көркеюін қаламгер Кендебай Мұртазев былай жырлайды: Сарыағаш саялы – салтанатым, Кетіп жатыр əлемге самғап атың. Қос Келесің – қос ару сияқтанып, Кереметсің көрген жұрт таңданатын. Гүл жерінің ақ мақта ақтарылған, Қайнауыңа шипа су – бақ дарыған. Ұл-қыздарың ерінбей еңбек етіп, Көрініп жүр жетістік шатқалынан. Төбе баба тұлғасы көрік беріп, Сарыағаш, кеттің енді көріктеніп. Өзіңе тең ыстық жер таба алмадым, Қанша жерде жүрсем де көріп келіп. Оңтүстік өңірі Сарығаш өңіріне көптеген ақын-жазушылар сапар шеккен жəне

көптеген ақын-жазушылар Оңтүстік өңірінен шыққан. Сөз орайы келгенде, жазушы Мұхтар Əуезов Сарыағаш жайлы былай дегенін айтып өтейік:

«Үлкен мəдениетті Ташкент қаласының іргесіндегі Сарыағаш ауданы Қазақстанның үлгісін көрсететін, «мынау – Қазақстан» дегізерлік, абырой беделін, бағалы сапар танытарлық анық көрікті аудан болуы шарт [2].

Əрине, шағын қала саналатын Сарыағашта ұқсата алмай жатқан істеріміз аз емес. Бірақ Сарыағаш осы дəрежеге жетіуіне де көп азаматтар еңбек сіңірді.

Қала мəртебесін алуға дейін түрлі құжаттар əзірлеп, ары-бері шапқылап тер төккен азаматтардың бірі, ауаткомның төрағасы Сұлтан Бағдайскин, ауданның бас сəулетшісі Əбдіхалық Хайдаров, аудандық жер бөлімінің бас инжинері Тəжіхан Əуезов атты есімдерді зор құрметпен айтсақ болады.

Бүгінгі таңда бақытты өмір сүрген зейнеткер Тəжіхан ағамыз былай дейді: «1967 жылдары Сарыағаш ауылындағы халық саны 14 000 адам болды. Жер көлемі 172 га болатын. Ұлттар өкілдерінің саны 50-ден асатын. 9 мектеп, 3 балалар бақшасы жұмыс істейтін. Ұлт өкілдері қанша көп боса да, бір анадан туғандай тату-тəтті өмір сүрді. Қазір солай деуімізге негіз бар. Игі дəстүр, достық пейіл жалғасын табуда. Сарыағаш селосы қала болу үшін халық саны 18000 адамнан кем болмауы керек екен. Іргемізді кеңейтіп, халық санын сол айтылған санға жеткіздік».

Əдебиеттер 1 Жақып Аяш. Оңтүстік Қақпасы. – Сарығаш, 2003. 2 Əуезов М. «Оңтүстік сапарынан» очеркінен. 3 Байғұтов М., Файзуллаев А. Қазыналы қара шаңырақ. – Алматы: Ана тілі,

1996.

Page 75: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

75

УА, ТУҒАН ЖЕР, ТОПЫРАҒЫҢНАН ЖАРАЛДЫМ

Нұргүл ТАСИЛОВА, М. Əуезов атындағы №1 мектеп-гимназияның 8 «Ə» сынып оқушысы,

Сарыағаш қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Сенен артық қасиет жоқ, жер тегі,

Сен ұрпақтың күліп атар ертеңі,

Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер,

Көркейтуге міндеттімін мен сені.

Ə. Сəрсенбаев

Туған өлкеміздің кең-байтақ Қазақстан екенін ес біліп, мектеп табалдырығын аттаған сəттен-ақ зердемізге түйіп, санамызға сіңіріп өскен жастармыз!

«Отан – оттан да ыстық» деген халық мақалы жай айтылмаса керек. Расында да, өз қалаңнан, ауылыңнан ұзап, шалғай кетсең болды, аулаңда жатқан тасыңа дейін ыстық көрінеді ғой, шіркін! Кім өз жерін сүймесін, сағынбасын?!

Туған жердің даңқын көкке өрлеткен батырларымыз аз болмапты. Əрі дана, əрі дара халқымыздың осындай үлгі-өнегесін көріп, естіп өскен ұрпағы ел басына күн туған шақта жер қамын ойлар қорғаны бола алатынына сенімім мол.

Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезімдерін өлеңге қосып, өз өлкесінің тау-тасын, дарқан даласын, аққулы көлін жырламаған ақын кемде-кем.

Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым, Лебізіңнен арманыма нəр алдым. Тұнығыңнан сүзіп іштім сендегі Алтын арай таңғы жұпар самалдың, - деп ақын Əбу Сəрсенбаев жырлағандай, туған жер дегенде жүрегіме жылы

сезім ұялайды. Отсыз жүректе ғана туған жерге деген сезім болмайтын шығар. Туған жердің самалы бетімнен өпкенде, қуаныштан жүрегім лүпіл қағады. Оның сылдырап аққан өзені, сыбдырласқан ағаштары – бəрі де жаныма етене жақын. Таза ауасы, мөлдір суы, шүйгін шөбі, ұшқан құсы, жүгірген аңы сияқты мен де өзімді туған жердің бір бөлшегі сезінемін.

Туған жер кім-кімге де ыстық. Туған жердің тау-тас, өзен-көлін тебірене жырламаған ақын, зор махаббатпен бейнелемеген суретші жоқ шығар. Сол махаббат дүниедегі ең аяулы, ең асыл, ең қымбатты Жер-Анамызды аялаудан байқалады ғой. Адам Табиғат-Ананың перзенті болғандықтан, оны көзінің қарашығындай сақтауы керек.

Бүгінгі таңда ауаның ластануы, көл-теңіздердің тартылуы, бір сөзбен айтқанда, экологиялық апаттардың көбеюіне адам баласының өзі себеп болып отыр. Ата-бабаларымыздың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған туған жеріміздің асқар тауын, өзен-көлін бүгінгі ұрпағы – біз неге ластаймыз? Неге бүлдіреміз?

Қазақта «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» деген мақал бар. Əр адамның туған жері – бəріне қымбат. Өйткені, ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстады, табиғатымен біте қайнасып, адам болып қалыптасты. Сондықтан да əрбір адам туған жерін қорғайды, аялайды, күтеді, қастерлейді.

Аялы туған жеріміздегі жайнаған гүлдер, жайқалған гүлдер, жайқалған шалғындар, теңіздей телегей ормандар, сылдыраған бұлақтар, керіліп жатқан кең дала, аспанмен тілдескен ақ басты таулар, жарық ай, сарқыраған жұлдыздар, көк мөлдір аспан, күлімдеген Күн-Ана – өміріміздің тірегі, қызығы, рақаты. Сондықтан сол құдіретті мекенімізді сүйе білмесек, адамдығымыз болмайды.

Page 76: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

76

Еліміздің тəуелсіздігі – ата-бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Қазіргі таңда Қазақстан – тəуелсіз мемлекет.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды Тəуелсіз мемлекет деп жариялады. Жері қандай кең байтақ болса, жаны да сондай дарқан елімнің көрген құқайы аз емес.

Көк жалауың төріңде, Жалауласын Отаным. Тəуелсіздік елінде, Мəңгі болсын, қазағым, - деп тілек айтқым келеді. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне» келер болсақ, қазақ халқы – батыр

халық, ақын халық. Туған жерді осылайша жырлап өткен ақын ағаларымыздың талантына бас иіп, тағзым етемін!

Отан-Ана бізге, яғни жастарға, үлкен міндет артады. Ол – еліміздің, жеріміздің болашағы, ертеңі.

Мұқағали ағамыз «Барлығы да сендердікі» атты өлеңінде: Сендердікі өмір, қоғам, заман да, Сəн түзеген қалаң менен далаң да. Болашақ та, барлығы да сендердікі, Жас ұрпақ сендерге аманат етіп, Табыстаймыз, қабыл алыңдар! – дейді. Бұл ақынның ел тірегі – жастарға сенім, үміт артқаны, ендеше, үмітіңді ақтар

жас ұланыңбыз. Жерімізді гүлге бөлеп, көгертер, өлкемізді көркетіп жасартар, тайсалмай талай сынды басынан өткерер, өзіңді мақтан етер перзентіңбіз, туған жер!

Ғасырлар бойғы жасаған халқымыздың ерлік істері нəтижесіз емес. Қазақстан Республикасы дүние жүзіндегі бар қазақтың Отаны болып танылады. Халық болып, ел болып Ата Заңымызды қабылдадық. Мемлекетіміздің дербестігін аспан түстес Туымыз, халықты елдікке, бірлікке шақыратын Əнұранымыз, Елтаңбамыз бар.

Міне, сен осындай заңғар биіксің, кеңсің, достығы мызғымас беріксің, туған жер!

Ал мен сені көзімнің қарашығындай сақтар сенімді қорғаныңмын, тəтті ұйқыңды, бейбіт өміріңді, бақытты халқыңды күзетер сақшыңмын, жетістігің мен жемісіңді, жеңісіңді жырлар ақыныңмын, о, сүйікті туған жер!

КӨМЕШБҰЛАҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ

Қызжібек Дарынқызы МҮСІРЕПХАНТЕГІ,

№67 «Көмешбұлақ» жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы, Сайрам ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жетекшілері: Бақтыбек Ахылбекұлы ҚАБЫЛБЕКОВ,

Əсия Əмірқызы СƏДІБЕК, №67 «Көмешбұлақ» жалпы орта мектебі тарих пəнінің мұғалімдері,

Сайрам ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Күндегі қалыптасқан əдетім бойынша, «əндеткен» əтештің созылмалы айқайынан ояндым.

Сағаттың тілі таңғы жетіге енді жақындап барады екен, осыдан бастап менің ұйқым өз жөнімен менімен қош айтысады. Менен басқаларының (сіңлілерімді айтамын) бəрі таңғы тəтті ұйқы құшағында маужырап жатыр. Олардың мазасын алмау үшін қонақ бөлмеге кіріп, бүгінгі болатын сабақтарға жəне бір қарап шығамын.

Page 77: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

77

Анама ең кішкентай əлдиіміз (9 айлық) Ұлжан түнімен ызбайланып, маза бермеді, əлгіде ғана дəрі-дəрмегін беріп, ұйықтатқанын сезіп жатқам, шаршаңқырап көз шырымын енді ғана алған анама көмектесуім керек.

Отын əкелуге далаға шықсам, таң рауандап айнала жарық тартып келеді екен. Түні бойы өз «міндетін» мүлтіксіз орындаған ала төбет те талмаусырап, таңғы ұйқыға енді бас қойған секілді, ашылған есіктің сықырын да елемей, кесілген құлағын сəл-пəл қимылдатты да жата берді.

Шығыс жақтан соққан таңғы желемікпен жеткен салқын ауаның ағысы көмейіме дейін құйылып, жаныма жұпар сепкендей жадыратып жеберді. Кеудені кере дем алып, таңғы даланы алаңсыз араласаң ғой, шіркін!!!

Анам пешті жағып, үйді жылытқан соң, сабаққа баратын Назерке мен Балнұрды оятып, шай жабдығын əзірледім. Ұлжанға дейінгі үйдің еркесі болған Балнұрдың да «міндеттері», атан түйеге жүк боларлық, оны киіндіріп, жуындырып, сабаққа даярлаудың өзі машақаты көп жұмыс. Амал не, орындаймыз, өйткені еркеліктен əлі де арыла алмай келеді, бірақ түсінігі қалыптаса бастаған.

«Биылғы қыстың жанға да, малға да жайлы болғаны бəріңе де аян ғой», - деп алғашқы география сабағын бастаған апайымыз, ақпан айының соңғы күндері болса да, көктем лебінің биылғы жылы ерте сезілетінін, салқын самалдың жанға дауа дəрумендік қасиеті барын, көктемнің алғашқы хабаршысы болып бəйшешек гүлдерінің шығып қалғандығын əңгімелеп берді де, қазір өзен жағасына барып, табиғатпен етене танысатындығымызды хабарлағанда, барлығымыз да қуана қолдап, «алайқалап» үн қостық.

Көршілес елді мекендерден біздің ауылдың баға жетпес артықшылығы да, сарқылмас байлығымыз да ауыл іргесінен басталып, 25-30 шақырымды «артқа тастап», Арыс өзеніне құятын Көмешбұлақ өзеніміз. Қос жағалауынан қайнап шығып жатқан сансыз бұлақтардан бастау алатын киелі «Көмештің» бал татыған суының қасиетін айтып жеткізу үшін де, ой-хо-ой, шіркін, тіл керек. Жаздың шақырайған шілдесінде тісіңді қақсатар мұздайлығымен қаңтардың қытымыр аязында буы бұрқырап, бусанып аққан суының дəмін татқан кісінің арманы болмас, сірə!

Апайымыздың айтуы бойынша «Көмешбұлақ» суының құрамында жанға жайлы, дертке дауа шипалық элементтер молынан табылатын көрінеді. Сондықтан болар, мүмкін өткен ғасырдың 60-шы жылдары үкімет комиссиясының ұйғаруы бойынша, өзеннің өн бойына бөгет салып, 25-30 бөлікке бөліп, балық өсіретін «тоған шаруашылығын» құрыпты. Бұл шаруашылық осы кезеңде де балық өсірумен айналысып келеді. Бұдан бөлек, балық ұрықтандырумен де айналысып, көршілес мемлекеттерге шабақтарды да сатады.

Жасанды көлдерді жағалай ерте келген көктемнің ерке самалына кеудемізді тосып, жылымыққа тобарсыған беткейлерді жапа-тармағай «басып» қалған əппақ нəзік бəйшешектерді теріп, мəз-мəйрам болдық.

Жағадағы біздердің көтеріңкі көңіл-күйімізге «қошамет» еткендей, болмаса ерте келген көктемді думандатып қарсы алғандай, «атой салып» аспанға шаршыған балықтардың «ойыны» да өзінше бір қызық əлем. Өзен аңғарын «егеленіп» алған жиде тоғайына тұмсық батпайды, бейне бір өзен мен көлдерді қайырымсыз жау əскерлерінен қорғап тұрған сарбаздардай, сыңсып тұр. Көктем жылымығы бұларға да мейірін төккен секілді, бойларына жан кіріп, бүршік ата бастапты.

Шіркін, жиде тоғайына мамыр айында келсең ғой, жиде гүлінің жұпар иісі танауыңды жарып, жаныңа нұр себелегенін сезінгеніңде атақты француз əтірінің өзі жолда қалар еді. Ол кезде егіс алқаптарында диқандарының да, дала қостарының да жұмыстары жанданып, дүбірлі еңбек майданының қарбалас шақтары үдей түседі. Өзен-көл жағалары төрт түлік малға толып, жас төлдердің ойнақ салып шапқылағандарының өзі кəдімгі тірі картиналарды еске түсіреді.

Page 78: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

78

Жұмыстан қайтқан қыз-жігіттердің аспандата салған əндері дала дүбіріне көрік беріп, көркем көктемнің көкжиегіне еркін тарап, салтанатты шеруге ұласып жатқанының өзі бір қызық дүние.

Осы көріністердің бəрі апайымыз өткен «география» сабағында болған саяхат үстіндегі əңгімелерге өзек болып, ауылымызды жаңа қырынан танытқандай əсер алып, мектебімізге көтеріңкі көңіл-күймен оралдық.

«Енді, осы өзіміз май топырағын жалаң аяғымызбен басып, бұрқыратып шаңын аспанға шығарып, асыр салып ойнаған туған ауылымыз туралы да аз ғана мағлұмат бере отырғанымыз жөн болар», - деді апай, сыныпқа кіріп, жайғасқан соң.

Апайымыздың келтірген мəліметтерінен ұққанымыз мына төмендегі жағдайлар:

Кеңес одағынан бұрын, біздің ата-бабаларымыз өзеннің екі жағалауын жағалап, бие байлап, қымыз сапырып, көкпар шаптырып, төрт түлік мал өсіріп, уайым-қайғысыз серілікпен думандатып, бақуаттылары кедей-кепшіктерге қамқор болып ұйысып отырған ел екен. Ауылдың белді-беделді атқа мінер ақылмандары «Қасымбек датқа бабамыздың» айналасына жиналып, осы оңтүстік өңіріндегі елдің ынтымағымен бірлігін сақтап отырған.

Кеңес одағы орнағаннан соң, əр бұлақтың басында өз əулеттерімен емін-еркін жайлап отырған елді «орталықтандыру» мақсатымен 1928 жылдары «Көмеш» өзенінің оңтүстік беткейіндегі қыратқа (қазіргі орнымыз) қазық қағып, бір жерге жинақтап, ауыл санатын құрыпты.

Байларды, молда, тəуіптерді қудалап: «Билікті кедейлерге алып береміз!» - деп шолақ белсенділерді бай-бақуаттарға айдап салып, айрандай ұйып отырған елді ала шапқын етіп, тоз-тозын шығарып жіберген.

Мəскеуден Голощекин дегенді Қазақ еліне басшы етіп жіберген. Ол келе сала: «Қазақстанда кіші революция жүргізбесе болмайды», - деп елді ашаршылыққа ұшыратқан. Соның кесірі біздің кішкене ауылымызға зауалын тигізгендіктен, оқуға зерек көзі ашық, көкірегі ояу жастарды да «болыстың тұқымдары» деп қуғынға ұшыратқан.

Сол себептен Сəбденбектің ұлы Айтан атамыз Зияның баласы «етіп» балалар үйіне өткізген, сонда тəрбиеленген. Ол кісі кейін 1960-жылдары Қазақ КСР-нің ет-сүт шаруашылығының министрі дəрежесіне дейін көтерілді. Сол қызметте жүріп, өмірден өтті.

Қазір ауылымыздың орталық көшесі Айтан Зияев атамыздың есімімен аталады. Қазіргі көзі тірі аталарымыздың айтуынша, ауылымыздың іргесі сөгілмей,

ынтымақты бірлесіп тірлік етуіне, жастардың білім алуына Керім Тіленшин бабамыздың еңбегі көп сіңген көрінеді. Ол кісі ұжымдастыру кезеңіне дейін-ақ білім алып, елдің саяси өміріне белсене араласқан, Ахмет Байтұрсыновтың көзін көрген. Шымкенттегі Ахмет Байтұрсынов тұрған үйді тауып, кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстаған да Керім бабамыз.

Ол кісі кезінде Шымкент қорғасын зауытынның «Қорғасын» атты көп тиражды газетін шығаруға атсалысқан, комсомол, партия ұйымдарына жетекшілік еткен. Ұлы Отан соғысына қатысып, батальон, полктарда саяси жетекші қызметтерін атқарған.

Соғыстан соң елге оралған Керім бабамыз ауылда мектеп ашып, ұстаздықты қолға алған. Ауыл мектебінен соң, кедейшіліктің кесірінен оқудан қол үзіп қалған Тұрсынкүл, Ақжарқын, Дүрия əпкелерімізді мұғалімдер даярлайтын оқу орындарына апарып, білім алуларына мүмкіндік жасаған.

1960 жылдары іріленген «Қайнарбұлақ» кеңшары орталығынан 1200 орындық қазақ-орыс орта мектебін аштыруға көп еңбек сіңірген. 1966 жылға дейін сол мектепті басқарып, зейнеткерлікке шыққан.

Керім Тіленшин 1997 жылы 92 жасында дүние салды. Өзі салдырған орталықтағы орта мектепке бабамыздың есімі берілген.

Page 79: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

79

Ауылымыздан Ұлы Отан соғысына 39 азамат аттанып, соның 14-і ғана елге аман оралған, солардың бірі осы Керім бабамыз болатын.

Өмір бар жерде өлім бар. Бүгінгі күні сол ардагерлердің бірде-біреуі ортамызда жоқ. Бірақ, мектебімізде оларға арналған ескерткіш тақта қойылған.

Ауылымыздың іргесінде ертеде сақтар мекені болған деген əңгіме бар. Сол болжамды растағандай, 1954 жылы жəне 2006 жылы ауыл мазаратынан кісі бойындай екі құмыра табылған. Біріншісінің қайда екені белгісіз, ал екіншісі ауылда қабір қазушы Мұрат Садықов деген кісінің үйінде сақтаулы.

Өз ауылымның тарихы мені қатты қызықтырады. Болашақта ауылымызда мұражай ашылып, əлгіндей ескінің көздері тарихи мұра ретінде сақталса деп армандаймын.

Əркімнің кіндік қаны тамған туған жері, өскен елі өзіне қымбат, өзіне жəннəт. Сол үшін де ауылымның қыр-жотасы, өзен-көлі, тіпті əрбір тасы, шіліңгір шілдесі мен қытымыр қаңтары да жаныма жақын. Соны мақтаныш тұтамын, сонымен қиялыма қанат байлаймын, ілгері ұмтыламын.

Себебі мен туған жерімді, өскен елімді ессіз сүйемін, ешнəрсеге айырбастамаймын.

ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ЕЛІМ СЫР ЕЛІ – ЖЫР ЕЛІ

Айгерім Берікқызы ШЫМКЕНТБАЕВА,

А. Асқаров атындағы №77 орта мектептің 8 «Г» сынып оқушысы, Шымкент қаласы.

Туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дəстүр. Бұл таным

жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Қазақ елі – асқан батырлығымен, ақыл-парасаттылығымен танылған, Мысыр еліне билік жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі.

Қазақта: «Ер – туған жеріне, ит – тойған жеріне» деген мақал бар. Əр адамның туған жері – бəрінен қымбат. Өйткені ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғатымен біте қайнасып, адам болып қалыптасады. Сондықтан да əрбір адам туған жерін қорғайды, аялайды, күтеді, қастерлейді.

Аялы туған жеріміздегі жайнаған гүлдер, жайқалған шалғындар, теңіздей телегей ормандар, сылдыраған бұлақтар, керіліп жатқан ен дала, аспанмен тілдескен ақбасты таулар, жарық ай, самсаған жұлдыздар, көк мөлдір аспан, күлімдеген Күн-Ана – өміріміздің тірегі, қызығы, рахаты. Туған жердің əрбір тасына дейін қасиетті, киелі, əулие. Сондықтан сол құдіретті мекенімізді сүйе білмесек, адамдығымыз болмайды.

Менің кіндік қаным тамып, шыр етіп, дүниеге келген елім Сыр елі – жыр елі, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Бала би елді мекені. Бабаларымыздың көзінің қарашығындай қорғап, перзентін адалдыққа, батылдыққа тəрбиелеп, елін – жерін сүюді, береке-бірлікті бұзбауды өсиет етіп кеткен киелі өңірдің ұрпағымын.

Туған жерімнің үлгі тұтар ата-бабаларымның даңқын мақтан тұтамын. Атап айтар болсақ, Бала би, Досбол, Тұрсынбай датқалар ел билеген. Киелі əулие Оқшы, Есабыз, Қорқыт балаларымызды кім білмейді?! Мұстафа Шоқай – ел қамын ойлаған асыл жан. Ыбырай Жақаев – күрішші, депутат, екі мəрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Ұлы Отан соғысының ардагері, батыр Əлмен Қалменов атамыз Шымкент қаласының «1 Самал» мөлтек ауданында тұрады. Көшеге аты берілген Шахмардан Есенов атамыз геолог, академик болған.

Осындай қасиетті ата-тегімізден тараған ұрпақтың елін, жерін сүймеуі мүмкін емес. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді», - деген ұлы даналықты жадынан шығармай, ұлы тарихқа айналған екінші мықтылықты артқа тастап, егемен

Page 80: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

80

ел ретінде қадам басты. Мыңжылдықтар шегінде ата-бабаның ғасырлар бойы аңсап, армандаған тəуелсіздігіне қолымыз жетті.

Əр қазақтың ата-тегінің ақ бесігі, əр қазақтың табанын тірер, арқасын сүйер асқары, əр қазақтың баба дəстүрі, көне салт-дəстүрі, əр қазақтың есі кетіп, еске алар балалық балғын дəурені болады.

Атамекенге деген ұлы махаббат сол ауылға деген жүрек түкпірінде сыздаған сағыныштан басталса керек. Ұлылықтың негізі ауылдан бастау алады. Əрбір жас ұрпақ өзінің туған жерін сағынышпен еске алады.

Менің көз алдымнан ерке құстары еркін жүзетін көгілдір көлдің көктемгі көрінісі жүріп өтті. Қозы-лағы жамырап, у-шу болған кешкі ауылдың тай-құлынға мініп, көк шалғынға құйғыта шапқан бақытты балалардың дауысы келді құлағыма. Сабада қымыз сапырған келіншектің жылы жымиысы, тəй-тəй басқан жас сəбидің тұсаукесер тойындағы думан дауысы. Оюлы текемет үстінде шəйі жібек көрпеде отырған бəйбішенің жанында тербетілген бесік елестеді.

Осы көрініс, осы тірлік сол кездегі балалар бойына адамгершілік, инабаттылық, мейірімді, сыпайы болу, əдептілікті сіңірген.

Қазір ауылда да, қалада да өсіп жатқан кейінгі ұрпақ мейірім мен адамгершілік қасиеттерге зəру болып отыр. Бұрын ауылда көнекөз қариялар: «Көргендінің баласы, ұяты бар ұл, асылтекті қыз, мəдениетті жігіт», - деген сөздерді жиі айтып отырушы еді. Қазіргі таңда ондай сөздерді естуден қалып барамыз. Жастар арасында үлкендерге əдептілік көрсетудің орнына дөрекі мінездер көрсету басым болып бара жатыр.

Туған елдің туын кірлетпейтін өмір кешу – азаматтық борышымыз емес пе? «Отан – оттан да ыстық» деген халық мақалы жай айтылмаса керек. Расында

да, өз қалаңнан, ауылыңнан ұзап, шалғай кетсең болды, аулақта жатқан тасына дейін ыстық көрінеді ғой, шіркін! Халқымыздың қаһарман ұлдарын ерлікке бастайтын да, ел бүтіндігін сақтауға итермелейтін де – туған жерге деген сағыныш.

Небір асыл да алып батырларымыз анадан шықты, ауылда өсті. Халықтың арман-қиялынан туған ел қорғандары – Алпамыс, Қобыланды, Қамбар сынды батырларымыз, моңғол шапқыншылығы кезінде туған қаласы Отырарды қасық қаны қалғанша ерлікпен қорғаған Қайырхан ел тірегі, ел панасы бола білді емес пе?

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталған халықтың ұлы апаты кезінде ел бірлігін сақтаған Абылай, Əбілқайыр хандардың халқына сіңірген еңбегі, халық басына қайғы орнаған қысылтаяң азаттық жолдағы күресі, жоңғар шапқыншылығын талқандаған қаһармандар – Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбайдың ерлікке толы өмірі өз алдына жыр-дастан болса, кешегі дүние жүзін бір сілкінткен Ұлы Отан соғысының Батырлары Бауыржан Момышұлының, қарапайым қазақ қыздары Əлия мен Мəншүктердің қайталанбас ерліктері, Желтоқсан төңкерісінің құрбандары Қайрат, Ербол, Лəззат сынды аға-əпкелеріміздің батыл істері – біздер үшін, жас ұрпақ үшін үлгі-өнегеге толы.

Көріп отырғанымыздай, туған жердің даңқын көкке өрлеткен батырларымыз аз болмапты. Əрі дана, əрі дара халқымыздың осындай үлгі-өнегесін көріп, естіп өскен ұрпағы ел басына күн туған шақта жер қамын ойлап, қорған бола алатынына сенімім мол.

«Мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын» ақын ағамыз Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» атты өлеңінде адамзаттың асыл бесігі – жұмыр жерді қалай сұйіп, қастерлейтінін айта келе:

Ең бірінші бақытым – халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін... Ал екінші бақытым – тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Page 81: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

81

Құдай деген кім десе Отан дер ем, - дейді. Ал қарт ақын Əбу Сəрсенбаев «Туған жер» өлеңінде ой-сезімін: Уа, Туған жер, топырағыңнан жаралдым, Алабыңнан арманыма нəр алдым. Тұнығыңнан сүзіп іштім сендегі, Алтын ара таңғы жұпар самалдың, - деген жолдар арқылы береді. Отан-Ана біздерге, яғни жастарға үлкен міндет артады. Ол – еліміздің,

жеріміздің болашағы, ертеңі. Мұқағали ақын «Барлығы да сендердікі» атты өлеңінде:

Сендердікі өмір, қоғам, заман да, Сəн түзеген қалаң менен далаң да. Болашақ та, барлығы да сендердікі, Жас ұрпақ, сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар дейді. Бұл ақынның ел тірегі – жастарға сенімі, үміт артқаны, ендеше, үмітіңді ақтар

жас ұланыңбыз. Жерімізді гүлге бөлеп, көгертер, Өлкемізді көркейтіп жасартар. Тайсалмай, талай сынды басынан өткерер өзіңді, Мақтан етер перзентіңбіз, Алтын бесік – туған жер! – демекпін. Тезірек өсіп, ер жетіп, Қазақстанымның өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қоссам

деймін. «Білегі мықты бірді жығар, білімі мықты мыңды жығар» дегендей, мектеп

қабырғасындағы үлесім – жақсы оқуым деп білемін. Қай кезде болса да, білімді ұрпақ – ел тірегі. Қиялына қанат біткен, ойы ұшқыр білімді жастар болатынымызға сенімдімін.

Адам елінен, жерінен тыс өмір сүре алмайды. Менің жас жүрегім елім деп, жерім деп мəңгі соғады. Сенім үшін, туған жерім үшін, халқым үшін қызмет етемін. Сонда ғана Елбасымыздың: «Қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызда», - деген аталық сөзін ақтай аламыз.

Мен шығармамды мына өлең жолдарымен аяқтаймын: Қашан да қарыздармын, елім, саған, Анамсың алыс жүрсем, көп аңсаған. Жүректің арнап ыстық махаббатын, Алтын бесік – туған жерім, берерім көп саған.

ҚАҚПАҚ АУЫЛЫМ – ҚҰТТЫ МЕКЕНІМ

Айна Қонысбекқызы ЗВАЙ, Мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы,

Қазығұрт елді мекені, Қазығұрт ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Мұқағали ағаның: «Армысың, ардақ мекен, асыл мекен! Айырықша топырағың, тасың бөтен. Бабалар уақыт іздеп, кезуші еді, Білмепті, бақыттары қасында екен», - деп толғана жырлауында үлкен мəн бар. Бұлай дейтін себебім, оңтүстік мекені талай тарихи жайлардың ордасы

болғанымен, əлі де болса, ондағы көптеген жерлердің байқалмай, бағаланбай жүргені баршамызға мəлім. Осындай жерлердің бірі – есімінің өзі тарих айғағы болған құтты мекенім Қақпақ ауылы.

Page 82: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

82

Ауылымыздың азаматы Жұмын Шарақымбайұлының: «Тянь-Шань тауларының сілемдерінде мағынасы биіктік пен асқақтықты білдіретін «Заңғар» деп аталатын тау бар. Осы Заңғардың етегінде Қақпақ дейтін ел орналасқан. Нақ осы жер тау қойнауына енетін жолдар мен даланы таудан бөліп тұратын қақпақ секілді.

Сонау бір кездердегі түркі əлеміне байланысты Қытай мен араб-парсы авторларының жазбаларында көрсетілген «Темір қақпаның» бірі – осы. Бұл маңның табиғаты да тамаша, суы мөлдір, шөбі шалғынды, тау самалы көңілді қытықтап, гүлдерінің иісі мұрынды жарады» [1], - деп тебіріне жазғанындай, ауылым – сан қилы тарихтың куəсі болған, əр адамы бір кітапқа толық арқау боларлық шежірелі мекен.

«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды», - дей отырып, өз ауылымның кешегісіне, бүгінгісі мен болашағына аз да болса, көз жүгіртіп, ой толғауды туған еліме деген перзенттік борышым деп санадым.

«Тауға шықсаң, қойшыдан, Қой сұрама, ой сұра. Бір тас – бір-бір хикая, Таусыла ма, ол сірə?!» - деп Мұзафар Əлімбаев айтқандай, ең алдымен,

«Қақпақ» атауының қайдан шыққаны туралы ой толғасам, бұл аңыз жайлы ел аузында екі түрлі нұсқа қалған. Біріншісі: «Ауылымыздағы «Базарбай бұлақ» деген жердің тұсындағы бір тас ерте заманнан бері «Қақпақ тас» деп аталады екен. Сол тасқа байланысты еліміз «Қақпақ елі» деп аталған», -дейді көнекөз қарияларымыздың бірқатары.

Енді біреулері ол есімнің шығуына мына аңыз себеп болған дейді: «Бұдан III ғасыр бұрын, яғни, 1723 жылы көктемде жоңғар қалмақтары бұрыннан жауласып жүрген қазақ еліне қапылыста соғыс ашып, тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен белгілі болған қырғынға ұшыратады.

Сол жоңғар қалмақтарының қолы Қақпақ ауылына жақындағанда, елдің үлкен-кішісі бірігіп, жауға тойтарыс беру жолдарын ойластырады. Жас, кəрі демей, барлық тас домалатуға шамасы келетін адамдарды Заңғар тауының басына топтап, тас үйгізіп, қарсылық көрсетуге əзірленеді.

Жақсы қаруланған 60-70 азамат қалмақтарға шабуыл жасап, кейіннен олардан қорқып қашқан болып, Заңғар тауының ішіне кіруге əуестендіреді. Қалмақтардың негізгі əскері қуысқа кіріп болды-ау дегенде, ауыл адамдары қақпақша жауып, төбеде үюлі тұрған тастарды бірден домалатып жіберіп, жаудың көп адамын қырғынға ұшыратады. Амалы таусылып, аман қалған қалмақтар төртінші күн дегенде, аттарының басын кері бұрып: «Қақпақтай жауып қойып қырды», - деп түменіне түңіліп барған екен. Сол себепті бұл жер Қақпақ аталып кеткен» [1] деген тарихи аңыз ел аузында қалған.

Аңыз ертегі емес. Оның түбінде шындық жатады. Олай болса, тарихпен ұштасып жатқан бұл аңыздан біз өз айлалы ерліктері арқылы жерін аман сақтап қалған жəне ауылына «Қақпақ» деп есім қойғызған ержүрек ата-бабаларымыздың рухына бас иеміз.

Қақпақ халқы өз ұлдарын ынтымақтастыққа, адамгершілікке, бірлікке тəрбиелеу мақсатында мешіттерде оқытқан. Осының нəтижесінде ауылымызда тілге шешен, сөздерінен бал тамызған атақты би-шешендер, ақындар жетіліп шыққан. Сөйлегенде, асыл сөздердің маржанын төгілткен атақты би Мəулен атамыз əңгіме айтса, ауыл түгіл шеттен келген қонақтар да таңдай қағысып қалады екен. Ештай Тасекеұлы деген атамыз да арабшаны жетік меңгерген, өте сауатты молда болған екен. Мешіттерде бала оқытып, мұсылманша ілім берген. Соның нəтижесінде ол ел арасында «Ештай молда» атанып кеткен. Ал, өткір тілді ақын Егенберді атамыз келген қонақтармен бір отырыста екі күн жанынан өлең шығарып айтып, өнеріне баршаны тəнті еткен екен.

Page 83: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

83

Осы «Молда Қақпақтан» шыққан зиялы азаматтарымыздың ішінде еңбегінің, білімінің арқасында Ташкент оязы болуға дейін жеткен беделді атамыз – Ермекбай Қарсақбаев. Сол сияқты шешен тілді Əлімсақұлы Əлдей, Бижанов Нұралбай, Төлегенов Керімбай, 14-15 жасында айтыстың бел ортасында өнер көрсетіп, талантымен елге танылған Қалыбай Нəлтайұлы, Сүйіндік Омаров секілді ақындар өз өлеңдері арқылы елді бірлікке, еңбекке үндеп отырған. Сүйіндік Омаровтың өлеңдері «Қазығұрттың жеті ақыны» деп аталатын жинаққа енген. Ауылымыздың əуесқой сазгер ақыны Ералы Қалмырзаев ағаның өзі арамызда жоқ болса да, «Қызылтаңым» деп аталатын əсем əні бізбен бірге.

«Қызылтаңым, биік біткен Заңғарым, Көп қой сенің табиғаттық заңдарың. Жас кезімнен сүйіп өскем өзіңді, Көп сырыңды енді ғана аңғардым», - деп Ералы ақын туған өлкесіне, туған

еліне деген ыстық махаббатын жеткізген. Мақтан тұтар өнерлі жерлесіміздің бірі – ақын, сазгер Ебей Ерменбаев. Ақын

ағаның өз сөзімен жазылған Жеңістің 50 жылдығына орай шығарылған «Əкеме», «Анаға ескерткіш», сол сияқты Қазығұрт ауданының 70 жылдық мерей тойына арналған «Қазығұрт» атты əндері бар. Еліне өнерімен рухани азық берген, халқы мақтан тұтар Ебей ағамыз бүгінгі таңда туған ауылы Қақпақта жасайды.

Өте ертеден сақталып қалған тағы бір аңыз туған жеріме шырай беріп, алыстан мұнартып тұрған Заңғар тау жайында. Қыстыгүні қалың қар жауса да, бұл таудың солтүстік беткейінде қар тез еріп, үнемі қарайып жатқаны. Осыған байланысты «Бұл таудың астында алып айдаһар жатады. Соның демімен жауған қар демде еріп кетеді», - деген халық арасында аңыз бар. Ауылымыздың бетке тұтар азаматы Жұмəлі Шарақымбайұлының «Қақпағым» деп аталатын өлеңіндегі:

«Ертеден ел аузында бір аңыз бар, Айтайын, зейін қойып тыңдаңыздар. Маған шын, сізге өтірік, жұрт біледі, Заңғар таудың басында айдаһар бар. Басында Заңғар таудың айдаһар бар. Шығар аузы жабылған ұясы тар. Буланып, қыста оның айналасы, Құдіретінің демімен ериді қар», - деген жолдар менің айтқандарыма дəлел бола алады [3]. Ал, өзімнің ғылыми тұрғыдан көзқарасым: бұл қар жатпайтын беткейде бір

сырлы құпия бар секілді. Неге ол маңай қыста да мəңгі қарайып тұрады? Бəлкім, оның астында айдаһар болмаса да, айдаһар іспеттес алып қазына жатқан болар?!

Себебі, ауылымызда көне тарихи заттар табылып жатқан жерлер өте көп қой. Мысалы, сол беткейдің жанындағы төбелерді қазып, тексеру жасағанда, адамдар сансыз бұйымдарға тап болған. Олай болса, Заңғар таудың солтүстік беткейінің мəңгі қарайып тұруы тегін емес. Бұл ғылыми көзқарасым бұдан да дəлелдірек болуы үшін атақты археологтар келіп, осы маңдарға зерттеулер жасаса, игі болар еді...

Бүгінгі күнде көптеген ғалымдардың кітаптарына арқау болып, қай жерде орналасқаны нақты шешілмей келе жатқан «Темір Қақпа» жайлы менің көзқарасым мынадай: «Атақты қытай саяхатшысы, тақуа Сюянь-Цзянь біздің дəуіріміздегі 625-649 жылдары Ыстықкөл маңынан бастап, Тоқмақ, Тараз, Сайрам, Ташкент, Оратөбе арқылы өткенде, осы Қазығұрт, Қосмола, Бəйдібек, Шымған тауларымен жүріп отырған» [1], - деген тұжырым бойынша қытай саяхатшысы Сюянь-Цзяннің еңбектерінде жазылған «Темір Қақпа» Ташкент маңына жақын жерде орналасқан екен.

Тағы бір мысал. Қазығұрт өңірінен шыққан дарынды жазушы Қалаубек Тұрсынқұловтың «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» атты кітабында «Темір Қақпа» жайлы

Page 84: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

84

мынадай пікір бар: «Осы кездерге дейін географиялық орны белгісіз болып келген Түркістандық-Кангюйілік «Темір Қақпа» – Қазығұрттың маңында Өгем, Шатқал, Шымған тауларының бірі. Ал, осы қойнаудың қазіргі Қазақстан жағындағы тауды ел атам заманнан бері Қақпақ тауы деп атайды. Ол жөнінде өздерінің талай аңыздары бар. Ел де Қақпақ елі деп аталады» [2].

Осы дəлелдемелерге сүйене отырып, менің айтарым: сол «Темір Қақпа» – біздің ауылымыздың маңы. Себебі, біріншіден, Сюянь-Цзянның нұсқауы бойынша «Темір Қақпа» Ташкент өңіріне жақын жерде орналасқан болса, онда ол біздің өңірлерге тиісті, екіншіден, біздің ауылымыздың аймағы Шатқал, Шымған тауларының арасында орналасқан.

«Бүлкілдейді бұлақтар құт бабында, Табиғатқа тіршілік – ұрттамы да», - деп ақын Жұбан Молдағалиевтің тебірене

жырлағанындай, ауылымыздан сылдырап шыққан кəусар бұлақтардың шипалық маңызы өте зор.

Халықтың ерте кезден өз игіліктеріне жаратып келе жатқан шипалы бұлағы – Көкбұлақ. Көкбұлақ Көктөбеге шығар жолдағы Ноғайбай қыстауының маңында сылдырап ағып жатыр. Бұл бұлақтың көкжөтел ауруын жазатын қасиеті бар.

Соның ішінде «Көктөбе суын» ерекше атап өткім келіп тұр. Себебі бұл бұлақ – бүкіл ауыл, аудан, тіпті облыс көлеміне дерлік танымал шипалы су. Құрамын тексерген кезде, натрий, кальций, магний, бор, фтор, мырыш, кремний қышқылдары бар екені анықталған. Бұл суды тек ауыл халқы ғана емес, шеттен арнайы қонақтар келіп, өздерінің бауыр еті, тері аурулары, ішек, бүйрек, асқазан жəне жүрек ауруларына ем ретінде де пайдаланады.

Қазіргі таңда бұл шипалы бұлақтың суын ел игілігіне жарату үшін ауылымыздың азаматы Тасбалта Керімбаев арнайы ыдыстарға құйып, халыққа таратуда. «Дəрі бұлақ» атты ЖШС-ін ашу жəне оны осындай ізгі жолмен ауыл адамдарын шипалы сумен қамтамасыз етуінің нəтижесінде бұл ағамыз қазірде халықтың алғысына бөленуде.

«Атамекен ауасы – Жан-жүйкенің дауасы», - деп, шығыс даналығында жазылғандай, ендігі ең

маңызды мəселелердің бірі – туып-өскен қасиетті де қадірлі ауылымның экологиялық жағдайы.

Өзім тебірене жазғанымдай, туған өлкемнің табиғат жағдайы, шексіз қасиет пен құдіретке ие құтты мекендері – барлығы өткен күннен біздің күнімізге дейін сақталып келген.

Алайда: «Біз жерді ата-бабалардан мұра қылып алған жоқпыз, біз оны болашақтан қарызға алдық», - деген нақыл сөздің тереңіне үңіліп қарасақ, шындығында да, ауылымыздың табиғатын, біріншіден, өзіміз үшін күтіп ұстасақ, екіншіден, болашақ ұрпақтың тағдыры үшін асырап, абайлауымыз қажет.

Ертеде бір ақылгөй: «Жердің құдіреті оның иесінің адамгершілігіне байланысты», - деген екен. Иə, сол айтпақшы, жердің тағдыры – біздің қолымызда. Туған жерім маған бейне үн қатып тұрғандай. Кəдімгідей құлағыма мынадай дауыс естіледі: «Жас ұрпақ! Білемісің, менің тағдырым сенің қолыңда екенін? Жауапкершілігіңді сезінемісің? Ата-баба аманатын келешекке сол қалпында жеткізе аламын деп ойлайсың ба? Ол үшін сен не істемектесің?»

Міне, мені толғандырып, қолыма қалам алғызған – осы дауыс, осы ызың, осы үн.

Бүгінгі күнге дейін де, бүгінгі күнде де елді ойландырып отырған өзекті мəселенің бірі – ауыз су мəселесі. Осы тұста Ілебай атамның үнемі айтып отыратын мына бір сөзі есімде қалыпты: «Біздің ауылымыз – жаңбыр жауса, бақ, жаңбыр жаумаса, қақ». Шынында да, солай. Сырттан келіп, бір көрген жанға сулы мекендей

Page 85: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

85

көрінетін Қақпақ ауылын сулы да нулы жер деуге болмайды. Ауылымыз су тапшылығын көріп келген, су қадірін біледі.

Ауыл жанынан қазылған «Келес» каналынан ауыл адамдары көп үміт күтіп еді, алайда, оның да жерімізді суландыруы мəз болмады. 1984 жылы канал арқылы жүргізілген жер асты сулары негізінен ауылымыздағы мыңдаған гектар даланы суландыруға негізделген еді.

Міне, содан бері 20 жылдың жүзі болып қалды. Даламызды көгертіп, нуландырып келе жатқан жер асты сулары межелі жерге дейін, əрине, құбырлар арқылы жеткізіледі. Сол құбырлардың қазіргі күнде тозығы жеткен, істен шығуға даяр тұр. Егер осы мəселе тез арада қарастырылып, қолға алынбаса, онда халіміз мүшкіл болады.

Сондықтан менің осы үнім ел басында отырған ағаларымыздың құлағына жетсе... Олар ауылымыздағы жер асты құбырларын жаңартуға септігін тигізсе, иен даланың, ауыл халқының шексіз алғысына қалар еді.

Елбасымыздың «2003-2005 жыл – ауылды түлету жылы» деп атағанындай, жеріміз жанашыры жоқ жетімдей, суға тапшы болып, қаңсырап жатпауы үшін асыл жанды ағаларымыз ауылдардағы осы секілді өзекті мəселеге отырған істердің атқарылуына игі бастамалар жасаса, нұр үстіне нұр болар еді.

Кезінде: «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бəріміз», - деген сөз бекерден-бекер айтылмаған. Себебі, ауыл – тіршілік атаулының алтын қақпасы, барлық өмір, барлық тіршілік ауылдан басталады. Ертеңгі күнімізге жарқын көзқараспен қарау үшін біз туған жеріміздің табиғатын алақанымызға салып, аялап, ондағы мол байлықтардың жойылып кетпеуі үшін күресуіміз қажет. Табиғатты аялау үшін, ең алдымен, оны шексіз сүйе білу керек.

Күндердің күнінде табиғат пен адам арасында берік достық орнайтынына, бар адам табиғатты алақанына салып, аялайтынына мен кəміл сенемін дей отырып, еңбегімді туған жер жайындағы өлеңіммен қорытындылаймын.

ТУҒАН ЖЕР, ӨРЛЕЙ БЕРСІН АТАҚ-ДАҢҚЫҢ!

Жасымнан түлеп ұшқан туған жерім, Құт бесік, алтын діңгек – Қақпақ елім. Тау суың, шалғын шөбің, таза ауаң, Көзге нұр, жанға медеу барлық демің. Шыңың биік, керемет Заңғар тауым, Қақпағым – құт босағам, əз ауылым. Көзіме нұр, көңіліме шуақ берер, Күлімдеп, арайланып атқан таңың. Туған жер! Əрбір тасың аңызға ие, Бойыңа дарығандай құт, əулие. Ғасырлар ізіменен келе жатқан, Суыңа, тау-қырыңа қонған кие. Ауылым талай тарих көзі болған, Азған ол, құлдыраған, қайта толған. Зиялы бабалардың арқасында, Тарихта «Молда Қақпақ» аты қалған. Сылдыраған мөлдір су, таза ауа, Болады бойға қуат, дертке дауа. Табиғатты аялау – міндетіміз, Аяласақ, туған жер – жанға сая. Ой толғаған сен жайлы игі ағалар, Туған өлкем, мың жылдық тарихың бар.

Page 86: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

86

Тізгініңді ендігі жас ұрпағың, Ынтымақпен бірлесіп қолға алар.

Əдебиеттер 1 Шарақымбайұлы Ж. Қақпағым – құт мекенім. – Қазығұрт, 1999. 2 Тұрсынқұлов Қ. Қазығұрт: аңыз бен ақиқат. – Алматы, 1984. 3 Шарақымбайұлы Ж. Қазығұрттың Заңғары. – Алматы, 1992.

СОЗАҚТА МАҢЫЗДЫ ЖƏДІГЕРЛЕР ӨТЕ КӨП

Құрманбай Бердірахманұлы ЕГЕМБЕРДИЕВ, «Шолаққорған» орта мектебінің 9 сынып оқушысы,

Шолаққорған ауылы, Созақ ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Созақтың ең маңызды жəдігері – Созақ қамал қаласының ескі орны. Қазіргі Созақтың бел ортасында жатқан Күлтөбенің маңызы ерекше екенін

оқымыстылар атап айтады. Өрқақпаны зерттеген ғалымның пікірі бойынша Созақ – «Хузақ» орта

ғасырдағы қаланың орны. XV-XVIII ғасырлардағы деректерде Созақтың ірі экономикалық орталық болуымен қатар, ол Орта Азиядан Орталық Қазақстан арқылы Сібірге өтетін керуен жолы екендігі айтылады. Қаланың сырты дуалмен қоршалған. Онда 500-ге жуық үй болған. Қала маңында егіншілікпен айналысқан мекендер орналасқан.

2000 жылы «Хабар» телеарнасынан тағы да Созақтың маңынан «Жошы хан» заманына жататын теңгелер табылғаны жайлы хабарлайды. Осы құнды зат облыстық мұражайда сақтаулы. Оны Созақ ауданының тұрғыны Қатеев Қанат Қарағұр ауылына қыдырып барған кезде табады. Асанов Бақытжан осы мəліметті «Хабар» телеарнасына жіберген.

Көне «Тарсатөбе» қаласын шаман дінін ұстаған сақтар салғанға ұқсайды. Кейбір «Су сақтары» Созақ сөзінің этонимі болғандай да əсер қалдырды.

Созақ 1928 жылы аудан орталығы болды. 1930 жылы көтеріліске байланысты, сондай-ақ, «Торлан» асуы арқылы Түркістан қаласына тікелей байланыс жасау үшін 1934 жылы аудан орталығы Шолаққорғанға көшіріледі.

Бүгінгі «Жуантөбе», «Тасты» елді мекендерінде құрал-саймандар, мүліктер табылуда. Тастар бетінде петроглифтер мен жартастардың бетіне салынған ит, арқар, тау текесі, түйе суреттері сақталған. Өйткені бұлар осы суретті салушылардың дүниетанымын, тұрмыс-салтын, діни сенімін, өнерін шыншылдықпен бейнелеп отыр.

1970 жылы жазда Созақ ауданындағы «Сызған» совхозының жас жұмысшысы Қуандық Тойбаев «Қой бағар» сайының беткейіндегі тастардан таутекелердің, арқарлардың жұмбақ бейнелерін көріп, археологтарға айтып, үш мыңнан аса суреттерді түсіріп алған. Осындай суреттер Шолаққорған ауылының, Калинин атындағы совхозының Абай бөлімшесінің тау жағында «Арпа» өзенінің беткейіндегі жартастардан кездескен.

Бұл жерде біз нағыз ерте заманнан қалған сурет көрмесіне енгендей боламыз. Ертедегі суретші, əсіресе, қос өркешті түйе бейнесін аса ұқыптылықпен салғаны көрініп тұр. Кейінгі кездегі қос өркешті түйелер туралы Қазақстан археологтары екі пікірге келіп жүр. Біреуі ислам діні енуімен қатар десе, ал келесілері қос өркешті түйелер қазақ даласына бұдан үш жарым мың жыл бұрын пайда болған дейді.

Осы Оңтүстік өлкесін басқаруға келген кездейсоқ, ұраншыл бастықтар, олардың көкірегі таяз көмекшілерінің арқасында ұжымдастыру, отырықшы ету, тың игеру кезінде де бульдозердің көмегімен соқаның түрені жүздеген ескерткіштерді жойып жібергеніне куə қарттарымыз əлі бар.

Page 87: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

87

«Қаратау бөктері» деп аталған жазық далада Саудакент, Құмкент, Баба Ата, Созақ, Қарағұр, Ақсүмбе орналасқан. Осы жерлерде Шу өзені ағып жатыр. Шу өзені сол маңдағы халыққа тіршілік көзі еді.

Аңыз бойынша Қорқыт ата Шу өзені бойына келіп, іші ығы-жығы аң мен құсқа толы, суда балық шошып жүргенін көріп: «Атыңды Шу деп дұрыс атамаған екен, əсілі ну екенсің», - деген екен. Тіпті бертінге дейін осы арнадан Созақ, Шаян, Сарысу аудандары мал азығын дайындайды екен.

Теріскей өңірінің басты қаласы болған Созақ шаһарынан 70 шақырымдай жерде орналасқан Шолаққорған шаһарының тарихында да, онда тұратын халықтың ұлттық құрамында да, Созақпен байланысты тағдырларында да ұқсастық көп.

Көптеген тарихи деректерде сауда жолының бойында орналасқан қамал қала орта ғасырлық қалалардың құрамына жатады. Көне қариялардан сұрағанда Шолаққорғанның ескі аты Ұрсоған болыпты. Бұл күндері Күлтөбеде Айлылған қамал-қаласының орнын 1946 жылы Ə.Х. Марғұлан басқарған археологиялық экспедиция зерттеген.

Археологиялық экспедиция зерттеу жұмыстарын жүргізген. Археология зерттеуіне қарағанда, қала 13-15-ғасырларда өмір сүрген. Қазба жұмыстарының салдарынан ғана орны біртіндеп Күлтөбеге айналған.

Жергілікті халықтың айтуынша, Омар хан Созақ қамалының ішінен қоршау жүргізді дейді. Ал оған таяу жерден жаңадан Шолаққорған қамалын салдырады.

Екінші мысал. «Созақ көтерілісі» кезінде оны тыныштандыру үшін коммунистерден құрылған екі отряд ұйымдастырылып, біреуі Ащы сайға соғып, сол жерден қосымша күш жинақтап, Торлан асуы мен Шолаққорған арқылы Созаққа баратын болып белгіленеді.

Торланның қақпасына келгенде біраз қақтығыс болады. Тоқтаусыз жүріп, Шолаққорғанға келіп, оны басып алады. Шолаққорғанды алғандығы жайлы Түркістандағы басшыларға хабар береді.

Осы бір Шолаққорған басына түскен қасірет – сол кездегі қазақтың барлық қала, аудандарына тəн қасірет.

Шолаққорған жерінің алып жатқан көрінісі ұзыншақ келген тік төртбұрыш төбе, ұзындығы үстінен есептегенде батыстан шығысқа қарай 160 м, ал солтүстіктен оңтүстікке 80 м, биіктігі батыс жағы 20 м, шығыс жағы 30 м. Қаланың оңтүстік жəне шығыс жағынан арықтар тартылған. Тұрғындар суармалы егіншілікпен, мал өсірумен, аң аулаумен айналысқан.

Археологиялық зерттеулерге қарағанда 13-15-ғасырларда өмір сүрген. Жаугершілік салдарынан қала орны күлтөбеге айналғанға ұқсайды. Осы күлтөбенің іргесінде көне дəуірден келе жатқан қабірлер бар. Бұл қабірлерді халық Баба Ата, Ысқақ баб əулиенің қыздары Бибі Мариям мен Биби Гауһардікі екен деп күні бүгінге дейін қастерлейді. Ысқақ бабтың 8-ғасырда өмір сүргендігі белгілі.

Егер халық аузындағы жорамал дерек рас болған жағдайда жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл орында халық «Бибі Мариям» мешіті деп атаған көрікті мешіт де болған. Мешітті шамасы 1932-1936 жылдары бұзып, кірпіштерін құрылыс қажеттеріне пайдаланған. Ал бұзуға қатысқан адамдардың ес-ақылдары ауысып, мүгедек болып қалған екен. Осы өлкенің азаматтарының қамқорлығымен «Бибі Мариям» мешіті қайта қалпына келтірілді.

Ақын Нұралы Нысанбайұлы жырлаған «Сауда ишан» дастанында былай делінеді:

Ерте-ертеде Шолақ деген қала болған екен. Сол қалада Мақалбай деген саудагер ғұмыр кешіпті. Мақалбайдың Гүлжанат есімді қызы мен Болат есімді ұлы базаршылап, Үрімшіге жол жүрмек болады. Жолға аттанарда соңындағы ұлы мен қызына қарайлап жүрсін деп өз піріне тапсырып кетеді.

Page 88: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

88

Əкесі кетісімен көңіліне арамдық ұялаған пері Жанат қызға көз салады. Қолына су құйып жатқан қыздың саусақтарын ұстай алады, шошып кеткен қыз пірін құманмен бір ұрады.

Айтқанын істемеген қызға іштей өштескен пірі Мақалбай Үрімшіден келгенде қызын жамандайды:

Сіз кеткен соң қызыңыз, Қой десем де қоймады. Топыр қылып сарайды, Əркіммен ойнады. Ақыл айтқан піріңді Құманмен бір ұрды. Басын жарып қойғалы, Содан да жаным жаралы. Əкесі ашуланып, қызының ісінің ақ-қарасына қарамастан жазалап, көз көрмес,

құлақ естімес айдалаға апарып өлтіріп таста деп піріне бұйырады. Əкесі баланы да тыңдамайды. Пірдің соңынан Болат та жөнеледі, иті де қоса

ереді. Жолда Болат жалынып: «Жанатты өлтіре көрме, одан да итті өлтір де, көйлегін қандап, маған бер», – дейді.

Арада жылдар өтіп, Жанат тұрмыс құрады. Бөтен жерде елін сағынып, зарлы өлең айтқан екен.

Қаратауым Мыңжылқым, маған мекен, Шолаққорған, қорғаным аман бе екен? Бір көруге зар болып жүрмін мен де, Топырағыңды баса алмай өтер ме екем? «Шолаққорған» қорғаны осы екен. Келе-келе ел өсіп, көбейген кезде бұлақ

суларына талас бола бастайды. Ауыл ақсақалдары ақылдасып, ел арасында жанжал болдырмас үшін бұлақ суларын ата-атаға бөліп береді. Мəселен, Созақ жағындағы бұлақты «Жар бұлақ» деп атап, одан кейінгісін «Балта бұлақ» атайды. Үшінші бұлақ – «Орта бұлақ».

Осы үш бұлақты руларға бөліп береді. Ал таудан келетін суды шаһардың барлық тұрғындары ортақ пайдаланып, тау мен ауылдың аралығындағы боз далаға бидай, тары, арпа егетін болған.

Қамал қорғанның қалдығы 1970 жылға дейін сақталып келген. Осы жылы ескі қамалдың орны тегістеліп, демалыс бағын салдырған. Көне көз қариялардың айтуына қарағанда, қамал қорғанның төрт қақпасы болған. Қорғанның айналасы батпақты су болып, жыңғыл, шеңгел, қамысты тоғаймен қоршалып, табиғи бекініс жасалған. Қорғанның қалыңдығы 3-4 метрге, ал биіктігі батысында 15-20 метр, солтүстік шығысында 20-30 метрге жеткен. Қорғанның шығыс жағындағы мешіт күмбезі Қаратаудан шыққанда жарқырап көрінетін болған. Биік қорғанның үстіңгі жағы тіс-тіс кертік болған.

Оңтүстік Қазақстан облысының тарихын зерттеген ғалым Р. Бекназаров Шолаққорған қамалы туралы: «Əбден нығайтылған Омар хан қазақ халқын əбден тізгіндеу үшін ескі қамалды жөндеп, түзетіп, жаңаларын сала бастайды. Соның бірі – Шолаққорған. Қаратау жотасының солтүстік батысында орналасқан Шолаққорған қамалы, сондағы көшіп-қонып жүрген Қоңырат, Бестамғалы руының қазақтары Қоқанға бағынуда Омар ханға үлкен қызмет етеді», - дейді.

Бір кездері жасыл желекті алқап болған. Енді ол жерлер жаугершілік салдарынан Күлтөбеге айналды. Археологтар томпайып жатқан төбешікке кездескенде сол жерде бір кезде қайнаған өмірдің, тіршіліктің болғанын жақсы біледі. Бүгінгі күні жер бетінде із қалған ертедегі қалалардың, елді мекендердің қай жер екенін анықтау, оның аттары бізге ежелгі жазба əдебиеттері арқылы жеткен

Page 89: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

89

қалаларымен салыстыру, сəйкестендіру бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан соншама талас та тудырады.

Жергілікті халық осы Күлтөбені «Өрқақпа» деп атап кеткен. Мүжіліп, шөккен жоғарғы қабаттағы құрылыс арқылы Өрқақпаның бірнеше қабаттардан тұратыны байқалады. Құрылыс қабырғалары топыраққа айнала бастаған. Жыл өткен сайын өзгеріске ұшырап отырған. Төбеге айналған үйінділердің арасынан табылған заттардан əлеуметтік жағдайы орташа тұрғындардың, дүкеншілердің, қолөнершілердің, диқан, малшы-бақташылардың тұрмыс-тіршіліктері байқалады.

Өрқақпаның шығыс, батыс бөліктерінен қыш бұйымдар өндірісінің іздері, пештердің күйген орындары, темірдің қалдықтары, жарамсыз болып қалған заттардың қалдығы табылды. Біз үстіңгі қабаттарын немесе құлама жерлеріне ғана қазба жұмыстарын жүргізе алдық. Сынған ыдыстар көптеп табылды. Үстіңгі қабаты жер бетіне жақын болғандықтан адамның, малдың аяқ іздері таптап тастағандықтан мықты жасалмаған қыш ыдыстар, тағы басқа бұйымдар сынған. Егер астыңғы немесе терең қабаттары қазылған болса бүтін жəдігерлер көптеп табылар еді.

Қалашық жер бедері ортағасырлық дамыған қалалардың белгілерін көрсетеді. Осы арада ішкі қамал, шахристан, рабаттың болғаны байқалады. Қазір бұл жерлерге қалаға кіретін басты көшелер орналасқан. Құран жазбаларының табылғанына қарағанда бір кездері бұл жерлерде мешіт, медресе болғаны байқалады. Бұл кезеңде тұрғындар толық ислам дінін қабылдаған.

Тұрғылықты халық қақпадан кіріп-шығып тұрса керек. Кейбір деректерде қалашықтың төрт қақпасы болған делінеді. Осы қақпалар бейбіт күндері емін-еркін ашылып, жау келгенде жабылып отырған. Өрқақпа биікке салынған. Айналасынан барлығы анық көрініп тұрады. Ауасы өте таза, еңсені көтеріп, миға шаттық сыйлайды, күш-қуат береді.

Шолаққорған маңына жақсылап археологиялық қазба жұмыстарын жүргізсе, Өрқақпаның нақты өмірін көз алдымызға келтіруге болар еді. Əзірге бізге белгілі де белгісіз болып тұрған Өр келбетті Өрқақпа талай тылсымды өз бойына бүгіп жатыр.

Шолаққорған туралы көне көз қариялардың айтуы бойынша халық ауыл шаруашылығымен айналысқан жəне басқа да кəсіптермен айналысқан. Олар қыштан күйдіріліп жасалған қазандарды, астық сақтауға арналған хумдарды, құмыраларды балшықтан илеп, қолдан жасаған.

Əрине, бұл ыдыстар дөрекілеу болып шыққан. Уақыт өте келе елді мекеннің халық саны өсе түсті. Қолөнер дамып отырды. Құмырашылар шетелдерден əкелінген ыдыстарға қарап шыңылтыр жүргізген тамаша құмыра жасауды да үйренген болар. Кез-келген адам сəнді бояулармен əшекейленген ыдыстарды сатып ала алмайтын, тек қонақ күткен кезінде ғана жарқыраған кеселерге шай құйып беру үшін бай адамдар ғана қолданатын.

Көркем керамиканың екінші бір тобын кашин (саз балшықтың ерекше түрі) бұйымдар құрайды. Өрқақпаның кейбір жерлерінен осындай кашиннен жасалған ыдыс сынықтары табылды. Кеуекті ақ, сұр, сары немесе қызғылт кашинен жасалған мұндай ыдыстар түссіз шыңылтырлармен жақсы үйлескен. Өрқақпаның кейбір құлама жерлерін қазған кезде сұр түсті балшықтан жасалған əр түрлі өрнектерге бай бұйымдардың сынықтары ХIV-XV ғасырларда табылған Сарайшық қаласындағы ыдыстарға өте ұқсас, өрнектері де келіңкірейді.

Өрқақпадан табылған ыдыс сынықтарының кейбір бөлігін керамика құрайды. Шыңылтырланбаған жəне шыңылтыр жалатылған ыдыстар сынықтары, тұрмыстық жəне шаруашылық бұйымдары Сарайшық пен Еділ бойы қалаларынан табылған керамикасына ұқсас. Өрқақпадан тек ыдыстар ғана емес, мал сүйектері де көптеп табылды. Күйе-күйе кірпіш сынықтарынан үйлердің мұржасына немесе үй жылытатын ошақтарға арналып жасалғаны білініп тұр. Бұл қираған үйлердің

Page 90: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

90

үйінділері топыраққа айналып, үстінен шөптер өсіп, тіпті үстіне қазіргі заманғы үйлер де салынып кеткен.

Қазба жұмысы кезінде сол кездегі тұрғындардың қыштан жасалған ыдыс-аяқтарының сынған қалдықтары табылды. Өте ертеде жасалған ыдыстар қыштардан жасалған. Əр түрлі бояу түстерін пайдаланып, өрнектер салынған.

Тағы бір қымбат дүние – Құран қалдығы. Құран жақсы сақталмағандықтан парақтары тозып, жыртылған. Кейбір парақтарының отқа күйгендігі байқалады. Орта ғасырлық құмырашылар ерекше талғаммен, үлкен шеберлікпен ыдыстар жасаған. Жасаған бұйымдары əр түрлі пішінді болып келеді. Ыдыстар Шолаққорған шеберлерінің ғана қолынан шықпаған, көрші қалалардың да шебер құмырашыларының жасаған бұйымдарын пайдаланып отырған.

XIII-XV ғасырларда өмір сүрген Шолаққорған үйлері де көрші елді мекендердің үйлеріне ұқсас салынған. Үйлер балшықтан немесе шикі кірпіштен салынған. Балшықтан өрілген дуалдармен қоршалған. Жаугершілік салдарынан қираған.

Созақ ауданының белгілі ақыны С. Байділдаев ағаның «Көріп тұрып қиналдым» атты өлеңдер шумағы еске түседі.

Көне жұртты қия алмастан қарадым, Осы жерде талпынған соң талабым. Көп белгіден біреуі де көрінбей, Жасқа толып, дымқылданды жанарым. Көлеңкесі көп ұқсайтын шатырға, Айналыпты орманды өлке тақырға. Балалықтың бал қызығы өткен жер, Барлық мұңын ішке бүгіп жатыр ма?!

Əдебиеттер 1 Байпақов К. Қазақстанның ежелгі қалалары, 290-291 бб. 2 Байділдаев С. Көріп тұрып қиналдым. Өлеңдер жинағы, 20 б. 3 Боранбаев Ж. Шолаққорған. Өлеңдер жинағы, 30 б. 4 Жолдасбеков М. Асыл арналар. – Алматы: Жазушы, 90-91 бб. 5 Жолдасов С. Шежірелі Оңтүстік. Көне заманнан бүгінге дейін, 122-125 бб. 6 Қырғызбаев Ө. Созақ көтерілісі, 7-8 бб. 7 Қырғызбаев Ө. Асқар ұшқан ұя, 70-71 бб. 8 Марғұлан А.Х. Из истории городов и строительного искусства древнего

Казахстана. – Алма-Ата, 1951. – С. 714. 9 Молшылық үшін. – 2006. 10 Тəбірізұлы С. Созақ өңірі, 116-119 бб.

КІНДІК ҚАНЫМ ТАМҒАН ЖЕРІМ – ШƏУІЛДІР

Ақерке СЕРІКҚЫЗЫ, Жамбыл атындағы орта мектептің 9 «А» сынып оқушысы,

Шəуілдір ауылы, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жетекшісі: Гүлнар Төлебайқызы АБЫЗБЕК, Жамбыл атындағы орта мектептің қазақ тілі жəне əдебиеті пəнінің мұғалімі,

Шəуілдір ауылы, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Бұл не еткен жер, не еткен жер?! Жеті жұрт келіп кеткен жер! Еліміздің қай жерін, қай тұсын, қандай өлкесін алсақ та, көрген жанның көңілін

марқайтып, көзін жадырататын көркем табиғатымен ерекшеленген жерлер.

Page 91: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

91

Туған жерді ауызға алғанда ең алғаш ойыңа түтіні ыстық туған ауылың елестемей ме? Иə, расында да солай менің кіндік қаным тамған ауылым – Шəуілдір ауылы.

Менің туған өлкемде асқар-асқар таулар жоқ, бірақ ұшы қырына көз жетпейтін кең жазира далам мен осы өңірде ғана тұратын «Арыстанды – Қарабастың желі» деп аталатын желін ешнəрсеге айырбастамас едім.

Бұл жердің өзі мыңнан бір дертке дауа. Көгілдір аспанға қарап отырып, туған жеріңнің барша сұлулығына

тамсанғандай боласың. Таңғы жұпарымен тыныстап, «Таң атты!» - деп шақырған əтештің үнін, ойнақтаған тай-құлын мен маңыраған қозы-лақты, шырылдаған шегірткенің үнін естігенде, гүлдерге əсемдік сыйлап тұрған таңғы шықты көргенде одан артық жер бетінде əсемдік əлемі жоқ сияқты.

Туған жер кімге болса да қымбат. Оның тарихын білу – ізгі ниетті адамдарын еске алу, күлшесі мен үзбенінің дəмін құрметтеу, жусанының иісін сезіну мен үшін тым ыстық.

Туған жер! Осы бір-ақ ауыз сөзге жүрегіндегі барлық сыр мен мұң, қуаныш пен қайғы бір сəтте сыйып кетердей. Кіндік қаным тамған жерден артық қастерлі де қасиетті жерді, əлемді шыр айналып табуың мүмкін емес! Өйткені туған жерің – балалық бал дəуренің, жастықтың куəсі, ағайын-туманың ордасы, балалық шақтағы тəтті арман мен қиялдың отаны!

Туған жерде сен үшін жанын шүберекке түйіп, жүрегінің жылуымен жұбатқан ата-анаң, қуанышың мен қайғыңа əрдайым ортақтасқан өз ортаң бар. Бұл жерде сен шыр етіп дүние есігін ашқан сəтте қуанған елің мен жұртың, азамат болып қалыптасқан кезде мақтаныш еткен жұрағатың, жақсылығыңды асыра, жамандығынды жасыра төбесіне көтерер жүрегі кең жерлестеріңіз бар!

Ауыл десек, ағаш уықты, киіз туырлықты, қазақ баласы үшін қашаннан ақ көңіліне медет, көзіне ыстық бір керемет қасиетті өлке елестейді. Оның аты ауызға алынғанда елең етпес қыр ұланы жоқ. Өйткені ауыл иісі қазақтың ақыл ойы мен абыройының алтын бесігі. Халқымыздың тұрмыс-салты, əдет- ғұрпының, рухани тірлігінің бастау көзі де сонда жатыр. Аттадан балаға мирас болып, ғасырлар сынынан сүрінбей өткен оның бай мəдениеті мен игі дəстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан да сол.

Демек, ұлттың түп-тамыры, сол ауылдан таралып, жандүниесі содан нəр алып жатқанын есімізден бір сəт те шығармауымыз абзал.

Əркімге өз ауылының, иісін бойға сіңірген өз жері, өз жұрты ыстық. Бірінің табиғаты жайсыз суық, не ыссы болса да ол ең ыстық, ең қымбат, ең əсем туған жер. Яғни, менің сүйікті ауылым, алтын бесігім – Отырар.

Туған тарих шежіре, алты ай бойы, Шыңғысханның əскеріне дес бермеген Отырар!

Ұлы Жібек Жолы бауырынан өтіп, əлемнің назарын өзіне аударған Отырар! Киелі топырағынан ұлы дарындар шыққан Отырар! Туған жерімді күллі мұсылман, күллі түркі елінің бір көруге аңсары ауып,

сонау алыс жəне жақын шет елдерден ат арылтып, шаршап-шалдығып, тіпті зиярат етуге жаяу-жалпылап, тілегін жылап-еңіреп, басын сəждеге тигізе сұрай келетін қасиетті, тарихи Отырар елі.

Мен өскен туған жер таңғажайыптың бір бөлшегі. Елімнің негізгі тұрғындары қазақтар. Туған жерімде 56000 мың халық өмір сүріп жатыр. Аудан жерінен атақты Сырдария, Арыс, Бөген өзендері ағып өтеді. Сондай-ақ, Сарыкөл, Көккөл, Балтакөл жəне Шошқакөл сияқты ірілі-ұсақты көлдер бар. Отырардың топырағы сортаң болып келеді. Отырарда көптеген төбелер бар. Пышақшы, Құйрық, Отырар, Алтын төбе. Отырардың əр қадамы қасиетке толы.

Page 92: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

92

Ауылым десем алдымен ауыр да азапты, жауапты да, ұжданды қасиетті де киелі тарих жүгі ауызға ілігеді. Алты ай бойы Шыңғысханның аждаһадай аузын ашқан əскерлерімен арпалысып, алты-ақ күнде жер мен жексен болған киелі топырағым, сенің бұл күйіңді сен емес, мен көрсемші сол кезде!

Ұлы Жібек Жолы бауырынан өтіп, əлемнің гүлзары болған зəулім қала еді... Киелі топырағынан киелі адамдар, ұлы ғалымдар шыққан алтын бесігім.

Иə, Отырар – əулиелер мен ғұламалар елі. Бұл жер – баптардың бабы Арыстанбаб əулиенің жамбасы жерге тиген жер.

Халықта «Арыстанбабта түне, Қожа Ахмет Яссауиден тіле» деген сөз бар. Бұл топырақта Арыстанбабтан өзге он баб дүниеге келген. Ауданның əрбір тасында, төбешігінде қазақ деген қасиетті халықтың шым-шытырық тарихы, салт-дəстүрі, əдет-ғұрпы жатыр. Ізгіліктің мекені ұл мен қызды қажырлы еңбекқор иманды етіп тəрбиелеген ата мен ананың қазақтың ұлттық құндылығын көзінің қарашығындай сақтаған. Отырар халқының мақтан етер қазынасы аз емес. Қасиетті туған жерімнің халқына да өзгеше бір қасиет қонғандай.

Арыстанбаб жəне оның шəкірттері адамдардың рухани жетілуіне, кемелденуіне жол сілтеді. Əділдік пен имандылық нұрын септі.

Арыстанбаб əулие, бабаларым, Хас батыр, айбынды ер ағаларым. Ғалым, сазгер əл-Фараби. Менің жерлестерімнің бағына бақытына бұйырған Əбу Нəсір əл-Фарабидің

Отаны – Отырар даласы болғандығы да көп нəрсені білдіреді. Теңдесі жоқ терең ойшыл ғұлама ғалым сан салалы энциклопедиялық мол ілім білімнің иегері, əлемде «Екінші Аристотель» атанған жерлесіміз əл-Фараби бабамыздың есімі орынды мақтан етеді.

Аудан орталығындағы сəулетті мəдениет сарайы, ауыл, көше мектеп жəне мұражай Ұлы ғұлама есімімен аталады. Отырар музейінің алдында Ұлы ұстаздың ескерткіші қойылған.

Кейбір ғалымдардың айтуына қарағанда, Əбу Насыр əл-Фараби 949 жылы Мысырға сапарлап барғаннан кейін Дамаскіге келіп, осы жерде 950 жылы қыркүйек айында дүние салады. Сонау Мысыр елінен қасиетті əл-Фараби бабамыздың рухы мен бір уыс киелі топырағы оралған күнге дейін ауданымызда көптеген жан жадыратырлықтай жұмыстар жүзеге асырылды. Қасиетті қастерлі киелі өлкемізге Ұлы баба рухы араға мыңдаған жылдар салып, ортамызға қайта оралып отыр. Əбу Насыр əл-Фарабидің отырарлық перзент екендігіне ешкімнің де дауы мен таласы жоқ. Олай болса, біздер, отырарлықтар қашан да əл-Фарабимен мақтануымыз керек.

Бізден бұрынғы сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен тері тамған киелі мекенім – Отырар. Отырар жерін кімдер басып, кімдер өтпеген?! Оған туған жердің əр түп жусаны мен көдесі, сары алтындай сусылдаған құмы куə. Осы мекенді көргендер, онда өмір сүргендер əні мен күйінің жыры мен дастанының шабыттысын мөлдірін, сұлуын осы өңірдің құсына, табиғатына, рухты адамына арнаған. Болашақ ұрпаққа өсиет сөздерін қалдырған.

«Əуелі қолдан келсе, еліңді сүй, Ел үшін еңбек еткен еріңді сүй», - дегендей, елі үшін еңбек етіп, тер төккен

азаматтарымыз да көп. Туған жерін сүймеген, жырламаған ақын жоқ, сірə. Кімге де болса кіндік қаны

тамған жері ыстық қой. Тек өз сезімін, əркім əртүрлі жеткізуі мүмкін, суретшінің тілі – бояу, əуеншінің – тілі əуен болса, ақын-жазушылардың тілі – сөз.

Сол ақындардың нар тұлғасы Тəушен апамның «Отырар» өлеңінде: Фараби – мақтанышы дəуірімнің, Отырар – ортамыздың сəні бүгін. Отанымның ордасы – Отырарым,

Page 93: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

93

Қуаттанып шалқыған Шəуілдірім. Ордабасы жолы жатыр Жібегіңіз, Қуанышқа бөленген жүрегіміз, Əл-Фараби бабамның ұрпағымыз, Туған жерім Отырар түлегіміз, - деп жырлаған. Отырар – Ұлылар мекені. Отырар өңірінен шыққан жазушылар өте көп. Отырар

өңірінен бір академик, сегіз ғылым докторы, алпыстан астам ғылым кандитаты, жиырма екі ақын-жазушы шығып отыр.

Отырарлықтар өздерінің ғалым, жазушы жерлестерін ерекше мерей тұтады. Қос Мұхтардай əлем танып, мойындаған алыптардың, «Вальс королі» атанған сазгер Шəмші ағаның, елді аузына қаратқан «от ауызды, орақ тілді» Тəушен мен Əселхан, Молда Мұса ақын, Майлықожа ақын мен Айтбай ақын, Өзбекəлі Жəнібеков, Мұхтар Əлиев, Өмірзақ Айтбайұлы, Мұхтар Шаханов, Көпен Əмірбеков, Құлбек Ергөбек, Қуаныш Айтаханов, Əбіш Байтанаев, Серік Əлиев, Бекарыс Шойбеков сияқты апа-ағаларым туып-өскен қасиетті мекен.

Менің сүйікті ауылым əлі өзін-өзі тани алмайтын қазаққа үлгі бола алады деп ойлаймын. Мұнда ұлт рухы жоғары дəрежеде екеніне сенімдімін. «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бəріміз» деген ұран бойынша жұмыс жасасақ, алға басқан қадамымызға гүл бітері анық. Соңғы жылдары ауылымның қаңырап қалған орындары іске қосылып, аяғымызды нық басып келеміз, ескі орындар жаңарып, қайта түлеп ауыл көркі ажарланып келеді.

Келешек көкжиегін елестете отырып, ауылымның гүлге оранған айналасы жасыл желек жамылған ауасы, мөлдір жұпар аңқыған кең өрісінде, төрт түлік малы маңыраған көшелері түзу де сəнді, зəулім сұлу сарайлар бой көтерген қала тектес болатынына сенемін.

Қазақстанның бəсекеге қабілетті елу елдің қатарында болуы үшін еліміздің жан-жақты дамуында, соның ішінде туған жеріміз бен елімізді сүюден бастау алады. Мен қазақ атты елді, соның ішінде қасиетті Отырар жерінде дүниге келгенімді мақтан етемін. Ендігі жерде мен де өз елімнің төскейінде шешек атқан бір гүлі бола алсам деп армандаймын.

Өз туған жерімізді, қастерлеп, қадірлеп өтейік, достар. Фарабидей дана туған Отырарым, Атыңды мақтан етіп отырамын, Мұхтар, Шəмші ағалар өскен жер ғой, Қатарың Бекарыспен толтырамын. Қуанамын ісіңе ақын ағам, Шығардың ауылыңның атын бүгін. Жүретін тілектес боп мына өзіңе, Тілеймін барша жұрттың татулығын!

АЛТЫН БЕСІК ТУҒАН ЖЕРІМ – КИЕЛІ ҚАЗЫҒҰРТЫМ

Əсел ҚАРАХОДЖАЕВА,

Мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының 9 «А» сынып оқушысы, Қазығұрт елді мекені, Қазығұрт ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Алтын бесік туған жерім – киелі Қазығұртым... Қазақстан Республикасының Президенті өз жолдауында: «Ұлттық бəсекелестік

қабілеті бірінші кезекте өзінің білімділік деңгейімен белгіленеді», - деген болатын. Яғни еліміздің болашағы біздің, жастардың, білім деңгейімен өлшенетіні анық.

Иə, кешегісіз бүгін, бүгінгісіз ертеңнің жоқ екені баршаға аян. Сондықтан да алтын бесік – туған жерім киелі Қазығұртымның өткеніне бір үңіліп көрейін...

Page 94: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

94

Қаратас ауданы 1928 жылы көктемде құрылып, орталығы Тұрбат ауылы болды. Бұл ауыл негізгі жол қатынасынан шеткері, басқа жақтармен хабарласуы, барып-келуі қиын болғанын ескеріп, сол жылы күзде аудан орталығы Шарапхана ауылына көшірілді.

1928-1930 жылдары байлардың мал-мүлкін тəркілеу жүргізілгенге дейін ірі байлар (көпшілігі орыстар еді) Алексеевка деп аталатын орыс селосында тұрған. Ол село қазіргі аудан орталығы Қазығұрт ауылы еді. Осы ауылдағы байлар тегіс тəркіленіп, үй-жайлары бос қалғандықтан, осы жерге Шарапханадан аудан орталығы көшірілді.

1931 жылы 22 мамыр күні Алексеевка Ленин селосы атанып, аудан орталығы болды.

Осы уақытқа дейін аудан аты үш рет өзгертілді. 1928-1963 жылдарда – Қаратас, 1963-1993 жылар аралығында 30 жыл Ленин ауданы деп аталып келді.

1993 жылдан бері негізгі қонысымыз Қазығұрт тауы құрметіне Қазығұрт ауданы деп аталады [1].

Ауданда 13 ауыл округі, 61 елді мекен, 72 мектеп бар. Арыс ауданымен Шанақ ауыл округі, Төлеби ауданымен Жаңабазар, Көкібел, Жігерген, ал Өзбекстанмен Қақпақ ауыл округі шектеседі [2].

Халқымыз: «Аталар сөзі – ақылдың көзі», - дейді. Иə, елге, жерге иелік етіп, өзара қарым-қатынасты реттеуде, ұрпақты тəрбиелеуде қазақтың қарттары ықылым заманнан бері шешуші рөл атқарған. Қазір де өзара тату жүріп, елдің ынтымақ-бірлігіне басшылық ететінін жұртшылық жақсы біледі. Əсіресе, біздің аудан ақсақалдарының ауызбірлігіне, айналып, үйіріліп, қамқорлық пен жанашырлықтың үлгісін көрсетіп, баппен сөйлеп, байыпты ой айтқаны үшін де сырттағылар сүйсіне сыйлайды.

Қызмет бабымен бір-бірінен қашық жүрсе де, хабарласып, ауданның абыройын асырып, асқақтатар Егемқұл Тасанбаев, Əділ Сасбұқаев ағалардың кішіпейілдігі мен бір-біріне құрметі –көпшілікке өнеге. Сол кісілердің ізін басқан Əтіш Өмірəлиев, Иса Телікбайұлы, Абдан Төлепов, Əбжаппар Зайров, Уəлихан Сүлейменов, Қилыбай Медеубеков, Тіллəбай Мақұлбаев, Егемберді Рахымжанов жəне басқа көптеген ардагерлер əлі де қоғам өмірінен сырт қалмай келеді.

Биыл ауданымыздың құрылғанына 80 жыл толды. Ауданымыздың халқы патшалық Ресейдің, кеңес өкіметі орнауының, алғашқы ұжымдастыру кезеңінің, ашаршылық жылдарының, қуғын-сүргіннің, неміс басқыншыларымен соғыстың, халық шаруашылығын қалпына келтірудің қиын шақтарын бастан өткізді.

Құдайға шүкір, еліміздің бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тəуелсіздікке қолы жетіп, егемен мемлекет болғанына да 17 жылдың жүзі болды. Қазір ауданымыздағы 13 ауыл округіндегі 61 елді мекенінде 100049 халық тұрады.

Еліміздің кешегісіне көз тастасақ, киелі Қазығұрт өңірінен шыққан атақты кісілер жетерлік болған. Атап айтқанда, Елшібек, Ақпан, Кейкіман, Аралбай, Айқынбай-Жетібай, Есіркеп батырлар мен Жақсығұл мерген, Еңке төрелер жауына есе жібермей, туған жерін қорғаған. Туған жерін, халқын, Отанын сүйетін батырлар ұрпағы кейін де жалғасын тауып келеді.

Ұлы Отан соғысында Сабыр Рақымов, Қарақозы Əбдəлиев Кеңес Одағының Батырлары атанған, бейбіт өмірде ерен еңбегімен көрінген Дəмеш Шахабаева, Егемберді Омарбеков, Егемқұл Тасанбаев, Асылбек Жасымбеков, Төле Ағабеков Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған. КСРО мемлекеттік сыйлығымен 4, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығымен 5 азамат, Ленин орденімен 41 азамат марапатталған.

Ғылымды дамытуға 58 ғылым докторы, 172 ғылым кандидаты əр салада үлесін қосуда. Жыл сайын ең үздік деген азаматтар сараланып, республика күні қарсаңында «Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы» атағы беріледі. Қазір олардың қатары 82-ге жетті.

Page 95: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

95

Қазығұрт өңірінің табиғатынан нəр алып, жұпар ауасын жұтқан азаматтар қазақы мінез, жомарт пейілімен алдыңғы толқын ағалар жолын сабақтастырып келеді.

Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Əбдіжүсіп Мақсұтов, ауданның төбе биі Иса Телікбайұлы бастаған аға буын өкілдері ауданды қастерлеуге, Қазығұрттың атын асқақтатуға, жас ұрпақтың желкілдеп өскен құрақтай өмірге бейім болып өсуіне үнемі баса көңіл бөліп, салт-дəстүрімізді қолдап, тарихымызды түгендеуге, ұлттық құндылықтарды бағалай білуге жастарды баулуда. Биыл заңды тұлға ретінде тіркелген ардагерлер ұйымы «Сенім» қоры арқылы қайырымдылық істерге де қатысып, басшылық етуде.

Ауданда өнеркəсіп, қайта өңдеу саласы да дамып келеді. «Асыл тас – 2001» ЖШС-і гипс, «Жеңіс и К» ӨК-і кірпіш, «Арыс құрылыс», «Береке» ЖШС-тері асфальт, «Төре Холдинг» компаниясы мен Шымкент, мұнай өңдеу зауытының арнайы құрылыс басқармасы қиыршықталған тас өндіруде. Ал, «Айко и К» ЖШС-і сүт өңдеп, кондитерлік өнімдерді өндіруді, жақында ашылған жеміс-жидек өңдеу зауыты көкөніс жəне бау өнімдерін қалбырлауды қолға алды.

Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауы мен үкімет бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, ауданда көптеген жұмыстар атқарылуда. Аудандағы 106412 гектар егістік, 31400 гектар шабындық, 204900 гектар жайылым, 1100 гектар бау, 59200 гектар өзге де жерлер 3546 шаруа қожалығы мен 124 өндірістік кооператив, 77 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке бекітіліп берілген.

Биылдан бастап «Оңтүстік» ƏКК ауданымыздағы «Алтынтөбе» ЖШС-ін қамқорлыққа алып, қаржылай көмек көрсетуде. Оның игі жемісін алдағы жылдар беретініне сенімдіміз.

«Қарабау», «Алтынтөбе» шаруашылықтары мен «Аманкелді», «Сапа – 2002», «Қазығұртагро» жəне «Айқожа» агроқұрылымдарының əрқайсысы 200-500 тонна аралығында жоғары репродукциялы тұқымдық дəн дайындап сатады. Бұл 2009 жылға егілетін 4900 тонна тұқымдық дəнді өзімізден өндіруге толық мүмкіндік барын көрсетеді.

Қазығұрт, Өгем, Қосмола, Заңғар тауларының қойнауы мал өсіруге аса қолайлы. Қысы қатал жылдарды есептемегенде, мал 2-3 ай ғана қолға толық қарайды.

Мал өнімділігін арттыру мақсатында асыл тұқымды шаруашылық мəртебесін 7 құрылымның қатарын толықтыра түспекпіз. Себебі оларға үкімет тарапынан 2007 жылы 9.3 миллион теңге, биылғы 6 айда 8.7 миллион теңге қолдау көрсетілді. Бұрынғыларға қосымша қой мен жылқыдан Рабат ауыл округінен «Ұлдана и К» серіктестігі, Қызылқия ауыл округіндегі «Медеу Ата» шаруа қожалығы қойдан асыл тұқымды ферма атануға құжаттарын өткізіп, малын сұрыптап, əзірлік үстінде.

«Қазагроқаржы» АҚ-ы арқылы лизингілік əдіспен 2006 жылы 12 дана, 2007 жылы 12 дана жаңа техника алынса, биыл сұраныстағы 16 техникадан 7 астық комбайны мен 2 трактор алуға қол жеткізді.

Ауданда 2010 жылға дейін 20 гектар жерді тамшылатып суару үшін «Санипласт» Өзбекстан – Израиль бірлескен кəсіпорнымен келіссөз жүргізілуде. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ-ы арқылы 2006-2007 жылдары 21 агроқұрылым 72.3 миллион теңге несие алып, жылыжайлар салды. Тұрбаттық Рустам Ибрагимов, шарбұлақтық Досжан Пазыловтардың шаруа қожалығы жылыжайға қызанақ пен қияр өсіріп, мол өнім жинады.

Үкіметті қолдауға ие болған жүзім мен бау өсіру күрт жақсарды. Қазір бағбандар жаңадан 260 гектарға жүзім, 134 гектарға жас бау өсірді. Осы үшін басым дақылдарға «Сапа – 2002» ЖШС-і 3 миллион 29 мың теңге, жүзімге бір миллион 319 мың теңге, «Байтүгел» ӨК-і 1630 мың теңге, «Қарабау» ЖШС-і 1630 мың теңге, Ə. Науайы ӨК-і 3158 мың теңге субсидия алды [3].

Page 96: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

96

Мемлекетіміз білім саласын дамытуға барынша көңіл бөлуде. Əр азаматтың əлемдік стандарттар деңгейінде білім алуына назар аударылып отыр.

Ауданда 51 орта, 11 негізгі, 11 бастауыш, 1 саз мектебі, 4 бала бақша болса, оларды 2865 мұғалім жұмыс істейді.

Мектептерде 1202 компьютер, 31 мультимедиялық, 25 физика, 16 химия, 16 биология кабинеттері озық технологиямен жабдықталған. 1712 дана электронды оқулық бар.

Денсаулығын күту, мезгілімен медициналық тексеруден өту керектігін жұртшылық сезіне бастады. Ауданда жылжымалы дəрігерлік бригада жоспарлы түрде елді мекендерде болып, жергілікті тұрғындарды байқаудан өткізіп жүр.

Дəрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға мəн беріліп, қайта даярлаудан өткізу жүйелі қолға алынды. Тиісті оқу орындарымен хабарласып, 2007 жылы 11 жас маман шақырылса, биыл да 12 жас дəрігердің ауданға орналасуына ықпал мен қамқорлық жасалуда.

2007 жылы аудандық орталық аурухана 179660 мың теңгеге күрделі жөндеуден өтіп, 18961 мың теңгеге аудандық емханаға, аудандағы барлық денсаулық мекемелеріне 15889300 теңгеге медициналық қондырғылар алып берілді. Биыл орталық емханаға 2999500 теңгеге тіс емдеу стоматологиялық медициналық қондырғы əперілетін болды. Бірінші кезектегі медициналық-санитарлық қызмет көрсететін санитарлық жаңа автокөлік ауылдық бес ауруханаға, екі арнаулы көлік Жаңабазар, Рабат жедел жəрдем бекетіне бөлінсе, жыл аяғына дейін тағы да 6 санитарлық автокөлік алу жоспарланып отыр. Тағы да 12 миллион теңгеге қатты, 6 миллион теңгеге жұмсақ заттар алынып, денсаулық сақтау орындарының базасы жаңартылмақ.

Аудандағы 61 елді мекен халқына 1 мəдениет сарайы, 6 ауылдық мəдениет үйі, 17 клуб, 21 кітапхана жəне аудандық халық театры мəдени қызмет көрсетеді. Темірбаевтардың, Алтаевтардың отбасылық ансамбльдері мен «Нұрсұлтанның құрдастары» ансамблі, «Комсомол» орта мектебі жанындағы «Жұлдыздар», «Таңшолпан» бишілер тобы өнерімен республикаға танымал. Бишілер тобы халықаралық конкурстарда бас жүлделерді иеленіп жүр.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың рөлі үлкен. Волейболдан, тоғызқұмалақтан, шахматтан, көкпардан аудан жігіттері жетістіктерге жетіп келеді. Шахматтан халықаралық дəрежедегі шебер Гүлмира Дəулетова, кикбоксингтен Гүлбаһар Амантайқызы мен Жанболат Амантаев, Нұрман Медеубаев, тоғызқұмалақтан Жарылқасын Зұлқайнар, бокстан Нұрсұлтан Абылаев жəне басқа көптеген спорт жұлдыздары елге танымал.

Қазығұрт, Жаңабазар ауылдарында спорт сарайы, ауданда 26 спорт залы, 106 спорт алаңы бар. Жас спортшыларды жаттықтырумен «Жас қанат», «Бокс», «Балалар футбол мектебі» жəне ат спорты мектептері тұрақты айналысады.

Қорыта келе айтарым, алтын бесік киелі Қазығұртымның басып өткен жолы аудан халықтарының атадан балаға, немереге өткен күрес жолы, еңбек жолы, ғылым жолы, парасат жолы екенін мақтаныш тұтамын.

Бабалар жолы – біздің жолымыз! Еліміздің, туған жеріміздің болашағы біздің, Қазығұрттың жастарының қолында!

Қазығұрт – ойнап-өскен туған жерім, Қонақжай, пейілі кең қайран елім. Ауасы бал, жерінен май таматын, Өзіңе теңестірем жəннат төрін. Қазығұрт, Қаржан менен Өгем тауым, Жайқалар бауырыңда, бақша-бауың. Кері қайтқан қылышын тасқа соғып, Байлығына көз тіккен небір жауың.

Page 97: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

97

Ұлы жұрт, Кіші жұрт пен Жосалыға, Қырық қыз, Қарой төрін қосады да. Өгемнің кең шатқалын көрген кезде, Көңілің тау суындай тасады да. Көктөбе, бұлағыңның дəмі қандай, Еңбек сүйгіш елінің əні қандай. Бақшасында жайылған қауын-қарбыз, Жайқалған егіндердің сəні қандай. Сыңғырлай күле ағар сұлу Келес, Өзіңе жете құлар небір белес. Еліңе қан тамырдай нəр беретін, «Өзегі» деп, ат берсек артық демес. Елімнің берекесі сары далам, Есіме алған сайын қайта жанам. Алтын бесік киелі Қазығұртым, Өзіңдей асыл жерді қайдан табам?!

Əдебиеттер 1 «Қазығұрт» энциклопедиясы. 2 Аудандық есеп бөлімінен алынған мəліметтер. 3 «Қазығұрт тынысы» газетінде жарияланған материалдар.

ƏР ҚАЛАНЫҢ ӨЗ ТАРИХЫ БАР

Мадина Абдрашитқызы АБДУЛЛАЕВА,

А. Асқаров атындағы №77 орта мектептің 9 «Е» сынып оқушысы, Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Адам ғұмыры секілді əр қаланың да өз тарихы бар. Ежелгі Қытай мен

Еуропаны, Сібір мен Орта Азияны жалғастырған Ұлы Жібек Жолының бойынан орын алған Шымкент қаласының да тарихы таңғажайып.

Облыстық мұрағат деректеріне сүйенсек, Шымкент қаласының іргетасы дəл қай уақытта қаланғандығы жөнінде нақты дерек жоқ. Алайда, ғалымдардың болжауынша, ХІ-ХІІ ғасырларда қаланың алғашқы уығы шаншылған. Көне тарихи жазбаларда 1366 жылы Шымкент қаласы жайлы айтылған мəліметтер бар.

«Шымкент» атауы екі түбірден туындаған. Оның алғашқы түбірі «шым» – түрік тілінен, біздіңше де «шым», екінші түбірі «кент» сөзі – иранша «қала» дегенді білдіреді.

Шымкент қаласымен бірге Отырар (Фараб), Ясы (Түркістан), Испиджаб (Сайрам) сияқты қалалар бой көтерді.

1914 жылы 23 қыркүйекте Қазақстанның Ресейге бағынуының жарты ғасырлық құрметіне Шымкент қаласы Черняев қаласы деп өзгертілді.

1915 жылы Шымкентке алғаш рет темір жол келді. Сол кездер үшін Арыс – Черняев – Жетісу теміржолының аса маңызды ролі болды.

1921 жылы шілде айының 21-інен бастап Черняев қаласы қайтадан Шымкент қаласы деп аталды.

Шымкент халқының саны жəне экономикалық мəдени маңызы жағынан Алматы мен Қарағанды қалаларынан кейінгі республиканың үшінші қаласы саналады. Ол 7784 га жерді алып жатыр. Қала үш ауданнан тұрады.

Қазақ халқы үшін 1728 жылы Үш Жүздің басын қосып, бүкіл бір халықтың тағдырын шешкен Ордабасы биіктігінің теңдесі жоқ. Сол басқосудан кейін қазақ жері шапқыншылық зобалаңынан біржола құтылды.

Page 98: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

98

Шымкент əлемдік деңгейдегі төрт қаламен – Стивенэйдж (Ұлыбритания), Байни (Қытай), Балыкесир (Түркия) жəне Шыршық (Өзбекстан) қалаларымен бауырлас болып кетті. Аталған қала басшыларымен əлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мəдени салалардағы өзара іскерлік пен көмек жөнінде келісімшарт жасалған. Туыстас қалалардың ресми делегацияларын жыл сайын өткізілетін Қала күні мерекесіне шақыру дəстүрге айналуда.

Шымкент маңында ірі демалыс аймағын ұйымдастыру 1979 жылы қолға алынып, көпшіліктің күшімен іске аса бастады.

Келесі 1980 жылы балалардың ат спорт мектебі бар ипподром, хайуанаттар бағы, аквариум, балалардың темір жолы пайдалануға беріліп, 1981 жылы дендробақтың жасыл желегі отырғызыла бастады.

Дендробақ 120,52 гектар жерді алып жатыр. Оның аймағында ағаштар мен бұтақты өсімдіктердің алты жүзден аса түрі отырғызылған. Олар əлемнің түрлі географиялық аймақтарынан əкелінді.

Мұнда экспериментті аналық өсімдіктер мен сəнді жəне жемісті өсімдіктер жинақталып, бағбандықтың тиімділігі арттырылуда. Дендробақты құруға байланысты жұмыстар облысымызды сол кезде басқарған А. Асқаров бастауымен А.С. Тукольян, М.В. Дорокова, Т.А. Əбсеметова, М. Жұмабаев сияқты ғалымдар мен мамандардың қатысуымен жүзеге асырылды.

Асанбай Асқаров 1922 жылы он бесінші қырқүйекте Жамбыл облысының Мерке ауданындағы Тəті селосында дүниеге келген. 1936 жылы Фрунзедегі (қазіргі Бішкек қаласы) педучилищеге түсіп, 1939 жылы бітіріп шығады.

1936 жылдан 1942 жылға дейін Қырғызстандағы Калинин ауданындағы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. 1942-1946 жылдары Кеңес əскерінің қатарында саяси қызметте болады.

1946-1947 жылдар аралығында Мерке аудандық партия комитетінде нұсқаушы қызметін атқарады.

1947-1951 жылдары Жамбыл облысында əр түрлі басшылық қызметтерде болады. Ал 1965 жылы Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып ауысады.

1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне келеді.

Жоғары Кеңеске жəне облыстық кеңеске бірнеше мəрте депутат болып сайланады. Халық игілігі, болашақ үшін Шымкент қаласында құрамында дендробақ, зообақ, балалар темір жолы, ипподромы бар керемет демалыс орнын салдырады.

Асанбай Асқаров бес рет Ленин орденімен, «Қазан төңкерісі», екі рет «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталады.

1978 жылы қала алдындағы ерекше еңбегі үшін Асанбай Асқаровқа «Қаланың құрметті азаматы» атағы беріледі. Қаланың демалыс аймағы сол кісінің есімімен аталады.

Мен де сол қаламыздағы Асанбай Асқаров атамыздың атына берілген №77 орта мектебінің 9 сынып оқушысымын. Биылғы 2008-2009 оқу жылында «Тіл – халықтың жаны, сəні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы» атты қыркүйек айында өткен тіл мерекесіне байланысты «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты шығарма жазу сайысына қатысып, жүлделі орындарға ие болдым.

Бұрын облысымызда санаулы ғана басылымдар мен бір ғана теледидар болса, 1990 жылдың басынан бері олардың саны көбейе түсуде. Атап айтқанды, «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента», тəуелсіз «Своя газета», «48 часов», «Қыз жібек», «Дустлиг байроги», «Айғақ», «Балбөбек», жарнамалық «Шара-бара» т.б. басылымдар өз оқырмандарын тауып отыр.

Облысымыздың ғана емес, бүкіл еліміздің журналистикасының дамуына өзінің зор үлес қосқан баспасөз қайраткерлерінің бірі – Жұмамұрат Тұяқбай атамыз еді.

Page 99: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

99

Ол кісі 1938 жылы 10 қыркүйекте Отырар ауданының Шəуілдір селосында дүниеге келген.

Ж. Тұяқбай бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінде қырық жылдай жұмыс істеп, оның жиырма жылын Шымкент қаласына арнады.

1975 жылдан бері облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде тілші болып еңбек етіп, редактордың бірінші орынбасары дəрежесіне дейін көтерілді.

1991 жылдан бастап өмірінің соңғы жылдарына дейін қалалық «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы болып абыройлы қызмет істеді.

Ж. Тұяқбай Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болды. Ол кісінің еңбегі «Құрмет белгісі» орденімен жəне бірнеше медальдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Шымкент қалалық маслихаты ХV сессиясының 1996 жылғы 10 қазандағы №186 қаулысымен қалалық газеттерді құруға қосқан үлесі үшін жəне қаланың мəдени-əлуметтік дамуына сіңірген еңбегі үшін Жұмамұрат Тұяқбайға «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Сондай-ақ Шымкент қаласының дамуына, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан осындай кісілердің қатарына Жолдияр Адырбеков те бар.

Ол кісі 1944 жылғы 12 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының Георгиевка селосында дүниеге келген. Балалар үйінде тəрбиеленген. Қолөнер училищесін бітірген соң Шымкент гидрогеологиялық экспедициясында жұмыс істейді.

1968 жылдан бастап Ж. Адырбеков партия қызметінде болады. Жоғары партия мектебін, Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген ол 1985 жылы Абай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Шымкент қалалық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып қызмет істеп, кейін облыстық кеңестің атқару комитетіне қызметке ауысады.

1992 жылы ол кісі көпсалалы «Ордабасы» концернінің бас директоры, 1994 жылы «Шымкентмай» АҚ президенті болды.

Ж. Адырбеков біздің қаламыздағы №17 орта мектепті, «Бірінші май» селосындағы №2 балалар үйін өзінің қамқорлығына алады. Осыған орай бастауыш сыныптың 400-ге жуық оқушысы ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, балалар үйінің тəрбиеленушілері оқу мен демалысты жақсы көңіл-күймен жалғастырып отырды.

Шымкент қалалық мəслихатының ХХІ сессиясы өзінің 1997 жылғы 9 қазандағы шешімімен қаланың өндірістік жəне қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін əрі əлеуметтік саланы қолдап, көтермелеп отырғаны үшін Ж. Адырбековке «Қаланың құрметті азаматы» атағын берді.

Орайы келіп тұрғанда, менің ойымша, Шымкентті жанындай жақсы көретін, оның барлық болмысын білетін адамдардың есімін атағым келеді.

Əңгіме Шымкентті басқаруға қатысып, оның гүлденуіне үлес қосқан кісілер жайында болып отыр. Сол кісілер: Ж. Тыныбеков, В. Жиленков, А. Жүсіпов, П. Траян, В. Николаев, И. Дəулетов, Р. Ыбыраев, Ж. Адырбеков, А. Тшанов, С. Белгібаев, А. Орманов, Қ. Ізбасқанов секілді ағаларымыз өздерінің ерен еңбектерімен көзге түскен.

Қазіргі облыс əкімі Н. Əшімов, Шымкент қаласының əкімі А. Жетпісбаев ағаларымыз да бүгінде халықтың жағдайын жақсарту мақсатында күндіз-түні аянбай еңбек етіп жүр.

Сонымен қатар, еңселі ескерткіштер: ұлы ойшыл əл-Фараби, дана Абай, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Қасірет» мемориалы – қаланың тарихи орындарына айналды.

Тағы да осы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласында қасиетті Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі бар. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – ортағасырлық сəулет өнері ескерткіші.

Page 100: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

100

Жалпы айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи – мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, ақын болған. Осы кісі ислам дінін таратушы жəне уағыздаушы ретінде де танылған. Адамдарды бес уақыт намаз оқуға шақырып, көптеген үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.

Мен бұған келісемін, өйткені, өзім де бес уақыт намаз оқып, Ораза тұтып, Алланың алдындағы парыздарымды орындап жүрген жайым бар.

Қаламызда көптеген мұнай, химия жəне фармацевтика кəсіпорындары жұмыс істейді. Ал металлургияда қорғасын жəне басқа өнімдер, машина жасауда автомобильдер мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер жəне құрал-жабдықтар өндіру, қуатты электор қосқыштары т.б. өнімдерді өндіру кəсіпорындары бар.

Жеңіл өнеркəсіпте алдыңғы қатардағы кəсіпорындарға «Восход» фабрикасы (жүннен костюм, пальто, күртке тоқу), «Адал» (тоқыма өнеркəсібі), «Эластик» (шұлық тоқу) жатады. Құрылыс материалдарын өндіруде «Шымкентцемент» жəне «Құрылыс материалдары» (құрылысқа қажетті кірпіштерді өндіру) жəне басқа да кəсіпорындар бар.

Тамақ өнеркəсібін өндіретін ірі кəсіпорындардың ішінен «Шымкентмай» жəне «Қайнар» (май шитінен, күнбағыстан зығыр, соядан тазартылған май шығаратын жəне т.б. өнімдер), «Шымкентсыра» (сыра өндіру), «Визит» (салқындатылған сусындар) акционерлік қоғамдарын атауға болады. Тұрғын үй салумен қоса, жаңа кəсіпорындардың құрылысын салу қарқынды түрде жүріп жатыр.

Қаламызда жалпы білім беретін 80 мектеп бар. Орта мектептердің ішінде 16 арнайы мамандырылған, сондай-ақ, гимназия мен лицейлер бар. Бұдан тыс 5 кəсіптік-техникалық мектеп, сырттай оқыту мектебі, тоғыз жеке меншік мектеп, 48 мектепке дейінгі мекеме, 3 саз мектебі, өнер мектебі, оқушылар үйі, 2 оқу-өндірістік комбинаты оқушылар иелігінде.

Шымкентте 7 мемлекеттік жоғары оқу орындары мен арнайы білім беретін 5 колледж жұмыс істейді. Бұлармен бірге жоғары жəне арнайы білім беретін 25 жекеменшік мекемелер мамандар даярлаумен айналысуда.

Сонымен бірге қалада облыстық жəне қалалық бағыныстағы бірқатар ауруды алдын-алу мекемелері жұмыс істейді. 21 стационарлық аурухана мекемесі, 19 дербес ауруханалық-емханалық мекеме, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, жедел медициналық жəрдем стансасы тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Бұған Ана мен бала денсаулығын қалпына келтіру, салауатты өмір сүру, медицина жəне апат, қан құю, диагностика жəне кардиология орталықтары, балалар үйі, «Қарлығаш» шипажайы, дезинфекциялық станса, басқа да мемлекеттік жəне жекеменшік медицина мекемелерін қосуға болады.

Медицина академиясы мен медициналық колледжде жоғары білікті оқытушылар, соның ішінде медицина саласына еңбегі сіңген денсаулық сақтау қызметкерлері жұмыс жүргізуде.

Шымкентте қазақ, словян, өзбек, башқұрт, татар, неміс, еврей, корей, əзербайжан жəне басқа, барлығы 16 ұлттық мəдени орталықтар жұмыс істеуде. Олардың белсене қатысуы жəне қолдауымен ұлттық саясат жəне тұрғындардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру мəселелері оң шешімін тауып келеді.

Абай атындағы мəдениет жəне демалыс саябағы, аквабағы, техносаябағы, «Кең баба» этнографиялық саябағы, «Бамзик» ойын- сауық орталықтары балалар мен үлкендердің сүйікті демалыс орындарына айналған.

Қаламызда шағын жəне орта кəсіпкерліктің де күн санап шарықтай түскенін «Имран», «Мереке», «Электроника əлемі», «Грос», «Эллада», «Шаттық», «Қазығұрт», «Көктем» сынды супермаркеттер, гипермаркеттер жəне мейрамханалардың молынан ашылуы дəлелдей түседі.

Біздің мекен етіп отырған қаламызды жергілікті жұртшылық «Шырайлы Шымкентім» немесе «Шымқалам» деп, ерекше екпінмен əсерлей айтып жатады.

Page 101: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

101

Шымкенттің əсем екендігін тал-терегі мен саябақ, гүлзарларының жайқалуынан-ақ анық аңғарамыз. Тіпті биік тұсқа көтеріліп, орталыққа көз тастасаң, бейнебір нулы алқапқа кездесесің. Көп қаббатты үйлерін көмкерген желегіне қызыққан өзгелер Шымкентті «Жасыл қала» атап кеткені қашан?!

Қорыта келгенде, мен өзімнің туған жерім Шымкент туралы жан-жақты мəлімет бере алдым-ау деп ойлаймын.

Қазақ атамыз айтқандай: «Ұлтарақтай болса да, Атақоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, Туып-өскен жер қымбат», - демекші, туған жерден өзге қымбат нəресе жоқ. Мен өзім осындай қалада туылып, қазір осы қаладағы мектепте білім алып

жатқаныма шексіз мақтанамын. Осы мақаланы жазудағы мақсатым – туған жердің қыр-сырын өзім біліп қана

қоймай, оны өз құрбы-достарыма да жеткізу. Сол мақсатыма жеттім. Алла жазса, болашақта үлкен азамат боп, өзімнің туған жерім Шымкент

қаласының одан əрі қарай көркеюіне өз үлесімді қоссам деймін. Əдебиеттер

1 Əлібек С.Н., Мырзабеков К.М. Орта ғасырдағы Шымкент. Қазақстандағы археологиялық зерттеулер // «Марғұлан оқулары – 14» ғылыми-практикалық конференция еңбектері. – Шымкент-Алматы, 2002.

2 Бекназаров Р., Клименко А.А. Оңтүстік Қазақстанның қалалары мен селоларының тарихы. – Шымкент, 1980.

3 Подушкин Н.П. Шымкент қай кезде пайда болған? – «Шымкент тарихы» ақпараттық жинағы.

4 Попова В.Н. Шымкент жəне оның динамикасы // Атамұра. Оңтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайының 75 жылдығына арналған мақалалар жинағы.

5 Тыныбаев Ж.Б. Ежелгі Шымкент жаңалығы // Панорама Шымкента. – 2002. – 12 маусым.

6 Қазақстанның тарихы ескерткіштерінің жинағы. Оңтүстік Қазақстан облысы. – Алматы, 1994.

ШЫМКЕНТ – МЕНІҢ ТУҒАН ҚАЛАМ

Гүлфарида Бақытжанқызы МЫРЗАҚҰЛОВА,

Т. Тəжібаев атындағы №47 тарихи-гуманитарлық мектеп-гимназиясының 9 «Д» сынып оқушысы, Абай ауданы, Шымкент қаласы.

Əрбір адамның өзінің кіндік қаны тамған туған жеріне деген ерекше перзенттік

сезімі, балаң махаббаты болады. Оны баршасы сезіне бермеуі мүмкін, бірақ ана сүтімен даритын бұл терең сезіммен орайласқан жіпсіз байланыс əркімде-ақ бар.

Осынау перзенттік сезім мені туған жеріме, ата-баба мекеніне, оның тарихына, өткені мен бүгініне деген қызығушылығымды, оны терең білсем деген құлшынысымды оятты.

Күннің көзі көбірек түсетін, қазақы қалпымыздың уызы сақталған оңтүстік өлкенің төсінде жарқыраған жұлдыздай құтты мекен Шымкент – менің туған қалам.

Мен 1994 жылы осы қалада дүниеге келіппін. Балауса балалық шағым, алғашқы тəй-тəйім, алғашқы мектеп табалдырығын аттауымның куəсі болған – осы Шымкент. Оң-солымды тани бастағалы ұлтымыздың ұйытқысы болған оңтүстіктің астанасы – менің туған қалам туралы деректерді оқи бастадым.

Page 102: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

102

Бұл ретте төл тарихымызды түгендеп жүрген Н.П. Подушкин, А.Н. Подушкин, С. Жолдасов, Б. Байтанаев сынды т.б. белгілі ғалымдардың еңбектері, зерттеулері мен үшін туған қаламның тарихына жасаған саяхатымда бағдаршамдай болды.

Сонымен, қазіргі Шымкент қаласының аумағындағы қоныс, мекендер ХІ-ХІІ ғасырларда пайда болған деген тұжырымдар бар. Шымкент алғаш рет елді мекен ретінде парсы тарихшысы Шараф ад-дин Али Йе(а)здидің (1425 жыл) біздің жыл санауымыз бойынша 1365 – 1366 жылдардағы Əмір Темірдің əскери жорықтары туралы жазған «Зафар Наме» атты («Жеңіс кітабы») кітабында кездеседі.

Шымкент қаласы атауының мағынасын ғалымдар «бау-бақшалы қала», «Жасыл қала», «Шыммен қоршалған қала» деп түсіндіреді.

Қала жүздеген жылдар бойы көптеген тарихи оқиғалардың куəсі болған. Шыңғысхан жорықтарға жасақтарымен қала арқылы өтіп, ақырында Шымкент Шыңғысхан ұрпақтарының қол астына өткен.

Шымкент XV ғасырдың басынан XVIII ғасырдың жартысына дейін Жоңғар шапқыншыларының тонауына ұшырайды. 1810-1864 жылдары Шымкент Қоқан хандығының билігіне өтіп, хан өкілінің резиденциясы болды.

1864 жылы қала орыс əскерлерінің тіке шабуылымен алынды. Ал 1867 жылдан Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының уездік қаласы болды. Осы кезден бастап Шымкент Еуропалық Ресей мен Батыс Сібірді Орта Азиямен жалғайтын, маңызды транзиттік мекенге айналды.

Қалада 1875 жылы Приходская шіркеу мектебі ашылып, кейіннен 1879 жылы екі сыныпты қалалық кəсіптік-техникалық мектепке (қазіргі үш тілді меңгертіп оқытатын М.Х. Дулати атындағы гимназия) айналды.

Қала экономикасының дамуында 1883 жылы ашылған дəрі-дəрмек өндіретін сантонино (кейінгі химия-фармацевтика) зауыты маңызды рөл атқарып, оның өнімдері экспортқа шығарылатын.

Оңтүстік дермененің өсуіне қолайлы, ал дерменеден сантонино өндірісі жер шарында өте сирек кездеседі. Сондықтан да Шымкенттің алғашқы жəне қазіргі таңбасында (герб) 1908 жылдан бастап дермене бұтақшасы бейнеленген. Сол кездегі қаланың басты көшесі Николаевск көшесі қазіргі Қазыбек би атындағы көше болатын.

Қалаға 1914 жылы орыс генералы Черняевтің есімі беріліп, ал 1921 жылы қала «Чимкент» атанса, 1991 жылы Шымкент атауына қайта ие болды.

ХХ ғасырда қала тарихының жаңа кезеңі басталды. Қалада жаңа өндіріс орындары салынып, оқу орындары мен ғылыми, мəдениет ошақтары ашылды.

Өткен ғасырдың 30-жылдары Шымкентте қорғасын зауыты салынды. Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Одағы бойынша əрбір он оқтың жетеуі осында өндірілді. 1932 жылы ауылшаруашылық авиациясының базасы құрылып, бұл Шымкент əуежайының негізін қалады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында жеті жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары шетелдік компаниялармен бірлескен жаңа өндіріс орындары ашылды. Жақын жəне алыс шетелдік кəсіпорындармен серіктестік қатынасы нығайды.

Бүгінгі таңда Шымкент Стивэнейдж (Ұлыбритания), Измир (Түркия), Могилев (Белоруссия), Патайя (Тайланд), Байин (Қытай), Гросетто (Италия), Ходжент (Тəжікстан) сияқты əлем деңгейіндегі 7 мемлекеттің үлкен қалаларымен бауырлас болып отыр.

Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу жəне тамақ өнеркəсібін дамытып отырған 69 өнеркəсіптік кəсіпорын бар.

Қалада жалпы білім беретін 80 мектеп бар.

Page 103: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

103

Қала тұрғындарының денсаулығын нығайту жəне алдын-алу мақсатында Ана мен бала денсаулығын қалпына келтіру, салауатты өмір сүру, медицина жəне апат, қан құю, диагностика жəне кардиология орталықтары жұмыс істейді.

2002 жылы қалада «ардагерлер аллеясы» бой көтерді. Қазіргі кезде Шымкентте 8 саябақ, 3 мəдениет сарайы, 28 кітапхана жұмыс істейді.

Шымкент Қазақстан Республикасындағы ең алдыңғы қатарлы үштік қаланың бірі болып табылады.

Менің сүйікті қаламның аялы алақанын сезіп өскен ұл-қыздары да ерекше. Шымкенттің абыройын асырып, даңқын арттырып жүрген жерлестеріміз қаншама. Олардың əрқайсысы біздерге – жастарға əрі үлгі, өнеге, əрі мақтаныш. Мысалы, Шымкенттегі Чугуев атындағы авиациялық училищенің түлегі Иван Кожедуб Ұлы Отан соғысында ерекше ерлік көрсетіп, үш мəрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған жалғыз қазақстандық ретінде əрбір Шымкенттіктің мақтанышы. Педагогика саласының дамуына үлес қосқан педагог, Социалистік Еңбек Ері Маржан Тасованы да жерлестері ерекше құрмет тұтады.

Қаламыздың өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне айтулы үлес қосқан Асанбай Асқаровтың еңбегі ерекше. Шымкенттіктер дендробақ, хайуанаттар бағы, балалар темір жолы, ипподром, демалыс аймағының ашылуына мұрындық болғаны үшін А. Асқаровты əрдайым құрметпен еске алады.

Сондай-ақ, қаланың «Құрметті азаматтары» Ш. Қалдаяқов, М. Шаханов, И. Сапарбаев, Ə. Жылқышиевтің т.б. есімдері Шымкент қаласының тарихында алтын əріппен жазылған.

Сөз соңында айтарым, Шымкент қаласының өткен шежіресі əлі де зерттеуді, зерделеуді қажет етеді. Оның тарихының мың бір бетінің алғашқы тарауларын ғана оқып жатқандаймыз.

Биыл Қала күні мерекесі қарсаңында қала əкімшілігі жанында Шымкенттің тарихына арналған ғылыми конференция өткізілді. Конференцияда Шымкенттің тарихы əлдеқайда көне екендігі туралы деректер келтірілді. Шымкент қаласының тарихын зерттеуші ғалым, М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы Б. Байтанаев Шымкентке 2200 жыл толғандығын мəлімдеп, арнайы баяндама жасады.

Сонымен, жаңа деректер дейектеліп, батыл болжамдар жасалды. Бұл қала тарихына жаңаша көзқарасты, тың ізденісті, зиятты зерттеуді, нақтылауды қажет етеді.

Тарихы тереңге тамыр тартқан менің сүйікті қалам Шымкенттің талай құпиясы мен жұмбағы, сыры мен қыры ашылары сөзсіз. Осынау игі іске атсалысып, көне де жас, əсем де көрікті қалам Шымкенттің тарихын зерделеуге үлес қосу – менің перзенттік парызым деп білемін.

Əдебиеттер 1 Шымкент. Тарихи-ақпараттық жолбасшы. – Шымкент: Кітап, 1998. 2 Шымкент. – Шымкент: Кітап, 2004. 3 Жолдасов С., Сыздықов К. Ата қоныс. – Шымкент, 1992. 4 Əлібек С.Н., Мырзабеков К.М. Орта ғасырдағы Шымкент. – Шымкент –

Алматы, 2002. 5 Бекназаров Р., Клименко А. Чимкент. – Шымкент, 1980. 6 Подушкин Н.П. Шымкент қай кезде пайда болған? Шымкент тарихи-

ақпараттық сілтеме. 7 Тыныбаев Ж.Б. Ежелгі «Чимкенттің» жаңалығы. – Алматы, 1971. 8 Интернет материалдары: http://www.shymkent.ru/history,

http://www.shymkent.ru/twincity

Page 104: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

104

МƏҢГІ ЖАС ҚАЛАМ – ШАРДАРАМ

Камила Еркінқызы ДҮЙСЕНОВА, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 мектеп-интернатының

10 «А» сынып оқушысы, Шардара қаласы, Шардара ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Құрылғанына биыл 40 жыл толып отырған Шардара ауданының тарих жолы

осы ауданда туып-өскен əрбірімізге жақсы таныс. Кенезесі кепкен Қызылқұмның шөлін сылдырап аққан суымен қандыратын

Сырдарияның бойынан орын тепкен Шардара ауданының ресми өмірбаяны 1969 жылдан басталды.

Мұндағы су қоймасы мен су электр стансасын салуға кеткен 9 жыл Шардара тарихының маңызды бір бөлігі болмақ.

Бұл қаланың орта ғасырлық тарихына келер болсақ, «Шардара» сөзі «Чор дора» деген сөзден шыққан. Ол «Төрт қақпа» деген мағына береді, яғни «Чор» – төрт, «Дора» –қақпа, дарбаза. Бұдан біз орта ғасырларда нақ осы жерде төрт қақпалы қала болғанын аңғара аламыз. Оның тағы бір дəлелі –«Ұлы Жібек жолы».

Ұлы Жібек жолының бір тармағы осы қаланы басып өтіп, одан əрі Сүткент, Отырар секілді қалалармен жалғасып отырған. Бірақ, қазіргі таңда ол жерлер зерттелмеген қалпында су астында қалып қойды. Десек те, «Жаушықұм төбе» деп аталып кеткен мекен жəне ондағы тарихи маңызы бар ойыс-ойыс қырлар мұнда сауда жолының бойында орналасқан керемет шаһардың болғандығының келесі бір айғағы.

Сайып келгенде, Шардара тарихының тереңнен тамыр алғандығын көреміз. Шардара бекінісі, Перовск уезінің Түркістан шекарасына жақын жердегі

Үшқайық, Қаракөл, Жолбарыс, Шеңгелді елді мекендерінің сол кездегі бейнесін суреттеп, Шардара елді мекеніне, Үшқайық елді мекеніне дейінгі аралықты «Ежелгі мəдениет аралығы» деп айтуға болады.

Енді, міне, «Ежелгі мəдениет аралығының» бастауындағы көне қалалар Жаушықұм, Қоссейіт, І-ІІ Көксу төбе, Ақтөбе, Сүткент, Аққала ескерткіштерін көрудің сəті түсті [2]. Көне ескерткіштерді көріп, рухани қуат алудың орнына, көңіліміз құлазып, Сыр өңіріндегі тарихи мұраларымызды құртудың сұмдық көрінісінің куəсі болдық. Шексіз қазақ даласындағы əрбір тарихи ескерткіш қазақ тарихының оқылмай жатқан құнды кітабы болса, сол құнды кітабымыздың бірнешеуі оқылудан қалып, жойылып барады деуге болады.

Осы жерде бір аңыз əңгіме еріксіз еске түседі. Аңызда адам байғұздан: «Байғұз, сен осы неге қираған иесіз мекендер мен мазарларды мекен қылып, түнде ұшасың?» - деп сұрапты. Сонда байғұз: «Менің көне иесіз мекендер мен мазарларды мекен жасауым – заман өтіп, тағдырдың жазуымен қираған көне қалаларды, қазіргі кезде адамдардың қолынан қиратылудан қорқып, сол иесіз мекендерді қорып жүрмін», - деп жауап береді.

Ата-бабамыздың аңыздың түбінде шындық бар деген сөздері расқа айналып отыр. Біздің бірінші көргеніміз – ортағасырлық Жаушықұм қаласы Сырдария өзенінің ескі арнасының оң жақ іргесінде орналасқан.

Жаушықұм төбе I-VIII ғасырлардың ескерткіші. Қала орнын 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Г. Максимова), 1959 – 1963 жылдары Шымкент археологиялық экспедициясы (Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич) зерттеді [3].

Ескерткіштің шахристан бөлігін жергілікті тұрғындар түрлі құрылыстар үшін трактормен сүріп, топырақ алған, мұндай жай қаланың бірнеше жерінде қайталанған. Рабад бөлігі түгелімен қазіргі молаға айналған. Марқұм болған

Page 105: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

105

адамдарға о дүниелік болғандағы үйін қазар кезде шыққан ыдыс-аяқ бөліктері, бүтіні бар, сынығы бар, сол мүрде басына үйілген топырақ басындағы ағашқа іліп не топырақ үстіне қойып, жартылай көміп кете берген. Кейбір ыдыстарды алып кеткен деген де əңгіме бар.

Рабад бөлігінде кең көлемде орналасқан шеберхана түгелімен бұзылған. Оған дəлел – əр жерлерде үйіліп, шашылып жатқан шлактар, күйдірген кезде еріп, жарамсыз болған ыдыс-аяқтар.

Біз сол жерден 30-ға жуық бүйіріне таңбалар салынған əртүрлі ыдыстар жинастырып алдық.

Одан кейінгі Сырдарияның сол жағалауындағы Қоссейіт І, ІІ, Ақтөбе археологиялық ескерткіштері де қазіргі заман молаларына айналған.

Ақтөбе қаласының жұртын (ІV-VIII ғасырлар) 1951 жылы Г.И. Пацевич, Е.И. Агеева, 1959-1963 Шымкент археологиялық экспедициясы құрамында М.С. Мерщиев зерттеген. Молалардың көлемі барған сайын ұлғайып, ескерткіштердің төбесіне шыққан. Бұл жерлерден де шашылып, сынып жатқан жəдігерлерді көптеп кездестірдік.

Ортағасырлық Сүткент қаласын (І-ХV ғасырлар) 1900 жылы Н.В. Руднев, Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы құрамында А.Н. Бернштам зерттеген.

Қазір қала құландысының рабад бөлігінің бір шетін 20 жылдай бұрын трактормен сүріп, өлген қозыларды тастайтын шұңқыр қазған. Сол шұңқыр орнынан кезінде ауыл балалары көптеген құмыралар тауып, сол жердің мектебіне өткізген, кейін бұл жəдігерлер белгісіз себептермен жоғалған.

Қазір Сүткенттің айналасы егістік алқаптарға айналған. Ауыл тұрғындары Сүткент қаласының орнын қазір Шыңғысхан төбе деп атап

жүр. Ауылдың егістік жерлерінен əлі де күйдірілген қыштан қаланған құрылыстар

кездеседі. Құрылыс орындары суармалы жерде болғандықтан олардың алдағы уақытта бұзылып, құру қауіпі бар.

Шардара ауданымен шектес Арыс ауданына қарасты Сырдарияның сол жағалауындағы Мұңлық-Зарлық мазарының қасындағы ортағасырлық елді мекен де зиратқа айналып, жойылу үстінде.

Осы Сырдарияның сол жағалауындағы көне қалалар құландылары туралы 1911 жылы Д.Н. Люшин жəне И.А. Костаньенің еңбектерінде кеңінен жазылған [4].

Байырқұм, Жиделі, Ақтөбе ауылдарының аралығындағы 90 шақырымға жуық ең ұзын ежелгі арық-каналдар сілемі, елді-мекендер, егістік алқаптар жойылып, сол ауылдың тұрғындарына егістік жер үшін беріліп жатыр.

Ақтөбе ауылының жерінде Шымкент қаласынан келіп жұмыс жасап жатқан «Адал» фирмасы 5000 гектар жерге мақта егіп, егістікке арық-канал қазар кезде ежелгі арықтар орнын пайдаланған. Сонымен қатар, арық-канал іргесінде орын тепкен қаншама ортағасырлық елді мекендердің жойылып кеткені белгісіз.

Арық-каналдарды қазып жатқан кезде Аққұм ауылының тұрғыны Көреген Бексұлтанұлы ХІ-ХІІ ғасырларға тəн бір құмыра теңгелер тауып, əркімдерге таратып беріп жіберген. «Адал» фирмасының жұмысшылары да егістік басынан құмыра тауып алып, кейіннен сындырып тасталғаны айтылады.

Аққала ауылының тұрғындары Əлиев Нұрболат, Жуанбаев Жұмахан егістік басында жер қазып жүріп, ертеде жасалған металл асық пен дөңгелек, ортасында төрт бұрышты тесігі бар, айналдыра аң бейнелері салынған күнтізбек тауып алған.

Сол жердегі ортағасырлық Аққала орнын Қарақалпақстаннан келіп, қыш құюшы жұмысшылар түгелімен тегістеп, сүріп, бітірген.

Қазір қаланың көлемін анықтау мүмкін емес. Бұл қала құландасының орнында 2005 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының

Page 106: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

106

археологиялық экспедициясы болып, қаланың сызбасын сызды (Экспедиция жетекшісі – акедемик, тарих ғылымдарының докторы К.М. Байпақов) [5].

Ежелгі қала құландыларын бұзумен қатар, бүлдірудің ең айуандық түрлері – ХVІІ-ХІХ ғасырлар аралығында жерленген ата-бабамыздың ата-тегін жазып қоятын белгі көктастарды құрту. Оларды əр түрлі мақсаттарға, үйдің фундаметтеріне, түрлі заттарға ауыртпалық жасауға пайдаланып кеткен. Осы жағдайлар Табақбұлақ, Жалаулы, Қаракөл т.б. қорымдарда кездеседі. Кейбірін қасақана ұрып, сындырып тастаған.

Көктастарды қасақана сындыру Шардара, Бөген, Отырар аудандарының жеріндегі зираттарда байқалады. Осындай тəсілмен қазақтың ХVІІ-ХХ ғасырлар арасындағы жазу-сызу мəдениеті жойылып барады. Жəне де көктастардағы жазулар, тарихи ескерткіштер ретінде тіркеуге алынбауы өкінішті.

Бұл жəйттер тек Сырдария өзенінің жағалауындағы Шардара, Арыс аудандарының көлеміндегі біздің көзбен көргеніміз ғана. Осындай бұзылудан əлі де ел көлемінде қаншама ескерткіштеріміз зардап шегіп жатқаны беймəлім.

Ең қынжынарлық нəрсе аудан, ауыл əкімдері, тікелей жер мəселесімен айналысатын жер комитеті, сəулет мекемелері басшыларының өз елінің тарихы мен заңын сыйламауында.

Ал мектеп жанынан ұйымдастырылған музейлер, өзара музейлік бəсекеге түсіп, бірінен бірі асып түсіп, ауыл маңындағы археологиялық ескерткіштерді өз беттерінше қазып, көне мұраларды жинастыруда.

Мұндай өз бетінше ескерткіштерді жабайы қазу біраз мектептерде байқалады. Бұлай деп айту себебіміз, қазір қай мектеп музейіне барсаңыз да бірінші көретініңіз ортағасырлық (құмыра, ыдыс-аяқ, теңге, т.б.) жəдігерлер.

Археолог мамандары жоқ, ескерткішті қазуға рұқсат беретін арнаулы қағаздары жоқ мектептерде ортағасырлық жəдігерлер қандай жағдайларда жинақталған? Əрине, өз бетінше тарихи ескерткіштерді бұзып, қазудан алынғаны анық. Бұлардың кейбірі кездейсоқ табылуы да мүмкін, бірақ ол мемлекет байлығы ретінде арнаулы мемлекеттік музейлерге өткізілуі тиіс.

Енді мектеп музейлерінен кейін ауыл, аудан мектептерінде бой көрсете бастады.

Біз музей ашуға қарсы емеспіз. Бірақ əр нəрсенің өзіндік шегі болған дұрыс сияқты. Өйткені, археологиялық көне жəдігерлердің бəрі елдің мемлекеттік байлығы болып есептеледі. Сол жəдігерлер арқылы елдің өткен тарихындағы экономикалық, рухани мəдениеттері айқындалады.

Ол – біздің бабаларымыздың тарихы. Осындай құнды жəдігерлер тек қана өкімет бекіткен арнайы жабдықталған музейлерде сақталуы тиіс.

Ал, мектеп, ауыл музейлері музейлік жүйелерге (заттың сақталуы, күтімі, қалпына келтіру, зерттеу, қорғау т.б.) жауап бере алмайтыны белгілі.

ХІХ ғасырдың аяғында қазақ жерінде болған Кастанье «Орынбор мен қырғыз-қайсақ (қазақ) даласындағы ескерткіштер» атты еңбегінде: «Самарқан мен Бұқараның сəн-салтанаты асқан ғимараттарынан гөрі мені қырғыз-қисақ (қазақ) даласындағы обалар, мазарлар, қорған-қамалдар, тарихи ескерткіштер көбірек қызықтырады. Өйткені, бұлар сыр сипаты, түрі мен тегі, көнелігі жөнінен аса құнды, аса бағалы мəлімет бере алады», - деп жазады. Бұл қалалардың барлығы VI – VIII ғасырларда түркі халқының мекені болғаны баршамызға белгілі. Елді мекендердің дəл іргесінде орналасқан ежелгі түркі мəдениетінен мол мағлұмат беретін көне қала орындары, қамал-қорғандар, мазарлар ескерусіз қала берсе, Сыр өңіріндегі көптеген археологиялық ескерткіштерімізден айырылып қалатынымыз анық.

Page 107: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

107

Жоғарыда айтылғанындай, Шардара жеке-дара аудан болып 1969 жылы құрылды. Дегенмен Қызылқұм өңірін суландыру мен бұл жерлерді игеру 1958 жылдың тамыз айынан бастау алған болатын.

Климаттық жағдайы төзімділік пен табандылықты қажет ететін бұл Қызылқұмда толассыз еңбек өз арнасын тапты. Ғасырлар бойы тылсым жатқан Қызылқұм алқабын қайта түлеткен тың игерушілердің ерен еңбегінің арқасында Қызылқұм өңірі тіршіліктің қайнар көзіне айналды.

Жалынды жастық шағын осында өткізіп, бұл күнде бейнетінің зейнетін көріп отырған ағаларымыз бен апаларымыз 1967 жылдың 15-ші қазанын əрдайым еске алып отырса керек. Себебі нақ осы күні мемлекеттік комиссия сиымдылығы 5 млрд. 700 млн. текше метрлік Шардара жасанды теңізі мен су электр стансасы құрылысының аяқталғаны туралы актіге қол қойды. Осындай ауданды аяққа тұрғызу үшін ерінбей еңбек еткен жандар жайында айтып өтуді өзіме парыз санаймын.

Шардара тарихы дегенде мен алғашқылардың бірі ретінде Шардара Құрылыс басқармасының бастығы Ə.К. Қасымовты жəне сондай қиын кезеңдердің бірінде алғашқы болып осы ауданды басқарып, оны аяққа тұрғызғандардың қатарын толықтыратын Қ. Тұрысбеков, Ə. Жолдасов, М. Қалмырзаев секілді ағаларды айтар едім.

Шардара Құрылыс басқармасында инженер болып қызымет еткен Т. Ағманов сол бір жылдарды былайша еске алады.

«Əсіресе, 1964 жылдың 10-шы қазаны ерекше жатталып қалды. Сол күні Шардара Құрылыс басқармасының бастығы Ə. Қасымов қолындағы алқызыл жалаушаны сілтеуі мұң-ақ екен, Сырдарияның арнасынан жойқын толқындар су электр стансасының қазаншұңқырларына қарай жөңки жөнелді», -дейді ол кісі.

Шардараны өз қолымен тұрғызғандардың қатарында С. Сматуллаев та бар еді. Сүлеймен ата: «Қазаншұңқырдағы ең соңғы үйме топырақты салтанатты түрде, музыкалатып тиеп шығару құрметі маған тиген болатын», - деп сол кездерді мақтанышпен есіне алады.

Жаңадан аяққа тұрып келе жатқан аудандағы білім саласына көп еңбек сіңіргендердің бірі Е. Тəжімұратов еді.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын», - демекші, Шардараның əрбір кірпішін өз қолымен қалаған ізгі жандардың тізімі А.С. Коломын, Р. Сыздықова, Қ. Мақанов, В. Шерер, О. Əшірбаев секілді азаматтармен толықпақ. Шардара, міне, осындай жандардың арқасында көркейіп келеді.

Əрине, 1990 жылдардағы тоқырау да ауданымыздың одан əрі дамуына кедергі келтіргені рас. Бірақ та, ел аяққа тұрғанда, Шардара да гүлдене бастады.

Шардара қаласының өткені мен бүгінгісін салыстырар болсақ, қазіргі қаланың келбеті мүлде өзгеше. Қалада жолдар салынып, саябақтар ашылып, қазақтың біртуар даналары Төле би, Қазыбек би, Əйтеке билерге арнап монумент орынатылды.

Бұл іс-шаралардың бастамашысы əрі басқарушысы ретінде 2006-2007 жылдары ауданымыздың əкімі болған С. Ибадуллаев ағамызды айтуға болады.

Кейінгі кезде аудан көлемінде тек экономикалық салада ғана емес, сонымен қатар мəдени өрлеу байқалады. Ол сөзімізге осы салада Шардара өңірінің тарихы ғылыми тұрғыдан зерттелуі дəлел.

Шардара өлкесіндегі тарихи-археологиялық салалар бойынша зерттелуі тиіс мəселелерді айтсақ, көне сақ дəуірінен басталатын су астында қалып қойған оба қорымдар, Түркі дəуірі еншісіндегі Ақтобе, Сүткент, Ходжкент секілді қала кенттерін, ислам дінінің енуімен қатар пайда болған Ұзын Ата, Асық Ата, Қос Сейіт, Мүлкіл Ата кесенелерін, Мұңлық Зарлық бейіттерін туристтік нысаналар ретінде қарауға болар еді.

Page 108: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

108

Туризм демалыс аймағы ретінде Шардара теңізі таптырмас орын. Бұл жерде жол, телекоммуникация, көлік мəселелері туындайды. Сол арқылы жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар мəдени іс-шаралар өткізуге де жол ашылар еді.

Мен осы мақаламда туған өлкем Шардараның тек экономикалық, шикізат қорын ғана емес, оның тарихи-туристік мүмкіндігін ашып көрсеткім келеді.

Бұны өзімнің үлкен ғылыми жобамның бастамасы ретінде ұсынып отырмын. Əдебиеттер

1 Руднев А.О. Заброшенный уголок // Туркестанские ведомости. – 1900. - №№15, 16, 17.

2 Свод памятников историй Казахстана. Южно-Казахстанская область. – Алматы, 1994. – С. 328-334.

3 Максимова А.Г., Мерщиев М.С., Вайнберг Б.И., Левина Л.М. Древности Чардары. – Алма-Ата, 1969. – С. 120-173.

4 Акишев К.А., Байпақов К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. – Алма-Ата, 1972. – С. 16.

5 Ахмет С.З., Исабеков З.Қ., Есжан Е.Ə. Отырар ескерткіштері. – Шымкент: «Жебе» баспа үйі, 2006. – 75 б.

6 Шежірелі Шардара. – Алматы: РГЖБ «Дəуір», 1999.

КЕҢ БАЙТАҒЫМ – ОҢТҮСТІГІМ

Абай Сəбитұлы ЖҮСІПОВ, «Шолаққорған» орта мектебінің 10 «Ə» сынып оқушысы,

Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Əр адамның өз ортасы, туған жері, Отаны болады. Менің де өз ортам, туған жерім, Отаным бар.

Менің Отаным – талай жылдар зарығып, Тəуелсіздікті аңсап, ақыры елдікке қол жеткізіп, өрлікке қадам басқан, гүл-гүл жайнап, байлығы судай тасқан Қазақстан.

Ал, туған өлкем – кең байтақ Қазақстанның Оңтүстік аймағы, Қарт Қаратаудың теріскей беті: асқар-асқар белі бар, қазыналы жері бар, шоқтығына шаң тимейтін «Мыңжылқыдай» тауы бар, махаббаттың дастаны болған «Келіншектау» мен «Ақбикештей» тарихи орыны бар, əулиелі – əнбиелі Қарабура, Бабтардың бабы – Ысқақ бап, Шашты Əзіз қоныс еткен қойнауы құт киелі жер.

Менің өлкем жерлес ақын сазгер Якуда Амандықовтың əн-жырына арқау етіп: Қаратауым, қалың ел қойлы ауылсың, Шалқып жатқан байлықтың қойнауысың. Ырыс-дəулет, береке тасқындаған, Əн шалқытқан жанымның жайлауысың, - десе, елге танымал ақын Жарылқасын Боранбай шалқып мақтанып: Жер бар ма жəннат өзіңдей, Өзіңсің менің – саз əнім. Көне көз қарттың сөзіндей, Айналдым сенен, Созағым! – деп жырласа, қазақ вальсінің королі атанған Шəмші Қалдаяқов риза болып: Терісей айналайын келбетіңнен, Сен бізге ақ бесіксің тербетілген, – деген сырлы Созақ болса, туған жерім ауданның орталығы – Шолаққорған. Созақ – топырағынан нəр алып, суын ішіп, құмын кешіп, табаныма тасы мен

шеңгесі батқан жеті атамнан қоныс болған, сарша тамыз ыстығы, қытымыр аяз суығы, алай-дүлей бораны, жайма шуақ жазы бар, тіке жүрсең, Бетпақдаланы кесіп

Page 109: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

109

өтіп Арқарға жететін, жол шеккен жолаушы Мұңлы-Қулыдай əулиелі тауының бауырында аунап, рақаттана таза ауасын кең тыныстап демалатын жер.

Отан əр адамға қымбат. Атам қазақ: «Кіндік қаным тамған жер, атам қоныс қылған жер», - деп жырлап

өткен туған жердің, Отанның қадірін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл сөз, бұл ұғым – ұлы, асыл, сөз төресі.

«Туған жер – тұғырың», - дейді халық даналығы. Əрине, елді, жерді, туған өлкені жырламаған жырау, шешіле сөз етпеген шешен жоқ шығар, мынау ғаламда!

«Туған жер – алтын бесік!». Ал өзін аялап тербеткен, бесігін сыйламаған, құрметтемеген жаннан еш жақсылық күтуге болмайды. Туған өлкенің тарихын білмеу де ұят нəрсе деп білемін.

Жазса Тарас Днепрді, Жазса Пушкин Еділді, Неге маған жырламасқа Сырда туған елімді, – деп Əбілда Тəжібаев айтқандай, мен де, өз жерім, туып-

өскен мекенім – Сырлы Созақ, əулиелі, əнбиелі жердің өлкесі болған қасиетті Созағыма да, Шолаққорғаныма да тоқталғым, ойымды тебірене айтқым келеді.

Менің аяулы ауылым, туған жерім – Шолаққорған табиғаты керемет, суы шипа, адамдары ақжарқын жер.

Туған ауылым Шолаққорғанымның өзіндік тарихы, шежіресі бар. Ауылымның «Шолаққорған» аталуының бірнеше тарихи себептері бар. Себебі,

ертеде ауылды қоршаған қорған салынған екен, ол қорған бітпей қалып, сол себептен «Шолаққорған» деп аталып кеткен екен деседі.

Ал Созақ ауданының тарихына көз жіберсем, ауданым дəл биылғы жылы 80-ге толды. Ауқымына кішігірім бірнеше еуропалық ел сыйып кететін дархан өлкеннің тарихы терең, бүгінгісі жарқын Созақ ауданы жағрафиялық жағынан Қаратаудың Теріскейін, Мойынқұм, Бетпақдала шөлінің едəуір бөлігін қамтыған ұлан-ғайыр далаға орналасқан.

Табиғаты қатал болса да шөбі шүйгін, ауасы таза, малға жайлы құт мекен. Ертеде бұл өлкені «Едігенің майлы жұрты» деп атапты. Қазақ пен Созақ қатар аталатын егіз ұғымды Созақ елі – бүгінде өнеркəсібі күшті дамыған аграрлы аймақ.

Созақтың киелі, тарихи өлке екендігі оның топырағында бүкіл түркі жұртына ортақ қасиетті тұлғалар Баба Түкті Шашты Əзіз, қазақ даласына ең алғаш келіп, мұсылмандық жолын ашқан Ысқақ бап, Ізгілік пен батырлықты қатар ұстанған Қарабура əулиелердің жатуынан көрінеді. Теріскей жерінің қойнауында толы байлық, аса құнды кеніштер бар.

Тарихта Созақ пен қазақтың кім екенін ажырататын тұстар бар. Алаштан Сейілхан, Жайылхан деген екі ұл туады. Жайылханнан – Майқы би, Майқыдан – Сабиян, одан Айырқалпақ, одан Қазақ, Созақ, Ұзақ туған. Сонда Созақ Қазақпен туыс болып шығады.

Менің бүгінгі сөз етіп отырғаным туған өлкем Созағым – жер аты, жер тарихы. Менің ауылым тек байлық пен қазынаның ғана қайнауы емес. Тас

жазуларының бұрын-соңды еш жерде кездеспеген түрі Қаратаудың ең биік шыңы (2179 м), Бессаздың, Мыңжылқы шоқысынан табылып, биыл 2008 жылы «Мəдени мұра» экспедициясы ЮНЕСКО есебіне енгізді. Мұндай тас жазулар мен мүсіндер Дегерездің батысындағы Үсіктастың Қайнар сайы мен Қарабұлақ, Көкбұлақ етегіндегі Қарлығаш əулиенің де маңынан табылады [19 б.].

Сонымен қатар Созақ халқы тарихында айтулы көтерілістерді де басынан өткере білді. Сол кездегі солақай саясат адамгершілік нормаларының бұзылуына да қарсы тұра білетін өр мінезді халық екенізімізді көрсеттік. Созақ көтерілісін де, аштық пен зұлматты да басынан өткере білді. Ал «ат ауздығымен су ішер, ер

Page 110: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

110

етігімен су кешер» тұста, Отанды жаудан қорғауда Созағымның ерлері, Ащысайдың оқтары, тылда қалған еңбеккерлері ересен ерлік көрсетті.

Бүкіл кеңес халқы сияқты Созақтықтар да кешегі Ұлы Отан соғысының қан майданында Отан үшін от кешкен, керек жерде жанын қиған бауырластарымыз өз елін жаудан қорғауда өз үлестерін қосты. Кеңес Одағы батырларымен иықтаса соғысқа қатысқан Дүйсенбеков Омарбек, Өткелбаев Жақсыберген «Катюша» командирі, Берлинде Рейгстагты атқылаған Өтешов Беркінбай, даңқты барлаушылар Маханов Пəрімбек, Асылбеков Атабек, ақиық ұшқыш Құрал Рүстемов, Елберген Жүсіпов, Ермен Ембергенов, Түктібай Аймұрзаев, Мұстафа Орынов, Жаңабай Мергенбаев, Əбен Құрманаев, Базар Арқабаев сияқты соғыс ардагерлерінің есімдері ешқашан ұмтылмайды.

Соның бірі – өзімнің атам Елберген Жүсіпов. Бұлар біз үшін, біздің өміріміз үшін күресті. Бізге осындай жарқын өмірді сыйлады [50 б.]. Соғыстан кейін де елді қалпына келтіру, индустрияны дамыту жолында да, ауданымыздан еңбек ерлері, көптеген зиялы қауым, өнер иелері шыға бастады.

Алғашқы академиктердің бірі – лингвист І. Кеңесбаев, Р. Бердібаев, К. Сыздықов, өнерге үлесін қосқан Ж. Қаламбаев, Я. Амандықов, Сүгір, Генерал, Төлеген есімдерін мақтанышпен айта аламын.

Елге, Отанға, туған жерге үлесін қосқан ардагерлерім көптеп саналады. Көптеген малшы мен өндіріс жетекшісі мемлекеттік үлкен наградаларға ие болды. Жартытөбеден Арқабаев Қодас Социалистік Еңбек Ері, Ленин орденімен Байымбетов Қалы, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен Бибі Төлебаевалар марапатталды. Бірақ бұл мақалада бəрін бірдей сыйдырып айта беру мүмкін емес.

Міне, менің туған жерім осындай! Менің туған жерімде бір емес, бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Бəрі де тату-тəтті,

бауырмал. Ауылым қазақи əдет-ғұрыпты дəріптеген ауыл деп білемін. Əдемі үйлер, əсем ғимараттар, түрлі саябақтар, мəдени орындарымен ауыл қалаға ұқсап емес, жұмаққа айналып бара жатқан секілді.

Əсіресе, көше сəнін келтіруде биылғы жылғы 80 жылдыққа жасалған шаралар, туған өлкемізді көріктендіруде өзіндік көп өзгеріс əкелді.

Аулымның əдемілігіне көз тұнады. Қайда қыдырып барсам да, өз ауылыма, өз жеріме ештеңе жетпейді, ауылыма жеткенше асығамын. Көп аудандармен салыстырғанда менің ауылым айрықша, өз аулымды көргенше асығамын, бір күн көрмесем сағынып кетемін. Басқаларға қайдам, маған дүниежүзінде өз ауылымнан асқан жер жоқ.

Бұрын кішкентай шағымда маған дүниедегі жақсылардың бəрі басқа жерде, сонау көкжиек тасасында жатқандай көрінетін. Қазір басқаша ойлаймын. Кіндік қаным тамып, өскен өлкем – ол менің ауылым – Шолаққорған.

Ойымды қорытындылай келгенде ауылымызды, туған өлкемізді қастерлей, құрметтей білейік! Қазақ рухының бастауы – ауылда, туған өлке, туған жерде деп білемін.

Алтын бесік – туған жер тек қана қазба байлық, төрт түлік мал, зиялы қауым мекені ғана емес, арқары мен киігі ойнақтаған, қарақұйрық, түлкісі мен қасқыры тау-тасы мен шөлейт даласын еркін кезген, алуан түрлі құстары көлдің сəні болған құт мекен.

Ел Президенті: «Біз өз тарихымызды өзгелер тұрмақ, өзімізге де толық таныта алмай келе жатқан халықпыз. Зерттемесек, жазбасақ, жарияламасақ, кім не деп таниды?» - деген екен. Сондықтан да мен де өз туған жерім жайлы өз білгенімді қысқаша жазып отырмын. Айта берсем, мұндай тарихи орындар мақтанарлық жайттар көп біздің ауылда.

Қорқыт бабамыз: «Қаратауың аман болсын – қара шаңырағың емес пе ол! Ата-баба рухы аман болсын – алып бəйтерегің емес пе ол!» - депті [45 б.].

Page 111: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

111

Өмір – дария ағысынан жаңылған емес. Сол ұлы көште əр кезеңде өмір кешкен ұрпақ өз қолтаңбасын қалдырып, ел тарихын жасап, өз ойын кейінгіге қалдыра берсе, артық болар деп ойламаймын.

Менің алтын бесігім – туған жерім – Шолаққорған, Созақ – қазақ хандығы туын тіккен, қазақ мемлекеті құрылған жер.

Əдебиеттер 1 Туын тіккен қазағым, қазыналы Созағым, 2008.

КӨРНЕКТІ ҚАЛАМ – ШЫМКЕНТІМ

Алуа Əнуарбекқызы СУЛЕЙМЕНОВА, Ө.А. Жолдасбеков атындағы №9 лицей-мектебінің

10 «ФМК1» сыныбының оқушысы, Шымкент қаласы.

Шымкент Ұлы Жібек жолының бір бөлігіндегі керуен жолдарының қиылысында пайда болып, өте көне Орта Азиялық қалалардың құрамына кіреді жəне бай тарихы мен мəдениеті бар.

Шымкент туристердің, өнертанушылар мен археологтардың ерекше қызығушылығын тудырады. Қазақстанның оңтүстігінде көптеп кездесетін курорттық, экзотикалық жəне тарихи орындарға алып баратын туристтік маршруттар дəл осы жерден басталады.

Шымкент туралы айтқанда, оның тарихына тоқтамау мүмкін емес. Біздің қала Еуропа мен Қытайды, Сібір мен Орта Азияны жалғаған Ұлы Жібек

жолы бойында орналасқан. Шымкент туралы Тимур Шарафдин Иездидің «Зафарнама» атты еңбегінде (ХІV ғасыр) жазылған. 1864 жылы Ресей империясының қол астында болған Шымкент 1914 жылы Черняев қаласы болып атауы өзгертіледі. Ал, 1921 жылдан бері қайтадан ежелгі атауы Шымкент қаласы болып аталды.

Елбасы Оңтүстікке келген сапарында Қазақстанда болашақта үш-төрт миллион тұрғыны бар ірі қалалар болғанын армандайтынын айтқан еді. Астана мен Алматыдан кейінгі ірі қала – біздің Шымкент.

Қаланың қазіргі бас жоспарының 1,5 млн. адамға лайықталып жасалынғанынан да осындай ой түюге болады. Жан-жағымыздағы өсіп-өркендеген мемлекеттерге қарайтын болсақ, ел астанасынан бөлек үш-төрт ірі қалалардың бір-бірімен жарыса өсіп келе жатқандығы байқалады. Бұл – мемлекетіміздің экономикалық əл-ауқатының көрсеткіші ғана емес, əлем алдындағы мақтанышы да.

Өркениетті мемлекеттермен иық теңестіру үшін Шымкент тұрғындарының саны күннен-күнге көбейіп келе жатыр. Түп-тұқияны екі жарым мыңыншы жылдарға тартып жатқан қазақтың байырғы шым қаласы Шымкент – жер иесі қазақтың киіздей ұйысып отырған аймағы.

Обалы нешік, Астана мен Алматыдан қала кейін құрылысы өте қатты қарқынмен жүрген осы өңір. Шымкент қаласы күлшелі жер болғандықтан ауыл, аудандардан қопарыла көшкен уақыттар да болған. Соңғы төрт-бес жылда қала маңында бірнеше шағын аудандардың пайда болуы соның айғағы.

Қазіргі өнеркəсіп, сауда жəне мəдениет орталығы болып табылатын Шымкент қаласы өзінің жарты миллион халқымен Қазақстан Республикасының ең ірі қалаларының біріне айналды. Шымкент Ұлы Жібек Жолының бір бөлігінде орналасқан керуен жолдары қиылысында пайда болып, Орта Азияның көне қалаларының құрамына енеді жəне бай тарих пен мəдениетке ие. Əкімшілік орталығы – Шымкент қаласы.

Қала аумағы 300 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Қала халқының саны 526600 адамды құрайтын қазіргі Шымкент Қазақстанның ең ірі қалаларының

Page 112: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

112

үштігіне кіреді жəне сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркəсіп, сауда жəне мəдени орталығы болып табылады.

Соңғы жылдары тек қана Шымкентте емес, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысында да кəсіпкерлік пен бизнестің қарқынды дамуының арқасында Шымкент қатты құлпырып кетті. Шымкент қаласының өнеркəсіптік профилін түсті металлургия, химия жəне мұнай химиясы, машина құрылысы анықтайды. Бүгінгі Шымкент қаласының аса маңызды өндіріс орындары болып «Химфарм» АҚ, «Ютекс» АҚ, «Қазақ-орыс текстилі», «Южполиметалл» ӨК, «РФС», «Восход и Юг» ӨК, «Восход и К» ӨК, «Инкомтайер» ӨК, «Рахат-Шымкент» ЖШС, «Кит Со», «Юг-Фс» көптеген құрылыс компаниялары т.б. «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағы жəне 2007 жылы құрылған «Оңтүстік» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы кеңінен қанат жайып келеді.

Қала жəне облыс аумағында тамақ, тоқыма, мұнай өңдеу, фармацевтика, металлургия өнеркəсібі мен машина құрылысы салаларында 700-ден астам өнеркəсіп кəсіпорындары жұмыс істейді.

Өңірде өндіріс орындарын дамыту ертеректе қолға алынған. Мəселен, сантоникалық зауыттың (қазіргі «Химфарм» АҚ-ы) іргетасы 1885 жылы қаланады. Алғашқыда зауыт дерменеден дəрі жасау ісімен айналысады. Ал, Кеңес өкіметі орнаған тұстан кейін есімі бүкіл Одаққа белгілі болған «Шымкент қорғасын зауыты» тұрғызылады.

1941 жылы, яғни, Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында Мəскеу жəне оның төңірегіндегі қалалардан көптеген өндіріс орындары Шымкентке қоныс аударады. Мəскеу облысынан, Краснодор өлкесінен, Киевтен, Харьковтан, Дондағы Роставтан, Воронежден, Кременчугадан 17 кəсіпорын көшіріледі. Кейін олар əр түрлі салада өнім өндіретін 255 ірі жəне орта өндіріс орындарының базасына айналды.

Қазіргі таңда еліміздегі өндіріс орындарының қатарынан «Шымкент мұнай өңдеу зауыты», «Оңтполиметалл» АҚ, «Ачполиметалл», «Шымкентшина», «Шымкентцемент», «Кентау эксковатор зауыты», «Шымкенттасбоцемент», «Шымкентмай» секілді өндіріс ошақтары лайықты орнын тауып келеді. Сондай-ақ облыста өндіріспен бірге инфрақұрылымды ілгерілету мақсатында энергия көздері, байланыс жүйесі, су каналдары, жол байланысы дамыту қолға алынады.

Ежелгі қала тарихқа бай, бірақ та бүгінгі Шымкент өзінің кереметімен тамсандырары сөзсіз. Шымкент – жастардың қаласы. Мұнда көптеген жоғарғы жəне арнаулы орта оқу орындары жас ұрпаққа білім беруде. Сондай-ақ, қалада 7 театр, ондаған кітапханалар, бірнеше мұражайлар, əр түрлі демалыс аймақтары халыққа қызмет көрсетуде.

Шымкент Қазақстан Республикасының өнеркəсібі дамыған орталықтарының бірі болып табылады.

Мұнда əркім өз қаласын өзінше сүйеді. Біреулерге оңтүстікке тəн думандылығы ұнаса, екіншіге оның қонақжайлылығы ерекше əсер береді ал, басқаларды оның халқы секілді жылы климаты мен əсем табиғаты тамсандырады. Бір сөзбен айтқанда, Шымкент əркімді өзіне тартар кереметімен ерекшеленеді. Мүмкін шетелдік инвесторлардың да өз жобаларын жүзеге асыруға біздің қаланы таңдайтындығының себебі де осы болар.

Бүгінде Шымкент қаласы əлем елдерінің онға жуық қалаларымен бауырластық қатынастар жасайды. Оның ішінде: Стивенэйдж (Ұлыбритания), Измир (Түркия), Байин (ҚХР) жəне т.б. бар. Шымкент – аймақтағы индустриясы мен өндірісі дамыған үлкен қала жəне Оңтүстік Қазақстан облысының əкімшілік орталығы болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан облысынан 47 азамат Кеңес Одағының батыры атағын алды. 9 жерлесіміз 1, 2 жəне 3-дəрежелі Даңқ ордендерінің иегері болды. Соғыс

Page 113: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

113

бастала салысымен-ақ облыс КСРО-ның Германиядан əскери-экономикалық артықшылығын қамтамасыз етуге қомақты үлес қосты. Мамандардың есептері бойынша, басқыншыларға қарсы атылған əрбір 10 оқтың 7-уі Шымкент қорғасынынан құйылған.

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің аса маңызды ауылшаруашылық аймағына айналды. Ол майданды Орал, Сібір жəне Еділ бойының ірі өнеркəсіп орталықтарын астықпен, маймен, жүнмен қамтамасыз етті. Майданға жеміс-жидек пен көкөніс жіберіп отырды. Соғыс жылдарында облыстан 2 млн пұт ет, 800 мың литр сүт, 100 мың ірі қара мал жəне 1 млн-нан астам қой жəне ешкі терісін, 44 мың 80 пұт жүн, 2 млн 120 мың пұт астық берді.

Мамандардың сол кездегі есептері бойынша облыс тапсырған мақтадан тоқылған матамен Қызыл Армияның 7 млн жауынгерін киіндіруге болатын еді.

1942 жылдың маусымында облыс еңбекшілері Ленинград тұрғындарына 287 бас мал, 160 центнер шұжық, 35 центнер мал майын жəне 80 центнер өсімдік майын, 120 центнер ұн, 270 центнер жеміс қағы мен көкөніс, 30 центнер жаңғақ, 170 центнер кондитер тағамы, 560 литр шарап өнімдерін аттандырған.

Көптеген оңтүстікқазақстандықтар Жеңіске өз үлестерін қосты. Мəселен, атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасов еңбекшілер арасында түрлі спорттық өнер көрсету жолымен 100 мың сом жинап, оны Амангелді Иманов атындағы жеке ұшақ жасауға берді. Жауынгерлік техника құрылысына «Ақтас» колхозының төрағасы Б. Оңдасынов өзінің жеке жинаған ақшасынан 166 мың сом, «Бірлік» колхозының төрағасы А. Жүсіпов 65 мың сом, «Қызылабад» колхозының төрағасы М. Ізбасаров 170 мың сом өткізді.

Оңтүстік Қазақстан облысы үшін мамандар дайындауды екі жоғарғы оқу орны – Шымкент химия-технологиялық институты мен Шымкент педагогика институты жүзеге асырды. Бірнеше орта оқу орындары: тау-кен, индустриялдық, автомеханикалық, гидромелиоративтік, дене тəрбиесі техникумдары, музыкалық жəне көркем өнер училищелері ашылды. Кеңес дəуірі кезінде облыс көлемінде 900 мектеп бой көтерді.

Жастарға білім беру жəне тəрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін педагог М. Тасоваға Социялистік Еңбек Ері атағы берілді. Осындай құрметті атақ денсаулық сақтау ісіне сіңірген еңбегі үшін дəрігер А. Бувановаға да берілген болатын. Облыс халқы өздерінің жерлестері – академик, түрколог Ісмет Кеңесбаевты, Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті Мəулен Балақаевты, геология ғылымдарының докторы П. Тəжібаеваны, филология ғылымдарының докторы Қалдыбай Бектаевты, филология ғылымдарының докторы Əбіш Байтанавты мақтаныш тұтады.

Өлке тарихына академик, Қазақ КСР-нің 1944 – 1957 жылдардағы Сыртқы істер министрі, кейіннен Үндістандағы КСРО елшілігінің кеңесшісі болған Төлеген Тəжібаевтың есімі алтын əріптермен жазылып қалған.

Облыстың мəдени өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі 1967 жылы қазақ жəне орыс драма театрлары ғимаратының салынуы болды. Оларда Қазақ КСР халық əртістері А. Абдулина, Ж. Серікбаевалар еңбек еткен. 1960 – 1980 жылдары ақын О. Малқараевтың, халық ақындары К. Омаров пен Ə. Қалыбекованың, ақын-жазушылар Ə. Жылқышиевтің, Н. Сүлейменовтің, Х. Есенғараеваның, О. Постниковтың, М. Байғұттың шығармашылықтарының өрлеген жылдары болды. Қазақстан театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Құрманбек Жандарбеков, Хадиша Бөкеева, Ғ. Хайрулина, атақты ақын жəне көрнекті қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов, композитор Шəмші Қалдаяқов, жазушылар Ж. Еділбаев пен Ф. Чирва – біздің жерлестеріміз.

Тəуелсіздік тұғырына қол жеткізгенге дейін Шымкент қаласы да шым-шытырық атаулардың шырмауында болғанын бəріміз білеміз. Қалада тіл сүріндірерлік атаулар тым көп болды.

Page 114: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

114

Қазіргі күнде қала аумағында орналасқан көшелер қазақ халқының тарихына, еліміздің ел болып қалыптасуына үлкен үлес қосқан Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би, Тəуке хан, Бəйдібек би, Аяз би, əл-Фараби, Елшібек батыр, Есіркеп батыр, Бекет батыр, Ахмет Байтұрсынов, Дінмұхамед Қонаев сияқты қазақ халқының кемеңгерлері, шешендері, данагөйлері мен қаһармандарының есімдерімен аталған.

Сол көшелермен жүрсем өзімді бақытты, əрі тəуелсіз мемлекетімде тыныс алып жүрген келешектің үміті екеніме күннен-күнге көзімді жеткізіп келе жатырмын.

КІНДІК ҚАНЫМ ТАМҒАН ЖЕР

Құндызай Қуандыққызы ҚҰЛМАНОВА, №135 орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы, Сарыағаш қаласы,

Оңтүстік Қазақстан облысы.

«Үлкен мəдениетті Ташкент қаласының іргесіндегі Сарыағаш ауданы

Қазақстанның үлгісін көрсететін, «мынау Қазақстан» дегізерлік,

абырой-беделін бағалы сапада танытарлық анық

көрікті аудан болуы шарт».

Мұхтар Əуезов. «Оңтүстік сапарынан» очеркінен

Туған жер – адамның түп-тұқияны, ата-бабасынан бері қарай кіндік қаны

тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адамы болсын, өз туған жерін, Отанын дүниедегі ең қымбаттысы, ең қасиеттісі, ең аяулысы – Анасына балайды.

Туған жер ұғымы адамның адамдық мінез, ізгілік сезімімен, парасатымен етене байланысты. Туған жер – белгілі бір аумақта өзінің тарихи іс-қимылын жүзеге асырып жатқан бүкіл халық. Ол – халықтың өткені, бүгіні жəне келешегі. Ол – оның өзіндік мəдениеті, оның тілі, оның мінез-құлқы, сол халықтың ғасырлар бойы ғұмыр кешіп, жанын пида етіп күресіп келе жатқан байтақ өңірі, өмір сүру тіршілігі, жалғаннан көретін қызығы мен бақыттың тұрағы, өлгеннен кейін де ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

Батырлар жырындағы: Атам күйеу болған жер, Анам келін болған жер, Кіндік қаным тамған жер, - деген қарапайым жолдарда адамның туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі

мен терең ыстық сезімі тамаша бейнеленген. Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенімі, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды.

Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дəстүр. Бұл наным біздің жанымызға ана сүтімен дарыған, ақ нанымен бекіген. Біздің ұшан-теңіз ертегі-аңыздарымыз, мақалдарымыз бен мəтелдеріміз, ұлы жырауларымыздың толғаулары мен жезтаңдай ділмарларымыздың шешендік нақылдары туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Жəне олардың өзі қандай терең мəнді, керемет көркем сөз маржандары десеңші!

Ата-бабалардың арттағы ұрпаққа мəңгілік аманатындай: «Отаның – алтын бесігің», «Туған жердің тасы да болысады», «Туған жерге туыңды тік», «Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас» сияқты ғажайып мақалдары қаншама.

Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы ежелден-ақ үш нəрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп келеді. Олар: ел, жер, ана тілі екен. Бұл үшеуінсіз қандай халық болсын, тарихтың тереңінен нəр алған жеке дара ұлт екенін дəлелдей алмайды. Ал біздің қазақ бабамыз өзінің елдігін дəлелдеу үшін тарихтың талай-талай тар соқпағынан өткені белгілі.

Page 115: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

115

Сəуірдің самалына дейін халқымыздың өткен өмірі, қазақ жерінің тарихы осы кезге дейінгі кезеңге талай бұрмаланды. «Біз сондай іргелі ел едік», - деп қазақ халқының өткен өміріне ой жүгіртсек, ұлтының жағдайын ойлаған адамдарға «ұлтшыл» деген айып тағылды. Халқымыздың көшбасшысы болып, адасқанда жол сілтеп, ақыл айтар азаматтары түгелдей дерлік «халық жауы» атанып, айдалып, атылып кетті. Соның салдарынан Ш. Айтматов айтқандай, туған жерінің тарихын білмейтін, ана тілін мансұқ еткен, тіпті ана тілінде сөйлеуге арланатын мəңгүрттер ұрпағы пайда болды. Бұл халқымыздың басына төнген нағыз қасірет еді.

Шүкіршілік, тəуелсіздіктің таңы атып, қазақ та көп жылғы ұйқысынан оянғандай дүр сілкініп, рухани тоғайып қалды. Біз сол тəуелсіздік желімен келген бақытты ұрпақ боламыз. Соның арқасында қазақты ел еткен əз Жəнібек, Тəуке, Абылай хандарды таныдық. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлардың кім екенін білдік. Ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңдерде халқына, ел-жұртына ақыл айтып, жөнге салған дана бабаларымыз Төле би мен Қаз дауысты Қазыбек би, Əйтеке бимен таныстық.

Бабаларымыз əр сүйем жер үшін көз алартқан жаулармен қасық қаны тамғанша күрескен, қызғыштай қорғаған ежелгі қазақ мекенінің, бүгінгі Қазақстан жерінің жиырма-отыз жылда сарқып қалған Аралдың орнын толтыру үшін көп уақыт қажет. Бұл күнде Кіші Аралдың толуына ғана қол жеткіздік. Абай, Шəкəрім, Мұхтар Əуезов туған қасиетті мекен – Семей жерінде сыналатын ядролық қаруды жойдық. Еуропадан əкелінген ракеталар да Сарыөзекте сыналды емес пе?

Жазиралы, құйқалы қайран жерім-ай, алтын бесігім-ай, сенің көрген қасіретіңді тізе берсе көзге жас келеді. Осындайда сонау ХV ғасырда өмір сүрген Қазтуған жыраудың мына сөздері еске түседі:

... Жабағылы жас тайлақ Жардай атан болған жер, Жатып қалып бір тоқты Жайылып мың қой болған жер. Жарлысы мен байы тең, Жабысы мен тайы тең, Жары менен сайы тең, Боташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай, Балығы тайдай тулаған, Бақасы қойдай шулаған! Аласапыран заманда ата жұртынан адасып қалғандардың өзегін өртеген өксігі

өмірі басылмайтынын кейінгі кездің мысалдарынан көреміз. Кешегі кеңес дəуіріндегі келеңсіздіктерден, одан кейін екінші дүниежүзілік

соғыс сұрапылынан жер жүзіне тарыдай шашырап кеткен қандастарымыздың туған жерге деген махаббаты, сағынышы қаншалық жан тебірентерлік екенін енді айқын көріп отырмыз. Тəуелсіздігімізді алғаннан кейін тарыдай шашылып кеткен қазақтар қайта айналып, қазығын табуда.

Əзербайжанның ұлы ақыны Физули осыдан бес ғасыр бұрын былай деген: Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат. Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат. Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат. Əңгіме бұл арада туған жер, ата-жұрттың аумағынан əріге аттап баспау

жайында болып отырған жоқ, əрине. Ондай талап қою мүмкін емес. Бүгінде көптеген Отандастарымыз, əсіресе, еліміздің талантты да талапты ұл-

қыздары білім-ғылым, өнер қуып, кəсіпкерлікпен айналысып, əлемнің əр қиырын шарлап кетті. Мəселе – олардың туған жерге деген сүйіспеншілік алауының маздай

Page 116: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

116

түсуінде, перзенттік сезімнің елінің қадір-қасиетін бұрынғыдан да терең танып, оның игілігі мен атақ-абыройы үшін аянбай жемісті қызмет етуге жігерлендіре түсуінде.

Адал перзенттері үшін туған жерден басқа ыстық, сүйікті, қасиетті, киелі жер жоқ. Бұл – халқымыздың қанына біткен имандай сенімі. Елдің салт-дəстүрінен, ырымынан соның жан тебірентер мысалдары көптеп табылады. Ақ жаулықты аналар алыс жолға, ұзақ сапарға аттанған балаларының мойнына туған жердің топырағынан бойтұмар тағып береді. Ол жат жерде бəле-жаладан сақтайды, ел-жұртын сағынғанда, мауқын басады, қиындыққа душар болып, тарыққанда əл-қуат береді, уайым меңдеп, торыққанда көңіліне медет болады деп білген.

Жазушы Ə. Кекілбайдың «Бір уыс топырақ» деген əңгімесінде қапылыста қолға түсіп қалған қазақ жігітінің тағдыры дəлел болмақ. Бақ пен таққа алданған жігіт анасының беріп жіберген бір уыс топырағы мен жусанын иіскеп, туған жерге деген сағынышы оянады. Бақ пен тақ та, аяулы жар мен ұл да оны алдандыра алмай, өзінің туып-өскен жеріне қарай шаба жөнеледі. Жолда бір топ қасқыр талап, атын жеп, өзі əрең дегенде қазақ жеріне жетеді де, бұл өмірден бақиға аттанады. Туған жеріне жеткенде өзі өлейін деп жатса да, кеудесін қуаныш жайлайды.

Отанды, туып өскен елді шексіз сүйіп, ардақтауға қоса, оны қорғау – əр перзенттің парызы, міндеті болып саналады. Қазір еліміздің егемендігін алып, өз қарулы күштерін жасақтап жатқан кезінде, əскери міндетін өтеуден жалтарып, қашып жүргендер заңды бұзушылар ғана емес, қасиетті сезімді аяқ асты етушілер болып табылады.

Егемен еліміздің бұл күнгі табысы – еліміздің күннен күнге көркейе түсуі. Елордамыз Алматыдан ауысып, «Астана» деп аталды. Елу елдің қатарына кіру үшін күш салуда. Қазақстан экономика, мəдениет, спорт саласында елеулі жетістіктерге жетуде. Халқымыз Қазақстанның түкпір-түкпірінде туып өскен жерлерін гүлдендіріп, мерейтойларын атап өтуде.

Биыл менің туып-өскен жерім Сарыағаш қаласының іргесі қаланғанына 40 жыл толды. Сарыағаш қаласы күн сайын қарыштап, дамып келе жатыр. Кең байтақ еліміздің оңтүстік нүктесі болып саналатын Сарыағаш қаласы шын мəнінде Республиканың басты бір қақпасы болып саналады.

Сарыағаш қаласы көршілес Өзбекстан Республикасымен шекараласады. Көршілес елдерден келетіндер де мəрттігімізді танып, үлкен елдің ұл-қызына лайық ізет-құрмет, жомарттық пен жайсаңдық, меймандостық – сарыағаштықтарға тəн қасиет екенін біледі.

Туған жердің тарихына тоқталсам, Сарыағаш ауданы оңтүстіктегі ірі, экономикалық жағдайы жоғары, аумағы жағынан ауқымды саналатын аудан. Сарыағаш қаласы 1936 жылы құрылған. Жер көлемі 761 мың 329 гектарды құрайды. Халқы көп ұлтты, жалпы саны 238200-ге жуық адам.

Аудан аумағында бүгінде екі жоғарғы оқу орнының құрамды бөліктері бар: М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультеті мен «Əулиеата» жекеменшік университетінің филиалдары қызмет көрсетеді.

Қазіргі таңда қала аумағында 4 тірек пункті учаскелік полиция қызметкерлеріне пайдалануға берілген, олар Қапланбек агро-экономикалық колледжінде – 1, мəдениет үйінде – 1, «Дəулет» базары аумағында 2 тірек пункті орналасқан. Мөлтек ауданда тағы бір полиция тірек пункті пайдалануға берілді.

Қала аумағында 9 мектеп бар, оның ішінде 5 қазақ, 4 қазақ-орыс мектептері. Сондай-ақ қала аумағында 1 университет, 2 колледж, 1 кəсіптік лицей бар.

Сарыағаш қаласы – облыста ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның белгілі бір елді мекендерінің бірі.

Page 117: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

117

Сарыағаш туралы деректерге сүйенсек, ертеректе темір жол бойында өскен ағаштардың сарғыш реңіне қарап, «сарыағаш» аталса керек. Мен туып өскен жерімнің тарихына үңілсем, Сарыағаш қаласының солтүстік жағында сарыағаштар өсіп, осы атау қалыптасқан деседі. Сарыағаш аталуы бойынша нақты деректер жоқ. Мүмкін, аңызда айтылғандай, Аққұс Əулиенің ізгі ниетінен туса керек.

Жер төресі Сарыағаш Тату елі аралас. Төле баба əруағы, Жебеп жүрген Сарыағаш, - дегендей, Сарыағаш халқының тұрмыс-тіршілігі, мəдени-тұрмыстық жағдайы,

əл-ауқаты нығайған үстіне нығаюда. Алайда, əлі де шешілмей келе жатқан мəселелер көп. Жалпы білім беретін

мектептер мен балалар бақшасын көбейту, орталық спорт кешендерін салу басты орын алып келеді.

Қаланың іргетасы өткен ғасырдың 20-шы жылдары қаланған болатын. Жыл өткен сайын туған жеріміздің көркіне көрік қосылып, шаруашылығы жақсара түсті. Қазір қала халқының саны 32 мыңға жуықтады. 1968 жылы Сарыағашқа қала мəртебесі берілді.

Республикаға белгілі Сарыағаш курорты мен «Арман» санаториі Сарыағаш қаласынан небəрі 15 шақырымдай жерде орналасқан. Демалыс орнына келуші əрбір тынығушылар Сарыағаш қаласына соқпай кетпейді.

Сарыағаш қаласы аумағы арқылы Орта Азия темір жолы өтеді. Облыстың Қазығұрт, Сарыағаш аудандарының жүктерін вагондарға тиеу, түсіру Сарыағаш қаласындағы Сарыағаш темір жолы стансасында іске асырылады.

Сарыағаш қаласында 2 саябақ бар. Оның біріншісі 1930 жылдары құрылған. Сарыағаш қаласының өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып еңбек етіп жүрген

азаматтарымыз да жетерлік. Сарыағаш минералды суын шығаратын «Курорт Барыс – 2030» ЖШС 1998 жылы іске қосылды. Оның президенті Қолдас Молдалы халыққа сауабым тисе екен деген тілекті тірек етіп жүрген азамат. Денсаулық жылында сарыағаштықтардың тұрмыстық қажетін өтеуді мақсат етіп, «Сауап» кешенін ашты.

Ол кісі тұрмысы төмен отбасыларға көмек беріп, қайырымдылық көрсетеді. Мен оқитын №135 орта мектепке де аз үлес қосқан жоқ. Осы жомарт ағамыздың көмегінің арқасында бастауыш сыныптарға арналған сəулетті ғимарат салып берді. Биылғы су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға моралдық жəне материалдық көмек көрсетті.

Саялы Сарыағашым экономикалық дамуымен ғана емес, сонымен қатар ел аузында сақталып, бізге жеткен тарихи аңыздарға да бай өлке.

Атап өтер болсақ, киелі Темір пірі – Ердəуіт, Шаймерден баба, «Ақ бура», «Жабай Ата», «Шопан Ата» əулиелер орын алған. Киелі жерлердің қадір-қасиетіне жетік, ата-бабалардың əруағына сиынушылар да аз емес. Нақтырақ келсек, дəл бүгінгі күні де ниеті түзу, тəні мен жаны сау, бойы мен ары таза Алланың момын құлдары осы əулиелерге келіп мінажат етеді.

Əр азаматтың Отан алдындағы борышы мен парызы бар. Мен де өз Отанымды, туған өлкемді, жерімді қадірлеп, қастерлеп, көркейтуге өз үлесімді қосамын.

Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым, Алыбыңнан арманыма нəр алдым. Тұнығыңнан жүзіп іштім өзіңдей Алтын арай таңы жұпар самалдың. Сенен артық қасиет жоқ-ты, жер, тегі, Сен ұрпақтың күліп атар ертеңі, Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер, Көркейтуге міндеттімін мен сені, - дей келе шығармамды аяқтаймын.

Page 118: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

118

Əдебиет 1 Аяш Ж. Оңтүстік қақпасы. – Ташкент, 2003. 2 Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы. – Алматы, 2005. 3 Əуезов М. «Оңтүстік сапарынан» очеркі. 4 Əдеп. Инабаттылық дəрістері. – Алматы: Рауан, 1998.

ОТЫРАР – ҰЛЫЛАР ОТАНЫ

Назира Пернебекқызы ОРДАБАЕВА,

А. Дəрібаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы, Шытты ауылы, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Мен сенімен мақтанамын Отырарым, Ауаң балдай, құйқалы топырағың. Қанша ұлыны əкелген дүниеге, Жасар мəңгі жаңарып, атырабың. Иə, Отырар өңірінен шыққан ақын ағамыз Сейтісхан Кішібайұлының бұл өлең

жолдарында Отырардың ұлылығы көрініп тұр емес пе! «Ел даңқын ер шығарады» демекші, киелі жерден шыққан ұлы тұлғалар аз

емес. Отырар – ұлылар отаны деп бекер айтылмаған. Мұхаммед пайғамбардың ілімін

жалғастырушы – Арыстанбаб, туған қаласын қаһармандықпен қорғаған – Қайырхан, Аритотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Əбу Насыр əл-Фараби, күш атасы атанған Қажымұқан, академик Мұхтар Əлиев, сазгер Шəмші Қалдаяқов, қоғам қайраткерлері Нəзір Төреқұлов, Өзбекəлі Жəнібеков, ақын Мұхтар Шаханов сынды біртуар ұлдар туған өлкесін баршаға танытқан.

Отанымызды жаудан қорғаған Сейітқасым Əшіров, Темірбек Ибрагимов тəрізді батыр ағаларымыз, даңқты жазушы Саттар Ерубаев, үш рет Қызыл Ту орденінің иегері Абдулла Жармұхамедовтер, ғажайып ғалымдар Нұролла Сəрсенбаев, Өмірзақ Айтбаев, Құлбек Ергөбек, орақ тілді, от ауызды Майлықожа мен Мəделіқожа, Ергөбек, халық ақындары Айтбай, Құлыншақ, кейінгі толқындардан Тəушен Əбуова, Əселхан Қалыбековалардың туған өлкесін баршаға, əлемге танытуда жасаған еңбектері мол.

Тарих айтады: Ұлы Отырар – кіндік Азия мен Қазақстандағы ғана емес, бүкіл əлемдік өркениетке аты мəшһүр қала. Күллі əлемге ғылым мен Білімнің, ерлік пен қаһармандықтың өнегесін паш еткен еңселі, өркениетті орда қала 2000 гектар жерді алып жатқан отырарлықтар Еуропамен, Иранмен, Сібір халықтарымен, моңғол, қытаймен тұрақты сауда қарым-қатынасын жасап отырған.

Отырардың гүлденуі 1219 жылдың күзінде Шыңғысханның 200 мыңдық əскерінің шабуылынан тоқтап қалады. Осы ойраннан кейін де Отырар қайта жанданған. Жошы ұлысы құлағаннан кейін Отырар əйгілі ақсақ Темір мемлекетінің құрамына кірді. Он бесінші ғасырдың бас кезінде жоңғарлар ашқан соғыс кезінде Галден басшылық еткен əскер Отырар қаласын өрт құшағында қалдырғаны туралы деректер бар. Тарихшылар Отырардың қайта көтеріле алмауын осы соңғы өртпен байланыстырады.

Отырар он сегізінші ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген. Ежелгі Отырар өңірінің екінші өмірі – бақыт дəурені Кеңес өкіметі орнаған соң

басталды. 1927 жылы отырықшыландыру ісіне байланысты көптеген серіктестіктер ұйымдастырылды. 1929 жылы колхоз ұйымдастыру басталды. Арыс өзені бөгеліп, Шəуілдір каналы қазылды. Бұл канал Дүйсенбай Алтынбековтың басқаруымен қазылды. Бүгінде бұл канал Дүйсенбай Алтынбековтың атымен аталады.

Page 119: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

119

Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің 1934 жылдың 27 желтоқсан күнгі №106 қаулысымен Шəуілдір ауданын құру туралы шешім қабылданды. 1935 жылдың 9 қаңтар күні Шəуілдір ауданы Түркістан ауданынан бөлініп, өз алдына отау тікті.

1935 жылы аудан Монғолиядан 600 түйе алып, түйе зауыты ашылды. Аудандағы тұңғыш бастауыш мектеп 1926 жылы Темір стансасында ашылды.

1930 жылдың бас кезінен бастап ауданда алғашқы радио мен телефон желісі жүргізілді. Алғашқы емхана 1933 жылы ашылды.

Отырар ауданының орталығы Шəуілдір деп аталады. Ғылыми деректерде Шəуілдір атауы Шəуілдір сөзінің шығу тарихын анықтауда

Шəміл деген балуан жігіт пен ханның Дүр есімді сұлу қызының арасындағы махаббат хикаясына сүйенеді. Бір ашаршылықта елдің ханы қысылғаннан Арыс өзенінен егістікке су шығарған азаматқа жалғыз қызын бермек болыпты. Мұны естіген Шəміл атты балуан жігіт Арыс өзенінен арық қазып, егістікке су жеткізуге айналыпты. Арық бітпей жатып хан сөзінен айнып, қызын кедей жігітке бермеу үшін қаша көшіпті. Шəміл көшті қуыпты. Көштің қарасын көру үшін Шəміл əр жерге топырақ үйіп, төбе жасап, соған шығып қараған деседі. Ақыры Шəміл көшті қуып жетіп, ханның қызы Дүрге қосылады. Бірақ хан жансыздарын жұмсап, екі жасты бір түнде өлтіреді де, өзі көшіп кетеді.

Аңыз осылай деседі. Жалпы Шəуілдір ауылының тарихы – осы жердің түп-тамырын тұрғындары

болған ата-бабаларымыздың тарихы, қазақтың алғаш рет халық болып, қалыптаса бастаған алтын бесігімнің тарихы.

Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев: «Ұлы Отырар –қазақ өркениетінің алтын діңгегі», - деген.

Шыңғысханның жорығынан тоқырап қалған Отырар араға бірнеше ғасыр салып қайта жанданғалы отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылғы 13 маусымда «Мəдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген мəжілісінде Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігін ары қарай дамыту туралы нақты тапсырмалар беруі жəне республика Президентінің басшылығымен қабылданған «Мəдени мұра» бағдарламасы тамырын тереңге жайған Отырар тарихын бүгінгі ұрпаққа жеткізу үшін мол мүмкіндіктер жасап отыр. Атап айтқанда, 2004 жылғы 30 қыркүйекте ел Үкіметінің «Көне Отырарды қалпына келтіру» жөніндегі №1009 қаулысы Отырардың баға жетпес тарихи құндылықтары бүкіл дүние жүзіне мақтанышпен таныстыратын күннің де алыс емес екендігін айқын көрсетеді.

Осы қаулының 2005-2009 жылдарға арналған арнайы бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама бойынша Отырар халықаралық туризм орталығына айналатын болады.

Ата-бабамыздың əрбір айтқан сөзі, мақал-мəтелдері, ой-түйіндері жас ұрпақты тəрбиелілікке шақырады. Мəселен, В.А. Сухомлинский: «Өз бесігің, өз үйің... Өз бесігіңді ұмыта көрме», -дейді. Қазіргі таңда білімді де білікті жастарымыз өзге елде білім алуда. Сол білімділік пен біліктілік бізді қуантады-ақ, бірақ өзге елге кеткен жастарымыз алтын бесігін, ыстық ұясын ұмытып қалып қоюы баршылық. Сол іс-əрекет жүрегіңді шымырлатпай қоймайды.

Жастарымыз елімізге қайтып, көптеген үлесін тигізсе нұр үстіне нұр болар еді. Əттең, ол үшін негізгі мазмұн-мəні имандылықта болуы керек деп ойлаймын.

Əрбір адам əрқашанда туған жерін ұмытпайды жəне ұмытуға тиіс емес. Туған елін, жерін ұмытқан адам соңында өмірден опық жері анық.

Мен кіндік қаным тамған алтын бесігім тербетілген туған жеріме деген ыстық махаббатымды, асқақ сезімімді өлең жолдарымен жеткізбекпін.

Туған жерім, сен деп соққан жүрегім, Сені əрқашан қолдап, қорғап жүремін.

Page 120: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

120

Туған жерім, ынтықтырып тұрасың, Қалай ғана сенсіз өмір сүремін. Туған жерде ашылды «өмір» есігім Тербетілді менің алтын бесігім. Туған жерім, əлдиледің тек қана Бір қателік кетсе менен кешіргін. Жалынды журналист Баубек Бұлқышев туған жерге деген адал ниетін нақыл

сөзбен жеткізбек болып кезінде былай деп жазған: «Адал Адам туған жерін сүйеді, адал жүрекке туған жер анасындай».

Иə, туған жер – кір жуып, кіндік қанымыз тамып, алтын бесігіміз тербетілген өлке. Адам жүрексіз қалай өмір сүре алмайтын болса, туған жерсіз де дəл солай өмір сүре алмайды.

Өз туған жеріміздің мүддесін қорғап, өміріңді құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ. Құс ұшуға жаралған болса, адам туған жерін сүюге жаралған. Туған жерімізді қорғау – бір парымыз. Жастар, туған жерге деген ниетіміз тура, пейіліміз ақ, жүрегіміз дархан болсын демекпін.

АБАЙ АУЫЛЫ – ӨТЕ ƏДЕМІ АУЫЛ

Балжан Əбдірəсілқызы ƏБДУƏЛІ ƏУЛЕТІ,

Ө. Жəнібеков атындағы №73 көп салалы мектеп-гимназиясының 10 «А» гимназия сыныбының оқушысы, Абай ауылы, Келес өңірі,

Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Абай ауылы – өте əдемі, ауасы таза ауыл. Мен Келес өңіріндегі Абай ауылында шыр етіп дүниеге келгенмін. Мен осы

Абай ауылында дүниеге келгеніме өте қатты қуаныштымын. Менің туған жерім – Қазақстан мемлекеті, ал туып-өскен жерім – Абай ауылы. Мен Қазақстанның азаматы екенімді, Қазақстанда туып-өскенімді, менің туған жерім – Қазақстан мемлекеті екенін өте үлкен мақтанышпен айта аламын.

Мен Абай ауылының №1 перзентханасында туылдым. Қазір де ең жақсы Өзбекəлі Жəнібеков атындағы №73 көп салалы мектеп-гимназиясында білім аламын. Бұл мектепте мен 1999 жылдан бастап білім аламын. Менің Абай ауылында тұрып жатқаныма 15 жыл болды. Сол 15 жылдан бері мен осы керемет жердің ауасымен тыныс аламын, суын ішемін.

Абай ауылында тұратын халықтардың ауызбіршілігі өте мол. Барлық адамдар бір-бірімен дос.

Менің туған жерім – Қазақстан. Қазақстан жері – шұрайлы, суы мол, табиғат байлықтары өте көп, ауасы таза. Қазақстан мемлекеті Еуразия материгінің жүрегі, ал Қазақстанның жүрегі – Астана қаласы.

Астана қаласы – Қазақстанның Елордасы. Қазақстан бес мемлекетпен шектеседі: Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түрікменстан. Қазақстан мемлекеті 14 облысқа бөлінеді. Соның бірі – Оңтүстік Қазақстан облысы.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның оңтүстік бөлігінде жатыр. Оңтүстік Қазақстанда халық өте тығыз орналасқан. Бір шаршы километрге 17 адамнан келеді.

Оңтүстік Қазақстанда көптеген пайдалы қазбалар шығарылады. Жеріміз егін егуге, мал жаюға өте қолайлы. Облысымыздың орталығы Шымкент қаласында көптеген жоғарғы оқу орындары, орта білім алатын мектептер шоғырланған.

Облысымыз бірнеше аудандарға бөлінеді. Солардың бірі – Сарыағаш ауданы. Келес ауданының үлкейіп кетуіне байланысты 1939 жылдың 16 қазанында Сарыағаш ауданы құрылып, Келестен бөлініп шыққан.

Page 121: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

121

Оңтүстік өңіріндегі ең ірі аудандардың қатарына жататын Сарыағаш жөніндегі деректер Ташкент қаласындағы мұрағаттарға сүйенсек, 1802 жылдан бастау алатын көрінеді. Белгісіз автордың «От Оренбурга да Самарканда» деген еңбегінде сол кездерде Сарыағаш, Көктерек өңірлерін тығыз қоныстанған ел еді деп келсе, 1870 жылдар төңірегінде Сырдария əскери губернаторлығына қараған Сарыағаш өңірінде Болатов болыстың басқаруының қарамағында 31 ауыл болған. Аз уақыт аралығы барысында орталығы Қазан поселкесі болып, кейін «Чичерино» деп өзгертілген, қазіргі атауы «Сіргелі».

1924 жылы Сарыағаш селосына, ол 1968 жылдан бастап Сарыағаш қаласы мəртебесіне көшірілген. 1917 жылы Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін аймақтық басқару жүйесінің негізінде 1928 жылы Келес ауданы құрылды.

«Сарыағаш» атауының қалай шыққанына назар аударайық. Бұл жөнінде əр түрлі болжамдар бар.

Негізінде бұл атаудың сыры Жер-Ана мен адамзат тарихының тереңінде жатыр. Ертеден келе жатқан аңыз-əңгімелердің бірі Нұх пайғамбар мен оның кемесі туралы. Нұх кеме жасауға кіріскенде гофер ағашын пайдалануды ұсынған. Қазіргі ғалымдар гофер дегеніміз кипористің екі аты деп айтады. Шалшық суда өсетін кипорис гофертаксодидтердің тұқымдас ұрпағы, қылқан жапырақты ағаштардың көп өскен жері – Шеңгелді, Сарыжылға жазығы, Бөгенəлі, Əлімтау төңірегі екенін анықтадық.

Ерте Бор дəуірінде бұл аймақта көптеген ірілі-ұсақты өзендер мен көлдер болған. Оларда тригоноидтер, су тасбақасы, ал жағалауларында динозаврлар өмір сүреді. Өзендердің бір бөлігінің суы көлдерге, бір бөлігі бұл аумақтың оңтүстік- батысындағы теңізге құйылады. Тау бөктерінде ірі материал, тауда гравелиттердің, құмдауыттар мен лайдың шөгінділері жиналады. Оларда сол кездегі өсімдіктер мен аңдар қалдығының ізі бар. Динозавр негізінен, өсімдіктермен қоректенген. Ал, мұнда тамаша жайқалып өскен өсімдіктер болғаны рас. Оны бірнеше рет көтерілген теңіз сулары бұзған.

Сарыағаш төбелерінде тек тасқа айналған ағаштарды Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Х.М. Абдуллаев атындағы геология жəне геофизика институтының жəне ботаника институтының ғалымдары жинаған. Бор дəуірі кезеңінде қылқан жапырақты ағаштар күшті гүлдеп, өлкені алтын түстес реңге бояп, дүниені құлпыртып жатқаны туралы кейбір көне жазбаларда аталған жылдың 7-8 ай кезеңін сары түске бояп, сарғайып жатқан атырап Сарыағаш аталмасына кім кепілдік бере алады?

Сарыағаш ауданындағы əсем ауыл – бұл Абай ауылы. Енді Абай ауылының тарихына тоқталайық.

Ауылымыздың байырғы тұрғындарының айтуы бойынша, ауыл XIX ғасырдың 90-жылдарында пайда болған. Қазір Абай ауылы орналасқан жерде елді мекеннің ірге тасын қалаған əулие Ешан емес деген ойлар бар. Дегенмен, тарихи деректерге сүйенетін болсақ, əулие Ешан осы өңірде су жетіспегендігін ескеріп, адамдарды емдеуден түскен қаржысын жəне басқа табыстарына каналдар қаздырып, халықтың қоныстануына ерекше үлес қосқан жəне халыққа жанашыр тұлға болған. Ол мешіт ашып, имандылықты насихаттаған жəне өзі бас имам болған. Сондықтан халықтың арасында бұл жер Ешан базар ауылы аталып кеткен.

Имам Ешанның кейбір қолжазбалары Абай ауылындағы мешітте сақталған. Ол 40 күн шілдеде жертөледе түнеген. Ешан бабамыздың қызы Зухраның айтуынша, оның əкесінің тарихы XX ғасырдың 40-жылдарында зерттеле бастаған. Өкінішке қарай, «ұлттық» мəселелерге байланысты тоқтап қалған.

Ең қызығы, сол бабамыздың немерелері қазір біздің мектебімізде, Өзбекəлі Жəнібеков атындағы гимназияда орыс сыныптарында оқып жүр.

Page 122: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

122

Ешан бабамыз туралы баспасөзде нақты деректер келтірілмеген. Ол жайында оның туыстарымен, оны білген адамдармен, ауылымыздың ақсақалдарымен əңгімелесу арқылы білуге болады.

Келес өңірі мен Абай ауылының тарихы осы күнге дейін көп зерттелмеген. Бұл туралы баспасөз бетінде жарық көрген мақалалар, ешқандай зерттеулер жоқтың қасы. Ауыл тұрғындары өз ауылының тарихынан бейхабар.

Ұлы Отан соғысының ардагері Меңдіғалиев Аманша атамыздың естелігі, жазған қолжазбалары өте көп көмегін тигізді.

1923 жылы В.И. Лениннің басқаруымен Ұлттық Республикаларды реттеу мақсатында пікір алысу өтіледі. Нəтижесінде Қазақ Республикасының аумағы, яғни Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақстанға қарайды.

Келес ауданының Өзбекстан Республикасымен шекарасы Ащы өзенінің бойымен жүргізіледі. Бұрынғы 5 аудан (Сарыағаш, Келес, Шардара, Мақтаарал, Киров) Қазақстанға қалдырылады. 1928 жылдың 17 қаңтарында Ташкент қазақ уезінің Келес жəне Бағара болыстары мен Ақжай болысының біраз жерін қоса Келес ауданы құрылған. Кейін Келес ауданы Сарыағаш ауданына 1996 жылы қосылды.

1963 жылдың 12 қаңтарында Келес ауданы таратылып, Сарыағаш ауданының құрамына енгізіледі.

Ал, енді Шерəлі Артығалиев атамыздың айтқанына назар аударайық. Тарих деректеріне сүйенсек, Келес өңірінде халық жайланғанына 300 жылдай уақыт болыпты. Оның нақты дəлелдері – үлкен қорымдағы құлпытастар. Мысалы, Самарқанд көктасы, Мыңтөбе, Күлтөбе қорымдары, Мүсəпір, Қарасақал, Қошқарата, Үмбетқожа, Шоқшеңгел, тағы басқа қорымдар.

Бұрын Келесте халық аз қоныстанған, себебі су жетіспеген. Кешегі XVIII ғасырдың басына дейін Келес өңірі жайлау есебінде пайдаланылып келген.

Бұрынғы қоныстанған адамдарды – Көне туған, кейінгілерді Жаңа туған деп екіге бөледі. Олардың қыстауы Ленгір қаласының айналасында, ал жайлауы Келес өңірі болды. Келес өзеніне Зақ каналын қосқаннан кейін су молайып, XVIII ғасырдан кейін бұл өлкеге халық көбірек қоныстанады.

XIX ғасырдың басында Келес өзенін буып, Араншы арық, Ошақты арық жүргізілді. Ошақты арық, Араншы арық үстіне қосымша Бесауыл, Оймауыт каналдары тағы басқа қосылды. Осы каналдың бойындағы елді мекендер үлкен ауылдарға айнала бастады. Соның бірі – Ешан базар ауылы. Бұл жөнінде əйгілі жазушысы Əзілхан Нұршайықовтың «Келес коммунистері» деген кітабы куə.

Ешан базар ауылының астында жəне одан төрт шақырым жерде ірі-ірі қорымдар жатыр. Қазіргі Абай ауылының іргетасын қалаған əулие Ешан емес. Жоғарыдағы айтылған елді мекендер. Абай ауылы XIX ғасырдың 90-жылдарында Ешан базар деп, 1934 жылы Абай базар деп аталса, 1973 жылдан бастап Абай деп аталып келеді.

Абай ауылының дамуы: Абай ауылында мəдениет сарайы 1978 жылы салынып, өнер мен мəдениеттің

дамуына, өсуіне үлкен үлес қосты. Келес əртістері «Келес халық театры» атағын 1978 жылы жеңіп алды. Абай ауылдық кітапхананың алғашқы директоры – Асқарбекова Бақыт.

Мыңдаған оқырмандар осы жерден өздеріне рухани азық алады. Ауған соғысының ардагерлері де естен шыққан жоқ. Келес өңірі бойынша

ауған соғысына қатысқан интернационалист жауынгерлер кеңесінің төрағасы – Жұмабеков Ахмет. Осы кісінің бастауымен соғыс құрбандарына ескерткіш орнатылды.

Келес өңірінен шыққан бірнеше ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, академиктер – Лениншіл Рустемов, Немат Келімбетов, Беген Есімов, Исабек жəне Абай Төретаевтар.

Page 123: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

123

Алғашқы коммунарлар ескерткіші «Коммуна» бөлімшесінен ашылды. Кəсіптік-техникалық оқу орны ең алғаш рет Ғани Мұратбаев атындағы

кеңшардың «Көгерту» бөлімінде 1961 жылы құрылды. Бұрынғы Келес ауданының қысқаша тарихы: Келес өзені, елді мекендер, аудан аттарына келсек, «Келес» сөзі көне топоним.

Өйткені Келес даласы, тарихшылардың дəлелдеуінше, б.з.б. VI-VIII ғ.ғ. Сақ тайпалары мекендеген жер (Г.В. Григорьев). Атаудың түрік-моңғол тілдері негізінде Келес «тіл» сөзінен шықты деген гипотеза онша дөп келмейді.

Келес – көне тайпалар тілінде – «Үлкен кесіртке» [116 бет, 5-том] (Varanidae). Сөзбе-сөз мағынасы: «Кесірткелі өзен» [Қазақстанның жер-су аттары сөздігі 127 бет, Алматы «Мектеп», 1985 жыл].

Келес халқының табыстары облыс, республика, одаққа белгілі болды. Халықтың тұрмысы жақсарып, еңбек нəтижелерінің арқасында бұрынғы Ғани Мұратбаев атындағы кеңшардан сол кездері колхоз төрағасы Ермеков Байбек 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Сонымен бірге еліне сіңірген еңбегі үшін Рыскүл Махатова, Пілтан Мамыров, Ораскүл Бектұрғановалар да Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Кейінгі жылдары бұлардың қатарына Нұрмахан Жұматаев, Алтынбек Абдуллаевтар да еніп, Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.

Қазіргі таңда ауданның жер көлемі 395 мың гектар, халық саны 78 мың. Ауданда 25 ұлттың өкілдері тұрады. Оның ішінде: қазақтар – 87%, өзбектер – 3,5%, орыстар – 2,7%, немістер – 2,5%, украиндар – 0,4%, татарлар – 1,5%, курдтар – 0,2%, ұйғырлар – 0,6%, басқа ұлт өкілдері – 2,5% құрайды.

1946 жылы аудан аумағынан «Орта Азия мұнай барлау тресінің» А. Апшеронов бастаған геологтары зерттеу нəтижесінде мұнай орнына атқылаған Сарыағаш минералды суын тапты. 1951 жылы алғашқы 20 ванналы су емханасы құрылысы басталды.

2005 жылғы мəліметтер бойынша ауданда 97 орта мектеп, 15 негізгі мектеп, 25 бастауыш мектеп, 3 саз мектебі, 1 өнер мектебі бар. Ондағы 64413 шəкіртке 6274 мұғалім дəріс беруде.

Ауданда 238145 халық тұрады. Батыр Аналар – 1031, көп балалы аналар – 10161, оның ішінде зейнеткер жасындағы аналар – 185.

Ауданда соғысқа аттанғандардан Лесбек Жолдасов, Жолдас Сүлейменов, Сыдық Исмаилов, Матвей Окороковтар – Кеңес Одағының Батыры атағын иеленсе, 4082 азамат тылдағы ерен еңбектері үшін медальдармен марапатталған.

Өздерінің еселі еңбегінің нəтижесінде И.А. Тыщнеков КСРО Мемлекеттік сыйлығының, Мұстафа Смайылов Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары атанып, ел мерейін асқақтатты.

Келес өңірінде қазіргі кезде мəдени ошақтар жаңарып, зəулім-зəулім мектептер салынды. Қанша мыңдаған оқушылар оқып, бірнеше оқытушылар білім берді. Ауданда 300 адамдық салтанат үйі салынып жəне тағы да басқа құрылыстар жүргізілді. Аудан халқы үшін автобекет жəне автокөліктер жұмыс істеді.

Осылайша Келес өңірі барлық жетістіктерге қол жеткізді. Өңірдегі 60 мектепте 3 мыңнан астам ұзтаздар егемен елдің болашақ азаматтарын тəрбиелеуде, оқу жүйесіндегі озат тəжірибелерді пайдаланып, сапалы білім беруде.

Абай ауылы – өте керемет жер. Абай ауылының қазіргі жағдайы өте жақсы. Абай ауылында білім мен өнер жақсы дамуда. Бұрынғы кезбен салыстырғанда халқы көбейіп, кеңейіп жатыр.

Біздің Абай ауылының құрылғанына бір ғасырдай болып қалған. Ал, Абай ауылы болып аталғанына биыл 35 жыл толды.

Page 124: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

124

Ауылымыздың жағдайы түзеліп келеді. 2003-2005 жылдар ауыл жылы болғандықтан, ауылымызға өте көп көңіл бөлініп, мектептер, үйлер салынып, кеңейді.

Абай ауылының одан əрі дамуына мен де өз үлесімді қосамын. Мен Өзбекəлі Жəнібеков мектебінде алып жатқан біліміме өте ризамын жəне одан əрі қарай білімімді шыңдап, туған жерімнің, туған елімнің көркеюіне өз үлесімді қосамын.

Біздің Келес өңірінде элетр жарық көздері қазіргідей болмаған. Осы қиыншылықтарды жеңе отырып, Келес халқы шаруашылықтың түрлерінен, əсіресе, мақтадан зор табыстарға қол жеткізді.

Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың 1999 жылды «Халық бірлігі жəне ұлттық тарих жылы» деп жариялауына байланысты кезінде ұмытылып бара жатқан тарихымызға қайта оралып, қирап бара жатқан асыл қазыналарымызды қайта саралап, ауылымызға үлкен септігін тигізді.

Туған жерімде көптеген жақсы жаңалықтар болып жатыр. Біздің Абай ауылында көптеген жарыстар, олимпиадалар, конкурстар болады. Білімді оқушылар олимпиадаларға қатысып, жүлделі орын алып жатыр. Мысал үшін осы өткізіліп жатқан конкурс та біздің тіл байлығымызды шыңдауға арналған. Көп балалар спортпен шұғылданып, олимпиадаларға, жарыстарға қатысып, жүлделі орын алып жатыр.

Егер біз білімді де, білікті де азамат болып өссек, бұл біздің ең жақсы жетістігіміз.

Мен Қазақстан мемлекеті үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, мемлекетімізді, алтын бесік – туған жерімізді жоғары биіктерден көрінуіне өз септігімді тигіземін.

Алтын бесік – туған жеріміз көркейе берсін!

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНАН БАСТАУ АЛҒАН ӨҢІР

Таңшолпан Арманқызы НЫШАНБАЙТЕГІ, Ю.А. Гагарин атындағы №4 орта мектептің 10 сынып оқушысы,

Сарыағаш қаласы, Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Болдым ғашық, туған далам, мен саған,

Алыс жүрсем, арманым – сен аңсаған.

Жақын жүрсем, мен төрінде жанаттың,

Алтын діңгек – өзім туған босағам!

Туған жер. Қ. Аманжолов

Кең байтақ жері, өзен менен көлі аспанмен таласқан таулары бар егемен

еліміздің тəуелсіздік алғанына, міне, 17 жыл толыпты. Ақ таңымыздың арайлап атып, дербес халық болу жолында талай ағаларымыз қан төгіп, ажалға жанын қиған. Ұрпағының амандығын ойлап, келер күннің жарқын болатынын сезгендей-ақ!

Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі, - демекші, бабалар сөзін бойына тұмар етіп алған еліміздің

біртуар тұлғасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев 1991 жылы еліміздің басшысы болып сайланады.

Міне, осы жылдар аралығында көптеген жетістіктерге жетіп, Сарыарқаның төсіне орын алған жас қаламыз Астана бой көтеріп, еліміздің жүрегіне айналды.

«Ештен кеш жақсы» демекші, Елбасымыз сонау алдыңғы ғасырларда өмір сүрген Абылай ханның мақсатын жүзеге асырғандығы байқалады. Яғни, еліміз бен жерімізді көркейтіп, дамыта алмай кеткен ханымыздың ойын кеңейте түсуде. Елбасымыз Алашының арда халқының сүйікті ұлы болып, ел алдындағы борышын орындауда.

Page 125: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

125

Осы еліміздің даму жолында өзіндік үлесін қосқан қасиетті Сарыағаш ауданымызды айта кеткеніміз жөн. Тілімен тікен суырып, тыңнан тіреу тұрғызған батырлар мен тілі – оқ, жыры – гүл жырау-ақындар туылған жер. Ауданымыздың сан ғасырлық тарихы бар. Атамекеніміздің шежіресі орта ғасырлар өркениет өзегі болған Ұлы Жібек жолынан бастау алады. Ол сауда-саттықтың, мəдени-əлеуметтік байланыстардың қайнаған ордасына айналған Шаш, Испиджаб, Отырар, Тараз, Сығанақ жəне тағы басқа кенттерді өзара жалғастырып отырған Сарыағаш жері арқылы өткен. Əлемдік тарихта елеулі мəні бар ол жол – бүгінгі Жібек жолы (бұрынғы Черняев, кейін Полторацкий) ауылын қақ жарып, Қақпаққа бет түзетті. Бұл кез Қытай жібегі, Бұқар жемісі мен бірге шығыс ғұламаларының қалың тері кітаптарын елден-елге таратқан өркениеттің алтын ғасырының басы еді.

Десек те, жақсылық пен жамандық тең жүреді емес пе? Тап сол уақытта шығыстан батысқа қарай ұлы қаһан Шыңғыс ханның қалың қолы жөңкілді. Моңғол-татарлардың тапал, жүріске жүртек аттарының тұяғы сайын даланың топырағын көкке суырып, аңын айдалаға бездіріп жіберді.

Əйгілі əмірші Ақсақ темірдің жасақтары да Сарыағаш жерінің тозаңын көкке көтеріп Түркістанға, одан əрі Ұлытауға қарай жорық жасаған.

Қасиетті жеріміздегі Шаймерден, Ер Дəуіт, Жабай ата секілді əулиелер басына ақ- адал ниетімен тəу етіп келушілер көп. Есімі алты Алашқа əйгілі Төле би өзіне қараған ауылдардың бəрін осында қоныстандырған екен.

Бұл жерде Қойгелді секілді батыр бабамыз Жоңғарға қарсы күресіп, ерлік көрсеткен.

Бұған қилы заманды бастан кешірген Сарыағаш жері куə. Қазақтың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов Мерке мен Тəшкен аралығына тек осы жерлер арқылы қатынаған көрінеді. Қазан төңкерісінен кейін мұнда көптеген артельдер мен шаруашылықтар құрылды. Алғашында қырықтан астам ауылдық кеңестер ұйымдастырылған. 1924 жылы Ташқазақ уезі деген құрылды. Орталығы Қазан поселкесі, қазір оны Чичерин деп атайтын болды. Сол жылы орталық Сарыағаш елді мекеніне көшіріледі. Бұдан кейін көрші Келес ауданымен біріктіріліп, Сарыағаш ауданы болып қалыптасты. Көп жылдық тарихы бар ауданымыздың орталығы Сарыағаш қаласы. Өлкеміздің іргесі 1870 жылы қаланып, 1904-1905 жылдардан қала аталады. 1926 жылдан Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің, 1926-1939 жылдары Келес ауданының, 1939 жылдан Сарыағаш ауданының орталығы, 1968 жылдан бастап қала болған.

Ол өлкеде кіндік қаным тамып, жас құлынша ойнақ салып, жібектей жылы желіне еркеленіп, құнарлы топырағынан нəр алып, тамаша жасыл түске боялған табиғаты көңілімді баурап, таза ауасы тынысымды кеңейте түсіп, тұп-тұнық мөлдір суы бойымдағы дерттің бəрін алған қасиетті жерде туғанымды мақсат тұтамын. Табиғаты керемет өлкемізде жан қалауыңды алып, құстардың шырқаған əсем əндерінен құлағыңның құрышын қандырасың.

Қасиеті мол өлкемізді жайлаған халықтың жүрегінде иман үйірілген, өткен күнге тəубе етіп, келер күнге Алладан медет сұраған тұрғындар да саялы Сарыағашымыздың өркендеуіне үлес қосуда.

Түнгі аспанның көрігін келтіретін жарқыраған жұлдыздар секілді туған жерім саялы Сарыағашымнан да небір дара туған ақындарды жарқыратып шығарған. Мұныма дəлел ретінде «ат тұяғын тай басар» демекші, өткір тілде жырдың майын тамызатын ақындар шығып жатыр. «Алуан, алуан жүйрік бар, əліне қарай шабады» дегендей, патша көңілді толғандырар маржан сөзбен тізбектеп жазған өлеңдері қасиетті өлкемізден бастау алады.

Құшағында емін-еркін гүл секілді жайқаламын, Бұлбұл боп əн саламын көкке ұшқан құстардай. Саялы жер Сарыағашты алыс кетсем сағынамын,

Page 126: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

126

Анасынан айырылған жас нəресте баладай, – деп анасына теңеп жатса, Жол жүріп екі ай бойы көз ілмедім, Ісімнің оңаларын сезіп едім. Армысың, Сарыағашым, бақ иесі, Сондағы іздегенім – өзің едің, – деп, мұндай мəуелі жер тек осында кездесетінін ашып жазған. Өлкеміздің топырағы, сайраған құстары, ертегіде ғана кездесетіндей табиғаты

ешқандай жерде жоқ екенін көкірек керіп, мақтанып айтуға тұрады. Өлкемізде шипалы су минералды су құятын «Алекс» ЖШС, «Əсем-ай» ЖШС,

«Курорт-Барыс – 2030» ЖШС бар. «Сенім» ЖШС – тігін тоқыма бұйымдарын өндіретін фабрика, «Айша бибі» ӨК мақта тазарту зауыты, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері жұмыс істейді.

Қаламызда білім беретін, музыка, спорт, кəсіптік-техникалық мектептер, Қапланбек мал дəрігерлік колледжі, кітапханалар, мəдениет сарайы, кинотеатр, аудандық аурухана, балалар ауруханасы, емхана диспансерлері, фельдшер-акушерлік пункт бар.

Даңқты ұшқыш Кеңес Одағының батыры Б. Харитонов, Социалистік Еңбек Ерлері бар, А. Сағынтаев, Ш. Ділдабеков – өлкеміздегі техникумның түлектері. Қазақ мəдениетінің көрнекті қайраткері, туған халқы «Вальс каролі» деп еркелетіп, алақанына салған композитор Шəмші Қалдаяқов та осы техникумде оқып, мамандық алған.

Көптеген техникум түлектері қазір ғылым докторы жəне кандидаты, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Өлкеміз өзінде білім алып жатқандар түлектерін тұлға ретінде қалыптастыра түсуде.

Қаламызда ел кəдесіне жарайтын барлық жағдайы жасалған. Көптеген жөндеу құрылыстары жүріп, өлкемізді көріктендіре түсуде. Осы құлшыныспен алға ұмтылса, менің сүйікті қалам үлкен қалалар қатарына қосылатынына кəміл сенемін.

Ақ пейілді халқы бар асыл өлкем, Тарих өткелдерін басып өткен. Киелі, қасиетті өлкем менің, Шипа суын халқына тарту еткен. Қасиетті өлкеміз өз тұрғындарына арнап жарыстар ұйымдастырып, «шынықсаң

шымыр боласың» демекші, жаттықтыру алаңында спорттық сайыстар көптеп өткізілуде. Спорт кешендері ашылып, спортшыларымыз жарыстарға қатысуымен қатар, жүлделі орындар алып, халқымыздың мерейін тасытып, өлкеміздің көркеюіне тілектес болып отыр.

«Денсаулық кепілі – тазалық» деген мақалды ұстана отырып, қаламызда апта сайын сенбілік өткізіліп, өлкемізді шырайландыра түсіруде. Халқымыз бір адамша бірлікпен жұдырықша жұмылып, тындырымды жұмыстар атқаруда. «Бір тал кессең, он тал ек» демекші, қаламызға ағаштар отырғызып, гүл егіп, табиғатты аялап, келесі өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдыру басты мақсаттарымыздың бірі болып табылады.

Қаламызда көптеген мейрамдар қарсаңында мəдениет сарайында қызықты кештер ұйымдастырылып, тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп, патша көңілге кетпес əсер қалдырады. Əр мектепте оқушылар тəрбиесі жайлы көптеген сұқбаттар өткізіліп отырады. Өлкемізді барынша салауатты өмір сүруге жағдайлар жасалған.

Алдыңғы көш қандай болса, кейінгі көштің тізгіні түзу болсын деген тамаша сөзді пайдалана отырып, қаламыздың өркендеуіне біріміз қалмай үлес қосуға тырысудамыз.

Қасиетті қаламызға 15 желтоқсан күні 40 жыл толмақ. Осыған орай, талай тарихты бастан өткізіп, тұрғындарын қуантып, қиындықтың бəріне төтеп беріп отырған қасиетті өлкеміз ғасырлар бойы жасап, мұнан да көп жетістіктерге жетіп,

Page 127: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

127

еліміздің мақтанышы болатын қалалардың бірі болады деген ниеттемін. Қаламыздың өркендеуіне ақырғы деміміз қалғанша еңбек етеміз.

Сүйікті өлкем жайлы өз ойымды мына бір шумақ өлеңменен қорытындылағым келіп отыр.

Үмітпен əр таңымды атырамын, Əнге бөлеп Сарыағаш атырабын. Ат басындай алтынға да ауыспаймын, Туған жердің бір уыс топырағын!

ШЫМКЕНТІМ – АЛТЫ АЛАШТЫҢ АЯСЫ

Бағжан СҰЛТАНБЕК, З. Космодемьянская атындағы №23 лицей-мектебінің 10 «Ə» сынып оқушысы,

Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы. Алтын күздің айы артта қалды. Кəрі құданың келгенін ескерткендей, алғашқы

суық ызғарын төгіп, адамдар лезде жылы киімдеріне қымтанып үлгерді. Дегенмен, күннің шуағы ерекше төгілетін оңтүстік өңірінің ауа-райы қолайлы,

халқы жайдарлы, кең пейілді. Иə, кіндік қаным тамған, оңтүстік өңірі – Шымқаланың кешегісі мен бүгінгісі

туралы ой толғамақпын. Шымкентім – алты алаштың аясы, Өнегелі өнер, білім саласы. Теңеу саған таба алмаймын тең келер, Шымқаладай бар ма қала, қарашы?! – деп ағаларымыз жырлағандай, Шымкент шаһары шырайлы, шуақты, келбетті. Адам ғұмыры секілді əр қаланың да өз тарихы бар. Ежелгі Қытай мен

Еуропаны, Сібір мен Орта Азияны жалғастырған Ұлы Жібек Жолының бойынан орын тепкен Шымкент қаласының да тарихы таңғажайып.

Шымкент Қазақстандағы көне қалалардың қатарына жатады. Ежелгі қала орнынан табылған керамика, археологиялық қазбалар Шымкент қаласы ХІ-ХІІ ғасырларда пайда болған деген болжам жасауға жетелейді.

Қаламыздың таңғажайып тағдырын тарих беттерінен парақтасақ... Өз атауын біржола қайтарып алған 1921 жылдан бастайық. Содан Қазақстан автономиялық республикасына беріліп, Шымкент қаласы – губернияның орталығына айналды. Қаланың коммуналдық шаруашылықтары мəдени-тұрмыстық саладағы құрылымдары өркендеді.

Отызыншы жылдары «Дала шындығы» газеті жарық көрді. Бесжылдықтың аяғында қала аумағы 5000 гектарға, халық саны 50000 жетті.

1934 жылы жұмысын бастаған Қорғасын зауыты 5 жыл ішінде қалаға тұңғыш Ленин орденін алып келді.

Үшінші бесжылдыққа 1938-42 жылдары май-тоңмай комбинаты, шұлық-ұйық жəне əйнек фабрикасы іске қосылып, құрылыс материалдары, азық-түлік кəсіпорындары жандана бастады.

Шымкент жаңа ғимараттармен көркейту 20-жылдардың соңына басталуы, Түркістан – Сібір темір жолы Шымқалаға 30-жылы тұмсық тіреді. Осы жылдары «Ескі қала» мен «Қорғасыншылар» поселкісі бой көтерді. 1937 жылдары қаланы əлеуметтік-экономикалық орнықтыру жобасы жасалып, «Ескі қала» мен «Қорғасыншыларды» байланысыратын басты көшелер (1 Май, Гагарин, Ильич) салынып, жеке баспана көтерілуге 100 га жер бөлінді. Жаңа шаһардың жаңа үйлері пайда болды.

Page 128: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

128

Сұрапыл соғыстың алдында 1941 жылы Шымкент 74 мың тұрғыны бар іргелі қалаға айналды. Бүкілодақтық дəрілік өсімдіктердің ғылыми-зерттеу институты, бірнеше мектеп-интернаты, балалар үйі майдан төрінен қоныс аударды. Шымкент жерінде атақты 8-ші гвардиялық дивизия жасақталды, жауға атылған əр 10 оқтың 7-еуі осында дайындалды.

Соғыстан кейінгі жылдары халық шаруашылығы қарқын алды. Қорғасын зауыты қайта жасақталып, өнім беруі ұлғайтылды. Қазақстандағы тұңғыш мақта-май комбинаты, Одақтағы үштің бірі болып қаракөл зауыты жұмысын бастады.

Цемент зауыты, темір-бетон бұйымдары, металл конструкциялары жəне ірі панельді үй құрылысы комбинаттары қатарға енді.

Өткен ғасырдың 60-70 жылдары Шымкент үшін химиялық өнеркəсіптің даму кезеңі басталды. Қорғасын зауыты қанатын жайып, химиялық-фармацевтика зауыты, фосфор зауыты алғашқы өнімін берді.

Жергілікті тұрғындардың қайнаған өмір базары байқалмайды. Бұл Шымқаламыздың күнделікті көрінісі еді.

Оңтүстік өңірінің халқы жайдары, жаңалықты жылдам қабылдап, оған тез бейімделгіш келеді. Жаңа ортамен жатсынбай, тез тіл табыса кететін қасиеті де жоғары. Мұның бəрі əрбір тасына дейін тарих болып сөйлейтін туған жер топырағына дарыған табиғи мінез болса керек.

Шымкентті басқаруға қайысып, оның гүлденуіне үлес қосқандар: А. Асқаров, Ж. Тыныбаев, Жиленков, А. Жүнісов, П. Троян, В. Николаев, И. Дəулетов, Р. Ыбраев, Ж. Адырбеков, А. Тшанов, С. Белгібаев, А. Орманов. Əрине, олардың əрқасысының жұмыстағы стилы мен əдістері əр түрлі. Бірақ, олардың бірінші реттік бір қасиет бар-ды. Олардың бəрі де Шымкенттің патриоттары.

Қаланың көркеюіне, гүлденуіне бірден-бір үлес қосқан ер азаматымыз, халық қалаулысы, мемлекет қайраткері Асанбай Асқаров. Оңтүстік өңірінің экономикасын көтеруге, халықтың əл-аухатын арттыруға елеулі еңбек сіңірді. Асанбай Асқаров Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени дамуына үлес қосты. Бірнеше көркем жəне публицист шығармалардың авторы, М.-Х. Дулати атындағы қордың президенті, Шымкент, Тараз қалаларының құрметті азаматы болды. Көптеген ордендерімен, медальмен, Құрмет грамоталарымен, Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмелерінің алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталған ол кісінің соңында «Тағдыр», «Жұмақ пен тозақ жырлары», «Көзқарас», «Ұлы Тұранның ұлдары» атты шығармалары қалды.

Ел дегенде... Ел дегенде езіледі жүрегім, Елімді мен – бақытым деп білемін. Ел атағын, абыройын асырып, Елім деген азаматтың бірі едім, - деп елі үшін аянбай еңбек еткен азаматтарымыздың бірегейі еді. Ол кісінің құрметіне мектеп, көше, демалыс орындарына есімі берілген.

Асанбай Асқаров атындағы демалыс аймағында «Қасірет» мемориалы салынған. Онда екі мемориалдық ескерткіш бар: «Ана мен бала», «Отызыншы жылдағы қуғын-сүргін құрбандары». Ескерткіш айналасы жақсы көгалдандырылған, көріктендірілген. Жыл сайын мамыр айының соңғы құрбандарын еске алу қаралы күні өтеді.

Желтоқсан мен Б. Момышұлы көшелері қиылысындағы саябақта Абай ескерткіші орналасқан. Ескерткіш айналасы көріктендірілген, жыл сайын жайқалған гүл отырғызылады.

Саябақтарда, көшелерде, гүлзарларда, тұрғын үй орамдарында сан алуан ағаш түрлері (акация, емен, ясень, клен, терек, вияз, матлюра, уксус ағашы, сəнбі тал, айланд, он түрлі қылқан жапырақты жəне жиырма түрлі дарақтар) өседі.

Page 129: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

129

Қаладағы барлық саябақтар көгалдандырылған. Оның ең маңыздысы дендробақ болып есептеледі. Мұнда ағаш-дарақтың үлкен жиынтығы жинақталған. Ол – əлемнің əртүрлі аумағының өсімдіктері.

Көз алдымызда көркейген қалаға арайлап атқан əрбір таң, күлімдеген күн шуағын төгетіндей. Ыстық ықылас, ыстық сезім, ыстық жүректі Оңтүстік өлкесі! Осының бəрі – жомарт жүректі, іскер жандардың жан азабымен, төзім, уайым, ерік-жігерімен тұрғызылып жатқан тірліктің əрекеті. Күнделікті өмірімізге қажетті шаштараз, фотосалондар мен сұлулық салондары жəне мейрамханалар мен наубайхана, супермаркеттер – қала сəні əрі өнеркəсіп орталығы.

Менің білуімше, əлі де талай жобаның жасалып жатқан жайы бар. Жаңа мектептер, ауруханалар, дəрігерлік пунктер, осының бəрі қала азаматтарының денсаулығын, білімі мен əл-аухатын көтеру мақсатында жасалынған іс-əрекеттер. Себебі, қала – халқымен көрікті.

Шымкент қаласының шырайын келтіретін демалыс саябақтары əуелгіде көптің көңілінде сурет тəрізді салынған. Ал бүгіндері «Қиял əлемі» техносаябағы, «Кең баба» этносаябағы жастардың бой сергітіп, көңіл көтеретін демалыс орындарының бірі екені даусыз.

Қаламыздың қақ ортасындағы күрделі жөндеуден өткен «Қазақстан» мен «Шымкент» кинотеатрлары да қалаға ерекше көрік беріп тұр.

Қала тұрғындарының демалысы үшін айналасына орындықтар, қоқыс сауыттары, түнгі жарық беретін прожекторлар орнатылды. Эстетикалық жағынан жəне сəнді болу үшін қала көшелеріне «Дюралайн», «Салют» шырағдандары қойылған. Көше көрсеткіштері, сəуле аншлагтары жаңартылды. Қала көшелеріндегі қиылыстар көрітендірілді. Қала тұрғындары үшін жаңа аялдама павильондары, заман талабына лайық дизайндегі күн қуатымен жұмыс істейтін шырағдан іске қосылған.

Шымкент қаласының бүгінгі келбеті – осындай! Қанатысың егеменді елімнің, Тағдырысың ынтымақты жерімнің. Жүзің жарқын, шаттана бер, Шымқала, Ел тілегін қабыл етсін тəңірім.

Резюме Тема сочинения раскрыта. Содержание сочинения соответствует теме,

написано стилистически грамотно. Summary

The theme of the thesis is realized, it contents correspond to the theme of the work. The good is completely reached. The language of the composition is vivid a bright.

Əдебиеттер 1 «Шымкент келбеті» газеті, 2002. 2 Жұмамұрат Тұяқбай, 1998.

НАША РОДИНА – ЭТО ЕЕ ИСТОРИЯ

Яна Леонидовна ГЕШКО,

ученица 11 «А» класса школы-лицея №9 имени О.А. Жолдасбекова, город Шымкент.

История страны нашей многовековая. Много событий, потерянных судеб,

пролитой крови знает она. Знает и понимает, а главное хранит в своей памяти как печальные моменты, так и счастливые, светлые дни, о которых нельзя забывать.

Но что для нас наша Родина? Наша Родина – это ее история. История, которая впитала в себя жизни множества людей, наших соотечественников. Помнит наше

Page 130: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

130

старшее покаление то, что мы не можем знать, а оно помнит и передает нам свой опыт жизни. На их памяти хоть небольшая, но важная страница истории Отечества.

Я считаю, что нельзя забывать одно событие, которое абсолютно на всех повлияло, и оно всегда будет идти с моим поколением, и я уверена – с пололением будущим. Безусловно, это – война. Она унесла жизни миллионов, глотола она неразборчиво и души детей, и их матерей, сожгла и превратила в пепел возможно счастливые дни:

Не забывайте люди о войне! Ни на секунду, ни на миг, ни на мгновенье! Война непредсказуема нигде, Она несет лишь смерть и разрушенье В огне пожарищ страшной той войны Число погибших в целом на планете – Их миллионы гибли на земле, Но больше наши, в том числе и дети… Эти стихи пренедлежат участнику и ветерану Великой Отечественной войны

Прокопюк Константину Ивановичу. Его знают все ученики моей школы, ведь каждый год Константин Иванович является желанным и уважаемым гостем всех школьных праздников. Он часто приходит на встречи с учащимися школы. На этих встречах он рассказывает о трудностях войны, читает свои стихи. Также в нашем музее хранится подборка его стихов.

Константин Иванович Прокопюк обладатель более 20 медалей, среди которых медаль Маршала Г. Жукова, медаль «За победу над Германией 1941 – 1945 гг.», медаль «20 лет Победы», медаль «30 лет Победы», медаль «40 лет Победы», медаль «50 лет Победы», медаль «50 лет Вооруженных сил», медаль «60 лет Вооруженных сил», медаль «70 лет Вооруженных сил», знак «Ветеран войны в честь 55-летия победы 1941 – 1945 гг.», знак «Ветеран 7-й гвардейской дивизии», знак в честь освобождения Украины, знак «Ветеран 389 стрелковой дивизии», знак «Ветеран труда», знаки «Ударник 9-11 пятилетки».

Константину Ивановичу уже 98 лет, и я решила, побеседовав с ним, познакомить вас с его жизнью. Он показал свои фотографии, рассказал о буднях войны. «Сквозь грохот бомбовых разрывов, пулеметный лай да свист пуль, прокатилось грозное «У-р-р-а-а». Его подхватили наши бойцы справа, и вот оно уже всем пространством, охватило со всех сторон город Нежин…

А здесь, где только был кромешный ад, где шли уличные бои, где все крушилось и стонало от нестерпимой боли, вдруг воцарилась тишина. Только изредка отчетливо доносился лязг спешно отступающих фашистских гусениц.

- Костя, ты живой? - Степан, это ты? Ползи ко мне». Так вспоминает Константин Иванович эти страшные дни. Потом два фронтовых друга в строю с бойцами 26-й гвардейской

механизированной бригады слушали на Черниговщине приказ Верховного главнокомандующего о присвоении частям и подразделениям Севско-Ниженских.

А фронтовые дороги уходили все дальше и дальше на запад. Форсирование Днепра и тяжелые бои за Киев. Вот что говорит ветеран: «Я в те трудные почи уходил в разведку и всяки раз возвращался не с пустыми руками: добывал ценные сведения… И вот однажды я вернулся с окровавленной рукой, наспех перебинтованной чьей-то гимнастеркой. Потом госпиталь и опять разведка…»

На дальных подступах к фашисткому логову – Берлину вражеские полчища любой ценой пытались остановить стремительный натиск Красной Армии. Окруженная группировка Глагау-Блеслау в предсмертных судорогах вела ожесточенный огонь, но не сдавалась.

Page 131: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

131

Разведчикам досталось немало. На переправе через Одер с прихваченным «языком» старшему сержанту Константину Прокопюку довелось остаться в группе прикрытия: «Старшина в то время был уже тяжело ранен. Бойцы изнемогали от голода и бессонных ночей. Ребята ушли уже далеко. Я выпустил автоматную очередь в наседавших вражеских солдат и отходил все дальше и дальше. Уже считанные метры разделяли от своих, как вдруг резкая боль пронзила все тело. «Только бы устоять на ногах», - пронеслось в голове. И снова госпиталь. В нем я-то и отпраздновал долгожданную Победу…»

В словах ветерана и гордость, и боль. Он как будто забывает про свои годы, он снова молод, он снова сражается за мир на земле. Затем Константин Иванович продолжает, читая нам одно из своих стихотворений:

Воспоминание о войне бывает, Снится в срашном сне. И выступает пот холодный, Становится не по себе. Кто мог войну такую выдержать, Разбив врага, откинув прочь? Лишь наш народ, сражавшись издревле, Четыре года день и ночь. Константин Иванович с ощутимой тоской, возможно, уже смирившись с болью

все-таки продолжает: Но наш народ, большой, могучий, Развея над Европой тучи, Добил врага в его берлоге, Сломав хребет ему и ноги. Мир на планете воцарился, Хоть враг разбить его стремился, Сам в прах и пепел превратился. Нигде мы непобедимы! Необходимо сказать, что будущее Казахстана – это прошлое Казахстана. Ведь

фундамент процветания и благополучия нашей страны строится на уважении и почтении, внимании молодого поколения к старшим. Ведь только эти люди способны привить нам нравственные ценности, необходимые для построения достойного будущего нашей Родины.

И любовь к Родине складывается из знания её истории, уважения к тем, кто эту историю вершил.

ТАҚЫРЫБЫМ – ТУҒАН ЖЕР

Əділ ҚҰРМАНБЕКҰЛЫ,

Ш. Уəлиханов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жетекшісі: Əбдіманап ƏУЕЛБЕКОВ,

Ш. Уəлиханов атындағы орта мектептің тарих пəнінің мұғалімі, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Туған жерді құрмет тұту, оның өткені мен тарихын білу əрбір есті азаматтың

парызы. Мен тұрған ауылымның тарихы сонау ортағасырлық өркениет тұсынан терең із

қалдырған жер. Əріден сөз қозғасам, Ғұн мен Сақтың сағымды даласы, берісінде

Page 132: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

132

Түріктің туын тіккен Түркістанның төңірегі. Орта ғасырда Сырдария мен Амудария – қос өзен аралығындағы шөлді, шөлейтті аймақ Мауренаһр даласы деп аталыпты.

Осы алып даланың Отырардың тұсынан Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасының қарсы бетіне орналасқан шағын елді мекен менің туған ауылым – Маяқұм.

Мауренаһрға біздің дəуірімізге дейінгі кезеңдерде парсы патшалары Кир мен Дарий де, бүкіл əлемді жаулап алуға жаныққан Ескендір Зұлқарнайын да, əлемді тітіренткен Шыңғысхан да, кеше жосылған жоңғарлар да ат басын тіреген еді.

Сан ғасырлық сапырылысты бастан кешкен бұл өлке – сынға сүрінбей, мұңға бүлінбей бізге жетті. Ерлік істері ел аузында қалды, аңызға айналды. Тарихта Томирис деген атпен қалған айым – Тұмар ханым да осы даланың перзенті, осы топырақтың түлегі. Аңыздың айтуына қарағанда, əлемді билеуді көксеген Кир патша Сақ тайпалардың мүддесін басынып, құтын қашырып, тынышын ала беріпті. Онымен тынбай Тұмар ананың баласын да опасыздықпен өлтіріп тынады.

Бұған төзе алмаған Томирис жаудың осал тұсын дөп басып қырып-жойып, соңында Кир патшасының басын алып: «Сен көзің тіріде қанға тоймап едің, ал енді іш – қанғаныңша», - деп басты қан толы кеспекке салып қойыпты деседі.

Ұлы Абайдың «Ескендір» поэмасындағы алынбайтын алып қамал, Ескендірді естен тандырған, тағылымы терең таным танытқан қала да Отырар еді десіп жүр осы күні деректерге ден қойған жұрт.

Ислам дінінің діңіне, жеті шəріптің біріне айналған Бұқар қаласы осы Мауренаһрда. Арада Қызылқұмды басып 200 шақырымдық жер жатқанымен оның ықпалы мен туылған өлкеге де игі əсерін тигізген. «Отырарда – отыз бап, Түркістанда – түмен бап, Баптардың бабы – Арыстанбаб» деген қағида қалдырған діннің ірі өкілдері Арыстанбабтың да, Қожа Ахмет Ясауидың да ксенелері – мен туылған өлкеде. Ортағасырда Отырардың гүлденіп дамып тұрған кезінде шығыс пен батысты жалғастырып, табыстырған «Жібек жолы» осы даланың үстінен өткен, əлемде Александриядан кейінгі екінші кітапхана Отырарда болған.

Ортағасыр өркениетінің өскініндей – əлемнің екінші ұстазы, Шғыс Аристотелі атанған Əбу Насыр əл-Фараби ауылының іргесіндегі қиранды қала орны Уəсіжде (Оқсызда) туылған. Бұл барлық тарихи деректерде дəлелденіп, нақтыланған.

Оның айғағы – 2006 жылдың 16 наурызы күні Қазақстан Діни басқармасының бас муфтиі Əбсаттар Дербісəлінің басшылығымен жасақталған арнайы делегация Сирияның Дамаск (Шам) қаласына жерленген əл-Фарабидің жəне Бейбарс сұлтанның қабірлерінен топырақ əкеліп, Арыстанбаб жеріне табысталды. Ұлылар ұлықталды, əруақ разы болды, ұрпақтар азаматтық іс атқарды.

Біз бұған дейін ғылымда елеулі із қалдырған Əбу Насырдың ізін басқан 11 əл-Фараби бар деп келсек, кейінгі ізденістер нəтижесінде отырарлық ғалым əл-Фарабилердің есімі 18-ге жетті.

«Отырар – ұлылардың отаны» деп тегін аталмаған болса керек. Əл-Фараби туылған Уəсіжде (Оқсызда) 1931 жылы қазақ мемлекетінің,

қоғамның қайраткері Өзбекəлі Жəнібеков дүниеге келген. Ұлт мəдениетінің мүддесін көздеген Өзекең өмірден өткенінше үзбей Оқсызға – ауылға келіп-кетіп тұрды. Оның еңбектерінде, жазған кітаптарында қамтылған көптеген тағылымды деректер елдің аузында жүр.

Сол сияқты Оқсызда дүниеге келген перзенттері тізбелесек – академик Өмірзақ Айтбай, сазгер Мыңжасар Маңғытаев, сатирик Көпен Əмір-Бек, жазушы-ғалым Тоқтасын Беркімбаев, журналистер Ержан Уайысов, Зейін Əліпбек, Айнұр Серімова, түрлі ғылымдардың кандидаттары жəне докторлары Сейтқамал Жүнісов, Жарылқасын Күзенбаев, Айгүл Қыдырбаева, Шоқан Бегалиевтер, т.б. туылған.

Сыр бойы ақындарының санатындағы Қызыл Жырау атанған Мырзабек Байжанов, ақындар Айтбай Белгібаев, Дүйсек Бекназарұлы, Таңатар Ембергенов,

Page 133: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

133

көпке танымал айтыс ақыны Тəушен Əбуовалар да осы қасиетті топырақтың тұмарлары.

Талай тарихи танымал тұлғалар дүниеге келген Маяқұм ауылының тарихы тереңнен басталады.

1929 жылы ұжымдастыру кезеңінде Отырардың түбіндегі «Жамантөбеде» ТОЗ (Товарищеское объединение земелопользователей) құрылады. Бұл серіктестіктің ұйымдастырушысы – қазақтың ханы Абылай ханмен кездесіп, қиын шақта қолдау көрсете білген Байтелі датқаның (тарихи деректер негізінде Ө. Жəнібековтің арғы аталары, Байтеліден – Елқонды датқа, Елқондыдан – Құдияр датқа, одан Сейітбек, Жəнібек) ұрпағы Серім Сейтбекұлы болған.

Келер жылы, яғни 1930 жылы жолдастық-серіктестік Оқсызда көшіп келіп, ұжымшарға айналады. Бұл кезде, азамат соғысы жылдарында Оқсызда кебірден (жердің сорлануынан түзілген тұз қабаты) оқ дəрі өндіретін зауыт жұмыс атқарып тұрыпты. Шарушылық орнын картаға түсіруге, ұжымшарға ат қоюға келген өкілдер (орыстар болса керек) оқ дəрі өндіретін зауыттың жұмысшылары Федия мен Егорға жолығып, жер жағдайын, мəн-жайды əңгімелепті. Ұжымшарға ат беру мəселесіне келгенде келешекте қой шарушылығымен айналысатынына байланысты орысшалап «Овцевод» деп атап кетіпті.

Содан сол «Овцевод» атауы 1957 жылы ұжымшардан – кеңшарға айналғанда да қалмай келіп, тəуелсіздік алғанға дейін сақталды.

Əуелгіде елдің сирек қоныстануы нəтижесінде Көксарай елді мекені мен Маяқұм ауылы бірігіп, 1958 жылы Маяқұм ауылдық кеңесі болып құрылғанға дейін Ақынтоғай ауылдың кеңесі болып аталып келген.

Маяқұм ауылдық кеңесінің ең алғашқы төрағасы Керімбек Досжанов деген кісі болған. Бұл қызметті 1961-1980 жылдары Ермек Айдарбеков, 1980-1984 жылдары Мамырхан Ыбыраев, 1984-1988 жылдары Тасмағанбет Əбсаттаров, 1988-1994 жылдары Сəрсенбай Еркіновтер атқарып келген.

Қазіргі жаңа қоғамдық құрылым негізінде ауыл əкімдігіне көшті. 1994-2001 жылдары ауыл əкімі Тасмағанбет Əбсаттаров, 2001 жылдан бүгінгі дейін ауыл əкімі қызметін Құрманбай Қожағұлов атқарып келеді.

«Овцевод» ұжымшары аты айтып тұрғандай-ақ, қой шаруашылығын ересен дамытыпты. Оған Қызылқұмның терең қойнауындағы Өзбекстанның Бұқара облысына дейін, мына жағы Қарақалпақстанмен шектесетін аумағы да игі əсерін тигізген.

Мал басын аман сақтап өсірудегі жоғары көрсеткіші үшін 1949 жылы КСРО Жоғары Кеңесінің Жарлығымен «Овцевод» ұжымшарының сегіз мүшесі Социалистік Еңбек Ері атағын алып, ел астанасындағы Үкімет үйінің алдына суреттері ілініп қойылыпты. Ол туралы құжатты хроникалы фильм түсіріліп, ақын Жақау Дəуренбеков поэма жазған екен.

Социалистік Еңбек Ері атағын алғандар мына кісілер: Оспан Шораев – ұжымшар төрағасы, Мінайдар Қарамолдаев – басқарма төрағасының орынбасары, Мұсабай Құлымбетов – ферма меңгерушісі, Төлеген Бойтанов – аға шопан, Қайқыбай Қуатбеков – аға шопан, Күмісбек Сапақов – аға шопан, Нұсқабай Құлымбетов – аға шопан, Қожамұрат Нарымбетов – аға шопан. Бұл жоғарғы атақпен бірге жүзден астам ұжымшар мүшелері түрлі орден,

медальдармен марапатталыпты. Сол кездегі нақты емес деректерге қарағанда, ұжымшарда төрт жүздей ғана адам тұрыпты (Бүгінгі таңдағы тұрғындар саны төрт

Page 134: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

134

мыңның үстінде). Сонда əрбір елу адамның біреуі Социалистік Еңбек Ері. Міне, таңқаларлық жағдай!

Пəленбай мыңдаған адам жұмыс атқарған алып зауыттарда да мұндай көрсеткіш көрінбейді. Оның үстіне 1964 жылы «Овцевод» кеңшарының шамшырақ шопаны Ілияс Қыдырбаев Социалистік Еңбек Ері атанды. Тарихтың тағылымы, еңбектің бағамы емес пе – тоғыз Еңбек Ерін тоқайластырған мен туған топырақ!

Сталиндік сұс, қатал саясат біздің ауылға да жетпей қалмаған. Сол сарынның салдарынан О. Шораев пен М. Құлымбетовтердің Социалистік Еңбек Ері атақтары қайтып алынып, түрмеге түскен. Еліміз егемендік алған тұста бұл қателіктер қайта түзеліп, кеңшілік жасалды.

Сталиндік қуғын-сүргін де біздің ауылды аттап өтпепті. 1937-1938 жылдарда ұжымшар төрағалары Қуантай Сұлтанбеков, Бекіш Мыңжасаров, есепші Асқар Мəлібеков, жұмысшы Мəңке Мəлібековтер «халық жауы» атанып, атылып кеткен.

1957 жылдан бастап ұжымшарларды ірілендіре келіп, шаруашылық «Овцевод» кеңшары болып қайта құрылды. Сиыр, жылқы, түйе есебінен ірі қара мал фермалары ашылды. Қой басының саны артты.

Кеңшардың алғашқы директоры болып Файыз Серғазин тағайындалды. Ол қызметті 1959-1969 жылдары – А. Шерімқұлов, 1969-1975 жылдары – Т. Досбердиев, 1975-1982 жылдары – Б .Есболаев, 1982-1988 жылдары – Ж. Төлбасиев, 1988-1993 жылдары – Ə. Тəтібаев, 1993-1996 жылдары – Е. Əнетбеков, 1996-1997 жылдары – С. Ибадуллаевтар атқарды.

Қазақстанда «қатты қыс» деген атпен қалған 1969 жылғы жұтта кеңшар малдан түгелге дерлік айырылып қалады. Сырт жерлерден мал əкелініп, жерсіндіріліп, көп ұзамай-ақ шарушылық қайтадан еңбек ырғағына көшеді. 1970-1980 жылдар аралығында барлық мал түліктерінің саны артады. Суармалы егіншіліктің көлемі 2 мың гектардан асыпты. Осы мерзімде «Овцевод» кеңшарында қой басы 70 мыңға жетіпті.

Ел ішінде қиын шақта қол ұшын беретін ерлер жеткілікті болған. Чернобыль апаты кезінде ауыл тұрғыны, Еңбек Қызыл Ту жəне «Октябрь револоюциясы» ордендерінің иегері, жылқышы Əбдақ Байымбетов өз малы есебінен қиындыққа тап болғандарға жеті жылқысын ұсынады. Ол істі ұлы, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған кəсіпкер жылқышы Қалқабай да, немересі Ердəулет те жалғастырып келеді. Əрдайым жоқ-жітікке қол созып, қиналғандарға көмек беру – бұл əулеттің дағдылы ісіне айналған.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы «Овцевод» ұжымшарына орасан зор шығын алып келген. Нақты емес деректерге қарағанда, аядай ауылдан майданға 131 адам аттанып, соның жартысынан астамы елге қайтып оралмаған. 73 боздақ жат жерде жан тапсырған, не хабарсыз кеткен. Олардың бəрінің аты-жөні мектептегі мемориалдық тақтада жазулы тұр.

Соғыс жылдары ер азаматтар майданға аттанып, барлық аукыртпалық əйелдер мен балаларға, қарттарға түскен. Жеңісті аңсаған жеткіншек, бейбітшіліктің тілекшісі аналар, қайратын бойына жиған қарттардың қажырлы еңбегінің арқасында ел майданға мал өнімдерін, астық, түрлі киім-кешек түрлерін жөнелтіп, жауды жеңуге өз үлестерін қосқан. Арнайы шешіммен əскерден қалдырылған аңшы Ыбырайым Есенов қырғауылы мен қояны қаптаған тоғайдан аң аулап, қақпан құрып, киік ұстап, оны да майданға жөнелткен. «Овцевод» ұжымшары осындай жанқиярлық еңбектің арқасында жеңіс күнін жақындата түскен.

Жеңістен соң мүгедектерін қосқанда ұзын саны алпысқа жетпейтін азаматтар үйлеріне оралған. Олардың ішінде қираған халық шарушылығын қалпына келтіруге қалдырылған гвардия капитаны Жамалбек Əуелбеков 1939 жылы əскерге алынғаннан – 1947 жылдың қарсаңында ғана елге оралған.

Page 135: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

135

Ұлы Отан соғысынан оралғандар ішінде «Даңқ» орденінің екі мəрте иегері Тұрлыбек Сыздықов, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Əлімқұл Бөгенбаев сынды көптеген адамдар жауынгерлік наградалармен елге қайтқан.

Қазіргі кезде Маяқұм ауылдық округіне қарасты Ешкіқора, Бестам, Қостерек, Аққұм елді мекендері бар. Оның ішінде Қостеректе 11 жылдық мектеп, медпункт, Бестамда бастауыш мектеп жəне медпункт жұмыс істейді. Маяқұм ауылында тұратын халықтың саны 4225.

2005 жылы көктемде табиғаттың тосын мінезінен Сырдарияны мұз буып, күрт тасып, Ешкіқора, Аққұм елді мекендерін су шайып кетті. Осындай жағдайға тап болған маяқұмдықтарға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың өзі бас болып, Үкімет қуаттап, қамқорлық танытты. Үйлерін су басып қалған Ешкіқора, Аққұм ауылдарының тұрғындарына арнап мемлекет Маяқұм ауылының іргесінен 75 ақшаңқай үйден тұратын «Наурыз» мөлтек ауылын салып берді.

2005 жылдың екінші қыркүйегінде Елбасының өзі келіп, тасқыннан зардап шекенндерге үйді өз қолымен табыстады. Бұл ұлылар Отанының ұрпақтарына жасалған қамқорлықтың айқын көрінісі болды.

Маяқұм ауылы төңірегінде орта ғасырдан сақталып жеткен, Қазақстан Республикасының тарихи ескерткіштерді қорғау қоғамына тіркелген Уəсіж, Субағар, Рабат, Тектұрмас, Ақжар, Бөріойнақ, Ақтөбе нысандары бар. Сондай-ақ əлі еш жерде тіркелмеген Төрткүл, Көктөбе орындары өлкетанушы Ə. Əуелбековтың мақаласымен баспасөзде жарияланды.

Ауылдың орталығында жаңа үлгімен салынған Ш. Уəлиханов атындағы орта мектепте 700-ге жуық бала білім мен тəрбие алып, оларға 147 мұғалім білім беруде. Ауылдың барлық мəдени-көпшілік іс-шаралары осы мектептің мəжіліс залында өтеді. Ауылдың алда тұрған міндеттерінің бірі – заманауи мəдениет ордасын салу. Президенттік «Мəдени мұра» бағдарламасының игі əсері, елдің рухани дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Халықтың денсаулығын сақтау ісі дұрыс жолға қойылған. Құрылысы толық аяқталған екі қабатты 25 төсекті аурухана, Қостерек елді мекенінің орталығында жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Елдің əлеуметтік-тұрмыстық, күнкөрістік жағдайын жақсарту жолында нақты əрекеттер жасалған. Тұрғындардың қолындағы мал саны кеңестік кезеңдегіден асып тұр. Егіншілік мəдениетін дамытудың нақты шаралары қарастырылуда.

Кеңес қоғамының Социалистік Еңбек Ері Қайқыбай Қуатбековтің бел баласы Сатыбалдының бастамасымен Маяқұм ауылының орталығынан «Қайқыбай ата» мешіті пайдалануға берілді. Мешітті ашу салтанатына Қазақстан Діни басқармасының бас мүфтиі Əбсаттар Дербісəлінің өзі қатысты.

Маяқұм ауылының үстінен əлі толық пайдалануға берілмеген Самарқан – Қызылорда тас жолы басып өтеді.

Бүгінгі елді алаңдатып, қолын іске апармай отырған нəрсе, ол – экологиялық жағдай. Маяқұм ауылдық округі Арал экологиялық аймағына жатады. Сондай-ақ, ауылдан 60 шақырым жердегі Кетпенқалдыда 1973 жылы жерасты атом құрылысы сынақтан өткен. Ауылдан 50 шақырымдағы кеңестік кезеңдегі аты Табақбұлақ деп аталған уран өндіру орталығы кезінде ел ішінде түрлі белгісіз аурулар туғызғаны баршаға мəлім. Осы жерде 2006 жылы Заречное уран өндіру кəсіпорны ашылды. Қазір толық пəрменді жұмыс атқаруда. Келешекте мұның да залалы тимесіне ешкім кепілдік бере алмайды.

Алдағы уақытта Түркістан мен Отырарды туристік орталыққа айналдырса – таза мінсіз табыс орталығына айналар еді. Онсыз да Арыстанбаб пен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етушілер көп келеді. Халық арасында Түркістанды – Рухани астана етіп жариялау туралы ұсыныс бар. Сондықтан бұл өңірдің табиғатын

Page 136: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

136

байытып, «Жасыл ел» бағдарламасына үн қоса отырып, туристік орталық жасасақ, болашақтың алдында игілікті іс жасаған болар едік.

АБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТАРИХЫ

Джульетта ГЕРТФЕЛЬДЕР, Ө. Жəнібеков атындағы №73 көп салалы мектеп-гимназиясының

11 «В» орыс сыныбының оқушысы, Абай ауылы, Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жетекшісі: Базаркүл ЖАППАРОВА,

Ө. Жəнібеков атындағы №73 көп салалы мектеп-гимназиясының мұғалімі, Абай ауылы, Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Бұл ғылыми жұмысты өзімнің тұратын жерім жəне мектебім орналасқан Абай

ауылының тарихы бойынша бар мəліметті жинақтау мақсатында орындадым. Ауылымыздың қарт тұрғындарының айтуы бойынша ауыл ХІХ ғасырдың 90-

шы жылдарында пайда болған. Қазір Абай ауылы орналасқан жерде елді мекеннің ірге тасын қалаған əулие Ешан емес деген ойлар бар. Дегенмен, тарихи деректерге сүйенетін болсақ, əулие Ешан осы өңірде су жетіспегендігін ескеріп, адамдарды емдеуден түскен қаржысын жəне басқа табыстарына каналдар қаздырып, халықтың қоныстануына ерекше үлес қосқан жəне халыққа жанашыр тұлға болған. Ол мешіт ашып, имандылықты насихаттаған жəне өзі бас имам болған. Сондықтан халықтың арасында бұл жер «Ешан базар ауылы» аталып кеткен.

Зерттеу жұмысын Абай ауылының тарихымен қызығып, деректерді жинаумен айналысып келген ауыл қарттары жəне осы өңірде лауазымды қызметтерде істеген адамдармен кездесумен бастадым.

Мен имам Ешанның Абай ауылындағы мешітте сақталып келген қолжазбаларымен танысып, оның 40 күн шілдеде түнеген жертөлесіне барып, ондағы шырақшымен сөйлесіп, қажетті деректерді жинақтадым. Сол деректер бойынша имам Ешанның қызын тауып, ол кісімен əкесі туралы сұхбаттастым.

Ешан бабамыздың қызы Зухраның айтуынша, оның əкесінің тарихы ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында зерттеле бастаған. Өкінішке қарай, «ұлттық» мəселелерге байланысты тоқтап қалған. Ең қызығы, сол бабамыздың немерелері қазір біздің мектебімізде орыс сыныптарында оқып жүр.

Зерттеу жұмыстарының нəтижесінде Етжемес Ешанның өмір тарихынан мəліметтер жинақтадым.

«Совет Өзбекстаны» газетінің 1992 жылғы нөмірінің бірінде тарих ғылымдарының докторы, Өзбекстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Хамдам Садыковтың мақаласы шыққан. Мақаланың мазмұны мынадай: Ұзақ жылдар бойы Ташкент қаласындағы Есауылдардың бастығы боп қызмет атқарған генерал-лейтенант Лыкошин шығыс елдері тарихы мен өлкесін зерттеу жұмыстарымен шұғылданып, өзінен кейінгі ұрпақтарға қызықты да, көңіл аударарлық мирас қалдырған. Бұл орыс генералы өзбек тілін судай білген. Орта Азияның генерал-губернаторы Ташкентте тұрған Кауфманмен бірге келген (1861 жылы). Сондықтан да ол өзбек халқының өмір тарихын терең зерттеп, көптеген ғылыми шығармалар жазған. Ол ХІХ ғасырда Ташкентте жасап, атағы шыққан адамдар туралы құнды деректер келтіреді. Лев Сергеевич Лыкошин өз көзімен көрген жəне жақсы танитын адамдардың бірі – Ешан баба Ахун Шадманұлы туралы 1916 жылы Петроградта басылып шыққан «Түркістандағы жарты өмір» деген кітабында төмендегі қызықты оқиғаны келтіреді.

Page 137: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

137

«Көкше» мешіті имамдарының бірі – Ұлы етжемес Ешан, əкесі дүние салған соң, оның орнына имам болу жөніндегі ұсынысты қабылдамай, сол кезде білімділігімен əйгілі болған Салықбек Ахунның баспанасына келіп, диқаншылықпен айналысады. Осында жүріп ол Піскент қаласының маңайындағы Жаңақорған қыстауындағы Юсуп Қожа Ешанмен кездеседі.

Ешан болуды мақсат еткен Ахун Шадманұлы бірнеше жылдар бойы Сал Юсуп Қожа Ешаннан дін тарихы бойынша сабақ алады. Оқу мерзімі біткен соң, болашақ Ешан ұстазынан бата алып, Ташкенттегі Шайх Зайнуддин баба мазарына келіп, сол жердегі сазды жертөледе жасай бастайды. Ол тамақ үшін тек жеміс-жидек, нан мен шайды қорек етеді. Сондықтан ол «етжемес Ешан» атағымен жұртқа мəлім болады.

Лыкошиннің жазуынша өз жертөлесінен Келес өңірінде) шықпай, 40 күн шілдеде де (40х40) 1600 күн өмірін жаратушы Аллаға сыйынумен өткізеді. Бірақ 1892 жылы оба ауру жаппай тарқалған кезде ол адамдарды емдеу жұмысымен айналысады.

Таң қаларлық жағдай, ол науқастар денесіне алақанын тигізіп, сипалап ем жасаған (экстросенс). Ешан баба Шымкенттен сонау Қызылордаға дейінгі аралықтағы елдерді жаяу аралап, сырқаттарды емдеуден түскен қаражаттардың бəрін кембағалдарға, тарығып, қиыншылыққа ұшырағандарға таратқан. Тапқан-таянғандарының бəрін қайырымды жұмыстарға жұмсаған. Солардың бірі Ташкенттен 35 шақырымға дейінгі игерілмей, тың жатқан атырапқа өзін қолдаушы кембағал диқандармен бірлесіп, су шығару үшін арықтар қазып, солардың көмегімен егін егіп, төңіректі бауға айналдырған. Солардың бірі Ешан базар деп аталған.

Бірте-бірте осындай атырапқа көшіп келіп, қоныстанып, дүкендер ашып, ғибадат ету үшін мешіт те салғызған, осы мешітте имамдық міндетін Ешанның өзі атқарған.

Л.С. Лыкошин өз кітабында етжемес Ешанмен кездесіп, əңгімелескенін жəне оның бақсыларша зікір салып, ем жасау көріністеріне қатысқанын жазады. Ешанның өте қарапайым, диқандарға жаны ашығыш жəне өте қанағатшыл адам екендігі жөнінде автор көптеген дəлелдер келтіреді. Ешан көбіне бір рет кешкі мезгілде ғана тамақтанып үлгерген. Ол өзінің көп уақытын науқастарды емдеу мен тəуіпшілік істеріне жұмсаған.

Автор етжемес Ешанның үйінде бірнеше рет болып, оның адам таңқаларлық қабілетіне тəнті болған.

Ешан баба Ахун Шадман Қожаұлы Ташкенттегі Шағатай қабірстанына өте абыройлы адамдар қатарында жерленген.

Ғылыми жұмысымның тəжірибелік əдістемесі ретінде баспасөзде нақты деректер болмағандықтан, Ешан бабамыздың туыстарымен, оны білген адамдармен, бұрыннан ауылымыздың тарихымен айналысып келген адамдармен əңгімелесу, сұхбаттасу жүргізілді.

Бұл жұмыста бірінші рет Абай ауылының тарихы бойынша жүйелі зерттеу жұмысы жүргізілді. Адамдарда бар жеке-дара деректер жəне Ешан бабамыздың соңғы жылдардағы өмірі жөнінде дербес деректер жинақталды.

Зерттеу жұмысы үстіміздегі жылдың басында басталды, сондықтан біз күткендегідей нəтижеге жете алмадық. Бірақ осы жұмыста келтірілген деректерді Абай ауылы мен Келес өңірінің тарихы бойынша бастапқы мəліметтер деп қабылдауға болады.

Бұл жұмыстың өлкетану көзі ретінде маңызы зор. Келес өңірі мен Абай ауылының тарихы осы күнге дейін көп зерттелмеген. Бұл

туралы баспа бетінде жарық көрген мақалалар, ешқандай зерттеулер жоқтың қасы. Ауыл тұрғындары өз ауылының тарихынан бейхабар.

Сондықтан да ауыл ақсақалдарына жолығып, көпті көрген көнекөз қарттардың естеліктерін тірнектеп жинадық.

Page 138: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

138

Материал жинауға еңбек жəне соғыс ардагерлері Аманша Меңдіғалиев, Шерəлі Артығалиев, Əнуəр Тұрдалиндердің көмегі, естеліктері септігін тигізді.

Төменде Аманша Меңдіғалиевпен болған сұхбаттан бастап, Келес өңірінің, Абай ауылының қысқаша тарихын беріп отырмыз.

- 1923 жылы В.И. Лениннің басқаруымен Ұлттық Республикаларды межелеу мақсатында пікір алысу өтілді. Нəтижеде Қазақ Республикасының аумағы, Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақстанға қарап қалды. Келес ауданының Өзбекстан Республикасымен шекарасы Ащы өзенінің бойымен жүргізілді. Бұрынғы 5 аудан (Сарыағаш, Келес, Шардара, Мақтаарал, Киров) Қазақстанға қалдырылды. Ащы өзенінің бойымен Шығыс жағасында Өзбек КСР-інің Елтаңбасы, батыс жағасында Қазақ КСР Елтаңбасы кешегі 1950 жылға дейін тұрды.

Мəскеу басшыларының құйтыртқы саясатының арқасында Келес, Сарыағаш аудандарының біраз жерлері Өзбекстанға беріліп кетті. Соның бірі – Түркістан, Бағыс ауылы жəне Бостандық ауданы.

1928 жылдың 17 қаңтарында Ташқазақ уезінің Келес жəне Бағара болыстары мен Ақжай болысының біраз жерін қоса Келес ауданы құрылған. Одан кейін 1939 жылдың 16 қазанында Сарыағаш ауданы құрылып, Келестен бөлініп шығады, ал ең соңғы рет Келес ауданы Сарыағаш ауданына 1996 жылы қосылды.

1963 жылдың 12 қаңтарында Келес ауданы таратылып, Сарыағаш ауданының құрамына енгізілді. Келес өзені өңірінде Қазығұрт, Сарыағаш, Ленин, Келес аудандары орналасқан. Сырдария округінде 21 аудан болған. Соның бірі – Келес ауданы.

Тарих деректеріне сүйенсек, Келес өңірінде халық жайлағанына 300 жылдай уақыт болыпты. Оның нақты дəлелдері – үлкен қорымдағы құлпытастар. Мысалы, Самарқанд көктасы, Мыңтөбе, Күлтөбе қорымдары, Мүсəпір, Қарасақал, Қошқарата, Үмбетқожа, Шоқшеңгел т.б қорымдар.

Бұрын Келесте халық аз қоныстанған, себебі су жетіспеген. Кешегі ХVІІІ ғасырдың басына дейін Келес өңірі жайлау есебінде пайдаланылып келген. Бұрынғы қоныстанған адамдарды Көне туған, кейінгілерді Жаңа туған деп екіге бөледі. Олардың қыстауы Ленгір қаласының айналасында, ал жайлауы Келес өңірі болды.

Шанышқылы руына жататын Сұрым елі қонысы Өзбекстан Республикасының Ғалаба ауданында, жайлауы Келесте болды. Ғалаба ауданындағы Сұрым қыстауы қазір де «Жоңышқалы Сұрым» деп аталады.

Келес өзеніне Зақ каналын қосқаннан кейін су молайып, ХVІІІ ғасырдан кейін бұл өлкеге халық көбірек қоныстанды.

ХІХ ғасырдың басында Келес өзенін буып, Араншы арық, Ошақты арық жүргізілді. Ошақты арық, Араншы арық үстіне қосымша Бесуыл, Оймауыт каналдары т.б қосылды. Осы каналдың бойындағы елді мекендер үлкен ауылдарға айнала бастады.

Соның бірі – Ешан базар ауылы. Ешан базар ауылының астында жəне одан төрт шақырым жерде ірі-ірі қорымдар жатыр. Қазіргі Абай ауылының іргетасын қалаған əулие Ешан емес, жоғарыдағы айтылған елді мекендер.

Абай ауылы ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарында «Ешан базар» деп, 1934 жылы «Абай базар» деп аталса, 1973 жылдан бастап Абай деп аталып келеді.

Абай ауылында мəдениет сарайы 1978 жылы салынып, өнер мен мəдениеттің дамуына, өсуіне үлкен үлес қосты. Келес əртістері «Келес халық театры» атағын 1978 жылы жеңіп алды. Абай ауылдық кітапханасының алғашқы директоры Асқарбекова Бақыт. Мыңдаған оқырмандар осы жерден өздеріне рухани азық алады.

Ауған соғысының ардагерлері де естен шыққан жоқ. Келес өңірі бойынша ауған соғысына қатысқан интернационалист жауынгерлер кеңесінің төрағасы Жұмабеков Ахмет. Осы кісінің бастауымен соғыс құрбандарына ескерткіш орнатылды.

Page 139: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

139

Келес өңірінен шыққан бірнеше ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, академиктер Лениншіл Рүстемов, Немат Келімбетов, Беген Есімов, Исабек жəне Абай Төретаевтар жəне т.б.

Алғашқы коммунарлар ескерткіші коммуна бөлімшесінен ашылды. Кəсіптік-техникалық оқу орны ең алғаш рет Ғани Мұратбаев атындағы

кеңшардың «Көгерту» бөлімінде 1961 жылы құрылды. Келес өңірінде бірнеше дертке шипалы минералды су зауыттары жұмыс

істейді. Үстіміздегі жылы Абай ауылында қыш зауыты, Коммуна бөлімшесінде жеміс-жидек зауыты іске қосылды. Келес өңірінің халқы –іскер, таза, еңбек сүйгіш, тəжірибелі, қасиетті халық. Жер-суға бай, шаруашылыққа өте қолайлы. Осындай жетістіктерге қол жеткізген Келес өңірінің тарихы тереңде жатыр.

«Келес» сөзі көне топоним, өйткені Келес даласы, тарихшылардың дəлелдеуінше, б.з.б. VІ-VІІІ ғасырларда Сақ тайпалары мекендеген жер (Г.В. Григорьев). Атаудың түрік-моңғол тілдері негізінде Келес «тіл» сөзінен шықты деген гипотеза онша дөп келмейді. Келес – көне тайпалар тілінде «Үлкен кесіртке» (116 бет, 5 том) (Varanidae). Сөзбе-сөз мағынасы: «Кесірткелі өзен» (Қазақстанның жер-су аттары сөздігі, Алматы: Мектеп, 1985. – 127 б.).

«Екі Келес, Бір Талас, Бал татыған жерің-ай, Ағайының аралас, Тату екен елің-ай, Жел маяға өңгеріп Алып кетер едім-ай. Сыймаған соң алдыма, Əттең дүние деді-ай», - деп Асан Қайғы атамыз жырлағандай, аңызға айналған

Келес ауданы Қазығұрттан бастау алатын Келес өзенінің, Құркелес өзенінің ұзына бойына орналасқан.

Келес өңірінің 350 мың гектар жері, оның 26 мың гектары суармалы, 4 мақта, 4 жеміс-жидек, 3 мал, барлығы 11 кеңшары, 9 өндірістік кəсіпорындары бар, кезінде 10 мың гектарға дейін мақта егіп, мақтадан – 27 тонна, 1600 гектар жүзімнен 29 тонна, 800 гектар алма баудан 5 мың тонна жеміс өндіріп, 135 мың қой, 12 мың ірі қара мал, 4 мың бас жылқы өсіріп, мал өнімдерін жəне сол сияқты астықтан, бақшадан мол өнім алған, 6 Социалистік Еңбек Ерін, 1 Кеңес Одағының Батырын берген, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланған азаматтары бар. 3 рет Бүкілодақтық, бірнеше рет Республикалық жарыстың жеңімпазы болған киелі аудан.

Қазіргі таңда ауданның жер көлемі 395 мың гектар, халық саны 78 мың. Ауданда 25 ұлттың өкілдері тұрады. Оның ішінде: қазақтар – 87%, өзбектер – 3,5%, орыстар – 2,7%, немістер – 2,5%, украиндар – 0,4%, татарлар – 1,5%, курдтар – 0,2%, ұйғырлар – 0,6%, басқа ұлттар - 2,5% құрайды.

Қорыта айтқанда, ұмытылып бара жатқан тарихымызға қайта оралып, қирап бара жатқан асыл қазыналарымызды қайта саралап отырсақ, ауылымыздың рухани дамуына үлкен септігіміз тиер еді.

Page 140: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

140

«АЛТЫН ҰЯМ – МЕКТЕБІМ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

ШКОЛА – ЗОЛОТАЯ КОЛЫБЕЛЬ

Антон Олегович БЕЛЯКОВ,

ученик 4 «А-1» класса школы-лицея №9 имени О.А. Жолдасбекова, город Шымкент, Южно-Казахстанская область.

Школа… Она значит в жизни каждого человека так много. Здесь нас учат не

только читать, писать, считать, но и думать, рассуждать, понимать, что хорошо и что плохо. Каким будет человек, кем он вырастет, во многом зависит от того, в какой школе ему пришлось учиться.

Когда я только собирался в первый класс, я часто спрашивал у мамы: «Что такое школа?»

И мама рассказывала мне про уроки и перемены, про учебники и тетради, в которых нужно выполнять домашние и классные работы, про разных учеников.

Я с удовольствием слушал рассказы моей мамы –учительницы. Иногда я вместе с ней смеялся над проказами школьников, а иногда грустил,

когда мама расстраивалась из-за плохо выполненной работы или списанного сочинения.

Мне очень хотелось поскорее стать школьником, чтобы показать, каким хорошим учеником я могу быть, как старательно я буду выполнять все задания учителя, как внимательно я буду слушать своих преподавателей. Часто я просил маму взять меня с собой на уроки, к сожалению, мама чаще отвечала мне отказом, хотя я обещал сидеть тихо-тихо и не мешать ей. Но иногда чудо случалось.

Мне нравилось, сидя на последней парте, смотреть на ребят-старшеклассников, слушать их ответы, но больше всего мне нравилось слушать, как говорит моя мама, как она объясняет, иногда шутит, иногда строго хмурит брови.

Я очень гордился мамой: она одна стоит у доски, а тридцать человек в классе внимательно слушают её, делают то, что она говорит.

Однажды я спросил маму: «Откуда ты всё знаешь?» Мама рассмеялась: «Ну что ты? Всего не знает никто!» «Но ведь ты знаешь много, - не унимался я. – Откуда?» «Я читаю книги, хорошо училась в школе, университет закончила с красным дипломом», - ответила она мне. «А откуда ты знаешь, как нужно рассказывать про всё ученикам, как нужно проводить уроки, спрашивать, ставить оценки?» - настаивал я. «Ты, правда, хочешь это знать?» - вдруг очень серьёзно и строго спросила мама. «Да», - твёрдо ответил я. «Хорошо, пойдём со мной», - мама взяла меня за руку и повела в школьный музей.

Мама подвела меня к одному из стендов. «Смотри внимательно, - почти строго сказала она, - эти люди работали в нашей

школе, когда тебя ещё на свете не было. Это ветераны нашей школы. Именно благодаря их труду школа стала известна на всю нашу Республику».

Я смотрел на незнакомые мне лица. Они были разные: грустные и улыбающиеся, задумчивые и строго глядящие.

Я стоял, смотрел на их фотографии и думал о том, какие они были, когда работали в школе, наверное, такие же, как моя мама: молодые и красивые, задорные и немного строгие.

Я внимательно рассматривал фотографии и вдруг понял, что я смотрю на очень знакомое мне лицо. Немного печальный и задумчивый взгляд, серьёзные глаза, как будто смотрящие прямо в твои, тёмный костюм, украшенный чем-то, что напомнило мне мои значки.

Page 141: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

141

«Ой, мама, это же наша бабушка», - воскликнул я. «Совершенно правильно. Это твоя бабушка, а моя мама и самый главный учитель в моей жизни», - ответила мама. «Мама, - я подёргал её за рукав, - а ты расскажешь мне про бабушку? Какой она была, когда была не просто бабушкой, а работала в школе?» «Конечно, расскажу, ведь именно она научила меня быть учителем, любить детей, прощать их, если они сделали что-то неправильно», - ответила мама.

Вот что она рассказала мне о моей бабушке – Гетмановой Наталье Григорьевне.

Аттестат о среднем образовании и серебряную медаль бабушка получила в маленьком городке Прокопьевске. Перед ней, очень серьёзной и старательной ученицей, по мнению педагогов, открывалось много дорог-путей.

Но она неожиданно для всех отказалась поступать в высшее учебное заведение, а решила познакомиться с производством, стала электрообмотчицей. И, несмотря на то, что уже в первые дни с ней случилась неприятность – сильно ударило током, она не отказалась от своего решения.

Она всегда была упорной и трудолюбивой. Не получилось в первый раз, значит, нужно упорно работать над собой, чтобы получилось в другой раз. Она внимательно слушала мастеров, запоминала, что они ей говорили, училась на собственных ошибках. Через некоторое время она научилась всё делать правильно, её стали хвалить, теперь все думали, что скоро она станет мастером.

А бабушка поняла, что ей не нравится эта работа, в ней не было ничего интересного, нового, нельзя было что-то придумать и сделать не так, как другие. Бабушка решила поступать в институт.

В первый раз ей это не удалось. Конечно, ведь она решила стать студенткой Московского Государственного университета.

Мама сказала мне, что учиться в нём было всегда очень почётно, туда принимали только лучших из лучших.

Но бабушка не сдавалась. Год она работала маляром на стройке, а дома в свободное время учила правила, читала книги. Бабушка всегда была настойчивой. Через год её мечта осуществилась. Учиться было очень сложно, но моя бабушка не боялась трудностей.

Теперь она точно знала, что хочет учить детей русскому языку и литературе, помогать им разбираться в самых интересных и сложных произведениях и не допускать ошибок в диктантах, изложениях и сочинениях.

Когда она закончила университет, поехала работать в Целиноградскую (Акмолинскую) область, а потом вместе с семьёй переехала в Чимкент (Шымкент).

Здесь она стала работать в школе №9 имени С.М. Кирова. Работа в школе стала настоящим призванием для моей бабушки. Она очень

любила детей, старалась, чтобы всем на её уроках было интересно. Для этого она придумывала разнообразные задания.

Сейчас на некоторых уроках мы пользуемся схемами, а бабушка ещё в семидесятые годы сама придумывала такие схемы по русскому языку и литературе, чтобы её ученикам было легче запоминать сложный материал или готовиться к экзаменам. А ещё она задавала такие вопросы, которые заставляли её учеников думать, искать ответ не в учебнике, а в своём сердце. На её уроках никто не бездельничал, всем хотелось ответить как можно лучше, чтобы заслужить похвалу.

Ребята старательно готовились к урокам моей бабушки. А если у них что-то не получалось, бабушка всегда приходила на помощь. Ей хотелось, чтобы её ученики научились и грамотно писать, и красиво говорить, и думать о самых важных вещах на свете.

Бабушка разрешала ученикам говорить то, что не совпадало с напечатанным в учебнике. Она всегда верила своим ученикам, прощала их ошибки. Именно ей они

Page 142: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

142

рассказывали самые сокровенные тайны, потому что знали, что она поможет советом, но никому эту тайну не выдаст.

Бабушка верила, что каждый её ученик – талантливый человек. Чтобы помочь всем найти талант в себе, бабушка организовала в школе Клуб любителей искусств. Ребята собирались в этом Клубе, чтобы поговорить об искусстве, почитать стихи, обсудить новые книги. Они устраивали настоящие спектакли, танцевали и пели. И было совсем неважно: умеешь ты это делать хорошо или просто делаешь, потому что тебе это нравится. Ребята сами придумывали сценарии, находили материал.

А ещё они выпускали рукописные журналы, где помещали свои стихи, рассказы, рисунки. Каждый находил дело по душе.

Мама рассказала мне и о том, что однажды в школе провели опрос среди учителей: «У кого вы хотели бы, чтобы учился ваш ребёнок».

И все учителя назвали только одно имя – имя моей бабушки, потому что она не только талантливый педагог, но и справедливый человек.

А ещё она очень скромная и честная. Бабушка всегда охотно делилась своим опытом. Она посылала свои статьи в газету «Учитель Казахстана», и их печатали,

потому что они были очень интересными и помогали другим учителям сделать работу интереснее.

Бабушка долгое время была внештатным корреспондентом этой газеты. Несколько её статей посвящено традициям школы и её ветеранам. Бабушка с большой любовью и благодарностью рассказывала о них, писала, что нужно быть такими, какими были они. Сколько добрых слов нашла она для тех, с кем вместе работала, у кого училась быть настоящим педагогом. Она не забыла ни про кого.

Мама рассказала мне и о том, что то, что я принял за значки, на самом деле знаки отличия, признание заслуг моей бабушки. Ведь она и Отличник народного просвещения Казахской ССР, и учитель-методист. А ещё у неё две медали: «Ветеран труда» и медаль им. Ы. Алтынсарина.

В 1987 году ей присвоено звание «Заслуженный учитель Казахской ССР». Но самой главной наградой бабушка считает любовь своих учеников. Я всегда знал, что моя бабушка – самая лучшая бабушка на свете, ведь она

много занимается со мной и мои братишкой, помогает нам выполнять задания, читает книги, играет с нами в разные игры, готовит сценарии наших выступлений.

Но сегодня я узнал, что она и замечательный педагог. Тогда я спросил у мамы: «А почему сейчас, когда бабушка стала пенсионеркой,

её не приглашают на разные городские и областные мероприятия, только ученики из нашей школы приходят. Я видел по телевизору, как поздравляют других педагогов. А ведь бабушка столько сделала для нашего города, столько талантливых учеников воспитала?»

И мама пожала плечами, наверное, потому, что не знала, что сказать. А я решил, что когда я вырасту большой, то стану Министром образования и

издам указ, чтобы всех ветеранов образования не забывали, помогали им, когда они станут старенькими, и всегда помнили, как они много сделали для всех нас.

Ведь благодаря именно их труду школа становится для нас золотой колыбелью.

Түйін Беляков Антон өзінің жұмысында өте маңызды мəселені қамтыған. Əр

мектептің өзінің дəстүрін сақтау қажеттігіне назар аударған. Өзі оқитын мектептен шыққан қазақ елінің ардагері, еңбек сіңірген мұғалім –

ұлағатты ұстаз Н.Г. Гетманованың еңбегі туралы талдау жасаған. Ол кісінің мектепшілік оқушылар мен мұғалімнің қарым-қатынасы қандай болғаны туралы көптеген қызықты мəліметтер келтірген. Оқушыларға үнемі беделді мұғалімдер

Page 143: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

143

туралы айтып, естеріне салып отыру, оларды ұмытпау қажеттігі жайында өз ұсынысын білдірген. Бұл жұмыста қазіргі дамыған мектептерде, өз өмірін шəкірт тəрбиелеуге арнаған мұғалім-ардагерлер туралы мүлдем ұмтылғаны жөніне ашына айтылған.

Summary Belyakov Anton in job addresses to the very important problem how to persevere the

traditions of each school. Telling about the veteran of the Kazakhstan school, deserved teacher of KazSSR Getmanova N.G., he analyzes the mutual relation, which develop inside school collective, between the teachers and schoolboys, speaks about the necessity of preservation of memory about the best teachers, bringing up some generations of the pupils. In job sounds bitterness of that the modern system of education does not give attention to the teachers who have finished their professional activity.

МЕКТЕБІМНІҢ ҒАСЫРДАН АСА ТАРИХЫ БАР

Нұрлыбек Назарұлы ЕРКІН,

А. Байтұрсынов атындағы №1 орта мектептің 7 «Ə» сынып оқушысы, Түркістан қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас, - демекші, сөзімді өзімнің туған топырағым жайлы

жазған Мағжан ақынның өлеңімен бастайын: Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой. Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің тəңір берген несібі ғой. 1500 жылдық тарихы бар Түркістан жерінде туып өстім. Əрбір ананың, əкенің

перзенті туған елін, жерін, ақжарқын адамдарын, мейлі ол дəрежелі адам болсын, мейлі көлдегі балықшы болсын, сыйлайды, құрметтейді, сүйеді.

Бұл да бір Табиғат-Ананың заңдылығы. Мен де ақ сүт берген анамның перзенті болғандықтан, туған елімді сүйемін, қастерлеймін.

Енді алтын ұя – мектебіме келсем, мен ғасырдан аса тарихы бар Түркістан қалалық Ахмет Байтұрсынов атындағы №1 қазақ орта мектебінің 7 «Ə» сыныбында оқимын.

Енді осы оқу ордасының балаларды қанша уақыттан бері қанша ұлағатты ұстаздар білім нəрімен сусындатқанын қаралық.

Қазақтың тілін, əдет-ғұрыпын, ислам дінінің қағидаларын жақсы білетін ғалым И. Яковлевтің ұйымдастыруымен 1898 жылы ашылған орыс-қазақ мектебі 1920 жылға дейін жұмыс істеді.

Білім ұясы 1918-1920 жылдары А. Чехов атында болса, 1924 жылдан бастап кеңес көсемінің қайтыс болуына орай мектепке В.И. Ленин есімі беріліпті.

Мектебімізге 1992 жылы көрнекті қоғам қайраткері, тіл білімінің негізін салушы А. Байтұрсыновтың есімі берілді.

Енді мектеп шежіресінен сыр шертер болсам, бұрынғы мектеп басшылары мен түлектерін айтпай кету – азаматтығыма сын. Біздің білім алып жүрген алтын ұя – мектебімізді 1930-1938 жылдары С. Тұрсынбаев, 1938-1940 жылдары К. Ділімбетов, 1940-1945 жылдары Н. Байқадамов, 1945-1946 жылдары Н. Абдуллаев, 1946-1951 жылдары Ə. Бекенов, 1951-1953 жылдары А. Айтқожаев, 1953-1977 жылдары Т.И. Слепокурова, 1977-1982 жылдары З. Алакөзова, 1982-1983 жылдары Н. Назаров, 1983-1986 жылдары М. Əбдірахманов сынды азаматтар мектеп басқарса, 1986 жылдан бері КСРО жəне Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Заманхан Жүзжасаров мырзаның басшылығымен жұмыс жасауда.

Page 144: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

144

Сонымен қатар, осы мектептің түлектері, қоғам қайраткері, алғашқы «Жастар» сыйлығының иегері Сұлтанбек Қожанов, академик Ісмет Кеңесбаев, филология ғылымдарының докторы, академик Мəулен Балақаев, генерал-майор Баһадүрбек Байтасов 1941 жылдары, филология ғылымдарының докторы Алдан Əйімбетов 1948 жылдары осы біздің мектебімізде білім нəрімен сусындаған.

Кеме өзінен-өзі жүзбейді. Ол кемені жылжыту үшін көп үлес қосқан ұстаздарымыз баршылық. Атап айтсақ, Тұрғанбай ағамыз Ы. Алтынсарин медалінің иегері, «кеме боцманы» десе боларлық. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің озық қызметкері белгісімен П. Мəмбетова, М. Есентаева, С. Дағмырзаев, Р. Жабашева, Ж. Мұсаева, Б. Оспанова, Ж. Ашировалар сынды ұстаздарымыз марапатталған.

Көптеген мектеп түлектері, аға-əпкелеріміз туралы айтуға болады. 1992 жылы бітірген, қазақ тілі пəндік олимпиаданың жүлдегері, қазіргі уақытта ұстаз-дəрігер Г. Шалатаеваны, 1996 жылы бітірген қазақ тілі мен əдебиеті пəндік олимпиаданың жүлдегері, бұл күндері Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы Ж. Ахметованы, 2000 жылы ерекше аттестатқа бітірген республикалық олимпиаданың жүлдегері М. Əбсаттарованы айтуға болады. Сонымен қатар 2003 жылғы Республикаклық қазақ тілі мен əдебиеті пəні олимпиадасының ІІ орнын Өскемен қаласында иеленген, сол жылғы Астана қаласындағы жастар слетінің делегаты Ж. Ергөбекованы атауға болады. Қазір ол Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ магистранты.

Спорт саласында да өз үлестерін қосып жүрген, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері, Қазақстан Республикасының спорт шеберлері Ғ. Құдияров, Р. Бабашев, Е. Омаров, Л. Назарова сынды боз жорғаларымызды айтпай кетуге болмайды.

Енді мектептің бетке ұстарлары, яғни ұлттық бірыңғай тест бойынша жоғары балл жинаған мектеп белсенділеріне келсек. 2003-2004 жылдары Жетібаев Жантөре 99 балл жинап, «Үздік аттестат» иеленсе, 2004-2005 жылдары Тіллабаева Гүлнар 108 балл жинап, «Алтын белгі» алды. 2005-2006 Салтанат 109 балл жинап, «Алтын белгі» алды. 2006-2007 жылдары бітірген Жапекова Эльмира да «Алтын белгі» иегері болды. Жапекова Эльмира: 2002 жылы қазақ тілі мен əдебиетінен қалалық пəндік олимпиада жүлдегері, Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай өткізілген жас ақындар сайысының І орын жеңімпазы, 2003 жылы «Дебат» жəне «Сөз додасы» сайыстарының лауреаты, болашақ жазушыларға арналған «Ақ қауырсын» байқауының жеңімпазы. Жəне де айта кетсем, мектеп түлектері Тайжанова Динара, Ізтілеуова Маржан да мектепті «Алтын белгіге» бітірді.

Иə, мен сан ғасырлық тарихы бар Түркістан қаласындағы аяулы Алаш азаматы А. Байтұрсынов атындағы мектепте оқимын.

Мектебімнің даңқын шығарған сан мыңдаған түлектері сияқты мен де атын жақсы жақтарынан шығаруға үлесімді қосамын.

Осы мектепте оқитыныма қуанамын. Резюме

В статье говорится об учителях и выпускниках, внесших огромный вклад в развитие и процветание школы, названной в честь общественного деятеля, основателя языкознания А. Байтурсынова г. Туркестана.

Resume This article is about notable teachers and graduates that do all goodness for their

school named by A. Baitursinov which situated in holy Turkistan town.

Page 145: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

145

АТБҰЛАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ АЛТЫН ҰЯ

Анизат Жұмаділлақызы ЖОЛДЫБАЙ, Ж. Қаппаров атындағы дарынды балаларға арналған

№5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 8 «А» сынып оқушысы, Рабат ауыл əкімшілігіне қарасты Атбұлақ елді мекені,

Қазығұрт ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Менің алтын ұя мектебім барша қазақ елі пір тұтып киелі санайтын, бүкіл адамзаттың жер бетінде таралуына ұйытқы болған қарт Қазығұрт тауының баурайын жайлаған Атбұлақ ауылында орналасқан. Өз мектебімнің тарихынан сыр іздей отырып, мен оның құпия қырларына қаныққандай да болдым.

Менің мектебімнің алғашқы іргетасы сонау 1929 жылы «Атбұлақ» бастауыш мектебі болып қаланған екен. Осылайша 8 жыл бойы халыққа бастауыш мектеп болып қызмет атқарған.

1937 жылы «Молотов», «Ұйымшыл», «Жаңаталап», «Қаратөбе», «Талдыбұлақ», «Атбұлақ», «Қарақия» атты жеті колхоз басшыларының ұйымдастыруымен кірпіш құйылып, жаңа мектеп үйі салынады. Осы жылдан бастап, «Атбұлақ» бастауыш мектебі жетіжылдық мектепке айналады.

1929-1955 жылдар аралығында мектептің іргетасын қалап, ондағы оқу-тəрбие ісін алға қарай апарған С. Ахметов, А. Айтуғанова, Е. Əбдіханов, Ə. Əбдісаттаров, Ш. Нұртаев жəне Ə. Əйтенов сынды ұстаздарымыз болған екен. 1965 жылға дейін жетіжылдық мектеп болып қызмет еткен мекеме 1965-1973 жылдар аралығында сегізжылдық мектепке айналады. Ал, 1974 жылы «Атбұлақ» сегізжылдық мектебі орта мектеп мəртебесіне ие болады.

Осы уақыт аралығында 1969-1977 жылдар ішінде мектеп директоры болған Оразбаева Қанткүл апайдың атына, 1983-1995 жылдар аралығында басшылық қызмет атқарған Бабанов Жұманберді ағайдың жəне 1995-2006 жылдар аралығындағы басшы Тəшімбет Əлжан ағайдың ерен еңбектерін ел де, осында тəрбиеленген жүздеген шəкірттер де үлкен ілтипатпен еске алады.

Ж. Бабанов ағайымыз шалғай ауылдардан жаяу қатынап оқитын жəне шопан балалары үшін 1986 жылы мектеп жанынан интернат ұйымдастырады. Осылайша, 1989 жылы 102 орындық екі қабатты интернат ғимаратының салынып, пайдалануға берілуіне мұрындық болады. Нарық қыспағы, бюджет тапшылығынан бұл интернат 1996 жылы жабылып қалады.

Алайда, 1995-2006 жылдар аралығында мектепті басқарған директор Тəшімбет Əлжан ағайды 5 шақырым жерден күздің жаңбырлы күні мен қара суығында, қыстың қақаған аязында жаяу келіп оқитын балалардың жай-күйі алаңдатпай қоймайды. Əр есікке барып жүріп, 2001 жылы 50 балаға арналған интернатты қайта ашады. Ел арасынан осы мектепке жаны ашитын, оған қол ұшын беріп тұратын демеушілерді іздей бастайды.

Мектепті əр жылдар аралығында аяқтап, қоғамның əр саласында қызмет атқарып жүрген мектеп түлектерімен хабарласқанда, олардың арасынан көмекке келгендері де болды. Алғашқылардың бірі болып бұл ұсынысқа осы мектептің 1946-1953 жылдар аралығында оқыған түлегі, сол кезде Алматы қаласында «Акцепт» фирмасында жұмыс жасап жүрген ғалым Жамбыл ағамыз бірден келіседі. Интернат ғимаратын өз қамқорлығына алған Қаппаровтар отбасы ондағы тəрбиеленушілерге алғашқы көмектерін көрсете бастайды. Жаңа төсек-орын, жиһаз, асхана жабдықтарын тарту етеді.

Жамбыл Қаппаров ағамыздың ел баласы үшін еткен еңбегін ескерген мектептің ұжым мүшелері мектебімізге Жамбыл ағаның есімін беруді ұйғарады.

Page 146: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

146

Осылайша, керекті құжаттар дайындалып, тиісті орындарға табысталған соң, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қазандағы №1576 «Қазақстан Республикасы білім беру, мəдениет ұйымдарына, сондай-ақ əскери бөлімдерге есімдер беру мен қайта атау туралы» қаулысына сəйкес Қазығұрт ауданы əкімінің 2000 жылдың 2 қарашасындағы №102 шешімімен «Атбұлақ» орта мектебі мекемесі «Жамбыл Қаппаров атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылады.

Мектебімізге Жамбыл Қаппаровтай ғалым ағамыздың есімі берілген соң алтын ұя өмірінде де, ел өмірінде де оң өзгерістер молая береді. Елге еткен жақсылығы – көзі тірісінде Естемес атасының соғыс жылдары өртеніп кеткен бұрынғы мешітін жаңғыртып, жаңа мешіт салып, көпшіліктің шексіз ризашылығына бөленді.

Өзі бақилық болған соң, отбасы мүшелері «Жамбыл» атты қор ұйымдастырып, оған қызы Сандуғаш бас болып, ізгі дəстүрді ары қарай жалғастыра бастады. Өзі оқыған мектепке қаржылай көмек беретін ағаға арнап отбасы мүшелері мектеп-интернатының алдына ғалым ағамыздың ескерткішін қойып, интернаттың екінші қабатынан бір бөлмені музей-үйіне де айналдырып берді. Ондағы мақсат – осында тəрбиеленіп жатқан əрбір шəкірт өзі оқып, тəрбие алып жатқан мекеме өнегелі, елім деп соққан жүрегі бар нағыз азаматтың атында екенін, əрі ағаның ғылыми еңбектерін өз көзімен көрген ұрпақ бойында Абай атамыз айтқандай, «болмасаң да ұқсап бақ» деген арманды, талпынысты ояту деп түсінемін.

2006-2007 оқу жылында мектеп директоры болып Алматы қаласындағы республикалық О. Жəутіков атындағы физика-математика мектебінен Ерұлан Əсентайұлы Жиенбаев ағайымыз келді. Ерұлан ағай сол оқу жылында физика, метематика жəне информатика пəндерін тереңдетіп оқытатын 8 жəне 10 сыныптарға аудан көлемінде тест тапсыру арқылы жоғарыдағы пəндерге қызығушылығы мен икемі бар оқушыларды топтастырды. Мектебімізде алғашқы 8-ші жəне 10-шы сыныптар тереңдетілген сыныптар болып ашылды. Осылайша, мектептің аты аудан көлемінде таныла бастады.

Осы оқу жылының ІІ жартысынан бастап мектеп басшысы болып жоғарыда айтылған О. Жəутіков мектебінен келген Ербол Сейітұлы Баеков ағайымыз келді.

Ербол ағай аз ғана 5 айдың көлемінде қыруар жұмыстар атқарды. Ербол ағай ең алғаш рет ауылды жердегі тұрмысы төмен отбасы балаларын жинақтап, оларға физика, математика пəндерін тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мектепті дəл осындай табиғаты тамаша жерден ашу керектігі жайлы демеушілерге ұсыныс тастайды. Себебі, қай кезді алсақ та, ұлы ғалымдар мен оқымыстылар осындай ауылды жерден, қарапайым отбасы балаларының арасынан шыққандығын тілге тиек ете келе, осы ұсынысты облыстық білім департаментінің басшысы Е. Сарманов мырзаға да хатпен жолдаған болатын. Əлі ашыла қоймаған дарынды балаларға арналған мектептің Жарғысын да жазып, ол мектептің өзіндік ерекшеліктерін саралап та берді. Осы Ербол ағайдың ұсынысынан кейін дарынды балаларға арналған мектептің алғы шарттары бойынша жұмыстар атқарыла бастады. Ағайымыздың армандаған ойы араға 7 ай салып жүзеге асты.

Ал, 2007-2008 оқу жылынан бастап мектебімізді Жамбыл ағаның жанашыр туысқаны Анаркүл Ағабекқызы Бейсебаева басқаруда. Анаркүл Ағабекқызы келгеннен соң да мектептегі оң өзгерістер үздіксіз жалғасын таба берді. Жаңа мектеп ғимаратына көшкеннен соң ондағы дəліздер мен əр пəн кабинеттерінің безендіру жұмыстары іскер басшының дұрыс талап қойып, ұйымдастыруымен қазіргі заман талабына сай жүзеге асты.

Осы оқу жылының ІІ жартысынан бастап мектебіміз облыс əкімі Н. Əшімовтің 2007 жылғы №380 12 желтоқсандағы шешімімен «Ж. Қаппаров атындағы дарынды балаларға арналған №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

Page 147: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

147

Енді бұл мектеп аудан көлемінде ғана емес, облыс көлемінде де физика мен математика пəндеріне икемі мен қызығушылы бар оқушыларды топтастырып, білім беруде. Қазіргі таңда мектебімізде 236 бала мектеп-интернаты қабырғасында білім алуда.

Ашылғанына жылға толмаса да мектебіміздің жеткен жетістіктері баршылық. Атап өтер болсам, мектебімізде «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің озық қызметкері» атағының иегері, физика пəнінің мұғалимасы Орынбаева Ғалия, «Өзбекстан Республикасы Білім беру ісінің озық қызметкері» атағының иегері, математика пəні мұғалімі Тұрабеков Пернебек ағай, сонымен қатар екі бірдей ұстазымыз Қазақстан Республикасы Білім, мəдениет жəне денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Олар: қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалимасы Бейсенбай Нұржамал жəне орыс тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалимасы Петралиева Зулайха апайларымыз.

Өзімізді осындай жоғары санатты ұстаздар тəрбиелеп, білім нəрімен сусындатып жатқанын біздер мақтан етеміз.

Химия пəнінің мұғалимасы Г. Əлтай 2007 жылы «Жаңашыл инновациялық технологиялар» фестиваліне қатысып, одан жүлделі ІІІ орын иеленіп қайтты. Ал, аудан көлеміндегі жыл сайын ұйымдастырылып отыратын мұғалімдердің пəндер бойынша олимпиадасында да біздің ұстаздарымыз жүлделі орындарды иеленді. Атап айтар болсам, математика пəнінің мұғалімі П. Тұрабеков, ағылшын тілі пəнінің мұғалимасы Э. Бұғыбаева, қазақ тілі пəнінің мұғалимасы Ə. Лесова жəне химия пəнінің мұғалимасы Г. Əлтай сынды ұстаздарымыз өз білім-біліктері сайысқа түскен шақта оны қорғай отырып, жүлделі орындарды иелене білді.

Ал, Жамбыл ағаның жұбайы Фаузия Сұлтанқызы мен балалары Нұржан жəне Нұрлан біздер оқитын мектеп-интернатқа өз қамқорлықтарын жалғастыруда. Олар интернат ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, шатыры мен жылу жүйелерін қалпына келтірді. 200 орынға арналған интернат үйін төсек-орынмен, жиһазбен жабдықтап, тіпті асханаға қажетті ыдыс-аяққа дейін қамтамасыз етті. Интернатқа су жүйесін жүргізіп, жуынатын бөлмелерді қайта іске қосты. Мұнан өзге мектеп кітапханасы қорына 500-ден аса кітап қосып, сырттан білікті мамандар шақырып, оларға 4 отбасылық 2 коттежд салып берді.

Ол кісілер ұстаздарға қосымша жалақы да төлеп отырады. Жазғы демалыс кезінде аз қамтамасыз етілген 10 отбасы балаларын жəне информатика пəні мұғалімін Алматы қаласында əрі тынықтырып, əрі О. Жəутіков мектеп ғимаратында оқу тəжірибесін. Осы 10 баланы өз есептерінен мектеп формасымен қамтамасыз етті. Сондай-ақ іскер азаматтар мектепке құны 2 миллион теңгенің 30 киловаттық электр станциясын сыйға тартты.

Біз игі істердің бастаушысы əрі қолдаушысы болған «Жамбыл» қорына дəн ризамыз.

Осы орайда, біздер – оқушылар, осындай қамқорлыққа сай қандай нəтижеге жете алдық деген сауал мені жиі мазалайды. Енді оқушылар жеткен жетістіктерге тоқталсам, 2008 жылы қаңтардың 10-21 аралығында Алматы қаласында өткен V Республикалық О. Жəутіков олимпиадасына 10 сыныптың екі оқушысы Ақпанбетов Руслан мен Бекжанов Бақдəулет барып, қатысып қайтты. Мұнан өзге оқушылар арасында ұйымдастырылатын «Ақбота» интелектуальді марофонында жоғары жетістікке жеткен 10 сыныптың оқушысы Жақаев Естай 2008 жылғы наурыз айында елордамыз Астана қаласына барып, демалып қайтты.

Ал, 2 оқушымыз «Ақботаның» жеңімпазы сертификатын иеленді. Олар: 10 сыныптың оқушылары Қозыбақова Жазира мен Ақпанбетов Руслан, «Кенгуру» математикалық ойынында 3 оқушымыз – 7 сыныптың оқушысы Серік Абай, 10 сыныптың оқушысы Зиятов Айтжан жəне 8 сыныптың оқушысы Сағындық Аида жеңімпаз атанды.

Page 148: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

148

Былтырғы оқу жылында облысымызда алғаш рет ұйымдастырылған Əл-Фараби атындағы олимпиадаға да мектебіміздің оқушылары барып қатысып, 9 сынып оқушылары Ерман Динара мен Ахтанов Азамат Дипломмен марапатталды.

Оқушылардың облыстық пəн олимпиадасында химия пəнінен Мүтəлітегі Құлпынай, информатика пəнінен Бексейітəулеті Мұхтар, тарих пəнінен Қожанова Іңкəр «Мақтау қағазымен» марапатталды.

Жылда мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылатын өнер фестивалі былтырғы оқу жылында «Ата-баба дəстүрі – жас ұрпаққа мұра» айдарымен өткен болатын. Сол фестивальге мектебіміз бірнеше өнер түрлерінен сайысқа қатысып, қолөнер саласы бойынша жүлделі І орынды иеленіп, ауданның намысын облыста қорғап қайтты.

Мектеп оқушылары арасында «Южный Казахстан» газеті ұйымдастырған дəстүрлі облыстық мектеп газеттерінің байқауына мектебіміздің «Қазығұрт қыраны» газеті қатысып, бас редактор Ю.Г. Кирюхиннің қолынан «Самая молодая газета» жүлдсін алып қайтты.

Оқушылардың ең негізгі білім дəрежесі ҰБТ сынағында көрінбей ме? Өткен оқу жылында мектебіміздің ең алғашқы қарлығаштары болып 22 оқушы жаңа өмірге қанат қақты. Солардың ішінде мемлекеттік грантқа ие болғандарының саны – 12. Осылайша, мектебіміз білім сынағында республика бойынша іріктеліп, таңдалған 100 мектептің қатарына ілігіп те үлгерді.

Əрине, мұндай жетістіктерге жету тек ұтымды ұйымдастырылған, дұрыс басқару жүйесі қалыптасқан, ұжым мүшелері бір ауыздан ұйымшылдықпен жұмыс атқаратын жерде ғана жүзеге асатыны белгілі.

Мектебіміздің алғашқы іргетасы қаланған кездің өзінен бері бірнеше ел үмітін ақтап жүрген, қоғамның əр саласында қомақты істер атқарып жүрген азаматтарды тəрбиелегені баршаға аян. Олардың көшбасында, əрине, ғалым Жамбыл ағамыз, сосын қазіргі Тараз қаласындағы «Қайнар» университетінің директоры, «Тараз» техникалық университетінің ректоры, Ұлттық жаратылыстану академиясының төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Жүнісбеков Сағат, ұзақ жылдар Шымкент педагогика институтында қызмет жасаған философия ғылымдарының кандидаты Монтаев Қуандық жəне өнер саласында қызмет атқарып жүрген Ибрагимов Бауыржан ағамыз т.т.

Міне, өздеріңіз сезіп отырғандай, біздің киелі Қазығұрт өлкесі білімнен де, өнерден де кенде қалар жайы жоқ мекен екеніне көз жеткен шығар. Осындай білім мен өнер майталмандары шыққан білім ордасы біздер үшін де құт мекен болары шүбəсіз.

Алдымызда – жарқын болашақ. Күні ертең тəуелсіз еліміздің іргесін қалар, оны əлемнің басқа елдерімен тең дəрежеде өркендетер ұрпақ, мына біздерміз.

Мереке қарсаңында: «Тəуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!» - деп тілек еткім келеді. Елімнің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тəуелсіз мемлекетімнің іргетасының беки түсуі, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызымыз деп түсінемін.

Ғасырдан ғасырға жібек желі болып жалғасып келе жатқан бабалар аманатын орындап, мектебіміздің игі дəстүрлерін жалғастыру біздің еншімізге тиген ардақты іс екенін жүрегіммен сезініп, мақтан етемін.

Резюме В этой статье описывается история школы и его достижения, которая

передается от поколении к поколению. Summary

In this article is descried the history of school and its achievement, which is transferred from generation to generation.

Page 149: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

149

СЕНДЕ ӨСІП, КӨКТЕДІМ

Роза НҰРЛЫБАЙҚЫЗЫ, Жамбыл атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы,

Шəуілдір ауылы, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жетекшісі: Гүлнар Төлебайқызы АБЫЗБЕК, Жамбыл атындағы орта мектептің қазақ тілі жəне əдебиеті пəнінің мұғалімі,

Шəуілдір ауылы, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Алтын ұям – мектебім, Сенде өсіп, көктедім. Білім нəрің арқылы, Көп ақылға жеткенмін. Ыстық сенің құшағың, Сағынамын, құшамын. Сенен алған біліммен, Көкке самғап ұшамын, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай, мен өз

шығармамды алтын ұям – мектебіме арнағым келеді. Мен Отырар ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебінің 8 сыныбында оқимын.

Менің туған жерім – əлемге əйгілі ғұлама ғалым, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған əл-Фарабидің, əлем таныған қос Мұхтардың, «вальс королі, əн падишасы», Əнұранның авторы Шəмшідей ағаның кіндік қаны тамған, яғни Ұлылар Отаны атанған киелі Отырар өлкесі.

Осынау өлкеде 73 жылдық тарихымен танымал, аудандағы білім ордаларының қара шаңырағы «Отырар академиясы» атанған Жамбыл атындағы орта мектебі бар.

«Тарихты елдің азаматтары жасайды», - дейді Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев. Олай болса, мен өз мектебімнің өткеніне шолу жасап көрейін.

Мектеп өмірі халық тарихымен тығыз байланысты. Шəуілдірде 1930 жылы 5 колхоз жəне 1931 жылы 5 колхоз құрыл ды. Осы жылдары мақтадан Одақ көлемінде рекордтық өнім алынады да, Шəуілдір жері 1934 жылы үлгілі тəжірибе орталығына айналды. Сол жылы тəжірибе алмасу мақсатында Өзбек КСР-і Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Юлдаш Ахунбабаев келіп, халықтың талап-тілектерін тыңдай келе, аудан орталығынан мектеп үйін салып беруді өз міндетіне алады да, бір жылдың ішінде мектепті пайдалануға береді.

1934-1935 оқу жылында мектеп Мирзоян атындағы, ал 1937-1938 оқу жылынан бастап Жамбыл есімі беріледі. Мектептің алғашқы директоры Исабай Жүзжанов, оқу ісінің меңгерушісі Рақым Алшынбаев болатын. Мектепті алғаш бітірген түлектер қатарында Нұрілда Сəрсенбаев (философия ғылымдарының докторы), Қайсар Қасымбеков (доцент), Бекболат Нəдіров (Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі) т.б. атақты ағаларымыз болды.

1940-1941 жылдары Ұлы Отан соғысы басталғанда мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары қан майданға аттанып, Отанымызды жанқиярлықпен жаудан қорғады. Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында жас ұрпақтарға сапалы білім, саналы тəрбие беруде ерекше еңбек сіңірген Ленин орденінің иегері Сейіт Есенбаев, халық ағарту ісінің озық қызметкері Алтын Дүйсебаева, Иса Алтынбеков, математик Нұрілда Сəрсенбаев сынды қажырлы педагогтарды атап өтіуіміз өте орынды əрі əділ бағалау болар еді.

«Білікті басшысы – бар елдің бағы да бес елі» дейді дана бабаларымыз. Мектебімізді осы кезге дейін бірнеше білікті ағайлар мен апайлар басқарды. Атап айтар болсам: Исабай Жүзжанов, Иса Алтынбеков, Омар Есімов, Қарабаев, Р. Сəрсенбаев, Күлəйхан Шəріпова, М. Нақыпов, С. Дайрабаев, Қажыкенов, С.

Page 150: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

150

Есенбаев, Дəрібай Имбаров, Исахан Шынтереков, Ұ. Ерімбетова, Абдулла Ордабаев жəне басқа ұстаздарымыз абыроймен қызмет етсе, мектебімізді бүгінгі таңда іскер де білімді басшы Пердехан Жаппарқұлов ағай басқарады.

Мектепті бітіруші түлектер ең алғаш рет 1945-1946 оқу жылында кəмелеттік аттестат алса, биыл 2008-2009 оқу жылында 63-рет орта білім туралы аттестат алып, еліміздің түкпір-түкпіріне білім алуға, түрлі өндіріс орындарында еңбек етуге аттанғалы отыр.

Жеті мыңға жуық бітірушілердің арасынан мыңдаған түлектер шопан, дихан, механизатор мамандықтарын меңгеріп, еліміздің игілігі үшін еңбек етсе, жүздеген ағалар мен апалар мұғалім, дəрігер, журналист, ғалым атанды. Ал Кеңес Одағының Батыры Сейітқасым Əшіров, Социалистік Еңбек Ерлері атанған А. Дəрібаев, Нарымбетов, Т. Бердалиев, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Бекен Төребеков, Ленин орденді зоотехник Айтбек Мұсаев, «Құрмет белгісі» орденді дəрігер Бегəлі Қалымбетов, Еңбек Қызыл Ту орденді мұғалім Кəрібай Молдабековтер мектебіміздің мақтанышына айналған түлектер жəне осындай ағаларымыздың өмір жолы біз үшін үлгі-өнеге.

Менің мектебімді жергілікті тұрғындар «Отырар ауданының академиясы» деп тегін атамаса керек-ті.

Бұнда елге танымал қоғам қайраткері Өзбекəлі Жəнібеков, сазгер Шəмші Қалдаяқов, журналист Жұмамұрат Тұяқбай, ұзақ жылдар ел басқарған Жамалбек Шаймерденов, Досыбай Шерімқұлов, сенатор Қуаныш Айтаханов, академиктер Өмірзақ Айтбайұлы, Рахманқұл Бердібай, Əшім Ахметов, профессорлар Əбіш Байтанаев, Құлбек Ергөбек, Оразбек Нұсқабаев, Дандай Ысқақов, Əмір Мұсақұлов, Нұрілда Сəрсенбаев, Жамбыл Айменов, Əбдіжаһан Сəрсенбиев, медицина ғылымының докторы Бақытжан Биімбетов, белгілі сатирик Көпен Əмірбек пен туған елі мен жерінің гүлденуіне өз үлестерін қосқан абзал азаматтар оқып бітірген.

Олай болса, Ғылымның қиясына қанат қаққан, Жамбылымның түлектері елге мақтан, - дегім келеді. Мен – Тəуелсіз Қазақстанның бақытты ұрпағымын. 73 жылдық тарихы бар

Жамбыл мектебінің шəкірттері 2005 жылы үш қабатты, еңселі де əдемі, бүгінгі заман талабына сай салынған жаңа ғимаратқа көштік. Қуанышымызда шек жоқ!.. Елбасына, ел ағаларына көп рахмет!

Мұнда екі спорт зал, 17 орындық мультимедия кабинеті, 4 интерактивті тақта орнатылған кабинет, 300 орындық асхана, мəжіліс залы, жылы жай (парник), соңғы технологиямен жабдықталған химия, биология, физика кабинеттері мен 33 пəндік кабинеттер, жаныңа не керек, бəрі бар. Тек ерінбе, оқы, білім ал!

Білімді ұстаз – шəкірт бағы, Білімді шəкірт – елдің бағы. Мектебімде өте білімді, шəкірттердің ыстық ықыласына бөленіп жүрген

ұстаздарымыз көп-ақ. Сол ұстаздарымыздың арқасында менің достарым, мен де көптеген пəндік олимпиадаларға, шығармалар конкурсына қатысып жүрмін. Астананың 10 жылдығы қарсаңында жазған «Астана – мақтанышым менің» тақырыбындағы шығармам аудандық конкурста ІІІ орынға лайықты деп табылса, «Алтын ұрпақ» пəндік олимпиадасында қазақ тілінен аудан бойынша І орын алып, Шымкент қаласындағы қазақ-түрік ерлер лицейінде өткен облыстық пəндік олимпиадаға қатысып қайттым.

Ал достарым «Ақбота», «Золотое руно», «Кенгуру», «Русский медвежонок» сынды интеллектуалдық марафондарда, «Абай – Шəкəрім», «Ясауитану», «Фарабитану» байқауларына қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

«Ұстазы талапты болса, шəкірті талантты болар» деген бəлкім, осы шығар.

Page 151: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

151

2006-2007 оқу жылында мектепті 81 түлек бітіріп, оның үшеуі, атап айтсам, Гүлнұр Маханбетова, Бағила Ұзақова, Əйгерім Мырзабекова сынды əпкелерім «Алтын белгімен» бітірді.

Гүлнұр мен Əйгерім бүгінгі таңда əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, ал Бағила Қазақстан-Британ техникалық университетінде грантпен оқуда.

Өзімнің туған əпкем Фарида да сол жылы мектепті «Үздік аттестатқа» тəмəмдап, Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Автоматтандыру жəне басқару» факультетіне грантпен оқуға түсіп, тегін білім алуда. Мұның бəрі, əрине «өзінің жанын аямай, өзгенің жанын аялай» білген ұлағатты ұстаздардың арқасы.

Мен өз шығармамды: Білімнің көзі – мектебім, Жарқыраған күнмен тең. Сыңғырлаған қоңырау Сиқырлы, сырлы үнмен тең. Тəрбиесі жақсы – игі, Аяулы менің мектебім. Шəкірт деп соққан жүрегі Ұстаздарым көп менің, - деген өлең жолдарымен аяқтай отырып, барлық

отырарлық жастарға, Отырардың отты ұландары деген атқа лайықты болайық жəне «Елім мен үшін не істей алады деп емес, елім үшін мен не істей аламын» деген қағиданы ұстанып, Тəуелсіз Қазақ елін, Ұлылар Отаны – Отырарды, алтын ұя – мектебімнің есімін əлемге таныта берейік дегім келеді.

Резюме В сочнении ученица сумела точно и ясно раскрыть историю школы, а так же

размышляет о заслуженных педагогах и выпускниках, о жизни и современной деятельности школы.

АҒА ҰРПАҚТЫҢ ӨНЕГЕЛІ ІСТЕРІ МОЛ

Əсем Қалаубекқызы БАЙТАСОВА,

№1 «Өркен» мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы, Ленгір қаласы, Төлеби ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

«Мектеп – кеме, білім – теңіз» деп келетін метафоралық сипаттың астарында

кең мағына жатқаны барша жұртқа аян. Олай дейтінім, адамзат баласының өркениетке барар жолда қол жеткізген табыстарының бəрі дерлік мектептен білім алған аға- апалардың арқасы.

Аға ұрпақтың өнегелі істері – кейінгілер үшін үлгі. Өткенімізден сабақ алып, қадірлісін қасиет тұтар саналы ұрпақ өкілімін. Сондықтан өзім білім алып жүрген мектебімнің тарихы туралы жазуды шəкірттік парызым деп білемін.

Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласындағы №1 «Өркен» мектеп-гимназиясының іргетасы 1939 жылы В.И. Ленин атындағы орта мектеп болып қаланыпты.

Мектеп директорлығына Гурская Софья Григорьевна тағайындалады. Сол жылы мектепті 14 түлек бітіріп шығады. Мектептің алғашқы қарлығаштарының көпшілігі Ұлы Отан соғысына аттанып, Отан қорғау ісінде ерен ерліктер көрсетіпті.

1965 жылы мектеп ауласында Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан 12 мектеп түлектеріне арнап ескерткіш-монумент қойылыпты.

Page 152: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

152

Ескерткіш-монументтің жобасын жасау үшін ұстаздар арасында конкурс ұйымдастырылады. Бейнелеу өнері пəнінің мұғалімі Н.И. Пономарева ұсынған жоба озық деп табылып, сол жоба бойынша ескерткіш тұрғызылады.

Ескерткіш-монументтің мемориальды тақтасында төмендегі мектеп түлектерінің фамилиялары жазылған:

1. Дмитриенко Дмитрий. 2. Лукин Виктор. 3. Машенков Николай. 4. Подольников Василий. 5. Самсонов Василий. 6. Советкин Николай. 7. Свиридов Александр. 8. Дубовский Павел. 9. Керсанов Юрий. 10. Тарасенко Василий. 11. Дураков Василий. 12. Поспелов Владимир. Жас ұрпақты отансүйгіштік, елжандылық рухта тəрбиелеуде бұл ескерткіштің

маңызы зор болды. Мектепте оқу кабинеттерінің жетіспеушілігі мəселесін ұжым мүшелері өздері

шешіп отырған. 1946 жылдан 1996 жылға шейін осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі

қызметін атқарған Назарова Əбиба апамыз 1954 жылы 1956-1975 жылдар арасында мектеп директоры болған Ким Николай Борисовичтің басшылығымен мектеп ұжымы асар əдісімен 10 сынып бөлмесінен тұратын мектепті салғанын толғана еске алады. Ол кісі қазір Ленгір қаласының құрметті азаматы, зейнеткер ұстаз.

Н.Б. Ким мектепте физика кабинетін заман талабына сай жабдықтап, оқушыларға сапалы білім беруді басты мақсаты тұтқан. Мектеп ұжымының жемісті еңбек етуіне мүмкіншілік жасаған. Мұғалімдердің ІІ құрылтайының делегаты, «Халық ағарту ісінің үздігі» Н.Б. Ким 2006 жылы 90 жасында дүниеден өтті. Өмірінің соңғы күндеріне дейін мектеппен тығыз байланыста болды.

Мектептің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан ұлағатты ұстаздардың есімдерін бүгінгі ұрпақ мақтанышпен айта алады. «Халық ағарту ісінің үздіктері»: Людмила Сергеевна Павлова, Қызылкүл Аманбаева, Ботагөз Казиева, сондай-ақ Майнаш Жүнісбекова, Фаина Михайловна Сапаровалар ұстаздардың ұстазы болды.

Б. Казиева мен Л.С. Павлова ұстаздық тəжірибелері негізінде оқушыларды адамгершілік пен имандылыққа баулитын «Риторика» – «Шешендік сөз» атты 3 тілді қамтитын оқулық-кітап жазып шықты. Бүгінде бұл кітап көбейтіліп, аудан мектептерінде оқытылуда.

Мектептен жергілікті қазақ халқынан басқа түрлі ұлт өкілдері: орыстар, өзбектер, əзірбайжандар, күрділер, немістер, кəрістер оқып, білім алуда.

Бүгінге дейін мыңдаған мектеп түлектері республикамыздың түкпір-түкпірінде, алыс, жақын шетелдерде əр салада қызмет атқаруда. Олардың ішінде еліміздің білім мен ғылым саласын дамытуға үлес қосқан аға-апалардың орны ерекше.

Олар: Омаров Əлім – техника ғылымдарының докторы, мектептің 1948 жылғы түлегі; Ким Роберт Мурадович – медицина ғылымдарының докторы, мектептің 1952

жылғы түлегі; Тілепов Қазыбек – физика-математика ғылымдарының докторы, мектепті 1948

жылы бітірген;

Page 153: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

153

Наурызбаева Баян – медицина ғылымдарының докторы, мектепті 1970 жылы бітірген;

Стамқұлов Увай – заң ғылымдарының кандидаты, мектепті 1968 жылы бітірген;

Азимбаев Владимир – техника ғылымдарының докторы, мектептің 1958 жылғы түлегі;

Горбатовская Нина – техника ғылымдарының докторы, мектепті 1960 жылы бітірген;

Гимандинов Жаудат – химия ғылымдарының кандидаты, мектептің 1948 жылғы түлегі;

Фаткуллин Фатих Халилович – филология ғылымдарының кандидаты, мектептің 1953 жылғы түлегі;

Жүнісбаев Мүтəн – экономика ғылымдарының кандидаты, мектептің 1952 жылғы түлегі;

Нұрашева Күлəш – техника ғылымдарының кандидаты, 1965 жылғы мектеп түлегі;

Алдабергенов Бейбіт – доцент, есептеу техникасы ғылымдарының кандидаты, 1978 жылғы мектеп түлегі;

Ниязбекова Роза – доцент, техника ғылымдарының кандидаты, 1969 жылғы мектеп түлегі;

Оразбаев Жеңіс – техника ғылымдарының докторы, 1974 жылғы мектеп түлегі; Нəдіржанов Еркін – техника ғылымдарының кандидаты, 1976 жылғы мектеп

түлегі. Мектептің даму тарихында да заманға лайық ілгерілеу бар. 1990 жылы

мектебімізге эксперименттік алаң мəртебесі берілсе, 1995 жылы жаңа типті мектеп болып өзгерді. Ал 1998 жылы мектеп-гимназия мəртебесі берілсе, 2006 жылы көпбейінді мектеп-гимназия болып өзгерді.

2007 жылдан көпбейінді «Өркен» мектеп-гимназиясы аталды. Осы жылы 410 орындық жаңа мектеп ғимараты мен спорт залы пайдалануға берілді. Мектепте 2 лингафонды кабинет, жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген 2 физика кабинеті, 2 компьютерлік класс, интерактивті тақта, сапалы жабдықталған пəндік кабинеттер мен кітапхана біздердің жан-жақты білім алуымызға мүмкіндік тудырып отыр.

Бұл күндері мектебімізде 879 шəкірт білім алуда. Мектепте сабақ қазақ-орыс тілінде оқытылады. Алғашында орыс мектебі

болып ашылып, 1946 жылдан 2004 жылға шейін қазақ бастауыш сыныптары жұмыс істеді.

Қазақ тілінде білім алған алғашқы мектеп түлектері 2000 жылы үлкен өмірге аттанды.

Биылғы оқу жылында 37 сынып, оның ішінде 31 қазақ сыныптары, 6 орыс сыныптарының оқушылары білім алып жатыр.

Мектептің еселі еңбегінің нəтижесі ҰБТ-мен өлшенетін болса, 2003 жылдан бергі мектеп бітірушілердің ҰБТ көрсеткіші төмендегідей:

2003 жыл – орта балл 59,2; 2004 жыл – орта балл 61,4; 2005 жыл – орта балл 67,4; 2006 жыл – орта балл 68,6; 2007 жыл – орта балл 86,4; 2008 жыл – орта балл 87,1. Алдағы жылы алтын ұя мектебімізге 70 жыл толмақ. Мерейлі мерекеге мектеп ұжымы мен оқушылар қауымы қызу даярлануда. Қара шаңыраққа айналған іргелі оқу орны «Өркен» мектеп-гимназиясы əлі де

талай шəкірттерді білім нəрімен сусындандырып, тəлім-тəрбие бермек.

Page 154: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

154

Мектебім күміс қоңырау үні мен бақытты балалықтың мекені бола берсін! Резюме

В этой статье приведены материалы об истории и развитии школы-гимназии №1 города Ленгера Толебийского района Южно-Казахстанской области с 1939 по 2008 годы.

Эти сведения взяты из рукописей, летописей и документации, связанных с историей школы.

Summary In this clause materials about histories development of school – gymnasium №1 of

the city of Lengera of area Tolebiskogo Southern- Kazakhstans area are resulted with 1939 on 2008 year.

These data are taken from manuscripts annals and the documentation connected, with a history of school.

МƏРТЕБЕЛІ АТЫНА ЛАЙЫҚ МЕКТЕБІМ

Əйгерім Нұрланқызы ОСПАНОВА, Ө. Жəнібеков атындағы №73 көп салалы мектеп-гимназиясының 10 «А» гимназия сыныбының оқушысы, Абай ауылы, Келес өңірі,

Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Қазіргі Өзбекəлі Жəнібеков атындағы №73 көп салалы мектеп-гимназиясы барлық жағынан дамыған, өнерімен беделді, білімімен танымал мектеп болып табылады. Осы мектептің іргетасы қаланғаннан бері, бүгінгі таңға дейін отыз сегіз жыл өтті.

Міне, осы отыз сегіз жыл бойы мектебімізде қаншама өзгерістер мен жаңалықтар болып өтті. Мектеп жақсы жаққа қарай өзгеріп, дамып, жетіліп келе жатыр.

Мен осы мектепте 1999 жылдан бері білім алып келемін, қазіргі кезде оныншы сыныпта оқимын.

Мен Қазақ КСР-ның 50 жылдығы атындағы №24 мектептің соңғы жылында мектеп табалдырығын аттадым. Менің алғашқы ұстазым 1 «В» орыс сыныбының жетекшісі Нұржамал Нұржанқызы болды. Алғаш рет қолыма қалам ұстатып, мектеп өміріне жетектеп келген, мектептегі менің алғашқы жетістіктерімнің куəгері осы аяулы ұстазым болған.

2001 жылы мен орыс сыныптан 3 «А» қазақ сыныбына ауыстым. Мұнда мені аялы алақанымен күтіп алып, жаңа сыныптың оқушыларымен таныстырып, парта алдына отырғызған «екінші анам» болып қалған Үркінбаева Гүлбараш апай еді. Осы мейірімді жəне мейірбан мұғалімнің арқасында мен қазақ сыныбында еркін жəне тез бейімдаліп кеттім. Үшінші сыныпты «беске» бітіріп, мұғалімдердің көзіне түсе бастадым.

2002 жылы аяулы, ардақты мектебіміз «мектеп-гимназия» атты мəртебеге ие болып, Абай ауылындағы тұңғыш жəне жалғыз гимназия мектебіне айналды. Біздің сынып сол мезеттен бастап гимназия сыныбына айналып, мектепке таныла бастады.

Міне, қазір мен 10 «А» гимназия сыныбында оқимын. Мектептегі барлық өзгерістер көз алдымыздан өтіп, қазіргі уақытқа дейін «гимназия мектебі» мəртебесін лайықты ұстап, беделін жоғалтпай, əрі қарай дамытуға дайынбыз!

Мектеп тарихына тоқталатын болсақ, білім ұясы 1970 жылдың тамыз айында Қаныш Сəтпаев атындағы сегіз жылдық мектеп негізінде Қазақ КСР-ның 50 жылдығы атындағы №24 орта мектеп болып ашылған.

Ал 2000 жылдың сəуір айында белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткері Өзбекəлі Жəнібековтың есімі №73 орта мектепке берілді. 2002 жылдың 29 тамызы

Page 155: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

155

күні Оңтүстік Қазақстан облыстық білім департаментінің №1145 санды бұйрығына сəйкес «гимназия мектебі» мəртебесіне ие болды. Қазіргі кезге дейін біздің мектеп «гимназия мектебі» атағына кір келтірмей, осы мəртебеге лайықты мектеп екенін көрсетіп келеді.

Мектептің іргетасы қаланғаннан соң, білім ордасына жан-жақтан мұғалімдер жинала бастайды. Мектеп басқармасының шешімі бойынша, сол кездегі Қазақ КСР-ның 50 жылдығы атындағы №24 орта мектебінің тұңғыш директоры болып Данияр Ашетов тағайындалады.

Бұл кісі осы жұмысқа шынында да лайық еді. Данияр Ашетов 1925 жылы Келес ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Бұл кісі 1933-1942 жылдары Абай, Сайрам аудандарындағы балалар үйінде тəрбие алып өскен. 1942-1946 жылдары «Ленин жолы» атты орта мектебінде білім алған. Оқуды бітіргеннен соң, 1947-1951 жылдары Ташкент педагогикалық институтын бітірген. Педагогикалық институттан соң, яғни 1951-1954 жылдары Қарақалпақ АКСР-ында мұғалім болып жұмыс істеген. Ал 1954-1955 жылдар аралығында Келес ауданының «Қызыл Əскер» мектебінде, 1955 жылдан 1962 жылға дейін аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып жұмыс істеген.

Міне, осыдан кейін ғана, яғни 1962-1998 жылдары Данияр ата «Ленин жолы», Қазақ КСР-ның 50 жылдығы атындағы мектептерде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры қызметтерін атқарған.

Данияр Ашетов ұзақ жəне қиындығы мол, бірақ нəтижелі жəне əділетті еңбегінің арқасында «Халық ағарту ісінің үздігі» төс белгісімен, еңбек ардагері, Ұлы Отан соғысы жеңісінің 60 жылдығы жəне В.И. Лениннің туылғанына жүз жыл толу қарсаңындағы қажырлы еңбегі үшін медальдармен марапатталған. Сонымен қоса, Данияр ата үш рет ауылдық кеңестің депутаттығына сайланған.

Міне, елімізге осындай еңбегі сіңген ол кісі мектебіміздің директоры болуына лайық болған еңбекқор адам еді.

Мектебіміздің алғашқы директоры Данияр Ашетовтан соң, 1975 жылдан 1977 жылға дейін данагөй педагог Руфина Мырзалиева, 1977-1978 жылдары Владимир Цой, 1979-1980 жылдар аралығында Виктор Хон, 1980-1982 жылдары Сақыш Ахматшинова, 1982-1992 жылдар аралығында Əлия Қашқынбаева, 1992 жылдан 1993 жылға дейін Қабыл Асанов, 1993-1994 жылдары мектепте үлкен қызмет атқарып, атын мектеп тарихында жария еткен Əбутəліп Əбуəлиев, 1994-1995 жылдар аралығында Əсия Кебеева жəне 1996 жылдан бері, биыл директорлығына он екі жыл толатын, мектепті жаңа жақтарынан танытқан Қожагелдиева Убайда Арыстанқызы басқарып келеді.

Қожагелдиева Убайда Арыстанқызы 1960 жылы 25 қаңтарда Абай ауылында дүниеге келген. 1981 жылдың тамыз айынан бастап, осы мектептің орыс тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі болып жұмыс бастаған. 1996 жылдан бастап мектеп директоры қызметін атқарып келеді. Білімі жоғары ұстаз. 1981 жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Мамандығы орыс тілі мен əдебиеті пəні мұғалимасы. У.А. Қожагелдиева Оңтүстік Қазақстан облыстық білім департаментінің грамотасымен, «Сарыағаштың ұлағатты ұстазы» төсбелгісімен, аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталған.

Қазіргі кезде мектепте 183 мұғалім ұстаздық етеді. Осы мұғалімдердің алтауы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздіктері», үшеуі Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған, жиырма төрт мұғалім жоғары, ал қырық бес мұғалім бірінші санат дəрежесіндегі ұстаздар, жүз қырық бір мұғалім жоғары білімді, ал қалған мұғалімдер орта білімді ұстаздар болып табылады.

Осы күнге дейін ардақты мұғалімдеріміз көптеген жетістіктерге жеткен. Мысалы, орыс тілі мұғалімі Нариман Сабитов «Жыл мұғалімі – 2005» байқауында

Page 156: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

156

үшінші орынға ие болды. Тағы сол сияқты, яғни «Жыл мұғалімі – 2005» байқауында қазақ тілі пəнінің мұғалимасы Г. Қасымбекова екінші орынды, ал 2005-2006 жылдары болған сайыста қазақ тілі мен əдебиеті пəндерінің мұғалимасы Мұратова Тəжігүл екінші орынды жеңіп алған. Сол сияқты, информатика пəнінің мұғалимасы Г. Қырқынбаева жəне бастауыш сынып мұғалимасы Б. Тұранова «Өнерлі ұстаз – 2004-2005» байқауларында жүлделі орындарға ие болған. Қазақ тілі мұғалимасы Ұ. Зүлпиева 2005 жылы болып өткен аудандық «Жыл сынып жетекшісі» байқауында бірінші, ал облыстық байқауда үшінші орынды жеңіп алды жəне мектебіміздегі тарих пəнінің мұғалімі Еркін Мамбетов 2005 жылы болып өткен аудандық олимпиадада бірінші орынды иеленіп, облыстық олимпиадада «Жаңашыл тарихшы» атаулы сыйлығына ие болған. Мектебімізде математика пəнінен сабақ беретін Гүлмара Мауленова ұстазымыздың оқушылары ҰБТ қорытындысы бойынша, 95,4% көрсеткішке қол жеткізіп, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Алғыс хатына» ұсынылды.

Мектеп оқушылары арасынан «Мектеп мақтанышы» атағына ие болған оқушылар аз емес. Осы күнге дейін мектепті 4400-ге жуық оқушы бітірді, Солардың алпыс жетісі кеңес өкіметі кезінде, ал еліміз тəуелсіздік алғалы бері жетпіс бес оқушы «үздік аттестатпен» мектепті аяқтады.

Бітіруші түлектердің 80 пайызы жоғары жəне арнаулы оқу орындарында білім алып, елімізде, жақын жəне алыс шетелдерде қызмет етуде. Олардан ғылым докторлары Төретаев Исабек пен Абайды атап өтуге болады. Ал қазір мектептегі 72 сыныпта 1700-ден астам оқушы білім алуда.

Мектеп оқушыларының драма театры тобы 2003 жылы облыстық «Spring stars» байқауына қатысып, лауреат атағын алды. Мектебіміздің 11 «А» гимназия сыныбының оқушысы Расулова Маржан 8-ші сынып кезінде «Сарыағаш ауданының диалектілері мен говорлары» тақырыбында жазған ғылыми жұмысы үшін ауданда бірінші орынды жеңіп алып, облыста «Ең жас ғалым» атаулы сыйлығына ие болды. Мұндай ғылыми жұмысты жазу үшін Расулова Маржанның сынып жетекшісі Мұратова Тəжігүл апай атсалысып, үлкен қолғабысын тигізді.

2005-2006 оқу жылында сол кездегі мектебіміздің бітірушілері А. Жұмабекова, Ж. Бектегі жəне Е. Утеповтер «Алтын белгі» иегерлері атанды.

2006-2007 оқу жылының қорытындысы бойынша ҰБТ-ге қатысқан оқушылардың елу алтысы жүзден астам балл жинап, 4 оқушы, яғни Алибекова Лаура, Апбозова Эльмира, Махамбетова Марал, Үсенова Əйгерім «Алтын белгі» белгісіне, ал Сейсенова Балжан, Тəжібаева Аягөз, Қайырбекова Дана, Батырова Диана жəне Бимурзаева Фариза «Үздік аттестатқа» ие болды.

2008 жылы пəндік олимпиада бойынша мектеп командасы ауданда бірінші орынды жеңіп алды.

Біздің мектепте он екі жылдан бері қызметін мүдірместен атқарып келе жатырған мектеп директоры Қожагелдиева Убайда Арыстанқызымен сұхбат жүргіздім:

- Біздің мектебімізде 12 жылдан бері директорлық қызметті атқарып келе жатырсыз. Мектебіміздің директорлары тарихында ең ұзақ мерзім осы екен. Осындай қиындығы көп жұмысты, яғни соншама жылғы еңбекті қалай атқарып келе жатырыз?

- Мен 1996 жылы 6 қыркүйек күні осы қызметке тұрдым. Бұдан алдын 1981 жылы осы мектепке орыс тілі мен əдебиеті пəндерінен сабақ

беруші ұстаз ретінде келдім. Ал 1990 жылы 12 қараша күні мектеп директорының оқу тəрбиесі жөніндегі орынбасары, 1993 жылы оқу ісінің меңгерушісі қызметіне тағайындалдым. Мектепте қызмет істеу мен үшін үлкен құрмет, сондықтан да мен осы жұмысқа үлкен қызығушылықпен қараймын.

Page 157: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

157

- Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың жолдауында мектеп оқушыларының біліміне өте көп көңіл бөлінген жəне теледидарда «Интерактивті тақтаның» қызметін таныстырып, мектептерді осындай техникалық тақталармен қамтамасыз етуі жайлы айтылды. Біздің мектепке қазір осындай тақталардан екеуі келген, бірақ бұл жеткіліксіз. Келешекте мұндай тақталар тағы əкеліне ме?

- Əрине, біздің мектепке «Интерактивті тақталар» қаңтар айында келмек. Мемлекет бюджетінен бізге тағы төрт тақта беріледі.

- «Интерактивті тақталарды» пайдаланудың мұғалімдер үшін қандай көмегі бар?

- «Интерактивті тақталар» мұғалімдердің санатын арттырып, жаңа техникалық құралдарды пайдалануға жəне оқушыларды жаңа, заманауи тəсілдермен оқытуға мүмкіндік беріп жатыр.

- Мектепті көркейту мен жаңаландыру жайлы сіздің келешекке қандай жоспарларыңыз бар?

- Негізі менің жоспарым бойынша, мектепті күрделі жөндеу мəселесі 2004 жылы шешілуі керек еді. Бірақ мұндай жоспарды жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан қаржы өте аз бөлініп, бұл жоспар кейінге, яғни 2010 жылға қалдырылды.

- Осы жоспарыңыз жайында сəл нақтырақ айтып жіберіңізші? Жалпы мектепте қандай өзгерістер күтіліп отыр?

- 2010 жылғы жоспар бойынша мектепті күрделі жөндеу мəселесі қозғалады. Бұл жоспар жүзеге асуы үшін мемлекет бюджетінен 150 миллион қаржы бөлінуі керек. Ал 2009 жылғы жобалау сметасына 4,5 миллион ақша бөлінбекші.

Жоспар бойынша мектебіміздің асханасына күрделі жөндеу мақсаты қойылады жəне толық ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Мектебіміздің спорт залында арнайы жөндеу өткізіліп, доптар, торлар, арнайы құрал-жабдықтар сатып алынады.

Жоспарымыз бойынша мектепте спорттық ойындар үшін бассейн жəне қыздар мен балаларға бөлек-бөлек душ бөлмешелері салынады. Мектепті толығымен өзгертіп, заманауи дизайн бойынша əсемдеу жүргізілмек. Біздің қазіргі спорт залымыз, жалпы айтқанда, бүкіл мектебіміз о баста 490 оқушыға ғана арналып салынған. Сондықтан қазір спорт залымыз оқушыларға тарлық қылады.

Қазіргі кезде мектебімізде 1700-ден астам оқушы оқиды, əрине, бұл біздің мектеп нормасына сай келмейді. Сондықтан оқушылар екі мезгілде оқиды. Мектебіміздің 11 «В» орыс сыныбында 32 оқушы оқиды, ал 11 «А» қазақ сыныбында 30 оқушы білім алады. Қазіргі заманға сай талаптар бойынша əр сыныпта көп дегенде 20 оқушы оқуы керек. Сондықтан біздің 2010-2015 жылдар аралығындағы жоспарымыз бойынша мектебімізде 900-ден аспайтын оқушы білім алуы қажет, сонда ғана мектебімізде балалар талапқа сай бір мезгіл оқитын болады.

Біздің 2004 жылғы жоспарымызға мемлекет бюджетінен 250-300 мың теңге ақша бөлінді. Бұл баға, əрине, бізге жетпейді, себебі мектебіміз үлкен, ал бөлінген ақша тек қана кейбір бөлмелерді жөндеуге ғана жетеді. Біздің осындай үлкен жоспарымызды жүзеге асыру үшін кемінде 1,5 миллион теңге қаржы бөлінуі тиіс.

- Ал мектеп экологиясы талапқа сай келе ме? - Меніңше, мектеп экологиясы бойынша бізге ешқандай ескертулер болмайды.

Себебі мектеп ауласындағы талдар да, гүлдер де жақсы қадағаланып тұрады, саны жағынан да жеткілікті. Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған экологиялық «Жасыл ел» атты бағдарламасы бойынша, əр адам мың түп егін егуі керек. Сондықтан, көріп жүргендеріңдей, əр жылы ерте көктемнен бастап мектебімізде егін егу жөнінде жұмыстары басталады. Мұның барлығы да мектеп экологиясына байланысты.

- Сізге осы сұхбат үшін мың алғысымды білдіремін. Міне, осы сұхбат арқылы мектеп болашағы жайында көп нəрсені біле аламыз.

Page 158: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

158

Өзбекəлі Жəнібеков мектебі – үлкен білім ұясы. Сондықтан мұнда көптеген пəндерге безендірілген бөлмелер мен шеберханалар, 3 информатика, лингафон бөлмелері, спорт жəне мəжіліс залдары, асхана, мəдениет залы жəне басқа да бөлмелер өте көп. Мектебімізге қазірше екі «интерактивті тақта» берілген. Олар қазір бірі 7 «В» орыс сыныбында, ал екіншісі 6 «Д» сыныбына берілген. Бұл сыныптардың оқушылары техникалық тақтаның барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, үйреніп жатыр.

Иə, қазіргі Өзбекəлі Жəнібеков атындағы көп салалы мектеп-гимназиясын кешегі Қазақ КСР-ның 50 жылдығы атындағы №24 мектеппен салыстыруға болмайды. Себебі қазір мектебіміз көркейіп, дамып жəне жетіліп келеді.

МЕКТЕБІМ ҰСТАЗДАРЫММЕН КӨРІКТІ

Ақнұр СҰРАНШИЕВА,

Ш. Уəлиханов атындағы №2 орта мектептің 10 «Б» сынып оқушысы, Төлеби ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Мектеп деген – білім кені, жыр кені

Мектеп деген – ғылымның ең үлкені,

Мектеп деген – тəрбиеші адамға,

Мектеп деген – даналардың мекені...

«Төле би туы» газетінен

Мектеп. Осы бір сөз əрбір адамның жүрегіне жақын деп есептеймін. Себебі əр

адамның өмірге деген аяқ басуы, алғашқы өмір баспалдағы мектеп қабырғасынан басталады. Бізге балалық, жастық шағымыз қандай ыстық болса, мектеп өмірі сондай ыстық.

Қандай да бір ғұлама, қандай да бір мамандық иесі болсын мектептен нəр алып өскен.

Сонау ерте замандардан-ақ, гректің ұлы ойшылдары Сократ біздің дəуірімізге дейінгі V ғасырда Эллада қалаларында өз мектебін қаласа, оның ойларын шəкірті Платон, онан ойшыл Аристотель жалғастырған. Ақырында, Аристотель Ликей деп аталатын жекеменшік мектеп ашқан.

Міне, осындай біздің мектебіміз де өзіндік тарихымен із салған шежірелі орын десем қателеспеймін.

Табиғат – тау-тасымен, сарқырап аққан өзен-көлімен көрікті. Ал мектеп – ұстаздарымен, шəкірттерімен көрікті. Мектепті онсыз елестетуге болмайды.

Қай жерде, қай елде болсын əр мектептің тереңге тамыр жайған өзіндік шежірелі тарихы бар.

Тарих көші – Ұлы көш. Сондықтан «тарихын білмеген – болашағын болжамас» деген ойға мен де қосыламын.

Міне, осындай киелі де, қасиетті қара шаңырағым – №2 Шоқан Уəлиханов атындағы орта мектебім деп мақтанышпен айтамын. Менің мектебім 1954 жылы қазақ орта мектебі болып жеке шаңырақ көтерген. Мектебіміз 1080 балаға арналған, оқушылар екі ауысымда оқиды. Мектептің жалпы аумағы – 8163 шаршы метр, 37 оқу бөлмесі, 2 компьютер, 1 мультимедия, 2 лингофон кабинеті бар. Үш оқу ғимаратынан тұрады. Бүгінгі таңда мектепте 1214 шəкірт білім алуда. Оған 82 жоғары білімді мұғалімдер сабақ береді.

Мектебімізді талапты да білікті басшы – Құрбанова Гүлнəр Шералықызы басқарады. «Мектеп – кеме, білім – теңіз» демекші, кеменің дұрыс бағытта жұмыс жүргізуіне бар күш-жігерін жұмсайтын Гүлнəр апайдың еңбегі ерен.

Page 159: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

159

Иə, «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген даналық сөз ұлы мамандықты игерген əрбір ұстазға арналғандай. Расында да, «Сүйікті ұстаз – баланың өмірге қарайтын мөлдір де таза əйнегі», - деп бір ойшыл айтқан екен.

Осы орайда, мына бір өлең шумағы есіме түсе кетті: Ұстаз! Ұстаз! Сен көрсеттің білім жолын іздеген, Жүріп кеттім мен де алға, Сен көрсеткен ізбенен... Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты

тұтқасын ұстау мүмкін емес. Жандүниеңді түсінетін, қиындық басыңа түскенде сүріндірмей, құтқаратын ұстаз екені анық, өйткені ол диқан сияқты.

Даналықтың дəнін сеуіп жүрген ұлағатты ұстаздарымыз аз емес. Олар: тарих пəнінің мұғалімі – Молдабаев Қыдырəлі ағай, орыс тілі пəнінің мұғалімі – Тілепова Гүлсім апай, қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімдері – Сералиева Ұлтуар, Қойшыбаева Ақсəуле апайлар, математика пəнінің мұғалімдері – Құлажанова Шолпан, Шатырова Күлия, физика пəнінің мұғалімі Бекішов Данияр, химия пəнінің мұғалімі – Сарыбаев Бекмұрат ағай, ағылшын тілінің мұғалімі – Дауова Лəйлə апай тағы басқа ағайларымыз бен апайларымызды құрметпен айтамын.

«Шəкіртсіз ұстаз – тұл» деген дана халқымыздың сөзі бар. Ұстаздарымыз тəрбиелеп, білім берген шəкірттер де биік тұғырдан көрінуде. 2006-2007 оқу жылында аудандық білім бөлімі жəне облыстық білім басқармасы басшылары мұғалімдердің тамыз конференциясында ҰБТ-тің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинауға үлкен үлес қосқан пəн мұғалімдерін мақтау қағазымен жəне заттай сыйлықпен марапаттады. Жалпы білім беру сапасының мониторинг көрсеткіші бойынша мектебіміз аудан көлемінде оқу жылының қорытындысында І орынды жеңіп алып, ақшалай сыйлыққа ие болды.

Мектеп директоры аудан əкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Оқу жылының соңында жерлесіміз, қоғам қайраткері, елге сыйлы болған азамат

Қуаныш Төлеметов ағамыздың балаларының ұйымдастыруымен жарияланған «Алтын ұя» байқауында мектебіміз «Бас жүлдені» жеңіп алса, математика пəнінің мұғалімі Құлажанова Шолпан апай «Үздік мұғалім» атанып, «Алтын белгі» жəне «Үздік аттестат» иегерлері, 100-ден жоғары ұпай жинаған оқушылар сыйлыққа ие болған болатын.

2007-2008 оқу жылында үздіктер – 123 оқушы, екпінділер саны – 407 болды. Мектептің сапалық білім деңгейі – 48%, орта ұпайы – 3,55%.

Биылғы ҰБТ нəтижесі де көңілге қонымды. Барлығы – 92 оқушы бітіріп, 82 оқушы тестке қатысты. Оның бесеуі – «Алтын белгі» иегерлері, олар да өз білімдерінің адал екендігін дəлелдеп, 110-нан жоғары ұпай жинады. Ал жоғарғы оқу орнына түскендер саны – 78, оның ішінде грант иегерлері – 44 оқушы.

Жомарт адамдар қай заман, қай елде де ардақталып, мадақталып келген. - Дүниеде ең бақытты адам кім? – дегенге баяғының даналары: - Өзінің əділдігімен, жомарттығымен көзге түскен адам, - деп жауап берген. Бұл – жақсылық басқалардың басында да болсын деп қана қоймай, солай

болуына іс жүзінде көмектесіп, шаттық сыйлаушылық. Айналасындағы адамдарға қол ұшын беріп, өзінде барды бөлісу.

Біздің мектебімізден түлеп ұшқан елге сыйлы, жомарт шəкірттер де бар. Қазір де ол кісілер ел ағалары болып, халқына еңбек етіп жүр. Олар – Амангелді Нұров ағамыз бен Сəуірбай Есжанов ағаларымыз. Бүгінде мектебіміз шəкірттер сыйлаған сыймен де көркеюде.

2005 жылы Амангелді Нұров ағамыз бір компьютер сыныбын түгелімен жабдықтап, сыйға тартты.

Page 160: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

160

Жақында ғана мектебіміздегі игі іс-шараның куəгері болдым. Қасиетті Рамазан айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты Сəуірбай Көлбайұлы Есжанов ағамыз мектебімізге үлкен сый жасады. Мектебіміздегі математика кабинетін бүгінгі заман талабына сай жабдықтап беріп, ұстаздарды жəне жас шəкірттерді зор қуанышқа бөледі.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы өз толғауларында былай деген екен: Парасатты ер жігіт, Жақсыдан ғибрат алады. Ерінбей бейнет еткеннің, Еңбегі дейді жанады. Болашақта біздің де еңбегіміз жанып, осы ағаларымыздай халқымызға жасаған

адал еңбегіміз жемісін беріп, барша қуанышымыздың жолбасшысы болса екен деймін.

Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сəулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды əрбір шəкіртке жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші! Адамды тəрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе?! Сол себепті ұстаздардың еңбегі – ұлы еңбек.

Сол еңбекті бағалай білу – əрбір шəкірттің парызы. Менің алтын ұя – мектебім өзіме оттай ыстық. Себебі, Мұқағали Мақатаев

ақынымыз айтқандай, «тарыдай болып келіп, таудай болып» өсудемін. Сыныптастарымның алдында мың сан тарау таңдау жолы тұр. Əркім: «Кім

болам?» - деген ой құшағында жүр. Менің де арманым көп-ақ. Жаңалықтың жаршысы, даналықтың қамқоры,

халықтың жанашыры журналист болсам ба деп армандаймын. «Армансыз адам – ескексіз қайықпен тең» емес пе? Болашақ жайында

армандаған сəттерімді ең бақытты уақыттарым деп ойлаймын. Мен біреу: - Бақыт деген не? – деп сұраса, мен: - Арманыңа қол жеткізген сəт – бақытты шақ, - дер едім. Жас ұрпақты рухани жан дүниесі бай, ой-парасаты кемелденген, адамгершілігі

кіршіксіз таза, жан-жақты дамыған, білімді де мəдениетті етіп тəрбиелеу міндеті – бүгінгі заманның ең келелі мəселесі. Сондықтан болашағымыз жарқын болу үшін, Біз тəртіпті, тəрбиелі білімді, мəдениетті, парасатты болуымыз керек!

Жарқын болашақ – жастардың қолында!

МЕКТЕБІМ – ЕКІНШІ ҮЙІМ, ҰСТАЗЫМ – ЕКІНШІ АНАМ

Камшат Мақсатқызы ƏМІРБЕКОВА, З. Космодемьянская атындағы №23 лицей-мектебінің 10 «Ə» сынып оқушысы,

Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жетекшілері: Ұлжан Бейсенқызы АБЫЛАЕВА, З. Космодемьянская атындағы №23 лицей-мектебінің қазақ тілі жəне əдебиеті

пəнінің мұғалімі, Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы. Толқын САРИЕВА,

М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының аға оқытушысы,

Шымкент қаласы.

Қыс. Таң баяулатып атып келе жатыр. Қадам санап, мектепке де жетіп қалдым. Мектептің алды айналдыра ағаштар. Мектептің айналасы тап-таза. Шөп бетіндегі қырауларды көріп, мереке бастауы деп іштей қуандым.

Page 161: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

161

Міне, қоңырау да соғылды. Мектеп оқушылары мектепке ентелеп кіріп жатыр. Сырттан қарап тұрған сəтте есіме «еңбекшіл құмырсқалар» түседі. Яғни құмырсқа секілді əрбір оқушы өзінің білімге, ілімге деген қызығушылығын білдіргендей болып тұрады.

Соңғы қоңырау беріліп, қазақ тілі сабағыда басталып кетті. Есік ашылып, сыныпқа қазақ тілі пəнінің мұғалімі Абылаева Ұлжан апай кірді.

Ұстазбен амандасып болған соң, еліміздің Əнұраны «Менің Қазақстанымды» айтып тұрмыз. Көз алдымда əрдайым Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың президентік лауазымына кірісуі кезіндегі салтанатты мереке оралды.

Əнұран əуені берілгенде орныннан тұрып, шырқай жөнеле халықтың мақтаныш сезімі мен көтеріңкі көңіл-күйі менің де кеудемде қуаныш сеуіп, ерекше сезімге бөлейді. Сыныптастарымызбен бірге Елбасымыздың «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты интерактивті сабағын ынта-жігерімізбен қызыға тыңдадық.

Мұны қазақ топырағына келген тағы да бір өркениеттің үлгісі деп білемін. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Əуезов «Адамды адаммен теңестіретіретін білім», - деген екен. Бұл қанатты сөздің өміршеңдігін уақыттың өзі дəлелдеп отыр.

Мен мектеп табалдырығын ең алғаш аттаған сəтімнен бастап, осы қазіргі күніме дейін мектептік жылдарымады көз алдыма елестетсем, осы уақыт аралығында жылдар маған ең ыстық жылдар. Адамзат баласының білімді, парасатты, мəдениетті болуы осы ұлағатты ұстаздар арқасында деп айтсам артық айтпаспын.

«Мектеп – екінші үйің, ұстаз – екінші анаң», - демекші, яғни ана секілді ұстаз да мейірімді, адал, оқушы қиналса сонымен бірге қиналып, қуанса бірге қуанады. Қанаттығы қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай он бір жыл бойы бізді аялап, ұядан алысқа ұшырады.

Жақсы сөзбен, нақты іспен, ізгі ниетпен шəкірт жүрегіне жол таба білетін құрметті ұстаз еңбегін дəріптей білейік! Ұстаздың ұлылығын айтып, мерейін үстем етейік! Себебі, ұстаз – мектеп жүрегі, ал мектеп өмірлік шырақ болып жанатын білімнің ордасы емес пе?! «Мектеп –кеме, білім – теңіз, жүзем онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз», -демекші, ұстаздықты кəсіп еткен жандар еліміздің нағыз патриоттары десе болғандай.

Ұстаздық – бүкіл əлемдегі мамандықтардың анасы. Əрбір жеткіншектің жастайынан білім мен тəрбие алып, қоғамнан өзінің лайықты орнын табуына, бір сөзбен айтқанда, адам болып қалыптасуына ұстаз мол еңбек сіңіреді. Олар шəкірт жанына жол тапқан, жүрегі бала деп соққан мейірбан жандар.

Қыран құс балапанын қайырылмас қанатқа, ұстаз шəкіртін таудай талапқа баулиды. Атақты Саққұлақ би: «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, жолаушысы – ой, жолдасы – кəсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез, сынаушысы – халық болсын», - деген екен.

Би айтқандай, мен осы асыл қасиеттерді ұстаздардың жəне де əсіресе Абылаева Ұлжан апайымның бойынан көремін десем, артық айтқандық емес. Еліне еңбегі сіңген, тұла бойынан мейірімділік пен қарапайымдылық есіп тұратын Ұлжан апайымды білім жолындағы ақылшымдай санаймын. Қандай қиын бəйге жарыстары болса да мойымай, барлық қиыншылыққа төтеп бере алатын, қазақ тілі жəне əдебиеті пəндерінің патриоты, мыңдаған шəкірттердің құрметті ұстазы деп осы Ұлжан апайымызды айтасақ болады. Өзінің оқытқан қаншама шəкірттері қалалық жəне облыстық олимпиадаларда орындар алып, Ұлжан апайдың үмітін ақтауда. Осы əрекеттерді Ұлжан апайымыздың еңбегінің бір жемісі десек те болады. Шəкірттеріне ұлағатты ұстаз, төрт ұлдың анасы, бір азаматтың сүйікті жары, ата-енесінің сыйлы келіні болып жүрген Ұлжан апайымыз келешек аналарға үлгі боларлық тұлға.

Ұстаз – анадан кейінгі ұлы есім. Əр адам өзін білім нəрімен сусындатқан, өмірдің сан тарау жолында дұрыс бағыт беріп, ақ пен қараның аражігін ажыратып,

Page 162: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

162

танып білуге өлшеусіз еңбек ететін ұстаз алдында қарыздар. Бала ойына, жүрегіне нұр себетін, жамандықтан жирендіретін де осы ұстаз.

Мектеп – баланың екінші үйі, білім мен тəрбиенің ұясы. Ендеше, баланың екінші үйі, білім мен тəрбиенің ұясы. Ендеше, баланың екінші ата-анасы – ұстазы. Білім баланың дүниетанымын, көкжиегін кеңейтіп, ақыл-ойын жетілдіре түседі. Бала өз тамырында өзі өсіп жетілетін жеміс ағашы сияқты. Оған керегі – сөз, көркем сөздің өзін оқып, содан білім, əсер, қоғамдық таным қабылдайды. Соның көбін бала көркем шығарманың өзінен алады. «Мектептің жүрегі – мұғалім», - деп Ыбырай Алтынсарин атамыз терең ұғымын атап айтқан.

Ұстазсыз шəкірт – тұл. Ұстаз, ұстаз – еңбегінің өлшеуі жоқ мамандық, Шеккен бейнет, төккен терге басыңды ию – адалдық. Парасаты, мейірімі төгіледі тілінде, Көк шыбықтай өрендерді суарады білімге. Ұстаздық пен шəкірттік – адам баласы арақатынастарының ең бір абзал əрі

мағыналы, мəнді түрі. Əйгілі Ұлықпан Хакімнің: «Ұстазды атаңнан да əзіз тұт», - деуі тегін емес.

«Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаздық атаққа азапты еңбек, шынайы шеберлік арқылы ғана жетуге болады.

Жазушы əрі ғалым Мұхтар Əуезовтің «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген өте терең мəнді əдемі нақылы бар. Бұл сөзінің мағынасы астарланып жатыр. Біз келешегіміздің жарқын болуы үшін осы ұстаздарды сыйлауымыз керек. Елдің келешегі сауатты болуы ұстаздардың қолында.

Мектеп – киелі де, қасиетті орын демекші, біздің мектептің орнында бұрын мешіт болған екен. Ал мешіт – Құдай үйі екенін білеміз. Сондықтан да біз мектепте жүргенде өзімізді еркін сезінеміз.

Ал енді өзімнің сүйікті оқу ордамның тарихына тоқтала кетсем, №23 көпсалалы лицей-мектебінің іргетасы 1968 жылы қаланған. Біздің мектеп қаламыздағы ең беделді мектептердің қатарында десем қате айтпаспын.

Мектебіміздің аты Ұлы Отан Соғысының батыры Зоя Космедемьянскаяның құрметіне қойылған. Зоя Космедемьянскаяның атын білмейтін ешбір ұрпақ жоқ шығар деп ойлаймын. Себебі, оның жасаған ерлігін, шыдамдылығы мен төзімділігін əрбір қыз мақтан тұтуы керек. Партизан отрядымен бірге фашистер туралы мəлімет аламын деп жүрген партизан қыз фашистердің құрбанына айналады. Қыстың қақаған аязында жалаң аяқ қардың үстімен, үстінде бір көйлегі бар қыз шөлдеп, су сұрағанында, оған фашистер жауапқа, желкесін əйнексіз шаммен күйдіріп, ақыр соңында асып өлтіреді. Бірақ, қанша жаны қиналса да, тіс жармаған он сегіз жасар қыздың ерлігі мен батырлығын қазір бүкіл əлем біліп, еңбегін бағалауда.

Əрбір адам үшін екінші үйің – алтын ұяң аталған, зердеңе білім ұялатқан киелі мекен – мектеп. Əр отбасының ертеңге үкілеген үміттері – перзенттері осы мектеп қабырғасында өмірге көзқарасын қалыптастырып, білім алып, тəрбиеленуде. Мектебімізде оқушыларға сапалы білім беруде олардың мемлекеттік тілмен қоса орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруін қамтамасыз етуді қолға алған. «Тілдердің үштұғырлылығы» жобасын қолдап, соны іске асыруға дайындық үстінде.

Жақында ғана мектебіміздің ашылуына 40 жылдық мерейтойы болып өтті. 40 жыл аз мерзім емес, əрине! Осы уақыт аралығында мектебіміз танымастай өзгеріп кетті. Мектебімізде ерекше талғаммен жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мектептің үстінен тікұшақпен қараса, үлкен «Н» əрпіне ұқсайтынын көресіздер.

Ал оқу ордамыздың ішіне кірсеңіздер, ол – бір əңгіме. Іші таза, жылы, кабинеттер компьютерлер мен интерактивтік тақталармен жабдықталған. Асханамыз өте таза, тағамдары дəмді. Егер бұл мектепте оқымайтын бөтен адам болсаңыз, онда

Page 163: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

163

бұл мектептің асханасына келе жатқан басқа адамдарды осы мектептің ұстаздары мен оқушылары деп ойлаймыз. Себебі, олардың жүзінен, өз үйлеріне келе жатқан адамдардың көңіл-күйін көресіздер. Асханамыздағы аспаздар өте қонақжай, сыпайы болуынан үнемі жылулық сезіледі. Болашаққа үңіліп, бір сəт армандап көрсек, арман деген шексіз емес пе?! Ертегілер əлеміндегі үлкен ғимараттар секілді, біздің мектеп он қабаттан тұратын жəне сырты таза алтынмен жасап салса, алыстан келе жатқан халықтың көзіне бірден көрінер еді ғой!

«Бақыт деген – сенің бала күндерің» демекші, сол бала күндерімді мектепте өткізіп, тарыдай болып кірдім де, таудай болып шыққалы жатырмын.

Құдай қаласа, бір жыл аралығында мен де мектепті бітіріп шығамын. Жоғары оқу орнына түсуге деген талпынысым бар. Ол оқуымды үздік дипломмен бітіріп, бір жақсы мекеменің жақсы қызметкері болып отырғанымда өз мектебіме қолымнан келер жақсылықтарымды аямаспын.

Ең алғаш рет қолыма шоқгүлімді ұстап, мектепке келгенімде алғашқы ұстазым алдымнан шығып, күлімдеп қарсы алғаны есімнен əлі кетпестей...

Резюме Тема сочинения раскрыта. Содержание сочинения соответствует теме,

написано стилистически грамотно. Summary

The theme of the thesis is realized, it contents correspond to the theme of the work. The good is completely reached. The language of the composition is vivid a bright.

Əдебиеттер 1 «Шымкент келбеті» газеті. 2 «Ұстаз нұры» газеті.

МЕКТЕБІМІЗ ЖАЙЫНДА АЙТАРЫМ МОЛ

Айгерім Əбдіжалілқызы ЖАМАЛБЕКОВА, Мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы,

Қазығұрт ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Мен, Жамалбекова Айгерім, Қазығұрт ауданындағы мамандандарылған «Дарын» мектеп-интернатының 11 сынып оқушысымын.

Алтын ұям – мектебіміз жайында айтарым мол. Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау жəне дамыту туралы» өкіміне сай біздің ауданымызда 2002 жылдың қыркүйек айында «Дарын» мектеп-интернаты ашылған еді. Мектептің ашылуындағы мақсат – аудан көлеміндегі талантты, интеллектуалды, қабілеті жоғары балаларға сапалы білім беру, шығармашылық тұлға қалыптастыру болатын.

Қазіргі таңда бұл мектеп білімге қызыққан, талантты балалардың игілігіне айналған білім ордасы болып отыр. Бұл күндері ата-аналар, аудан тұрғындары, мектеп түлектері бүкіл ауданымыздың зиялы қауымының Елбасымыздың білім саласына деген қамқорлығына шынайы ризашылығы мен алғысы мол.

Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты: ой-өрісі, дүниетанымы жоғары, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға даярлау болса, Елбасымыздың жолдауындағы «Ел ертеңі – білімді ұрпақ», «Ел межесі – елулік» деген ұрандары еліміздің болашағына, жастарға, ұстаздарға, бүкіл білім саласына деген қамқорлық болып табылады.

«Ұлттың бəсекелестік қабілеті халықтың білімділік деңгейімен анықталады» дегендей, қазіргі уақыт талабы оқушының білімінің тереңдігінде. Мектебімізде балаларды оқытып, тəрбиелеуде, шығармашылық тұлға қалыптастыруда көптеген

Page 164: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

164

игі шаралар атқарылып, бірқатар проблемалар өз шешімін тауып келеді. Оқушылардың жан-жақты білім алуына қажетті материалдық-техникалық база жасалып, көптеген талантты балалардың танылуына, шығармашылығын дамытуға мүмкіндіктер туғызылып отыр. Білім сапасының артуына, ертеңгі күні оқушының азамат болып өсуіне, жеке тұлға болып қалыптасуына өзінің аянбай еселі еңбегімен үлес қосып жүрген ұстаздарымыз да аз емес.

Өткен жылдары Салдарбек Көлібайұлы Серкебаев – Ы. Алтынсарин атындағы медалінің иегері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, 2004 жылы Қазақстан Республикасы мұғалімдер съезінің, 2005 жылы Қазақстан Республикасы білім, ғылым қызметкерлері форумының делегаты болды, «Қазақстан Республикасының Құрметті білім беру қызметкері» медалімен марапатталды. Л. Нұрлыбекова «Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану жөніндегі республикалық байқауында» республикалық деңгейдегі сертификатқа ие болды. Ғ.Б. Орынбаева «Қазақстан Республикасының Құрметті білім беру қызметкері» медалімен марапатталды. Жанабай Ахмедов «Қазақстан Республикасының Құрметті білім беру қызметкері» медалімен марапатталды. Сапарғали Бекназар Ы. Алтынсарин медалімен, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. Ташбуви Егембердиева – Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым қызметкерлерінің кəсіподағы ұйымының медалімен, биология пəні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасының жүлдегері. Айгерім Темешова қазақ тілі пəні мұғалімдері облыстық олимпиадасының жүлдегері. Болат Аманқұлов география пəні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасының жүлдегері.

Республикалық байқаулардың жеңімпаздары – 2. Облыстық байқаулар жеңімпазы – 5.

2008 жылдың өзінде ғана мектеп директоры Т. Мақсұтов «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төс белгісімен, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының 10 жылдығына арналған «Дарынды балаларды оқытудағы ерең еңбегі үшін» төс белгісімен, қазақ тілі пəнінің мұғалімі Ұ. Қаюпова Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы медалімен марапатталды.

Озық іс-тəжірибелерімен бөлісуде Республикалық, Халықаралық деңгейдегі түрлі іс-шараларға қатысып жүрген мұғалімдеріміз де бар. Т. Мақсұтов – мектеп-интернат директоры, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсында Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің ІІ дəрежелі дипломымен марапатталса, «Белсенді инновациялық іс-əрекет –дарынды балаларға білім берудің іргелі негізі» республикалық семинарына, «Дарынды балалар: теория жəне іс-тəжірибе» атты ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына, «Дарынды балалар үшін мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшыларына арналған» республикалық семинарына қатысты. С. Бекназар – директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары, «Инновациялық-педагогикалық идеялар» ІІІ республикалық фестиваліне қатысып, сертификатқа ие болды. Э. Сатыбалдиева – математика пəнінің мұғалімі, «Дарынды балалар үшін мамандандырылған білім беру ұйымдарының республикалық тамыз оқуларының» арнайы Мақтау қағазымен мапаратталды. Н. Суранова – математика пəнінің мұғалімі, Қостанай қаласында өткен Халықаралық «Дарынды оқытудың бүгінгісі мен болашағы» конференциясында сертификат ие болды. География пəнінің мұғалімі Б. Аманқұловтың оқушысы Н. Қалдаров республикалық пəн олимпиадасына қатысты.

Мектебімізде ауыл балаларынан қабілетті, зерек балалар іріктеліп, жеке интеллектуалды бейімділігіне қарай саралап оқытылуда. Оқу процесі екі бағытта: жаратылыстану-математикалық жəне гуманитарлық бағытта ұйымдастырылған.

Page 165: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

165

Озық технология оқу процесінде жүйелі түрде қолданылуда. Компьютерлік жүйе арқылы электронды оқыту технологиясын пайдалану оқушылардың мүмкіндігін шыңдай түседі, ғылымға деген қызығушылығын арттырады.

Білім беру құрылымы дəстүрлі пəндермен ғана шектелмей, таңдау пəндері, қолданымды ғылым (пəндер), шығармашылық, ізденіс курстарының ендірілуі оқушылардың осы өмірге лайықты білімді тұлға болып қалыптасуына ықпал етуде. «Қазығұрт – атамекенім», «Қазығұрт ауданындағы тарихи орындар» шығармашылық курстарын оқыту нəтижесінде туған жердің, атамекеніміздің тарихы жөнінде ізденіс, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Білім сапасын арттыру мақсатында атқарылған шаралар мен проблемаларды шешу өз нəтижесін берді. Мектебімізді өткен оқу жылдарында 200 оқушы бітірсе, оның 30-сі үздік, 19 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, 195 оқушы грант иегері болды. Екі оқушы шетелде білім алуда, Ахмедова Мадина – Англияда, Даулетбаева Ұлданай Польшада «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуда.

Ал, 2006 жылы мектепті 45 оқушы бітіріп, көрсеткіш 98,3 балл болды. «Алтын белгі» игері – 2, «Үздік аттестатқа» 5 оқушы ие болды. 44 оқушы грант иегері болды. Бес жыл көлемінде біздің мектеп-интернат ҰБТ көрсеткіші бойынша Республикадағы ең үздік жүз мектептер қатарында. Интеллектуалдық жарыстар, байқаулар, олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарына оқушылар белсене қатысып, олардың білім деңгейлері бойынша сарапқа түсуде. Мысалы, Құдиярова Əйгерім, Халжанова Гүлжан, Аюбек Əйгерім, Байғұлова Раушан, Азимов Ерсін, Абдулла Балнұр, Тұрсынбай Ермек, Көшікова Ақмарал, Спатаева Салтанат, Жамалбеков Аяз, Тастанов Нұрсұлтан сияқты оқушыларымыз облыстық жарыстарда жүлдегер атанды.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Орта білім департаменті жəне мемлекеттік балалар басылымдарының «Жас өркен» ЖШС-і жəне Алматы қалалық оқушылар сарайының бірлесіп ұйымдастыруымен 2008 жылғы 28-29 наурыз аралығында Алматы қаласында өткізілген жас тілшілердің форумында 11 сынып оқушысы Лайық Кунзира Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасын» алды. 11 сынып оқушысы Қалдаров Нұрдəулет оқушылардың облыстық пəндік олимпиадасында география пəнінен бірінші орынға ие болып, Республикалық пəндік олимпиадаға қатысып, сертификатқа ие болды. Облыстық оқушылардың Кіші Ғылым Академиясына 6 оқушы қатысып, 2 оқушы ІІ дəрежелі дипломмен, 2 оқушы ІІІ дəрежелі дипломмен, 2 оқушы грамотамен марапатталды. 10 сынып оқушысы Серік Мұсаев Жетісай қаласында өткен облыстық футболдан спартакиадада ІІІ орынға ие болды.

Облыстық пікірсайыс жарыстарында үш оқушы, «Алтын қор» фестивалінде бір оқушы жүлдегер атанды. Даулетова Гүлмира 2003, 2005 жылдары шахматтан Республиканың екі дүркін чемпионы болса, бұл күндері М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің үздік студенті, 2006 жылы арнайы аталым бойынша үздік студент атанды.

Өнер фестивалі бойынша облыстық байқауларда мектебіміздің көркемөнерпаздары екі жылдан бері жүлделі орындарға ие болып келеді. Мектепте түрлі үйірмелер оқушылардың таңдауына қарай жұмыс істейді. Домбыра оркестрі, би, интеллектуалдық жəне спорт үйірмелеріне оқушылар белсенді түрде қатысып, облыстық жарыстар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болды. 2006 жылы көркемөнерпаз байқауында екі орын алса, 2006 жылы облыстық өнер фестивалінде жоғары дəрежеде өнер көрсеткені үшін Мақтау қағаздарымен марапатталды.

Мектеп ұжымы оқушыларды оқыту мен тəрбиелеудегі міндеттерді іске асырып, шығармашылық тұлға қалыптастыру шараларын іске асыруда.

Page 166: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

166

Республикалық «Жас зерттеуші – Молодой исследователь» ғылыми журналы жəне Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті

Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің 1-11 сынып оқушыларын «Жаңа ғасыр журналистикасы қандай болуы керек?» атты шығармалар конкурсына

қатысуға шақырады! Шығармалардың мазмұнына қойылатын талаптар: - мектеп оқушысы қазіргі

кезде шығарылып жатқан газет-журналдардың мазмұндық жəне тəлім-тəрбиелік сапасын нақты мысалдармен талдап жазуы тиіс; - өзіне ұнайтын немесе ұнамайтын мерзімді баспасөз түрлері, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін сипаттап, қазіргі телевизияның, ұялы байланыс пен Интернеттің жас ұрпақ санасына əсері мен ықпалы, олардың пайдасы жəне зияны жайында мəліметтер келтіруі қажет; - халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуі тиіс қазіргі жаңа заман журналистикасы қандай болуы қажеттігі жайында өзінің жан-жақты ой-тұжырымдары мен нақты ұсыныстарын ортаға салуы керек.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар 2009 жылдың 27 қаңтарына дейін қабылданады. Конкурсқа қатысу жарнасы – 1500 (бір мың бес жүз) теңге.

Республикалық «Жас зерттеуші – Молодой исследователь» ғылыми журналы

М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Агроөнеркəсіптік институтымен бірлесе отырып Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің 1-11 сынып оқушылары арасында «Қаржы дағдарысын қалай

жеңеміз?» атты шығармалар конкурсын өткізеді Шығармалардың мазмұнына қойылатын талаптар: - мектеп оқушысы қазіргі

əлемдік қаржы дағдарысының түпкі себептерін қалай түсінетінін өзінің ой-тұжырымдары арқылы түсіндіре алуы қажет; - əлемдік қаржы дағдарысы өзінің отбасына, туған-туысқандарына, ауылының немесе қаласының тұрғындарына, көршілеріне жəне достарына қалай əсер етіп отырғанын нақты дəлелдермен баяндап, жазуы тиіс; - əлемдік қаржы дағдарысын қалай жеңуге болатыны, халықтың əлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартудың əдіс-тəсілдері туралы өзінің нақты ұсыныстарын ортаға салуы керек.

Конкурсқа ұсынылатын шығармалар 2009 жылдың 27 қаңтарына дейін қабылданады. Конкурсқа қатысу жарнасы – 1500 (бір мың бес жүз) теңге.

Шығармалардың компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға

сай дайындалып, тапсырылады: - А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, 14 кегльдегi Times New Roman қарпiмен қатесiз терiледі; - материалдың сол жағынан – 30 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 20 мм орын қалдырылады жəне электрондық

тасымалдағыштардың бірінде тапсырылады; - көлемi 5 беттен артық болмауы тиiс. Шығарманың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, оқитын сыныбы

мен мектебі, жетекші мұғалімінің толық аты-жөні, мектеп оқушысының тұратын ауданы мен қаласы, облысы, мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiледi.

Конкурсқа қатысушылардың бəріне жəне олардың жетекші-мұғалімдеріне арнайы

сыйлықтарымыз бар. Үздік шығармалар Республикалық «Жас зерттеуші – Молодой

исследователь» ғылыми журналында жарияланады жəне арнайы Дипломдармен

марапатталады.

Журналист мамандығын таңдаған 11 сынып оқушыларына Əл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетіне арнайы жолдама беріледі.

Есепшот: №4402570001234218. Қазақстан Халық банкі. СТН (РНН) 582110156357. Жақып Мырзантай Қожабайұлы. Жеке куəлік нөмірі 011356216, ҚР IIМ 28.06.2000 ж. берген. Мақалалар жəне төлемақы түбіртегінің көшірмесі электрондық пошта арқылы да,

қолма-қол да қабылданады.

Мақала жарық көрген соң журнал авторға «Қазпошта» арқылы салынып жіберіледі. Анықтама тел.: 8 (7252) 22 30 48 (кешке қарай); +77013971713, +77021059753. Конкурс материалдары мына электрондық мекен-жай бойынша немесе төмендегі

мекен-жай бойынша қабылданады: E-mail: [email protected] немесе [email protected] 160021, Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі, 75В-27 (Студенттер қалашығындағы

бұрынғы «Айгүл» профилакторийінің қасында), Жақып М.Қ.

Page 167: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

167

Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің 1-11 сынып оқушыларын «Үздік жас зерттеуші» атты ғылыми жобалар конкурсына қатысуға

шақырамыз!

Құрметті жас достар! Биыл М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Агроөнеркəсіптік институтының құрылғанына 5 жыл толады. Осыған орай Республикалық «Жас зерттеуші – Молодой исследователь» ғылыми журналының редакциясы М.О. Əуезов атындағы ОҚМУ Агроөнеркəсіптік институтымен бірлесе отырып Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің 1-11 сынып оқушылары арасында «Үздік жас зерттеуші» атты ғылыми жобалар конкурсын өткізеді.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жобалардың мазмұнына қойылатын талаптар: - ғылыми жоба бұған дейін мектеп оқушыларының облыстық жəне республикалық ғылыми жарыстарында жүлде алмаған болуы тиіс; - ғылыми жоба мына салалардың бірі бойынша дайындалуы керек: физика, техника, жер жəне

ғарыш туралы ғылымдар, математика, қолданбалы математика, экономика,

информатика, биология, химия, адам денсаулығы жəне қоршаған ортаны қорғау,

тарих, өлкетану, əдебиет, этномəдениеттану, тіл білімі; Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жоба жұмыстарының компьютерде

терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады: - А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, 14 кегльдегi Times New Roman қарпiмен қатесiз терiледі; - материалдың сол жағынан – 30 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 20 мм орын қалдырылады жəне электрондық

тасымалдағыштардың бірінде тапсырылады; - көлемi 10 беттен артық болмауы тиiс.

Ғылыми жоба жұмысының жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, оқитын сыныбы мен мектебі, жетекші мұғалімінің жəне ғылыми жетекшісінің толық аты-жөні, мектеп оқушысының тұратын ауданы мен қаласы, облысы, мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiледi.

Пайдаланылған ғылыми əдебиеттерге төрт бұрышты жақша [1] арқылы сілтеме жасала отырып, дереккөздер тізімі ретіне қарай шығарманың соңында беріледі.

Конкурсқа қатысушылардың бəріне жəне олардың жетекші-мұғалімдеріне

арнайы сыйлықтарымыз бар. Үздік ғылыми жобалар Республикалық «Жас

зерттеуші – Молодой исследователь» ғылыми журналында жарияланып, арнайы

Дипломдармен марапатталады жəне Оңтүстік Қазақстан облыстық ғылыми

жарысқа ұсынылады.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жоба жұмыстары 2009 жылдың 27 қаңтарына дейін қабылданады. Конкурсқа қатысу жарнасы – 3500 (үш мың бес жүз) теңге.

Есепшот: №4402570001234218. Қазақстан Халық банкі. СТН (РНН) 582110156357. Жақып Мырзантай Қожабайұлы. Жеке куəлік нөмірі 011356216, ҚР IIМ 28.06.2000 ж. берген. Мақалалар жəне төлемақы түбіртегінің көшірмесі электрондық пошта

арқылы да, қолма-қол да қабылданады.

Мақала жарық көрген соң журнал авторға «Қазпошта» арқылы салынып жіберіледі.

Анықтама тел.: 8 (7252) 22 30 48 (кешке қарай); +77013971713, +77021059753. Конкурс материалдары мына электрондық мекен-жай бойынша немесе

төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады: E-mail: [email protected] немесе [email protected]

160021, Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі, 75В-27 (Студенттер қалашығындағы бұрынғы «Айгүл» профилакторийінің қасында), Жақып М.Қ.

Page 168: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

168

Республикалық «Зерттеуші – Исследователь» ғылыми журналы М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

университетінің Агроөнеркəсіптік институтымен бірлесіп мектептер мен колледждердің мұғалімдері арасында

«Үздік педагог – зерттеуші» атты ғылыми-əдістемелік жұмыстар конкурсын өткізеді

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Бiлiм жəне

ғылым саласындағы бақылау комитетiнiң талаптарына сəйкес келетін, 2006 жылдың мамырынан бастап жарық көретін Республикалық «Зерттеуші – Исследователь» ғылыми журналы (Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитетінің бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы 11.04.2006 ж. №6993-Ж куəлігі берілген) М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Агроөнеркəсіптік институтымен бірлесіп Оңтүстік Қазақстан облысы мектептері мен колледждерінің мұғалімдері арасында «Үздік педагог – зерттеуші» атты ғылыми-əдістемелік жұмыстар конкурсын өткізеді.

Конкурстың негізгі мақсат-міндеттері: - талантты педагогикалық қызметкерлерді анықтау, оларды қолдау

жəне мадақтау, педагогикалық қызметкерлердің кəсіби шеберлігін арттыру, білім беру процесіне жаңа педагогикалық идеялар мен технологияларды енгізу жəне тарату;

- Оңтүстік Қазақстан облысы мектептері мен колледждері мұғалімдерінің Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2008 жылғы 9 сəуірдегі №181 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесінің» талаптарына сəйкес біліктілік деңгейін жоғарылатуына көмектесу;

- Оңтүстік Қазақстан облысы мектептері мен мұғалімдерінің ғылыми-əдістемелік жұмыстарын ғылыми журналда жиі жариялап тұруына қол ұшын беру.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми-əдістемелік жұмыстардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- Авторлық бағдарлама – мұғалімнің оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру-мазмұндық үлгісінің əдістемелік тұжырымдамасы негізінде өзі жобалаған пəнді оқыту мен зерттеудің тəртібін, көлемін, мазмұнын анықтайтын оқу бағдарламасы.

- Элективті курс – бейіналды дайындық жəне бейінді оқытуда қолдануға арналған оқу басылымы.

Мектептер мен колледждер мұғалімдерінің ғылыми-əдістемелік жұмыстары мына бағыттар бойынша қабылданады:

1) Қоғамдық-гуманитарлық цикл (тіл жəне əдебиет, тарих); 2) Өнер тану циклы (музыка, өнер, сызу); 3) Математикалық цикл (математика, информатика жəне ИКТ);

Page 169: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

169

4) Жаратылыстану-ғылыми цикл (физика, химия, биология, география, астрономия, экология);

5) Психологиялық қызмет көрсетудің тиімді технологиялары (педагог-психологтар, əлеуметтік педагогтар үшін) жəне тəрбие технологиялары (сынып жетекшілері, тəрбиешілер, ұйымдастырушы-педагогтар үшін).

Ұсынылатын жұмыстар мына талаптарға сай дайындалуы: - А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, 14 кегльдегi Times

New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi; - орыс жəне ағылшын тілдерінде жазылған, екі-үш жеке сөйлемнен

тұратын жəне мақаланың қысқаша нақты тұжырымын беретін түйіні (резюмесі) болуы;

- материалдың сол жағынан – 30 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 20 мм орын қалдырылуы жəне дискетпен тапсырылуы;

- көлемi 10 беттен артық болмауы тиiс. Əдебиеттерге төрт бұрышты жақша [1] арқылы сілтеме жасала отырып, дереккөздер тізімі ретіне қарай мақаланың соңында беріледі.

Жұмыстың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, қызмет істейтін мектебінің немесе колледжінің толық атауы, тұратын ауданы мен қаласы, облысы, мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiледi.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар 2009 жылдың 27 қаңтарына дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысушылардың бəріне арнайы сыйлықтарымыз бар.

Үздік жұмыстары Республикалық «Зерттеуші – Исследователь»

ғылыми журналында жарияланып, арнайы Дипломдармен

марапатталады жəне Оңтүстік Қазақстан облыстық конкурстарға

ұсынылады.

Конкурсқа қатысу жарнасы – 5500 (бес мың бес жүз) теңге. Есепшот: №4402570001234218. Қазақстан Халық банкі. СТН (РНН) 582110156357. Жақып Мырзантай Қожабайұлы. Жеке куəлік нөмірі 011356216, ҚР IIМ 28.06.2000 ж. берген. Мақалалар жəне төлемақы түбіртегінің көшірмесі электрондық

пошта арқылы да қабылданады.

Мақала жарық көрген соң журнал авторға «Қазпошта» арқылы салынып жіберіледі.

Анықтама тел.: 8 (7252) 22 30 48 (кешке қарай); +77013971713, +77021059753.

Конкурс материалдары мына электрондық мекен-жай бойынша немесе төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады: E-mail: [email protected] немесе [email protected]

160021, Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі, 75В-27, Жақып М.Қ. (Студенттер қалашығындағы бұрынғы «Айгүл»

профилакторийінің қасында).

Page 170: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

170

МАЗМҰНЫ СОДЕРЖАНИЕ

1. «Жас зерттеуші – Молодой исследователь» ғылыми журналының жаңа жобасы оқырмандардың қызу қолдауына ие болды..............................................3 2. «Жас зерттеуші – Молодой исследователь» ғылыми журналының жаңа конкурстарына қатысуға шақырамыз!....................................................................4 3. Жұматаева З. Журналист – халықтың перзенті.................................................5 4. Беляков М.О. Я хочу стать журналистом...........................................................7 5. Бекпатшаева П.Т. Менің есімімді нағашы атам қойған..................................11 6. Төлендібаев Р.С. Журналист болу оңай емес...................................................13 7. Бибатыр Ə., Қалтаева Ж.А. Тілші бүкіл елдегі жаңалықтарды жеткізеді.....14 8. Əбдіхалықтегі А.А., Ұлжан Бейсенқызы Абылаева Ұ.Б., Сариева Т. Журналист болу – басты арманым........................................................................16 9. Махмұтова Ж.М. I want to be a journalist..........................................................17 10. Əжібек М. Журналиске сан қырлы білім қажет.............................................18 11. Зұлпыхартегі Ф.А. Журналист заман ағымын жақсы түсінуі тиіс...............23 12. Баратова А. Көп тіл білген журналист – жақсы журналист..........................26 13. Иманова Г.С., Файзуллаева Б.А. Ана тіліміздің мəртебесін көтерсем деймін.......................................................................................................................28 14. Талипова Г. Өмір жұмбағын шешуге журналистика көмектеседі...............31 15. Ембердиева П.С., Мырзақұлова А.Б. Болашағымның бейнесі журналистикамен байланысты..............................................................................32 16. Джамашева Г. Журналист болу – қиын, бірақ өте қызық жұмыс................34 17. Серікова Н.Қ., Байғотанова Ұ. Асқақ арманым – журналистика.................35 18. Дарханбаева М. Өмірдегі ең қажет саланың бірі жəне бірегейі...................39 19. Шамбилова Дж.А., Гетманова В.С. Журналистика – моя будущая профессия.................................................................................................................40 20. Қалдыбаев Ж.А. Жабырқау жандардың жанына жалау болғым келеді......42 21. Керімбекова Ұ., Абызбек Г.Т. Журналистика мектебінен өту – ұлы мақсатым..................................................................................................................44 22. Абуова Б. Журналистика дарындылықты талап етеді..................................47 23. Гертфельдер Дж. Журналистика – халықты біріктіретін күш......................48 24. Шынəділова Н.Б. Халықтың көзі де, құлағы да, тілі де – журналистер......51 25. Алиханова А.Ə. Журналист – ол шындықтың пердесі ғой...........................55 26. Бекболатқызы А. Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер.............................57 27. Тұрғанбай Б., Абызбек Г.Т. Туған жерім – Отырар, отты жерде өскенмін...................................................................................................................59 28. Жұмабекова Ұ.Е. Туған жерге – туың тік.......................................................61 29. Орынбасарова А., Абызбек Г.Т. Отырар ауданының Академиясы.............63 30. Николаева Я.Н. История Шымкента – в стихах поэта..................................65 31. Ұзақбаева Б., Қалтаева Ж.А. Шымкенттің тарихы тереңде жатыр..............69 32. Рахымбердиев Қ.Б., Шағырбаева Ə. Сəулетті Сарыағашым – саябағым....72 33. Тасилова Н. Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым..................................75 34. Мүсірепхантегі Қ.Д., Қабылбеков Б.А., Сəдібек Ə.Ə. Көмешбұлағым – мақтанышым............................................................................................................76 35. Шымкентбаева А.Б. Дүниеге келген елім Сыр елі – жыр елі.......................79 36. Айна Қонысбекқызы Звай А.Қ. Қақпақ ауылым – құтты мекенім...............81

Page 171: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

171

37. Егембердиев Қ.Б. Созақта маңызды жəдігерлер өте көп..............................86 38. Серікқызы А., Абызбек Г.Т. Кіндік қаным тамған жерім – Шəуілдір.........90 39. Қараходжаева Ə. Алтын бесік туған жерім – киелі Қазығұртым.................93 40. Абдуллаева М.А. Əр қаланың өз тарихы бар.................................................97 41. Мырзақұлова Г.Б. Шымкент – менің туған қалам.......................................101 42. Дүйсенова К.Е. Мəңгі жас қалам – Шардарам.............................................104 43. Жүсіпов А.С. Кең байтағым – Оңтүстігім....................................................108 44. Сулейменова А.Ə. Көрнекті қалам – Шымкентім.......................................111 45. Құлманова Қ.Қ. Кіндік қаным тамған жер...................................................114 46. Ордабаева Н.П. Отырар – ұлылар Отаны.....................................................118 47. Əбдуəлі əулеті Б.Ə. Абай ауылы – өте əдемі ауыл......................................120 48. Нышанбайтегі Т.А. Ұлы Жібек жолынан бастау алған өңір......................124 49. Сұлтанбек Б. Шымкентім – алты алаштың аясы.........................................127 50. Гешко Я.Л. Наша Родина – это ее история...................................................129 51. Құрманбекұлы Ə., Əуелбеков Ə. Тақырыбым – туған жер........................131 52. Гертфельдер Дж., Жаппарова Б. Абай ауылының тарихы..........................136 53. Беляков А.О. Школа – золотая колыбель.....................................................140 54. Еркін Н.Н. Мектебімнің ғасырдан аса тарихы бар......................................143 55. Жолдыбай А.Ж. Атбұлақ ауылындағы алтын ұя.........................................145 56. Нұрлыбайқызы Р., Абызбек Г.Т. Сенде өсіп, көктедім...............................149 57. Байтасова Ə.Қ. Аға ұрпақтың өнегелі істері мол.........................................151 58. Оспанова Ə.Н. Мəртебелі атына лайық мектебім........................................154 59. Сұраншиева А. Мектебім ұстаздарыммен көрікті.......................................158 60. Əмірбекова К.М., Абылаева Ұ.Б., Сариева Т. Мектебім – екінші үйім, ұстазым – екінші анам..........................................................................................160 61. Жамалбекова А.Ə. Мектебіміз жайында айтарым мол...............................163 62. «Жаңа ғасыр журналистикасы қандай болуы керек?» жəне «Қаржы дағдарысын қалай жеңеміз?» атты шығармалар конкурсының шарттары................................................................................................................166 63. Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің 1-11 сынып оқушыларын «Үздік жас зерттеуші» атты ғылыми жобалар конкурсына қатысуға шақырамыз!...........................................................................................................167 64. Республикалық «Зерттеуші – Исследователь» ғылыми журналы М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Агроөнеркəсіптік институтымен бірлесіп мектептер мен колледждердің мұғалімдері арасында «Үздік педагог – зерттеуші» атты ғылыми-əдістемелік жұмыстар конкурсын өткізеді.............................................................................168 65. Мазмұны – Содержание.................................................................................170

Page 172: Жас зерттеуші – Молодой исследовательzertteushi.kz/docs/20121127115125479.pdf · журналистикасы қандай болуы керек?

Жас зерттеуші – Молодой исследователь, №№7-12 (13-18), 2008

172

Жас зерттеуші • Молодой исследователь •The Younge Researcher

ғылыми журнал • научный журнал • scientific journal

Жазылу индексі: 74054

Қолжазбалар əдеби өңделеді жəне қайтарылмайды. Авторлардың көзқарасы, ұстанымы сақталады.

Жарияланымдағы деректердің нақтылығына авторлар жауапты. Олардың байлам-тұжырымдары редакция көзқарасымен

сəйкеспеуі де мүмкін. Басылымда жарияланған материалдар көшіріліп басылған немесе пайдаланылған жағдайда

«Жас зерттеуші – Молодой исследователь» ғылыми журналына сілтеме жасалуы тиіс.

Журналда

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің,

Білім жəне ғылым саласындағы бақылау комитетінің,

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының

ресми сайттарынан алынған материалдар жарияланады.

Журнал меншік иесіне қарасты баспа орталығында теріліп, беттелді. Басуға 27.12.2008 ж. қол қойылды.

Пішімі 60х84/16. Қаріп түрі Times New Roman. Ризографиялық басылыс.

Көлемі 10,75 шартты баспа табақ. Таралымы 500 дана.

«Нұрлы Бейне» баспаханасында басылды. Тапсырыс №2712.

Шымкент қаласы, А. Байтұрсынов көшесі, 15Б/1.