искакова айжан

12
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы ортаңғы топ Білім беру саласы: Таным Тақырыбы «Алғырлар мен тапқырлар» (білімділер сайысы). Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мақсаты: Танымдық іс-әрекеттің дағдыларын меңгерту. Қызықты сәттер ұйымдастыру арқылы балалардың өз білімдерін іс – әрекетте , қолдана білуге үйрету. Білімділік:Логикалық тапсырмаларды шешуге, топпен жұмыс істеуге, алған білімдерін іс-әрекетте қолдануға үйрету. Дамытушылық: Балалардың тілін дамытып сөздік қорларын молайту. Байланыстырып сөйлеуін, зейінін, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірігіп жұмыс істеуге , бір – біріне деген құрметке тәрбиелеу. Қостілділік компонент: есептер – задачи,ойындар - игры, пішіндер – фигуры, жұлдызшалар – звездочки. Көрнекі құралдар: тапсырмалар,жұлдызшалар,қорапша ,экран - слайд. Қызметтің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті Мотивациял ық қозғаушылы қ Шаттық шеңбері. Шеңбер болып тұрайық Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық. Таза ауаны жұтайық Жүрекке жылу сыйлайық Жиналған жылы шуақты Балалар тәрбиешімен бірге қол ұстасып, шеңберге тұрады.

Transcript of искакова айжан

Page 1: искакова айжан

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы ортаңғы топ

Білім беру саласы: Таным Тақырыбы «Алғырлар мен тапқырлар» (білімділер сайысы). Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мақсаты: Танымдық іс-әрекеттің дағдыларын меңгерту. Қызықты сәттер ұйымдастыру арқылы балалардың өз білімдерін іс – әрекетте , қолдана білуге үйрету. Білімділік:Логикалық тапсырмаларды шешуге, топпен жұмыс істеуге, алған білімдерін іс-әрекетте қолдануға үйрету. Дамытушылық: Балалардың тілін дамытып сөздік қорларын молайту. Байланыстырып сөйлеуін, зейінін, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірігіп жұмыс істеуге , бір – біріне деген құрметке тәрбиелеу. Қостілділік компонент: есептер – задачи,ойындар - игры, пішіндер – фигуры, жұлдызшалар – звездочки. Көрнекі құралдар: тапсырмалар,жұлдызшалар,қорапша ,экран - слайд.

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері. Шеңбер болып тұрайық Алақанды ашайық,Күннің нұрын салайық.Таза ауаны жұтайықЖүрекке жылу сыйлайықЖиналған жылы шуақты Қонақтарға шашайық!

(балалар қораптың ішіндегі кішкене жүрекшелерді алып, қонақтарға береді.)

Балалар тәрбиешімен бірге қол ұстасып,шеңберге тұрады.Шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастыру

іздестіру

Қош келдіңіздер құрметті қонақтар! Бүгінгі «Балбөбек» тобының сіздерге арнаған «Алғырлар мен тапқырлар» атты білімділер сайысын тамашалаңыздар!Енді балалар, өз орнымызға жайғасайық. Әр топ балалары өз орындарына барады. Топтың капитаны және топ мүшелері таныстырылады. «Алғырлар» командасының

Балалар қуанады.

Балалар өз орындарынатұрады.

Page 2: искакова айжан

капитаны Солтанова Сабина

«Тапқырлар» командасының капитаны Кәрімқұл Мадина

Математика гимні айтылады. Барлық екі топпен бірге.

Саған білім жемісінМатематика бередіТалай адам сол үшінМаңдай терін төгеді.Санды қосып есепте,Математиканы құрметте!

(әр команда өз ұранымен таныстарады)«Алғырлар» тобының ұраны:

«Алғырлар » тобы төрде тұрБізбен енді сайысып көр!

«Тапқырлар» тобының ұраны:Білекті бірді жығадыБілімді мыңды жығады.

«Алғырлар» тобының команда капитаны:

Үлгі етіп ісін, әр ізінМатематикаға сен қарызсың,Әр түрлі қойылған есептердіОқып білу ,шығару сенің парызың!

«Тапқырлар» тобының команда капитаны:

Талмастан алға баратынТалабың – ұшар қанатың!Есептерді шығара алсаң,Талаппен үлгі аларсың!

Жүргізуші: Ал, ендеше балаларымыз дайын болса, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!Балалар бізге тапсырманы мынау тұрған сиқырлы тақта береді.

1 кезең: «Пішіндер ерекшелігі» деп аталады. Тақтада берілген пішіндерді ерекшелігі бойынша топтастыру.

Балалар екі топпен қосылып бірге айтады.

Балалар ынта қойып тыңдайды.

«Алғырлар» тобыныңбалалары айтады.

«Тапқырлар» тобыныңбалалары айтады.

«Алғырлар» тобыныңбалалары жауапбереді.

«Тапқырлар» тобыныңбалалары жауап береді.

Page 3: искакова айжан

2 кезең: «Артық сөзді тап» деп аталады. Көп сөздер ішінен артық сөзді тауып, себебін түсіндіру.

3 кезең: «Тура және кері санау» бұл тапсырма барысында «Алғырлар» командасынан бір бала ортаға шығып, 1-10 дейін тура санап береді. Ал екінші «Тапқырлар» тобының бір баласы 10-1 дейін кері санап береді. Тапсырма орындалған сайын тәрбиеші команда еншісіне 1 жұлдызшадан салып отырады.

4 кезең: «Есептер шығару» әр топ есептер шығарады.

«Алғырлар» тобына арналған есептер:

«Тапқырлар» тобына арналған есептер:

Қойылған сұрақтарғажауап береді.

Берілген тапсырмаларды орындайды.

Есептерді шығарады.

Page 4: искакова айжан

5 кезең: «Логикалық есептер» екі топ балаларына логикалық тапсырмалар беріледі.

Қостілділік компонент: есептер – задачи,ойындар - игры, пішіндер – фигуры, жұлдызшалар – звездочки.

6-кезең: «Шатастыру» деп аталады. Балаларға шатастыру сұрақтары беріледі.

Жүргізуші: Балалар біз сиқырлы тақтаның барлық тапсырмаларын орындап шықтық. Ал, енді бойымызды жазып, демалып алайық.

Сергіту сәті. «Көңілді күн» Ағылшын тілінде жаттығу жасайды. 7- кезең: Санның құрамын тап. Балалар тақтада берілген үйдің шатырында жазылған санның құрамын табады. Сандарды терезе ұяшықтарына орналастыру арқылы санның құрамын табады.

Есептерді шығарады.

Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сөздерді қайталайды.

Қойылған сұрақтарғажауап береді.

Сергіту сәтін жасайды.

Сандардың құрамын

Page 5: искакова айжан

8- кезең: «Шеберлі қолдар» деп аталады. Балалар алдарына берілген пішіндерден құрастырады. Әр топтың балалары оригамидан түрлі жануарды құрастырады.

тауып,шығарады.

Балалар пішіндерден құрастырады.

Рефлексифті –

түзетушілік

Балалар сендер сиқырлы тақтадан берілген тапсырмаларды жақсы орындапшықтыңдар.Осы тапсырмаларды орындауда ,қай команда көп жұлдызша жинады екен?Қане бірге санайық?Балалар екі команданың жұлдызшалары бірдей болды.Яғни достық женді.Олай болса, «Алғырлар мен тапқырлар»командасы бір – біріне өздерінің достықлебіздерін білдірсін.Соңғы кезең: «Марапаттау».

Балалардың да көңілдері көтеріліп,екі команда бірдей болып жеңіске жетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: - Логикалық тапсырмаларды орындай алады . - ҚМҰҚ алған білімдерін іс жүзінде қолдана біледі. Қандай түсініктерді игерді: - Электронды тапсырмалар , командалық жаттығулар ,капитан , топ мүшесі түсніктерін игерді. Меңгерген дағдылармен іскерліктер: - Топпен бірігіп жұмыс істеуді үйренді. - Оригамидан пішіндер құрауды. - Берілген уақытта тапсырманы тез орындауды.

Page 6: искакова айжан
Page 7: искакова айжан
Page 8: искакова айжан
Page 9: искакова айжан
Page 10: искакова айжан