айкынбаева мадина мураткызы конференция

9
«Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі әдістерді қолданудың маңызы» Айкынбаева Мадина Мураткызы №3 Аршалы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Ақмола облысы, Аршалы ауданы Түйін Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу туралы айтылады. Аннотация В данной статье описывается наиболее эффективные способы улучшения качества образования и интерес к истории, использование дополнительных элементов для презентации культурного наследия и исторических данных для изучения навыков, самоподготовки и создание условий для творческой работы, а также новые учебные технологии и инновационные подходы и методы. Еліміздің тәуелсіздік алуы Қазақстан тарихы ғылымын зерттеу мен оқытуда терең бетбұрыстар жасады. Ең алдымен өзгеріс ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық - методологиялық негіздерін қамтиды. Бұрынғы тар шеңберлі, қасаң таптық позицияға негізделген методологиядан, жалпы адамзаттық құндылықтарды басшылыққа алған және ұлттық мүддеге негізделген методологияға бағыт алынды. Тәуелсіз Қазақстан тарихшылары өз халқының тарихын ешкімге жалтақтамай ана тілінде жазуға мүмкіндік алды [1]. Тарихты оқыту
  • Upload

    -
  • Category

    Internet

  • view

    64
  • download

    6

Transcript of айкынбаева мадина мураткызы конференция

«Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі әдістерді қолданудың маңызы»

Айкынбаева Мадина Мураткызы№3 Аршалы орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі, Ақмола облысы, Аршалы ауданы

Түйін Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу туралы айтылады.

Аннотация В данной статье описывается наиболее эффективные способы улучшения качества образования и интерес к истории, использование дополнительных элементов для презентации культурного наследия и исторических данных для изучения навыков, самоподготовки и создание условий для творческой работы, а также новые учебные технологии и инновационные подходы и методы.

Еліміздің тәуелсіздік алуы Қазақстан тарихы ғылымын зерттеу мен оқытуда терең бетбұрыстар жасады. Ең алдымен өзгеріс ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық - методологиялық негіздерін қамтиды. Бұрынғы тар шеңберлі, қасаң таптық позицияға негізделген методологиядан, жалпы адамзаттық құндылықтарды басшылыққа алған және ұлттық мүддеге негізделген методологияға бағыт алынды. Тәуелсіз Қазақстан тарихшылары өз халқының тарихын ешкімге жалтақтамай ана тілінде жазуға мүмкіндік алды [1]. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешінді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды. Елбасының сындарлы саясатының арқасында білім саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Алайда, талғам өзгергенімен талап жалғыз. Ол – қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру. Алған білімі мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермелі өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу – қоғамдық мәні үлкен мәселе.

Осы тұрғыдан қарағанда қазіргі заман педагогіне қойылатын талаптардың ерекше болатындығы мені де жиі мазалайды. Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында [2]. Бұл идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа жүргізіп,

оны модернизациялауды қажеттейді. Сондықтан да, білім беру жүйесі қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгеріске ілесу үшін, біздер, еңбек етіп жатқан мұғалімдер де өзгеруіміз қажет, ол үшін оқытуды жетілдіру тәсілдерін үйрену басты міндетіміз болып саналады.

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Оқушыларға терең де жүйелі білім беруде мұғалімге жүктелер жауапкершілік өте зор. Мұғалім ең алдымен білімді және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы керек», - деген ойы ұстаздар қауымына аса жауапты міндеттерді жүктейтіні анық [3]. «Адамның адамшылығы - ақыл, білім, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» - деп, ұлы Абай айтқандай, әрбір баланың санасына осындай түсінікті енгізу басты міндеттеріміздің бірі деп түсінемін. Қазіргі таңда мұғалімдер біліктілігін арттыруда Назарбаев интеллектуалды мектептерінің қасындағы педагогикалық шеберлік орталықтарында және педагогикалық біліктілігін көтеру бойынша Ұлттық орталықтарда әлемдік тәжірибеге сай арнайы 3 айлық қайта дайындаулардан өту үстінде. Олар мұғалімдер біліктілігінің жаңа (бірінші, екінші, үшінші) деңгейлері бойынша білімін жетілдіруде. Қазіргі заман мұғалімінен қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруін көздейтін, жаңашылдыққа жаны құмар, әр ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстарды идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңашыл ойлау дағдыларын меңгерген, шығармашылықпен еңбек ететін маман болуы талап етіледі. Өткен жылы «Оқытудың Кембридждік тәсілі» бойынша жүргізіліп жатқан үшінші деңгейлі курстан өтіп, өз білімімді жетілдіруім менің тарих пәнінен өткізген сабақтарыма тың серпілістер мен жаңашылдықтар алып келді. Пәнге деген оқушылардың қызығушылығы арта түсті. «Жаңашыл ұстаз болмысы, үздіксіз ізденуші және тағы бір ерекше қасиетінің бірі – жетелеуші, алға ұмтылдырушы» - деп Елбасымыз айтқандай, оқушылардың қоғамдық әрі тарихи дүниетанымын арттыруда, ұстаздар тарапынан қолданылған түрлі әдістердің маңыздылығына уақыт өткен сайын көз жеткізудемін.

Дәлірек айтқанда: 7 сыныптағы Қазақстан тарихы пәнінен «Алтын Орда» деген тақырыпта жеті модульді ықпалдастыра отырып өткізілген сабағымның оқушылар үшін тиімді болғандығына көзім жетті. Бұл сабақ балалардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру мақсатына жұмылдырылды. Сабақ бойына оқушылардың білім деңгейін анықтайтын әр түрлі деңгейлік тапсырмалар берілді. «Зымыран сұрақтары» , «Ойлан-жұптас-бөліс», «Шапшаңдықтың шыңы» әдістері бойынша оқушылар тапсырмаларға сыни тұрғыдан жан-жақты талдаулар жасады. Сабақ барысында оқушылардың тақырыптың мәнін ашуда зияткерлік ынтасы одан әрі дами түсті. Көбінесі, тарихи оқиғалардың барысына үңіліп, оның қазақ халқының қалыптасу негізіне қалай әсер еткендігі жайындағы ойлары, сабақтың оқу мақсатына қойылған күтілетін нәтижесінің дұрыстығын дәлелдей түсті. Алынған білімдерін нақтылай түсу мақсатында оқушыларға бейне жазба көрсетіліп, оқушылардың алған білімдері бекітілді. Сабақтың

аяқталуы барысында алған білімдерін бекіту жолында «Жұлдызды сәт!» әдісін пайдаландым. Онда оқушылар алған білімдері бойынша кесте толтырды. Кестені толтыру барысында оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін нақтылап, есте сақтау қабілеттері жетіле түсті. Менің бұл сабақта байқаған ерекшелігім, әдістерді түрлендіріп отыру оқушылардың сабаққа деген қызығушылы мен ынтасын оятатындығы. Әрбір тапсырмалар барысында оқушылар жеке, топтық болып бір-бірін бағалау жұмыстары жүргізілді. Бағалаудың әртүрлілігі оқушылардың бойында жауапкершілік сезімдерін оята түсті.

Оқу сапасын арттыруда, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда әдіс-тәсілдерді мейлінше түрлендіріп отырған дұрыс. А.Байтұрсынұлы  «Қай әдіс жақсы?» деген мақаласында: «Жалғыз әліп-би үйренудің өзінде толып жатқан әдіс бар. Әр әдіс-өз орнында жақсы. Әдіс көрнекіліктен шығады. Әдістің жаман-жақсы болмағы жұмсалатын орнына қарай» дейді.  Ал Л.Н.Толстой «Үйрету әдістері туралы» еңбегінде «Олақтықтың белгісі-бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі-түрлі әдісті білу, керек кезінде жоқ әдісті де таба білу. Мұғалім көп әдісті білу керек,оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс есебінде қолдану керек» деген.  Олай болса, күнделікті ізденісіміз, жаңа технологияларды оқып-үйреніп өз тәжірибемізде шеберлікпен қолдануымыз-алдымыздағы шәкірттерге терең де тиянақты білім берудегі қажеттілігіміз. Назарларыңызға жеті модульді ықпалдастыра отырып жасалған сабақ жоспарымды ұсынамын.

Алтын Орда (ХІІІ ғасырдың ортасы - ХV ғ.ортасы)

Мектеп: №3 Аршалы орта мектебі

Күні: Мұғалім есімі: Айкынбаева М.М.Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Алтын Орданың құрылу тарихын айта алады, Алтын Орданың күшеюі мен әлсіреу себептерін анықтай алады, Алтын Орданың қоғамдық құрылысын сипаттай алады.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушыларАлтын Орданың құрылу тарихын айта аладыОқушылардың басым бөлігіАлтын Орданың күшеюі мен әлсіреу себептерін анықтай аладыКейбір оқушыларАлтын Орданың қоғамдық құрылысын сипаттай алады.

Тілдік мақсат ОқушыларАлтын Орда (ХІІІ ғасырдың ортасы - ХV ғ.ортасы) құрылу тарихын анықтай отырып, оқушылардың өзіндік ойлау, пікір қорыту және тарихи танымдық қабілеттері дамиды .... (істей алады)Негізгі сөздер мен тіркестер«Ақ Орда», «Көк Орда», «Боз Орда», Жошы, Батый, Ежен, Шайбан, Сарай-Бату, Сарай-Берке, Берке хан, Өзбек хан, Меңгу Темір, Жәнібек хан, «біліктер», хатшылар, «мәлік», даруғалар, басқақтар, беклер бектерСыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:Талқылауға арналған мақсаттар:Алтын Орда қай кезде құрыла бастады? Неге Алтын Орда деп аталды?Сіз неліктен.... екенін айта аласыз ба?Алтын Орда қай мемлекеттермен жақын қарым-қатынаста болды?Жазылым бойынша ұсыныстар:Алтын Орда (ХІІІ ғасырдың ортасы - ХV ғ.ортасы) туралы

Алдыңғы оқуЖоспар Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз )Ресурстар

Жоспарланған уақыт Басталуы (3 мин)

«Зымыран сұрақтары» жеке тапсырма, «иә» немесе «жоқ» деп белгілеу қажет(5 мин)

«Шапшаңдықтың шыңы!» ұлыстардың территориясын белгілеу (3 мин)

«Миға шабуыл»(2 мин)

Ортасы«Ойлан-жұптас-бөліс» (10 мин)

«Бейне жазба» арқылыжаңа тақырыпты пысықтау (3 мин)

«Кубизм» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру(5 мин)

А) Оқушылармен амандасуВ) Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтауС) Ынта-зейіндерін сабаққа аударуД) Топқа бөліну: Алтын босағалы «Ақ Орда»Күміс босағалы «Көк Орда Болат босағалы «Боз Орда»

1.Темүжін 9 жасқа келгенде әкесі татарлар қолынан қаза тапқан ба? иә2.1206 жылы Шыңғысхан ұлы хан болып сайланды ма? иә3.Шыңғысхан империяны 100 түмен әкімшілікке бөлді ме? жоқ4.Манғолия аумағы мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді, Оң қанат Барунгар деп аталды ма?иә

5.Жошы 1207-1208 жылдары Енесей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алды ма? иә6.Шыңғысхан 1220 жылы Күшіліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырады ма? жоқ7.Кіші баласы Төле Сырдария жерін билеген? жоқ8. «Шыңғыс хан» сөзі «соғыс хан» деген мағына береме? жоқ9. 1219-1224 жылдары Қазақстанмен Орта Азияны монғолдар толық жаулап алды ма? иә10.Бөлініп берілген жерлер бек ұлыс деп аталған ба? жоқФБ: Бағалау шкаласы: «10-9»- 5 ұпай, «8-7»- 4 ұпай, «6-1»- 3ұпай

Ұлыстардың территориясын картаға белгілеу

ФБ: өзін-өзі бағалау «Алақан және жұдырық» арқылы

Мұғалім: - Балалар, біз Шыңғыс ханның ұрпақтарына бөлінген әрбір ұлыстарының территориясын анықтадық.  Осы территориялардың ішіндегі ең үлкені қай ұлысқа тиесілі және Жошы ұлысының территориясында қандай мемлекет пайда болды? Бүгінгі сабағымызда Алтын Орда тақырыбы бойынша нені білетін боламыз соны топ бойынша бір-екі сөйлеммен жазып көрейікші.

1 топ – Алтын Орданың құрылуы2 топ – Алтын Орданың күшеюі3 топ - Алтын Орданың әлсіреуі мен қоғамдық құрылысыФБ: «Саусақтар» арқылы бағалау

Кубиктің түскен жағындағы санға байланысты, сұрақтарға жауап беру

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

С.Жолдасбаев, Д.Бабаев

Видео, презентация

Қазақ халқының шолпан жұлдыздарының бірі Мағжан Жұмабаевтың «Тәрбиеден мақсұт – баланың тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына сай қылып шығару... Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі» дегеніндей ақпараттық технологиялар заманында жоғары білімді ұлт болуымыз үшін жас ұрпақты ұлттық құндылықта тәрбиелеудің маңызы өте зор. Өскелең ұрпақтың бүгінгі келбеті еліміздің ертеңін елестетеді. Ал, ел ертеңін қалыптастыру білім беруді жаңғыртудан басталады. «Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін, біз, сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек... Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз борлып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыздың қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды»- деп Елбасы Жолдауында атап көрсетті. Олай болса, өскелең жас ұрпақты болшақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр ұстаздың, оқытушының, тәрбиешінің, қоғамның міндеті. Осы міндеттерді атқару баршамыздың азаматтық парызымыз болмақ. Бұл жауапкершілікті сезіне отырып, жаңа заманның салмақты жүгін қайыспай, жұмыла, бірлесе көтерген жүктің жеңіл болатыны сияқты отбасы, бала-бақша, мектеп, оқу орындары және қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі көрсететін болады. Баршамызды алдымызда «Мен осы парызымды дұрыс атқарып жүрмін бе?» деген сұрақ тұруы қажет. Бұл сауал әрқайсысымызды ойландыруы тиіс. Жаңа инновациялық әдістерді пайдалануда мен не ұттым? қандай жетістіктерге қол жеткіздім?  Оқытудың мұндай инновациялық, интерактивті әдістері оқушылардың  бұрынғы  дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда неғұрлым нәтижелі білімді игеруіне жағдай туғызады екен. Яғни, бұл жағдайда оқушылардың сабақ үрдісіндегі белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады. Мен бұларды сабақ соңында алынған кері байланыстан да байқадым. Оқушылар кері байланыс парақшаларында көңіл-күйлерінің көтеріңкі болғандығын және сабақта өздеріне ұнаған тұстарын айта отырып, пікірлерін білдірген.

Қазіргі әлемдік дағдарыс кезеңінде, Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы, өселең ұрпаққа өндірістегі жаңа технологиялар заманына лайық білім мен тәрбие берудің аса маңыздылығына тоқталғандығын жете түсіне отырып, өткізетін әр сабағыма, барынша жауапкершілікпен қарау керектігін түсіндім.

Ел тәуелсіздігін баянды ету басты мұратымыз, сапалы білім-кемел келешектің бастауы екендігін ешуақытта естен шығарамақ емеспін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:1. Садықов Е. Тәуелсіздік тірегі-тарихи таным/ Қазақ тарихы, 2003, №2, 42 б. 2. Жанпейісова М.М. ХХІ ғасыр оқытудың инновациялық технологиялары. – Алматы, 2002, 282 б.3. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ