ашық сабақ т дыбысы

4
Сынып 1 Сабақ : Әліппе Тақырыбы: [Т] Дыбысы мен әрпі Мақсаты: • Т әрпімен таныстыру; дыбыстардың әртүрлі айтылуын ұғындыру; тоқылдақ даусының аудиожазбасын тыңдау арқылы фонемалық есту қаблеттерін жетілдіру; қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарап,қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Қажетті құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: Тоқылдақ , түлкі, торғай бейнеленген орман суретті, буындар мен қысқа сөздер жазылған дөңгелектер (жолдар), тоқылдақ дауысының аудиожазбасы. Т әріпінің видиокөрінісі. Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілі, ағылшын тілі. Сабақ барысы: Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті Мотиввциял ық - қозғаушылы қ Жылулық шеңбері: Күн шуағын жинаймын Достарыма сыйлаймын Қайталау. Тақтада буындар, қысқа сөздер жазылған дөңгелектерден жасалған, орман суретіне бастап баратын жол. - Орманға саяхаттқа барғыларың келе ме? Келіңдер, мына жолмен барайық. Әр дөңгелектегі буындар мен сөздерді оқыта отырып, орманға жеткізеді. Қолдарымен күн шуағын «жинап» алақандарындағы шуақты достарына қарай үрлейді. Буындар мен қысқы сөздер жазылған жолақтарды оқып, орман суретіне барады. Ұйымдастыр у - іздестіру Жаңа тақырыпқа кіріспе - Міне, орманға да жеттік.Орман қандай екен айтып беріңдерші.Жетелеуші сұрақтар Орман суретін тамашалау.

Transcript of ашық сабақ т дыбысы

Page 1: ашық сабақ т дыбысы

Сынып 1 Сабақ : ӘліппеТақырыбы: [Т] Дыбысы мен әрпіМақсаты: • Т әрпімен таныстыру; дыбыстардың әртүрлі айтылуын ұғындыру;• тоқылдақ даусының аудиожазбасын тыңдау арқылы фонемалық есту қаблеттерін жетілдіру;• қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарап,қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.Қажетті құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: Тоқылдақ , түлкі, торғай бейнеленген орман суретті, буындар мен қысқа сөздер жазылған дөңгелектер (жолдар), тоқылдақ дауысының аудиожазбасы. Т әріпінің видиокөрінісі.Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақ барысы:

Іс –әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті

Мотиввциялық - қозғаушылық

Жылулық шеңбері:Күн шуағын жинаймын Достарыма сыйлаймын

Қайталау.Тақтада буындар, қысқа сөздер жазылған дөңгелектерден жасалған, орман суретіне бастап баратын жол. - Орманға саяхаттқа барғыларың келе ме? Келіңдер, мына жолмен барайық. Әр дөңгелектегі буындар мен сөздерді оқыта отырып, орманға жеткізеді.

Қолдарымен күн шуағын «жинап» алақандарындағы шуақты достарына қарай үрлейді.

Буындар мен қысқы сөздер жазылған жолақтарды оқып, орман суретіне барады.

Ұйымдастыру - іздестіру

Жаңа тақырыпқа кіріспе- Міне, орманға да жеттік.Орман қандай

екен айтып беріңдерші.Жетелеуші сұрақтар қоя отырып суреттейді.

Тыныштық сәті. - Енді жайланып отырыңдар, ормандағы құстар мен жануарлар туралы мәлімет алайықЖануарлар мен құстар туралы видиотаспаны көрсетіп. – Бұл қай құс?Орман суретіндегі тоқылдақты көрсетіп: – Дұрыс айтасыңдар, бұл – орман дәрігері деп аталатын тоқылдақ.Ол ағаштардың зиянды құртттарын теріп жейді.

Орман суретін тамашалау.

Жайланып отырып таспаны көреді.

Сұрақтарға жауап береді: тоқылдақ

Page 2: ашық сабақ т дыбысы

Түлкі туралы видиотаспаны көрсетіп;- Бұл қай жануар?Орман суретіндегі түлкіні көрсетіп: – Дұрыс бұл қу түлкі ол торғайды жеп қойғысы келеді біз торғайға жем шашуымыз керек.Жаңа тақырып: - Бізге орманда кездескен торғай, тоқылдақ , түлкі – бәрі қандай дыбыстан басталады ?Әліппе видиотапсаны тамашалау. - Айнала, қарап [Т] дыбысын айтып көрейікші.Т іліміз қандай қалыпта тұр? Тіліміз тісімізге қатты тиіп тұр ма, әлде ақырын тиіп тұр ма?Балалардың жауаптарын тыңдағаннан кейін: - [т] дыбысына тіліміз кедергі жасап қатты тиіп тұр, яғни, бұл бұл дыбысты қандай дыбыс дейміз [т] дыбысын қандай түспен боясақ болады?Кел, ойнайықТ әрпімен таныстырады. Неге ұқсайтынын айтқызады, ауаға жаздырып көреді.Тәрбиеші бір қолына кезегімен дауысты дыбыстарды алып, екінші қолына Т әрпін ұстарп, әріптерді жақындатып оқытады. Оқытып болған соң орындарын ауыстырады АТ, ОТ,УТ, ТА, ТО,ТУҚысқа сөздер құрап оқытады:А-ТА, ТА-У, ТА-Т, ТО-ТСергіту сәті:Торғай, маған сене гой,Жем берейін, келе ғой.Жақын қалды қу түлкіЖылдам ұшып кете гой.Дәптермен жұмыс: Кел, жазайық!- Партада дұрыс отыру ережесі мен қаламды дұрыс ұстауды қайталатып, - Тақтада жазып көрсету Т - элементтерін дауыстап айтып жазу, жазу жұмысын орындату. 1Бас әрптік жолдың ортасынан бастап басы оңға қайырылған көлбеу түзу сызық сызамыз 2 Бас әрптік жолдың ортасынан бастап көлбеу түзу сызық сызамыз. 3 Бас әрптік жолдың ортасынан бастап басы солға қайырылған көлбеу түзу сызық сызамыз.4 Бас әрптік жолдың ортасынан бастап төмен қайырылған түзу сызық сызамыз.

Түлкі «Торғай,түлкі, тоқылдақ » деген сөзер [ т ] дыбысынан басталады.

[ т ] дыбысын айтады- Тілімізге қатты

тиеді- [ т ] дыбысы

дауыссыз дыбыс, оны көк түспен белгілейміз.

Т әрпімен танысады, неге ұқсайтынын айтады, ауаға жазады.Буындар мен қысқа сөздерді оқиды.

Орындарынан тұрып, қолдарымен жем шашады. Екі қолдарын сермеп ұшқан қимыл жасайды.

Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

Page 3: ашық сабақ т дыбысы

Саусақ жаттығуы :Тоқ,тоқ, тоқылдапТынбай қойды тоқылдақ.Отыр әне ағашты Тұмсығымен соққылап.«Сөздер тізбегі» дидактикалық ойын- Тәрбиеші Т әрпінен басталатын бір сөзді айтып, допты бір балаға береді.Ол бір сөз айтып келесі балаға береді.Ойын осы ретпенм жалғасады.

Үш саусақтарын түйістіріп парта бетін тоқылдатады Т әрпінен басталатын сөздер айтып , допты келесі балаға береді.

Рефлексивті - түзетушілік

Қорыту- «Дұрыс үйлестір» топтық ойыны. - Әріптерді дауысты және дауыссыз екенін

ажыратып сауытқа салу.Құрамында Т әрпі бар буындар жазылған жолақтардан орманнан қайтатын жол жасайды: – Сендерге орманға жасаған саяхатымыз ұнады ма? Енді қайтатын уақытымыз болды . Келіңдер мына жолмен қайтайық.Буындарды дұрыс оқу арқылы торғайларды түлкіден қорғаймыз.Буындарды оқытады.Бағалау Оқушылар смайлик таңдау арқылы өз көңіл күйін көрсетеді.

Әріптерді ажыратып дұрыс сауытқа салу.

Буындар мен қысқа сөздерді оқи отырып орманнан қайтады.

Күтілетін нәтиже:

[Т] дыбысының дауыссыз екенін, оны айтқанда тіліміздің тісімізге қатты тиетіндігін.

Нені игерді Қоршаған ортаға қамқор болуды, табиғаттың әдемілігін түсіну.Нені біледі Т әрпін танып, көрсете білуді