ПМПИ хабаршысы

8
Сіздердің қолдарыңызда жаңа ғана басылып шыққан «ПМПИ хабаршысы» газеті. Бұл - жоғары оқу орны тари- хындағы қуанарлық жаңалық. Өйткені институтымыздың мерейтойы қарса- ңында өз газетіміз дүниеге келді. Сондықтан Сіздерді осынау жаңалық- тарыңызбен шын жүректен құттық- таймын! Басылымның басты мақсаты оқы- тушылар мен қызметкерлерге және студенттерге арналған жан-жақты әрі қызықты газет шығару. Біз сіздерді жоғары оқу орнында болып жатқан ең соңғы жаңалықтармен қамтамасыз етуге тырысамыз. Мәселен, білім ордасының күнделікті тыныс-тіршілігі, құттықтаулар, ақпараттық- инновациялық жаңалықтар, ардагер педагогтердің өмір жолы, оқытушылар мен талантты студенттер туралы очерктер, ғалымдардың аналитикалық мақалалары, студенттер өмірін- дегі қызықты оқиғалар және студент жастарға арналған әртүрлі рубрикаларды атап өтуге болады. Сондай-ақ газет ғылым қуған жастар мен өнерлі студенттердің танысу бұрышы мен пікір-талас алаңына айналса құба-құп болар еді. Газет арқылы сіздер институт өмірімен тікелей араласатын боласыздыр. Ол үшін барлығымыз қоян-қолтық жұмыс істеуіміз қажет. Редакция алқасы негізгі тәртіпке сүйене отырып ең қызықты әрі көкейтесті материаларды жариялайтын болады. Газет сіздер мен біздер үшін аса қымбат. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты әр кез білім саласындағы табыстары мен жетістіктері, сондай-ақ өзіндік қолтаңбасы және ерекше дәстүрлері арқылы өз мақсатмүддесіне қол жеткізген. Бұл жолы да өз мақсатымызға жетеміз. «ПМПИ хабаршысының» сіздермен қауышуы жоғары оқу орны тарихындағы ең бір елеулі оқиғалардың біріне айналатынына кәміл сенемін. «ПМПИ хабаршысы» баршамыздың асыға күтетін әрі сүйіп оқитын газетімізге айналсын! Ізгі тілекпен, ПМПИ ректоры, ф.ғ.д. Нұрғали АРШАБЕКОВ Қадамың құтты болсын! ПМПИ хабаршысы Құрметті оқытушылар, әріптестер және студенттер! 4-бет Бүгінгі санда 5-бет 5-бет 6-бет 7-бет

description

ПМПИ хабаршысы

Transcript of ПМПИ хабаршысы

Page 1: ПМПИ хабаршысы

Сіздердің қолдарыңызда жаңа ғана басылып шыққан «ПМПИ хабаршысы» газеті. Бұл - жоғары оқу орны тари-хындағы қуанарлық жаңалық. Өйткені институтымыздың мерейтойы қарса-ңында өз газетіміз дүниеге келді. Сондықтан Сіздерді осынау жаңалық-тарыңызбен шын жүректен құттық-таймын! Басылымның басты мақсаты – оқы-

тушылар мен қызметкерлерге және студенттерге арналған жан-жақты әрі қызықты газет шығару. Біз сіздерді

жоғары оқу орнында болып жатқан ең соңғы жаңалықтармен қамтамасыз етуге тырысамыз. Мәселен, білім ордасының күнделікті тыныс-тіршілігі, құттықтаулар, ақпараттық-инновациялық жаңалықтар, ардагер педагогтердің өмір жолы, оқытушылар мен талантты студенттер туралы очерктер, ғалымдардың аналитикалық мақалалары, студенттер өмірін-дегі қызықты оқиғалар және студент жастарға арналған әртүрлі рубрикаларды атап өтуге болады. Сондай-ақ газет ғылым қуған жастар мен өнерлі студенттердің танысу бұрышы мен пікір-талас алаңына айналса құба-құп болар еді.Газет арқылы сіздер институт өмірімен тікелей араласатын

боласыздыр. Ол үшін барлығымыз қоян-қолтық жұмыс істеуіміз қажет. Редакция алқасы негізгі тәртіпке сүйене отырып ең қызықты әрі көкейтесті материаларды жариялайтын болады. Газет сіздер мен біздер үшін аса қымбат. Павлодар

мемлекеттік педагогикалық институты әр кез білім саласындағы табыстары мен жетістіктері, сондай-ақ өзіндік қолтаңбасы және ерекше дәстүрлері арқылы өз мақсат–мүддесіне қол жеткізген. Бұл жолы да өз мақсатымызға жетеміз. «ПМПИ хабаршысының» сіздермен қауышуы жоғары оқу орны тарихындағы ең бір елеулі оқиғалардың біріне айналатынына кәміл сенемін.

«ПМПИ хабаршысы» баршамыздың асыға күтетін әрі сүйіп оқитын газетімізге айналсын!

Ізгі тілекпен, ПМПИ ректоры, ф.ғ.д.Нұрғали АРШАБЕКОВ

Қадамың құтты болсын!

ПМПИхабаршысы

Құрметті оқытушылар, әріптестер және студенттер!

4-бет

Бүгінгі санда

5-бет

5-бет

6-бет

7-бет

Page 2: ПМПИ хабаршысы

№1 (1), 2012 ж. мамыр№1 (1), 2012 ж. мамырПМПИхабаршысы

Еще осенью мы завидовали тем вузам, которые смогли представить на фестиваль студенческих СМИ свои газеты и журналы. Нам на тот момент похвалиться было нечем. Но благодаря усилиям руководства нашего института мы теперь сможем исправить положение. Рад, что у вуза появилась своя газета. Теперь

22

«ПМПИ хабаршысына» ақ жол!Институтымыздың мерей-

тойы қарсаңында «ПМПИ хабаршысы» газетінің оқыр-мандарға жол тартуы бізді қуантады. Адам үшін ең маңызды басты құндылық – рухани байлық. Қазіргі кезеңде тəуелсіз еліміздің ертеңі – жастар білімінің

тереңдігімен, рухани байлығының молдығымен өлшенеді. Ал, келешек педагогтердің білімді əрі тəрбиелі болып шығуына əсер ететін ең маңызды көрсеткіш – студенттердің арасында жүргізілетін тəрбие жұмысы.

Басылым студент жастардың арасында ұйымдасты-рылып жатқан əртүрлі іс-шараларды, тəрбие жұмысын насихаттауда, студенттердің шығармашылық қабілет-терін шыңдауда маңызды рөл атқарады деген ойдамын. Сондай-ақ студент жастар күнделікті қызығы мен шыжығы мол студенттік өмірлерінен сыр шертсе, түйіні шешілмеген проблемалық мəселелерді көтерсе,

онда біздің мақсатымыздың орындалғандығы. Сондай-ақ жаңа заманғы ақпараттық кеңістік түпсіз

дария секілді. Жаһандану заманының ақпараттық желісі мен тұтынушылардың талғамды сүзгісі тым жоғары екендігі де жалпыға белгілі ақиқат. Осындай жауапты жұмысты əр кез абыроймен атқарады деген сенімдемін.

Газеттің өзіндік бет-бейнесі айқындалып, облыстық газеттердің дəрежесіне жетуіне тілектеспін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық-саулық, құт-береке жəне барлық арман-мүдделеріңіздің ойда-ғыдай орындалуын тілеймін! Осы орайда газеттің шығуына атсалысқан редакция алқасына, ғылыми-басылым орталығы ұжымына, студент жастарға алғысымды білдірумен қатар, шығармашылық табыс тілеймін.

Қаламдарыңыз мұқалмай, əрқашан ұштала берсін!

Тəрбие жұмысы жəне жастар саясаты жөніндегі басқарма бастығы

Нұрлан ҚЫЗЫЛБАЕВ

Зеркало вузовской жизниГлавная цель, которую

ставит перед собой «ПМПИ хабаршысы», – поддерживать имидж нашего института на высоком уровне. Феномен вузовской газеты очень инте-ресен. Она всегда была и остается сильнейшим рыча-гом формирования позитив-

ного общественного мнения о необходимости тех изменений и преобразований, которые проводит наш вуз, и особенно реформ в системе образования республики. Я думаю, она может содержать огромный материал по истории вуза накануне 50-летнего юбилея, по актуальным проблемам современного образования, представляя интерес как для профессорско-препо-давательского состава, так и для студентов.

Считаю, что наше издание будет активно распространяться внутри ПГПИ и «адресно» – по линии Ассоциации выпускников. Газета станет попу-лярной среди выпускников вуза, у которых спустя годы появится возможность сравнивать и оценивать

происходящие в институте перемены.Но, прежде всего, вузовская газета, как и всякая

другая, интересна сегодняшним читателям, ее непосредственным адресатам: преподавателям, сту-дентам, всем сотрудникам, составляющим столь сложную систему, какой является современный вуз.

Приятно быть свидетелем всего нового, хорошего и еще приятнее, когда это новое создается при нашем участии. Мы уверены, что наша газета, которой суждено пройти вместе с институтом по восходящему пути значительно дальше всех нас, будет именно такой. Пусть она растет и шагает в ногу с нашим вузом и, как живой участник и свидетель всех событий и этапов развития, пронесет наши дела, планы и мечты через годы и десятилетия как эстафету к следующим поколениям студентов. Я уверена в том, что ПГПИ вполне сможет гордиться своей газетой.

Пожелаем этому изданию стать зеркалом институтской жизни, пожелаем талантливых авторов и благодарных читателей!

Асем ИЛЬЯСОВА,декан факультета истории, экономики и права

Рассказать о наболевшемкаждый студент может рассказать о наболевшем, поделиться радостью, поздравить однокурсников с достижениями в учебе и спорте, написать о любимых преподавателях и даже о недостатках, которые мешают учебному процессу.

Желаю этому изданию хороших талантливых авторов, интересных идей и чтобы все ваши планы осуществились.

Рустам БЕСЕНОВ, председатель Комитета по делам молодежи ПГПИ

Page 3: ПМПИ хабаршысы

ПМПИхабаршысы№1 (1), 2012 ж. мамыр№1 (1), 2012 ж. мамыр

мəселелерін назардан тыс қалдырмауымыз керек.Мен осы газет ғұмыры ұзақ болып, оқырмандар саны көбейіп, сапалы, мазмұнды болып басыла-тынына сенімдімін. Бар-лығы өз қолымызда. Сондықтан жалындаған отты өшірмей ары қарай жалындатуға дарынды жастарды шақырамын.

Жастілек ТІЛЕУЛЕСОВ «Ақиқат» дебат клубының төрағасы

тарих, экономика жəне құқық факультетінің студенті

33

Шығармашылық табыс тілейміз!

Газета найдет своих читателей

Әр санын асыға күтеміз

Павлодар мемлекеттік педагогикалық инсти-тутының қабырғасында «ПМПИ хабаршысы» атты газеттің шығуы - кітапхана қызметкерлері үшін үлкен қуаныш. Бұл басылым кітапхананың дамуына елеулі үлес қосады. Оқырмандардың рухани азық жəне сенімді серік бола алады.

«Кітапхана хабарлайды» айдарында кітапханада өткізілген іс-шаралар кеңінен қамтылып, олар туралы қысқаша ақпарат, сонымен қатар ғылыми кітапханаға түскен «Жаңа кітаптар» туралы толықтай мəлімет беріледі.

Оқырмандар кітапхана туралы өздерінің ой-пікір, көз-қарастарын білдіреді деген сенімдеміз.

«ПМПИ хабаршысы» газетiнiң болашақта та-ралу ауқымының қазiргiден де ұлғайып, қанатын кеңге жайып, шығармашылық жаңа табыстарға жете беруiне тiлектестiгiмiздi бiлдiремiз. Газет ұжы-мын құттықтай отырып, толағай табыс тiлеймiз.

Ойларыңыз ұтқыр, қаламдарыңыз қарымды болсын.

Ғылыми кітапхана ұжымы

«ПМПИ хабаршысы» – первая студенческая газета Павлодарского государственного педагогического института. В данном издании будут публиковаться все значительные новости и события жизни нашего вуза, фотоматериалы, анонсы прошедших и предстоящих событий. Здесь читатели смогут познакомиться с новостями, затронуть актуальные вопросы и проблемы, интересующие нынешнее поколение.

Отныне каждый студент может рассказать о наболевшем, поделиться радостью, поздравить однокурсников с достижениями в учебе и спорте, написать о любимых преподавателях и даже о недостатках, которые мешают учебному процессу... Любой читатель сможет высказать свое мнение по тому или иному вопросу, самореализоваться с помощью авторства, написать обо всем, что его волнует.

Хотелось бы, чтобы информация была свежей, своевременной. Ведь каждому студенту важно, интересно и даже полезно знать, что происходит или будет происходить в его институте. Хорошо бы охватить как можно больше студентов. Одних – в роли читателей, других же – в роли редакторов, организаторов.

Двери редакции всегда будут открыты для всех желающих написать интересную статью или просто предоставить актуальную информацию о людях, событиях и фактах.

Мы надеемся, что наша газета найдет своих читателей и станет очень популярной, привлекая все больше и больше студентов!

Райхан МАНГУТОВА,Альянс студентов Казахстана

Еліміздің көптеген жоғары оқу орындарында өздерінің жеке газеттері бар. Енді олардың қатарына біздің институт қосылды. Бүгін сіздер «ПМПИ хабаршысы» атты газеттің алғашқы нөмірін оқып отырсыздар. Газет беттерінен біз институтымыздың жаңа белеске шыққан жетістіктерін көре аламыз. Газетте студенттермен ұстаздардың мақалалары немесе өлең шумақта-рын, пікірлерін мен əңгімелерін жəне институт ішінде болып жатқан іс-шаралар жайлы оқи аламыз. Себебі əр студент институт қабырғасында болып жатқан іс-шараларды біле алмайды, ал енді осы газет арқылы толық мағлұмат ала алатын мүмкіндік туды. Əрине институтымызда көптеген талантты жастар үшін бұл үлкен мүмкіндік екенін білеміз. Яғни біз студенттер арасында рухани байлықты арттыру, мəдени көзқарасты дамыту, ақпараттық көзді толықтыру

Page 4: ПМПИ хабаршысы

№1 (1), 2012 ж. мамыр№1 (1), 2012 ж. мамырПМПИхабаршысы44

ПМПИ түлектерінің I форумы қарсаңындаПМПИ өз түлектерін шақырады

Ертіс өңіріндегі мұғалімдерді даярлайтын бірден-бір жоғары оқу ор-ны – ПМПИ. Биыл - аталмыш білім ордасының 50 жылдық мерейтойы. Мерейтойға дайындық қызу жүргізілуде. Арнайы жоспар құрылып, көптеген шаруалар қолға алына бастады. Жоғары оқу орнының стратегиялық даму жəне тəрбие жұмысы жөніндегі проректоры, 50 жылдықты атап өту жөніндегі жұмыс тобының

мүшесі Ербол Маратұлымен əңгіме өткізген едік.

-Құрметті Ербол Маратұлы, биыл - ұстаздар шаңырағы ПМПИ-дің - 50 жылдық мерейтойы. Сондықтан да əңгімемізді осы тақырыпта өрбіт-сек. Осы мерекеге орай қандай шаруалар жүзеге асырылуда?

-Иə, биыл қара шаңырағымыз есі-гін айқара ашқалы 50 жыл болады. Осы мерейтойды біз мəртебелі түрде атап өткізбекпіз. Жоғары оқу орны ректорының бұйрығы бойынша ПМПИ-дің 50 жылдық мерейтойын атап өту жұмыс тобы құрылып, арнайы жоспар бекітілді. Осы орайда мен мерейтойға орай атқарылатын басты-басты іс-шараларды атап өтейін. Мəселен, қаламыздың бір көшесіне жоғары оқу орнына еңбегі сіңген, танымал бір ғалымның атын беру туралы мəселе қарастырылып жатыр. Білім ордасының ең алғашқы ректоры А.С. Катерининге, институтымызды аяғынан тік тұрғызған əрі 20 жыл басқарған Т.Қ. Шаяхметов ағамызға арналған мемориалдық тақта жəне Г.Н. Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайында мерейтойға арналған экспозиция ұйымдастыру, ардагер ұстаздарымызға құрмет көр-сету, жоғары оқу орнының рəміздерін жасау секілді бастамалар көтеріліп, қолға алына бастады. 15 маусымда ПМПИ-дің əр жылдағы түлектерінің I форумын өткізбекпіз. Сонымен қатар мерейтой қарсаңында əртүрлі циклде хабарлар жүргізіледі, олимпиада, сайыс, конференция, конкурстар өтеді, естелік, кітаптардың таныстырылымы болады, алыс-жақыннан қонақтар шақырылады. Ардагер-ұстаздарға құр-мет көрсету шаралары өткізіледі. Міне, осы секілді негізгі бастамаларды атап өтуге болады.

-Жаңа ПМПИ түлектерінің фо-румы өтеді дедіңіз. Форумның басты мақсаты не? Оған кімдер қатысады? Осы жөнінде кеңірек тоқтала кетсеңіз.

-Біздің институт өзінің жарты-

ғасырлық тарихында отандық ғылым, білім беру мен өнердің дамуына зор үлес қосып жүрген 30 мыңнан астам маман даярлап шығарды. Осы уақыт ішінде институтты бітірген мыңдаған маман - бүгінгі белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, білім беру ұйымдарының басшы-лары, атақты ұстаздар, спорт майтал-мандары жəне бизнесмендер. Олар республикамыздың əр өңірінде, тіпті көршілес Ресейде, алыс-жақын шетелдерде абыроймен қызмет етуде. Форумның мақсаты - осы түлектеріміз бен бүгінгі жоғары оқу орны қызметкерлері жəне студент жастарды біріктіретін түлектер Қауымдастығын құру. Жа-ңадан құрылайын деп жатқан бұл Қауымдастық ПМПИ-дің беделін көтеру, тəжірибе алмастыру, Қауым-дастық мүшелерінің шығарма-шылық жəне ғылыми əлеуетін жү-зеге асыру, студенттердің кəсіби даярлығына жəрдемдесу, олардың тəжірибеден өтуі мен машықтануына ықпал ету, сондай-ақ ПМПИ күні, жалпыинституттық түлектер кеші, түлектердің бейресми кездесулері сынды корпоративтік шараларды ұйымдастыру, студенттердің жұ-мысқа орналасуына жəрдемдесу, мансабын жоғарылатуға кеңес бе-ру сияқты көптеген мəселелерді шешуге мүмкіндік туғызады. Сон-дай-ақ Қауымдастық дарынды жəне белсенді студенттерге арнайы шəкіртақы, грант тағайындап, көтер-мелеп отырады. ПМПИ-де түлектер Қауымдастығы туралы Ереженің жобасы əзірленді. Өзге де қажетті құжаттар дайындалу үстінде. Сондай-ақ, жарты ғасыр аз мерзім емес. Көп түкірсе көл демей ме... Жақындап қалған мерейтойымызды өткізуге барлық түлектер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, мерейтойды атап өтуге жұмыла кіріссе деген ұсынысымыз да бар. Бірі рухани көмек көрсетсе, келесісі материалдық қол ұшын

береді деген ойдамыз. Форумда осы мəселелер ортаға салынып, олардың пікір-ұсыныстарын тыңдамақпыз.

- Сіздің басшылық жасайтын бір салаңыз - студенттердің тəрбие жұмысы яғни жастармен жұмыс жасау. Мерейтой қарсаңында студент жастарға арналған қандай шаралар өтеді?

-Əрине, институт ұстаздарымен жəне студенттерімен институт. Оқу ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тəрбие беруде сүбелі үлес қосатын, өңір педагогтерін даярлайтын бірден-бір жоғары оқу орны. Сондықтан да келешек ұстаздардың білімді де білікті, саналы да тəрбиелі болып шығуына əсер ететін ең маңызды бір фактор – студенттердің арасында жүргізілетін тəрбие жұмысы. Оларға арналған көптеген істер жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, мерейтой қарсаңында жоғары оқу орнының ең үздік студенттерін анықтадық. ПМПИ жанындағы театр студиясының 2 рет премьералық қойылымы көрсетілді. Келесі жаңа оқу жылында болашақ студенттеріміз 7-8 сынып оқушыларының арасында қазақ тілі пəнінен облыстық олимпиада, тағы мектеп оқушыларының ара-сында өңіраралық эвристика олим-пиадасы ұйымдастырылады. ҒалымТ.Қ. Шаяхметовті еске алуға арналған бокстан ашық турнир, оқытушылар мен қызметкерлер жəне студенттер арасында шаңғы жарысы, «ПМПИ – менің махаббатым» атты студенттер фестивалі, сондай-ақ өңіраралық КТК сайысы, пікір-сайыс секілді көптеген шаралар өткізіледі. Сөз соңында айтарым, біздің əр жылдағы студенттерді «ПМПИ түлектерінің I форумына» шақырамын. Форумға қатысып, білім ордамыздың мерейтойын атап өтуге атсалысыңыздар демекпін.

- Əңгімеңізге рақмет. Келе жатқан мерейтой құтты болсын!

Март ХАНАТ

Page 5: ПМПИ хабаршысы

ПМПИхабаршысы№1 (1), 2012 ж. мамыр№1 (1), 2012 ж. мамыр

П а в л о д а р м е м л е к е т т і к педагогикалық институтының ректоры Нұрғали Рахымғалиұлы Аршабе ко вт і ң атынан білім о р д а с ы н ы ң с т у д е н т т е р і Алғыс хат пен

ақшалай сыйлыққа қол жеткізді. Жыл бойы бұл студенттер үздік оқып, қоғамдық жұмыстардан қалыс қалмай, институт дамуына қомақты үлес қосты. Олар:

Күнтуған Еркебұлан – физика-математика факультетінен;Шакибаева Мақпал – филология факультетінен;Райысбек Үмбетбек – филология факультетінен;Оралхан Айбек – филология факультетінен;Сыздықова Əйгерім – филология факультетінен;Жұмағұлова Айгүл – тарих, экономика жəне құқық

факультетінен;Зейнелхан Маржангүл – тарих, экономика жəне құқық

факультетінен;Ерен Аманжол – дене тəрбиесі жəне спорт факультетінен;Бесенов Рустам – тарих, экономика жəне құқық

факультетінен;Аманбаев Азамат – педагогика-психология факультетінен;Сыздықов Еркебұлан – ПМПИ колледжінен;Шушарина Алена – ПМПИ колледжінен.

55

Лучший студент ПГПИ

Құттықтаймыз!

Мадина Муканова удачно выступила на турнире «Кубок Фландрии»

В конкурсе приняли участие студенты 1-4 курсов очного обучения, успевающие только на «хорошо» и «отлично». Организаторами были учреждены четыре номинации. Называем имена победителей.

1. Достижения в научно-исследовательской деятельности: 1 место - Кенжегалин Алмас (ИэиП), второе - Даирбаева Динара (ФЕ), а третье - у Заровного Кирилла (ФЕ).

2. Участие в общественной деятельности института, социально-значимая и организа-ционная деятельность: 1 место - Бесенов Рустам (ИЭиП).

3. Достижения в области культуры и искусства: 1 место - Оралхан Айбек (ФФ), второе - Хузаир Өзгерис.

4. Достижения в спорте: 1 место - Петракова Марина (ФКиС), второе - Манасова Умут (ФКиС), третье - Муштаёв Максим (ФКиС).

Ольга ГАЛЧУН

ПМПИ-дің жаңа рәміздері: герб, жалау, эмблема В Павлодарском государственном педаго-

гическом институте прошел общевузовский конкурс «Лучший студент ПГПИ».

Спортивные рекорды

Көп кешікпей мұғалімдердің қара шаңы-рағы аталған институтымыздың 50 жылдық мерейтойы. Осы орайда білім ордамызда көптеген жаңа бастамалар көтеріліп, көп-теген игі шаралар ұйымдастырылуда. Со-ның бір айқын куəсі жақында жоғары оқу орнында əзірленген ПМПИ-дің рəміздерін Ғылыми кеңес бекітті. Бұлар – герб, жалау жəне эмблема. Бұлардың үлгісін педагогика кафедрасының аға оқытушысы Бауыржан Абылайұлы Нұрымов жасады.

ПМПИ-дің аталмыш рəміздері жоғары оқу орнының құжат-тамасында, ақпараттық хат-тарда, сондай-ақ əртүрлі шараларды рəсімдеуде пайда-ланылатын болады. Рəміз-дердің сипаттамалары тура-лы кеңінен танысқысы, біл-гісі келген əркім жоғары

оқу орнының сайтынан көруге болады. Институттың əр оқытушысы, əр қызметкері, əр студенті жоғары оқу орны рəміздерінің сипаттамаларын білуі тиіс.

Рəміздердің авторы оқытушы Бауыржан Нұрымовқа алғысымызды білдіреміз.

Жаңа рəміздер құтты болсын!Март ХАНАТ

18-21 мая в Амстердаме (Голландия) прошел Между-народный турнир по художественной гимнастике «Кубок Фландрии».

Студентка 1 курса факультета физической культуры и спорта ПГПИ, член Национальной сборной Республики Казахстан, мастер спорта международного класса Муканова

Мадина в мно-гоборье заняла п о ч е т н о е четвертое место, а в упражнении с мячом под-нялась на третью ступеньку пье-дестала почета.

К а н а т ЕСКЕНДИРОВ

Мгпчаснсд

Е

Page 6: ПМПИ хабаршысы

№1 (1), 2012 ж. мамыр№1 (1), 2012 ж. мамырПМПИхабаршысы66

Наши ветераны - главные юбиляры. Многие из них стали замечательными педагогами, защитили докторские и кандидатские диссертации, воспитали целую плеяду прекрасных учителей, вырастили собственных детей, открыли своим воспитанникам широкую дорогу в жизнь, состарились. Но творческий огонек продолжает гореть в душе каждого из них.

В институте 156 ветеранов и пенсионеров, из них 81 - заслуженные. Они имеют ученые звания и степени, награждены за заслуги на ниве просвещения. Забота о ветеранах - первостепенная задача для тех, кто учит и учится в настоящее время.

Возглавляет ветеранское движение Совет ветеранов, который оказывает помощь в вопросах материальных условий жизни, культурно-бытового, медицинского и других видов обслуживания. Организуются встречи ветеранов в День пожилого человека, День Победы, в юбилейные даты. Посиделки, “капустники”, чаепития стали традиционными. Здесь ветераны черпают радость общения, бодрость и задор.

Студенты и ветераны больше и лучше узнают друг друга, старшее поколение чувствует теплоту и заботу. Мы хотим воспитать у наших студентов трудолюбие и доброту, стремление учиться и потребность стать настоящим гражданином нашего общества. И у нас получается. Особенно это видно по отношению студентов к проблемам старшего поколения во время проведения акций «Милосердие».

Молодежь с готовностью откликается на призыв помочь ветеранам: сделать в квартире генеральную уборку, вымыть окна, вскопать дачу. Они вместе с членами Совета ветеранов посещают квартиры одиноких, малообеспеченных, при-кованных к постели, помогают в быту, поздравляют с днем рождения, праздниками, дарят подарки.

В этом году по просьбе Совета ветеранов был организован волонтерский отряд из числа студентов и учащихся колледжа ПГПИ. Руководил отрядом студент первого курса кафедры музыкального образования, председатель

Комитета по делам молодежи Р. Бесенов. Отряд получил первое задание: провести уборку территории захоронений воинов ВОВ и тружеников тыла на Суворовском кладбище. Наши волонтеры увидели жалкое зрелище: замусоренная территория, неухоженные могилы, запустение.

Студенты привели в порядок центральные аллеи, очистили от мусора прилегающие к ним захоронения воинов, возложили цветы к Обелиску славы.

В работе волонтерского отряда приняли участие члены Совета ветеранов, специалисты управления по воспитательной работе Николай Кожахметов, Куаныш Солтанбаев, Ринат Сулейменов, большую помощь оказал начальник управления Нурлан Кызылбаев. Дирекция Суворовского кладбища выразила благодарность за проделанную работу. Участники акции намерены провести такую уборку и на мусульманском кладбище.

Мы убеждены, что совместная работа ветеранов и студентов будет прекрасным подарком к 50-летнему юбилею института, и уверены, что наши студенты и люди старшего поколения будут верны принципу «Никто не забыт, ничто не забыто».

Т.И. ВАСИЛЬКОВСКАЯ, председатель Совета ветеранов ПГПИ

Комитета по делам молодежи Р. Бесенов. Отряд получилКК

Совет ветеранов

Достойно встретим юбилей

С Днем Победы!

Для студентов и сотрудников ПГПИ 2012 год особенный. 1 декабря 1962 года открылись двери аудиторий и прозвенел первый звонок. Этот звонок вот уже 50 лет продолжает приглашать студентов и преподавателей в лекционные аудитории, учебные лаборатории, спортивные залы. Вэтом году 1 декабря мы все будем отмечать пятидесятилетие родного института.

В Павлодарском государственном педагогическом институте есть свои ветераны, много лет проработавшие здесь в мирное время. Это Молчанов Андрей Леонтьевич, который сражался на фронте, прошел всю войну. Также трудились в нашем вузе те, кто ковал Победу в тылу, работая на заводах, фабриках, полях. Ныне труженики тыла приравнены к ветеранам войны. Это В.А. Алпеева, А.К. Бахарева, В.Н. Афанасьева, В.Т. Белошапкина, В.А. Бородихин, Ю.А. Головин, Т.С. Жаркова, Г.Я. Коробкин, М.И. Малых, К.И. Микута, Овчинникова Э.К., Е.П. Серова, Т.И. Панова,

Е.Н. Ситникова, Н.Г. Шафер, блокадница Н.М. Ахметзянова.7 мая в ПГПИ чествовал своих героев. Студенты подготовили

праздничный концерт, накрыли для ветеранов стол. Каждый получил поздравительные адреса к Дню Победы, цветы и денежные премии от имени руководства. В завершение праздника все его участники посетили Обелиск славы и возложили цветы павлодарцам, отважно сражавшимся на фронтах Великой Отечественной войны.

Ольга ГАЛЧУН

В этом году мы отпраздновали 67-ю годовщину Победы, ставшей возможной благодаря мужеству и героизму солдат Великой Отечественной войны 1941-1945 годов. Все дальше в прошлое уходит тот незабываемый день, когда отгремели победные залпы. И с высоты сегодняшнего дня все ярче видится то время, когда наш народ совершил свой ратный подвиг.

Page 7: ПМПИ хабаршысы

ПМПИхабаршысы№1 (1), 2012 ж. мамыр№1 (1), 2012 ж. мамыр 77

Кездесу өз жалғасын тапты

Славян мәдениеті мен жазбалары күні аталып өттіПМПИ - Қауымдастыққа мүше

Институт тынысы

халықаралық ынтымақтастық

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Нұрғали Рахымғалиұлы Аршабеков Қашыр жəне Железин аудандарының мектеп бітіруші түлектерімен кездесті Ректор мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымына бүгінгі таңда еліміз дамуының жаңа кезеңі барлық салалардың инновациялық-индустриялық дамуына кө-шуді қарастыратын жаңа міндеттері жайлы кең көлемде əңгімеледі. Бұл – жаңа талаптарға сəйкес білім беру жүйесін дамыту деді ол сөзінде. Осы мақсаттарды іске асыру үшін 2010 жылы Мемлекет басшысы білім беруді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бұл стратегиялық құжатта Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының 2011-2020 жылдарға арналған білім беру саласы ұйымдастыру негізі қаланған. Сонымен қатар адами капиталды қалыптастыру, инновациялық жобаларды жүзеге асыру, жоғары білікті мамандар даярлау,

жаңа технологияларды енгізіп, пайдалануға ерекше назар аударылады. Білім бар жерде, даму, жетілу, кемелдену бар. Сондықтан кəсіби маман болып, сұранысқа ие болу үшін мамандық таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарау керек деп сабақтады ол өз сөзінде. Біздің институт – еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарының бірі. Биыл ол өзінің 50 жылдығын атап өтпек. Жарты ғасыр уақыт ішінде біршама қоғам қайраткерлері мен ғылым докторларын жəне танымал педагогтерді ұшырған құтты ұя. Білім ордасы ұстаздарды даярлайтын құтты мекенге айналды. Жүзден астам профессорлар мен ғалымдар дəріс оқып, студенттерді білім нəрімен сусындатуда. Ректормен болған жүздесу соңында мектеп оқушылары мамандықтар жайлы сұрақтарын жаудырып, оларға толыққанды жауап алды. Кездесу кең ауқымда өтті.

Үстіміздегі жылдың 22 мамыры күні Омбы қаласында Ресей Федерациясы жəне Қазақстан Республикасымен шекаралас аймақтардың II форумы өтті. Форумға Павлодар мемлекеттік педа-гогикалық институтының ректоры Н.Р. Аршабеков жəне Алтай, Омбы, Том қатарлы танымал жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Маңызды өткен бұл Форумда педагогикалық жоғары оқу орындарының трансшекаралық білімін дамыту бойынша Қауымдастығы құрылды. Құрамына Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясы, Омбы мемлекеттік педагогикалық институты жəне Том мемлекеттік педагогикалық институты енді.

Қауымдастықтың басты мақсаты – адам капиталын дамыту жəне өңірлердің педагогикалық білім берудің бəсекеге қабілеті мен сапасын арттыру. Сондай-ақ Форумда Қауымдастықтың негізгі міндеттерін анықтады.

Март ХАНАТ

Павлодар мемлекеттік педагогикалық инсти-туты қабырғасында Павлодар облысы тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен жəне білім ордасының орыс тілі жəне əдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен Славян жазбалары мен мəдениеті күні аталып өтілді. Дөңгелек үстел нысанында өткен кездесуді институтымыздың стратегиялық даму жəне тəрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ербол Маратұлы Исақаев ашты. Шараға ұлттық мəдениет орталықтарының жетекшілері, мəдениет жəне білім мекемелерінің қызметкерлері қатысып, өркениет тарихындағы Кирилл жазулары мен славян мəдениетінің рөлі жəне олардың заманауи мəдениет кеңістігіндегі хал-ахуалы жайлы сөз өрбітті. Алғаш əдеби жəне кітаби тілді қалыптастырған Кирилл мен Мефодийдің еңбегі зор. Олардың қалдырып кеткен жазбалары орыс, белорусь, украин тілдерінің жаңа өркениетке қадам басуына жол ашты.

Əйгерім ҚАБИДЕНОВА

Page 8: ПМПИ хабаршысы

№1 (1), 2012 ж. мамыр№1 (1), 2012 ж. мамырПМПИхабаршысы

«ПМПИ хабаршысы» ай сайынғы басылымҰйымдастырушы: РМҚК «Павлодар мемлекеттік педагоги-калық институты»Газет Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде 2012 жылғы 6 наурыз күні есепке алынды.Куəлік №12627-ГБас редакторы: ф.ғ.д., Н.Р. АршабековҮйлестірушілер: Əйгерім Қабиденова, Ольга Галчун, Марта ХанатДизайнын жасаған жəне беттеген: Гүлсім Елмұратова

Корректорлар: Ульян Мақұл, Светлана АбдуалиеваФототілші: Қуаныш СолтанбаевРедакцияның мекенжайы: 140002, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60-үй, 310-кабинет, тел. 8 (7182) 65-16-19Электронды пошта: pgpi_1@mail. ruГазет ПМПИ-дің ғылыми-баспа орталығында басылып шығарылдыКөлемі: баспа табағыТаралымы: 500 дана

88Поэзия айбыны

ПМПИ-де поэзия жолында қалам тербеп жүрген талантты, ақын студенттер көп. Солардың шығармашылығына арнап «Поэзия айбыны» атты айдар ашып отырмыз. Осы айдарға арналған өлеңдеріңіз бен шығармаларыңызды асыға күтеміз. Бұл жолы институттың филология факультетінің студенттері Аңсаған Құсайынұлының жəне Оралхан Айбектің өлеңдерін ұсынып отырмыз.

Өмірінде автобусқа мініп көрмеген жігіт, бір күні автобусқа мініпті. Сонда кондуктор:- Ахмет Байтұрсынов аялдамасы бар ма? -депті. Біреулер: - Бар, бар - деп түсіп кетіпті. - Келесі аялдама Абай Құнанбаев. Бар ма? - Бар, - деп тағы біреу түсіпті. Бұны көрген жаңағы жігіт аң-таң кондуктордан сұрапты: - Көке, менің аты-жөнім Ахметов Жомарт еді, мен қай жерден түсуім керек??? -деп жылап жіберіпті.

Бір студент емтиханға келіпті. Мұғалімнің столына бір коробка конфет қойыпты. Мұғалім: - Жақсы үш. Студент бір коробка торт шығарғанда. Мұғалім: - Жақсы төрт. Содан кейін студент қымбат бір қалам шығарғанда: - Жақсы бес, зачеткаңызды беріңіз -депті де, сол ручкамен бағасын қойып беріпті. Студент столға қойған барлық затты қайтып жинап алып: - Жақсы, енді барып физикамды қойдырып, алайын-деп кетіп қалыпты.

* * *

Мен академиялық демалыс алсам ба деп едім? - Ауырып жүр ме едің? - Жоғ-ə, келесі жылы стипендияны көбейтетін көрінеді.

Құрметті достар, мені танисыңдар ма? Жоқ, а? Мен киноға түстім ғой. «РЭКЕТИР» деген. -Қай жеріне? Руслан 5-қабаттан бір адамды лақтырды ғой. Сол мен. Арқам жаман ауырды.

Емтиханда мұғалім: - Студент, фамилияңыз қалай? - (Жымиып тұрып) Қасымов. - Несіне жымиып тұрсыз? - Бірінші сұраққа дұрыс жауап бергеніме қуанып тұрмын.

* * *

* * *

Әзілдер

Бірде бір студент қалада сабақ оқып жүріп, былай деп үйіне хат жазыпты. Əке маған дəптер-мəптер, бал-сұл,киім-кешек алатын 100 000 (жүз мың) теңге салып жіберіңіз депті. Сонда əкесінен былай хат пен ақша

келіпті. Балам, дəптер ал, мəптерді қайтесің, бал ал, сұлды қайтесің, киім ал, кешекті қайтесің деп 50000 (елу мың) теңге салып жіберіпті.

Білімнің бастауы

Ұлағат ұясы

Бір қыз бар күлкісі күмбір сымбатты,Жанары оттай жайнаған.Бұрымы толқын сияқты.Жотасында ойнаған.Қиғаш қасты қара көз

Бəрінен қымбат ол маған.

Жарасқан сəнді киімдіСөзі де сыңғыр, сыйықты.Қайтпас қайсар қылықты,Жүректе сезім шарпыған.Сол бір қыз маған сүйіктіҚызғалдақ сезім тарпыған.

Сол сұлу қыз Баян ба,Қозысын іздеп шарқ ұрған.Болармын бəлкім МəжнүніЛəйлісіне жан құрбан.Сол қыз маған сүйікті

Жүректе жүзі жаңғырған.

Аңсаған ҚҰСАЙЫНҰЛЫ

Мен ғашық жанның бейнесіБілімнің теңізінде толқындаған,

Бір алып кемесің сен алтын таған.Өзің баптап ұшырған əр студенттіңӨзің десе сезімі сарқылмаған.

Білімнің бастау бұлағы,Ғылымның жанған шырағы.Ұлағатты ұстаз ұраны - Көргім кеп сені тұрады, Оқу Ордам.

Көгінен кемел білім күйі ағыла, Қондырып асқақ арман қиялына,Болашақ ұстаздарды тəрбиелеп,Елімнің ұшыра бер қиянына.

Төл Ордам - қасиетті төрім менің,Ақтай бер еліміздің сенімдерін.Білім мен тəлім беріп тиянақты,Отанның өсіре бер өрімдерін.

Айбек ОРАЛХАН

Тербеген тəрбие бесігін,Кенені кемелдік көшінің.Халыққа қалтқысыз қызмет қып,Білімнің көпке ашқан есігін.

Білімнің бұлағы,Сенімнің тұрағы,Ұстаздың ұраны – алтын Ордам!Ғылымның шырағы,Ілімнің шуағы,Жастықтың жыр əні – жарқын арман!

Жұртымды жаңғырту жолында,Жол ашқан ұстаз бен ғалымға.Жасампаз Ордасы оқудың,Жеңістің жалауы қолыңда.

Елімнің ертеңгі ырысыПедагог – мектептің тынысы.Ұлағат ұясы – бұл Ордам,Ұстаздық ұлы істің ұлысы.

Білуге жұмсаған уақытты,Шаңырағыңнан тапқан жаһұтты.Салауатты Ордасы бар сендей,Студенттер қандай бақытты!