М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік...

20
М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі Ашық сабақ Тақырыбы: “Еуразияның географиялық орны. Қоныстануы және зерттелу тарихы”. Дайындаған: География пәні мұғалімі: А.Исабеков 2011 – 2012 оқу жылы

description

М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі. Ашық сабақ. Тақырыбы:. “Еуразияның географиялық орны. Қоныстануы және зерттелу тарихы”. Дайындаған: География пәні мұғалімі: А.Исабеков. 2011 – 2012 оқу жылы. Күні: 17.02.2012 ж. - PowerPoint PPT Presentation

Transcript of М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік...

Page 1: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

Ашық сабақТақырыбы:

“Еуразияның географиялық орны.Қоныстануы және зерттелу тарихы”.

Дайындаған:География пәні мұғалімі: А.Исабеков

2011 – 2012 оқу жылы

Page 2: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

Күні: 17.02.2012 ж.Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ежелгі материктер туралы оқушылардың білімдерін жүйелей отырып,Еуразия материгі,қоныстануы және зерттелу тарихы туралы білімдерін кеңейту.Дамытушылық: Материктің географиялық орнын ерекшелігін көрсету арқылы білімдерін,картамен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: Оқушылардың ұлтжандылық және интернационалдық сезімдерін қалыптастыру.Сабақтың міндеттері:•Материктің географиялық орны ұғымн түсіндіру.•Еуразия материгінің географиялық орнын картадан анықтай алу.•Шеткі нүктелерінің айырмашылығын,маңызын ашып көрсету.Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.Сабақтың әдіс-тәсілі: Салыстыру, картамен жұмыс, әңгімелесу, баяндау.Пән аралық байланыс: тарих,дүниетануСабақтың көрнекілігі: Еуразияның физикалық картасы,фота слайдтар,ежелгі материктер карталары,атлас,қосымша мағұлыматтар. Сабақтың барысы:І-Ұйымдастыру кезеңіОқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,назарын сабаққа аудару.ІІ-Жаңа білімді қалыптастыру: Кластер құру.1. Құрылықтың 1/3 бөлігін алып жатқан2. Жер шарындағы халықтың ¾ бөлігі қоныстанған3. Төрт бірдей мұхит қоршап жатқан4. Біздің отанымыз ҚР жер кіндігі болып саналатын құрлық?

Еуразияның географиялық орны.Қоныстануы және зерттелу тарихы.

Page 3: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

Жүргізуші1.Аманбысыз, Еуразия бабамызБіздер сіздің бір балаңыз боламызҰлы баба бізге рахым етсеңізӨзіңіз жайлы аздап айтып кетсеңіз 1-топ

Еуразия Орасан зор материкпінТөрт мұхит төрт қабырғамАлуан түрлі тірлігіменКөп халық менен табылғанИсландия аралым барТынық мұхит жағасындаВулканым бар отты алыпҰлы қытай жазығында Ырзығын терген көп халықАргипелаг МалайзияТұрады бес мың аралданКүрішпен шәй бұтаБұл жерге тән таралған

ЖүргізушіШынымен зор екенсізМақтануға тұратынБірде көл бірде шөл екенсізТаулардан шеп құратын

2-топМен Африка! Қос мұхит арасында Еуропадан 3 есе үлкен құүрлықпынТүп атып «Еуразия» тайпасында Белімді Экватор кескен құрлықпынМаймыл, піл, жираф, зебра мекен еткен,Какаодан жетістікке жеткен құрлықпын

ЖүргізушіБәрекелді! Қысқа да нұсқа айттыңызСонда –дағы сездік біраз жайтты біз

Page 4: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

ЖүргізушіОтан –Ана қадіріңе жетемінСенен басқа Отанды мен не етемін!Сен мұңайсаң, мен де бірге мұңайамСен қуансаң, міңгі күліп өтемін.Туған өлкем- қандай көркем еді деп.Табынамыз саған атамекенім!Өзіңізге арналған көк тудың желбірегені әнін қабыл алыңыз. 1-топ1.Ең суық жер? Антарктида.2.Ең биік ағаш? Секвоя.3.Ең терең шұңғыма? Мариан.4.Американың байырғы халқы? Үндістер5.Аустралияның қалталы жануары? Кенгуру. 2-топ1.Жағалауын төрт мұхит шайып жатқан материк? Еуразия.2.Қазақстанның климаттық белдеуі? Қоңыржай.3.Ең ұзын өзен? Ніл4.Ең үлкен арал? Гренландия.5.Қазақстан Еуразияда жер көлемі жөнінен нешінші орында? 9-орында. Ұйқасын тап.•Байкал 1.Тау 2 Анхель 2.Көл3. Еділ 3.Арал 4. Тайланд 4. Өзен5.Вольфрам 5.Сарқырама6.Гавай 6.Шөл7.Сахара 7.Пайдалы Қазба8.Альпі 8.Мемлекет Жұмбақтар1-топ1.Бар ма? Жоқ па? оны анық білмейсің? Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)2-топ.Аумаған қар жаумаған қарТаңертең бар сәскеде жоқ. (Қырау)

Page 5: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

Қоныстануы. Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізінен басталған. Осы жағалауда тұңғыш географиялық түсініктер қалптасып, алғашқы географиялық ұғымдар жиналған. Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеңіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарды Крит аралын мекендеген ежелгі минхай халқы негіз салған. Минайлар Египет және Кипер, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сауда қарым – қатынасын жүргізген.Біздің заманымыздың І ғасырында үнділер Суматра мен Ява аралын ашып, қазірі Индонезия жеріне қоныстана бастады. Кейіннен олар Мадагаскар аралын алып, кейбіреулері сонда тұрақтап қалды. Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің де қосқан үлесі зор. Олар Каспий теңізінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді.

Жаңа сабақ:ЕУРАЗИЯ- АЛЫП МАТЕРИК.

Page 6: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

Материкті төрт мұхит бірдей қоршап жатыр. Солтүстігінде –Солтүстік Мұзды Мұхиты Шығысында-Тынық мұхиты(Екі мұхитты кескін картаға түсіру барысында басты ерекшеліктерін,олардың материкке тигізетін әсерін қысқаша айту) Оңтүстік –батысында-Атлант мұхиты Оңтүстігінде-Үнді мұхиты (Екі мұхитты кескін картаға түсіру барысында аралығындағы Жерорта теңізін,дүние жүзіндегі ең тұзды теңіз Қызыл теңізді,Арабия теңіздерін к.к түсіріп, басты ерекшеліктерін,олардың материкке тигізетін әсерін қысқаша айту)Ең биік нүктесі Джомолунгма -8848м.Материктің биік нүктесі Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы Гималайдағы Джомолунгма шыңы.Мұнда Гималайдың оңтүстік шығыс беткейіндегі Жер шарындағы жылдық жауын-шашын ең көп түсетін Черапунджи елді мекені орналасқан.Жылына 12000мм артық жауын-шашын түседі. (кескін картаға түсіру,ерекшелігін қысқаша айту)Терең нүктесі-Өлі теңіз(-403).Бұл теңіз Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жері және Жер шарындағы ең үлкен Арабия түбегінде орналасқан.Түбектің ауданы 3млн.км. кв.

Page 8: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

Еуразияқұрлығындағы Ш.Ш.Уалихановтың зерттеулерінен. Орталық Азия жеріне аяқ басу көптеген ғалымдар мен жиһанкездердің арманы болды. Қазақ халқының ағартушы, географ ғалымы Ш.Уалиханов1856 – 59 жылы аралығында Ресей географиялық қоғамының тапсыруы бойынша Орталық Азиянң сол кезеңге дейін жұмбақ қалпында, қалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Тянь – Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған. Қашғарияның алт шаһарына саудагер ретінде жасырынып барған Шоқан көне тарихи кітаптар, энографиялық бағалы бұйымдар, тау жыныстар үлгілерін жинап қайтты.

П.П.Семеновтың Азияға қосқан үлесі.Н.М.Пржевальский экспедициясының маңызы.

ХІХ ғасырда ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедицияның ашқан жаңалығы маңызды болды. Ғалым Орталық Азияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген. Тибет пен гоби шөліндегі бірнеше тау жүйелерін анықтап, Хуанхе, Янцзы өзедерінің бастауын тапты. Құммен бірге көшіп жүрген Лобнор көлінің табиғат жағдайларын сипаттады. Прежевальский саяхат кезінде жүрген жолдарын картаға түсірді, олардың координаты мен биіктігін анықтады. Орталық Азияға жасаған 5-ші саяхатының бас кезінде қайтыс болды. Ол қайтыс болар алдында өзін Тянь – Шань тауындағы Ыстықкөлдің жағасына жерлеуді өсиет етіп қалдырды.

Page 9: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

Орталық Азия табиғатын зерттеуде орыс ғалымы П.П.Семеновта зор үлес қосқан. Семенов 1827жылы дүниеге келген.Оның бес жасқа толғанда әкесі қайтыс болып,жаңғыз анасымен қалады. Ғалым 13 жасында француз,неміс,ағылшын тілдерін меңгерген.Үйінде жинақталған кітап қорынан әр елдің авторларының еңбектерін өз бетінше сүйіп оқыды.1841жылы Петербург қаласындағы мектепке барды. Мектепті аяқтаған соң жақындарының әскери жолға түсуімен келіспей,Петербург университетінің физика-математика факультетіне оқуға түсті.1848жылы университеті аяқтағаннан кейін өзінің өмірдегі ең алғашқы саяхатын,бірге оқыған жолдасы Н.Я.Данилевскиймен бірге жаяу Петербург пен Москва арасындағы жолдан табиғат байлықтарының түрлерін жинаудан бастады.1849жылдан бастап Семенов Ресейдің үлкен экспедициясының мүшесі болды. Тянь – Шань тауына 2 рет саяхат жасаған. Ұзақ уақыт осы таудың биік нүктесі деп есептелінген, яғни біздің еліміздің ең биік шыңы Хантәңірі шыңын ашқан. Тянь – Шаньның биіктік белдеулерін ажыратып, қар сызығының Альпіден әлдеқайда биік жатқанын анықтады. Ыстықкөл көлінің ағынсыз тұйық, тектоникалық терең көл екендігін дәлелдеген. Осындай зор жетістіктері үшін ғалымның аты – жөніне таудың аты қосарланып берілген. Орта Азиядағы ірі тау жүйесі, биік шың мен мұздық П.П.Семенов – Тянь – Шанский есімімен аталады.

Page 10: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

р/с Сұрақтар Жауаптар1 Гректің атауы «барлық құрлық» деген сөзінен шыққан

ежелгі біртұтас құрлық

2 180-200 млн жыл бұрын Солтүстік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық

3 180-200 млн жыл бұрын Оңтүтік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық

4 Ежелгі Лавразия құрлығының құрамында болған

Төрт мұхит бірдей қоршап жатқан

Біздің Отанымыз ҚР орналасқан

Дүние жүзінің ең биік шыңы орналасқан

Дүние жүзіндегі ең үлкен құрлық

2-Тапсырма: Сәйкестендіру тест жұмысы.(Тақтада берілген карталар бойынша тестің жауабын сәйкестендіру)Берілген карталар:Еуразия,Лавразия,

Пангея,Гондванна,Солтүстік Америка құрлықтарының карталары.

Page 11: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

3-Тапсырма: Еуразия материгінің географиялық орнын анықтай отырып кескін картаға түсіру. Түсіру барысында әр жердің басты ерекшелігін айту.(Тақтадан ГО-анықтау жоспары мен кескін картаны көрсету)

Материктің географиялық орнын сипаттау жоспары:І. Материктің атауы. S: Х-ІІ. Басқа материктерге қатысы (дүние бөліктері бойынша)ІII. Материк жағалауын қандай мұхиттар мен теңіздері шайып жатыр?VI. Материктердің ірі өзендерін ата?V. Қандай биік тауларды білесіңдер?

Page 12: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

VІ. Қандай климаттық белдеулерде жатыр?Сұрақ: Материктің басқа материктерге қатысын, Еуропа ,Азия терминдерінің қалыптасуын,шекарасын картадан анықтай отырып белгілейді.Жауабы: Еуразия материгінің басты зерттеулеріне сүйенсек, Жерорта теңізінен әртүрлі бағытта кемемен жүзіп өткен финикиялықтар өздеріне белгісіз батысты «Эреб»,шығысты «Асу»деп атаған.Кейінен бұл ұғымдар негізінде қазіргі Еуразияны құрайтын дүние бөлігі «Еуропа» мен «Азия» терминднрін қалыптастырған.Еуропа мен Азия дүние бөлігінің шекарасы (Орал тауларының шығыс етегі,Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жағалауы,Кума-Маныч ойысымен Азов,Қара теңіздерді және

Жерорта теңізімен байланыстыратын бұғаздар арқылы бөлінеді).Солтүстік шеткі нүктесі-Челюскин мүйісі (77 с.е,104 ш.б) Оңтүстік нүктесі-Пиай мүйісі (1с.е,103 ш.б) Бұл екі нүктенің арасы 8000 км созылып жатыр.Кейбір аралдар солтүстік полюске таяу орналасса,Малайя архипелагының аралдары эквотордан солтүстікке қарай 11 градус о.е дейін созылып жатыр.

Page 13: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

4. Логикалық ойлау. Әлемдегі ең,ең,ең...

Е. Ең үлкен құрлық ...................................................

У. Ең биік шың ...........................................................

Р. Ең терең нүкте (теңіз деңгейінен).......................

А. Ең үлкен көл ............................................................

З. Ең тұзды теңіз.........................................................

И. Ең терең көл ............................................................

Я. Ең жауын- шашын көп түсетін аймақ ...............

Page 14: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

Жер шарындағы халықтың ¾ бөлігі

қоныстанғанҚұрылықтың 1/3

бөлігін алып жатыр

Төрт бірдей мұхит қоршап жатыр

Біздің отанымыз ҚР жер кіндігі болып

табылатын

Кластер құру

Page 16: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

Үнді мұхиты

Солтүстік мұзды мұхиты

Page 17: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

Сұрақтар Жауаптар1 Гректің атауы «барлық құрлық» деген сөзінен

шыққан ежелгі біртұтас құрлық

2 180-200 млн жыл бұрын Солтүстік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық

3 180-200 млн жыл бұрын Оңтүстік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық

4 Ежелгі Лавразия құрлығының құрамында болған Төрт мұхит бірдей қоршап жатқан Біздің Отанымыз ҚР орналасқан Дүние жүзінің ең биік шыңы орналасқан Дүние жүзіндегі ең үлкен құрлық

Cәйкестендіру тесті

Page 18: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

S=53,3 млн.км.кв. Материктің атауы -Еуразия Х-4 млрд.тан астам

Материктің географиялық орнын сипаттау жоспары:

1. Материктің атауы,көлемі

2. Басқа материктерге қатысы,дүние бөліктері

3. Материктің шеткі нүктелерін,координаттарын аңықтау

4. Материк жағалауын қандай мұқиттар мен теңіздер шайып жатыр?

5. Ең биік және терең нүктесі

6. Қандай климаттық белдеулерде жатыр?

1. Еуропа 8. Тынық мұхиты

2. Азия 9. Атлант мұхиты

3. Челюскин.м. 10. Үнді мұхиты

4. Пиай .м. 11. Джомолунгма – 8848 м.

5. Рока. м. 12. Өлі теңіз – (-403м).

6. Дежнева.м. 13.Каспий теңізі

7. Солтүстік мұзды мұхиты 14. Жер Орта теңізі

15. Қызыл теңіз 16. Арабия теңізі

Page 19: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

Бекіту.Шағын ой толғау, тақырыбы:

«Еуразия - алып материк»

Үйге тапсырма:1. Еуразияны зерттеген саяхатшылар.2.Мұхиттардың Еуразияға тигізетін әсері.3. Еуразияның ішкі теңіздері.

Page 20: М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі мемлекетік мекемесі

Назар аударғандарыңызға

рахмет!