Сақшы №45 (4211)

8
№45 (4211), 21.06.2016, сейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ аймақ айШыҒы ЕлоРдА ҚоРҒАНЫ БолҒАН ЖАСЫл оРМАН ЕЛБАСЫ РЕСЕй хАЛҚЫНА КӨңіЛ АйТТЫ Кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті владимир путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарла- ды. Жеделхатта Карелия Республикасының сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалардың қайғылы қазасы туралы суыт ха- барды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл ай- тып, қолдау білдіретінін жеткізді. ЕЛіМізДің СоТ ЖүйЕСіМЕН ТАНЫСТЫ Өрт қауіпті кезеңнің келуі Солтүстік өңірге – Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарының орман мен астықты алқапқа бай аймақтары үшін «қобалжу күндері» туады. Өйткені, өрт шекараға қарамайды, жолында кездескеннің бәрін аяу- сыз күл мен күйікке айналдырады. Сондықтан көрші тұрған облыстардың Азаматтық қорғаныс қызметтерінің, билік органдарының осындай табиғи қауіпті апаттарда тиімді әрекеттесуі мәселелері қазірде басты назарда тұр. Сондай-ақ, тәжірибелік дайындыққа ерек- ше көңіл бөлінеді: біріккен оқу-жаттығулар барысында өрттерді жою бойынша міндеттер мен әрекеттер жасау, ондағы қатысушы ме- кемелер бөлімшелері мен түрлі ведомстволық техниканың тиімді басқаруын ұйымдастыру. осындай оқу-жаттығулардың бірі Тайынша ауданы аумағында шекаралас Ақмола облысы- мен өткен болатын. оқу-жаттығу барысында табиғи (алқапты) өртті жою кезінде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының жергілікті атқарушы органдардың, апаттық- құтқару жұмыстары қызметтері мен әскериленбеген өртке қарсы құрылымдардың өзара әрекеттесуі болды. Ильичовка селосына жақын жердегі таяу жазықтықта шаруашылық объектілерінің, орлиногорск мемлекеттік орман мекемесінің, Тайынша ауданының АҚ және ТЖ қызметтері, ерікті өртке қарсы құрылымдар, жедел КЕШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАзАРБАЕВ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫң ЖА- СЫЛ АйМАғЫН АРАЛАП, оРМАН ШАРуАШЫЛЫғЫНЫң ТЫНЫС-ТіРШіЛіГіМЕН ТАНЫСТЫ. БҰЛ ТуРАЛЫ АҚоРДАНЫң БАСПАСӨз ҚЫзМЕТі хАБАРЛАДЫ. Елбасы жыл сайын маусым-шілде мезгілінде осы орманды аралап, елорданың жасыл белдеуіндегі жағдайды өз көзімен көріп қайтатын дәстүр қалыптастырған. Міне, биыл да Президент жа- сыл аймаққа келіп, небары он сегіз жылда бой көтерген орманға сүйсініп қайтты. «Жыл сайын мен осы ормандарды аралап, бақылап отыратынымды өздеріңіз білесіздер. Біз 1998 жылы елорданы дүниежүзіне жарияладық. Содан бері, міне, 18 жыл өтті. 18 жыл деген кәмелетке толған, азамат болған кез деп санауға болады. Бірақ, жасөспірім, жаңадан өсіп келе жатқан жаспен бірдей. он сегіз жыл бұрын қаланың төңірегіне орман егуді тапсырған едім. Жастар көп біле бермейді, біз ол кезді жақсы білеміз, Алматыдан жаңа көшіп келген кезде қаланы шаң басып кететін. Құбыла соққан жел адамды құлата жаздайтын. Сондықтан орман егуді бастадық. «Астананың төңірегіндегі жер қолайсыз, тас, құм, орман өспейді» деп қарсы тұрғандар көп болды. Мінекей, қазір өздеріңіз көріп отырғандай, Астананың төңірегінде бұрын болмаған 73 мың гектар орман пайда болды», – деді Н.Назарбаев журналистерге. Елбасы Астана маңындағы жасыл желек орман шаруашылығы қызметкерлері мен ғалымдардың тынымсыз еңбегінің арқасында пайда болғанын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы атап өткендей, қазір жасыл аймақта алпыстан астам ағаш сорты өсіп жатыр. Тіпті, «тың игерген кезде трактордың дауысынан қашып кеткен жәндіктердің бәрі қайта келді», – деді Н.Назарбаев Астананың айналасындағы орманның әлеуетін бағалай отырып. «Бұл орман, біріншіден, Астанадағы ауаның тазалығын қамтып тұр, екіншіден, шаң жібермейді, үшіншіден, желді ұстайтын қорған. «орманы бардың қорғаны бар» деп қазақ бекер айтпаған. Астана тұрғындары мен жастардың болашағы үшін осындай жағдай жасап жатырмыз», – деді Елбасы Н.Назарбаев. Қазақстан Президенті еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту үшін барлық өңірде орман өсіру ісін дамыту қажеттігіне де назар аударды. «осы жылдары жаңа елорда – Астана ғана емес, сонымен қатар, «екінші Бурабай» бой көтерді. Бұған дейін мұның бірі де болмаған. Ен далада жаңа қала бой көтерумен бірге оның маңында «жасыл аймақ» та пайда болды. Соның арқасында қалада шаң- тозаң мен ұйтқыған жел де азайды. Бұл ормандарда жеміс-жидектердің алуан түрі өседі, жан-жануар әлемі пайда болды», – деді Елбасы. Соңында Мемлекет басшысы еліміздің барша азаматтарын ағаш егу ісіне өз үлестерін қосуға, Қазақстанның табиғи байлықтарын аялауға шақырды. Астана маңында ағаш отырғызылған аумақтың жалпы көлемі 73 мыңнан астам гектарды қамтиды. Болашақта елорданың «жасыл аймағын» Ақмола облысы Ақкөл ауданы ормандарымен ұштастыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, қаланың «жасыл аймағында» туризм мен демалыс орындарын дамыту мақсатымен 2014 жылы «Жасыл Аймақ» Қызылжар орман шаруашылығы аумағында сафари-саябағы құрылды. 2015 жылы жабайы жан-жануарлар түрі мен санын көбейте отырып, саябақ аумағын 300 гектарға дейін кеңейту жөнінде жоба әзірленді. Ресей президентінің кеңесшісі в.Яковлев бастаған ресейлік делегация Жоғарғы сотқа келді. Іс-шара Қазақстан Республикасына жұмыс сапарының шеңберінде өтуде. Сапар шеңберінде ресейлік делегацияның Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмимен кездесуі өтті. Кездесу шеңберінде тараптар екі ел сот жүйесінің дамуы туралы өзекті ақпарат алмасты. Кездесуге, сондай-ақ, Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі М.Бочарников қатысты. Делегация мүшелері үшін еліміздің Жоғарғы сот органының ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды. Сот отырыстарының залда- ры таныстырылып, ғимараттың салыну тарихы мен инфрақұрылымдық ерекшеліктері айтылды. Таныстырылым барысында еліміздің сотта- рында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларға айрықша назар аударылды. Бұдан әрі ресейлік делегацияның Жоғарғы Сот судьяларымен және аппараттың құрылымдық бөлімдерінің басшыларымен кездесуі өтті. оның шеңберінде В.Яковлев Ресейдегі құқықтық мемлекеттің және төрелік жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері туралы сөз сөйледі. Меймандар «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберіндегі сот жүйесін ре- формалау барысы туралы мәлімет алды. Негізінен, судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптардың күшейтілуі, тергеу судьяларының өкілеттіктерін кеңейту, үш сатылы сот жүйесіне көшу, азаматтық сот істеріне прокурордың қатысуын қысқарту, Жоғарғы Сот жанында Сот төрелігі акаде- миясы мен халықаралық кеңес құру секілді өзгерістер кеңінен әңгімеленді. Ресейлік делегация Жоғарғы Сотта инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған алқа және Астана қаржы орталығының сотын құруға байланысты жаңашылдықтарға зор қызығушылық таныт- ты. Кездесу шеңберінде бірқатар қызықты әрі нақты мәселе бойынша пікірталас болып, екі елдің сот жүйесінің жұмысы туралы көптеген сұрақ қойылды. Ресейлік делегация Қазақстанда 23 маусымға дейін болады. Сапар шеңберінде Конституциялық Кеңес Төрағасымен, Әділет министрімен, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігімен, Жеке сот орындаушылары республикалық палатасы- мен, адвокаттар алқасымен және тағы да басқа бірқатар кездесу жоспарланған. Бұл – ресейлік делегацияның Жоғарғы Сотқа таяу арада жасаған екінші сапа- ры. Ресейлік судьялар мен Ресей Жоғарғы Сотының жанындағы Сот департаменті қызметкерлерінен құралған делегация 2016 жылдың 30 мамыры мен 2 маусымы аралығында Қазақстанға келіп, соттар жұмысында жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология- ларды қолданудағы отандық тәжірибені зер- делеген болатын. ТІлСІЗ ЖАУҒА ТИЯНАҚТЫ дАЙЫНдЫҚ Аман ӘуЕСхАНоВ, Солтүстік Қазақстан облысы СоЛТүСТіК ҚАзАҚСТАН оБЛЫСЫНЫң ТАйЫНША АуДАНЫНДА ТАБИғИ ӨРТТі ЖоЮ БойЫНША ӨРТ-ТЕхНИКАЛЫҚ оҚу- ЖАТТЫғуЫ ӨТТі. қолданылған болатын. 3 тұрғын үйді қоршап алған, шартты өрт сәтті жойылды. оқу-жаттығу барысында жедел көмек бригадасының өртте зар- дап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуі және оны шұғыл түрде жақын жердегі ауруханаға жеткізуі, полиция қызметкерлерінің төтенше жағдай аумағын қоршау әрекеттері пысықталды. Сонымен қатар, оқу-жаттығуда « орман шаруашылығына қызмет көрсету және ор- ман күзетінің қазақ авиациялық базасы» РГКП тікұшағы қатыстырылған болатын. ӨТ оЖ кезеңдердің бірінде сценарий бойынша орман алқабында «өрт» туындады. Өрт орнына жедел түрде отпен күреске түскен «десант» тікұшақпен жеткізілді. «орлиногорск мемлекеттік орман мекемесі» ММ қызметкерлерімен бірге экипаж өртті жойды. Бірлескен күшпен «шақырылмаған қонақты» ауыздықтап, жақын маңдағы елді мекенге қауіп төндірген өртке тосқауыл қоюға қол жеткізілді. Есептелген уақытта отқа шектеу қойылып, одан соң толығымен өрт жойылды. оқиға орнында құрылған өрт сөндіру штабы қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, оқу-жаттығудың барлық қатысушылары күштерінің үйлесімді әрекет етуіне басшылық етті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Николай Трифонов тапсырмаларды орындау және оқу- жаттығу кезеңдерін жеке-жеке талқылау бой- ынша баяндамаларды тыңдаған соң, Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті билік органдары, орман шаруашылығы басшылығы, іс-шараға қатысқан бөлімшелердің әрекетіне жан-жақты баға берді. облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев оқу- жаттығу қатысушыларының үйлесімді әрекеттерін, техниканы үздік меңгеруін, өрт сөндіру бары- сында басшылықтың жедел жағдайды ерекше бақылауда ұстауын атап өтті. ол Тайынша ауданының басшылығы мен Ақмола облысы өкілдерін планетамыздың аса қауіпті табиғи құбылыстарының бірі – тілсіз жаудың алдын алу мен жою ісіндегі әрекеттесу мәселесіне жа- уапты қарағандығы үшін ризашылығын айтып, аталған бағыттағы жұмыста бұдан әрі де жемісті ынтымақтастық жалғасатынына сенім білдірді. медициналық жәрдем бөлімшелері, СҚо ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі және Ақмола облысының ТЖД жеке құрамы мен техникалары сапқа тұрды. Қысқа нұсқаулық бергеннен соң, сценарий бой- ынша отты абайсыз пайдалану салдарынан орман шоғынан от ошақтары «лап» етті. Моторлар ота- лып, жалт еткен жалынмен Ильичевка селосының ерікті өртке қарсы құрылымының техникасы мен жеке құрамы ұрысқа түсті. орманның айналасы жыртылып, жеке құрам ақ қайыңға «ұмтылған» от ошақтарын сөндіріп жатты. Өрт ошағын шектеуге қолда бар күштің бәрі қатыстырылды. Алайда, төтенше жағдай аумағындағы жағдайды қиындатқан: қатты желдің әсерінен өрт Ильичевканың тұрғын-үй секторына таралды, жақын маңдағы бидай алқабынан өтіп, шекара жаққа бет алды. Аз уақыттан соң отпен күреске Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің ерікті өртке қарсы құрылымы жеке құрамдары кірісті, ал оларға көмекке Азаматтық қорғаныс қызметтері жіберілді. Сумен қамтамасыз ету көздерінің алыс орналасқанына байланысты тайыншалық өрт сөндірушілерді сумен қамтамасыз ету үшін Көкшетау қаласы стансасының өрт сөндіру пойызынан жеңдік желі қойылған бо- латын. ол өрт техникасын сумен толтыру үшін

description

Сақшы №45 (4211) 21.06.2016

Transcript of Сақшы №45 (4211)

Page 1: Сақшы №45 (4211)

№45(4211),

21.06.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

аймақ айШыҒы

ЕлоРдА ҚоРҒАНЫ БолҒАН ЖАСЫл оРМАНЕЛБАСЫ РЕСЕй хАЛҚЫНА КӨңіЛ АйТТЫ

Кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті владимир путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарла-ды.

Жеделхатта Карелия Республикасының сауықтыру ла гер і нде демалып жатқан балалардың қайғылы қазасы туралы суыт ха-барды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл ай-тып, қолдау білдіретінін жеткізді.

ЕЛіМізДің СоТ ЖүйЕСіМЕН ТАНЫСТЫ

Өрт қауіпті кезеңнің келуі Солтүстік өңірге – Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарының орман мен астықты алқапқа бай аймақтары үшін «қобалжу күндері» туады. Өйткені, өрт шекараға қарамайды, жолында кездескеннің бәрін аяу-сыз күл мен күйікке айналдырады. Сондықтан көрші тұрған облыстардың Азаматтық қорғаныс қызметтерінің, билік органдарының осындай табиғи қауіпті апаттарда тиімді әрекеттесуі мәселелері қазірде басты назарда тұр.

Сондай-ақ, тәжірибелік дайындыққа ерек-ше көңіл бөлінеді: біріккен оқу-жаттығулар барысында өрттерді жою бойынша міндеттер мен әрекеттер жасау, ондағы қатысушы ме-кемелер бөлімшелері мен түрлі ведомстволық техниканың тиімді басқаруын ұйымдастыру. осындай оқу-жаттығулардың бірі Тайынша ауданы аумағында шекаралас Ақмола облысы-мен өткен болатын. оқу-жаттығу барысында табиғи (алқапты) өртті жою кезінде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының жергілікті атқарушы органдардың, апаттық-қ ұ т қ а р у ж ұ м ы с т а р ы қ ы з м е т т е р і м е н әскериленбеген өртке қарсы құрылымдардың өзара әрекеттесуі болды.

Ильичовка селосына жақын жердегі таяу жазықтықта шаруашылық объектілерінің, орлиногорск мемлекеттік орман мекемесінің, Тайынша ауданының АҚ және ТЖ қызметтері, ер ікт і өртке қарсы құрылымдар, жедел

КЕШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАзАРБАЕВ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫң ЖА-СЫЛ АйМАғЫН АРАЛАП, оРМАН ШАРуАШЫЛЫғЫНЫң ТЫНЫС-ТіРШіЛіГіМЕН ТАНЫСТЫ. БҰЛ ТуРАЛЫ АҚоРДАНЫң БАСПАСӨз ҚЫзМЕТі хАБАРЛАДЫ.

Елбасы жыл сайын маусым-шілде мезгілінде осы орманды аралап, елорданың жасыл белдеуіндегі жағдайды өз көзімен көріп қайтатын дәстүр қалыптастырған. Міне, биыл да Президент жа-сыл аймаққа келіп, небары он сегіз жылда бой көтерген орманға сүйсініп қайтты.

«Жыл сайын мен осы ормандарды аралап, бақылап отыратынымды өздеріңіз білесіздер. Біз 1998 жылы елорданы дүниежүзіне жарияладық. Содан бері, міне, 18 жыл өтті. 18 жыл деген кәмелетке толған, азамат болған кез деп санауға болады. Бірақ, жасөспірім, жаңадан өсіп келе жатқан жаспен бірдей. он сегіз жыл бұрын қаланың төңірегіне орман егуді тапсырған едім. Жастар көп біле бермейді, біз ол кезді жақсы білеміз, Алматыдан жаңа көшіп келген кезде қаланы шаң басып кететін. Құбыла соққан жел адамды құлата жаздайтын. Сондықтан орман егуді бастадық. «Астананың төңірегіндегі жер қолайсыз, тас, құм, орман өспейді» деп қарсы тұрғандар көп болды. Мінекей, қазір өздеріңіз көріп отырғандай, Астананың төңірегінде бұрын болмаған 73 мың гектар орман пайда болды», – деді Н.Назарбаев журналистерге.

Елбасы Астана маңындағы жасыл желек орман шаруашылығы қызметкерлері мен ғалымдардың тынымсыз еңбегінің арқасында пайда болғанын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы атап өткендей, қазір жасыл аймақта алпыстан астам ағаш сорты өсіп жатыр. Тіпті, «тың игерген кезде трактордың дауысынан қашып кеткен жәндіктердің бәрі қайта келді», – деді Н.Назарбаев Астананың айналасындағы орманның әлеуетін бағалай отырып.

«Бұл орман, біріншіден, Астанадағы ауаның тазалығын қамтып тұр, екіншіден, шаң жібермейді, үшіншіден, желді ұстайтын қорған. «орманы

бардың қорғаны бар» деп қазақ бекер айтпаған. Астана тұрғындары мен жастардың болашағы үшін осындай жағдай жасап жатырмыз», – деді Елбасы Н.Назарбаев.

Қазақстан Президенті еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту үшін барлық өңірде орман өсіру ісін дамыту қажеттігіне де назар аударды.

«осы жылдары жаңа елорда – Астана ғана емес, сонымен қатар, «екінші Бурабай» бой көтерді. Бұған дейін мұның бірі де болмаған. Ен далада жаңа қала бой көтерумен бірге оның маңында «жасыл аймақ» та пайда болды. Соның арқасында қалада шаң-тозаң мен ұйтқыған жел де азайды. Бұл ормандарда жеміс-жидектердің алуан түрі өседі, жан-жануар әлемі пайда болды», – деді Елбасы.

Соңында Мемлекет басшысы еліміздің барша азаматтарын ағаш егу ісіне өз үлестерін қосуға, Қазақстанның табиғи байлықтарын аялауға шақырды.

Астана маңында ағаш отырғызылған аумақтың жалпы көлемі 73 мыңнан астам гектарды қамтиды. Болашақта елорданың «жасыл аймағын» Ақмола облысы Ақкөл ауданы ормандарымен ұштастыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, қаланың «жасыл аймағында» туризм мен демалыс орындарын дамыту мақсатымен 2014 жылы «Жасыл Аймақ» Қызылжар орман шаруашылығы аумағында сафари-саябағы құрылды. 2015 жылы жабайы жан-жануарлар түрі мен санын көбейте отырып, саябақ аумағын 300 гектарға дейін кеңейту жөнінде жоба әзірленді.

Р е с е й п р е з и д е н т і н і ң к е ң е с ш і с і в.Яковлев бастаған ресейлік делегация Жоғарғы сотқа келді. Іс-шара Қазақстан Республикасына жұмыс сапарының шеңберінде өтуде.

Сапар шеңберінде ресейлік делегацияның Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмимен кездесуі өтті. Кездесу шеңберінде тараптар екі ел сот жүйесінің дамуы туралы өзекті ақпарат алмасты. Кездесуге, сондай-ақ, Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі М.Бочарников қатысты.

Делегация мүшелері үшін еліміздің Жоғарғы со т ор ганының ғимаратына э к с курсия ұйымдастырылды. Сот отырыстарының залда-ры таныстырылып, ғимараттың салыну тарихы мен инфрақұрылымдық ерекшеліктері айтылды. Таныстырылым барысында еліміздің сотта-рында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларға айрықша назар аударылды.

Бұдан әрі ресейлік делегацияның Жоғарғы Сот судьяларымен және аппараттың құрылымдық бөлімдерінің басшыларымен кездесуі өтті. оның шеңберінде В.Яковлев Ресейдегі құқықтық мемлекеттің және төрелік жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері туралы сөз сөйледі.

М е й м а н д а р « 1 0 0 н а қ т ы қ а д а м » Ұ л т Жоспары шеңбер індег і сот жүйес ін ре-формалау барысы туралы мәлімет алды. Н е г і з і н е н , с у д ь я л ы қ қ а к а н д и д а т т а р ғ а қойылатын талаптардың күшейтілуі, тергеу судьяларының өкілеттіктерін кеңейту, үш сатылы сот жүйесіне көшу, азаматтық сот істеріне прокурордың қатысуын қысқарту, Жоғарғы Сот жанында Сот төрелігі акаде-миясы мен халықаралық кеңес құру секілді өзгерістер кеңінен әңгімеленді.

Р е с е й л і к д е л е г а ц и я Ж о ғ а р ғ ы С о т т а и н в е с т и ц и я л ы қ д а у л а р д ы қ а р а й т ы н мамандандырылған алқа және Астана қаржы орталығының сотын құруға байланысты жаңашылдықтарға зор қызығушылық таныт-ты. Кездесу шеңберінде бірқатар қызықты әрі нақты мәселе бойынша пікірталас болып, екі елдің сот жүйесінің жұмысы туралы көптеген сұрақ қойылды.

Ре с ейл і к д еле г ация Қа з ақ с т анда 23 маусымға дейін болады. Сапар шеңберінде Конституциялық Кеңес Төрағасымен, Әділет министрімен, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігімен, Жеке сот орындаушылары республикалық палатасы-мен, адвокаттар алқасымен және тағы да басқа бірқатар кездесу жоспарланған.

Бұл – ресейлік делегацияның Жоғарғы Сотқа таяу арада жасаған ек інші сапа-ры. Ресейлік судьялар мен Ресей Жоғарғы Сотының жанындағы Сот департамент і қызметкерлерінен құралған делегация 2016 жылдың 30 мамыры мен 2 маусымы аралығында Қазақстанға келіп, соттар жұмысында жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология-ларды қолданудағы отандық тәжірибені зер-делеген болатын.

ТІлСІЗ ЖАУҒА ТИЯНАҚТЫ дАЙЫНдЫҚАман ӘуЕСхАНоВ, Солтүстік Қазақстан облысы

СоЛТүСТіК ҚАзАҚСТАН оБЛЫСЫНЫң ТАйЫНША АуДАНЫНДА ТАБИғИ ӨРТТі ЖоЮ БойЫНША ӨРТ-ТЕхНИКАЛЫҚ оҚу-ЖАТТЫғуЫ ӨТТі.

қолданылған болатын. 3 тұрғын үйді қоршап алған, шартты өрт сәтті жойылды. оқу-жаттығу барысында жедел көмек бригадасының өртте зар-дап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуі және оны шұғыл түрде жақын жердегі ауруханаға жеткізуі, полиция қызметкерлерінің төтенше жағдай аумағын қоршау әрекеттері пысықталды.

Сонымен қатар, оқу-жаттығуда «орман шаруашылығына қызмет көрсету және ор-ман күзетінің қазақ авиациялық базасы» РГКП тікұшағы қатыстырылған болатын. ӨТоЖ кезеңдердің бірінде сценарий бойынша орман алқабында «өрт» туындады. Өрт орнына жедел түрде отпен күреске түскен «десант» тікұшақпен жеткізілді. «орлиногорск мемлекеттік орман мекемесі» ММ қызметкерлерімен бірге экипаж өртті жойды.

Бірлескен күшпен «шақырылмаған қонақты» ауыздықтап, жақын маңдағы елді мекенге қауіп төндірген өртке тосқауыл қоюға қол жеткізілді.

Есептелген уақытта отқа шектеу қойылып, одан соң толығымен өрт жойылды. оқиға орнында құрылған өрт сөнд і ру штабы қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, оқу-жаттығудың барлық қатысушылары күштерінің үйлесімді әрекет етуіне басшылық етті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Николай Трифонов тапсырмаларды орындау және оқу-жаттығу кезеңдерін жеке-жеке талқылау бой-ынша баяндамаларды тыңдаған соң, Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті билік органдары, орман шаруашылығы басшылығы, іс-шараға қатысқан бөлімшелердің әрекетіне жан-жақты баға берді.

облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев оқу-жаттығу қатысушыларының үйлесімді әрекеттерін, техниканы үздік меңгеруін, өрт сөндіру бары-сында басшылықтың жедел жағдайды ерекше бақылауда ұстауын атап өтті. ол Тайынша ауданының басшылығы мен Ақмола облысы өкілдерін планетамыздың аса қауіпті табиғи құбылыстарының бірі – тілсіз жаудың алдын алу мен жою ісіндегі әрекеттесу мәселесіне жа-уапты қарағандығы үшін ризашылығын айтып, аталған бағыттағы жұмыста бұдан әрі де жемісті ынтымақтастық жалғасатынына сенім білдірді.

медициналық жәрдем бөлімшелері, СҚо ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі және Ақмола облысының ТЖД жеке құрамы мен техникалары сапқа тұрды.

Қысқа нұсқаулық бергеннен соң, сценарий бой-ынша отты абайсыз пайдалану салдарынан орман шоғынан от ошақтары «лап» етті. Моторлар ота-лып, жалт еткен жалынмен Ильичевка селосының ерікті өртке қарсы құрылымының техникасы мен жеке құрамы ұрысқа түсті. орманның айналасы жыртылып, жеке құрам ақ қайыңға «ұмтылған» от ошақтарын сөндіріп жатты. Өрт ошағын шектеуге қолда бар күштің бәрі қатыстырылды. Алайда, төтенше жағдай аумағындағы жағдайды қиындатқан: қатты желдің әсерінен өрт Ильичевканың тұрғын-үй секторына таралды, жақын маңдағы бидай алқабынан өтіп, шекара жаққа бет алды.

Аз уақыттан соң отпен күреске Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің ерікті өртке қарсы құрылымы жеке құрамдары кірісті, ал оларға көмекке Азаматтық қорғаныс қызметтері жіберілді. Сумен қамтамасыз ету көздерінің алыс орналасқанына байланысты тайыншалық өрт сөндірушілерді сумен қамтамасыз ету үшін Көкшетау қаласы стансасының өрт сөндіру пойызынан жеңдік желі қойылған бо-латын. ол өрт техникасын сумен толтыру үшін

Page 2: Сақшы №45 (4211)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№45 (4211), сейсенбі, 21.06.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Италия

Əйел адам мэр болуы мүмкін

Германия

Қырғызстан

Финляндия

Қытайлық компаниялар көбейді Facebook-те суицидке шақырған

Ж а л а л а б а д о б л ы с ы н ы ң С о з а қ ауданындағы мешіттердің бірінің 58 жастағы имамы қылмыс жасауға күдікті ретінде ұсталды жəне Уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Бұл туралы өңірлік Ішкі істер басқармасы хабарлады.

Оны ұстауға 10 жасар бала анасының құқық қорғау органдарына шағыммен жүгінуі себепші болған. Онда жергілікті мешіттің имамы 2006 жылы туған оның ұлына жыныстық сипаттағы зорлық жасағаны хабарланған.

Бұл факті бойынша сот-медициналық жəне сот-биологиялық сараптамалар тағайындалды, оның нəтижесімен ҚР ҚК-нің 130-бабы-мен («жыныстық сипаттағы күш қолдану») қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған имам бұрын сотталмаған жəне отбасылы екені белгілі болды.

3 ЖЫЛДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПА-НИЯЛАР САНЫ 35 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ. БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫЛ САЙЫНҒЫ 14-ШІ КОНФЕРЕН-ЦИЯДА ПРЕЗИДЕНТ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЕРЛАН ҚАРИН МƏЛІМ ЕТТІ.

«2016 жылдың басында Қазақстанда 600-ден астам қытайлық компания өз қызметін жүзеге асырған болатын. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда жалпы 35 пайыз өсімді көрсетіп отыр», – деді Е.Қарин.

Оның айтуынша, т і ркелген қытайлық компаниялардың басым бөлігі сауда жəне құрылыс саласында жұмыс істейді.

«Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік қатысушылары бар компаниялар саны бой-ынша Қытай Ресей, Түркия, Нидерланд жəне Германиядан кейін 5-орында тұр. Олардың үлесінде 9 мыңнан астам компания бар», – деді ол.

Институт директорының деректер і не қарағанда, 2010-2015 жылдары Қытайдан Қазақстанға келген шетелдік инвестицияның жалпы көлемі 10 млрд. АҚШ долларынан асып жығылады. Бұл көрсеткіш бойынша Қытай 4-орында тұр.

Сондай-ақ , Ерлан Қарин биыл қытай инвестициясының қатысуымен елімізде жалпы сомасы 4 млрд. долларды құрайтын 6 жоба құрылысы басталатынын айтты.

«Ұзақ уақыт бойы біздің елдеріміз энер-гетика жəне ресурстар өндіру салаларында ынтымақтастық жасап келген болатын. Қазіргі уақытта «Қытай кəсіпорындарын Қазақстан аумағына көшіру» деп аталатын жоба аясын-да экономиканың қайта өңдеу салаларына басымдық бере отырып, 51 жобаны жүзеге асыру жоспарланған», – деді ол.

Осы ретте Е.Қарин бұл жобалардың барлығы да Қазақстан жерінде құрылысынан бастап толық өндіріс ошағы ретінде қалыптасуға дейін жүзеге асырылатындығын баса айтты.

« Ұ л т т ы қ э к о н о м и к а м и н и с т р л і г і н і ң мəліметтеріне сəйкес, 2016 жылдың басында Қазақстан аумағында қытайдың қатысуымен 2500 компания тіркелген. Оның 500-ден астамы қазақстандық-қытайлық бірлескен кəсіпорын»,

– деді институт директоры. Сонымен қатар, ол 2015 жылы Қазақстан Президентінің Қытай еліне ресми сапары орын алғанын жəне са-пар қорытындысында жалпы сомасы 23 млрд. доллардан астам құжаттар топтамасына қол қойылғандығын еске салды.

Ерлан Тынымбайұлы брифинг барысында 11 мыңнан астам қазақ жасы Қытайда білім алып жатқанын айтты.

«Бүгінгі күні Қазақстанда 1 мыңнан астам Қытай азаматы білім алып жатыр. Ал Қытайдың түрлі жоғары оқу орындарында 11 мыңнан астам қазақстандық оқиды», – деді ол.

Осы ретте Е.Қарин бүгінгі күні Қазақстан мен Қытай тек экономикада ғана емес, соны-мен бірге мəдени-гуманитарлық салаларда да ынтымақтастықты жолға қойғанын баса айтты.

«Сыртқы істер министрлігінің мəліметтеріне сəйкес, Қазақстанда Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды университеттері жанында 4 Конфуций институты жұмыс істеп тұр. Мұнан бөлек, 4 қазақстандық-қытайлық мəдени орталық бар. Ал Қытайдың Бейжің, Шанхай, Дальянь қалаларында шетел тілдері университеттерінде 3 Қазақстан орталығы ашылған», – деді инсти-тут директоры.

Алтынай АБАЙ

ЕКІБАСТҰЗ ПРОКУРАТУРАСЫ БАҚ ЖƏНЕ ИНТЕРНЕТ-САЙТТАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА ВКОНТАКТЕ, MY MAIL ЖƏНЕ FACEBOOK ЖЕЛІЛЕРІНДЕ СУИЦИДТІ НАСИХАТ-ТАЙТЫН ТОПТАРДЫ АНЫҚТАДЫ.

ВКонтакте, My mail жəне Facebook əлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу барысында балалар арасында өз-өзіне қол жұмсауын на-сихаттайтын, өмір сүруге деген құлшынысын төмендетіп, өзіне қол салуға дейін жеткізетін 13 топ анықталды. Бұл топтың қатысушылары суицид жасау тəсілдерін айтады жəне мұндай актілерді бірлесіп орындау үшін əріптестер іздейді. Жазылушылар күре тамырын кескен, биіктен секірген жасөспірімдердің суреттерін орналастыратын альбомдар жасайды», – деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінде.

Екібастұз прокуратурасының бастамасымен облыс прокуратурасымен келісім бойынша ел аумағындағы құзыретті органдар аталған сайт-тарды бұғаттады.

«Кəмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу, олардың өсуіне жол бермеу мақсатында жедел топтар құрылды. Бұл ретте əр топқа жалпы білім беру мектептері бекітілді, онда покуратура қызметкерлері дəріс оқиды», – деп түсіндірді прокуратурадан.

КЕШЕ АСТАНАДАҒЫ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА САРАПТАМАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ФОРУМ ӨТТІ.

Жиынға он елден келген сараптамалық о р т а л ы қ т а р м е н ғ ы л ы м и - з е р т т е у ұйымдарының өкілдері қатысты. Форумның мақсаты – ынтымақтастық перспективала-рын талқылау, барша өңірде сараптамалық орталықтар желісін дамыту, Орталық Азия өңірл ік экономикалық ынтымақтастығын

Орталық Азия өңіріндегі ынтымақтастық

ақпараттандыру үш ін ти і с т і орталықты құру.

Форум барысында экономистер, ғалымдар, көлік, сауда жəне энер-гетика салаларындағы сарапшы-лар, мемлекеттік органдардың өкілдерінен жиналған 100-ге тарта адам ынтымақтастықты дамытудың негізгі басымдықтары жайында пікірлерімен бөлісті.

Осы ретте жиынға қатысушылар үш тақырыпта талқылаулар жүрг ізд і . Б ір іншіс і , Орталық А з и я н ы ң э к о н о м и к а л ы қ болаша ғына арнал ғ ан . Б ұл бағытта халықаралық ұйымдар

мен Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы елдерінен келген делегаттар əрбір сектордағы тəуекелдерді, экономикалық даму бағыттарын қарастырды.

Ек і нш і с е гмент те мамандар өң і рде г і инфрақұрылымдық байланыс мəселес іне тоқталды. Ал соңғысында сарапшылардың назары Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығына мүше мемлекеттер арасын-да білім жəне тəжірибе алмасу желісін құру қажеттігі мен мүкіндігіне аударылды.

АСТАНА ҚАЛАСЫ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ХАБАРЛАУЫНША, БАРЛЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ ЕСЕБІНЕН 8 564 ПƏТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ АУДА-НЫ 964 254 ШАРШЫ МЕТРДІ ҚҰРАДЫ, БҰЛ 2015 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАМЫР ДЕҢГЕЙІНЕН 25,8 ПАЙЫЗҒА АРТЫҚ. БҰЛ ТУРАЛЫ ЕЛОРДА ƏКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Жеке құрылыс салушылар жалпы ауданы 86 505 шаршы метр тұрғын үй салған. Жалпы, тапсырылған тұрғын үйлердегі жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 9, 2015 жылғы қаңтар-мамырда бұл көрсеткіш 3,2 пайыз болған.

Сонымен қатар, 2016 жылғы қаңтар-мамырда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвести-циялар көлемі 53254,8 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сəйкес мерзіміне қарағанда 12,3 пайыз артық. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 25,1 пайызды құрады.

Елордада 8 мыңнан астам пəтер салынды

ҚАЗАҚСТАН ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ 25 ЖЫЛДЫҒЫНДА ТҮРКИЯНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРТА ӨКІЛДЕРІ ТҮРІК ТІЛІНДЕ ҚАЗАҚ КЛАССИКТЕРІНІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ МЕН ХАЛЫҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЖАРИЯЛАП, ҚАЗАҚ МƏДЕНИЕТІ МЕН ƏДЕБИЕТІНЕ ЖІТІ КӨҢІЛ БӨЛЕ БАСТАДЫ.

Түркі тілдер қоғамының қолдауымен универ-ситет доценті Мугла Экрем Аян қазақ халқының мəдениеті мен тұрмысы туралы баяндайтын кітап шығарды.

Сонымен, Э.Аян Қазақстан мен Түркия ғалымдары тобымен фольклорлық туындыларға зерттеу жүргізді, олар кейіннен «Қазақ эпостары» деп аталатын кітапқа жинақталып, жарияланды.

«Сонымен қатар, түрік ғалымы абайтану са-ласында терең білім жинауда, атап айтқанда, Абай Құнанбаевтың өмірін, шығармашылығын, философиялық, эстетикалық жəне қоғамдық көзқарастарын зерделеуде. Э.Аян «Бір дəуір ай-насы» сериясында жарияланған «Абай жəне оның нақыл сөздері» атты кітапта ұлы ағартушы туралы пікірін білдірген», – деп хабарлады Түркиядағы Қазақстан елшілігінде.

Бұдан басқа, Э.Аян түрік оқырмандарын қазақ даласына ағартушылық білімнің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны жəне туынды-ларымен таныстырмақ. Қазақтың ағартушы пе-дагогына арналған кітап «Ы. Алтынсарин – жаңа қазақ əдебиетінің авангарды» атауымен шықты.

Түркия ғалымдары қазақ əдебиетіне қызығуда

АСТАНА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ASTANA ART FEST ЗАМАНАУИ ӨНЕРІНІҢ ЕКІНШІ ФЕСТИВАЛІ 4-6 ШІЛДЕДЕ ӨТЕДІ. ӨЗ ТУЫНДЫЛАРЫН ОЛАР «НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖЕЛЕК ЖОЛЫ АУМАҒЫНДА КӨРСЕТЕДІ. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРДЫҢ ХАБАР-ЛАУЫНША, ОСЫ ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫБЫ – «HUMAN ENERGY – АДАМ ЭНЕРГИЯСЫ».

«Осы жылы фестивальға қатысатындардың басым бөліг і қазақстандықтар. Таяу ше-телден де қонақтар бар. Біздің міндетіміз – ұжымдық шығармашылық энергия үшін кеңістік құру. Қаланы желмен, күнмен толтырып, шығармашылық энергияны Астана дамуының қозғаушы күштерінің бірі ету. Айтқандай, фестивальға қатысушылардың жұмыстары – мүсіндер, балалар алаңдары жаз бойы «Нұрлы жол» желек жолында Астана тұрғындары мен қонақтарын қуанышқа бөлейтін болады», – деген ойымен бөлісті ұйымдастырушы С.Самидин.

Ұйымдастырушылардың идея-сымен Астана күні елорданың басты желек жолы ғалымдар, с у р е т ш і л е р , м у з ы к а н т -тар, бишілер, əдебиетшілер тəжірибесінің шығармашылық бірлестігінен тұратын бірегей кеңістікке айналмақ.

As tana Ar t Fes t 2016 төрт т а қ ы р ы п т ы қ к е ң і с т і к т і қ а м т и д ы : з а м а н а у и ө н е р ,

Заманауи өнер фестивалі өтедісəулет, дизайн, театр. Көрмеден басқа фе-стивальда Astana Art Forum пікірсайыс-білім беру алаңы жұмыс істейтін болады. Онда қатысушылар дəріс, шеберлік сыныптарын жүргізеді.

Заманауи қалалық өнер фестивалі тек көңіл көтеру мерекесі ғана емес, мəдени шаралар-дан қаланың, оның шығармашылық, жасампаз энергиясын дамытуға серпін беретін өзекті жаңа идеялар күтеді», – дейді фестивальдің бас кура-торы Яна Малиновская.

Еске салсақ, 2015 жылы Astana Art Fest фестиваліне 44 қазақстандық, 10 шетелдік шығармашылық өкіл қатысты. Үш күнде оған 300 мыңдай адам қатысты.

Италияда елдің төрт ірі қаласында, соның ішінде Римде мэр сайлауы өтіп жатыр. Ел астанасында мэр лауазымына тарихта алғаш рет əйел сайлануы мүмкін. Ол «Бес жұлдыздың қозғалысы» (M5S) өкілі Вирджиния Радджи.

Онымен Италия Премьер-Министрі Маттео Ренци қолдайтын Роберто Джакетти бəсекелеседі.

Бұл – дауыс берудің екінші кезеңі. Бірінші кезеңде Вирджиния Радджи 32 пайыздан астам дауыс жинады. Джакетти екінші орынға ие болды.

Радджи науқанының негізгі тақырыбы жемқорлықпен жəне биік дəрежелілікпен күрес болды.

Мэр сайлауы, сонымен қатар, Милан, Турин жəне өзге қалаларда өтіп жатыр. Онда бірінші кезеңде үміткерлердің бірі де дауыстың 50 пайызын жинай алмады.

Дүкен тонаушылардан қалай сақтанады?

Л а п п е е н р а н т а қ а л а с ы н д а ғ ы K-Supermarket дүкенінің директоры есікке «ұрылардың суреті əлеуметтік желіде жарияланады» деген жазбаны ілген соң кəмелетке толмағандардың ұрлығы сап тыйылды. Бұл туралы yle.fi хабарлады.

«Ескерту нəтижесін берді. Жеткіншектер та-рапынан жасалатын ұрлық толық доғарылды», – деп хабарлады дүкен директоры Вилле Меронен.

Меронен қылмыстың тамырына балта шабудың үздік тəсілі – оның алдын алу деп атап өтті.

Оңтүстік-Шығыс Финляндия өңірінің поли-циясы заң дүкендерге мұндай материалдар-ды жариялауға тыйым салмайтынын айтты. Алайда, ұрлықтың бетін ашумен полиция айналысуы тиіс, олардың пайымынша, тергеу материалдарын алдын ала жариялау жақсы бастама емес.

Мигранттарға көп əйел алуға тыйым салды

Германиядағы мұсылман елдерінен келген мигранттар өздеріне тəн кейбір тарихы əріде жатқан əдет-ғұрпынан бас тартуына тура келіп отыр. Бұл туралы islam.kz хабарлады.

Өйткені, ел билігі оларға əйел үстіне əйел алуға заң жүзінде тыйым салды. Бұл жайын-да Германия Федеративтік Республикасының Əділет министрі Хайко Маас мəлімдеме жасады.

«Германия заңы тарихы тым арыда жатқан салт-дəстүрден жоғары тұрады. Осы елдің азаматтығын алғысы келетін мигранттар мұндай əдет-ғұрыптан бас тартуы тиіс», – деді министр.

Айта кетейік, Еуропадағы миграциялық дағдарыс кезінде босқындар арасында жасы 16-ға толмаған қыздармен 160 некелесу оқиғасы болған екен.

Мешіт имамы педофил ме?

Page 3: Сақшы №45 (4211)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№45 (4211), сейсенбі, 21.06.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

АЛҒЫС ХАТМАРАПАТ

Жоғарыда аталған күш құрылымдарының төтенше жағдайлар кезіндегі өзара іс-қимыл жасау əзірлігін тексеруді көздеген жаттығудың басты мақсатының бірі – «Павлодарэнерго» АҚ азаматтық қорғауының объектілік құралымдарының дайындығын пысықтау болып табылады.

Төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға сараптама жасап, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде төтенше жағдайларды жою іс-қимылдарына баға беруді негізге алған оқу-жаттығу арнайы жоспарға сəйкес ұйымдастырылды.

М е р е к е л і к ш а р а м а р а п а т -тау рəсімімен басталды. Осы күні еңбегімен көзге түсіп, көңілге қонып жүрген қызметкерлерді тек госпиталь басшылығы ғана емес, қонақтар да марапаттады. Бірінші кезекте Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы төрағасының орынбасары, мили-ция полковнигі Берік Сүлейменов сөз алды. «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысын барша-мыз бір адамдай білеміз. Олардың осы қауіпті де қиын жұмысында демеу бола білетін жандардың бірі өздеріңізсіздер. Ал ол қолдаудың жоғары заманауи технологиялардың көме г і мен , к ə с і би жандардың біліктілігімен жүзеге асып жатқаны бізді қашан да қуантады. Сондықтан да біздер тек мереке кезінде ғана емес, сіздерге қай уақытта да рақмет айтамыз», – деді ол.

2014 жылы ашылған емханасы бар орталық госпиталь халықаралық стандарттарға жауап бере алатын заманауи медициналық жəне зерттеу жүргізуге арналған құрылғылармен жабдықталған. Атап айтқанда, орталық госпиталь 212 орындық, емхана стационары бір ауысым-

АҚ ХАЛАТТЫЛАР МАРАПАТЫНұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, сурет автордікі

ІІМ-НІҢ ЕМХАНАСЫ БАР ОРТАЛЫҚ ГОСПИТАЛІ ҰЖЫМЫ КƏСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІН САЛТАНАТТЫ ШАРАМЕН АТАП ӨТТІ. САЛТАНАТТЫ ШАРАҒА ІШКІ ІСТЕР ОР-ГАНДАРЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЙЫМЫ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ, ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА ХОЛДИНГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ.

да 500 адамды қабылдай алады. Госпиталь республика бойынша барлық т іркелуші контингентке медициналық көмек көрсетед і . Арнайы көмекке зəру құқық қорғау органдарының қызметкерлер і , олардың отбасы мүшелері, құқық қорғау органдарының ардагерлері т ұ р ғ ы л ы қ т ы м е к е н ж а й ы н а қарамастан жоспарлы тəртіпте ем қабылдай алады.

ІІМ-нің емханасы бар орталық госпитал ін ің қызмет і қоғамдық тəртіпті сақтаудың жəне азаматтар-ды қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау жəне қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз етудің тиімділігін артты-ру үшін дені сау əрі жан-жақты мықты кадрлық ресурсты қалыптастыруға бағытталған.

Мерекелік кеште сөз алған жоғары дəрежелі дəрігер, госпиталь бастығы Серікбай Оразбаев қызметі алдын-да ант қабылдайтын екі мамандық болса, оның бірі – дəрігерлер мен екіншісі – полиция қызметкерлері екенін атап өтті.

«Ішкі істер саласы қызмет бары-сында жарақат алу қаупі жоғары сала болып табылады. Б із оны күнделікті қызметімізде көріп те

жүрміз. Біздің басты мақсатымыз – оларға денсаулығын түзеу жолын-да көмектесіп қана қоймай, қажет кезеңдерде қызметіне қайтадан тез оралуына жағдай жасау. Госпиталь ішкі істер органдарының, ҚАЖК, ТЖК қызметкерлері мен əскери қызметшілеріне жəне олардың от-басы мүшелеріне, зейнеткерлеріне консультативтік жəне стационарлық медициналық көмек көрсетет ін А с т а н а қ а л а с ы н д а ғ ы ж а л ғ ы з емдеу-профилактикалық мекемесі болып табылады», – дейді Серік Тілеуқабылұлы.

Мамандардың айтуынша, поли-ция қызметкерлерінің арасында ең бірінші көп кездесетін ауру түрі – салқын тиюден туындайтын ау-рулар екен. Күн-түн демей желдің өтінде, сыздың бетінде жұмыс істеп жүретін тəртіп сақшылары үшін, əрине, салқыннан туындайтын ты-ныс жолы, шаншу, тағы да басқа аурулардан сақтанғаны абзал. Ал одан кейінгі орындарда жүрек жəне өкпе аурулары, неврологиялық ау-рулар тұр.

Дəр і г ер мамандығына де г ен ілтипатты сөздердің тиегі ағытылған күн Ұлттық медицина холдингінің Басқарма төрағасы, «Нұр Отан» п а р т и я с ы н ы ң Е с і л а у д а н д ы қ филиалының саяси кеңес мүшесі Ботакөз Бақтыбаева да т ілег ін жетк ізд і . «Ел ім ізд ің денсаулық сақтау саласында салалық медицина орталықтарының шоқтығы əрқашан да биік. Олар кадрлар даярлаудағы ұстахана рет інде де , тəж ірибе алмасудағы орта ретінде де жоғары бағаланады. Мəселен, бұған дейін Ғылыми-зерттеу институттарында жасалатын оталардың ашылғанына екі жыл толмаған госпитальда жолға қойылуы – мекеме басшылығының та-банды еңбегінің арқасы деп білемін», – деп атап өтті ол.

Марапаттау кешінде ақ халатты абзал жандар мен олардың қызметіне жанама қатысы бар госпиталь қызметкерлеріне алғыс хаттар, ме-дальдар жəне сыйлықтар табыс етілді. Шара соңы мекеме қызметкерлерінің күшімен дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Салтанатты шараға департамент басшылығы мен Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті емханасының қызметкерлері қатысты. Шара ба-рысында департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ж.Оспанов сөз алып, халық денсаулығының сақталып, саламатты өмір салтын қалыптастыруда ақ халатты абзал жандардың қосқан үлесі өлшеусіз екендігін ерекше атап өтті. «Алдына келген əрбір жанға ерекше ықыласпен қарап, тəні ауырғанда да, жаны ауырғанда да жылы сөзімен, мейірімді ниетімен емдей білетін дəрігерлер қауымына айтар алғысымыз шексіз. Қиындығы көп болғанымен, қайтарымы да, алғысы да мол еңбектеріңіз жемісті болып, жана берсін. Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен мереке тілейміз», – деді.

Шарада өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне ат-салысып, медицина саласының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар дəрігер қауымы марапат биігінен көрініп, зор құрметке ие болды.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Жиынға облыс халқымен қатар, ішкі істер органдары ардагерлері, қоғамдық ұйым мүшелер і , БАҚ өкілдері жəне аудиоселекторлық режимде барлық облыс аудан-дары қатысты. Жиында полиция полковнигі Əмірбек Бердібекұлы 2016 жылдың 5 айында ішкі істер органда-ры қызметкерлері атқарған жұмыстар барысына тоқталып, орын алған құқық бұзушылықтар мен ашылған қылмыстар жайын сөз етті.

Бұдан кейін Нұрмұрат Ниятұлы жиналған қауымды 2015 жылғы 5 желтоқсандағы бұйрықпен бекітілген «Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы» үлгі-ережемен таныстырып өтті. Өз баяндамасында Консультативтік-кеңесші орган-дар қызметінің мақсатын, негізгі міндеттері мен құқықтарын айта келе, кеңестің отырыстары жы-лына кемінде 4 рет өткізілетінін атап өтті. Сонымен қатар, ол өз сөзінде консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің өкілеттіктерін

ЖАҚЫНДА КӨЛІКТЕГІ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ АМАНЖОЛ ҚАБЫЛОВТЫҢ АТЫНА ГҮЛНҰР АБДИРИСОВА ЕСІМДІ СЫР ӨҢІРІНІҢ ТҰРҒЫНЫНАН ХАТ КЕЛГЕН ЕДІ. КӨЛІК САҚШЫЛАРЫНА АНАЛЫҚ АЛҒЫСЫН ЖЕТКІЗГЕН ГҮЛНҰР ТОҚТАРБЕКҚЫЗЫ АҚТӨБЕДЕ БОЛҒАН ҚАНДЫ ОҚИҒА КЕЗІНДЕ БАЛАСЫНЫҢ СОЛ ҚАЛАҒА ЖАРЫСҚА КЕТКЕНІН БАЯНДАҒАН. ОҚИҒАНЫҢ МƏН-ЖАЙЫ ТҮСІНІКТІ БОЛУЫ ҮШІН АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН ХАТ МƏТІНІН ТОЛЫҚ ЖАРИЯЛАУДЫ ЖӨН КӨРДІК.

ҚҰРМЕТТІ АМАНЖОЛ ЖАЙҒАЛИҰЛЫ!Өткен аптада еліміздің облыстары арасында Ақтөбе қаласында жасөспірімдер

арасында өткізілген футбол жарысында менің 2004 жылы туған 11 жастағы Ерымбет Ануар Нұрисламұлы есімді балам барған болатын.

Өзіңізге белгілі, Ақтөбе қаласында қаруланған аса ауыр қылмыскерлер бейбіт халықтың тыныштығын бұзып, елімізді дүр сілкіндірді. Баламмен ұялы телефон арқылы хабарласып, балалар қорқып жатқандығын жеткізгенде, Ақтөбе қаласының жер-жерінде, қару-жарақтан атыс оқиғасы орын алып жатқанын естіп, өте қорқынышты жайды басымыздан өткердік. Теледидардан жаңалықтарды көріп, жалғыз мен емес – балаларын жіберген басқа да ата-ана үрейленіп, балаларын ойлап қорқып отырды. Сондай-ақ, балалар орналасқан қонақ үйдің жанында атыс оқиғасы орын алғаны салдарынан балалар қатты қорқып қалған.

Əйтсе де балаларымыз Ақтөбе қаласынан №34 жолаушылар пойызына мінер кезінде Ақтөбе қаласында орналасқан Сіздің қарамағыңыздағы үшінші жолаушылар пойыздарына ілесіп жүруші ротасының қызметкерлері балаларды теміржол вокзалы алдынан, алдарынан шығып қарсы алып, жағдайларын сұрап жəне Қызылорда қаласына дейін полиция қызметкерлері балалардың жанын-да болып, пойызда қадағалап, толықтай қарап, балаларды өзімізге əкеліп қолымызға жеткізгені үшін еліміздің полиция қызметіне шексіз алғыс!

Осы арқылы Сіздің қарамағыңыздағы қызметкерлер өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, елдің тыныштығын қорғап жүргендігі үшін барлық полиция саласындағы азаматтар аман болсын дегім келеді, ал жолаушылар пойызда-рына ілесіп жүруші ротаның қызметкерлеріне жəне олардың басшыларына жұмыстарын жақсы орындағандары үшін үлкен аналық алғысымды айтамын.

Сізге осы алғысымды білдіре отырып, Ақтөбе қаласындағы үшінші жолау-шылар пойыздарына ілесіп жүруші ротаның қызметкерлерін өз құзырыңызбен марапаттауға ықпал жасауға өзімнің жəне барлық ата-аналар атынан шынайы ықыласымды білдіремін!

Алғыс білдіруші,Қызылорда облысының тұрғыны Гүлнұр АБДИРИСОВА

МЕЙІРІМІ МОЛ МАМАНДЫҚҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҰЖЫМЫ ӨЗДЕРІНІҢ ƏРІПТЕСТЕРІ – ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ДƏРІГЕРЛЕРІН «МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ» МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.

Дайындық деңгейі Олег ФОРТУНА, Павлодар облысы

ЖАҚЫНДА ЕКІБАСТҰЗ ЖЭО-ДА УЛЫ ЗАТТЫҢ ШЫҒУЫМЕН АПАТТЫҢ САЛ-ДАРЫН ЖОЮ БОЙЫНША АРНАЙЫ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР ӨТТІ. ЖАТТЫҒУЛАРҒА «ӨРТ СӨНДІРУШІ» АҚ БӨЛІМШЕЛЕРІ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КҮШ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ.

Дəл осындай жаттығулар биыл сəуір-мамыр айларында «Павлодарэнерго» АҚ ЖЭО-3 жəне ЖЭО-2 ұқсас сценарий бойынша өткен болатын. Бұл арнайы-тактикалық жаттығулар азаматтық қорғаудың объектілік құралымдары мен «Өрт сөндіруші» АҚ Павлодар облысының филиалы бөлімшелері қызметкерлері дайындығының жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Жаттығу сценарийіне сəйкес, ыдыс сыйымдылығынан аммиак шығып кетіп, соның салдарынан 2 адамның тыныс алу жолдары уланып, күйік шалады. Жедел келген объект цехының құралымдары, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы өрт сөндіру апаттық-құтқару бөлімінің кезекші қарауылы, Екібастұз қаласының жедел құтқару жасағы мен ЖМЖКЕ бригадасы зардап шеккендерге алғашқы медициналық жəрдем көрсетіп, оларды уақытылы апат орнынан шығарып алады.

Бұдан əрі аммиак шыққан орынға «бандаж» салынып, газдың шығу жерінде ауа сынамаға алынды. Кейіннен аммиак буы мен зақымданған жер учаскесі жойылды. Алдына қойған міндеттерді орындау іс-қимылдарының алгоритмі мен дұрыстығын Екібастұз қаласының ТЖБ өкілдері бақылап отырды.

Екібастұз ЖЭО-да өткен жаттығуға 50 қызметкер жəне 6 өрт сөндіру, арнайы жəне қосымша техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығуларды қорытындылаған «Өрт сөндіруші» АҚ Павлодар об-лысы филиалының директоры Д.Бектенов пен «Павлодарэнерго» АҚ азаматтық қорғаныс штабының бастығы Ш.Шаймарданов объектілік құралымдар мен азаматтық қорғаудың қатыстырылған бөлімшелерінің төтенше жағдайларды жою міндеттерін орындауға сапалы дайындығын атап өтті.

ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

АШЫҚТЫҚТЫҢ АЛҒЫШАРТЫХАЛЫҚПЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАСУДЫ ЖƏНЕ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕ АШЫҚТЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ƏМІРБЕК ШАЙМАҒАМБЕТОВ ЖƏНЕ ДЕПАРТАМЕНТ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН КОНСУЛЬТАТИВТІК-КЕҢЕСШІ ОРГАН ТӨРАҒАСЫ НҰРМҰРАТ ЕРМАНОВ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗДІ.

қысқарту жəне тоқтату тəрт іб і , к о н с у л ь т а т и в т і к - к е ң е с ш і органдардың жаңа мүшелерін бекіту тəртібі туралы, консультативтік-кеңесші органның жұмыс нысан-дары жəне шешімдері жайлы да мəліметтер беріп өтті.

Ж и ы н б а р ы с ы н д а д е п а р т а -мент басшылығы кездесуге кел-ген азаматтардың сауалдарын, толғандырған мəселелерін тыңдап, т о л ы қ қ а н д ы ж а у а п т а р б е р д і . Полиция қызметі – халықтың сенімі арқылы өлшенетінін айта келіп, түйткілді мəселелерін шешуге тыры-сатынын жеткізді. Қоғамдық тəртіпті

қамтамасыз етуде бейжай қалмай, өзінің азаматтық ұстанымын, ұсыныс-пікірін білдірген азаматтарға алғысын білдірді.

Кей тұрғындар өзіне жүктелген күрделі істі атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің жұмысын бағалай келе, тəртіп сақшыларының жұмысын жан-жақты жариялауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бой-ынша қабылданған шаралар ту-ралы ақпаратты халыққа жеткізу жұмыстары жалғасын табатынына сенім білдірді.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Page 4: Сақшы №45 (4211)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№45 (4211), сейсенбі, 21.06.2016 е-mail:[email protected]

ҚОҒАМ жəне ЗАҢ

САБАҚ

АНТ ҚАБЫЛДАУЕЛ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП

Серт еттім саған, Туған ел!

Көлік қозғалысы əуеден бақыланадыШымкент қалалық Ішк і і с тер

басқармасының бастығы, поли-ция полковнигі Арман Бейсенбаев 2016 жылдың өткен бес айының қорытындысы бойынша баяндама жа-сады. Оның айтуынша, қала аумағында қылмыс деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9601-ден 10777-ге, яғни 12,2 пайызға немесе 1176 қылмысқа артқан. Сараптама барысында қылмыстың 53,1 пайызын бөтеннің мүлкін ұрлау құраса, 16,6 пай-ызы алаяқтық. Қазіргі таңда бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысының 17 пайы-зы, алаяқтық қылмыстың 58 пайызы ашылған. Алаяқтық қылмыстарды тер-геу бойынша Ішкі істер басқармасында жедел тергеу тобы құрылған.

«Бес айда қала бойынша 413 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 30 адам қаза бо-лып, 507 адам жарақат алған», – дейді қалалық Ішкі істер басқармасының бастығы А.Бейсенбаев.

Айта кету керек, қалалық ішкі істер қызметкерлері атқарған жұмыстар нəтижес інде жыл басынан бері Аймақтағы ішкі істер органдарының басшылары, ардагерлер, жас мамандардың

ата-аналары қатысқан шара шымылдығын Қарағанды облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев құттықтау сөзімен ашты.

Офицерлік шен тағу үлкен жауапкершілікті жүктейтінін айтып өткен Ардақ Қабыкенұлы: «Сіздер өз халқыңызға абырой мен адал қызмет етулеріңіз қажет. Əр полиция қызметкерінің маңызды қасиеті ең алдымен Отанымыз – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік таныту, жоғары жауапкершілік сезімі, күш-жігері, құқықтық сауаттылығы екенін есте сақтауларыңыз қажет. Сіздер Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатарына қосылып, өмірдегі қиыны мен қызығы қатар жүретін игілікті істі таңдадыңыздар. Бұл өмірлік жол сіздерден шыдамдылық, төзімділік пен адамгершілікті талап етеді. Халық, мемлекет мүдделері үшін Конституцияның, Қазақстан Республикасының заңдарын, Анттарының талап-тарын ұстану қажет. Сіздердің əрқайсыларыңызға шын жүректен сəттілік, қажырлы еңбек етуге жəне заң өкілдері деген атақты абыроймен алып жүруге тілектеспін!», – деп барша жас қызметкерлерді Қазақстан полициясы қатарына қосылуларымен жəне Қазақстан полициясы күнімен құттықтады.

Сөз кезегін алған облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, по-лиция полковнигі Жалғасбай Жақаев: «Бейбіт заманда қылмыскерлермен күрес жолында қаншама абзал азаматтарымыз мерт болды. Берген сертіне берік болып, ойланбастан өзгенің өмірі үшін басын қатерге тігіп жүрген поли-ция қызметкерлеріне қоғамның айтар алғысы мол. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін бұл қызметке келу үшін де үлкен рухани дайындық пен батылдық қажет. Сондықтан да жас қызметкерлердің Ант қабылдауы – маңызды шаралардың бірі. Ол Ант қабылдаушылардың Отанына, халқына адалдығын білдіретін серті», – деп атап өтті.

Салтанатты шарада жеке құрам қызметкерлері сапқа тұрғызылып, қатарға жаңа қосылған 30 жас буын ант қабылдаса, 12 жас қызметкерге алғашқы арнайы атақ берілді.

ІІМ Б.Бейсенов атындағы Академияның түлектері оқу ордасында алған білімдерін əрі қарай шыңдап, Ата Заңға қашанда адал болып, қоғам тəртібін сақтау жолында бар күш-жігерлерін салуға дайын екендіктерін айтты. Мерекелік шара соңында гарнизон жеке құрамы салтанатты шерумен жүріп өтті.

Жақсылыққа бастайтын Ант қабылдау шарасы – жас қызметкерлердің қызмет жолын бастаудағы ең бірінші қадамы. Ары қарай жас сақшылар келешекте туған елдің алдында антына – адал, сертіне берік болса деген тілек қана бар бізде.

ТАЯУДА «БАТЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ТƏРБИЕ ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛКОВНИК БЕРІК ОМАРОВ БАСТАҒАН БІР ТОП ƏСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІСІ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ 6655 ƏСКЕРИ БӨЛІМІ АРДАГЕРЛЕРІМЕН БІРЛЕСІП ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАЛАРДА ЕМДЕЛІП ЖАТҚАН ƏРІПТЕСТЕРІНЕ БАРЫП, ХАЛ-ЖАҒДАЙЛАРЫН БІЛІП ҚАЙТТЫ.

Сабырбек ОЛЖАБАЙ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ƏКІМІ Ғ.ƏБДІРАХЫМОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ӨТКЕН МƏЖІЛІСТЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МƏСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ. КҮН ТƏРТІБІНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ ТƏРТІПТІ САҚТАУДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ.

Əсемхан САҒАТҚЫЗЫ, Қарағанды қаласы

ПОЛИЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ ІІБ-НЫҢ АЛАҢЫНДА ЖАС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАП, АЛҒАШҚЫ АРНАЙЫ ШЕНДЕРІН АЛДЫ. САЛТА-НАТТЫ ШАРА ЖЕКЕ ҚҰРАМНЫҢ ЕЛІМІЗДІҢ ƏНҰРАНЫН ОРЫНДАП, МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫҢ КӨТЕРІЛУІМЕН БАСТАЛДЫ.

Светлана ЗЮБИНА, ІІМ-нің Теміртау қаласындағы Оқу орталығы

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУЫНДА ТҰРҒАН КӨКЕЙКЕСТІ МƏСЕЛЕНІҢ БІРІ. ОСЫҒАН ОРАЙ БОЛАШАҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫН ҚОРҒАУ МЕН САҚТАУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТЕ ТҮСІНДІРІП, БҰЛ БАҒЫТТА ӨЗ МІНДЕТТЕРІН САУАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ДЕ МАҢЫЗЫ ЗОР.

Шымкентте 59 есірткі нүктесі жойы-лыпты.

Шымкент қалалық жергілікті поли-ция басшысы, полиция подполковнигі Данияр Мейірхан мен қала əкімі аппаратының құқық бөлімінің бас-шысы Нұралы Қырғызəлиевтің баян-дамалары тыңдалды. Д.Мейірханның айтуынша, қазіргі таңда қалада 1318 жергілікті полиция қызметкері қызмет етеді.

«Жыл басында құрылған құрылым азаматтардың құқықтарын қорғап, т ұ р ғ ы н д а р д ы ж о л қ о з ғ а л ы с ы ережесін бұзбауға, сонымен қатар, ұсақ заң бұзушылыққа төзімділік танытуға шақырды. Бұл ретте құқық бұзушылыққа куə болғанда, телефонға түсіріп, тəулік бойы жұмыс істейтін 8-701-013-01-02 WhatsApp нөміріне

жолдауға болады», – деді Д.Мейірхан. Айта кетерлігі, Жергілікті полиция

қызметінің велосипедпен жасақталған тобы қаладағы қоғамдық ортаның тыныштығын сақтауда айтарлықтай нəтижеге қол жеткізген. Сонымен қатар, көлік қозғалысын əуеден бақылау қызмет ін республика аумағында алғаш болып қолданып, өзге өңірлерге үлгі болуда.

Мəжіліс соңында қылмыстық іс-əрекеттердің алдын алу бойынша ұсыныстар айтылды.

«Қылмыстың алдын алу, полиция жұмысын жандандыру – бəріміздің ортақ мақсатымыз. Əлі де жаңа жүйеге көшіп, жаңа технология енгізуіміз ке-рек», – деген қала əкімі Ғ.Əбдірахымов сала мамандарына тиісті тапсырмалар жүктеді.

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ ОРЫНДАКелесі кезекте қатысушыларға

ақылдасып, ой қорытып алған соң бала құқықтары болып санала-тын құжаттар т із ім іне не жата-тынын анықтау туралы ұсыныс жасалды. Бұл тапсырма кезінде бала құқығы саласына жататын халықаралық стандарттар тура-лы БҰҰ Конвенциясына қатысты т ү р л і т ү с і н і к т е р г е а н ы қ т а м а берілді. Ағымдағы жылдың ақпан айында Елбасының Жарлығымен т а ғ а й ы н д а л ғ а н Қ а з а қ с т а н Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уəкіл Зағипа Балиева ту-ралы да ақпарат ұсынылды.

Ал , «Континент» деп атала -тын ойын барысында бей імдеу орталығының тəрбиеленушілері мен взвод тыңдаушылары 4 топқа бөлініп, əрқайсысы бір континент атауымен аталды. Мысалы, Америка, Африка, Еуропа жəне Азия. Ойын тапсырмасы бойынша қатысушылар осы материктердегі балалардың құқықтары мен бостандықтары қ а л а й қ о р ғ а л а д ы ж ə н е о н ы ң ерекшеліктері туралы мəліметтерді айтып сайысқа түсті. Қатысушылар тарапынан қосымша сұрақтар да қойылды, түзетулер де жасалды. Бұл ойын барысында тыңдаушылардың психо-эмоционалдық кедергілерді жойып, балалармен кəсіби қарым-қатынас жасай б ілу іне ерекше назар аударылды. Ойын кезінде қатысушыларға америкалық 9 жасар Рэйчел есімді қыздың өте сауапты ісі туралы бейнематериал ұсынылды. Роликтен кейін əр тыңдаушы мен тəрбиеленуші өмірлік құндылықтар туралы ойларын ортаға салды.

К е зде с у с оңында б алалар ғ а əзірленген сый-сияпаттар тараты-лып, сабаққа қатысқандар естелікке фотоға түсіп, көңілді тарқасты. Мұндай іс-шаралар бейімдеу орталығының т ə р б и е л е н у ш і л е р і н е о л а р д ы ң құқықтары мен бостандықтарын қажетті деңгейде дəріптеуге мол мүмкіндік туғызады. Əр бала өзінің мемлекет қарауы мен қорғауында екендігін сезінеді. Оқу орталығынан тыс жерлерде ұйымдастырылатын сабақтар тыңдаушылардың полиция қызметкері, маман ретінде дамуы-на, қалыптасуына да оң əсер етері сөзсіз.

Осындай мақсатпен таяуда ІІМ-н ің Тем іртау қаласындағы Оқу орталығының Арнайы алғашқы оқыту курсының қатардағы жəне кіші басшы құрам лауазымдарындағы тыңдаушыларына арналған «Адам құқықтары» пəнінен «Бала құқықтары» тақырыбы бойынша арнайы сабақ өтті.

Қарағанды облысы кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында ө т кен с абақ барысында Адам құқықтары пəнінің оқытушысы, по-лиция майоры Гүлмира Шырахметова шараның басты көздегені мен мақсаты туралы түсіндіріп өтті.

Оқу процесін əдістемелік деңгейде ұйымдастырып, сабақ үрдісіне өзіндік өзгешелік енгізген пəн жетекшісі ша-раны білімділік, дамытушылық жəне тəрбиелік үш бағытта жүргізді.

Алғашқы сатыда бала құқықтары туралы халықаралық құжаттар мен ұлттық заңнама талаптарын дұрыс дəріптеу мен саралауға баса мəн беріліп, бала құқықтары мен бостандықтарын балалар үйінің тəрбиеленушілеріне жеткізу көзделсе, екінші бағытта – бала құқықтарының қорғалу механизмдері мен тетіктерін нақтылау, топ тыңдаушыларының ба-лалармен жұмыс істеу дағдысын ояту мақсат етілді. Ал, соңғы бөлімде бала құқықтарын құрметтеу мен сақтау

жолдарын дəріптеуге, балалар үйіндегі жасөспірімдердің тұрмыс-тіршілігімен танысуға, тыңдаушылардың бойында мамандыққа деген кəсіптік бағдар мен кəсіптік дағдыларды тəрбиелеуге баса мəн берілді.

Сабақтың мақсат-міндетін ашып көрсетіп, тақырыптың өзектілігі жай-ында айтып өткен полиция майоры Гүлмира Тілеуғалиқызы тыңдаушылар мен балалар үйінің тəрбиеленушілері а р а с ы н д а э с т а ф е т а о й ы н ұйымдастырды. Ойын барысында əр қатысушы өзін таныстырып, сабақтан нені күтетінін айтып, тілектерін білдіруі тиіс. Алғашында қызығушылықпен басталған ойын ортасында балалардың көздері мөлдіреп, жүрекжарды арман-тілектерімен бөлісіп, балаға тəн пəктік пен шынайылық сезілді. Балалардың бұл тазалығы тыңдаушыларға да əсер етпей қойған жоқ. Ойыннан басталған тілектердің шын жүректен шыққандығы соншалық, бүлдіршіндердің бірі өз үйі, отбасына оралуды армандаса, енді бірі жақсы ата-ана табу арманы екенін ай-тып қалды. Тағы бірі өскенде полиция қызметкері болатынын жеткізсе, бала қиялы тап-таза бірі «Барлық сəбилер бақытты болсын!» деген тілектерін білдірді. Таза жүректен шыққан бұл арман-тілектер кім-кімді де болмасын тебірентпей қоймасы анық.

ИГІ ІС

Əскери қызметшілерге айтылған алғыс

Бүгінгі таңда қалалық емдеу мекемелерінде 6 əскери қызметші ем алып жатыр. Олар: аға сержант Ғабит Балжанов, ефрейтор Еламан Жанділдаев, қатардағы жауынгерлер – Ақжол Шайсұлтан, Денис Чернышов, Сырым Сүндетов пен Артем Авдеев.

Əңгіме барысында полковник Берік Омаров əскери қызметшілердің денсаулығы мен көңіл-күйлеріне назар аударып, дəрігерлерден емдеу барысы туралы сұрады. «Қылмыскерлермен қақтығыс кезінде əскери қызметшілер білдірген ерлік біздер үшін қызметтестеріміздің батырлық өнегесі, өскелең ұрпаққа үлгі болып қалары сөзсіз, – деді Берік Ілесбекұлы.

«Сіздер қызметтік борыштарыңызды атқару кезінде ерлік пен қайсарлық таныттыңыздар. Ұлттық ұлан əскерінің Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, ге-нерал-майор Қайрат Ақтанов жараланған əскерилердің денсаулықтары жөнінде үнемі сұрастырып, басты назарда ұстап жүр. Сіздерге келер алдында олар барлықтарыңызға жеке-жеке алғыс айтып, тез сауығып кетулеріңізді тіледі. Сіздер жақын уақытта өз қатарыңызға қосылып, Отанымызды қорғау бойынша қызметіңізді абыроймен атқарасыз деген сенімдемін», – деді ол.

6655 əскери бөлімі Ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы подполковник Сəлімгерей Қабылов та қорғаушыларға тез емделіп шығуларын тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 5 маусымда шамамен 14 сағат 45 минутта 17 адамнан құрылған қарулы топ қару-жарақ пен оқ-дəріні басып алу мақсатында 6655 əскери бөлімінің аумағына кіріп, əскери бөлімнің ғимараттары мен əскери қызметшілеріне оқ жаудырған болатын. Ішкі қарауыл жеке құрамының шешімді əрекеттері арқасында əскери бөлімге жасалған шабуылдың жолы кесілді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі,Орал қаласы

Қоғамда өткір мəселеге айналған жемқорлық мəселесін талқыға салған басқосу барысында басқарма бастығы, полиция полковнигі С.Молдашев кез-деуге арнайы шақырылған қонақты таныстырып, күзет қызметкерлерін көтерілген сұраққа қатысты ой-пікірлерін ашық білдіруге шақырды.

Ке зде с у г е к ел г ен мамандар – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларын зерделеу бойынша Атырау облы-сы бойынша департаменті жедел

ТАЛҚЫ

Жемқорлықты жою жолыҚайыржан ДҮЙСЕНБАЕВ, Атырау облысы

ЖАҚЫНДА АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ҰЛТТЫҚ БЮРОСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫН-ША ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ.

басқармасының мемлекеттік басқару органдары саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау бөлімінің бастығы Асылбек Насиев пен Арнайы басқарманың аға офицері Самат Айжарықов басқарма апппараты жəне 1, 2-полиция батальо-ны қызметкерлеріне еркін форматта сыбайлас жемқорлыққа қарсы страте-гиясы 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасына саяси сұхбат жүргізді.

Басқосу барысында Асылбек Жасмамбетұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыты

– сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын жүргізу, елімізде сыбай-лас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптасту, бұл мақсатқа бүкіл қоғамды тарту қажеттігін айта келіп, елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету əр қызметкердің негізгі міндеттерінің бірі екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, басқарманың аға офицері Самат Бейсембайұлы жеке құрамға 2015 жылы мемлекеттік қызметшілер жəне полиция қызметкерлері тара-пынан жасалған қылмыстар жəне бас бостандығынан айыру мерзімдеріне сотталғандар туралы бейнеролик көрсетіп, тақырып төңірегінде ойын білдірді. Сұхбат барысында басқарма қызметкерлер і көкейлер і нде г і сұрақтарын койып, əнгімелесу бары-сында пікір-ұсыныстарын жеткізді.

Page 5: Сақшы №45 (4211)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№45 (4211), сейсенбі, 21.06.2016 е-mail:[email protected]

АЙТАЙЫН ДЕГЕНІМ...

«КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІЖАНЫМА ҚУАТ БЕРЕДІ.ТАЛАСҚА ТҮССЕ ЖАН МЕН ТУ –ЖАН ЕМЕС МАҒАН КЕРЕГІ.КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ…»

О с ы б і р ə н к ө к б а й р а ғ ы а с п а н -да қалықтаған қазақтың «Алашым» деп ардақтаған «арыстандай айбатты, жол-барыстай қайратты», «ұлтым» деп елін сүйген ұлағатты жастарының əнұранына айналғанына ешкім дау айта алмаса керек. Бірақ, бес саусақ бірдей емес.

Патриотизм дегеніміз не? Сіз өзіңізді па-триоттар қатарына қоса аласыз ба? Жалпы, адамдардың көбі өздерін патриот санайды. Тек іс жүзіне келгенде көптің бірін таппай калып жатамыз. Бұған не себеп деп ойлай-сыз? Əлде патриот болу қиын ба? Ендеше, патриоттылықты жүйелі түрде жазып көрейік.Патриот болу – жас пен кəріні бөліп-жармайды. Бірін «қарапайым» деп, бірін

«дəулетті» деп жалқыламайды. Бірінің «ағын» айтып, бірінің «қарасын» айтып түсін түстемейді. Олай болса сізге неге па-триот болмасқа?

Патриот болу жоқтан барды жасап, ғажайыпқа қарық қылу емес. Патриот болу – өз ұлтың мен өз мемлекетің үшін қолдан келген дүниені аянып қалмау. Қолыңыздан не келеді? Əн шырқай аласыз ба? Би билей аласыз ба? Мүмкін, таңдайы тақылдаған шешен шығарсыз? Немесе қолы алтын шеберсіз бе? Қоғамда мəртебеңіз қандай болса да, маңыздысы – шынайы патриот бола білгеніңіз.

Патриотизм – индивидтің отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметі, махаббаты. Адам кіндік қаны тамып, туып өскен жері, елін, Отанын, тəуелсіздігін, өзін қорғайтын Ата Заңын қалайша сүймесін?!

Сүю деген нəзік ұғымды Алла бізге жа-нымызбен бірге егіздей етіп берді емес

пе?! Демек, сіз де шынайы сүйе аласыз. Ал мұндай елге деген рухани махаббат – нағыз патриоттыққа жататыны сөзсіз!

Патриотты болу – біздің Қазақстанымызды жан-тəнімізбен жақсы көру, қадірлеу. Тəуелсіз еліміздің тыныштығын, баянды бақытын көзіміздің қарашығындай сақтау. Осындай махаббатты сезіне білген адам белгілі бір уақытта патриоттығын іспен де дəлелдейтін болады.

Сіз жоғарыда жазылғандарды оқып шықтыңыз. Енді санаңызбен саралап, «жүрек» деген патшаңызбен толғанып, өзіңізге-өзіңіз жауап айтып көріңізші. С і з п а т рио т сыз б а ? Т е к жауап б е -рер алдында мынаны естен шығарып алмаңыз: патриот болу – қазақ елінің əрбір азаматы мен азаматшасының па-рызы!

Ақмарал МАХАМБЕТƏЛІ, ЕҰУ Журналистика жəне саясаттану

факультетінің 1-курс студенті

АНА ТІЛІН БІЛУ – ƏР АДАМНЫҢ БОРЫШЫ ЖƏНЕ МІНДЕТІ. МЕЙЛІ, ОЛ ҚАРАПАЙЫМ АДАМ НЕ ЛАУАЗЫМДЫ ШЕНЕУНІК БОЛСА ДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛУІ МІНДЕТ. ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ ӨЗІ «АНА ТІЛІ ДЕГЕН – ƏР ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗІНІҢ ІШКІ ДҮНИЕСІ, ЖАНЫ. СОЛ ЕЛДІҢ МЕМЛЕКЕТТІГІН АНА ТІЛІ КӨРСЕТЕДІ» ДЕП АНЫҚ АЙТҚАН БОЛАТЫН. АЛАЙДА, НЕЛІКТЕН ЕКЕНІ, ҚАЗІРГІ ТАҢДА ҚОҒАМ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМЕЙДІ. НЕЛІКТЕН АНА ТІЛІМІЗ ОРЫС ТІЛІНІҢ ТАСАСЫНДА ҚАЛДЫ?

Мен қазақша сөйлемеймін, өйткені, билікте отырған аға-əпкелерім мемлекеттік тілді қастерлеу, қадірлеуден қалды. Біз, болашақ ұрпақ осы кісілерге ұқсағымыз келіп, еліктеп өсеміз. Неліктен қолында билігі бар, айтқан сөзі барша дүйім жұртқа жүретін аға-əпкелеріміз ана тіліне келгенде салғырттық танытады?! Бес жүз елу жылдық тарихымыз, өзіміздің Ата Заңымыз, жиырма бес жылдық тəуелсіздігіміз бар мемлекетте неліктен ұлттың тілі, мемлекеттік тіл жоғары деңгейде емес?

Менің қазақша сөйлемейтін себебім де осыдан. Ал мен секілді ойлап, ана тілінде тіл қатпай, өзге тілде сайрайтын, сол тілде ойлап, өмір сүретін жастар қаншама?

Жастарға дұрыс бағдар беріп, жол көрсетуші лауазымды аға-əпкелеріміз. Сол кісілер қазақ тілінде сөйлемегендіктен, мен де, мен секілді жастар да ұлттың тілінде сөйлемейтіні анық.

«Балық басынан шіриді» деген мақал бізге тансық емес. Жыл өткен сайын сол балық түгел шіріп кетуге шақ қалды. Неліктен елімізді билеуді осындай адамдар қолына алды? Қалайша мемлекеттік тілде сөйлемей, сол тілді жетік білмей елді басқаруға болады? Қалайша ұлттың тағдырына қатысты маңызды мəселелерді шешуге болады?

Мен қазақ бола тұра анамның əлдиінен естіген, Абай, Ыбырай сөйлеген ана тілім, қазақ тілінде сөйлемеймін. Өйткені, мемлекеттік тіл күн өткен сайын статусы бойынша төмендеп, тіптен мазаққа да айналды. Ел билігін қолына алғандардың қазақ тілінде сөйлей алмауы дүйім жұрт алдында күлкіге айналды. Қарапайым «құттықтаймыз» сөзін акцентпен айтып, қазақ сөзін мазақ сөзге айналдырған.

Мемлекеттік тіл мəселесі өзектілердің бірі болып қалатыны хақ. Мейлі, сен депутат не əкім бол, мейлі сен шенеунік не қарапайым жұмысшы бол. Алайда, ана сүтімен дарыған ана тілін білу – əр адамның міндеті.

ҚАЛТА ТЕЛЕФОНДАРЫ АДАМ ӨМІРІНДЕ ҮЛКЕН РӨЛ АТҚАРАДЫ. БҮГІНГІ ТАҢДА БҰЛ БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛЫНСЫЗ ӨМІР СҮРУ ҚИЫНДАП КЕТТІ. ҚАЗІР ЕКІНІҢ БІРІНІҢ ҚОЛЫНДА ТЕЛЕФОН. ЕҢКЕЙГЕН ҚАРИЯДАН БЕСІКТЕН БЕЛІ ШЫҚПАҒАН БАЛАҒА ДЕЙІН ҚОЛДАНАТЫН НАНОТЕХНОЛОГИЯ БАРЛЫҒЫМЫЗҒА ТИІМДІ.

ҚОҒАМДА «ТӨРТІНШІ БИЛІК» ӨКІЛДЕРІНІҢ РӨЛІ ЕРЕКШЕ. ƏРҚАШАН ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БҮГІНГЕ ДЕЙІН АҚПАРАТПЕН ҚҰЛАҚТАНДЫРУ МІНДЕТІН АТҚАРЫП КЕЛЕДІ. ҚЫР-СЫРЫ МОЛ, ЖАН-ЖАҚТЫ БІЛІМДІЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕТІН БҰЛ ЖУРНАЛИСТИ-КА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛЫНДА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН ҚАЗАҚТЫҢ БІРТАЛАЙ АЗАМАТЫ БОЛДЫ.

Сонымен бірге, біршама əлеуметтік мəселені көтерген қазақтың қарымды, үлгі тұтар журналист қыздары да бар еді. Олардың сапында біз мақтан тұтатын қаламы ұшқыр, ойы өткір, педагог, талантты аудармашы, публи-цист, ұстаз жəне Қазақ топырағындағы журналистика өнерін тұңғыш меңгерген ұлтжанды қайсар қыз – Нəзипа Сегізбайқызы Құлжанова.

Өз еңбек жолын ұстаз болудан бастап, елдің ісіне белсене араласып, өзінің зерделігімен, қабілетімен көзге түсіп, қоғам жəне саяси қайраткер ретінде танылған, елдің жаршысына айналған «Қазақ», «Алаш» газеттерінде, «Айқап», «Қызыл Қазақстан», «Əйел теңдігі» журналдарында түрлі мəселелерге қатысты қалам тербеп, мақалалар жазған. Өзінің екі тілді де жетік меңгергенімен көзге түсіп, біршама шығарманы аударған. Мұнымен қоса Абай мұрасын жаңғыртқан да Нəзипа апамыз болатын. Қызмет барысында білікті ұстаз ретінде танылып, қазақ мектептеріне арналған құнды оқулықтардың авторы да болды. Ұлтжанды қызды ерекшелеп тұратын бойындағы асыл қасиеттерінің бірі – қазақ əндерін нақышына салып орындауы еді. Бұл орайда халық əуендеріне қызығып, оларды жинаумен айналысқан орыс композиторы Затаевичке өлеңдер жаздырып, нотаға түсірткен. Ал біз үшін Нəзипа апамыз осындай өнегелі өмірімен, баға жетпес еңбектерімен ерекше. Өз өмір жолында енді қарыштап дамып келе жатқан журналистикаға зор еңбек сіңіріп, туған халқы үшін өшпес із қалдырған талант иесі Нəзипа Сегізбайқызы Құлжанованың есімі журналистика тари-хында мəңгі-бақи қалмақ. Келешекте мен де ардақты апамыздың жолын жалғастырып, ізін қусам деймін.

Айзере ОРЫМБАЙ, ЕҰУ Журналистика жəне саясаттану

факультетінің 1-курс студенті

ЖАСТАРЫ ҰЛҒАЙЫП, ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ҚАРТ ЖАНДАРДЫҢ ТАҒДЫРЫ, ОЛАРДЫҢ АЛДАҒЫ ӨМІРІ МЕН ТҰРМЫС-ТІРШІЛІГІ ƏРБІР АЗАМАТТЫ ОЙЛАНДЫРАТЫН ЖАҒДАЙ. АТА-АНАСЫНАН БЕЗІП, ОЛАРДЫ ӨЗ ЕРКІНЕН ТЫС ҚАРТТАР ҮЙІНЕ ƏКЕЛІП ТАСТАЙТЫН БЕЗБҮЙРЕК ЖАСТАРДЫҢ САНЫ КӨП БОЛМАСА, АЗ ЕМЕС. ӨМІРДЕН КӨРГЕНІ МЕН ТҮЙГЕНІ МОЛ, ҚАЙСАР ЖАНДЫ АҚСАҚАЛДАР МЕН АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ƏЖЕЛЕРІМІЗДІҢ ӨМІРІНІҢ СОҢҒЫ СƏТТЕРІ ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ ӨТЕТІНІ ҚЫНЖЫЛТАДЫ.

Мемлекеттік тілді неге меңгермейміз?

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН оқушыға кедергі келтіреді

Осыдан 20 жылдай бұрын ұялы телефондар тек қалталы азамат-тарда бар еді. Себебі, телефонның елімізге ену тарихы бірнеше кезеңнен өтті. 1960-жылдарға дейін көптеген компания байланыс түрін зерттеу-ден бас тартқан болатын. Біраз жұмыс атқарғаннан кей ін олар қалтаға қонымды ұялы байланыс түрін құрастыру мүмкін емес деген тұжырымға келді. Компаниялардың жұмысын тоқтатқан тағы бір оқиға – 1947 жылы AT&T зерттеу орталығы ұсынған радио телефондар. Алайда, олар тек кəсіпкерлерге арналды. Соңында бұл орталық тұтынушылар санының аздығынан өз жұмысын тоқтатты. 1973 жылдың үшінші жұлдызында Motorola компаниясының басшысы Мартин Купер Манхеттон орталығында жүргенде ұялы теле-фон арқылы қоңырау шалды. Осыған таңғалған жұртшылық бірте-бірте байланыс түрін қолдана бастаған. Осылайша, телефон біздің де елге жетті . Ал қазір бір телефонның иесі атану бізге еш қиындық ту-дырмайды. Тіпт і , елден озамын деп смартфондардың неше атасын қолданатын жастар қатары күн сай-ын көбейіп жатыр. Замандастарынан қалмайын деп озық технология тұтынамын деген оқушылардың ойы сол телефондарда. Бұл нанотех-нология баланың оқу үлгеріміне, денсаулығына, ойлау қабілетіне

кесірін тигізбей ме деп ойлайтын ата-ана да жоқ.

Бү г і нде барлық мəселелерд і о с ы б а й л а н ы с т ү р і а р қ ы л ы жүзеге асыруға болады. Ал мек-теп оқушысы телефон ұстау үшін көп кедергіден өтеді. Себебі, əр оқу орнының өз қағидалары бар. Мектеп табалдырығын аттаған соң əр оқушы өз алтын ұяларының ережелеріне бағынуы қажет. Ұялы телефонды өшіріп, сабақ кезінде қолдануға болмайды деп əр күн сай-ын ұстаздар ескертіп отырады. Ал бұл қағиданы əр оқушы ұстанбайды. М е к т е п т е қ а л т а т е л е ф о н ы н пайдаланған дұрыс емес. Өйткені, бұл баланың сабақ үлгеріміне кері əсерін тигізуі мүмкін. Неге десеңіз, сабақ кезінде баланың көңілі теле-фонмен алаң болады, сан түрлі əлеуметтік желілерге кіріп, мектеп бағдарламасынан тыс қалуы мүмкін. Ал əлеуметтік желі баланы дұрыс тəрбиелемейді. Сөзді қысқартып жазып, сөйлеу мəнерін өзгертіп, балағат сөздерді күнделікті өмірде қолданатын оқушылар санында шек жоқ. Шынымды айтсам, осын-дай мəселелерге тап болып, сабақ үлгерімі жақсы болған оқушыларды

кездестірмеппін. Əрине, қолданған дұрыс-ақ. Алайда, сымсыз телефон-ды өз орнымен, қажеттіліктеріне сай қолданса жөн-ақ. Ұялы телефонның жағымды-жағымсыз жақтары жай-лы ұмытпауға тиіспіз. Жағымсыз тұстарына келсек, оқушы үлгеріміне кері əсер туғызады. Ал жағымды жақтарын айтып өтсек, бүг інде көптеген мəселе нанотехнология-лар арқылы жүзеге асырылады. Тағы бір жағымды тұсы – «кальку-лятор қолдану». Алайда, осыдан 10 жыл бұрын ешқандай телефонсыз, интернет желісінсіз ұлы ғалымдар, дана ойшылдар, еліміздің бетке ұстар азаматтары болған еді.

Ал қазір барлығы интернетке, бай-ланыс желісіне тəуелді. Тіпті, бір күнімізді ұялы телефонсыз өткізу мүмкін емес. Заман ағымы ма, əлде заман талабы ма, əйтеуір, ұялы телефонға телміріп жүрміз.

Осы күнге дейін Инстаграм мен Вконтакте əлеуметтік желілерінен көз алмаған балалар келешекте қандай маман иесі болады?..

Арайлым МҰРАТ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Журналистика жəне саясаттану факультетінің 1-курс студенті

Сіз патриотсыз ба?

Қарттарға жан сауғалар пана қайсы?

Қарт кісілердің ет бауыры – ба-лаларынан кет іп , өз ін ің «қара шаңырағы» ретінде қарттар үйін санайтыны көңіліме қаяу түсіреді. Бала дүниеге келгеннен бастап, «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» бағып, оны барынша тəрбиелеп, ақ пен қараны ажы-рататын жасқа дейін еркелетіп, бар білгені мен көргенін үйретіп, қалағанын алдына тосып өсіреді. Сонда ата-ананың жазығы не?

Баласы үшін күн-түн демей еңбек етіп, отбасы қамы мен перзентінің игілігі үшін аянбай тер төгіп, бар күш-қуатын баласына арнаған, үйіне құт-береке кіргізіп, балаларына ақылын айтып отыратын қарт жандардың басым көпшілігі өз бақытын қарттар үй і н ен і з д ейд і . Жан с а у ғ алар пана ретінде қарттар үйін көреді. Егде к іс ілердің терезеге үңіл іп, сағынышқа толы жүректерімен ба-лаларын сарыла күтуі де қуантарлық жағдай емес. Көбінесе ата-анасы-нан ерте айырылған азаматтардың көпшілігі болмаса да, санаулыла-ры қарттар үйіне барып, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, ба-рынша қолғабыс етуге тырысып бағады.

Əрине, бұл азаматтар қарттарға жақын адам, баласы сияқты бол-

маса да, əйтеуір, көңіл іне қаяу түсірмей, барынша көңілін тауып, езуіне күлкі сыйлап, өмірлерін бір сəтке болсын ұзартқанының өзі бір қуаныш. Балаларын басқалардан кем қылмай, бар тапқан тиын-тебендерін қолдарына ұстатып, қалған ғұмырын олардың қуанышы мен қайғысына ортақтасуға арнаған қариялардың жылы алақаны мен кең пей іл і , таза жүрег і өк ін іш пен зарға , сағыныш пен назға толы. Бірақ қандай жағдай бол-масын ата-ананың басты арманы – балаларының бақытты болуы. Қанша жерден баласы өзег інен теуіп, одан бас тартса да, ата-ана баласы қандай болса да, оның т ілеу ін т ілеп, жүрег імен жақсы көріп тұрады. «Үлкенге құрмет, к іш і ге і зет» демекші , əрқашан қарияларымызға құрмет көрсетіп, өнеге мен ұлағатты сөздерге толы ақыл-кеңестерін тыңдап, солардың жолын қуып, əр кез бізге сыйлаған жылуы мен мей ір ім ін ұмытпай, оларды жылатпай , көң і лдер і н қалдырмай барынша сыйлап, аялап жүрейік, ағайын!

Ғазиза КƏРІБАЙ,ЕҰУ Журналистика

жəне саясаттану факультетінің 1-курс студенті

Құлжанованың жолын қусам деймін...

колл

аж А

қсая

ЖҮР

КЕН

ОВА

НІК

І

Page 6: Сақшы №45 (4211)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№45 (4211), сейсенбі, 21.06.2016 е-mail:[email protected]

ТАРИХ. ТҰЛҒА. ТАҒЗЫМ

ЖУРНАЛИСТЕН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ГЕНЕРАЛ

Ауған соғысының ардагері, жалпы саны жи-ырмадан астам ордендер мен медальдардың иегері Мұрат Қалматаев Қазақстандағы жур-налистерден шыққан тұңғыш генерал. Мұрат Дүйсембіұлының «адам жанының инженері» деп əспеттелетін журналист мамандығын таңдауының түп тамырында ата-анасының бойындағы адам жанына араша түсуге əзір тұратын қасиеттер жатқан сияқты. Мұрат Қалматаевтың əкесі Дүйсембі Қалматаев Қазақстандағы алғашқы дəрігерлердің бірі. Омбыдағы Əскери-фельдшерлік кадетті бітірген Дүйсембі Шығыс Қазақстан облысының Жарма жəне Көкпекті аудандарында адамдарды жұқпалы аурулардан сақтау ісіне өлшеусіз еңбек сіңірген жан. Оның туған жердің төсінде өсетін əртүрлі емдік шөптерден дəрі жасайтын емшілігі өз алдына бір бөлек əңгіме. Тіптен, «Дүйсенбі көлі» деп аталатын көлдің емдік қасиетін өзі ашып, оның батпағымен түрлі сырқаттарды емдегені ел аузында қазірге дейін айтылады. Бұл көл күні бүгінге дейін елге шипа болуда.Жарты ғасырдан астам Шығыс Қазақстан, Павлодар, Семей облыстарының медицина са-ласында абыройлы қызмет атқарған Дүйсембі Қалматаевтың атында бүгінде Семей қаласында мемлекеттік медициналық колледж, Жарма ау-данына қарасты Георгиевка ауылында мектеп бар. Оның атына осы ауылдан көше де берілген.

Бала күнінен əкесінің осындай қайырымды істеріне қанығып өскен əрі жаны шығармашылыққа жақын Мұрат мектеп бітірісімен ауыл балалары үшін мəртебесі Алатаумен теңесетін ең мықты жоғары оқу орны – Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Қазақтың талай қарымды қаламгерлерін ұшырған журналистика факультетін таңдаған Мұраттың алдына қойған бір-ақ мақсаты болды. Ол – халыққа қызмет ету. Сол мақсатының алғашқы баспалдағы Көкпекті аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайлануынан басталыпты. ҚазМУ-ді жаңа бітіріп келген жас жігіттің бойындағы жігерімен бірге істің тетігін табуға деген құштарлығын тап басып таныған жергілікті басшылар жастармен жұмысты жандандыруды Мұратқа сеніп тапсыр-ды. Ол «мен комсомолдың бірінші хатшысымын» деп ақ көйлек киіп, қара галстук тағып шіреніп жүрген жоқ. Қайта жастарға өз ісімен өнеге болуды мақсат етіп, механизаторлар дайындай-тын курсты бiтiрiп, талай рет түнделетiп жер жыртты. Содан кейін бірнеше жыл аудандық «Жұлдыз» («Звезда») газетінің редакторы қызметін атқарды. Кеңес кезіндегі аудандық газеттерді «журналистердің ұстаханасы» деп бекер атамаған. Екі тілде əрі аптасына үш рет шығатын аудандық газеттер партияның мықты идеологиялық құралы болды. Жоспарын бірнеше еселеп орындайтын озат шопан, тракторшы, бақташы, сауыншы сияқты еңбек адамдарының жұлдызын жағатын жергілікті жур-налистер де еңбеккерлермен бірге егіс даласы мен қой қорасынан табылатын. Сөйтіп жүріп, халыққа нағыз еңбек адамының бейнесін жасап ұсынатын. Ол кез қай ауданда болмасын жур-налист кадрлар тапшы уақыт. Көбінесе арнайы журналистік білімі жоқ болса да, қаламының желі бар басқа мамандық иелерін газет жұмысына тарту жақсы үрдіс еді. Олардың арасынан да танымал журналистердің шығуына осындай аудандық газеттердің қосқан үлесі баршылық. Ал, жас та болса университетте оқығанымен қатар көкірекке түйгені көп Мұрат Дүйсембіұлы жергілікті басылымның қыруар шаруасының қисынын шебер келтіретін редактор атанды.

Мұраттың бұдан кейінгі еңбек жолы Семей облыстық партия комитетінің ұйымдастыру-партия бөлімінің нұсқаушысы, кейіннен бөлім меңгерушіс ін ің орынбасары қызмет імен жалғасты. Бұған дейін КСРО Орталық комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген əрі нағыз еңбектің қайнаған ортасынан келген Мұрат үшін бұл қызметтерді абыроймен атқару аса қиынға соқпағаны анық. 1975 жылдан бастап ол Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінде инспектор қызметін атқарса, 1980 жылы Қазақстан Компартиясы Орал облыстық комитетінің хатшысы болып сайланды. Негізгі мамандығы журналист Мұрат Қалматаевтың ішкі істер органындағы еңбек жолы 1983 жылы Ішкі істер министрінің орынбасары – са-яси бөлімнің бастығы қызметінен басталды. Еліміздің ішкі тəртібін сақтау жолында жігерлене еңбек ете жүріп ол генерал-майор дəрежесіне дейін көтерілді. Иə... халыққа қаламмен қызмет етсем деген талаппен ұшталған мақсат Жарма ауданының Мариновка ауылында туған қарапайым қазақ баласының қайсарлығын, еңбектің дəмін бағалай білетін қасиетін сынға сала жүріп халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында үлкен шенге жеткізді.

Мұрат Дүйсембіұлының сонау 1959 жылдан басталған еңбек жолындағы қиын-қиын асу-ларын айтпас бұрын біз оның Қазақстандағы журналистерден шыққан тұңғыш генерал екенін мақтан тұтамыз.

АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ГЕНЕРАЛЫ

Милиция генерал-майоры Мұрат Қалматаевтың ауған соғысына қатысуы жайлы айтқанда

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЛМАТАЕВЫ ЕДІ

Гүлнəр ЖАПАРҒАЛИҚЫЗЫ, Алматы қаласы

қазақ халқының жүрек жа-расына айналған Желтоқсан көтерілісіне тоқталмай кету-ге болмайды. Мəскеу билігінің Қазақстан Республикасын ширек ғасыр басқарған тұғырлы тұлға Дінмұхаммед Қонаевты бір-ақ күнде қызметінен алып тастап, оның орнына қазақ деген ел бар екенін шала-пұла білетін Колбинді əкеліп отырғыза салуы қазақстандықтар үшін ашық күнде найзағай ойнағандай бол-ды. Дəл сол 16-шы желтоқсан күні Ішкі істер министрінің орын-басары – саяси бөлімнің бастығы, милиция генерал-майоры Мұрат Дүйсембіұлы Қалматаев қызмет бабымен Оңтүстік Қазақстан облысында жүрген. «Қазақстан К о м п а р т и я с ы О р т а л ы қ комитетiнiң пленумы болады, соған тезiрек жетсiн» деген суыт хабардың тегін емес екенін іші сезсе де, мəселенің мəн-жайын ашып айтқан ешкім болмады. Тіптен, Алматыға келген соң да аяқ астынан пленум жасайтын-дай не болғанын түсіне алмады. Жəй кезде ұзаққа созылатын пленум бұл жолы өте тез өтті де, бір-ақ мəселе қаралды. Ол – Дiнмұхаммед Ахметұлы Қонаевты Қазақстан Компартиясы Орталық комитетiнiң бiрiншi хат-шысы қызметінен босату. Барлық саналы өмірін Қазақстанды өркендету ісіне арнаған ардақты азаматтың ұзақ жылғы еңбегіне алғыс айтқан да ешкім болмады. Мəскеудің бұл əлімжеттігі Мұратты ауыр ойға қалдырды. Оның үстіне дауыс беруге құқылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетi мүшелерiнің «Қонаевты ор-нынан алуға да, оның орнына Ресейдiң Ульянов облысының бiрiншi хатшысы болған Колбиндi сайлауға да» бір ауыз қарсылық білдірмеген əрекеттері жан-дүниесін құлазытып, маза бермеді.

Мұның арты Желтоқсан оқиғасына ұласты. Ол кезде Ішкі істер министрі Григорий Никифорович Князев болатын. Күні бойы алаңға жиналған жастардың алдына шығып сөз сөйлеуге ешкімнің батылы жетпеді. Ең сұмдығы – кешке қарай Ульяновтан, Барнауылдан, Свердловскiден, Ресейдiң басқа да қалаларынан келген əскерлер алаңды қызыл қанға бояды. Мұздай қаруланған жендеттер бейбіт шеруге шығып, Үкіметке деген наразылықтарын білдірген қазақтың ұл-қыздарын аямай соқты. Ақ қар, көк мұзда жараланғандарды ыңырсытып машинаға тиеп белгісіз жаққа əкетіп жатты. Бар билік Мəскеуден келгендердің қолында болды. Олар жастарды мұндай озбырлықтан қорғамақ түгілі қазақ генералдарын мүлде басшылыққа жолатқан жоқ. Іштегі жалындай лапылдаған ашу-ыза жанын өртеп бара жатса да қолдан келер қайран жоқ. Ал, мына бір оқиғаны көзімен көрген Қалматаевтың қаны басына бір-ақ шап-шыды. Бір лейтенант екі жендет сүйреп келе жатқан жігіттің аузынан бар пəрменімен теп-кенде Мұрат та шыдап тұра алмады. Көмекшісі арқылы əлгі лейтенантты өзіне шақыртып алды да, бұл да əлгі лейтенантты құлақ шекеден аямай соқты. Əрине, генерал бұл əрекетінің өз өміріне аямай соққы болып оралатынын білмей тұрған жоқ. Бірақ...өзі өмір бойы адал қызмет еткен партияның мына жауыздығы жанын жай таптырмады. Əрине, қазақтың жап-жас жігіттері мен қыздарын көк мұзға жатқызып қойып, тепкінің астына алған желтоқсанның сол бір ызғары жалғыз Қалматаевтың ғана емес, тамы-рында қазақтың қаны бар əр адамның жанын жауратқанымен, қолдан келер амал болды ма. Алаңға шыққан жастарды «бұзақы, нашақор» етіп көрсету үшін табылған бір айла – мили-ция қызметкерлерін жарақаттанған кейіпте госпитальға жатқызды. «Жараланғандардың» жағдайын білу үшін госпитальға келген Мұрат мұның айла екеніне көз жеткізіп қайтты. Генералдың қайда барып, не істегенін көзден таса етпеген басшылар тасадан тас атуға кірісті. Əсіресе, Мəскеуден келген генерал-полковник Елисов пен республика Ішкi iстер министрi Князов ашық жаулыққа көшті. Олар тіптен, Қалматаевтың əр қадамын аңдытып, телефонын да тыңдатқызды. Бір абыройы – ешкім оның жұмысынан мін таба алмады. Ал, Одақтық Iшкi iстер министрлiгi саяси басқармасының бастығы, генерал-лейтенант Гладышов қоңырау шалып, қызметі тұрмақ өзінің ата жұрты Қазақстаннан кетуін бұйырғанда Қалматаев таң қалған жоқ. Бұл кезде оған ұлтшыл деген айдар тағылып та қойған.

Билік енді генерал Қалматаевтан қалай да құтылудың жолын, оны Ауғанстандағы қырғын соғысқа жіберу арқылы тапқан сияқты. Сөйтіп, «1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кезiндегi iсi партияның саясатына дəл келмейтiн» милиция генерал-майоры Мұрат Дүйсембіұлы Қалматаев 1988 жылдың қаңтар айында Ауғанстаннан бір-ақ шығады. Бірақ, «Ажал келмей жан шықпас, қысыр сөзден мəн шықпас» деген сөз рас екен. Жат жерде оған бұйырған қызмет – КСРО Iшкi iстер министрлiгiнiң ауған царондойларының кеңесшiсi

болды. Қызметі салмақты болғанмен, оқ пен оттың ортасында жүруіне тура келді. Мұраттың қанымен біткен бір асыл қасиеті – қандай басшылық қызмет атқармасын жайлы тақта жайбарат отыра алмайды. Мұнда да оның басқа елдерден келген кеңесшілер сияқты сырттан бақылап отыруына болар еді, бірақ Мұрат Дүйсембіұлы уақытының көбісін ату алаңында өткізді. Тыным таппай жүріп небір қаруды қолында ойнатты. Көп ұзамай тiкұшақпен таудағы батальондарды аралауға шықты. Бір қорқыныштысы мұнда тыныштыққа мүлгіп тұрған тау ішінде аяқ астынан атыс ба-сталып кетеді. Осындай бір шабуыл кезінде Мұрат қатты жараланады. Ол мінген БТР минаға түсіп, аузы-мұрны жоқ мұздай темірдің ішінде қалып қойды. Ажалы жоқ екен, артынан келген құтқарушылар аман алып қалғанымен, сол қолы мен аяғы жұмыс істемей қалыпты. Госпитальда жатып емделгенімен саусақтары сауыға қоймады. Дəрігерлер «мүгедектік беріп, елге қайтарамыз» деп еді, елге мүгедек генерал болып қайтқысы келмеді.

Ажал аузында жүрген күндер бір жылдай уақытқа созылды. Егер 1988 жылдың аяғында Ауғанстандағы кеңес əскерлерiн керi қайтару туралы жарлық шықпағанда қазақ генералының жат жерде қанша жүрері белгісіз еді.

ӨМІРІ ӨНЕГЕМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕНБірақ осы бір азаматтығы мен адалдығы

сынға түскен ауыр жылдардан сүрінбей өткен Мұрат Қалматаев көп адамдардың кісілігі өз басынан аспайтын пендешіліг іне көз жеткізді. «Сүйегі жат жерде қалсын» деген қараниеттілердің қарғысынан аман қалып, елге оралған Мұрат біраз уақыт үйінде жұмыссыз жатты. Мұндай үнсіздік қанша жерден жанын

жараласа да, ең ауыры Қазақстан Компартиясы Орталық комитетiнiң екiншi хатшысы Марат Меңдiбаевтың өмір бойы партия үшін, халық үшін еңбек еткен, қажырлы еңбегінің арқасында генералдыққа дейін жеткен мұның тағдырына немкетті қарағаны болды. Қызмет сұрап ал-дына барғанда жат жерде қазақ генералының мəртебесін абыроймен қорғап келген, ең ба-стысы ажалдан аман келген білдей бір азаматқа қолдау көрсетудің орнына суық қабылдап, сұлық шығарып салғаны, басшысымақ Колбиннің «Сен тiрi ме едiң?» дегені, Ішкі істер министрі Князевтің «жұмыс жоқ» деп сылтауратуы жүрегіне үлкен салмақ салды. Бірақ халқым деп соққан жүрек бұл сыннан да өтті.

Өзіне деген осыншалықты немқұрайдылықтан шаршап жүргенінде Семей облыстық Iшкi iстер басқармасының бастығы болып тағайындалды. Қылмыстың өршіп тұрған кезінде бүтіндей бір облыстың қылмыстық ахуалын жақсарту шебер басшының ғана қолынан келері хақ. Қандай да бір проблеманы шешу үшін адам соның орта-сында болуы керек, көзбен көруі керек екені қандай қажет болса, қанқұйлы қылмысты ашуда да осы əрекет ауадай қажет. Мұрат Дүйсембіұлы облыстық Ішкі істер басқармасының тізгінін қолына алысымен қылмысты ашу үшін түн қатып жүретін қатардағы жедел уəкілдермен сан рет қылмыскердің соңына бірге түсті. Жар құлағы жастыққа тисе де рацияны жастанып жататын мазасыз күндердің жемісі аз болған жоқ. Көп ұзамай Семей облысы қылмыстың алдын алу жəне ашу жағынан алдыңғы қатарға шықты. Генерал-майор Мұрат Қалматаевтың тəртіп сақшылары мен халықтың арасына салған алтын көпірі талай тағдырды қылмыстан құтқарды. Облыс халқы оның уақытпен санаспай күндіз-түні атқарған тынымсыз еңбегін елеп, əрі оның іскерлігіне үлкен сенім артып Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына ұсынды. Біреу-екеу емес бақандай он екі адаммен бəсекеге түсу оңай болған жоқ. Мұрат Дүйсенбіұлы бұл та-ласта тамаша жеңіске жетіп, басым дауыспен Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, Құқықтық реформа жəне заңдылық жөніндегі комитеттің төрағасы болды.

Қабырғалы қазақ елінің тəуелсіздігі жария-ланып, демократиялық жолмен сайланған депутаттардың республика тарихында ерекше орны бар. Өйткені, олар елiмiздiң Əнұранын, Елтаңбасын, Көк байрағын қабылдады. Мұндай бақытқа ие депутаттардың қатарында милиция генерал-майоры, ауған соғысының ардагері Мұрат Қалматаев та бар еді.

Сондай-ақ, милиция генерал-майоры Мұрат Қалматаев ауған соғысы ардагерлерінің мəртебесін анықтау туралы көңілге қонымды ұсыныстар айтудан ешқашан жалыққан емес.

Өмір жолы ұрпаққа үлгі болар өнегемен өрнектелген, ұлтын жанындай жақсы көретін абзал аға да мына пəни жалғаннан өтті. Алдағы қыркүйек айындағы сексен жылдығына жетпей үлкен жүрек тоқтады. Бірақ, генерал-майор Мұрат Дүйсембіұлы Қалматаевтың есімі халқы ешқашан ұмытпайтын мəңгі есім.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жəне «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері жəне құрметті ардагері, милиция генерал-майоры

ҚАЛМАТАЕВ Мұрат Дүйсембіұлыныңқайтыс болуына орай марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

ІІМ Көліктегі ІІД басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ, Ардагерлер кеңесі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері жəне құрметті ардагері, мили-ция генерал-майоры

ҚАЛМАТАЕВ Мұрат Дүйсембіұлыныңқайтыс болуына орай марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Алматы қалалық ІІД-нің басшылығы мен жеке құрамы жəне Ардагерлер кеңесі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері жəне құрметті ардагері, мили-ция генерал-майоры

ҚАЛМАТАЕВ Мұрат Дүйсембіұлыныңқайтыс болуына орай марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қарағанды облыстық ІІД-нің басшылығы мен жеке құрамы жəне Ардагерлер кеңесі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері жəне құрметті ардагері, мили-ция генерал-майоры

ҚАЛМАТАЕВ Мұрат Дүйсембіұлыныңқайтыс болуына орай марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің басшылығы мен жеке құрамы жəне Ардагерлер кеңесі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері жəне құрметті ардагері, милиция генерал-майоры

ҚАЛМАТАЕВ Мұрат Дүйсембіұлыныңқайтыс болуына орай марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС-нің ұжымы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері жəне құрметті ардагері, милиция генерал-майоры

ҚАЛМАТАЕВ Мұрат Дүйсембіұлыныңқайтыс болуына орай марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖƏНЕ ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРІ, МИЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ МҰРАТ ҚАЛМАТАЕВ ТУРАЛЫ БІР ҮЗІК СЫР

Page 7: Сақшы №45 (4211)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№45 (4211), сейсенбі, 21.06.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

СПОРТ САҢЛАҚТАРЫ«ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ»

ШАРШЫ КІЛЕМНІҢ ШЕБЕРІ Біздің команда – біздің мақтаныш

Жақында мекеменің спорт алаңында «Жазғы спартакиада-2016» шарасының ашылу салтанаты өтті. Жарысқа «Спорт жəне біз – бөлінбейміз, бірге біз жеңілмейміз!» ұраны таңдалып алынды.

Спартакиаданың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Əнұраны орындалып, Көк туы көтерілді. Салтанатты шара бағдарламасында 100-ден астам жазасын өтеуші қатысқан спорттық, театрландырылған, костюмды көрініс көрсетілді.

Сотталғандар акробаттық элементтер көрсетіп, содан соң əр команда өзінің атауы мен ұранын айтып, баяндамаларын тапсырды.

Іс-шараның салтанатты бөлігін Қарағанды ҚАЖД АК-159/9 мекемесі бастығының тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, əділет подполковнигі С.Тұрсынханов ашып, қатысушыларға құттықтау сөздерін жеткізіп, сəттілік тіледі. Алаңның ортасында Спартакиаданың жалауы салтанатты əн əуенінде көтерілді.

Екі ай бойына өткізілетін іс-шаралар бағдарламасына келесідей спорттық пəндер кіреді: жақын қашықтыққа секіру, ұзындыққа секіру, эстафета, үстел теннисі, дойбы, нарды, арқан тарту, волейбол, көңілді старттар, «Спорттық жеңіс мезеті» конкурсы, арқада жатып кеудені көтеру.

2016 жылғы жазғы спартакиадаға қатысушылар жəне жанкүйерлер өткізілген ашылу салтанатынан үлкен шабыт алып, көңіл-күйлері көтеріңкі болып қайтты.

Бір бүйірі аспан таудың ар жағын мекендеген Қытайға қарай сұғынып жатқан ауылдың тіршілігі əлі күнге дейін қазақ бабамның қой сауып, құрт қайнатқан қасиетін жайып са-лып жатса, көмескіленіп қалғанымен ауыздан-ауызға жеткен əңгімемен ұрпақ көңіліне қонақтаған өз тарихы бар. Соның бір парасы – сонау қалмақ пен қазақ ат үстінен түспеген заманда аяғы үнді еліне дейін жеткен балуан Бұқар ата. Арада екі ғасыр уақыт өтсе де қазіргі ұрпағы балуан аталары жайлы аңызға бергісіз əңгімені жады-ларынан өшірмей келеді. Сарыбастау өңірінде «қазақтың белдескеннің белін үзіп жіберетін күші бар Бұқар де-ген балуаны бар екен» деген сөзді естіген қалмақ та өз балуандарының күшін сынау үшін олардың бір тобын Бұқардың ауылына жібереді. Ауылдан əрірек диірмен тасын зыр айналды-рып, бидай үгіп жатқан шаруақор қазақтың əр қимыла сүйсіне, не бол-маса қызғана қарағанын білдірмей сыр аңдыған қалмақ балуандары диірменші жігіттен Бұқар балуанның ауылын сұрайды. Өңкей жарау аттың белін қайыстырып тұрған қалмақтардың бұл келісінің тегін емес екенін сезген Бұқар балуан да диірменнің бір өгіз сүйрей алмайтын дөңгелек тасын бір қолымен жұлып алып, «Бұқардың ауылы əне бір қырдың етегінде» деп жөн сілтейді. Өздері іздеп келе жатқан Бұқар балуанның осы кісі екенін ұққан əрі қазақ балуанының жойқын күшінен қорыққан қалмақтар үндемей ғана аттарының басын кері бұрыпты. Қара күштің иесі Бұқар балуанның кейінгі ұрпақтарының бірі Аман ақсақалдың да киіз үйдей тасты орнынан көтеріп кететінін ауыл адамдары ұрпағынан ұрпағына ауызша айтып жалғастырып келеді. Бабаларының бойындағы осын-дай қасиеттің иненің жасуындай өскіні неше ғасыр өтсе де ұрпақтарының

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД АЙМАҚТА «ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ» КЛУ-БЫН ҰЙЫМДАСТЫРҒАН БОЛАТЫН. ОСЫҒАН ОРАЙ 2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН «ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ» КЛУБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ЖА-САЛЫП, ҚҰЖАТ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЛІСІЛДІ.

Осы жоспарға сəйкес сабақтар өткізіліп, теориялық сабақты тəжірибеде қолдану үшін мектептер арасында төтенше жағдайдан қорғану тақырыбында жарыстар мен слеттер ұйымдастырылып, облыстың жас құтқарушылары жоғары деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

Жақында Əзербайжан Республикасының Габала қаласында осы елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдер арасында «Жас құтқарушы» ІІ Халықаралық жарысы өткен бо-латын. Бұл сайысқа Қызылорда облысы ТЖД-нің «Жас құтқарушы» командасы да қатысты.

Дəлірек айтқанда, Қызылорда облысының білім басқармасының «Қалалық қосымша білім беру оқу əдістемелік орталығы» жанындағы «Жас құтқарушы» клубынан жарысқа қатысушылар іріктеліп, А.Сұлтанбековтің жетекшілігімен дайындық жұмыстары жүргізілді.

Ж а р ы с қ а Ө с к е м е н , С е м е й қалаларындағы түзеу мекемелерінің ардагерлері мен қазіргі уақытта қызмет атқарып жүрген офицерлер мен сер-жанттар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Спорттық шараны ашқан Шығыс Қазақстан облысы бойын-ша ҚАЖД бастығының орынбасары, əділет полковнигі Миржан Смағұлов жиналған қауымды осы турнирге ар-найы келген «Атамұра» ақсақалдар ансамблімен таныстырды.

«Ансамбль 2010 жылы құрылған. Оның құрамында күні кеше əскери сапта тұрып, адал қызмет еткен ата-ларымыз, алды сексенді алқымдаған, аға буын өкілдері бар. Республика көлемінде, Қытай, Моңғолия елдерінде концерт беріп, қошеметке бөленген ақсақалдарға айтар алғысымыз мол», – деді ол.

Салтанатты шарада сөз тізгінін алған ҚАЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы, əділет полковнигі, көпке ақылшы аға, қадірлі ақсақал Зейнолла Бекқалиев жарысқа қатысушыларды құттықтап, жеңіске жетуге тілек білдірді. Қария сөзінің соңында спорттық шараны ұйымдастырып отырған ОВ 156/15 мекемесінің басшылығы мен жеке

бойынан табылып жатқаны рас. Ата-баба мекені – Сарыбастаудың бір азаматы, шаңырағын алты баланың күлк і с імен көркемдеген Ермек Əкімжанұлы Сопиевтің де арманы көп еді. Ат жалын тартып мінген кезден-ақ аталарының қандай абыройды арқалап өткенін сезініп өсті. Жаратқан иесі бабаларына берген қасиетті бұған аудара салмағанымен балуандар ұрпағын қан тулатар намыстан кенде етпепті. Ермек екі баласы Бағлан мен Қуатты Талғардағы жасөспірімдер спорт мектебіне жетелеп əкелгендегі мақсаты – ұлдарын балуандыққа бау-лу болатын. Ол балуан болу үшін баланың бойында намыс болу керек екенін жақсы білетін. Басқа ұлдарының ішінде осы екеуінің көзіндегі отты ерте байқаған əке үміті алдамапты. Спорт мектебінде оқыған екі ұлы да осы бір адамнан ерік-жігерді талап ететін спорт ауылынан алыс кеткен

жоқ. Бар өмірлерін спортқа арна-маса да, спорт олардың өмірден өз орындарын табуларына шамшырақ болды десе де болады. Олар қазір өздері қызмет ететін салада саңлақ өнердің арқасында абырой жинап жүр. Бағланы Талғардың ауыл шаруашылық техникумында денешынықтыру пəнінен сабақ берсе, Қуаты қазір Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Күзет жəне қадағалау бөлімінің аға бақылаушысы қызметін атқарады. Əділет аға сержанты Қуат Сопиев осы бір жауапты қызметтен қолы қалт ете қалса жаттығу залынан табылады. Тынымсыз еңбегі мен жеңіске деген құлшынысы да жеміссіз емес. Қуаттың спорт саласындағы жеңістерінің бəрін т ізбелемей-ақ, соңғысына ғана тоқталсақ, ол маусым айында Шымкент қаласында қоян-қолтық ұрыстан құқық қорғау қызметкерлері арасында өткен жарыстан да бірінші орынды иеленіп, жеңімпаз болып оралды. Полиция қызметкерлерінің спорттық дайындығын сарапқа салған сайыста тек күштілер ғана мəреге жетері анық. Қуаттың бұл жарыстан əкелген абыройы да қызметтегі абы-ройын еселей түскені анық.

Қуаттың отбасына келген адамның на-зары алдымен төрде ілулі тұрған Қуаттың спорттық жарыстардан əкелген медаль-дарына түседі. «Баласы атқа шапса, үйде отырған анасы тақымын қысады» демекші əр жарысқа аттанған сайын ұлдарының аман-саулығын тілейтін ата-анасы үнемі қоржыны бос қайтпайтын Қуатты ерекше мақтан тұтады. Ермек атасы мен Əлия əжелерін шыр көбелек айналған немерелер де осы бір береке мен бақыт ұйыған отбасының шаттығы. Екі ұлының үйін қатар қондырған отағасы Ермектің өзі де ұлдары Бағлан мен Қуатты уақыттың қадірін біліп өсуге əлі күнге баулып келеді. Əр ісінің өзі өнегеге бай əке айбарын спорттық жеңістерімен еселеп жүрген Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Күзет жəне қадағалау бөлімінің аға бақылаушысы, əділет аға сержанты, грек-рим күресінен спорт шеберлігіне кандидат Қуат Сопиевтің шығар шыңы əлі алда.

ШАХМАТ

ҚОС БУЫНДЫ СЕРПІЛТКЕН САЙЫСҚайрат ОРАЗБАЕВ, Шығыс Қазақстан облысы

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ҚАРАСТЫ ОВ 156/15 МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАЖ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА ШАХМАТТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ.

құрамына ризашылығын білдірді.Ары қарай көптен күткен жарыс та

басталды. Шахмат тақтасында жарыс көрігін қыздырған сайысшылардың өз қызығы өзінде, бұл кезде көпшіліктің назары сахнаға ауып, «Атамұра» ақсақалдар ансамблінің концертін тамашалап, өнерлеріне риза болды. Қадірменді қариялар «Сапты аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейтінін» дəлелдеді. Шығармашыл топ домбы-ра мен баянда кезек ойнап, тамаша əндерімен, кестелі ой, көркем сөздерімен көрермендерді риза етті. Аталарымыздың м е р е й і н а с ы р ы п , Е . Х а с а н ғ а л и е в т і ң «Атамекен» əнін, бүкіл зал орындарынан тік тұрып бірге шырқады. Бұл бір естен кетпес сəт болды. Іле сахнаға мекемем і зд ің əнші жігіттері Р.Камаржанов пен Р.Катпин шығып, аға буынға, ақсақалдарға ө з д е р і н і ң т а м а ш а əндерін тарту етті.

Шараның соңында мекеме бастығы, əділет

полковнигі Қ.Галиев сөз алып, ар-дагерлер арасындағы шахматтық турнирдің қорытындысын жариялап, жеңімпаздарға І, ІІ жəне ІІІ дəрежелі диплом жəне бағалы сыйлықтар та-быс етті. Атап айтқанда, жүлделі 1-орынды Өскемен қаласынан келген қатысушылар қанжығаласа, 2-орын Семей қаласының атынан қатысқан қатысушыларға, жүлделі 3-орын ОВ 156/15 мекемесінің қызметкерлеріне бұйырды.

М е к е м е б а с т ы ғ ы н ы ң т ə р б и е ж ұ м ы с ы б о й ы н ш а о р ы н б а с а -ры, əділет майоры Ə.Рахымжанов «Атамұра» ақсақалдар ансамбліне алғысын білдіріп, қазақтың қара домбырасы, қамшы секілді бағалы бұйымдар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Ары қарай жарысқа қатысушылар, Ө с к е м е н қ а л а с ы н а н к е л г е н қонақтар, «Атамұра» ақсақалдар а н с а м б л і н і ң м ү ш е л е р і С е м е й қ а л а с ы н д а ғ ы А б а й а т ы н д а ғ ы мұ раж ай д ы т амаш ал ап к өрд і . Салтанатты шараның құрметт і қонақтары, мекеме бастығы лауа-зымынан құрметті зейнет демалы-сына шыққан ағалар – А.Сербаев, М . А х м е т ж а н о в , А . И м а х а н о в ш а р а ұ й ы м д а с т ы р у ш ы л а р ы н а алғыстарын жаудырып, лайым, ел ішінде тыныштық, тұрақтылық болсын деген ақ тілектерін білдірді.

Бұл іс-шара үнемі жұмыста жүретін, шаршауды білмейтін жеке құрамға үлкен рухани азық, серпіліс, сергектік сыйлады.

Халықаралық жарыста 23 мемлекеттің арасында Қызылорда облысы ТЖД-нің «Жас құтқарушы» командасы жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Дəл осы команда өткен жылы «Жартасты қала Астана» оқу полигонында өткен «Қазқұтқару-2015» халықаралық жиын семинарда жүлделі 2-орынды иеленген еді. Ал, өткен жылы 8-23 шілде аралығында Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен өткен ХІІІ Халықаралық жас құтқарушы өрт сөндірушілер слетінде қызылордалық команда ел намысын қолдан бермей ТМД елдерінен келген 15 команданың ішінен 4-орынға ие болды.

Қазіргі таңда «Жас құтқарушы» командасы Габала қаласында 2016 жылғы 26 маусым мен 3 шілде аралығында өтетін халықаралық жарысқа дайындық үстінде. Қазіргі таңда оқушылар арасында бұқаралық құтқарушылар жұмыстарын жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тəрбиелеу, құтқарушы тəсілдері арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында облыс аймағында қосымша «Жас құтқарушы» үйірмелері ашылып, жан-жақты жұмыс істеп келеді.

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі

СПАРТАКИАДА

Дені саудың – тəні сауН.САЛФЕТНИКОВА, Қарағанды облысы

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ҚАЖД АК-159/9 МЕКЕМЕСІНДЕ СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ РУХАНИ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН, САЛА-МАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА ДЕГЕН ЫНТАСЫН ЖЕТІЛДІРУ МАҚСАТЫНДА, СОНДАЙ-АҚ, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРДІҢ ТҮЗЕЛУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТУ ҮШІН ДƏСТҮРЛІ ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА ӨТКІЗІЛУДЕ.

Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Алматы облысы

АҚБАС АЛАТАУДЫҢ ЖАЗИРАЛЫ БАУЫРЫН КӨКТЕЙ ЖАТҚАН САРЫ-БАСТАУ АУЫЛЫНЫҢ СҰЛУЛЫҒЫНА СӨЗ ЖЕТПЕЙДІ. АҚКЕР ЖƏНЕ ШАРТАС ДЕП АТАЛАТЫН ШАҒЫН ҚОС ТАУДЫҢ ЕТЕГІНДЕГІ ШАҒЫН АУЫЛДЫҢ КӨРГЕН КӨЗДІҢ СҰҒЫН СЫҒЫП АЛАТЫН СҰЛУЛЫҒЫ СОЛ ТОПЫРАҚТА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН КЕЗ КЕЛГЕН АДАМНЫҢ ЖҮРЕГІНІҢ ТҰСЫН ЖАЛЫНҒА ОРАР МАҚТАНЫШЫ.

Page 8: Сақшы №45 (4211)

сөз соңы№45 (4211), сейсенбі, 21.06.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ және МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куәлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды және авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНовКомпьютер және дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖүРКЕНовА Корректор: Нұршакүл ӘШІМБАЕвА Фототілші: Серік ЖолдАСпЕКов

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗдІҢ РЕКвИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер және дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 13029Тапсырыс: №2914

Нөмірдің кезекшісі: Ғанибет ҒАлЫМБЕКҰлЫ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ӘдІлЖАНовА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАлЫМБЕКҰлЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАхМЕТовА, Нұрлан оРАЗҒАлИЕвТілшілер: Гүлнәр МАҒЗҰМовА, Айткен ШӘМШІ,Сабырбек олЖАБАЕв

Байқау

СайыС

Игі іС

ТренИнг

үШ ТІлдІ ЖЕТІК МЕҢГЕРГЕН МАМАН

Құра

сты

рған

Еск

енді

р Та

сбол

аТов

Ойл

ан, т

ап!

Сілтеу есімдігі

Әйгілі жеңіл атлет

Домбыра бөлігі

Куба астанасы

Ұшақ маркасы

Антарк-тика құсы

ҮлкенОқшау жер

Орта Азия хандығы Үгіт Қарымта

Сәуле Теңіз

Кеңес өнер-тапқышы

Жалған грек

құдайы

ЕлеЖойғыш

ұшақРесей

респуб-ликасы

Шырын атауы

Мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылған байқау үш кезең – «Мәдениеттаным», «Ұлттаным» және «Өнертаным» деген сынақтардан тұрды. «Мәдениеттаным» кезеңінде ұлттық киім киген қатысушылар ұяшықта берілген қазақтың салт-дәстүрі , д іл і мен т іл і жөніндег і сұрақтарға қазақ тілінде жауап берді. Ал, «Ұлттаным» кезеңінің ерекшелігі б ай қа у ғ а қ а тыс ушылар қ а з а қ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары туралы берілген тапсырмаларға жауапты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жеткізді. Әр кезеңнің өзіне тән киім кию стильдері болды. Бұл кезеңде қатысушылардың үш тілде жауап беруі және классикалық стильде киінуі назарға алынды. Ал соңғы «Өнертаным» кезеңінің шар-ты – берілген жаңылтпаштарды үш

ПоЛИЦИЯ КүНі ҚАРСАңЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫң №3, №2 ЖӘНЕ №31 МЕКТЕП-ГИМНАзИЯЛАРЫНЫң ЖАзғЫ ЛАГЕРьЛЕРіНің БАЛАЛАРЫ ӨРТ СӨНДіРуШіЛЕР МЕН ҚҰТҚАРуШЫЛАР МҰРАЖАйЫНДА БоЛДЫ.

ҚЫзЫЛоРДА оБЛЫСЫ БойЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРу ЖүйЕСі ДЕПАРТАМЕНТіНЕ ҚАРАСТЫ зК-169/5 ТүзЕу МЕКЕМЕСіНДЕ КӨШПЕЛі МҰРАЖАй КӨРМЕСі ӨТТі.

Мекеменің сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің ұйымдастыруымен қолға алынған игілікті шара Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалында өтті. Көрмеге көркемсурет галереясының суретшісі Батыр Назаров пен өнертанушы Мөлдір Еделбаева арнайы қатысты.

Көшпелі мұражай көрмесі аясында көркемсурет галереясы ұйымдастырылды. Көрмеде Б.Тұрабаев, Н.Қалымбетов, Р.Шегебаев, Г.Рамазанова, Ә.Баяндин, Ш.Сейтмұратов, А.Кененбаев сынды Қызылорда облысы суретшілерінің 20-дан астам туындысы қойылды. Көркем әдебиетте берік орын алған танымал тұлғалардың, батырлар мен ақын-жыраулардың, қазақ халқының көшпелі өмірінен сыр шертетін тарихи суреттері бейнеленген өнер туындыларын 250 сотталған асқан қызығушылықпен тамашалады.

Галереяны ұйымдастырудағы басты мақсат – еліміздің тарихи-мәдени мұрасын заманауи тұрғысында сақтап, өнер туындыларымен таныстыру арқылы сотталғандардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өнерге қызығушылығын арттырып, мәдени мұрамызды барынша насихаттау болып табылады.

Көрмені тамашалаған түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер мұндай шараның көңілге ләззат сыйлайтынын айтса, мекеме қызметкерлері өнер арқылы кез келген жанды тәрбиелеуге болатынын алға тартуда.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖд баспасөз қызметі

ііМ-Нің АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАғЫ оҚу оРТАЛЫғЫНДА ііо ҚЫзМЕТКЕРЛЕРіНің БіЛіКТіЛіГіН АРТТЫРу ЖӘНЕ ҚАйТА ДАЯРЛАу КуРСЫ АЯСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТоЛМАғАНДАР іСі ЖӨНіНДЕГі учАСКЕЛіК ПоЛИЦИЯ ИНСПЕКТоРЛАРЫ ҚЫзМЕТКЕРЛЕРіНЕ АРНАЛғАН «ііо ҚЫзМЕТКЕРЛЕРіНің ПСИхоЛоГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРіН КӘСіБИ ДАМЫТу» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАНЫМДЫҚ-ПСИхоЛоГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТі.

Психологиялық кәсіби қасиеттерін дамыту

оқу орталығының Жалпықұқықтық даярлық және әлеуметтік пәндер циклының ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – қызметкерлердің психологиялық кәсіби қасиеттерін дамыту мен белсенділігін көтеру, түрлі қиын жағдайлардағы психологиялық тұрақтылығын қалыптастыруға жаттықтыру, топтық қарым-қатынасты дамытуға тәжірибелік тұрғыда ықпал ету.

Психологиялық тренинг барысында цикл бастығы, полиция майоры Н.Әлімбекова шараның мақсаты мен жоспарын және оған қатысушыларды таныстырып өтті. Ал, шара Ақтөбе қаласындағы террорлық акт кезінде қаза болған бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлердің ерлігіне, рухына тағзым ету мақсатында 1 минут үнсіздікпен басталды.

Тренинг кезінде полиция қызметкерлері «Террористермен келіссөз жүргізу» топтық жұмыстарына қатысып, бұл жаттығу барысында топ мүшелерінің белсенділігі сарапқа салынды. Шараға қатысушылар жаттықтырушы – оқу орталығының тәрбие және кадр бөлімінің аға инспектор-психологы, полиция капитаны Дильяра Темірболатова ұсынған күрделі тапсырмаларды шешіп, қиын жағдаяттарды дұрыс орындауға тырысты. Екінші топтың мінез-құлық амалда-рын сезіну, қысылтаяң жағдайлардан шығу жолдарын іздеу мен негізді тәуекел ету амалдарын қолдануда Алматы қаласына қарасты Жетісу аудандық ііБ, Алатау аудандық ііБ және Алмалы аудандық ііБ-нің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары – Ш.Имбетов, Г.Құрбанбаева, Г.Кодебаева және Алматы облысының Кербұлақ аудандық ііБ, Сарқан аудандық ііБ-нің қызметкерлері – полиция лейтенанты А.Нұрмұханова мен А.Мадалимов тапқырлықтары әрі келіссөз жүргізу шеберліктерімен көзге түсті.

Тренинг соңында қызметкерлердің ойын барысында қандай күйде болғандары және шешімге келуде қиындық туғызған жағдайлар жан-жақты талқыланды. Қызметкерлерге келіссөз жүргізудің әдістерін меңгертетін бейнероликтер көрсетіліп, топ мүшелерінің жағдайы мен қарым-қатынасын өзгертуге арналған психо-гимнастикалық жаттығулар жасалды.

Психологиялық тренингке Алматы қалалық ііД-нің Түрксіб аудандық ііБ аға-инспектор-психологы Мадина Советқызы арнайы шақырылған еді. Білікті маман қызметкерлерге жеке басының қауіпсіздігі кәсіби дайындығымен қаланатынын түсіндіріп: «Тәуекел ету – бұл құқық қорғау органдары қызметкерлеріне тән іс-әрекет», – деп атап өтті.

«Тәуекелге бару сол кездегі жағдайға, жеке құрамның және қызметкердің жеке басына да қатысты. Ал қырағылық – оның негізгі біліктілігі, қауіптің төнгенін сезінуі, оның белгілерін байқауы. Кез келген жағдайда іс-әрекеттің тиімді жол-дарын қарастыра білу, жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарсыластың алдын алу, қаруды дұрыс пайдалана білу, күтпеген жағдайға дайын болуға дағдылану, қиын жағдайлардан шығу жолын іздестіру, өз іс-әрекетін басқарып, реттеп отыру – міне, полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауда кездесетін психологиялық кедергілер мен оны жеңудің жолдары осылар, – деді ол.

ііо қызметкерлерінің іс-әрекетіндегі қырағылық пен тиянақтылықтың дамуы, қорқыныш сезімін жеңуі – осының барлығы қауіпті жағдайлардан құтылып шығудың жолдарын құрайды. оқу орталығында ііо қызметкерлерімен жүргізіліп отырған мұндай шаралар адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайларда сенімді іс-әрекеттердің кепілдігі бола алады.

Нұргүл ӘБдІРАМАНҚЫЗЫ,ІІМ Алматы қаласындағы оқу орталығы

Бүлдіршіндердің қиялына қанат б і т і р г е н ө н е р с а й ы с ы н д а і і Д қызметкерлері – Дархан Алпанов пен Ақлима оңғарованың ұлдары Әділ мен Әлмансұр, Райгүл Нухина-Ботмаздың қызы Фатма-Нұржан мен ұлы Илсанур-хандан, Салима Кульчиеваның бала-сы Санжар, Гүлмира Қабдешованың

КӨКШЕТАу ҚАЛАСЫНДА ҚАзАҚ, оРЫС ЖӘНЕ АғЫЛШЫН ТіЛДЕРіН ЖЕТіК МЕңГЕРГЕН МЕМЛЕКЕТТіК ҚЫзМЕТШі ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАП, оЛАРғА ҚоЛДАу ЖАСАу, СоНДАй-АҚ, үШТіЛДіЛіКТі НАСИхАТТАу МАҚСАТЫНДА «ТіЛ ШЕБЕРі» АТТЫ БАйҚАуЫ ӨТТі.

Н.ШӘРіПоВА, Ақмола облысы

т і л д е ж а ң ы л м а й 3 р е т т е н а й т у . Сонымен қатар, бұл сынақта мемлекеттік қызметкерлер еркін киім кию үлгісін көрсетті. Байқауда барлығы 14 мемлекеттік қызметкер өз білімдерін көрсетіп, бақтарын сынға салды.

Байқауға Ақмола о б л ы с т ы қ і і Д - н е қарасты Еңбекшілдер аудандық ііБ МТжАТ жетекші маманы Әйгерім Жексенова мен ііД Ақпараттық-аналитикалық орталығының технигі, полиция сер-жанты Рахат Жақып қатысып, өңір сақшыларының намысын қорғап шықты. Сайыс соңында Әйгерім алғыс хатпен марапатталса, Рахат

үш кезеңнен сүрінбей өтіп, жүлделі 3-орынға ие болды. Байқауға төрелік жасаған білікті тіл мамандары сайысқа қатысушылардың өз қызметтерінің шебері ғана емес, үш тілді де жете меңгерген маман екендіктерін атап өтті.

БАлА СУРЕТІНІҢ СЫРЫ

ҚАзАҚСТАН ПоЛИЦИЯСЫНЫң КӘСіБИ МЕРЕКЕСіНЕ оРАй АТЫРАу оБЛЫСТЫҚ ііД-Нің АуЛАСЫНДА «МЕНің ПоЛИЦИЯМ» ТАҚЫРЫБЫНДА АСФАЛьТҚА СуРЕТ САЛу САйЫСЫ ҰйЫМДАСТЫРЫЛДЫ. БіР АйТА КЕТЕРЛіГі, ШАРАғА іШКі іСТЕР ДЕПАРТАМЕНТі ҚЫзМЕТКЕРЛЕРіНің ҰЛ-ҚЫзДАРЫ ҚАТЫСЫП, оЛАРДЫң АТА-АНАЛАРЫ ДА БАЛАЛАРЫНЫң ӨНЕРіНЕ ҚЫзЫғуШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ.

ұлы Руслан, Серік Шығанақовтың атұстарлары – Әмірхан мен Шахияр және қызы Томирис, Сайфулла Көшқалиевтің қыздары – Қымбат пен Әсем, Абзал Әліпқалиевтің қызы Кәусар, Лаура ханның ұлы Әлішер және тағы да басқа балалар қатысып, олар ата-аналарының қызметі жай-

ында қызықты да тартымды суреттер салды.

Полиция қызметкерлері Қатира хисованың інісі Нұрдәулет, Толқын Аманованың сіңлісі Назерке де сурет салуға қызыға қатысып, бауырларының жауапты да қиын қызметтері туралы баяндап берді. Ал, тәртіп сақшылары Нұрлан Төлеповтің қыздары – Дильназ бен Эльназ, Айжан Қалиеваның қызы Жаннұр, Дархан Медеуовтің ұлы Алмаз және қызы Алина, Руслан Нұрғалиевтің баласы Аманияз, Ақан Сүндетовтің ізін жалғап келе жатқан Әли «Менің по-лициям» деген тақырыптың ауқымын кеңейтіп, ел егемендігінің алтын бесігі – Астана, көк аспанда қалықтаған қыран мен отаны – Қазақстан туралы әсерлі суреттер салды.

Сайысқа қатысушы балалардың барлығы алдымен өңірлік ішкі істер органдарының құрылу тарихынан сыр шертер департаменттің музейінде бо-лып, құнды жәдігерлермен танысты.

Кейіннен ата-аналары балалары-на өздері қызмет ететін орындарын көрсетіп, жұмыстары жөнінде айтып берді. Ал, жас суретшілер тақырыпқа сай полицейлердің қызметтік көліктері, бағдаршам, рация, ғимараттарды са-лып, кейбірі қиын жағдайға тап болған адамдарды құтқарып, енді бірі погон таққан полиция қызметкерін қызмет барысында сомдаған. Бүлдіршіндер сайыс соңында салған суреттері ту-ралы айтып, ата-аналарының қызметі туралы әңгімелеп берді.

Атырау облыстық ІІд баспасөз қызметі

Құтқарушылар қызметінің қыр-сыры

М ұ р а ж а й ғ а к е л г е н б а л а л а р Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік мұражайының экспонаттарымен та-нысты. 2014 жылдың шілде айын-да күрделі жөндеуден соң қайта ашылған мұражайда барлығы 3 зал бар, олардың барлығында айрықша материалдар қойылған.

Шара кезінде балалар «Біздің мис-сия – құтқару» атты фильмді тамаша-лап, көрме залында астананың өртке

қарсы қызметінің құрылу тарихы жайында білді. Мұнда департаменттің құрылған күнінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі барлық басшылардың, ҰоС және ТЖ арда г ерлер і н і ң өм ірбаяндары жазылған тақта орналастырылған. залда 1950 жылы Астанадағы алғашқы өрт сөндіру депосының макеті, офицерлердің салтанатты киімі, өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдері, өрт сөндіру-

техникалық қару-жарақтары: өрт сөндіру оқпаны, өрт сөндіру жеңі бар.

Қызметт і к м індеттер ін орын-дау кез інде қаза болған батыр құтқарушылар туралы «Еске алу» бөлмесіндегі экспонаттан көруге болады. Батырлықпен қаза тапқан өрт сөндірушілер туралы еске алу тақтасында фотосуреттер, олардың каскалары мен жауынгерлік киімдері қойылған.

Астана қаласы ТЖд баспасөз қызметі

Көрме

Өнер әлеміне саяхат