тех карта 28.11. 02.12.16 - копия

3
Білім беру саласы: Қатынас Білім бөлімі: Ертегілер әлемі. Тақырыбы:«Түлкі мен тырна» ертегісі. Мақсаты: 1.Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету. 2.Ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту. 3. Достыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: суреттер, алгоритм, ойыншықтар. Сөздік жұмыс: тырна, жайпақ табақ, құмыра. Іс- әрекеткезеңдер і Педагогтіңіс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық – қозғаушылық Шаттық шеңбері Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық. Жүрек жылуын салайық, Осы жақсы лебіздерді Бір-бірімізге сыйлайық. Балалар шеңбер бойына тұрып орындайды. Ұйымдастыру- шылық- ізденістік Кіріспе әңгіме -Балалар, бүгін біз «Түлкі мен тырна» ертегісін оқып, мазмұнын ашамыз. Түлкі мен тырна. Бір түлкі тырнамен жолдас болып, түлкінің апанына келіп кіріпті. Бұлардың ізіне бір адам түсіп, інге келіпті: інді қазып, әлгілерге Ертегінің мазмұнын

Transcript of тех карта 28.11. 02.12.16 - копия

Page 1: тех карта 28.11. 02.12.16 - копия

Білім беру саласы: ҚатынасБілім бөлімі: Ертегілер әлемі.Тақырыбы:«Түлкі мен тырна» ертегісі.Мақсаты: 1.Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.2.Ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.3. Достыққа тәрбиелеу.Көрнекіліктер: суреттер, алгоритм, ойыншықтар.Сөздік жұмыс: тырна, жайпақ табақ, құмыра.

Іс-әрекеткезеңдері Педагогтіңіс-әрекеті Балалардыңіс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

Шаттық шеңберіАлақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздердіБір-бірімізге сыйлайық.

Балалар шеңбер бойына тұрып орындайды.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме-Балалар, бүгін біз «Түлкі мен тырна» ертегісін оқып, мазмұнын ашамыз.

Түлкі мен тырна.Бір түлкі тырнамен жолдас болып, түлкінің апанына келіп кіріпті. Бұлардың ізіне бір адам түсіп, інге келіпті: інді қазып, әлгілерге жақындаған мезгілде шыбық салыпты. Шыбық тиген соң, тырна түлкіге айтыпты:- Алпыс амал түлкіде, алпыс екі амал адамда деуші еді, сол амалыңның біреуімен құтқар, құтқармасаң өлеміз – деді. Қорықыныштан дір-дір етіп отырған түлкі:- Амалым құрыды, - деді.Түлкіден үміті үзілген Тырна:- Олай болса менің бір амалым бар, - деді. Қуанып

Ертегінің мазмұнын алгоритм бойынша тыңдайды.

Page 2: тех карта 28.11. 02.12.16 - копия

кеткен Түлкі:- Ол қандай амал? – деді білуге асығып.Тырна:- Мен өлген боп, іннің ауыз жағында жатайын. Аңшы мені түлкінің жемтігі екен деп ойлап лақтырып тастар. Сонда мен айқай салып ұшамын. Ол маған жалт қарағанда, сен қашып кет, - дейді.Тырнаның амалы көңіліне қонған түлкі келісе кетті. Тырна ін аузына жақын барып жата қалады. Қолына іліккен тырнаны аңшы аулаққа лақтырып жібереді. Сонда тырна айғай салып ұша жөнеледі. Кісі жалт қарағанда, түлкі іннен шыға жөнеледі. Сөйтіп екі дос бір-бірін аңшыдан құтқарыпты.

Сергіту сәті:Қанат жаям жалма-жан,Талпынғандай ұшуға.Иіліп келіп қол созам,

Аяғымның ұшына.

Сұрақ- жауап арқылы мазмұнын ашу.

-Түлкі кіммен дос болыпты?-Түлкі қонағын қалай күтіпті?-Тырна түлкіні қалай күтті?

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Ертегі бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Рефлексиялық -түзетушілік

Қорытындылау:-Түлкі қандай аң?Тырна қандай құс?

Ойынды ойнайды.

Күтілетін нәтиже: Біледі: ертегінің мазмұнын.Игереді: ертегідегі кейіпкерлердің әрекеттеріне баға беруді.Меңгереді: жақсы қасиеттерді.