НҰРГЕЛДІ УӘЛИЕВ · 2016-09-08 · ауытқулардан арылтып отыру,...

75
НҰРГЕЛДІ УӘЛИЕВ СӨЗ МӘДЕНИЕТІ Редакциясын басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы Р.Сыздықова Алматы «Мектеп» 1984

Transcript of НҰРГЕЛДІ УӘЛИЕВ · 2016-09-08 · ауытқулардан арылтып отыру,...

НҰРГЕЛДІ УӘЛИЕВ

СӨЗ МӘДЕНИЕТІ

Редакциясын басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясыныңкорреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы

Р.Сыздықова

Алматы «Мектеп» 1984

АЛҒЫ СӨЗ

Әңгіме өзегі – сөз мәдениеті. Соңғы тіркес күрделі ұғымдықамтиды. «Сөз» деген сөздің өзі – мағыналық өрісі кең дүние. Тілжеке сөздерден тұрады, яғни сөз – тілдің бір элементі. Бұл – оныңтүпкі мәні. Ал қазақ тілінде «сөз» сөзінің қосалқы, ауыспалымағыналары және бар. Мысалы, ақындар «сөз» деп поэзияны, өлеңдіұғынған. Ұлы Абай «Сөз айттым Әзірет Әлі айдаһарсыз» немесе«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» десе, айтпағы – өзінің жаңамазмұндағы, өзгеше сападағы поэзиясы жайында. Сонымен қатарқазақ «сөз» деп адамның ой-пікірін, көзқарасын, идеясын да атайды.Мысалы, біреу туралы «ол артына сөз қалдырды» десек, оныңкейінгі ұрпаққа белгілі бір ой-пікір, идея қалдыруы деп ұғамыз.«Сөзі өтімді» дегенде де әңгіме біреудің көзқарасы, пікірі туралыекені аян.

«Сөз» деп әңгіме, хабарды да айтады. Айталық, «бос сөз»,«қыдырма сөз» дегендерді бос әңгіме, қыдырма әңгіме деп ұғамыз.Қысқасы, санай берсек «сөз» сөзінің беретін ұғымы көп. Ал біз оныңдәл осы кітаптағы қолданысы жайына келсек, «сөз мәдениеті»дегенді «сөйлеу», яғни «тілді жұмсау» (пайдалану) тәртібі(дұрыстығы, мәдениеті) деп танимыз. Демек, бұл жердегі «сөз» –орысша «речь» дегеннің баламасы. Ал соңғы термин «тілдіңқолданыстағы көрінісі» дегенді білдіретіні мәлім. Әдетте, бізде,ғылымның бұл саласын атауда «тіл мәдениеті» деген тіркес жиірекқолданылып жүр. Бірақ мазмұнға сай дәлірегі, дұрысы – «сөзмәдениеті». Бұл – тілдің жеке элементтерін, тұлға-тәсілдерін оныңтәжірибе елегінен өтіп қалыптасқан, қоғам тарапынан қабылданғанзаңдылықтарына сәйкес дұрыс пайдалану туралы білім саласы. «Сөзмәдениеті» – тек тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалықнормаларын бұлжытпай («сықитып») дәлме-дәл сақтау ғана емес,айтпақ ойды тыңдаушыға (оқырманға) жүрекке жылы тиетін,«айналасы теп-тегіс жұмыр келген», әсерлі етіп жеткізу жайын дақамтуға тиіс.

Міне, осы әңгіменің барлығы – қазіргі таңдағы қауымымыз үшінең бір зәру, көкейкесті мәселелер. Өйткені сөз мәдениеті жайындағыәңгіме қоғам пайдаланып отырған тілдің кемелденген, жазба әдебисипат алған, яғни нормалары бірқыдыру орныққан кезеңіндекөтеріледі. Қазіргі қазақ тілі – сондай тілдердің бірі. Бұл күндердегісөз мәдениеті – социалистік мәдениетіміздің бір саласы, өмірлікмәнді саласының бірі. Қолдарыңыздағы шағын кітапша – солзәруліктің бір өтеуі.

«Мәдениет» дегеніміз «дұрыстық, тәртіпке бағыну, заңдылықтысақтау» деген мәнде. Демек, сөз мәдениеті – норманы сақтау

дегеннің баламасы. Ал норма деген не, оның түрлері қандай? Авторалдымен осыны сөз етіп алады. Тілдің жүйелілігінен туатынбіркелкілік (норма) мен ғасырлар, дәуірлер бойындағы қолданутәжірибесінде орын тепкен дәстүрдің сайма-сай келе бермейтінінайтады, осыған орай тіл деп о б ъ е к т и в т і н о р м а , б о с а ңн о р м а дегендердің сырын ашады. Қалың жұртшылықтың, әсіресежасөспірімдердің осылайша «лингвистикалық сауатын» көтеру – өтеқажет шаруа. Бұл тұста олар тек норма жайында ғылыми түсінікалып қана коймайды, өздері айтып жүрген сөздердің қызыққырларын көреді, көптеген дүниеліктер (сөздер, сөз тұлғалары)салыстырылады, нәтижесінде олардың қайсысы нормаға сай, қайварианты қайшы екенін таниды.

Вариант демекші, осы кітаптың өн бойында варианттылық әңгімеболады. Ол заңды да. Өйткені тілде жарыспалылық, қосарлылықболмаса, әдеби тіл нормасы деген ұғым да болмас еді. Егер сөздер обаста бір ғана қалыпта (түрде) дыбысталатын (сондай-ақ, айтылатын,жазылатын) болса, немесе белгілі бір ұғымды бір ғана сөз бірденбілдіретін болса және, керісінше, бір ұғым әрдайым тек бір ғанасөзбен айтылатын болса, сол сияқты жарыспалы грамматикалықтұлғалар да, олардың қолданылуы да тәжірибеде орын алмаса,тілдегі құбылыстың баршасы бірден норма болар еді де, оны сақтау,сақтамау (ауытқу, бұзу) деген әңгіме көтерілмес еді.

Варианттылық – тіл-тілдің барлығында болатын және барқұбылыс. Ол – заңдылық. Бірақ тіл өзінің даму барысында және солдамуға қоғамның саналы түрде араласуы нәтижесіндежарыспалылықтан арыла түсуге тиіс. Әсіресе білместіктен,ұқыпсыздықтан болатын варианттардан тілді азат ету – текғалымдардың ғана міндеті емес, сол тілді пайдаланушы қалыңқауымның, бүкіл жұртшылықтың ісі. Тек ісі емес парызы,мәдениетті, саналы қоғам мүшесі ретіндегі азаматтық борышы.Кітапта осы баса айтылады. Әрине, автордың бұл пікірі жалаңнасихат, ереже түрінде ұсынылмайды. Бұл ойды білдіру үшін «Сөзбайлығы» сөз болады, мұнда қазақ тіліндегі әрбір сөздің мағынасынтап басып, өз орнына дұрыс жұмсау, ол үшін сол мағыналарды білукажеттігі айтылады. Осы орайда автор қазақ халкының күнделіктітұрмысына, негізгі күнкөріс шаруашылығына қатысты көптегенсөздің сырларын қызғылықты түрде ашып береді. Қара мал, аяқтымал, ақ мал, қазан ат, жабы, шобыр, қойторы, Көрік сияқтыатаулардың беретін мән-мағынасын саралап көрсетеді. Жер-суаттарында қаншама сыр жатқанын мысалдармен таныту арқылыоқырман қауымды тілге, сөзге қызықтырады.

Жоғарыда айттық, сөз мәдениеті дегеніміз тек «тіл түзулігін»(норманың сақталуын) ғана көздеу емес, «тіл әсемдігін» де нысанаға

алу. Кітапта мәселенің бұл қыры да қағыс қалмаған. Әсіресе,функционалдық стилдердің әрқайсысына тән тұлға-тәсілдерін өзорындарында жұмсау керек деген «оп-оңай, ап-анық» кәнігіқағиданың төңірегінде көп пікір айтылады. Осы орайда жергіліктісөздерді (диалектизмдерді), дөрекі сөздерді жұмсау-жұмсамау,оларды қолдана қалғанда қай тұстарда орынды-орынсызшығатындығы, тілге де әдептіліктің қажеттігі жақсы айтылады.Кітаптың ұтымды тұстарының бірі – нақты мысалдардың (тілфактілерінің) молдығы және сәтті таңдалынып, теріліп алынғандығы.Бұл – автордың көп жылдық іздену жемісін, әрі «тілді түйсіне»білетіндігін танытады.

Соңғы жайттар, әсіресе, қалам тартатындардың, радио,телевизиядан сөйлейтін кісілердің назарын аударуға тиіс.

Қазақ мәдениеті мен білім-ғылымында сөз, жазу мәдениеті едәуірайтылып келеді, әр алуан анықтағыш құралдар (сөздіктер, ережелерт. т.), жеке кітаптар, зерттеулер жарық көріп отыр. Бірақ тіл сияқты халқымыздың ғасырлар бойы жиналған асылмұрасын дұрыс, әсем жұмсаудың жөн-жосығын көрсету, дұрыс-бұрысын ажыратып отыру, жалпы сөз мәдениетін насихаттау жағыбізде әлі де жеткіліксіз. Әсіресе, тілді тұтынушылардың мектепбалалары, студент жастар, ақын-жазушылар, журналистер, топалдыңа шығатын шешендер, радио, теледидардан сөйлеушілер т.т.сияқты топ-топтарына арнайы жазылған дүниелер кемде-кем. Бұғаненді-енді кірісе бастадық деуге болады. Қолдарыңыздағы кітапосының куәсі және оның әдеби тілімізді дұрыс жұмсап, әдемілігінарттыра түсуге септігін тигізетіні хақ. Әрі қарай қалың жұртшылықтың да, оның жеке-жекетоптарының да ана тілі туралы білім-танымдарын толықтырып, әралуан тілдік-структуралық, бейнелі-көркемдік заңдылықтарынтаныттыра түсетін, сол арқылы халқымыздың тіл мәдениетін арттыраберетін зерттеулер, кітаптар, құралдар жиірек ұсыныла бермек депойлаймыз.

Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесіР.Сыздықова.

СӨЗ БАСЫ

Тіл – адам қатынасының, ойлаудың, мәдениеттің аса маңыздықұралы, өмірдің ұлы қаруы. Қарым-қатынас майданына түскен сайынбұл құралдың икемділігі артып, шындала береді. Бірақ тілдің мұндайқасиеті оның қызмет етуіне, жетілуі мен дамуына айырықша көңілбөліп, шынайы қамқорлыққа алып отырудың барысында ерекшежандана түседі.

Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрін қатар дамытып, оныңқоғам өміріндегі қызметінің өрістей түсуіне мүмкіндік жасау, түрліауытқулардан арылтып отыру, небір күрделі ойдың әр қилы нәзікайырымдарын тіл арқылы дәл, анық жеткізе білуге көпшіліктітәрбиелей түсу т. б. тіл мәдениетін көтеру деген ұғымды білдіреді.Тіл мәдениеті мен сөз мәдениеті деген терминдер кейде тайталасұғымда жұмсалады 1. Өзара мағыналас болғанмен, бұлардың бір-бірінен айырмасы да жоқ емес. Тіл мәдениеті дегеннің ұғымы кең.Ол көбіне-көп қарым-қатынас құралы болып табылатын, тілдіжетілдіре беру, ұштай түсумен қатар сөз шеберлігі, сөйлеудегіәдептілік тәрізділерді де қамтиды. Әсіресе, соңғы ұғымдарғақатысты қарасақ, сөз мәдениеті дегеніміз қарым-катынас құралынқалай игеріп, өмірде қалай пайдаланып жүрміз, оның әр қилы амал-тәсілдерін дұрыс, дәл, тиімді қолданып, мазмұнды, әсерлі етіпжұмсай алдық па дегенге саяды. Сонымен, сөз мәдениеті алдыменәдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, стилистикалық,орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын меңгеру, сонымен біргебейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудыңмақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білу дегенді білдіреді.

Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тілнормасына төселген адамның сөйлеген сөзі де, жазғаны да кедір-бұдырсыз болып, жатық шығып жатады. Тіл амалдарын дұрысқолданып, әдеби тіл нормасын сақтап, одан жөнсіз ауытқымауды сөзжатықтығы деп түсінуге болады. Тіл амал-тәсілдерін дұрысжұмсауға, сөз жатықтығына ғана қанағат етіп қою жеткіліксіз.Сөйлеушінің сөзі әдеби тілдің нормасына сай, дұрыс жұмсалуы және«тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей», ой мен сөзімді дәл жеткізеалатындай әсерлі болуы да қажет. Тілде толып жатқан амал-тәсілдербар. Солардың ішінен қарым-қатынас жасаудың мақсатына сай

1 Қазақ тілі мәдениеті – қазақ тіл білімінің жаңа бір саласы. Дербес пән ретінде оның кейбір мәселелері (әдеби тіл нормасы, сөз тазалығы, грамматикалық тәсілдерді қолдану өрнегі, сөз қолдану мәдениеті т. б.) М. Б а л а қ а е в тың «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» (1965 ж.) деген кітабында арнайы қарастырылды. Қазақ тілі мәдениетіне арналған «Тіл мәдениеті және баспасөз» (1972 ж.), «Өрелі өнер» (1976 ж.), «Сөз өнері» (1978 ж.) тәрізді жинақтар шығып, газет-журнал беттерінде мақалалар жарияланды. Қараңыз: Ш. Ш. С а р ы б а е в . « Қ а з а қ тіл білімі әдебиетінің бнблиографиялық көрсеткіші»: 4-бөлім. Алматы, 1982.

келетін аса қажеттісін талғап ада білу арқылы ой мен сөзімді дәлме-дәл жеткізе білу шеберлігі – сөз мәдениетінің биік шыңы. Мұндайшеберлік ең алдымен тіл амалдарын әдеби тіл нормасына сай, дұрысқолданудан, сөз жатықтығынан басталады. Ондай қасиетке иеболғанда ғана барып сөйлеуші, жазушы сөз байлығы, сөз тазалығы,сөз дәлдігі, сөз әсерлілігі тәрізді т. б. сапалармен тыңдаушысын яоқушысын баурап алып отырады.

СӨЗ ЖАТЫҚТЫҒЫ(әдеби тіл нормасы)

Әдеби тіл нормасы – сөзді дұрыс қолданудың, грамматикалықамал-тәсілдерді дұрыс пайдаланудың көпшілік таныған, тілтәжірибесінде сыннан өткен қағидалары. «Тіл мәдениеті» әдебитілдің нормасы туралы білім саласы ретінде пайда болғаны мәлім.Тілдік норма – әдебиет тіл туралы ұғымның ең бір өзекті элементі.Сөйлеуде, жазуда тіл амалдарын дұрыс қолдана білу әдеби тілнормасын сақтау дегенге саяды. Ал әдеби тілдің нормасы дегенімізне? Бұл жайында түрлі зерттеулерде әр қилы пікір айтылып, әр түрліанықтама беріліп жүрсе де, табиғаты күрделі бұл құбылыстың сырыбірден және толық ашыла қойған жоқ.

Бастапқыда әдеби тіл нормасы өзгермейтін, сірідей сіресіп қалғаннәрседей көрінгені де шындық. Бертінде әдеби тіл нормасыныңдинамикалық қасиеті ашылды. Тілдік норма алғаш сөз бола бастағантұста ол алдымен тілдік жүйемен (системамен) салыстырылақарастырылды. Тілдік норманы бұлай тану, шындығында, дұрыстәрізді де көрінеді. Мен оқыдым, сен жаздың, ол үйге барды тәріздіқұрылымдардың жақтық мағыналарын өзгеше қиыстырып айтуғаболмайды. Затты тәуелдеп айтып көріңіз: менің кітабым, сеніңкітабың, оның кітабы. Қазақ тілінде сөйлеушілердің бәріне ортақсептеудің де жүйесі бар. Міне, осыған қарағанда, жүйеденауытқымау дегеніміз нормадан ауытқымау сияқты болып көрінеді.Сонда тілдік жүйе мен тілдік норма тепе-тең құбылыс болғаны ма?Жоқ. Бұл – тек тілдік жүйе мен тілдік норманың бірлікте болуы ғана.Тілдік норманың арқауы – тілдік жүйе.

Тіл – жүйелі кұбылыс. Қазақ тілінің сөз жасау жүйесінде -ла, -ле,(-да, -де, -та, -те) сияқты аса құнарлы қосымшалар есім сөздерденетістік тудырады: аяқ-та, бас-та, көз-де, су-ла, ау-ла, шөл-де, т. б. Сөзтудырудың дәл осы жүйесі бойынша -да, -де зат есімге жалғануғатиіс. Бұл жүйе бойынша кез келген зат есімге -ла, -ле (-да, -де...)қосымшасын жалғауға болады. Бірақ жүйе бойынша баула, жүкте,сыйла деп айтқанымызбен, кірпікте, соғымда, кітапта деп айтуғаболмайтыны белгілі. Неге? Себебі бұлай деу жүйеге (системаға)қайшы болмағанмен, норма емес. Міне, осыған байланысты белгілібір тіл қолданысты норма деп тану үшін оның тілдік жүйеде болуы(немесе норманың тілдік жүйемен коррелят болуы) жеткіліксіз.Бұған қоса ондай қолданыс тілдік дәстүрде болуы, сондай-ақдағдыға енуі қажет.

Кей сөздерді тілдік жүйе бойынша тізгінде, шылбырла, арқанда,бұзаула, ботала деп қолданып жатамыз. Бірақ осындай сөздерді тілдікжүйеге сай қолданғанымызбен, сөз жұмсауымызда ара-тұра

нормадан ауытқу кездесіп те қалады. Оның негізгі себебі ондайқолданыстың дәстүрде бар не жоғын елеп-ескермеуден туып жатады.Мысалы, ат тұсады дегенді ат тұсаулады, қой қоздады дегенді қойқозылады деу – тілдік жүйеге кереғар болмағанмен, бірақ дағдығаайналып, дәстүрге енген қолданыс емес. Кейбір сөздерді қолданудатілдік жүйе мен тілдік дағды қайшы келіп те жатады. Қозыла депқолдану тілдік жүйенің қысымы, әсер-ықпалы екендігін байқау қиынемес. Ат ертте дегендегі ерттені ерле деп қолдану да соған ұқсас:«Көкем атты ерледі, ерлеп жүріп терледі» («Манашы ұлы Тұяқбай»).

Абдырап, басын қосып жиылғанша,Бір жерге уағдасы құйылғанша.Ат ерлеп, түйе комдап, жігіт жинап,Үйлері аруанаға буылғанша

(Нұрхан Ахметбеков).

Тілдік жүйе бойынша, дұрысында, ерле болуға тиіс(салыстырыңыз: шідер-ле, жыр-ла, қырла, түр-ле («текеметке түрбасу» т. б.). Кей жағдайда тілдік жүйе мен тілдік дағды айнымасбірлікте болса, кейде өзара кайшылықта болып, күреске түседі.Мұндайда бірде жүйе басым болып, дағды ығысады да, қайшылықшешіледі, қарама-қарсылық бірлікке айналады. Кейде тілдікжүйеден тілдік дағды басым түсіп, қайшылық тереңдей түседі.Тілдік жүйе бойынша ерле болуға тиіс сөздің ертте болуы жүйегеқарағанда дағдының басым түсуінен деп түсіну керек.

Ертте сөзінің түбірі – ер, ал -те есім сөзден (ер) етістік тудыратынқосымша екендігі айдан анық. Бірақ түбір сөз (ер) бен қосымшаның(-те) аралығындағы т қандай элемент? Қайдан пайда болған?

Көне тіл деректерімен салыстыра қарағанда, бұл құпия т-ның -ла,-ле (-та, -те) аффиксімен синонимдес қосымша екендігін байқаймыз.XI ғасырдағы әйгілі ғалым М. Қашғаридің сөздігінде йағырыт,теріт2 түрінде кездесетін қолданыс бар, олар, қазіргіше айтсақ,жауыр-ла, терле сөздерінің эквиваленттері. Осымен салыстырғанда,қазіргі ертте сөзі бұрын ер-іт делініп айтылуы ықтимал. Есімсөздерден етістік тудыратын байырғы бұл қосымшаның (-ыт, -іт, -г)қызметі қазақ тілінде әлсіреп, мағынасы көмескі тарта бастаған( тұман-ыт, шаң-ыт тәрізді бірер сөздің құрамында ұшырасады). Бұлжағдай әрі актив, әрі өнімді қолданылатын -ла, -ле (-да, -де)қосымшасының қабаттаса жалғануына себеп болса керек. Қызметіәлсіреп, мағынасы көмескіленген бір элементтің үстіне екінші бірформаның қабаттаса жалғануы – өзге орайда да кездесе беретінқұбылыс.

2 Древнетюркский словарь. Ленинград, 1969, 504-бет.

Жүйе бойынша реттік сан есімдерге қосымша -ыншы, -інші (-ншы,-нші) түрінде жалғанады: бірінші, екінші, үшінші, төртінші... Олайболса, жиырмасыншы (июнь) емес, жиырманшы (шонь) болуға тиісқой? Ескіше уақыт есептеуде сан есімдер тәуелділік тұлғадақолданылған: қараша жұлдызының бесі, қазан жұлдызының он алтысыт. б. Кейде айдың ескіше аттары орысша атаулармен ауыстырылып,сентябрь жұлдызының жетісі, ноябрь жұлдызының жиырмасы делініпте айтылған. Кейіннен күнді реттік сан есіммен (сегізінші июнь,бірінші июль, жиырма алтыншы октябрь т. б.) айту нормаға айналды.Жиырманшы деп жүйе бойынша айтпай, жиырмасыншы депқолданудан да тілдік жүйеден тілдік дағдының басым түсіпжатқандығын байқаймыз.

Дағды үнемі тілдік жүйеден басым түсе бермейді. Тілдің дамубарысында кейде екі түрлі (не одан да көп) жүйе қатарласақолданыла келіп, оның ішінде тілдің даму тенденциясына сәйкескелген біреуі жалпы халықтық сипат алып, тілдік норма ретіндетанылады да, өзгесі тіл майданынан ығыстырыла бастайды. Тілқолданысынан ығысқан жүйенің кейбір көріністері нормаға айналғанжүйемен қатар дағды бойынша қолданылып та отыруы ықтимал.Бірақ оларды белгілі бір мақсатсыз жұмсау – әдеби тіл нормасынбұзу.

Қазақ тілінде сөздерге тәуелдік жалғауының жалғануын ескетүсірсек, дауыстылардан соң бұл қосымша -сы, -сі (бала-сы, күлкі-сі,дала-сы т. б.), ал дауыссыздардан кейін -ы, -і (үйі, қыс-ы, жаз-ы, тау-ыт. б.) түрінде келуі – бұлжымас жүйе. Осындай жалпыға ортақжүйені ескермей, біреуі, екеуі, үшеуі, төртеуі, көбі, уақыты, бәрідегендерді біреу-і-сі-біреусі, екеу-і-сі-екеусі, үшеу-і-сі-^-үшеусі, төртеу-і-сі-төртеусі, көбі-сі, уақыт-ы-сы-уақтысы, бәрі-сі деп қолданушылықбар.

Бұл жерде мұндай жөнсіз қабаттастырудан сырттай осыған ұқсасқұбылыстың парқын айыра білу абзал. Отағасы, қолбасы, елубасытәрізді бірер сөздерде тәуелдік жалғауы айтыла келіп, сол сөздіңқұрамына сіңіп кеткен. Ондай сөздердегі тәуелділік жалғауы (отаға –сы) меншіктілік мағынаны білдірмейтіндіктен және бір тәуелділіккөрсеткіші үстемелене жалғанады: отағасысы, қолбасысы, елубасысыт. б.

Бұл айтылғандар объективті нормаға тән касиет. Объективті норматіл жүйесімен бұлжымас бірлікте болады. Тілдік нормаға жаттыққансөйлеуші бұл жерде еш дағдармайды. Сөздің әдеби тіл мүддесінелайық вариантын тап басып тани біледі. Теориялық зерттеулердеайтылып жүргендей объективті норманың катаң түрі де болады.Тілде белгілі бір тәсілді берудің әр түрлі варианттары болуыықтимал. Мысалы, қазақ тілінде бұйрық райдың екінші жағы үш

түрлі тәсіл арқылы беріледі: сен бар, сен барғын, сен барың. Қазіргіәдеби тілдің қатаң нормасы бойынша бұйрық райдың екінші жағыетістік түбірге сәйкес сен бар түрінде айтылатындығы мәлім. Ал сенбарғын, сен барың Қазақ тілі диалектілері мен ауыз әдебиетімұраларының тілінде кездесетіндігі белгілі. Мұндай варианттардыталғап, таңдап қолдану сөйлеушінің ырқында болмайды. Тілтәжірибесінде сыннан өтіп, жұртшылық таныған түрін ғана сөйлеушікоммуникациялық мақсатта қолдана алады. Бұл – әдеби тілдің қатаңнормасының бір ғана мысалы. Қатаң нормалардың түрі фонетика,лексика саласында да кездеседі.

Әдеби тіл нормасының бұдан өзгешелеу түрі де бар. Кейде тілдегісан алуан варианттарды талғап-таңдауда аса қатаң талапкойылмайды. Ондай варианттардың қай түрін қолдану сөйлеушінің(жазушының да) өз ырқында (мысалы, тірідей – тірілей, айқай –айғай, азар – әзер, түгендеу – түгелдеу т. б.). Әдеби тіл нормасыныңмұндай түрі босаң норма деп аталады. Тілдегі бұл тәрізді варианттаркейбіреулерге тілдегі мүкістіктей болып та көрінеді. Шындығында,олай емес. Бұл – тілдің жанды дүниедей түлеп, өзгеріп отыруыныңбелгісі. «Өлі тілде» ғана мұндай құбылыс болмайды. Өзге деқоғамдық құбылыстар тәрізді тілдің де өзгеріп, дамыпотыратындығы белгілі. Бірақ тіл «ескіні» бірден аластай алмайды.«Ескі» мен «жаңа» біразға дейін ілесе жүреді. «Ескіден» бірден қолүзіп, «жаңаға» бірден ойысса, тілдің ұрпақ пен ұрпақты, аға буынмен іні буынды жалғастырып жататын қызметі әлсірейді. Онда әрұрпақтың өзінше тіл жасауына тура келер еді. Тілдегі сан алуанварианттардың жарыса қолданылу себебі «кеше» мен «бүгінді»,«бүгін» мен «ертеңді» ұластыру қызметіне байланысты болыпжатады. Бірақ осыған қарап босаң нормаға байланыстыварианттарды қолдануда талғау, саралау деген мүлде жоқ деугеболмайды. Босаң нормаға катысты вариантты қолданудың,таңдаудың өз ерекшелігі мен қиындығы бар.

Варианттардың тілдің даму тенденциясына лайықты түрінөрістете жұмсап, артықшылық беріп отыру, олардағы нәзікайырма, реңдерді дер кезінде тап басып тани білу т. б.мәселелер тіл құрылысында оңай шаруа емес. Тілдегіварианттар құбылысына лингвистикалық барлау жасап көруге деболады. Жарыспалы жүйенің мынадай түрін газет-журналдарданжиі кездестіріп жүрміз: ақшалай – ақшадай, барлы-жоқты –барды-жоқты, бірлі-жарым – бірді-жарым, екіншілей –екіншідей,ескілей – ескідей, жылылай – жылыдай, жаңалай –жаңадай, кәрлен– кәрден, қаралай – қарадай, немқұрайлы – немқұрайды, өлілей –өлідей, пісілей – пісідей, тірілей – тірідей, шикілей – шикідей,ыссылай – ыссыдай т. б. Жалпы халықтық тілдегі мұндай

жарыспалы қолданыстың қайсысын әдеби тілдің нормасыналайық деуге болады? Осындай сұрауға келгенде, нормалауышсөздікке қол созамыз. Нормалауыш сөздіктің бірі – «Қазақтілінің орфографиялық сөздігі». Бұл сөздіктен «д» вариантты да(кәрден, кәрлен емес, тірідей, қарадай), «л» вариантты да(жылылай, тірілей, шикілей) ұшыратамыз. Екі түрлі жүйеніңаралас-құралас жүргендігінен «л» мен «д» варианттың қайсысыәдеби тілдің ішкі даму тенденциясына сәйкес келетіндігі әліанықтала қоймағандығын байқаймыз. Тілдің ішкі даму күйінеқандай жүйенің («л» немесе «д» варианттың) сәйкескелетіндігін анықтап, тиянақтай түсу үшін, алдымен мынадайзаңдылыққа назар аударып көрейік. Лингвистика ғылымындааналогия заңының айрықша мәні бар. Бұл заңдылық бойыншатілдегі аса өнімді модель өнімсізге ықпал етіп, теңестіріпотырады (тілде кейбір құбылыстар аналогия заңы арқылыайқындалатындығы да мәлім.

Қазақ тілінде сөздердің көптік қосымшамен түрленуі – асаөнімді әрі көне модельдердің бірі. Осы қосымшаварианттарының жалғану жүйесіне назар аударып көрейік. Бұлқосымша дауыстылар мен р, й, у дыбыстарынан соң -лар, -лер(балалар, қарлар, сайлар, баулар), ұяңдар мен үнділерден соң -дар,-дер (күндер, шамдар, жолдар, тұздар т. б.) қатаңдардан соң -тар,-тер (аттар, кітаптар т. б.) түрінде жалғанатындығы белгілі.Әрі сөз тудырушы, әрі форма тудырушы -лық, -лікқосымшасының; -ла, -ле аффиксінің жалғану жүйесі де осытәрізді. Бұлар да аса өнімді, абстракциялау қасиеті жоғарықосымша. Бұндай өнімді қосымшалардың «л» вариант және «д»вариант түрінде саралануы, қатаң жүйеге түсуі бірден пайдабола қойған жоқ. Бұл – тілдегі (ұзақ уақыт барысында пайдаболған) ең бір ықпалды жүйе. Ол алдымен көптік категориясыкөрсеткішінде, өнімді қосымшалардың (-лық, -лік, -ла, -ле)сөздерге жалғануында саралана түскен осы модель жалғануөрісі шектеулі аффикстерге де аналогия заңы бойынша ықпалынтигізе бастаған.

Ассимиляцияның бұл түрі қосымшалардың жалғанужүйесіндегі негізгі бағытты байқатады. Осы бағытқа табантіресек, л/д дыбыс алмасуына байланысты екі түрлі жүйеніңәдеби тіл нормасына лайықтысын былайша көрсетуге болады:ақшалай (ақшадай емес), бірлі-жарым (бірді-жарым емес),жылылай (жылыдай емес), тірілей (тірідей емес), ұшты-күйлі(ұшты-күйді емес), кәрлен, (кәрден емес), немқұрайлы (немқұрайдыемес) т. б.

Осылайша тілдің өзгеру, даму бағытына сай тенденцияны арқауете отырып норманың кейбір босаң түрінен катаң нормаға көшудіжеделдетуге де болады.

Босаң нормадан катаң нормаға ауысу -шы, -ші қосымшасыжалғанған белгілі бір сөздер тобына да қатысы бар. Қазақ тіліндесөз жасауда потенциялық мүмкіндігі айрықша қосымшалардың бірішы, -ші. Бұл қосымша арқылы жасалған сөздерді есімізге түсіріпкөрейік. Қай-қайсымыз болмасын қиналмай-ақ ондаған сөздітізбегімен айтып бере аламыз: егінші, малшы, суретші, әнші, биші,қойшы, сиыршы, бұзаушы, қозышы т. б. Ал боташы, құлыншы депайтыла ма? Айтылмайтын себебі – тілдік дағдыда жоқ. Тілдікдәстүрде болмайтыны – шаруашылық өмірде жоқ. Ал бұзаушы,қозышы деудің жөні бір басқа. Енелеріне жамырап кетпеу үшінмұндай төлдер бөлек жайылады да, оларды бағып-қағушыныбұзаушы, қозышы деп арнайы атайды. Сөзді бұлайша белгілі жайданбастап отырған себебіміз бар. Бас-аяғы бес-алты сөзге жалғанатын-кеш (арбакеш, түйекеш, кірекеш т. б.), -айт, -ейт (құмайт, шөлейт т.б.) тәрізді сөз тудыру мүмкіндігі шектеулі қосымшаларменсалыстырғанда, потенциялық мүмкіндігі мол қосымшалардықолдануда нормадан ауытқу әлдеқайда жиі кездеседі. Жалғану өрісікең қосымшаларға келгенде, «осылай айтыла ма, тілдік дәстүрдебар ма?» деп қадағалап, пысықтап отыруға тура келеді.Жоғарыдағы тізбекті қайта жалғастырып көрейік: тарихшы, тілші,емші, аспапшы, құрылысшы, тәрбиеші, аспазшы, диқаншы, наубайшы,бағбаншы, тәуіпші т. б. Осы тізбектің өзі қазіргі сөз қолданыснормасына лайық және нормаға лайық емес деп екіге бөлінеді.Өйткені аспаз, диқан, наубай т. б. тәрізділер түбір күйде тұрып-ақмамандық иесін білдіреді. Рас, диқаншы, аспазшы, наубайшы тәріздісөздер кейбір ақын-жазушыларымыздың шығармаларындакездеседі. Диқаншы, бағбаншы сөздерінің ертеректе қолданылуы, біржағынан, заңды әрі кешірімді. Олай дейтініміз әдеби тілдіңкешегісі мен бүгінгісі, ондағы тіл амал-тәсілдерінің қолданылукүйі қазіргімен дәлме-дәл емес. Басқасын айтпағанда, оны -шы, -шіқосымшасының өзінен-ақ байқауға болады. Бұл қосымшаныңбұрынғыға қарағанда сөз тудырудағы белсенділігі әлдеқайда артатүсті. Ертеректе кездесетін егінші, малшы, әнші, қайықшы, жаушыт.б. типтес сөздердің қатары қызылшашы, қоғамтанушы, зерттеуші,шахматшы, бессайысшы т. б. сияқты қолданыстармен молыға түсті.Стахановшы, жақаевшы түрінде жалқы есімге жалғанып белгілі бірадамдардың мақсат-мүдде, қызмет-кәсібін жалғастырушы,ізбасарлары деген ұғымды аңғартуы да бұл қосымшаның жаңа бірқыры екендігін танытады.

Ғасырға толар-толмас уақыттың ішінде -шы, -ші қосымшасыныңжалғану өрісінің бұлайша кеңейе түсуі жаңа бір тенденцияның пайдаболуына әсерін тигізді: бұл жұрнақ кейбір сөздердің құрамынаншыға бастады (диқаншы>диқан, аспазшы>аспаз, бағбаншы>бағбан,шаштаразшы>шаштараз т. б.). Қандай да болмасын тілдік амал-тәсілдердің белсенділігі артқан сайын басы артық қолданыстанарыла түсуіне де жағдай жасалынады. Олай болса, бұрынғыша босаңнорма ыңғайымен бірде аспаз, бірде аспазшы, бірде бағбан, бірдебағбаншы деп қолдану лексикалық нормадағы жаңа құбылысты елеп-ескермеуге саяды.

Қазіргі тілімізде кейбір тілдік амал-тәсілдердің жұмсалуына көңілаударып, зер сала бастасақ, «бұлай қолдану дұрыс па?», «осылай деунормаға лайық па?» деген де көлденең сұраулар көбейе береді. Газет-журнал оқып отырғанда, радио тыңдап, телевизордан айтылатынсөзге құлақ салғанда мал өсірушілердің қаһарлы қысқа әзірлігі,қызылша өсірушілердің аудандық елеті, сүт саушылардың озаттәжірибесі дегендерді ара-тұра ұшыратып та қаламыз. Малшықызылшашы, сауыншы тәрізді дағдылы синтетикалық тәсілмен (туындысөзбен) жеткізілетін ұғымдар аналитизмдер (сөз тіркесі) арқылыберілген. Қазақ тілінің бітім тұлғасы жалғамалы (агглютинативті).Сондықтан да мұндай қолданыстарды қосымшалар арқылы беру –бұл тіл үшін табиғи нәрсе. Осы себептен бұрын-соңды ешбірқазақтың түйешіні түйе өсіруші, жылқышыны жылқы өсіруші,сауыншыны сүт сауушы демегені белгілі. Сөзді бұлайша қолдану –аналитизмге көзсіз бой ұрып, сөзді табиғи қалпынан айыру,нормадан қиыс кету. Аналитизмнің де өз кезегінде жұмсалар жерібар. Бірақ оған шектен тыс жүгіне беру де орынды көрінбейді. Алқажетті жерінде аналитизмді қолданудың жөні мүлде басқаша. Газетбағанасынан алынған мынадай шағын текстен осы айтылғанныңекеуін де кездестіресіз. «Талдықорған облысындағы Еңбекшісовхозының қызылша өсірушілері, Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының Ленин атындағы колхозының жүгері өсірушілері,қарағандылық картоп өсірушілер мол өнімге қыс айларында ие болуүшін ат салысуда» (газеттен). Әрине, жүгері өсіруші, қызылша өсірушітәрізді орынсыз қолданылған аналитизмнен картоп өсіруші деудіңжөні басқа. Сәбіз, пияз, қартоп тәрізді көгөніс түрлерін білдіретінсөздерді сәбізші, пиязшы, картопшы деп айту тілдік дағдыға енеқоймаған. Мұндайда картоп өсіруші деп қолданылған аналитизморынды көрінеді.

Әр тілдің өзіне тән төл заңдылығы бар. Сонымен бірге тіл-тілгеортақ заңдылықтар да бар. Тіл тарихын зерттеуші белгілі тілбілімпаздарының көрсетуінше, сондай заңдылықтардың бірі – кейбірсөздердің аяққы дауыстыны жоғалтып отыруы. Зерттеушілер бұл

құбылысты тілдегі ашық буынды сөздердің шектен тыс көбейіпкетпеуі, сөздің дыбыстық жағынан ықшамдалуы тәрізді заңдылыққабайланыстырады. Тілдегі ашық буынды сөздер мен өзге буындысөздердің, аз буынды сөздер мен көп буынды сөздердің қалыптасқанбелгілі бір арасалмағы болуға тиіс. Егер олардың арасалмағыбұзылса, бірінен екіншісіне ауытқудың пайда болуы ықтимал.Ондайда ашық буын тұйық буынға, көп буынды сөз аз буынды сөзгеайналу тенденциясы пайда болады. Тіл қолданысымызда жиікездесетін варианттардың бір типін осы құбылысқа қатыстықарастыруға болады. Олар: тәңір – тәңірі («иттің иесі болса, бөрініңтәңірісі бар»), сауыр – сауыры, беймаз – беймаза, дағар – дағара, көкпар– көкпары, қодық – қодығы, алхор – алхоры, баған – бағана, бидай –бидайы (жастықтың бидайысы) дабыр – дабыра, бекзат – бекзада,нысан – нысана, ертек – ертегі, шабдал – шабдалы, шаштараз –шаштаразы, заман – замана т. б. Егер сөздіктердің біріне немесекүнделікті тіл қолданысымыздағы тәжірибемізге зер салсақ, осыварианттардың соңғы дауыстысыз түрі (тәңір, сауыр, көкпар, шабдал т.б.) қалыптасып, не қалыптаса бастағандығы байқалады. Бұлардыңішінде мағыналық айырым, стильдік рең алып, дербес қасиетке иеболғаны не соған бейім тұрғандары да бар. Дабыр – «даң-дүң», «у-шу»: Тыстан кірген суық пен көп кісінің дабырынан тынышы кеткенДілдә басын көтерді (М. Әуезов). Дабыра – «даурықпа сөз», «дабырақылу», «жұртқа жаю»: Шырағым, мұндай даулы мәселені сен жұртарасына әзірге дабыра қыла көрме (С. Мұқанов).

Осы жарыспалы қолданыстардың қатарында стильдік рең алғанвариантқа заман – замана сөзін жатқызуға болады. Заман – әртарапстиль. Замана – біртарап стиль, көтеріңкі реңде жұмсалады: заманакелбеті, замана үні, замана талабы т. б.

Өзге тілдік нормалардан (диалект, наречие) әдеби тіл нормасыныңөз ерекшелігі бар. Әдеби тіл нормалары оқулықтарда, сөздіктердетіркеліп отырады. Ал тиісті әдебиетте көрсетілген қағида,ережелерді сақтамау – нормадан ауытқу. Бірақ сөздіктердетіркелмеген, түрлі оқулық пен анықтағыштардан ұшырата алмайтынсөздерді де күнбе-күн кездестіреміз.

Әрине, әңгіме бұл жерде қоғамдық өмірдегі сан алуанжаңалықтарға байланысты пайда болып, жаңа мағыналық сипаталған сөздер жайында болса бір басқа. Тиісті әдебиеттекодификацияланбаған сөздерді кітаптардан, күнбе-күнгі газет-журналдардан оқып, радио, телевизордан да естіп жүреміз.

Ардагер (ветеран), тәлімгер, ұстаз (наставник), тыңгер, тыңжерші(целинник), баспагер, басылым, ғарыш (қосмос), теледидар, әрлеуші,азпазшы, лездеме (летучка), айдар (рубрика) т. б. қолданыстарлингвистика тұрғысынан жаңа болғанымен, кейбірімізге құлаққа

сіңді, көз үйренді болғандығы сондай, соны сөз жаңа сөз ретіндеқабылданбайды. Ондай сөздер сонда да бірден оқулықтарға еніп,сөздіктерде тіркеле қоймайды. Оның себебі мынада: жаңа қолданыстіл жұмсау дүкенінде сыналып, байқалуы, тәжірибеден өтуі керек.Олардың құбылысты дәл, дұрыс бейнелей алатындары өміршеңболып қалады да, лингвистикалық зерттеу елегінен өткен соң,сөздіктерде тіркеліп, оқулықтарға енеді.

Тіл жұмсау дағдымызда жиі қолданылатын сөздің бірі – ұстаз. Бұлсөз – «оқытушы», «мұғалім» дегенмен синонимдес. Соңғы жылдарыжас ұрпақты мамандыққа баулу ісінің елімізде өрістеп, кеңінен қанатжаюына байланысты жастарды мамандыққа, еңбекке баулушы,тәрбиелеуші адамдарды, еңбек озаттарын ұстаз, ұстаз жетекші,ақылшы ұстаз деп атай бастады. Ұстаздық деген жаңа ұғымдағы сөзпайда болды. «Комбинаттың әр цехында алдың ала ойластырылыпжасалған жоспар бойынша жұмыс істейтін ұстаздар советі бар. Бұлсоветтерге өмір тәжірибесі мол, еңбекте ысылған коммунистжұмысшылар басшылық етеді» (газеттен).

Тәжірибеде жиі кездескенмен, ұстаз сөзінің бұл мағынасын тиістіәдебиетте кодификациялау асығыстық болар еді, өйткені тілқолданысымызда ұстаз сөзімен тайталас тәлімгер сөзі де жұмсалабастады. «Тәлімгерлердің ішінде 28 Совет Одағының Батыры менСоциалистік Еңбек Ерлері бар. 16-сы бүкілодақтық «Жастардыңұстазы» деген белгіге ие болды» (газеттен). Тәлімгер сөзінің«ұстазбен» жарыса қолданылуы, әрине, кездейсоқ емес. Сөз себепсізпайда болмайды. Ұстаз – ұғымы кең, әрі көп мағыналы сөз. Ал ондайсөзге мағыналық жүк арта беру коммуникациялық жақтан қолайсызболуы ықтимал. Мұндайда тіл белгілі бір ұғымдарды тәлімгер тәріздідара мағыналы сөзбен белгілеуді қажетсінеді. Сонымен, жаңа сөздертіл тәжірибесінен өтіп, қолданыс тезінен шыққанша белгілі біруақытты қажет етеді. Сол уақыттың ішінде жаңа сөздің кейбіріорнын тауып, орныға түссе, кейбірі өтпелі ғана сипатта болып,ығыса бастайды. Күнделікті тіл қолданысымызда пайда болғанжаңалықтарды кодификациялау ісінің тәжірибемізде кенжелепотыратындығы да осы себептен.

Арнайы зер салған адамға, тіл жұмсауымызда пайда болып жатқанжаңа сөздер аз емес. Бірақ олардың кейбірінің құрылымдық жүйесіана тіліміздің сөз тудыру нормасына сәйкес (тыңгер, теледидар,хабарлама т. б.) болса, кейбірі олай емес. Мысалы: Соңғы кездеБалғабай лездемені тіпті қысқа қайыратын болып жүр (газеттен)дегендегі лездеме – тілдің құрылымына жат «жаңалық». Лезде –жатыс септігінің жалғауы арқылы жасалған үстеу. Мұндай типтегісөздерге етістіктен есім тудыратын -ма, -ме (бөлме, үйме, тартпа,қойма т. б.) тәрізді қосымша жалғанбайтындығы белгілі. Мысалы,

демде, әп-сәтте, әуелде, әуел баста тәрізді жатыс жалғаулы үстеулердідемде-ме, әп-сәтте-ме, әуелдеме, зуел баста-ма деп, -ма, -меқосымшасын жалғап айтуға болмайтындығы өз-өзінен түсінікті.Сондықтан лездеме деу қазақ тілінде сөз жасаудың объективтінормасына сәйкес келмейді.

Жасыратыны жоқ, кейбір жаңа сөздер уақыт сынынан өтіп тілқолданысымызда орныға түскенімен, сүрленгенше сөздіктерге енбей,тиісті лингвистикалық әдебиетте көрсетілмей де жатады. Бұлайболуы кейбірімізге ондай жаңа сөздердің құрылымы тілдік жүйегесай болмай, даулы көрінуінен.

Кезінде тек тіл мамандары ғана емес, өзге де жұртшылық назарынаударып, пікір таласын тудырған оқырман, көрермен тәрізді сөздертілдік дағдыға енсе де, кодификацияланбағандығын орфографиялық,орфоэпиялық сөздіктерде, грамматика оқулықтары мен оқуқұралдарында, анықтағышта әдеби тіл фактісі ретіндетіркелмегендігін байқаймыз.

Оқырман, көрермен тәрізді қолданысты сөз етпес бұрын мынадайжинақтауыш пікірге назар аударайық. «Қазіргі ғылым мен техниказаманында дүниедегі, айналадағы, ой-санамыздағы әрбір зат, әрбірқұбылыс, әрбір ұғым өзгелерден ажыратылып, өз атауымен аталуыорын алды, өйткені бұл күнде әрбір зат (құбылыс, ұғым) түгіл, оныңұсақ бөлшектерінің (детальдарының) өз орны бар, ол орынның мәнібар, оларды өзге, мейлі тіпті өте жақын, ұқсас заттармен (құбылыс,ұғымдармен) шатастыруға мүлдем болмайды. Мұны номинациятенденциясы деп атап жүрміз, осы тенденция қазіргі орыс тіліндеөте күшті. Қазақ тілі үшін бұл бағыттың жеке күші бар ма, әлде текорыс тілінде байқалғандықтан, қалька арқылы көшіре салынуы керекпе? Біздің ойымызша, қазақ тілі өз бетімен әр нәрсені дербес атау(номинация) әрекетіне ие бола алады. Өйткені қазақ халқының дабастан кешіріп отырған дәуірі – НТР заманы, орыс тілінтұтынушылармен қоғамымыз бір, өміріміздің салты, темпі, талабыбір. Демек, мектепте оқитын оқушыдан жалпы кітап (газет, т. б.)оқитын адамды ажыратып, оны өз атауымен білдіру үшін оқырмансөзін жасауға тіліміздің даму принциптерінің өзі мәжбүр етіп отыр»

Белгілі бір экстралингвистикалық мотивтің нәтижесінде пайдаболған оқырман тәрізді қолданысты, сырт қарағанда бөтенсінудің дереті бар сияқты. Жыларман, өлермен, күлермен, білермен т. б. тәріздісөздердегі -ман, -мен тұлғасы іс-қимыл, процестің өзі емес, соғаншектес, жақын әрекетті білдіреді. Көркем сөз зергерлерінің де бұлтұлғалас сөздерді осындай мағынада қолданғандығын көреміз. «Жөнайтыса ма олар, адамша? Бірін-бірі боқтап, төбелесермен болыпжатыр» (М. Әуезов). Мұндағы төбелесермен «төбелесудің» өзі емес,«төбелесетін шаққа жету» деген мағынаны аңғартады. Бұл тұлғалас

сөздердің (жыларман, сабарман, білермен т. б.) білдіретінмағынасына қарағанда, оқырман деу қисынсыз қолданыс тәріздікөрінеді. Бірақ бұл жерде екінші бір құбылысты да ескеру қажет.Ол – ман тұлғалы сөздің тілімізде субстанцияланып, заттың атыретінде жұмсалу фактісінің де бар екендігі, мысалы, атарман(стражник), шабарман. «Жаһангер сонда да жай жата алмады, бар едіатақты көп атарманы. Олардың екі жүзін ертіп алып, Ой қылдызалдан барып бата алғалы (Т. Ізтілеуов)3.

«Бірең-саран шабарман старшынды өз қолымен де ұрып жіберіп,болыс, би, қарияларды бойын жазғызбай ақыра ықтырып бетқаратпай жасқандырып тұрды» (М. Әуезов).

-Ман, -мен тұлғалы сөз кейде септік жалғауы не өзге деқосымшалар арқылы субстанцияланған күйде де жұмсалады:Берерменге бесеу көп, аларманға алтау аз (мақал). -Ман, -ментұлғалы сөзді субстанциялап жұмсау жазушының өзіндік тілқолданысында да кездеседі. «Әуелі жылда екі рет егін салып, соданішермендік, тұқымдық алған соң, жер емшегін емуден дәндей берді(М. Әуезов).

-Ман, мен тұлғалы сөздердің тілімізде осылайша субстанциялануерекшелігін ескерсек, оқырман, көрермен сөздерін кодификациялау(орфографиялық сөздік, анықтағыштарда тіркеп, заңдастырыпотыру), норма ретінде мойындау қажеттілігі байқалады.

Жоғарыда сөз болған неологизмдердің дені қоғамдық өміріміздегіжаңа ұғым, жаңа құбылыстарға, содан туып отырған номинациятенденциясына байланысты пайда болса, тілдегі кейбіржаңалықтардың өмірге келуінің себеп-салдары кейде бұданөзгешелеу болып та жатады. Кейінгі жылдарда тіліміздің сөздікқұрамы космос, космонавт, космос кораблі, орбита т.б.терминдерімен, номенклатуралық сөздермен толыға түскені мәлім.Олай болса, телевизор сөзі тұрғанда неге теледидар деп жаңа сөзжасаймыз, немесе космос сөзінің қолданылып жүргендігінеқарамастан оған ғарышты неге қосақтаймыз? Сөзді басы артыққолданып жүрген жоқпыз ба? Газет-журнал беттерінде кейде осытәрізді пікірлер де шаң беріп қалады.

Ғарыш сөзінің төркін тіліндегі (араб тіліндегі) мағынасы діниұғымға қатысты сөз, сондықтан да бұл сөздің космос мағынасындажұмсалуы, сырт қарағанда, орынсыз көрінуі де ықтимал. Алайда шеттілден енген сөздер өзге тілге келіп жерсінгенде, бастапқымағынасының ескерілмейтіндігі де белгілі. Бөтен тілден енген сөзге

3 Р. С ы з д ы қ о в а. Қазақ әдеби тілі – 60 жылда (Дамуындағы тенденциялар мен принциптер)–Қазақ ССР Ғылым академиясының хабарлары. «Тіл әдебиет сериясы», 1980, № 3, 5-бет.

өзгеше мағына телу қай тілде болмасын кездесіп отырады. Мысалы,әуелде фауна «орман мен дала жаратушысы», флора «гүл мен көктемтәңірі» деген мифтік сипаттағы латын сөзінің тілде өзгеше терминдікұғымда жұмсалатындығы аян.

Ғарыш сөзінің қазақ топырағындағы мағынасы «алыс аспан,шырқау биік».

Дариядан артық ақылың, Төбең биік ғарыштан. Қартайғанда бір көріп. Зират етіп қайтуға Жамбыл келді алыстан

(Жамбыл).

Ғарыш сөзінің осындай қолданысына қарағанда, оның дінимазмұнға байланысты ұғымы бұл атаудың жаңаша, «қосмос»мағынасында жаңғыруына бөгесін бола қоймайды. Ал ғарыш пенкосмос сөзінің, екі сөздің, бір ұғымда жұмсалуы ше?

Тілімізде белгілі бір ұғымның бірнеше сөзбен аталатын орайларыбар: жазушы – қаламгер, суреткер, егінші – диқан; мұғалім, оқытушы –ұстаз т. б. Бұл – әдеби тілдің стильдік айырым жігін даралай түсетінбелгілер. Олай дейтініміз сөздердің қолдану аясы, жұмсалу орныосындай мәндес сөздер арқылы саралана түседі. Жазушы, мұғалім,оқытушы сөздері әдеби тілдің барлық тармақтарына (стильдеріне)тән бейтарап сөздер болса, қаламгер, суреткер, ұстаз публицистика,көркем әдебиет стиліне тән мазмұны көтеріңкі қолданыстар.Мысалы, ресми стильде СССР Жазушылар одағының мүшесі депайтуға болатыны белгілі де, осы ұғымды СССР Қаламгерлер одағыныңмүшесі деп қолдану лайықсыз болар еді. Тіліміздегі космос пен ғарыш,космонавт пен әуегер сөздері де осы тәрізді. Космос, космонавтсөздері әдеби тілдің барлық тармақтарына тән қолданыс болса,ғарыш, әуегер сөзінің публицистика, көркем әдебиет тіліндежұмсалуы орынды. Бұл сөздерді ғылыми әдебиетте, ресми тілдеқолдану – стильдік нормадан ауытқу.

Елімізде ғылым, өндіріс, шаруашылықтың әр алуан салаларыныңқарқынды дамуы тіліміздің сөздік құрамына да әсер етті. Тіліміздетерминдер мен терминдік ыңғайдағы сөздер де көбейді. Тіптібаспасөз бетінде олардың тым жиі жұмсалуы, әсіресе публицистика(газет-журнал, радио, телевизия саласындағы тіл) стиліндетерминдерге экспрессиялық балама іздеу тенденциясын күшейтетүсті. Сондықтан болар, астықты алтын дән, көмір мен мұнайды қараалтын, малды аяқты қазына, телевизорды көгілдір экран, теледидарт.б. деп атау дағдылы, қажетті қолданысқа айналып отыр. Бұлардытермин сөздердің «қосарында» жүретін ерекше экспрессиялы

сыңары деуге болады. Егер қазақ тілі тек қана ғылымның немесересми қарым-қатынастың ғана тілі болса, онда экспрессиялықолданысқа зәру де болмас едік. Бірақ, жоғарыда аталғандай,экспрессиялы сөз қатарларын қызметіне сай жұмсамау әдеби тілдіңстильдік нормасына нұқсан келтіреді, кей жағдайда тіпті өрескел әрітүсініксіз көрінеді (мысалы, ешбір адамның «5 тонна қара алтынтүсіріп алдым, бір қап алтын дән алдым» деп сөйлемейтіндігі белгілі).

Сөз мәдениеті алдымен тіл амал-тәсілдерін дұрыс қолданудан, сөзжатықтығынан басталады. Ал жатық сөздің негізгі арқауы – әдебитілдің нормасы. Бірақ жоғарыда айтылған бірлі-жарым мысалдардыңөзінен-ақ әдеби тіл нормасының табиғаты күрделі кұбылысекендігін, оның әр түрлі ерекшеліктері болатындығын да байқадық.Әсіресе қатаң норма мен босаң норманы дәл айыра білу, босаңнормаға байланысты тілдік варианттардың ерекшелігін, жарыспалысыңарлардың бір-бірінен артықшылығын сөзіне білу, олардың қыр-сырын дұрыс байқай отырып саралай жұмсау, түптеп келгенде, сөзжатықтығына қойылар талаптар.

Қазіргі қолданысымызда босаң нормаға жататын мүлде басқа –мүлдем басқа, мынадай – мынандай, шын мәніндегі – шын мәнісіндегі,жалғыз – жаңғыз, түгелдеу- түгендеу т. б. варианттардың алдыңғысыңарына баспасөз беттерінде редактор қаламының еркіндік беребастағаны сезіледі. Бұлай болуы орынды да, өйткені мынандайдегенге қарағанда мынадай нұсқасы ықшам. Тіл-тілге ортақзаңдылық бойынша ықшам, жинақы қолданыстар (варианттар) тілдіңкоммуникациялық қызметіне қолайлы көрінеді. Ал жалғыз – жаңғыз,түгелдеу – түгендеу варианттарындағы жалғыз, түгелдеу тәрізділердіңартықшылығы – бұлардың өзге тұлғада кездесуі мен дербесқолданылуы: жалғыз, жалқы, түгелдеу, түгел, түп-түгел. Осылардыңжарыспалы сыңарлары жаңғыз (жаңқы түрінде қолданылмайды),түгендеу (түген, түп-түген деп айтылмайды) тәрізділерден мұндайерекшелік байқалмайды. Варианттардың бір-бірінен осындайөзгешеліктері сөзіле бастаған кезде-ақ әдеби тіл нормасынанемқұрайлы қарамайтын оқушы артықшылығы бар сыңарларға жіптаға бастайды. Ал қатаң норма түріне байланысты ақау жіберу әдебитіл нормасына жаттықпаған, тіл мәдениетіне жүрдім-бардымқарайтын адамдарда жиі ұшырасады.

Ой қырымда елімнің аты қандай, Әр атауда талай сыр жатырғандай,

Жай көл емес, киелі мынау айдың. Жазираға жарасқан жарқын маңдай

( Журналдан ).

Ақынның жазирадағы айдынды жарқын маңдайға теңеген әдеміобразды жолдарының сымбаты әдеби тіл нормасынан ауытқуданбарып бұзылып тұрғандығы бірден аңғарылады.

Әдеби тілдің нормасынан ауытқудың кейбір түрлері тілдегіжарыса өмір сүріп жатқан варианттарға байланысты болса, кейбіріоған мүлде кереғар. Әдеби тілде жүйеленген, қатаң нормаға түскентілдік амал – тәсілдерді талапқа сай қолданбау сөз жатықтығыныңбұзылуына себеп болып жатады. Мысал келтірелік. Қазақ тіліндесамай сөзінің самай шаш, самайын қырау шалған тәрізді орындардажұмсалып, адамға байланысты қолданылатыны белгілі. Солай болатұрса да біз бір автордың былай деп жазғанын, оқимыз: «Баса кигентүлкі тымағының екі самайына қалың қырау қатқан. Өзен қарияшанадан түскені болмаса қозғалмай тұр» (газеттен). Оқушы секемалатын қолданыс – тымақтың самайы. Секем алған жерде –селкеулік бар. Нормадан жөнсіз ауытқуды жөн көре берсек, екіншібіреудің тымақтың желкесі деп тіркестірмесіне кім кепіл? Нормаданауытқудың мұндай түрлері кейде тіл білмегендіктен емес,мұқиятсыздықтан кетіп жататын мүкістіктер. Ал енді мына бірүзіндіні оқып қарасаңыз, автор сөзді ойнақы құрам деп,қойыртпаққа айналдырып алған: «Адамның кенет толуы не дұрысқа,не бұрысқа көнбейтін өліара сәт қой. Екі қолын қайда қоярын білмейабыржып қалмасы бар ма? Ақыры арқасына айқастырып салды дабұтағын сыпырып, сылып алған сырғауылдай сидия қалды... Солмұң екен, үстіңгі еріннің сол жақ құйрығы дір етіп шапши қалды...Әкесі күлмей ғұмыр кешті, қиратқанда күлімсірейтін, сонда ернініңсол жақ құйрығы өстіп жоғары шапшып қалушы еді... Костюм үстінетүскен алақаны матаны уыстап мыжғылай берді» (газеттен). Қолдыарқасына салу, еріннің құйрығын шапшыту, өліара сәт, алақандыкостюм үстіне түсіру, алақанға матаны мыжғылату дегендер кімге деболса, әсіресе қалам ұстап, тіл кестелеймін деушілер үшінкешірімсіз. Мұндай тігісі теріс тіркестер жазушыдан талап етеркөркем тілді айтпағанның өзінде тіпті жатық тілге қойыларталаптың маңайына да келмейтіндігі көрініп тұр. Оқушынаразылығын тудыратын мұндай бұрыс қолданыстар газет-журналбеттерінде орынды сыналып та жатады.

Сөз жатықтығына қойылар талаппен мүлде сыйыспайтын ағатқолданыстардың көзге шыққан сүйелдей болып баттиып тұратыныда, бидай арасында өскен бидайықтай көзге бірден шалынақоймайтындары да болады. Сөз мәдениеті үшін әсіресе соңғысықауіпті. Өйткені ондайлар ет үйрене келе кейбіреулердің дағдысынасіңеді. Сөз жатықтығынан қиыс жатқан қолданыстың бірін байқағанҒ. Мүсіреповтей сөз зергерінің мына ескертуін еске түсіре кетуартық емес. Газет бетінде жарияланған аударма әңгімеден жайма

шуақ таң сәріде дегенді ұшыратқан жазушы: «Таң сәріде жайма шуақболмайтынын білмейді-ау деймін. Жайма шуақ деп кешегі, неболмаса бүгінгі күннің сипатын айтады. Тегінде, мал жаюға болатынқысқы күннің шуағын айтады. Таң сәріде де, тұтас алғанда түнмезгіліне де мұның қатысы жоқ» дейді.

Сөзді былай қолдану дұрыс, былай қолдану бұрыс деп баға беруоп-оңай шешіле салатын да шаруа емес. Оны кейде газет-журналбеттерінде ара-тұра айтылып жүрген тартысты пікір таластардан дабайқайсыз. Тіліміздегі бір алуан сөздердің жұмсалуын кейбіріміздаулы деп білсек, екінші біреуіміз ондай сөздерді өз мағынасына сайқолданылған деп танимыз. Сондай сөздердің бірі – паш етті. Осысөздің мағынасы кейбіріміздің түсінігімізше мүлде бұрмаланған:«Парсыдан кірген «паш» деген сөз де көп жағдайда бұрмаланыпалынып жүр. «Паш ету» деген – әшкерелеу, қылмысының, неайыбының бетін ашу деген мағынада... Ал бізде кейбір жолдастароны «дәріптеу» деген мағынада қолданады» (газеттен). Бұл сөзжөнінде өз ойын ортаға салған екінші бір автордың пікірі де осытәрізді: «Өлеңнің соңғы жолдары есіңізде шығар: «ЗорлығынМұстафаның паш қыламын!». Сөзіне орай әні қандай қуатты. Жапашегіп жасыған бейшараның мұңы емес, зорлықшының кінәсындүйім жұрттың алдыңда бетіне басып тұрған айыптаушының өр,асқақ үні қазақ құлағында мәңгіге қалғандай.

Енді бүгін біз газет-журнал беттерінен екі күннің бірінде: «Әрбір100 бас саулықтан 150 бас қозы өндірген Пәленшеев Түгеншеніңеңбегі паш етуге лайық» тәрізді сөйлемдерді оқитын болдық. Байқапотырсыз ба, мағына қалай өзгерген?

«Әшкерелеу», «масқаралау» мағынасындағы сөз мүлдем керісінше«мадақтау», «марапаттау» ұғымын бүркеніп шыға келіпті»(газеттен).

Бірінші келтірілген мысалда автор паш сөзінің парсы тілінененгендігін дұрыс айтқан. Бірақ осы сөздің қазақ тіліндегі мағынасынекі автор да дәл көрсетіп, дұрыс түсінбеген. Паш ету – «әшкерелеу,қылмысын, айыбын ашу» емес, тіркестің мағынасы – «жария ету»,«әйгілеу», «білдіру». Көркем сөздің көрнекті зергерлері бұл сөздіосы мағынада қолданған. Бірер мысал: «Тауының Шыңғыс, биігініңХан аталғаны да сол Шыңғыс ханның мекен еткен конысы екеніңпаш етеді». «Сылдыраған шолпысы әлдеқайда былдыраған тілменТоғжанның келері мен кетерін паш етеді (М. Әуезов). Паш етугебайланысты осындай мысалдарды өзге де суреткерлершығармасынан кездестіруге болады. Бұл жерде паш ету сөзінжоғарыда айтылған пікірдегідей «масқаралау, айыбын бетіне басу,кылмысын ашу» деп түсінсек, «Тоғжанның келері мен кетеріншолпысы масқаралап, қылмысын ашып тұр» деп ұғар едік. Осы

мысалдың өзінен-ақ паш ету сөзінің мағынасы «әйгілеу»,«жариялау», «білдіру» екендігін байқаймыз. Атақты әнші,композитор Жаяу Мұсаның «Зорлығын Мұстафаның паш қыламын»деуін де «жұртқа жария етемін, әйгілеймін» деген мағынада түсінукерек.

Паш ету тіркесінің кейбірімізді «жаңылдырып» отырған тағы бірсыры бар.

Сөз – аса күрделі категория. Белгілі бір сөздің заттықмағынасымен бірге реңі де болады. Сөздің заттың, ұғымның атыретінде білдіретін мағынасы лингвистикада денотациялық мағынадеп аталады.

Паш ету сөзінің «жариялау, әйгілеу, жұртқа жаю» деген мағынасы– денотациялық мағына. Ал бірсыпыра сөзде осы мағынаға қосаконнотациялық мағына да болады. Сөз реңі деп отырғанымыз осы.Мысалы, қазақ тілінде дидар деген сөз бет-әлпет, түр-түс дегенмағынаны (денотациялық мағына) білдіреді, оған үстеме бұл сөздежағымды рең бар (коннотациялық мағына). Бет әлпет, дидарсөздерінің заттық мағынасы бірдей болғанымен, бірінің орнынаекіншісін қолдануға болмайды. Бет әлпеті келіспеген, бет әлпетінашарлау дегенді дидары келіспеген, дидары нашарлау деугеболмайтыны белгілі. Дидар сөзінің мұндай орындарда жұмсалуынабұл сөздің жағымды реңі (коннотациялық мағынасы) ырық бермейді.Сұңқар сөзі – белгілі бір құстың атауы. Енді осы сөз жігіттіңсұңқары дегенде жағымды рең алады. Сөйлеуші баяндалып отырғанжайға іш тарта сөйлегенде сөзді жағымды, жағымсыз реңіне қарайталғап қолданады. Сөздің заттық мағынасына ғана назар аударып,реңін елеп-ескере бермейтіндер қадап айтты, шұқшия айтты депсөзімге жағымсыздау сөйлейді. Мұндайда шегелеп айтты, мұқиятайтты деудің жөні бір басқа екендігі көрініп те тұр.

Сонымен, ана тіліміздегі бір алуан сөздің заттық мағынасына қосажағымды немесе жағымсыз реңі де болады. Ал көптеген сөз бұлқасиеттен қалыс тұрады да, бейтарап реңде болады. Ақындар,жазушылар, журналистер, өнер-білім қайраткерлері, өзге де сөзгешебер адамдар тілде «дайын» күйде кездесетін жағымды немесежағымсыз сөздерді таңдап қана қоймайды, сонымен бірге олсөздерге айтар ойының мазмұнына сай етіп, көздеген мақсатынаорай әр түрлі бояу дарыта алады. Бұл – сөйлеушінің тіл шеберлігінебайланысты.

Уақыт өте келе тіліміздегі кейбір сөздердің мағынасы да өзгеріпжатады. Ал кейбірінің мағынасы емес, тек реңі өзгереді, жағымдыреңдегі сөз жағымсыз реңге көшеді. Еліміздегі саяси-әлеуметтікөзгерістерге байланысты бай, манап, патша тәрізді сөздердің ұнамсыз

контексте жұмсала бастағаны белгілі. Сондай-ақ реңі жағынанбейтарап сөздер жаңа бір рең алуы да ықтимал. Міне бұл мәселе –сөз мағынасының өзгеруі деген кұбылыстан бөлек қарауды талапетеді.

Әуелден паш ету сөзінің қазақ тіліндегі мағынасы «жария ету»,«әйгілеу», «жұртқа білдіру». Осы сөздің бастапқыда бейтарап реңдеболғандығын «Абай жолы» эпопеясынан алынған мысалдан-ақаңғаруға болады. Тіл жұмсау дағдымызда бұл сөз мына тәріздіконтекстерде жиі қолданыла келіп, бейтарап реңнен жағымды реңгекөшті:

Октябрь күнінің Он екінші тойында Паш етейін бір істі Көптен жүрген ойымда

(Сәкен Сейфуллин).

Жарқ етті күн шұғыласы шам жанғандай,Қас дұшпан қайғыланды қам қылғандай.Әлемге паш етілді бір зор есім,Тамаша айдай әлем таң қалғандай.Ол есім Ленин еді таң атырған,Ол өзі нұр шұғыладан жаратылған.

(Нұрхан Ахметбеков).

Паш етті сөзінің осындай ұнамды контексте жиі жұмсалуын,жағымды реңге көшуін қазақ әдеби тілінің үлкен бір арнасы –публицистика стилі жеделдете түсті. Әдеби тілдің өзге саласынақарағанда газет-журнал тілінде жағымды реңдегі сөздер (ұстаз,диқан, еңбеккер, ғарыш, шамшырақ, түлектер, еңбек ардагері, азаткер т.б.), сондай-ақ жағымсыз реңдегі (басқыншылар, итаршы, қанқұмар,қаскөй т. б.) сөздер аса жиі қолданылады. Газет тілінің бұлай болусебебі түсінікті де, өйткені газет үні ерекше. Ол өміріміздегі озықдәстүрлерді, игілікті істерді жай ғана жазып қоймайды, асқақ үнмендәріптей отырып жұртшылық жүрегіне жеткізе айтады. Келеңсізжайларды жай атап өтіп қана қоймайды, аяусыз сынап, өлтіретүйрейді. Жұртшылыққа бұлай әсер ету үшін газет тілі әдеби тілдегіжағымды, жағымсыз реңдердегі сөздерді молынан пайдаланаотырып, өзі де бейтарап сөзге тыңнан рең дарыта біледі.

Әдеби тіл процесіндегі мұндай елеулі өзгерістер тілдің қоғамдыққызметінің арта түсуіне де байланысты. С. Коэннің ойлап шығарғаннейтрон бомбасын капитализм елдеріндегі реакцияшыл баспасөз«мәдени қару, адамгершілік қаруы, тек адамды ғана өлтіреді, алматериалдық игілікке еш зияны жоқ» – деп, түрлі ат қойып, айдар

тағып, эвфемизммен (сыпайы сөзбен) бүркемелемек болды. Ал біздіңеліміздің, социалистік елдердің баспасөзі нейтрон тәрізді ядролыққарудың адамзат үшін тажал екендігін ашық айта келіп, жалғанмадақтаудың бет пердесін сыпырып, өткір, өтімді түрде өлтіресынайды. Мұндайда жағымсыз реңдегі сөздерді талғай білудің әсеріайрықша. «Халықаралық физиктер семинары» деп айдар тағылғанжын ойнақта С. Коэннің түсігін езуінен көбік аққанша мадақтады»(газеттен).

Газет тілі үшін бағалауыш сөздер (жағымды, жағымсыз реңдегісөздер) ауадай қажет. Сұхбат тәрізді кейбір сөздеріміздің қазіргікездің өзінде-ақ бейтарап реңнен жағымды реңге көшіп кележатқандығын байқау қиын емес . Сұхбаттасу – «әңгімелесу» дегенмағынаны білдіреді. Бірақ сұхбаттасты дегенде жай ғана тілдесудеп ұқпаймыз. Келелі мәселе көтеріп, терең пікір қозғаған,тартымды да, әсерлі әңгімені «сұхбат» деп түсінеміз. Қоғамқайраткерлері, еңбек ардагерлері, өнер майталмандарымен болғанәңгімеге қазір газеттеріміз «сұхбат» деген айдар тағып жүруі де бұлсөздің жағымды рең алып келе жатқандығының көрінісі.

Сөзді лексикалық мағынасына сай дұрыс қолдана білумен біргеәсіресе жаңа рең алып келе жатқандарының бояуын сезіне отырыпжұмсау – сөз мәдениетіне, оның ішінде сөз жатықтығына қойыларталаптың бірі.

Күндегісін күнде қолданып жүрген сөздің алуан қыры мен сырыбар. Оны кейде байқасақ та, кейде байқай бермейміз. Бір ақын өзөлеңінде сөзді кітапхана сөресінде тұрған кітаптарға теңеген екен.Кейбір сөздер қаз-қатар тізілген кітаптардай көз алдыңда тұрады,қол созып сөреден ала бересің, керегінше пайдаланасың. Ал кейсөздер кітапхананың алтын қорында жатқан қымбат қазынадай.Халықтың өткендегі өмірін, ерлік дәстүрі мен елдігін, қайғысы менқуанышын, өлең-жыры мен ұғым-түсінігін сол кітаптардан табасыз.Тілдегі сөздер де бір-бір кітап. Тек оны оқи білу шарт. Сөз-кітаптыкім қалай оқиды? Басқасын айтпағанда, сөз мағынасы туралыбәріміздің түсінігіміз бір жерден шығып жата ма? Тіл туралы қамжеп, жақсы ниетпен жазылған мақалаларда сөз мағынасы, оныңтағдыры жайындағы әркімнің түсінігі мен жорамалы әр басқа болыпта жатады. «Мына сөздің байырғы кездегі мағынасы былай еді, қазірнеге басқаша қабылдаймыз? Бұл сөз өзге тілден енгенде өзгеше еді,енді танымастай болып барады» – деп, ондағы жаңару менжаңғыруды жақсы нышанға жорымайтынымыз да бар. Сондаймақалалардың бірінде жазира сөзінің мағынасын «түсінбейқолданып» жүргеніміз сөз болады. Автордың сондағы дәлелі мынатәрізді. Бұл сөз араб тілінен енген, төркін тілінде білдіретінмағынасы – «шөл», «арал». Сондықтан масатыдай кұлпырып тұрған

жерді жазира дегі атау дұрыс емес т. б. Осындай пікірге қарағанда,жазира сөзін жаңылыс мағынада қолданып жүрген тәріздіміз.Кезінде бұл пікірге кейбіріміз құлақ асып, құлай жығылдық,кейбіріміз дүдәмал күйде қалдық.

Шындығында, жазира араб тілінен енген сөз, мағынасы – «шөл»,«арал». Онда неге жазира сөзін үш қайнаса сорпасы қосылмайтынгүл, жасыл сөздерімен тіркестіріп гүл жазира, жасыл жазира депатаймыз? Бұлай қолдану мүлдем теріс емес пе? «Шөл», «арал»мағынасында өзге жұрттан қоныс аударған бұл сөз қазақ топырағынаалғаш түскен сәтте де «шөл», «арал» мағынасында қолданылған екен.

Жазираны гүлстан ету үшін, Төбені ойға аударып тастаған ер

(Халық ақындарынан. Мысал Н. Оңдасыновтың аталған кітабындакөрсетілген)4. Бұдан жазира сөзінің «шөл» деген мағынадажұмсалғандығын байқаймыз. Енді бұл сөздің «арал» мағынасындақолданылғандығына мысал келтірейік:

Жолықты бір жазира және тағы, Кең арал, мұхит теңіз екі жағы. Ғажайып зифа харам бір жазира, Адамның бастарындай жеміс бағы.

(Ғашықтық жырлардан).Сөзге көне сипат беріп, стилизациялап жұмсауды көздеген ақын-

жазушыларда болмаса, бүгінгі тіл қолданысымызда жазира сөзі«шөл», «арал» мағынасында қолданылмайды. Бұлай болуы заңды да,өйткені алғашқыда қазақтың арал, шөл тәрізді төл тума, байырғысөзімен бәсекеге түскен жазира басы артық қолданысқа айналабастады. Өзінің өзгеру, даму барысында тіл не бір балластан (басыартық қолданыстан) арылып, өзін-өзі «реттеп» отырады. Бірақбалластан арылудың жолы әр түрлі. Басы артық кейбір сөз,элементтер қолданыс үйірінен мүлдем шығып қалады, кейбірі,керісінше, бәсекелесімен тайталас жұмсала келіп, өзгеше мағынағаие болады. Олай болса жазира сөзінің мағынасы қалайша өзгеріп,полярлық қарама-қарсы ұғымға ие болды?

Мұндай өзгерістің болуы кездейсоқ, қисынсыз емес. Оның өззаңдылығы бар. Жазира «шөл» деген бір бүтін ұғымның ғана емес,сол бүгінге кіретін бөлшектің атауы. Бұл жерде бүтіннің бөлшегі депотырғанымыз – шөл мен шөлейт далаларда кездесетін оазис (жасылалқап). Қазақ тілінде бастапқыда бүтіннің атауы болған сөзбелшектің атауына көшкен. Бөлшектің бүтіннің атауымен атала

4 Н . О ң д а с ы н о в . Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. Алматы, 1969, 48-бет.

беретінің өзге де мысалдардан байқауға болады. Мысалы, үкі – құс,үкі – тақия мен домбыраға әшекей үшін тағатын қауырсынныңатауы.

Сонымен жазира сөзі бүтіннің бөлшегін (оазисті) білдіретінатауға көшті. Кең байтақ қазақ даласы ұлы теңіз тәрізді көрінсе,оның әсем көріністі Көкше, Қарқаралы тәрізді оазистері аралғаұқсар еді. Осындай оазистер жазира, гүл жазира, жасыл жазираделініп ерекше реңмен аталып жатса, еш жаттығы жоқ. Оны жаманнышанға жоруға болмайды. Кейбір тілдерде, мысалы монғол тілінде,арал сөзі «түбек», «остров» әрі «оазис» деген мағынаны білдіреді.

Ертедегі түркілерде де арал сөзі 1) «остров», 2) «оазис» деген екітүрлі мағынаны білдірген болуы керек. Арал теңізі дегенгеографиялық атаудың жасалуына осы сөздің екінші мағынасы(«оазис») негіз болуы ықтимал. Құм мұхитының арасынан бұл теңізаралдай (оазистей) болып көрінсе керек.

Бұл – сөздің ұқсату заңдылығы бойынша аталуы. Сөздің кейдебүтіннің бөлшегін білдіретін мағынада жұмсалуы немесе ұқсатуарқылы өзгеріп отыруы – тіл-тілде болатын заңды құбылыс. Оданбейхабар жанға мұндай өзгерістер білместіктен кеткен ағатқолданыстай болып көрінеді. Егер осындай қисынды өзгерістердімойындамасақ, қазіргі қолданылып жүрген шебер сөзініңмағынасынан да бас тартқан болар едік.

Көктем мезгіл болғанда, Көктен кұйған тамшыдай, Шебер қыздың қолында, Балдағы алтын қайшыдай

(«Қобыланды батыр»)

Қазіргі тілімізде «он қолынан өнері тамған адамды» шебер депатасақ, әуел баста бұл «сұлу» деген мағына аңғартқан. Монғолтілінде цэвэр «әсем», «әдемі», «таза», «сұлу» дегенді білдіреді.Тілдегі құбылыс із-тозсыз кетпейді. Бұл сөздің «сұлу», «әсем» дегенкөне мағынасы көршілес тілде сақталған.

Тілімізде негізгі мағынасын сақтаған, бірақ тұрақты сөзтіркестерінің құрамында айтылғанда өзгеше қызметке көшкен сөздерде бар. Қара сөзінің жеке алғандағы мағынасы түр-түстібілдіретіндігі белгілі, ал кейбір сөздермен тіркес құрай келгенде, бұлсөз мүлде өзгеше мәнге көшеді. Қара шаңырақ, қара орман, қаражол. Бұндай тіркестерде қара сөзі «ұлы» «үлкен» тәрізді ұғымдыаңғартады. Қызыл сөзі де осы тәрізді, тұрақты тіркестерде өзгешемәнде жұмсалады: қызыл май болу – «әбден болдыру, шаршау»,қызыл аяқ – «жалаңаш-жалпы», қызыл қарын – «жас бала»

мағынасын білдіреді. Осылайша өзгеше мағынада жұмсалатынсындық ұғымдағы сөздер тіл білімінде ахроматизмдер деп аталады.

Заттық ұғымды білдіретін кейбір сөздер де тұрақты тіркесқұрамында айтылғанда күшейткіш мәнге көшеді. Сондай сөздердіңбірі – қан: қан сонар – «нағыз сонар», қан сәске – «ұлы сәске»,«түске таяу шақ», қан сорпа – «қызыл май болу», қан қаза – «ауырқаза», қан қазына – «зор», «үлкен қазына», қан базар – «қайнағанбазар». Осы соңғы тіркес ақын-жазушы, өзге де қалам иелерінің сөзқолданысында «у-шу», «қызық думан» деген мағынада жұмсалады.«Абай да бұрынғы жылдар осы Көлқайнардан сонау Байқошқарөзеніне жеткенше он шақты көшіп баратын сапарды қызығы бітпесқан базардың көшкеніндей көретін» (М. Әуезов). Мұндайқолданыстардағы қан базар тіркесін хан-базар түрінде«дұрыстаудың» қажеті шамалы. Тілімізде қан базарға ұқсас тіркестіңбірі – қан жайлау. Кейбіреулер бұл тіркестің мағынасын дәлтүсінбей, «үлкен жайлау» деп те ұғады. Шындығында, малшытұрмысында қан жайлау мезгілдік ұғымға байланысты айтылады 5.

Өйткені жайлаудың алғашқы кезеңі, басталар шағы бар. Бұл кез өзкөрінісімен әсем. Қыстаудан көктеуге шыққан жұрттың алдыжайлауға келіп, қоныс тебе бастайды. Жайлау отының сонысына тістимей, құрағының қаймағы бұзылмай тұрады. Бұдан кейінгі кез –қан жайлау. Бұл шақта жайлауға көшетін жұрттың бәрі келіп болып,бас-аяғы түгел жиналады. Той-думан, ас-су, қонақ кәде, ат жарыс,өнер жарыс т. б. қызықтардың өткізілетін шағы да осы тұс.Сондықтан да жайлаудың нағыз қызып қайнаған дер кезі қан жайлаудеп аталса керек. Ел салтына байланысты айтылатын мұндай сөздерМ. Әуезовтей ұлы суреткердің қаламынан қаға беріс қалмаған.«Үлкен-үлкен төрт бөлменің бұл сағаттағы қаракеті қалың топыр,қан жайлаудағы бәс пен астан бір кем емес» (М. Әуезов).

Жайлаудың той-думаны азайып, тұяқ таптамаған, жапырылмағансонысы қалмай, жұрттың алды көше бастаған, базардың тарқарсәтіндей шақтың да өз атауы бар. Ол – сары жайлау. Жайлаудыңмерзімге байланысты атауларын ғана емес, кеңістікке қатыстыаттарын кездестіреміз: ой жайлау немесе етек, бөктер жайлау, төржайлау; кер жайлау. Осылардың ішінде кер жайлауды «кең жайлау»деп түсінетіндер де бар. Бұл түсінік дәл емес. Кер жайлау – «еңалыс», «ең биік» жайлау. Мұндай жайлауда у-шу аз болады. Малоңаша бағылып, қоңды күтіледі.

5 I . К е н е с б а е в . Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1977, 316-318-бет.

Осындағы кер сөзін М. Қашғаридің сөздігінде кездесетін, «аттыңшоқтығы», «таудың төбесі» деген мағынаны білдіретін керіш6атауымен салыстыруға болады. Бұл сөз түбір мен қосымшаданқұрылуы ықтимал: керші.

Сондай-ақ тау беткейін қуалай түскен, етекке көлбеулеу жатқанжол кер жол деп аталады. Кей жерлерде кер сөзімен аталатын жекебиіктердің, шындардың атаулары кер сөзінің «биік» деген ұғымдыбілдіруіне байланысты қойылуы ықтимал. Кертау – ОрталықҚазақстандағы биік, Кер – Жоңғар тауындағы шың.

Осындай ерен біткен Жүрек тауын,Жағалай біткен жасыл алма бауын.Күн сайын жылы леппен жауып тұрады,Кербез шың – Кер бұлтынан сепкен жауын.

(Сара Тастанбекқызы).

Сөз мағынасының өзгеруі, қызметінде жаңа бір қырдың пайдаболуы, өзгеше реңге көшуі тілдің өз заңдылықтары бойынша өрбіпотырады. Соларға сүйенбей, оларды елеп-ескермей, «дұрыс» не«бұрыс» деп кесім айтып, әркім өз қиялынша топшылау жасап жатса,көлеңкеге қарап пішкен тоңдай келіссіз болып шығуы да мүмкін.Сөздің де сөзі болғанмен, сарасы бар. Тіл табиғаты мен заңдылығындәл сезініп, дәлелмен дұрыс айтылған сөздің жөні тіпті бөлекболмақ.

СӨЗ БАЙЛЫҒЫ

6 Древнетюркский словарь. 301-бет.

Сөз молдығы – оралымды тілге қойылар талаптың бірі. Сөзбайлығына ден қоймаған адамның тілі жұтаң тартып тұратындығыбәрімізге белгілі. Актив сөзі тым аз болған сайын ондай адамныңтілінде мақсатсыз қайталау да көп болады. Сөзді орынсыз қайталаутілдің коммуникациялық қызметін күрт төмендетеді, ойды дәлме-дәл, мазмұнды жеткізуге кедергі болады. Аз сөзбен көп мағына берупринципі бұзылады. Өйткені айтылатын ойға әр сөздің қосармағыналық, эстетикалық, эмоциялық т. б. информациясы болады. Албір рет айтылған сөздің сөйлем сайын мақсатсыз қайталана беруінентекстің информациялық мазмұны кемиді.

Кейде белгілі бір тексті оқып отырғанның өзінде автордың сөздікқоры қаншалықты мол немесе қаншалықты кедей екенің түйсініпотырамыз. Егер текске кішігірім статистикалық талдау жасасақ, осытүйсінуіміздің дұрысқа шығатынын көреміз.

Әдетте зерттеушілер белгілі бір жазушының тілі жайында сөзкозғай қалса, «қаламгер тілге бай, халық тілі байлығын мейліншемол пайдаланған» тәрізді тұжырымдарды жиі қолданатынынбайқаймыз. Алайда мұндай тұжырым көбіне жуық шамаменайтылады. Әйтпесе жазушының қанша сөз қолданғандығын, қандайжиілікте жұмсағанын, қандай тұлғалармен қаншалықты түрлендіретүскенін нақтылап, санап шыққан ешкім жоқ. Әдетте зерттеушіғалымдар үшін тек жорамалға сүйеніп, болжаммен қорытындыжасаудан гөрі нақтылы дерекке табан тіреу тиімдірек екендігібелгілі. Мәселен, «Абай жолы» эпопеясының сөз шұрайы, тіл кестесікелісті, өрнекті сөз орамдарына мейлінше бай туынды екендігіәлдеқашан мәлім болған. Бір кездерде болжаммен айтылған осыіспеттес пікір енді сандық сипаттама – цифр тілімен нақтыланатүсті. Жазушы «Абай жолында» 16983 сөз қолданған. Мұндайдеректі өзге де әйгілі қаламгерлер тілі жайындағы статистикалықдеректермен салыстырып көрсек, цифр сыры ашыла түседі.А.С.Пушкин өз творчествосында 21197, В.Шекспир 15000 сөзқолданған. «Абай жолы» эпопеясында 1 және 2 рет қолданылған сөзсаны 8698, Пушкин шығармаларында мұндай жиіліктегі сөздің саны– 9301, Мамин-Сибиряктыц «Приваловтар миллионы» романында11283 сөз қолданыс бар. 1, 2 рет қолданылатын сөз саны 7312.

Бұл – тіл байлығы деп аталатын коммуникациялық сапаныңобъективті құбылыс екендігін көрсетеді. Жоғарыда айтылғанәңгімеге қарағанда, тіл байлығы тек лексикамен ұштасып жатадыдеуге болады. Шынында, солай болғанмен, тіл байлығы деген ұғымсөздің лексика-фразеологиялық топтары ғана емес, ана тілініңсинтаксистік, морфологиялық жүйелерін де қамтиды. Теклексикасына қарап кез келген текстің тілі бай деуге болмайды.Тілдің морфологиялық, синтаксистік амал-тәсілдері, лексикалық

қазынасы бір-бірімен астаса, ынтымақтаса, тіл табыса келіп, тілбайлығын құрайды 7.

Бұл айтылғандардың бәрі әдеби тіл арнасының ішінде тек көркемәдебиет стиліне қатысты болып көрінуі ықтимал. Шындығында, сөзбайлығы жөнінде көркем әдебиет пен публицистикалық стильдергеқойылатын талапты әдеби тілдің ғылыми, кеңсе стилі тәріздісалаларына қойылатын талаппен бірдей деп қарауға болмайды.Әдеби тіл арналарының ішінде тіл байлығын аса керек ететін сала –көркем әдебиет. Ал ғылыми стиль немесе кеңсе стиліменсалыстырғанда, сөз молдығы – публицистикалық стильге аса қажеттісапалардың бірі. Мәселен, курс немесе факультеттің комсомолжиналысының қаулы, қарарларын жазуда сөз байлығынан гөрі іс-қағаздарына тән стандартты қолданыстарды қатаң сақтау, кеңсестиліне тән сөздер мен грамматикалық формаларды талғай білу,синтаксистік құрылымдарды меңгеру алдымен ауызға алынады.Әрине, сырт қарағанда, тіл байлығы тек жазушы немесежурналистерге ғана қойылар талап тәрізді көрінуі де мүмкін. Алайдаколына қалам, қағаз ұстамайтын, коллективтен тыс қоғам мүшесіжоқ. Оның да іс-әрекеті коғамдық өмірдің сан алуан саласынатәуелді. Диқан, малшы, жұмысшы, ғалым, жазушы, дәрігер, мұғалімт. б. микрофон, телевизия, газет, журнал, кітап тәрізді информацияқұралдары арқылы өз ойлары мен тәжірибелерін көпшілікталқысына салмай ма? Сол айтарын сөз байлығы арқылы әсерлі,оралымды тілмен жеткізсе, көпшілік жүрегіне жол табады.

Сонымен, сөз байлығы деген сапаның функционалдықстильдердегі көрінісі әр түрлі болғанымен, қоғам мүшелерінеқойылар талап бірдей. Өйткені тіл байлығы – сөз мәдениетінің асамаңызды құрамдас бөлігі.

Тілдегі сөздер аспан әлеміндегі жұлдыздар тәрізді. Жарығы бар,көмескісі бар, қас-қағым сәтте пайда болып, қас пен көздің арасындағайып болатын ғұмыры келтелері бар... Қазақ тіліндегі сөздердіңсаны қанша? Оның дәл санын ешкім айта алмайды. Ешбір тілдесөздің санын математикалық дәлдікпен айту мүмкін емес. Бірақтіліміздегі сөздердің мыңдап, жүз мыңдап саналатыны белгілі. Әртүрлі заттар мен құбылыс атауларын білдіретін сөздерді молкамтыған, жіпке тізгендей саралап берген сөздіктердің өзінде сөзсаны жарты миллионға жетпейді, ерекшелігіне қарай толық сөздіктіңөзінде кісі аттары, фамилиялары, жер-су атаулары, тым тар өрістітерминдердің қамтылмай, шеткері қалып қоятындығы белгілі. Оныңүстіне кейбір сөздердің 20-30-дан астам мағынасы бар. Сөздің

7 1 М . Ә у е з о вт і ң « Аба й жолы» романының жиілік сөздігі. А., «Ғылым» баспасы, 1979.

контекстегі мағыналық қырларын түп-түгел қамтыған сөздіклингвистика тарихында әлі жасала қойған жоқ. Кейде тілді теңіздейтерең деу оның осындай сарқылмас байлығына байланысты айтылсакерек. Егер ұшан-теңіз байлыққа ие тілден керегімізді алып,кәдемізге жарата білуге дағдыланбасақ, сөз жоқ, тіліміз (сөзқолданысымыз) жұтаң тартып тұрар еді.

Күнделікті лекцияға бірге барып, емтиханға бірге әзірленіпжүрген қатар-құрбылар бірде бір-біріне: «Мынадай сөзді білмейсіңбе?» – деп таңданатыны бар. Мәлік (балықтың мәлігі) тәріздікейбіреулерге бала жасынан құлаққа сіңісті болған сөздерді өзгеадамдардың білмеуі мүмкін. Шындығында, көркем сөз зергерініңқаламына ілінгенше мұндай сөздердің талайымызға бейтанысболғандығы да рас. «Теңіз суының тұзы көбейген сайын балықтыңұрығы-уылдырығы мен жас ұрпағы мәлігіне бірден-бір қырғын апат»(Ғ. Мүсірепов).

Әдеби тіл мүддесіне аса қажет, бірақ жергілікті тіл аясынан шығаалмай, қаға берісте қалып жүрген сөздер қаншама?!

Басы озған батыр Сарманның Үш жүз түгіл алаштан. Теңіз суын теңселткен Наһанды бір-ақ шайнады Ұстап алып қалаштан.

(Т. Ізтілеуов).

Осындағы қалаш сөзі «балықтың қанаты» дегенді білдіреді екен.Бірақ ұғымы әлдеқайда кен қанат сөзінің орнына қалашты балыққа«меншіктеп» беруді әдеби тіл мүддесіне лайықсыз деуге болмас еді.

Ана тіліміздің небір асыл байлығы өлең-жырларда сақталған.Ондай сөз маржаны мірге тізген моншақтай ұрпақтан ұрпаққа мирасболып келеді. Ілгері буын сөз зергерлері жас ұрпақ асыл сөздердіұмытпасын деп қам жеп, олардың мағынасын түсіндіретін арнайыелең де шығарып отырған. Ондай өлеңді «Өлең-сөздік» деп атауға даболады. Сондай өлеңдердің бірі мына тәрізді:

Шаңырақ, күлдіреуіш, кереге, уық Тұрады ши, туырлық оған жуық. Маңдайша, табалдырық, есік ағаш, Таяныш өлең қылдым бәрін қуып. Текемет пен жүк аяқ, тең мен кілем, Ішінде не бар, не жоқ қайдан білем? Төрінде төрт абдыра жиюлы тұр, Қаптары кестеленген өңшең берен.

Асадал, астау, шелек, шошай бақан Тақия, бөрік пенен бешпет, шапан.

Мал-мүлік, ойын-күлкі, киген киім Болмайды өлгеннен сон биттей опаң. Тегеріш, үзік пенен толып торсық, Ат көрпе, айыл, пыстан, жырым шеттік, Аяңдап құйысқанға жаңа жеттікОсымен үй сайманын тамам еттік.

(Көдек Байшығанов).

Бұл шағын өлеңде, өздеріңіз байқағандай, үй мүлкі, киім-кешекатауларын білдіретін отыз шақты сөз бар екен. Мұндай сөздерәсіресе малшылық лексика деп аталатын топта мыңдап саналады.Солардың біразы таныс болса, біразы кейбірімізге бейтаныс.

Ұлы жазушы М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқибастағанда, сөздердің небір кұпиясына қаныға түсеміз. Бейтаныссөздерді тану арқылы санамызда бейнелене қоймаған зат пенқұбылыстарды ашамыз, танымымызды кеңейте түсеміз. Оқуданқайтып, жүрегі елге қарай алып-ұшып келе жатқан бала шәкіртке«анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы, биебауы, ауыл қонысы,қой өрісі – барлығы да соншалық таныс, жақын» (М. Әуезов).Мұндағы биебаудың «бие байлайтын көкорай, шалғынды жер» екенінақын жырларынан да көреміз.

Осындай тамаша жер Қоңыртауда, Көзім тойды көгорай биебауға. Аяғыңмен басуға аярдайсың, Баспақ түгіл, қимассың жақындауға

(Е. Қандеков).Шаруашылыққа байланысты айтылатын осы тәрізді сөздің бірі –сабат.

Сазды Әйет, Сарыарқада Түйемойнақ, Сар жайлау сабатына бие байлап. Отырып уық тастам көшпелі елдер, Ететін ала шаңдақ үнемі ойнақ.

(Н. Ахметбеков).Сабат – «сулы, шалғынды жер». Балқаш – сабаттың синонимі.

...Өзегі де қайырлы, Аш-арығы сүйреп жейді екен. Бекіре менен жайыңды. Балқашын орып мал жеген, Аралас үйрек, қаз жеген

(Кашаған Құржіманұлы).

Мәлік, қалаш, биебау, сабат, балқаш сөздері – нақтылы бір заттыңатын білдіретін атауыш сөздер. Бұлар – номинациялық (атауыштық)қызметі басым, халықтың шаруашылық өміріндегі бай тәжірибесінтанытатын сөздер.

Тілдің лексикалық байлығы тек атауыш сөздермен шектелмейді.Ана тіліміздегі сөздердің енді бір қатары халықтың таным-білігі,зерттеуі, ой қорытуына байланысты пайда болған. Ондай сөздердіңноминациялық ерекшелігінен гөрі ұғымдық қасиеті басым болады.Мал сөзінің ұғымы жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе т. б. атаулардықамтитындығы белгілі. Кейбір деректерге қарағанда, қазақтың малшаруашылығы екі түрге бөлінген: «біреуі – ақ мал (жылқы), екіншісі– қара мал – қыс күні қораға қамайтын сиыр, түйе, қой, ешкі» 8. Күйісмалы қара мал деп аталса, қыста қорада бағылмай, даладажайылатын жылқы баласы ақ мал делінген. Ал аяқты мал деген сөзқазіргі кезде кейбіреумізге үйлесімсіз көрінуі де ықтимал, өйткені«аяқсыз мал» болушы ма еді? Байқамасақ, әрине, солай. Бірақ малбаққан шаруа адамының аяқты мал деп отырғаны түліктің тебіндепжайылатын түрі ғой. Олай болса, аяқты малға жылқы, қой-ешкіжатады, ал түйе, сиыр бұл ұғымға кірмейді. Кей жерлерде аяқты малдеген ұғымға тек жылқыны жатқызады. Оны жазушының көркемшығармалардағы сөз қолданысынан да байқаймыз: «Байланғанбайлауын көп ырғап, көп көпсіте бермейтін Кұнанбай сол жердебаратын кісілер жайын, апаратын аяқты мал, жыртыс жайын, ақшапұл, күміс қазына жайын кесіп-кесіп, өзі айта бастады»(М. Әуезов).

Жылқы сөзі – төрт түліктің бір түрінің атауы. Шаруа адамыжалпы қылқұйрықты жылқы деп атағанмен, олардың қадыр-қасиетін ажыратып отырған. Жылқыны алдымен қазанат жәнежабы деп үлкен екі топқа бөлген. Қазанатқа бәйге аттары,жаугершілікке мінетін аттар жатқызылып, олар өлең-жырлардасәйгүлік, арғымақ, тұлпар, қазмойын деп дәріптеліп отырған.Арғымақтан туған қазанат, Шабуыл салса нанғысыз, Қазанаттантуған қазмойын, Күніңе көз көрінім жер шалғысыз (МахамбетӨтемісұлы). Көркем шығармалардан, әсіресе халқымыздың асылмұрасынан жабы сөзін жиі кездестіреміз: Жал-құйрығы қаба деп,жабыдан айғыр салмаңыз (Бұхар Қалқаманұлы). Жабының жолбұзатын жорғасындай... (М.Әуезов). Мұндай қолданыстарданжабының нашар, жарамсыз, жылқы екендігін байқаймыз. Бірақбұлай деу – жабыны қазанатпен салыстырғанда ғанақолданылатын бағалау. Әйтпесе, жабы – еті, сүті мол, нағыз

8 Ә . М а р ғ ү л а н . Ақын туған орта. «Жұлдыз», 1982, № 4, 195-бет.

шаруа малы. «Жабының жалқұйрығы қалың, денесі шымыр,тұрқы ұзын, мойны мен аяқтары қысқа, жатағандау көрінуменбірге, ет алғыш, мес, тез арымайтын берік, ыстық-суыққа,аштыққа, жұмысқа төзімді, шабан болғандықтан, кейде мұндайжылқыны шаруаның «керігі», «тұғыры», «шобыры», «торысы»деп те атай беретін» 9. Шаруаның шобыры, қойшының қойторысы,тұғыры тәрізді сөздермен қатар, көне мұра тілінде, батырлықжырларда Көрік сөзі жиі кездеседі. «Бұл жердегі көрік – атдегеннің синонимі, бірақ көрік сөзі жағымсыз геройғабайланысты жерде айтылады. Көрік мінген қалмақтың ханы,палуаны болып келеді. Соған қарағанда, көрік деп жалпы аттыемес, бойы аласа деген сияқты жылқының белгілі бір тұқымынатаса керек» 10 . Көрік сөзі батырлық жырларда теңеудіңкомпоненті ретінде де қолданылып, жалпақ, қақпақтай сөзініңбаламасы ретінде жұмсалынады. Алайда көрік сөзінің мәніңежете мән берілмегендіктен бе, батырлар жырының кейінгі жайынкесіп-кесіп, өзі айта бастады» (М. Әуезов).

Жылқы сөзі – төрт түліктің бір түрінің атауы. Шаруа адамыжалпы қыл құйрықты жылқы деп атағанмен, олардың қадыр-қасиетін ажыратып отырған. Жылқыны алдымен қазанат жәнежабы деп үлкен екі топқа бөлген. Қазанатқа бәйге аттары,жаугершілікке мінетін аттар жатқызылып, олар өлең-жырлардасәйгүлік, арғымақ, тұлпар, қазмойын деп дәріптеліп отырған.Арғымақтан туған қазанат, Шабуыл салса нанғысыз, Қазанаттантуған қазмойын, Күніңе көз көрінім жер шалғысыз (МахамбетӨтемісұлы). Көркем шығармалардан, әсіресе халқымыздың асылмұрасынан жабы сөзін жиі кездестіреміз: Жал-құйрығы қаба деп,жабыдан айғыр салмаңыз (Бұхар Қалқаманұлы). Жабының жолбұзатын жорғасындай... (М. Әуезов). Мұндай қолданыстарданжабының нашар, жарамсыз, жылқы екендігін байқаймыз. Бірақбұлай деу – жабыны қазанатпен салыстырғанда ғанақолданылатын бағалау. Әйтпесе, жабы – еті, сүті мол, нағызшаруа малы. «Жабының жалқұйрығы қалың, денесі шымыр,тұрқы ұзын, мойны мен аяқтары қысқа, жатағандау көрінуменбірге, ет алғыш, мес, тез арымайтын берік, ыстық-суыққа,аштыққа, жұмысқа төзімді, шабан болғандықтан, кейде мұндай

9 X. А р ғ ы н б а е в. Қазақтық мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы, 1969, 20–21-бет.

10 X. А р ғ ы н б а е в. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы, 1969, 20–21-бет.

жылқыны шаруаның «керігі», «тұғыры», «шобыры», «торысы»дел те атай беретін» 11. Шаруаның шобыры, қойшының қойторысы,тұғыры тәрізді сөздермен қатар, көне мұра тілінде, батырлықжырларда көрік сөзі жиі кездеседі. «Бұл жер кездегі әр түрлібасылымдарында бұл атау – дыбысталуы ұқсас, мағынасымүлдем бөлек керек деген сөзбен шатастырылып жүр.

Ақ маңдайлы тұлымым, Бірге туған құлыным. Қерекке біткен жауырын, Бірге туған бауырым

(«Қобыланды батыр»)

Егер осындағы жолды көрікке біткен жауырын деп оқысақжалпақ, қақпақ жауырын дегенді, мықтылықты аңғарамыз.Өйткені көрік ат төртпақ жауырыны жалпақ болып келеді.

Халық осылайша өзі танып, білген заттар мен құбылыстарғажеке-жеке ат қойып, айдар тағып қана қоймайды. Олардытектестігі, туыстығы, түрлі-түрлі қасиеттерінің ұқсастығы менортақтығына қарай топтастырып, жинақтап, классификацияжасайды. Ал классификация жасау – заттар мен құбылыстардыбелгілі бір дәрежеде танып білу.

Қазіргі кезде мүлде ұмыт болған ескі наным-сенімге байланыстыайтылатын тұрақты сөз тіркестерінің саны тілімізде көптепкездеседі. Солардың кейбірі түйе малына қатысты.

Ертеректе Жетісу жерінде Ақжал деген атақты бір сәйгүлік болсакерек. Сол аттың иесіне алыстағы жегжаты: Ақжалды маған берсін,орнына түйеден бір соқыр айдатамын» – деген екен. Сөз мәнінаңғармаған ат иесі: «Қырық түйеге бермеген Ақжалымды соқыртүйеге теңгермекпін бе?» – деп кейіпті.

М. Әуезов халқымыздың байырғы салт, дәстүріне қатысты сөзбайлығын көркем тіл кестесіне түсірудің айрықша үлгісін көрсетті.Жазушы кейіпкер тілін ерекшелеу мақсатымен соқыр түйе тіркесінбылай деп қолданады: ...Қітаптың жолына саусағын қадап тұрып,сипай қамшылағандай ғып, ақырын көлгір жүзбен кемпірге қарап: –Сіздің түйеңіздің саны неше соқыр болған ет осы, бәйбіше? – депқойғанда, Несібелдінің өзі де жарылып күліп жіберді.

Соқыр түйенің ертегі кейіпкері ретінде де кездесетіні белгілі. Алосы «соқыр түйеде» не сыр бар?

«Түйе – төрт түліктің төресі» дейді халық. Түйесі жүзге жеткенмал иесі ырым етіп, жүзінші түйенің бір көзін ағызып отырған.

11 Р . С ы з д ы қ о в а . Сөздер сөйлейді. Алматы, 1980, 67-бет.

«Түйең нешеу» деп сұраған адамға тура санын айтпай, «бір соқыр»немесе «екі соқыр» дейтін болған. Онысы – «жүз» немесе «екі жүз»дегені.

Түйе малының тағы бір атауы – мойнақ. «Мойнақ – түйеніңалқымынан басына (құлақ түбіне) дейінгі мойын терісі. Мойнақтүйеде ғана болғандықтан «түйе» деген сөздің орнына «мойнақ» депте сөйлейді. Мысалы, бес-алты мойнағымыз бар деген сөзден бес-алты түйесі бар екенін білеміз»12.

Сөз байлығының бір саласы – жер-су атаулары мен кісі есімдері(ономастикалық атаулар). Жер-су атаулары тіл білімінде топонимдердеп аталады.

Қазақстан топонимдері зерттеушілер үшін аса құндылингвистикалық, тарихи, этнографиялық деректер береді. Сондықтанжер-су, әр түрлі мекен аттарын сақтау, бұрмаламай дұрыс қолданумәселесі арнайы зерттеулерде де, мерзімді баспасөзде де сөз болып,географиялық атауларға да «Қызыл кітаптың» кажеттілігі орындыайтылып жүр.

Жер-су аттарында көптеген ашылмаған сыр, шешілмеген жұмбақжатыр. Кей-кейде жер-су аттары «Неге бұлай аталған»? дегенсауалға орай, ел арасында айтылып жүрген әр түрлі аңыздарды дакездестіруге болады. Сондай аңыздың бірінде: «Ұзақ жол, алыссапардан шаршап-шалдығып келе жатқан жолаушы жолай кездесекеткен дарақтың түбіне келіп, дем алып, аяқ суытпақ болады да,қолындағы асасын (таяғын) жерге қадай салады. Біраздан соң қараса,жаңағы аса тұрған жерден мөлдіреп бұлақ ағып, аяғы арналы өзенгеайналып кетіпті. Содан бұл өзен Аса деп аталған екен», – дейді.Шынында, Асаның суы мол, нулы өңір екендігін аңыздағы ақиқатдесе болады. Бірақ бұл атауды аңызда айтылғандай аса (таяқ) сөзіменбайланыстыра қою қиын. О бастағы дыбысталуы басқаша болуыықтимал. Жер-жерде кездесетін Аса (Жамбыл облысы), Асы (Алматыоблысы), Яса, Иаса (Түркістанның XII ғасырға дейінгі аты)тәрізді атауларды зерттеушілер Қазақстанның Оңтүстікаймақтарын, Қырғызстан жерін мекендеген ежелгі ас (асс)тайпасымен байланысты қарайды.

Өзен-су, қыр-қырат атаулары жердің табиғи көрінісіне,жаратылыс ыңғайына, өсімдік (фауна), жан-жануарларына(флорасына) қарай да атала беретіндігі белгілі. Қарағанды,Мойылты, Шілікті, Аршалы топонимдері сол жердің фаунасынақарай аталса, Текелі, Жыланды, Арқарлы атаулары осы мекенніңфлорасына байланысты пайда болған. Бірақ көптеген жер-су

12 Ғ . С е б е п о в . Түйе және оның әбзелі туралы қазақша атаулар. – Известия Қаз. ФАН СССР, серия языка и литературы. 1944, М., 150-бет.

атауларын білдіретін сөздердің түп-төркіні бұлар тәріздітүсінікті бола бермейді. Мысалы, Марток деген атау қандаймағынаны білдіреді? Жер аты неге Марток аталған? АкадемикМ. Әуезов кейбір атаулардың тарихына, неге бұлайаталатындығына назар аудара келіп, мәртүк шөбі көпшыққандықтан, бұл өлке Мәртүк аталған дейді. Шындығында,мортық, мортық боз деп аталатын шөп аттары осы мәртүксөзінің жуан варианты болуы ықтимал.

Қазақстан жерінде Қарқаралы, Қарқара (Алматы облысы)деген топонимдер бар. Қарқаралы, Қарқара атауы жөнінде еларасына тараған әр түрлі аңыз бар. Сондай бір аңыздыңарнасына қарағанда, бұл атау баяғы қилы заман – Жоңғаржаугершіліктері тұсында дүниеге келіпті. «Кезекті бір жорықүстінде қалмақтың қызы қазақтар жағына қашып өтіп,ақсақалдар алдында өзінің анасы қазақ қызы екендігін айтып,өзінің ақыл-парасатымен нағашы жұртын кайран қалдырып, ризаеткен көрінеді. Сонымен, ақылгөй ақсақалдар әлгі қыздықазақтың бір батыр жігітіне қосып, осы жерді еншіге беріп, оғанҚарқара деген қалмақ қызының атын қойған екен дейді»(газеттен)13 .

Сол Айбас тоқтамады тағы шапты,Тамам жолдың мәнісін оймен тапты.Қыздың берген қарқарасы түсіп қалып,Қарқаралы тау атын қоя сапты

(«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»)

Жер-су аттары жөнінде осындай әр түрлі аңыз-әңгімелер –халықтың сөз тарихын танып, сырын білуге деген ынта-тілегінен туып жатады. Қарқара – «қыздар киетін бас киім».Бірақ бас киімге ұқсас болғандықтан, Қарқаралы аталған десек,жаңсақтық болар еді. Бас киімнің қарқара деп аталуыныңмынадай себебі бар. Ерте кезде ырым етіп қыздардың,балалардың киімдеріне үкі тағатын. Қарқара – құстың аты. Бұлқұсты да бұрынғы кезде қасиетті көріп, бас киімге қауырсынынтағатын болған. Қарқара қауырсыны кейініректе әшекей ретіндеқолданыла келіп, бас киім атауына айналған. Сонымен,қарқараның (құстың) мекен еткен жерлері Қарқаралы, Қарқарадеп аталғандығы белгілі.

Қазақстан жерінде кездесетін топонимдердің бірі – Жауырдыңасуы, Жауыртау (Теміртау). «Қызылберіктің сойыл ұстауға

13 М . Ә у е з о в . Шығармалар, 12-том, Алматы, 1969, 78-бет.

жараған азаматы жаңа тегіс аттанып, мына Жауырдың асуынақарай беттеп, қарағайға кірді (М. Әуезов). Жауыртау жөніндеде ел арасына тараған аңыз бар. «Айбас ай жүреді апта жүреді.Бір жерлерге келгенде мінген атының тұяғы сөгіліп, арқасыошақтай жауыр болып, мүлдем міністен қалған екен. Осынаужауыр аттың қалған жері содан бері «Жауыртау» атаныпты дейді қыраңызы» 14. Бұл – аңыз. Бірақ аңыздағы ақиқатты анықтай түсу керек.Жауыртау, Жауырдың асуы дегендегі жауыр аттың арқасындағыжара емес. Жауыр – анатомиялық атау, кәдімгі – жауырын. Қазіргіжауырын сөзі байырғы тіл деректерінде йағыр (жауыр) түріндеұшырайды 15. Жауыр, жауырын сөздері әуелде жарыса қолданылакеліп, дербес мағынаға ие болған: жауырын – «анатомиялық атау»,жауыр – «ат арқасындағы жауыр». Бірақ тіліміздегі жарыспалысөздердің барлығы бірдей мағыналық жақтан дараланып кеткен жоқ.Мысалы, сауыр, сауырын сөздерінің білдіретін мағынасы бір.Бұлардың үш буындысынан гөрі жауыр, сауыр тәрізді екі буындыкөне түрі жер-су аттарына негіз болатындығы да назар аударады.Мысалы, Сауырдың тауы, Сауыр Азия (Орталық Азия) т. б.

Жер-су атауларын, онда өсетін өсімдік, жүгірген аң, ұшқан құсынөлеңге қосып, өнер жарыстыру – Жетісу өңірі айтысының ерекшетүрі. Сондай айтыстарда сол өлкедегі өзен-су немесе тау, қонысатауларын жүйесімен баяндап, жіпке тізгендей етіп айтып шығушарт. Егер айтысушылардың бірі ондай атаулардың бірін қалдырыпкетсе, әріптесінен ұтылғаны. Ел аузынан жазылып алынған сондайайтыстардың бірінде:

«Тау-таудан Талғар таудың басы биік,Тұрады Алмалытау оған тиіпКөктауды көлденеңдеп өлең кылсам,Күнгейде Шұбарағаш күнге күйіп.Көрінген бұдан былай ЛабасыІленің Алтынемел бергі қасы.Көктауды көлденеңдеп өлең кылсам,

Быжының Өгізөкірген, Үңгіртасы.Жайлауы біздің елдің СарыжазықКөпшілік кедейлерге болған азық» –

14А. С е й д і м б е к о в. Күнгір-күңгір күмбездер. Алматы, 1981, 91-бет.

15 Древнетюркский словарь. 224-бет.

делінеді. Осы тәрізді айтыстар мен өлең-жырлар ертедежеткіншектерді ел біліп, жер тануға баулыған. Ондай айтыс,өлеңдерді естіп, көңіліне тоқып өскен жас туған жер, кеңістік, бағыт-бағдар туралы ұғымын кеңейте түскен. Тілдің қазақ топонимдері депаталатын лексикалық байлығы тек ауыл-аймақтағы атаулардан ғанақұралмайды. Тілімізде кейбір географиялық атаулардыңоқулықтарда, ғылыми әдебиетте, мерзімді баспасөзде ресмиқолданыста кездесетін атауларынан басқа халықтық нұсқалары да,ескі мұралар тілінде кездесетін көне түрлері де бар: Византия –Үрім, Рум; Кавказ – Қап; Иран – Ажам; Қытай – Шын; Дамаск –Шам; Қызыл теңіз – Күлзім; Палестина – Қінған; Шри-Ланка(Цейлон) – Сәрәнділ т. б. Бұлар – халықтың байырғы кездешартараптағы елдер жайында білігінен бүгінгі ұрпаққа хабар беретіндеректер. Байырғы атауларды (топонимдерді) әсіресе тарихитақырыпқа жазылған повестерде қаламгерлеріміздің көркемдікмақсатта қолданып отыруының өз ұнасымы бар.

Тіл-тілдегі лексикалық байлықтың бір алуаны – кісі есімдері. Кісіесімдері, бәрімізге белгілі, (атауыштық қызметтен басқа)лингвистикалық, тарихи, этнографиялық информацияға бай. Елішінде небір қызықты сөздерден қойылған кісі есімдері бар. Ондайесімдерді әсіресе ертегі, жыр мұраларынан да кездестіреміз:Төстік, Көкше, Қосай, Тарғын т. б. Осы тәрізді «азан шақырып,қазанның құлағын қағып» койған ат, әр түрлі қызық есімдер тек«көз тию» немесе өзге де діни наным, сенімге ғана емес, елішіндегі байырғы салт пен дәстүрлерге де байланысты болыпжатады. «Қорқыт» жырында ұланға бірінші ерлік қадамынжасағанша ат қойылмайды. Оғыз бен қыпшақтарда, тағы басқатүркі тайпаларында ұлан белгілі сыннан өткенше, бірінші ерлікісін өзі көрсетпейінше – оған ат қойылмаған. Ол 12-14 жасқадейін шартты атпен (Боқмұрын, Итбай) жүрген. Немесе ұланныңкөрсеткен ерлігі, жаужүректігіне орай оның есіміне түрлі эпитетсөздер (батыр, ер, қабылан т. б.) қосылып айтылатын болған:«Сүйініштің жасы қырыққа келгенде бала көрмей жүріп барыпбір балалы болады. Ол баланың атын ноғайлы елі жиналыпотырып: «Арғы атасы Қарадөң, одан туған Жұбаныш, өз әкесіСүйініш қатарынан асқан ерлер еді. Мұнан туған бала да ерболар, мұның атын Бегіс қоялық. Егер ер болса, қатарына ератағын қосармыз», – деп ойлайды да, бұның атын Бегіс қояды»(«Қарадөң батыр»).

Ана тіліміздегі сөздердің тағы бір ерекше тобы бар. Бұл топқажататын сөздер халықтың байырғы өткен өміріне байланыстысалт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр, билік жүргізу, сот құру,шаруашылық ұйымдастыру т. б. әрқилы қоғамдық институттарға

қатысты. Зерттеуші небір тарихи документ, археологиялықдеректер арқылы қоғамдық институттардың принциптерімензаңдарын ашады. Ал тарихи, археологиялық деректер үнсізқалған тұста ше? Онда сөздер сөйлейді. Мысалы, сауын айту.«Күні кешеге дейін қазақ қауымында сауын айту дәстүрі болған.Сауын айту – жай хабар айту емес, белгілі бір салттың ритуалыретіндегі хабар. Сауын айтылған жақ сол үлкен жиынға өзүлесін, өз қатысын көрсетуге тиіс болған. Сондықтан сауын кезкелген адамға емес, байлар мен билерге, батырлар менбелділерге айтылады, олар сол ұлы жиынға өз үлестерін қосқан.Саба-саба қымыз бен сойылар малын, бәйгеге шабатынжүйріктерін, күреске түсетін балуандарын т.т. апарады. Бұлтіркестегі сауын сөзінің сауу етістігіне қатысы жоқ. Оның түбірі– көне түркі тілдеріндегі саб/сап (5ау) сөзі... қазақтың сауынайту, сөз саптау мен сәуегей сияқты сөздерінде сақталыпқалған». Сауын айту тіркесінің «хабар айту» деген мағынасыкейбірімізге бейтаныс болмағанымен, қоғамдық терминфункциясында жұмсалғандығын осындай зерттеулер арқылытанимыз.

Тіліміздегі көптеген сөздің дыбыстық тұрпаты, байырғымағыналары өзгеріп, жаңа мазмұнға ие болып жатады. Ондайөзгерістер көбіне-көп тіл-тілді салыстыру, байырғы жазба тілдеректеріне сүйену т. б. арқылы анықталады. Қазіргі дарқандала, дарқан дастарқан, дарқан адам т. б. тізбектегі айтылатынкөтеріңкі лептегі дарқан байырғы мағынасынан өзгеріп қанақойған жоқ, терминдік функциясын жоғалтқан сөз екен. «Дарқансөзінің бастапқы мағынасы – қару-жарақ, сауыт-сайманжасайтын шебер, ұста. Мұндай ұсталар – хан, батыр-бағландардың қолдан-қолға тигізбейтін адамдары. Барабара бұларбарлық алым-салықтан босатылып еркін жүріп, еркін тұратын қауыммүшелеріне (сословияға) айналды. Тіпті кейбір шығыс елдеріндетарқан деген атақ, лауазымдар пайда болды. Ұсталарға тиген осы біремін-еркіндік, бостандық, колы жеткен молшылық, баршылық –осынын бәрі бұл атауды жаңа мағынада қолдануға себеп болды.Тіліміздегі дарқан сөзінің емін-еркін, кең-мол деген «жаңа»мағынасы о бастағы «ұста», «шебер» деген ұғымнан қанша қашықтапкеткенің де, бірақ белгілі байланысын үзбегенін де түсінуге болады»(проф. Қайдаров Ә. Т.).

СӨЗ ТАЗАЛЫҒЫ

Тіл мәдениетіне қажетті аса маңызды сапалардың бірі – сөзтазалығы. Сөз тазалығы дегенде алдымен ойымызға оралатыны тілтазалығы, сөзімізде бөгде тілдік элементтердің болмауы. Бірақ әдебитілімізде өзге тілдерден енген сөздер, тіпті сөз тудырушықосымшалар да бар екені мәлім. Ондай кұбылысты тіл-тілдіңбарлығынан дерлік кездестіруге болады. Өзге тілден сөз алмаған,ауыс-түйістігі жоқ «таза» тілдер кемде-кем.

Сөздердің мәдени лексика деп аталатын тобына жататын дәптерсөзі әуелде грек (дифтера) одан, иран тілдері (дафтара) арқылытүркілер мен монғол (дэвтэр), тибет (девтһер) тілдеріне тараған.Мұндай мәдени лексика тіл-тілдің барлығында дерлік кездеседідеуге болады. Бірақ өзге тілден енген сөздердің кейбірі төркінтілдегіден өзгеше мағынада жұмсалып жатады. Мәселен, стилистика(пән аты) тәрізді сөздің қазіргі мән-мағынасы көпшілікке түсінікті.Француз тілінен тараған бұл атау ертедегі гректердің «Stуlоs»сөзімен төркіндес. Ол – «ұшталған таяқша» деген мағынаныбілдіреді. Ол кезде балауыз жағылған тақтайша жазу-сызу үшінпайдаланылған. Ойды дәлірек жеткізу үшін таяқша арқылытақтайдағы жазуды әлденеше өшіріп, қайта жазуға, түзетіп отыруғада тура келген. Таяқшаны (стильді) пайдалана білу өнері кейінненсөз шеберлігін, тіл мәдениетін арттыра түсу деген мағынада ұғынылакеліп пән атауы ретінде қалыптасқан.

Өзге тілден еніп, заңды түрде орныққан осы тәрізді сөздерденкейбіреудің дағдысына енген мүкістіктер (остановқаға барамын,субботада келді, звонит ет т. б.) мүлде басқа. Дағдының да дағдысыбар. Жұртшылық қабылдаған, тілде орныққан, дағдыға енген шеттілдік сөздің орны бөлек. Ал ондаймен санаспай, бөгде«элементтерді» оңды-солды жұмсау сөйлеушінің сөзгеұқыпсыздығын көрсетеді.

Ана тілге деген сүйіспеншілік, ыстық сезімнің лебі таза сөйлеуденде байқалып тұрады. «Ана тілің, қайткенде де, ана тілің болып қалабереді. Жан-тәніңді салып сөйлеген кезде, басыңа бірде-бір французсөзі келе қоймайды, ал жарқылдата сөйлеуді қаласаң, оның жөні бірбасқа», – дейді Л. Толстой. Бір тілден екінші тілге сөз енуі тәріздіауыс-түйістердің болуы – тіл-тілде кездесетін құбылыс. Сондай-ақмұндай ауыс-түйістік ұғымдарда да болады. Ондай ұғымдар калькатәсілімен аударылып та алынады. Орыс тіліндегі земледелие сөзі,зерттеушілердің көрсетуінше, латын тілінен алынған калька,(қазақша егіншілік), ал принять меры француз сөзінің көшірмесі,(қазақша шара қолдану) т. б. Мұндай мысалды келтіре берсек, калькасөздердің не бір түрлерін табуға болады: қанатты сөздер (крылатые

слова), қарулы күштер (вооруженные силы), ақтар (белые)қызылдар (красные), жартылай қорғаушы (полузащитник) т.б.

Ел мен елдің аралас-құраластығы, қарым-қатынасының барысындабір тілден екінші тілдің сөз алуы, жаңа ұғымның пайда болуы тәріздізаңды құбылыстың шылауында ілесіп жүрген жөнсіз калькалар тілтазалығына нұқсан келтіреді. Тіл мәдениетін сөз еткен мақалалардажарты арал (дұрысы түбек), аналық қой (дұрысы саулық, саулыққой), елу бас қой (елу қой), қой өсіруші совхоз (дұрысы қой совхозы)тәрізді көзсіз калькалардың тіл шұбарлау екендігі орындыкөрсетіліп, дұрыс сыналып та жүр.

Белгілі бір халықтың жасаған мәдени қазынасы, руханимұрасымен екінші бір халық аударма арқылы да танысады. Тілұстартып, көркем ойды ұштайтын, халық пен халықтытабыстыратын, мәдениет пен мәдениетті жалғастыратын –аудармашылық өнер. Аударма әдебиетті қаламгерлер алтын көпір депатайды. Әсіресе СССР халықтары үшін орыс тілінің бұл саладағықызметі өлшеусіз. «XX ғасырдағы ұлы шығармалардың бірі» (ЛуиАрагон) деп танылған «Абай жолы» эпопеясының 30-дан астам тілдесөйлегені белгілі. Орыс тілі өзге елді қазақ әдебиетінің М. Әуезовтейклассигімен таныстырды. Ал қазақ оқушылары орыс тілі арқылышығармалары ана тілімізге аударылған дүние жүзілік әдебиеттіңжарқын жұлдыздарымен танысып, бауырласып өсті. Аудармашылық– үлкен өнер. Ондай өнерлі қолдан шыққан еңбектерде кей сөздіңмағынасы қайта жаңғырып, жаңа қызмет атқарып жатады. Аудармаәдебиет арқылы бір тілден екінші тілге жаңа сөз, жаңа ұғым да енеді.Тілді нәрлендіру, байытудың бір кезі аударма әдебиет депесептейтіндер өз пікірлерін осыларға сүйеніп айтса керек.

В. И. Ленин ғылыми коммунизмнің негізін салушылар – К.Маркспен Ф. Энгельс еңбектерін, түпнұсқадағы пікірлерін дәл, мүлтіксізаударудың маңыздылығын көрсетіп отырған. «Коммунистікманифестің» кейбір жерлерін В. И. Лениннің өзі түпнұсқа тілінесәйкестендіріп қайта аударған болатын. Ф. Энгельс пен В. И. Ленинтүпнұсқадан алшақ кететін еркін аудармаға, сөзбе-сөз, сіреспеаудармаға мүлде қарсы болған. Өйткені еркін аударма түпнұсқадағыой, пікірді дәлме-дәл бере алмай, бұрмалап жіберсе, сіреспе аударма,орынсыз калька мазмұнды бұлдыратып, айтылар ойды түсініксіз етуімүмкін.

Өзге халықтың тілінде кездесетін мақал-мәтел, тұрақты сөзтіркестерін тәржімалауда белгілі аудармашыларымыз осындайтәжірибені орынды ескеріп отырады.

Көркем әдебиет пен қоғамдық-саяси әдебиеттерде кездесетінқалька-фразеологизмдердің саны да едәуір. Әсіресе қоғамдық-саясиәдебиеттерді аудару барысында орыс тілінен калька жолымен

алынған балықшы балықшыны алыстан көреді (рыбак рыбака видитиздалека), ештен кеш жақсы (лучше поздно, чем никогда), лай суданбалық аулау (ловить рыбу в мутной воде) т. б. сөз тізбектері тіліміздетұрақты қолданысқа айналды. Марксизм-ленинизм классиктеріеңбектерінде кездесетін кейбір өрнекті сөз орамдарын аударудатәжірибелі тәржімашыларымыз, белгілі журналистеріміз калькатәсілін де кәдеге жаратқан. Орыс тіліндегі кейбір тұрақты сөзтіркестерінің қазақша баламасы бола тұра, журналист,аудармашыларымыз түпнұсқа тіліне жақындай түсу мақсатыменволков бояться в лес не ходить – қасқырдан қорыққан тоғай араламас(шегірткеден қорыққан егін екпес); не приметить слона – көрмес пілдіде көрмес (көрмес түйені де көрмес); черепаший шаг – тасбақа аяң, адым(өгіз аяң) т. б. аударды. Көркем әдебиет, саяси публицистикалықәдебиетті тәржімалауда аудармашыларымыз алдымен халық тілінендәлме-дәл балама іздейді. Әсіресе тұрақты сөз тізбектерінқазақшалауда олар калькаға орынсыз бара бермей, халық тілінендәлме-дәл балама таба білді: своя рука владыка – қазаншының еркі бар,қайдан құлақ шығарса; откладывать в долгий ящик – сөз бұйдаға салу;утопающий и за соломенку хватается – суға кеткен тал қармайды т. б.

Аударма әдебиет арқылы тұрақталып, тілімізде тиянақ тапқанқолданыстардың қатары соңғы жылдарда тарих сахнасына шықты; екіарасын қытай қорғанымен бөліп тастауға болмайды; америка ашты(ашқан жоқ); екінші тыныс (мартен пешінің екінші тынысы) тәріздітұрақты тізбектермен көбейе түсті. Осындай тізбектерден тілшұбарлайтын тіркестерді ажырата білу – сөз тазалығына қойыларталаптың бірі. Кейінгі жылдарда тіл шұбарлайтын тіркестің мынадайтүрлері ұшырай бастады: «Ол түнгі тосқауыл рейдіңеқатысушылардың қоғам мүлкіне қол сұғушыларды қалай су бетінешығаратынын соңғы екі-үш жыл ішінде көп естіп те, оқып та жүрді»;«Бүкіл адамзатқа келген қару ешқашан бір елдің ішкі ісі болмақемес. Ондайды «ішкі іс» деп сылап-сипаушылар американсаясатының диірменіне жел береді»; «Қаламқас поселкесінің аумағы атшаптырым. Көшпелі вагондар, егіз тамшыдай ұқсас үйлер», «мәселеніқабырғасынан қою» т. б. Осы мысалдардағы су бетіне шығару,диірменіңе жел беру, егіз тамшыдай тәрізді тіркестер, сырты қазақшаболғанмен, кез келген оқушыға түсінікті ме? Тіпті оқушы автордыңайтпақ ойын әйтеуір аңғарғанмен, мұндай тіркестерді екінші біртілдің көмегі арқылы зорға түсінсе керек. Содан кейін ғана су бетінешығару дегеннің «бет пердесін ашу» екенін, диірменіңе жел берудің«отына май кұю» екенін, егіз тамшыдай деп отырғаны «егіздіңсыңарындай» деген сөз екенін байқайды. Оқушысын бұлайшашатастыру – сөз шұбарлау. Тілімізде осы ұғымдардың дәлме-дәлбаламасы бола тұрса да, оны елеусіз қалдырып, өзге тілдегі бейнелі

қолданыстарды сөзбе-сөз қазақшалай беру түсініксіз, тіпті түсініктібола койғанның өзінде әсерсіз, нәрсіз сөз тізбегін құр көбейте түсереді. Мазмұн-мағынасы шала-шарпылау ғана ұғынылатын, бедер,өрнегінен айрылған мұндай тіркестер сөз тазалығына мүлде жатэлементтер.

Қазақ әдеби тілінің байып, әрленіп отыратын негізгі арналарыныңбірі – жалпы халықтық тіл. Жалпы халықтық тілдің бір түрі –диалект. Диалектизмдердің әдеби тілге қарым-қатынасы бір жақтығана деп үзілді-кесілді айтуға болмайтыны белгілі.

Қазақ әдеби тілінің жалпыға ортақ қасиеті – тұтастығы, бірлігі.Бұл – ғасырмен өлшенетін ұзақ уақыттың жемісі. Ал оны елеп-ескермей, әркім өз аулына тарта сөйлесе, әдеби тілдің ұзақ жылдарбойы қалыптасқан тұтастығы мен бірлігіне нұқсан келмей ме? Албірлік, ынтымақ – ұлы күш. Міне, тіл тазалығы дегенді әдеби тілдіңбірлігі мен тұтастығы үшін күрес деуге болады. Бірақдиалектизмдердің әдеби тілге қатынасының екінші жағын, аса мәндіжағын ескермеу әдеби тілді нәрлендіретін, байытатын арналыбұлақтың көзін жапқанмен бірдей көрінер еді. Тілден заңды түрдеорын алуға тиіс ұғымдар, зат пен құбылыс атаулары әдеби тілдеболмай жатса ше? Ондайда жергілікті сөздер әдеби тілдің керегінежарап, мұқтажын өтеуі мүмкін.

«Қазақ говорларында кәдеге жарайтын, тіліміздің, лексикамыздыңбаюына қажетті, ал әдеби тілде баламасы жоқ сөздер кездеседі.

Мысалы, мал егіз тапса, егіз дейміз, үшеу, төртеу тапса, оны бірсөзбен атайтын әдеби сөз жоқ. Ал Ақтөбе, тағы басқа облыстардамұны үшен, (үшем), төртен дейді. Еркектің көйлегін де, әйелдіңкөйлегін де көйлек дейміз. Ал Жетісу тұрғындары әйелдердіңкөйлегін көйлек дейді де, еркектің көйлегін жейде деп екеуін екіатаумен атайды. Сол сияқты зембіл (носилка), арасан (минералды бұлақ)деген сияқты говорлық атаулар бар. Әдеби тілімізді байытатыносындай сөздерді орнықтыруға, қалыптастыруға тиістіміз»

Әдетте, әдеби тілдің өзге тармақтарына қарағанда, көркем әдебиеттілінде жергілікті ерекшеліктерді, сөйлеу тілінің әдеби түрінентысқары жатқан элементтерін қолданудың үлкен мүмкіндіктері бар.Мұндайда бейәдеби элементтер (әдеби тіл нормасы ретіндетанылмаған шет тілдік сөздер, диалектизмдер, ауызекі тілге тән,қарабайыр сөздер) екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден, олар еңалдымен коммуникациялық қызмет атқарады (ойды хабарлау, сөзімдібілдіру т. б.). Екіншіден, эстетикалық қызметте жұмсалады. Белгіліқаламгерлеріміз әдеби тілден тысқарылау жатқан бейәдебиэлементтерді кейіпкер тілін даралау, тілдік мінездеме беру,персонаждардың білім дәрежесін, ой-өрісін, мәдени деңгейінкөрсету, ауызекі тілге тән сипат беру мақсатымен эстетикалық жүк

арта қолданады. Бейәдеби элементтерді ретсіз, жөн-жосықсызқолдану тіл көркемдігіне нұқсан келтіреді. Өйткені бойлай, бәткердеқылу, шекейін дегендердің әдеби тілдегі баламасын толық береалатын, жалпыға ортақ эквиваленттері бар (үнемі, әшкереледі, дейін,шейін). Мұндай сөздер эстетикалық қызмет атқарып тұрса, ондаәңгіме басқа 16.

Бейәдеби сөздердің көбіне диалогта қолданылуы да жайдан-жайемес. Шебер құрылған диалогтан оқушы түсінер нәрсе аз болмайды.Кейіпкер кім, ескінің көзі ме, жаңаның өзі ме? Білімі мен білігіқандай? Автор кейіпкердің аузына түзу сөз салып отыр ма? Әлдеәдейі бейәдеби сөздермен бұра тарта сөйлетіп отыр ма? Қысқасы,қалауын тауып қолданса, кейіпкер тілінде кездесетін бейәдеби сөздершығармаға әр береді.

Ешбір оқушы ондай шығарманың тілін сөз шұбарлау дептүсінбейді. Кейіпкер тілінің сипаты да әр түрлі. Олар бірде қысқақайырым, диалогқа құрылса, бірде кейіпкердің ой тербеп, сырқозғайтын, сөзім күйін ақтаратын толғаныстары арқылы да беріледі.Ондайда жазушы диалектизмге де, сөйлеу тілінің әдеби түрінентысқары жатқан өзге де тілдік амал-тәсілдерге жүгінуі мүмкін.Тәжірибелі қаламнан шыққан шығармаларда бейәдеби сөздерэстетикалық қызметте жұмсалып, жарасымын тауып жатады. Ендібір шығармаларда бейәдеби сөздерді қоюлата қолданудан оқушыжасандылықты, кейіпкер табиғатына үйлесімсіздікті аңғарабастайды. Журналдарымыздың бірінде жарияланған бір повестенәйеті, кермалдасып, шеккі емес, бәткерде қылды, кеспір, үзір т. б. депсөйлейтін кейіпкерді ұшыратасыз. Институт бітірген, жас шамасықырықтан енді асқан жетпісінші жылдардың білімдар жігітініңаузына автор осындай сөз салып, ерекше сөйлеткен сайын,шығарманың шынайылығына оқушы күдік келтіре бастайды. Ойтұтастығы бұзылып, сөзім селкеуленеді. Сырт қарағанда, бейәдебиэлементтерді қолданудың шарты бұзылмаған да сияқты. Бірақоларды қисапсыз көп қолдану, орынсыз жұмсау оқушыныңэстетикалық талғамын мұқалтады. Ондай халдегі оқушыға сөзөнерінің де әсері айтарлықтай болмайтыны белгілі.

Сөйлеуде немесе жазуда болсын әр сөз айтылар ойға, мазмұнғақатысты болып, мағыналық жүк арқалап тұруға тиіс. Бірақ кейбірадамдардың сөйлеу дағдысында сөз тазалығына нұқсан келтіретін,сөзді әсерлілігінен айыратын «қызметсіз» қыстырынды сөздер жиікездеседі. Сөз арасында қызметсіз қыстырылып жүретін жаңағы,кетіп, әлгі, мәселен, ал енді, сонымен тәрізділерге аузы үйір адам

16 Ғ . Қ а л и е в , Ш . С а р ы б а е в . Қазақ диалектологиясы. «Мектеп» баспасы, Алматы, 1979, 38-бет.

тыңдаушысын мезі етеді. Ондай сөздің керегінен кебегі көп болыпжатады. Әсіресе сөйлеушінің айтар ойы айқын болмай, өзі сөз етіпотырған жайдан түсінігі бұлдыр болған кезде, сүреңсіз сөздеркиліккіш келеді. Сөз тазалығын сақтауға талаптанған адам белгілібір мәселе жөнінде әңгіме қозғамас бұрын сөйлейтінін кесіп-пішіп,ой елегінен өткізіп алып, жұрт алдына шығады. Тіл тазалығынсақтауға талаптанған адам сөз арасын ыбырсыта бермейді.

Сөзді «қызметсіз» жұмсап, тіл шұбарлаудың тағы бір түрі бар. Олбіреуге байқалса да, біреуге байқала бермейді.

«Мал төлдету ісін шығынсыз іске асыруды қамтамасыз еттік», «Бұл– аудандағы аса ірі көрсеткіштің бірі болып табылады», Мұнай көзініздестіру жұмыстары одан әрі жүргізілуде» тәрізді сөйлемдердірадио, телевизия хабарынан кездестіреміз. Осындай тіркестерді«қызметсіз» сөздерден арылтып, етек-жеңін ықшамдап құруғаболмас па еді? Мал төлдету шығынсыз аяқталды. Бұл – аудандағы ірікөрсеткіштің бірі, мұнай көзін іздестіру одан әрі жалғастырылуда деп,тізбекті басы артық тіркестерден арылтсақ, орны ойсырап қалмайды....Болып табылады, болып саналады, бірінен саналады дегендерқызметсіз тұрған қыстырындылар. Сөйлемді әрдайым болыптабылады, болып саналады, бірінен саналады тәрізді тіркеске құрудангөрі, есім баяндауышқа аяқтаудың тиімді көрінетін кездері бар.Мұндай құрылымнан жинақылық байқалып тұрады. Ондай қасиеттісыралғы қалыптасқан мақал-мәтелдердің құрылымынан дабайқаймыз. Мысалы, «сөздің көркі – мақал, жігіт көркі – сақал. Осынытіпті «болып табыладыға» үйір адамның өзі «сөздің көркі мақал болыптабылады, жігіт көркі сақал болып табылады» демес еді.

Аз сөзбен көп мағынаны жеткізу – сөз мәдениетінің бір қыры.Бірақ қысқа баяндаудың бәрі шеберлік емес. Шеберлік аз сөзге көпмағына сыйғыза білуде ғой. Сонда ғана сөз қысқалығы тілмәдениетінің мәнді бір қырына айналады. Француздың белгіліғалымы, жазушысы әрі философы Блез Пасқальдың «Провинциятұрғынына хат» шығармасындағы «Қысқа жазуға уақытымболмағандықтан, хатты ұзыннан-ұзақ жазуға мәжбүр болыпотырмын» деген сөзін К. Маркс қатты ұнатқан екен. Шындығында,белгілі бір ойды ойсыратпай жеткізу, басы артық қолданыстардансөзді арылтып отыру, аз сөзбен көп мағынаны білдіру оңай емес,оған аз уақыт кетпесе керек.

Сөйлеу тілінде «ауытқу көп, дәлдік аз» дегенді желеу етпей,ондағы ықшамдылық, үнемділік тәрізді қасиеттерді жетілдіреотырып әдеби тілді орнықтыра берсек сіреспе тіркес, қызметсізқолданыстардан тіліміз тазара түсер еді. Елімізде мыңдаған ұстаз,миллиондаған шәкірт бар. Тәжірибелі ұстаз шәкірттеріне айтар ойынсірескен жансыз тілмен емес, икемді, орамды тілмен жеткізеді.

Ондайда ол кітаптағыдай сөз оралымын, сөйлем құрылымынбеталды қолдана беруден гөрі сөйлеу тілінің амал-тәсілдеріне деарқа сүйейді. Алайда ұстаз алдыңда бастан аяқ бір сарынменсөйлейтін оқушылар да кездеседі. Оның сөйлеу тілін дұрыс арнағасалып, шұбырынды сөз, сіреспе тіркес, түрлі қыстырындылардантазартып отыру – ана тілін ардақтай білетін әрбір ұстаздың қасиеттіборышы.

СӨЗ ДӘЛДІГІ

Сөйлеудегі (сондай-ақ жазудағы) дәлдікті қалай ұғамыз? Әдеттесөйлеушінің сөзіне риза болып, айызы қанған адамның «дәл айтты,тауып айтты» деп, өзгенің сөзіне баға беріп отыратын кездері бар.Рас, ондай сөйлеуші өз ойын өзгелерге дәл жеткізе алмаса,жаңағыдай бағалаудың болуы да мүмкін емес. Сондықтан әсерліайтылған сөзді «дәл айтты, тауып айтты» деп түйеміз.

Бұл – сөз дәлдігі жөнінде әдеттегі түсінігіміз. Мұнда нақтылықтангөрі жалпылық басым. Ал сөз дәлдігі деген лингвистикалықтерминнің бұл түсінікпен дәл келетін тұстары да, одан өзгешелеуұғынылатын жерлері де бар.

Қазақ тілі мәдениетіне байланысты жазылған мақала,зерттеулердегі пікірлерге қарасақ, сөз дәлдігі дегенкоммуникациялық сапаға қойылар талап әр түрлі екен. Солардың бірі– сөздерді тілдегі мағынасына лайық қолдану. Әсіресе ауызға жиіалынып, жаза басқан қаламның көп сыналатын жері де осы. Сөздітілдегі мағынасына сай талғап, таңдамай қолдана салудың баспасөзбеттерінде кездесетін кейбір мысалы мынадай, «Бұл колхозда менкелген кезде қой басын өркендетуге мән берілмей келеді екен»(журналдан).

Осындағы шырқы бұзылған қолданысқа назар аударсаңыз, дәлайтуға «мұқтаж» болып тұрған сөздердің мен мұндалап тұрғандығынбайқайсыз. Қой шаруашылығын өркендету деп айтуға болатындығыбелгілі, ал қойдың басын қалай өркендетуге болады? Әңгіме қой санынкөбейту жөніңде емес пе?

Сөздерді өз мағынасына сай қолданбау, дәлдіктен көз жазып қалу,әсіресе басқалардан гөрі дыбысталуы ұқсас, бірақ мағынасы әрбасқа, немесе бір түбірден тарап, дербес мағынаға ие болған сөздерді(паронимдерді) жұмсауда жиі кездеседі: «Енесі сүйектерінсырқыратып орнынан қозғалды» (кітаптан); «Жігіт жусан иісінееліктеп, мас болғанын сөзбеді» (журналдан); «Мүйізден зерделенгенсандықтың құрсау қаңылтырлары ғана жатыр» (журналдан). Бұлжерде сырқыратып емес, сыртылдатып; еліктеп емес, елітіп;зерделенген емес, зерленген деп қолданып, дыбысталуы ұқсассөздердің мағыналық парқын ажырату кімге де болса қиын еместәрізді. Онда неге тегіс жерде сүрініп, сөзімізден ақау жіберіпжатамыз? Оның себебі біреу-ақ: ол – сөз қолданысымыздағыұқыпсыздық. Ұқыпсыздықтың салдарынан дәлдіктен айрылып,сөздерді бірінің орнына бірін сапырылыстырып жұмсау тек шоқы –шұқы; тынық – тұнық; ауа – әуе тәрізді паронимдерде ғанакездеспейді. Сөз – болмысты бейнелейді. Сөз – шындықтыңсанамызда сәулеленуі. Айналамыздағы заттар мен құбылыстар сөзарқылы таңбаланады. Осыған сәйкес бізді қоршаған «құбылыстар»мен «сөз» арасында белгілі бір қатынастың бар екендігін аңғарамыз.

Ол қатынасты «зат» («құбылыс») – «сөз» (сигнификат) түріндебейнелеуге болады. Кейде сөз дәлдігін сақтай алмай, көз жазыпқалуымыздың үлкен бір себебі «зат» («құбылыс») пен «сөз»арасындағы байланысты жете тани алмауымыздан. «Сөзді» білмесек,сол сөздің қандай заттың (құбылыстың) таңбасы, бейнесі екендігіненбейхабар болсақ, сөзді сол заттық (денотаттық) мағынасына сайқолдандық деп айта алмас едік. Кейде сөзді дәл қолданабілмеуіміздің себебі «зат» – «сөз» қатынасын дұрыс ұқпауымызғабайланысты. Енді сөзді дәл қолданбаудың мынадай мысалына назараударайық. «Өліарада ауа өңі өзгеріп сала берді. Шалқалаған жаңа айшағырмақтанып, күн қабағы кәдімгідей салыңқы тартқан» (газеттен);Берекелі күздің аңқылдап алтын күрек желі есті» (газеттен);«Әкеңмен тумалас Қоңырбай деген нағашың бар» (газеттен).Осылайша сөзді дәл, орынды қолданбау қатеге ұшыратады, тіптісөйлеушіге абырой әпермейтіндей күлкілі жағдайға душар етеді.Мысалы, әкеммен тумалас адам нағашы болушы ма еді? Ал өліарасөзіне келетін болсақ қазақ ұғымында өліара деп ескі ай мен жаңаайдың қараңғы аралығын айтады. Өліарада ай көрінбейді, айкөрінетін кез өліара деп аталмайды. Ал алтын күрек деген тіркестіавтор сірә де метафоралық қолданыс деп ұқса керек. Қар кетіріп, жербетін дегдітетін жел алтын күрек деп аталады. Оны жазда немесе күзбен қыста соқты деу сөз қолданысымыздағы үлкен ағаттық.

«Өліарада ай көрінді», «Күзде алтын күрек есті» деген баяндауларәсіресе табиғаттың қыр-сырына қанық диқан мен малшы қауымдыиландыра қоймайды.

Қазақ сөзінің байлығына қызығып, оны кәдеге жаратамын деу –жақсы талап, бірақ сол байлықты дәлме-дәл жұмсай білу де керек.Байқасақ, жылдың әр мезгілінде соғатын желдің өз атауы бар. Күздіңқара суық күндері үйіріп соғып, тал, терек, емен мен үйеңкіжапырақтарын төгіп кететін жел – жапырақ жел деп аталады екен.Жылылық әкеліп, қыс бойы жатқан қасат қардың көбесін сөгетінжелді тілімізде ескек соқты дейді. «Оңтүстіктің жылы желі, ескегісоқты. Осыдан бір ай бұрын соқса, жұрт оны «жыл әкелді», «игілікәкелді» деп, қуанышпен қарсы алар еді (М. Әуезов). Сондай-ақ шілдетүсер шақта соғатын жел керімсал деп аталады. Мал бағып, егінеккен шаруа адамына керімсал – өте жайсыз жел. Керімсал тынбайсоққан кезде, жердің отын күйдіріп, егінді қуратып та жібереді.Осындай жайсыздығы мен шаруаға тигізер кеселі көп болғандықтан,сол құбылысты білдіретін керімсал сөзі ауыс мағынаға көшіп«қиынқыстау кез» дегенді де бейнелейді:

Тайбурыл сонда сөйледі. «Тауға бітер емен, тал

Кімге келмес керімсал Наз бедеу атқа бітер жал»...

(«Қобыланды батыр»)

Егер ел ішінде айтылатын сөзге құлақ түре жүрсек, әр мезгілдежауған қардың да тілімізде өз атауы бар екендігін байқаймыз. Қысбойы жатқан қар кетіп, жазғытұрым басталар шақта жауған қар құсқанаты деп аталады, сірә де, бұл сөз жыл құсының ұшып келеркезімен байланысты айтылса керек. Алғашқы жауған қардың бәрінемес, соның ішінде еріп кетпей тұрақтап қалатынын, қыс бойыжататын қардың басын жолдас қар деп атайды. Бұлардың ішіндеқазақтың ерекше бөліп айтатыны – наурыздың ақша қары. Бұлатаулар тек мезгілге байланысты болса, қардың жұқалығы менқалыңдығы, жаңасы мен ескісі, каттысы мен жұмсағы т.б.қасиеттеріне қарай аталатын түрлері (омбы қар, қасат қар, көбікқар, көкше қар, сіре қар т. б.) қаншама?

Дәл сөйлеуге қажетті алғы шарттың бірі – мағыналас сөздерді,олардың деректі, дерексіз ұғымды білдіретін түрлерін талғап, таңдайбілу. Оған көз жеткізу үшін, алдымен мынадай тексті оқып көрейік:«Жеркылаң мінген, қылаңнан киген екі жігіт кешкі салкынмен есіпжүріп кеткенде, кер бетеге, боз көденің арасынан зорға көрінгендейтүстері де, жүрістері де көзге түспей, ұрлана жүруге бейімделіпапты» (М. Әуезов). Осы текстегі кер бетеге, боз көде деген деректіұғым атауларының орнына осы сөздермен мағыналас дерексізұғымды білдіретін шөп деген сөзді қойып, кайта окып көрейікші.Сөйлемнің мазмұны өзгермейді. Ал әсері, әрине, алғашқыоқығанымыздай емес, тым әлсіз соғатыны бірден байқалады. Бұлайөзгертуден нені жоғалттық? Дәлдікті. «Шөп арасынан зорғакөрінгендей» десек, дәлдік жоқ. Олай дейтініміз екі жігіт тежерқылаң ат мінген, жерқылаң киінген. Жердің түсі де боз көде менкер бетеге тәрізденіп қылаңытып, Тоғжан ауылына бара жатқан екіжігітті сырт көзден жасырып тұр. Бұдан байқарымыз: деректі ұғымғатән сөздерді талдау аркылы да суреткер қаламы сөз дәлдігі дегенсапаны дөп басқан.

Тілімізде, әсіресе байырғы мұралар тілінде (ертегі, жыр,эпостарда), мағынасын дәл ашып, анықтай түсуді керек ететін сөздертолып жатыр. Міне, сіз күрескер ақын Махамбет Өтемісұлының оттыжырларын оқып отырсыз. «Ереуіл атка ер салмай» дегендегі ереуілат тіркесінің мағынасы жайында газет-журнал беттерінде қызықты,пайдалы пікір таласы болғандығынан да бейхабар емессіз.

Ақын жырында мағынасын дәлірек ашуды, анықтай түсуді қажетететін бұдан да басқа сөздер толып жатыр. «Мінкен де мінкен, мінкен

ер. Бұл сықылды неткен ер?» дегендегі мінкен сөзі нендей мағынаныбілдіреді? Бұл тәрізді сұрау байырғы өлең-жырдағы көптегенсөздерге катысты. Көмескі сөздердің мағынасы дәлме-дәл ашылмайжатса, байырғы жырлардың тіл кестесі танылмай, оқушығаэстетикалық әсері, әрі мен нәрі әлсіреп жететіні белгілі. Руханиқазынаны танып-білудің бір кілті сөзде жатыр.

Сөз – белгілі бір зат пен құбылыстың атауы. Сөзді білгенмен оныңқандай затты, құбылысты белгілейтінің білмеген, немесе шала-шарпы ғана білген жан дәлдіктен көз жазып қалады. Кейде осыайтылғанға керісінше, зат пен кұбылыстың дәл қалай аталатынынбілмеу, не оған ден коймау да, сөз дәлдігінен жаңылуға себепболады. Ондай адам бота деудің орнына түйенің баласы, атқа тұсаусалды деудің орнына аттың аяғына арқан орады деп сөлекет сөйлептұрады. Бұл – сөйлеудегі олақтық. Кейде көзге баттиып тұрмағанмен,осыған ұқсастау мысалдарды газет-журнал беттерінен де ұшыратыпқаламыз: қой қырқушы, қозы тәрбиелеуші, қой төлдетуші, қойөсірушілер бригадасы, қызылша өсірушілер т. б. Сөз дәлдігінен бұлайшаауытқу – тілімізде осы ұғымдардың қалыптасқан, орныққанатауларын (қырықтықшы, сақпаншы, шопандар бригадасы, қызылшашы.т. б.) елеп-ескермеуден туған. Осы тәрізді мысалды кейде әңгіме,повестерден де ұшыратып жатамыз. «Шелегін жуып, сарайдан ішінесабан тыққан теріні алды да, енесінің алдына тастады» (кітаптан).Автордың айтайын деп отырғаны – тұлып. Бұл сөз, рас, қазіргі кездекейбірімізге бейтаныс болып та бара жатыр. Жас бұзаулағансиырдың төлі өліп қалғанда, сол өлген бұзаудың терісіне сабантығып (тұлып жасап) енесінің көз алдына әкеліп қоятын болған.Сонда сиырдың сүті қайтпай, сауғанда исініп тұрады. Міне,шаруашылық өмірдегі осы әрекет «алдамшы, жалған нәрсегеиланды» деген мағынаны білдіретін құр тұлыпқа мөңіреді дегентұрақты сөз орамының жасалуына негіз болды. Белгіліағартушы ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдеріндемынадай жолдар бар:

Елде егер жүрсең келмей ұмытпассың,Сүйгенге сырттан кір сөз жуытпассың.Тұлыпқа мөңіреген сиырдай боп,Көрумен сүйген жарың мауық бассын.

Сөз дәлдігіне қойылар талаптың бірі – логикалық дәлдік.Сөзді тілдегі мағынасына сай қолданумен бірге сөзде

логикалық кайшылықтың болмауын да ескеріп отыру шарт.Сөздердің «бірін бірі терістейтін» қасиеті ескерілмей жатса,баяндауда жүйе болмай, қисыны кашады. «Кең, жарық залға қазқатар орнатылған тігін машиналарының біркелкі сырылдаған үні

еңбек маршы іспетті» (газеттен); «Бір отар ақтылы қойға иеболғанына жылдан асты» (газеттен) «Шаңқай түсте ауылғақарай бір топ атты-жаяулы қара құрымдай қаптап келеді(журналдан);

Ағады өзен күркіреп, Ақ моншақ шашып тулайды. Құяды жаңбыр сіркіреп, Тыңдайсың одан сан күйді.

(Кітаптан.)

Сырылдаған үн мен еңбек маршының үні, бір отар қой менақтылы қой, бір топ аттылы-жаяу мен қара құрымдай қаптап,құю мен сіркіреу дегендер мазмұны жағынан бірін-бірі теріскешығаратын қолданыстар. Өйткені сырылдаған үн мен марш үніоқушы үшін мүлдем екі басқа.

Ал ақтылы қойдың (фразеологизмнің толық түрі: алалы жылқы,ақтылы қой) мағынасы «мыңғырған, есепсіз көп кой» дегендібілдіреді, қара құрымдай сөзі де осы тәрізді, санын көрсетуге,есебін алуға болмайтын көптікті аңғартады. Ал жаңбырдыңсіркіресе құймайтыны, құйса сіркіремейтіні өз-өзінен белгілі.

Бірақ тілімізде кей-кейде логикалық дәлдіктен арнайы ауытқукейбір сәттерде жарасымды көрінеді; «Күн ашықта басына бұлтүйіріліп жүрген жұмбақ жүрісті жан» (газеттен); «Күн жаумайүстіміз су-су болып жүрісіміз мынау» (кітаптан); Күндіз қолыңашам алып іздесең де таппайсың» (журналдан). Бұл тәріздіқолданыстардағы астарлы мағына, бейнелілік логикалыққайшылық арқылы, сөздердің бірін-бірі терістеуі арқылыжасалып тұр. Бұларды лингвистикада оксюморондар депатайды. Оксюморондар бір басқа да, жаңылыс қолданыстантуып жататын логикалық қайшылық екінші басқа, олардыңарасы, әрине, жер мен көктей.

Сырт қарағанда кейбір тұрақты тіркестерде де логикалықүйлесім жоқтай көрінеді.

Ант ішіп күнде берген жаны құрсын,Арын сатып, тіленген малы құрсын, –

дейді ұлы Абай. Осы өлеңдегі ант ішті тіркесі «жанын береқарғанып-сіленді» деген мағынаны білдіреді. Ант сөзінің серт,уәде, шарт тәрізді сөздермен мағыналас екендігі белгілі. Бірақсерт, уәде ішті демей, ант ішті дейді. Сонда ант ішу қалай?Бұлай деу логикалық дәлдікке жатпайды ғой деген күдікті ой

келеді. Бірақ сөз тарихынан құлағдар адам бұл жерде ешбірқайшылықтың жоқ екендігін байқайды.

Ерте заманда бір-бірімен анттасқан адамдар серт етіп бір ыдыстансу ішісетін салт болған. Оны ант су деп атаған. Ант ішті тіркесі антсу ішті дегеннің ықшамдалған түрі. Бұл тіркес байырғы өлең-жырларда қасам ішті (қасам – араб сөзі) түрінде қолданылады:

Ноғайлыны шаппаққаҚалмақтар ішті қасамды

(«Қамбар батыр»)Дұрыс қиыстыра білсе, сөзге сөз рең береді. Сөз бен сөз тіркесіп

барып рең алады. Кейде сөздің осындай талғампаз қасиетін ескеребілмесек, сөз дәлдігіне нұқсан келеді. «Комсомол комитеттерініңалдыңда жастарды жаппай жасампаз жұмысқа (?) жұмылдыруда әліде көптеген міндеттер тұр (газеттен). Әдетте, реңі көтеріңкі сөз(еңбек) реңі жоғары сөзбен (ардагер) тіркес құруға бейім тұрады.Солай болғандықтан да еңбек ардагері тәрізді сөз орамдарының ешолқылығы жоқ. Ал жұмыс ардагері десек, осы шарттылық бұзылады.Жасампаз жұмыс тіркесінің де сөлекеттеу көрінетіні сондықтан.Сөздердің осындай қасиетіне зер салсақ, әсіресе газет-журналматериалдарында жиі кездесетін майталман бақташы, майталманжүгеріші т. б. сияқты тіркестерді сәтті шыққан дей алмас едік.

Тілде толып жатқан өзара мәндес, мағыналас сөздер бар. Бұлқасиет сөздерді иіні келген орайда, белгілі бір мақсатқа сәйкесталғап, саралап, дәл жұмсауға үлкен мүмкіндік береді. Сөздіңоралымдылығын, икемділігін арттыра түседі. Алайда мағыналассөздер бір-біріне қаншама жақын, мәндес болғанымен, олардыңбойындағы рең, жұмсалу өрісіндегі айырма стильдік қолданысқа датәуелді. Сөздерді бірінің орнына бірін талғаусыз жұмсай берудісөздің стильдік қасиеті көтермейді. Мысалы, сырт қарағанда,«маңдайдан бұрқыраған бу олардың таң сәріден дамылсыз еңбек етіпжүргенің айтпай-ақ аңғартады» (газеттен) тәрізді қолданыстапәлендей дерлік қате жоқ тәрізді. Бірақ сөз дәлдігіне қойыларталапқа сай емес. Олай дейтініміз – бұл жерде білдірер ұғымыәлдеқайда терең еңбек сөзінің орнына нақтылы процесті білдіретінжұмыс сөзін қолдану дәл болар еді. «Аса танымаушы ем, бізге бірерай ұстаз болып еді» деген екі құрбының өзара сөзін құлағың шалыпқалғанда, мазмұнды сөзді төлеусіз қолданғаны-ай, ұстаз депбейтаныс біреуді емес, ізгілік пен білімнің отын жаққан қадірліадамды айтпаушы ма еді деп еріксіз қынжыласың.

Әсіресе телевизия, радио хабарларында «Мен құс фермасындаоператор болып еңбек етемін... «Передовой» совхозында еңбек етемін,

ферма сауыншысы болып еңбек етіп жүрмін» т. б. тәріздіқолданыстарды күн сайын естуге болады.

Бұл – сөздің стильдік тональдығын (көтеріңкі, бәсең, бейтарапт.б.) ескермей жұмсаудың бір көрінісі. Сөз реңін аңғарып, орындықолдана білсек, мұндай орайда бейтарап сөз сыңарларын қолданаредік. Тіпті иіні келіп жен сұрасқан әңгіменің езінде фермадаоператор болып еңбек етем, мектепте ұстазбын, ауыл еңбеккеріміндемей, оператор болып жұмыс істеймін, мектепте мұғаліммін,колхозшымын т. б. дер еді. Өзге стильге қарағанда, әсіресе радио,телевизия хабарларының тілі сөйлеу тіліне (әдеби тілдің ауызшатүріне) бір табан жақын тұратындығын ескерсек, мұндай сөзқолданысқа сын көзбен қарамауға болмайды.

Бұл арада «жұмыс істеу», «мұғалім», «колхозшы» т. б. бейтарапсөздердің қызметіне нұқсан келеді, тілден шеттеп қалады-ау дегенқауіп жоқ. Алайда қауіп басқада, біріншіден, бұл типтес сөздердің(ұстаз, еңбек, т. б.) реңіне қарай дәл қолданбау дағдыға айнала берсе,ажары солғындайды. Сөйтіп, судың да сұрауы бар дегендей, сөзмүмкіндігі шектеледі. Екіншіден, әсерлі реңінен арылған мұндайқолданыстардың оқырманға, тыңдаушыға ыкпалы айтарлықтайболмайды.

Сонымен, бұл айтылғандар сөз мағынасына мән берумен бірге,олардың реңіне де көңіл бөліп отырудың керектігін көрсетеді. Ұлыкөсем В. И. Ленин баспасөз беттерінде сөзді орынды жұмсауға үнеміжұрт назарын аударып, диктатура, көтеріліс тәрізді мәні үлкенсөздерді абайлап қолдану керектігін мұқият ескертіп отырған 17.

Келелі ой, кең мазмұнды сөз орамдарының астарында халықтыңөмірден түйген терең мағыналы толғамы жатады. Кейде осындаймазмұнды сөз орамдарын тым «арзан» қолданып жүрген жоқпыз бадеп, көңілге күдік ұялайды. Әсіресе газет-журнал, радио, телевизияхабарлары тіліне назар аударсақ, «көшеге асфальт төселсе» де, жаңасалынған «шеберхана», құс фермасын көрсек те «елу жылда – елжаңа»... деп қолдана береді екенбіз. Шаңырақ көтерді де осы тәрізді.Бордақылау комплексі шаңырак, көтерді, жаңа цех шаңырақ көтерді депәр жерге бір жұмсағандықтан, бір кездегі нәрлі, әсерлі сөз орамы«атқа жеңіл құдашаға» айналып барады. Ондай сөз тереңмазмұндылығынан, нәрлілігінен, сонылығынан айрылып, штамптәрізді жағымсыз құбылысқа айналып та кетуі ықтимал.

Сөз дәлдігі – әдеби тіл стильдерінің (көркем әдебиет,публицистика, ғылыми стиль, ресми стиль) бәріне бірдей қажеттісапа. Дегенмен сөз дәлдігі туралы әңгіме болғанда, бұлардың ішінде

17 Л е н и н В. И. Шығармалар толық жинағы. т. 11, 197-бет.

зерттеушілердің алдымен ауызға алатыны ғылыми стиль, іс-қағаздарстилі. Сөз дәлдігі сөйлеу тіліне де катысты.

Мысалды алыстан іздемей-ақ емін-еркін сөйлеудегі, өзараайтылатын әңгімедегі сөз қолданыстарымызды еске түсіріп көрейік:оқуды қызыл дипломмен бітірді – институтты үздік дипломмен бітірді;емтиханнан бес алды – емтиханнан үздік баға алды; емтиханнан құлапқалды – емтиханды тапсыра алмады т. б. Сөйлеу тіліндегі осындайқолданыстың бірін дәл, бірін дәл емес деген тәрізді катаң талапқойылмайды. Ал ресми қолданыста (өтініш, өмірбаян, түсінік хатт.б.) бұл тәрізді еркіндік болмайды. Оқуды қызыл дипломмен бітірді,бес алды, құлап қалды тәрізділер ресми тіл стандартына тән емес,бірақ сөйлеу тіліндегі мұндай еркіндіктің өз жарасымы бар. Немесебетпе-бет сөйлесуде белгілі бір оқу орындарының, мекеме,кәсіпорын атауларын документтегідей толық айтып жатудың орнынаинститутқа бардым, мектептен келдім, цехта болдым деп ықшамдапайту да орынды деп есептеледі.

Әдеттегі сөйлеуде заман, кезең, дәуір тәрізді сөздерді синонимретінде жұмсау кешірімді де көрінеді. Ал ғылыми, ресми стильде(жазба тілде) бұл тәрізді сөздердің сараланып қолданылуына асақатаң талап қойылады. Өйткені әр сөздің өзіне тән терминологиялықмазмұны бар: қазіргі заман – «современность», дәуір – «эпоха», кезең– «этап». Дәуірдің сипаты, дәуірдің қозғаушы күші, дәуірдің бағытыдегенді ғылыми тексте заман, немесе кезең деген сөзбен алмастырыпқолдану – білместік болады, сөз ондайда терминологиялықмазмұнынан айрылады.

Тілде толып жатқан варианттар, мағыналас сөздер бар. Әдебитілдің функционалдық арналарының кейбірінде (сөйлеу тілі, көркемәдебиет) олар белгілі бір мақсатқа байланысты жарыса қолданылыпта жатады. Ресми қолданыста олай емес, синонимдер мен вариантсөздердің бірде анауын, бірде мынауын жұмсау тым шектеуліболады. Бұл стильде тілдегі әр түрлі варианттардың (Екі мәртеСоциалистік Еңбек Ері – Екі рет Социалистік Еңбек Ері, Халыққатұрмыстық қызмет көрсету орындары – Халықтың тұрмыстық,қажетін өтеу орындары; Қазақ ССРінің еңбек сіңірген артисі –Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген артист т. б.) бәрі бірден қабылданбай,біреуі ғана негізге алынады (Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері;Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орындары; Қазақ ССР-ініңеңбек сіңірген артисі т. б.)

Кей жағдайларда терминдік мәндегі кейбір сөздер тілжұмсауымызда әр түрлі қолданылып жатады: «...Саясихабарламашылар, насихатшылар, үгітшілер, лекторлар насихатжұмыстарын пәрменді жүргізуде», «Бірлестіктің көптеген үгітшілерімен саяси хабаршылары бұл күндері жаппай үгіт жұмыстарын

жүргізуде» (газеттерден). Бірде саяси хабарламашы, бірде саясихабаршы болып әр түрлі жұмсалуы ресми стильдегі сөз дәлдігінежатпайды. Бұл, әрине, мұндай сөздерді сұрыптап, дұрысын көрсетіпотыратын нормалауыш сөздіктер, анықтағыштар т. б. құралдардыңжасалынбай, оқушы қолына тимей жатуына да байланысты.

СӨЗ ӘСЕРЛІЛІГІ

Кейбір адамдардың сөйлеген сөзі жұртты ұйытып, тыңдаушыныңайызын қандырады. Ой мен сөзімге бірдей әсер етіп жатқан топалдыңдағы сөзді (публичная речь) тыңдай беруден еш жалықпайсыз.Ал кайсыбір сөйлеушілердің сөзі әсерсіз болып, отырған жұртықылассыз тыңдайды. Енді бұл екі сөзді іштей салыстырсаңыз,әсерлі сөйлеген шешеннің сөзінде нанымды фактілер, соны деректер,логикалық жүйе барлығын байқайсыз. Ол жұрт білетін жайдытәптіштеп жатпайды. Бұлар – әсерлі сейлеудің тілден тыс шарттары.Әсерлі сөйлеудің тілге тікелей байланысты шарттары бар. Солшарттардың бірі зерттеушілердің көрсетуінше, алдымен сөзді сазынакелтіріп айтуға (сөз сазына) байланысты.

Басқаша айтқанда, әдеби тілдің көпшілікке ортақ орфоэпиялық(сөздерді дұрыс айту) қағидасының бұзылмауын естен бір сәтшығармау керек. Әр тілдің өзіне тән дыбыстық заңдылығы бар. Онысақтамай, бұзып сөйлеу тыңдаушының құлағына түрпідей тиеді.Мысалы, қазақ тілі үшін ондай заңдылық дауыстылардың үндесіп,дауыссыздардың бір-біріне ықпалын тигізе айтылуында көрінеді.Дауыстылардың үндесуін сақтамаған адамның сөзі кедір-бұдыршығып жатады, әрі сөз сазы бұзылады. Ондайда сөздің кей буыныжіңішке, келесі буыны жуандап (сійыр, тиын т. б.) жағымсыздауестіледі (ал дұрысы: сыйыр, тыйын). Ерін үндестігімен айтылатынсөздердің екінші буынын «жазылуынша» бұлжытпай езулетіп айту да(үкі, дұрысы – үкү; көңіл, дұрысы – көңүл т. б.); ритмикалықмелодикалық ерекшелігін ескермеу де сөз сазына сызат түсіреді.

Әдеби тілдің орфоэпиялық қағидасын сақтамай, диалектіыңғайында сөйлеу де сөздің әсерлі естілуін күрт төмендетеді.Кейбіреулердің сөз басындағы, сөз ортасындағы ш дыбысын ч-менайтуы да (чам, чаш; бірінчі, екінчі т. б.), «д»-ның орнына қолдануыда (маңлай, дұрысы маңдай т. б.) оның әдеби тіл нормасынадағдыланбағандығын байқатады. Сонымен, сөзді сазына келтіріп,нақыш өрнегін сақтап айту, сөйлейтін сөзіне (жазатын сөзіне де),тыңдаушысына селқос қарамау, әдеби тіл нормаларын сақтапсөйлеуді мақсат ету т. б. сөз әсерлілігінің кіріспесі іспетті. Ал сөздіәсерлі ететін амал-тәсілдердің өзге түрлері де аз емес.

Кейде белгілі бір тексті окып отырсақ, автордың сөйлемқұрауында, грамматикалық амалтәсілдерді қолдануында «дұрысемес-ау» дейтіндей мін байқалмауы ықтимал. Сөйлемдегі сөздер өзмағынасына сай қолданылған сияқты болып көрінеді. Енді солтекстен мынадай үзіндіңі оқып көрейік:

«Ауылдың жан-жағы таумен шектеліп жатыр. Онда неше түрлі аң,құс кездеседі. Егер тауға шыға қалсаң, неше алуан гүл аралас өскенөсімдіктің жұпар исі танауыңды қытықтап, тынысыңды кеңейтеді...»(студент дәптерінен). Автордың, бұл жерде алдымен, сөзді көркемтіл кестесіне лайық талғай білуге назар аудармағандығы байқалады.Көркем әдебиет стилінде дерексіз ұғымдағы сөздерге қарағандадеректі ұғымдағы сөздерді қолдану орынды болып есептеледі. Бұлайболу себебі көркем шығарма табиғатының ерекшелігіне байланысты.Көркем шығармада баяндалған нәрсені оқушы елестету арқылықабылдайды. Сондықтан деректі ұғымды білдіретін лексика арқылызатты көзбен көріп, қолмен ұстауға болатындай, шындық өмірдегідейсөзінуге болады. Мысалы, «аң», «құс» дегенді «көруге» болмайды,қасқыр, түлкі, қоян немесе бүркіт, жапалақ, тазқара, шәулідегендерді «көруге» болады. Міне, осындай «көруге» болатыннәрсені оқушы көркем шығарма тілінен елестету арқылыкабылдайды. Ал аң, құс, өсімдік тәрізді дерексіз ұғымдар ой-санаарқылы қабылдауға бағытталған. Көркем шығарманы тек бірынғайдерексіз ұғымдағы сөздермен құру – оқушынын елестету арқылықабылдауына кедергі болып, текстін көркем тіл стиліне тән жігібұзылады. Егер көркем текст пен ғылыми тексті салыстырсақ,алдыңғысында деректі ұғымдағы сөздер жиі қолданылады да,соңғысында дерексіз ұғымды білдіретін сөздер жиі ұшырайды.

Көркем тексте тіпті деректі ұғымдағы сөзді әдеттегідей бәрімізгеүйреншікті қалпында қолдану жеткіліксіз. Жел соқты, қар жауып,боран болды деп айтудың ешкімге қиындығы жоқ, таңсық та емес.Шығарма тілі (текст) бастанаяқ осындай дағдылы сүрлеуден шықпай,үйреншікті қолданыска құрылса, ешкімді қызықтырмайтындығы,әсерсіз болатындығы айдан анық. «Тілі тартымсыз», «сөзі бедерсіз»деген үлкен мін тағылып, ондай шығарманың сыналып тажататындығы белгілі. Сөз шеберлерінің қолданысында сөз әдеттегіқызметінен басқа күйге көшіп, тосын құбылысқа тап болады.Мұндай тосын қолданыстың әсері айрықша болып, шығарма тілінешырай беріп отырады.

«Боран үскіріп соғып тұр. Асау жел ащы күйінен жаңылған жоқ,ойнақ салып ысқырып тұр. Ақ дала меңіреу болып түнеруде.Қайғылы сары бел боран әкеліп тұрған ақ киімін қымтай түсіп, жатаберді» (М. Әуезов).

Өздеріңіз байқағандай, алғашқы сөйлемдегі сөздер әдеттегімағынасына сай, үйреншікті қалыпта жұмсалса, оған ілесе айтылғансөйлемдегі сөздер өзгеше күйге түскен. Арнайы назар аударғаноқушы асау сөзінің тосын сипат алғандығын бірден аңғарады.Өйткені әдеттегі тіл жұмсалуымызда асау жел деп ешкімқолданбайды. Сондай-ак сөз арасында бір-бірімізге сары бел киімінқымтады десек, түсініксіз болып шығар еді. Бұлай болуы сөздіңәдеттегі күйін өзгертіп (контексте) тосын сипат алуына байланысты.Алайда жансызға жан бітіру немесе сөзді тосын қолдану күр мақсатемес. Сөзді әдемілеп, әшекейлеу де емес. Бұл – болмысты нақты, дәлбейнелеудің айрықша тәсілі. Осылайша нақтылы, дәлме-дәлбейнелеген зат, құбылысты оқушы елестету арқылы қабылдап,«көзбен көріп, қолмен ұстағандай» күй кешеді. Суреткер қаламыныңоқушыны әсерге бөлейтіндей сиқырлы болатыны да сондықтан.Осылайша тіл әсерлілігін арттыратын бейнелеуіш тәсілдердіңметафора, эпитет, теңеу тәрізді небір айшықты үлгілері сөздіәдеттегіден тыс тосын қолдану арқылы жасалады.

Жаңа жыл. Қар аппақ.Талаурап, талмаусырап күн шықты.Тиісерге қара таппай жалақтап,Тентек аяз өз деміне тұншықты.

(М. Мақатаев).

Тентек бала, тентек кісі делінсе, дағдылы қолданыстағы сөз тіркесі.Бүндағы анықтауыш аяз сөзімен тіркесіп тосын күйге тап болады да,эпитеттік қызметке көшіп, «аязды» тиісерге қара таппай жүргенадамға айналдырды. Сөздің ауыс мағынада қолданылуы сонылығы,жаңалығымен ғана емес, дәлдігімен, заттың белгілі бір қасиетінайқын, накты көрсете білуімен әсерлі. Олай болмаған жағдайдатеңеудің, оның ішінде метафоралы түрінің әсері айтарлықтай болақоймайды. Суреткер қаламы зат пен құбылысты оның ерекшеқасиетін тап басып, дәл көрсетсе, жарқылы ерекше болып, оқушысөзіміне дөп тиіп жатады. Көркем шығармада сөз осылайша образдықасиетке ие болады. «Адасқан күшік секілді, ұлып жұртқа қайтқаной» (Абай) дегендегі образдылық жай әшекей емес, – жаңалық ашу.Оқушы өзіне таныс құбылысты қайта «ашады», жаңа қырынан көреалады. Ондай жаңалық оқушы танымын тереңдетіп, қиялына қанатбітіреді.

Көркем тілде қолданылатын түрлі метафора, эпитет, теңеулердіңролі айрықша зор. Олардың басты қызметі сөзге тек бояу дарытуғана емес. Бұлар – өмір құбылыстарын бейнелі түрде танытудың асатиімді тәсілдері. Жазушыдан көріктеудің мұндай тәсілдерін талапетпей, тек сырты сұлу сөз қолданыстарды бейнелі тілге балап, хош

ала берсек, көркем тілге қойылар талаптың деңгейін мүлдемтөмендетіп алар едік.

Әдетте Б. Майлин, М. Әуезов тәрізді аса шебер қалам иелерініңсөз жұмсауындағы өрнекті сөз орамдары тіл ажарын ашып,эмоциялық зарядты күшейте түседі. Бұл қасиет, әрине, сөз зерінмөлшермен, дәл сөзіне қолданатын суреткер зердесіне тәуелді.Алайда тұрақты сөз тізбектерін тактіден тыс, бірінен кейін бірінбастырмалата қолданудың әсері басқаша болуға тиіс. Байқапотырсақ, басы артық бейнелі қолданыс оқушы ойын алаңдатадыекен. Өйткені үстін-үстін, іргелес қолданылған тұрақты тізбектердіңбояуы шымкай, жылтыры басым болған сайын өзара «бәсекелесіп»бірін-бірі көмескілейді, біріне-бірі бөгесін болады. Басқашаайтқанда, тіл көркемдігіне кері әсерін тигізеді. Осы ойымыздымынадай сөз қолданыс дәлелдей түседі ғой деп ойлаймыз:«Жанымызды шүберекке түйіп, қанымызды торсыққа күйып, бастыоққа байлап, қыз асылатын мойнымызды қылышқа тосып, тәуекелдеп, жалаңдаған қылыш, жасанған жаумен жамыраған қойдайараластық та кеттік» (журналдан). Оқушы түйсігі сынапбағанасындай сөзгіш. Тұрақты сөз тізбектерін бұлайша «күреп»қолданудан безбеннің тілі жарасымдылыққа емес, жасандылыққақарай ауатынын бірден байқар еді. Бәлкім, жазушы өзін бейнелітілмен сөйлеп отырмын деп ойлауы да мүмкін. Бірақ «жасанғанжаумен жамыраған қойдай араластық та кеттік» тәрізді қолданысқой қоралап, көгеннен қозы ағытып көрген қазаққа сүйсінер суретбола қояр ма екен деп күдіктенеміз. Шындыққа жүгінсек, қой емес,қозы жамырайды ғой. Көгеннен ағытылған қозылар өрістен қайтқаненелерімен жапатармағай, емірене табысып жатпаушы ма еді? «Жастеректің жапырағы жамырайды сокса жел» (Абай) дегендегіжапырақтың бірімен-бірі жаңаса, сыбдыр қағып, сыбырласажөнелетін жанды суреті осы бір көріністі еске түсірмей ме? Олайболса, жалаңдаған қылыш, жасанған жаумен сарбаздардың қоян-қолтық айқасын автордың жамыраған қой арқылы бейнелеймін деуіқұр сөз әурешелігі сияқты көрінеді. Реті келгенде айта кететін тағыбір сөз – кейбір әңгіме, повестерді оқып отырғанда кездесетінсыңғырлаған күлкі, ғашықтық сыры, жалаңдаған қылыш, жасанған жаутәрізді дағдылы тіркес, дайын теңеулердің қисапсыз қолданылуы тілшеберлігін таныта бермесе керек. Болмысты өзіндік көзбен көріп,оны өзіндік тіл өрнегімен жеткізе білу жазушының дүние танымыной өрісін, стиль құрауын, эстетикалық талғамын көрсетіп қанакоймай, көркем сөз шебері аталуының мықты бір дәлелі де болаалады.

Жазушы кейіпкер тілін даралау арқылы оның түсінік-түйсігін ашатүсіп, бітім-болмысын айқын көрсетуді мақсат тұтады. Әр

кейіпкердің іс-әрекетіне орай сөйлеген сөзі де оларды бір-біріненөзгешелеп тұрады. Ұлы суреткер Мұхтар Әуезовтің «Дос-Беделдосында» кейіпкердің тілдік мінездемесі әр түрлі. Жазушы әркейіпкерді өз мінезіне, өз әрекетіне лайық нанымды сөйлетеді. Беделтерең пайыммен, толғамды оймен сөз айтса, Жаппас байбаламшыл,жала жауып, күйе жағып сөйлейтін, дөрекі тілді, домбытпа сөзді.Жазушы кейіпкерлер тілін бұлайша даралаумен шектелмей,шығарманың композициялық иініңе орай, өзге стильдік арналарданда бояу тартып, шындықты өз өңімен, шын сырымен шеберөрнектейді.

Социалистік мәдениет, тарихи диалектизм, тарихтық документ,коммунистік тәрбие, маркстік-лениндік ілім т. б. кейіпкер тілініңғылыми сипатына тән бояуды аша түссе, ...революцияның нұр күнітоңдарды жібітіп, мүздарды еріте отырып адамзат көктемін әкелгенікәні ...тәрізділер публицистикалық қолданысқа тән реңк үстейді. Алқұттықтау телеграмдар, күн тәртібіндегі мәселе т. б. ресми сипаттытанытатын бояулар.

Дүнияуи, жаһил, мағлум, мәжбуғат, мәсжид, мужтаһид, тауарих,уәзифа, шәһәр, һәмәнда т. б. сөздерді жазушы кейіпкерлер аузынакездейсоқ салып отырған жоқ. Мұндайлар – кейіпкер сөзіне ескішеең беретін тілдік маскалар. Орфографиялық қағидадан әдейі ауытқиотырып жазушы кенелік реңкті графикалық тәсілмен де беріпотырады (ғауым – қауым, хазір – қазір, хиянат – қиянат, фиғыл – пиғыл,шарафат – шарапат, әлбетте – әлбетте т. б.).

Саналы түрде көркемдік мақсатқа орай алынған мұндай бөгдестильдік элементтер оқиғаның қай дәуір, қандай ортада өтіпжатқандығын, соған тән бояуларды көрсетеді. Кейіпкер тілінеәлеуметтік-типологиялық мінездеме береді. Суреткер қаламы бөгдестильдік элементтерді таза коммуникациялық мақсатта жұмсамай,эстетикалық қызметке жеккен. Жазушының стиль тезіне түскен(стилизацияланған) мұндай қолданыстары өзге сөздермен тілтабысып барып, шығарма тілінің керкемдік кестесін құрайды.

Көріктеуіш тәсілдердің Ғабит Мүсіреповтің қалам өрнегіне тәннебір құнарлы түрлері бар. Суреткердің әдеби тілдің әр стиліненбояу алып, салған өрнегі де шебер жасалған, сан тарау көркемүлгілердің бірі. Осындай өрнек жазушының «Болашаққа аманат» депаталатын тарихи драмасынан да айқын байқалады. Драмадағы негізгітұлға – Сырым. Оқиғаның өрістер тұсындағы Сырымның ханмен сөзкақтығысуы халық ұғымындағы тарихи Сырымның шешендігін ескетүсіреді.

«X а н – Тегі, бала жасынан би атанған Сырым қырықка жете береқартаяйын деген-ау, сірә! Ханмен жауласпаймын, хандығымен

жауласамын деген сөз бола ма екен? Ханы бар, хандығы жоқ елболғанын қайдан естіп жүрсің?

С ы р ы м – Тегінде, екінің бірі дұрыс болар: не мен кырыққажетпей қартайған болармын, не кейбіреулер қырыққа жеткеншеқырқынан шыға алмай қойған болар...»

Сырым бейнесі бұдан әрі қарай да осылайша шешендік тілмендаралана түсуге тиіс тәрізді көрінеді. Бірақ оқушы күтпеген жердентіл контрасына тап болады. Жаңағыдай ұтқыр уәжбен ұтымдысөйлейтін шешен Сырымның сөз желісі өзге мәнерге ауысыпотырады.

«Жер-су мәселесі әділетпен шешілмеген болса, халық кеңесі өзміндетін атқара алмаған болар еді... Халық, кеңесінің кезектіжиналысын ашық деп жариялаймын...» т. б. Біздіңше, сөз желісініңбұлайша өзгеріп отыруының өзіндік көркем шешімі бар тәрізді.Бұдан түйсінеріміз – жазушы Сырымды бастан аяқ ескі бидіңмақамымен сөйлете бермейді. Сырым батыр, шешен ғана емес, елбилеудің ескі тәсілі – хандыққа қарсы шыққан, күрескен халықкеңесінің төр ағасы. Әсіресе ресми сипаттағы бөгде стильдікқолданыстар кейіпкер тіліне ел басқарудың демократиялық түрінелайық мазмұн үстеп тұрғанға ұқсайды. Жазушының тіл бояуыосындай басты идеяға бағынған тәрізді.

Сөйлеу тілі фонында шешендікке тән сөз орамдары (...қара қанжарқайраулы..., ер жүректің шайылғаны, ер Сырымның тайынғаны...,...еркелеттің – уандым, жан серігім дедің – бұрын естімей жүргендейқуандым... т. б.); дипломатиялық мәнердегі сөз ө р н е к т е р і( Губ е р н а тор – ...Ең алдымен халық кеңесі деген ел басқарудыңжаңа түрін тапқан, Сырым би, сізді...; ...сіздің осындай пікірдіаянбай жақтаған сіздің халқыңызды кұттықтаймын... Бұдан былайРоссия халықтарының арасында достық күшейе беруіне халықөкіметі тізе қосар деп үміт етеміз. С ы р ы м – Рахмет, Барон мырза,мен барлық халқымыздың атынан рахмет айтып, Сізді құттықтағымкеледі... Сізге деген біздің алғысымызды да ауызбен айтып жеткізумаған да оңай болып тұрған жоқ); кейіпкер тіліне ескілік сипатүстейтін «гримдер» (улуғ мәртебелі; мархаматыңызға мауафих; Кішіжүз халықтарының бахытына уаһам хурмет уғиззатынбағышланмыш) т. б. стильдік бояулар контраст тудырып, шығарматілінің көркемдік сипатын аша түсуге септігін тигізіп тұр. Бояуыбөтен, бөгде стильдік элементті жазушының сөзімтал қаламы сөйлеутіліне жаңастырып, «тірілтіп» отырады (шала піскен мәселе, күйіптұрған мәселе т. б.).

Жазушы өзге стильдік элементтерді дайын күйде «көшіре» салмай,қауызынан айырып барып қолданады. Сондықтан бөгде стильдікэлементтер негізгі қызметінде ғана (коммуникациялық функцияда)

жұмсалмай, эстетикалық мәнге ие болғанда, көркем тіл кестесінелайық түрге енеді. Көркем әдебиет стилінің ерекшелігіне бағынып,жазушы идеясына тәуелді болады. Ал оларды «шикізат» күйіндежұмсау шығарма тілінің көркемдік өрімін бұзады.

Стильдік контраст – кейіпкер тілін даралаудың бір тәсілі. Оныңайқын көрінетін жері – көркем диалог. Көркем диалог – драманыңнегізгі компоненті болса, ал прозалық шығарманың құрамдас бөлігі.Сондықтан стильдік контраст тек драмалық туындыларда ғана емес,көркем проза жанрында да кездесуі заңды. Көркем әңгімеде стильдікконтраст жасай білудің әсері айрықша. Енді жазушының «Атақтыәнші Майра» әңгімесіндегі мынадай диалогты еске түсіріп көрейік:

— «Шешей! – деп бастады Е р ж а н ( . . . . ) .— Шешей, біз арнаулы мемлекеттік жұмыстармен Орынбордан

Қерекуге келе жатқан студенттер едік. Ең алдымен...Әйел оның сөзін бөліп жіберді.

— Бұл қонак түсетін үй емес, – деді үзілді-кесілді.Ержан да бөгелген жоқ.

— Ең алдымен сіздің үйге кездескенімізге қуанып тұрмыз. Өйткені...Оның қуанғанына әйелдің іші жібімеген екен.

— Қуанып тұрғандай бұл үйде не нағашың, не жиеніңді көріп тұрғанжоқ шығарсыңдар! Қөз барда сол нағашыларыңды тауып алғандарыңдұрыс болар! – деп өзі шыққан есікті каттырақ жауып жіберді.

Ержанның батылдығы әлі мойырылған жоқ екен. Тағы сөйлепкетті.

— Өйткені, шешей, Қазақстан қызыл тулы ел болып, өзініңэкономикалық байлығын, ұлттық рухани байлықтарын жаңа жинапжатқан дәуірінде, – дей берді де, тілі байланғандай окыс токталыпқалды».

Сырт қарағанда, осы келтірілген микротексте мен мұндалап тұрған«әшекей» (автор қаламына тән метафора теңеу, эпитет. т. б.) жоқ,бірақ әсері айрықша. Ержан үй иесі әйелдің алдыңда митингмінбесінде тұрғандай афоризммен сөз бастайды. Асқақ сөзбен әсеретем деуі еріксіз езу тартқызады. Егер Ержан жиында, топ алдындадәл осылай сөйлесе, әсері езгеше болып, басқаша эффект тудырареді. Өйткені сөздің «дағдылы» ортада қолданылуы бар да, тосынортаға тап болуы бар. Егер Мемлекеттік жұмыстар... Қазақстанқызыл тулы ел болып, өзінің экономикалық, рухани байлықтарын жаңажинап жатқан дәуірде тәрізділер публицистика стилінде қолданылса,онда бұл олардың дағдылы үйреншікті ортасы болар еді. Ал бұлтәрізді патетикалық тізбектердің сөйлеу тілі ыңғайында құрылғанкөркем диалогта қолданылуы – сөздің тосын ортаға тап болуы.Сөздердің, сөз тізбектерінің стиль сферасын ауыстырып, стильдікбүтін ретінде осылайша «бөтен» ортада «жерсіндіре» отырып, нәзік

юмор жасауы – суреткер қаламына тән ерекшеліктің бірі. Осылайша«сөз жезін алтындай қылып келістіру» нағыз қаламгер болмаса,екінің бірінің қолынан келе бермейтіні сөзсіз. Сонымен, сөздің бөтенортада тосын жұмсалуы айрықша эмоция тудырады. Сөздіңэкспрессиялық қуатын арттырады. Суреткер қаламы сөздіңжайшылықта көрінбейтін отын тұтандырады.

Бөгде стильдік элементтерді белгілі бір мақсатқа орай әдейіжұмсап, стильдік бояуларды «дәл» бере білсе, көркем шығарматілінің жарасымы арта түседі. Жазушы сөздердің стильдікнақышында болатын небір нәзік бояуларды сөзе білуге тиіс. Сондағана бұл тәсіл керкемдік сипатқа ие болып, шығарма тілінетартылған жаңа желідей көрінеді. Ал әр түрлі стильдердің парқынажыратпай, әйтеуір осылай екен деген желеумен көркем әдебиеттілінде қолдана беру автордың тіл түйсігінің темендігін көрсетеді.Әдеби тілдің жүйеге түскен стильдік нормасымен санаспай, әр басқастильдік элементтерді көркем шығарма тілінде мақсатсызараластырып жіберу эклектизм деп аталады. Тіл бояуы бұзылғанондай шығарма өмірдің, шындықтың көркем суретін дұрыс береалмайды.

Жоғарыда айтылғандарға қарағанда, тіл әсерлілігі жеке сөздер менсөйлемдер төңірегіндегі әңгімедей көрінуі мүмкін. Сөз әсерлілігі,шындығында, сөз, текст (абзац), тарау, бөлім, тіпті шығарманыңөзіне тұтастай қатысты. Текстен белгілі бір сөйлемді «үзіп» алыпмұнда бейнелеуіш, көріктеуіш тәсілдер жоқ деп мансұқ етуге әстеболмайды. Текстің ондай «айшықсыз» тұсы өзге де қасиетіменәсерлі шығып жатуы да ықтимал. Шығарманың кейбірбөлшектерінде айшықты қолданыстардың әр түрі (метафора, эпитет,теңеу, синтаксистік параллелизмдер, антитеза т. б.) кездесіп отырса,сондай-ақ бейнелеуіш тәсілдердің дәстүрлі не төлтума түрлеріненқаға беріс тұратын тұстары да ұшырауы мүмкін. Соған қарапшығарманың ана жері әсерлі, мына тұсы әсерсіз деуге де болмайды.Ғ. Мүсіреповтің «Болашаққа аманат» драмасында небір айшықты сөзүлгілерін ұшырата отырып, сонымен бірге мына тәрізді әшекейсіз,әдеттегідей сөз өрімдерін де кездестіресіз.

«Б ө к е й – Сырым аға, мен де хан боламын ба?С ы р ы м – Боласың, кезегің келгенде.Б ө к е й – Онда мен сіздің ауылға хан болайын, жарай ма?С ы р ы м – Е, болсаң бола ғой.Б ө к е й – Сіздің атыңызды суарып жүрейін. Қолыңызға су құйып

жүрейін.С ы р ы м – Бәрекелді, жақсы хан болады екенсің...».Шындығында, жазушы эпитет, теңеу, метафораларды т. б. шектен

тыс көбейте берсе, сөз бояуы аса қоюлап, ондай шығарма тілі тым

«тәтті» көрінер еді. Ал жайшылықта айтылатын әдеттегідей сөзөрімдері шығарма тілінің «қанттылығын» азайтуға септігін тигізеді.

Сөздің шығармада образды жұмсалуы бар да, шығарманың жалпыобразды болуы бар. Бейнелеуіш, көріктеуіш тәсілдер, стильдікқолданыстар аркылы сөз образды қасиетке ие болады да, бұларқарапайымдылығымен баурап отыратын әдеттегідей қолданыстарменұштасып жатады. Осылардың бәрі бір-бірімен ұласа келуіненшығарма тілі тұтастай эсерлі көрінеді.

Тіл (сөз) әсерлілігі тек бейнелеуіш, көріктеуіш элементтерде ғанадеп ұғынған кейбір автордың кейіпкерлері шешенсіп, суырыласөйлеп тұрады. Бастан аяқ сөз жарқылына құрылған ондай шығармаоқушысын мезі етеді.

«Темірді – от, адамды сөз балқытады». Айтарлықтай айшықтыболмаса да, тыңдаушысын тәнті ететін қарапайым кейбір сөздерадамды баурап отырады. Ондай сөздің кұдіреті айтылған ойдың асамәнділігі, өзгеше нанымдылығы, алақанда жатқандайайқындылығында болса керек.

Табиғат қорғау жайында өткен үлкен жиналысқа қатысқанжурналист қарапайым орманшының мына сөзін орынды келтірген:«Орман үшін өрттен үлкен қатер жоқ. Бір ағаштан миллион талсіріңке шиін жасауға болады, ал бір тал ши – миллион ағашты құртаалады»; «Тайгадағы алтыннан бұғының миллион мүсініп құюғаболады. Бірақ соның бәрінен бірде-бір адам бір ғана тірі бұғы жасапбере алмайды» (газеттен).

Дәлелді, мазмұнды айтылған осындай қарапайым сөздің оқушысымен тыңдаушысына тигізер әсері өзгеше.

«Тіл әрқашан қырналып, мінеліп, өңделіп отыруға тиіс. Бұл үшінол халықтан жазушы мен филологқа өтіп, ал олардың қалам тезіненшыққан сон, халықтың өзіне қайта келіп, жалпы халықтық игіліккеайналуы керек» (В. Гумбольдт). Осы айтылғанға қарағанда, көркемәдебиеттің небір озық үлгілерінен оқушы идеялық тәрбие,эстетикалық нәр алып қоймайды, одан тіл жұмсаудың қыры менсырын да үйренеді. Сондықтан сөз әсерлілігі жайында әңгіме болақалса, көбіне сөз желісі көркем әдебиет тілі мәселелерімен ұштасыпжатады.

Көркем әдебиет тілінде жұмсалатын метафора, эпитет, теңеу, сөзмағыналарын ауыс мәнде құбылта қолдану т. б. ертеден келе жатқанкөріктеуіш тәсілдер. Сөз кестелеудің бұл тәрізді дәстүрлі түрлерініңауыз әдебиеті, байырғы әдеби тіл мұраларында жаңа әдеби тіліміздежасалған небір айшықты, классикалық үлгілері бар. Көріктеу қуатымол, қолданылу мүмкіндігі шексіз мұндай өміршең, дәстүрлітәсілмен қатар, сондай-ақ соңғы жылдары әдеби процестерде пайдаболған, көркемдік қолданыста кеңінен пайдаланыла бастаған

тәсілдер де бар. Олар әдеби тілдің стильдік салаларының сараланатүсуіне орай дүниеге келді.

Коғамдық қызметінің өрістей түсуіне байланысты әдеби тілімізкөркем әдебиет стилі, публицистикалық стиль, ғылыми стиль, ресмистиль делініп, стильдік арналары саралана түсті. Осы процесс жаңабір көркем тәсілдің пайда болып, көркем үлгі ретінде сөзшеберлерінің қаламында өңделе түсуіне бірден-бір себеп болды.Көркем әдебиет тіліне тән тіл ресурстарын (экспрессиялы-эмоциялысөздер, эстетикалық мәндегі образды қолданыстар, фразеологиялықтіркестер, мақал-мәтелдер т. б.) , көріктеуіш тәсілдің дәстүрліүлгілерін асқан шеберлікпен қолдана отырып, әйгілі қаламгерлерімізөзге де функциональдық стильдерден тіл бояуынын соны түрін, сөзөрнектерінің жаңа нақышын тапты.

СӨЗ ӘДЕБІ(тіл этикеті)

Жақсы сөз – жарым ырыс.Халық мәтелі.

Адам баласы белгілі бір қоғамда бірлесіп өмір сүріп, бірлесіпеңбек етеді. Қандай да болмасын қоғамның көпшілік қабылдағанәдет-ғұрып, қарым-қатынас жасау дәстүрі болады. Адамдардың бір-бірімен араластығы сол қағидаға негізделеді. Одан ауытқу өзарақалыптасқан қарым-қатынасқа қаяу түсіруі мүмкін. Сондықтан әркімбелгілі қоғамның бір мүшесі ретінде, көпшілікке аян дәстүрліқағидалар мен әдет-ғұрыптарды құрметтеп отыруға тиіс.

Адамдардың өзара қарым-қатынасы алдымен тіл арқылы жүзегеасады. Тіл пікір алысу құралы ретінде адамның тек ойын ғана емес,сөзімін де білдіреді. Сөйлеудегі ізет, құрмет, сыпайыгершілік кісініңсөзіміне әсер етеді. Өмірде жиі қолданылатын амандасу, қоштасу,ризалық білдіру, кешірім сұрау, құттықтау, көңіл айту... т. б. сөйлеуэтикеті деген ұғымға саяды. Адамдардың дидарласуына, ең алдымен,дәнекер болатын да – осылар. Туған-туысқан, жора-жолдас, тамыр-таныстармен кездескенде – амандасу, кетерде – коштасу қаншалықтыдәстүрлі әдетке айналса, біреудің қуанышына, қайғы-қасіретінеортақтасу соншалықты табиғи да. Адамның жанына жағымды, жылысөздер оның көңіл күйінің пернесі сияқты. Жылуы мол, жанжадыратар шуақты сөздің мағынасын «сіз деген – сөздің сынығы, сендеген – сөздің анығы» деген қазақ мақалы да аңғартса керек.

Сөйлеу этикетінің өзіне тән нормалары мен ерекшеліктері болады.Оған жете мән бермесек, жылы шырай, жақсы қарым-катынасқажарықшақ түседі.

Күнделікті қарым-қатынас жасауда сөз әдебін, сөйлеу этикетінсақтап жүрміз бе? Елемей-ескермей жүргендеріміз бар ма? Бүгінгікүннің талабына лайык жандандыра түсетін түрлері жоқ па?

Байыптап қарасақ, сөйлеу этикеті, сөз әдебі жайында әңгімеқозғауға түрткі болар жайттар аз емес тәрізді. Жақсы сөз де жарықсәуле сияқты айналаға жылылық сеуіп, көңілді қуанышқа бөлейді.Адамдардың ынтымағын күшейтеді. Коллективте дәстүрге айналғанізетті сөз, сыпайы мінез еңбек өнімділігіне де әсер етпей қоймайды.

Сөз арасында қолданылатын кешіріңіз, ғафу етіңіз, мүмкін болса,қажет деп тапсаңыз, рұқсат етсеңіз, мақұл көрсеңіз, лайық депқарасаңыз, қалауыңыз білсін т. б. сөздер елеусіздеу керінгенмен, тілгесыпайылық үстеп, ізеттілікті білдіреді. Мұндай майда сөздер үлкенгеде, кішіге де жарасымды болып, адамның кішіпейілділігін білдіреді.Естіген құлаққа майдай жағады.

Шырағым, қарағым, шырақ, қарындас, інішек, ағай, апай, атай, әжейтәрізді қаратпа сөздер үлкен мен кішінің арасындағы ілтипаттыбілдіреді. Тәрбиелі адамның сіз бен сен сөзінің жұмсалу дәстүріненжөнсіз ауытқымайтыны да этикет сақтауға жатады.

Сөйлеу этикетіне жататын сөздердің тілімізде сан алуан түрлерібар. Тіл жұмсау дағдымызда мұндай сөздерді жиі қолданамыз.Сондықтан болар, бұл сөздер тілімізге еш қиындықсыз орала кететіноп-оңай нәрседей көрінеді. Мәселен, амандық сұрасудың ешқиындығы жоқ тәрізді (Сәлеметсіз бе?... Аман-есенсіз бе?, Армысыз!Сәлем бердік! Ассалаумағалайкум! Кеш жарық т. б.).

Алайда, бұлардың толып жатқан түрлері, синонимдері,варианттары бар. Сондықтан оларды талғап, таңдап қолдануға туракеледі. Олардан туатын ерекшеліктерге мән бермесек, онда сөзқолданысымызда еш мүкістік жоқ деп айта алмаймыз.

Амандық сұрасу – тұрмыста жиі айтылатын, құлаққа жиі естілетінсөздеріміз. Бірақ бұлардағы мағыналық, стильдік реңк олардыталғап, таңдап өз орайында, өз орнында қолдануды қажет етеді.Мысалы, Сәлеметсіз бе? деп амандасу үлкен-кішіге, таныс-бейтанысқа, ресми жағдайда да, еркін жағдайда да қолданылаберетінін байқасақ, ал Ассалаумағалайкум! деп амандасуды ауылдағыкейбір жасы үлкен ақсақалдар ұнатып тұрады.

Әжелеріміз бен апаларымызға бұлай амандасу қолайсыз жағдайғадушар қылады. Немесе мектеп шәкірті ұстазымен Сәлеметсіз бе? депсыпайы сәлемдеседі. Міне, бұл тәрізді ерекшелік амандасуғажататын этикет сөздерде мағына, стильдік өзгешеліктермен қосаәлеуметтік сипат барын аңғартады. Ал кішінің үлкендерге Сәлембердік! деп қолын ербеңдетуі, не жүрдім-бардым амандасуы тымәдепсіздікке жатады.

Мұндайда амандық сұрасудың қарапайым этикеті бұзылады.Әрине, сәлемдесу, амандасу адамның бойындағы сыпайы мінез,ізеттілікпен астасып жатса жарасымды шығады. М. Әуезовтің өзімізсүйіп оқитын «Абай жолы» романынан мынадай екі эпизодты ескетүсірейікші.

«Абай тоқтаған қалпында бойын тез жиып, аттылардың алдынажұмысы бар кісідей кәлденеңдеп көп, тосып тұрды. Аттылар мұныңқозғалысын оқыс көрді ме немесе таныды ма, аттарын баяубастыра бастап, жақындап тұстас келді.

Сол уақытта Абай үлкен ыкылас білдіріп, айрықша біртағзыммен төсін басып, катты дауыстап:

— Ассалаумағалайкум.!.. деп сәлем берді...Өзге қазақтан бөлек, мына сияқты, бір алуан сыпайылыққа

Бөжей оң назарын салды білем... атының басын тежей беріп:— Уағалайкумәссалам, балам!... – деп тоқтай қалды».

Осылайша кішінің әдеп сақтап, үлкенге ықылас қоя бергенсәлемі әрдайым оның кішіпейілділігін көрсетіп, тәрбие-парасатын аңғартып тұрады.

Ал сыпайылықтан алыс жатқан даңғаза амандықты сәлемалушылар салғырт қабылдайды.

«Енді біразда ауыз үйдің есігі ашылып, қолына қамшыұстаған, бет-аузын қырау басқан, табанының қары шақыр-шұқыр еткен, аяздаған бір жолаушы кіріп келеді екен. Ол кіребере:

— Ассалаумағалайкум! – деп, мәжіліске даурыға сәлем берді.Отырған жұрт бұның сәлемін тосырқай, жақтырмай, ақырыналды».

Сәлем – сөздің анасы. Жылы кейіп, жақсы сөз алдыменамандық-саулықтан басталады.

Сәлемдесу, амандық сұрасу сөздерінің бірнеше синонимі барекендігі айтылды. Алайда тілдің осындай оралымдымүмкіндігін кейбіреуіміз үнемі ескере бермейтін тәріздіміз.Кейде сәлем алушы басқа сөз таппағандай сәлем берушініқайталап жатады. Сәлеметсіз бе? деп амандасқан адамға оның өзсөзін қайталап Сәлеметсіз (бе)? деуден гөрі «Аман-есенсіз бе?».. депжауап қату жарасымды болар еді.

Сөйлеу этикетіне жататын сөздердің бірі қоштасуға қатыстысөз легі: Сау болыңыз, қош болып тұрыңыз, келесі кездескенше,көріскенше күн жақсы, жайлы жатып, жақсы тұрыңыз, жолыңызболсын, сапар сәтті болсын т. б. Ситуацияға орай қолданылатынмұндай сөздерде де мағыналық ренк, айырма бар. Мәселен,бүгін-ертең немесе таяу күнде кездесетін, хабарласатынқызметтес адаммен көріскенше күн жақсы, аман барып, сау қайтыңыз!

деп коштаспайтынымыз белгілі. Ал алыс жол, ұзақ сапарғааттанып бара жатқан танысымызға сау болыңыз! деп қана қоюсалғырттықты білдіреді, сондықтан мұндайда сапар сәттіболсын!, жолыңыз болсын! тәрізді эмоция, экспрессиясы басымдаусөз орамдарын қолданамыз.

Тіпті сапар сәтті болсын мен жолың болсын дегеннің өзіндеелеулі айырма барын сөз мәдениетіне жанашыр жазушымыздыңбірі өте орынды көрсеткен: «Алматыдан тоғыз тарау жолшығады. Солардың бәрінің жағасында «Сәтті сапар!» деген игітілекті жазулар тұрады. Бұл – соның қатарындағы «Счастливогопутидің» аудармасы. Дәлме-дәл тәржіма. Түсінікті болғанмен,қазақша емес. Халқымыз жолаушыға «Жолың болсын!» деуші еді.«Сапарың сәтті болсын!» деуге де болады. Тек мынаны еске түтукерек: жолаушылап кайту мен сапарға шығу бір емес. «Сапаржолы – қиын жол» дейтін мәтел тегін айтылмаған. Бірақ әлгітақтайларды жол бойына орнатқан жолдастардың оныажыратарлық шамасы болмаған шығар. Ал қолына қалам ұстап,газет-журнал бетінде бірді-екілі мақала жариялап жүрген, якижазсам деп талаптанып жүрген адам мойынға бұлардан геріүлкенірек жауапкершілік алуға тиіс» (газеттен).

Сәлемдесу, қоштасуға байланысты сөздер тілімізде молболғанымен, олардың әрқайсының жұмсалу аясы, қолданылатынорны бар екен. Сөйлеу мәдениетіне ысылған адам ондайерекшеліктерді аңғара отырып, олардың жігін тауып қолданады.

Сөйлеу этикетіне жататын эмоция, экспрессияға аса бай сөзлегінің бірі – кұттықтауға қатысты сөздер. Қазіргі өмірімізде қуанышдара сипатты емес, коғамдық мәні бар. Қызметтес адамныңқуанышты жүзі айналасын жақсы әсерге бөлеп, көңілін көтереді.Ондай адамның қуанышына әрдайым ортақтасып, ықылас тілегіңіздібілдіресіз. Әсіресе жасы үлкен кісілерден небір сөз асылын естугеболады. Олар үйленген жастарға «Қосағыңмен қоса ағар!», «Босағаңберік, шаңырағың биік болсын!», «Қадамдарыңа гүл бітсін», «Н ұ ржаусын!» деп ақ тілеу, адал ниеттерін білдіріп жатады. Шынкөңілден шыққан сөз жүрек тебірентеді.

Алайда аузымыздан шыққан құттықтау сөздің бәрі бірдей жүреккежол тауып, жарасымды шығып жата ма? Көбімізге белгілі мынадайоқиғаға назар аударайықшы. Өзімізге жақсы таныс ата-аналардыңбірі тұңғышының мектеп табалдырығын аттағанын қызық көріп,көңіл жақын жора-жолдастарын шақырып, сәбидің тілашар тойынжасайды. Мұндайда қуанышқа жиналған жұрт құтты болсын айтып,тәтті тілек, ыстық ықыластарын білдіретіні сөзсіз. Алайда тойғакелген жастардың бір алуаны сәбиді Мектепке баруыңмен! депқұттықтап жатты. Мағына үйлесімі жоқ, әсер, реңнен жұрдай мұндай

күрмеулі құттықтау сәби жүрегіне жетті ме екен деп күдіктенесіз.Осылайша көңілге күмән үялап тұрғанда: Қадамың құтты, болсын,құлыным! деп, жүзі балбұл жанған немересінің маңдайынан иіскепайтқан ақ жаркын әже сөзі бәрінен де мейірімді естілді.

Алыс жол, ұзақ сапардан келген, кезекті демалысынан оралғанжора-жолдас, қызметтес әріптестерімізбен қауышып, қуанышбілдіріп, көнілін аулаймыз. Мұндайда кейбіріміз Келуіңізбен! депқұттықтауды дағдыға айналдырдық. Әрине, қызметтес жора-жолдастардың көңілін көтеріп, жақсы әсер қалдыру өте орынды.Қерек десеңіз, мәдениетті адам үшін аса қажет дәстүр. АлайдаКелуіңізбен! деп үйлесімі жоқ емеурін білдіру осы ниетімізбенқабысып жата ма? Ал ата буын, тілге ысылған адамның сөзқолданысына ден қойсақ, мұндай жасанды сөзден гөрі Ат-көлік аманба, аман-есен келдің бе?, Аман барып, сау қайттыңыз ба? т. т. тәріздітігісі жатық, дәстүрлі сөз орамдарын тұтынатынын байқаймыз.

Құттықтау сөздер экспрессия, эмоцияға бай болса, сөздің де әсерліболатыны белгілі. Кейде сөздердің қолдану аясын саралай білмесек,ондай әсерді әлсіретіп аламыз. Мәселен, өзіңіз қадірлейтін қарияныПенсияға шығуыңызбен! деп құттықтамас едіңіз. Себебі мұндай сөзорамының (пенсияға шығу сөзінің) көбіне ресми стильде, іс-қағаздарытілінде қолданылатынын сөзінесіз. Сөзіңіз бейтарап шықпас үшінҚұрметті демалысыңыз құтты болсын! тәрізді еркін сөз орамдарыныңбірін талғайсыз. Пенсия сөзін құрметті демалыс деп атап, сөзіңізгежағымды рең үстейсіз. Бұл – өте орынды талап. Өйткені құттықтаусөзіне аса қажет эмоция, экспрессиясыз сөз тосын құлаққасалқындау естілуі мүмкін.

Алайда эмоция-экспрессиялық әсерге бай екен деп сөздердіталғаусыз кез келген жерде қолдана беруге тағы болмайтыны белгілі.Екі бүктеліп еңкейіп отырмаса да, кей ерлі-зайыпты жас жұбайларбірін-бірі шал!, кемпір! деп отырады. Шалың келді ме? Кемпіріңқайда? тәрізділерді әзілі жарасқан құрбылардың айтып отырғанын даара-тұра естіп қаласыз. Мұндай сөздерді қолдану кейбіреуге тіптітұрпайы көрінеді. Әрине, «мына сөзді айт, мына сөзді айтпа», деп,біреудің аузына біреу қақпақ бола алмайды. Мұндай сөздерді егерқатар-құрбы, ерлі-зайыптылар өрескел көрмесе, кемсіту дептүсінбесе, өзара ғана қолдана беруіне болатын да сияқты. Албейтаныс ортада, үлкен-кіші аралас отырыста, қоғамдық орындардаәлгідей «іш тарта» айтылған сөзді араластырып сөйлеу жағымсызэмоция тудырады. Ондайды үлкенді сыйламағандық, кішініелемегендік деп түсінеді. Осы тәрізді бір алуан этикет сөздерортамен есептесіп, санасып отыруды талап етеді.

Егер шындыққа жүгініп, өткенге кез салсақ, «мықтыларқауымынан» гөрі әйелдер ізетті ме деп қаласыз. Өйткені олар

еркектер тәрізді Әй, пәленше!, Әй, түгенше! деп, зайыбының атынатап, Әй-ді қосақтап айтуға ауыздары бармайды. Болаттың көкесі-ау!, Асқардың әкесі-ау! Біздің үйдегі кісі деп сыпайы үнмен сынықсейлеп отырады. Бұлайша атауға бұрынғы замандағы әлеуметтіктеңсіздік мәжбүр еткен. Сондықтан болар, әйелін жек керіп айтпасада, біразға дейін еркектер «әй» деп сейлеуге әдеттеніп кеткен. Дөрекібіреу болмаса қазіргі кезде «әй»-ді ешкім айта қоймайды. «Әй»-діңзаманы алыстаған. Қазіргі заманда ерлі-зайыптылар бірін-бірі қалайатаймын десе өз еркі. Сондықтан да болу керек, отбасындаотырғанның өзінде кейбіреулер бірінің атын бірі «паспорттағыдай»атап отырады. Дегенмен ынтымағы жарасқан отбасының өзэтикетінің болуы жарасымды емес пе? «Жаным десе, жан семіреді»дегендей ерлі-зайыптылар бірінің атын бірі тура атап, «пәленше»,«түгенше» дегеннен гөрі, сыпайылықпен іш тарта атаса несі айып?Ондай жылы шырай, сыпайы рең үстейтін тәсіл тілімізде бар ма?Ерлі-зайыптылар бірін-бірі қалай атағаны жөн?

Мысалды алыстан іздемей-ақ қояйық. Сонау соғыс жылдарындамайдангерлердің зайыбымен жазысқан хаттарын еске түсірейікші.Сәлем хаттағы «Дүйсенжан, Сейсентай, Бейсеш, Майраш,Жамалжан, Жұмажан» тәрізді ыстық сөз солдаттың сарғайғансағынышы іспетті емес пе?

Сыйластығы мол, тату-тәтті кейбір ерлі-зайыптылар осындайтүрде Сәулені – Сәулеш, Нұрбекті – Нұржан т. б. деп атайды.

Кейбіріміз қолдансақ та, кейбіріміз елей бермейтін мұндайжаңамалап атауды от басының әдебіне айналдырсақ, сыйласымғасыпайылық үстемей ме? Оның үстіне кісі есімін бұлайша жаңамалапатау – атты бүрмалау емес. Халық дәстүрінде баланы кішкенекезінен еркелетігі атау дағдысы бар. Осындайдан барып Құдайберген– Құдыш, Тәңірберген – Тәкен, Әбдірахман – Әбіш, Еламан – Елен,Сәдуақас – Сәкен, Сақыпжамал – Сақыш болып, дербес есімгеайналғаны көбіміздің қаперімізге келе бермейді.

Дәулетбекті – Дәулет, Нұрғалымды – Ғалым, Әміртайды – Әмір,Ақбаянды – Баян, Айманкүлді – Айман, Ақжамалды – Жамал депатау да есімді ықшамдап, эмоциялық өң дарыту мақсатынан пайдаболған. Ал дербес есімге айналған соң, бұлардың эмоция,экспрессиялық реңі солғын тартады. Алайда мұндай есімдердіҚұдышжан, Тәкентай, Сақыштай деп, «жан», «тай» тәріздітұлғалармен түрлендіріп отырса, сөздің. шырайы ашылып, эмоция-экспрессиялық рең қайта жаңғырып, құбыла түседі.

Халық дәстүрінде жақсы ниет, адал тілеулестікті білдіретін этикетқаншама?! Олардың қазіргі тіл қолданысымызда жандандыра түсугеболатын түрлері де аз емес.

Әскер қатарында болып, азаматтық борышын абыроймен өтепкелген баласын, ұзақ жыл сыртта жүріп оқудан келген ұл-қызынкөргенде, ата-ананың қуанышында шек болмайды. Ондайда тілеулесадамдар Балаң келіп, көзайым болдың ба? деп қуанышқа ортақтасады.Бұлайша жақсы ниет танытып, көңіл көтере түсу үлкенге де, кішігеде лайық.

Егер халық тілі байлығына зер салып, зейін қойсақ, бұл тәріздіалуан түрлі сөз орамын кездестіреміз. Бірак, амал не, бұлардың көбіжастардың сөйлеу дағдысына енбей, елеусіз қалып бара ма депкүдіктенесіз.

Этикет сөздің молдығынан ешбір тіл зиян көріп, зардап шекпейді.Ондай сөз орамдарының елеусіз жүргендерін ескеріп, ескісінжаңғыртып отырсақ, сөйлеу этикетін байытып, бояу нақышынқұбылта түсеріміз сөзсіз.

Қырман басына келген қария сөз сабақтамастан бұрын Қырмантасысын!, Қызыл көбейсін!, Дик,ан дарысын! дейді. Бұйымтайын,шаруа жайын қозғамас бұрын шопанға Бағар көбейсін!, Қөгенің қозылыболсын! деп, алдымен жаксы тілегін аңғартып алады. Мұндай этикетәдептілікті, сыпайылықты аңғартумен қоса, тілге тиек те болады.Ақжарқын кейіпті танытып, жақсы ұғынысуға жол ашады. Осытәрізді тілек бүгінгі күннің мүддесіне де үйлесімді, заманымызға сайкеледі. Малшы болсын, дикан болсын халық дәулеті үшін еңбек етіп,молшылық үшін күресіп жатыр. Олардың еңбегін дәріптеп,жақсылықка балап айтылған сөз еңбек адамының мерейін өсіреді.«Өз көңіліңді көтерем десең, өзгені де көңілдендіре біл» деген МаркТвеннің ұтқыр сөзі осы орайда еске түседі.

Алайда диканға жақсы ниет аңғартам деп кейбіреулер Жаңбыртілеймін!, Ашық аспан тілеймін! тәрізді жасанды сөзге бой ұрады:«Ендеше қош бол, қарағым! Үш жарым апта бойына шүйке бұлтсызашық аспан тілеймін» (газеттен). Мағына – сөздің жаны. Сөздібұлайша қолдану жанынан айырып, сүлдесін қалдырумен бірдей.Егер тілде барды елеп, ескеріп отырсақ, әлгіндей сөздің орнына«Нұр жаусын!», «Күніңіз ашық, күзіңіз жайдары болсын!» тәрізді сөзорамдарының бірін қолдануға болмас па еді?

Уақыт өткен сайын кей дәстүр ескіріп, жаңасы өмірден орынтебеді. Алайда ескі дәстүрдің бүгінгі күнге қажеті жоқ деп бәрінетеріс қарауға болмайтыны белгілі. Жаңа заманға орай олардың дажаңа мазмұн, жаңа сипат алатындары болады. Заман талабына лайықөміршең дәстүрді таңдай біліп, жаңа мазмұн үстеу рухани өмірге нәрбереді.

Халық арасында ертеден тараған бата беру дәстүрі бар. Жасыүлкен кей адамдар дәмнен соң дастарқан қайырып, бата береді.Жақсы ниет білдіреді. Бірақ сөз арасында үйренген дағды бойынша

Тәңір жарылқасын, құдай тілеуіңді берсін тәрізділерді қосып қояды.Сондықтан ба, кейбіріміз мұндай дәстүрді қалайкабылдайтынымызды білмей дағдарып қаламыз. Мұндай сөзорамдарының мазмұны қазіргі заманымызға үйлеспейтіндігі белгілі.Бірак ондай діни орамдардың орнын еңбекте табысты, өмірдебақытты бол дейтін айшықты сөз өрнегімен толтыруға қазақ тілініңқуаты әбден-ақ жетеді. Заманға лайық батаға жаңа мазмұн үстеп, үй-иесінің дәм-тұзына алғыс білдіріп, риза көңілмен тілек айту этикеткеайналса, еш айыбы жоқ деп ойлаймыз.

«Әр елдің заңы басқа» демекші, бір елде бар этикет екінші елдекездесе бермейді. Бір тілден екінші тілге сөз ауысуы тәрізді, бірхалықтан екінші халыққа этикет ауысуы да мүмкін. Қандай халықболмасын, өзінде жоқты өзгеден алып, өз топырағында жерсіндіребіледі. Кейде жаңаны жатсынбасақ та, дәстүрде жоқ нәрсе тосындаукөрінуі мүмкін.

Көптеген мәдениетті елде дәм алып отырған адамға тілек білдірудәстүрі бар. Соның әсері болу керек, тамақ ішіп отырған танысынкөргенде, кей адам Ас дәмді болсын, тағам тәтті болсын, тәбетіңізашылсын тәрізді тілектер айтып, шүйіркелесіп жатады. Алқайсыбіреулері «қазақтың онсыз да тәбеті мықты ғой» деп, мұндайтілек білдіруді таңсық көрмейді. Ондай тілек айту дәстүрде жоқ депбіледі. Бірақ қазіргі кезде ел мен елдің, халық пен халықтың қарым-қатынасы, мәдени байланысы ерістеп отырған заманда көркемшығармаларда кездесетін бұл тәрізді этикет сөздерді бәрі-бір анатілімізге аударуға тура келмей ме? Олай болса, жұмған аузымыздыашпай, үн-түнсіз қалғаннан гөрі дәм татып отырған танысымызғаілтипат білдіріп, құрмет көрсетуді этикетке айналдырудың ерсілігіжоқ.

Оқушылар, студенттер қадірмен ұстаздарына қарап ағай, апайдеген сөздерді көп қолданады. Бұлар аты-жөнің білмеген кісігеайтылатын ресми қаратпа сөз сияқтанып кетті. Халқымызда тағысондай құрмет нышаны ретінде ер аттарының басқы буындарынқысқартып алып, оған – еке, (ақа) сөзін қосатынымыз бар: Әлеке,Жұмеке, Есеке, Мәке, Жәке, Нықа, Сәке сияқты қаратпаларды әдеттетонның ішкі бауындай жақын, жасы үлкен адамдарға айтамыз.Мұндай дәстүрлі қаратпалардың ыңғайымен Иван, Виктор,Константин, Гарибальди тәрізді өзге ұлт өкілдерінің аттарынқысқартып «қазақыландырып» айту да өрескел көрінер еді.«Гарибальдидің көзі – қос сұрақ, ол менің көзім болуы мүмкін, алГарекеңдікі әншейін қос сызық» (кітаптан). Автордың бұл тәрізді«жаңалығын» жарасымды деуге болмайды, Мұндай орайда дақадірмен кісілердің аты-жөнің атаған дұрыс.

Қоғамдық өмірдің әр саласында қызмет етіп жүрген адамдардыңсіңірген еңбегіне лайық әр түрлі атақ, дәрежелері болады.Мәдениетті елдің дәстүрінде ондай атақ, дәрежелерді кісіфамилиясымен қоса атайды: Лениндік және СССР Мемлекеттіксыйлығының лауреаты М. О. Әуезов, СССР Ғылым академиясыныңакадемигі Қ. И. Сәтбаев, СССР Халық артисі К. Байсейітова, полковникБ. Момышұлы. Бір адамның бірнеше атақ дәрежесі болуы ықтимал.Ондай атақ, дәреженің бәрін тізе беру мүмкін болмаған жағдайда еңүлкен атақ, дәрежесін ғана атауға болады. Әр түрлі атақ, дәрежені,мамандықты ресми жағдайда кісінің фамилиясымен қосып атағанжөн: профессор Қасымов, доктор Дарханов, механизатор Дүйсенов т. б.Себебі мұндай этикетті жұрт атақ, дәрежені сыйлап, мамандықтықұрметтегендік деп қабылдайды,

Тіл мәдениетіне ден қойған адам сөйлеу этикетіне айрықша көңілбөледі. Сөйлеу ізетінің өзіндік кыр-сырын аңғара біледі.Шаруашылығы мен мәдениетіне, ғылымы мен өнеріне аса зор еңбексіңірген әйгілі қайраткерлерді халық зор құрмет тұтады. Мәңгі естеқалдырады. Ондай адамдардың есімін жай ғана атай салмай әр түрліэпитеттермен атайды: Ұлы Абай, жыр алыбы Жамбыл, күй атасыҚұрманғазы т. б. Қоғам қайраткерлері, әйгілі ғалымдардың айтқанпікірлеріне сүйенгенде: «Ұлы жазушы М. Әуезов айтқандай..., әйгіліғалым Қ. И. Сәтбаевтың зерттеулерінде...» тәрізді сөз сабақтау –оларды тек бедел тұтқандық қана емес, құрметтегендіктің белгісі.

Өзге де ұлттың прогресшіл қоғам қайраткерлерін, халық мүддесіүшін күрескен ұл-қыздарын, адамзат мәдениетіне еңбек сіңіргенәйгілі адамдарды ізетпен атау – оларды қастерлеудің белгісі. Бұлтәрізді ерекшелікті тіл этикетіне сіңіре білу енегелікті көрсетеді.

Адам баласы табиғатында темірдей тезімді, гүлдей нәзік.Қапелімде айтылған бір ауыз сөзбен кісіні ренжіту де, қуанту даоңай. Сөз қуаты шексіз. Не бір сөз асылын айтпағанның өзінде,күнделікті қатынаста жүрген этикет сөздердің қолданылуындақаншама қыр-сыр жатыр. Сөйлеу этикетін әдеппен қолданып,мүмкіндігін аша білсек, ізгілікке нұсқап, ізеттілікке бастайтынжақсы жақтарын жетілдіре берсек, адамдар арасындағыынтымақтыққа ұйытқы болады. Жас ұрпақты адамгершілікке баулып,коллективизм рухында тәрбиелеуге септігі тие ме деп ойлаймыз.

Сөз мәдениетінің сан алуан қыры бар. Әрине, біз олардың бәрінемес, кейбір мәселелерін азды-көпті сөз еттік. Бұл орайда профессорМ. Балақаевтың қазақ тілі мәдениеті жөніңдегі зерттеулері, сондай-ақ өзге де тіл мамандары, жазушылар мен журналистеріміздіңбаспасөз беттеріндегі пікірлері де бұл жұмыстың орындалуынатікелей септігін тигізді. Соңғы жылдарда орыс тілінде сөзмәдениетінің теориялық мәселелеріне арналған кітаптар (Л. И.

Скворцов. Теоретические основы культуры речи. М., 1980;Б.Н.Головин. Основы культуры речи. М., 1980) жарық көрді. Тиістіжерінде сонда айтылған теориялық тұжырымдарға да сүйеніпотырдық.

Сөз қолданудың үлгісі ретінде байырғы өлең жырлардан, қазіргікөркем шығармалардан мысалдар келтірілді. Оқырмандар сынкезімен қараса деген мақсатпен берілген мысалдар да түгелдейдерлік газет-журналдар мен кітаптардан, микрофонматериалдарынан алынды.

Қазіргі кезде қазақ әдеби тілінің қоғамдық өмірдің әр саласындажұмсалып, жазбаша түрдегі де, ауызша түрдегі де қызметі өрістейтүскен сайын, сөз мәдениетіне ден қою бұрынғыдан гөрі артады.Сондықтан оның күрделі мәселелерін әрдайым тілге тиек етіпотыруға тура келеді. Бұл, әрине, жұрттың бәрін көмекейі кесілгеншешендікке тәрбиелеу деген сөз емес. Әйтсе де қоғамдық өміргеқызу араласу, социалистік Отанымыздың жан-жақты жетілгеназаматы болу үшін сөз мәдениетінің жұрттың бәріне ортаққарапайым шарттарын игеру кімге де болса аса қажет. Өндірістің қайсаласында жүрмесін, өз ой-пікірін, сөзімін айқын, әсерлі жеткізеалатын азамат қоғамдық өмірге де белсене араласа алады.

М А З М Ұ Н Ы

Алғы сөз...................................................................................Сөз басы...............................................................................................................Сөз жатықтығы (әдеби тіл нормасы).............................................................Сөз байлығы.......................................................................................................Сөз тазалығы......................................................................................................Сөз дәлдігі............................................................................................................Сөз әсерлілігі.......................................................................................................Сөз әдебі (тіл этикеті).........................................................................................

УАЛИЕВ НУРГЕЛЬДИ

Культура языка

(на казахском языке)

Редактор А. Мендекеев

Худ. редактор К. Утебаев

Тех. редактор К. М. Абдикаримова

Корректор Б. Жагыпаров