кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

30
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгроИнновация» АҚ «ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ» ЖШС ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КҮРІШ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР Астана, 2010
  • Upload

    -
  • Category

    Documents

  • view

    1.751
  • download

    1

Transcript of кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

Page 1: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

«ҚазАгроИнновация» АҚ

«ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ» ЖШС

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КҮРІШ ӨСІРУ

ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР

Астана, 2010

Page 2: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

2

УДК 633.181

ББК 42.112

А 70

Қызылорда облысында күріш

өсіру технологиялары жөніндегі

ұсынымдар

Құрастырушылар:

техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ӛмірзақов С.Ы.,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары – Тәутенов И.А.,

Бәкірұлы Қ., Жамантіков Х., Подольских А.Н., Тохетова

Л.А.; институттың ғалым хатшысы Вильгельм М.А.,

агротехнология бӛлімінің меңгерушісі Шермағамбетов К.,

ғылым кандидаттары – Байбосынова С.М., Әбілдаева Ж.

Ұсынымдар күріш ӛсіретін шаруашылық басшыларына,

мамандар мен және сушыларға, ауыл шаруашылығы мамандығы

білімгерлеріне арналған.

Издано в рамках программы 056

«Повышение конкурентоспособности сельскохозяйственной продукции»

Рассмотрено и одобрено на заседании научно-технической комиссии АО

«КазАгроИнновация», 2 августа 2010 года.

Page 3: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

3

Кіріспе

Қазақстан Мемлекетіне Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру кезінде

қойылатын шарттардың бірі – Республикада ӛндірілетін тауарлардың, оның

ішінде ӛсімдік ӛнімдерінің бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Қызылорда

облысында ӛндірілетін ӛсімдік ӛнімдерінің негізгісі – күріш жармағы.

Күріштің ӛнімділігі, әсіресе жармағының сапасы, күріш сорттарының

потенциалдық мүмкіншіліктеріне тікелей байланысты.

Ӛңіріміздегі экологиялық ақуалдың нашарлануына байланысты

дақылдарды, әсіресе күрішті суаруға жұмсалатын су мӛлшерін кеміту

қажеттілігі жылдан жылға арта түсуде. Шамадан тыс артық жұмсалған судың

күріш жүйесі топырағының мелиоративтік жағдайын тӛмендететіні де белгілі.

Сондықтан топырақты минималды ӛңдеу: топырақ бетін лазерлі тегістегішпен

тегістеп, атыздарды арандатып суару арқылы арамшӛптерді шығарып алып,

соңынан фрезамен немесе ауыр дискілермен, чизельмен ӛңдеп, жою

технологиясы бірден-бір перспективалы шара болып саналады.

Перспективалы шараларға күрішті жалға егу тәсілі де жатады, себебі

аталмыш технологияны қолданғанда қалыптасқан жүйемен салыстырғанда су

25%-ға, минералды тыңайтқыштар 20%-ға, тұқым 1,7 есеге аз жұмсалады,

жанар-жағар май да үнемделеді.

Қазақстандық Арал ӛңіріне аталмыш технологияларды енгізгенде су

тапшылығына қарамай күріш егісінің кӛлемін 65-70 мың гектар деңгейінде

сақтауға болады.

Page 4: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

4

1. Қызылорда облысында пайдалануға рұқсат етілген күріш

сорттарының сипаттамасы

Қызылорда облысында күріштің рұқсат етілген Кубань 3, Маржан,

Авангард, Арал 202, Ару, Мадина, Түгіскен 1 және жаңадан аудандастырылған

Ресейдің Новатор, Лидер, Янтарь сорттары егіледі.

Кубань 3 сорты. Бүкілодақтық күріш

ҒЗИ-да Красноармейский 313 сортынан жеке

іріктеп алу әдісімен шығарылған. Сорттың

авторлары: С.А. Яркин мен А.П. Сметанин.

Сорт Қызылорда облысында 1965 жылдан

бастап аудандастырылған. Пісу мерзімі

орташа – 103-105 тәулік, кӛктемгі ауа-

райының құбылмалылығына тӛзімді, далалық

жағдайда дәнінің ӛнгіштігі жоғары, су

деңгейінің тереңдігіне тӛзімділігі жоғары.

1000 дәнінің массасы –30-32 г, қауыздылығы

– 18-20 %. Сорт ауыспалы егістегі алғы

дақылды аса талғамайды және бұл сортты

ерте кӛктемде де, кештеу де егуге болады.

Сорттың кемшіліктеріне сабағының жығылғыштығы, дәнінің

жарықшақтылығы және жарма шығымының тӛмендігі (64-68%) жатады.

Маржан сорты. Қазақ күріш ғылыми

зерттеу институтында жергілікті селекциялық

КРОС-356 үлгісіне мутагенез әдісін қолдану

арқылы шығарылған, Маржан сорты – vulgaris

түр тармағына жатады. Сорттың авторлары:

Қ. Бәкірұлы, А.А. Құрамысов, Т.А.

Верещагин, Қ.А. Әлімбетов.

Сорт қоршаған орта мен ӛсу дәуіріндегі

қолайсыз жағдайларға тӛзімді, экологиялық

тұрақты. Судың және топырақтың

тұздылығына тӛзімді. Морфологиялық,

биологиялық қасиеттері бойынша орташа

интенцивті түрге жатады. Ӛсу дәуірі – 112-

117 тәулік, ӛсімдік биіктігі – 105-108 см,

масағының ұзындығы – 17-19

см, ондағы дән саны – 90-100, 1000 дәннің массасы – 33-34 г. Ӛнімділік әлеуеті

– 75-80 ц/га.

Сорттық дәнінің технологиялық сапасы мен жармасының тағамдық

қасиеттері жоғары. Жарма шығымы – 65,8 %, шынытүстілігі – 77 %,

қауыздылығы – 17-19 %, дәнінің жарықшақтылыққа тӛзімділігі жоғары, бүтін

дән шығымы – 78-87 %.

Авангард сорты - Ӛзбек күріш ғылыми-зерттеу институтында К-4679 х

Узбекский 5 сорттарын будандастыру арқылы алынған. Авторлары: Р.А.

Page 5: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

5

Пулина, Рисхиева С. Қызылорда облысында 1987 жылдан бастап

аудандастырылған.

Кеш пісетін сорттарға жатады, ӛсу дәуірі – 120-122 күн, жығылуға

тӛзімді, дәндері тӛгілмейді және минералды тыңайтқыштарды тиімді

пайдаланады.

Технологиялық және жармалық сапасы жоғары. Дәні ұзынша,

шынытүстілігі – 98%, қауыздылығы – 17-19%, жарма шығымы – 71%, 1000

дәнінің массасы – 32-33 г. Ӛнімділік әлеуеті 70-75 ц/га.

Ару сорты - Мемлекеттік сортсынаққа

2003 жылы беріліп, 2007 жылы Қызылорда

облысында аудандастырылған.

Сорттың авторлары: Қ. Бәкірұлы, А.Н.

Подольских, Т.Қ. Қарлыханов, Г.Т. Мейрман.

1000 дәнінің массасы - 30-32 г,

қауыздылығы – 18-19%.

Сорт ӛте ерте мерзімде піседі,

сондықтан су пайдалану мерзімі қысқарып,

суару нормасы азаяды. Ӛсу дәуірі 70-95

тәулік, бұл жергілікті стандартты Маржан

сортымен салыстырғанда 17-20 күнге қысқа.

Ауа-райының қолайсыздығына тӛзімді, егілу

мерзімі кешеуілдеген жағдайда да тұрақты

ӛнім береді.

Тұздылыққа, суыққа тӛзімді, жығылуға, тӛзімділігі орташа және дәні

тӛгілмейді. Түптеудің алғашқы және соңғы кезеңдерінде азот тыңайтқыштарын

қолдану ӛнімділігін күрт арттырады. Ӛнімділік әлеуеті – 55-60 ц/га.

Ӛнімді жинау уақытылы және сапалы жүргізілген жағдайда стандарт

Маржан сортымен шамалас ӛнім алуға болады. Дәндерінің шынытүстілігі 78%;

жарықшақтылығы 9%; жалпы жарма шығымы - 67,5%; бүтін жарма шығымы -

83,6%.. Жармадағы ақуыз мӛлшері – 10-11 %.

Сортты Қазақстанның барлық күріш алқаптарында, әсіресе Қызылорда

облысының солтүстік және Алматы облысының ауа-райының күрт ӛзгермелі,

суы тапшы аймақтарында егуге болады.

Page 6: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

6

Арал 202 сорты - Мемлекеттік

сортсынаққа 2001 жылы беріліп, 2006 жылы

аудандастырылды.

Сорттың авторлары: А.Н. Подольских,

С.М. Байбосынова, Т.Қ. Қарлыханов, Қ.

Бәкірұлы.

1000 дәнінің салмағы – 36,0-36,5 г,

қауыздылығы–17-18%.

Ӛсу дәуірі 118 тәуліктен аспайды.

Маржанмен салыстырғанда 5-7 тәулік кеш.

Ӛсімдік тұзға тӛзімді, бастапқы ӛну-ӛсу

дәуірі жылдам, сондықтан терең су астында

жақсы дамып жетіледі, суыққа тӛзімді.

Дәндерінің уызданып, құрғап пісуі ауа-

райына тәуелсіз әрі жылдам жүреді.

Конкурстық сортсынақтары ӛнімділігі – 89,8-94,0 ц/га, Маржанмен

салыстырғанда 8,7 ц/га жоғары. Азот тыңайтқыштарын түптеудің бастапқы (3-

4 жапырақты) және соңғы (8-9 жапырақ) кезеңдер қолданған жағдайда

ӛнімділігі ӛте жоғары болады.

Арал-202 сортының қауыздылығы - 17,6%, шынытүстілігі - 85%,

жарықшақтылығы - 8%, жалпы жарма шығымы - 68,1%, бүтін жарма шығымы -

85,1%. Сорт Қазақстанның барлық күріш ӛсіретін аймақтарында ұсынылады.

Түгіскен 1 сорты - Мемлекеттік

сортсынаққа 2005 жылы беріліп, 2008 жылы

аудандастырылды.

Сорттың авторлары: К.

Шермағамбетов. Т.Қ. Қарлыханов, Н.

Қарақожаев, М. Сайфунов, З.З. Сыздықов.

1000 дәнінің массасы – 32-34 г,

қауыздылығы – 17,6-18,2 %.

Ӛсу дәуірі 115 күн. Тұзға тӛзімді, терең

су астынан ӛніп шығуы жылдам. Дәндерінің

уыздануы, құрғап пісуі жылдам және бір

қалыпты піседі. Ӛсімдіктің жығылуға

тӛзімділігі жоғары.

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы «Түгіскен» элиталық

шаруашылығының егістік алқабында ӛнімділігі 56,7 ц/га құрады, бұл

стандартпен салыстырғанда 4,9 ц/га жоғары. Түгіскен 1 сорты азот

тыңайтқыштарын ӛсімдіктерінің 7-8 жапырақ кезінде қолданған жағдайда

жоғары ӛнім береді. Сорттың қауыздылығы 17,9%, шынытүстілігі 92-95%,

жарықшақтылығы 10,8% , жалпы жарма шығымы 81%.

Сортты Қызылорда облысының оңтүстік және орталық аймақтарында

еккен тиімді.

Page 7: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

7

Соңғы жылдары Қызылорда облысында Ресейдің жаңа селекциялық

Янтарь, Лидер, Новатор сорттары мемлекеттік сынақтан ӛтіп

аудандастырылды.

Лидер сорты – орташа мерзімде

пісетін сорттар қатарына жатады. Ӛсу

дәуірі – 120-125 күн.

Дәннің пішіні сопақша, ұзындығы

мен енінің (L/b) қатынасы – 2,3. 1000

дәннің массасы – 30-31 г, шынытүстілігі

86-90%, жалпы жарма шығымы – 95%.

Дәннің ақуызы – 9,9%, жармадағы

амилоза мӛлшері – 19,8%. Күріш

жармасының су тартуы жоғары және

жарма еселей тасиды. Сонымен қатар ас дайындағанда дән бүтін күйінде сақталып, шашырап

піседі. Қайнатылған сорпаға да, буға пісетін палауға да пайдалануға болады.

Сорт пирикуляриоз ауруы мен күріштің жапырақ нематодасына тӛзімді.

Ӛсімдігі жығылуға, ал масақтағы дәндері тӛгілуге тӛзімді.

Сорттың ӛнімділік әлеуеті – 10-11 т/га.

Сорттың ӛзіндік ерекшелігі - ӛсірілетін жер жағдайын таңдамайды. Ӛсу

дәуірінің бастапқы кезеңінде терең деңгейдегі суда тез ӛніп, шығатындығына

байланысты арам шӛптермен бәсекелестігі жоғары сол себепті егістігінде

гербицид қолданбауға да болады. Лидер сортының тамыр жүйесі қарқынды

дамиды, сондықтан ӛнім қалыптасуы кезінде тыңайтқышты 40%-ға азайтып

беруге болады. Сортты ӛсіруде үнемді технологиялар қолданған тиімді.

Сорттың сапалық қасиеттерінің қоршаған ортаға тәуелділігі аз, ыстық ауа-

райында да сапалық қасиеттері кӛп ӛзгермейді.

Янтарь сорты – орташа мерзімде

піседі, ӛсу дәуірі – 114-117 күн. Дәні

ұзынша, ірі, 1000 дәнінің массасы 32-33 г.

Қауыздылығы 16-18%. Дәнінің ұзындығы

мен енінің қатынасы (L/b) – 2,4-2,5.

Жармасы ақ түсті, шынытүстілігі – 92-

96%; жарма шығымы – 67-69%;

жармадағы бүтін дән шығымы – 78-80%.

Сорт пирикуляриоз ауруына,

күріштің жапырақ нематодасына орташа

тӛзімді, тұзға тӛзімділігі жоғары. Ӛсіру

технологиясы дұрыс сақталмаған

жағдайда сорт пирикуляриозға тӛзімсіз.

Әлеуетті ӛнімділігі – 10 т/га. Сорттың ӛну дәуірінде ӛскіндері терең суда

тез ӛсіп шығады, сондықтан арам шӛптерге қарсы гербицидтер қолданбаса да

болады.

Page 8: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

8

Новатор сорты – тез пісетін сорттар

қатарына жатады, ӛсу дәуірі - 100-105

тәулік.

Новатор сортының ӛзіндік

ерекшелігі - сабақтары жинақы, тік

тұрады, жапырақтары үшкір бұрышпен

орналасқан.

Дәндері ұзынша, ұзындығы мен

енінің қатынасы (L/b) – 2,5. 1000 дәнінің

массасы – 29-31 г. Жарма түсі ақ,

шынытүстілігі 98%. Жалпы жарма

шығымы – 70-72%, жармадағы бүтін дәні

– 85-90%; дәнінің ақуыздылығы – 7-8 %.

Пирикуляриоз бен күріштің жапырақ нематодасына орташа тӛзімді.

Ӛндіру технологияларын мұқият сақтамаған жағдайда ауруға тӛзімділігі

тӛмендейді. Тұзға тӛзімділігі орташа. Ӛсімдіктері жығылуға тӛзімді.

Әрбір күріш шаруашылығы күріштің ӛсу дәуіріне, ӛнімділігіне және

сапасына қарай кемінде екі немесе үш сорттан егуі тиіс.

Мысалы, жаңа Ресей сорттарын оңтүстік аймақтарда егу ұсынылады,

ӛйткені бұл сорттардың Қызылорда облысының климаттық жағайында ӛсу

дәуірі 3-5 күнге ұзарады. Ал ерте және ӛте ерте пісетін Кубань 3, Новатор және

Ару сорттарын солтүстік аймақтарда немесе екінші сорт ретінде егіп пайдалану

ұсынылады.

1-кесте. Қызылорда облысының аймақтарына ұсынылатын күріш

сорттары:

Аймақтар Ұсынылатын сорттар

Оңтүстік Маржан, Түгіскен 1, Лидер, Янтарь,

Авангард

Орталық Маржан, Кубань 3, Арал 202, Мадина,

Новатор

Солтүстік Ару, Кубань 3, Новатор

Page 9: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

9

2. Күріш тұқымына қойылатын негізгі талаптар

2-кесте. Күріш тұқымы сорттық тазалығына қарай

тӛмендегідей үш класқа бӛлінеді:

Класс Негізгі

дақыл

тұқымы,

%

Арамшӛптер

тұқымы,

кг/дана

Негізгі дақыл

тұқымындағы

қауызы

аршылған

дәндер

қоспасы, %,

массасы

бойынша ең кӛп

дегенде

Ӛнгіштігі,

%,

кемінде

Ылғалдылы

ғы, % ең

жоғары

дегенде

1 99,0 5 1 95 14,0

2 98,0 40 2 90 14,0

3 97,0 100 3 85 14,0

Егіншілік мәдениетін арттыру мақсатында тұқымдық

егіске тек бірінші класты, ал тауарлы егіске бірінші және

екінші класты тұқым себу ұсынылады. Үшінші класты тұқымды

тек айрықша жағдайларда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Мемлекеттік стандарттың технологиялық талаптарына

сәйкес, сорттық тазалығы мен қызыл дәнді түрлердің

мӛлшері бойынша егісті апробациялау кезінде тұқымның

кейінгі репродукциялары үш категорияға бӛлінеді:

Тұқымдық

материал

категориясы

Сорттық

тазалық,

кемінде,

%

Сорттық қоспа, %

барлығы оның ішінде, қызыл

дәнді түрлері, ең

кӛп

дегенде

I 99,5 0,5 0,1

II 98,0 2,0 0,3

III 95,0 5,0 1,0

Суперэлита және элита тұқымдарының сорттық тазалығы

кемінде 99,8% болуы және қызыл дәнді күріш тұқымы

кездеспеуі тиіс. Ал қалған репродукцияларда кӛрсетілген

мӛлшерден аспауы керек. Бірінші және екінші кӛбейтілген

тұқым алуға пайдаланатын тұқым сорттық тазалығы бойынша

бірінші категориядан кем болмауы тиіс.

3. Күріш ауыспалы егісінің жаңа үлгілері

Сегіз танапты ауыспалы егістер

I нұсқа (күріштің үлес салмағы II нұсқа (күріштің үлес салмағы

Page 10: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

10

37,5%) 50%)

Жоңышқа + бүркемелі дақылдар Жоңышқа + бүркемелі дақылдар

Екі жылдық жоңышқа Екі жылдық жоңышқа

Үш жылдық жоңышқа Үш жылдық жоңышқа

Күріш Күріш

Күріш Күріш

Түйе жоңышқа + бүркемелі

дақылдар

Түйе жоңышқа + бүркемелі

дақылдар

Екі жылдық түйе жоңышқа Түйе жоңышқа сидераты + күріш

Күріш Күріш

III нұсқа (күріштің үлес салмағы

37,5%)

IV нұсқа (күріштің үлес салмағы

50%)

Жоңышқа + бүркемелі дақылдар Жоңышқа + бүркемелі дақылдар

Екі жылдық жоңышқа Екі жылдық жоңышқа

Үш жылдық жоңышқа Үш жылдық жоңышқа

Күріш Күріш

Дәстүрлі емес дақылдар Күріш

Күріш Дәстүрлі емес дақылдар

Дәстүрлі емес дақылдар Күріш

Күріш Күріш

Жеті танапты ауыспалы егістер

I нұсқа (күріштің үлес салмағы

42,9%)

II нұсқа (күріштің үлес салмағы

42,9%)

Жоңышқа + бүркемелі дақылдар Жоңышқа + бүркемелі дақылдар

Екі жылдық жоңышқа Екі жылдық жоңышқа

Үш жылдық жоңышқа Үш жылдық жоңышқа

Күріш Күріш

Күріш Күріш

Түйе жоңышқа + бүркемелі

дақылдар

Дәстүрлі емес дақылдар

Түйе жоңышқа сидераты + күріш Күріш

Алты танапты ауыспалы егістер

I нұсқа (күріштің үлес салмағы

33,3%)

II нұсқа (күріштің үлес салмағы

50%)

Жоңышқа + бүркемелі дақылдар Түйе жоңышқа + бүркемелі

дақылдар

Екі жылдық жоңышқа Екі жылдық түйе жоңышқа

Үш жылдық жоңышқа Күріш

Күріш Күріш

Дәстүрлі емес дақылдар Дәстүрлі емес дақылдар

күріш Күріш

Қысқа айналымды ауыспалы егістер

Бес танапты ауыспалы егіс (күріштің үлес салмағы 40%)

Төрт танапты ауыспалы егіс

(күріштің үлес салмағы 50%)

Түйе жоңышқа + бүркемелі

дақылдар

Түйе жоңышқа + бүркемелі

дақылдар

Екі жылдық түйе жоңышқа Екі жылдық түйе жоңышқа

Page 11: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

11

Күріш Күріш

Дәстүрлі емес дақылдар Күріш

күріш

1. Кӛпжылдық шӛптердің бүркемелі дақылдары: ерте егілетін дәнді

дақылдар: бидай (күздік, жаздық), арпа, сұлы, ал техникалық

дақылдардан – мақсары (оны тек жоңышқаны бүркемелеп егуге болады).

2. Дәстүрлі емес дақылдар – мақсары, рапс, соя, дәндік жүгері, күнбағыс

және т.б.

4. Экологиялық таза күріш өндіру

Экологиялық таза күріш деп құрамында ауыр металлдар мен

пестицидтер қалдықтары жоқ ӛнімдер айтылады. Ол құнарлығы жоғары,

химиялық ӛсімдік қорғау препараттары қолданылмаған жерлерде ӛндіріледі.

Күріш ауыспалы егісінде мұндай жерлер тек кӛпжылдық шӛптер (жоңышқа,

түйе жоңышқа) қыртысына егілген күріш танаптарында кездеседі. Ал олардың

аударма қыртысына егілген күріштен экологиялық таза ӛнім алу үшін тиісті

түрде органикалық тыңайтқыштар (шіріген кӛң – 20-40 т/га, құс саңғырығы –

7-9 т/га) мен ӛсімдік қалдықтары (қамыс – 3-5 т/га) қолданылады.

Күріш ауыспалы егісінде ерте егіліп, жиналатын дәнді дақылдардан

кейін экологиялық таза күріш ӛнімін ӛндіру үшін аңыздары арандатылып

суарып, арамшӛптердің қаптап шығуына жағдай жасалынады. Соңынан жаппай

әсер ететін топқа жататын жылдам ыдырайтын Ураган сияқты гербицидтермен

(4,0-6,0 л/га) ӛңдейді. Келесі жылы бұл танаптарда арамшӛптердің бірде бір

түрі болмайды, ал топырағында пестицид қалдықтары кездеспейді, тек оның

құнарлығын арттыру үшін жоғарыда айтылған тыңайтқыштар мен ӛсімдік

қалдықтары қолданылады.

5. Күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдарына қолданылатын

тыңайтқыш түрлері мен нормасы

Күріш топырақ құнарлығына оның құрамында қорек элементтеріне

байланысты ӛнімділігінің жоғарылау мүмкіндігі мол дақыл. Сол себепті күріш

егісіне тыңайтқыш қолдану, кӛп жағдайда оң нәтижесін береді, ӛнімділік екі

есеге дейін артады.

Күріш ӛндірісінде минералды тыңайтқыштардың құрамында азот және

фосфор, калий элементтері бар түрлері қолданылуда. Олардың ішінде - азот

тыңайтқыштары: аммоний сульфаты (N-20,5%), аммиак селитрасы (N –

34,6%), карбамид (46%), фосфор тыңайтқыштары: жәй суперфосфат (P2O5 –

19%), қос суперфосфат (P2O5 – 43-49%), фосфорит ұны (P2O5 - 20-29%), калий

тыңайтқыштары: хлорлы калий (K2O – 52-60%), калий тұзы (K2O -41-44%).

Күрделі тыңайтқыштар: аммофос (N – 11-12%, P2O5 – 46-60%),

диаммофос (N – 18%, P2O5 – 46%), нитрофос (N – 24%, P2O5 – 17%) кеңінен

пайдаланылады.

Page 12: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

12

Күріш дақылына фосфор, калий тыңайтқыштарының жылдық нормасын

егуге дейін, ал азот тыңайтқышын 50-70% егуге дейін, қалған 30-50% ет үстеп

қоректендіру арқылы берген дұрыс.

Алғы дақыл Тыңайтқыштар дозасы (әсерлі затпен, кг/га)

N P2O5 K2O Компост,

т/га

Күріш

Кӛпжылдық шӛптер

(жоңышқа, түйе жоңышқа)

қыртысы (шымы)

90

90

45

-

Кӛпжылдық шӛптердің

аударма қыртысы (шымы)

120

90

60

2

Күріштен кейінгі күріш 3-ші

жыл

120 90 60 2

Жоңышқа, түйе жоңышқа + ерте егілетін дәнді дақылдар

Күріштік 90 60 90 -

Екі жылдық жоңышқа не түйе жоңышқа

Бірінші жылғы жоңышқа не

түйе жоңышқа

- 90 60 -

6. Тұзданған топырақтарды жақсарту технологиясы

Тұзданған топырақтарды жақсарту үшін қолданылатын жергілікті

минералдар (доломит), биотыңайтқыштар (күріш сабаны мен қауызынан

жасалған компостар), отандық минералдар (биошунгит, цеолит), сорғыштар

(синтезделген сорбент-ИОМСа, гидрогель-ВП2), ӛсімдіктің ӛсуін демеушілер:

МЭРС, натрий гуматы және Жер Нұрын қолдану технологиясы:

Күріш сабаны мен қауызынан компостар жасаудың ӛндірістік

технологиясы оған қосылатын ашытқы дозасын 2,5 есеге азайту және

ингредиенттердің жаңа түрлерін қосу арқылы жетілдірілді. Жаңа

әдістермен дайындалған компостар ұсынылған технологияларымен

салыстырғанда тиімділігі жоғары болады. Компостардың егіске

қолданылатын тиімді дозасы 2 т/га-ға тең. Топырақ тұздылығына

байланысты компостардың қолдану мӛлшерін 4 т/га-дан жоғары кӛтеруге

болады. Қолдану дозасы кӛбінесе компост ӛндірісі ӛнімдерінің ӛзіндік

құнына байланысты.

Мелиоранттардың (биошунгит, цеолит және доломит), ӛсімдіктің ӛсуін

демейтіндердің (натрилы гумат, МЭРС, Жер Нұры және басқалар),

сорғыштардың (гидрогель – полиэлектролит ВП-2, сорбент ИОМСа) егіске

кешенді қолдану технологиясы нәтижесінде топырақ тұздылығының

деңгейін тӛмендеді және гумустық заттардың мӛлшерін кӛбейтеді. Соның

әсерінен, түйежоңышқа пішені 1,5 есеге, күріш ӛнімі – 1,3 есеге артады.

Сонымен қатар, ӛнімдер сапасы да жақсарады.

Page 13: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

13

Биошунгиттің оптималды дозасы 2 т/га-ға тең. Биошунгитті доломит

үстіне қолданғанда, күріш ӛнімі орташа тұзданған топырақта 20%-ға және

қатты тұзданған топырақта 37%-ға кӛтеріледі. Түйежоңышқа егісіне

бишунгитті қолданғанда оның дозасын 4-6 т/га-ға дейін топырақ

тұздылығына байланысты кӛтерген дұрыс, ал күріштікке 2-4 т/га беріледі.

Отандақ гидрогель препаратын натрий гуматы, МЭРС, Жер Нұры сияқты

ӛсімдіктің ӛсуін демегіштер үстіне қолданғанда, орташа тұзданған

топырақтар жағдайында, күріш ӛнімі 2-3ц/га деңгейіне дейін кӛтеріледі.

Топырақтың сілтілігіне байланысты оның дозасы 2 кг/га-дан 6 кг/га-ға

дейін артады.

Доломиттің оңтайлы мӛлшері 1-2 т/га-ға тең. Доломит мӛлшері топырақ

тұздылығының деңгейіне байланысты кӛбейтіледі. Доломитті қолданғанда

түйежоңышқа пішені 1,6 есеге, ал күріш дәнінің ӛнімі -1,4 есеге артады.

1-сурет – Далалық тәжірибелерге күріш сабаны мен

қауызынан компост даындау

2-сурет – Далалық тәжірибелерге компостарды беру

3-сурет – Арал 202 күрішінің кӛрінісі (доломит үстіне салынған тәжірибе)

Page 14: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

14

7. Күрішті суару режимі

Шартты белгілер:

«а» - тұзданбаған топырақта;

«б» - күрмек тектес арамшӛптермен ластанған жерлерде;

«в» - орташа және қатты тұзданған топырақта.

8. Күріш егісіндегі арамшөптермен күрес

Қамыс және күрмек тектес арамшӛптерді жоюға қарсы топырақ ӛңдеу

тәсілі – күзде 27-30 см тереңдікке аудара сүдігер жырту (осылай жыртылғанда

арамшӛп тұқымдары қарықтың ұлтанына түсіп кӛміліп қалады және мұндай

тереңдіктен кӛктеп шыға алмайды) жұмыстарын кӛктемде 16-18 см тереңдікке

аудармай қайырмасыз жыртумен жалғастырады (тереңге түскен арамшӛп

тұқымын жоғары шығармау үшін).

Батпақты арамшӛптермен (қоға, доңыз қоға, т.б.) ластанған жерлерді

ӛңдеу – күзде 14-16 см тереңдікке аудара сүдігер жыртылады, яғни топырақ

бетіне арамшӛп түйнектерінің неғұрлым кӛп шығуына жағдай жасалынады

(топырақ бетіне шығып қалған түйнектер күзгі-кӛктемгі желге қағылып, қысқы

аязға ұрынып, ӛніп шығу қабілеті азаяды). Соңынан кӛктемде бұл жерлер

қайтадан 25-27 см тереңдікке айдалады (жердің бетіне шығып қалған

түйнектер қарық ұлтанына түсіп, ӛліп қалады).

Суы ағызылмайтын режим

Суы ағызылмайтын режим

Суы ауыстырылатын режим

20

0

10

10

20

0

10

20

30

Күр

іш а

ты

здар

ын

дағы

су д

еңгей

і,

см

себу кӛктеу жапырақтар

пайда болуы масақ-

тануы

пісу

сүт-

тену

қамыр-

лану

полная

уборка

түтік-

тенуі

а

б

в

толық

пісуі

жинау

Page 15: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

15

Тауық тарысы - шиін Күріш тарысы – шиін

Кәдімгі қамыс Қоға

Page 16: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

16

Доңыз қоға Жіңішке жапырақты қоға

4-сурет – Күріштің арамшӛптері

Қазіргі қалыптасқан жағдайда арамшӛптерге қарсы химиялық тәсілдер

кеңінен қолданылады. Институт ғалымдары сынақтан ӛткізген биологиялық

тиімділігі 94,4-98,9% құрайтын Гулливер, Номини, Рейнбоу, Солито сияқты

жүйелі гербицидтер арамшӛптердің негізгі екі тобын: күрмек тектестер мен

қоғаны жою үшін ұсынылады. Олардың қолдану мӛлшері Гулливер – 0,020-

0,030 кг/га, Номини – 0,075-0,09 л/га, Рейнбоу – 1,0-1,4 л/га, Солито – 1,0-1,5

л/га.

Ерте жиналатын дақылдарды жинағаннан кейін атызды арандатып

суарып, арамшӛптердің шығуына жағдай туғызу және оларды жаппай жоятын

гербицидтер қолданып жою.

5-сурет – Гербицидпен ӛңдегеннен кейінгі

күріш егістігінің сырт кӛрінісі

6-сурет – Түптену фазасындағы күріш егістігі

Page 17: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

17

9. Күріш зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын

химиялық әдістер

Күріш ӛскіні пайда болғаннан бастап ауру тамыр жүйесін зақымдайды,

тамыр қоңыр тартып шіриді, жіңішкереді нәтижесінде тамыры шіріген ӛскін

қурап қалады.

7-сурет – Фузариозбен зақымдалған ӛсімдік

Пирикуляриоз ауру қоздырғыш Pіricularia oryzae Cav ӛзінің даму

кезеңінде вегетативті жолмен, жіпшелері және конидиясы арқылы дамиды. (8-

сурет).

А1 А2

Б 3 Б 4 8-сурет – Каналдар бойы және жол жиегінде ӛсетін арамшӛптер: А1,2-жапырақтың зақымдалуы, 3-буынның зақымдалуы,

4-шашақтың зақымдалуы

Page 18: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

18

Жәндіктер мен шаянтектестердің келтіретін зиянының сипатына

байланысты оларды тӛмендегі топтарға бӛлуге болады.

1. Себілген дәнді зақымдайтын жәндік, оларға: күріш масасы;

2. Күріштің тамыр жүйесін, күріш кӛгін зақымдайтын, оларға: жағалық

шыбын, щитень және лептестерия;

3. Күріштің буын және сабағын зақымдайтын, оларға: сабақ кӛбелегі,

күріш масасы, швед шыбыны және бұзаубас;

4. Жапырақты зақымдайтын, оларға: күріш масасы, арпаның үңгі

шыбыны, сабақ кӛбелегі, азиялық шегіртке, кәдімгі және тұзды топырақ

летуньясы, қара цикадка, жапырақ кеміргіш түнгі кӛбелек, асық биті;

5. Шашақтағы дәнді зақымдайтын, оларға: кандала, трипс және

торғайлар жатады.

Жағалық шыбын – облыс шаруашылықтарының барлығында дерлік

таралған, олардың саны кӛп және зияндылығы кӛптігімен сипатталады.

Жағалық шыбын су жағаларында ӛсіп-ӛнетін зиянды жәндіктер тобына

жатады. Үлкен шыбындарының ұзындығы 4 мм-ге жетеді. Тӛсі мен бауыры

жасыл, ал аяқтары қызғылт-жасыл, қанаттары ұзын.

Шыбынның дернәсілі күңгірт-сарғыш, денесі 12 сегменттен тұрады.

Есейген дернәсілдің ұзындығы 7 мм-ге жетеді, денесінің құйрығы түтік

тәріздес. Дернәсіл ӛз вегетациясында 3 рет түлейді (9-сурет).

9-сурет – а-ересек шыбын, б-дернәсіл, г-жұмыртқа

Ересек зиянды жәндіктер қысты күні ӛсімдік қалдықтарының астында,

әр түрлі қуыстарда, ескі үйлер мен шарбақтарда жабысып қыстайды.

Қыстап шыққан шыбын ауаның температурасы +10+12 градустан

жоғары және ылғалдылығы 42-45% болған кезде ұша бастайды.

Жағалық шыбын 4 рет ұрпақ береді. Бірінші және екінші ұрпақ

уақытша су қоймаларында, қашыртқы суларда қоректенеді. Қуыршақтану орны

Page 19: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

19

- күріштің тамыры, жапырағы, сабағы, арамшӛптер. Дернәсілдің жаппай

қуыршақтануы мамырдың соңынан – маусым айының бірінші он күндігіне;

екіншісі – маусым айының соңынан – шілденің бас кезеңіне сәйкес келеді.

Жағалық шыбынның зақымдау фазасы – дернәсілі. Күрішке келтіретін

зияны - дернәсіл күріш ӛскінінің тамырын кеміреді, зақымдалған күріш кӛгі

судың бетіне қалқып шығады да күріш сиреп қалады. Екінші ұрпақ

дернәсілдері негізінен кеш егілген күріштіктерде кездеседі.

Зияндылығы күріштің түптену кезеңіне дейін жалғасып айтарлықтай

зақымдайды. Зиянкес дернәсілінің ең кӛп зақымдауы танап дұрыс

тегістелмеген жерлерде, тұқымды топыраққа сіңірмеген және тұзды

учаскелерде кездеседі. Экономикалық қауіпті саны – 1 ш.м. 40 данадан болады.

Күріш масасы – күріш егілетін барлық облыс шаруашылықтарында

кеңінен тараған. Ересек масаның ұзындығы 2,5-тен 4-6 миллиметрге дейін

жетеді, түсі сарғыш, қанаты түссіз болып келеді, оның қанаты құрсақ бӛлігіне

дейін жауып тұрады, мұрттары қылшықтармен жабылған. Қарын бӛлігі ұрғашы

масаға қарағанда ұзынша әрі жеңішкелеу келеді. Аяғы ұзын, әлсіз. Хирономус

туысына жататын масаның денесі қара, ал крикатопус туысына жататын

масаның денесі сарғыштау, арқасында ұзын қара-қоңыр дақтары болады.

Жұмыртқасы сарғыштау-қоңыр түсті. Дернәсілдің ұзындығы 6-8 мм-ге

дейін, кейде 10 мм-ге дейін жетеді. Түсі ашық сары, басы қоңырлау. Аузының

астыңғы иегінде тістері бар (10-сурет).

10-сурет – а-ересек маса, б-дернәсіл, г-жұмыртқа

Ӛмір сүру кезеңінде ұрықтарын күріш сабанының астына немесе

атыздардың ұлтанына тастайды. Қуыршағы түссіз сары, ұзындығы 5 мм-ге

дейін жетеді. Ересек маса ӛсімдік қалдығының астында, арам шӛптердің

қалдығында, үйілген сабанның астында қыстап шығады. Күріш масасы 3 ұрпақ

береді.

Page 20: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

20

Масаның зақымдау фазасы – дернәсілі. Ол жапырақты, сабақты және

ӛніп келе жатқан тұқымды зақымдайды. Дернәсіл жапырақтың тӛменгі жағын

кеміріп, тек беткі жұқа қабығын қалдырады, нәтижесінде жапырақ бұзылып

жіңішке жіпке айналады және қурап қалады. Жапырақтың зақымдалу кезінде,

ӛсімдіктің қурап қалуы немесе бойы сау ӛсімдікке қарағанда аласа болады. Дән

зақымдалу кезінде себілген тұқым ӛзіне қажетті ылғал жинаған дәннің қабығы

ашылған кезде, маса дернәсілі дәннің ішіне еніп, ұрықты түгел жеп қояды, ал

эндоспермге тимейді. Соның әсерінен ұрық қабы желінген дәннің кӛктеу

қабілеті жойылады. Сыртынан қарағанда дәнде ешқандай ӛзгеріс байқалмайды.

Экономикалық қауіпті масаның бір сынамада (0,5 литр суда) 5 дернәсілден

артық болу.

Арпаның үңгі шыбыны - астық тұқымдастар зиянкестері ретінде жақсы

таныс. Ресейде және алыс жақын шет елдерде бидайды, арпаны, сұлыны,

атқонақты зақымдайды. Күріш зиянкестері ретінде ол Жапонияда, АҚШ-тың

Калифорния штатында, Италияда белгілі.Ресейдің қиыр шығысында, Кубанда,

Херсон мен Қырым облыстарында, Ӛзбекстанда және Қазақстанда күріш

егістігін зақымдайды (11-сурет).

11-сурет – а-ересек шыбын, б-дернәсіл, г-жұмыртқа

Арпаның үңгі шыбынының ересегі қыстап, 3 ұрпақ береді.Ересек

жәндік түсі күлгін боз түстес, ұзындығы 2,5 мм. Басы қоңыр түсті, кӛзі ірі

қызғылт түсті қылшықпен жабылған, үш тармақты қара мұрты бар. Қарын

қуысы 6 сегменттен тұрады, түкшелермен жабылған. Қанаты ұзын, түссіз.

Аяғы ұзын, сұр түсті. Табаны сарғыш. Жұмыртқасы ең алғаш салған кезде

ақшыл, даму барысында аздап сарғаяды, формасы қайыққа ұқсас.

Қыстап шыққан үңгі шыбынының ұшуы сәуір айының соңғы он

күндігінде байқалады. Үңгі шыбынының дернәслі күріштің кӛктеу-түптену

фазаларынан вегетация кезеңінің аяғына дейін жалғасады. Дернәсіл пайда

Page 21: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

21

болысымен жапырақ қабығын тесіп, ішіне еніп сол жерде паренхиманы жеп

қоректенеді.

Шаянтектестер – Ересек щитеннің ұзындығы 30-35 мм, түсі жасылдау

қоңыр. Денесі 32-35 сегментке бӛлінген, 53-58 жұп аяғы бар. Соңғы сегменті

екі жіп тәрізді қосымша мүшесі бар, оның ұзындығы денесінің ұзындығына тең

келеді. Щитеннің алдынғы бӛлігінің үстінде терілі шатыр тәрізді кең

қалқанмен жабылған. Ол алдынғы жағында басының қалқанына жалғасады (12-

cурет).

12-сурет – Ересек щитень

Щитеннің жұмыртқасы қыстап шығады, формасы шар тәрізді, қоңырлау-

қызғылт түсті. Дернәсілі күрішті суға бастырған соң 2-3 күнде пайда болады.

Щитень бір ұрпақ беріп дамиды. Толық дамуы 20-25 күнге созылады.

Щитеннің зияндылығы күріш ӛскінін зақымдалуы арқылы білінеді.

Лептестерия – денесінің екі бүйірі қатты қысыңқы, астауша тәрізді,

ересегінің ұзындығы 9-10 мм. Лептестерия дернәсілі күріш танабын суға

бастырған соң 2-3 күнде пайда болады. Бір ұрпақта дамиды, даму кезеңі 18-20

күнге созылады.

Күріш ауыспалы егісіндегі күрішті, арпаны зиянкестер мен аурулардан

қорғауды зиянды организмдердің жаппай шығып, экономикалық зияндылық

шегі қауіпті болған кезде әрбір түрдің биологиясына сәйкес жүргізді. Ерте

кӛктемде күріш тұқымын ӛңдеу жұмысы жүргізіледі. Бұл шара күріш ӛскінін,

күріш кӛгін зақымдайтын зиянкестерден қорғау мақсатында жасалады. Ол

үшін тӛмендегі препараттар қолданылады: БИ-58 40% (жаңа фосфамид)

мӛлшері 0,5 л/т, Актеллик 500, к.э. 0,5 л/т, каратэ 5%, 0,1 л/т , димилин 48%,

0,1 л/т, 1 тонна тұқымға 8 литр су қосып араластырады. Күріштің фузариозды

тамыр шірік ауруы, пирикуляриоз, септориоз ауруларына қарсы тұқымды

фундазол 50% 2,0-2,5 кг/т, Колфуго-супер 20% - 1л/т, дерозал 2 кг/т, ТМТД

80%- 2 кг/т, суми 8- 2 л/т, винцит – 2 л/т, мӛлшерде 1 тонна тұқымға 8 литр су

қосып ӛңдейді.

Page 22: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

22

Күріш ӛскінін, кӛгін зақымдайтын зиянкестерге және ауруларға қарсы

ӛңдеуді бірге жүргізуге болады. Соңғы жылдары сынақтан ӛткен Колфуго

супер 20% бір литрін, каратэнің 0,1 литрін қосып ӛңдейді.

Тұқым ӛңдеу жұмыстары арнайы жасалған ПСШ-5, ПС-10, Мобитокс

супер машиналарында ӛңделеді.

Күріштің кӛктеу кезеңінде жағалық шыбынға қарсы атыз жағасына

жақын зиянкестердің кӛп кездесетін жерлерін Каратэ 5%, Димилин 0,1 литр,

Актеллик 500 (0,5 л/га) препараттарымен ӛңдейді. Кейінгі жылдары ӛндірістік

сынақтан ӛткен (2006-2008 ж.ж.) Атлант, Колосал, Колфуго супер 20%, Рекс

Дуо 49,7%, Импакт жаңа фунгицидтерін күріштің ӛсу дәуірінде пайда болатын

пирикуляриоз, фузариоз, альтернариоз ауруларына қарсы қолданады.

Зерттеу нәтижесі бойынша оларды ӛндірісте келесі мӛлшерде қолдану

ұсынылады: Атлант 0,7-0,9 л/га, Колосал к.э. 0,75 л/га, Колфуго супер 20% 2,0-

3,0 л/га, Рекс Дуо 49,7 % к.с. 0,3-0,4 л/га, Импакт 1,0-1,5 л/га.

Page 23: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

23

10. Алғы дақылға байланысты күріш өсіру технологиясының сызбасы

Алғы дақыл Технологиялық

операциялар

Ауылшаруашылық

машиналары мен

құралдары

Атқарылатын

мерзімі

Агротехникалық

талаптар

Ескертулер

1. Күріш егісіне топырақ дайындау және тұқым себу жұмыстарын атқару үшін ұсынылатын ең қажетті операциялар

Сүдігерді қайта жырту мен атызды суға бастыру аралығы 3-4 күннен, себу мен атызды суға бастыру аралығы

1-3 күннен аспауы тиіс

Көпжылдық

шөптің қыртысы

(шымы)

Кӛктемде аудара жырту Т-150, Т-170, К-701

тракторларына

тіркеумен аспалы,

жартылай аспалы

және тіркемелі ПЛ-

5-35, ПЛН-5-35,

ПЛН-6-35, ПЛН-8-35

соқалары

Сәуір-мамыр 27-30 см (25-27 см

де жыртуға болады)

тереңдікке. Тиісті

тереңдіктен ауытқуы

2 см аспауы,

жыртқанда пайда

болатын арықшалар

мен жалдар 15 см

аспауы және ӛсімдік

қалдықтарының

кемінде 90%-ы

топыраққа сіңірілуі

тиіс

Бірінші орымды

орғаннан кейін сәуір

не мамыр айларында

(тұқым себуден 10-20

күн бұрын) 27-30

(25-27) см

тереңдікке аудара

жыртуға болады. Түйе

жоңышқаны сидератқа

(жасыл тыңайтқышқа)

пайдаланғанда мамыр

айының бірінші не

екінші онкүндігінде

аудара жыртады.

Айдалған жерді

дискілеу

(2-3 қайтара)

Ауыр дискілі БДТ-7

тырмаларын Т-170,

К-701 тракторларына

тіркеу арқылы

Сәуір-мамыр 8-10 см тереңдікке Жоңышқа мен

түйежоңышқа

қалдықтарын сіңіру

және танап бетін

тегістеу үшін

жасалады.

Атыз бетін

тегістеу

Т-170, К-701

тракторларына

тіркелген лазерлі

тегістегіш (Mara

т.б.), ол болмаған

жағдайда Д-569

немесе Д-541А

скреперлері, Д-719,

ПА-3

тегістегіштері, Д-

206 МА грейдері

Сәуір-мамыр Лазерлі

тегістегіштерді

пайдалану арқылы

аты бетін ±2-3 см, басқа машиналармен

±5,0 см дәлдікпен

тегістеу

Бақылау лазер немесе

нивелир ақылы

жүргізіледі. Лазерлі

тегістегішті

қолданғанда ерте

кӛктемде атыз беті

малаланады (мала ДТ-

75 тракторына

тіркеледі)

Минералды тыңайтқыштар

беру (азоттың барлық

МТЗ-80, МТЗ-82

тракторларына

мамыр Тыңайтқыштар атыз

бетіне біркелкі

Минералды

тыңайтқыштар мӛлшері

Page 24: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

24

дозасының 25-30%-ы,

фосфордың 100%-ы)

Минералды

тыңайтқыштарды сіңіру

үшін аудармай қайта

жырту

тіркелген РМГ-3,

РМГ-4 минерады

тыңайтқыш

шашқыштары

шашылуы тиіс ұсынымдарға сәйкес

беріледі (тӛменде

кӛрсетіледі)

Минералды

тыңайтқыштарды сіңіру

үшін аудармай қайта

жырту немесе дискілеу

Т-150. ХТЗ-170

тракторларына

тіркелген

қайырмасыз соқа,

БДТ-7,0

мамыр 16-18 см тереңдікке

қайырмасыз аудармай

жырту

Атыз бетін тегістеу Т-150 тракторына

тіркелген МВ-6,

маласы мен БЗТУ-6

тырмасы

мамыр Тоң кесектерді

толық майдалап,

атыз бетін тегістеу

Лазерлі тегістегішті

қолданғанда, маланың

қажеті жоқ

Тұқымды себер алдында

топырақты сақиналы

катоктармен таптау

МТЗ-80, МТЗ-82

тракторларына

тіркелген СКК-6,

ЗБК-6А, ЗКК-1,4

катоктар

мамыр Тоң кесектер толық

майдаланып, шашып

себілетін тұқымға

ұялар дайындалады.

Қатарлы (15 см),

таркатарды (7,5 см),

тоғыстыра немесе

шашыраңды тәсілмен

тұқым себу

МТЗ-80, МТЗ-82

тракторларына

тіркелген СЗ-3,6,

СРН-3,6

сепкіштеріне дәнді

сіңіру үшін жеңіл

тырмалар

тіркеледі.

1-20 мамыр Тұқымды себу

тереңдігін (1,0-1,5

см) сепкішке

тіркелген жеңіл

тырмалар атқарады.

Алғы дақылға,

сортқа және егу

аймағына байланысты

6-8 млн. дана/га

тұқым себіледі.

Тар қатарлы және

тоғыстыра себу

тәсілдері тиімдірек

Көпжылдық

шөптердің аударма

қыртысы (шымы)

Сүдігерді аудара жырту Т-150, Т-170, К-701

тракторларына

тіркелген аспалы,

жартылай аспалы

және тіркемелі ПЛ-

5-35, ПЛН-5-35,

ПЛН-6-35, ПЛН-8-35

соқалар

Қыркүйек-

қазан

20-24 см тереңдікке

Тиісті тереңдіктен

ауытқуы 2

сантиметрден,

жыртқанда пайда

болатын арықшалар,

тереңдігі мен

жалдар биіктігі 15

см аспауы және

ӛсімдік

қалдықтарының

кемінде 90%-ы

Белгілі бір

себептермен сүдігер

жыртылмаса, наурыз-

сәуір айларында 20-

24 см аудара жырту

керек. Дегенмен,

сүдігер жыртылмаған

жерде күріш ӛнімі

тӛмендейді.

Page 25: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

25

топыраққа сіңірілуі

керек Сүдігерді дискілеу Т-150, Т-170, К-701

тракторларына

тіркелген БДТ-7

ауыр дискілі

тырмалар

Сәуір-мамыр 8-10 см тереңдікке Ауыр және аса қатты

тығыздалған

топырақтар тоң

кесегін майдалау,

атыз бетін тегістеу

үшін атқарылады.

Жеңіл топырақты

жерлерде жүргізбеуге

болады.

Атыз бетін тегістеу Т-170, К-701

тракторларына

тіркелген лазерлі

тегістегіштер (Mara

т.б.), олар болмаса

Д-569, Д-541А

скреперлері, Д-719,

ПА-3

тегістегіштері, Д-

206 МА грейдері

Сәуір-мамыр Лазерлі

тегістегіштерді

пайдаланғанда атыз

бетінің тегістігі

±2-3 см, басқа

машиналармен ±5 см

деңгейінде тегістеу

Лазер немесе нивелир

арқылы бақылау

жүргізіледі. Лазерлі

тегістегішті

қолданғанда атыз

беті ерте кӛктемде

малаланады (ДТ-

тракторына МВ-6

маласын тіркеу

арқылы)

Минералды тыңайтқыштар

беру (азот

тыңайтқышының 30-40%-ын, фосфор

тыңайтқышының 100%-ын)

МТЗ-80, МТЗ-82

тракторына

тіркелген 1РМГ-4,

РМГ-3 тыңайтқыш

шашқыштары

мамыр Атыз бетіне

тыңайтқыштардың

біркелкі шашылуына

қол жеткізу

Минералды

тыңайтқыштар мӛлшері

ұсынымдарға сәйкес

беріледі (тӛменде

кӛрсетіледі)

Минералды

тыңайтқыштарды сіңіру

үшін қайырмасыз

аудармай қайта жырту

немесе дискілеу

Т-150, Т-170

тракторларына

тіркелген қайрмасыз

соқа, БДТ-7,0

мамыр 16-18 см тереңдікке

қайрмасыз аудармай

жырту

Атыз бетін малалап,

екі мәрте тырмалау

Т-150 тракторына

тіркелген МВ-6,

маласы мен БЗТУ-6

тырмасы

мамыр Тоң кесектерді

толық майдалап,

атыз бетін тегістеу

Лазерлі тегістегішті

қолданғанда мала

пайдаланылмайды.

Тұқымды себер алдында

топырақты сақиналы

катоктармен таптау

МТЗ-80, МТЗ-82

тракторларына

тіркелген ЗКК-6,

ЗКК-6А, ЗКК-1,4

катоктары арқылы

мамыр Тоң кесектер толық

майдаланып,

шашыратып себілетін

тұқымға ұялар

дайындалады.

Қатарлы (15 см),

тарқатарлы (7,5 см)

МТЗ-80, МТЗ-82

тракторларына

1-20 мамыр Тұқымды себу

тереңдігін (1,0-1,5

Тарқатарлы және

соғыстыра себу

Page 26: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

26

тоғыстыра немесе

шышыраңды тәсілмен

тұқым себу

тіркелген С3-3,6,

СРН-3,6

сепкіштеріне

тырмалар тіркеледі

см) сепкішке

байланған жеңіл

тырмалар атқарады.

Алғы дақылына,

сортына және

аймағына байланысты

7-8 млн. дана/га

тұқым себіледі.

тәсілдері тиімдірек.

Күріш күріштен

кейін 3-ші жыл

және көпжылдық

шөптерден басқа

алғы дақылдардан

кейін орналасқанда

Сүдігерді аудара

жырту

Т-150, Т-170, К-701

тракторларына

тіркелген аспалы,

жартылай аспалы,

тіркемелі ПЛ-5-35,

ПЛН-5-35, ПЛН-6-35,

ПЛН-8-35 соқалары

Қыркүйек-

қазан

27-30 см (25-27 см)

тереңдікке. Тиісті

тереңдіктен ауытқуы

2 см аспауы,

жыртқанда пайда

болған арықшалар

тереңдігі мен

жалдар биіктігі 15

см аспауы, ӛсімдік

қалдықтарының

кемінде 90%-ы

топыраққа сіңірілуі

керек. Қоғамен

қатты ластанған

атыздар сүдігер 14-

16 см, кӛктемде 25-

27 см қайта

жыртылады.

Сүдігер міндетті

түрде жүргізілуі

тиіс.

Сүдігерді дискілеу ДТ-75, Т-150, Т-

170, К-701

тракторларына

тіркелген ауыр

дискілі БДТ-3, ДТ-7

тырмалары

Сәуір-мамыр 8-10 см тереңдікке Ауыр және аса қатты

тығыздалған

топырақтардың тоң

кесегін майдалау

және атыз бетін

тегістеу үшін

атқарылады. Жеңіл

топырақты жерлерде

жүргізбеуге болады.

Атыз бетін тегістеу Т-170, К-701

тракторларына

тіркелген лазерлі

тегістегіштерді

(Mara т.б.), олар

болмаса Д-569, Д-

541А скреперлері,

Сәуір-мамыр Лазерлі

тегістегіштерді

пайдаланғанда атыз

бетінің тегістігін

±2-3 см, басқа

машиналармен ±5 см дәлдікпен тегістеу

Лазер немесе нивелир

арқылы бақылау

жүргізіледі. Лазерлі

тегістегішті

қолданғанда атыз

беті ерте кӛктемде

малаланады (ДТ-

Page 27: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

27

Д-719, ПА-3

тегістегіштері, Д-

206 МА грейдерлері

арқылы

тракторына МВ-6

маласы тіркеледі)

Минералды тыңайтқыштар

беру (азоттың

дозасының 40-50%-ы,

фосфордың 100%-ы)

МТЗ-80, МТЗ-82

тракторына

тіркелген 1РМГ-4,

РМГ-3 тыңайтқыш

шашқыштар

мамыр Атыз бетіне

тыңайтқыштардың

біркелкі шашылуына

қол жеткізу

Минералды

тыңайтқыштар мӛлшері

ұсынымдарға сәйкес

беріледі (тӛменде

кӛрсетіледі)

Минеарлды

тыңайтқыштарды сіңіру

үшін қайырмасыз

аудармай қайта жырту

немесе дискілеу

Т-150, Т-170

тракторларына

тіркелген

қайырмасыз соқа,

БДТ-7,0

мамыр 16-18 см тереңдікке

қайырмасыз аудармай

жырту

Атыз бетін малалап,

екі мәрте тырмалау

Т-150 тракторына

тіркелген МВ-6

маласы мен БЗТУ-6

тырмасы

мамыр Тоң кесектерді

толық майдалап,

атыз бетін тегістеу

Лазерлі тегістегішті

қолданғанда маланы

пайдаланбауға болады

Тұқымды себер алдында

топырақты сақиналы

катоктармен таптау

МТЗ-80, МТЗ-82

тракторларына

тіркелген ЗКК-6,

ЗКК-6А, ЗКК-1,4

катоктар

мамыр Тоң кесектер толық

майдаланып,

шашыратып себілетін

тұқымға ұялар

дайындалады

Қатарлы (15 см),

тарқатарлы (7,5 см)

тоғыстыра немесе

шашыраңды тәсілмен

тұқым себу

МТЗ-80, МТЗ-82

тракторларына

тіркелген СЗ-3,6,

СРН-3,6

сепкіштеріне

тырмалар ітркеледі

1-20 мамыр Тұқымды себу

тереңдігін (1,0-1,5

см) сепкішке

тіркелген жеңіл

тырмалар атқарады.

Алғы дақылға,

сортқа және егу

аймағына байланысты

гектарына 7-8 млн.

дана/га тұқым

себіледі.

Тарқатарлы және

тоғыстыра себу

тәсілдері тиімдірек

II. Егісті күтіп-баптау

Барлық алғы

дақылдардан кейін

Алғашқы суға бастыру Қолмен Тұқым

себілісімен

2-3 күн ішінде

атыздағы су

деңгейін 10-12 см-

ге жеткізу

Ұсынымдар бойынша

топырақтың

тұздануына,

механикалық құрамына

және мелиоративтік

жағдайына байланысты

Page 28: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

28

Күріш тұқымының

бӛрітіп-ӛну кезеңінде

атыздағы су қалыңдығын

реттеу

Қолмен Топырақты суға

қаныққан күйде су

деңгейін барынша

тӛмен ұстау. Бір

шаршы метр жерде

кемінде 200-250

дана күріш кӛгін

алу

Ұсынымдарға сәйкес

Күріш кӛгінің

қатарлары айқындалып,

бірінші жапырағы пайда

болғаннан кейін

атыздардағы суды

реттеу

Қолмен Күріштің

бірінші

жапырағы

пайда

болғанда

Күрмек тектес

арамшӛптердің

екінші жапырағы

пайда болғанда

оларды жою үшін су

деңгейін 12-15 см

жеткізу сосын 20-30

см дейін кӛтеру, 6-

7 күннен кейін 12-

15 см дейін

тӛмендету

Ұсынымдарға сәйкес

Егісті гербицидтермен

ӛңдеу

Ранцты бүріккіштер,

ОВХ-28 бүріккіші

Дельтаплан, АН-2

Күріштің 2-4,

күрмектің 3-4

жапырақ

кезінде

Атыздағы су

деңгейін 5-7 см

дейін тӛмендету

және 2-3 күннен

кейін қайта кӛтеру

Ұсынымдар бойынша

арамшӛптермен

ластануына және

олардың түрлеріне

байланысты

Күріштің түптену

дәуірінде атыздағы су

деңгейін реттеу

Қолмен Күріш түптей

бастағанда

Су деңгейін 5-7 см-

ге дейін

тӛмендетеді

Ұсынымдарға сәйкес

Күріш егісін азот

тыңайтқышымен үстеп

қоректендіру

АН-2 ұшағымен Бір рет үстеп

қоректендірге

нде толық

түптену

дәуірінде,

екі рет үстеп

қоректендірге

нде түптену

дәуірінің

басында және

күріштің 6-7

жапырақ

кезінде

Азот тыңайтқышының

толық мӛлшерінің

30-50% беріледі

Механикалық құрамы

жеңіл топырақтарда

екі рет үстеп

қоректендірген

тиімді

Күріштің түтіктену-

сүттену дәуірінде

Қолмен Түптену-

сүттену

Атыздағы су

деңгейін 12-15 см-

Ұсынымдарға сәйкес

Page 29: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

29

атыздағы суды реттеу дәуірі ге жеткізіп, ұстап

тұру

Күріштің түтіктену-

сүттену дәуірінде

пирикуляриоз ауруына

қарсы фунгицидтермен

ӛңдеу

Ранцты бүріккіштер,

ОВХ-28 бүріккіші

Дельтаплан, АН-2

Күріштің

түтіктені-

сүттену

дәуірі

Қалыпты су деңгейі

ұсталады

Ұсынымдар бойынша

пирикуляриоз

ауруының алғашқы

белгілері шоқ-шоқ

болып кӛрінгенде

III. Егіс жинауға дайындық және егіс жинау

Барлық алғы

дақылдардан кейін

Жинау алдында

атыздарға су беруді

тоқтату

Қолмен Қамырлану

дәуірінде

Сүттену-қамырлану

дәуірі басталысымен

атыздарға су беруді

азайту (гүлдегеннен

кейін 15 күн

ӛткенде) және

қамырлану

басталғанда тоқтату

Ұсынымдарға сәйкес

топырақтың

механикалық құрамына

және мелморативтік

жағдайына байлвнысты

Атыздардың,

тақталардың айнала

шетін орып, жатканың

айналуына жол жасау

ЖРК-5, ЖРВ-5,

қолмен

Тамыз айының

соңы,

қыркүйек

айының

бірінші

онкүндігі

Атыздағы күрішті ору Енисей комбайнына

орнатылған ЖРК-5,

ЖРВ-5 жаткалары

Күріш толық

піскенде,

бірақ күріш

толық

піскеннен

кейін 10-15

күннен аспауы

керек

Күрішті оруға

кірісу оның сабаны

мен дәнінің

ылғалдылығына

байланысты

(тиісінше 60-70

және 20-25%). Оруға

тауарлы күріш

масағының 85%-ы,

тұқымдық күріш

масағының 90-95%-ге

піскенде кіріседі

Дестелерді комбайнмен

алу, жинау

Енисей-1200Р,

Класс, Кейс,

Лаверда және т.б.

комбайндар

Орғаннан

кейін 3-5

күннен

асырмай

Дән ысырабы 2%-дан

аспауы керек

Page 30: кызылорда облысы технологиялар жайлы усынымдар 1

30

13-сурет – Күріш атызының бетін лазерлік тегістеу

14-сурет – Дәстүрлі сепкішпен себу 15-сурет – Екі дискілі минералды тыңайтқыш шашқыш