Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру ... · 2014-09-09 ·...

138
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия образования им. И. Алтынсарина Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы Әдістемелік құрал Профильная школа: перспективы развития в условиях 12-летней школы Методическое пособие Астана 2013 1

Transcript of Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру ... · 2014-09-09 ·...

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

    Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия образования им. И. Алтынсарина

    Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы

    Әдістемелік құрал

    Профильная школа: перспективы развития в условиях 12-летней школы

    Методическое пособие

    Астана 2013

    1

  • Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 19 тамыздағы № 4 хаттама).

    Рекомендовано к изданию решением Ученого совета Национальной

    академии образования им. И.Алтынсарина (протокол № 4 от 19 августа 2013 г.).

    Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы.

    Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 69 б.

    Профильная школа: перспективы развития в условиях 12-летней школы.

    Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. Ы.Алтынсарина, 2013. – 69 с.

    Ұсынылып отырған әдістемелік құралда бейіндік мектептердің

    қазақстандық білім жүйесіндегі орны, бейіндік білім беру мазмұны, бейіндік мектеп типтері мен оның қызметін ұйымдастырудың Типтік ережесі, Жалпы білім беретін ұйымдардағы бейіндік сыныптарға (мектепке) қабылдау Ережесі және Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасы берілген. Еңбек бейіндік мектеп қызметін ұйымдастыруда және жетілдіруде көмекші құрал болып табылады.

    Бұл әдістемелік құрал бейіндік мектеп басшыларына, жалпы білім беретін ұйымдардағы бейіндік сынып педагогтеріне, білім саласы әдіскерлеріне, осы саланы зерттеушілерге арналған.

    В методическом пособии рассмотрены вопросы состояния профильного

    обучения на сегодняшний день в 11-летней школе, а также вопросы организации профильного обучения (условия организации, типы и нормативно-правовые основы деятельности профильных школ) в условиях 12-летней школы.

    Методическое пособие предназначено работникам системы образования.

    © Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013 © Национальная академия образования имени И. Алтынсарина, 2013

    2

  • Кіріспе

    Қазақстан Республикасында білім беру саласында жүріп жатқан реформаның басымдық алуы, мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жету бағытындағы қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуы, қазақстандық білім берудің халықаралық білім кеңістігінен лайықты орын алуы стратегиялық маңызға ие жоба есебінде көрсетілген [1].

    Сондықтан да қазіргі қоғам өмiрiнiң барлық білім беру саласында, соның iшiнде тұлға қалыптасуының негізін қалайтын жалпы білім беретін мектептің базалық білім мазмұнына болашаққа бағдарланған жаңартулар жасауды қажет етеді.

    Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында 2007 жылғы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес орта білім беру деңгейінің жоғарғы сынып оқушыларына бейіндік оқытуды енгізу қарастырылуда. Бейіндік оқыту, білім беру сапасын көтерудің, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асырудың бірден бір құралы ретінде қарастырылады [2].

    Стратегиялық тұрғыдан анықталғандай, жалпы орта білім беру бағдарламалары «білім беру мазмұнын кәсібилендіру және кіріктіру, саралану негізінде әзірленетін болады». Оқушыларға «шығармашылық қызметіне және жеке қабілетінің дамуына ерекше орын берілетін, дараланған білім беру бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беріледі. Жинақталған білім алуға, өздігінен және шығармашылықпен қолдана білуге ұмтылу, әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген түсініктерді кеңейтіп, тереңдетіп игеруге көшу қамтамасыз етіледі».

    Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамыту өзектілігі бірқатар факторлармен анықталған:

    - мектептердің 12 жылдық білім беру үлгісіне көшуі; - шетелдік тәжірибедегі жоғарғы сыныптағылардың оқуын ұйымдастыру

    тенденциялары; - еңбек нарығының мектеп түлектерінің дайындығына қоятын талабы; - білім берудің келесі деңгейлерімен сабақтастығын жүзеге асыру

    қажеттілігі. Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамытудың ықпалдастығы: - білім алушыларды әлеуметтендіруде педагогикалық жағдайды кеңейту,

    алдағы уақытта еңбек нарығының алға қарай даму жағдайында оларды саналы таңдау жасауға дайындау;

    - орта білім алу жолдарын анықтауда негізгі мектеп түлектеріне әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету;

    3

  • - үздіксіз білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқытуды ұйымдастыруға тәсілдерді үйлестіру.

    Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басым бағыттарының бірі ретінде көрсетілген 12 жылдық оқыту моделіне көшу үдерісі білім беру мазмұнының когнитивтік, іс-әрекеттік және аксиологиялық компоненттерін кіріктіру негізінде жаңартылған мазмұндағы стандарттарды әзірлеу мен енгізуді ұйғарады [2].

    Оқытудың 12 жылдық моделі бойынша жалпы орта білім беру деңгейінде білім беру сапасын жетілдіру, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және болашақтағы қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша бейіндік оқыту ұсынылады [3].

    Бейіндік оқытудың мақсаты – кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге жоғары сынып оқушыларын даярлау, оларға кәсіптік бағдар алу үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру, білім беруді даралау мен саралап жіктеу [3]. Сондықтан бейіндік оқыту жүйесі дамуының өзектілігі бірқатар факторларға байланысты, олар: білім беру нәтижелері жүйесінің кеңейуі: білім, білік, дағды және құзыреттіліктер; жоғары сыныпта оқу үдерісін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі; техникалық, кәсіптік және жоғарғы білім беру жүйесінің дамуымен байланыстырылады.

    Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқыту жүйесінің дамуы 16-18 жастағы азаматтардың білімділік деңгейін, олардың қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында мүмкіндіктерді кеңейтуге; жоғары сыныптағылардың мектептен кейінгі өмірлік жолды таңдауға бейімделудің негіздерін жасау, олардың кәсіптік мақсаттарын іске асыруға; еңбек нарығын кәсіби техникалық кадрлармен қамтамасыз ету проблемаларын шешуге бағытталған.

    Осыған орай 12 жылдық мектептің жалпы орта білім беру деңгейіндегі бейіндік оқытуды дамытудың тұжырымдамалық негіздерін және оны жүзеге асыру механизмдерін анықтау, бейіндік оқытудың құзыреттілікке негізделген оқу бағдарламаларын әзірлеудің ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау, яғни 12 жылдық бейінді мектепте оқытуға ауысу еліміздің экономикалық және әлеуметтік өркендеу мақсаттарына жету үшін зор маңызы бар мәселе болып отыр.

    Қойылып отырған мәселенің шешімдерінің бірі ретінде, бейіндік мектептің 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағын анықтауға арналған әдістемелік құралын ұсынып отырмыз.

    Әдістемелік құралда бейіндік мектептердің қазақстандық білім жүйесіндегі бейіндік мектептердің орны, бейіндік білім беру мазмұны, бейіндік мектеп типтері мен оның қызметін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық негіздері берілді.

    4

  • 1 Қазақстандық білім жүйесіндегі бейіндік мектептер Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға

    арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда «Бейіндік мектеп» құру арқылы бейінді оқыту жүйесін енгізу басым бағыттардың бірі болып қарастырылған. «Бейіндік мектеп» бағдарламасы орта мектептердің жоғары сыныптарында 2015 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды [2].

    Мемлекеттік бағдарламада атап көрсетілгендей, 2014 жылға қарай бейіндік оқытудың «Бейіндік мектеп» бағдарламасы әзірленеді және сынақтан өткізіледі. «Бейіндік мектеп» бағдарламасымен жұмыс істейтін жоғары мектеп (11-12-шы сыныптар) оқушыларды жоғары оқу орындарына дайындайтын болады.

    2013 жылғы жалпы орта білімнің мемлекеттік стандарттары жоғары білім стандарттарымен (бакалавриат) ықпалдастырылады. Жоғары білімнің жекелеген пәндері, мысалы, әлеуметтану, өзін-өзі тану, өмір қауіпсіздігінің негізі (ОБЖ), Қазақстан тарихы, мәдениеттану, т.б. пәндер «Бейіндік мектеп» бағдарламасына ауыстырылатын болады.

    Бейіндік оқу сабақтары қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және технологиялық бағыттар бойынша жүргізілмек. Бейіндік мектепке оқушылар ұлттық тестілеудің негізінде қабылданатын болады.

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша бейіндік мектепте 10-шы сынып түлектерінің 60 пайызы оқуларын жалғастырады деп пайымдалуда. Және мұндай мектептердің жартысынан астамы, жатақханалармен қоса, ауылдық жерлерде ашылатын болады. Жоғары оқу орындарының негізінде де бейіндік оқу бағдарламасын жүзеге асыратын мектептер құрылады. Қазіргі таңда базасында бейінді мектепте оқыту және орналастыру мүмкіндігі қарастырылған 40 жоғары оқу орны анықталып отыр.

    Бейіндік оқытудың қазақстандық моделі халықаралық тәжірибелердің негізінде әзірленіп отыр. Барлық дамыған елдерде жоғары сыныптағы жалпы білім бейіндік болып табылады және бұл бағдарлама мектептердің соңғы екі оқу жылын қамтиды. Ондай елдердің қатарында Германия, Швеция, АҚШ, Канада, Франция, Италия, Англия, Қытай, Жапония және т.б. елдер бар. Және аталған елдерде бейіндік мектептерде оқитын оқушылардың саны қазіргі таңда 70 пайыздан кем емес. Мысалы, Англияда бейіндік білім 12-13-ші сыныптарды қамтиды және оқушыларды жоғары оқу орындарына дайындайды. АҚШ-та бейіндік оқыту жүйесі орта мектептің соңғы 2-3 жылын қамтиды және үш бағыт бойынша: академиялық, академиялық емес және кәсіптік бағытта білім беріледі. Оның ішінде, бірінші бағыт - жоғары оқу орындарына түсуге, қалған екеуі – колледждерге түсуге мүмкіндік береді.

    Қазақстанда «Бейіндік мектеп» бағдарламасы 2015 жылдан бастап орта мектептердің, лицей-гимназиялардың, Зияткерлік мектептер мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жоғары сыныптарында жүзеге асырыла бастайды.

    Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамытудың өзектілігі бірқатар факторлармен, соның ішінде 12 жылдық білім беру үлгісіне көшу, мектеп түлектеріне қойылатын нарық талаптары, білім беру деңгейлерінің

    5

  • сабақтастығының қажеттілігі сияқты негіздермен мазмұндалады. Қазіргі уақытта білім беру жүйесіне қойылатын талаптар оның мүлде жаңа

    парадигмасын жасауды қажет етеді. Қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отырған бейіндік саралау, бейіндік оқыту педагогика теориясы мен практикасында әр тұрғыдан зерттелуде.

    Бейіндік мектеп – бейіндік оқытуды іске асыратын оқытудың институционалдық формасы болып табылады. Қазақстан Республикасында бейіндік оқыту жалпы білім беретін мектептің 11-12 сыныптарында жүзеге асырылады, сондықтан білім берудің осы сатысын «бейіндік мектеп» деп атауға толық негіз бар.

    Бейіндік оқытудың ең басты ерекшеліктерінің бірі – білім, іскерлік, дағдылар қалыптастырудан құзыреттілік тұрғыға көшу. Ал ол үшін бұрыннан қалыптасқан кәсіби білім беру процесін қайта құрып, мамандар даярлауда осы бағытта жұмыс жасауды талап етеді. Яғни мұғалімді бейіндік оқытудың принциптеріне сәйкес педагогикалық процесті ұйымдастыруға қажетті білім беру іс-әрекетінің дара және топтық формаларын кіріктіруге, бастауыш, орта және жоғары кәсіби оқу мекемелерінің, сондай-ақ қосымша білім беру мекемелерінің өзара әрекеті және ынтымақтастығын қамтамасыз ететін ашық білім беру ортасын жобалауға, білім беру мазмұнының баламалылығын қамтамасыз етуге, оқушылардың білім алу іс-әрекетін түрлі деңгейде ұйымдастыруға арнайы даярлау қажеттігі туады.

    Бейіндік мектепте жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы шешілмей келе жатқан мәселенің бірі – педагогта өзінің педагогикалық ойлауын жаңартуға, инновациялық іс-әрекет атқаруға мотивациялық дайындығын көтеруге, кәсіби өрлеуге сұраныс тудыратын құралдар табу болып отырғандығы екендігін айтуға болады.

    Бейіндік мектеп үшін өзіндік идеялары бар, жаңа оқу бағдарламаларын жасауға және жүргізуге қабілетті, жоғары интеллектуалдық әлеуетке және ғылыми құзырға ие мұғалім қажет. Бейіндік оқыту жағдайында педагог әдістемелік даярлығы қалыптасқан, сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлі әдістерін меңгерген тұлға болуы тиіс. Ол оқушылармен бірге олардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында ізденістік-зерттеу жұмыстарын үнемі жүргізуі керек. Бейіндік сыныптардағы мұғалім – оқу, ізденістік жұмыстың ұйымдастырушысы, кеңесшісі болып табылады.

    Қазіргі кезде Қазақтанда жалпы орта білім беретін мектепте оқушыларды кәсіпкерлікке оқыту, кәсіптік оқыту педагогтарын оқушыларды кәсіпкерлікке оқытуға кәсіби даярлау мәселелерін шешу бүгінгі күннің өзектілігіне айналып отыр.

    Осыған орай 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында Қазақстандық білім жүйесіне бейіндік оқытуды енгізу және бейіндік оқытуды жүзеге асырушы мамандармен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан нақты іс-шаралар белгіленіп ұйымдастырылуда.

    6

  • 2 Бейіндік мектепті ұйымдастыру жағдайлары Қазақстанда бейіндік оқытуды ұйымдастыру екі кезеңге бөліп қарастыруға

    болады. Бірінші кезеңі, ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, білім беру

    мекемелерінің (лицей, гимназия, арнаулы мектептер, дарынды балалар мектебі, халықаралық мектептер) моделінің дамуы және қалыптасуымен, мемлекеттік емес сектордағы оқу орындарының құрылуымен, авторлық оқу курстарының бағдарламасын әзірлеумен, қолданылатын білім беру технологиялар спекторының кеңейуімен байланысты.

    Қазақстанда бейіндік оқытуды ұйымдастырудың негізгі идеялары Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің даму тұжырымдамасында (1996 ж.), жалпы орта білім берудің мазмұнының Тұжырымдамасында (1996 ж.) көрініс тапты.

    «Білім» (2000) Мемлекеттік бағдарламасы «бейіндік оқытуды деңгейлеп саралап жіктеу мен даралауды жүзеге асыруда, соның ішінде сыныптың сыйымдылығының аздығы жағдайы» үшін «педагогикалық қызметкерлердің дайындық деңгейін мазмұнды жақсарту мен оқу процесін өзгеше негізде ұйымдастыру» қажеттігімен түсіндірілді.

    Екінші кезеңі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартын «Негізгі ережелер» (МЖБС 2.003. – 2002) енгізумен байланысты. Бұл құжатта жалпы орта білім берудің жоғарғы сатысына сипаттама беріліп, 2006-2007 оқу жылынан бастап Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастырудың негізі анықталды.

    Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасы 12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқыту үлгісін және құрылымын ұйымдастыру бойынша негізігі идеяларды ашады. Бейіндік оқыту нәтижеге бағытталған 12 жылдық білім беру үлгісінде жоғарғы сыныптағылардың білім сапасын арттыру бойынша басқару жүйесін анықтауға бағытталған.

    Оқытудың нормативтік мерзімі 2 жыл деп (10-11 сыныптар) анықталған. Бейіндік оқытудың міндеттеріне оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыту, саралап жіктеп оқыту негізінде өзіндік оқу қызмет дағдысын қалыптастыру енгізіледі. Бейіндік оқыту мазмұнын іріктеу базалық білім беруді қамтамасыз ету үшін толық функционалдық негізге, сонымен қатар жалпы орта білім беру сатыларының сабақтастығына (бастауыш, негізгі, жоғарғы) сәйкес жүзеге асырылады.

    12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқыту арнайы жаңадан салынған бейіндік мектептерде және жалпы орта білім беретін ұйымдарда (лицейлерде, мектеп-гимназияларда, колледждерде) жүзеге асырылады.

    Жалпы орта білім беру жүйесінде бейінді оқытуды жүзеге асыру – білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

    Бейіндік оқытуда білім беру үдерісінің мазмұны жүйелі-әрекеттік және 7

  • тұлғаға бағдарланған тәсілдер әдіснамасына негізделіп, жеке оқытуды, өздігінен білім алуды, сол сияқты білім алушылардың өзіндік дамуын, өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

    Бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасында: «бейінді оқыту – кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бейімі үшін жағдай жасау, оқушылардың бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сынып оқушыларының оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі», - делінген [4].

    Бейіндік оқыту жоғары сынып оқушыларының қызығушылығына, бейіміне және қабілетіне қарай сараланған білім беру негізінде ұйымдастырылады.

    Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың мақсаты: - оқушылардың әлеуметтену мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстан

    азаматтарының сындарлы рөл ретінде базалық құзыреттер түріндегі білім беру жүйесінің ұлттық мақсаттарына жетуге мүмкіндік туғызу;

    - жалпы орта білім берудің жеке оқу жоспарларын жобалау мен іске асыру мүмкіндігін, 11-12 сынып оқушыларының білім беру мазмұнын саралап жіктеу үшін нормативттік және ұйымдастырушылық педагогикалық жағдай жасау;

    - оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамасыз ету;

    - жоғарғы кәсіби және орта білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету.

    Бейіндік оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

    - жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту; - білім мазмұнын саралауға және әр оқушының өзіндік білім

    траекториясын құруға жағдай жасау; - жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастықты, бағдарлы

    сынып оқушыларын жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету;

    - оқушының белгілі сала бойынша қабілетін ұштау, оның бойында келешекке қажет білік пен дағданың қалыптасуына мүмкіндік жасау.

    12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бейіндік мектеп қызметін жетілдіру және ондағы бейіндік оқыту жүйесін ұйымдастыру мен дамытудың өзектілігі:

    - мектептердің 12 жылдық білім беру үлгісіне көшуі; - қосымша білім беру; - болашақ мамандығына сәйкес білім алу бағытын таңдау; - шетелдік тәжірибедегі жоғарғы сыныптағылардың оқуын ұйымдастыру

    тенденциялары; - еңбек нарығының мектеп түлектерінің дайындығына қоятын талабы. Бейіндік оқыту жүйесін дамытудың ықпалдастығы: - білім алушыларды әлеуметтендіруде педагогикалық жағдайды кеңейту,

    8

  • алдағы уақытта еңбек нарығының әрі қарай даму жағдайында оларды саналы таңдау жасауға дайындау;

    - негізгі орта білім алу жолдарын анықтауда негізгі мектеп түлектеріне әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету;

    - үздіксіз білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқытуды ұйымдастыру тәсілдерін үйлестіру.

    12 жылдық мектептегі жоғары сынып, бұл жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылады. Бұл деңгейдің негізгі мақсаты – оқытудың саралануы мен даралануына бағдарланған жалпы орта білім беруде бейіндік оқыту, оқушылардың болашақ кәсіби қызметіне саналы да жауапты таңдау жасауына, жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасау.

    12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқытуды ұйымдастыру барысында жаңа формаларды қолдану төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

    - оқушы өзі таңдаған бейіндігіне сәйкес терең білім алуға, алғашқы кәсіптік білімді меңгеруге мүмкіндік алады;

    - өзінің қабілеті мен бейінділігіне қарай білім мазмұнын таңдап оқуға қол жеткізеді;

    - оқу мүмкіндігіне қарай білім мазмұнының игерілуі мүмкін, әрі міндетті деңгейлері жүзеге асырылып, мұғалім мен оқушы арасындағы қайшылықтың бір үлкен түйіні шешіледі;

    - білім алушы оқу үрдісінде белсенді ұйымдастырушы, өздігінен білім жолын игеруші, нәтижесін бағалаушы тұлғаға айналады;

    - бейіндік оқыту жеке адамының өзін-өзі дамытуда жетілдіру тұрғысынан ұйымдастырылғандықтан, сыртқы әсерден гөрі сыртқы мотивацияның үлес салмағы артып білімді игеру жолындағы табыстан туатын құштарлық, құлшынысы жетіледі, білімді игерудің жаңа қайнар көзі пайда болады;

    - білім алушының даму кеңістігіне толық мүмкіндік беріліп, өзін-өзі дамыта, басқара отырып, өсу траекториясын өзі белгілеуші болады.

    12 жылдық білім жүйесіндегі бейіндік мектепте негізгі үш бағыт басшылыққа алынады:

    1-бағыт: оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.

    2-бағыт: оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.

    3-бағыт: ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.

    12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім мынадай негізгі компоненттермен таныс болуы тиіс [3]:

    Білімнің базалық мазмұны – жалпы орта білім беретін ұйымдардың меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, меңгеруге міндетті, орта білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім мазмұнының құрамы мен көлемі;

    Оқу жоспарының инвариантты компоненті – орта білім берудің 9

  • мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына енгізілген және жалпы білім беретін ұйымдарда оқуға міндетті пәндердің жиынтығы;

    Оқу жоспарының вариативті компоненті – оқушылардың қабілеттеріне және білім беру сұраныстарына есепке отырып жалпы білім беретін ұйыммен анықталатын оқу пәндері мен курстарының жиынтығы;

    Базалық пән – оқытудың барлық бағыттарына міндетті болатын типтік оқу жоспарының инвариантты компонентінің пәні;

    Бейіндік пән – жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту бағытына сәйкес нақтылы мазмұны бар болатын типтік оқу жоспарының инвариантты компонентінің пәні.

    Жалпы орта білім мазмұнының инварианттық компоненті типтік оқу жоспарларында, ал вариативтік компоненті оқу жұмыс жоспарларында беріледі.

    11-12 сыныптардағы бейіндік оқыту инварианттық компонентке енгізілген базалық пәндер мен жаңа мазмұнды бейіндік пәндер есебінде және вариативтік компонентті (мектептік және оқушы компоненттері) пайдаланумен жүзеге асырылады (1-кесте). 1-кесте – Бейіндік оқытудың типтік оқу жоспарының ерекшеліктері

    Жаратылыстану-математикалық бағыты Қоғамдық-гуманитарлық бағыты

    1

    Инв

    ариа

    нтты

    қ ко

    мпон

    ент Базалық пәндер Базалық пәндер

    Бейіндік пәндер Бейіндік пәндер

    2

    Вар

    иати

    втік

    ко

    мпон

    ент Қолданбалы курстар Қолданбалы курстар

    Таңдау бойынша курстар Таңдау бойынша курстар

    Бейіндік оқытудағы бейіндік пәндер және олардың мазмұны әр бағытта

    (жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағыттар) әртүрлі болады, яғни бейіндік пәндер жоғары сыныптағылардың бейіндік оқыту бағытын, мамандандыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бейіндік пәндер:

    – оқыту бағыттарына байланысты сараланған түрде болады; – инварианттық компонентке қосылған және олардың бағдарламалары

    мен оқу-әдістемелік кешендері мемлекеттік деңгейде әзірленеді; – жаңашыл және тәжірибеге бағытталған қолданбалы мазмұнды қамтиды; – көптілді оқыту арқылы жүзеге асырылады; – бейіндік оқыту аясында жекелей және аралас пәндерді кіріктіру

    жолымен орта мектеп пен жоғары мектептің бакалавриат бағдарламасындағы 10

  • сабақтастықты қамтамасыз етеді. 11-12 сыныптарда бейіндік оқытудың білім мазмұны жаратылыстану-

    математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағыттардың ішкі бағдарларға бөлінумен жүзеге асырылады, яғни жаратылыстану-математикалық бағыт химия-биологиялық, физика-математикалық және т.б. бағдарларға, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыт филологиялық, тарихи-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және т.б. бағдарларға бөлінеді.

    Жалпы орта мектептегі жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарындағы білім мазмұны 11-12 сынып оқушыларының мүдделерін, қабілеттері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып тиімді педагогикалық жағдайлар жасауға бағытталған. Сонымен қатар, ол барлық оқушыларды жоғары оқу орындарының сәйкесінше мамандықтарында кәсіби білім алуға қажетті дайындық деңгейімен қамтамасыз етеді.

    Жаратылыстану-математикалық білім берудің мақсаттары: жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету; қоршаған әлемді түрлендірудегі математиканың, информатиканың, физиканың, биологияның және химияның рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру; оқытуды бейіндендіруге жағдай жасау және оқушыларды одан әрі кәсіби өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі дамытуға даярлау.

    Жаратылыстану-математикалық бағыт жаратылыстану-математикалық циклдегі пәндер бойынша білім беру үдерісінде оқушы тұлғасының интелектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында физика-математикалық және химия-биологиялық білім беруді, оқушылардың логикалық, математикалық, ғылыми-жаратылыстану, инженерлік ойлауын қалыптастыруды, әртүрлі өмірлік жағдайларға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті оқушылардың аналитикалық, практикалық біліктері мен дағдыларын жетілдіруді қамтиды.

    Жаратылыстану-математикалық бейіндік бағыты келесідей бейіндік пәндер құрамымен қамтамасыз етіледі: бағдар бойынша терминология (шетел тілінде), математика, қолданбалы математика, физика, астрофизика, химия, биология, география, информатика, биохимия және биотехнология негіздері, экология және тұрақты даму, қазіргі заманғы химиялық технологияның негіздері, графика және проекциялау, компьютерлік моделдеу, ақпараттық жүйелер мен технологиялар және т.б.

    Қоғамдық-гуманитарлық білім берудің мақсаттары: қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету; оқушылардың қабілеттерін, жеке бейімділіктері мен қажеттіліктерін ескеріп оқыту мазмұнын жіктеу, оқушылардың гуманитарлық даму ортасын жасау; жоғары рухани-адамгершілік мәдениеттерін және тұлғааралық, этносаралық қатынас мәдениеттерін оқушылардың бойына сіңіру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, тұлғаның өзін-өзі тануын және өз мүмкіндігін іске асыруын қалыптастыру және дамыту.

    Қоғамдық-гуманитарлық бағыт қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және

    11

  • басқа құндылықтарына құрметпен қарауды оқушылардың бойында қалыптастыру, адамгершілік қарым-қатынастың жоғары мәдениеттілігін дамыту, этикалық нормаларды сақтау, келешекте оқушыларды табысты әлеуметтендіру үшін қажетті тіл-қатынастық біліктер мен дағдыларды жетілдіру мақсатында тарихи-мәдениеттік, әдебиеттік және көптілді білімді қамтиды.

    Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар, бейіндік пәндердің келесі құрамымен қамтамасыз етіледі: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, әдебиет, шешендік өнер, мәдени қазына, әлемдік әдебиет, шетел тілі, бағдар бойынша терминология (шетел тілінде), әлеуметтік-экономикалық география, экономика және менеджмент негіздері, әлеуметтану, кәсіпкерлік негіздері, қазіргі әлемдегі Қазақстан, Қазақстандық заңнама, этика мен шешендік өнер және т.б.

    Бейіндік оқытудың технологиялық бағытының мазмұны үшін келесідей пәндер құрамы анықталған: химия, биология, физика, технология, графика и жобалау.

    Жалпы білім беретін базалық және бейіндік мазмұндағы пәндердің құрамы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының деңгейін қамтамасыз етеді.

    12 сыныптың түлектерінің жетістігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары деңгейімен біріңғай ұлттық тестілеу нәтижесі бойынша анықталады.

    Оқыту мазмұнын жетілдірудің дидактикалық негізіне оқытуды ұйымдастырудағы тұлғалық-бағдарлық және шығармашылық іс-әрекет тұрғысынан балаға іс-әрекет субьектісі ретінде (қызығушылығына, әрекеттердің себептеріне, мақсаттарына т.б.) қарап, оны қалыптастыру туралы теориялық принциптер жатады. Осыған орай ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып, 12 жылдық мектептегі жалпы орта білім беру деңгейіндегі білім мазмұнын жобалауда бірнеше дидактикалық принциптер жүзеге асырылуы тиіс:

    Ғылыми және жасерекшелік принципі. Берілетін білімді мұқият іріктеу, қазіргі таңда ғылыми тұрғыдан айқындалған принциптер, ғылымда нақты қолданылатын ұғымдардың енгізілуі. Сол берілген материалдың оқушылардың оқуға дайындық деңгейіне, олардың дене дамуы мен психикалық үдерістерінің (зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау және т.б.) даму деңгейіне сәйкес келуі.

    Кіріктіру принципі. Бейіндік мектепте математика, физика, химия, биология, технология пәндері қоғамның индустриялдық-инновациялық дамуына, болашақ мамандығына дайындауға байланысты жоғары мектептің сәйкесінше пәндерімен мазмұнына қарай бір-бірімен кіріктіріліп келеді. Кіріктіру бұл бірнеше жақын мазмұнды, оқу пәндерінің біреуінен берілетін білімді бірі толықтыруға ыңғайлы болып, олардың мазмұндық жүйесінің кірігуі. Кіріктіру принципі арқылы дүниенің біртұтастығы, оның құбылыстарының өзара байланыстылығы туралы түсініктер қалыптастыру мүмкіндігі туады.

    Бейіндік мектеп пен жоғары мектеп компонентінің кіріктірілуі жалпы орта 12

  • білім беру мен жоғары білім берудің (бакалавриат) мазмұндарындағы сабақтастықты; 1-2 курс бакалавриатының жалпы білім беру циклі пәндерінің (қазақ тілі (орыс тілі), шетел тілі, Қазақстан тарихы, информатика, саясаттану, философия, әлеуметтану, құқық негіздері, өмір қауіпсіздігінің негіздері) мазмұнын бейіндік мектепке көшіруді; бакалавриаттың жалпы білім беру пәндерінің (ЖБП) циклі азаюына байланысты базалық және кәсіптендіру пәндері бойынша білім мазмұнын күшейтуді қамтамасыз етеді.

    Пәнаралық байланыстар принципі. Бұл әр пәннен алынған білімді кез келген сабақ барысында кешенді түрде пайдалануды көздейді. Бұл сабақтас оқу пәндерінің мазмұнын сәйкестендіруге, пәндердің өзара байланысын іздестіруге сол арқылы оқушылардың логикалық ойын дамытуға жағдай жасайды.

    Әр түрлі деңгейде оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде бала тұлғасын дербес дамыту принципі. Бұл барлық жағынан баланың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі міндеттерді шешу мүмкіндіктерін, алға қойған мақсатты шешудегі қарқындылығын дамыту.

    Нәтижелі шығармашылық принципі. Бағдарлама мазмұны тек әр пән бойынша білім мен тәрбие беруге және оны меңгертуге ғана емес, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Бұл әр уақытта балалардың эвристикалық қабілеттерін дамыта отырып, оқу іс-әрекетін, оқушылардың қызығушылығы мен бейінділігін дамыту, ойлан тап, ойдан шығар, орында, қиялда, құрастыр, дайында т.с.с. жаңа нәтижелер жасауға бағыттайтын тапсырмалар беру арқылы жүзеге асады.

    Мәдениеттендіру принципі. Кез келген пәннің мазмұнында оқушылардың жеке басынан бастап оның жалпы мәдениетін көтеру, ол үшін отбасының гигиенасынан басталатын түрлі қатынастың біртіндеп, мәдени орталықтарды, адам баласының қай салада болсын Республикамыздың ғана емес, адамзат тарихынан бастап, қолы жеткен жетістіктерін қамту көзделген.

    Экологиялық принципі. Әр сынып сайын оқушының өзін-өзі байқауы, өз әрекетін басқаның тиімді әрекетімен салыстыру, қоршаған ортаға, табиғатқа адами, мәдени қатынас жасауға мүмкіндік беру жағы қарастырылады.

    Өлкетану принципі. Әр пәннің әр тарауын жергілікті материалдармен байланыстыра оқытуды талап етеді. Бұл, әрине, мұғалімдердің әдістемелік ізденістерін, қосымша материалдардың молдығын керек етеді.

    Осы сияқты білім берудің дидактикалық принциптерін сақтай отырып жаңа буын бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы 12 жылдық білімнің барлық буынында оқыту мен тәрбие талаптарын қамтамасыз етуге жағдай туады. Білім беру барысында осы дидактикалық принциптердің жүзеге асырылуы негізінде баланың жалпы дамуын қамтамасыз ету мәселесі жүзеге аспақ. Олар баланың жеке бастық іс-әрекетінің, әлеуметтік, зейінін, тілі мен ойының, қимыл әрекетінің т.б. дамуын қамтамасыз етеді. Бірақ бұл дамулардың бәрі де бала мүмкіндігінен асып кетпеуге тиісті.

    Сонымен 12 жылдық мектептің жоғары сыныптарында бейіндік оқытудың мақсаты, бейіндік оқытуды дамытудың басымды бағыттары мен жүзеге асыру механизмдері, білім мазмұны мен оқушылардың дайындық деңгейіне

    13

  • қойылатын талаптар (түйінді және пәндік құзыреттіліктер), білім мазмұнын жобалаудың дидактикалық принциптері негізінде жалпы орта білім берудің базалық мазмұнын анықтаудың матрицасы құрастырылды. Оны біз көрнекі түрде мынадай кесте арқылы ұсынамыз (2-кесте). 2-кесте – 12 жылдық білім беру мазмұнын жобалау матрицасы

    ӨТ

    ПЕ

    ЛІ К

    ОМ

    ПО

    НЕН

    ТТ

    ЕР

    Тұлғ

    алы

    қ мү

    ддел

    ер

    Қоғ

    амды

    қ мү

    ддел

    ер

    Мем

    леке

    ттік

    мүд

    деле

    р

    Білі

    м бе

    ру м

    азмұ

    нын

    жет

    ілді

    руді

    ң ба

    сымд

    ы б

    ағы

    ттар

    ы

    БІЛ

    ІМ М

    АЗМ

    ҰН

    ЫН

    А Қ

    ОЙ

    ЫЛ

    АТ

    ЫН

    ТА

    ЛА

    ПТ

    АР

    ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

    ПӘНДІК ЖӘНЕ ТҮЙІНДІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР

    «Тіл және

    әдебиет» БС

    «Мате-матика және

    инфор-матика»

    БС

    «Жара-тылыс-тану»

    БС

    «Адам және

    қоғам» БС

    «Технология»

    БС

    «Дене шынықтыру»

    БС

    ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР

    Пәндер Пәндер Пәндер Пәндер Пәндер Пәндер

    ІІІ

    Жал

    пы о

    рта

    білі

    м б

    еру

    деңг

    ейі

    Бейінді оқыту оқушылардың өздігінен іздену және таным әрекеттері

    үлесінің айтарлықтай ұлғаюымен де ерекшеленеді, яғни оқыту бағытын таңдағанда саралаудың ішкі және сыртқы түрлерін есепке алу тиімді болады. Оқушының болашақ жоғары оқу орнына түсуіне және жоғары кәсіптік білім алуына септігін тигізетін білім алу бағытын таңдау туралы саналы шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру бейіналды даярлаудың негізгі міндетіне жатады. Яғни, бейіналды даярлық арқылы оқушылар өмірлік маңызды таңдауды да дұрыс жасай алады.

    Білім берудің тұлғаға бағдарланған парадигмасын іске асыру бейіндік оқытуды ұйымдастыру ережесіне байланысты.

    Бейіндік оқытуды ұйымдастыруда төмендегідей басқарушы ережелері басшылыққа алады:

    14

  • 1. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру деңгейінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық бейіндік оқыту бағыттарын анықтайды. Білім беру мазмұны мен оқыту процесі түйінді және пәндік құзіреттер жүйесіне жету қажеттігін ескере құрылады.

    2. Ұйымдастырылатын бейіндік оқыту моделі оқу орнының білім беру процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың күш-қуатын ескереді.

    3. Бейіндік оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда, оның ішінде үш ұстанымы ескеріліп, оқу орындарының түрлері анықталады:

    а) Республикада бейіндік оқыту тәжірибесімен қалыптасқан, жалпы білім беретін мекемелердің әр түрлі орындары бар;

    б) Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуымен орта буынның білікті мамандарын даярлауға әлеуметтік тапсырыс;

    в) Негізгі білім беру бағдарламалары бойынша үлгермеген оқушылар үшін жоғары сатыдағы бағдарламаларды шығару білім берудің Халықаралық стандартының (1997 г.), топтастыру ережесімен келісілген.

    Бейіндік бағытын мәлімдеген білім беру мазмұны екі бағытты ескере анықталды. Біріншіден бейіндік оқытуды анықтау бойынша 11-12 сынып оқушыларының жекелеген қабілеті мен қызығушылығын ескеру үшін білім беру мазмұнының құрамы мен құрылымы педагогикалық жағдай жасауға бағытталуы керек.

    Екіншіден, үш бағыт шеңберінде білім беру мазмұнын анықтауда оқушылардың базалық жалпы білім беру даярлығын аяқтауды қамтамасыз ететін міндетті оқу пәндерінің көлемін азайтып, базалық мазмұндағы пәндер үшін оқу-әдістемелік кешендердің саны оңтайландырылып, республикада қалыптасқан вариативті білім берудің және т.б. институционализациялау деңгейінің мүмкіндігі ескеріледі.

    Бейіндік оқыту жүйесінің үйлесімділігі аралас оқу пәндерінің (курстар) есебінен қамтамасыз етіледі және оқу мазмұнының элементтерінің келесідей типтерін: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер (инвариантты компонент), жалпы білім беретін бейіндік пәндер және таңдау бойынша міндетті пәндер (вариативті компонент), таңдау бойынша курстар (оқушы компоненті) енгізеді.

    Таңдау бойынша міндетті пәндерге оқушылар үшін қатысу міндетті. Берілген компонент білім беру мазмұнының вариативті элементімен қарастырылып, мектеп өздігінен ұйымдастырады. Міндетті пәндер «толықтыру» қызметін орындап, «өзге» бағыттағы мазмұн есебінен білім беруді толықтырады. Оқушылар басқа бағыттағы жалпы білім беретін бейіндік пәндердің тізімінен екі оқу пәнін таңдау мүмкіндігін алады.

    11-12 сыныптардағы бейіндік оқытудың қалыптасқан мақсаттары мен үш бағытта ұйымдастыру құрылымы, ұйымдастырудың әр алуан түрлерін ұсынады. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың оқу жоспарларын іске асыру кезінде оқу мекемелерінің білім беру қорларымен қамтамасыздығы бейіндік

    15

  • оқытудың түрлерін анықтаудың негіздемесін қарастырады. Бейіндік оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлеріне мектепішілік және

    желілік бейіндік оқыту жатқызылады. Соңғы 3 жылда бейінді оқытудың мектепішілік ұйымдастыру түрінде

    жалпы білім беретін оқу орны оқушылардың білім алу қажеттілігіне, кадрлық және оқу-әдістемелік күш-қуатына байланысты бейінді оқытудың ұйымдастырылатын бағыттарын өздері анықтайды, ал бейінді оқытуды желілік ұйымдастыру түрі оқу орындарын қатыстыру есебінен іске асырылады.

    Мектепішілік бейіндік оқыту. Жалпы білім беретін оқу орны оқушылардың білім алу қажеттілігіне, кадрлық және оқу-әдістемелік күш-қуатына байланысты бейіндік оқытудың ұйымдастырылатын бағыттарын өздері анықтайды.

    Бірбейінді оқыту кезінде (грек сөзі. мonos- біреу, жалғыз) оқу орны бейіндік оқытудың бір бағытын іске асырады (жартылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық).

    Көпбейінді оқыту кезінде (грек сөзі. polys – көптеген, есепсіз, көлемді) оқу орны бейіндік оқытудың 2-3 бағытын іске асырады (жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық).

    Бейіндік оқытудың желілік ұйымдастыру түрі білім беру ұйымдарының білім беру қорларына оқу орындарының қатыстырылу есебінен іске асырылады. Осындай ынтымақтастықтың екі негізгі нұсқасы қарастырылады. Бірінші нұсқада бірнеше жалпы білім беретін оқу орындары желіге бірігеді, неғұрлым оқу-әдістемелік, кадрлық және материалдық қорларымен қамтамасыз етілген оқу орны, оның орталығына айналады. Оқу орны желі бойынша іске асырылатын, білім беру мазмұны тізбегін және механизімін өздері анықтайды: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер, бейіндік жалпы білім беретін пәндер немесе таңдау бойынша міндетті пәндер, таңдау бойынша курстар.

    Екінші нұсқада оқу орны мекеменің қосымша техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру қорларын қатыстырады.Оқушылар білім берудің мемлекеттік стандарты шеңберінде тек қана оқу орны «негізінде» ғана емес, желілік мекемелерде қашықтықтан оқыту курстарынан, сырттай мектептерден жалпы орта білім алуға мүмкіндіктері бар.

    Бейіндік оқыту мазмұнын мектеп компонентін таңдау бойынша міндетті пәндер және жалпы орта білім беру оқу жоспарының оқушы компонентіндегі қызығушылығы бойынша Курстар есебінен қамтамасыз етіледі. Пәндер мен курстарды араласу шеңберінде түрліше бейіндік оқыту ұйымдастырылуы мүмкін, сол оқу орнымен көлемді бейіндік оқыту ұйымдастырылады.

    Таңдау бойынша міндетті пәндерге оқушылар үшін қатысу міндетті. Берілген компонент білім беру мазмұнының вариативті элементімен қарастырылып, мектеп өздігінен ұйымдастырады. Міндетті пәндер «толықтыру» қызметін орындап, «өзге» бағыттағы мазмұн есебінен білім беруді толықтырады. Оқушылар басқа бағыттағы жалпы білім беретін бейіндік пәндердің тізімінен екі оқу пәнін таңдау мүмкіндігін алады.

    Қызығушылығы бойынша курстар оқу жоспарының оқушы компонентінің есебінен іске асырылады және екі міндетті орындайды. Біріншісі - жалпы

    16

  • білім беретін бейіндік пәндердің қолданбалы сипатын қамтамасыз ету. Екінші міндет - оқушылардың жеке қызығушылығын қанағаттандыру бойынша таңдаған бейіні шеңберінде білім беру мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету.

    Қазіргі уақытта жоғары сыныптарда бейіндік оқытуға көшуге байланысты оқушылардың өзіндік әлеуетін анықтау проблемасының өзектілігі артып келеді. Бейіндік оқыту білім беру саласындағы маңызды бағыт ретінде педагогикалық ғылым мен тәжірибеде оқушылардың әрі қарай оқуын таңдауға ықпал етеді. Сондықтан бейіндік оқытуда жоғары сыныптарда бiлiм мазмұнын оқу жоспарының вариативті компонент оқу курстарының маңызы ерекше. Білім мазмұнының вариативті бөлігі есебінен оқушылардың сұраныстары, аймақтың, мектептің ерекшеліктері жүзеге асырылады. Демократияландыру тұрғысынан бұл әр мектептің өзінің ерекшелігіне және аймақтың талаптарына сәйкес өз бағдарын таңдап алудың мүмкіндігін білдіреді. Оқу жоспарының вариативті компонентінің ұсынылуы мектеп әкімшілігінен, әдіскерлерден, мұғалімдерден оқушыларды кәсіби бағдарлау үшін оны ұтымды пайдалану жолдарын қарастыруды талап етеді.

    Кәсіби бағдар мәселесі жеке адам үшін де, жалпы алғанда, қоғам үшін де маңызды болып табылады. Қазіргі нарықтық қатынас заманы адамның үздіксіз кәсіби жетілуін талап ететін бәсекелестік жағдайына қойып отыр. Оның үстіне кәсіби бағдар мамандық таңдауға ғана емес, сондай-ақ адамның мамандығын жетістікпен өзгерте алуына, өзгермелі өмір жағдайлары мен кәсіби қызметке бейімделе алуына себептесуі тиіс. Адам өмірге шығармашылық тұрғыдан қараған жағдайда ғана оның мәні оған жаңа қырынан танылып, өзіндік анықтала алатын толыққанды субъектіге айналады.

    Өзіндік әлеуетін анықтау жасөспірім шақта басты құбылыс болып табылады және жоғары сыныптарда оқу-кәсіби қызметпен қатар жетекші қызмет атқарады. Жалпы алғанда кәсібилік тұрғыдан өзіндік анықталудың негізгі мазмұны өмірдің мәнін іздеу үдерісі сияқты. Өмір қандай да бір «жетістік» емес, ол – үдеріс. Жоғары сынып оқушыларының өзіндік анықталуы – «өмірдің мәні мен шешімін іздеу». Бұл жастағы оқушылар өмірдің мәнін іздейді, бірақ оған қажетті амалдар мен құралдарды білмейді. Өзіндік әлеуетін анықтаудың негізгі бағытына «таңдау кеңістігі», «өмір салты», «өмір сүру бағдары», «әлеуметтік рөл» мен «әлеуметтік стереотип» жатуы мүмкін. Өзіндік анықталуды күрделі әрі өзін өзі ұйымдастырушы жүйеде құрылымды жасаушы ретінде қарастыру арқылы кәсіби бағдарда синергетикалық тұрғыдан қарау арқылы төмендегі құрылымдық блоктарды көрсетуге болады:

    − кәсіби өзіндік анықталу; − таңдаудың объективті және субъективті кеңістігі; − кәсіби бағдар әдістері. Осылай, жоғары сынып оқушылары өздерінің қызығушылығына,

    қабiлеттілігіне сәйкес таңдап алатын вариативті компоненттің (қолданбалы, таңдау) курстары олардың өз бетінше білім ала білуіне, игерген білімдерін жаңа жағдайларға қолдана алуларына, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесімен, мектептен кейінгі білімін жалғастыру үшін қажет түйінді құзырлармен қарулануына ықпал ететін болады.

    17

  • Мұғалім әрбір оқушыға онымен кеңесе отырып, тапсырма береді және оны оқушы өзіндік график бойынша орындағаны тиімді болады. Бұл жағдайда мұғалім дәріскерден сұхбаттасушыға, кеңес берушіге, ал сабақ талқылауға, пікір-сайысқа, тәжірибелік жұмыстарды өткізуге айналады.

    Қолданбалы курстардың келесі типтерін шартты түрде бөліп көрсетуге болады (пәндік бағдарланған, пәнаралық, кәсіби бағдарланған):

    1. Пәндік қолданбалы(таңдау) курстар, оның мақсаты мектептің оқу жоспарына кіретін пәндер бойынша (мысалы, физика) білімді тереңдету.

    2. Пәнаралық қолданбалы(таңдау) курстар, олардың мақсаты оқушылардың табиғат туралы білімдерін тереңдету.

    Пәндік қолданбалы курстарды бірнеше топқа бөлуге болады: а) көтеріңкі деңгейдегі қолданбалы курстар, бағдарлы курспен тақырыптық та, өткізілу уақтысы бойынша да келісілген пәнді тереңдетіп оқытуға бағытталған курс. Мұндай курс пәнді тереңдетіп оқытуға мүмкіндік береді;

    ә) қолданбалы арнайы курс, мұнда пәннің жеке бөлімдері тереңдетіліп оқытылады.

    3. Кәсіби бейіндік қолданбалы (таңдау) курстар, олардың мақсаты -оқушылардың пән негіздерінен игерілген білімдерін тәжірибеде қолдана алудың маңызды жолдарымен және әдістерімен таныстыру.

    Вариативті компонент оқу курстары сәйкес жалпы білім беретін пәндерді зерделеу кезінде қалыптасқан оқушылардың білім мен біліктеріне негізделеді, сондай-ақ мамандыққа бағдарлауды жүзеге асыра отырып, жоғары сынып оқушыларының білім алуға деген қажеттілігін қанағаттандыра алады.

    Білім мазмұнын таңдап алу мәселесі әлеуметтік тәжірибеден алынатын іс-әрекеттер қатынасын және оларды орындауға оқушыларды дайындау үшін қажет функцияларды, игерілуі тиіс құндылықтар жүйесін анықтауды білдіреді. Оқу жоспарының вариативті компонентінің оқу курстарының мазмұнын таңдап алу үшін де орта білім мазмұны теориясы бойынша жалпыдидактикалық зерттеулерге жүгіну қажеттігі туындайды.

    Жалпы орта бiлiм беру мазмұнын анықтау бойынша зерттеулердің (В.В. Краевский, В.С. Леднев, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.П. Беспалько, И.И. Логвинов және т.б.) жекелеген аспектiлерi оқушыларды бейіндік дайындық пен бағдарлы оқытудағы вариативті компоненттің, атап айтқанда, қолданбалы курстардың мазмұнын анықтау үшін ғылыми негіз болып табылады.

    Қолданбалы курс мазмұнын таңдап алу мақсаттары оқу-тәрбие үдерісінің барлық компоненттерiн бірыңғай жүйеге байланыстыратын дидактикалық категория болып табылады. Бейіндік оқыту жағдайындағы вариативті компонент оқу курстарын оқыту мақсаттары қарастырылатын ғылым саласының мәні ескеріле отырып сипаттамалық түрде берілгені, ал оқу материалы деңгейіндегі мақсаттар оқытудан күтілетін нәтижелер түрінде сипатталғаны орынды деп есептейміз. Қолданбалы курсты оқытудың мақсаттары, біріншіден, жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау, екіншіден, олардағы қалыптасқан білімдері мен түсініктерін әлемнің біртұтас жүйесіне интеграциялау, үшіншіден, бағдарлы пәндерді оқытудың тиімділігін арттыру және негізгі пәндік және қолданбалы курстар арасындағы

    18

  • сабақтастықты орнықтыру болып табылады. Бұл мақсаттардан, мысалы, келесідей нақты міндеттер туындайды: 1) мұғалім үшін – ұсынылатын курстың мазмұндық аяларын және нақты

    сыныпқа қатысты оқытудан күтілетін нәтижелерді анықтау; 2) оқушы үшін – әр түрлі ақпарат көздерінен арнайы мәліметті ала білу

    және оны жүйелей алу. Қолданбалы курстардың мазмұны күтілетін нәтижелер тұрғысынан дұрыс

    таңдалып алынған жағдайда оқыту үдерісін іс-әрекеттік және тұлғалық-бағдарланған тұрғыдан қарау жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ зерттеушілік сипаттағы мұндай курстарды оқыту оқушылардың өз бетінше білім ала білуіне, игерген білімдерін жаңа жағдайларға қолдана алуларына, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесімен, мектептен кейінгі білімін жалғастыру үшін қажет түйінді құзырлармен қарулануына ықпал ететін болады.

    Сонымен қолданбалы курстарды оқыту мақсаттары оқытуды даралауға және оқушыларды әлеуметтендіруге, олардың болашақ кәсіби қызмет аясын саналы әрі жауапты таңдап алуға бағыттау болып табылады. Мақсаттар келесі міндеттерге бөлінуі мүмкін және олар:

    – оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сүйене отырып, олардың танымдық мүмкіндіктерін дамытуы;

    – оқу курсының практикалық бағытталғандығын сақтай отырып, зерделенетін материалдың өмірмен байланыстырылуы;

    – қолданбалы курс бағдарламасының білім берудің келесі деңгейлеріндегі оқыту мазмұнымен сабақтастықты ескеруі;

    – жоғары сынып оқушыларының іргелес пәндер үшін жалпы болып табылатын элементар біліктіліктермен қарулануын қамтамасыз етуі тиіс.

    Әрбір мақсаттың өзара байланысы мен өзара кірігуі вариативті компоненттің білім мазмұны мен құрамын қалыптастырады. Жоғары сыныптардағы қолданбалы курс мазмұнын мақсатты толтыру:

    – қазіргі кездегі түйінді проблемаларды зерделеу; – болашақ кәсіби қызметке бағдарлану; – танымдық, ұйымдастырушылық дағдыларды жетілдіру; – базалық білім мазмұнны толықтыру және жетілдіру; – бағдарлы пәндер бойынша оқытуда жіберілген кемшіліктерді

    компенсациялау арқылы жүзеге асады. Вариативті компоненттің оқу курстарын оқыту мақсаттары мен

    міндеттерін теориялық тұрғыдан негіздеу бағдарлы саралау жағдайындағы оның мазмұнын таңдап алу үшін қажет негізгі принциптер мен критерийлерді айқындап алуға мүмкіндік туғызды.

    Бейіндік оқыту жағдайында алдыңғы шепке жоғары сыныптардағы оқытудың мәнін сипаттайтын интегративтік, кешенділік, сабақтастық, келісімділік, түсініктілік және бағдарлы бағытталғандық принциптері шығады деп есептейміз.

    Интегративтік принципінің мәні бейіндік сынып оқушыларының бағдарлы пән мен қолданбалы курс бойынша дайындықты өзара байланыста алу болып табылады.

    19

  • Сабақтастық принципі бейіндік сынып оқушыларының оқуларын арнайы орта немесе жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруы үшін оларға қажет базаны тудыруға ұмтылуымен сипатталады. Осылай, оқушылардың таңдаған оқу орнында бағдарл�