Құмырсқаның құдіреті (Ғылыми жұмыс)

Post on 16-Jun-2015

2.474 views 24 download

description

Құмырсқаның құдіреті (Ғылыми жұмыс)

Transcript of Құмырсқаның құдіреті (Ғылыми жұмыс)

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутин поселкесі

Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының

4-сынып оқушысыЖетекшісі: Айтымбетова Күлімхан

бастауыш сынып мұғалімі

Құмырсқаның құдіреті

Құмырсқа жер шарында кеңінен таралған. Оның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілігі тропикалық аймақтарда кездеседі.

Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ – үй құмырсқалары, орманда көбірек кездесетін – жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар.

Құмырсқалар көбіне топтанып арнайы илеу жасап, тіршілік етеді.

Әрбір илеуде аталық, аналық, «жұмысшы» және «жауынгер» құмырсқалар болады.

аталық аналық

жұмысшы жауынгер

Илеудегі дернәсілдерді аналық құмырсқаларды жауынгер құмырсқа қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді.

Аналық құмырсқалар 20 жылғы дейін өмір сүреді. Олар күн жылы кезде дернәсілдерін далаға шығарып жылытып тұрады.

 дернәсіл жылыту

Жер бетінде түрлі түсті құмысқаларда болады. Оны Оңтүстік Үндістанда кездестіруге болады.

 Үндістандағы түрлі-түсті құмырсқалар

Құмырсқалар барлығы «достық» қарым-қатынаста болады. Олар өздеріне өте «жайлы баспана» жасап алады. Оның сыртқы көрінісінің өзі ерекше. Илеуінің пішіні күмбез тәрізді етіп жасауының үлкен мәні бар. Жаңбыр жауғанда су іркілмей ағып кетеді. Күн көзіне тез жылынады. Ал илеудің ішкі құрылысы болса, бірнеше бөлмелерге бөлінген. Илеудің тереңдігі 30 метрге дейін жетеді.

илеу илеудің ішкі құрылысы

Бұл жәндік алдына мақсат қойып, жоспармен жұмыс жасағанда алдына жан салмайтын тәрізді. Мысалы, құмырсқаның адам секілді қолға үйретілген жуас үй жануарлары” болады. Оларды “құмырсқа сиыры” деп атайды. Өсімдік шырынына әбден тойған өсімдік биттері шырынның қорытылмаған артығын қалдық ретінде құрсағынан шығарып тастайды. Осы тәтті тамшыға құмырсқалар әуес. Сондықтан осы өсімдік битін олар асырап, бағатыны анықталған.

Құмырсқалар илеуін мұртшалары арқылы иісті сезе отырып адаспай таба алады. Орман құмырсқаларының бір мұртшасында ғана 211 иіс сезгіш бүртік,

1720 сезу түктері болады. Мұндай әр түрлі ішкі сыртқы әсерлерді сезінетін нерв ұштарын рецепторлар деп атайды. Рецепторларының саны құмырсқаның қай түріне

жататындығына қарай түрліше болады.

Мұртшалары арқылы иісті сезе отырып, оларда өз туыстарын жерлейді. 2-2,5 см тереңдікке көміп тастайды. Оларды жерлейтін жерге басқа құмырсқалар жеткізсе, одан әрі «көр қазушылар» көмеді екен.

Оларды осы иіс сезгіштік қасиеті тағы да сынай алу қасиетіне және бір-бірімен «феромон тілі» арқылы іс-әрекеттерімен бір-бірімен сөйлесе алады. Құмырсқалардың феромон тілінен басқа ыммен сөйлесу тілі де бар. Бұлай сөйлескен кезде құмырсқаның сыртқы дене пішіні әр түрлы қалыпқа келеді. Суретте құмырсқаның ыммен сөйлесу кезіндегі мынадай сөздерді бейнелейтін қалпы көрсетілген:

Қоректендіре гөр! Сақтан! Өтінемін, қоректендіре гөр! Абайла! Сен кімсің? Бөгде иістен сақтан! Келсең кел! Аттан!

Төмендегі суреттерге назар аударыңыздар!

«Агроном» құмырсқаларда болады. Оның құдіреттілігі сол, оларда егіншілікпен айналысады. Мысалы, олар ағаш топырақтарын түйірлеп, бөліп-бөліп өз ұяларына жеткізеді де, арнайы даярланып қойған орынға үйеді. Жас жапырағы үйіндісі қызып, жылыжай пайда болады.

Құмырсқаның пайдасыБақша, орманға пайдасы адам денсаулығына пайдасы

Құмырсқаларда бал береді Құмырсқаларда бал береді. Оларда бал жинау кезінде аралар сияқты жер кезіп, нектар жинайды. Бірақ құмырсқа балы қышқыл болады. Бал құмырсқалар Австралияда және орталық Америкада кездеседі. Құмырсқа балынан салқын сусындар, емдік дәрі-дәрмектер жасалады. Тіпті сол елдің тұрғындары арнайы илеулерін қазып «тірі бөшкені» тауып алып балын жейді. Оларды «тірі бөшке» деуінің ерекшелігі, олар ара сияқты ұяда емес, өз бойларына жинайды. Сондықтан бал жинаған кезде құмырсқалар торсықтай болып семіріп кетеді де, өте дәмді болады.

Өз іс- тәжірибемнен көрініс

құмырсқалардың иіс сезу арқылы қызмет атқаратыны жөнінде іс-тәжірибемде бірнеше қызықтарға кез болдым

Үй құмырсқасының әрекеті

Қорытынды ұсыныстарым:

•Еңбекқор құмырсқаны бағалап, адамдарды еңбекті сүюге, ұйымшылдыққа шақырамын;

•Оның көптеген тигізетін пайдасын, емдік пайдасын одан әрі зерттеп, елімізде түрлі дайын дәрі-дәрмектер жасауын дамытса;

•Құмырсқаның түрлерінің ішінде балды құмырсқаларды өз жерімізге жерсіндіру жолдарын анықтап, зерттеп қараса;

Құмырсқа «патшалығының» мызғымастығын қамтамасыз етіп келе жатқан қасиеттерінің бір себебі - алдында айтып кеткеніміздей бүкіл құмырсқалардың тіршілік әлемі «патшаға» бағынатындығы.

Миллиондаған жылдар өтсе де, құмырсқаның қандай түрі болса да, өзгеріссіз қалған. Оның басты себебі – БІРЛІКТЕ, ЫНТЫМАҚТА! Олардың өзара бірігіп, өмір сүруінде. Қорытындылай келе мен барлық адамзат құмырсқа секілді ынтымақта, бірлікте өмір сүрсе екен деймін.

Құмырсқа «патшалығының» мызғымастығын қамтамасыз етіп келе жатқан қасиеттерінің бір себебі - алдында айтып кеткеніміздей бүкіл құмырсқалардың тіршілік әлемі «патшаға» бағынатындығы.

Миллиондаған жылдар өтсе де, құмырсқаның қандай түрі болса да, өзгеріссіз қалған. Оның басты себебі – БІРЛІКТЕ, ЫНТЫМАҚТА! Олардың өзара бірігіп, өмір сүруінде. Қорытындылай келе мен барлық адамзат құмырсқа секілді ынтымақта, бірлікте өмір сүрсе екен деймін.